Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Жұматай Оспанұлы-АЙ-ЗЕРЕ

Жұматай Оспанұлы-АЙ-ЗЕРЕ

Published by bibl_sever, 2019-05-08 05:05:02

Description: Жұматай Оспанұлы-АЙ-ЗЕРЕ

Search

Read the Text Version

Ж уматай ОСПАНҮЛЫ

ББК 84 Қаз 7-5 О 78 Кітап жас таланттарды қолдау мақсатында Алматы облысының вкім і Серік Үмбетоетің демеуиіілігімен шыгып отыр. О 78 ОСПАНҮЛЫ Жұматай Ай-Зере: Өлеңдер: Т О О “Лкжс Биндер Сер- в и с ’\\ —Алматы, 2007. — 92 бет. ІЗВЫ 978-601-7045-00-5 Ж ас ақы н Ж ұматай О спанұлы ньщ бұл жинақтағы өлеңдері туған жер м ен ата-анаға деген перзенттік сағы ны ш пен Отанға дегеы патриоттық сезімдерден ту ы н д аған . Әр түрлі тақы р ы п тар д ы қамтыған тілі ж аты қ, оиы орамды ш ум ақтары н оқығанда ақынның ™ г я ғ а деген өзіндік со қп ағы бар екенін байқауға 0 4702250202 ББК 84 Қаз 7-5 00 (05) - 07 І8ВИ 978-601-7045-00-5 © Оспанұлы Ж., 2007 © ТОО “Люкс Биндер Серізис”, 2007

Ауылды бетке алып төбемнен, Тырналар өтеді т ыраулап. Солармен бір барып келер м е ем, Топырагыңа бір ауиап.

Ж. Оспанүлы Ай-Зере Екі өмір —ауыл, қала арасы, Қала жақтын тоқтамайтын шуы бар. Ауылымньтң самаладай ауасы, Ж анға —шипа, суы —нәр. Жұмақ екен туған жердің даласьт, Сонда екен ғой ырысың мен берекен. Арманымның алып келген қаласы, Мазасыздау жер екен. Желік қуған жан емес ем мен мүлде, Арман мені алып келген бұл маңға. Енді, міне, жүргенімді көрдің бе, Қолым жетпей шыңдарға. Сағыныштан қайысып жүр қабырғам, Жел аймалап, күн сүйгенмен сыртымды. Алыс жаққа алып қашқан ауылдан, Арман сенде қызықсың-ау бір түрлі. Сағымына шомылдырған кок белді, Сағындырды ауылымның кештері. Өздеріңе келмегелі коп болды, Тутан дала, Туған ауыл кеш мені. 4

Ж. Оспанүлы Ай-Зере Тас қала, тас кошеден шаршадым ба, Ауылға ауа береді аңсарым да. Дариға-ай, Дәл осылай күй кешем деп, Ойлап па ем, бала дәурен бал тпағымда. Ауылдағы алаңсыз жас шағым жоқ, Күйім осы ойда зіл, баста мүң көп. Тас қала, тас қабырға, тас көшеде, Кетпесем болдым мен де тас бауыр боп. Бүл жактағы омірдің басқа мәні, Тастай қатты адамдардың қас-кабағы. Миымды солқьтлдата сыздатқанда, Тастай қашқым келеді тас қаланы. Маңдайымнан аймалап таңғьт лебі, Козімді ілсем түсіме тау кіреді. Туған жер сенен ғана табылардай, Қүлазыған жанымның жалғыз емі. Өмірдің ілесіп кошіне, Ауылдан қалып ем мен кетіп. Туған жер түседі есіме, Сағыныш бесігін тербетіп. 5

Ж. Оспанұлы Ай-Зере Кетерде қол жайып, бата ғып, Ш ығарып салып ед қалаға. Қол бұлғап тұрғандай ата жұрт, Алаңдай беремін далама. Ауылды бетке алып тобемнен, Тырналар өтеді тыраулап. Солармен бір барып келер ме ем, Топырағыңа бір аунап. Туған жер кеш ұғындым қадіріңді, Қырында қызғалдақты сан үзген ем. М ен де бір балаң едім жаны мұңды, Алыстан арман қуып, бақ іздеген. Білмеппін-ау сенен бақ табыларьтн, Неге ғана жыраққа құмартты екем. Енді отырып аңсаймын, сағынамын, Жусан иісі аңқыған жұмақ мекен. Тіршілік таусылмайтын күйбең екен, Альтстырған сол арман, сол үмітпен. Туған олкем дәл мендей күйде ме екен, Сағынып тентегінің жолын күткен. 6

Ж. Оспанүлы ........... - .. ------ Ай-Зере Қосылып мыктылардың санатына, Үмыттың туған жерді «бәлем» деме. Құстардың тілін білсем қанатына Жыр жазып жіберер ем сәлемдеме. Мен туған жер Алатаудың бөктері, Өзіне тән қысы, жазы, көктемі. Өркеш-өркеш таулары да ерекше, Және өзгеше самал желдің опкені. Табиғат та ерекшелеу мұндағы, Бұлтты жарып, кек тіреген шыңдары. Алашадай эжелерім тоқыған, Сан мың түрлі нәзік гүлі қырдағы. Ол маңдағы қарағайлар, аршалар, Самал желмен тербетіліп эн салар. Мен сагьтнып барған кезде алыстан, Табаныма жусан тесеп қарсы алар. Сай-салада сыңғырласа бұлағы, Шырқалғандай табиғаттың бір эні. Басылмайтын көрген жанның құмары, Мен туған жер-жер бетінің жұмағы. 7

Ж , Оспанүлы Ай-Зере Коз еүріндірген Хантәңірінің етегі шалғын, басьг бүят, Ерке күн жерден ентігін баспай кетерілгенде асығып. Маңдайын соғып Тәңір шыңына, Көзінің оты сәуле боп жерге жаткан сскіпді шашылып. Тэңір шыңына кезің жеткенше жанардан кетер жас тамып, Дәл мүедай шыңды кермеген болар біздегі елден басқа жүрт. Ертегідегі хас сұлулардьщ сэукелесж дей корінген, Хантәңірінің үшына келіщ ілініптүрса ақша бүлт. Хантәңірі де киелі шьщ ғой айналған аңыз-даетаяға, Қүдірегт де айтатын еді тіл бітсе анау тастарға. Тоуекел етія, шыңына шығып, қолыма алын қыл қалам. Хантэңір жайлы бір ш умақ олең жазьш кетсем ғой аспанға. 8

Ж. Оаіанүлы Ай-Зере Сырласайық, жур досым, тауға барып, Өтті емес пе сол жерде бал балалық. Уақыт алыстатқанмен, Туған жерге деген ыстық сағыныш қалғаны анық. Әне досым, мынау бел, анау қырға, Мал айдаушы ек өріске таң алдында. Анау өзен суьтна шомылушы ек, Жүзімізді сүйгізіп балаң нүрға. Бірде жаным жабырқап, бірде ашыльтп, Асау көңіл бүл күнде жүр басылыгі. Ауылымның сыртынан кез салайын, Қайтайықшы жүр досым қырға шығып. Қазір ауыл коріксіз түрі қашқан, Күйбең гірлік жасайды қүрымасқа, Шаттық күйі бір кезде калықтаған, Осы күні ауылдың үні басқа. Көшкен ауыл, орнында тозған мекен, Әр кеудені бір күй бар қозғар бөтен. Ата коныс, туған жер емес пе еді, Жылы орнынан неліктен қозғалды екен... 9

Ж . Оспанүлы Ай-Зере Қазір ауыл басқаша баяғыдан, Нәрестедей қаз басқан аяғынан. Кошіп кеткен ұлынан хабар күтіп, Қария тұр сүйенген таяғына. Жүрші досым, қайтайық тауға барып. Бірақ тауда қаңырап қалғаны анық. Тым болмаса қиқулап қырды асайық, Иесіз қалған белдеуде қауғаны алып... Армысың көктем! Аман ба жасыл әлемім. Алатау ата, Саған да тағзым және мың. Алып төсіңе гүл шоқтарын лақтырып, Құстар да әнмен жеткізіп жатыр сэлемін. Тіршілік біткен шырт ұйқысынан оянып, Басталды дейсің төсінде жердің той анық. Кемпірқосактан шашу шашқанда көк аспан, Дүние кетті сан түрлі түске боянып. Сұлу көрініп, бір гүлден бір гүл не керек, Қанатын қағып дамыл таппай жур көбелек. Шапқылап жүрген тай-құлындармен асыр сап, Ақ бұлақтар да жарысып барад керемет. 10

Ж. Оспсінұлы — Ай-Зере Қозы-лақ шулап, кұлындар тулап, жұлқынып, Жас нәрестедей көрсетіп жатыр мың қылық. Армысың көктем, Армысың жасыл әлемім, Өзгеріп кеткен қас-қағым сәтте қулпырып. Бозторғай кокте ноқатқа ұқсап қозғалмай, Әуезді энді демі жеткенше созғандай. Даламды мынау оятқан ару коктемім, Сұлулыгыңа тояды екен кез кандай. Тербесе жанды сиқырлы сазды құс әні, Самал желменен қияльтң қырға ұшады. Ғаламның барлық ғажайыптарын жинаған, Даламның, Пай, пай! Не деген алып құіпағы. 11

Ж Оспанүлы Ай-Зере Рахымы мол Алладан тілейліін, Уланбасын санаң деп, Халкым болсын аман ден, Жаныца жара саллгасын деп, Ырысьщ мен берекеңді алмасыи деп, Р)'Хың табан астьіида ңалмасын деп, Ынтымагыңмен бірлігіңдіүрпагыңжалгасыи деп. 12

Ж. Оспсшұлы Ай-Зсре Біз казақ деген ел едік, Ат үстінде шел басып. Ат үстінде коз іліп едік. Қилы-килы тағдырға кезігіп едік. «Тізеліні бүктірген, бастыны идірген», Қайсар ел едік тезімі берік. Аттың жалында, түйенің қомында күн кешіп сдік. Ел басына күн туғанда бірлесіп едік. Алысқаны ала алмаған, Жұлысқаны жеңе алмаған, Бірлігі бекем ел едік, іргесі берік. Қыздары қылықты, ¥лдары ұлағатты едік. Жігерлі едік, көрмеген тұралап шөгіп. Жүре берсе кере беретін, Көрген сайын көне беретін қазақ елі, Қырық жылғы қырғынға да шыдамап па едік. Тарыдай шашылып, Басқаға бас ұрып, рухың сан басылды, Осьтлай д а откердің сан ғасырды. Уа, киіз туырлықты елдің балалары, Енді жерге қаратпа хан басыңды. 13

Ж . Оспанүлы Ай-Зере ** * Біздің далаға кімдер көзін сүзбеді, Көзін сүзгені сол, Қанішер сезІмсіздері, Ақ сақалды данамызды, Ак жаулықты анамызды, Бесіктегі баламьтзды Аяусьтз қьтрды, қанымен жудьт, Үлан-ғайыр даламызды. Біздің далаға кімдер қызықпады, Қызьтққаны сол, Коздері ойнап, қызып каны, Атой салды. шаба алмады, Айламен амалдады, Осал түсын таба алмады, Түймедейді түйедей дау қылдьт, Қазақты қазаққа жау қылды, Бэрі бір ала алмады. Біздің даламыз нені көрмеді, Ереуіл атқа ер салған не бір ерлері, Жүдырықтай жүмылып, бір жеңнен қол шығармаса Сол дүшпан жеңілер ме еді, Текті ұрпағы Отанын сүймесе, Сонша қан төгілер ме еді, 14

Ж, Оспанұлы — .- —...... — -----А й-Зере Батыр елдің ұрпағы басын қоспаса, Бізге осы Азат күн берілер ме еді. Бұл далага қазақ қана не болар, Ие болары сол, Қазақы болмысымен с-үйеді олар. Мүндай далаға ынтызар болмайды кімдер, Бүкіл әлем қызығар орнайды күндер, Арудың Ары, Ананың жасьт, Батырдың қаны тогілген бүл даланы, Көзіңнің қарашығындай қорғай біліңдер, Кейінгі ұрпақ! Өздері өсіп, өнген Отанын сатқан Опасыздарға, Өзінің көшіне ерген, Үрпағын сатқан Үятсыздарға, Өздері тосін емген Жер-Анасын сатқан Арсыздарға, Біздің қоғамда Орын жоқ Оларға. Отаныңды сатқаның Отынды өшіргенің. Үрпағыңды сатқаның Тамырьтңнан кесілгенің. 15

Ж. Оспанулы Ай-Зере Жеріңді сатқаның, Тойынып, есіргенің. Ойына келгенін істеп, Ойран ботқа жасап жүргендер, Елге тиіп жүрмесін кесірлерің! Батыр туған бабаларым емес пе еді, Үлтарақтай жер үшін, Үлардай шулаған ел үшін, Аман сақтап іргені, Түнде үйықтамады, Күндіз күлмеді. Солардың ерлігімен, қайтпайтын орлігімен, Рухьтмыз қайта гүлдеді, Соны үмытпайық! Жауға аттанар алдында (Бала Райылібектің созі) Бүлдыр да, бүлдыр бүлт басқан, Жерінен безіп жүрт қашкан. Көлінен үркіп аққуы, Гәккуі қалдьт тиықпастан. Бүған қалай шыдармын! Қан жүрегін түк басқан, Қасқайып түрып, бүқпастан. Қарсы келген дұшпанмен, Қарысып қары үстасқан. 16

Ж. Оспанұлы Ай-Зере Қара құйын дауылға, Қараған тура ықпастан, Қайтпас қайсар ұланмын! Атадан ұл боп туғанмын, Ата жауымнен кекті алмаққа. Есірген еесіз сұм жаудын, Басына ойран салмаққа. Ата-жұртымды таптатпан, Атаңа нәлет қалмаққа, Уәдсм болсын Үлығым! Шокпар ілдім білекке, Қалмаққа қарсы бармаққа. Ақ найза алдым қолыма, Сыйыньтп ата аруаққа, Қолдасын Ием құлынын! Жеріме келіп сан дұшпан, Басқан ізіңді аңдысқан. Күндер де күндер осындай, Запыран жүтып, кан құсқан. Ата жауымды есіртіп, Басымнан атын қарғытсам, Қаймана қазақ жұртымды, Өз жерінен қаңғыртсам. ¥лан-ғайыр даламды, ¥ л болып жауға алдыртсам, Болмайдьт ма Арғд мш!

Ж. Оспанұлы —- — — Ай-Зере Ар сүтіне жудырып, Туған соң анам ұл қылып. Қарындасымды күң қылып, Қанаттасымды қүл қылып. Тыныш жата алмаспын, Жеріме жауды кіргізіп. Ошағымды ойран, күл қылып, Қарсы түрып қалмаққа. Сағын ерте сындырып, Багын келте қылдырып. Жүлынынан жұлдырып, Жүрегін толы мүң қылып, Жігерін оның құм қылып. Ақ бесік атамекеннен, Аңыратып, қудырьтп. Кегімді алсам аяусыз, Құлақ кесті күл қылып, Болмас еді арманым! Бес қаруымды түгел қып, Бойыма жиып жігерді. Салайын жауға сүренді, Қалың дүшпан ішіне, Қаймықпастан кірем-ді. Несіне ұл боп туылдым, Қорғай алмасам бүл елді. Сүйінші хабар жеткізем, 18

Ж. Оспанүлы - - ....- ......... - ------ ----- .. Ай-Зере Құлағыңды жұртым түр енді, Айтқаның келсін лайым деп! Бестіме жүген салайын, Айылын тартып алайын. «Райымбек» деп үрандап, Жауыма жақын барайын. Жекпе-жекке гаақырып, Бір-бірлеп басын шабайын. Колыңды жайып «эумин» деп, Батаңды бер ағайын, Аттансың ұлың Райымбек! Аманат (Қарт Райымбектің созі) Он бесімде ат жальш тартып мінгенім, Қара кылды қақ жарып топқа кіргенім. Қара жауымды ақ найза үпіына ілгенім, Қара басымның қамы үшін емес, Қалың қазақтың ары үшін еді! Балалығыммен тым ертерек қоштассам, Ата-жүртым деп қан кешіп ьәм отбассам Қалың орттей қалмақтьщ жолын тоқтатсам, Қара басымның қамы үшін емес, Арда елімнің арайлы таңы үіиін еді! 19

Ж. Оспанүлы Ай-Зере Адырнамды аңьтрата келіп тартқанда, Өз атымды ұрандап өзім шапқанда, Қалмақтың басын қаңбақ құрлы кормей қаққанда, Қара басыма абырой алайын деп емес, Қара жұртымды сақтап қалайьтн деп едім! Жаратқан ием жар болып өзі жебеді, Әулие, пірлер колтығымнан келіп демеді. Қас дұпшанымның қан жүрегіне қадап жебені, Түнде ұйықтамай, күндіз отырмай жеткен жеңісім, Үланғайыр даланьтң иесі, Болашақ ұрпақ сен үшін ! Ойраттың елі оң мен солымнан қамалап, Қызыл қанға беккен кезінде бар алап, Қолымызға ақ найза, шоқпар, садақ ап, Қасық қанымыз қалғанша жаудан қорғаған, Киелі мекен, ұрпағым саған аманат! Аманат! 20

Ж. Оспанұлы Ай-Зере Үш бәйтерек (Ескерткіиі алдындагы ой) Алатаудың төбесін ала бұлт шалғанда, Қаратаудың тобесІн қара булт шалғанда. Жау жағаға жармасып, бері етеісгеи алғанда, Талда таппай қармауға бәрі адыра қалғанда, Сауықты сайран күндерім айналғанда арманға Елінің тауып сүрауын, Көзінің тиып жылауын, Бастаған аппақ таңдарға Қаблиса жырауым. Ш аңырағың кұлап ортаға, оіпақтың оты өшкенде, Қулыныңның тулымын, Қылығы шыққан қызыңның бұрымынан кескенде. Қаратал қалып жайына, Сырдарияның бойына, Шиеліні сағалап, Қазалыны паналап, Үдере жұртым көшкенде, Торелігін айта алған, Түгін тартса май тамған, ҚасиеттІ ата қонысқа, Кошкен елді қайтарған, Ескелді би, батырым. 21

Ж. Оспанріы ---- — ■■■Ай-Зсре Тамырымды балталап, көзінің алды қанталап, Қонтайшысы Жоңғардьтң жерімде жатты шалқалап. Айдаьардай ақырып, аузынан оты шашылып, Бір бүйірден қытай кеп қарап түрды анталап. Бітімгерлікке шакырып, «Қара Балпық»* би бабам, Қытайға барды елші боп, ел сенімін арқалап. «Қара бидің» алдында талайдың мысы басылған. Өткір тіл, оттьг жанары дұшпанның қүтын қашырған. Азуын айға білеген алпауыт алып болса да, Өулие Балпық алдында күлдық етіп бас ұрған. лілеі імді жүн сткен, жігерімді құм Қаймана қазақ басынан сондай да сондай күн өткен. \"Ңара балпъщКытайга елшілікке баргалда Балпъщ быді \"Қара балпыц\", \"Ңара би\"деп атагаи деседі. Мүндагы \"К,ара\"сөзі адампыц түсіи емес, түлгалы, ірі, алып, дара дегеиді білдіреді екен. 22

Ж. Оспанұлы ■ - - ■ - А й-Эере Үш бәйтерек —үш абыз ерлікпен бастап елдікке, Алып шықты жүртымды қараңғы қапас түнектен. Ақиқат сездің айғағы, бірлігімнің қаймағы, Қазағымның мәңгі өлмес, рухы биік айбары, Мың тағзым үш әулием. Р.8. Алатаудың басынан Күн аймалап арайл ы, Қаратаудың басынан Айдың нуры тарайды. Аспан түстес көкпеңбек, көк байрағым көкке өрлеп, Тәуелсіз ел атанып таң қалдырдық талайды. Тас түғырда үш абыз болашаққа қарап түр, Рухымен нүр шашып, жарық кылып маңайды! Еске алу ауьтр жэне киьтн да бул, Қасіреті қанымда, миьтмда жүр. Астаң-кестең соноу бір күйын дауыл, Болғалы да отІггғі жиырма жыл. 86-жыл болды қасіретті, Сүраусыз боздағымның басы кетті. Тас жүрек, қызыл кезді жендеттер кеп, Рухьтмды табанда басып өтті. 23

Ж. Оспанүлы ■■■- ■-------- ■---- Ай~3ере Жо-жоқ, менің рухым басылмады, Қазағымның батыр қьтз, хас ұлдары. Бодандықтың бұғауын бұзып шығып, Бостандықтың бүр жарды жасыл бағы. 86-піы жыл болды касистті, Намысым тау қопарып, тасьтп етті. Тәуелсіздік келді де қазағымның, Жанарында күн ойнап, жасы кепті. Кең дүние, жомарт дала, мәрт таулар, Қазынаңды шаша бермей сактаңдар. Артымыздан келе жатқан ұрпақтың, Сыбағасын бізден тығып, ап қаңдар. Жомарт дала, аша берме қоймаңды, Онсыздағы кеп көргеысің ойранды. Арсыз кеңіл әлдеқашан ұмытқан, Бұйьгрғанға қанағат қып, тойғанды. Ей, мәрт таулар бағындырма басыңды, Сыйлата біл ақ қар, қырау шашыңды. Сені сншілеп алғандар да жетерлік, 0 з қолымен қалағандай тасыңды. Қызығып жүр енді сырттан келгендер, Сырларыңды оларға аша бермеңдер. 24

Ж. Оспсінұлы Ай-Зере Қазынаңа орынсыз қол салғанды, Аямаңдар, сілкілеңдер, тергеңдер. Топырағыңа қаны сіңген бабамның, Суларыңда коз жасы бар анамның. Қызыққандар сыртқы сүлулығына, Қасіретін қайдан білсін даламның, Қасиетін қайдан білсін даламның. Кең дүние, жомарт далам, кең далам, Қасіретіңмен қадірлісің сен маған, Қасиетіңмен қадірлісің сен маған. 25

Ж . Оспанулы Ай-Зере ,Туган тілім барына ,Мен жасайын ңанагат Жас урпақ сенің Арыңа, Ана тіпім Аліанапи 26

Ж. Оспанұлы А й-Зере Тілімді қорлағандарға, Козінің алдын көк тұман торлағандарға, Қазақ боп туылғанымен, Үлтжанды болмағандарға, Рухы тозып, Рухани азып сорлағандарға, Айтарьтм бар! Дінімді бұрмалағандарға, Өз діні жайлы уағыз тыңдамағандарға, Күнкөріс пайдасы үшін, Өзге дін куған адамдарға, Алланың сөзін Ақиқат демей, Адасқан тума надандарға, Айтарым бар! Ана сүтімен дарьтған сьтмбат Тіліңдк Адамның Арьтнан қьтмбат Дініңді, Лайл ам аңд а р . Шүбарламаңдар! Алланың алдына апарар жолыңдьт түмандамаңдар. Тілің мен Дінінді сатқанның, Арыңа күйе жаққанның ең ауыр күнә екенін, Хадистен оқып, Құраннан аңғар. 27

Ж Оспанріы Ай-Зере Еіі адасқан қайран қыздар, Қайран ұлдар. Тіліңді сүйіп, Дініңді ұйып тывдайтын күннің Бәрібір болатынын ойға алыңдар. Алланьщ кешірші мол, Әлі де Ойланывдар! Тілім?тілім дей берді, Тілім-тілім ойдарым. Өз тіліңде сейлеуді ¥ ят болдььау қойғаның. Өзге тілді пір еткен, Өз тіліме огей күн. Жоргегін ерте кірлеткен. Жас үрпаққа не деймін. Тістей-тістей тілімді, Қан шығатын күк жетті, Қалай жоям бүгінгі, Тілімдегі індетгі. Өзге тілде сүйреңдея, Жарылағанда ағынан. Өз тіліңді үйрен деи, Кімге, қалай жалынам?!. 28

Ж. Оспанүлы А й-Зере Келбеттері сұрықсыз, Мінезі бар құлықсыз. ¥'рпакты көрсем рухсыз, Санама сіңер суық сыз. Туған тілім барына, Мен жасайьтн қанағат, Жас ұрпақ сенің Арыңа, Ана тілім Аманат. &** Менің Тілім —менің Тағдырым. Тілімсіз күнім қараң. Менің тілімде —кешегі зар-мұңым, Тарих бетіндегі тағдырым шьтрылдаған. Менің тілім —Ар жүгім, мойыныммен көтеретін. Ал, тілімсіз, Кең дұние көк тиын құның маған. Менің тілім —менің Тарихым, Сақталған Сақ бабадан. Менің тілім от —жаныңды қаритьтн Отпен ойнама, абайла, сақтан адам. Менің тілім —бал ұйқым, түн баласы, Тербеткен бесік жырмен, аппақ Анам. 29

Ж . Оспанулы........ ......... ...... ....... ...................... - А й-Зере Менің тіяім - менің Жүрегім, Тамырым қан ойнаған. Ментіліммен іріедім, Қыл бүрау сагі шыңғыртты талай қоғам. Менің тілім —білемін, мәңгі өлмейді, Мәңгі олмеске тірілткен Абай бабам. Менің тілім —менІң Байлығътм, Болмайтын арзан құны. Менің тілім - тербелген айдыным, Тұнығына Алланың тамған нұры. Менің тілім —айбыным, өр рухты, Кешегі Қасымдар мен Мағжан тілі. Менің тілім - менің Тағдырым, Тілімсіз кунім қараң. Менің тілімде ~ кешегі зар-мұңым, Тарих бетіндегі тағдырым шырылдаған. Менің тілім - Ар-жүгім, мойыныммен көтеретін. Асылық айтсам кеше гөр, Тілім өлсе. Кең дүние кек тиын қүның маған. 30

Ж. Оспанұлы Ай-Зере Толғау Бір кездері сөз сүйектен өтетін еді, Қазір құлаққа жетуден қалды. Жатқан кезде-ақ ана ішінде —күрсакда, Тамырыма таралатын, Қасиетті казақ тілдің бұл шақта, Өз елімде, өз жерімде тұрсақта, Абыройы тапталуда аяққа. Ана тілімнің бүгінгі реңі. Шгзтнымен жанынды түңІлдіреді. Қазанында қайнаса да азаптың, Жасканбаған, жалынбаған, Күйген сайын жалындаған, Қайсарлығы кайда біздің қазақтың?! Қазақ елі еліктегіш дегенге Неге еліре береміз. Қайда біздің қолға альга, Жол көрсетер төреміз? Рухыңды аздыратын, Үрпағыңды тоздыратын, Ой-санаңды жаулап алар қас-қағым, Қасиетсіз қылығына басқаның, Неге ғана ереміз? Өз тілінді менсінбей, Жусан исі жүпар шашқан, Топырағыңды жерсінбей, Қыздырардай шекеңді, 31

Ж. Оспанұлы - ------------- --------- — - —..................: -------------- Л й-Зерс Аңсап-тамсап отырамыз шет елді. Ана тілің - Арың екенін, Бойдағы ыстық қаның екенін, Кеудеңдегі жаның екенін, Енді қашан уғамыз? Арыңды таптауға, Қаныңды бузуға, Жаныңды кірлетуге, Осы неге қумармыз? «Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бепем», — деп бесік жырымен есін білген ел едік. Түсінгенге бесік жыры тәрбиенің көзі де? Бетіңдегі Ар-Үяттың езі де. Ей, бас бермес, Жалындаған жас кеуде, Бесік жырдан басталатын Өз тіліңді кастсрле, Өзге тілдің бәрін түстн, Түгел үйрен, қой демен, Ал бірақ та бякыттьщ ең ба.қыты - Өз тіліңде сөйлеген. Одан кейін ағылшынша, орысша да, қытайша, Сейлей бергін бір басыңа қүтайса. Тілдеген —күретамьтрың, Сондықтан да түсіне біл қадірін, Өз қазағьтм асығып жүр жерлеуге, Өз тілінің озі қазып қабірін. 32

Ж Оспанұлы Ай-Зере Қарт тарихқа жүгінсеңіз, Қазак деген кім еді? Қайда бүгін сол қазақтың Қайтпас-қайсар жігері? Болашағыңды улайтын, Өзге тілде ттіүлдір-шүлдір шулайтын, Ана тілін айта қалсаң тулайтын, Үсақталған үрпақ үлтым үшін қауіпті. Сондықтан да індеттің алдын ал, ағайын, Тынымсьтз тірлікте Марғау күй кешіп, қалғыма, ағайьтн. ЕртеңгІ емірің өкінішпен етпесін десең, Қазақ елі кегеріп, кектесін десең, Бабалар корде тьгныш үйықтасын десең, Үрпағың үлы елдермен иықтассын десең, Тіліңе жүгін тағы да. Жоямын десеңтіліңдегі Індетті, Тілге деген қүрметті бесіктен баста, Балабақшаға аттаған есіктен баста. Бала үстағанын тістеп көреді, Не жасасаг^ кайталап істеп береді. Өз тіліңді шүбар ғып, Өзге тілде сойлегенді құмар ғып, Ластама сәбиіңнің жоргегін. ҮТнқанда бала іледі, ұяда отырып коргенін. Сондықтан да Ана тілдің Қасиетін тұп-тұнық Періште-соби кезінен-ақ үқтырып, зз

Ж. Оспанулы Үрпағыңды ұлы жолга аттандыр. «Мен қазақпын» деп кеудесін Соғып жүрсе мақтан кыл. Бабалардың ізіменен жолға салсаң кешегі ¥л-қыздарың «ұлтшыл» емес, Үлтжандьт боп өседі. Жырауларша кешегі, Жүйрік тілді жүгіртсем, Шүлдір де, шүлдір, шүлдірлеп, Қашанғы сөйлер екенбіз, Шүлдірлеген шала қазаққа, Қашан бір қой дер екенбіз. Өгейсітіп тіліңді, Өшірс-ең ез ртіңді Үлт болып та бекерміз. Өзіңді-өзің ұқпасаң, Төбеге бірге шықпасаң, Үстағанның қолында, Тістегеннің аузында Бір-ақ күнде кетерміз. Үрпағыңды бесіктен,. Кірмелерді есіктен Қадағалай білмес-ең, Бір қазақтьщ баласы, Ханы менен қарасы, Бір-біріңе кектенбей, Үлкен-кіиіі ден бөлмей, Отаны да омарта,

Ж. Оспаиүлы Ай-Зере Отауы да омарта, Баларадай жүрмесең, Күндердің күні болғанда, Сырттан келген кірмелер Жағаңа қолды салғанда, Алқымыңнан алғанда, Нағыз қазақ хас тұрып, Шала қазақ қас қылып, Өзіміздің өзіміз түбімізге жетерміз. Сүйектен өтер сөздермен Айтылып жатқан сын кайда? Бетіңе айтса мініңді Батпайды неге шымбайға? Заңымыз бар жаны жоқ, Қазақтар оны қаны жоқ, Құлағын салып тыңдай ма? Қазақ деп қаны қайнаған, Елінің қамын ойлаған Нар тұлғалар мұндайда Жетесізге жеткізіп, Өңменіңнен еткізіп, Қадағалап тұрмай ма. Алтын айдар —әкеден, Алтын құрсақ —анадан, Үлтжанды перзент тумай ма? Өзге ұлттың баласын Сарысы мен қарасын, Таңдайларын тақылдатып, 35

Ж . Оспанулы Ай-Зере Мақалменен накылдатып Мінбелерде қазақша сайратып қояр күн қайда? Р.8. Ксізірге осы айтарылі, өздерің түсін ар жагын, Ана тіліңде сөйлемей цазацпын десең Арга мін. Катарыңнан кешігіп, мэцгүрт үрпац өсіріп, Тек әшпеуір, шайнауда цалып жүрмесін бармагыц. 36

Ж. Оспанүлы Ай-Зере Сендер лсайлы іиырқалар асңаң эн бар, *Күйіп кетсін көре алмас, пэтшагарлар Сендер амаи болыңдар зкаңсы адамдар, ,Қарап өссін сендерге басңа мсандар 37

Ж. Оспанүлы Ай-Зере М енің әкем Көз саламын әкеме аракідік, (Үшқын көрсем козінен жанады үміт). Қара шалға айналды осы күні, Бір кездегі қасқайган кара жігіт. Бала болдым, көбісі ұмыт қалған, Есімдегі асауға қүрык салған «Көкпар» десе кететін қаны қызып, Нар жігіттен серкені жұлып та алған. Шәлкеде, Түзу Қисық. Қарағайлап! Ән салғанда кететін жаиары ойиап. Той болса да өлеңді озі бастап, Топ іглінде жүретін дара жайнап. Өкем әнмен айналған сырласыма, Күтетінмін той болар кунді асыға. Аласа болғанымен, асау мінез, Қырсықтығы жететін бір басына. Қара шал боп бул күтғде жүдеді де, Немерелер өткенін біледі ме. Өкпелетсе қырғидай тиюпгі еді, Қисайып мініп алып күреңіне. Көз саламын әкеме аракідік, (Үшқын көрсем көзінен жанады үміт). 38

Ж. Оспанұлы Ай-Зере Қара шалға айналды осы күні Бір кездегі қасқайған қаражігіт. Бір бойында бар еді небір онер, Еске алса етжүрегі тебіренер. Үлдарыма өзім айтып отырмасам, Өкем жайлы кормеген не біледі ел. Жиектерін өрнекпен тогілдіріп, Өзі өретін жүтен, ноқта, емілдірік. Таспа тідітт отырып эн салатын, Үйдің ішін жылытып, кеңілді ғып. Текке айтыл отырғам жоқ мүнын бәрін, Бүл менің көріп, біліп, үғынғаным. Осы күні. сақалы ойынпіық болған, Аталарың осындай құлындарым. Қара ттіал деп жүрсІңдер бүгін бәрің. Коз саламын экеме аракідік, (Үшқын көрсем көзінен жанады үміт). Қара ш алға айналды осы күні, Бір кездегі қасқайған қаражігіт. 39

Ж. Оспанрт Лй-Зере Өке, сенің қольша алып қауғаңды. Тауға шыгьпт қыр асып, қой бақпадым, Балалығым қалган сол бір тауларды, Жүрегімнің тукпіріне сақтадым. Қимай-қимай тау-тасымды, даламды, Жолға шықтым дәу қаланы бетке алып. Кішкентайдан қңялшылдау балаңды, Арман қусы ауылымнан кетті алып. Бір арманның жалын тартып мініп ем, Блік больга екіншісі канггы алдак. Осылайша жалғасын бір-бірімен, Менің өмір жолым солай баеталған. Әке, менің - жайған малым олеңім, Қамшым - қаяам, аппақ парақ - орісім. Аман болсам қайта айналып кслеміи, Ауьш маған екпелемес ол үшін. кзке, сенщ жаяғастырып жольщдьқ Тауға шығып кой бақпадым қыр асып. Сонда да әке кекке жайьщ қолыңды, Маған ылғи бата бсріп түрасың. 40

Ж. Оспанүлы А й-Зере Менің анам Анам менің —бақ ордам, ақ сарайым, Өзің барда боямайды басқа уайым. Мен үшін деп түн үйқың торт бөлініп, Мен үшін деп ағарды ақ самайың, Осынау өмір-керуен көшіндегі, Сенің арқаң үлыңньщ лсетілгені, Менің ессіз күнімніңбелгісіндей, Айқьтш-үйқыш сызыктар бетіңдегі. Не көрсеттім, не қызықкердің менен, Әлде адам боларыма сеидірді өлен. Біреулер байлыгымен шешелерін, Шет елге апарып жүр ел білмеген. Қалдырам өленімнің ернегіне, Өлеңнен басқа берер мендегі не? Жылына бір туып-өскеи ауылыңа, Мәз болам алып барып келгеніме. Маған сен, Жаман адам болмайды үлың. Ол сәтті де көретін орнайды күн, Өзіңнің ақ сүтіңмеи өн бойыма, Дарыған өлеңім бар —сол байлығым. 41

Ж. Оспанұлы Ай-Зере Сен мұңайсаң мен калай жай табамын, Осы менің сезініп, байқағаным. Төсіңнен емген уыз, ақ сүтінді, Өзіңе олең қылып қайтарамын. Асыл анам тіршілік гүлін екксн, Коз жіберсем жолыңа жүріп откен. Қилы тағдыр керсең де мойымаған, О, киелім, не деген күдіретті ең. Өткерсең де өмірдің дауыл күнІн, Ертегідей көресің бәрін бүтін. Жаулығыңның үшына жаның түйіп, Тағдырыңның көтердің аүътр жүгін. Ғазиз анам, не деген төзімді едің, Мен үшін де .үзак таң көз ілмедің. Өмір ыстық скснін алғаш рет, Секің алақаныңнан сезінгемін. О, киелі мойымас ару анам, Қайда жүрсең болсыншы жаның аман. Сен бар жерде арманым аласармас, Өмірімде боладьт мағына, мән. ІІерзентіңмін, осылай сьтр ақтарам, Момын жан ең откенге кінә артпаған. 42

Ж. Оспанұлы Ай-Зсре Маған жұмбақпейіші арғы әлемнін, Анам барда осы өмІр жұмақ маған. ^* Ана, сенщ есіңде ме еткен күн, Тағдырыңныңтауқыметін коп кердің. Күдеріңді үзбей бірақ Алладан, Бергеніңе шүкіршілік деп келдін. Есіңде ме, менің бала шақтарым, Тобылғыны ат қын мініп шапқаным. Қайта оралмас сәби гаағым екен ғой, Ойымда зіл және де жоқ баста мұң. Әппак нүрға орасын де-п келмек күн, Түн баласы бесіғімді тербеттің. Мені алғаш қүндақтаған жөргектің, Бір үшына арымды орап ер жеттім. Анам менің — Менің алып терегім, Міне, осылай өсті сенің бобегің. Біреулердің шықпағанмен алдына, Біреулерден көш ілгері келемін. ^^ Тыңда балам, тыңда бір сәт әкеңді, Өмір мынау қътзықты ьәм қатерлі. 43

Ж. Оспанүлы .. — ---- - Ай-Зере Өмір ойын —ойнап жүріп от бассаң, Тағдыр сенің кешірмейді қатеңді. Әке ақыяы үлға азық, тыңдап ал, Жаралдың ба өмір өзі сынға алар. Кокті тіреп тұізса дағы ешкімге, Зияны жоқ биіктікті шыңнан ал. Тыңда үлым, тыңда экеңнің ақылын, Анық басқын жүрсең дағы ақырын. Жағымпаздық, жылпостықтан қаш балам, Ол біздердің санамызға жат үғым. Адам болып бүл әмірге келдің бе? Ой-санаңды бос күлкіге жеңдірме. Жаңылысып, шалыс басып, сүрінгем, Мен адасқан қисық жолмен сен жүрме. Адам деген қасиетті үлы үғым, Лайлама адалдықтың түнығын. Кім баласын жаман болып ессін дейді, Ақылымды дүрыс түсін қүлыным. 44

Ж. Оспанүлы Ай-Зере Ай-Зере - Әй, БалгынбеКу аңынылі, Қызымыздың аты кім? - Ацындарга «әй» деме, Өмір деген бәйгеме? ¥лы Абайдың эжесі, Кызымның аты —Ай~3ере. (Балгынбек екеуіміздіц телефон аркылы сөйлескен імізден). Тілеуменен бөбегінің өсуін, Анаң отыр тербетіп ақ бесігін. Балғынбектей ақын қойған ырымдап, Биіктерге алып шықсын есімің. Армандарың аттандырсын жол сілтеп, Бір басыңа бар қуаныш қонсыи тек. Ақын қойдьт қызым сенің атыңды, Үлы Абайдың әжесіндей болсын деп. Көзім түсіп жанарыңа тұнық тым, Бойымдағы бар мүңымды ұмыттътм. Дүниенің иен байлығы жетпейді, Сенінтиттей күлгеніңе қылықтьтм. Аман болсам, жазылар сен жайлът өлең, (Сүрінбей кел «омір» атты бәйгеден). 45

Ж. Оспащлы Ай-Зере Түн баласы Ай құндақтап Жүлдызбен, Қылығьща Күн қьгзықсын Ай-Зерем. Мен жабырқап жүрген кейбір шақтарда. Сен қуансаң одан асқан бақ бар ма? Маңдайыңнан күн сипалап оятсьтн, Арайланып аппақ таңың атқанда. Қызым менің, қуанышым, көз нурым, Басталды енді өз емірің, оз күнің. Мынау жарық дүниенің жылуын, Жүдырықтай жүрегіңімен сез күнім. Жұлдызым бол шұғыласын таратқан, Бір қызьтм бол аузына жүрт қаратқан. Дүниеге жаңа келген қызыма, Назарың сал, Нұрыңды тек, Жаратқан! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар бұзылмас- тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі, Пенделіктен өресі аспағандар. 46

Ж Оспанұлы ------- ■ - А й-Зере Жақсьт көрем сендерді, жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқак ән бар. Күйіп кетсін коре алмас потшагарлар. Жақсы көрем сендерді мен неліктен, Мінезіңмен мызғымас ерге біткен. Адамдықтың алдында аласарып, Биік түрған қашан да пенделіістен. Жақсы көрем сондықтан мен сендерді, Мен де бір сот көтеріп еңсемді енді. Сендер салған адамдық, ардың жолын, Болашаққа көрсетіп берсем болды. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін коре алмас, пәтшағарлар. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өссін сендерге басқа жандар. *^* Қариялар, сарқылмас қазыналар, Тарихымсың ошірмей жазып алар. Қолдан келсе қарттарды ардақтайық, Асылдың сынығы ғой қазір олар. 47

Ж . Оспанұлы Қариялар, даналар, өр кемеңгер, Талай сынын тағдьтрдың көрген ерлер. Ңилы заман басы нан өткерсе де, Жүрегінің ж алыны сөнбегендер. Өткен талай басы ңнан заманақыр, Куэ болып оны ңа дала жатыр. Жазылмаған беттері тарихымның, Көз алдымда азайы п бара жатыр. Ш ежіреден сьтр ш ер тіп жаткан ұдай, Кеудесі асыл қазы на қарттарым-ай. Ортамызда қарай ы п ж үре берсін, Қарттарыма қуат бер патша Құдай?! Жаншығанда көкірегімді басьш мұң, Ай нұрымен ш ы м ы лды ғы н ашып түн. Меніменен сыр беліскендіктен бе, М ен әйтеуір, жұшдыздарға ғашықпын. Ей, жұлдыздар, тү н нің сан мың шырағьт Тарқамады-ау саған көңіл құмары. ІХІаршағанда текетірес өмірден, Сендер жаққа кеткім келіп тұрады.

Ж. Оспанұлы Ай-Зере Осылай деп сыр айтады кейбір ой, Пайдасы оның тиер болса мейлі ғой. Ей, жұлдыздар біздің нағыз шын омір, Рас болса, сендер жақта дейді ғой. Ал жер болса талас-тартыс мекені, У-шуымен солқылдатқан шекені, Кек аспанның тыныштығын сезгенде, Менің жұлдыз болғым келіп кетеді. Азан-қазан бір кездегІ бүтін жер, Аңқаньт ұрып коз ашытқан түтіндер. Мен осының жалығайын бәрінен, Оған дейін, ей, жұлдыздар күтіндер. фн*# Ай көрдім, аман көрдім... Жарық Ай! Саған қарап бет сипайды бэрі ұд&й, Жер бетінің тыныштығын тілейін, Қабыл етші Тэңір-аи! Жарық Ай! Сен туғанда күбірлейміз жамырай, Пенделердің түзу қылғын пейілін. Адамдыққа жүргендер кеп жарымай. 49


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook