Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Оқулық

Оқулық

Published by Қуанәлі Нурила, 2022-02-10 18:06:43

Description: 6-сынып Қазақстан тарихы

Search

Read the Text Version

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Барлық қазақ рулары мен тайпалары үш жүзге бiрiктiрiлдi. Жүздер. Жүз – бұл қазақ қоғамының тарихи-шаруашылық тұрғыдан қалыптасқан этноаумақтық бірлестігі. «Жүз» сөзi – бөлік, жүздiк дегендi бiлдiредi. «Жүз» және «алаш» атауының шығу тегi жайлы халық арасында көптеген аңыздар бар. Алаша хан туралы түрлі деректерді Қадырғали Жалаири, Рашид-ад- Дин және Әбiлғазының қолжазбаларынан кездестiремiз. Қазақ жүздерiнiң құрылу уақыты туралы ортақ пiкiр жоқ. Жүздердiң қалыптасуы – күрделі, ғалымдар әлі соңына дейін зерт- теп болмаған үрдіс. Жетiсуды мекендеген тайпалар Ұлы жүз атауын алды. Орта жүз Орталық, Солтүстiк және Шығыс Қазақстан аума­ғын алып жатты. Кiшi жүз қазiргi Батыс Қазақстан аумағында қоныстанды. Барлық жүздiң шегаралары Сырдария өңірінде түйісті. «Жетi жарғы». Аңызға сәйкес, Тәуке хан Күлтөбе жайлауында (Сыр- дария аймағы) әйгілі билермен бірге Қасым мен Есiм хандардың тұсында- ғы ескi әдет-ғұрыптарға жаңа жарғылар енгiзедi. Ғылыми әдебиетте «Жетi жарғы» «Тәуке ханның заңы» деп аталады. «Жетi жарғы» ХVII ға- сырдың соңына қарай жасалды. «Жетi жарғының» жасалу себептерi: – қазақ қоғам­ ының қажеттiлiктерiне байланысты әдет құқығының ескірген қағидаларын жаңа ережелермен толықтыру; – жоңғар шапқыншылығы мен өзара қырқыстар күшейе түскен кез- де бүкіл халықты біріктіру. «Тәуке ханның заңында» сол кездегi өмiр шындығы көрiнiс тапты. «Жетi жарғыда» салық ісі заңдастырылды. «Сұл­тандардан басқа кез келген қару алып жүре алатындар хан мен ел билеушiлерiне жыл сайын өз мүлкiнiң бір бөлiгiн салық ретiнде төлеп отыруы тиіс» екендігі ай- тылған. Әр рудың өзіндік таңбасы болды. Бұл таңбалар бүкiл мал мен мүлiкке, олардың кiмге тиесiлi екендiгiн ажырату үшiн салынды. Орта ғасырлар дәуiрiндегi басқа құқық ескерткiштерi сияқты «Жетi жарғыда» қылмыстық-құқықтық қағидаларға ерекше мән берiлдi. Онда жеке тұлғаға, мүлiкке, отбасына т.б. қатысты жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк қарастырылды. Қылмыстық жауапкершілік. Кiсi өлтiргенi үшiн құн төлеу жаза- сы енгізілді. Құнның көлемi жәбiр­ленушiнiң әлеуметтiк жағдайына байланысты едi. Мәселен, кiсi өлтiрушi жәбірленуші тарапқа ер адам үшiн 1000, әйел адам үшiн 500 қой төледi. Ал сұлтанды немесе қожаны өлтiргенi үшiн жетi кiсiнiң құны төленді. Егер жауапкер құнды төлей 201 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ алмаса, онда құн ақысы оның туыстарынан немесе ауылынан өндiрiлiп алынды. Қазақтарда неліктен Ұрланған зат иесiне құнынан бірнеше есе артық жазалау мекемелері етіп қайтарылды. «Жетi жарғыда» мүлiктi тәркiлеу болмады? мен бүкiл жұрт алдында масқара ету жазасы да қа­ растырылды. Жаза­ның бұл түрi жат дінге өткен адамд­ арға, ата-анасын жәбiрлегендерге қолданылды. Әйелге зорлық- зомбылық жасау кiсi өлтiрумен теңестiрiлiп, өлiм жа- «Жетi жарғының» засына кесілді. ережелерін тал­ Отбасылық-неке қатынастарында бала өмiрiне ата- даңдар, оның адам ананың құқығы бекiтiлдi. Күйеуiнiң немесе әкесiнiң құқы­ғын қорғауды қылмысы туралы бiлген және бұл туралы хабарламаған қалай қамтам­ ас­ ыз әйелi мен балалары жазаға тартылмаған. Өйткенi еткендігін түсін­ді­ отбасындағы жасы үлкеннiң үстiнен сөз тасуға рұқсат ріңдер. етiлмеген. Қылмыскердi айыптау үшiн куә талап етiлдi. Сот жүргiзу көпшiлiк алдында өттi. Тәуке ханның заңы барлық жүздер аумағында ХIХ ғасырдың ор- тасына дейiн қолданылып келді. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Орта ғасырлардың «Жасақ», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және «Жеті жарғы» заң жобаларына салыстырмалы талдау жасаңдар. 2. Орта ғасырлар дәуіріндегі заң жобаларының моральдық-этикалық құн- дылықтарын анықтаңдар. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Хан кеңесіне ең ықпалды _______ мен тай­па көсемдерi және _______ ендi. 1.2. Ең маңызды мемлекеттiк мәселелер _______ шешiлдi. 1.3. Жетi атаға дейiн туыстық байланыстармен бiрiккен ауылдар _______ ендi. 1.4. ХV–ХVІ ғасырларда қазақ ұлыстары басында _______ тұрды. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Тарихи-шаруашылық тұрғыда қалыптасқан этноаумақтық бірлестік А) ұлыс Ә) ру Б) тайпа В) жүз Г) бөлік 202 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2.2. «Жетi жарғы» жасалған мерзім А) ХIХ ғасырдың ортасы Ә) ХVIII ғасырдың соңы Б) ХVII ғасырдың соңы В) ХХ ғасырдың соңы Г) ХVI ғасырдың басы §53. XV–XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛI ШАРУАШЫЛЫҒЫ Тақырыпты оқу барысында: – көшпелі шаруашылықтың ерекшеліктерімен танысасыңдар; – маусымдық көші-қон бағыттарын білетін боласыңдар. Малшаруашылығы. ХV–ХVII ғасырларда көшпелi малшаруа­шы- лығы шаруашылықтың негiзгi саласы болып қалды. Оңтүстiк Қазақстан өңiрлерiнде, Сырдария, Шу, Талас өзендерi жағалауларында малшаруа- шылығын отырықшы тұрмыспен ұштастырған дәстүр кең тарады. Қазақтар негiзiнен қой, жылқы мен түйе өсiрдi. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген. Дала қойы төзiмдiлiгi, iрiл­ iгi және етті, сүттілігімен ерекшелендi. Мәселен, ХVI ғасырда қазақ даласында болған саяхатшылар: «Бұл халық биязы жүндi, керемет iрi қойларды өсiредi», – деп жазған. Көшпелiлер өмiрiнде жылқының орны ерекше еді. Дала жыл­қы­ лары төзiмдiлiгiмен ерекшеленiп, қатаң жағдайларға тез көндiктi. Жылқылар теңдеп жүк артатын (күш көлiгi), салт мiнетiн және бәйге аттар болып бөлінді. Түйе үй малының кең тараған түрi болды. Ол көшкен кезде таптыр- майтын көлiк едi. ХV–ХVII ғасырлардағы дерек- тер қазақтың түйені киіз үйлі арбаға өгіз сияқты Қазақтар негiзiнен қой, жегуге пайдаланғандығын атап өтедi. Түйенiң жү­ жылқы және түйе өсiр­дi. нiнен киiм тоқылды, сүтiнен дайындалған шұбат Бұл түлiк түрлері көш­ қымызбен бiрдей бағаланды. пелiлер өмiрiнде қандай рөл атқарды? Малға жеке отбасылық меншiк орнықты. Жа­ йылымдар көшпелi қоғамның барлық мүшелерiне ортақ еді. Әр ру белгiлi бiр географиялық аймақ шегiнде көшiп жүрдi. 203 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Арба үстiндегi үйлер Маусымдық көші-қон. Көшi-қон ережелерi жылдың әр маусы­ мындағы шөптiң қалың шығ­ уын есепке алу арқылы белгіленді. Жайылымдық жер аумағы жыл мезгіліне байланысты төртке бөлiндi: қысқы жайылым – қыстау, көктемгi жайылым – көктеу, жазғы жа­ йылым – жайлау және күзгi жайылым – күзеу деп аталды. Қыстау үшiн көбiнесе көл жағасы, өзен бойы таңдап алынды. Мұның себебi: өзен-көлдер жағасында қамыс пен тоғай қалың өсті. Бұлар қатал қыс мезгiлiнде мал азығы ретінде пайдаланылды, отынға да жаратылды. Қыстауларда алдын ала мал қоралары салынды. Желтоқсанда көшпелiлер өздерiн қысқы азықпен қамтамасыз ету үшiн соғым сойды. Соғым кезiнде қысқы ойын-сауықтар, думан-той- лар ұйымдастырылып, ауыл адамдары бірін-бірі қонаққа шақырды. Көшпелiлер үшiн ең қиын да мазасыз айлар қаңтар мен ақпан едi. Бұл айларда аяз күшейiп, боран, дала бұрқасыны басталды. Көшпелiлерге малдың жаппай қырылуы – жұт үлкен апат әкелді. Қыста күннiң ке- неттен жылынуы мен жаңбырдың жаууы, соңы аязға ұласуы жұт белгiсi саналды. Мұндай жағдайда жер үстiн мұз басып, мал оның астындағы шөптi тебiндеп жей алмады. 204 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қыста көшпелi қазақтар малды қыстаудан алы­ Неліктен көші-қон сырақ жерге жайды, ауқымды мал азығы молырақ оңтүстіктен солтүстікке болуы үшiн қыстаулар бiр-бiрiнен қашық орна­ласты. қарай бағытталғанын Сол себептi ауылдардың өзара араласуы қиынға түсіндіріңдер. түстi. Қыс әскери жағынан да өте қауiптi жыл мерзімі еді. Көш­пелiлерге қарсы жорықтар әдетте қыс кезiнде жасалды. Рузбиханның айтуынша, ұлыстар «шашырап» орналас­ты да, қысқы тұрақтар арасындағы қа- шықтық «он бес күндiк» жолды құрады. Көктем шығысымен қазақтар көктеуге түсті. Қар ертерек еріген жер- ге көк шығып, мал тезірек қоңданды. Мұнда қыс бойы арықтап қалған мал көтерiлiп, салмақ жинады, қой қырқу науқаны жүргiзiлдi. Жайлау көбінесе шөбі шүйгін жайылымдар мен ауасы қоңырсалқын солтүстік өңірлерде орналасты. Жайлаудағы өмiр емiн-еркiн кезең болды. Мұнда үйлену тойлары, Маусымдық көші- ұлттық ойындар, ат бәйгелерi өткiзiлдi, балуан қон ерек­шеліктерін күрестіріліп, әншi мен жыршылардың жарыстары анықтаңдар, қыстау ұйымдастырылды. немесе жайлау туралы әңгіме жазыңдар. Күз келiсiмен малшылар күзеуге қарай көшті. Күзде халық жиналыстары өткiзiлдi. Көшпелiлер Көш. Суретші Н.Г. Хлудов 205 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ әдетте күзгi жайылымдарынан алыс жерлерге жорықтар жасады. Себебi бұл кезде олардың мiнiс аттары күйлi келіп, алыс жолға шыдай алды. Ал қараша айын­да әскери iс-қимылдар тоқтатылды, өйткенi деректе айтылғандай, «дала тұрғындары бұл кезде қыстау туралы ойлаулары тиiс еді». ХV–ХVII ғасырларда киiз үймен бiрге арба үстiне тігілген киіз үйлер де болды. Ағылшын сая­хатшысы А. Дженкинсон көшi-қон көрiнiсiн си­пат­тай отырып, былай деп жазады: «Бiз баспаналары бар арбаларға же­гiлген сансыз көп түйелерді көрдiк, олар алыстан қала сияқты елестедi». Ортағасырлық авторлар Дештi Қыпшақ тұрғын­ Деректерде арба дарының «арба үстiндегi киiз үйлерi», жабық арба- үстіндегі үйлер туралы лары туралы жазды. «Қандай ғажап шатырлар! – не жазылды? деп таңданады Рузбихан. – Даладағы қамалдар, әуе кеңiстiгiндегi үйлер». «Олар жолда аялдап, тоқтағысы келген кезде, – деп жазады И. Барбаро, – көшпелiлер бұл үйлердi арба- лардан түсiрiп, соларда тұрады». Арбаға бiрнеше түйе немесе өгiз жегiлді. Дала тұрғындары өздерi­ нiң арбаларымен еркiн және ештеңеден жасқанбай көшіп жүрді. Арба үстiнде негiзiнен әйелдер мен балалар орналасты. Әдетте арба жанында салт аттылар болды, олар өрге шыққанда және төмен түскенде киiз үй iшiндегiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз еттi. Көшпелі қазақтардың ХVIII ғасырда арба үстiндегi киiз үйлерден арба үстіндегі үйден киіз үйге көшу жиналмалы киiз үйлерге жаппай көшу басталды. себебін түсіндіріңдер. Көшпелiлер барлық мүлкі мен киiз үйін түйе мен аттарға артып көшiп жүрдi. Бұл Дештi Қыпшақтың көшпелi тұрғындары тұрмысындағы өзгеріс болатын. Бұл өзгерiстер жаугершілік заман мен жайылымдық шаруашылықтың тарылуынан туындады. Аңшылық. Дештi Қыпшақтың түрлi аң-құсқа толы кең-бай­тақ да- ласы көшпелiлерге аң аулауға мүмкiндiк бердi. Ортағасырлық авторлар қазақтардың киiктi қаум­ алап аулауы туралы жаз- Қыран құс, тазымен аң ды. «Аңды көбiнесе садақпен аулайды» деп атап аулау туралы шағын көрсетедi. «Егер ет керек болса, үй иесi бiрнеше әңгiме ­жа­з­ ың­дар. жебесi бар мықты садағын иығына салып, аң аулауға шығады да, күйлі құланды өзiнiң сұр жебесiнiң ны- санасына алады» дейдi. Аң аулау кезінде қыран құстар (бүркіт, лашын, сұңқар т.б.) мен тазы пайдаланылды. Қолөнер және отбасылық кәсiп. Қазақ шаруашылығында қол- өнершілік пен отбасылық кәсіп түрлері маңызды орын алды. Олардың 206 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Бүркіт ұстаған саятшы. С.М. Дудиннің суреті көпшiлiгi малшаруашылығы өнiмдерiн өңдеумен байланысты болды. Қазақтардың отбасылық кәсiбi, мәселен, терi өңдеу жоғары деңгейде дамыған. Киiз басу, терi өңдеу, киім тiгу т.б. жұмыстарды әйелдер атқарды. Көшпелi қоғам ер-азаматтары қару-жарақ түрлерiн, ер-тоқым, ат әбзел- дерiн жасады, аяқкиім тікті, мал табындарын қорғады, аң аулады. Ер- азаматтардың ең басты мiндетi елді, отбасы мен дүние-мүлiктi қорғау болды. Көшпелілер артық өнімді қала тұрғындары мен егiншiлер өндiретiн өнiмге айырбастады. Дала өңiрi мен отырықшы-егiншiлiк аудан тұр- ғындарының өзара тұрақты байланысы қазақ қоғамы өмiрiнiң ажырамас бөлiгi болды. Мiндеткерлiктер. Көшпелiлердiң ежелгi және басты мiндеткерлiгi әскери мiндет еді. Әр ер адам хан мен батыр, қолбасшылардың шақыруымен жасақ қатарына енді. «Көшпелілер жыл сайын өз кiрiсiнiң жиырмасыншы бөлiгiнен» салық төледі. Қатардағы көшпелi малшылар, егiншiлер мен қала тұрғындары бір­ қатар алым-салық төледі. Малшылардан зекет, соғым, сыбаға, егiнш­ iлер мен қолөнершiлерден құшыр, баж және харадж Міндеткерліктер а­ лынды. кімнің пайдасы үшін атқарылды, салықтар Қазақстанның оңтүстiк аудандарында сойырғал, кімдерден алынды? мүлік, вақф және т.б. жер меншiгi түрлерi қалып­ тасты. Сойырғал көшпелi ақсүйек қауымының оты­ 207 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Салықтар мен міндет­ рық­шы-егiншi тұрғындарға үстемдiгiнiң кең тараған керліктер түрлерін түрi болды. Қала және оның егiншiлiк аймақтары атаңдар, оларға әскери немесе азаматтық қызметi үшiн сыйға берiлдi. ­сипаттама беріңдер. Бұл жердiң иесi өз пайдасына салықтар жинады. Дiнбасылары салық салу құқығымен бiрге вақф­ қа жер, су көздерiн, суару қондырғыларын алды. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Оңтүстiк Қазақстан өңiрлерi, Сырдария, Шу, Талас өзендерi жағалаул­ а­рын­ да малшаруашылығын тұрмыспен ұштастырған дәстүр кең тарады. 1.2. Шөбі қалың, ауа райы салқын болғандықтан жайлау _______ аудандарда орналасты. 1.3. ХV–ХVII ғасырларда киiз үймен бiрге ____ үстіндегі үйлер де болды. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Қазақтар өмiрiнде маңызы жағынан жетекші орын алған шаруашылық А) құс Ә) ешкi Б) түйе В) қой Г) iрi қара малы 2.2. Көшпелiлердің халық жиналыстарын өткізетін мезгіл А) қыс Ә) көктем Б) жаз В) күз Г) кеш түскен көктем §54. ХV–ХVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДАР Тақырыпты оқу барысында: – ХV–XVII ғасырлардағы Қазақстанның қалалары мен отырықшы қоныс- тарында шаруашылықтың қалай дамығандығын білесіңдер; – қалалардың дамуына ненің әсер етіп, не кедергі болғандығын анық- тайсыңдар. Қалалар. XV–XVII ғасырлардағы жазба деректер «Түркiстанның отыз қамал-қаласы» туралы атап өтеді. Оңтүстiк Қазақстан аймағының отырықшы әлем мен көшпелi дала- ның түйiскен жерiнде, сауда жолдарының қиылысында қолайлы орна- ласуы оны мәдени және экономикалық орталық еттi. Бiрақ феодалдық 208 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ қақтығыстар мен шапқыншылықтың (әсіресе жоңғарлардың) жиілеуіне байланысты қалалар құлдырауға ұшырады. IХ–ХII ғасырлармен салыстырғанда Оңтүстiк Қазақстан қалаларының саны 3 есеге жуық азайды. XV ғасырдың ортасынан бастап Отырар маңы қаңырап қалды. XVI ға- сырға қарай бүкiл қала тіршілігі оның орталық бөлiгiнде ғана шоғыр- ланды. XVIІI ғасырға қарай тұрғындар қаланы тастап кетті. Жер аумағының азаюы Сайрам, Сығанақ, Созақ қалаларынан да бай­қалды.­ Қиян-кескi соғыс кезiнде әр қала қуатты бекiнiстер жүйесi саналды. Мәселен, Сауран ХV–ХVII ғасырлардағы қала XVI ғасырда қорғаныс қа­малы ретінде белгілі мә­дениетiнiң құлдырау себеп­ болды. Сауранның қамал құрылыстарының терiн айтыңдар. қал­дықтары осы күнге дейiн сақталған. XVII ғасырдан баст­ ап Түркiстан Қазақ хан­дығының дiни және саяси орталығына айналды. Мұнда шет елдердiң елшiлерi қабылданды, хан сайлау рәсiмi өткiзiлдi. Қазақ мемлекеттiлiгiнiң қалыптасу және нығаю кезеңiнде қалалар маңызды рөл атқарды. Мәселен, Сығанақ қаласы бүкiл Шығыс Дештi Қыпшақ үшiн «сауда айлағы» және алғашқы қазақ би­леушiлерiнiң ордасы болды. Археологтар Отырардан ХVI–ХVII ға­сырларға жататын махаллалар (қала орамдары) орнын тапты. Қаладағы қоғамдық құрылыстар сана- тында монша салу ісі кең таралды. Махаллалар онда тұратын адамдардың Ортағасырлық Қазақстанның қызмет түрiне байланысты құрылды. Отырар- саяси, мәдени және эконо­ дан ХVI ғасыр соңындағы қыш-шеберлері ма- микалық өміріндегі Түркістан халласы қазып алынды, мұнда қолөнершілер қаласының маңызына баға шеберханаларға бірікті. Ұсталық кәсiп пен беріңдер. зергерлiк өнер дами түсті. Ұсталар темiрден орақ, пышақ, қазан, таға т.б. заттар жасады. Зергерлер бедерлеу, зер- леу, алтын жалату, қырлау және әрлеу сияқты түрлi әдiстердi қолданды. Бағалы және түрлi түстi тастар кеңiнен пайдаланды. Әшекейлер алтын мен күмiстен дайындалды. Бiлезiк, сырға, сақина, бұрымға тағатын шашб­ аулар жасалды. Сүйек өңдеу ежелгi қала тұрғындарының ХV–ХVII ғасырларда мемлекет дәстүрлi кәсiбi еді. Кiлем тоқу, былғарыдан өмiрiнде Оңтүстiк Қазақстан бұйымдар жасау сияқты кәсіп түрлерi де қалаларының рөлi қандай еді? кең т­ ар­ алды. 14–3479 209 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ежелгі Саурандағы қазба жұмыстары­­ Қалалардың төңірегінде бау-бақша, жүзiм­дікт­ ер, егiстiктер мен жа­ йылымдар орналасты. ХV–ХVII ғасырларда әр қала маңында егiншiлiк орталықтары қалыптасты. Сауда. Орталық Азия мен Ресейдiң сауда қа­ ХV–ХVII ғасырлардағы ты­настарын қазақ даласы арқылы дамыту ХV қолөнер түрлерінің даму­ ғас­­­ ырдың екiншi жартысы мен ХVII ғасырдағы ында алдындағы кезеңмен жаңа құбылыс еді. Ресей Қазақстан мен Орталық салыстырғанда қандай Азия­ға мата мен тұрмыс заттарын, аң терiсi, кү­ өзгерістер орын алды? мiс т.б. шығарды. Сауда керуендерi Сығанақ пен Түркiстан арқылы өттi. Жазба деректер халықаралық сауда Сауданың дамуына қандай туралы мәлiметтер бередi. Отырар, Түр­ жағдайлар ықпал етті не­ кiстан, Сауран қалаларының орнынан месе кедергі келтірді? ХVI–ХVII ғасырлардағы қытай фарфоры, орыс және ортаазия теңгелері табылған. Сырдария қалалары көшпелi елдермен сау­да жүргізді. Қала базарла- ры көше бойында орналасты. Дүкен қолөнершi шеберлердің меншiгiнде болып, шеберхана әрі сауда орны деп есептелінді. 210 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Егiншiлiк Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан Сауданың халықаралық өңірл­­ ерінде дамыды. Қазақстанның орталық, сол­ қат­ ы­настарды дамытуға түстік және шығыс аймақтарында егiн алқаптары, тигізген ықпалын негізінен өзен жайылмаларында орналасып, шар­ уа­­ анықтаңдар. шылықта көмекшi рөл атқарды. Егiншi қазақтар түрлі дақылдар негізінен тары өсiрдi. Қазақстанның қатал ауа райы жағдайында тары көп өнiм беретiн және күтім талғамайтын дақыл еді. И. Барбаро Дештi Қыпшақ көшпелiсi ұзақ жолға жиналған кезде өзiмен бiрге бір дорба балға бөк­тірілген жент алып жүретiндiгiн атап өтедi. Қазақтар бидай, тарымен бірге сұлы, арпа екті, сондай-ақ қара- бидай, күрiш және бақша өнімдерін өсiрдi. Көшпелiлердiң егiншiлiкпен айналысуы қажеттiлiктен туындады. Отырықшылыққа көбіне көшi- қонға мүмкiндiгi болмаған кедейлер ауысты. Малынан айырылған оты- рықшыларды жатақ деп атады. Кедейленген­көш­ Қазақтардың отырық­ пелiлер малы көбейген сәтте-ақ мәжбүрлi диқан­ шылыққа көшуіне не шылықпен айналысуды қойған. Көшi-қон мүмкін­ себеп болды? дігі бар қазақтар ауқаттылар қатарында саналды. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. ХVII ғасырдан бастап Қазақ хандығының ордасы _______ қаласы болды. 1.2. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында қолөнершілер _______ бiрiктi. 1.3. Егіншаруашылығының рөлі _________ мен _________ Қазақстанда зор болды. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. ХVI ғасырда қорғаныс қамалы ретінде белгiлi болған қала А) Тараз Ә) Фараб Б) Баласағұн В) Сауран Г) Сығанақ 2.2. ХVII ғасырдан бастап Қазақ хандығының саяси орталығына айналған қала А) Суяб Ә) Түркiстан Б) Баласағұн В) Тараз Г) Сығанақ 211 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §55. ХV–XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ Тақырыпты оқу барысында: – ХV–ХVII ғасырлардағы рухани мәдениет дамуының ерекшеліктерін біле- сіңдер; – күй, аңыз, эпостық жырлардың тарихи дереккөз ретіндегі маңызын айқындайсыңдар; – қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің қазіргі кезең үшін маңызын түсінесіңдер. ХV–ХVII ғасырлар аралығы қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алады. Осы кезеңде әдебиет және музыка өнері жетіле түсті. Ақын-жыраулар. Жыр­ ау – өз жанынан жыр Жыраулар шығарма­ шы­ғарып айтатын және эпикалық дастандар мен шылығын біріктірген толғаулар орындайтындар. Олар хан кеңесшiсi және тақырыптарды атаңдар. ру басшылары болды. Жыраулар күрделі қоғамдық- әлеуметтік мәселелер, ел тағдыры туралы толғаулар шығарды. ХV–ХVІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығы қазақ мәдениетінің алтын қорына қосылды. Жыраулар жеке қасиеттері, дү­ ниетанымы, шешендік өнері және белсенді азаматтық көзқарасы арқылы қарапайым халық және билеушілер алдында беделді болған. Мемлекет тағдыры шешілер тұста жыраулар хан мен бүкіл халыққа жөн сілтеп, ұсыныстарын айтқан. Оның кеңесін хан да, халық та құптаған. ХV ғасырдың ортасындағы әйгілі жыраулардың бi­рi – Қазтуған. Ол ерлікті жырға қосып, дала тайпалары­ ның қазақ хандарының қол астына бiрiгуi үшiн күрестi. Тарихта Шалкиiз, Доспамбет (ХV–ХVI ғасырлар), Жиембет (ХVII ғасыр) жыраулардың есiмдерi ке­ңін­ ен белгілі. Доспамбеттің толғаулары батырлық пен қаһар­ мандықты дәріптеді. Шалкиiз жырау­ Тiленшiұлының поэзия­сы отан­ шылдық тақырыпқа құрылған терең философ­ иял­ ық мәнiмен ерекшелендi. Жыраулық дәстүрді Жиембет (ХVII ғасыр) жалғас­ тырды. Ол «Еңсегей бойлы ер Есiм» эпостық жырының авторы ғана емес, қол бастаған батыр да болды. Есiм хан тұсында ойраттарға қарсы соғыстарға қатысты. Қобыз 212 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Музыка. XVI–XVII ғасырларда ел арасында түрлі музыкалық аспаптар кең таралды. Халық өнерпаздары эпикалық, тарихи, аңыздық және тұрмыстық тақырыптарға ән-күйлер шығарды. Шығарма орын- далар алдында қысқаша мазмұны айтылды. Мәселен, бозторғай туралы күйде құс өзiнiң балапандарын жы- ланнан қорғайды. Домбыра әуенi арқылы балапанда- рын құтқару жолындағы құс өлімі суреттеледі. Ауыз әдебиетiнiң бай қазынасын халықтың талант- ты өкiлдерi – ақын, жырау, суырыпсалма жыршылар ұрпақтан ұр­паққа жеткiздi. Суырыпсалма қабiлетi бар, табан астында өлең шығаратын адамды ақын атаған. Ақындар сонымен бiрге ауыз әдебиеті үлгілерін жеткізушілер саналды. Ел арасында нақыл сөз үлгісіндегі лирикалық өлең түрі терме кең таралды. Ертегiлер және эпос ауыз әдебиетiнiң ерекше жанры болып табылады. Тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хайуа- наттар туралы қазақ ертегiлерi халық өмiрiн әр қырынан Домбыра және жан-жақты қамтыды. Халықтың арман-мүддесi, мұң-зары, қоғамдық өмiрi мен тұрмысы жайлы мол мағлұматтар береді. Қазақ халқының XIV–ХV ғасырлардағы батырлық эпостары – «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т.б. жырлары ұрпақтан ұрпаққа жеттi. Лиро- эпикалық поэмаларда халықтың өмірі мен салт- дәстүрi жан-жақты сипатталды. «Қозы Көрпеш–Баян Қазақ ертегілерінің сұлу», «Қыз Жiбек», «Айман–Шолпан» жырлары қандай кейіпкерлерін шынайы халықтық шығармалар. білесіңдер? XV–XVII ғасырлардағы халық ауыз әдебиетін­ де түрлі жанр: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, қанатты сөздер, ақындар а­ йтысы, шешендік өнер кең таралды. Шешендік өнер – ауыз әдебиетінің өнегелі ой-тұжырымға толы, тапқырлық танытатын жанры. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Өз жанынан жыр шығарып, дастандар мен толғаулар орындайтындар _______ деп аталады. 1.2. Ақын – _______ қабілеті бар, _______ шығаратын адам. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. ХV ғасырдың ортасындағы әйгілі жырау 213 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ А) Шалкиіз Ә) Доспамбет Б) Жиембет В) Қазтуған Г) Сыпыра 2.2. Ауыз әдебиетінің өнегелі ой-тұжырымға толы тапқырлық танытатын жанры А) Мақал-мәтелдер Ә) Жұмбақтар Б) Эпостық жырлар В) Шешендік өнер Г) Батырлар жыры §56. ХV–XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ТҰРМЫСЫ МЕН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРI Тақырыпты оқу барысында: – ХV–ХVІІ ғасырлардағы қазақтың тұрмысы мен салт-дәстүрлерін, қол- данбалы өнердегі жетістіктерін білетін боласыңдар; – киіз үйдің құрылымымен танысасыңдар. Дiн. XV–XVII ғасырларда қазақтар исламмен қатар, тәңiршілдікке негiзделген ежелгі дәстүрлерiн де ұстанды. Қазақтар ата-баба рухын құрмет тұтып, аруақтарды сыйлады. Әр қазақ үшін өз шежіресін білу маңызды болды. Қазақтарда отпен аластайтын ежелгі дәстүр Қазақтардың ата-баба сақталды. Бұл дәстүр қыстаудан жайлауға көшiп- рухына сиыну, аруақты қонған кезде іске асты. Жайлауға баратын көш құрметтеу себебін жолының басында үлкен екi алау жағып, олардың анықтаңдар. арасынан малды өткiзген. Күнтiзбе. Ұшы-қиыры жоқ шексiз далада үнемi Қазақ күнтізбесі мен қозғалыста жүру көшпелiлердi кеңiстiктi жақсы астрономиялық білімі бағдарлай бiлiп, жұлдыздар бойынша жол табуға, жайлы өз ойларыңды айтыңдар. жайылымдар мен құдықтардың орналасқан жерiн дәл анықтауға үйреттi. Халық арасында жыл санау есебiмен айналыса- тын есепшiлер болды. Олар жыл сайын бақылау жүргiзiп, ауа райы болжамын жасады, маусымдық көшi-қон уақытын анықтады. 214 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Киiз үйдiң қарапайым түрi Киiз үйдiң iшкi жасауы Есепшілер жылды 12 айға бөлдi. Халық өмiрiнде күнтiзбе үлкен рөл атқарды. Қазақ күнтізбесі мүшел аталған 12 жылдан тұрды. Жыл басы көктемгi күн теңесуiмен сәйкес­тендiрiлiп, Наурыз мей- рамынан (22 наурыз) бас­талды. Бұл күн кең ауқымда мерекелендi, жұрт бiр-бiрiне қонаққа барып, жарыстар ұйымдастырды, азық-түлік молшылығының белгiсi наурызкөже дайындалды. Қазақ халқының негізгі баспанасы – киiз үй. Ол ағаш пен киiзден жасалып, шаңырақ, уық, керегеден тұрады. Киiз үй көлемi кереге қа- наттарының санына байланысты болды. Алты, сегіз, он, тiптi отыз қанат- ты киiз үйлер болған. Киiз үйлер бiрнеше түрге бөлiндi: салтанатты киiз үйлер, қара­ пай­ым баспана түріндегі киiз үйлер, шаруашылық мақс­ атта пай­да­ ланылған киiз үйлер және жорық киiз үйлерi. Киiз үйдiң ортасында ошақ болды, кiреберiске Көшпелiлердiң негiзгi баспанасы киiз қарама-қарсы құрметтi орын төр деп белгіленді. Киiз үй болуы себебiн үй жиһазы ағаш пен терi, киiзден жасалған бұйым­ түсiндiрiңдер. дардан тұрды. Қазақстанның солтүстiк және солтүстiк-шы­ғыс аймақтарында ағаш, тас, кiр­пiш­тен тұрақты баспана ­салынды. Киiм. Қазақтың ұлттық киiмiнде этникалық, экономикалық және ауа райы жағдайына байланысты дәстүрлер көрiнiс тапты. Киiмдi шұғадан, жүн және жiбек маталарынан, киiзден, аң терiсiнен тiктi. Терiден тон 215 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ тiгiлiп, жiбек, шұға, паршамен тыстал- ды. Ер адам мен әйелдiң негiзгi сыртқы киiмi шапан мен қамзол жүн және жiбек матадан тiгiлдi. Ерлер пен әйелдердің баскиiмдерi әралуанды­лығымен ерекшелендi. Көк­ тем мен күз­де қазақтар көбінесе аң те­ рiс­ iмен жиектелген дөңгелек бөрiк ки­ Әшекей бұйымдар дi. Қыз бөрiгi сал­пыншақ және үкi қауырсындарымен безенд­ iрiлдi. Қысқы баскиім тымақ деп аталды. Әйел баскиiмдерiнiң ішінде ең құнды той киiмi сәукеле болды. Сәбиi дүниеге келiсiмен жас келiншек ақ матадан тiгiлген кимешек кидi. Жазғы ұлттық киімдерден қазақ әйелдері шәйі көйлек, желек, қамзол, ер кісілер жұқа шапан, көйлек, жарғақ шалбар т.б. киген. Ер адамның етiгi салт атпен жүруге қолайлы болу үшiн қонышы тiзеден жоғары, ыңғайлы етiлiп тiгiлдi. Әйел аяқкиiмi әдемi ою-өрнегiмен ерекшелендi. Тамақ әр халықта материалдық мәдениеттiң айқын көрінісі болып табылады. Қазақтың тамағы негiзiнен ет және сүт өнiмдерiнен тұрды. Бие сүтiнен қымыз, түйе сүтiнен шұбат да­йындалды. Сиыр, ешкi және қой сүтi, айран, май, iрiмшiк түрлерiн дайындауға жұмсалды. Құртты қыста әл беру үшiн ыстық сорпаға езiп iштi. Ешкi және қой сүтiнен ірімшіктің бiрнеше түрi дайындалды. Жыл мезгілдеріне қарай Дәндi дақылдардан негiзгi тамақ түрi тары, кей қонақтарға қандай тағам кезде бидай болды. Тарыдан тары көже, талқан, түрлері ұсынылған? жент дайындалды. Бидай ұнынан нан, бауырсақ және бидай көже әзірленді. Қазақтың ұлттық Ет қазақтардың негiзгi тағамы болды. Жылқы тағамдарын атаңдар. етi ең жұғымды саналды, одан қазы-қарта, жал- жая, шұжық дайындалды. Асып пiсiрiлген ет – қазақтардың негiзгi тағамы. Салт-дәстүрлер халықтың материалдық және рухани өмірін қам­ти- Қазақ халқының қандай ды. Қазақтар ата-бабаларын құрмет тұтты, ұлт­ салт-дәстүрлерін біле­ тық әдет-ғұрыптарын сақтады. сіңдер? XV–XVII ғасырларда ислам қазақтың отба­ сылық өмiрiне дендеп ене қоймады. Үйлену той- лары ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді сақтай отырып өт­ кізілді. Болашақ күйеу қалыңдық үшiн қалыңмал төлеуi тиiс болды. 216 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қалыңмалдан басқа күйеу жағынан түрлi жоралғылар: әулетіне мал, анасына сүтақы, қалыңдықтың ағаларына түрлi тарту-таралғылар (ер- тоқым, белдiк т.б.), жақын туыст­ арына кәде (шағын сыйлық) әзiрлендi. Қазақтың ғұрыптық жырының бірі – «Бет­ Қазақтарда кейбір салт- дәстүрлердің сақталу ашар». Беташарда келіннің беті ашылып, жаңа себебі неде? жұр­т­ ы таныстырылды. Инабатты, ибалы, жақсы ке­лін болуға үндейтін өсиеттер айтылды. Халықтық мерекелер қазақ өмiрiнде үлкен Қазақ халқының отба­ рөл атқарды. Мерекелерде түрлi ұлттық ойындар:­ сылық құндылықтарын күрес, сайыс, көкпар, атжарыс т.б. ұйымдасты­ атаңдар. рылды. Ойынға қатысушыларға бағалы жүлделер тағайындалды. Әскери дәстүрлер көшпелiлер өмiрiнде маңызды орын алды. Ұлы Дала тұрғындары, шын мәнiнде, мықты жауынгерлер ретiнде белгiлi болды. Көшпелi қазақтарда тұрақты әскер болған жоқ, оның есесiне қа­ жет­тiлiкке қарай жиналатын ру-тайпалық жасақ құрылды. Ру-тай­ палық жасақ басында рубасы тұрды. Әр жасақтың өз әскери туы мен жауынгерлік ұраны болды. Мұндай жасақтардың кейбiр бөлiгiн ұлыстық әскер құрады. Ұлыс билеушiсi ұлыс әскерiне басшылық еттi және өзiнiң жеке туы болды. Хан бiрiккен әскерлердiң жоғарғы қолбасшысы саналды. Ол жауынгерлердi шайқаста өзi басқарды, әскермен бiрге барлық қиындық пен қауiп-қатердi бөлiстi. Қазақ өмірінде әскери Бұрындық пен Қасым хандар шайқас кезiнде жа- дәс­түрлер қандай рөл раланды. Мамаш хан ұрыста шейіт болып, Тәуекел атқарды? хан соғыс кезiнде алған жарадан қайтыс болды. Бұл кезеңде қазақтардың негiзгi қаруы қылыш пен садақ еді. Басқа қару-жарақ түрлерiнен ұрыста айбалта, шоқпар, қарсыласты ер-тоқым­ нан жұлып алу үшiн iлгекті найза қолданылды. ХVII ғасырдың ортасынан бастап Орталық Азия мен Ресей қала- ларында сатып алынған немесе қазақтардың өздерi дайындаған зеңбі- ректер мен мылтықтар пайдаланыла бастады. Деректерде жазылғандай, қазақтар оқ-дәрi жасай бiлдi, қорғасын балқыта алды. Әр рудың, әр ұлыс сұлтанының және ханның өз туы болды. Тудың саны бiр ханда тоғызға дейін жеткен. «Тоғыз тулы хан» деп мықты билеушiлердi айтқан. Ортағасырлық авторлардың айтуынша, алғашқы қазақ билеушiлерi «тоғыз тулы хандар» болған. Әскерге шақырған кезде әр жауынгер жорыққа мiнетiн қос ат, әскери қаруымен шығуы тиiс болды. Дештi Қыпшақ көшпелiлерi ара- 217 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қазақтың баскиiмдерi Ер адамның тоны Шапан Әйел тоны Күдерi тон Ер адамның шалбары, белбеуi, етiгi 218 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ сында шайқас кезiнде өлім мен қауiптен қорықпай, Көшпелілер шайқаста атой салып, жауына қарсы шығатын ержүрек жау- қандай әдіс-тәсілдер ынгерлер көп болған. Көшпелiлер шабуыл жасаған қол­данды? кезде толғама (қоршауға алу, айнала қоршау) әді­ сін қолданды. Бабыр жазбаларында толғама әдiсiн Дештi Қыпшақ көш­ пелiлерiнiң «ұрыстағы сенімді тәсілі» ретiнде сипаттаған. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Кiреберiске қарама-қарсы құрметті орын _______ деп аталды. 1.2. Қазақтар жал-жая, қазы-қарта сияқты тағамдарды _______ етiнен жасады. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Қазақ арасында сақталып қалған дәстүрлі наным-сенім А) тәңіршілдік Ә) зороастризм Б) ислам В) манихейшілдік Г) отқа табыну 2.2. Ортағасырлық авторлардың айтуы бойынша алғашқы қазақ билеушiлерi туының саны А) алты Ә) он Б) сегiз В) тоғыз Г) бес §57. ХVI–ХVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАРИХИ ӘДЕБИЕТ Тақырыпты оқу барысында ХVI–XVII ғасырлардағы тарихи әдебиеттер және оның авторымен танысасыңдар. «Бабырнама». Түркі мәдениетiнiң асыл мұрасында көптеген аса құнды еңбектер бар. Соның бiрi – Бабырдың (1483–1530 жылдар) «Жаз- балары». Ол тарихта «Бабырнама» деген атпен белгілі. Бабыр «Жазбалары» жанры жағынан мемуарлық әдебиетке жатады. Басты кейiпкер – автор өзiнiң атынан адамдардан не ес­тiг­ енi, өмiрде не­ нi көрiп, ненi бастан кешкенi туралы әңгiмелейдi. Шығар­ма «Осындай жыл­дың оқиғасы» т.б. тақырыптармен берiлген, бiрiн-бiрi ауыстырып отыратын оқиғалар шеж­ iресi сияқты сюжеттерге құрылған. Туынды- 219 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ да ондаған адамдар есiмi, жүздеген үлкенді- кiшiлі оқиғалар тізбектеліп беріледі. «Жазба- лар» дәуiрдiң өзiндiк ерекшелiгiн қамтып, сол кездегi қоғам өмiрiн бейнелейдi. «Бабырнама» – өз заманындағы тарихи оқи­­ ғал­ арды мейлінше мол қамтыған, ғылыми құн­­ дыл­­ ығы жоғары еңбек. Бұл ғалымдар атақты грек және рим авторлары еңбектерiнiң қата­ры­ на қойған бүкiл ортағасырлық түркi тiлдес әде­ биеттегi аса бағалы шығарма. «Тарих-и-Рашиди». Мұхаммед Хайдар (1499–1551 жылдар) дулат тайпасынан шық­ Бабыр қан­дықтан ғылыми әдебиетте оны Мұхам­мед Хайдар Дулати деп атайды. Мұ­хамм­ ед Хайдар «Бабырнама» еңбегінің Бабыр сарайынд­ а тәрб­ ие­леніп, бiлiм алды. Онда ол авторы кім, онда не көптеген тари­хи оқиғалардың куәгер­ i болды. Сарайд­ а айтылған? сақталған тарихи құжаттард­ ы, белгiлi ғалымдардың «Бабырнама» еңбегі еңбектерiн оқыды. әде­биеттің қай жанры­ Ол жан-жақты бiлiм алып, әдебиетті, ғылым мен на жатады? өнерді меңгердi. «Көркем жазуға, сурет салуға, жебе дайындап, садақтың адырнасын тартуға, барлығына қолы икемдi болды», – деп жазады ол туралы Бабыр. Мұхаммед Хайдар түркi және парсы тiлдерiнде бiрдей еркiн жазды. Мұхаммед Хайдар – аса көрнектi тарихшы,­ «Тарих-и-Рашиди» атты ғажайып тарихи ғы­ лыми еңбектiң авторы. Бұл еңбек парсы тiлiнде жазылған. «Тарих-и-Рашидидiң» негiзгi мазмұны – ХIV– ХVI ғасырлардағы Моғолстанның тарихы. Кiтапта сондай-ақ қазақтар мен Орталық Азиян­­­ ың басқа түркi халықтарының тарихы туралы деректер бар. Мұхаммед Хайдардың еңбегi Қазақ ханды­ғын­ ың Мұхаммед Хайдар тарихы бойынша нақты деректердің молдығымен Дулати маңызды орын алады. Оның жазбалары – Қазақ хандығы құрылуының бұрынғы және кейiнгi тари- хын жү­йелi баяндаған бiрден-бiр құнды еңбек. 220 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ «Жәмиғ-ат-тауарих» («Жылнамалар жи- Мұхаммед Хайдар Дулатидің на­ғы») авторы – Тәуекел хан тұсындағы ық­ ХV–ХVІ ғасырлардағы оқи­ палды би, жалайыр руынан шыққан Қадырғали ғалар жайлы өткен тақы­ (тарихи әдебиетте Қадырғали Жалаири есiмi- рып­тарда айтқан деректерін мен белгiлi). 1587 жылы ол Оразмұхаммед сұл- табыңдар. «Тарих-и-Рашиди» танмен бiрге орыстарға тұтқынға түсiп, ұзақ еңбегінің ғылыми құндылығын уақыт орыс патшалығында тұрды. көрсетіңдер. Кiтап ХV–ХVI ғасырлардағы қазақ тари- хына арналған. Қадырғалидың қазақ хандары Мұхаммед Хайдар Дулатиды мен сұлтандарының шежiресi туралы деректерi неліктен Қазақ мемлекетiнің ерек­ше құнды. Бұл еңбекте Қазақ хандығы, тұңғыш тарихшысы деп атай­ оның билеушiлерi мен батырлары туралы мате- тынын түсіндіріңдер. риалдар келтiрiлген. Кiтап араб әрпiмен, қазақ тiлiнде жазылған маңызды тарихи дереккөз ғана емес, ХVI ғасырдағы қазақ тiлiнiң ескерткiшi де бо- лып табылады. Қадырғали туындысы – қазақ тайпаларының өкiлi жазған алғашқы тарихи еңбек. «Шыңғыснама» тарихи еңбегiн ХVI ғасырда Өтемiс қажы жазған. Кiтапта Жошы әулетiнiң тарихы баяндалады. Бұл шығармада ХІІІ–ХV ғасырлардағы саяси тарих, Алтын Орданы басқарған хандар, сол Қадырғали кезеңдегі Батыс және Оңтүстік Қазақстан туралы Жалаири көптеген деректер бар. «Тарих-и Әбiлқайыр хани» шығармасы ХVI ғасырға жатады. Кiтап авторы – Масуд бин Осман Кухистани. Кiтапта Әбiлқайыр хан билiк ­еткен кезеңдегi «көшпелi өзбектер» тарихы баянд­ алады. «Жәмиғ-ат-тауарих» кiтабы­ «Шежре-и түрк» («Түрiк шежiресi») кiта­ ның жазылу тарихын түсін­ діріңдер. бының авторы – Хиуа қаласының ханы, та- рихшы, Әбiлғазы Баһа­дүр (1603–1664 жылдар). «Шежре-и түрк» Шыңғысхан әулетiнiң тарихына арналған. Онда қазақ халқының «Түрiк шежiресiнің» ғылыми құрамына енген түркі тайпалары туралы құндылығын анықтаңдар. құнды деректер бар. Әбiлғазы Баһадүр тарихи еңбектер ғана емес, әскери іс пен ақындық өнер туралы еңбектер де жазған. 221 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ортағасырлық шығыс қоғамында ғылым мен бiлiм жоғары бағалан- ды. Билеушiлер әскери жетiстiктерді ғана емес, өз астанасына ғалымдарды тартуды да ойластырды. Әр билеушi мен ықпалды сұлтан өз жанында са- рай тарихшылары мен ақындарын ұстады. Бұл билеушiлердiң құдiретi мен беделiн арттырды. Тарихшы, ақындар кез келген сарайда өздерiнiң қабiлеттерi мен бiлiмдерiн кеңінен танытуға мүмкіндік алды. Оқиға куәгерлерi мен тарихшылардың деректерi ХVI–ХVII ғасырлар аралығындағы белгiлi автор Ахмад Рази былай деп жазды: «Одан Мұхаммед Хайдардан дүниеге игi iстер тарады, ол ерек- ше қабілетті еді. Оның жазу емлесi таза, стилi айқын, өлеңi нақышты еді. Сирек кездесетiн батылдықтың адамы және ше- Автор Мұхаммед Хайд­ ар­ бер әскербасы болды. Ол Қашғардан Тибетке дың қандай қасиеттерi өттi. Кашмирге келiп, ел басқарды. Кашмирде мен iс-әрекеттерi туралы қайтыс болды. Оның Қашғар билеушiсi Рашид айтады? ханға арнап жазған «Тарих-и-Рашидиi» бүкiл жұртшылыққа белгiлi». 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Мұхаммед Хайдар _______ және _______ тiлдерiнде бiрдей еркiн жазды. 1.2. «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде ХIV–ХVI ғасырлардағы ______ тарихы айты- лады. 1.3. «Жәмиғ-ат-тауарих» кiтабы _______ әрпiмен _______ тiлiнде жазылды. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Жанры жағынан мемуарлық әдебиетке жататын шығарма А) «Бабырнама» Ә) «Тарих-и-Рашиди» Б) «Жәмиғ-ат-тауарих» В) «Тарих-и Әбiлқайыр хани» Г) «Құтадғу бiлiк» 2.2. Еуропа ғалымдары жоғары бағалаған шығарма А) «Бабырнама» Ә) «Тарих-и-Рашиди» Б) «Жәмиғ-ат-тауарих» В) «Тарих-и Әбiлқайыр хани» Г) «Құтадғу бiлiк» 222 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 2.3. Мұхаммед Хайдар еңбегiнiң аты А) «Тарих-и-Рашиди» Ә) «Бабырнама» Б) «Жәмиғ-ат-тауарих» В) «Тарих-и-Әбiлқайыр хани» Г) «Құтадғу бiлiк» 2.4. Мұхаммед Хайдар тәрбие мен бiлiм алған хан сарайының иесі А) Бабыр Ә) Ахмет Риза Б) Қадырғали Жалаири В) Қасым Г) Абылай Шығармашылық тапсырма Ұлы Далада ғылымның дамығандығы жайында өз пікірлеріңді білдіріңдер. *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Тоғызыншы тарау бойынша ҚАЙТАЛАУ-ЖИНАҚТАУ САБАҒЫ Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Оқулық деректері негізінде маусымдық көші-қон ерекшеліктерін ашып көрсет­ іңдер. 2. Оңтүстік Қазақстанның ХV–ХVІІ ғасырлардағы саудадағы егіншілік кәсіпті дамы­тудағы рөліне баға беріңдер. 3. ХV–ХVІІ ғасырлардағы қала мәдениетінің құлдырау себептерін ашып көрсетіңдер. 4. Көшпелі қазақтардың киіз үйге ауысу себебін түсіндіріңдер. Арба үстіндегі киіз үй неге жойылды? Киіз үйдің ішкі көрінісін сипаттаңдар, маңызын түсіндіріңдер. 5. ХV–ХVІІ ғасырларда қазақтар арасында таралған кітаптар тізімін жасаңдар. 1. Ашық тест тапсырмалары 1.1. Дәстүрлі қазақ қоғамы ақсүйек, қалған басқа халық ______ болып бөлінді 1.2. Халық өмірінде _______ үлкен рөл атқарды. Қазақ күнтізбесі _______ аталған 12 жылдан тұрды. 1.3. Қадырғали Жалаиридің _______ туындысы ХVІ–ХVІІ ғасырлардағы қазақ тарихи әдебиетінің маңызды ескерткіші саналады. 2. Жабық тест тапсырмалары 2.1. Тәуке тұсында хандық кеңесте шешуші дауысқа ие болғандар А) діни қауым Ә) байлар Б) ақсақалдар В) Шыңғысхан ұрпақтары Г) билер 2.2. ХVІ ғасырда Сауран қаласының кеңінен белгілі болу себебі А) берік қамал ретінде Ә) озық сәулет ғимараттарымен Б) қолөнер бұйымдары арқылы В) діни ғимараттарымен Г) әкімшілік орталық ретінде 2.3. Шайқастағы жеке ерлігі мен қолбасшылығы үшін берілетін атақ А) хан Ә) би Б) бек 224 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ В) батыр Г) сұлтан 2.4. ХVІІ ғасырдың соңында – ХVІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығындағы құқық тәрт­ ібі мен мемлекеттік құрылым қағидаларын айқындап берген заң жинағы А) «Жасақ» Ә) «Жеті жарғы» Б) «Қасым ханның қасқа жолы» В) «Есім ханның ескі жолы» Г) Игельстром реформасы Сәйкестікке арналған тест тапсырмалары 1. ХVІІ ғасырдағы Тақырыптар тарихшылар және олардың еңбектері А) Осман Кухистани 1. Әбілқайыр хан билік еткен кезеңдегі «Тарих-и Әбілқайыр «көшпелі өзбектер» тарихы. хани» 2. ХV–ХVІІ ғасырлардағы қазақтар тарихы, Ә) Өтеміс қажы қазақ хандары мен сұлтандарының шежіресі «Шыңғыснама» туралы деректер. Б) Әбілғазы Баһадүр 3. Шыңғысхан әулетінің тарихы, қазақ «Шежре-и түрк» халқының құрамына енген түркі тайпалары («Түрік шежіресі») туралы деректер. В) Мұхаммед Хайдар. 4. ХІV–ХVІ ғасырлардағы Моғолстан мен «Тарих-и-Рашиди» Қазақ хандығы тарихы. Г) Қадырғали 5. ХІІІ–ХV ғасырдағы саяси тарих, Жошы Жалаири. әулеті, Алтын Орда хандары туралы. «Жәмиғ-ат-тауарих» 2. Билеушілер және ғұламалар Шығармалар 1. Мұхаммед Хайдар А) «Тарих-и-Рашиди» 2. Осман Кухистани Ә) «Жәмиғ-ат-тауарих» 3. Қадырғали Жалаири Б) «Жеті жарғы» 4. Тәуке хан В) «Тарих-и Әбілқайыр хани» 15–3479 225 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ҮШIНШI БӨЛIМГЕ ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы біртұтас қазақ халқының қалыптасуында үлкен маңызға ие болды. ХV–ХVII ғасырларда Қазақ хандығы тұтас саяси құрылым ретінде қалыптасу, өрлеу және құлдырау кезеңдерiн бастан өткердi. Хандық аумағы бұл кезеңде сыртқы саяси оқиғалардың ықпалымен өзiнiң ауқы­ мын бiрнеше рет өзгерттi. Бiрақ бұл үнемi қазақ этносы Ертiстен Сыр­ дарияға дейiн және Жайық жағасынан Тянь-Шаньға дейiн қоныс еткен аумақтарда орын алды. Қазақ халқы өзiнiң түпкiлiктi этникалық аумағын қорғап қалды. Осылайша, Қазақ хандығы өзге аймақтарды басып алу нәтижесiнде емес, жергiлiктi саяси, экономикалық және этникалық тұ­ тастық негiзiнде құрылды. Көшпелi малшаруашылығы және отырықшы-егiншiлiк, қалал­ ық құрылымдарға негiзделген экономикалық жүйе орнықты. Қазақ хандығы жайлы дереккөздер оның билеушілерінің мемлекеттi нығайту үшiн күрестегi жетiстiктерi мен сәтсiздiктерi туралы айта- ды. Қазақ хандары дербес сыртқы саясат жүргiздi, Орталық Азияның елдерiмен және көршi халықтармен, Ресей мемлекетiмен бейбiт қарым- қатынастар орнатты. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті Орхон-Енисей жазба ескерт- кіштерінен бастап бүгінгі күнге дейін Ұлы Даланың мәдени дәстүрле- рінен тамыр алған. Ұзақ мерзімді этногенез барысында қазақ халқын- да төзімділік, табандылық, қонақжайлылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, өзге дін мен ұлт өкілдеріне құрмет, табиғатты аялау сияқты ұлттық ерекшеліктер қалыптасты. Осының барлығы қазақ халқының ру- хани және материалдық мәдениетінде, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпында көрініс тапты. Осы құндылықтарды оқып-білу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеяс­ ы нәти­ жесінде жүзеге асырылады. Тәжірибелік тапсырмалар: 1. Қазақ хандарының Қазақстан тарихында алатын орнына баға беріңдер. 2. Ортағасырлық Қазақстанға қатысты қандай тарихи әдебиеттерді білесіңдер? 226 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША ТЕРМИНДЕР СӨЗДIГI Автохтондар – белгiлi бiр аймақтың ең ежелгi тұрғын халқы. Адаптация – өзгермелi сыртқы жағдайларға бейiмделу. Ақын – поэзиялық туындыларды ауызша не жазбаша түрде шығаратын өнер иесi. Антропология – адамның шығу тегiн, дамуын, дене құрылысын, нәсiлдiк ерекшелiктерiн зерттейтiн ғылым. Аң бейнесiндегi өрнектер – дiни наным-сенiммен байланысты хайуанаттар бейнесiндегi қиял-ғажайып өрнектер. Ареал – таралу аймағы. Аруақ – әулиелер, қасиеттi ата-баба, сондай-ақ о дүниелiк жандардың рухы. Ассимиляция – жаңа орта дәстүрiн қабылдау, сiңу. Бiр халық өзiнен үлкен екiншi халыққа сiңiп кетiп, ана тiлiн, әдет-ғұрпын, дiнiн, мәдениетiн, өзiндiк сана-сезiмiн т.б. ұлттық ерекшелiктерiн жоғалтады. Атабек – кейбiр мемлекеттерде (оғыздарда, Ақ Ордада және т.б.) тақ мұра- герiнiң тәрбиешiсi. Әдет-ғұрып жосындары – көшпелi қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқық­тық жүйе. Әдет құқығы – орта ғасырларда мемлекеттiң бекiтуiмен дәстүрлi түрде қалыптасып, салтқа енген мiнез-құлық ережелерiнiң жиынт­ ығы. Мысалы, «Жетi жарғы» заңдары әдет құқығы негiзiнде жасалған. Әмiр – мемлекеттiң немесе өлкенiң билеушiсi, монғол жаулап алушылығынан кейiн хандық билікке құқықтары болмаған билеу­шiлер, яғни Шыңғысхан ұрпағына жатпайтындар (мысалы, Әмiр Темiр) өзiн әмiр деп жариялады. Әскери жер иелену – жер иелену түрi. Қожайынынан оның пайдасына әскери қызметте болу жағдайында жер алған адам (орта ғасырларда Қазақстандағы мұндай жер иелену түрлерi: иқта және сойырғ­ ал). Әулет – белгiлi бiр әулеттен шыққан ұрпақтардың мұрагерлiкпен билiк ету ретi (мысалы, Жошы ұрпақтары, Шайбани ұрпақтары). Бай – дәстүрлi қазақ қоғамындағы дәулеттi әлеуметтiк топ. Мыңғыр­ған мал иесi. Басқақ – монғол хандарының жаулап алынған елдердегi сенiмдi өкiлi, салық жинаумен де айналысқан. Бек – ежелгi түрiктердегi ақсүйек қауымының лауазымы. Беклербек – Алтын Ордадағы жоғары лауазым иесi, ханнан кейiн­гi екiншi адам, әскер қолбасшысы және мемлекеттiң сыртқы саяс­ атын басқарушы. Би – дәстүрлi қазақ қоғамының саяси-әлеуметтiк жүйесiндегi демо­кратия- лық билiк иесi, сот мiндетiн атқарып, руды да басқарған. 227 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Бұдун – халық (түрiкше); қараңыз: қара бұдун. Бұйрық – Батыс Түрiк қағанатында сот қызметiн атқарған лауазым иесi. Вақф – мұсылман дiнбасыларының жерi, олар бұл жердi салық жинау құқығымен бiрге алды, ал түскен кiрiстi мешiтке, мектепке, медресеге жұмсау- лары тиiс болды. Вассал – қожайынына тәуелдi және оның пайдасына түрлi мiндет­керлiктер- дi (салық төлеу, әскери қызмет және т.б.) орындауға борышты кез келген адам. Генеалогия – (грекше ген – тек және логос – бiлiм) – 1) тектердiң тарихы- мен, жеке адамдардың шығу тарихымен, туыстық байланыст­ арды анықтаумен айналысатын ғылым; 2) шежiре – жеке адамның немесе тұтас бiр рудың шығу тегi мен туыстық байланыст­ арының тiзбесi (мысалы, Шыңғысхан ұрпақтарының шежiресi). Гурхан («хандардың ханы») – қарақытайлардың жоғары билеушiсiнiң лауазымы. Декор – ғимараттарды немесе бұйымдарды әшекейлеу жүйесi. Динар – орта ғасырлардағы алтын монета. Дирхем – орта ғасырларда бастапқыда күмiс монета, одан кейiн күмiс пен мыстың қоспасынан соғылды; дирхем – VI–ХII ғасырл­ арда саудадағы негiзгi монета. Диуан – Алтын Ордада және кейбiр басқа мемлекеттерде мемле­кеттiң қар­ жысын, салығын, iшкi саясатын жүргiзген атқарушы билiктiң жоғарғы ор- ганы, диуанның басында уәзiр тұрды. Дуальдық жүйе – бiр-бiрiмен өзара әрекеттестiктегi екi тең құқылы жүйе (мысалы, түргештердегi сияқты тайпалардың екi негiзгi тобы). Ел – ежелгі түркі халықтарындағы мемлекет атауы. Кейiн қарахандықтар қаған­ атындағы иелiктер басқарған дербес иелiктер осылай атала ­бастады. Елтебер – Батыс Түрiк қағанатындағы жоғары лауазымның бiрi, қаған әулетiнiң бiр мүшесi. Ер – жауынгер, еркек, түркілерге тең құқылы еркiн қауым мүшесi. Жабғу – 1) Оғыз мемлекетi басшысының лауазымы; 2) Кейбiр түркі мемлекеттерiнде «қаған» атағын қабылдағанға дейiнгi жоғары қызмет иесi, жоғары билеушi. Жарлық – монғол мемлекеттерiнде ханның заң немесе басқару мәселелерi бойынша жарлығы. Бұл жарлық халыққа жария етiлуi тиiс болды. Жарлыққа ханның таңбасы басылды. «Жасақ» («Яса») – заң, жарғы; монғолдың әдет-құқығы, екi бөлiмнен: Шыңғысханның нақыл сөздерiнен (оның ойлары мен нақыл-өсиеттерi) және заңдарды орындамағаны үшiн тиiстi жазалар белгiленген әскери және азаматтық заңдар жиынтығынан тұрады. 228 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Жатақ – көшпелi шаруашылықты жүргiзу мүмкiндiгi болма­ғандықтан отырықшылыққа көшiп, егiншiлiкпен айналысқан, яғни жеткiлiктi мал саны- нан айырылған көшпелi. Жәм – Монғол империясындағы пошта бекетi, жаушылар бекетте аттарын ауыстыра алды. Кейiн барлық мемлекеттерге тарады («жәмшiк» сөзi осыдан шыққан). Жошы ұрпақтары – Жошы ұрпақтарының әулетi. Жырау – ХIV–XVIII ғасырлар дала өңiрiнде эпикалық шығар­малар мен толғаулар шығарған жыршы. Көшпелiлер арасында ерекше үлкен беделге ие бол- ды. Әдетте тұрғындардың арман-тiлегiн бiлдiрдi, кейде хандар мен сұлтандардың кеңесшiсi, әскербасы, би болды (мысалы, Жиембет жырау). Зекет – көшпелi малшыдан алынған салық (әдетте малдың 1/20 бөлiгi). Зороастризм – ежелгі халықтар діні, Заратуштра (Зороастра) «пайғамбар- дың» есiмiмен аталған. Иерархия – әлеуметтiк топтардың немесе басқару жүйесiндегi қызметкердiң әлеуметтiк бiркелкiлiгi, онда әр топ жағ­дайына қарай өзiнiң алдындағыдан төмен тұрады (мысалы, Қазақ хандығын басқару жүйесiндегi иерархия. Ханнан бастап, ауыл басшысына дейiнгi жүйе). Иқта – өз пайдасына салық жинау құқығы бар жер үлесi. Иқтадар – феодал, иқтаның иесi, иқта үшiн қаған пайдасына қызмет етуi тиiс болды. Кедей – қазақтар арасындағы тұрмысы төмен отбасы. Кесене – әйгілі адам басына тұрғызылған мазар (мысалы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесi). Кешен (шаруашылық) – шаруашылық немесе кәсiпорын­дардың бiр-бiрiмен байланысты салаларының жиынтығы. Конфедерация – әскери, сыртқы саяси және басқа мiндеттердi үйлестiру үшiн бiрiккен басқару органдары бар тәуелсiз мемлекеттердiң немесе тайпа­ лардың одағы. Көшi-қон – адамдардың қоныс аударуы, тұрғындардың бiр жерден екiншi жерге ауысуы. Ксилография – қағаздағы мәтiн мен суреттер таңбаларын алуға негiзделген кiтап басу түрi. Күй – музыкалық шығарма, қазақ халық музыкасының бiр түрi (әдетте домбыраға, қобызға арналған күйлер). Күмбез – дөңес шатыр, жартышар түрiндегi күмбез. Қара бұдун (сөзбе-сөз алғанда «қара халық») – VI–ХIII ғасырл­ ардағы түркі қағанаттарының негiзгi тұрғындары, еркiн қауымшы-малшылар, диқандар, қолөнершiлер және басқалары. 229 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қарасүйек – қазақ қоғамының қатардағы тобы. Қонтайшы – Жоңғар мемлекетiнiң жоғарғы билеушiсi. Құрылтай – монғолдарда, одан кейiн ХIII–XV ғасырлардағы мемлекеттерде және Қазақ хандығындағы ақсүйектер кеңесi, оған Шыңғысхан ұрпақтарының билiк етушi әулетiнiң барлық өкiлдерi, сондай-ақ тайпа көсемдерi енген. Махалла – ортағасырлық қала орамы. Мәртебе (құқықтық) – қалыптасқан құқықтық ережеге сай артықш­ ылық жағдай. Меценат – ғылым мен өнердiң, әдебиеттiң, сәулет өнерiнiң қам­қоршысы. Көптеген Шығыс билеушiлерi өз беделiн нығайтып, өз билiгiнiң даңқын шығару мақсатында меценаттықпен айналысқан. Мүлік (мильк) – орта ғасырлардағы дiнбасыларының жекеменшiк жерлерi. Миссионер – өзге дiндегi тұрғындар арасында белгiлi бiр дiндi таратумен айналысатын адам. Мәселен, VI–IХ ғасырларда Жетiсуда миссионерлердiң рөлiн соғдылар жиi атқарып тұрды. Монотеизм – бiр құдайлық, бiр жаратушы құдайды танитын дiн (мысалы, ислам, христиандық). Некрополь – атақты адамдар жерленген орын; ол мiндеттi түрде сәулет құрылысымен ерекшеленедi. Ноян – монғолдардағы және монғол кезеңiнен кейiнгi барлық мемлекеттер- дегі жоғары ақсүйек лауазымы; әскербасы. Номиналды – тек қана аталатындар, бiрақ өз мiндетiн орындамайтындар (мысалы, Алтын Орданың Берке тұсындағы ұлы ханға тәуелдiлiгi номиналды б­ олды). Нумизматика – теңгелердiң, ақшалардың, медальдардың тарихын зерттейтiн ғылым (сондай-ақ ескi теңгелер мен медальдарды жинау). Әдетте соғылған орын- дары мен билеушiлер есiмдерi көрсетiлген теңгелердi зерттеудiң арқасында та- рихшылар хандардың билiк еткен мерзiмiн, олардың иелiктерiнiң шегараларын, сауда байланыстарының таралуын және т.б. анықтайды. Он оқ бұдун – «он жебе халқы», Батыс Түрiк қағанатындағы 10 жетекшi тайпа, тайпалық ұйымының негiзi. Орда – монғолдардағы хан ордасы. Өркениет – 1) қоғам қол жеткiзген материалдық және рухани мәдениеттiң белгiлi бiр деңгейi; 2) iрi әлеуметтiк-мәдени ортақтық (мысалы, ислам өркениетi, түркі өркениетi). Патриархалды-феодалдық қатынастар – рулық-тайпалық ұйым негiздерiн сақтайтын феодалдық қатынастар. Портал – ғимарат қасбетiне салтанатты сипат беру үшiн қолда­нылатын сәулет тәсiлi; ол еңселi әрi әсемдiгiмен көз тартып тұрады. 230 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Протекторат – күштi мемлекеттiң әлсiз елдi ресми түрде құрамына алуы. Бұл жағдайда әлсiз ел өзiнiң мемлекеттiк құрылымы мен дербестiгiн жай ғана сақтай отырып, шын мәнiнде, күштi елге бағынышты болады. Рабад – ортағасырлық қалалардың қолөнер мен сауда орындары шоғыр­ ланған бөлiгi. Рабадтар шахристан маңында орналасқан. Реформа – жаңа жағдайларға бейiмделіп, өз қызметiн жақсарту мақсатында экономикада, мемлекеттiк басқаруда және басқа салаларда билік жүргізген жаңарту үрдісі. Руна жазуы – көне түркілер жазуы. Сабақтастық – бiр құбылыстың өзiнiң алдындағыдан келесiсiне маңызды белгiлерiн жоғалтпай өтуi (мысалы, дәстүрлер сабақтастығы, билiк сабақтастығы). Саманилер – Мауараннахр билеушiлерiнiң әулетi (мөлшермен 840–999 жыл- дар). Әулет негiзiн салушы – Саман. Қарахандықтар ғазнауилермен одақтаса отырып, бұл билiктi жойды. Салжұқтар – Салжұқ бастаған түрiк-оғыз тайпаларының оғыз тайпалық одағынан бөлiнiп кеткен тармағы. Сепаратизм – мемлекеттiң бiр бөлiгiнiң жекешеленуге, оқша­улануға ұ­ мтылуы. Соғдылар – Орталық Азия мен Оңтүстiк Қазақстан аумағын мекендеген көне шығыс ирандық халық, VI ғасырдан бастап Жетiсуды қоныс еттi. Сауда- мен, қолөнермен және егiншiлiкпен айналысты. Соғым – көшпелi малшылардан алынған салық (қысқы ет дайындау). Сойырғал – көшпелі ақсүйек қауымының отырықшы-егінші тұрғындарға үстемдік етуінің түрі. Ханға адал қызмет еткен әскерилерге тарту етiлген жер- лер мұрагерлiкпен берiлмедi, бұл жердiң иесi өз пайдасына салық жинады. Сопылық – исламдағы ағым. Сословие – әдет пен заң бекiткен өзiнiң құқықтық ережесi бойынша ерек- шеленетiн адамдардың қоғамдағы үлкен тобы. Стандарттау – бұйымдардың бiрыңғай өлшемдерi мен үлгiлерiн белгiлеу; дамыған қолөнер және өнеркәсiп өндiрiсiне тән. Стела – тастан қашалған немесе тұтас қабырға түрiндегi ескертк­ iш-белгi, құлпытас. Сюбашы – оғыз әскерiнiң бас қолбасшысы. Сұлтан – жасы мен қоғамдағы жағдайына қарамастан, Шың­ғысхан әулетiнiң әр мүшесiнiң лауазымы (қазақтарда сұлтандарды төре деп атаған). Тархан – 1) Батыс Түрiк қағанатында сот қызметiн атқарған шенеунiктер; 2) монғол кезеңiнен кейiнгi мемлекеттерде тархандық құқық алған ақсүйек өкiлдерi. 231 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Тархандық – ру-тайпа билеушiлерi мен ақсүйектерiнiң жерге ерекше және дербес құқықтығы. Тауыс (павлин) – қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемi құс. Тат – түркілер қол астындағы салық төлеуге мiндеттi отырықшы тұрғындар. Тегiн – түркілердегі билiк етушi әулет мүшелерiнiң, ханзадалардың манса- бы (мысалы, Күлтегiн Бiлге қағанның кiшi iнiсi). Тенденция – жеке тұлғаның бойындағы немесе қоғамдағы мә­де­ни, саяси және әлеуметтiк-идеологиялық көзқарастар мен түсiнiкт­ ердiң негiзгi бағыттары (мысалы, көшпелiлердiң қалалық өңiрде отырықшылыққа бейiмделу тен­ден- циясы). Терракота – шағын көзе кiрпiш (күйдiрiлген сары немесе қызыл қыш), сондай-ақ балшықтан боялмай жасалған бұйымдар. Толғама (қоршау, орау; тура мағынасында – жалмау) – соғыс тәсi­лiнiң бiр түрi. Толғау – өлең түріндегі өсиет, уағыз, жыраулар поэзиясында кең тараған ауыз әдебиетiнiң жанры. Топоним – жеке географиялық мекеннiң (елдi мекеннiң, өзеннiң және т.б.) атауы. Топонимдердi талдау мекендер мен тұрғ­ ындардың тарихын бiлуге, түрлi оқиғалар орындарын анықтауға көмектеседi. Төре – Шыңғысхан ұрпақтары, сұлтандар. Транзит – жолаушыларды немесе жүктердi бiр бекеттен екiншi бекетке қандай да бiр аралық бекеттер арқылы тасымалдау; сауда керуенi. Мысалы, Ұлы Жiбек жолы бойымен керуен саудасы кең ауқымда жүргiзiлдi. Тұдұн – Батыс Түрiк қағанының қол астындағы иелiктердегi өкiлеттi өкiлi, алым-салықтың жиналуы мен оның қаған ордасына жөнелтiлуiн бақылады. Тұмар – дiни сенiм белгiсi. Тұмарда тiл-көзден, қауiп-қатерден қорғайтын дұға жазылған; оны адамдар қашан да өзiмен бiрге алып жүрген. Тұмар бәйге аттарға да тағылған. Түмен – 10 мың жауынгерлiк жасақ. Түркілену – түрлi тайпалардың, халықтардың түркі тiлi мен мәдениетiн меңгеруi. Уәзiр – Алтын Ордадағы, сондай-ақ бiрқатар мұсылман елдерiндегi жоғары қызмет иесi (мысалы, салжұқтар, Хорезмшахтары мемлекеттерiнде). Ұлыс – мемлекет қарамағындағы iрi әкiмшiлiк-аумақтық, әдетте автоном- дық немесе нақты алғандағы тәуелсiз бiрлiк (мысалы, Шыңғысхан ұрпақтары- ның ұлыстары). Ұлысбек – Моғолстандағы жоғарғы қызмет, ханнан кейiнгi екiншi адам. Ұшыр – егiншiлерден алынған салық (әдетте астық өнiмiнiң 1/10 бөлiгi). Iнжу – тiкелей хан әулетiнiң мүшелерiне тиесiлi жерлер. 232 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Фактория – шетел көпестерiнiң сауда тұрағы немесе кеңсесi (мысалы, ХIV– XV ғасырларда Алтын Орда кезiнде генуялықтардың Қырымдағы сауда факто- риялары). Федерация – белгiлi бiр деңгейде дербестiгiн сақтаған, бiрiккен мемлекет- терден немесе тайпалардан тұратын мемлекет. Фельс – айырбас мыс монетасы. Филология – халықтың тiл мен әдеби шығармашылығын, рухани мәдениетiн зерттейтiн ғылым. Алғашқы белгiлi iрi түркі филологы Махмұд Қашғари болды. Харадж – егiншiлерден жиналған салық. Шағатайлықтар – Шыңғысханның екiншi ұлы Шағатайдан тарағ­ ан әулет. Шад – Батыс Түрiк қағанатындағы қаған әулетi мүшесi. Шад-тұтұқ – қимақтар тайпасының билеушiсi. Шайбани ұрпақтары – Жошының ұлы Шайбани ұрпақтарының әулетi, оның өкiлдерi XV–XVI ғасырларда Көшпелi өзбектер мемлекетінде, сондай- ақ Сiбiр хандығында және Мауараннахрда билiк еттi. Әулеттің негізін салушы Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақ даласы үшін соғыста қазақ билеушілерінен жеңілгеннен кейін, 1500 жылы Мауаран- нахрды басып алып, өз билігін орнатқан. Шариғат – мұсылман құқығы (Алтын Ордада исламды қабыл­да­ғаннан кейiн «Жасақпен» бiрге қолданылды, мұсылман мемлекет­терiнде құқықтың негiзгi көзi). Шахристан – ортағасырлық қаланың қоғамдық ғимараттар мен сауда және мәдени мекемелер орналасқан бөлiгi. Мемлекеттiк қызмет­тегiлер мен жергiлiктi ақсүйектердiң тұрғын үйлерi, мәдени және қоғамдық ғимараттар қаланың осы бөлiгiнде орналасты. Шежiре – қазақ рулары ататектерiнiң жиынтығы. Эволюция – даму, бiртiндеп үздiксiз сандық және сапалық өзгеру үдерісi. Экспансия – елдердi экономикалық немесе саяси бағын­ ыштылықта ұстауға, ықпал ету саласын кеңейтуге, өзге аумақтарды басып алуға бағытталған саясат (мысалы, ХIII ғасырдағы монғолдар экспансиясы). Эпитафия – 1) бiреудiң қазасына байланысты жазу (көбiнесе өлең түрiнде); 2) бейiттегi жазу. Этногенез – халықтың шығу тегi. Этнография – халықтың материалдық және рухани мәдениетiн, тұрмысы мен салт-дәстүрiнiң ерекшелiктерiн зерттейтiн ғылым. Этнос – халық (тайпа, ұлт). Ортақ аумақ, тiл мен мәдениет негiзiнде құрылады, бiрiншi кезекте адамдардың ортақ этникалық сана-сезiмiмен (өзiнiң этносқа қатыстылығы мен оның өзгешелiгiн сезiнумен) ерекшеленедi. 233 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Ақынжанов С. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар. – Алматы, 1989. Артықбаев Ж.О. «Жеті жарғы»: Мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні). Оқу құралы. – Алматы, 2004. – 150 бет. Аяған Б.Ғ. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2011. – 320 бет. Байниетова С. Қожа Ахмет Ясауи. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: Аруна, 2007. – 96 бет. – «Шығыстың әйгілі адамдары» сериясы. Байпақов К.М. Ұлы Жібек жолы (Қазақстан аумағы). – Алматы: Адамар, 2007. – 496 бет. Барманқұлов М.К. Түркі әлемі. – Алматы, 1996. Бегалин К. Алтын Орда хандары. «Отан тарихы» сериясы. – Алматы: Адамар, 2007. – 272 бет. Дәулетхан Ә. Ежелгі және орта ғасырлардағы түркілер: тарихи зерт­ теулер. – Алматы, 2011. – 302 бет. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Оқу құралы. – Алматы: Қазақстан, 2005. – 608 бет. Әбусейітова М.Қ. Қазақстан тарихы. Шығыс миниатюраларында. – Алматы: Дайк-Пресс, 2010. – 264 бет. Есенберлин І. Алтын Орда: Роман-трилогия. – Алматы: І. Есенберлин атындағы қор, 1999. – 448 бет. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстанның аңыздары. Қазақстан балалар энцикло­педиясы. – Алматы: Аруна, 2007. – 248 бет. Жанайдаров О. Жүсіп Баласағұни. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: Аруна, 2008. – 92 бет. – «Шығыстың әйгілі адамдары» сериясы. Ізбасарова Г.Б. Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы. – Ақтөбе, 2007. – 244 бет. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1–2-том­ дар. Алматы: Атамұра, 1996. Қазақтың Қасым, Хақназар хандары туралы тарихи деректер. 2-басылымы, толықтырылған. – Алматы: Үш қиян, 2013. – 376 бет. Қалыш А.Б. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы: Оқу- әдістемелік кешен. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 148 бет. Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. – 520 бет. Қинаятұлы З. Шыңғысхан және Қазақ мемлекеті. – Алматы, 2010. – 728 бет. 234 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Көшпелілердің ұлы шайқастары. – Алматы: Адамар, 2007. – 192 бет. Күзембайұлы А., Әбілев Е. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1996. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Астана: Фолиант, 2008. – 384 бет. Мағауин М. Қобыз сарыны. ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың ақын- жыраулары. – Алматы: Жазушы, 1970. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди. – Алматы: «Мирас» бас­пасы, 2015. – 788 бет. Н. Ә. Назарбаев. Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы. Насыров Р. Ежелгі сауда жолымен. Деректі повесть. – Алматы: Ба­ лауса, 1998. – 80 бет. Омарбеков Т. Қазақ түркілерінің шығу тегі (ІХ–ХV ғасырлар): Оқу­ құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 369 бет. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғұламалары (VІІІ–ХІХ ғасыр-­ лар). – Алматы, 1965. Сафарғалиев М.Г. Алтын Орданың ыдырауы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2014. – 326 бет. Ұлы Дала мемлекеті. – Алматы: Адамар, 2007. – 216 бет. Ұлытау төріндегі толғаныс. «Егемен Қазақстан». №165 (28389), 26 тамыз, 2014 жыл. Шәлекенов У.Х. Түріктердің отырықшы мәдениеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 300 бет. 235 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Электрондық қорлар ҚР Ұлттық музейі. http:/national­m­ u­seum.kz/ ҚР Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық мұражайы. http://www.csmrk. kz/ Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. http://www.iie.kz Орта ғасырлар тарихы (Бойцов М., Шүкіров Р.). http://historic.ru/books/item/ f00/s00/z0000033/index.shtml Деректі фильмдер. Орта ғасырлар тарихы. http://dokumentf­ilm.ru/tags/%C8% F1%F2%EE%F0%E8%FF+%D1%F0%E5%E4%ED%E8%F5+%E2%E5%EA%E E%E2/ Орта ғасыр дегеніміз не? Тарих ғылымының докторы, профессор В.П. Буданованың «Адамзат тарихындағы орта ғасырдың рөлі» мақаласы. http://www.home-edu.ru/ user/uatml/00001838/Gotovie/cho_­takoe_srednie_veka/cho_takoe_srednie_veka.html «Тарих» – Қазақстан тарихы – оқушыларға. http://www.tarihb­ eg­ al­ink­ a.kz/ru/ history/medieval/ Қазақстан тарихы. http://e-history.kz/ru/contents/view/116 Білімдік портал. http://ibrain kz/istoriya-kazahstana/kazahstan-v-srednevekove Қазақстан тарихы. http://kazakhhistory.blogspot.com/2014/02/blog-post_28.html Мұғалімнің әдістемелік құралы. География. http://tak-to-ent.net/publ/6-1-0-110 236 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ МАЗМҰНЫ Кiрiспе..................................................................................................... 4 Бiрiншi бөлiм Түркі кезеңіндегi Қазақстан тарихы (VI–ХIII ғасырдың басы) Бiрiншi тарау VI–ІX ғасырлардағы Қазақстан ........................................................ 7 §1. Түрік қағанаты (552–603 жылдар)...................................................... 7 §2. Батыс Түрік (603–704 жылдар) және Шығыс Түрік (682–744 жылдар) қағанаттары................................................................................... 12 §3. Түргеш қағанаты (704–756 жылдар)................................................. 17 §4. Қарлұқ қағанаты (756–940 жылдар)................................................. 21 §5. Оғыз мемлекеті (IХ–ХI ғасырдың ортасы)......................................... 25 §6. Қимақ қағанаты (IХ ғасырдың соңы – ХI ғасырдың басы).................. 29 Екiншi тарау Көне түркі дәуірі мәдениетінің тарихы (VI–ІX ғасырлар) .................. 35 §7. VI–ІX ғасырлардағы түркілердің шаруашылығы................................ 35 §8. Қала мәдениетінің қалыптасуы (VI–ІX ғасырлар)............................... 40 §9. Көне түркі дәуіріндегі жазу............................................................. 45 §10. Көне түркілердiң дiни наным-сенiмдерi............................................. 49 Үшiншi тарау Х ғасырдың ортасы – ХIII ғасырдың басындағы Қазақстан .............. 54 §11. Қарахан мемлекеті (942–1212 жылдар)............................................. 54 §12. Қарақытай мемлекетi (1128–1212 жылдар)........................................ 59 §13. Наймандар, керейіттер, жалайырлар (ХII–ХIII ғасырдың басы)........... 62 §14. Қыпшақ хандығы (ХI–ХIII ғасырдың басы)....................................... 66 Төртiншi тарау Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы ....................................... 73 §15. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы.................................................... 73 §16. Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі ................................................... 77 §17. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы............................................... 80 Бесінші тарау Х–ХIII ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті ................................. 83 §18–19. Қалалардың дамуы. Сәулет өнері (Х–ХІІІ ғасырдың басы)............... 83 §20–21. Сауда мен егіншілік. Материалдық мәдениет................................. 90 §22. Рухани мәдениет. Исламның таралуы............................................... 95 §23–24. ІХ–ХІІІ ғасыр басындағы ғылым және әдебиет............................... 98 §25. Мәдени қарым-қатынастың дамуы ..................................................103 237 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ЕКIНШI БӨЛIМ ХIII–ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН Алтыншы тарау ХIII–ХV ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанның саяси тарихы ...............................................................................110 §26–27. Қазақстан аумағын монғолдардың жаулап алуы............................110 §28–29. Монғол империясы құрамындағы Қазақстан.................................118 §30. Шығыс Дештi Қыпшақтың саяси бөлектенуi. Ақ Орда .....................126 §31. Моғолстан (ХIV ғасырдың ортасы – ХVI ғасырдың басы)...................130 §32. Әмір Темір және ұрпақтарының мемлекеті.......................................134 §33. Әбілқайыр хандығы (1428–1468 жылдар).........................................138 §34. Ноғай Ордасы. Сiбiр хандығы.........................................................141 Жетінші тарау ХIII–ХV ғасырдың бiрiншi жартысындағы мемлекеттердің саяси құрылымы, экономикасы және мәдениеті .......................................147 §35. ХIII–ХV ғасырдың бiрiншi жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық және саяси құрылымы.....................................................147 §36. ХІІI–ХV ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттердің экономикасы.................................................................................150 §37. ХIII–ХV ғасырдың бiрiншi жартысында рухани мәдениеттiң дамуы...........................................................................................153 ҮШIНШI БӨЛIМ ХV–ХVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ Сегізінші тарау Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы ............................................159 §38–39. Қазақ халқының этногенезі.........................................................159 §40–41. Қазақ хандығының құрылуы.......................................................163 §42. ХV ғасырдың соңы – ХVI ғасырдың басында қазақ жерiнiң бiрiктiрiлуi....................................................................................168 §43. Қасым ханның (1511–1518 жылдар) ішкі және сыртқы саясаты.........171 §44. Хақназар хан (1538–1580 жылдар) тұсындағы Қазақ хандығы...........176 §45. Тәуекел хан (1583–1598 жылдар) билігі. ХVI ғасырдың соңындағы Қазақ хандығы............................................................................ 179 §46. ХVII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы. Есім хан (1598–1628 жылдар)......................................................................182 §47. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес. Жәңгір хан (1629–1652 жылдар) .....................................................................185 §48–49. Тәуке хан (1680–1715/18 жылдар) тұсындағы Қазақ хандығы ..................................................................................189 238 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Тоғызыншы тарау ХV–ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы және мәдениеті .............................196 §50. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.........................................196 §51–52. ХVI–ХVII ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси және құқықтық құрылымы.....................................................................199 §53. XV–XVII ғасырлардағы қазақтың дәстүрлі шаруашылығы.................203 §54. ХV–ХVII ғасырлардағы қалалар мен ауылдар...................................208 §55. ХV–XVII ғасырлардағы рухани мәдениет.........................................212 §56. ХV–XVII ғасырлардағы қазақтың тұрмысы мен салт-дәстүрлері.........214 §57. ХVI–ХVII ғасырлардағы тарихи әдебиет...........................................219 Қазақстан тарихы бойынша терминдер сөздiгi...........................................227 Ұсынылатын әдебиеттер..........................................................................234 Электрондық қорлар...............................................................................236 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 18-беттегі картаны дайындаған Е. Мясников О қу б а с ы л ы м ы Бакина Нәзікен Сапарбекқызы Жанақова Нұргүл Торғайбекқызы Сүлейменова Қымбат Қасымқызы ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сыныбына арналған оқулық Редакция меңгерушiсi Ә. Пiрманов Редакторы Г. Нұрланқызы Суретшілері А. Ысқақов, Т. Асықов Көркемдеушi редакторы В. Пак Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева Корректоры Ү. Бахова Компьютерде беттеген С. Төлегенова ИБ № 068 Теруге 21.01.2018 берiлдi. Басуға 29.05.2018 қол қойылды. Пiшiмi 70х901/16. Шартты баспа табағы 17,55. Есептiк баспа табағы 16,59. Таралымы 70 000 дана. Тапсырыс № 3479. «Атамұра» корпорациясы» ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75. Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты, 050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесi, 41. *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook