Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Қ,тарих 8кл

Қ,тарих 8кл

Published by Қуанәлі Нурила, 2022-05-30 06:30:26

Description: 8-сынып Қазақстан тарихы

Search

Read the Text Version

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ (жер бояуы) тасымалданды. Ертiстен басқа өзендерде әсiр­ есе Жай­ ықта, пароходтардың жүзуiне балық қорын сақтау мақсатымен тыйым салын- ды. Ал бiрқатар өзендер мен көлдердiң таяз болуы салдарынан оларда пароходтарды пайдалану­кеңiнен өрiс ала алған жоқ. Теңiзде жүзу тек Каспийде ғана кең тарады. Онда Гурьев пен Аст­­ рахан арасында пароходтар қатынап тұрды. Өндiрiс пен сауданың, қала құрылысының дамуына байланысты елде банк iсi де қалыптаса баста­ды. 1871 жылы Петропавловскiде Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық банк ашылды. Сiбiр сауда банкiнiң бөлiмшелерi бiртiндеп Семей, Верный, Ақмола, Қостанай және Павлодар қалаларында да ашыла бастады. ХХ ғасырдың басында жергiлiктi тұрғындардың банкiдегi салымдары 300 мың рубльге жеттi. ? 1. Қазақ жерінде сауда түрінің қайсысына ерекше басымдық берілді деп ойлайсың? 1. Ел аралайтын сауда Себебі ... 2. Тұрақты сауда Себебі ... 3. Жәрмеңкелік сауда Себебі ... 2. Сауда керуені, жәрмеңкелік сауда көрінісін сурет арқылы бейнелеп көр. 3. Интернет материалдарын пайдаланып, жолдардың бұрын және қазір қалай салынатыны, технологиялық жетістіктер туралы айтып беріңдер. * Бөз – мақта матадан тоқылған кездеме. Елтiрi – туғаннан кейiн 2–3 күн iшiнде сойылған қозы терiсi. В. Ботов – орыстың белгiлi көпесi. Ол 1848 жылы Қарқаралы маңында Қоянды жәрмеңкесiнiң негiзiн қалады. «Батыс Сiбiрдегi далалық жәрмеңкелер. Семей және Ақмола об­лыс­ тарындағы барлық жәрмеңкелердi оларда жасалатын сау­дан­ ың сипатына және сауда айналымының мөлшерiне қарай екi топқа бөлуге болады. Жәр­ меңкелердiң басым көпшiлiгi әдетте күз бен қыста қа­лал­ ар­да және казак ста­ ницаларында өткiзiлдi. Оларда жерг­ i­лiктi ауылша­руашылық өнiмдерi, сондай- ақ жақын маңдағы көшпелi қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) ма­лы мен мал өнiмдерi, сырттан әкелiнетiн зауыт-фабрикаларда жасалған­тауарлар өзара айырбас арқылы сатылды. Өзге iрi жәрмеңкелер жаздыгүнi ашық дала төсiнде өткiзiлдi. Мәс­ елен, олардың қатарына Ботов, Тайыншакөл сияқты басқа да жәр­меңк­ елердi қосуға болады. Үлкен жәрмеңкелерде аса iрi көлемде сауда-сат­тық жасалды. Қырғыздар ұсақ малдарын Семей мен Ақмола облыстарынан айдап әкелiп сатып жүрдi». Тобыл губерниясының 1885 жылғы ведомостары. Тобыл, 1885, 3-бет. 1. Қазақ даласында қандай жәрмеңкелер болды? 2. Олардың бiр-бiрiн­ ен айырмашылығы неде едi? 151 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §41–42. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы Бүгінгі сабағымызда ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсер етуін түсіндіреміз. XIX ғасырдың екінші жартысында көшпелі және жартылай көш­ пелі малшаруашылығы құлдырай бастады. Бұл үрдіс дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеруіне әкеліп соқты. 1. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қа­ Тірек сөздер: зақ халқы шаруашылығындағы өзгерістер. XIX • Жатақтар ғасырдың 60–90-жылдары патша үкіметінің әкім­ • Нұрекен шілік реформалары барысында қазақ ру-тайпалары • Би болыс, уезд және облыстық әкімшілік құрылымға • Жалдамалы бөлінді. 1897 жылы Ресей империясында алғаш рет жалпы халық санағы өткізілді. Санақ нәтижесі жұмысшылар бойынша өлкедегі 3,4 миллион қазақ тұрғыны • Зар заман ақындары халық санының 80%-ын құраған. Халықтың не­ • Мұрат Мөңкеұлы гізгі бөлігі ауылда өмір сүрген. 80%-ға жуығы малш­­­ ар­ уашылығымен, ал 18%-ы кешенді бақташылық және егіншілік кәс­­ іб­­ імен шұғылданған. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы ақырындап құлдырай бастаған еді. Қазақтар үшін ең ауыр кезең жұт жылдары болатын. Жұттан аман- ХІХ ғасырдың екінші есен қалу үшін қазақтар шегара шетіндегі казактар жартысында қазақ мен орыс шаруаларына жақын келуге тырысатын. халқының шаруашылығы қандай өзгерістерге Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қаз­ ақ ұшырады? шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айна­ лысуға мәжбүр болды. ХІХ ғасырдың аяқ кез­­ інде елдің орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында егін­ шілікпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды. Мал басын қырып салатын алапат жұттан аман қалу үшін қазақтар шөп шабумен айналыса бастады. ХІХ ғасырдың соңына қарай Қазақстанның солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шаруашылықтардың 90%-ға жуығы шөп шабуды кәсіп етті. Ішкі Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көптеп келуіне және Қазақстандағы қала халқының саны артуына байланысты мал жайы­ лымдарының көлемі қысқара бастады. Отбасы мүшелерін асырау мен қолда 152 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ бар малды жемшөппен қамтамасыз ету ендігі жерде егін егуді ұйымдастыру мен дамытуға байланысты Ізден! болып қалды. Патша үкіметі қазақтардың тұрақты Қазақ даласында отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын жаңа әлеуметтік қолдап отырды. Патша үкіметінің пікірі бойынша топтардың қалып- бұл шаралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар тасуына не әсер етті? үшін қыруар жер телімдерін босатып беруі және қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын. Егіншілікпен қатар, ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық аулау едәуір дамыды. Бұл кәсіппен кедей қазақтар айналысты. Ішкі Ресейден шаруалар мен казактарды Қазақстан аумағына орналас- тыру байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныс­тарын тастап, қиыр шеттегі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды. Мұның өзі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күй­зелтті. Бұған дейін дәулетті өмір сүріп келген қазақтардың кедейліктің күнкөріс қамымен түр­лі кәсіпшіліктерге, соның ішінде тау-кен өнерк­ әсібіне жұмыс іздеп кетуіне тура келді. Олар жатақтар деп аталды. 2. Ұлттық сауда-өнеркәсіптік буржуазияның қалыптаса баст­ ауы. Қарамағындағы жердің жаппай тартып алынуы, көшпелі малшаруа­ шылығының құлдырауы, әлеуметтік құрылымның өзгеруі қазақтарды қайыршыландыруға дейін жеткізді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтының күйзеліске ұшырауы салдарынан өлкеде халықтың екі тобы қалыптасты. Олар байлар және жалдамалы жұмысшылар еді. Әдеттегідей, ауыл старшындары, ірі рубасылар мен болыстар сияқ­ ты ауқаттылар байығ­ ан үстіне байи түсті. Олардың едәуір бөлігі кә­ сіпкерлікпен, мал және мал өнімдерін сатумен айналысты. Қазақ дала- сында олар бай саудагерлер деп аталды. Мал сойып, ет өндіруді кәсіп еткен кейбіреулерінің өз зауыттары, май айыратын кәсіпорны болды. Сондай-ақ сары май сатумен де айналысты. Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазия өкілдерінің арасында қайырымды- лық шараларын жүзеге асырғандар да болды. Мәселен, Павлодар уезіндегі Қараөткел болысының болысы А. Қазанғапов кедейлерге, мешіттер мен мектептер мұқтажына деп ақша таратты. Кәсіпкер Б. Шоқабасов Пав- лодар қаласында мешіт салдырды. Томск губерниясындағы бай қазақ Нұрекен Мекке қаласында жүз кісілік қонақүй салуға үлкен үлес қосты. Ол қонақүйге қажыға барған қазақтар жайғасып жүрді. 3. Дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеріске ұшырауы. ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өзіне тән бірегей әлеуметтік құрылымы болды. 153 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты- на бейімделген еді. ХІХ ғасырдың 20-жылдары- нан бастап патша үкіметі қазақтың әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшырауына жеткізді. Патша үкіметі ХІХ ғасырдың 20–90-жылдары аралығында сұлтандар билігін әлсіретіп, билер сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отар- шыл өкімет орындарының жалпыимпериялық басқару тәртібін енгізуіне көп кедергі келтіретін еді. Билер қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын. ХVІІІ ғасырда мемлекеттік және Аслан би («Түр­кiс­тан» қоғамдық қызметтің маңыздылығы, шешендік альбомы, 1871–1872) өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған атақ­ ты билер болды. Олар – Ұлы жүздегі Төле би, Орта жүздегі Қазыбек би және Кіші жүздегі Әйтеке би. ХІХ ғасырда Өткел би, Аслан би т.б. билердің есімдері халық арасында кеңінен таныл- ды. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көр­ некті ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына жоғары баға берді. Патша үкіметі қазақтың бил­ ік құрылымына сұлтандарды да ығысты­ ра бастады. 1867–1868 жылдардағы әкімшілік рефор­малар сұлтандардың артықшылықтарын Өткел би («Түркiстан» шект­ еп, қарапайым қазақтардың құқықтарымен альбомы, 1871–1872) теңестірді. 4. Патша үкiметiнiң ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы ислам дiнiне қатысты саясаты. Патша үкiметi христ­ и­ан дiнiн тықпалаумен Пікірің қажет қатар, ислам дiнiн әлсiрету саясатын да ұстанды. Неліктен Ш. Уәлиха­ Өйткенi ол исламды христ­ иан дiнiн кеңiнен нов билер сотына тарату жолындағы басты кедергi деп санады. жоғары баға берді? Қазақтың Шығыс елдерiнде, мәселен, Түркияда оқуына тыйым салынды. Молдалардың қызметiне үкiмет әкiмшiлiгi тарапынан қатаң бақылау ор- натылды. 1867–1868 жылдары­қазақтың дiнге байланысты мәселелерi 154 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Iшкi iстер министрiнiң қар­ ауына берiлдi. Молда- Ислам дініне қатысты ларды әскери губернатор ға­на тағ­ айындайтын және Ресей империясының жұмысынан босататын болып белгiлендi. Молдалар­ саясатына өз ойыңды дың жергiлiктi тұрғындардың сауатын ашып, оқытуы білдір. және оның мешiт жанында жұмысқа жайғасуы үшiн уезд бастығының рұқ­сат­ ы керек едi. Мешiттер мен олардың жанындағы медреселердi қа­зақ­ қоғамының өз есебiнен ұстау керек деп шешiлдi. Вақфтық (вакуф) жер, яғни мешiттердiң жылжымайтын мүлкiн ұстауға үзiлдi-кесiлдi тыйым­салынды. Қожалардың беделі түсе бастады. Патша үкіметінің ислам дініне қатысты саясаты Қазақтарға Шығыс елдерінде Молдалар Ресей империясына шын оқуға тыйым салды берілген қазақ болуы тиіс делінді Дінге байланысты мәселелер Ішкі Мешіт салу үшін генерал-губер­ істер министрінің қарауына берілді натордың рұқсатын алу қажет болды Әр болыста бір молда ғана Жергілікті тұрғындардың сауа- ұстауға рұқсат етілді тын ашып, оқытуы үшін уезд бастығының рұқсаты керек болды 5. Зар заман ақындары. Дәстүрлі қазақ қоғамы «Зар заман» өкілдерінің құндылықтарының өзгеруі, отаршылдық езгінің қоғамдық-саяси көзқа- күшеюі, халықтың қатты күйзелуі тұсында өмір растары қандай фактор- сүрген ұлт қайраткерлері зар заман ақындары ретінде лардың әсерінен қалып- танылды. Зар заман ақындарының өлең-жырларында тасты? Ресей империясының отаршылдық озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді. Ізден! ХIХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның Дулат Бабатайұлы- жарқын өкiлдерi қатарына Дулат Бабатайұлын, ның жырларында Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңке­ұлын қосуға Ресей империя- болады. Бұлар «зар заман» дәуiрiнiң ақындары атал­ сының отаршыл- ды. Олардың поэзиясының не­гiзгi сарыны өткен шылдық озбырлығы заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлiк iстерi қалай суреттеледі? мен аңызға айналған өмiрiн аңсау, жаңа заманның зар­даптарын сы­нау болды. Шығармалары салт-дәстүрлерді бұзылмаған қалпында сақтауға шақырады. Ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. Зар заман ақындары қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып 155 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ алып, ұрпағын аздыру, діннен аулақтату секілді империялық пиғылға қарсы тұрды. Ақындардың барлық қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зомбылықты алдын ала ескертті. Зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңiнде Ресейдiң Қазақстан­ды жаулап алуы мен отарлауы кезiндегi қазақ халқ­ ының ауыр жағд­ айын шынайы суреттейдi: Өлеңде қандай геогра- «Едiлдi тартып алғаны – фиялық аймақтар айтыла- Етекке қолды салғаны. ды? Ресей империясының Жайықты тартып алғаны – жүргізген саясатына тал- Жағаға қолды салғаны. дау жасаңдар. Ойылды тартып алғаны – Ойындағысының болғаны. Маңғыстауда үш түбек Оны-дағы алғаны. Үргенiш пен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны – Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал мен басты есептеп, Баланың санын алғаны – Аңғарсаңыз жiгiттер, Замананы тағы да – Бiр қырсықтың шалғаны!» 6. Қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының қоғамдық-саяси ойын дамытып, ұлттың сана- сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті. Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу үшін күресті. Олар қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын Қазақ зиялыларының қарастырды. Өз халқының отаршылдық езгіден мақсаты неде? Олардың азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұм­ қызметіне баға беріңдер. тылды. Қазақ зиялылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтын- сарин, А. Құнанбайұлы, М.-С. Бабажанов, Қ. Хали- ди, М. Шорманов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Қосшығұлұлы т.б. отаршылдыққа, рулық-патриархалдық артта қалушылыққа батыл түр­де қарсы шықты. Танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Олар қазақ халқын білім алуға шақырды. Біл­ ім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақ­ талуына көмектеседі деп есептеді. 156 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына, қоғамдық-саяси ойының дамуына жәрдемдесіп, халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларында пат­ша әкімшілігінің қазақтың атақонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары, сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті. Зиялылар қазақ даласына оқу-білім таратуды көздеді. Олар әдеби кештер өткізіп, жиналған қаржыны қазақ студенттеріне көмекке, ана тілінде кітаптар мен оқулықтар шығаруға жұмсады. ? 1. «Бақташы қазақ өмірінің бір күні» деген тақырыпта шағын әңгіме құрас- тырыңдар. 2. Ұлттық буржуазияның қалай қалыптасқаны туралы айтып беріңдер. 3. «Зар заман» деп қай кезеңді айтамыз? * Жатақтар – қазақтардың көшпелі қоғамының кедейленіп қайыршыланған, отырықшы өмір салтын қабылдаған бөлігі. Зар заман – Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығы басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси-экономикалық және рухани езгіге ұшыраған кезеңі. Нұрекен (1799–1874) – Алтай таулы округіндегі ірі жер иесі, бай адам. Оның 12 мың жылқысы болған. «Билер сотының ең басты артықшылығы, бiздiң ойымызша, онда нем­ құрайлылық пен қандай да болсын кертартпа ескiшiлдiктiң жоқтығында. Бидiң билiк кесiмi оның беделiне нег­ iз­делг­ ен және бұл атақ оған сот iстерiне қатысуға берiлген патент саналады. Жүгiнетiн бидi таңдау... оларды сайлап қою тәртiбiн толық алмастыра алады, тiптi әдетте­ондай сайлау өткiзу кезiнде көзделген мақсаттан да жақсы нәтижеге қол жетер едi. Бiздегi билер қазiр сот iсiмен өздерiнiң бойына бiткен табиғи қабiлетi бойынша айналысады және өздерiнiң беделi мен атақ-даңқына дақ түсiрмеуге тырысады. Егер олар сайлап қойылатын шенеунiктерге айналатын болса, онда қай жағынан алсақ та, қазiргi басшыларымызға ұқсап шыға келедi, жұрттың бәрiнен болмашы нәрселердi сылтауратып­пара алуды және өзi де басқалардың бәрiне пара берудi үйренер едi... Ондай арам ойлы би қазiргi жағдайда ешқандай дау-дамайсыз-ақ назардан­ тыс қалар едi». Уәлиханов Ш. Ш. Шығармаларының бес томдық жинағы. Алматы,1985, 4-том, 93-бет. 1. Билер сотының ең басты артықшылығы неде едi? 2. Билер неге өзде­ рiнiң беделi мен атақ-даңқына дақ түсiрмеуге тырысты? 3. Билердi ресми түрде сайлап қойған немесе тағайындаған жағдайда қандай қауiптiң төнуi мүмкiн едi? 157 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ бесінші бөлімді қайталау-пысықтау тапсырмалары 1. Дұрыс ретімен орналастырыңдар. А) Болыс В) ауыл Ә) Уезд Г) облыс Б) Генерал-губернаторлық 2. Сөздерді тиісті орнына қойыңдар. Жетісу, Орал, Орынбор, Түркістан, Ақмола, Торғай, Семей, Сырдария, Батыс Сібір 3. Оқиғаны сәйкестендіріңдер. Генерал-губернаторлық № Жылдар Оқиғалар 1. 1867–1868 Маңғыстау көтерілісі 2. 1870 Қазақстан аумағындағы әкімшілік реформалар 3. 1868 Санкт-Петербург бейбіт келісімі 4. 1881 Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже 5. 1881–1884 Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына жаппай қоныс аударуы. 4. Ел аралап жасалатын, тұрақты және жәрмеңкелік саудалардың бір-бірінен қандай ерекшеліктері бар екенін айтып беріңдер. 158 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ алтыншы қазақстанның ХІХ–ХХ ғасыр бөлім басындағы мәдениеті §43–44. ХІХ ғасырдағы мәдениеттің дамуы Бүгінгі сабағымызда мәдениеттің даму барысын, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың маңызын анықтаймыз. Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретіндегі құндылықтарын баға­лай­мыз. ХІХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің бір тармағы ретінде әйгілі суретшілердің туындыларымен танысамыз. Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқының өзiндiк бiрегей әдет-ғұрып­ тары мен салт-дәстүрлерi қалыптасты. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi отба­сыл­ ық­ құндылықты сақтауда және түрлі қо­ғамд­ ық қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. 1. Қазақ халқының қонақжайлылық қасиетi және өзара көмек жөнiндегi әдет-ғұрыптары. Қазақтарға Тірек сөздер: дәстүрлi қонақжайлылық қасиет­ ежелден тән. Бұл қасиет көптеген ғасырлар бойы қал­ ыптасқан. • Бата беру • Әнші-композиторлар Қазақтарда үйiне келген кез келген адамға мiн­ • Дәулескер күйшілер деттi түрде тегiн қон­ ақасы беру, оған жайлы төсек- • Әйгілі суретшілер орын салып, қондырып жiберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. 2. Жасы үлкендерге құрмет көрсету. Дәстүрлi қазақ қоғамында жас­ ы үлкен адамдарды құрметтеу рәсiмi ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кiсiнiң қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екен­дi­гi­не қарамай көрсетiлетiн. Олар барл­ ық мер­ екелерде, жиын-той- ларда құрметтi орындарға, төрге шығ­ арыла­ды. Жина- Талда лыстарда олар елеулi рөл атқарады. Жастар олардың айтқ­ ан сөзiн жерге тастамай, мүлтiксiз орындайтын. Қай әдет-ғұрып Жас жiгiт үшiн үл­кен табақтан ақсақалдың өз қолынан саған бұрыннан та- ет асау ең жоғары марапаттың белгiсi саналатын. Кiшi ныс және қайсысы сенің таңданысың­ iнi үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан­ басына өз ды тудырды? бетiнше ешқашан отырмайтын. 159 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 3. Бата беру. Қазақтарда бата беру әдет- ғұрпы ертеден сақталған. Бата беру кейде өлеңмен, кейде көркем қарасөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Батаны елге сыйлы, аузы дуалы ақсақалдар берген. Олар елге тыныштық, әр отбасына аман­ дық, келер ұрпақтың бақытты, саналы азамат болуын тілеген. Сонымен қатар үлкен іс бастар- да, жауға, жолға, аңға т.б. сапарларға аттанарда бата беріледі. 4. Қазақтардың ұлттық болмысы. Сол заман­ ның зерттеушілері көшпелілердің отансүйгіштік қасиеттерін ерекше атап көрсетеді. Олар қандай жағдай болса да атақонысын тастамауға тырыс­ Қазақтар. XVIII–XIX ғ. қан. «Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан М. В. Горелик бол» деген мақал осы себепті айтылған. Дала халқы әрдайым өзін еркін ұст­ ад­ ы. Олар­ дың өз руластарынан құл ұстауына дала­л­ ық әдет заңы бойынша тыйым салынд­ ы. Жат­жерліктердің қол астындағы өз жерлес­те­рін қайтарып алған жағдайда, баласы ретінде асырап алып, әулеттік шежіресіне қосқан. Олардың жеке басына бостанд­ ық бер­ іп, үйлендіріп, өз алдына отау етіп бөлек шығарған. Дәстүрлі қазақ қоғамын- Жекебас еркіндігі, шұрайлы жайылымдардың да неліктен таптық және мол болуы, дәулетті адамдарды құрмет тұту да­ла­ әлеуметтік қайшылықтар халқының байлыққа деген ұмтылысын қалыптас­ орын алған жоқ? тырды. Үлкендер жаст­ арға ақыл мен бата бергенде, оларға «бақ-дәулет пен бақыт» тілеген. 5. Қазақтың поэтикалық өнері, әнші-композит­ орлар. Біржан сал Қожағұлұлы (1834–1897). Қазақс­ танның солтүстік өңірінде дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жас кезінен-ақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға бейім еді. Ақын, саз- гер әрi әншi ретiнде ел арасынд­ а ке­ңiнен танылды. Екi сыныптық қа­ зақ-орыс мектебiнде сауат ашты, содан соң Петропавл қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағ­ атай тiлдерiн жақсы бiлдi. Бiржан сал көптеген лирикалық әндер шығарды. Оның музык­ алық-ақындық шығармашылығында демок­ ра­тиялық сипат айқын байқалады. Бiрж­ ан­ ның әнд­ ерiнде әділетсіз, сараң байлар мен болыстардың озбырлығы әш­ ке­ре­ленедi. Ақын әйелдердiң тең­сiздiгiн жою жөнiнде жар сал­ды.­Бiржан салдың «Айбозым», «Ақ тентек», «Бiржан сал», «Ғашығым», «Айт­бай» т.б. 40-қа жуық әнi бар. 160 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ Ізден! му­з­ ы­касындағы әйгi­лi тұлғалардың бiрi аса көр- Біржан салдың нектi ақын, композитор Жаяу Мұса Байжан­ұлы шығармаларымен (1835–1929) болды. Ол Баянауыл округiнiң Ақ­ танысып, қай мәсе­ шоқы деген жерiнде дүниеге келген. Ал­ғ­ ашқ­ ы са- леге көп көңіл бөлге­ уатын ауыл молд­ асынан ашып, кейiн Ом­быда оқып нін анықтаңдар. бiлiм алған. Ол домбыра, скрипка­ және гармонь тартуды жастайынан үйрендi. Көрнектi орыс ақын- Жаяу Мұса жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Ойлан! Жаяу Мұса өзiнiң өлеңдерi мен әндерінде жергiлiктi Жаяу Мұса нелік- болыстардың зорлық-зомбылықтарын, патша үкiметі­ тен өзін әскерге нiң отаршылд­ ық саясатын батыл әшкереледi. Оның жіберу жөнінде атақты «Ақ сиса» әнi әлеуметтiк әдiлетс­ iзд­ iкке қарсы­ өтініш жасады? наразылықтан туған. Ол өзiнiң отар­шыл үкiмет­ке қарсылығы үшiн «қырда­ғы қауiптi адам» ретiнде Ақан серi сотт­ алып, Тобыл­қа­ласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Ба­тыс Сi­бiр гене­рал-губер­на­торына хат жазып, өзiн әскерге жiб­ еру жөнiндегi өтiнi­ш­ iн жолдайды. Оның бұл тi­легi қабыл алынып, Тобылда,­ Орынб­­ орда,­ Қазанда, Новгородта, Мәскеуде, Вла­­­ дим­ ирде және Пет­ ербургта, сон­дай-ақ Поль­ша мен Литвада әс­кери қызметте болады. Ол «Толғау», «Боз­­ торғай», «Жанбота», «Ғаш­ ығым» сияқты 60-тан аст­ ам­ ән шы­ғарады. Қазақ халқының атақты ақыны, ком­поз­ и­тор-әншi Ақан серi Қо­рам­с­ аұлы (1843–1913) Қазақстанның солтүстiк өңір­ інде дүниеге кел­дi. Сауатын ауыл мол­дас­­ ынан ашып, кейiн Қыз­ ылжар қаласынд­­ ағы медреседе оқығ­ ан. Ол бала кезiнен өлең шығарып,­ музыкамен әуестене бастайды. Қасына ерген талантты жаст­ арм­ ен ауыл-ауылды аралап ән салып, домбыра тарт­ ады. Халық оны құрмет тұтып, серi атаған. Ол му­зыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бiзге 40-тан астам әнi жеттi. Ақан серiнiң «Алты­ ба­сар»,­ «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндерi жан тебiр­ ен­терлiк әсерлi, сазд­ ы келедi. Ақан се­рiнiң шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сү­йiктi тұлпары Құ­лагердiң қаскөй зұлымдардың қолынан өлтiрiлуi едi. Ақан серiнiң әндерiнде қоғ­­­ ам­д­ ық өмiр­ 11–3467 161 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Неге ХІХ ғасыр қазақ дiң әлеуметтiк мәселелерi, ел билеген әкiм­дердiң халқының дәстүрлі му- озбырлық әрекеттерi шебер бейнеленедi. зыка өнерінің гүлден- ген дәуірі саналады? Бұл кезеңде басқа да дарынды ақын-компози­ торлардың та­лантт­ ы­­шоғыры өмiр сүрiп, еңбек еттi, шығармашылықпен айналысты.­ 6. Дәулескер күйшiлер. Қазақтың музыка өне­р­ iн нотаға түсiру ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде ғана бастал- ды. Оған дейiнгi қыруар мол музыкал­ ық мұрамыздың бiрқатары, өкiнiшке қарай, зама­нымызға жетпедi. Қазақтың аса ұлы күйшiсi, күй атасы Құр­м­ анғ­а­ ­ зы Сағырбай­ұлы (1823–1889) Бөкей Ордасының Жи­ делi деген жерiнде дүниеге келген. Бала кез­ iнен-ақ музыкалық дары­ны бар екенiн танытты, өз бетiнше алуан­ түр­лi күйлердi тартып үйрендi. Бо­лаш­ ақ дәу­ ­ лес­ кер күйшiнiң жастық шағы жоқ­шыл­ ықтың зар- дабын тартып, ел аралаумен өттi. Сон­дық­тан да ол Құрманғазы өзiнiң күйле­рiнде қарапай­ ­ым адамдардың өмiрiн, Сағырбайұлы тұрм­­ ыс-тiр­шiл­ iгiн суретт­­ едi, қайы­рым­ с­ ыз байлар­ дың­­ қылығын әшкер­­ еледi. Құрм­ анғ­ азы қазақ күй­ ле­р­ iн шебер орындаумен қатар, домбы­рада орыс­тың Анықта! «Короб­ ейники» («Қыдырма сауда­герл­ ер»), «Светит ме­сяц» («Айдың сүттей жарығы») деген әндерiн де Құрманғазының құйқылжыта орындады. Бiзд­ iң за­манымызға оның «Кішкентай» күйі- нің шығу тарихы. сазгерлiк ту­ындылары – 60-қа ­жу­ық ғажайып, көр­кем де асқақ сезiмге толы күй­лерi жеттi. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ ки­iк», «Түр­меден қашқ­ ан», «Ертең кетем», «Кiсен ашқан», «Қай­ран шешем» сияқты күйлерi – халық сүйiп тың­дайтын та- маша ту­ындылар. Құр­манғ­ азын­ ың күйлерi халқы­мыз­ дың мәдени дамуына қо­мақты­үлес болып қос­ ылды. Талантты және халық арасына кеңiнен танымал, аса көрнектi композиторлардың бiрi – Дәулеткерей Шығайұлы. Ол өз зам­ аны­ның бiлiмдi азамат­тарының бiрi болды. Бил­ еуш­ i-сұлтан деген лауазымды әкiм- шiлiк қызмет атқарды. Бiрақ мұның өзi сазгерлiк шығармашылықпен айналысуына кедергi бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелiк бил­ iк­тен гөрi өз ортасында күйшiлiк өнердiң алтын­ дiңгегi бол­ған. Халық ара- Дәулеткерей сында оның «Жiгер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», Шығайұлы «Желд­­ iрме» сияқты күй­лерi кеңiнен тараған. Күйшi- 162 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ сазгердiң бiзд­ iң заманымызға дейiн 40-қа жуық күйi жеттi. Шеберлік таныт Қазақтың ХIХ ғасырдағы ас­пап­тық муз­ ыкасына Ұлттық аспапта қомақты үлес қосқан сазгер-күйшi Тәт­тiм­б­ ет­ ойнай ал­саң, қала­ Қазанғапұлы (1815–1862) Қар­қа­ралы өл­ке­сiн­ ған шығарман­ ы де дүниеге келген. Қарқаралы сыртқ­ ы ок­ругi орындап көр. Нұр­б­ ике-Шаншар болысында болыстық қызмет­ те атқард­ ы. Ресей импер­ аторы II Александрды ұлықтау рәсiмiне қа­ тысқан. Тәттiмбет Қа­зақ­станды зерт­теушi ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А. Янушкевичтермен таныс­болған.­Ол халық арасы­на кеңiнен тараған «Сары­жайлау», «Был­қылд­ ақ», «Сарыөзен», «Бес тө­ре», «Қос­б­ асар» сияқты әсерлi көркем лирика­лық күйлер шы­ғарды.­Та­ лантты сазгер өз туындыларында қаз­ ақ же­рi­нiң, оның өзендерi мен көлдерiнiң, таулары мен даласының­сұлу табиғатын, көр­кем көрiн­ iс­ iн жүрек қылын шерте оты- рып, нәзiк сезiммен бей­нел­ едi. Тәттiмб­ ет­күйлерi қазақ халқының музыкалық өне­рiн барынша ба­йыта түстi. Қазақтың күй өнерiн қобызда құйқылжыта шебер орындайтын дәулескер күйшi Ықылас Дүкенұлы (1843– 1916) Қарағанды облысы­ның аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесi Дүкен қобыз тартқан, ал ата-бабаларына да жыршы, бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша шенеунiктерi Тәттiмбет мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» Қазанғапұлы күйлерiн шығарды. Оның «Жезкиiк», «Кер­толғау», «Аққу», «Жалғыза­ яқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан» тағы басқа да ғажайып күйлерi бар. Қазақтың дәулескер күйшiлерiнiң бiрi – Қазанғап Тiлепбергенұлы (1854–1921). Ол Ақтөбе облысы аумағында дүниеге келген. Бүкiл ғұмыр­ ын­ халықтың сазгерлiк өнерiне арнады. Оның қалдырған мол мұр­ ас­ ының арасында «Ноғ­ айлы босқ­ ыны», «Окоп», «Жұртт­ а қалғ­ ан» сияқты зарл­ ы күй­лерi де бар. 7. Саяхатшылар мен зерттеушілер еңбектері. ХVІІІ–­ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерт- теуд­­ е суреттер, фотоқұжаттар мен сызба деректерд­ ің маң­ ы­зы зор. Ұлы Далада болған саяхатшыл­ ар мен зерт­т­ еуш­ ілер өз еңбектерінде қазақ хал­қының тарихы­ Қазанғап мен этнографиялық өміріне қатысты ғажайып фото­ Тiлепбергенұлы 163 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ туындылар қалдырды. Солардың қатарында Т.У. Аткинсон, Г.Ю. Клапрот, Б. Залесский, А.Э. Брем, И. Кастанье, Л.З. Ве­рещагин, Т. Шевченко т.б. бар. Ағылшын саяхатшысы, суретші Т.У. Ат- кинсон (1799–1861) 1848–1852 жылдар ара­ лығында Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, география-­ лық зерттеулер жүргізді. «Шығыс және Батыс Б. Залесскийдің «Қазақ да- Сіб­­ ірдегі зерттеулер», «Әмудария бойымен ласына саяхат» кітабының саях­­ ат» атты еңбектерінде «Түнгі ауылға ша­ мұқабасы. Париж, 1865 жыл буыл», «Аттылы қырғыздардың (қазақтардың) ұрысы» атты суреттер жариялады. Ол сурет- Саяхат жаса терде сол кездегі қазақтардың қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген, киімі, тамағы, қысқы киіз үйі Суретшілердің жүріп жай­лы бірнеше этнографиялық гравюралар келтірілген. өткен жолдарымен ойша саяхаттап шық. Неміс зоологы, саяхатшы А.Э. Брем (1829–1884) 1877 жылғы Сібір мен Солтүстік-батыс Түркістанға саяхаты кезінде Семейде болған. Осы сапары жөн­ інде «қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы мен отбасы», «Дала көшпенділері – малшылар»­ атты еңбектерін жазды. Түрлі гравюралармен безендірілген бұл еңбектерде қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, қонақжайлылығы, ән мен музы­ каға ерекше дарындылығы, шешендік өнері жөнінде айтылады. Орыс кескіндемешісі В.В. Верещагин (1842–1904) «Лепсі алқабы», «Шу өзені бойындағы қазақ үйлері», «Алатауда», «Аңшы қазақ» суреттерінде қазақ халқының тұрмысын жан-жақты бейнеледі. Б. Залесскийдің «Қазақ да- ласына саяхат» атты суретті альбомы 1865 жылы Парижде жарық көрді. Суретшінің туындыларында қазақтардың тұрмыс-салты, көне ескерткіш- тері мен табиғат көрінісі ғажайып бейнеленген. 8. Т.Г. Шевченко. Украинаның көрнекті ақыны, суретшісі Т.Г. Шевченко қазақ халқының мәдениетінде өшпес із қалдырды. Ол қазақ халқы өмірінің жар­қын көріністерін шығармашылық тұр­ғыд­ а бейнелеген әлемдегі алғашқы суретшілердің бірі. Ақын әрі суретші Тарас Шевченко қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне жағымды тұрғыда қарады. Ол қазақ даласының кеңдігі мен әсем табиғатынан алған әсерін өз туындыларында айқын көрсетті. Суретшінің бейнелеу өнері саласында қалдыр­ған Тарас Шевченко мұрасы 450-ге тар­та суретті қамтыды, ал соның ша- 164 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ мамен 350-ге жуығы Қазақстан та­қырыбына, оның Т. Шевченко. Қазақ табиғатына, адамдарының өмірі мен тұрмыс-тірш­ і­ қызы Катя лігіне арналған. Оның ең әйгілі шығармасының бірі «Қазақ қызы Катя» деп аталады. Суретте Новопе- тровск бекініс-қамалының коменданты отбасында қыз­мет ететін қазақ қызы бейнеленген. Қазақ кедейлерінің азапты ауыр өмірі Т. Шев- ченконың салған суреттерінде шыншылдықпен бей­ неленді. «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек», «Боранда» т.б. туындылары дала тұрғындарының күнделікті өміріне арналды. ? 1. Дәстүрлі қазақ қоғамында неліктен таптық және әлеуметтік қайшылықтар орын алған жоқ? 2. Қазақ халқы ұлттық болмысы бүгінде өзгеріске ұшырады деп айтуға бола ма? 3. Қазақ әдебиетi сабақтары кезiнде алған бiлiмдерiңдi пайдала­на отырып, бiз сөз етiп отырған кезеңнiң ақындары мен сазгерлерi ту- ралы шағын әңгiме дай­ ындаңдар. 4. Кестені толтырыңдар. Атақты ақын, әнші, күйші, композиторлар Аты-жөні Туған жері Қалдырған мұралары 5. Қазақ даласын бейнелеген тағы қандай суретшілерді білесіңдер? 6. Т. Шев- ченко Қазақстан мәдениетінде қандай орын алады? * Бата беру – жақсы тілек білдіру. Сері – сәнді киініп, салдық құратын өнерлі жігіт. Дәулеткерей Шығайұлы (1820–1887) – сазгер-күйшi, Кiшi жүздiң сұлтаны Шығайдың ұлы. Бронислав Залесский (1820–1880) – поляк суретшісі. 1848–1849 жылдары А.И. Бутаков басқарған Арал экспедиясына суретші ретінде қатысқан. 1853 жыл­ ғы Ресей империясы әскерінің Ақмешітке (Қызылорда) жасаған жорығында да болған. Оның осы кездегі қазақтар жөнінде көлемді этнографиялық очеркі бар. «Қырғыздардың (қазақтардың) ерекше қабілетке ие екендігінде еш күмән жоқ. Бұл халық бүгінгі күні өзінің бірегейлігін сақтап қалған. Халық шығармашылығының үлгілері: мақал-мәтелдер, ән-күй, ертегілер, жұмбақтар, тарихи әңгімелер т.б. туындылар ха­лықтың бай тарихының бар екенін айғақтап, бол­ ашақ дамуының кепілі болып табылады. Бостандыққа, еркіндікке ұмтылу, кішіпейілділік, білімге құмарлық – қырғыздарға (қа­зақ­тарға) тән қасиеттер...» Васильев А.В. Татарлар мен қырғыздардың (қазақтардың) өзара қатынасы туралы сипаттау материалдарына алдын ала қысқаша очерк. Орынбор, 1898, 28–29-беттер. 165 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 1. Автор қазақ халқының бірегейлігін қалай байқаған? 2. Зерт­теу­ ші А. Ва­сильев қазақ халқының қандай қасиеттерін ерекше бө­ліп көр­сетеді? 1. «...Қазақ әншiлерiнiң арасында әндi ғажап орындайтын талантты жандар бар. Олар әннiң айтылу мәнерi мен әсерiн өздерiнше күшейтiп жiбере ала­ды. Мұның өзi жай ғана ән салу емес, әндi нақ­ ыш­ ы­на келтiріп, артистiк шеберл­ iкпен орындау болып табылады. Қазақ халқы әндерiн өңдеп, көркемдiк қасиетiн арт- тырудан жа­лығып көрген емес. Соның арқасында қазақ әндерi өзiнш­ е бөлек, әсем болып келедi. Оның әуенiн ести бастағаннан-ақ қазақтардың әлдебiр өзiндiк ғажайып­ортасына енiп кеткендей сезiнесiң. Қазақ дал­ асының бiрде аптап ыстық ауасын, бiрде жерiнiң ғажайып сұлу көрiнiсiн көз алдыңа елес­теткендей, тiптi дала өсiмдiктерiнiң аңқыған хош иiсiн сезiн­гендей бол­ асың...» Потанин Г. Н. Үш томдық таңдамалы шығармалары. Павлодар, 2005, 3-том, 116-бет. 1. Г.Н. Потанин қазақтың әншiлерi мен сазгерлерiн қалай сипаттаған? 2. Ғалымның қазақ әндерiне деген көзқарасы қандай? §45-46. ХІХ ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі Бүгінгі сабағымызда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін, Жәңгір ханның ағартушылық қызметін талқылаймыз. Халыққа білім беру ісіне не кедергі болды? 1. Қазақтың дәстүрлi бiлiм жүйесi. Қазақ халқы Тірек сөздер: ерте зам­ анн­ ан-а­ қ бiлiмдi де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастық­ты қатты сынаған. Орыстың • Жәңгір хан белгілі тарихшысы А. Се­дель­н­ иков бұл туралы былай • Мектеп деп жазды: «Азия­да көшіп-қонып жүретін түркілердің • Медресе • Зайырлы білім ішінде қырғыз-қазақтар басқаларға қарағанда • Семинария мәдениетті халық. Сондықтан олардың болашағы зор. Бұл халық жаңалықты бойына тез сіңіреді екен». Әрбiр ата-ана баласына әдеп­тiлiктi үйреткен, сауат- ты әрі бiлiмдi болуға баулыған. Бұған мысал ре­тiнде қазақтар арасында «Білекті бiрдi жығар, бiлiмдi мыңды жы­ғар» деген мақал кеңiнен тараған. ХIХ–ХХ ғасырлардың бас кез­ iнде Қазақстанда халыққа бiлiм беру iсi екi: дiни және зайырлы бағытта жүргiзiлдi. ХIХ ғасырдың орта кезiне 166 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ дейiн қазақ балалары мектептер мен м­ едреселерде мұсылманша бiлiм алды. Оларды не­гi­з­ iнен молдалар Анықта! оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебiнен жү­­ Медреседе білім зе­ге асырылды. Мұсылмандар мектебiнде негiзiнен ер алған қандай балалар оқыд­ ы. қазақ ғалымдарын Халық арасында медреселердiң беделi күштi болды. білесіңдер? Олар молда­лар мен мектеп мұғалiмдерiн даярлады. Оқу мерзiмi 3–4 жылға дейiн соз­ ылды. Медресе шәкiрттерi ислам дiнiнiң негiздерi бойынша баст­ ауыш бiлiм алумен қатар, философия, математика, медицина, тарих,­тiл бiлiмi (лингвистика) және астрономия жөнiнде де едәуiр хабардар­ болып шықты. Дiни оқу орындарының басты қызметiнiң бiрi жастард­ ың бойына Ойлан! әдептiлiк өнегесi мен адамгершiлiк қасиеттердi дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкiметiнiң бастама- Неліктен медресе- сы бойынша медр­ еселерде мiндеттi түрде орыс тiлiнiң лерде орыс тілін негiздерiн үйрету енгiзiлдi. үйрету қолға алынды? Медреседе бiрнеше сынып бөлмелерi болды. Олар шәкiрттер тұр­ атын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлм­ елер едi. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресенi бiтiргенi туралы дипло­мының болуы талап етiлетiн. Кейiннен патша үкiметi мұсылманша оқы­туды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867– Оқушылар 167 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 1868 жылд­ ардағы әкiмшiлiк реформалар бойынша Медреселерге қарсы мектептер мен медре­селер ашу үшiн уезд бастығының Ресей үкіметі қандай арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкiметi шектеулер қойды? мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсiтiп, қорлау саясатына көштi. 2. Жаңа әдiстемелiк мектептер. ХХ ғасырдың бас кезiнде дәстүрлi мек- тептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұс­ ылман мектептерiн реформалау қозғалысы­ бас­талды. Оны ұйымдастырушылар жәдитшiлдер бол- ды. ХХ ға­сыр­дың бас кезiнен бастап жаңа әдiстемелiк мектептер пайда бола баст­ а­ды. Оқытудың бұл әдiсiнiң негiзiн қалаушы белгiлi түркi тiлдес хал­­ ық­ ағартушыларының бiрi, қоғам қайраткерi И. Гасприн- ский болды.­ Жәдитшiлдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқ­ты басқа да зайырлы пәндердi оқыту қажеттiгiн дә­лелдедi. Жаңа әдiстемелiк мектептерде бiл­ iмдi де бiлiктi мұға­лiмд­ ер сабақ бер­ И. Гаспринский дi. Олард­ а қажеттi оқу құралдары мен жабд­ ықт­ ар­ жет­кiлiктi болды. Оның үстiне, оқыту әдiс­темесi де әлдеқайда тиiмдi едi. Қазақс­ тан­дағы ең алғашқы жаңа әдiстемелiк мек- теп 1900 жылы Түркiстан қаласында ашылды. Ондай мек­тептер Ақтөбе, Жаркент, Вер­ный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуiр бөлiгi жаңа әдiс­темелiк ­мектептерде бiлiм алып шыққандар болатын. Алайда жаңа әдiстемелiк мектептер елге кең көлемде тарай алма­ды.­ Патша үкiметi жаңа әдiстемелiк мектептердiң ашы- луына барын­ша қатты қарсылық көрсеттi. Себебi ондай мектептердi панисламизм мен пан­түркизмнiң ошақтары деп бiлдi. 3. Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің мәдени-ағар­ ту саласындағы қызметі. Хан өзiнiң қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениетi мен бiлiмiн енг­ iзу, өлкеде ислам дiнiн дамыту саласында қыруар жұм­ ыстар атқ­ арды. 1835 жылы Жәңгiр ханн­ ың тiкелей нұсқауы бойынша мешiт ашылды. 1841 жылы Жәңгiрдiң өз бастамасы бойынша, алғашқы зайыр­лы мект­ еп ашылды. Мектепте орыс, араб, парсы тiлдерi, сонымен қатар математика, гео­ Жәңгiр хан графия, тарих, дiнтану пәндерi де оқыт­ ылд­ ы. Ол 168 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қазақ балаларын Зайырлы мектеп Мешіт ашылды Ресейдің оқу орын- ашылды дарында оқытуға көп Ісқағаздарын жүр- күш-жігер жұмсады Жәңгір ханның гізу тәртібін енгізді, мәдени-ағарту сала- Қару-жарақ мұрағат қызметін палатасы ашылды сындағы қызметі құрды Мал тұқымын Аурухана және Ағаш отырғызу асылдандыру ісі дәріхана ашылды ісіне көп көңіл жолға қойылды бөлді мектептiң бүкiл шығ­ ынын өз қаржысының есебiнен Кестеге қарап, Жәңгір өтеген. Жәңгiр хан қазақ балаларының Ресейдiң оқу ханның енгізген өзге­ріс­ орындарында білім алуын қолдап қана қойған жоқ, тері жайлы әңгімелеп бер. балаларды Санкт-Петербургта, Мәск­ еуде, Аст­ра­ханда, Саратовта, Қазанда және Орынборда оқы­ту­ға жеке өзi көп күш-жi­гер жұмсаған. Мәселен, өзiнiң қол­ астындағ­ ы халықтың бала­ла­рын оқыту үшiн Орын­борд­ ағ­­ ы Неплюев кадет корпусы­нан 10 орын берiлуiне қол жеткiзген. Бөкей Ордасына барып­ оқығандардың бiрқат­ а­ры кейiнiрек көрнектi инженерлер, орманшыл­ ар, әскери қызметш­ iлер, ғалымдар ретiнде даңққа бөлендi. Жәңгiр хан барлық жерде iсқағаздар жүргiзу тәртiбiн енгiздi, жек­ е өзiнiң мұрағат қызметiн құрды. Денсаулық сақтау саласында хан­жұқ­ палы ауруларға қарсы егу практикасын енгiздi. Оның күш-жi­г­ ер жұмсауы арқасында Iшкi Ордада аурухана және дәрiхана ашылды.­ 4. Қазақ өлкесiнде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашы- луы. 1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейiннен олар Сiбiр және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуiр шек қойылды.­Ұлты қазақ кадеттер бiрқатар әскери пәндердi оқып-үйренуге жiбе­рiлмедi. Омбы кадет корпусын белгiлi қазақ ғалымы, зерттеушi әрi ағартушы Шоқан Уәлиханов бiтiрiп шықты. Казак станицаларында, бекiнiс-қамалдарда дiни шiркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыт­ у деңг­ ейi тым төмен едi. Мұғалiмдердiң басым көпшiлiгiн шала са­уатты дьяктар, сондай-ақ қызметтiк мiндетiн өтеген солдаттар мен ка­зактар құрады. Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа бiлiм беру iсi мен сауатты­лық деңгейiн қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтiн. Зайырлы­мектептер 169 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ өте аз едi. Маман мұғалiмдер жетiспедi. Көшпелi және жар­тылай көшпелi өмiр салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды. Қазақстанды өнеркәсiптiк тұрғыдан игер­ удiң басталуына байланысты сауатты да бiлiмдi адамдарға деген сұр­ аныс арта түстi. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзiмi жетiжылдық жаңа үлгiдегi мектеп ашылды. Онда негiзiнен хатшылар­ мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия негiздерi оқытылды. Кейін осындай мектеп Омбыда да ашылды. 1861 жылы Троицкiде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептерi ашылды. 1867–1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалары енгiзiлг­ енн­­ ен кейiн және қоныс аударып келушi шаруалардың арта түсу­iне байланыс- ты зайырлы мектептердiң саны көбейдi. Олардағ­ ы оқу бағдарламаларын генерал-губернатордың өзi белгiлеп, Халық ағарту ми­нистрлiгiмен келiсiп алып отырды. Қазақтың балалары­орыс поселкелерi мен казак станица- лары жанындағы мектептерде те­гiн немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға құқықты болды. 1879 жылы Тор­ғай облысында алғашқы екi сыныптық орыс-қазақ мектебi пайда­болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарғ­ а арналған мұғалiмдер мектебi тұңғыш рет ашылды. Ол мектептiң ашылуына Ыбырай Алтынсариннiң қосқан үлесi орасан зор болды. 1885 жылдан бастап барлық уездерде ауылшаруа­ Анықта! шылық мектепт­ ерi ашылды. Олар қазақ өлкесiнде бiлiм және қолөнер түрлерiн да­мытуға бағыт ұстады. Қазіргі қазақстан­ дықтардың сауат­ Барлық жерде бiрдей болыстық орыс мектептерi тылық деңгейі қан­ пайда бола бастады. Торғай, Ақтөбе, Қостанай және дай? Салыстырып басқа қалаларда қыз балалар­ға арналған баста­уыш мек- көр. тептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшiн ауылдық көшпелi мектеп­тер ұйымдастырылды. ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақ­мола қалалары халыққа бiлiм беру орталықтарына айнал- ды. Қазақстандағы орыс тiлдi халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсеттi. Атап айтқ­ анда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын едi. Орысша сауат ашқан қазақтың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп едi. Бiрақ олардың қанша пайызының сауатты екенi халық­ санағын өткiзу кезiнде есепке алынбады. Ресей империясы қазақтың орта және жоғары бiлiм ­алуына жол бер- меуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың ұлттық сана-сезiмi тезiрек оянады деп қауiптендi. ХIХ ға­сырда ауылшаруашылық 170 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ және фельдш­ ерл­ iк мектептер ашыла бастады. Олар орта бiлiмдi дәрiгер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бiрде-бiр жоғары оқу орны ашылған жоқ. 5. Дала өлкесiнде ауыл мектептерiнiң пайда болуы. Дала генерал-гу- бернаторы Сухотин Ақмола және Се­мей облыстарының әскери губернатор- ларына орыс-қазақ мектепт­ ерiн ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл идеяға қазақтар сақтықпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар, шоқындырып жiбередi деп қауiптендi. Қазақтың және бiр қорыққан жағдайы – орыс-қазақ мектептерi арқылы балаларды орыс шаруаларына­ айналдырып жiберер, содан соң әскер қатарында мiндеттi қызмет атқаруға мәжбүр етер деп үрейленді. Сондықтан Ақмола облысындағы Халық училищесiнiң директоры А. Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептердi ашудың мақсат-мiндеттерiн түсiндiрдi. Орыс-қазақ мектептерiнiң материалдық­базасын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Оқудың қазақтың ана тiлiнде жүргiзiлуi туралы айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесiн шоқындыруға бағытталған дiни миссионерлiк қызметiн де белсендi түрде өрiстете түстi. Олардағы оқу мерзiмi екi жыл едi. Оқушылар қа­зақ және орыс тiлдерiн, арифметиканы оқыды. Кейiнiрек ислам дiнiнiң негiздерiн оқытуға да рұқсат етiлдi. Бiрақ бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан төл­ еу­ге тиiстi болды. Қазақ балалары оқу-білімге өте құштар болды. «Олар қандай мақтауға болса да лайықты, білімді тез меңгеріп алады, оқуға қа­бі­летті келеді», – деп жазды Ресей зерттеушісі Ф. Собысевич. 6. Шетелдерде білім алған қазақ жастары. «Алаш» қоз­ғал­ ысы­қайрат­ керлерiнiң бiрi С. Сәдуақасовтың пiкiрi бойынша, Ақмола об­лысының Омбы уезi Қазақстанның ең iрi ағартушы аймақтарының бiрi болды. Ал Омбы қаласы iс жүзiнде бүкiл Қазақстан Омбы қаласы оқу- үшiн ең әйгiлi бiлiм орталықтарының бiрiне айналды. ағарту ісінде қандай 1789 жылы Омбыда­ Азия мектебi ашылды. Ол отар- рөл атқарды? шыл аппарат үшiн шенеунiк кадрлар­ даярлаумен ай- налысты. ХIХ ғасырдың бас ке­зiнде қазақ ақсүйектерi өздерiнiң бала- ларын Омбыдағы оқу орын­дарына жiбере бастады. 1872 жылы Омбыда мұғалiмдер семин­ ариясы ашылды. Ол iс жүзiнде бүкiл Қазақстан үшiн мұғалiм кадр­ларын даярлайтын орталыққа айналды. Онда бастауыш училищ­ елер үшiн мұғалiмдер даярланды. Омбыда, сондай-ақ Көкшетау мен Ақмолада қазақ бал­ алары үшiн сол жерде жатып оқитын интернаттар ашылды. Оларға жұмс­ ал­ а­тын шығынды қазақтар қайырымдылық көмек есебiнен өздерi төл­ ейтiн болды. Әр қазақ болысынан оқуға жылына 2 баладан жiберiп тұруға келiсiлдi. 171 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды. Ізден! Ол зауыттар мен фабрикалар үшiн, сондай-ақ көлiк Қазан қаласында саласындағы қызмет үшiн орта бiлiмдi басшы маман білім алған қазақ- кадрлар даярлауға тиiстi болды. Омбы малдәрiгерлiк- тарды анықта. фельдшерлiк мектебiнде көптеген қазақ балалары оқыд­ ы. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кез­ iнде Омбының оқу орындарында қазақ халқының көрнектi өкiлдерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi Әлихан Бөкейхан, Айдархан Тұрлыбаев, Отын- шы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Ережеп Итбаев, Сейiлбек Жанайдаров, Асылбек, Мұратбек және Мұсылманбек Сейiтовтер, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейф­ уллин, Қошке Кемеңг­ е­ров, Дiнше Әдiлов, Смағұл Сәдуақасов, Ғабб­ ас Тоғжанов, Жұмат Шан­ ин, Әбiлқайыр Досов, Бiрмұхамед Айбас­ ұлы, Әмiре Исин, Мұқан Әйтпенов, Көлбай Тоғысов, Нығмет Нұрмақов сияқты көптеген азаматт­ ар оқып бiтiрiп шықты. Олардың бәрi де халық ағарту iсiне, Қазақ өлкесiндегi ұлттық-демократиялық­қозғалысқа, сондай- ақ туып-өскен өлкенi ғылыми тұрғыдан зерттеу­ге­лайықты үлес қосты. Басым көпшiлiгi кейiнiрек, Кеңес өкiметi кезiнде, саяси қуғын-сүргiнге ұшырады, атылып кеттi. Бiрiншi орыс революциясының ықпалымен қазақтың ұлттық сана-сезiмi айтарлықтай түрде өстi. Неғұрлым алыстан болжап, көре бiлетiн қазақтар Қазанда оқитын қазақ жастары. 1896 жыл 172 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ өздерiнiң балаларын Ресей мен шетелдердiң орта және жоғары оқу орындарына оқуға жiберетiн бол- Ойлан! ды. Олар бiл­ iм алуды өздерiнiң тапталып, аяққа Қазақ зиялылары­ның басылып келген құқықтарын­ бұдан былайғы бойында ұлтж­ ан­дылық жерде сенiммен қорғаудың кепiлi деп бiлдi. Қазақ қасиеттің шыңдалуына жас­тары елеулi бөлiгiнiң заң факультеттерiн шетелде алған білімі таңдауы тiптi де тегiн емес еді. ХIХ–ХХ ғасырлар қаншалықты әсер етті? тоғысында тек Қазан қаласы­ның өзiнде ғана (императорлық Қазан университетiнде, Қазан малдә­рiгерлiк институтында, Қазан мұғалiмдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары білім алды. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерiнде оқыды. Мәселен, Санкт-Пет­ ербург университетiнiң заң факультетiн М. Шоқай мен А. Тұрлыба­ев бiтiрiп шықты. Ал Ә. Бөкейхан Санкт-Петер­бург­ Орман институтын, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери мед­ ицина академия­ сын, А. Сейiтов Томск университетiнiң медицина­ факультетiн, Ж. Дос­ мұхамедов Тарту университетiнiң заң факуль­те­тiн, М. Ғабдолғазизов Каир университетiн, О. Тұрмағанбетов Бомбей­ университетiн, Х. Нұрж­ анов Киев университетiнiң заң факультетiн бi­тiрдi. Басқа да көптеген қазақ студенттерi жоғары білім алды. Санкт-Петербург Қазан Мәскеу Томск Саратов Қазақ жастарының Ресей империясы мен шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыған қалалары Киев Тарту Каир Бомбей Стамбұл Варшава Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дiнмұхамед Сұлтанғазин талантты студент болды. Ол Томск унив­ ерситетiнiң медицина факультетiн, Санкт- Петер­бург уни­верситетiнiң шығыстану және заң фа­куль­тетiн бiтiрiп шықты. Петербург әйелдер медицина инст­ итутын Гүлсiм мен Мәриям Асфендияровалар бiтiрдi. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен орыс ғалымда- ры – П.П. Семенов-Тян-Шанский, В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ә. Диваев, А.И. Левшин, А.И. Добромыслов т.б. айналысты. Бұл салада шетелдіктер – ағылшындар мен немістер, француздар да (Т. Аткинсон, Ш.Е. Ужвальди де Мезе-Ковеез т.б.) елеулі із қалдырды. 173 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Білімді қазақ жастарының тұтас бір тобы туған өлкесінің тарихы мен этнографиясын зерттеді. Атап айтқанда М. Шорманов, М.-С. Бабажанов және басқалар жемісті еңбек етті. ? 1. Жәңгiр хан қандай мәд­ ени-ағарту жұмыст­ арын жүргiздi? 2.Қосымша деректерді пайдалана отырып, шетелдерде білім алған өз өлкеңнің азаматтары туралы әңгіме дайындаңдар. 3. Шетел тілін білудің бүгінде маңызы қандай екені туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер. 4. Кестені толтырыңдар. Қазақ жеріндегі оқу орындары Ашылған жылы Орналасқан жері Білім беру бағыты 5. Қазақстанда білім беру, оқу-ағартушылық мекемелері қандай тұрғыда дамыды? * Медресе – ислам дiнiн оқытатын орта және жоғары дәрежелi оқу орны. Зайырлы бiлiм – ғылыми бiлiм негiздерi. Семинария – мұғалiмдер даярлайтын кәсiби оқу орындарының бiр түрi. Дьяк – православие шіркеуіндегі 3-дәрежелі шендегі діни қызметкер. Жәңгiр хан Бөкейұлы (1801–1845) – Бөкей Ордасының ханы (1824–1845). Гаспринский Исмайыл (1851–1914) – Ресейдiң белгiлi ағартушысы және қоғам қайраткерi. Өзiнiң бүкiл өмiрiн Ресей империясы мұсыл­манд­ арының құқығын қорғауға арн­ ады. Мұса Шорманов (1819–1884) – белгілі зерттеуші, этнограф, қазақ фольклорының үлгілерін жинаушы. Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны. «Орынбор азаматтық гимназиясында, қырғыздар үшiн Троицкiде ашылған мектепте оқып жүрген балалардың оқуы қанағаттанарлық. Қырғыз халқының балаларына тән тамаша қасиеттер бар. Олар бiлiм алуға аса ыжда­ ғаттылық, әдептi мiнез және соншалықты құштарлық­танытады. Қырғыздардың оқуға деген ғажайып құштарлығын... ба­лал­ арын­Орынбор азаматтық гимна- зиясына орналастыру үшiн күмiс ақш­ амен 55 мың сомнан астам қайырымдылық көмек бергенiнен де көруге болады. Әдi­лiн айту керек: қырғыз балалары өзде­ рi­нiң мiнез-құлқы, оқуға ыждағатты ықыласы, бiлiмдi тез әрi тамаша меңгеруге қабiлетi жағынан да мақтауға әбден лайық». Собысевич Ф. Торғай облысы және оның құрылымы // Әскери жи­нақ, 28-том. 1871, 271–275-беттер. Ресей. Отанымыздың толық геог­ рафиялық сипаттамасы. 19-том. 1. Қазақ балаларын гимназияда оқыту қалай жүргiзiлдi? 2. Автор қазақ балаларының оқуға деген ынта-ықыласы мен қабiлеттiлiгiн қалай сурет­тейдi? 174 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ §47–48. Шоқан УӘлиханов – қазақтың аса кӨрнекТi Ғалымы Әрi ағартушысы Бүгінгі сабағымызда Ш. Уәлиханов ғылыми зерттеулерінің тарихи құнды­ лығын анықтаймыз. Қазақ халқының аса көрнектi ғалымдары мен ағарт­ у­шылар­ ы­ның бiрi Шоқан Шыңғыс­ұлы Уәлиханов болды. 1. Шоқанның жастық шағы. Шоқан Уә­лиханов 1835 жылы Құсм­ ұ­р­ ын бекiнiс­ iнде дүн­ ие­ге келген. Оның шын Тірек сөздер: аты Мұхамед­ханафия, еркелетіп Шоқан деп атаған. • Декабристер Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсм­ ұрын • Кадет корпусы мен Сы­рымбетте өттi. • Қашғарияға Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетiне сапар жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан айбынды қазақ билеушiлерiнiң бiрi болды. Ал атасы Уәли патша үкiметi ресми түрде бе­­ кiткен қазақтың соңғы хан­ ы едi. Әкесi Шыңғыс Омбы әскери учи­лищесiн бiтiрген, Көкшетау сыртқы окру­г­ i­нiң аға сұлтаны лауазымды қызметiн ат­қарғ­ ан. Шоқанның анасы жағынан туыс наға­шыл­­ ар­ ы­да осал емес – Баяна­ уыл өлкесiн­дегi атақт­ ы Шорманов- тар әулетi болатын. Ол бала кезiнен бiлiмге бейiм әрi құм­ ар болған. Шоқан тарихи аңыз әңгiм­ елерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан дана­гөй билердiң әңгiмелерiн, ақындардың өлең-жыр­ларын зор ықыласпен тыңдап өстi. Оған тәрб­ ие беруде сұлтан әулетiнен шыққан әжесi Айғанымның ықпалы күштi болды. Ол жас Шоқанға ежелгi қазақ аңыздарын, Шоқан Уәлиханов мақал-мәтелдерi мен даналық сөздерiн жиi айтып отыратын. Шоқан Құсмұрындағы мектепт­ е оқып, ислам дiнi iлiмiмен танысты. Араб, парсы, шағатай тiлдерiнiң негiзiн үйренiп алды. Ол сурет салуды да ерте меңгердi. Бұл өнердi оған орыс сурет­шi­лерi, топографтары мен геодезистерi үйрет­ Ш. Уәлихановтың тi. Олар Уәлихановтардың­ отбасында жиi болып тұра­ азаматтық тұлға­сына тын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқара­сының қалып­ сызба жасаңдар. тасуына жиi-жиi қонаққа келiп тұратын орыс зиялылары мен зерттеушілері де­ықпал еттi. Олар бәрiн бiлуге құмар жас баланың бойында ғылым­ға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түстi. 175 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Шоқан жас кезiнен халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiне ерекше ден­ қойды. Ол бала кезiнiң өзiнде «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Ер Көкш­ е» сияқты басқа да дастандардың бiрнеше нұсқасын жазып алды. 2. Омбыда оқуда болған жылдары. 1847 жылы Шоқан Омбы кадет­ корпусына оқуға түстi. Бұл оқу орны Сiбiрдегi жоғары бiлiктi мұғ­ алiмдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бiрi болатын. Шоқ­ ан алғашқы жылдан өзiнiң оқуға қабiлетi мен бейiмдiлiгiн танытты.­ Ол әскери пәндердi, сондай-ақ жалпы білім беретін басқа да пәндерді және шет тілдерін зор ынта қо­йып, құмарта оқыды. Осында жүрiп те шығыс тiлдерi саласындағы бiл­ iмiн елеулi түрде тереңдете түстi. Ол орыс тiлiн тамаша меңгердi. Қос­ ымша әдеб­ и­еттердi көп оқыды. Кадет корпусының басшы- лары оған болашақтағы зерттеушi-шығыстанушы рет­ iнде қарай баст­ ад­ ы. Омбыда Шоқан география, шығыстану, философия, тарих жайынд­ ағы басылымдардан бай кiтапхана құрап алды. Омбыда болған кезiнде орыс зиялыларымен байланыста болуы Шоқ­ анға оң әсер еттi. Кадет корпусында Шоқанмен бiрге оқыған С. Я. Капустин ол ту­ралы: «Шоқан көрiктi, аса сымбатты болды... бет әлпетi оның қа­йырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңiнiң жан- жақты, аса терең бiлiмдi адамы болды. Әсiресе оның та­рихи бiлiмi Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игi жақсыларымен бiрге 176 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор бiлiмдiлiгiмен ерекшеленетiн. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткiзе бiлетiн асқан шешен бола­тын», – деп жазды. Шоқан кадет корпусында белгiлi ғалым, географ Бағала және Азияны зерт­теушi Г.Н. Потанинмен бiрге оқып, достасып кеттi. С.Я. Капустиннің пікі­ рімен келісесің бе? Шоқан аса көрнектi орыс және шетел ақындары мен жазушылар­ ы А. Пушкиннiң, М. Лермонтовтің, Н. Гогольдiң, Ч. Диккенстiң жә­не басқалардың шығармаларын зор сүйiспеншiлiкпен қызыға оқыды. Шоқан кадет корпусын корнет шенiмен бiтiрг­ ен­н­ ен кейiн Сiб­ iр казак әскерiне қызметке жiберiледi. Көп ұзамай Бат­­ ыс Сiбiр генер­ ал- губернаторының адъютанты болып тағайынд­­ ал­ды.­ Қызмет орнында Шо­­ қан Сiбiрдiң отаршыл шенеуніктерімен б­ етпе-бет келiп, өкiметтiң заңс­ ыз әрекеттерiне қатт­ ы күй­ iндi. ­Өкiм­ ет орынд­ арының озбырлығы жайлы дост­ ары Ф.М. Дос­ т­ оевскийге, А.Н. Май­ковқа, К.К. Гутковскийге, В.С. Кур­­­ очк­ инге ызалы хат­т­ ар­жазды.­ 3. Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерi. Тамаша бiлiм алып шыққан жас ғалым түрлi ғылыми экспедицияларға белсене қатысты.­ Бұл жөнiнде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қа­ зақ даласын және онымен шегаралас жатқан елдердiң аумағын, он­ дағы халықтардың тарихы мен жағдайын жақсы бiлетiн Шоқанға орыс зерттеушiлерi де қатты қызығып, оның көмегiне мұқтаж бо­ла­тын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сiбiр генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетiсу жерiне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмiрiмен та­нысып, қазақ пен қырғыздардың тарихи аңыз әңгiмелерi мен жырларын ж­ аз­ ып алды. Ш. Уәлиханов аса көрнектi ғалым, белгiлi географ П.П. Семенов-Тян- Шанскиймен танысты. Ол жас қаз­ ақ ғалымның қабiлетiне шын ниетiмен сүйсiне қайр­ ан қалды. 1857 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдiң ұсы­ нуымен Ш. Уәлиханов Орыс география­лық қоғамының толық мүшелiгiне қаб­ ылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетiсуға, қырғыз елiне жасаған са- пары Шоқанның ғалым рет­ iн­дегi даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сап­ ар шегiп, оның тарихын, этнографияс­ ын және халықтық поэзияс­ ын зерттедi. Анықта! Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Ма­ наст­ ы» жазып алды. Шоқан Қашғарияға саяхат жасау бары­ 1858–1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сында қандай маңыз­ сапарына барып келді. Шоқанға дейiн ол өлкеде ды қадам жасады? бiрде-бiр зерттеушiнiң барып қайтуға сәтi түспеген 12–3467 177 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ едi. Немiс ғалымы Р. Шлагингвейттiң еуропал­ ықтар үшiн мүлде жабық өлкеге барып келмек болған сапары қай­ғылы аяқталып, ол қатыгездiкпен өлiм жазасына душар болған-ды. Шоқ­ ан аса қиын құпия жағдайда өз өмiрiне қатер төндiре жүрiп, Қашғ­ ария өлкесiнiң тарихы, этнография- сы, мәдениетi мен геологияс­ ы, географиялық жағдайы жайлы бұған дейiн мүлде белгiсiз аса құнд­ ы деректер жинап келді. Соның негiзiнде «Алтышардың неме­се Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кiшi Бұха­ раның) шығыстағ­ ы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты ең­ бегiн жазды. Еңбектi Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуш­ i ғалымдар жоғары бағалады. Патша үкiметi жас ғалымның ғылыми ерлiк еңбегiне ерекше мән берді. 1860 жылы Санкт-Петербургте орденмен марапатталып, әс­кери шенi де жоғарылады. Оны орыс патшасы II Александрдiң өзi қабылдады. Осы кез- десу кезiнде Шоқан патшаға орыс ше­неун­ iк­т­ ерiнiң қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтiнiшiн батыл жеткiздi. Петербургте болған кезiнде әртүрлi әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс iстедi. Ол рес­ ейлiк шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз пiрiне айналды. Шоқан Қазақстан­ мен Орта Азияның және Шығыс Түркiстанның карталарын жасау­мен айнал­ ысып, қажымай- Шормановтар отбасы 178 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ талмай еңбек еттi. Шығыс елдерiнiң қолж­ азба­ларын мұқият зерттеудi де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғ­ амы Шығыс тарихы туралы дәрiстер оқуға шақыр­ ып тұрды. Алайда Петербургтің ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақ­ пады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергiлiктi басқару­ iсiн қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларға қатысты. Оның негiзгi ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көш­ i-қоны тура- лы», «Сот реформасы туралы» жазбаларда баяндалады. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің Оңтүстiк Қазақстанға жа­саған әскери экспедициясына қаты­ Есіңе түсір! сады. Бiрақ әскери қызметi ұзақ­қа созылмады, гене­ ралдың жергiлiктi халыққа шектен тыс қат­ ыгездiк Черняев әскері жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркiмен экспедициясының мақсаты қандай еді? кеттi. 4. Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы алатын орны. Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өттi. Ол мұн­да да Ұлы жүз қазақтарының өмiрiнен тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен шұғылданды. Аса көрнектi қазақ ғалымы әрi ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы ұзаққа соз­ ылған аурудан қайтыс болды. Оның қабiрiнiң басына ескерткiш пен құлпытас орнатылды. Ескерткiштi саяси жер аударылып келген­поляк революционерi Лепольд Ластовский жергiлiктi мәрмәр тастан­ қашап жасады. Шығыстанушы ғалым Н. И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ еттi де жоқ болды», – деп жазды. Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тари- хы мен мәдениетiн зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнектi қа­зақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнд­ елiктерi», «Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы» т.б. еңбектерi өте құнды сана- лады. Шоқанның қазақтың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмiрiнен салған суреттерi сақталған. Ол қазақтың алғашқы кәсiби суретшiлерiнiң бiрi. С. Мұқанов Шоқан Уәли­­ Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күнiне хановқа арналған шығар­ масын неліктен «Аққан дейiн өз Ота­нын жан-тәнiмен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерiн бүкiл дүн­ иежүзi жоғары жұлдыз» деп атады? бағалады. Бүгiнгi ұрпақтары оған деген зор құр­мет­ тiң белгiсi ретiнде Қазақстан қалаларының бiрнеше көшесiн Шо­қанның есiмiмен атады. Оған арнайы ескерткiштер орнатылған.­Ондай ескерткiш 179 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері Орталық Қазақстан, Қырғыздардың тарихын, Тарбағатай мен Жетісу этнографиясын және халықтық поэзиясын жеріне жасалған зерттеді экспедицияға қатысты Шығыс елдерінің Орыс географиялық қолжазбасын зерттеді жұмысына белсене араласты 1858–1859 жылдары Петербургте әртүрлі Қашғарияға сапар жасады әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын Мұрағат деректерін жинастырды жасаумен айналысты Жұптық жұмыс Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттiк уни­­ верситетiне Шоқанның есiмi берiлген. Онда «Уәли­ Ш. Уәлиханов өмі­ ханов оқулары» деп аталатын халықаралық ғылыми ріндегі маңызды конференциялар үнемi өткiзiлiп тұ­рады. Шоқан оқиғаларды уақыт Уәлихановтың өмiрi мен қызметi егемен елiмiздiң сы­зығына түсіріңдер. жастары үшiн тамаша үлгi-өнеге. ? 1. Сенд­ ер­атақты ғалым туралы қандай көркем әдебиет оқыдыңдар? 2. Кар­т­ а­дан Шо­қан­ның экспедицияға барған бағыттарын анықтаңдар. 3. Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихында алатын орны қандай? * Адъютант – әскери бастықтың жанында қызмет бабындағы әртүрлi тапсырма- ларды орындайтын офицер. Кадет корпусы – әскери оқу орны. Патриот – Отанына, туған халқына жан-тәнiмен берiлген адам. Ол өз Отанының мүдд­ есi жолында кез келген құрбандыққа баруға, ерлiк жа­сауға әрқашан әзiр тұрады. Веселовский Николай Иванович (1848–1918) – орыс шығыстанушысы, тарихшы, этнограф, археолог. Ол Ш. Уәлихановтың бiр томдық шығар­малар жинағын алғаш бастырып шығарған. «Өткен күзде Iле сыртқы өлкесiнде қырғыз (қазақ. – авт.) сұлтаны Шоқан Шыңғысұ­ лы Уәлиханов қайтыс болды. Оның есiмi Қыт­ айд­ ың батысындағы Қашғар­ қаласына көзсiз ерлiкпен жасаған батыл саяхаты арқылы кеңiнен танылды. Бiз Шоқан Уәлихановты құрметпен еске алудың неғұрлым ыңғайлы 180 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ да әдептi жолы ретiнде қырғыздарға екiншi Уәлихановтың көп күттiрмей, буряттарға екiншi Дорджи Банз­ аровтың келгенi сияқты неғұрлым тезiрек келуiн тiлеуден өзге еш нәрсенi таба алмай отырмыз. Әрине, бұратана халық­ тардың арасына Еуропаның өркениетi мен адамгершiлiк қас­ и­ет­терiн ең жақсы таратушылар сол бұратана халықтың өз өкiлдерi ғана бола алады. Сондықтан да бiз бұратана халықтардың бiлiмдi өкiлдерiнiң көбiрек пайда болғ­ а­нына зор ықыласпен сүйсiне қарауға, ал олардың қайғылы қазасын қатал тағдырдың шектен тыс әдiлетсiздiгi деп санауға әрқашан әзiрмiз». Ядринцев Н. М. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов // Уәлиханов Ш. Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1985, 5-том, 276–279-беттер. 1. Ш. Уәлиханов өз замандастарының арасында қандай беделге ие болд­­ ы? 2. Автор қазақ ғалымына деген өзiнiң құрметiн қалай бiл­дiрген? §49–50. Ыбырай АлтынсарИН – ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері Бүгінгі сабағымызда Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалаймыз.. Аса көрнектi педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрi қоғам қайраткерi Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының бiлiм көкжиегiн кеңей­ туде, ағарту саласында аса зор рөл атқарды. 1. Ы. Алтынсариннiң ағартушылық көз­қар­­ ас­ ы­ Тірек сөздер: ның қалыптасуы. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында­және ұлттық мек­­ • Ы. Алтынсарин • Ведомство • Кредо теб­ iнiң қалыптасуында өшпес iз қалдырды. Ол 1841 жылы қазiргi Қос­ ­т­­ анай облысының аумағында дүниеге келдi. Әкес­ iн­ ен ерте айырылған ол атасының – бел­г­ iлi би және старшын Балқож­ а Жаңб­ ыр­шин­н­­ iң қолында тәрбиеленедi. Ыбырай бала ке­зiнен баст­ ап бiлiмге және өз бетiнше ізденуге бейiм екен­ iн байқатты. Көп оқыды, Рес­ ей қоғамының бiлiмдi адамдарымен жиi араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезiнде шығ­ ыст­ анушы ғалым В.В. Гри­г­­ орьевпен жақын танысып алды. Ол өзiнiң бай кiтапханасын Ыбы­рай Алтынсариннiң ер­ кiн пайдалануына рұқсат еттi. Бiлiмге құшт­ ар жас бос Ыбырай уақыт­ ының бәрiн де сол кiтапханада өткiздi. Алтынсарин 181 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Бiлген үстiне бiле түссем деген құмарлық пен өз Ойыңмен бөліс халқыма неғұр­лым көбiрек пайда келтiрсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбы­райдың өмiрлiк Сенің өмірлік кредосына айналды. Өзiнiң мiнез-құлқы жағынан кредоң қандай? қа­рапайым әрi еңбексүйгiш едi, көп оқыды, өзге халықтардың­қол жеткен табыстарын неғұрлым көбi­ рек бiле түссем деп арманда­ды. Алған бiлiмiн өз халқының пайдасына жа­ратуға талпынды. 1857 жылы ол Орынбор шегара комиссиясы жанындағы мектептi алтын медальмен бiтiрдi. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тiлдерiнде еркiн сөйлей бiлдi. Кейiнiрек халық ағартушысы ретiнде өз­дігін­ ен оқып, білімін арт- тыра түсудi белсендi түрде жал­ғастырды. Дүние жүзi әдебиетiнiң классиктерi В. Шекспирдiң, И. Гетенiң, Д. Байронның, А.С. Пушкиннiң, Н.В. Го­ гольдiң, М.Ю. Лермонтовтің, Ғ. Ни­замидiң, Ә. Фирдоусидiң, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейiн қойып оқыды. Ы. Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасының қалып­тасуына­орыс педагогі К. Ушинскийдiң және чех ойшылы Я. Коменскийдiң еңб­ ектерiмен таныс болуы оң әсерiн тигiздi. Ы. Алтынсарин орыстың көрнектi демо- краттары Н.Г. Чер­нышевскийдiң, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнiң және басқал­ ардың шы­ғармаларымен де таныс болды. Мектептi бiтiрiп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жыл- дай атасының қол астында кеңсе қызметкерi болып iстедi. Осы жылдар iшiнде ол өз халқының сауатын ашып, бiлiмiн көтерудiң аса қажет екенiн жете түсiндi. 2. Ағартушының педагогикалық қызметi. Бiлiмiн жүйелi түрде же­­ тiл­дiрудiң нәтижесiнде ол өз заманының аса бiлiмдi азаматы бол­ды.­Орыс педагогика ғылымын тер­ ең зерттеп бiлу оны қазақ Ойлан! халқының көрнектi ағар­тушысы етiп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерiнiң оқу­шы­ла­ Ы. Алтынсариннің рына арнап екi оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрес­ ағартушы ретінде қалыптасуына әсер томатиясы»­ мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс еткен жағдайды тiлiн үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. анықта. Себебін түсіндір. Ол қазақ балалары үшiн зайырлы мек­тептер ашу- ды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшiн бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзi сол мектепке орыс тiлiнiң мұғалiмi болып тағайындалды. Ағартушылық­идеялары жiгерлендiрген ол ауыл-ау­ыл­ ды аралап, жергiлiктi халық­қа бiлiм алудың маңызы мен қа­жетт­ iлiгiн түс­ iндiруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшiн қар­жы-қаражат жин­ ауды қолға алып, ақшаның алғашқы үлесiн Ы. Алт­­ ынс­ ар­ иннiң 182 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ өзi қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметi басталды. Ойыңмен бөліс 1864 жылы қазақ балаларына арналған интер- Ы. Алтынсариннің наты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгiт қуануы орынды ма? жұмыстарының нәтижесiнде оқуға 16 бала жазыл- ды. Кейiнiрек бұл мектептердегi оқушылардың саны арта бас­тады. Халық ағартушысы жүргiзген үгiт жұмыстары нәтижелi болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың­ қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кiрiстiм және менi өте қанағаттандыратыны – бұл балалар әлдеқандай үш ай­дың iшiнде оқу­ды, тiптi жазуды үйренiп алды». 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мек- Есіңе түсір! тептерiнiң инс­пекторы болып тағайындалды. Оның еңбегiнiң арқасында бiлiм беру саласы қазақ да­ Зайырлы мектеп ласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың дегеніміз не? барл­­ ық уездiк қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты.­ Халықтан қажеттi қаржы жинастырды. Соның нә­ти­ жесiнде барлық уездерде екi сыныптық орыс-қаз­ ақ училищелерiн ашты. Оларды мұғалiмдермен және оқушылар­мен тол­ ық қамтамасыз еттi. Ол мектептердiң жабдықталуына, олардың жанында шағын кiтапханалар ұйымдастыру­ға ерекше мән бердi. Қазақстанда қыз балаларға бiлiм берудiң басталуы да Ы. Ал­т­ ын­ са­риннiң есiмiмен байланысты. Аса көрнектi халық ағартушысының­ басшылығымен қыз балаларға арналған бiрнеше мектептер ашылды. Олардың жанында интернаты болды. Ы. Алтынсарин мектептi халық ағарт­ у iсiнiң маңызды бір буыны деп санады. 3. Ы. Алтынсариннiң ғылыми және әдеби қызметi. Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзшi әрi ақын ретiнде де кең­ iн­ ен таныл- ды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлi­ мiн­ iң толық мүшесi болды. Географиялық қоғамның Жұптық жұмыс тапсырмаларымен б­ аяндамалар жасап тұрды, қазақ халқының этнографиясы­ бойынша мақалалар жа- Ы. Алтынсариннің риялады. Атап айтқанда, Кiшi жүз қазақтарының ықпалымен ашыл­ жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау ған мектептерге кесте жасаңдар. дәс­түрi, ежелгi әдет-ғұрып заңдары туралы зерттеу мақалалары жар­ ық көрдi. Ол өзiнiң жұмыстан қолы босаған кездерiнiң бәрiн де ауыл арасында өткiздi, туған халқының тари- хы, фольклоры, шеж­ iр­­ ес­ i, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрi туралы материалдар 183 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ жинастырды. Өзi­н­ iң көзi тiрiсiнде бiрқатар ғылыми Бағала мақалалары журналдар мен газет­терде жарияланды. «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда Ы. Алтынсарин қал­дырған әдеби түсу мен үйлену тойы кезiндегi әдет-ғұрыптарының мұралар несімен очеркi» атты еңбегiнде үйлену тойларына байланысты құнды? толып жатқан әдет-ғұрыптарды тәптiштей суреттедi. Ы. Алтынсариннiң әдеби мұрасы да едәуiр елеулi. Ол И.А. Крыл­ овт­ ың мысалдарын, Л.Н. Толстойдың әңгiмелерiн орыс тiлiнен қа­зақ тiлiне аударумен қатар, өзi де қысқа әрі тартымды әңгiмелер жазды. Ы. Ал­тынсариннiң қаламынан туған аударма- лар, өлеңдер, әңгiмел­ ер,­мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегiлер оқырман жү­регiне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Ал­тынс­ ариндi қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн қалаушы деп бiлемiз. Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да едi. Оның «Азған елдiң би­ле­рi», «Әй, достарым!», «Әй, жiгiттер!», «Ана» атты өлеңдерiнiң адамгершiлiк- ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерiнен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгi-өнеге алып, тәрбие көрдi. «Бiр құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңiлге Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тiлегенiң алдыңнан Iздемей-ақ табылар...» – Ұсыныс деген «Кел, балалар, оқылық!» өлеңiнiң жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор. Мүмкін сен де шағын шығарма­ Ы. Алтынсариннiң шығармаларында қазақтың ларға аударма жа- өмiрi шын­шылдықпен бейнелендi. Оларда бiлiмге, сап көрерсің. ғылымға деген құлшыныстың қажеттiгi кеңiнен наси- хатталды. Жастарды оқу-бiлiмге шақыра­отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмiрiн, олардың ғылымда қол жеткiзген табыстарын үлгi-өнеге ретiнде мысалға келтiрдi. 5. Ағартушының қоғамдық-саяси қызметi. 1869 жылы Ы. Ал­т­ ынсарин Торғай уездiк басқармасына iс жүргiзушi ретiнде қыз­метке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшiсi және уа­қыт­ша­ уездiк судья мiндеттерiн қатар атқарды. Қызмет бабымен қа­зақ ауыл­дарында жиi болып тұрды. Өз халқының аса қажеттi мүдд­ елерi нед­ е екенiн жақсы бiлдi. Болыс 184 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Ы. Алтынсариннің жастарды прогреске, білімге, мамандық алуға шақыруы Ол жастарға теміржолдар мен Қазақ жастарына тері илеу, электр қуатының, егіншілік сабын қайнату, май шайқау кәсібінің, телеграфтың және және кірпіш күйдіру, ыдыс әртүрлі қолөнердің пайдасы жасауды үйретуге тырысты туралы түсіндірді Қолөнер және ауылшаруа- Жастарға жаңа машиналарды шылық училищелерін ашуға қалай пайдалану, ауру көп күш-жігер жұмсады малдарды қалай емдеудің және зиянды жәндіктерге Қолөнер кәсібі, бау-бақша егу, мал өсіру және диқаншылық қарсы қалай күресудің тәсілдерін үйретуге тікелей жөнінде жазылған оқу құралдарын іздестірді өзі де қатысты басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүрдi. Ол сайлау кезiнде Ойыңмен бөліс! дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат Ы. Алтынсарин жастарды жас­ аушылықтың орын алуына­ жол бермеу- қандай мамандықтарды ге тырысты. Бұған риза болмаған жергілікті игеруге шақырды? Ол шенеуніктер оның үстiнен обл­ ыстық басқармаға, мамандықтар сол заманда әскери губернаторға және одан әрi Iшкi iстер қаншалықты сұранысқа ие министрлiгiне шағым жасады. Оны 1868 жылғы болды? «Уақытша ережеде»­белгiленген сайлау тәртiбiн бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қа­рапайым халықтың қамын ой- лады. Ол өзiнiң парасатты мiнез-құлқ­ ы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беде­лiн­ iң арқасында ақталып шықты. Халық ал- дында сөйлеген­сөздерiнде патша үкiметiнiң отаршыл аграрлық саясатын ашық сына­ды. Патша үкiметi шенеунiктерiнiң озбырлық iс-әрекеттерiн, олардың жергiлiктi қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864 жылғ­ ы хатында былай деп жазды: «Қызмет бабы бойынша мен байлармен­ жиi қақтығысып қаламын. Маған Ойталқы жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар ара- сында да бар. Олар қорғансыз кедейлердi арсыздықпен Ы. Алтынсариннің та­лап-тонауда...» сайлау тәртібін бұзды деп айып- Ы. Алтынсарин патша үкiметiнiң жергiлiктi ха­ талуы әділетті ме? лыққа қысым жас­ айтын жүгенсiз саясатын айыптап Сөзіңді дәйекте. отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» 185 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ газетiнде жарияланған мақалалары айқын дә­- Бағала лел. Ол өз ғұмырының соңғы кезiнде былай деп жаз­ Ы. Алтынсаринді ды: «Мен түбегейлi те­рең сенiммен туған халқы- нағыз патриот екен- ма шамамның келгенiнше пайдамды тигiзсем дігін дәлелдейтін ­деген ниетiмнен ешқашан бас тарт­паймын». дәйектер келтір. Ы. Алтынсариннiң ұшан-тең­ iз еңбегi қазақ хал­ қының бiлiм көкжиег­ i­нiң кеңеюiне, рухани және мәдени гүлд­­ енуiне игi ықпал еттi. Оның есiмi халықтың есiнде мәңгi сақт­­ алады. Бүгiнде Ұлттық Бiлiм академиясы Ыбырай Ал­тын­сариннiң есi­мiмен аталады. Елiмiздегi педагогтер қауымының ең таңдаулы өкiл­ дерi жыл сайын Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгiмен ма­рапатталады. Ағартушы ғалымның құрметiне жыл сайын ғылыми конференциялар өткiзiлiп тұрады. ? 1. Ыбырай­Алтынсариннiң негiзгi шығармалары мен еңбектерiн атап шы­ғың­дар. 2. Қалай ойлайсыңдар, отаршыл өкімет Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметіне неге қолдау көрсетті? * Кредо – бiреудiң кәмiл сенiмi, дүниеге көзқарасы. Ведомство – нақты бiр мемлекетте қоғамдық өмiрдiң белгiлi бiр саласын не- месе аясын басқаратын және мемлекеттiк басқару органдары жүйесiне кiретiн орталық мекеме. Коменский Ян Амос (1592–1670) – чех педагогі, қоғам қайраткері. Мұғалiмдердiң Ы. Алтынсарин туралы жазған естелiктерiнен «Марқұмның бүкiл өмiрi өзiнiң сүйiктi халқына бiлiм беру жолындағы ағартушылық қызметiне арналды.­ Ол халық өмiрiнiң қайда бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны терең түсiне бiлдi... Мұғалiмдерге қатаң талаптар қойды, әр­бiр iске барынша ұқыпты қарауды талап еттi, ол өз мiндетiне жүрдiм-бардым қарап, жұмысты шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды. Оқу iсiн өзi қандай жанын сала жақсы көрсе, өз инспекция- сына қар­ асты мұғалiмдерден де тап соны талап еттi. Ол өзiнiң шын жүректен шық­қан тартымды әңгiмелерi арқылы мұғалiмдердi оқу iсiне шын ниетт­ е­рiм­ ен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра бiлетiн. Жұрттың көз алдында бiздi соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелердi мұғалiмдерге ең адал ниеттi азамат- тар ретiнде зор құрметпен әрi мақтанышпен қарауға мәжбүр еттi. Ол әсiресе жас қазақ мұғалiмдерiне ерекше қамқорлықпен сүйсiне қарайтын... Оны мұғалiмдер де жанындай жақсы көретiн... Ол өзiнiң жеке өмiрiнде де өте сүйкiмдi, жом­ арт жүректi ақ көңiл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емiн-еркiн ашық сөйлесуге, ақыл-кеңес сұрауға мүм­кiн едi. Қашан болса да 186 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ақ көңiл адал ниетiмен ақылын айтуға, тiптi нақт­ ы iсiмен көмектесуге әрқашан әзiр тұратын. Қазақ халқы да оны қатты құр­меттейтiн. Олай ететiн толық жөнi де бар едi: оның есiгi келем деу­шiлердiң қай-қайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзiнiң ақыл-кеңесiн берумен ғана шектелмей, қиын-қыстау кезде қиналып келген адам­ға өз қалтасынан ақша да берiп жiберетiн, кейiн оны көбiнесе қайтарып ала да бермейтiн. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әдiлеттi адам ретiнде сый-құрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағына күтетiн. Өйткенi ол көпшiлiкпен ортақ тiл табысып сөйлесетiн, отырыстың сәнiн кiргiзетiн, көңiлдi де сүйкiмдi әңгiмелер айтатын... (Мұғалiм Ф.Д. Соколовтың естелiгiнен) Ситдыков А. С. Ы. Алтынсариннiң педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметi. Алматы, 1968, 147–148-беттер. 1. Ы. Алтынсарин мұғалiмдерге қалай қарады? 2. Ол өмiрде қандай адам болды? §51–52. Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл Бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайрат- кері ретіндегі қызметіне баға береміз. Абай Құнанбайұлы (1845–1904) қазақ халқ­ ы­ның ұлы ақыны, аса көрнектi ой­шылы, ағартушысы және қазақ жазба әдебиетiнiң негiзiн қалаушы.­ 1. Ақынның балалық шағы. Абай Құн­ анбайұлы Тірек сөздер: 1845 жылы қазiргi Шығыс Қазақстан облысының­ Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге кел­­ • Абай Құнанбайұлы • Ағартушылық ген. Қазақтың ат қою дәстүрі бойынша азан ша­ қызметі қырып қойған есімі Ибраһим болған. • Аудармашылық Абай ислам дiнiнiң қағидаларын барынша құр­ қызметі меттейтiн дiни отбасында өсiп, тәрбие алды. Оның әкесi Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тiлiн жақсы бiлген биi болды.­Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкiл­дерiмен қарым-қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегi сұлтан әулетiнен болмаса да Қарқаралы­округiнде алғаш­қы аға сұлтандардың бiрi болып сайланды. Ғұмыр­ ының аяқ кезiнде Меккеге­ қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәб­ ия қонақүйi әлi бар. Қажылықтан қай­ 187 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ тып орал­ған Құнанбай бұл дү­ниелiк iстерден бiржола қол үзедi. Ақынның ба­басы Өскенбай Қа­зақстанның солтүстiк-шығыс аймағ­ ындағы әдi­леттi де ықпалды қаз­ ақ билерiнiң бiрi болатын. Оның қалдырған да­ нышпандық сөздерi мен ғибратты өсиеттерi аз емес. Биге қазақтың алыс жатқан рул­ ар­ ының адамдары да шағым айта келiп, жү­гi­не­тiн. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты­би әрi батыр болған.­ Абай әуелi ауыл молдасынан сауат­ашып, сосын Семейдегi Ахмет Риза медресесiнде үш жыл оқып Абай Құнанбайұлы бiлiм алады. Ол бала жасынан кi­т­ ап­қа құмар болды, араб-парсы және көне түр­кi әдебиетiнiң үлгi­лерiмен танысты. Абай қаз­ ақтың дәстүрлi әдет-ғұрып заңы мен исл­ ам­ дiнiнiң қағидаларын терең меңгердi. Онымен бiлiм жарысты­рудан молдалардың өздерi қашқақтайтын. Абай халық ауыз әде­биет­ iнiң үлгiл­ ерiн өте жақсы бiлдi. Медреседе оқып жүрген ке­зiнде-ақ өзiнiң алғашқы өлеңд­ ерiн жаза б­ астады. Әкесi Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушiсi ету мақсатымен оқудан ауылға керi қайтарып алады. Мұнда ол хал­ ықтың қалың ортасына түседi. Билер, ақындар, сазгер-ән­шiл­ер­мен, сондай-ақ даланың данышпан ойшылдарымен жиi-жиi бiрге болып, араласып тұрады. Ақынның жастық шағы патша үкiметiнiң Қазақстанның оңтүс­тiгiне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезiмен тұспа-тұс келдi. Ол пат- ша үкiметiнiң округтiк приказдардағы жағдайының бар­ғ­ ан сайын нығая түскенiн, ХIХ ғасырдың 60–90-жылдарындағы әкiм­шiлiк реформаларының енгiзiлгенiн өз көзiмен көрдi. Ол аз уақыт болыс болған кезiнде қай iстi болса да әдiл және адал шешуге­талпынды. Сол үшiн қатардағы қарапайым халықтың зор ықыласына, сый-құрм­ етiне бөлендi. Бiрақ қоғамның күрделi мәселелерін мұндай қарапайым тәсiлмен шешуге болмайтынына бiрте- бiрте кәмiл көз жеткiзе бастайды. Сондықтан да ол қазақтың бiлiм мен ғылымды игеруін қолдады. 2. Орыс зиялыларымен араласуы. Бола­шақ ақын­ Есіңе түсір! ның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс, украин, поляк зиялы қауымының Абайдың қандай өкiлдерiмен араласуы орасан зор ықпал еттi. Ол кез- өлеңдерін білесің? де өз Отанының тәуелсiздiгi жолындағы ұлт-азаттық қоз­ғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аудары­лып­ келiп жатты. Олар орыс және Украина мен Польшад­ ағы зиял­ ы қауымның бiлiмдi өкiлдерi болатын. Жер аударылып­ 188 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ келгендердiң арасында патша үкiметiнiң саясатына қарсы шыққ­ ан­зиялылар да аз болмады. Олар Абайдың Талда саяси­көзқарасының қалыптасуына ықпал еттi. Атап Абайдың саяси көз- айтқанда, Е. Михаэлис, С. Гросс, Н. Кон­шин, Н. Долго- қарасының қалып- полов және басқалары едi. Олар Абаймен жиi кездесіп тасуына әсер еткен жүрдi. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы жағдайлар. орыс мәдениетiнiң ірі өкiлдерi А.С. Пушкиннiң, М.Ю. Лермонтовтің және басқалардың шығармал­ арымен жете танысты. 3. Абай – ұлы ақын әрi ойшыл. Абай өзiнiң өлеңдерiн бала кезi­нен жаза бастады. Әйтсе де ол ақын ретiнде алғаш рет ХIХ ғасырдың 80-жылда­ рының орта кезiнен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шiлде болғанда...») деген өлеңiн жария­лаған болатын. Абай – «Ескендiр», «Масғұд», «Әзiм әңгiмесi» по­э­м­ алары мен этикалық- философиялық еңбегi «Қарасөздердi» жазды. Ақынның «Қарасөзд­ ерiнде» ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделендi. Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтың жаппай кедей­лен­ iп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкiметi шенеун­ iкт­ ерiнiң шектен шыққан озбырлығы, жергiлiктi болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдiгi болды. Ол өзiнiң өлеңд­ е­рiнде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлт­ iре сынады. Абай қазақ қоғамын ерiнбей еңбек етуге шақырды. Анықта! Өзiнiң кейбiр зам­ андастарының бойындағы жаман мiнездердi – жалқаул­ ықты, еңбексiздiктi, көрсе­ «Хакім Абай» атануының себебі. қызарлықты, алтыбақан алау­ ызд­ ықты, на­данд­ ықты жерiне жеткiзе әшкереледi. Кедейшi­лiктен құт­ ылудың бiр тәсiлi егiншiлiкпен айналысу, қолөнер кәсiбiн және сауда-саттық­жа- сауды үйрену екенiн айтты. Ол былай деп жазды: «Егiннiң ебiн, Сауданың тегiн Үйренiп, ойлап, мал iзде». Оның басқаша ойлауы мүмкiн емес едi. Қазақ даласында жиi бол­ ып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасiретке душар­ ететiн. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бiр-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын едi. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзiмен көрдi. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестерi қайыршылық халге ду- шар болған едi. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткiшке жеттi. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревнялар­ ына жаппай ағылып, болар-болмас 189 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ тиын-тебенге жалданды, үй қыз­метшiлерi, қолбала, Пікірің қажет бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезiп кеткендер Абайдың кедейші­ де көп едi. ліктен құтылудың Абай қазақтың мал өсiрумен қоса сауда жасау­ды, тәсілі жайлы айтқан белгiлi бiр кәс­iп түрiмен шұғылдануды үйрену қажеттiгiне ойымен келісесің баса назар аударды.­Орта Азия тұрғындарының кәсiп бе? Сен қандай жол түрлерiне үлкен iлтипатпен қызыға қар­ ады. Ол былай ұсынар едің? деп жазды: «Ендi қарап тұрсам, сарттың екпеген егiн­ i жоқ, саудагердiң жүрмеген жерi жоқ, қылмаған шеберлiгi жоқ. Өзiм­ енен өзi әуре болып, бiрiменен бiрi ешбiр шаһари (яғни қала адамдар­ ы болып. – авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қа­зақтың өлiсi­нiң ахиреттiгiн (кебiнiн. – авт.), тiрiсiнiң киiмiн сол жетк­ iзiп тұрды». Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрдi, байлардың қа­ра­ пайым халыққа менсiнбей қарауы оның ашу-ызасын келтiрдi. Қо­ғамды прогресшiл түрде дамыту жолдарын үнемi iздестiрiп отырды. Абай ел басқаруға халық үшiн қызмет ететiн, адал адамдар сайлануы­ тиiс деп есептедi. Ол өз төңiрегiндегi адамдардың, жақындары мен шәк­ iрттерiнiң бойындағы өз халқына риясыз берiлу, оның мүд­делерiн қорғау қасиеттерiн қолдап отырды. 4. Абай және халық ағарту iсi. Ұлы ақын жас ұрпақты иман­дылыққа, адамг­ ершiлiкке, ғылым-бiлiм үйренуге шақырды. «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге... Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңiз, Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда, Оған қайғы жесеңiз, Өсек, өтiрiк, мақтаншақ, Ерiншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның бiлсеңiз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл iс көнсеңiз...», – Абай жастардың бойындағы кеселдi кемiстiктердi, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекi надандықты тәрбие және бiлiм беру арқылы жою­ ға үндедi. Ақын ол үшiн қазақ балаларын оқытатын мектептердi көп­ 190 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ теп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Бала­ларды ... мектепке беру керек, олардың Талда бiразын мамандықтың бiр түрiн, бiразын басқа ма­ Абай: «Бес нәрсеге мандықтарды игеруге бағыттау керек. Мек­тептердi асық, бес нәрседен көбейту қажет, оларда тiптi қыздар да оқи­тын қашық бол», – болсын». дейді. Сен оны қалай түсіндің? Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғыл­ ымм­ ен белсене айналысуға үндедi. Әркiмдi өзiн­ iң өткен әр күнiне мiндеттi түрде есеп бе­рiп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды. Абайдың пiкiрiнше, адам болу үшiн оның бойынан үш түрлi фак­тор табылуы тиiс. Бiрiншiден, баланың шыққан тегi жақсы болуы ке­рек,­ екiншiден, оның әлеуметтiк жағдайы немесе қоршаған ортасы­жағымды болуы шарт, үшiншiден, балаға адамгершiлiк тұрғысында тәр­бие берiлуi қажет. Абай парақор билеушiлердi, ашкөз судьяларды, надан молдалар­ ды әшкерелеп отырды. Халықтың игiлiгiне жету жолындағы бұл қыр­ сықты ғылым мен бiлiм арқылы ғана жоюға болады деп есептедi. Ол жастарға үздiксiз еңбек етiп, бiлiм Ойлан! алуды мiндет етiп қойды. Бiлiм алуға жұмылған еңбек әрқашан да жемiстi және iзгiлiктi болатынын­ Абайдың айтқан қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елдi өркениетке пікі­рімен келісесің бе? жеткiзер жалғ­ ыз жол – оқу-бiлiм екенiн көзi қарақты жастарға түсiндiрдi. 5. Абай Құнанбайұлының аудармашылық қызметi. Абай орыс тiлiн тамаша меңгердi. Бұл оған орыс ақыны М. Лер­монтовтің бiрқ­­ атар өлеңiн қазақ тiлiне аударуына мүмкiндiк бердi. Атап айтқанд­ а, Абай М.Ю. Лер­ монтовтің «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитв­ а»), «Қанжар», «Жолғ­ а шықтым бiр жым-жырт түнде жалғ­ ыз», «Жал­ ау» («Жалғыз жалау жал- тылдап»), «Теректiң сыйы» («Асау терек долданып, буырқанып») сияқт­ ы өлеңдерiн аударды. Абай А.С. Пушк­ иннiң «Евге­ний Онегин» дастанының үзiндiлерiн қа­зақы ұғымда жатық Болжам жаса етiп еркiн аударды. Абайдың Татьяна ха­тының­сөзiне шығар­ған «Татьянаның қырдағы әнi» қалың елдiң сү­ Адам болу үшін сен қандай қағиданы йiкт­­ i әнiне айналды. ұстанасың? Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тiлiне аударумен де айна­лысты. Қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының көрнектi жет­ екшiсi Ә. Бөкейхан өзiнiң қазақ даласындағы әртүрлi уездерде­ болған кезiнде ондағы ақындардың Пушкин мен 191 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Лермонтовтің Абай аударған өлеңдерiн жақсы бiлетiнiне, оларды домбырада әнге қосып айта- тынына көз жеткiзiп қайтқанын жазады. Орыс тiлiнен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетiн байыта­ түстi. Абай орыстың ұлы ақындарының көптеген өлеңiн қазақ тi­лiне аударды. 6. Қазақ тарихында Абайдың алатын орны. Абай өз өлең­дерi мен қарасөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмiрiнiң барлық жақтарын ашып көрсеттi. Одан ақыл-кеңес сұраған дала т­ ұрғ­ ындары ағыл­ ып келiп жат- ты. Атап айтқанда, оған Баянауыл ­өлкес­ iн­дегi белгiлi шеж­ iрешi әрi ақын Мәшһ­ үр Жү­сiп Кө­ Абай ұлдары Ақылбай пей­ұ­ лы келiп тұрды. Абай­мен Семейге ­сая­си және Турағұлмен бiрге жер аударылып келгендер де санасатын. Мiне, мұның бәрi патша үкi­метi шенеунiктерi мен олардың жерг­ iл­­ iкт­ i кейбiр итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көреалмаушылық, тiп­тi саяси күдiк туғызды. Ақынның үст­ i­нен өсек айту мен жала жабу әрекетт­ ер­ iн күшейттi. Патша үкi­мет­ iнiң әкiмш­ i­л­ iгi Абайдың соңына шам алып түсiп, аңду орнатты. Тiптi 1903 жылы Семей пол­ ицмейстерi ақынның және оның балаларының үйiне тiнту жүргiздi. Жақын туыстары мен балаларының бiрiн­ ен соң бiрiнiң қазаға ұшырауы, оның үстiне iзiне түсiп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер еттi. Абай өзiнiң ең жақсы көретiн iнiсi Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдiрахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бiр ұлы Мағауия дүниеден өттi. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тидi. Мағауияның өлiм­ iн­ ен кейiн 40 күн өткенде Абайдың өзi де қайтыс болды. Ақын өзiнiң талантты шәкiрттерiн тәрбиелеп өсiрдi. Абайдың iзбасар шәкiрттерi Шәкәрiм, Көкбай, Ақылбай, Кәкiтай және Ма­ғау­ ия болды. Абай көзi тiрiсiнде өзiнiң өлеңдерiн жинаған емес. Олардың әр­қайсысын бiр жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген.­Олар Абайдың өлеңдерiн жаттап алып отырған. Сөйтiп, Абай өлең­де­рi Болжам жаса қазақ даласында ауыздан-ауызға таралып кете барды. Оның өлең­дерi қолдан-қолға көшiрiп алынды. Ондай Неліктен Абай қолжазба көшiрмеге ие болу әрбiр сауатты қазақ үшiн өз шығарма­ ларын жинақ­ зор ғанибет болатын. Кейiнiрек Абайд­ ың туындыларын тамаған? оның ұлы Турағұл жинастыра бастады. Абай өлеңдерiнiң ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкiтайдың 192 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ арқа­сында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбайұлының өлеңд­ ерiн жинауға және бастырып Бағала шығаруға көп күш-жiгер жұмсап, игi ықпал еткен Абайдың ақын, ой- ақын Көкбай Жаңатайұлы болды. Ол өлеңдер белгiлi шыл, қоғам қайрат­ қоғам қайраткерi, Алаш ардагерi Әлихан Бөкейханның кері ретінде қазақ редак­циясымен басылып шықты. тарихында алатын Абай отандық тарихымыз бен әдеб­ иетiмiзде аса орны қандай? көрнектi орын алады. Ол қазақтың ұлттық жазба әде­б­ ие­тiнiң негiзiн қалады. Абай есi­мi дүниежүзi халықтары әдебиетiнде Шекспир, Пушкин, Гете­л­ ер­м­­ ен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бiр халықтың ғана емес, бүкiл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есiмi көптеген елдi мекендер мен көшелерге, Қазақ ұлттық педагогикалық университетiне, Алм­ аты қаласындағы Мемл­ екеттiк академиялық опера және балет театры- на берiлген. Ұлы ақынның құрм­ ет­ iне Қазақстан мен Ресейде және басқа елдерде ескерткiштер орнатылған. Қазақстанның­жоғары оқу орындарында Абай шығарм­ аш­ ылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференция­лар жыл сай­ын өткiзiлiп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылд­ ық мерейтойы 1995 жыл­ ы дүниежүзiлiк ЮНЕСКО көлемiнде аталып өттi. ? 1. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, Абайдың жастарға арнаған­ өсиеттерi туралы шағын әңгiме құрастырыңдар. 2. Қалай ойлайсыңдар, ұлы Абайдың шығармашылығын бүкіл адамзаттың құнды мұрасы деп не себепті айтамыз? Нақты дәләл келтіріңдер. * Ат қою дәстүрі – қазақ халқының жаңа туған балаға ырымдап, жақсы, терең мағыналы есім беруі. Бала кезінде оны еркелетіп басқаша атайтын болған (мысалы, Ибраһим – Абай). Долгополов Нифонт Иванович (1857–1922) – ол Харьков университетiнiң студентi бола жүрiп студенттердiң революциялық шерулерiне белсене қатысқан. Сол үшiн Семейге саяси тұтқын ретiнде жер аударылған. Мұнда ол Абай Құнанбайұлымен жақын танысып, тығыз қарым-қатынаста болған. Северин Гросс (1858 – ө. ж. белгiсiз) – Польшадағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқаны үшiн 1883 жылы Семейге жер аудар­ ылғ­ ан. Семейде жүрген кезiнде ол антропологиямен, этног­ рафиямен және қазақтың әдет-ғұрып құқықтарын зерттеумен айналысқан. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Семей уезiнiң Шыңғыс тауындағы Шыңғыс­бо­лысында дүниеге келген. Халық арасында кеңiнен танылған қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы қайтыс болды. Оның кiтапқа қарап қойылған аты Ибраһим едi. Бiрақ қазақ 13–3467 193 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ даласы оны шешесiнiң еркелетiп қойған атымен Абай атап кеттi. Оны бiз де осылай атап отырмыз. Абай әкесi жағынан­ тобықты руының билеушiлерi ұрпағынан тарайды. Ақынның арғы атасы Ырғызбай тобықтының биi әрi ба- тыры болғ­ ан. Ол ХVII ғасырдың 50-жылдарында Торғай облысындағы Ырғыз өзенiнiң бойында туғандықтан Ырғызбай атаныпты. Ол тобықтылардың руын Түркiстаннан тамаша мал жайылымы бар шұрайлы өлке Шың­ғыс тауына көшiрiп әкелген. Абайдың бабасы Өскенбай өзiнiң туып-өскен даласында әдiл би деген атаққа ие болған. Оған алыс аймақтағы рулардың қазақтары да әдiлдiк iз­деп келедi екен. Абайдың өз әкесi Құнанбайдың тобықтыдан өзге рулард­ ың қазақтарына да ықпалы күштi болған. Мұны Құнанбайдың Қарқара­лы округiне аға сұлтан болып сайлануы да айқын көрсетiп бердi. Ал бұл лауазымды қызмет сұл­тандар әулетiнен шыққандардың ғана құқығы болып табылатын. Құнанбай ғұмырының соңғы кезiнде Меккеге қажылыққа барды. Одан келген соң бұл дүниенiң iсiнен бiржола қол үздi. Мұның өзi оның есiмiн бұрынғыдан да көпке кеңiнен танымал ете түстi». Бөкейхан Ә. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995, 307-бет. 1. Ұлы ақын қай жерде және қашан дүниеге келген едi? 2. Абай Құ­нанбайұлының ататегі кiмдер болған? §53–54. қазақ халқының ауызша тарихи дәстүрі (ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы) Бүгінгі сабағымызда Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Қ. Халид еңбек- терінің тарихи дерек ретінде маңызын анықтаймыз. 1. Жазбаша шежіре дәстүрі. ХІХ ғасырдың екінші Тірек сөздер: жартысынан қазақтың жазба дәстүрі қалыптаса баста- • Шәкәрім Құдай­ ды. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, бердіұлы Құрбанғали Халид сынды ғұлама-ғалымдар ауызша де­ • Мәшһүр Жүсіп ректерді жазбаша түрде жинастырды. Көпейұлы • Құрбанғали Қазақтың көрнекті ақыны, ойшыл, композитор, аудар- Халид машы, Қазақстан тарихын зерттеушілердің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931). Ол ұлы ақын Абайға жақын туыс болып келеді. Жастайынан араб, түрік, парсы, орыс тілдерін жетік меңгерген. Батыс пен Шығыс елдерінің әдебиеттерін те­рең білген. Меккеге қажылыққа барған сапарында Стамбұл мен Па- 194 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ риж кітапханаларынан қазақ халқының тарихына байланысты кітаптар оқыған. Жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын, «Мұсылмандық шарты» еңбегін жазды. Олар 1911–1912 жылдары Орынборда басылып шықты. Шәкәрім шежіресінде қазақты түп тереңінен тара- тып, Орталық Азия халықтарының тарихи жолын тұтас көрсетеді. Жазба деректер молынан пайдаланылған «Шежіренің» қай бөлімінде болмасын дәуір оқиғалары нақты бейнеленген. Шәкәрім Құдайбердіұлы ХІХ ға­ сырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ Шәкәрім халқының өміріндегі оқиғаларға көптеген тарихи, Құдайбердіұлы публицистикалық туындыларын арнады. Ол қазақ халқының, соның ішінде қазақ сұлтандары мен хандар шежіресін жан- жақты зерттеді. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы Шәкәрім «тарихи хикая» деп атаған. Та- рихи дастанда ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ даласы көрініс тапқан. Дастанда екі жастың арасындағы кіршіксіз махаббат, ел ішіндегі озбырлық пен қатыгездік суреттелген. Халықтық шығармаға айналған дастанда өткен дәуірдегі оз­ Ойлан! бырлық пен қатыгез әдет-ғұрып әшкереленеді. Ер­ кіндікті көздеген халық мұраты бейнеленген. Шәкәрімнің саяси,­ азам­ аттық тұлға- Шәкәрім демократиялық, халықтық, гуманистік- сының қалыпта- ағартушылық бағыт ұстанды. Оның идеялары ХІХ суына не әсер етті? ғасырдың соңындағы озат ойлы қазақ зиялыларым­ ен үндес келеді. Шәкәрім қазақ поэзиясының фи­ло­ софиялық саласын дамытты. Ол халықты адам­гершілік ақ жолға, өнер- білімге шақырды. Қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдеб­ иеті мен мәдениетін зерттеушілердің бірі Құрб­ анғали Халид (1843–1913). Құрбанғалидың әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған. Жас кезінде Құрбанғали Абдулхақ деген­кісінің мед­ рес­ есінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс Бағала алған. Татар және қазақ тіліне қоса араб, парсы, түрік т.б. түркі тілдерін жетік меңгерген. Шәуешекке Қ. Халид еңбек- көш­ іп барған соң өзі де медресе ашып, татар, араб терінің құндылығы неде деп ойлайсың? тілдерінен дәріс берген. Ол қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы және Қазанда жарық көрген «Жарида» («Жаңа тарихи жазбалар», 1889), «Тауа- 195 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ рих хамса» («Бес шығыс халқы тарихының очерктері», 1910) атты тарихи- этнографиялық зерттеулердің авторы ретінде белгілі. Бұл еңбектерде қазақтың шығу тегі, Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуы, қазақ халқының хан, сұлтандары, батырлары мен би-болыстары, атақты ақын- жыраулары туралы айтылады. «Тауарих хамса» еңбегінде шығыстың бес елі, соның қатарында қазақ халқының тарихын толық қамтуға тырысқан. Өз мүмкіндігіне қарай жан-жақты ғылыми талдау жасауға, қазақ жайындағы басқа тарихта баяндалған қате-кемшіліктерді түзетуге тырысқан. Әсіресе «қазақ» атауына дәйекті түрде түсіндірме берген. Құрбанғали Халид Ресей аумағында жарық көрген басылымдар мен кітап-газеттерді алдырып тұрған. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуге ерекше мән берген. Хандардың тарихын көп зерделеп, далалықтардың салт-дәстүрі мен діни наным-сенімдерін айшықтаған. Ұлттық дәстүрлі киім-кешек пен үй жабдықтарын, көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін терең ашып көрсеткен. Құрбанғали Халидтің еңбектері ХVІІІ–ХІХ ғас­ ырлардағы қазақ халқының тарихын зерттеуде құнды дерек саналады. 2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858–1931) – қа­зақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, энцик­ ло­педист-ғалымы. Ол дала тұрғындары үшін дана да қасиетті адам саналды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Баянауыл сыртқ­ ы округінің Қызылтау тауының етег­ інде ор­ наласқан «Ашамайтас» елді мек­ ен­ інде дүн­ иеге кел- ген. Ата-ана­сын­ ың азан шақырып қойған есімі Адам Жүсіп. Ол 9 жас­қа толғанда аға сұлтан Мұса Шорма- нов халық аңыздары мен дастан, поэмаларын жатқа айтқаны үшін «Мәшһүр» атандырады. «Мәшһүр» сөзі М. Ж. Көпейұлы араб тілінен аударғанда «атақты», «даңқты», «бел­ гілі» ұғымын біл­діреді. Ол осы Мәшһүр Жүсіп есімімен ха­лық арасында кең танылды. 1861 жылы алапат жұт кезінде оның от­басы бар Ойыңмен бөліс малынан айырылады. Сол кезд­ е Мәшһүр Жүсіптің әкесі: «Адамның ті­регі мал емес, білім!» – деп, ба- Мәшһүр Жүсіптің ласын сауат ашуға медресеге бе­реді. Мәшһүр Жүсіп әкесінің ұстанымы­ мен келісесің бе? 1872–1874 жылдары Бұхарадағы Көкілташ медр­ е­ сес­ інде оқып, араб, парсы және шағатай тілдерін меңгеріп алады. 196 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Мәшһүр Жүсіп философия, медицина, астрономия, геология, геогра- фия, этнография, фолькл­ ор, лингвистика, педагогика т.б. ғылымдарды зерттеумен белсене айналысты. Діни зерттеулер де жүргізді. Даланың бай мәдениеті жайлы, қазақ халқының тарихы мен діни наным-сенімі туралы материалдар жинастырды. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен Мәшһүр Жүсіп бала кезінен айналысты. 1865 жылы ұстазы Қамар хазіреттің көмегімен «Ер Ол- жабай батыр» эпосын жазып алды. Бозбала шағында Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр және т.б. тарихи тұлғалар туралы мағлұматтар жинас­ тырды. Ол Омбы, Павлодар, Семей, Петр­ опавл, Атбасар, Ақмола қалалары төңірегіндегі және басқа өл­келердегі ауылдарда болды. Оңтүстік және Ба- тыс Қазақстан аумағын тү­гелдей дерлік аралап шықты. Бұл сапарларының барысында қазақ даласының әйгілі тұлғалары, атап айтқанда, Мейрам қажы Жанайдарұлы, Кенесары ханның ұрпақтарымен және Ақан сері, Саққұлақ билермен танысты. Ел арасынан жинаған материалдары бүгінде ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдар, тарихшылар мен филологтар үшін бағалы еңбек болып табылады. Мәшһүр Жүсіп білікті өлкетанушы да еді. Ол халықтың әйгілі жырауы Бұқар Қалқаманұлының жерленген жерін тауып, анықтады. Мәшһүр Жүсіптің қажырлы ізденушілік еңбегінің арқасында ұлағатты сөздер, тарихи аңыздар, этнографиялық мәліметтер, хан, сұлтан, би, батыр, қожалардың шығу тегі жайлы құнды деректер жинастырылды. Ол Орталық Азияның тарихына қатысты деректерді түпнұсқ­ асынан оқи алды. Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының тарихын көрнекті тұлғалар өмі­рімен байланыстыра жазады. Мәселен, Абылай ханға «Ұлы Даланың айбын­ды билеушісі» ретінде баға береді. Ақын қазақ халқының ең шұрайлы жері Рес­ ейдің еуро­пал­ ық бөлі- гінен қоныс аударылған шаруал­ арға тартып алынып бер­ ілуіне қарсы тұрды. 1907 жылы Қазан қаласында үш кітабы жар­ ық көрді. Соның бірі «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабында ав­тор тарихи деректер негізінде Дала өлкесінің байырғы тұрғындар қаз­ ақтарға тиесілі екендігін дәлелдеп шыққан. Патшалық билік өкілдері бұл кітаптың барлық таралымын жойып жіберді. Ал ақын­ның өзін саяси сенімсіздер тізіміне енгізді. Басқа кітаптарында ақын сөз бостандығы мен халық ағарту ісі мәселелерін көтерді. Мәшһүр Жүсіп халық 1880 жылдан «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлая­ ауыз әдебиеті үлгілерін ты» газеттері мен «Айқын» журналында мақа­ла­лар жинау мен ғылымды жариялай бастады. Оның шығармалары патша цен- дамытуға қандай үлес зурасы тарапынан аса қауіпті деп есептеліп, ақын қосты? 197 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ саяси қудалауға ұшырады. Ол өзі туып-өскен Баянауыл Талда жерінен кетіп, өзге өңірде өмір сүруге мәж­бүр болды. Мәшһүр Жүсіп Мәшһүр Жүсіп дінге адал берілген адам еді. Өз Көпейұлының өлеңдерінде шала-сауатты молдаларды қатаң сы­наға­ сенімсіздер тізі- нымен, қазақ халқы арасында ислам ді­нін кеңінен міне енуіне не нас­ и­хаттады. Халық оны сәуегей, көріпкел деп санап, әсер етті? құр­м­ ет тұтты. Мәселен, ақын тірі кезінде қайтыс болар кү­ніне дейін біліп, алдын ала ас бергізген, шағын ке- сене тұрғызған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да Мәшһүр Жүсіпті қасиетті санаған. Ел аузында айтылатын бір аңыз әңгіме бойынша Абай Мәшһүр Жүсіптен: «Егер сен данышпан болатын болсаң, Құдай қайда екенін айтшы?!» – деп сұрапты. Сонда ақын: «Құдай жүрегіңде», – деп жауап қайтарыпты дейді. Абайдың ұлы Әбдірахман да Мәшһүр Жүсіптің асқан бі­лім­дарлығына тәнті болып: «Бұл ғаламда ол білмейтін дүние жоқ!» деген сөз қал­ дырыпты. Атақты балуан Қажымұқан ақынмен бірнеше рет жолығып, әр кездескен сайын оның батасын алған. Мәшһүр Жүсіп ұлы Жаратушыға сенді, өзінің ойы мен ісін пара­ саттылық, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерге негіздеді. Өз халқын оқу-білімге, рухани тазаруға, адамгершілікке шақырды. Ақын қазіргі «Мәдени мұра» бағдарламасын алдын ала болжап, бізден жүз жыл бұрын жүзеге асыра бастаған. Ол ата тарихымызбен біте қайнасып келе жатқан рухани құндылығымыздың жоғалып кетпей, сақталып қалуына көп көмегін тигізді. Ақынның ондаған жылдар бойы талмай ізденіп, жазған мақалалары мен материалдары бүгінде 20 том болып басылып шықты. Қазақ халқы Мәшһүр Жүсіп әділдік, адалдық, дана­лық пен адамгер­ шіліктің жарқын үлгісі болып қала бермек. Ол өз ұлтына адал қызмет етті. Оның өмірі мен шығармашылық жол­ ы бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге болып саналады. ? 1. Та­қыр­ ып деректеріне сүйене отырып, М.Ж. Көпейұлын ағартушы деп баға­ лауға бола ма? 2. Тақ­ ыр­ ыптың мәтіні арқылы Мәшһүр Жүсіптің мұсылмандық және жал­пыа­ дам­заттық құндылықтардың жақтаушысы болғанын дәлелд­­ еңд­­ ер. 3. Кестені толтырыңдар. Ағартушылар Туған Еңбектері Зерттеген Жетістіктері жері салалары Шәкәрім Құдайбердіұлы Құрбанғали Халид Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 198 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ * Шағатай тілі – бүгінде қолданыстан қалған, ортағасырлық түркі тілі. Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869–1895) – Абайдың Ділдәдан туған ба­ласы. 1889 жылы Түмен қаласындағы Александров реалдық учи­лищ­ есін, 1892 жылы Санкт-Петербург артиллерия училищесін бітірген. «Біздің қазақ бұл Сарыарқаға келіп, ие болған. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп ие бол­ған жоқ. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен», ... Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында қалмақпен алысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаз­да­ры жау жолында оққа ұшып, өлгені өліп, қалғаны қалып, сөйтіп ал­ған жер еді... Мен бұл қасіретті жылдарды ата-бабамыздың неге құрбан бол­ған­ ын ұмытпау үшін еске алып жүремін. Олар бізге осы жерді мұраға қалдыру үшін өз жан- дарын аямады...» Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. Павлодар, «Эко» ғөф, 2006, 8-т., 264–272-беттер. 1. Сарыарқа жеріне иелік ету қандай тарихи маңызы бар шайқастар нәтижесінде мүмкін болды? 2. Автордың айтқан пікірі, көзқарасымен келісесің бе? 199 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Алтыншы бөлімді қайталау-пысықтау тапсырмалары 1. Төменде келтірілген деректердің суреттегі қай тарихи тұлғаға қатысты еке­нін анықтаңдар. 1. «Шығыстану ғылымының аққан жұлдызы». 2. «Ескендір» поэмасының авторы. 3. 1841 жылы алғашқы зайырлы мектеп ашты. 4. «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясының» авторы. 5. Абылайдың ұрпағы. 6. 1868 жылғы сайлау тәртібін бұзды деген айып тағылды. 7. Шын есімі – Ибраһим. 8. 1995 жылы 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. 9. 1864 жылы қазақ балаларына арналған мектеп-интернат ашты. 10. Қашғарияға саяхат жасады. 2. ХІХ ғасырдағы мәдениетке қатысты үш тарихи тұлғаны жазып, оларға баға беріңдер. Тарихи тұлға Өмір сүрген Еңбегі Тарихи маңызы жылдары 3. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид еңбек­ терінің тарихи құндылығы неде? 200 *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook