Н.Қ. Мұқанова Л.С. Айтбаева Д ниетану
Шартты белгілер: Жаңылтпаш Түйін сөз Есте сақта! Ой-толғау Сен білесің бе? Шығармашылық Ойсергек Қызықты деректер тапсырма Мақал-мәтел Жұмбақ Мұқанова Н.Қ., Айтбаева Л.С. Дүниетану. Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған көмекші оқу құралы./ Мұқанова Н.Қ., Айтбаева Л.С. – Астана, «ӘлНаир» баспа- сы, 2017. – 76 бет. Көмекші оқу құралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, айналадағы заттар мен құбылыстардың табиғатымен тереңірек танысуға, шығармашылық дамуына көмектеседі. Көмекші оқу құралы ата-аналар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған. © Н.Қ. Мұқанова, Л.С. Айтбаева, 2017 © «ӘлНаир» баспасы, 2017
Кіріспе Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жай- лы түсiнiк беретiнiн ескерсек, «табиғат» туралы көптеген дәлелдер айта беруге бо- лады. Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жерді сүюден басталады. Дүниетану пәнінен көмекші оқу құралы «Адам» және «Табиғат» тарауларын қамтиды. Оқушылар адам туралы, қарым- қатынас, өмір қауіпсіздігі ережелері туралы, табиғаттың жеке бөлшектерiнiң жағдайын, табиғаттың маусымға байланысты өзгерiсi мен оның себептерiн, тiрi табиғат пен өлi табиғат арасындағы қарым-қатынас, адам әрекетiнiң табиғатқа жасайтын ықпалы, қоршаған табиғат жайлы жалпылай мағлұмат алады. Көмекші оқу құралының мақсаты: – оқушыларда адамды қоршаған әлеуметтік, мәдени және нақты орта туралы білім жүйесін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибе туралы түсінігін, қоршаған ортада тиімді қарым-қатынас ережелерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру; – оқушылардың дүниетану пәнінен алған білімдерін бекіту, өмірде қолдана білуге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Бұл арқылы оқушылар объективті дүниемен танысады, мектепте алған білімдерін бекітеді, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады. Дүниетану пәнінен 2-сыныпқа арналған көмекші құрал тіл кедергілерін жоюға көмектесетін, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулитын, ата- аналарға үй тапсырмасын орындатуға көмек, нұсқау беретін материалдармен мазмұнды. Бастауыш сынып оқушыларының зейін және қабылдау мүмкіндігі ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік құралда баланы ойната отырып, ойландыра білетін тапсырмалар деңгейі мол. «Ойсергек» жаттығулары ал- дын ала оқушыға оқу материалының не жайында екенінен мағлұмат беріп, қызығушылығын тудырады. «Есте сақта» айдарымен оқушыларға оқулықтан тыс қызықты мәліметтер берілді. Көмекші құралдың ғылыми негізі теориялық және практикалық құндылығымен ерекшеленеді, бағдарламаға сәйкес алынған тақырыптарға кең көлемді түсінік беріледі. Мәтіндер бірінші сыныпта алған білімдерін жалғастыруға, оны тереңдетуге, кеңейтуге бағытталған. Көмекші құрал оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дидактиканың «жеңілден ауырға», «қарапайымнан күрделіге» принциптеріне негізделіп оты- рып құрастырылған. Үш тілде оқыту идеясы сөздік түрінде берілуі, мәтіндерге иллюстрациялар есте сақтау қабілеттерінің артуына көмектеседі. Дүниетану пәнінен көмекші құрал мазмұны әр тарау, тақырып бойынша қызықты деректер, мәтіндер, өлең, жұмбақ, ойын, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды қамтыған. Пәнаралық кіріктіру мақсаты жүзеге асқан. Оқушы- лар қоршаған орта, қоғам туралы мағлұмат қана алып қоймай, ойлау, тұжырым жасау қабілеттері, ауызекі сөйлеу тілдері дамиды, сөздік қорлары молаяды. 3
Адам өміріне не қажет? Балалар, сендер білесіңдер ме, ең алғаш пайда болған ғылым ол – дүниетану. Себебі, өте ерте заманнан алғашқы адамдар жабайы табиғатта өмір сүруі үшін табиғат сырын жақсы білулері қажет болған. Алғашқы адамдар өзіне қажеттінің бәрін жылу, жарық, су, қоректерін табиғаттан алған. • Табиғат дегеніміз не? • Адамның қажеттіліктерін естеріңе түсіріңдер. Табиғат – Природа – Nature Табиғат – бізді қоршаған орта. Адам – табиғаттың бір бөлігі. Табиғатта сезім бар, құлақ та бар, Ренжітсең, күрсініп жылап та алар. Аяласаң, жаныңа шуақ тамар, Қажығанда бойыңа қуат болар. Бар ма, жоқ па оны білмейсің, Ол жоқ болса өмір сүріп жүрмейсің. 4
Өлеңді қажетті сөздермен толықтырып, оқыңдар: Табиғатпен дос болам Жолдың бойын көмкерген, ............. бақ, ......... тоған. Дос боламын өлкеммен, .................. дос болам. Адам тіршілігіне ең қажет заттарды сызбамен көр- сетіңдер. Сендердің басқа қандай қажеттіліктерің бар? Олар сендерге не үшін қажет? Суреттерге сүйеніп әңгімелеп беріңдер. 5
Адам өз өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады? Армысың, қайырымды Жер ана! Армысың, мөлдір таза су! Армысың, шұғылалы Алтын күн! Армысың, мейірімді Аспан ата! Балалар, жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі – Күн. Ол бізге не үшін керек? Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта, оған аспан, күн, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер жатады. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т.б жатады. Олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ. Тірі және өлі табиғатты бейнелейтін суреттер салыңдар. Тірі табиғат Өлі табиғат 6
Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы Күн: Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды, нұрымды төгемін. Егер мен болмасам, табиғат та болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін! Су: Мен мөп-мөлдір, тап-таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам, осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін! Гүл: Мен әсем гүлмін! Егер мен болмасам, жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана. Ауа: Мен таза ауамын! Егер мен болмасам, ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін. Адам: Мен – дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де, киесі де менмін. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Адам өз қажетінің бəрін табиғаттан алады. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Табиғатқа сендер қандай қамқорлық көрсетесіңдер? Суреттерден қандай ой түйдіңдер? – Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет! – Ағаш, көлеңкең үшін рахмет! – Жер, саған жомарттығың үшін рахмет! – Таза ауа, саған рахмет! – Табиғат, сұлулығың үшін рахмет! 7
Адам үй салу үшін құрылыс материалдарын табиғаттан алады. Адамға үй салу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Адам тамағын да, киімін де табиғаттан алады. Киімді адамдар неден даярлайды? Қоршаған дүние Табиғат Адам жасаған заттар тірі өлі туады, тастар, жұлдыз- қоректенеді, дар, планеталар, ауа, су, пайдалы өседі, көбейеді, қазбалар, бұлттар, өледі кемпірқосақ, өсімдіктер т.с.с. жануарлар адамдар 8
Адам және айналадағы дүние Табиғат құбылыстарын атаңдар. Табиғаттағы өзгерістерге сай адам еңбегі қалай өзгереді? Құбылыс – Явление – Рhenomenon Суреттерден табиғат құбылыстары мен адам қолымен жасалған заттарды табыңдар. Табиғат құбылыстары деп табиғатта болатын өзгерістерді айтамыз. Мысалы: жаңбырдың жаууы, боран соғу, қар жауу, найзағай ойнау. Табиғат құбылыстарын адам өз қажеттілігіне бейімдей алады. Ақ түсті, Көк түсті, От түсті, Тот түсті Төрт түсті жер үсті. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. Арыстан ақырады, Орман жарқырады. 9
Сұрақтар: болатынын естеріңе 1. Жылдың қай мезгілінде қандай табиғат өзгерістері түсіріңдер. 2. Сендерге қандай табиғат құбылысы ұнайды? Неліктен? Адам қоршаған айналадағы дүниемен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қажет. Өмір қауіпсіздігі – адамның өз қолында! Сендер жол жүру ережесін сақтайсыңдар ма? ЖОЛ ТӘРТІБІН БІЛЕЙІК, АМАН ЕСЕН ЖҮРЕЙІК! Адам өміріне қауіпті жағдайлардан қалай сақтанасыңдар? Суреттер бойынша үйлеріңдегі қауіпсіздік ережесін құрыңдар. 10
Достарыңмен жүргенде, «Үйде кісі бар ма?» – деп, Байқап қалсаң егер де, Сұрай қалса егерде. От жалынын шыққанын, «Әкем бар, ол төр үйде», Түтін бірге ілесе. 102-ні тер лезде. Жалғыз қалсаң сен үйде, Ата, әжең кенеттен Ата-анаң кетіп жұмысқа. Науқастанса егерде Бөтен біреу есікке, 103 санын тер-дағы Жақын келсе, сен байқа! Жедел жәрдем шақыр сен. Үлкен қауіп төнгені, Сергек болсаң сен егер, Тез қимылдау керек-ақ. Газ иісін үйіңде. 101 санын тер лезде, Терезе мен есіктің, Көмекке сен де қал жарап. Бәрін ашқын бөгелме. Шыға бере ұмытпа, Көршіге айт ұмытпасын. 104 саны арқылы, Газ қызметін шақырсын. Табиғат құбылыстарына қарай ауа райын болжау: 1. Ай шалқасынан туса, ауа райы қолайсыз болады. 2. Жауын-шашын жұма күні басталса, келесі жұмаға дейін созылады. 3. Қызара батқан күн – желдің, ашық сары болып батқан күн – жаңбырдың белгісі. 4. Желсіз күні түтін жерге қарай шалқыса, бұдан соң қыс күні қар, жаз күні жаңбыр күт. 5. Тұман жер бауырлап құласа – ашық күннің хабары. 6. Ірі-ірі жаңбыр тамшысы жауын-шашында дымқыл күннің ұзақ тұратындығын білдіреді. 7. Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады. 8. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады. 9. Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады. 10. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса, күн жылынады. 11. Жаз айында аңызақ ыстық болса, ол қыста қатты аяз болатындығының белгісі. 11
Адам еңбегімен қадірлі • Қандай мамандықтарды білесіңдер? • Ата-аналарыңның жұмыс орнында болып көрдіңдер ме? Мамандық – Специальность – Рrofession Суреттегі мамандықтар жайлы сөйлем құраңдар. Мамандық – адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Кез келген еңбек мамандық емес. Мамандық алу үшін адам арнайы білім алуы қажет. Адам үшін әр мамандық маңызды. («Балдыр ан»журналынан) 1) Арқан байлап беліне, 3) Темір құсты алып батпан Шымырлықпен бекіне. Көк аспанда қалықтатқан. Өрмелейтін қай өрен, Ағаларды кім дейді? Шыңның шырқау шегіне? Алдымен тез тауыл мақтан. 2) Алатаяқ ұстаған, 4) Электр шамды біліпті, Жол тәртібін нұсқаған. Үйге әкеліп іліпті. Өміріңді күзеткен, Шуда жіпті байлапты, Ысқырығы күшті адам. Жанады деп ойлапты. Мәтінді түсініп оқып, қорытынды жасаңдар. Екі соқа Бір зауытта бір кесек темірден екі соқа істеліп шықты, олардың біреуі кешікпей егіншінің қолына түсіп, жер жырта бастады. Біреуі ешбір кәсіпсіз дүкенде жатты. Егіншінің қолындағы соқа жер жыртқаннан ағарып, күмісше жылтырап тұрды, дүкендегі соқа тот басып, қарайып жат- 12
ты. Бірнеше уақыт өткен соң екі соқа жолығысты. Сонда дүкендегі соқа егіншідегі соқадан сұрады: – Не себепті сен мұнша жалтырайсың? – деп. – Жұмыс қылып мехнаттанғаннан. Егер сен де еңбектенсең, мендей жарқырап тұрар едің, – деді. Әр мамандық иесіне анықтама беріңдер. Еңбек етсең Салақ болсаң жасыңнан, Шыбын кетпес қасыңнан. Таза болсаң жасыңнан, Сабын қалмас қасыңнан. Жалқау болсаң жасыңнан, Ұйқы қалмас қасыңнан Еңбек сүйсең табылар, Бар жақсылық қасыңнан. (Н.Жанаев) Мына құралдар қай мамандық иесіне тиесілі? Сәйкестендіріңдер. Тігіншіні инесі асырайды. Еңбек етпеген ішіп-жемейді. Оқу – инемен құдық қазғандай. 13
Ал, сен қалай еңбектенесің, жас дос? Ойлан тап. «Қай мамандық иесі?» – Тарағы бар қолында, Кімді айттым ойымда? – Қалағы бар қолында, Кімді айттым ойымда? – Ожауы бар қолында, Кімді айттым ойымда? – Күрегі бар қолында, Кімді айттым ойымда? Жас дос, болашақта сен қандай мамандық иесі болғанды қалайсың? Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Дәрігер Ұшқыш Ақ халатты киемін, Ар-намысын сақтаған Аппақ болып жүремін Жүректе сыр жаттаған Аппақ болып жүргенді Жан тәнімен сақтаған Өзім жақсы сүйемін. Ұшқыш болғым келеді «Дәрігерлік» мен деймін, Кәрі әжемді емдеймін, Мұғалім Көп-көп ішіп дәріні, Мен үлкейіп өсіп толамын «Кәрілікті жең» деймін. Сонда өзіміздің осы ауылдың Бөбектерін оқытып, үйретіп Инженер Мұғалима боламын. Мен инженер боламын Жерден алтын табамын Агроном Жолын қуған әйгілі Нан беретін баршаға Академик ағаның Жер маманы болам мен Барып жүріп мектепке Ақын Агроном ағаммен. Ал мен ақын боламын Сусылдаған қаламын Адамдардың жүрегін Жырмен жаулап аламын 14
Нан – тамақтың атасы • Адамға тамақтану не үшін қажет? • Нан туралы не білесіңдер? • Нанның дастарханға қалай келетінін суреттер бойынша әңгіме- леңдер. Диқан – Фермер – Farmer Наубайхана – Пекарня – Bakery Нан – қасиетті тағам Кейбір балалар нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастай- ды. Бұл дұрыс емес, нан еңбекпен табылады. Диқандар көктемде жер- ге тұқым себеді. Одан егін өніп шығады, оны жаз бойы күтіп-баптайды. Күзде астықты комбайнмен орып алады. Жүргізушілер машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Мұның бәрі – адамдардың еңбегі. Нан – адамның өмірі. Нанға байланысты тыйым сөздер • Нанды бір қолмен үзуге болмайды. • Нанды аяқ астына тастама! 15
Нанның құрамында адам ағзасына қажетті заттар мен дәрумендер бар. Бос орындағы сөздерді табыңдар: – .......... дәмді тоқаштар пісіреді. – ......... егін егеді. – Астық сақтайтын орын –....... – Ұн тартатын құрал – ................. Тапсырма Нанды үйде пісіру жолын үлкендердің көмегімен әңгімелеңдер. Нан – ардақты адал ас Кәрі, жас одан аттамас. Ақ дастарқан үстінде Қол жумай оны ұстамас. 16
Ұзын мұртты сарылар, Еңбектің наны тәтті, Қойнында наны бар. Жалқаудың жаны тәтті. Үсті тас, асты тас Нан – тамақтың атасы, Ортасында піскен ас Ынтымақ – көптің батасы. («Балалар а базарлы » кітабынан) Ұннан жасалатын қандай тамақ түрлерін білесіңдер? Мақалды аяқтаңдар: 1. Қоныс көркі – там, Дастарқан көркі – ..... 2. Дастарқанында наны жоқтың Тамағының .... жоқ. 3. Нан болса, ..... болады. 4. Тістем нанның қадірін, Тарыққанда ..... 5. Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса ..... Бос орынға мамандық иелерін жазыңдар. ... жер жыртады, бидай тұқымын себеді. ... оны суарады. ... піскен егінді жинайды. ... бидайды диірменге тасиды. ... ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. ... ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. ... нанды халыққа сатады. Керекті сөздер: диқаншы, тракторшы, жүргізуші, комбайншы, диір- менші, наубайшы, сатушы. 17
Сыйға – сый • Адам өмір сүруі үшін не қажет? • Табиғат пен адам арасында қандай байланыс бар ? Сый – Подарок – Gift Еңбек – Труд – Labor Адам табиғаттан не алатынын суреттер бойынша әңгімелеңдер. Сыйға – сый Адамға білім де, дұрыс тамақтану да, жақсы киіну де, тіпті көтеріңкі көңіл күй де керек. Осылардың бәрін ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен, айналадағы дүние өзінің барын адамға сый етіп бере бермейді. Себебі, айналадағы дүние көп нәрсеге мұқтаж. Өсімдіктер, жануарлар барлығы адамның көмегін қажет етеді. Адам табиғатқа қамқорлық жасаса, табиғаттан қажетін ала алады. Ол үшін көп еңбек ету керек. («Бала би» журналы) Бос орындағы сөзді табыңдар: Ара адамға ... береді Жылқы адамға ... береді. Адам күннен ... алады. Адам табиғаттан ... алады. Таза болса табиғат, Аман болар адамзат. Орманға сен қалай қарасаң, Орман саған солай қарайды. 18
Өлеңді жаттап алыңдар. Ара тынбайды, Ұшып зырлайды. Шарлап қырларды, Шырын жинайды. Гүлдер өсірсең, Балын сыйлайды. Таңмен көзін ашады, Еңбек етпеген ішіп-жемейді. Әлемге нұрын шашады. Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам. («Тәрбие хрестоматиясы») Табиғат адамға тағы қандай сыйын береді? Сендер табиғатқа қандай қамқорлық жасар едіңдер? Сызбаны толтырыңдар. Табиғат Мен 19
Мен және басқалар. Әдептілік • Өз отбасыларың туралы мәтін құрастырыңдар. • Сыйластық деген не ? Кешірім – Прощение – Forgiveness Сыйластық – Уважение – Respect Суреттерді пайдаланып, жанұя сыйластығы туралы әңгімелеңдер. Адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас, жүріс-тұрыс ережесі – әдептілік деп аталады. Отбасы – әр адамның шағын отаны. Отбасында адам өсіп-өніп, тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы, үлкен- дерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында болады. Отбасында сүйіспеншілік пен сыйлас- тық болу керек. Бос орындағы сөздерді табыңдар: Сыйласаң – сыйлы ... Қартқа құрмет – балаға ... Сыйлап берген су да ... Әжеден ақыл, анадан ... Сөздерді қай кезде қолданамыз? Сәйкестендіріңдер. Сәлеметсіз бе! Алғыс айтқанда 20
Сау болыңыз! Өтінгенде Рақмет! Кешірім сұрағанда Кешіріңіз Амандасқанда Өтінемін Қоштасқанда Адам – сыйлағанның құлы. (« аза ты ма ал-мәтелдері») Мен – апамның ай мен күні Апам мені: «Айым!» — дейді, Мен мұңайсам, уайым жейді. Апам мені: «Күнім!» — дейді, Мен қуансам, күлімдейді. (Б.Серікбаев) Сендерді үйлеріңде ата-әже, әке-шешелерің қалай еркелетеді? Мектепке біз барғанда Жолыққан бар жандарға Ақ ниетпен пейілмен, Қайырлы таң! – дейміз біз Күндіз де елді елейміз Қайырлы күн! – тілейміз. 21
Көкжиек және көкжиек сызығы. Тұсбағар • Көкжиек туралы не білесіңдер? Көкжиек – Горизонт – Нorizon Балалар, сендер ашық алаңқайда немесе егіс даласында болып көрдіңдер ме? Төмендегі суреттерге мұқият қараңдаршы. Тегіс жерде жай көзбен қарағанда көз жеткен жерді «көкжиек» деп атайды. Жан- жағымызға қарасақ, аспан төңкерілген кесе сияқты болып көрінеді. Аспан мен жердің бізге қосылып кеткендей көрінген сызығы «көкжиек сызығы» деп аталады. Біз орманды жерде көкжиек сызығын көре аламыз ба? Неге? Қалай ойлайсыңдар, адам көкжиек сызығына жете ала ма? Көкжиектің тұстарын еске түсіріңдер. Тұстарды білу не үшін қажет? Көкжиектің тұстарын анықтайтын құрал – тұсбағар. 22
Адассаң қапылыста. Дәл сiлтер Көрсетiп жолыңды, Шығысқа, Батысқа. («Ж мба тар әлемі») Тұсбағармен жұмыс істеу ережесі Тұсбағарды тегіс жерге не алақанымыз- ға қозғамай қою керек. Оның көк ұшы сол- түстікті, қызыл ұшы оңтүстікті көрсетеді. Тұсбағардың көк ұшын «С» әріпіне жет- кенше бұру керек. Ертеде ата-бабаларымыз тұсбағарсыз- ақ жол таба білген. Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ағаштардың бұтақтары мен жапырақтары оңтүстік жағында қалың және ұзын болып келеді. Тұсбағардың көмегімен бөлме есігінің, шкафтың қай тұста орналасқанын анықтап көріңдер. • Адам тегіс жерде өз айналасының 4–5 км, ал 20 метр биіктен 16 км-ге дейінгі жерді көреді. • Магнитті тұсбағар бұдан 4000 жыл бұрын Қытайда ойлап шығарылған. 23
Сурет және сұлба • Балалар, сурет дегеніміз не? • Сурет салғанда заттардың көлемін неге кішірейтеміз? • Нелердің суретін көріп отырсыңдар? Бұл – заттардың суреті. Заттардың суретін салғанда біз олардың көлемін кішірейтеміз. Енді осы заттарға үстінен қарап көрейікші. Сұлба – заттың үстінен қарағандағы көрінісі. Мысалы, сендер өшіргіштеріңнің сұлбасын сызғыларың келді. Ол үшін: – Өшіргішті қағаз бетіне қоямыз. – Қарындашпен айналдыра сызамыз. – Өшіргіштің сұлбасы шықты. Масштаб – белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін сан. Заттың сұлбасын салу үшін масштаб қолданамыз. Сендер енді сурет пен сұлбаны ажырата алатын болдыңдар. Дәптерле- ріңе өздерің сабаққа даярланатын үстелдің, өз бөлмелеріңдегі заттардың сұлбасын сызып көріңдер. Сұлба сызу үшін масштаб қолданатынын ұмытпағайсыңдар! Іске сәт! 24
Жергілікті жердің сұлбасы • Балалар, сурет пен сұлбаның қандай айырмашылығы бар? • Масштаб не үшін қажет екенін естеріңе түсіріңдер. Сендер достарыңмен не отбасыларыңмен қала, ауыл сыртына саяхатқа шыққыларың келді. Саяхатқа баратын жерді жақсы білулерің үшін, адасып кетпес үшін сендер сол жердің сұлбасын жақсы білулерің керек. Саяхатшы жергілікті жердің сұлбасына қарап, өзіне қолайлы және қауіпсіз жерді таңдай алады. Жергілікті жердің сұлбасы – масштабпен кішірейтіліп берілген жер бетінің бейнесі. Жергілікті жерді с лбасын сыз анда масштаб олданылады. Өзен, көл, көпір, орман, темір жол шартты белгілермен белгіленеді. Балалар, берілген суреттегі жергілікті жердің сұлбасынан белгіленбеген шартты белгілерді тауып, белгілеңдер. Өздерің тұратын ауланың суреті мен сұлбасын сызып, салыстырыңдар. Сурет Сұлба 25
Ауа. Ауаның қасиеті • Ауыздарыңды жауып, мұрындарыңды қысып, іштеріңнен санап көріңдерші. Ұзаққа шыдай аласыңдар ма? • Адам ауасыз қанша уақытқа шыдай алады деп ойлайсыңдар? Ауа – Воздух – Аir Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. («101 ж мба » кітабынан) Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сендер оны көрмейсіңдер, бірақ маңайында екенін сезесіңдер. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресіңдер. Оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесіңдер. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсыңдар. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Ол не деп ойлайсыңдар? Аңдардың жүндері- нің арасындағы ауа оларды қыста суық- тан қорғайды. Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа – газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де болмайды. Ауа – мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа – иіссіз. Ауа – серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолымызбен қысамыз. Бүйірі қабысады. 26
Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсек, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған – ауа. – Ауыздарыңды жауып, танауларыңды қысып, іштеріңнен санаңдар. Сонда адамға демалу үшін не қажет? – Ауа. – Ыстықтап терледіңдер, салқындау үшін желпіндіңдер. Сендер ауаны сезесіңдер. Екі қолдарыңды екі жаққа созыңдар, суда жүргендей жүзіңдер, ауа мұхитында жүзіп жүрсіңдер, ол бізді қоршап тұр. Сонда ол адам, өсімдік, жануарлар үшін қажет. Ауаны көреміз бе? – Жоқ. Неге? – Себебі ол – түссіз. – Шар үрлейміз. Оның ішіне не толды? – Ауа, яғни ол орын алады. Ол шарға қайдан келді? – Ішімізден, яғни адамда ауа болады. Ол қалай келеді? Ауа – түссіз. Себебі шардан шыққан ауа түссіз. – Допты сығайық. Ауа сығылып, қайта серпіледі. – Ауа – түссіз, мөлдір, иісі жоқ. – Ауа сығылады, серпіледі, жылуды жақсы сақтайды. – Ауа – бос кеңістік, саңылаулардың бəрін толтырып тұрады. Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. 1) Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою. 2) Оның біреуін стақанмен жабу. 3) Май шамның екіншісін банкімен жабу. 4) Үшіншісін ашық қалдыру. Байқау: Қай май шам сөнер екен? Қорытынды жасаңдар. Кестені толтырыңдар. Білдім Білемін Ауа сығылады, серпіледі ....... Ауа – түссіз, мөлдір .... 27
Ауаның маңызы • Ауа не үшін қажет? • Таза ауаның адамға қандай пайдасы бар? Ауа тіршілік үшін өте қажет. Айналамызда жасыл өсімдік неғұрлым көп болса, ауа да соғұрлым таза болады. Таза ауада демалсақ, спортпен айналыссақ, денсаулығымыз зор болады. Ауа – тіршілік көзі. «Ауа – өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. Ең қымбат, қасиетті нәрсені «ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Ауа болма- са, күннен түскен қызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан- жақты таратады. Сондықтан да күн бізді күйдіріп кетпейді. («Таби ат» танымды энциклопедиясы) Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат алатұғын дем қымбат. Түсі бар көрінбейтін, Біртұтас бөлінбейтін. Тынысы ол тірліктің, Ешқашан жерінбейтін. («Мөлдір б ла » журналынан) Түрлі құрылыстар, зауыт, фабрикалардың тазалық ережелерін сақта- маған жағдайда айналаны ластап, адам денсаулығына зиянын тигізеді. 28
Кестені толтырыңдар. Адамның іс-әрекеті салдарынан Табиғи жолмен ластану ластану 1. Жанартаулардың атқылауынан 1. Жылу электр станцияларынан 2. Шаң-тозаңнан 2. Мұнай өңдеуден 3. Улы газдан 3. Металл өндіруден 4. Орман өртенуінен 4. Көліктерден 5. Өсімдік пен жануарлардың қалдығы 5. Лас су қалдықтарынан шірігенде 6. Күл-қоқыстан Ауаны ластамау үшін сендер қандай шара қолданар едіңдер? Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар: Ауаның маңызын жазың- Сөйлемдер құраңдар: «Таза болса табиғат, дар. 1. Табиғатты, ұзақ, сүреді, Аман болар адамзат» тақырыбына өздерің тұра- алған, сақтай, өмір. тын жердің ауасын тазарту 2. Келтірме, зиян, жолдары туралы зерттеу табиғатқа. жұмысын жүргізіңдер. 3. Тіршілік, ауа, көзі. 29
Су. Судың қасиеті • Су деген не? • Табиғатта су қай күйде кездеседі ? Су – вода – water Су Су – тіршілік негізгі Онсыз өмір сүрмейсің. Гигиена негізгі Су деп және білгейсің. Су – табиғат байлығы, Өзен-көлге барғайсың. Кемі екі рет әр күні Суға түсіп тұрғайсың. (Е.Өтетілеу лы) Су – бу – мұз. Судың 3 күйін байланыстырып әңгімелеңдер. Су – тіршілік көзі Су – тазалық пен денсаулық көзі. Суды үнемдеп, таза ұстауымыз ке- рек. Сусыз тіршілік жоқ. Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Су барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді. Су – біздің байлығымыз, оған әр уақытта қамқорлықпен қарауымыз қажет. Сусыз жерде тіршілік жоқ. («Таби ат» энциклопедиясы) 30
Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Жылт-жылт етеді, Жылғадан өтеді. Өзі судан жаралған, Бірақ судан қорқады. Суға байланысты тыйым сөздерді есте сақтаңдар! • Суды бекер ағызба. • Лас суды ішпе. • Ағын суға кір жума. • Түнде суға барма. Сулы жер – нулы жер. Су ішкен құдығына түкірме. Су қадірін шөлдеген білер. Бұлақ көрсең көзін аш. Бос орындағы сөзді табыңдар. .….. да сұрауы бар. ..... таза бол! .….. жер – нулы жер. ..... көрсең көзін аш. Сағадағы ….. ішеді, жағадағы у ішеді. ….. тіршіліктің көзі. ….. тіршілік мекені. ….. жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке. ..... таза, сүттен ақ. 31
Үй жағдайында суды не үшін пайдалатындарыңды айтып беріңдер. Мәтінді оқып, жалғастырыңдар, қорытынды жасаңдар. Кез келген затты суға малып алсаңдар, ол су-су болып шығады. Су ... Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Оның бойын- дағы су қайда кетті? Күн көзі жылуынан су ... айналады. ... ауаға араласты. Жазда шомылып рақаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Су ... айналады. Қыста оның үстінен конькимен сырғанайсың. Бұл мұз қайдан пайда болды? Қысқы суықта су қатып, ... айналады. Су жүргізер тіршіліктің тамырын, Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым. Судың біз біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін. (Т рсынзада Есімжанов) Су – тіршілік көзі. Су түссіз, мөлдір, дəмсіз, иіссіз, аққыш, жұққыш. Табиғаттағы су үш күйде кездеседі. Тест шешу 1. Күн суытқанда су неге айналады? А) Бу Ә) Ауа Б) Мұз 2. Судың қасиетін белгілеңдер. А) Қатты Ә) Мөлдір Б) Таза 3. Өлі табиғатты белгілеңдер. А) Адам Ә) Жануар Б) Тас 4. Судың сұйық күйін белгілеңдер. А) Мұз Ә) Су Б) Бу 5. Суда еритін затты белгілеңдер. А) Қант Ә) Құм Б) Тас 6. Жердің қанша бөлігін су алып жатыр? 3 2 1 А) 4 Ә) 4 Ә) 4 32
Су – еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар • Бұлақ, өзен, көл, теңіз, мұхит, жерасты суының қайсысының суы тұщы? • Судың қасиеттерін сызба арқылы көрсетіңдер. Еріткіш – Растворитель – Solvent Су – еріткіш Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Су табиғатта көп. Олар өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Судың еріткіш екеніне тәжірибе жасай отыра көз жеткізіңдер. Қорытындысын бос орынға жазыңдар. 1. Су а ант салып араластыру. Қант ..... Су ..... күйінде қалды. Судың дәмі ..... болды. Қант суда ..... 2. Су а бір асы т з салып араластыру. Тұз суда ..... ..... Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ... болды. Тұз суда ..... ериді 3. Ста анда ы су а м салып араластыру. Құм қиыршықтары ..... стақан..... ..... Құм суда ..... 4. Ста анда ы су а саз салып араластыру. Су ...... Суды біраз тұндырсаң, саз стақан түбіне ..... Саз суда ..... Қорытынды: Суда .... де, .... де заттар бар. «Сулы жер – нулы жер» дегенді қалай түсінесіңдер? 33
Сәйкестікті табыңдар. суда ерімейді Ас содасы суда ериді Ермексаз суда ериді Бор Аяғы жоқ, жорғалайды, жүреді, Аузы да жоқ, сыңғырлайды, күледі. Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ Айтыңдаршы, осыны кім біледі? 1. Су қатайса, мұз болар. 2. Сулы жердің қасиеті сағасында, Нулы жердің қасиеті ағашында. 3. Сулы жер құрақсыз болмас, Нулы жер бұлақсыз болмас. Көк бұйра бір бұлақ Тіл қатар былдырлап. Тастарды ұрғылап Ағады құлдырап. Тест 1. Судың қасиеттерін белгілеңдер. А) ақ Ә) мөлдір Б) сұр 2. Суда еритін затты белгілеңдер. А) қант Ә) тас Б) құм 3. Суда ерімейтін затты белгілеңдер. А) құм Ә) тұз Б) қант 4. Су табиғатта неше күйде кездеседі? А) 2 34
Ә) 3 Б) 4 5. Судың қатты күйі қалай аталады? А) су Ә) бу Б) мұз Жеміс-жидектердің құрамында су болатынына көз жеткізіңдер. Тәжірибе жасап көріңдер. • Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйыңдар. Судың қандай қасиетін бай- қадыңдар? • Өзен-көлдің суын ішуге бола ма? Неге? Үй жағдайында суды қалай тазартып ішуге болады? Суға ұқсас сұйықтықтардың дәмін татып көрем деп талпын- баңдар! Олар өмірге өте қауіпті! Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70–80%, тұқымда 10%, қабықта 50% су болады. Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды. Өсімдікті суармасаң, өліп қалады. Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды. Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануар – түйе. Ол қырық күннен астам сусыз жүре алады. 35
Судың маңызы • Суретке қарап суды не үшін пайдаланатындарыңды еске түсіріп, жалғастырыңдар. • Суды қайда қолданамыз? Су – тіршілік көзі Су – тіршілік, сусыз өмір болмайды, Ауаны құм, жерді түнек торлайды. Бағалай біл, байлығыңды, ел-жұртым, Сонда гүлің жайнап мәңгі солмайды. Су – тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі – су. Адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әртүрлі тұрмыс- тық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жа- ғалауында шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су зауыт-фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте қажет. Су таста да, тамақта да, барлық тірі ағзада бар. • Гүлдің салмағы – 100 г, оның 85 г – су. • Балықтың салмағы – 2 кг, оның 1,5 кг – су • Шыршаның салмағы – 100 кг, оның 80 кг – су. • Жер бетіндегі судың 70%-ы – су. • Адам ағзасының 2/3 бөлігі судан тұрады. • Су – еріткіш. • Су – табиғаттың құнды бөлігі. 36
1. Бұлақ көрсең, көзін аш. 2. Сыйлап берген су да тәтті. 3. Су қадірін шөлдеген білер. Суды қорғау Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жан- уарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді. Адам тамақ ішпей бір айдан астам уақыт өмір сүре алады, ал сусыз үш күн де тұра алмайды. Су егін егу- ге, өндіріске, күнделікті тұрмысқа көбірек керек болады. Алайда, ішуге жа- рамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Өндіріс қалдықтарын суға ағызуға тыйым салынған. Суды қорғау қажет. Сәйкестікті табыңдар. Суды пайдасы Лас су ауру туғызады. Суды зияны Ыдыс жуу. Тасқын пайда болады. Жер бетін өзгертеді. Тазалық сақтауға көмектеседі. Беті-қолды жуу. Ас пісіру. Егін, бақша суару. Тау жыныстарын бұзады. Жергілікті жердегі өзен-сулардың ластану себептерін зерттеңдер. Суға байланысты тыйым сөздер: • Суды сапырма! 37
• Суға түкірме! • Түнде суды төкпе! • Түнде суға барма! Адам күніне 1,5–2 литр суды жоғалтады. Демек, соншама оған су iшуi керек. Сонымен қатар суды тек қайнаған түрде ішу керек. Өйткені, суда әртүрлі зиянды микроорганизмдер болуы мүмкін. «Сулы жер – нулы жер» дейді. Ну дегеніміз – қалың тоғай. Сендер бұл мақалдың мағынасын түсінесіңдер ме? Сендер тір- шілікке қажетті бес нәрсенің бірі су екенін білесіңдер. Су бар жер- де тіршілік бар. Үйдегі су шүмегінің ашық қалмауын қадағалаңдар. Суды үнемдеп пайдаланған жөн. • Бір бөлке нан болатын бидайды өсіруге 200 л су қажет. • Бір литр мұнай алу үшін 10 л су қажет. • Бір тонна көмір өндіру үшін 200 тонна су қажет. • 1 тонна мақта өсіру үшін 200 л су қажет. • 1 тонна мыс өндіру үшін 5 000 тонна су қажет. Өлеңді жаттап алыңдар. Су жүргізер тіршіліктің тамырын, Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым. Судың біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін. Мені күтіп ел тілер, Суда жүрсе күлімдейді, Келсен неге келді дер Судан шықса өлем дейді Судың күйіп ата Қазақстандағы өзен Бір асыл тас аспаннан жер Дәмі жоқ, түсі жоқ, бетіне жетеді, Пайдаланбас кісі жоқ Жер бетіне жеткен соң ғайып болып кетеді. 38
Топырақ • Топырақ құрамында не бар? • Өсімдікке топырақ не үшін керек? Топырақ – Почвы – Soils Табиғатта өсімдіктің жайқалып өсіп, сән беріп тұруы топыраққа байланысты. Адам өмірі де топырақпен байланысты. Көптеген тағам өсімдіктен алынады. Дәрі-дәрмек пен тағам ретінде пайдаланатын өсім- діктер қаншама. Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорга- низмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгер- ген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлы- лық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Топырақты қорғау үшін не істеу керек? • Өсімдіктер отырғызу; • Терең жыраны көму, шөптесін өсімдікті егу; • Топырақты өңдеу, тыңайту; • Жаңа көшет отырғызу; • Ағаштарды қатарлап егу; • Терең емес жыраларды тегістеу. Жастанғаның – жапырақ, Төсенгенің – топырақ. 39
Топырақты қорғау – табиғатты қорғау Кейбір аймақтарда топырақтың құнарсыздануы және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария және Сырдария өзендерінің су алабының азаюымен, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Топырақтың ауыр металдармен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, әскери өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму зоналарында топырақтың ластануы ерекше жылдам жүруде. Топырақ зерттеуші ғалымдар төмендегі топырақ түрлерін айырған: – сарғыш алтын; – шымтезек; – бозғылт; – тундралық; – ормандық сұр; – қызғылт; – қара топырақ; – сор топырақ; – сұрғылт. 1) Бақта жүйекті қазатын құрал. 2) Жердің өсімдік өсетін қабаты. 3) Топыраққа қажетті негізгі қоректің бірі. 4) Өсімдік өсуіне қолайлы топырақ. 5) Өсімдік өсуге жарамайтын топырақ. 40
Топырақтың маңызы • Қандай топырақ өсімдік өсіруге қолайлы? • Құнарлылық дегенді қалай түсінесіңдер? Топырақты тыңайту – Удобрение почвы – Fertilization Өсімдікке топырақ керек. Топырақ – жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты. Топырақтың ең басты қасиеті – құнарлылығы. Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болады және өсімдік жақсы өседі. Сондықтан құнарлы топырағы бар жерде өсімдік көп, әрі тез өседі. Топырақтың құнарлылығын адамдар оған тыңайтқыштар қосып жақсартады. Өсімдік ауаны тамыр арқылы да, жапырағы арқылы да ала береді. Сондықтан топырақты қопсытып отырған дұрыс болады. Тығыз топырақ ауаны нашар өткізеді. Күннің жылуы көктемде жеткілікті бола бастайтындықтан, өсімдіктер көктемде өсе бастайды. Көктем мен жаз – өсімдіктің өсуі үшін өте қолайлы мезгілдер. Туған жердің топырағы да ыстық. Топырақ – өмірдің нәрі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық боры- шымыз. Орманда, далада, өзен жағалауында өсетін ағаштарды жыл са- йын кесіп азайту зиян. Өйткені, жылда ағаштың сынып түскен бұтақтары, 41
жапырақтары, жемістердің қалдықтары топырақты минералды заттармен байытады. Топырақты шайылудан сақтау үшін көбірек ағаш отырғызып, көгал- дандыру жұмысын жүргізу керек. Тақпақ жаттайық. Топырақтан өмір иісі шығады, Оны денең тиіп кетсе ұғады. Еңбегіңді есесімен беретін Жақсылық та топырақтан шығады. ( .Ас арова) Тест 1. Топырақтың құрамына не кіреді? А) Ауа, су, қарашірік, тұз, құм, саз Ә) Құм, саз Б) Жәндіктер 2. Топырақ деген не? А) Құм Ә) Саз Б) Жердің өсімдік өсетін беткі қабаты 3. Топырақ шайылып кетпеу үшін А) тазалау керек. Ә) өсімдік егіп, кер тоқтау керек. Б) қарашірік көп болуы керек. 4. Топырақтың түрлері А) қара топырақ, бозғылт, тұзды Ә) тұзды Б) қара топырақ 5. Топырақтың тау жынысынан айырмашылығы А) құнарлылығы Ә) түсі қара болуы Б) өсімдік өсуі 42
Өсімдік – тірі ағза • Жер бетінде өсімдік болмаса не болар еді? • Өсімдіктің қандай пайдасы бар? Шөп – Tрава – Grass Ағаш – Дерево – Тreе Өсімдік – Растение – Рlant Бұта – Куст – Bush Өсімдік – тірі ағза Адамның достары өте көп. Солардың қатарында өсімдіктер де бар. Олар бізге әрқашан қамқор болған, әрі қамқор бола береді. Олар қамқорлығымен бірге бізге қуаныш, әдемілік, таза ауа сыйлайды. Біз оларды тірі табиғатқа жатқызамыз. Өйткені, олар өседі, өнеді, көбейеді, уақыты келгенде немесе ауырса – солып, тіршілігін тоқтатады. Өсімдіктер күнге қарап бой түзейді, тыныс алады. Оған өсуі үшін: күннің жылуы, таза ауа, су, қоректік заттар керек. («Өсімдіктер әлемінен» танымдық энциклопедия) 1. Жалғыз ағаш орман болмас. 2. Бір тал кессең, он тал ек. Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым. 43
Тірі организмдердің қасиеттері Өсімдіктер бұта, ағаш, шөптекті болып 3 топқа бөлінеді: Ағаш → қайың, тал, қарағай, емен, шырша. Бұта → тобылғы, жыңғыл, итмұрын, қараған. Шөптекті өсімдіктер → селеу, жусан, жоңышқа, бақбақ, шоңайна, бидайық. Өсімдік өсуі үшін жарық, жылу, су, ауа қажет. 44
Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. Берілген сөйлемдерді Өсімдіктер неше топқа бөлі- Диас орманға келсе, бір топ толықтырыңдар. неді? Әр топтан өздерің бі- балалар ағаштардың бұтақ- 1. Адам баласы табиғатты летін өсімдік атауларын жа- тарын сындырып, қылыш ........ етіп ойнап жүр. Сенің іс-әре- зыңдар. кетің? 2. Біз бұлақтардың көзін ........... 3. Су мол болса, астық та .......... 4. Көк шөпті таптауға ........... 45
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр Ортақ белгісін тауып жазыңдар. Қарағай, емен, шырша – ... (ағаш) Қарақат, таңқурай, итмұрын – ... (бұталар) Жусан, бақбақ, жоңышқа – ... (шөптекті) Тамыр – корень – root Қорек алады – питается – рowered Тамыр Тамыр – өсімдіктің негізгі және жерасты мүшесі. Тамыр түрлері: негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр. Негізгі тамыр тұқымның тамыршасынан өседі. Қосалқы тамырсабақтан және жапырақтан, сол сияқты түйнек, жуашық және тамырсабақтардан өседі. Негізгі және қосалқы тамырлардан бұтақтанудың екінші, үшінші және одан кейінгі өстері ретінде жанама тамырлар өсіп шығады. Тамыр суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады. Өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. Тамырда қор заттары жиналады. Көбею қызметін де атқарады. Сәйкестендіріңдер. өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі. Тамыр өсімдікті қоректендіреді. топыраққа бекітіп тұрады. Сабақ қоректік заттарды өсімдік мүшелеріне жеткізіп тұрады. өсімдіктің жер астындағы бөлігі. Ертегі оқиық. Ерте, ерте, ертеде жер бетіндегі өсімдік атаулы бір-бірінен аулақта өмір сүріпті. Құлпырған ағаштар да, тырбиған бұталар да, жап-жасыл шөптер де Табиғат ананың балалары екен. Ағаштар «мен биікпін, адамға көп пайда келтіремін» деп мақтануға құмар екен. Ал шөптер болса, тым ерке болады. Олар жыл сайын ойға да, қырға да өсе береді екен. Балаларының бәрі мақтаншақ, ерке болмасын деп, Табиғат ана бұталарды шөлге өсіреді. 46
Бір күні қатты жел соғып, дауыл тұрып, өсімдік атаулының бәрі опы- рылып, ағаштар сынып, шөптер жапырылып қалыпты. Cонда Емен ағашы ғана аман қалған екен. Содан кейін Табиғат ана: – Емен, сен бас болып, бауырларыңды ығыңа ал. Бәрің бір жерде өсіңдер. Сендерді орман тоғай деп атайық. Аң-құс атаулыдан көмектеріңді аямаң- дар. Менің ең жақын досым – Адам. Адамдар сендерге көмектеседі, – дейді. Міне, содан бері, Табиғат ананың балалары – ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер адамдармен мәңгілік дос болып, бір-бірінен ажырамапты. Ағайынды бәрі: Шықса көк, түссе сары. Қыста киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды. Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады, Қыста жақсаң, жаның рахат табады. Биік ағаштың түбі берік. Тамыр өсімдіктің тіршілігі үшін қалай арпалысады десеңші! Өсімдікті тамырымен жұлып алғаннан гөрі сабағын сындырған оңай. Ағашты жұлып алғаннан гөрі арамен кесіп алған жеңіл. Тамыр өзінің жан-жаққа бойлаған тармақтарымен жерге жабысып алып, өсімдікті қорғауға тырысады. Міне, сенің ата-анаң мен жақындарың да саған осылай қамқор болады. Сондықтан да отбасын тамырға теңеп, адамның тамырлары деп айтады. Сұрақтар: 1. Өсімдік дегеніміз не? 2. Өсімдік нешеге бөлінеді? 3. Өсімдіктердің тіршілік етуіне қандай алғышарттар қажет? Тест 1. Табиғаттың жанды денелеріне не жатады? А) жер, ауа, тау Ә) қар, ағаш, құстар Б) адам, балық, өсімдіктер 47
2. Өсімдік неше топқа бөлінеді? А) 2 Ә) 5 Б) 3 3. Ағаштың топырақ астындағы бөлігі А) жапырақ Ә) тамыр Б) дің 4. Қарағай, шырша, емен. Бұлар – .......... А) шөптекті өсімдіктер Ә) бұта Б) ағаш 5. Шөптекті өсімдіктерді атаңдар А) қарағай, емен, шырша Ә) қарақат, таңқұрай, итмұрын Б) жусан, бақбақ, жаңышқа Зерттеу жұмысын жүргізіңдер. 1. Ересектердің көмегімен өздерің тұратын жердегі бір дәрілік өсімдік туралы мәлімет жинаңдар. 2. Мәліметтерді өздеріңнің қалауларыңмен сурет, сызба және мәтін түрінде толықтырыңдар. 1) Өсімдік аты 2) Суреті 3) Тіршілігіне арналған қолайлы жағдай? 4) Өсімдіктің тіршілік ұзақтығы? 5) Осы өсімдік туралы неге білгім келеді? 6) Мен таңдаған өсімдік қандай ауруларға ем? 48
Сабақ • Өсімдік мүшелерін атаңдар. • Өсімдік тамырларының ұзын не қысқа болу себебі не? Сабақ – Стебель – Stem Өсімдіктің бойлап өсер тірегі, Көп мүшенің ішіндегі бірі еді. Жоғары-төмен тұратұғын таратып, Осы мүше өсімдіктің жүрегі. Сабақ Өсімдіктердің сабағы жер бетінде өседі. Сабақта бұтақтар, жапырақтар, гүлдері, жемістері орналасады. Тамырмен келген қоректік заттар сабақпен жоғары көтеріліп, керек жеріне жетеді. Гүлге, жемісіне барады. Сабақтар қатты, жұмсақ, иілгіш, сынғыш болады. Қысқа немесе ұзын болуы мүмкін. Сабақ өсімдікке пішін береді. Ол жапырақтар мен гүлдерін ұстап тұрады. Ол тынбастан жапырақтар мен гүлдерге шырын жеткізуден шаршамайды. Сабақтар әртүрлі болып келеді. Кейбір өсімдіктерде ол тік болса, кейбірінде жерді бойлап өседі. Бірақ уақыт өте ол жуандап, қатая түседі. Өсімдіктің жасын сабағына қарай анықтайды. Мәселен, ағаштарда жыл сайын сүректің жаңа қабаты пайда болады. Оны жылдық сақина деп атайды. Егер сендер кесілген ағашты көрсеңдер, сақиналар санына қарай ағаштың жасын біле аласыңдар. Ағаштың жасын білгілерің келген сайын оны кесе берсеңдер, не болатынын ойлаңдаршы! Алып ағаштардың өмірін сақтау үшін ғалымдар ерекше қол бұрғысын құрастырды. Оның көмегімен ағаштың сыртқы жағынан өзегіне дейін еніп, ағаштың тек жұқа пластинасын ғана суырып алуға мүмкіндік береді. Оған қарап ағаштың жылдық сақиналарын санай аласыңдар. Осылайша ағашты кеспей-ақ оның жасын білуге болады. 49
Суретке қарап сабақтарды сипаттаңдар. Ойлан, тап 1. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі? 2. Өсімдік тіршілігіне қажет нәрсе? 3. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі? 4. Шыршаның жапырағы не сияқты болады? 5. Өсімдіктің діңі жуан, әрі мықты болатын тобы? 6. Қант пен глюкоза түзетін өсімдік мүшесі? Тест 1. Өсімдік – тірі организм. Қайсысы дұрыс деп ойлайсыңдар? А) Өсімдік өседі, өнеді, қурайды. Ә) Өсімдік өлі табиғатқа жатады. Б) Өсімдіктердің пайдасы өте аз. 2. Өсімдікке тірі организм ретінде не керек? А) ауа, жайлы жер, бөлме Ә) ауа, жылу, жарық, су, топырақ Б) тамақ, су, топырақ 3. Өсімдік түрлері. Қайсысы дұрыс деп ойлайсыңдар? А) таңқурай – бұта Ә) шырша – жалпақ жапырақты. Б) өсімдік ағаш, бұта, шөп болып бөлінеді. Сабақтың суретін салыңдар. 50
Search