ғының шеменделген шерменде запыраны еді. Иə, бұл боз- дау – бірегей əсте қайталанбайтын боздау. Мынау күңірене, зарлана шығып кешкі ауаға шымырлап тарап жатқан үнде «Елім-айдың» да, «Балталы, Бағаналы ел аман болдың» да, «Қорланның» да, «Жанботаның» да, тіпті қауқарсыз қағілез əн «Меңдіқыз» бен «Айшажанның» да əуеніне ұқсастығы жоқ, басқа бір құдіретті, тосын күй іспеттес. Тау қара барқындалып, түн түндігі жабылып келе жатыр еді. Бура көш жолында сең соққандай сенделіп, түннің бір уа- ғына дейін боздап жүрген... ІІ Қара Бураның ұдайы бір жыл жоғалуы Қазақбай ауылына өзгеріс енгізген жоқ. Қызылқайыңды мінбелей отырған бір тайпалы ел сонау бір етек-жеңдері жинақы үйіріліп отырған шақтарында, түйе түгіл түйме жоғалса да, əп-сəтте естіп, у ішсең руыңмен дегендей, аттан сала іздеп, ұзатпай тауып алатын. Кейінгі кезде үй санының өрескел көбеюі, шаруа- ның шанағы шалқи молаюы ма, бірі өліп қалса да, араға ай салып есік ашыспайтын қылық пайда болған. Қара Бураның ұшты-күйлі ғайып болғаны – тек Əбіштің ғана арқасына аяздай бататын. Жасынан түйе бағып үйреніп қалғандығынан ба, осы ауылдан сол ескі көз түліктің қара- сы өшкенде, томырық мінезіне басып, ауыл ағаларын жеті атасынан түсіп сыбап алған. Қайтып жұмысқа да шықпады. Жұмысқа шық деп бригадир өзі іздеп келедімен біраз аялдап еді, тіпті олар мұның ауласының түбімен жүрмейтін болды. Əбіштің жанын қинаған осы жайт еді. Ежелден сүйекке сіңді 201
қырсықтығы бар қиқар шал төбемді мен де көрсетпейін бұ- ларға дегендей, «сегізкөзім сырқырап жүр», – деп, кəдімгі- дей төсек тартып, саржамбас боп жатып алған. Оқта-текте немересі келіп: – Ата, қара Бура Тасшоқының бауырында жүр дейді. Төр- қуысқа өтіп кетіпті дейді, – деген дүңк-дүңк хабар жеткізе- тін. Өзі іздеп шықсам ба деп те сан рет оқталған. Құрғыр аяқ артар көлігі жоқ болған соң, бөлімше бастықтарына ат сұрап баруға арланып, қорына беретін. Бірде немересі: – Ата, қара Бураны қасқыр жеп кетіпті, – деді. Төсектен шаптыға атып тұрған шал шықшытын шатынатып: – Көкіме, ақырзаманның баласы. Қара Бура екеуміз өз ажалымыздан өлмесек, ит-құсқа жем болмаймыз, – деп қат- ты зекіп тастаған. Бура бұл шақта Нарынның құмдауына өтіп кетіп еді. Қаңтар айы туып, күн əбден суып алған. Алақаншықтана суси ұйтқыған боран бірнеше күннен бері ішін тартып, ыш- қына соғып тұр. Ықтасыны жоқ ысқаяқ жердің самаладай- самаладай шилері, жел қаққан сайын, мұңлы үн шығарып, ызың-ызың шулайтын. Сиыр таңдайлана күпселеніп қалған күртік қар Бураның жалпақ табаны тиген сайын, морт-морт опырылып сынады. Суық қанша қысқанымен, көпке дейін ырық бермей, сүйекке қарысып жүрді. Көбінесе жер ша- лып, бұта-талдың басын сүзіп қайтатын да, аздап болса да қақтама күнгей дегендей Нарынның теміржол жақ беткейін- де жүретін. Нарынның бұл жағы кең төскей болушы еді, əм- бесінде қалың шилі, тебіндікке шүйгін келетін тепсең. Сонау бір жылдары осы өңірден кен ашылып, теміржол түспек болғанда, Бура не бары тайлақ еді. Тайлақ əлі жас, 202
белі кетеді деген жоқ. Мұны да Əбішке ұстаттырып шана- ға үйреткен. Бұл – ағасы Ақбастай емес жуастау болды да, жұмысшы қолына тез көндікті. Теміржолға қажетті құмтас, бөренені, сосын зілдей-зілдей рельстерді сүйреп жанталас- қан. Сонда Қазақбай ауылында ботадан өзге қоқаң еткен түйе қалдырмай, түгелдей дерлік теміржолға айдаған. Сонда қара Бураның ағайын-туғандары аттай бір жыл бойы мынау ұзыннан-ұзақ Шығысқа жарыса жосылып кете берген темір- жолдың ауыртпалықтан қылша мойны талша болып тартқан. Тегінде, мұнан соң түйелер мұндай ауыр еңбекке жегілген жоқ. Ақырғысы еді бұл. Қара Бура жасынан момындау болды да, пішілмей қалды. Лағнат мұның үлкені еді. Ақпан айы туған сайын, аузынан ақ көбігін ағызып жарайтын. Ал жынданып алса, мынау өңір- дің тайлы-таяғын қалдырмай тырқырата қуатын. Бір жылы февраль айында аса қатты құтырып еді. Ежелден салқын қанды қара Бура Ақбас құсап шаптыға жараған жоқ. Аузы- нан ақ көбігін ағызып, бу-булап өз бетінше тыныш жүретін. Совхоздың бас зоотехигі бұлардың қасынан қаперсіз желе жортып өте бергенде, Ақбас қапелімде тұра қуған. Зоотех- ник аты – дəмелі жүйріктің бірі екен, көпке дейін құйрық тістетпей ұзап кетті. Бірақ екілене өршеленіп алған Ақбас қуып жетуге айналған. Ал қуып жетсе, кеудесімен бір ұрып мұрттай ұшырады да, қос тізесімен езіп, үстіне жатып алар еді. Абиыр болғанда, зоотехник Қарасудың көк тайғақ боп қатып жатқан мұзынан тағалы атпен тасыр-тұсыр құйын- перен шауып өте шықты. Ақбас та қаймығар емес. Көк қасқа мұздан май табаны тайып өте алмайтынын алдын ала сезді ме, екпіндей кеп əнейімен қос тізерлей қалды. Артқы екі ая- ғын талтақ ұстап қос тізерлей қалған түйе, əуелгі екпінімен 203
арғы бетке зыр етіп өте шықты. Ақбастан мұндай ерен ерлік күтпеген ол жаны шығып орманға қашты. Ол қашып құтыла алмайтын еді. Ақбас бəрібір құтқармас еді. Зоотехник осыны сезді. Астындағы атын сауырына бір сап қоя берді де, бойы көкке тірелген зəулім теректің басына мысықша тырмысып шығып кетті қас қағымда. Ақбас бура терекке кеп ұзақ үй- келді. Көкке қарады. Жынын шашып жер тарпыды. Сосын теректің түбіне жайымен шөгіп, сен шыдасаң мен шыдадым дегендей, жайбарақат күйсеп кеткен. Əбіш ауырып аудандық ауруханада жатыр еді. Зоотех- никті құтқаратын басқадай лаждың жоқтығы болды ма, Ақ- бас Бураны атып өлтіріп, зоотехникті ағаш басынан түсіріп алған. Ал қара Бура болса мұндай тентектіктен бойын аулақ ұстайды. Неге екені белгісіз, осы жылдың қаңтар айында бұған да төтенше желік пайда болды. Екі апта қурай басын тісте- мей, өз-өзінен жараған, көзі шелиіп, құрдың артынша қыза- ра беріп айналып шығып кетті. Бір жыл ұдайы жалғыз жү- ріп, əбден іш құса боп жалықты ма, əлде арынды ашудың қысастығына басты ма, тісін қайрап, аузынан дамыл-дамыл ақ көбігін ағызатын. Шолақ құйрығын тағатсыз сабап, екі бұтын кезек қайшылап көбіктендіріп, үнемі буы бұрқырап бусанып жүретін. Басын жерге салмастан қайқайтқан қалпы бу-булап, ертеден қара кешке дейін дамыл таппай безектей береді. Көзіне көлденең көк атты көрінсе, əлдеқашан шай- нап тастар-ды. Өкінішке орай, мынау мекиеннен өзінен бас- қа ұшқан құс, жүгірген аң таппады. Бура ағасынша жынданды. Бірақ Ақбас атан əншейін пə- туасыз, мұңсыз-қамсыз еріккеннен еркексініп құтырынса, бұл жалғыздықтың зары əбден өткендіктен шамырқанған- 204
дай, шамданғандай. Бірнеше күн аузына нəр салмағандық- тан шығар – екі көзі шұңғыл тартып, ішіне кіріп кеткен-ді. Қарны қабысқан. Былтырғы жылдың жүні қырқылмай, жаңа жүнмен араласып, иттің құйрығынша сабалақтанып қалған. Бура, əсіресе, бүгінгі күні ес жия алмай шабынды. Бу-буы да көбейіп аласұрған. Қыстың тұсаудай ғана қысқа күні жаңа ғана көтерілген еді, енді, əне, батып барады. Дала мелшиіп, мəңгі өлі күйге енгендей сарынсыз жатыр. Түндегі итше ұлыған алақаншық боран жаңа ғана толас тауып, сап бол- ған. Шабынған Бура ақ кебінді айқара жамылып, көсіле тү- сіп жатқан даладан қыбыр еткен жан іздеді. Құныға, көзін қарықтыра ұзақ іздеді. Таппады. Шаптығып жер тарпыды. Боздайын деп еді, көмейі көбікке толып, үнін шығара алма- ды. Жылайын деп еді, тулақтай көні кеуіп қалған көз жанары шыланған жоқ. Өлейін-ақ деп еді, көпті көрген көмпіс сірне жан көнбеді. Енді қайтпек? Енді қайда бармақ? Ауылға ма? Құдай көрсетпесін... Ақбастай атып тастар. Атып тастар... Бу-бу... бу-бу... Енді қайтпек – гу-гу... гу-гу... гу паровоздың ышқына боздаған даусын құлағы шалды. Бірақ оны поезд деп ойлаған жоқ. Əйтеуір, дауыс шығады ғой. Таныс дауыс өзі. Бура солай беттеді. Түтінін будақтатып сонадайдан қарауытқан поезд таңда- йын тақылдатып əлінше ұшыртып келеді. Үстіне тиеп алған ағаш, көмір, темір-терсегі бар вагондар жұлдызша ағып, Бу- раға қатарласа берді. Ұрынарға қара таба алмай, сандалбай күйде жүрген ол поездың өкпе тұсынан атой салды. Тіпті өзінен зор алпауыт күш екенін, қан қақсатып кететінін еске алғысы жоқ. Бар күш-қуатын жиып, мойнын иіп алып тұра шапты. Өлген-тірілгеніне қарамай шапты. Аузынан аққан ақ көбік жерге мұз боп түседі. Қос танауынан буы будақ-будақ 205
атқылап, тарпаңдап кеп таптап тастамақ болды, мынау зу-зу, гу-гу еткен дəу қараны. Шаптығып кеп кеудесімен бір қо- йып еді, өзін сонадай жерге итше бұрап лақтырып жіберді де, бір қышқырып зытып отырды. Бураның кеуде сүйегінің быт-шыты шықты. Езуінен қанды көбік ағып, біразға дейін тырбаңдап жатты. Бұдан соң аяғын қатты бір серпіп, жан тəсілім берді. Бірақ қазбауыр бұлттар қалқыған көгілдір ас- панның суреті түскен қимылсыз қара көзден жып-жылы жас, таза əрі күнəсіз жас ағып жатты... Өзегі талып өртеніп жүріп, өрге сүйреп жеткізген бала- ның аяулы анасына қол жұмсағанын көргеніңіз бар ма? «Өз қолыңды өзің кесемісің» деп, іштен егіліп, қорлана жыла- маушы ма еді. Сонда ардақ ананың көз жасын таңдайыңа тамызып татып көрсең ғой. Қара Бураның қазіргі халі дəл осындай еді. Даланы да бір сəт қайғы басқандай, түйесіз жетімсіреп қалғандай еді. Қазақбай ауылының ең соңғы түйесі осылай- ша ит жемі болып қазаға ұшыраған. Төсек тартып жатқан Əбіш шал Бураның поезға ұрынып өлгенін естіген соң, бөлімше басқарушысына барып көлік сұраған. – Хайуан болса да пайдасы көп тиіп еді. Сүйегін далаға қалдырмай, жеткізіп алайын. Тым құрыса шудасы кəдеге жа- рар, – деп еді, бастық: – Кісі де өліп қалады. Сол жынды түйені атты үркітіп ауылға əкелеміз бе, – деп міз бақпаған. Меселдесі қайтқан Əбіш шал жүгенін артына ұстап, құр қол келді үйіне. Бірақ қара Бураны шал ұмытқан жоқ-тын. Қардың шеті тесіліп, күн жылына, немересін ертіп Нарын құмына жаяу аттанған. Түйенің шыбын қонып, саси бастаған денесін жер 206
қазып көмген. Арқалай келген діңгекшесіне «Бұл жерге поезға соғылып өлген қара Бура көмілді» дегізіп жаздырды да, түйенің басына сайғақ етіп орнатты. Бірақ сиялы қарын- дашпен жазылған немересінің шимайы, екі-үш рет жауын жауған соң, өшіп қалған еді. Бұл тұстан күніне екі рет өкіріп-бақырып, өз құдіретіне өзі масаттанған поезд өтеді. Сол поездың ішінде рақат əрі жайлы орында тербетіліп отырған пенделер сонау құба бел- де қарайған жалғыз қазыққа көз салмайтын. Көз салса да землемердің орнатқан діңгегі деп ойлар еді. Олар мынау темір жолға, əсіресе, кімнің тері көп төгілгенін білер ме. Олар Қазақбай ауылында көрмеге қояр бір түйе қалмай, құ- рып кеткенін де біле бермейді. Иə, олар бейқам, мұңсыз-қам- сыз өмірде, күндердің күні... қара Бураны да есіне алар... Бұл тұстан таңдайы тақылдап поезд өткен сайын, бір рет боздап кететін. Əй, ол жер жастанған Бураны жоқтағаны дейсің бе?.. Поезд асығыс зулап барады... Тоқтататын күш жоқ!
КЕРБҰҒЫ А-а-у-у-а! Кербұғы бүгін де су ішкен жоқ. Су ішкісі келген, екі езуін мұз моншақ жырымдаған тау бұлағына ерні тисе болды, өне бойы қалтырап, етпетінен түсердей буын-буыны босаңсыған соң, амалсыз кейін шегінеді. Ындыны кебе үш рет ұмтыл- ды, үш рет те осынау халге душар болып, тартынып кетті. Өзегін өкініш өрті жандырып тұрса да, дəт шіркіннің мынау буы бұрқырап сылқ-сылқ күле ағып жатқан аяқ астындағы суға жетпеуі қалай? Шын қартайғаны осы да... Жо-жоқ, кə- ріліктің ауылы əлі алыс, Кербұғының базарлы өмірі алда, қазіргі əлсіреуі кəрілікке жеңдіргені емес, ұдайы үш күн кү- йектен соңғы шаршауында; олай десек, былтыр неге шар- шамады, алдыңғы жылы ғана бір үйірді он күнсіз шашау шығармай, жалғыз өзі жайғаушы еді; биыл не көрінді бұған; əлде қыркүйектен бастап-ақ ызғарын шашқан жат бауыр күздің сүйек сорар суығына бой алдырды ма, бұл таудың күзін қойып, алты ай сұлап жатып алар аждаһа қысын шы- бын шаққан құрлы көрмей өткеріп жіберер Кербұғы емес пе. Рас, биылғы күз ерте түсіп, сеңдей сірескен қара бұлттармен күн жазғанды тұтқындағалы қашан. Ертеден қара кешке де- йін сол тым аласарып кеткен кейіпсіз аспаннан бірсін-бірсін жаңбыр жауады да тұрады. Ылжырап мазаны алатын жы- быр-жыбыр тамшы елдің де, жердің де шамына тиер еді. Кейде уілдеп сұп-суық жел тұрса, əлгі жетім тамшыларды қиғаштатып, əлдеқайда қаңғытып əкететін. Əбден көндімге 208
көшкен орман уілдеген суық желге қосылып, ала жаздайғы көрген қызығын сағына ма, белгісіз бір мұңның, белгісіз бір үміттің, болымсыз бір арманның жүдеу жырын гөй-гөйлей- тін. Ал Кербұғы сол салдақы желге артын беріп, ұзақ, тым ұзақ шақыратын үйірді. – А-а-а-а-у-уу-аааа! Бұл бедеу үн баяғыдай дүниені дүр сілкіндірер зор бол- мағанымен, тегіндегі тегеурінді дауыстан қалған жұрнақ ай- қай екенін аңғартарлық. Бұрын мынау иін тірескен орман, анау қалғып-шұлғыған қапсағай таулар мен қойнау-қойна- уына қорқыныш паналатқан құз-аңғарлар Кербұғы үнін іліп алып, үздік-создық қайталап, көпке дейін жаңғыртып, даңға- за қуатпен алысқа жөңкіліп, таратушы еді-ау! Нөсер суына тоғайған тоқ күлкі бұлақтан кейін шегінген хайуан біз үшін мəңгі жұмбақ түйсіктің түртпегімен ышқына ауалаған, бі- рақ оның жарықшақтана шыққан əлсіз даусын еш пенде, еш жануар, еш тіршілік естімеген, естімегені керең болып қал- ғаны себепті емес, Кербұғының кетеуі кете əлсірегеніне сай- ған. Иə, баяғыда... бəрі де – баяғының садағасы... Көзден де, көңілден де бұлбұлдай ұша берген қапысыз қайран жастығы тек ендігі сағыныштың сыңсып айтар жырына айналып, қос жанардан жас болып қана сорғалайтын. Əйтсе де, Кербұғы өзін қартайдыға телігісі жоқ, үйірдегі жас маралдардың ұят- сыз қылығы мен биылғы күздің соншалықты сұрқайлығы қа- жытты деп білді. Бұлақтан оқыс шегініп, үйірін шақырған- сымақ болды да (оның дауысы күйекке түсер үннен гөрі жал- ғызсырағанда шығар жан айғайына ұқсап еді), ілби басып тауға беттеді. Қырсыққанда тау да бұрынғыдай емес, заңғар тартып, өсіп-ақ кеткен бе, желі бойы жүргізбей, кеңірдектен сығып алқындырады-ай! Кербұғы басын жерге салып, тағы 209
аялдады. Кербұғының басын жерге салғаны тағдыр талқысы алдында біржола тізе бүгіп, тек қана аспандап, тек қана ас- қақтап жүретін тəкаппар кеуденің жер болғаны, көбік шашар тентек көңілдің көр болғаны. Ал жылдар бойы мүйізін берсе, сауырынан сипатпаған түз тағысының, осыншалық жуасуы – қор болғаны еді. Бағанағыда ақтық рет айқасқа түскенде, аш бүйірден тиген тонналық соққы енді ғана ауырсынтып, шы- бын жанын шырқыратты-ай. Əлде көз алдында ақырғы рет секіріп билеп кетіп бара жатқан жас марал-қызды енді қай- тып (түсінде, қиялында болмаса) көре алмайтыны, енді қай- тып салмақпен жүріп, сабырмен еркелейтін марал-анаға наз қыла алмайтыны, енді қайтып көре алмасы, ести алмасы көп баянсыз жалғанның тұмбасына шым батқан, тұманына шын адасқаны енді ғана есіне түскендей селк етіп, ұнжырғасын көтерді де, тағы да бір рет жан дүниесін қақырата ышқынды. – Ааааа, ууууу, аааааа! Кеше таң алагеуімінде Кербұғы əдетінше маралдарды алдына салып тауға беттей бергенінде, өліспей беріспейміз дегендей басқа бұғылар үйірді шыр айнала қоршауға алып, жібермеп еді. Кербұғынікі – жыл сайынғы жекпе-жекте же- ңіске өзі жетіп, дəнігіп алған менмендік. Күйектің алғашқы кезегі өзіне еңбексіз тимейтінін сезген соң, маралдарды бетімен жіберді де, танауын желдете көкке көтеріп: «Аа- ууаа» деді. Осы үн шығуы мұң екен, бағанадан бері баста- рын кекжеңдетіп, жер тарпып ойқастап жүрген тамам бұғы қаз-қатар болып екіге жарылып тұрыса қалды. Қолмен қой- ғандай тізіліп, қарама-қарсы шеру құрған бұғылар ұлы сап- тың ең басындағы Кербұғыдан ишара күткендей, қасқая қарасады. Барлығының жүрегі дүрс-дүрс соғады, барлығы- ның көзі от болып жанады, барлығының танауы жыбырлап 210
күйектің алғашқы кезегінен дəметеді. Жырынды Кербұғы- ның бұрынғы мысы басты ма, қарсы алдында тұрған қапса- ғай бұғы тура қарай алмай елегізіп, тіпті бойын билеген жұ- қалаң қорқынышын да жасыра алған жоқ, қаққан қазықтай тізесінен аздап діріл сездірді. Бұл күй Кербұғыда да бар-тын. Дəл биылғы күйек тым қиын тиерін ертеден болжап біл- ген, жылдар жылжып өткен сайын, өзінің де əл-қуаты боп- саланып, кəрілік меңдей бастағанын сезетін. Сондығы ма, таңертең соқталы шайқасқа түспей-ақ, барлық табынды өзімсіне ала жөнеліп еді, нəпсі сақал сыйлатпайды екен, жастау бұғылар өжіректеп бастырмады ғой. Сонсоң ежелі намыс қамшылап, текетіреске жетеледі. Кəрілік құрғырда ұят жоқ екен, дəті алдындағы он екі салалы мүйізді сабалақ жүнді бұғыдан тайсақтады, соңыра шын айқасқа түсіп, ең соңғы екі дəу жеке-дара қалғандай болса қайтер еді? Кер- бұғы тағы да қарсыласына қарады. Бірақ екеуі де іштей сес- кеністерін бір-бірінен жасыра телмірісті де, оқыс шегініп, бар пəрменімен алға атылды. «Сарт!» Бұдан соң ілгерінді- кейінді сарт-сұрттан құлақ тұнарлық еді: тең екіге бөлініп бетпе-бет тұрған бұғылар бұрынды-соңды болып көрме- ген ұлы ұрысты бастап та жіберді. Шаңырақтана бастаған жасқылтым мүйіздер ауаны осқылап, қайыңның безіндей қатып-семген маңдайлар соғылысқанда, жарқ етіп от шық- қандай болады. Өлім мен өмірдің екі арасындағы күйекке алғашқы болып түсу үшін жүріп жатқан майдан – саф ер- ліктің, шын еркектің асқаралы үлгісіндей еді: қолдан мүсін- дегендей қайдиған бастар оқтай атылып түйіскенде, алтын кебісті бір-біріне ұрғандай əсем, əрі аянышты. Алтай күзі- нің ертеңгілік қою тұманы арасында қараң-қараң жүріп жат- қан жекпе-жек тура үш сағатқа созылғанда бəсеңсіді де, тұ- 211
манмен қоса серпілді. Етегін сүйрете жынысқа сіңіп кеткен тұманнан арылған сары-жасыл алаңқайда тек Кербұғы мен енді ғана күйектің иісі мұрнына келе бастаған Жасбұғы қа- лып еді. Өзгесі жеңіліс тауып, тұманмен қоса орманға босып кетіскен-ді. Жекпе-жек! Кербұғы осы сұрапыл ерліктің үл- гісі жекпе-жектен жаралғанын білетін. Бірақ мұндай теке- тірес сойқан тек бұғыларға ғана тəн қасиет емес, аса ақыл- дымыз деп сезінетін Адамдар арасында бағзыдан бақилық- қа ұласар бітіспес тартыс барын түйсінген жоқ. Адамдар арасындағы жекпе-жек – бұғылар арасындағы жекпе-жек- тен гөрі қанқұйлы: жексұрын тəртіппен өтерін, бұғыларша жылына жалқы рет сынасып, сонсоң сыйласып тату-тəтті ғұмыр кешпей, бір қадалса қан алып қана тынарын жəне де ойлай алмайтын. Рас, Кербұғы түз тағысын не себептен қоршауға ұстайтынын, адамдардың қу мүйізге құты қал- ғандай неге өшігетінін еміс-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүрді... Қайда жекпе-жек болса, сонда əділдік бар. Кербұғы көзі бұлдырағанда барып, шын шаршағанын білді. Осқырынып жер тарпыған Жасбұғының айбаты кіресілі-шығасылы есін қайта жиғызды. Ауыр соқ- қылардан миы айналып кеткен мең-зең басын зорға көтеріп, көзін ашып еді, қарсы алдында қасқая қарап тұрған Жас- бұғыны көрді. Ересен ер-бітімін шиыршық атқызып, ос- қырына ежірейеді. Кербұғы мойын сіңірлерін сəл босатып жіберсе, зіл болып басқан алтын бас сылқ етіп қара жерге домалап түсердей еді, дес берді де, намысқа тырысып қана тегіндегі атақ-даңқын сақтай алды. Əйтсе де қарсыласынан өзінің келмеске кеткен жастығын көріп, екі шықшыты қан қақсап, көзін қайта жұмды. Жер тарпып, айбат шеккен оспа- дар үн шықпаса, осы қалпында шөге түсіп, өліп-ақ кеткісі 212
бар-тын. Кербұғының əбден жеріне жете əлсірегенін сезе тұра, бүйірден бір нұқып құлатпай, заңды жекпе-жекке ша- қырып тұратын жас талапкердің ұятты қылығы жебеді ме, əлде ата-бабасынан бермен қарай түйіншек, үзіліссіз жал- ғасқан өр кеуде жігер оты қайта тұтанып, кербаққан шар- шасты түре қуып, жанын шабақтады ма, иіле берген басын қаздаңдатып, аспандата көтеріп алды. Сонсоң кіртиген кө- зін шатыната ашып, күндесіне қарады. Сонда да Жасбұғы- дан мол кешірім тілегендей, жаутаңдаған көзі жасаурады-ай: «бір жолыңды қисаң еді, сенен жеңілетінімді білемін, өмі- рің де, қызығың да əлі алда емес пе? Қи маған осы күйек- ті. Келер күзге жетермін, мүмкін жетпеспін...». Жасбұғы көзі қанталай шегіншектеп, сүзісуге əзірленді. Ендігі сəтте Кербұғының алдында өзі іспетті мүйізді хайуан емес, қол арасын жалаңдатып, қауға сақал шал тұрғандай, ол шал сол арасымен қазір сай-сүйегін сырқыратып, он сегіз тармақты асыл мүйізін кесетіндей, мүйізден шапшыған қып-қызыл қанды қорп-қорп ұрттайтындай, сонсоң сақалы қан-қан бо- лып, бүйірге бір теуіп қоя беретін қатыгез Пенде көлеңдеді. Жылдар бойына сірлене жиналған кегі мол кесепатты ашу, өмір бақида өшпейтін баянды өшпенділік лап етіп тұтанды да, өн бойын өртеп етті; өн бойын өртеп қана өткен жоқ, өне бойын аязды темірмен қарып та өтті; оның тура алдында, құрық бойы жерде ғана ел болмайтын ежелгі жауы, еңселі дұшпаны тұрғандай; өздері үшін қан кешуге түскен бұғы- ларға бірің өліп, бірің қал дегендей қаперсіз жайылып жүр- ген маралдарға жалт етіп оқты көзін ата қарады да, түкті жерді тұяғымен орып-орып жіберді, осқырды; шегінді, анау шақшиған екі көздің арасын тұспалдап найзағайдай атылды. «Сарт!» Есін жиғанда, өзінің теңселіп құламай тұрғанын, ал 213
Жасбұғының қисалаң қағып əлдеқайда ұзап бара жатқанын көрді. Сонда ғана көзден ыршып жас шығып, бар даусымен баяғыша, жас шағынша күйек шақырды. Бұл – Кербұғының басқа бұғылардан бөлекше үнін баяндайтын ең ақырғы ша- қыруы еді. – Ааааааааа, уууууууууу, ааааааааа, ууу!!! ...Осы бір уақиғаны еріксіз есіне алған Кербұғы ұмтылып барып қайыңның сарғая бастаған жапырағын үзіп алды да, талмап оразасын ашты. Тұман əлі сейілген жоқ. Сол тұман- ның ара-арасын тесіп, жетім тамшылар əлі жауып тұр. Ауа аса сызды. Жер-көк шылқыған су. Қайыңға жолап кетіп еді, одан да сау етіп су төгілді. Не нəрсеге сүйкенсең де жылай салады. Үйір өзіне тиген соң, мазаңға жылыстап кеткен бе, Жасбұғының күйекке түскен үні естілмейді. Мынау меңіреу орманда тек Кербұғы ғана жапа шегіп қалғандай, ербең еткен тіршілік иесіз. Үйірден бəрібір айрылып қалған. Сарқынды қуатын жұмсап, иелігіне алған маралдардың бабын табатын дəрмен жоқ та еді. Алжуға айналған кəрі бұғының жеңіске жеткені жас маралдардың қытығына тиді. Шыжбалақтап үйірді тастай қашып еді, Кербұғы мүйіздеп əкеліп қайта қос- ты. Əлгінде ине жұтқан иттей бұралаңдап кеткен Жасбұғы тіпті өлермен-ақ екен, ілбіп үйірдің артынан ерді де жүрді. Кербұғы тап берсе, зытады да, қайта ереді. Ал жас марал- дардың бар ниеті соған ауған, үйір басының көзі тайса бол- ды, шауып барып иіскелесе қалады. Əншейін сүйекке сіңді əдетпен жекпе-жекке түсіп, алқұлымдап жеңіске жеткені болмаса, Кербұғының күйек қайтарар тəбеті де, дəрмені де жоқ-тын. Кəрі көңіл жас иісті көксеп, осы үйірдегі сүмбіле сұлу əрі ең қылықты тентек жас маралға айбарланып көп əу- реленді. Күні бойғы шайқас буын-буынын сарысуландырып 214
тізеден соққандай ұйытады. Заманында дөңгеленте иіріп, он шақтысына сарт-сұрт шауып шығатын есіл қуаты езіліп-ақ қалған-ау... Арбаңдап бекер сүйкенгенімен, жас маралға үш ұмтылып секіре алмады, кеудесіне қазандай қара тас байлап қойғандай, жас марал əбден ызаланды білем, көзі боталап, сонадай жерде саяқсып жүрген Жасбұғыға жалбарыныш- пен қарады-ай... Ербең етіп еркек болғаннан тек «өзім» деп дүниені лас қылып өтер қанағатсыз сезім екі аяқты, жұмыр бас пендесіне ғана тəн емес, табиғат иемнің төрт аяқты хай- уанына да ортақ екен. Кербұғы əліне, кəрілігіне қарамай сүлініп, көп жағаттады маралға. Күйек қызығына басы ай- налған Жасмарал қызуы мол құштарлықпен лақсаны қан- шама иектеді, əттең, Кербұғы өлердей-ақ шаршаған екен, өркөкіректікке басып қайқақтағаны болмаса, ындыны жібіп жарытпаған. Əукесін көтере алмайтын неменің қытығын келтіріп, осыншама сарсаңға салуы сонандай жерде қыдиып аңдып тұрған Жасбұғының да шамына тисе керек, маралға ұмтыла бере қос тізерлей құлаған Кербұғыға барыстай атыл- ды: «Өле алмай жүріп, өлерменін кəрі иттің». Зуылдап кеп бүйірден ыңқ еткізіп сүзгенде, он жылдай тұғырдан таймай келген көсем тыраң етіп, қайтып тұрмастай сұлап түсті. Би- леп кеп тұмсығынан жалап-жалап алған жас маралға көзді ашып-жұмғанша шапшыды да, ендігі сəтте бар үйірді алды- на салып айдап, қыр аса жөнелді. Əпігін ортекедей ойнақтап тұрған жасқа емес, сыр мінез, бабын білетін ана маралдарға басып алса да болушы еді... Уылжыған көк өрімге ынтызар қызылшыл кəрі көңіл ақыр аяғы өзін мерт етерін білді ме, білсе шамасына қарай шаппай несі бар еді; қайран, қарттық- ай, жас иістің базары бір күндік, азары мың күндік екенін бағамдамайсыңдар-ау. Кербұғы тұралап ұзақ жатты. Алға- 215
шында ет қызуымен байқамаған ба, жүре келе ішек-қарны удай ашып, ілгері басқан аяғы кері кетті. Ол тіпті бассыз, тек денемен келе жатқандай сезінді өзін. Жасбұғы мұрттай ұшырған жерден сүйретіле тұрып, қалың орманның ішіне ың-жыңсыз кірді де, таң атқанша тырп етпей жатты. Таң сі- бірлей ғана, ілбіп бұлаққа барған. Үш еңкейіп су іше алма- уы осы себепті-тін... Ол тағы да тауға тырмысты. Əлгі бір мезеттегі қайыңның нəрсіз жапырағы таңдайына жабысып қалғандай қырнады, неше күннен бермен күйек бабына тү- сіп, қабысып қалған екі бүйірі бұраудай болып баяу ғана со- лықтайды. Жетіле бастаған екі мүйіздің түбі сыздағандай болады. Өз мүйізі өзіне сор əкелген бұғы тауы шағылып, тас бауыр əлемнен ат құйрығын кесісе түңілді де. Енді қалған қарға адым су ішкілігін өңкей өткенін ойлау- мен өткізуге бел байлады білем, үлкенірек бай самырсынды паналай қайта жатты бұйығып... Тым-тырыс жатып құлаққа ұрған танадай салқын тыныштықтан жас шағының айқай-сү- реңін тыңдағысы бар. Осы кезде алып таудың арғы қапталы- нан өзін мертіктіріп кеткен Жасбұғының қызықшыл рақатты əні естілді. Баяғыда, бұл да кəрі бұғының шекесін қақ айы- рып, үйірді өзі иемденгенде, дəл осылайша шаттыққа, ша- бытқа толы жеңімпаз əнін шырқап еді-ай. Дүние кезек екен, дүние кезек екен... – Аааа, уууу, аааа! Мүмкін, ол Кербұғының өз кіндігінен туған төлі шығар. Бірақ оның мүйізі он сегіз салалы емес, он бес – үшеуі кем. Мүмкін, он сегіз салалы оқыстан жаралар асыл хайуанның ең ақыры – өзі де. Мүмкін, анау тау-тасты азан-қазан «ауаға» бөлеп жүрген жас періден туған қозықаның мүйізі – он үш, одан кейінгінікі – он бір, сосын сегіз... сөйтіп, сөйтіп мү- 216
йізсіз тоқал қалар... бəрі мүмкін. Жасбұғы өзіне өмір бақи бітпес он сегіз салалы қасиетті мүйізін де сыйламай, марал- дарды тартып алды-ау. Марал жүзіқараларда ес бар ма. Кім жеңсе, кімнің атақ-даңқы асса, соның соңына ереді. Иə, ма- ралдарда ес жоқ, өйткені оларда мүйіз жоқ – тоқал. Қозықа! (маралдан туған жас төлді қозықа деп атайды). Кербұғыны да енесі ел-жұрт, жан-жануарлардан ала қашып, қалың қа- рағанның арасына апарып дүниеге шығарған. Еш тіршілік иесіне көрсетпей аяқтандырған соң ғана, ертіп үйірге қос- қан. Содан бері қаншама қызық көрді, қаншама запа шекті! Кербұғының ең алғаш көрген азабы əсте есінен кетпек емес. Таудың жықпыл-жықпылында жайылып жүрген бұғылар- дың тұс-тұсынан қиқу қаптады да, ағаш-ағаштың арасынан бір-бір құрық ұстаған салт атты адамдар қаптады дерсің. Қа- пелімде не болғанын білмей сілейген Кербұғы басын оқыс көтергенде, мейіздей қатқан қара қасқа атты үсті-үстіне са- балап, құстай ұшып келе жатқан қауға сақалдыны көрді. Екі көзі ақықтай сүзіліп, тісі ақсия ұмтылған адамның қолын- дағы құрығы ес жиғызбай, нақ мүйізден салып өтті. Сонсоң ғана тамам бұғылардың ойға қарай жосылғанын көріп бір- ақ атылып, құрықты қолдан сытылып шыға берген. Бұдан соң тұяғын томарға ілдірместен зу-зу шапқылайтын атты адамдар жан-жақтан, ойдан-қырдан қаумалап əкеліп үлкен қораға күргейледі, бұдан əрі тықсырып келесі қораға өткізіп жіберді. Қорадан-қораға өткен сайын, өрістері тарыла берді. Мұндай теперішті бұрынды-соңды көрмеген Кербұғы арпа- лысып, шығар саңылау іздеп еді, өзі ғана сыяр қақпаға сып етіп ене бере, əлдекім сарт еткізіп тиегін сала қойды. Сонсоң Кербұғының бөксесінен ұзын таяқпен түртпектеп əлгі ені тар шарбақтың өн бойын қуалата жүргізіп əкеліп, тақтай- 217
шаның үстіне шығарды да, артынан тағы да көлденең тиек салды. Енді ол өзі ғана ендейтін тар үйшіктің ішінде ты- пырлап тұрды. Қалай келгенін, неге келгенін білмейді. Жан ұшырды, торға қамалды. Жүрегі зырқ ете қалғанда, бұны сылқ еткізіп төмен зынданға түсіріп, екі шықшыттан əлде- бір қысқаш қысты. Екі шықшыттан қысқанда, көкпеңбек бо- лып төңкеріліп тұрар аспан айналып жерге түскендей болды, өзін қаумалаған адам, анау орман, тау-тастың бəрі төбесінен тік шаншылды. Оның жанары жаутаңдаған көзінде бүкіл əлем көріністеніп, сол əлемнің ендігі қожасы қатыгез адам да қол арасын сайлап əзір жүрді; ал сол адамның қомағай қарашығында мүйізден айрылып пұшайман болар Жасбұғы да тулап, тұтқында тұрған екен. Иір-иір тістер түкті мүйіздің түбін ала ілгерілі-кейін ырыл-дырыл болғанда, Кербұғының миын мың-миллион құмырсқа талапайлап жеп, маржандай тізілген тістері сырқырайды-ай. Əлгінде ғана мейірім тілеп жаудыраған қара көз əп-сəтте қанталап, ақиып шығып кетті. Еркіндіктің ерке желімен жарысып, ой мен қырдың ара жігін ажыратпай, бұла боп өскен бұғы дəл қазір өмірдегі жаман- дық пен жақсылықтың уланған бастауынан дəм татты. Дəм татқызған – Адам! Тағдырдың бар талқысын жазмыштан ғана көретін аңқау көңіл, ақымақ хайуан бар билік, бар бай- лық, бар еркіндік тек адамдарда деп білді. Рас, Кербұғы екі аяқтыларды шексіз сүйетін, бірақ кейде, өз махаббатынан өзі шошынушы еді, бақса пенде дегенің қатыгез əрі ашқарақ, қа- нағатсыз екен-ау. Жек көрудің ең сұмдығын адамдардың өз- дері туғызады... Кербұғының қазіргі халі – жас баланың май өкшесіне шеге қағып, тағалағандай аса аянышты. Кербұғы тоқал болып жаралмағанына өкінді. Қиянат! Не нəрсе сұлу болса, отап тастауға, не нəрсе биік болса, құлатып тастауға, 218
не нəрсе аппақ болса, қаралап тастауға, не нəрсе сау-сала- мат болса, жаралап тастауға, не нəрсе адал болса, арамдап тастауға əуес жұмыр басты пенденің өз оңбағандықтарынан ақталар «ақиқаты» əрқашанда дайын: «Жақсылық туғызбай- тын бірде-бір жамандық жоқ. Кездейсоқ оқиға болмайды: бұл дүниедегінің бəрі де – не сынап байқау, немесе жаза, немесе мақтау, күн бұрын болжау». Ал Кербұғының көрген азабын немен иландырар екен. Иə, иландырар дəлел сұра- майтын сырты түк, іші тезек хайуан болған соң, өз тілек- терінің құрбандығына салды да: «Дүниедегінің бəрі де қа- уіпті, бірақ бəрі де қасиетті», – деп, ақыл айтты. Кербұғы құрсаудан босап атыла жөнелгенде, мүйізін шайқамаққа басын ырғап-ырғап жіберіп еді, тоқал басы қаңсып қалған екен. Жан жықпылындағы бағанадан бері жанартау болып жиналған ашуы бұрқ етіп қопарылғанда, алдындағы ағашта көлденеңдей байлаулы тұрған қара қасқа аттың үстінен бір- ақ секіріп басы ауған жаққа лаға жөнелді. Бүкіл адам атау- лыдан безіне, толассыз ұзақ жүгірді. Осы екпінімен лекітіп етпетінен құлағанша безе беруге бел байлаған, бірақ көп ұза- май, тұмсығы даңғарадай қорғанға тірелді. Сол жуан-жуан сырғауылдан қиып жасалған сатының бойын қуалап тағы да жүгірді, таусылар емес, бүкіл тауды айналып бағанағы орнына қайтып оралғанда ғана, өздерінің қоршауда жүреті- нін сезді, сөйтсе бұлар қоршаудың ішінде от оттап, қоршау- дың ішінде су ішеді екен, сонсоң жадыраған жаз таусылып, қылышын сүйретіп қыс келгенде, адағайлатып қуып əкеліп жəне бір тарлау қораға қамайтын. Қыстыгүні сол қораны қақ жарып ағып жататын бұлақтан су ішетін, алдарына шашы- лып тастаған сасықтау сүрлемді еріксіз жейтін. Көктемде қорадан құтылып, шын еркіндікке енді ғана жете берген- 219
де, міне, тағы да қораға айдап тығып, мүйіздерін сыпырып алады. Бұғылар үшін шын еркіндік мəңгі бақида жоқ екен... Самырсынның түбінде бұйығып жатқан Кербұғы алғаш рет мүйізін кескенде, осылайша еркіндікті аңсап еді-ау. Содан бері қаншама жаз, қаншама қыс өтіп, соншама рет мүйізі- нен айрылды. Ең қызығы, сол күннен бастап мұның мүйі- зін көрген ел қанды көрген қарғадай қарқылдап, бəрінен бұрын станоққа салатын. Жазған табиғат сыйға тартқан он сегіз саланың, тым құрығанда бір рет уағы келіп, мезгілінде өзінен-өзі түскен жоқ... Иə, он сегіз сала – тек Кербұғының маңдайына ғана дарыған бағы мен соры... Иттен қадірсіз боп көп жатты. Іздеп ешкім келмеді. Маусымның дəл ортасында арадай анталайтын адамдар да, күйек басталса, алды-артын орай ырбаң қағатын маралдар да, кеше ғана алып таудың қасат қарын бұған бұздырып, өздері соңынан еретін дос- жаран бұғылар да зым-зия; қолдан қуат, бойдан дəрмен ке- тіп, бақ тайған соң, жалт берісті. Бəрі де опасыз жалған тір- лік екен-ау. Кеше ғана хан көтеріп жүрген ардақ аға майып болып қалғанда, қол ұшын берген ешкім жоқ. Ең аянышты өлім – есіл ердің елеусіз, бодаусыз жападан- жалғыз өлуі де. Қайран елі, қасиетті жұрты қайда? Шыны- мен-ақ мойнын бұрмастан, күйек қызығын қуып кетті ме? Кербұғы қадірі қашқанын білді. Əсіресе, маралдарға өкпелі. Асыл дəуреннің асып-тасып тұрған шағында маралдар мұны құдайдай көретін. Күйек басталса, өзгеше бір жұмсақ назбен еркелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай- тын-ды. Егер бұта-қараған сыбдыр етіп, нендей қауіп төнген сəт болса, тамам марал шыр көбелек шеңбер құрып, Кербұғы- ны ортаға алатын-ды; ал тар жол, тайғақ кешулерде не алға, не артқа салмай, үнемі қауіпсіз орталарда ұстайтын. Шөп- 220
тің де, судың да ең сонысына, ең мөлдіріне бастап апарар еді. Қарайғанның бəрінен қызғанысып, қызғыштай қорып жүрген ер бұғы бүгінде қор болып жатқанда, қолтығынан демер кімі бар? Бəрі де алдамшы, қолда бар болғанда ғана қоқаңдап өтер бейбаян, бейберекет тірлік екен... Неге бол- масын зауықсыз Кербұғының даңғырап бос қалған кеудесіне бірсін-бірсін запыран толды. Бір жұтым суға зəру, кепкен өңеш қырнап жөткірінді-ай. Зілдей басқан қорғасын тұман сейіліп, ағаш-ағаштың арасынан күн нұры сығалады. Сонау етекте бұрқырай аққан өзеннің гүрілі естіледі. Тау басына тіршілік ұялатқан. Күн жарықтық жаралы бұғының халін сұрады. Онысына да шүкіршілік, табиғат ием ғана өз жара- тушысын ұмытпайды екен. Кербұғы самырсынның астынан шығып, зеңіген маңдайын шуаққа төседі, сонсоң аса қинала ышқынып еді, даусы қырылдап, өзгеше қорқынышты, əрі келте қайрылды. Өзімен бірге үні де өше бастапты. – Ааа, ууу, ааа. Өзімен қоса үні де келмеске кете бастаған Кербұғы со- нау сары жағал таудың ар жағындағы ұшпа басы аппақ қар теңдеп, мұнартқан шоқыға қарады. Сол шоқы мұның қозы- қа шағында тым биік болып елестесе, есейе келе аласарып кеткендей еді; енді, міне, тағы да заңғар тартып аспандап тұр. Сол аппақ шоқы Кербұғының ақ шағыл арманы сияқта- натын: сағынатын, көксейтін, үміттенетін, əйтеуір, түбінде бір тұяғы ілінетініне сенетін. Киын-қыстау мезеттерде көзін жұмса болды, көкше мұнардың арасынан ақ сеңгір арман тауы – Ақшоқы елес беріп, жүр-жүрмен азғырғандай тым алысқа «ауалап» шақыратын. Кейде сол ақсеңгір елесі сұр қасқырға немесе қауға сақал маралшыға айналатын да, Кер- бұғы селк етіп шошынып, қайта көзін жұмбас еді. 221
Ал Кербұғы зəузатының о бастағы мекені Ақшоқының етегінде екенін білмеуші еді. Иə, ата-баба бұғылар бұдан мың жыл бұрын сол таудың етегін жайлап, əй дейтін əжесіз, емін-еркін ғұмыр кешсе керек. Емін-еркін уаз кешкен бұғы- маралдар құрықты қолды білмей, табиғат сыйға тартқан жас құрақ, жасыл жайлау төсінде шөптің сонысын, судың таза- сын таңдап, бір қиырдан бір қиырға, көңіл шіркін қалаған жаққа жосып, мамырдың барқыт түніне оранып, қаперсіз жусайтын. Кейде толған айдың жаһұт нұрына еркелей жусап жатқан мың-миллион түз тағысы жер қайысқан қалың қол- ды елестетер, сонсоң таң сарғая, тау жазирасын қақ жарып, жұбын жазбастан өрер: өре түрегеліп, өре жөнелген Алтай еркелері ағаш-ағаштың, шоқы-шоқының басында байланып тұрған ақша бұлттарға сіңіп, мəңгілік көзден ғайып болар- дай еді. Кейін бұғылар атамекенін ауыстырды. Сонда ғана олар атамекендерімен қоса туасы еркіндіктерінен де біржола айрылғанын білген. Түкті мүйіздің түбіне сусылдап қол ара тигенде – сол ең асылы, ең қимасы – шын еркіндіктерін де əлдекімдер кесіп алғанын – бақилыққа кесіп алғанын, енді қайтып бермейтінін сезіскен. Иə, бұғыларды байырғы жұрт туған жерінен айырып, мынау аядай өңірге алып келген Адамдар бұл елдің етене түлігі – жылқылардың обалына қалған. Ақ патшаның атына арыз жазып, бар жайылымды кесіп алды да, жылқы баққан жандарды қу тақыр сарғайған сары далаға қуды. Өз мекен жайынан бездірген – өзінің кін- дік кескен жері жарылқамады, бұғы тұқымы сол жылдардан бермен сарқылып-ақ келеді... Кербұғы бойына қайтадан қан жүгіргендей болған соң, бір басып, екі басып қоршауға бет- теді. Əбден суға тиіп, борсыңқырап тұрған ағаш саты бəз қалпында салқын сазарады. Былтыр да сол, биыл да сол, ке- 222
лер жылы да сол... сол... Кербұғы тұмсығын жасқана созып, танауын үйкеді. Мұрнына күлімсіген өлексі иіс келді. Пыс- қырып басын шайқады. Сонсоң шегініп кейінірек тұрды. Тағы да Ақшоқыға қарап еді, көшкен мұнардың арасынан ақшағала армандай ағараңдайды! Сол жатқан жанды жаннат етер саумал самал есіп, қуатқа қуат, жігерге жігер үстегендей болады. Сол жақтан Кербұғының мұқым ата-бабасын «ауа- лап» шақырып, сойқан ерлік, еңкеймес еңселі тəкаппарлық- қа, көздің жауын алар сұлулыққа еліктіргендей болады. Сол жақта – тек сол Ақшоқының етегінде еркін де елегізусіз то- тай өмір барға ұқсайды. Əттең, мынау өлексе иіс аңқыған қорған болмаса, Кербұғы баяғыда-ақ Ақшоқыға қашып ба- рып, аппақ қарды қаба асап, күтір-күтір шайнар еді. Сонсоң ішін өртеген бар қайғысын, бар өкініш-арманын, жалпы адам атаулыға, тек солар ғана керегіне жаратар от пен оққа деген ашу-ызасын ағыл-тегіл ақтарар... ақтарар... «Айнала- йын табиғат, айналайын еркіндік, айналайын сұлулық», – деп ұзақ айқайлар, айқайлап тұрып зар еңіреп жылар, сонан айға шапшып барып шалқасынан құлап өлер... Бірақ өлгеніне өкінбес... Сатының ар жағында мұз құрсанып, оқшау тұрған Ақшоқы жаралы бұғының көзінен бұлың-бұлың бұлдырап алыстағандай... Кербұғы қаңси бастаған кеудесін қақ айыра шақырмаққа аузын ашты, бəрібір баяғыдағы сырнай үні тар- ғылданып шықты. – Аааа, уууу, аааа? Тау жаңғырыққан жоқ, мелшиіп əр тасы көкбеттеніп дүм- білез жатыр. Күн қыза бастады. Көз жасындай мөлдіреп- мөлдіреп жатқан көгенкөз шық күзгі жапырақтан сусып түсіп, тойымсыз жерге сіңіп жоқ болады. Биіктен, тым-тым биіктен қайтқан құстың қош-қош сұңқылы; алыстан, тым- 223
тым алыстан жас бұғының күйек шақыруы; сай жақтан қос ауыз мылтықтың барқ-барқ етіп өлім бүркіген даусы есті- леді: шағылысады, туады, өлтіреді – осылайша өмір жалға- сады. Өмір отын өшірмей үрлеп, көрігін басып тұрған құ- діретті күшті адамдар, əне, гүр-гүр вертолетке мініп ұшып барады... Осының бəрінен түңіліп, жеріген Кербұғы жара- тылыстың бар қызығын, өз кəрілігіне, қысастанған қырсық мінезінің алай-түлей күлдікөмеш мүшкіл күйіне айырбастап жіберді. Ол төрткүл дүниені де, тамырлай соққан тіршілік- ті де өлердей жек көрді. Жас шағында ессіз жақсы көргенін ұмытты, мəңгіге ұмытты білем, оқыс тəуекелге бел буды. Бұл дүниемен қоштасар ақырғы сəтінде мұң-зармен улан- ған денесін қоршаудың арғы жағында қалдыруға, еркіндік деген ұстатпас сағымды алғаш та ақырғы рет көріп, бұдан соң бақытты сапарға – шексіз еркіндік – өлімге адал ниет, аб- зал жүрекпен аттануға ұлы дайындық жасады. Дел-сал тұла бойын шиыршық атқыза қатайтып, буын-буынын бекітті. Осы жасына дейін батылы бармаған асқаралы ерлік жолы- на жаралы жанын, қаралы жанын садақаламақ. Ер боп туған жазған – ер боп өлмек. Сөйтіп, иісі бұғылардың қасиетті дəстүрі, шырқау биікке өр серпіп өлер ақ көбік асаулық, ке- мерлі менмендік, ақылдан азар кемеңгерліктің ақтық үлгісін көрсетіп барып, батылдық пен тентектікке құмар, өжет жү- регін азаламақ, жерлемек... Сөйтіп, барлығынан: қанағаты жоқ аш көз адамдардың тепкісінен, жас маралдың ермегі мен Жасбұғының мазағынан, еңсегей бойды кеміре баста- ған кəріліктен, еңку-еңку жылдар бойына өзінің маңдайына табиғат жазған ерке еркіндігін қамап келген ағаш сатыдан азаттанбақ... Кербұғы көзінен от шашып, шегіншектеп ба- рып бар қуатымен алға атылды, жаңбырдың суына иі қанып 224
былпылдаған жерге артқы қос тұяқтың ізін оя тастады да, зу етіп, биік қорғаннан асып-ақ түсті. Өң мен түстің арасын- да ес жия алмай, біраз сілейіп тұрып, өз ерлігіне өзі қай- ран қалғандай секіріп билеп, Ақшоқыға қарай артына қай- тып қайрылмастан тарта жөнелді. Артына қараса, енді ғана тұяғы тиген еркіндігінен айрылып қалардай кауіпті халде кетті. Ақшағыл арман – Ақшоқыға аман-сау жетті де, қарсы алдында тұрған діңгекті иіскеп, жүгіре-жүгіре деміккен та- науын қасыды. Бұдан соң көзіне жас алып тұрып, баяғыша жас шағындағыдай арқырап, таза əрі зор дауыспен күйек ша- қырды. – Аааааааа, ууууууууу, ааааааааа, ууууууууу, ууууууу! Бұл үнді күллі тау əулеті үзік-создық ұзақ қақпақылдады, қайталады-ау... Осы сəтте бүкіл өмір «ауа» секілді еді бұғы үшін. Бірақ олай емес екен: жаңадан ғана жетіліп, үлпілдеп тұрған қос мүйіздің түбінен қос оқ сақ етіп тиді де, Кербұғы омақаса құлады. Қайтып тұяқ серіпкен жоқ. Адал да арам өлімге бойұсынып, бостандықты енді ғана сезінген қайран дене суыды, мəңгіге суыды да, шын еркіндікке сапар шекті. Оқ екі жақтан келді. Бірақ екі жақтан да ешкім жоламаған. Оқ иелерінің кімдер екені де белгісіз. Кербұғы сол көк ала діңгектің түбінде, дүбəра алаңда қалды... Ағаш қоршаудың ішінен Жасбұғының рақатқа батқан ессіз үні естіледі. – Аааааа, уууууу, аааааа, ууууу? Біреулер айтады: еркіндігін аңсаған Кербұғы тіпті де өл- ген жоқ. Біреулер айтады: еркіндік алған бұғылар тек қана о дү- ниеде...
ЖЕСІРЛЕР I. Арысын тосып əлі отыр Аш шашты əйелді көргенің бар ма, Қайғы жұтып қартайған. Мағрипа күйеуін майданға аттандырған жылы не бары жиырмаға толып еді. Қайғы-қасірет пен тақсірет құрығының не екенін біліп, күннің көзіндей құбылмалы дүниенің күй- діріп те, тоңдырып та жіберетін құдіреті барын тұңғыш рет мойындап, ағыл-тегіл жылаған – шын жылаған жылы да осы. Ол жиырмаға толғанын білмеген де, ел басына күн туған за- уал жылдың таңдайда қалар тəттісінен гөрі ғұмыр бойы құтылмайтын зар арқалатып бергені ғана есінде. Егер бұл ғаламда пенденің: аз жасасын, көп жасасын, əйтеуір бір ең қымбатты қимас шағы болатыны рас болса, керісінше мəңгі бақи ұмыта алмайтын қан жұтқан қасіретті мезеті де болады екен. Мағрипа осының екеуінің де дəмін татты. Жеңсігі бол- маса да тағдыр атты тарантас мінгізіп əкетті үстіне. Тағдыр арбасы кімге жайлы, кімге жайсыз. Ал Мағрипа үшін... Мағрипа күйеуін майданға аттандырған жылы жиырмада еді. Қазір қырық сегізге толғалы отыр. Бірақ сол бір сор маң- дай жылдың Мағрипа үшін қаншалық жеңіл-ауыры бүгінгі мамыражай күнде ғана анықталып, бар салмағын енді сал- ған секілді. Мағрипаның есінде сол жылдың күзі тым-тым 226
сұрқай жаңбырлы болып, қыстың ерте түскені ғана қалған- дай. Жылауық күздің ызғарынан гөрі қайғы-қасірет қаңтар- дың аязынан бетер жан-жарасын жұлқылап мұздатқан, тіпті қара қошқыл аспан да, қара жамылып күрсінген күрең дала да, қарқарадай қасқайып тұратын тəкаппар тау да қайғыдан езіліп, қол-аяғын бауырына алып бүрісіп, қалжырап жат- қандай еді ғой. Мағрипа күйеуін соғысқа аттандырып тұ- рып, алғаш рет күз лебізін сезінген əрі осы салқын да сал- дақы лепте сандалған жұрттың күңіренісі, өзіндей сандаған жесірдің қазіргі немесе бұдан сансыз жылдар соңғы сағы- ныш еспесі барын көкірегіне түйген. Ол сонда тұңғыш рет шын жыластың не екенін біліп, шын қайғырудың, шын сар- ғая сағынудың дəмін татқан, тұңғыш рет өз-өзінің өксіген өмірдегі орнының қандай жəне қай дəрежеде екенін, өзі ғана емес, барша əйелдердің қайғыға мұншама қара нардай берік құдіретін таныған; тұңғыш рет еркек қауымының бір өңкей күйеуі секілді, ары таза азамат қана емес, аш қасқырдай ара- ны кең, арсыз екенін де бағамдаған. Ол өткен өмірін əсте де есіне алып есіркеп, əлдекімге əңгімелеп көрген жоқ. Шерлі жылдардың шешуі əйелдің əрі нəзік, əрі берік жұдырықтай жүрегінде шемендеулі. Асыл қазына болмаса да аласапыран жылдардың сыр сандығы кілтсіз, иесіз. Жүрек сырының кілтін ол жоғалтып алған жоқ, жастығын да, махаббатын да, өмірінің бар базары мен арманын да май- данға ала кеткен жарына сыр сандығының кілтіне қоса беріп жіберген екен. Сол Мағрипаның жарты ғасырлық ғұмырын бүгін кез келген жесірдің тағдырына балап, оның баз кешкен жылдарын жазуды басқаларға, батылдарға қалдырып, қазіргі халінен хабардар етейік. 227
*** ...Қара сиыр өрістен əлі қайтқан жоқ. Бағана таудан мал құлап, ауылдың іші азан-қазан болғанда, əне, келеді, міне, келедімен отырып қалған еді Мағрипа. Таласып барып ба- тып бара жатқан күн астындағы Қоңыртөбе күйіп жатқан- дай жалқын түске шомылып, жаз дидарының бар ажарын өз бойына жинақтап, бауырына басып алыпты. Қоңыртөбенің қыр арқасы алтын шұғыланы қиып, күнбатыс көкжиектен анталаған қаятты нұрды арғы қапталына паналатып, бергі бетіне қоңыр салқын ымырт кешін ұялата бастады. Мағрипа осы төбеге күн салып қарап көп тұрды. Малдың бəрі ойға құ- лап сарқылып біткен бе, қыбыр еткен зат болжанбады. Баға- нағыдай емес, ауыл іші тынышталып, намазшам алдындағы қарбаласқа көшкен. Əр үйдің алдындағы бір-бір сиырының борбайына жармасып бір-бір ақ жаулықты əйел отыр. Маса- дан қорғанып салған түтін сыздықтай көтеріліп барып, көк күмбезше мойнын соза-соза, іріп-іріп жоғалады. Ауада отқа салған жас ерменнің бықсыған қоңсысы, сиырдың иісі бар. Тау қойнауының кербез кеші бара-бара іңірге айналып, өзен жақтан майда ғана салқын леп үп етіп қалады... Мағрипа Қо- ңыртөбеге беттеді. Анда-санда «Ау-хау» деп тауды жаңғырықтыра айғай- лағаны естіліп, біртіндеп ұзап, қыр асып бара жатқанын сездіргендей үзік-созық талып шалынады құлаққа... Мағ- рипа батысқа беттеді. Жылдар бойы көз майын тауысып, сарғайған санамен үміт отын іздеген батысқа қара сиырды іздеп енді өзі шықты. Қара сиырдың өрістен қайтпай қала- тын əдеті жоқ еді. Күн еңкейсе болды, табындағы сиырдың алды болып, аңырап жететін. «Бүгін не қара басты, əлде си- 228
даға түсіп қалды ма екен... Құдай оның бетін ары қылсын. Ақсыз қалдырса, биылғы қыс бір қырға бізді де таятып тас- тар». Мағрипа жол тосып соғысқа аттанған күйеуін аңса- са, осы Қоңыртөбеге телміретін. Кейде оған дүниедегі бар пəле-жала осы қабақтың арғы бетінде болып жатқандай се- зілетін. Құрбы қатындар сан рет масақ теріп қайтайық деп сүйрегенде: «Көрмегенім Қоңыртөбе болсын», – деп аттап баспайтын. Осы іші кепкен сиырдай теңкиіп жатқан үлкен төбені сонау бір шатқалаң шақта Бозтайлақтың да асып ке- тіп, күні бүгінге дейін қайтпай қалуы, тіпті бұрнағы жылы қыста айналдырған үш ешкісінің бірі асып кетіп, қасқыр жеп кеткені ойына əлденендей сезік ұялатып, секем ал- дырған. Содан ба, əлде Байжұма молданың: «Бұл шаңыраққа ке- летін зауал – Қоңыртөбенің ар жағында», – деген көріпкел сөзі қамшы бола ма, күнбатысқа ұзақты жылдар бойы құр- дан-құр көз сата қарағаны болмаса, аттап басқан емес. Бір үйдің бір сиыры жоғалып кетсе, талшық етерінен айырылып, от пен суға қарап қалғаны ғой. Бағана қара сиыр ұшты-күйлі жоғалып алған соң, бар пəле-нала осы төбенің арғы бетінде жатса да, «Бозтайлақтан жаным аяулы ма, не көрмеген қу бас, көріп алдым əуселесін» деп, белін буып, бекем шыққан. Шылбырдай шұбатылған жалғыз аяқ жол қабақтан асып, арғы күнгей бетіне құлағанда, Мағрипа, шынында да, жүрек- сінейін деді. Ғажап-ау, осы Жаңаүлгі ауылының бес жастағы баласына дейін жасырынбақ ойнап, жидек теріп қаңғылес- теп кететін. Қоңыртөбе қойнауы зіңгіттей əйелдің зəресін алғаны несі? Көрер көз, естіген құлаққа ұят. Қайраты тас қайнататын əйел мынау жалпақ жаратылыста тек осы Қо- 229
ңыртөбенің арғы бетінен ғана қорқады. Бұл Қажымұқанның тышқаннан қорыққанындай емес, мүлдем басқа... басқа... Оны Мағрипаның өзінен емес, соғыстан іздеу керек секіл- ді. Егер Қоңыртөбе күнбатыста – Бозтайлақ соңғы рет қараң етіп көрініп, қарасы өшкен тұста болмаса, мұншама жанға жат, тəнге салқын үрейлі болып сезілмес пе еді. Мағрипаның денесі тітіркеніп, тоңази бастады. Ымырт жабылып, көз байланып қалған. Бағанағыдай емес, қарай- ған-құрайған молайып, əр бұта-қараған аюдай айбар көрсете бастады. Біртіндеп жұлдыздар шығып, бейуақтың тымыр- сық дел-сал күйі жайлады өңірді. Қара сиыр жоқ. «...Қасқыр жегір-ай, қайда ғана қаңғып кеттің екенсің? Алдыңнан шығып айдап келер бала-шағам тұр ма? Қуарған қу бас... Тіршілік-ай, өмір бойы ат ізін салмаған қойнауға жетелеп келдің-ау. Сиыр түгіл, Бозтайлақ жүр десе де, баты- лым барып, аттап баспап едім, келтірдің бе, дегеніңе көндір- дің бе, қу өмір... ау-хау, ау-хау... қасқыр жегір-ай...». Мағрипа қара сиырды таба алмады сол түні. Ертеңінде бақташы шал Қоңыртөбенің қойнауында у жапырақ жеп, іші кеуіп өліп жатқанын хабарлады. Осы хабарды естігенде Мағрипа сазарып міз бақпады. Көзіне жас та алған жоқ. Бар айтқаны: «Қайтейін, Қоңыртөбе Бозтайлағымды да алып қалған. «Басқа түссе баспақшыл»... Бірақ... бірақ тоқсанға келген кəрі шешеме қиын болды-ау. Ақ баласынан басқа аузына нəр алмаушы еді...». – Тəйт əрі! – деді Қанипа,– өлсе өле берсін. Мен де өлем. – Құдайым-ай, таң неткен ұзақ едің. Бозтайлақ аттанған түні де дəл осылай кірпігім-кірпігіме айқаспай, бақырайып жатып алған едім. Мал ашуы – жан ашуы деген, тегі, рас па едің... уһ! 230
Кемпір ағаш төсекті сықыр-сықыр еткізіп бері аунап түсті. – Əй, Мағаш, ұйықта қалқам. Қайтесің жоқтан өзгеге ба- сыңды ауыртып. – Ой, апа-ай, ұйқы құрғырың қашып алғалы қашан.... Қы- рық бірден бері... жиырма сегіз жыл. Ондық шам өлімсірей жанып тұр. Алаша төселген аласа ғана ағаш үйдің іші қара көлеңке. Іргедегі екі төсекте бүк түсіп жатқан қос əйелдің көрпеден дудырай шығып жатқан шашы да аппақ, бір-бірінен айырғысыз. Бірінің шашы қарттықтан ағарды, бірінің шашы қайғы- дан ағарды... Үй іші алакөбең тартып тұр еді. Шағын бөлменің əр бұ- рышында орналасқан жұпыны ғана ол-пұлдар жарқылдап көз шағылыстырмай, қоңырқай семьяның қоңыр тірлігінен хабар бергендей еді. – Апа, – деді Мағрипа жуас үнмен, – торпақ сатып аламыз ба? – Торпағың өсіп, аузыңды акқа тигізгенше... Өзің біл. Тиын-сиының жетсе... – Кемпір осы сөздің өзін ауырлаған- дай сырылдап ұзақ жөтеліп барып, демігіп жатты. Сосын үзілген əңгімесін жалғап: – Өзің біл. Мағаш. Ма- ған төрт-бес кез ақирет бұйырса да жарар. Ел бар, жұрт бар, аруағымды қор етпей арулап қояр. Əлгі... Уһ, аллай, əлгі... Сандықтағы сары майдай сақтағаныңды жұмса, менің өлі- мімді тосып қайтесің, – деді аса шаршаспен. Мағрипа үндеген жоқ. Екі қолын көкірегіне айқастыра салып, ауыр демалып жатқан кемпір сəл үнсіздіктен кейін: – Қызым, ұйықтап қалдың ба? – деді. – Жоқ, апа. 231
– Ұйықтасаңшы енді, ұйықта, жаным. – Өзің де көз шырымын алсаңшы, апа. – Ұйықтайтын күн де жақын қалды ғой. Қара шалдың қасына барып... – Қойшы, апа, қорқыта бермеші! Ондық шам өлімсірей жанып тұр. Жанып таусылуға да таяу секілді. Мынау кəрілік меңдеген кемпірдің қазіргі ха- ліндей, ол да бірте-бірте мəңгі тыныштық күйге бой ұсынып, өшіп бара жатқан. Күн өткен сайын, ертеңгі су ішкілігінен гөрі ендігі аттанар сапарының қамын көбірек ойлап, сол бір жұмыр басты пенденің қай-қайсысы да құтылып кете алмай- тын мəнзілді көксеп, əйтеуір, алатын жаныңды тезірек ал деп, құдайға құлшылық ете көксеп жатқан. Мағрипа ұйық- тап қалған секілді, бір қалыпты тынышты күйде тыныстап жатыр. Кемпір ағаш төсекті жылата сықырлатып, үш-төрт қозғалып барып іргеге аунап түсті. Тағы да сырылдап, тық- тық жөтеліп, əлденені күбірлеп, əлденендей өкінішті салқын күйде жатты. «Əй, Мағаш-ай, сонда Қайсаға ти дедім – көнбедің. Өл- мектің артынан өлмек бар ма. Енді міне, қаңыраған үйде қара басың қалмақ. Басқа қатындар үш-төрт байға тиіп жат- қанда, Бозтайлақтың суретін құшақтап шашың ағарды». Ондық шам бағанағыдан ары басылып, болар-болмас сəуле шашып тұр. Қабырғада ілулі тұрған Бозтайлақтың суреті де шам сөнуге айналған сайын, қара барқынданып, құр нобайы болжанады. Кемпір: «Əй, Мағаш-ай, Қайсаға бекер-ақ тимедің» деп барып, тық-тық жөтеліп қалды. Мағрипа бір қалыпты тыныс алып жатыр. Тыныштық. Мазаң дүниенің бəрі-бəрі де та- 232
лықсып, мызғып бара жатыр. Заржақ иттер ғана оқта-текте шəу етіп қалады. «Қайсаға ти дедім». Кемпір сырылдап жатыр. *** Мағрипа шешесінің өліміне жұмсаймын деп тірнектеп жиған ақшасына торпақ сатып алды. Тамыз басталып, жұрт бірер малына шөп дайындауға кіріскенде, бұл да шалғысын сайлап, бүгін-ертең бұл дүниеден көшем деп жатқан ше- шесін сүйеп отырып шыңдатып алған. Биыл мамыр, шілде айлары құрғақшылық болды да, ойдағы шабындықтың көбі сап-сары боп күйіп қалған. Бұта-қарағанның түбін шауып алайық деген мүшеге совхоз рұқсат бермей отыр. Негізгі шабындықты тамамдаған соң, қол тартпамен совхоз малына шауып үйеміз, сендер таудан тұрғызыңдар бір-бір шөмеле- ні дескен. Астында аты бар азаматтар шалғысын тақымда- рына қысып, əлдеқашан-ақ аттанысып кетіп еді. Аяқ артары болмаған соң, Мағрипа секілді бір үйдегі бір жесір əйелдер ғана лажсыз омалып отыр. Қанипа кемпір: «Мына өзіміздің Шілікте торпақтың қыс- тайғы азығы боларлық қырықбуын аралас қияқ бар. Денің сау кезіңде, осы ауылдың отымен кіріп, күлімен шықтың емес пе? Ертелі-кеш барып, қыбырлай бер», – деген соң тартпасын арқалап жөнеле беріп еді, қорықшы Қайдар жол- дан қайтарып əкелді. Ертеңінде басқарушыға барды Мағ- рипа. Өтінішін қабылдамады. «Болмайды, апай, болмайды. Совхоз малына шашымызды жұлып бере алмаймыз қыста», – деп, Мағрипаның көзінен аққан ағыл-тегіл жасты шыбын 233
құрлы көрмей шығарып салған. Мағрипа осы күні түнде шалғысының орағын беліне қыстырып, сабын таяқ етіп жол- ға шықты. Бағыты – Шілік. Ай, əлі туған жоқ. Түн жамы- лып ұрланып шыққан жалғыз жаяудың жаулығы ағараңдап, Қоңыртөбені асып бара жатты. Ол бұл жолы Қоңыртөбе- ден сескенген жоқ. Ішін өрт боп жалаған өкініш, ашу-ыза амалдың жоқтығына астасып, өз болмысында болмаған бө- тен қимылға итермелеген. Ол қара сиыр іші кеуіп өлетін ші- лікке келіп, бел шешті. Ауыл енді Қоңыртөбенің күншығыс бетінде қалған. Мағрипаны мазалайтын қорқыныш сол төбе- нің ар жағында, қорықшы келіп қала ма деп елеңдеп əрі-бері отырды да, шалғысын саптап, пішен шабуға кірісті. Түнгі шыққа жіпсіп жатқан қырықбуын аралас қияқ шал- ғының жүзі тиер-тиместен сырылдап барып мұрттай ұшады. Мағрипа, ай туғанша, едəуір жерді еңсеріп тастады. Қара сү- мек боп терлеп, екі жауырынының ортасы удай ашып кет- кен соң, бел жазып біраз отырды. Анандай жерде Қоңыртөбе əнеугүнгі қара сиырдай теңкиіп жатыр. Ар жағынан Тарба- ғатай тауы қарауытады. Ай туып келеді. Қоңыртөбенің ар жағы ағара бастады. Құлаққа аттың дүбірі шалынғандай бо- лып еді, Мағрипа зəуде бір шошыныспен селк етіп қалып, орнынан атып тұрды. Таудан қайтқан жігіттер болуы керек, шілікті ортағыта шауып өте шықты. Əне, төбеден асып ба- рады. «Құдай-ай, – деді Мағрипа жүрек тоқтатып, – құдай- ай, Қоңыртөбенің ар жақ, бер жағы зəремді алып бітті-ау». Өмір өзгермелі, əрі сынаптай толқымалы. Мағрипа ширек ғасырдан астам бар пəле, қайғы-қасірет, мұң-мұқтаж тек осы Қоңыртөбенің күнбатысында деп ойлап келген. Басындағы бақыт тарағын осылай қарай ала қашқан тағдыр солай ой- латқан да. Өйтіп ойламас еді. Бозтайлақ Қоңыртөбеден асып 234
кетіп, қайтпай қалды, қыл-аяғы қара сиыр да қорқау төбе- нің ар жағында өліп қалды емес пе. Мағрипаның қара көзін суалтқан да осы күн батар жақ. Бозтайлақ майданға аттанар күні жік-жапар болып жүріп, ағаш тамның есігін күнбатыс- қа шығарып алған. «Бұның не?» деген елге: «Бозтайлақ Қо- ңыртөбеден құлдилап келе жатса, көрмей қалуым мүмкін», – дейтін. Бəрі де алдамшы, бұралаңы көп, бұралқы үміттер, күндердің күні сарсып кететін сағыныштар екен. Бəрі де бір-біріне селбескен жамау-жамау шала-жансар тіршілік, қалжауланған халдер екен. Бозтайлақ аттанарда айтып еді. «Егер менен тұяқ қалса, жетім-жетпегір деп қарғап-сілеме, боз биенің сүтіне шомылдырып өсірмесең де, бала-шағадан қақпай көрсетпей тəрбиеле. Ал... ол болмаса – еркің білсін, өлімімді аза тұтпай-ақ, бақытыңды басқадан ізде». Боз- тайлақтан бала қалған жоқ. Мағрипа бақытын басқадан да іздемеді. Ай туып, шіліктің іші жап-жарық болып кетті. Ай сəуле- сіне шағылысқан шалғының жүзі наркескендей жарқырап жатыр. Мағрипаның екі көзі Қоңыртөбенің күнгей жағында. Ендігі қорқынышы да, келетін зауал да бергі беттен ауысып, арғы бетке көшкен. Терең де тұнық ағыстай саябыр тапқан өмірінде еш аламаннан қорқу, үрку дегенді білмейтін, қай- та сол адамдарсыз ғұмыр кешу əлдеқайда бақытсыз екенін зерделеген. Бірақ жалғыздықтан жапа шегіп, əлдекімдерден бірлі-жарым қағажу көрген сайын, адамдарға деген өз сені- мінен қорқатын. «Егер мен кейбіреулер секілді ұстамсыз немесе тас жүрек болсам, бəлкім бұдан əлдеқайда бақытты болар ма едім», – деген іспетті түңіліске итермелейтін де баз бір қатындар- дың: «Егер мен Мағрипаның орнында болсам, Мағрипа- 235
дай келбетім болса, əлдеқашан қарағайдай бай тауып алар едім», – деп көпіретін сөздері. Иə, олар Мағрипаның бар ба- қыты – жар деп қосылған Бозтайлағының рухын еңку-еңкеу жылдарда бойтұмардай ардақтап, өмірінің бар базарындай мінажат тұтып өту екенін сезген емес. «Өзекті жанға бір өлім, мүмкін, Бозтайлақ мынау туған жер, тербеген бесігіне ажал бүркіп шапқалы тұрған жауды жастанып өлген шығар» деуі содан. Ол Қоңыртөбеге қадалып, ай астында ауыр тыныстап маңқиып жатқан даладан өзіне төнер қатерді күтіп көп отыр- ды. Ай қарғалап, таң қылаң беріп келе жатқанда, ауылына қайтты. Мағрипаның бұл түнгі ұрлығын ешкім көрген жоқ. Түс əлетінде ғана басқарушы кеңсеге шақыртып əкеткен. – Сіз – жесір адамсыз, – деп бастады сөзін басқарушы, – жəне жалғыз сіз ғана емес, сұм соғыс мыңдаған əйелді жесір қалдырды. Сол жесірдің барлығы «менің күйеуім жоқ» деп, мемлекет мүлкін талап-талап əкетсе, не болар еді... Өзіңіз ой жүгіртіп көріңізші, не болар еді? –? – Əне, үндей алмайсыз, үндеуге қақыңыз жоқ. Демек, масқара болар еді деген сөз. Рұқсатсыз совхоз жерінен шап- қан шөпті жиып аламыз. Шапқан жеріңіздің көлемін өлшеп, ақшасын өзіңізге төлейміз. – Құдай-ау, мал ақша жемейді ғой. Маған пішен керек. – Күз түскенше, ептеп жиып аларсыз бірер шана шөпті. – Мағрипа түтігіп кетті. Алдында міз бақпай сазарып отыр- ған бастыққа буыршындай шабынып тап берердей, оқталып барып: – Қоңырсыған дүние-ай, көп көргенің жалғыз бұзау бол- са, оның басын шабармын. Бұл ауылға сенен гөрі менің те- 236
рім көбірек төгіліп еді, «тұрымтай – тұсында, балапан – ба- сында» деген осы шығар. Ал, бар мүкəмалым сенікі, өткіздім совхозға, ал, жарқыным, ал он жыл бойы өлмелі екі қатын- ның талшық еткені – он саусағым еді – оны да кесіп берейін, ал, жарқыным, ал, мə, ақырғы он сом – мұны да ал, тек түні бойы шапқан шөбімді қайтар өзіме. – Мағрипа жаулығының шетіне түйген он сомдықты басқарушының алдына тастай берді де, зар еңіреп шыға жөнелді. – Апай, – деді басқарушы қалбалақтап, – шапқан шөбі- ңізді жинатып, үйіңізге жеткізіп берейін, тек мына пəледен құтқарыңызшы.. Ақшаңыз не... *** – Маған енді Қоңыртөбе қауіпті емес, – деді шешесіне Мағрипа. – Шөпті жеткізіп алдым. Теріс қарап бүк түсіп жатқан шүйкедей кемпірдің күңкілі естіледі: – Ендігі қауіп мен шығармын. Бірақ мені тағы бір жыл қыстататын түрің бар. Түсіме əлгі байың кіріп жүр, – деді сонсын, – үстінде сап-сары ала бадана сауыт-сайманы бар екен деймін. Маған қарап ыржияды. Ой, құрып қалғыр, не- менеге жетісесің, қара сиырың іші кеуіп өліп қалған, не ғып сандалып, кімнің бодауымен жүрсің, қайт əрі қаңғырмай, – деймін. Құдайдың құдіреті, ыржия береді. «Жауды жеңген соң, қайтам ғой, апа», – дейді. Қайдағы жау, жиырма сегіз жыл бойы құрымай жүрген. Өзгенің жерін қорғап, жырты- сын жыртқанша, өз ошағыңның отын сөндірмесеңші, жете- сіз неме! – деп ұрсып тастап едім, өкпелеп қалды ма, құлы- ным, сауыт-сайманын асынып, Қоңыртөбені асып кеткені. 237
– Артына қарады ма? – деді Мағрипа жүрегі лүпілдеп. Шешесінің соңғы кезде сандырақтап, есінен ауық-ауық ауып қалатынын ескермей. – Қараған жоқ. Бірақ осы жолы, – деді кемпір сырылдап, – осы жолы күнбатысқа емес, шығар күнді бетке алып кетті ғой... Келетін шығар, келеді ғой тірі жүрсе... Əлі-ақ маңдайы жарқырап, Қоңыртөбеден түсіп келе жатады, құлыным. – Əй, апа-ай, алжиын дегенің осы-ау! – Мағрипа ауыр күрсінді. – Кет, салдақы! – деді кемпір шаңқ етіп. Үні өте ащы шықты. – Менен сен бұрын алжисың. Жатыры кепкен жал- мауыз. Сонда Қайсаға ти дегенде, тілімді алмап едің, атты қарғысым. Ойнастан болса да бақыр басты бала тапсаң, бүй- тіп талақ қалмас едің. Ертең келер жауыңа қарсы шабар ер- кегің жоқ, қоңыр бұзауыңа мініп өзің аттан, қу қатын. Мағрипа үн-түнсіз жылап, шығып кетті. – О несі-ай, Қайсаға ти дедім... – деген кемпірдің күбірі көпке дейін басылған жоқ. «...Қайсаға ти дедім... тимеді. Байының соғыста өлгені өтірік. Қаңғылестеп бір жерде жүрген де. Құдай біледі, не- містен қатын алып тұрып қалды, сол қансыз неме. Жас қа- тынын паналап, қорғап жүр де соны... тос, із түзсіз кеткен ынжық немеңді тос... мен де құдайдан тосайын»... Кемпір əлі күбірлеп жатыр. *** Күн ала бұлтты еді. Тамыздың өліарасы болып қалған. Бұл өңірге қыс ерте түсетін. Күздің ызғары əлден білінеді. Төрт түлік өріске бұрынғыдай маңқыстап шықпай, керенау 238
оттайды. Тойымдық бар. Далиған дала тобылғы түске боя- ла бастаған. Тырналар балапандарын ұшуға баулып, ұзақ бір сапарға дайындық жасауда. Өзеннің бұрынғыдай тентектігі жоқ, мезгіл ырқына көніп, өкпелей ағып жатыр. Оқта-текте бұлт арасынан жасқана сығалаған күн нұры маңдайды сал- қын ғана сипап өтеді. Қоңыртөбе əлі сол орнында, биіктеген де, аласарған да жоқ. Кемпір де сол ағаш төсегін зар еңірете аунап, саржамбас боп əлі жатыр. Өлген жоқ. Ол соңғы кезде тек бір-ақ сөзді қайталай беретін: «...Қайсаға ти дедім – тимедің. Байың неміс қатынын асы- рап əлі жүр...». – Апа! – үйге ентіге кіріп келген Мағрипа өңі өрт сөндір- гендей. – Қоңыр бұзау қорада жоқ қой. – Жоғалған да. – Қақпас, өзің жоғал! – Мағрипа шешесін тұңғыш рет тілдеді. – Астына сарып жатқан мен шешіп жіберді деп тұрмы- сың? Қайтеді-ай, апшысын қуырып. Ұрлап кеткен де. «...Қай- саға ти дегенде...». – Құдай-ай, көп көргенің жалғыз торпақ па? Ендігі ба- йым да, балам да, бар уайымым да сол еді. Аштан өліп, көш- тен қалмассың, бар ермегім, ынтызар көңілдің медет тұтар ықтасыны еді... Мағрипа үйден жылап шығып кетті. Кемпір əлі күбірлеп жатыр: «...о несі... Қайсаға ти десем, тимей...». Мағрипа қоңыр бұзауды ертеден қара кешке дейін іздеп таба алмады. Бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Əркімдер- ден сұрастырып еді: «Көрмедік, жүрген шығар», – деп бас- тарын шайқасты. Қорықшы Қайдар егінге түскен соң малды 239
қамап қойды ма деп, одан да сұрап көріп еді: «Көрсем – кө- зім шықсын», – деді шекірейіп. Жер жұтқандай жым-жылас боп кеткен бұзауды табанын тоздырып адақтамаған жері қалмады. «Əйтеуір, бар қырсық сенің ар жағыңнан бастал- маушы ма еді» дегендей Қоңыртөбеге беттеген. Қоңыртөбе бүгін Мағрипаға əлдеқайда биіктеп, заңғар тартып кеткендей болды. Əлде екі қара саны талып шалды- ғып қалғандықтан ба, əлде сандалып сарсаңға салынғанда не нəрсенің болсын бұлдырап сағымдай жортып кететінді- гінен бе, төбенің қыр басына үш рет демалып əрең шықты. Шықты да кеудесін кере қатты бір күрсініп, жүресінен отыра кетті. Ауыл жаққа қарады. Жаңаүлгі үстінен қарағанда, қы- зық пошымға енеді екен. Жетім баланың бүк түсіп ұйықтап жатқаны секілді. Мағрипаның басынан күншығысты бетке алып, бір топ үйрек ұшып өтті. Қанат қағысының сусылда- ған үніне дейін естіліп, тым аласа ұшты. «Құс екеш құс та басынып алды ғой», – деді Мағрипа жаулығын қайта тар- тып. Жаулығын көзіне түсіре тартса да, самай шашы аппақ болып, бұйраланып шығып тұр. Айнамкөлдей суала баста- ған айнамкөзін енді Қоңыртөбенің түстік етегіне жүгірткен. Бұл тұста қалың егін болушы еді. Əбден пісуі жетіп, сың- си ырғалып тұрған масақ арасында омыраулай жүзіп жүр- ген малдың қарасы шалынды. Əуел баста қоңыр бұзау болар деп, солай қарай құстай ұшты Мағрипа. Жығылып-сүрініп жетіп келсе, қорықшы Қайдардың қасқа бұзауы: – Қандай ғана қазақтың тасы өрге домалайды екен осы, – деп ыңқ еткізіп ішінен бір тепті де, кері бұрылып кетті. Мағ- рипа үйге жеткенше ботасы өлген аруанадай боздады. Ол ең соңғы ермегінен айрылған еді... Теріс қарап иленіп жатқан кемпір: 240
– Кет, албасты, көзіңнің жасын көрсетпе. Қайсаға тисең, қоңыр бұзау жоғалар ма еді... Түсімде əлгі қаны басқа қатын алып, қайтпай қалған ынжық күйеуің кіріп жүр... Ыржия- ды, – деді кеудесі сырылдап. – Менен бұрын сен өлесің... Ондық шамның жағар майы бітуге айналған-ау, өлімсіреп болар-болмас сəуле шашып тұр. Қоңыртөбе бұрынғыдан əлдеқайда аласарып, шау болып шөгіп кеткен секілді. Мағрипаны көп шаршатқан жоқ. Бү- гін оның ұшар басы сағымдай, бұлдырап алыстан қол бұл- ғаған да, көңілге қаяу салып, жаныңды жаралар қорқынышы да білінген жоқ. Бүгін осынау ал күрең тарта бастаған төбе Мағрипаның ең бір ата қоныс ыстық жеріндей, Бозтайлақ- пен бірге түтін түтеткен ошақ отындай қымбат сезілді. Ол төбе басына етпеттей құлады да, тас аралас қара топырағын қарш-қарш шайнап, ері соғысқа аттанған күннен бері мұз боп қатқан көңілі тұңғыш рет жібіп, тұңғыш рет еркін əрі рақаттана күлді. Бозтайлақпен ғана қауышқан қатыгез һəм киелі құшағымен екінші рет Қоңыртөбені құшты. Аузы-ба- сы топырақ-топырақ ақ шашы қара жерге дудырай шашы- лып жатқан əйелдің ес-түссіз есеңгіреген күлкісі үлкен бір күрсініспен бітіп, аса қатты өксікке, еңірей езілген жылас- қа ұласқан. Бірақ Қоңыртөбе де, үстінде шарадай төңкеріліп тұрған ала төс аспан да міз бағып, əйел күйзелісін, əйел күл- кісіне, əйел көз жасына ортақтаса алған жоқ. Неге күлгенін, неге жылағанын мынау мақау дүниені қо- йып, Мағрипаның өзі де сезбеген. Əйтеуір, бір дүлей тыл- сым күш қолынан жетелеп, Қоңыртөбенің басына дырыл- датып шықты да, бар сезім-түйсігін рəсуалап, қытықтап қинап ойнаған. Ол мынау алып төбені Бозтайлақтың қабірі деп бір ойласа, іші кеуіп теңкиіп жатқан қара сиыр деп жəне 241
сезінген. Бірақ бұл Бозтайлақ та, қара сиыр да емес, өзі үшін қайғы төбесі – Қоңыртөбе екенін білген жоқ. Білетін ақыл да жоқ еді. Мағрипаның көз жасына топырақ жабысып, беті-аузы қара ала, торы ала. Желкесіне сусып түсіп кеткен қап-қара жаулығын шешіп алды да, батысқа қарап... «Бозтайлақ-ау, бері кел, жаным, бері к...е...ел», деп қолын бұлғап айғай салды. Осы сөзді əлденеше рет қайталап, қып- қызыл боп ұясына кіріп бара жатқан күн шапағын қап-қара орамалымен оңды-солды кескілей кеп шақырды Бозтайлақ- ты. «Келмесең ғой, – деді ернін қыз кезіндегідей бұртитып, – келмесең ғой». Түстіктен самал есіп еді, Мағрипаның аппақ шашын жел- піп ойнай бастады. Мағрипа көйлегінің етегін дар еткізіп бір айырып алды да, сопақтау келген тасты жас балаша орап, алдына өңгеріп уата бастады. Өз басында бұрын-соңды бол- маған аналық сезім, аналық мекіреніспен: Əлди-əлди абайым, Атқа тоқым жабайын, Сенің əкең қыдырмаш Қайдан іздеп табайын, – деп əнге салып, мұңдық күйде күйзеліп отыр. Жас нəресте- нің не екенін біліп, жөргек иісін иіскемеген əйел қаншама қатты болғанымен, күндердің күнінде аналық ардақ сезімді, ақ тілеу, ақ бесікті аңсап, ағыл-тегіл жылайтыны рас. Қара тасты иітіп, інгенді исіндірген күйшінің күйі, домбыраның сазы емес, аналық ақ жүректің запыранды аңсары мен сазды 242
сағыныштары екен-ау. Мағрипа бұл жолы Бозтайлақты да, қара сиыр мен қоңыр бұзауды да жоқтаған жоқ. Қара тас- ты сұп-суық қып аққу төсіне басып, жалаңаш омырауына үйкелеп отыр. Қырықтан асқан əйелдің ешкім ұстап, еміп те көрмеген қос анары бар демі, ынтызар көңілімен қопарыла, қара тасты бала ғып əлдилеген зар-запыранына шыдай алма- ды білем, иіп-ақ кетті. Екі емшегінен алдындағы мұп-мұздай тасқа аналық ақ сүті тырс-тырс тамып тұрғанын сезген жоқ ол. «Көкең ертең келеді, құлыным, жылама». «Көкең секілді сен де соғысқа барар ма екенсің...». «Көкең батысқа кеткен... сені енді ол жаққа жібермеймін. Мүмкін, шығысқа барармысың...». «Көкең сені: «ұрып-соқпай еркелетіп өсір», – деп еді. – Жылама жаным, жылама, ертең келеді». «Сен соғысқа қоңыр бұзауға мініп барасың, көкең қара сиырға мініп кеткен... Апаң екеуміз осы Қоңыртөбенің үс- тінде көкең екеуіңді тосып аламыз. Сонда сен Қоңыртөбенің күншығыс жағынан келе жатасың, ал Бозтайлақ күнбатыс жағынан келе жатады. Түнде апаң түс көріпті: көкең еке- уіңнің астыңда да есік пен төрдей ақ боз ат екен, аман-есен еліне оралар, – дейді». «Апаң екеуміз сендерге ақ қозының жүнінен киіз басып, үй тігіп қарсы аламыз. Ақ отаудың түңлігі қарадан болады. Одан қып-қызыл түтін шығады. Біз сендерге қап-қара теге- неге қып-қызыл қымыз құйып береміз...». *** Кемпір іргеге аунап түсті. Кеудесі сырылдап, тық-тық жө- теліп алды да: «Əй, Мағрипа-ай, Қайсаға ти дедім – айтқан 243
тілімді алмайсың. Мұндай күйге душар болмас едің. Менен бұрын алжасып кетермісің», – деді. *** Бəріне де сен кінəлі – сор соғыс! II. Алтыбақан Ақпанның алты күн қатарынан азынаған қатты бораны итше ұлып, Суықсайдың аузында отырған Сауықкеткен ауы- лының күйісін кетіріп-ақ тұр. – Өмір оңғақ қой, – бұл күбірден соң ол үнсіз, өзегін өзі де біле бермейтін өмірлік өкініштің өрті жалағандай, жана- ры жансыз қалған. Алқымға кеп кептелген əлгі сəттегі лық- сыған мың-сан ойлар алдындағы алпамсадай жігіттің қай- мықпай қаяусыз қарап отырған жүзінен шайлықты ма, жел айдаған бұлттай пышырап кетті. Ол ұзақ сөйлегісі, ағыл- тегіл жылағысы келді. Іштегі ірімтіктеліп, өз-өзінен шығар арна іздеп, тыңдаушы иесін кеңінен қамтығысы келіп, тұлан тұтқан сыбызғы сыры бітеу жарадай сыздатып қинады. – Өмір оңғақ қой. – Ол бұл сөзді енді бір рет қайталағанда, дидары адам шошынарлық аласапыран, əлемтапырақ күйде меңдуана жегендей əбден меңдеп алған ар алауы алқынды- рып, алқымынан алды. Құдай-ау, бұл мынау найып болуға аз-ақ қалған қаршадай кемпір кінəсіз емес пе еді; құдай-ау, ешбір нəжіс қылығы жоқ, азанда жауған ақша қардай ап- пақ еді-ау ожданы; шіркін-ай, сол қатықтай ұйыған айлы кештер-ай; маңдайы кере қарыс бозбала, сəулемен сүйіскен тентек өзеннің қылығы... əне, бозторғай шырылдады ғой, 244
естісеңші халайық; əне, арғы ауылдың иті үрді ғой... есті- ші, түрші құлағыңды; бойда жаның бар ма, бойда қаның бар ма, əй, сезбейсіңдер-ау, тоңмойынсыңдар, томырықсыңдар, шілденің шіліңгір ыстығында да жібімейтін тоң мінезсіңдер. Өзгені қайтейін, қайтейін өзгені – менің адал да аңқылдақ жанымды түсінбедіңдер. Не қылайын кінəлап... Қырмызы кемпірдің аузына су тамызды. Алтыбақан үн- түнсіз іштей егіліп, жаншылып жылап отыр. Əлгінде сырқат тіпті қатты қысылып, əл үстінде қалып еді, беті бері қара- ған секілді. Тек ауық-ауық сандырақтай береді. Алтыбақан шешесінің қаусап қалған қаңқа саусақтарын ұстады: мұздай екен. Тамыры лыпымай, оқта-текте жылбысқы ғана соғады. Апыр-ай, анасы бір жұмада-ақ аш аруақтай арып кеткені-ау, қандай толық еді. Қандай өңді еді. Бəріміз де тағдыр, уа- қыт дегеннің тайқазанында бұрқ-сарқ қайнап жүрген дегдар жандармыз-ау, тегі. Қайнай берсең, етің сылынып, қуарған сүйегің қалады. Кемігіңді ит мүжиді... Шешесі: «Алапес, алапес», – деп тағы бір күбір ете түскенде, Алтыбақан да əлгі мезеттегі мең-зең ойдан айыққандай болды. Есін тез жиды. Аң-таң. Анасының сөзіне аң-таң. О, несі-ай... «Алапесі не?» – Ұшына жабысқан ғой, – деді бүкір кемпір қушық кеу- десін кере күрсініп. – Жақияр молдаға ұшықтатып, дем сал- дырмадық па?.. – Балам-ай,– сырқат бұл сөзді сау кезіндегідей саңқ еткі- зіп ашық əрі анық айтты. Қаумалап күзетте отырғандардың бəрі селк етісіп, ұрымтал үнге шошына қарасып қалған. Тіп- ті қайсыбірінің келбетінде кемпір атып тұрып тұра қашатын- дай, аса үркіс бар. – Балам-ай, осы қарағайды бекер-ақ кес- тің-ау. У!.. Киесі тие ме... – Сырқат, шынында да, серпілейін деді. Үні тарғылдықтан арылған. 245
Алтыбақанның есіне бұдан бір апта бұрын тауға отынға барғаны түсті. Күн боранды болатын. Суси ұйытқыған жел тау-тасты беріштеп тастаған. Алыстағы мол отарына жем- шөп тасып жүрген жерінен бір күнге сұрап келген-ді. Жү- регі өрекпіп, елегзи берген соң: «Күн болса мынау – суытып алды. Бала-шағаның күйі не болды. Сүйектері жұқарған қос кəрі шеше бар. Отын-суы таусылып, қаңырап қалған жоқ па қара шаңырақ?» – деген сықылды ой беймазалай жетелеп кетті үйіне. Үй-іші, шынында да, жүдеп отыр екен. Отын тақа тау- сылған. Бəтима шешесі суық өтіп кеткен бе, мұрттай ұшып, төсек тартып қалыпты. Сосын бұл ауыл ағаларынан трактор алып, Суықсайға отынға шыққан. Орманшы да ере келіп, таудың теріскейіндегі ойпаңда қалқайып қашаннан тұрған қызыл қарағайға белгі сап берді. Бұл ағашты Алтыбақан жыққысы келмеді. Бірақ лаж жоқ. Жыққысы келмегені: жуан, кесуге қиын деп қашқалақтағаны емес, бала кезінде шешесі мұны сан рет ертіп кеп, осы қарағай жайлы əңгіме шертіп беретін. Шешесінің əңгімесі мұны пəлендей қызық- тырмайтындай. Құшағында, ыстық құшағында тербеліп күңгір-күңгір дауысқа мас болғандай, бойы балқып қалғып отыратын. Кейде кəдімгідей бой алдырып, маужырап, тана- уын пысылдатып ұйықтап қалатын. Шешесі сонда да əсерлі əңгімесінің желісін үзбей күбірлей беретін, күбірлей бере- тін. Кейде Алтыбақанның бетіне əлдеқандай ыстық тамшы тамып, селк етіп оянып кетер еді. «Апа, жауын жауып тұр ма?». «Жоқ, құлыным». Сонда ол шешесінің ағыл-тегіл жы- лап отырғанын көрер еді. Алтыбақан шешесінен осы саздау- ға біткен қарағайдың түбіне неге ертіп келетінін, ал ертіп келген екен – не үшін өз-өзінен қапаланып, өз-өзінен жəбір- 246
леніп, қорғасындай ауыр мұңға бататынын сұраған емес, ше- шесі айтқан да емес. Бəтима күңірене күрсініп барып, тық-тық жөтеліп кетті. «Қу жаным-ай, аллам-ай!» – деген ыңқылды сөздер бұрын- ғыдай шыңыраудан шықпай, жақыннан оқшау, қатқыл естіл- ді. Отырған жұрт сырқаттың үздікпей, ащырақ шыққан ың- қылына да елеңдей, үміт арта құлақ түрісті. Басы салбырап, томаға-тұйық отырған Алтыбақан көзі бақырайып, бауыры- на тығылған ұлының маңдайынан сипап, алқымынан иіске- ді. Соқталанып, тал бойынан бой жетудің белді-белді бедер- лері айқындалып, көзге ұра бастаған қызы да əкесінің ірге жағында жүдеп-жадап ойға батып тұрған-ды. Əжесі ыңы- ранған сайын, қарлығаштың қанатындай қастары иіліп, дір ете түскендей болады. Əлгінде, əжесі қатты қысылып, əкесі жылағанда, бұл да ернін тістелеп, көзіне жас алып еді. Өз шешесі қабағын түйіп: «Қой, Бақыт» деген соң, іштей бу- лыққан-ды. Бəтима ымдап шамды өшір дегендей ишара жасады. Ке- ліні: «О, несі қараңғы үйде отырамыз ба?» дегендей дел-сал қалып аңғартқан. Алтыбақан ұмтылып барып, сөндіргішті төмен баса салды. Əзіргі сəтте көзді жеп шақырайып тұрған электр шамы желп етіп сөніп, үйді көрдей қараңғылық би- леп, қорқыныш қоңсылады. Алтыбақан терезелердің пер- десін ашып-ашып қалғанда ғана, жұқалаң майда сəулелер бұрыш-бұрышты тіміскілеп кезіп кеткен. Үй қара барқын. Терезеден он бес жаңасы болып, толықсыған айдың сəуле- сі төгіліп тұрды. Адамдардың көңірсіген көңілі меңдеп бара жатқан ауыр қайғыдан арылғандай дүр сілкініп, нұрлы да сиқырлы дүниенің құшағына енгендей əсерде болды. Бірде- бірі сезбепті ғой, байқамапты ғой осыған дейін: терезеден 247
жасқанып, жатсынбай сығалаған ай келбеті неткен ғажап еді. Ілкіде ғана ғарасат майданын кешіп, өлім мен өмірдің тең ортасында құлын да құлыны шығып жанталасқан ауру жан да мынау қоңырқай үйдің əйнегінен құйылған қаятты нұр- дан шипаланғандай жанын жая ұмтылды сəулеге. Бір үйді жан өмірдің дəмін қайта таусап, кермек тати бастаған ау- зын аша өзгеше ынтығыспен қарбыды ауаны, өзгеше тыныс алды. Жым-жырт. Қандай жақсы. Тіпті бəрі де қалжыраған сұрқай халді талақ тастап, жалқы сəт тылсым алған тəрізді. Тыныштық рақатының алтын бесігінде құндақталып қалған секілді. Бəрі де осы күйді – айлы түнді бұрын-соңды көрме- гендей, бірақ ертеден-ақ аңсап-сағынғандай, көз талдырып күткендей ме?.. Бұл не деген дел-сал балбыраған мамырстан түн еді. Қараңызшы, қараңызшы, қоңыр салқын... қоңыр салқын үйде, қоңырқай күйде тобық жұтқандай томпайып, жым-жырт, тым-тырыс отырған жұрттың кіреукесіз дида- рына: сонда сіз мынау жалпақ жаһаннан баз кешкен жұмыр басты пенденің қай-қайсысы да күндердің күні – осындай бір қысылтаяң сəтте – өз-өздерінен есеп алып, өз-өздерінен салқын да сазды мұңның ақ мамығына оранып, қалжа жеген- дей маужырап отыратынын мұғдарлар ма едің. Мақшар сəті ме бұл? Сол іспетті бұлаңытқан бұлың-бұлың бұла дүние... – Е-е, жасаған! Тіршіліктен – тірі тышқаннан айналдым. – Бұл – келмеске кетем бе деп жатқан кемпірдің сөзі. Неге еке- ні беймағлұм, осы сөзді үн-түнсіз отырғандардың бəрі іштен мінəжаттай қайталағысы келді. Мүбəдə ақирет үшін де бір игілікті іс істеп кетуімен озық қой бұл халық. Алтыбақан құдды осындай айлы түнді тағы бірде, бая- ғыда шығар, көрген, сезінген секілді. Шешесі мұны қалай тапты – білмейді, қалай өсіргенін біледі тек. Ел не көрме- 248
ді – бəрін. Бірақ бұлар сол елден бір мысқал артық тартқан сияқты тауқымет қамытын. Ал тəлкек қылған тағдыр емес, осы елдің өзі ғой. Биікке де шығарды, күйікке де қалдыр- ды. Итсіңдер деді, адамсыңдар деді. Егер алапестей аластап беттеріне түкірсе, бір айналып кеп, сол беттен сүйетін – осы елің ғой, ел ғой... Ал енді кінəлап көр. Сен сондайсың деп көр, айта алмайсың. Иə, онда айлы түн еді ғой. Шешесі мұны əлгі дəу қара- ғайдың түбіне ертіп барған. Қолын қарағайға тіреп тұрып, Алтыбақанды білегіне шығарған. Сонда бұл анасының бі- легін басып тұрып, қарағайдың шайырын армансыз алып еді. Сонда мұны жалғыз қолына қондырып, былқ еткізбей ұстап тұрған анасының қажыр-қайраты таң қалдырған. Сон- да анасы өзі жоқ, түбірі қалған бес қарағайдың томарын нұсқап: «Сен білмейсің ғой. Осы жерде бұрын қатар өскен алты қарағай болушы еді. Бесеуін кейін келе отынға жығып əкетіп, мынау жалғыз қалды. Кім білсін, мұны қашан сұла- тып салатынын. Біздің ауыл ол кезде осы Суықсайда отыра- тын. Əйтеуір, үркердей үйірілген шағын ауылдың өз қызығы өзінде, көңілді еді ғой. Осындай айлы кештерде улап-шулап, кəрі-құртаңдарға маза бермей, алты қарағайға алтыбақан құратынбыз. Сен сол бір қызығы мол, қызулы шақта тудың да, атыңды ерсі болса да, Алтыбақан қойып едік. Алтыба- қан сонда: «Əкем де бар ма еді?» – деп сұрағысы келген. Бі- рақ сұраған жоқ. Сосын не болып еді. Е-е...е... анасы екеуі енді қайтуға ыңғайлана бергенде, алдарынан көршілес тұра- тын бүкір қатынның күйеуі шыққан екен ғой. Алпамсадай денесін екі аяғы əрең көтеріп жүретін дəу қара əдейі іздеп келгендей-ақ, бұларға оқыс ұмтыла беріп еді. Бəтима Алты- бақанды бауырына жасырып, сескене ығысқанда, дəу қара: 249
– Аялдашы, Бəтимаш, қасқыр емеспін ғой жеп қоятын. Мен ертең аттанайын деп жатырмын, – деген абдырап. Со- дан кейін не болып еді... Е-е...е, дəу қара мен шешесі күбір- күбір ұзақ сөйлескен. Айтқандайын, дəу қара Бəтиманы қап- сыра құшақтап сүймеп пе еді. Шешесі де кет арысыз ынтыға ұмтылып, қауышқан. Алтыбақан бір сəт ұмытылғандай боп, анасының бүкір қатынның күйеуімен бұлайша жоғын тап- қандай аймаласуының байыбына бара алмай, аңтарылып тұрған. Дəу қара ожар еді-ау. Бəтиманы тастай беріп, мұны да шөпілдете сүйген-ді. Бет-аузын тырмалап, тырбың-тыр- бың қарсылық көрсеткен боп еді, елең етер түрі жоқ. «Ал- ташым, Алтыбақаным» дей береді. Масқара ғой, оның қай екі туып бір қалғаны. Мұрты қандай қатты еді, бет-аузымды жыбырлатып жіберді. Онда бұлаңытқан ертек іспетті: қызық түн еді ғой. Жер-көк ақ бозданып талаурап мызғып жататын. Бүкір қатынның күйеуі бұлардан жыртылып айырылып, айлы түнде ағараң қағып, мəрғау асып бара жатқандай, ұзай берген. Мұңлы мұнарға бөккен таудың қойнауына сіңіп бара жатқан дəу қара ертегінің алып батырына ұқсап кетіп еді. Соғыс деген пəлекетті Алтыбақан түсінде көрген. Дүние-ау, үйді өрт жалап, жайпап жатқан сықылды еді ғой. Дүние-ау, үй ұлар-шу, қым-қуыт, азан-қазан: əйтеуір, бір қырдың ба, қалың жиделі тоғайдың ба, бəлкім, құрақты шалқар айна көлдің бе, ар жағынан жылап-сықтаған дауыс шығып, үздік- үздік талып жететін. Күн батып бара жатқан. Күн өзгеше халде, тосындау райда еді ғой. Күн Алтыбақанға бірде отқа қыздырған жез табаққа ұқсаса, бірде сол сор маңдай Күнді əлдекім бауыздап жібергендей қызыл-жоса қан еді ғой. Тіпті Күн ғана ма, – толайым табиғат таңғажайып құбылыста. – Дір-дір еткен қанға ұйып мең-зең есеңгіреп жатпады ма? 250
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384