– Таң ата туған соң əкем Арай деп атай салған. Мен жай- лауда дүниеге келіппін. – Бетінен күлкінің əдемі бір толқы- ны шымырлап өткендей болды. Мен ойладым: «Өмір деген ғажап-ау, кеше ғана мынау жалпақ жаһанда Арай есімді қыз барын білмеп едім, енді міне... демінің қалай шыққанына дейін сезіп, əп-əдемі ди- дарын көріп отырмын. Адамдар бір-бірін əрең іздеп табады, сонсоң іп-лезде жоғалтады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз адамдардың бір-бірін тауып, қайтадан жоғалтуы емес пе өзі. Мүмкін...». – Онжылдықты бітірген соң екі жыл əкеме көмектес- тім, – деді Арай мұңды жүзбен маған қарап. Əлгіндегі бір күлкінің табы да қалмаған. – Ересектері мен болдым, қал- ған сегізі – əлі жас. Оқуға бармай-ақ қояйын деп едім, əкем қолқалап қоймады. «Біздің тұқымнан да мұғалім шықсын» дейді. Намыстанғаны. Əне бір күнгі хатында: «биыл қыс қатты, қызым. Ит-құс көп, жаңа жылдық демалысыңды пай- даланып, мұғалімдеріңнен бірер күнге сұранып келіп қайт, сағындық», – деп жазыпты. Не күйде отыр екен? Мен ойладым. «Өмір деген тіпті де ғажап емес, Алтай- дың қысы секілді қатыгез, кімдерге суық, кімдерге ыстық. Дегенмен өмірді лағынеттеп, өкінуге де болмайды-ау». – Сіз бір түрлі аз сөйлейді екенсіз, – деді Арай. – Мені сынап отырсыз ба, жоқ əлде мінезіңіз сол ма? – Мінезімнің ауыр екені рас. Бірақ бір қызып сөйлеп кет- сем, атымның басына ие бола алмай қалатын көкезу əдетім де бар. Жол барған сайын күрделеніп, көлігіміздің жүрісі бəсең- дей береді. Боран қарсыдан соғып тұр. Автобустың алдыңғы терезесін қар жентегі тұтып, шофер қайта-қайта сүртіп əуре 51
болады. Аяздың барлығы тау ішінен қашып тығылып, аядай ғана автобусты иектеп тұрғандай. Маған енді сол даладағы арпалысқан боран ит боп үріп, қасқыр болып қыңсылаған- дай үрейлі сезіледі. Жер түгелдей мұз шарға айналып, мəң- гіге қатып-семіп, ыңырсығандай жүректі өзгеше суық сезім қариды. Мен амалсыздан Арайға қарай жақындап, осынау қаршадай ғана қыздан пана тілегендей бүрісе түсемін. Ал ол болса жаурағанын мүлдем ұмытып, маздап келген ойдың ақ шанасына түсіп, баяғыда ағып кеткендей. Маған қыз да жақындап тақала отырғандай болды. Біздерді қоян-қолтық қауыштырған, бəлкім Алтайдың ақ бораны да емес, аяз да емес, басқа... өзіміз ұғып-сезе бермейтін жастықтың лыпып тұрмақ тартылыс күші ме əлде жүректен шым-шымдап жас- қана шығып, бойға тараған ұяң сезімнің жауратпай, жатыр- қатпай жарастыққа бастаған қуаты ма; ішімнен Арай сөй- лесе екен, ойында не бар түгел ақтарса екен деп тілеймін; табандап жақындап, адымдап қашатын тыз етпе алдамшы үміт, адамның жастық шағымен келіп-кетер оңғақ сезім емес бұл – осы мəуріттің бақилығын арман етер тəтті хал, мұзды денеден жалындап шығар ыстық сүйіспеншілік: сүйіспен- шілік болғанда қыз бен жігіттің екеу арасындағы күйдім- жандым ба, жоқ-жоқ осы айнымас сəттің қымбаттылығын паш етер мұңлы минуттар, кейінірек жүріп сағынатын бей- күнə отырыс, айтпай түсінетін көңіл ұғыстығы шығар-ау. Жылы киініп, алаңсыз ұйқыда жатқан «Новостройка- ның» атқамінерлері қорылға басты. Менің көз алдыма, неге екенін білмеймін, ат құлағы кө- рінбейтін боранда үстінде жұқа ғана шыт көйлегі бар, шашы жалбырап, тізеден қар кешіп, адасып жүрген қыз елестеді. Тағы да өз ойымнан өзім шошындым. 52
– Арай, айып болмаса мен сені қыстаққа дейін ертіп ба- райын. Түн, аяз... – Жо-жоқ, аға, ол не дегеніңіз, ыңғайсыз ғой. Жолыңыз- дан қалмаңыз. Мен үшін бұл Алтайдың түні мен бораны – үйренген жау. Біз келе жатқан жол тақтақ, əрі оқтай түзу. Тек дүңкиген- дүңкиген алып жоталарды айналып, сайлау жерге түскен- де ғана ирелең тартады. Əдетте мұндай əдемі тас жолдың бетіне қар қиыршықтары тоқтамай, үп етіп жел соқса, сусып алақаншықтана билеп, сай-сайға тырағайлап қашады. Сон- дығы болар, жол соқты болып шаршаған жоқпыз. Əйтсе де, екі иінімнен қос қолдап басқандай тынысым тарылып, тал- мау тартып отырмын. Қарным ашқаны сезілді. Мен тағы да ақ көңіл, ақ жарқын Арайды ойладым. Шынында да, өзінде бір мазасыздықтың сарыны, ертеңге деген асығыстық бар- ay. Жалғыз көрген кісісін жатырқап-жатсынбай, бауыр тар- тып, ақтарыла сөйлейді екен. Ол қайта-қайта қойшы əкесін аяп, шиеттей бауырларын еске алып қояды. – Əкемдер ендігі шайын ішіп болып, ертең ерте тұра- мыз деп жату қамына кіріскен шығар. Білесіз бе, аға, біздің «Өркен» ауылында əлі электр жарығы орнаған жоқ. Бұқтар- ма ГЭС-ін «Новостройка» жаққа тура тартқан. «Жиырма шақты үйі бар ауылға əуреленіп, бұрып жүрмейміз, кейін асықпай тартамыз» деседі. Білесіз бе, аға, біздің ауылда клуб та, киноқондырғы мен кітапхана да жоқ, бар болғаны: ыдыс-аяқ, мата, қант-кəмпиті араласқан жалғыз дүкен, ол да сатушының екі үйінің бірінде үйіріліп жатыр. Қызығы, «Өр- кен» бригадасы совхоз бойынша жоспарды үнемі артығымен орындайды, ал мəдени-тұрмыстық ахуалымыз осындай... Бірақ сіздер мұндай жетім ауылды менсінбей, тура түзу де 53
жайлы тас жолмен үлгілі селоға тартасыздар, тек сондай та- машаны ғана көріп, жазасыздар? – Арай, егер сен қарсы болмасаң, мен қазір сол қойнауда- ғы өгей ауылға бірге барсам... – Соқыртеке ойнайсыз ба?! – деп сыңғырлай күлді. Күлкі- сі əдемі, бір түрлі кісінің ести бергісі келеді жəне күлу оған соншалық жарасады. – Қайтар жолыңызда соға кетіңіз, екі-үш күнде мен де қайтармын. – Мақұл, оған да келістік. Бірақ... Жүргізуші жігіт артына бұрылып: – «Өркенде» түсетін кім бар? – деп дауыстады. Жатқан- дар жапа-тармағай қозғалып, үрпиісіп тұра бастады. Алғаш- қы айтқандары: «Қай жерге келдік?» болды. – «Өркенге». Жаман иттің атын Бөрібасар қояды деп, осы ауылға тоқтап бекер əуре болады, – деп, нəумез бола күңкілдесті. Арай ықшам тұрып, шағын қара сумкасын иығына асып тысқа беттегенде, мен де соңынан ілестім. Автобус есігін ашып жібергенде, анталаған аяз лап беріп, бетті шарпи шабуылдады-ай. Көзге түртсе көргісіз мылқау да дүлей қа- раңғылықты болар-болмас тесіп, сонадайдан əлсіз жарық сығыраяды. Бағанағыдай емес, алақұйын боран бəсеңдеп, кебінге оранған жер бетін өлім тыныштығандай – ұлы ты- ныштық иелік ете жалмап, жайпай бастаған екен. Мен Арай- ды сол түн-түнектің қара отауына кіргізіп тұрып, соңғы рет «шығарып салайын» деп өтіндім. Ол қарсы болды. Тек авто- бус орнынан қозғала бергенде: – Қайтарда келіңіз, аға, күтемін, – деген əдемі дауысын естіп қалдым. 54
Осы кезде жүргіншілердің арасынан: «Осы күнгі жастар тауық секілді, көзді ашып-жұмғанша танысып, табыса қала- ды» деген күбірін жəне естідім. «Новостройкада» екі күн еру болып, үшінші күні жол- ға қайта шықтым. Мен барған село расында да көз тоятын көркем еді. Қалаша салынған, оқтай түзу көшелер, қаздай ті- зілген ақ шағала үйлер – бейне бір ғажайып түс көргендей боласың. Онша далиған көлемді де емес. Шап-шағын селоға əлемдегі жақсылықтың бəрін үйіп-төккенге ұқсайды. Облыс пен ауданға келген өкіл, ұятты қонақты осы «Новостройка- ға» ала жөнеледі білем. Маған осынау ауыл көрмеге қойған макет село секілденген. Десек те іштей ризамын. Басшыла- ры да қонақжай, лыпып тұрған, өңкей жүзіктің көзінен өткен жігіттер. Бірақ маған сонау «Өркеннің» бүкіл байлығы мен бақыт несібесін осы сүйкімді село ұрлап, тонап жатқандай əсерді жəне қалдырды. Арасы атшаптырым ғана екі ауылда неге соншалық жер мен көктей айырмашылық бар деп ой- лаймын. Өйткені «Новостройка» бұрыста емес, түзу жолдың бойында...» деді ішімнен бір үн... Қызық, əнеугүні танысқан түбіт шəлілі қызды ептеп са- ғынғандаймын. Таныстық неғұрлым келте болса, сағыныш анағұрлым ұзақ болады-ау. Мен оны оқыстан таптым, мүм- кін өмірімнің алғы күндері соған телулі шығар-ау. Мүмкін, əйтеуір біреуді үнемі іздеп, елеңдеп жүрер жүрек байыз тауып, байырқалар айдынында жолыққан шығар-ау... Осы тілек, осы үміт-ау адам баласын елеңдетіп, ертеңгі күндер- ге асықтыратын, ұстатпай, сағымша бұлдырап шаршата- тын. Таңертең аудан орталығына барар автобусқа мініп, дəл «Өркеннің» тұсынан түсіп қалдым. Таңға жуық қырбақ қар 55
жауып, қансонар болып жатқан. Таудың көк желкесінен бо- лымсыз сығалаған жансыз күн сəулесі шағырмақ қарға түсіп, көз суыртып қаратпайды. Аппақ ұлпа дүниенің таңғажайып, көркем қысқы көрінісін айтып жеткізу қиын. «Өркенге» ба- рар жолды айқындаған шананың айқыш-ұйқыш ізі ғана, өзге белгі əзірше жоқ. Əлгі шананың қатар жарысқан қос сызы- ғы, кейбір адамдардың қиылыспайтын тағдыр соқпағын еске салады. Қойнаудағы ауылға беттедім. Мұржадан ұшқан түтін желсіз тымық ауаға тік ұшып, баяу қалқып көзден ғайыптанады. Мұрныма сол күре жол- дан екі-үш шақырым қағаберіс оң шынтақта бұйығы жатқан қайран ауылдың түтіні келгендей еді. Қайқаң болғандықтан ба, алқынып жүрісім мандымады. Мен тіпті асығып та келе жатпағанмын. Арай, сөз жоқ, мені алаңдап тосып отыр. Ертең Алматыға бірге аттанамыз. «Əке-шешесі қалай қарар екен», – деп сезіктене ойлаймын. Мен «Өркенге» келгенде, алғашқы көрген кісім – орта бойлы, қалың қара қасты, əдемі жігіт болды. Басы салбырап, аялдамаға қарай асығыс құлдырай жөнелген. – Əй, жігіт, – дедім дауыстап. – Арайдың үйі қайсы? Ол маған түнере қарап тұрды да: – Оның кімі едің? – деп қайыра сұрақ қойды. – Жай əншейін, танысымын. – Анау... анау... ауыл шетіндегі қыстақ, – деді де, шұғыл бұрылып жүріп кетті. Қыстаққа жақындағанымда, сыңсып жылаған дауыс есті- дім. Батылым бармаса да, тəуекел деп кіріп келгенімде, ба- сына қара жамылып, ағыл-тегіл жылап отырған əйелді, оны қоғамдай қоршаған шиеттей-шиеттей балаларды көрдім. Шешесіне қосылып пырсылдап жылайды. Жүрегім тас тө- 56
беме шықты. Басын көтеріп, жасты жанарымен қараған қай- ғылы əйелден сасқалақтап: – Арай қайда? – деп сұрадым. Үнім шаңқ етіп жаман шықты. – Айырылдым ғой, Арайымнан... – аңыраған жоқтау он- сыз да бор боп езіле бастаған жүрегімді шабақтап-шабақтап тілгіледі-ай... Сай-сүйегім сырқырап, тізерлей жығылып, қыздың анасын бас салдым. Бұл менің алғашқы, əрі ақырғы құлауым шығар. Арайды сол боранды түнде қасқыр қамап, ауыл мен күре жолдың екі ортасында... жеп кеткен екен... Қыстақтың қыр жағында жерленген Арайдың моласына бардым. Аппақ, кү- містей жылтыраған ақша қардың үстінде қап-қара төмпешік- ке айналып, мəңгілік сапарға, қайтпайтын сапарға аттанған Арайдың бейкүнə балапан рухы жатты. Қыз əкесі мені көрмегендей, сол жас қабірге тесілген қалпы меңірейіп тұра берген. Ақша қарға көзден аққан жас тырс-тырс тесе тамады. Қорадағы қамаулы қой маңырайды... бұл өңірдің ендігі қызығы да, қайғысы мен қуанышы да тү- гел осы... бірінің жүнін бірі жұлып жеп тұрған ақтылы қой сықылданды. Мен ауылдан аялдамаға қайтып бара жатып, Арайдың қа- біріне ақырғы рет қарап едім, қыз əкесі молаға орнатқан тас мүсіндей болып əлі тұр екен. Күре жолдың шетіндегі аялдамаға қайтып келгенімде, ба- ғанағы жігіт пен «Новостройкаға» оқуға жиналған бір топ балаларды көрдім. Ішіндегі біреуі Арайға өте ұқсайды, бəл- кім кішкентай сіңлісі шығар... Олар дірдектеп тоңып тұр. Автобус əлі жоқ... 57
Жігіт айтты: «Араймен бірге оқып, бір партада қатар оты- рып едім. – Көмейіне өксік тығылып барып, сөзін əрең жал- ғады. – Қалтасында сіріңкесі болған екен, таусылғанша жа- ғып, айбар ғып отырыпты да, қасқырлар қамалап қоймаған соң, шанадан түсіп қалған бір бау шөпті өртепті. Сонсоң... сонсоң қар беті апыр-топыр айқасқан, екі етігі мен шашын мазақтағандай қарға шаншып кетіпті. Əкеңнің аузын... мыл- тығымды алып келіп, Алтайда бір қасқыр қалғанша қыра- мын, тұқымын қалдырмаймын бұл жерге (жылады). Сол түні қасқыр көп ұлыпты...». Осы кезде «Новостройка» жақтан сылаң етіп автобус кө- рінді. Мен редакторымның тапсырмасын тұңғыш рет орында- мадым... Бүгінгі заманымыздың сəулетті селосы жайлы ма- қала жазылмады...
ҚИЯЛИ Оның қияли түгі де жоқ, ауылдың көп адамдарының бірі ғана. Бірақ қиялилау екені де рас, жұрттың бəрі айтып жүр. «Əдейі күлдіру үшін істейді» деп, ол жігіттің барған сайын ел аузынан тастамайтын қылжақбас атанып бара жатқанын қызғанатындар да табылатын. Басқаларды білмеймін, əйте- уір, өзім қара жолдың шетіндегі қос бөлмелі ағаш үйге кө- зім түскенде, сол алқам-салқам қорасы бар, жұпыны бас- пананың маңында жыбыр-жыбыр ойнап жүрген балаларды көргенде, Саршатамызша да «ғажап» өмір сүруге боларына илана түсемін. Қалай дегенмен қияли жігіттің тіршілігі көз еті өскен кісілердің тəубесін есіне түсірері рас еді... Тəй-тəй басқан күннен əжесінің бауырында ерке-шолжаң өскен Саршатамыз, тіпті ересек тартқанға дейін шандыр- ланған кəрінің омырауын созғылап сора береді екен. Осы- лайша «арда» еміп өскен жігіт бұл дүниеде мұң-қайғы, жа- мандық пен жақсылық, күреске толы жылдар мен бұралаң соқпағы көп жолдар барынан мүлдем қаперсіз, тілін шайнап, сақаулана сөйлеп ержетеді. Өзі еңгезердей тұрықты бола тұра, көрінген баладан баж-бұж етіп таяқ жеп қалатын да, «апама айтам» деп, үйіне қарай безе жөнелетін. Ал жарық- тық апасы болса қолына шыбық ұстап, еркесіне тиіскен та- мам баланы қуалайтын да жүретін. Бесінші класқа ілдалда- лап əрең жеткен ол, əрмен қарай «шаршадым» деп оқымай- ақ қойғаны. Содан соң он сегіз жасқа толып, əскер қатарына шақырылды. 59
– Апам барса ғана, барамын, – деп пəбескені жыртып тас- тайды. Заң барлығымызға ортақ қой, оның саудайылығын тыңда- сын ба, дедектетіп ала жөнелгенде, апасы аудан орталығына дейін қалмай еріп барады. – Шырақтарым, – дейді əскери комиссариаттағы жігіттер- ге, – Үш жылға шыдайтын шамам бар. Мені қоса алыңдар. Ұлымның шайын қойып беріп, қасында болайын. Басынан сипап отырмасам, ұйықтамайтыны бар еді... Амал не, апасын əскерге алмады. Жылай-жылай Сарша- тамыз кетті. Медведка деп аталатын орысы көптеу селоға тоқтап, басқа жігіттерді жинай бастаған бір əредікте «ерке- міз» отыра қалып, апасына хат жазады. «Апа, аман-саумысың. Бізді əкетіп барады. Əзірше Мед- ведка деген қалаға тоқтадық. Шошқалары көп екен. Қайда апарары белгісіз. Құдай басқа салған соң, көнемін де. Сені сағындым. Тірі ораларым неғайбыл. Мұнда соғыс басталып кетті. Жан-жақтан бомбылап жатыр. Неге екенін білмеймін, киім де, қару да берген жоқ. Соған қарағанда ортамызда шпион болуы мүмкін. Қорқамын, апа, қорқамын». Саршатамыздың «жан-жақты бомбылап жатыр» деген сөзі тым бекер емес еді. Елу шақырымдай қашықтықта ор- наласқан Медведка селосы тұсындағы жолды жөндеп, Өске- меннен бері күншығысқа қарай «Шығыс сақинасы» аталар күре жол салынып, тау-тасты дəрі қойып, қопарып жатқаны жəне рас. Үйде өскен бұзау секілді жігітіміз өмірдегі ондай жаңалықтарды қайдан білсін. Иə, бəрі де жаман апасының арқасы ғой. Тіпті Саршатамыз жалпақ жалғандағы ондай-ондай үл- кенді-кішілі оқиғалармен ісі де болмайтын. Екі жағын тая- 60
нып, түпсіз де шексіз ойдың жетегінде сұлық отырар еді, дəл жанына келіп: «Əй, Сарша» дегеніңше, сені байқамайтын. Не ойлайтынын, қандай жаңалық ашқалы жүргенін күні бү- гінге дейін ешкім білмейді. Үш жыл деген ер-азаматқа сөз бе екен. Жылай-жылай əскерге кеткен Саршатамыз екі иығына екі кісі мінгендей азамат болып оралды. Əскер киімі өзіне жарасады, сырттай қараған адамға соқталдай жігіт, тепсе темір үзетін еркек. Өкінішке орай, үш жыл бойына солдаттардан таяқ жегенін апасына жазған бір сандық хаттары əшкерелеп қоятын. Са- уатсыз қария əр келген хатты көрші келіншекке оқытып отырған, ал келіншек білді дегеніміз бүкіл ауданға жайылды деген сөз. Оған қысылатын Саршатамыз ба, үш бүктетіліп өз үйінің табалдырығынан аттады. Төбесі үйдің бел ағашын тіреп тұрып, «здрастите» деген екен. Етегіне сүріне жүгірген апасы мойнынан құшақтап, бетінен сүймекке ұмтылады, бі- рақ серейген Саршатамыз илікпейді. – Құлыным-ау, аман-есен келдің бе? – деп жабысады. – Келдік, апа, келдік. – Құлыным-ау, дені-қарның сау ма? – деп тырмысады. – Сау, апа, сау. – Орнатқан діңгек секілді, бүгілмейді. – Жарығым-ау, əйтеуір, бітіріп келдің бе? – Шабаш, апа, бітті! – деп қолын бір-ақ сермеп отыра кетті. Ал апасы болса жүгіріп далаға шығып, көрші кемпір- лерге «Құлыным əлгі шабашын бітіріп келіпті», деп қуана хабарлап жүр. Қыс еді. Командировка алып, ауылға бардым. Кейінгі жылдары қар аз жауатын болып жүр. Қызыл асықтан ғана келетін күпсекті Алтайдың желі бұта-қараған, сай-салаға ай- дап, тығып тастайтын-ды. Аудан мен екі ортаға күніне бір- 61
ақ рет қатынайтын автобус сонау қырдан бері саркүшіктей домалана көрінсе болды, аялдамада құжынап тұрған ауыл адамдары лап ете түсер еді. Одыраңдап келіп, түтін бүрке тоқтаған шағын автобустың жүргізушісі біразға дейін кергіп ашпай қоятын. Қораздана басып дүкенге кіреді, түк шаруасы жоқ болса да почтаға бас сұғады... темекісін асықпай тартып, қыстың қақаған суығына қарамай түкіріктеп тұрып мұқият сулап, тұқылын аяғымен мыжғылап өшіреді, шырт-шырт тү- кіреді, одан соң ғана... «Қырық бес тиындарыңды дайындаң- дар» деп, саңқ етер еді. Осы шақта ауылдың жігіттері жолын- дағы кемпір-шал, бала-шағаларды қоғадай жапырып итеріп тастайды да, есікке ентелей жетеді. Алғашқы болып автобус- тың ішіне кіреді. Ең жайлы, жұмсақ деген орындықты таң- дап отыра кетеді. Бұдан соң туған əкесі түрегеліп тұрса да, астындағы «тағын» беруі мүмкін емес. Имене-имене, қысылып-қымтырыла мен де кірдім-ау, əй- теуір. Отырғандардың барлығы танымайтын адамдай беті- ңе бақырая қарайды, кейбір иманы бар-ау дегендері болса, көрмеген кісідей теріс бұрылады. Көп жылдан бері Сар- шатамызды жолықтырмап едім, тегінде кассир отыратын жалғыз кісілік көлденең орындықта қырау басқан терезені тілімен жалап тесіп, сонау қар басқан тауларға көз сата үңіліп отыр екен. Ол аудан орталығына жақындағанша тіс жарып, жақ ашпады. Сол ойланған қалпы, ешкімге де, еш нəрсеге де мəн бермеген қалпы, сыртқа қадалып қалған. Жігіттер «сөйлетеміз бе» деп əрі-бері қажап көріп еді, құ- лағына да ілген жоқ, естімеген кісідей меңірейіп отыра бер- ді... Соншалықты ауыр ой үстінде... Суық сорған қоңырқай жүзі, түк-түк жағы, жарланып біткен қабақ астындағы оты аз, бірақ алақандай ауқымды көзі – бар-барлығын барлаған 62
адам енді бірер сəттен соң ұлы жаңалық ашатындай салмақ- ты да салиқалы дидарын көрер еді. Саршатамыздың түбіне құрық бойламайтын терең қиялының сыры ауданға бір ша- қырымдай жер қалғанда ғана ашылды. – Жігіттер! – деп орнынан ұшып түрегелді. Шағын авто- бустың ішіндегі темекінің көк түтінінен бір-бірін əрең көріп отырған адамдар селк ете қалды. – Жігіттер! – деп тағы да қайталады. – Егер бір қойма ас- тыққа бір шібиді қоя берсе, неше жылда жеп тауысар еді?.. Саршатамыздың ауылдан шыққаннан бері бас қатырып, сарыла ойлап отырғаны осы екен... Расында да, неше жылда жеп тауысар еді...
КӨК ТАЙЫНША Мен бүгін ауылдан хат алдым. Тасқа басылғандай əп- əдемі тізілген жазу – бұл хатты қарындасым Мəнсия жаз- ғанын айнытпай танытып тұр еді. Ел-жұрт, ауыл-аймақ, бота-тайлақтың амандығын айта келіп, үстіміздегі жылы аудан бойынша өсек-аяңның тым қораш болып, керісінше өлім-жітімнің көбейіп кеткенін, көрші ауылда оныншы клас- та оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін ғана сөз арасында айтып өтіпті. Ең соңғы жаңалық, депті үшбу хаты- ның аяғында, біздің үйдің керіскедей көк тайыншасын Ұзақ тауының бауырында ұрлап, сойып əкеткен. Тек терісі, төрт сирағы, көзі алайған басы ғана қалған... Мал ашуы – жан ашуы деген ғой, əке-шешеміз қатты қапаланып, қайғырғаны болуға керек, үш күн сүт қатпай қара шай ішіпті. Амал не?.. Милицияға хабарлаған, əлі хабар жоқ. Көк тайыншаның орны бөлек еді-ау, қорамыздың бір бұрышы үңірейіп қал- ғандай болды. Енесі – көк сиыр да ұдайы үш күн мөңіреп жоқтаған екен. Есесіне ағайындар ойран-асыр, əлемдегі ең бір сүтті, қысы-жазы сауа беретін (тусын, тумасын) жылдым болар деп, үміт күтіп, болашағына сенім артып отырған «да- нышпан» тайыншаның айдың-күннің аманында қолды бо- луы, əрине, жандарын жай таптырған. Ағымнан жарылсам, осы «суық хабарды» естіген соң көңілім жүдеп, жұмысқа бармай қалдым. Екі құлағым шы- ңылдап, басым айналып, көзім қарауытқандай болған соң, 64
дəрігерге барып едім: «Жүйкең жұқарған, бір нəрсені қатты уайымдағансыз, дем алу керек» – деп шығарып салды. Жазғы демалыста ауылға барғанымда, əлгі қолды болған көк тайыншаны алғаш рет көріп, қайран қалып едім. Қай- ран қалған себебім: соңғы жылдары біздің үйдің сиырлары əлде бұқадан, əлде ауа райының күрт өзгеруінен, себебін кім білсін, əйтеуір, шыбыштанып, ұсақтап бара жатқан. Ірі қара тұқымының осыншалық азуы, əсіресе, шешемнің жайын жегідей жейтін. Орыстардан ақ бас қызыл сиыр сатып ала- йық деп, ертеден қара кешке дейін əкемнің құлағына маза бермеуші еді. Расында да, желіні жер сызып, маң-маң басып, не берсең соны жей беретін, маңызды оттайтын, маңқайып күйсейтін асыл тұқымды текті сиырлар бұл ауылдың асыл арманына айналған. Ал мен жазда көрген көк тайынша- ның жөні бір басқа, керіскедей-ау, керіскедей. Қайдан ғана қаңғып туылғанын кім білсін, көрші-қолаңның аузының суын құртатын əдемі еді-ай жарықтық. Иə, ал енді «жарық- тық» келмеске аттаныпты. Кеше түсіме кірді: ақ бас, қызыл бұзауы бар, таудан асып барады екен деймін. Артына қарап мөңіреді де, көрінбей кетті... мəңгілікке... *** Уақиға былай болған екен. Біздің шал əдеттегісіндей күн шықпай тұрады. Сауын сиырларын өрістен айдап қайтуға Ұзақ тауына беттейді. Қолында жүген. Кеше кешке тұсап жі- берген құла аты сиырлармен бірге жайылатын. Малын түген- дейді. Көк тайыншадан өзгесі өрісте жүр екен. Құла аттың тұсауын шешіп, жайдақ мініп жер шолады. Жоқ. Бір кезде өзінің ата-бабасы жайлаған таудың ұңғыл-шұңғыл, бұта-қа- 65
рағанын бес саусағындай білетін ол, көк тайыншаның қарасы көрінбеген сайын, күдерін үзе бастады. Топтанып қайың өскен, сол қайыңның дəл түбінде көк тас жататын, сол көк тастың алқымынан қайнап бастау ағатын бала кезінде, сол жерді – «Апамның көк тасы» деп атапты. Үстіне тоқым төсеп, күні бойы жүн түтіп, иіріп отыратын шешесі елестейді. Енді құла аттың басын солай бұрған. Өз көзіне өзі сенбеді. Көк тас көк тайыншаның қанына былғанған. Көзі алайып, күзгі ашық аспанға тесіле қарап кесілген бас, серейіп төрт сирақ жатыр. Ұры əккі, əрі саспайтын қу болса керек, бастаудың суын ластап, ішек-қарнына дейін аршып алған. Меншікті сиырын соғымға жыққандай-ақ, боршалап, əдемілеп сойғаны соншалық – тіпті терісіне дейін тұздап, керіп, жайып кетіпті. Шалдың жүрегі сыздап ауырды. Малым қолды болды деп емес, атаңа нəлет ұрының басынғанына, саспай мүшелеп, боқты ішегін қалдырмай, қырып-жонып əкетіп қалғанына, ит жыны ойнады. Бастаудың күзгі күні де жасаңданып жата- тын маңайы опыр-топыр: тағалы аттың ізі түскен, соған қа- рағанда ұры – екеу секілді. Дегенмен, батырға да жан керек, бірі сасқалақтап жүріп, қамшысын қалдырып кетіпті. Басқа көзге ұрып, куəға тартар дерек жоқ. Күн ұясынан көтеріліп, етекте жайрап жатқан ауыл қы- быр-қыбыр тіршілік қамына кіріскенде, жайдақ атты ұры- ның қамшысымен сипай қамшылап, үйіне қайтты. Бұл шақ- та күздің сан алуан бояуына малынған табиғат тамылжып-ақ тұр еді... Милицияға хабарлады. Өз беттерінше əрекет жасаған жоқ. Қыркүйекте шақырған милиция қызметкері қараша біт- кенде келді. Бұған да шүкіршілік, келмей қойса қайтер еді. 66
Ауданнан күніне бір рет қатынайтын сары ала автобус- тан милиция формасын киген, қолтығында тері сөмкесі бар кіші лейтенант В.В. Окинков түсіп, біздің шалдың үйіне бет- теді. Оның төбесі сонадайдан көрінгенде, көк тайыншаның өзі келе жатқандай қуаныштары қойнына сыймаған. Самау- рынға шай қойды, қазанға ет асты. Астына көрпе, шынта- ғына жастық төседі. Тамақ ішіп, ар жағына ел қонғанша, В.В. Окинков лəм-мим деп еш нəрсе сұрамады. Жамбастай жатып, үйдің ішін шолды, көз қыдыртып жан-жағына қара- ды. Қолын тарақтап желкесіне салып, шалқасынан жатты. Көзі ілініп кетті білем, мұрны шұр ете қалып еді, сабағы бітіп, үйге екпіндей кірген Қанаттың дабыр-дұбыры оятып жіберді. «Ұйықтасаңшы, ұрыны іздеймін деп шаршадың ғой», – деді шешем. – Сонымен, – деді В.В. Окинков, есіней сөмкесін ашып, – сиырларыңыз қашан жоғалды? – Осыдан бір жарым ай бұрын, – деді əкем оған жақтыр- маған кейіпте насыбайын атып (Адамдардың іс-əрекеті іші- не сыймағанда, бір шақша насыбайды бір сағатта атып қою- шы еді). – Неге ерте хабарламадыңыздар? – Хабарлағанбыз. – Да, да... қол тимейді. Ұры көп. Аты-жөніңіз? – деді əке- ме тіктей қарап. – Раисов Исахан. – Сіздің фамилияңыз, апа? Шешем əкеме: – Əй шал, айтсаңшы, – деді. – Ол да Раисова. – Дұрыс-сс... с... Сиырларыңыздың жасы, түсі, белгілері... 67
– Үш жасар, көк, құйрығы шуатылған ұзын, мүйізі əдемі, келісті біткен керіскедей. – Тұра тұрыңыз, – деді əкемнің сөзін бөліп, – керіскедей деген белгі болмайды. Кім ұрлап сойды деп ойлайсыз? – Шырағым-ау, кімнің ұрлағанын білсем, сендерден кө- мек дəметіп нем бар? – Дұр-ы... с... ссс... іздейміз, табамыз. Шеше, тағы бір кесе шай құйып жіберіңізші. Автобустан қалып қоймай тұрғанда қайтайын, асығыспын, жұмыс көп, ұрылар одан да көп. Қанат В.В. Окинковты иттен шығарып салды. Жарықтық күз шолтаң қайрылып, қыс келді. Биыл тіпті асығыс келді. В.В. Окинковтан хабар-ошар жоқ. Жаңа жыл есік қағып, қапалақ-капалақ қар жауды. В.В. Окинковтан сыбыс білінбеді. Тек, февраль айын орта- лап, Алтайдың қақаған суығы мал мен жанды қысып тұрған шақта ғана аппақ дүниенің арасынан В.В. Окинковтың тө- бесі қараңдаған. Көк тайынша тарихын өздері баяғыда ұмы- тып, құрысыншы, от пен суға қарап отырған жоқпыз ғой, «ақсағын қойып сауын бағайық» деп, тəубеге келген бейбіт тіршіліктерін бұзғанына реніш білдірген. Шай қойылды. Ет асылды. В.В. Окинков соғымның етін, əсіресе жылқының етін, жақсы жейді екен. Құрт қосқан сор- паны сарқа ішіп, қолын сүртіп болған соң, көзі ілініп, қалғи бастады. Осы Қанаттың жүрген жері оңбайды, əсіресе, қыс- та ойбайлап ашылатын қырау тұтқан есікті жұлқа тартып кі- ріп келмесі бар ма... В.В. Окинков сасқалақтай атып тұрып, тапаншасына жармасты. Шешем: «Ойбай, көтек!» – деп, бетін басып отыра қалды. Əкем шақшасын қаққылап: «Əй, кемпір, насыбай бітіп қалыпты ғой», – деп шыны сауытты домалата салды. 68
– Фамилияңыз, яғни аты-жөніңіз? – деді есінеген Окин- ков қағаз-қарындашын ыңғайлап. – Раисов Исахан. – Жасыңыз? – Алпыс үштемін. – Ұлтыңыз? – Қазақпын! – Əкем бұл сөзді нығыздай айтты. Милицио- нер енді шешеме шұқшия қарады. – Аты-жөніңіз, жасыңыз, ұлтыңыз?.. – Құдай-ау, əнеугүні айтып едім ғой. – Тағы да қайталаңыз. – Шошып оянған соң ба, бас терісі келіспей, қатаң ұстады өзін. – Раисова, жасы 65-те, – деп, кемпірінің орнына тағы да əкем жауап бере бастап еді, милиционер көнбеді. – Өзі айтсын. – Шешем сасқалақтады. – Құдай-ау, қайын атамның атын қалай атаймын... Əй, шал... Тайыншамыз керіскедей, аузымызды аққа жарытайын деп тұрған асыл тұқымды мал еді, – деп, шешем зарлай жө- неліп еді, оны В.В. Окинков тоқтатып тастады. – «Керіскедей» деген белгі болмайды. – Алғаш келгеніңде ұмытып кетіппін, шырағым, ұрының орнында ұмытылып қамшысы қалыпты. Міне, – деп сегіз өрім, тобылғы сап қамшыны Окинковтың алдына тастады. Ол қамшыны ары айналдырып, бері айналдырып қарап отыр- ды да: – Бұл ауылда не көп – қамшы көп жəне бір-бірінен ай- нымайды, – деп əкеме қайтарып берді. Бұдан соң: «Іздейміз, табамыз», – деді де, орнынан асығыс көтерілді. Оны Қанат иттен шығарып салды. Қыс өтіп, жазғытұрымның қара қатқағы келді. Ойдағы қар жылбысқалана еріп, қалғаны тау бөктерінде күн санап кө- 69
біктене мүжіліп жатқан, түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз деп аталар ала-құла шақ еді. Біздің үй бір қалыпта тіршілік кешіп, біреуден кейін, біреуден ілгері күн көрісімен, ертеңгі атар таң, татар дəмімен дəмелі күй кешіп жатқан-ды. Көк тайыншаны да, көк сөмкелі В.В. Окинковты да ұмытқалы қа- шан, «тəңірім, бермей-ақ қой, бірақ қолда барын ала көрме» дегендей, қалғанды қанағат көңілмен көктемді қарсы алған. Міне, осындай жазға салымның уайым-қайғысыз бір тыныш күнінде, алдыңғы күні туған мұқыр мүйіз қызыл сиырының уызын жеп, жайбарақат сорпа, шай ішіп, оңашадан оңаша өздері ғана шүйіркелесіп отырған қоңыр кеште, ағаш үйдің есігі сыңсып ашылды. Ғажабы, есік көзіндегі аса сақ ала мойнақ, төрт көз ит те шəу деп үрмеген. Тегі, еті үйреніп қалса керек. Алғашында көршілердің бірі шығар деп, алаң- сыз көңілмен ешқайсысы да елемей тамақтарын іше беріп еді. «Есенсіздер ме» деген дауыстан бастарын кекжең еткі- зіп оқыс көтерісті. Осы мезетте В.В. Окинков та дүрс-дүрс басып төрге оза берген. Сəлемін əкем ғана алды. Ал шешем болса «құдай-ай, тағы да Əкімқов қой» деп, қолындағы кесе- сін шайымен төңкере салып, шегініп кетті. – Ауданыңда не жаңалық? – деді əкем арада орнаған ты- ныштықты бұзайын деген ойменен. – Аманшылық, ақсақал... Көк тайынша табылған жоқ па?.. – Соны сенен сұрайын деп едік. – Шешем бұл сөзді шап- тыға айтты. – Іздейміз, табамыз. Жұмысбасты болып көпке дейін келе алмадым. Көрші ауылдарыңыздағы бір семья соғым- ның етін ұрлапты. Соны іздеп əрең тауып бердік. Сөйтсем, өзі жоқта үйде қалған əйелі күнде асып жей берген соң, кү- 70
йеуі шөптің астына тығып тастаған екен... əй, қазақтардан бəрі шығады... – Ол оқиғаны мен де естігенмін, етті сен емес, иті тауып алған, – деді шешем қарап отырмай. Ас ішіп, көңілі жайлан- ған соң В.В. Окинков: – Ал, басынан қайта бастайықшы өзі, – деп қағаз-қарын- дашын суырды. – Аты-жөніңіз, көк тайыншаның жасы, түр, түсі... Əкем жарықтық шыдамды адам еді ғой, Окинковты осы əзірде ғана көріп отырғандай, бастан-аяқ тəптіштеп шықты. – Дұ-р-ы-ы-с-с, – деді милиционер енді шешеме бұры- лып, – енді сізге келейік. Фамилияңыз... Қызық басталды. Бағанадан бері өз тізесін өзі тоқпақта- ғандай, əрең отырған кемпір шорт кетті. – Əй, Əкемков, – деді ызадан жарылардай болып. – Өз тайыншамызды өзіміз ұрлағандай бізді тергегенің не осы?! Міне, жеті ай болды əлдеқашан сүйегіне қына бітіп кеткен ата-бабамыздың аруағын қозғап, пəмилиямды сұрай бере- сің ғой. Сен келген сайын басымның сақинасы ұстайды. Көк тайынша да, сен де құры. Кет өзің, жынымды ұстатпай! В.В. Окинков үндеместен орнынан тұрды да есікке бетте- ді. Босағада тұрған қалпында сөмкесін ақтарып, əкем жазған өтініш қағазды алды. – Арыздарың. Енді өзің жоғалсаң да, бұл үйге келмес- пін, – деді шешеме. – Əдірем қал. Мені құдайдан басқа ешкім ұрлай алмайды. Сөйтіп, бұл үй милициясыз қалды. Осы күннің ертеңін- де бастауыш класқа сабақ беретін əпкем – Аймен ұры ұмыт қалдырған қамшыны қолына ұстап шығады. Мектепке бар- ған соң, əр класқа кіріп: «Кəне, балалар, мына қамшыны та- 71
нитындарың бар ма?» – деп, бас-басынан сұрайды. Үшінші класқа кіргенде, мұрнын үнемі жеңімен сүртіп отыратын қара ұл: «Ой, мұғалима, бұл папамның қамшысы. Былтыр жазда ағам өріп берген», – деп орнынан ұшып түрегеледі. Иə, жеті ай милиционер іздеген ұры, жеті минутта табыла- ды. Бірақ баяғыда ұмытылып, садақаға шалып қойған көк тайынша дауын дабыралаудың реті ешбір болмайтын еді. Мұрнын жеңімен сүрте беретін қара ұлдың папасы – бұл үйдің құдасы, сыйлас адам. Сондықтан да жабулы қазанды жабуымен қойған. Тек баласы айтып барған болу керек, «құ- далар» жағы көпке дейін амандаспай жүрді. Жаз шығып, ел-жұрт шөп науқанына кіріскен шақ. Əкем де тартпасын (шалғысын) шыңдап, көзі тірісінде əжеміз ті- гіп берген қара торсыққа сусынын құйып, пішен оруға шық- қан. Жылдағыдай емес, биыл жаз берекелі болды, шөп қа- лың, жеміс-жидек көп. Күн ыстық. Мосыға шəугім іліп, шай қайнатып, дем алып отырған. Топ қайыңның түбінен бастау алар тұма тазарған, көк та- йыншаның ұры сойған орнын шөп басқан. Дегенмен, баяғы бір көрініс: көзі алайған малдың басы мен төрт сирақ көз алдына елестеп, жамбастай жатқан шалдың ойы онға, са- насы санға бөлінді. Мал ашуы емес еді оны мазалаған, шəй деспеген жұрағаттың басынғаны да... Осы кезде алаңсыз оттап тұрған құла аты құлағын тікті. Тоғай арасынан салт атты шығып, бері беттеген. Бұл – көк тайыншаның обалына қалған «құдасы» еді. Ол аттан жайлап түсіп, асықпай аман- дасты. Малдас құрған қалпы, шөптің бір сабағын аузына са- лып, тістелеп алысқа қарады. Жеңіл күрсінгендей болды. – Құда, – деді сəл қарлыққан, сəл толқыған үнмен. – Сіз маған өкпелеп жүрсіз білем. 72
– Неге өкпелейін, – деді əкем насыбайын атып. – Жоқ жасырмаңыз, өкпелеп жүрсіз. Болар іс – болды. Көк тайыншаларыңызды мен ұрлаған едім, оны өзіңіз де сез- генсіз. – Оны кім айтты саған? – Екі дүниеде де ризамын сізге. Біле тұра тіс жарып еш- кімге айтпадыңыз. Мені мойындатып, аяғыңызға жыққан – дəтіңіздің беріктігі. Басқа біреу болса ғой, қалмақ қайта шап- қандай мұқым ауданға жар салар еді. Рақмет сізге, құдайдың құдіреті, бала жастан əдетім – бірдеме ұрламасам, тыныш ұйықтай алмаймын. Жоқ дегенде, өз қойымды өзім қорадан ұрлап шығып, тауға апарып сойып əкелетінімді қайтерсіз. Енді осымен бітті. Сіз үнсіздігіңізбен, шыдамдылығыңыз- бен жеңдіңіз мені. Ол ұзақ сөйледі. Темекісін тартты. Əкеммен бірге шай ішті. Шөп шабысты. – Құда, – деді кетерінде қойнына қол салып, – көк тайын- шаның бодауын он сиыр берсем де қайтара алмаспын. Бала- шаға көп, бір үйде өзім ғана бас көтеретін, қайтара алмас та едім... Мынаны шөп шапқанда киерсіз, жеңсіз, алды ашық, жеңіл көйлек. – Бес сом отыз тиынның шыт көйлегін əкем- нің алдына тастай берді. – Рақмет, құда бұл да болса – жөн білгенің. Ол атына мініп ұзап кетті де, қайта оралды. – Байқамай қонышыма тыға салыппын. Кешіріңіз, əдет қой, – деп керзі етігінің қонышынан əкемнің қамшысын суы- рып алды. Атын оқыс тебініп, желе жөнелді. – Қайтқан малға береке, – деді құдасының соңынан көз жазбай қарап, қамшысын ұстап тұрған əкем. – Ұрлап кетсе қайтер едім. 73
КҮЛПƏШТІҢ ҰРШЫҒЫ Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұ- рады. Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айырылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай батып, судай сіңіп кеткен. Əйтеуір ұлда- ры ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі жəне бар. Ертеден қара кешке дейін есік көзінде басқышта, тулақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпəштің екі көзі біздің үй- дің түтінінде. Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қо- лаң оны онша жақтыра қоймайтын. Бірақ, сумақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ əйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса барып есендеспей отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық – Күлпəштің жан жолдасы, түнде басына жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де шынтағын шо- шайтып созақтата жіп иіріп, шаншылып отырғанын көресің. Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстіне дəл түсетін əдеті бары рас. Жұрт Күлпəштің осы міне- зінен зəрезеп болатын. Баяғы заман емес, қазіргі ағыл-тегіл тоқшылық уақытта, бала-шағаңның ортасында оңашаланып аузыңа енді ала берген асыңа бір емес, екі емес, ортақ бола берген адам – атаң болса да жақтырасың ба, тəйірі. Бірақ, жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын Күлпəш қаперіне де алмайтын. Салдырлап əңгімесін айтып, алды-ар- тына қарамай асай беретін, тіпті «жесеңдерші» деп өз асың- 74
ды өзіңе тықпалайтын; тіпті өз үйінен кекіре тойып шығып, көршінің шайына зыр жүгіріп кетер еді. Қыстың алғашқы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам аппақ болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қарақожалақ жатқан дала ақ көрпесін қымтанып, ұзақ ұйқыға кеткендей жым-жырт. Қар бетіне иттің ғана ізі түскен. Күн көтеріле алғашқы қар қалыңдығына қарамай жылбысқалана еріп, ақ сорпасы шығып бусана бастады. Ағаш күрек алып əрі-бері тазалап көріп едім, жабыса иленіп ырық бермеген соң, таста- ғанмын. Ағаш-ағаштың бұтағын сындырардай тұтасқан қар ептеп еріп, тамылжи сорғиды. Айналаңа, əсіресе күн шы- ғар жаққа қарай алмай ұяласың, көз қарығады. Қолтығына қысқан қалайы аяғы – ыдысы бар, екі қолын жеңіне қусы- рынған Күлпəш үйінен асығыс шығып, бізге қарай қаздаң- дай құлдилады. Жақындай бере одан бұрынырақ үйге сып етіп сіңіп кеттім. Апамдар шай ішіп отыр екен. Іле-шала бу- дақ-будақ бу алып Күлпəш та кірді. Кіре бере «алла, белім» деп табалдырыққа жалп ете түскені. Əлгінде ғана сайрап, есен-сау шай құйып, самаурынға иелік жасап отырған ше- шем, ол да сап етіп шекесін ұстап «алла, басым» деп зарлай жөнелгені. Мен аң-таңмын. Екі əйел еселесіп бірсыпыра ың- қылдады-ай... Күлпəш көзінің астымен ақырын ұрлана ше- шеме қарады да, өзінен зор шыққанына шындап көзі жетті білем, жылыстап, «аллалай» дастарқанға жақындады. – Саумысың, Күлия? – деді жарамсақтана. – Ауырып қал- ғанбысың? – Ауырмай отыратын күнім бар ма, Күлпəш. Бір үйдегі – бір кісі болған соң сүйретіліп тұрасың. – Мен де сол, əйтеуір өлмеген соң балаларға бас-көз бо- лып жүрген. Екі күн болды, белден шойырылғалы. 75
– Үш күннен бері менің де басымның сақинасы ұстап... – Мен де жетісіп отырғаным жоқ, бəтір. Бес күннен бері екі тізем қақсайды. – Он күннен бері менің оң иығым шағатын болып жүр. – Бір ай болды, екі аяғымды кеміріп жатыр-ау, жеп жа- тыр... – Былтырдан бері құданың құдіреті, екі көзім бұлдырап көрмейтінді шығарды. Өстіп жүріп суқараңғы соқыр бо- лып... – Қойшы-ей, қайдағыны айтпай, кейде менің де екі құла- ғым тарс бітіп қалады. Ендігі сəтте шешем де, Күлпəш та ауруларын ұмытып, құла шайды сораптай ұрттап ұзақ сонар əңгімеге көшкен. Ал, мен аң-таңмын. – Е-е, замандас-ай, – деп күрсінді Күлпəш. – Шалың бар сен осындайсың. Жиырма жылдан бері жесір біздің не жа- нымыз шыдап жүр десеңші. Жүрген ғой əйтеуір, өлейін де- сек қол тимей. Е... е... – Бойында шыбын жаны бар демесең, біздің үйдің иесі ауырады ғой, қатты ауырады. Трудовой өтіп кетсе керек. – Шешем төргі бөлмеде көзілдірігін киіп кітап оқып жатқан əкем жаққа мойнын соза қарап қойды. Содан соң маған: – Есікті жаба салшы, – деді. Əңгімемізді естіп қоя ма деп сезіктенеді білем. – Е, сөйт балам, төргі бөлменің есігін жаба сал, – деп қайталады Күлпəш. – Жүзіқара-ау, ұлыңа шай құйсаңшы, – деп шешемнің ұмыт қалдырған шаруасын жəне есіне салды. – Күзден бері осы жаңғалақтық пайда болды, – деді ше- шем. – Қазір қойғанымды, қазір ұмытамын. 76
– Мен де ұмытшақпын-ей, – деді Күлпəш. – Əнеугүні Шəкендердікі ет асқан екен, барайын деп тұрып қара басып ұйықтап қалыппын. – Кеше, соғым сойған күнге дейін тісіміздің суын сорып отырамыз ба деп, қалған қара ешкіні алып соқтық. – Не дейді!.. – Күлпəш қайран қалып таңданды. – Айттым ғой, кейінгі кезде ес-ақылдан айырылып жүрмін деп. Айта салғанды да білмейсің. Тіпті түтіндерің бықсымап еді, сен де қуланып, сараңданып барасың-ау. Ішек-түшек, қарын-сарын алып қалушы едің... дəметіп... – Алла, басым! – деп шешем əңгіменің ауанын бұзып жіберді. – Алла, белім, – деді Күлпəш. – Көп отырып қалдым-ау, сенімен əңгімелесемін деп. Біздің қара сиыр қарасан болды. Арты бітеліп алты ай болды желіндегелі. Түйе секілді найқа- лып жүр албасты, қара суға қамалтпай бір шайлық сүт бер. – Біздің қоңыр сиыр ерте туып, суалып барады. Өзі үш емшек, өзің білесің бір емшегі баяғыда кеткен. Жем-шөбін алдына төгіп отырған біз емес. Бір сағат созғыласаң, жалғыз шайлық сүт əрең шығады. Сенің ұлың қойда ғой, анда-сан- да біздің үйге де бір қапшық жем əкеліп тастамай ма? Міне, сүттің бары осы, – деп тостағандағы шайға қатып отырған сүтті көрсетіп еді, Күлпəш үңіліп қарады да: – Е, мынауың көп сүт, – деді шімірікпей. – Көп сүт болса аузымнан жырып саған-ақ бердім, – деп барлығын Күлпəштің ыдысына қотара құйып бере салды. Содан соң өзі үлкен бір мəрттік жасағандай замандасына риза көзбен күлімсірей қарады. – Рақмет, Күлия! – деді ол қош көңілмен шығып бара жа- тып. – Ұлыңның қызығын көр, алла, белім, аяғымды бастыр- майды, сүйретіліп қашан жетер екенмін... 77
Терезеден тысқа қарап едім, үйіне қарай құстай ұшып, безіп бара жатқан Күлпəшті көрдім. – Ораш, – деді шешем, – шоланда бір меске сүт пісіп тұр еді, алып келші. Мен аң-таңмын. Ержетіп, ауылдан ұзап кеткеніме көп жыл өтті. Анда- санда ғана қатынап тұрамын. Елдің қадір-қасиеті əлі бұзыла қойған жоқ. Əрине, алыстан жолаушы келген соң мал сояды, амандасуға ағайын-туған жиналады. Содан бірінен соң бірі сабылып жатар ауылдастарымның ортасынан ең əуелі іздей- тінім ұршық иіріп отыратын Күлпəш еді. Шешемнен аман- дығын алғашқы сұрарым да сол кісі. – Е, ол қатынды құдай ала ма? Жүр ғой əйтеуір, жеті күн – елден, жеті күн – жерден жеп. – Шешемнің бұл сөзді зілсіз ешбір кек, жаулық тілемей айтарын білемін. Өйткені баяғы- да мал сойса Күлпəштан қулығын асырып ым-жымын көр- сетпей қоятын да, егер келмей қалса: «Əлгі қатын қайда жүр, ауырып қалған жоқ па?» – деп елегізіп іздеп отырар еді. Сы- бағасын сақтап, бөлек алып қоятын. Ауылға оқта-текте бара қалсақ «туған жердің келбеті-ай, ауасын-ай» деп тамсанып, күні кеше ғана зəрезеп болып, екі қолыңды төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көрген- дей өп-өтірік таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды əдеті- міз бар ғой. Сондай əрі жалған, əрі монтаны мінез маған да жұққан-ды. Тыртиған трико киіп, қырыққан серке бұттанып, маң-маң баса өзен жаққа беттедім. Бұқтырма барған сайын молайып, екі жағалауын кеміріп, кенересін кеңейтіп келеді екен. Су алатын жар қабақтың жиегінде екі шелекті төңке- ріп тастап ұршык иіріп Күлпəш отыр. Кішкентай немересі 78
құмнан үй жасап ойнап жүр. Мені көріп орнынан лып етіп тұрып қарсы жүрді. – Үйбай-ау, Орашжан-ау, қашан келіп қалғансың? Дені- қарның сау ма? Күлия ұлы келіп көзайым болып, той жасап жатыр екен ғой. Жүзіқара əбден қуланып алған, мен тіпті ауыл үй отырып сезбей қалдым. Бетімнен сүйді. – Түу, жүдеусің ғой. Ала қағаздың бетін айналдырамын деп азып кетіпсің. Біздің ұл шұжықтай... Иə, оқуыңды қашан бітіресің? Оныншыдан соң оныншы класқа мұғалім болып жүргендер көп қой. Бітпейтін неме болса қайтып келсеңші, жаман əкеңді жалғызсыратпай. – Оқуды əлдеқашан тауысқанмын, шеше. – Енді неғып қайтпайсың? – Қалада қызмет істеймін. – Қызметті қайтесің. Жаман əкең отын-шөбін жеткізе ал- май біздің ұлға сан рет келеді. Біздің ұл мықты болып өсті... Трактордың құлағында ойнайды. Ептеп ішіп қоятыны бар, ол ештеңе етпес. Қалада да қарап жүрмейтін шығар. Мен не айтарымды білмедім. Ауылда қалып не тракто- рист, не орманшы болмағаныма өзім де сан рет опынған едім... Əкем қартайыңқырап, оның үстіне денсаулығы нашар, шаруасының қиюы қашып жүргені рас-ты. Енді қайтейін, қаладан отын-шөп жіберетін емес... Бағланның төре табақ етін алдымызға енді ала бергенде, самбырлай сөйлеп Күлпəш кірді. – Ей, қатын, – деді шешеме айбындап. – Неге қуанбай- сың? Жаман жүрегің неге жарылмайды, ойбай? Май ішкен мысықтай, екі көзіңді тарс жұмып жылмиып отырсың ғой. Ұлыңның келгенін неге айтпадың? Ораш сенің ғана ұлың 79
емес, күні кеше мұрнынан сығып алған менің де балам. Ба- лам болмаса – баламның жан жолдасы, күні кеше тай-құ- лындай тебісіп бірге өскен. Жылқының майындай жылбыс- қаланып, Орашыңның əкелген сəлем-сауқатын жалғыз өзің жамбасыңа басып жатырсың ғой. Қысқы – қызылымыз бен жазғы – ағымызды қылдай қылып бөліп жеуші едік. Бая- ғыда біреу «Ауыл үй қонсақ қонайық, бірақ аяқ-табақ ара- ластырмайық» деген екен. Отыз жыл отас болған көршінің қақысынан қиын не бар бұл жалғанда. Ұлың қайда? (Мені жаңа көргендей құшақтап, екі бетімнің сау-тамтығын қал- дырмай сүйді). Келші, құлыным, мауқымды басып, шө- лімді қандырып шөпілдетейін-ай. Реңің жақсы, бұрынғы- дай емес, толып азамат болыпсың. Ай сайын ақша жіберіп əке-шешеңді асырап жатырсың, естімей, көрмей отырғамыз жоқ. Əлгі біздің жаман ұл май-май болып, темір итаяғының астынан бір шықпайды, жүргенінен тұрғаны көп. Көк тиын əкеліп жатқан ол емес, «апа, бересілі болдым» деп ашқарақ сиырдай мөңіреп тұрғаны. «Аласысы» қашан, ит біле ме? Неге ауыздарыңды аңқайтып қалдыңдар, ет жесеңдерші. Ей, шал, жамбастың етін азайтып маған берші, – деп салалы сау- сақтарын табаққа тарбайта салды. Мен аң-таңмын. Əкем мырс-мырс күліп, жамбасты етімен ұстата берді. Ал шешем болса бір қызарды, бір сазарды. Содан соң тамағын кенеп сөз бастады. Бейне бір бұрынғының билеріндей... – Əй, Күлпəш, сен өйтіп бастырмалатпа, «Жуас түйе жүн- деуге жақсы» деп. Қара суымнан қалдырып көргенім жоқ, көзіңнен шықсын. Баламның алдында жер-жебір, жекен суы- ма жетіп есімді шығарып жібердің ғой. Көшке берген тайың- ды ал, бірдемесін өткізіп қойғандай ер-тоқымыңды бауыры- 80
ңа алып тулағаның неткенің. Бозталдан шөбімді жеткізіп бер деп он рет барғанда, он күн аяғыңа бас ұрғанда төгіп-шашып əрең əкелмеп пе еді, ала көз ұлың, онда да ақысын былай алып, шөлмек-шөлмек арағымды ішкен, ол аздай трактор- мен сүзіп қораның қанатын құлатып кеткен. Бір басыңда бес ұршық бар, бірін бере көр деп жалындым, бетпақтанып міз бақтың ба?.. Енді келіп, иығыңды жұлып жеп, тамағымнан тас өткізіп, отымның басын сабалайсың... Əдірем қал... – Сенің де сырың белгілі. Шалым бар деп кергисің келіп, кердеңдейсің келіп... Мен орнымнан тұрып кеттім. Əкем: – Жетті енді, желіге бермеңдер! – деп зекіп еді, екеуі бірдей жым болды. Сүт пісірім уақыттан кейін жайдары жарасып, маңдайла- ры жіпсіп шай ішіп отырды. Ұзақ бір əңгімеге кеткен. Бір- біріне аса риза көңілмен рақаттана күледі. – Сен қатын да қайдағыны білесің, – деп Күлпəш құла шайды сораптай түсті. – Шалыңның қолын қағып көргем жоқ, сен де кеңсің ғой. – Рас, сенен қызғанып қайтемін. Бір өтірігі жоқ, – деді шешем. Екеуі тағы күлді. Мен аң-таңмын. – Осы Күлия, сен əлгі жоғалған шелегіңді таптың ба? – деді Күлпəш. – Жоқ, судай сіңіп, тастай батты ғой. – Құлағыңды бері жақындатшы. – Сыбырлап сөйледі. – Тірі адамға мен айтты деп аузыңнан шығарып, сездірме. Се- нің шелегіңді мен бір үйден көрдім. – Қойшы əрі, рас па? – Рас, өтірік айтсам жаным шықсын. Шелегіңнің бүйірін- де кішкене майысқаны бар еді ғой. – Дəл өзі. 81
– Ендеше сол шелек Мағыштың сеңкесінде керосин құю- лы тұр. Тегінде осы ауылдың бары мен жоғын менен сұра. Шешем Күлпəшқа қағазға орап бір асым ет беріп, ол қол- тығына қысқан олжасын зыр жүгіріп апарып тастады да, сү- йектен жонып істеген ұршығын алып құстай ұшып қайтып келе жатты. Өте əділ айырбас, екі жақты түсінушілік жағдайда өткен бүгінгі кеңес келесі күні басқаша сипат алған. Етті асып жеп алған Күлпəш ұршығын сұратып жіберіп- ті... Мен аң-таңмын...
ҚҰЛАШАНЫҢ ШОТЫ ЕДІ Баяғыда... ертеректе Қатынқарағай ауданы бойынша Құ- лаша деген ортақ шал өмір сүрді. Ол кісіні жұрттың бəрі жатқа білетін. Ағайын-туғанынан ерте айырылған, панасыз жетім еді. Жетімдіктің ең қиыны – қартайғанда екен. Ел ара- лап, дəруіш боп күн көру пайғамбар жасынан асқан адамға лажсыздық еді. Лажсыздық емей немене, жетпіске жеткен шалдың қара жолды шаңдатып, жаяу-жалпылы ел кезіп, кер- зі етігін тоздырып тірлік кешуі қайбір жетіскендік. Бұл кісі- нің əбден қартайған шағында не себептен панасыз, малсыз- жансыз тұл қалу сырын мен білмеймін. Менің білетінім – Құлашаның былғары қапшығы, тобылғы асасы болушы еді. Ал былғары қапшығының ішінде əсте де ішім-жем жол азық емес, көненің көзі іспетті: мүйіз сапты жезмойын пышақ, мүйізден жасалған насыбай шақша, ұлтан, тебен ине, біз, тарамыс, сонсоң соншалықты əдемі қаз мойын шот жүре- тін. Қапшасын күніне бір рет ақтарып, бар-жоғын түгендеп қою əдетіне айналған. Осы сүйекке сіңді ғадет Құлашаның құйрық-жалсыз қалуының салдары сықылданатын. Бірақ жығылып жатып, аяғының басын қайқайтар мекерлік пен жалған паң мінез, табиғи қалпын сақтамай үнемі жасанды шығар еді. Ол жалғыздығын, пайғамбар жасынан асып тө- рінен көрі жуық қалған жылдарда өз тағдырының қайраңға айналған болымсыздау сəтін мойындап, ұнжырғасы түскен емес. Əлі есімде, сонау бір жылы сол Құлаша шал Тоқамен қатты кетісіп ұрысты. Сонда Тоқа шал өз мінін байқамай: 83
– Құлағын кескен шұнақсың, құйрығын кескен шолақ- сың, – деп қу бас жалғыздығы мен кем-кетігін санай бастап еді, асасымен қара жерді сабалап, тұлан тұтып ашуланды, қолы дір-дір етеді, көзі қанталаған. – Ей, Тоқа, мен жалғыздықты құдайдан сұрап алғам жоқ, көрпеңе қарай көсіл, тегінде. Көкек өз атын өзі шақырады деп, қатыныңмен төбелескенде қыршып алған шұнақ құла- ғыңды Гитлерден көресің. Ал мен құлағым жоқ шұнақ бол- сам – сұңқарлығым; құйрығым жоқ шолақ болсам – тұлпар- лығым. О, несі-ей, ол қай басынғаны-ей... Түске дейін есі бар, түстен кейін есі жоқ, боқ мұрын, салпық ерін жаман ұлыңа мақтанамысың-ей... Төбеңді көкке жеткізгенін көрермін... Əншейінде сыңар езулеп бой бермейтін Тоқа шал қашып құтылған. Алтай күзінің енді-енді басталып, сары ала, қызыл ала, жасыл ала бояу жағынып, жасанып тұрған маужыраңқы мезгілі еді. Огородтағы картопты қазып, подвалға төгіп ал- ғанша, қас қарайған. Біз жақта пісіргенде үгіліп тұрар үл- кен-үлкен, қойдың басындай картошка мол шығады. Оны күзде жиып алып, үй астынан қазып жасалған шұңқырға төгіп тастаса, қыстан бұзылмастан сақталатын. Ал жертөле- нің қақпағы үйге кіреберіс табалдырыққа жақын. Ол шақта электр жарығы жоқ, тапқан үйдің керосин шамы бар, ал тап- пағаны май шаммен отыратын. Оның өзінде тамақ ішерде ғана болар-болмас жылтыратып, ыдыс-аяқ жиналған соң, тым-тырыс жатып қалуға мəжбүр болатынсың. Апақ-сапақ уақытта апам екеуіміз қара көлеңке үйде жаңа ғана асылған қара картошканың қабығын аршып қарбыта асап отыр едік, ашық тұрған есіктен əлдене қараң еткендей болды да, «Асса- лау...» деген дыбыс шығарды. Сосын жым-жырт құлаққа ұр- 84
ған танадай тыныштық орнады. Мен кəперіме алғаным жоқ, есіл-дертім картошка, мұрнымды қорс еткізіп тартып қойып, етпеттей жатып, қомпаң-қомпаң етемін. Апам елегізе құла- ғын түріп, əрі-бері отырды да: – Балам, шам жақшы, біреу «ас...салау...» дегендей болып еді, қайда жоғалып кетті, – деді. – Жоқ, апа, «ассалау»... деген жоқ, «ас»... – деді. – Тілің мен жағыңа сүйенбей шам жақ. Атып тұрып май шамды тұтаттым. – Жертөленің қақпағы ашық қалыпты ғой, жаба сал, – деді апам бұдан соң. Май шамды пеш иығына қойып, под- валдың қақпағын жабайын деп еңкейе бергенімде, зəрем зəр түбіне кетті. – Ойбай, апа! – шоршып түсіп артына тығылдым. – Шұң- қырда бірдеңе жатыр, ешкінің басы ғой деймін, сақалы бар. – Өтірігіңе береке берсін, – деп апам сене қоймады. – Оллай-биллай, апа, мен сізді алдамаймын ғой. Текенің басы... Апам қолын таяна орнынан тұрды да, май шамды алып подвалға жақындады. Мен де етегіне орала баспалай ердім. Жаңадан ғана төгілген картошканың үстінде сақалы шоша- йып, көзі бақырайған ешкібас шалдың серейіп жатқаны рас еді. – Құдай-ау, мынау Құлаша ғой! – деді апам сасқалақтап. Бірақ қорқыныштың нышаны да білінбеді. – Өліп жатпасын пəле болғанда, қалай құлап қалып жүр? – Өлгем жоқ, – деді сұлық жатқан шал қимылдап. – Демеп жібер қолтығымнан. Ауырсынып қалған секілдімін. Апам подвалға қарғып түсіп, Құлашаны сүйрелеп шұң- қырдан шығарды. Содан соң өзі подвалдың қақпағын мық- 85
тап жауып тастады. Еңкеңдеп барып төрге отыра берген Құ- лаша: – ...мағалайкүм, – деп бағана бастаған сəлемінің соңын айтты. Апам мырс етіп күліп жіберді. Сөйтсем оқиға былай болыпты. Көз байлана біздің үйге келіп, əдетінше есіктен кіре сəлем бермек болып: «Ассалау...» деп созақтата аяғын табалдырықтан аттай бергенде, күмп етіп қақпағы жабыл- маған подвалға түсіп-ақ кеткен. Бұдан соң біз елеп-ескер- генше, бұлданып жатып алған. Қираған, бүлінген еш жері жоқ, қырсық шалдың алдында мінді болып қалыппыз. Төрде апам əкеліп берген жастыққа бір шынтақтай ыңқылдап жа- тып алды. Ыңқылға ыңқыл қосылды, өйткені төргі бөлмеде əкемнің қарындасы – Күлəми ұшынып ауырып жатыр еді. Кеше фермадағы шешем беріп жіберген ешкінің бірер жілік етін апам ырықсыздау жуып қазанға салды. Құлаша көзінің астымен апамның қимылына ақырын қарап қойып, ыңырана түсті. Майшамның жарығы қайбір мардымды. Өлеусірей жа- нып, апам əрі-бері өткен сайын, шалқып жалп-жалп етеді. Төргі бөлмеден əпкемнің үні шығады. Сол жаққа құлақ түріп елеңдеген Құлаша: – Шұңқырға менен басқа тағы біреу құлап кетіп пе еді? – деп, монтанси сұрады апамнан. – Жоқ-а, құдай! Күлəми ғой ұшынып, екі күн болды, ауы- рып жатыр. – Үй-бай-ау, онда ұшықтап жібермейміз бе? – Сіз жақсы келдіңіз, – деп кəутектеді апам. – Ораза-нама- зыңыз бұзылмаған Қыдыр адамсыз ғой, дем салып беріңіз. – Күн таласып батып бара жатқанда, ұшық жақсы дару- шы еді, түк етпес, тұрғызыңыздар баланы. 86
Апам кесеге су құйып, оған аздап сүт тамызып, пештен алып үш шымшым күл салды. Сонан соң Құлашаның қолы- на ұстатты. Безгегі келгендей тісі-тісіне тимей отырған əп- кемнің аппақ жүзіне шамның нəзік сəулесі түсіп, боталаған мөлдір жанары шипа дəметкендей шалға жасаурай қарады. Ұртын толтыра ұрттаған суды əлгі əп-əдемі бетке бүркіп- бүркіп жібергенде, əпкем қатты тітіркене сескеніп қалды да, жүзін тайдырып əкетті. Құлаша шатты-бұтты бірдемесін ай- тып, зікір сала тағы ұшықтады. Бұдан соң ойқастап əрі-бері жүрді де, апама айғай салды: – Баланы жылы жауып төсегіне жатқыз! Қазандықтағы еттің бүлкілдеп қайнағанын естігіміз кел- гендей, сəл үнсіздік билеген. Құлаша сақалын саумалап отырды да, орнынан лып етіп тұрып, басын тас бүркеніп, бүк түсіп жатқан əпкемнің бетін ашты. – Қалай, тəуірсің бе, қалқам? Ұшықтағалы бес минут өтпей жатып, көңілін сұрағанға əпкем шындап ашуланды білем: «Тəуір емеспін!» деп, көр- песін қайта қымтанып алды. – Сырқаттың беті бері қарапты, үні қатты шықты, – деді ол саспай. Апам дастарқан жайып, ет түсірді. Буы бұрқырап, ағаш табаққа салынған ешкінің еті алдына келген соң, қынынан пышағын алып: – Мə, шайып əкелші, балам, – деп маған берді. Жүзін бас бармағыммен байқап көріп едім, ұстарадай лыпып тұрған өткір екен. Құлаша қолын жайып бата берді: Əумин десең, міне, бата, Дарысын Қыдыр ата. 87
Қыдырың қиялап, Періштең ұялап. Дерт иесі Лұқпан, Денге саулық, Басқа байлық беріп, Құдайың жарылқасын, Уызың арылмасын, əумин! Бəріміз «əумин!» – деп, жарыса бет сипадық. Апам əп- кеме сорпа апарып беріп, кершеулеп ет турап отырған Құ- лашаның (біз жақта етті қонақ кеседі) табаққа тастағаннан аузына «бісміллə» деп салғаны көбейіп бара жатқан соң, маған қабырға ұстата берді. Ағаш табақтың түбінде желін- бей қалған ең соңғы етті шеңгелдеп алған шал апама қарап: «Құдайдың құдіреті, осы сіздің үйге келсем, тəбетім ашы- лып, сарайым сайрап шыға келеді. Байқайсыз ба, осыменен екі жапырақ ет жеп жібердім», – деп қолындағы тұздығы сорғалаған етті қарбыта асай салды. Апам жымиды да қой- ды. Төргі бөлмеде ауырып жатқан əпкемнің де күлгені ес- тілді. – Баяғыда, – деді Құлаша сүзбе қосқан ақ сорпаны сорап- тай ұрттап. – Қаңғып жүріп Жұлдыз ауылындағы бір қара- ша үйге тап болдым. Ұп-ұзын сидиған арық қара қатыны, қатынының омырауынан ғана келетін шоқша сақалды мəс- тек шалы бар екен. Ол кезде, немене, соғыс жаңа аяқталған, елдің ерні енді-енді қимылдай бастаған шақ. Дастарқанда он шақты бауырсақ, екі-үш шақпақ қант шашылып жатқан. Кеседегі ыстық шайды аузыма енді апара бергенімде, есік сықырлап ашылды да, босағадан үй иесінен де аласа қысық 88
көз шал кірді. – Ассалаумағалейкүм! – Мұрнынан сөйлейді екен, өзі пұшық. – Е, үйде қонақтар бар екен ғой, – деп менің оң жағы- ма малдас құрып отыра қалды да, он шақты бауырсақтың бес-алтауын іліп алды. Қантқа да қайрат көрсетті. Суыңқы- рап қалған шайды жəне ұрттай бергенімде, есік тағы сыңси ашылды. – Ассалаумағалейкүм! – деп күркіреген үн естілді де, үйге үш бүктетіліп сырықтай сіріңке қара жігіт кірді. – Е, үйде қонақтар бар екен ғой, – деп менің сол жағы- ма жамбастай жантайып еді, ащы ішектей шуатылған аяғы табалдырықтағы легенге тиіп жатты. Оның да алайған бады- рақ көзі дастарқанда. Айырылып қалмай тұрғанда қамтып қалмақ ниетпен қолымды соза беріп едім, менің қолымды, анау бес-алты бауырсақ пен қалған қантты алып қара құс қа- натымен жапты-ай... Шошына қарасам, əлгі дəудің алақаны екен, өз қолымды астынан зорға суырып алғаным. Дастар- қан əп-сəтте таз-тақыр қалды. – Кішкене дəм бар еді, қолдарыңызды жуыңыздар, – деді арық əйел. Пұшық шал қойнынан қандауырдай ғана бəкісін, ал əлгі дəу қара етігінің қонышынан орақтай бəкісін жалт еткізіп шапшаң суырып, құлаштай ашып, жағаласа жуып, ағаш табақтың шетіне сүйеп қойды. Содан соң екеуі де ба- жырайып маған қарап қолдарын жайды. Мен ойда-жоқта ол- жама ортақ болған қонақтарға ықылассыздау бата жасадым. Батаның аяғын тоспай, тағы да екеуі тайталаса ет турауға кірісті. Табаққа түскенінен ауызға ыршытқандары көбейіп бара жатқан соң, бір асасам да – май асайын деген жымысқы оймен ортасындағы ағараңдаған майды іліп алып ауызға тас- тап жіберіп, бүркітше қылғытып жұтып жібергенім сол-ақ 89
екен, аздап қиыс тұрған ағаш табақтың астынан жып-жылы сорпа ағып қоя бергені. Тұздықтың аға жөнелгенін көргенде, арық қара қатынның көзі атыздай боп желкесіне шығып-ақ кеткені. – Ойбу, бетім-ай, енді қайтейін-ай, ағаш табақтың түбі те- сіліп қалған соң, мақта тығып қойып едім, қайсысың асап қойдың? – деп, біздің бетімізге жалтақ-жалтақ қарағаны. Май деп жегенім мақта екенін сонда ғана білдім... Құлаша өзі мəз болып күлді-ай. Апам жай жымиды да қойды. «Былтыр да айтып едіңіз» деген сыңай бар өңінде. Сол Құлаша шал өткен жазда аудан орталығынан ауыл- ауылға барар қара жолмен асасы мен дорбасын арқалап келе жатып, əлдекімнен түсіп қалған бір қапшық ақша тауып алыпты-мыс, деседі. Жан-жағына қараса, ешкім көрінбейді. Шариғаттың заңы бойынша, олжа тауып алған адам үш рет айқайлауы тиіс. Егер иесі шықпаса, иемденуге құқы бар. Құ- лекең сол ақшалы сөмкені қолына ұстап тұрып: – Құдай-о-у, – деп, бар даусымен азандап айғай салып, ал: «ақша тауып алдым» дегенін ақырын сыбырлап қана айтқан екен деседі. «Құдай-оу, ақша тауып алдым – мұндай-оу», – деген Құ- лекеңнің үнін, міне, жиырма жылдай естіген жоқпыз. Енді ол ешкімнің есігін тоқылдатып, мазасын алмайды, ауырып жатқандарды ұшықтамайды. Енді ол бір ауылдың хабарын бір ауылға жеткізіп, ел-жұрттың амандығын тасып орта- мызда əсте де жүрмейді. Енді біз дорбасын арқалап, асасын сермей адымдап қара жолда қараң қағып əлдеқайда, алысқа қаңғып бара жатқан жетім шалды мың жылда да көрмейміз. Соңғы рет біздің үйге келгенде, дорбасындағы шотын əкеме беріп кетіп еді. Содан қайтып оралған жоқ. Біреулер 90
айтады: «Көп ақша тауып алған Құлаша Сталинград түбін- де қайтыс болған жалғыз ұлын іздеп кетіпті», деседі. Енді біреулер: «Ой, ол шал Бұқтырмаға ағып өлген» деседі. Ал апам айтады: – Құлашаның шотына тиіспеңдер. Əйтеуір, бір күні іздеп келсе ұят қой. Ал ауыл адамдары айтады: – Құдайдың құдіреті, Құлашаны да сағынатын күн бола- ды екен-ау... Құлашаның шоты адалбақанда əлі ілулі тұр...
ҚҰМАР ҚОЛ БҰЛҒАПТЫ Біз оны «күжілдек» дейтінбіз. Ербала деген аңшы шал- дың жалғыз ұлы еді. Төртпақ, қап-қара шойыннан құя сал- ғандай, даусы жуан, аңқау да аңқылдақ адам еді. Қырықтан жаңа асқанмен, қара танитын ғана қауқары бар, ілдалдамен өмір сүрген өте қарапайым, ел аузына күлкі боп іліккен, өте қызық жан-тын. Совхоз қайда жұмсаса сонда балаша еріп, ерінбей жүре беретін. Бірақ өліп бара жатса да асығуды білмейтін, колхоздың қара өгізіндей əрі жайбасар, əрі жуас. «Жуас түйе жүндеуге жақсы» деп, ауыл азаматы бас қосып отыра қалса, əңгімелерінің желісі Құмарға ауысып, түрткі- леп қажайтын, қалжыңдап, қаңқу сөзбен есін шығарар еді. Аю секілді алая қарап, қорбаңдап орнынан тұрып кететін не- месе: «Ей, – деп күж ете түсетін, – ей, тəлкек қылмаңдар, мо- йындарыңды бұрап аламын». Бірақ күні бүгінге дейін ол кісі ешкімнің мойнын үзген жоқ, зəуде төбелесе қалса, баж-бұж етіп, мұрны қанап, таяқ жеп шыға келетін. Құмекеңнің ішіп алғанда айтар жалғыз əні бар. Оны жұрттың бəрі жатқа біледі. Не той-томалақта, не болмаса жападан-жалғыз өзі жаман торысына мініп бүлкек-бүлкек желіп келе жатып, айызы қана шырқайтын-ай. Мəңгі тау- сылмас ұшы-қиыры жоқ төл əніне əлəулайлап кеп басатын- ай. Сонда Құмекеңнің əлемде жоқ теңдессіз əні мынау еді: «Албания, шалбария, албания, шалбария», міне, осы сөзді созақтатып жалықпай қайталай беретін, қайталай беретін. 92
Əкесі Ербаланың аруағынан ұяла ма, ептеп аңшылық құ- ратыны жəне бар. Онда да қолында мылтығы жоқ, əкеден қалған ескі елік қақпан мен қоянға құратын сымтемір тұзақ қана. Жаман торысына бір жамбастай мініп қиқайып алады да, «албания, шалбариясын» мұрнынан ғана ыңылдап, тауға қарай беттеп бара жатар еді. Кейде көңіл деген көк дөнен ғой, қоқырақтап шапқысы келетін. Амал не, жаман торысы алдан гөрі артқа жақсы жүрер еді. Құмекең таудағы əлі қыс- таққа тасылмай, қар басып тұрған маяның түбіне асықпай- саспай қақпанын құратын. Жаңа ғана жүгіріп өткен сонар бетіндегі қоян ізін аңдып, баспалап барып қалыңдау тал не бұтаның арасындағы ұрымтал тұсқа тұзағын байлайтын. Бұ- дан соң аспай-саспай қалтасындағы дорба толы махоркасын алып бас киімінің маңдайшасына жүгіртіп жіберген газеттің шетінен жыртып темекісін салып, тілімен жалап желімдеп, сұлулап орайтын. Енді сіреңкесін іздей бастайды. Қарма- нып қарамаған қалтасы қалмайды, əрең дегенде жан қалта- сының түбі тесіліп, жыртығынан түсіп, астарды қуалап кет- кен шақпақты тауып, міндетті түрде салдырлатып шайқай, қанша ши қалды дегендей байқап барып, сорайған пештің мойнындай ұзын шылымын тұтатар еді. Саспай, байыппен құшырлана соратын, содан соң бірден қолқасын қапқан ащы түтіннен булығып жөтелетін, ұзақ жөтелетін күркілдеп. Көк түтін ыстаған көзін сығырайта сонау, етекте жым-жырт қар басып, томаға-тұйық жатқан ауылға ойлана телміреді-ай. Сонау етекте асықтай шашылып жатқан ауылда Құмекең- нің де қос бөлмелі ағаш үйі бар. Көріне ме, көзіме түсе ме дегендей, тесіліп көп қарайды. Аппақ қар жанарын жеп, жа- саурата берген соң, былш еткізіп бір түкіреді де, атына қай- та мінеді. Құмекеңнің сондай, аңнан қайтқан сəтсіздеу бір 93
сəтінде тауға отынға бара жатқан əкем екеуміз ұшырасқан едік. Қанжығасы тағы да бос екен. Əкеме сəлем берді. Күж ете қалған даусынан, жастау мал еді, менің астымдағы шаб- дар ат жалт етіп үркіп, жығып кете жаздағаны. – Иə, Құмар, қақпаныңа ештеңе ілікпеген бе? – деді əкем. Ол қыржың ете қалды да, жаман торысын бауырлап тартып өтті қамшысымен. Ат мизеген жоқ, құйрығын бір бұлғап «қираттың» дегендей тезек тастады. Мен жаман торының осыншалық көн тулақ көнбістігіне еріксіз күлдім. – Ей, а-ға-а, – деді Құмар созып, – атаңның аузын ұра- йын... сіздің емес, əрине... Атасының аузын ұрайын, Балта- бай молда Суықсайдағы маяның түбіне құрған қақпанымды да, қақпаным қапқан елігімді де шанасына тиеп алып кетіпті. Соның ізін шалып келемін. Сіздің алдыңыздан шыққан жоқ па? – Жоқ, көзіме түспеді. Қақпаныңды алған дəл Балтабай екенін қайдан білдің? – деді əкем жымиып. – Ой, а-ғ-а, сіз де баланың сөзін айтасыз. Балтабай молда осыдан бір апта бұрын шеге сұрап маған келген. Сонда өзі айтып отырған: «Шеге жетпей қалып, биенің артқы оң аяғы тағаланбай қалды», – деп. Міне, байқайсыз ба, мына жолда бір тағаның ізі жоқ емес пе, ей, а-ғ-а... – Рас, – деді əкем тапқырлығына еріксіз сүйсініп, бір аяғы тағаланбаған аттың ізі. – Ат емес, бие деңіз. – Рас, биенің ізі. – Аттыкі ме, биенікі ме, ізіне қарап ажырату қиын ғой, – дедім мен қарап тұрмай. – Ал мен, – деді Құмар күмілжіп, – төрт түліктің қиын иіскеп айыра аламын еркек-ұрғашысын. 94
– Рас, – деді біздің шал, – рас, айыра алады. Біз екі жаққа бөлініп аттандық. Ертеңінде есік алдындағы түнде жауған қарды күреп жүр едім, жаман торысына жайдақ мініп, тепеңдеп жалаң бас Құмар келді. Суық күнде өртеніп жүргендей басының буы бұрқ-бұрқ етеді. Аттың үстінде тұрып айғай салды: – Ей, пысық бала, əкең тұрды ма? – Тұрған, шай ішіп отыр. – Мен келіп тұр де. Үйге кіріп шалды шақырып шықтым. – Неғып ертелетіп жүрсің? – деді əкем. – Үйге түсіп шай ішпейсің бе? – Уақытым жоқ, а-ға-а, асығыспын. Балтабайды қатыр- дым. Кеше айтпап па едім, қақпанды сол алыпты. – Қалай қатырдың? – Ой, а-ға-а, кеше өзіңізбен қоштасқан бетте, салып ұрып үйіне жетіп барсам, керіскедей қылып менің елігімді сойып жатыр. «Қайтар өзіме», – дедім. «Алтайдағы бар елікке ен салып қойып па едің, сенікі емес», – деп міз бақпады. Со- дан боқтастық. Сақалы бар молда екен дегенім жоқ, əке- бабасынан түсіп, түгін қоймай жездей қақтадым. «Еліктің əкесін ұрайын, алсаң ала бер, бəрібір менің ішіме аңның еті жақпаушы еді, тым болмағанда қақпанымды қайтар», – деп тебініп едім, батырға да жан керек, бере салды. Қанжығаға мықтап байладым да, «жеті атаңның аузын...» деп сыдыр- тып едім, ол да жеңілмейтін без бүйрек ит екен, «жетпіс жеті əкеңнің...» деп... түп-тұқиян ата-бабамды түгел санап шық- ты. Үндегенім жоқ. Шыдамдымын ғой. Үйге келдім. Əри- не, жетпіс жеті əке болмайтын шығар деп ойладым. Содан Сайлыш келініңіздің жариттаған картошкасын жеп, тым- 95
тырыс жатып қалдым. Таңертең ояна келсем, күн əлі ерте екен. Бірақ айнала жарық, қар жауып қалыпты. Оны өзіңіз де көріп тұрсыз... Иə, сонымен, көпке дейін суықтан қорға- нып тұрмай, көзім бақырайып жатып алдым. Сиырға шөпті Сайлыш салды. Сонда барып есіме түсті. Кеше кешке ғой, Балтабай молда жетпіс жеті əкемді қосақтап материстса етті, ал мен болсам жеңілген иттей құйрығымды қысып үндемей үйге қайтыппын... Əкемнің де ашуы артынан түсуші еді, жылы төсектен атып тұрдым да, атыма жайдақ міне салып, Балтабайдың үйіне тура шаптым. Дəл есік көзіне ат ойнатып айғай салдым: «Ей, Балтабай, шық үйден, жан керек бол- са», – дедім. Балтабай штаншаң, бір қолымен ышқырын, бір қолымен жүрегін ұстап: «Не болды, не болды», – деп атып шықты. «Ей, Балта- бай, – дедім, – сексен сегіз əкеңнің аузын...» – деп сарт дегіз- дім де, атымның басын шапшаң бұрып, құйын-перен шапқы- лап, мінеки, тұп-тура сізге келдім... Айтыңызшы, шын төре- лігіңізді айтыңызшы, а-ға-а, артылттым емес пе?! Балтабай боқтаған жетпіс жеті əкеден тура он бір əкені артылттым емес пе, а-ға-а, айтыңызшы, а-ға-а, артылттым ғой, иə, қа- тырдым ғой, иə... Рас па, а-ға-а! – Рас, – деді біздің шал, – артылттың, артылттың! – Біліп едім артылтқанымды, ризамын сізге, – деп ас- тындағы «арғымағын» борбайлап-борбайлап шоқырақтай жөнелді. Əкем үйден жеңіл шығып еді, əбден жаурап қалса керек, бүрсең қағып қайта кіріп кетті. Мен Құмардың соңы- нан ұзақ қарап тұрып, оның сөз жоқ, дəл қазір «Албания, шалбария» деп əн салып бара жатқанына күмəнім қалмаған. Сол Құмекең ана бір жылы судың арғы жағалауындағы Қарадаладағы қырманға күзетші болып орналасыпты. Көк- 96
темгі егін егер мезгіл, механизаторлар күні бойы алқапта жер жыртып, дəн сеуіп жүреді де, күн еңкейе, тракторларын қаңтарып тастап, машинаға мініп ауылға қайтатын еді. Ал Құмекең күзетте қалады. Содан ертеңінде жігіттер трактор- ға май құяйын десе, ыдысы бос жатыр. Ішіндегі автол жоқ, тегі, Құмекең ұйықтап қалғанда, ары-бері өткен жүргіншілер құйып əкетсе керек. Механизаторлар жан-жағынан айғайлап жан алқымынан алған соң, сасқалақтаған Құмар: «Уа, аза- маттар, – деп оң қолын көтеріпті. – Сабыр, сабыр сақтаңдар. Автолды қасқыр ішіп кеткен. Ал, қылатыныңды қылып ал». Өзі жаман торысына мініп, енді қайтып көрмегенім қыр- ман болсын деп, ауылға желе жөнеліпті. Сол Құмар биыл Қарадаладағы қырманның күзетшілі- гіне тағы барған. Бұл жолы автол аман, қасқыр да, адам да іше қойған жоқ. Соңғы кезде Құмекең күдерін мүлдем үз- гендей аң қарағанды да қойған, себебі – баяғыдай ешкімен бірге өріп жүретін елік жоқ бүгінде. Соңғы кезде ол «алба- ния, шалбария» деп шет-шегі таусылмас əнін де айтқанын қойып, бір түрлі бұйығы, өз-өзінен қорынып, жуас тартыпты деп естігенмін. Тек Құмар туралы күлкілі, өтірік-шыны ара- лас əңгімелер ғана ауыл арасында қаңқулап жүрер еді. Екі кештің арасында Бұқтырманың арғы жағындағы кү- зеттен кір-қоңымды жуғызып, моншаға түсіп қайтайын деп үйіне келе жатқанда, өткелді таба алмай, суға кетіп өліпті. Оның суға кетіп өлгенін алғашында ешкім біле алмапты- мыс, тіпті ауыл адамдары сенбеген бе, өйткені оларға Құмар «албания, шалбариясын» айтып, орталарында мəңгі бақи жүре беретіндей сезінген. Баз біреулер айтыпты: «Құмар тіп- ті де өлген жоқ, төменгі жақта немере інісі бар екен, соған кетіпті». Енді біреулер естіпті: «Құмар арғы беттегі орыс 97
ауылы Черновада ішіп-ішіп мас болып жүр», – деп. Тағы бі- реулер көріпті: «Егер Құмар тірі жүрсе, су-су болып жаман торысы ат қораға келер ме еді? Өзеннің ормасына түсіп кет- кен Құмар айғайлап үш рет қол бұлғапты. Əлдекімді дауыс- тап шақырыпты». Құмар кімді шақырғанын, қолын неге бұлғағанын ешкім білмейді. Əлде ел-жұртымен қоштасқаны шығар, əлде ел- жұртын «əйтеуір, түбі баратын жерің мен кеткен жақ» деп, соңынан шақырды ма екен. Қалай болғанда да ол «мені құт- қара гөр, халқым», – деп қол бұлғамағаны рас-ты. Осындай сəуегейлікпен бір апта уақыт өтеді. Сайлыш же- ңешеміз суды жағалап, бар баласын ертіп «Алпамсадай ары- сым едің» деп, боздап жүрген көрінеді. Ал Құмекең жым- жырт... Ауыл азаматтары айтады: «Ой, ол итті судан емес, қыр- дан іздеу керек. Көресің əлі «албания, шалбариясын» айтып келе жатады». Дегенмен, деп ойлаймын мен: Құмар суға кетерде, қолын неге бұлғады екен?!.
МАҢДАЙДАН БАҒЫҢ ШАЙҚАЛСА Мен ол кісіні баяғыдан білетінмін... бірақ білмейді екен- мін. Жас кезінде, əсіресе, əскери міндетін өтеп, буыны бекіп, бұғанасы қатып келген кезде, екі иығына екі кісі мін- гендей, көрікті де сымбатты, аса қайратты жігіт еді. Тұла бойы тұнып тұрған күш секілденетін. Тілерсегін тіліп жі- берсең де жығылмайтын, ал алда-жалда жығыла қалса, қайтып тұрмайтын, өйткені ол үшін жамбасы жерге тию – өліммен тең екенін ауыл азаматтары ауыздарының суы құ- рып, таңдана, тамсана айтатын. Мерекелі күндерде өтетін ойын-тойда екі мықынын таянып, бас балуанға түсетін де осы – Шаған еді. Ауылдың тамам бозбалалары «Шағандай болсақ, əттең, қырқай шалып алып ұрсақ» деген тілекпен ержетті. Ондай жымысқы арман мені де түрткілеп, ертелі- кеш мазалай беретін. Қабағы түксиген, қол-аяғын шойын- нан құйғандай, бұлшық еттері білеу-білеу қимылдап қалса өз-өзінен ойнап, мұқым денесі денсаулықтың əнін шырқап сөйлеп қоя беретін атан азаматтың басына қонған бағы он-ақ жылға жетті. Содан соң... содан соң өздеріңіз де білесіздер ғой... ішу басталды. Əсіресе, жеті баланың əкесі болғанда, бақ шіркіннің шайқалуы, əй, пенденің пешенесіне бермесін, қиын-ау, қиын... Ал енді осы бақтың шайқалу кебін кім біледі? Себебі не? Сіздерді білмеймін, өзім бұл сұраққа жа- уап бере алмас едім. Кінəні жалғыз-ақ нəрсеге жабамыз, ол – арақ. Арақ ішкеннің барлығы жынды болып кетпегенін тағы да көріп жүрміз. 99
Шаған мас болғанда, аузынан тастамайтын жалғыз əні бар еді. Ұмытпасам, былай-ау деймін: «Жігітіңде мін жоқ, қалта- сында дым жоқ, ішейін деп ішпеймін, жетпеген соң ішемін». Аяқ жағын: «Ақшасы көп адамның маскүнем болғанын көр- генім жоқ, əкең...» – деп аяқтайтын да, өз шық-шытын өзі балғадай жұдырығымен қойып қалып, тісін шақыр-шұқыр қайрайтын. Əлдекімге кіжінетін, əлдекімді (бəлкім, өзін) ба- лағаттайтын. Кейінгі жылдары атымыз бəйгеден келіп, атақ қуған соң, ауылға сирек қатынайтын болдық қой. Шаған өмірінің соң- ғы жылдарынан хабарсыз болғанмын. Тек, еститінмін, əнейі себептермен екі рет отырып келіпті (əрине, түрмеге). Адам өлтірмеген, ұрлыққа түспеген, ешкімнің ала жібін аттамаған. Сонда қалай дейсіздер ғой?.. Палуан ағамыз бұл күндері тат басып, тозыңқырап қалған намысын қорғаймын деп жүріп қор болған да. Рухын жоғалтқан адам – ол да бір түбі шірі- ген ағаш, жел тұрса құлап қалады. Елге соңғы барғанда ес- тідім – Шағанды саусақпен түртіп қалсаң, мұрттай ұшады екен. Қарап отырып қапаланасың. Жастық шағымның қол жетпес арманы, шыға алмас шыңы, жыға алмас бəйтерегі болған, қайран азаматты мүсіркеуім емес, жо-жоқ, айна- лайын ауылда «əттең, сол кісідей болсам» деп, ерлік тұтып, еліктейтін азаматтың азайғаны жаныңды жаралайтын. Сонымен Шаған – Шаған болғалы, тура елу рет жұмыс ауыстырған. Совхоздан қуылған күні, жол жөндеу жұмысы- на, бұдан қуса – балташы болып, əркімнің үйін салады. Қысқасы, істемеген ісі, ішпеген ішімдігі қалмаған. Қан- дай азып-тозып, жүдеп-жадап жүрсін, алған бетінен қайт- пайтын турашылдығы мен əділдігін, əсіресе, менің анам сүйсіне айтушы еді. Ол бізге көрші тұратын. Сондықтан да 100
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384