Əлгі қан нұрлы күннің шапағы Терісаққанның жалбызды жұлмалаған жал-жал толқындарын бас салып аймалағанда, о да қан қызыл түске боянып, Алтыбақанның көзіне: таудың құзар басынан əлдеқандай бейбақ мал бауыздап жатқандай сарқыраған қанды бұлақты елестеткен-ді. Содан соң қызыл- жоса күннің бетінен не көріп еді? Е-е... ұбап-шұбаған ұзын сонар түйелі көш, шылауышы қанға боялған кемпірлер, са- қалдарынан сорасы аққан шалдар, қан қызыл боп өртеніп, күйіп, бажылдап-барқырап бара жатқан өзіндей балалар күн- нің бетінде кино кадрындай көлеңдеп тұрып алмап па еді... Сонда əлемнің əйнегі быт-шыт шыққандай аза бойыңды қаза ететін жаңғырық естіліп, сосын құлаққа ұрған танадай өлі тыныштыққа бой ұсынған. Иə, сөйткен – өлім тынышты- ғындай мылқау тыныштық басқан. Алтыбақан бар даусымен айқайласа да, үні шықпай, жағалауда қалған балықтай, бе- керден-бекер аузын ашқан. Дүние енді қызыл жалқынға бөк- пей, шұғылалы, мəңгі жасыл нұрға шомып, балбырап, кең тыныстап, кербез керіліп жатқан. Бірақ Алтыбақанның үні сонда шықпай қойып еді. Иə, бірде ұмытпаса, күз болар... Ауылдың талқанға то- йып алған тамам баласы ұлар-шу Алтыбақанды қоршап алып: «Шата, шата», – деп хормен мазақтаған екен-ау. Көпке топырақ шашамысың, екі құлағын тас қып басып, сиыр са- уып жүрген шешесіне тіке тартып еді. Бəтима «Шата» деген сөзді естігенде, бір қуарды, бір сазарды, сөйтіп: «Тыңдама, оттай берсін. Кері кеткен ауылдың жалмауыз ұлдары не де- мейді!» – деген. Көбісінің əкесі соғыстан қайтпай қалды ғой. Мүмкін, шешесі «жалмауыз» деп сондықтан айтқан шығар, ашынғанда не демеуші еді əйел заты. Үнсіздікті тағы да Бəтима бұзды: 251
– Ұлым не ойлап отырсың? – деген. – Жай ғой, қалай, аздап бəсең тартайын деді ме? – Ей, балам-ай, біздің жан сірі ғой. Жазмыштан озу қай- да, жақсылық та, жамандық та өз мезгілінде: əлемге жарық берген күн мен ай да өз мезгілі жеткенде тұтылады екен. – Бəтимаш-ай, бірге жасасқан, ыстық-суықты бірге тарт- қан оң иығым, бар қуатым, сүрінгенде сүйеген сүйсінерім, керім демеймін, ерім едің. Шошыттың ғой, жаным. Есіңді жишы сөйтіп. Бүкір кемпір жаңа ғана шындап босап, көзіне жас алды. – «Арты қайырлы болуына сенген жан, жауын иығына салып арқалап жүрсе де ауырсынбайды» дейді ғой бұрын- ғылар. Қай-қай қысылтаяң шақ та мəңгілік емес, өткіншілік қана. Сырқаттың батпандап кіріп, мысқылдап шыға бастаға- ны осы, өз-өзіңе берік бол, – деп теріс қарап шыланған көзін сүртті бүкір кемпір. Алакөбең тартып, манаураған тыныштыққа пəруана бол- ған үй-ішінің ішкі тірлігінде қозғалыс пайда бола бастады. Құр сүлдері жатқан қара үйдің қара бəйбішесі ғұмыр жасы əлі де таусылмайды білем, қызыл іңірдегідей емес, ептеп сергіген. Аузына қара су тамыздырмай, өз-өзінен апшысын тарылтып, шайпау жатыр еді, сусын сұратты. Келіні əкеп берген сүтті сыңғыта жұтып ішті. Көздері жаудырап, жүдеп- жадап үрпиісіп отырған екі немересін жанына шақырып, маңдайынан иіскеді. – «Немере етін жеп, сүйегін көзіңе лақтырады» деген- дердің өзегін өрт жаласын, бəтір. Қос қозысынан айналдым. Қырмызы, алдыңғы үйге апарып, балалардың тамағын бер- сеңші. Мен енді өлмеймін. Аздап көз шырымын алғандай бо- лам ба, оңаша қалдырыңдар. Е-е... е, Жаратқан жаппар Ием. 252
Алтыбақанның таңғалғаны – бұрын діндарлығы жоқ ше- шесінің ауырғаннан бері Алланы аузына жиі алып, шау тарт- қан шағында құдайға жағынуы-тын. Нені болсын күн ілгері бағамдап, елден бұрын ептеп отыратын тым сақ адамның осы – ажал шаужайға жармасқан шақта да шатасып, дегбі- рінің шашауын шығармауы ұлына да зор өмірлік медет, са- бақ болғандай еді. Сайып келгенде, бұл əз аналардың бойы- на ғана бітетін киелі қасиет шығар. Бəтима жалғыз қалса да ұйықтай алмады. Кірпігі кірпігіне айқаспай, əлдекім көзіне ине тіреп қойғандай, бақырайып ұзақ жатты. Шошынып қал- ған-ау, бүкір кемпір мен Алтыбақан алма-кезек келіп, дема- лып жатыр ма дегендей тың-тыңдап, болжап қайтады. Үй əлі де алакөбең тартып тұрған. Ай терезе тұсынан біртіндеп ау- най бастады. Бұлың-бұлың буалдыр ой мұны да иектеп жүр. Ойламайын деп еді – болмады. ...Саршатамыздың ұзақ сары таңы емес пе еді. Ел Суық- сайдың қойнауында отырған. Онда ағаш үй жоқ, кілең жұ- мыртқадай ақ шаңқан отаулар-тын. Үркердей үйірілген ша- ғын ауыл қандай көңілді, думаны арылмайтын дуалы ел еді. Бəріміз де балалық шақтан шықтық дегендей. Бəтима да қыз болып көрген. Қыз болғанда қандай десеңші?! Сорпа бетіне шығары. Осы бүкір кемпір екеуі жұбы жазылмайтын тел қо- зылар еді. Ол күйеуге бір жарым жыл бұрын шыққан. Кімге еді? Дəу қара ғой, Жақыпқа ғой. Жігіттің серкесі едің-ау... маңдайымызға сыймадың, Жақып! Сені қара жер суық қой- нына əлдеқашан алған. Бізді – Қырмызы екеумізді тоса-тоса тағатың таусылған шығар. Өзі берген жанды құдай өзі алар деп, бір күндік су ішкілікке тəнті болып, қыбырлап жүрміз. Шүберекке түйген шыбындай жанды мезгіл-мекенсіз шығын ету қиын екен. Сен бізді – қос бейбақты асықтырма, 253
жаным... Ей, аллау, онда да осындай мамыражай, манаураған айлы түн еді-ау. Ай астында алтыбақан құрып, еркек-ұрға- шымыз мидай араласып, дүниені басымызға көтеріп жатпау- шы ма едік. Дариға-ай, десеңші, алтыбақан десе, ішкен асы- мызды жерге қойып, қара құрттай қаптайтынбыз. Жақып, есіңде ме? Қоңыртөбенің үстіне шығып, «Алтыбақан» деп айғай салғаныңда бүткіл тау-тас əулеті жаңғырығып: «Алты...ба...а...қа...а...н...аннн» деп бірінен соң бірі үздік- создық қайталай беретін, қайталай беретін сенің дауысың- ды. Сонда Суықсайдың ар жақ, бер жағында отырған ауыл- аймақтың тайлы-таяғы қалмай андыздайтын тұс-тұстан. Кермеде тігерге тұяқ қалдырмай алтыбақанға мініп кететін. Ортаға маздатып от жағып тастап, «Елім-айға», «Шилі өзен- ге» салатынбыз аңыратып. Ол да бір уайым-мұңсыз, қайғы- сыз қара суға семірген күндер екен-ау. Бір жолы Қырмызы екеуміз алтыбақанға қарама-қарсы міндік. Бізді Жақып тербелтіп тұрған. Ойпыр-ай, қандай қа- рулы еді. Қос қолдап аспанға асықтай лақтырғанда, төбеміз көкті тесіп кете жаздайтын. Жарықтық, ай қандай жарық, жұлдыздар қандай көп... Олар басқа ай, басқа жұлдыздар еді ғой. Таудың салқын самалы өңірімізді жұлқып, тақия- мызды тартатын, етегімізді тербейтін. Таудың үңірейіп-са- ңырайған қолтық-қолтығынан саумалдай хош иіс шығып, қолқаны алатын. Жақып бізді тербей беретін. Біз тербеле бе- ретінбіз... Қоңсылас ауылдың қотиын жігіттері қой дейтін, кезек бер дейтін. Жақып əлімжеттікке басып, босатпайтын алтыбақанды. Қотиын жігіттердің зəрі бетіне шапшып, тас- талқан ашуланатын. Құдай-ау, сұмдық болып еді-ау, бəрі де сол түннен басталып еді-ау... Қырмызы, білемісің, күнім, есіңде ме? Аттың тұяғының дүбірі... əлдекім ағызып келіп, 254
ат үстінен алтыбақанды қиып кетті ғой. Екеуміз екі жаққа ұштық. Сонда... сонда... біздерді тербетіп тұрған Жақып – жанындай жары сені ұстамай, қыз-ау, қызығы бар-ау деді ме, мені қағып алды ғой. Сонда... сонда сенің белің шығып кетті. Сен майып болып қалдың... Сол түннен бастап менің сенің қосағыңа – Жақыбыңа де- ген көзқарасым мүлдем өзгерген. Ол менің бойыма жарыл- қаушы жасырын сəуле боп ұрланып кіріп, өзіне деген ма- хаббаттың алтын алауын жаққан. Оның бəр-бəрін жіптелеп қайтейін, менің ең ауыр кінəратым – Жақыппен екі-үш рет қосылуым шығар. Тəуекел деп тас жұтқан сол да. Бұла боп өскен бұлаң қызға бұғалықты сенің күйеуің тастаған. Сенде бала жоқ еді ғой... Сен асыл жансың, Қырмызы. Сенің асылдығың ақ жү- регіңде. «Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды» дейді ғой жұрт. Сені өз тағдырыммен шырмаған Жақып қана емес, Ал- тыбақан да. Ендеше ол – сенің де төл ұлың. Ел бетіне қарарға шыдайтын жүз жоқ, қарабет боп кірерге тесік таба алмай «жарыл, қара жер, жарыл» деп Суықсайда- ғы алтыбақан құрған қарағайдың түбінде қызыл жосам шы- ғып, ойбайлап, босана алмай жатқан жеріме сен іздеп келіп, қол ұшын бергенсің. Құдайшылығымды айтайын, əгəрəкім сен келмесең, мен бұл дүниелік емес едім. Көйлегіңнің ете- гін дар айырып, күнəсіз жас нəрестені орадың, жаулығың- ды шешіп алып, белімді байладың. Дəтің не деген берік еді, Қырмызы, жүрегің не деген кең еді, Қырмызы; не деген бек- зат туған асыл жан едің, Қырмызы. Суықсайды азан-қазан етіп шырылдаған сəбиді бауырыңа жасырып, қара түнде қара шашын қобырата жайып, қалт-құлт етіп бара жатқан қызталақтың қолтығынан демеп, ауылға тартқансың. Сонда 255
қара басып, қаңғырып қалған қатынға қайыр жасаған жер емес, ел емес, ағайын-туған – зəузəт емес – сен, өсекшілер- ше айтсақ, күндесім едің. Сенің кешірімділігіңде шек жоқ еді. Ел мені «қыз-қатын» деді. Жақып қызғалдағым деді. Ел мені бақытсыз жаралған бір бейбақ деді. Сен мұңдасым де- дің. Ауыл шетіндегі қайғының қара түтінін шығарған қара- ша үйге сенен өзге жан кірмейтін. Сен келетінсің үш уақ. Сормаңдай болғанда Жақып соғысқа аттанып, даңғарадай бір үйде жалғыз қалдың ғой. Екі жарты бір бүтін боп, алыс- қа аттанған азаматтың түтінін сөндірмейік деп бірге тұрдық, бір отау құрдық. Алтыбақанға менен гөрі сенің алақаныңның шапағаты көп тиді. Иə, ол Жақыптан қалған тұяқ еді ғой. Біз өлгеміз жоқ... біз байға да тимедік. Тағдыр тауқыметін қыл- ша мойнымыз талша болып тарттық. Менің бар бұлдайты- ным: ер-азаматтың жұмысын еңсеріп, еңбеккүн тауып, Ал- тыбақан екеуіңді асырағаным шығар. Қырмызы, біз екеуміз өлімнен, өмірдің тас-қиясынан қай- мығып, қорқып көрдік пе, айнам. Қайта бізден қорқатын се- кілді еді. Сапасыз өмірден салдарлы өлім артық деп, қиқа- йып қалсақ, буына салуға бұзаудың мойын жібінен көп неме жоқ қой. Үлде мен бүлдеге оранып, барымен базар құрып, баз кешкендерді де көріп жүрміз. Ойлап жатсам, солардың өлімі біздерге қарағанда əлдеқайда аянышты, əрі қорқы- нышты көрінеді. Заман озды, жан тозды, қайғы ойладық – қартайдық... Ай терезеден əлдеқашан аунап кеткен екен... Алдыңғы үйден аяқ-табақтың сылдыры, шат күлкі есті- леді... 256
ІІ Құралай туа, күн жылынды. Кеше ғана сіреу боп жатқан қар жемтір-жемтірі шығып, өзенге, тау басына қашып ба- рады. Ұзақ қарға əлдеқашан келіп қойған. Маң-маң күйсеп, манаурап күресінде жатқан қара сиырдың арқасын сауысқан шоқып, сауысқанды аламойнақ күшік аңдып жүр. Тіршілік осылайша аңдысып, толассыз жүріп жатыр. Табиғаттың тас-талқанын шығарып, өз құдіретіне өзі риза болғандай Күн жарықтық мұртынан күліп тұр төбеде. Орын- сыз кеп қалған көктемге опынғандай, пұлығын тіркеген трактор тырағайлап барады. Артынан бүлк-бүлк желе жө- нелген анау сыбай атты жолаушы бригадир болар. Өлмеген құлға келген жазды мадақтағандай қарға ұша- ды қарқылдап. Алқам-салқам дала салқам сері күйін есіне алып, ию-қиюы мол дүниеге інжілімді қайта бер дегендей дегди бастапты асығыс. Əншейінде айылын жимайтын ар- дақ аталар арбаға мініп, тоғайдан жас шыбық тартып жүр. Екпекші... «Əне өледі, міне өледімен» қыстай аңдыған кейбір құл- қынды кемпір-шалдың үмітін Бəтима ақтамады. Ақтамаға- ны – өлгісі келмегені емес, ынтызар көңіл тағы бір жазды көруге ынтыққан. Саржамбас боп, сарғая күткен. Əне, енді немересінің иығынан ұстап, сүйретіліп тысқа шығып тұр. Жүзі аппақ. Көзі суалған, шүңгіл. Буындары дір-дір етеді. Басы ақ шатырдай. Не көрмеген бас. Өлмей қалған Бəтима кемпір қарап жатпай, ауыл-аймақ- та жоқ оқыс қылық жасады. Алтыбақанның жан алқымынан алып жүріп, есік алдына алты діңгек орнатқызды. Үш арқан- ды айқұш-ұйқыш мықтап кергізді. Сосын екі немересін екі 257
жағына отырғызып қойып, əлдилей тербететінді шығарды. Сөйтті, Бəтима есігінің алдына алтыбақан құрды. Осынау қос немерем білсінші, көрсінші дегені. Басқа ой жоқ. Мүм- кін, сонау ай астына алтыбақан құрып, асыр салған бойжет- кен шағын сарғайған санамен сағынғаны шығар, мүмкін, тіршілікті, жарық дүниені құлай сүйген көңілі көктем туа қайта түлеп қуанғанынан жасаған тасаттығы шығар; мүм- кін, немересін бұдан былай бесікке бөлеп əлдилей алмайтын болған соң, тағы да əлдилеу үшін ойлап тапқан аңсарлы ал- тын бесігі де. Ол тербеп тұр... Тербетіліп те тұр алтыбақан- да... алтыбақанда... Ел айтты: «Бəтима алжыды», – деді. Бəтима айтты: «ЕЛ алжыды», – деді. III. Ғайни Таудың салқын тымырсық кеші басталды. Ұясына қон- ған күннің алтын нұры шоқылардың таз басын қызыл тор- ғын орамалмен бүркеп тұр. Тамыз айы орталап қалса да, тау қойнауы жауын-шашынсыз жылы еді. Тек кешке қарай түстіктен қоңылтақ самал есіп, бұлақ бойы дымқыл тарта- тын. Шық та қалың түспей, ат тұяғын бірыңғай жылтыратып емес, шашыранды сулайтын. Биылғы жаздың жадыраңқы қабағы əлденендей ырыстың ұшығын сездірген-ді. Бұлттан ада шымырқай көк аспан жақпар тастан тəж киген көгілдір тауға қаяусыз телміріп, кеседей төңкеріледі де тұрады. ...Таудың салқын, тымырсық кеші бірте-бірте ымыртта- нып, ашық аспан мен көлбеген көгілдір таулар қарақұрық- тана бастады. Жұмыс күні аяқталған. Шөпшілер қосы да- бырға толы. Бірін-бірі іліп-шалған дала жігіттерінің зілсіз 258
жайдақ қалжыңына аяқ-табақтың сылдыры ұласады. Оқта- текте: – Енді бірді... – ДП бар ма? – Ой, өліп пе едіңдер, ыстық көжені қолына құя салайын. – Ей, осы «қурай» көжеден құтылар күн бар ма, жоқ па? – Кет-ей. Кепиеті атқыр. – Аттарыңды үйірге жіберіп, ер-тоқымды қосқа енгізіп барып ішсеңдер, күнə бола ма. Ертең ана іші бұраудай боп шиыршық атып тұрған аттар жоғалып кетсе, иттей боп өз- дерің іздейсіңдер, – деген жылқышының сөзі тенор дауысты хорға баритон қосылып кеткен секілді күркіреп естілді. «Қурай» көжені ішіп болып, доп ойнап жүрген балаларға беттей бергенімде: – Ораш, бері кел! – деген дауыс шықты. Қадылбай екен. Бұл – менің машинисім. Жапалақ көз, қызыл шырайлы нығыз жігіт. Ұйып қалған «қурай» көжеге турап-турап нан салып, күйсеп отыр. Қолындағы қалайы қасықты жалап-жа- лап алды да, көжеге тікесінен шанша салды. Қасық дірілдеп барып, құламай тұрып қалды. – Əй, аттарды түгел жібердің бе? – Иə. – Иə деме, жібердім де. Сайтанқұланың арқасын шапа- лақтасаң етті. Қатты жүріп, терлеп қалды. Қапталынан ыс- тық шығып кетсе, жауырға айналады. Онсыз да арқасы шилі неме. – Иə, шапалақтадым. – Иə, деме, шапалақтадым де. – Бұғағын мыжырайта қат- ты бір кекіріп алды да: – Тамағыңды іштің ғой. 259
– Іштім. – Дұрыс. Ендеше, жылқышыдан салтақ құланы сұрап ал да, ертте. Жанмырзаныкіне барамыз. – Неге? – Негеде жұмысың болмасын, оспадар неме, «қурай» көже ішпей, бағыланның етін жесең, ішің өте ме. Дабай-да- бай, тездет, күн кешкіріп кетті. Недəуір жер. Қадылбай əмірін беріп болды да, «қурай» көжені кертіп- кертіп сылпылдата бастады. Мен ойыннан құр қалғаныма ішім удай ашып, «тəңір қосқан иемнің» əмірін орындауға кі- рістім. Мені құланның бөксесіне артып алған Қадылбай жолға шықты. Қас қарайып, көз байланған уақыт. Қара көк аспан- ға қағып-қағып қойған күміс шеге секілді қуақы жұлдыз- дар қылмың-қылмың кағады. Таудың батыс жақ жиегі қара барқын тартып, шығыс жағы ақ жолақтанып тұр. Қою мұ- нар шөгіп алған сілемдеріне. Жалғыз ағараңдаған тау жолы құр жіптей шұбатылып, бізді жетелеп барады. Байғұс салтақ құла көмпіс-ақ. Арыстай Қадылбай мен менің салмағым қоя ма, екі бүйірін дамылсыз солықтатады. Бағанадан бері үнсіз келе жатқан «иемнің» тілі шығайын деді. – Баяғыда, – деп бастады сөзін, – баяғыда мектепте оқып жүргенде, осы тау мұрын маған ғашық болып... – Тау мұрыныңыз кім, аға? – Ой, оспадар неме. Тау мұрынды білмейсің бе? Жанмыр- заның қарындасы – Ғайни ше... – Е, е, – дей салдым, енді бірдеме десем аттан түсіріп ке- тер деп. «Иемнің» ондай да тентектігі бар. Жол жиегіндегі шөптің басын шалмақ болып, салтақ құла тұмсығын соза бе- ріп еді: 260
– Ой, мес! Ашқарағын! – деп бауырды ала салып қалды. Кəперсіз отырған мен түсіп қалдым. Қадылбай құланы бор- байлап-борбайлап алып, алдыма көлденең тарта берді. – Ой, оспадар! Ердің басынан ұстап отырмаймысың... Керзі етігінің басын шірене қайқайтып қолын берді. «Ием- нен» қорыққаным болар, мысықша атылдым. Аспанның батыс жағы ағарып қалды. Бағанағыдай емес, қараңғылық бірте-бірте сейіліп, жетім сəулелер қаңғып жүр орман ішінде. Біз қайқаңнан асып, Мылтыққарағай өзегіне құлдап барамыз. – Сонда мазаққа ұшырағаным-ау! Соңымнан қалсашы. Бір-екі рет «кет!» – дедім. Омайын болмайды тіпті. Сүйемін дейді. Өзі бізден екі класс төмен оқитын, ұп-ұзын боп үнде- мей тұрушы еді, кім білген оның жүрегінде қандай қызыл көз пəле жатқанын. Сондағы балалардың қылжақ еткені есіме түссе, аза бойым қаза тұрады. Осы Нұрбикешке үйленгенім- де, сыңсып екі күн жылапты. Махаббатшылын... Ха... ха... ха... Кейін үйлі-баранды болғанда, өткенді ұмытып, Жанмыр- заға еріп үйіне барып жүрдім. Сыр білдірмейді, тасқайнат қой. Қазір де жақсы араласып тұрамыз. Қызық қуайын деп келе жатқаным жоқ. Əлгінде Жанмырза: «Мен ойға ащыға түсіп барамын. Ғайни қойда жалғыз қалды, елегзиді ғой. Ес болыңдар. Ет те бар. Погоншігіңді ерте кет» деп еді. Аузыңа ие бол тегінде. – Өзі де талайға келіп қалды ғой. Менен үш жас кіші, жиырма сегізде. Не бай алмады, не құдай алмады. Немене жетісіп жүр дейсің бе. Обал-ақ. Қайтеді енді. Мұрынды ке- сіп тастайтын емес. Заман деген сол, шырақ... – Оспадар неме, – деді ием бұрылып, – құдайдан көрік тіле. Əйтпесе... 261
– Тілегенмен бола ма. Туып қойдым ғой. – Рас-ау. Нешауа, онша сұрықсыз емессің. Ит үрді. От жылтырады. Құла кісінеп жіберді. Жалпақ жұрт аталатын алаңқайда асықтай иірілген қой жатыр. Жал- маң-жалмаң күйсейді. Біз қотанды сырттай жүрдік. Дəу қара төбет аттың құйрығына жабысып, арсылдайды. – Жолдыаяқ! Жат əрі. О несі-ей. Бұлары кім əкəу... – Өзіміз ғой... – Ой, Қадылбаймысың, адасып келдің бе? – Жоғ-а. Сен қорқа ма деп... Ет иес? – Табылар сендік. Əскере ашқарақсың ғой, аға, – деп Ғай- ни сыңғырлай күліп, наздана тізгінге оралды. Мен аттарды шідерлеп отқа қойдым. Ғайни мен Қадыл- бай қоста. Үйге кіруге зауқым жоқ. Жайлаудың сылқым түні сиқырлап алды жанымды. Ай туды. Үлкен тіпті. Тайқазанға шіпілдеп сүт пісіріп тұрған секілді. Табиғат талаурап, тыл- сым күйге енген. – Ораш, а, Ораш! Жүр үйге, тамақ іш. – Бұл Ғайни ғой. Дауысы əйбəт өзінің. Шынында да өңі жөндем екен, бойы тым ұзын-ау. Əйел адамның тұрқы сидам болса, бір түрлі оғаш. Шынтағына жастық салып жанбастай жатқан Қадылбай əдетінше сылпылдатып отыр бір табақ етті. Бес бармағын тар- байтып апарады да, қолына ілінгенін бүркітше бүре жөнеле- ді. Ғайни сорпа суытып отыр. Көжеге нықсырап қалыппын, етке тəбетім шаппады. Ғайни дидары бір түрлі көнетоз сы- қылды. Жалпы, бет-əлпеті жылылықты аңғартпайтындай. Оқта-текте күлімсірегенде, қиық көзі болар-болмас нұр ша- шады. Сөйлегенде сүйкімді, тіпті көрікті болып кетеді. Егер шындап үңілсең, нендей бір жақсылықтың нышанын аңғар- ғандай боласың жүзінен. Бірақ оған аса төзімділік керек-ау. 262
Өйткені осынау жұмбақты сұлулық көз жеткісіз құдықтағы мөлдір су секілді немесе қол жеткісіз құздағы гүл секілді, өте-мөте алыста, Ғайни дидарының шыңырау тереңінде жа- тыр еді. Оны ұғыну үшін талмас қанат, қайтпас батылдық ке- рек екенін болжадым. Ендеше, ондай жігіттің табылмағаны да... Ғайни көңілді отыр. Байқаймын, Қадылбайдың шыбын үйір бетіне сүйсіне қарайды. Жолдағы «иемнің» əңгімесі есі- ме түсті. Дəл осы жолы өтірік айтпапты. – Оспадар неме, аңырмай жесеңші! – деп Қадылбай шын- тағымен нұқып қалды. Ол маған бұрынғыдан да дөрекі, сұр- қия болып көрінді. – Тойдым. Жегім жоқ. Ұйқым келіп отыр. – Төсек салып берейін. Кішкене балаға қалай-қалай сөй- лейсің? Ғайни салып берген бөстекке тас бүркеніп жатып қал- дым. Ұйқым келмесе де жаттым. Жаттым да өп-өтірік пы- сылдадым. Мен басымды тұмшалап алсам да бəрін көріп жатырмын: Ғайнидың күнге тотыққан жүзін де, Қадылбайдың көбең се- міріп көлк-көлк еткен бетін де; мен бəрін естіп жатырмын: Ғайнидың алаңсыз таза, əрі бақытсыз күлкісін де, Қадыл- байдың сорпаны қорп-қорп ұрттағанын да... Көзім ілініп кетсе керек, жылан шағып алғандай селк ете түстім. Өз-өзімнен булығып, быршып жатыр екем, басымда- ғы орауды жұлып алдым. Қоста қыбыр еткен жан жоқ. Қо- ламта арасында жасықтана сығалаған шоқтар қарауытып сөнуге айналыпты. Бетіме қостың ашық қалған есігінен ай сəулесі түсіп тұр. Тыныштық. Сипалап едім, Қадылбай жоқ. Қостың құбыла тұсындағы саңылаудан күңгірлеген дауыс естіледі. Ғайни мен Қадылбай-ау. 263
– Мен бақытсызбын (бұл Ғайнидың сөзі). – Қойшы, қайдағыны айтпай (бұл – «ием» ғой). – Шын айтам. Мендей бейшара адам бар ма. Шешем бай- ғұс неге ғана тапты екен. Осы күнде жұрттың бəрі жылтыра- ғанға əуес. Əдемі қызды кім жек көрсін. Сырықтай денем- нің сиықсыздығын біреуге міндет еткім келмейді. Басқаның сұлулығын қызғанбаймын да. Етім өліп кетіпті. – Неге? – Түсінбейсің, Қадылбай, түсінбейсің. Мен бір қой со- ңында жүрген ғаріп кəрі қызбын. Мұны үш баласы бар саған мұңымды шағып, бай тауып бер, не болмаса əйеліңді тастап мені ал деп айтып отырғаным жоқ. Өзіме өзгеден бір табан жақын санарым да сен. Саған айтпағанда, қара тасқа айта- мын ба? Бір кезде, тамам бозбала мазақ ететінде, сүйгенім де рас. Əлі де жақсы көремін. Несіне бүгейін, несіне шошы- найын, не істесем де сыйымды ешкім сынамайды. Сықпыты басқа болса да, жүрегі бірдей ғой адамдардың. Жақсыға ын- тызар. Кейде, жапан түзде қой өргізіп жүргенімде, осының бəрі есіме түсіп, сай-сүйегім сырқырайды. Ағыл-тегіл бота- дай боздап жылаймын... – Неге? – Қадылбайдың бұл сұрағы жынымды келтірді. «Неге, неге? Қайран сөзім қор болған Қадылбайдай езі- ңе». Ғайни ауыр күрсінді. – Сені ешкімге теңгермеймін, Қалдыбай. Екеуміздің ара- мыз тым-тым алыс екенін білемін. Бірақ… – Неге? Құшақтап отырмын ғой... – Иə, құшақтап отырсың. Мені құшақтаған жігіттің, тұң- ғышы да, соңғысы да өзің боларсың, бəлкім. Қайтейін басқа салған соң көнеміз де. 264
– Е, сөйдеші, Ғайныкеш. Əлі бəрі де ұмытылады. Қызық- тың дəмін татпаса, адам милау болып кетеді. Күрсініс... Əлден уақытта қақырынып-түкірініп Қадылбай келді. Сырт киімін шешті де: «Өй, оспадар, əрі жат!» деп бүйірден түйіп қалды мені. Көп ұзамай, əдемі қыр мұрыны пысылдап, ессіз ұйқыға кетті. Ғайни қайда жүр екен?.. Міне, өзгеше бір қабырғаңды қайыстырарлық, сонша- лықты ауыр, мұңға толы əн естілді. Бұл – Ғайнидың əні. Неткен тамаша, даусы қандай жақсы еді. Басымды еріксіз көтеріп есіктен қарадым. Ұзыннан-ұзақ сұлап жатқан аппақ молақ қарағайдың үстінде екі тізесін құшақтап Ғайни отыр. Сүттей жарық ай нұрына шағылысып ағараңдаған көйлегі оны түн періштесіне ұқсатады. Маған дүниеде Ғайнидан əдемі жан жоқ секілді. Əн толастамады, қайта мынау əсем табиғатты тəтті əуезімен тербеп, əлдилеп ұйықтатқандай созыла берді. Ғайнидың əр түнді осылай өткізіп, пырдай жусап жатқан қойды осылай күзететінін білдім. Терең тер- беніске, қаяу мен өкінішке толы əннің қайырмасы өксікпен аяқталады. Мен Ғайнидың жылап отырғанын сездім. Иə, ол жылап отыр. Мен Ғайниды кінəлай алмаймын. Тағдыр тəл- кегі мен Қадылбай кінəлі. Онда да сезім, онда да жүрек, онда да махаббат бар ғой! Жиырма сегіз жас! Біреуді тұң- ғыш рет те, ақтық рет те сүйіп, бойындағы бар асылын Қал- дыбайдың қанды қанжығасына байлап бергенін тұншығып жатқан сезімінің жанартауша атылғанымен дəлелдеуге бо- лар еді. Қайран, Ғайни! Ежелгі көңілімнің бостығы ма, жоқ болмаса Ғайнидың мынау аянышты күйі шынымен жанымды баурап алды ма, жүрегім елжіреп жылап жібердім... 265
*** Түс əлеті. Бұл – сол түннен бергі екінші күн болатын. Жал- ғыз беттің бауырында шөп шауып жүрміз. Мəшінге жегілген төрт аттың бірдей белін босаттық та, ас ішуге отырдық. Со- надай жерде бүлкек-бүлкек желіп келе жатқан ақ жаулықты əйел бізге жақындай бере: – Ойбу, енді қайттім! – деп баж ете түсті. Бұл – Ғайни еді. Бақсақ екіге бөліп теңдеген зілдей тұз байлауы шешіліп, сыпырылып қалған. Атқа көтеріп салайын деп еді, шамасы жетпеді білем, сылқ еткізіп тастай беріп, отыра кетті. – Əй, жігіттер! Ащыны теңдесіп жіберіңіздерші. – Бар, ей, Қадылбай. Тамырың ғой, – деп тəлкектей бас- тап еді, Қадылбай: – Қойыңдаршы! – деп теріс айналып кетті. Тісімді қайрап əрең отырмын. Дəрмен жоқ. – Сендерді де бір үйдің иесі – еркек дейді-ау. – Ашу қыс- қан Ғайни тұзды жерден бөріктей іліп алды да, аттың белін қайқаң еткізіп тастай берді. Лып етіп өзі мінді. Тобылғы торы жəне бір мықшың етіп алды да, бүлкектей жөнелді. Жі- гіттер қарақұстан біреу салып өткендей сілейіп тұр. «Сол керек, бəлем» деймін ішімнен. – Ебетейсіздеу, əйтпесе жақсы əйел шығар еді. – Қадылбай түс-түріне қарамай-ақ қарақтатып жүр ғой. – Кетемісіңдер! Бармайын-ақ деп едім, Жанмырза ренжи- ді екен деп... Көрді ғой мынау... Айтсын құдайшылығын, жа- мандығым болса. – Не істеп еді, Ораш? – Білмеймін. Əрине, мен бұл сөзді Қадылбайды қорғайын деп айтып- пын. Ғайниға сөз ерткім келмеді. 266
*** Жадыраған жаз өтіп, күз туды. Биыл ағаштардың басы тез сарғайып, күз ерте келді. Таудың бөктерінде тоқымдай-то- қымдай қар жатыр. Маған Ғайниды бұдан кейін қыз күйінде көруге жазбап- ты. Тек бір күні шай ішіп отырғанда: – Байғұс Ғайни орнын жаңа тапты, – деді шешем. – Неғып! – Елден бұрын даусымның шығып кеткенін бай- қамай да қалдым. – Қызылқайыңда былтыр кемпірі өлген Жақып деген шал бар еді, соған тиіп кетіпті. – Е, əйбəт болған екен. – Енді бағы ашылады байғұстың. – Жақып алпысқа толған да жоқ емес пе. Жүрегім зу ете қалды. Ернімді тістеген бойы тұрып кет- тім. Бес-алты күн өткен соң, Ғайнидың өзін көрдім. Сабақ- та отырғанбыз. Парталасым: «Ғайнидың шалын қарашы», – деп түртіп қалды. Мұғалімге білдірмей терезеге көзімнің астымен қарадым. Дөңгеленген жирен мұрты бар мықыр шалдан бір қарыстай ұзын Ғайни кетіп барады екен... Жүрегім сыздап қоя берді... Бұл кезде физикадан сабақ беретін мұғаліміміз бидай өңді сұлу қызға күлімсірей қарап бес қойып жатыр еді...
ЖАСЫН 1 Ел айтты: «Қайран Қиялхан, жынданыпты». *** Кеше күн батпаса екен деп ойлаған, бірақ күн батып кет- ті; енді таң атпаса екен деп тіледі, бірақ таң атып-ақ келе- ді. Таң атып келеді! Бұл отызыншы жылының тағы бір таза таңы еді деп жүрегіне сəуле жүгіріп алақайлаған да, көңілі жібіп қуанған да жоқ. Əр күннің ұрланып басталып, ұрандай жөнелер мазасыз тірлігі жанын жараламағанымен, онсыз да сынық көңіл шіркінді зəрезəп ететіні рас: жалпақ жаһандағы құлаққашты қылар мың-миллион жаңалықты ести-ести əб- ден титықтап, мынау жер бетінде, тіпті іргесінде болып жат- қан ақ пен қараның – жақсы мен жаманның қан-жоса шай- қасын көре-көре көз еті қашқаны ғой. Бəлкім, былайғы жұрт біле бермейтін арманның ақ қозысы бауыздауына қанжар қадалғанда қорқырай қансырап, жатбауыр əлемде ғұмыр кешкен азғана өміріне өкінгені шығар. Таң атты – баяғы таң: тау тұтқынынан сытылып шығып, көтеріле бере айналасына күлімсірей қарады. Күліп шығып, ұялып бататын Күн мəңгі мейірбандықпен жер бетіндегі жақсыға да, жаманға да сама- ла нұрды саулатып тұр. Үркердей үйірілген шағын ауылдың қыбыр-жыбыр тірлігі осы, күн шыға басталып, қас қарая 268
аяқталатын. Керісінше ұзақты күн тырп етпей, тек қас қарая жорыққа аттанатын «жарғанаттар» жəне бар... Қиялхан өзенге беттеді. Қос бөлмелі ағаш үйдің есік алдына шығып, тыртыңдап жаттығу жасап тұрған үшінші кластың оқытушысы Тойғанбай мұны көріп, айғай салды. – Киеке, ау Киеке, совхоз помошқа шақырып жүр ғой, барамыз ба? Көмектесіп жіберелік те... Қол күші жетпейтін шығар. – Дəндеп алып, құдайдың құтты күні қыдиып тұрмаса... Ей, одан да жылқылы ауылға тартып кетсек қайтеді, қымыз ішіп кекіріп қайтамыз. – Қымызды жұмыс басында да ішуге болады ғой. – Əй, солар су қосып береді... Сен барсаң, өзің жүре бер. Менің кегежегім кейін тартып тұр. Тау ішіндегі шағын ауылда бастауыш мектеп бар-тын. Қиялхан бұдан бір жыл бұрын іздеу салған ағайынын іздеп келді де, біржола қалаға қайтпай қалған. Қалаға қайтпай қал- ғаны отыз жыл көрмеген ағайын-туғанын қимағаны емес, тіп- ті олардың шын туысы екенін де білмейді, осы өңірдің өзге- ше тұрмыс-салты, табиғатының соншалық сұлулығы қызық- тырған. Мұнда қаладағыдай емес, ой тұңғиығына емін-еркін батуға əбден болады. Ол қалада университеттің философия факультетін бітірген соң, екі жыл жұмыс істеді, сол екі жылы əлдекімнің қораш үйін жалдап тұруымен ырың-жырың өтіп жатқанын уайымдай берген сəтте, газетке мұның аты-жөнін айтып адақтаған іздеу шықты. Сонсоң сол адрес бойынша осы ауылға сапар шекті. Іздеуші – əкесінің інісі. Əкесінің інісі үйлі-баранды: шиеттей жеті баласы, жалқау əйелі бар, жуастау адам екен. Үстінен қой айдап өтсе де, ыржия кү- ліп жата беретін аңқылдақ, тіпті аздап ынжықтау да болып 269
көрінген Қиялханға. Өзі жастығына қарамай осы ауылдың сиырын бағады. Жеңгей болса жеті баланың киімдерін ер- теден қара кешке дейін жуып, су басынан шықпайды. Қа- зір де елең-алаңнан тұрып алып, тасқа салып мыжғылап отыр. Қиялханды көріп алқам-салқам омырауын далдалаған болды. – Қайным, неғып ерте тұрғансың, астыңнан су шықты ма? – Қалжыңдаған-сымағы. – Жоқ, совхозға шөп үйісіп жіберейін деп... Аға қайда? – Кетті ғой ағаң, сиырын айдап қалқайып. – Сонсоң қо- лындағы көйлекті құшырлана суға салып-салып қалды да күрсінді. – Шөп үйісіп нең бар, өздері қымыз ішіп, қыз аң- дып ала жаздай салаңдап жүреді де, қыс қысқанда, бір-бір қотыр бұзауды асырап бер деп біздің қорамызға тығады. Қиялхан көшірмедей дода-дода болып кір жуып, бұлақ басында отырған жеңгесін аяғандай ту сыртынан ұзақ қарап тұрды. Ертеректе осы алдындағы сылдырлай аққан су сыңғы- рындай күлкісі бар, қаз мойын, қолаң шашты қыз болғанына сенбегендей. Ескірмеген нəрсенің бəрі жақсы, тіпті не нəрсе көңілден де, көзден де қашаң тартқан сайын құндана бермек. Бұлақтың ар жақ жағалауындағы жалғыз қарағайға назары ауды. Қандай ұқсастық! Түсінде көргендей қаз қалпында... Көзін жұмып еді, сонда да күн сəулесіне шағылысқан кү- міс толқынды бұлақты, қабығы нарттай қапсағай қарағайды көрді. Тек əткеншек теуіп отырған қызыл көйлекті қыз жоқ, кір жуған албастыдай əйел ғана... Ол таң алдында көрген тү- сін есіне түсірді. ...«Көзі ілінсе, көз алдындағы мақпал қара түнекті дүр сілкінтіп, қызылды-жасылды сызықтар пайда болады, ол сызықтар қап-қара шарбыны найзағай отындай айқыш-ұй- 270
қыш тілгілейді; сонсоң əлгі қара түнек ысырылып, бір түрлі жұмсақ жұмбақты дүние басталады; əлде ақ сары ма, əлде құлакер ме, əйтеуір, өзгеше бояулы таулар əн салып ырғала- ды, бар көрініс балбырап, тіпті əлемдегі ең сұмпайы адамдар қолдарында бір-бір шырақ, мамырлай басып сызылтып өлең айтады; жер бетіндегі ең жабайы ағаштар мəуелеп жеміс беріп, ошаған мен қышымадан хош иісті əтір аңқиды; қы- зық, аспанға қараңызшы: қандай таза, сол таза көкте ақ ша- ғала – ақ қауырсынды адам періштелер самғап ұшады; қара түс жоқ, жамандық, зұлымдық пен қызғаншақтық, күншіл- дік пен өсек-аяңсыз бейкүнə жұмақ тірлік, пейіш өмір, таң- ғажайып құбылыстың сүйек балқытар əсем əні толастамаса екен деп тілейсің, осы мамыр өмірдің дəл ортасында күміс толқын, алтын сағалы өзен ағып жатыр, суын татып көрсең – бал татиды; ал осы өзеннің оң жағасындағы еңсегей бойлы алып қарағай өсіп тұр; қарағайдың қасиеті де тірі адамның қолынан келмейтін сиқырға толы: топырақтан қорек алар та- мырдан тұл, жер өлшеуші орната салған діңгек секілді; ал əр бұтағы əр түрлі: бірі ақ, бірі көк, бірі қызыл – тек қана қарасы жоқ; алақаныңмен ақырын сипасаң, майда қоңыр үн- мен күбірлеп əңгіме бастайды, осы қарағайдың бір бұтағына ақ түбіттен ескен бауы бар əткеншек байлаған, əткеншекте қызыл көйлекті қыз тербеліп отыр; Қиялхан осынау ғажайып көріністің ортасында уайым-қайғы, арман-мақсатсыз серуен- деп жүре бергісі келеді; бірақ қам-қаракетсіз жүре беруге болмайтын, өзі жасамаған жақсылықтың қадір-қасиеті қаша- ды екен; ол енді күндізгі итіс-тартыс мазаң өмірін сағынды; қиындықты аңсады; пенде дегенің қанағатсыз да тұрақсыз – көңілі биікке шықса, аласаны, аласада тұрса, биікті көксей- ді де жүреді осылай; отызға шықса да үйленбеген Қиялхан 271
қыз таңдай алмай емес, талғамнан шығар қыз таба алмай жүруші еді, анау сиқырлы қарағайға байланған əткеншектегі қызды іздеген екен-ау: бүкіл əлемді əлдилеген тамылжыған əннің иесі де бұл; «Жоқ, енді мен елге қайтпаймын, осылай- ша таңғажайып түс кешіп мəңгі ұйықтай беремін, құдай-ау, мен неге ғана өңімнен – өмірден іздегенімді түсімнен таба- мын, жарғақ құлағым жастыққа тимей, санамның сандалкө- гін тебініп қуған арман, тілек – бəрі-бəрі жұмылған көздің ішінде жарқырап жатыр». Қиялхан аяғын еппен басып қыз- ға жақындады, айтатыны бір-ақ сөз: түсім өңіме айналмаса екен, өңім түсіме айналса екен; қыз үндеген жоқ, екі көзі шырадай жанып, баяу ғана тербеледі, ал сұлу əн сарайынан өзінен-өзі туындайды; қарсы алдындағы жүдеген, екі беті сұп-сұр жігіттің үстіне қарады да, өксіп жылады-ай; не екені белгісіз, əлгі əсем əн бəрібір бəсеңсіген жоқ; «Неге жыла- дың, қалқам?» – қыз жауап қайтармады, өксігін баса алмай, ағыл-тегіл жылап отыр; не істерін білмей сасқалақтаған жі- гіт қарағайды ұстай алып еді, сөйлеп қоя берді: «Ей, ақы- лынан азап шеккен Адам, екі қолыңа қарашы (қып-қызыл қан екен); Ей, бірінің құйрығына бірі шала байлаған Адам, басқан ізіңе қарашы (сап-сары боп күйіп қалған); Ей, жан жықпылы қатпар-қатпар ала көңілді Адам, үстіңдегі аппақ кебініңді шешші! (Қиялхан ақ шағидан көлгірете тіктірген ақ шапанын шешіп еді, белдігіне шыр айналдыра қырық пышақ байланған қап-қара шапанды көрді); Ей, жалпақ жа- һанға сыйыспай қырқысқан Адам, қара ниетіңе сенбей тұр- ған шығарсың, тағы шешін, тағы шешін (Қиялхан əрбір ақ шапанның астынан киілген қырық пышақты қара шапанды ақ тер, қара тер боп қанша шешсе де, тауыса алмай дымы құрыды, сонсоң шаршап отыра кетті); Əне, сендер сондай- 272
сыңдар, ақ ниетің қара пиғылыңды жасыру үшін керек; ха- лыққа қалқан болуға жарамайсыңдар, қайта халықты қалқан тұтып, қара бастың сауғасын сағалайсыңдар; сен іздеп жүр- ген қыз жарық дүниедегі ең таза, ең адал да сұлу жан болған соң, күнəһарлардан алып қашып ақ өмірге – түс жұмағына əкелгенбіз; бұл қыздың аты қойылмай, анасынан жаңа туған шарана шағынан өлтірдік те, қалған өмірін осылай бағышта- дық; енді ол адамдардың құрбаны емес, мүмкін сен іздеген қыз осы шығар; білем, сен де осы ақ өмір түс жұмақты аң- сайсың-ау, амал не, сені ұрлағанша, есіміңді қойып үлгерген еді, енді сен – адам-періште емес, азап-адамсың». – Тұр енді, ұлым, тұра ғой. Күн көтеріліп қалды. Атып тұрып айналасына қарап еді, дəл алдында еміреніп тұрған кемпірді көрді. Шым-шытырық есін əлі де жия ал- май, түн ортасында түртіп оятып сұрасаң да ешбір қателес- пей ағылта жөнелер ақылын айтты: – Екі тонна көмір 22 сом тұрады, ал екі тонна көмірді ше- лектеп тасысаң айна-қатесіз 150 шелек шығады. Ə, сіз екен- сіз ғой, апа, кешіріңіз, жаман түс көріп жатыр екенмін, сіз оятпасаңыз өліп қалатын түрім бар. – Олай деме, ұлым, түстің жаманы болмайды. Бұрынғы- лардың ол туралы айтатын аңызын білесің бе? – Жоқ, апа? – Ендеше, кешке айтып берейін. Қазір жуынып, тамағың- ды іш, бригадир келіп кетті, мұғалімдерді сүбетнекке шақы- рып жүрмін дейді. – Барамыз ғой, барамыз, күн ашық тұрғанда көмектесіп жібермесек, шапқан пішені Алтайдың ақ жауынында қалар... ...Екі қолын суға малып мелшиіп отырған Қиялхан селк етіп есін жиды да, көзін уқалады, бəрі баяғы қалпында. Ал 273
жасыл тау, көтеріліп бара жатқан күн, бүлк-бүлк аққан бұ- лақ, кір жуып отырған əйел, сонау оқшау өскен қарағай... Неге ғана өзгермейді?! Сонда бүгінгі, ертеңгі қайда? Əр таң өз жаңалығын ала келмесе, əр адам жаңа бір іс тындырмаса өмір дами ма екен... Баяғыдай дами береді екен... абсолюттік еш нəрсе жоқ дейміз, дəл осы тірлік абсолюттік... ал, ұзақ уа- қыттағы дамудың нəтижесі – адамның өзі осылай деп отыр- са, əлемдегі əрбір жаңалыққа күмəнмен қарау керек шығар. Шынында да, біз табиғаттың бар сырын бүге-шүгесіне дейін ашып болдық па? Жоқ! Ендеше, адамды жануарлар дүниесі- нен бөліп шығарған еңбек, сол адамның болашағына қауіп болары санамызға кірді ме. Біз еңбекті əсте санасыз жасап жүргеніміз жоқ, тіпті жануарлар дүниесінің белгілі бір мөл- шерде біздің ұғымымызға ұялай бермейтін санасы бар. Ал тұрпайы еңбекті ғылыми еңбекке ұластырған адам ақылы бүкіл əлемнің татулығы жолындағы ізгі ниеттен неге тайсақ- тайды? Неге ғана сана жетілген сайын, азапты еңбекті азалы өлімге қару ғып жұмсаймыз? Неге ғана айдай əлемді күл- талқан етер құрал ойлап табамыз, ал айдай əлемді ауызға қаратар құдіретті рухани күш жасай алмаймыз? Еңбек ету- дің барысында ғана ойлауымызды қалыптастырмай, алды- мен не жасайтынымызды жəне не үшін жасайтынымызды əрі осы ісіміздің нəтижесі адам баласының жарқын өміріне қаншалықты үлес болып қосылатынын егжей-тегжейлі ойда пісіріп, сонан соң санадағы бұлдыр-салдыр жалған қияли сүлделерді қуып шығатын уақыт жеткен жоқ па... Адам сана- сы жетілген сайын, азуымызды айға білеп, бүкіл жаһандағы айғай-шуға айналдырғанымыз қалай! Түсімдегі қарағай рас айтады. Не нəрсе балаң кезінде таза. Менің таңғалғаным: жоғары білімі бар Тойғанбайдың 274
қоғамдық санадан екі сағаттық лекция оқи алатыны, бірақ сөйте тұра қоғамдық еңбектен қашатыны... Мұнда қандай тыныштық, маужыраған бейкүнə бейбіт өмір бар секілді. Ештеңеге алаңдамайды, ештеңеге құлай сенбейді де, бүгінгі күн тыныш өтсе болды, ертең дүние өртеніп кетсе де, селк етпейді. Қарны тойғанға қанағат қылған тоқкүлкі адамдар егер пəлен жерде соғыс басталыпты десең, көрші ауылда Иман Жүсіптің баласы мас болып əкесін сабапты деген жа- ңалықтан əлдеқайда кем əсерленеді. Олар айтады: «Енді қай- тейік, осы ауылда бір еркек қалмай қырылып қалған күнді біз де кешкенбіз, одан аспан ойылып жерге түсіп кеткен жоқ. Құдайға шүкір, ұрлықтан тапсақ та ұрпақ бар». Иə, əкесінің кім екенін білмейтін ұрпақтың бірі менмін, əттең, əкем тірі болып, еркелеп өссем тіпті жақсы еді ғой. Иə, менің əкем уа- қыттың құрбаны, тым-тым артық «ақылдың» жолында қаза тапты. Кімнің бодауында, кімнің қолынан өлсе де, топырағы торқа болсын, уа тəңірім-ау, əке тағдырын менің қайталауым міндет пе? Мен өз өліміммен бейбіт неге өлмеймін. Əлде- кімнің оғына ұшу шарт па екен. «Басқа жұрт қайғы-қасірет тартып жатқанда, мен өзімді қалайша бақытты санай ала- мын», – деп Достоевский бекер айтты дейсіз бе? Жер бетінде соғыстың болмауын абсолюттік ақиқатқа неге айналдырмай- мыз. Бұл – шындыққа айналатын мүмкіндік қой». – Қайным-ау, неғып күбірлеп отырсың? Ақ апа дұға үйре- тіп қойғаннан сау ма? – Жоқ, жеңеше, əншейін өзім ғой сандырақтап отырған. – Орнынан тұрды да, қайтуға ыңғайланды. Шелекке салған жуылған кірді көтеріп ере жүрген жеңгесі: – Ел-жұрт өшкені жанып, өлгені тірілген қайнысын шы- датпай, Ақ апаның үйіне квартираға тұрғызыпты деп, өсек- 275
теп жүр. Жұрттың аузына қақпақ боламыз ба, айтса айта бер- сін, түге. Балалар шулап мазамды алды демесең, өзіміздің қолымызда тұра берсең етті. Біз не ішсек, соны ішесің, саған арнайы тамақ істеп ауырсынбаймын. Əй, қайдам, жазу-сы- зуы бар адамға шуылдақ үй пана болар ма екен... Өзің біл... – Ол не дегеніңіз, кемпірдің үйінде-ақ жүре берейін, бəрі- бір емес пе, тапқан-таянғаным сіздердікі, ағаға көмектеске- нім болсын. Жалғыз тұру Ақ апаға да қиын ғой. – Өзің біл, Ақ апа да бөтеніміз емес, түбі бір туысқаны- мыз. Тек ауыл-аймаққа табалатпай, үзбей келіп тұр. Жаман ағаң қырықтан асқанда ес кіріп, тауып алғаны едің, месел- десін қайтарма, қайным. Жуас кісінің ашуы жаман болушы еді. Сиыр жайып жүріп бір жерде өліп қала ма деп қорқамын (теріс қарап бырс-бырс жылаған болды). – Қорықпаңыз, ол – өлмейтін кісі. Мал баққандар ғана ұзақ жасайды. Мал баққандардың түбіне жететін ой баққан- дар болар-ау. ІІ Ол пішендіктің басында да түндегі түсі мен су басын- дағы мазасыз ойдан арыла алмады. Қиюы қашқан филосо- фиялық пікірлерін күнделікті өмірден көргендері мен түй- гендері жендей береді де, жеңіліс тапқан пəлсапа аласұрып, жаңа теориясын ұсынады. Қиялханның бір басында ғана тайталасқан екі ойдың тартысы қиян-кескі майдан құрады. Қарама-қайшылықтың ең сұмдығы адамның өзінен баста- лып, кең кеңістікке уытын жаяды білем. Адам ең əуелі өзі- мен-өзі күресіп алады екен: қай пиғылы жендесе, сол былай- ғы өмірге өктемдігін жүргізбекке жанталасады. Дегенмен, 276
Қиялханның ойы мен қазіргі қарекетінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар-тын. Санасында соңғы бес жылда балапандаған соғысты қайтсе болдырмауға болады деген ой ала құйын шауып жүрсе, екі қолы маяға шөп əперіп тұр. Мая биіктеп барады, бұл айырлап шөп əперген сайын, аспанда- ған анау бес-ақ кластық білімі бар жігіттің асығы алшысы- нан түскен заман еді. Өзі мұнда болғанымен, қиялы қияда жүрген Қиялхан қолындағы шөп көтеріп алған айырдың қа- лай түсіп кеткенін сезбей қалды. – Ей, мұғалім, – деп айқұлақтана айғай салды маяның үс- тінде тұрған жігіт. – Пішен үю сенің қысыр қиялың емес, мəңгімей дұрыстап əпер. Баламды күзгі сынға қалдырып ең, айырды жіберіп қалып, тұрған жеріңде тырапай астырайын ба, бəлем. – Шаптықпа, – деді жердегі екінші маяшы, – ұлың өзің секілді көкеми болса, күзгі емес, қысқы сынға қалдырса да обал жоқ. Бар қалқам, деміңді ал, бірден қара жұмысқа түс- кен оңай емес. Қиялхан ой еңбегін дене еңбегінің алдында тізесін бүк- тіргісі келмесе де, өзін осы ортаға артық санап тұрған соң, амалсыз кейін шегінді. Ашуын əлі де баса алмады ма, мая- ның үстіндегі жігіт екі иығын жұлып жеп тұр: – Осындай осалдарды ауылға екі шақырым жақын жолат- пау керек. Осы өңірден аттап шықпай-ақ өмір сүріп келеміз ғой, қаласында жүре бермей ме, не іздеп келеді десеңші. Үлкен өмір бізге тиіспесін, үлкен өмірге біз барып, жалғанда соқтық- паймыз. Ойбай, тауық керек, ойбай жүн-жұрқа, сүт-май керек деп салық салса – осылардың қамы үшін де. Егінін салып, шө- бін шауып жайына жүрген жандардың мазасын алатын – анау секілді екі айыр пішен əпере алмайтын «ойшылдар». 277
– Оттапсың, – деді жердегі бұжыр бет, ала көз, орта жас- тағы адам. – Ауыз өзімдікі екен деп, былшылдай бересің ғой. «Аласталған Алитет» деген кітап оқып едім ертеректе, сол саяқтан айырмаң болсайшы. Осы кезде аң екеш аң да ел- жұртқа үйірсек, қолдан жем жегісі келеді. Ана таудың ар жа- ғына бір қыс тастаса, артыңды қысып қайтып оралар едің... Қара қазанның қайнағанын дəтке қуат еткен əулекі неме, осыншалық ойсыз-мисыз бошалаң болып жаратылармысың, каланың даласыз, даланың қаласыз күні бар ма? Түс маядан ербимей, əйтпесе қолымдағы айырды мен саған жіберіп қа- лармын. Салы суға кетіп көңілсіз қайтты жұмыстан. Одан да Той- ғанбай құсап бармай қойғаны жақсы ма еді. Сөз естіді. Шы- нында да, айналасындағы адамның көбі-ақ мұны есерсоққа балайтын секілді. Өмір бақида жүзеге аспайтын бедеу ой қуып жүргенін қайдан білсін. Ой сауғанның оңғаны бар ма? Жəне де Қиялханның ойы дүниені танып-білуде материалис- тік көзқарасқа жанаспайтындай, объективтік идеализм іс- петті танып-білуге болатын шындықтан тысқары, ерекше бір ұлы рухани сала бар, оған ғалымның да (егер бар бол- са құдайдың да) қолы жетпейтін тылсым күш іздеп жүрген жоқ па... Сондықтан да адам баласына тəуелсіз өмір сүре алатын, сөйте тұра сол адамзатқа қызмет ететін сиқырлы əл- дене ашуға əуес те; бұл иландырмайтын əуестік қана бол- ғанымен, жалпы ниеті дұрыс, жас сəбидің саусағын жайып алыстағы айға талпынғаны секілді бейкүнə қылық. Мейлі, қателессін, мейлі жүзеге аспасын, ақ көңілдің мөлдір жасы- на ұласар... «Қазір, – деп түйді ол өз ойын, – қазір жұрттық та, ұлттық та емес, одан əлдеқайда көкжиегі кең, əлдеқайда ауадай қажет жалпы адамзаттың болашағына жауапкер əрі 278
сол адамзатты уысында бейбіт ұстап тұра алатын құдірет- ті күш керек. Өз «ұлтын» күшейтіп алған Гитлердің қанды жорығын қайталамау үшін, бір ақылды екінші ақылға айдап салмау үшін де керек шығар...». Ол өз пікірлерінің əлі шалағай екенін біле тұрса да, тəтті қиялын толастатпады. ІІІ Ақ апа тамақ істеп күтіп отыр. Шəугімге су құйып, беті- қолын жуғызды. – Шаршаған шығарсың, өңің сынық екен. – Жұмыс істеп шаршаған жоқпын, апа, неге екенін біл- меймін, қайдағы-жайдағы ойлар ызыңдап мазамды алады. Тіпті қаншама ойлауымды тоқтатайын десем де, басымнан қуып шығара алмаймын, тəттіге үймелеген шыбын іспетті, ызың етіп дүркірей ұшады да, жапырлап қайта қонады. – Томаға-тұйықтығың содан-ау, шырағым. – Ол да рас. Қөзім ілінсе болды, машақатты түстер кө- ретінді шығардым. Сіз таңертең маған «кешке əңгіме айтып берем» деген едіңіз-ау. – Тамағыңды ішіп ал. Сосын асықпай айтып берермін. Күн батпаса екен деп ойлайды, батып кетті. Шағын ауыл- дың даңғаза шуылы бəсеңсіп, тау ішінің барқыт кеші жұмсақ түніне ұласқан, енді біраз уақыттан кейін дүние жүзінің ұры- лары түнгі жорыққа аттанады. Енді біраз уақыт өткен соң, күндізгі ақ шапанын сыпырып тастап, қара шапанын жамыл- ған «күнəһарлар» ақ тілек адамдардың ар-ожданы мен ізгі ниет, ақ шағала арманын ластап, ұлы шерудің күре жолына тосқауыл құрып, ор қаза бастайды. Сонсоң жылап-сықтаған 279
жан айқайын шығаруға да жасқанып, қинала ыңырсыған үн естіледі. Ал, сол бір көмек сұрап жалбарынған үнді еститін түрік құлақ, бауырмал сана керек. Ақ апаның тарамыс-тара- мыс кəрі қолынан шыққан кешкі асы дəмді болса да, Қиял- ханның жүдеген көңіліне медеу бола алмады. Оның құлағы- нан сонау Ангола-Хиросимодағы мəңгі мүгедекке айналған адамдардың Америка Құрама Штаты мен атом бомбасын қарғай зарлаған дауыстары кетпеді. Екі құлағын бітеп кө- ріп еді, бəрібір талып естіліп тұрды. Санасында жүріп жат- қан осыншалық азапты ойлар мен қорқынышты елестерден арылғысы келді ме, Ақ апаны əңгімеге тартты. – Ақ апа, – дей беріп еді, жігіттің ала құйын күйін өзі де сезіп отыр екен: – Айтайын, қарағым, айтайын, – деді. Кимешек шылауы- шын түзеп қайта киіп, сөзін бастады. – Баяғыда алыс қыстақта жалғыз үйлі күзетші тұрған екен. Күзетшінің əйелі жүкті болып, айы-күні жетіп босанғалы отырғанда, ері алысқа аң аулап кетсе керек. Үйде жалғыз өзі қалған əйел түс көреді. Түсінде екі омырауын екі қасқыр жей бастағанда шошып оянып, түсін жорытуға алыстағы ауыл- ға жүгіреді. Қыс. Ақпанның ақ бораны. Түс жоритын адам үйінде жоқ болған соң, аңшының жұбайына айтып беріпті. Көңілінде бөтен ой жоқ аңқау келіншек: «Ой, ондай болса екі емшегіңді өңіңде де қасқыр жеп қояды екен», – деп əзіл- депті. Жаны шығып шошынған əйел қыстаққа ізінше қайта қайтады. Сонсоң түс жоритын кісі кешке үйіне келгенде, ба- ғанағы оқиғаны айтып беріпті əйел. «Апыр-ай, бекер жаса- ған екенсің. Егіз ұл табады екен. Қандай жаман түсті жақсы- ға жору керек, ол əйел, сөз жоқ, бір нəрсеге ұшырады», – деп атына міне шабады. Амал не, ол жеткенше, екі баласын екі 280
жерге жайратып, қасқыр жарып тастаған екен... Түстің жа- маны жоқ, шырағым, сол секілді түстің жалғаны да болған емес, тек жақсы ниетке жорыған жөн, балам... Сөзін аяқтап болған соң, Қиялханға қарап еді, екі ұрты суалып, көзі қанталаған қалпы, қазандықтағы отқа телмі- ріп отыр екен. Кемпірдің əңгімесін мүлдем естімеген мəңгі керең адам секілді. Дəл осы кейпінде қоламтадан жаңа ғана шыққандай өң-түсі өзгеше жат əрі азып бара жатқандай ая- нышты да қорқынышты. Əлдекімдерге қиянат кектенген тірі аруақ мың-миллион қайшылықтың мəңгі ортаймас теңізіне малтығып, қармана-қармана шалдыққан жазықсыз жанның өзінен гөрі өзгені аяп, өзгенің ертеңін ойлап уайымдаған жү- деу ұсқыны... – Балам, – деді кемпір маңдайынан сипап, – сен жалғыз- сың ғой, несіне шаршайсың. – Жоқ, апа, мен жалғыз емеспін... Көңілдегісін айнытпай танып, аналық зор сезімталдық- пен ойын оқып отырған Ақ апаның киелі алақаны мұздаған денесіне жылу таратты. – Сіз барсыз ғой, апа. – Ананың арманы орындалар болса, өмір бақи да соғыс болмас еді. Сенің шешеңді білетінмін. Қандай еді десеңші, жібек еді ғой... Сен бес айлығыңда қалдың. Іле əкеңнен қа- рақағаз келді. Сені балалар үйіне тапсырдық... Құдай-ау, бəрі де күні кешегідей... Бірақ бəрібір көзімізді шел басып, ұмы- тып барамыз. Ақтабан шұбырындыдан кем соқты ма... Жау- ды көрмесек те, жауған оқтың астында қалдық... – Неге екенін білмеймін, – деді Қиялхан кемпірдің кеуде- сіне басын қойып, – неге екенін білмеймін, əкемнің өң-түсін анықтап түсімде көре алмай-ақ қойдым. Ылғи да теріс қа- 281
рап үнсіз тұрады. Сонсоң... сонсоң мен жақындаған сайын, алыстай береді. Былтыр анамды көрдім, түсімде, əрине. Үстінде қара торғыннан көйлегі, қолында жез құманы бар, суға кетіп барады екен деймін. Мені: «келе ғой, құлыным, келе ғой маңдайыңнан сүйейін», – деп шақырады. Қаншама жүрегім дауаламай қорқып тұрсам да, жақындап бардым. Бауырына басып солқылдап жылайды. Өңірін ағытып жі- бергенде, омырауынан қара жерге сорғалаған сүтті көрдім. «Міне, сен еме алмай қалған ана сүті», – дейді. Дəл осы сіз- дікі секілді мұрнымнан мəңгі кетпейтін киелі иіс сезілді. Мүмкін, ананың ақ жүрегінен шыққан ұлы махаббаттың хош иісі ме?! Мен болсам сіздердің, айналайын аналар, ақ сүттеріңізбен марқайып, ақ білектеріңізге тербеліп тəрбие- лене алмаған соң ба, соғысты жылдың ызғарындай қатал да суықпын. Осы отыз жасыма дейін сізден басқа бір пенде «айналайын» деп аймалап, маңдайымнан сипап, бауырына басып көрген жоқ. Ережеге сүйеніп ержеткен соң, өзгеге де іші-бауырың елжіреп, ықыласың құлап тұрмайды екен. Қа- зір əлемде нендей сұмдық хабар естілсе де, ертеден тосқан, соған қаршадайымнан іштей дайындалған қалыпты жаңа- лықтардай саспай қарсы аламын. Адамның неге болсын еті өліп кетеді білем. Сіз маған гүлге толы шуақты ғұмыр сыйла- ғандай болдыңыз. Мен қайта тудым. Сізсіз – менің ұйқысыз түндерден, мазасыз күндерден іздеген Анашым! Қиялхан бетін Ақ апаның бауырына басып, балаша өксіп жылады. Кемпір шандырланған алақанымен көзінің жасын сүртіп, аналықтың мəңгі сөнбес мейірімін төкті. – Жыла, құлыным, жыла. Көкірегіңдегі запыран болып толған мұң-қиялдан арылар ма екенсің. Жыла, құлыным, жыла. Бұл сенің дүниеге іңгəлап жаңа келгенің болсын, əке- 282
шешеңді ақтық рет жоқтағаның болсын. Мен де өшкенім жа- нып, өлгенім тірілгендей, отыз жыл бұрын соғысқа кеткен ұлым қайтып оралғандай боздайын, боздайын. IV Тағы да азапты түндер басталды. Ары аунайсың, бері ау- найсың – ұйқың келмейді. Тысқа шығасың шыдай алмай – жым-жырт: тау да, орман да, жан-жануар, адамзат та бір сəт талықсып қалғып кеткен. Қалғығандарды аңдып жүргендер жəне бар. Алысқа карағың келеді – еш нəрсе көрінбейді. Осындай ертек сынды мың бір түндерде екі түрлі адамдар ұйықтамай жүреді: бірі – жарасымды тыныштықты қалай бұзудың амалын іздейді; енді бірі – осы жусаған тыныш өмірді қалай сақтап қалам деп ойдан тозады. Қиялхан ақы- рын аяңдап бұлақ басына барды. Əрбір шоқтығы алыстаған жұлдыздардың əлсіз жарығы жалап күмістелген ерке бұлақ осынау бейбіт өлкенің қыз күлкісіндей, дүрсілдеп соққан ма- засыз жүрегінің лүпіліндей, қара түнгі – қара шашына бай- ланған шолпының сылдырындай. – Бұл – поэзия, – деді даусын шығарып. Өз үнінен өзі шошып, жан-жағына қарады. Ешкім жоқ екен. – Иə, бұл – поэзия! Талаураған табиғаттың қара барқын дидары қазір ай туса, баяғының лəмбі матасындай құлпырар еді. Сонда көбең шалған көңіліне шым-шымдап нұр тарап, қазымыр ойдан қа- жып, саздау тартқан санаң уыз сəулеге шомылар еді. Күндізгі айқай-сүрең бəсеңсіп барып, мəңгірген бұйығы халден елес берер еді. Енді найсап та, нойыс та адыра биік мұрат, інжу пейілді адамдар ғана монданақтай жер шарының қожасы бо- 283
лып қалды деп, өзгеше көркем күйге əуестенесіз. Монданақ- тай жер шары тек қана поэзия кеңістігінде жүзіп жүргенге ұқсайды. Осылайша сіз өзіңізді өзіңіз алдаусыратасыз. Бірақ сізді қоршаған айнала айылын жимай бейбіт те салқамсері булаңытқанымен, жұмыр жер күйіп-жанып тұрар еді... Бұлақ жағасындағы жалғыз қарағай сонадайдан жеке- дара қарауытады. Анау қалың жынысты орманнан оқшау адаса жаратылған осы қарағай Қиялханның қазіргі саяқ өмірін еске салғандай, соны қайталағандай болатын. Өт- кен түндегі түстердің əлегінен əлі де арыла алмай, дел-сал жүргенде таудың кешкі самалы желпіп өткен. Самал желпіп өткен соң, еңсені езген ауыр ой бытыраған, дүниедегі сұ- лулық қайтадан сылаң қағып, қызық-қызық күндерге қол бұлғап шақырған, жүзі томсарыңқы болғанымен, көкірегін əлдебір əннің белгісіз əуені шабақтап, тəтті үміттің əлдебір əдемі əңгімесін сыбыр қып айтқан; бейуақтың жым-жырт момақан пердесі болмыстың мың-миллион кем-кетігін дал- далап, ізгі кешірімділікке толы жеңеше мінезбен жер-анаға айдың суға ғашық екенін өзгеше бір сыпайы мінезбен жет- кізген. Жер-ананың ықыласты ақ батасын алған ару ай өр- кеш-өркеш тау түрмесінен босап шығып, жарқ етіп жаман қылық көрсетпей майда жымиды да, жан-жағына наздана қарады, бой жазып алған соң ғана сай-сайдағы ерке бұлаққа шафқатты нұрын төгіп, айнымастай болып аймаласты. Осы ыстық сүйіс, ғашықтықтың қытықты келтірер ерке ойыны, ілкідегі көмір əлемінің əп-сəтте сүтке айналуы, оқта-текте тірі екенін сездірген түн құсының сұңқылы, айға қарсы кісінеген айғырдың даусы, қойының амандығына мəз қой- шының ит айтақтағаны – бəр-бəрі Қиялханның суыған ойын маздатпаққа əрекеттенді. 284
– Бұл – тұнған поэзия! – деп қана қабылдау лəзім. Шын өмір таң ата басталмақ. Осыншалық кілкіген тыныштықты бұзу үшін бір-ақ адамның ақымақтығы керек. V «Көзі іліне, көз алдындағы қап-қара түнекті қақ тіліп қызылды-жасылды сызықтар пайда болады. Бейне бір най- зағайдың жарқылы секілді. Сонсоң əлде ақ сары ма, əлде құлагер ме, бөлекше бояулы таулар ырғалып əн салады, то- лайым көрініс балбырап, тіпті əлемдегі ең сұмдық іс жаса- ған адамдар қолдарында бір-бір шырағдан, байыппен басып жақсылықтың жырын шырқап салады; сауысқан-қарғалар тамылжыта сайрап, есек тұлпардай тулап көкке шапшиды; ал көк жарықтық қандай мөлдір, сол мөлдір көкте ақ көгер- шіндер ғана самғап ұшады; ақ шағала іспетті сəбилер де кө- гершінге қосылып қалықтайды; өлім дегенді білмейтін ма- мырстан əлем осылайша, тағы да Қиялханды жүр-жүрлеп өзіне шақырады; баяғыдағы қарағай, баяғыдағы əткеншек, баяғыдағы қызыл көйлекті қыз жүрек суырар мұңлы əнімен əлдилейді; Қиялхан жасқаншақтана барып қыздың ақша бе- тіне саусағын тигізіп еді, орнында қап-қара боп дақ қалды; шошына кейін шегінді; қыз бетін басып солқылдап жылады; бірақ мұңлы əн сонда да толастаған жоқ; қарағайға тағы да тіл бітті: «Ей, тірі пенде, түс əлеміне тағы да келдің бе, саған не керек?». – Маған дүниенің кілтін беріңіз? – Егер берсем не істер едің? – Жер бетіндегі өлім атаулыны өлтіріп, тек қана ғұмыр сыйлар едім адамдарға. 285
– Олай болса, жер бетіне адам сыяр ма еді, қазір қырқы- сып жүргенде... – Өлмейтін болса, қырқыса берсін. – Жоқ, ондай бақилық өмір жазмышта жазылмаған... бар дүниенің кілтін еш адамға сеніп беруге болмайды. – Құдай да өледі, періште де қателеседі дейсіз ғой, енде- ше, жер жүзіндегі бірде-бір оқтаулы мылтық атылмай қала- тын сиқырлы күш беріңіз. Адамдар жауыздың жазалауынан емес, өз өлімімен көз жұмсын. – Ондай күш бар, бірақ менің таңғалатыным, біздің пе- йішке келетін адамдардың жалқы-жаманын көрсем, көзім шықсын, бəрінің кепілдемесі біреу: «Жақсы адам еді, мез- гілсіз қайтыс болды, қайтейік, сұм ажал айтып келе ме, ара- мыздан мұны да алды, топырағың торқа болсын», – міне сондықтан да о дүниедегі адамдардың ұрысы да, қарысы да, асылы мен ардақтысы да бірдей, демек, адамның жаманы да, артығы да жоқ; мен саған оқ атылмаудың сиқырын айтайын: ауылыңның өр жағында үлкен қара тас бар, сол қара тасқа жайдың оғы түскен күнді күт. Сол жайдың оғын ерінбей қазып тауып ал да, жаһандағы ең биік таудың басына шыға- рып, кірпік қақпастан ұстап тұр, сонда жұмыр жердегі қару- жарақтың бірде-бірі өлім отын бүрікпейтін болады, амал не, оған шыдай алатын болсаң, сен жалғызсың, жай оғын тауып алсаң да, оны кірпік қақпай ұстап тұруың мүмкін емес... – Неге мүмкін емес, əлемнің əр түкпірінен бір-бір адам- нан келіп кезекке тұрса, осылайша бір тілек үшін жаппай жұмылсақ, адамзатты бүкіл дүниежүзілік қауіптен сақтап қалуға болмас па еді...». – Ақ апа, оятшы мені, оятшы, түу, көзім неге ашылмайды? – Бісміллə-бісміллə, не болды шырағым, есіңді жишы. 286
Ақ тер, қара тер болып арпалысып жатқан Қиялханды жұлқылап жүріп əрең оятып алды. Ояна келген ол үйреншік- ті сөзін сарнап қоя берді: «Екі тонна көмірді жаяу тасысаң – 150 шелек». – Тəңірім-ау, ауылға келем деп ауру жамап алар ма екен- сің. Бастырылыққан жақсы ырым деуші еді, түбі қайырлы болғай. Суық сумен беті-қолыңды жушы. – Бұл ауру ауылға келмей тұрғанда-ақ пайда болған, апа. Бұл аурумен мұқым дүние жүзі ауырады, апа. Айтыңызшы, үлкен қара тас қай жерде, апа? – Тау толған қара тас қой, шырағым, ең жақыны керек болса – анау Жылқыбайдың жұртында жатыр. – Ендеше сол тас керек маған. Бұлаққа қарай балаша жүгіре жөнелді. VI Күн бұлттанса екен деп тіледі. Қас қылғандай аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Үп еткен желсіз, таудың бір жылда бір- ақ рет келер ашық күндері. Əуе бұл жерден əлдеқайда жақын, қол созымда тұрғандай ғана сезіледі. Көк төсіне сұғына кір- ген найзадай шыңдар, сарбаздардай сап түзеген шыршалар, түнеріңкі ұңғы-қойнаулар, мəңгі ұйқыда жататын қарабет жартас өзге өлкеге ұқсамайтын бөлекше бітім сипатта еді. Алқызыл, ақ сары гүлдері өзінен-өзі билеп тұратын алаңқай- лар із тимей тұнып жатса, əлі жан баспаған түкті жерлер, əсі- ресе, мол. Ал жалғызаяқты білте соқпақ ирелең қағып, ыл- дилап өрлеп, таудың жұмбақты қойнына суырып тарта жө- нелетін. Жаңбыр көп жауған соң ба, жер ошақ қазсаң да су шығып, əр ойпаң өзінен-өзі шылқып, жас сəбидің еңбегіндей 287
былқылдап жатушы еді. Көкшіл түтін көкке тік атылған жел- сіз тымық күндері-ақ шайыр мен балдырдың хош иісі мүң- кіп тұратын. Таза да саумал ауамен жеңіл тыныстап, делебең қозып əн салғың келеді, таудың күнгей беті əдетте ормансыз жалаңаш келеді де, тұтаса киізденіп қою шалғын бүркейді. Егер таудың құзар басына шығып етекке қарай домаласаң, артыңда жапырылған шөптің жосылған ізі қалады. Бір қы- зығы, мынау жап-жасыл жазираның трактордың жағар майы төгілген тұстары сап-сары болып шөп шықпай күйіп қалар еді. Осынау жап-жасыл беткей төскиіп барып, сонау көгілдір аспанға жапсарласқанда, ал сол көгілдір аспаннан сібірлеп мұнар жауып, буалдыр шілтері тұтылғанда, ешбір пайғамбар суретшінің құдіретті қаламы сала алмайтын көрініс пайда болатын. Ұлы бір майданның алдындағы алдамшы тыныш- тық секілді момақан күй жайлап жусаған өмір ептеп, ешкім- ге білдірмей ішінен күрсініп те қояр еді... Он күн бойы осы қалпынан танбаған ауа райы тек түс қайта жаңылайын деді. Теріскейден бүлкектеп жел желіп өтті де, құныс шоқының қыр желкесінен терліктей қара бұлт ойнап шыққан. Бірте-бірте ұлғайып, соңынан шуалтқан үйір-үйір бұлтын ерте келеді. Сонсоң, əр тұста адасыңқырап қалған ағайындарын тобына қосып, үлкен қол құрап қоғам- дасты. Қару-жарағын сайлағаны болу керек, тым алыстан күн күркіреген. Неше күннен бері жон арқасы құрыстанып, ұрынарға қара таба алмай жүрген Қиялханның жерден іздегені көктен табылды. Миллиард құмырсқалар талаған миы аспан төсіне бұлт іліне дауаланған. Өзінен-өзі сыздап, шатынап ауыртқан көз етінің қызуы қайтып, солқылдаған шықшыт балғасын ұрмады; қанағатсыз түйсіктің шоғын үрлеген көңіл көрігін 288
баспады; иығынан он батпан ой жүгін сілкіп тастап, жас ботадай ойнақтап саяқ тартты. Көкірегін ашып, желге қар- сы ұзақ жүгірді. Бұл – қазымыр ойдан қашқаны. Бірақ күн шығып тұрғанда өз көлеңкесінен өзі безген оспадарлықтан айырмасы жоқ еді бұл қылығының. «Данконың жүрегіндегі алау найзағай алдында пайда бо- латын көкшіл ұшқындардан тұтанған деуші еді ғой, қайда сол құдіретті ұшқындар. Қайда сол көкірегін қарс айырып, жүрегін жұлып алып қараңғыда қарманған халықты жарық- қа бастаған Данколар. Мүмкін, көкшіл ұшқын енді жүз жыл- да да, мың жылда да көзге көрінбейтін шығар, əлде сол құді- ретті ұшқындарды көретін Данко жоқ па біздің арамызда?». Қара түнек аспан, теріскейден соққан алай-түлей жел əл- гінде ғана айнаға қарап, шашын тарап сыланған табиғатты астан-кестен етті. Жер мен көк тұтасып көкжиекті жұтып қойған. Алып қарағайлар, салба самырсындар басы ұлар- шу, ілгері-кейін теңселіп суылдап желігеді. Бұл маңда бір- де-бір құс қалмаған, əлдеқайда... алысқа ықтатып алып кет- кендей. Аңқылдап соққан жел Қиялханды да дедек қақты- рып, үйіріп ойнайды. Енді бір сəтте долы жел ішін тартты да, бар дүние тына қалды. Сонсоң бетті шарпыр ып-ыстық желемік əлдекім бүркіп жібергендей зу етіп өте шығып еді, жолындағы ағаш біткен жусап қалды. Балталап шапқандай морт-морт сынған қарағайлар ыстық желдің күре жолы бо- лып жайрап жатыр. Табиғаттың осыншалық тылсым күші- не қайран қалған Қиялхан Жылқыбайдың жұртындағы қара тасты іздеуге кірісті. Таудың арғы жағында дабылын қағып, далбасалап жүр- ген найзағай қыр көрсете бері жақындап келеді. Жақындаған сайын, күркірі күшейіп, от қамшысын оңды-солды осқыла- 289
ды. Қиялханның жүрегі жиі-жиі соқты: «Қалай болғанда да көкшіл ұшқындарды көруім керек». Күн тас төбеден күркірей бастады. Жан шошырлық ала- пат қуатпен ақырғанда, қан тамырындай от сызықтар пай- да болады. Шашы жалбырап, делдиіп аспанға қарап тұрған жігіттің делебесі қозып кетті білем, алақанын жайып көкке шапшиды. Ал, найзағай болса екі санын сабалап, қарқ-қарқ күліп мазақтайды. «Қайдасың көкшіл ұшқындар?! Жердемісің, көктемі- сің...». Табиғат аяқ-астынан осылайша толғатты. Толғағы қатты болды. Енді от қамшының соққысына шыдай алмай, ағыл- тегіл жылауы ғана қалды. Ағыл-тегіл жыласа, жаны тазара- ды. Жаны тазарса, қабағы ашылып, зобалаң тиіп жүдеген əлемді шуаққа бөлейді. Жүдеп-жадаған əлем дастарқанын қайта жайып, маңдайы жіпсіп шайын ішеді. Өзен-бұлақтар той жасайды. Моншаға түсіп шыққан орман бұрқырап бу- санады. «Қайдасың көкшіл ұшқындар?! Жердемісің, көктемі- сің...». Аспаннан шабарман тамшылар суыт түсе бастағанда, Қиялханның су қараңғыға айнала бастаған көзінің алды дəл түсіндегідей жап-жарық болып кетті де, көкшіл ұшқындар- ға толды. Алқара əуеден қылаулап түскен ұшқынды ұстап алмаққа тұра жүгірді, бірақ қолына енді ұстай берсе, ғайып болады. Бұдан соң екіншісіне ұмтылады, ол да бұл жете бере жоғалады, осылайша алдамшы ұшқынның арасында арпалысқан Қиялхан əбден демі құрып шаршады. Шаршап барып дəу қара тасқа отыра кетті. Сонда ғана өзі іздеген Жылқыбайдың жұртындағы тас осы екені ойына оралды. 290
«Қазір осы тасқа жай түссе қайтемін? Мейлі, түссе түсе берсін. Жасынмен бірге қара жерге қағылармын; сонсоң енді мың жылдан соң жайдың оғын алып жер бетіне қайта шы- ғармын... Соғыста шейіт болғандар мен жай түсіп өлгендер жұмаққа барады дейтін сөз бар. Қазір жасын жайратса со- ғыста қаза тапқан əкемді тауып алармын. Қараңызшы, хала- йық? Майдан басталған жоқ па? Əне, мылтық атылды, əне бомба жарылды... тра-та-та... тра-тра-тата... ура!». Бұл шақта əр қарағай найзағай қайсымыздың қабырға- мызды қақыратар екен деп, тағдырына табынып тұрған. Аспан ойылып жерге түскендей аса қатты үн шыққанда, Қиялхан екі көзін тарс жұмып, екі құлағын басты да, өлуге ыңғайланды. Ол төбемнен бомба жарылды деп ойлаған. Бі- рақ найзағай бұл тұстан алысқа түскенге ұқсайды. Басына топырлап жауған оқ емес, бармақтай-бармақтай бұршақтар- тын. Бəрібір орнынан тұрған жоқ, өлі мен тірінің екі арасын- да ілініп-салынып делқұл отыр. Бұршақ төпелеп көп жауды, ұзақ жауды. Сүт пісірім уақыттан кейін пышақ кескендей ты- йылды да, қаспақ-қаспақ бұлттар быт-шыт айырылып, бей- берекет тыраңдай қашты. Жер бетіне моншақ шашып тас- тағандай – аппақ, беткейдің алты айрығынан тер сорғалап, бұршақ теңдеген бұлақтар етекке шауып барады. Күн қуа- на күліп жіберіп еді, көктің жиек-жиегіне іркіліп қалған ақ мақта бұлттар бағанағы əумесер қылығына ұялғандай қыза- раң қақты. Ал орман-тоғай, бұта-қараған, шөп-шалам болса сілікпесі шығып, əлі де есін жия алмай есеңгірейді. Шіри бастаған жерағаштың қуысынан баршатышқан мен тиін сы- ғалайды. Қына басқан жартасты паналаған қарақұс есіней- кісінеді. Шəуілдеп ит үрді. Тіршілік басталды! Қиялхан орнынан тұрып, өзін «құдай» алмағанына əрі қуанды, əрі 291
өкінді. Қара тасқа жай түспеді. Судан шыққан тышқандай сүмірейіп қыбыр-жыбырға қайта көшкен баяғы ауылға ілби аяңдады. Бұлақтың жағасында жеңгесі кір жуып отыр... ал жалғыз қарағай бықсып жанып жатыр! Жалғыз қарағай бықсып жанып жатыр! Ұзына бойы қақ айырылып ырсия ашылып қалған, маңайы толған сынған, өртенген бұтақ. – Қайным, қайда жүрсің? Ақ апаң іздеп келді біздің үйге. «Ақ апанікіне сіздер іздеп баруларыңыз керек емес пе?» – деп айта жаздап қалды да, тіліне тиек сала қойды. Үндеме- ген қалпы жай түсіп өртенген қарағайға қарап қалды. – Отындыққа жақсы болды, – деді жеңгесі қолындағы кір- ді тасқа ұрғылаған қалпында. – Бір бұтақ сындырсаң, штраф салушы еді, Алла тағаланың өзі жығып берді, штрафын енді сол құдайға салсын. Қиялхан бұл жолы да сөзге араласпады. Томсарған күйі өрт шалған қарағайға жақындады. «Мүмкін, жай оғын осы қарағайдың түбінен қазып алу керек шығар» деген үміт кө- ңілде көктей бастап еді. Үйге қайтып келгенде де, осы ойдан арыла алған жоқ. Ақ апаның айналып-толғанғаны, жаңбырдан соңғы шұғы- лаға шомылып албыраған əдемі кеш, қайта туған əсем өңір еліктірмеді. Оның миында найзағай ойнап, санасында сан- сыз көкшіл ұшқындар ұшып жүр. Өңі ме, түсі ме, қай дү- ниеде жүр – ол жағы тұманды. Көз көріп, құлақ естімейтін меңіреу аралға апарып тастағандай жалғызсырайды. Көңілі- нен ел көшіп кеткен бос, иен үйдей жел кеулеп уілдейді. Ол өзін тіпті басқаша сезінді, басқаша... Бейхабар тіршіліктің бар үзірін азапты ойдың құрбандығына шалды да, біте қай- нап, бірге өскен шексіз де шетсіз қиялдың соңынан тенті- 292
реп кетті. Жанарын жаулаған көкшіл ұшқындар сол найза- ғай ойнаған күні мұның жүрегіне дарымаған. Дарымағаны, бұдан Данконың өр серпіген өжеттігін, Данконың алаулаған арманы мен өз əрекетіне деген риясыз сенімін таба алмаған. Ал, құдіретті ұшқындар дүниенің машақатынан безген зəу- де біреуге дарымақ емес – ағынға қарсы жүзер, арқар ұран- ды ағайынның ғана несібесі. Қиялханның ендігі үміті ібіліс іспетті, алдарқатып қана қашаңдап, түпсіз тұңғиыққа жүр- жүрлемек. Мұқым дүние жүзі жалғыз адамның қамын ой- ламайтыны рас болса, жалғыз адамның бүкіл дүние жүзін ойлап бас қатыруы қандай шатасқандық. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарар бірлік тек Қиялханның ғана мақсаты емес, ізгі ниеттегі əр адамның ішін өртеген арманына айнал- са... Амал не, көксеген күн туғанша, тұлыпқа мөңіреп қал- маймыз ба?.. Ол өзін бұрынғыдан əлдеқайда бақытты сезінді. Енді не істейтінін, соғысқа қарсы қалай күресетінін біледі. Оның мақсаты айқын. Намақұл болып келген мүмкіндік нақты шындыққа айналды. Шындыққа айналды да, тəуекелшіл қарекетке бастады. Қолына күрек, қайла алады да, жасын түскен жалғыз қарағайдың түбін қазады; түн қазады, күн қа- зады – мəңгі қазады, əйтеуір, жайдың оғын қашан тапқан- ша қазады. Сонда бұған дейін миын қашаған ой қол күшіне ауысады. Егер жайдың оғын тауып алса, əлемнің тағдыры өз құдіретіне көшеді: дүниені құртып та, құтыртып та, құлпыр- тып та жібере алады. Қандай керемет десеңші, – егер жасын- ды қолына ұстап жүрек тамырына жалғаса, мың-миллиард мылтықтың ешқайсысы атылмай, көмекейі кептеліп қалмақ! Иə, сонда еш əйел жесір, бала жетім қалмайтын болады. Өкі- ніш, пəруəйсіз зиятты ғұмыр кешеді. Адамдар арманда өл- 293
мейді, «мен екінші дүниеге аттандым» дейді де, күлімсіреп көзін жұмады. Түс өңімізге, өңіміз түсімізге ұласады. Үлкен ауыл кішкене ауылды, үлкен адам кішкене адамды, үлкен ел кішкене елді жəбірлемейді, шекаралар жойылады, жазық- сыз жандардың су болып аққан қаны тыйылады, соғыс үшін сайланған қару-жарақ та, соғыстан сақтанған қару-жарақ та, цивилизациясы артта қалған жұртты ел қатарына жеткізу- ге қайта қорытылады; Мальта мен Қазақ ООН-ның төрінде отырады, ал Қиялхан Анджелаға наз айтады... Өйткені фило- софтың тілін философ табатыны бесенеден белгілі... VII Міне, ұдайы үш күн болды, Қиялхан жай түскен жалғыз қарағайдың түбін қазып жүр. Үйге бармаған соң, Ақ апа ан- да-санда тамақ əкеліп береді. Ал бүкіл ауыл дүр сілкініп жа- ғасын ұстады. Баяғыдағы киіз үйлі заман болса, мұны жұрт- қа тастап, əлдеқашан қаша көшіп кетер еді. Одырайысып сонадайдан қарасады да, бастарын шайқай таңдайын қаға- ды. Жүрек дауалатып келетін – кемпір ғана. Бүгін Тойғанбай келді. Қиялханның топырақ-топырақ бетіне бажырая қарап көп отырды. Бірдеңе дегісі бар, бірақ сескенеді білем. Тек кетерінде ғана тіл қатты. – Бəрі бекершілік. Соғыс болмауы мүмкін емес. Тіпті, со- ғыссыз бейбітшілік əсте орнаған жоқ. – Ал, мен, – деп айғай салды Қиялхан, – соғысты тек ки- нодан ғана көргім келеді. Ең əуелгі жауым – сенсің. Сенімен майдан ашуым керек. Жоғал осы жерден! Төртінші күні сиыршы ағасы келді. Інісіне тіл қата алмай, қипақтап ұзақ тұрды. Шұңқырға қарғып түсіп көмектесуге батылы жете қоймады. 294
– Бүгін шөпшілерге сойған қойдың бас-сирағын алып едім, жеңгең былқытып асып қойыпты... Соны жеп... деген- дейін... Бесінші күні бригадир келді. Ол атпен келді. Аттан түс- пеген күйі шіреніп тұрды-ай. Сонсоң қамшымен шұңқырды нұсқап: – Əй, жарты ес, анауыңда не бар-ей, жай түскен ағаштың түбін қопарғанша, сүрлем салатын ор қазсаңшы, ақшасы тиімді. Алтыншы күні Қиялханның өзі барды ауылға. Барлығы бала-шағасын үйіне қуып тығып, есік-терезеден сығалас- ты. Қызығы сол, ауылдың бірде-бір заржақ иті үрген жоқ, қыңсылап «жынды» жігіттің аяғына оралды. Əр шаңыраққа сауын айтып, сандалып шықты. Айтатыны мына сөз: «Ей, адамдар! Жалғыз қарағайдың түбіне сіңіп кеткен найзағай тасын тауып алсақ, жаһандағы бірде-бір мылтық атылмай- ды, тіпті бекер-ақ болғай, бір-ақ ниет, пейіл, ықылас деген болмай ма». – Е, мылтық атылса несі бар екен, бізді көздемесе бол- ды, – деп күңкілдеген сөздер əр үйден сыпсыңдай шығып, бүкіл кеңістікке тарайды. Бүкіл кеңістіктегі осы тақылеттес сөздермен ауыз жаласып, ауыр, аса қорқынышты індетке ай- налады да, күнделікті тыныс алар ауаны ластайды. Жарықтық Ақ апа ғана көзінің жасын көл етіп, соғыста өлген жалғыз ұлын жоқтап тұрып, үш күрек топырақ алып тастады. Таң ата көзі ілінген Қиялхан жай түскен күннен бері, тұң- ғыш рет түс көрді. «Қазған жерден жасын емес, қызыл көй- лекті қыз шығады екен дейді. Шығады да, Қиялханның əб- ден шаршаған бетін ақырын сипайды. Сонсоң жез құманға 295
құйылған нұрлы хаяттың суына шомылдырады. Үстіне ақ- парша шапан жауып, аяқ-қолының тырнағын алады. Алдына бетоннан жасалған табаққа салып ас қойды. Дəмін татып еді, астықтың иісінен өзгеше бір түрлі күлімсі химияның түзіл- ген жаңа бір қышқылына ұқсады... – Мен қазір дұға оқимын, сен дауыстап қайталайсың, – деді қызыл көйлекті қыз, сонсоң: – Ей, тəңірім, есімізді ала гөр, есімізді ал да, ел қатарына қоса көр, – деп зарлай жө- нелді. – Жоқ, мен бұл дұғаны айтпаймын, есімнен айырылғым келмейді, – деп қасарысты Қиялхан. – Жазған-ау, сенің есің қазір бар, сондықтан да ессіз ата- нып жүрсің; есіңнен айырылшы, сонда есті атанасың. Қиялхан қызбен бірге «е, тəңірім, есімді ала көр», – деп сарнады-ай... Бетін əлдене жыбырлатқандай болды, көзін ашып еді, көкпеңбек аспанды, көгілдір көйлекті қызды көрді. Көгіл- дір көйлекті қыз мұның бетіндегі жабысқан топырақты жұп- жұмсақ саусақтарымен тазалап, күлімсірей қарап отыр. – Сен кімсің, қалқам? – Гүлгүлмін. – Қайдан келдің? – Мен осы ауылдың қызымын. Қалада оқимын. Жазғы демалысқа келгелі он шақты күн болды. Сіздің жер қазып жүргеніңізді ылғи көріп жүрдім, барайын десем «ол – құты- рық кісі», – деп мамамдар жібермейді. Бүгін олар ұйықтап жатқанда, ерте тұрдым да сізге келдім. Сіз сондай бір тəтті ұйқының құшағында екенсіз. «О, тəңірім есімді ал!» – деп ұйқысырап сөйледіңіз... Аға десе, жүр, бұлаққа барып беті- мізді жуайық. Əне, əне күн шығып келеді! Біз бұлаққа сол 296
күннің сəулесінен бұрын жетелік! – деді де, аң-таң Қиялхан- ның қолынан жетелей жөнелді... *** – Гүлгүл, мен анау төбенің басына шығып отыра берген- де, – деді Қиялхан қыздың шашынан сипап, – ауылға барып айғай сал: – Қиялханның қазып жүргені жасын емес, ат басындай алтын екен деп айт. Иə, ат басындай алтын екен де... *** Қиялхан тоғыз жолдың торабы – төбенің басына шығып ауылға қарағанда, қолдарында бір-бір күрек, сүймені бар бригадир мен Тойғанбайдың жалғыз қарағайдың түбіндегі қазылған орға қарай безектеп бара жатқанын көрді. Ал же- ңешесі бұлақ басында қаперсіз кір жуып отыр... ал ағасы ты- рақы шолақ торысына мініп сиыр қайырып жүр... Қиялхан айтты: «Қайран жұртым, жынданған екенсің- дер...». *** Қиялхан бұл күні күнделігіне мынандай сөз жазды: «Екінші дүниежүзілік соғыста 20 миллион совет халқы қырылған екен, менің əкем де осы есептің ішінде шығар. Ал соғыстың зардабынан өлген шешемді қай тізімге кіргіземін, беу, адамдар!». 297
АРДАҚ Шарықтыбұлақтың Марқакөлге құяр айлағында сыңа- рын атып тастаған сарала қаздай болып жалғыз ғана қара- ша үй отыр. Үй жалғыз болса да, өріске маңқыстап шыға- тын малдың қарасы мол. Төрт түліктің қай-қайсысынан да құр алақан емес. Бір қызығы, осы түлік бет-бетімен бытырап жайылмай, жұптарын жазбастан үйір қосып өретін. Ертең- ді-кеш таудың сонысына таскенедей жабысып, оттап жүрген қой-ешкінің топ ортасында қарауыл боп танауы саңырайған ақ бас атан тұратын. Кейде осы үркердей үйірілген үйірге Қожа шалдың мініп кеп тұсап жіберген торы шолағы қосы- лар еді. Қапталына көбік қатып, үнемі қаспақтанып жүретін торы шолақта таң атқанша тойым болмайды. Тарбағатай тауының қойнауында елден ерек отау тігіп, жалғыз-жарым қазақтың қоныс тебуі бұл өңірге таңсық емес, күні ертең өз бастарына келетін туасы қылықтар. Туырлық- тай жерге таласып, туысынан ат құйрығын кесіскендер тек ағайынның ғана жан жарасы ма, иісі қалың жұрттың басын оңдырмай торлаған айықпас бұлты ғой. Қожа шал құйрық- жалсыз емес еді. Есіркеген кіндігінен жалғыз өзі болғаны- мен, үш-төрт ата аралаған ағайыны бар-ды. Жиырма беске толғанда Есіркеген қайтыс болды да, жамағайындары Ша- лабай мен Далабай: «Есіркеген – саған əке болса, бізге аға» деп, еншіні қылдай ғып бөлісіп алған да, сырғақсып кеткен еді. Қожа жалғыз шешесімен жұрағаттан айрылып жұтаған- дай боп, ескі жұрттарында отырып қалған-ды. 298
Ол əкесіне тартып пысық, біртоға болып өсті де, əкеден қалған шағын шаруаны дөңгелете айналдырып, шалқытып əкеткен. Кешегі мұрнының қаспағын жия алмай жүрген жа- ман Қожаның өз ақылымен іштеніп, төрт құбыласын сай етіп алғаны жамағайындарының көңіліне қызғаныш құртын түсіріп, көре алмас күңкіл-күңкіл сөз тудырды. Інісі арғы ауылдан біреудің бүлдіршіндей жас қызын алып, ұлы жіңгір той жасап жатқанда: «Өзі болған қыз төркінін танымас» деп, бізбен ақылдаспай қатын алып отыр ғой. Бармаймыз!» – деп, үш рет ат сабылтып кісі жібергенде, аяқтарының басын қай- қайтып жатып алған. Жайымен жатса тағы бір сəрі: «Қожа тоқты сойып, Есіркегеннің сүйегіне таңба етті», десіп, ғайбат- тасыпты. Шалабай мен Далабайдың жат бауыр, қайырымы жоқ қатыгез болып өсуі Қожаның шешесі Қадишаның көңі- ліне сынық түсіріп, ақ сүтін тел еміп өспесе де, қайындары- ның айында-жылында: «Жеңеше, аман отырмысың?» – деп сəлем бермеуі арқасын аяздай қаритын. «Шалдан қалған дү- ние тең бөлінген жоқ, кемпір өз ұлы болған соң, Қожаға екі тұсақты бізден жасырып берді, қазір бес қойы артық болып отырса, ол – сол тұсақтан өрген тұқым», – деп Шалабай мен Далабай тапа-тал түсте қозылы қойын айдаттырып алған. Есірген қайныларының бұл қылығына Қадиша ашуланған жоқ. «Ауыл-аймақтан ұялмай дəті барып істеген ерліктері ғой», – деп қабақ шытып, күйінген де, іштей тынған. Сосын Қожаға оқыс байлам айтты: – Ағайынмен алысқанша, алысқа кетіп абыройыңды сақ- тағаның жөн, балам. Ырылдаса беруге аналардың жүзі шы- дап, қарабет бола берсін, сенің инабатың бар еді ғой. Ел- жұрттан ұят-ты. Марқұм əкең көксей беретін жері бар еді- ау, анау Шарықтыбұлақтың Марқакөлге құяр сағасында иен 299
жатқан алаңқай бар, ауылдан безіп ауа көшіп кеткендердің алды-арты біз емеспіз, үйді жығып, ертең таң құлан иектене аттанып кетейік сонда. Аш құлақтан – тыныш құлақ. Қожа отауының түтіні ертеңінде кемпір меңзеген жерден шығып жатты. Содан бері аттай зулап ширек ғасыр өткен екен. Осынау уақыт Қожаны ырыс болып қонып, жарылқап тастамағаны- мен, тым жайсыз қоныс емес екен. Бар байлығы – бір шай- лығы. Қадишаны бұл дүниеден өзі көксеген тынышты мүр- десіне арулап аттандырған. Дүниеден кемпір кеткенімен, Ардақ атты қыз келді. Қожа қаншама тықыршып қыңқылда- ғанымен, қатыны Ардақтан соң қайтып бала көтерген жоқ. Қожаның көз алдынан шешесін қалай арулап аттандырға- ны əлі де кетпейді. Бəрі күні кешегі запыран құстырар зарлы оқиға. Ол күн-күн сайын абзал анасының томпайып жатқан қабіріне барып, етпетінен түсіп құшақтап, өксіп-өксіп ұзақ жылағысы келетін. Өксіп-өксіп ұзақ жылағысы келетіні – ет- бауыр шешесін сағынғанда, басына қиын-қыстау кезең ту- ғанда, ақыл сұрап сырласқысы келгені еді. Ежелден сүйекке сіңді бір беткей қыңырлығы бар кем- пір жарық əлеммен қоштасар шала-жансар сəтінде де кө- ңілі босап, көкірегін қарс айырып күрсінген жоқ, сергек, əмірін жүргізіп, самбырлай сөйлеп жатты. Əжім əдіптеген көзі кіртиіп, үзілер үміттің аса бір қорқынышты үнін паш еткенімен, жанар түбінде болымсыз сəуле жылтырап, əлі де сөнбегені несі... Қош деп ұшар тіршілік құсының ең ақырғы сілкінісі тəрізді осынау жанарда жасырын жатқан қоламта арасындағы жалғыз шоқтай болар-болмас сəуле кемпірдің, қайтып келмеске кетер кемпірдің ұлы өмірге деген іңкəрлігі- не шырақшы ғана. 300
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384