Ғалым Үсен Жетістіктің 100 сабағы ӨМІРІҢІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛУЫНА КӨМЕКТЕСЕТІН САБАҚТАР galym_askarovich- https://www.instagram.com/galym_askarovich?r=nametag Galym Usen- https://www.facebook.com/galуm.usen Galym Usen- https://vk.com/id262928841 Өміріңіздің жарқын болуына осы жазылған 100 сабақ, белгілі бір өз үлесін қосады деген сенімдемін. Əрбір жазылған 100 сабақ 100 түрлі тақырыпта жазылғандықтан ойыңызға берік қабылдауыңызды өтінемін. Əрбір жазылған тақырып адамның үлкен жетістіктерге жетуіне керекті дүниелер. Кез-келген үлкен жетістікке жеткен тұлғалардың қай қайсысын қарасаңызда, осы жазылған тақырыптардағы қасиеттер бойынан табылады. Алла қаласа осы 100 сабақтағы 100 қасиет сіздің бойыңыздан табылса, сөзсіз сіз үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндігіңіз зор болмақ. Іске сəт! Алғы сөз Құрметті оқырман! 20. 02. 2019
Қолдарыңызға алып отқан бұл кітап, үлкен толғаныстан жазылған кітап болды. Бұл кітапта адамның жетістікке жетуіне керекті деген «100 сабақты» теріп жаздым. Əрбір жазылған сабақтың өзіндік бір адамға беретін пайдасы бар. Адам жетістікке жетуді қаласа, онда сол жетістікке жету жолына керекті дүниелерді бойына сіңіріп алу қажет. Ал ол дүниелер үлкен еңбек пен шыдамдылықты қажет етеді, сол себептікөп адамның уысына түсе бермейді. Бірақ, еңбектеніп талпынған адамның қолына түсетіні айдан анық. Осы мақсатта адамға керекті деген сабақтардың 100 түрін кітабыма жаздым. Батыстың көптеген бизнес, мотивациялық кітаптарын оқып шықтым. Көптеген аудио-кітаптарын тыңдап, видео сабақтарын көріп шықтым. Батыстың бизнес-тренерлерінің, мотиваторларының көпшілігінің айтатын сөздері бір-біріне ұқсас көрінді. Көпшілігінің айтатыны: жетістікке жетуге талпынған адам алдымен ойын өзгертуі қажет; алдына мақсат қоюы керек; өз бойындағы кемшіліктерінен айығу қажет. Батыстың бизнес тренерлері, мотиваторларының кітабын оқып қана қоймай, кітаптарын зерттедім де. Кітаптары жақсы жазылған. Бірақ əрқайсысының 2-3 немесе оданда көп кітаптары бар. Əр кітабы əр салаға байланысты жазылған. Біреуінде жалқаулықтан айығу жолдары жазылса, енді біреуінде ойды басқару жайында, енді біреуінде ораторлық қабілеттің дамуына байланысты жазылған. Мен осы кітабымда адамның жетістікке жетуіне тұлғалық жағынан дамуына көмектесетін ең басты сабақтарын жаздым. Осы уақытқа дейін таңдаулы деген 50-ден аса кітап оқып, таңдаулы деген 100-ден аса кітаптарды зерттедім. 1000-нан астам бизнес, мотивациялық, рухани жаңғыруға байланысты видео-сабақтар қарап шықтым. 100-ге жуық аудио-сабақтарды тыңдадым. Жинаған білімімнің 80 пайызын батыстың танымал авторларының еңбектерінен алдым. Барлығы да адамға пайда беретін дүниелер болғандықтан, ойыма берік ұстадым. Осы адамға ең керекті деген дүниелердің санын санап шығу ойымда болды. Ақыры батыстың танымал бизнес-мотиваторларының жəне əлемге танымал тұлғалардың ең адамға қажетті деген 100 сабағын, осы кітабыма жазуға бел будым. Бəлкім 100-ден көп шығар. Бірақ ең таңдаулы деген 100 сабағын осы кітабыма түсіруге тырыстым. Осы
жазылған 100 қасиет адамның бойынан табылса, ол адамның жетістікке жетпеуі мүмкін емес. «Жетістіктің 100 сабағы» - менің тұңғыш кітабым болғандықтан, бар күшімді салып жазуға тырыстым. Мүмкін ішінде қателіктерде бар шығар. Бірақ адамға беретін пайдасы мол деп ойлаймын. Бұл кітабымды 20 жасымда жаздым. Мен үшін 20 жаста кітап жазып шығу үлкен жетістік болып көрінді. Себебі қандай кітап болса да, ол кітап жазылуына белгілі бір білім қажет болатыны анық. Мүмкін осы оқыған кітаптардың, тыңдаған аудио запистердің, көрген видеолардың жəне айналама рухани жағынан жəне материалдық жағынан көпшілік адамға көмектесемін деген, арманымның арқасында осы кітабым, жазылып шыққан шығар деп ойлаймын. Осы жазған кітабымды оқырмандарым оқып, өзінің өміріне пайдасын тигізсе, мен қуаныштымын. Менің бұл кітапты жазудағы басты мақсатым - адамдардың өмірге деген көз-қарасын дұрыс жағына қарай өзгерту. Менің осы кітабымды оқырмандарым оқып, жарқын өмірге өзгеретін болса, менің 100 арманымның бірі орындалған болады. Сəхл бин Са`д арқылы жеткен риуаятта Алла елшісінің (с. ғ. с) «Аллаға ант етейін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беруіңнен де артық», - деп айтқаны жеткізіледі (Бұхари, Муслим). 1-Сабақ Армандай білейік, арманымызды мақсатқа айналдырайық! Адам баласына өз мақсатына жету үшін үлкен арман керек. Біз армандай аламыз ба?! Біз өз болашағымызға сенеміз бе?! Армандай білу, ол - өте керемет сезім. «Армансыз адам - қанатсыз құспен тең» деп, дана халқымыз айтып кеткендей армандай білейік. Əрине, құр армандап отыра бергеннен ештеңе шықпайды. «Алма піс, аузыма түстің» ісі болады ол кезде. Арманды қиялға емес, мақсатқа айналдыруға тиіспіз. Енді сіз былай істейсіз, қолыңызға бір дəптер алып немесе Word-қа мақсаттарыңызды жазасыз. Мейлінше көп жазуға тырысыңыз. Кішігірім істерді, үлкен көп
уақытты талап ететін мақсаттарыңызды да жазаңыз. Кемінде 70 мақсатыңызды жазып қойыңыз жəне оны күніне кемінде бір-екі рет оқып тұрсаңыз, бұл сізге зор мотивация береді. Мақсаттарыңызды жаза беріңіз. Мысалы, спортқа байланысты: жүгіру, жүзу, жаттығу залына бару секілді жаттығулар сізге мақсатарыңызға жетуде таптырмас күш сыйлайды. Білімге байланысты: өзіңіздің санаңызды дамытуға арналған кітаптарды оқу, видеоларды көру, діни біліміңізді дамыту, адамдармен қарым- қатынасыңызды дұрыстау. Өзіңіздің теріс қылықтарыңыз: ішімдіктерден, темекі ойын-ханалар, түнгі клуб, интернетті бей- берекетсіз пайдалану, артық ұйқы секілді кеселдерден айырылу жолдарын жəне де өзіңізге не алғыңыз келеді сол заттардың тізімін жазыңыз жəне соны белгілі бір уақытта аламын деп соған əрекет қылыңыз, бұл - сізге өз нəтижесін толық береді. Енді сіз толықтай мақсаттарыңызды жазып болғаннан кейін, бұл сіздің арман емес мақсатыңызға айналады. Ендігі кезек мақсаттарды жазып болғаннан кейін, олардың жанына орындалатын уақытын жазыңыз жəне күн сайын мақсаттарыңызды жиі оқып тұрыңыз, бұл - сізге талмас қанат сыйлайды. ҮЛКЕН АДАМ БОЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА ©Мұхтар Шаханов 2- Сабақ Еңбекқорлығыңызды дамытыңыз Мақсатты тек жазып қойып, оны күнделікті екі-үш рет оқып қана қойып,мақсатқа талпынбау сізді табысқа жеткізбейді, мұны айтпасақ та түсінікті. Енді біз не істейміз, əрине бірінші өзіміздің еңбекқорлық қабілетімізді дамыту жолдарына көшеміз. Оның бірінші қадамының бірі - ерте жатып ерте тұруды əдетке айналдыру болып табылады.
Таңертеңгі сағат бес-алтыда тұратын болсаңыз, бойыңызда жалқаулықтың элементтері азая бастайды. «Ерте тұратын жалқау адам жоқ»дегендей, таңертең ерте тұруыңызды əдетке айналдырыңыз. Енді сізге мынадай ой келуі мүмкін:«таңертемен ерте тұрғанда неістеймін?», «не бітіремін?» негізінде таңертең ерте тұрған ол өте жақсы əдеттің бірі. «Ерте тұрған еркектің - ырысы артық, ерте тұрған əйелдің - бір ісі артық»-дейді, халық даналығы. Енді, сіз ерте тұрдыңыз не істейсіз? Əрине, əлемнің жаратушысы, құдіретті Алладан шүкіршілік етіп, алға қойған мақсаттарыңызға жетуге жəрдем сұрайсыз. Еңбекқорлық деген - адамның бір іске жан тəнімен кірісіп жасауы. Еңбекқорлықты арттырудың бірден-бір жолы - өзің жасап жатқан іске махаббатыңды ашу. Махаббатыңыз ашылған нəрсеге еңбекқорлықтың өзі-ақ пайда болады. Махаббатты қалай ашамыз деген сұрақ келуі де мүмкін. Атқарып жатқан істеріңе махаббатты «мен осы істі қарқынды жасап жатырмын», «ертең осы іс маған үлкен рахат əкеледі», «осы істерді жасау арқылы мен мақсатыма күн санап жақындап барамын», «осы істерді атқару арқылы мен отбасыма, айналама, еліме көмектесемін» деген секілді түсініктерді ойыңызға енгізіңіз. Бұл түсініктер сіздің атқарып жатқан жұмысыңызға махабаттыңызды арттырады. Таза, адал дүние еңбекпен табылады. Сауда жəне сапарға шығу қадірлі іс, құрметке лайықты, ел аралық, достықтың негіз.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) 3- Сабақ Спортпен шұғылданыңыз жəне біліміңізді əрдайым арттырыңыз. Спорт адам денсаулығының кепілдігі болып табылады. Күніне кемінде 40 минут, 1 сағаттай спортпен айналыссаңыз, денсаулығыңыз жақсы болмақ. Таңғы жеңіл спорттың маңыздылығы өте жоғары. Жүгіру немесе жеңіл гимнастикалық жаттығулар, сізге күні бойы көңілді болып жүруге жағдай жасайды. Таңғы жаттығуыңызды аяқтаған соң, білім жинауға кірісіңіз. Таңғы уақытта оқыған анықтамаларыңыз ойға қонымды болады жəне де таңғы уақытта өнімді жұмыс атқарасыз. Əрине, қойған мақсаттарыңызға жетуде сізге біліміңіз керек болады. Біліміңізді арттыру үшін мысалы, əлемге танымал тұлғалардың өмірбаяны, өмірлік стратегиясы жайлы немесе əлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқысаңыз, сіздің санаңызда өзгерістер бола бастайды. Мұғалім, дəрігер болыңыз немесе жеке кəсіпкерсіз бе, тіпті үй шаруасындағы адам болыңыз, қандай салада болсаңыз да сізге өзіңіздің іскерлігіңізде табысқа жету үшін, жалпы білім керек болады. Білім жинағанда замануи білімдерді алуға басымдық беріңіз. Олар маркетингтік білімдер, IT саласы бойынша т.б. Бұл білімдер сізге үлкен мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда білім жинау бұрынғыдай қиынға соқпайды. Интернет пен технология дамыған дəуірде өзіңізге керекті білімдерді ақпараттық-танымдық сайттар мен онлайн білім беру порталдарынан оқумен қатар, түрлі бейнежазбалар қарап, аудиожазбалар тыңдап, кітапханада қолыңыз жетпей жүрген кітапты электронды нұсқасын жүктеп оқу арқылы меңгеріп алу мүмкіншілігі туды. Таза пайдалы инвестиция ол сіздің біліміңізге салған инвеститицияңыз болып табылады. Себебі, сіз мысалы киім алдыңыз, ол белгілі уақытта ескіріп жаңасын алуға тура келеді немесе сіз бір көлік алдыңыз, ол белгілі уақыттан кейін ескіріп жаңасын аласыз немесе сіз тамақтануға инвестиция құйдыңыз, бұл да сізге уақытша болады.
Ал білімге құйған, өзіңізді дамытуға құйған инвестицияңыз - мəңгілік болады. Сіз еш уақытта жинаған біліміңізге өкінбейтін боласыз, қандай білім игерсеңіз де ол сізге кез-келген уақытта қызмет ететін болады. Мысалы білім түрлерін игергенде бизнес жайлы, мотивациялық, психологиялық, əлемге танымал тұлғалардың өмірбаянын, салауатты өмір салтына қатысты, мақсатты қалай жүйелеу керек секілді немесе əлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқыңыз бұл сізге қойған мақсаттарыңызға жетуге таптырмас күш болады. Қандай талап қылсаң, соның жемісін жейсің. ©Аристотель Білімді мен білімсіздің арасы - өлі мен тірінің арасы секілді. © Аристотель. Ақыл тек білімде ғана емес, сол білімді іске пайдалана білуде.
©Аристотель. 4- Сабақ Дұрыс тамақтана біліңіз Енді сіз таңғы жаттығуыңызды жасап білім ғылымға уақыт бөлгеннен кейін, тамақтану жүйесін реттеуіңіз керексіз.«Ас- адамның арқауы» дегендей тамақтану мəзірін реттеңіз. Ол үшін, ең алдымен уақытылы тамақтану жəне зиянды тағамдардан бас тарту қажет. Олар - майлы тағамдар, тəтті қанты көп тағамдар, газдалған сусындар секілді денсаулығыңызға зиян тигізетін тағамдардан бас тарту керексіз. Күніге азанғы уақытта шикі жылы суды аш қарынға ішуді əдетке айналдырыңыз. Бұл сіздің денеңіздегі зиянды қалдықтардан тазалаудың керемет жолы болып табылады. ―Мен сiздерге iштей жəне ашық түрде тамақты аз жеудi, аз ұйықтауды, аз сөйлеудi, күнəларыңнан арылуды, əрдайым нəпсiқұмарлықтан қашық жүрудi, қиыншылық пен азапқа шыдауды, надандардан аулақ, ал əдептi жəне оқыған адамдармен дос болуды
өсиет етемiн. Өйткенi нағыз адам – басқаларға пайдасы тиген адам. Сөздiң жақсысы қысқа əрi мəндi болады‖, – дейдi. ©Мəулана Руми 5- сабақ Мақсатты қалай қоямыз Мақсат қою жүйесіне оралайық, мысалы сіз 70-ке жуық мақсаттарыңызды жазып қойдыңыз. Оны күнде оқып мотивация алып тұрсыз. Еңбекқорлықтың бірінші қадамы ерте тұруды да əдетке айналдырдыңыз, адамды табысқа жетуге жетелейтін білім ғылымға да назар аудардыңыз, тамақтану жүйесін де реттедіңіз. Ендігі кезек сізде - күндік жоспарыңыз, бұл жоспардың алатын орны ерекше. Жаңағы алдыңызға қойған 70 мақсатыңыздың орындалуы, осы жоспарды дұрыс жасауыңызға тікелей қатысты болып табылады. Жоспардың көптеген түрлері бар, бірақ бірегейі ол осы күндік жоспарды реттеу, осы сіздің күндік жоспарыңыз апталық жоспарға, апталық жоспарыңызайлық жоспарға, айлық жоспарыңыз жылдық жоспарға айналады. Бұл реттің бəрі бір-бірімен тығыз байланысты. Сізге ендігі кезек блокнот арнауға тура келеді. Сіз бұл блокнотқа күнделікті орындайтын жұмыстарыңыздың тізімін жазатын боласыз жəне де күнделікті кешкі жатар уақытта өзіңізге есеп беріп отырасыз. Бұл сіздің күндік жоспарыңыз болып табылады. Енді сіз осы күндік жоспарыңызды апталық жоспарларыңызға байланыстырасыз. Мысалы, сіз бір мотивациялық кітапты оқып бітіргіңіз келді, сіз оны бір күнде емес, үш-төрт күнге немесе аптаға бөлесіз, немесе сіз жүгіруңізді 3км-ден 5км-ге жеткізу үшін апталық жоспар құруға тура келеді. Бұл жоспарыңыз күндік жоспармен тікелей байланыста болады. Осы секілді мақсаттарыңызыды күндік жоспарға бөліп оны апталық немесе айлық немесе жылдық жоспарға айналдырасыз. Бастысы - алған бетіңізден қайтпаңыз! Қытайдың ойшылы Конфуций айтқандай «Сенің қандай жылдамдықпен жүріп келе жатқаның маңызды емес, бастысы -
тоқтамау» деп, адамға мақсатына жетуде ерінбей алға қойған мақсатыңызға жетуге жол сілтеп тұр. Енді сіз мақсат қойғаныңызда оны барынша белгілі бір уақытқа қойғаныңыз жөн. Əйтпесе, бұл мақсаттарыңыз ертеңнен ертеңге немесе аптадан аптаға немесе айдан айларға, сол секілді жылдан жылдарға созылып кетуі мүмкін. Атам қазақ: «еріншектің ертеңі бітпейді» демей ме?! Сол секілді болмас үшін уақытыңызды тиімді пайдаланып, жоспардың орындалу уақытын қоя біліңіз. Мақсатты жүйелеуге оралайық, сіз күнделігіңізге күндік жоспарыңызды жаздыңыз. Мысалы, бір күнге жиырмаға жуық атқаратын істеріңіз: таңғы спортыңыз; тамақтануыңыз; білімге уақыт бөлуіңіз;жұмыста болсаңыз: жұмысыңызға қатысты жоспарларыңыз немесе студент болсаңыз: сабақ тапсырмаларын орындауды немесе бүгін кездесетін кездесулеріңіз; өзіңізді дамытатын кітаптар, видео- роликтер мен спорттық жаттығуларыңыз осы сияқты күнделікті жұмыстарыңызды тізіп жазып, оның əрқайсысына уақытты белгілеңіз. Мысалы: таңғы жаттығуым - 20 мин, кітап оқуыма -2сағат уақыт, өзімді дамытуға - 1сағат, мотивация жинауыма –20 мин деген секілді атқаратын істеріңізді тізіп жазып, ретімен уақытын белгілеңіз бұл сізге уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы атқарған жұмыстарыңызды кешкі жатар уақытта қарап бүгін атқарылған істеріңізді белгілеп, орындай алмаған істеріңіздің не себепті орындалмай қалғанын жазып, өз өзіңізге есеп беріңіз, жəне де ертеңгі уақытқа жоспарыңызды кешкі жатар уақытыңызда жазып қойыңыз. Бұл сізге ертеңгі атқаратын мақсаттарыңызды орындалуына мол мотивация береді. Əрине, сізге талмай еңбектену үшін - денсаулығыңыздың мықты болуы шарт. Ал сіздің денсаулығыңыз бен шабыттанып еңбек атқаруыңызға ұйқыңыздың алатын орны ерекше. Мейлінше ерте жатып, ерте тұруға тырысыңыз. Көпшілік адамдарға 7 сағаттық ұйқы жетеді. Ерте ұйықтасаңыз ұйқыңыздың қануына əсер етеді. Сіз кешкісін ұйқыға сағат 22:00 - 23:00-де жатып, таңертең сағат 05:00 - 06:00-де тұруға əдеттеніңіз. Бұл сізге еңбекқорлықтың нышанын береді.
Азанымен ерте тұрып жаратушы Алладан жəрдем сұрап, спортпен айналысып, білім ғылым жинап өзіңізді дамытуға уақыт бөлсеңіз жаратушы құдіретті Алла тағала сізге қол ұшын береді. Таң намазының басқа намаз уақыттарында оқылатын намаз сауабынан алатын сауабы мол болады. Сол сияқты сізде ерте таңғы уақыттан мақсаттарыңызды орындауға кірісіңіз, бұл сізге үлкен өзгеріс əкеледі, өйткені өзімде осылай жасаймын. Бұрынғы жасамаған кезіммен салыстырғанда қазір бойымда əлдеқандай өзгеріс барын сезінемін. Сол себепті айтып отырмын. Адамның адамдығы мұратына жетуде емес, оған жетер жолда көрінеді. ©Абай Мақсатыңа жетер жолда саған үріп, кедергі келтірген əрбір итке тас ату үшін еңкейе берсең, ешқашан жолыңның соңына жете алмайсың. ©Достоевский 6- Сабақ Өзіңізге декларация қабылдаңыз Мақсатқа жете білуде жақсы көмектесетін тəсіл - декларация қабылдау болып табылады. Бұл жердегі декларацияға келетін болсақ өзіңе серт қабылдау болып табылады. Адам қай уақытта өзіне жауапкершілік алған уақыттан бастап, ол даму жолына жəне жетістік жолына түседі. Бұл менің сөзім емес, бұл ұлы ғұламалардан қалған сөз. Сонымен декларация қою жағына келетін болсақ. Сіз декларацияны жай ғана қабылдап қоймай достарыңызға, туыстарыңызға, айналаңызға жария етіп іске асыруға көшесіз, бұл сізге жауапкершілік əкеледі. Өйткені сіз декларацияны белгіленген уақытта орындай алмай қалсаңыз өзіңізге сөздік құнды белгілейсіз. Сөздік құн дегеніміз-өзіңе қиындық туғызатын істерді жасаймын деп уəде беру. Егерде өз мақсатыңызға жете алмай қалсаңыз, бұл сізге жауапкершілік беріп мақсатты орындауға көмектеседі. Бұл жерде ескеретін бір нəрсе, міндетті түрде əрбір мақсатыңызға декларация қою шарт емес. Тек бұл қолданыстан
өткен тəжербие болғандықтан, кəзіргі таңда қолданылып жатыр. Тек бұның артықшылығы сізге бойыңызға қосалқы күшті беретін болғандықтан, ойға алынған жоспарлардың тезірек орындалуынада өз ықпалын береді. Декларциялар сізге мысал ретінде жазылды Адам қай уақыттан бастап өзіне жауапкершілікті алып өзіне сенсе, ол сол күннен бастап жеңіс жолына түседі. 7- Сабақ Артефакт қойыңыз өзіңізге Егерде бойыңызда мақсаттарыңызға жетуге деген кішігірім қорқыныш болса, онда өзіңізге артефакт қойыңыз. Артефакт - өзіңізді мақтау-
мадақтау, өзіңізді демалдыру. Бұдан сіз жаныңызға рахатқа бөленуді аласыз. Осылай сіз мақсатқа жетуде өзіңізге қорқыныш сезімін алып жəнеде Артефакт рахат сезімін алып мақсатыңызды орындайсыз. Бұл екеуіде сізге мақсатыңызға жетуде үлкен рөл атқарады. Осылай сіз мақсаттарыңызды жүйелеп орындайсыз, əрине біз сізге бүкіл мақсатыңызға декларация қабылдаңыз демейміз, тек өзіңіз орындай алмай қаламын-ау деген қорқыныш сезімі бар мақсатарыңызға қолдансаңыз болады. Бұл мақсатты орындауда жақсы көмекші жолдардың бірі болып табылады. Енді сіз мақсатты орындауды сізге басты қасиетті күш ол- сенім болып табылады. Бастысы– өзіңізге, мақсатыңыздың орындалатынына сеніңіз. Қорықпаңыз. Тек алға қарай ұмтылыңыз. Еңбектеніңіз. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылыңмен білімің екі жақтап» деген Абайатамыздың өлеңін алып қарасақ, еңбек, ақыл жəне өзіңе сену ғана бар мəселенің жауабы дейді. Артефакт қоюдың маңыздылығы не үшін деген сұрақта болуы мүмкін. Артефакт қоюдың маңыздылығы ол- адам көптеген мақсаттар қойғандықтан олардың бəріне біртіндеп қол жеткізеді. Сол бірнеше мақсатына жеткен сон адамның миында шаршау жəне жалығу процесі болады. Мен осы ойлаған мақсатарымды бітіріп жатырмын, бірақ маған рахат сезім бөлінбегендіктен адамның миы шаршайды. Сондықтан белгілі бір мақсатыңызды аяқтағанда өзіңізге рахат силайтын іспен айналысыңыз, ол сіздің миыңызға рахат сезімін беріп келесі мақсаттарыңыздың орындалуына, ерінбей ойлануға жағдай жасайды. Артефакттар сізге мысал ретінде жазылды
8- Сабақ Масқсатқа жету жолында сізге мол күш қайрат, нұрлы ақыл жəне ыстық жүрек қажет болады. Абай атамыз айтқандай «ақыл қайрат жүректі бірдей ұста сонда боласың елден бөлек». Шыныменде мақсатқа жету жолында үшеуінде бірдей ұстауыңыз жөн болып табылады. Күш қайрат-ол адамның белгілі істерге белсене кірісуі. Бойында күш қайраты мол адамдардың жетістікке жетуі мол болады. Осы күш қайраттың арқасында небір үлкен еңбекті талап ететін істерді, ерінбей орындауыңызға осы күш қайрат ауадай қажет десем артық айтпаспын. Бойымызда күш қайратты қалай мол ғыламыз деген сұрақта болуы мүмкін. Адамның бойында мол күш қайрат болу үшін, ең алдымен адамның тəні сау болу қажет. Тəні саудың жаны сау дегендей. Тəн саулығын қамтамасыз ету үшін, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Бойда күш қайраттың мол болуына тəн саулығының маңыздылығы жоғары. Екіншісі адамның рухани жан дүниесі. Рухани дүниесі жаңғырған адамдардың бойында, күш қайратын жігерлендіретін күш болғандықтан ол адамның бойында күш қайратыда мол болмақ.
Нұрлы ақыл-адамның санасындағы үлкен орын алатын нəрсе. Ақылы мол адамның жетістікке жетпеуі мүмкін емес. Ақыл ол-жүре пайда болатын нəрсе болғандықтан, əр адамда əрқалай болады. Бір адамдардың айналасындағы адамдары саналы тұлғалар болғандықтан ол адамныңда ақылды тұлға болып қалыптасуы мүмкін. Кейбір адамдарда бұған керісінше болуыда мүмкін. Ақыл жүре пайда болатындықтан, оны адам санасында қалыптастыру өз қолында. Ақыл адамға, адамдар арқылы, кітап арқылы жəне жаңа ақпараттар арқылы келетіндіктен осы нəрселерден меңгеріп алу əр адамның өзінің қолында. Адамның адамдығы мұратына жетуде емес, оған жетер жолда көрінеді. ©Абай 9- Сабақ Мотивация ала біліңіз Мақсатқа жетуде сізге мотивацияның берер əсері мол болады. Ал біз мотивацияны қайдан аламыз, негізінде мотивация алудың жолдары көп бірақ оның бірегейі армандарыңызды ойлау арқылы, бұлай алынған мотивация ерекше болады. Мысалы сіз ойша ойлаңыз, 10 жылдан кейін қандай жағдайда боламын нестеп жүрмін шетелде демалып теңіз жағасында немесе үлкен керемет сұлу қаларда демалып жүрсізбе отбасыңыз қалай, қандай көлікте жүрсіз, қандай үйде тұрып жатсыз жақындарыңызға қалай көмектесіп жатырсыз, осы секілді өзіңізге ұнайтын өмірді ойлаңыз бұл сізге зор мотивация береді. Мақсатқа жетуге итермейлетін қорқыныш мотивациясында алып көріңіз бұдада сіз 10 жылдан кейін қандай жағдайдасыз, сіз сол қаржылық қыспақтасызба, əліде тиын санап жүрсізбе, əліде жеке көлігіңіз жоқ автобуспен жүрсізбе, жағдайыңыз қиын күндік асыңызыды əрең тауып жүрсіз, үйіңіз жоқ сол жалдамалы пəтерде тұрып жатсызба, балаға шағаңыз алдыңыздан шығып папа-мама маған осындай зат алып беріңізші ана баланың папасы алып беріпті, мағанда алып беріңізші деп тұрғанда сіз алалмай тұрсаңыз, осы сияқты өзіңізге қорқыныш
ұялататын жағдайды ойлап қорқыныш мотивациясын алсаңыз бұл сізге өз ықпалын беретін болады. Сіз осыны санаңызға енгізгенде сіз таңғы тəтті ұйқыдан атып тұратын боласыз, істеу керек істерді атқарып болашағыңызға жоспар құрып оны орындауға көшесіз, өйткені сіз ойша ойладыңыз болашақтағы жағдайыңызды бұл сізге қорқыныш сезімін беріп талмай еңбектенуге ықпал етуге болады. Тағыда мол сізге беретін мотивация ол бүкіл жазған мақсаттарыңзыды өзіңіздің бөлмеңізге баннерге жаздыртып іліп қойыңыз, сіз оны күнде оқып зор мотивация алатын боласыз немесе блокнатыңыздың бір шетіне немесе компьютеріңізге вордқа жазып қойыңыз, бұны міндетті түрде жиіп оқып тұрыңыз, бұл сіздің миыңыздағы миллиардтаған клеткаларыңызға сіңіп алдыға қарай ұмтылатын боласыз, сіз мақсатсыз емес мақсатты адамға айналасыз. Мынаны естен шығармаңыз«мақсат қойсаңыз оған не жетесіз не жетпейсіз»ал мақсат қоймасаңыз оған жету мүмкіншілігі жоқ болып табылады. Сол үшінде мақсатыңыздың жүйелі болуына басар назар аударыңыз. Тіпті жүз талпыныстан кейін де, үмітті үзбеу керек. Себебі жүз біріншісі өміріңді толықтай өзгертуі мүмкін! 10- Сабақ Психологиялық ойлау жүйеңізді ретке келтіріңіз. Егерде сіз əр күн сайын жатар алдын болашаққа ойша саяхат жасап медитация жүргізсеңіз, бұл сіздің ойыңызға өзгеріс əкеледі. Медитация жасауға ыңғайлы уақыт таңғы жəне жатардағы кешкі уақыт ыңғайлы болады. Медитацияны ыңғайлы бір жерде жасаған жөн. Медитация жасағанда тыныш жерге барыңыз жəнеартық еш нəрсе ойламаңыз, болашақта не істеп жүргеніңізді өзіңізге ұнайтын өмірді ойлаңыз. Осылай күнделікті таңғы уақытта немесе кешкі уақытта 10 минут медитация жасап тұрыңыз бұл сізге талмас қанат сыйлайды. Медитацияның тағы бір жақсы түрі күндік медитация жəне апталық медитация. Сіз күндік медитация жасағаныңызда бір күнде атқаратын істеріңізді ойша ойлайсыз: «Мен осы жұмыстықалай істеймін?»
«Көпшілікпенқалай сөйлесемін?»«Жасап жатқан жұмысымның нəтижесі қандай болмақ?»осылай медитация жасаңыз бұл сізге керемет атмосфера қалыптастырады. Апталық медитацияны осылай қолдансаңыз болады. Жалпы мақсатқа жетуде психологиялық ойлау жүйеңіздің алатын орны ерекше. «Сіз қалай ойлайсыз - өміріңіз солай болады». Сол үшінде тек жақсы ойлауға тырысыңыз. Жаман ойлардан, өзіңізге сенімсіздіктен аулақ болыңыз бұндай ойлар сізге кері əсер етеді. Ойлау - ең ауыр жұмыс, бəлкім, сондықтан болар, онымен аздаған адам ғана айналысады. ©Генри Форд Адам өмірінің сапасы 5нəрсемен өлшенеді: 1.Денсаулығымен 2.Білімімен 3.Рухымен 4.Көңіл күйімен 5.Материалдық жағдайымен 11- Сабақ Денсаулық
Денсаулық-сіздің өміріңіздің басты байлығы, оны ешқандай нəрсемен айырбастап ала алмайсыз. Денсаулығыңызды күту үшін ең алдымен зиянды нəрселерден бастартуымыз қажет, олар ішімдіктер, темекі, газдалған сусындар, қантты көп тағамдар, уақытылы ұйықтамау, аз қимылдау, уақытылы тамақтанбау, интернетте бей берекетсіз отыра беру осы сияқты нəрселер денсаулықтың жоғалуына алып барады. Сіз денсаулығыңызды қалай күтесіз?Əрине денсаулық сіздің өмірдегі басты байлығыңыздың бірі болғандықтан оны күтіп ұстаған жөн. Денсаулығыңызды жақсы ыстау үшін əрине ең алдымен салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ол үшін тамақтану жүйесін ретке келтіріңіз, майлы тəтті зиянды тағамдардан бас тартыңыз, жеміс жидектерді жеңіз, ағарғанды жиі ішіңіз қымыз немесе қымыранды аптасына үш-төрт рет ішіп тұрыңыз бұл сіздің денсаулығыңызға өте пайдалы. Уақытылы ұйықтап ұйқы режимін ретке келтіріңіз. Спортпен айналысыңыз ең жақсы спорт ол жеңіл спорттар олар жүгіру, жүзу жəне жеңіл гимнастикалық жаттығулар. Күніге таңғы уақытта 3км ге дейін жүгіріңіз бұл сізге күні бойы керемет атмосфера қалыптастырады. Уақытылы тамақтаныңыз əсіресе таңғы уақыттағы тамақтанудың орны ерекше. Түскі жəне кешкі уақыттада уақытылы тамақтаңыз. Кешкіге аса ауыр тамақтанбаңыз бұл ағзағыңызға зиян жəнеде семіздікке, ұйқының дұрыс қанбауына апарады. Кемінде кешкі астан сон 2 сағат тай жатпаңыз бұл өзіңізге пайдалы болады. Өз денсаулығыңызды 6ай сайын тексертіп тұрыңыз немесе жылына бірет болсада денеңізді түгелдей тексертіңіз бұл көп уақытыңыздыда алмайды ары-кетсе 1 күн уақытыңызбен кішкене қаржыңыз кетер, бірақ сіз басты байлығыңыз денсаулығыңыздың сапасын білетін боласыз. Адам өміріндегі бақыттың 90пайызы денсаулығына байланысты 12- Сабақ Білім Сізді мақсатыңызға жетелейтін басты күштің бірі ол сіздің біліміңіз. Сіз адаспай қойған мақсаттарыңызға тез жете білуде заманауи білімдерді
меңгерсеңіз, жоспарыңыздың оңай орындалуына жағдай жасайды. Заманауи білім дегеніміз олар компьютерді жақсы меңгеру, Интернетті жақсы пайдалану сіз интернеттен керекті бүкіл мағұлматтарыңызыды табаласыз бастысы дұрыс пайдалансаңыз болды. Мысалы сіз кəсіпкерсіз сіздің тауарларыңызды өтуі қиындап жатса оның шешімін табуға болады. Оны осы заманауи білімдерді пайдалану арқылы шешесіз. Затыңызды өткізу үшін сіз интернетті дұрыс пайдалана білсеңіз болды. Сіз тауарыңызыды 1, 2күннің ішінде 100000 адамға дейін немесе оданда көп, 500000 адамға дейін тіпті миллион адамға дейін көрсете аласыз, бұған тым көп ақшада кетпейді, есесіне сіз тауарыңызды жарнамалап аласыз. Осы сияқты кəсіпкерлікке болсын, болмаса басқа салаға болсын, болмаса өзіңіздің дамуыңызға болсын, жалпы білімді жинаңыз бұл сізге мəңгілік қызмет етеді. Таза пайдалы инвестиция ол сіздің біліміңізге салған инвеститицияңыз болып табылады. Себебі сіз, мысалы киім алдыңыз, ол белгілі уақытта ескіріп жаңасын алуға тура келеді немесе сіз бір көлік алдыңыз, ол белгілі уақыттан кейін ескіріп жаңасын аласыз немесе сіз тамақтануға инвестиция құйдыңыз, бұлда сізге уақытша болады. Ал білімге құйған, өзіңізді даму туға құйған, инвестицияңыз ол мəңгілік болады. Сіз еш уақытта жинаған біліміңізге өкінбейтін боласыз, қандай білім игерсеңізде ол сізге кез-келген уақытта қызмет ететін болады. Мысалы білім түрлерін игергенде бизнес жайлы, мотивациялық, психологиялық, əлемге танымал тұлғалардың өмір баяның, салауатты өмір салтына қатысты, мақсатты қалай жүйелеу керек секілді немесе əлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқыңыз бұл сізге қойған мақсаттарыңызға жетуге таптырмас күш болады. Діни біліміңіздіде арттырыңыз, бұл сіздің рухани санаңызға керемет əсер етеді, жан дүниеңіз тазарып, жамандықтан аулақ болып, тек жақсылық ойлайтын қанағатыңыз бар мейірімді жақсы адамға айналасыз. Діни біліміңізді арттырғыңыз келсе онда сіз Құран Кəрім кітапты оқыңыз бұл қасиетті кітапта бүкіл түсінік жазылған. Себебі бұл
кітап адамнан емес Алладан түскен кітап болғандықтан ешқандай кем- кетістік таба алмайсыз. Тағы сізге айтарым Мұхаммед пайғамбарымыз (С. Ғ. С) өмір баянын жəне хадистерін оқып шығыңыз, бұлда адам баласының қателеспей түзу жолмен жүруіне керемет жазылған. Жалпы өзіңіздің біліміңізді артырңыз мысалы Саясатқа қатысты, Экономикаға қатысты немесе əлемдегі өзіңізге ұнайтын мемлекеттердің экономикалық, мəдени жағдайын, географиялық жағдайы секілді ақпараттарды жинаңыз, бұл сізге керемет əсер етеді бастысы жігеріңіз таймасын. Өзіңізді дамытуда əлемге танымал адамдардың өмір баянын оқыңыз, олардың стратегиялық өмір жолын оқыңыз «ұлылар ұлыларға тартады»дегендей сіз кімдерді ардақ тұтып солардың өмірлік стратегиясын оқысаңыз соларға тартыласыз бұл заңдылық. Мысалы Бейл Гейтс, Стив Джобс, Дональд Трамп, осы сияқты əлемге танымал адамдардың еңбектерін жиі оқыңыз, бұл сізге өз пайдасын береді. Қандай білім игерсеңізде мейлі ол саясат, экономика немесе бизнес, мотивациялық болсын сізге тек пайдасын береді. Ұмытпаңыз ең пайдалы инвеститция, ол білімге салынған инвеститция, ол сізге өмір бойы қызмет етеді. Заманауи технологияның дамыған уақытында білім жинау оңайланды. Мысалы сіз бизнеске қатысты біліміңізді арртырғыңыз келсе, видеороликтер немесе аудио кітаптар арқылы керегіңізді таба аласыз. Бұл əрине кітап оқығаннан жеңілдірек болады. Мысалы сіз мотивацияңызды арттырғыңыз келсе, əлемге танымал бизнес тренер, мотиватор Энтони Роббинстің видео роликтерін көрсеңіз болады. Бұл сізге мақсаттыңызға ерінбей еңбектенуге зор шабыт береді. Біздің өзіміздің Қазақстандық бизнес тренерлерімізде бар. Маған қатты ұнаған Ахметбек Нұрсила мен Аманжол Рысмендиев. Бұл кісілірге мыңда бір алғыс. Осы кісілердің видиоларын, кітаптарын оқу арқылы зор біліммен, зор мотивация алдым. Сізге тағыда қайталап айтамын сіз еш уақытта жинаған біліміңізге өкінбейтін боласыз бұл сізге мəңгілік қызмет етеді.
Тіпті қытайдан болса да білім алуға ұмтыл, өйткені білім алуға əрекеттену – əрбір діндардың парызы. Пайғамбарымыз Мұхаммед ( с. ғ. с) 13- Сабақ Рух - адамға талмас қанат бітіреді. Сіздің рухыңыз бұл сіздің бейнеңіз. Рух сізге мақсаттыңызға жетуде басты керекті элементтердің бірі болып табылады. Сіз рухыңызды қалай көтересіз? Рухты адам болып қалай жүре аласыз? Сізде рухыңыз мықты болу үшін арман мақсатыңыз болу керек. Осы мақсаттарыңызыды ойлау арқылы оған жақындау арқылы, сізде рухыңыз көтеріледі. Болашақтан қорықпайсыз. Болашаққа сеніммен қарап рухты адам боласыз. Сіздің рухыңыз биік болуға тиіс себебі біздің ата-бабаларымыз жауынгер мықты халық болған. Сонау сақтар заманынан «Азиялық скифтер» немесе «Құдіретті еркектер» немесе «Жүйрік атты турлар» атанған халықтар біздің ата-бабаларымыз, өз кезегінде сақтар ешкімнен жеңілмеген батыр, рухты халық болған. Одан кейінгі Ғұндар өз заманында азияның қожасына айналды. Шығысында қытайға қысым көрсетіп, оңтүстігінде талай жерге дейін жетті. Қытайлар «Қытай қорғанын» осы біздің бабаларымыз Ғұндардан қорғану үшін салған. Ғұндар тіпті батысқа барды, Аттиланың кезінде Еуропаны шарлаған Ғұндар, Рим империясының құлауына себеб болған ұлы халық, ол біздің бабаларымыз. Одан кейінгі Түрік қағанаты өз кезіндеде азияның қожасына айналған жауынгер халық біздің ата бабаларымыз. Түріктерде Ғұндар секілді өз заманында айтулы ел болды. Одан бері тарқаған түрік халықтары өз жерінде əлі күнге дейін өмір сүруде, небір қиын кездер өтседе рухтары сынбай осы кезге жетті. Біз Қазақ елі, біздің бабаларымыз осындай жауынгер, рухты халықтың ұрпағымыз. Біз өз жерімізде, өз елімізде рухсыз болып жүру ол ұят болады. Я адамның рухы оған талмас қанат бітіреді. Сол үшінде өзіңіздің рухыңызды көтеріп, еңсеңізді биік ұстап өмірге сеніммен қарай біліңіз сонда бəрі жақсы болады.
Біздің əрқайсысымыздың қанымызда рухтың қаны бар. Тек оны оятып іске қосу қажет. Кəзіргі заманда, бұрынғыдай жауға шауып, ел қорғайтын кез емес. Менің бұл жерде, рухтың адамға қажеттілігін айтқым келгені. Əр адамның бойында алапат рухы болса, ол адам көптеген қиындықтардан өтіп кету мүмкіншілігіде зор болмақ. Мысалы сіз кəсіпкер болсаңыз, кəсібіңізде белгілі бір қиындықтар туындаған жағдайда, жарты жолдан талмай алдыға ұмтылу үшін, сіздің рухани жан дүниеңіз мықты болуы шарт. Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы - ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан құлама. ©Эрнест Хемингуэй 14- Сабақ Көңіл-күйіңіз Адам өмірінің төртінші сапасы ол сіздің көңіл күйіңіз. Мақсатқа жетуде сізге эмоцияның беретін əсері өте күшті. Сіз əрдайым көтеріңкі көңілде жүріп, əрбір бастаған ісіңізді жақсы көңіл күймен бастаңыз, ол сізге пайдасын береді. Адамның көңілі көтеріңкңі болса, миыңда домофин деген гормон бөлінеді. Бұл сізге талмай еңбектеніп, алдыға ұмтылуға мол мүмкіндік береді. Денсаулыңыңызғада берер əсері мол. Жүйке ауруларынан сақ болып, адам денесіндегі көптеген ауру түрлерінен сақтайды. Сол үшінде əрдайым көңілді болып жүріңіз бұның сізге берер пайдасы өте көп. Ал егерде сіз үнемі көңілсіз болып, шеге басыңыз тырысып жүретін болса, онда ойлаған мақсатыңызға жете алмайсыз жəне бақытты болса алмамайсыз. Көңіл-күйіңіз үнемі нашар болатын болса, денсаулығыңызға берер зияныда көп. Бастаған ісіңіз көңілсіз басталатын болса оның орындалуы қиын болады. Сіздің көңіл күйіңіз ол сіздің өміріңіз сол үшінде тек көтеріңкі көңіл күйде жүріңіз. Сіз көңіл күйіңізді қалай көтересіз ол үшін алдымен таңғы уақыттан бастаған жөн. Таңғы уақытта дене
жаттығуларын жасап, көтеріңкі əуен тыңдасаңыз бұл сізге күні бойы көтеріңкі көңіл күймен жүруге жағдай жасайды. Көңілді болғыңыз келсе əрдайым өкпелемеуге, кек сақтамауға, ашуланбауға тырысыңыз бұл өзіңіз үшін өте пайдалы. «Егер бақытты өмір сүргің келсе, кешірімді болыңыз. »Сіздің көңіл күйіңіз бұл сіздің өміріңіз. Адам өмірінің сапасы оның көңіл күйімен өлшенеді. Я бұл адам өмірінің сапасын анықтайтын 5- нəрсенің төртіншісі болып табылады. Сол үшінде əрдайым күліп жүріңіз, айналаңызға көтеріңкі күймен, əлемге қуанышпен қараңыз. Егер сенің көңіл-күйің болмаса, өмірдің өткінші екенін ойла. Сол кезде бəрі қалпына келеді. 15- Сабақ Материалдық жағдай Сіздің материалдық жағдайыңыз ол сіздің өміріңіздің басты керекті элементінің бірі. Қазір көп нəрсе ақшаға келіп тіріледі. Күнделікті жейтін асыңыз, жолыңыз, киіміңіз, жүріп тұруыңыз, керек жарағыңыз, бəріде сол материалдық жағдайыңызға байланысты. Сіздің өміріңіздің сапасын анықтайтын 5-нəрсенің біреуі ол осы сіздің материалдық жағдайыңыз. Сіз қаржылық қыспақтасызба одан қалай құтылуға болады?Я бұл кəзіргі қоғамдағы басты проблемалардың бірі болып табылады. Себебі елдегі айлықтың орташа деңгейі 150000тг шамасында, ал бұл көрсеткіш кейбір отбасыларда 50000, 60000тг маңайында ғана. Мысалы əр отбасында 2адамнан жұмыс істегенде орташа үлес 150000тг деп алсақ, бұл ақша үлесі сізді қаржылық қыспақтан, материалдық жағдайыңыздың реттелуіне жеткілікті деп айта алмаймын. Өйткені күнделікті ішер асыңыз, жүрер жолыңыз, керекті заттарыңыз, комуналдық төлеміңіз, бала шағаның балабақшасына, балалардың оқуына немесе студент балаңыз болса, ол ақылы оқуда оқыса осы сияқты барлық адамда кездесетін қаржылық сұраныстан, қаржылық
еркіндікте бола аламызба?Əрине жоқ қысып, үнемдеп, қарызданып, одан қалса несие алып оны төлеумен басымыз қатады. Əрине айлығымыз 500000тг болса онда еркін өмір сүруге болар еді. Шалқып тасып, соңғы үлгідегі киімдерді, телефондарды, немесе шетелде қыдырмасақта еркін өмір сүруге болар еді. Бірақ бізде өкінішке орай ондай айлық алатын кісілер санаулы. Халықтың көпшілігі қаржылық қыспақта. Өйткені жаңағы айтып өткен керекті дүниелерден айлық артылу түгіл, жетпейде қалып жатыр. Материалдық жағдаымыз өзіміздің қолымызда. Ақша өмірдегі басты нəрсе емес, ал ол сізде жетіспесе басты нəрсеге айналуы мүмкін Адам өмірінің сапасын анықтайтыни 5нəрсеге қысқаша шолу
Орташа деңгеймен халықтың керек жарақтарына құртатын қаржылық шығын жəне қаржылық қыспақта болу болмау ол өзіңіздің қолыңызда. 1.Бір айлық азық-түлікке кететін ақша мөлшері-70000тг деп алайық, кейбір отбасыларында 30000тг дейін болады. 2.Жүрер жолымызға кететін қаржы мөлшері-30000тг жетеді бір отбасыға , егер қоғамдық көліктермен жүрсе. 3.Комуналдық төлемдер-Жазғы күндері 15000тг мен 20000тг арасы болса қыста 40000тг асып жығылады. 4.Балалардың Балабақшасына сізде мысалы 3балаңыз болса əрқайсысына орташа есеппен 15000тг ден 45000тг болады.
5.Балаңыз студент болса ол мемлекеттік грантта оқыған күннің өзінде балаңызға айына кемінде 15000тг 20000тг көлемінде көмектесіп тұруға тура келеді. Бұл мемлкеттік грантта оқыған күнде, ал балаңыз ақылы оқуда оқыса ше, онда оқудың жылдық ақысы жылына көп оқу орындарында 400000тг ден , 600000тг арасында кейбір оқу орындарында 1 миллионнанда асып жығылады. Жарайыд біз ең арзан оқу орнын алдық делік жылына 400000тг болатын, оны 12айға бөлсеңіз 33333тг ден келеді екен, оған студенттің өздік қаржылық шығының қоссақ, ол бір 30000тг 35000арасы болады енді есептеп көріңіз студент балаңыз грантта емес қаржылай оқыса айына 65000тг аса қаржы балаңызға кетеді. 6.Егер тұрар баспанаңыз болса онда өте жақсы болар ед, кəзір көпшілік жас отбасылардың баспанасы жоқ. Пəтер жалдап тұруға мəжбүр. Пəтер ол 30000тг ден басталып, қаланың орталығы 70000тг дейін тіпті оданда асып кетеді. Егер сіз пəтер жалдап тұрсаңыз не болмақ, қаржылық қыспақтан қалай құтыласыз мынандай қаржылық сұраныс келіп тұрғанда. Əрине жаңағыдай айлық ап қаржылық қыспақтан құтыла алмайсыз. 7.Той домалағыңыз, туған күн, мейрамдар, қыдыруға, осы сияқты қажеттіліктерңізге орта есеппен айына 30000тг асы қаржыңыз кетіп қалады кейде тіпті 100000тг дейін барады. Міне біз орта есеппен бір отбасының айлық кететін қаржылық шығынын есептен жаздық. Бұл айына орта есеппен 200000тг жуық қаржы кетеді екен. Бұл тек сіздің қажеттіліктеріңізді жамайды. Сіз өмір бойы тек қажеттілігіңізді жамаумен өтпейсізғой. Əрине сізге автокөлік алу керексіз, өзіңіздің жеке үйіңіз болғанында қалайсыз, жақсы киінгіңіз келеді, демалғыңызда келеді. Сізге енді материалдық еркіндікте болу үшін айына 300000тг ден аса немесе кейбір отбасыларға 500000тг ден аса қаржы керек болады. Бұндай қомақты жалақы алатын азаматтар елімізде санаулы ғана. Халықтың көпшілігінің айлығы 150000тг маңайында ғана. Я бүйтіп бүкіл қаржылық қажеттіліктерімізді жазып жылаңқыланып жатқаным
жоқ. Басы істеген адамдар өздерін қаржылық қыспақтан құтқарып жатыр. Олар үкімет маған осыншама айлық неге бермейді деп арызданып жатқан жоқ. Өздері атқаратын жұмысын атқарып, айлығын алып ол жетіспесе қосымша кəсіп көзін дөңгелетіп өздерін қаржылық қыспақтан құтқарды. Я «үкімет маған не береді деп емес, Мен үкіметке не бере алам»деп Франклин Рузвельт айтқандай əр азамат, азаматша осылай ойласа үкіметте, халықта табысқа жетері айдан анық. Сізге біреу бизнеспен айналыспаңыз деп жатқан жоқ, айналысыңыз, кəсіптің көзін табыңыз, өзіңізді қаржылық қиындықтан құтқарыңыз. Өміріңіздің сапасын анықтайтын 5-нəрсені сізге жазып шықтым. Енді сіз осы 5-нəрсені қиялдап, ойша ойлап отырмай, осы адам өмірінің сапасын анықтайтын 5-нəрсені мақсатыңызға ендіріңіз. Жаңағы жазған 70-ден аса мақсатыңыздың ішінде осы керекті 5- қажеттілгіңізді міндетті түрде енгізіңіз. Мақсаттарыңызды жиі-жиі оқып, шабыттанып алға қарай ұмтылыңыз. Егерде сіз барлық күш жігеріңізді, ақыл қайратыңызды осы мақсатыңызға жұмсасаңыз онда міндетті түрде жетесіз, бастысы бастаған ісіңізден қайтпаңыз. Бұл орташа деңгейде жазылған айлық қаржылық мөлшер Жалпы орташа деңгейде есептегенде айына керекті қаржы 230000тг жуық екен. 16- Сабақ Адамның түріде, киіміде, жаныда сұлу болу керек Бізсаналы адам болғандықтан өзіміздің барлық қасиеттерімізді сұлу қылғанымыз жөн болар. Сіз алдыңызға мақсат қойдыңыз, енді сол
мақсатыңызға сəйкес тұлға болыңыз. Антон Чехов айтқандай «Адамың түріде, киіміде, жаныда сұлу болу керек»деп. Біз өзіміздің түрімізді қолдан жасап ала-алмаймыз. Бірақ біз түр- келбетімізді көріктіғып көрсету жолдарын пайдалансақ боладығой. Спортпен айналысыңыз, дене бітіміңізді əдеміғып көрсетіңіз т. б. Мақсатыңызға сəйкес көрікті киім киіп жүріңіз. Дональд Трамп айтқандай «Сіз қандай жұмыс істейсіз оған емес, қандай жұмысты армандайсыз соған сай киініңіз»деп айтқаны бар. Я əрине бұл сізге өз нəтижесін береді. Жаныңызды сұлу ғылыңыз. Жаны сұлу, мейірімді, жомарт адамдар көп емес. Бұл Алладан адамзатқа келген үлкен сыйлардың бірі. Егер сіздің жүрегіңіз тасжүрек, ойыңыз арамы болса, онда оны түзетуге болады. Ол үшін ең алдымен ортаңызды өзгертіңіз. Себебі адамға ортаның берер əсері өте мол. Дана халқым атқандай«Сенің қандай екеніңді білу үшін, сенің жан досыңнын қандай екенің білсем жеткілікті. » Сол үшінде араласатын ортаңызды реттеңіз. Еңбекқор, өмірде алға қойған мақсаты бар, жаманшылықтан аулақ жүретін, жақсы достармен аралысыңыз. Сіз егер кəсіпкер болғыңыз келсе, кəсіпкерлермен аралысуызды жиілетіңіз. Себебі«адамнан адамға сынықтан басқасының бəріде жұғады. »Сол үшінде ортаңызға мəн беріңіз. Мына цитатаны естен шығармаңыз, «бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді. » Сіз қанша еңбекқор, табысты, мейірімді, тəжербиелі болсаңызда, сіздің достарыңыз жалқау, жамандыққа үйір, ішімдікке, зинаға немесе осы сияқты нəрселерге əуес болса, бұл сізге əсер етпей қоймайды. Жаныңыз сұлу болғаның қаласаңыз, кітаптар оқуды əдетке айналдырыңыз. Мысалы діни кітаптар сіздің жаныңызды жомарт қылады. «Жомарттық. Адамдарға қиын шақта қол ұшын беру–үлкен сауап. Хадисте:«Сараңдар жұмаққа кірмейді», - деген. » Əлемге танымал тұлғалардың психологиялық кітаптарын оқыңыз, бұл сізге қатты əсер етуі сөзсіз. Жəнеде сапалы видеолар көруді əдетке айналдырыңыз. Арзан шоу, күлдіргі, пайдасыз видеолардан бас тартыңыз. Оның орнына санаңызыды ретке келтіретін, өмірге мақсатты
жүйелейтін немесе белгілі бір кəсіпке байланысты видеоларды көруді əдетке айналдырыңыз. Бұл сізге өз пайдасын міндетті түрде береді. Адамның түріде, киіміде, жаныда сұлу болу керек. ©Антон Чехов «Мейірімділік, қатыгездік. Адамдардың бойындағы асыл қасиеттердің бірі–мейірімділік. Адамдардың адамдарға мейірімділік жасауы, көмектесуі, жанашыр болуы–ең бастыпарызы. Қатыгездік қатыгездікті туғызады, күнəға батырады, қарғысқа ұшыратады. Адамдар бір-біріне ғана емес, қоршағанортасына, барлық тіршілік иелеріне–жан жануарларға, өсімдіктерге де қатыгездік жасамауға, оған мейіріммен қарауға тиісті. » 17- Сабақ Əр адамның үш мiнезi бар:бiрiншi–оған телiнетiн мiнез, екiншi– оның өзiне телитiн мiнезi, үшiншi–оның жүзiндегi нақты мiнезi. © Виктор Гюго. Мінезіңізді өзгертіңіз Адам баласының мінезін өзгерту оңай шаруа емес. Негізінде адам өз мінезін өзі ғана өзгерте алады. Жер бетінде небір түрлі насихаттаттар, адамды жақсылыққа тартатын, еңбоққырлыққа, білімнің дамуына, салауатты өмір салтын ұстануға осы сияқты жақсы өмірге насихаттап шақырып жатсада, небір қылмыстар, небір жаман іс əрекеттер, болуда. Демек адам баласы өзін-өзі ғана тəрбиелей алады. Əрине қасымыздағы адамдардың бізге əсер етуі сөзсіз. Оны жоғарыда айтып кеттім. Бірақ тұлғаның санасында, өзінін өміріне жауапкершілік болмаса, онда бəріде бекер болғаны. Сол үшінде біз көп нəрсені өзімізге артайық. Мақсатқа жету жетпеу ол сізге тікелей байланысты. Жақсылық көрсем өзімнен Жамандық көрсем өзімнен
Тағдыр қылды дегенді Шығарамын сөзімнен деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтып кеткендей барлық істі өз мойныңызға алыңыз. Мінезді өзгертудің керемет жолы ол мына төрт кезеңге бөлінеді. Осыны орындасаңыз сөзсіз сізде өзгеріс болады. Олар. 1. Өмірге деген ойыңызды өзгертіңіз. 2. Ойыңызды іс əрекетке көшіріңіз 3. Іс əрекетіңізді міндетті түрде əдетке айналдырыңыз 4. Əдетіңіз арқылы сіздің мінез құлқыңыз қалыптасады. Ал мінез құлқыңыз бұл сіздің өміріңіз болып табылады. Міне осындай қарапайым ережені орындасаңыз сізде өзгеріс болатыны айдан анық. Аристотель айтқандай, «кемелдену бұл іс əрекет емес, əдет» деп айтқаны бар. Мінезді қалыптастыратын төрт нəрсеге қысқаша анықтама беріп кетейін құрметті оқырмандарым. 1. Өмірге деген ойыңызды өзгертіңіз, Яя шыныменде ойыңызды өзгертіңіз. Тек жақсы нəрсені ойлаңыз. Болашағыңызға, өзіңізге сеніңіз, айналаңызға қуанышпен қараңыз, мақсатыңызға сеніңіз. Сенім бұл сізді 180-градусқа өзгертеді. Альберт Эйнштейн айтқандай «кез-келген нəрсе 2жерде пайда болады. Алдымен ойда. одан кейін өмірде». Немесе «ойыңды өзгертіп, Өмірінді өзгерт» деген керемет айтылған цитатаны сізге ұсынғым келеді. Я құрметті достар ойыңызды тек жақсы нəрселерге қарай өзгертіңіз. Бұл сізге зор пайдасын береді. 2. Я ойыңызды өзгерттіңіз, тек жақсы ойлайтын, өзіне, мақсатына сенімді тұлға болдыңыз. Ендігі кезек сізге іс-əрекетке көшу керек. Мақсаттарыңызға белсене кірісіңіз, Дана халқым айтқандай «көз қорқақ, қол батыр»деп текке айтылмаса керек. Қандай іс болсада белсене кірісіңіз. Белгілі уақыттарға бөліңіз. Қалай істеуді білмесеңіз маманнан сұраңыз, Əр істің өзінін маманы бар.
Немесе интернет дамыған дəуірде білгіңіз келген ақпараты демде тауып аласыз. Бастысы ойлаған ойларыңызды міндетті түрде іс- əрекетке көшіріңіз. Айтпақшы тек жақсы ойлауға тырысыңыз, əйтпесе жаман ойларда іс-əрекетке көшуі мүмкін. 3. Ендігі кезек сізде, іс-əрекетіңізді əдетке айналдыру керек. Яя міндетті түрде əдетке айналдыру керек. Аристотель айтқандай, «кемелдену бұл іс əрекет емес, əдет»деп айтқаны бар. Осы сөзді естен шығармаңыз. Мысалы сіз ойша өзіңізді жігерлендіретін болсаңыз, күніге бір екі рет əдетке айналдырыңыз. Медитацияны жиі жасаңыз бұл сізге талмас қанат сыйлайды. Я барлық жасап жатқан жақсы іс-əрекетіңізді əдетке айналдырыңыз. Бұл сізге мақсатқа жетуде таптырмас күш болып табылады. 4. Сіз іс-əрекетіңізді əдетке айналдырсаңыз, ал əдетіңізді нық ұстансаңыз, сіздің мінез-құлқыңыз қалыптасады. Ал сіздің мінез- құлқыңыз бұл сіздің өміріңіз болады. Сол үшінде кəзір немен айналысып жүрсіз, не нəрселерді əдетке айналдырдыңыз, соған аса мəн беріңіз. Тек жақсы əрекеттерді əдетке айналдырыңыз. Сонда ғана өміріңіз түбегейлі өзгереді. Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой. ©Фѐ дор Достоевский 18- Сабақ Білім мен тəжербиеңізді үнемі дамытыңыз Мақсатыңызға жету жолында сізге теориялық біліміңізде, тəжербейңізде ауадай қажет. Сол үшінде екеуін үнемі дамытып отырыңыз. Теориялық біліміңізді дамыту үшін-кітаптар, сапалы видеолар, сапалы аудиозапистер сізге көмектеседі. Үнемі өзіңіздің біліміңізді арттырып отырыңыз. Заман дамыған сайын кейбір білім- ғылымдар жарамсыз болып қалуда.
Заманауи біліміңізді міндетті түрде толықтырып отырыңыз. Бұл сізге жұмыс жасайтын болады. Кəзір интернеттен қалаған салаңыз бойынша, біліміңзді арттыра аласыз. Электронды кітаптар, сапалы видеолар, аудиозапистердің көпшілігінинтернеттен тегін-ақ жүктей аласыз. Заман дамыған сайын кейбір ғылымдар жарамсыз болып қалуда. Оның бірден-бір себебі заман даму үстінде, жаңа технологиялар, ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуы т. б арқасында кейбір ғылымдар жарамсыз болып қалуда. 21 ғасыр білім ғасыры жəне интернет ғасыры деп айтсам қате болмас. Кəзір əлемде интернет қолданушылардың саны миллиардтан асып түсті. Оның ішінде əлеуметтік желілердің белсенділігі артуда. Олар Facebook, Instagram, Whatsapp, Telegram, VKontakte т. б орны ерекше. Бұл əлеуметтік желілерді қолданушылардың саны миллиардтан асып түсті. Осындай алып желілер əлемге таралғанының арқасында көптеген нəрселерге мүмкіншілік артты. Тəжербейіңізді үнемі дамытып отырыңыз. Я тəжербиелі маман болу үшін теориялық біліміңіздің жақсы болғаны жөн. Бұл екеуі бірігіп жұмыс істейді. Тəжербиені арттырудың жақсы жолдарынын бірі, тəжербиелі адамдармен байланыста болу«Адамнан адамға сынықтан басқасының бəріде жұғады». Сол үшінде тəжербиелі адамдармен қарым-қатынасыңызды арттырыңыз. «Сұрау бір минуттық ұят, ал білмеу өту, өмір бойы ұят болады. »Сол үшінде үйренуден жалықпаңыз. Тəжербиеңіз сізге əрдайым қызмет ететін болады. Тəжербиеңізді арттырудың тағы бір жолы. Өзіңіз бұрын- сонды атқарып көрмеген істерді атқарып көріңіз. Жаңа істерді атқарған сайын тəжербиелігіңізде артатыны анық. Теория практикасыз-өлі Тəжербие теориясыз-бос əуре. Пессимист болма, Оптимист бол Алға қойған мақсатыңызға жеткіңіз келсе, оптимисттердің қатарынан болыңыз. Пессимист пен Оптимистке қысқаша анықтама беріп кетейін.
19- Сабақ Пессимист Пессимист мінезді адамдар өмірде табысқа жетуі екі талай. Өйткені олар əр істе белгілі бір қиындықты көріп тұрады. «Песимист мінезді адамдар мүмкіндікті көріп тұрып қиындық (проблема) тауып алады. » Оларға барлық іс қиын болып көрінеді. Қорқыныш, өзіне сенімсіздік, тəуекелге бара алмайды жылаңқы болып келеді, тіпті жалқауда болып келеді. Егерде сіздің бойыңызда осындай пессимитік қасиеттеріңіз бар болса, онда бұдан дереу құтылу, айығу жолдарын қарастырыңыз. Есіңізде сақтаңыз пессимист адам табысқа жетуі екі талай. Пессимистік əдет адамға қайдан келеді деген сұрақта болуы мүмкін. Негізінде адам бойында пессимистік əдет, еріншектіктің болуымен жатқызуға болады. Өйткені еріншек адамдар пессимистер секілді əр істе бір қиындық көріп, істі қиындатады. Менің ойымша пессимист мінезді адамдарды, осы еріншек, жалқау адамдармен бір қатарға жатқызамын. Пессимистік дертінен қалай құтылуға болады деген сұрақта болуы мүмкін. Оның бірден-бір жолы өз өміріңе 100 пайыз жауапкершілік алу. Осы жауапкершілік алғаннан бастап сіздің бойыңызда, өз өміріңізге жауапкершілік туындағандықтан, сізде еңбекқорлық, пайдасыз істерден бас тарту, өміріңе мақсат қою, жоспарлар жазу сияқты адамға үлкен пайда беретін нəрселер бойыңызға сіңе бастайды. Өз өміріңізге өзіңіз үлкен жауапкершілікпен қарап, өмірге жеңімпазша қарай біліңіз. Сонда сіз жетпейтін жетістік болмас. «Өзіне де, өзгелерге де сенімсіз адамдар–жан жалшыл келеді. Олар əйелдерге үстемдік жүргізуді қалайды, ешкімге, ешнəрсеге сенбейтін əйелдердің əуелі ұяты қашады, сосын олар өтірік айтып, алдауға көшеді. » 20- Сабақ
Оптимист Оптимист мінезді адамдар мақсатыңа тез жетеді. Олар əр істеде белсене кірісіп жұмыс істейді. Қиындық туғанда, əрдайым мүмкіндікті қарастырады. «Оптимист адамдар қиындық көріп тұрып, мүмкіндік тауып алғыш қасиеттерімен ерекшеленеді». Олар əрдайым жайдарлы, өмірге қуанышпен қарап, алға қойған мақсатына жету үшін үздіксіз жұмыс атқарады. Егер мақсатыңызға жеткіңіз келсе жəне өзіңізді осы оптимист адамдардың қатарынан көргіңіз келсе, осы оптимист мінезді адамдармен қарым- қатынасыңызды арттырыңыз. Өзіңізді əрдайым өмірге жеңімпазша қараңыз. Өзіңізге сеніңіз жəне əрдайым дамыңыз, біліміңізді, тəжербиеңізді, барлық жағынанда өзіңізді жетілдіріңіз. Əлемнің екінші ұстазы Əбу Насыр Əл-Фараби айтқандай «адам мақсатына өзін жетілдіру арқылы жетеді. » Өзін қандайсың өмірің сондай «Шошқаның қандай екенi оның тұмсығынан көрiнiп тұратынындай, адамның қандай екенi мiнезiнен, парасатынан, iс- қимылынан
көрiнiптұрады. » © Эрнст, немiс режиссерi. 21- Сабақ Өсек айтпаңыз жақсы нəрсе емес Күнделікті өмірде біз бір-бірімізбен тығыз байланыста боламыз. Кейде артық түккеде пайдасы жоқ əңгімілердіде айтамыз. Мынау бүйтіп қапты, анау сөйтіп қапты, пəленшенің отбасында андай жағдайлар болып жатыр екен деген сияқты сөздер көп айтылады. бір бірімізбен байланыста болып, хабар алмасқанымыз дұрыс, бірақ түккеде пайдасы жоқ əңгімілер кейбір кездері айтылады. Біз мағыналы, жақсы бір жетістіктерді, адамға бір пайдасын беретін, жақсы бір керекті əңгімелер айтсақ ол жақсы еді. Кейбір адамдар біреудің отбасындағы жағдайларды айтып, біреу бүйтіп жүр екен, анау сүйтіп жүр екен, адамның көпке айтыла бермейтін жағдайларын айтатын адамдарда бар. Оны мұқатып кекетіп, кемсітіп, біреудің артынан сөйлеуді əдетке айналдырып алады. Бүйтіп қарасан бұндай əңгімелер, ішкімге пайдасын бермейді. Тек айтылған бос сөз ғана болып қалады. Бұндай əңгімелер адамның уақытын алып адамгершілік қасиетін төмендетеді. Сол үшінде өсек айтпаңыз, айтатын адамдар əңгімені бастағанда дереу сөзді басқа арнаға бұрыңыз немесе сөзін жалғастыруын тоқтатыңыз немесе тыңдамаған кейіп танытыңыз. Бос сөзге уақытыңызды кетіргенше, алға қойған мақсатыңызға жетуге əрдайым əрекет жасаңыз. Бос əңгіме айтатындармен əңгімелескенше өмірде табысқа жеткен, оптимист адамдармен көп əңгімелесіп жақсы қарым қатынаста болыңыз. Сонда табысқа жетесіз. «Есте сақтаңыз адамнан адамға сынықтан басқасының бəрі жұғады». Адаммен бетпе-бет сөйлеспей тұрып, ол туралы пікір айтудан аулақ болыңыз. Себебі ол жайлы естігендеріңіздің бəрі тек өсек қана. Өсекшілдік, уəдеге опасыздық, көре алмаушылық, жалған сөйлеу– адамның нашар қасиеттері.
© Имам Ғаззали. 22- Сабақ Салғыласпаңыз сізге берер пайдасы жоқ тек зияны бар Күнделікті уақытта небір түрлі адамдармен жолығамыз. Олардың əр қайсысы əр түрлі ойда болғандықтан, олармен сіздің ойыңыз тура келе бермейді. Кейбір адамдар өз дегенін дұрыс деп санайды. Дұрыс болмасада дұрыс деп санайды. Өзімшіл, дөрекі мінезді адамдармен салғыласпаңыз, олармен салғыласып абырой таппайсыз. Ондай адамдармен сөзді қысқа қайырыңыз немесе үндемей күлімсіреп қоя салыңыз. «Сөз егесін табады», өз сөзі өзінен шыға алмай қалады. Егерде сізге сөз түсінбейтін, немесе тек өзіңкі дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз сіз оның дəрежесіне түсіп, ол сізді тəжербиелігімен ұтып кетеді. Сол үшінде төмен деңгейлі адамдармен салғыласып, уақытыңызды, энергияңызды бекерге жоғалтпай алға қойған мақсатыңызға əрдайым қадам басыңыз. Адамдармен бітпейтін айтыстан сізге ешқандай пайда түспейді. Керісінше абыройыңызға нұқсан келуіде мүмкін. Жүйке жүйеңізгеде зияны тиеді. Дұрысы қандай жағдай болғанда да байсалды бола біліңіз. Сонда айналыңызға сыйла тұлға боласыз. Егерде сізге сөз түсінбейтін, немесе тек өзіңкі дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дəрежесіне түсіп ол сізді тəжербиелігімен ұтып кетеді. 23- Сабақ Өміріңізді сапалығып өткізіңіз. Өмір уақытымен емес сапасымен өлшенеді жəне бақытты болыңыз. Өміріңізді сапалығып өткізіңіз. Өзіңізді əрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нəрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз соған тартылыңыз. Сапалы өмір сүру үшін алдында айтып кеткенімдей, адам өмірінің сапасы 5 нəрсемен өлшенеді.
Олар денсаулығы, материалдық жағдайы, көңіл күйі, рухани дүниесі жəне білімі деп айтып кеткен болатынмын. Осы 5 нəрсе сізде жақсы жеткілікті түрде болса, сіздің өміріңіз сапалы болатыны айдан анық. Өміріңізде өзіңізді бақытты сезіну үшін бұл нəрселер аздық етеді. Бұл 5 нəрсе сіздің жеке басыңыздың сапасы болғандықтан, өмірімде бақытты өмір сүрдім деп айта аласызба. Əрине бақытты өмір сүру үшін бұл нəрселер аздық ететіні айдан анық. Отбасыңыз, сүйген жарыңыз, бала шағаңыз бұлар сізге ең қымбат адамдар. Жақындарыңызды қадірлей біліңіз. Бақытты өмір сүру үшін адамға көп нəрседе керек емес, тек сол нəрселерді бағалай білген адам ғана бақытты болар. «Өмір уақытымен емес сапасымен өлшенеді» Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне- бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Əуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды. (Абайдың төртінші қара сөзінен) Дана Абай айтқандай өмірімізді босқа пайдасыз дүниелерге құрытпай, өзімізге өмірлік пайда беретін істерге уақытымызды бөлейік. Сонда өміріміз сапалы болып, ойлаған мақсаттарымызға жетуіміз анық. Жас ерекшеліктеріне байланысты əр кезде атқаратын істердің басты бөліктерін жаздым (менің ойым бойынша)
Егер табысқа жеткің келсе, өзіңе зиян тигізетін мына нəрселерден аулақ бол. Олар маубастық, жауқаулық, қорқақтық, ашушандық, уақытты босқа өткізу жəне жасқаншақтық. Енді осылардың əрқайсысынан құтылуға қысқаша өз ойымды айтып кетейін. 24- Сабақ Маубастық Маубастық-ол адам бойындағы жаман əдеттердің бірі. Артық ұйқы сіздің жұмысыңызғада, денсаулығыңызғада кері əсерін береді. Сіз көп ұйықтаған сайын, көп ұйықтағыңыз келеді. Ұйқы өзі сондай түсініксіз құбылыс. Адамға 7, 8сағат ұйқы беймарал жетеді. Одан артық ұйқы сізге кері əсерін берері айдан анық. Аз ұйықтасаңыз көп өмір сүресіз. Яя көп өмір сүресіз. Себебі адам ұйықтағанда 50% өлі болады. Барынша аз ұйықтап көп өмір сүріңіз жəне уақытыңызды дұрыс пайдаланыңыз. Маубастық дертінен қалай құтыласыз. Я бұдан түбегейлі айығып кету оңай емес. Бірақ сіздің алдыңызда арман мақсатыңыз болса, бұдан айығып кетуге болады. Мақсатыңызға күнде жақындап, еңбектеніп алдыға ұмтылсаңыз
бұл маубастық кеселінен арыласыз. Бастысы алдыңызға мақсат қойылдыма оған ұмтылыңыз сонда бəрі жақсы болады. Егерде сізде таңғы уақытта тəтті ұйқыңыздан тұру қиынға соғып жатса, онында шешімін табуға болады. Таң ертен ерте тұру үшін, ең алдымен кешкі уақытта ертерек жату керек. Реті келсе 23:00болмай жатып қалғаныңыз жөн. Кейбір кездері ерте жатсанда 7, 8сағат ұйықтап ұйқын қанбауы мүмкін. Ол мəселеніде шешуге болады. Егер сізде осылай күніге таңғы уақытта ерте тұру қиынға соғып жүрсе, оған онда арнайы жаттығударды жасағаныңыз жөн. Күндізгі уақытта үйіңізде кəдімгі кешкі уақытта жатқан сиқты төсек салып, 10минуттық ұйқыға кетесіз. Оятқышты 10минуттқа қойып-қойыңыз. Сомен 10минут көзіңізді жауып жатасызда, оятқыш шырылдағанда ойланбастан дереу орныңыздан тұрасыз. Осылай 2, 3рет қайталаңыз. Ертесіне таңғы уақытта оятқыш шырылдағанда, сізде дереу тəтті ұйқыңыздан тұруға қиындық тумайды. Себебі сіздің миыңыз, алдын ала арнайы жаттығудан өткендіктен, ұйқыдан тұру қиынға соқпайтын болады. Бұл маубастықтан айығу бір жолы ғана. Басқада жолдар баршылық. Бастысы өзіңізде маубастық кеселінен, айығуға ниетіңіз болса болғаны. Мақсатыңа жеткін келсе маубастық кеселінен айырыл
25- Сабақ Жалқаулық Жауқаулық-ол адам бойындағы жағымсыз құбылыс, түсініксізде құбылыс. «Негізінде жалқау адамдар жоқ, тек алдыға қойған мақсаты жоқ немесе қызықтыратын ісі жоқ»деп АҚШ тың əлемге танымал мотиватор, бизнес тренері Энтони Роббинстың айтқаны бар. Я шыныменде жалқау адамдар жоқ тек өз ісіне қызықпайтын адамдар бар. Менің Мұрат деген досым бар. Ол Валлейбол ойнағанды ұнатады. Ол 3сағат тоқтамай Валлейбол ойнай алады. Оның Валлейболға қызуғушылығы өте жақсы. Бірақ оған 1сағат кітап оқиық, кел жалпы білімді жинайық десем, ол менің айтқаныма қызуғышылығы мүлдем жоқ. Немесе жүр стадионға 5, 6км дей жүгіріп қайтайық десем оғанда қызуғышылғы жоқ. Сүйреп апарсанда барғысы келмейді. Негізінде ол жалқау адам емес тек кейбір жұмыстарға қызуғушылығы жоқ адам. Егер сіз мұратыңызға жеткіңіз келсе өзіңіз қызықпайтын істерменде айналысуға тура келеді. Сол өзіңіз қызықпайтын істерге қызуғушылығыңызды, талпынысыңыздықалай арттырасыз?Я бұны да шешуге болады. Я тағыда айтарым алдыңызға үлкен мақсат қойыңыз. Сол мақсатыңызға жеткенде өзіңізді қалай сезінесің соны ойлаңыз. Медиатацияны жиі жасаңыз. Əр мұратыңызға байланысты атқары жатқан іс əрекеттеріңізді, арманыма жақындап жатырм ос іс əрекеттер арқылы деп өзіңіздің істеп жатқан жұмыстарыңызға махаббатыңызды арттырыңыз. Медиатацияны жиі жасаңыз. Бұл сізге өзіңіз қызықпайтын жұмыстарды атқаруға мотивация береді. Жауқалық деген осындай құбылыс. Бастысы алдыңызға мақсат қойып, сол мақсатыңызға апаратын жұмыстарды жүйелеп, сол мақсатыңызға жеткенде өзіңізді қалай сезінесіз соны медиатация арқылы ойлап өзіңіз қызықпайтын бірақ мақсатыңызға апаратын жұмыстарға қызығушылығыңызды əрдайым арттырып отырыңыз. Өмірде жалқау адамдар жоқ, өмірде мақсаты шабыттандырмайтын адамдар бар.
©Энтони Роббинс 26- Сабақ Қорқақтық Қорқақтық-ол адам бойындағы өзіне сенімсіздік қасиеті. Сенім адамды 180 градусқа өзгертеді. Адам өзіне сенбей, қорқақтық қасиетін танытса табысқа жетуі екі талай. Психология ғылымы бойыша адам табысқа жету үшін, бірінші ойын өзгерту қажет. Ал ойда өзіне сенімділік болса бұл сізге жоғарғы деңгейде əсер етеді. Мысалы сіз бір істі сенімсіздікпен бастап қорқақтыққа жол берсеңіз ол істе жеңсіке жетуіңіз екі талай. Себебі кейбір істерде тəуекелге баралмайсыз жəне сенімсіздігіңіз артып істі ары қарай жалғастыруға талпына алалмайсыз. Я көзсіз тəуекелге бару ақымақтық. Мүлдем қолдан келмейтін, сіздің қабілетіңізге сəйкес келмейтін іс əрекетке тəуекелге бару ақымақтық. Мысалы сіз 5км ге жүгіріп жүрсіз. Сізге кенеттен 20 км ге жүгіріңіз десе бұл ақымақтық. Ал 10 км ге жүгіріңіз десе ойға қонымды. Əйтеуір қиналсаңызда бірнəрсеғып 10км ді жүгіріп шығуға болады. Осы сияқты көзсіз тəуекелдерге барудың қажеті жоқ. Бірақ шама шарқыңызға қарай тəуекел етіп істі жүйелеп өзіңізге сеніп іске кіріссеңіз, жеңіске жетуңізге əбден болады. Əр істі бастағанда алдымен құдіретті Аллаға одан кейін өзіңіздің шама шарқыңызға сеніңіз. «Жетістіктің 99% еңбек 1%талант» деп айтқандай барлық істің шешімі ол еңбекқорлық жəне тəуекелге бара білу. Егер бiреу қорқақтық iстеп, үнемi қауiптене берсе, сөйтiп, өзiнiң қолы жетерлiк iсiнен де бас тартса, ол ұлы жағдайға ие бола алмайды. Қорқа бермей істің басын бастаңыз. Одан кейін шетімен іс ашыла береді. Ары қарай іс сіздің біліміңізге, тəжербиеңізге, еңбекқорлығыңызға, психологиялық ойлауыңызға тікелей байланысты. Əділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғыпқалғанды қорқақтық дейміз. © Конфуций.
27- Сабақ Ашушандық Ашушандық-ол адамның жағымсыз бір мінезі. Ашушандықтықтың сізге берер зияны көп. Сіздің денсаулығыңызға кері əсерін береді. Көп ашуға берелетін адамдардың жүйке жүйесі шаршап, денсаулығында əлсіздіктер байқала бастайды. Ашушандық адамды түрлі жаман ауруларға апарады. Олар онкологиялық аурулар, инсульт, инфаркт секілді ауруларға апарады. Ашушандық сізді қоғамда беделіңізді түсіреді. Сізге адамдар сенімсіздік танытады жəне көп ашуланатын адамдардың достарыда азая бастайды. Отбасындада қиындықтар пайда болады. Көп ашуланатын адамдар көп теріс əрекеттерге барады. Себебі олар ашуға беріліп, өзін сабырға келтіре алалмай қиындықтарға тап болады. «Ашудыжеңудің ең тиімді жолдары ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, əділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылына жеңдіреді. » Ашушандықтан құтылудың небір түрлі жолы бар. Оның бірегейі спортпен айналысу. Спорттың əсіресе жүгіру, жүзу секілді түрлерімен айналысыңыз. Спорт сіздің бойыңыздағы стресттерді, уайымдарды жоюға керемет тəсіл. Біз күнделікті өмірде небір түрлі ақпараттарды қабылдаймыз. Оның ішінде сіздің көңіл күйіңізді бұзатын ақпараттарда бар. Ол сіздің жүйке жүйеңізге əсер етіп сізде ашушандық пайда бола бастайды. Осындай күйзелістерді қабылдағанда оны іште сақтай беру сізді ашушаң адамға айналдырады. Ал бұл күйзелістерді біз сыртқа шығарамызба?Негізінде бұндай күйзелістерді сыртқа шығарып тастаған жөн. Əрине сыртқа шығарамын деп қасыңыздағы адамдарға зияныңызды тигізбеңіз. Күйзелістен айырулудың керемет жолы жаңағы айтып кеткенімдей спортпен шұғылдаңыз, сіз спортпен шұғылданғанда күйзеліс шығып кетеді. Немесе 1, 2сағат билеңіз. Билегендеде күйзелістен айырыласыз.
Я күнделікті өмірде болу мүмкін небүр түрлі жағдай. Қиыншылық түскен кезде еш уақытта қорқуға я өкінуге, не ашулануға болмайды. Əр қиын жағдайда сабырға берілмей ашуға ерік берсеңіз бұнын соны жақсылыққа апармайды. Сабыр сақтаңыз. «Сабыр түбі салтын»дегендей сабыр сақтай біліңіз. Күйзелістен айығудың тағы бір керемет жолы ол əрдайым күліп жүру. Яя əрдайым күліп жүріңіз. Егер күліп жүруге ыңғай келмесе, онда айнаның алдында 10мин күліп тұрыңыз. Бетіңізді ыржитып болсын күліңіз. Бұл сізге керемет əсер етеді. Сіз күлген сайын миыңызда домофин деген гармон бөлінеді. Бұл гармон сіздің алдыға ұмтылып, миыңыздың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Сол үшінде əрдайым көтеріңкі көңіл күйде жүріңіз. Сонда бақытты жəне көп өмір сүресіз. Егер сізге біреу ашуланса, мейлінше салмақты, жайбарақат болуға тырысыңыз. Бұдан ол одан сайын ызалануы мүмкін, бірақ біраздан кейін өзінің іс-əрекеті үшін қатты ұялады. 28- Сабақ Уақытты босқа өткізу Уақытты босқаөткізу-бұл сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса бірінің еш пайдасы жоқ, ал кейбір іс əрекеттер өз зиянында беріп жатыр. Сіз уақытты тиімді басқарсаңыз, өміріңіздіде басқарасыз. Уақыт тоқтамайды ол тек өте береді жəне өте береді. Кəзіргі интернет дамыған дəуірде, уақытты босқа өткізу адамдар арасында артып кетті. Инстаграм, Фейсбук, ВКонтакте, Ватсап секілді əлеуметтік желілер алтын уақытымызды ұрлап жатыр. Күніне осындай əлеуметтік желілерге кемінде 4, 5 сағат уақытымызды жұмсайсыз. Кейбір адамдарда тіпті бұданда көп 7, 8сағат уақытын кетіреді. Ал кейбіреулер 1, 2 сағат уақыт жоғалтады. Əлеуметтік желілердің бізге берер пайдасыда бар. Ол күнделікті болып жатқан жаңалықтар, білгіміз келіп жатқан ақпараттарды алу секілді пайдалы тұстары бар. Бірақ бұл əлеуметтік желілердің берер зияныда бар.
Бірінші бей берекетсіз пайдасыз видеолар, суреттер, арзан шоу бірденкелерді көру арқылы уақытыңызды жоғалтасыз. Екінші желіде көп отырып дене қимылымен аз айналасқандықтан денсаулығыңызғада зияны тиеді. Үшінші жасөспірімдер əлеуметтік желіде көп отырып, психологиялық жəне физикалық даму жағына кері əсер етеді. Əлі толық қалыстаспаған адам интернетте емін еркін отырып, өзіне зиян тигізетін небір түрлі ақпараттарды көруі мүмкін. Олар эротикалық видеолар, суреттер, адасқан ағымдар жайлы, қорқынышты видеолар т. б осы секілді материалдарды көру арқылы психологиялық соққы алып, болашақта саналы тұлға болып қалыптасуға кері əсер етуі мүмкін Сол себептіде жасөспірімдердің интернетті дұрыс пайдалануын қадағалаңыз. Я айта берсек əлеуметтік желілердің берер зияны өте көп. Дұрыс пайдалана білсен пайдасыда мол. Бастысы өзіңе жəне жақындарыңа зияны тимейтіндей дұрыс пайдалана біл. УАҚЫТ-бұл үлкен байлықтың бірі. Оны еш нəрсемен айыр бастап ала алмайсыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Бəрін өз уақытымен жасаңыз. Алдыңызға мақсат қойыңыз, сол мақсатарыңызды уақытқа бөліп уақыт сізді емес, сіз уақытыңызды басқарыңыз. Уақытты дұрыс пайдалану жөнінде алдында айтып кеткен болатынмын. «Бəлкім сен бүгін мықты шығарсың, бірақ уақыт сененде мықты. Адам қаласа уақыт табады, қаламаса сылтау табады. » ©Фѐ дор Достоевскийтто Шмидт 29- Сабақ Жасқаншақтық Жасқаншақтық-бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттін бірі. Жасқаншақ мінезді адамдардың мақсатына жетуі сирек. Өткені олар əр істе жасқанып алдыға ұмтылуға батылы бара бермейді. Адамдармен сөйлескендеде ұлмайтын жерден ұялып, өз ойын толық жеткізуден арланады. Жасқаншақ мінезді адамдардың тағы бір кемшілігі, алдыға
ұмтылуға арланады, ел жұрт не дейді, қасымдағылар не дейді деп осындай зиянды ойдын етегінде жүреді. Жасқаншақ мінезді адамдар əр істеде өсуі қиын, себебі бұндай мінезді адамдар өзін көрсете алалмайды, сондықтан универде болсын, қызметте болсын, бизнесте болсын табысқа жетуіне осы мінезі кедергі жасайды. Егерде сіздің бойыңызда осы жасқаншақтық мінез болса, онда бұдан дереу айығу жолдарын қарастырыңыз. Айығудың жақсы бір жолы ол қасыңыздағы достарыңыздың қандай болуында. Сіздің достарыңыздың бойында жасқаншақтық мінезі жоқ, қоғамдық ортада өз ойын емін еркін айта алатын таныстарыңыз болса онда осы адамдармен қарым қатынасыңызды арттырыңыз. Олардың мінез құлқы сізге сөзсіз жұғады. Жасқаншақтық мінезден өзіңіз ақ айығуға болады. Ол үшін алдымен өзіңізге сеніміңізді арттырыңыз. Қоғамдық ортада өз ойыңызды қысылмай емін жеткізуге тырысыңыз. Ұлмаңыз. Ұялмаңыз деп мүлдеп ұялмай кетугеде болмайды. Кейбір адамдар ұялмайтын нəрседен ұялып өзіне қиындық туғызады. Бастысы дұрыс нəрсені дұрыс істей алсаңыз болғаны. Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы көпшілікпен араласу 30- Сабақ Уақыт Уақытқабайланысты алдынғы тарауда айтып кеткен болатынмын. Уақытты босқа өткізу-бұл сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса бірінің еш пайдасы жоқ, ал кейбір іс əрекеттер өз зиянында беріп жатыр. Сіз уақытты тиімді басқарсаңыз, өміріңіздіде басқарасыз. Уақыт тоқтамайды ол тек өте береді жəне өте береді. Кəзіргі интернет дамыған дəуірде, уақытты бос өткізу адамдар арасында артып кетті. Инстаграм, Фейсбук, ВКонтакте, Ватсап секілді əлеуметтік желілер алтын уақытымызды ұрлап жатыр. Күніне осындай əлеуметтік
желілерге кемінде 4, 5 сағат уақытымызды жұмсайсыз. Кейбір адамдарда тіпті бұданда көп 7, 8 сағат уақытын кетіреді. Ал кейбіреулер 1, 2 сағат уақыт жоғалтады. Əлеуметтік желілердің бізге берер пайдасыда бар. Ол күнделікті болып жатқан жаңалықтар, білгіміз келіп жатқан ақпараттарды алу секілді пайдалы тұстары бар. Бірақ бұл əлеуметтік желілердің берер зияныда бар. Бірінші бей берекетсіз пайдасыз видеолар, суреттер, арзан шоу бірденкелерді көру арқылы уақытыңызды жоғалтасыз. Екінші желіде көп отырып дене қимылымен аз айналасқандықтан денсаулығыңызғада зияны тиеді. Үшінші жасөспірімдер əлеуметтік желіде көп отырып, психологиялық жəне физикалық даму жағына кері əсер етеді. Əлі толық қалыстаспаған адам интернетте емін еркін отырып өзіне зиян тигізетін небір түрлі ақпараттарды көруі мүмкін. Олар эротикалық видеолар, суреттер, адасқан ағымдар жайлы, қорқынышты видеолар т. б осы секілді материалдарды көру арқылы психологиялық соққы алып, болашақта саналы тұлға болып қалыптасуға кері əсер етуі мүмкін Сол себептіде жасөспірімдердің интернетті дұрыс пайдалануын қадағалаңыз. Я айта берсек əлеуметтік желілердің берер зияны өте көп. Дұрыс пайдалана білсен пайдасыда мол. Бастысы өзіңе жəне жақындарыңа зияны тимейтіндей дұрыс пайдалана біл. Уақыт бұл үлкен байлықтың бірі. Оны еш нəрсемен айыр бастап ала алмайсыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Бəрін өз уақытымен жасаңыз. Алдыңызға мақсат қойыңыз, сол мақсатарыңызды уақытқа бөліп уақыт сізді емес сіз уақытыңызды басқарыңыз. Уақытты дұрыс пайдалану жөнінде алдында айтып кеткен болатынмын. 31- Сабақ Сөз Сөз-бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз. пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге
бөлінеді. «Айтылған сөз атылған оқ» немесе «сөз егесін табады» немесе «он күнəнің тоғызы тілден» дегендей осы сияқты айтылғаны бар. Бұл сөздің жай нəрсе емес екендігінде. Сөз бұл сіздің қандай адам екеніңізді анықтайтын бірден-бір фактор. Сол үшінде əр сөйлеген сөзіңізге мəн беріңіз. Қоғамдық ортада өзіңізді сөзіңізбен тамсандыра білсеңіз, онда бұл жақсы қасиетіңіздің бірі болмақ. Бірақ сөзіңіз ісіңізбен сəйкес келсін. Жақсы шешендерше сөйлеу үшін əрине біліміңізді арттыру қажет. Ол үшін сананы дамытатын кітаптарды оқуды əдетке айналдырыңыз. Егер сөйлеу мəнеріңіз жақсы болса, сөзіңізбен адамдарды өзіңізге қарата алсаңыз онда қызметте өсуге пайдасын береді. Бірақ ескеретін жайт сөзіңіз ісіңізбен сəйкес келсін, əйтпесе ыңғайсыз жағдайға қалуыңыз мүмкін. Кейбір адамдар бар бей-берекетсіз сөйлей береді. Бұнысы тек өзіне зиянын тигізеді. Сөз сүйектен өтеді. Сөзбен кез-келген ауызды жабуғада болады. Бірақ адамгершілік қасиетті сақтай білген дұрыс. Дұрысы сөзіңіз қысқа, мағыналы болсын. Сонда беделіңізде жоғары болады, қателесуіңізде сирек болады, бастысы өзіңізге тек пайдасы тиеді. Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен Үйренгеннен ештеңең кетпейді. ©Төле би 32- Сабақ Мүмкіндік Мүмкіндік-бұл сізге беріле бермейтін нəрсе. Ер жігітке өмірінде 3-үлкен мүмкіндік беріледі деп дана халқым айтқандай. Я мүмкіндікті уақытында ұстап пайдаланып қалмасаңыз, одан айырылып қалуыңыз мүмкін. Тіпті келіп тұрған кейбір мүмкіндіктерді байқамайда қаламыз.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150