Аманжол Рысмендиев ӨРЛЕУ Табыс пен бақытқа жетудің нақтыланған заңдылықтары Аннотация Бұл кітап биік мақсаттарға жетуге ынталанған арманшыл адамдарға бағытбағдар көрсетіп, кемел келешекке жол көрсетеді. Автор өзінің өмірлік тəжірибесімен бөлісе отырып, өнегелі өмірді үндеп, арманның шындыққа айналуына нұсқау беріп, оқырманымен сыр бөлісіп, пікірлеседі. Талғамы биік оқырман бұл кітаптың айрықша қолтаңбасын бірден аңғарып, керегін алып, көңілге түйері сөзсіз. «Өрлеу» кітабы жайлы оқырман пірлері: «Кім болсақ та, кəсіптің қай түрімен айналыссақта əрқайсысымыз өз ісімізде жетістіктерге жетіп, өмірден мол табыстар иеленуге ұмтыламыз. Сол, жетістіктерге, табыстарға бастайтын жол қайда өзі? Бұл сауалынызға жауап алғыңыз келсе, Өрлеуді оқыныз. Өрлеу - шын мəнінде, өмірде табыс пен жетістікке жету жолында жолбасшы болуға лайықты кітап деп ойлаймын.» Гүлтас Сайынқызы, Назарбаев университетінің професоры, педогогика ғылымдарының докторы. «Аманжолдың бұл кітабы, өмірімді өзгертемін, тұрмыс-тіршілігімді түзеймін деген барша қауымға ауадай қажетті. Əсіресе, бизнесте биікке
көтерілуді ойлаған əр адам «Өрлеу» кітабын оқып, өзін өзі дамыту жолына түсуі шарт. «Бизнесті дамыту, табыс психологиясы жайында қазақ тілінде кітаптар жарық көрсе ғой!» деп армандаған ағайындарды қуаныштарымен құттықтаймын!» Болат Қыдырəлі, «Орифлейм» компаниясының орындаушы директоры «Өмірлік жетістіктер, спортағы жетістіктердей шабыттануды, мықты жігерді, еңбектенуді талап етеді. Аманжолдың «Өрлеу» кітабы жəне мен қатысқан «Өрлеу» семинар-тренигі қоқыныштарымды жеңіп, күрес алаңында көздеген жүлделерімді қанжылауыма көмектесті. «Өрлеу» кітабын оқыңыз, сіз де өз ісіңізде табыстарға жетуге лайықтысыз.» Қиса Қабиұлы, Спортшы, ТМД- бойынша күрестен чемпион «Əр ұлттың өз тілі, өз менталитеті бар. Қазақы менталитетке ыңғайланып жазылған бұл кітап, қазақстандықтардың мақсатына жетуде қолданатын, қолдан тастамас басты құрал болады деп сенемін! Табастарға, байлыққа бастар басты баспалдақ өзіңді өзің тұлға ретінде дамытудан басталады. «Өрлеу» кітабы арқылы өзіңізді өзіңіз дамытып, жетістіктеріңіздің санын көбейтуінізге тілектеспін!» Марк Алласов, Халықаралық дəрежедегі бизнес-тренер, MLM- бизнесі бойынша сарапшы – маман. Қымбатты оқырман! Өмірде откендеріңізбен, кенткендеріңді сарапқа салу үшін осы кітапты оқып шығыңыз. Егер тұлғалық тұрғыда өскіңіз келсе
немесе бизнесте жоғары натижеге жетем десеңіз, табысқа жеткізер кемеңгер ойды осы жерден табасыз. Мен 10 жыл бойы тармақты маркетинг жүйесінде еңбек етіп жүрмін. Аманжолдың өткізген семинар-тренингі мен үшін тапсырмас қазына болды. Бойында рухы бар кез-келген жанды шабыттандыратыны сөзсіз. Аманжол бауырыма үлкен алғысымды білдірем. Жаста болса, салмағы сары алтындай қазына екенсіз. Мен сізді қазағымның маңдайына біткен жарық жұлдызы дер едім. Сіздей дарынды тұлғалар 100 жылда бір туар демекпін. Бейсембаева Марал Мэри Кэй Компаниясының Аға Зиялы Жетекші Көшбасшысы «Жиырма бірінші ғасыр- үлкен мүмкіндіктер ғасыры. Сол мүмкіндіктерді өз пайдама қолданып, армандарыма жетуге ұмтылсам деген əр адамға бұл кітаптың берері мол! Өрлеу кітабы арқылы кəсіпкелердің жаңа толқыны қалыптасып, адамзат тұрмысын жақсартар түрлі жобалар өмір есігін ашарына сенемін.» Мейрамгүл Мəдəлі Тележүргізуші, табысты продюсер АЛҒЫ СӨЗ Ұлы тұлға болу жəне табысқа жетіп, халқыңа, айналаңдағы туыс- туғандарыңа пайдаңды тигізу – əр адамның ішкі арманы. Біреулер сол армандарын орындап, жан рахатын сезініп, елінің батасын алып жүрсе, көпшілігіміз арман жолындағы күресте жеңіліс тауып жатамыз. Десе де,
мен үшін адам шын кіріссе, болмасты болдырады, іздеген жоғын табады. Тек қана бағыну қажет заңдылықтарға бағынып, мақсатына жету үшін еңбектенуден, окудан, ізденуден жалықпаса болғаны. Табыс пен байлыққа жетудің де өз заңдылықтары бар. Ұстана білсеңіз, көздегеніңізге жетпей қоймайсыз. Бүгінгі таңда табыс, жетістік құпияларын сараптап, үйрететін түрлі семинар-тренингтер жүргізіліп жатырса, кітап дүкендері осы саладағы кітаптармен толығуда. Семинар-тренингтердің де, кітаптардың да түсіне білген адамға берер пайдасы орасан зор. Өкініштісі, сол кітаптардың ішінен қазақы менталитетке ыңғайланып, қазақ тілінде жазылған біреуін таппайсыз. Барлығы шетелдік авторлардың кітабы. Ал жетістіктерге жету өнерін үйрететін семинар-тренингтерге келсек, тағы да сол жағдай. Қанымыз қазақ бола тұра бизнесте жəне өмірде табыстарға жету жайында қазақ тілінде, ұлттық сана-сезімге икемделіп жазылған кітаптардың болмағанына қатты қынжылатынмын. «Елімізден өрлеу, өркендеу құпияларын саралап, кітап қылып жазатын бір қазақ шықса ғой» деп армандайтынмын. «Шын қалаған адамға, Алла өзі көмектеседі» демекші, арманым орындалып, Аманжол бауырымды кездестірдім. Аманжол – жас болса да қарқыны бөлек, ойы кесек, рухы биік азамат. «Мен өз ісімнің шеберімін» дегенді оның əрбір нəтижелі ісі айтады. Біздің кездесуіміз іскерлік əріптестікке ұласып, «Бал-Бала» компаниясының қызметкерлеріне Аманжол сату өнерінің құпиясы жайында семинар-тренигін жүргізді. Не айтайын, керемет! Семинар-тренингке қатысқан «Бал-бала» Қызметкерлері аз уақыт ішінде үлкен нəтижелерге қол жеткізді. Компания товарының, яғни ойыншықтардың сатылымы көтерілді, сатушыларымыздың жұмысқа деген белсенділігі артты. Əрине, бұл Аманжол баурымның өз саласын терең меңгерген сарапшы-маман екенінің дəлелі деп білемін! Ол – мықты оратор, мотиватор, өзіндік кесек тұлға. Алғашқы ана тіліміздегі бизнес- жаттықтырушы, соның негізін қалушы деп айтсақ та артық болмайды. Ал сіздің мақсатыңыз табысқа жету, ұлы тұлға болу болса, міндетті түрде Аманжолдың табысқа жету саласы бойынша жүргізетін семинар- тренингтеріне қатысыңыз. Ол семинар-тренингтерге қатысу арқылы сіз өз бойыңызда нағыз көшбасшыға лайықты қасиетқабілеттерді дамытасыз. Атап айтсам, икемділік, тапқырлық, тəуекелшілдік жəне басқа да өмірде өрлеуіңізге көмегі тиетін қабілеттер. Ал енді бар көңілімізді «Өрлеу» кітабына бұрсақ. Аманжол «Алғы сөз жазып беріңізші» деген соң, кітапты алтын уақытымды бөліп оқып шықтым. Əрине, осы уақытқа дейін де табысқа жету, бизнес, шоу-бизнес салалары бойынша біршама кітаптар
оқыған едім. Бұл кітаптың бір ерекшелігі – қазақ тілінде, қазақы менталитетке сай жазылғандығы. Тілі жеңіл, балаға да, үлкенге де ұғынықты. Екіншіден, кітаптағы əрбір заңдылық сарапталып, сұрыпталып жазылған. Егерде бұл кітапты өзіңізге өмірлік жолбасшы етіп, үнемі оқып, ішіндегі тапсырмаларды орындап жүрсеңіз, шын мəнінде өміріңізді жағымды жаққа өзгертетініңізге сенімдімін. Неге десеңіз, мен осы күнгі жеткен жетістіктеріме жету үшін бала кезден-ақ Аманжол бауырым кітапқа түсірген табыс заңдылықтарын қолдандым. Қолданып та жүрмін. Тек мен ғана емес, əлем танитын ұлы тұлғалар, миллиардерлер осы кітапта айтылған табыс құпияларын ұстанатыны дəлелденген. «Өз халқына өрлеу жолын көрсетемін» деген Аманжолдың талғамы мен талпынысына темірдей тəртіп, мықты табандылық тілеймін! Бақыт пен байлықтың құны өте қымбат, соны төлеуге дайынсыз ба, Оқырман? Ендеше бұл кітап сіз үшін! Қыдырəлі Болман, «Дарын»» сыйлығының иегері, «Бал-бала» компаниясының директоры, табысты продюссер Арнаймын Бұл кіт апты «Өмірде өрлеймін» дейтінж үрегінде намысы мен жалыны бар, барша қауымға арнаймын. Сондай-ақ мені мəпелеп өсірген, адам болып қалыптасуыма өз тəрбиесін берген аяулы əжем Қалиева Оралханға, ағам Арманға, жеңгем Суфарнаға арнаймын. Алғысымды білдіремін Кез келген істі бітіруге шалқар шабыт, үлкен күш жəне көмектесетін адамдар керек емес пе? Бұл кітапты да жалғыз менің еңбегімнің жемісідей алмаймын. Біріншіден, кітаптi жазу барысында өз ой-пікірлерімен бөлісіп, мені қолдап, шабыттандыра білген семинар-тренингт ерімдегі
тыңдаушыларыма, кітапың жарнамасымен айналысып, сіздің қолыңызға тиюіне себепші боған «Success Integration» ұжымына шын жүректен ағысымды білдіремін! КІРІСПЕ Армысыз, өмірде өрлеуге, өркендеуге талпынысы бар оқырман! Өзіңіз білетіндей, кез келген адам биіктен көрінуді, табысты болуды іштей армандайды. Бұл жалғаннан лəззат алғысы келіп, «бақыт» деп аталатын кептердің артынан қуып жүргендер қаншама?.. Осы неге біздің қиялымыздағы өмір сүру стиліміз бір бөлек те, шын өмірдегі стиліміз бір бөлек? Бізге, əйтеуір, бір нəрсе жетіспейді. Ақша, денсаулық, махаббат, көтеріңкі көңіл-күй, жақындарымыздың қолдауы, т.б. Себебі неде? Осыған ұқсас сұрақтарға жауап ретінде əрқайсысымыз сылтау етіп бірнеше себебін тауып аламыз. Бірақ ойлана келе жүрегіміздің түбіне үңілер болсақ, ойлаған арман-мақсаттарымызды орындау қолымыздан келетіндігін іштей сеземіз. Бізге бір ғана нəрсе керек. Ол – осы уақытқа дейін өзімізді сендіріп келген наным-сенімнен арылып, күнделікті қолдан жасап алған «шеңберден» (рамкадан) шығып, күдік пен қорқынышымызға қарсы əрекет ету. Өз өмірімізге өзіміз 100%-дық жауапкершілік ала отырып, «Телегей табысқа, бас айналдырар бақытқа жету менің қолымнан келеді. Өз тағдырым өз қолымда! Мен табысты, бақытты боламын!» деп нақты шешім қабылдау. Шындығында, армандарымызды орындап, жетістікке жетуімізге кедергі болатын – біздің наным-сенімдеріміз бен ішкі қорқынышымыз. Сол бір қатып қалған ішкі қорқыныштың, алға қадам басуға кедергі болар наным- сенімнің арқасында қаншама идеяның, қаншама жобаның ұрығы шіріп өспеген картоптай ел игілігіне жаратылмай, тіршілігі баянсыз болып жатыр. Дегенмен «Енді не істеуге болады?» деп дабыра жасай көрмеңіз. Қорқынышты жеңудің де, наным-сенімді пайдалы жаққа өзгертудің де өзіндік тəсілдері бар. Егерде сіз өміріңізді жағымды жаққа өзгертуге кедергі болған қорқыныштан, күдіктен арылуды ниет етсеңіз, табысты болуды шын жүрекпен қаласаңыз, осы кітапты арнайы оқып шығыңыз, құрметті оқырман! Кітаптағы əрбір ақыл-кеңес, орындайтын
жаттығулар сіздің шығармашылық қырларыңызды ашуға, тұлға ретінде дамуыңызға, бизнесте өсуіңізге, айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасты нығайтып, жақсартуға, жетістікке тез жетуіңізге, ұзын сөздің қысқасы, армандарыңыздың орындалуына көмектеседі. Əрине, оқып қана қоймай, түйіндеген ойыңызды кейінге қалдырмай, тез арада іс жүзінде қолдансаңыз! «Оқу бір басқа, оқығаныңды санаңа сіңіріп тоқу бір басқа» деп гректің ұлы ойшылы Аристотель айтқандай, мен сізді «аузымен орақ орып, іс бітірмейтін адам» деп ойламаймын. Олай болған жағдайда бұл кітапты қолыңызға алмас едіңіз. Қолға алған екенсіз, яғни сізде «өзгеремін, жақсы өмір сүремін, жетістікке жетемін» деген ниет бар. Яғни, бұл кітап сіз сияқты өмірде өрлеуге талпынысы бар өр кеуде, өзін ғана емес қоғамды өзгерткісі келетін болашақтың миллионері, миллиордерлері, алып тұлғалары үшін жазылған. Кітаптағы əрбір заңдылық іс жүзінде тəжірибиеден өтіп, миллиондаған адамның жетістікке жетуіне, бақытты болуына көмектескен. Сізге де көмектесетініне сенімім мол! Іске сəт! Бұл кітапты оқу барысында ұйқыңыздың келмеуіне, жалқаулығыңыздың «жыныңызға» тимеуіне тілектеспін. Кітаптан алған біліміңізді іс жүзінде пайдаланып, биік-биік белестерден асып, «табыс, бақыт» деп аталатын биік таулардың басына туыңызды тіге бергейсіз! Жетістік пен жеңіске толы күндерде жолыққанша күн жақсы болсын, қадірлі оқырман қауым! Аманжол РЫСМЕНДИЕВ, ӨРЛЕУ Бұл өмірде өрлеу — Күдіктерге көнбеу. Күн сайын оқып, талпынып,
Өзіңді өзің өңдеу! Болған сəтсіз қадамды Жігерленіп емдеу. Формуласын ұстансаң, Табыс деген, білсеңіз, «Алгебрадағы теңдеу». БҰЛ КІТАПТАН ҚАЛАЙША КӨП БІЛІМ АЛУҒА БОЛАТЫНДЫҒЫ ЖАЙЫНДА 6 КЕҢЕС 1. Кітапты ашып алып «мынаны білемін, мынаны да білем» деп секіріп оқымаңыз. «Ақымақ білем деп ойлайды, ақылды қайталап тереңге бойлайды» деген ұлағатты сөзді естен шығармаңыз. Екіншіден, адамға «мен білемін» деген сөзді жиі қайталаған сайын жаңа ақпаратты қабылдау қиындай бермек. Білгеніңіз жақсы, істегеніңіз тіпті, керемет! Ал тапсырмаларды толық орындап өзгерсеңіз, онда «нұр үстіне нұр», əрине! 2. Оқу барысында, ұнаған жерлерін қарындашпен немесе мəтіндік маркермен сызып отырыңыз. Сызып белгілеген сөйлемдеріңіз жайлы ойланыңыз. Сізге қалай көмектесе алады?.. 3. Кітаптағы көп ақпаратты есте сақтау үшін ұйықтар алдында немесе таңертеңгі уақытта оқыңыз. 4. Өзіңізді тəртіпке бағындырып, түсінгеніңізді міндетті түрде тəжірибеде (практикада) қолданыңыз. 5. Кітапты өз атыңызға арнайы алғандықтан, оқып болған соң басқа біреуге беріп жібермеңіз. Өйткені сізге ақыл керек болған жағдайда бұл кітаптан керекті кеңестер ала аласыз. Ал бізге шабыттандыратын кеңестер ауадай қажет. Сондықтан «Өрлеу» кітабы сіздің жұмыс столыңызда көзге көрініп жатсын. 6. Кітапты бір жылда үш рет қайталап оқып шығуға тырысыңыз. Қайталау
– білімнің анасы. СІЗ ТАБЫСТЫ ДА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЖАРАЛҒАНСЫЗ. БҰЛ – ЗАҢДЫЛЫҚ Əлемде қанша адам бар болса, табыс, өмір, бақыт жайында қалыптасқан сонша ой-пікір, наным-сенім бар. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, ол бізге маңызды емес. Біздің табысқа адал жолмен жетуімізге қандай наным-сенім, ой-пікір көмектеседі, сол маңызды. Өмірлік міндеті жайында да əркім ой өрісінің жеткенінше саралайды. Мен де бір кездері өмірлік міндетім туралы қатты ойға батқан болатынмын. Сол кезден бастап менің өмірім 100%-ға өзгере бастады десем болатын шығар. Маған кім көмектесті дейсіз бе? Кəдімгі «Маса». Осыдан біраз жылдар бұрын ауылдағы бақшада ұзынымнан көсіліп алып Кітап оқып жатқанмын. Таза ауа, маңдайға ескен салқын самал, пісіп жерге түсіп жатқан алмалар - барлығы керемет! Осылай табиғатқа сүйсінген ойымды қолыма қонған маса бұзып жіберді. Масаға біраз қарадым да, қанды соруына мүмкіндік бермей, ұшырып жібердім. Бірақ сол маса мені қатты ойға қалдырды. Ойлап қараңызшы, орташа есеппен алғанда кез келген масаның өмірі 24 сағаттан аспайды. Басына бақыт болып берілген жиырма төрт сағаттың ішінде масаның көздеген бір-ақ міндеті бар, ол – біреудің қанын сорып жұмыртқасын қалдыру. Осы бір өмірлік маңызы бар іс үшін масалар 100 пайыздық энергиямен беріліп еңбек етеді емес пе? Əлде сіз қан соруға ерініп тұрған масаны көріп пе едіңіз? Сізді білмеймін, мен жалқау масаны көрген емеспін. Неге десеңіз, ол – олардың міндеті. Ағылшын математигі Альфред Норт Уайтхед: Кез келген адам дамуға жəне жай ғана жануар болып қалуға қабілетті. Барлығы өзінің қалауына байланысты. Құдай тек жануарларды жасайды. Ал адамды жасайтын адамның өзі!» Бірақ адамзат баласы масадан, жан-жануарлардан санасезімінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Яғни, біз ойлауға, сөйлеуге, дамуға қабілеттіміз. Керек дүниемізді жасап та, құрастырып та аламыз, армандап, алдағы мақсатымыз үшін саналы түрде еңбек те ете аламыз.
Жалпы қабілеттілігімізде шек жоқ! Сіз менімен келісесіз деп ойлаймын. Бүгінгі ХХІ ғасыр жетістіктері, телефон, ұшақтар, мұхит үстіндегі жасанды материктер, киіп алсаң да адам көзіне көрсетпейтін киімдер – барлығы дерлік адам ойының, адам қабілетінің нəтижесі екені айдан анық. Сол бір керемет «қабілетті адам» бұл өмірге не үшін келіпті өзі? Жаңадан өмірге шырылдап келген нəрестеңіз не үшін туылды? Болашақта жарық дүние есігін ашқалы тұрған нəрестелердің мақсаты қандай? «Рухы бірдің міндеті бір» деп ҚР Президенті Н. Назарбаев айтқандай, өмірге келген əрбір адамның міндеті – өмірді босқа өткізбей дамып, өзінің бар мүмкіндігін пайдаланып, жеткен мақсаттарнан лəззат алып, жаңа мақсатқа талпынып өмір сүру. Яғни, табанды еңбек етіп, табысты болу. Отбасыңа, өзің өмір сүріп отырған қоғамға пайдаңды тигізіп, бақытты болу. Өмір сүріп жүрміз дейміз. Ал «өмір сүру» дегеніміз не өзі? Бұл сұраққа да өзіндік көзқарасыңыз бен жауабыңыз бар екенін білемін. Біздің орталықтың жүргізген сауалнамасы бойынша 100 адамның сексені «Өмір сүру дегеніміз не?» деген сұраққа «Өмір сүру дегеніміз – артыңа ұрпақ қалдырып, бала- шаға өсіріп, оларды үйлендіріп, немере-шөберенің қызығын көру» деп жауап беріпті. Менің тұжырымдауымша, жаман ой-пікір емес. Келісемін, бəрімізде артымызға текті, жүрегінде оты бар ұрпақ қалдырғымыз келеді. Дегенмен де «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп халық даналығы айтқандай, балаңызға жастайынан «жеңімпаз» болуды үйретіп жатырсыз ба? Əлемдік деңгейдегі оқу орындарында біліммен сусындатып, жүрегіне жігер мен шабыт берер сенімдер жүйесімен тəрбиелеп жүрсіз бе? Егер де сіз əлі отбасын құрмаған жас жеткіншек немесе бойжеткен, ер жігіт болсаңыз, керемет үлгілі отбасыңыздың болғанын, бай-қуатты болғаныңызды, жетістігіңізбен жақындарыңызды, ел-жұртыңызды қуантуды армандайсыз ба? Сырттай айқайлап айтпасаңыз да, жүрегіңіздің түбінен «иə» деген жауапты сезетіндеймін. Мүмкін «Аманжол, бақыттың кілті ақшалы болуда, жетістікке жетуде немесе атақты болуда емес қой» деген ойыңыз бар шығар. Иə, сіздікі дұрыс, адам кез келген нəрседен бақыт таба алады. Лəззаттың, қуаныштың барлығы жетістікте, табыста емес шығар. Алайда ақшасыз, жетістікке деген ұмтылыссыз өмірдің мəні болмайтынын да ойлағаныңыз абзал болар. Көз алдыңызға елестетіңізші, дене мүшеңіз сау болмаса, өзіңізді жайлы сезінесіз бе? Əлде жүрегіңізді көзіңізден, асқазаныңызды аяғыңыздан артық деп бағалайсыз ба? Əрине, олай ойламайсыз. Себебі адам бұл өмірден толыққанды лəззат ала білу үшін он екі мүшенің сау болуы міндетті. Соған сай өмірде бір-бірінен бөліп
қарауға болмайтын сфера бар. Олар – денсаулық, қарым-қатынас, ақша, рухани даму. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегендей, осы 4 сфераны бір-бірінен бөліп жармай, дамытып, басқарып отырғанда ғана адам шын бақыттың, нағыз қуаныштың, мол байлықтың не екiнiн сезінеді. Бүкіл əлемдік статистиканың көрсеткіштері бойынша көп отбасылардың айырылысуының 19%-ы ақша жетіспеушіліктен туатын жанжалдардың əсерінен екен. Сонымен қатар ауыратын адамдардың көбісі дерлік кедей отбасынан болатындығы дəлелденген. Ал Д. Карнеги жүргізген зерттеулерге сүйенсек, адамның өмірде биік жетістіктерге жетуінің 20%-ы іскерлік біліміне, 80%-ы қарым-қатынас жасау шеберлігіне байланысты екені анықталған. Ал, менің тұжырымдауымша, нашар көңіл-күймен жүріп адамдармен жақсы қарым-қатынас орната алмаймыз. Көңіл-күй демекші, аурудың 80%-ы көңілкүйдің дұрыс болмауынан туындайды. Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүру үшін денсаулығымыз мықты болуы керек. Денсаулық мықты болсын десек, жақсы көңіл-күйде жүруге тиістіміз. Көңіл-күйді көтеріп шабыттандыратын – алға қойылған айқын мақсат, соған жетемін деп талпыну, оқу, іздену, даму. Мақсатсыз өмір мəнсіз, мағынасыз, көңілсіз өмір екенін бізге дейін қаншама ұлы адамдар дəлелдеп кеткен. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, адам өмірді мағыналы сүруі үшін мен айтып кеткен 4 сфераның əрқайсысының өзіндік алатын орны бар. БАЙЛЫҚ, ДЕНСАУЛЫҚ, МАХАББАТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Бір жас келіншек үйінен шығып келе жатып есік алдында өзіне қарама- қарсы тұрған үш баланы көреді. Өзіне таныс емес балаларға келіншек: — Мен сіздерді танымай тұрмын, есікте тұрмай үйге кіріңіздер, бізбен кешкі асты бөлісіңіздер. Сосын танысып-біліcе жатармыз, – дейді. Сонда үш жігіттің біреуі: — Біз бірге кірмейміз, біреуімізді таңдаңыз, – дейді. Түсінбеген келіншек — Неге? – деп сұрайды таңырқап. Сонда қонақ балалардың біреуі сөз бастап, өзінің атын Байлық, екіншісін Денсаулық, үшіншісін Махаббат деп таныстырады. Келіншек үйге балалардың қайсысын кіргізерін білмей үйге кіріп кетеді. Үйге кіре сала естігенінің барлығын толықтай жарына жеткізеді. Жары аз-маз ойланады да: — Жарайды, Байлықты кіргізелік, жай-күйімізді жақсартсын, – дейді. Келіншек жарының сөзін құттамай: — Қымбаттым, мүмкін денсаулықты кіргізерміз? – дейді. Қыздары болжа Махаббатты кіргізуді өтініп, үйде үшеуара кішігірім тартыс басталып кетеді. Ақырында қыздарының айтқанын тыңдап, үйге Махаббатты кіргізбекші болады. Келіншек далаға қайта шығып: — Сіздердің қайсыларыңыз «Махаббат » болсаңыздар, үйге сол кірсін, – дейді. Қонақтардың бірі есікке жақындап еді, екеуі артынан ілесе жүреді. Сонда түкті түсіне алмаған келіншек: — Мен Махаббатты ғана шақырдым ғой, ал сіздер неге бірге кірмексіздер? - деп сұрайды. Сонда олар: — Егерде сіз Байлықты немесе мені, яғни Денсаулықты шақырсаңыз, қалған екеумiз кiрмей далада қала беретін едік. Бірақ сіздің таңдауыңыз Махаббатқа түсті. Махаббат қайда болса, біз де сондамыз! – деп жауап береді. — Екіншіден, мына біз сіздің үйде мəңгі қалып, əрқайсысымыз өз міндетімізді атқарамыз. Бізді қаншалықты үлкейт емін десеңіздер, ол сіздердің қолдарыңызда. Тек қана бəріміз бірге өсуіміз керек екенін ұмыт пағайсыздар, — дейді. Келіншек ойлана келе оларды үйге кіргізеді. Сіз бұл аңыздан біраз ой түйдіңіз деп ойлаймын. Қай жерде өмір сүруге деген талпыныс, өмірге, адамдарға деген махаббат болса, сол жерде сөзсіз жақсы қарым-қатынастың, зор денсаулықтың, мол байлықтың болатыны
талассыз ақиқат, шынайы шындық. Махаббат, бұл жану екен, өсу екен өркендеп, Тұрады екен өлгенінше өміріңді көркемдеп, — деп Хосе Мартин айтқандай, адал да таза махаббат - өмірдегі бар қажеттілікті топтастырушы ізгі сезім. Зер салып қарасаңыз, сіз бен біздер болып жоғарыда талқылап өткен өмірдің төрт сферасындағы үйлесімділікті табиғаттың өзінен де кездестіруге болады емес пе? Су, Жер, Ауа, Күн қалай бір-бірімен əдемі үйлесім тауып тұр? Көп емес, бір секундқа жер өз осінен жаңылысса не болатынын көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Табиғаттан үйренетін тағы бір құбылыс, ол – табиғаттың тоқтамастан дамып отыруы. Тарихи немесе географиялық зерттеулер нəтижесіне сүйенсек, миллиардтаған жылдардан бері күн өз көлемін қаншалықты ұлғайтқандығына, жер беті қаншама даму сатысынан өткендігіне көз жеткіземіз. Ол жайлы мектеп бағдарламасында да айтылғанын баршамыз білеміз. Табиғат демекші, адам да табиғаттың бір бөлшегі екендігін еске түсіріп отырайық. Яғни, табиғатқа тəн даму үрдісі бізге де тəн деген сөз. Мысалға алма ағашын алайық. Алма ағашы бойы өсіп, діңгегі жуандаған сайын жемісті мол береді. «Бұл жылы жеміс бердім екен» деп ешқандай ағаш өсуін, жеміс беруін тоқтатпайды. Діңгегі шіріп, өзегі қурап, құламайынша өсуден де, жеміс беруден де шаршамайды. Өйткені табиғаттың заңы солай. Адам да алма ағашы сияқты үнемі дамып, өсуі керек. Сіз рухани жəне іскерлік біліміңізді көтерген сайын жетістіктерге оңай жетіп, қаржылық жағдайыңызды жақсарта бермексіз. Ағашқа өсу үшін құнарлы жер, су, күн нұры керек болса, сізге білім керек. Рухани жəне іскерлік білім — Тұлға — Əрекет — Сіздің өмірлік тұрмыс жағдайыңыз Сіз бақшаңыздағы жеміс ағаштарының мол жеміс бергенін қалайсыз ба? Сізді жыл сайын дəмі тіл үйірер жемістерімен қуантқаны ұнай ма? Сізге ұнасын, ұнамасын, кез келген құнарлы жерде өсіп, таза ауамен, сумен сусындап тұрған ағаш өз жемісін беруден жалықпайды. Бұл – заңдылық.
Жемісті ағаштар жер бетіндегі миллиондаған адамды тіршілікке керекті дəрумендерімен қамтамасыз етіп, қаншама адамды қуанышқа бөлейді. Анығырақ айтсақ, өзі өмір сүре отырып, өзгелердің өмір сүруіне көмектеседі. Біз де солай етуге міндеттіміз! Яғни, қаржылық жағдайымызды жақсартып, табысты болып, басқалардың да əдемі, көңілді, жақсы өмір сүруіне жол ашып отыруымыз парыз. Қоғамның, елдің, бүкіл əлемнің дамуына өз ісіміз арқылы үлес қосуымыз керек. Гүлі əдемі гүлді бəріміз жақсы көреміз. Бағасына қарамастан сатып аламыз, күтіп- баптаймыз жəне т.б. Сіз де гүл секілді «істеген ісіңізге сəйкес бағаланасыз, ісіңіздің сапасына қарай жемісін жейсіз». Мысалы, Билл Гейтс «Майкрософт» программасын ойлап таппағанда ақпарат ағымы бүгінгі күндей жеңіл болатын ба еді? Өзіңіз білетіндей, ХХІ ғасырды компьютерсіз, ал компьютерді «Майкрософтсыз» елестету қиын. Яғни, Билл Гейтс бұл əлемге өзінше бір даму, жаңа екпін, жаңа көзқарас алып келді. Немесе атақты Майкл Джексон өзінің əнінің, биінің арқасында миллиондаған адамға қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қаншама жүректерде М. Джексон деген аттың өзі əдемі əн мен келіскен бидің символы болып қалды. Менің ойымша, «Əркім өзінде не бар, соны ғана бере алады!» Жоғарыда айтылған алып тұлғалар бұл əлемнің дамуына өз үлестерін қосты деп мойындайсыз ба? «Сəлем қандай болса, жауап та сондай!», «Еңбегіңе қарай нəтижең!». Өзінің шығармашылығының, білімінің, еңбегінің көрінісі Билл Гейтстың бүгінгі таңдағы қаржылық жағдайы 40 миллиард болса, Майкл Джексон осы күнге дейін ең гонорары жоғары жəне ең танымал əнші болып саналды. Егер де сізде жетістіктен жетістікке жетіп, бақыт пен табысты болғыңыз келсе, өз ісіңіздің сапасын, санын көбейтіңіз. Беретініңіз алатыныңызды алты орап кетердей болсын! Жан рахаттанатын жетістік, таңғаларлық табыс қашанда болсын екпінді еңбекті қажет етеді. Еңбектің сапасы сіздің рухани біліміңізге байланысты екенін ешқашан естен шығармаңыз. Рухани білімнің өзі іскерлік білім, рухани қасиет деп екіге бөлінеді. Іскерлік білімге сіздің жұмысыңызға қатысты білім қабілетіңіз кірсе, тұлғалық қасиеттерге талаптана білу, еңбекқорлық, шығармашылық, тəуекелшілдік, сабырлылық, төзімділік, шапшаңдылық, т.б. қасиеттер кіреді.
Арманыма жетем деп шарк ұрасың, Сол үшін қабілеттің нарқы басым. Адамдық пен адалдық болса бойда, Елеулі еңбек етесің халқыңа шын. Іскерлік пен тұлғаңыз қосылғанда Сонда ғана өрлеуге талпынасың! Өрік ағашы алма бермейтіні секілді арман қылған өмір сүру стиліңізге рухани əлеміңіз, наным-сеніміңіз сай келмесе жете алмайсыз. Ал «арманыма жетемін, өзгеремін, дамимын» деп шешім қабылдасаңыз, бұл кітап сізді рухани байытуға, жеңімпазға сай наным-сенім, қабілет, болмыс- бітім қалыптастыруға көмектеседі. Сіз өзіңіз үшін, отбасыңыз үшін, қоғам үшін, өз ісіңіздің көшбасшысы болуға, табысты болуға міндеттісіз! Тағы да қайталаймын, бұл – табиғи заңдылық! Заңға бағынғысы келмей ерінген адам «бақытсыздық, ауру, кедейлік» деп аталатын «түрмеден» бір-ақ шығады. Ал Сіз бақытты жəне табысты болу үшін аянбай күресу керексіз жəне тиіссіз! Бұл – заңдылық! 1 ӨМІРДЕН НЕНІ НАҚТЫ ҚАЛАЙТЫНЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАҢЫЗ мақсат қою өнері
Өмірден қалағаныңызды алу үшін сіз ең алдымен нені нақты қалайтыныңызды анықтап алыңыз. Бен Стайн актер, жазушы Əрқайсысымыздың жұдырықтай жүрегіміздің түбінде үлкен күш, тылсым шығармашылық қасиеттер бұғып жатыр. Ол күш пен шығармашылық қасиеттер кімге тиесілі дейсіз бе? Мойындасаңыз да, мойындамасаңыз да, ол тек қана сізге тиесілі. Сіздің жүрегіңізде «Мені қашан оятады?» деп тығылып жатқан «жанартауға» тиесілі. Өкінішке орай, ол күшті, ол шығармашыл тұлғаны əке-шешеміздің, достарымыздың, ұстаздарымыздың, өзге де бізге сөзі өтетін үлкен адамдардың айтқанын тыңдап, «тірідей» көміп тастадық десек те болады. Есіңізге түсіріңізші, бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз? Қағазға салған болашақ үйіңіз қандай еді? «Е, ол қиял-ғажайып ертегі еді ғой» дейді бір адамдар күрсіне. Бірақ сіз бала кезіңізде алам деген затыңызды жылап та, сұрап та алатын едіңіз ғой. Ешқандай қорқынышсыз, ұялмастан қонақтарға əн айтып, би билеп, «Менің арманым» деп достарыңызға арманыңызды айтып берген сəттер есіңізде қалды деп ойлаймын. Ол уақытта сіз нені нақты қалайтыныңызды біліп, сол мақсатқа жететініңізге сенген едіңіз ғой... Сонымен не болды? Сіз өзгердiңіз. Қалай? Кім үшін? Не үшін? Неге?.. Өйткені сіздің өсе келе естіген сөздеріңіз: «Қарағым, қиялдамай жерге түс!», «Бəрі сен ойлағандай емес!», «Сен тек өзіңді ғана ойлайтын менменсің!», «Өзіңді бұлай ұстауды қой да, менің айтқанымды істе!», «Жылаған несі?!», «Сен енді бала емессің!», «Шамаңа қарасаңшы!», «Қияға көп берілме!», «Олар бай, біз кедейміз. Маңдайымызға жазылғанын көреміз де!», т.б. Бала кезімізден жоғарыдағыдай бұйрықты тыңдап өскен біз жүрегіміздегі арманымызды ұмытып, «Қайтсем адамдарға ұнаймын?» деген мақсаттың артынан қуып кеттік. Себебі біз түсіндік! Нені дейсіз бе? Айналадағыларға ұнау үшін не істеу керек екенін ұқтық. Сондықтан болар, нəтижесінде көп нəрсені біз өзімізге ұнамаса да істейміз. Əкеміздің қалауы бойынша экономикалық
колледжге түстік. Ақшасы көп мамандықты таңдадық. Бірақ арманымыз басқа еді... Иə, біз жүрегіміздегі үкілеген арманның соңынан жүрудің орнына, айналамызға бейімделе отырып, арманға жету үшін емес, аш қалмау үшін күресуді үйрендік. Неге? Себебі біздің бой түзеп өскен ортамыз солай. Яғни, болашағына сенімсіздікпен қараған ортаға түскен (мына өмірден бейхабар) біз де өз болашағымызға сенімсіздікпен қарап өстік жəне сенімсіздікпен өмір сүріп жүрміз. Енді арманымызды еске түсіріп, өзгеретін кез келді! Осы уақытқа дейін арманымызға жететініңізге, өз бақытыңыз өз қолыңызда екеніне сенбеген шығарсыз. Сіз келіссеңіз, мен сізге көмектесемін! Өзіңізге, арманыңыздың орындалуына деген сеніміңізді арттырамыз! Ол үшін, ең бірінші, арманыңыз жайлы, өмірден нені қалайтыныңыз жайлы ойланыңыз. Өмірдегі басты арманыңыз қандай? Кім болғыңыз келеді? Қанша уақытта қанша ақша тапқыңыз келеді? Қандай жобалар жасағыңыз келеді? Қандай жетістікке жеткіңіз келеді? — Денсаулығыңыз бойынша — Қарым қатынас бойынша — Жұмысыңызда — Рухани жағынан Адамдарды алдына қойған арман-мақсатына қарай бағалау керек! Н.Н. Михлуко Махлай Мамандықтың қай саласын таңдасаңыз да жетістікке, табысқа жету үшін бізге ең бірінші арман, айқын мақсат керек. Арман мен мақсатты бөліп қарағанымыз дұрыс болар. Арман, ол – арман, яғни қиялыңыздағы
жетістік немесе өмір сүру стилі, «Армансыз адам – қанатсыз құс» демекші, бүгінгі өмірде армансыз адам жоқ десе де болады. Бірақ көп адамның армандары мақсатқа айналмай, арман күйінде қалып қойған. Бəрінің емес, əрине, көбісінің. Арман десе көпшілігіміз орындалмайтын, қол жетпейтін жетістік жайында сөз қозғап жатқандай боламыз. Сондықтан да жоғарыда еске түсірген арманымызды тез арада мақсатқа айналдырғанымыз дұрыс болар еді. Мақсат – белгілі бір уақыт ішінде орындалуы тиіс іс, қол жеткізер жетістік. Арман мен мақсаттың айырмашылығы сонда — арман аспанда болса, мақсат сол аспандағы заттың нақтылануы, яғни белгілі бір уақыт аралығында істелінуі тиісті іске айналуы. «Мен шын мəнінде нені қалаймын?» деп өзіңізге іштей сұрақ қойып көріңізші. Қашан жаныңызға жағатын жауап алғаныңызша осы сұрақты өзіңізге қайталап қоя беріңіз, қоя беріңіз... Біраз уақыттан кейін ой- санамызда бір жауаптар пайда болады. Байқайтын болсаңыз, ойыңыз бен сана-сезіміңіз іске қосылады. Мардымды жауап алғыңыз келсе, мардымды сұрақ қойыңыз. А. Энштейн Менің бизнестегі əріптестерімнің бірі Марк Атласов «Біздің миымыз əлемдегі ең мықты биокомпьютер» деп айтатын еді. Сондықтан біздің ой- санамыз қойылған сұрақтың барлығының жауабын табады десем, сіз таңғалмаңыз. Тек дұрыс сұрақ қоя білуіміз керек. Соныменен негізгі арманымызды анықтау үшін мына бір сұрақтарға жауап беріп көрейік: Шын мəнінде өмірден нені қалайсыз? ______________________________ Кім болғыңыз келеді? _________________________________________ Арманыңыздағы тұрмыс-жағдайыңыз, қоғамдағы беделіңіздің қандай болғанын армандайсыз? _______________________________________________
Адамның алдында тұрған арман, айқын мақсат деңгейіне, көлеміне қарай өмірге деген құлшынысты арттырып, əрекетке итермелейді. Сонымен қатар ой-өрістің жақсы жұмыс жасауына əсер етеді. Бұл əлемде жалқау адамдар жоқ! Тек мақсаттары шабыттандырмайтын адамдар бар. Энтони Роббинс «Аманжол, неге олай ойлайсыз? Менің мақсатым бар, бірақ еңбектенуге келгенде кей сəттерде ерініп қаламын» деуіңіз мүмкін. Менің жауабым: «Сіздің мақсаттарыңыз əлсіз!». Көп жағдайда менің осындай жауабыма адамдар сенімсіздікпен қарайды. Бірақ мен таусылмайтын күш-қуатым, аз уақыт ішіндегі үлкен жетістіктерім мақсаттарыма байланысты екенін дəлелдеп беремін. Күн сайын мен шаршауды сезінсем де əрекеттенемін. Кеш жатамын. Өзімнің шамам келетін бар мүмкіндікті мақсатыма жету жолында 100%-ға қолдануға тырысамын. Өйткені менің мақсаттарым жүрегімнің қағысын тездетіп, қан айналымымды жылдамдатады, шабыттандырады, күш береді. Қысқасын айтқанда, мен өмірге, мақсатыма ғашықпын! Айтыңызшы, ғашық адам не істейді? Сүйгеніне жету жолында барлық əрекетке барады. Қасында болып құшақтағысы, аймалағысы келеді. Махаббат деген аурумен ауырған адамға сүйіктісіне жету үшін еш нəрсе кедергі бола алмайды. Ал менің махаббатым, менің сүйіктім, ол – менің алға қойған мақсаттарым! Сіз де өзіңізге керек үлкен күшті, шалқытатын шабытты оята аласыз! Тек арманыңызға, мақсатыңызға ессіз ғашық болыңыз. Қаншалықты мақсатыңызға деген махаббатыңыз күшті болса, соншалықты кез келген қиындықты жеңетін энергияға ие боласыз. Яғни, еріншектік деген дүниені мүлдем ұмытасыз. Тренингте кейбір кісілерден «Шын мəнінде менде ешқандай мақсат жоқ!» деген жауапты естіп жатамын. Бұл – адамдардың мақсаттың өзіне қаншалықты əсер ететінінен бейхабар болуы. Адамның ой-санасы əрқашан істеу керек бірнəрсе тауып алады, əйтеуір. Ол рахаттану үшін немесе қиындықтан қашу үшін. Сондықтан, түсінсеңіз, «кез келген адамның мақсаты бар. Ойландыратын бір мəселе – сол мақсаттар қаншалықты үлкен жəне маңызды. Көпшілік қауымның мақсаты – «ком.
услуганы» уақытылы төлеу немесе отбасын тамақпен қамтамасыз ету! Нақтырақ айтсақ, өмірде өрлеу емес, «аш қалмау» маңызды болып табылады. Қалай ойлайсыз, осындай ұсақтүйек мақсаттар сіздің жүрегіңіздегі шабытты, ой-санаңыздағы энергияны оята ала ма? Шамасы, жоқ! Сіз бен бізге есте сақтайтын бір мəселе – кез келген мақсат бізге белгілі бір деңгейде əсер етеді. Шабыттандырып, əрекетке итермелейді. Немесе уақыт өткізу үшін теледидарға сүйрейді. Егерде біз ішімізде бұғып жатқан мүмкіндіктерімізді сыртқа шығарғымыз келсе, үлкен жəне маңызды мақсат табуымыз керек. Үлкен мақсат көкірегіміздің түбінде, шексіз қабілет пен таусылмас энергияны игеруге көмектеседі. Есіңізде болсын, күнделіктегі күйбең тіршілік бізден толыққанды күш-қуатты, қабілетті талап етпейді: Үлкен Адам болу үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға. М. Шаханов Біз алғаш рет үлкен мақсат қойғанда сол мақсатқа жету қолымыздан келетініне сенбейміз. Мақсат қою алдында мақсатыңыздың маңыздылығына көп көңіл бөлуіңізді сұраймын. «Жетемін» деп талаптанған мақсатыңыз сізді шабыттандыратындай, энергия беретіндей болуы тиісті. Өз басыма келер болсам, кейбір мақсаттар басында мүмкін емес сияқты көрінсе де, мүмкін екені жайындағы азғантай ойдың өзі қатты толқытады, шабыттандырады. Анда-санда қойған мақсаттарыма таңырқай қарап, «Бұл мақсат шынымен менікі ме?» дейтін кездерім болады. Үлкен мақсаттарымызға қарап шабыттану үшін ол мақсатқа жету біздің қолымыздан келе ме, келмей ме деп бас қатырып керек те емес. Ең басты мəселе – алға қарай жүре беріңіз. КӨРІНБЕЙТІНДЕРДІҢ КӨРІНЕТІНДЕРГЕ АЙНАЛУЫ
Ал қазір айналаңызға қараңызшы. Не көріп тұрсыз? Сіз отырған диван немесе мініп жүрген машина қайдан пайда болды? Аспаннан салбырап түсті ме, əлде өзінен өзі пайда болды ма? Əрине, жоқ! Біз көріп, ұстап жүрген заттардың барлығы бір уақыттарда бір адамдардың идеяларынан басталған. Осыдан жиырма жыл бұрын сізге біреу келіп, «Болашақта «ұялы телефон» деген құрал болады, бұл құралды қолыңызға алып керек адаммен сөйлесе аласыз» десе сенер ме едіңіз? Сіз сенбесеңіз де, өз арманына, өз идеясына сене білгендердің арқасында біз бүгінгі өмірді компьютерсіз, интернетсіз, телефонсыз елестете алмайтын халге жеттік. Шындап келгенде, сіз де, мен де бір адамдардың идеясының, мақсатының күшімен өмірге келдік емес пе? Биіктігі таңқалдыратын зəулім үйлер, жүзден де жүйрік ұшақтар – бəрі баяғыда белгілі өнертапқыштардың қиялынан, ойынан туған туынды екені айдан анық. Кез келген зат екі рет пайда болады: Бірінші – адамның ойында, екінші – өмірде! Томос Альфа Эдисон Сондықтан өткен-кеткен тəжірибеңізге, айналаңыздағы адамдарға қарап, «Мен не қиялдап жүрмін, «жерге түсейін» деп жүрмеңіз. Сіз қазір жаңа өмір бастаудасыз, арманыңызға тік қарап, сол арманға сенуге, жету үшін күресуге міндеттісіз! Ең бастысы ойыңызда бар, ойда пайда болған арман- мақсат көп кешікпей əрекеттенсеңіз, шындыққа айналатынын ұмытпағайсыз! Қойылған мақсат – көрінбейтіндердің көрінетіндерге айналуындағы темірқазық, кез келген өмірдегі табысқа жетелейтін фундамент. КЕЗ КЕЛГЕН МАҚСАТТЫ ҚАҒАЗҒА ТҮСІРІП ОТЫРЫҢЫЗ! Өткен жылдардың бірінде АҚШ-тағы Гарвард атындағы университеттің ғалымдары төмендегідей, яғни адамзат үшін үлкен маңызға ие болатын
тəжірибе жұмысын жүргізіпті. Бір курста оқитын 100 студентті сырттай психологиялық тұрғыдан бақылауға алады. Студенттердің 3%-ы алға мақсат қойып, сол мақсаттарын қағазға түсіріп, жету үшін талаптанып жүретін болған. 10%-ы болса арман-мақсаттарын қағазға жазбастан, тек ойында ұстап, қалған 87%-ы арман-мақсатты ескерместен күнделікті күйбең тіршіліктен ары аспайтыны анықталған екен. Бақылау тəжірибесінің қорытындысын ғалымдар 10 жылдан кейін барып жариялаған. Нəтижесінде мақсаттарын «құдайдың құтты күні» қағазға түсіруден шаршамаған студенттер 10 жылдың ішінде 87%ды есептемегенде мақсаттарын ойында ұстайтын əріптестеріне қарағанда 60100%-ға табысты болып, өз салаларында жеңістерге жетіп, биіктерді бағындырыпты. Жоғарыдағы тəжірибе қорытындысына сүйене келе мен сізді шаршамай, шашырамай арман-мақсаттарыңызды қағазға түсіріп отыруға шақырамын. Ойдағы арман-мақсаттың шабыт бар кезде тез арада қағазға түсуі көрінбейтіннің көрінетінге айналуындағы үлкен маңызға ие қадамдарының бірі болып табылады. Сондықтан өмірдің қай саласынан болсын алға үлкен мақсат қойып, ойдағы мақсатты тез арада қағазға түсіріңіз. ДƏЛ ҚАЗІР БІРІНШІ ҚАДАМДЫ БАСТАҢЫЗ Кітаптың бас жағында айтып кеткенімдей, өмірдің 4 сферасын алайық. Əр сфераның өзіндік алмастыруға келмейтін орны бар екенін ұғына алдыңыз деп сенемін. Сонымен: 1.Рухани дамуға қатысы бар мақсаттар 2. Отбасымызға, қарым-қатынасқа қатысы бар мақсаттар 3. Денсаулығымызға қатысы бар мақсаттар 4. Қаржы саласына, бизнесімізге, жұмысымызға қатысты мақсаттар. Əр сфераға ерінбей уақыт бөліп, ойлана келе мақсаттарыңызды қағаз бетіне түсіріңіз. Тезірек жазыңыз, қаламды тоқтатып, жазғаныңызға көңіл аудармайақ қойыңыз. Өзіңізге іштей «Мен не нəрсеге талпынатын едім,
егерде мен үшін сəтсіздік деген атауымен жоқ болса» деген сұрақты қоя отырып, ойыңызға қандай арман, мақсат түседі, бəрін қағазға жаза беріңіз. Бала кезіңізді еске түсіріп, арманыңызды жазып жатқан қағазды «шексіз не жазсаң, соның бəрін орындай беретін» «алтын балық» деп есептесеңіз де болады. Көрпеңе қарай көсіліп керек емес, көрпеңіз ұнамай ма, ұйықтамасаңыз да еңбек етіп, ұзын көрпе сатып алып, «нормально» ұйықтаңыз. Аманжол РЫСМЕНДИЕВ РУХАНИ ДАМУҒА АРНАЛҒАН МАҚСАТТАР 1-қадам. Бұл сала бойынша мақсаттарыңызды (кітаптағы арнайы орын жетіспесе) жеке дəптерге жазыңыз. Өзіңіздің жеке тұлғаңызда нені дамытқыңыз келеді, барлығын жазыңыз. Ой-өрісіңіздің дамуына қатысты мақсатыңыз қандай? Қосымша бір тіл үйренгіңіз келе ме? Мүмкін сіз рухани əлеміңізді рахатқа бөлейтін қасиетті жерлерге барғыңыз келіп жүрген шығар? Ал сіз мықты шешен (оратор) болсаңыз, қаншалықты жетістікке жете алар едіңіз? Алдағы бес минуттың ішінде рухани əлеміңізді рахатқа бөлей алатын қандай мақсат ойыңызға келеді, бəрін жазыңыз. «Ақымақ немесе кішкентай бала сияқты не істеп отырмын» деп қорықпаңыз. Төменде сіздің мақсат қоюыңызға көмектесе алатын сұрақтар тізімі көрсетілген. Қарап болғаннан соң, міндетті түрде мақсаттарды жазу жұмысына кірісіңіз. Сіз не нəрсені үйренгіңіз келеді? Мінезіңіздің қай қырларын дамытуды қалайсыз? Кім болғыңыз келеді? Сахнаға шығудағы қорқынышыңыздан арылғыңыз келе ме? Іскерлік тұрғыдан қандай өнерді, қабілетті меңгергіңіз келеді? Сату өнеріше? Келісімшарт жасай білу? Командамен жұмыс жасау? Домбырада ойнау? Би билеу? Өз салаңыз бойынша алдыңғы қатарлы маман болу үшін сіз қандай қабілеттерді өз бойыңызда дамыту керексіз? Мүмкін көптен бері өлең шығаруды немесе кітап жазуды үйренгіңіз келіп жүрген шығар? Ал миллионер болу құпиясы сізді қызықтыра ма? Рухани дамуға арналған мақсаттарыңыздың тізімі:
____________________________________________________________________________ 2-қадам. Енді сізде рухани дамуға арналған мақсаттардың тізімі бар. Келесі көңіл бөлетін мəселе: қай мақсатқа қашан жеткіңіз келеді? Бұл жерде де қалай жетемін деген сұраққа көп ойланып, ой тұңғиығына сүңгудің керегі жоқ. Жəй ғана əр мақсатқа өзінше бір нақты уақыт белгілеңіз. Есіңізде болса, мақсат дегеніміз – аспандағы арманның белгілі бір уақыт ішінде істелінуі керекті іске айналуы. Мақсатыңыздың маңыздылығына қарай «осы уақытта жетемін» деп шешім қабылдап, əр мақсаттың қасына қай уақытта жеткіңіз келеді, сол уақытты жазыңыз. 3-қадам. Ал енді жазған мақсаттарыңыздың ішінен маңызды деген біреуін таңдап алыңыз да, мына бір сұрақтарға жауап беріп көріңізші. Бұл мақсатты не үшін қойдыңыз? Не үшін осы мақсатқа жету өте маңызды деп ойлайсыз? Мақсатыңызға жетсеңіз, өміріңіз қаншалықты өзгереді? Ал жете алмай қалсаңыз, не жоғалтасыз? Не үшін жəне кім үшін бұл мақсатқа жету керексіз? Дəл қазір бір-екі минут уақыт бөліп, осы сұрақтарға жауап беріп көріңізші. Жалпы менің мақсат қою жөнінен көп жылдан бері түсінгенім: қаншалықты менде «не үшін?» жəне «Кім үшін?» деген сұрақ көп болса, мен соншалықты сол мақсатқа жетуге талпынамын. Екінші мəселе, мақсатыма жетсем, өміріме қандай жағымды өзгеріс болады? Əрине, мен өміріме қуаныш пен бақытты көбейтетін мақсатты армандаймын. Мақсатқа жету үшін жігер мен шабыт керек, ал орындалған мақсаттың беретін жан рахатын ойлаған сайын, шабыттанып, тез арада жету жолдарын қарастырасыз. Қарым-қатынасқа, отбасыңызға қатысты мақсаттар 1-қадам. Қарым-қатынас, отбасыңыз бойынша не нəрсені жақсартқыңыз келеді, барлығын жазыңыз. Кіммен дос болғыңыз келеді? Жарыңызды қалай қуантқыңыз келеді? Кіммен қарым-қатынасыңызды жақсартқыңыз келеді, балаңызбен, əйеліңізбен, күйеуіңізбен, досыңызбен, мүмкін, əжеңізбен немесе атаңызбен? Айналадағы əріптестерімді түсіну үшін не істеу керекпін? Ренжуді қою ма?
Айқайлаудан бойды алшақ ұстау? Тергеуден бұрын түсіну? Үнемі жақсы көңіл-күйде жүру ме? Олар мені не үшін жақсы көреді? Қалайша жақсы тыңдаушы, жақсы əңгіме айтушы болуға болады? Психологияны оқу? Сабырлылық сақтау? Қарым-қатынасқа, қатысты мақсаттар тізімі: ____________________________________________________________________________ 2-қадам. Мақсатыңыз анықталып болса, əрқайсысын қай уақытта жеткізгіңіз келеді, уақытты белгілеңіз. Бір апта, бір жыл, т.б. 3-қадам. Ішінен маңызды деген біреуін таңдап алыңыз. Не үшін, кім үшін осы мақсатқа жетуіңіз керек? Осы мақсатқа жетсеңіз, қаншалықты деңгейде тасыңыз өрге домалайды, қаншалықты деңгейде жан рахатын сезінесіз? Денсаулығымызға қатысты мақсаттар Ұлы мақсаттар үлкен энергияны талап етеді. Ал сіздің денсаулығыңыздың күші, сапасы қаншалықты деңгейде? Өзгелерді «жандыра» алатын энергия, күш-қуат, жігер сізде бар ма? Əлде өзгелердің энергиясымен өмір сүріп жүрсіз бе? Өмірдегі қадам алысыңыз жүрегіңіздің қағысына байланысты екенін ұмытпағайсыз. 1-қадам. Денсаулығыңызды жақсартуға арналған мақсаттарыңызды қағазға түсіріңіз. Ұсақ-түйек деп бөлмей, ойға не келеді, соның бəрін жазыңыз. Денсаулығыңыздың қай жерін «ремонттау» керек? Бастағы нерв талшықтарын? Бүйрек? Жүрек? Бұлшықеттер? Тіс, т.б? Үнемі энергиялы болу үшін не істеу керек? Спортпен айналысу? Медитация? Дəрумендер қабылдау? Дұрыс тамақтану? Фитнес клубқа жазылу? Дұрыс режиммен демалу? Денемді армандағыдай ету үшін не істеуім қажет? Гимнастикаға жазылу? Диета ұстау? Денсаулығымызға қатысты мақсаттар тізімі:
____________________________________________________________________________ 2-қадам. Мақсаттардың маңыздылығына қарай белгілі бір уақыт белгілеп, «сол уақытқа дейін жетемін» деп өзіңізге тапсырма алыңыз. Табыс дегеніміз – үлгере білу. 3-қадам. Денсаулығыңызды не үшін, кім үшін жақсартпақсыз? Үнемі қуанып, энергиямен жүргеннің пайдасы қандай? Спорт кешеніне күнделікті жаттығуға барғаннан не ұтасыз? Қаржы саласына, жұмысқа, бизнеске қатысты мақсаттар Өмір ақшамен немесе жұмыспен өлшенбейді. Десе де, қоғамға өз ісіңіздің шебері болмасаңыз, керегіңіз шамалы. Денсаулық үшін де, қарым-қатынас үшін де, рухани даму үшін де ақша керек. Ал ақша табу үшін айтып кеткен үшеуі жоғары деңгейде болуы парыз. 1-қадам. Жұмысыңызға, бизнесіңізге тиесілі арман-мақсаттардың бəрін қағазға түсіріңіз. Қаншалықты ақшалы азамат болғыңыз келеді? Бизнесіңізде қандай деңгейге жеткіңіз келеді? Ісіңізді қаншалықты кең ауқымда жүргізуді қалайсыз? Қанша ақша тапқыңыз келеді? Жылына 10000 доллар? 20000 доллор? 50000 доллар? 100000 доллар? Əлде санауға шамаңыз жетпейтіндей көп пе? Өзіңіз істеп жүрген компаниядағы мақсатыңыз қандай? Командаңыздың əлем бойынша дамығанын қалайсыз ба? Өз салаңызда алдыңғы қатарлы сарапшы маман болғыңыз келеді ме? Таза пайданың қалай келгенін қалайсыз? Қашан бизнесіңіз сізсіз жұмыс істейді? Жұмыс жасамай-ақ инвестициядан қандай кіріс көлемін алғыңыз келеді? Қанша жасыңызда қаржылық тəуелсіздікке жеткіңіз келеді? Зейнетақы қорына зейнет жасына дейін қанша ақша аударғыңыз келеді? Өміріңізді қанша ақшаға сақтандырғыңыз келеді? Қаржы саласына, жұмысқа, бизнеске қатысты мақсаттар тізімі: ____________________________________________________________________________
2-қадам. Мақсат-мұраттарыңызды жазып болсаңыз, əдеттегідей əрқайсысына уақыт белгілеңіз. Бір жылда жетуім мүмкін десеңіз, онда қасына 1 жыл, 3 жылда жетемін деп тұжырымдасаңыз, қасына 3 жыл деп белгілеңіз. Есте ұстаңыз: мақсаттың уақытын ойланып жаздыңыз ба немесе ойланбай жаздыңыз ба, ол маңызды емес. Қаншалықты мақсатыңыздың алдында жауапкершілік аласыз, қаншалықты мақсатыңызға ғашықсыз, сол маңызды. 3-қадам. Жазған мақсаттарыңызды ішінен өте маңызды деген біреуін таңдап алыңыз да, өзіңізге сұрақ қойыңыз. «Мен бұл мақсатқа не үшін, кім үшін жету керекпін? Бұл мақсатқа жету мен үшін қаншалықты маңызды? Мақсатыма өзiм белгілеген уақытта жетсем өмірім, жан дүнием қаншалықты өзгереді?». Орындалған мақсатыңыздың беретін пайдасы мен маңыздылығы қандай деңгейде, сондай деңгейде шабыттанасыз. Сондықтан не үшін жету керекпін деген сұраққа берер жауабыңыз көп болуы керек. Бəрі ең бірінші қиялдаудан басталады. Напалеон Хилл Өміріңізге мағына беретін өмірдің төрт облысынан мақсаттарыңызды белгілеп алғаныңызға шын жүректен қуаныштымын. Себебі бұл бөлімнің басында айтылғандай, сіз бен бізге ең керегі шабыттандыратын, əрекетке итермелейтін айқын мақсаттар. Сол жүрегіңізді толқытып бара жатқан арманмақсаттарыңыздың сөзбен белгілеген уақыт ішінде орындалғанын қатты қалайсыз ба? Қаласаңыз, кітапты ары қарай оқи беруді жалғастыра беріңіз. Алдағы бөлімдерден қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек екеніміз жайында сөз қозғаймыз. АРМАНЫҢНЫҢ ОРЫНДАЛҒАНЫН АУАДАЙ ҚАЖЕТ ЕТУ КЕРЕКСІҢ
Күндердің бір күнінде ой құшағыңда отырған ұстазына шəкірті маңызды бір сұрақпен келеді. — Ұстаз, айтыңызшы, арман-мақсатыма жету үшін не істеу керекпін? Ұстазы біраз ойланады да, шəкіртiн өзен жағасына алып барады. Шəкіртінің басын мойнына дейін суға батырып тұрып, қайта жібереді. - Судың астында нені қаладың? – дейді шəкіртіне сұраулы жүзбен. Шəкірті болса: - Арманымның орындалғанын қаладым, – деп жауап береді. Ұстазы шəкіртінің басын қайта суға тығады. Бірақ бұл жолы шəкіртішің басын суда ұзақ ұстайды. Дем жетпей тұншығуға аз- маз қалғанда ғана күшпен ұстап тұрған қолын жібереді. Судан басын жұлып алған шəкіртінен ұстазы: — Енді су астында нені қатты қаладың? – деп сұрайды. Шəкірті болса: - Ауаны, ауаны, - деп жауап береді. Ұстазы шəкіртіне қарап: - Су астыңда ауаны қатты қалағандай, арманыңның орындалуын да қатты қалау керексің, - деп маңызды сұрақтың жауабын айтады. Мен де сізге қойған мақсаттарыңызға уақытында жетуді ауадай қажет етеді деп сенемін. Ал енді сізбен бірге алға қойған мақсаттарға жету үшін өзімізді күнделікті шабыттандырып, кезіккен қиындыққа мойымай жігерлендіріп отыруға көмектесетін тəсілдердің əр тараптандырылған түрлері көрсетілген кітаптың келесі бөліміне өтейік. 2 ӨЗІҢДІ МАҚСАТЫҢА ЖЕТУ ЖОЛЫНДА ШАБЫТТАНДЫРА БІЛУДІҢ ƏР ТАРАПТАНДЫРЫЛҒАН МЕТОДИКАСЫ Том, том кітап жазу үшін де, зəулім сарай салу үшін де сол іске итермелейтін үлкен шабыт керек! И.С. Тургенев Шабыт – жалқаулардың үйіне бас сұқпайтын тəкаппар ару! П.И. Чайковский
Оларды итермелеген күшке, желтоқсанның қар боратқан қара суығы, өкіметтің шексіз қатыгездігі де кедергі бола алмады. Шыбын жандарын шүберекке түйген жастардың ой-мақсаты, рухы бір еді. Менің нені меңзеп тұрғанымды сезіп тұрған шығарсыз. Əрине, бұл тек Қазақстанның ғана тəуелсіздігіне емес, өзге де мемлекеттердің еркіндік алып, жеке мемлекет болуына мұрындық болған – 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы. Соншалықты деңгейде жүректеріндегі күдік пен қорқынышты сейілтіп, қыстың қара суығын елетпей, жастарды көтеріліске шығуға итермелеген, шабыттандырған ол қандай күш? Сонымен қатар бір адамның өмір бойғы сүрген өмірін, істеген ісін, ішкі құндылықтарын 4 томдық қалың кітап қылып қағаз бетінде қара сөзбен өрбіткен Мұхтар Əуезовке не əсер етті? Егерде Абай жолын оқыған болсаңыз, менің ойымда түсінерсіз. Қалың кітап жазу емес, елу беттік бір шығарманы аяғына дейін оқып бітіруге ерініп, төзімі жетпейтіндер қаншама?! Иə, бəріміз де үлкен жетістіктерді көргенде сол жетістіктің өзегі іспеттес болған еңбекке көңіл бөлеміз. Бірақ сол үлкен еңбекке, əрекетке қандай күш, қандай шабыт себепші болғаны жайында ойланбаймыз десем де болатын шығар. Күш демекші, 1986 жылғы көтеріліске шыққан жастарды көтеріліске шығуға, М. Əуезовты «Абай жолы» эпопеясын жазуға итермелеген ортақ шабыт, ортақ күштер. Ол – «Қорлық пен Жан рахаты». Желтоқсандық жастар неге көтеріліске шықты дейсіз бе? Біріншіден, қазаққа қазақ емес орыс ұлтының басшы болғанына намыстану, «қорлану» болса, екіншіден, тəуелсіздік таңының беретін еркіндігіне, «жан рахатына» деген талпыныс. М. Əуезов те қалың елге ғибрат беретін Абай Құнанбайұлының ұлылығын дəріптер ұлы еңбектен «жан рахатын» сезінгісі келді. Айтыңызшы, сіздің еңбегіңіз көп адамға көмектесетін болса, сізге жəне өзгелердің жақсы өмір сүруіне мүмкіндік беретін болса, сол еңбегіңізден «жан рахатын» сезіне алатын ба едіңіз? Ал сізді ешкім сыйламайтын болса, денсаулығыңыз нашар болса, осындай деңгейіңізге намыстанбай, қорланбай, «өзгелерді кінəлап» жүре бересіз бе? Əлде намысыңызды қайрап, қайтсеңіз де қорланбаудың жолын іздейсіз бе? Жауабын айтпасаңыз да, табиғатынан кез келген адам қиындық пен қорланудан қашып, өмірден мейлінше көп лəззат алуға тырысады. Бақыт – істеген ісіңнің жемісін жеп рахаттану. Лена Есболқызы, ҚР еңбегі сіңген ұстаз
Менің де осы салаға түсіп, мойындаған халықаралық бизнес-тренер, мотиватор болуыма итермелеген күш «Қорлану мен жан рахаты» болып табылады. 3 жасымда анам мен əкем айырылысып, қарындасым, анам - үшеуміз нағашы əжемнің қолында тұрдық. Анам еш жерде жұмыс істемейтіндіктен, тек əжеміздің зейнетақысына күн көрдік. Ақша жетіспегендіктен қандай дұрыс киім болсын?! Мектепке анамның інісінен қалған ескі-құсқы киімдерді киетінмін. Қасымдағы достарым заман талабына сай киініп жүргенде менің осылай жүргенім намысыма тиетін. Өз қатарымнан қалыспай киініп жүруге барымды салатынмын. Өзге балалар жазда демалыс орындарына барып демалып, ойнап-күліп жүргенде мен ала жаздай күзде сабаққа керекті қалам-дəптерді, киім-кешегімді алу үшін бөтелке, алюминий жинап, сататынмын. Тірлікке ерте араласуымды ойласам, мəз бола, ризашылықпен қарайтын кедейшілік, ақша жетіспеушілік себепші болды. Алматыға келіп оқуға түскенде де жұмыс пен оқуды қатар алып жүрдім. Біздің оқу орны орналасқан жердің айналасы үлкен коттедждерге толы еді. Өзіммен қатарлы балалар қымбат машиналармен арлы-берлі өтетін. Осындай үй мен машинамның жоқтығына кейде қынжылсам, кейде қызыға қарап, сол өмір сүру стиліне тез арада жету үшін талмай еңбектенетінмін. «Еңбек етсең емерсің, жалықпасаң жеңерсің» деп халық даналары айтқандай, арман болған өмір сүру стиліне де, атақ-абыройға да қол жеткіздім. Егерде кедей болып жүргеніме намыстанбасам, өмірдің биігіне шығуға талпынып, жетістік пен табыстың беретін жан рахатын аңсамасам, қарапайым біреу болып жүре беретін едім. Бұл кітапты жазудағы мақсатым да адамдарға көмектесу, жетістікке, табысқа жетуіне жол ашу. Еңбегімнің жемісін жеп, «Аманжол, сіздің кітабыңыз менің өзімді, өмірімді жағымды жаққа өзгертуге көмектесті» деген оқырманымның жылы лебізін, тілек хаттарын оқып рахаттану. Машинаның қорғаушы күші бензин болса, сол бензин iспеттес болып, «Қорлық пен жан рахаты» адамды қоздырады, қозғайды, əрекеттендіреді. Сіз бен біз не істесек те, қорлықтан, қиындықтан қашу үшін немесе мақсатыңызға жетіп жан рахатын сезіну үшін істейміз. Табыс құпиясы біздің қорлану мен жан рахатын» қаншалықты тиімді қолдануымызға байланысты. Энтони Роббинс
Көңіл бөлудің күші Көпшілігіміздің өзгергіміз келеді, бірақ өзімізді əрекетке итермелей алмаймыз. Содан кейін əрекет ету керек екенін білсек те, əрекетті бастап кете алмағанымызға қиналамыз, «жынданамыз», қажимыз, т.б. Себебі неде? Себебі біз түсінбестікпен істің себебіне мəн берместен салдарды, яғни əрекетті өзгерткіміз келеді. Мысалға, бəріміздің табысты болғымыз келеді, біз не үшін табысқа жету жолында бəріміз 100%-ға беріліп əрекеттенбейміз? Мүмкін фигураңызды көптен бері əдемі қылып өзгерткіңіз келген шығар, бірақ диета сақтауға, таңғы жаттығуға келгенде ерініп қаласыз. Неге? Не үшін? Не себепті? Істің мəнісі не нəрсеге көңіл бөлетінімізде жатыр. Мақсатқа жету жолындағы қиындықтарға əлде орындалған арман- мақсаттың беретін жан рахаты ма? Табысты болу үшін талмай еңбек етіп, кітап оқып, өзіңізді тəртіпке бағындыру керексіз. Оңай болады деп айта алмаймын. Дегенмен табысқа, байлыққа қол жеткізу дегеніміз керемет сезім. Біріншіден, мейрамханадағы менюді арабша оқуды қоясыз. Екіншіден, достарыңызға, отбасыңызға, жақындарыңызға көмектесе аласыз. Үшіншіден, атақ-абыройға, сый құрметке ие боласыз. Төртіншіден, өзіңізді өзіңіз бағалап бастайсыз. Бесіншіден, жыл сайын əлемдік саяхат жасап, жақсы жерлерде демала аласыз. Толыққанды өмір сүресіз Алтыншыдан, бір уақытта арман болған өмір сүру стиліне қол жеткізгеніңізге мəз болып, жан рахатын сезінесіз. Айта берсек көп қой, кез келген орындалған мақсат сіз ойлағаннан қарағанда көп мүмкіндік, терең лəззат тарту етеді. Сондықтан өзіңізді өзіңіз шабыттандырып, жігерлендіріп отыру үшін мақсатыңызға жету жолындағы қиындықтарға емес, жеткен мақсаттың беретін мүмкіндігіне, жан рахатына көп көңіл бөліңіз. Ал енді өзіңізге қараңызшы, бүгінгі өміріңізге ризасыз ба? «Істеу керек еді», «Келесі жылға дейін істеймін» деген өтірік жауапкершіліктерден жалыққан жоқсыз ба? Арманы бойынша өмір сүрген өзіңіз қатарлы адамдардан қай жеріңіз кем? Əлде олардың жеті қолы, сегіз аяғы бар ма? Əрине, «оның жоғарыда көкесі бар», «туғанынан талантты еді», «оның жолы болғыш» деген ойлармен өзіміздің əрекетсіздігімізді ақтағанымызбен де «бəрібір жүрегіміздің түбінде ол адамдардың бізден ешқандай да артықшылығы жоқтығын, кінə өзімізде екенін сеземіз ғой.
Айтыңызшы, болашақта балаңыз немесе немереңіз «Папа, мама біз неге кедейміз? Мен неге жақсы оқу орнында оқымадым? Не себепті бізде төрт этажды үлкен үй жоқ?» десе, не деп жауап бересіз. Тағы да құдайдан бастап, бəрін кіналайсыз ба? Ең үлкен «қорлық» — өзіңнің əрекетсіздігіңе өзгелерді кінəлау. А. Рысмендиев «Ақша жетіспеушілік», «Денсаулықтың болмауы, көңіл-күйдің төмен болуы», «Менюдің арабша оқылуы» жалғаса бермек, егерде сіз осылай намыстанбай жүре берсеңіз. «Сіз жиып алған артық салмақ», «Бітпейтін шаршау», «Қатпарлы киімдер» жалғаса бермек, сіз қашан диета ұстауды, кешенді жаттығуды бастамайынша. Сізге керегі – қазіргі қорлықтан бас тартып, намысыңызды қайрай «Болар, жетер енді! Бүгіннен бастап мақсатыма жету үшін 100 пайызға беріліп еңбек етемін» деген жауапкершілік. Сенсеңіз, бұл кітапты мен бір айда жазып бітірдім. Бірақ бір жыл бұрын кіріспесін жазып бастағанмын. «Қолымнан келеді ме, келмейді ме?» деп көп ойланып жүрдім. «Қашан бітеді?» деп сұрағандарға «Кітап жазу оңай деймісің?», «Қолымнан келмей жүр» деген сылтаулармен өзімді өзім алдап келдім. Бірақ бір күні өзімнің əрекетсіздігіме жыным келіп, «Бұл кітапты бітірудің орнына мен неге бейшара болып, ылбырап- жылбырап жүрмін осы» деп өз-өзіме сұрақ қойдым. Ойлана келсек, «үш айда жазып бітіремін, бітірмесем... Жоқ, бітіремін» деп шешім қабылдадым. Сол уақыттан бастап күнде өзімді жігерлендіріп, шабыттандырып, шаршағаныма мəн берместен жазуға кірістім. Нəтижесі қолыңызда. Қозғаушы күш, шабыт мықты болса, кез келген істі істеуге болады. Ганди Махатма Сондықтан қазір мақсатымызға уақытында жетуге көмектесетін жүрегіміздегі қозғаушы күш - шабытты оятатын жаттығу жасайық.
1-жаттығу Мақсатыңызға жету жолында істеу керексіз, бірақ бір себептермен үнемі кейінге қалдырып жүрген істерді жазыңыз. Бұл істі міндетті түрде істеу керек болса да, мен оны кейінге қалдырып жүрмін. А – жұмыста. Орыс тілін үйрену __________________________________________________________ Б - үйде Темекіні қою __________________________________________________________ Егерде мен бұл істі тез арада істесем менің алдымнан қандай мүмкіндіктер ашылады? Қандай жан рахатын сезінемін? А – жұмыста Менің сабақтарым əлем бойынша жүреді __________________________________________________________ Б- үйде. Ентікпеймін, денсаулығыма зиян келмейді __________________________________________________________ Көңіліңізді нəтижеге бөліңіз. Проблемаларды азайтыңыз. Тез арада жұмысқа кірісіңіз. 2-жаттығу Ал, сол істерді мүлдем істемей-ақ қойсам не болады? Қандай жағдайға душар боламын? Өсе алмаймын. Миллионер бола алмаймын. Қазақстаннан ары аса алмаймын. Өкпем құриды. Тез өлемін. ____________________________________________________________________________ Осы деңгейде өмір сүру стилі ұнаса, істеу керек істі істемей жүре беріңіз.
Өз обалыңыз өзіңізге. Ал мақсатыңызға шын жеткіңіз келсе, өзіңіздің жəне өзгелердің бақыты ойландырса, мақсатыңызға жету арқылы қандай мүмкіндікке ие боласыз, қандай жан рахатын сезінесіз, сол жайлы көп ойлаңыз. Ерініп тұрсаңыз міндетті түрде осы жаттығуды істеңіз, өзіңізге сұрақ қойыңыз, icтeмeсeм не болады? Істесем не болады? Мысалға, ағылшын тілін үйренуді көптен бері армандап жүрсіз, бірақ репетиторға ақша қимай ерініп жүрсіз. Ағылшын тілін үйренсем не болады, не өзгереді? Əлем бойынша еркін жұмыс істеймін. Кез келген ағылшын тіліндегі ақпаратты оқи аламын. Кіріс көлемі өседі, т.б. Ал одан кейін не болады? Қорыта келгенде, жан рахатын сезінемін. Ағылшын тілін үйренбесем не болады? Келесі жылы үйренем. Келесі жылы үйренбесем не болады? Келесі жылы... келесі жылы... (Қорытыңды–қорлану) Бүгін істеу керек істі келесі күнге қалдыру оның күшін жояды. Л.Н. Толстой Өзіңізді өзіңіз мақсатқа жету жолында шабыттандыра білудің 10 ережесі 1. Өмір - өзіңді-өзің қамшылаудан, жігерлендіруден, шабыттандырудан ғана тұрса, онда ол – бақыт. Сондықтан өзімізді өзіміз шабыттандыра білуіміз керек. Жағымды ойда болыңыз. «Ойлағаным болмай қалса, не болады?», Қабілетім жете ме?» деген сияқт ы «ауру ойларда» аулақ болыңыз. Арманыңыздың орындалғанын көз алдыңызға жиі-жиі елест етіңіз. Алдынала мақсат қа жеткен күні сезіміңіз қандай болады, не істейсіз, сол күннің сценарийін жазыңыз. 2. Күнде жатарда арман-мақсатыңыздың орындалғанын елестете білуді
əдетке айналдырыңыз. Елестету барысында қиын көрінгенімен, бір апта ішінде кəдімгідей жаттығып қаласыз. Есіңізде болсын, не жаттығады, сол дамиды. 3. «Арман-мақсаттарыңызды» сізді қолдайтын адамдармен бөлісіп үйреніңіз. «Жарайсың, сенің қолыңнан келеді» деген сөзді естіген сайын өзіңізге деген сеніміңіз арта бермек. 4. Арманыңыздың «альбомын» жасаңыз. Яғни, алам деген үйіңіздің, машинаңыздың, танысқыңыз келген адамдардың, саяхат жасағыңыз келген қала суреттерін жинап, сізге жиі көрінетін жерге іліп қойыңыз. 5. Визиткаңыздың артына «мақсатыма уақытында жетсем, осындай мүмкіндіктер алдымнан ашылады, жан рахатын сезінемін» деп мақсатқа уақытында жетсеңіз, өміріңізде болатын ең басты өзгерістерді жазып алыңыз. Визитка күнделікті айнаңыз секілді қалтаңызда жүруі тиісті. Күніне кемінде 10-15 рет визиткадағы жазуды оқып отырыңыз. 6. Ұлы мақсат қойып, соған жеткен алып тұлғалардың өмірбаянын жиі-жиі оқып отырыңыз. Кезіккен қиындықты қалай жеңе білді, қалай өздерін шабыттандыра білді – сол жайында көп ізденіңіз. 7. Жетістікке жету, табыс психологиясы бойынша болатын семинартренингтерден қалмаңыз. Есіңізде болсын, табысқа бастар баспалдақтың көп бөлшегін семинар-тренингтер құрайды. 8. Тек көңіліңізді көтеретін əуендер ғана тыңдаңыз. Көңіл-күйіңізді түсіретін əуендерден миыңызды алыс ұстаңыз. 9. Өзгелердің проблемасын тыңдамаңыз, өзіңіз де ешкімге проблемаңызды айтпаңыз. Проблема, ол – «мусор» əркім келіп проблемасын лақтыратын сіз «мусорный ящик» емессіз. Ешкім де «мусорный ящик» емес. Өмірге түңіліп қарайтындардан «он метрге» алыс жүріңіз. Сынықтан басқаның бəрі жұғады. Сіз сияқты өзгеруге талпынысы бар, өрлеуге деген ниеті МЫҚТЫ адамдармен дос болыңыз. Сіз арман қылған өмір сүру стиліне қол жеткізген адамдармен жиі араласыңыз. Жетем дегеніңізді, жеткеніңізді айтып ой бөлісіңіз. «Кімнен туғаныңа емес, кіммен тұрғанына көңіл бөл» деген екен ұлылар. 10. «Мақсатыңызбен аурыңыз». Тісіңіз ауырса не болады? Тісіңізді қашан емдеткеншеб ойлағаныңыздың барлығы тісіңізді тез емдету болмай ма?
Сол сияқты, ойыңыздың барлығы «қалайша мақсатыма жетеуге болады» болу керек. Жақсылап шабыттансаңыз сіздің «Био-компьютеріңіз» кез келген істің шешімін табады. Ол – «гарантия». Мақсатымыз бар, сол мақсатқа жету жолында өзімізді шабыттандыруды, кезіккен қиындыққа қарамай жігерлендіруді үйрендік. Енді жетем деген мақсатымызға ішкі нанымсенімімізде қарсылық жоқ па екен, сол жайында сөз қозғайық. Яғни, біздің ішкі құндылықтарымыз, біз бағытталған сенімдер жүйесі бізге қаншалықты деңгейде көмектесіп немесе залал келтіріп жүр – əңгіме сол жайында. 3 СІЗ НЕГЕ СЕНЕСІЗ? жеңімпаздарға арналған сенімдер жүйесі Егерде өзгерістің жылдам болғанын қаласаңыз, ішкі сенімдер жүйесін өзгертіңіз! Марк АЛТАСОВ, бизнес-тренер, Халықаралық Көшбасшылар академиясының ректоры Егерде қолымнан келеді деп сенсеңіз, қолыңыздан келеді. Егерде қолымнан келмейді деп сенсеңіз, қолыңыздан келмейді. Мэри Кей Эш, американдық кəсіпкер Неге? Не үшін? Бір елде, бір қалада тұратын адамдардың тұрмыс деңгейі əр түрлі. Бəріне берілген бір мүмкіндік, бір заң, бір уақыт, бірақ біреу жетістіктен жетістікке жетуден мүмкіндікке əр түрлі көзқарас танытып, əр түрлі шешім қабылдайды. Яғни, біздің өмірдегі табысымыз бен құлдырауымыз, бақытымыз бен қиналуымыз біз күнделікті қабылдайтын шешімдерге байланысты. Айналадағы болып жатқан жағдайларға емес, сол жағдайға деген реакциямызға байланысты.
Ж+P–H Жағдай + Реакция – Нəтиже Қаншалықты деңгейде біз дұрыс реакция танытып, дұрыс шешімдер қабылдаймыз? Көз алдыңызға елестетіңізші, өмір, ол үлкен бір сауда үйі сияқты. Сауда үйлерінің көпшілігінде адамдарға тоқтамастан қызмет ететін баспалдақ - эскалатор жұмыс істейді. Қарап тұрсаңыз, эскалатордың баспалдақтары бірінен кейін бірі жоғары көтеріліп жатады. Аяғыңызды қойсаңыз болды, сізді екінші қабатқа көтеріп алып кете береді. Эскалатордың баспалдақтарын айналада болып жатқан жағдайларға теңесек. Сіз оны өз пайдаңызға жаратып, екінші қабатқа, яғни өрлеуге, өсуге пайдалана аласыз. Немесе қорқып, күдіктеніп жай ғана бақылап тұрасыз. Толығырақ айтсақ, реакцияңызға, қабылдаған шешіміңізге байланысты. Американдық психолог Энтони Роббинстың тұжырымдауынша, біз қабылдайтын шешімдердің 10 пайызын ойланып, қалған тоқсан пайызын ойланбастан қабылдайды екенбіз. Төменге назар аударыңыз:
Көз алдыңызға мұхит үстіне шығып тұрған айcзбергті елестетіңізші. Айсбергтің су бетінде ұшы ғана көрінгенімен, су астында мұхит түбінен бастап өрбігенін, көп бөлігін көре алмаймыз. Сол сияқты өмірде біз жасайтын таңдаулар, қабылдайтын шешімдер тоқсан пайызға, біздің түр- санамызға, Рон Хаббардтың тілімен айтсақ, реактивті миымызға тисеілі. «Дионетика» кітабының авторы, психолог Рон Хабард адамның миын екіге бөледі. Біріншісі – сарапшы ми, екіншісі - реактивті ми. Ал біздің тілмен айтсақ, біз шешімді ойланып немесе эмоцияның күшімен қабылдаймыз. Айтыңызшы, сіз əрбір ісіңізді ойланып, істейсіз бе, əлде эмоцияның күшімен істейсіз бе? Дұрыс істемей, артынан өкінесіз бе? (Эмоцияны дұрыс пайдалану жолдарын алдағы бөлімдерден оқи аласыз.) Кез келген уақытта, шешім қабылдар алдында біз өткен тəжірибиемізге, алған тəрбиемізге бағынышты болып, солардың күшімен əрекеттенеміз. Реактивті ми біздің осы уақытқа дейін естіген, көрген, сезінген ақпараттың барлығын сақтап келеді. Сіз туылғаннан бастап фундаменті қаланып, бұл өмірден кеткенше бізді басқарып отырады. Қалайша деп сұрауыңыз мүмкін. Біріншіден, реактивті мида көбінше қандай ақпараттар орын алғандығы жайында айтсақ. Əдеттер, мінез, сенімдер жүйесі, ішкі құндылықтар, психология, менталитет, толығырақ айтсақ, сізді сіз етіп отырған программа. Мінез де, əдетте, көзқараста, менталитетте – сіздің миыңызға өзгелердің күшімен қойылған программа. Қалай дейсіз бе? Кез келген нəресте өмірге тап-таза болып келеді. «Ненің мүмкін, «ненің мүмкін еместігінен» ешқандай хабары жоқ. Ол үшін бəрі мүмкін сияқты болып көрінеді. Өсе келе нəресте ұнаған адамына ұқсауға тырысып, бой түзей бастайды. Ал баланың қасында кім көп уақыт болады? Əрине, əке шешесі, əжесі. Олар не іст ейді, қалай ойлайды, қарым-қатынаста Қолданатын сөз тіркест ерін, көзқарастарын, əдет терін, мінездерін – бəрінбəрін көшіреді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, бала бойындағы кісілік құндылықтардың көбісі жеті жасқа дейін қалыптасады екен. Тақырыпқа қайта оралсақ, өскен ортамызға қарай көзқарасымыз, ұстанымымыз, əдеттеріміз, мінезіміз, яғни тұлғамыз қалыптасады. Сонымен біз өз ортамызға 10-ақ пайыз ұқсамайтын «егіздердің» бірі болып шыға келеміз.
Бірақ «мен ешқашан ойымды, көзқарасым мен ұстанымымды, əдеттерімді өзгерте алмаймын» деген ойдан аулақ болыңыз. Ол сіздің өз қолыңызда. Табысқа тез қол жеткізудің бірден бір жолы – табысты адамдардың, менталитетін, ұстанымын, наным-сенім əдеттерін өз бойымызда қалыптастыру. Сіздің ұстанымыңыз, көзқарасыңыз өмірде қай бағытпен жүретініңізді айқындайды. Осыдан екі жыл бұрын Астана қаласында «Табысқа бастар жол» атты семинар-тренинг жүргіздім. Көпшілік қауымға арналған семинар болғандықтан, тұрмыс деңгейі, ұстанымы əр түрлі адамдар қатысты. Əдеттегідей оларға «Өмір деген не?» деген сұрақ қойдым. Тыңдаушыларым шама-шарқынша жауап беруде. Бірақ есімде қалғаны табысты кəсіпкерлер «Өмір, ол – мүмкіндік» десе, қарапайым жұмыстағы адамдар «Өмір, ол – қиындықтардың жиынтығы» деп жауап берді. Бұдан айтайын дегенім, сіздің ой-пікіріңіз, ұстанымыңыз бен көзқарасыңыз күйлі болатыныңызды немесе күйсіз кедей болатыныңызды айқындайды. Статистика бойынша аяғы ауыр əйелдердің 90 пайызы өздері сияқты жүкті əйелдерді жиі көретіндігі дəлелденген. Себебі адам өзінде немесе өз ойында бар қасиетті, бар затты көруге құштар болып жүреді екен. Мысалы, сізде x маркiлi машина бар делік. Күнде жұмысқа бара жатып тура сіздікіндей машинаның қаншасын көресіз? Келісесіз бе, өте көп: Шындығында, сіздікіндей машина қалада саусақпен санаулы болса да, сізге көп сияқты болып көрінеді. Өйткені біз көңілімізді өзге машиналарға бөлмей, тек өзіміздегідей машинаға ғана бөлеміз. Сол сияқты өмірді мүмкіндік деп білетіндер мүмкіндіктерге, қиындық деп тұжырымдайтындар үнемі қиындықтарға кезіге бермек. Ал сіздің көзқарасыңыз, ұстанымыңыз қандай? Бұл өмір сіз үшін қызықтарға, мүмкіндіктерге толы ма? Əлде бірінен кейін бірі кезіrе беретін қиындықтарға толы ма? Өміріңізді өзгерткіңіз келсе, өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз! Норман Винсет Пил МИЛЛИОНЕР КӨЗІЛДІРІГІ
Жоғарыда айтылғандай, сіздің көзқарасыңыз, ішкі ой-пікірлеріңіз, яғни «Көзілдірігіңізді» пайдалансаңыз, үлкен күшке ие. Не бай-қуатты, табысты болуыңызға көмегін тигізеді не кедейлік деп аталатын түрмеге түсуіңізге көмектеседі. Бірақ, есте ұстаңыз, өмірде болып жатқан жағдайларға кімнің көзқарасымен, яғни «көзілдірігімен» қарайсыз, ол – өз шешіміңіз. Табысты болу мақсатыңыз болса, сізге кез келген жерден мүмкіндік көретін «Миллионер көзілдірігі» керек. Миллионерлік көзқарас, яғни «Миллионер көзілдірігі» дегеніміз – адамның қандай жағдай болмсын мақсатын орындау жолында мүмкіндіктік көре білуі. Есіңізде болса, айналаңыздағы болып жатқан жағдайлар маңызды емес, сол жағдайларға деген реакциямыз маңызды. Жақсылық болсын, жамандық болсын, қиындық болсын, Біз қашан да өз іздегенімізді табамыз! Джон М. Темплтон СЕНІМДЕРІҢІЗДІҢ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТІҢІЗ Көпшілігімізде қабілетімізді, жетістігімізді шектейтін сенімдер бар. Кейбір кезде неше түрлі, таусылмайтын ырым-тиым, аңыздарға сүйеніп, өз қабілетімізге, əрекетімізге шектеу қойып жататын жағдайлар болады. Табысқа жетудегі маңызды қадамның бірі – кедергі келтіретін наным- сенімдерді, шабыттандыратын наным-сенімдерге ауыстыру болып табылады. Сіз ішкі əлеміңізге үңіле отырып, əлсірететін сенімдер жүйесін, күш қуат беретін, шабыттандыратын сенімдер жүйесіне ауыстыра аласыз. СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДАН КЕЛЕДІ Кедергі келтіріп, жүрекке қорқыныш пен күдік шақыратын сенімдердің бірі – ойымызда «бір себептермен мақсатыма жете алмаймын, ол менің қолымнан келе қоймас» деген сенімнің, ұстанымның болуы. ХХІ ғасыр
мүмкіндігіне кез келген істі істеу жайында шығып жатқан кітаптарға қарамастан, «Мен мұны істей алмаймын. Ондай талантым жоқ! Менің білімім жетіспейді» деп өзімізді өзіміз сендіреміз, т.б. Мұндай өз қаблетімізге деген сенімсіздік қайдан пайда болған? Көпшілігімізге бала кезімізден еліктеп, ұқсауға тырысып жүрген əке-шешеміз, ата-əжеміз, қаласақ та, қаламасақ та басымызға белгілі бір бағдарлама (программа) қойып тастаған. Олар оны «Тұра тұр, сенің қолыңнан келмейді. Дұрысы, мен көмектесейін. Сен алдымен өсіп ал» деген сөздерді қолдана отырып істеген. Өзіміздің қабілетімізге деген сенімсіздікті біз үшін өмірге бірге ала келіп, өзіміздің азын-аулақ сəтсіздіктерімізбен байланыстыра отырып, түп санамызға ұстаным етіп, орнатып алғанбыз. Ал оның орнына өзімізге «Мен мұны істей аламын! Өзгелер де істеді емес пе? Менің де қолымнан келеді. Егерде білімім жетіспесе, маған үйрететін адамдар табылады» деп айтсақ қалай болады? Əрине, құры айтылған сөзден өміріңіз, өзіңіз өзгеріп кетпейсіз. Бірақ айтылған сөзіңізге 100%-ға сенімді болсаңыз, көп мəселе өзгерері сөзсіз. Қолымнан келеді деп сенсеңіз, қолыңыздан келеді. ШЕКТЕЙТІН СЕНІМДЕРДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ? Бұл жаттығу. 4 этаптан тұрады. Əлемдік деңгейдегі спикер Джек Кенфилт өз семинарларында қолданады. Сіздің қабілетіңізді шектейтін сенімдермен күресуге арналған бүгінгі таңдағы озық методиканың бірі. Өзгерткіңіз келген сенімдер жүйесін анықтаңыз. Сізге кедергі келтіретін сенімдердің барлығын ойлана отырып тауып алыңыз. Өзгелердің күшімен сізге программа болып орнатылған сенімдердің кейбіреулерін назарларыңызға ұсынсам: Жоғарғы оқу орнына түсуге ақыл жетпейді. Мен жоғарғы оқу орнын бітіретін адамдар қатарынан емеспін. Ақша ағаштарда өспейді. Мен ешқашан байымаймын. Еркек адам жыламайды. Өз сезіміңді сырт қа шығару дұрыс емес. Алланың жазғаны болады, одан артық емес, кем емес. Маған табысты болу жазылмаған.
Сен тек өзіңді ойлайсың. Өзіңнің пайдаңа көңіл бөлу – жаман қасиет. Елдің алды болсаң – көзі тиеді, арты болсаң - сөзі тиеді. Мен елдің алды болжам – көз тиеді. Алма ағашынан алсы қа түспейді. Əкемнен асып қайда барам? Тізімді толтырып болсаңыз, келесі кезеңге өтіңіз, ішінен маңызды дегенін белгілеңіз. Ол сізге қалай шектеу келтіретінін анықтаңыз. Сеніміңізді өзгерткенде қандай сезімді сезінгіңіз келеді. Сеніміңізді қарама-қарсы мағынада құрастырыңыз. Өзіңізге өзіңіз дəлелдеңіз. Мысалға: Ақша маңызды емес. Қарама-қарсы Ақша маңызды. Себебі: 1. Ақша бар кезде өзіңді жақсы сезінесің. 2. Ақшаның көмегімен көп адамды қуантуға болады. 3. Жақсы демалыс орындарында демалып, денсаулықты шынықтыруға болады. 4. Қалаған затыңды сатып алып, қалаған адамыңа сыйлай аласың. Табысты болу сенің қолыңнан келмейді. Қарама-қарсы Мен табысты боламын. Қолымнан келеді. Себебі: 1. Қаншама адам табысты болуда, менің де қолымнан келеді.
2. Талаптанған тас жарады, талаптансам кез келген мақсатқа қол жеткізе аламын. 3. Табысқа жету заңдылығын үйренудемін. 4. Осы уақытқа дейін қаншама жетістікке қол жеткіздім, бұдан да үлкен жетістікке қол жеткізе аламын. Столды стол ететін төрт аяғы емес пе? Сол сияқты «Мен əдемімін» десеңіз, ол жай ғана ой болып қалады. Ойды сенімге айналдыру үшін міндетті түрде «төрт аяқ» - төрт дəлел келтіру керексіз. Мен əдемімін. Себебі: 1. Мен кең маңдайлымын. 2. Қыр мұрындымын 3. Көздерім ботаның көздеріндей 4. 1-орын алған жігіт сұлтанымын. Мысалдағыдай етіп өзіңіздің шектеу болып жүрген сенімдер жүйесін ауыстырыңыз. Бай болу менің маңдайыма жазылмаған. Қарама-қарсы Мен де, басқалар да бай бола алады.
ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРДІҢ, МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРДІҢ КҮШІ Талшыбықтың қандай ағаш болып өсуі өскен жеріне, күткен бағбанына байланысты сияқты біздің де ішкі құндылықтарымыздың, көзқарасымыздың, ұстанымымыздың қалыптасуына əсер ететін факторлар өте көп. Əке-шешеміз көрген, көріп жүрген фильмдеріміз, оқыған кітаптарымыз, достарымыз тағы да басқа. Солардың бірі əрі бірегейі – біз қатты құрметтейтін, «дұрыс айтылған» деп мойындайтын қанатты сөз тіркестері мен мақал-мəтелдер. Ұстаздарымыз болсын, достарымыз болсын бізге өзінің ойын дəлелдеу мақсатында мақал-мəтелдерге, қанатты сөздерге сүйенеді. Өзімізде кейбір ісімізді, қателігімізді ақтау барысында естіген, оқыған мақал-мəтелдерге жүгінеміз. Осы мақалды кім айтып, кім шығарды, оған мəн берместен мақал болса болды, заң деп қабылдаймыз. Неге заң деп қабылдаймыз? Себебі «Халық айтса қалт айтпайды» деп тағы да қанатты сөзді ұстанамыз. Ал сол мақалдардың, тұрақты сөз тіркестерінің барлығы сіздің жақсы өмір сүруіңізге, арманыңызға жетуге көмектесетініне сенімдісіз бе? Мысалға, менің мектептегі мұғалімімінің бірі «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» деген мақалды ұстанымына айналдырып алып, бізге бұл мақалдың дұрыстығын «Алла басыңа жазбаса, арманыңа қанша талпынсаң да жете алмайсың» деп дəлелдейтін. Нəтижесі – біз арман қуып, талаптанып кеттік, еңбегіміздің арқасында біраз биікке жеттік. Мақалдардың дұрыстығы, бұрыстығы маңызды емес, қай мақал бізді шабыттандырады, жетістікке жетуімізге көмектеседі – сол маңызды. Төменде күнделікті қолданыста жүрген мақал-мəтелдердің тізімі берілген. Бірінші, сіздің өзіңізге деген сеніміңізді əлсірететін мақалдар. Екінші, сізді шабыттандыратын, жетістіктерге жетуіңізге көмектесетін мақалдар тізімі көрсетілген:
Сіз қай бөлімдегі мақалдарды құптайсыз, болашақтағы басар қадамыңыз, асар асуыңыз соған байланысты болмақ. Өйткені сіз дұрыс деп бас иген мақалға, қанатты сөзге сенесіз. Сіз неге сенесіз, соған ие боласыз. «Өз бақытым - өз қолымда» деп өсуге, өзгеруге талпынасыз немесе «маңдайға жазылғаны осы болар» деген ойды ұстанып, қазіргі тұрмыс жағдайыңызды қанағат тұтып жүре бересіз. Егерде байқасаңыз, кедейлер сəттілікті Алладан күтеді, ал миллионерлер өздерінен күтеді, еңбектенеді, оқиды, ізденеді. «Еңбек етсең емерсің, жалықпасаң жеңерсің» деп алға қарап жүре береді. «Өз бақытым – өз қолымда», осы бір ұстанымды тереңірек түсіну үшін келесі бөлімге өтейік. (Ұйықтап қалмай, менімен біргесіз деп ойлаймын.) 4 ӨЗ БАҚЫТЫҢ– ӨЗ ҚОЛЫҢДА Егерде сіздің бақытыңыз Құдайға не өзгелерге байланысты деп
тұжырымдасаңыз, онда сізде, менің ойымша, үлкен проблема бар. Ричард Бах, американдық ұшқыш, жазушы Бақыт, табыс – сен құраған, жасаған нəрсең. Харв Эркер, жазушы, оратор, кəсіпкер «Өз өмірің – өз қолыңда», иə, бұл ұстанымға біреу сеніммен, біреу келіспей, күдіктене қарайтыны белгілі. Егерде сіз шын мəнінде өмірде өз орны бар, адамзаттың дамуына үлес қосар, ұлы тұлға болуды қаласаңыз, «өміріңіз өз қолыңызда» екеніне сенуге міндеттісіз. Ал сенбесеңіз, тұрмыс жағдайыңызды, болашағыңызды арманыңыздағыдай жақсарта алмайсыз. Əрине, бұл жол тікелей кедейлікке, бейшаралыққа бастайды. Сіз өміріңізде өзінің бар ақшасын лотерея билетіне тігіп, «сəттілік маған қашан күліп қарайды» деп күтіп отырған бизнесменді көрдіңіз бе? Өздері лотерея ойнатпаса, олар оған сенбейді. Кей сəттерде көңіл көтеру үшін болмаса, табысты адамдар еш уақытта лотерея билеттерінен үміттенбейді. Неге дейсіз бе? Олар өзіне жəне істеп жатқан ісіне ғана сенеді. Сондықтан өркендеуге, өрлеуге, табысты болуға бет бұрсаңыз, сəттілікті өзіңізден күткеніңіз абзал. Теледидарға телміріп ұтысты армандағанша, айналаға көз салып, «арман болған ақша сомасын қалай табуға болады? » деп ізденіңіз. Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен. Тағдыр қылды дегенді Шығарамын сезімнен. Міржақып Дулатұлы Осыдан үш жыл бұрын атақты бизнес-тренер Бодо Шефердің семинарына
қатыстым. Оңтайлы сəтті пайдаланып, Бодо Шеферден «Сіздің өміріңіз қай уақыттан бастап жақсы жаққа өзгерді?» деп көкейімдегі ойландырып жүрген сұрақты қойдым. Бодо Шефер «Мен өз өміріме өзім жауапкершілік алғаннан бастап» деп жауап берген еді. Тек қана бір Бодо Шефер емес, əлемдегі жетістігі таңқалдыратын миллионерлердің барлығы делік өз өміріне өздері жауапкершілік алғандығының арқасында сол дəрежеге жетіп отыр. Өйткені адам өзіне, өз өміріне, өз көңіл-күйіне жауапкершілік алу арқылы жүрегіндегі сенімділікті арттырып, өрлеу жолына, даму жолына түседі. Ал мақсатына жету үшін өз-өзін дамыта білген адамға алынбайтын асу, берілмейтін белес болмайды. ТАҒДЫР НЕМЕСЕ АЛЛАНЫҢ ЖАЗҒАНЫ Айналаға жайлап зер салып қарайтын болсақ, əрбір екінші адам өмірінде орын алған сəтсіздігі мен қиындығын «өзімнен» деп білмей, «Қайтеміз, тағдырдың жазғанынан қаша алмаймыз ғой» деп тағдырды кінəлайды. Немесе «Алла, саған не жазып едім?!» деген ойлармен Алла Тағаланы кінəлайды. Тағдырды, өкіметті, достарын, жақындарын кінəлайды, тек өзін емес. Есіңізде болсын, жауапкершілікті өз басыңыздан ысырып, өзгелерді кінəлау арқылы еш нəрсе ұтпаймыз. Егерде жеңімпаз болғыңыз келсе, бүгінгі күнгі сəттілігіңіз бен сəтсіздігіңіз өткен уақыттарда ойлаған ойыңыздың, қабылдаған шешіміңіздің, істеген ісіңіздің нəтижесі екендігін мойындаңыз. Кінəлі сіз, басқа ешкім емес. АРМАНЫҢЫЗҒА СЕНБЕГЕН ӨЗІҢІЗ Дер кезінде тəуекел етпеген өзіңізсіз! Істі бастап, тастап кеткен өзіңізсіз. Денсаулығыңызды ойламаған өзіңізсіз. Ақшаны оңды-солды шашқан да өзіңізсіз. Ерініп спортпен айналыспаған да өзіңізсіз. Кітап оқуды «мыжыма» деп бағалаған да өзіңізсіз. Жүрегіңіздің айтқанын тыңдамаған да өзіңізсіз. Өзгеру, даму жолын іздемеген де өзіңізсіз. Ал енді болашақта болатын жайттар да сізге байланысты. Жауапкершілік алудан қашқақтамай,
əрекетсіздігіңізді ақтар сылтау айтпай, орын алған қиындықтан шығудың, өмір сүру стиліңізді жақсартудың мүмкіндігін іздеңіз. Өз сəтсіздігіңе өзгелерді кінəлау – ой-өрістің кедейлігі. Ой-өрісі кедей адамның өзі де кедей болады. Бүкіл амал мен нəтиже тікелей ниетке байланысты (Мұхаммед(с.ғ.с.) пайғамбардың қасиетті хадисіндегі бірінші хадис.) Кезінде пайғамбарымыз өмір сүрген заманда адамдар Мекке қаласынан Мəдина қаласына əр түрлі мақсатпен қоныс аударған. Біреу үйлену үшін, біреу баю үшін, біреулер дінді уағыздау үшін. Нəтижесінде барлығының арман-мақсаты орындалыпты. Сондықтан сыныққа сылтау айтпай, өз өміріңізге өзіңіз жауапкершілік ала отырып, арман-мақсатыңыз үшін, бақытыңыз үшін күресіңіз. Тағы да бір талас тудыратын тақырыптың бірі – тағдыр. Тағдыр дегеніміз не? Мен сізге өзіңіз құрған, жасаған шығармашылық туындыңыз деп жауап беремін. Толығырақ айтар болсам, қанша жасқа келсеңіз де, сіздің бүгінгі тағдырыңыз – өткен күндердегі əрекет, əдеттеріңіздің айнасы. Бүгін кедей болсаңыз, ол – кешегі күнгі талапсыздығыңыздың, білімсіздігіңіздің, төзімсіздігіңіздің нəтижесі. Ауру болсаңыз, ол – кешегі күндердегі өзіңізді күтпегендігіңіздің, көп уайымдағаныңыздың, зиян əдеттерге əуес болғандығыңыздың нəтижесі. Табысты болсаңыз, ол да – нəтиже. Əркім өз тағдырын өзі жасайды! Аристотель «Өткен күн – ұмытылған тарих. Болашақ – əлі ашылмаған келер шақ. Бүгінгі күн – осы шақ, ол – үлкен сыйлық» деп қытай даналары айтқандай, қанша тырыссақ та өткен күнді қайта əкеле алмаймыз. Болашақ əлі белгісіз. Бізге берілген үлкен мүмкіндік – бүгінгі күн, осы шақ. Сондықтан болашағыңыздың қуаныш пен бақытқа толы болғанын қаласаңыз, бүгіннен бастап өткеннен сабақ ала отырып, іске кірісіңіз. Оқыңыз, ізденіңіз, дамыңыз! Өз бақытыңыз – өз қолыңызда. Əрекетте көтерілсін екпінің, Мықтылардың жолын қуғын ілесіп. «Өз бақытым - өз қолымда» деп білгін,
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124