Келесі жылы Алматыда республика біріншілігінің ақтық кездесуінде алматылық Бауыржан Хасановты ұпай санымен ұтып, Қазақстан чемпионы атандым. Ал КарПИ, КазМУ студенттерінің дəстүрлі екінші кездесуінде де жеңіс тұғырынан көрініп едім. Күресіп жүргенде бəрін де ұмытады екенсің. “Бастан құлақ садаға” дегендей қос құлақтың шеміршегін талай рет сындырдық. Қолым да, аяғым да шықты. Шешем мен Рымкеш енді күресті қой деп талай рет зар жылады да. Оларды: “күресті қойдым, Таллинн қаласында өтетін ІV Бүкілодақтық студенттер ойынына төреші болып барамын”,– деп алдадым да кілемге шықтым. Грузияның атақты палуаны Ш. Блядзадан ұпаймен ұтылып, əлем чемпионы Чугаловпен белдестім. Сонда жойқын күшпен ыңғайсыз қимылдап өз шынтағым қабырғамды сындырып жіберді. Абырой болғанда белдесу мерзімі бітіп қалып еді. Сонда мен Қарағандыға үшінші жүлдемен оралдым. Содан кейін күреспен біржола қош айтыстым,– деді Қапан. Институтты бітіргеннен кейін ол алдымен облыстық спорт комитетінде аға нұсқаушылық қызмет атқарды. Кейіннен “Қайрат” ерікті спорт қоғамы облыстық советінің төрағасы болып тағайындалды. Он сегіз жыл бойы ауыл спортын жандандыруға үлес қосты. Ауылдан атақты палуандар Ерсін Жүнісов, Амангелді Мұсабеков, Серік Алшынбаев, шаңғышы Алексей Жулин, тағы басқа бірнеше танымал спортшылардың есімдері Қапан қызмет атқарған жылдары шыққан. Қапекеңнің еңбектері де ескерусіз қалмады. “Тың жəне тыңайған жерлерді игергені үшін” жəне “В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы” мерекелік медалімен наградталған. Кенжебаевтың омырауында “ССРО дене тəрбиесі жəне спорт қызметкерлерінің үздігі” белгісі жарқырайды. “Əке көрген оқ жонар” деген. Қапанның медицина институтында оқитын ұлы Саят еркін күрестен ССРО спорт шеберлігінер кандидат. Ал жетінші класта оқитын Элмирасы конькимен мəнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүр. Гүлмирасы да ер жеткен, спорт саласында қызмет атқарады. Ал Сəулесі Совет аудандық қаржы бөлімінде инспектор. Рымкеш жеңгеміз №57 орта мектепте мұғалім.
– Халқымыз қыз баланы өріс деп бекер айтпаған ғой. Сəуленің жолдасы Алмас та өзімнің туған баламдай. Немерем Əлия келгенде үй- іші толып бəріміз де бір жасап қаламыз. Төрт құлыным – жарық жұлдызым. Солардың келешегі үшін еңбек етіп жүрміз ғой,– деп Қапекең əңгімесін аяқтады. Спорт ардагері Қапан Кенжебаев қазір Қарағанды аймақтық “Спортлото” басқармасының бастығы. Он екінші бесжылдықта осы кəсіпорын 27 миллион 810 мың сомның əр түрлі билеттерін таратты. Түскен таза пайданың 1 миллион 814 мың сомы Қарағанды мен Жезқазған облыстарының дене тəрбиесі мен спортын дамыту үшін аударылды. Қапекең бұл қызметте де абыройлы. ТҮЛКІБАЙ МЕН АҚТИЫН (Əзіл əңгіме) – Ақышым менің тыңдашы деймін? – Өзеуремеші, айтасың кейін. – Өзіңді бір көргенде ұнаттым, Сырымды айтам, Шынымды айтам,– деп Түлкібай үзіліп қалды, Ақтиын оған сүзіліп қалды. “Бағы тайған жігітті түйенің үстінен де ит қабады” деген ғой. Мен дəл солмын. Қалай екенін өзім де осы күнге дейін түсінбеймін, жасымда жақсы едім, өсе келе бақсы болдым. Олай дейтінім, орта мектепті сүрініпқұлап жүріп бітірсем де, əкем Малдыбайдың малына сүйеніп, институтқа оқуға келдім. Физикадан əсіресе, “өгіздің күші” деген сұрақты келістіріп-ақ айттым ба деймін, түнде өзіммен бірге ресторанда отырған жездем Жəрдем “төртті” қонжитып берді. Мені құртқан химия болды. Кəдімгі сіріңкеде болатын қышқылға, кітап тілімен айтқанда – күкірт қышқылына бөгелген жоқпын. Əлгі суда жанатынның аты не еді, тоқта, тоқта, е, енді есіме түсті – батрийдің де
мақтауын жеткіздім. Бұл адам дегенді қойсаңшы, бір қара басса... Жаңа айттым ғой, бағым тайған,– деп. – Е, не боп қалды? – Менің түбіме су жетті. – Су түбіне кеттің бе? Түсінбедім. – Ойбай-ау, кəдімгі су, ішетін су. Сол құртты мені. Оқытушы суды айт дегенде, бір жұтынып алдым да бастап кеттім: – Су деген таза зат... Не десем екен, əлгі, əлгі, е, атамыз қазақ айтыпты “сүттен-ақ, судан – таза” деп. Данышпан ғой олар, соны қалай тауып айтқан. Су дегеніңіз – өмір. Сусыз сіз бен бізге күн қараң. Судың екі түрі бар. Біріншісі – тұщы. Онысы – жай су. Екіншісі – ащы. Мұнысы – арақ. Осы кезде сөзімді бөліп оқытушым тоқтатып тастады да: –Ал, енді сол судың формуласын тақтаға жаза қойшы,– деді. Шынымды айтсам, не жазарымды білмей қалдым. Сұрағына түсінбедім. Балқаш көлінің суретін салдым. Ирек-ирек қылып өзен де сыздым. Енді құдықты келістіре бергенімде, оқытушым қуып шықты. Салым суға кетіп ауылға келдім. – Тірəктір мінсең төңкеріліп қаласың,– деді апам. – Қой бақсаң айдалада қаңғып өлесің,– деді əкем. Əй, ауыл дегенің скучно-ақ қой. Жылыстап, жамбасыма жүзіктерді басып, Жақау деген жиеніме бардым. – Не білесің?– деді ол. Бухгалтер боласың ба? – Сотталып кетем. – Завсклад ше? – Жоқ, онда ертеңінде түрмеге кетем. – Бірдеңе жаза аласың ба? – Е, е, осы. Жаза аламын, сөздің түбін қаза аламын. Сөйтіп, оп-оңай жөрнəліс боп шыға келдім. Алғашқыда аяғына қан түскен аттай
кібіртіктеп жүр едім, кейіннен есектей желе жортып кеттім. Бірақ, тұзым жеңіл дедім ғой, мана. – Тағы бірдеңе болды ма?– деп Ақтиын ыршып түсті. – Бірер айдан соң командировкаға шықтым. Мен барған Сайдəулет деген шопанның үйінде киікше орғып бір сұлу жүр екен. Өзінің бигурасы да кісіні ішпей-жемей елтітіп тастайды. Бұрын ондай көріктіні кім көрген. Соған қарап қырындап жүргенімде мерзімді күнім де бітті. Қайтейін, қасы-көзі қиылған Қаракөзді қимай, жүрегім сыздап, құр сүлдерім жетті ауданға. Бірер күннен кейін “Молшылық” деп аталатын газетімізге “Əкелі- балалы шопан” деген очеркім шықты. Көзім жамандық көрмесін, Сайдəулет дегенім Байдаулет болып кетіпті. “Қызы Қаракөз өткен жылғы боранда айдалада екі күн табиғаттың дүлей күшімен алысқан” дегенім мүлде өтірік боп кетіпті. Артынан естісем Қаракөзі жаңадан түскен келіні екен. Ол кезде күйеуі қысқы емтиханда жүріпті. Əне, жастық шақ деген сол. Түлкібай бір күрсініп алды да: – Ақышым, шынымды айтайын. Алғашқы махаббатым Қаракөз еді. Жүрегімді жандырды да жарқ етті. Екінші махаббатым – Сақыш еді, мен басқа бір қызбен жүрген соң қызғаныш күйігінен бесінші этаждың балконынан жалп етті. Енді үмітім өзіңсің. Сенен жылы сөз болмаса маған өмірдің қажеті жоқ. Бір күні аузын ашқан балықтай қоштасамын бұл дүниеден. Айтшы, Ақышым, əлде жігітің бар шығар? Бар болса оған бұл дүние тар шығар! Жауласып өтейін, түбіне жетейін! Айтшы! Ақтиын мысық көзін бір-екі жыпықтатып еді, Түлкібай сабасына келіп, ақылына түсті. Ақтиын жымиды. Содан кейін наздана қылмиды. Сөйтті де сөз бастады... – Мен де жігіттерге алаң болғам. Бір кездерде балам болған. Жігітіме мінезім жараспады. Содан болар ол мені аластады. Батыр екеніңді білейін алдымен соның көзін құрт! Ақтиын көңілдегісін айтып қалды. Түлкібай райынан қайтып қалды.
ƏЙ, ОСЫ ҚЫЗДАР-АЙ! (Əзіл əңгіме) Ертеңгі семинарға дайындалып болған кезде есік қағылды. Гүлбану екен. Амандасқанша болған жоқ, қолыма бүктеулі тілдей қағазды ұстатты да, үндемей шығып кетті. Аң-таңмын. Группадағы мінезі ашық жайдары қыздардың бірі еді. Жаңағы келісіне таң қалып, біраз тұрдым да берген қағазын оқи бастадым: “Кенжебай! Келмегеніне көп болды. Ренжіп жүргеннен саумысың? Сабақта қиын. Бос уақыт та аз. Өткенде айтқан сөздерің ойландырып жүр. Кейбір түндерде соны ойлап ұйықтамай шығамын. Қолың тисе бүгін кешкі сағат 7-де институттың алдында кездесейік. Пікірлесіп, біраз əңгімелесейік. Сəлеммен Кенжегүл”. Не болғанымды өзім де білмеймін. Мынау қандай қуаныш десеңізші! Кенжегүл – менің ұнатқан қызым. Өткенде бір кеште ретін келтіріп сөз айтып едім. “Махаббат атүсті шешілетін мəселе емес, ойланайын, қабырғаммен кеңесейін” деген. Кейін тағы бір жолыққан да: “Соның өзі болмайды-ау”,– деп айтқан соң қайта-қайта қыз алдына бара беруге ұялып, шеттеп жүр едім, енді міне өзі жолығайық деп жазып жіберіпті. Қателеспеген екенмін. Шынында да Кенжегүл байсалды, ақылды қыз. Бəрінің реті келгенде, мені ақша жағы қинады. Жақында ғана туфли алып қойып тиынсыз қалып едім. Ауылдан ақша келіп қалар деген ой түсті басыма. Орталық почтаға барайын. Жақсылап барымды киіндім де далаға шықтым. Манадан тамақ ішпегенімді жаңа сезгендеймін. Бірақ “Жаяулыға жел қарсы”. Ақша жоқ. Почтадан да мəн шықпады. Əкемнен хат алдым. Ирелеңдеген арбаның шең теміріндей жазған əріптері көзіме оттай басылды. “Жанботам, құлын балам, оқуың жақсы ма? Тамағың тоқ, көйлегің көк пе? Осы кезде ішім бүлк ете түсті. (Граматикалық, орфографиялық қателер дегенде шек жоқ. Нүкте, үтір, абзац дегендер əкеме бəрі бір). Біз де дін аманбыз. Шешең анда-санда қыңқылсыңқыл ауырып қояды. Қар қалың, бұйырса биыл егін бітік болар. Ауыл аман. Сұраубайдың сары
қызы күйеуге қашып кетті. Айтпақшы біздің көрші Азынабай арыстандай ақырған, тайыншадай бір итті алып кепті қаладан. Байқамасаң демалысқа келгенде қауып алар. Мəліктің шарбағын айналып кел үйге. Биыл қыс қатты. Қоңыр сиыр көтерем. Қара қойдың да аяғы ақсап жүр. Жүнжұрқа, тері-терсек сатсам ақшасын салып жіберемін. Келеріңде апаңа алтыншы галош ала кел. Аяғынан су өтіп жүр. Ұмытып барады екенмін, сол қалада біздің Көрікбай деген нағыз бауыздау құдамыз көшіп барған екен. Міне, Мəліктен соның адресін алып салып жіберіп отырмын. Қарның ашса сол үйге барып жүр. Қазір елдің бəрі тұмау. Суық су ішіп ауырып қалма. Сабағыңа ықтият бол. Сəлеммен əкең, Итемген.” Не күлерімді, не жыларымды білмей тұрмын. Оның жүн-жұрқа сатқан ақшасы қанша дейсің. Оның өзі əлі бұзауламаған сиырдың уызы ғой. Сағат əлі үш. Əлі ерте. Шегім де шұрылдап барады. Көз алдымда Кенжегүл күлімдеп тұр. Қыз алдына көк тиынсыз бару тағы да ұят: Тым құрыса конфет алу керек. Енді не істеймін, ə? Қой, Көрікбай құданікіне барайын. Есікті бүлдіршіндей жас қыз ашты. Төр жақтағы бөлмедегі диванда бір əйел жатыр. Қолында газет. Тəрізі құдағи болар. – Сəлеметсіз бе? Онда үн жоқ. Тіпті адам келіп тұр дейтін емес. Естімеген шығар деп тағы да амандастым. Ол газеттің екінші бетін аударып, бір аунап түсті. Тағы да жөтелген боп бұрынғыдан да қаттырақ сəлəмəтсыз ба дедім. Ол естімеді. Осы кезде қатардағы бөлмеден бір еркек шықты. Сірə, əлгі құда осы болар. Амандастық. Жөн сұрастық. Ақкөңіл екен. Біраздан кейін ол далаға шығайық деді. – Дұрыс-ақ, төртінші курста оқимын де. Жақсы. Ал, енді жаңа жеңгең жұмыстан шаршап келіп еді. Дем алмай тамақ істемейді. Мына асханаға барып бірдеңе ішейік. – Жо-жоқ, рақмет. Сабаққа дайындалу керек. Жай амандасайын деп... Реті болса үш-төрт күнге біраз ақша берсеңіз екен?
– Оқыған соң солай сабақты жақсы оқу керек. Оның жөн, жөн. Ал, өзіңе қанша керек еді? – Егер болса он сом берсеңіз? Ол қалтасынан бір қызыл қағазды суырды. Қуанып тұрмын. Əрі құдаға сондай ризамын. “Ашаршылықта жеген құйқаның дəмі кетпейді” деген осы емес пе. Рақметімді жаудырып, қош айтыстым. Əлденіп алып, институттың алдына келіп тосып тұрмын Кенжегүлді. Қазір келіп қалар. Айтатын сөзімді жүйелеймін бір сəт. Өстіп тұрғанда бір сағат өтті. Əй, осы қыздардың бір сағат киініп, кешігіп шығатыны-ай. Осындайда ой да мазасыз. Енді есіме манағы құдағи түсті. Қызық-ə! Газеттен бір бас алмайды. Сондай қызығатын не бар екен онда? Айтпақшы, мен де газет алайыншы. Газетті жаңа ғана қолыма ұстағанда 1 апрель деген жазуға көзім түсті. Иə, бірінші апрель күні ешкімге сенбе деген бар. Қап. Алданған екенмін. Бұның бəрі Гүлбанудың əзілі екен ғой. Əй, осы қыздар-ай,– деп басымды шайқай беремін. Басқа не келеді қолымнан... ҰЯДАН ҰШҚАН ОН ТОҒЫЗ (деректі хикаят) 1. 1981 жыл. Тамыздың нағыз тамылжып, Арқа жерінің жанға да, малға да жайлы болып, бар мейірімін, шапағат нұрын төгіп тұрған кезі. Ақжардың үлкенді-кішілі тұрғындары көңілдерін бір демдеп, мамыражай тыныстап, тоқшылық кейіп танытты. Осыдан бірер жыл бұрын ақжарлықтар өздері өсірген бітік егінді дер кезінде жинай алмай қиналған болатын. Сонда көршілері, социалистік жарысқа түсіп, үнемі артта қалып жүрген Бабаев атындағы совхоздың бір топ озат комбайншылары сау етіп көмекке келгенде, ұялғандарынан жерге қарап қалған. Намыс отына жігерін жаныған жігіттер бұл жолы нағыз азаматтық мінез көрсетті. Ауыл механизаторлары шабындыққа мая-мая шөп үйіп, оны дер кезінде тасып алып, енді-енді басталатын егін орағына да тас-түйін отырған-ды.
Жігіттер осылай ораққа қапысыз қамданған сəтінде шағын ауылда қуанышты хабар тез тарап кетті. – Бүгін Жəкеңнің үйінде үлкен той болады екен. – Қай Жəкең? – Мектеп директоры Жамалиден Махановты айтамын. Мұғалім ұлы Қанат үйленетін көрінеді. – Келін қайдан екен? – Осы ауылдан. Құбыш ағайдың бүлдіршіндей баласы. Əлия ше? – Е, онда тең-теңімен деген. Екі жас бақытты болсын,– деген ауылдастары. Сол күні ауыл шетіндегі Жамалиденнің сегіз бөлмелі екі үйі қонаққа лық толды. Көрші ауылдардан келген жігіттер мен қыздар да төрге шықты. Жастар жас келінді жаңа дəстүр, жаңа салт бойынша “Жар- жармен” əндете қарсы алды. “Беташар” айтылып, ел-жұрт орын- орындарына жайғасқан сəтте, асабаның қоңыр дауысы жұртшылықты бірден елең еткізе түсті. – Уа, халайық, қымбатты құйрық-бауыр жесіскен, мың жыл туыс боламыз десіскен, құда-құдағилар. Бəрің маған қараңдар. Бүгін ауылымыздың ардақты азаматы, алтын асықтай он тоғыз бала тəрбиелеп өсірген Жамалиден ағай мен Мəпіш апайдың үйінде үлкен қуаныш, дүбірлі той басталғалы отыр. Осы құтты ұядан түлеп ұшқан он сегіз ұл мен бір қыздың арасынан бірінші болып ұстаз атанған Қанат бақытты совет семьясының қатарына тағы бір отау қосты. Тойдың ең алғашқы сөзін он тоғыз баланың əкесі Жəкеңе беруге рұқсат етіңіздер. Сол-ақ екен, бөлмеде, тағам толы стол басында отырғандар қол шапалақтап, дуылдасып кетті. Бұл сəтте Жамалиденнің қараторы жүзі бал-бұл жанып, мейірімді қой көздері ұшқын атып тұр еді. Қуанышын жасыра алмай, күлімсіреген бойы төрге, құдаларына қарай тақала берді. Денесінде сəл болмашы діріл бар сияқты. Талай-талай жиындарда қысылып-қымтырылмай, алқалы топтың алдынан сүрінбей
өтетін мектеп директоры бұл жолы аз-кем ойланып қалды. Екі-үш рет тамағын кенеп: – Қадырлы қонақтарым! Бұрынғылар “Үйлену оңай, үй болу қиын” деген екен. Мен осы бір нақылға өзгеріс енгізсем бе деймін. Олай дейтінім, бүгінгідей нұрлы заманымызда үйлену де, үй болу да оңай. Бұрынғыдай емес, екі жас бір-бірімен теңін тауып қосылады, семья құрады. Ал қайда болсын олардың еңбек етуіне, тату-тəтті өмір сүруіне барлық жағдай бар. Балаларыма айтарым, ең алдымен əке- шешелеріңнің тілегін ақтаңдар! Сендер жақсы болып асып кетсеңдер, олар əсте күндемейді. Əркім өз балаларына бақытты бол, деп тілек айтады ғой. Бақыт дегеніңіз ұшып жүрген құс та емес, барлық та, байлық та емес. Ол əр адамның туып өскен, білім алып, ер жеткен жерінде, ошағының басында, қосағының жанында. Қазір мен құда- құдағилармен бірге үлкен шаңырағымның алғашқы қызығын көріп бақытқа бөленіп отырмын. Осы қос құлыным өздерінің жеке бас қамын ғана ойлап қоймай, елдің баласы, Отанымыздың ардақты азаматы болсын. Халқына адал қызмет етіп, əрқашанда оңдарынан – күн, солдарынан – ай тусын. Бақытты болыңдар, қос ботам! Той қызығы таң ағарып атқанша толастамады. Жастар шырқаған əсем əн тымық кештің мөлдір аспанында шарықтап тарап жатты. Бірде күліп, енді бірде отты, тұнық жанарынан қуаныштан төгілген жасқа ие бола алмаған Мəпіш жұрт аяғы басылғанда ғана тізе бүкті. Оның өзінде абысын-ажындары, сіңлілері: – Апа-ау, бір сəт дем алсаңызшы. Қалған шаруаны өзіміз-ақ тыңдырамыз ғой,– деп жан-жақтан кеу-кеулеген соң амалсыз құс жастыққа қисайған еді. Көзі жұмулы, көңілі ояу. Той үстіндегі ұлы мен келінінің бал-бұл жанған, алаулаған жүздері, өзінің өткен жастық шағы, өрімдей өндірген он тоғыз баласы, бірінен соң бірі тізбектеліп көз алдына келді. 2. Мəпіш қазіргі сəбилердей балалықтың бал дəурен базарын армансыз кешіп, алаңсыз ойнай алмады. Алты жасқа келген шыбынсыз жазда алай-түлей сұрапыл боран соқты. Ол бүгінге дейін дəл сондай алапат
дауылды көрген де, естіген де жоқ. Ғасырлар бойы талай-талай күнəсіз ғашықтарға пана, куə болған мəуелі бəйтеректердің саялы бұтақтары сол шыбынсыз жазда, аңыраған анадай жапырақтарынан айырылыпты. Сол шыбынсыз жазда миллиондаған адамның “соғыс” деген жалғыз ауыз үрейлі сөзін Арқаның майда самал желі асқар таулардан асырып, алысқа жеткізіп жатты. Ə дегенде осы сұрапыл “соғыс” деген жалғыз ауыз сөз жөн-жоба білетін көшелі, көне көз қарияларды ғана емес, ес білетін, əліппенің əріптерін енді-енді ежелейміз деп жүретін Мəпіштерді де есеңгіретіп тастады. Елге, туған жерге деген ессіз, дүлей боранның Батыстан соққанын естігенде, барша совет халқы белді бекем буды. Сол бір шыбынсыз жазда алты жасар Мəпіштер алты есе есейді... Тоғыз жасында таң елең-алаңнан алғаш рет масақ теруге шыққаны əлі есінде. Шолақ қол бригадирдің: “Балалар, тұрыңдар, күн түс болды ғой” деген жарықшақтанған даусын Мəпіш сонда біразға дейін түсінде де естіп жүрді. – Ал, қарақтарым,– дейтін бригадир, аңыз басында балаларды сапқа тұрғызып. – Біздің жауынгерлер жауды өкшелей қуып барады. Соғыс бітуге жақын қалды. Егер əкелерің мен ағаларың ауылда жүрсе, мен сендерді түн ұйқыларыңды бөліп, елең-алаңнан тұрғызар ма едім? Ауылдан кеткен азаматтар үшін алдымен нан керек. Сондықтан сендердің жинаған əрбір масақтарың фашистерге оқ болып тиеді. Балалық жасамай, аңызда бір дəн қалдырмай теріңдер. Өзім түсте де, кешке де келіп атқарған жұмыстарыңды тексеремін. Албырт балалық шақтың қызуындай, от-жалын жоқ шығар əлемде. Қара сирақ ұлдар мен қыздар əлгі сөзден соң аңызға атой салатын еді. Қолдарында бір-бір қару, қазір музейде болмаса, іздесе таптырмайтын кəдімгі қол орақ. Бəрі де əу баста от пен оқ кешіп майданда жүрген əкелеріміз үшін, Отан үшін ағаларымыз үшін деп ертелеп келіп, жомарт, бейкүнə жанарларымен ара-кідік қалып қойған бидай сабақтарын жан ұшыра жанталаса іздейді. Сол күні олар бригадирді риза етіп, ауылға əндетіп қайтты. Ертеңінде Мəпіш анасы Күлшаттың:
– Тұра ғой, ботақаным, бригадир есік қағып тұр, балалар масақ теруге бара жатыр,– деген сөзін естімеді, ананың аялы алақанын сезбеді. Денесі ысынып күйіпжанып, қары салдырап, аяқ-қолы көтертпей, беймаза хал кешті. Үйге келген бригадирдің жүрекжарды тебірене айтқан сөзін де естіген жоқ. – Күлшат апа-ау, менде не кінə бар? Ер азаматтар белшесінен қан кешіп жүргенде, біз қалайша тыныш ұйықтаймыз. Əне, қараңызшы əшейінде көркіне күн тигізбейтін, бүлдіршіндей баланың ақ мақтадай үлбіреген алақаны бір-ақ күн ішінде тілім-тілім болып қалыпты. Басқа да қыз балалар қай бір жетісіп жүр дейсіз. Оны мен де сеземін. Қайтейік, амал бар ма? Бекем буынған белді күні ертең боздақтарымыз ауылға аман есен қайтып оралғанда шешерміз. Оған да көп уақыт қалған жоқ қой. Бүгін Мəпіш үйде болсын, дем алсын. Мен ұлдарды ғана аңызға апарамын,– деп еді бригадир. Мəпіш сол күні сəске түсте ғана басын көтерді. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Сəби кешегі шаршағанын ұмытып сыртқа шықты. Көлеңкеде өзінен кейінгі жалғыз бауыры Хамиттың, апыл-тапыл аяғын басып жүрген сіңлілері Үмітжан мен Шəйданың ойнап отырғанын көріп қуанып қалды. Кəдімгідей ер жетіп, есейгендігін танытып оларды ертіп үйге кірді. Қалған қатқан нанды, жылымшы көжені бəрі бөлісіп ішті... Көбелекше əр гүлге қонған, өткен өмір жолын шолған ойлар бірімен- бірі сабақтасып жалғаса берді. Əлдекімдер аяғына жармасып, төсін аймалай берді. Əлгі тəтті елестер үзілген моншақтай, шашырап кетті. Ананың сезімтал, жүрегі елжірей соқты. Бұлар ең кенжесі он сегізінші, он тоғызыншы – егіз туған үш жастағы Асыл мен Арман еді. Қос сəбиін бауырына қысып мейірлене сүйіп, құшырлана иіскеді. Қарлығаш ойлар тағы да қанат қақты... 3. Он тоғыз бала, он тоғыз мінез. Оқу жылы аяқталып мұғалімдер демалыста еді. Тек мектеп директоры Жамалиден Маханов қана жұмыста болатын. Бір мезгіл мектептің жөнделуін қадағалайтын. Үйдің де ұсақ-түйек жұмыстары қолды бір босатпайтын.
Көкке аузы енді ғана іліккен марқалар əлі арық. Сойып тастауға обал- ақ. Жамалиден “Жигулиіне” отырып, совхоз орталығы – Корнеевкаға қарай жүйітки жөнелді. Бір пұттай шұжық сатып алды. Үйге келген соң балаларын шақырып алып, əлгі əкелгенін стол үстіне қоя салда да, өзі “шаршадым, қалжырадым” деп жатып қалды. Əредік “қор-қор” етеді. Үлкенді-кішілі балалар осы сəтті күтіп отыр еді. Олар “шұғыл” жұмысқа кірісті. Бағанағыдай емес, əлден соң балалар тоқпейіл мінез танытты. Арада едəуір уақыт өтсе де, олар əбден тойдық демей, столға үздік-создық қол соза берді. Сонда басқа емес, тоғызыншы баласы Дарын: – Бəріміз де тойып қалдық. Ендігі қалғанын мамам мен папама қояйық. Олардың да қарны ашып қалған шығар,– деді. Ер жетіп қалғандары інісінің айтқанына ден қойды. Бəрі де мамасы мен папасына шұжық қалдырды. Сол кезде Жамалиден орнынан атып тұрды. – Құлындарым менің, осылай біріңнің айтқан сөздеріңді үлкенім, кішімін демей, тыңдап жүріңдер. Мəпіш екеуіміз сендер үшін қолдан келгеннің бəрін аямаймыз. Киімдерің – көк, тамақтарың – тоқ, уайымдарың – жоқ қой, айналайындар. Ақылдым менің, міне, азамат болды деген осы,– деп ол Дарынын бауырына қысты. Сол Дарын Асыл мен Арманның “екінші папасы мен мамасы” атанды. Сабақтан қайтып келгенінде егіз бала осы ағасын далада күнде асыға тосып тұратын. Содан көздері əбден ұйқыға барғанша Дарынның қасынан көлеңкедей қалмай еріп жүретін. Дарын Қарағандының ¹2 қазақ орта мектеп-интернатына оқуға барып еді. Сонда Асыл мен Арман кімнің де болсын, жүрегін дір еткізетіндей беймаза хал кешті. Əкесін де, шешесін де тыңдамады. Бейкүнə қос сəби түн ортасында тұрып алып, беу-беулеп Дарынды іздеді де отырды. Жəкең мен Мəпіш қос ұлдарына алма да, апельсин де, көз қарықтыратын тəттілерді де ұсынды. Сонда да Асыл мен Арман тыныштала алмады. – Қой, болмас,– деп Жамалиден “Жигулиін” “ерттеді”. Дарынды ауылға əкелді. Аяғын апыл-тапыл, басып жүрген қос сəбидің сол күнгі қуанышты сезімін, көңілкүйін Жамалиден мен Мəпіш бар болмысымен
түсініп еді. Сол түні екі бала Дарынның оңы мен солында армансыз ұйықтады. 4. Адам бір қуанғанда ойды-ой қуып, өткен белестердің ұмытылмас шақтары өзінен өзі еске түсе береді екен. Кешеден бері қанша қалжыраса да, Мəпіштің кірпігі ілінбей қойды. Енді бірде бауырында егіз қозыдай монтиып жатқан осы сəбилерінің жарық дүниеге келер сəтіндегі қиналған шағы көз алдына елестеді. Сол түні Мəпіштің жарғақ құлағы жастыққа тимеп еді. Ол қанша қиналса да, үрейлі жанарларымен жаутаңдап отырған балаларының көзінше қабағын да шытпады. Барлық қажыр-қайратын, күш-жігерін жинап анда-санда: – Құлындарым-ау, ұйықтасаңдаршы бір мезгіл. Ертең мен ауруханаға түскенде қарындарың ашып, жүдеп қалар ма екенсіңдер?– деп, əрқайсысына аналық мейріммен қарайды. Мұндай қамқор дауыс шыққанда, балалардың жүздері де бұлт астынан көрінген күндей жайраң қағады. – Мама, алдымен өз денсаулығыңызды ойласаңызшы. Біздер туралы еш алаң болмаңыз. Үйде мен бар емеспін бе,– деп Қатима кəдімгідей өкпелейді. Енді сөзге Нүркен мен Нəжат араласты. – Малды екеулеп жайлаймыз, мама. – Мама, мен барлық ыдыстарды өзің сияқты тап-таза етіп жуып қоямын. Дарынның бұл сөзіне үй-ішіндегілер тегіс күліп жіберді. – Мама, мен Нұрға ие боламын. Бəрінен де бұрын өзіңіз тез жазылып келіңізші,– деді Сəкен. Естері кіріп, ер жетіп қалған балаларының осы сөздері Мəпішке қуат берді. Бұл кезде Жамалиден “Жигулиін” қыздырып үйге кірді. Балалары шешесін жан-жақтан жапырласа қолтықтап машинаға отырғызып, сəт-сапар тілеп қалды.
Көктемнің алғашқы айы. Желмен жарысқан “Жигули” асфальт жолмен жүйіткіп келеді. Мəпіш бір мезгіл көз шырымын алды. Аудан орталығы – Ульяновка поселкесіндегі перзентхананың дəрігерлері алғашқы жəрдем көрсетісімен, Жамалиденге ақыл-кеңес берді. – Сіз бұл араға көп бөгелмеңіз. Жаныңызға медсестра қосып берейік. Қарағанды осы арадан елу-ақ километр ғой. Жедел жүріп кетіңіз. Арада бие сауым уақыт өтпей-ақ, Мəпіш ¹3 перзентханаға орналасты. Мұндағы дəрігерлердің бəрі де құрақ ұшып, жандары қалмай қызмет етті. 1978 жылдың 16 апрель күні ең алдымен жарық өмірге Асыл келді іңгəлап. Содан кейін ананың жағдайы бірте-бірте ауырлай берді. Мынау жарық дүние бірде төңкеріліп, бірде шырқ айналып кеткендей болды. Жас нəресте – Арман 17 апрельде көп бейнет көрсетіп дүниеге келгенін қайдан білсін? Дəрігерлер Мəпіштің де, балалардың да жанын алып қалып еді... ... Мəпіш жайлы орынға жайғасқан соң көңілі орнына түскен Жамалиден қалада көп бөгелген жоқ. Өзінің үйреншікті магазиндерінен балаларға киім-кешек, шайқант, базарлық алды да, ауылға қайтты. Айнаға қарап еді, самайындағы ақ қырауды көзі шалып қалды. “Қартайып қалғаным ба? Уақыт, жыл дегеніңіз дарияның ағысындай, қандай жылдам”. Екі көзі жолда болса да, көңілдері шар тарапқа самғап қонақтар емес. “Өтіп бара жатқан өмір-ай, ұстаздық еткеніме де отыз жылдай болыпты”. Шəкірттерін ойлағанда Жакең езу тартып, іштей қуанып, бір кездегі ауылдың қараторы балаларын еске алды. Солардың бірі – Нығмет Танашев. Жасында тентектеу болса да, сабаққа алғыр еді. Москвадан жоғары оқу орнын бітіріп, Қостанайдан кондитер фабрикасының директоры болып бір-ақ шықты. Сол Нығмет қазір Отанымыздың астанасында Академияда оқиды. Елубай Əбжанов. Көп сөйлемесе де, анда-санда жатып ататын, шақпа тілді осы баланы Жамалиден “журналист болатын шығар-ау” деп дəмеленетін. Елубай дəрігерлік мамандықты қалады. Қарағанды облысы бойынша селолық аудандардың ішінде бірінші болып жүрек ауруларынан диссертация қорғаған медицина
ғылымдарының кандидаты. Қазір Елубай Қарағандыдағы білгір мамандардың бірі. Ойлап отырса, өзінен тəлім алған шəкірттері сан алуан мамандықтың иелері екен. Сартау сегіз жылдық мектебінің директоры ауылға жеткенше осындай талай-талай ойды сабақтады. Үшінші егіздері – Нұрғазы мен Ерғазы атты қос нəрестелері дүниеге келгенде, ХХ партия съезі атындағы совхоздың басшылары бұларға арнап 102 шаршы метрлік үйді тегін салып берген-ді. Арада біраз жыл өткен соң, бала саны он жетіге жетіп еді. Бірде ол совхоз орталығы – Корнеевкадан бір қап нан сатып алды. Келімді-кетімді кісілер мұны көріп таң қалды. Сатушы да қалжыңқой жан екен. – Тым тамақсау екенсің, қайным,– деді. Жігіт ағасы да есесін жібермей. – Егер өзіңіз мен сияқты он жеті балам бар деп, бір сəт ойланып көріңізші. Сонда оларға қанша қап нан алар едіңіз?– деп қарсы сұрақ қойды. – Қойыңыз, осы күнгі жастардың үлкендермен қалжыңдасатыны жараспайды-ақ. Бəлкім, əр жерде бірбір үйіңіз бар шығар? Жиналған жұрт ду күлді. – Жоқ, əстеде олай емес. Осы совхоздың Ақжар бөлімшесінде тұрамыз. Бір ғана Мəпіш есімді жұбайым бар. Сенбесеңіз есік алдында “Жигулиім” тұр. Көрімдігін берсеңіз, жақын жер ғой, ауылға апарып көрсетіп, қайта алып келейін. Сатушы не сенерін, не сенбесін білмей аңтарылып қалды... Жамалиден ауыл көшесіне енді іліге бергенде, қарсы алдынан тəжірибелі мұғалімдердің бірі – Серік Ысқақов шықты. Машина кілт тоқтады. – Иə, Серік, сабақ қалай өтті?– деді мектеп директоры. – Ол жайында еш алаң болмаңыз. Осы жаңа ғана кластардың бəріне от жаққызып келе жатқан бетім осы. Өзіңіз тез оралдыңыз ғой. Қалай, жеңгей тынышталды ма?
– Сенімді адамдардың қолына барды ғой. – Ə, онда жеңгейдің аяқ-қолы жеңіл болсын! Оншақты күн өткен соң ауылға құстай ұшып, қарлы- ғаш қанатты телеграмма жетті. Онда: “Сізді егіз ұлыңызбен құттықтаймыз. Жұбайыңыздың, бөбектердің денсаулығы жақсы” делініпті. Жамалиден де, балашағалары да мəз-майрам болып, бір қуанып қалысты. Қыстай бордақыға байланған ту қой сойылды. Бүкіл ауыл келіп құтты болсын айтты. Шілдехананың алды басталды. ... Мəпіш перзентханадан құшағын гүлге толтырып шықты. Егіздің бірі – Жамалиденде, сыңары – Қанатта еді. Сонда жүздері шат семья мүшелеріне жиналған көпшілік таңдана қарасқан... 5. “Тойға той ұлассын” деген ауыл тұрғындарының тілегі қате кеткен жоқ. 1979 жылдың қысында ойда жоқта Жəкеңнің атына халық депутаттары Ульянов аудандық Советі атқару комитетінен хат келді. Онда: “Аудандық атқару комитеті көп балалы семья екендігіңізді ескеріп, сіздерге кезектен тыс “УАЗ” маркалы жеңіл автомашина берілетіндігін хабарлайды” делінген. Тағы да бүкіл семья үлкен қуанышқа кенелді. – Енді қандай қалың қар болса да тіліп өтетін болдық,– деді Жомарт. – Ура, “Жигулиді” енді Қанат жүргізе берсін. Мына машина менікі,– деді Болат. Сонда Жамалиден: – Бəрің де босқа таласасыңдар, екі машина да соңғы егіздікі, Асылым мен Арманымдікі,– деп еді мұртынан күліп. “Балалы үй – базар”. Шалғай ауылдағы бақытты семьяның қызығы біріне-бірі жалғаса берді. Сабақтан шыққан соң Жамалиден күндегі əдетімен балаларының ортасында, Мəпіштің қаймақ қатқан қою шайын рахаттана ішіп, бусанып отырған еді. Əлден уақытта екі жігіт сау ете түсті. Бірі – совхоздың партком секретары Орынбай Усин, екіншісі – бөлімше басқарушысы Қалтай Маташев екен. Жүздері қуанышты. Жылы амандасып, төрге шықты.
– Ауылымыздың аты бəйгеден келді. Сен оздың, Жəке, бас бəйге сенікі,– деді Қалтай. – Сүйінші, осындай қуанышыңыз əрдайым жалғаса берсін,– деді парторг. Қапелімде еш нəрсеге түсіне алмаған Жамалиден мен Мəпіш аң-таң. – Ойпырым-ай, үздіктірмей тоқ етерін айтсаңдаршы? Жақсылық хабарға сүйінші деген сөз болып па?– деді мектеп директоры. Орынбай Қазақ Совет Энциклопедиясының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 60 жылдығына арналып шығарылған томының 132-бетін ашты. Сонда Махановтар семьясының суреті жарияланған екен. Кітап қолдан-қолға өте берді. Балалар бір-біріне: “Мынау – сен, мынау – сен” десіп жатыр. Орынбай əңгімені жалғастырды: – Қап, əттегені-ай бұл суретке Нұр, Асыл мен Арман ілікпеген екен- ау,– деп өкініш білдірді. Сол кезде Қалтай Жамалиденмен замандастығын білдіріп: – Энциклопедияның келесі басылымы шыққанша, Жəкеңдер семьясының балалары бұл қарқынмен отызға тақап қалар. Сонда бəрі қайта жиналып суретке түседі ғой,– деді. Жұрттың бəрі күлкіге қарық болып қалды. Сол күні той дастарқаны тағы да қайта жасалды. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген. Жамалиденнің семьясын көрмесе де Махановтарды одақтық теледидардан, деректі фильмнен көріп, республика баспасөздерінен оқыған адал ниетті, ақ пейіл жандар Қарағанды облысының Ульянов ауданындағы ХХ партия съезі атындағы совхозында тұратын осы үлкен де, бақытты семьяға қысы-жазы өздерінің ақ ниеттерін білдіріп жер-жерден хат жазып жатады. Мына бір хат ты 1978 жылдың күз айында Шымкент облысының, “Жетісай” совхозының №5 бөлімшесінен жетпістегі қарт ана Əлима Мүтəлиева жолдапты.
“Сəлəматсыңдар ма? Балам Жамалиден, Мəпіш келінім,– делінген онда. – Сендер туралы “Қазақстан əйелдері” журналында жарияланған мақаланы оқып, əрі суреттеріңді көріп, бір жасап қалдым. Қуанғанымнан немерелеріме хат жаздырып отырмын. Қазақта “Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады” деген мақал бар. Өмірде бақытты болыңдар, айналайындар. Бір-бірімізді бұрыннан білмесек те бүлдіршіндей он тоғыз бала тəрбиелеп өсіріп отырған сендерді балаларыма, келіндеріме əрдайым мақтан етіп айтып отырамын. Семьяларыңа зор бақыт, үлкен қуаныш тілеймін”. Ақжардағы ауыл шетiндегi ақшаңқан, iшi жиһазға толы екi үй. Екi жеңiл машина. Бақытты ата-ана Жамалиден мен Мəпiштiң жүздерi бал-бұл жанған бөбектерi тысқа шығып барады. Бiрiн-бiрi қолтығынан демеп, тату-тəттi ойнап жүрген сəбилер желкiлдеп өскен құрақтай тете өсiп келедi. БАТЫРМЕН БІРГЕ ШАЙҚАСҚАН Ұлы Отан соғысының, бейбіт еңбектің ардагерлері! Олар қызғалдақтай құлпырып тұрған шағында оған елі мен жері үшін оқ боранына өр кеудесін төседі. Бүгінгі жас ұрпақ ағалары мен апаларының ерлігін Қамбар батыр мен Алпамыстан деседі. Отты жылдар көңілінде сайрап тұр, көз алдында кешегі... Ақ күміс шалғын селдір шашын бипаздай салалап, ол біразға дейін үндемей қалды. – Осы əлгінде ғана өзіміздің штаттан тыс тілшіміз, ауыл мұғалімі Мейрам Қарасартов жолығып, сіздің жауынгерлік жолыңызды жазайын деп еді. Енді сен де, сол жайды қолқалап сұрап отырсың. Мейрамнан ұят болмай ма? – Алпы аға. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген. Отты жылдардағы ерлікті кім жазса да артық болмас. Ол бүгінгі желкілдеп есіп құрақтай қаулаған жастарға үлгі-өнеге емес пе? Тағы да үнсіздік. Блокнотымды ала бергенде:
– Ертең таңғы сағат 4-те Кама Əбдірахман деген шофер жігітпен Ақтауға цементке барушы едім. Қазір соны тағы да өзіне барып ескертейін. Демалу керек. Ауылға келіп жүрсің ғой сонда кездесіп, əңгімелесерміз. Арада бірнеше ай өтті. Келесі жүздесуімізде Алпыағамыз көңілді. Целиноград облысының күйеу баласы келіп, немересі Болашақты өбектеп, мəре-сəре. Осы сəтті пайдаланып, Алпыағаңды сөзге тартты. Бұл жолда ол бірден ашылмады. Іргеде ілулі тұрған кілемдегі домбырасына қарады. Өзі тұрып соның жанындағы мондолин алып, құлақ күйін келтірді. Содан соң “Манчжурья соқпағы” атты вальсті ал келіп нөсерлетсін. Жайшылықта қызмет басты болып жүретін совхоздың кəсіподақ комитетінің председателі Нұрғали Смайлов жүрекжарды əсерлі əуенге беріліп, елтіп отыр. Бəлкім Нұрекең жұбайы Жібекпен бірге өткізген студенттік күндерін еске алған шығар. Теңіз толқынындай буырқанып тасыған, құйқылжыған сырлы музыка аяқталғанда тыңдаушылар да тамаша ғажап əуенді қалай тез бітті деп өкініп қалды. Аз-кем тыныштықты Алпекеңнің өзі бұзды. – Сұрапыл соғыстың бар тақсіреті мен қасіретін, солдаттың сағынышы мен бейбіт өмірге құштарлығын осы бір вальстің аңғартып тұрған жоқ па?– деді. Жездесінің желпініп алмаса ашыла қоймайтынын жақсы білетін осы Бабаев атындағы совхоздың бас зоотехнигі Шəдетов Жеңіс те еркінсіп оқыс сұрақ – жемді қармаққа қадады: – Алпеке, алпысыншы жылдарда өзіңіз бас болып ауыл өнерпаздарын ұйымдастырып, облыс орталығына апардыңыз. Жеке өзіңіз Құрманғазы мен Тəттімбеттің бірнеше күйлерін орындапсыз. Үш адам екі қазақ домбырамен өнер көрсетіпті. Ол кезде теледидардан көрініп, бəйгі алу екінің бірінің қолынан келмейтін шаруа. Сол қалай болды өзі?– деді. Алпыстан асқан ақсақал жас балаша қуанып, жайраңдап сала берді. Алпекең көңілденіп домбыра оркестірін қалай ұйымдастырғанын жыр етіп əңгімеледі де, бізді талайдан бері ынтықтырып жүрген тақырыбымызға жақындай түсті.
– Уақыт жылдам ғой. Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. Тегінде музыка дегеніңіз адамның рухани азығы емес пе. Көңіл сезімінің қуанышын қиянға шарықтатады, адамның қайғы-уайымын сергітеді. Соғыс жылдарында да көркемөнерпаздар үйірмесін басқардым. Көңіл кілті енді ашылды. – Мен Омбыда педагогикалық училищеде оқып жүргенімде 1942 жылдың апрель айында əскерге шақырылдым. Алғашқыда сержанттар, кейіннен офицерлер даярлайтын курстардан өткеннен кейін 8 ноябрьде Сталинград майданынан бір-ақ шықтық. Мына бір дерек есімде қалыпты. “Осы Батыр қала үшін қанкешті шайқас 200 күнге созылды. Неміс фашистері Сталинградқа бір миллионға жуық солдаттары мен офицерлерін, бір мыңнан астам танкілері жəне екі мыңға жуық самолеттерін төкті. Сталинградтықтар ұзындығы 2850. Соның ішінде танкіге қарсы 1170 километр орлар қазды. 85 мың атыс ұяларын жəне 125 мың атыс скоптарын жасаған екен”. Жау қаншама жанталасып құтырынса да батыр қаланы ала алмады. Бірақ өмір жолын енді ғана бастаған жас қайнақтар мынау нұрлы дүниемен қоштасты десеңізші. Солар туралы айтқаным жөн болар. Аға сержант Алпан Итжанов “Қызыл Жұлдыз” орденімен, “Жауынгерлік ерлігі үшін”. “Ерлігі үшін”. “Сталинградты қорғағаны үшін”. “Севастопольді азат еткені үшін” медальдарымен наградталған. Осы наградалар туралы сұрағанымызда ол: – Майданда салтаттылар барлауында əскери қызмет атқардым. Барлау жұмысы жақсы жерде жеңіс те болатыны баршаға мəлім Совет Одағының Маршалы. Бас қолбасшы Иосиф Виссарионович Сталиннің өзі қол қойған құттықтау хатын алдым. Онда біздің жігіттер Шауляй қаласының оңтүстік-батыс жағын немістерден азат етіп еді. Одан да өзімнің майдангер достарым туралы айтайын,– деді тағы Алпекең. – Əлгінде айттым ғой “Қазақ фильм” киностудияы 1978 жылы Совет Одағының Батыры Тəлен Қабылов туралы Прибалтика жерінде “Оралу” атты деректі фильм түсірді. Оған қазір Алматы қаласында тұратын, финанс қызметкері Нұрым Сансызбаев, сол кездерде Жезқазған облысы Шет аудандық партия комитетінің бірінші
секретары болған Кəмəли Дүйсенбеков жəне мен шақырылдым. Қашанда журналист қауымы оқыс сəттерге, кенеттен болатын оқиғаларға құмар ғой. Солай деп ойлаймын. Əлгі қанды көйлек жолдастарымызды бір поезда болсақ та Шауляйға жеткенше көре алмадым. Олармен тек экранға шығар алдында кездестік. Жайшылықта əдейі іздеп баратын майдангер достарды аяқ астынан кездестіруден артық бақыт жоқ шығар. Нұрым мен Кəмəлимен кездесіп мəре-сəре болдық. Ал алматылық жігіт Төлен Қабыловпен біз Сталинград майданында 24 гвардиялық дивизияның 72-ші гвардиялық полкінде танысып едік. Ол өжет те алғыр болатын. Бізге өмірлік тəжірибесін, ағалық ақылын айтып жүретін. Өлеңге, музыкаға құмар еді. Мен мондолда орыс билерін орындағанда əлгі жігіттер ұршықша үйірілетін. Өмірге құштар да құмар жайнақтар сонда əсте қамығып шаршауды, қажуды білмеуші еді. Есімдерін ұмыттым, біздің взводта орыс жігіті Сонин, Назерев, Евдокимов, белорусь Горнак, чуваш азаматы Архипов, тағы басқалары болды. Ал Төлен, Нұрым, Кəмəли бəріміз бір үйдің балаларындай ағалы-інілі болдық. 1940 жылдан бері КПСС мүшесі, сабырлы, байсалды Төлен ол кезде жаңа тараған “Паровоз” бен халық əні “Молдабайды” орындайтын. Ал “Катюша” сол жылғы əндердің гимні іспеттес жүрегімізде жатталып қалды. Əлі ісімде, апрельдің екінші он күндігі қарсаңында Төлен жаудың қарсы шабуылына шықты. Немістердің оншақты жеңіл “фердинант” танкілері біздің шепке қарай оқты қарша болатып келе жатты. Сонда батыр Төлен жаудың төрт танкісін жойды. Соңғы гранатасын лақтыра бергенде абзал, адал жігіт өзі де мерт болды. Төлен Қабылов СССР Жоғарғы Советінің Указы бойынша Совет Одағының Батыры атағын алды. Алматы облысы, Шелек ауданы Асы-саға ауылының азаматы осындай батыр жігіт еді. 1980 жылдың август айында алматылық жауынгер жолдасым Нұрымнан жəне оның жұбайы Үміттен хат алдым. Онда олар “Төлен Қабылов” атындағы балық аулау траулері коллективінен хат алғанын, сол коллективтің баршамызға – Нұрымға, Кəмəлиге, маған сəлем айтқанын жазған екен. Ал өзіміз “Оралу” деректі фильміне
түскенімізде сол үлкен пароходты көрдік. Онда мынандай ұмытылмас өзендер жазылды: “Қазақ халқының батыр ұлы Төлен Қабыловтың ауылынан – Алматы облысы, Шелек ауданы Асы-сағадан майдангердің қанды көйлек жолдастары Нұрым Сансызбаев, Алпан Итжанов, Кəмəли Дүйсенбеков Батыр ауылындағы үйінің жанына топырақ əкелген, 6 июнь, 1978 жыл”. Майдангер осыдан кейін Алматыдағы жорықтас досы Нұрым мен Үміттің ауылға əдейі “Волгамен” қонаққа келгенін, өзінің Жезқазғандық Кəмəли Дүйсенбековке бірнеше рет барғанын жыр етіп айтып берді. Бабаев атындағы совзоздың күрделі құрылыс бөліміне қызмет ететін Алпан Итжановтың бүгінгі жастарға айтатын осындай əсерлі де қызықты əңгімесі көп. Қазір оның ұлы Ертай Совет Армиясы қатарында өзінің азаматтық борышын абыроймен өтеп жүр. МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН немесе зарыға күткен 47 жыл Қаланың күнделікті күйбеңімен теңертең 24-ші автобусты ең кемі жарты, əйтпесе бір сағаттай тосып тұрғанда капитан шені бар жігіт ағасымен иек қағысып, бас изесіп сəлемдесіп жүрдік. Танысқанымызда: ССРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебінде сырттай оқытатын факультетінде аға инспектормын, аты- жөнім – Сатыбалды Бисенов,– деді ол. Бір күні сол 24-ші автобуспен келе жатқанда біреу арқамнан қақты. Жалт қарадым. Сатыбалды екен. Шені жоғарылапты. Подполковник атағын алыпты. – Тілші жігіт, хал қалай? Мен əкемді таптым. Өте қуаныштымын,– деді ол. – Қуанышыңыз құтты болсын!– дегенше болған жоқ, автобустағы сеңдей лықсыған толқын əңгіме желісін үзіп кетті. Бұл Нүркен Əбдіров проспектісіндегі “Ұсақ-түйек” магазинінің аялдамасы еді. Ол болса “сау болыңыз” деп иек қағып қала берді.
“Əкемді таптым”. Осы бір-екі ауыз сөз мені əр кез мазалай берді. Əке! Əке! Мамыражай қуанышты өмірде ол əкесін қалай жоғалтқан? Бəлкім сонау аласапыран кезде оның əкесі Қытай асып кетті ме? Осы сұрақтар мені көп толғантты. Ертеңінде Сатыбалдының қызметіне телефон шалдым. – Кешіріңіз,– деді ол. Бүгін кешкі сағат 8-ге дейін жұмыстан қолым босамайды. Ертең кездесейік. Айбын беретін киімін шешкенде Сатекең тіпті қарапайым екен. Елгезек үй иесі елпеңдеп самаурынды қолға алды. – Шай ішейік,– деді ол қонақжайлылық танытып. – Алдымен шаруамызға кірісейік. Өзің сұрақ бермесең көсіліп, шешіліп кетпейтін жігіт ағасының өмір жолы бір кітап екен. Ол менің көз алдымнан деректі фильмдей өтіп жатты. Мың да тоғыз жүз отыз сегізінші жылы жарық дүниеге іңгəлап келген Сатыбалды тағдыры қиын екен. Əкесі Шаймұхаметтің тізесіне алып отырғаны еміс-еміс есінде. Кейін ес білген соң естіді: – Сен əкеңнің аузынан түскендейсің. Шаймұхамет аңқылдаған ақкөйлек жігіт еді. Жүзінен күлкі, аузынан əзіл арылмайтын. Бір ауыз сөзімен жылаған баланы егілген қарияны уататын. Сен əкеңе тартқансың... Қостанай елінде, Жітіқара жерінде есімі аңыздай аталатын əке туралы Сатыбалдының бар білетіні осы ғана. Осы соңғы жылдарда демалыста жолдасы Аманбике, жалғызы Жанарды ертіп ауылға барғанда көз көрген, көне құлақ шалдар былай əңгімелейтін: – Сенің əкең Шаймұхамет еңбек армиясына алынды. Қазір көзі тірі шолақ қол Нұрпейіс Бірмановпен бірге Сібірде ағаш кесіпті. Бір күні иығы жалтыраған бір адам келіп: – Сендер ағаш кескен сайын бір жауызды өлтіріп жатырсыңдар. Бұл еңбектеріңе көп рахмет. Енді сол фашистпен бетпе-бет кездесуге
қайсың барасыңдар?– депті. Шаймұхамет “мен барамын”– деп алға аттап шығыпты. Сонда тізбеде қатар тұрған Нұрпейіс: – Өй, сен жындысың ба? Өлімге басыңды тігесің бе?– деп қолынан ұстапты. Шаймұхамет жолдасын тыңдамай: – Нұреке, Отан үшін жан пида. Сібірдің қалың масасына таланғанша Гитлердің өзімен жекпе-жек шығайын,– деп алған бетінен қайтпаған. Содан ол от пен оқ бораған қанды майданға аттанған. Бұл 1942 жыл еді. Əрине, Сатыбалды бұл оқиғаларды кейін естіген. Арқа еті арша болған Шəрипа шешесінің, өзіне тетелес інісі Қуаныштың да бір жылдан соң дүниеден қайтыс болғанын да ес білген соң естіді. Əке-шешесінен жас қалған жетім бала “фашист” десе жаны түршігетін болды. Нағашы əжесі Сағилаға өмір бойы қарыздар. Мейірімді қамқор əже Сатыбалдыны бауырына басты. Сұрапыл соғыстың зардабы алыстағы ауылдың да еңсесін көтертпеген соң əже Сатыбалдыны қимай күн-түн жылап амалсыздан Қарабалықтағы балалар үйіне берді. Жалтақ бала бұл арадан тез есейді. Ер жетті. Кейіннен Жітіқараның мектеп- интернатын тəмамдап, кəмелеттік аттастат алды. Алда мың тарау жол тосты оны. Жетім бала Оралдың педагогикалық институтына жол тартты. Физика-математика факультетіне құжатын тапсырды. Сатыбалды сонда ғана санын соғып қалды. Үш пəннен –5, бір пəннен –4 алғанда, неміс тіліне келгенде ал кеп қиналсын. Пұшпақтап тер ақты. Бұл балалық дегенге еш дауа жоқ, менің əке- шешемді жалғыз інім Қуанышты неміс өлтірді деген ұрлықшы ой Сатыбалдының санасына əбден ұялап алған еді. Мектепте оқып жүргенде де неміс тілі деген пəннен төбе шашы тік тұратын. Бұл сабақты əсте оқымайтын. – Сен бала,– деді неміс тілінен емтихан алған ұстаз Аухариева,– бұл пəнді нашарлау біледі екенсің. Мен саған қанағаттанарлық деген баға қоямын,– деді... Институтты ойдағыдай бітірген Сатыбалды Бисеновтің одан кейінгі өмірі де бір төбе əңгіме. Ол өмір мектебінен шыңдаламын деп Совет Армиясы қатарына солдат болып барып, офицер атағымен елге оралды. Бүгінде подполковник. Құрметті ұстаз.
...Хабарсыз кеткен əке тағдыры естен шықпады. Биыл Қостанай облысына қызмет бабымен баруына жолы түсті. Жанында Жанары бар еді. Сонда Жітіқарадағы жолдасы Амангелді қуанышты хабар айтты. – Сатыбалды, біздің аудандық “Авангард” газетінде наурыз айының 12 жұлдызында “Зерде” кітабында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан бір топ майдангерлердің тізімі жарияланды. Сонда сенің əкеңнің де аты- жөні жазылған. Сол күні Сатыбалды жөндеп ұйықтай алмады. Ертеңінде Жітіқарадағы аудандық əскери комиссариатқа барды. Əлгі газетте Бисенов деген фамилия “Бисянов” деп жазылған екен. Бірсуат селолық Советінен əскерге алынған делінген. Хабарлама қағазымен егжей-тегжейлі танысқанында Сатыбалды 47 жыл бойы іздеген əкесін тапты. Сол сəтте оның жүрегі жарылып кете жаздады. Адресте: Иваново селолық Советі, Невель ауданы, Калинин облысы делінген. Дерек картаны қарасын. Иваново деген село мұндай көп болар ма? Бұл атау Псков облысынан да кездесті. Сатыбалды кезекті демалысын алып осы екі селолық Советке хат жазды да Сарыағашқа демалуға аттанды. Бір аптадан кейін Қарағандыға телефон шалды. Аманбике амандықтан соң қуанышты хабар айтты. – Сəке, сүйінші, əкейдің жерленген жері табылды, Псков облысынан хат келді. – Ə, не дейсің? Рас па? Олай болса маған Москваға самолетке билеп алып қой. Қарағандыға барысымен əкемді іздеймін. Сатыбалды Қарағандыға келген соң бөгелмеді. Москваға ұшып кетті. Жанында бажасы, облыстық клиникалық аурухананың дəрігері, демалыста жүрген Мұхаметқали Тентекбаев та бар еді. Псковта қарағандылық қонақтарды облыстық əскери комиссариаттың қызметкері Вячеслав Егорович Капчуков жылы жүзбен қарсы алды. – Сіздерді Невельде аудандық əскери комиссариатта Вячеслав Александрович Рыбанов күтіп отыр. Жолдарыңыз болсын,– деп ол сəт- сапар тілеп қалды.
Орыс елінің қонақжай адамдары Сатыбалды мен Мұхаметқалиды Иваново селосына жеткізді. Бұл арадан қонақтарды селолық Совет төрағасының орынбасары Зинаида Михайловна Герасимова Колпино деревнясында жерленген бауырластар зиратына əкелді. Бейітте мыңға жуық адам жерленіпті. Қарапайым ескерткіш орнатылған. Оның жан-жағына Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың тізімі екі қатарға жазылған. Содан: “Қатардағы жауынгер Шаймұхамет Бисянов, 1943 жылы қазанның 9-да қаза тапқан” деген жазуды оқысымен Сатыбалды көз жасына ие бола алмады. Мына ғажапты қараңыз. Бұл маңайда қазақша айтқанда арасы таяқ тастам жерде соғыста қаза тапқандардың 15 бейіті бар екен. Солардың бірінде Совет Одағының Батыры Мəншүк Мəметова жерленіпті. Ал Невельде, дəл орталықта батыр қыздың үлкен ескерткіші тұр. Оны қазақстандықтар орнатқан екен. Мəншүктің ерлікпен қаза тапқан күні 1943 жылдың 16 қазаны. Сатыбалдының əкесі Шаймұхамет бұдан небəрі бір апта бұрын ғана көз жұмған. Ертеңінде Сатыбалды мен Мұқаметқали қазақ халқының ежелгі дəстүрімен ауыл иелеріне ас берді. Оған Зинаида Михайловна Герасимова Невель ауданының əскери комиссариаты Вячеслав Александрович Рябанов, колхоз басқармасы Александр Григорьевич Лебедев жəне мектеп директоры (фамилиясын ұмытыпты) жұбайларымен, басқа да қонақтар шақырылды. Сонда Зинаида Михайловна шын жүректен тілек білдірді. – Мен Сатыбалды Шаймұхаметұлының тебірене жазған хатын керемет толқып жылап отырып оқыдым. Əсіресе “Менің əкем табылды, ол совет жерінің топырарағында, Псков жерінде екен. Соны естіп қуандым. 47 жыл бойы хабарсыз болғанда шет елде жатыр ма екен деп қорықтым да”. Содан кейін қолма-қол хат жаздым. Енді бір осы бауырластар бейітіне жаңадан ескерткіш орнатамыз. Өйткені онда жатқандар осы отырған баршамыздың əкеміз. Бұдан кейін де талай-талай жүрек тебірентерлік сөздер айтылды. Ауыл иелері де, қонақтар да бір-бірімен қимай қоштасты.
Невельдің қонақ үйі. Сатыбалды мен Мұхаметқали əлгі жүрекжарды кездесуден едəуір қажып қалып еді. – Көлке (Мұхаметқалиды еркелетіп атағаны) шай қойшы,– деді Сəкең. Дастарқан жасалып, шай құйылғанда Сəкең күйбеңдеп, орамалға ораулы бір уыс топырақты қолына алды. Бажасы аң-таң. – Көлке, сен таң қалма. Мана əкеме туған жердің топырағын шашып едім. Ал мына орамда Псковтың топырағы. Мен үшін бұдан артық киелі, қасиетті зат жоқ. Ақын деген халықтың жан дүниесін енді ғана түсінгендеймін. Көңіл күйім алай-түлей дауыл. Тыңдашы,– деді. Сонда Сатыбалды жас баладай егіліп мына өлең жолдарын оқыды. Жаным əкем! Келіп тұрмын басыңа, Мұқаметқали бажам да тұр қасымда. Елу жылдай арман болған есімің, Жазылыпты Невельдің ақ тасына. Күнім əкем! Көрмедім мен күлкіңді, Зарығумен өткіздім ғой бар түнді. Қазір тұрып құшақтасаң балаңды, Көрген бейнет болмас еді əр күнгі. Қайран əкем! Көп іздедім, көз ілмедім сарылып, Қамықтым да өзіңді ойлап жабығып, Есіміңді газеттен оқығанда Жүрек деген шаққа қалды жарылып. Алтын əкем!
Өмірімде көрген жоқпын тарығып, Əрбір таным, əрбір кешім тағы үміт. Тұршы əкем, күлші əкем, бір сəтке Келді ұлың бір өзіңді сағынып. Құшақташы бір иіскеші ұлыңды, Келдім əке, əке жаным зарығып... Ыстық шай алынбай суып қалды. Бөлме іші жымжырт. – Кеудемде бір құс ұшып жүр,– деді бір кезде Сатыбалды. Бұл жалғыз менің емес, сенің де, Аманбикенің де, Майра мен Минураның, Жанар мен Жұлдыздың да тілегі. Жітіқарадағы Бірсуат аулындағы туыстардың да көңілі. Екі бажа біразға дейін үнсіз отырып қалды. *** Мен подполковникті жиі көремін. Ол да 24-автобуспен қысылып- қымтырылып қызметіне кетіп бара жатады. Алыстан иек қағысып, бас изеп амандасады. Шаймұхамет ағаның жалғасы ғой Сəкең. Көңілге əн жолы оралғандай Мен сенің өміріңнің жалғасымын... 11 қыркүйек, 1990 ж.
АЛТЫН АРНА Деректі əңгімелер МОЛШЫЛЫҚ БАСТАУЫ Ақын қиялынан жүйрік, ақын ойынан ұшқыр еш нəрсе жоқ шығар, сірə. Ол шабыттың шалқар дариясын- да жүзген шақта əлемнің төрт бұрышын шарлап, жантəнімен егіліп, елжіреп жыр нөсерін ақ қағазға төгеді. Ойшыл азамат, отты, өршіл жырларымен қазақ поэзиясына мəңгі өшпес ту тіккен Қасым Аманжолов мына бір өлеңін Ертіс өзеніне арнаған екен: Арқада аққан күміс, алтын арна, Ер ерке Ертісімдей өзен бар ма?! Суылдап сабырлы оймен жатыр ағып, Жарқырап көз жіберіп айналаға. Күй төгіп кернейлетіп ағады Ертіс, Лебімен балқытады даланы Ертіс. Ертісім – еркіндіктің белгісі бұл, Ер жігіт, ерте тұр да Ертіске түс. Міне, осы Ертіс бұл күндері өзінің байырғы ағысын да, арнасын да өзгертті. Ол тың төсіндегі егіндік пен шабындықты суарып, ауыл шаруашылық өнімдерін молайтуға, завод, фабрикаларға жетіп, өнеркəсіп өнімдерін арттыруға, сөйтіп, халық шаруашылығының қажетін өтеуге толықтай бет бұрды. Ақын айтқандай, оның ағысы енді алтын арнаға айналды. Ауа сияқты, су да – табиғаттың нəрі, өмірдің сəні, тіршіліктің əні. Жер шарының төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Планетаның жалпы көлемі 510 миллион шаршы километр болса, соның 361 миллион шаршы километрі судың үлесіне тиеді. Сонда да кенезесі кеуіп, шөліркеген жер қаншама көп десеңізші?!
1960 жылдарда Орталық Қазақстанның қалалары мен ен далалары, өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы, мəдениеті шұғыл дамып өсіп- өркендеді. Соған байланысты судың қажеттілігі күннен-күнге айқын сезілді. Əсіресе ірі-ірі өнеркəсіп орындары оған баласын аңсаған анадай қатты зарықты. Өйткені Қарағанды, Жезқазған, Павлодар жəне Целиноград облыстарының жері ұланғайыр Қазақстан территориясының төрттен бір бөлігін алады. Бұл аймақта Менделеевтің кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Ғасырлар бойы жеті қат жер астында жатқан сан алуан кен орындары өздерін халық игілігіне жарату үшін адам күшіне, мөлдір тамшыларға зəру болған. Тарих шежіресіне алтын əріппен жазылған атақты «Ертіс- Қарағанды» каналын тарту туралы Казақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаев қатардағы инженер болып қызмет істеп жүрген кезінің өзінде армандаған болатын. Жыл өткен сайын Орталық Қазақстандағы одақтық маңызы бар ірі-ірі өнеркəсіп орталықтары – Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Жезқазған қалалары қарыштап өсті. Халықтың күрт көбеюімен бірге ауыл шаруашылығы да одан əрі дами түсті. Нұра, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Есіл өзендерінің бойларында ірі-ірі су қоймалары мен тоғандар салынды. Жер астының сулары құдық жəне скважина қазу арқылы пайдаланылды. Əйтсе де халық шаруашылығын одан əрі өркендетуге судың жетімсіздігі анық байқалды. Содан барып Ертіс суын Орталық Қазақстан жеріне тарту мəселесі нақты қолға алынды. Каналдың болашақтағы жобасы 1961 жылы бекітіліп, оның ұланғайыр құрылысы 1962 жылы басталды. Содан бері 20 жылдан астам уақыт өтті. Бірақ ол күндердің дүбірі ұмытылмақ емес. Мұны дəлелдеу үшін Сіз канал құрылысына қатысқан мамандармен кездесіп, əңгімелесіп көріңізші. Олар архивке кеткен қағаздарды іздеп əуре-сарсаңға түспейді. Жасампаз еңбектің шежіресін жатқа айтады. Бұл түсінікті де. Өйткені олардың тілге тиек ететін цифрлары нақты іс нəтижелері ғой. Сондықтан да оны қажырлы еңбек етіп, тер төккен, нысаналы межеге тез жетсек екен деп асыққан, өзіне жүктеген істі жауапты да тиянақты атқаруға ұмтылған əрбір маман ұмыта алмақ емес. Олардың мына сөздері осыны растай түседі де.
– Каналдың ұзындығы – 500 километрдей, арнасының ені – 40 метрдей, тереңдігі – 5-7 метрдей, – деп баста ды əңгімесін «ЙртышГЭСстрой» тресіндегі құрылыс басқармасының бас инженері Юрий Иванович Литвиненко. – Канал бойындағы 22 станция суды 420 метр биіктікке көтереді. Олардың əр қайсысы биіктігі – 30 метрлік, диаметрі – 18 метрлік темір-бетон целиндрден тұрады. Онда секундына 20 текше метр су тартатын қуаты 500 киловаттық электр двигателі бар тік насостар қойылған. – Көгілдір трассада 100-ден астам түрлі-түрлі гидротехникалық құрылыстар орнады, – деп жалғастырды əңгімені Ертіс-Қарағанды каналын пайдалану жөніндегі басқарманың бас инженері Анатолий Федосеевич Литвинюк. – Топырақтан 14 бөгет тұрғызылып, бірнеше тоған жасалды. Олардың жалпы аумағы – 150 шаршы километр, сыйымдылығы – бір миллиард текше метр. Каналды жөндеу қажет болғанда су ағысын уақытша тоқтату үшін 11 бөгет жасалды. Канал бірнеше шағын өзенді, бұлақ, сай, жыраларды қиып өтеді. Олардың суын өткізу үшін каналдың астына диаметрі 1,5–2,5 метр 11 темір- бетон құбыры орнатылды. Ал 11 құбыр Нұра өзенінің астынан өткізілді. Канал бойында автомобиль жəне мал өтетін 24 көпір салынды. Канал жұмыстарын жүргізу үшін электр, байланыс жүйелері, электр подстанциялары, жұмысшы поселкелері, 500 километрден астам автомобиль жолдары салынды. Осынау аса үлкен комплекс советтік гидротехникалық құрылыстың ең үздік жетістігі еді. Бұдан бұрын елімізде жəне шетелдердегі ірі каналдар тек жазғы маусым бойында ғана жұмыс істесе, Ертіс-Қарағанды каналы жазда ауа райының +42С0 градус ыстық, қыста –48С0 градусқа дейін суық болуына қарамастан, жыл он екі ай бойы халық шаруашылығына тұрақты қызмет етеді. Юрий Иванович те, Анатолий Федосеевич те: «Сіз əлгі аталған цифрларға ой жүгіртіңіз. Салыстырыңыз. Сонда қаншалық таңғажайып керемет істің тындырылғанын айқын көресіз», – дегендей маған қарады. Осы сəтте халықтың қаһармандық ісін көз алдыма елестеттім. Канал бойы толассыз қозғалыс. Қисапсыз көп техника. Мың-сан адам...
Иə, Ертіс-Қарағанды каналын бүкіл совет халқы салды. Жабдықтар мен қажетті механизмдер, материалдар, металл құрастырмалары Совет Одағының ірі-ірі өнеркəсіп орындарынан жеткізілді. Ал кейбір бөлшектер тіпті Венгрия мен Австриядан əкелінді. Адымдағыш экскаватор экипаждарының бригадирі Гауас Ғарифоллаұлы Алтынбаев бізбен кездескенде осы деректерді жаңғырта əңгімеледі. – Қайсыбір жылда біздің қатарымызда 10 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Олар қырыққа жуық ұлт өкілдері еді. Сонда біз бір жылда 41,4 миллион сомның құрылысмонтаж жұмысын атқардық. Əлі есімде, жер қыртысын аршуға 80 экскаватор, 170 скрепер, 160 бульдозер, 800-ден астам жүк машиналары қатыстырылды. Канал құрылысын жүргізу кезінде 97,5 миллион текше метр топырақ аршылды, 700 мың текше метр жерге дренаж жасалды. Сондай-ақ 305 мың текше метр бетон төселіп, 25 мың тонна металл-құрастырма жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, канал 1975 жылы өндірістік пайдалануға берілді. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы халық шаруашылығы үшін маңызы үлкен аса ірі құрылысты салушылардың еңбегін өте зор бағалады. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі Ертіс-Қарағанды каналын жобалаушылар мен салушыларға құттықтау хат жолдады. 1979 жылы каналды жобалаушылар мен салушылардың бір тобы СССР Министрлер Советінің сыйлығымен наградталды. Олардың арасында жоғарыда есімдері аталған адымдағыш экскаватор экипажының бригадирі Гауас Ғарифоллаұлы Алтынбаев, «ИртышГЭСстрой» тресі құрылыс басқармасының бас инженері Юрий Иванович Литвиненко, құрылыс басқармасының бастығы Өтеу Есенұлы Есенов, Ертіс- Қарағанды каналын пайдалану жөніндегі басқарманың бас инженері Анатолий Федосеевич Литвинюк, тағы басқа мамандар болды. Жалпы алғанда үш жүзден астам құрылысшылар Совет Одағының ордендерімен, медальдарымен наградталды. КАНАЛДЫҢ БОЙЫ МОЛ БАЙЛЫҚ Бүгінде канал бойындағы қызу еңбек қысы-жазы бір толастамайды. Арқада аққан алтын арна Ермак, Екібастұз, Теміртау, Қарағанды
қалаларындағы, Ақтау жұмысшы поселкесіндегі өндіріс орындарын, тұрғын халықты сумен қамтамасыз етеді. Өзара жарыстас Павлодар жəне Қарағанды облыстарының 56 совхозы жүз мың гектарға жуық суармалы алқапты пайдаланады. Канал аймағында жаңадан алты совхоз ұйымдастырылды. Олардың үшеуі – «Қазақстан», «Мирный», «Звезда» совхоздары Қарағанды облысының жерінде. – Каналдың бойы тұнып тұрған мол байлық. «Сулы жер – нулы» деген. Халық ырыздығы болып аққан Ертіс суы осы шаруашылықтарда тұратын əр семьяның жанына – жан, малына – мал қосты. Осыдан он шақты жыл бұрын бұл жер қаңбақ ұшқан құба жон еді. Совхозымыз 1973 жылдың 20 мартында құрылды, – дейді Қарағанды облысы, Молодежный ауданындағы «Қазақстан» совхозының директоры Амантай Рахымов. – Яғни отау тіккенімізге он жылдай ғана уақыт өтті. Соған қарамастан, өзінің 30 жылдық мерекесін тойлағалы жатқан тың төсіндегі сəнді де сəулетті мекендерден біздің селомыз еш кем емес. Мысалы, қазір орталықта екі мыңдай адам тұрады. Совхоз құрылғаннан бері 20 миллионнан астам сомның күрделі құрылыстары жүргізілді. Балалық шақтың бал дəуренін қойлы ауылда өткізген Амантай совхозда директор болып қызмет істеймін деп əсте ойламап еді. «Жас келсе іске» дегендей, Амантай Рахымов жаңа шаруашылықты бірден дөңгелетіп əкетті. – Партия мен үкіметіміздің əкелік қамқорлығының нəтижесінде тың төсінде қарыштап өскен шаруашылығымыздың сəулетіне дəулеті сай. Ен далаға сəнді поселка орнады. 10 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, – деп ол əңгімесін одан əрі жалғастырды.– Тың жердің, əсіресе суармалы алқаптың берері мол екені белгілі. Біз жыл сайын мемлекетке 6 мың тоннадай картоп, бір жарым мың тоннадай овощ, екі мың тоннаға жуық сүт тапсырамыз. Совхоз адамдарының өнімді еңбек етіп, көңілді дем алуына барлық жағдай жасалынған. Ауылымыздағы əр түрлі мамандықтың иелерінде елуден астам жеңіл автомашина, жүздеген мотоцикл бар. Əр семья мал ұстайды, аулада картоп, көкөніс, бау-бақша өсіреді. Келешекте канал бойынан балық шаруашылығын ұйымдастыру да ойымызда бар. Ертіс
суы əрбір еңбек адамының семьясына ырыс, құт, береке, бақыт, шаттық, қуаныш əкеліп отыр. Ұйымшыл коллективіміз елімізде Азық- түлік программасының ойдағыдай шешілуіне өз үлестерін қоса береді... Канал бойындағы «Мирный» совхозының коллективі де табыс биігінен көрініп жүр. Қарағанды облысы бойынша картоп егістігінің ең көп алқабы осы мирныйлықтарда. Мұнда картоп плантациясы 620 гектар жерді алып жатыр. Өткен жылы совхоздың картоп өсірушілері мемлекетке 5.500 тоннаның орнына 6.800 тонна өнім сатты. Звено жетекшісі, коммунист Евгений Яковлевич Морозов басқаратын шағын коллективтің мүшелері əр гектардан 264 центнерден картоп жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Міне, тыңның, суармалы алқаптың мүмкіндігі қайда жатыр?! Канал бойындағы əр шаруашылықта қоғамдық малға қажетті жем-шөпті жеткілікті əзірлеу ісі де іскерлікпен шешіліп келеді. – Соңғы бір жылда ғана тек картоп өсіруден 400 сом таза пайда таптық. Он бірінші бесжылдықтың осы төртінші жылында да шаруашылық еңбеккерлері биік белестен көрінетініне сенеміз. Өйткені мол өнім алуымызға толық жағдай баршылық, – дейді «Мирный» совхозының бас агрономы Сайран Хасенов. Ертіс-Қарағанды каналының ауыл шаруашылығы өндірісін өркендетуге мол үлес қосып отырғаны мына мысалдың өзінен-ақ аңғарылады. Бұдан бұрынғы жылдарда Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Павлодар сияқты ең ірі өнеркəсіпті облыстар жергілікті тұрғындарды картоппен, капустамен, басқа да көкөніс түрлерімен толық қамтамасыз ете алмайтын. Ал канал пайдалануға берілгеннен кейін екі облыс та тұрғын халықты өз шаруашылықтарында өндірілетін картоппен, овощ түрлерімен толық жабдықтайтын болды. – Канал суының берекесін 1983 жылы айқын көрдік, – дейді Молодежный аудандақ партия комитетінің бірінші секретары Леонид Петрович Мукин. – КПСС Орталық Комитетінің 1982 жылғы май Пленумында мақұлданған Азық-түлік программасында ет пен сүтті мол өндіру үшін қоғамдық малға қажетті жем-шөптің берік қорын жасау қажеттігі айрықша атап көрсетілді. Міне, осы тұрғыдан алғанда
бізде соңғы жылдары едəуір шаралар белгіленіп, ол нақты жүзеге асып келеді. Мəселен, былтыр аудан еңбеккерлері мал азығының бір жарым жылдық қорын жасады. Пішендеме салудың жоспары екі еседен асыра орындалды. Мемлекетке 80 мың тоннаға жуық астық тапсырып, зор мерейге бөлендік. Ертіс-Қарағанды каналының игілікті шапағатын көршілеріміз де айқын көріп отыр. Мысал келтіріп айтсақ, Тельман ауданында № 1 овощ жəне сүт өндіретін совхоздың орталық мекені салынып жатыр. Алдағы уақытта Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналының бойында 14,6 мың гектарды алатын жаңадан төрт совхоз құрудың техникалық-экономикалық жобасының жасалғанын біз жақсы білеміз. Көгілдір трассаның ен байлығы бізбен көршілес 83 километр жердегі Осакаров жəне 170 километр қашықтықтағы Нұра аудандарының шаруашылықтарына да береке, құт əкеледі. Олай дейтінім, Молодежный-Осакаров деп аталатын тораптық су жүйесінің техникалық жобасын жасау аяқталды. Бұл жүйенің ұзындығы 540 километрден асады. Ол аталған үш ауданның 53 елді мекенін мөлдір тамшылармен қамтамасыз етеді. Міне, Ертіс-Қарағанды каналының құдіреті дегеніңіз осы! Алтын арна бойында балық шаруашылығын өркендетуге де мүмкіндік туып отыр. Ертіс суының келуіне орай Қарағандыда тоған шаруашылығы ұйымдастырылды. Оған балықтың бірнеше түрлері жіберілді. Таяу жылдарда оның қуаты екі есе арттырылады. Қала халқын азықтүлік өнімдерімен толық қамтамасыз етуде осындай игі шаралар жүзеге асырылмақшы. Каналдың келешектегі экологиялық маңызы да зор. Шідерті өзеніндегі су қоймасы кең далаға сəн береді, нəр береді. Көгілдір трассаның бойында əлі сан алуан өзгерістер болады. Нұра өзеніне суды үзбей беріп тұрудың нəтижесінде оның санитарлық жағдайы бұрынғыдан жақсара түседі. Целиноград облысындағы Қорғалжын көліне де Ертіс суы тұрақты жіберіліп, толықтырылып отырылады. Бұл ең ірі, əсем де сұлу Қорғалжын қорығын қорғап, сақтауға мүмкіндік берді. Кеншілер астанасы – Қарағандыда осы Ертіс-Қарағанды каналын пайдалану жөнінде арнайы үлкен кəсіпорын құрылды. Бұл мекеменің қызметкерлері жыл он екі ай бойы көгілдір арна бойындағы жұмыстың
сапалы, əрі қалтқысыз атқарылуын қадағалайды. Қат-қабат науқандық істердің мүлтіксіз орындалуын, қалалардағы өндіріс орындарына жəне тұрғындарға берілетін ауыз судың, совхоздардың егіс алқабына жіберілетін ауадай қажетті мөлдір тамшылардың ұқыпты, үнеммен жұмсалуын реттейді. Қазір осы кəсіпорында жоғары білімі бар сан алуан мамандықтың иелері қызмет атқарады. Иə, Ертіс-Қарағанды каналының келешегі өте зор. Ол болашақта Қарағанды, Павлодар, Жезқазған, Целиноград облыстарының халың шаруашылығына бір миллиард 924 миллион текше метр су береді. Көгілдір арна салынбай тұрғанда өзара социалистік жарыстағы Павлодар, Қарағанды облыстарында небəрі жүздеген гектар жер суарылатын еді. Келешекте осындай алқаптың көлемі 99,3 мың гектарға жеткізіледі. Канал суын Орталық Қазақстанның ірі-ірі өнеркəсіп орындары пайдаланады. Жоғарыда аталған төрт облыстың екі миллионнан астам тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Канал құрылысы одан əрі жүргізіліп, жоба бойынша он бірінші бесжылдықтың аяғында Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасына дейін жеткізілмекші. Бұл қашықтықта ол Нұра жəне Сарысу өзендерінің арнасымен де, сондай-ақ жабық су құбырлары арқылы да ағатын болады. Жалпы, Ертістен Жезқазғанға дейін тартылатын каналдың ұзындығы мың километрден асады. Дүние жүзінде осы Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналына бара-бар бір де бір алып жоқ. Мына цифрлардың өзі-ақ еріксіз таңдай қақтырады. Канал құрылысын одан əрі жүргізу үшін 32 миллион текше метр жер қыртысын аршып, 365 мың текше метр ұсақ қиыршық тас төгу қажет. Бұған қоса 171 мың текше метр бетон жəне темір-бетон төселеді. Жезқазғанға дейінгі арнаның бойында жоғары вольтті электр жүйелері тартылып, автомобиль жолдары салынады. Қазір көгілдір арнаның екінші кезегінің объектілері, жұмысшы поселкелері бой көтеруде. Жаңа трассаның бойындағы қала типті сəнді поселке Изумрудный мен Атасуда тұрғын үйлер, мектеп, аурухана, магазин, басқа да мəдени-тұрмыстық мекемелер бой көтерді. Сонымен бірге Қызылжар поселкесінде де канал құрылысшыларының жекелеген кварталдары салынуда.
Келешекте канал бойында 49 мың гектар, оның ішінде Қарағанды- Жезқазған учаскесі бойынша 14 мың гектар алқап тұрақты суландырылады. Ал Жезқазған облысында үш жаңа шаруашылық құрылмақшы. Əрқайсысында 3,5 мың гектар суармалы егістігі болады. Ер жүректі, құрыш білекті адамдар Арқа жеріндегі алып арнаның атын шығарса, канал да құрылысшылардың есімдерін дүйім елге əйгілі етті. Адымдағыш экскаватордың Ленин орденді машинистері В. Мартыненко, В.Белов, Октябрь революциясы орденді шофер Г. Сливачев, бригадирлер В. Лень, В.Модин, И. Приходько, тағы басқа майталман озаттар канал құрылысының жайын жақсы біледі. Каналдың екінші кезегіндегі аса маңызды құрылысобъектілерінің бірі – Ақтасты су қоймасы. Оған 77 миллион текше метр сыяды. Айдынның аумағы 16 шаршы километр. Орташа тереңдігі – 5 метр. Осындай жауапты құрылысты атқару техника ғылымының кандидаты Анаберді Нұрқадиев жетекшілік ететін №75 жылжымалы механикаландырылған колонна құрылысшыларына сеніп тапсырылған. Олар бұл күндері «Бір минут бөгеліс болмасын!» деген ұранмен еңбек етіп жүр. – Иə, алтын арнаның бойы күннен-күнге адам айтқысыз жасарып, жаңарып келеді. Кезінде Батыстың сəуегейлері: «Совет адамдары Ертіс суын соншама қашықтыққа теріс ағыза алмайды», – деп сарнап еді. Қазір олар жұмған аузын ашпайды. Бүгінде каналдың бойы құт-береке, ен байлық! Бұл күндері жасампаз совет азаматтары Арқаның алтын арнасын Жезқазған қаласына жеткізуге асығуда. Канал құрылысы жыл он екі ай бойы бір толастамайды... ДОМБЫРА – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ Қазақстандық миллиард жырының асқар тау шыңдарынан, телегей- теңіз дариялардан асып, бүкіл əлемді ақ бидай əуенімен тебірентіп, тербеп тұрған кезі еді. Ауылда ақ түйенің қарны жарылды. Ойда да, қырда да той-думан. Клубтарда, қырларда шалқыған шаттық əн. Домбыра шанағынан көкке өрлеген асқақ үндер тымық ауада қалықтайды. Пай-пай өнер-ай, десеңізші! Сол шақта үлкен де, кіші де ойын-сауықтан əсте жалықпады. Осы бір сəтте Шəкен де бəйгеге
түсетін сəйгүліктей елең етіп, үйде отыра алсайшы. Жаңалық жата ма, осыдан бір апта бұрын Қарқаралыдағы дүбірлеп тұрған «Салтанат» ансамблінің өнерпаздары егінжай ерлеріне арнап концерт қоятын көрінеді деген хабар қарлығаш қанатымен – осы «Қарқаралы» совхозына да жеткен болатын. Соны естісімен-ақ қария дегбірі кетіп, жас балаша елпеңдеді де қалды. Балалары, келіндері əн-күй десе ішкен асын жерге қойып отыра алмайтын əкесінің көңілкүйін жазбай танып, қоғадай жапырылды. Ине-жіптен жаңа шыққан қара костюмінің омырауына Ленин жəне Еңбек Қызыл Ту ордендерімен бірге сыңғыраған бірнеше наградалар тағылды. Шəкен үйден шығып автобус аялдамасына қарай аяңдағанда ауылдастары оны танымай, таңырқай қарасты. – Бұл кім өзі? – десті есік алдында отырған кемпірлер тарамыс саусақтарымен күн салып. – Атақты комбайншымыз Шəкен емес пе?.. – Егін орағында жыл сайын аудан бойынша бас бəйгені алып жүрген Шəкен Əлжанов ше?! Ауылдың ардақты азаматын танымай қалып көзіңе шел қаптады ма? – деп жиналғандар гуілдесіп кетті. Қарқаралы аудандық мəдениет үйінің маңы лық толған халық. Əн-күй, өлең-жыр десе, ішпей-жемей мас болатын сері Қарқаралы тұрғындары ғана емес, бұл жолы жері, мал-жаны аралас көршілес Талды, Егіндібұлақ аудандарынан да кілең жақсылар мен жайсаңдар жиналған екен. Жігіті қайсы, жігіт ағасы қайсы, бозбаласы қайсы, айыра алмайсың – бəрінің де күнге тотығып күреңіткен жүздерінде күлкі ойнайды. Жасының да, жасамысының да омырауларында шолпылдай сыңғыраған орден-медальдар. Шəкен совхоздан аудан орталығына асығып келсе де, əлі де болса бір қадірлі қонақтың келуін шыдамсыздана күтті. Қыранның көз жетпес қиянды аңсайтыны сияқты жүрегі өрепкіп, еңбектес жарыстасын, бір- бірімен үзеңгі қағысқан досын іздеп іштей беймаза хал кешті. Жыл сайын астық бастырып жүрген жүлдегер диқан серіктес досының концертке келетініне еш күмəн келтірмеді.
– Сізге қырғызстандық диқандар шын көңілден сəлем жолдады! – дегенді естігенде Шəкен Николай Семенович Зважийге Арқа самалындай аңқылдаған құшағын аша берді қауқылдап. Сосын барып Валентинаға бұрылды. – Наталька, Меколай, Ерке (Юрий) ер жетті ме? Бəрі де үлкен жігіт болды ма? Сағындырдыңдар ғой өздерің, – деді. – Əлгі өзіңмен жарысқа түскен бірінші бөлімшедегі Омардың Жəкенінен қалып қойып, кешіктің бе? – Шəкен асыға күткен ежелгі достарын қолтықтап алдыңғы қатардағы бос тұрған орындарға беттеді. Көз жауын алатын жібек шымылдық ысырылғанша сыралғы тыңгер достар диқаншылық кəсіптерінен сыр алысты. – Бір жылда «Қарқаралы» совхозы Отан қоймасына 2 миллион пұт астық тапсырып ерледі ғой, – деп Николай күректей қолымен Шəкеннің арқасынан қақты. ; – Əй, Меколай-ай, бұрын ауданымыздың атын екеулеп шығарушы едік. Сонда сен: «Жарысқа түссең – қалыспа!»– дейтінсің. Уақыт ерікке қоя ма, «Қырғызстан» совхозы Талды ауданына берілген соң мені жалғыз тастап кеттің ғой. (Бұрын «Қырғызстан» совхозы Қарқаралы ауданына қарайтын). Сен де миллион тауларынан кенде емессің, – деп Шəкен «Қырғызстан» совхозының Отан қоймасына жыл сайын миллион пұттан астық тапсыратынын еске алды... Домбыра оркестрі кең даланы, тың алқапты дүбірге бөлегендей болды. Көптен сағындыра көрінген сағымдай көк мұнар сахнаның арғы жағындағы əсем сиқырлы сурет – кербез Қарқаралының асқар тауы, қыздай сəндене билеген тал, терек, қайың, қарағайы, құралай сұлудың көзіндей мөлдіреген көлдері. Осындай буалдыр əсем көріністің бергі жағында көгілдір аққулар көрінеді. Жұптарын жазбаған аққулар су періштелері емес, осы қызықты тамашалап отырған малшы, механизаторлардың ай мен күнге, жұлдыз бен шолпанға балаған қыздары, балғын жүздерінен нұр тамып, күлкі ойнаған ұлдары еді. Əр қайсысының қолдарында əлемнің асылына бергісіз бір-бір алтын масақ. Қас-қағымда олар көз жеткізсіз шексіз де шетсіз егіс алқабындай жүз құбылып, мың бұралады. Осы отырған əкелерінің егін
орағындағы құс ұйқылы күндері мен түндерін, маңдай тер төгіп, түбіт шаңмен боялған жүздерін, ерлік істерін би ырғағымен ғажап бейнелейді. Тағы бір қас қағым сəтте бұлбұл қанатындай дірілдеген нəзік саусақтарымен дастарқанын жайып, сары самаурынын еселей толтырып, алтын дəн аңқыған аңызға қарай қос жанарын телмірткен ата мен əженің, асыл жардың келбеті елес береді. Көрермендерді елітіп, еліктіріп, ұйытып отырған домбыра оркестрінің екпінді де əсерлі əуенінен, мына мың бұралған қыздардың əрбір қимылынан тыңдағы тау-тау болған дəннің тасқыны сезіледі. Сезіліп қана қоймай, алпыс екі тамырыңды идіріп, елжіретеді. Осының бəрі лезде өң мен түстей өте шықты. Ду-дүрмек, қошемет мəдениет үйінен асып, кешкі тұнық ауаға шарықтап ұшып жатты. – Жігіт-ақ екенсің! – деді осы қызықты кештен кейін Шəкен домбыра оркестрінің жетекшісі, Қарқаралыдағы музыка мектебінің директоры Шалғынбай Төлеубаевқа əкелік ризашылығын жасыра алмай. Абырой- атақтарың аса берсін! – деп қарт тыңгер өнерпаз жастарға батасын берді. – Əлгі өзің жеке ойнаған «Сарыарқа», «Сарыжайлау» күйлерінің күмбірі құлағымда əлі сайрап тұр. Не деген сырға, жырға толы əуендер еді. Көсегең көгерсін! «Салтанат» ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене берссін! Мың болғыр өнерлі жастарды жинаған-ақ екенсіңдер. Домбыраларың да сайрап тұр. Дүкеннен жөнді көрмейміз. Осыншалық күмбірлеген көп домбыраны қайдан қолға түсірдіңдер? Біздің ауылда да жастар оркестр құрамыз деп домбыра іздестіріп еді, əзірше таба қоймады. Адресін білсең, мен оларға айта барайын, – деп Николай Семенович те қуанышы мен таңданысын жасыра алмады. – Бəріміз де жыл он екі ай бойы маңдай тер төгіп, бітік егін өсіріп, құс ұйқылы жүрген сіздердей барша ағаларға əрдайым бас иеміз. Тың дəні мен əні ежелден егіз ғой. Осы төл ұғымның бір-бірінсіз сəні жоқ. Ақша қардай ақ тілектеріңізге, əкелік қамқор ниеттеріңізге көп рақмет! Николай Семенович, енді сіздің əлгі сауалыңызға жауап берейін. Ауыл өнерпаздарының домбыраны бірден таба алмауының жөні бар. Себебі бұл аспапқа деген сұраныс республикамызда ғана емес, тіпті
шетелдерде де жылданжылға артып келетін көрінеді. – деп Шалғынбай жаңа əңгіменің шетін бастады. Николай Семенович бұрын мұны естімегенін сездіріп еді, Шалғынбай аса қадірмен тыңгерге домбыра жайында қызықты əңгіме айтып берді. Атыңнан, айналайын, қасиетті, өнерлі де өрелі домбыра! Домбыра қашан да күштілердің қаһарынан ықпаған, бармағынан бал тамған əнші-күйшілердің көңілін жықпаған. Жауыздармен алысқан, жақсылармен табысқан. Шанақтан күй төккенде, тамылжыды нұрлы аспан. Домбыра нағыз жыр-дастан. Халықтан қалды мол мұра – соны бізге жеткізді ғой домбыра. Қазақсыз – домбыраны, домбырасыз – қазақты білу əсте мүмкін емес. Кешегі кері кеткен заманда зарланған шерлі күйді шертетін қос ішектен қазір Моцарттың, Брамстың, Огинскийдің тамылжыған нəзік те сырлы саздары құйқылжиды. Домбыра шанағынан кең байтақ Қазақстанның миллиард пұт дəні əсем əн болып, республиканың атақ-абыройы əсем күй болып барша əлемге тарайды. Қазақ домбырасымен күміс көмей атақты Əміре Қашаубаев 1925 жылы Парижге барып əн шырқап, Европа елдеріндегі жақсы-жайсаңдардың бастарын шайқатып, таңдайларын тақылдатты. Қазақ домбырасымен күні кеше Дударай көз жасын көлдетіп, мұңын шаққан. Қазақ домбырасымен Қарқаралыдағы «Салтанат» халықтық-фольклорлік əн-би ансамблінің мүшесі Сергей Даудрих 1982 жылы Герман Демократиялық Республикасының қалаларында қазақша «Ақжайықты» асқақтатып, орыс, неміс тілдерінде өлең айтып, көрермендерді тамсантты. Домбыра бүкіл республика тыңгерлерінің сырласы, мұңдасы. Ол кейде тəкаппар теңіз толқынындай айбынды да өктем үнімен, көктемдей нұрлы гүлімен хош иісін шашып жаныңды жадыратады. Ол өзінің қос ішегімен əлемнің өнер сүйгіш жандарын баурап, еңбек күйін шертіп, достық əнін шырқап келеді. – Халықтың осындай сүйікті аспабы Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында жасалады, – деп бір тоқтады Шалғынбай. – Өй, алыста емес, тіпті өз облысымызда екен ғой. Ауыл өнерпаздарының бұл мұқтажын шешіп беруге көмектесуіме болады екен, ендеше. Тіпті сол Осакаровқа орақ науқаны аяқталған соң өзім-ақ барып қайтам. Сіздің оркестрдей оркестр бізде неге болмасқа! Болады.
Əлі, Шалғынбай қарағым, сен де біздің ауылға концерт тыңдауға келетін боласың... Иə, сонымен сен білсең айтшы, осы домбыраны кімдер жасайды, қалай жасайды екен?.. Бұл жолы əңгімеге Шəкен араласты. Ол Осакаровканың шеберлері туралы бұрын көп естіген-ді. Газет-журналдан оқығаны да бар. Соны еңбектес досына айтып беруді жөн санады Шəкен. Домбыра жасаушы шеберлер, ағаштан түйін түйетін ісмерлер бұрын да, қазір де болған. Солардың бірі – Жаман Қорабайұлы Қарағанды облысы Ульянов ауданындағы Үлгі селосында туып-өсіп, жетпісінші жылдардың ортасында жүзге жетіп дүниеден қайтты. Жамекең ерінбей-жалықпай, күн демей, апта демей Қызылтау, Белағашты кезіп, ер-тоқым, домбыра, ожау оюға жарамды томарларды іздейтін. Оларды асықпай кептіріп, қыс күндері жылы үйдегі пеш түбінде отырып пышағымен бипаздап жонып отырушы еді. Домбыраны əбден жасап біткен соң оның ішегі үшін ту ешкісін сойып тастап, ащы ішегін баптайтын. Оны тазалап, тұзға салып, кептіріп, иіріп кергенше бір аптадай уақыт өтетін. Бірақ қарияның еңбегі еш кетпейтін, домбырасы ғажап үн шығаратын. – Осакаровкадағы цехтан шығатын домбыраның Шығыс үлгісі, альт жəне тенор дауыстысы – үш түрі музыканы білетін жандардың көңілінен шығады. Онда мен болғамын, – деп енді əңгімені Шалғынбай жалғастырды. Арқа шеберлері 1980 жылы Отанымыздың астанасы Москвада өткен Олимпиадаға 1500 домбыра жасап шығарды. Одан кейін «Қазақстанға 60 жыл» деген жазуы бар 100 ұлттық аспап Алматыға жөнелтіледі. Осакаров домбырасы Францияда, Монреальда, Жапонияда, Монғолияда өткен көрмелерге қойылып, жақсы баға алды. Осы цех жыл сайын Қазақстан мен одақтас республикалардың сауда орындарына жəне Монғолияға 56 мың домбыра шығарады. ...Цехты аралап жүріп, əуелі Құрмет тақтасынан коммунистік еңбектің екпінділері М. Лянг, П. Тимофеев, Л. Воробьев, А. Сычев сынды шеберлердің суреттерін көріп едік. Біраздан соң осы үнсіз тұрған бейнелердің өздерімен іс үстінде бетпе-бет кездестік.
Көңілдің нəзік пернесін шертетін домбыраны жасау оңай шаруа емес екен. Жаңа ғана өндірістен шыққан, қаз-қатар қойылған дайын аспаптарды көрдік. «Қай үйге қуаныш, шаттық əкелер екенсің, қасиетті домбыра?! Күні ертең сенің тыңгер, малшы-шопан үйінің төрінде тұрарыңа дау жоқ. Шанағыңнан əсем əуендер күміс бұлақтай төгілсін! Ер жігітті, ару сұлуларды, өнер сүйгіш қауымды шашудай шашылған сырлы үніңмен баурап алып, аяулы анадай тербей бері «Жақсыда жаттық жоқ» деген, күйінгенді сүйіндір, шаршағанды шабыттандыр, жылағанды жебе, киелі домбыра! Көз алдымызға теңіздей толқыған шексіз егінжай, тау-тау астық тасқыны елестеп кетті. Еңбек адамдарына рухани нəр, əл беретін бастаудың көзі осы домбыра екен ғой!..» Осылай іштей тебіреніп тұрғанымызды сезді ме, кім білсін, цех бастығы Петр Захарович Сподаров жағдайды таныстыра бастады. – Коллективіміз 1982 жылы өзінің жарты ғасырлық тойын тойлады. Алғашқыда өндірістік комбинат деп аталды. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында бұл кəсіпорын уақытша жабылды да, 1947 жылы домбыра жасайтын цех болып қайтадан қүрылды. Шежіре аспапты екі түрлі ағаштан құрастырамыз. Домбыраның мойыны, сағағы, үстіңгі қақпағы шыршадан, ал шанағы шамшаттан жасалынады. Шамшат – биіктігі 50 метр, діңінің жуандығы – 2 метрге дейін жететін, қабығы тегіс, сүр түсті, қаңсымайтын, мықты, берік ағаш. Ол бізге Румыниядан əкелінеді. Тегінде, музыка деген қасиетті де киелі атауға тілмаштың керегі жоқ қой. Шеберлеріміздің бəрі өз мамандығын жетік меңгерген. Осакаровкадан шығатын домбыралар мемлекеттік Сапа белгісіне ие... – Қарағым Шалғынбай, мəдениет үйінің де, бізге көрсеткен концерттерің де, əн айтқан, күй тартқан өңкей жас таланттарың да жақсы екен. Əрі əңгімеңе де қанықтық. Əсіресе мына алыстан келген Меколай қуанып қалды. «Салтанат» дедің бе? Əлгі концертшілерің жиі келіп, осылай бізге өз өнерлерін сыйлап тұрсын. Сенен сұрайтынымыз осы. Əйтеуір, үлкен кісілердің талап-тілегі есіңде жүрсе болғаны, – деді Шəкен Шалғынбаймен қоштасар сəтте. Иə, «Салтанат» бұл жолы еңбек ардагерлерінің көңілінен шықты. Осылай əуелі ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына бөленген бұл
халықтық əн-би ансамблі соңғы жылдары облыстық, республикалық байқауларда жүлдегер атанды. Франция мен Герман Демократиялық Республикасында болып, табысты оралған өнерпаз коллектив қазір қызу дайындыққа кірісті. Олар өздерінің жаңа программасын тыңның 30 жылдығына, астықтан тау тұрғызған дала батырларына арнады. 1984 жыл. ӨМІРДІҢ МƏНІ СЫЙЛАСТЫҚТА 1 Жайшылықта жайраңдап жүретін Күлжəмила шешей бір күннің ішінде күрт өзгерді. Кешеден бері өзімен-өзі болып үй ішіндегілерімен де жөнді сөйлеспеді. Балалары мен келіндері болса: «Апам шаршаған шығар, қажымай қайтсын, екі-үш күн болды күн-түн бойы келімді- кетімді кісілерден тіпті босаған жоқпыз, енді біраз демалсын» десті бір-біріне. Қарт ана енді ғана көз шырымын ала беріп еді, өң мен түстің арасындай Майдан елестеп кетті. Баласының кетердегі «Апа-ау жылағаныңыз не, ертең-ақ келмеймін бе» деген даусын дəл жанынан естіп тұрғандай сезінді. Орнынан тұрғанша болған жоқ, таңғы шықтай мөлдір тамшылар бетін жуды. Бəрі тəтті қиял, өткінші өкініштің өксігі екен. Майдан жоқ, үй-іші, балалар тегіс алаңсыз ұйықтап жатыр. Кəкенов Майдан Алматыдағы политехникалық институтты бітіріп Жезқазғанда, одан кейін көмірлі қаламыздың «Киров» шахтасында инженер маркшейдер болып бірнеше жыл қызмет атқарды. Запастағы офицер ұлы екі жыл азаматтық борышын атқаруға аттанғанда бес-алты күн бойы Күлжəмила шешей осындай беймаза күйге түсті. Барысымен «тілгəрəм» сал деп еді, ерегескендей ешқандай хабар болмады. Екінші апта өткенде немерелері Балапан, Жəркен, Нағималар апалап, сүйіншілеп «Майдан ағам Камчаткаға барыпты» – деп жарыса сөйлеп əжесінің мойнына асылды. – Құлыным, аман-есен жетіп пе? Кəмшат деген қай жер? Əлгінде диванда үнсіз жатқан ана осыны айтып орнынан оқыс тұрды.
– Біз Камчатка түбегін географиядан білеміз. Үш жағын теңіз қоршаған. Жанартаулары да көп. Суықтығы сондай қыста түкірген түкірігіңіз түспей қатып қалады, – деді немерелері. Жаңа ғана қарт ананың жүдеу тартқан жүзіне қуаныш нұры жүгіре өтіп еді, енді тағы да «теңіз қоршаған», «суық», «жанартау» дегенге сескеніп қалды. Орамалының ұшын көтере беріп еді, Сату ақсақал: – Балалардың үрейін ұшырып, қайдағыны бастағаны несі. Кешегі сұрапыл соғыста да талай қиындықты көрдік қой. Ел аман, жұрт тынышта Майдан сияқты азаматтық борышын өтеуге кеткендер аз ба? Көз жасыңды төккеніңе жол болсын, – дегенде шешей ас үйге шығып кетті. Арада бірнеше ай өтті. Ана көңілі орнына түсіп, жүрексінгені біршама басылған еді. Əйтсе де қос құлыным Майдан мен Қарақат жүдеп қалған шығар, елдің асын сағынды-ау деген ой маза берер емес. Қалған қазы- қарта, шұжықтарын, өзі жасаған жентін, басқа да дəмді астарын салып жіберуге қамданып жатқан. Қоңырау соғылды. Есік ашқанда почташы қыз телеграмма ұсынды. Тек жақсылық болғай деп қарт ана əлгі қағазды үлкен баласы Болат пен Зуратай келініне ұсынды. Табиғатында асықпай саспайтын Болаттың əлгі келген хабарды оқығанына іші пысты. Сəлден кейін: – Апа, сүйінші, Майдан кішкентайлы болыпты. Қайшы ұстар, – деді Зуратай. Сол-ақ екен балалар үйді басына көтеріп кішкене бөбекке ат қоямыз десіп, дуылдасып кетті. Жанна, Эльвира, Гуля деген бірнеше есімдерді атап жатыр. Бір-бірімен таласып қояр емес. – Бəрің болдыңдар ма? Камчатка Қиыр Шығыстағы үлкен түбектің бірі. Онда Майдан сияқты əр ұлт өкілдерінің балалары еңбек етеді, азаматтық борыштарын атқарып жүр. Біздің қасиетті еліміздің қиыр шалғайында Камчаткада дүниеге келген немеремнің аты Кəмшат болсын, – деді Сату ақсақал бір кезде. 2
Ойнап жүргендердің ішінде Сəкеңнің алты немересінің бірі Кəмшат та бар еді. Үлкенді-кішілі болып қамқор əке үйінде өткенге есеп беріп, жаңаға ой жүгіртіп тойлы мерекені қарсы алу Кəкеновтар семьясында дəстүрге айналған. Алпыстың асуынан асқан ақсақалдың үйіне балалары мен келіндері тағы да жарқын май ды тойлауға жиналды. Төр жақта отырған Сəкеңнің тұңғышы Болат Кəкенов – Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, жанында жолдасы Зуратай Шəйменова – қаладағы № 62 орта мектептің мұғалімі. Күні кеше Совет Армиясының қатарында болған «Киров» шахтасының бас инженер- маркшейдері Майдан да дəрігер келіншегі Қарақатты ертіп келіп қалған екен.– Автобус тосып кешігіп қалдық, кешіріңіздер, – деп Сəкеңнің Теміртаудағы ВТУЗ-да сабақ беретін баласы Жанат жолдасы – балабақшасының тəрбиешісі Лəйламен жайраңдай үйге кірді. – Даладағылар тегіс келді, үйдегілер қайда жүр, солардан көріп жүрмейік көрешекті, – дейді Күлжəмила шешей. Қарт ананың үйдегілер деп отырғаны медецина институтының бесінші курсында оқитын Нəзия мен КарГУ-дың бірінші курсындағы ұлы Қайрат еді. Сөйткенше болған жоқ əлгі есімдері аталған студенттер тоғызыншы класта оқитын інісі Мəденмен бірге жетіп келді. 3 Үй-іші думанға толды. Жастар өлеңдерін айтып, билерін билеп жүр. Көңілді, телефонда дамыл жоқ. Жақын таныстар, дос жарандар, туыстар Кəкеновтер семьясын мерекемен құттықтап жатыр. Сəкең Кəмшат немересін бауырына қысып иіскеп, ақ күміс шашын бір сипап қойды да ойға шомды. Алдымен əліпті таяқ деп білмей кеткен Кəкен əкесінің балам оқып, адам бол дегенін есіне түсірді. Енді бірде ес біліп, ат жалын тартқаннан бері Абай атасының: Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға. Ақырын жүріп, анық бас Еңбегің кетпес далада, –
деген бір шумақ өлеңін тіршілігінің қазығы етіп, қырық жылдан астам уақыт мектепте мұғалім болғанын көз алдына елестетті. Осы уақытта мыңдаған шəкірттер Сəкеңнің алдынан қалам ұстауды үйреніп, тіл сындырыпты. Бүгінде олардың алды ғалым, арты жүлдегер механизатор болып республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет істеп, еңбек етіп жүр. Олардың ішінде Ульянов ауданындағы ХХ партсъезд атындағы совхоздың ауруханасындағы бас дəрігер Посев Əрінов, Ульянов аудандық ауруханасы бас дəрігерінің орынбасары Төлеухан Такиров, бас терапевт, аспирант Елубай Əбжанов, механизаторлар Жақсылық Əшірбеков, Сейілхан Асылбеков, «Михайловка» шахтасы бас инженерінің орынбасары Нығмет Əбдіқадыров, Қарағанды кондитер фабрикасының бас инженері Нығмет Танашев сияқты бірнеше мамандықтың иелері бар. Сəкең құрметті демалысқа шыққанға дейін жиырма жыл ішінде қаламыздағы № 2 қазақ орта мектеп интернатынан қаншама жасты түлетіп ұшырды десеңізші. Сəкең манадан бері бір-бірімен əзілдері жарасқан балаларына, келіндеріне, немерелеріне риза болып, осындай шат тұрмысқа, бақытқа бөленген партия мен үкіметке іштей алғысын айтты. Сөз əдет бойынша ақсақалға берілді. – Құлындарым, Абай аталарың: «атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деген. Менің əу баста қалаға келген мақсатым осы сендерді оқыту еді. Шүкір, ризамын. Институт бітіргендерің бар, енді оқып жүргендерің бар, бүгінгі өмір талабы сендерден бұдан да өсуді күтеді. Диплом алғанға масаттанып асып-таспай, оқуды, ізденуді одан əрі жалғастырыңдар. Аспирантураға түсіңдер. Ілгері өрлей беріңдер. Үлкенге мейірімді, кішіге кешірімді болыңдар. Өмір бəріңе жаңа бақыт, жаңа шаттық сыйласын! Балаларым, өмірдің мəні сыйластықта. Бір- біріңмен тату-тəтті болыңдар, – деді Сəкең. Иə, алты балалы, үш келінді болып, алты немере сүйіп отырған қарт ұстаз Сату Кəкенов пен Күлжəмила шешей жарқын өмірдің мəні сыйластықта дейді əрдайым балаларына. ҚАЛАМДЫ ҚАРУДАЙ ҰСТАП
От пен оқтың арасында зұлым жаумен жан аямай күрескен партизан жазушы ағамыз Қасым Қайсенов хақында Адамзат баласы ес біліп, оң-солын таныған кезден бастап дүние жүзінде талай-талай соғыстар болғаны мəлім. Солардың ішінде ең алапаты, ең қырғыны – Ұлы Отан соғысы еді. Совет елі зұлым жаумен 1418 күн бойы өзінің ұлан-байтақ елін қорғау үшін майданда да, елде де бел шешпей неміс басқыншыларының тұтқиылдан жасаған шабуылына төтеп берді. «Достық күшті болса, Отан сұсты болар» деген нақыл бар. Көп ұлтты бауырларымен бірге қазақ халқының мыңдаған боздақтары қолдарына қару ұстап жауға қарсы аттанды. 1943 жылы алтыншы февральда неміс фашисттерімен қантөгіс шайқастардың арпалысқан шағында «Правда» жəне республикалық газеттреде қазақ халқының 2 миллион 631 мың 506 адам қол қойған хаты жарияланды. Сол хатта мынандай сөз жолдары бар: ...«Ардақты ұлдарымыз, туысқандарымыз! Қырыңдар жауды! Атқан оғың, сілтеген найзаң мүлт кетпесін! Жер алам деп келген немістер жер жастансын! Біздің жер – жаудың көрі болсын! Сендерді туған елің – қазақ халқы, атаңның мынадай нақылымен тəрбиелеген: Бақыт дəулет орнаса, ырыс қонады, Ынтымағы еліңнің дұрыс болады. Ұлың жауынгер болады, Қызың қырағы болады. Ағайын қоғам болады. Бірі оған болса, Бірі бұған болады. Топтанып жау қашырады», – деген еді.
Отан үшін, туған елі үшін, саумал ауалы, жазиралы жері үшін жаумен айқасуға аттанғандардың ішінде біздің жерлесіміз, жазушы-партизан Қасым Қайсенов те бар еді. Қасым 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысының Асубұлақ ауылында туған. Жиырма жасында Өскеменде саяси-ағарту техникумын бітіреді. Содан кейін Павлодар облыстық халық ағарту оқу бөлімінде нұсқаушы болып қызмет істейді. Енді ғана туған халқының жас жеткіншектеріне білім ұрығын себемін деп арман қуып жүрген шағында сұрапыл соғыс басталды. Ел басына қысыл-таяң кез туған шақта ол 1940-1941 жылдары арнаулы əскери мектепте оқиды. Осыдан соң жау тылында астыртын ұйымның жұмысына қатысып, кейіннен Украина жəне Закарпатьеде командир болып отрядын басқарады. Жаумен қиян-кескі шайқастарда талай-талай адам төзгісіз жайларды көріп, мың өліп, мың тірілген Қаскең өзінің көрген, білгендерін қойын дəптеріне күнделік етіп жазып жүрген еді. Солары кəдеге жарап іске асты. Кейіннен елге оралған соң Қайсенов 1955 жылы «Ажал аузында» еңбектерін кітап етіп бастырып шығарды. Содан соң «Жау тылындағы бала» атты көлемді повесі 1960 жылы тағы да жарық көрді. Кейіннен бұл шығармалар топталып 1973 жылы екінші рет қайтадан басылып шықты. Бұл кітап «Жау тылында», «Соғыстан кейінгі кездесулер», «Повестер» деген үш тараудан құралған. Автор шығармаларының бəрі дерлік балаларға арналған. Бұл жайында Қасым Қайсенов өзі: «Сол бір ауыр айқас күндерінен есте қалған оқиғаларды сарғайып тозығы жеткен қойын дəптеріне сүйене отырып жаздым. Əзірше майдандағы өмір шындығынан шыққан емеспін. Қанды көйлек партизан достарымның аты-жөндері, жер-су, кала-село аттары да өзгертілмей сол күйі алынды. Отанымыздың бостандығы мен тəуелсіздігі үшін, адам баласының жарқын болашағы үшін күрескен қаһарман партизандардың ерлік бейнесі сендерге үлгі болсын, жас бауырларым! Отан қымбат! Ұлы Отанымыздың көзіміздің қарашығындай сақтайық! Жазушы өз шығармаларында бір жеңнен қол шығарып, тұтаса топтасып, ынтымағы мен бірлік, достығы жарасқан əр ұлттан құралған
партизан отрядтарының жаумен күресін суреттейді. Автор отрядтағы орыс, қазақ, грузин, украин, чех, поляк, венгер, тағы басқа ұлт өкілдерінің ерен ерліктерін көз алдыңызға елестетеді. Осындай қиын қыстау жағдайда партизандар талай рет ғажап-ғажап ерліктер жасады. Олар жау қолынан жүздеген жазықсыз совет азаматтарын тұтқыннан босатып алды. Ойламаған сəтте атой салып, дұшпанның қару-жарақ қоймаларын өртеп жіберді. Оқдəрі артқан ұзын-ұзын составтар сан адамдармен бірге күлі көкке ұшып жатты. Партизандар жаудан маңызы құнды соңғы мəліметтер жинады. Иə, «ауыздықпен су ішкен» дейтін осы ауыр отты жылдардағы партизан өміріндегі қиындықтар мəңгі ұмытылмайды. Жазушы өз шығармасына осы жайларды арқау етеді. Автор өзінің көрген білгендерін бірінші жақпен баяндайды. Қасым Қайсеновтың шығармаларын оқып отырғанда сіздің көз алдыңыздан сұрапыл соғыстың көріністері бірінен соң бірі елестеп жатады. Сіз шырылдаған баланы, еңіреген ананы, мейірімсіз жау келбетін өзіңіз көргендей сезінесіз. Осы көріністердің бəрі ешбір қоспасыз өмір шындығынан алынып жазылған. Енді жазушы шығармасынан мына бір көріністі назарларыңызға ұсынамыз. Қатысушылар: Қасым Қайсенов – автор. Мещеряков – партизан. Екінші партизан. Көрініс: (Мещеряков деген кəрілеу партизан шырылдап қолды аяққа тұрмаған бір жасқа толар толмас неміс баласын көтеріп тұрады. Бала жыларын қояр емес.) Автор: Мұны қайдан тауып алдың? Мещеряков: Шырылдаған бала даусын естіп төргі бөлмеге барсам еденде жылап жатыр екен. Офицер шешесі атылып қалыпты. Содан кейін күнəсіз сəбиді қимадым да алып шықтым. Екінші партизан: (ашуланып) Фашистің баласын неге алып жүрсің? Кəне, дереу таста! Мещеряков: Əке-шешесі фашист болғанымен бала фашист емес қой! Жас нəрестенің не жазығы бар, – деп баланың басынан аялай сипады.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177