Екінші партизан: (одан сайын қатуланып, зілденіп) Сенің балаларыңды олар «күнəсіз, жазықсыз» деп аяп па еді? Шырылдатып тұрып атып тастағаны қайда? Ендеше неғып жаның ашып тұр. Қанға – қан, жанға – жан. Сен де мұны сілейт, өлтір! Мещеряков: Жоқ, Борис! Біз ондай тас жүректер емеспіз! Сілейтпек түгілі, сəбиді шырылдатып тастап та кете алмаймыз. Баланы бір жерге паналатуымыз керек. Командир жолдас, егер сіз рұқсат етсеңіз, осы нəрестені менің тастап кеткім келмей тұр. Алда-жалда тіпті қиын болып бара жатса, селолардағы астыртын ұйым мүшелерінің біріне береміз, – деді қиылып. Автор: Осы бір жазықсыз нəрестені көрген кезде ет жүрегім елжіреп, езіліп кетті. Артымнан өзімнен қалған бала болмаса да сонау шалғайда жатқан Қазақстанда осы сынды уылжыған бөбектер, осы сынды үймелі-сүймелі інілерім бар еді. Бұл да солар сияқты күнəдан пəк, дəрменсіз сəби емес пе? Сонда мұның жазығы қандай? Бұл түгілі бəлкім мұның əке-шешесі де жазықты емес шығар?... Екінші партизан: (қызбаланып.) Тіпті де олай емес. Жолдас командир, Сіз көз алдыңыздағы қойдай қырылып жатқан мыңдаған кəрі-жасты неге көрмейсіз? Олар неге жазықсыз жандарды қойша бауыздап, дарға асып өлтіріп жатыр. Айтыңызшы? Ə, оған үндемейсіз. Сондықтан мына баланы өлтіру керек. Автор: Сен өлтіру керек дейсің. Тыңда бауырым. Кісі өлтіру дегенің былай тұрсын, ондай ой өмір бойы ойыма келмеген менің. Бірақ өзің көріп жүрсің міне соғысқа келіп қан кешіп кісі өлтіріп жүрмін. Неге? Бұған бүкіл адам баласын күл етуді көздеген Гитлер айыпты! Фашистер айыпты! Ең алдымен мен өзімнің туып өскен Отанымды қорғауға тиіспін! Мен басқа бір елдің жеріне баса-көктеп кіріп, бақастық, қаскөйлік ниетпен кісі өлтіріп жүрген жоқпын. Өз жерімді, өз елімді басқыншылардан тазарту жолында күресіп жүрмін. Ендеше Отанымды жаулап, бауырларымды құл, қарындастарымды күң етпек болған жауларды қыра беруім керек! Отан алдындағы борышым осы! (Пауза). Бірақ мына сəби ше? Бұл фашист офицерінен туғанына жазықты ма? Сонда мұны неге өлтіреміз? Адам баласын жаппай қыра беретін тек қана нацистер ғана. Ал біз, болашақ үшін, болашақтағы бүкіл адам
баласының бақыты үшін күресіп жүрміз. Олай болса мына неміс баласының келешекте жауымыз болмауы үшін күресіп жүрміз. Рұқсат Вася! Тек баланы оққа ұшырып ала көрме. Сəбиді өзіңмен бірге ала жүр. Міне, құрметті оқырман, жаңа өздеріңіз көргендей автор шығармасында тұла бойыңды елжіретіп, совет адамдарының ақ жарқын, парасатты, ізгі мінездерін көрсететін сəтті жазылған көріністер аз емес. Жазушы көңілінде соғыстың əрбір сəті сайрап тұр. Сондықтан да Қайсенов өзінің «Жау тылында» деген кітабындағы оқиғаларды жеке-жеке тақырыптарға бөлген. Сонда бұл жеке-жеке үздік оқиғалар жиынтығы емес, қайта қиын-қыстау соғыстың бар болмысын, бар тынысын сездіретін полотносы сияқты ауқымы мол дүние болып шыққан. Сондықтан да біз Қайсеновтың бұл шығармаларын осы партизандар өмірін жазған атақты Ковпактың, Вершигораның, Медведовтың, тағы басқа жазушылардың еңбектерімен терезесі тең, айтатын ойы анық та түсінікті деп əбден айта аламыз. Жекежеке тақырыптарға бөлінудің тағы бір ұтымдылығы – оқиғаның оқушыға жеңіл түсінілетіндігінде дер едік. Ал жанр жағынан алғанда жазушы еңбектерін əңгіме, очерк, суреттеме деп те айта аламыз. Оқиға желісіне автордың өзі қоян-қолтық араласып жүргендіктен ол соғыс эпизодтарын қаз қалпында оқушы көңіліне елестетеді. Кітапты оқып отырғанда сіз ол соғыстың барлық тынысын өзіңіз көріп-білгендей сезінесіз. Автор жылтырақ сөз тізбектерін теріп, əдемі сөйлеуден өзін аулақ ұстайды. Айтамын деген ойын кішілікке еркін жеткізеді. Бұдан біз Қасым ағаның мінезінің қарапайымдылығын, кішіпейілділігін аңғарамыз. «Жау тылында» кітабындағы кейбір оқиға көріністері қарапайым тілмен əдемі суреттелген. Сөзіміз дəлелді болуы үшін бір үзінді келтірейік. Автор парашюті ағашқа ілігіп қалған партизанды былай суреттейді: «Міне, сегізінші адам – радиска Зина. Зəулім, жуан, бұтақсыз жіңішке қарағай арқылы кезек-кезек шыға бастадық. Бірақ Зинаның тұсына жетпей-ақ қолымыз талып, төмен сырғып қайта жерге түсіп кетеміз...
Сөйтіп тұрғанымызда күзетшілеріміз ит ерткен көп жау күші орманды сүзіп келе жатқанын хабарлады. Енді не істеу? Біздің жаумен қазір табан тіреп ұрысуға мүмкіншілігіміз жоқ. Ал бізді осы ағаштың түбінен жау қуып шықса, онда Зина бар құпия шифр, документтер, рациямен жау қолына түспек. Жау қолына Зинаны қалдырып кету Закарпатьедегі партизан қозғалысының құпия сырын ашу боп табылады. Сондықтан біз өзара ақылдаса келіп Зина асылып қалған ағашқа мина қойғымыз келді... Ол асылған қарағайдың түбіне күшті мина қоярдың алдында: «Жауынгер достарым! Мені əрқашан бірге деп санаңдар! Жауды аямай соғыңдар! Үлкен жерге менен жалынды салем!» ... Міне, өмірдің ащы шындығы қайда? Осы жолдарды оқып отырғанда көз алдыңызға ажал аузындағы батыр қыздың үрейлі жүзі елестегендей болады. Еріксіз денеңіз шымыр ете түседі. Шіркін-ай парашютты өзіңіз барып қиып та жібергіңіз келеді. Бірақ осындай сын сағатта да Отаны үшін, елі үшін жауыздармен күрескен батыр қыз ажалдан тіпті де сескенбейді. Ол өзі жау қолында қалсам құпия документтер қолға түседі, одан да мені өлтіріп кетіңдер деп тілейді. Сөйтіп ол жауыз жауларға қарсы қарғыс айтады. Автор соғыс салған шындықты бұрмаламай қысқа əрі түсінікті етіп оқушысына нанымды жеткізе білген. Отты жылдардың дəл осы бір қайғылы көрінісі өз оқушысының жауға деген өшпенділігін одан сайын арттыра түседі. Кітаптың екінші тарауы «Соғыстан кейінгі кездесулер» де əсерлі жазылған. Жазушының өз жерлесі, ақын Жұмағали Сайнмен кездесу сəті кімді де болсын тебірентеді. Енді Қайсеновтың ақын Жұмағалимен кездесуінен шағын көріністерді назарларыңызға ұсынамыз. «Қатысушылар: Генерал майор Андреев – партизандар қозғалысы орталық штабының бастығы. Полковник Сперанский – кадр бөлімінің бастығы Ақын Жұмағали Сайн Қасым Қайсенов Генерал адютанты
Оқиға 1944 жылдың декабрь айында өтеді. Украинадағы орталық партизандар қозғалысы штабы қасындағы демалыс үйі. Генерал-майор Андреевтың қабылдау бөлмесі. өзі жалғыз. Сахна ашылғанда іс- қағаздарын көріп отырады. Андреев: Кнопканы басады. Адютант: (келіп) Жолдас генерал-майор, Сіздің бұйрығыңызбен келіп тұрмын. Не бұйырасыз? – деп қолын күнқағарына апарып сымдай тартылып тұрады. Андреев: Маған партизандар отрядының командирі Қайсенов жолдасты шақырып жіберіңіз! Адютант: Құп болады, жолдас генерал-майор! Сəл үзілістен кейін Қайсенов: Рұқсат па, жолдас генерал-майор? Сіздің бұйрығыңыз бойынша партизан отрядының командирі Қайсенов келіп тұр деп қолын күнқағарына апарады. Андреев: (тұрып амандасып) Отырыңыз. Осында, кадр бөлімінде сенің жерлесің, партизан отрядының комиссары, қазақ ақына Жұмағали Сайн жолдас отыр. Сол кісі сені іздеп жүр екен. Барып сол кісімен жолығыңызшы. Қайсенов: (орнынан тұрып). Құп болады, жолдас генерал-майор! Тапсырманы орындауға рұқсат етіңіз? – деп қолын шекесіне апарады. Андреев: Рұқсат! Барыңыз! Қайсенов əскери тəртіппен бұрылады да бөлмеден шығады. Келесі көрініс (полковник Сперанский, ақын Жұмағали, Қасым үшеуі отырады.) Сперанский: – Сайн жолдас, манадан бері айтып отырған жерлесіңіз осы кісі, Қайсенов Вася деген командиріміз. Танысып қойыңыз. Саин: Вася, – деп Қасымға таңырқай қарайды. – Сенің атын неліктен Вася болған, əлде балалар үйінде тəрбиелендің бе? Сперанский: (екеуіне алма кезек қарап.) Бұл қазір украиндық жігіт. өзі қазақша атын ұмытып кеткен де болар. Партизандар оны Вася деп атап
кеткен. Қазір бəріміз де өзін Вася дейміз. Саин: (күліп.) Партизандарда ондай болады. Жолдас полковник! Мен сізге ертең келсем қайтеді? Сперанский: Жарайды. Жерлесіне кездескен адамның осылай отыруына бола ма екен? Рұқсат, барыңыз! (Əскери тəртіппен Жұмағали мен Қасым полковникпен қоштасып сыртқа шығады.) Саин: (қатарласқан Қасымнан.) Ал, бала, атың кім? Қайсенов: Қасым. Саин: Қасым деймісің. Алматыда келіншегің бар ма сенің? Қайсенов: Бар. Саин: (бір нəрсеге өкінгендей басын шайқап.) Қасым, мен сенің келіншегіңді көрдім. Аты кім еді? Қайсенов: (таңданып.) Как, как? Аты – Асыл. Саин: Сен өзің қазақ тілін ұмытқансың ба? Екі сөзіңнің бірінде орысша, не қазақша сөйлейсің? Қайсенов: (ұялып төмен қарап.) Кешіріңіз, аға! Саин: Осылай жүрерімде «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясына бардым. Сонда бөлім бастығы Əлиманов деген жолдасыммен сөйлесіп, Украинаға партизандар штабына баратынымды айттым. Сол кезде анадайда отырған бір сары қыз: «Ағай, Украинаға бара жатыр екенсіз. Менің жолдасым да сонда партизан. Мүмкін кездесіп те қалармыз. Аты – Қасым. Хат жазып берейін», – деп ұялып төмен қарап еді. Мен жарайды ала кетейін, бірақ ертең тағы келемін. Сонда алармын. Оған дейін хатты жазып қойыңыз, – дедім. Бірақ жағдай болып редакцияға соға алмай кеттім. Қайсенов: (өкініп.) Қап, ала келгеніңізде жақсы болатын еді! Оқасы жоқ, таға, қалай ел-жұрт, ауыл-аймақ тегіс аман ба? Саин: Дін аманшылық. Халық жау қуылып шегінгеннен бері қуаныш құшағында. Ал Қасым, күн өткен сайын жау соңғы демін алып келеді. Енді өз ойың қандай? Қайсенов: Аға, мен осында Украинада қызметте қаламын.
Саин: (таңданып.) Неге қаласың? Жау тылына тағы да ұшып, қолыңа қару алатын болсаң бір сəрі. Өйткені ол – Отанды қорғау, орын жоқ, елің бар, онда əке-шешең, сүйген жарың бар. Елден де қызмет табылады ғой. Қасым, мен сенен бір көйлекті бұрын тоздырдым. Сен болсаң əлі де болса алды-артыңды байыптамайтын жаста екенсің. Енді менің бір тілімді ал? – Елге қайт! Штаб басшыларынан, осындағы украиндық достарымнан естіп жүрмін. Жаман соғыспапсың! Өз халқыңның атына кір келтірмепсің. Оған қатты ризамын. Елге қайт! Қайсенов: (жалғыз өзі.) Міне, ленинизм идеясына шексіз берілген, үлкен жүректі жалынды патриот, жауға мейірімсіз, Отанының батыл солдаты Жұмекең маған осындай ақыл-кеңесін айтып еді. 1945 жылы январь айында екеуміз Алматыға келіп түстік. Содан былай сол ардақты адамнан, сол адал жаннан мен жұбымды жазған жоқпын...» Міне, біз осы бір шағын көріністің өзінен жаны жайсаң, кішіпейіл ағаның ініге деген қамқорлығын аңғарамыз. Соғыстан кейінгі жылдарда Қайсенов Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған генерал-майор Сидор Артемович Ковпакпен, Алексей Крячекпен, қанды көйлек партизан жолдастары орыстан – Алексей Асмоловпен, немістен – Робет Клеинмен, грузин – Давид Бакарадзелермен кездеседі. Отты жылдарда қан майданды кешкен ерлердің осы жолығысу сəті оқушының жан сезімін дір ете түсіреді. Автор шығармаларының бір құндылығы кітапта интернационалдық халықтар достығының шынайы көрінуінен дер едік. «Ұрыстың мерейі – ерлік, ырыстың мерейі – достық» деген. Мына бір сəтті көз алдыңызға елестетіңізші. Партизандардың құрама командирі Александр Васильевич Тканов, Қасым Қайсеновке Закарпатье украиндары мен басқа да халықтарды апаттан аман алып қалу үшін жеке отрядтар ұйымдастыруды тапсырады. Сонда жазушы-партизан өзіне серік етіп поляк жігіті Юзик Никольскийді таңдап алады. Екеуі орман ішінде тығылып жүрген төрт чех, екі румын, екі венгер, үш закарпатьелік украин адамдарымен кездесіп шағын отряд құрады. Ынтымағы мен достығы жарасқан осы шағын топтың мүшелері бір күнде жаудан 270 соғыс тұтқынын азат етіп, 24 винтовка, үш пистолет, азық-түлік тиеген үш арба, көптеген патрондарды олжалайды.
Кейіннен мұндай талай-талай ерліктер қайталанады. Міне, осы бір шағын көріністің өзі партизандардың жауға деген ашу-ызасын, қайтпас кегін көрсетпей ме?! Атамыз қазақ «Шірік шынар сынып тынар, соғысқұмар құрып тынар» дейді. Азаттықты, бостандықты аңсаған ұлы күшке кім төтеп бере алады?! Ақырында жау тізе бүгіп тынды. Жазушы кітабының тағы бір жақсы жағы жаңа ғана жоғарыда айтып кеткен көріністер, партизан барлаушылардың ерлік істері, сан сұрапыл шайқастары нанымды суреттеледі. Сіз автор шығармасындағы ауыр жараланған армян жігіті Аркадий Госпорян мен Қасым Қайсеновті жау қуып келе жатқан сəтін оқығанда өзіңіз де іштей толқып, күйзеліп отырасыз. Осындай тар жол, тайғақ кешуде Қасым жаралы жолдасын жау қолына тастамайды. Қайта серігімен бірге өлімге басын тігеді. Міне мұндай ерлік совет азаматтарына ғана тəн. Осы тəрізді сан алуан соғыс сұрапылдары кітапта ешбір қоспасыз, сол өз болмысында баяндалады. ТҮН ҰЙҚЫСЫН ТӨРТ БӨЛГЕН (деректі хикаят) Газеттің жер-жердегі тілшілерінің үйіндегі телефон жұмыс бабымен күндізден кештің біраз уақытына дейін бір тыным болмайды. Тағы да қоңырау сылдыр етті. – Алло, сəлəметсыз ба? Маған «Лениншіл жас» газетінің тілшісі керек еді. Бұл – Қарағанды облыстық Ішкі Істер басқармасынан. Бізде таяуда ғана КПСС мүшелігіне кандидаттыққа өткен бір жас жігіт бар. Егер уақытыңыз болса, сол жайлы материал жазсаңыз қайтеді? – Жарайды. Келістік. – Онда сізді түске дейін күтеміз. Биылғы ақпан тым жомарт-ақ. Нағыз қырланып қыр көрсететін сəтінде көше жолдарынан сан тарау су ағып жатты. Сол ақпан ақпейіл мінез танытып, дəл наурыздағыдай «бірде киіз, бірде мүйіз» болып жатқанда біз болашақ кейіпкерімізге қойылатын сұрақты іштей топшылап, сарапқа салып едік. Журналистік тəжірибеде көз көрмей, бет жүздеспей
ойлаған ойыңның сəби қолындағы моншақ кəмпиттей шашылып кететіні бар. Дəл солай болды. – Өткен 1976 жылғы социалистік жарыстың қорытындысы бойынша облыстағы қала аудандарының арасындағы Совет аудандық ішкі істер бөлімінің ОБХОС–і бірінші орынға ие болды. Сонда милиция лейтенанты, инспектор Қанат Балбеков деген жас жігіт қызмет істейді. Сол жайында материал жазуыңызды өтінеміз, – деді облыстық Ішкі істер басқармасының қызметкері Владимир Анатольевич Танков жолдас. – Жас та болса өз ісіне мығым. Тындырымды. Елгезек. Қаласаңыз мен қазір онымен таныстырайын. Қанат Балбеков!... Бірінші сыр немесе Балбековтар семьясы хақында Тау суының ағынындай қас қағым өмірде əркімдердің: – күні кеше Жаңа жылды қарсы алып едік, көктемнің нұрлы да мерекелі мейрамы 1-Май да келіп қалыпты ғой, деп тамсана да таңдана айтқанын талай естіп едік. Ал мен болсам, Қанат Балбековты бала кезінен білетінмін. Ол балалықтың бал базарында бала бақшадан келгенде: – Мен үлкен болғанда ұшқыш боламын. Мөлдір ауада көк түтін будақтап жатады. Папам мен мамамды алыстағы анау бұлттың ар жағындағы курортқа апарамын дегенде топты адам сəби тілін қызықтап қалушы еді. Міне, енді сол Қанат милиция лейтенанты. Міне, енді мен кешегі өзімнің көз алдымда өскен Қанатты жазуға бара жатырмын. Балғын денесін жау оғы бірнеше рет жаралаған Қанаттың əкесі Қабыкен Балбеков те бүкіл Қарағанды қаласына белгілі жан. Омырауы отты Ұлы Отан соғысы мен бейбіт өмірдің ордендері мен медальдарына симайды. Аты Бүкіл одаққа əйгілі болған атақты «Михайловка» шахтасында партком секретары. Облыстық партия комитетінің мүшесі. Ал түн ұйқысын төрт бөліп ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып отырған Рəшида жеңгей де бақытты жан. Тұла бойы тұңғышы Нұрғайша – Теміртауда дəрігер, терапевт. Қанаттан кейінгі Нағима – Қарағанды кооператив институтының түлегі. Одан соңғы Бақыт – Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.
«Əкеге тартып – ұл, шешеге – тартып қыз туады» деген осы болар. Мен милиция лейтенанты, түбіт мұртты Қанат Балбековты жазуға барғанша осыны ойладым. Қоғам мүлкін көздің қарашығындай сақтау үшін түн ұйқысын төрт бөліп жүрген қыз мінезді, кішіпейіл. Осыдан үш жыл ғана бұрын СССР Ішкі Істер министрлігінің Қарағандыдағы жоғарғы мектебін бітірген жас жігіттің өскен ортасын, ұшқан ұясын еріксіз көз алдыма елестеттім. Екінші сыр немесе қылмыстының қадамы қысқа Қыстың қысқа жіптей күрмеуге келмейтін келте күні бағана батқан. Қаланың қараңғы түскен көшелерін түнгі жарық пен ақ көңілдей жайнап жауған жапалақ қар самаладай жарық қылып тұр. Немересін бауырына қысқан Қабыкен ағай мен Рəшида жеңгейдің терезе алдына сан келіп, сан кеткеніне үш сағаттың жүзі болды. Мана ымырт үйірілмей «ұзын хабардан» қоңырау қаққан Қанаттан бір сыбыс жоқ. Əке мен шеше де мазасыз, алаңдап үлкен терезеге қайта-қайта жаутаңдайды. «Ақыл алтау, ой жетеу», жалғыз ұл қайда жүр. Жұмысынан мана шықса керек еді. Түндегі жүріс саябырлап, көше де, ата-ана да тынышталып ұйықтаған сəтінде үсті-басы ақша қарға малынған Қанат аяғының ұшымен ептеп басып, өз кілтімен есік ашты. Дайын тамаққа да зауқы соқпады. Шешінді де бірден төсекке ұмтылды. Сол-ақ екен, қор ете түсті... – Сөз комсомол ұйымы секретарының орынбасары Қанат Балбековке беріледі. Ол жаудырап отырған жүздеген жанардан жасқанбастан биік мінбеге қарай бет алды. – Комсомолец жолдастар! КПСС ХХҮ съезінің шешімдері милиция қызметкерлеріне де үлкен міндеттер жүктеп отыр. Жастық жалын жігеріміз жалындаған біздердің алғы шепте жүріп ағалар мен апаларымызбен бірге атқаратын істеріміз ұланғайыр. Өздеріңізге мəлім мен əрі «Күзетте» атты қабырға газетінің редколлегия мүшесімін. Осындай бас қосуда ашық айтайық, сіздер газетке материал береміз деп талай уəде бердіңіздер. Бірақ соны ұмытып кетесіздер. Осыған азаматтық арымызбен жауап беретін уақыт жетті... Енді бірде Николай
Иванович Платонов үнсіз отырады. Қанат Совет аудандық Ішкі Істер бөліміндегі ОБХСС-тің бастығын мазалағысы келмей, өз орнына жайғаса береді. Николай Иванович менде бір ой болып тұр дегенше болған жоқ жас жігіт ұйқысынан оянып кетті. Түсі екен. Ешнəрсеге қарамай жалма-жан киіне бастады. Қамқор ананың тым болмаса бір кесе шай ішші дегеніне де қараған жоқ. Бар болғаны: – Мама, мен бала емеспін ғой. Жұмыс бабы солай болып тұр, – деді. Шынында да кеңседе Николай Иванович жалғыз өзі отыр екен. Қанатты көріп балаша қуанып қалды да: – Қабыкенович, қалай демалдың? Мен сені кеше кеш қайтқан соң мазаламадым. Бірақ ерте келгенің жақсы болды. Көңіл-күйің қалай? – Өте жақсы, ұйқым қанды, Николай Иванович – Олай болса кешегі жоспар өзгерді. Киім сататын сауда бірлестігі дирекциясының Оңтүстік-Шығыс ауданындағы магазинінде 2 мың сом ұрланған. Сол істі тезірек анықтау керек болып тұр. – Құп болады! Қанат дереу аттанып кетті. Бұдан да бұрын осындай талай істің анық-қанығына жеткен милиция қызметкері бұл жолы тағы да іштей ойға берілді. «Кассадан қолды болмаса, ол ақша күнде есептеліп тапсырылып отырса ұрлықшы кім болғаны? Ғажап-ақ. Алдымен магазин əкімшілігімен, сатушылармен сөйлесейін». Ол осыған тоқтады. – Жоқ, жоқ. Біз алған жоқпыз. Мына көпшілік айтсын, бірге қызмет істеп жүріп, бір-біріміздің көзімізге шөп салсақ сонда кім болғанымыз, – деп олар безек қақты. Тағы да ұшы қиыры жоқ тылсым басталды. Енді не істеу керек? Жас инспектор саспады. Ақша жоғалған бөлімнің жанындағы бөлімге де тексеріс жүргізуді ұйғарды. Сондағы сатушылар Григорьева Лиза мен Артемова Вика құндызды жағаларын көтеріп жұмыс бітісімен таксилетіп үйіне қайтады. Осында да бір мəн бар сияқты. Күнде солай. Тексеріс түпкілікті аяқталғанда ғана əлгі қос құрбылардың бөлімінен бес мың сом ақшаның жоқ екені анықталды. Жұмбақ жіптің ұшы табылған сияқты. Бірақ бұған бұлтартпайтын дəлел жоқ. Тағы да соны
ізденіс. Енді қос сатушының көршілерімен кездесу керек. Инспектор бұл жолы да жаңылмады. Тап басты. Амалсыздан Лиза: – Осыншама ірі ақшаның ізін жабу үшін көрші бөлімнен екі мың сомды қапысын тауып ұрладым, деп өз кемшілігін мойнына алды. Мемлекеттің барлық қаржысы орнына қайтарылды. Айыпкерлер кейін сот орындығына отырды. Енді бірде Қанат таңертеңгілікте өз жұмысы бойынша жолға шығайын деп киініп жатты. Сол-ақ екен есіктен бейтаныс жігіт кірді. Асығып аты-жөнін айтты. Владимир Семенов деген кенші екен. – Сіздерді сұрай-сұрай зорға таптым. Мен сенбі сайын овощ сататын базардан жеміс аламын. Əйелім ауруханада еді. Міне, бірнеше ай болды, бір қазақ əйелі қоян құлақшынын екі есе бағасына сатып жүр, – деді. Бұл да тосыннан келген оқыс хабар болды. Қанат енді базарға қарай бет алды. Тапқыш болсаң сан мыңдаған адамның көлеңкесінен қорқатын саудагер əйелді тауып көр. Ол өзінің сенімді қызметшілерін ертіп келгенше тағы да өз ойын серік етті. Қарапайым төрт амалға жүгінді. Он құлақшын. Оны 25 сомға көбейтейік. Шын 250 сом! Қарапайым жандарды қалай алдайды. Сонда алыпсатар саудагер алсаң – қолымнан, алмасаң – жолыңнан дейді-ау. Жоқ, ондайларды тез арада табу керек. Онда да ақша қарда із қалып жатқан. Ауылдан келген Атымтай деген жігіт мəз болып екі езуі құлағына жетіп қоян құлақшынды киіп келе жатқанда саудагер де қырағы көздерден құтыла алмады. Жанпейісова Зəру ал келіп жат та жалынсын: – Құлыным, менің де өзіңдей балам бар. Базарға келгенім бүгін ғана. Имандай шыным, нан алатын болған соң балаларыма алған бес құлақшынды сатсам ба деп едім. Қара басып, қолды болып қалдым. Бір жолға босата көр, қарағым. Саудагердің жан тебірентетін жылы сөзі жас инспекторды иландыра алмады. Бірден жалынғанына қарағанда тағы да бір соны істің ұшы бар сияқты. Істі түбіне жетіп анықтағанда əлгі Зəрудің сыбайласы Квасова Варвараның үйінен тап сондай 45-шақты құлақшын табылды.
Бірбірімен жең ұшын жалғасқан екі алыпсатар əділ заңның тармағымен тиісті жазасын алды. Осындай шат-шадыман заманда жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүретін жандардың қадамы қашан да қысқа. Қанат тағы бір жауапты тапсырма алғанда алдымен ұстазы Николай Ивановичпен ақылдасты. – Бұл жолы ешбір ақыл көңілге қонбай отыр. Жұрт қажетті затын көзбен көріп алады екен. Сонда жергілікті өнеркəсіптен дайын киімді сататын магазиннен артық ақша қалай шығады? – «Жел болмаса шөтің басы қимылдамайды». Егер олай болса бұл жолы кім де болсын айласын асырғалы отыр. Байқа, абайла, кейде ойламаған жерден қылмыстың қылт етіп көрініп қалатыны бар. Алдымен бір барлап көр. Содан соң ақылдасайық. Магазин түс кезінде сауда тіпті қызған. Сатушылар да, келген тұтынушыларды жылы лебізбен қабылдап жөнелтіп жатты. Көзге оғаш ештеңе назарға ілікпеді. Осы жолы жас жігіттің тауы шағылып қайтты. Іс жалғасын келесі күнге қалдырып ерте жатқанымен ұйқысы шайдай ашылып көпке дейін дөңбекшіп жатты. «Апыр-ау бұл қалай? Кейде жалған арыз, шағымдар бола беруші еді. Соның кебі келіп жүрмесін?» Ол таң ата жұмысқа күндегі əдетімен ерте тұрып аялдамаға жеткенше қиялдап келе жатты. «Таптым» деп іштей күбірлеп қалды. Ол сол өткен дайын киім тігетін қоймаға келіп сондағы бұрын сол магазиннен өткен фактураларды мұқият қарап шықты. Содан соң кешегі өзі болған «Новинка» магазинінің қоймасына тексеріс жүргізуді ұйғарды. Міне, ғажап! Əрбір киімкешектің құнына 2-3 сомнан артық айырма бар. Демек, баға өзгертілген. Мемлекеттің сауда тəртібін бұзған жазықты адам оңтайлы цифрды өзгертіп түзетуді əдетке айналдырған. Оны өзінің жеке басы үшін пайдаланған. Мың сомнан астам қаржы тағы да кассаға түсті. Жазықты жан өз ісінің жазасын алды. Соңғы сыр немесе түйін Қара басының қамын ойлап өзінің пайдасы үшін неден болсын тайынбайтын, тоғышар жандар арамызда арамшөптей кездесіп қалады.
Солар ғана күндіз де, түнде де жасқана басып бұта түбіне бұққан бөденедей ізін жасырып жүреді. Бірақ олар түн ұйқысын төрт бөлген милиция сақшыларының назарына ілікпей қоймайды. Біз əңгіме еткен Қанат Балбеков сияқты мыңдаған жастар қай уақытта да қырағы күзетте. Күні кеше жоғары білім алған жас маман бүгінде облыстағы таңдаулы озат милиция қызметкерлерінің бірі. Ол Қарағанды облыстық Ішкі Істер басқармасынан бірнеше рет алғыс пен бағалы сыйлыққа ие болған жайнақ. – Ағай, мен жайлы жазбай-ақ қойыңызшы. Өйткені менің атқарып жүрген ісім барша совет жастарына тəн. Ал бізде бірнеше жылдан бері мол тəжірибе жинақтаған абзал ағалар өте көп, – дейді Қанат. Мен ойланып қалдым. – Жас жігіттің адамгершілігі, еңбек сүйгіштігі, қарапайымдылығы, ізденімпаздығының негізі осы кішіпейілділігінде екен. ТАҒЫДА ҚЫМЫЗ ХАҚЫНДА (деректі хикаят) Шешілмей жүрген проблема. – Шіркін-ай, бал татыған сусынды ұмыттық қой, – дейді қала тұрғындары тамсанып. – Бүгінгі совхоз басшылары, жастар ата-бабамыздың ақ адал асының бірі, ауруға – ем, сауға – қуат беретін дəрі қымызды ұмытты ғой. – Е, олар бал татыған сусынды қайтсін. Олардың «қымызы» көше сайын тұрған «Сары бөшке» дүкендегі самсаған «тентек су» емес пе?!... Демалып отырған екі қарияның əңгімесі. 1. Қар тепкенде қажымас қайран жылқы Ықылым заманнан бері талай-талай сойқанды, шошымалы, аумалы- төкпелі оқиғаларды бастан кешірген ата-бабаларымыз төрт түлік малдың ішінен жылқыны өте-мөте қасиеттеп, ерекше құрметтеген.
Оны Қамбар ата деп қастерлеп əн жырына қосқан. Бесіктегі бөпесін мейірлене емізіп отырған мейірбанды абзал ана сəбиіне: Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып, Жаудан жылқы айырып, Жігіт болар ма екенсің? – деп жас нəрестесіне тілек тілеуінде де үлкен философиялық мəн- мағына бар. Ата-бабаларымыздың дүниеге жаңа ғана шыр етіп келген жас иісті иіскегенде оны құлыным деп жылқы баласымен тегіннен-тегін теңемеген. Жылқының тез ширайтын төлі сияқты «тентегін» қажыр- қайратқа, төзімділікке, шыдамдылыққа, ерлікке баулыған. Əлгі бала ес білгенде: «Үркейін деп тұрған жылқының шабынан түртпе», – деп оны əрдайым шошақайлықтан, тентектіктен, есерліктен сақтандырып отырған. Кейін əлгі бозбала ер жетіп, есейгенде «Жылқы мінезді жігіт екен», – деп оның мінезіне айна қатесіз баға берген. Жылқыны мақал-мəтелдеріне, шешендік, тапқырлық, толғау нақыл сөздеріне арқау еткен. «Шабаннан желмес туады, сараңнан бермес туады, саңыраудан шақырса келмес туады», – деп сөз саптауы да осының бір дəлелі. Бүгінде керемет алып трактор қуатының ат күшімен есептелуі де тегін емес. Қар жауса да қажымас қайран жылқыны халқымыздың от тілді, орақ ауызды ақын-жазушылары талай рет өзінің өлең жырларына, əңгіме- повесть, романдарына арқау еткен. Басқасын айтпағанның өзінде оның бал татыған қымызының өзі сан кітап болатын ұзақ сонар əңгіме. Атақты грек тарихшысы Геродот біздің заманымызға дейінгі Ү ғасырда көшпелілердің қымызды ұзақ уақыт сақтауының тəсілдерін құпия ұстағанын жазып, таң тамаша болып қайран қалған. Ал, қымыздың
адамға тигізетін əсері туралы алғашқы жазба пікірді 1253 жылы француз саяхатшысы Вильгельм Рубрикас білдірді. ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегінде қымыз қазақтардың татымды, дəмді тағамы ретінде аталады. Адамға, жерге, елге, қандай жайға болсын ат қойғыш ата-бабаларымыз қымызды да «сорт-сортқа» бөлген. Олар: саумал қымыз, сары қымыз, уыз қымыз, бал қымыз, құнан, дөнен, бесті қымыз, түнемел, тосап, қойыртпақ қымыз, биебау қымыз, сіргежаяр қымыз, қысырақтың қымызы, – деп ащы ішектей шұбатылып, тағы, тағы атала береді... Осыдан он шақты жыл бұрын жол сапарда жүргенімізде Жұмекен қарияның үйінде болдық. Ұзақ күні бойы жол соқты болып келгендіктен бе, жоқ əлде шөлдегендіктен бе мұрынды жаратын қош иісті бал қымыз мол ішілді. Соны сезді ме Жұмекен: – Сендер ерте кезде қымызды қалай ашытатынын білесіңдер ме? – деп күтпеген жерден оқыс сұрақ қойды. Біздер, жолсерік жолдастар, бір- бірімізге қарасып, жоқ дегендей сыңай таныттық. Ақсақал сол үнсіздікті бұзбай қымызын асықпай ішіп алған соң, баппен қияқ мұртын ширады да əңгімесін бастады. – Баяғыда, біздің жас кезімізде, – деп қария өзінің балалығын еске түсірді. – Арудай толықсыған май айында, құлын қара құлақтанғанда, жайлауға шыққандар іле-шала бие байлайды. Қыстан қысылып шыққан елжұрттың қағанағы қарық, сағанағы сарқ болып қалатын шағы – дəл осы кез. Балалар, сендердің естеріңде болсын, қазақтың «жағасы жайлауда» дейтін сөзінің төркіні осыдан шыққан. Ауыл-ауылдың «Желі байлар», «Қымыз мұрын» жасап мəре-сəре болатыны да осы уақыт.Сонда жарлы-жақыбайлар шіркін-ай, саба қымыздың дəмін татсақ деп тамсанатын. Саба – қыста соғымға сойылған жылқының терісінен жасалады. Оны жасау оңай шаруа емес. Жүні қырқылған тері-құрымда, қына да жатады. Ішіне құм салынып ай бойы ыстықта кептіріледі. Екі жағына жылқының сүр майы сіңірілген соң оны тағы да жарты айдан астам тобылғы, арша, қайың түтініне салады. Осылай бапталған саба бір жаз бойы бүлінбейді. Əрине, ол ауық-ауық жуылып, ысталып отырады.
Мұның бəрін тəптіштеп айтып отырған себебім – дұрыс ашымаған қымызды ыдысқа құйсаң ол быршып көпіріп тұрады, суы жиектеніп тұнады, дəмі ащы кермек татиды. Қазір бізде саба болмаса да мына шешелерің қымыз күбіні, піспекті, бие сауатын шелекті, тегене ожауды сүр маймен майлап, уақыт өткізбей жас балаша мəпелейді. Кейде күбіге бір тілік қант тастайды, – деп ақсақал біздің əрқайсысымызға барлай көз жүгіртіп, шара толы қымызға қолын соза берді. – Жұмеке, бұл жайды бұрын естімеп едік, деп біз бірі-бірімізге қарастық. Шынында да тəтті қымыздың жасалуы да оңай шаруа емес екен. Осындай қыруар еңбекпен бапталатын қымыздың қадірін орыстың атақты жазушылары да жақсы білген. А.С.Пушкин «Кавказ тұтқыны» поэмасының ескертпесінде: «Қымыз бие сүтінен ашытылады, бұл сусынды Азияның көшпелі жəне тау халықтары көп ішеді. Ол əрі дəмді, əрі шипалы сусын», – деген. Орыстың атақты жазушысы А.П.Чехов 1901 жылы Андреев санаторийінде қымызбен емделіп жүріп: «Қымыз ішкеніме бір-ақ апта болды, мейлің сен, мейлің сенбе, сегіз фунт салмақ қостым». Содан бес күн өткеннен кейін басқа бір хатында: «ІІ фунт салмақ қостым, күніне 4 бөтелке қымыз ішемін», – деп жазды. Ал ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың да бұдан бұрын 1870 жылы Самара даласында қымызбен емделгені жөнінде деректер аз емес. Айта берсек мұндай мысалдар аз емес. Ғылым мен техниканың бүгінгідей қарыштап өсіп отырған шағында облыс жұртшылығын бал татыған қымызбен қамтамасыз етудің жайы қалай, соған тоқталайық. 2. Көзден таса қалған соң КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А.Қонаев жолдас Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ІІ пленумында жасаған баяндамасында: «КПСС Орталық Комитеті біздің алдымызға жылқы шаруашылығын неғұрлым интенсивті дамыту міндетін қойып отыр. Бұл өте əділ талап. Саланы пəрменді жүргізу үшін республикада барлық жағдай бар.
Жабы, адай жəне көшім жылқыларының сойыстық жəне сауындық тұқымдарын одан əрі дамытуымыз, мамандандырылған ірі фермалар мен шаруашылықтар құруымыз, жылқы санының көбейтілуі мен сақталуын жақсартуымыз, жылқының талан-таражға салынуын жоюымыз, арзан жылқы еті мен шипалы сусын қымыз өндірісін молайтуымыз керек. Спорттық жылқылардың сапасын жақсартуды назардан тыс қалдырмаған жөн», – деп атап көрсетті. Əңгіме қымыз жайында болғандықтан алдымен көңілге осы біздің Орталық Қазақстанда жылқы шаруашылығының өсіп-өркендеу жайы қандай, жер-жерде оған деген көзқарас жақсы ма? – деген сұрақ оралады. Арқа жері төрт түлік малдың төресі атанған жылқы өсіруге өте қолайлы. Жылқыны бағып қағуға, шығынның аз кететіні, оның етінің сиыр етінен сапалы болмаса кем еместігі, қымызының шипалы екендігі кімге де болсын аян. Солай бола тұрса да осы түлікті өсіруге қырын қараушылық біздің облысымыздағы шаруашылық басшыларына да тəн болғаны өтірік емес. Оны мына бір факті айқын дəлелдейді. Алысқа бармай-ақ қоялық. 1972 жылдың 1 январында Қарағанды облысында 135 мың (онда Жезқазған облысы бөлінбеген) жылқы болды. Ал 1973 жылдың басында облыста қыл құйрық саны – 51 мыңға жетті. Егер əрбір совхоздың басшы мамандарының тарапынан жылқыға деген қамқорлық болса осы 51 мың жылқы жылдан жылға кемімей өсе түсуге тиісті еді. Көпе-көрнеу енжарлықтың, жауапсыздықтың, олақтықтың, салақтықтың нəтижесінде мыңдаған қыл құйрық боранда ықты, ит- құсқа жем болды, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. 1981 жылдың 1 июньдегі мəліметі бойынша облыста небары 28795-ақ жылқы қалды. Соңғы жылдарда жылқы саны 6700 басқа кеміп кетті. Осындай жауапты іске кім кінəлі? Егер жеке меншіктің қозысы бір күн үйіне келмесе, онда əлгі семья тайлы тұяғымен іздеп бүкіл ауылды адақтап шығады. Ал, жоғалған, ұрланған жылқыға кім жауапты? Иə, бұған жыл он екі ай бойы ат үстінен түспейтін, боран мен жауында табында болатын жылқышылар кінəлі шығар. Осылай десек те əр бөлімше, əр совхоздың басқарушыларының, товарлы жылқы фермасы меңгерушілерінің, қала берді бас мамандардың тарапынан да кездесетін қателіктердің бар екені аңғарылады. Неге десеңіз жылқыда
нақты есеп жоқ, ол соғымға сойылса да, «қасқыр жеді», «ығып кетті», «қыста баспана болмады» деген желеулермен есептен шыға береді. Осындай түлікті өсіруге ең қолайлы дейтін Егіндібұлақ ауданында оныншы бесжылдық жылдарында жоғалғаны, өлгені бар 3 мың жылқы ізім-қайым жоқ болып шықты. Осыншама тұяқты мал көбінде етке өткізілгенде қаншама адамның қажетін ашар еді? Көл-көсір резервтің жел ге ұшқаны осы емес пе? Жылқы өсіруге бейімделген «Айырық» совхозы былтыр етке тапсырылған 582 жылқының əрқайсысының межелі 300 килограмын орнына бар болғаны 262 килограмнан ғана өткізді. Бұл қаншама ұтылыс. Осының өзінен-ақ жылқы малына қалай болса солай қарауды аңғаруға болады. Қыруар мал жоғалып өле берсе, арзан шығынмен бағылатын жылқы өзін өзі ақтамаса онда егіндібұлақтықтар осы түлікті неге өсіріп отыр деген сұрақ көңілге ұялайды. – Бізде қазір 9 мыңға жуық жылқы бар, оның 2600-і бие, – дейді Егіндібұлақ аудандық партия комитетінің бірінші секратары Ш. Қуанышев, – бірақ бие сауғызуға ешқандай мүмкіндік болмай отыр. Аудан маңында жылқы жаятын жер жоқ, бəрі жыртылған. Адам күші жетімсіз. Барлық совхозда жылқы қоралары жоқ. Сонау Қарағандыға қымыз апарып сату ақылға сыймайды. – Шəке, соңғы уəжіңіздің жөні бар. Сіздер кеншілер астанасына қымыз апарып сатпай-ақ қойыңыздар. Ауданда аурухана, балалар бақшасы, пионер лагері, одан басқаларын айтпағанның өзінде 5 мыңға жуық халық бар ғой. Жаз айларында сол бір мезгіл ақ ішіп отырса қандай жақсы болар еді? – Əрине, əрине, оған сөз бар ма. Бірақ біздің биыл бие сауғызуымызға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ. Қарқаралы ауданында да соңғы жылдары қымыз өндірілмей отыр. Мұнда осыдан бірнеше жыл бұрын механикаландырылған орман шаруашылығының жанынан арнайы цех ашылып, одан қымыз сапыратын əдемі, əшекейлі, оюлы ожау, тегене, əртүрлі тостағандар шығарылғанда тұрғындар оны пышақ үлестіргендей талап алған-ды. Аудан орталығынан кигіз үй үлгісімен «қымызхана да» салынған.
Осыдан он шақты жыл бұрын «І май», Нүркен атындағы «Кирзия», Фрунзе, Жамбыл атындағы совхоздар (соңғы үш шаруашылық қазір Талды ауданына қарайды) бие сауып жұртшылықты қымызбен бір кенелткен еді. 1975 жылы Қарқаралы ауданынан 24 тонна қымыз сатылған болатын. Сол игі дəстүр соңғы жылдары ұмыт болды. Тұрғындардың əлгі əшекейлі ыдыстары шаңның астында қалды. «Қымызхана» жабылды. Жұртшылық сол уақытты қазір тамсана еске алады əр кез. Биыл аудан бойынша халыққа 50 тонна қымыз сатылуға тиісті деп жоспар қабылданған болатын. Бірақ июнь айының 10-на дейін бірде-бір литр сатылмады. – «Бесоба» жəне Нүркен атындағы совхозда жақын арада бие саууды ұйымдастырамыз. Ұмыт қалған игілікті істі қолға алып, енді тұрғындарды қымызбен қамтамасыз етуді мықтап ескереміз, – дейді Қарқаралы аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары Елеусіз Ержанов. Көршілес Талды ауданында да болып мамандармен тілдестік. – Біз Фрунзе атындағы совхоздың «Өзен» деп аталатын жылқы фермасынан 70 бие сауғызамыз. Сөйтіп тұрғындарға күніне 300 литр, күзге дейін 30 тонна қымыз сатамыз. Бірақ осы орайда едəуір қиындықтар да кездесіп отыр. Ноқта, арқан деген ұсақ-түйек заттар тапқызбайды. Ағаш бөшке, қымыз таситын арнайы автомашина қажет,– дейді Талды аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Коммуна Мұқанов. Маман сөзінде ащы шындықтың төркіні бар. Қар тепкендер қажымас қайран жылқының өзі соңғы жылдарда облыс, аудан басшыларының назарынан тыс қалып көшіп кеткеннен кейін ноқта, арқан, бөшке, ертоқым, жүген деген ұсақ-түйек бұйымдар сөз болып па?! Бір ғажабы неге екені белгісіз жылқыны көптеп өсіруге, қымыз өндіруге облыстың барлық аудандарының басшылары қырын қарайды. Елуінші жылдары Киевка поселкесінің тұрғындары таңертең «Путь Ленина» колхозы (қазіргі «Путь Ленина» совхозы). Байтуғаннан көкбие жеккен арбамен 2-3 бөшке қымыз əкелетін Тақыр есімді қарияны асыға күтетін еді. Сол жылдары «Киров» колхозының басқармасы Ақылбек
Ержұманов (2-3 жыл болды қайтыс болды, қазіргі «Уражайный» совхозы) Калинин атындағы колхозда (қазіргі «Чернигов» совхозы) бие сауғызатын. Онда бүгінгідей техника жоқ, адам күші де жеткіліксіз болса да қымыз мол еді. Ульянов ауданының Бабаев, Буденный атындағы, «Красный октябрь» совхоздары да Қарағандыға күн сайын қымыз əкеліп сататын. Бүгінде осының бəрі ұмыт болды. Қалай ұмыт болмасын бірнеше жылдан бері облыстың ауыл шаруашылық басқармасында жылқы малы өз алдына жеке сала болып бөлінбей қой шаруашылығы басқармасының қарауында болып келді. Ондағы қызметкерлер қымыз бен қазыны жақсы көретіні болмаса жылқыға ешқашан да жаны ашыған емес. Олай дейтініміз осы қой шаруашылығы бөлімінде қызмет істейтін Қайырбек Мырзаəліповтен: – Биыл облыс бойынша тұрғындарға қанша қымыз сатылу жоспарланып отыр? – деп сұрадық. – Онымен білмеймін, қажет болса жоспарлау бөлімінен сұраңыз, əйтпесе бастығымыз М.Əдекенов жолдасқа жолығыңыз, сол кісі білетін шығар, – дейді ол. Міне, жылқыға жаны ашитын, қамқор маманның сөзі осы. Ең өкінішті жай, жылқыны мыңдап өсіретін аудандардың басшылары осы түлікті пайдасыз малдың қатарына жатқызады. Олай дейтініміз, жылқының сапалы еті, бал қымызы ешқандай жоспарға енбейтін сияқты. Мəселен Тельман ауданының Аманкелді атындағы совхозынан жыл сайын сатылатын 40 тонна қымыз сиыр сүтінің жоспарына қосылған. Ал, қымыздың өз алдына атауы не жоспары жоқ. Бұл өте төзгісіз жай. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі жақында жылқы шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар туралы мəселе қарады. Осы қаулыда: «РСФСР, Өзбек ССр-і, Қазақ ССР-і, Қырғыз ССР-і жəне Тəжік ССР-і Министрлер Советіне сайыстық үйірлі жылқы шаруашылығының одан əрі дамытылуын, мамандандырылған сойыстық жылқы совхоздары мен жылқы фермаларының, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету ұсынылды», – деп атап көрсетілді.
Сүйікті партиямыз бен үкіметіміздің осы қаулысын басшылыққа алу Қарағанды облысындағы аудандар мен совхоз басшыларының абыройлы борышы дейміз. 3. Сарыбұлақтың бойында Қиындығына, қыруар қол жұмысын қажет ететініне қарамастан облысымызда бие сауып, қымыз өндіріп отырған жалғыз-ақ шаруашылық бар. Ол – Тельман ауданындағы Аманкелді атындағы совхоз. Мұнда осы игілікті іс 1976 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Содан күні бүгінге дейін қолға алынып отыр. Бұл туралы совхоз директоры Мəдениет Құламыров былай дейді: – Мен бұл совхозға 1976 жылы директор болып қызметке келдім. Сонда Ынтымақ бөлімшесінен бие сауатын арнаулы комплекс салынып жатыр екен. Осы объектіні Теміртаудағы синтетикалық-каучук заводының құрылысшылары жүргізеді. Сол комплекс күні бүгінге дейін толық аяқталмай отыр. Амалсыздан Сарыбұлақ деп аталатын жылқы фермасынан ескі екі имек қорадан биені машиналы қондырғымен сауатын қарапайым орынды өз күшімізбен жасадық. Міне, бес жылдан бері Теміртаудың сүт комбинатына 225 тонна қымыз өткіздік. Қазір Сарыбұлақта 96 бие сауылады. Таяу жылдарда бие санын 300 басқа дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Ал Ынтымақтағы комплекс бітіп, іске қосылса да онда бие саууға мүмкіндік жоқ. Неге десеңіз мұнда 300 сауын сиыр бар. Оны сауатын сауыншылардың 80 проценті пенсия жасына жетіп қалғандар. Демек бұл арада адам күші жетімсіз. Бұл бір. Екіншіден, Ынтымақ бөлімшесінде жылқы жайылатын жайылымдық тапшы. Егер совхоз орталығынан бие сауатын комплекс салынса, оған қажетті 400 гектар суармалы алқап бөлінсе, онда қажетті құнарлы жасыл азықты жəне бие жайылатын жерді толық шешер едік. Сөйтіп, 200-ден астам бие сауып қала тұрғындарына жылына 100 тоннадан асырып қымыз сатуға мүмкіндік туар еді. Ал, бұл мəселені əзірше аудан, облыс басшылары нақты шешпей отыр. Бізде 1977 жылы мыңнан астам жылқы болатын. Содан кейінгі уақытта бұл цифр едəуір кеміп кетті. Жоғарыдан келген нұсқау бойынша біраз жылқыны көршіліс совхоздарға бердік. Қазір шаруашылығымызда 645 жылқы, оның
ішінде 230 бие бар. Халықтың талап-тілегін ескеру үшін біз көп шығынға, еңбек адамдарының маңдай терінің төгілуіне қарамастан Сарыбұлақта жылда бие сауғызып, қалаға қымыз жіберіп отырмыз... Біз жылқышылар ауылына бие байлап жатқан кезде келдік. Сауылатын биелер име қораның ішкі екі қапталында қарапайым тəсілмен жасалған екен. Екі жағы ағашпен қоршалған. Жылқы шығып кете алмайтын ұзын да тар «коридорға» бірінен соң бірі тізіліп қамалады екен. Үйренген мама биелер бұған өздері кіреді. Ал, өмірі жүген, құрық көрмеген шу асаулар қора маңына тақап жоламайды да. Жылқышы Жанайдар Жұмашевтің, Сайлау Сəрсембаевтың, бие сауатын Далабай Мұсабеков, Қуан Əмірəлин, Əбусағит Əбдікəрімов, Сапарғали Шəкеновтердің жанкешті еңбектерін сонда көрдік. Жылқы фермасының меңгерушісі Алданыш Мұқтаров та күндіз-түні осы арадан табылады. Олар биылдың өзінде бұрын сауылмаған отыз биені машинаны қондырғымен саууға үйреткен. Мұндағы қыз-келіншек: Құралай, Бақыт Тəпеновалар, Рымбала Сəрсембаева, Алмагүл Бековалар да бие саууға едəуір машықтанып алыпты. Сауылған бие сүті қымыз цехында ағаш бөшкеде ашытылады. Оны сапыру механизм күшімен атқарылады. Ондағы мастер Жеміс Марзиева, оның көмекшісі Үміт Мұқтарова қымыздың тəтті, сапалы ашытылуына үнемі көңіл бөліп отырады. Сөйтіп күн сайын 380-400 литр қымызды шофер Мереке Ырысбаев плягпен Теміртаудың сүт комбинатына жеткізеді. Сарыбұлақ бойындағы осы бір тынымсыз еңбек, сонау қоңыр күзге дейін бір толастамайды. 4. Түйін Əрине, облыстағы жалғыз Аманкелді атындағы совхоздың жылына өндіретін 40-50 тонна қымызы Қарағанды, Теміртау оның серіктес қалаларындағы кеншілердің ауыз шаюына да жетпейді. Осы шешілмей келе жатқан қымыз проблемасы біздің газетімізде бұдан бұрынғы жылдарда да талай рет жазылған болатын. Бірақ одан аудандық, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшылары ешқандай қорытынды шығара алмай келеді. КПСС Орталық Комитеті мен СССР
Министрлер Советінің жылқы шаруашылығын өркендету туралы қаулысында нақты міндеттерді жан-жақты атап көрсетті. Соған орай алдағы істерді жүзеге асыру үшін қыруар жұмыстарды атқаруы керек. Біріншіден, барлық жылқы өсіретін шаруашылықтарда жылқы фермасы ұйымдастырылып, оған арнаулы қора салынып, ол қажетті жемшөппен адам күшімен толық қамтамасыз етілуге тиісті. Екіншіден, əрбір аудандардың совхоздарында бие сауылатын механикаландырылған комплекстің құрылысы салынса екен дейміз. Оның жаз күндері сауылатын құрылысына қаржы онша көп кетпейді. Үшіншіден, қымыздың əр литрінің нақты бағасы күні бүгінге дейін ескерілмей келеді. Елімізде жылқы өсіріп, қымыз сатуда өте бай тəжірибе жинақтаған Башкирияда əр литр қымыздың құны 1 сом 20 тиын болса, Аманкелді атындағы совхозда бір литр қымыз небары 41 тиынмен бағаланады. Бұл керемет шипалысусынның сыра құрлы құны жоқ деген сөз. Бұл – қаншама еңбектің, төккен маңдай тердің бағаланбауы деген сөз. Сондықтан Қазақ ССР ауыл шаруашылығы министрлігі мен мемлекеттік баға комитеті бие сауушылардың, қымыз ашытушылардың жалақысын нақты белгілеп, қымыздың əр литрінің құнының нарқын анықтау қажет-ақ. Төртіншіден, жылқы бағатын, бие сауатын, қымыз ашытатын маман кадрлар даярлайтын курстарды ұйымдастыру үнемі ұмыт болып жүр. КПСС ХХҮІ съезінің шешімдерінде он бірінші бесжылдықта халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жайы айырықша сөз болды. Демек, арзан жылқы еті мен шипалы қымыз өндіру əрбір аудан, облыс басшыларының назарында болуы керек. Бұл үшін облысымызда жағдай жеткілікті, мүмкіндік толық. Тоқсан ауыз сөзімізді түйіндей айтсақ қала тұрғындарын, кеншілерді, металлургтерді, химиктерді, құрылысшыларды жыл сайын құрғақ уəдемен емес, жеткілікті дəрежеде шипалы сусын – қымызбен қамтамасыз ететін уақыт жетті. Бұған облыстық ауыл шаруашылық
басқармасының беделді басшылары қалай деп жауап береді екен. Сол нақты жауапты асыға күтеміз. ДАЛАНЫ ƏН ТЕРБЕЙДІ Қарқаралы аудандық мəдениет үйінің «Салтанат» атты көркемөнерпаздар əн-би ансамблі Франциядан еліне қайтып оралды. Париж маңында өткен халықаралық фольклорлық фестивальде «Салтанат» ең таңдаулы творчестволық коллектив деп танылды... («Правда» газетінен) Əңгімеміздің кейіпкері – «Салтанат» ансамблінің əншісі, Қарқаралы аудандық мəдениет үйінің автоклуб меңгерушісі Нұрғали Найманбаев. Осыдан елу жыл бұрын Əміре Қашаубаев Парижде асқақтата əн шырқап, бүкіл əлемнің өнерсүйгіш қауымын елең еткізген еді. Енді сол жерге əнші өмірінің жалғасы бір топ жайраң қаққан немерелері келіп тұр. Елең-алаңнан тұрып, түн ортасы ауғанша Франция қалаларының концерт залдарында Қазақстан даласының жүрек тербейтін əсем əндерін қалықтатып, сазды күйлерін шалықтатқан жастар сол сəтте ерекше ұмтылмас əсерде еді. Олеорон қаласындағы концерттен кейін түскі асқа келгенде Нұрғали да жайраң қағып, таңертеңнен бері алған мол əсерін жолдастарынан жасыра алмады. Мана көшеге шыққанда ол алдыңғы қатарда «СССР Қазақстан» деп жазылған ансамбль адресін ұстап келе жатқанда үстінен алқызыл гүл шоқтары жауып кеткен-ді. Сонда ол өзінің кең байтақ елінің ұлылығын, айбындылығын бар болмысымен сезінген болатын. Сол жүрекжарды сезімнен əлі айығып үлгермеген сəтте қасындағы əнші, биші серіктері жан-жағынан кеукеулеп кетті. – Нұрғали, туған күнің құтты болсын. Даяшы қыз Нұрғалиға отыз саны жазылған шырақданды сыйға тартқанда кең бөлменің ішінде «Катюша» əні шалқып кетті. Тілегі бір, жүрегі бір он төрт елдің ұлдары мен қыздары төгілткен осы əуен, алаулап жанған шырақдан Нұрғали көңіліне нұр сəулесін қонақтатып жатты. Жігіт ағасы атанған əнші ақ көңіл алғысын «Ақ құсым» əнімен
шырқап білдірді. Сиқырлы, сазды əуен кең тыныстап, еркін шарықтап аспандайды да, енді бірде мың сан жүректерді дір еткізіп, баяу қалықтайды. Тағы да ыстық ықылас, толайым тілектің айғағындай дүр еткен шапалақ жаңғырығы жауып кетті. Нұрғали сыртқа көңілді шықты. Алыстан Переней тауы қарауытады. Табиғаттың тылсым сыры ғажап қой. Сағым ойнап, көк мөлдір аспанға тəкаппарлана асылған осы тау өзінің көз алдында Алатауды, Қарқаралы шыңдарын елестетті. Жат елдің көңілге тікендей қадалған əлгі көрінісінен Нұрғали тіксініп, өзінің алыстағы саумал ауалы, жасыл жайлаулы, күміс бұлақты туған жерін еске алды. Ондағы адамдардың жаны да жазиралы көктем. Мейлі малшы, немесе диқанға бар кімді болсын құшағын ашып, өз туысындай қарсы алмай ма?! Нұрғали туып өскен елін, кіндік кескен жерін сағынып кетті... Биыл жазда Қарқаралы атырабы масаты кілемге бөленіп жылдағыдан ерекше күй танытты. Тау да, тас та, сай-сала да көкпеңбек, жасыл жамылып алыстан өзіне қол бұлғайды. Қарағайлы алқаптың жанға жайлы саф ауасында сан құстардың шырқаған əні бір толастар емес. «Кубань» деп аталатын автоклубты жүргізіп келе жатқан шофер жігіт Аманкелді Адамов тым көңілді. Манадан бері бір əуенді ұзақ ыңылдап келе жатқан. Содан жалықты білем қасындағы серігіне тіл қатты. – Нұраға, сіз өз республикамыздағы өнер өкілдерімен кездесіп көрдіңіз бе? Бұл Нұрғалидың күтпеген сұрағы еді. «Баламысың деген осы-ау. Не болса соны сұрайды». – Осыдан бірер жыл бұрын Алматыда аттас əнші Нұрғали Нүсіпжановпен кездестім. – Білесің бе өзің, бұл кісіні, – деп ол шофер жігітке қарады. Аманкелді шының ба дегендей аңтарыла қарады. – Əйгілі əнші сонда мені сырттай білемін деді. Екеуміздің даусымызда табиғи ұқсастық бар деп айтты. Осы бір жылы лебіз мен үшін өте қымбат. Содан кейін республика теледидарынан əн шырқадым. Бұл бір де.
Өткен жылдың август айында «Лениншіл жас» газетінде Шəміл Əбілтаевтың ақын Кəкімбек Салықовтың «Сені іздеймін» деген өлеңіне шығарған əні жарияланды. Сол күнгі газет санын мен əрдайым қастерлеп сақтаймын. Онда: «Өнеріміз үндес, Нұрғали Найманбаевқа осы əнді бірінші болып орындағаны үшін құрметпен сыйлаушы Шəміл Əбілтаев. 27.VІІІ Алматы» деп жазылған. Мұны мен өнерге деген ыстық ілтипат деп бағалаймын. Машина бұл кезде қарағайлы қалың орманнан өтіп, қайың талы аралас өскен тау бөктеріне қарай бұрылды. Осы кезде əңгіме желісі басқа арнаға ауысты. – Дұрыс-ақ. Үш-төрт күн Нүркен атындағы совхоздың малшыларын аралап, əрмен қарай «Востокқа» аттанып кетеміз. Бүгін Шонай, Нөкеш, Аршалы қыстақтарында болайық. Қой қораланып, мал əбден жайғасқан соң үй иесі Қапыштың үйіне көршіліс қонған шопандар жинала бастады. Аралары алыс болмаса да бір-бірін сирек көретін көршілер алдымен амандық сұрасып, мəре-сəре болып қалды. – Нұр жаусын, Нұрғали балам! Сен келдің, енді əн мен əңгіме-кеңеске бір жарып қалатын болдық қой, – деп кəрі ана да алғысын айтып бəйек болып жатыр. Магнитафон тетігі басылғанда таныс дауыс естіліп, совхоздың маңдайалды, Ленин орденді озат шопаны Іңкəрбек Шаяхметов сөйлеп кетті. өз тəжірибесін ортаға салып жатыр. Əбдуəлі Ақтанов, Дəлди Ыбыраев, Қапыш Тамабаевтар үн-түнсіз аға шопанның ақыл- кеңестерін тыңдай бастады. – Мынау өзі тамаша екен. – Өзіңді көріп тұрғандай сөйлейді ғой. – Ғажап-ақ. Тілеуіңді берсін Нұрғали! – десіп шопандар жамырай сөйлеп кетті. Одан кейін кино басталды. Шай үстінде автоклуб меңгерушісі шопандарға Қазақстанның миллиард пұт астығы жайлы, КПСС
Орталық Комитеті июль (1978 ж.) Пленумның шешімдерін əңгімелеп, еңбек адамдарының тілек-талаптарын жазып алды. Мұндай уақыт та тым жылдам. – Кешігіп қалыппыз ғой. Таңертең ерте тұрамыз. Ал Нұреке үш-төрт өлең шырқап жібер енді! – Əнші жігіт бұлданған жоқ. Қолына баянын алды. Нұрғалидың зор үнді даусы шопан үйінің терезесін дірілдетіп, сонау тау басындағы ұшар шыңдарға қонақтап жатты. Түн ортасы жақындағанда шопандар: – Өркенің өссін! Автоклубтың бүкілодақтық байқауында жүлдені тегін алмаған екен. Өзіңнің дипломдарың да қайырлы болсын. Жүрген жеріңде əн көкжиегін кеңейте бер, – деп тілек білдіріп орындарынан тұрды. Тағы да сұлу таң атты. Көк майса көмкерілген қайыңды, қарағайлы, үкілі талды, күміс бұлақты жағалаған қара жолдың бойымен автоклуб тағы да сапар шегіп кетіп бара жатты. Оглавление ЖАУЫРЫНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕГЕН ҚЫРАНДАР ҚИЯСЫ АЛТЫН АРНА
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177