Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Д.Төлеутайұлы - Бизнеске бағыт

Д.Төлеутайұлы - Бизнеске бағыт

Published by Макпал Аусадыкова, 2022-04-06 05:46:57

Description: Д.Төлеутайұлы - Бизнеске бағыт

Search

Read the Text Version

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) 14) 910.00.014 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңы) сәйкес міндетті зейнетақы жарналарынан есеп- телген кірістің сомасы 255 000 теңгені құрады (42 500 теңге х 6 ай), мұнда 42 500 теңге – 2019 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республи- касының заңымен белгіленген ең төменгі еңбекақы- ның мөлшері; 15) 910.00.015 жолы бойынша дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 25  500 теңгені құрады (255 000 х 10%), мұнда 10% – міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі; 11. «Жеке тұлғалардың ЖТС және әлеуметтік төлемдерін есептеу» деген бөлімде: 1) 910.00.017 I жолынан бастап 910.00.017 VI дейінгі жолдарында есепті кезеңнің әрбір айына ар- налған жеке тұлғаларға төленген, Қазақстан Респу- бликасы азаматтарының табысынан есепке жатқы- зылған және бюджетке аударуға жататын ЖТС сомасы көрсетіледі. 910.00.017 VII жолы 910.00.017 I жолынан бастап 910.00.017 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде ай- қындалатын жарты жылдыққа арналған Қазақстан Республикасы азаматтарының табысынан есепке жатқызылған ЖТС жиынтық сомасын көрсету үшін арналған; 2) 910.00.018 I жолынан бастап 910.00.018 VI дейін- гі жолдарында есепті кезеңнің әрбір айына арналған жеке тұлғаларға төленген, шетелдіктер мен азамат- тығы жоқ тұлғалардың табысынан есепке жатқы- — 150 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) зылған және бюджетке аударуға жататын ЖТС сома- сы көрсетіледі. 910.00.018 VII жолы 910.00.018 I жолынан бастап 910.00.018 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде ай- қындалатын жарты жылдыққа арналған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табысынан есепке жатқызылған ЖТС жиынтық сомасын көрсету үшін арналған; 3) 910.00.019 I жолынан бастап 910.00.019 VI дейінгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес салық кезеңі үшін табыстар түрінде жеке тұлғаларға төленетін жұмыс беруші шығыстарының сомасы көрсетіледі. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамада белгіленген әлеуметтік аударымдар объектісінен есептелінген мөлшерде жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есептеуге қабылданған ай сайынғы табыс Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі еңбек ақының он есе мөлшерінен артық болмауы керек. Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы Заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады. 910.00.019 VII жолы 910.00.019 I жолынан бастап 910.00.019 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде ай- қындалатын жарты жылдыққа арналған әлеуметтік — 151 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) аударымдарды есептеуге қабылданған жеке тұлға- лар табысының жиынтық сомасын көрсету үшін ар- налған; 4) 910.00.020 I жолынан бастап 910.00.020 VI дей- інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі. 910.00.021 VII жолы 910.00.020 I жолынан бастап 910.00.020 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде ай- қындалатын жарты жылдыққа арналған әлеуметтік аударымдарының жиынтық сомасын көрсету үшін арналған; 5) 910.00.021 I жолынан бастап 910.00.021 VI дей- інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған міндетті зейнетақы жарнасы ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасы көр- сетіледі. 910.00.021 VII жолы 910.00.021 I жолынан бастап 910.00.021 VI дейінгі жолдардардың сомасы ретінде айқындалатын жарты жылдыққа арналған міндет- ті зейнетақы жарнасы ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың жиынтық сома- сын көрсету үшін арналған. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс; 6) 910.00.022 I жолынан бастап 910.00.022 VI дейінгі есепті кезеңнің әрбір айына арналған жеке тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы — 152 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) көрсетіледі. 910.00.022 VII жолы 910.00.022 I жолынан бастап 910.00.022 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде ай- қындалатын жарты жылдыққа арналған міндетті зейнетақы жарнасының жиынтық сомасын көрсету үшін арналған; 7) 910.00.023 I жолынан бастап 910.00.023 VI дейінгі есепті кезеңнің әрбір айына арналған Зей- нетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстар- дың сомасы көрсетіледі. 910.00.023 VII жолы 910.00.023 I жолынан бастап 910.00.023 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын жарты жылдыққа арналған Зейне- тақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес мін- детті кәсіптік зейнетақы жарнасы ұсталатын (есеп- телетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың жиынтық сомасын көрсету үшін арналған; 8) 910.00.024 I жолынан бастап 910.00.024 VI дей- інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасының сомасы көр- сетіледі. 910.00.024 VII жолы 910.00.024 I жолынан бастап 910.00.024 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде ай- қындалатын жарты жылдыққа арналған міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасының жиынтық сомасын көрсету үшін арналған; 9) 910.00.025 I жолынан бастап 910.00.025 VI дей- інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тура- лы заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық — 153 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) сақтандыру жарналарын және аударымдарын есептеу үшін алынатын табыстарының сомасы көрсетіледі. 910.00.025 VII жолы 910.00.025 I жолынан бастап 910.00.025 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде ай- қындалатын жарты жылдыққа арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтанды- ру жарналарын және аударымдарын есептеу үшін алынатын табыстарының жиынтық сомасын көрсету үшін арналған; 10) 910.00.026 I жолынан бастап 910.00.026 VI дей- інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тура- лы заңға сәйкес жұмысшыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының және ауда- рымдарының сомасы көрсетіледі. 910.00.026 VII жолы 910.00.026 I жолынан бастап 910.00.026 VI дейінгі жолдардың сомасы ретінде ай- қындалатын жарты жылдыққа арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының жиынтық сомасын көрсету үшін арналған; 12. «Запастар бойынша деректер»: 910.00.027 жолында запастардың құны көр- сетіледі: А – жолында толық салық кезең басындағы запастардың құны көрсетіледі; В - жолында толық салық кезең соңындағы запастардың құны көрсетіледі; С - жолында толық алынған запастар, жұмыстар, қызметтердің құны көрсетіледі; Бұл жол тек үш құрамдасты интеграцияланған — 154 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) жүйені қолданған жағдайда толтырылады. 13. «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН» деген бөлімде: 1) 910.00.028 жолында дара кәсіпкердің орна- ласқан жері бойынша аудандық маңызы бар қала- ның, ауылдың, кенттің, ауылдық округтiң әкім аппа- ратының БСН көрсетіледі. Бұл ретте, дара кәсіпкердің орналасқан жері мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орыны болып танылады. 14. «Салық төлеушінің (салық агентінің) жауап- кершілігі» деген бөлімде: 1) «Салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» жолында құрылтай және жарлық құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі. Егер декларацияны жеке тұлға табыс еткен жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі; 2) декларацияның мемлекеттік кірістер органы- на тапсырылған күні; 3) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды. Бұл ретте, дара кәсіпкердің орналасқан жері мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны болып танылады. — 155 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Резидент заңды тұлғаның орналасқан жері құрылтай құжаттарында көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері болып танылады. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері мемлекеттік кірістер органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері болып танылады; 4) жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды. Бұл ретте, жеке тұлғаның тұрғылықты жері азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны болып танылады. Салық есептіліктері мерзімінен кешіктіріліп тапсырылған жағдайда бірінші рет орын алған заң бұзушылық үшін ескерту беріледі. Заң бұзушылық 1 жылдың ішінде қайталанатын болса дара кәсіпкерлерге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Дара кәсіпкер салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтату, толықтай қызметін тоқтатуды қалай жүзеге асырады? Халық арасында дара кәсіпкерлікті ашу оңай, жабу өте қиын деген ой бар. Шын негізінде мүлдем олай емес. Егер дәл қазір кәсібіңізде қиындықтар туып, әзірге жұмыс істеуге мүмкіндік болмай жатса салық есептілігін табыс етуді 3 жылға дейін тоқтатуға — 156 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) болады. Ол үшін y Барлық салық есептіліктеріңіз уақытылы тапсырылған болу керек y Салық және басқа да міндетті төлемдеріңіз бойынша қарызыңыз болмау керек y ДК тіркелген ауданның салық басқармасына ДК-ті уақытша тоқтату бойынша салық өтінішін өткізуіңіз керек Салық басқармасы салық өтінішіңізді қарастырып, 3 жұмыс күнінің ішінде шешім шығаруы тиіс. ДК-ті 3 жылға тоқтатып қойып, 1 жылдан кейін жұмыс бастағыңыз келсе ДК-ті жандандыру бойынша салық өтінішін тапсыруыңызға болады. Сол күнмен ДК жұмыс бастауына рұқсат. Егер кәсіпкерлікті мүлдем жапқыңыз келсе, ол 2 түрлі жолмен жүзеге асады. 1. Жеңілдетілген түрі 2. Салықтық тексеру арқылы Жеңілдетілген түрімен ДК-ті жабу үшін келесідей шарттарға сәйкес келуіңіз керек: • қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын; • тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарына немесе ішінара салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген болуыңыз керек. Дара кәсіпкер қызметті толықтай тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, орналасқан жеріндегі — 157 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) салық органына бір мезгілде: 1. қызметін тоқтату (жабу) туралы салықтық өтінішті; 2. рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны, осындай есепке алу болған кезде; Егер ондай жекелеген қызмет түрі болмаған болса бұл өтініш өткізілмейді. 3. таратудың салықтық есептілігін; 4. бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады. Егер бақылау касса машинасы болған болса, әрине. Егер касса болмаған, тек банктен шот ашылған болса, сол шотты жабу керек болады. Жеңілдетілген түрі бойынша ДК қызметі 3 жұмыс күнінің ішінде тоқтатылуы тиіс. Егер сіз қосылған құн салығының төлеушісі болсаңыз, жоғарыдағы өтініштермен бірге ҚҚС (қосылған құнға салық) есебінен шығару туралы өтініш өткізесіз. ДК қызметін тоқтату туралы өтінішіңізді аудит бөлімі қарастырып, тексеру жүргізеді. ДК қызметі аудиттің тексерісі негізінде жабылады. — 158 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өз- дерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. ЖШС заңды тұлға болып табылады. ЖШС құру тәртібі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Құрылтай шартында мыналар болуға тиіс: 1. серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері; 2. серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі; 3. серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді — 159 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай- ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау; 4. серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері; 5. серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай- ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары; 6. құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі; 7. серіктестік жарғысын бекіту; 8. серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі. Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне қатысты заңға қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін. Құрылтай шартымен қатар жарғысы жасалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады. — 160 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында: 1. серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы; 2. серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi; 3. серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер; 4. серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті; 5. серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері; 6. серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi; 7. серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі; 7-17 серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы; 8. серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс. Егер серіктестікті бір адам құрса, оның — 161 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) жарғысында мүлікті құру мен табысты бөлу тәртібі де белгіленеді. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін. Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Мемлекеттiк тiркеу деректерi, оның iшiнде серiктестiктiң фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшерi, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жерi туралы мәлiметтер бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізіледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар: 1. құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті; 2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынуға тиіс. Осылай тіркеуден өткен ЖШС деректері автоматты түрде салық органдарының базасына енеді. ЖШС 2 салық режимінің біреуін таңдауға құқылы: — 162 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) 1. Жалпыға бірдей салық режимі 2. Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі Патент негізіндегі салық режимін ЖШС пайдалана алмайды. ЖШС-ның ДК-тен айырмашылығы: 1. ЖШС қайта ұйымдастыруға, басқа ЖШС-терімен біріктіруге немесе бөлініп шығуға болады. 2. ЖШС-тің филиалдарын ашуға болады, 3. ЖШС-ның құрылтайшылар құрамын, басшысын ауыстыруға болады. Бұл мүмкіндіктер ДК-те жоқ. Мысалы, ДК-ті басқа адамның атына ауыстыра алмайсыз, дайын бизнес ретінде сата алмайсыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен таратылуы мүмкін.    2. Сот шешімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік:       1) банкрот болған;       2) серіктестікті құру кезінде жоюға болмайтын сипатта заң бұзушылыққа жол берілуіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылған;     3) қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заң актілерімен тыйым салынған қызметті не заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып — 163 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) жүзеге асырған жағдайларда;   4) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін. 3. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушысы болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда мұндай серiктестiк таратылуға тиiс. Бұл орайда серiктестiк құрылтайшысын таратуды жүргiзетiн тарату комиссиясының (таратушының) өтiнiшi бойынша сот серiктестiктi тарату жөнiндегi тарату комиссиясын (таратушыны) тағайындайды. Заңды тұлғаны тарату рәсімдерінің кезеңдері: • меншік иесі, уәкілетті орган немесе соттың онда тарату тәртібі және мерзімдерін анықтаумен (конкурстық басқарушыны тағайындау) тарату комиссиясын тарату және құру туралы шешімді қабылдау; • тарату комиссиясына (конкурстық басқарушыға) таратылатын заңды тұлғаның мүлкін және істерін (шаруашылық қызметін) басқару бойынша барлық өкілеттіктерді беру; • заңды тұлғаны тарату жоспарын құрастыру; • аумақтық мемлекеттік тіркеу органы және салық комитетінің заңды тұлғаны тарату туралы қабылданған шешімі туралы жазбаша хабардар ету; • заңды тұлғаны тарату туралы, сондай- ақ орталық баспа басылымдарындағы оның кредиторларының шағымдарының өтініштерінің мерзімдері туралы ақпаратты — 164 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) жариялау; • барлық кредиторларға жекелеп заңды тұлғаны тарату туралы жазбаша хабарлама жіберу; • таратылатын заңды тұлғаның есеп айырысу және валюталық шоттары бойынша карточкалардағы лауазымды тұлғалардың қолдарын ауыстыру және банкте тарату шотын ашу; • қысқартылатын жұмыскерлерді хабардар ету және қысқарту бойынша шаралар кешенін, олармен есеп айырысуларды жүргізу және оларды жұмысқа орналастыруға көмектесу; • дебиторлық қарызды анықтауға және алуға шараларды анықтау; • кредиторлық және дебиторлық қарыздың тізілімдерін құрастыру; • аумақтық салық комитетімен бюджетке міндетті басқа да төлемдер және салықтар бойынша есеп айырысулар; • олардың жарғылық капиталындағы акциялар немесе үлестерді сату (салымдар) жолымен басқа заңды тұлғалар (қатысушылар) құрамынан шығу; • активтер және міндеттемелер инвентаризациясын жүргізу, аралық тарату балансын құрастыру және бекіту; • сатуда (тендерлерде, аукциондарда) мүлікті (конкурстық массаны) өткізу және қолданыстағы заңнамамен көзделген кезектің тәртібінде кредиторлармен есеп айырысулар жүргізу. Ескерту: бұл жерде тек заңды тұлғаның өзінің ғана емес сонымен қатар құрылымдық бөлімшелердің (филиалдардың, өкілдіктердің — 165 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) және т.б.) қарыздары өтеледі; • тарату салық есептілігінде көрсетілетін салықтар және басқа міндетті төлемдерді төлеу оны ұсынған күннен бастап он күн ішінде жүргізіледі. Таратылатын заңды тұлғаның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің салық қарызы оның ақшасы есебінен, соның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте өтеледі. • Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық қарызын өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық қарызының қалған бөлігі 34-баптың 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) өтеледі; • лицензияларға заңды тұлғада бар мемлекеттік лицензияларды тапсыру; • барлық кредиторларды қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті акционерлер немесе қатысушылар арасында бөлу, ал одан бас тартылған жағдайда аталмыш мүлікті кез келген үшінші тұлғаның меншігіне немесе иелігіне беру; • түпкілікті тарату теңгерімін құрастыру және бекіту; • тарату рәсімін аяқтау туралы есепті меншік иесі, оларға өкілетті орган немесе сот алдында дайындау (конкурстық өндіріс); • салық органдарынан бюджет алдында салықтық берешегі бар немесе жоқтығы туралы анықтама — 166 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) алу  және салық есебінен алу; • қызмет көрсететін банкте шотты жабу (шоттарды); • жоюүшінзаңдытұлғаныңмөрінқабылдаутуралы аумақты ішкі істер органында анықтамалар алу; • аумақтық әділет басқармасында заңды тұлғаны тарату рәсімдерін жүргізу туралы құжаттар пакетін ұсыну; • заңды тұлғаны таратуды тіркеу туралы құжатты әділет департаментінде алу; • таратылған заңды тұлғаның қалған құжаттарын аумақтық мұрағатқа тапсыру. Байқағаныңыздай ЖШС ашу да жабу да Дара кәсіпкерлікке қарағанда күрделірек үрдіс. Бірақ соған қарай өзіндік ерекшеліктері де бар. Кәсіп бастар кезде соның бәрін ескерсеңіз, әрекетке-берекет болары анық. — 167 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) — 168 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) V бөлім Бизнес бастауға арналған бағдарламалар (2020) — 169 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Бизнес бастауға арналған бағдарламалар (2020) «Тәуекел» деп кәсіп ашамын дейтін жандардың ең басты қажеттілігі – қаржы болып табылады. Өкінішке орай, қажетті қаражаттың болмауынан салы суға кетіп, кәсіп ашу ойынан айнып шыға келетіндер қарасы көп. Сонымен елімізде бизнесті бастау үшін арналған бағдарламалар, кредиттердің түрлері өте көп, соның біраз бөлігіне тоқтала кетейін. «ZhasProject» Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы, елімізде 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама жұмыссыз жүрген жастардың (18-29 жас) кәсіп ашып, ісін өркендетуге бағытталған. 2019 жылы аталған бағдарлама Нұр- Сұлтан, Алматы қалаларында сонымен қатар Ақмола облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы және Маңғыстау облыстарында жүзеге асқан болатын.  Жеңімпаздар ішінде менің командам да — 170 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) болған еді. Қайтарымсыз миллион және 6 ай бойы шәкіртақы сіздің кәсіп ашуыңызға жақсы мүмкіндік. Биыл Алматы және Қарағанды облыстарына 250 грант бөліп отырған жобаға өтінімдер 1 ақпаннан 1 наурызға дейін қабылданған болатын. Аталған жоба жеңімпаздары жоғарыда айта кеткен кәсіп ашуға миллион теңге сонымен қатар жоғары оқу орнының түлектеріне 60 000 теңге, қалған қатысушыларға 40 000 теңге ай сайынғы өтемақы төленеді. ZhasProject жобасының жеңімпаздарының бірі ретінде бірнеше кеңес бере кетейін: 1. 3 адамнан 5 адамға дейін команда жинау. Қатысушылардың ең көп санын тартуды ұсынамын – жоба үш адамнан кем командамен іске асырылмайды. Егер қатысушылардың біре- уі белгілі себептер бойынша жобадан шыққан жағдайда, жоба жабылады.  Қатысушыларды ауыстыруға болмайды, яғни Серік, Марат, Майра болып бастасаңыздар жоба соңына дейін осы команда қалуы тиіс, біреу шығып қалса жобаңыз жабылады. 2. Топтың әр қатысушысы  тіркеуден  өтіп, барлық қажетті тармақтарды толтыруы тиіс. Өтінішпен алдын ала оқып, танысып алыңыз. Толтыру барысында сізге бірқатар құжаттарды бекіту қажет болады, оларды алдын ала дайындаңыз. Команда көшбасшысы кім болатынын анықтап алыңыздар. 18 жастан кіші қатысушы топ көш- басшысы бола алмайды; 3. Конкурстық өтінімдерді іріктеудің кезеңдерін қадағалап отырыңыздар; Бұл жобаға өтініш беру www.zhasproject.kz сайты — 171 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) арқылы. Немесе басқа да толыққанды ақпараттарды тап осы сайттан ала аласыздар. «БАСТАУ 2020» бизнеске арналған несиелер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы- ның бастамасы ұйымдастырып отырған бұл жоба жасыңызға қарамайды, несие алу үшін басты шарт кепілдікке жылжымайтын мүлік, пәтер, үй, жер учаскісі, депозит қою міндетті. Аталған жобаға жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, еңбекке жарамды мүгедектер, оралмандар, көшіп келгендер, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелері, бизнесі 3 жылдан аз уақыт жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Жобаға қатысу үшін өз қалаңызда немесе ауданыңыздағы кәсіпкерлер палатасы филиалына бару керек немесе academy.atameken.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады. Оқу ұзақтығы 20 күн және сабақ барысында шәкіртақы аласыз (16759тг). Оқыту аяқталған кейін тест тапсыру нәтижесі бойынша сертификат ала аласыз, аталған academy.atameken.kz сертификат 6%-бен несие алу мүмкіндігін ұсынады. Аталған бағдарлама 2020 жылдың наурыз айында басталады. Толығырақ 1432 телефон нөмері арқылы біле аласыз, қоңырау шалу тегін. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жас кәсіп- керлерге ұсынып отырған екінші сайты atameken. co. Сайтта Билл Гейтстің (Microsoft компаниясы- — 172 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) ның негізін қалаушы) жетістікке қалай жеткенінен бастап тегін онлайн сабақтарға дейін барлығы бар. Сайтқа тіркелу тегін, телефон нөмеріңізді жазу жет- кілікті. Ең ыңғайлы тұсы – видео-сабақтар бар, олар аяқталғаннан кейін сабақтың электронды көшірмесін өзіңізге жүктей аласыз. Бірнеше сабақ өткеннен соң тест тапсыру арқылы материалды қайталауға болады. Жоғарыда айтыла кеткен сайт кәсіпкерліктің негізін үйренуге тамаша мүмкіндік. Ішінде дайын тұрған бірнеше StartUp жобалар да бар. Әйелдерге арналған бағдарламалар («Женщины в бизнесе») Елімізде әйелдердің кәсіпкерлігіне байланысты бірнеше бағдарламалар бар. Бизнес-ледилерге ар- налған несиелендіруді үш банк жүзеге асырып отыр: HalykBank, БанкЦентрКредит және ForteBank. 1. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған HalkBank ұсынып отырған бағдарлама арқылы сіз 10 миллион теңгеге дейін несие алу мүмкіндігіне ие боласыз. Несие бойынша сыйақы үстемесі алынған қарыз ұзақтығына байланысты 5,8%-дан (2 жылға дейінгі мерзім) 7,4% (9 жылға дейін) аралығында болады. Несиелендіру шарты кәсіп орын басшысы әйел адам болуы керек немесе бірнеше басшысы бар кәсіпорында басшы әйелдердің пайыздық мөлшері 50% көп болуы тиіс. Несие беруге жылжымайтын мүлік, депозит шоттар немесе сол баяғы DAMU фонды кепілдік бола алады. Банкке қажетті құжаттарды — 173 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) онлайн өткізу мүмкіндігі halykbank.kz қарастырылған, ол үшін halykbank. kz сайтына кірсеңіз жеткілікті. 2. БанкЦентрКредит ұсынып отырған әйелдер кәсіпкерлігіне бағытталған несиелер. Несиенің пайыздық ставкасы 14%-дан бастап, максималды 550 миллион теңге қаражат алуға рұқсат етілген. Ұзақтығы 60 ай. Несиелендіру шарты кәсіп орын басшысы әйел адам болуы керек немесе бірнеше басшысы бар кәсіпорында басшы әйелдердің пайыздық мөлшері 50% көп болуы тиіс. Шарттары сол 15-20% бастапқы жарнаңыз болу керек және несиені төлей алатыңызды дәлелдейтін құжаттар. 3. ForteBank ұсынып отырған әйелдер кәсіпкер- лігіне бағытталған бағдарлама. Несиенің пайыздық ставкасы 15%-дан жоғары, 900 миллион теңгеге дейінгі қаражаты 120 айға алуға болады. Несиелендіру шарты кәсіп орын басшысы әйел адам болуы керек немесе бірнеше басшысы бар кәсіпорында басшы әйелдердің пайыздық мөлшері 50% көп болуы тиіс. Аталған бағдарлама бойынша несие алу үшін басында жазып өткен «Атамекен» кәсіпкерлер палатысындағы оқудан бастайсыз. Егер де бизнесіңіз болса бірден несие алуға өтініш қалдырсаңыз болады. Шарттары сол баяғыдай 15-20% бастапқы жарнаңыз болу керек және несиені төлей алатыңызды дәлелдейтін құжаттар. — 174 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) «DAMU» DAMU - кәсіпкерлерді дамыту қоры. Аталған қор еліміздің барлық облыстарында сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оқыту жүргізеді. Қор арқылы өз ісіңізді бастауға несие алуға болады. Несие алу үшін ең алдымен жоғарыда айта кеткен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып оқудан өтіп, тиісті сертификат алуыңыз керек. Одан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН-ға) ба- рып ДК немес ЖШС ашуыңыз, маркетологқа барып бизнес-жоспарды жасату керек. Келесі қадам 15-20% бастапқы жарна жинау. Осының барлығын істеген соң DAMU-ға барып кепілді несие ала аласыз. Қордың несиелендіру бойынша негізгі 3 бағыты бар: 1. Ісін жаңа бастағандарға арналған бағдарлама. Атауы айтып тұрғандай бизнес бастағысы кеп жүрген жандарға. Жоба қатысушылары алдымен оқытудан өтеді, артынша несиелендіру жүргізіледі. Алынған несиені субсидиялау, қарапайым тілмен айтқанда кредиттің пайыздық мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі ие боласыз. «Даму Оптима» - кепілдік (гарантия), яғни сіздің кепілдікке беретін сомаңыз жетпи тұрса, қор сіз үшін кепілдік бола алады. Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшері 30 миллион теңгеге дейін. Жалпы қарыз сомасының 85%-на дейін. Бұл бағдарлама арқылы келесі – BankRBK, BankCentarCredit, EurasianBank, TengriBank, Alfa- Bank, ForteBank, VTB, Сбербанк, NURBANK, АТФБанк, CapitalBank, KassaNOVAbank жұмыс істеп жатқан банктер болып табылады. 2. Бизнесі барларға арналған бағдарлама. Егер — 175 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) сіздің кәсібіңіз болса бұл бағдарлама сізге арналған. Несие сомасы 21 208 000 теңгеден, банктің несие бойынша мөлшерлемесі 6% -ға дейін. Жалпы қарыз сомасының 50%-на дейін қор кепілдік бола алады. Бұл кепілдік бойынша несие алу үшін басқа кредиттеріңіз бойынша 90 күн «просрочкаңыз» болмауы тиіс, сонымен қатар соңғы 5 жылдағы «кредитная историяңыз» жақсы болуы міндетті. Несие беретін банктер – BankCentarCredit, EurasianBank, ForteBank, VTB, Сбербанк, АТФБанк, МФОДаму, HalykBank. Айтпақшы DAMU ұсынып отырған барлық 3 бағдарлама бойынша егер де төлем қабілеттілігін дәлелдей алмай жатсаңыз қасыңызға кепіл адам (га- рант) қосуға болады. «Астана Start Up» Бұл бағдарлама Нұр-Сұлтан тұрғындарына арналған. Аталған бағыт бойынша несиені жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер, сонымен қатар бизнесі барларға да алуға мүмкіндіктері бар. 50 миллион теңгеге дейін қаражатты серіктес болып отырған QazKom банкы ұсынып отыр. Несиені 7 жылға дейін уақытқа алуға болады. Сыйақы үстемесі - 7,9%. «Алматы - Жібек жолы» Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағытталған бағдарлама Алматы қаласының тұрғындарына немесе оңтүстік астанамызда кәсіп — 176 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) бастағысы келетін жандарға арналған. Несие сомасы 180 миллион теңгеге дейін. Банктың сыйақы үстемесі – 7%. Несиелеу мерзіміне келетін болсақ, инвестииция үшін 2023 жылдың 1 қарашасына дейін, айналымдағы қаражатты толтыру мақсатындағы несиелер 36 ай- дан аспауы тиіс. Қатысушы банктер тізімі: NURBANK, ForteBank, АТФ Банк және HalykBank. Басымдылық берілетін салалар тізіміне сауда, тұрғын жай, меди- циналық және ортопедиялық тауарлар, жарнама қызметтері, фитнес клубтар, мектепке дейінгі білім беру орталықтары, шаштараз, дене шынықтыру және сауықтыру қызметтері кіріп отыр. Не керек кәсіп бастаймын деген жандарға тамаша мүмкіндік. «Алматы Өнім» Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы. Аталған бағыт бойынша несие алу үшін жоғарыда айта кеткенімдей Алматы қаласының тұрғындарына немесе Алматыда кәсіп бастағысы келетін жандарға арналған. Басымдылық берілетін сала – минералды және алкоголсіз сусындар өндірісі. Максималды несие сомасы 100 миллион теңге, сыйақы үстемесі 8,5% аспайды, 7 жылға дейін несие алуға мүмкіндік бар. Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдік кезеңі 18 айға дейін. Қатысушы банк – HalykBank. — 177 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Көптеген оқырмандарымнан «...қалаға келіп бизнес бастай- ын деп едім», «...ауылда кәсіп бастау қиын, бизнесмен болу үшін қалаға көшіп барсам қалай болады?» деген хаттар толып келіп жатады. Сол себепті келесі кезекті ауылды жерлерде кәсіпті ашуға, дамытуға арналған бағдарламалар тізімін жасауды жөн көрдім. Елімізді Агроөнеркәсіпке өте жақсы бағдарламалар қарастырылған. Қазіргі таңда ниет болса болды мүмкіндік деген толып жатыр. Тағы қайталап айтамын, айтудан да жалықпайтын сол баяғы ӘРЕКЕТКЕ – БЕРЕКЕТ. Көпбалалы аналарға арналған бағдарламалар Менің оқырмандарымның ішінде көпбалалы аналардың көп екенін ескере отыра арнайы сіздерге бір бағдарлама жайлы жаза кетуді жөн көрдім. DAMU фонды ұсынып отырған – «Еңбек» бағдарламасы. 2017-2021 жылдарға арналған осы бағдарлама арқылы кез келген адамның несие алу мүмкіндігі бар, бірақ көпбалалы аналар үшін деп жазған себебім аталған бағдарлама бойынша несие үстеме сыйақысы бар болғаны 6%-дан аспайды. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 8000 айлық есептік көрсеткішке (21 миллион 208 мың теңге) дейінгі қаражат ала алса, басқа аймақтар үшін несие сомасы 6500 айлық есептік көрсеткіштен (17 миллион 231 мың 500 теңге) аспауы тиіс. Бағдарлама бойынша несие алу үшін жұмыспен қамту орталығына жеке куәлік көшірмесін және кәсіпкерліктің негізін оқыды деген — 178 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) «Атамекеннен» алған сертифкатымызбен баруымыз керек. Қайталап жазудан жалықпаймын әрекет етсеңіз болғаны бастысы, себебі әрекетке – берекет. Елімізде «Еңбек» бағдарламасынан бөлек «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында оқуды аяқтағаннан соң мемлекет ұсынып отырған түрлі гранттарға ие болуға мүмкіндіктер бар. «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі ұсынып отырған бағдарламалар. «КазАгро» 2006 жылы Қазақсан Республикасы Президенті жарлығымен құрылған. 2009 жылдан бері ұлттық басқарушы холдинг атауын алған. Ауыл ша- руашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жо- баларының қаржылық операторы бола отырып, хол- динг Агроөнеркәсіптің өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және инвестиция- ланған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп отыр. Қ о р д ы ң несие қоржыны бүгінгі таңда 68 млрд. теңге құрай- ды. Белсенді қарыз алушылардың саны 33 мыңнан асты. Несие қоржынының жартысы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасына» тиесілі. Бұл бағдарлама бойынша осыған дейін ауылдағы бизнестің барлық түрлеріне бағытталатын болса, осы жылдан бастап бюджетті пайдалану нақты бекітілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Қаржының негізгі үлесі сүт қабылдау бекеттер мен мал бордақылау (малды — 179 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту) алаңдарына жұмсалады. Сонымен қатар, Қор тарапынан ауылшаруашылық кооперативтерге қолдау көрсетіледі. Олар өнімнің тауарды жинақтап, нарыққа және өндірушілерге сатады. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша Қор арқылы 25 млрд. теңге шағын несиелеуге бағытталуы жоспарланған. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту ая- сында несиелеудің басымды бағыттарына тоқтала кетейін: • Сүт қабылдау бекеттері жүйесін мен сүт фермаларын құру; • Мал бордақылау алаңдарын құру және олардың негізінде ауылшаруашылық кооперативтерді ұйымдастыру; • Ауылшаруашылық кооперативтерді құру және жеміс-көкөніс шаруашылықтары бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарын қаржыландыру. Осы үш бағытты қаржыландыру бағдарламасы 2016-2018 жылдарға арналған. Қаражат Жұмыспен қамту 2020 жол картасы, Бизнестің жол картасы 2020, Қордың есебінен бөлінеді. Аталған несиелеу бағдарламаларына нақтырақ тоқтап кетсем, шарттары төмендегідей: «Береке»  «Береке»  бағдарламасы – ауылшаруашылық өнім алу үшін мал мен құсты бордақылауға арналған. Қарыз сомасы 3-6 млн теңге, сыйақы үстемесі (про- центная ставка) – 6%, несиелеу мерзімі – 3-4 жылға — 180 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) дейін. Негізгі қарыз пен сыйақы үстемесін өтеу бой- ынша жеңілдетілген мерзім – 6 айға дейін. «Бірлік»  «Бірлік»  бағдарламасы – сүт қабылдау орында- рын құру және дамытуға бағытталған. Бағдарлама бойынша сүт қабылдау бекеттері үшін құрал-жаб- дықтарды, сүт тасымалдайтын көлік сатып алуға, айналымдық капиталды толықтыруға болады. Қарыз сомасы – бекеттің қуаттылығына қарай 4-7 млн. тең- ге, сыйақы үстемесі - 6%, несиелеу мерзімі - 4,5 жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 1 жылға дейін. «Ынтымақ» «Ынтымақ»  бағдарламасы – ет, сүт, жеміс- көкөніс өнімдері бойынша ауылшаруашылық коопе- ративтерін құру және дамытуға арналған. Қаржы ко- оперативке қажетті техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады. Қарыз сомасы – 50 млн. теңге, сыйақы үстемесі – 7%, несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 9 айға дейін. Кепілдіктерге қойылатын талаптарды жеңілде- ту үшін барлық бағдарламалар бойынша ерекше та- лаптар қарастырылған. Қатысушы кепілдік ретінде сатып алынатын техниканы қоя алады, оның 30 пай- ызын жабатын басқа мүлікті қосымша ұсына алады. Бұл механизм лизингке ұқсайды, тек аванстық төлем 30 пайыз болады. «Игілік»  «Игілік»  бағдарламасы – мал мен құс басын көбейтуге арналған. Қарыз сомасы - 3-6 млн теңге, сыйақы үстемесі – 6%, несиелеу мерзімі – 3-4,5 жылға — 181 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) дейін. Негізгі борыш пен сыйақы үстемесін өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім – 1 жылға дейін. «Кәсіпкер» бағдарламасы «Кәсіпкер» бағдарламасы –  ауылды жерлерде ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін қаржыландыруға бағытталған. Қарыз сомасы – 3-6 млн теңге, сыйақы үстемесі - 6%, несиелеу мерзімі – 4,5 жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 6 айға дейін. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының лизингі Қарапайым тілмен айтқанда лизинг термині сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу деген мағынаны білдіреді. Лизинг ретінде қажеттті құрал- жабдықтар, техникалар, ғимараттар алуға болады. Мысал келтіре кетейін. Асхаттың кішігірім мал шаруашылығы бар делік, сонымен қатар ол егін өсірсін. Күзде сол егінді жинап алу үшін оның комбайн сатып алатын қаражаты жеткіліксіз не мүлдем жоқ болса комбайнды лизингке сатып ала алады. Комбайн 8 миллион теңге тұрады деп есептесек, Асхат ай сайын банкке 450 000 теңге төлеп отыруы керек болады, оның ішінде 350 000 теңгесі комбайн үшін, ал қалған 100 000 теңгесі сол комбайнның жалдау құны. 2 жылдан кейін банкке 10 800 000 теңге (он миллион сегіз жүз мың) береді, ал комбайн болса Асхаттың жеке меншігінде қалады. Түсінікті болса, бағдарламаларға көшейік: — 182 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) «Егінжай» бағдарламасы Аталған бағдарлама атауы айтып тұрғандай егінмен айналысатын жандарға. Лизинг ұзақтттығы – 7 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қарастырыл- маған). Аванс техника бағасының 10%. Бағдарламада авансты егін жинап болғаннан кейін де енгізу мүмкін- дігі бар. Лизинг құралы – комбайн. «Сенімді фермер» «Егінжай» бағдарламасынан айырмашылығы бұл бағдарлама бойынша лизинг ұзақтығы – 10 жыл, ешқандай авансты қажет етпейді. Сыйақы мөлшер- лемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қарастырылмаған). Аванссыз лизингке қол жеткізу үшін клиенттің үздіксіз және сапалы кредиттік «тарихы» болуы керек. Демек, «ҚазАгроҚаржыдан» алынған қаражаттарды мақсатсыз пайдалану фактілері болмауға тиіс. Лизинг құралы – 100 миллион теңгеден аспайтын ауыл-шаруашылық техникасы. «Өз жем-шөбіміз» «Өз жем-шөбіміз» бойынша лизинг ұзақтығы – 10 жыл. Сыйақы мөлшерлемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қарастырылмаған). Аванс техника бағасының 10%. Бағдарлама үшін қа- рамағыңызда мал болуы міндетті. Лизинг құралы – мал азығын өндіруге арналған ауыл шаруашылық техникасы. — 183 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) «Экспресс-лизинг» Бұл лизинг бағдарламасының басқасынан айыр- машылығы 5 жұмыс күн ішінде сіздің өтінішіңіз бой- ынша жауап келіп кояды. Ешқандай табыс көзін раста- уды қажет етпейді. Аванс техника бағасының 25%. Лизинг ұзақтығы – 10 жыл. Сыйақы мөлшерлемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қа- растырылмаған). Лизинг құралы – құны 100 миллион теңгеден аспайтын ауыл шаруашылық техникасы. «КазАгро» холдингі ұсынып отырған лизинг бағдарламаларының басқа да түрлері бар, мен ең негізгілеріне тоқтала кеттім. Айта кететін жайт холдинг бөлімшелері еліміздің бүкіл қалаларында бар. Барлық бағдарламалар жайлы толық ақпаратты www.kazagro.kz сайтынан көруге болады. Сайттың ішінде бәрі бар, қазақ тілінде ақпарат толып жатыр, одан қалды жоқ қазақша терминдерді түсінбеймін десеңіз орыс тілі де бар, маған ағылшынша оқу ыңғайлы дейтін жанға шет тіліндегі нұсқа да дайын тұр. Айта кететін жайт сайтқа тіркелу үшін сізге ЭЦҚ керек (ЭЦП оны сіз ЦОН-нан ала аласыз). Сайт ішінде несие калькуляторы, сан түрлі бағдарламалар, егер де қай салаға барсам болады деген сұрақтар мазалап жүрсе, кішігірім сұрақ-жауап арқылы сізге сай келетін саланы да таңдап бере алады. www.kazagro.kz Барлық несиелер бойынша 8 800 080 35 05 өтініштерді онлайн түрде бере аласыз. Қажетті құжаттар тізімін тіркеген соң, несие берілетін болды ма әлде жоқ па жеке кабинеттен қарап отырасыз. (www.kazagro.kz сайты, байланыс нөмірі 8 800 080 35 05). — 184 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Көріп тұрғандарыңыздай елімізде бизнес баста- уға арналған бағдарламалар түрі өте көп, бастысы ниет болу керек. Әрекет етіңіздер, маған қашан біреу береді деп отырғанша, қазірден бастап іске кірісіңіздер! Әрекет түбі – берекет! — 185 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Кәсіп ашуға бағдарламалар легін тізе кеттім. Әйтсе де, бұл бағдарламалармен бизнес ашуыңыз үшін, ең әуелі дұрыс бизнес-жоспар болуы керек. Еле- стетіп көріңізші: қалай болса солай, нақты мақсатсыз, сауатты бағдарлаусыз, қаржылық есептілік дұрыс жүргізілмеген бизнес-жоспарға кім салым салғысы келеді? Әрине ешкім! Бизнес-жоспарыңызды жазуды неден баста- рыңызды білмейсіз бе? • Қайтарымсыз гранттар, • Өте аз пайызбен беріліп жатқан несиелер, • Қайтарымсыз субсидиялар жайлы көп етисіз. Алайда білсеңіз де ол бағдарламалармен дұрыс жұмыс жасау керек екенін ұғыну қиындық тудырып жатады. Тіпті әлгіндей бағдарламалардың шартта- рын тындап қайтып кететіндер де көп. Көп ойланып, даурығудың қажеті жоқ. Ең дұры- сы бұл сұрақтар бойынша кәсіби мамандарға жүгін- геніңіз абзалырақ болады. Біріншіден, көп уақыт жоғатпайсыз. Екіншіден, анық әрі нақты түсіндерме жұмы- сы арқылы бәрі ап-айқын, ешқандай қиындығы жоқ екеніне көзіңізді жеткізесіз. Бизнесіңізді бастау үшін қанша қаражат ке- рек? Қаншалықты ол бизнеске сұраныс бар? Салынған ақшаңыз қалай ақталады, қандай қаржы көздері бар, қандай бағдарлама тиімді бо- лады? Сондай-ақ өзге де сұрақтарға инвестиция ана- литиктері өте сауатты түрде жауап береді. Алған ақ- шаңыз жетпей қалып, жарты жолда бизнесіңіз тоқтап — 186 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) қалмауын қалайтыныңыз анық. Олай болса биз- нес-жоспарларға тапсырыс бергеніңіз тиімді болады. Себебі де сол қыруар шығынға бой алдырғаннан гөрі, сенімді бизнес-жоспармен жұмыс жасап, ақшаңызды құлдырауға емес, жүз есе ақтауға әрекет ете аласыз. Сіздер үшін осы саладағы нағыз білгір, бар- лығын толық қамтып кәсіби түрде жұмыс істей- тін Назым Алиева деген маманды басып айтқым келеді. Қанша дегенмен алаяқтарға сеніп сан соғып қалмас үшін немесе бизнесіңізді көтеремін деп түсіріп алып, салдарыңыз суға кетпесін деп арнайы анықтама ретінде жазып отырмын. Тіпті төменге Назымды тез табуларыңыз үшін қажетті ақпарат көздеріп қалдырып кетейін. Назымның сайты: kfr.kz Ұялы телефоны: 87073240067 Инстаграмда: @nazym_aliyeva деген парақша. — 187 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) — 188 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Қорытынды сөз — 189 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) ЕШқашан КЕШ ЕМЕС (Ештен кеш жақсы) «Асарымды асадым, жасарымды жасадым» немесе «елуді еңсергенде маған кәсіп ашу қайда?» демеңіз. Иә, қазіргі таңда барлық елде жас кәсіпкерлерге ерекше назар аударады, сондай- ақ олардың жетістіктері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады. Мысалы, Марк Цукерберг (Facebook), Мэт Мулленвег (WordPress) және Пит Кэшмор секілді миллионерлер жиырма жасында жетістікке жетті. Жалпы алғанда жеке кәсібін бастаймын деген адамның жасының кішірек болуы бизнесінің дөңгелеп кетуінің негізгі кілті болып табылмайды. Әлемдік бизнес сахнасында 40 жастан асқанда көрініс тапқан кәсіпкерлер аз емес. Шын мәнінде, статистика кәсібін 40-50 жастан бастап қолға алған кәсіпкерлерде мүмкіндік көп екенін алға тартады. Егер 55 жастан асқан кәсіпкер болсаңыз, сіз бәсекелес, 35 жасқа толмаған кәсіпкерлермен салыстырғанда екі есе көп пайда таба алады екенсіз. Мұндай стататистикалық мәліметтерге сүйене отырып, бизнесті бастау ешқашан кеш емес екенін нақты көрсететін бірнеше себепті келтіре аламыз: — 190 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) - Сізде өмірлік тәжірибе бар. Бизнесті бастаудың кеш еместігінің айқын және талас- сыз дәлелдерінің бірі. Кәмелетке толған кез- ден бастап қазіргі жасыңызға дейін жиналған өмірлік тәжірибеңіз бар. Бұл орасан зор тәжірибе өз бизнесіңізді бастаған кезде сөзсіз көмектеседі. - Сіздің бойыңыздан шыдамдылық, сабырлылық сынды қасиеттер табылады. Сол себепті сіз өзіңіздің бизнесіңізді құрудың барлық қадамдарын ойластыра аласыз; бизнестің жағымды және жағымсыз жақтарын мұқият өлшей аласыз. Бұл жетістікке жету мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Осы қадамдардың әрқайсысын жүзеге асыруда аса көп тәжірибеңіз болмаса да, сіз бизнес-жоспар құру, егжей-тегжейлі қаржылық жоспар құру және нарықты мұқият зерттеу сияқты нәрселердің маңыздылығын түсіне аласыз. Сонымен қатар, белгілі бір мәселелерді шешуде сізге қандай мамандар көмектесе алатынын нақты білесіз. - Сіздің достарыңыз көп (олардың да сәйкесінше өз достары бар). Сіздің жасыңызда сізде сөзсіз көп таныс, достар, әріптестер болады. Бизнесті бастаудың алғашқы сатыларында әртүрлі саладағы, көптеген мамандарға деген қажеттілікке, сіздің байланыстарыңыз арқылы жауап беруге болады. Сол таныстарыңыз сіздің бизнесіңізге өз кеңестерімен, заңгерлік, бухгалтерлік, маркетингтік, қаржылық, мердігерлік, — 191 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) дизайнерлік және тіпті әлеуметтік желіде блогерлік тұрғысынан көмек көрсете алады. Қарым-қатынастыңмұндайкеңаспектісіәдетте бірнеше ондаған жылдар бойы қалыптасады, сондықтан сіздің жасыңыз бұл жағдайда үлкен артықшылық болып табылады. Бизнес саласында тәжірибе жинай отырып, сіз мұндай байланыстардың маңыздылығын түсінесіз. Осылайша, өзіңіздің жеке бизнесіңізді бастай отырып, оны дамытуға сенімді және білімді адамдар қатысатынына көз жеткізесіз. - Мақсат қоюды және оған қол жеткізуді білесіз. Мақсат қоя білу өнері кез келген бизнестің ажырамас бөлігі болып табылады. Ересек, тәжірибелі адамдардан жастардың бірден бір айырмашылығы – дұрыс, нақты мақсат қоя алмайды. Сондықтан, сіз бірнеше мақсатқа қол жеткізген адам ретінде, өзіңізге не керегін білесіз. Өмірлік тәжірибенің арқасында мақсатыңызға ең тиімді жолды таңдап, бизнесіңізді үнемді және нәтижелі түрде дамыта аласыз. Сізге инвестиция тарту оңай болады. Инвесторлар көбінесе зерттеулерге сәйкес, нарықтың қалай жұмыс істейтіндігін жақсы білетін, тәжірибелі кәсіпкерлерді іздейді. Сонымен қатар, өз қателіктерінен сабақ алған тәжірибелі кәсіпкерлердің жобаларына қаржы бөліп, олар өздерінің тәуекелдерін азайтады екен. Сіз не істегіңіз келетінін нақты білесіз. — 192 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) «Енді бәрі кеш – бұл көптеген адамдардың табысқа жету жолындағы ең үлкен тұзақ. «Кеш» деген сөз кез келген өзгерістен қорқудан туындаған психикалық блок. Қазақта «ауру қалса да, әдет қалмайды» деген сөз бар. Біз сол соңымыздан қалмаған әдеттерден арылуға қорқады екенбіз. Қалыптасқан өмір салты көбінесе адамдарға батыл қадам жасауға және өмірлерін өзгертуге кедергі жасайды. Негізі адамдардың көбісі жалақыларына қанағаттанбайды; біреулер бірқалыпты өмірден шаршайды; енді бірі жағымсыз бастыққа төтеп беруге мәжбүр болады және тағы сол сияқты айта берсек жағымсыз жайттар жетіп жатыр. Осындай өмірден құтылу ешқашан кеш емес. Жеке кәсіпті бастау үшін бірден ірі бизнеске қадам басудың қажеті жоқ. Шағын бизнесте қолыңызды сынап көруге болады. Сізге не жақын екенін түсіну үшін бизнесті дамытудың сәтті тәжірибесін зерттеп көру керек. Кейде барлығымыз өмірде бірдеңені өзгертуге кеш болып кеткендей сезінеміз. Сонымен, «менің арман-тілегімді орындайтын пойыз жүріп кеткен тәрізді» деп күдерімізді үзе бастаймыз. Шын мәнісінде, мүлде олай емес. Үмітсіз тек шайтан ғана. Ешқашан кәсіп ашып, сүйікті ісімізбен шұғылдану кеш еместігіне мына төмендегі тұлғалардың өмірлік жолы айқын дәлел бола алады. Харланд Дэвид Сандерс Көпшілікке жақсы таныс Харланд Дэвид Сандерс – полковник Сандерс. Ол әлемге әйгілі — 193 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) KFC жылдам тамақтану желісінің негізін қалаушы (Кентукки Фрид Чикен – Кентукки штатында жасалған тауықтар). Жалпы алғанда, қырық жасына дейін ол өз өмірін тамақ пісіру немесе мейрамхана бизнесімен байланыстырмаған екен. Ол әскери қызметші, сақтандыру агенті, теміржолдағы өрт сөндіруші, фермер болып жұмыс жасаған. Бірақ ол қырық жастан асқанда ғана өзінің аспаздық талантын жетілдере бастайды. Сандерс магистральда орналасқан ғимараттан көлік жөндеу орталығы мен кішкентай асхана ашады. Сол жерде тауықтарды қысыммен қуырудың «құпия рецептін» ойлап тауып, жетілдіреді. Соның арқасында 11 дәмдеуіш қосылған тауықтар 15 минутта дайын бола бастайды. Ол өзінің алғашқы жеке мейрамханасын 47 жасында ғана ашты. Гарланд Сандерс 62 жаста болғанда франшиза келісімін жасаған. Осылайша Сандерс 70 жасқа келгенде ғана миллионер атанған. Қазіргі таңда әлемнің 134 мемлекетінде 15 мыңға жуық КFS жылдам тамақтану орындары бар. Сандерс ешқашан кәсіп ашу кеш еместігінің бір ғажайып үлгісі десек болады. Ингеборга Моотс Ингеборга Моотс өмірінде көптеген нәрселерден, оның ішінде әскери операциялардан аман өткен, ал қазір зейнет жасындағы трейдер рөлін сәтті алып шыққан неміс әйелі. Құрметті неміс зейнеткері тұрақты табыстарға қол жеткізіп қана қоймай, Германиядағы ең сәтті алыпсатар болған. 8 жылдың ішінде ол өз капиталын бірнеше миллион еуроға дейін көтерген. Ингеборга сауда-саттықпен қатар, Frau Mootz-ды инвестициялай бастаған және «Үздік — 194 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) жеке инвестор» атағына ие болған. Ол 2000 жылдары басқа адамдарға өзінің өмірі мен Forex-тегі жұмысы туралы айтуға шешім қабылдайды. Ингеборга Моотс көп ұзамай кейбір баспагерлер тіпті басып шығаруды қаламайтын кітап жазып шығарады. Баспагерлерден қолдау таппаған зейнеткер өз оптимизмін жоғалтпай кітабын интернет желісіне салады. Көрермендер жетістік туралы оқиғаны бірден қабылдап, өмірбаяндық жұмыс лезде интернетте тарап, зейнеткерді әлемге танытты. Ингеборга Моотстың танымал болуы баспагерлердің пікірін өзгерте бастайды. Содан кейін ғана 2003 жылы өзінің «Биржа детективі» деген атпен кітабын шығарады. Неміс зейнеткерінің экономикалық білімі жоқ екендігіне қарамастан, осындай жетістікке жетуі баршамызға шабыт берері анық. Рэй Крок Рэймонд Альберт Крок (бейресми Рэй) – американдық кәсіпкер, рестаратор, McDonald›s мейрамханалар желісінің алғашқы иелерінің бірі. 52 жасқа дейін Рэй Крок жедел медициналық көлік жүргізушісі, сатушы, джаз ансамбліндегі пианист сияқты көптеген жұмыстар атқарған, сонымен бірге радиостанция мен мейрамханада жұмыс істеген. Штаттан штатқа саяхаттап, коктейль жасайтын аппараттарды сатып жүрген Рэй Крок Калифорниядағы мейрамхана бизнесімен айналысатын ағайындылармен танысады. Жергілікті тұрғындардың арасында мейрамхананың қаншалықты танымал екендігін көріп, Рэй олармен келісім жасасады. 1955 жылы Рэй Крок Иллинойс — 195 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) штатындағы Дес Плэйнзде McDonald’s мейрамхана- сын ашып, бүкіл елде мейрамханалар ашу үшін фран- чайзингтерді белсенді түрде сата бастады. 1961 жылы Рэй Крок ағайынды Макдоналдтардан барлық акция- ны сатып алады. Рэй Крок жасаған саясатының арқа- сында McDonald бренді танымал болды. Крок негізін қалаған McDonald’s бренді әлемнің ТОП-10 бренд- терінің қатарына кірді. Мэри Кэй Эш Баршаңыздың «Mary Kay» косметикалық компаниясы туралы естігендеріңізге сенімдімін, өйткені ол әлемдегі ең танымал және кең таралған компаниялардың бірі. Мэри Кэй Эш (Mary Kay Ash) – американдық кәсіпкер және Mary Kay Cosmetics, Inc компаниясының негізін салушы, бизнес философиясын жасаушы. 2000 жылы Lifetime Television Online ұйымы Мэри Кэй Эшті «ХХ ғасырдағы ең көрнекті іскер әйел» деп атады. Мэридің өмірі оңай болған жоқ. Бар болғаны 17 жасында тұрмысқа шығып, үш баланың анасы атанады. Көп ұзамай Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, күйеуі майданға аттанады.Сүйіктіәйел,аяулыжаржұбайынмайданнан күтеді. Бірақ өмір тосынсыйларға толы, күйеуі соғыстан келген соң ажырасқысы келетінін айтады. Мэри балаларын асырау үшін жұмысқа тұруға мәжбүр болады. Мэри Кэй 25 жыл бойы сатушы агент болып жұмыс істеді, бірақ қызметінде көтіріле алмаған соң ол жұмыстан кету туралы шешім қабылдайды. Өз өмірін өзгертпекші болған 45 жастағы Мэриді көбісі ақымақ істер жасап жатыр деп ойлады. Бірақ өмір батыл адамдарды жақсы көреді. Ол әйелдер мен бизнес — 196 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) туралы кітап жазуға шешім қабылдайды. Осылайша, кітап болашақ компанияның негізін қалайтын нақты бизнес-жоспарға айналады. 1963 жылы Мэри Кэй Эш екінші күйеуімен бірге Mary Kay Cosmetics фирмасын құрды. Бастапқы капитал бар болғаны 5000 доллар болады, бірақ нәтижесі барлығы күткеннен де асып түседі. Бүгінгі таңда Mary Kay Cosmetics өнімдері 40- тан астам елде сатылады және жылдық сатылымы 3 миллиард долларға жуық. Орта жасқа жеткен және «енді бәрі кеш» аралағында қалып кетпеген, көптеген басқа да бай және әйгілі адамдардың қатарына Джоан Роулинг, Генри Форд, Лас-Вегастағы Сэндстің негізін қалаушы Шелдон Адельсон, Кристиан Диор сияқты тұлғаларды қоссақ болады. 30-дан 40 жасқа дейінгі адамдарды не біріктіреді? Барлығы дерлік біреуге жұмыс істеуден шаршаған, дәстүрлі жүйеден көңілі қалғандар. Алайда, көпшілі- гі жұмыстан кетіп, әдеттегі өмір салтын өзгерткісі келмейтіні анық. Егер сіз 40 жасыңызға дейін өз кәсібіңізді ашпасаңыз, өзіңізді «жолы болмағандар» қатарына қосуға асықпаңыз. Статистикаға сүйенсек миллионерлердің 60%-ы өз бизнесін 40-50 жасында ашқандар екен. Неге олай екені сөзсіз түсінікті: өмірлік тәжірибе мен осы уақытқа дейін пайда болған жігерлілік күші. «Зейнетке шыққан кезде кәсіпкер болу туралы ойдан мүлде бас тарту керек», - деуіңіз мүмкін. Олай деуге әлі асықпаңыз. Ия, 50 жастан 60 жасқа дейінгі көптеген адамдар өздерін бизнесмен ретінде көре алмауы мүмкін. Бірақ әрбір істің жақсы жағын көре білу керек. Зейнеткерлік сіз үшін – бұрын — 197 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) қолыңыз жетпеген сүйікті ісіңізге арнау мүмкіндігі. Өзіңіздің жұмыс жасауға деген құлшынысыңызды тұншықтырмаңыз. 60-70 жастағы адамдардың қалған өмірі тек газет оқып, шай ішумен өтетініне сенімдісіз бе? Статисти- каға сүйенсек, дәл осы жаста тұрақты кіріс әкелетін ең ерекше және тұрақты бизнестің негізі қаланады. Интернетте іскер әжелердің шілтер тоқып сатып не- месе өздері үшін түрлі курстар ұйымдастырғаны ту- ралы мысалдар толып жатыр. Жұмысқа деген құштарлық болмаса, сіз ерте ме, кеш пе сәтсіздікке ұшырайсыз. Кемелденген кәсіпкерлер нені ұнататындығын және нені істегісі келмейтінін жақсы біледі және өздері айналысатын істі хоббилеріне айналдыра алады. Жасы ұлғайған сайын адам өз шеберлігін шыңдайды, сондықтан жоғары білікті маман болады. Бұл кәсіпкерлерге де қатысты. Сізде сіздің біліктілігіңізді келесі деңгейге көтеруге көмектесетін баға жетпес білім базасы болғандықтан өз кәсібіңізді ашуға еш қорықпаңыз. Сіздің тәжірибеңіз – бұл ең қажетті нәрсе, сондықтан қолыңызда тұрғанда пайдаланып қалыңыз. Сіздің сәтсіздіктеріңіз – сіздің болашақ жетістігіңіздің кілті. Көптеген жас кәсіпкерлер өзін-өзі жоғары бағалауы және белгілі бір сенімділік деңгейіне ие болуы мүмкін, бірақ оларда тәжірибе деген дүние тапшы. Тәжірибелі маман ретінде сіз жеңістермен де, жеңілістермен де бетпе-бет келдіңіз. Өмірдің бұл кезеңі сіз армандаған барлық нәрсені жүзеге асыру үшін өте қолайлы. Жас кезде сізде тәжірибе, байланыстар және ақша аздау болуы мүмкін, сондықтан идеяларды іске қосудың мүмкіндіктері шектеулі. Ал, ересектерде — 198 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) жобаның сәтті дамуы үшін көбірек мүмкіндіктер бар. Әрине, сіз бизнесті нөлден бастай аласыз, сондай-ақ танымал брендтің франшизасын сатып алу арқылы, өз кәсібіңізді жетілдіре аласыз. Немесе сіз біреудің жобасын жүзеге асыру үшін қаражат ұсына отырып, инвестор бола аласыз. Өз бизнесіңізді бастау ешқашан кеш емес, өйткені 40 жастан асқан адамда икемділік, адамдарды түсіну, қарым-қатынас құру дағдылары, иллюзиялардың болмауы және байланыстардың болуы сияқты талассыз артықшылықтар бар. Сіздің жасыңыз қаншада екені маңызды емес. Кез келген жаста сүйікті ісіңізбен шұғылдана алатыныңызға сенімді болыңыз. Егер сіз өзіңізге ұнайтын нәрсені жетік білмесеңіз, жағдайды шұғыл түрде түзетіңіз. Адамның жас мөлшері жай ғана цифр. Өзіңіздің сүйікті ісіңізді кәсіпке айналдыру ешқашан кеш емес. Сіздер мен біздерде мүмкіндік жетерлік. Сондықтан өзіңізден «кәсіпкерлікпен айналыссам кеш емес пе?» деп сұрағанша, өзіңізге «қандай іспен айналыссам өзімді бақытты сезінемін?» деген сауал жолдағаныңыз дұрыс болар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: осы кітапты оқу арқылы сізге кәсібіңізді бастауға негізі бағытымды бердім. Десе де, өз өміріңізді өзгерту тек сіздің қолыңызда. Мен тек себепші болуым мүмкін. Олай болса, іске кірісіңіз. Әрекетке-берекет! — 199 —


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook