Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) т. б.); • қызметтің әлеуетті тұтынушысы кімдер (жасы, жынысы, әлеуметтік тобы, табыс деңгейі және т. б.); • бизнестің болжамды ұйымдық-құқықтық нысаны. №1 пайдалы кеңес. Массаж бизнесін жұмыс істеп тұрған мекемелерде: медициналық орталықтарда, спортклубтарда, монша кешендерінде, сұлулық салондарында және т. б. кабинеттерді ашу тиімдірек. Біріншіден, бұл ұйымдардың санитарлық және медициналық лицензиясы бар және сіз тек жалға алу шартын ғана дұрыс жасауыңыз керек болады. Екіншіден, бұл мекемелердің келушілердің бір бөлігі сіздің қызметтеріңізге міндетті түрде қызығушылық танытады. №2 пайдалы кеңес. Бастапқы кезеңде, клиенттерге үйге немесе кеңсеге бару арқылы массаж қызметін көрсету арқылы, жалпы кабинетсіз жұмыс істеуге болады. — 50 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Қоян өсіру Қоян өсіру шаруашылығы – ауыл шаруашылығының перспективті саласы. Себебі қояндар жоғары ұрықтылығымен және жылдам өсетіндігімен ерекшеленеді. Соңғы жылдары фермерлер мен ірі агрохолдингтердің қояндарды өсіруге қызығушылығы күрт өсті. Нарықта диеталық ет сұранысқа ие және сарапшылар қоян етіне сұраныстың 3 есе өсуі мүмкін екенін алға тартып отыр. Қоян өсіру фермасы жобасының артықшылығы: • еттің пайдалы қасиеттері (оңай сіңіріледі, аллергия тудырмайды); • қоянның жоғары өнімділігі: жас ұрпақ әрбір 3 ай сайын өседі; • басқа ауыл шаруашылығы жануарларын өсіруге қарағанда, жоғары емес бастапқы салымдар; • фермаға қызмет көрсету бойынша елеулі күштің болмауы (бір қызметкер жеткілікті). Қоян еті – диеталық ет, 90% -ға дейін сіңіріледі, құрамында майлар мен холестерин төмен. Балалар тамағын өндіру үшін жарамды болып саналады. Ағзадан ауыр металдардың тұзын шығаруға қабілетті. Қоян етіне деген сұраныс салауатты тамақтану үрдісін қалыптастырады, ал оның жоғары бағасын дүкендерде өнімдердің кең ассортиментінің жоқтығы тежейді. Фермерлік шаруашылықтар үшін қоян шару- ашылығы өте ыңғайлы кәсіп. Бұл бизнес ірі бастапқы — 51 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) салымдарды талап етпейді, қояндарды өсірудің және күтіп ұстаудың жылдар бойы жұмыс істеген техноло- гиялары осы іспен арнайы дайындықтан өтпей айна- лысуға мүмкіндік береді. Ең қарапайым жабдықтарды талап ететін кәсіптің, қажетті заттарының бір бөлігін фермер өзі жасай алады. — 52 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Тоқыма өнеркәсібі Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсібінің мал жүнінен, өсімдік, жасанды және синтетикалық тал- шықтардан мата тоқу ісімен шұғылданатын салалар жиынтығы. Оған мақта – мата, жүн, зығыр, кендір кенеп өнеркәсібі, мақта өндірісі, мата емес материал- дар өндірісі т.б. салалар жатады. Табиғи тоқыма талшықтың ең маңызды, әрі ар- зан, әрі кең тараған түрі – мақта талшығы. Жеңіл Өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы – тоқыма өнеркәсібі. Үйде отырып табыс тапқым келеді дейтін келін- шектер үшін бұл өте тиімді бизнес. Артықшылықтары: • минималды шығындар; • үйде отырып та айналысуға болатын іс; Кемшіліктері: • табыс маусымға байланысты; • қол жұмысы көп уақытты алуы мүмкін. Тоқыма өнеркәсібіне тән мынадай ерекшелік- терді атап өтуге болады: • тұтынушымен тығыз байланыс, сол немесе өзге аумақтағы халықтың тарихи-географиялық және әле- уметтік-экономикалық даму деңгейіне тәуелділік; • сәннің, талғамның және т.с.с. ауысып отыруы- на байланысты шығарылатын өнім ассортиментінің тез ауысуынан көрінетін саланың серпінділігі; • шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, фурни- тураға және оның рәсімделуіне, сондай-ақ технологи- — 53 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) яға және өндірістің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өзгеріп отыруы; • жұмыс күшінің кәсіби деңгейіне (шығар- машылық білімінің, талғамының болуы және т.с.с.) қойылатын ерекше талаптар. Жалпы тоқыма өнеркәсібі дамушы елдер тобын- да жылдам қарқынмен дамуда. Бүгінде әлемдік тоқы- ма өнеркәсібінде бес басты аймақ қалыптасты: Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Батыс Еуропа және АҚШ. Әлемдегі тоқыма өнеркәсібінің басты аймағы Азия болды. Мақта-мата кездемелерін негізгі өндірушілер Қытай мен Үндістан болып табылады. Осы ретте егер сіз де тоқыма ісімен айналыса- мын десеңіз жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін қолдана отыра, отандық нарыққа өз ерекшелігіңіз- бен, кәсібіңізге деген басымдылықтарды ойлап табу арқылы, тез клиент таба бастайсыз. — 54 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Маникюр студиясы Маникюр бизнесін ашуға ниет білдірушілердің саны жыл сайын өсуде. Бәсекеге төтеп бере алатын және адамдар көптеп келетін маникюр салонын ашу біраз ізденісті талап етеді. Сұлулық салондарының қызметтерінің ішінде маникюр қызметтері үшін сұраныс 40%-ға жуық. Соңғы жылдары сұлулық индустриясы нарығында өз қызметін маникюр қызметтерін ұсынуға бағыттайтын көптеген тар мамандандырылған салондардың пайда болуы белең алып келеді. Қала бойынша мұндай салондар көбейіп келеді, сәйкесінше бәсекелестік те артып келеді. Бизнестің тиімді тұстары: • бизнестің маусымдық болмауы, жыл бойы сұраныс; • үлкен салымдарды қажет етпейді; • бизнес пен қаржы саласында елеулі білімді талап етпейді, сондықтан ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін стартаптың қолайлы нұсқасы болып табылады; • Бизнестің тиімсіз тұстары: • бәсекелестіктің жоғары деңгейі. Нарықтағы жоғарысыйымдылыққақарамастан, бәсекелестік өте жоғары. Клиенттерді тарту үшін тырнақ сервисі саласында үнемі жаңа технологияларды енгізу, маркетингтік құралдарды пайдалану және клиенттік базаны қалыптастыру қажет; • сервис деңгейін тұрақты бақылау. Клиентті ұстап тұру үшін үнемі жоғары қызмет көрсету — 55 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) деңгейін ұстап тұру қажет. Маникюр салондары үшін клиенттің бір жолғы келуі маңызды емес, клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасауға тырысу керек; • кәсіпқойлыққа жоғары талаптар. Жыл сайын маникюр шеберіне қойылатын осы талаптар күшейтіледі: кәсіби стандарттар өзгереді, жаңа технологиялар енгізілуде, жаңа үрдістер пайда болуда. Көбінесе шебердің кәсібилігі клиенттің адалдығы мен тұрақты келуін қамтамасыз етеді; • шығыс материалымен байланысты қиындықтар. Маникюр салондарының танымалдығының өсуімен маникюр керек-жарақтары нарығы да дамиды. — 56 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Сыйлық бокстары Кейде туған-туысқандар мен жақындарымызға сыйлықтарды таңдау моральдік сарқылуға дейін жеткізе алады. Ерекше сыйлық арқылы жүрекке жақын жандарымызға шынайы қуаныш сыйлағымыз келеді. Бірақ, дұрыс сыйды таңдау әрқашан қиынға соғады. Қазіргі уақытта кеңінен тараған сыйлық бокстары осындай жағдайлардың таптырмас шешімі болып табылды. Бизнес ретінде сыйлық бокстар өте тиімді болып саналады: • арнайы ғимаратты талап етпейді; • арнайы жұмыс кестесімен емес, өзіңіз қалаған уақытта айналыса аласыз; • жұмыс күшін қажет етпейді; • интернет арқылы тапсырыстар қабылдай аласыз; • қосымша табыс тапқысы келетіндер үшін өте ыңғайлы. Сәйкесінше тиімсіз жақтары: • жарнамаға көп уақыт кетеді; • алғашқы табысыңызды алу, бірнеше айларға созылуы мүмкін; • жоғары бәсекелестік. • сыйлықты жеткізуші курьер жалдауға тура келеді. Сыйлық бокстары инстаграм арқылы жасауға болатын, үйде отырған келіншектер үшін таптырмас бизнес болғанымен, бұл істі бастаушы адамның — 57 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) бойында мынадай қасиеттер болған жөн: фантазия 1. жұмысқа деген ептілік; 2. креативтілік; 3. сыйлықтарды құрастыруда үлкен болған жөн. — 58 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Онлайн сабақ беру «Бой емес, ой жарыстыратын» жан-жақтылықты талап ететін заманда, көп ілім үйреніп, көп нәрсені білгіміз келеді. Әйткенмен уақыт тапшы болып жатады. Осы ретте «онлайн» жүйе арқылы үйренгісі келетіндердің саны күннен күнге артуда. Бизнес ретінде онлайн келесідей дүниелерді үйретуге болады: • шет тілі курсы; • домбыра, гитара және т.б аспаптық курстар; • тәтті пісіру; • тігін курсы; • тұлғалық даму курсы және т.б. Онлайн жүйенің артықшылықтары: орынжай қажет емес; жұмыс күшін қажет етпейді; арнайы салымдар үшін көп қаржы кетпейді. Онлайн жүйе арқылы қандай да бір сабақ түрлерін өткізгіңіз келсе: • жақсы жарнама; • сабақтың нақты әрі сапалы видеолары және т.б болу керек. Егер жоғары атап өткендей өз бойыңызда өзгелерге үйрете аларлық, қандай да бір өнер немесе білім болса (мысалы көп тіл білсеңіз) онлайн түрде сабақ беру арқылы қосымша табыс таба аласыз. — 59 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Киіз үй жасау Жасырып не керек бұрындары киіз үйге сұраныс тек наурыз айында ғана артатын болған. Ал қазір тіпті керсінше. Жылдың он екі айында да киіз үйге сұраныс тоқтаған емес. Оның себебі мерекелік іс- шаралардан бастап беташар, құдалық сынды түрлі той-думандарда киіз үйді жалға алу ең тиімді болып саналады. Қалада көпқабатты үйлерде тұратын жандар үшін орын тапшылығы қатты байқалады. Осы ретте киіз үй жасаумен айналысатын адамдарды көптеп іздеп, кейде тіпті жалға алатын киіз үйлерді таппай қалатынымыз бар. Жалпы киіз үй жасау бизнес ретінде: • Ерекше кәсіп түрі; • Бір ғана киіз үйді жасап біту бір немесе екі айға созылуы мүмкін. Киіз үй жасаудағы қиыншылықтар да аз емес. Ол үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Ал дайын киіз үйдің ішін безендіру және түрлі қазақылық көрнекіліктермен толтыру көп уақытты талап етеді. Әрі көп қаражатты қажет етеді. Дайын киіз үйді: 1. Сату 2. Жалға беру арқылы табыс таба аласыз. Ата-бабамыздың қанынан келген бұл кәсіп түрімен айналысу екінің бірінің қолынан келе бермес. Әйткенмен тәуекел етіп, бұл шаруамен айналыссаңыз адал кәсібіңіздің несібесіне жетеріңіз хақ. — 60 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Қуырылған жүгері (попкорн) сату Қуырылған жүгері көбіне маусымдық кәсіп бо- лып саналады. Бірақ көше саудагерлері, азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары мен ойын-сауық ке- шендерінде жыл бойы жұмыс жасап, табыс табуға бо- лады. Бұл бизнес: • балалар аттракциондары; • мәдениет саябақтары; • спорт сарайлары; • ойын орталықтары; • сауда кешендері мен супермаркеттер жанындағы негізгі, дербес және қосымша табыс көзі болуы мүмкін. Жүгері сатумен айналысу үшін сізге келесідей жұмыстарды жасау қажет: • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу; • Орынжайды табу; • Қажетті құрал-жабдықтарды алу (жабдықтарды көбіне АҚШ, Қытай, Еуропа және Ресей өндіреді. Ең қымбат және сенімді жабдықтар түрі американдық техника болып саналады) Шикізат. Попкорн сатуда біршама материалдар қажет. Попкорн үшін негізгі шикізат: арнайы сортты жүгері және өсімдік майы. Жүгері дәмін келтіру үшін тұз, қант, дәмдеуіштер, карамель, басқа да дәмдік қоспалармен жасайды. — 61 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Шикізат пен дайын өнімді сақтауға ерекше назар аудару керек. Жүгері кеуіп кетпеуі үшін жабық пакеттерде сақтаған жөн. Дайын өнімді өткізу. Попкорнның дәмі ғана емес, оның сыртқы қаптамасы да өте маңызды. Түрлі дизайндағы пакеттер, қорапшаларды пайдалану арқылы өз саудаңыздың түсімін көбейтуге болады. Starbucks-тағыдай қорап сыртына сатып алушының есімін жазып берсеңіз, бұл да бір ерекшелік болады. — 62 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Көшірме орталығы (копицентр) Көшірме орталығы – бұл бастаушы кәсіпкерлер үшін тамаша идея. Ол үшін кем дегенде: жақсы орын, қаржы және кеңсе техникасын пайдалана білу қажет. Көшірме орталығы – кез келген адам аша алатын қарапайым және тиянақты бизнес. Сізге үлкен салымды салудың қажеті жоқ, және одан кейінгі жұмыс та аса қатты қиындық әкелмейді. Қызмет көрсету үшін сізге тек 2-3 құрылғы сатып алу және орналасатын жер табу керек. Соңғы 10 жылда копицентр бизнестің өте кең таралған түрі болып табылады. Мұндай орталықтар- ды әр бұрышта кездестіруге болады – дегенмен, ең «тиімді» орындарында орналасқан, бір ғана көшірме құрылғысы бар шағын орталықтар барлық клиент- терге тез қызмет көрсете алмайды. Көшірме орнын дұрыс таңдау және жұмысты дұрыс ұйымдастыру кезінде ғана сіз нарыққа кіріп, клиент таба аласыз. Шағын бизнестің әртүрлі нұсқаларының ішінде копицентр ең тартымды кәсіптің бірі болып табыла- ды. Бұл істе келесідей артықшылықтарды байқаймыз: • орталықты ашу үшін ең төменгі бастапқы капитал; • салыстырмалы түрде аз ағымдағы шығыстар; • жыл бойы сұраныс; • рұқсат беру құжаттарының ең аз жиынтығы; • қызметті жүргізудің қарапайым тәсілі; • арнайы біліктілігі жоқ қызметкерлердің шағын штаты; • копицентрдің жоғары табыстылығы; • бизнестің өсу болашағы. — 63 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Бизнес иесі кез келген адам бола алады. Ең бастысы – бастапқы капитал мен іскерлік жеткілікті. Бизнес ретінде көшірме орталығының тәуекелдері. Кез келген бизнесті жоспарлау кезінде онымен байланысты болуы мүмкін тәуекелдерді ескеру қажет. Көшіру орталығының жұмысындағы негізгі қиындықтар: • орынды сәтсіз таңдау; • асырып айтылған баға қызметтері; • баспаның төмен сапасы, бұл тапсырыстардың төмендеуіне, сәйкесінше бизнестің құлдырауына әкеледі; • төмен қызмет көрсету және т.б. — 64 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Аскөк, ақжелкен (укроп, петрушка) сату Арнайы салымдарды қажет етпейтін, ауыл тұрғындары үшін өте тиімді кәсіп түрі. Аскөк пен ақжелкен пайдалы және дәмді, құрамында витаминдері көп, бірінші және екінші тағамдардың дәмдік сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, тағамның жақсы сіңірілуіне ықпал етеді. Жасыл дақылдарды төмен температураға жеткілікті түрде төзімді, сондықтан оларды ерте көктемнен күзге дейін өсіруге болады. Аскөк пен ақжелкен түрлі тағамдарды дайындау үшін қолданылады, ал оларды өсіру технологиясы өте қарапайым. Аскөк пен ақжелкенді жылыжайда өсіру төрт есе тиімді екен. Алайда, ең дұрысы, көлік шығын- дарын барынша азайту үшін жақын елді мекенде өз өнімдеріңізді тұрақты өткізуді ұйымдастыру қажет екенін ескеріңіз. Бизнестің болашағы мен тәуекелдері. Дегенмен, жалпы, сату үшін аскөк пен ақжелкен өсіру перспективалы және ыңғайлы бағыт болып табылады. Бірақ тек бірнеше шарттарды сақтаған кезде ғана нақты табыс көзін көре аласыз. Бірінші орында өндіріс көлемі тұр – олар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы болады. Ал екіншісінде – өткізу арналарының көп болуы. Оларға: y Мейрамханалар y Базарлар және т.б жатады. — 65 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Клининг Жеке кәсібін ашуды, өз уақытын өзі басқаруды қалайтын жандардың қатары артпаса, кеміп отырған жоқ. Осы ретте сіз де өз кәсібіңізді ашып табысты жандар қатарынан көріне аласыз. Сонымен кәсіпкерлікте клининг қызметінің түрлері қандай, оны ашу үшін не қажет, қалай бастау керек деген сауалдарға жауап іздеп көрелік. Клинингтік қызметті бастау үшін төмен мөлшерде қаражат пен тазалау жабдығының аз көлемі ғана қажет. Алайда клинингтік қызметті жолға қойғанда арнайы жабдық, орынжай мен жұмысқа қабілеті жоғары мамандар қатары қажет болады. Мұндай компанияға салынатын қаражат көлемі де ауқымды. Клинингтік компаниялардың 3 түрі бар: бірі пәтер мен кеңсе тазалауға бағытталса, екіншілері коммерциялық жылжымайтын мүліктерге күн сайын қызмет көрсетуді қолға алады. Ал енді бір компаниялар қызметтің бір ғана түрін таңдайды, мысалы кілем жуу, киімдерді химиялық тазалау қызметін ұсынады. Компания үлкейген сайын, оның көрсететін қызмет түрлері де артады. Клининг саласында бизнес бастаудың екі тәсілі қолданылады. Біріншісі – нақты бір клиентке арнап бастау. Мысалы сауда орталығы немесе басқа да бір ірі нысанның тазалау жұмыстарына келісіп, жаңа кәсіпті бастауға болады. Мамандар қатарын жасақтап, тиісті жабдықтарды алғаннан кейін уақыт өте келе тәжірибе жинақталады. Одан кейін тапсырыс берушілердің қатарын арттыруға болады. — 66 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Сонымен қатар бір ғана бағытта қызмет көрсету, айталық кілем жуу, еден тазалау секілді түрлерін ғана таңдау арқылы мамандану. Шағын компания бірнеше тәжірибелі маманмен заманауи тазарту құралдарын пайдала отырып қызметтің бір ғана түрін көрсетеді. Жауапкершілік пен адал қызмет ету тұтынушылар қатарын арттырмай қоймайды. Клинингтік компанияға арнайы кеңсе қажет емес. Тапсырыс қабылдау үшін телефонға жауапты адам болса болды. Уақытылы тапсырыс қабылдап, жұмысшыларды жөнелтіп отырса жеткілікті. Әрине, кеңсесіз фирманы елестету қиын. Уақыт өте келе тұтынушылар қатары көбейген соң, қызметкерлердің қатары да, қолданатын заттар да артады. Сол уақытта жайлы әрі қолайлы орын іздестірген абзал. Ал клиент қатары қалай көбейеді? Көптеген компаниялар бастапқы тапсырысты таныстары арқылы алады. Бұл расталған. Ең тиімдісі ауқымды нысаннан тапсырыс алу. Ара-тұра түскен тапсырысқа қарағанда күнделікті қызмет көрсету бизнестің тұрақтылығы мен дамуына кепілдік береді. Ал жай ғана жарнама беру арқылы тұтынушы табу бұл салада тиімсіз. Себебі қызмет көрсету сапасына қарай клиенттер біріне бірі ұсынады, осылайша сіздің қызметіңізді сатуға көмектеседі. Қызметкерлер қатары. Клинингтік компанияда көп жағдайда менеджер, диспетчер мен тазалаушы мамандар болады Клинингтік қызметте қолданылатын құрал- жабдықтар. Пәтер, кеңсе тазалауға тапсырыс берушілер гипоаллергенді заттардың болғанын — 67 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) қалайды. Үй жануарларын асыраушылар арнайы иіс кетіретін, тазартатын құралдарға тапсырыс беруі ғажап емес. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, сапалы құралдарды қолданған абзал. Бұл ретте нарықты зерттеп алған абзал. Тіпті клининтік қызмет көрсететін компаниялармен хабарласып, олардың қызметін пайдаланып көру де жұмысыңызды реттеуге көмектесері анық. Табыс қалай түседі? Бұл кәсіпте де кез келген бизнестегідей тапсырысқа қарай табыс артады. Дегенмен ауқымды тапсырыс алуға ұмтылу – аз уақытта көп қаражат табудың көзі. Клиентке адалдық, жауаптылық пен ұқыптылық – тұрақты тапсырыстың кепілі. Клинингтік фирмалар тазалау жуу ғана емес, сондай-ақ сантехникалық, электрлік, ұсталық және басқа да қызметтерді қоса алғанда табысы артады. Тиісінше жұмысшылар қатары да көбейеді. — 68 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Гүл сату дүкені Гүл бизнесі әрқашан үлкен сұранысқа ие. • үйлену тойы; • туған күндер; • мерейтойлар; • мерекелер; • тіпті жерлеу рәсімдері – флористтің қызметін талап етеді. Негізінен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында раушангүл мен қызғалдақтарға сұраныс үш есе өсіп кетеді. Ішкі нарықтың қажеттілігінің жартысын импорттан келген өнімдер қанағаттандырып отырғанын ашып айта аламыз. Ал қалған бөлігі отандық өнімнің үлесінде. Отандық үлестің 30 пайызы ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған Алматы мен Шымкент қалаларындағы 5 ірі жылыжайдың еншісінде. Қалған 20 пайыз өнім ішкі нарықта ұсақ партиялармен жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің үлесінде. Байқағаныңыздай ішкі нарыққа кіру үшін сізге гүлді сату ғана емес, оны жылыжайда өсіру арқылы кәсіп аша аласыз. Гүл – қымбат бизнес, тәуекелі де тым жоғары. Бірақ соған қарамастан өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқан сенгмент. Осыдан 3 жыл бұрын жылдық табысы құны 100 млн АҚШ долларын құраған нарықтың бүгінгі табысы 150 млн АҚШ долларына жетті. Гүл сатушылардың айтуынша, ғаламдық экономикалық дағдарыс аталған салаға,керісінше өсім беріп отыр. Мамандар мұның себебін – гүл қолжетімді сыйлықтардың болғандығымен түсіндіреді. Құны — 69 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) 500 теңге болса да гүлдің аты гүл - біздің күнделікті өміріміздің негізгі құрамдас бөліктерінің біріне айналды. Басқаша айтқанда, дүние есігін гүлмен ашып, гүлмен жабатын жағдайға жеттік. Соңғы жылдары той өтетін салтанатты залдарды хош иісті гүлдермен көмкеру сәнге айналғанын бәріміз көріп жүрміз. Жалпы бизнес ретінде гүл түрімен айналысатын кәсіпкерлердің көбісі, барлығын өздігінен үйреніп алды. Әуелі сіз сататын гүлдердің: • үй гүлі; • сәндік гүл және т.б түрлеріне маманданып, шешім қабылдағаныңыз жөн. Егер сіз гүл бизнесін бастау туралы шешім қабылдасаңыз, гүлдеріңізді сатуға мүмкіндік беретін жақсы орын табуыңыз керек. Тұтынушыларыңызды әрдайым жаңа және тіпті сирек кездесетін гүлдермен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін, сізге гүл жеткізушілермен жақсы байланыста болу маңызды. — 70 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Қолөнер. (Нand-made) Сіздің сүйікті ісіңіз әрқашан сіз үшін табысты кәсіп түріне айнала алады. Бизнеспен айналысамын деп ниет еткен жандар үшін ешқандай тосқауыл жоқ. Тіпті мүмкіндігі шектеулі (мысалы жазымыш болып екі аяғынан айырылған жандардың талайы өз істерін жасап жүр) болса да еңбекпен, кәсіппен нан тауып жатқандардың қарасы көп. Тап сондай үйде отырып айналысуға болатын кәсіп түрі – қолөнер. Бірақ бұл кәсіпті бастамас бұрын, қолөнердің белгілі бір түрін таңдап алғаның жөн. Олар төмендегідей: • әшекей бұйымдарын жасау; • зергерлік бұйымдар; • соңғы кездері өте актуалды болып келе жатқан қолдан жасалған блокноттар және т.б жасауға болады. Ең бастысы өзіңіздің қолымнан келеді деген қолөнер түрлерін таңдап, табысты жандар қатарынан көріне аласыз. Қолөнершінің бүкіл жұмысы: креатив жаңашылдық стандартсыздық Сондықтан шебер өз жолы мен өз стильін табуы тиіс. Менің ойымша, егер өз ісіңізге жаныңызды салсаңыз, онда ештеңе кедергі болуы мүмкін емес. — 71 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Автобизнес Автобизнес – бұл тек дөңгелек жөндеу мен көлік жуу немесе такси қызметін көрсету, автобөлшектерді сату ғана емес. Толығырақ автобизнеспен айналысқысы келетіндер үшін оның мынадай түрлері бар: Машинаны қардан тазалау бойынша қызмет ұсыну. Қысқы мезгілде пайда табудың тамаша әдісі – қар тұтқынында қалған көліктерді қазып шығару. Ешқандай салымның қажеті жоқ – үйде тазалау күрегі – қуыс күрек болса жеткілікті. Дисктерді жарықтандыру/бояу. Жарқырауық дисктер екі түрлі болады: жарықдиодты және құрамына люминофор кіретін бояумен сырланған. Бизнес құраушыға мұнда бірнеше нұсқа бар – бояу, жарықдиод, жарықдиод ленталар, қалпақшалар және өзге тауарлар сатумен айналысуға болады (мысалы, автожарықтың кең профильді интернет-дүкенін ашуға болады), тіпті жарықдиод бояу мен орнату бойынша қызмет көрсетуге болады. Дисктер бояу бойынша қызмет құны 5-10 мың теңге, яки автокөлік маркасына, бояу көлеміне, жұмыс күрделігіне және сіздің репутацияңызға байланысты. Құрылыс техникасына тапсырыс қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет. Құрылыс техникасына көрінген компания ие бола бермейді – оны жалға алу тиімдірек. — 72 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Салонды қайта тарту. Тыстарды тігу мен автомобиль салондарын түлету бойынша қызметтер жоғары сұранысқа ие. Жүк көлігін жуу. Жүк көлігін жуу – автобустар, жүк көліктері мен фураларға арналған мамандандырылған бизнес. Арнайы жуу құрылғысынсыз жүк көлігін кірден тазалау қиын, сондықтан мұндай сервистің клиенттері қашанда болады. Жүк көліктерін жуу қызметтері өнеркәсіп зоналарында, трассалар бойында және автотұрақтар маңында орналасады. Қызметті 5-6 миллион теңге тұратын автомат кешен орнату арқылы, немесе 300 мыңдық қол кешенін орнату арқылы жабдықтауға болады. Бастапқы жоғары шығындар ауқымды табыспен өтеледі – күніне 20 машина 40-50 мың теңге пайда түсіріп тұруы мүмкін. Автомобильге арналған жапсырмалар дүкені. Автожапсырмалар дайындау бойынша бизнеске көп нәрсе қажет емес: графикалық редакторларда жұмыс істей білу, кең форматты принтер және пленка түріндегі шығындайтын материалдар қажет. Жапсырмалау процесі біршама қарапайым, сондықтан бизнесті стикерлерді жасап, сату арқылы, өз интернет-дүкеніңізді іздеу жүйесінің топ- сайттарының қатарына енгізе отырып құруға болады және т.б. — 73 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Той бизнес Той – халықтың қазынасы. Расымен, қазақ той десе бар жиған-тергенін шашады. Қазақтың той тойлауы баяғыша болғанымен, ұйымдастыру жүйесі жаңарған. Мысалы, тойды бұрынғыдай той иелері емес, той ұйымдастыру орталықтары дайындап, өткізеді. Бірінен бірі қалмай, жарыса, ерекше етіп жасалған тойлар қазір ел аузында. Тіпті халықты ештеңемен таң қалдыра алмай қалғанбыз ба деп қаламыз. Әйтсе де пәленшеден озамын деп, дәстүрлі емес кретативті әрі тиімді етіп тойларын өткізу үшін түрлі агенттіктер іздейтініміз рас. Демек қазақтың тойын бизнес көзіне айналдыру өміршең кәсіп түрі. Яғни тойдағы: • дастарханның сәнделуінен басталып, • орындықтардағы мата түсіне дейін, • сыйлар мен баннерлер жасау кең ауқымды табысты болып келеді. Сонымен тойдағы безендірулермен айналысып, табыс тапқыңыз келсе мынадай кеңестерді пайдаға асырғаныңыз жөн: 1. Жоғарыбәсекелестікболғандықтан,көрсеткен қызмет сапаңызға ерекше мән беру керек. 2. Ең бастысы ерекшелік ойлап табыңыз. Асыра сілтейміз деп қазақылықты ұмытпай, өз менталитетімізге лайықты той ұйымдастырушылар болсаңыз нағыз кәсіп көзін таптыңыз деп айта аламыз. — 74 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Корн-дог Сэндвичтің пайда болу тарихы осы бизнестің ашылуына мысал бола алады. Осы ретте қызықты ақпарат болсын. Сэндвич деген — адам есімі. Өте бай граф құмар ойындарды ойнағанды жақсы көрген. Ойын барысында тамақтануға уакыт кетірмей, етті екі нанның арасына салып жегенді жөн көрген. Ал қазір қарбаласқан өмірде біз барлығына үлгеруге тырысамыз, фаст-фуд тағамдары да өте көп. Бірақ үзіліс арасында жүрек жалғап алып тұрып, тазалыққа да көңіл бөлу керек. Осы орайда фаст- фудтың таяқшада сатылатын түрі корн-дог жақсы кәсіпке айнала алады. Бұл бизнес түрін: • оқу орнына жақын орналасқан аймақта • бизнес орталықтарда ашуға өте қолайлы. Қарапайым фаст-фудтан артықшылығы — тұтынуға ыңғайлы. Корн-дог мөлшері шағын болса, бағасы да 250-400 теңге шамасында болады. Ол оның өтімділігін жоғарылатып, студенттер мен оқушылардың ең сүйікті асына айнала алады. — 75 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Жылжымалы кинотеатр Жылжымалы кинотеатр пайда көзі немесе әлеуметтік жоба ретінде қолдануға болатын, мүмкіндік аясы өте зор кәсіп түрі. Аспан астында, демалыс орнында, қарапайым саябақта отырып, кино көруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса Қазақстандағы шалғай елді мекендерге де кино қойылым жасауға болады. Тіпті балалар үйіне де апарып, кино көрсетіп әлеуметтік жоба бола алады. Ең арзан «кинотеатрды» 400 мың теңге шамасында ашуға болады. Ал ең қымбаты 30 миллион теңгеден жоғары, ол проектордың сапасы мен құнына байланысты. Жылыжай бизнесі Жылыжай салу – әрбір бағбанның арманы. Сол арқылы сүйікті кәсібімен жыл он екі ай айналысуға болады. Күй таңдағыш өсімдік, қыста жейтін жеміс-жидек, көкөніс осы жылыжайда өсетіні белгілі. Жылыжай – бизнестің табысты бағыты әрі халықты таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Сұраныстың көптігіне орай жерден ризық тапқан жандар өнімдерін өткізуден еш қиындық көріп жатқан жоқ. Өйткені қыстыгүні көкөніс жаздағыдан аз өндіріледі. Сәйкесінше баға да арта түседі. Жылыжайда өскен ауылшаруашылық дақылдарының біршама артықшылығы бар. Атап айтсақ: — 76 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) y өнімге қоршаған ортаның зияны тимейді; y көкөніс жылдам өніп, сырты далада өскен көкөніске қарағанда көз тартарлықтай жылтыр болады; y сонымен бірге, ылғал мен жылу бүкіл аумаққа бірдей таралады. Бұл шаруашылықтың да өзіне тән қиындығы бар. Сапалы өнім алу үшін шаруаға біраз тер төгуге тура келеді. Жылыжайды жылу жүйесімен, сумен, жарықпен қамтамасыз ету үшін аз шығын шықпайтыны анық. Қазақстанда қарапайым жылыжайларды ашу үшін ешқандай лицензияның қажеті жоқ. Жылыжайды тұрғын үй, бизнес орталық немесе басқа да нысанның төбесінде ашуға болады. Оның артықшылығы жерді үнемдейсіз. Қала ішінде болғандықтан тасымалдауға көп уақыт пен шығын кетпейді. Жылыжайдың шығыны оның көлеміне байланысты өзгереді. 1 миллион теңгеге 10-15 адамды қамтамасыз ететін бір ғана жылыжай салуға болады. Сонымен қоса өсірілетін көкөніс түріне де байланысты. Осындай жылыжайларды гипермаркет пен ірі супермаркет шатырына салған тиімді болады. Дайын болған көкөністерді тасымалдауға қаражат жұмсамай, бірден сатылымға түсіруге болады. — 77 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Балаларды дамыту клубы Мемлекеттік білім беруді аздық ететін ата- аналар саны жылдан жылға артуда. Балаларының заман талабына сай, жан-жақты білімді болуын басты назарда ұстайтын отбасылар үшін балаларды дамыту клубтарына деген қажеттілігі қарқынды өсуде. Ең перспективалы бизнестің бірі - балалар білімі, атап айтқанда - балалар дамыту клубтары болып табылады. Бұл бизнестегі негізгі мәселе - білім беру бағдарламасын әзірлеу. Балалар клубтары: • баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға; • креативтілігінің артуына; • уақытты тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік береді; Әрине, үйде де ата-аналарымыз баланың дұрыс дамуына ықпал ететін сабақтарды ұйымдастыруына болады. Алайда клуб ерекше қызмет түрлерін ұсынады. Онда тәжірибелі тәрбиешінің жетекшілігімен: • сурет салу; • музыка; • бимен айналысу және т.б баланы дамыту үшін барлық жағдай қарастырылады. Мүмкін, клубта баланың өмірлік жолын анықтайтын шынайы таланттары ашылады. Сондықтан бизнес ретінде балаларды дамыту клубтары көп салымдарды қажет еткенімен, өміршең кәсіп болып саналады. Бұл істе бақ сынап көргіңіз келсе жоғары бәсекелестік пен нарықты толықтай зерттеп алған жөн. — 78 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Қоқыс жинау қызметі Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай жатқан мемлекеттер – дамушы елдер. Мұның түрлі себебі бар, біріншіден тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде. Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр. Иә, қоқыс қалада бітпейтін мәселе. Күнделікті тонналап тасталатын қоқыс әдетте ретсіз жиналады. Оған тұрғындардың өзі кінәл. Осыған байланысты жергілікті билік бұл массаны игере алмайды, қоқысты полигондарда өртеуге қыруар ақша бөлінеді. Қоқыстан бөлінетін улы газдар қоршаған ортаға, адамзат саулығына зиян. Бір қарағанда бұл бағытта ірі бизнес қана пайда табатын секілді көрінеді. Алайда қоқыс жинау, оны сұрыптап, жиналған «шикізаттан» табыс табу шағын кәсіпкерлер үшін әбден мүмкін іс болып саналады. Қоқыс жинау бизнес ретінде тиімді тұстары: • Өзекті. Қазіргі таңда өте өзекті бизнес түрі. Әрі бұл экологияға пайда әкеледі және бұл кәсіп өз иесіне үлкен пайда әкеледі. • Жергілікті биліктен қолдау. Бұл саланы қаржыландыруда жергілікті билік сіздің — 79 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) бизнесіңізді ұйымдастыруға көмек көрсете алады. • Шексіз шикізат қоры. • Бизнестің жоғары рентабельділігі, ол 60-70% құрайды. • Шағын көлемдерден бастау мүмкіндігі. Қазақстанда, жалпы, ТМД мемлекеттері бойынша болсын, қоқыс жинау мәдениеті қалыптаспаған. Астана мен Алматы сынды ірі мегополистерде жалпы қоқыс жәшіктерінің қасында пластик заттарына арналған арнайы торлар орнатылған, алайда оған пакетіндегі қоқысын сұрыптап, тастап жатқан ел қарасы аз. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Бұл бизнестің артықшылығы үлкен алаңдарды жалға алуды және күрделі, қымбат құрал-жабдықтарды сатып алуды қажет етпейді. Ал негізгі кемшіліктері жоғары отын шығындары және қалдықтарды сақтау полигонымен немесе оларды кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорынмен шарт жасасу қажеттілігі болып табылады. Назарларыңызға қазіргі таңдағы өзекті топ- 30 бизнес-жоспарлардың алғышарттарын көрсетіп кеттім. Әйтсе де толыққанды кәсіпті ашам деген жандардың міндетті түрде сол салаға деген қызығушылығы болуы керек. Бизнестің өзіңіз қалаған түрін таңдап, іске көшсеңіз әрекетке-берекет болатынын жадыңызда сақтаңыз. — 80 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) ІІІ бөлім «Instagram» арқылы бизнесті қалай дамытуға болады? — 81 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) «Instagram» арқылы бизнесті қалай дамытуға болады? Сіз жиырма төрт сағаттың қанша уақытында әлеуметтік желіде отыратыныңызды ойланып көрдіңіз бе? Статистикаға сүйенсек бір күніміздің кем дегенде төрт сағаты осы әлеуметтік желіге кетеді екен. Өзім де тап осы әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану негізінде қосымша табыс тауып отырғанымды көпшіліктен жасырмаймын. Алдыңғы бөлімде бизнестің түрлі жолдарын, алғышарттарын бағамдадық. Алайда ол кәсіптер де менікі емес десеңіз, онда сізге «Instagram» арқылы да бизнесті қалай дамытуға болатынын айта кетейін. «Алғашқы миллионды қалай табамын?»... Иә, бұл сұрақ сізді талай ойландырған болар. Ай сайын алған жалақыңыз жиналмай, тіпті өзіңізден аспай қалып та жатқан шығар. Әйтсе де, бүгінгі таңда 1 000 000 теңге табыс табу таңқаларлық жайт емес. Ол үшін сіздің тараптан білім мен ізденіс, ал ең бастысы – еңбек керек. Мысалы күніне қанша рет лүпіл басып, өзге жанның өмірін қызықтайсыз? Cіздің сол ақпарат — 82 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) ағымында кеткен уақытыңызда басқа жандар дәл осы инстаграм арқылы қыруар ақша тауып отырғанын білесіз бе? Олай болса, өз суретіңізді жүктеп, танымайтын жанның өмірін қызықтағанша инстаграмды бизнеске айналдырар уақыт келген сияқты. Мен үшін де инстаграм әуел бастан жай ермек еді. Алғашқыда студент кездің қызықты сәттерімен бөлісіп отыратынмын. Кейін ҚазҰУ-да оқытушы болған кездегі тәжірибемді жаздым. Оқытушылықпен қатар «телевидение» саласында журналист болып қызмет ете бастағанда өзімнің парақшамда қоғамда болып жатқан әр жайтпен бөлісіп тұруға тырыстым. Сондай- ақ, инстаграмның мүмкіндіктерін біле бастағаннан кейін бірнеше парақшаның админі де болдым. Басында жай қызығушылық болса, уақыт өте келе инстаграм арқылы табыс табуға болатынын түсіндім. Бірнеше парақшаны нөлден бастап, оқырман санын көбейткен уақытта, парақшаны сатып алуға сұраған жандар да табылды. Телеарнада журналист болып жұмыс істеген уақытта бірнеше танымал әншілерге, журналистерге Ең бастысы – өзіңіздің парақша ашуға көмектесіп, оны бизнесіңізге сай «бизнес тиімді жүргізуге парақша» ашып, оны сауатты өзімнің жеке жүргізу керек. тәжірибемнен кеңестермен бөлісіп отырдым. Танымал тұлғалардың, көптеген бағдарламалардың жеке инстаграм парақшаларын жүргізгеннен кейін, «админ-көмекші» статусынан өтіп, өз парақшаммен айналысу керектігін түсіндім. — 83 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Себебі, ол жандардың көлеңкесінде жүріп қызмет атқарғанмен өзімнің бойымдағы халыққа керек ақпараттардың барлығын бере алмадым. Ал жеке парақшамда мен тәуелсіз, халықққа нақты керек ақпаратпен бөлісе аламын. Аккаунтымдағы оқырмандар қатары басында таныстарым, достарым, айналамда жүрген жақын жандар болғанымен, уақыт өте келе көбейе түсті. Десе де, ол уақытта аудитория саны 25 мың еді. Ойланып қарасам, 25 мың адам деген де аз оқырман емес. Өзіндік жауапкершілікті жүктейтін, өз ісіңе, жазғаныңа есеп беретін сәт. Ал қазіргі Дәулет өмірде біраз жайттарды көрген және сол тәжірибемен көптеген оқырмандармен бөлісіп отыр. Ол дегеніміз – қазір менің оқырмандарымның саны 400 мыңнан асты. Жауапкершілік бағанағы айтқан 25 мыңнан әлдеқайда жоғары. Оның барлығы да қаншама жыл менің өзімнің басымнан өткен жайттар, өмірден көргенім мен түйгенімді жазып отырғаннан басталды. Өз пәтеріме қол жеткізуге деген студенттік арманымнан пайда болды. Уақыт өте келе көп жастардың жалдамалы пәтерде тұрып, ақшамызды, уақытымызды тиімді пайдаланбайтынымызды түсіндім. Қаншама болған оқиға, өз басымнан өткеннен кейін ғана мен халыққа баспанаға бағыт бере бастадым. Яғни өзімнің бағытымды, нишамды тапқаннан кейін ақпаратты толық қамтығаннан кейін тәжірибе жүзінде халықтың экономикалық тұрғыда сауатты болғанын қаладым. Мемлекет тарапынан тұрғын үй мәселелері бойынша көптеген бағдарламалар жасалғанымен, оның тиімді және кемшіл тұстары халыққа түсініксіз болып жатады. Осы орайда, халықтың әр бағдарламаны қалай сауатты — 84 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) таңдап, баспаналы болуға әрекет жасап, қаржылық сауаттылығын арттыру – мен үшін басты талап. Жеке парақшамда өзіндік брендімді қалыптастыру, баспанаға бақытпен қатар, қосымша пайдалы жобалар ұсыну, қоғамдағы болып жатқан жайттарға өзімнің жеке пікірімді білдіру, оқырмандарымның арқасында бірнеше ауқымды қайырымды іспен айналысу – әрекет етіп, өз ортамызды өзіміз жақсартуға бағытталған игі істердің бірқатары. Ал мені сіздермен жақынырақ таныстырған дәл осы «Instagram» әлеуметтік желісі. Жаңа мүмкіндіктерді жаңа бастамаларға тиімді пайдалануға әбден болады. Тек сіздің тараптан ынта мен қажырлы еңбек керек. Таныстарымның бірқатары үйде отырып сөмке тігіп, әшекей бұйым жасап, түрлі дизайнерлік киімдерді сатумен айналысып жатса, енді бірі бет әрлеуші болып, SMM курстарын жүргізіп, қызметін ұсынып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ал сол бизнестің алға басуына дәл осы инстаграмның ықпалы көп. Мен солардың бір қатарымен осы бөлімде бөлісетін боламын. Ең бастысы – өзіңіздің бизнесіңізге сай «бизнес парақша» ашып, оны сауатты жүргізу керек. Егер сіз бизнесіңізді алға жылжытып, табысқа кенелгіңіз келсе, онда контенттің сапасына ден қойғаныңыз абзал. Себебі парақшаның қызықты, керек ақпаратқа толы, мәтіндері әсерлі болуы оқырмандар санын көбейте түседі. Сәйкесінше, сіздің тауарыңызға деген сұраныс та артады. Ал көркемдік жағына келетін болсақ, видеолар қызықты, фотолар қанық және тартымды болғаны дұрыс. Ескеретін жайттардың бірі – оқырмандарды қолдан көбейтіп әуре болмаңыз. Себебі белсенділік азайып, кері байланыс болмайды. — 85 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Бастысы сан емес, сапа екенін ұмытпағаныңыз жөн. Қазір инстаграм арқылы кез келген қызмет түрін, тауарды оп-оңай сатуға болады. Тек оны халыққа дұрыс ұсына білу керек. «Инстаграм арқылы не сатамын?» деп ойланып көрдіңіз бе? Кез келген қызмет түрі, (психологтар, дизайнерлер, сұлулық салондары, заңгерлер) тауарлар (тағам, киім мен аяқ-киім, гүлдер, жиһаз, әшекей бұйымдар) тіпті өзіңіздің хоббиіңізді де кәсіпке айналдыруға болады. Егер сіз жиһаз сататын болсаңыз, онда парақшада сапалы суреттер басым болуы керек. Ал егер заңгер немесе психолог болып, мәтінге аса назар аударып, өмірлік тәжірибемен бөлісетін болсаңыз, сапалы, тегін ақпаратқа оқырмандар да жазыла түседі. Инстаграмдағы белсенділігіңіз бен кәсіпкерлік қабілеттеріңіздің арқасында алға қойған мақсатыңызға жетіп, өзіңіз қалаған пайданы да табуға болады. Бизнесіңіздің бағытын нақтылап алсаңыз, «бизнес-профильдің» мүмкіндіктеріне кеңірек тоқталайық. Неге бизнес үшін Instagram керек? Бұл сұраққа статистика арқылы жауап беруге болады. Pew Research Center мәліметтері бойынша, 18 жастан асқан жандар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың жалпы санының 17%-ы күнделікті Instagram-дағы аккаунтты тексереді. Бұл әлеуметтікжеліаудиториясыныңбасымкөпшілігі18-29 жас аралығындағы жастар. Бұл дегеніміз қазіргі таңда — 86 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) жастар – озық ойлы орта буын, яғни миллениалдар, әлеуметтік платформалардың ықпалымен сатып алу туралы жиі шешім қабылдайтынын көрсетіп отыр. Сондай-ақ, бұл желіде әйелдер қауымы басым. Instagram әлеуметтік желісінде 57% оқырман аккаунтына күніне кем дегенде бір рет кірсе, ал 35% оны күніне бірнеше рет тексереді. Бизнес-профиль «Instagram» әлеуметтік желісінде сіздің бизнесіңізді тиімді жүргізуге 2016 жылы шілде айында арнайы бизнес-профильде көптеген мүмкіндіктер пайда болды. Бұл мүмкіндіктің басты қызметі «Связаться» тетігі. Яғни сіз байланыс нөміріңізді, сайтты, электронды поштаңызды, тіпті орналасқан жеріңіздің мекенжайына тікелей сілтеме қоюға болады. Сондай-ақ, сіздің оқырмандарыңыздың белсенділігі мен қызығушылықтарын қадағалау мақсатында арнайы статистика қызметі де бар. Парақшаңыздағы постты қанша адам көріп, лүпіл басып, сақтап алғандығы жөнінде толық ақпаратты тексеріп отыра аласыз. Ал жалпылама статистикада тіркелушілердің жалпы санын, оқырмандар арасында жас мөлшерін, жігіттер немесе қыздар санын, сонымен қатар қай қаладан екенін білуге болады. Ал сіз жариялаған посттардың ішінен апталық, айлық, жылдық үздік постты да анықтай аласыз. Сіздің оқырмандарыңыздың ішінен басым көпшілігінің талғамын, сізден қандай ақпарат күтетінін де оңай — 87 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) білуге болады. Яғни сіздің жұмысыңызды біршама жеңілдетіп, аудиторияңызды жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Бұл ақпараттарға көз жеткізгеннен кейін қай уақытта публикацияны жариялап, не туралы жазып, қандай геолокацияны қойып, тегтер мен хэштегтерді пайдалануды үйреніп, толықтай контент тауып, белсенді адамдарды жинау жолын түсінуге әбден болады. Инстаграмда профильдің атауын дұрыс толтырған жөн. Профиль сипаттамасында сіздің компанияңыз жайлы ақпаратты толық жазыңыз. Қызметтер түрін қысқаша сипаттап, кері байланыс үшін телефон нөмірін қоюды ұмытпаңыз. Алайда инстаграм профильінде 150 таңбаға шектеу бар екенін еске сақтаңыз. — 88 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Парақша жұмысын дұрыс бастау үшін ең алдымен басты фотоға назар аударған жөн. Бизнес профиль болғандықтан, өзіңіздің компанияңыздың логотипін ойлап тауып, жүктеп қойсаңыз оқырмандарға да бірден түсінікті болып, бренд қалыптастыруға әсер етеді. Көп бизнес парақшалардың қарқынды жұмыс істеуі дәл осы бизнес-профильге фото жүктеу мен профиль сипаттамасын дұрыс толтырудан басталады. Контент-жоспар Өзіңіздің бизнес парақшаңызды ашқан болсаңыз, «Неден бастаймын?», «Бүгін не туралы жазамын?», «Тауарымды қалай сата аламын?» деген сауалдар туындауы әбден мүмкін. Ал ол сұрақтардың жауабын табамын дегенше, біраз уақытыңызды жоғалтып, нәтижесінде сапасыз инстаграм парақша шығады. Сол себепті алдын ала жоспар құрып алғаныңыз жөн. Яғни «контент» дегеніміз – парақшаны жоспарлы түрде ақпаратпен толтыру. Сіздің парақшаңыздағы әдемі фотосурет, қызықтыратын видео мен әсерлі мәтін де контент болып табылады. Контент-жоспар жасау барысында жариялау уақыты, апта күні, уақыты, жазбаның тақырыбы, қызықты айдарлар ойластырып, жоспарды кесте түрінде 1 айға құрғаныңыз жөн. Контент-жоспар құру барысында: Оқырмандарыңыздың нені қалайтынын біліңіз! — 89 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Инстаграм парақшаға пост жүктер алдында өзіңіздің аудиторияңыздың кім, жасы қаншада, немен айналысады, қандай қызығушылығы бар, сіздің парақшадан қандай пайдалы ақпарат білгісі келетінін зерттеп көріңіз. Қазіргі кезде парақшада оқырмандармен кері байланыс, сауалнама, пікір білдіру өте жеңіл. Бұл мүмкіндіктерді де тиімді пайдалануыңызға болады. Сіз кім үшін жазып отырғаныңызды біліп, кейін қандай тақырыпты қозғайтыныңыз, оны сағат нешеде жүктейтініңіз және қандай нәтижеге қол жеткізетініңіз де аудиторияға байланысты. Оқырмандар сіздің салаңызға байланысты қандай ақпараттарды іздейтінін де интернет желісінен қосымша қарап шықсаңыз, ол да сізге тамаша идея сыйлауы мүмкін. Постқа тауарды жарнамалаумен қатар, оқырман назарын аударатын пост жариялау үшін жинаған ақпараттарыңыз бен жауап берген сауалдарыңыздың нәтижесінде олардың қызығушылықтарының тізімін жасаңыз. Бұл не жазу керектігін түсіну үшін қажет. Оқырмандарды күнделікті посттармен жалықтырып алмас үшін түрлі марафон, акция, жеңілдіктер, байқау, эстафета ұйымдастыруға болады. Жақсы нәтиже үшін зерттеу жүргізіңіз! Бәсекелестерді зерттеу сіздің парақшаңыздың алға басуына септігін тигізеді. Тіпті сіз олардың тәжірибесінде кеткен қателіктерді қайталамауға тырысасыз. Өзіңіздің салаңыздағы бизнес парақшаларды тексеріп көрсеңіз, олардың атқарып отырған жұмысын зерттей келе, сіздің парақшаңызға не керек екенін де анықтауға болады. Дәл сіздің қызметіңізбен айналысатын бизнес парақшалардың — 90 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) дизайны қандай, қандай пайдалы ақпарат бар, қандай бағытта белсенді, аудиторияны қалай жинайтындығын толық қарап шыққан дұрыс. Не жазып жатқанын, қандай идеяларды қосқанын және қанша қаралым жинағанын талдап, өзіңіздің идеяңызды жүзеге асырасыз. Яғни, талдау арқылы сізде өзгеше ойлар пайда болуы мүмкін. Жүктелген фото-видеолардың не себепті көп қаралым жинағанын дұрыс зерттеп алыңыз. Мүмкін олар сол тауарды бөлісу барысында жарнама қосқан болар немесе қаралым трафигін қолдан көтерген болар. Парақшаларды зерттей келе, жаңаша бастама жасап, өзіңізгешабыталыңыз.Сондай-ақ,бәсекелестеріңіздің парақшасына кіріп, жиі пікір қалдыратын белсенді адамның парақшасына кіріңіз. Оның қандай топтарға жазылғанын, қандай ақпараттармен бөлісетінін, не жазатынын, кімдерге лүпіл басатынын толық анықтап шығыңыз. Осылайша 10-20 адамды қарап шықсаңыз, барлығы түсінікті болады. Контент-жоспар көмегімен жарияланым кестесін алдын-ала әзірлеуге, мәтінін, форматын анықтауға жәнеоданкейінқандайматериалдардысалукеректігін қадағалауға болады. Әрине оның барлығын қағаз бен қалам арқылы кесте сызып, жоспарлап жазуға болады. Алайда сіздің жұмысыңызды жеңілдететін, ыңғайлы контент-жоспар жасауға арналған бірнеше бағдарламаларды ұсынамын: y SMMplanner y SocialKit y Gramblr y SmmBox y Kuku.IO — 91 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) Копирайтинг – мәтін жазу Жақсы бизнес жүргізу үшін қызықты мәтін жаза білу керек. Алайда қызықты мәтін жазу үшін жазушы болудың қажеті жоқ. Бар болғаны ойыңызды жинақтап, мәтін жазуға машықтанған дұрыс. Егер мәтін жазу техникасын тиімді пайдаланатын болсаңыз, тауарыңызға сұраныс артып, бизнесіңіз ілгері дами түседі. Біз үшін қашан да «бастау» қиын. Дәл осы мәтін жазарда да «Қалай бастаймын?», «Қалай жазамын?» деп ойланарыңыз анық. Тіпті ішіңізден «Сенің әлі тәжірибең жоқ!», «Жұрт күлсе ше?», «Бизнес жайлы неге ойландым...», «Қолымнан келмейді», «Мен жаза алмаймын» деген сияқты түрлі сылтаулар туындауы да мүмкін. Әйтсе де бәріне сенімді түрде «Жоқ» деп жауап беріңіз. Себебі бір бастағаннан кейін оқырмандарыңыз кері байланысқа шығып, сізден пайдалы ақпарат күтетін болса, сізде сенімділік пайда болып, ары қарай жігерлене түсесіз. Мәтін жазудың бірнеше шарттары бар, соларды орындап, мәтін жазуға деген қызығушылығыңызды арттырсаңыз, қолыңыздан бәрі келеді. Ең бастысы – бірінші сөйлем. Ол эмоцияға толы, назар аударарлық болу керек. Оқырманға қатты әсер ететін, еліктіретін, қызықтыратын, ашуландыратын, мұңайтатын, қуантатын сөйлем керек. Постыңыз басынан бастап, соңына дейін оқылып шығуы дәл осы сөйлемге байланысты. Бірінші сөйлемді: • эмоциямен бастаңыз. Оқырман назарын ауда- ратындай қуану немесе проблемаңызды жаз- саңыз, оқырманға не керек екенін дәл табасыз. — 92 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) Мысалы: «Маған ұсыныс жасады», «Жардан жалғыз құладым» сияқты сөйлемдерді тақы- рыпқа сай ойластырып, интриганы ұстап жа- затын болсаңыз, лүпіл саны да көбейіп, пікір қалдыратын жандар да табылады. • пайданы түгендеуден бастаңыз. Адамдарға өзінің емес, өзгенің қанша қаражат табаты- ны өте қызық. Пост жазар алдында өзіңіздің ең алғаш табысыңыз жайлы, тіпті дәл қазір миллионер екеніңізді, шетелде бизнесіңіз бар екенін санмен көрсетіп, сенімді жазыңыз. Оқырманға керек ақпаратты беріп болған- нан кейін, мәтіннің ең соңында әңгіменің бәрі түсіңізде көрген «миллондар» жайлы екенін жазсаңыз болады. Қалжында тұрған несі бар, есесіне аудиторияны жинап, постты соңына дейін оқуға ілгек сөз таптыңыз. • цитатадан бастаңыз. Ақылды, пайдалы сөй- лемнен бастасаңыз, қоржыныма салып қо- яйын, есіме сақтайын деушілер табылады. Әдетте, пайдалы цитатамен басталатын посттар жақсы қаралым жинайды. • сұрақ қоя біліңіз. Сіз ұсынған ақпарат соңына дейін оқылсын десеңіз, оқырманды елітіп әке- ту керек. Осындай пост жазудың бір мысалы – оқырманға сұрақ қойыңыз және оған жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтардың өтімділігі оқырман да сізбен бірге жауап беруге тыры- сады. Тіпті кейбірі іштей сізбен диалог құра- стырады. Өз жауап нұсқасының дұрыстығы- на, бұрыстығына көзін жеткізгісі келеді. Сол үшін де мәтініңізді аяғына дейін оқиды. Ал егер — 93 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) жауап нұсқасы болмаса, сұрақтың жауабын алғысы келеді. • сторителлинг әдісін қолданыңыз. Қазіргі таңда оқырмандардың басым көпшілігін қы- зықтыратын әдіс. Дәл осы нұсқаулықпен бел- гілі бір оқиға арасында әңгіме өрбітіп мәтін жазатын болсаңыз, қаралым сапасы, лүпіл саны да көп болады. Бұл сөйлемдердің бастамасы оқырман үшін әрқашан қызықты. Түрлі мәтін жаза келе, өзіңіз де түрлі амалдар ойлап тапсаңыз болады. Ол тіпті сіздің көңіл-күйіңізден бастап, соңғы болып жатқан елдегі жаңалықтармен байланысты болуы мүмін. Ал мәтіннің құрамына келетін болсақ, сапалы, сауатты болу шарт. Неғұрлым мәтіндегі сөйлеміңіз қысқа болса, оқырманға да тез әрі жылдам қабылданады. Зерттеу нәтижесі бойынша 8 сөзден тұратын сөйлемді оқырман 100%-ға, 14 сөзден тұратын сөйлемді оқы- рман 90%-ға, 40 және одан да көп сөзден тұратын сөйлемді 10% ғана қабылдайды. Студент кезіңізде жазған реферат пен дипломдық жұмысыңызды еске түсіріп көрсеңіз, бір сөйлемді 10 есе ұзартуға тырысқан шығарсыз. Ал инстаграмда керісінше оны жеңіл, әрі жылдам оқылатындай жазғаныңыз абзал. Сөйлемді қысқарту үшін қыстырма сөздерді алып тастауға болады. Сондай-ақ, жазған мәтініңізді бірнеше қайтара оқып, ішіндегі артық сөздерді алып тастаңыз. Бастысы сөйлем мағынасын жоғалтпаса болғаны. Бір ойдан екінші ойға ауыспаңыз. Ойсыз, мағынасыз мәтін жазыңыз демейміз. Тек әр сөйлеміңіз бір ойдың қорытындысы болсын. Ал екінші — 94 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) ойыңызды екінші сөйлемге арқау етіңіз. Сондай-ақ, күрделі сөздерді қолданып қиындатпаңыз. Барынша қарапайым сөздерді қолдануға тырысыңыз. Оқып отырған адам терминді білмесе, мәтінді түсінуі қиын болады. Тек аудиторияңыз термінді түсінетіндігіне сенімді болсаңыз, ол сөз кең қолданыста болса ғана пайдаланыңыз. Ойды анық жеткізетін сөзді қолданыңыз. Мысалы, практикалық кейстер туралы сөз қозғаймыз. «Кейс» сөзін «тәжірибе», «мысал» сөздерімен алмастыруға болатын еді. Бірақ бұл сөздердің аясы кең. Екі нұсқа да жарамды болса, ең қысқасын таңдаңыз. «Интернет-ресурс» дегенге «сайт» дей салыңыз. Екінші сөйлемде «сайт» сөзі қайталанып кетпес үшін интернет- ресурспен алмастыруға болады. Тәжірибе жүзінде оқырмандарыңызға әр түрлі бағыттағы мәтіндерді ұсынып, қаралымның көптігіне байланысты өз бағытыңызды таңдасаңыз болады. Фото «Instagram» әлеуметтік желісінде бірнеше жыл бұрын сапалы суреттермен оқырмандардың назарын еліктіруге болатын еді. Ал қазір бұл өте қиын. Әрине, фотолар сапалы, әдемі, сізге ұнауы мүмкін. Алайда бәсекелестік алаңында сіздің ол суреттеріңізге ешкім аса назар аудармайды. Себебі парақшада тауарды, қызмет түрін ғана емес, өзіңіздің жеке стиліңізді де сата білуіңіз керек. Көп тауардың ішінде сіздікін таңдауға мүмкіндік беретін парақшаңызды — 95 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) визуалды тұрғыда дамыту керек. Жеке стиліңізді қалыптастырып, клиент пен компания арасында сенім орнатуға тырысыңыз. Оқырман сіздің парақшаңызға кірген сәтте ерекше қанық түстер, сізге тән мәтін, графика элементтері, өнделген фото-видеоны көру керек. Соңғы трендтер мен дизайнерлік қызметтерді пайдаланып визуал қалыптастырыңыз. Және оны жиі өзгертуге тырыспаңыз, себебі ол оқырманды шатастырады. Топ 5. Дизайн трендтері 1. 3D – визуалды тұрғыда адам жанарына суретті жақын қылып көрсетеді. Тауарды жақын тұрғандай әсер етіп, миды шындыққа жанасымды етіп сендіреді. 2. Изометрия – қиғаш сызықтармен сызылып өрнектелген ерекше дизайн. Оның үстіне көптеген сызықтар түрлі түске боялғанда сіздің парақшаңыз жарқын, қанық түстермен ерекшеленіп, фотоңыз әсерлі бола түседі. — 96 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) 3.Антигравитация – картинаға қараған кезде зат- тар жоғары ұшып, жүзіп жүргендей әсер қалдырады. Оқырманға да бұл эффект жеңіл әсер етіп, тауарды сатып алуға ықпал етуі мүмкін. 4. Сюрреализм, мозаика және арт коллаж - әлемді жаппай жаулап жатқан дизайн. Ұқсас емес дүние- лердің үйлесімділігін табу, фотоның бетіне сурет салу, эмоция туғызатын, қызық туындылар. Туындыға бір қарағанда назар аудартудың жақсы құралы. Модерн арт деген атаумен де танымал. Бұл өнер – мейрамха- на, демалыс орындарында кеңінен пайдаланылуда. — 97 —
Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін: 8-700-298-72-83 (WhatsApp) 5. Анимация – қазіргі таңда инстаграмда жиі қол- данылып жүрген дизайнерлік трендтердің бірі. Жа- риялайтын постыңызға қимыл қозғалыс беріп, түр- лі-түсті әсер береді. Оқырманға позитив сыйлайды, есте жақсы сақталады. Бизнес саласында өзіңіздің логотипіңізге, тауарыңызға тиімді пайдалансаңыз болады. Видео Қазіргі таңда фотосуреттерге қарағанда видеоның оқырманға әсері басым. Бұрындары парақшада 1 минутқа ғана негізделген видео салынатын болса, қазір шектеу жоқ. IGTV-да 10 минутқа дейін видеоны жүктей аласыз. Инстаграмның берген бұл мүмкіндігін де тиімді пайдаланған жөн. Тауарыңызды толық сипаттап, тіпті мамандардың пікірін 10 минутқа жинақтап, оқырманға сапалы өнім ұсынуыңызға әбден болады. Аккаунтыңызды қызықты қылу үшін арнайы айдар тауып, видеоны өндеп, пайдалы ақпаратпен бөліссеңіз, қаралым — 98 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp) саны да өседі. Жаңа идея табу, таңқалардық видео жасап шығару сіз ойлағандай қиын емес, егер арнайы видео-редакторға қызығушылығыңыз болса, кәсіби болмаса да, өз тауарыңызды жарнамалай алатындай деңгейде жұмыс істеуге болады. Ал инстаграмдағы видео түсініктің тамаша бір мүмкіндіктерінің бірі – тікелей эфир. Оқырманмен байланыс орнататын, ара-қатынасты жақындататын, тапсырыс берушілерді жинайтын таптырмас құрал. Бизнесті дамыту аясында тікелей эфир арқылы ойындардың нәтижесін жариялап, кәсібіңіздің ішкі құрылысымен таныстырып, адамдарға сенім ұялатып, сұхбат құруға болады. Ал сол тікелей эфирде қозғайтын әңгімеңіздің тақырыбын алдын ала ойластырып, дайындық жүргізген дұрыс. Себебі оқырмандарды тұрақты клиентке айналдыру оңай шаруа емес. Тікелей эфир арқылы төмендегідей шаралар жүргізуге болады: Ò Салтанатты кештерді онлайн көрсету; Ò Жаңа коллекцияларды таныстыру; Ò Тікелей эфир арқылы оқырмандардың сауалына жауап беру; Ò Эксперттермен сұхбат жүргізу; Ò Онлайн курс жүргізу; Ò Ойын, акция, марафонның жеңімпаздарын анықтау. Тікелей эфирге адамдар бір уақытта кіру үшін алдын ала пост немесе историяға жариялап, ескерту арқылы жинай аласыз. Эфирдің ұзақтығы 1 сағатқа дейін жалғасады. Тікелей эфирді 24 сағат бойы сақтап — 99 —
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206