Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-06-23 07:47:47

Description: Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Search

Read the Text Version

Мен және Ақша ды, райыңыздан қайтарғысы келеді, оның мүмкін еместігіне сендіруге тырысады. Өзіңізді қолға алыңыз, өзіңізге сеніңіз және ешкімнің сөзіне ермеңіз. ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ЖОЛЫ Қаржылық еркіндік 10000$ * 150 = 1500000$ 8% от 1500000$ = 120000$ 120000$ : 12 = 10000$ 10000$ – айлық кіріс 12 – айлар 100

Стимул муравья – потребности семьи Сіздің блокнотыңызға Сізге алтын жұмыртқа туатын өз тауығыңызды жасау керек. Алтын жұмыртқа дегеніміз – салған салымыңз негізінде алып от- ыратын пайызыңыз немесе кірісіңіз. Өз отбасыңыздың қаржылық қорғанысын ұйымдастыру үшін бір жыл ішінде жақсы өмір сүре алатындай соманы жинақтау қажет. Мысалы, 500 доллар. Оны он екіге көбейту арқылы алты мың доллар аласыз. Осы соманы жинақтамайынша, көңіл көтеру және керексіз шығындар туралы ұмытыңыз. Сіз ең қажетті деген заттарды ғана ала аласыз. Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сізге біртіндеп 75000 доллар жинау ке- рек. Егер сіз осы соманы кез келген банкке 8% жылдық мөлшерлемемен салсаңыз, жыл сайын 6000 доллар алып отырасыз. Оны 12 ге бөліңіз, айына  500 доллардан шығады. Қаржылық еркіндік үшін 1,5 миллион доллар жинау керек. Бұл соманы банкке 8% жылдық мөлшерлемемен салу арқылы жылына 120000 доллар кіріс табасыз. Оны 12 айға бөліңіз, ай сайын 10000 доллар пайда шығады, бұл сізге болашағыңыз үшін қорықпауға мүмкіндік береді. Сіз ақша үшін емес, ақша сізге жұмыс істейтін болады. Құдай шығармашылық, мақсатты, жетістікті адамдарды жақсы көреді. Солар үшін ол ерекше жағдайлар жасайды. Және де солғын, бастамасы жоқ, өзіне сенбейтін әрқашан жылап отыратын адамдарды жақсы көрмейді. 101

Мен және Ақша ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ Ал енді, қалай дұрыс инвестициялау керек екендігі туралы айтайық. Біз сыртқы ақпараттың құрбаны болып табыламыз. Кей жағдайларда ол шындыққа жанасады, кейде олай емес. Мыса­ лы, жердің дөңгелек екендігін қайдан білесіз? Сіз оның дәл сондай екендігін көрмедіңіз ғой, сізге біреулер солай деп айтты. Темекі тартудың зиян екендігі сізге мәлім. Бұл ақпарат темекі тарту немесе тартпауға ықпал етеді. Ақпарат шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Сіз орындықта отырғанда, ол төрт аяғы болғаны үшін мықты. Үй төрт қабырға негізінде тұрғызылады. Бұл тіреуші нүктелердің оңтайлы саны. Егер орындықтың бір аяғын алып тастаса, ол тұруы мүмкін, бірақ мықты болмайды. Сондықтан ақшаны да төрт бағытта инвестициялау қажет. Егер сіз, тауда болсаңыз, өзеннің кішкентай бұлақтарды қалай жинайтынын көрген боларсыз? Дәл осы белгісіз, кішкентай бұлақтар негізінде кішкентай көрінбейтін өзеннен үлкен сарқыраған тау өзеніне айналады. Осы қағида қаржы сала­ сында да жұмыс істейді. Пайданың бір ғана көзін иелене отырып, сіз ешқашан бай бола алмайсыз. Сондықтан тек бір жалақыға ғана жұмыс істемеңіз. Ақша бұлақтар жасаңыз, олар бір қаржылық ағынға қосылып, сізді ауқатты бай адамға айналдырады. Тіпті жоғары білім туралы диплом сіздің бай болуыңыздың кепілі емес. Жалақыға қарайтын бір жұмыс сізді байытпайды. Кеңестік дәуірде барлығы бір жалақыға өмір сүрген. Және сол ақша өміріңізге жететін, тіпті артылып, жинақтық кассада жинақтауға да жететін. Ол кезде байлық жөнінде ешкім ойламайтын. Нарықтық эконо­ 102

Стимул муравья – потребности семьи мика жағдайында ауқаттылық пен дәулеттілік түсініктерінің жаңа деңгейін байқауымыз қажет. Өзімізді құлдыраудан, дефолттардан, дағдарыстық жағдайдан сақтау үшін кірістің көптеген көздерінен тұратын ақша ағымын құруымыз керек. Өзен туралы мысал, сіздің кішкентай қаржылық бұлақтарыңыз жиналып, сіздің ауқаттылығыңыздың үлкен өзеніне айналатындығын көрсетеді. Ол үшін, сіз ақшаны саналы түрде басқаруды үйренуіңіз керек. Су туралы мысалдың үйретеніні көп. Судың қасиеттері ерекше. Оның түсі, тұрақты формасы жоқ, күйін өзгертеді (сұйық, газ тәрізді, қатты), кез келген заттың формасына келеді, көп заттар­ ды ерітеді. Жұмсақ бола тұра, су дамбыларды, көпірлерді, үйлерді бұзады, тіпті тасты да үгітіп жібереді, демек үлкен күшке ие. Өзен, оның жағасында өсетін өсімдіктер мен жануарларға өмір береді. Сол сияқты байлық та түрлі көздерден өзіне нәр алып, айналасына гүлдену мен жақсылық сый­ лау керек. М.С. Норбеков: «Қолыңыздан саусақтарын жұдырық қылып біріктірмеңіз, барынша ашып ұстаңыз, себебі алақаныңа сыйғаны сенікі болады. Сонымен бірге, сенің саусақтарың ашық болуы ке­ рек, себебі, саған берілгеннің бөлігі ата-анаңа, тағы бір бөлігі жақындарыңа, тағы бір бөлігі мұқтаж жандарға ағылып түсуі тиіс. Қалған бөлігін шайқап, алақаныңды үрлеп көру керек. Қалғаны сенікі бо­ лады. Және осы сені бай қылады, себебі, өзен өз жолындағы барлық заттарға өмір сыйлайды». Ақша, онымен жұмыс істей алатын адамның қолында болады. Әрқашан әріптесіңіздің, инвестордың қызығушылығын ескеруіңіз ке­ рек. Оның қызығушылығын білсеңіз, сіз ол үшін 103

Мен және Ақша қызықтыратын ұсыныс жасай аласыз. Әрқашан, алдымен инвесторлардың жоспарын, ниеттерін, мәселелерін біліп алыңыз. Сіздің ұсыныстарыңыз олардың мәселелерінің шешімі болуы тиіс, сонда олар міндетті түрде келісім береді. КІРІС КӨЗДЕРІН КӨБЕЙТУ 2. Акциялар мен қорлар 3. Жылжымайтын 1. қолма-қол мүлік ақша 4. компанияның бөлігі болу Денежное дерево 104

Стимул муравья – потребности семьи ИНВЕСТИЦИЯ ҮШІН ТӨРТ БАҒЫТ Нақтылық үшін төрт бағыт бойынша инвестици­ ялау қажет, олардың әрқайсысының өз мақсаттары мен мүмкіндіктері болуы керек. Бірінші бағыт – сіздің банкіде сақтайтын қолма қол ақшаңыз. Оларға тиісуге болмайды, басқа мақсат үшін шоттан алуға болмайды, себебі, ол сіздің қаржылық қорғанысыңызды қамтамасыз етіп тұр. Сонымен қатар, ол сома әрдайым бөлініп отырған жылдық пайыз бойынша өсіп отырады. Екінші бағыт – ол компанияның акциялары және құнды қағаздар. Бұл салада қиын ештеңе жоқ, тек алғашқыда ғана барлығы өте қиын әрі түсініксіз болып көрінеді. Жай ғана осы бағытты зерттеп көріңіз, биржада акция алып көріңіз, алдымен аз сомаға сатып алыңыз. Егер кенеттен бұл акцияларға баға төмендеп кетсе, ештеңе етпейді, сіз тәжірибе аласыз. Уақыт өте келе барлығына үйренесіз, дұрыс уақытта сатып және сатып алып, қажет акцияларға ақша салуды, бағаның ауысуынан ақша тауып үйренесіз. Бұл іспен айналысатындардың қызық ережесі бар, олар барлығы қорыққанда акция сатып алады да, барлығы жоғарылауды күткенде сатады. Үшінші бағыт – жылжымайтын мүлік. Ол ылғи бағалы, оны сату оңай және ол тұрақты пайда алып келе алады. Бүкіл әлемде жылжымайтын мүлік ка­ питал салымының тиімді түріне жатады. Егер сіз үй немесе пәтер сатып алғыңыз келсе, оны жетістікке жеткен адамдардан алыңыз. Тіпті сағат немесе туфли алсаңыз да кез келген орындар­ дан емес, жақсы салондардан алыңыз. Әдетте адам­ дар: «базардан мен әлде қайда арзанға аламын» деп айтады. Алайда, барлығына да төлеу керек. Қымбаттырағын салоннан алу арқылы сіз тек ақша 105

Мен және Ақша төлейсіз. Егер базардан алсаңыз, сіз уақытыңызды да жоғалтасыз, себебі іздеу керек болады. Ақшаны табуға болады, ал уақытты қайтара алмайсың. Біздің қағидаларымыздың мәні, жұмыста өткізетін сағатымыздың санын арттырмай, өзіміздің жұмыс күніміздің уақытын арттырмай ауқатты адамға айналу. Сондықтан оқыту уақытты үнемд­ еу­ ге, оны басқаруға, дұрыс қолдануға бағытталады. Тағы да қайталап айтамын, 3-5 жыл жақсылап жұмыс істеп өміріңіздің қалған уақытында өз рахатыңызға жұмыс істеп, жақсы өмір сүрген дұрыс. Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алғанда ауқатты адамдардан алуға тырысыңыз. Неге деп сұрайсыз ба? Себебі, пәтердің қабырғаларының өзі иелерінің жағымсыз энергиясын- ұрыстарды, күйзелісті, жаман көңіл-күйді, жағымсыз эмоция­ ларды сіңіріп алады. Одан біраз ақша қосып, жақсы адамдардан алған дұрыс. Жанұялық бақыт, балалардың денсаулығы, отбасындағы гармония кез келген ақшадан артық. Ақшаны қайтып ала аласыз. Ал қабырғалар мен зат­ тар өз иелерінің жағымсыз энергиясын, мәселелері мен сәтсіздіктерін жинап алады. Сондықтан үйіңізде ұрыспаудың барлық амалын жасаңыз. Сіз ақшаңызды үнемдеп, арзанырақ сатып алсаңыз, бұл сіздің өміріңіздің басқа жақтарына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Тіпті жылжымайтын мүлікті қайта сату үшін алсаңыз да бұл жақсылыққа пайда мен табысқа алып келмеуі мүмкін. Алып келсе де ақша су секілді кетіп қалады. Жалпы, жаңа пәтер сатып алу керек немесе өз үйіңізді салу керек, себебі, сіз өзіңіз үйіңізге жағымды эмоциялар, үміт пен арманыңызды саласыз. Сіз өз үйіңізде қалай тұратыныңызды елестетесіз, бөлмелерді бөлесіз, 106

Стимул муравья – потребности семьи заттарыңызды қоясыз, өз үйіңіздің қабырғаларын жағымды энергияға толтырасыз. Сондықтан жаңадан салынған үйлерде жаңа пәтер сатып алуға тырысу керек. Төртінші бағыт – компанияның бөлігіне ай­ налу, патент алу, авторлық құқық алу, лицен­ зия, сақтандыру полисін алу, болашағы бар кәсіпорындарға тікелей инвестиция салу. Сіз мұны, оның жобаларына өзіңіздің ақшаңыздың бөлігін салу арқылы жасай аласыз. Бірнеше ұзақмерзімді әрі жинақтаушы сақтандыру полистерін сатып ала аласыз. Ол сізге сенімділік береді әрі сіздің болашағыңызды қамтамасыз етеді. Бұл бағыттардың тек біреуіне ғана салуға бол­ майды, себебі барлық жерде тәуекел бар. Барлық төрт бағытқа салым салу ғана сізге қаржылық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жаттығу Бизнеспен айналысқысы келетін бірнеше адамды – достарыңызды, жолдастарыңызды, әріптестеріңізді жинауға тырысыңыз. Олармен мынадай ойын ойнап көріңіз. Алдымен ақша ретінде доллардың, евро, рубль, тенге, сомның көшірмелерін жасап қойыңыз (Шынайы ақшалармен де ойнауға болады, егер мүмкіндік болса, әрине). Содан соң жүргізуші кімге ақша керек деп сұрасын. Бірінші болып қолын көтерген адам ақшаның барлығын алады. Сонымен қатар, барлығының ақша алуға құқығы бірдей. Осы- дан кейін қалған ойыншылар инвестиция үшін өз идеяларын ұсынуы тиіс. Ақшаны алған адам кімнің идеясын ал керектігін өзі таңдайды, биз- нес жобалардың қайсысы тиімдірек және шы- 107

Мен және Ақша найы өмірге жақын екендігін қарап, ойыншылар арасында қаржыны бөліп салады. Бастысы, оның мәселелерінің шешімі болатын идея ұсыну. Егер ақша алған ойыншының қызығушылығын тудырсаңыз, инвестицияның өзіңізге тиесілі бөлігін аласыз. Ақшаға ие болған әрбір ойыншы по- тенциалды инвесторға айналады. Енді әрбір адам өзінің бизнес жобасын толықтыратын қызметтер мен идеялар ұсына алады. Әрбір қатысушының мақсаты, инвесторларды қызықтыратын, оларды сіздің идеяңызға ақшасын салуға мәжбүр ететін ұсыныс жасау. Қарапайым мысал: бір қатысушы құрылыс компаниясының директоры болып табылады және бірнеше көпқабатты үйлерден тұрғын үй комплексін салғысы келеді. Басқа қатысушы, кірпіш шығаратын зауыт директоры, оның мүддесін ескере отырып, нарықтық бағадан төмен бағамен кірпіш ұсынады. Тағы біреуі белгілі уақытта сапа- лы бетон жеткізуді ұсынады, үшінші адам терри- торияны жайғастыру туралы келісімді ұсынады. Төртіншіқатысушыжарнамалықкомпанияныңиесі болғандықтан, бөліскерлерді тарту мақсатында, салынып жатқан тұрғын үй комплексінің жарна- масымен айналысуды ұсынады. Егер ұсыныс көңілінен шықса инвестор өз ақшасының бөлігін береді. Содан соң ең көп ақша алған адам өзінің жоспарлары туралы айтады (идеялары, жобалары). Ал қалған қатысушылар тағы да, енді осы адамның мүдделерін ескесірп, оған идеяларын ұсынуы тиіс. Ойын кезәнде ақша ылғи қолдан қолға ауысып отырады. Және осы кезде сіз маңызды затты түсінесіз, әріптесіңіздің мүддесін есептеңіз, сіздің ұсынысыңыз оның 108

Стимул муравья – потребности семьи мәселелерінің шешімі болуы керек. Сол кезде сіз инвестицияның бөлігіне ие боласыз. Ойыннан кейін қорытындысын жазып қойыңыз. 1. Әрбір ойыншыда ақша алу мүмкіндігі болды, алайда барлығы оны қолдана алмады. 2. Ақшасы бар адамның айналасында идеясы, ұсынысы, жобалары бар адамдар жүреді. 3. Ақшасы бар адам сенімді болады, себебі енді ақшаны қайда бөлу керектігін сол шешеді. Сәйкесінше, инвестицияға мүдделі адамдардың барлығы соған барады. 4. Кейде (саналы түрде немесе байқамай) бөтен адамның арманының орындалуына кедергі жасаймыз. Ондай затты істемеу керек. 5. Адамдар өз ойларын дұрыс жеткізе алмай- ды және өз идеясын нақтылап айта алатын жан- дар сирек кездеседі. Оны міндетті түрде үйрену керек. ӨМІР МАҚСАТТАРЫ Көп адамдар 80- АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ 90 жасқа дейін өмір Бүкіл өмірлік мақсатың болсын, өз өміріңнің сүріп келіп, алдарына белгілі кезеңі үшін мақсат, белгілі уақыт үшін мақсат, өмірлік мақсаттарын жыл үшін, ай үшін, апта үшін және сағат пен минут қоймайды. Өмір үшін де мақсатың болсын, төмен мақсаттарыңды бізге бір рет беріледі жоғары мақсаттар үшін құрбан ете біл. және біз оны рухани жағынан да материал­ ды жағынан да әдемі, бай ете білуіміз керек. Әрбір таң атқан сайын біз өз мақсатымыз жай­ лы ойлауымыз керек. Л.Толстой 109

Мен және Ақша Менің ұстазым, бір күні енді оралған солдат­ тан қалай борышын өтегендігі туралы сұрады? Ол, оның жолы болғандығын және оны солдаттар ас үйіне орналастырып, сонда жұмыс істегендігін айтады. Қасында тұрған адамдар оны қоштап, шы­ нымен жолы болғандығын айтады. Ол кезде мен де солай ойлап тұрғанмын, бірақ менің ұстазым былай деді: «Есіңе сақта, өмір өте шолақ, екі жыл өміріңді картоп аршуға кетіргенің дұрыс емес. Армияда көп затқа үйренуге болады, әлсіз тұстарыңды жеңуге болады, шынығып, нағыз еркекке айналасың. Ал осынша көп уақытты ас үйде өткізу дұрыс емес». Адамдар жеңіл жолын іздейтіні белгілі, алайда, бұл өз әлсіздігіңізді ақтау болып табылады. Ешқашан да өз уақытыңызды керек емес заттарға жұмсамаңыз. Себебі, сіздің өміріңіздің маңызды сәтінде арманыңыздың орындалар кезінде сізге бірнеше сағат уақыт (тіпті минут) жетпей қалуы мүмкін. Өз мақсаттарыңызды нақтылаңыз, олар нақты жазылған болуы керек, бірақ өз алдыңызға жаһандық мақсаттар қоймаңыз. Себебі, сіз ол мақсаттарға өз жалақыңыз тарапынан қарасаңыз, ол сізге орындалмастай болып көрінуі мүмкін және сіздің еңсеңіз түсуі мүмкін. Сіз өзіңізге де­ ген сенімділіктен айырыласыз және мақсатыңызды жүзеге асыруды кейінгі жақсы уақыттар мезгіліне қалдырасыз. Үлкен мақсатыңызды кішкентай бөліктерге бөлсеңіз, өзіңізге оңай болады, оған жетуге және біртіндеп басты мақсатыңызға жақындасаңыз жеңіл болады. Қолжетімді бастапқы мақсаттан бастасаңыз да сіз үшін жақсы, сол жолды оңай өткересіз, үлкен арманыңызға жетесіз. 110

Муравьи всегда помогают друг другу Неліктен көптеген адамдар өз мақсаттарына жете алмайды? Себебі, олар өздерінің үлкен мақсатына қарайды. Иә, олар оған лайықты, бірақ олар оны көріп, мүмкін емес деп ойлай­ ды. Сондықтан, менің төрт үлкен мақсатым бар деп айтпаңыз, сіздің санаңыз ғаламды және кішкентай мақсаттарды ажырата алмайды, ол көлемге мән береді. Сана бір купюраны миллионға бағаламайды, ол үшін ол бір ғана купюра. Ал жүз долларлықтан екі жүз купюра сананы өзгертеді, себебі ол көлемді ғана сезеді. Мысалы, бала: «Бұл қымбат ойын­шық» дегенді, түсінб­ ейді. Бала санға немесе көлемге мән береді, ол үшін тек көп ойыншық немесе аз ойыншық деген түсінік қана бар. Ол үлкендердің қымбат немесе арзан деген түсіндірмелерін түснбейді. Сол сияқты, сіздің санаңыз үшін де көзбен көру арқылы сезіну маңызды, ол көп ақшаны көргенде сезінеді. Сіз үлкен зауыт ашқыңыз келді делік. Иә, бұл жаһандық мақсат. Және сіз зауыт ашу үшін не істеу керектігін де білмейсіз. Неден бастау қажеттігін білмейсіз. Бірақ егер, бизнес жоспар құрса, онда сіздің барлық қадамыңыз қарастырылады, барлық есептеулер жүргізіледі, барлық шығындар есептеліп, баланс жасалынады. Егер сіз инвесторға барып өз идеяңызды айтсаңыз, ол нақты іс қимыл 111

Мен және Ақша жоспары мен анығырақ ақпаратты талап етеді. Егер сіз өзіңіздің жаһандық идеяңызбен банкке кредит сұрап барсаңыз, олар сізден бизнес жоспар сұрайды. Ешкім ақшасын тұманды ойға жібергісі келмейді. Сондықтан, ең алдымен дұрыс бизнес жоспар құруды үйреніңіз. Ірі кәсіпорындарда басшы мен жетекші бо­ латынын білесіз. Басшы жиі бұрын дайындалып қойған шешімдерге қол қояды, ол кәсіпорынды басқарудың салаларында жиі құзыретті бола бермейді. Ал жетекші барлық жетістіктер мен мәселелерді жақсы біледі, ағымдағы сұрақтарды шеше алады, кадрлармен жұмыс істей біледі. Егер басшыны қызметтен босатса, ол жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал егер, жетекшіні жұмыстан бо­ сатса, ол қиналмайды, себебі, аз уақыттан кейін жаңа жұмыс тауып алатынын біледі. Себебі, әлем дарынды әрі құзыретті адамдарға мұқтаж. Егер сіз кәсіби маман болсаңыз және өз ісіңізді жақсы көрсеңіз, онда кез келген басшы сізді өзінің ком­ паниясына алып, сенетін болады. Атақты «Форд» корпорациясының жетекшісі болып көп жылдар бойы жұмыс істеп, содан соң жұмыстан шығарылған Ли Якокк туралы мысал соның дәлелі болып табылады. «Форд­ тан» жұмыстан қуылғаннан кейін оны тағы бір автомобиль гиганты «Крайслерге» жұмысқа шақырады. Мұнда да Ли Якокк өзінің жетекшілік ерекше қабілеттерін көрсетіп, «Крайслерді» жаңа деңгейге көтерді. Ал «Форд» Ли Якокк сияқты дарынды менеджерді жұмыстан шығарып, тек жеңіліс тапты. Жақсы жетекші талап қоя біледі, бірақ әділетті, ол тәртіпті және жоспарлы тапсырмалардың орын­ 112

Муравьи всегда помогают друг другу далуын қадағалайды, әрбір қызметкер үшін жақсы жағдайлар жасайды, барлық құрылымдардың жұмысын реттейді, адамдармен тіл табы­ са біледі және бүкіл кәсіпорынның жұмысын ұйымдастырады. Егер сіз жақсы әке болсаңыз, балаңыз сізден үлгі алатын болады. Егер сіз жетекші болсаңыз, бірақ тіпті өзіңізді де басқара алмасаңыз, сізге ешкім сенбейді. Жетекші ылғи өзінен бастайды. Егер сіз балаңызға жақсы әке екендігіңізді айтсаңыз, ол күлуі мүмкін, себебі ол сіздің әлсіз тұстарыңызды біледі. Балалар ата аналарының жасағанын, тіпті кемшіліктеріңізді де қайталайды. Егер өзенге жерде тұрып қараса, ол түзу ағып бара жатқандай көрінеді. Ал егер оған ұшақтан қараса, оның ирелеңдеп ағатынын көруге болады. Себебі, ол өз жолында кедергілерден өтеді. Сол сияқты адам да өз жолында мақсатына жету үшін кедергілерден өтеді. Сіз дұрыс бағытта жүру үшін әдейі кедергілер жасауға болады. Мұны жетекші жасай алады, себебі ол қойылған мақсатқа жету үшін ағымды дұрыс бағытқа бұру үшін кедергілер қоюы мүмкін. Біз өзімізбен дәл осылай жасаймыз, армандары­ мызды жүзеге асыру үшін өзіміздің ойымызды, эмо­ циямызды, мотивтерімізді, істерімізді басқарамыз. Нәтижеге жету біздің оны қалай жасайтынымыз­ дан, біздің мақсатымызға деген көзқарасымыздан шығады. Біздің өзімізді басқара білуіміз, ойлануы- мыз, ойлаған ісімізді орындауға мәжбүрлеуіміз, жағымсыз сезімдерімізді тежейміз, осының барлығы біздің жоспарларымыздың шынай­ ылығын анықтайды. 113

Мен және Ақша Сократ былай деген: «Ештеңе істемейтін адам жалқау емес, бар қабілетімен емес, одан аз жа­ сайтындар жалқау». Қалай ойлайсыз, ең жақсы заңгер, ол – заңның барлығын білетін заңгер ма әлде қажетті жағдайдан дұрыс дәлел таба білетін заңгер ма? Ал ең ақылды адам, ол барлығын білетін адам ба әлде білімін қажетті жерде қолдана білетін адам ба? Айырмашылық бар ма? Сондықтан ылғи лидер бола біліңіз. Сіз бірдеңе істегеніңізде немесе өзіңізбен жұмыс істегенде өмір талап еткендіктен емес немесе өмірдің мәжбүрлеуімен жасамай, мұны махаббатпен жасаңыз. Егер сіз бірдеңені жасай алмасаңыз, шыдамыңыз жетпесе, ықыластылығыңыз, ерік күшіңіз жетпесе, өзіңізді кінәлауға асықпаңыз. Психгенетик ретінде сізге оның себебі сіздің геніңізде болуы мүмкін деп айта аламын. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ, оны жасауға болады. Ең бастысы сіз өзіңізбен жұмыс жасауыңыз керек, өзіңіздің кемшіліктеріңізді түзеуге бағытталуыңыз керек. Ол үшін сіз өзіңізді жақсы жағына өзгерте алатыныңызды анықтап алуыңыз керек. Және өзіңізбен жұмыс істеуіңізді бастауыңыз керек. Арман ойды жетелейді, ой істі жетелейді. Кей­ де адамдар былай дейді: «Мен қатты қаладым, алайда менің қолымнан келмеді». Бұл жалған. Егер сіз қаласаңыз, шынымен тілесеңіз, сіз оған қол жеткізесіз. КҮМӘНДАР Адамның ең жаман қасиеттерінің бірі – күмәндана беру. Бірдеңе сатып ала отырып, сіз сатушы алдамай ма екен деп күмәнданасыз ба? Нәтижесінде солай болады. Өзіміздің 114

Муравьи всегда помогают друг другу сенімсіздігімізбен біз АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ болашағымызды жа­ Өзіміздің сенімсіздігімізбен саймыз. Мүмкін ол са­ біз басқалардың өтірігін тушы басқа адаммен ақтаймыз. адал болатын шығар, бірақ сізді міндетті Ф. Ларошфуко түрде алдайды. Сіз өзіңіздің күмәніңізбен оны алдауға мәжбүрлейсіз. Сондықтан ешқашан күмәнданбаңыз, сізді қоршаған адамдарға сеніңіз. Өзіңіздің бизнесіңізді аша отырып, өз ісінің хас шеберлерімен жұмыс істеуге тырысыңыз. Мен өз компаниямды ашқанда тиісті жарнама бердім: «Ең жақсыларды жұмысқа аламын». Шынымен де ең жақсылар жиналды. Сондықтан тек ең жақсы кад­ рларды алуға және өз ісінің ең жақсы мамандары­ мен жұмыс істеуге тырысыңыз. Көп адамдар тиімді ұсынысты естігенде күмәнданады. Олар ақшасы қайтпай қалады ма деп қорқады. Байлық дегеніміз, сізде қазіргі кезде бар зат емес, байлық әрдайым сізге жұмыс жасау керек және көбейе беруі тиіс. Әйтпесе, сіз оны мәңгілікке жоғалтып алуыңыз мүмкін. «КҮМӘН» туралы нақыл Бір кедей қала тұрғындарының есігін қағып, қайыр сұраумен өмір сүреді. Бір күні ол қалаға кіріп келе жатқан алтын арбаны көреді. Арбада күліп, ұлы король отырады. Кедей өзіне былай дейді: «Қиындықтар бітті, менің кедей өмірім аяқталды! Жүзі жарқыраған мына король қалаға мен үшін келді, ол менімен өзінің байлығын бөліседі, сөйтіп мен тыныш өмір кешетін боламын». 115

Мен және Ақша Оның ойларының дәлеліндей корольдің бұй­ рығымен карета тоқтатылады. Король арбасын көре сала етпетінен жата кеткен кедей, оның жолы болды екен деп орнынан тұрып, корольға қарайды. Сол кезде король қолын созып, кедейге қарап, былай дейді: Сенде маған беретін не бар? Есі шығып, таң қалған кедей не айтарын да білмеді. «Бұл не король ұсынып отырған ойын ба? Ол не мені мазақ қылып тұр ма? Бұл жаңа сән бе?» деп сұрады ол өз өзінен. Оның сөзінің астарын түсінбей, ол корольдің шынайылығына күмәнданып, таңырқап қалды. Алайда, корольдің әлі де болса күліп, қолын со- зып тұрғандығын көріп, өз қолын қол дорбасына салып, бірнеше шымшым күріш тауып алады. Ол күріштің бір дәнін алып, корольдың алақанына салады. Король оған рах- мет айтып, ары қарай жолды жалғастыруға бұйрық береді. Аттар алтын арбаны ары алып кетеді. Кешке қарай кедей өз қолдорбасынан қалған күріштің дәндерін алып қараса, арасында бір алтын дән болады. сон- да ол жылап тұрып: «Мен неге барлық күрішімді бермедім?» деп өкінеді. 116

Муравьи всегда помогают друг другу Сіздің блокнотыңызға Бір ғана кіріс көзіңіз болса, сіз ешқашан бай болмайсыз. Сондықтан тек бір жалақыға ғана үміт артып отыра бермеңіз. Ақша бұлақтар құрыңыз, олар бір қаржы ағынына бірігіп, сізді табысты, әрі бай етеді. Инвестиция үшін төрт бағыт: банк шоты, акциялар мен қорлар, жылжымайтын мүлік, компания. Бұл бағыттардың тек біреуіне ғана салуға болмайды, себебі барлық уақытта белгілі тәуекел болады. Тек төрт бағытқа да салынған инвестиция сізге қаржылық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ешқашан өз уақытыңызды қажет емес істерге жұмсамаңыз. Себебі ең қажет сәтте сіздің арманыңыздың орындалуы үшін бірнеше сағат (мүмкін минут) жетпей қалуы мүмкін. Үлкенмақсатыңыздыкішкентайбөліктерге бөлсеңіз, өзіңізге оңай болады, оған жетуге және біртіндеп басты мақсатыңызға жақындасаңыз жеңіл болады. Қолжетімді бастапқы мақсаттан бастасаңыз да сіз үшін жақсы, сол жолды оңай өткересіз, үлкен арманыңызға жетесіз. Біздің өзімізді басқар а білуіміз, ойлануы- мыз, ойлаған ісімізді орындауға мәжбүрлеуіміз, жағымсыз сезімдерімізді тежейміз, осының барлығы біздің жоспарларымыздың шынай­ ылығын анықтайды. 117

Мен және Ақша 4. АҚШАНЫҢ РАҚАТЫН ҚАЛАЙ КӨРУГЕ БОЛАДЫ 1. Қайырымдылық 2. Өз мүмкіндігіңізді қалай пайдаландыңыз? 3. Дарын мен қабілет 4. Хобби және ғанибет Рақаттану – ол ақылсыздардың бақыты, бақыт – парасаттылардың рақаты. Буфлер Б із жиі ақшамызды қажеті жоқ жерде жұмсаймыз. Ал инвестиция салғанда қорқып, былай ойлаймыз: мында пайыз аз болса да салым қауіпсіз болады. Адам инвестиция салғанда жоғалтуы да мүмкін, бұл түсінікті жайт. Қауіпсіздіктің емес, еркіндіктің артынан жүріңіз, сізге қаржылай еркін болу ке­ рек. Жеңілу үшін емес, жеңу үшін ойнаңыз. Жи­ най алғаныңызша жинаңыз, өз болашағыңызды инвестициялаңыз. Былай деп айтпаңыз: «Мен елу немесе алпыс жастамын, бұл маған енді ке­ рек емес». Адам бақытты болған жылдарын емес, 118

Муравьи всегда помогают друг другу сәттерін санайды. Өз болашағыңызға инвестиция салыңыз. Өмір өз еңбегіңнің нәтижесінен туын­ дайтын қуанышты жылдар бойы емес сәттер бойы сезіну деген сөз. Біздің көпшілігіміз, көршілеріміз немесе туы­ старымыздан артық тұрамыз. Және де біздің ба­ баларымыздан артық өмір сүріп жатырмыз. Қазір бізде жетістікке апарар мүмкіндігіміз көп. Және тек ақша ғана сіздің қандай деңгейде екендігіңізді көрсетеді. Кейбір адамдарда ол өте төмен. Өзіңіз үшін жаңа деңгей шығарып көріңіз. Жиырма жыл бұрын әлем өзгеріп, көптеген мүмкіндіктер пайда болды. Ал көпшілік адамдар жиырма жыл бұрынғы көріністермен өмір сүреді. Ақшамен қалай рақаттануға болады? Мен сіздерді тек сіздердің ақшаларыңыз болсын деп қана емес, бақытты, табысты болуларыңыз үшін оқытамын. Мен кедей бірақ бақытты, бай әрі бақытсыз адам­ дарды көрдім. 1. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ Әлемде мұқтаж жандар өте көп. Байлардың ең жақсы қасиеттері басқаларға көмектесу ниеті. Басқалардың көмегінсіз бірдеңеге жетем деген адам көп қателеседі. Бірақ, басқа адамдар оның көмегінсіз де өмір сүре алады деп ойлаған жандар екі есе қателеседі. Кейбіреулері былай дейді: «менде қазір ақша жоқ, бай болғанда міндетті түрде көмектесемін». Бұл өзіңізді өзіңіз алдау. Егер сіз қазір 100$ 2,5% бере алмасаңыз (немесе 10%). Кейін миллион болғанда өзгереріңіз екіталай, себебі онда үлкен сома болады. Сондықтан, қазір қанша ақшаңыз болса да, он доллар немесе бір доллар болса да, 119

Мен және Ақша соның 25 центін беріп отырыңыз. Бұл қазірден бастап, ереже болуы тиіс. Сонымен бірге, мына­ ны есіңізде сақтаңыз, егер сіз қызғанып, қазір сол ақшаны бермесеңіз, өмір өзі ол ақшаны сізден, инфляция, ауру, сіздің шашыраңқы мінезіңізден болсын бәрібір алып қояды. Сіз бермейінше қайта алмайсыз. Библияда былай жазылған: «Берген адамның қолы кедейленбесін». Және бұл солай. 2. ӨЗ МҮМКІНДІГІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНДЫҢЫЗ? Біреу кедейлік дегеніміз – молышылық деген екен. Айналаңда жетістікке жеткен ауқатты адам­ дарды көргенде, айырылып қалуды бастан кешіру, өзіңнің қызғанып қарауға тұрмайтын жағдайыңды ақтау үшін, қандай ерік күші болуы тиіс. Кедейлік дегеніміз – бұл мираспен беріледі. Егер бала жоқшылықта өмір сүрсе, ол оны міндетті зат ретінде қабылдайды. Оған лайықты үлгі болар адам жоқ. Оның дұрыс мысалы да жоқ. Біз қазір армандағанымыздай өмір сүрмегенімізге балалары­ мыз кінәлі емес. Біз оларға ең күшті өмір сыйлауы­ мыз керек. Әрқашан да өз іс-әрекетіңді ақтап, оған сену оңай болып табылады, ал бірдеңені өзгерту қиынға соғады. Мен өз ауылымнан кеткенде анам менен: қайда баратынымды сұрады. Мен өз өмірімнің барлығын ауылда өткізуге дайын емес екендігімді және өзімді бүкіл әлемді көруге лайықты екенімді айттым. Оған ол былай деп жауап берді: «Қал, менің өмір бойы жинаған мүлігім сенікі болады». Мен көз жүгіртіп, кішкентай үй, 5 соттық жер, үй малы және ұсақ зат­ тарды көрдім. Ауылдағы өмір бір сарынды еді. Жазда шөп 120

Муравьи всегда помогают друг другу шауып, оны кептіріп, қыста сол шөппен малды бақтық. Күзде мал сатып, қажет заттарды сатып ала­ тынбыз. Және бұл өмір сүрудің ең нашар түрі емес. Қалада да көпшілігі осылай өмір сүреді емес пе, тек басқа форматта: күнде жұмысқа кетеді, күні бойы үстел үстінде отырады, ал кешке үйіне келіп, теле­ визор қарайды. Дәл сол өмір болып табылады, тек ауылдық өмір қарқыны, қаланың өміріне ауысқан. Мен туған ауылымнан кеткенде, менің анам мені жібергісі келмей жылады. Бірақ мен табанды түрде өз өмірімде бірдеңені өзгерткім келетінін, әлемді көргім келетінін айттым. Әлемнің маған бер­ ген мүмкіндігін қолданғым келеді. Менің ұстазым маған, әлемнің барлығы сен үшін жаралған, қажеттінің барлығын алуға дайын болуың керек. Сонымен бірге, есіңде болсын, сенде ештеңе жоқ, тіпті өз терің де саған бағынбайды, себебі сен оны басқа әлемге алып кете алмайсың. Бұл түсінік өзімшіл болуға көмектеседі. Бір данышпан адам, өз балаларына былай депті: «Намыс, құрмет, батылдық сені қайда жүрсең де ко­ роль етеді, алайда барлық корольдарда мұндай сапа жоқ». Сіз кім болсаңыз да, қайда болсаңыз да, не істесеңіз де әрқашан мына ережені есте сақтаңыз: Құдайға сену және өз өзіңізбен шынайы болу. «МҮМКІНДІК» ТУРАЛЫ НАҚЫЛ Бір күні бір ер адам түн ортасында оянып, қасынан періштені көреді. Ол әлгі адамға оны ке- ремет болашақ күтіп тұрғанын айтады: оған бай болуға, қоғамда құрметке ие болуға және керемет әйелге үйленуге мүмкіндік болады. Ол ер адам өз өмірін сол дәулетті күтумен өткізеді, алайда, ештеңе өзгермейді. Ол өмірінің 121

Мен және Ақша соңына дейін жалғыздықта және кедейшілікте өтіп, өледі. Ол жұмақ қақпасына көтерілгенде, сол баяғы періштені көріп, өкпелеп: – Сен маған байлық, құрмет пен әдемі әйелің болады деп уәде берген едің ғой. Мен өмір бойы соны күтумен болдым, ақыры ештеңе де орындалған жоқ! – Мен саған ондай уәде берген жоқпын, – деп жауап береді періште. Мен саған бай, құрметті әрі сүйікті адам болуға мүмкіндігің болады дедім. Ер адам таң қалады: – Сенің не айтқың келіп тұрғанын түсінбедім? – Есіңде ме сен бір кезде өз бизнесіңді ашқың келді, алайда барлығын жоғалтып аламын ба деп қорқып, ештеңе істемедің, және басқа ешқашан бірдеңе істеуге ұмтылмадың да . Ер адам келіскендігін білдіріп, басын изеді. – Біраз жылдан осы идея басқа адамның ойы- на келді, ол оны жүзеге асыруға қорыққан жоқ. Есіңде ме, ол елдегі ең бай адамдардың біріне ай- налды.– қаланы қиратқан жойқын жер сілкінісін есіңде сақтауың керек. Мыңдаған адамдар қираған үйлердің астында қалды. Сол кезде сенің көп адамды құтқаруға мүмкіндігің болды, алайда сен ұрылар үйіңді тонап кетеді деп қорқып, ешқайда шықпай отырдың. Сондықтан сен басқалардың көмек туралы жалынғанын естігің келмей, үйіңде қалдың. Ер адам қатты ұялып, басын изеді. – Бұл сенің көп адамды құтқарып, елге құрметті болатын мүмкіндігің еді,– деді періште. 122

Муравьи всегда помогают друг другу – Сосын есіңде ме, саған сары шашты әйел қатты ұнайтын? Сен оны теңгерімсіз деп есептедің, алайда ондай әйел саған тұрмысқа шықпайды деп ойладың. Қабыл алмауынан қорқып, оған ештеңе ұсынбадың. Ер адам тағы да басын изеді және бұл жолы көзінен жас шықты. – Иә, досым, ол сенің әйелің болар еді, сендердің әдемі әрі дені сау балаларың болатын еді, сенің ұрпағың жалғасар еді... Біздің барлығымызға әр күн сайын мүмкіндіктер беріледі, алайда өзіміздің қорқынышымыз бен батылсыздығымыздан біз оларды жүзеге асыра ал- маймыз. 3. ДАРЫН МЕН ҚАБІЛЕТ Алдымен бір оқиғаны айтып берейін. Дүниеде бір жақсы дауысқа ие жігіт өмір сүреді. Жігіт ән салғанда, көрермендер алдына шыққанды қатты ұнатады. Ол күндердің күнінде әлемдік жұлдыздар ән салатын Миландағы «Ла Скала» опера театрын­ да ән салуды армандайды. Бірақ, ол музықалық білім алғаннан кейін өмір сүру үшін елді аралап ән салуға мәжбүр болады. Бір күні, қалалардың бірінде, қойылым ара­ сында, оған бұрынғы танысы келіп, мұнда нестеп жүргендігін сұрайды? Жас жігіт отбасын асырау үшін ән айтып жүргендігін айтады. «Мен оны ай­ тап тұрғаным жоқ, сен мұнда не істеп жүрсің?», деп сұрағын қайта қойды. «Айтып тұрмын ғой, от­ басымды асырау үшін жұмыс істеп жүрмін», – деп таңырқап жауап берді жігіт. Сонда досы былай деді: «Жоқ, мен оны айтып тұрғаным жоқ. Саған армандарыңды жүзеге асыру үшін тағдырдың бер­ ген мүмкіндіктерімен не істедің?» 123

Мен және Ақша Әрбір адамның бір дарыны болады. Бұл дарын сіздерге адамдарға қуаныш сыйлау үшін беріледі. Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы, сіз жетістікке жетесіз, мойындауға жетесіз және әрине ауқаттылыққа жетесіз. Әлгі жігіт досымен сөйлескеннен кейін, ұзақ уақыт өзіне келе алмай, ішімдік ішіп алады. Ал келесі жолы сахнаға шыққанда, барлығын ұмытып, беріліп, ән салады. Ол бар құштарлығымен ән ай­ тады. Аяқтаған кезінде зал оған тұрып қошемет көрсетеді. Театрдың директеоры оның керемет дау­ сын бағалап, оған тұрақты жұмыс ұсынады. Бірақ ол, өз арманына жетемін деп бас тартады. Бұл Эн­ рико Каррузо болатын. Әрбір адамға берілетін өз мүмкіндігіңіз жайлы ұмытпаңыз. Сонымен қатар, есіңізге сақтауға тырысыңыз: ақша, өз дарынын жүзеге асыратын адамдарға қызмет етеді. Тіршілік ету үшін өз дарыныңызды шашпаңыз. Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы, сіз өз арманыңызды жүзеге асырып, қаржылық тәуелсіз бола түсесіз. Тағдырдың берген кішкентай мүмкіндігін де қалт жібермеңіз. Тек сонда ғана сіз бақытты боласыз. Ғалымдар «Бақыт деген не?» деген тақырыпта зерттеу жүргізеді. Бақыт тек саған ғана тиесілі зат емес екен деген қорытындыға келеді. Сен басқа адамға қуаныш, шабыт, үміт, мейірім бергенде бақытты боласың. Ал бұдан бақытың азаймайды, тек көбейе түседі. 4. ХОББИ ЖӘНЕ ҒАНИБЕТ Әрқашан демалыс пен өзіңізге ғанибет сыйлай­ тын істерге уақыт қалдырыңыз. Менің ұстазымның 124

Муравьи всегда помогают друг другу берген ең жақсы ақылы: егер үш жыл ішінде сенің жұмысың өзің қалаған өмірді сүруге мүмкіндік бермесе, ол жұмысты таста. Егер ол сені рухани не­ месе материалды түрде жаңа деңгейге көтермесе, өзің мақтана алатындай белгілі нәтижелерге қол жеткізе алмасаң, ол жұмыстан кет. Авиценна айтпақшы: «Сен бір орында тұра беретін ағаш емессің ғой». Егер сізді бұл жерде түсінбесе, басқаларды өз көзқарасыңызға сендіріп, уақытты өткізіп қайтесіз, одан да жай кетіп қалған жақсы. Өзіңіз қаламаған жерде қалудың қажеті жоқ. Мүмкін басқа жақта сіз үшін ашылатын есік бар шығар. Ал мұнда нені күткеніңіз белгісіз, отырсыз. Ал, әрең дегенде соған шешім қабылдап немесе өмір сізді өзгеруге мәжбүр еткенде, ол есікке біреу кіріп қоюы және ол сіз үшін жабылып қалуы мүмкін. Әрине, : «Мен жұмыстан бекер кеткенімді білген едім. Мен оған үйреніп қалған едім, аз бол­ са да тұрақты жалақым бар еді. Ал жаңа орында жақсы болатынына кепілдік жоқ». Үрдісте болғысы келетін адамдар осылай айтады. Оларға нәтиже маңызды емес. Ақшамен қалай рақаттануға болатынын түсіндіңіз бе. Сіз жоғарыда айтылған тарауларды орындағанда ғана бақыт пен жетістік алып келеді. Ақша бақыттың катализаторы болып табылады, ол сіздің мақсатыңыз бола алмайды. Ол қуаныш, сенімділік, басқаларға көмек беруге құлшыныс алып келе алады, сіздің қабілеттеріңізді қолдануға және балаларыңыздың дарынын ашуға жағдай жа­ сайды. Сіз жағымды эмоцияларға толы мазмұнды өмір сүруіңіз керек. Бастысы осы. 125

Мен және Ақша Сіздің блокнотыңызға Адам инвестиция салғанда жоғалтып алу мүмкін екендігі барлығына белгілі. Қаржылық еркін адам болу үшін қауіпсіздікке емес, еркіндікке ұмтылыңыз. Жеңіліп қалу үшін емес, жеңу үшін ойнаңыз. Әлемде мұқтаж жандар өте көп. Бай адамдардың ең жақсы жағы – басқа адамдарға көмектесу ниеті. Басқа адамдардың көмегінсіз өмір сүремін деген адам қателеседі. Ал, басқалары оның көмегінсіз өмір сүре алады деп есептейтін адам екі есе қателеседі. Ақша өз дарынын қолдана білетін адамға қызмет етеді. Жай ғана тіршілік ету үшін өз дарыныңызды сарп етпеңіз. Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы сіз өз арманыңызды жүзеге асырасыз және қаржылық жағынан тәуелсіз адам боласыз. Тағдырдың сізге берген кішкентай мүмкіндігін де қолдана біліңіз. Сонда ғана бақытты боласыз. Егер үш жыл ішінде сенің жұмысың өзің қалаған өмірді сүруге мүмкіндік бермесе, ол жұмысты таста. Егер ол сені рухани немесе ма- териалды түрде жаңа деңгейге көтермесе, өзің мақтана алатындай белгілі нәтижелерге қол жеткізе алмасаң, ол жұмыстан кет. Ақша бақыттың катализаторы болып табылады, ол сіздің мақсатыңыз бола ал- майды. Ол қуаныш, сенімділік, басқаларға көмек беруге құлшыныс алып келе ала- ды, сіздің қабілеттеріңізді қолдануға және балаларыңыздың дарынын ашуға жағдай жа- сайды. 126

КЕДЕРГІЛЕР 1. Қайталаулар 2. Құмырсқа философиясы 3. Бас тартулармен жұмыс істеу жолы 4. Мәселелер 5. Құлдыраулар 6. Ауру 7. Аяушылық 8. Түңілу Қиындықтар, адамда оны жеңуге мүмкіндік беретін қабілеттерді туғызады У. Филлипс М ысал келтірейін. Ағаш­ тарды баптайтын бағбан, бақты суғару үшін өзімен су көтеріп жүрмейді. Ол тек судың ағуы үшін кедергі келтіретін заттарды шығарып, арықты тазалайды. Сөйтіп, бақ гүлдеп, жеміс береді. Бірақ, ағаштарға кедергі келтіретін басқа да факторлар бар. Бұл, бүкіл баққа жылдам таралатын арамшөптер мен зиянды шіркейлер. Бұл да бақтың гүлдеуіне бөгет болатын кедергілер болып табылады. 127

Мен және Ақша Сіздің жолыңызда қандай кедергілер болуы мүмкін? Сіз белгілі бір өнім ұсынасыз деп ойлайық. Бір жерде сіздің ұсынысыңыздан бас тартты, содан соң екінші жерде, сосын үшінші. Уақыт өте келе сіз өзіңізге деген сенімділіктен айырыласыз және өз өніміңіздің тиімділігіне және сапасына күмән келтіре бастайсыз. Немесе сізде бір идея пайда болады, сіз оны жүзеге асырғыңыз келіп, досыңызға айтасыз, ал ол былай дейді: «Сен өзіңді басқалардан ақылдымын деп есептейсің бе. Егер бұл идея шындыққа жа­ насатын болса, басқалары баяғыдан бері оны қолданатын еді». Сіз өз идеяңызды тағы бір адамға айтасыз, мысалы, жақын туысыңыға. Ол да сіз үшін қуанбайды, жағымсыз жағын көреді. Сіз үшінші адамға айтасыз, ол да бұл идеяны қолдамай, сізді айнытуға тырысады. Біртіндеп, сіз мойып кетесіз. Бірақ, сіздің достарыңыз бен туыстарыңыз ешқашан бай болмаған, олар өз тәжірибесіне сүйенеді және сол үшін осындай «ақылды» кеңестер береді. Олар осылай жасау арқылы сізге және сіздің ақшаңызға қамқорлық жасадық деп ойлайды. Бірақ мұндай кеңестерден кейін, сіздің өз идеяңызды жүзеге асырамын деген ойыңыз жойылып, өзіңізге деген сенімділіктен ай­ ырыласыз, күмәнданып, өз жоспарларыңыздан бас тарта бастайсыз. Біраз уақыт өткен соң, әйтеуір біреу сіздің идеяңызды жүзеге асырғандығын көресіз. Және оның қолынан келді! ӨЖЕТТІКТІҢ ҮЛГІСІ Бір адам сәтсіздіктерге ұшырай беріп, 1831 жылы банкротқа ұшырайды. 1835 жылғы сайлау- да ол кандидаттыққа өтпей қалады. 1835 жылы 128

У муравьев есть чему поучиться оның қалыңдығы қайтыс болады. 1836 жылы оның жүйкесі сыр беріп, ауырады, 1843, 1846, 1848, 1855 жылдардағы парламент сайлауында жеңіліс табады. 1856 жылы да оның вице-президент бо- ламын деген үміті ақталмайды. Ал 1858 жылы ол сенаттағы сайлауда жеңіледі. Бұл адамның есімі Авраам Линкольн еді және 1860 жылы ол Америка Құрама Штаттарының президенті болады. Күресуді тоқтатқан адам жеңіліс табады. Жеңіліс тапқан адам үшін, өмір қолданылмаған мүмкіндіктердің зиратына айналады. Батыл адам берілген барлық мүмкіндіктерді қолданады, тіпті жаңасын ойлап табады. 1. ҚАЙТАЛАУЛАР Мен мүмкін емес жағдайды жасаған сақтандыру агенті туралы оқып едім. Ол өзіне сенімсіз, батыл­ сыз мінезді еді, адамдармен еркін араласа алмай­ тын адам еді. Компанияда оны әлсіз сақтандыру агенті деп есептейтін. Ол барлығы бір-бірін тани­ тын ауылда тұрды. Бұл ауылда супермаркет бол­ ды, оның иесі, ешкімнің айтқанына көнбейтін бай адам болды. Тіпті тәжірибесі жоғары сақтандыру агенттерінің өзі оның мүлкін сақтандыра алмады. Ал осы жігіт – сол адамға сақтандыру полисін сатамын деп өзіне мақсат қояды. Оның қолынан келетініне ешкім сенбеді, тіпті оны мазақ қылатындар да болды. Өз дегеніне жету үшін әлгі жігіт былай істеді. Ол күн сайын саябаққа келіп, орындыққа отырып, былай дейтін: «Сен ме­ нен полис сатып аласың, сен менен полис сатып аласың», тек осыдан кейін ғана супер маркеттің иесіне кіретін. Сонда да күн сайын оған бас тарту­ мен жауап береді. 129

Мен және Ақша Алайда, бір күні супермаркеттің иесіне оның келе беретіндігі әбден жалықтырды да, ол былай деді: «Тыңдаңызшы, мен сізден шаршадым. Менің сізбен жұмыс істегім келмейтіндігін түсінбейсіз бе?». Сақтандыру агенті еш ұялмастан, былай деп жауап береді: «Мен өз арманыма ұмтылып жүргендіктен, мен табандымын». Супермаркеттің иесіне бұл қызық болып көрінді де, ол : «Сіз күнде менің бас тартуымды есту үшін келесіз бе? Басынан бастап нәтижесі мүмкін емес екендігін біле тұра келе берудің қажеті не? Бұған сіздің армандарыңыздың қатысы қанша?» деп сұрады. «Мен сізге келіп күнде жаттығамын», деп байсалды жауап берді жігіт. «Жаттығамын дегеніңіз қалай?», деп қызыға сұрады клиент. Жігіт былай деп түсіндірді: «Мен сізге келіп, бас тартқаныңызды естігенде, менің арманымды орындауға деген ниетім сол қалпында екендігіне өзімді сендіремін. Мен өзіме деген сенімімді жоғалтқым келмейді, сондықтан алға ұмтыламын. Мен сізбен кездескенде, менің табы­ сты адам болуға деген құштарлығым арта түседі. Сізбен кездесуден шыққан соң, мен міндетті түрде бір полис болса да сатамын. Мен өзімнің табандылығымды, біреуді сендіре білу қабілетімді жаттықтырамын. Және сізбен кездесуден шыққан соң, менде барлығы дұрыс болады». Супермаркеттің иесі оған таңданыспен қарап, бірнеше минут ойланып отырып, сосын, сақтандыру полисін сатып алуға өзі ұсыныс білдіреді және тіпті тәжірибелі агенттер де армандамаған соманы ұсынады. Ненің арқасында жігіт барлығына қол жеткізеді? Қайталау ережесінің арқасында. Зертте­ улер бойынша сіз өніміңізді бірінші рет ұсынғанда 130

У муравьев есть чему поучиться одан бас тарту мүмкіндігі 95% екендігі дәлелденді. Мұндағы уәж қарапайым. Сіз барлығын жақсылап ойланып, толғанып, содан соң ғана ұсындыңыз. Сіздің клиентіңіз мұны алғаш рет естіп тұр, сондықтан оған қабылдау қиынға соғады. Ней­ рондар есіңізде ме? Міне, нейрондар арасындағы мықты байланыс қайталау кезінде қалыптасады, қайталау кезінде берілген қабылдау стереотипі құрылады. Сондықтан, өз еркінен тыс, сіздің клиентіңіз уақыт өте келе сіздің ұсынысыңыз жай­ лы ойлана бастайды. Өткен дәуірде ғана, Кеңес Одағы тұсында, адамдар идеясы бойынша отан үшін өз өмірлерін де қиюға дайын болатын. Патриоттық тәрбие өз Отанының нағыз қорғаушылары шығарды. Адам­ дар олар туралы: «Олар өз өмірлерін дұрыс іс үшін құрбан етті» деп айтатындарын естеріне ала отырып, өз өмірлерін қиюға дайын еді. Олардың ескерткіштеріне гүл шоқтары әкелінетін. Сонымен қатар, барлығымыз сол кездері 28- панфиловшылар гвардиясы секілді ерлік жасап, ба­ тыр болуды армандадық. Осындай көңіл күй қалай жасалынатын? Әрбір елдімекенде дауыс зорайтқыш орнатылып, белгілі идеялық бағытта уағыздар ай­ тылатын. Осылайша, адам санасында бағыт пайда бо­ лып, ойлау қабілеті қалыптасатын. Кез келген қайталаулар адам санасына қоныстанады. Бұл ере­ же бизнесте де қолданылады. Мақалды есіңізге түсіріз, онда : «Егер адамға он рет сен итсің деп қайталай беретін болса, он бірінші ретте ол үреді» делінген болатын. Сондықтан, сіз адамға бірінші рет келгенде, ол сіздің идеяңызды қабылдауға дайын болмайды. Сіз 131

Мен және Ақша оған екінші рет барғанда сексен пайызға бас тарта­ тыны белгілі болады. Үшінші рет жағымсыз жауап алу пайызы жетпіске түседі. Тек тоғызыншы рет­ те ғана пайыз 95-ке төмендеп, сіздің табысыңыз нақты болады. Сондықтан сіз кезекті бас тартудан кейін, өзіңізге былай деңіз: «қандай керемет, бас тарту мүмкіндігі он пайызға төмендеді. Келесі жолы оң жауап алу мүмкіндігім жоғары болады». Тәкәппар қалыппен алға жылжыңыз. Әрқашан да әрбір бас тартуды естіген сайын жеңісіңізге көтеріліп бара жатырмын деп есептеңіз. Сонымен қатар, әр қадам сайын сіздің шеберлігіңіз бен кәсіпқойлығыңыз арта түседі. Бұл қағиданы білмейтін әрбір адам өзіне деген сенімінен айырылып, еңсесі түсіп, өз шешімінен бас тартуы мүмкін. Бұл қағидаларды білу, сізге әрқашан да жақсы нәтижеге жетуге көмектеседі. Себебі, бұл табысты адамдардың тәжірибесі негізінде қол жеткізілген заңдылық. Бұл сізді табысқа жетелейді. Өз мақсатыңызға жету жолында тұрып қалмаңыз, әрқашан талпынысыңызды тоқтатпаңыз. Табандылықтың жақсы мысалы, адам сәтсіздікке ұшыраған сайын еңсесі түспей, алға жылжи беруі – бұл Эддисонның мысалы. Жаңа өнертабысты ашқанда, ол 500 рет тәжірибеден өткізетін, сәтсіздіктен сәтсіздікке ұшырай берді. Ешкім табысқа жету мүмкіндігіне сенбеді, барлығы кетіп қалды, оның тек бір ғана шәкірті қасында қалды. Ол Эдисоннан: «Ұстаз біз 500 рет жасап көрдік, ештеңе шықпады, барлық қызметкерлер кетіп қалды. Ал сіз күн сайын барлығы жақсы сияқты жақсы көңіл күйде, сондай құлшыныспен келесіз» деп сұрады. 132

У муравьев есть чему поучиться Эдисон күліп, былай деп жауап берді: «Бірақ шын мәнісінде ісіміз жақсы жүріп жатыр, барлығы тамаша». Шәкірті ұстазының оптимизмін түсінбей тағы да сұрады: «Неліктен ісіміз жақсы жүріп жатқандығын маған түсіндіріп беріңізші?». «Ойла­ шы, біз 500 жол білеміз, енді олармен жүрмейміз». Оптимистер әрқашан болашақтағы дұрыс шешімге және табысқа сенеді. Бұл оларға мақсаттарына же­ туге көмектеседі. 2. ҚҰМЫРСҚА ФИЛОСОФИЯСЫ Құмырсқаның жолына бөгет болып көрген адам оның мақсаттылы мен табандылығын біледі. Ешқандай кедергі оны тоқтата алмайды. Ол асып өтеді, басып өтеді, бірақ алға жылжиды. Оның ал­ дына кірпіш қойып көріңіз, ол оған соғылады, бірақ тоқтамайды, алға жүретін шешім іздейді. Егер құмырсқа дән немесе нанның уағын көрсе, оны міндетті түрде илеуне алып кетуге тырысады. Сонымен бірге, оның бауырлары одан тартып алуға тырыспайды. Керісінше, оған көмекке бірнеше құмырсқа келіп, жүкті илеуге жеткізуге тырысады. Құмырсқалар – жер бетіндегі ең көп жәндіктер. Құмырсқаның 16 млн. түрі бар және әр адамға 20 млрд құмырсқадан келеді. Құмырсқа өте еңбекқор және ертеден кешке дейін талмастан еңбектенеді. Адам кешке шаршап, жұмысынан келіп, демалғанда, құмырсқа демалу туралы ойламастан еңбектеніп жатады. Ал адам таңертең орнынан тұрғанда, мейлі қаншалықты ерте тұрса да құмырсқа еңбектеніп жүреді. Байқампаз болыңыз. Ең жақсы ұстаз, ол – табиғат, ол бізге әдеміліктің, үйлесімділікті, еңбекқорлықтың ең жақсы мысалдарын ұсынады. 133

Мен және Ақша Егер табандылық пен еңбекқорлықтың жақсы үлгісін қаласаңыз, құмырсқаны суретке түсіріп алып, үйіңізге, жұмысыңызға іліп қойыңыз. Бұл сізге және сіздің қызмет­ керл­ еріңізге ешқандай кедергіге қарамастан өз мақсатыңа жүру қажеттілігі туралыүлгі болады. Және есіңізде болсын, ақылдылар жасағылары келетіндігін ай­ тады, данышпандар жасағандарын айтады, ал ақылсыздар олардың екеуін де талқылайды. 3. БАС ТАРТУЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖОЛЫ Иисус өзі кеткеннен кейін өз шәкірттеріне екі ереже қалдырады. Осы ережелерді есіңізде сақтап, өмір бойы қолдануға тырысыңыз. 1) Әрқашан екеуіңіз бірге жүріңіздер, бірге араласыңыздар, бірге сіздер күшті боласыздар. Егер әрқайсысы 10 тонна жүк көтере алатын екі троссты алса, екеуі бірге қанша жүк көтере алады? 20 тонна деп ойлайсыз ба? Жоқ, олар отыз тонналық жүкті көтере алады. Себебі, бірге олар жекеден гөрі ауыр жүкті көтере алады. Өмірде де солай. Халық даналығы да соған дәлел болады – соғыста жалғыз әскер әскер емес. Александр Македонский мұны білген. Оның ұстазы Аристотель, екі ер адам арасындағы құрмет пен түсіністік болса алынбайтын қамал жоқ деген 134

У муравьев есть чему поучиться болатын. Македонский мұны 24 жасында әлемнің жартысын жаулап алуымен дәлелдеген болатын. Екі немесе одан көп адамның бірлесіп қимылдауының өзі данышпандар орталығы бола алады. Немесе басқа мысал, егер отбасында ерлі зайып­ тылар бір-бірін түсініп, жақсы көріп, сыйласа, олар көп затқа қол жеткізеді. Біздің барлығымызда, тату отбасы барлығын бірге басынан бастап, жетістікке жеткен мысаларды білеміз. Бұл ең нәтижелі күші, өзара түсіністік пен құрмет күші. Ерте кезеңдерде, жалпылама білім беру жоқ уақыттың өзінде Ии­ сус мұны біліп, адамдарға жеткізуге тырысқан. Екі адам бірге болсаңыздар, сіздер күштірексіздер, мұны естен шығармаңыздар. 2) Екінші ережені түсініп, қабылдау да өте маңызды. «Егер сізді біреу қабылдамаса немесе сөзіңізді тыңдамаса, онда сол үйден немесе қаладан шыққанда аяғыңызды қағыңыз». Сондықтан, егер сізді біреу тыңдағысы келмесе, егер біреу сізді жүрегімен қабылдамаса, сіз және сіздің жақындарыңыз туралы жаман заттар айтса, онда ол адамның үйінен шыққанда аяғыңыздың шаңын қағып тастап, өз ісіңізді жалғастырыңыз, табысқа жететініңізге сеніміңізді жоғалтпаңыз. Ерте ме кеш пе сіздің туыстарыңыздың, достарыңыздың біреуі сізді өзінің ескертпелерімен ренжітіп, сізге сіздің мақсаттарыңыздың дұрыстығына сенбейтіндігін айтып және сіздің арманыңыздың орындалатынына күмәнін білдіріп, сіздің табысқа жетудегі қабілетіңізге сенбейтіндігін айтуы мүмкін. Сіз мұны көңіліңізге ауыр алмаңыз. Тіпті сіздің анаңыз, сіздің жұбайыңыз жайлы жа­ ман зат айтса да қатты қабылдамаңыз. Немесе бауырыңыз сізді өзінің күмәндарымен ренжітуі 135

Мен және Ақша мүмкін. Өзіңіздің аяқ киіміңіз бен киіміңізді қағу арқылы сіз, осы сөздерден тазарасыз, өз санаңызды күмәндар мен сенімсіздіктен тазартасыз. сіз барлық жағымсыз сөздерді сол айтылған жерінде қалдырасыз. Барлық адамдар өз арманына сенуі тиіс, мақсатына, қабілетіне сеніп, алға қарай жылжуы ке­ рек. Егер достарыңыздың, жақындарыңыздың бірі сізді түсінбесе, сіздің бастамаларыңызды қолдамаса, оны мүмкін емес десе де, өз арманыңыздан бас тартпаңыз. Мынадай нақыл бар. Баяғы заманда бір данышпан болыпты. Ол барлық адамдарға көмектеседі екен, барлығы одан кеңес сұрауға баратын. Алайда, тағы бір данышпан болды, ол бұның танымалдылығына қызғанышпен қарайтын. Бір күні екінші данышпан оны масқаралағысы келіп, жамандық ойластыра- ды. Ол ертесіне барлық халық жиналғанда, даныш- панды шақырып алып, оның қолындағы көбелек өлі ме әлде тірі ме деп сұраймын деп ойлайды. «Егер ол тірі деп айтса, мен қолымды қысып, көбелекті өлтіре саламын, жауабы дұрыс емес болады. Ал егер өлі десе мен алақанымды ашып жіберемін, ол ұшып кетеді. Қандай жағдай болса да оның жауабы дұрыс болмайды», деп ойлайды күншіл данышпан. Өзінің ойына масаттанып, ол ұйқтауға кетеді. Келесі күні таңертең, ол халықтың барлығын жи- нап, бірінші данышпанды шақырып, одан былай деп сұрайды: «Сен өмірдің құпиясын білдің және барлық сұрақтардың жауабын білесің, солардың ең оңайына жауп беріп көрші. Менің қолымда көбелек бар, ол тірі ме әлде өлі ме?» Жиналғандардың барлығы бұл сұрақтың арандатқыш екендігін біліп, бірінші данышпанға қарайды, бірақ ол күлімсіреп тұрып, былай деп жауап береді: «Барлығы сенің қолыңда. 136

У муравьев есть чему поучиться Егер сен алақаныңды қыссаң, ол өледі, егер ашсаң ұшып кетеді». Бір күні Тюмень қаласында маған бір жігіт келіп наубайхана ашуына көмек беруімді өтінді. Мен оған қарсылық танытып: «Мұнда наубайхана деген то- лып жатыр, сен қалай сонша бәсекелестермен жұмыс істейсің? Бұл мүмкін емес» дедім. Бірақ ол маған мына сөздермен жауап қатып, сендірді: «Мейлі жүз наубайхана болса бола берсін, мен жүз бірінші боламын. Бәрібір адамдар меннен са- тып алатын болады. Мен қайтсем де табысқа жетемін». Міне осы табыстың фәлсапасы бо- лып табылады. Мыңдаған бәсекелестер бол- са да ол күштілердің қатарында болады. Өзінің сенімділігмен және мінезінің қаттылығымен ол міндетті түрде жетістікке жетеді. Және мен оның идеясын қолдап, наубайхана ашуына көмектестім. Бұл біздің барлығымызға қатысты. Егер нарық он- дай өнімге толы болса да, сіз өз күшіңізге сенімді болсаңыз, сіз табысқа жетесіз. Ерік жігеріңіз бен батылдығыңыз сізге көмектеседі. Келесі кедергіге өтеміз. 4. МӘСЕЛЕЛЕР Проблемасы жоқ адам болмайды. Ол барлығында бар және одан қашып кете алмайсың. Адам жиі өзіне өзі мәселе туғызып алады. Ал со­ дан кейін батырлықпен онымен күреседі. Бірақ егер олар сізді тоқтата алатын болса, ештеңені бастамасаңыз да болады, себебі мәселе ірқашан болады. Кез келген кедергі сізді тоқтауға тырыса­ ды. Сонымен қатар, кедергі сізді алға жылжуға да итермелейді. Адамдардың екі түрі бар. Біреулері кез кел­ ген, тіпті кішкентай мәселе туындаса да тоқтап қалуы мүмкін. Олар шын мәнінде сенімсіз бола­ 137

Мен және Ақша ды. Кез келген мәселе арманыңыздан бас тартудың себебі болуы мүмкін. Тіпті нашар ауа райы да. Адамдардың екінші түрі, бұларға мүлдемқарама қарсы. Қиындықтарға кездессе, олар екі еселнген күшпен жұмысқа кіріседі, тіпті кедергілер оларға күш беріп, еріктерін арттыратын сияқты. Жетістіктің фәлсапасы осы болып табы­ лады. Кез келген кедергі өз арманыңыздан бас тартуыңыздың сылтауы болуы мүмкін немесе өз мақсатыңызға жетуге деген құштарлығыңызды одан әрі ұлғайтуы мүмкін. Ол сізге байланысты, сіздің мінезіңіздің күшіне, сіздің арманыңызға деген сеніміңізге байланысты. Кез келген мәселе, сіздің мінезіңізге деген сын, оңай келген дүниенің құны болмайды. Ештеңеге қарамастан өз мақсатына , алға жылжитын адамдар ғана жетістікке жетеді. Өз арманыңыздан, өз мақсатыңыздан бірдеңе дұрыс болмады деп бас тарта салуға болмайды, қалағаныңыз орындалмайынша тоқтамауыңыз ке­ рек. «МӘСЕЛЕ» НАҚЫЛ СӨЗ БІР Ұстаз бен бір Қорғаушы дзен сектасының монастырын бірге басқарыпты. Қорғаушының жасы үлкен болатын, бір күні ол қайтыс болып, оған мұрагер іздеу керек болды. Ұстаз монастырда тұратындарды жинап, лайықты адамды таңдамақшы болады. – Мен сіздерге бір мәселе беремін, кім соны бірінші болып шешсе, сол Қорғаушы болады. Ұстаз залдың ортасына орындық қойып, оның үстіне үлкен әдемі ваза мен раушан гүлін қояды да, былай дейді: – Мәселе осы. 138

У муравьев есть чему поучиться Монастырда тұратындар таңданып алды­ ларындағы затқа қарайды: фарфордың қиын да біртүрлі суреттеріне, раушан гүлінің түсі мен жапырақтарының формасына қарайды. «Бұл нені білдіреді? Мұнда қандай жұмбақ бар? Не істейміз» деп ойланады. Барлығы таңданып, абдырап тұрады. Біірнеше минуттан соң, бір шәкірт ұстазына, содан соң қалған шәкірттерге қарайды, орнынан тұрып, вазаны алып, жерге шағып тастайды. – Сіз жаңа Қорғаушы боласыз дейді ұстаз, және басқаларына былай деп түсіндіреді. Мен сіздерге біздің алдымызда мәселе тұр деп анық айттым. Оның қандай екендігі маңызды емес, әдемі болсын, қызық бол- сын, проблеманы шешу керек. ол әдемі ваза формасында бо- луы мүмкін, мәні кеткен ма- хаббат болуы мүмкін. Немесе шығып кетуге тиіс, сізге жағымды әрі оңай болып көрінетін жол бо- луы мүмкін. Мәселені шешудің бір ғана жолы бар, ол онымен бетпе бет кездесу. Ондай жағдайларда бізөзімізге көңілшектікке, еліктіретін жақтарына мән бермеуіміз керек. – Мәселенің ерекше қасиеті бар, ол бар­ лығымызға әсер етеді: бізге оның болғаны ұнайды, біз оны саралағанды, оған қайтып оралғанды, оны түсіндіргенді жақсы көреміз. Біз оларды жиі басқа адамдардың мәселелерімен салыстырғанды ұнатамыз, олардың мәселесі біздікімен салыстырғанда түкке де тұрмайды дейміз. Ал біздің мәселеміз, шынымен де күрделі. Ал оның шешімі қандый? 139

Мен және Ақша 5. ҚҰЛДЫРАУЛАР Бір күні атақты өнертапқыш Эдисонның зертханасы өртенеді. Бұл өте қауіпті өрт бола­ ды. Барлығының естері шығып, жүгіреді, себебі, зертханада көп жылдар бойғы зерттеулердің ма­ териалдары болады. Ал Эдисон тыныш отырады, тіпті өртке қарап күледі. Оның қасында тұрған баласына әкесінің бұл қылығы біртүрлі болып көрінеді. Ол әкесі не үшін қуанып тұрғандығын түсінбейді. Эдисон баласының ойын түсініп, анасын шақыруын өтінеді. Ол қасына келген­ де, әзілдеу сезіміне ие ол, әйелінен былай деп сұрайды: «Сен әлі де менің әйелімсің бе әлде жоқ па?» Жағымды жауап алып, ол: «Қарашы сүйіктім қандай көрініс, біздің барлық қателіктеріміз бен адасқан тұстарымыз өртеніп жатыр. енді біз барлығын басынан бастай аламыз». Парасатты әрі күшті адамдар сәтсіздіктерден де жағымды энергияның көзін таба біледі, қиындықтар оларға күш пен ерік беріп, олар алға жылжиды. Сіздер де сондай болыңыздар. 6. АУРУ Қалай ойлайсыз, ауру сізді тоқтата алады ма? Адамдар жиі қай кезде ауыратынын білесіз бе? Өмірге деген қызығушылық болмаған кезде, шабыттандыратын ойлар болмағанда, бірдеңеге жетем деген талпыныс болмаған жағдайда. Егер сіздің идеяларыңыз көп болса, сіз ешқашан ау­ ырмайсыз, сеніңіз. Ақша сізді шабыттандырғаны соншалықты, сіз өз аяғыңызды да сезбей, қалай жүгіріп кеткендігіңізді білмей қаласыз. Ақша, өзіндік мақсатқа айналып кетпей, қаржылық тәуелсіздіктің көзі болып, сіздің дарыныңызды 140

У муравьев есть чему поучиться жүзеге асырып, ашуға көмектескен кезде шабыт­ тандырады. Ал егер жақындарыңыз ауырса, сіз тоқтайсыз ба? Сіздің өзіңіз ауырғанда, ол басқа нәрсе. Ал сіздің балаңыз ауырса, ол мүлдем басқа зат. Сіздің шабытыңыз бен құштарлығыңыз, армандарыңыз не болады? Қандай жағдай болма­ сын, өз арманыңызды жоғалтпау үшін барлығын жасаңыз. Себебі, барлығы соған байланы­ сты, сіздің болашағыңыз, жақындарыңыздың болашағы. Тоқтап қалсаңыз, сіз оларға ештеңемен көмектесе алмайсыз. Сіздің алға жылжуыңыз, отбасыңыздың ауқаттылығын анықтайды. Білесіз бе, Арнольд Швец былай деген: «Өз мақсаты үшін барлығына тәуекелге баратын адам­ ды ешкім жеңе алмайды». Ол барлығын тастап, дәрігер болу үшін оқуға кеткен кезінде оның жасы 40 болатын. Содан соң Америкаға кетеді, өзінің клиникасын ашады, қазір ол бүкіл әлемге әйгілі. Ол өзінің қалаған армандаған затына қол жеткізді. 7. АЯУШЫЛЫҚ Аяушылық – ең қиын кедергілердің бірі. Ешкімді аямаңыз, ең алдымен өзіңізді ешқашан аямаңыз. Өзіңізге деген аяушылық, есіркеушілік сезім – әлсіздіктің бергісі болып табылады. Ол сізді құрджымға кетіреді. Сіз ауру адамды көрсеңіз де, оны аямаңыз, себебі, аяушылық қорлаумен тең. Сіз өзіңізге нені тартқыңыз келеді? – Аяушылық па әлде құрмет пе? Сіз нені қалайсыз? – Сізді аяғанын қалайсыз ба әлде жақсы көргенін бе? Егер жақсы көргенін қаласаңыз, өзіңіз де жақсы көріңіз. 141

Мен және Ақша Арнольд Шварценегер былай деген: «Егер арманыңызға ұмтылып, еркіндікті қаласаңыз, өзіңізді аямаңыз». 8. ТҮҢІЛУ Ешқашан түңілмеуге тырысыңыз. Егер түңілген кезіңіз болса, өз назарыңызды арманыңызға бұрыңыз. Бұл сізге нашар психологиялық жағдайыңызды жеңіп, позитивке бағытталуыңызға көмектеседі. Білесіз бе, Будда былай деген: «Егер сіз тұйыққа тірелсеңіз, өз оқиғаңыздың басына қайта оралыңыз». Ең жақын адамдарыңызға қатысты қиын жағдайлар болады. Бұл орайда, сіздің шынайы түсіністік табуға деген талпынысыңыз маңызды. Егер сіздің қаржылық жағдайыңыз, қиындыққа ұшыраса, ба­ сынан бастаңыз. Егер сізді біреу ренжітсе, түңілтсе, кінәлілерді іздемеңіз. Өзара қатынастарыңыздың басына оралыңыз да, жағдайды түзеу үшін нені өзгерту қажеттігін ойланыңыз. Ең қиын түңілтетін жағдай – сіздің жақсы көретін жақын адамыңыздың сізді сатып кетуі. Мұндаыға көну өте қиын. Бірақ өміріңізде қандай жағдай болса да, тіпті ең жақын адамдарыңыз сатып кетсе, түңілмеңіз, жағымсыз көңіл күйге берілмеңіз. Барлық назарыңызды өз арманыңызға бұрыңыз. Егер сізді алдаса, тоқтамаңыз. Кейбір адам­ дар, бөтен адамның өтірігі үшін өз армандарынан бас тартады, өздері лайықты өз махаббаттарынан, отбасылық бақыттарынан, және байлықтан бас тартады. Біреудің қара ниеті сіздің уайымыңыздың себебі болмауы тиіс. Тоқтаудың қажеті жоқ, бұл жай ғана сіздің өтуіңіз тиіс тағы бір кедергі. Кедейлік бай боламын деген талпыныстан тұрады. 142

У муравьев есть чему поучиться Байлық махаббат пен романтикадан тұрады. Алға ғана жүріп, артыңызға қарамаңыз. «РЕНІШТІҢ САЛМАҒЫ» ТУРАЛЫ НАҚЫЛ Барлық студенттер тақырыпты толық түсіну үшін мұғалім тәжірибе жасауды ұсынады. Әрбір сту- дент барлық реніштерін естеріне түсіріп, ренжіткен адамдардың аттарын картоп сыртына жазуы тиіс болды. Сонымен, әрбір адамда жеткілікті түрде картоп жиналды, олар оны күрделікті барлық жер- де өзімен алып жүруі тиіс болады. Кейбіреулерінің пакеттері өте ауыр болды. Студенттерге пакетті өздерімен бірге бір апта көтеріп жүруге тапсырма беріледі. Әрине, бұл ауыр әрі ыңғайсыз болды. Со- нымен қатар, олар кар- топты, пакеттерін ұмытып кетпейін деп қиналып жүргенде, одан да маңызды заттарды ұмытып жүрді. Онымен қоса, біраз күннен кейін картоп шіріп, жағымсыз иіс бере бастады. Экспериментбойын- ша, барлығында өзімен бірге бұзылған бастаған картоп бар. Және де өзімізбен бірге күнделікті тасып жүретін бұрынғы реніштерімізді ешқашан өзгерте алмаймыз. Тек ғана кешірім ғана реніш пен оның салмағынан босатып, рухани еркіндік сезімін береді. Реніш дегеніміз, бізді күн сайын улап отыратын және 143

Мен және Ақша көбейіп бара жатқан таксин. Біз кешірім дегеніміз, ренжіткен адам үшін сыйлық деп ойладық, ал шын мәнінде біз одан әрі еркін бола түсеміз. Жиі біз өзімізді алдымен кешіріп тұруымыз ке- рек. Біз өзімізді қатты сөз айтсақ, қажетсіз ойлар, дұрыс емес қылықтар үшін қиналып, кінәлі сезіммен өзімізді жазалаймыз жа жақсы көруді үйренбейміз. Егер біз өзімізге нашар қарасақ, басқа адамға қалай қамқорлық жасай аламыз? Өзіңді кешіру, басқаларды кешіру – еркіндіктің кілті болып табылады. Сіздің блокнотыңызға Сіз адамға бірінші рет келгенде, ол сіздің идеяңызды қабылдауға дайн болмайды. Сіз оған екінші рет барғанда сексен пайызға бас тартаты- ны белгілі болады. Үшінші рет жағымсыз жауап алу пайызы жетпіске түседі. Тек тоғызыншы рет- те ғана пайыз 95 ке төмендеп, сіздің табысыңыз нақты болады. Ақылдылар бірдеңе істгісі келетінін, да- нышпандар, бірдеңе істегендерін ал ақылсыздар екеуін де әңгіме қылады. Әрқашан да екеуіңіз бірге жүріңіз. Екеуіңіз бірге болсаңыз, сіздер әрқашан күштірексіздер. Егер біреу сіздің идеяңызға сенбейтін болса, сіздің қабілетіңізге күмәнданса, және сәне сіздің арманыңыздың шынайы екендігіне күмәнданса, онда ол адамның үйінен үйінен шыққанда ктіміңізді, аяқ киіміңізді қағып та- стап, мақсатыңа қарайжолыңызды тоқтатпай, табысыңызға сеніңіз. 144

У муравьев есть чему поучиться Кез келген кедергі өз арманыңыздан бас тартуға немесе одан қатты өз мақсатыңызға же- туге көмектесуі мүмкін. Ол сізге байланысты, сіздің мінезіңізге, арманыңызға деген сеніміңізге байланысты. Парасаттыәрікүштіадамдарсәтсіздіктердің өзінен позитивті энергия көзін шығаруға тыры- сады, қиындықтар оларға батылдық пен ерік береді, олар алға жылжиды. Егер сізді алдаса, тоқтамаңыз. Кейбір адамдар, бөтен адамның өтірігі үшін өз арман- дарынан бас тартады, өздері лайықты өз махаб- баттарынан, отбасылық бақыттарынан, және байлықтан бас тартады. Біреудің қара ниеті сіздің уайымыңыздың себебі болмауы тиіс. Тоқтаудың қажеті жоқ, бұл жай ғана сіздің өтуіңіз тиіс тағы бір кедергі. Кедейлік бай боламын деген талпы- ныстан тұрады. Байлық махаббат пен роман- тикадан тұрады. Алға ғана жүріп, артыңызға қарамаңыз. Ақша, өзіндік мақсатқа айналып кет- пей, қаржылық тәуелсіздіктің көзі болып, сіздің дарыныңызды жүзеге асырып, ашуға көмектескен кезде шабыттандырады. 145

Мен және Ақша 5. ҚАЛАЙ КӨП АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ? 1. Үш жылдан кейін айына қанша ақша тапқыңыз келеді? 2. Не істеу керек? 3. Өзіндік шектеулерді алып тастау 4. Дамудың үш саласы 5. Уақытты дұрыс қолдана білу 6. Парасаттылық 7. Өз болашағыңыздың дамуына ақша салу 8. Сіздің арманыңызға жеткен адамдардың тізімі 9. Қорқыныш 10. Төрт бірегей кітап 11. Жетістікке жету үшін қажет мінез ерекшеліктері 146

Муравьи всегда идут к своей цели 1. Үш жылдан кейін айына қанша ақша тапқыңыз келеді? Шынымен ойланып, жазбаша түрде осы сұраққа жауап беріп көріңіз. _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ Адамдардың екі түрі бар, олар алдарына мақсат қойып, соған ұмтылғанда өздерін әр түрлі ұстайды. Бірінші топтың адамдары – өз жалақыларына, қазіргі кездегі қабілеттірне, олардың жүзеге асуы­ на қарайды. Өзінің мүмкіндіктерін бүгінгі күнгі жағдайға қарай бағлайды. Олар өздері көтерілуі тиіс жоғарыға қарап, еңселері түседі. Оларға бұл мүмкін емес тәрізді көрінеді. Бұлай сәтсіз адамдар жасайды. Бұлай арманы жоқ адамдар жасайды. Екінші түрге жататын адамдар – мақсатты, тәжірибелі адамдар. Егер біріншілер қазіргі кездегі өзіне, өз жағдайына қараса, екіншілер табысқа жет­ кен, өздері болғысы келген деңгейге жеткен адамға қарайды. Табысқа жеткен адамның мүмкіндігі көбірек, жұмыс бойынша таныстары мен әріптестері көп, өзіне сенімділіг жоғары. Сондықтан олжаңадан бастаған адамнан гөрі жақсырақ нәтижеге қол жеткізеді. Тәжірибелі адамдар өз күшіне сенетін, жақсы нәтижеге және табандылыққа сенетін адам­ дармен араласады. 147

Мен және Ақша Успешный Бірінші нұсқада человек адамдар «Огооо, мен оған қалай жетемін?!» деп ойлайды. Ал екін­ Начинающий шілері табысқа жеткен человек адамдарға қарап, өздерін солардың қатарында сезін­ еді, себебі, көтеріл­ геннен төмен түскен әрқашан оңай. Солай Рисунок 1. олар сенімділікке ие бо­ лады. Адам алдына қарағ­ ан кезде көзіне көірнетін барлық затты көреді. Егер сіз далаға шығып, көпқабатты үй көрсеңіз, ол үйдің артындағыны жасырып тұрған кедергі болады. Тіпті бір ағаш немесе автомобиль сіздің мақсатыңызды көлегейлеп тұрған кедергі болады. Ал егер сіз жи­ ырмасыншы этажға кө­ терілсеңіз, сіздің көру мүмкіндігіңіз артады ма? Ал егер ұшақпен көтерілсе ше? Нәтижені есіңізде сақтаңыз. Тұл­ ға­ның даму деңгейін оның қойылған мақса­ тына жету мүмкіндігі анықтайды. Надан адамдар үшін кішк­ ен­ тай мақсаттың өзі мүм­ кін емес болып көрінуі мүмін, ал үлкен мақ­ сатты олар көрмейді Рисунок 2. де. Білім, сіздің көру 148

Муравьи всегда идут к своей цели қабілетіңізді арттырады, мүмкіндігіңізді арттыра­ ды, сіздің мақсатыңыздың деңгейін арттырады. Сіз жоғарыдан қарағаныңызда, сіз кез келген кедергіні көріп, одан өтудің жолдарын іздейсіз. Сізге бағытталып, бағалау оңай болады. Егер адамның мақсаты кішкентай болса, оның кез келген кедергі оның мақсатына жолды бөгеуі мүмкін. Сол кезде оған жету мүмкін емес сияқты көрінеді. Бұл адам өз мақсатын көрмейді, себебі, кедергі оны жауып қалады, себебі мақсат өте кішкентай. Осыдан келе, үш жылдан кейін алғыңыз келетін санды айтыңыз, оны екіге көбейтейік. Сізге бұл өте көп сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, солай жасауымыз керек. Мақсат үлкен кезде не болатынын білесіз ба?сіз өз мақсатыңызды кедергіге қарамастан көре аласыз. Енді сіз мақсатыңызды да кедергіні де көресіз. Егер сіз өзіңізге, өз күшіңізге сенсеңіз, мақсатыңыз шынайылыққа айналады. Рисунок 3. 149


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook