Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-06-23 07:47:47

Description: Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Search

Read the Text Version

Мен және Ақша Шәкірт оған қайда оқығандығы, қандай жетістікке жеткендігі, қандай тәжірибе алғандығы туралы айтып, бірнеше мысалдар келтірді. Ал кейін ұстаз оған білім бере бастағанда мынаны байқап, айтады: «ұстаз, бы- лай болғанда, мынау дұрыс болар еді!» Келесі сабақта ол: «Неге былай көрмеске?» одан кейінгі сабақта: «біз мұны басқаша жасай аламыз ба?» дейді. Сонда ұстаз былай деді: «Көрдің бе, ұстаз болған оңай, ал шәкірт болған қиын». «Көзілдірік» – кез-келген жағдайдан жақсыны көре алатын, барлық бағытта, өмірдің барлық сала­ сында оқып, дами алатын оқушы шәкірт. СІЗДІҢ ЗАТТАРҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫҢЫЗ НЕМЕСЕ «ДҰРЫС КӨЗІЛДІРІК» Бодо Шеффердің американдық оратор Сти­ вен Кови туралы бір әңгімесін айтып берейін. Ол бүкіл мемлекетті өз АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ қойылымдарымен ара­ Қажеттілік жағдайындағы лап жүрді және оны кез-келген адам үшін көруге ылғи көп халық мүмкін емес зат жоқ. жиналатын. Мирабо Бір күні Кови басқа қалаға пойызбен бара жатты. Бір аялдамада үш баласы бар ер адам мінеді. Ер адам отырып алып, терезеден ауысып өтіп жатқан пейзажды, табиғатты тамашалады. Алайда, балалар өздерін жақсы ұстамады. Олар вагонда жүгіріп, айқайлап, басқа жолаушылардың мазасын алды. Ақырында, балалардың бірі оратордың жанына жүгіріп келіп, аяғынан ұрып жіберді. 50

Муравьи живут в гармонии с природой Оратор тыныш қана орнынан тұрып, әкесінің жанына келді де сыпайы түрде: «Мырза, сіздің балаларыңыз мына вагондағылардың мазасын алып жатыр. Сіз оларға өздерін дұрыс ұстау қажеттігін айта алмас па екенсіз?» деп сұрады. Осыдан кейін, ол, өзінің әдепті түрде ескерту айтқанына көңілі то­ лып, байсалды түрде орнына отырды. Алайда, кенеттен жағдай басқа бағытта өзгерді. Әкесі біраз уақыт ештеңе болмағандай терезеге қараумен отыра берді. Бірнеше минуттар­ дан соң, ол Ковиге қарады да былай деді: «менің балаларым сіздің тыныштығыңызды алғаны үшін кешіріңіз. Біз, ауруханадан келе жатырмыз, олардың анасы о дүниелік болып кетті. Мен не істейтінімді білмеймін. Мүмкін олар осы арқылы өз қайғыларын жеңер». Американдық оратор осы кезде қандай күйде болды, қалай ойлайсыз? Ол бұл жағдайдың өміріндегі ең күшті сабақ болғандығы және оны ешқашан ұмытпайтынды туралы жазады. Біз өз күйеуіміздің барлық кемшіліктерінен, оның артықшылығын көру үшін дұрыс өмір сүруіміз керек. Бізге әйеліміздің барлық кемшіліктерінен оны жебеуші әйел бейнесін көру үшін «дұрыс көзілдірік» қажет. Бізге барлық кедергілер негізінде өз армандарымыз бен мақсатымызды көру үшін «дұрыс көзілдірік» қажет. Кейде мағынаны жағымсыз заттардан көруге болады. Егер сіз, осы төртінші деңгейде болсаңыз, бесіншіге дайын боласыз. Дәл сол, бесінші деңгейде өзгерістер болады. Өзіңе деген жаңа көзқарас пай­ да болады. Бұл нені білдіреді? Сіз осыны қайталап, оның мағынасын түсінуге тырысыңыз. 51

Мен және Ақша ӨЗІҢЕ ДЕГЕН ЖАҢА КӨЗҚАРАС Біз армансыз адам жоқ әлемде өмір сүреміз. Түбінде барлығы бірдеңеге қол жеткізгісі келеді, бір жақсы іс істегісі келеді. Айналаңызға қараңыз, бұл жағдайда барлығы ұқсас, алайда, бізді әртүрлі ететін ерекше зат бар. Бұл, өз арманымызға сене алу қабілеті мен өзімізді сырт көзбен қарай алу мүмкіндігі. Ұқсас мақсаттары бар екі адам бар деп ойлаңыз. Олардың біреуі, қалағанына қол жеткізеді, ал екіншісі, жеткізе алмайды. Неге? Ол бұған лайық емес пе, ол армандамады ма? Бізді бір-бірімізден ерекше ететін не? Бұл біздің ішкі күйіміз, өзімізді жаңа деңгейде елестету. Егер сіз өзіңізге сырт­ тан қарай алсаңыз, егер сіз өз өміріңізді өзгерте алсаңыз, армандарыңызды жүзеге асыра алсаңыз, сіздің жағдайыңыз ерекше болады. Іскер әйелге қараңызшы, ол қалай сөйлейді, телефонмен қалай сөйлеседі, қалай жүреді. Оның сыртқы тұрпаты ішкі күйін көрсетеді. Оптимистер қалай ойлайды? Егер олар пойызға кешіксе, келесі пойызға ерте келдік деп ойлайды. Іскер адамдардың ерекше қасиеті болады. Бұл өзіңді қажет деңгейде көре білу, өзіңді дәулетті сезіну, жеңімпаз ретінде сезіну. НАҚЫЛ «СЕНІҢ ӨЗІНДІК ОЙЫҢ» Бір көгалға жас жігіт келіп, су ішіп алған соң, бұлақ жанында демалып жатқан ақсақалдан сұрайды: – Мұнда қандай адамдар тұрады? Ақсақал өз кезегінде жас жігіттен: – Ал сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? – деп сұрайды 52

Муравьи живут в гармонии с природой – Жаман ойлары көп өзімшіл адамдар, деп жауап қатады жігіт. – Осы жерден де ондай адамдар табылады, – деп жауап береді қарт. Сол күні, басқа жігіт бұлаққа келіп шөлін қандырып, қартпен амандасып, сұрайды: – Мына жерде қандай адамдар тұрады? Қарт жауап берудің орнына сол сұрақты өзіне қояды. – Ал, сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? – Керемет адамдар, адал, қонақжай, мейірман. Маған олармен қоштасу ауыр болды. – Ондай адамдарды сен осы жерден де кездестіресің, деді қарт. Екі әңгімені де естіген бір адам: – Сен бірдей екі сұраққа қалайша әр түрлі жауап бердің? Оған қарт былай деп жауап берді: «біздің әрқайсысымыз жүрегімізде не болса, сырттан да соны көреміз. Өз үйінде таба алмаған жақсылықты, ешкім сырттан, осы жерден немесе басқа жерден таба алмайды». Егер, айналаңызда әлдене ұнамаса, бізге бәрінен де сол құбылыс емес, біздің ол туралы ойы­ мыз қапаландырады. Сіздің блокнотыңызға Өзіңізді басыңыздан бастап өзгертіңіз. Қуатқа негізделіп қайырымды болуға тырысыңыз. Кейін көп затқа қол жеткізгенде, ол тек жақсылық арқылы көрінуі тиіс. Біз «көзілдірік» деп аталатын деңгейге жеткенде әлемге деген өзіндік көзқарасымыз бо- лады, көп заттарға басқаша көзбен қараймыз, 53

Мен және Ақша екінші санаттағы заттар ішінен маңыздысын көре аламыз. Әрқашан ақталуға сылтау табылады, алай- да, сізге әрдайым ақталып жүретін жағдайда болған ұнайды ма? Ешқандай ақталу нәтижеге жеткізбейді. Барлығын өзгертіп, мақсатыңа жетіп, армандарыңды жүзеге асырған жақсы емес пе. Кейде шешім, біз ойламаған жерден шығады. Біз өз күйеуіміздің барлық кемшіліктерінен, оның артықшылығын көру үшін дұрыс өмір сүруіміз керек. Бізге әйеліміздің барлық кемшіліктерінен оны жебеуші әйел бейнесін көру үшін «дұрыс көзілдірік» қажет. Бізге барлық кедергілер негізінде өз армандарымыз бен мақсатымызды көру үшін «дұрыс көзілдірік» қажет. Кейде мағынаны жағымсыз заттардан көруге болады. Бастысы, бағыттан жаңылмау. Іскер адамдардың ерекше қасиеті бола- ды. Бұл өзіңді қажет деңгейде көре білу, өзіңді дәулетті, жеңімпаз ретінде сезіну. Осыны міндетті түрде үйрену қажет. БАЙЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ Әрбір діннің өз нышаны, әр мемлекеттің өз туы мен елтаңбасы бар екендігін білесіз ба? Қалай ойлайсыз олар не үшін керек? Нышан күш береді. АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ Егер сіз үйіңізден, ата- әжелеріңіздің киімін Жігерлілік қиындықтарды тауып алсаңыз, ол сіз жеңеді, ал жалқаулық үшін өте қымбат бола­ туғызады ды, себебі, ол өткеннің Б.Франклин нышаны болып табы­ 54

Муравьи живут в гармонии с природой лады. Осы сияқты байлықтың да өз нышаны бар. Егер сіз бір коммерциялық компанияға келсеңіз, кіре берісте оның қызметі мен жетістіктерін сипат­ тайтын нышанды көресіз. Және сіз сол компанияға сене бастайсыз. Байлықтың нышаны да бізге бұл сияқты сенімділік пен күш береді. Егер сіз храмға барып жаңа иконаның алдына тұрып, сәлден соң ескісіне табынсаңыз, әр түрлі сезімде боласыз. Ескі икона өткен буынның ар­ ман мүддесін, сезімін өзіне сіңіріп алғандай бізді ерекше күйге түсіріп, қайырым мен көзімізге жас ұялатады. Сіздің қандай дінді ұстанатыныңыз маңызды емес. Ескі храмға барып көріңіз. Мен Меккеде болғанда айтып жеткізе алмайтын сезімде бол­ дым. Мен бір қарапайым тас көрдім, алайда, оның бір ерекшелігі болды, ол уақытқа тәуелсіз, көзбен көру мүмкін емес ерекшелік. Бұл ғасырлар бойы мыңдаған, миллиондаған адамдар күш салған ерекше зат еді. Сен сол жерде болсаң да, сенің денең өзіңе бағынышты болмайды. Және сен оны сезінбейсің. Өзіңді басқа әлемде жүргендей сезінесің. Сенде ешқандай ой болмайды. Сен жай ғана қарап тұрғанның өзінде де көзіңнен моншақтап жас аға береді. Сен не үшін жылап жатқандығыңды білмейсің. Міне, сондықтан біз үшін нышан, белгінің маңызы зор. Сіз өзіңіз үшін байлықтың нышанын ойлап тауып, дизайнын жасай аласыз. Бұл нышан сіз жүрген барлық жерде бо- луы тиіс, сіздің ұйықтайтын бөлмеңізде, жұмыс істейтін жеріңізде, барлық жерде сізбен бірге болуы керек. Сіз қиын жағдайда болғанда, шаршағанда, торыққанда байлықтың ныша- 55

Мен және Ақша нына қараңыз. Сол кезде, оның сізді энергия мен күшке бөлейтінін байқайсыз. Бұл сезімді түсіндіру мүмкін емес. АҚШАМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР Бір жаттығуды қолданып көріңіз. Қазіргі кездегі қолыңызда бар барлық қаражатты қолыңызға алып, қайда барсаңыз да оларды әрқашан өзіңізбен АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ бірге алып жүріңіз. Бұл екі жүз, бес жүз, мың Оқи тұра ойланбау – доллар көлеміндегі уақытты босқа өткізу, ақша болуы мүмкін. Сіз ойлай тұрып оқымау – әрқашан өзіңізбен бірге өзіңді-өзің құрдымға қомақты ақша алып кетірумен тең. жүруге үйренуіңіз ке­ Конфуций рек, және ол ақшаларды жоғалтып, ұрлатып немесе жұмсап қоюдан қауіптенбеуіңіз керек. Біріншіден, бұл сіздің сенімділігіңізді артты­ рады. Екіншіден, сіз ақшаңызға мұқият болуға, оны жұмсағыңыз келгенде өз-өзіңізді ұстауға үйренесіз. Онсыз қомақты көлемдегі ақшалармен жұмыс істеу де мүмкін болмайды. Мен мұның барлығына тәжірибе арқылы үйрендім, қатыгез өмір мектебінен өттім, вокзал­ да түнеп, аш жүруге тура келді, сөйте тұра, барлық тапқан ақшамды оқуыма төледім, кейіннен сол алған білімім, көтеріліп, қаржыға тәуелді емес адам болуыма көмектесті. Бірінші рет мен Мәскеуге жай демалып, қаланы, Қызыл алаңды көруге келгенмін. Менің ақшам таусылғанда, үйге қайтуым керек болды, 56

Муравей слаб, но камень рушит вокзалға келдім, жолсерікке өзімнің жағдайымды түсіндіріп, куәлігімді кепілге беріп, мені ақшасыз алуға көндіріп көрдім, бірақ ол бас тартты. Қазір мен ол жолсеріктің қажымайтындығына ризашылығымды білдіремін. Егер мен сол кез­ де кетіп қалған болсам, онда бәрі басқаша бола­ тын еді. Вокзалда менімен бір адам сөйлесті. Ол адамға өзімнің жағдайымды түсіндіруге тура келді. Мәскеуге келіп өзімнің барлық ақшамды жұмсап, енді үйге қайта алмай отырғанымды айттым. Ол қарқылдап күлді де: басқа мемлекеттегі көп адамдар мұнда ақшасыз келіп, күн көрістік қаржы тауып, үйлеріне ақшамен оралады, – деді. Сен ақшамен келдің ғой, бірақ ақшасыз кеткің келеді, алайда ол сенің қолыңнан келмеді. Керең болмай, қажет сөздерді есту өте маңызды. Құдай міндетті түрде біреу арқылы не істеуің керек екенін айтады. Ықыласты болыңыз. Мен кез келген жұмысты істеуге дай­ ын екенімді айттым, бірақ жұмысты қайдан табуға болады?! Ол тағы да қарқылдап күлді де: «Мәскеу үлкен қала, мұнда жұмыс істеу үшін бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттерді санамағанда, ауғанстандықтар, вьетнамдықтар, кәрістер, қытайл­ ар көп келеді. Сен бұл жерден жұмыс таба алмаймын деп ойлайсың ба?! Бұл жалған». Мен сол кезде ойланып, бұл сөздердің әділдігін түсіндім. Сол кезде мен өзіме қомақты ақша тап­ пайынша үйге оралмаймын деп ант бердім. Өзіме сай жұмысты мен тез тауып алдым да белсенді түрде жұмыс істеуге кірістім. Көбірек ақша табу үшін ақшаларымды барынша үнемдедім, ақша жинадым, бірақ жиналған ақшаның көп бөлігін 57

Мен және Ақша милиционерлер менің заңсыз жұмыс істеуіме байланысты тартып алды. Менде өте аз ақша қалды. Шағымданатын ешкім болмады және бұның мәнісі қанша?. Барлығын ба­ сынан бастауға тура келді, жұмыс істеп, үнемдеп, ақша жинадым. Бірақ бұл жағдай қайталана берді. Өте ренішті жағдай болды, мен не істерімді білмедім. Сол кезде бірнеше рет тәртіп сақшылары тартып алған ақша көлемі қомақты болатын. Тағы бір осындай жағдайдан кейін менде мүлде ақша қалмады және өзім де қажыдым. Барар жерім болған жоқ. Таң ата метроға мініп Киев вокза­ лы бағытына жол тарттым, бір станциядан түсіп, Москва-река бойындағы саябаққа жетіп, орындыққа отырып, құдайға жалбарындым: «Құдайым, неге мен сияқты еңбекқор адам адал түрде еңбек етіп, өзі қалаған өмірін сүре алмайды? Бұл әділетсіз». Мен жалбарынып, жылап отырдым. Дәл сол уақытта менің өмірге деген көзқарасым, дүниетанымым өзгере бастады. Бұл нұрға бөленумен тең еді. Мен өз-өзіме қарадым, аяқ киімім су, киімім кір, жуынбаған, қырынбағанмын, ақша тауып үйіме қайту үшін үш ай бойы жұмыс істеп далада тұрдым. Мен осындай өмір туралы армандап па едім? Осы сәтте құдай мені естігендей болып, мен өзімнің ішкі даусымды тыңдадым: «сенде ақша бол­ ды, бірақ сен оны басқара алмадың; сен оны ақылмен жұмсап, жақсы өмір сүруің болар еді, алайда олай істемедің, сен білім алуды армандадың, бірақ тек оқымай ғана қоймай, өзіңді-өзің жәбірлегендей жұмыс істедің, сондықтан мен сенің ақшаңды тар­ тып алдым». Осы кезде мен, адамдар 18-20 сағат бойы жұ­ мыс істеп, неліктен байымайтындықтарын түсін­ 58

Муравей слаб, но камень рушит дім. Өзімнің күйеу баламды есіме алдым. Ол көп жұмыс істейтін, жарық түсе тұрып, барлығынан кеш ұйықтайды, алайда, оның өмірінде ештеңе өзгерм­ ейтін. Оның отбасында міндетті түрде біреу ауыратын. Егер адам өзін қорласа (өзін аямай ауыр жұмыс істесе), құдай оған байлық бермейді, ақшасын ауру, инфляция, күтпеген жағдайлар арқылы алып отырады. Адам өзін қорламауы тиіс. Құдай ондай жағдайда бар заттың барлығын алып қояды. Жауап өзінен-өзі келді – барлығына өзім кінә­ лімін. Мен Мәскеуге келіп, жүк тасушы болып жұмыс істеуді армандаған ба едім? Жоқ. Мен әрқа­ шан Мәскеуде білім алғым келді. Көп адамдар былай ойлайды: «Уақытша осында жұмыс істей тұрайын, ал арманымды кейінге қалдыра тұрамын». Мен адамдардың неліктен кедей болып қалатынын түсіндім. Себебі, олар дұрыс мақсат таңдайды, алайда, керісінше бағытпен жүреді. Біз бір маңызды затты түсінбейміз. Әрине, жетістікке жету үшін көп еңбек ету қажет, жеңіс оңайлықпен берілмейді. Ағыспен жүзе беру әдетте, өте оңай әрі жеңіл. Бірақ, өз мақсатыңа жету үшін ештеңе істемесең, сен өте тез құрдымға кетесің. Сенің ісің өзіңді мақсатыңа жақындатпаса, неліктен ол жұмысты істеп жүрсің? Бұл арқылы сен бастапқы мақсатыңды ұмытасың, және ол уақыт өте келе тек сағымға айналып кетеді. Менің түсінгенім осы. Адамдардың көпшілігі бір нәрсені армандап, басқа зат істейді. Және уақыт өте келе қайтадан бастаған жеріне келеді. Егер сенің қазіргі істеп жүргенің сені байлыққа алып келмесе, демек таңдауды өзің жасадың. Сонда міне, кедейлік – тағдыр болады. 59

Мен және Ақша Осымен бірге тағы бір нұрлы ой келді: «егер қол- аяғыңмен жанталасып жұмыс істесе, бай боламын деп ойлайсың ба? Ауыр қара жұмыс істеп байыған адамды білесің бе? Жоқ, біреуін де білмейсің». Мен де өзіме ешқашан мұндай жұмыс істемеймін деп уәде бердім. Себебі мен мынаны түсіндім, мен қара күшпен жұмыс істеу арқылы ақша табуыма бо- лады немесе өз ақылым арқылы таба аламын. Құдай бізді ешқашан жалғыз қалдырмайды. Сол жерде, орындықта су-су болып, не істерімді білмей отырып, мен құдайдан парасат пен түсіністікті сұрадым. Автоматты түрде аяқ киімімді шешіп ішіндегі қоқымнан тазартқым келді. Сол кезде ке­ неттен, аяқ киімімнің табанынан бес жүз рубльдық екі купюра тауып алдым. Басында сенбей, жай жап­ сырмалар шығар деп ойладым. Қолыма алып қарасам, шынымен ақша екен. Дәл сол сәтте, өзіме барлығын өзгертем деп уәде бердім. Және осы ақша мен байлығымның бастамасы болады деп сендім. Менің шешім қабылдауым сол екен, менің өмірім ертегідегідей өзгеріп сала берді. Мен бұған сенемін. Аяқ киімімнің табанынан ақша тауып алғаннан кейін ақша басқаруды үйренемін деп өзіме ант бердім. Және антымды орындадым. 60

Муравей слаб, но камень рушит Бодо Шеффер: «Ақша пайда болмай тұрып, оны басқаруды үйрену керек, сонда ақша тапқанда оңай болады», – деген болатын. Сол кезде тағы әлемде барлығы молшылықта берекеде екен деген ой келді. Құдай бізге жерде де, суда да, жер астында да, су астында да өте көп Ақша пайда болмай табиғи байлық берген. тұрып, оны басқаруды Бірақ біз оның барлығын бағаламаймыз. үйрену керек, сонда ақша тапқанда оңай бо­ Сол кезде, мен өзім­ лады. нің ішкі жағдайы­ м­ ның бұрынғыдай емес екендігін түсіндім. Ішінде бірдеңе өзгерді. Қайта құру мен соғыс барлығын өзгертпейінше, мен ауқатты отбасыдан шықтым, жақсы киінетінмін, әрқашан ақшалы болғанмын. Алайда, соңғы кездері, мен өзіме көңіл бөлуді қойдым, өз киіміме қарамадым, ақшам бар болса да қымбат заттарды алуды қойдым. Менде өзіндік ауқаттылық сезімі болмады. Мен өзіме-өзім ұқсамадым, киімім, аяқ киімім кір, өмірім қараусыз, елеусіз болды. Әрдайым ақша жоғалтып алудан қорқатынымды аңғардым. Маған, менің денеме кедейлік әдеттері қонып алғандай болды. Мұның барлығы білінбей ба­ сталып кеткен әдеттер болды, бірақ оны елемей қалдырсам, барлығы осы күйінде қалар еді. Мен бұны қаламадым және өзіме былай деп ант бердім: «Мен өзіме бай болып өмір сүруге рұқсат беремін және мен байлықта өмір сүретін боламын». Осы шешімнен кейін, ерекше жағдай орын алды, мен көп ақша таба бастадым. Мен жүз рубльден бастадым. Бір аптадан кейін күніне 300, 500, 1000 рубль таба бастадым. 61

Мен және Ақша Қарапайым тамақ 20 рубль тұратын, ал 300 рубльге қымбат орыннан жақсы тамақтануға болады. Менің не істегенімді білесіз бе? Мен сол тапқан 1000 рубльға тиіспедім, ал қалғанын жұмсадым. Қолымда бар ақшаның барлығын жұмсаймын деген мақсат қойдым. Ең қымбат мейрамханаларға бардым, ең қымбат әрі күшті тағамдарға тапсы­ рыс бердім, қымбат киімдер кидім, өзімді бай адам сияқты сезініп көргім келді. Менің ойым мы­ нау еді – өзім тапқан ақшаны біреуге тартқызып қойғанша, өзім жұмсайын. Мен сол кезде маңызды затты түсіндім, өз-өзіңе қалай қарасаң, адам­ дар да саған солай қарайтын болады, егер өзіңді құрметтесең, айналадағылар да сені құрметтейтін болады. Міне, сондықтан мен жақсы киініп, қымбат мерамханаларға баруды жөн көрдім. Тағы былай істедім. Жүргізушінің қасына келіп, бір сағат жүру қанша тұратындығын сұрадым. Ол қайда баратынымызға байланысты деп жауап берді. Мен ешқайда бармаймын, жай қыдырып қайтқым келеді деп жауап беретінмін. Жүргізуші таңданып: «Неге?» деп сұрайтын. «Білесің бе, мен әрқашан Мәскеуді айналып көшелерін көруді армандайтын­ мын», – деп түсіндіретінмін мен. Ол күнде маған Мәскеуді аралататын. Және қызметі үшін жақсы ақша алатын. Мен неліктен олай істедім? Өзімді бай, сенімді адам сезінгім келді. Адам өзін сенімді сезініп, сенімді жүрсе, онда барлығы орындалады. Біраз уақыттан кейін өзімді бай ретінде сезіне бастадым. Күніне 1500-2000 рубль ақша таба баста­ дым. Ол күндері шамамен бұл ақша 400-500 доллар көлемінде болатын. Тәжікстанда мұндай ақшаға пәтер сатып алуға болатын. Осы мақсатпен, мен вокзалға барып, жақында 62

Муравей слаб, но камень рушит Мәскеуге жұмыс істеуге келген, жақсы жұмыс таппаған, белгілі қиындықтарға тап болған адамдар­ ды тауып алып (маған оның қай жақтан келгендігі, қандай ұлт өкілі екендігі маңызды болмады), өзім тамақтандыратынмын. Бір ретке 50-100 адамға дейін болған кездері де болды. Барлығы маған ризашылдығын білдіретін. Ең қызығы, мен өзімді бай адам сияқты сезіне бастадым. Білесіз бе, біреуге бірдеңе бергенде өзіңізді жақсы сезінесіз! Махатма Ганди былай деген: «Сенің алып отырғаның, саған тіршілік етуге көмектеседі, ал бергенің өмір сүруге көмектеседі». Бұл сөздерді мен өмір бойына есіме сақтап қалдым. Және вокзалға күнде барып, сол адамдарды тамақтандыруды екі апта бойы тоқтатпадым. Жақында ғана мен күніне 100 рубль тауып, оның 20-сын тамаққа жұмсайтын адам едім, енді өзіме ең қымбат пәтер жалдап, жайлы өмір сүрудемін. Егер сен қорықпай, өзіңе бай адам болуға рұқсат берсең, саған жетістік пен молшылыққа толы жаңа өмір келеді. Байлық жағдайын сезінуге өз-өзіңе мүмкіндік беру керек. Баяғыда, сол орындықта отырғанда мен өзімнің өмір сүру тәртібімді, менің ақшамды тартып алатын милиционерлерді жек көретінмін, менің жүрегім ауыратын және өте қынжылатынмын. Ал қазір, мен оларға ризамын. Егер олар болмаса, мен қазіргі жағдайға жетпес едім. Мен ол кезде оларға ашулы едім және өз республикама қайтқанда барлық оры­ старды қуып шығамын деп ойлайтынмын. Ал бүгін өзімді мүлде басқа адам сияқты сезінемін. Және Тәжікстанға барғанда, көшеден орыс әжені көрсем, қасына барып көмек беруге тырысам, бірдеңе сый­ 63

Мен және Ақша лап, жақсы сөз айтқым келеді, себебі, мен бөтен мем­ лекетте өмір сүрудің қандай қиын екенін түсінемін. Ал Мәскеуге келгенде, басында отырған сол жерді тауып, жай отырғанды жақсы көремін. Және осы маған күш беріп, алға жылжуыма көмектеседі. Адамдар менің айтқандарымды жиі түсінетін сияқты болады, алайда, сенбейді. Біреулер өздерін табысты болатынына және жетістікке жететініне сендіріп, соған жете алады, ал біреулер күнде өздеріне ештеңеге қол жеткізе алмайтындығын ай­ тып қала береді. Кез-келген жағдайда да адам өзі жасаған таңдауы дұрыс болады. Мен өзім үшін адамдардың екі категориясы бар екендігін түсіндім: 1. Біреулері қолымен жұмыс істеп, басымен ақша есептейді – мынанша ақшаны әйеліме бе- рем, мынаншасы пәтерге кетеді, мынаншасы қарызға т.б. 2. Басқалары басымен ақша тауып, қолымен есептейді. Бұл түсінік менің өмірімді мәңгілікке өзгертті. Шынымен де, мен осы шешімді қабылдағаннан кейін екі аптадан соң Киев базарының админи­ страторы болдым, жарты жылдан кейін Кутузов даңғылынан екі бөлмелі пәтер сатып алдым. Ал бір жылдан соң, Мәскеуде менің өз үйім болды. Біреулер бұл қалада өмір бойы жұмыс істесе де өзіне баспана ала алмайды. Ал мен оған жарты жыл­ да қол жеткіздім. Сіздің өміріңізде де сондай күн туады, сіз бір күннің ішінде бір жылдың ақшасын табатын боласыз. Ол тек сіз берік шешім қабылдап, қиындықтарға мойымағанда ғана мүмкін болады. Құдай ешқашан адамды жалғыз қалдырмайды. Мынадай нақыл бар. 64

Муравей слаб, но камень рушит Бір күні шөл далада бір адам кетіп бара жа- тады. Оның жолы көп күндерге созылып, ол өте шөлдегендіктен, қатты шаршаңқы еді. Міне оның күші таусылған уақытта, ол құдайға жал- барына бастады: «Құдайым, мен шөлден өліп барамын, сен барлық қасиетті кітаптарда сен бізді тастамайтындығыңды, қиын сәтте көмектесетініңді айттың. Алайда менің жүріп келе жатқаныма көп күн өтті, менің күшім таусылды. Артымда тек өзімнің ізім ғана, жанымда сен жоқсың, мен жалғызбын». Жалбарынып болғасын, әлгі адам жылау, шаршаңқы күйі ұйықтап кетеді. Түсінде аспаннан екі бейне көреді. Ол: «Құдайым бұл не?» деп сұрайды, құдай оған «Құмнан көрген іздер, менің ізім, мен сені арқалап жүрдім». АҚША БҰЛШЫҚЕТТЕРІ Сіз біртіндеп өзіңізге сеніп жатқандығыңызды сезінесіз бе? Сізге әрдайым өзіңізге де­ АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ ген сенім қажет. Сіз бір Ерік күші жоқ жерде, жол да жоқ. дүкенге келіп, ондағы Б.Шоу сіздің алғыңыз келген затыңыз басқа жерлермен салыстырғанда бір жа­ рым есеге арзан болса, сіз дереу сол затты алғыңыз келеді. Тіпті сізде ол зат бар болса да, сіз зат алуды жоспарламаған болсаңыз да, оны сатып алуға дай­ ын боласыз. Егер сатушы сізге көмек ұсынса, сіз жай қарап жүрмін деген сылтаумен оның көмегін қабылдамайсыз. Бірақ сіз қалаған жағдайда сол зат­ ты сатып алатыныңызды сезесіз. Ақшаңыздың бар болуы сіздің сеніміңізді арттыра түседі. Әсіресе, бұл әйел адамдарда қатты байқалады. Дүкендердің біріне кіріп, оларды бақылап көріңіз, әр әйелдің 65

Мен және Ақша кіріс деңгейі белгілі болып тұрады. Егер туыстардың ішінде біреуі басқаларынан ауқаттырақ болса, қонақта сол адам көбірек сөйлейді. Бұл өзінен өзі бола­ тын жағдай. Сондықтан, сіз өзіңізбен ақша алып жүрген уақытта ақша бұлшықетін жаттықтырасыз. Бұл бір күндік сахнадағы кеш үшін айлар бойы дайындалатын әншінің дайындықтарына ұқсайды. Ал бір музыкалық альбом дайындау үшін жылдар кетеді. Ақшамды біреу ұрлап кетеді немесе жоғалтып алуым мүмкін деп қорықпаңыз. Ақшаңыз бар кезде сіз өзіңізді мықты ұстайсыз. Американдық ғалымдар ерекше тәжірибе жүргізді. Олар бес жүз адамды фотоға түсіріп, әрқайсысынан не­ ден қорқатындарын сұрады. Біреулері ұрлықтан қорқамыз десе, екіншілері өлті­ріп кетеді деп қорыққан. Олардың жауаптары тіркеліп отырды. Содан соң, бұл суреттердің бар­ лығынжинаптүрмеге апарды да, шынайы қылмыскерлерден, яғни ұрлықшылар мен адам өлтірушілерден кімдері өз қылмысының құрбаны етіп таңдайтындықтарын сұраған. Ұрлықшылар ұрлықтан қорқатын адамдарды таңдағандығын 66

Муравей слаб, но камень рушит көрсетті. Ал адам өлтірушілер, сәйкесінше, біреуд­ ің қолынан өлуден қорқатындарды таң­ даған екен. Сонымен қатар қылмыскерлер өз таңдауларының себебін түсіндіре алған жоқ. Сондықтан өз қорқыныштарыңызды жеңуге тырысыңыз. Жағымсыз ойлар мен психологиялық жағдайыңыз жаманшылықты тартатынын есіңізден шығармаңыз. Өзіңізбен көп мөлшерде ақша алып жүру мақсатында, өз қорқынышыңызбен күресу, соған жаттығу өте маңызды. Астанада мынадай оқиға болды. Ақша бұлшықеті туралы тренингтердің бірінде, бір әйел көп мөлшерде ақша алып жүруге қорықпайтындығын, 25 жыл бойы кассир бо­ лып жұмыс істегендігін, әрдайым көп ақша ұстап жүргендігін айтты. Мен оған: «Жақсы, біз сізге жиырма мың дол­ лар берейік. Сіз тәулік бойы оны өзіңізбен алып жүріңіз, ертең қайтарасыз», – дедім. Ол келісті. Мен оған ақшаны бердім, ол әйел ақшаны сөмкесіне са­ лып алып кетті. Осыдан кейін, мен өзімнің басқа шәкірттеріме әйелдің артынан жүріп, оның жо­ лын камераға түсіруді тапсырдым. Түсірілімде ол әйелдің микроавтобусқа мінгенде сөмкесін өзіне қатты қысып ұстап тұрғандығы көрінеді. Оның түрі өте қатал, түрі қатты зейінді болды. Әйелдің қобалжып, уайымдап тұрғаны көрініп тұрды. Ол көліктен түсіп, өз үйіне жақындағанда подъезд жанынан бөтен адамдар тобын көрді. Олар да менің шәкірттерім болатын. Олар жай ғана әңгімелесіп, әйелді бақылап тұрды, ал ол өз үйіне жақындай алмай ары бері айналып жүрді. Менің шәкірттерім маған телефон соғып жағдайды айтқан кезде, ол екі рет айналып үлгерген болатын. Мен 67

Мен және Ақша оларға үйден алыстап кетулерін сұрадым. Олар кете салысымен әйел үйіне жүгіріп кіріп кетеді. Ал келесі күні, ол ақшаны алып келгенде, біз бейне та­ спаны бірге қарадық. Таспадан өзінің қобалжыған түрін көріп, өзіңмен үлкен соманы алып жүру және оны уайымдамау қиын екендігін айтты. Барлығы нақты ақшаны жақсы көреді, алайда ірі сомаға жауапкершілік алудан қорқады. Жоғалтып алу қаупі, мұндай жағдайларда өзіңді сенімді ұстауға кедергі келтіреді. Мен өз тренингтерімде өз мүмкіндіктерімізді ақшадан жоғары қоюымыз қажет десем, барлығы келіседі. Бірақ, шынайы ақшаға келгенде, барлығы өз қаупі мен қорқынышын жеңе алмайды. Бір күні, мен әр қаладағы бірнеше адам­ мен тәжірибе жүргіздім. Тренинг кезінде, мен қатысушылардан үйінде бар барлық ақшаны үйретуші ойынға қолдану үшін алып келулерін сұрадым. Барлығы алып келді, ақша сомасы қатысушылардың жағдайына байланысты әр түрлі болды. Ақша мұқият саналып, сериясы мен нөмірлеріне дейін жазылды да жауапты кісіге тапс­ ырылды, ол артынша ақшаны маған өткізді. Тренингті аяқтағаннан кейін, мен барлық ақша мен­ де келесі жылға дейін сақталатынын айттым. Тура бір жылдан кейін барлық ақша қайтарылады. Және мұның барлығы қатысушылардың жетістікке жеткен адамдардың негізгі ережесін «өз мүмкіндіктеріңізді ақшадан жоғары қойыңыз, сонда ол өзі келіп, сізге жұмыс істейтін болады» тәжірибе негізінде түсіну үшін жасалып отырғанын айттым. Тренингтің барлық қатысушылары оны теориялық түрде түсініп, қабылдады. Тәжірибе жүзінде оны жасау қиын. Күмән, қорқыныш, өз күшіңе сенбеушілік 68

Муравей слаб, но камень рушит кедергі келтіреді. Менің айтқанымды әркім әр түрлі қабылдады. Біреулер ренішпен, біреулер күліп от­ ырды, ал біреулер өз ойымен болды. Бұл тәжірибе төрт топта жүргізілді, олардың екеуі сынақтан өтіп, өз қорқыныштарын жеңді. Сонымен қатар, Санкт- Петербургте бір қыз жылап, оның машинасын ұрлап кеткендігін және ата-анасы оған ақшаны көлік сатып алу үшін бергендерін айтты. Бірақ мен оның тыныш­ тануын өтініп, ақшаны алып кетуді ұсынып едім, ол бас тартты. Оның өз өзімен күресіп жатқандығы көрінді. Ол, әрине ақшасын қайтып алғысы келді, бірақ жетістікке жеткен адамдардың қағидаларын түсініп, әлсіздік танытқысы келмеді. Ол ақшаны алмады және бұл оның кішкентай жеңісі еді. Дәл осындай адамдар мақсатына жетіп ауқатты болады. Келесі топтың қатысушылары менен ақша шы­ нымен келер жылға дейін сақтала ма деген сұраумен болды. Мен оларға мұның қалжың еместігін және ертең қаладан кететінімді айттым. Сабақтан соң барлығы тарқады, бірақ барлығының күмәнданғаны белгілі болды. Жинап алынған ақшаны мен сол кеште топ басшысына тапсырып, барлығын ертесіне қатысушыларға тапсыруын өтіндім де вокзалға кеттім. Бұл жерде мені топтың мүшелері күтіп тұрды, мен оған қатты таң қалдым. Олар өз қорқыныштарын жеңе алмады. Оларға ақшаның барлығы топ басшысында екендігін және бүгін оларға ақшаларын қайтаратынын айтқанымда, олар өз қателіктерін түсінді. Күмәндары олардан күштірек болып шықты. Өз қорқыныштарын жеңе білген тренинг қатысушылары бір жылдан соң менімен кездесіп, сабағым үшін рахметтерін айтты. 69

Мен және Ақша Шешім қабылдай алмау, сәтсіздіктен де жа­ ман. Ештеңе істемегеннен жасап көріп, қателескен жақсы. Қателіктер бізге тәжірибе мен білім береді, ал батылсыздық қорқыныш пен күмән қалдырады. Бұл ережені шынымен түсіну, адамға өзіне-өзі сенетін күш береді, жетістікке жол көрсетеді. Егер сіз ақшаға байсалды әрі сенімді қарай алмасаңыз – ақша аз ба, көп пе, маңызды емес, демек ешқашан бай бола алмайсыз. Егер сіз тіпті аз ақшадан қорықсаңыз, сіздің ешқашан көп ақшаңыз болмайды. Сондықтан тәжірибе жинаңыз. Өз мүмкіндігіңізді, мамандығыңызды ақшадан жоғары қойыңыз. Сол кезде ғана жетістікті тәуелсіз адам боласыз. Тәуелсіз адам деп кімді атуға болатынын білсіз бе? Өзіне, досына, әйеліне, балаларына ай­ тып, уәде берген затының барлығын орындай алатын адам. Егер сіз өміріңізді ертегіге айнал­ дырам десеңіз, жасаңыз. Егер өз дарыныңызды дамытамын десеңіз, дамытыңыз. Қанша қиын болса да жұбайыңыздың ата-анасымен қарым- қатынасыңызды жақсартам десеңіз, орындаңыз. Егер балаларыңызға жақсы білім беремін десеңіз, беріңіз. Міне, осы нағыз еркіндік пен тәуелсіздік. Менің ойымша, барлығымыз оған лайықпыз. Сізден: «Неліктен осыншама көп ақшаны өзіңмен алып жүрсің?» деп сұрауы мүмкін. Сіз ақша бұлшықетін жаттықтырып жүргендігіңізді айтыңыз. Сізді дарақы деп есептесе де, ары қарай алып жүруді тоқтатпаңыз. Есті, бірақ кедей болғаннан гөрі, дарақы, бірақ бай әрі жетістікке жеткен адам болған артық. Мынадай оқиға болған. Бір күні мен Мәскеудегі әуежайдан ұшатын болдым, өзіммен бірге 40 мың 70

Муравей слаб, но камень рушит доллардан артық ақша болды. Көп ақша. Ақша, мен шешіп багажымның үстіне қойып қойған күртемнің қалтасында болды. Рейске дейін біраз уақыт бар бола­ тын, мен дәретханаға барып келейін деп кеттім. Бірақ, жүре сала менің есіме қалтамда 40 мың доллар жатқандығы түсті. Қасында тұрған әйелге заттарыма қара­ уды өтінгеніммен, ба­ рып ақшамды өзіммен алып кеткім келді, мен жоқ уақытта кез келген жағдай орын алуы мүмкін емес пе?! Менің қайта қайтқым келді, бірақ мен өзімді тоқтатып, былай ойладым: «Сенің үлкен жоспарларың бар, сондықтан ойланбастан өз ісіңе қарай жүре бересің, немесе қайтып барып, бар ақшаңа мойынсұнып, сол ақшамен ғана қаласың». Мен өзімді күштеп кетуге мәжбүр етіп, аяқтарыма дейін дірілдеп тұрдым. Мен өзімді осы ақшаның деңгейінде ғана қалғым келмейтініне, менің үлкен арманым бар екендігіне және осы ақша үшін қобалжып, уайым­ дамауым керек екендігін айтып, сендірдім. Алай­ да, әр басқан қадам сайын менің күмәнім күшейе түсті: «кенеттен күрте жерге түсіп, ақшам жерге шашылса ше? Біреу заттарымды қағып кетіп, ақша көрініп қалса ше?». Осындай мыңдаған ойлар ба­ сымды шырмап алды. Тіпті дәретханада отырсам да уайым мені қалдырмады. Мен тіпті: «Мүмкін 71

Мен және Ақша тұрып не болып жатқандығын қарап келіп, сосын жалғастырармын», деген ойлар да келді. Мен ол соманы жоғалтудан қатты қорықтым. Маған бұл қазір күлкілі сияқты көрінеді, ал сол кезде барлығы күрделі болатын. Бірақ мен өз қорқынышымды жеңе білдім. Себебі, қорқыныш бізді артқа тартады. Ол біздің арманымызды жүзеге асыруға кедергі келтіреді, сенімнен айырады, олар бізді аз нәтижеге қанағат тұтуға жетелейді. Өз қорқынышыңызға берілмеңіз. Өз арманыңызға сеніңіз. Және сізден біреу қарыз сұраса, сізден сұраған ақшаның он пайызын ғана бере алатынызды, есіңізде сақтаңыз. Сіздің блокнотыңызға Байлықтың нышаны сіз жүрген барлық жерде болуы тиіс, сіздің ұйқтайтын бөлмеңізде, жұмыс істейтін жеріңізде, барлық жерде сізбен бірге болуы керек. Сіз қиын жағдайда болғанда, шаршағанда, торыққанда байлықтың ныша- нына қараңыз. Сол кезде, ол сізді энергия мен күшке бөлейтінін байқайсыз. Және бұл сезімді түсіндіру мүмкін емес. Адамдардың көпшілігі бір нәрсені ар- мандап, басқа зат істейді. Және уақыт өте келе қайтадан бастаған жеріне келеді. Егер сенің қазіргі істеп жүргенің сені байлыққа алып кел- месе, демек таңдауды өзің жасадың. Сонда міне, кедейлік – тағдыр болады. 72

Муравей слаб, но камень рушит Бодо Шеффер: «Ақша пайда болмай тұрып, оны басқаруды үйрену керек, сонда ақша тапқанда оңай болады», – деген болатын. Махатма Ганди былай деген: «Сенің алып отырғаның, саған тіршілік етуге көмектеседі, ал бергенің өмір сүруге көмектеседі». Адамдардың екі түрі бар: 1. Біреулері қолымен жұмыс істеп, басымен ақша есептейді – мынанша ақшаны әйеліме бе- рем, мынаншасы пәтерге кетеді, мынаншасы қарызға т.б. 2. Басқалары басымен ақша тауып, қолымен есептейді. Cіз өзіңіз өз таңдауыңызды жасауыңыз керек. Адамдар дұрыс мақсат қабылдап, бірақ қарама-қарсы жолмен жүргендіктен адамдар жиі кедей болады. Егер сіз қорықпай өзіңізді бай адам ретінде сезінсеңіз, онда сізге ауқаттылық пен жетістікке толы жаңа өмір басталады. Егер сіз ақшаға байсалды әрі сенімді қарай алмасаңыз – аз ақша ма көп пе маңызды емес, демек ешқашан бай бола алмайсыз. Егер сіз тіпті аз ақшадан қорықсаңыз, сізде ешқашан көп ақша болмайды. Сондықтан тәжірибе жинаңыз. Өз мүмкіндігіңізді, мамандығыңызды ақшадан жоғары қойыңыз. Сол кезде ғана жетістікті тәуелсіз адам боласыз. 73

Мен және Ақша 2. ПАРАСАТТЫ ТҮРДЕ АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА БОЛАДЫ? Ақша, оны жинаудың қарапайы ережелерін білетін адамдарды жақсы көреді. Д.Клейсон М аған көрсетілген ақша басқару жолын мен сіздерге көрсеткім келеді. Алдымен табысыңызды арнайы схема бойынша қарастырайық. Сіз ақшаны басқаруды үйренген кезде, ақша сізге өзі келеді. Ақша онымен жұмыс істей ала- тын адамға келеді. 74

Муравьи берутся за любую работу Егер сіз ақшамен не істеу керектігін білмесеңіз, тиіспеңіз. Алдымен нені қалай ітсеу қажеттігін үйреніңіз, содан соң ғана істеңіз. Сіздің айлық табысыңыз тұрақты кіріс емес, өз еңбегіңізбен, қабілетіңізібен, біліктілігіңізбен табылатын ақша делік. Және ол сіздің жұмысыңызға байланы­ сты өзгеріп отырады. Сіз ақшаны, пәтерақыға, тамақтануға, ауруханаға, оқуға, балабақшаға, киінуге, тамаққа жұмсайсыз. Көңіл көтеруге және демалуға ақша жетпейді. Сіздің айлық табысыңыздан не қалады? Тәртіпсіз қаржы жо­ спары. Біз солай істейміз, солай сәтсіз адамдар жасайды. Олар былай дейді: «Көп тапсам, бірдеңе қалады, онда жинай бастаймын». Алайда, сіз көп ақша тапқан сайын көп жұмсайтын боласыз. Ештеңе өзгермейді. 6000 жылдай бұрын Вавилон ең бай қала болған. Ол бұған бір адамның көмегімен жетті, ол адам «Білім үйін» салды. Бір күні одан: «барлығы бай болғысы келеді, барлығында бірдей мүмкіндік болады, бірақ біреулері бай, біреулері кедей бо­ лып қалады? Олардың айырмашылығы неде?» деп сұрады. Ол адам былай деп жауап берді: «бай­ лар біздің «қажетті шығындар» деп айтатын заттар­ ды біледі». Оның айтқысы келгені келесідей. 75

Мен және Ақша Сіздің табысыңыз тұрақты түрде өсіп келеді дейік: өткен айда сіз 300 доллар алдыңыз және осы сомаға өмір сүрдіңіз, осы айда сізде 500 дол­ лар болды, сіз барлығын жұмсадыңыз. Келесі айда сіздің табысыңыз 1000 долларға дейін өседі және сіздің қажеттіліктеріңіз де дәл осы сомаға лайық өседі. Тіпті сіз 2000 доллар тапсаңызда сіздің шығындарыңыз жаңа деңгейге көтеріледі. Бірақ сіз 500 долларға да жаман өмір сүрген жоқсыз ғой. Неге олай болады? Себебі, сіздің араның ашылып, жаңа қажеттіліктер пайда бола береді. 76

Муравьи берутся за любую работу Ешқашан тұтынушылық шығынға шоғырланбаңыз. Бір үнді данышпаны былай деген: «Бұл өмірдің қызықтыратын заттары теңіз суы секілді: адам оны көбірек ішкен сайын, соғұрлым шөлдей түсесің». Сіз көкөніс, жеміс, азық түлік немесе киім са­ тып алғанда, сіз соларды өсірген немесе жасаған адамның табысын көбейтесіз. Себебі, кез келген шығын, басқа адамның кірісі. Адамдар неліктен көп ақша тапқан сайын көп шығын шығарады? Олар келесі айда одан көп табам деп үміттеніп, көп шығынданады, шын мәнінде, оны қалай істейтіндер әлі ойланбайды да. Табыс неліктен көбеймейді? Себебі тұлғаның деңгейі кірістің жоғары деңгейіне сай емес. Табыс деңгейі тұлға деңгейінен аспайды. Бұл адамдар ақшаны басқаруды білмейді. Үлкен ақша тауып, оны сақтауды білмейді. Әлемге төлемей тұрып, өзіне төле. Тіпті ауқатты адамдардың өзі неліктен ертеңге күніне сенімді болмайды? Олар джип айдайды, мей­ рамханаларда болады, сонда да көңілсіз кейіпте жүреді. Олар қымбат киім киіп жүреді, алайда егер екі үш айда істері төмен құлдырап кетсе, олар кредиттерін төлей алмай қалады. Егер бұл бір жылға созылса, олар қиындыққа тап болады. Бұл оларға тыныштық бермейді. Себебі, олар өздеріне төлемейді. Ауқатты адамдар басқаша жа­ сайды. Олар алдымен, белгілі соманы жинайды, ал қалғанын жұмсайды. Сондықтан, есіңізде сақтаңыз, әлемге төлемей тұрып, өзіңізге төлеңіз. Керісінше жағдайда, сіз балаңызға немесе әйеліңізге жақсы көретіндігіңізді айта алмайсыз. Олар сіздің махаббатыңызды сезінуі үшін сізге барлығын жасау керек болады, әрқашан қимылдап, дәлелдеуді қажет етеді. 77

Мен және Ақша Сондықтан біз шоттың моделін құрдық. Ол мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі. Ол бой­ ынша сіз өз өзіңізге бастықсыз және жалдамалы жұмысшысыз. Сіз тауып отырған ақшаңыздың жалпы сомасының 10% болашақ үшін жинауыңыз қажет. Бұл сіздің ақшаңыз емес, бұл сіздің арманыңыздың ақшасы, оны тиісуге сіздің құқығыңыз жоқ. Тағы 10% демалыс пен көңіл көтеруге сақтаңыз. Егер сіз бір жаққа барғыңыз келсе көңіл көтеру шотын пайдаланыңыз. Егер сіз біреуге сыйлық алуыңыз керек болса, көңіл көтеру шотын пайдаланыңыз. Сізге жүйе қажет. Жүйеге келтірсеңіз болды, барлығы өзінен өзі жұмыс істейді. Сонда ақша сізге өзі келіп, жүйенің бөлігіне айналады. Сол кезде аухатыңыздың өсіп жатқандығын өзіңіз байқайсыз. Есебімізге оралайық. Енді қалған соманы 100% деп есептеп, осы соманың 55% компанияға бөлеміз. Ал қалған 45% өз шотымызға қалдырамыз. Кейде, сіздің кірісіңіз бір жарым есеге өсіп, со­ дан соң бұрынғыдан да төмен деңгейге түседі. Неліктен? Себебі, сіз өзіңізге жауапкершілік ала алмадыңыз. Сіздің табысыңыз 1000 доллар делік. 10% – 100 доллар – бұл сіздің болашағыңыз. 10% – 100 дол­ лар – көңіл көтеру. Қалған 800 долларды (55% – 440 доллар компания шотына) және (45% – 360 доллар өз шотымызға) бөлеміз. Тіпті бұл сома бір рет ка­ феде отыруға жетпесе де сол 10% артыө болмайтын соманы жинаңыз. Ақша оны іске қоса алатын адамға келеді. Ол бұл білімді тыңдап қана қоймай оны жүзеге асы­ ра білу қажет. Егер сіздің энергияңыздың төртеуі 78

Муравьи берутся за любую работу үйлесімде болмаса, қандай ақылды болсаңыз да ақша сізден кетеді. Сондықтан олар бір біріне сай болуы тиіс. Бірінші ережені есте сақтаңыз: кіріс тұлғаны даму деңгейін ұлғайтпайды, алайда тұлғаның даму деңгейінің өсуі кірісті көбейтеді. Адам өз болашағы үшін жауапкершілікті сезінбесе, табыс азаяды. Қанша ақша тапсаңыз да, сіздің шығындарыңыз табыспен бірдей бола береді. Мен көрсетіп отырған есеп моделі сізге мұны жеңуге көмектеседі. Ол бойынша сіз өз табысыңыздан тіркелген жалақыны бөліп ала­ тын жалдамалы жұмысшысыз. Және сіздің шығындарыңыз бұрынғыдай өсе түспейді. Бұл дегеніміз, егер сіз келесі айда көбірек табыс тапсаңыз, компания шотына көбірек ақша түсіресіз. Ал 45%- әрқашан өз шотыңызға сала­ сыз. Себебі, сіздің жұмыссыз қалатын күніңіз болуы мүмкін. Және ол сізге сол кезде қажет бо­ лады. Мұның барлығы не үшін жасалынады? Шығын деңгейін өсірмеу үшін. Табыс көбейе берсін, бірақ шығын сол күйінде сақталуы тиіс. Ал сіздің жалақыңыздың бүгінгі сомасын қалай анықтауға болады? Бүгінгі ай мен күнді жазыңыз. Және дәл бір жыл бұрынғы күннен ба­ стап бүгінге дейін есеп жүргізіңіз. Осы жылы қанша ақша тапқандығыңызды есептеңіз. Осыдан 45% алып тастаңыз. Шыққан соманы 12 айға бөліңіз. Бұл сан сізді қуантады ма? Жоқ па? Сонда да сіз қойылған ережелерді орындауға тиіссіз. Және шыққан сома сіздің ай сайынғы тіркелетін жалақыңыз. Егер бай болғыңыз келсе, одан көп жұмсауға сіздің 79

Мен және Ақша құқыңыз жоқ. Бұл сан қанша аз болса да, сізге ұнамаса да, оны ұстануыңыз қажет. СІЗДІҢ ТАҢДАУЫҢЫЗ АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ Енді сізде алынған Өз күшін қолданбайынша, ақпаратбойынша,таңдау ешкім де қаншалықты күшті екендігін білмейді. жасау мүмкіндігіңіз бар. Есеп моделін И.Гете қолдана отырып, ақша жинауды бастау және өз өміріңді өзгерту жөнінде шешім қабылдау. Немесе ештеңені өзгертпей, сол күйінде қалдыру. Кез келген жағдайда сіз шешім қабылдауыңыз керек. Басқа жол жоқ. Біреулері бастапқы мақсат ондай үлкен емес, сандар қуантпайды деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл үлкен ағаш өсіп шығатын дән ғой. Әрбір адам бір алмада қанша дән бар екендігін есептей алады, ал сол дәндерден қанша алма ағашы шығатынын есептей алмайды. Сондықтан, шыққан сан, бірінші дән болып табылады. Сіз жақсы және лайықты өмір сүруіңіз мүмкін. Егер аз жинасаңыз, бүгінгі күні сома аз болып көрінеді. Ал егер мүлдем жинамасаңыз 2-бағыттағыдай өмір сүресіз. 80

Муравьи берутся за любую работу Егер аз жинасаңыз онда 3-бағыттағыдай өмір сүресіз. Аз уақыттан соң 4-нәтиже болады. Бұл сіздің өсуіңіздің жақсы көрсеткіші. Бірақ егер ештеңе істемесеңіз, ештеңеге қол жеткізбейсіз. Айырмашылық, міне, осында. Тіпті аз ғана жинақтаудың өзі жағдайды өзгертеді. Бодо Шеффер Сингапурдегі семинар­ дан кейін бір адам қасына келіп былай дегенін айтады: «білесіз бе, маған сіздің айтқандарыңыз ұнады. Бұл дұрыс, алайда, менің жинайтын ақшам жоқ. Тапқан ақшам өмір сүруге әрең жетеді». Ол терең тыныс алып, қалтасынан темекісін шығарады. Бодо Шеффер оған қарап тұрып былай деп сұрады: «Сіз темекі тартасыз ба?!» «Онсыз қалай?» – деді әлгі адам. Сонда Шеффер кальку­ ляторды алып, осы адам 18-60 жас аралығында темекі тартпаса қанша ақша жинайтындығын есептейді. 43 мың доллар шығады. Орта есеппен 2 доллардан есептейді. Бірақ сонда да «Мен одан да темекі тартамын» дегенді естиді. Сонда Бодо Шеффер пайызын әлі қос­ пағандығын айтады. «Пайызы да бар ма» деп әлгі адам таңданады. Сонда Бодо Шеффер, егер дұрыс жинақтаса, онда жыл сайын соманың өсетінін түсіндіреді. Ең жоғарғы пайыздар соңғы бес жыл­ да болады. Тіпті Иса пайғамбардың өзі соңғылар бірінші болар, ал біріншілер соңғы болады деген жоқ па. Қалай ойлайсыз, егер ол жылдық 14% жинаса, онда қанша ақша болар еді? Төрт жарым милли­ он доллар. Егер сіз күніне 1 доллардан 8% жинасаңыз, 30 жылда бұл 1,8-2 миллион долларға жетеді. 81

Мен және Ақша Әдетте адамдар күніне бір доллардан артық жұмсайды. Сондықтан аз болса да жинақталған ақша жағдайды өзгертеді. Алайда сізге бұл мүмкін емес сияқты көрінеді, сізде бірден шотыңызға 10000 доллар салу керек. Банкке 100 немесе, тіпті 500 доллар үшін баруды қажеті не? Оларды үйде сақтауға да болады. Бірақ аз ақша да жағдайды өзгертеді. Бодо Шеффер, егер сізді қырық бес пайыз қанағаттандырмаса, сіз көп ақша тапқанда оның да өсетіндігін айтқан. 500 доллардың 45% аз ақша болғанымен, 5 000 доллардың 45% бірталай ақша екендігімен келісесіз ғой. Сондықтан Иса пайғамбардың айтқанын істеңіз. Ол «Екі есе артық істе деген». Мен артық істеуге шешім қабылдадым, үш жыл жинауға тура келетіндігіне көндім, нақты соманы жаздым. Ол аз болып шықты. Мен оған да көндім. Бастапқы сома қанша аз болса, сізге бұл шындықты түсініп қабылдау қажет. Егер қырық бес пайыздан артық ақша қалатын болса , болашақ ақшаңызды 15% , содан соң 20%, 25%, 30%, 40%, 50% дейін көтеріңіз. Ал көңіл көтеру сомасын 10% асырмаңыз, осы шоттағы сома көбейе берсін. Мысалы, 10 000 доллардың 10% бірталай ақша. Сіз бүгін өмір сүріп отырсыз. Денсаулығыңызға жұмсаңыз, бірақ жаңа мүмкіндікетріңізді теріс пайдаланбаңыз. Лайықты өмір сүріңіз, себебі, сіз көп ақша тапқан кезде сіздің айналаңызда басқа адамдар, басқа контингент болады. Сізге басқаша киінуге, жақсы жерлерге баруға тура келеді. Шығындар, әрине, көбейеді. Сіз осыған дайын болуыңыз керек. 82

Муравьи берутся за любую работу Сондықтан,сіз қанша көп тапсаңыз да көңіл көтеруге 10% жетеді. Біз бүгін өмір сүреміз, сондықтан кейде өзіңізді және жақындарыңызды қуантуды ұмытпаңыз. Алайда, 55% компания шо­ тына аударуды ұмытпаңыз. Аз ақшадан жинасаңыз қанша болатындығын есептеп көріңіз. ҚАРЫЗДАР Егер сіздің қарыздарыңыз бар болса, жағдай өзгереді. Мұндай жағдайда былай істеу керек. Ай сайын 10% болашаққа, 20% қарызды өтеу үшін жинаймыз. Қалған соманы сол екі шотқа бөлеміз. Көңіл көтеру үшін шот болмайды. Қарыздарыңыз бар болғанда, қайдағы көңіл көтеру? Қарыз алып, жеңіл өмір сүре беретін, және демалысты да жоспарлайтын адамдарды кездестірдіңіз ба? Адамдарда ерекше әдет бо­ лады. Оларда қарыз болса көңіл көтеру арқылы көңілін басқа заттарға бөледі. Мынадай ереже бар – қарызы бар адамнан ештеңе алмаңыз және сатып алмаңыз. Бұл қасиетті кітапта жазылған. Сіздің қарыз бойынша стратегияңыз мына­ дай болуы керек. Егер сіз туысыңыздан қарыз алсаңыз: «Тез өтесем, жақсы болады» деп ой­ лайсыз. Және осыны тез жүзеге асыруға тыры­ сасыз. Жалақыңызды алған сәтте осыны жасай­ сыз. Бірақ сізге келесі айға дейін өмір сүру үшін тағы да басқа біреуден қарыз алуға тура келеді ғой. Онда айырмашылық неде?! Сондықтан қарызға тек 20% жинау керек. Егер кредиторлар ренжісе: «Бөлікпен алғыңыз келмесе, жиналғанша күте тұрыңыз» деп айтыңыз. Бірақ, ешқандай қарызға қарамастан, ай сай­ ын 10% болашаққа жинаңыз. Бұл сіздің сенімді 83

Мен және Ақша әрі қауіпсіз сезініп жүруіңізге көмектеседі. Және тіпті, аз жинақтың өзі жағдайды өзгертетінін ұмытпаңыз. Егер сіз өзіңізді осылай жаттықтырсаңыз, сізде қимыл мен ойлаудың белгілі стереотипі қалыптасады. Мысалы, сіз қарызыңыздан құтылғаннан кейін, санаңызда қалыптасқан ереже бойынша, болашағыңыз үшін 10% емес, 30% жинай бастайсыз. Осы сәттен бастап сіздің жинағыңыз үш есе арта бастайды. Қарыз болу да пайдалы болып тұр. Өз уақытында ол сізге қажетті тәжірибе берді және сіз қажетті нәтижеге келдіңіз. Есеп моделі бойынша жүйе жасауыңыз ке- рек. Сізде қанша ақша бар екендігі маңызды емес, жүйе маңызды. Егер сіз: «Менде әзірге ақша аз, көп болғанда жүйе құрамын» десеңіз, онда сіз өзіңізге сенбейсіз. Олай тек өз болашағына сенбейтін сәтсіз адам­ дар ғана айтады. Бірақ, егер сіз өз болашағыңызға сенбесеңіз, не үшін өмір сүресіз? Егер сіз өз өміріңіздің сапасын жоғарылатамын деген­ ге сенбесеңіз оқудың не қажеті бар? Егер сіз өз мемлекетіңізге, президентіңізге, әйеліңізге неме­ се күйеуіңізге сенбесеңіз, сол адаммен бақытты болатыныңызға сенбесеңіз, мұның несі өмір? Өзіңізді алдаудың не қажеті бар? Ертеңгі күні бай боламын дегенге сенбесеңіз жинаудың не қажеті бар? Көпшілігі: «Біз қара күнге жинаймыз» дейді. Бізді солай үйреткен, туыстарымыз, қиын күндері қиналмау үшін ақша жинаңдар деген. Біздің са­ намызда ақша қиын сәттерде көмектеседі деген ой сақталып қалған. Бұл олай емес. Біз жарқын болашаққа сенуіміз қажет. 84

Муравьи берутся за любую работу Сондықтан, біз ақша жинаған кезде, өзіміз армандаған, ойлаған өмірдің бейнесін құрамыз. Ерте ме, кеш пе әрбір адам солай жасайды. Өзіңізді құспын деп елестетіңіз. Бір қанатыңызды «Үміт», екіншісін «Қорқыныш» деп атаңыз. Сіз еркін ұшудың ляззатын сезіну үшін ұшасыз немесе сізді ұшуға өмір мәжбүр етеді, сіз қорыққаныңыздан ұшасыз, ол кезде ұшудан ешқандай ляззат алмайсыз. Сіздің блокнотыңызға Сіз ақшаны басқаруды үйренген кезде, ақша сізге өзі келеді. Ақша онымен жұмыс істей алатын адамға келеді. Бір үнді данышпаны былай деген: «Бұл өмірдің қызықтыратын заттары теңіз суы секілді: адам оны көбірек ішкен сайын, соғұрлым шөлдей түседі». Ауқатты адамдар алдымен жоспарланған соманы жинайды, қалғанын жұмсайды. Әлемге төлемес бұрын, өзіңе төле. Табыс – тұлғаның даму деңгейін жоғарылатпайды, ал тұлғаның даму деңгейінің дамуы табысты өсіреді. Егер сіз күніне 1 доллардың 8%-н жинасаңыз, 30 жылда бұл 1,800-2 миллион долларға жетеді. 85

Я и Деньги Бірақ, ешқандай қарызға қарамастан, ай сайын 10% болашаққа жинаңыз. Бұл сздің сенімді әрі қауіпсіз сезініп жүруіңізге көмектеседі. Біз ақша жинаған кезде, өзіміз армандаған, ойлаған өмірдің бейнесін құрамыз. Есеп моделі бойынша сіз жүйе құруыңыз керек. Сізде қанша ақша бар екендігі маңызды емес, маңыздысы – жүйе. Уақыт өте келе сіздің санаңыз тәртіпке үйренеді және жүйе өзінше жұмыс істей береді. 86

3. ИНВЕСТИЦИЛАУ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ? Тыңдасаңыз – сіз ұмытасыз, Қарасаңыз – есіңізде сақтайсыз, Жасасаңыз – түсінесіз. Конфуций 1. Қаржылық қорғаныс 2. Қаржылық қауіпсіздік 3. Қаржылық еркіндік К өпшілік адамдарды қайда және не үшін инвестици­ ялау деген сауал мазалай­ ды? Ақшаны басқаруды үйренсеңіз, олар өзі сізге көп мөлшерде келеді. Міне, сол кезде инвестициялау туралы біліміңіз қажет болады. Себебі, көпшілік адамдар артық ақшамен не істеу, қайда салу керектігін, шынайы жағдайды қалай бағалауды білмейді. Сондықтан оны түрлі ұсақ заттарға жұмсайды. Тек кейіннен ғана өз ақшасын іске салып, пайда табуға болатындығын ойлайды. Алайда, барлығы кеш, ақша жұмсалып кеткен. Алтын жұмыртқа туатын тауық туралы нақылды есімізге түсірейік. 87

Мен және Ақша Бір шаруа тауығының алтын жұмыртқа туғанын көреді. Ол сенбей, жұмыртқаны қолына алады. Ол шынымен алтын болады. Ол зердешіге барып жұмыртқаны көрсетеді, ол оған ақша береді. Келесі күні тағы сол жағдай қайталанады, тауық қайтадан алтын жұмыртқа туады. Бұл жағдай шаруаның шы- дамы таусылғанша созылады. Сөйтіп, ол оны қалай жасайтындығын білу үшін құсты өлтіруге шешім қабылдайды. Ол тауықты өлтіреді, алайда оның көргені тек тағы бір алтын жұмыртқа болады. Сіздің салымнан алатын кірісіңіз – алтын жұмыртқа. Бізге алтын жұмыртқа туатын өзіміздің тауығымызды салу қажет. Бізде біраз ақша жиналғанда, тауықты өсіруге мүмкіндік туғанда, біз жаңа киім, машина сатып аламыз, сол уақытта аса қажетті заттарды аламыз. Жақын жерде демалу мүмкіндігі болса да, шетелде демалғымыз келеді. Егер пәтер, машина, алтын бұйымдар сатып алсақ бай болып кететіндей көрінеміз. Бұл олай емес. Қымбат көлік айдап, қымбат костюм киіп, алтын бұйымдар тағатын адамдардың шотында, әдетте ақша болмайды. Себебі, ақшаны жұмсау оңай. Көпшілігі, жақсы ақша тауып, оны аз уақыт ішінде жұмсап тастағанша бай болады. Ақшаны табу сақтау мен көбейтуден оңай. Сіз ақылсыз бай адамды білесіз бе? Жоқ. Екінші курстың студенттері профессордан артық білеміз деп санайды. Ал сер­ жант өзін майордан ақылдымын деп есептейді. Кей­ де көшеде тұрған сержанттан гөрі генералмен ортақ тіл табысу оңай болады. Және бұл жиі кездеседі. Неліктен? Себебі, маңызы төмен адамдар әрқашан өз маңыздылығын нақтылағысы келеді. Сондықтан, сізге алтын жұмыртқа туатын өз тауығыңызды жасау керек. Сізге бір айда күшті болмаса да дұрыс өмір сүру үшін қанша ақша қажет 88

Стимул муравья – потребности семьи екендігін есептеп көріңіз. Тіпті кірісіңіз екі үш есе артса да осы сомаға өмір сүру керек. Бір күні менің семинарыма бір қарапайым әйел келді, ол барлық тренингтерге қатысты, жақсы әрі үлкен құлшыныспен оқыды. Оның қанша ақша табатындығы туралы сұрағанымда ол байыпты түрде – 10000 теңге деп жауап берді. Мен қатты таңқалдым. Содан соң менің семи­ нарыма ақшаны қайдан алатындығын сұрадым? Ол алғашқы қадамнан ақ өмірді жақсарту үшін бірдеңені өзгерту қажеттігін түсінгендігін айт­ ты. Ол кір жуатын ма­ шина сатып алу үшін Ең жақсы салым – өзіңе кредит алып, ақшасын салған салым. өз оқуына, яғни өзіне жұмсады. Мұны ештеңеменен салыстыруға болмайды, тіпті балаңыздың оқуымен де. Неге кейбір адам­ дар өз балаларынан көңілдері қалады? Себебі, өзі барлығынан бас тартады, дұрыс тамақтанбайды, дұрыс киінбейді, өз қолдарындағы барын балаға салады. Ал бала өсті де: «Сендер сонша ерекше не істедіңдер?! Қалған ата аналар не істесе, соны істеген сияқтысыңдар» дейді. Баласы олардың жанкештілігін түсінбеді және ата анасы істегенінің барлығын міндетті, істелуі тиіс зат ретінде қабылдады. Мұны естіген ата аналардың көңілі қалады. Өзіңе салған инвестициядан артық зат жоқ. Әлемде сізді өкінішке алып келмейтін екі зат бар – құдайға сыйыну және өзіңді құрметтеу. Оны ешкім ешқашан ұрлай алмайды, ол сізбен мәңгі қалады. Айына екі жүз долларға өмір сүретін адам­ дар бар екендігін білемін. Бір ай ішінде өмір сүре алатын сомаңызды анықтап көріңіз. Және өз 89

Мен және Ақша қаржылық жоспарыңызды (алтын жұмыртқа туа­ тын тауық) құруға тырысыңыз. Сіздің бұрынғы жоспарларыңыздың барлығы ақшаны жұмсау үшін жасалынған. Қазір сіз қаржылық жоспардың шығын жоспарынан шын мәнісінде несімен ерекшеленетінін түсінесіз. 1. ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРҒАНЫС Бір орташа жанұя өмір сүре алатын сома – 500 долларды алайық (кез келген басқа жанұяны алсаңыз да болады ). Бұл соманы алтыға көбейтіңіз, 3000 доллар болады. Алты саны айларды білдіреді, ал 3000 доллар – жарты жылда жанұяны асырау үшін қажетті сома. Бұл не деген сөз? Бұл дегеніміз, егер сізде осы сома болса, сіз өзіңізді сенімді сезінесіз. Сіз тынышталасыз, сіздің ішкі қорқынышыңыз болмайды. Қандай жағдай болса да, жұмыстан шығарып жіберсе де, денсаулық нашарлауы бол­ са да, сіз жанұяңыздың жарты жыл бойы бұрынғы қалыпты түрде өмір сүретініне сенімді боласыз. Және сіз осы кезеңде сіздің жанұяңыз қаржылық түрде қорғаулы екенін түсінесіз. Кейбір адамдарда мұндай сома бұрыннан бар. Ал сізде болмаса ше? Онда кафе, мейрамха­ на, арақ, темекі, демалыс дегендерді ұмытыңыз, оның барлығын осы сома жиналғанша тоқтатыңыз. Ешқандай көңіл көтеру, қымбат опа, далап деген болмауы тиіс, тек тамақ пен қажетті затқа ғана ақша жұмсалуы тиіс. Осы соманы жинамайынша, сіздің демалып, көңіл көтеру құқығыңыз жоқ. Ал енді осы соманы 12 айға көбейтейік 6000 дол­ лар шығады. Егер біреулерде осындай ақша болса, жақсы. Ал қалғандары үшін жоғарыда көрсетілген ережелер мен шектеулер қойылады. Себебі, жар­ 90

Стимул муравья – потребности семьи ты жылға жететін, сақталған ақша аздық етеді, сондықтан, ең жақсысы – бір жылға жететінде ақшаны сақтап қою. Сол уақыт аралығында, егер сізді қызметтен қысқартқан болса, басқа жұмыс іздеп табуға мүмкіндік болады. Міне осы қаржылық қорғаныста болу деп аталынады. Автомобиль немесе мүлікті сақтандырудан мысал келтіруге болады. Статистика бойын­ ша сақтандырылған көлікке ештеңе болмайды. Сақтандыру агенттіктері көрсеткен жағдайлардың тоқсан пайызы сақтандырылмаған көліктермен болады. Неге екенін білесіз бе? Себебі, сіз көлігіңізді немесе басқа мүлкіңізді сақтағанда, ор­ нына сенімділік пен ішкі тыныштыққа ие боласыз. Өз материалдық жағдайыңызды сақтандырғанда, тұрақсыз болашақ қаупі қорқынышынан алыс бо­ ласыз. Мысалы, бір әйел жақында инфляцияға болып, барлығы қымбаттайды дегенді естіпті. Және барлық жинаған ақшасына болашақта қажет болады деген заттарды сатып алыпты. Оларды үйіне алып барып, тығып қояды. Ал жұмысынан үйіне оралғанда, үйін тонап кеткендігін көреді. Оның таңданысында шек болмады. Неліктен бұл жағдай дәл сол әйелмен болды? Себебі, өз санасында ол болашақта бола­ тын қиыншылықтан қорқыныш сезімінде болды. Ол қорқынышы арқылы, жағымсыз жағдайларды өзіне тартты. Ал сақтандырылған адам, қорқып, қобалжымайды, оның санасы күмәндану мен жағымсыз уайымнан алшақ болады. Ол еркін әрі жинақы болады. Қажетті сома жиналғанда, оны банкіге бөлек шотқа салыңыз, оған басқа ақша қоспаңыз. Сол кезде сіз нақты соманы білетін боласыз. Ал әзірше, 91

Мен және Ақша шығындарыңызды шектеп, жоспарланған пай­ ызды жинауыңыз қажеттілігімен көндігіңіз. Бұл сіздің отбасыңыздың қаржылық қорғанысы үшін қажет. Егер, кенеттен сіздің бизнесіңіз қиындыққа ұшырап, кірісіңіз азайса, сіз тыныш бейқам бола­ сыз. Себебі, ондай жағдайда, шотыңыздағы ақшаны алып, отбасыңызды қажетті заттармен қамтамасыз ете аласыз. Сондай-ақ, бұл ақшаның сіздің бизнесіңізге қатысы жоқ, тек отбасылық бюджет екендігін ұмытпаңыз. Ақша қолма қол болуы тиіс. Бұл сомаға тиіспеңіз, қандай жағдай болмасын, ол ақшаны алмаңыз. Егер де, белгілі жағдайларға бай­ ланысты ол соманы алып қойсаңыз, тезірек қайта толықтырып қойыңыз. ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ЖОЛЫ Қаржылық қорғаныс 500$ * 6 = 3000$ 500$ * 12 = 6000$ 500$ – айлық кіріс 6 – айлар Ақшаның бір қасиеті бар. Құдайдың қасиетті кітапта жазғандарын есімізге алайық: «Кімге берілсе – сонда өседі, ал кімге берілмесе – соныкі азаяды». Бұл заң осы жерде де жүзеге асады. Белгілі сома жиналған кезде, кірісіңіздің қалай ұлғайғанын байқамай қаласыз. Жаңа ұсыныстар түсіп, жаңа 92

Стимул муравья – потребности семьи мүмкіндіктер ашыла бастайды. Табыс көбейеді. Себебі, бұл өмірдің заңы. Кімге берілсе – сонда өседі, ал кімге берілмесе – соныкі азаяды. 2. ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК Енді 500 долларды (бір ай көлемінде өмір сүруге жететін сома болуы тиіс) алайық, оны 150- ге көбейтейік. Бұл ережені Бодо Шеффер жасап шығарған. Математикадағы Пифагор формуласы есіңізде ме? Бұл формула тұрақты және ешқашан өзгермейді. Осы сияқты Бодо Шеффер де қаржылық қауіпсіздік үшін қажетті тіркелген соманың есебі үшін ереже ойлап тапты. Яғни, қаржылық еркін болу үшін, қар­ жылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, сізге біртіндеп 75000 доллар жинау керек. Дәл осы сомамен сіз өз отбасыңызға қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етесіз. Егер сіз осы соманы банкіге 8% жылдық пайыз­ бен салсаңыз, жылына 6000 доллар алып отырасыз. Егер бұл соманы 12  айға бөлсе, онда ай сайынғы 500 долларлық төлем шығады. Егер сіз 75000$ жинақтасаңыз, сіз өзіңізді қаржылық қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алатын адамдар қатарына кіресіз. Енді сіз өмір бойы жұмыс істемесеңіз де, ай сайын банкіден жиналған пайызыңызды алып, қалыпты өмір сүре аласыз. Сонымен қатар, мынаған назар аударыңыз, сіз алдымен 6000 доллардан жинап, қаржылық қорғанысқа ие болдыңыз. Содан соң ғана келесі сома 75000 долларды жинай бастадыңыз. Шотыңыздағы осы сомамен сіз қаржылық қауіпсіз адам болдыңыз. Себебі, жұмыс істемей, ай сайын банкіден 500 доллар көлемінде ақша алып, өмір сүре аласыз. 93

Мен және Ақша Енді сұраққа жауап беріп көріңізші, егер сіз осы ережелерді бес жыл бұрын білсеңіз, осы ережелерді қолданып, қаржылық қорғанысы бар адам болар ма едіңіз? Иә, әлде жоқ па? Көп адамдар тіпті ойлау деңгейінде өзіне бай адам болуға рұқсат бермейді, бай адамдар сияқты ойлай алмайды. Сондықтан, мен сіздерге ақшаны қалай табу жайлы емес оны қалай басқару қажеттілігі жайлы айтып отырмын. Себебі, ал­ дымен дәнді отырғызатын орынды дайындау қажет. Дәнді асфальтқа сеуіп көріңіз, ол ешқашан өспейді. Осы ережелер жайлы алғаш рет естігенімде, мен мүмкін осы ақшаны жинасам, жиырма жыл­ дан кейін сол соманы (75000 доллар) жинақтайтын болармын деп ойладым. Мен шынымен де ол ақшаны жинау үшін сонша уақыт қажет болады деп ойладым. Алайда мен мақсатты түрде тал­ май жұмыс істей бастағанымда, бір жарым ай ішінде қаржылық тұрақтылыққа ие болып, қатты таңқалдым. Келесі сегіз ай ішінде қаржылық қауіпсіз адамға айналдым. Оның қалай болып жатқанын өзім түсінбедім. Барлығы бұлай тез бо­ лады деп ойламаған едім. Дәл сол кезде мен, жасай бастаңыз, сонда барлық әлем сізге көмекке келеді деген сөзді түсіндім. сеніңіз, бұл шынымен де солай. Себебі, құдай шығармашылық, мақсатты, жетістікті адамдарды жақсы көреді. Солар үшін ол ерекше жағдайлар жасайды. Және де солғын, бастамасы жоқ, өзіне сенбейтін әрқашан жылап отыратын адамдарды жақсы көрмейді. Қатты жел әлсіз өсімдіктер мен жеңіл заттарды оңай құлатады. Тоқтап қалған, өспейтін, қозғалмайтын заттың барлығы өмір сүруді тоқтатады. Шөптер, 94

Стимул муравья – потребности семьи гүлдер, жануарлар, тіпті ағып жатқан су да қозғалыссыз суға айналады. Сол сияқты сіз бірдеңені қолыңызға алып, қимылдай бастасаңыз, құдай да сізге көмектеседі. Егер сіздің қызметіңіз тіпті, бір адамның жетістікке жетуіне көмектесіп, оның өмір сүру деңгейін көтерсе, тағдырдың өзі сізге жәрдемші болады. Бай адамдардан, ненің арқасында сондай дәрежеге жеткендерін, қалай қол жеткізгендерін сұраңыз. Олардың көпшілігі: «Мен шынымды айтсам, өзім де жауабын білмеймін, жұмыс істеуді бастадым, қалғаны өзінен өзі болды», – деп жау­ ап береді. XX ғасырдың 70-жылдары бес студенттің құрған жаңа компаниясы пайда болды. Олар жи­ налып, фирма құру туралы келісті, алайда, не­ ден бастайтындарын білген жоқ. Екі жыл уақыт идея құраумен өтті. Олардың біреуі сәйкес логотипі бар футболка ойлап табады және осы компаниядағылардың барлығы оны кие ба­ стайды. Міне, қаншама жылдан бері әлемдегі қаншама адам «ал да жаса (just do it)» деген жа­ зуы бар футболкаларls киіп жүр. Бұл компания барлығыңызға мәлім, спорттық киімдер шығаратын «NIKE» компаниясы. Бес жеті жыл ішінде олар біраз атақты фирмалардан озып кетті. Олардың жетістігінің құпиясы оңай: жай ойлағаннан бірден іске асырды. Спорттық киім шығаратын ірі әрі жетістікті компаниялардың біріне айналды. Сондықтан, күмәндарыңызды артқа тастап, істей бастаңыз, жетістік сізге өзі келеді. Жасым келмейді, бастапқы капитал жоқ, бизнес үшін заңдар дұрыс емес немесе отбасылық жағдай кедергі келтіреді деген сылтауларды айтпаңыз. 95

Мен және Ақша Өзіңіздің қимылсыздығыңызға жауап іздемеңіз. Себебі, ақталатын сөздері табу оңай, сіздің өміріңіз одан өзгермейді. Шешім қабылдап арманыңызға қарай беттегеніңіз дұрыс емес пе. Өзіңізді соған сендіруге тырысыңыз. Және қимылдай бастаңыз. Менің семинарларымнан кейін, адамдар өз та­ быстарын келесі екі айда барлық ережелер мен қағидаларды орындай отырып, 20-50 арттырғандары туралы мысалдар келтіреді. Сондықтан кітапта жазылғанның барлығына ақпарат жиынтығы ретінде қарамай, өз мақсатыңызға жетуге, жалған жолдарға соқтықпауға көмектесетін карта секілді өмірлік тәжірибе ретінде қабылдаңыз. Егер сіз қаржылық қауіпсіздікке қол жеткізсеңіз, негізгі соманың пайызына өмір сүре аласыз. Алайда, бұл сіздің енді жұмыс істеуіңіз қажет емес дегенді білдірмейді. Көтерілуге болатын келесі баспалдақ әлі алда. ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ЖОЛЫ Қаржылық қауіпсіздік 500$ * 150 = 75000$ 75000$-дын 8% = 6000$ 500$ – айлық кіріс 6000$ : 12 = 500$ 150 – формула 12 – айлар 96

Стимул муравья – потребности семьи 3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕРКІНДІК Сіздің ойыңызша жақсы өмір сүруіңіз үшін қанша ақша керек? Мысалы, өзіңіз қалаған затты сатып алу үшін (саналы түрде), анда-санда кафе- ресторандарға барып тұру үшін, Тайландқа барып демалу үшін. Айына 10 000 доллар қажет делік. Сіз үшін бұл үлкен сома ма? Сіз өзіңізді осы сома сізде бар сияқты сезінуіңіз қажет. Осындай өмірге лайқ екеніңізге сенуіңіз қажет. Өз қабілеттеріңізден күмәнданбауыңыз керек. Өзімді осылай ұстасам бай болып кетпеймін деуіңіз мүмкін. Бірақ мен, «егер өзіңізге сенсеңіз, боласыз деймін. Сіз дәл сон­ лай көңіл-күй туғызуыңыз керек». Ал енді 10 000 долларды 150-ге көбейтіп, 1,5 млн доллар алайық. Бұл сома үлкен емес. Егер сізде жақсы пәтер болса немесе сіз мирасқор ретінде үлкен үй алсаңыз, сіз байсыз. Мысалы, тоқсаныншы жылдардың басында жылжымайтын мүлік 5-7 мың доллар тұрды. Көлігіңді сатып пәтер алуға болатын. Қазіргі кезде сіздің екі, үш үлкен пәтеріңіз болса, сіз – миллионерсіз. Өмір жақсарды, көп ақша табудың жол­ дары пайда болды, бай болу мүмкіндігі қазір барлығында бар. Сондықтан, жайсыз жағдайға, нашар конъюнктураға, жоғары салық пен әлемдік дағдарысқа сілтеп, шағымданудың қажеті жоқ. Барлығы өзіңізге байланысты екендігін есіңізден шығармаңыз. Жоғарыда аталған соманы жинақтаған кезде, сіз қаржылық еркіндікке ие боласыз. Ол дегеніміз, бұл соманы банкіге 8% жылдық мөлшерлемесімен салу негізінде, сіз жылына 120 мың доллар пайда түсіресіз. Оны 12 айға бөлсеңіз, ай сайын 10 000 долларлық таза табысқа жетіп, өз болашағыңыз 97

Мен және Ақша туралы уайымдамауға қол жеткізесіз. Сіз ақшаға емес, ақша сізге жұмыс істейтін болады. Көп адамдар осылай жасайды. Неліктен сізге бай әрі ауқатты адамдардың қатарына қосылмасқа? Сізде барлығы жақсы болады. Сіз басқа адамға айналып, өзіңізді бай адам ретінде сезінесіз және былай ойлайтын боласыз: «мен бай адаммын, еркінмін, бейқаммын, мен енді ақша жайлы ойламасам да болады, мен енді өзімді жеңіл сезінемін». Сіз осындай дәулеттілікке бес, жеті жыл ішінде жете аласыз. Егер сіздің жүрегіңіз бен санаңыз бір бағытта жүрсе, егер сіз өзіңіз, сізді жақсы көретін жақындарыңыз үшін күресуге дайын болсаңыз, бұны шындыққа айналдыру оңай. Бұл жағдай орын алғанда, сіз өзіңізді сенімді сезінесіз және жаныңыз рахаттанады. Мынадай күлдіргі әңгіме бар. Бір жүргізуші бай жолаушыны үйіне жеткізеді. Жеткен кезде, әлгі адам жүргізушіден қанша ақша беруім керек деп сұрайды. Жүргізуші «Жүз доллар» деп жауап береді. Жолау­ шы таңданып, «Сондай қымбат па?» деп сұрайды. Сонда жүргізуші кеше оның ұлын алып келгендігін және ол екі жүз доллар бергендігін айтады. Оған жолаушы былай дейді: «Иә, мен түсінемін, бірақ оның әкесі миллионер, ал мен жетіммін». Бай адам­ дар ақшаның не екенін, оның қалай табылатынын және оны қалай жұмсау қажеттігін біледі. Ғалымдар зерттеу жүргізген. Төрт маймылды алып, торға отырғызып, жоғары жақтарына ба­ нан іліп қояды. Маймылдардың қарындары ашып, бананды алу үшін жоғары секіргенде, олардың үстінен суық су қйып отырды. Біраз уақыттан соң, олардың бананды қайтадан алғылары келіп, 98

Стимул муравья – потребности семьи секіреді, оларды тағы да сумен шаяды. Осылай бірнеше рет қайталанады. Кейіннен маймылдар бананға тек қарап отырады, секіріп алуға қорқатын жағдай туындайды. Кейіннен торға жаңа май­ мылды отырғызады, ол ештеңені білмей, бананды алуға тырысқысы келеді, ал басқа маймылдар оған кедергі жасап, тіпті ұрып тастайды. Біраз уақыттан кейін торға тағы бір маймылды қосады. Ол да ба­ нады алғысы келеді, бірақ оны да тоқтатып, ұрып тастайды. Торға түскен барлық маймылдарға осы­ лай жасайды. Бұл жағдай маймылдар саны он екіге жеткенше жалғаса берді. Содан соң ғалымдар, өз тәжірибесі негізінде су жайлы білетін алғашқы төрт маймылды және солар тәрбиелеген кейінгі төрт маймылды тордан шығарып тастайды. Тек соңынан салынған май­ мылдарды ғана қалдырады. Және осыдан кейін торға жаңа маймылдарды қоса бастайды, олар маймылдардың өздерін басқаша ұстайтынына сенеді. Алайда, бастапқы сценарий қайталана береді. Бұрыннан отырғызылған маймылдар «жаңа маймылдарды» бананды алуға тырысқандары үшін ұра береді, енді оны суға шайылып көрмеген маймылдар да қайталайды. Оларда банандарды тиісуге болмайды деген қатаң ой қалыптасады. Олар тиымның себебін білмесе де, банан алу үшін ұмтылғандарды жазалай берді. Осындай стереотиптер адамдар өмірінде де кездеседі. Сіз бірдеңеге қол жеткізгіңіз келсе, сізге міндетті түрде кедергі жасайтындар табылады, себебі, бұл – жасалуы тиіс нәрсе. Сізді қоршаған адамдардың естіген жағымсыз ақпараты, неме­ се біреудің жағымсыз тәжірибесі оған себеп бо­ луы мүмкін. Адамдар жағымсыз көп заттар айта­ 99


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook