Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-06-23 07:47:47

Description: Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Search

Read the Text Version

Мен және Ақша 2. Не істеу керек? Табыс басыңызға ұрады, ал сәтсіздік жүрегіңізге. Ааторы белгісіз А. Өзіңе сенімді болу В. Түлкі болмау С. Өзіңізді арыстандармен қоршау А. Өзіңе сенімді болу Бүгінгі күні кәсіпқой, дарынды, ақылды болу аздық етеіндігіне келісетін шығарсыз. Бұларды өмірде қолдана білу қажет. Ал ол үшін өзіңізге де­ ген сенімді қалыптастыру керек, өзіңізбен жұмыс істеуіңіз керек, өз даму деңгейіңізді дамытуға тыры­ су керек. Ол туралы күнде ойлануға тырысыңыз. Егер сіз өз жұмысыңызды жақсы орындасаңыз, жақсы оқысаңыз, көп оқысаңыз, бірақ өзіңізге сенімді болмасаңыз, сіздің барлық жағымды жақтарыңыз бәрібір де жеткіліксіз болады, себебі, адамдар сіздің жағдайыңызды сезеді. Өзіңе деген сенімділік – өз қабілетіңізді жүзеге асыруға көмектеседі. Егер сіз бірдеңе жасауға шешсеңіз, күмәнданбаңыз. Сенімді түрде жасаңыз, себебі, өмір күшітілер мен өзіне сенімді жандарды жақсы көреді. Байқап көріңіз, жасаңыз, тек қол қусырып отырмаңыз. Сіз біраз ақша жоғалтсаңыз не болады, сіз оның есесіне теңдесі жоқ тәжірибе жинадыңыз. Сонымен қатар, сіз енді жүрмеуге тиіс 500 жол­ ды білесіз. Біздің жасағандарымыздың барлығы, біздің жетістіктеріміз бен қателіктеріміз, бізді алға жетелейтін тәжірибе. 150

Муравьи всегда идут к своей цели В. Түлкі болмау Сіз білуге тиіс бірнеше заттар бар. Егер сіз өз даму деңгейіңізді жоғарылатпасаңыз, сізге бай болу қиынға соғады. Белгілі жағдайлар нәтижесінде уақытша бай болуға болады, алайда, уақыт өте барлығынан айырылуыңыз мүмкін. Оны сақтап қалу үшін сізге жан жақты білім керек. Түлкіден қандай қабілетнемесе ерекшеліктер көруге болады? Ол текке қулықтың, жағымпаздық­ тың және айлакерліктің бейнесін көрсетпейді ғой. Дәл осындай мінезге ие адамдар да бар. Қарапайым жағдайда олар мейірімді болып көрінеді, ал оларды ренжітсе қырық жылғы реніштерін есіне алып, ашулаанады. Жеке өмірде олар ғашықтықты сипаттап, махаббаттан басын жоғалтқан адмдар­ ды келтіреді, уайымдап жүргендей кейіп таныта­ ды, ал шын мәнінде олар тек Ромеоның рөлін ойнап жүреді. Егер ондай жетістікке жетсе, ол өзінше болып, айналасындағыларды елемей кетеді. Ал егер оның жағдайы нашар болса, керісінше, ол мейірім мен түсіністіктің нышаны болады. Оған жақындарының немесе таныстарының сәтсіздіктері туралы айтса, ол табалап: «мен оған осылай болатынын айтқанмын» деп шығады. Сіздің шаруаңыз жақсы жүріп жатқан кезде, 151

Мен және Ақша сіздің кейбір туыстарыңыз жарайсың, сенің жақсы екеніңді білгенмін, сен қабілетті жігітсің деп ай­ тады. Ал егер сүрініп кетсең, сен қабілетсізсің, жеңіл ойлайсың, сондықтан сенің қолыңнан ештеңе келмейді дейді. Міне осындайлар дәл осы түрге жатады. Ондай адамға сіз бөтен адамның жетістігі ту­ ралы айтсаңыз, ол көңілсіз болады, ал сәтсіздігін айтсаңыз қуанады. Одан да табысты адамдар бар екендігін білген оған ұнамайды. М.С.Норбеков бы­ лай деген: «Егер сіз өлмейтін адам болсаңыз, сізді бәрібір ұстап өлтіріп, өздері өлмейтін адам болу үшін жасушаларыңызды зертханада зерттейді». Сондықтан ешқашан түлкі болмаңыз, өз мәселеңізді шешу үшін біреуді мақтамаңыз. Ол сізге көмектескен, көмектеспегеніне қарамастан шын жүректен шындықты айтыңыз. Қулыққа салмаңыз және алдмаңыз. Егер сіз өзіңізден түлкінің кішкене болса да мінезін байқасаңыз, одан құтылыңыз. Ол сізде армшөп сияқты барлық шынайылығыңызды құртады. Егер сіздің үйіңізде бөлме өсімдіктері болса және олар сарғайып, солып қалса, сіз не істейсіз?! Сіз ол гүлдер әдемі болуы үшін бояумен бояп қоясыз ба? Әлде оларға су құйып, қарайсыз ба? Әрине су қйып, қарау керек. Сондықтан түлкінің қылықтарын дамытудың қажеті жоқ, одан да олардан біртіндеп құтылыңыз. С. Өзіңізді арыстандармен қоршау Бұл дегеніміз, өзіңізді күшті, мақсатына берік, табысты адамдармен қоршау. Себебі олар өздерінің табысымен, өздерінің үлгісімен сіздерге жағымды жақтарын береді. 152

Муравьи всегда идут к своей цели Ғалымдар мынадай тәжірибе жүргізді. Екі тышқанды әр түрлі торға отырғызды. Біреуіне қолайлы өмір туғызды, оны тамақтандырып, жи­ нап, су беріп, қарады. Ал екінші тышқан өзіне тамақты өзі табуы тиіс болды. Жүз күннен кейін миларының жасушасын тексерді. Екіншісінің даму деңгейі біріншісінікінен жүз елу есе артық болып шықты. Содан соң, олардың орындарын ауысты­ рып, дәл сондай уақыттан кейін тағы да тексереді. Ал енді екінші тышқанның дамуы жоғары бол­ ды, ал біріншінікі бұрынғы қалпына қайта түсті. Ұмтылатын ештеңе болмаса даму да тоқтап қалады екен. Сондықтан да егер сіз өзіңіз мазасыз, сәтсіз адамдармен аралассаңыз, біраз уақыттан кейін өзіңіз де сондай болып кетесіз. Ал егер сіздің айналаңызда күшті, мақсатты, өзіне сенімді, табысты адамдар болса, сіздің де сондай болуға мүмкіндігіңіз зор. 153

Мен және Ақша 3. ӨЗІНДІК ШЕКТЕУЛЕРДІ АЛЫП ТАСТАУ А. Баяулау (72 сағат қағидасы) В. Кінәлау С. Ақталу Өзіндік тежеулер бірнеше түрге бөлінеді. А. Баяулау (72 сағат қағидасы) Барлық адамдар арасында 2% ғана өз арманына жетеді. Неге екенін білесіз бе? Біздің миымызда ақпаратты сақтайтын бірнеше қабат бар. ______1 __________2 _______________3 ___________________4 _______________________5 Біріншісі, ең жоғарғы қабат – жедел есте сақтау, онда сіз әлі ойланып үлгермеген ең жаңа ақпараттар түседі. Бұл ақпаратты кейде адамдар интуитивті түрде қолданады. Бұл сіздің бір адам туралы ойлап, сол адам сізге бірнеше минуттардан соң звандауы сияқты құбылыс. Немесе сізде бір идеяны ойлауыңыз сияқты. Алғашқы үш тәулікте сіз оны жүзеге асыра ала­ мын деп ойладыңыз. Ал үш тәуліктен соң (72 сағат), белсенділі төмендей бастайды, себебі идеяны туғызған ақпарат екінші қабатқа өтеді. Бірінші қабатта сіз күнделікті қолданатын ақпарат 154

Муравьи всегда идут к своей цели сақталады. Ал екінші қабатта сирек қолданатын ақпарат сақталады. Мысалы, сіз бір апта бұрын достарыңызбен теңзде демалдыңыз. Онда сізбен бірге, кейін есіңізге алмаған жігіт демалды. Ал қажет кезінде, есіңізге түсіргіңіз келген сәтте оның атын досыңыздан сұрай бастайсыз. Тіпті оның келбетін қиындықпен есіңізге түсіресіз. Содан соң келесідей жағдай болады. Біраз уақыттан соң, егер сіз ол ақпаратты қолданбасаңыз, ол үшінші қабатқа өтеді. Бұл ұзақмерзімді есте сақтау. Бұл қабаттағы ақпаратты сіз өте сирек қолданасыз. Онда ол жылдар бойы сақталады. Мысалы, сіз бірдеңе істегіңіз келіп, өзіңізге, мен мұны әйтеуір бір күні жасаймын дейсіз. Уақыт өте келе бұл ақпарат түсіп, келесі қабатқа өтеді. Және сіз ол туралы мүлдем ойламайсыз. Бірақ біреу сіздің ойыңызды жүзеге асырғандығын естісеңіз міндетті түрде мен де соны істегім келіп еді ғой деп есіңізге түсіресіз. Немесе сіз бір анекдот естіп, оны ешкімге айтпадыңыз және біртіндеп ұмытып қалдыңыз. Екі үш жыл өтті. Және кенеттен достарыңыздың үйінде біреу сол анекдотты айта бастайды. Сіз де­ реу есіңізге түсіресіз. Содан соң ақпарат келесі деңгейге өтеді, және енді сіздің істегіңіз келген зат, сіздің түсіңізге кіреді, себебі, шынай өмірде сіз оны жасамадыңыз. Мұндай жағдай орын алмауы үшін әрбір 72 сағат сайын өз жоспарларыңызды, идеяларыңызды есі­ ңізге алып, ойлағаныңызды жүзеге асыра бастаңыз, ең құрығанды алғашқы қадамын бастаңыз. Бұл қағида сізбен өмір бойы бірге болуы тиіс, сондасіздің армандарыңыз орындала бастайды. Себебі, ақпарат 155

Мен және Ақша сіздің миыңыздың бірінші қабатында болады. бұл орайда сізге жетінші сезіміңіз – дұрыс жағдайларды қалыптастыру және алтыншы сезіміңіз – мұны істеуге сізге көмектесетін адамдарды тарту және интуитивті таңдау. Сіздің есте сақтау қабілетіңіздің алғашқы қабаты, тіпті адам миының өзі радиостан­ ция секілдіойлау толқындарын қабылдап, таратады. Мысалы, сізде осындай жағдайлар болған болар, сіз бір досыңыз туралы ойлайсыз және сол досыңыз сіздің ойыңызды оқығандай сізге телефон соғады. Сондықтан ойлаған затыңызды қиындықтарға қарамастан жүзеге асыруға тырысыңыз. Осыған кез келген жағдайдың табысы тәуелді. Өз ойыңызды кездескен кедергілерге бола тоқтатпаңыз. Тағы да қайталаймын: оңай қол жеткізілген зат, қымбат бағаланбайды. Нақты нәтижені жоспарлаңыз да өз мақсатңызға беттеңіз. Себебі, өз мақсатына көптеген мәселелерге қарамастан өз арманына ұмтылып, соған жұмыс істеген адам ғана жетеді. Сіздерге «есте сақтау» деп аталатын дискті міндетті түрде алу қажет. Сіз өз есте сақтау қабілетіңіздің барлық қабаттарын дұрыс қолдануды, қажеттіні есте сақтауды және қажет уақытта ақпаратты шығара білуді үйренесіз. Себебі, кез келген уақытта қажет болып қалатын заттардың ешқайсысын ұмытып қалмау және есте сақтау қабілетіңізді дұрыс ұйымдастыра білу өте маңызды қабілет. Тренингтерімде, мен кейде, 4 сыныпта естіген мысалдарды, немесе ұстазымның 10 жыл бұрын айтқандарын мысал ретінде келтіремін. Бұл мен­ де есте сақтаудың осы механизмі жұмыс істегінің арқасында. Сондықтан, мен үйде дайындалмаймын, мен сахнаға шығып, айта беремін. 156

Муравьи всегда идут к своей цели Егер сіз қатты дайындалып, барлығын жаттап, попугай тәрізді мүдірмей айтып шықсаңыз, сіз ештеңе айтпағандый боласыз. Неліктен көптеген сатушылар, агенттер кәсіби түрде сөйлесе де олар­ дан ешкім ештеңе алмайды? Себебі оларда 90% сөз, тек 10% ғана сезім. Ал бұл керісінше болуы тиіс. Ең бастысы, шы­ найы сезіміңіз 90%, ал құр сөз 10% ғана болуы тиіс. Мен тренингтер жүргізгенде шынайы, шын көңіліммен сөйлеуге тырысамын. Шынайы болу өте маңызды, себебі, адамдар сіздің эмоционалды жағдайыңызды сезеді. Оқытудың ең жақсы форма­ сы 98% жеке үлгі де, 2% ғана түсіндірме. Миды әрқашан шыңдап, ойлау қабілетін, есте сақтауды, интуицияны дамытатын жаттығулар жа­ сап тұру керек. Міндетті түрде өзіңізде сенімділік, еркіндік, өзіңізге деген құрмет сезімдерін дамытып отырыңыз. Күнделікті оқып, жаттығыңыз. Біздің тәжірибеге сүйенсек, 17 теріс жауапқа бір ғана жағымды жауап келеді екен. Және тағы бір мысал, 11 жағымсыз тәжірибеге ми тек 1 ғана жағымды жағдайды еске түсіреді. Арақатынасы таңқаларлық. Бұл мидың барлық қабаттарын қосуға мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама. Сондықтан, мен өз тренингтеріме қажеттіні оңай есіме түсіремін. Себебі мен қажетті ақпаратты қалай сақтау туралы механизмдерді оқып, дамытқанымның арқасы. В. Кінәлау Көптеген адамдар өз сәтсіздіктеріне өздерінен басқа барлығын кінәлайды. Олар оның себебі, сыртқы ортадан, жағдайлардан, жұлдыздардың дұрыс болмауынан іздейді, тек өзінен емес. 157

Мен және Ақша Менің тәжірибемде қызық жағдайлар көп болған. Мен Тәжікстаннан Ресейдің көптеген қалаларына баруыма тура келетіні есімде. Және менің багажымды жолда міндетті түрде тексеретін. Әрине, вагонға кіріп, тек менен ғана тексергенде, қынжыласың. Бір күні мен он үш рет тексерген болатын. Соңында мен одан жалқтым да мили­ ционерге: «Міне жоғарғы сөредегі чемодан, ал да өзің тексере бер» дедім. Алайда, кейіннен мен бұл жағдайды саралай бастағанымды, себеп өзімде екенін түсіндім. Бізге солай қарайтынына ешкім де кінәлі емес. Бүкіл әлемді кінәлаудың қажеті жоқ. Ең алдымен, өзіміз кінәліміз. Себеп өзімізде. Бір ережені есте сақтаңыз, ешқашан ешкім­ ді кінәламаңыз, мемлекетті де, заңды да, жақын­ дарыңызды да, достарыңызды да, ешкімді. Қасиетті кітапта былай жазылған: «Ешкімді мінемеңіз, сонда сізді де ешкім мінемейді». Егер сіз өмірді кінәласаңыз, өмір кінәлайды. Себебі, ойлар, эмоци­ ялар, сіздің біреуге деген қатынасыңыз, уақыт өте келе қайтып келеді. Өзіңіз үшін ең оңайы басқа біреуді кінәлай салу. Өзінен басқа барлығын кінәлау адамға тән қасиет. Бұл кінәлау біреуге арналып айтылса, жауапты ре­ акцияны күтіңіз, себебі, кез елген зат жауапты бо­ лады. Одан да сол адамды түсінуге тырысыңыз, бұл сіздерді қатынастарыңызға әсер етеді, ол адамның да сізді түсінуіне ықпал етеді. Ал кез кел­ ген достастық, және бірлесіп қимылдау, болашақ жетістіктің кепілі. Сондықтан мықты болып сәтсіздікті өзіңізден іздеуге тырысыңыз. Өз қателіктеріңізді түзеңіз, өз жақсы жақтарыңызды қолданыңыз, ескі қателіктеріңізді қайталамаңыз, және өз даму 158

Муравьи всегда идут к своей цели деңгейіңізді жоғарылатыңыз. Конфуций былай де­ ген: «Егер өзіңіздің табалдырығыңыз тазаланбаса, көршінің үйінің төбесінде қар жатыр деп наразы­ лы етпеңіз». С. Ақталу Дұрыс емес жағдайды, өтірікті, сатқындықты, іштарлықты барлығын ақтап алуға болады. Өмірде ақталулар көп, және адамдар оны көбейте түсуде. Бірақ мынадай ереже бар, егер сіз өзіңіздің дұрыс емес қылығыңызға ақталсаңыз, онда сіз оны ешқашан түзей алмайсыз. Өзіңіздің кедейшлігіңізге ешқашан ақтау іздемеңіз, әйтпесе өмір бойы кедей болып қаласыз. Өзіңіздің сәтсіздіктеріңізге ақталу іздемеңіз, себебі, өмір бойы сондай болып қаласыз. Жанұялық ұрыс керіске ақталатын заттар іздемеңіз, әйтпесе жанұялық бақытты сезінбейсіз. Ақталу жол­ дарын іздемей, нәтижеге қол жеткізіңіз. Ешқандай ақталу оны ауыстыра алмайды. Адамдар жақсы болу үшін емес, өздеріне жеңіл болу ақталады. Ақталуды тоқтатсаңыз, сіз өзіңіздің жағдайыңыз үшін басқа адамдарға жауапкершілік артуды тоқтатасыз және барлық сәтсіздіктердің себебі өзіңізде екендігін түсінесіз. Ақталуды тоқтатсаңыз сіз өз өміріңізді өзгертіп, өзіңізге сенімді боласыз. Сіздің әлсіз тұстарыңыз – міне нағыз сәтсіздіктердің себебі. Өзіңізбен жұмыс істеңіз, себеі, барлық жеңістер мен жеңілістердің негізі сізсіз. Данышпандар былай деген: «Барлық жеңістер өзіңізді жеңуден басталады». 159

Мен және Ақша Сіздің блокнотыңызға Өзіңізге деген сенімділік, өз қабілеттеріңізді жүзеге асыруға көмектесетін қасиет. Егер бірдеңе жасағыңыз келсе, күмәнданбаңыз. Сенімді түрде жасаңыз, себебі өмір күштілер мен сенімділерді жақсы көреді. Сондықтан ешқашан түлкі болмаңыз, өз мәселеңізді шешу үшін біреуді мақтамаңыз. Ол сізге көмектескен, көмектеспегеніне қарамастан шын жүректен шындықты айтыңыз Өзіңізді арыстандармен қоршаңыз. Бұл дегеніміз, өзіңізді күшті, мақсатына берік, табы- сты адамдармен қоршау. Себебі олар өздерінің та- бысымен, өздерінің үлгісімен сіздерге жағымды жақтарын береді. Әрбір 72 сағат сайын өз жоспарларыңызды, идеяларыңызды есіңізге алып, ойлағаныңызды жүзеге асыра бастаңыз, ең құрығанды алғашқы қадамын бастаңыз. Бұл қағида сізбен өмір бойы бірге болуы тиіс, сонда сіздің армандарыңыз орындала бастайды. Мықты болып сәтсіздікті өзіңізден іздеуге тырысыңыз. Өз қателіктеріңізді түзеңіз, өз жақсы жақтарыңызды қолданыңыз, ескі қателіктеріңізді қайталамаңыз, және өз даму деңгейіңізді жоғарылатыңыз. Конфуций былай деген: «Егер өзіңіздің табалдырығыңыз таза- ланбаса, көршінің үйінің төбесінде қар жатыр деп наразылы етпеңіз». 160

Муравьи всегда идут к своей цели Өзіңіздің кедейшлігіңізге ешқашан ақтау іздемеңіз, әйтпесе өмір бойы кедей болып қаласыз. Өзіңіздің сәтсіздіктеріңізге ақталу іздемеңіз, себебі, өмір бойы сондай болып қаласыз. Жанұялық ұрыс керіске ақталатын заттар іздемеңіз, әйтпесе жанұялық бақытты сезінбейсіз. Ақталу жолдарын іздемей, нәтижеге қол жеткізіңіз. Сіздің әлсіз тұстарыңыз – міне нағыз сәтсіздіктердің себебі. Өзіңізбен жұмыс істеңіз, себеі, барлық жеңістер мен жеңілістердің негізі сізсіз. Данышпандар былай деген: «Барлық жеңістер өзіңізді жеңуден басталады». 4. ДАМУДЫҢ ҮШ САЛАСЫ А. Рухани В. Дене бітімі бойынша С. Саналық А. Рухани даму Рухани өсу дегенді әрқайсысымыз әр түрлі түсінеміз. Бірақ біздің өмірімізді рухани даму­ сыз ешкім елестете алмайды. Сіз қаласаңыз да қаламасаңыз да рухани сала материалды сияқты біздің өміріміздің бөлігі, бұл бір тиынның екі бетімен тең заттар. Бір нәрсені білемін, егер сіз өз 161

Мен және Ақша үшіңізді, энергияңызды, сезіміңізді рухани әлемге жұмсасаңыз, ол сізге одан да көп көлемде қайтады. Алайда сіз, өзіңіз өмірі сүріп отырған шынайы өміді де жоққа шығармауыңыз керек. Рухани және материалды жақтар, өзара тығыз байланысты және біздің екі аяғымыз тәрізді бізге тұрақты тіреу болып тұр. Қандай күшті болса да бір аяқпен ұзақ тұра ал­ майсыз. В. Дене бітімі бойынша даму Дене дамуы – бұл сіздің денсаулығыңыз. Жас кезіңізде ылғи да құдайға жалбарынатын уақыт табыңыз. Денсаулық, бақыт, махаббат тілеңіз. Қартайғанда адамдар неліктен белсенді түрде құдайға жалбарына бастайтынын білесіз бе? Себебі, олар аурудан, жалғыздықтан, түсініспеушіліктен қорқады.мені соңғы кездері мешіттер мен храмдарға жастардың көп баратындығы қуантып жүр. Рухани өмір үшін уақытты әрдайым табу керек. Тура сол секілді денеңізді жаттықтыру үшін де уақыт бөліңіз. Белгілі бур спорт түрін таңдаңыз, тіпті бірғана емес, себебі, сіздің дене жағдайыңыз сіздің ойлау қабілетіңіздің жылдамдығына ықпал етеді. Сонымен қатар, өзіндік ерекшелігіңізді де ескеріңіз, бірақ міндетті түрде ұжымдық ойын­ дармен айналысыңыз (футбол, волейбол, баскет­ бол және т.б.). егер дене әлсіз болса ми да со­ лай. дене солғын ал ми мықты болуы мүмкін емес. ал егер күнделікті тәтті заттар жеп, майлы тағамға әуестенсеңіз және аз қимылдасаңыз, біраз уақыттан кейін сіз артық салмақ қосып аласыз және сәйкесінше сіздің денсаулығыңызбен мәселе туын­ дайды. Міне сол кезде сіз жоғары мақсаттарыңыз жайлы ойлана алмай қаласыз. 162

Муравьи всегда идут к своей цели С. Саналық даму Өз санаңызды жаттықтыру қажет. Тағы бір рет қайталайын: ең жақсы салым – өзіңізге өз интеллектіңізге салған салым. Бұл ештеңемен тең келмейді. Сіз табысқа жететін жетпейтініңізді шешетінсіздіңмиыңыз,олсіздіңеңбекетуқұралыңыз болып табылады. Қатысуға мүмкіндігіңіз болған барлық тренингтарға қатысыңыз. Сіздің интеллек­ туалды деңгейіңізді жоғарылататын кітаптарды көп оқыңыз. Шет тілдерін оқу арқылы өз есте сақтау қабілетіңізді нығайтыңыз. Өз дарыныңызды дамытыңыз. Өз қабілеттеріңізге сай білім алыңыз. Дене шынықтыру мен спортпен айналысуға уақыт бөліңіз. Өз мақсаттарыңызға жетуге тырысыңыз және өмір қуанышына бөлене біліңіз. Сол кезде сіз ешқашан шаршаңқы болмайсыз. Өмірден қалай демалуға болады? Неліктен адам­ дар жұмыстан кейін үйлеріне келіп, шаршағандарын айтып, демалғылары келеді? Себебі, жұмыс оларды қуантпайды, мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етпейді. Ұнатпайтын жұмыс ауыр міндетке, еңбек борышына айналады. Өз жұмысыңызды сізге қуаныш алып келетіндей, бақыттың көзі болатын­ дай және энергиямен қамтамасыз ететіндей қылып жасаңыз. 163

Мен және Ақша 5. УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНА БІЛУ Өз уақытының тіпті бір сағатын да бос жібермек болған адам – өмір құндылығын түсіну деңгейіне әлі жетпеген адам. Ч. Дарвин Сіз білесіз бе, адамдарда ертеңгі күніне деген сенімділік жоғалып, іштей қорқыныштың пай­ да болу себебі неде екендігін? Былай қарағанда, барлығы жақсы – бала-шағаларының дені сау, өздерінің табыстары да жаман емес және өз ба­ спаналары да бар, бірақ осыларға қарамастан іштей үрей ұялайды. Себебі олар өз уақыттарын басқара алмайды, үнемі асығып, әрдайым жүйке күйзелісінде болады. Сондықтан уақытты дұрыс басқара білуге үйренген жөн. Көптеген адамдар уақыттың тапшылығын үнемі сезініп жүреді. Егер оларда тәулігіне 48 сағат болса да, олар бәрібір еш­ нарсеге де үлгермес еді. Кейде адамдар уақыттың жетпейтіндігіне тұйықталып қалады. Олар кешігіп жүргендей, берілген мерзімге үлгермейтіндей сезінеді. Деген­ мен, осыған қатты назар аудармауға тырысыңыз. Уақытты шексіз деп білетін балалық шағыңызды еске алыңыз. Толықтай үш айлық өміріңізді өз рақатыңызға өткізген жаздық демалысты еске түсіріңіз! Сабақтың бес минуты бітпес мәңгілік уақыттай көрініп, ал 5 минуттық үзілісте ойнап, жүгіріп, айқайлап, мейіріңіз қанғанша ойнап үлгердіңіз... Өз тәніңізге сергектік қуатын беріңіз, ал ол 164

Муравьи всегда идут к своей цели өз кезегінде сізге қосымша уақытты сыйлайды. Өз уақытыңызды үнемді түрде пайдалана білуге үйреніңіз. Өз уақытын шебер басқара білу және үлестіре білу – бұл табысқа апарар кілт және жоғары мақсаттарға жеткізетін жалғыз жол. Уақыт – кері қайтарылмас жалғыз категория. УАҚЫТ ЖАЙЛЫ Әр таң сайын сіздің шотыңызға 86400 доллар сомасын салып тұратын банк бар деп елестетіңізші және ол әр кеш сайын күні бойы сіз қолданбаған қалдықтың барлығын шотыңыздан алып отырады делік.Сіз не істер едіңіз? Әрине, шотыңыздан күнде бір тыйынын да қалдырмай алып отырар едіңіз. Біздің әрқайсысымызда осындай банк бар. Осы банк әр таң сайын біздің шотымызға 86400 секунд салып отырады. Әр түн сайын осы банк біздің шотымыздан кез келген жақсы іске жұмсалмаған уақытты ысырапқа жатқызады. Бұл банк қор жинауға және қалдықтарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Бізге әр күн сайын жаңа шот ашып, әр түн сайын бір күндік сальдоны жойып отырады. Егер күні бойы депозитті пайдаланбасақ – бұл біздің шығынымыз. Ешнарсені қайтаруға, өзгертуге бол- майды, қалдықтарды ертеңге қалдыруға да бол- майды. Біз тек бүгінгі күн депозитімен өмір сүре ала- мыз. Оның көп бөлігін денсаулыққа, бақытқа және табысқа жаратқан жөн. Уақыт өтіп жатыр. Сондықтан оны күні бойы барынша пайдалануға тырысыңыз. Уақыт құндылығын шын мәнісінде сезінуге болады. Кез келген студент сессия тапсырғанда, бір оқу жылының қанша тұратындығын айта алады. 165

Мен және Ақша Кез келген ана өзі дүниеге әкелген сәби өмірінің бірінші айы қанша тұратындығын айта алады. Апаттықжағдайдыбасынанөткізгенкезкелген адам бір секунд уақыттың қанша тұратындығын айта алады. Кез келген ғашық адам өзінің сүйіктісімен кездесу алдындағы күткен бір сағаттың қанша тұратындығын айта алады. Кез келген жеңімпаз оның беделін көтерген бір секундтың жүзден бір бөлігінің қанша тұратындығын айта алады. Уақыт ешкімді күтпейді. Сондықтан уақытты, оның әр кезеңін, әсіресе қасыңда өте жақын және қымбат адам болған кезді бағалай білу дұрыс болар еді. Уақыт – орны толмас жалғыз құндылық, ешқандай зат осылай оңай берілмейді және осылай қымбат бол- майды. Уақыт ешкімді күтпейді. Кешегі күн – бұл тарих, ертеңгі күн – жұмбақ, дәл қазіргі шақ деп аталатын бүгінгі күн – сыйлық. 166

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды 6. ПАРАСАТТЫЛЫҚ А. Өзіндік өмірлік тәжірибе В. Басқа адамдар өмірі 1. Кітаптар және оқу 2. Парасаттылық және ақымақтық 3. Байқампаздық Егер сіз ақылды болсаңыз, өте бай адам бола­ сыз. Бұл үшін ақылдылық жолына алып баратын ережелерді есте сақтау қажет. А) Өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді пайда­ ланыңыз. Қателіктер оларды екі рет қайталау үшін қымбатқа түсері анық. Сондықтан қателіктерден сабақ алыңыз. Оларды түзету мүмкіндіктерін ой­ лап, олардың салдарын жойыңыз. Теріс нәтиже беретін өз кемшіліктеріңізді жою үшін, олар­ ды анықтаңыз. Оң нәтижелерге қандай жолмен жеткеніңізді түсіну үшін, оларды міндетті түрде зерделеп шығыңыз. Келесі жеңістерге қол жеткізу үшін өз құндылықтарыңызды пайдаланыңыз. В) Басқа адамдардың өмірі мен тәжірибесін зерттеңіз. Сізге тек өз қателіктеріңізден сабақ алу міндетті емес, себебі ақылдылар басқалардың қателіктерінен сабық алады. Бұл пункт бірнеше бөлімдерге бөлінеді: 1. Кітаптар және оқу Ми үшін кітап оқу – дене үшін жасалатын физикалық қозғалыспен тең. Д. Аддисон Күніне кем дегенде елу бет (бір сағат) оқы­ ған маңызды болып табылады. Сіздің жақсы 167

Мен және Ақша мамандығыңыз және жақсы жалақыңыз бол­ ғанда, сіз байсалды және сенімдісіз, кітап­ тар, газеттер және жур­ налдар оқуға уақыт бөле аласыз. Көптеген пәнд­ ерді оқып, түні бойы сабақ оқыған кезд­ ері, жас кезге тән интеллектуалды бел­ сенд­ ілік, жас өсе келе азая бастайды. Бірақ жеңіл тақырыпты газеттерді ғана оқып қою дұрыс емес, себебі өз миыңызды қажетті көлем­ де жаттықтыруды қойып, оқып-үйрен­ уге деген қабілеттілігініз біртіндеп төмендей береді. Біздің барлық ойл­ а­рымыз бен идеялар­ ымыз – оқыған кітап­т­ ар­ ым­­ ызд­ ың нә­тиж­­ ес­ і. Сондық­тан көбір­ ек кітап оқыңыз. Айтар­ лықтай интеллектуал­ ды күш-­жігерді талап ететін әдебиеттерді таңдаңыз. Сізді жақсы физикалық пішінде сақтайтын спорттық жаттығулар сияқты кітап оқу да жақсы интеллекту­ алды пішінді сақтауға көмектеседі. Таңғы ас, түскі немесе кешкі асты өткізіп алсаңыз да, өзіңізбен жұмыс істейтін уақытты өткізіп алмаңыз. Көптеген адамдар кафеде отырып, мағынасыз әңгімелер айтып демалады. Олар ақша тауып, оны пайдасыз нарселерге жаратып, сосын қайта ақша табады. Осылай айналымда жүреді. Өзіңізге қор жинамайынша, ешнарсеге қол жеткізе алмайсыз. Сондықтан, тағы да қайталаймын, таңғы асты, түскі немесе кешкі асты өткізіп алсаңыз да, өзіңізбен жұмыс істейтін уақытты өткізіп алмаңыз. 168

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды 2. Басқа адамдардың ақылдылығын және ақымақтығын зерделеңіз Сіз: «Маған басқалардың ақымақтығын неге зерттеуім қажет?» деп сұрауыңыз мүмкін, жау­ ап өте қарапайым – ақылдылық қалай жасау керектігіне кеңес береді. Бұл үшін ұлы адамдардың афоризмдерін оқыңыз. Ал ақымақтық қалай жа­ самау қажеттігін көрсетеді. Бір күні бір данадан оның қалай мейірімді болғанын сұраған екен. Ол былай жауап беріпті: «Мен мейірімсіз адамдардан үйрендім. Олардың істегенін істемеуге тырыстым» деген екен. 3. Байқампаздықты дамытыңыз Назар аударғыш және байқампаз болыңыз. Өмірде жеңімпаз болғандарға мән беріп, өмірде ұтылғандарды да байқап жүріңіз. Олардың қайсыбірі өмірде не себепті жеңімпаз болғанын, ал екеншісі не себепті ұтылғандығын түсінуге тырысыңыз. Олардың қателіктері мен жіберіп алғандарын талдап, оң тәжірибе жинап, қорытынды жасай біліңіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін және армандарыңыздың орындалуы үшін, басқа адамдардың тәжірибесін пайдаланыңыз. 169

Мен және Ақша 7. ӨЗ БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫҢ ДАМУЫНА АҚША САЛУ Табыс ешқашан соңғы болмайды. У. Черчилль А. Қаржы В. Уақыт С. Күш-жігер А) Қаржы Ешқашан өзіңіз үшін ақша аямаңыз. Өзіңізді қаншалықты жоғары бағаласаңыз, соншалықты жоғары нәтижеге жетесіз. Жоғары бағаларға аса назар аудармаңыз. Егер жақсы қымбат костюм көрсеңіз, – оған өзіңізді лайықтымын деп есептеңіз. Қымбат және сапалы киімдер сізге сенімділік беріп, позитивті қуат береді. В) Уақыт Өзіңіз үшін ешқашан уақытты аямаңыз. Оны әр күн сайын дене шынықтырумен айналысуға, кітаптар оқуға, табиғатта демалуға арнап бөліңіз. Егер сен демалысқа уақыт таппасаң, онда жақын арада емделуге уақыт табуға мәжбүр боласың. Д. Уэйнмейкер С) Күш-жігер Күш-жігерсіз ешнәрсеге жете алмайсыз және ешнәрсеге қол жеткізе алмайтыныңызды 170

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды естен шығармаңыз. Жеңіл жеңістер мен жылдам нәтижелерге үміттену мәнсіз болып табылады. Да­ рын – бұл еңбек пен шыдамдылықтың тоқсан пай­ ызы және қабілеттіліктің тек он пайызы екендігі бұрыннан белгілі. Өз қабілеттіліктеріңізді дамытуға барлығынан да көп күш жұмсаңыз. Л.Толстой айтқандай: «Өмір – қазіргі шақтағы күш-жігердің өзі». Қазіргі шақтағы сіздің күш-жігеріңіз болашақтағы сіздің жағдайыңызды анықтайды. Сіздің блокнотыңызға Егер сіз өз күш-жігеріңізді, энергияңызды, сезімдеріңізді рухани дүниеге жұмсасаңыз, олар өзіңізге еселеп қайтарылады. Сіздің физикалық жағдайыңыз сіздің ин- теллектуалды деңгейіңізді және сіздің ойлау қабілетініңіздің жылдамдығын анықтайды. Сіздің ақылыңыз – табысқа жететініңізді немесе жетпейтіндігіңізді шешетін еңбектің ба- сты қаруы. Уақытты дұрыс пайдалана білуді үйреніңіз. Өз уақытыңызды шебер басқара білу және пай- далана білу – табысқа жеткізер кілт және жоғары мақсаттарға қол жеткізуге апаратын жол. Уақыт – қайтарылмас жалғыз құнды категория. Өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді пайда­ ланыңыз. Қателіктер оларды екі рет қайталау үшін қымбатқа түсері анық. Сондықтан 171

Мен және Ақша қателіктерден сабақ алыңыз. Оларды түзе­ ту мүмкіндіктерін ойлап, олардың салдар­ ын жойыңыз. Теріс нәтиже беретін өз кемші­ ліктеріңізді жою үшін, оларды анықтаңыз. Басқа адамдардың өмірі мен тәжірибесін зерттеңіз. Сізге тек өз қателіктеріңізден сабақ алу міндетті емес, себебі ақылдылар басқалардың қателіктерінен сабық алады. Біздің барлық ойларымыз бен идеялары- мыз – оқыған кітаптарымыздың нәтижесі. Басқа адамдардың ақылдылығын және ақымақтығын зерделеңіз. ақылдылық қалай жасау керектігіне кеңес береді. Ал ақымақтық қалай жасамау қажеттігін көрсетеді. Назар аударғыш және байқампаз болыңыз. Өмірде жеңімпаз болғандарға мән беріп, өмірде ұтылғандарды да байқап жүріңіз. Ешқашан өзіңіз үшін ақша мен уақытты аямаңыз. Өзіңізді қаншалықты жоғары баға­ ласаңыз, соншалықты жоғары нәтижеге жетесіз. Күш-жігерсіз ешнәрсеге жете алмайсыз және ешнәрсеге қол жеткізе алмайтыныңызды естен шығармаңыз. Жеңіл жеңістер мен жылдам нәтижелерге үміттену мәнсіз бо- лып табылады. Қазіргі шақтағы сіздің күш- жігеріңіз болашақтағы сіздің жағдайыңызды анықтайды. 172

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды 8. СІЗДІҢ АРМАНЫҢЫЗҒА ЖЕТКЕН АДАМДАРДЫҢ ТІЗІМІ Өз өміріңіздің басым бөлігін бірге өткізіп, көп сөйлесетін адамдар тізімін (10 адам) жазыңыз. 1. _______________________________________________ 2. _______________________________________________ 3. _______________________________________________ 4. _______________________________________________ 5. _______________________________________________ 6. _______________________________________________ 7. _______________________________________________ 8. _______________________________________________ 9. _______________________________________________ 10. _______________________________________________ Енді бес-жеті жылдан кейін солар сияқты болатыныңыз жайлы ойлаңыз. Сіздің қоршаған ортаңызсізгеықпалынтигізіп,сіздіңболашағыңызды қалыптастырады. Ал енді өзінің қаржылық жағдайы және ман­ сабы бойынша сіз армандаған деңгейдегі адамдар тізімін (10 адам) жазыңыз. 1. _______________________________________________ 2. _______________________________________________ 3. _______________________________________________ 4. _______________________________________________ 173

Мен және Ақша 5. _______________________________________________ 6. _______________________________________________ 7. _______________________________________________ 8. _______________________________________________ 9. _______________________________________________ 10. _______________________________________________ Табысты адамдармен араласа отырып, олар­ дан сабақ алып, олардың тәжірибесін қабылдайсыз және алға қарай жылжуға кедергі келтіретін өз кемшіліктеріңізден арылып, өз мақсаттарыңызға жетелейтін артықшылықтарға ие болып, біртіндеп солар сияқты табысты бола бастайсыз. Егер әрине оны өзіңіз шын қаласаңыз. 174

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды 9. ҚОРҚЫНЫШ А. Кедейшілік В. Кәрілік С. Ауру D. Махаббаттан айырылу Е. Сын F. Өлім G. Белгісіздік Қорқыныштар бізді еркімізден және өз мақсаттарымызға деген сенімділіктен айыра от­ ырып, мақсаттарымызға жетуге кедергі келтіреді. Көбінесе қорқыныш бізді өз армандарымыздан бас тартып, барға қанағат етуге мәжбүрлейді. Кедейлік қорқынышы бізді ұнамсыз жұмыспен, ұнамсыз іспен айналысуға, сонымен қатар қызықсыз адамдармен араласуға, өз өмірімізде бір нарсені өзгертуге қорқуымызға алып келеді. Уақыт өте келе кәріліктің, ауру-сырқаттардың келуінен қорқа бастаймыз. Бірақ қорқыныштың өзі ауруға ұқсайды және аурушаң жағдайларға итермелейді. Шарасыздықтан қорқу қажет пе? Әр жастың өз ғажап кезеңі мен артықшылықтары бар. Қорқыныш бізге оң нәтижелер бермейді, ол тек біздің жоспар­ ларымызды іске асыруға қажетті күш пен қуаттан айырады. Сыннан ешқашан қорықпаңыз, себебі ол қателіктеріңізді түзетіп, кемшіліктеріңізден арылуға көмектеседі. Жағымпаздықтан аулақ болыңыз, ол ең алдымен өзіңіз жайлы ойды бұрмалап, қажетсіз өзін-өзі дәріптеу әдетін тудырады. Қорқыныш – бұл дене мүшесі емес. Санада жалтақтаушылық күшейгенде, қорқыныш пайда болып, күмәндану ықпалдарын туғыза бастайды. 175

Мен және Ақша Осы жалтақтаушылық пен күмәндану «екеуі» бірге қорқынышты қалыптастырады және күш-жігердің берекесін қашырады. Адам бір нәрсе жасағысы келеді, бірақ ол қолынан келмейдді. Оның қалауы іс-әрекеттерімен және нәтижелерімен тіпті сәйкес келмейді. Қорқыныштан арылу үшін, табандылығыңызды дамыта түсіңіз. Мәселелерден айналып өтпеңіз. Оның ең жеңіл жолын іздемеңіз, керісінше оның шешу жолына баса назар аударыңыз. Кішкентай кірпіштерді бір-біріне сүйеп қалап, солармен қадамдап, біртіндеп жоғары көтерілгендей, шешілмейтін болып көрінетін мәселелерден де көтерілесіз. Күндердің бір күнінде сол мәселеден жоғары тұрғаныңызды байқайсыз. Өлім қорқынышы барлық адамдарда бар. Одан ешкім қашып құтыла алмайды. Біздің аты­ мызды ешкім күн сайын айтпайтын, бізді ешкім күтпейтін уақыттың туары сөзсіз... Бірақ бір нәрсе қалады. Біздің жақсылығымыз. Біздің қолымызбен жасалған жақсылық ешқашан өлмейді. Өлімді жеңудің жақсы әдісі бар. Өзіңізде бардың барлығымен бөлісіңіз. Махаббатыңызбен, уақытыңызбен, өз мүмкіндіктеріңізбен, ақшаңызбен, сабақтарыңызбен, – өзіңізде бардың барлығымен бөлісіңіз, сонда өлімнің сізден алары қалмай қалады. Адамдар өлімнен тек «өмір сүріп үлгермеймін» деп қорқады. Өмір – керемет. Егер біз өмір сүруді үйренсек, өлімнен қорқудың қажеті болмайды. Белгісіздіктен қорықпаңыз, себебі ол сіздің алға қарай жылжуыңызға кедергі келтіреді. Және сіздің ойыңыз бен сезімдеріңіз сіздің болашағыңызды анықтайтыны есіңізде болсын. Көбінесе ол­ 176

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды сылай болады – біз жоғалтудан қорықсақ – жоғалтамыз, ауырып қалудан қорықсақ – ауыра­ мыз, мәселелерден қорықсақ – олар қаптап кетеді. Өз қорқыныштарыңызға қадалып қалмаңыз, олар сізді артқа сүйреп, үміттеріңізден айырады. Өзіңізді оң энергиямен қуаттандырып, деніңіз сау болғанын қаласаңыз, денсаулығыңыз жай­ лы ойлаңыз, бай болғыңыз келсе, байлық жай­ лы ойлаңыз, сізді жақсы көргенін қаласаңыз, жақсы көре біліңіз. Қаламаған нәрсеңізге қадалып қалмаңыз, өз қалауыңыз бен армандарыңызға бағытталыңыз. Бұл олардың іске асырылуына қажетті жағдайларды жасайды. 177

Мен және Ақша 10. Төрт бірегей кітап А. Жетістіктер туралы кітап В. Даналық туралы кітап С. Жеңістер туралы кітап D. Идеялар туралы кітап Осы төрт бірегей кітап сіз үшін қажет болып та­ былады. Осы кітаптар сіздің өмірлік жетістіктеріңіз туралы, сіздің үлкен және кіші жеңістеріңіз туралы, өмірде жол көрсететін даналық кеңестер туралы, іске асырылуды талап ететін жақсы идеялар туралы жазылады. Төрт дәптер немесе блокнот алып, олардың әр қайсысына атауын жазыңыз: «Жетістіктер ту­ ралы кітап», «Даналық туралы кітап», «Жеңістер туралы кітап», «Идеялар туралы кітап». Аталған кітаптардың тақырыптарына сәйкес келетін барлық ойларыңыз бен әрекеттеріңізді жаза бастаңыз. Ең дұрысы оны әр өткен күнге талдау жасай отырып, өзіндік қорытынды жасай отырып күнделікті жа­ зып отырған дұрыс. Бұл өз істеріңізді келесі күнге жоспарлауға және оң нәтижелі жолды көрсетуге мүмкіндік береді. Жетістіктер туралы кітапқа өзіңіздің барлық табыстарыңызды, оң нәтижелеріңізді жазуыңыз қажет. Сонымен бірге, табысқа қандай жол­ мен жеткеніңізге баса назар аудара отырып, барлығын толық және тыңғылықты етіп баяндауға тырысыңыз. Табысқа жеткен кезде сезінген қуаныштар мен сезімдеріңізді де сипаттауыңызға болады. Өмірде қиындықтар туындағанда, табыстар мен жетістіктеріңіз туралы осы 178

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды жазбаларыңызды оқып шығып, әсер аласыз және ары қарай жүресіз, себебі сіздің қолыңыздан тағы келетіндігіне сенімді боласыз. Даналық туралы кітап та өте маңызды. Оған өмірде басшылыққа алатын даналардың айтқан афоризмдерін және қанатты сөздерін, танымал адамдардың нақыл сөздерін жазуыңыз қажет. Олар кедергілерді жеңіп, жеңіске деген шабыт береді. Осы кітапты оқып шыққан сайын, көптеген қателіктерден аулақ болып, қиын мәселелерді ше­ шуде ақылдық танытуға үйретеді. Жеңістер кітабы – сіздің жеңістеріңіз туралы кітап. Кедергілерді жеңу, қиын мәселелерді шешу, қойылған мақсаттарға жету, кедергі келтіретін кемшіліктерден арылу, осының барлығы – сіздің жеңістеріңіз және ең басты жеңіс – бұл өзіңізді өзіңіз жеңу, өз әлсіздіктеріңізді жеңу, ол сізге ең көкейтесті армандарыңызды іске асыруға көмектеседі. Идеялар кітабына іске асыруға лайықты деп санайтын барлық идеяларыңызды жазыңыз. Жақсы идеялар кенеттен пайда болады. Егер оларды жа­ зып алмаса, олар тез ұмытылып кетеді. Көптеген адамдар кенеттен пайда болған идеяларды жазып алмағаны үшін табысты болу мүмкіндігін жіберіп алды. Оны тек басқа адамдар іске асырғанда ғана, есіне түсірді. Сондықтан, идеяларды дәптеріңізге жазып алуға ерінбеңіз, тіпті басқа іспен айналысып бос болмасаңыз да, тіпті идея түнде келсе де жазып алуға ерінбеңіз. Бір жақсы идеяның өзі сізді бай адам етуі мүмкін. 179

Мен және Ақша 11. ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ҚАЖЕТ МІНЕЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1. Мақсатқа бағытталушылық 2. Өзіне деген сенімділік 3. Ақшаны кейінге қалдыру әдеті 4. Жетекші жігерлігі және сапасы 5. Елестету 6. Ынталылық 7. Өзін-өзі бақылау 8. Сізге төлеген мөлшерден де артық жұмыс істеу әдеті 9. Қызықты тұлға 10. Ойдың дәлдігі 11. Назар салу қабілеті 12. Байланысқа бейімділік 13. Сәтсіздіктен пайда түсіру 14. Шыдамдылық 15. Алтын ережені қолдану «ӨМІР ЫДЫСЫ» ТҰСПАЛЫ Бірде бір дана өзінің шәкірттерінің алдында, үлкен шыны ыдысты алып, оны ірі тастармен ернеуіне дейін толтырыпты.Осыны жасап біткеннен кейін, ол шәкірттерінен ыдыс толды ма деп сұрапты. Барлығы «иә, толық» деп жауап беріпті. Сол кезде дана майда тастар қорапшасын алып, ыдысқа ша- шып, оны сәл сілкіпті. Майда тастар ірі тастардың арасына жайылып, ыдысты толтырыпты. Осы- дан кейін дана шәкірттерінен ыдыстың толған- толмағандығын сұрапты. Олар тағы да ыдыстың 180

Құмырсқалар мұқтаж адамдардан теріс айналмайды толғанын растапты. Ақырында, дана құм салынған қорапшаны үстелден алып, жаңағы ыдысқа себеді. Әрине, себілген құм тастардың арасындағы ашық аралықтарды толтырды. – Енді, – дана шәкірттеріне қарап, былай депті: – Осы ыдыстан өз өмірлеріңді көргендеріңді қалаймын. Ірі тастар өмірдегі ең маңызды заттар- ды бейнелейді: сіздердің жолдарыңыз, сенімдеріңіз, отбасыларыңыз, сүйікті адамыңыз, денсаулығыңыз, балаларыңыз – бұлар басқаларға қарамастан сіздің өміріңізді әрқашан толықтырады. Майда тастар онша маңызды емес заттарды, мысалы, жұмыс, үй немесе қызығушылықтарды білдіреді. Құм – өмірлік ұсақ-түйектер, күнделікті әбігер­ шілік. Егер басында ыдыстарыңызды құммен тол- тырып тастасаңыз, ірі тастарға орын қалмай қалады. Өмірде де солай: егер сіздер бүкіл күш- қуатыңызды ұсақ-түйектерге жіберсеңіз, ірі және маңызды істерге ешнәрсе қалмайды. Сондықтан, ең алдымен маңызды заттарға назар аударыңыз, бала- шағаларыңа және сұйгендеріңізге уақыт тауып, денсаулығыңызды күтіңіз. Сізде жұмысыңызға, үйіңізге, тойлауға және барлық қалған заттарға жеткілікті уақыт қалады. Ірі тастарыңызға қараңыз, тек солар құнды, ал қалғандары – жай құмдар.... 181

Мен және Ақша ҚҰМЫРСҚА ФӘЛСАПАСЫ Ежелден құмырсқалар өздерінің ортақ қозғалыстарының айқын ұйымшылдығымен, өз өмірлерінің тәртіптілігімен адамдардың на­ зарын аудартып, еңбекқұмарлығымен және шыдамдылығымен таң қалдырып келеді. Табиғат үндестігінен адамдар көптеген сауалдарға жауап алуға тырысты. Құмырсқалар қашанда адам үшін мақсатқа талпынушылық пен қажырлықтың үлгісі болды, адам олардан кедергілерден қорықпауды, өз күшіне сенуді, мақсаттарына жетуді үйренді. Құмырсқаларға көптеген афоризмдер мен нақыл сөздер арналған. Олардың кейбірлері мыналар: Құмырсқалар біріксе, арыстанды да жеңеді. Жалқау болсаң, құмырсқаға барып ақыл ал. Ешқандай дыбыс шығармай өмір сүретін құмырсқадан артық тілі шешен уағызшы жоқ. Құмырсқа әлсіз, бірақ соған қарамастан та- сты да жарады. Құмырсқа денесімен кішкентай болса да, ісімен ұлы. Кішкентай құмырсқа кішкентай нәрсеге тоқ. Құмырсқаның басы тарының дәніндей болғанмен, ақылы – шолан. 182

Философия муравья Құмырсқа кішкентай болса да, тау қопарады. «Әй, жалқау, құмырсқаға барып, оның қимылына қарап, ақыл ал. Оның бастығы да, сақшысы да, әміршісі де жоқ, бірақ ол жаз- да нанын дайындап, егін жинаған уақытта өз тамағын жинайды». Библия «Кішкентай болса да құмырсқа жаз бойы қыстық асын дайындайды, әлсіз болса да ор қоян өз баспанасын шыңдарға салады». Соломоновтардың нақыл сөздер кітабы «Егер кімде-кім аспаннан жерге қарай алса, адамдар мен құмырсқалардың, екінші жағынан бал аралары мен құмырсқалардың жұмыстары арасындағы қандай айырмашылықты байқар еді?» Цельс «Бізді көбінесе киттердің үлкен денелеріне қарағанда, кішкентай құмырсқалар мен аралардың қимылы таң қалдырады.» Св.Августин «Кішкентай болса да, ұятты емес. Ақыл- парасатымыз жеткізуге мүмкіндік бергендей, құмырсқа – шексіз ақылды жаратылыс». В. Гулд 183

Мен және Ақша Біз де құмырсқалардың өмірін зерделеуге тыры­ сып, көптеген адамдарға өз армандарын іске асыруға көмектесетін қағидаларды құрастыруға тырыстық. Табиғаттың өзі бізге мақсатқа талпынушылық пен табандылықтың таң қалдырарлық мысалдарын келтіріп беруде. Осының өзі табиғаттың даналығы бекітілген құмырсқа фәлсапасы болып табылады. Осы қағидалар мыналар: Өткен заманда өмірдің кемеліне жетпей құрастырылғандығын түсінетіндерге даналар құмырсқалардың үлгісі бойынша өмірді қайта құрастыруға қаншама рет тырысып бақты. Құмырсқа ешқашан да беріспейді. Құмырсқалар бір-бірін үйретеді, үлкендері мен тәжірибелілері кішілерін үйретеді. Құмырсқалар кедергілерді елемей, өз мақ­сат­ тарына қарай жүреді. Құмырсқалар басқа құмырсқаладың өз мақсатына жетуі үшін ең қысқа жолды көр­ сетеді. Құмырсқалар қиын сәттерде әрдайым бір- біріне көмектеседі. Құмырсқалар қаншалықты алысқа кеткеніне қарамастан, үйіне әрқашан қайта оралады. Құмырсқа ынтасы – отбасы қажет­тіл­ ік­ тері. Әр құмырсқаның әрекеті отбасының аман­ дығын қамтамасыз етуге бағытталған. Құмырсқалар отбасыларына қажетті кез келген жұмыспен айналысуға дайын. 184

Философия муравья Құмырсқалар тамақты жеке қажет­ тіліктерден бірнеше есе асатын көлемде жинай- ды, осыдан басқаларға деген қамқоршылықты байқауға болады. Құмырсқалар бір қарағанда жасалуы мүмкін емес болып көрінетін жұмыстарды жасайды. Алдына қойылған мақсаттарды құмырсқалар мүлтіксіз орындайды. Қиын мәселелерді құмырсқалар бірігіп шешеді. Құмырсқалар мақсаттарға тек келісілген әрекеттер арқылы жетеді. Келісіп әрекет ету – жетістіктің қажетті шарты. Құмырсқалардың бір-біріне деген қамқорлығы өзарлық пен сыйластыққа негізделген. Құмырсқалар өте еңбек сүйгіш және таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Әр құмырсқа үшін айналысатын ісін таңдауға және өзіндік ықылас танытуға мүмкіндік беріледі. Құмырсқалардың ықылас танытуы мадақ­ талады және құмырсқаның илеуін жасауда негіз болып саналады. Құмырсқалардың жеңісі күресу уақытында мақсатты топтарға біріге білу қабілеттілігімен анықталады Басшылары басқа құмырсқаларды басқарып, оларға бағыт көрсетеді. Олар топтасқанда әр құмырсқаның күші арта түседі. 185

Я и Деньги Құмырсқалардың өміріндегі басты қағида – барлығы бірі үшін және бірі барлығы үшін. Құмырсқалар көмекке мұқтаждардан теріс айналмайды. Құмырсқалардан үйренетін дүние бар, соның ішінде ортақ әрекетті ұйымдастыра білу. Құмырсқабарлықуақыттадаеңбексүйгіштік пен төзімділіктің символы болды. Сәтсіз әрекеттен кейін, құмырсқалар басы- нан бастайды және жеңіске жеткенше бірнеше рет қайта басынан бастаудан талмайды. Бірлескен әрекеттердің реттілігі құмыр­ сқаларға өте қиын, дерлік іске асырылуы мүмкін емес мақсаттарды орындауға мүмкіндік береді. Қиындықтарды жеңуде құмырсқаларға ешкім теңесе алмайды. Әр құмырсқа өз міндеттерін орындауда өте ұқыпты және табанды. Құмырсқалар табиғатпен үндестікте өмір сүреді. 186

ҚОРЫТЫНДЫ Құрметті оқырман! Сіз қазір ғана менің кітабымды оқып бітірдіңіз. Мен осы үшін өте қуаныштымын. Алайда осы кітапта қамтылған барлық білімдер – бұл теория, ал теория табыстың тек 10- 30% қамтамасыз етеді. Осы кітапта берілген қағидаларды шынайы түсіне білу көптеген дүниені ұғындырады. Ал ұғыну кез келген жетістіктерді қамтамасыз ететін тәжірибеге өтуге көмектеседі. Сірдің құмырсқалар фәлсапасының мәнін ұғынып, осы жәндіктерді бақылай отырып түйген ережелерді пайдаланғаныңызды қалаймын. Олар нағыз еңбек сүйгіштіктің, мақсатқа бағытталушылықтың және табандылықтың символы болып табылады. Сондықтан да, кітаптар сериясы солай «Құмырсқа фәлсапасы» деп аталады. Мен сізге құмырсқаның суретін тауып алып, ол мақсатқа жету жолында ерік-жігер мен табандылық тура- лы, құмырсқалардың өмірін толыққанды ететін мейірімділік пен өзара көмек туралы, біздің басты тәлімгеріміз болып табылатын табиғат даналығы туралы есіңізге салуы үшін, суретті қабырғаға іліп қоюды ұсынамын. Егер осы кітапты оқып бітірсеңіз, бізде ұқсастық, ортақ көзқарастар, ұмтылыстар бар деген сөз. Мен сіздің де өмірде көптеген жетістіктерге жетуіңізді қалаймын. Бұл кітапты сізді аса құрметтеуші адам жалғыз мақ­ сатпен жазды, яғни осы кітапты өз қолына ұстаған адам, өткен өміріне бұрылып қарағанда, барлық өз мақсаттарын іске асыра алатындай қайта өмір сүрғісі келіп кетуі үшін жазды. Ал өмірінің соңында өз тәжірибесін балаларымен, немерелерімен және шөберелерімен бөліскенін қалаймын. Өз тілектеріңізді төменде берілген электрондық ме- кенжай арқылы жазыңыз. Егер сіз өзіңіз алған әсерлермен бөлісіп, сыни ескертулеріңізді білдіріңіз, себебі кез келген кітаптың құндылығын тек оқырмандар анықтайды. Шексіз құрметпен, С.Давлатов. Біздің электрондық мекенжайымыз: [email protected] 187

Мен және Ақша «Мен және ақша» кітабын оқуға арналған НҰСҚАУЛЫҚ Егер сіз шынымен де бай боламын деп шешсеңіз, онда оны ертеңге қалдырмаңыз, дәл қазірден бастаңыз. Бірақ алдымен өзіңізге сұрақ қойыңыз – сіз бай болуға дайынсыз ба? Себебі байлық – бұл ойлау салты. Егер сіз табысты, бай адамдар сияқты ойланғыңыз келсе, еңбекті көп қажет ететін және қызықты жұмысқа бет бұрып, «Мен және ақша» кітабын оқуға кірісіңіз. Бұл көптеген адамдар дағдыланып қалған әдеттегі оқу емес. Мазмұнын түсінудің ең дұрыс жолы мағынасын ойланып, өзіңізге сұрақ қойып, оқылған мазмұн жөнінде өз ойыңызды қалыптастыруыңыз қажет және қорытынды жасап, елестету күшін пай­ даланып отырыңыз және міндетті түрде табысты, бай адамдардың ішкі жағдайын сезіну үшін, олардың ор­ нына өзіңізді қойып елестетіп көріңіз. Жетістіктер, табыстар, кез келген оң нәтиже моти­ вациясыз болуы мүмкін емес. Табысқа жетуге деген ынтықты тілегіңіз анықтаушы фактор болып табылады. Ғибратты кітаптар, жігерлендіруші фильмдер және про­ фессионалды ұсыныстар егер сіз табысқа ұмтылғанда, үнемі тек табыс туралы ойлағанда, табысқа бағытталған жағдайда ғана көмектеседі. Себебі сіз үшін бұны ешкім жасай алмайды. Сіз перспективті идеялар шығару үшін және іске асырылуы бойынша егжей-тегжейлі, тыңғылықты жо­ спарлар құру үшін, осы кітапты оқығаннан кейін пай­ да болған оң беталысты пайдалануыңыз қажет. Табысқа жетуге деген ұмтылысыңыз күшті болған сайын, оның орындалу мүмкіндіктері де көбейе түседі. Ежелгі дана 188

Кітапты оқу бойынша нұсқаулық сөздер: «Ықылас – мың мүмкіндік, ықылас танытпау – мың сылтау». Өз сезімдеріңізді басқарып, оң қасиеттеріңізді пай­ далана біліңіз және пайдалы дағдыларды мақсатқа жету жолына бағыттай отырып, оларды қалыптастыра біліңіз. Бүкіл күдіктерді жойып, тек жеңіске қарай бет алыңыз, тек өз арманыңыз жайлы ойланыңыз және теріс эмоциялардың сіздің таңдауыңызға ықпал етуіне жол бермеңіз. Себебі кез келген жетістік оң беталыстан ба­ сталады емес пе? Алайда, «Мен және ақша» кітабын оқуды бастамас бұрын, төрт түсті мәтіндік маркерлерді (көк, жасыл, қызыл және сары), белгі баулар мен дәптерді дайындап алыңыз және оларды үнемі қолжетімді жерде ұстаңыз. Жа­ сыл маркермен бизнеске, табыстарға, байлыққа, ақшаға қатысты сөздерді белгілеп отырасыз. Қызыл түс тыйым салу (болмайды) мағынасын білдіреді. Онымен күдік, қорқыныш, шығындар, эгоизм, банкроттық және т.б. мағынасын білдіретін теріс сөздерді белгілеуіңіз қажет. Мәселен, «Өз кедейшілігіңізге сылтау іздемеңіз, әйтпесе өмір бойы кедей боласыз» деген пікірден «кедейшілік», «кедей» сөзін қызылмен белгілеуіңіз қажет. Көк маркер­ мен дана сөздер, сонымен қатар сенімділік, ерік-жігер, мақсатқа бағытталушылық, батылдық, табандылық және т.б. сияқты оң қасиеттерді анықтайтын сөздерді белгілеңіз. Өмірде басшылыққа алынатын сары түспен негізгі ережелерге, қағидаларға, заңдарға қатысты негізгі сөздерді белгілеңіз. Мысалы, «Табысқа жету үшін, жол көрсететін тәлімгерді табу керек» деген сөйлемде «тәлімгерді табу» деген сөзді сарымен белгілейсіз. Әр күні оңаша қалып, берілген кітапты оқуға кем дегенде 45 минутыңызды бөле алатындай етіп, уақытыңызды жоспарлауға тырысыңыз. Осы уақытта сізге ешнәрсе кедергі келтірмеуі және осы маңызды істен ешкім сіздің көңіліңізді бөлмеуі тиіс, бұл жөнінде өзіңіздің жақындарыңызбен алдын ала келісіп алыңыз. 189

Мен және Ақша Әркез кітаптың жаңа тарауын оқуға кірісудің ал­ дында, алдыңғы тақырыпты қайталауға бірнеше минут бөлуге тырысыңыз. Себебі мектептің өзінде де әрбір сабақ алдыңға өтілген сабақ тақырыбын қайталаудан басталатын еді ғой. Бұл әдіс алынған білімді жақсылап меңгеріп, бекітуге көмектеседі, өйткені бұған сіздің алдағы уақытта жететін нәтижелеріңіз тәуелді болады. СІЗДІҢ АЛҒАШҚЫ ӘРЕКЕТІҢІЗ Сізге табысқа апаратын жолда бағыт пен реттілікті көрсетуге көмектесетін өзіндік «жол көрсеткіш» ке­ рек. Тарауды оқып бастағанда, сізге маңызды болып көрінген, ішкі беталысыңызға жауап беретін сөздерді белгілей отырып оқыңыз. Егер бір нәрсе түсініксіз болса сұрақ белгісін немесе қандай да бір сөздер ұнап қалса леп белгісін қоюыңызға болады. Өзіңізге түсінікті блып саналатын кез келген белгілерді пайдалануыңызға болады. Әдетте, оқырман жеке тұлғаны қалыптастыратын өз тәжірибесіне, тәрбиесіне, біліміне және көптеген басқа қасиеттеріне сүйенеді. Сондықтан сіздің таңдауыңыз өз индивидуалдығыңызды көрсетіп, басқа адамдардың таңдауына ұқсамайтын болады. Тарауда кездескен ұнаған сөздердің барлығын белгілеп шыққаннан кейін, кітапты басынан соңына дейін барлық бөлімдердің атауларына, сонымен қатар ұлы адамдардың афоризмдеріне тоқтай оты­ рып, жай парақтап шығыңыз. Егер әлдеқандай нәрсе сіздің назарыңызды аударса, ойланбастан астын сы­ зып, белгілермен белгілеп қойыңыз. Себебі, бұл – өз әрекеттеріңізде басшылыққа алынатын сіздің жеке кітабыңыз. Қаншалықты көбірек белгі қойсаңыз, кітапта жазылған қағидаларды соншалықты жақсырақ түсінесіз. Бұл дегеніміз – оны өз өміріңізде қолданып, жетістіктерге жете аласыз деген сөз. 190

Кітапты оқу бойынша нұсқаулық СІЗДІҢ ЕКІНШІ ӘРЕКЕТІҢІЗ Кітапты оқу барысында «Іс-әрекетттер нұсқаулығын» пайдаланыңыз, себебі кез келген саяхатта, әсіресе білім алу еліне саяхат жасағанда жолсерік қажет. Ол сізді тексерілген жол бойынша жүргізіп, жолдан шығып кету­ ге жол бермей, қойылған мақсатқа алып барары сөзсіз. Кітаппен танысудың негізгі ережелерінің бірі – өзі­ңіз қызықты және назар аударуға лайықты деп тапқан сөйлем­ дерді, фразаларды және тіпті бүкіл абзацты белгіл­ еп алыңыз. Қайта оралғыңыз келетін бетке арнайы бетб­ ел­ гілерді пайдаланыңыз. Оларды алдын ала дайындап қойы­ ңыз. Оқу барысында туындаған ойларды бекіту үшін беттің бос орындары мен шеттерін пайдаланыңыз. Егер олар жетпесе, қосымша беттерді жабыстыруыңызға болады. Егер ақпаратты қабылдауға бет бұрып қойсаңыз, оқуды ары қарай жалғастыруыңызға болады. Бірақ тарау­ ды тезірек бітіруге тырыспаңыз, қажетсіз асығыстықпен емес, дайындалған дәптерге туындаған ойларыңыз бен идеяларыңызды жаза отырып, зейін салып оқыңыз. Себебі кітапта баяндалған қағидаларды қаншалықты жақсы түсінсеңіз, сіздің болашағыңыз соған соншалықты байланысты болады. СІЗДІҢ ҮШІНШІ ӘРЕКЕТІҢІЗ «Алғысөз» және «Кіріспе» бөлімдерін астын сызып және белгі қоя отырып мұқият оқып шығыңыз. Сосын оқылған мазмұнды ойдан өткізіңіз. Осы кітапта не ту­ ралы айтылғандығын түсіндіңіз бе? Бұл кітапта сіздің қаржылық жағынан тәуелсіз адам болуға көмектесетін білімдер қамтылған. Өз арманыңызға жету жолында тек үш қадамды ғана жасаңыз – шешім қабылдаңыз, қажетті білімді алыңыз және оларды өз мақсаттарыңызға жету үшін пайдалана біліңіз. Осындай қадамдарды жасауға сізге осы кітап көмектеседі. 191

Мен және Ақша Кітаптан сіз байлықтың бес негізгі ережесін таба­ сыз, олар кешенді түрде әрекет етеді және бір-бірімен өзара байланысты. Оларды мұқият оқып, ең бастысын дәптеріңізге жазып алыңыз және өз іс-әрекетіңізде со­ ларды басшылыққа алыңыз. Білім алуға жүмсалған ин­ вестиция ең пайдалысы екендігін естен шығармауыңыз қажет, себебі оларды алуға кеткен шығыннан он, мың есе көбірек табыс табуға мүмкіндік береді. «Неден бастау керек?» және «Қабілеттіліктерді жетілдіру» тарауларын оқу кезінде және оларға белгілер қоя отырып, жай ғана бізбен сөйлесіп отырғандай елестетіп, оқылған мазмұнға қатысты өз ойыңызды білдіріп, өз ойларыңызбен бөлісіңіз. Сонымен бірге асты сызылған тарау тақырыптары жайлы да ұмытпаңыз. Оларды оқи отырып, нақты қандай нәрсе сіздің назарыңызды аударғандығын анықтауға тырысыңыз. Барлық қосымша әсерлерді жазып алыңыз, тіпті олар бастапқыда алынған әсерлерге сәйкес кел­ месе де жазып отырыңыз, өйткені бұлай болуы әбден мүмкін. Қайта белгілеу үшін арнайы белгілерді (мысалы, жұлдызша) қолданыңыз, бірақ осымен ғана шектелмей, барлық ұнаған ойлар мен ережелерді жаңа белгілермен белгілеп отырыңыз. Сонымен қатар, осыған дейін асты сызылған афо­ ризмдерге де назар аударыңыз. Қайта оқу кезінде, оларға деген көзқарасыңызды, ойыңызды өзгертуіңіз мүмкін. Оны жасауға қорықпаңыз. Сіздің ойыңыз сіздің түсінігіңіз бен сезімдеріңізді көрсетеді. Сіз армандарыңыз тек жүйелі және алдын ала ойластырылған әрекеттер арқылы іске асырылатындығын түсіндіңіз. Сонымен бірге, кез келген әрекет алдында ойлар болады, олар тұқымдарға ұқсайды, олардан сіздің жетістіктеріңіздің ағашы өсіп шығады. Табыс жайлы ойлардың табысқа жеткізетіндігін растайтын көптеген мысалдарды білетін шығарсыз, алайда егер кімде-кім өз күшіне сенімсіздікпен қарап, сәтсіздік жайлы ойласа, 192

Кітапты оқу бойынша нұсқаулық ол сәтсіздікке ұшырайды. Сондықтан, беталысыңыздан қайтпай, әрдайым тек жеңіс пен оң нәтижелер туралы ғана ойлауға тырысыңыз. «Блокнотыңызға жазып алуға арналған» де­ ген белгіге дейән оқып шыққаннан кейін, оқылған материалдағы сіздің назарыңызды аудартқызған негізгі идеялар мен ережелерді дәптеріңізге өз сөзіңізбен баян­ дай отырып, жазып алыңыз. Оларды өз ойларыңызбен және әсерлеріңізбен толықтыруыңызға болады. Анық, әрі түсінікті етіп жазуға тырысыңыз. Осы жазбаларға «Менің ойларым» деп тақырып беруге болады. Өз ойыңыздың кітаптағы пікірге сәйкес келуіне тырыспаңыз, себебі әр оқырманда жеке тәжірибесі мен алған біліміне негізделген өзінің қайталанбас ой- пікірі болады. Мәселен, бір оқырман өз қызының күйеу жігіттеріне арнап байқау ұйымдастырған байбатша ту­ ралы әңгімеге қатысты былай жазған: «Осы бассейн­ ге түспес едім». Ал екінші оқырман қарама-қайшы ой білдірген: «Мені сол бассейнге кім итеріп жіберер екен? Менде қабілеттіліктер бар, бірақ оларды қолдануға сенімсіздік кедергі келтіреді. Ал қажеттілік барлық қабілеттіліктерімді көрсетуге мүмкіндік береді». Осы оқырмандардың айқандарына деген көзқарас әртүрлі. Өз ойларыңызды жазып болғаннан кейін, автордың сізге таңдаған «Блокнотыңызға жазып алуға арналған» жазбаларын қарап, өзіңіздің жазып алғандарыңызбен салыстырыңыз. Осы бөлімге жазылғандар шын мәнісінде ең бастылары ма екендігін ойланып көріңіз. Ойлардың қарама-қайшылықтарынһ мен айырмашылықтарын тапсаңыз, себептерін түсінуге тырысыңыз. Аяқтай оты­ рып, кітап қағидалары мен өзі өміріңізді, тәжірибеңізді салыстырып, әр пункт бойынша өзіңізге сұрақ қойып көріңіз. Мысалы, «Менің өмірімде мені ынталандырып, соған қарай ұмтылуға мәжбүрлеген нағыз мақсатым бол­ ды ма?» немесе «Мен ақшаға қалай қараймын, мүмкін өте жеңіл оймен қарайтын шығармын?» 193

Мен және Ақша ЕКІ МАҢЫЗДЫ САБАҚ Кітаппен танысуды жалғастыра отырып, «Екі маңызды сабақ» атты тарауды басынан соңына дейін оқып шығыңыз. Бұрынғыша, сіздің ойыңызша ең маңызды болып саналатындарды белгілеп, беттің шетіне жазбаларыңызды жасаңыз. Аталмыш тарау бес зерделі сұрақтан тұрады. Шынайылық танытып, ақылға салынған жауаптар беруге тырысыңыз, өйткені олар тек сізге керек, бізге емес. Осындай «диалогтың» көмегімен өзіңіздің қазіргі жағдайыңыздың себептерін түсініп, бет бұратын бағытыңызды анықтай аласыз. «Блокнотыңызға жазып алуға арналған» бөліміне жет­ кенде, бөлімдегілерді беттің шеттеріне жазылған жазба­ лар мен асты сызылған сөйлемдермен салыстырыңыз. Өз ойларыңызды дәптеріңіздегі «Менің ойларым» бөліміне жазып алуды ұмытпаңыз. Шын мәнінде, біздің әрқайсысымыз өзіміз ойла­ ғаннан да көбірек жеңістерге жеттік. Тек бізде өзіміз жеткен нәтижелерді талдауға уақыт табыла бермейді. Алдыңызға қойылған мақсаттарға жету үшін өзіңіздің оң қасиеттеріңізді пайдаланған шығарсыз. Өз жетіс­ тіктеріңізде қандай мінез ерекшеліктері анықтаушы болды? «Осы өмірде қол жеткізген барлық нәрселер – кедергілергмен табанды күресе білу нәтижесі» деген ав­ тор дәйексөзіне назар аударыңыз. Өз жетістіктеріңізді есіңізге алып, оларға қандай қасиеттеріңіздің арқасында жеткеніңізді және қандай қиындықтарды жеңіге тура келгендігін анықтауға тырысыңыз. Осы афоризмді қағазға үлкен әріптермен жа­ зып, ол қажетті мәнерге бет бұруыңызға көмектесуі үшін, үйіңізге немесе жұмысыңызға іліп қоюыңызға болады. Кітапты оқу кезінде өзіңізге сұрақ қойып көріңіз. Мысалы, мен ақша үшін жұмыс істемей, ақша мен үшін жұмыс істейтіндей өз бизнесімді ашуға менде мүмкіндік болды ма? Өз арманымды іске асыру үшін шынайы 194

Кітапты оқу бойынша нұсқаулық идеялар мен нақты жоспар болды ма? Маған не кедергі жасайды? Өз мүмкіндіктерімді ақшадан жоғары қойған кезім болды ма? Өз ақшаларымды басқара аламын ба? Бұл тек мысалға келтірілген сұрақтар, бірақ сіз жеке артықшылықтар мен тәжірибеңізге сүйене отырып, өз сұрақтарыңызды ойлап таба аласыз. БАЙЛЫҚҚА АПАРАТЫН БЕС НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР «Байлыққа апаратын бес негізгі сұрақтар» бөлімін оқуға кіріскенде, «Неге бай болғыңыз келед?» деген сұраққа жауап беруіңіз қажет. Шын жауап беруге тырыс­ ыңыз, себебі бұл адалдыққа меңзейтін әңгіме болып табыла­ ды. Өйткені табысқа жету үшін, өз тілектеріңізді, арман­ дарыңызды, мақсаттарыңызды айқын анықтап алуыңыз қажет. Ал шешім қабылдағаннан кейін, ешқандай күдіксіз әрекет етуіңіз қажет. Алға қарай жылж­ уға сенімсіздік пен батылсыздық сияқты ешнәрсе кедергі келтіре алмай­ ды. Барлық жеңістер өзіңізді өзіңіз жеңуден басталады. Сонымен бірге, алғашқы жеңіл табыстар босаң­ сы­татынын, ал алғашқы кедергілер қиындықтардың көптігіне қарамастан, мақсатқа жетуге деген талпыныс­ ты күшейтетінін естен шығармаңыз. Кез келген сәтсіздік – бұл өз әрекеттеріңізді жалғастыруға деген құлшыныс. Тағы да тырысып көріңіз, сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Оқып шыққан тараумен жұмыс істеуді аяқтағ­ ан­ нан кейін, яғни ең маңыздыларын белгілеп, өз қоры­ тындыларыңызды жазып шыққан соңғ келесі тарауға оқуға кірісіңіз. АҚШАҒА ҚАЛАЙ ҚАРАУ КЕРЕК және ТАБЫСТЫҢ БЕС ТҮРЛІ ДЕҢГЕЙЛЕРІ Ақшаға қалай қарау керектігі және табыстың бес түрлі деңгейлері туралы тарауды оқыған кезде, 195

Мен және Ақша асықпаңыз себебі оқу қарқыны жоғары болған сай­ ын, материалды түсіну де нашарлай береді. Әдеттегі жылдамдықпен оқыңыз, бірақ сонымен қатар маркерлерді қолыңызға ұстап отырыңыз. Қызық деп санағанның барлығын, тіпті бүкіл абзацтарды белгілеп алыңыз, егер олар назар аударуға лайықты болып көрінсе, маркердің берілген түстерін пайдала­ нып белгілеп шығыңыз. Берілген материалды жақсырақ түсіну үшін, энергия­ ның төрт түрі туралы ойларыңызды жазып көріңіз. Сосын тағы оқып шығып, авторлық нұсқамен салыстырыңыз. Әр тарауды оқу барысында туындаған ойларыңызды жазып алыңыз. Кітапты оқу барысында пайдаланылуы қажет басты қағида – ең маңыздыларын үнемі белгілеп отырыңыз, өз ойларыңызды ақылға салып, бекітіңіз. Осы тараудан «дұрыс көзәйнектер» туралы, яғни басқа заттарға деген дұрыс көзқарас тура­ лы оқисыз. Қоршаған әлем туралы оң пікір сізге кедергілерді жоюға арналған күш пен энергияны береді. Соқыр жол болушылыққа сенбеңіз, себебі кез­ дескен қиындықтарға қарамастан өз мақсаттарына ұмтылатын адамдардың ғана жолы болады. Сәтсіздікке ұшырайтын адам ғана жеңіліске бағытталады және оңай беріле салады. Сәттілік немесе сәтсіздік тек сіздің ішкі жағдайыңызбен және сіздің беталысыңызбен анықталады. Адам ерте не кеш өзінің ойы қайда бол­ са, өзі де сол жақта болады. Егер ол әрдайым табысқа жетемін деп қайталай берсе, өзі де осыған сеніп, өз армандарын іске асыра алады. «Блокнотыңызға жазып алуға арналған» жазбалар­ ды оқымас бұрын, барлық асты сызылған орындарды қайта оқып шығыңыз. Оқу барысында туындаған ой- пікірлеріңізді жазуға ұмытпаңыз. Бұл өз ойларыңызды айқын және түсінікті етіп қалыптастыруға және кез кел­ ген материалдағы негізгі ойды белгілеп алуға үйретеді. Ең маңызды дәйексөздерді дәптерге жазып алыңыз, 196

Кітапты оқу бойынша нұсқаулық содан кейін автор өз қорытындыларыңызды автордың нұсқасымен салыстырыңыз. Айырмашылықтар жай­ лы ойлаңыз. Осыдан кейін әр ереже негізінде өзіңізге сұрақ қойыңыз. Осы тараумен жұмыс істеп болсаңыз, келесі тарауды оқуға көшіңіз. БАЙЛЫҚ СИМВОЛЫ, АҚШАМЕН ЖАТТЫҒУ және АҚША МУСКУЛДАРЫ Байлық символы, ақшамен жаттығу және ақша му­ скулдары туралы тарауды оқуға кірісейік. Кітаптың көмегімен табысқа жету үшін, оны қалай оқу керектігі туралы білесіз. Әртүрлі пішімдер бойынша оны қайталап отыру әрдайым пайдалы. Астын сызыңыз. Қайталаңыз. Белгілер қойыңыз. Өз ойларыңызды жазыңыз. Осы кеңестерді қолданыңыз. Өз ойыңызды білдіруге қорықпаңыз және ең бастысы – оң беталысты сақтаңыз. Енді «менің ойларым» дәптеріне жазуға көші­ ңіз. Оларды жазып болған соң, осы тараудағы асты сызылғандардың барлығын оқып шығып, «Блок­ноты­ ңызға жазып алуға арналған» бөлімімен салыстырыңыз. Әр беттің шетіне жазылған барлық ескертпелеріңіз бен белгілеріңізді ойдан өткізіңіз. Егер әлдеқандай зат түсініксіз болса, қайта оқып шығуға ерінбеңіз. Оқылған тараудағы сөздерді ойға салыңыз: «Батыл­ сыздық сәтсіздіктен жаман. Ешнәрсе жасамағанша, ба­ стап көріп, қателескен дұрыс. Қателіктер бізге тәжірибе мен сабақ қалады, ал біздің батылсыздығымыздан үрей мен күдік ғана қалады». Батылсыздықтың, сенімсіздіктің арқасында табысқа жету мүмкіндігін жіберіп алған кездеріңізді еске түсіріңіз. Керісінше, табанды әрекеттеріңіз өте керемет нәтиже бер­ 197

Мен және Ақша ген кездерді еске түсіріп көріңіз. Есіңізде болсын, адам соқыр сезімге нұсқау беру арқылы әркімде де кездесетін күдік пен қорқыныштарын жеңе алады. Тек кейбір адамдар оларды жеңе алады, ал кейбірі оның ықпалына көніп кетеді. Өздеріңіз білетіндей, біздің соқыр сезіміміз жемісті жер сияқты, егер байлық пен саулық тұқымын сеппесе, кедейлік пен қажеттіліктің арамшөбі шығуы мүмкін. Осындай «тұқымдар» «егінін» өзін-өзі иландыру қағидасы арқылы жасауға болады. Өзіңізді мына тест бойынша тексеріп көріңіз. Әр сұраққа тек «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз. Алдыңызға қойылған мақсаттарға тек барлығы «жақсы өтсе» ғана, қолайлы жағдайда ғана жетемін деп ойлайсыз ба? Иә Жоқ Оң нәтижеге жететін кездің нақты күнін анық­ тайсыз ба? Иә Жоқ Тек жолы болып кеткенде ғана баюға болады деп санайсыз ба? Иә Жоқ Сауда немесе басқа бизнес түрімен айналысу арқылы бай болуға болады ма? Иә Жоқ Есте сақтау қабілетін шамадан тыс жүктемеу үшін, кез келген маңызды жағдайды жазып алу қажет пе? Иә Жоқ Дұрыс жауаптар: жоқ – иә – жоқ – иә – иә. Егер сіз бір рет болса қате жауап берсеңіз, сенімділікті күшейту үшін өзін-өзі иландыру әдістерін игеруге көбірек назар аударуыңыз. Соқыр сезімге оң беталысты және мақсатқа жетуге деген мықты ұмтылысты сендіру үшін, онымен жұмыс істеу қажет. Әйтпесе ол теріс эмоциялардың ықпалына түсіп, сіздің барлық жұмсаған күштеріңізді жоққа 198

Кітапты оқу бойынша нұсқаулық шығаруы мүмкін. Сондықтан, теріс сезімдердің әсер етуіне жол бермеңіз, олар сіздің ойларыңыздың барлығын бұзады. Сіздің соқыр сезіміңізде оң эмоциялар басым болуы керек, солай болған жағдайда өз қызметіңіздің нәтижелеріне табысты түрде ықпал еткенін сезінесіз. Осы тараумен жұмыс жасап біткен соң, келесі тарауға көшіңіз. АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА БОЛАДЫ? Ақшаны қалай жинауға болатындығы жайлы оқыңыз. Әдеттегідей оқыған кезде, қолыңызда қарындаш болсын, онымен сіздің көзқарасыңызда ең қызықты дегендердің астын сызып, өз ойларыңызды жазыңыз. Оқу ережесін сіз білесіз: асықпаңыз, сіз .шін ең қажетті, анықтаушы болып көрінген мазмұнға айрықша назар аударыңыз. Келесі ережеге мән беріңіз: «Кіріс жее тұлғаның даму деңгейін ұлғайтпайды, бірақ жеке тұлғаның даму деңгейі кірісті өсіреді». Есіңізде болсын, білім – сіздің мүмкіндіктеріңізді көп есе кеңейте білетін күш. Бірақ оларды ойластырылған әрекеттер жоспары мен жұмысты жақсылап ұйымдастыру арқылы нығайту қажет, яғни алған білімдеріңізді шы­ найы өмірде пайдалана білу қажет. Сұраққа жауап беріп көріңіз: сіздің ойыңызша, жоғары білімді адам орта білімді адамға қарағанда көбірек ақша табады деп санайсыз ба және неге олай санайсыз? _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ Егер сіз сұраққа оң жауап берсеңіз, сіз оқылған материалдың барлығын бірдей түсінбедіңіз, тарау­ ды тағы да оқып шығыңыз. Қорытынды былай бо­ луы қажет – адамның табысы оның алған білімінің 199


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook