Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Шәрбану Құмарова «Ғасыр нұры»

Шәрбану Құмарова «Ғасыр нұры»

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-09-29 06:16:54

Description: Шәрбану Құмарова «Ғасыр нұры»

Search

Read the Text Version

жетпейдi. Отбасы, бала-шаға, тұрмыс-жай дегенiң мынау күннен-күнге бағасы аспандап, жай қарапайым дүниелерге қол жеткiзудiң өзi қиындап бара жатқан кезеңде, жаман тұралап, өмiр сүру қымбаттап кеткен жоқ па. Соғыс кезiнде де мұншалық жұтау, кедейлену болған жоқ деседi көргендер. «Жаны күйзелген тəңiрiсiн қарғайды» деп тап болған мүсəпiр халiне кiмдi кiнəлауға, күстəналауға бiлмей, Айнагүл көз жасқа ерiк бередi. «Қай қылығымнан таптым» деп қапаланады. Қарны ашып, ауруханының сұйық көжесi мен ертеңдi-кеш ауызға тықпалайтын тары бөкпенi оны əбден жалықтырған. «Шiркiн, жас еттен буын бұрқыратып, бұрыштап, түрлi хош иiстi шөптер турап пiсiрген кеспе-ай!» дегенде сiлекейi шұбырады. Шайды аңсайды, аққұманға бұқтырып, сүт-қаймақ қатып шығарған ыстық шай түсiне кiрiп, таңдайы кеберсiп оянады. Таң сiлемнен көзiн ашып алып, айналасындағы ыңырсып, күңiренiп, жандары қыдырып қорлық көрiп жатқан жетi науқас əйелдiң күйзелiстерiне бұл да қосыла: «Ауылға хабар айтатын да ешкiм жоқ. Ана ұлдың үлкенiне дiлгiрам сал, немесе, машинамен бiр күншiлiк жер, автобуспен бара сал, апама айт: Моншақ бəрiбiр қолын қусырып үйде отыр ғой, одан да маған қарассын, келсiн деген» дегенiне ай асты. – Ақша жоқ, – дедi Бөкентайы. – Сенiң болничныйыңа алған ақша баяғыда-ақ таусылған. Ол неге жетедi. – Өзiңнiң жалақың қайда? – Қарызыма бердiм. – Неменеге қарызданып жүрсiң? Қанттың талонын күйдiрдiңдер, дер кезiнде сатып алмай. Ал араққа ғой айдың басынан жүгiресiңдер. Ол аздай коммерциялық дүкеннен отыз бес сом бағасына сойып аласыңдар. Не көрiндi? Əке-шешең iшкiш пе едi, сонша салынатындай... Сөмпиiп, басын жерден алмай отырған дардай ұлға əрi қарай ұрыспай, жалына: – Тым құрыса, ыстық шай əкелсеңшi. Өлдiм ғой əбден... – дедi көзiнен жасы парлап.

– Заварка жоқ. Оны қайдан аларымызды бiлмеймiз. – Көршiлер тап бiр осыларға шай беруге мiндеттi-ақтай. – Көршiлер бермейдi, – дедi. Ендi қайтейiн, шұнақ құдай! – Менде шай бар, бəрiбiр шайға зауқым жоқ компот, су болмаса, – деп көршi науқас ашылмаған əшмөшкенi бұған ұсынды. – Ой, мың болғыр, Полина, рақмет. Мə, шəугiмге су қайнатып, мынадан екi қасық сап, үстiне сүт құйып тездетiп əкелгiн. Əйтпесе, өлем, басым сынып барады, – деп едi, Бөкентайы: – Үйде сүт жоқ, – дедi. – Сүтсiз-ақ қайнатып əкелшi, күнiм... Қарiп болып, баласына сөзi өтпей қор болып жатқан Айнагүл: – Бүйткенше, құдай, алып-ақ кетшi! – дедi жанұшыра. *** Өткен жылы оқуға түсем деп осы əпкесiнiң үйiне тоқтағанда, Айнагүл: – Моншақ-ау, бiз жол жүрiп барамыз. Екi ұл шетелдiк сапармен Германияға кеттi. Əкелерi жолдамасын да, ақшасын да қалталарына басып, туристiк сапарға аттандырды. Үйдi құлыптап, милицияға уақытша табыстадық. Ендеше, сен жатақханаға шыға тұрғын, – деп қуып шыққандай, тықырыңдап, жарты ай тұрғанға бүлiнiп тулаған. Онда Айнагүл асқақтап, алдыма жаманшылық келер-ау деп еш ойламайтын. Анда-санда түшкiрiп, тымауратып қалғанда Совминнiң дөкейлер ғана жататын, емделетiн ауруханасына жатып, екi кiсiлiк палатада шалқайып, көңiлiн сұрай келгендерге ернiн ғана қыбырлата, əрең-əрең жөнiн айтатын. Ұбап-шұбап, соңынан келушiлер қарасы үзiлмейтiн. Əсiресе, жексенбi күнi кешкiлiк бұл аулаға барын киiп, бақанын қолына ұстай, құдды курортта семiрiп жатқандай-ақ, сыланып шыққанда, сыртта қауқылдаса, қоғадай жапырыласа көп достар, таныстар, жақын-жоралар қарсы алатын. Алшаңдап, солардың ортасында ауланы айналып, күн батқанша əңгiме-дүкен құрып, сайрандап жүрiп алатын. Көбiсi бұған көзiн сатып қызыға қарайтын да.

Бұғақты ақ келiншек, көздерi жайнаңдап, топ-толық сыла бойын тiк ұстап, кербезси өтетiн қастарынан. Бiрiне бас изесе, бiрiне қабағын сəл қағып, амандықтың ырымын ғана ишаралайтын ғой... – Е-е, сол күнiм қайда бүгiн! – деп көп кiсi иiн тiресе, бəрi шетiнен өзi құсаған сал ауру, ауа жетпей, иiс-қоңыс мүңкiген палатада көздерi телмеңдеп, əуелi бiр Алладан, содан соң емдеушi дəрiгерден рахым күте сары тап бола, жамбастары ойыла жатқан мүшкiл қарiп күнiн көргенде шынымен өлiп кетудi тiлiнiң ұшына алғаны рас-ты. Екi күн өте Моншақ – аса сұлу, ақжарқын бойшаң қыз кiрiп келдi. Ақ халатты, қолында қампиған сөмкесi бар. – Түу, тəте-ай, қайда кiрiп кеткенсiз? Өткен жылғы жайнаған аурухана ма деп барсам... – Иə, хал жақсы ма? Апамның, Қаншайымның халдерi қалай? – Қуанса да, сол бойға бiткен тəкаппарлық құрсауы жiбермей керенаулана қалды. – Бəрi аман. Сiзге сəлем айтып жатыр. Бұрынырақ неге айтпаған деп ренжулi. Əлгi Бөкентай, құдды от алуға келгендей: «Мама ауру, аварияға ұшыраған. Тамақ керек», – дедi де, бiр жолдасының машинасымен құйғытып келе, қайта көзден ғайып болды. Түкке түсiнбей, менi жеделдетiп аттандырды. Əйтеуiр, жарты қойдың етiн ала келдiм. Аздаған ақша бар. – Е, қарағым, хал осы. Несiн айтасың? Сен болмасаң, немере əпкеңе қарайласар кiм бар? Ұлдардың маған қарамақ түгiл... – Айнагүл кемсеңдеп, талықсып ұзақ уақыт өзiне-өзi келе алмады. Дəрiгерiн шақыртып, ауруын жеңiлдетер дəрiсiн iшкiзiп, ине шаншып əрең жөнге түсiргенi. Капуста сорпа, палау пiсiрiп əкелген. Бəрiн шығарып, ыстықтай аузына құйды. Шай бердi. – Уһ, жаным жаңа кiрдi-ау. Рақмет, жаным, бағың ашылсын. Ендi ертең ерте кел, асты-үстiмдi тазалап бермесең, мына қыздары құрғыр қарамайды. Таза көйлек, орамал, дəке, мақта əкелшi, – деп сiңлiсiне риза болып, ұйықтап кеттi Айнагүл.

Моншақ ойланулы: ағадан ажырамай жатып, айналасы бiр жылда осынша азып-тозып, қарiп күйге түсуiне не себеп? Аузын айға бiлеп, терiсiне сыймай тырсылдап жүретiн Айнаш тəтесiнiң қазiргi күйiне қарап, «солай болып едi-ау!» деу қиын. Адам сенбейдi. Ағасы бiртоға момын кiсi. Қызметi – көп инженердiң бiрi. Түр-басы сүйкiмдi, қара торы, сылыңғыр, орта бойлы. Ақырын жаймен сөйлейтiн. Жұмысынан оралып, тамағын iшiп, теледидардың алдындағы көк диванда көлденеңiнен сұлап, барлық бағдарламаны көрiп шықпай көңiлi көншiмейтiн. Тынышы кеткен тəтесi айқайлап: – Осы теледидарды құшақтап жат, ендеше. Мезгiл болды ғой, жатпаймыз ба? – дейтiн. Айнаш тəтесiн ЦК-да қызмет iстейдi дейтiн. Ауылға бара қалса, төре келгендей бəрi төбесiне көтере, үй-үй шақырып, мал сойып, бас ұстатып мəре-сəре. Соны арқаланып Моншақ та бұлаңдады бiраз, айттырған талай жерге пысқырып та қарамады. Есiл-дертi қала болды да тұрды. Бiр жұмыстың басын ұстамады, шөп басын сындырмады былайша айтқанда. Не қалада жоқ, не ауылда жоқ былқ-сылқ жүргенде осы Айнаш тəтесi шақыртқан ғой. Мұның əкесi мен Айнагүлдiң əкесi бiрге туған. Немерелес. Сөйткенмен, Айнагүлдiң қысқа күнде қырық құбылғыш тұрақсыз мiнезi Моншақты да, басқаларын да шошытатын. Керек болғанда, Моншақты жер тепкiлеп шақыртып алады, керексiзде үйiнен қуып, қаңғытып жiбередi. Өткен жылы да «жол жүрiп барамыз» деп, емтиханының жартысын тапсыртып, жартысын тапсыртпаған-ды. Жатақханада жайы болмай, шуылдақ, елең-селең қыз-қырқынға үйрене алмай, тау қойнындағы тыныш ауылына тайып тұрған. Со жолы ағасы мен тəтесiнiң арасында шу шықты. «Мойныма қойып бер!» деп шаптықты Айнаш тəтесi. Жездесi (аға дейтiн), жайымен, кең ашық жанарын бұған қадай: – Прокурор емеспiн, сенi айыпқа тартып тұрғам жоқ, Елдiң алыпқашты сөзi дейiн десем, көрген көзде жазық жоқ. Бəсе, аурушыл, қыңқыл- сыңқылшыл болып кетiп ең соңғы уақытта, – дедi. – Не, ауыртпаймысың ендi? Машинаның терезесiн аңқитып ашып тастап, жел тидi, содан арқам шаншып... – аузына өкпесi тығылғандай,

ентiге барып тоқтады тəтесi. Ар жағындағы өршiп-тынған жайға бұл онша қанық емес. Қанық болмайтын себебi – ағасы мен тəтесi кенет ажырады. Соттасты. Дауласты. Араға сөз тасып талай өткермелер жүрдi. Ушықтырмаса, араларын қоспады. Мұның бəрi Моншақ ауылға «үйiнен қуып шықты» деп немере əпкесiн жерден алып, жерге салып жамандап барғасын болған деседi. Бұл түгiлi, дардай əкесi мен шешесi де қанық емес. Жағаларын ұстады, жұртқа қарар бетi болмады. Мұндағылар да əлi жеткенше өсектiң отын көсеп, отқа май тамызып жатты... Келесi тамақ əкелгенiнде Айнагүл əлденiп, əрi кiрiп, кiсi боп қалғандай. Жымиып күлiп: – Жаным, сенi берген құдайға мың да бiр шүкiр. Ендi бiлдiм: қазақтың «дос сыйласқанға, туыс жыласқанға» дейтiнiнiң мəнiн. Қайда сол жыртылып-айрылысқан дос-жора?.. Бiрде-бiрi келiп көңiлiмдi сұрауға жарады ма. Анада бiр доссымақ подругама телефон шалып: «Молдажанға звондашы, ана кiшi баланы маған, тым құрыса аптасына немесе айына көрсетiп тұрсын. Өгей шешенiң аты қашанда өгей ғой. Əрi сағындым Қанатымды...» десем, ол: «естiп жатырмыз, Қанаттың халi өте жақсы. Мамаң кiм десе, Сананы көрсетедi екен. Ал сенi есiне де алмайтын көрiнедi. Қайтесiң, байқұс жас баланың жүрегiн тырмалап...» деп тұр. Естiп тұрған менiң сорлы жүрегiмнiң қалайша тiлiнгенiн көрсең... – деп бiраз солқылдады. Палаталас əйелдер естiп жатыр-ау деп арланбады да. Сiрə, мұның сырына да, «жырына» да бəрi қанық сықылды. Моншақ қанша айтпайын десе де, iшiне сыймай шыдатпай бара жатқан келгелi үйден көрген сұмдық жайдың шетiн шығарып: – Тəте, Болатқа айтып қойсаңызшы, үйге əркiмдi əкелмесiн, – дедi ептеп. – О, немене, жөлiктерiн əкеп, қыз-қырқын салып жүр ме? – деп Айнагүл шалқасынан жатқан жерiнен тыпыраң қақты. – Иə, Жанатты да тыңдамайды. Оның сабағында береке жоқ. Сосын ол да үйде тұрмай көше кезедi. Ал Болаттың қыздары əлгi не деушi едi... –

деп тосылып, тұрпайы сөздi айта алмай қиналды. – Түсiндiм... Үйдегi жылтырақты шетiнен тасып жатыр десеңшi? Ойбу, құдай шұнақ, ендi қайтейiн?.. Қой, мен мұнда төсекке байланып жатқанда, ол анда... Əй, Бөкентай, ұлдың үлкенi iнiлерiңе бас-көз бола ма десем... – Тағы солқылдап жылады. Көздерi iлiнiп, түскi тамақтан соң «тихий час» дегенге бойкүйезденiп, бауыр басып қалған науқастар маужырап ұйқыға кеткен-дi. Кейi басын көтерiп, мазасызданып: – Жарқыным, түнiмен сарнағаның аздай, күндiз, тынығатын шақта тыным бергiн, – десе: – Тезiрек үйiне неге шығарып жiбермейдi, күтетiн адамы бар ғой, – дестi бiреуi көздi бақырайтып қойып. Моншақ ұялды. Қоштасып шығып кеттi. Əлгi тəтесiне айтамын дегенiн iшiнде əкеттi. Ол былай: Əңгiредей-əңгiредей кең жайды, ванна бөлмесiн, дəлiзiн, асханасын əрең жуып-шайып, паластарды сыртқа кергiге жайып, қағып, шаңсорғышпен ауыр-ауыр кiлемдердi тазалап, шаң басып, тозаңданған хрусталь ыдыстарды сода қосылған жылы сумен шайып, құрғатып, дəу сервантқа жарқырата тiзiп қойғаны да сол, сау ете Болат төрт-бес қызжiгiттерiмен кiрiп келдi. – Əлгi гипсте қатып-семiп жатқан кемпiрге айтпа, бiз қазiр сайран саламыз! – дедi зiркiлдеп бұған. – Əй, жүгермек, қайдағы кемпiр, қырықтан жаңа асқан. Ал сайраның не, мен үйдi тазалап əрең бiттiм. Тым болмаса, ана қонақтарыңа айт, аяқкиiмдерiн шешсiн, кiлемде тайраңдамай... – десе де құлағына iлмедi. Төр үйдегi үлкен ас үстелiн жылжытып бұрыш жаққа тықты. Түрлi сəуле шашатын магнитофонды бар даусына сала бақылдатты. Екеу-екеу былқсылқ билеп ала жөнелдi. – Əй, тайраңдамай жоғалыңдар! Ананың үнiн өшiр, «жаман үйдiң қонағы билейдi» деп, о несi-ей! Күнi бойғы есiл еңбегi-ай! Одан да сорақысын көрдi. Бiр қараса, тəтесiнiң бөлмесiнен бiр қыз, бiр жiгiт шығып келедi. Тағы бiр жұп лып ете сол бөлмеге кiрiп алып, көпке шейiн шықпай қойды. Сəлден соң

Бөкентай жартылығы қолында, қыз бен екеуi аузынан ұрттап, теңселе кетiп барады. Ендi жiгiттер қыздарын алмастыра бастады... Тумысында мұндай сорақылықты көрмеген басы, əуелде ұяттан өртене жаздаған. Ұят атты қасиеттiң бетпердесi жыртылмаған жерден келгесiн де, көз алдында дөрекiлiктiң, тұрпайылықтың не бiр өрескел көрiнiсi өтiп жатқасын да, ас үйде отырып ал жыла, ал жыла. Көршiлер де есiктiң қоңырауын безiлдетiп: – Милиция шақыртамыз. Түн ауды, не деген сұмдық! Тоқтат қыз ойнақты! – десiп, безек қағуда. Қыз ойнақ па, жын ойнақ па... еңгезердей жiгiт Моншаққа тиiстi: əй- шəй жоқ бас салып құшақтап, сасық демi ту желкесiнен ит жалағандай, қолқасын ата, жаман жиiркендiрдi. Итере жiбере сыртқа ата шықты. Көшеде сенделiп ұзақ жүрдi. Барар жер, басар тау болсайшы осындайда. Институттың жатақханасына орналаспағанына өкiнген. Айнагүл тəтесiне қарайласам дедi емес пе! Ақыры осы болды. Не деп айтады о кiсiге? Бала деген мынау болса, «ұшпаққа» шығарады екен жаманғатты. Ар, ұят, сезiм, кiсiлiк, инабаттылық дегендер қайда бүгiн... *** «О, құдай, бұл бiр сынағаның болар, бiрақ сындырма!» деп Айнагүл ауруханада зарлап жата берсiн. Оны осындай халге көпе-көрнеу түсiрген бiр оқиғаны еске салайық. Бастықтар жəне оның отбасы жатып емделетiн айрықша ауруха нада əдеттегiдей қаралып жатпай ма. Алып бара жатқан науқасы жоқ, «аурудың алдын алу» деген бар. Сол секiлдi сылтау да, əйтеуiр. Екi əйел кең тыныш жайлы палатада жатады. Төрт мезгiл тамақ, ресторандарда да ондай бап болмас: көкөнiс, айран-сүт, жас еттен түрлi сорпа, тағы басқалар, сырттан əкелiнiп жатқан тағамдар бiр төбе. Кекiрiгi азып, тайраңдап, ат шаптырым кең аулада қаумалаған дос-жар, туыстардың ортасында Айнагүл сияқты ерiккен келiншектер жүредi. Саусақ толы алтын, бриллиант сақина, сырға, салпыншақ, алқа – оларсыз мəнi де,

сəнi де болмайтындай. Өздерiнiң ауруханада жатқандарын ұмытып, курортта сайраңдап жүргендей құдды. Бiрде Моншақ тəтесiнiң көңiлiн сұрай барғанында палаталас, қасында жатқан əйелдiң қос алтын бiлезiк салып, бет-аузын опа-далаптап жылмаң қаққанын көргенде жанынан шошыған. «Адам баласының асқақтауында шек болмайды екен-ау» деген. Содан кейiн ол жаққа аяқ баспайтын болған. Ал мына көпшiлiк ауруханасында хал де, жай да басқа. Алтын тақпақ түгiлi, дəмдi асқа зəру. Соңынан келетiнi, күтiп, қарайтыны болса жақсы, болмаса – қарiп, мұңлық. Екi көзi телмеңдеп, онсыз да тұрмыс ауыртпалығынан кежегесi кейiн кетсе, жүйкесi жұқарған дəрiгерлерге жалынып: – Астымыздағы сейсептi ауыстырсыншы ... бiр уақ шай берер ме екен... дəрi неге бермейдi... – деумен таңын атырып, кешiн батырады. Бүгiнде адамның адамға жаны ашуы қалған. ...Айнагүл сөйтiп аулада серуен құрып жүргенiнде бiр бұйра бас, еңселi, орта жастағы жiгiт ағасы бұған айрықша iлтипатпен иiлiп сəлем еткен. Жыға танымады. Суретiн бiр жерден көрген секiлдi. «Əлде əртiс, əлде жазушы?..» – Сiз менi онша бiлмеуiңiз де, ал сiздiң аты-жөнiңiзге қанықпын, Аяке, таныс болайық., Жарбол, –дедi ол жабыса түсiп. – Өте жақсы, – деп бұл да жампаң ете қалған. Iшi пысады. Мұндағы ер кiсiлердiң денi шал-шауқан, өзi қатарлылардың қарасы аз. Қашанғы əйелдермен малжыңдассын, Молдаш (Молдажанды бəрi осылай атап кеткенi), от алуға келгендей, қасында көп аялдамай: «Хал қалай? Қашан шығасың? Қанат сенi сағынып жылап, кеше балабақшаға бармай қойды» деген тəрiздес сөзден əрi өрiстемей, қысқасы, əңгiмелерi жараспай, тезiрек кетуге асығады. Бұл да оны қолқалай қоймайды, сəлден соң кикiлжiң-керiс туады араларында. Тəмам жұрт алдында абыройы төгiлiп жатсын ба. Жұрт Айнагүлдi ойлайлы: «Жоғары үйде дардай қызметте» деп. Ал бұл бар-жоғы инструктор ғана. Мектепте мұғалiм едi бiр кезде. Партия қатарына өттi, одан жалын атқан комсомол қызметкерi. Селкiлдеп он жыл жүрдi. Кiмнiң көзi

түскенi, аудандық комсомол комитетiнде екiншi хатшы болып жүрген жерiнен осында алдыртты. Жаман емес, шүкiр, үйiн жаңалады, қарауындағы талай мекемеге əмiрi жүредi. Керектi нəрсесiн қолма-қол ала қояды. Құтты пiрхана ғой, несiн айтсын. – Ойға дендеп кеттiңiз-ау, Аяке, жүрiңiз, былай ұзап серуендейiк, күн тамаша екен, кешкi тамаққа əлi бiр сағат мерзiм бар, – дедi əлгiндегi танысы Жарбол. «Iш-бауырыңа кiрiп тұрар илтипатты адам екен, сiрə əйел затын қастерлеп асылындай ұстайтын жан болар...» дегенде қалай күрсiнiп салғанын өзi де аңғармай қалған. – Жақсы, серуендесек, серуендейiк мен сiздi бiр жерден көргендеймiн. Əлде суретiңiздi. – Қайдан көрсеңiз де мейлi. Тек сыртқа теппесеңiз болды да. Күнұзақ төсекке байланып, ой қажап адам жалығады. Ақ жамылғылы жандардан шарапат тiлеп келсек те, өзiңiздей көркем əрi бiлiктi əйелмен аз тiл қатысудың өзi бiзге мəртебе, – деп едəуiр аспандатып тастағасын ба, келiншек елтiп, қол-аяғы маталғандай жаңа танысының қасынан кете алмай қалғаны. Тiптi оның «бiр уақ серуендейiк» дегенiн өзiнше бiр нышанға жорып, екi бетi ду-ду еттi. Сөйтiп, күнде кешкiсiн, жеңiлжелпi астан соң қастарына анау-мынауды үйiрсектендiрмей жеке-дара қыдыратын да, ұзақ-сонар сырласып, iшқырындыларын ақтарысатын. Кейде теледидар көрудiң орнына Жарболдың бөлмесiне тып бередi. Түнгi он бiрлерде палатасына келiп жата қалады. Қасындағы төсектес науқас налып: – Қайда жоғалып кеттiңiз, сестралар сабыла iздеп, укол салатын едiк деп... Сiзден бiрер жас үлкендiгiм бар, сонысын да айтайын: «Бұл ара жалғыз жанға дару iздеп, жабысқан кеселден арылсам екен деп, əуелгi Құдай, содан соң дəрiгерлерден шарапат сұрайтын, жалбарына саушылық тiлейтiн қасиеттi орын, жiгiт-желеңдiк жасайтын орын емес...» – дедi. Қанша шымбайына батса дағы, алып бара жатқан ауруы болмағасын ба, оның сөзiн ертесiнде-ақ ұмытқан. Жарболдың соңынан келушiлер қазы-қарта, бiр шиша коньяк əкелiптi. Соны екеулеп, жатар алдында

ермек ете, əрi Жарболдың жеке, оңаша палатада жатқанын қызық көре, аз күн тiрлiкте ештеңеден қапы қалмайын дегендей, рахатқа белшесiнен бата жүргендегi қалпы да. – Сiз жазушымысыз? – деп қалған Айнагүл үстел үстiндегi қобыраған қағазды, қолтоқпақтай машинканы көргенде. – Ептеп дегендей... – деп қасын кере Жарбол бұған iшiп-жеп қарады. Қарасындағы сойқан сезiм келiншектiң тұла-бойына шырпы шағып, дуылдатқандай құйын əсерге бөледi. Қалшылдап, отырған жерiнен ұшып кете жаздағандай: ...Жақсы сөз де, жаман сөз де жерде қалмайтыны бар емес пе. Өсек-аяң сырғып аурухана ауласынан шығып, Айнагүл қызмет жасайтын құт мекенге де жеткен тəрiздi. Сондықтан оның емделетiн мерзiмi бiтер- бiтпестен, екiнiң бiрiнiң қолы жете бермейтiн, сүттiң бетiне шығар қаймағы – жоғары мəртебелiлер ғана емделетiн iрi ауруханадағы тiзiмнен Айнагүл шығып қалды. Ол ол ма, күйеуi Молдажан естiп қойып, қиғылықты шығарады ғой: – Бұрын да сенiң соңыңнан еретiн ыбыр-сыбырға қанық ем. Балалар бар, айрылысқанда не табам деп ерен санамайтынмын бəрiн. Ендi, келiп, бiр дем əрi, бiр дем берi кiлең ыңырсыған науқас, қарiп- мүсəпiрлердiң ортасында беттiң арын белге байлап, жiгiтшiлiк құрғаныңды адам да, құдай да кешпейдi. Сендей қарабетпен бiр күн де тұра алмаймын! Онсыз да, кiм көрiнген мүштектеп: «ЦК-да iстейтiн əйелiңнiң арқасында жоғарылап, цех бастығы болдың, ертең директор болып шыға келесiң! Сенiң мұртыңды балта шаппас!» деп көзтүрткi ете берушi едi. Сол iске сен бекер-ақ араластың. Керегi жоқ едi. Бастық болмасам, сенiң басыңдағы бағың ұшып түсетiндей көрiнгесiн, қайдан бiлейiн.... Ал, ендi болары болды, бояуы сiңдi... дүние мүлкiмдi алам, үйдi бөлем, кенже ұл менде, ана екi үлкенi – сенде! Басқа бұлталаң болмайды! Сөйтiп екеуi iрге бұзған ғой. Төрт бөлмелi, аса қымбат жобамен жасалынған, үлкен бiр орамды алып жатқан тып-тыныш, асты – гараж, төрт қабат жайдан көшу əсiресе Айнагүлге қиынға түскен. Соның өзiнде, үш бөлмелiк, орталықтағы жақсы үй бұған, «Алмагүл»

мөлтекауданындағы бiр бөлмелiк, бiрақ жаңа пəтер – Молдашқа бұйырып, Қанатпен көшiп алған-ды. Көп ұзамай күйеуi үйленiп те алған. Өзiнiң қарамағында iстейтiн, бұрын есiк көрген жас əйелге үйленiптi деп естiгенде, Айнагүл өкiрiп жастыққа құлаған. «Өй, арамза! Сөз байласып, ым-жымыңды бiлдiрмей жүргенсiң де! Əйтпесе, көрмей-бiлмей бiреуге үйлене салу оңай боп па бүгiнде. Өңкей қитұрқы, тек дүние мен байлыққа, ақшаға қызыққыш қыз-қатынға сенiм бар ма осы күнi? Қарашы, ə?» *** Түннiң iшiнде, ел аяғы басылған шақта сыртқа ата шығып, қаңғып жүрген Моншақтың күнiн итке бермесiн. Ана үйге қайта аяқ басуға, барып жылы төсегiне ұйықтауға жүрегi дауаламайды. Қазан айының басы, күнi кешегi маужыраған күздiң кенет қатқақ қара суыққа көшiп, соңы қарлы жаңбырға ұласуы кiмге болса да жайлы тиiп тұрған жоқ. Керек десең, Моншақ плащ та ала шықпаған. Дiрдектеп, аяғына iле салған жеңiл босоножкамен мұз кiлегейленген қақ суды кеше, беталбаты зытып барады. Қайда? Кiмдi бiледi? Қай есiктi қағады. «Кто там?» демесе, есiк ашпайтын шаһардың қатаң, қорқақ жұрты жарылқай қойсын ба түн ортасында қаңғып, жалғыз-жарым қайыршыдай көше кезiп жүрген момын қызды. Айнагүл тəтесiнен өзге жақын туысы да, танысы да жоқ мұнда. Бiр машинаның жарығы қарсы алдын түгел айқындап, сирақтары сидаңдай, түн ортасында бiр өзi жүрген қызды анық көрсеткендей. Қыз да, машина иесi де тоқтай қалды. – Қарағым, неғып жүрсiң қараңғыда? Қағынған ел көп, қорықпаймысың? – Ағатай, қай бiр жетiскенiмнен өз үйiмнен өрт шыққандай шошып жүрмiн. Жағдай солай да. – Үйiң қайда едi?

– Үйiм ауылда, мұнда əпкеме келiп ем... – Əп-əдемi қазақ қызының жатық та таза қазақша сөйлеуi машина иесiн таңқалдырды. Əрi қызықтырды. – Мұздап кеткенсiң. Отыр. Машина iшi жылы, – деп ол көлiгiнiң есiгiн ашып, қызды iшке енгiздi. Рас, қалш-қалш етедi. – Рақмет, ағай. Жақсылығыңыз құдайдан қайтсын. – Дұрыс қой. Неғылған жансың? Ұры-қары тонап кеткеннен саумысың? – Оған жете қоймадым. Бiрақ үйiмде бейбастақтар қиянат жасамақшы болып... осы үстiмдегi барыммен қашып шыққаным ғой. – Ол кiмдер? Милиция шақыртпадың ба? – Əпкемнiң баласының жолдастары. Iшiп алған, тəртiпсiз қыздар, ұялмайды. Тəтем ауруханада, жамбасы сынып... – Қиын болған екен. Ендi баратын жерiң жоқ па? – Болса, түн ортасында қаңғып жүрем бе өстiп... – Түсiнiктi. Жатсынбасаң, бiздiң үйге жүр. Жеңгеңе жағдайыңды айтам ғой. Əйтпесе, көп қарақшының құрбаны боп кетерсiң бүйте берсең. – Рақмет. – Өзiң оқисың ба, не... – Оқуға түсемiн деп келгем ғой. Бiр емес, үш рет талпындым. Құйысқаным көтерiлмей тұрғаны... – Ауылда не жұмыс iстедiң? – Маңдыған жұмыс жоқ қой онда, мамандығың болмағасын... – Ал ендi қандай оқуға түспек ойың бар? – Қазiр барлық жерде қабылданып болды ғой. Келесi жылы тағы бiр талпынам, болмаса, күйеуге тием! – Жоспарың күштi екен, қарындасым. Алдымен күйеуге тию жағынан бастасаң, оқу қашпас. – Машина жүргiзушi жымыңдай күлiп қыздың

бетiне қарады. – Не, сiз бойдақ па едiңiз? – Буынсыз жерден пышақ ұрған ауыл қызының сауалы оны састырғандай. Күрсiнiп алып: – Ата сақалым иегiме бiткенше, бойдақпын дегенiм келiспес. Бес балам бар, алды үйлендi. Осы қалада тұрады, бiз жамағатымыз, ұсақ балалар – қала iргесiндегi совхоздамыз. Бұл – Жақып болатын, қаладағы балаларына соғып, ас-су iшiп отырып қалғаны: одан жүйiткiтiп жүйрiгiнiң басын совхозға бұрған бетi-тiн. Осынша олжалы болам деп ойламады: қос бұрымы тобықты соққан, қос жанары – танадай, қасы-көзi қиылған, бойшаң, əппақ сұлу қызды машинасына салып алып түрлi ойға да қалады. «Əттең, ұлым үйленiп кеттi. Əйтпесе, ақуыз жас келiн қып қолыма түсiрер ем. Сөзi қандай! Айтпақшы, аты кiм?» – Есiмiң кiм, қалқам? – Моншақ. – Ə-ə? Моншақ деймiсiң? Неткен тауып қойылған ат, ə?! – Ата-анам жақсыға жорып, қыздан жалғыз болғасын мойнымыздағы моншақтай жарқырап жүрсiн дегенi де. – Сол моншақтай қастерлеп ұстайтын бiр адам табылса, бағыңа орай. – Бұйырғанын көрермiз. – Жiп таққан ешкiм жоқ па едi? – Оны бар деп дабырайтып айтудың өзi ыңғайсыз. – О, неге? Тым нашар ма? Иə, жақсы жiгiт табу да – проблема. – Ендеше, көмектеспеймiсiз... – Мəселенi ашық қойғанына Жақып бiр жағы таңырқады, бiр жағы сүйсiндi. Бұлтақтатпай, анық турасын айту, бұл да бүгiнде көзден ғайып боп бара жатқан асыл мiнездiң бiрi. Сондықтан: – Кезiнде көрермiз, Моншақ қарындас, ал əзiрге сен менiң туған бөле қарындасым боласың.

Əйелiне сөйтiп айтты: баяғыда ашаршылық жылы шешесiнiң сiңлiсi жоғалып, қанша iздестiргенде iзi суып, табылмап едi. Оның есесiне мына қыз табылып, адрестi бiлiп, балаларының үйiне келе жатқанда, түнде поездан түскен жерiнде жанбақылар тонап, қолсандығын, жүгiн олжалап əкетiптi, тағы-тағы дегендейiн... Əйелi Қалыш қапысыз сенедi, қызды аялап, туған қызынан кем ұстамайды. Бiрақ ауылдың сұғанақ көздi жiгiттерiнiң назарынан тыс қалмай, екi мəрте алып қашуға оқталған жерден ұсталып, Жақаң оларды, кеңес милициясының қолына тапсырады ғой. «Қыз баққаннан да қысырақ бақ!» деген асыл аталарының сөзiне тұңғыш рет тəнтi болады ғой Жақаң. Сосын ойланып-ойланып, осындайда жол тапқыш Бекташ досына жүгiнбей ме, солай да солай дегендей... – Ол қызды əуелi көрсет! Суреттеуiңше, хор қызынан кем емес. – Хор қызы оның аяғын сүртуге жарамас! – Көргендей-ақ бөсесiң, Жақа. Жақсы, бiз қай жерде жолығамыз?.. Көше – ресторанда селтеңдеп жүру маған қол емес екенiн бiлесiң ғой. – Осы сенiң бiздiң үйдiң есiк-төрiн көрмегелi не заман, а? – Дұрыс қой. Онда бара қалсақ, Нұриша құрдасың қала ма? – Айтпақшы, бiздiң əйел де бiрдеңенi сезiп қалса... – Ендеше, таудағы, əлгi таяу əлетте қызметке қойған сенiң туысың – немерең бе, бөлең бе, соған барайық, əрi демалайық. Сессия басталып кетсе, ертеден қара кешке шейiн со жақта шегеленемiз де қаламыз. – Оған да сыр берме. Əйелi жайынауыз, көп сөздi бiреу. Басты əңкiтəңкi етiп жебередi. Моншақты түбi сол санаторийге орналастырып, бiр жайлы жұмысқа қойған жөн-ау деймiн. – Жөн-ақ – деп Бекбосын өзiнен-өзi қуанып, шарасы кең ойлы көздерiнен от ұшқындады. Жақып уəдесiн көп ұзартпай қызды «Таугүл» санаторийiнде директордың шаруашылық жөнiндегi орынбасары Науанның үйiне алып барады. Науанға расын айтуға тура келедi. Бекбосын десе iшкен

асын жерге қоятын Науан оны күтiп алудың бар жол-жоралғысын ынты-шынтысымен жасап бағып: – Моншақ қарындасымды осында асханаға орналастырамын, ал жатып-тұтынатын бөлмесiн жеке етуге тырысамын, – дедi. Көппен бiрге кiрiп-шығып, шай құйып, дастарқанның мəзiрiн жасасуға көмектесiп жүрген даяшылардың қатарында қанша еленбеуге, көзге түспеуге тырысқанымен, Моншақты Бекбосын көз қырына салған жерден алған. Онша-мұнша əйел затына аударылып-төңкерiлмейтiн кербез кiсiнiң кенет жел көтерген тулақтай елп-желп ете, шыдамсыздана қалуы əуелi сырмiнез ескi досы Жақыпты ғажаптандырды. «Е-е, қызыл көрген бүркiтше қомданып, орнынан қозғалақтай, тым тағатсыздық танытуын қара. Сiрə, сұлу əйелдi жек көрмесең керек...» деп iшiнен мырсмырс күледi. Моншақ та бiр кез көзiн қадай, сүзiле қарап, сəл езу тарта, бұлаң бiр қылық тастағандай Бекташты ой тұңғиығына батырды. «Көз қарастары келiстi, ар жағын бiр тəңiрiмнiң өзi бiлсiн, əумин!» деп iштей бата қылғандай, жас алашақтықтарына қарамастан, осы екеуi – Бекбосын мен Моншақ – бiр-бiрiне жарасты адамдардай көрiнген оған. Кейiннен Моншақтың аяғы ауырлапты деген сөздi естiгенде Жақаң бiр ыңғайсыз күй кештi: не ұят, не қызғаныш. Қайсысы екенiн бiле алмай, əрi қызды аяп, тағдыры ендi не болады дегендей, Бекташ досына жалтақтай, осы жағдайға ұрындырған өзiн де кiнəлай, бiр алуан хал де жүргенiнде: «Ана əйел екiқабатпын деп жер тепсiнедi, үйiн бөлсiн, не қолы жететiн жерiне айтып, бiр бөлмелi үй алып берсiн...» дедi деп Бекбосынның жаман налып отырғанының үстiнен түскенде, одан əрмен айран-асыр күйге түстi. «Апырым-ау, Моншақты осындай деп кiм ойлаған? Қой аузынан шөп алмас, ауылдың момақан, тұйық, ұятты ұяң қызы емес пе едi? Бiреу қолтығынан дем бүркiп, бұзып қойған ғой, əйтпесе...» Осы қым-қиғаш ойда жүргенiнде Науан бөлесi: «Əлгi қыз бiзден кетiп қалды, қызық, декрет демалысын да алмады, сəл-сəл шыдап жүре тұрғанында, бəлкiм сол бөлменi өзiне басы бүтiн аударып та беретiн бе едiк...» дедi. Сонымен қызды iздеп сабылсын. Ауылына кеттi ме деп,

Жақаң о жаққа да жортып, сондағы совхоз директоры Əбдiқайым деген жiгiттiң үйiне қонып: – Ептеп сыр тартып көрiңдер, қыздың əке-шешесi не бiледi дегендей, тамырын басып, – деп өз келген жайын айтады. Əбдiқайымның келiншегi бүгiнде толысып, қара торы əдемi мама əйелге айналған, ауыл фельдшерi – Перизат күлмеңдей: – Со қыз кеткелi ауылдың жiгiттерi мойындарынан су кете сүмiрейiп қалып едi, онда Айнагүл дейтiн мықты əпкесi бар, сонда болар, мүмкiн, – дедi. – Ол үйге кiрiп шықтым, бармапты, – дей салды. Ар жағын көңiрсiткiсi келген жоқ. – Мен бiр адамды жiберейiн, – дедi Əбдiқайым, шашы ақ селеудей, бiрақ сонысы өзiнiң ақсұр, əжiм айғыздай қоймаған келiстi келбетiне соншалық жарасымды, əрi жiгiт ағасы болған кейпiн анықтай түсетiндей де. Жақаңның əлгiнде тырнағының астына бүгiп қалған жайының мəнiсi мынада: ...Айнагүл жазылып шығады, бiрақ бiр аяғынан ептеп сылтып басып, таяқпен, оған сүйенбесе жүре алмайды. «Уақытша, өнебойы жаттығу жасаңыз, суық душпен, түрлi дене қимыл-қозғалысымен достасыңыз. Ашуланбаңыз. Iшiмдiк пен шылымнан аулақ болыңыз», – деп дəрiгерi едəуiр ақыл-кеңесiн арқалатып жiбередi. Оның кенет жылып, бұған iштарта, жаны аши қалуында себеп: Айнагүлдiң соңынан бiр сұлу қыздың келуi-тiн. Жəй келмей, артынып-тартынып, науқасқа дəмдi тамақ, небiр тəттiлер, уылжыған жемiс-жидектерiн ала келедi. Ол аз болғандай, қасында күнұзаққа отырып, күтiп, шашын тарап, жиiркенбей, кəпкəдiмгiдей қамқорлық жасайды. Дəрiгер Ерəлi таңырқап: «Бүгiнде осыншалық қайырымды адамдар болады екен-ау?» деп өз қарамағындағы кiшi дəрiгер, медбике, санитар қыздарды, келiншектердi көз алдына əкеледi: «Анау Рима, аға сестра, аурудың қасына барса, Арктиканың мұзтоңын ала барғандай, сiрə. Сiлкiнiп, сызданып, содан басқа қолынан шарапат келер жан жоқтай... қалған

қыздарды қайтесiң: науқастар арызданып, дөрекi, қатыгез, жөнді жауап бермейдi, деп жатады. Баста айқасып та, айтысып та көрдi. Барша бөлiм дəрiгерлерiн өзiне қарсы қойды. Кетуге болмас, мынау қалалық ауруханаға қолы əрең жеткенде. Қашанғы бiр аудандағы ауруханада сөлпектейдi... Жол тосып, таң сiлемiнен тұрып, табанынан сыз өтiп, маңдайынан күн өтiп жүрдi емес пе жетi жыл?..» Моншақты ұнатып, əттең нағыз дəрiгер болатын осындай жандар ғой деп, бiрде сыр тартып: «Қалқам, қайда оқисың? Бiзге уақытша жұмысқа тұрмас па екенсiз?» – деп, сызыла қалған. Ыздиған, қаршыға көз, құс мұрын, əдемiше жiгiттiң өзiне iлтипат бiлдiре, əрi палатада қанша отырам десе де рұқсат берiп, қабақ шытпай, өзгелер құсап қуып шықпай қайырым көрсеткенiне Моншақ та иiп: – Оқымаймын, аға. Мына тəтем осындай қарiптiкке түстi деп хабар келгесiн ауылдан суыт шыққамын ғой. Ал мен адам дəрiгерi емес, мал дəрiгерi болуды қалаймын. Малды да емдеу керек қой. Əйтпесе сiздерге ет қайдан болады? – деген. – Жақсы айттың қарындасым. Қай дəрiгер болсақ та адамшылық заңнан алшақ кетпесек болды да. Мына апайыңызды бiр он шақты күннен соң шығарамыз. Балдаққа сүйенуге жараса болды. Əй, мiнезi де шатақ, бұрын үлкен қызметте болды дей ме... Моншақ томсырайып, ештеңе демей қойды. «Рақмет» дедi де, «Ординаторская» деген бөлмеден шығып кеткен. Ерəлi аң-таң. «Сұлулыққа қабақ шытқан да, томсырайып, сызданған да жарасымды. Құдай осындай бiр салауатты да көркем келiстi жанға қол жеткiзбедi- ау!» деп өзiненөзi назаланған да. «Қай есiктi қақсам да – əдiлетсiздiк» деп бiр қойған. Соңғы уақытта көңiлi алаңдаулы. Моншақ қыз көрiнбейдi. Тəтесiнiң де жағдайы кете бастады. Ыстығы көтерiлiп, қотырланып бiтiп келе жатқан жамбас жарақатының айналасы қабарып, iсiп барады. Жедел шара жасамаса болмас. Осындайда науқаспен тiлге келiп: – Апай, дертке адам өзi алдымен көмектесуi керек. Ол үшiн «қайтсем де жазылам!» деген кiсiде сенiм болуы шарт. Оның үстiне, əрине жүйкенi тоздыра бермей, сабырлылық шыдам көрсеткен де едəуiр

шапағат. Ендi жазылып шыға ма дегенде... – деп бiраз тосылып: – Əлгi сiңлiңiз көрiнбей кеттi, сол қыз келiп тұрғанда халiңiз бiршама жақсы едi. Не, ауылына кеттi ме? – дедi бiр жағы iшiнде алау жанғандай қызарақтай. – Қайдам, қарағым, жоқтап жатырмын. Ауылына кеттi ме, күйеуге тиiп кеттi ме? Е, сұлу қыздарға сенiм бар ма? – деп Ерəлiнiң зəресiн бiр ұшырған. – Жүрген жерiнде бiр шатаққа iлiнбей жүрмейдi. Кiлкей қайдағы-жайдағы жабысып: «Саған үйленбесем, жер басып жүрмейақ қояйын» – деп қоқан-лоққы жасап, байқұс қызды əуреге салады да жүредi. Жо-жоқ, ол қыз тəртiптi, былай жеңiлтексiп, кiм-көрiнгеннiң жаулығы болар ол емес. Тəрбиелi жерден шыққан. – Ол жағы байқалды. Аса ибалы, қайырымды жан. Тезiрек құтты орнына қондырмасаңыз, қолды болуы да мүмкiн. – Өзiм де соны ойластырып жүрмiн. Осыдан жазылып шықсам... Емдеушi хирургтың Моншаққа құсы түсiп жүргенiн байқаған сұңғыла əйел ойына келгенiн айтып, қарап жатпай, жiгiттiң ойран-топалаңын шығара жаздаған. Ерəлiнiң бiр əйел жiбергенiн естiген ғой. Палаталас əйелдер көңiлдерi сəл қошалақ тапса, өсек айтады: «Ана бетi ботқадай қара қызды ешкiм алмас...» деп аға сестра Риманы бiраз жерге апарып тастайды. «Əттең, қызым болса, емдеушi дəрiгерiмiз Ахмадиевке қосар едiм, ғажап жiгiт қой!..» Айнагүлдiң шығар мерзiмiнде Ерəлi айрықша қамқорлық жасап, аурухананың «Жедел жəрдем» машинасымен үйiне жеткiздiрiп тастаған. Басты себеп: тұрағын əрi Моншақтың бағдарын бiлу. Санитар қазақ жiгiтiне арнайы: «Бiр əдемi қыз көзiңе түсе қалса, мынаны қолына тапсыра ғой» деп, егер осы тапсырмамды орындасаң, сенiң де айтқан ана бiр шаруаңды орындармын», – дедi. Онысы бiрер ауыз сөз ғана, хал-жай бiлу, өз телефоны, үй мекен-тұрағы болатын. Алда- жалда қыз хабарласа қалса, жағдайын толығымен, алдыңғы əйелден ажырасу себебiн, бəрiнбəрiн жiпке тiзгендей Моншаққа айтар да, жүгiнiп, өзiне адал жар болуын өтiнер де ме едi... Парасатты қыз ғой, түсiнер, тiлегiн жерге тастамас, ол үшiн мынау шайпау апайының аузын ала беру керек деп жоспар құрған ғой.

Қайдан бiлсiн, əпкесi айтқандай, «тағы бiр шатаққа iлiнiп» Моншақтың «Таугүл» санаторийiнен бiр-ақ шығатынын. Бұйырмаған бағы да... Ал Айнагүл үйiне келiсiмен мəн-жайды толық бiледi: Бөкентайын жерге салып, жерден алып, жер-жебiрiне жете ұрсып: «Қоймасаң, милицияның қолына өзiм тапсырам!» деп; əкесi Молдажанды шақыртып, оны да жүндей түтiп: «бала маған ғана керек, саған керек емес пе!! Мен ауруханада ай аса жатқанда халiң қалай деп бiр келмедiң. Менi қойшы, балалардың жағдайын бiлiп тұрсаң қайтер едi? Ана Сана қатының желiмдеп қойған ба?» – Тағы-тағыларды айтып, қара аспанын басына төңкердi ғой. Молдажан сасып: – Жұмыстан қарыс адым шыға алмайсың. Бiзде штат қысқарту жүрiп жатқан науқан, қиын, бiрiмен-бiрi арбасқан, жағаласқан, бəле аңдысқан жұрт. Қит етсең, жиырма шақты жыл бауыр басқан жұмыс орныңнан сырғисың да кетесің. Тапжылмайсың сондықтан, – деп шынын айтып құтылмақ болғанымен, бұрынғы əйелiнiң бəлесiнен жуығырықпанда құтылар жайы болмады: «Моншақты тап, барлық аурухана, милиция дегендердi тiнтi, тiптi мүрде сақтайтын орын – моргке де барғын!» – деп, зəресiн ұшырды. Өзi аяғын жоғарыға асып қойып, диванда қасқайып жатып алды. Қасында телефон, ауызға тыным жоқ, бiр жарым айдан берi еш жаңалық естiмей, iшқұса болған басы таныстарына қоңырау соқты. Кейiне өкпелеп, «келiп халiмдi бiлмедiң» десе, кейiне: – Е, ел iшiндемiз ғой, аштан өлiп, көштен қалғанымыз жоқ, туыстар келiп жатты. Бəрiнен де бар жақсы деген. Молдаш қасымда күнi-түнi күзеттi десем де болады. Ойбай, оның менсiз күнi жоқ. Моншақ дейтiн немере сiңлiм, айналайын... – деп жатқанында сыртқы қоңырау дыз еттi. «Мұнысы кiм? Моншақ болар келiп тұрған» деп қарсы бөлмедегi Жанатына айқайлап: «Есiк аш!» – дедi. Дəлiзде гүрiлдеген ер адам даусы: «Мамаң үйде ме?» дедi. – Амансыз ба? Бiз бiр-бiрiмiздi танымаймыз. Сiз Айнагүлсiз?,. Дұрыс. Жақып деген қазақ менмiн. Менi осында Моншақ қарындас жiбердi, –

дегенiнше болмады, басын көтере айқайлап: – Моншақ қайда? Мына сапсиған басыңмен алып қашып алғаннан саумысың? Сотқа берем, көзiңдi көк темiрдiң ар жағында көкшитем! Қалған ғұмырыңды түрмеде шiрiтем... – деп Айнагүл үйдi басына көтерсiн де. – Сап-сап, Аяке. Қызды алып қашсам, жалғыз келем бе?.. – Дəлелiн, айт. Қыз қайда?.. Талай долыны көрiп жүрiп мұнша бетбақты, көктi көрмеген Жақаң еш саспады, төрге шығып креслоға қонжиды. – Мен көршi үйлерiңiзге сан келдiм. Есiктерiңiз ылғи құлыптаулы. Қоңырауға ешкiм ашпайды. Телефон да соқтым... Моншақ үйде, аман. Өзi жiбердi. – Ол неге өзi келмейдi, бетi күйгендей... – Мынау сiзге жазған бiр жапырақ қағазы... Моншақ басынан өткен бар жайды қағазға тiзiп жазған екен. «Жақаңдай абзал адамның жақсылығын өмiрi ұмытпаймын. Бұл кiсi ғайыптан кездеспегенде со түнi мен қайда барып бас сауғаларымды да бiлмедiм. Балаңыз Бөкентай барып тұрған бұзақы, бауыр деген сондай бола ма, аш бөрiге жиен əпкесiн талатып... Араша түскен де жоқ, сақ- сақ күлiп тұр... Арсыз! Екi дүниеде мен оны көрмеспiн... Ал қош, тəте. Менiң киiм-кешегiмдi, қағаздарымды Жақаң ағайдан берiп жiберiңiз. Соңғы туысқандық өтiнiшiм, Моншақ.» Қанша арсыз болса дағы, осы тұста Айнагүл өксiп жылады. – Қойыңыз. Мен асығыс ем. Жүрейiн. – Айтпақшы, қайда тұрасыздар? Қызметiңiз? – Қаланың сыртында, қызметiм – сондағы бiр совхоздың директорымын. Машинада кiсiлер бар едi... «Совхоз директорымын» дегесiн, Айнагүлдiң iшi жылып, оған жалтақжалтақ қарады. Небiр дəмелi ойларға кетiп, жүзi алабұртты.

– Шай iшiп кетiңiз. Қысырды қақтап iшкендей, сүт те, ет те болмай тұрғаны... Сонда да болса «қуыс үйден құр шықпа» деген.      Əй, Жанат, шай қойшы, – деп айқайлады жатқан бойда. – Еш əуреленбеңiз. Тағы бiрде келермiн. Алда разы болсын. – Жақып шығып кеткенше асығып, қыздың жиюлы заттарын, шабаданын жалмажан ала сыртқа атылды. Екiншiлей ол үйдiң босағасынан аттамаған-ды. Мана əзiрде Перизатқа: «ол үйге соққанмын, онда жоқ екен» деуi бекершiлiк. Моншақтың ол үйге аяғын аттап баспайтынын жақсы бiледi. Жəне мынадай жағдайда... – Əке-шешесi еш хабарсыз, тек: «Алматыға кеткен, Айнагүл бəлнеске түскесiн. Содан берi үш-төрт рет телефон соқты: «Аманбыз. Мен əзiрге о жаққа бара алмаспын. » деп. Қысқасы, қыз бұ жаққа келмеген, – дедi сəлден соң оралған Əбдiқайым. – Бəсе, шермиген түрiмен не деп келсiн?.. – деп қалғаны Жақыптың. – Сонда, сонда. – деп тосылды, ерлi-зайыпты екеуi қосарлана. – Тұрмысқа шығып па?! *** Тұрмысқа шықпай iшiне бала жүктедi дегендi есту Моншақтың ауылында үлкен айып. Оның үстiне, «алты аға қыз бəйшешек арасын да» дегендей, бес ағаның ортасындағы жалғыз «қылықты қыз бала» болғасын да, тiрiде о жақта бет көрiсу жоқ Моншаққа. Бекен ағайына да салмақты сала бергiсi жоқ едi, «Бекбосынды өзiнен жиырма үш жас үлкендiгi болғандықтан əлi Бекен аға дейтiн ғой...», амалсыздың күнiнен: «Үй алып бер!» деп тепсiнгенi рас-ты. «Таугүл» санаторийiне демалысқа кiмдер келмейдi? Сондай адамның бiрi – Феруза, сыртынан атақ-даңқына қанық, халық артисi – Феруза Ысқақова-тын. Кезiнде қара торының əдемiсi, бүгiнде ажары тайып, белi бүкшиiп, тұрмыс ауыртпалығы салмағын мықтап салған Феруза таңертеңгiсiн серуенге жалғыз шығады, жанына ешкiмдi ертпейдi, əдетi болар, кiм көрiнгенге жабысып, лездiң арасында əмпей бола қалатын ол емес. Сол

жалғыздығы – жалғыздық. Iшiнде небiр мұң мен шердiн, ойдың қазаны қайнап жатқандай, əредiк бiр ауыр күрсiнетiнi бар. Былайынша, демалысқа келгендердiң бəрiнiң, мейлi кəрiсi, мейлi жасы дейiк, əрi таудың ғажап таза саумал ауасы əсерiн тигiзе ме, демде көңiлi өсiп, аздан соң ермек iздейтiн ғадетi де. Феруза олардан бөлек, өзiне табына сəлемдескендерге сыпайы амандасады да қояды. Моншақ осының бəрiн сырт бақылай жүретiн ғой. Осы кiсiнi сахнада əлденеше рет көрдi. Өрбу, өсу, шыңдалу ғана сол тəтесiнiң маңдайына жазғандай, əр рөлiнде жаңаша танылып жатқаны. Театр өнерiнен мүлде мақұрым емес Моншаққа аса ұнатқанын қайта-қайта көре бергiсi келетiн мiнез бұрыннан əдетi. Ферузаның соңғы сахналаған дүниесi – жас драматургтiң бишi əйелдiң өмiрiнен жазған эссе-драмасы. Жалпы бүгiнде деректi материалға жазылған дүниелердiң құны аспандап нарқы асып тұрған жоқ па. Дəуiрмен бiрге өсiп, бiрге түлеп, анау деген атақ-абыройға жеткен бишiнiң өмiр қатпарында ауыр қайғылы жылдар аз емес. Кезiнде бiр үйелмендi, он сегiз бала жанды жақты əулеттен жалғыз қалған ол кейде күйзелетiн: Кеңестер елiн – соның iшiнде Қазақстанды жайлаған неше түрлi науқаншылдық пен нəубет – артелдестiру, жаңа экономикалық саясат, коллективтендiру, ашаршылық, 37-шi жыл, соғыс, тағы басқалардың бəрi-бəрi тек мұның – Шараның үйелменiне тура келгенiн қарашы дəп. Содан айдала-ай дала, қырыла-қырыла соқа басы, жасы жетпiске таянғанда кəрiлiк дейтiн сығыр екеуi ғана қалғанын ойлағанда, ендi өзiн де отқа өртеп жiбере жаздайтындай... Осы бiр тұстарды Феруза керiм кульминациялы шырқаумен ойнайтын да, залдағыларды қоса күйзелтiп, күрсiнтiп, əркiмнiң жеке басының да трагедиясындай жеткiзе бiлетiн. Мiне, Моншаққа да қатты əсер еткен спектакльдiң осынау шарықтау шегi. Он екiде бiр гүлi ашылмаған жиырмадағы қыздың тағдыр түртпегiне, улы қасiретiне ұшырап көрмегенiмен, жетесiне жеткiзе, санасына сəулелендiре əкелерiнiң, шешелерiнiң, бабаларының басынан кешiрген ауыр-ауыр ау-жайды ұғына, тебiрене бiлгендiгiнiң өзi-ақ бұл қыздың қаншалық ақылды, саналы екендiгiн айтқызбай-ақ бiлгiзсе керек. Алайда, ойламаған жерден əкесiндей Бекбосынмен кездесуi, алды-арты ойламай оның көңiлдесiне айналуы, одан екiқабат боп қалуы – қызға шын қайғы-

қасiреттiң не екенiн ұқтырғандай. Жаңа ұққандай. Iшiне сыймайды, кiмге айтарын бiлмейдi, Айнагүл тəтесiне өлсе айтқысы жоқ, ол дегенiң – шатақ, айқай-шу. Сондықтан өзiн сахна төрiнде де, кəдуiлгi тұрмыстың ойы мен өрiнде де ұнатып қалған Феруза Ысқақоваға қайтсе жақын болуды көкседi. Асханада тамақ тасушы болып iстейтiндiктен, Феруза ас iшетiн үстелдiң айналасынан үйiрiлiп шықпайды. «Апай, анау керек пе, мынау керек пе?» дегендей, сорпасын ыссылай, шайын қызылдай əкелуге, дəмдi-тəттiнi алдына қоюға жан салады. Жалпылдақ, үйiрсек, əрлi, жүзi шапағатты жас қыздың өзiне сонша ықылас көрсеткенiне Феруза да немқұрайды қалған жоқ: орайын тауып екеуi шүйiркелесетiн, бiрге серуен құрысатын болды. Өз өмiрiнен қысқа-қысқа мəлiмет бергесiн Моншақ қыз бiр күнi сөгiлдi... Сонда барып Феруза бұл қыздың тағдырына ынты-шынтысымен араласып, қолынан келсе, көмегiн аямауға, қамқоршы, ақылшы үлкен апайы ретiнде жəрдем жасауға бел буған. Оны демалыс уақыты бiтiсiмен өз үйiне əкелдi. Баяғы сыралғы ескi достары – Сырға мен Ақтеңгенi шақырып, «осындай-осындай хал» дедi. Үш ересек əйел жас қыздың қысылтаяң кезiндегi халiне қайтсек жөн айтып, дұрыс жолына саламыз деумен бастарын қатырған-ды. – Əлгi Жарбол «досың» бұл жерден де шықты-ау! Сол сумақайдың жүрмейтiн жерi жоқ екен, – дедi Ақтеңге, Моншақтың тəтесi Айнагүл турасында əңгiме болғанда. – Қарап жүрмей, бiреудiң уыздай отбасын бұзып, екеуiн ажыратып жiберуiн... Əйелi қайтыс болды, ендi үйленетiн шығар Айнагүлге. – Сырға сөзге араласа: – Ол əлi талай əйелдiң атын былғайды, – деген. Феруза, шындаса, асқа қылап, болар-болмас дəммен-ақ дастарқанды тоқ қылатын əйел. Бiр жiлiк етпен-ақ екi қонағын разы етiп, шай беруге кiрiстi. Оның да керек-жарағын: шак-шағын, тəттi нанын, бауырсағын пісiрiп үлгерген. Моншақ əдеп сақтап, үлкендермен бiрге отырмай, апайына қолқабысын бере, ас үй мен кең үйдiң арасында, өзi турасында болып жатқан сөзге де құлақ түре, тыпыраң қаға жүрген-дi: «Жақсы адамдар, апам өне бойы айтатын: «өзiңдi қоя тұр, қасыңдағы кiсiңдi айт» деп. Со құсап, Феруза апайдың қонақтары қандай ақжарқын,

мейiрбан жандар, ə! Құдды туған қыздарындай, маған соншалық iштартуын...» – деп те қояды. – Бiздiң жасымызға жетiп, сары қарын тартқан қатындардың өткен өмiрлерiн боямалап, əрлеп, бастарынан дым өтпегендей, ауыздарын қу шөппен сүртiп, мүлəйiмси қалатыны бар. Еркекке қанша тəлiмсiп, жақсы аттанам дегенмен де, ол антұрғандардың өз топшылауы мен пайымдауы бiр бастарына жетерлiк. Мына Моншаққа менiң сондайлық жаным ашып, басындағы күйзелiсiне қоса күйреуiктеуiме басты себеп, өзiмнiң басымнан да кезiнде осындай жағдайдың өтуi. Құсекеңе қосылмас бұрын болған жайт, – деп Феруза шай үстiнде жəне бiр əңгiменiң желiсiн салды. – Ол кiсi менiң өмiрiмнiң ең қиын кезеңiнде жолықты, қол ұшын бердi, жебедi, демедi, жақсы атаққа ие еттi. Сонысы үшiн де ол кiсiнiң əруағына бас ием, рухының алдында жетiм-жақыбайға қолымның күшi, əлiмнiң шамасы келгенiнше рақымшылық көрсетемiн деп ант еткенмiн. – Феруза көзiне жас алып, үнi дiрiлдеп сəл отырды. – Келiншектер, менiң аузыма қарап аңқимай, шай ала отырыңдар. Моншақ-ей, шайды қыздырып əкелшi, қалқам... – Өзiммен сахнада партнер, яғни, бiр спектакльде өне бойы бiрге: мəселен, мен – Еңлiк, ол – Кебек, мен – Қарагөз, ол – Сырым дегендей, ғашық жiгiтiм болып ойнайтын жiгiт, аты-жөнiн айтпай-ақ қояйын, өмiрде де маған ғашық болды. Сөзiне елтiп, əне-мiне əйелiмдi тастаймын деп жүргенiнде, мен екiқабат болып қалғамын. Не iстеймiн. Бiр күнi əлгi жiгiттiң əйелi келiп, сахнаға шығуға əзiрленiп, боянып- гримденiп отырған жерiмде бас салып сабап, жүндей түтiп, шашымды жұлды. Ара түскен бiр пенде болсайшы. Бəрi «шоқ-шоқ? Саған сол керек!» деп тұрғандай. Ешкiмнiң ала жiбiн аттамасам дағы, қазiргi бағым асып, атақ-даңқым дүркiреп тұрғанымды көбi көтере алмай, қызғаныш етiп, қай жағымнан кiнəрат тауып, қай жағымнан шалыс басқанымды аңдып жүргендей-тiн кей шуылдақ дұшпандарым. Оңтайларына келе қалды, ал шуылдассын. Жас та болсам, сахна гүлiне айналып, ең тəуiр рөлдер менiң сыбағама тиiп, тасым өрлеп тұрған

шағымда, өстiп, қыз балаға ең ауыр кiнə болып саналатын – абыройынан айрылып, оң жақта екiқабат болуы – қандай қасiрет!.. – ...Жер басып жүре алатын емеспiн, ауылға баруға – бетте шiркеу, төрт ағам алдымда. Тiрiдей қара есекке терiс мiнгiзiп, жон терiмдi сыпырары анық. Күндердiң күнiнде, ойлап-ойлап тапқаным осы, шабаданға киiм-кешегiмдi салдым да, бас ауған жаққа кеттiм де қалдым. Шамам келгенше, ауылымнан жыраққа кетуге тырыстым. Сол кеткенiме əлi күнге ризамын. Актрисалық өнер менi қайта тапты, балпанақтай ұл тудым. Ел iшi кең ғой, «мұны қайдан таптың...» демедi. Тек аты-жөнiмдi өзгерттiм. Ол оқиғаның бəрi мына көк дəптердiң iшiнде жазулы. Ермек болсыней, келiншектер, оқып шығыңдар. Күн демалыс, асығатын түрлерiң жоқ, қонып қаламын десеңдер де үй кең – Феруза қалыңдау, iшiнде қолмен жазылған ұзын-сонар оқиғасы бар, көк дəптердi екi құрбысына ұсынды дағы, Моншақты ертiп ас үйге, тағы бiр тамақтың түрiн əзiрлеуге кеттi. Ферузаның күнделiгi «Қожаның көңiлi құрт сүйер, көжесiнiң қатығы жоқ» дегендей, қайдағы жоқты мен де iздеймiн-ау. Түсе сап жуынатын жылы су түгiлi, мынау жаз – ыстық жел, қыс – боран суырған жерде таза табиғи су болса десеңшi. Поезға отырдың да бет ауған жаққа жөней бердiң. Жолай бiр шағын станцияда түсiп қалдың. Жолсерiк əйел сенiң драма театрының жас актрисасы екенiңдi бiлiп алып, ал қасыңнан шықсыншы. Шайын əзiрлеп, үйiнен ала шыққан дəмiн алдыңа қойып, жолай тоқтаған жерден тағы бiрдеңелердi үйiп-төгiп сатып алып, кеңiрдектен шығатындай тойдыруда. Өзiм асығыс шыққандықтан ештеңе алуға үгермеппiн. Азынаулақ ақша бар, жол-жөнекей сатып алам ғой деппiн. Қайда да болса, бұл актриса деген атақтан құтыла алмадым. «Сiздiң бiр-екi ойнағаныңызды көргем, сырттай консерваторияда оқиды дей ме? Ғажап-ау, ана уызы аузыңыздан кеппеген жап-жассыз, қаншадасыз?,,» деп қоймайды. Сөзуар тым. Менiң əңгiмеге құлқым жоқ. Қайда барам? Жындымын-ау,

жатақханадан жанұшыра жүгiре шыққаным не? Рас, институт бiтiрмей менi театрға алды. Таңдаулы рөлдердi ойнатты. Қазақстан комсомолының сыйлығына ұсынды, бақ жанып iлiндiм. «Махаббат кадрилi» дейтiн кiл жасөспiрiмдер туралы фильмнiң бас қыз кейiпкерi болып түсiп, экраннан да қалың көрерменге мəшһүр боп қалдым. Мақтанайын ба? Ал жол болсын, қайда бара жатырсың... Жолсерiк əйелдiң аты – Сəруар, тiк қабақ, қыр мұрын, ақ сұр əйел, заманында келiстi болғанға ұқсайды. Одан не сұрайын, мына əп-əдемi түрiңiзбен неге əртiс болмадыңыз деймiн бе! Сұлу адамның бəрi əртiс болуы керек пе? Əртiс болып жеткен ұшпағым осы ма, əке-шешемнен жемеген таяқты жеп, айдың-күннiң аманында əлдебiреуден соққыға жығылғаным. Жуаспын, оны неге сотқа бермедiм?.. – Менен жасырған бiр сырың бар секiлдi, сiңлiм. Не көрмеген бас? Мен бiрдеңенi бiлсем, сiздiң... – деп барып Сəруар демiн алды. – Жолдасыңыз жоқ па едi? – Оны қайдан шығардыңыз? Жалпы менiң атым – Айман, дəмiңiзге рахмет, – дедiм де, купеме барып жатып қалдым. Айран-асыр қалған Сəруар көп қажамады, су ысытатын пешке сексеуiл тастап, кешкiлiк жолаушыларға шай қамдаудың əрекетiне кiрiстi. «Бүгiн түннен қалмай түсiп қалуым керек» деп түйдiм. Үстiңгi тапшанда жатып ойға қаламын: «Жалпы, екiқабат болған маған жара са ма? Шашым белуардан едi, құйымшаққа жеттi. Тоқпақтай. Шешемнiң шашы ұзын болған деушi едi, сiрə сол кiсiге тартсам керек. Əлi құрсағым бiлiне қойған жоқ, тек кiлкитiп жүрек айныта бергендiктен, боп-боз болармын. Дем алысым ауырлап барады. Ана əйел сонымнан байқап қалды бiлем...» «Станция Майлысай. Екi-ақ минут аялдайды» деп самбырлады түн тыныштығын қақ тiле зор дауыс. Апыл-ғұпыл киiндiм, тек сабын, сүлгi, айна-тарақ болмаса, қалғандарын жол сөмкемнен шығарған жоқ едiм. Киiмшең жатқамын ғой. Төсек-орын да алмағанмын. – Əу, сiңлiм, қайда барасың? – деп жанұшыра айқайлады Сəруар, жерде, түсе берер басқыштың алдында тұрып. – Шалқарға бара жатырмын демеп пе ең...

– Жоқ, апай, келдiм. Осында ағайым тұрады, – дедiм. Ағайым түгiл, сайтаным да жоқ, қап-қараңғы, желi азынаған айдаладағы елеусiз қалашықтың лас, суық вокзалына түсiппiн сөйтсем: «Ыстық монша болса, жуынып-шайынып алсам, қонақ үй бар ма екен?» деуiм сондықтан. Қайда? Сонымен сол вокзалға түнеуiме тура келдi. Түнеу деген аты да. Сықырлаған орындықта ала таңды көзбен атырды десе болғандай. «Бұлт ала, жер шола» дейдi, жидесi гүлдеп, исi көш жердi бұрқырата танауды атқан гүлжазира алқаптың ендi лездiң арасында қуарған сұп- сұр мекенге айналуы таң қаларлық. – Қарындас, сiздi ешкiм күтiп алмады ма? – Жалт қарасам, орта жастағы жiгiт ағасы, жабырқаңқы жүдеу, өңi сынық. – Иə, аға, бiр адам тосып алуы керек-тi. – Онда екеумiздiң мұңымыз бiр болды. – Сiздi де күтiп алуы керек пе едi? – Жоқ, мен қарсы алуым керек едi... «Ал ендi қайттiк?» дегендей шарасыздық танытқан бейтанысыма барлай қарадым: мың жылдық қасiрет тұрғандай бет-бедерiнде. – Онда мейман екенсiз, Майлысайға келгеннiң бəрi бiзге қонақ. Үйге жүрiңiз, мен Мұхамеджан боламын. – Есiмiм – Айман, – деп өтiрiк айта салдым. – Қонақ үй жоқ па, сiздi əурелеп қайтейiн... – Қазақ тұрған жерде қонақ үй бар ма деу əбестiк, қарындасым. Жүрiңiз шаршаған боларсыз. Ол бастап апарған үйде үш ересек балалардан басқа жаулықтыны көре алмадым. Көре алмағасын да ыңғайсыз болса да: – Жеңгей жұмыста ма? – дедiм. – Сол жеңгейiңдi ғой күтiп, көзiмiз төрт болып жүргенi...

Онсыз дағы жанды жарасын тырнап алмайын дегендей жым болдым. Жəне де бұл үйде көп тұрғым келмедi. Оған басты себеп бұ кiсiнiң салт бастылығы болса, «үйiне келiншек түсiрiп алыпты» деген өсек-аяңнан қашқаным; одан соң мұндай жұпыны кедей тұрмысты көрмегендiгiм. Алпысыншы жылдары халықтың қоңданып, тұрмысы оңалып қалған кезi емес пе. Бұл отбасында артық төсек-орын да жоқ, iшiп отырғандары – қара шай, нан талғажаулары – баққан бес-алты тауықтың жұмыртқасы. Маған да отағасы жұмыртқа қуырып, шай бердi. «Мына бөлмеге жатып тынық» дедi. Еденiне өмiрi су тимеген, шаң басып кiрлегеннен төрт бұрышына шылаудан шымылдық құрылғандай ауасы тар бөлмеге аяқ бастым да, ытырлып шыға: – Ағай, шылапшын, су, еден жуатын шүберек болса... – деппiн. Ондағым – тазалап шығайын дегенiм. – Несiне əуреленесiз, балалар жуады ғой. – Ақыр тынығатын үй болғасын, тазалап шыққаным оңды ғой, ағай. – «балалар жуса қайда қалды?» дегендi iшiмде бүге: – Əйел болмаған үй қашанда осылай... – дедiм. – Оның рас. Айшагүл кеткелi бұл үйдiң сəнi де, мəнi де кеткен... – Ол кiсi қайда кетiп едi? – Ақыры сұрадым. – Бiздi тастап кеткен... Оның үнiнде дiрiл байқалды, егер осал əйел заты болса, көз жасы көл болардай тура. – Ағай, ұлдың ересегi Арал ма, сол Аралға айтыңыз, маған көмектессiн. Шашы сауыс-сауыс, тырнағы өсiп, бет-аузының кiрiнен көзi ғана жылтыраған сұңғақ бойлы, зəтi аққұба, ұяң бозбала маған сызыла леген, су, сыпыртқы əкелдi. Бұрқырата сыпыра бастап едi, мен: – Аралжан, тұра тұр, əуелi сыпыртқыны суға мал, жаймен сыпырғын, сосын мен жуып шығайын, ал сен алаша-киiздердi сыртқа шығар, жақсылап қаққын, – дегесiн, қарасам, жiгiттiң көз жанары боталап, кiреуке мұң торлапты сүйкiмдi жүзiн. «Неғылған сормаңдай еңдер, тiрi жетiм – тесiк өкпе болатындай!

«Шешесi жоқ шын жеттiм» дей ме. Ол Айшагүл неғылған қатыгез? Безбүйрек? Үлпершектей үш баланы, үйi-жайын, күйеуiн тастап кеткен...» деумен, бес-алты бөлмеден тұратын əңгiредей үйдi түгел жуыптазаладық. Арал жаны қалмай, жұмсағаныма жүгiрiп, айтқаныма қоғадай иiлдi. «Монша бар ма?» «Бар». «Жаға аласың ба?» «Əрине». Əуелi мен түсiп, рақаттана жуынып-шайынып алдым да, қалған жерде Мұқаң өзi бастап, балаларымен шомылып, шайынып шықты. Бiр тауықты сойып, сорпаланып жетiсiп қалдық. – Дүкендерiңiз қалай, азық-түлiк жағы? – дегенiме Мұқаң: – Тым нашар! Нан, тұз, қатқан прəндiктен өзге дым болмайды. Түсiп тұрады ғой, бiрақ өздi-өзi жымдасып-ымдасып пышақ үстiнен бөлiп алады да, былайғы жұртқа ауыздарын қу шөппен сүртедi. – Сонда азықты қайдан аласыздар! – Бұйырғаны да. Темiр жолдың бойындамыз. Өткен-кеткендер үстеме бағасына болса да қат азық-түлiк, киiм-кешектi сатып, қыруар табыс табады. Ал бiз, алғанымызға шүкiрмiз, – деп жай-жапсардан хабардар еттi. – Ағай, онда мына ақшаны алып, сол вокзал жаққа барып қайтыңыз. Бəрiне тамақ алыңыз. – Ақша бар ғой... – деп сипақтады. Онысына қарамадым. – Өзiңiз баруға ерiнiп отырсаңыз... – Мен барайын, – деп Арал лып еттi. Қарындасы Рауиəнi ерте, үлкен сөмкенi қолтықтай кеттi. Соңыра ұқтым: iшетiн кiсi екен. Мен берген ақшаны алмау себебi сол. Ұялса керек. – Мұнда не жұмыс iстейсiз? – деп сұрадым, ақыр бiлгесiн бəрiн бiлiп алайын деп. – Мəдениет үйiн басқарам, əрi халық театрының режиссерiмiн. Iшiм жылып салды. Өзiмнiң əртiс екенiмдi бүгiп қалдым.

– Маған бiр жұмыс табылмас па екен? – дедiм. Қанша уақыт болам мұнда? Жеңiлденiп алғасын қайта барамын Алматыға. Менi iздеп жатыр ма екен? «Жұмыстан босатыңыз» деп директордың атына тiлхат арызымды тастап кеткенiм қандай оңды болған. Əйтпесе, милицияға хабарлап дүниенi улыған-шулыған етерi кəдiк қой...» – Мамандығың бар ма едi? – Мұғалiммiн, – дей салдым. Бұ жаққа газет-журнал, радио жетпегенiн сонда бiлдiм. Қайта маған тəңiрiнiң жəрдемдескенi бұл деп ойладым. – Кiтапханашының орны бос. Қыз күйеуге қашып кеттi. Егер олқысынбасаң... Өзiң тұрмысқа шығып па ең? – Сiрə, бұл да менiң аяғым ауырлағанын сезетiн болса керек. – Иə. Бiрақ көп отаса алмадық. Iшiмдiкке жақын адам боп шықты, оның үстiне... – деп Мұқаңның бетiне назар аударсам, жанарымен жер шұқып, қуыстанғандай қалыпта отыр екен. – Мен сенi кеше түнiмен қарауылдадым... – деп қалды. – О неғып? Сiз менi танитын ба едiңiз? – Танимын. Талантты актрисамыз Феруза екенiңдi кiм бiлмейдi. Əуелi күмəндандым, бiрақ дауысыңнан тап бастым. Тек неге осын да жүргенiңдi түсiнбедiм... қайта, ит байласа тұрғысыз құдайдың қу мекенiнен қашып жатқанда. «Кiм қашып жатқан?» демедiм, онсыз дағы ұяттан құлап қала жаздап отырғамын ғой. «Дардай адамды алдап, шынымды-ақ айта салмадым ба?» – Жөлiк балалар көп, тиiсiп жүре ме деп бақылаумен болдым. Мен өзiм болсам, жетiншi поезды күнде кешкiсiн тосам... келiп қала ма деп. Жерсiнбедi, «кетейiкшi, көшейiкшi» деп өне бойы қылқылдайтын. Туған жерден қол үзiп қайда барам?.. – Жеңгемiздi айтасыз ғой. Қайда кеткенiн бiлесiз бе? – Бiреу Алматыда дейдi. Бiреу – Талдықорғанда, əсiлi со жақтан. Ал қарындасым, Айман деп айттың өзiңдi, басқалар үшiн солай-ақ бол. Көршiлер де, таныстар да елеңдесiп қалған. Ойлары белгiлi, өзiң

бiлесiң... Оларға туған балдызым, əпкесiнiң кетiп қалғанын бiлмей келiптi. Осында қол-аяғын бауырына алғанша бола тұрар дедiм. Дұрыс па! – Құлдығың болайын, жан аға! Бiр туған бауырымнан кем жақсылық көрсетпедiңiз. Тiрi болсам, он есе қайтарармын. – Осы үйге бас-көз бол. Əйел қолы деген бөлекше, əне, лездiң арасында жайнап салды. Бəрi орын-орнында. Балалар да жетiсiп, құдды шешелерi төркiндеп қайыра келгендей тапыраң қағуда. Əй, балаға ананың жөнi бөлек-ақ! Көп кешiкпей кiтапханашы болып орналастым. Мұқаң жергiлiктi мəдениет үйiнiң жұмысына құлшына кiрiсiп, жаңа пьеса қоюды мақсат еткен-дi. Менiмен ақылдаса: «Егер мен бүгiнгi тақырыпқа арналған дүниенi қойсам, көмектесер ме ең?» – дедi. Ойын түсiндiм қызды-қыздымен рөл де ойнап кетуiм мүмкiн. – Сахна сиқырына арбалған кiсi жуығырақта одан қол үзе алмас. Жақсы, үйде ақылдасармыз. Алаңсыз жұмысыңды атқара бер, тек жергiлiктi дəрiгерге көрiнiп қойғаның артық болмас, – дедi. – Оған қам жемеңiз. Үйде босанып қалмаспын, – дедiм де. Сiз Алмасбек Абыроев деген актердi бiлесiз бе? Сахнадан көрiп-көрiп жүргенiңiздi сұрамаймын, əрине... – Бiлмегенде ше? Шəкiртiм емес пе? Жалындап тұрған жас талант, отты да ойлы өнер иесi. – Iшiмдегi баламның əкесi жайлы жақсы сөз естiгенiме қуандым, сағыныппын... Көз жасыма ие бола алмадым. *** ...Бəрiбiр үйде босандым. Арал бала апалақтап фельдшердi ертiп əкелгенше, көршi кемпiрдiң көмегiмен тұңғышымды өмiрге келтiрдiм. Жастық қой, шiркiн. Алды-артыңды ойлатпайтын парықсыздық та бiр жағы. Аман-есен қол аяғымды бауырыма алдым, шүкiр. Қазiр ойласам, жүрегiм суылдайды, егер бала терiс келiп... немесе... Тұмса əйелдiң

дəрiгерлердiң көмегiнсiз тез босануы екiталай ғой. Қайсыбiр əйелдердiң iшiнен нəрестесiн кесiп алып жатады. Оның бетiн əрi қылсын тəңiрi!.. Бiрақ əжептəуiр жұмыс жасап жүрген жерiмнен шу шықты: екiқабат əйелдi неге жұмысқа алған деп аудандық партия жəне кеңес басшыларының арасында қолайсыз əңгiме тарайды. Оған бола, əрине, Мұхаметжанды күстаналандырады. Екi ай үйде баланы емiзiп, шира ғанша жұмысқа шықпағаным рас. Қудаласам, заңды декрет демалысымды да алатын ем. Неге екенiн, оған арым жетпедi. Мұқаңның сырткерi жақта мал бағатын iнiсi сауын сиыр бердi. «қалжалығың» деп семiз iсектi сойып, терiсiне орап əкелiптi. Сөйтiп, сиыр сауып, қазаношаққа шындап араласқан, баласын туа салысымен, белiн таңып алып, шаруаға кiрiсетiн қазақ атамыздың ежелгi шымыр да қаздаңдаған жас желең келiншектерiне ұқсап кеттiм бiлем: – Қарағым, Айман, өзiң ауылды жерде өскен жоқсың ба? – деп көршi- қолаң орталарына алады, əрненi бiлгiсi келедi, ең бастысы: осы үйге мен кiммiн? Тiрсектi соққан қос бұрым бұлаңдап, ең сəндi киiнген интеллигент келiншектi (қай босағадан аттап, отқа май тамызып келiн атанып ем десейшi...), ауылдың салпы етек əйелдерiнше сиыр сауып, мал қоралап, кiр-қожалақ боп қазан-ошақтың маңынан шықпайтын күйбiң көнтақа тiрлiгiне еш қимайтындай. Күнiге бiр уақ баланы бесiкке бөлеп, емiзiп, ұйықтатып: «Ал сендер қарап тұрыңдар, жыласа, мынаны аузына тығып қойыңдар», – деп пiскен құйрықтың титтейiн ағашқа өткiзiп сəбиге емiздiретiн қазақтың тағы бiр əдiсiн үйренiп алғам, үйдегi ересек балаларға соны табыстаймын. Екiншi үйренгенiм – нəрестенi қазақы бесiкке бөлеу. Астында түбегi, кiш ететiн сүйектен ойған шүмегi бар, жұмсақ таза жаялықтарға құнтитып орап, тырп еткiзбей белден бiр, аяқтан бiр белбеуiмен таңып тастап, қыңқылдап жыласа, əлгi пiскен құйрықты сорғыздырып, күнұзаққа армансыз, алаңсыз өзге шаруа мен жүре беруге болатынын ендi зерделегендеймiн. «Бесiкке бөленген баланың аяғы қисық болады» деп болжал құратындардың сөзi құр долбар екендiгiн мен дəлелдейiн. Бостаным екi аяғы қазықтай, бойы дарақтай, сырықтай сұңғақ жiгiт болып өстi.

Күндердiң күнiнде менi аупарткомға шақыртты. Еститiнмiн, бiрiншi хатшы Хасан Оңқаев дейтiн өткерме, пысықай, бетi жылтыр қыз- қатынға əукесi салбырап емексидi де жүредi деп. Менi де тегiн шақыртпағанын жорамалдаймын. Өткен бiр жолы көшеде машинасын тоқтата: – Қарындас, бiздiң ауылдың қыз-келiншектерiне еш ұқсамайсыз, сiрə, қонақ боларсыз. Сiлтеген жағыңызға бiз де жарап қалармыз, бағытыңызды айта отырыңыз, – деп қасына отырғызды дағы, кеңсесiне жеткенше əрненi мыжып iштi пыстырған. – Немене, өз ауылыңыздың қыз-келiншектерiне ен сап қойып па едiңiз? – дедiм ананың оспадарсыз сөзiне бола қитығып. Ол ашуланудың орнына қарқылдай ұзақ күлiп: – Қалтаңнан сөз iздеп жатпайтын бəле келiншек екенсің, одан да айт: осы Майлысайда ұзақ боласың ба? – дедi. – Ұзақ болсам, не, ұрын келейiн деп пе едiңiз?! – деген мен дағы əйшай жоқ «сенге» көшiп. Бұл – осыдан бiр айдай бұрынғы Хасанмен алғаш жүздескендегi əңгiме. Одан берi менiң кiм екендiгiм, қайдан келгендiгiм, тағы басқа мəлiметтер оның алдында жатқанына сенiмiм кəмiл. Содан кейiн ғой оның Мұқаметжанға тиiсiп: «Бiр жақтан қаңғып келген əйелге ортан жiлiктей майлы да жайлы қызметтi ұстата салып... бiзбен ақылдаспай, оның үстiне аузы-мұрнынан шыққан екiқабат. Күнi ертең декрет демалысын даулап, сотқа арызданып жүрсе қайтпекпiз?..» деп оның қыр желкесiнен бүргенi рас-ты. Абыройға орай мен декрет демалысты алғамын да, даулағаным да жоқ-ты. Өзi еңгезердей, екi иығына екi кiсi мiнгендей, шарық табақтай бетi қып-қызыл, шымшысаң шып-шып қан тамшылардай. Ал ауаткомның төрағасы дейтiн кiсi одан он шақты жас үлкен, о да толық, бiрақ бойы аласа, iшкен-жегенi қарнынан гөрi гүж желкесiне жиналып қордаланғандай. Киiз доптай домалаңдап, бiр аудан жұмысын шыр көбелек иiрiп жүрген о дағы пысық. Оны бiлетiн себебiм, осы кiтапхана меңгерушiлiгiне орналасарда алдынан өткенмiн, арызыма бiр сөзге келмей қол қоя:

– Айман қалқам, өзiңiздей көзқарақты бiлiмдар жастарға зəрумiз. Тұрақтап, бiржолата орнығып қалса деген тiлек те жоқ емес, – деп көзiн мөлите бiр қарағанынан-ақ шошығам-ды... ...Ендi ана бiрiншi хатшысы не деп əуендетедi? Есiгiнiң алдында сарылтып ұзақ тостырды. Секретарша əйел кердеңдеп қалған, кертiш танауын аспанға көтере, ерiне жауап беретiн жан екен: – Шақыртып па едi? Қазiр, айтайын, – деп алып, iште күбiрлесе сүт пiсiрiм уақыт тұрып алды. – Ал кiрiңiз, – дедi бiр шамадан соң. – А-а, Айман қарындас, төрлетiңiз. Бiз шақырмасақ, ағаңа сəлем беруге келетiн қалпың жоқ, иə, хал қалай? – деп алып қарқылдап күлiп кеп берсiн! «О, Құдай, күлкiм кеп тұрса неғыл дейсiң» Сонда да сыпайылық үшiн езу тартқан болам. – Хал, көрiп тұрсыз, жаман емес. Кiтапхана үйi тар, түрлi мəдени шара өткiзуге жағдай жоқ, – деп мəселенi тiкесiнен қойдым. – Мысалы, қандай шаралар? – Ол да шықия қалды. – Оқушылар конференциясын өткiзсек, бiр жақсы жаңа кiтаптың айналасында, мəселен авторларын, мүмкiн болса шақырып кездесу өткiзсек... – Оларды астанадан қайтып шақырасың? Астарына бiр-бiр ат мiнгiзiп, қойны-қонышын ақшаға толтырам десең ғана қозғалар. Əйтпесе, керенау халық қой... – Бəрi бiрдей олай емес шығар. – Солардың ортасынан, дыр-думанның қасынан көшiп келдiң емес пе? Сонан соң айтамын да. Бiздiң құлақ ондайға түрiк жүредi. – Бiлемiз. Баяғыда бiр жазушы ағай: «Өсек естiмеген – қаламгер болмайды» деп отырушы едi, соны босқа шапан кигiзiп: «Өсек естiмеген секретарь болмайды» деуге қисыны келiп тұр екен.

Қараптан-қарап қуыстансам дағы, сыбағамды жiбермейiн, керек десе, қыл өңештен өтетiн сөз болса қылғыта берсiн деп: – Неге шақырдыңыз? Бiздiң де құлағымызға небiр қаңқу, қаң ғыма əңгiмелер жетiп жатыр. Кiтапханашылық қызметтi мен көтерiп кетпеймiн. Уақытша, ал табылған адамыңыз болса, қазiр-ақ босатып берем, – деп сiлкiнiп орнымнан тұра бастап ем: – Тоқтаңыз! Қаладағы мiнезiңiздi ауылға əкеп бұрқыратпаңыз! Балабасты боп үйiнде отырып қалған бiлiмдi, іскер əйелдер көп, солардың бiрiне ыңғайлап жүрген жұмыс едi, сырттан келген сiздiң қағып əкеткенiңiзге ренжiгенiм рас. – Ол «сенен» ендi қалай «сiзге» көшкенiн аңғармай, шекесi торсиып, столды сұқ саусағымен соққылай ашуға мiнiп шыға келдi. «Театрда мұндай текешiктердiң талайын көргемiз. Жалғыз рөл үшiн жанын беруге бар. Əншейiнде аяғыңа отырғызбайтын пасық мансап қорлардың қашанда жолыңды кес-кестеп жүргенi. Менi қойшы, мен кетермiн-ау, Мұқаңа зиянын тигiзедi ғой!...» – Бiз əлi тiл табысармыз, Айман қарындас, – дедi кенет сабасына түсе Хасан. Таңқалдым. Өмiрдiң əртiстерi нағыз осылар! – Жақсы. Сау болыңыз, баланы емiзетiн кез кеп қалды. Рақмет. Əрi-сəрi қалдырып кете бардым. Одан ендi алдына барған ауатком төрағасы Сəрсенбi: – Айман қарындас, шопандарды аралап қайталық. Мықты оқушылар солар; Егер бiр қап кiтап сатып алатын шопан керек болса, жүрiңiз, көрiңiз, – дейдi. – Ағай-ау, жас балам бар ғой, қайтып шығайын? – деппiн сасқанымнан. Бұдан былай ол да маған қырын қарайтын болды. Осылай өмiр. Əйелден сорлыны көргем жоқ. Ит тартқан тулақтай шамасы келгендер сүйретiп ала жөнелмекшi...» ***

Алдарына келген асты да аңғармай Ақтеңге мен Сырға көк дəптерге құныға қапты. – Келiншектер, роман оқығаннан бiр кем емессiңдер. Не, соншалық қызық па? Ал тамаққа қараңдар, – деп үй иесi оларды алаңдатпаса, жақсы дəмнiң хош исi арандарын аша, асқа зауқын аудармаса, расы, роман оқығандай тамсана, ең бiр қызық жерiнен қағылғандай, өкiнiштi кейiпте екеуi де. – Тымырайып жүрiп өзiң талай сырды бiзден жасырыпсың, қарашы, əй, жалғасы қайда?! – Əлi де жасыра берер ме ем, тек мына Моншақтың тағдыры өз тағдырымдай болғасын, сендер де бiр нəрсенi шет-жағалай бiлiп қойсын дегенiм де. Ойбай, Ақтəке-ау, өзiңде де тарау-тарау, романға татыр талай дүниелер жатқан жоқ па? – Ойбай-ау, iшiн ит алсын оның! Жұртқа жария болғалы не заман! Сырттың қоңырауы дыз еттi. – Моншақжан, есiк ашшы! – дедi Феруза. Дəлiзге жүгiре шыққан Моншақ есiк ашысымен: «О, ағатай, қайдан жүрсiз?! Қалай таптыңыз!» деп апы-тапы бола қалды. – Таптым ғой. Өстiп хабарсыз кете ме екен, ə? – деп бейтаныс ер адам қызға кiнə артты. – Ал төрлетiңiз. Жақаң боларсыз. Моншақ сiздi көп айтады. Қысылмаңыз. Қатын бастаңғы деп қалмаңыз, менiң ең жақын дос- құрбы əйелдерiм. Мына кiсi – Ақтеңге, ал анау ұяң отырған – Сырға, екеуi де қоғамға белгiлi адамдар. Менi сырттай бiлерсiз, – деп Феруза жұқалап айта бастағанша, қауғалақтап, əрi үш мəшһүр əйелдiң ортасына оқыстан түсiп қалғанына қысыла: – Кешiрiм сұраймын. Баса-көктеп келе салатын үй емес бұл. Тек Моншақтың iз-тозсыз кеткенiнен қауiптенiп, ақыры осында деп естiгесiн келген бетiм едi, айыпқа бұйырмаңыздар, – дедi Жақып. Тап төрге қалай шығып алғанын өзi де бiлмей қалғандай.

– Қысыла-қысыла қыз болдым дептi ғой баяғыда бiреу, со құсап төрге орнығып алғаныңызды бiлмей «айыпқа бұйырмаңыз» дейсiз. Ақтеңге бағанағы көңiлдi шырайлы бұзғысы келмегендей, замандас көрiп, Жақыпқа əзiл құрығын лақтыра, тиiсе сөйледi. – Өте орынды, Ақтəке, сiздi көруге көптен құштар ем... Оның үстiне, бiр адамның «сəлем айтыңыз» деген аманатын арқалап жүргенiме де едəуiр. – Жақып қызыл күрең шайдан ұрттай, насаттана, жақсы ортаға лайық əңгiме көрiгiн баса түскендей. – О кiм едi? – деп Ақтеңге алаңдап, өңi нұрлана, толған айдай толықсыды. – Менiмше, осы үшеулерiңiз бiр-бiрiңiзден сыр жасырмайсыздар. Айтайын. Əбдiқайым дейтiн замандас. Өткен жолы ауылында болғам, Моншақты iздей барып. Сонда бiраз жер шығарып салып, ақ дəмiн дастарқанға орап, жол сияпатын көрсете: Жақа, миллионнан астам халқы бар астанада бiзге де таңшолпандай ыстық бiр жарық жұлдыз – бiр əйел заты бар десем, иланармысыз, – дегенi кенет ашыла. – Неге иланбайын? Дер шағың, – дей бергенiмде: – Жо-оқ, бұл бұрынырақта, осыдан он жылдай бұрын болған оқиға, – деп, кең маңдайы жарқырай, сызатсыз аққұба сұлу жүзiн əдемi мұң көлеңкелей бiрқыдыру əңгiме айтқан. Соның бас кейiпкерi – өзiңсiз, Ақтеңге! Бəрi таңырқай Ақтеңгеге қарасты. Ол болса, жүзiн төмен салып, дастарқанның шашағын салалай бердi. – Апырай, ə? Бұл өзi жуатын нəрсе екен, Жақа, алдыңыздағы қаңырайып бос тұрған рюмкелердi көрмейсiз бе? – Ферузаның өзiмсiнген сөзiнен Жақып жадырай: – Ойбай, Фəке, айып менен! Кəне, сұлу келiншектер, сiздерге мен бiр қызмет көрсетейiн. Құлдығың боп кетейiндер, алыңдаршы, кəне! – деп дастарханды өзiнiң жалғыз еркеккiндiктi екендiгiн аңғарта билептөстеп əкеттi.

Əйелдер мəз. Бiр ұрттап, екi ұрттап қана отырған Сырға да алдындағысын тауыса салды. Содан ба, былайынша салмақты, тұйық ол желпiне: – Апыр-ай, Ақтеңге, неткен бақытты адамсың! Бiз байқұсқа егiле сəлем айтатын да жан жоқ, – дедi күрсiне. Осы отырған құрбыларынан өзi көп есейген, алдымен қартайған, иегiнiң асты қатпарланып, (əсте əйел затының шау тартқанын айтқызбай аңғартар осынау «қас жауына» қанша қатайса да); денесi босап мүжiлiп қалғанына жапа шеккен назалануы да естiлмей қалған жоқ-ты... – Қапаланбаңыз, Сəке, үздiге сағынатын қайныңыз тап қасыңызда отырғанын неге байқамайсыз? – Бəсе деймiн, манадан көз алмай ұрлана қарауында гəп бар, – деп Феруза сахнадағы рөлiн ойнағандай сықылықтай күлдi. – Жақсы хабарыңыз үшiн көп рақмет, Жақа! Жан жадыратар жайт екен де оныңыз. Ұмытқан шығар деп едiм... – Ақтеңге үстел басынан тұрып балконға шығып кеттi. Моншақ ас үйде Феруза апайының «ананы алып кел, мынаны əкет» деуiн қалт жiбермей күтiп отырған. Ара-тұра ана жақта небiр əңгiме дүкенiн қыздыра дуылдасқан апайлары мен тумаса да туғандай боп кеткен ағасы – Жақаңның сөздерiне құлақ түредi. Бұлар лезде тiл табысқандай: назданған Ақтеңге апайының, сыңғырай күлген Феру за апайының, əредiкте бiр жымың ете сақ күлетiн Сырға апайының – үш түрлi мiнез, көрiк, түр-келбет иелерiнiң ортасында аңқылдақ Жақаңның айдарынан жел ескендей. Ешуақытта ол əйел қауымының ортасында осыншалық əлуеттi болмағандай. Неге? Үйiндегi жағдайы екiбастан: рақат тауып отыра алмайтын, аяғына жел бiткендей кезедi де жүредi. Өнебойы бiреудiң тiршiлiгiне бола жанығып, екi өкпесiн қолына ала жанталасқаны жанталасқан. Үйлерiнде төрт айдай тұрғанында Моншақтың ұққаны осы. – Моншақжан, еттiң көбiгiн алдың ба? – дедi Феруза, өңi нұр жайнайды, көптен оның сергiгенi осы болар.

– Алдым. Тəте, мен де дастарқан басына барсам, əңгiмелерiңiз тым қызық, – дедi батылдана Моншақ. – Жүре ғой. Өзiң ұялып отыр ма деп... – Феруза сасып қалды. Өмiрi кiсi жұмсап, қолын ұзартпайтын, бəрiне тырбанып өзi жүгiретiн басы, неғып «байшыкеш» бола қалғанын. – Жүре ғой, шаршаған да боларсың. Үлкен тəтелерiңнiң сөзi саған бiр жағы сабақ та. «Құдай менi қызға да, келiнге де жарытпаған. Құсекеңнiң бұрынғы бəйбiшесiнен төрт қыз қалып едi, бəрiн өсiрдiм, құтты орнына қондырдым дегендей. Əкелерi марқұм болғасын төртеуi төрт жаққа тартып, мүлiк, дүние-пұл бөлiсiп, арадай талады емес пе. Сол менi мүлдем тұралатып тастаған...» Бiрақ залға енгенде жаңағы ауыр ойын сiлкiп тастап, құлпырып: – Уа, Жақа. Сырғадан басқаға назар салмайсыз. Ақтеңгенi ғой қай- қайдағының сəлемiн жеткiзiп, басын мəңгiртiп жiбердiңiз. Мына Моншақтың жайын ойластыралық. Маған салса, осы үйден жiбергiм жоқ мүттiмге. Ұлы сөздiң ұяттығы жоқ, босансын... баладан жеритiн бiз емес, – дедi үнi айрықша саңқылдай. Оның осынша айрықша саңқылдай сөйлегенiнен балконда өз-өзiнен қиялға бата толқып тұрған Ақтеңге серпiлiп: – Əй, əппақ келiншек, неңе мəз болдың? Келiнiң ұл тапты ма? – дедi. – Аузыңа май, Ақтəке! Моншақ ұл табады екен! – Ұялтпа баланы! Ұл тапса да, қыз тапса да мейлi ғой. – Сырға басын төмен сала: «қастарына келгенде естiмегiм осы ма едi...» дегендей мұңая қалған Моншаққа араша түспекшi болды. – Үйде шешесi де жоқтап... жоға, бiздiң кемпiрдi айтам, – дедi Жақып осы отырысқа ойда-жоқта тап болғанда бастағы келген мақсаты ендi есiне түскендей, жөткiрiне. – Туған қызымыздан кем емес. Жағдайы анадай болды дегеннен берi əсiресе бiздiң қатында маза жоқ. – Ой, Жақа, бiресе кемпiр, бiресе қатын, құрттың ғой үйдегi қосағыңызды. Бiзге көрсетесiз бе, əлде, қойынға тыққан ыстық

күлшедей, бiр өзiңiз-ақ рақатын көре бересiз бе?!. – Ендеше, – деп Жақып ұшып түрегелiп, басына шляпасын төңкере: – Ақтəкең дұрыс айтты: бiздiң де есiк-төрдi көрiңiздер деуге сылтау таппай отыр ем. Басыма қалпағымды киiп сөйлемесем, сөздiң мəнiсi болмайтындай. Мiне ендi дұрысталды: – Ал, Фəке, жақсы ықылас, тұз-дəмiңе көп рақмет, сырттарынан ғана естiп, абырой-атағына қанық қадiрлi Ақтəкең мен Сырғакеңмен жүзбежүз, бiр дастарқаннан дəм тату деген мен үшiн үлкен құрмет те, үрмет те! «Бiреуден шемiршек жесең, өз үйiңнен атан жiлiк сақта» деген. Оның түпкi мəнiсi – дəм жарасқан достармен қарым- қатынасыңды үзбе. Сондай бiр ниеттi мен де бiлдiргiм кеп тұр осы тұс, қалай қарайсыздар? – деп əйелдерге жағалай көз тастады. – Жұмырыңа жұқ болмайтын осы аз ғана дəмге бола бəрiмiздi шақырып шашылып-шабылып қайтесiз, Жақа? Менiң мысалы кешке – спектаклiм, одан да соны тамашалаңыздар. Тағы бiрде барармыз совхозыңызға. Онша қашық емес көрiнедi, – дедi Феруза. – Айтпақшы, оныңды мен əлi көргем жоқ, – деп Ақтеңге елп-желп ете қалды. Сырға да: – Үйге шалыма телефон шалып қояйын, бəлкiм, ол да барып қалар. Iшi пысады, екi зейнеткер үйге сыймаймыз, қиын екен: қол-аяғың дыңдай, iссiз үйде қарап отырған. Менiң ғой тiршiлiк-күйбеңiм бiтпейдi. Ең ақыры, немерелерiмдi балабақшаға апарып, алып келу де маған ермек, – деп ауыр күрсiндi. – Олай болса, əйбат келiншектер, маған рұқсат берiңдер, шаруа да шаш етектен дегендей. Ал Моншақжан, сен қайтесiң? Жүремiз бе? – Жақып əр əйелдiң бетiне жалтақтап отырған Моншақты қозғады. – Қайдам... – Екiұшты қыз жауабында қимастық та, сыйластық та қатар жегiлгендей. – Моншақ, – дедi Ақтеңге салмақпен, – түр-түсiңе қараса, мопмомақансың, үрiп ауызға салғандай сипатың қандай! Ал ендi жастықмастық бəрiмiздiң басымызда болды дегенмен де, ешкiмге мiндет артып, iшiме бiткен шемiршек үшiн «үй алып бер, басыма бақ-

дəулет орнат!», тағы-тағы деп тепсiнген емеспiз. Ол да қазақтың белгiлi азаматы, елiм деп еңiреп, басын тауға да, тасқа да ұрып жүрген Бекбосын Серiковты бəрiмiз де бiлемiз. Оның басына тап болған қысылтаяң кезiн пайдалана қайдағы жоқты əпер деп, ауызды айға бiлеуге бола ма; ойлашы, қалқам... Осы тұста бəрiнiң тiлiнiң ұшында тұрған, бiрақ бала ғой, ыңғайсыз болар деп, əрi əдеп сақтап, дымдарын шығара алмай отырған апайлары «Уһ!» деп, батыл да тура сөйлейтiн құрбысына ризалықпен қарасқан. Ал Жақып: – Өй, көп жаса, Ақтəке! Осың ғой бəрiмiздi тəнтi ететiн. Моншақжанға осыны түсiндiрер, қатты айтса да, нақты айтып көзiн жеткiзер нағыз ер адамның арамызда табылмағанына бiр жағынан iштей қапа ланып та жүруші ем. Еркек деген атымыз болғанмен, тайсақтап, таймайтын жерден тайып жүретiн дағдымыз,... – дегенде: – Соқыр түйедей əр əңгiменiң басын бiр шалып отырысымыз да сондықтан-ау, ə? – деп Сырға да тереңдемей, марғау отырыстарын бiр жанап өткендей. «Қанша iш-қырындымыз ақтарыла тең құрбыдай сырласқанда, осыны неге айтпағам? Батылсыздық байқатқаным ба? Əлде аядым ба шынымен. Моншақтың осысы парықсыздық, əрине. Бiреудiң сүттей ұйыған жанұясын бұзуға əрекет жасау деген... Неде болса, Айнагүл тəтесiнiң ықпалы жоқ емес. Ауылдың момын, аңқау қызы, қалаға келiп көргенбаққаны сол Айнагүлдiң төңiрегiндегi қым-қуыт берекесiз жайт болғасын да, бұ байқұсқа тағар айыбың бар ма...» Феруза жұмсақ креслоға жайымен қонақтап, қонақтарын да бiр сəтке естен шығарғандай терең ойға батқан. Осы мезетте сыртқы есiк қоңырауы безектеп қоя берген. Отырғандар бiр-бiрiне қарасты. Моншақ əлдененi сезгендей орнынан үш ұмтылып, үш жалп еттi. Буын-буыны босағандай, сiрə. «Айнагүл деген бəлесi кеп қалды ма... мына қыздың қалтырауына қарағанда» Бұл – Ферузаның көңiлiне енген күдiк.

«Бiздi iздеп жүрген Бекташ болмаса ет-тi. «Ау, Жəкiбас, неғып хабарсыз кеттiң? Бiздi ұмыттың, ə? Моншақ орнында жоқ, бiр нəрсеге ұрынып жүрмесе де...» деп алдыңғы күн хабарласып едi маған. Үнiнде үрей ме, мұң ба...» – Жақып та ойланып болмаған-ды; Феруза құсша ұшып барып есiгiн ашқанда, ар жағынан дембелше, көрiктi келген жiгiт ағасы созалаңдай ендi. – Сəлеметсiз бе? Бұл Құсекеңнiң шаңырағы болар. Өзiңiз... Ферузасыз ғой, – деп алға озды. – Оу, Беке-Бекташ! Келдiң бе? Мiне, Моншақ?! – Жақып қалбалақтай оған қарсы ұмтылды. – Сау-сəлемет боларсыздар? Үстерiңiзге баса-көктеп, шырықты əңгiмелерiңiздi бұзсам, кешiрiм сұраймын... – Бекбосын диванға құйрық бастырғанмен, екi көзi Моншақта, iшiп-жеп: – Айналайын, Моншақжан, қайда жүрсiң?.. Келшi, қасыма отыршы... – деп үздiге қарағанда, аялы кең мұң торлаған жанарынан мың жылдық сағыныш лықси төгiлгендей едi... Үйдегiлер күрсiндi, əркiм арқалай ой арқалап тұрғандай. *** Əкем марқұм мерген едi. Тау-тасты қиялай арқар ататын. Кейде тым ұшарлап, шың басына өрмелеп, адам аяғы жетпейтiн биiк құзарға көтерiле, күнұзаққа арқардың жолын аңдиды. Қойтастың ығында жатып, тықырлаған тұяққа құлақ тiгедi. Қарауылға iлiнгенiн басып салады. Оқ тиген арқар, əлде құлжасы, еңiске домалай құлағанда жолындағының бəрiн жапыра, тасты тасқа ұра тау жаңғырықтырады. Əкем сүйсiнiп өзiн Толағай батырдай сезiнетiн ғой. Өзi де дəмi таусылып, шыңнан ұшып кетiп быт-шыты шыққан... Сүйегiн əрең жиып алады. Мiне, ойлап тұрсаң, қазақтың «өлетiн бала молаға қарай жүгiредi» дегеннiң жаны бар. Бекбосынды айтамын да. Табаламайсың, жан досымды жамандыққа қалай қияйын. Əйелiн тастады дағы, Моншаққа үйленiп алды. Бiр күнi кеңсесiне барсам, əрине, басқа кеңсе, ыржалақ қағады:

– Баста-ақ бел шешетiн ем, қызыл белеттен айырылып, жүгенiмдi басымнан сыпырып қаңғытып жiбередi екен деп қорықтым ғой... Жақсы болды, заманның өзгергенi, əйтпесе кiдiңдеп, бiресе обкомы, бiресе райкомы жан алғыш əзiрейлше үрейiңдi ұшырушы едi. Рақат. Бiр ғана арұятыңнан қорықпасаң... – Қайда тұрып жатырсыңдар? – дегенiме: – Пəтер жалдап, қаланың шетi, бiрақ от жағатын, су таситын. Ал Моншаққа қайта жақсы, отты маздатып жағып, тамақты пiсiрiп, үйдi қуыршақтай қағындырып қояды. Бiр тыным жоқ, тыпың-тыпың күнi бойы, – дейдi, онсыз дағы шырайлы жүзiнде нұр ойнап, – Қашан?.. – Осы қарашаның аяғын ала. – Менен қандай көмек керек? – Бiр қысқа жететiн отын түсiрiп бер. Айтпақшы, қазiр бiрге жүр, қарындасыңды көрiп көзайым бол, сенi көп айтады. – Құр қол барғаным... – Үйде бəрi бар: əке-шешесi үзбей керек-жарақты жеткiзiп тұрады. Жылқының жарты етiн өткенде əкеп тастаған. – Түу, бес жүз шақырым жерден бе? – Ағаларының бəрiнде бiр-бiр жеңiл машина, күйлi жандар. «Бəйбiшеңмен араласып, балаларыңды көрiп тұрасың ба?» – дей алмадым. Олардың жайы белгiлi. Нұриша бəлнеске түстi деп естiгем. Барып көңiлiн сұрауым керек-тi. Қол тие ме. *** Ұлы Қазан төңкерiсiнiң жаназасы шығарылды. Құрсау шынжыры үзiлдi, Империя құлады.

ЗАМАНА ЗАРЫ Көбiне өзiмнiң өзiме жаным ашиды. Елуден асып, алпыс бес ке аяқ басқан уақытта жақын-жұрағаттан, жан-жарыңнан балалардан жырақтап «Жалғыздық» атты жарыма жақындай түсiппiн. Екеумiздiң ажырамайтынымыз сондай, əупиген кең төсекте түнде бiрге «жатамыз», ертеңгiлiк шайды бiрге «iшемiз». Ол «жанжарымның» бiр жақсы жерi – көп сөйлеп басты ауыртпайды, мыжыңдап жүйкеңдi тауыспайды: үндемейдi, тек кейде бүйрегiңдi бүрiп, жүрек айналасын буып, тынысыңды тарылтып, кеуде тұсыңды алқынтқаны болмаса. Бойдан күш, көңiлден желiк кеткенде байдың да саған онша жылуы жоқ, қайта қарауыл құсап қасыңда қыдиып отыра бергеннен гөрi оның сыртта ұзақ жүргенiн, көзiңе көбiрек түспеуiн қалайды екенсiң. Бағзы бiр кездегiдей: «Қайда жүрсiң?», «анауың кiм телефонмен жампаңдасып жатқан?», «кiммен күлмеңдесе қалдың?» деген сияқты қадауқадау тексерiстердi азайтып, тiптi оны «инопланетяндар» – жұмбақ ұшу аппаратымен келiп-кетiп жатқандар алып кетсе дағы жоқтамастайсың. Иiн тiресiп отыз бес жыл бiрге өмiр сүру де жалықтыра ма. Оның да тап менiң күйiмде екенiн сеземiн, зейнеттегi шал ешкiмге сия да бермейді екен. Балаларға барса, бiр-жар күннен соң оларға да жексұрын. Ауыл жаққа қонақшылайды, бiрақ баяғыдағыдай қоғадай жапырыла күтiп, үйден үйге шақырғыштап, кезекке тұрып құрметтеп есiк-төрiн көрсетiсе шабуылдайтын жұртты ол шал бүгiнде көрмейдi. Ол кез көзден бал-бұл ұшқан. Қызмет сұрап ауданның, облыстың басты мекемелерiне сан барсадағы, майлы сүйектi оған əлi ешкiм ұстата қойған жоқ. Қызық болғанда, ол алпысқа зейнетке шыққаннан соң бiр жылдан соң толған. Ойда жоқ, түсте жоқ орман шаруашылығы министрлiгi бастығының орынбасарлығынан сыпырылды да қалды. Өзi iссапарда жүрген-дi. Жоғары орыннан бiреудi сырғытып, менiң шалымның орнына қою керек пе едi (о жақта да қызметтегiлердiң штатын қысқарту жүрiп жатқан); отыздың бел ортасындағы жылмағай жiгiттi əкеп қондырды. Шалға таққан кiнəсi: қоластындағылармен ынтымақтаса жұмыс iстесе алмауы: нақты шешушi кезеңде iске белсендiлiк көрсете алмауы, тағы-

тағылар. Ол кезеңде кiм тайғанақтық жасамады. Белсендi болайын дегендердiң талайының бел омыртқасы опырылмады ма. Жоғарыдан қандай нұсқау болады деп тек жалтақтаумен отырмады ма талайы. Менiң шалым ондайлардан бөлек жаратылған жан ба едi. Қудаланған болып бiраз табан тоздырғанмен нəтиже шықпағасын, дербес пенсиясын алды да тынды. Көрсеткен қыры – Алматының ортасынан ойып алған төрт бөлме жайды екiге бөлдi де, үйленген екi ұлға бəсiреледi. Өзiмiз қала iргесiндегi совхоздың бiрiнен жер кесiп алып, дача салған едiк, мiне соған көшiп алдық, немесе саяжай дей ме. Екi қабатты, астыңғы бөлмелерге жақын маңдағы теплицадан жылыту құбыры тартылған, қорада фин моншасы, ыстық-суық суы бар, жетi сотық жерге небiр жемiс-жидек отырғызылған хош иiстi тып-тыныш жай. Анадайда айдаһардың жонындай асфальт жол жалтырайды. Ерсiлi-қарсылы автобус, көлiктер қатынап тынбайды. Расын айтқанда, бұл Орман шаруашылығы министрлiк басшыларына тиесiлi жер, қолда барда қоныштан басып дегендей, тау кемерiндегi шалғынды, нулы, ең құйқалы жердi таңдап алған ғой. Қолынан келгендер бiр қабат, екi қабат үйлер салып алып, демалыс күндерi отбасымен келiп тынығатын. Дəрежесi тең бастықтар бiрiне-бiрi қонаққа барып, немесе, астананың дүмдi мекемелерiнде қызмет атқаратын тамыр-таныстарын осында шақырып, мəре-сəре болысып жатқандары ғой. Бiз де бiр кезде солай түңлiгiмiз желпiлдеп, жақсы-жайсаңмен араласқанбыз. Шал қалай аттан сыпырылды, бəрi сап тиылды. Екеуден екеу ғана шыңға шыққан шынардай шошайып отырғанымыз. Төбемiз қарқарадай болғанмен iшiмiз қуыс. Қыңқыл-сыңқыл аурулар да шықпай қалып жатқан жоқ, белiнiң құяңы ұстап шал күн бұлттанса жатып қалады. Қан қысымым басқа тепшiп мен де кей-кейде жанымды қоярға жер таппаймын. Мынау желкiлдеген алма, өрiк, алмұрт, шабдалы ағаштар мен уылжып пiскен шие, алқоры, қарақаттарың бала-шаға барда ғана сəндi ме деп қалдым. Шал екеумiз қашанғы күйбеңдеймiз, бұрын таныс-жақын шелек-шелек қып терiп алып əкететiн. Немерелерiмiз келiп терiп жеп мəз болатын. Олар келуiн келедi, бiрақ екi-ақ күн, одан соң тұзақтап қойсаң да тұрмайды. Бiрiнiң сабағы, бiрiнiң дискотекасы, қыз- қырқыны, театр-киносы дей ме, қалалы жердiң ду-думанына бауыр басып қалған олар тыптыныш, теледидардан басқа дəнеме жоқ құлаққа ұрған танадай саңырау, жым-жырт арадан не iздесiн, тезiрек табан

тайдырғанша асығады да. Келiн-балалардың, құданың құдыретi-ау, қонақтан қолдары бiр босамайды. Əлде шақырады, əлде шақырылады. Жастау кезiмде ғылым жолына түсемiн деп тыртыңдап, бiраз уақытты оздырғаным бар. Аспирантурада бiресе сырттай, бiресе тiкелей оқып жүрiп зордың күшiмен ғылым кандидаты деген лауазым алғанмын. Əжептəуiр қызметке де iлiнгемiн. Шал мəнсабынан сыпырылған соң менi түртпектеп о жерден тайдырды. Институттың бiрiнде сабақ беремiн, аптасына екi рет, одан басқа уақытта менiң ешкiмге керегiм жоқ. Қазiр өкiнемiн, белде қуат барда баланы неге үстi-үстiне таппадым екен деп!.. Тым болмаса, қыздарым қолымда қалар едi, олар тұрмыс құрғанша қасымызда, шаруашы болып, ол-пұлды өздерi-ақ атқарып кетпес пе едi. Қыз бала жəне де шешеге ұлдан гөрi жақын ғой, айналсоқтап жүрер, көңiлiңе қарар. Ал ер бала ше? Қазiрде асыл бала болса да алған қосағының ығынан шыға алмайды. Ең иiс алмас жаман қатын болса дағы, бүгiнде байына би, бiр-екi бала тапты болды. Əйтпесе, «аташкiлеп-мамашкiлеп шапқылап, апта құрғатпай қатынап, қонақ шақырғанда бiрi қазан ұстап, бiрi дастарқан жайып аяқтарынан тiк тұрып қызмет қылатын келiндерiм – Зура мен Мəрияштарым қайда? Iлтипатына, қайырымдылығына орай олар да несiбесiнен құр қалып жатпайтын. Кiшi келiн жанды-жақты жақтан. Жоқ-жұтаң кедейлеу де едi, əйтеуiр «аташкiсiнiң» арқасында iнi-сiңлiлерiн түгел жетiлдiрдi, шетiнен көгендеген қозы-лақтай оқуға iлiктiрдi, шетке кеткендері де əйтеуiр сол жақтағылардың көз қырына iлiнбей, жайлы үй-жай, жалды қызметке қолдары жеттi. Зура келiн бiр үйде бұла өскен өркөкiрек, менмендеу. Соның өзiнiң қай жағынан шығып қаламыз деп тұңғышымыз Елдар екеумiз безектеп бiтетiнбiз. Ол да адам болды, екi бала тапқасын саябырсып, басалқалы бəйбiше бүгiнде. Қайта соным ақылды, орталық жинақ кассасының меңгерушiсi бола тұра, қолы қалт еткенде келiп-кетiп, қарайласып, үйдi жинап, тазалап тұрады. Ақылды тентек деген осы да. Əйткенмен-ау, əйткенмен, шал екеумiздiң осынау меңiреу кең далаға, мүлгiген тыныштыққа өгейсiп құлазитын, ұлыған қасқырдай жер-көктi теңселтетiн кезiмiз аз емес-тi. Ол айына бiр рет қалаға қатынап зейнетақысын алады. Барар жер, басар тау таппағандай, əрi-берiден соң далаға – дачаға тартады. Мен қызметiмде аптасына екi

рет көрiнiп, базардан керек-жарақты арқалай, дүкен аралай (онда қазiр жылан жалағандай, түк жоқ), тектен-тек уақытты өлтiрiп, айналшақтап үйiме қайта келем. Саяжай болғанмен, жанға да саябырлық табылмай, бiресе бума-бума газет оқып, бiресе көк экранға телмiремiз. Қаладағы құрбы-құрдас, сырлас, дос əйелдерге телефон арқылы, онда дағы анда- санда, хабарласуды да сиретiп барамын. Бiрiнiң көңiл хошы болмайды, бiрi от алуға бара жатқандай асығып тұрады. Бұрындары қайқайсысы да телефон соқсаң-ақ жайраң қағып, үйi өртенiп жатса да, жайылып кеңiнен əңгiмелесетiнбiз ғой. Үйде қараптан-қарап қорқасың, кiсiнi қайдағы үрей билейдi: бұзақылар екеуден-екеу қалғанымызды бiлсе, тонап, өлтiрiп кете ме?.. Бүгiнде ұры-қары көп, қалада үйге түсiп тонап жатқандар, жас қыздарды зорлап өлтiрiп жатқандар, жекеменшiк машиналарды айдап кетiп бөлшектеп сатып жатқандар дей ме – жаның шошиды. Əсiресе, жекеменшiк автомобильдерi барлардың жаны иненiң ұшында тұрғандай, не ұйқы, не күлкi жоқ. Бiз, əйтеуiр ол азаптан құтылғамыз: ескi «Газ-24» машинасын шал сатқызып жiберген, екi ұл сол мүлiк үшiн қырқысып, дүрдараз бола бергесiн де. Ақшасын қаттап кассаға салып қойды: жаман айтпай жақсы жоқ, өмір барда, қаза бар дегендей. Осымен өмiр өттi ме? Алда не күтiп тұр? Жылуы кетiп, оты өшкен ошақтай шал екеумiз екi жақта омырайып отырғанымыз отырған. Ол көзiлдiрiгiн танауының үстiне кептеп алып, ескi жазбаларын қарайды. Бiр уақытта естелiк жазбақ болып қолға қалам алған едi... Мен толып жатқан газет-журналдарды қараймын. Қазiр газет кiтаптан қызық: бəрiн ашық жазады. Жасырын ештеңе жоқ. Қағаз жоқ деп оларды да киоскiге түсiрмей қойды. Былтыр бəрiне жазылғамыз, сол абырой. Оқып бас ала алмайсың. Мына жақта Арал теңiзi тартылып, түбiнен кiсi денсаулығына аса зиянды ақ тұз ұшып, халықты үлкен трагедияға ұшыратуда. Ана жақта «Семей – Невада» қозғалысы: 1949-жылдан атом бомбасының полигонын – жарылыс, сынау орны болып келе жатқан тозақ өртiн тоқтатуға қазақтың маңдай алды ұлдары, азаматтары белсене кiрiскен де. Өткенде айлық ақшамды екiге бөлiп банкiдегi есеп орына салғанмын. «Теңiз тамшыдан құралады» дегендей аз да болса халық қасiретiн жеңiлдетуге септiк етсе дегенiм. Жер дүмпуi де тоқтамайды, бiр жерлерде жер жұтқан қалаларды, село-тұрғын

жайларды оқығанда зəрең ұшады. Осы Алматыда да күштi жер сiлкiнiсi болады деп жаз бойы үрейiңдi алды. *** Бұдан отыз жыл бұрын Ерекең екеумiздiң жаңадан тұрмыс құрып, ел қатарлы тiршiлiк уығын қадап жатқан кезiмiз болар. Жастықтың өзi – мастық та, ештеңенi аңғартпайды: дүние жете ме, жетпей ме-ау, бар маау, жоқ па-ау... Өздерiнше бақыт атты қайықтың желкенiн желбiретiп шауып жүрген көп жастың бiрiмiз. Ерекең менен əжептəуiр ересек-тiн, бұрын бiр рет тұрмыс құрған, онысы ойындағысындай болмай көңiлi қабарып жүргенде мен кез келiппiн. Бiр баласымен əйелiн жiберiп алғанда қайбiр төрт құбыласы тең бола қалды дейсiң, менiң де алды- артымда аузымен ай бiлеп, төбесiмен көк тiреген ешкiмiм жоқ қой. Оны да «ал келе қал, майлы асқа бөге қал» дейтiндей жарылқап, жайлы орынға допша ыршытып қондыра салар көкесi көрiнбедi. Үй ала алмай қаңғып жүргенiмiздi айтсам, қабырғаларым қайысады. Өйткенi, Ерекең алдыңғы қосағына үй-жайын қалдырып, жалғыз бiр киер костюм мен кiтаптарын қолтықтап кеткен ғой. Назира оған да риза болмай көпке шейiн некеден айрылмай, сотқа бармай əлек шығарған. Ол ол ма, жоғары орындарға арызданып Ерубайды партия қатарынан шығармаққа жан салды. Көңiл жықпас достары сүйемегенде, Ерекең мойнынан жүгенi сыпы рылып үйсiз-күйсiз, қызметсiз, қызыл билетсiз қаңғып, ауыш болып кетер ме едi... Сол жақсы адамдардың ақылымен, жебеуiмен бiз облысқа қоныс аудардық. Оған да, маған да əжептəуiр қызмет тидi, тəп-тəуiр үйге де кiрдiк. Сыйлас достар, жыртылып айрылысар таныс таптық. Тұңғыш ұлыма мен сонда босандым. Мəуелi жемiс-жидек, нəрi сыртына тебе уылжыған алма, алмұрт, қауын-қарбыз онда қайдан болсын, кiм қай бiр сүттi сиырын бере қояр дегендей, дүкендегi консервi-қалбырлардан басқа көкөнiстiң дəмiн де татпаймыз. Қу дала, азынаған жел, суырған құм. Мiне, бар «пейзаж»! Жетiсу жерiнде өсiп, малынған бау-бақша, тұнған бақ, сарқырай аққан өзеннiң ортасында ғұмыр бойы жүрген кiсiге бұдан артық азап жоқ. Ал Ерекең Арқа жақтың адамы, оған да

мұншалық аңызақта өмiр сүру қиын. Қайтемiз, көндiгемiз де. Ондағы атам заманнан тұрып жатқан халық – бiз сықылды ет пен сүйектен жаратылған құдайдың пенделерi. Ұрпақтан ұрпақ жалғастырып, егiнiн егiп, мыңғыртып малын баққан, тамырын атамекенiне тереңге жайған халық. Үйрендiк, көндiк. Қымызы бен қымыраны жанға шипа, ел пейiлi көңiлге дəру дегендей, он жыл бiрге тұрған ғұмырымыздың ыстығы мен суығы сонда қалып, қалаға қайта оралдық. Ол жақта он шақты жыл Назираның əлегi мен шəлегiнен құлағымыз тыныш едi, мұнда оның бəрi қайта жаңғырықты: қыздары Алмажан бой жетiптi, құтты орны на қондыру керек; күйеу баланы жақсы да жайлы тыныш қызметке қою керек сықылды өңкей «керектердiң» шұбатылған тiзiмiн даярлап қойыпты бұрынғы əйелi. Онымен де тыныш таппай, менiң үстiмнен жан-жаққа арыздар жаудырып, ата-тегiмнен түк қоймай қозғап, қара тiзiмге iлiктiрмесе де, тырп етуге шамамды келтiрместей, қайда барсам да қырсық тосқауылын мықтап құрыпты. Менiң ар жақ, бер жақ жетi атамда əйтеуiр ұрлық-қарлық жасаған, сотталған, «халық жауы» атанған, немесе сатқын болған ешкiм жоқ екен сөйтсем. Нəзираның арқасында сөйтiп өзiмнiң кiм екенiмдi бiлiп қалдым. Интернатта өскен адамның қай жақтан екендiгiң болмаса, қай ру, тайпа деп бөлiнiп жатпайтынымыз рас қой. Тiптi менiң əкемнiң Жетiсу жерiнде емес, Семей жақта туғандығын, 1933-жылғы ашаршылықта бiрнеше үйелмен ауып келгендiгiн ендi бiлдiм ғой. Əкем Олжабек бес ағайынды – төрт ұл, бiр қыз, бəрi Алматы төңiрегiнде орналасып, үйлi-баранды болып кеткендер. Шешем мен əкемнiң қосылуы қызық, онда аудан орталығы қазiргi Есiкте емес, Қаркемерде-тін. Атамыз қос қызы Нəписа мен Қайшаға бiлiм берiп, алғашқы құрылған Ликбезде (сауатсыздықты жою мектебiнде) оқытқан ғой. Үлкенi Қайша дүкен ұстап, кiшiсi Нəписа машинка басушы болып, аудандық комсомол комитетiнде жұмыс атқарады. Шешем Нəписа бар-жоғы он алтыда, дембелше келген қызылшырайлы, қой көз, шашы белуарына түскен əдемi, ұяң қыз, Олжабек райкомда бiрiншi хатшы, үйленбеген, жиырманың үстiндегi өткiр көздi, қарасұр пысық жiгiт. Бетiнiң шешек дағы бар, бойшаң, бипаз. Қоластындағы жас секретарьша қызға ғашық болғаны сондай, өмiрi жазбаған өлеңiн жазып, өз қолынан беруге арланып, керегенi

тесiп, хат соңынан хатты тастай берген ғой. Бастығы Ахмадиев жолдастың бұл қылығынан əрi ұялып, əрi қорқып Нəписа бiр күнi əй- шəй жоқ жұмысты тастай қашады. Жар жағалауындағы, қос теректi оңаша үйде тұрып жатқан кемпiр-шал, екi қыз – қаннен қаперсiз күндерi есiк алдына көлденеңдей пар ат жеккен жеңiл тарантас тоқтай қалады, үстiнен шiтiрейе ақ қалпақ, ақ костюм киген Олжабек керiле түсе бередi. Кiшi бесiн, қария намазын қайырып əбiгер үстiнде-тiн. Үлкен қыздары жұмыстан келе қоймаған, кiшiсi кесте тiгiп отырған, арба дыбырын ести есi кетiп апасының артындағы жəшiктiң үстiне отыра кетедi. Ол ұн салған жəшiк, жұп-жұқа пəнер қақпағы қыз салмағынан қарс айрылып, күмп бере Нəписа iшiне түседi де кетедi. Қысқасы, Олжабек iшке ене бергенде аспанға ата бұрқ еткен ұн мен екi аяғы көктен келе тырбаңдап жатқан қыз сылқ-сылқ күле; оған: «О, қарабасқыр! Байқамаймысың..» деп ұрысқан шешесiн көредi. Көредi де қоса күледi. Жайнамазына тоңқаңдай бұл «комедияны» байқап жатқан Тұмар қария дағы күлкiсiн езуiнде қымқыра қалады. – Оу, өзiмiз нағыз қызықтың үстiнен шықтық қой! Амансыздар ма, қариялар? – деп Олжекең алшаңдай төрге озады. – Аманбыз, шүкiр. Кел, кел, жоғары шық, – Сəлима қамырын тастай сала, қолдарын алжапқышына сүрте жүкке жүгiредi. Құрақ көрпенi суырып алып, есi қалмай төсеп жатыр. Шал да намазын шала-пұла оқып, ұсынған жiгiт қолын қос қолдай алады. – Иə, қарағым, жəйша ма? Айтпай, дəнеңе етпей... малды да бақташыға қосып жiберiп едiк... – Оу, ата, əуре боп қайтесiз? Бiрер шыны аяқ шай болса, жетiп жатыр. Мына қашақ қыздарыңның соңынан қуып келгенiм... – Е, бəсе. Райкөмге бiздiң керегiмз не? – Тұмекеңе бəрi райком – комсомол комитетi де, партия комитетi де. «Райком» десе жəне жетi балл жел сiлкiнгендей үрейi ұша қалтырай жөнеледi. Оң жақта отырған екi бiрдей бойжеткеннiң бiрiне құрық сала келедi-ау деген ойда жоқ; сүт салығын кешiктiрiп едi, құнажынның үшеуi де биыл қысыр қалып,


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook