Рақым, шәпқат кімде бар?Бәдиуззаман Саид НұрсиАлматы, 2019Рисалей-Нұр жинағынан
Б 14 Бәдиуззаман Саид НұрсиРақым, шәпқат кімде бар? - Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС,124-бет. Рисалей-Нұр жинағынанISBN 978-601-80491-1-8ББК 86.38ӘОЖ 28КБЖ 86.38Б 14Қазақшаға аударған: Алмасбек ДүйсенбекұлыISBN 978-601-80491-1-8 “Нур Фейз“ ЖШС 2019Бұл кітап Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің дінтану сараптамасынан өткен. 19.05.2017ж. №14-06-13/72 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.
4
5Жиырма бесінші ЛемаСырқат жандардың дертіне дәрмен, көңіліне жұбаныш болар рухани шипа ретінде әрі олардың көңілін мағынауи түрде сұрау және тез сауығып кетсін деген ізгі тілекпен жазылған еді.Ескерту әрі өтініш.Бұл рухани шипа боларлық жазба басқа кітапшалар секілді емес тым жылдам әрі түзетусіз жазылды. Бір мәрте ғана қарап шығуға мұрша болды. Демек, түзетусіз шимай қағаздағы күйінде қалды. Көңілге келген көрікті ойларды әдемі сөздермен суреттемей-ақ, қалай жазылса солай қала бергенін жөн көрдім. Оқырмандар әсіресе сырқат жандар асығыс жазылған кейбір оғаштау сөздеріме ренжімей, маған қайыр-дұға жасаса екен деймін.
6Бұл жазбада адамзаттың оннан бір бөлігін құрайтын науқастар мен қиыншылыққа ұшырағандарға көңіліне шы-найы жұбаныш әрі дертіне дөп келетіндей шипа боларлық «Жиырма бес шипаны» қысқаша баяндамақпыз.Бірінші шипаУа, науқас жан! Уайымдама, сабыр ет! Сенің сырқатың сырқат емес, мүмкін рухыңа шипа болар. Өйткені, өмірдің өзі байлық секілді бітіп кететін нәрсе. Егер, жеміс бермесе босқа кетеді. Өмірің жеңіл әрі рахат болса, оның үстіне немқұрайлылық қосылса, одан сайын тез өте шығады. Ал, қиыншылық пен ауру-сырқау болса, сол өмірді бая-улатып мәнді де, жемісті қылады. Өмірдің зымырап, тез өте шығуына жол бермей, жеміс беруін күттіреді. Өмірдің қиыншылық арқылы ұзаратынын меңзейтін ел арасына кең тараған мынадай сөз бар: «Қиын күндер ұзаққа со-зылып, өтпей қояды. Ал, қуанышты сәттер тез өтіп, жалт етіп өте шығады».
7Екінші шипа. Уа, сабырсыз сырқат адам! Шыда! Тіпті шүкір ет! Сенің бұл сырқатың өміріңнің әрбір минутын бір сағаттық ғибадатқа айналдырып жатқан шығар. Өйткені, ғибадаттың екі түрі бар. Бірі көрнекі, бірі көмескі. Көрнекісі белгілі, намаз, ораза секілді құлшылықтар. Ал, көмескі түрі болса, пенде ауру-сырқау, қиыншылық кезін-де өзінің әлжуаз, мүлдем дәрменсіз екенін сезініп Рахым-ды Жаратқанға ықыласпен жалбарынып, шын жүректен риясыз құлшылық етеді. Аллаһ Тағаладан шағымданбау және сабыр сақтау шартымен ауру-сырқаумен өткен өмір, мүмин үшін құлшылық болып саналатындығы жай-лы хадистер бар.Тіпті, кейде сабыр сақтап шүкір еткен науқастың бір минуттық ауруы бір сағат ғибадат болып есептелетініне бұлтартпас дәлелдер бар. Олай болса сенің қысқа әрі пайдасыз өтіп кетуі мүмкін өміріңді ұзақ әрі пайдалы өмірге айналдырып жатқан ауруға шағымданба, қайта оған риза бол!Үшінші шипа. Уа, шыдамсыз сырқат адам! Адам бұл дүниеге рахатқа батып, ләззат алу үшін келмейді. Өйткені дүниеге келгендер ұзақ аялдамай кетіп, жастар болса қартаюда. Осылайша әр нәрсе аяқталып соңында қош айтысады. Адамзат тіршілік иелерінің ішінде ең кемелдісі, жоғары мәртебелісі, жаратылысы күрделі, сезімге бай, болмыстың сұлтаны бола тұра, өткен қызықтарды еске алса және ке-лешекті уайымдаса, мұңлы да байғұс болып шыға келеді. Демек, адам баласы бұл дүниеге қызық өмір сүріп, ра-хаттану үшін келмейді. Ол, мәңгі бақытқа бөлену үшін
8еңбектенуге міндетті. Оның қолда бар мүмкіншілігі қысқа ғұмыры. Егер өмірінде ауырмай, үнемі дені сау болса дүние оған өте қызық, әрі тәтті көрінер еді. Ақыретті ұмытып, қабірді, өлімді ойлағысы келмейді. Өмір байлығын түкке тұрғысыз, бос нәрселермен өткізер еді. Ал, ауру-сырқау болса, оның көкірек көзін шайдай ашады. Ауру оған: «Ажалдан қашып құтыла алмайсың. Сені Алла бекер-ге жаратқан жоқ! Атқарар міндетің бар. Тәкәппарланба! Жаратқан Иеңді таны! Қабірге кіретініңді ұмытпа!» дей-ді. Міне, ауру-сырқау бұл тұрғыда таптырмас насихат-шы, жөнге салушы, тәрбиеші мүршид-ұстаз. Оған шағым емес, қайта риза бол! Егер ауру шамадан тыс ауыр келсе, Раббыңнан сабыр сұра!Төртінші шипа. Уа, шағымданушы сырқат адам! Сенің шағымдануға ешқандай хақың жоқ. Сенің міндетің шүкір ету, сабыр сақтау. Себебі, сенің иеленіп жүрген денең мен сезім мүшелерің сенікі емес. Оларды өзің жасап немесе сатып алған жоқсың. Демек, олар өзгенікі. Ол дененің Иесі өз мүлкіне қалауынша иелік етеді. Жиырма алтыншы Сөзде айтылғандай, өте бай, он саусағынан өнер тамған шебер ұста, өзінің ғажайып өнерін әрі мол байлығын көрсету үшін, өзі тіккен киімдерді кигізіп, маникен ретінде бір пақырды уақытша жалдап алады. Өнерін салып өзі тіккен әдемі көйлегін әлгі пақырға кигізеді. Киіп тұрған кезде, ғажайып өнерінің сан-алуан қырын көрсету мақсатында әлгі көйлекті әр түрлі жағдайға ауыстырады, ұзартады, қысқартады. Апырым-ай, әлгі жалданған пақыр: «Мені
9әуреге салдың! Отырып-тұру, иіліп-еңкею қашан бітеді? Жалықтым! Жарасып тұрған көйлекті де кесіп сәнімді бұздың!» деп шебер қожайынға наразылық танытуға хақысы бар ма? Мені әуіреге салдың!» дей ала ма? Міне, сол сияқты Сани-ы Зүлджәлал, яғни Шебер Алла саған көз, құлақ, ақыл, жүрек сынды ғажап сезімдермен безен-дірілген «дене» көйлегін кигізіп, әлемге өзінің көркем есімдерін паш етіп, көрсету мақсатында түрлі-түрлі жағдайларға, сан-алуан күйлерге душар қылады. Қарның ашқан кезде Оның «Рәззақ» яғни ризық беруші екенін ұғасың. Алланың күллі ауруға шипа беретін «Шәфи» есімін ауырғанда білесің. Өмірдегі қиыншылықтар кейбір Иләһи есімдердің сәуле-шуағын көрсететіндіктен олар-дан хикметтің нұрын, рахымның шуақтарын көріп небір әсемдіктерге куә боласың. Егер ғайып пердесі ашылса сырқат адам, мазасызданып, уайымдап жүрген ауру дейтін перденің арғы жағында тамаша әсемдіктер мен терең сыр-лар жатқанын көрер еді.Бесінші шипа. Уа, ауруға шалдыққан дос! Біле білсең, дерт деген Жаратқанның жарылқауы, ол Рахманның сыйы. Оған өмірлік тәжірибем арқылы әбден көзім жеткен-ді. Соңғы бес-он жылда, лайық болмасам да кейбір жастар ауру-сырқаты үшін шипа тілеп, дұға етуімді сұрап келетін болды. Сырқат жастар, сап-сау құрдастарына қарағанда ақыретін ойлай бастаған, қызу қандылықтан аулақ, ықыласты көрінеді. Әрі немқұрайдылықтан, хайуани сезімдерден біршама құтылғандай. Мен оларға, мұндай
10шыдауға болатын дерттің Алла Тағаланың жарылқауы, Иләһи ихсан, сый екенін ескертемін. Оларға: «Дертіңнің зиянды жағын көре алмай тұрмын. Жан ашитындай ая-нышты халде емессің. Қалайша дұға етейін? Сырқатты жағдайың көкірек көзіңді ашқанға дейін сабыр сақта! Ауру өз міндетін атқарған соң, Рақымы мол Алла, Иншаллаһ, шипа беріп, оңалып кетерсің... Денсаулық сенің кейбір достарыңның басына пәле болып, бейқамдыққа салуда. Алланы танымай, намазға жығылмай, қабірді ойламай жүр. Бұл дүниелік өмірдің бір сәттік алдамшы қызығын қуып, бақи өмірді ұмытып, тіпті, мәңгілік дүниесін тас-талқан етіп жүргені қаншама! Сен болсаң, түбінде барар жерің – қабіріңді, одан кейінгі ақыреттік сапарыңды ой-лап, соған қарай ыңғайлы әрекет етіп жүрсің. Демек, бұл ауру сен үшін нағыз денсаулық, ал кейбір достарыңның денінің саулығы аурумен пара-пар» дейтінмін.Алтыншы шипа. Уа, шыдамсыз науқас бауырым! Ләззаты мол, шаттыққа толы өткен күндерді және қайғылы қиын сәттерді есіңе алшы! Әлбетте, «аһ!» немесе «үһ!» дейтін боларсың. Яғни, я «Әлхамдулиллаһ, Аллаһқа шүкір!» немесе «қап, әттеген-ай!» деп өкінер едің. Саған «Әлхамдулиллаһ» де-гізген жағдай бастан өткен қиыншылықтар ғой. Ол адам-ды рухани ләззатқа бөлеп, рахаттандырады әрі шүкір ет-кізеді. Өйткені, бейнет түбі зейнет. Қиын кезеңдердің өтіп кетуі жанды рахатқа бөлейді. Соны ұғына білсең, көңілің шалқып, шүкіршілік қыласың. Ал, сені «әттеген-ай» дегізіп өкіндірген жағдай бұрыңғы өткінші рахат, уақытша ләззат
11емес пе!? Енді сол өтіп кеткен алдамшы қызығың көңіліңді құлазытып мұңайтып отыр. Бір күндік орынсыз рахат кей-де жылдар бойы жаныңды қинайды. Ал, бір күндік өткінші қиындық көпке дейін рухани ләззатқа бөлейді. Олай бол-са, басыңа түскен өткінші ауру-сырқаттың ақырын, тиімді нәтижесін ойлап, ақыреттік сауаптарды күт! «Бұл да өтеді дағы, тәйірі» де, шүкір ет! Шағымдана берме!Алтыншы шипа .1Уа, бұл дүниенің алдамшы қызығын ойлап, ауырып қалғанына жаны күйзелген достым! Бұл дүние мәңгі бол-са және ажал алдымыздан шықпаса, қоштасудың ызғарын сезбесек, мүмкін сенің мына мұңды халіңе менің де жа-ным ашып мұңаяр ма едім. Алайда, бір күні бізге: «Қане бұл дүниеден шығыңдар!» деген бұйрық келеді. Сонда жан айқайымызға ешкім құлақ аспайды. Ендеше, бұл дүниеден кетпес бұрын, осындай ауру-сырқаттармен көкірек көзіміз ашылып қазірден бастап мына қу дүниеге құмартудан бас тартқанымыз жөн. Иә, ауру-сырқау бізге былай дей-ді: «Болмысың тас пен темірден жасалмаған! Ол әрдайым ыдырап шіріп кетуге дайын, сан-алуан бөлшектерден құралған. Әлсіз екеніңді ұқ! Жаратқан Иеңді таны, өз міндетіңді атқар, бұл дүниеге не үшін келгеніңді біл!» Бұл дүниенің қызығы шолақ, ләззаты өткінші. Оның үстіне алған ләззатың шариғатқа қайшы, заңсыз болса жа-засын тартасың! «Науқастанып, қызықтан құр қалдым!» деп өкінбе! Қайта аурудың рухани ғибадат, мағынауи құлышылық екенін, ақыретте сауап болатынын ойла! Ру-хани ләззат алуға тырыс!Көкейге еріксіз түрде келгендіктен «Алтыншы шипа» екі мәрте қайталанып жазылған.
12Жетінші шипа. Уа, денсаулықтың рахатынан айрылған сырқат адам! Деннің саулығы, Алланың нығметі. Оның ләззатын алуыңа сенің мына ауруың кедергі емес. Қайта ауруың сені одан сайын нығметке бөлеп, рухани ләззат беріп жа-тыр. Өйткені, бір нәрсе үнемі қайталана берсе қадірі ке-теді. Бұл туралы ақиқатшыл жандар бір ауыздан былай деген:«Әр нәрсенің қадірі оның қарама-қарсы жағымен білінеді». Мысалы, қараңғы болмаса жарықтың қадірі болмайды, суықсыз жылудың қадірі болмайды. Аштықты көрмеген тоқтықтың қадірін, шөлдемеген судың қадірін білуші ме еді?!. Ауырмасаң денсаулықтың қадірін білмейсің. Алла Тағала сан-алуан нығметтерінің дәмін таттырып, қадірін білдіру үшін адамға өте көп сезімдер берген. Сол арқылы өзінің түрлі-түрлі жарылқау-сыйын білдіріп, әртүрлі нығметтерінің дәмін таттырғысы келеді. Осылайша пенделерін әрдайым шүкір етуге шақырады. Денге саулық және тәбет бергені секілді ауру-сырқатты да қоса жібереді. Мынаған жауап берші! «Егер сен ауырмағаныңда басыңның немесе асқазаныңның сау кезіндегі рахатын яғни оның Иләһи нығмет екенін ескеріп, шүкір етер ме едің?» Құдай біледі, шүкір етудің орны-на оны басқа жолда қолданар ма едің, яки оның нығмет екенін мүмкін ойламас та едің? Денсаулықтың қадірін білмей, қапы қалып, оны бос, орынсыз істерге, ойын-күлкіге жұмсауың бек мүмкін ғой.
13Сегізінші шипа.Уа, ақыретін уайымдаған науқас! Ауру, сабын тәрізді рухани кірлерден тазартып, күнәдан арылтады. Аурудың күнәларға «кәффарат» яғни жазасын өтеу екені сахих ха-дистермен бекітілген. «Жеміс ағашын сілкігенде жемістері қалай төгілетін болса иманды науқас адамның аурудан дірілдеп, қалтырауы да оны күнәлардан тазартады».Күнә деген о дүниелік мәңгі өмірде дауасыз кесел, ру-хани ауру. Күнә бұл дүниенің өзінде рухани дерт болып табылады. Егер сабыр сақтап, шағымданбасаң өткінші дерт арқылы көптеген рухани аурулардан айығасың. Егер күнәларыңды ойламай және Алланы танымай жүрсең, сен тәніңдегі дерттен сан есе ауыр рухани науқассың. Шағымданғың келсе, сол рухани ауруыңды айтып шағымдан! Иә, сенің жүрегің, рухың, нәпсің әлемдегі бүкіл жаратылыспен тығыз байланысты. Ал, өмірде жиі кездесетін аяқталу, қоштасулар сол байланыстарды үзіп, жанды жаралайтыны рас. Оның үстіне ақыретке сенбе-ген адам өлімді мәңгі жойылу деп білетіндіктен өткінші тәннің ауруынан да ауыр рухани дертке шалдыққан болып табылады. Сондықтан, әуелі сол аса қатерлі рухани ауруды емдейтін маңызды дәрі, мағынауи шипа іздеу керек, яғни «иман дәрісін» алып сеніміңді күшейту қажет. Ал, оны іздеп табудың бірден-бір тиімді жолы ауру-сырқат арқылы бейқамдық ұйқысынан оянып, дүниенің мастығынан айығып, Алла алдында өзінің әлсіз де шарасыз екеніңді мойындап, Қадир-і Зүлжәлалдың құдіретін, оның шексіз мейірімін, аса қамқор екенін сезіну. Иә, Аллаһты та-нымайтын адамның басына түрлі бәле үйір болады. Ал,
14Аллаһты танитын адамның ішкі дүниясы рухани қуаныш пен шаттыққа толы болады. Мұны әркім иманының дәрежесіне қарай сезеді. Міне, иман рухани қуаныш әрі шипа, әрі ләззат. Ол кез-келген дене сырқатының азабын жеңілдетіп, тоңын жібітіп жібереді.Тоғызыншы шипа.Уа, Жаратушысын тани бастаған сырқат! Жалпы адам ауруының өлімге себеп болатынынан қорқып, уайымдайды. Егер өлімге бейқам көзбен қарасаң әрине, ол қорқынышты-ақ. Әуелі мынаны білген жөн әрі күмәнсіз сену керек; Ажал пенденің маңдайына жазылған, ол өзгермейді, нақты. Хал үстінде жатқан ауру адамды бағып күткен дені сап-сау кісілер әлгі науқастан бұрын қайтыс болып, ал демі әне-міне үзілгелі жатқан аурулар дертінен айығып кеткен оқиғалар көп. Сондай-ақ, өлім сырт көзге көрінгендей қорқынышты емес. Өлім – имандылар үшін дүниялық өмірдегі мін-деттен босатылу және дүние атты сынақ алаңынан көшу, басқаша айтқанда тәлім-тәрбие алатын мына дүниедегі құлдық міндетінен мүлде босау болып табы-лады. О дүниеге аттанып кеткен жүзден тоқсан тоғыз сүйікті жандарға, ағайын-туысқа қауышу, түпкі Отаны-на жетіп мәңгі бақытқа бөленудің, ең жоғары мәртебеге шығудың бастауы, дүния зынданынан жәннат бақшасына шақырылу, атқарған қызметіне қарай Рахим Аллаһтың мейірімділік қазынасынан сый алуға кезекке тұру. Өлімнің мұндай ақиқатын көптеген рисалелерде Құран Кәрімнің нұрымен дәлелдеген болатынмын. Олай болса, өлімнен
15қорқып үрейленбей, қайта оны рақымға қауышудың, бақытқа бөленудің кіріспесі деп түсінген жөн. Ал, Алла жолында жүрген тақуа жанның өлімнен сақтануы одан қорыққаннан емес, қайта «мұнан да көбірек сауап алайын, өмірлік міндетімді жақсылап атқарайын» деген ізгі ниет-тен. Иә, имандылар үшін өлім мейірімділіктің қақпасы, ал Құдайдан безген имансыздар үшін қараңғы да ызғарлы зынданның нақ өзі.Оныншы шипа. Уа, уайымшыл сырқат адам! Сен аурудың мазалай-тын жағын ойлап уайымдап отырсың. Бұлай істеуің ауруыңды үдете түседі. Ауруыңның жеңілдеуін қаласаң, уайымдамауға тырыс, яғни, аурудың өткінші екенін, оның пайдасы мен сауабын ойла! Уайымдама, қорықпа! Сол ке-зде аурудың түп тамырына балта шапқан боласың, уайым-нан да құтыласың. Иә, уайым ауруды күшейте түседі. Уайымның кесірінен дене сырқатына рухтың сырқаты қосылып біріне-бірі дем беріп үдей түспек. Егер, Аллаһқа тәслім болып, тағдырдың жазғанына көнсең, аурудың хик-метін ойлап сабыр сақтасаң аурудың түп тамыры кесіліп, жеңілдеп қаласың, тіпті айыға бастайсың. Уайымдаған сайын ауруың асқынып еселеніп үдеп кетеді. Ал, уайымдамасаң аурудың оннан тоғызынан құтыласың. Де-мек, уайым – ауруды қоздыратын бәле. Жалпы уайымның өзі Аллаһтың хикметіне шәк келтіру, Оның рақымына күмәндану, Жаратқан Иесіне шағымдану болып табылады. Мұндай науқас сауықпақ тұрсын, кеселі күшейе түседі. Ал, шүкір ету болса нығметті арттырады. Шағымдану
16кесел мен қайғыны үдете түседі. Мұның жалғыз емі бар. Ол, ауру сырқаттың хикметін, мәнісін түсіну. Сөйтіп, сары уайымнан құтылып, «Әлхамдулиллаһи ала кулли хал!» яғни, қандай күйде болсам да Құдайға шүкір!» деп, саба-сына түсу.Он бірінші шипа.Уа, сабырсыз науқас достым! Дәл қазір ауруың мазаңды алып тұрғаны рас шығар. Дегенмен бүгінге дейінгі мазасыз хәлдеріңнің аяқталуы біле-білсең жаныңды рахаттанды-руда. Сондай-ақ, бүгіннен бастап, тіпті, осы сағаттан кейін ауруыңнан жазылып мүмкін сауығып кетерсің. Сондықтан, бір күні, әйтеуір құтылатын ауруға қиналып, уайымдама! Өкіну бекер. Сен болып-болмайтыны беймәлім нәрсені уайымдап, сабырсызданып отырсың. Өйткені, бұған дейінгі сырқатың мазасыздығымен бірге уайымы да қоса кетті ғой! Одан сауап қалды және аяқталғанынан рахат-танып отырсың. Ол саған табыс сыйлап, көңілге қуаныш сыйлауда. Ал, сен болсаң сол өткенді ойлап өкініп, босқа сабырыңды таусасың. Бұлай ету жарамас. Ертеңгі күн болса әлі келген жоқ. Жоқ күнді, жоқ ауруды, болмаған қиыншылықты уайымдап бекерге шыдамсыздану, яғни үш есе жоқты бар деп санау ақылға теріс болар. Демек, бұдан бұрынғы ауру кездерің қуанышқа айналды. Ал, алдағы уақытта саған ауру жабыса ма, жабыспай ма, ол жағы беймәлім. Сондықтан уайымдау орынсыз. Саған Хақ Тағала берген сабыр қуатыңды бекерге шашпа! Оны осы қазіргі қиыншылыққа жұмса! «Я, Сабур!» яғни Уа, Сабырлылардың ең сабырлысы! – деп сабыр сақта!
17Он екінші шипа.Уа, аурудың салдарынан құлшылығын жасай алмай өкініп жүрген сырқат жан! «Тақуа кісі күнде жасай-тын құлшылығын науқастанып жасай алмаса да сауа-бын алады» деген хадис бар. Парыздарын мүмкіндігінше орындауға тырысқан науқас, сабыр сақтап, тәуекел етсе, сырқаттанып орындай алмаған сүннет амалдардың сау-абын осы сырқат есебінен толтырады дейді. Сондай-ақ, ауру адам әлсіз, дәрменсіз болғандықтан өзінің халімен және тілімен дұға етіп жалбарынады. Хақ тағала адам ба-ласын тым әлсіз әрі дәрменсіз етіп жаратқандағы мақсаты өзіне әрдайым жалынып жалбарынсын, дұға етсін дегені.Құранда:Яғни: «Дұға етпейтін болсаңдар, ешқандай қадірлерің жоқ » дейді. Бұл аяттың сыры, адамның жаратылғандағы хикметі, қадір қасиеті Раббысына шынайы дұға етіп, жа-лынып-жалбарыну екенін көрсетеді. Ал, жалбарынудың ең оңтайлы сәті ауырған кез. Сондықтан, ауырған адам босқа шағымданудың орнына Аллаға мінәжат қылып, шүкір етуі қажет. Сырқат ашып берген «дұға бұлағының» көзін денсаулық тілеп, мүлдем жауып тастауға болмайды.Он үшінші шипа. Уа, ауырып қалғанына шағымданған бейшара адам! Ауруға шалдығу кейбіреулер үшін асыл қазына табумен тең. Оны баға жетпес Иләһи құнды сыйлық деп қарау ке-рек. Әрбір науқас кісі ауруына осылай қарағаны жөн. Оның
18үстіне ажалдың қашан келетіні белгісіз. Алла Тағала, адам баласын дүниеден мүлдем күдер үзуден сақтау үшін және мүлдем бейқамдыққа салынып, қаннен-қаперсіз жүруден құтқару үшін қорқыныш пен үміт арасында жүруін бұйырады яғни, дүние мен ақыретті тең ұстаңдар дей-ді. Сол үшін ажалдың уақытын жасырып қойған. Демек, ажал кез-келген уақытта келіп қалуы мүмкін. Егер ол, адамның бейқам, алаңсыз кезінде келсе, бақидағы мәңгі өміріне қауіп. Ал, ауру болса адамды бейқамдықтан, қапы қалудан сақтап ескертіп отырады. Ақыретті еске салып, өлім туралы ойландырады, ақыреттің қамын жасатады. Кейде аурудың мол табысқа жеткізетіні сондай, жиырма жылда әрең жететін мәртебеге жиырма күнде жеткізеді. Иманды болсын, марқұм шәкірттерімнің ішінде екі жас жігіт болатын. Біреуі Иламалық Сабри, екіншісі Ислам ауылынан келген Уәзірзаде Мұстафа. Бұл екеуі жазу біл-месе де шәкірттерімнің арасында озат болып ықыласпен иман қызметіне адал әрі үздік болатын. Сырын білмей таңданатын едім. Қайтыс болғандарында ғана түсіндім. Екеуі де ауыр науқас екен. Соның арқасында олар діни парыздарды орындамайтын басқа ғапыл құрдастарына қарағанда тақуа, адал, ықыласты еді. Екеуі де алдарына жан салмай дінге қызмет етіп, ақыретке пайдалы істер атқарып кетті. Олардың екі жылға созылған науқастықтары, мәңгі өмірдің бақытына бөленуіне, Иншаллаһ себеп болған шығар.Қазір ойлап отырсам, олардың ден-саулығы үшін жасаған дұға-тілектерім мына дүниелік тұрғыдан алғанда қарғыс секілді болған екен. Алайда, ол дұға-тілектерім енді, ақыреттік игіліктер үшін қабыл болған шығар,
19иншаллаһ. Міне, осы екі жігіт, меніңше, тақуалық арқылы он жылда жететін табысқа тез қол жеткізді. Егер, бұл еке-уі кейбір жастар секілді денсаулық пен жастығына сеніп, бейқамдыққа салынып орынсыз ойын-сауық қуғанда, және ажалы жетіп күнә жасап жатқанда өлсе қабірлерін мұндай нұрға емес, бақа-шаян мен жыланға толтырар ма еді, қайтер еді?! Аурудың осындай пайдасы бар екені рас. Олай болса одан шағымданбай, қайта тәуекел деп сабыр етіп, тіпті шүкір етіп, Алланың мейіріміне арқа сүйеу қажет.Он төртінші шипа.Уа, көзін шел басқан сырқат адам! Егер имандылардың көзін басқан шелдің арғы жағында керемет нұр, мағынауи көз жатқанын білсең ғой, Рахымды Раббыңа шексіз шүкір етер едің. Осы шипаны дәлелдейтін бір оқиға баяндап берейін. Сөзімді екі етпей адал қызмет еткен Барлалық Сүлейменнің әпкесінің көзін бірде шел басып, көруден қалды. Ақ ниетті, салиқалы әйел мен туралы асыра сіл-теп, қатты құрметтейтіндіктен мешіттен шыға бергенім-де: «Көзім ашыла ма екен, маған дұға етіңізші!» деп өтініш жасады. Мен, әлгі мүбәрак әйелдің тақуалығын дұғама шапағатшы ретінде: «Я, Жаратқан Ием! Оның тақуалығы үшін көзін аша гөр!» деп дұға еттім. Ертеңіне Бурдур қаласынан көз дәрігері келіп, емдеп әйелдің көзі көретін болды. Алайда, қырық күннен кейін қайтадан зағип қалпына түсті. Қатты өкіндім... көп-көп дұға оқыдым. Иншаллаһ, сол оқыған дұғаларым оның ақыреті үшін қабыл болған шығар. Әйтпесе, менің сол жасаған
20дұғаларым оған жөнсіз, бәлкім қарғыс болар еді. Неге десеңіз байғұстың ажалы жетіп тұр екен. Қырық күннен кейін қайтыс болды. Топырағы торқа болсын! Міне, әлгі марқұм әйел Барланың жабырқау бау-бақшаларын аяныш-ты қарттық көзбен қырық күн ғана тамашалады. Есесіне, о дүниеде жәннаттың бау-бақшаларын мәңгі бақи тамаша-лайтын болады. Өйткені, иманы күшті, діні берік болатын. Иә, мүмин адам көзін шел басып, көзі соқыр түрде өлсе, о дүниядағы нұрлы әлемді бізден әлдеқайда анық тамашалайтын болады. Мысалы, бұл дүниеде біз көп нәрсені көре аламыз, ал зағип мүминдер көрмейді. Зағип кісі қабірге иманды кетсе, жәннат бауларын өзге әруақтан әлдеқайда анық, жарқын тамашалайтын болады. Алысқа дүрбі салған кісідей, олар да о дүниеде мәртебесіне қарай, жұмақтың бау-бақшаларын қызықтайтын болады. Міне, көздегі шелге шүкір және сабыр ету арқылы жәннатқа осылай қол жеткізеді. Әлгіндей, шелді сылып тастап, ру-хани жанарыңды шырадай жандыратын жалғыз дәрігер – Қасиетті Құран Кәрім.Он бесінші шипа. Уа, жаны қиналған сырқат адам! Ауруыңды уайымдап қиналма! Оның мән-мағынасын ойла, сабыр ет! Егер ауру шынымен-ақ жаман нәрсе болса, Алла Тағала өзінің сүйікті құлдарына ауру-сырқау бермеген болар еді. Алай-да, мынадай хадис бар:
21Яғни, «Қиыншылыққа, қайғыға ең көп душар болғандар өте жақсы, әрі кәміл кісілер». Мысалы, Хазіреті Әюб Ғалейһиссалам мен өзге пайғамбарларды және әулиелер мен діндар кісілерді алайық. Олар ауруға шалдыққанда оны шынайы құлшылық пен Рахманның жарылқауы деп қараған, сабыр сақтап, шүкір еткен. Олар сырқатты азаптайтын нәрсе емес, Рахманның емдеу тәсілінің бірі деп білген.Уа, жаны қиналған сырқат! Әлгіндей, нұрлы көштің соңына ілескің келсе, сабыр сақтап, шүкір ет! Шағымдана берсең, олар көшіне қоспайды. Өйтсең, қараңғыда қарманып қапы қалғандардың құрған құрдымына құлайсың.Иә, аурудың түрі көп. Кейбірі өліммен аяқталып, мағынауи шейіт тәрізді әулиелік дәрежесіне шығуға баспалдақ болады. Оған, толғаққа қатысты сырқат пен асқазанның түйнеуі, сондай-ақ, суға бату, өртеніп өлу жатады. Міне, осы себептен қайтыс болғандар мағынауи шейіт саналады. Соңы өліммен аяқталса, әулиелік дәрежесіне көтеретін көптеген мүбәрак аурудың түрлері бар. Сондай-ақ, ауру-сырқат адамды дүниеқұмарлықтан, көрсеқызарлық пен қомағайлықтан сақтайды. Дүниеқұмар кәпірлер үшін тым қайғылы да өкінішті көрінген өлімді, қоштасуды осындай рухани мағыналар жеңілдетіп, тіпті сүйсіндіреді.Он алтыншы шипа.Уа, жаны күйзеліп, арызданған адам! Ауру-сырқат өмірде маңызы зор өзара сыйластық пен қайырымдылықты оятып тіпті, арттыра түседі. Өйткені, адам баласын
22тоңмойын қылатын истиғнадан сақтайды, яғни, ешкім-мен жұмысы болмай, өзімен-өзі жүре беруден құтқарады. Ауру-сырқау ағайыннан оқшауланудан сақтайды. Себебі,денсаулық пен бақуаттылық ешкімге мұқтаж емеспін де-ген пиғыл қалыптастырып нәпсіні тәкаппарлыққа ите-реді. Құрметке лайық бауырларға деген сыйластықты, ықыласты азайтады. Ондай адам көмекке мұқтаж, ша-расыз, кем-кетіктер мен науқастарға жаны ашымайды. Ал, өзі ауырып қалған кезде әлсіздік пен пақырлықтың не екенін түсініп, туыс-бауырларына қолынан келгенше жанашырлық көрсетуге тырысатын болады. Көңілін сұрай келген немесе көмектескен мүмин бауырына риза бо-лып, оларға деген бауырластық сезімі оянады. Адамдарға деген жан ашырлығы артады. Сондай-ақ, байғұстарға мұсылмандық мінезбен мейірлене қарауды үйренеді. Олар-ды өзімен салыстырып, жанашыр болады. Қолдан келген-ше жәрдемдесіп, жәрдемдесе алмаған жағдайда дұға етіп, ең болмаса шариғатта сүннет болып саналатын науқастың жағдайын сұрап үйіне барады. Сауапты іс атқарады.Он жетінші шипа. Уа, науқастанып, қайырымдылық жасай алмағанына шағымданған науқас! Шүкір ет! Біле білсең бұл ауру саған қайырымдылық қазынасының есігін ашуда. Ауру сен сияқты науқастарға және науқас жанды Аллаһ ризалығы үшін күтушілерге сауап жаздырып қана қоймай, дұғаның қабыл болуына да бірден-бір себеп. Иә, науқас бағушылар
23егер иманды кісілер болса мол сауап алады. Науқастың халін сұрау, оны зиярат ету Пайғамбарымыздан қалған сүннет әрі күнәнің кешірілуіне себеп. Алайда, сырқаттың мазасын алып қасында көп отырмау керек. «Науқас жандардың дұғасын, батасын алыңдар! Өйткені, олардың дұғасы қабыл болады» деген хадис бар. Әсіресе, науқас адам өзіңнің туысқаның болса, оның ішінде ата-анаң болса, оларға жасалған қызмет маңызы зор ғибадат, мол сауап. Ал, науқастың көңілін көтеру, үміттендіріп демеу болу үлкен садақа. Әке-шешесі науқастанғанда олардың сезімтал көңілдерін аулап, қайыр дұғаларын, ақ баталарын алған бала нендей бақытты! Иә, ардақты ата-анасының мейірімін ескеріп, олар сырқаттанып қалғанда сый құрмет көрсетіп, перзенттік борышын өтеуге тырысқан мұндай жақсы балаларға тіпті көктегі періштелер де: «Бәрекелді, Машаллаһ» деп риза болады екен. Иә, ауырған кезде қиналысты сездірмейтін өте жағымды, тәтті ләззат бар. Ол – ауру адамның жанына жиналған жанашыр, мейір-бан, қайырымды кісілердің жылы сөздері мен жасаған қамқорлықтары. Науқас адамның дұғасы қабыл болатыны жай бір мәселе емес өте маңызды жағдай.Менің арқамның шаншитыны бар еді. Отыз-қырық жылдан бері сол ауруыма Аллаһтан шипа тілеп, дұға етіп келемін. Енді түсіндім, бұл дерт маған дұға еткізу үшін берілген. Дұғаменен дұғаны яғни дұға өзін-өзі жоймайтындықтан дұғалардың пайдасы ақыретте тиетінін түсіндім. Дұғаның өзі де құлшылықтың бір түрі. Сондай-ақ, ауру меңдеп, өзінің әлсіздігін аңғарған пенде Жаратқан Иесіне шын жүректен жалбарынатын болады ғой. Мен де отыз жылдан бері шипа тілеп келемін, бірақ әлі қабыл
24болған жоқ, бірақ дұға етуді қою ойыма еш келген емес. Өйткені, ауруға шалдыққан мезет дұға етудің уақыты бо-лып табылады. Ал, тәуір болуды дұғаның нәтижесі деп ой-лау қате. Шипа Аллаһ Тағаланың асқан мейірімділігімен беріледі. Сондай-ақ, дұға біз ойлағандай қабыл болмаса, оған ренжуге болмайды. Рахымды Иеміз әр нәрсені бізден әлдеқайда жақсы білуші. Біз үшін қайсысы пайдалы болса, соны береді. Кейде дүниелік пайда үшін жасаған дұғаңды біздің пайдамызға ақыреттік қылып қабыл алады. Жоғарыда ескерткеніміздей, ауырған кездегі әлсіздіктен, шарасыздықтан туындаған риясыз, пәк дұғалардың қабыл болу ықтималы жоғары. Демек, ауру осындай шынайы дұғаға себеп. Діндар науқастар мен науқасты бағушы мүминдер осындай дұға сәттерін пайдаланып қалғаны жөн.Он сегізінші шипа. Уа, шүкірді ұмытып шағым айта бастаған науқас пен-де! Ақысы бар адам шағымданады. Сенің шағым айтуға ақың жоқ. Қайта мойныңда Аллаһқа шүкір ету деген Құдайдың ақысы бар. Сен оны толық өтеген жоқсың. Алла Тағаланың ақысын бермей тұрып, өз ақыңды даулағаның қате. Денсаулығы мықтыларды өзіңмен салыстырып шағым айтуға сенің де және ешкімнің де ақысы жоқ. Қайта сен, өзіңнен денсаулығы нашар, ауыр науқастарға қарап шүкір етуге міндеттісің. Қолың сынып қалса, мүлдем қолы жоқ шолақтарға қара! Бір көзің соқыр болса екі көзі де көрмейтін зағиптерге қара! Аллаға шүкір ет! Нығмет тұрғысынан өзінен жоғарыларға қарап шағымдануға ешкімнің ақысы жоқ. Ал, қайғы-қасірет жағынан өзінен
25әлдеқайда жоғары, қайғысы көп жандарға қарау әркімнің міндеті. Адам осылай ойласа шынайы шүкір етеді. Бұл сыр басқа еңбектерімде мынадай бір тәмсілмен түсіндірілген болатын. Оның қысқаша мағынасы былай:«Бір мырза, бейшара міскін-пақырды биік бір мұнараның басына жетектеп алып шығады. Мұнараның әрбір баспалдағын басқан сайын оған құнды сыйлық береді. Дәл ұшына барғанда әлгі міскінге аса құнды үлкен сыйлық ұсынады. Әлгі міскін манағы қыруар сыйлықтарға рахмет айтып, әлгі мырзаға риза болудың орнына, әрбір баспалдақ үшін алған сыйлықтарын місе тұтпай, айналасына жалтақтап: «Шіркін! Анау мұнара өте биік екен! Мына мұнара да биік болғанда ғой! Неліктен сол мұнараға шықпадық?» дегендей шағым айтса, оның неткен ынсапсыз, қайырымсыз екені белгілі. Дәл сол сияқты адам баласы әу баста жоқ еді, бар бол-ды. Тас болмай, ағаш болмай, хайуан болмай адам болды. Әрі мұсылман сипатқа ие болып әрі ұзақ уақыт сап-сау күйде, мол нығметке бөленіп жүрді. Бірақ, кейбір себеп-термен денсаулық нығметіне лайық бола алмай неме-се өзінің жөнсіз әрекеттерімен денсаулығынан айыры-лып қалса, сабыр сақтамай: «Құдайға не жаздым!» деп Аллаһтың жазғанына наразылық білдіріп, шағымданса бұл әрине дене сырқатынан әлдеқайда ауыр рухани кесел. Бұл, сынық қолмен шайқасқа шығумен тең. Шағымның кесірінен сырқатын одан әрі үдетіп алады. Ақылды жансырымен Аллаһқа мойынсұнып, сабыр етеді. Сол кезде ауру да өз міндетін атқарып, кете барады.
26Он тоғызыншы шипа.Жәмил Зүлжәлалдың барлық есімдері Құрани атаумен «Әсма-үл Хүсна» яғни Алланың күллі есім-сипаттары аса көркем әрі тамаша. Болмыс атаулы Алланың әсем сипаттарына жаппай айналық қызмет атқарады. Ал, сол айналардың ең нәзік, өте керемет және ең ауқымдысы тір-шілік яғни өмір болып табылады. Әсемге шағылысып, оны көрсететін айна да әсем болмақ. Тамашаның тамашалығын көрсеткен нәрсе тамаша болып, өзі де әдемілене түспек. Әсем тарапынан әлгі айнаға не түссе де әсем болып құлпыратыны секілді тіршілікке яғни өмір айнамызға әлгі Әсемнен не келсе де түптің түбінде бәрі тамаша, бәрі әсем. Өйткені, ондай айна тамаша Әсма-үл Хүснаның әсем сәулелерін көрсетеді. Егер өмір әрдайым сау-сала-мат күйде, бір қалыпты өтсе, оның айналық қызметіне нұқсан келер еді. Адам өзінің бар екенін ұмытып, тіпті жоқ сияқты жаны қиналар еді. Ондай өмір өзінің мәнісін жояды. Өмірдің қызығы кетіп, шырқы бұзылады. Ондай өмір адамды мезі етіп, уақыт өткізу үшін я азғындыққа са-лынады, я ойын-сауыққа құмартады. Қамауда жатқан адам уақыттың тезірек өткенін тілегені секілді ондай адамдар құнды өмірінің тез өте шыққанын қалайды. Ал, өзгерістер мен жаңалықтарға толы, толқынды да соқтықпалы өмірдің өзі маңызды әрі қызықты. Сондықтан, өмірі машақат пен қиыншылыққа толы болса да аяқталуын қаламайды. «Түһ, күн батпады ғой немесе неткен ұзақ түн!» деп қиналып, дөңбекшімейді. Иә, өте бай, төрт құбыласы түгел, қамсыз, екі қолы ал-дына сыймаған мырзадан хал сұрасаң, әлбетте: «құрысын бәрі, уақыт өтпейді, кел, екеуміз уақыт өткізу үшін бір
27ермек табайық» деуі әбден мүмкін. Ал, адал еңбегімен бейнеттеніп күн кешкен шаруаның олай демесі анық. Ол: «Құдайға шүкір, істейтін жұмыс көп. Уақыт зымы-рап, орнында тұрар емес. Шіркін-ай, күн мұнша тез бат-паса еді. Рас, жұмыс ауыр, бірақ бұл да өтеді де кетеді. Барлық нәрсе осылай тез емес пе?» деп рухани тұрғыдан өмірдің қаншалықты қымбат екенін білдірсе де тез өткенін қаламайды. Демек, машақаттанып, еңбек ету арқылы өмір қызық болып өмірдің құндылығы артады. Қолбостық, жұмыссыздыққа денсаулық қосылса өмірдің мәні кетіп, адам уақыттың тез өткенін қалайды. Уа, сырқат адам! Өзге жазбаларымда егжей-тегжейлі баяндағанымдай біле білсең жамандық пен қайғы-қасірет, тіпті күнәлардың бастауы «адэм» яғни жоқ қылу, тәркі ету, істемеу, болымсыздық. Ол – енжарлыққа, бойкүйездікке, тоқыраушылдыққа, тоғышарлыққа апарады. Енжарлықтан жоқ болудың, қараңғылықтың лебі есіп, жанды азапқа салады. Ал, іс-қимыл, әрекет, өзгеріс болса бар болу яғни, адам өзінің бар екенін сезеді, нағыз болмыс, әрі нұр-жарық. Бұл рас. Сенің мына ауру жағдайың қымбат өміріңді шыңдап, қуаттандырып одан әрі кемелдікке сондай-ақ, бойыңдағы басқа сезім мүшелерін қоздырып әлгі ауру ағзаның ай-наласына шоғырландырып, көмектестіріп әрекетке кел-тіруде және Сани-ы Хакимнің түрлі-түрлі есімдерінің сәулелерінің көрінуіне себеп болуда. Осы сияқты көптеген маңызды міндеттер үшін ауру әдейілеп жіберілген. Иншаллаһ, өз міндетін толық атқарған соң аурудың өзі-ақ кетеді. Кетерінде денсаулыққа: «Кел, менің орнымда қал! Міндетіңді атқар. Бұл сенің орның» дейді.
28Жиырмасыншы шипа.Уа, дертіне шипа іздеген сырқат адам! Аурудың екі түрі бар. Бірі хақиқи, біреуі межази яғни шын ауру, екін-шісі әншейін күдік, бос уайым. Шәфи әрі Хаким Алла Жер шары дәріханасында аурудың шынайы түрінің барлығына шипа жаратқан. Ол шипалар болса, ауру-сырқаудың бо-луын қажет етеді. Барлық аурудың шипасы бар. Тәуір болу үшін дәрі-дәрмек ішіп, ем-дом қолдану шариғатта қарастырылған, алайда, емнің әсері мен шипасын тек бір Алла Тағаладан деп білу қажет. Дәрі-дәрмекті Алла Тағала жаратқаны секілді, шипаны да сол береді. Тәжірибелі әрі діндар дәрігердің айтқанын істеу маңызы зор шипа. Өйткені, көптеген аурулар түрлі ысырапшылдықтан, ша-мадан тыс ішіп-жеуден, қателіктерден, ойын-сауықтан пайда болады. Діндар дәрігер осындай әрекеттерден тый-ып жөнін айтып, пайдалы кеңес береді. Жат қылықтардан, ысырап етуден, орынсыз көңіл көтеріп азғындықтан сақтандырады. Науқас адам мұндай насихат пен демеуге сүйеніп оңалып, ауруы жеңілдеп жаны жәй табады.Ал, екінші аурудың түрінен құтылудың шарасы оған мән бермеу, уайымдамау. Ауруды уайымдаған сайын асқына түседі. Көңіл бөлмесе жазылып кетеді. Мәселен, шабуылдаған араларға тиіскен сайын үймелеп, көбейіп шабуылын үдете түседі, ал тиіспесең жайына кетеді. Тағы бір мысал, қараңғыда ілулі жіпке күдіктеніп қараған сайын үлкейіп, үрей туғызады. Тіпті, кейде адамның зәресі ұшып, тұра қашуы да мүмкін. Егер, оған мән бер-месе оның жылан емес жәй ғана жіп екенін білгенде өз халіне күлуі мүмкін. Егер уайым дейтін ауруға салынып, ол ұзаққа созылса, әлгі ауру шындыққа айналып кәдімгі
29дертке айналуы мүмкін. Әсіресе, мұндай әншейін аурулар жүйкесі жұқа кісілерде жиі кездесетіндіктен өзіндік қатері көп. Түймедейді түйедей етіп, төзімін тауысып жібереді. Оның үстіне осындай науқас адам тоңмойын дәрігерге не-месе ынсапсыз емшіге тап болса, я ақшасынан айырылады, я ақылынан адасады я болмаса денсаулығын жоғалтады.Жиырма бірінші шипа.Уа, науқас достым! Ауруың тән азабын тартқызып жатқан болар. Алайда, сол тән азабын ұмытқызып жібе-ретін өте жайлы рухани ләззат бар екенін білемісің? Егер, осындай ауру кезіңде әке-шешең немесе ет жақын туыстарың бар болса, өзің бала кезіңде олардан сезінген ләззаты мол мейірімдеріне қайта қауышып, сәби күндердегі аяулы алақандардың әлпештеуіне қайта бөленіп жатқан шығарсың. Осы аурудың арқасында адал достарыңның байқалмай жүрген мейіріміне бөлендің емес пе? Мұндай әсерлі жағдаймен салыстырсаң әрине, мына тән ауруың, шеккен азабың оның қасында түк те емес қой. Сондай-ақ, сен қызмет көрсетіп, ілтипатына бөленгің келген жан-дар, енді өздері келіп, саған мейірімін төгіп, құрметтеп жатқандықтан қазір құрметті кісілердің құрметтісі болдың. Оның үстіне жақындарыңның мейірімділік, қамқорлық сезімдерін оятып, ойламаған жерден көптеген қызметшілер, мейірбан жандар мен шынайы достар таптың. Әрі сырқатыңның себебінен жұмыстан бірауық босатылып, міне, жайланып жатырсың. Әлбетте, сенің тән ауруың осы рухани ләззаттардың қасында түк емес қой. Сондықтан, оған өкінбе, қайта шүкір ет!
30Жиырма екінші шипа. Уа, сал ауруына шалдыққан ғазиз достым! Әуелі сені қуантып қояйын, мүмин үшін сал ауруы мүбәрак санала-ды, яғни ерекше маңызды. Бұл жайлы әулие кісілерден көп естідім. Көңіліме түйген бір сырын айтып берейін. Әулиелер Алла Тағалаға жақындау үшін және дүниенің рухани қауіп-қатерінен құтылу үшін, әрі мәңгі өміріне зақым келтірмей аман сақтап қалу мақсатында екі ережені қатаң ұстанған.Біреуі; өлімді ойлау, яғни дүниені пәни, өткінші деп біліп және өзі белгілі бір міндет жүктелген уақытша қонақ екенін шын жүректен мойындап, бақи өмірге дайындалу.Екіншісі; Қызбалық, ожар сезімдердің билеп кетуі-нен құтылу үшін, өзін азаптап, аш қалдырып әрдайым нәпсісімен күресуді әдет қылған.Уа, денесінің бір бөлігі жансыз қалған бауырым! Саған аз уақытта әрі оңай түрде бақыт кілті бола алатын екі қайнар көз берілген екен. Сенің жаны кетіп қалған дене мүшең дүниенің баянсыз, адамдар болса уақытша бұл дүниеге қонақ екенін көрсетеді. Бұдан былай қу дүние сені алдап, бейқамдық көзіңді байлай алмайды. Жарты денесі-нен айырылған кісіні әрине, нәпсі де алдай алмайды. Олай болса сен нәпсінің пәлесінен оңай құтылдың. Міне, мүмин адам иман, тәслім, тәуекел арқылы сал ауруын тиімді пай-даланып әулие кісілердің әрең жететін биік мәртебелеріне тез қол жеткізе алады. Осылай түсінсе әлгі ауыр дерт жеңілдеп, ауырлықтар өте арзанға түседі.
31Жиырма үшінші шипа.Уа, жалғыздықтан жаны жүдеген сырқат! Сырқатыңмен қоса бөтен жердегі жалғыздық жағдайың тас жүректерді де жібітіп, жанашырлық сездімдерді оятты ғой. Япыр-ау, олай болса Құранның әр сүресінің басында өзін Рахман әрі Рахим деп таныстырып, шексіз мейірімнің сәл бір сәулесімен бүкіл аналарды барлық сәби атаулыға тәрбиеші қамқоршы еттірген, көктем сайын рахмет шуағының бір үзігімен жержүзін сан-алуан игіліктерге кенелткен және де мәңгілік Жәннат дүниесінің сансыз әсемдіктері Оның бір ғана рахмет шуағы болған Халиқ әрі Рахим Иеңе сенің иман арқылы арқа сүйеп, сырқаттығыңның шарасыз тілі-мен жалбарынуың Оның шексіз қамқорлық назарын өзіңе аударғанда әлгі жалғыздығың мен жүдеген науқастығың ештеңе емес болып қалмай ма?!Демек, Ол бар және Оның назарындасың. Олай бол-са бәрі де бар, бәрі түгел. Ендеше, жалғызсырайтын сен емес, олар Аллаһқа иман етпей қасарысып немесе тәуекел етуді білмейтін бейқамдар. Демек, нағыз жалғыз қалып жапа шегіп жүргенде солар, солар уайымдасын!Жиырма төртінші шипа.Уа, бейкүнә балалар мен бала секілді қарттарға қызмет етіп жүрген күтуші-тәрбиешілер! Сіздерге ақыретпен қатысты өте пайдалы сауда жасауға мүмкіндік туып тұр. Сол ақыреттік сауданы ынта-жігермен жасап қалыңдар! Сәбилердің ауруында олардың нәзік денелерін машықтандыру және болашақта өмірдің соқпақтарына төтеп беруге жаттықтыру әрі Раббани тәрбие секіл-ді дүниелік өміріне қатысты көптеген хикметтер бар.
32Сондай-ақ, оның рухани өмірін күнәлардан арылтатын, ересек кісілерге кәффаре-түз зунуб яғни күнәдан арылу болып саналатын бұл қиыншылықтар, жас балалар үшін келешекте және ақыретте рухани кемелденуіне себін тигізеді. Әрі сырқатының сауаптары ата-анасының да са-уап дәптеріне жазылатындығы, әсіресе аса мейірімділік-пен өз денсаулығын баласы үшін пида еткен анасының амал дәптеріне еселеп жазылатындығы ақиқатшылдар тарапынан расталған. Ал, қарияларды бағудың әсіресе, олардың баталарын алу, көңілдерін көтерудің, адал қызмет етудің, бұ дүниеде әрі ақыретте бақытқа бөленуге бір-ден-бір себеп болатыны нақты хадистермен және өмірде болған оқиғалармен дәлелденген. Қарт әке-шешесіне мойынсұнып, айтқандарын істеген бақытты бала, өз ба-ласынан да дәл сондай ізгі жауап көретінін, ал егер әке-шешесінің көңілін қалдырған болса ақырет азабынан басқа, дүниеде де көп бәлеге душар болып, сазайын тар-татынын өмірде де көріп жүрміз. Иә, қарияларға, бейкүнә жандарға, сондай-ақ туысқандарға ғана емес иманды (өйткені имандылықта нағыз достық пен бауырластық сыры бар) кісілерге, егер олар науқас әрі мұқтаж болса, шын көңілден қызмет көрсету Исламның талабы.Жиырма бесінші шипа. Уа, науқас бауырларым! Сіздер дертке дауа, жанға шипа, ләззаты мол әрі қасиетті, нағыз дәрі қаласаңыздар, имандарыңды қайрап, күшейтіңдер! Яғни, Аллаға тәубе және истиғфар етіп, намаз оқып, құлшылық жолында болу арқылы әлгі қасиетті дәрі – Иман дәрісін ішіңіздер!.
33Иә, дүниеге деген махаббат пен қызығушылықтың кесірінен ақырет дайындығын кейінге қалдырып тіпті естен шығаратын рухани аурулар бар. Қоштасу мен айырылудың опығын жеп ауыр жарақаттанған мұндайларды иман ғана емдеп, жараларын тәуір қылып, нағыз шипа беретіндігін көптеген еңбектерімде дәлелдеген болатынмын. Көп сөйледі демеңіз, қысқа қайырайын.Имани дәрінің әсері парыздарды мүмкіндігінше толық орындаған кезде көрінеді. Мақсатсыз өмір, арзан күлкі, түрлі нәпсі құмарлық әрекеттер иман дәрісінің әсерін әлсіретіп, тіпті жойып жібереді. Демек, ауру-сырқат жағдай пәни өмірге алданудан сақтайды. Орынсыз құмарлықтарға кедергі болады. Олай болса, ондай сәтті тиімді пайдаланып қалыңдар! Кәміл иманның қасиетті де нұрлы дәрілерін, тәубә-истиғфар яғни Жаратқаннан кешірім сұрау арқылы және дұға мен жалбарыну арқылы пайдаланыңыздар!Аллаһ Тағала сендерге шипа берсін. Ауру-сырқат, қиыншылық, бәлелерді «кәффаратуз-зунуб» яғни күнәлардан тазару деп қабыл алсын!Әмин. Әмин. Әмин...
34
35Он жетінші МектубЖиырма бесінші леманың қосымшасыБаласы қайтыс болғандарға көңіл айтуҚұрметті ақыреттік бауырым Хафиз Халид мырза!Бауырым! Балаңның қайтыс болғанын естіп өкінгенім рас. Дегенмен, яғни қазаға риза, тағдырға көну дін Исламның бір талабы. Хақ тағала сіздерге сабыр берсін. Марқұмды да ақыретте сіздерге шапағатшы етсін. Сізге, және сіз секілді тақуа мүминдерге сүйінші және нағыз жұбаныш беретін «Бес тұжырымды» баяндап берейін.Бірінші Тұжырым:Құран Хакимдегі: аятының сыры мен мазмұны былай: Мүминдердің бәлиғат жасына жетпей қайтыс болған балалары жәннатта мәңгі, сүйкімді бала болып
36қалатынын... және Жәннатқа кірген ата-аналарының құшағына мәңгі қуаныш сыйлайтынын... және ол жақта сәби сүю, баланы еркелету де болатынын... және Жәннатта рахаттандыратын барлық нәрсе табылатынын... сондай-ақ, «жәннат ұрпақ көбейтетін жер болмағандықтан, сәби сүю мен еркелету онда болмайды» дегендердің тұжырымдары ақиқатқа қайшы екенін... мына дүниеде бірнеше жыл ғана қуаныш пен мұң аралас сәби сүю мен еркелетудің орнына, ол жақта мұңсыз түрде миллиондаған жылдар бойы мәңгі бақи сәби сүю, оны еркелету имандылар үшін бақыттың ең үлкен қайнары болатынын қасиетті аят сөйлемі арқылы ишара етіп, сүйіншілеуде.Екінші Тұжырым: Баяғы да бір адам зынданда жатады. Сүйікті баласы да оның жанына жіберіліпті. Ол бейшара тұтқын, өз қайғысымен қатар, енді баласының қамын ойлап күйзеліске түседі. Бір күні мейірбан патша оған бір адам жіберіп былай деп бұйырыпты: «Бұл бала сенің перзентің екені даусыз. Бірақ, бала менің де халқым емес пе? Оны мен ала тұрайын, сарайда жақсылап қараймын...» Әлгі адам жылап-сықтап: «Менің жалғыз жұбанышым, бере алмаймын!..» дейді. Оған жанындағы жолдастары былай деп ақыл айтады: «Сенің бұлай қайғыруың жөнсіз. Егер сен балаңа шын жаның ашыса, бала мына лас, қоқырсыған зынданда жатқанша, жайлы сарайға барсын. Егер сен өз қамың үшін уайымдап тұрсаң, онда балаң осында қалса, уақытша көңілің тыныш болуы мүмкін, бірақ бала көп қиындық шегеді. Егер сарайға кетсе, саған мың пайдасы тиеді. Өйткені патшаның да мейірімін
37оятып, саған шапағатшы болады. Патша оны сенімен кездестіретін болады. Әлбетте, кездесу үшін оны зынданға жібермейді. Қайта сені зынданнан шығарып, сарайға алдырады, балаңмен кездестіреді. Мұның шарты, Патшаға сеніп, бұйрығын орындау...»Аяулы бауырым, осы тәмсілді үлгі етіп, өзің сияқты мүминдердің балалары бақилық болғанда былай ойлауы керек: Бұл бала бейкүнә. Оның Жаратушы иесі Рахим әрі Кәрим. Менің кемшін тәрбием мен мейірімімнің орнына, оны өте кәміл рахымына бөледі. Дүниенің қайғылы, бәлелі, машақатты зынданынан шығарып, Жәннат-үл Фирдаусына жіберді. Балам қандай бақытты! Бұл дүниеде қалса, кім біледі нендей бәлелер күтіп тұрғанын. Сондықтан оны уайымдамаймын, бақытты деп білемін. Өзіме тигізер пайдасын ойлап та уайымдамаймын, өкінбеймін. Өйткені, бұл өмірде қалса, қайғысы мен қиыншылығы аралас он жылдық бала сүю қызығын сыйлар еді. Егер қайырлы бала болса, дүниелік істерде маған көмегі тиер еді. Қайтыс болып кетуі арқылы мәңгілік жәннатта он миллион жыл маған бала болып, бала сүю бақытына дәнекер, мәңгі бақытқа қол жеткізуім үшін маған шапағатшы болады. Пайдасы тиіп, тимеуі неғайбыл уақытша нәрсені жоғалтып, кейінірек мың пайдасы тиері анық нәрсеге қол жеткізген жан, әрине қатты өкініп, қайғыға салынбайды.Үшінші Тұжырым: Арамыздан кеткен ол бала, бүкіл болмысымен Рахим Аллаһтың жаратқан пендесі, құлы және Соның өнері, ал ата-ана оның аз уақытқы жолдасы еді.... Ата-анасының қарауына уақытша берген-ді. Ата-анасының сол қызметі үшін уақытша бір ақы ретінде
38ләззаты мол, елжіреген жанашырлық берілген-ді. Енді, мыңнан тоғыз жүз тоқсан тоғыз үлестің иесі болған Халиқ-ы Рахим, рахымы мен хикметінің талабы бойынша ол баланы сенің қолыңнан алса, қызметіңді тоқтатса, сырттай ғана бір үлескер бола тұра, шынайы, мың үлес Иесінің үстінен шағымданғандай болып баланы жоқтау, зар еңіреу иманды жанға жараспас, расында ол дінсіздердің ісі.Төртінші Тұжырым: Егер дүние мәңгілік болып, адам да осында мәңгі тұрар болса, айрылысу мәңгі болып еш көрмейтін болсақ, онда қайғырып мұңаюға болар еді. Бірақ, дүние бір мейманхана ғой, ендеше өлген бала қайда кеткен болса, сіз де, біз де сонда барамыз. Өлім деген нәрсе оған ғана тиісті емес, бәріне ортақ бір жол. Бұл айрылысу да мәңгілік емес, ілгеріде, Бәрзахта да, Жәннатта да кездесеміз. деу керек. «Өзі берді, Өзі алды», «Әлхамдулиллаһи ала күлли хал» деп сабыр сақтап шүкір ету керек.Бесінші Тұжырым: Қоғамда Иләһи рахымның ең жағымды да әсем көріністерінің бірі мейірім. ол бейне бір эликсир тәрізді. Әрі ғашықтық сезімінен де өткір болғандықтан Хақ Тағалаға тез ұласуға себеп болады. Жалпы ғашықтық, көп қиындық шеккізіп барып Аллаһқа деген ғашықтыққа айналады, Хақ Тағаланы табады. Ал, мейірім болса еш қиындықсыз, сау-саламатты оңай жолмен жүректі Хақ Тағалаға байлайды. Рас, әке-шеше перзентін дүниеден де артық жақсы көреді. Егер ата-ана иманды, нағыз мүмин болса, перзентінен айырылған кезде, дүниеден бет бұрып
39Мүним-і Хақиқи Аллаһты табады. “Дүние пәни, ендеше оған жүрекпен байланып, құмартатындай нәрсе емес” – деп, перзенті қайда кеткен болса, сол жаққа көңілі ауады, өте керемет рухани күй кешеді. Ғапыл, дінсіздер болса, осы бес ақиқаттағы сүйіншіден мақрұм. Олардың халі қандай қайғылы екендігін мына мысалмен салыстырып көріңіз: Егде жастағы бір әйел, өте жақсы көретін жалғыз баласы өлім аузында жатқанда, өзі бұл дүниеде мәңгі қалатындай және өлімді жоқ болу, мәңгіге айырылысу деп білгендіктен мамықтай жұмсақ төсегінің орнына қабірдің суық топырағын ойлап, ғапылдықтың кесірінен Әрхам-ур Рахиминнің Жәннатын, шексіз рақымын ойламай, қаншалықты үмітсіз қайғы мен мұңға бататынын ойлаңыз! Бірақ, екі жиһанның бақытына қол жеткізуге дәнекер болған Иман мен Ислам діні, мүминнің көңіліне үміт сыйлап: «Мына өлім аузында жатқан баланың Халиқ-ы Рахимі, оны мына пәни дүниеден алып, Жәннатына әкетеді. Саған әрі шапағатшы, әрі мәңгілік бірге болатын бала етеді. Бұл айрылысу уақытша, уайымдама:деп сабыр ет!» - дейді. Саид Нұрси
40Жиырмасыншы Мектуб[Таң намазы мен ақшам намазынан кейiн қайта-қайта оқылуы өте сауапты және нақты риуаттар бойынша ішінде Исм-і Ағзам яғни Алла Тағаланың ең ұлы есiмi бар осы тәухид сөйлемі, он бір кәлимадан (сөзден) тұрады. Әрбір кәлимасы сүйінші хабар жеткізіп, адамды қуантады. Һәм Рубубиеттің тәухид мәртебесі, hәм Исм-і Ағзам тұрғысынан Уахдеттің ұлылығы мен Уахданиеттің кемелдігі бар. Осы терең және ұлы ақиқаттың түсiніктемесi басқа “Сөздерде” баяндалғандықтан, бір кезде берілген уәдеге орай әзірше мұның мазмұнын қысқаша “Екі бөлім” және бір “Кіріспе” арқылы баяндаймыз.]
41КІРІСПЕЖаратылыстың басты мақсаты және болмыс атаулының ұлы нәтижесі “Иман-ы Биллаh” яғни Аллаhқа иман. Адамгершiлiктiң ең жоғарғы мәртебесі, соңғы сатысы – “Иман-ы Биллаh” ішіндегі “Мағрифатуллаh” яғни Аллаһты тану. Жындар мен адам баласының нағыз бақыты мен ең шырын нығметi сол Мағрифатуллаh ішіндегі “Мухаббәтуллаh” яғни Аллаһқа деген махаббат. Және адам рухының шынайы шаттығы мен қуанышы сол Мухабәтулаһтан туындайтын рухани ләззат.Иә, шынайы шаттық пен зор қуаныш, нағыз бақыт, кіршіксіз ләззат, тек Мағрифәтуллаh пен Мухаббәтуллаh арқылы болмақ, онсыз болуы мүмкін емес. Хақ Тағаланы таныған және Оны жақсы көріп махаббат қылған адам іс жүзінде, я болмаса рухани түрде мол бақытқа, нығметке, сырға, нұрға бөленеді. Оны нақты танымаған, жақсы көрмеген адамның жаны да, тәні де азапқа түсіп, шексіз үрей мен қайғыға душар болады.Иә, мына алай-дүлей дүниеде тiршiлiктің қамын жеп, сеңдей соқтығысқан адамдардың арасында аласұрған пенде өзінің нағыз қамқоршы Иесі, Жаратқан иесін таба алмаса, дүниенi билеген сұлтан болса да, құны қанша? Міне, мұндай аласапыран тіршілікте, мұңлы да алдамшы жалған дүниеде, адам баласы өзінің Иесін танымаса, Жаратушысын таппаса, неткен бейшара және үрейлі күй кешетiнi түсiнiктi. Ал, иесін тауып, оны таныса, Оның мейірімділігіне сенiп, құдіретіне арқа сүйейді. Ол кезде мына үрейлi дүние тыныш саябаққа және қызықты сауда-саттық орнына айналады.
42БІРІНШІ БӨЛІММына тәухид сөйлемінің әрбір кәлимасы қуанышты хабарға толы. Әрбір хабарында шипа, әрбір шипасында рухани ләззат бар.БІРІНШІ КӘЛИМА: Бұл кәлиманың қуанышты хабары мынау: Бұл кәлима, мұң-мұқтажы басынан асатын және сансыз дұшпанның қыспағында қалған адам жанына медет береді. Оның бүкіл мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп, мейірімділік қазынасының қақпасын ашатын, сондай-ақ, оған демеу болып, сансыз дұшпанның қыспағынан құтқаратын шексіз құдірет иесі болған Мағбуды мен Жаратушысын тауып беріп, таныстырады, иесінің кім екенін көрсетеді. Сол арқылы жүректі үрейден, рухты уайым-қайғыдан тазартып, сарқылмас шаттық сыйлап, таусылмас қуанышқа бөлейді.ЕКІНШІ КӘЛИМА: Бұл кәлимада жанға шипа боларлық қуанышты хабар бар. Жаратылыстың сан-алуан түрлерімен біте қайнасып, байланысып жатқандықтан жабырқап, аласапыран күйзеліске түсетін адамзаттың рухы мен жан дүниесі кәлимасынан демеу табады. Осылайша, оны түңілуден, аласапыраннан құтқарады. Яғни, кәлимасы былай дейді: “Алла біреу. Басқаларға тіленіп шаршама, оларға жалбарынып қарыздар болма, оларға жалтақтап басыңды име, олардың ізіне түсіп әуре болма, олардан қорқып үрейленбе... Өйткені, бүкіл әлемнің сұлтаны біреу. Барлық нәрсе Соның қалауымен, әмірімен болады. Оны тапсаң, бүкiл арманың орындалып, әр нәрсеге қарыздар болудан құтылып, үрейден арыласың”.
43ҮШІНШІ КӘЛИМА: Яғни, Оның Улухияты мен үстемдігінде серігі жоқ, Аллаһ біреу. Бірнешеу болуы мүмкін емес. Сол сияқты Рубубиятында да, жарату, ісінде де серігі жоқ. Мемлекеттің Сұлтаны біреу болады. Билік үстемдігінде серігі болмайды. Бiрақ, билік басқармасындағы қызметшілері оның серіктері болып саналады. Қабылдау кезінде сұлтанның құзырына әркiмдi кіргізбейдi. “Өтінішің болса,бізге айт” деп, кедергi болады. Бірақ, соңы мен бастауы жоқ, мәңгіліктің сұлтаны – Аллаһ Тағаланың билігінде серік жоқ. Сол сияқты Рубубиятында да жәрдемшілерге, серіктерге мұқтаж емес. Оның әмiрі мен басқаруынсыз, құдірет-күшінен тыс, ешкім де ешнәрсеге араласа алмайды, ешнәрсе iстей алмайды. Әркім оған өз өтінішін тікелей айта алады. Серігі, көмекшісі болмағандықтан, өтініш иесіне “болмайды, қабылдап жатқан жоқ” деп, ешкім кедергі жасай алмайды. Міне, бұл кәлима адамзаттың рухына мынандай сүйінші хабар жеткізеді. Нағыз иманға қолы жеткен адамның рухы, қандай жағдайда болсын кедергісіз, емін-еркін, әртүрлі өтінішін, мұң-мұқтажын әрқашан, кез келген жерде мәңгілік иесі, мейірімділік қазынасының Мәлікі, мол бақыт иесі Жәмил-і Зүлджәләл, Қадир-ы Зүлкәмалға айта алады. Оның мейіріміне бөленіп, құдіретіне арқа сүйеп, көңілі жадырап қуанышқа кенеледі.ТӨРТІНШІ КӘЛИМА: яғни, барлық нәрсе – Соныкi. Сенде Соның жаратқан мүлкісің әрі құлысың, және Соның иелігінде жұмыс істейсің. Бұл сөздiң шипалы да қуанышты хабары мынау: “Ей, адамзат! Сен өзіме-өзім қожайынмын деп ойлама. Себебі сен өзіңді
44алып жүре алмайсың, ол жүк өте ауыр. Өз бетіңмен қорғана алмайсың. Пәлекеттерден сақтанып, өзiңдi қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмайсың. Олай болса, құр босқа күйзеліп, өзіңді азаптама. Барлық нәрсенің иесі Сол. Ол Мәлік, Қадир, hәм Рахим. Соның құдіретіне сен, мейірімділігіне шек келтірме. Мұңайма, еңсеңді көтер... Қиындықты таста, қызыққа кенел, бақытқа бөлен. Және былай дейді: Ынтығып және қайғысын жұтып жүргеніңмен, мүлде түзету қолыңнан келмейтін мына дүние, Қадир-ы Рахимнің мүлкі. Мүлікті иесіне тәсілім ет, соған тапсыр... жапасын шегудің орнына рахатын көр. Ол Хаким, hәм Рахим. Өз мүлкін емін-еркін билеп, қалағанын істейді. Әлденеден қорыққан сәтіңде Ибраhим Хаққы сияқты: «Құдайдың жазғанын көреміз-дағы. Қайғының да бар жақсылық жағы!» деп, ұзақтан қара, араласпа.БЕСІНШІ КӘЛИМА: яғни, мадақтау мен дәріптеу, марапаттау мен шүкiр ету тек Соған арналады. Демек, нығметтер Соның қазынасынан келіп жатыр. Оның қазынасы сарқылмас қазына. Міне, бұл кәлима былайша сүйінші хабар береді: Ей, адам! Ырысым таусылды, игілік бiттi деп уайымдама! Өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. Ләззат аяқталды деп қайғырма. Себебі, олар соңсыз мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы мәңгі болса, жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс салады емес пе? Нығметтердегi ләззаттан мың есе тәтті Илаһи мейірімділіктің ілтипатын шүкірлікпен ойлау арқылы бiр ләззатты жүз есе арттыруға болады. Мәселен, аты әлемге әйгілі патша саған алма сыйласа, ол алманың ләззаты басқа алмалардан жүз, бәлкім мың есе тәтті
45болады. Өйткені, ол алма, саған деген патшаның сый-ілтипатының белгісі. Сол сияқты, кәлимасы арқылы яғни, мадақтау мен шүкір ету арқылы, яғни нығметтен нығмет сыйлаушыны сезу, яғни Мүнимді тану арқылы, яғни нығмет берушiні ойлау арқылы, яғни оның рақымының ілтипатын, мейірімі түсiп тұрғандығын және жарылқауы тағы да жалғасатынын ойлау арқылы берілген нығметтен мың есе тәттi рухани ләззатқа жол ашады.АЛТЫНШЫ КӘЛИМА: яғни, өмірді берген – Сол. Азықпен қамтамасыз ететін де – Сол. Өмірді жалғастырып, қажеттіліктерін беретін де – Сол. Өмірдің басты мақсаттары Соған тиесілі және маңызды нәтижелері мен жемістерінің жүзде тоқсан тоғызы – Соныкі. Міне, бұл кәлима фәни, бейшара адамзатты былай деп қуантады: Ей, адам! Өмірдің ауыр жүгін мойныңа артып әуре болма. Өмірдің қиыншылықтарын ойлап, түңілме. Тек дүниеуи, түкке тұрғысыз пайдаларына қарап, өмiрге келгеніңе өкінбе. Сенің кемеге ұқсас болмысыңның тұрмыс тiршiлiгi Хаий-ы Қаюмның құдіретінде. Шығындарын өзі өтеп, қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Өмірдің шексiз мақсаттары мен нәтижелері Соған тиесілі. Сен болсаң, ол кемеде штурвалда тұрған теңізші сияқты, міндетіңді адал атқар, ақысын ал, көңіліңді жәйла. Осынау «өмір» кемесiнің қаншалықты қымбат, мол табыс көзі екенін әрі кеменің иесі қаншалықты Кәрім, Рахим екенін ойла, қуан, шүкіршілік ет. Біліп қой! Міндетіңді адал атқарсаң, әлгі кемеден түскен күллі пайда мен нәтиже, бір жағынан сенің пайыңа, яғни, амал дәптеріңе жазылады. Сені бақи өмірмен қамтамасыз етіп, мәңгі жасатады.
46ЖЕТІНШІ КӘЛИМА: яғни, өлімді берген – Ол. Яғни, өмірдегі атқарар міндеттен демалысқа шығарады. Өткінші дүниеден көшіредi. Машақаты көп қызметтен азат етiп, фәни өмірден бақи өмірге апарады. Міне, бұл кәлима, фәни адамзат пен жын атаулыға былай дейді:«Сендерге сүйінші! Өлім – жоқ болу емес, жойылу емес, тым жағымсыз нәрсе емес, өшу емес, сөну емес, келмеске кету емес, кездейсоқ емес, босқа жоғалу емес... Ол, Файл-ы Хаким-ы Рахимнің міндеттен босатуы, өзге дүниеге қоныс аудару, мәңгі бақыт әлемі, нағыз отанға, атамекенге оралу, жақын әрi сүйікті жандардың жүзде тоқсан тоғызы жиналған Берзах әлеміне апаратын құбылыс, қауышу сәтi.СЕГІЗІНШІ КӘЛИМА: яғни, бүкіл әлемдегі еріксіз көз тартатын сұлулықтар мен әсемдіктерден де асқан сұлу, әсем және барлық игіліктердің иесі және барлық сүйіктілер оның қасында түкке тұрғысыз құнсыз қалатын, Оның сұлулығының бір ғана сұлбасы әлемге жетіп артылатын Мағбуд-ы Ләмязәл, Махбуб-ы Ләязәл мәңгi тiрi. Оның бастауы мен соңы жоқ. Аяқталу, зақымдану деген кемшіліктерден ада, нұқсандық атаулыдан пәк. Міне, бұл кәлима жын атаулыға, адамзатқа және барлық саналыларға және бүкіл ғашық атаулыға мынадай хабар жеткізеді: “Сүйінші! Сүйікті жаннан көз жазып, қоштасудан пайда болған сансыз жараларды емдеп тәуір қылатын Махбуб-ы Бақи бар. Ол бар және мәңгі. Олай болса, басқаларға не болды деп қам жемеңдер. Сүйіктiлердiң бойындағы сұлулық, әсемдік, мейірбандық пен қамқорлық сияқты қасиеттер, әлгі Махбуб-ы Бақидың
47мәңгілік жамалынан тараған әсемдiктердің қабат-қабат пердеден өтіп келген сәулесінің өте көмескі іздерінің нышандары ғана. Олардың көзден таса болуы көңілге кірбің түсірмесін. Себебі, олар айна тәрізді. Айналардың өзгеруі сұлудың әсем көріністерін бұрынғыдан да жаңартып, көркейте түседі. Оның бар екені ақиқат, ендеше бәрі де бар болады.ТОҒЫЗЫНШЫ КӘЛИМА: яғни, бүкiл жақсылық Оның құдіретімен болады. Жасаған бүкіл жақсылықтарың, Соның дәптеріне жазылады. Атқарған әрбір игі істерің тіркеліп отырады. Міне, бұл кәлима жындар мен адамзатты өзіне қаратып, қуанышты хабарын былай жеткізеді: Ей, бейшаралар! Қабірге қарай көшкен кезде, “қап, әттеген-ай! Мал-жанымыз таланып, еңбегіміз еш болды. Мына жарық, кең дүниеден кетiп қараңғы, тар қабірге кірдік-ау” деп, жылап-сықтап қайғырмаңдар. Өйткені, сендердің бүкiл нәрселерің сақтаулы, атқарған істерің жазулы, жасаған қызметтерің тіркеулі. Еңбектеріңнің ақысын беретін және жақсылық атаулы қолында, қандай игілік болсын қолынан келетін Зат-ы Зүлджәмал, сендерді өзіне тартып, жер астына уақытша қояды да, сосын құзырына алдырады. Неткен бақытты жан едіңдер. Өйткені, сендер қызметтерің мен міндеттеріңді атқарып болдыңдар. Қиын күндер артта қалды, енді рахатқа батуға, мейірімге бөленуге бара жатырсыңдар. Қызмет, машақат дегендер осымен бітті. Енді сол еңбек ақыларыңды алуға барасыңдар. Иә, өткен көктемнің амал дәптерінің парақтары мен атқарған қызметтерінің сандықшасы тәріздес дән, тұқымдарды сақтап отырған,
48келесі көктемде өте керемет, тіпті бұрынғысынан жүз есе берекелі түрде қайта өсiрiп отырған Қадир-ы Зүлджәләл, әлбетте сендердің өмірдегі нәтижелерiңдi сақтап, қызметтеріңе қарай мол сыйлық береді.ОНЫНШЫ КӘЛИМА:Ол – Уахид әрi Әхад, яғни барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Оған ауыр келетін ешнәрсе жоқ. Көктемді жаратуы бір гүлді жаратумен бірдей. Жәннатты жарату, көктемді жарату сияқты оп-оңай. Күн сайын, жыл сайын, ғасыр сайын жаңадан жаратылған шексiз, таңғажайып нәрселер Оның аса құдіретті екеніне сансыз тілдермен куәгерлік етеді. Міне, бұл кәлима, сүйіншісін былай хабарлайды:Ей, адам! Атқарған қызметің, жасаған құлшылығың босқа кеткен жоқ. Сыйлық берілетін жер және бақыт сарайы сен үшін әзірленіп қойылған. Сенің мына өткінші дүниеңнің орнына мәңгі Жәннат беріледі. Өзің құлшылық етіп, тануға тырысқан Халиқ-ы Зүлжәләлдың уәдесіне сенім арт. Оның уәдеден таюы әсте мүмкін емес. Құдіреті шексіз, ешбір кемшілігі жоқ. Істеген ісінде ешбір әлсіздік сезілмейді. Аулаңдағы шағын бақшаны жаратқаны сияқты, Жәннатты да саған арнап жарата алады және жаратқан әрі уәде берген. Уәде берген болса, әлбетте уәдесін орындайды. Сондай-ақ, жыл сайын жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің үш жүз мыңнан астам түрін өте жүйелі түрде, көз ілеспес жылдамдықпен оп-оңай, тым биязылықпен ұйқыға батырып, содан соң лезде қайтадан оятып отырғанын көзімізбен көріп отырмыз. Әлбетте мұндай Қадир-ы Зүлжәләлдың өз уәдесін орындауға шамасы жетеді. Сондай-ақ, әлгі Қадир-ы Мутлақ, жыл
49сайын хашир мен Жәннаттың үлгiлерін сан алуан түрде көрсетіп отыр. Һәм, көктен келген бүкiл әмірлерімен мәңгі бақытқа бөлейтініне уәде беріп, Жәннатты сыйға тартатынын сүйіншілеуде. Һәм, оның атқарған барлық жұмыстары мен істері өте дұрыс әрі ақиқат, сенімді әрі маңызды. Һәм жаратқан жаратылысына қарап, олардағы әсемдіктерден Өзiнің де шексіз әсем, ешбір нұқсандығы жоқ екенiн бiлуге болады. Ал, берілген уәдені орындамау, өтірік алдау – өте жағымсыз әрi нашар сипат әрі үлкен кемшілік. Әлбетте әлгі Қадир-ы Зүлжәләл, Хаким-ы Зүлкәмал, Рахим-ы Зүлжәмал берген уәдесін бұлжытпай орындап, мәңгі бақыт есігін айқара ашады. Уа, иман келтіргендер, сендерді Адам аталарыңның отаны – атамекен Жәннатқа кіргізеді. ОН БІРІНШІ КӘЛИМА: яғни, адам баласы мына сынақ алаңы болған дүниеге сауда жасауға және қызмет етуге жіберілген. Олар саудасын жасап, қызметiн бітіріп, мiндетін аяқтаған соң, өздерiн жіберген Халиқ-ы Зүлджәлаліне қайта оралады. Сөйтіп, Мәулә-и Кәрімдеріне қауышады. Яғни, мына фәниден көшіп, мәңгі әлем – Алланың құзырына шығу абыройына бөленеді. Яғни, себептердің аласапыран кедергiлерiнен, қараңғы перделерінен құтылып, мәңгілік салтанат сарайларында Рабб-ы Рахимдеріне пердесіз, кедергісіз қауышатын болады. Ол жақта әркім тікелей өзінің Халиқы мен Мағбуды, Раббы мен Сәйіді және Мәлікі кім екенін біліп, адаспай табатын болады. Міне, бұл кәлима барлық сүйіншілерден де тамаша хабарын былай деп жеткізеді: Ей, адам! Қайда бара жатқаныңды білесің бе? Қайда апара жатыр, ойландың ба? “Отыз екінші сөздің” соңында баяндалғанындай:
50«Бір сағаттық өмірі дүниенің мың жылдық шат-шадыман өмірiнен артық Жәннатқа, ал бір сағат Алланың жәмалын, яғни, әсемдігін тамашалау, Жәннаттың мың жылдық рахат өмiрiн ұмыттырып жiберетiн әлемге барасың. Осындай бір Жәмил-і Зүлджәләлдың мейірімге толы аяулы құзырына барасың. Өліп-өшіп құмартқан, ғашық болып күйiп жанған фәни, уақытша нәрселердегi сұлулықтар, сондай-ақ, айналамыздағы тамаша әсемдіктер, Алланың жәмалының көрінісі, яғни, Оның әсем есімдерінің шуағының ұшқындары ғана. Жәннат – өзінің бүкiл сұлулығымен бірге Оның рақымдылығының көркем көрінісі. Және барлық құштарлық, махаббат,сұлулық пен көрік, Оның махаббатының ұшқындары. Міне осындай бір Мағбуд-ы Ләмязәлдің, Махбуб-ы Ләязәлдің құзырына бара жатырсың. Оның мәңгі бітпейтін қонақасына, Жәннатқа шақырулысың. Олай болса, қабірге кірерде жыламсырап емес, күлімсіреп кір! Бұл кәлима сүйіншісінде тағы да былай дейді: Ей, адам! “Жойылуға, құрып кетуге, қараңғыға көміліп, көрінбей қалуға, шіріп, ыдырап кетуге, себеп-салдарға жем болуға кетіп барамын” деп қайғырма! Сен құрып кетуге емес, мәңгілікке бара жатырсың. Жойылуға емес мәңгі жасауға, қараңғыға емес нұр әлеміне, Сахип әрі Мәлікі-і Хақиқидiң құзырына кетіп барасың. Сұлтан-ы Әзелидің орталығына ораласың. Көрінгенге жем болуға емес, дара біреудің алдына және тынығуға барасың. Демек, бұл қоштасу емес, қауышу, айырылысу емес, кездесу.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124