РИСАЛЕЙ-НҰР ЖАЙЛЫ БАЯНДАМАЛАРАлматы 2018
Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек.Рисалей-Нұр жайлы баяндамалар:Ғылыми-көпшілік басылым. Ауд. Ж. ҚиянбековАлматы ТОО «Нур Фейз» 2018ISBN 978-601-80605-2-6УДК 28ББК 86.38Р 50 Б “Нур Фейз“ ЖШС 2018ISBN 978-601-80605-2-60403000000 00(05)-03Бұл кітап Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің дінтану сараптамасынан өткен. 28.12.2017ж. №14-06-13/2432 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.УДК 28ББК 86.38
ІЗДЕГЕНІМДІ ТАПТЫММен Ислам әлемінен қырық жыл іздеген нәрсемді Түркиядан таптым. Бәдиүззаман, Түрік халқына ғана тиесілі емес. Ол бүкіл Ислам әлеміне ортақ тұлға. Ислам әлемінің тағдыры жайлы сұрағым келген көптеген сұрақтарым бар еді. Ол кісімен әңгімелесе бастағанда бір сағаттың ішінде бүкіл сұрақтарыма жауап алдым. Енді өз отаныма, сүйінші сұрауға асығып барам. Ислам тарихында ұлы істер атқарған көптеген ғалымдар өткен. Олардың көпшілігі өз еңбектерінің ақысын – мал-мүлік, атақ-даңқ түрінде алып қойған болатын. Ал, Бәдиүззаманның үйінде бүгін кешкісін жағар шам да жоқ. Пакистан Оқу-Ағарту Министрінің орынбасарыАли Әкбар Шах
1950-жылдың Қараша айында Анкара университетінде профессорлар, депутаттар және Пакистандық қонақтар мен студенттер қатысқан «Факультет жиналысы» түн жарымда бір-ақ біткен еді. Сол жерде аса қызығушылықпен ден қойыла тыңдалған баяндама.
5Иманға жəне Ислам дінінің зəм-зəм суына шөліркеген қадірлі достар!Айта кететін бір жәйт, мінбеге шығып сөйлеп тұрғаным болмаса, сендерден артық ештеңем жоқ. Араңыздағы бауырларыңыздың бірімін. Оқығалы тұрған баяндамам әуелі өзім мұқтаж болған, пайдасы мол дәрісім. Рұқсат етсеңіздер талқылау ретінде сіздерге оқып берейін. Кемшіліктер болса маған, ал ұнамды жақтары болса, маған көп пайдасы тиген Рисалей-Нұр шығармасына тиесілі, деп біліңіз.Құдай қаласа, алдағы уақытта апта сайын өтетін мұндай бас қосуымыздың бүгінгі және алғашқы тақырыбы – иман туралы болмақ. Неге десеңіздер, алғашқы жалпы ұлттық мәжілісте Ислам ғалымы Бәдиүззаман Саид Нұрси айтқандай: \"Әлемдегі ең ұлы ақиқат – Иман. Иманнан кейін намаз\". Сондықтан, біз де баяндамамыздың Құран, иман, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) жайында болғанын жөн көрдік. Одан кейінгісі Иншаллаh, намаз, ғибадат туралы болмақ.
6Аталған тақырыптар жайлы бізге дәрiс беретiн шығарма іздедік. Ақырында сұранысымызды қанағаттандыратын, өміршең, әрі заманымызға сай, түсiнiктi дәріс беретін және ширек ғасырдан бері халықтың зор сенімiне ие болуымен қатар, пайдасын тигізіп келе жатқан \"Рисалей Нұр\" атты еңбектi таңдадық. Алғашқы баяндамамыз нелiктен имандылық жайы болғанын және шығарманың авторы туралы да азғантай мағлұмат бергеніміз жөн болар.Қазiр Ислам дінінің дұшпандары Иманның негіздерін әлсіретіп, оны құртуды көздеп отыр. Əсіресе, соңғы ширек ғасырда Иман шарттарына соқтығып, пәк дiнiмiзге күйе жағуға тырысқан қаскөйлер тарихта бұрынды-соңды болмаған айла-тәсілдер қолдануда.Өздеріңізге мәлім, Иман шарттарының біреуіне күмән келтіру немесе оны жоққа шығару, діннің ұсақ-түйек мәселелеріне деген немқұрайдылықтан мың есе қауіпті әрі зиянды. Сондықтан, қазіргі басты міндет – ерме-еліктеме иманды, шынайы иманға айналдырып, одан әрi күшейтіп, жандандырып, нағыз иманға қол жеткiзу және иманның ұлылығын сақтап қалу. Бәрінен бұрын Иман негіздерімен шұғылдану ауадай қажет, тіпті соған мәжбүрміз деуге болады. Бұған Түркия ғана емес күллі Ислам әлемі мұқтаж.Іргетасы жарылып тұрған үйдің бөлмелерін жөндеу, әшекейлеу жұмыстары оның құламауына септiгi тиер ме екен? Тамыры шіріген ағашты қуратпаймын деп бұтақтары мен жапырақтарын дәрілеп, шара қолдану оның өмірін ұзарта қоя ма?Адам баласы, бейне бір үй дейтiн болсақ, оның іргетасы – Иман шарттары. Адамды ағашқа теңер болсақ, оның тамыры – Иман негіздері. Иман шарттарының ең бастысы – Иман-ы Биллаh, яғни Аллаhқа сенім. Одан
7кейiн Пайғамбарлық, хашір (өлген соң тiрiлу) келеді. Сондықтан адамның ең бірінші үйренетін ілімі – Иман ілімі. Ілімдердің өзегі, патшасы – Иман ілімі.Иман дегеніміз, тек Аллаһ Тағаланы мойындап қана қоюмен бітпейді. Иманның көптеген мәртебелері бар. Əлсiз де жаттанды Иман, мынадай аласапыран кезеңде тез өшіп қалады. Нағыз Иман болса сарқылмайтын, таусылмайтын қуат. Нағыз Иманға қолы жеткен адам Құдайдан безгендердің зорлық-зомбылықтарына ұшыраса да дiнiн сақтап қалады. Шын иманды адамның жүрегiне азулы дінсіз философтың өзі күмән сала алмайды.Міне, осы ақиқаттарға сүйене отырып, бізге нағыз имандылық дәрісін беретін, оның қуатын арттырып, мәңгі бақытқа бөлейтін Құран және иман ақиқаттарына толы шығарманы табандылықпен зерттеуді, мұқият оқуды өзімізге мiндет және аса қажетті деп шештiк. Əйтпесе, мына заманда дүниелік және ақыреттік қайғыға душар болатынымыз анық. Сондықтан, қасиетті Құранның Иман туралы аяттарын түсіндіретін құнды тәпсіріне ұмтылуды жөн көрдiк.Көкейлеріңде \"бүгінгі таңда мұндай шығарма бар ма?\" деген сұрақ туғанын, қобалжыған нұрлы жүздеріңнен байқап отырмын.Рас, мұндай қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін шығарма табу үшiн мұқият зерттеу жүргіздік. Ақырында, hәм түрік жастарына, hәм күллі мұсылман қауымына және адамзатқа Құрани сабақтар беріп, жетекші бола алатын шығарма таптық. Ол – Бәдиүззаман Саид Нұрсидің \"Рисалей-Нұр\" атты шығармасы. Бұған біз ғана емес бізбен бірге \"Рисалей-Нұр\" арқылы иманын сақтап қалған миллиондаған кісілер куә.
8Иә, жиырмасыншы ғасырда жалпыға бірдей жетекшілік ететін Құрани тәпсірдің авторы, мынадай қасиеттерге ие болуы керек. Төмендегі қасиеттердің барлығы \"Рисалей Нұрда\" және оның авторы Бәдиүззаман Саид Нұрсиде бар екеніне куә болдық.БІРІНШІСi: Автор өзiне тек Қасиетті Құранды ұстаз деп тануы.ЕкІНШІСІ: Құран Хаким – нақты ілімдерді қамтитын қасиетті кітап. Сондай-ақ, ғасырлар бойы адамзаттың барлық таптарына арналған өмiршең үндеу. Сондықтан Құран тәпсір етiлгенде ақиқат мөлдір күйінде ақтарылуы, тәпсірдің толық болуы үшін тәпсірші оны өзінің жеке кәсібіне бұрмай, мінезқұлқының көлеңкесін түсірмей, әуестік араластырмай жазуы тиіс. Һәм Құранның мағыналарын аша отырып, Құрандағы ақиқаттарды жеткізу үшін тәпсіршінің барлық пәндерден хабары бар, ой-пікірі өткiр болуы тиіс. Сондай-ақ, зерделі, өте ықыласты, үлкен ғұлама, дана, беделді, еңбекқор, әулиеге тән қуатқа ие болуы қажет.ҮШІНШІ: Тәпсірші Аллаhтың ризашылығынан басқа ешнәрсені, яғни заттық, рухани пайда көздемеуі керек. Мұндай шынайы қасиеттерге ие екеніне өткен өмірi дәлел болуы тиіс. Сонда ғана Құран тәпсірінің толық ықыласпен жазылғаны дәлелденеді.ТөРТІНШІ: Қасиетті Құранның ең үлкен мұғжизаларының бірі – оның тозбай, ескірмей өзінің уылжыған жастығын сақтап қалуы. Осы ғасырда түскендей әр ғасырдың қажеттiлiгiн қамтамасыз етіп тұруы. Міне, біздің ғасырда жазылған тәпсірде Құран Хакимның
9заманымызға сай қырлары ашылып, қарапайым халықтан бастап оқымысты жандарға дейінгі барлық адамдардың пайдасына жарап тұр.БЕСІНШІ: Тәпсірші Құран және Иман ақиқатын нақты айғақтармен дәлелдей отырып, сабақ беруде.АЛТЫНШЫ: Бұл сабақтардағы Құран ақиқаттары адамның ақылын, жүрегін, рухы мен ар-ожданын нұрға бөлеп, толық қанағаттандырады. Нәпсіні тізгіндеп, тіпті шайтанның өзін қыбыр еткізбейтіндей қуатты әрі шешен, алмастай өткір, өте әсерлі.ЖЕТІНШІ: Ақиқатты түсінуге кедергі болатын менмендік, көкіректік, тәкаппарлық сияқты нашар мінездерден сақтап, кішіпейілділік, ақ көңілділік сынды жақсы мiнездерге баулуы керек.СЕГІЗІНШi: Құран Кәрімге тәпсір жасаған ғұлама, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін мүмкіндігінше орындауы және әhл-и сүннет уәл жамағат жолында, яғни сүнниттердің ізімен, ілімімен әрекет етуi тиіс. Сондай-ақ, дүниеге қызықпайтын тақуа, аса ықыласты және дінге деген қызметі адал, мәрт, өте сенімді, шынайы берілген жанкешті, барынша үнемшіл, қанағатшыл болуы шарт.Қорыта айтқанда тәпсір жазушы, өзінің Құраннан бастау алатын ғылыми еңбектері арқылы да Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) Пайғамбарлығының сәулесінен нәр алған, сондай-ақ өзінің тақуалығымен, құлшылығымен және iзгi қасиеттерімен де Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының нұрына бөленген Құран қызметшісі болуы тиіс.
10ТоғЫЗЫНШЫ: Тәпсір жазушы кісі, Құранға және шариғатқа қатысты мәселелерді баяндаған кезде, қандай да болсын азаптан, зорлық- зомбылықтан қорықпай, қиын сәтте айтқанынан қайтпай, өлімнен тайсалмай, дүниені дүркіретерлік Иман қуатымен ақиқатты еркін айтатын және Ислам берген батырлыққа ие, ержүрек жан болуы тиіс.Сондай-ақ, өлім жазасына кесу, қуғын-сүргін, дінді жою жоспарлары іске асырылып, бірде-бір діни кітап басылмай жатқан қараңғы да үрейлi кезде, әсіресе, Құран мен Шариғат негіздерін жоюға, әрекет жасалып жатқан кезеңде Құран мен Шариғат негіздеріне түсiнiктеме жасап, қызғыштай қорғаушы, жазбалары өз оқырмандарын тапқан нағыз тәрбиеші және Исламның заманымызға сай кәміл жолбасшысы, Құранның адал тәпсіршісі болуы тиіс.Міне, осы тоғыз қасиет осы заманның Құран тәпсіршісi Саид Нұрсидің бойында және \"Рисалей Нұр\" атты шығармада дәлме- дәл кездесетінін, әділ Ислам ғұламалары бір ауыздан мақұлдап отыр. Сондай-ақ, жанданып, өркен жайып келе жатқан Ислам әлемінде, тіпті Еуропа мен Америкада танылып, қызу қуат тауып отыр.Қадірлі бауырлар! Біз осындай Құран тәпсірін ұзақ жылдар сарғая күтіп, осындай бір тәпсірші болса деп, армандаған едік.Қымбатты бауырлар! Мынандай аса қауіпті ғасырда адам баласының ең маңызды мәселесі – Иманын сақтап қалу. Дүние жүзілік соғыстар адамзатты ұйқысынан оятып жібергендей, дүниенің фәни екенін қатаң ескертті. Көп адамның жүрегінде бақи әлемде, мәңгі бақытты өмір сүрсем деген арман-сезімі пайда болы. Əлбетте, мұндай
11аса маңызды мәселеге яғни мәңгі бақыттан айырылып қалу немесе соған қол жеткізу секілді өзекті мәселеге өте мұқият болуымыз керек. Əсіресе, мына құйтырқы заманда өзімізге жетекшілік ететін ұстаз іздегенде абай болуымыз қажет (Сілтеме ).1Сондықтан, кімге еліктеп, кімнің артынан жүреміз деген сұраққа жан-жақты ойлансақ, дейміз!Бұдан бұрынғы Ислам ғұламалары, келам ілімінің ғалымдары және дініміздің керемет имамдары сондай-ақ, Құран Кәрімнің ғажайып тәпсіршілері жазған еңбектер сөзсіз баға жетпес құнды. Олардың әрқайсысы Ислам дінінің Күн көсемдері. Дегенмен қазіргі заман әлгі ұлы тұлғалар өмір сүрген кезеңге ұқсамайды.Ол кездері адасушылық – надандықтан туындайтын. Оған тосқауыл қою оңай еді. Ал бүгінгі таңда адасушылық – (Құран мен Дін Исламға, Иманға тікелей шабуыл жасау), пән мен пәлсәпәны, ілімді қару етіп қолданудан туындап отыр. Мұны тоқтату оңай соқпасы анық. Бұрынғы кезде, осы екінші түрлі адасу мыңнан бір яғни сирек кездесетін. Олардың мыңнан бірінің бетін қайтару ғана мүмкін болатын. Себебі, олар білмейтін және өзінің білмейтіндігін де білмейтін. Білемін деп ойлайтын.Өткен ғасырлар ғылым мен техниканың қазіргідей дамымаған кезі еді. Олай болса, қазіргі таңда кең етек алған дінсіздік пен материализм ұғымының тамырына балта шауып тоқтататын, хақ пен ақиқатты көрсетіп, адамзатқа «сиратал мұстақимды» яғни тура жолды көрсететін, иманды қуаттап сенімімізді арттыратын, Қасиетті Құранның заманауи, баршаға пайдалы қыр-сырларын ашып беретін тәпсір керек.Сілтеме :1Бүгінгі таңда осындай жетекші, ұстаз Рисалей-Нұр екеніне, сол кітаптарды оқып иманын қуаттаған миллиондаған кісі куə.
12Міне, Бәдиззаман Саид Нұрси Аллаһ жарылқап Құран Кәрімнің біздің ғасыр мұқтаж болып отырған ақиқаттарын ашып, Рисалей-Нұр атты тәпсірі арқылы әркім өз қабілетіне қарай пайдалана алатындай етіп, түсініктеме жазуға қолы жетті. Сондықтан, Рисалей-Нұрдың теңдесі жоқ еңбек екенін көпшілік мойындап отыр.Тағы да сол Рисалей-Нұрдың ерекшелігі болса керек, миллиондаған бақытты жандар өздерінің мұқтаждығын сезініп, аса құштарлықпен, жиырма бес жылдан берігі қыспақтарға қарамастан Рисалей-Нұр тәпсірін оқуда.Рисалей-Нұр қажет кезде жазылғандықтан Түркия және Ислам әлеміне тез тарап, назар аударатындай ерекшелікке ие болғанын өзіміз де көріп отырмыз.Қадірменді бауырларым! Саид Нұрси қырық жыл бұрын Стамбулда, \"Кім қандай сұрақ қойғысы келсе, қойсын\" деп, хабарландыру іліп қойған кезде, сол заманның әйгілі ғалым, ғұламалары Бәдүззаманның шағын бөлмесіне топ-тобымен келіп, сан-алуан салада, түрлі тақырыптарда қойылған ең қиын сұрақтарға мүдірмей жауап берген-ді.Мұндай шектемесіз яғни мына тақырыпта не болмаса мына салада демей жауап беру, адамзат тарихында кездеспеген деседі. Оған дейін мұндай ауқымды да терең ілімге ие Ислам ғұламасы шықпаған шығар. (Ардақты Пайғамбарымыздың заманы сөзімізден тыс).Сол кездері Мысырдағы Джами-үл Əзхәр университетінің ректоры мәшһүр Шәйх Бахид мырза Стамбулға келеді. Шығыстың тау-тастарының арасынан шығып, Стамбулға қоныс тепкен Бәдиүззаманды сол кездегі ғалымдар білім жағынан жеңе алмаған соң, Шәйх Бахидтен осы жас ғалымды сөзден ұтып, жеңіп беруін
13сұраған екен. Шәйх Бахид мырза бұл ұсынысты қабылдап, айтысуға оңтайлы сәтті күтеді. Намаздан кейін Аясофия мешітінен шығып, шайханаға кірген кезде Шәйх Бахид мырза сол сәтті пайдаланып, Бәдиүззаман Саид Нұрсиға мынадай сұрақ қояды:Яғни \"Еуропа жəне османлы мемлекеті туралы көзқарасың қалай? осы жайлы пікіріңді білгім келеді\".Шәйх Бахид мырзаның бұлай сұрауындағы мақсаты, Бәдиүззаман Саид Нұрсидің теңіздей терең ілімін, өткір ойын сынамақ емес-ті. Болашақ туралы алысқа зер сала алатын көрегендігін, әлемнің хал-ахуалына қатысты саяси көзқарасын білгісі келгені еді.Бұған жауап ретінде Бəдиүззаман:яғни \"Еуропа Ислам мемлекетіне жүкті, ал османлы Еуропалық мемлекетке жүкті. Уақыты келгенде екеуі де босанады,\" – депті.Мұндай жауапты естіген Шәйх Бахид Хәзірет: \"Мына жігітпен айтысу мүмкін емес. Мен де солай ойлайтынмын, бірақ оны мұндай қысқа да нұсқа шешен түрде жеткізу тек Бәдиүззаманның қолынан келеді\" деп таң қалған екен. Иә, Бәдиүззаманның сол айтқаны келді. Бір-екі жылдан соң
14Түркияда Мәшрутиет жарияланып яғни шариғатқа сай демократиялық ел боламыз деген желеумен Дін Исламның заңдарына қайшы келетін көптеген батыстық жат әдеттер еніп, әбден орналасып алды. Ал қазір Еуропада Қасиетті Құранға, Дін Исламға аса қызығушылық артуда, әсіресе Неміс халқы топ-тобымен Ислам дінін қабылдап жатыр. Бұл оқиғалар, әлгі көрегенділікті толық растап отыр.Сол кездегі Ислам ғұламалары мен шәйхтердің көптеген тәжірибелер мен емтихан-сынақтар арқылы көз жеткізген нәрсесі мынау еді: Бәдиүззаман не айтса да ақиқатты айтады. Оның шығармалары жүрекке илхам арқылы жетеді. Ілім жолындағылар, тариқатшылар, мектеп көргендер мен ғалымдар Бәдиүззаманның кітаптарынан тек фәйіз, нәр алып, пайдасын ғана көрген. Иә, таңғаларлық емей не, өзінің медіреседе білім алу мерзімі бар жоғы үш-ақ ай, қырық жылдан бері Құраннан басқа кітап пайдаланбаған, шығармаларының жүз отызы түрікше, он бесі арабша. Жазар кезде ешқандай кітапқа қарамайтын, мұны әзірге көзі тірі шәкірттерінен сұрауға болады. Өзінің жеке кітапханасы жоқ, жазуы нашар яғни жазу үлгісі нашар бір кісінің жарқ етіп тосын хабарландыру жасап, жап-жас бола тұра соңғы ілімдермен бірге сан-алуан ғылыми салада ғұламалармен, ірі ұстаздармен білім жарыстырып, жеңіске жеткендігі белгілі. Көпшілік тарапынан расталған мәселелерді растап, ал тартысты мәселелерді дұрыстап отырған. Ғұламалар, \"Бәдиүззаманның жауап бере алмайтын сұрағы жоқ\" деп мақұлдаған. Еуропалық кейбір санасы төмен, кекшіл философтардың Құранның мүтешәбих яғни терең сырлы, астарлы мағыналы аяттары
15мен хадистерге тіл тигізген шабуылдарын тойтарып, керісінше ол аяттар мен хадистердің бәрі де мұғжиза екенін өз шығармаларында дәлелдеп, философтардың пасық пікірлерінің тамырына балта шапқан. Осылайша уайым мен күдікке түскен кейбір ғалымдарды құтқарып, Дін Исламға жасалған шабуылдарға тегеурінді тойтарыс берген Саид Нұрси секілді ғұламаның әлбетте аса дарынды тәпсірші екеніне дау жоқ. Оның ілімі Аллаһ берген дарыннан туындайтынына және Нұр рисалелері өмір бойы оқуға тұрарлық кітап екеніне шүбә болмауы керек. Көкірегі ояу бауырларым! Біздің және Ислам әлемінің мәңгі өмірін құтқаратын және жан дүниемізді нұрландырып, бізді тура жолға салатын, адасудан сақтайтын кітап, шығарма таңдарда өте мұқият болуымыз қажет. Себебі, бүгінгі таңда неше түрлі айла-қулықтармен мұсылман жастарды адастыру үшін іс-шаралар ұйымдастырылуда.Бір кітаптың яки бір сөздің құндылығын анықтау үшін әуелі дегендей яғни: \"кім айтқан, кімге айтқан жəне не үшін айтқан, қандай жағдайда айтылған?\" – деген негізгі қағидаларды басшылыққа алу қажет. Сөздің мән-мағынасы, өткірлігі, әсері, қанаттылығы мына төрт негізден бастау алады.Мүтәкәллим (сөйлеуші), мүхатаб (тыңдаушы), мақсат және мақам яғни айтылу орнына қарайды. Əйтпесе, қолға тиген барлық кітапты оқи беруге болмайды, айтылған әрбір сөзге құлақ асу ысырап болар. Мәселен, бір қолбасшының
16қалың қолға берген \"марш!\" бұйрығы мен қарапайым бір сарбаздың аузынан шыққан \"марш!\" сөзін алайық. Біреуі қалың әскерді, армияны алға бастырса, екіншісі бәлкім бір жауынгерді де орнынан қозғай алмас.Міне, осы төрт негізге байланысты және Саид Нұрсиға деген сүйіспеншілік сезінген жүз мыңдаған жандар, оның жағдайын білгісі келіп, жақыннан тануға, ізінен еруге тырысуда. Сондықтан, осында отырған кейбір бауырларымыз ұстазымыздың өмірі, кітаптары, ұстанған жолы жайлы мағлұмат алғысы келіп, өтініш білдірді.Бірақ, Бәдиүззаман сынды тұлғаның өмірін, шығармасын, қадір-қасиетін толық суреттеу қиынға соғары анық. Бұл ақиқат, көзі ашық, көкірегі ояу, ілімді, сөзге шешен кісілер тарапынан мойындалғандықтан бұл біздің қолымыздан келмейтіні хақ. Ол кісі туралы білгісі келгендерге айтарымыз, Рисалей-Нұр атты шығармасын ыждағатпен, мұқият мән бере отырып, әрдайым оқу арқылы мүмкін болатынын айтқымыз келеді.Ғазиз бауырлар! Қасиетті отанымыз бен халқымыздың және Ислам әлемінің мәңгі бақыты мен есендігіне ұйытқы болар, және жер бетіндегі бейбітшілік пен татулыққа бастар, Аллаһтың жәрдемі мен құдіретіне бөленген Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасынан төмендегідей ізгі қасиеттер табылатынына куә болдық:1. Орасан зор қуат пен кемелдіктің қайнар көзі болып табылатын Ислам ақиқаты.2. Имани шəһəмəт яғни өзін қорлатпау жəне бейшараларға үстемдік жасамау, тəкəппарланбау.3. Мұсылманшылықтан бастау алатын абырой мен намыс. Ал бұл Ислами қасиет - даму мен өркениеттің ең басты себебі, қозғаушы күші.
17Бауырлар!Осыған қатысты Ардақты Пайғамбарымыздың: \"Нағыз ғалымдар, залым патшалар мен билік басындағыларға хақ пен ақиқатты тайсалмай айта алатын ғалымдар\" деген хадисі бар. Міне, біз тек осындай тақуа ғұламаның сөзіне, кітабына сенеміз.Қазіргі таңда өткен өмірі мен бастан кешірген оқиғалары және жазған кітабы арқылы әлгі хадистің мағынасын растап тұрған Рисалей-Нұр тәпсірінің авторы Бәдиүззаман өзі атқарған діни қызметінде, Құрани еңбегінде, құлшылығында Ардақты Пайғамбарымыз Алайһиссалату уәссаламның көркем сүннетін толық басшылыққа алған бір мүджаһид. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) аса маңызды саяси оқиға \"Бәдір\" соғысында адал достары сахабаларға кезек-кезек жамағатпен түрінде намаз оқытқан еді. Яғни, парыз емес, әсіресе, соғыс кезінде тәрк етуге болатын \"намазды жамағатпен оқу\" секілді игі амалды дүниенің ең үлкен саяси оқиғасынан да жоғары бағалап, артық санаған екен. Кішкене сауапты майдан даласында, қиян-кескі ұрыста да тәрк етпеген.Бәдиүззаман өз еркімен еріктілер полкының командирі ретінде бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан кезінде майдан даласында, қырғын шайқаста жүріп Құранның бір бөлігінің тәпсірі, Ишарат-үл Иғжаз атты еңбегін жазды. Ол құнды еңбегі Ислам әлемінде маңызды орын алып, ірі ғалымдар тарапынан жоғары бағаланып, қызыға оқылуда. Оны толық түсіне алмай жатқанын мойындап, бұрын-соңды мұндай тәпсір көрмегендерін айтып, шығарманың Қасиетті Құранның терең де күрделі мәселелерін, оның баға жетпес құндылығын, шешендігін, таңғажайып кереметін тамаша көрсеткенін айтуда. Оны жазып
18жатқанда, тіпті бір әріптің кішкене анықтамасы жазылып жатқанда жаудың бораған оқтары зейінін бөле алмаған, атыс-шабыстар кедергі бола алмаған.Арабша азан шақыруға тыйым салынған кезде, барша халыққа бидғаттар зорлықпен жасатылып жатқан қараңғы да үрейлі заманда Нұр шәкірттері әлгі жасанды азанды шақырған жоқ. Ондай бидғаттарға, қоспаларға табандылықпен қарсы тұрып өздерін, өзгелерді сақтап қалу жолында бидғаттардан аулақ болды.Иман мен Исламды құртуға тырысқан сол бір кезеңде, еш бір ғалым жасырын болса да діни кітап жазуға, таратуға мүмкіндігі болмаған қиын кезеңдерде Бәдиүззаман айдауда, залым дик- таторлардың қыспағында жүріп, жасырын түрде жүз отыз имани кітапша жазып, оларды халық арасына тарата алды. Сонымен қатар, түн ұйқысын төрт бөліп, шет елдердегі тәуелді Ислам жұртының амандығы, азаттығы үшін дұға тілеп, Жаратқанның дәргәһына жалбарынумен өмірін өткізген жанкешті де абзал жан.Ұстазымыз Ардақты Пайғамбарымыздың (Алайһиссалату уәссалам) көркем сүннетін толық ұстанған кісі.Бәдиүззаманның бұл хәлі, Исламның барлық күрескерлеріне, жалпы мұсылман баласына үлгі боларлық жағдай. Яғни күрес пен құлшылықты, тақуалықты бірге ұстаған. Біреуін істеп, екіншісін тастамаған. Ол, залым дін дұшпандарының жоспарымен абақтыға қамалып, жалғыз адамдық камерада, суық түрмеде бір жақтан аяз, бір жақтан ауру, үшінші жақтан қарттық қысып қинағанда да тәпсір жазуын тоқтатпаған-ды.Әбу Бəкір Сыддық (радиаллаһу анһ): \"Иманды
19жандарға орын қалмас үшін денемнің жəһəннамда ұлғаюын қалар едім\" деген екен. Бәдиүззаман осындай бір киелі қасиеттің бір ғана ұшқынына қол жеткізу үшін \"бірнеше кісінің иманын сақтап қалу үшін Жәһәннамға түсуге дайынмын\" деп жанкештіліктің шыңына көтерілген және Құран мен Ислам дінінің құрбаны, ықыласты қызметшісі болғанына сексен жылдық өмірі куә, дәлел.Бәдиүззаман өзінің абыройын, намысын, рухын, өмірін Құран мен Иман қызметі үшін құрбан еткеніне дәлел – оның адам төзгісіз азаптарға, зұлымдықтарға, қиындықтар мен бәлелерге сабыр сақтауы. Төзімділік танытуы, аспай-саспай өз ісін жалғастыра беруі.Бәдиүззаман Құран мен Иманға, дін Исламға қызмет ету үшін дүниелік рахатын пида қылды. Жеке басына рухани яки заттық пайда көздемей, әрдайым тақуалық пен зухд, үнемділік пен қанағат қағидаларын берік ұстанды. Дүниеге байланысты істерден аулақ болды.Сондай-ақ, мұсылмандардың бақыты мен шаттығы үшін өмірінің әрбір сәтін тек Иман қызметіне арнады. Ол, ықыласты болуы үшін өзін дүниеден жырақ ұстап, жалғыздық өмір кешті. Иә, Бәдиүззаман Иман мен Дін үшін барлығынан баз кешіп, қолда барын пида етті. Сонымен қатар құлшылықта да, тақуалықта да ерекше еді. Исламның жанкешті қызметшісі, Құранның ықыласты шәкірті ретінде биік шыңды иеленіп, тарихта аты қала бермек. Бәдиүззаманның Рисалей-Нұрға деген шынайылығы, оның жұртшылыққа кеңінен таралуына жан-тәнімен тырысқандығы, оған кіршіксіз адалдығы, ыстық ықыласы және бойындағы асыл қасиеттер, оны дін дұшпандарының зұлымдықтарына бас идірмеді. Қаншама
20азаптарға душар болса да төзімділік танытып, алған бетінен қайтпады. Көңілінде ешбір күдік болмады. Ол, нық қадамдармен әрқашан алға ұмтылды.Саид Нұрси өзін \"бұрынғы Саид\" деп атаған жас кезінде философия ілімін терең зерттеген-ді. Құран Хакимнің нұры арқылы пәлсәпә мен даналық тұрғысынан батыстың Сократ, Платон, Аристотел секілді ақиқатшыл философтары мен шығыстың Ибн Сина, Ибн Рүшд, Фараби сынды ғұламаларынан асып түсті, Құраннан басқа құтқарушы, жол көрсетуші жоқ екенін айтып, онысын Рисалей-Нұр атты шығармасы арқылы дәлелдеді. Осы айтылғандарға шүбәланғандар Ұстаз ақыретке көшпей тұрып көз жеткізулеріне болады.Саид Нұрси Құран мен Иманға қызмет ету жолын таңдап, ешқандай заттық не рухани пайда күтпей, қандай да бір мәртебе, әулиелік дәрежені мақсат қылмай, тек Аллаһ ризасы үшін қызмет атқарған. Көзі ашық ілім ізденгендер оны \"мұсылмандардың көптен күткен діни жəне саяси құтқарушысы\" деп бағалап, жоғары мәртебеге көтерсе де ол бұған үзілді-кесілді қарсы болып, \"мен тек Құранның қызметшісімін, Рисалей-Нұр шәкірттерінің сабақтас жолдасымын\" деп білген, сол пікірінен айнымаған.Қорғаныс министрлігінде жоғары лауазымда жиырма бес жыл қызмет атқарған, қадірменді ғалым бір кісіні осында отырған бірнеше достарымызбен бірге алдыңғы күні зиярат еткенімізде Бәдиүззаман туралы \"Бәдиүззаманның кім екенін түсіну үшін Рисалей-Нұр шығармасын мұқият әрі табандылықпен оқу керек. Сендерге мысал ретінде оның тек дүниелік қабілеті жағынан айтарым, егер: Бәдиүззаманға сондай міндет
21жүктелсе, ол Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасымен бірлесе отырып бір мемлекетті ғана емес, дүние жүзін, ондағы халықтарды сау-саламат, тату- тәтті, бейбіт түрде басқара алар еді\" дегені есімде. Рас, Бәдиүззаман ерекше жаратылған тұлға. Бірақ жиырма бес жылдан бері өзін де шәкірттерін де саясатқа араласудан тыйып, дүниеуи істермен шұғылдануды қойған.Бәдиүззаман Рисалей-Нұрды жазумен шұғылданған және Құран қызметіне жұмсалған кездерінде оның зеректігі, алғырлығы, ақылы, зейіні, ойлау қабілеті, логикасы, есте сақтауы, тез ұғынуы, парасаттылығы, сезімталдығы мен рухани сезімдері теңдессіз артып кетеді. Оның дәлелі мұны өз ықтиярымен, өз ойымен атқармайтындығы, Иләһи жәрдем мен Құранның желеп-жебеуі екенін көзі ашық, көкірегі ояу ғалымдар мен ақ пейіл жандар растап, жоғары бағалауда.Мысырда, атақты ғалым, марқұм Абдулазиз Чавиш, Бәдиүззаманның соңғы ғасырдың ең озық ойлы данасы, аса көрнекті ойшылы екендігі жайлы мақала жазған еді.Ұлы ғалым, аса тақуа шәйх-үл Ислам марқұм Мұстафа Сабри мырза, Мысырда Рисалей-Нұрды қолдап, әл-Əзхар университетінде жоғары бағалануына себеп болды.Рисалей-Нұр – дін Исламның алмас қылышы. Бұған бір дәлел, Бәдиүззаманның залым би-патшаларға, қолбасшыларға қарсы өлімнен қорықпай ақиқатты тайсалмай айтуы. Дүниені жайлаған дінсіздік апатына Құран мен Иман ақиқаттары арқылы төтеп беріп, өзін пида етіп, диктаторлардың үстемдігіне мойынсұнбай тәпсір жазып таратуы, және сол киелі ақиқатқа жан тәнімен қызмет етуі.
22Бір айыптаушы былай деген екен: \"Бәдиүззаман қартайған сайын күш-қайраты арта түсіп діни қызметін жалғастыруда\". Денизлі соты да осыған ұқсас сөзінде былай деген: \"Саид Нұрсидың бойында сарқылмайтын күш бар. Бірақ ол, бұл күш-жігерін тариқат не болмаса ұйым құруға жұмсамаған. Оны Құран ақиқаттарын баяндауға, дінге қызмет етуге жұмсағаны көрініп тұр\".Дінге қарсы бұрынғы үкіметтің қызметкерлерінің бірі заңнаманы талқылап жатқан бір мәжілісте: \"Бәдиүззаманның діни қозғалысына жиырма бес жыл болды тойтарыс бере алмай келеміз,\" деген.Біздің айтарымыз: Иә, Саид Нұрси хазірет теңдесі жоқ энергияға ие, күш-қуаты зор қайраткер. Оның ғажап кісі екенін дін дұшпандары, қас жауларының өзі мойындап, жоғары баға беруде.Бәдиүззаман бір шәкіртіне Рисалей-Нұрдан дәріс оқып жіберші деген кезде: \"Бұл менің өз дәрісім. Мен өзім үшін оқимын. Осы рисалені бәлкім жүз рет оқыған шығармын. Бірақ, жаңа көріп, бірінші рет естіп отырғандай қайта-қайта оқуға мұқтажбын, құштармын\"-деген екен.Тағы бір жерде былай дейді: Мен өзгелерге арнап кітап жазбадым. Бұларды өзім үшін жаздым. Құран Кәрімнен тапқан дауа, шипаларды қалаған жан оқуына болады. Иә, Бәдиүззаман солай дейді, солай сенеді. \"Мен сабақ алуға, тəрбиеленуге, нəпсімді жөнге салуға мұқтажбын\" дейді. Бәдиүззаман секілді ірі тұлға солай деп тұрса біздің бұл кітаптарға қаншалықты мұқтаж, зәру екеніміз белгілі.
23Бәдиүззаман Саид Нұрси өмір бойы атақ-даңқтан, құрметтелуден қашқан, адамдардан ештеңе алмауға тырысқан. Арабша жазылған бір кітабында атақ туралы былай дейді: \"Атақ деген, нағыз екі жүзділік және жүректі өлтіретін тәтті у. Ол адамды адамға құл қылатын бәле, яғни атақ-даңқты армандаған адам халыққа ұнамды, жақсы көріну үшін екі жүзділік етіп, жағымпазданады. Жасанды әрекеттер жасайды. Ондай бәлеге ұшырасаң де\". Ұстаз атақ-даңқтан осыншама қашқанның өзінде қандай хикмет барын білмеймін, халық құдды бір Иләһи күшпен оған көмекке ұмтылып, қол ұшын беруге жүгіруде. Оның осы киелі қасиеті Рисалей-Нұр секілді әйгілі шығармаға қызмет етті.Бәдиүззаман кішкентай кезінен бастап халықтан ақысыз ештеңе алмайтын. Оны өзіне өмірлік қағида еткен. Зынданнан зынданға, бір жерден екінші жерге жер аударылған кезінде де, қарттық, зәрулік шыдатпай жатса да, сексен жылдық өмірінде бұл ұстанымын әсте бұзбаған. Өзінің хас шәкірті де бір түйір сыйлық әкелсе ақысын беретін, бермесе ауырып қалатын.Сыйлық қабылдамауының себебін сұрағанда, былай дейтін: \"Бұл заман бұрынғы заман секілді емес. Бұрын иманды құтқарушы он шақты қол болса қазір біреу ғана. Имансыздыққа итеретін себептер бұрын он шақты болса қазіргі кезде жүзге жуық. Міне, осындай бір заманда иманға қызмет ету үшін дүниеге қолымды созбадым, қызықпадым. Иман жолындағы қызметімді басқа еш нəрсеге пайдаланғым келмейді\". Хәзіреті
24Ұстаз жеке басына қатысты бір қызмет жасалса, дереу оның ақысын беріп, тәбәрік ретінде бір нәрсе сыйлайтын. Əйтпесе, рухы қиналып, мазасы қашатын.Бәдиүззаман Саид Нұрси Құранға, Иманға, Дінге қызмет еткені үшін жылдар бойы, басқан ізі аңдылып, қадағаланып тексеріліп отырған. Тек қана Аллаһ ризасы үшін, ақиқат үшін дін Исламға қызмет еткені, Құрани қызметін басқа ештеңеге құрал қылмағаны талай рет сотта дәлелденген еді.Егер осы айтылған ақиқаттарға, кітаптарындағы шындыққа және Бәдиүззаманның бойындағы қасиеттерге үйлеспейтін бір қайшылық көрінген болса оны үлкейтіп дүниеге жар салатындар баршылық.Солай болды ғой. Сан түрлі жала жабылып, қатігез дін дұшпандары тарапынан әмір беріліп сотталған кезінде, газеттердің бірінші бетінде түймедейді түйедей етті. Бірақ тергеу-тексеру мен соттың нәтижесінде ешқандай мін таға алмай босатылды. Бұл көптеген дәлелдердің бірі ғана.Бәдиүззаман дін бауырларына аса мейірімді. Олар қиналса, бұл да азап шегетін. Ислам әлемінің бостандыққа қауышуына, егеменді ел болуына жанын беруге әзір тұратын жанкешті кісі. Ислам үшін қан төккендермен бірге қиналып тіпті мұсылмандарға зұлымдық жасалған сәтті сезіп, қатты қиналатыны сондай онсыз да аз жейтін тамағын жей алмай қалатын кездері көп.Науқастанып, ауырып қалатын күндері көп. Ол тұрғыда бір Нұр шәкірті былай жазған екен: \"Ей, Ислам халқының мәңгі бақыты мен шаттығы үшін дүниеде рахат көрмеген жанашыр, мейірбан Ұстазым! Сенің жазылмай жатқан ауруың тән ауруы емес. Асыл дінімізге жасалып жатқан
25зұлымдық, қорлық тоқтап, мұсылмандар есендікке қауышпаса, сенің де дертің жазылмайды\". Иә, біз де солай ойлаймыз.Бірақ мұндай қайғы-қасірет Бәдиүззаманды әсте үмітсіздікке түсірмеген. Қайта жалпыға ортақ діни шайқасқа, жалбарынып дұға етуге, құлшылыққа жетелеген. Ол: \"Бұл бəледен құтылудың жалғыз шарасы ҚҰРАННАН мықтап ұстау\" деген және өзі де мықтап ұстаған. Құраннан тапқан дауа, дәрмендерді қағазға түсіріп, мұсылмандардың бақыты мен адамзаттың бақытына ұйытқы болатын Рисалей-Нұр тәпсірін жарыққа шығарды. Жауыз дін дұшпандарының күш-қуаты, билігі Бәдиүззаманды әсте тоқтата алмады. Ол: \"Менің міндетім Құранға қызмет ету. Жеңіске жеткізу не жеңілдіру бір Аллаһтың қолында\" деп сенді де бір сәтке де тоқтамай әрекет етті. Иә, Ұстаздың иман қызметі жолындағы жанкештілігі сондай, оған қарсы қойылған тосқауылдар қирап, кедергі бола алмады.Бәдиүззаман, аспан мен жердегі жаратылысты тамсана да таңғала тамашалайды. Əсіресе тау қыраттарды, орман сайларды көп аралайды. Көктемде табиғатты тамашалап тәфәккүр етуге көктемде жиі шығады. Ол, терең толғанып, мұқият зерделеп және әрдайым өзінің Аллаһтың алдында екенін сезінеді. Ағашқа, өсімдікке, гүлдерге қарап: яғни \"Қалай керемет жаратылған\" деп ғибрат ала тамашалап, ғалам кітабын еркін оқиды. Əрбір ағза, сезім мүшелері секілді көзін де әрдайым Аллаһ атымен қаратып, Оның рұқсатымен пайдаланады. Көзі бейне бір мына ғалам кітабының зерттеушісі, мына әлемдегі Раббани өнердің
26мұғжизаларын бақылаушы қызметін атқарып тұрғандай. Жер шары саябағының мүбарак бал арасы іспетті.Ұстаз, жеке өмірінде өте қарапайым да кішіпейіл, ал қызмет бабында сұсты да салмақты. Кішіпейіл, мейірімділігі адамзатқа үлгі боларлық дәрежеде керемет. Бұл тұрғыда өзі былай дейді: \"Бір жауынгер, күзетте тұрған кезде бас қолбасшы келсе де қаруын тастамайды емес пе, мен де Құранның бір қызметкері, жауынгері секілдімін. Қызмет кезінде қарсы алдыма кім шықса да ақиқаттан танбаймын, бас имеймін.Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз, Бәдиүззаман толық ықыласты, таңғажайып Құран тәпсіршісі. Ол – шынайы ықыласқа қолы жеткен, қаһарман, Құранның ерекше, дара қызметшісі. Рисалей-Нұрдың авторы ретінде ұлы мүтәкәллим, ілімге терең бойлаған білгір, мұқият зерттеуші, ғұлама, логика ілімінің теңдесіз ұстазы.Оның \"Талиқат\" атты еңбегі логика (мантық) саласында баға жетпес құнды шығарма. Ол ақиқатқа жаны құмар, шындыққа жанын беруге дайын дана Құранға қарсы келмейтін тура жолдағы философия ілімінің нағыз философы, теңдесі жоқ қоғамтанушы, психолог, педагог, әрдайым ақиқатты жар салатын жазушы, ойшыл әдебиетші.Саид Нұрсиға жылдар бойы зорлық-зомбылық жасалып, жұртқа таныстырылмай келді. Өзі де Аллаһ берген кемелдігін жасыратындықтан жоғарыда аталған сипаттардың оның бойынан табылатынын әркім байқамауы мүмкін. Біздің бұл айтқандырымыз және Рисалей-Нұр тәпсірінің қасиеттері әулиелер мен ақиқатшыл жандар тарапынан расталған, қабылданған. Біздің де көзқарасымыз солай.
27Бәдиүззаманның осыншама ілімді, керемет қасиеттерге ие екеніне ең сенімді де бұлтартпас дәлел Бәдиүззаман Саид Нұрсидың Рисалей-Нұр тәпсірі. Кім бұған күмән келтірсе Рисалей-Нұрды оқысын. Иә, біз бұл ақиқатты Ислам әлеміне, адамзат әлеміне жар салудан тартынбаймыз. Жасыратыны жоқ, мың жылдан бері адамзат пен Ислам әлемі Рисалей-Нұр секілді шығарманы асыға күтіп жүрген болатын.Бәдиүззаман Саид Нұрси сан-алуан салада керемет кітап жаза алар еді. Бірақ ол: \"Бұл заман иманды сақтап қалу заманы\" деп, бүкіл ынта-жігерін, тіпті өмірін иман ілімін жаюға, имандылық жолында жұмсады.Иә, Хәзіреті Ұстаз иман ілімін кеңінен жая отырып, Ислам және Адамзат әлемін жандандырып, нұр сәулесін шашты. Аллаһу Тағала ұстаздан мәңгі бақи разы болсын, ұзақ өмір берсін! Амин, Амин!Рисалей-Нұр Қасиетті Құранның рухани мұғжизасы, жарқын да баға жетпес тәпсірі. Иә, Рисалей-Нұр жүректердің жаулаушысы сүйіктісі, рухтардың сұлтаны, ақылдардың мұғалімі, нәпсілердің тәрбиешісі, тазартушысы. \"Мектубат\" кітабының жүз жиырма тоғызыншы бетінде Рисалей-Нұрдың бір қасиеті былай баяндалады: \"Кәлам ілімінің ғұламалары салған жол мен Құраннан алынған нағыз тура жолдың айырмашылығы мынада: мәселен үйге су тарту керек дейік. Кейбіреулер су құбырларын жалғап алыстан, таудың астын үңгіп әкеліп, су кіргізеді. Ал кейбіреулер кез келген жерді қазып су шығарады. Əуелгісі машақаты көп және кейде бітеліп, немесе құбыр жарылып су тоқтап қалады. Ал, кез келген жерді қазып жіберіп су шығаруды үйренгендер, еш қиындықсыз кез келген жерден су табады.
28Дәл сол сияқты, кәлам ілімінің ғұламалары себептерді әлемнің ұшы-қиырына шейін апарып, әрі қарай жалғастыра берудің мүмкін еместігін көрсетіп, сосын барып Уажиб-үл Уджудтың болмысын дәлелдейді. Жол өте ұзақ. Ал Құран Хакимнің нағыз төте жолы болса кез келген жерден су тауып шығарғандай оның әрбір аяты, Мұса алайһиссаламның аса таяғы тәрізді қай жерге бағытталса сол жерден абыл хаят суын табады.ережесін барлық жерден оқытқызады.Сондай-ақ, иман дегеніміз тек ілім ғана емес. Иманда көптеген сезімдердің үлесі бар. Жеген тамақтың асқазанға барған соң көптеген ағзаларға ыдырап бөлінетіні сияқты іліммен келген иман мәселелері де ақыл асқазанына түскен соң дәрежесіне қарай рух, қалб, сыр, нәпсі тағысын тағы сезімдер өз үлестерін алады. Егер олардың үлесі болмаса нұқсан қалады: Міне, Рисалей-Нұр кез келген жерден су тауып, шығарады. Алғашқылар ұстанған ұзақ жолды қысқартып, сау-саламатты, тура жолға салады.\"Бұрынғы заманның ғалымдары кейбір шариғат үкімдері мен иман шарттары туралы, \"Бұл нақыл яғни бізге осылай жетті, қабылдауымыз керек, бірақ ақыли емес, ақылмен түсініп, түсіндіре алмаймыз\" деген. Алайда, бұл ғасырда ақылдың үкімі жүріп тұр. Бәдиүззаман Саид Нұрси: \"Шариғаттың үкімдері мен иман ақиқаттарының бәрі де ақыли. Ақылға қонымды екенін дәлелдеуге дайынмын\" деген және соны Рисалей-Нұрда дәлелдеген.Рисалей-Нұрдың ерекше әдеби әдісі, өзіне ғана тән шешендігі, көп мағынаны қысқа сөзбен, тартымды түсіндіру тәсілі бар. Иә, Бәдиүззаман өзіне тән әдістемеге
29ие. Оның тәсілі басқаларға ұқсамайды. Шығарманы оқып отырғанда кей жерлерінде әдебиет қағидаларына, жазу ережелеріне сәйкес келмейтін секілді тұсын көре қалсаңыз, ол жерде міндетті түрде терең бір мағына, астарлы мән, өте нәзік хикмет жатыр. Оны тек солай түсіндіру қажет болған. Мұны аңғармаған кейбір ғалымдар сын айтқан. Сондықтан Бәдиүззаманның кітаптарындағы ерекшеліктер мен күрделі тұстарды Рисалей-Нұрмен етене жақын таныспағандар бірден түсіне қоймауы мүмкін.Дарынды ақын, әдебиет өнеріндегі мақтанышымыз, атақты Мехмет Акиф ақын, жазушылардың бір отырысында былай деген екен: \"Виктор Гюголар, Шекспирлер, Декарттар әдебиетте болсын, фәлсәфәде болсын Бәдиүззаманға шәкірт қана бола алады\".Əдебиетшілер, ақын жазушылар аяқталу мен қоштасуды ойлап мұңын шаққан, өлімнен зәресі қалмай қорқып, зар еңіреген. Күз мезгілін жабырқау түрде суреттеген. Тіпті айталық, дүниеге танымал әдебиет қайраткерлері.яғни \"егер дүниеде қоштасу болмағанда, өлім жанымызды алуға жол таба алмас еді\" деген мағынада мұңлы шер тартқан.Бәдиүззаман болса мүлдем басқаша суреттейді. Ол: \"Ғаламдағы аяқталу, қоштасу мен жоқ болу сырт көріністе ғана, ол бергі жағы. Ақиқатта, негізінде қоштасу жоқ, қауышу бар. Аяқталу мен жоқ болу, жойылу жоқ, жаңару бар. Ғаламдағы барлық нәрсе белгілі бір мағынада мәңгі боп қалады. Өлім - фәни әлемнен бақи әлемге көшу. Өлім
30һидает пен Құран жолындағыларға о дүниеге кеткен дос-жаран, игі жақсыларға қауыштыратын нәрсе. Əу баста келген, нағыз отанға қайту. Дүние зынданынан пейіштің саябақтарына шақыру. Сондай-ақ, Рахман-үр Рахимнің фазылымен еңбек ақысын алуға кезекке тұру. Тірілік дейтін ауыр міндеттен босатылу, құрметті демалысқа шығу. Құлшылық, емтихан, тәлім-тәрбиеден үзіліске шығу. Əзірәйіл періште (а.с.) қазір келсе де: \"Қош келдің! Қуаныштымын,\" – деп қарсы аламын,\" – дейді.Бәдиүззаман адамзатты Рисалей-Нұр арқылы азғындықтан, адасушылықтан сақтандыру жолында қорқыту, үркіту әдісін пайдаланбаған. Орынсыз, харам ләззаттың ішінде рухани азап барын көрсету арқылы сезімді жеңеді. Қалб (жүрек) пен рухтың сезімге беріліп кетуінен сақтайды. Рисалей-Нұр салыстырмалар, теңеулер арқылы имансыздық пен адасуда тозақта өсетін \"заққұм\" ағашының тұқымы бар екенін, оның бұ дүниенің өзінде өзінің бар екенін сездіріп, мазасын алатынын, ал Иман мен Исламда, ғибадатта жұмақтың тұқымы сақтаулы жатқанын, ішінде тәтті ләззаттар, қызықтар, Жәннат жемістері бар екенін, дүниенің өзінде сол рахаттардың дәмін татуға болатынын дәлелдейді.Рисалей-Нұр, қоғамда бүлік пен іріткінің, жік-жікке бөлініудің алдын алып, бауырластықты, діни татулықты, бір-біріне арқа сүйеу, көмектесу, жанашырлықты насихаттайды. Рисалей-Нұрдың негіздерінің бірі де осы. Рисалей-Нұр адамды тәкәппарлықтан, менмендіктен, өркөкіректіктен және қор болудан, абыройсыздықтан сақтап, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, абыройлы болуға, салмақтылыққа баулиды. Рисалей-Нұр адам деген
31атқа лайық адамға өзінің әлсіз, пақыр бейшара екенін аңғартады. Бәдиүззаман: \"Адам өзінің дәрменсіз, пақыр мұқтаж екенін түсіну арқылы толық қанды Мұсылман, құл болады,\" дейді.\"Діннен безгендердің сазайын тартқызу үшін жаңа ғылымдармен қаруланайық\" деушілер және солай істегендер Нұр кітаптарын үзбей оқып, талқылап, мағынасына терең үңілсе, табандылық танытса діттеген мақсаттарына жетеді және бұдан басқа шара жоқ. Осылайша алған ілімдерінің, жинаған мағлұматтарының Жаратқанды тануға септігі тиеді, Иләһи мағрифатқа айналады.Ей, мың жылдан бері Дін Исламның туын желбіреткен халықтың ұрпақтары, ержүрек бауырларым! Қазіргі заманның және келешектің мұсылмандары және біздер, Қасиетті Құранның тәпсірі болып табылатын осындай бір жетекшіге аса мұқтажбыз. Толық иман дәрісін алып, иманның сатыларымен жоғары өрлеп, рухымыз көкке көтерілсін. Қорықпайық, қайта Рисалей-Нұр шәкірттері секілді батыр, қаһарман, еңбекқор, дамылсыз игі амал жасап діндар, тақуа болайық. Жан рахатын ойлаудан, жеке басының қамын күйттеуден арылып, Иман мен Ислам үшін бәрін қиюға дайын, күрескер мұсылман жетілдірейік, \"маған не қажеті бар?\" дейтін немқұрайлылықтан құтылайық. Ауыр соққыларға ұшыраса да, азап шегіп, өлім қаупі төнсе дағы, кәміл иманымен қайсарлық танытып Құран мен дін Ислам үшін бір адым артқа шегінбеген, \"Өлсем шейітпін, тірі қалсам Құранның қызметшісімін\" дейтін, алған бетінен әсте қайтпайтын, адал да ықыласты,
32тек Аллаһ ризасы үшін қызмет еткен Нұр шәкірттері секілді дін Исламның қызметшілері жаңа ұрпақ, абыройы үстем мұсылмандар көбейе берсін.Иә, бұл ғасырға осындай Құран тәпсірі өте қажет; Рисалей-Нұр секілді ақылды, ой-сананы, пікірдің өрісін кеңейтетін, рухты, жүректі, ар-ожданды нұрландыратындай болуы керек. Мұсылмандарды, жалпы адамзатты оятып, бейқамдықтан сақтап, көзді ашатындай болуы тиіс. Сиратал мүстақимды, яғни Құран жолын көрсетіп, Ардақты пайғамбарымыздың сүннетіне, дін Исламның құндылықтарына қайшы келетін қоспаларды ажырата алатын сауаттылық беріп, сүннет-і сәнияға ұюды насихат етіп, оны халық арасында жандандыруға ынта-жігер оятуы қажет.Міне, Рисалей-Нұр осы аталған қасиеттерге ие Құран тәпсірі екендігін ақиқатқа көзі жеткендер растаған. Көпшілікке танылғалы отыз жыл болды. Тағы бір дәлел, дін дұшпандарының кесірінен сот алдына барған Рисалей-Нұр шәкірттерінің сот алдындағы қорғау сөздері, Исламға қызмет еткені үшін дін дұшпандары мен залымдардың ауыр азаптауларына табандылық танытуы, жеке бастарын ойламай, өз бақытын пида етіп, Құранға адалдығын қайсарлықпен көрсетуі, міне ерлік, міне мәрттік.Жиырма бес жылдан бері Рисалей-Нұр арқылы иманға қызмет ету үшін жан-тәнімен берілген, сан рет дін дұшпандарының жауыздықтарына ұшыраған, сонда да ықыласпен Рисалей-Нұрды жаюға бар күшін жұмсаған ағаларымыз, бізге үлгі. Олар Иман мен Исламның жанкешті қаһармандары. Міне, біз мұсылмандар осындай бір Құран тәпсірін іздеп жүрдік. Тура жолға бастаушы осындай біреу болса ғой деп, армандаушы едік. Ықыласты
33Нұр шәкірттері: \"Аллаһ хафиз (сақтаушы). Мені қорғап, қолпаштайды. Басыма не келсе де, қайырлы болады\" деп қана қоймай, амал жасауда. Олар иманға қызмет етуде. Дін дұшпандарына ұсталып қалмауы үшін, жандарынан да артық көретін Нұр кітаптарын аналардың қолдарына беріп қоймауы үшін де мұқият болуда.Жеке бастарына келетін қауіпті назарға да алмай қызмет етуде. Түрмеге қамалып, азапталып жатса да, Ұстаздары Бәдиүззаманмен байланыстарын үзген жоқ. Бір сәтке мүмкіндік тапса болғаны Рисалей-Нұрмен шұғылдана қояды. Тіпті \"мені қамап тастаса немесе кітаптарымды бермей қойса, қызмет ете алмай қалармын\" деп, Рисалей-Нұрдың кітапшаларын жаттап алған да шәкірттер болған.Ықыласты бір Нұр шәкірті түрмеден босап шыққанда бейне бір ол жердегі таяқтар, дүрелер, түрлі азапқа салатын құралдар оны құлшындырып, қайрат-жігерін қоздырып жібергендей, одан сайын Нұрларға қызмет етуге ынталанып, ұстаздарына бұрынғысынан бетер жақындай түсіп, Рисалелердің тарауына ат салысады.Афион қаласындағы сотта, Рисалей-Нұр және ұстазы туралы қорықпай жауап берген бір шәкіртке ашуланған қазы: \"Қазір сені түрмеге қамап, жаптырып тастаймын\" десе, әлгі дін Исламның жанашыр шәкірті ұстаздары әлі түрмеде болғандықтан: \"мен дайынмын, дереу апарып қаматып тастаңыз!\" деген екен.Тағы бір оқиға: Афион қаласының соты, бір Нұр шәкіртінің қамалуы туралы сырттай үкім шығарады. Бірақ өзін таба алмайды. Өзінің сотталғанын естіп, бауырлары секілді ол да: \"Ұстазым мен бауырларым қапаста жатқанда, менің сыртта жүргенім жарамас\" деп өзі түрмеге барған екен.
34Дәл сол түрмеде, бір Нұр шәкіртіне қателесіп босатылуы туралы үкім шығады. Ол болса: \"Ұстазым мен бауырларым әлі ақталып шыққан жоқ әрі Рисалей-Нұрдан көшіріп жазып жатқан жұмысым да біткен жоқ\" деп, түрменің бастығына: \"Менің бостандыққа шығуыма қырық күн бар. Мерзімім аяқталмады\" дейді. Есептеп қараса шынымен солай екен, қайта қамаған деседі.Дінге жан ашыр, бауырларым! Саид Нұрси өзі туралы айтылған мұнша әңгімені естісе: \"Мұндайдың не қажеті бар, жеке тұлғамның түк құны жоқ, құндылық Қасиетті Құраннан шығып жатқан Құранға тиесілі Рисалей-Нұрда, мен де түк те жоқ\" деп айтары сөзсіз.Алайда ол, Құрани ақиқаттарға айна болып, оның нұрларына бөленіп, бері қарай шағылыстырып тұрғандықтан, Нұрлар арқылы Иманға, Исламға, Құранға қызмет еткені үшін оны жоғары бағалап, мақтау яғни Аллаһ оны қалай керемет жаратқан деген мағынада айтылғандықтан жеке тұлғасын емес, сайып келгенде Құранды мақтау, дін Исламды мадақтау, Аллаһты дәріптеу болып табылады. Дін дұшпандарының оған жау болуы, зұлымдық етуі Бәдиүззаманның Құранға ықыласпен қызмет еткені үшін еді. Мақсаттары Құранды, Исламды жоқ қылу еді. Құран мен Иманның киелі ақиқаттарына толы Рисалей-Нұр тәпсірі Бәдиүззаманға нәсіп болды.Міне, осы ақиқатты жақсы білетін, маска киген жасырын мұнафықтар, Иман мен Исламның жаулары, жарты ғасыр бойы Бәдиүззаманды тоқтата алмай, жалған пропаганда жасап, жала жабуға тырысуда. Мақсаттары белгілі, Рисалей-Нұр қызыға оқылмасын, халық арасында кеңінен тарамасын, Иман мен Ислам етек жаймасын.
35Бірақ Саид Нұрсиға тиіскен сайын Рисалей-Нұр жарқырай түсіп, құлашын кеңге салуда. Бұған жиырма бес жылдық оқиғалар куә.Біз де ақылға салып ойланайық. Діннен безгендер шындыққа мүлдем жуыспайтын жалғандармен, көрер көзге халықты алдап, жала жауып жатқанда біз, Ұстаз бен Рисалей- Нұрдың шын мәнісін айтып олардың әлгіндей жалған үгіттерін бетіне баспай, үндемей жүре беру, сұрқия ойларын іске асырмай тастауға әрекет қылмай қала беру ақылдының ісі емес. Құран мен Иманның залым дұшпандары Қасиетті Құранымызға, дін Исламға тиісіп жатқанда оған қарсы Рисалей-Нұр арқылы қызмет етіп жүрген Бәдиүззаманды ақтамай, жақтамай жүре беру, олар дауыстарын көтеріп жер жаһанға жар салып жүргенде біздің хақ пен ақиқатты баяндамай, үндемей немесе оларға: \"тоқтатыңдар, доғарыңдар!\" дегендей олардың астыртын жұмыстарына кедергі болмай, \"сендердікі дұрыс\" дегендей немесе соларға жәрдем еткендей бейқам қалуымыз әрине ақылдының ісі емес.Құдай сақтасын, ондай тоңмойындыққа әсте бармаймыз. Үндемей жүре алмаймыз, олар да бізді тоқтата алмайды, тоқтамаймыз да. Жанымыз тәнімізден шығып кеткенше, ақырғы деміміз біткенше Рисалей-Нұрды оқимыз, таратамыз. Рисалей-Нұр ақиқат, шындық. Ал, Бәдиүззаман Саид Нұрси жабылған жалалардан пәк, ары таза екенін әлгі бәлеқор, өтірікші залым дін дұшпандарына ерегісіп айта береміз, жаһанға жар саламыз.Қадірлі бауырларым! Ислам тарихында алтынмен жазуға лайық, аттары мәңгі өшпес ірі тұлғалар көп болған. Олардың теңдесі жоқ тәпсірлері, еңбектері Еуропалық
36философтардың ешбір шығармасымен салыстыруға келмейтіндей құнды. Сол Ислам ғалымдары мен дана ғұламалар қандай да болсын бір үкіметтің ұзақ жылдар езгісінде қалып, тұтқындалмай, жәбір көрмей Құран мен дін Исламға ықыласпен қызмет еткен. Ал, бұл кісі тарихта болмаған зорлық-зомбылық көріп, зұлымдыққа ұшырап, ұзақ жылға тұтқындалып, өзін де, еңбектерін де жоюға тырысқан дінсіздерге қарсы мойымай, Ардақты Пайғамбарымыздың сүннетін берік ұстанып, діни күреске кірісті және адамзат тарихында теңдесі жоқ табысқа жетті, жеңімпаз атанды.Бәдиүззаман секілді жүз отыз дана имани кітапшаны зорлық-зомбылық пен қиын қыспақ заманда жасырын жазу, мықты тақуа болу, құлшылықты толық орындау, майдан даласында ерікті қолбасшы ретінде отан қорғау, соғысып жүріп мүмкіндік бола қалса дереу Құранның күрделі де терең мағыналарына қатысты тәпсір жазу, нәпсімен күресте жеңіске жету, нәпсісін де дінге қызметші қылу сирек те керемет жағдай. Өзі бас бостандығынан айырылған, шағын ауылда айдауда, тексеру мен аңду, неше түрлі жәбір көрсе де \"сырран тәнәууарат\" яғни жасырын түрде ағарту тәсілімен Рисалей-Нұр секілді құнды шығарма жазу, оны жайып тарату, осылайша жер жаһанның мадди-мағынауи \"Фатихы\" болған Ардақты Пайғамбарымыз Аләйһиссалату уәссаламның сүннетінің жандануына күш жұмсап, саны бүгінгі таңда миллионнан асқан жамағатты Аллаһтың инаетімен Қасиетті Құранның даңғыл тура жолына жетелеу, сондай-ақ мүминдердің және адамзаттың тек дүниелік бақытқа емес, ақыреттік бақытқа қол жеткізуіне себеп болар Рисалей-Нұр сынды
37құнды кітап жазу және осы аталған қасиеттер оның рухани тұлғасында көрініс табуы, Рисалей-Нұрдың авторы Саид Нұрсиден басқа кімге нәсіп болды екен?!Иә, бауырлар! Рисалей-Нұр – ақиқат нұры, хақтың айғақ дәлелі, тура жолды көрсететін шам шырақ, екі дүниенің бақытына бөлейтін Құран мен Иман ақиқаттарынан дәріс береді. Ол, Аллаһтың жарылқауы. Міне жиырма бес жылдан бері бала-шаға, жас-кәрі, ер-әйел, мұғалім, философ, шәкірт, ғалым, сопы, бәрі-бәрі оған ынтық болып артынан жүгіруде. Оның кең құшағына кіріп, шын жүрекпен сүйіп, сол нұрдан медет күтуде. Милллиондаған бақытты жандар топ-тобымен осы нұрмен нұрланып, осы нұрмен арманына жетіп, бәледен құтылуда.Иә, бауырлар! Мұғзиғалардың бұлағы, өзі де ұлы мұғжиза болып табылатын Құран Кәрімнің ақиқатты жеткізер тәпсірі саналатын Рисалей-Нұр өте қызық, тартымды және терең ақиқаттарды түсіндіріп, маңызы зор мәселелерді көтереді. Бұл жағдай Иман мен Исламияттың әлемнің шартарапына жайыла түсуіне негіз болуда.Рисалей Нұр, жүректегі ғашықтық пен махаббатты қоздырып, рухтағы ынта мен жігерді жалындатып, ақыл мен логиканы қанағатттандырып, көңілді жайлайтындықтан, миллиондаған Нұр шәкірттеріне өзін бірнеше рет оқытып, қағазға жаздыртып, өмір бойы талдатып-талқылатып, өзін-өзі жариялап келеді.Ғазиз бауырлар! Сыртқы күштердің бақылауындағы дінге қарсы ұйымдар, Исламның тамырына балта шабу үшін мұсылман елдерінде әсіресе Түркияда, алдау-арбау, қулық-сұмдық жасау арқылы адам айтқысыз зұлымдықтар мен шайтани жоспарлар құруда. Ібіліс секілді көзбояушылық,
38астыртын айла жасап жанталасуда. Бауырын бауырына айдап салып, алдамшы үгіт-насихаттармен фитне-бүлік шығарып, алауыздық тұқымын шашқаны сондай, ол әрекеттері Исламның пәк болмысын терең жарақаттап, жойқын соққы беріп, үлкен шығынға ұшыратты.Дегенмен, ол пәлекеттер Аллаһтың инаетімен, белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, қызмет еткізілетін Бәдиүззаман тәрізді ықыласты бір құлы арқылы Иләһи рақымшылықпен әр дертке шипа, жанға медет, көңілге сая болатын аса қымбат Рисалей-Нұр тәпсірінің жарыққа шығуына себеп болды. Сонымен қатар мұсылмандардың оянуына себеп болып, оларды құтылудың жолын ізденуге итермеледі. Ақыреттік, мәңгі өмірін сақтап қалу үшін толық иман дәрісін алуға, Жаратқанға жалбарынуға, оның әмірлеріне мойынсұнуға мұқтаж екенін анық сездірді. Осы тұрғыдағы кемшіліктерімізді, бейқамдығымызды әлгі пәлекеттер арқылы ескертіп отырғанын түсіндірді. Расында да, адамзаттың, мұсылмандардың басына түскен пәлекеттер мен қиыншылықтардың мәнісі, сыры осында жатыр.Рас, сол дінсіздердің сұмдық зұлымдықтары мен қиянаттары Ислам әлемінің бостандыққа, егемендік пен еркіндікке қауышуын, бірлігін жылдамдатып, жіберді. Ақырында егеменді Ислам мемлекеттері пайда болды. Иншааллаһу Тағала, бүкіл Ислам бірлігінің пайда болуына және Ислам діні әлемде үстем болуына себеп болады. Мұны Аллаһтың мол мейрімінен үміт етеміз, жалбарына сұраймыз.Міне, Рисалей-Нұрдың авторы Бәдиүззаман Саид Нұрси қасиетті Исламның ержүрек қаһарманы, ал оның
39құнды еңбегі Рисалей-Нұр мұсылмандарды оятушы, құтқарушы, баға жетпес кітап. Ол, дінге қарсы барлық ұйымдардың бел омыртқасын үзіп, жоғарыда аталған қауіпті жоспарларының, сұм әрекеттерінің алдын алып бетін қайтарды. Дінсіздіктің негіздерін тас-талқан етіп, енді қайтып тірілместей тамырына балта шапты және Ислами, Имани күресте жеңіске жетті. Құран Кәрімнің толық жеңіске жетуіне дайындық жасады, орын дайындады.Иә, Рисалей-Нұр адасушылықты Құранның алмастай өткір ақиқаттарымен және Құран Кәрім көрсеткен өте қысқа әрі тура жолымен жөнге салып, рухани жараларды Құран Хакимнің ұлы дәріханасында жасалған керемет дәрілермен емдеп жазуда, әлі де жаза бермек. Сондай-ақ, бейкүнә мұсылмандардың қанын сорып келген, байлықтары халықтың қатқан қанынан құралған паразит, масыл, ашкөз жыртқыш, басқаны құл қылғысы келетін қызылкөз залымдарды және олардың арамызға кіріп кеткен жеке басының ғана қамын ойлайтын, қорқау, алаяқ, өктемшіл қолшоқпарларын тас-талқан ететін, күйрете соққы берген әлі де солай жалғастыра беретін ең тиімді тәсіл, Құран-Кәрімнің заманауи тәпсірі және рухани мұғжизасы Рисалей-Нұр шығармалары екеніне көзі ашық, көкірегі ояу Ислам мүджахидтері, көрегенді ғалымдар тәжірибелерге сүйене отырып, анық көз жеткізуде бір ауыздан мақұлдауда.Рас, адамзат тарихы бұрын Рисалей-Нұр секілді шығармаға куә болған емес. Демек, Рисалей-Нұр Қасиетті Құранның теңдесі жоқ тәпсірі. Бәдиүззаман Саид Нұрсиға тек Ислам әлемі ғана емес Христиан әлемі де риза болып,
40қарыздар екенін білдіруде. Оның діннен безгендерге қарсы жасаған табанды күресін, сәтті аяқталған жеңісін Рим Папасы да ресми түрде құттықтап, алғыс-хат жолдаған еді.Енді Рисалей-Нұрдан Иман, Құран және Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) жайлы баяндайтын үзінділер келтірейік. Сіздер бұл шығарманың толық нұсқасын мұқият оқи жатарсыздар. Оқып отырғанда түсіндіру керектігін сұрайтын бауырларымыз болуы мүмкін. Бірақ, бұл туралы Ұстаздан көргенім, ол кісі бір Нұр шәкіртіне Рисалей-Нұрдан бір жер оқып жіберуін бұйырғанда түсіндірме жасамайтын. \"Рисалей-Нұр имани мәселелерді толыққанды түсіндірген. Рисалей-Нұрдың ұстазы Рисалей-Нұрдың өзі. Рисалей-Нұр басқа жақтан сабақ алуға мұқтаж қылмайды. Əркім қабілетіне қарай пайдасын көреді. Ақылдарың әрбір мәселені толық түсінбесе де рухыңыз, жүрегіңіз, ожданыңыз сыбағасын алады. Қаншалықты түсінсеңіз соншалықты үлкен табыс, олжа деп біліңіз\" -дейді.Оқылып жатқан Түрікше немесе Арабша рисаленің түсіндірмесі басқа бір рисаледе кездесетін болса сол жерді оқитын. Рисалей-Нұрдағы өте терең мағыналарды аңғарған көзі ашық ғалымдар былай дейді: \"Бір ғалымның терең ілімі болуы мүмкін. Бірақ Рисалей-Нұрды жамағатқа оқып жатқанда жан-жақты түсіндіремін деп, бұрын жинаған мағлұматтарын араластыра отырып түсіндіре бастаса, Рисалей Нұрдың өзін-өзі анықтайтын мәнісін аңғаруға кедергі болуы мүмкін. Сондықтан бейтаныс сөздердің сөздіктегі мағынасын ғана айтып, сол қалпында оқу әлдеқайда әсерлі, анағұрлым пайдалы болмақ.
41Стамбұл Университетіндегі бауырларымыз да осылай оқуда. Тұжырымдай келе біз де былай демекпіз: \"Рисалей-Нұрдың тілі өте шешен, өткір. Сөздің қадірі аз сөзбен көп мағынаны жеткізе білгенінде. Айталық, Имани, Құрани мәселені көпшілікке түсіндіріп жатқанда тұжырымды түрде жеткізу әлдеқайда пайдалы, анағұрлым берекелі болады.Аса қадірлі Ұстаз! Жақсылықты білетін барлық адам, Рисалей-Нұрды және сізді мәңгі бақи құрметтеп сыйлайтын болады. Шынайы иман дәрістерімен иманымызды сақтап қалатын баға жетпес Рисалей-Нұрды сыйға тарттыңыз. Оны біз жан-тәнімізбен жақсы көреміз, аса құрметтейміз. Бұл құрмет, бұл махаббат пен сыйластық ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек.Иә, Рисалей-Нұрдағы Құрани ақиқаттар аса қуатты. Ол құдіреттің алдында күпірлік пен имансыздықтың ірге тастары күл-талқан болады. Өздері қазған орға өздері құлап, жер жастанады. Олардан басқалар Иман мен Құран нұрының арқасында бақытқа жетеді. Тау- тастарды түтілген жүндей қылатын, темір шойынды майдай ерітетін орасан зор Құрани құдірет, дүниені Нұрға бөлеп, шат-шадыман етеді. Құран, иманды сақтау арқылы әлемге үстемдік құрып, мерейі арта бермек.
42Құрметті де адал бауырлар!Ұстазымыз, барлық Нұр шәкірттерін, ақыреттік іні-қарындастарымызды Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтауда, келешек айттарда да бақыттан бақытқа жете берулеріңізді тілейді. Сіздердің де дұға етулеріңізді өтінеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып біз де, сіздерге сәлем жолдап, мерекелеріңізбен құттықтаймыз!Бауырларың Назиф, Тахири, Сұңғұр, Жейлан, Зия, Байрам, Зүбейір.* * * * *Айттарыңызбен құттықтай отырып, ұстазымыз-дың алпыс жылдан бері салынуын талап етіп, тіпті бір кездері қазіргі ақшамен есептегенде жеті миллиондық қаржы бөлдірткен, шығыс Анадолияда салынуы тиіс Университет құрлысына қазіргі Президенттің алпыс миллион ақша бөлдіріп, бұл шаруаны да Еуропамен, Америкамен ақылдаса отырып атқарғысы келгендігіне байланысты, Ұстазымыздың Президентке жазған хатын оқыған Əл-Азхар Университетінің патриот шәкірттері, бір Хадис-шәріптің мағынасын түсіне алмай, күмәнді ойлар тууына
43байланысты ұстазға сұрақ қойған екен. Ұстазымыз қатты ауырып жатқандықтан оның орнына біз бауырларымызды Құрбан айттарымен құттықтай отырып, төмендегі хатты қоса жіберіп отырмыз. Бұл шағын ғана оқиға жалпылық сипат алып отыр. Материалдық жақтан алғанда Ислам әлемінің үлкен, беделді медресесі саналатын Əл-Азхар университеті мен бес-алты уәлиятқа жайылып жатқан рухани университет Медресет-үз зехра шәкірттерінің өзара пікір алмасуы болмақ. Құрметті де адал бауырлар!Рисалей-Нұр, Ислам ақиқаттарын жоққа шығару, күмандану секілді мың жылдан бері жиналып қалған Исламиятқа қарсы пікірлердің бәріне де ауыздарын аша алмастай етіп жауап беруде және сыртқы мағыналары қазіргі ғылыммен үйлесе бермейтін мүтешабих Аяттар мен Хадистердің астарындағы ақыл иелерін қайран қалдыратын мұғжизалары мен сәулелерін көрсетуші, ойға келер күдік-күмандарды жойып жіберетін Құранның алмас қылышы. Осыдан біраз уақыт бұрын Еуропаның бір философы Стамбұлға келіп, имам-хатиб және хафыздық мектептердегі шәкірттердің ойына Құранға деген күдік туғызу мақсатында лекция оқыпты. Құранға қарсышығушы сол философ аятын сынға алып, жоққа шығарғысы келіпті. «Аспан біреу-ақ, басқа аспан жоқ. Ғылым бұл аятты мойындамайды!» депті. Ертесіне, Рисалей-Нұр жинағының бір кітабы - «Ишарат-ул Иғжаз» атты арабша тәпсірден өзіне бұдан қырық жыл бұрын берілген жауапты көріпті. Лекцияларын әрі қарай жалғастыра алмай Стамбұлдан кетіп қалыпты.
44Осындай оқиғалардың негізінде бізге де Ислам әлемінің берекелі білім ордасы – Əл-Азхар университетінің иманы мықты шәкірттеріне бір Хадис жайлы күмәнді ойлар туғызып, содан кейін еш ақылға салдырмай, қалай айтылды солай қабылдау керек дегізіп, Исламның да басқа діндер сияқты ақыли емес, нақли яғни айтты, болды қабылдау керек деген пікірді қалыптастыру мақсатындағы жымысқы әрекеттерді Əл-Азхар Университетінде де жасауы мүмкін деген ой келді. Ислам – ақылдың діні. Қасиетті Құранның көптеген жеріндегісынды аяттар ақылға салуды талап етеді. Есі дұрыс адам ақылға салар болса, ақылға сиымсыз Аят жоқ, сол аяттардың ең Ұлы аудармашысы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Хадистерінің ешқайсысы да ақылға сиымсыз емес. Олардың хикметін түсінген кезде, ақыл таңданыстан сәждеге жығылады. Рисалей-Нұрда мақалалары орын алған қырық алты атақты философ «Құран ақылға да, логикаға да сыйымды дінді үйретуде» деп, мойындаған. Бауырлар! Құран Кәрім өзін-өзі Күндей жарқын көрсетіп тұр, өз ақиқаттарын дәлелдеп тұр. Мүтекеллим-і Əзел (Мәңгілік сөз иесі) әр ғасырда, заманның қажеттіліктеріне орай Құранның қолына алмас қылыш ұстатуда. Сол қылыш күмәндар мен сынаушылардың бетін қайтарып Құран Кәрімге деген шүбаларды жойып жіберуде. Бүгінгі таңдағы сондай алмас қылыш – Рисалей-Нұр. Рисалей-Нұр, Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистеріне және әулиелердің кәшф-кәраматтары кезінде көрген ақиқаттарына сенбей , жоққа шығарушы
45кәпірлерге өз бетінше емес, тылсым күштің жөн сілтеуі арқылы жауап беруде. Ол ақиқаттарды ашып түсіндіру барысында сынға алушылардың сынға алып тұрған жеріндегі ғажайып мұғжизалар мен шешендіктің жарқын сәулелерін көрсетіп беруде. Құран аяттарындағы кейде, тіпті бір әрпіндегі немесе бір белгісіндегі мұғжизаны күндей жарқын түрде көрсетіп беруде. Ұстаз, «Құран ғажайыптары» атты рисалесінің бас жағында «Қолымда мәңгілік мұғжиза Құран тұрғанда басқа дәлелдерге жүгінуді ақылға сыйдыра алмаймын. Қолымда дәлелдердің ең ұлысы – Фурқан (Құран) тұрғанда кәпірлерге жауап беру түк те емес!» - деген. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистеріндегі астарлы түрде жеткізген мағыналар жайлы алда айтылатын болады. Сонымен қатар Рисалей-Нұрдың Аллаһқа иман жайлы жазылған аса маңызды «Аят-ул Кубра» рисалесінің бас жағында, иман мәселесіне келгенде мыңдаған кәпірдің сөзі бір ғана әһл-и иманның сөзі құрлы құны болмайтындығы айтылады. Бір мәселеде бір ғана маманның сөзі, ол саланың маманы емес жүздеген ғалымның сөзінен салмақты болатындығы, бір нәрсені жоққа шығарушы мыңдаған адамның сөзіне қарағанда, сол нәрсені дәлелдеп беруші екі адамның сөзінің өтімді болатынын нақтылай келе; 1.Жалпыға ортақ мәселеге келгенде оның рас екенін дәлелдеуші кісі жоққа шығарушы кісілерден басым түседі. Мәселен, Қасиетті Рамазан айында жаңа туған Айды көру тұрғысында екі қарапайым адам «көрдік» деп, Айдың туғанын дәлелдесе, ал мыңдаған зиялы, ғалым адамдар «көрмедік» деп жоққа шығарса, олардың
46сөздері есепке алынбайды. Сондай-ақ, ақиқатқа жүгінер болсақ иманға қарсы шығушы кәпірлердің сырт көзге көп болып көрінуінің ешқандай құны жоқ.2.Қандай да бір ілім не бір өнер саласында бір мәселе туындаса сол саланың тысындағы, ол іліммен қатысы жоқ ғалым-ғұламалардың үкімдері, айтқан сөздері жүрмейді. Өз саласындағы адамдар ғана үкім береді. Мысалы; атақты бір инженер, медицина саласында бір науқас адамды емдеуге келгенде жәй бір ауыл дәрігері құрлы үкім шығара алмайды. Сол секілді, материяға әбден тұншыққан, руханияттан жұрдай, нұрдан алыс, ақылы көзінде яғни тек көзбен көргеніне ғана сенетін атақты бір философтың атеиістік көзқарасы, оның дінге қайшы пікірі руханият саласында мүлдем назарға алынбауы тиіс, ешқандай қадірі болмайдыСондай-ақ, Хикмет-ул Истиазе рисалесінде, Шайтанның бір айласы да, Иман ақиқаттарының жүздеген айғақтарына қарсы, олай емес деген бір ғана дәлел сымақ сылтау арқылы күмән келтіріп, жоққа шығартқысы келеді. Ал, көпшілікке аян қағида бойынша бір ғана растаушының сөзі, көптеген жоққа шығарушылардың сөзінен салмақты болады. Бір ғана даулы мәселеде, бір ғана айғақтаушы куәгер, жүздеген жоққа шығарушыларды жеңіп кетеді. Бұл ақиқатқа мына бір мысал арқылы зер сал! Жүздеген есігі бар зәулім сарайға бір есігінің ашылуы арқылы кіруге болады. Сол арқылы, басқа есіктері де ашылады. Егер, бір-екі есігінен басқа бүкіл есіктері ашық тұрса, сарайға кіруге кедергі бола алмайды. Иман ақиқаттары да сондай бір сарай. Дәлелдердің әрқайсысы бір-бір кілт.
47Дәлел келтіру – есікті ашу. Əрқайсысы бір-бір есікті ашуда. Бір ғана есік ашылса, басқа есіктердің кілтері табылмаса немесе ғапылдықтың кесірінен жоғалып қалған болса, бір ғана иман ақиқатынан бас тартуға немесе оны жоққа шығаруға болмайды. Тағы бір маңызды мәселе, астарлы мағынасы бар Аяттар мен хадистердің сөзбе-сөз мағыналарының шындыққа үйлеспейтінін көрген кейбір мұнапықтар оларды жоққа шығарған. Рисалей-Нұр мұндай жағдайлардың бәріне де нақты және қанағаттандырарлықтай жауап беруде. Жиырма төртінші Сөздің үшінші тармағында астарлы мағыналы Аяттар мен Хадистерге деген күдік, күмандарға қарсы «Он екі негіз» жазылған-ды. Əлгіндей күмәнді ойда жүргендер ең әуелі сол негіздерді мұқият оқысын. Құран Хаким он төрт ғасырдан бері бүкіл адамзатқадеп, ашық майданға шақырса да, дос та, дұшпан да, ешкім де ең қысқа сүренің өзіне ұқсатып еш нәрсе жаза алмай, қаламмен емес қылышпен шайқасуға мәжбүр болды. Қасиетті Құранның шешендігі сол, адамзаттың ақылы жетпес ақиқаттарды олар түсіне алуы үшін, осы әлемде кездесетін мысалдар арқылы астарлап жеткізген. Мысалға, Жаратушы Хақ бүкіл ғаламды реттеп, басқарып тұрғандығын Аяты арқылы, патшаның тақта отырғанындай етіп тәмсілдеп жеткізеді. Өйткені, мұның ақиқатын түсінуге
48адамның ақылы да, қиялы да жетпейді. Адам баласы, өзі көріп жүрген мысалдар арқылы ғана түсіне алады. Сондай-ақ, Қасиетті Құран материалдық құнынан әлдеқайда қымбат нығыметтер жайлы айтып жатқанда адамның назарын шын нығыметке бөлеуші Аллаһқа қарай аудару үшін ақылдың көзін Аллаһтың мейірімі түсіп тұрған аспанға қарай бұрғызады. Мысалға, Аяты темірдің аспаннан түсіп жатқанын айтады. Мұнапықтар бұл аятты да сынға алып «Темір жерден шығып жатыр » деуі керек дейді. Ал, Рисалей-Нұр аналардың аузын жабар жауабында, баяндау үлгісі мұғжиза болған Құран, темірдің аса маңызды нығымет екендігін ескерту үшін деген. Өйткені, дейтіндей, темірдің өзін басты назарға алып тұрған жоқ. Темірдің адамзат үшін аса маңызды нығымет екендігін ескертіп тұр. Ал, нығыметтің рухани мәртебесі өте жоғары. Олай болса, әлбетте нығымет жоғарыдан беріледі. Ал сол нығыметтерге мұқтаж адамзаттың мәртебесі төменде жатыр. Жарылқау, мұқтаждықтан жоғары. Сондықтан, адамзаттың мұқтаждығына қарай, мейіріммен беріліп жатқан нығыметтердің жеткізілуі «ихраж» емес, «инзәл» болып айтылады...Осыған ұқсас, төрт өзен жәннаттан шығып жатқандығы жайлы Хадис Шәріп те тура мағынасында емес. Материалдық себептерге тәуелсіз түрде, Мысырдың құмды өлкесін жұмаққа айналдырып тұрған берекелі Ніл өзені секілі Аллаһтың ұлы нығыметтерін астарлап жеткізу үшін «Жәннаттан келіп жатыр» деген.
49Мұндай Аяттар мен Хадистердің тура мағынасына қараудың қажеті жоқ. Жеткізгісі келген мағына дұрыс болса, сөздің растығы сол. Мысалға, араб диалектілерінде тұрақты сөз тіркестеріне айналған «күлі көп», «қылыш бауы ұзын» деген тіркестердің біріншісі «жомарт», екіншісі «бойы ұзын» дегенді білдіреді. Жомарт немесе бойы ұзын болса, күлі немесе қылышы болмаса да айтылған сөздердің дұрыс, рас болғаны мұны жоққа шығаруға болмайды. Хадисте, Жәннаттан келіп жатқандығы жайлы айтылған төрт өзен жайлы, Рисалей-Нұрда берілген жауапты айтпай тұрып, адамзаттың ең шешені, сөзі ең тамашасы және деп сипатталған, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Хадис шәріптері жайлы жазылған Зүлфиқар, Мұғжизат-ы Ахмедие және Мұғжизаты Құрание атты рисалелер іліммен шұғылданушы ғалымдарға аса қажет. Және Пайғамбарымыздың үш жүзден астам мұғжизалары мен Қасиетті Құранның қырық жақты мұғжиза екендігімен қоса хаширдің болатынын нақты дәлелдеп берген үлкен жинақтың Мұғжизат-ы Ахмедие бөлімінен бір үзінді келтіре кетейін. Расулуллаһ (с.а.у) кәдімгі адам болатын. Адам болғасын соған сәйкес әрекет ететін. Һәм Пайғамбар еді. Ол тұрғыдан Хақ Тағаланың елшісі еді. Оның (с.а.у) Пайғамбарлығы уахиға сүйенеді. Уахи екі түрлі болады.БІРІНШІСІ: «Сарихи Уахи». Расулуллаһ мұнда тек қана аудармашы, қосары жоқ. Оған Құран және кейбір құдси хадистер жатады.
50ЕкІНШІСІ: «Зымни Уахи». Мұның да негізі мен өзегі уахи мен илhамға сүйенеді. Бірақ түсіндіріп баяндау Расулуллаһқа (с.а.у) байланысты. Уахимен келген қысқаша оқиғаны суреттеп, баяндау үшін Расулуллаһ (с.а.у) тағы да илhамға немесе уахиге сүйене отырып парасаттылығымен жеткізеді. Өз сөзімен түсіндіру кезінде пайғамбарлық міндеті жағымен иләhи қуатпен әрі көпшіліктің ұғымына сай түсінікті болуы үшін қарапайым тілмен баяндайды.Міне, сондықтан әрбір хадистің бүкіл жағына нағыз уахи ретінде қарау шарт емес. Адам болғасын болуы міндетті пікірі мен амалдарынан пайғамбарлықтың ұлы нышандарын іздеудің қажеті жоқ.Кейбір хадистер жалпы мағынада уахи арқылы келген. Пайғамбарымыз оны өз парасатымен көпшілік қауымға түсінікті тілде жеткізе білген. Мұндай қысқа-нұсқа сөзбен айтылған немесе теңеумен жеткізілген түсініксіздеу тұстарын тәпсірлеу, тіпті, жору қажет болады. Мысалға, бір күні Пайғамбарымыздың құзырында тереңнен шыққандай бір дауыс естілді. «Бұл дауыс жетпіс жылдан бері домалап келіп, енді ғана Жаhаннамның түбіне түскен бір тастың дыбысы» деді. Бір сағаттан кейін жетпіс жасқа келген аты шулы бір мұнапық өлді деген хабар келді. Жаhаннамға түсіпті. Пайғамбарымыздың (с.а.у) шешен түрде тәмсіл-теңеумен жеткізген оқиғаның ақиқаты түсінікті болды.Хадис Шәріпте, Жәннаттан бастау алатындығы айтылатын төрт өзен жайлы айтылатын риуаяттардың жауабы, тағы да сол «Зүлфиқар» жинағында, Құранның мұғжизалығы жайлы қосымшасында, Жиырмасыншы Сөздің Бірінші бөлімінде былай айтылады:
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123