101әрі ұсталарын танымайды. Сөйтіп, олардың намысына тиіп жауыздық жасайды, Сондықтан, әлбетте, жер мен көк оларға жылау былай тұрсын, керісінше, жиіркенетін болады. Олар арам қатқан кезінде көңілдері көншіп, рахаттанып қалады. Ал керісінше алатын болсақ: “Аспан мен Жер имандылар қайтыс болған сәтте жыламсырайды”. Себебі, Әһл-и иман олардың атқарған міндеттерін бағалай біледі. Шын мәнісін мойындап, білдірген мағыналарын иман арқылы аңғарады. “Қалай кере-мет жаратылған, қалай ғана тым жақсы қызмет атқаруда”,-дейді. Өздеріне лайық бағасын береді. Оларға Аллаһ Тағала атымен, оның есімдерінің айнасы деп қарап, махаббат етеді, сүйсінеді. Міне, сондықтан Әһл-и-иман дүниеден көшкенде аспан мен жер бейне бір жылап тұрғандай жабырқау күй кешеді.МАңЫЗДЫ БіР СҰРАҚ: Махаббат пен сүйіспеншілік ықтиярмен болмайды. Жаратылысымнан мұқтаждығым бар тәтті тағамдар мен жемістерді жақсы көремін. Ата-анам мен ба-лаларымды сүйемін. Өмір лік жолдасымды сүйемін. Қимас до-старды сүйемін. Пайғамбарлар мен әулиелерге сүйіспеншілігім бар. Өмірді, жастық шақты сүйемін. Көктем нің сұлулығы мен дүниені сүйемін. Бұларды қалай сүймеске? Бұл ма хаббаттардың барлығын Аллаhтың сипаттары мен есімдеріне беру дегеніміз не? Бұл қалай болғаны?Жауап: «Төрт нүктеге» құлақ сал.БіРіНШі НҮКТЕ: Иә, махаббат еріксіз болатыны рас. Бірақ, адам өз еркімен махаббатын бір сүйіктіден бұрып, екінші сүйіктіге арнауына болады. Мәселен, сүйіктісінің кемшіліктерін көру немесе ол шын сүюге лайық біреудің айнасы яки пердесі екенін білу арқылы махаббат нағыз иесін табады.ЕКіНШі НҮКТЕ: Жоғарыдағы айтқан сүйіктілерді «сүйме!» демейміз. Оларды Аллаh ризашылығы үшін Аллаhқа деген ма-хаббатпен сүюдің орны басқа. Мысал үшін, тәтті тағамдар мен жемістерді Хақ Тағаланың нығметі деп білу - Аллаhтың «Рах-ман», «Мүнғим» есімдерін сүю деген сөз. Мұндай махаббат тек
102қана нәпсі үшін емес, Аллаh үшін екендігін көрсететін нәрсе - рұқсат еткен мөлшердегі адал еңбегің, қанағат пен шүкір. Әрі ата-анаға деген махаббатың және олардың саған деген мейірімі, сені аялап асырап өсіруі Аллаhқа деген махаббаттан бастау алуда. Бұл сүйіспеншіліктің Аллаh үшін болғандығына дәлел: олардың қартайған шағында, саған ешқандай да пайда-сы қалмаған кезде, тіпті, сенің қолыңа қарап қалған күндерінде оларға деген құрметіңнің арта түсуінде.аяты: Баланың ата-анаға бес түрлі құрмет көрсетуі керектігін бұйыруы ата-ананың қаншалықты құрметке лайық, құқықтарының өте маңызды екендігін көрсетеді. Ал оларды құрметтемеу, қарсы келудің жат қылық екендігі баяндалады. Ата-ана балаларының өзінен де жақсы болғандығын тілейтіні белгілі. Баланың әкеге қарсы шығуға хақысы жоқ. Олай бол-са, ата-ана мен балалар арасында дау-дамай боларлықтай жа-ратылыстан келген себеп жоқ. Дау-жанжал қызғанушылық пен көре алмаушылықтан өрбиді. Ал ата-ана мен бала арасында ол жоқ. Не болмаса, әділетсіздіктен жанжал шығады. Ата-анаға қарсы шығуға баланың хақы жоқ. Демек, ата-анаға қарсы келіп, оларды ренжітетін бала адам бейнесіндегі хайуанмен бірдей. Ал балаларды Зат-ы Рахим-и Кәрімнің сыйы ретінде сүю, оларды мейірімге бөлеу, қызғыштай қорғау Аллаh үшін екендігін көрсететін дәлел: балалардың өліміне бет жыртып жылау орнына сабыр сақтап, шүкір ету. «Жаратқанның менің қамқорлығыма берген сүйікті бір құлы еді, Аллаhтың берген уақыты да бітті, менен алып, бұдан да жақсы жер-ге жолдады. Менің бұл құлда азғана пайым бар екені рас. Негізгі жаратушысы Ол, бәрі де Аллаhтың қолында», - деп мойынсұну.
103Достарға деген махаббат: Егер олар иман және Салих амал-дары арқылы Хақ Тағаланың достары болса, «ӘЛХуББу ФИЛЛАҺ», яғни, Аллаh үшін сүю сырымен ол махаббат та Хаққа тиесілі.Һәм өмірлік жарыңды, Аллаһтың рахымы сыйлаған жанға жақын дос, оның нәзік кәдесі деп қарап, солай жақсы көр, ма-хаббат қыл. Оның тез бұзылатын сыртқы сұлулығына, жыл-дам таятын көркіне, бет әлпетіне құмартпа! Негізінде әйелдің адам қызығар жағы, шырын сұлулығы оның әйелдік нәзіктігі мен жұмсақтығы, жан дүниесіндегі әсемдік болып табыла-ды. Оның аса қымбат, баға жетпес сұлулығы жүрегіндегі адал да шынайы мейірімі. Бұл мейірім мен мінез құлық сұлулығы өмірінің соңына дейін жалғаса береді, тіпті, арта түседі. Осын-дай махаббаттың саясында әлгі нәзік те бейшара жан құрметке ие болады. Олай болмаған жағдайда көркі тайып, ажары кетіп қартайған, нағыз құрметке мұқтаж болған кезінде ақысы кетіп, қинала өмір сүреді.Хақ Тағаланың сүйікті құлдары болған Пайғамбарлар мен Әулиелерге деген махаббат - Аллаh үшін сүю деген сөз.Өмірді сүю - өмір Аллаhтың саған берген ең қымбат қазынасы екендігін түсіну әрі оны қору. Сол қазына арқылы мәңгі де бақытты өмірге жетуге болатындығын түсіну, оны Аллаh үшін жасалған қызметтерге жұмсау - Аллаhқа деген маххаббаттың белгісі.Жайдары жастық шақтың әсемдігін, балғындығын Аллаhтың шы рын нығметі деп біліп сүю, оны тиімді пайдалану, шүкір ету орынды сүйіспеншілік болып табылады.Көктемнің сұлулығы Аллаhтың Нұрлы есімдерінің ең нәзік, ең сұ лу нақыштарының парақтары, Сани-и Хакимнің өнерінің ең әсем безен дірілген көрмесі екендігін түсініп сүю - Аллаhтың есімдерін сүю деген сөз.Бұл дүниені Ақыреттің бау-бақшасы, егінжайы, Аллаhтың есімдерінің айнасы, оның бізге арнап жазған хаты әрі уақытша мейманханасы түр ғысында нәпсіге берілмей сүю - Аллаhқа де-ген сүйіспеншіліктің белгісі.
104Қорыта айтқанда, дүниені және ондағы жаратылысты есімдік мағы насымен емес, әріптік мағынасымен сүй. Яғни «Қандай тамаша жара тылған!?» деп айт! «Қандай тамаша!» деп айтпағын. Жүрегіңе өзге махаб баттардың орнауына жол бер-ме! Себебі жүректің іші, тұнық жері Самедтің айнасы, тек оған тиесілі.деп айт. Сонымен, жоғарыда айтып өткен махаббаттар суреттегеніміздей болатын болса, әрі өкінішсіз, әрі ләззатты болып, Аллаhқа деген махаб батты арттыра түседі. Һәм орынды махаббат болып табылады. Һәм ләззаты мол шүкір, hәм сүйіспеншілікке толы пікір.Мысалы: Жоғары мәртебелі патша саған бір алма сыйласа, (Сілтеме ) 18бұл алмаға екі түрлі махаббат және онда екі түрлі ләззат бар. Біріншісі: алма тәтті болғандықтан, жақсы көресің, алмаға тән ләззат болады. Бұл махаббаттың патшаға қатысы жоқ. Алманы дереу жеген адам патшаны емес, алманы жақсы көретіні. Ол сыйлаушы патшаны ұмыттырады. Кейде патша ондай нәпсіқұмар махаббатты ұнатпай, одан жиіркенеді. Әрі алманың дәмі өткінші болған дықтан, ләззаты кетіп, өкінідіреді. Екіншісі: Алма арқылы білдірілген ілтипатқа риза болып патшаға деген махаббат. “Бұл үлкен ілтипаттың белгісі” деп, алманы басына көтерген адам Патшаға деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Патша ілтипатының белгісі болғандықтан, бір алма мың алмадан да артық тәтті ләззат береді.Сол секілді барлық нығметтер мен жемістерді тек дүниеуи жағынан бағалайтын болсақ, мұндай сүйіспеншілік нәпсіқұмарлық. Ондағы ләз заттар да өткінші әрі өкінішті. Егер Аллаhтың мейірімділік ілтипаты мен жарылқауының жемістері ретінде сүйсе, сый-сыяпат пен жарылқауларының ілтипат дәрежесінің қадірін түсіну арқылы тәбеті ашылып, ләззат алса, онда әрі рухани шүкір, әрі өкінішсіз ләззат болып табылады.Сілтеме .18 Баяғы бір заманда екі ру басы патшаның алдына келіпті. Жоғарыдағы мысалды айтылған жағдай шынында да болған екен.
105ҮШіНШі НҮКТЕ: Хақ Тағаланың есімдеріне де-ген сүйіспеншіліктің бірнеше дәрежелері бар. Жоғарыда баяндалғанындай, кейде жаратылыс тарға деген сүйіспеншілігі арқылы Аллаhтың есімдерін сүю, бағалау. Кейде Аллаhтың есімдерінің әрбірі Аллаhтың сипаттары екендігін тану арқылы оған деген махаббатын арттыра түсу. Кейде адам баласы жара-тылысынан көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, Аллаhтың есімдеріне мұқ таж екендігін түсініп, оған деген сүйіспеншілігі арта түседі. Мысалы, сенің жақсы көрген туысқандарыңа және кедей-кепшіктерге және басқа да көмекке мұқтаж жандарға жаның ашып тұрған шағыңда, бір кісі сенің ойыңдағыдай игілік жасаса, оның мейірбандығы мен жомарттығына дән риза бо-лып, адамның жомарттығы мен игілігіне деген сүйіспеншілігің арта түседі.Сол сияқты Хақ Тағаланың тек қана «Рахман» және «Ра-хим» есім дерін ойлашы! Сенің жаныңдай жақсы көрген ата-бабаларыңды, тума-туыс қандарыңды мен барлық мұсылмандарды бұл дүниеде түрлі нығметтермен, ал о дүниеде, Жәннатта әр түрлі ләззаттармен рахаттандырып мәңгі өмірде қайта қауыштыратын «Рахман» және «Рахим» есімдерінің қаншалықты сүюге лайық және адам баласының бұл екі есімге қаншалықты мұқтаж екендігін өзің түсін.«Әлhамдүлиллаhи ғала Рахманиятиhи уә ғала Рахимиятиhидің» қаншалықты орынды екенін біл!Һәм, сенімен кіндіктес, қайғыңа ортақ болып жүрген, былайынша айтқанда, үйің, яғни, дүниені және ол үйдің күнделікті қажеттіктерімен әшекей бұйымдары болып табы-латын мақұлықтарды өте хикметті түрде реттеп, құрастырып, ұйымдастырып отырған Аллаhтың «Хаким» есі міне және «Мүрәбби» есіміне қаншалықты мұқтаж, қаншалықты ынтық екеніңді толғансаң түсінесің hәм қайғысына ортақ болып, қарым-қатынаста болған адамзатты, өлер алдында жойы-
106лудан құтқарып, мына дүниеден әлдеқайда әсем бір жер-ге қоныстандырған Аллаhтың «уарис» «Баис», есімдеріне,«Бақи», «Кәрим», «Мухии» және «Мухсин» есімдеріне рухың қаншалықты мұқтаж екенін зерделесең аңғарасың.Міне, адам баласының мәнісі зор, жаратылысы күрделі болғандықтан, мыңдаған қажеттілік түрлері мен мыңдаған Иләhи есімдерге және әрбір есімінің көптеген мәртебелеріне әу бастан мұқтаж-ақ. Ал аса қажеттілік - ынтықтылық. Аса ынтықтылық - махаббат. Аса махаббат болса, ғашықтық болып табылады. Рухтың дамуына байланысты болған махаббаттың түрлері Аллаhтың есімдерінің мәртебесіне қарай артады. Барлық есімдерге деген махаббатта ол есімдер Зат-ы Зүлжәлалдың есімдері мен көріністері болғандықтан, шынайы махаббатқа айналады.Енді, тек, мысал ретінде, мыңдаған есімдерден тек «Адл»және «Хакем», сондай-ақ «Хақ» және «Рахим» есімдерінің мыңдаған мәртебелерінен бір мәртебені баяндап берейік. Бы-лайша:Хикмет пен әділдіктен көрінетін Аллаһтың «Рахмән-ир Рахим» және «Хақ» есімдерін кеңірек түсінгің келсе, мына мысалға құлақ түр:Бір әскери қалың қолда төрт жүз ұлттың өкілдері бар. Әрқайсысының киімдері басқа, жақсы көретін тамақтары бөлек. Өздерінің жақсы қолдана алатын қарулары да әр түрлі. Соған қарамастан, төрт жүз ұлт бір-бірі мен тату-тәтті, аралас-құралас өмір сүріп жатыр. Бұлардың бәрін өте мейірімді де қабілетті, білімді де әділ бір патша толық қамтамасыз етіп, ешқайсысын ұмытпай, араластырмай, бәріне бөлек-бөлек киім, тамақ, дәрі, қару-жарақтарын уақтылы беріп отырса, ол патшаның қаншалықты іскер, мейірімді де әділ бір патша екендігі түсінікті. Себебі бір түменнің ішінде он ұлттың өкілдерін бөлек-бөлек киіндіріп, жабдықтау қиын болғандықтан, бәрін де бірдей қылып киіндіріп, бірдей құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете
107салатыны белгілі. Дәл сол секілді Хақ Тағаланың әділет мен Хикметке толы «Хақ» және «Рахмән-ир Рахим» есімдерін көргің келсе, көктем мау сымында жер жүзіне шатырларын тігіп, сап түзей қалатын төрт жүз мың түрлі ұлт - өсімдіктер мен хайуанат қолына назар сал. Бұл тайпалардың бәрі де бір-бірімен араласып жатқанымен, әрқайсысының киімдері басқа, тамақтары бөлек, қарулары өзгеше, өмір шарттары әрқилы, тәлім-тәр биелері әртүрлі. Қажеттіліктеріне қол жеткізуге қабілеттері жоқ, талап тарын айтатын тілдері болмағанымен, Аллаһ Тағаланың олардың ешбі реуін ұмытпай, араластыр-май, тәрбиелеп, толық қамтамасыз етіп, керемет басқарып отырғандығын біл. Аллаһтың «Хақ» «Рахман» «Рәззақ» ,,,«Рахим» «Кәрим», есімдерін таны. Таңқаларлықтай тәртіппен, жан-жақты әрі дәл өлшеммен жасалған бұл істерге басқа біреудің араласа алуы мүмкін бе? Осындай өнер мен Рубуби-етке Уахид-и Ахад, Хаким-и Мұтлақ, Қадир-и Күлли Шейден басқа біреу қол сұға ала ма?ТӨРТіНШі НҮКТЕ: «Менің тағамдарға, жаныма, өмірлік жарыма, ата-анама, балаларыма, жақындарыма, пайғамбарлар мен әулиелерге, көктем мен дүниеге деген ма-хаббатым мен сүйіспеншілігім Құранның әмір еткеніндей болса, қандай нәтиже береді. Не пайдасы бар?»Жауап: Барлық нәтижелерді баяндап шығу үшін, том-том кітап жазуға тура келеді. Әзірге қысқаша ғана бір-екі нәтижеге мысал берейін. Әуелі дүниедегі нақты нәтижелері баяндалады. Содан кейін ақыретте ортаға шығатын нәтижелері айтылады. Жоғарыда айтылғандай-ақ, дүние үшін, нәпсінің құлқыны үшін көрсетілген сүйіспеншіліктің бұл дүниенің өзінде бәлекеттері мен өкініштері, машақаты өте көп. Ләззаты мен рахаты тым аз. Аллаhтың атына жасалмағандықтан, ақыретте пайдасыз қалады. Егер харамға кірген болса, азапқа айналады.Сұрақ: Пайғамбарлар мен Әулиелерге деген сүйіспеншілік қалайша пайдасыз қалады?
108Жауап: Христиандардың Хазреті Иса ғаләйhиссаламға және Рафизилер дің Хазреті Алиге (радиаллаһу анһ) деген сүйіспеншіліктерінің пайдасыз қалғаны секілді.Егер ол махаббат пен сүйіспеншілік, Құранның үйреткеніндей, Хақ Тағаланың есебіне, «Рахман» атына бол-са, онда hәм бұл дүниеде, hәм ақыретте жақсы нәтижелері бар. Бұл дүниеде тәтті тағамдарға, жемістерге деген сүйіспеншілігің нығметтерге шүкір болғандықтан, уайымсыз ләззат аласың.Нәпсіңе яғни жаныңа махаббат: Оған сен жан ашыр бо-лып, тәрбие беру, зиянды жат қылықтардан аулақ ұстау деген сөз. Сол кезде жаның сені құлқынына тұтқын етіп, мойыныңа міне алмайды. Қайта сен оны жетектеп отыратын боласың. Оны бос нәрселерге емес, Құдайға бағыттайсың.Өмірлік жарыңа деген махаббат: Жан дүниесінің сұлулығына, мейірімді мінезіне ғашық болып, Аллаhтың бір сыйы екендігін түсінсең, жарыңды шын көңіліңмен аяласаң, ол да саған аса құрмет көрсетіп, махаббатын саған арнайтын болады. Екеуің қартайған шағыңда махаб батарың арта түседі. Әйтпесе, тән сұлулығына қызығатын болсаң, ондай махаббат баянды болмайды. Отбасының шырқы бұзылады.Ата-анаға деген махаббат: Хақ Тағала үшін болғандықтан, ол да бір құлшылық, ғибадат. Әрі олардың қартайған шағында құрмет пен махаббатыңды арттыра түсесің. Шын жүректен, жан сезіммен олардың өмірінің ұзақ болуына дұға етерсің. «Оларға деген қызметтерімнің ар қасында сауап алайын» деп, шын көңілден көрсетілген құрмет рухани ләззат береді. Егер нәпсің үшін, дүние үшін жақсы көрген болсаң, олар дың қартайған шағында саған ешқандай да көмегі тимей, қайта сенің қолыңа қарап қалған кезінде, қарағың келмейді. Ал, өмірге әкелген аяулы жандарға өлім тілеу - барып тұрған хайуандық, рухани азғындық.Балаларыңа деген махаббат: Хақ Тағаланың сенің бақылауың мен тәрбиеңе берген аманаттары деп білу бір нығмет. Олай болса, оларға қараудан ешқандай ауырлық шекпейсің, қайтыс болғанда да үмітсіз өкі нішке қалмайсың. Жоғарыда
109баяндалғанындай, оларды Жаратқан Аллаһ hәм Хаким, hәм Ра-хим болғандықтан, «Олар үшін бұл өлім бір бақыт», - деп са-быр етесің. Оларды саған берушіні ойлап, қайғы мен өкініштен құтыласың.Жақындарыңызға сүйіспеншілік:Аллаh үшін болғандықтан, олар дың ұзақтығы, тіпті, өлімі де сіздің сүйіспеншілігіңізге бөгет бола ал майды. Мағынауи махаб-бат пен рухани жақындығыңыз жалғаса береді. Бірге отырып жасаған бір күндік сұхбатыңыздың ләззаты Аллаh үшін болма-са, жүз күндік кездесе алмаумен бірдей (Сілтеме19).Пайғамбарлар мен Әулиелерге сүйіспеншілік: Қапыда қалғандар үшін қараңғы, қорқынышты көрінген берзах әлемі саған нұрлы кісілердің денесімен нұрланған қонақүйлер бо-лып көрінгендіктен, ол әлемге кетуден қорықпайсың, қайта сүйсінетін боласың. Бұл дүниедегі өмір ләззатын да бұзбайды. Әйтпесе, оларға деген махаббат: өздерін мәдениетті деп есептегендердің атақты адамдарға деген құрметі сияқты болса, мазарда шіритіндіктерін ойлап, бұл дүниенің қиыншылығына тағы бір азап қосып алады. «Сондай атақты адамдарды шірітіп, жоқ қылатын мазарға бір күні мен де кіремін-ау», - деп, зираттарға үрке қарап, «аh» ұратын болады. Әуелгі көзқарастағы адам тәні мазарда қалғанымен, өздері берзах әлемінде рахат демалатындығын ойлап, зираттарға жылы қарайды. Дүниедегі керемет жаратылыстарға «Қандай тамаша жаратылған!» де-ген мағынадағы сүйіспеншілік Аллаh үшін боп саналады екен. Сыртқы сұлулыққа көп мән беретін нәпсінің назарын одан да жоғары, одан да керемет киелі сұлулыққа яғни Иләһи қазына байлыққа назарын аударады.Себебі, ол тамаша сұлулықтар Аллаhтың сұлу да әсем істеріне назар аудартады. Одан Аллаhтың есімдерінің сұлулығына, одан әрі Аллаhтың сипаттарының әдемілігіне, одан әрі Зат-ы Сілтеме .19 Аллаh үшін болған бір секунд сұхбат бір жылға тең. Дүние үшін болса, бір жыл бір секундпен пара-пар.
110Зүлжәлалдың Жәмалына қызығып, соған қарай жүрекке жол ашады. Міне, махаббат осындай болғанда ғана, ләззаты мол һәм ғибадат hәм ой-толғау болып табылады.Жастық шаққа махаббат: Хақ Тағаланың нығметі ретінде көрсең, жастық шақтың күшін, әлбетте, құлшылыққа, ғибадатқа жұмсайсың. Бостан-босқа өлтірмейсің. Олай болса, жастық шақта жасаған құлшылық, жастық шақтың мәңгілік жемістері. Жасың ұлғайған сайын мәңгілік жемістерді қолыңда ұстап, жастық шақтың буынан, зияндарынан құты ласың. Қартайған сайын құлшылық ғибадаттарды көбейтіп, Аллаh тың мейіріміне жақындай түскеніңді ойлайсың. Қапыда қалғандар секілді бес-он жылдық жастық шақтың ләззатына қарсы қартайған шағында: «Ойбай, жастық шағымыз, кетті!» - деп, байбалам салып жыламайсың. Осындайлардың біреуі:яғни: «Шіркін-ай, жастық шағым бір күн қайта айналып кел-се ғой, кәріліктің басыма қаншалықты қиын халдер әкелгендігі жайлы шағым айтар едім», - деген екен.Көктемге деген махаббат: Аллаhтың өнеріне деген сүйіспеншіліктен бастау алғандықтан, көктем кеткенімен, оны тамашалаудың ләззаты қа лады. Себебі, көктем хат тәрізді оюлы жазу, мағыналарын әр уақыт тама ша лауға болады. Сенің қиялың мен уақытың екеуі де бейне таспа секілді саған көктемнің мағыналарын, сұлулығын әр уақыт жаңадан қайталап отырады. Сондықтан сүйіспеншілік ләззаты сапалы болады.Дүниеге деген сүйіспеншілік:Аллаhтың есебіне болғандықтан, дүние дегі қорқыныш беруші құбылыстар саған таныс достар сияқты көрінеді. Ақыреттің бақшасы, егінжайы ретінде танығандығың үшін, пайдалы жемістер ала аласың. Бәлелер мен қайғылар сені қорқыта алмайды. Қиыншылықтары да саған салмақ бола алмайды. Бұл қонақүйдегі саған бөлінген уақытты көңілді де рахат өткізесің. Немесе қапыда
111қалғандар секілді сүйіспеншілік көрсететін болсаң, саған жүз рет айтқанымыздай азапты әрі жан қинайтын hәм нәтижесіз сүйіспеншілікке батып кетесің.Міне, жаның сүйген кейбір нәрселерді Құранның үйреткен жо лымен сүюдің игі жақтарының жүзден бірін ғана көрсеттік. Ол сүйіспеншілік пен махаббат Құранның көрсеткен жолында болмаған жағдайда, жүздеген зияндарының біріне ғана иша-ра еттік. Әлі де осы сүйіктілеріңнің мәңгілік бақыт жерінде, ақырет әлемінде, Құран Хакимнің аяттарында ишара еткен нәтижелерін естіп, түсінгің келсе, «Кіріспе» және «Тоғыз ишараның» жүздеген пайдаларынан біреуін қысқаша баяндай-мыз.
112КіРіСПЕАллаһ Тағала өзінің жәлил Улухиетімен, жәмил Рақымымен, кәбир ру бубиетімен, кәрим мейрімімен, азим құдіретімен, латиф хикметімен мына кішкене адам бойын мұншама сезімдермен, мұншама жиhаз, аспап тармен, сан-алуан мүше, құрал-жабдықтармен, түрлі-түрлі ой-өріс, рухани байланы-стармен қамтамасыз етіп әшекейлегендегі мақсаты - өзінің шексіз сан-қилы қызметтерін, жарылқауларының түрлерін, рақымдылығының дәрежелерін әлгі адам баласына бойындағы көптеген сан-алуан аспаптарды қолдана отырып сездіру, білдіру, таттыру, таныстыру. Әрі мың бір есімнің сан-алуан құбылыстарын әлгі аспаптар арқылы адам баласына білдіру, таттыру, сүйсіндіру. Аталған адам бойындағы көптеген құрал-жабдықтар мен жиhаздардың әрқайсысының атқарар бөлек-бөлек қызметі, өзіндік құлшылығы бар. Сол сияқты бір-бірінен өзгеше ләззаты, уайым-қайғысы, атқарар міндеті мен өзіндік ақысы да бар.Мысалға көзді алайық. Ол – суреттердегі сұлулықтарды, қоршаған ортадағы құдірет мұғжизелерінің түрлерін тамаша-лайды. Міндеті болса ғибратты назар салып, яғни, Санинына, Ұстасына толғана шүкіршілік ету. Назарға тиесілі ләззат пен уайым-қайғы мәлім болғандықтан, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.Мысалға құлақ, дыбыстың барлық түрлерін, нәзік саздар-ды, дыбыстар әлемінде Аллаһ Тағаланың жаратқан жағымды үндерді жаппай естиді. Оның өзінше бір құлшылығы, басқаша бір ләззаты, өзіндік бір сыбағасы бар.Мысалға мұрын, иістер әлеміндегі Рақымның жаратқан жұпар иіс терді сезеді. Өзіндік шүкір ету міндеті мен ләззаты бар. Әрине, алатын сыбағасы да бар.
113Мәселен тіл, бүкіл тағамдардың дәмдерін тату арқылы көптеген шүкір шілік қызметін атқарады, тағысын тағы... Адам бойындағы барлық сезім-мүшелердің яғни, көңіл, жүрек, ақыл, рух сияқты маңызды сезімдердің атқарар бөлек-бөлек міндеттері, алатын ләззаттары бар. Міне, Хақ Тағала, Хаким-ы Мұтлақ, адам бойындағы қолданылып жүрген осы аталған сезімдердің әрқайсысына лайық ақыларын беретін болады. Сан-алуан, түрлі-түрлі құштарлықтардың айтып өткен дүниедегі нақты нәтижелерін әркім-ақ сезіп жүр. Оны шүбәсіз мақұлдайды. Ақыреттегі нәтижелеріне келер болсақ, олардың анық жүзеге асатыны жайлы Оныншы Сөз өзінің он екі ақиқатымен қысқаша түрде және Жиырма тоғызыншы Сөз өзінің алты дана негіздерімен дәлелденгенді. Сонымен қатар ол туралы деген сипатқа ие Құрани аяттар егжей-тегжейлі түсіндіріп, һәм көрсетіп, ишаралармен мегзеп бергендіктен ол туралы ешбір шек, бірде-бір күмән жоқ. Одан басқа айғақ ұсынудың реті жоқ. Оның үстіне басқа «Сөздерде» әрі Жәннат жайында жазылған Жиырма сегізінші Сөздің арабша бөлімінің екі мақамында бірдей, сондай-ақ, Жиырма тоғызыншы Сөзде көптеген айғақтармен баяндалған болатын.БіРіНШі ИШАРА: Тәтті тағамдар мен тіл үйіретін жемістерге деген шүкір ете орынды махаббаттың ақыреттегі нәтижесіне келер болсақ ол туралы Құранда айтылғанындай, о дүниеде дәмді тағамдар мен әдемі жемістер болып қайтадан жаннатқа лайық бір түрде берілетін болады. Дүниеде дәмді тағамдар мен жемістерге ынтыға құмартудың өзі тіпті, дүниеде жеміс жер кезде айтылған «Әлхамдулиллах» сөзінің өзі Жәннат жемісі болып денеге айналып, қайтадан саған ұсынылатын болады. Мұнда жеміс жейсің, онда «Әлхамдуллаh» жейсің.
114Әрі дүниеде берілген нығметтерді, тағамдарды Аллаhтың жарылқауы, Рахманның ілтипаты деп білгендіктен, сол ләззаты мол мағынауи шүкір, Жәннатта өте дәмді, тіл үйіретіндей тәтті тағам түрінде саған берілетіні хадисте де Құранның ишараты-мен де белгілі әрі солай болуын Аллаһтың хикметі мен рахымы талап етеді.ЕКіНШі ИШАРА: Дүниеде нәпсіңе деген заңды махаббаттың нәти жесін айтар болсақ, сен оның әдемілігі үшін емес, қайта нұқсандықтарын көріп, жанашырлықпен оның кемшілігін жойып кемелдендіруге, тәрбие леуге, жақсылыққа жұмсағандықтан нәтижесінде жаныңа хош келетін небір түрлі нәрселер жаннатта берілетін болады. Нәпсі дүниеде әуестік пен құмарлығын Құдай жолында дұрыс қолданған екен әрі жиhаздар мен сезімдерін тиімді түрде пайдаланған екен, олай болса, Кәрим-і Мұтлақ оған дүниедегі орынды әрі қулшылық ету жо-лында сарп етілген махаббаттың нәтижесі ретінде Жәннатта, жаннаттың жетпіс түрлі әде мілік пен нәзіктіктің өрнектері бо-лып табылатын жетпіс алуан көйлек кигізіп, нәпсінің барлық құмарлықтарын қандыратын, көңілін көншітетін әсемдіктің жетпіс түрімен бойын сылап әрқайсысы тірі, шағын бір жан-нат тәрізді хор қыздарын, әлгі мәңгі әлемде беретіні көптеген аяттармен анықталып, дәлелденген. Һәм дүниеде жастық шаққа деген махаббат, яғни жастықтың күш-жігерін ғибадатқа сарп етудің нәтижесі - бақыт әлемінде мәңгі бітпес жастық шақ.ҮШіНШі ИШАРА: Жұбайына деген заңды махаббат, яғни оның мейірімділігіне, нәзіктігіне, әдемі мінез-құлқына деген шынайы сүйіспен шілік арқылы оны жат қылықтардан, басқа да күнәлардан сақтаудың ақыреттегі нәтижесі болса, Рахим-ы Мутлақ әлгі өмірлік жұбайын хор қыздарынан әлдеқайда сұлу, өте сәнді әрі көз тоймас көрікті етіп, зәулім мәңгі бақыт сарай-ында мәңгілік жолдас және бастан кешкен дүниелік оқиғаларын бір-біріне шаттана айтып, естеліктерін, өткен күндерді ойлап
115сырласатын дос, сондай-ақ сезімтал да мәңгілік айырылмас жұбай, сүйікті де сүйкімді жансерік түрінде қайтарып беретінін уәделеп отыр. Әлбетте, уәдесін бұлтартпай орындайтын бола-ды.ТӨРТіНШі ИШАРА: Ата-анаға, балаға деген занды махаббаттың нәтижесіне келетін болсақ, Қасиетті Құранның айтқанындай, Аса қам қор бір Аллаh, олардың мәртебелері әр түрлі болса да, ондай бақытты отбасын мәңгілік әлемінде қайта қауыштырып, пәк әрі қызықты сұхбат және жаннатқа лайық мұсылманша қарым-қатынас сыйлайтын болады. Сондай-ақ, он бес жасқа толмай, яғни хадд-ы булуғқа жетпей көз жұмған балалар деп аталатын жұмақ балалары түрінде, жаннатқа ла йық бейнеде, сүйкімді де әдемі пішінде жаннат-та да ата-аналарының құша ғына берілетіні, ата-аналары да бала сүю құмарлығын басып, сондай мәңгі өшпес ләззат пен рахатқа бөленетіні тағы бар. Өйткені балалар діни жауап-тылық арқаламағандықтан, мәңгі сүйкімді балалар болып қала береді. Дүниедегі әртүрлі қызықты ләззаты көп нәрселердің ең жақсысы жаннаттан табылады. Ескі де тым тәтті балажандық, яғни балаларын сүйіп еркелету сезімі, жаннат нәсілді көбейту жері емес болғандықтан, жаннатта ондай. сезімге орын жоқ деп айтылып келді. Міне, мұндай жағдайда ол да болады екен. Енді бұл - баласы жастай өліп кеткен ата-аналарға сүйінші.БЕСіНШі ИШАРА: «Әл-хуббу филлаh» үкіміне сай, жөнді, салих сүйікті жандарға деген махаббаттың нәтижесіне келер болсақ, жаннатта деп аталатын бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жұмсақ орындықтарда отырып, тәтті сұхбат, жарасымды әңгіме-дүкен, көңілді оқиғаларды, ескі естеліктерді бір-біріңе айтып, шаттанатындары, әрі ол шаттық қоштасу дегенді білмейтін мәңгі ыстық сезіммен сүйікті жанда-рымен қауышатыны Қасиетті Құранда нақты білдірілген.
116АЛТЫНШЫ ИШАРА: Құранның айтқанындай, Пайғамбарлар мен Әулиелерге махаббаттың нәтижесі - әлгі Пайғамбарлар мен әулиелердің шапағатынан қабірде яғни бер-захта, хашірде пайдалана отырып, олардың жоғары мәртебелі дәрежелерінен, даналығы мен фейіздерінен әлгі махаббат сая-сында нұрға бөлену. Иә,сырына орай, қарапайым адам жоғары мәртебеге, өзі сүйген жоғары мәртебелі кісінің арқасында оған тәуелді болу арқылы шығады.ЖЕТіНШі ИШАРА: Сұлу нәрселерге, құлпырған көктемге деген заңды махаббатың, яғни «қалай керемет жасалған» де-ген назармен сол жаратылыстардың арқасында жарату ісінің әсемдігін, реттілігін, сол жүйелі іс-әрекеттердің арқасындағы әсем есімдердің және сол әсем есімдердің арқасында сипаттың әсемдігін сүюдің нәтижесі мәңгілік әлемінде әлгінде көрген ту-ындылардан әлдеқайда көркем түрде есімдердің көріністерін әрі сол есімдегі жәмал мен сипатын жаннатта көру. Тіпті, Имам-ы Раббанидың (р.а) дегеніндей: «Жәннаттің әсемдіктері - Иләһи әсем есімдердің сәулелерінің денеге айналған түрлері.» Ой-лан!СЕГіЗіНШі ИШАРА: Дүние – ақыреттің егін алқабы, һәм Иләhи есімдердің айнасы. Міне, дүниенің осы әсем екі жүзіне деген толғана жұмсалған махаббаттың ақыреттегі пай-дасы, дүниенің үлкендігіндей үл кен әрі мол. Атап айтқанда фәни дүниеге ұқсамайтын мәңгі бақи жаннат берілетін болады. Сондай-ақ, дүниеде тек көмескі көлеңкелері көрінген Иләһи есімдер жаннаттың айналарында тым жарқын түрде көрінетін болады. Һәм дүниені ақыреттің егін алқабы деп сүю деген, дүниені питомник, яғни, тек көшеттерді белгілі дәрежеге дейін өсіретін шағын бір жер ретінде қарап жақсы көру. Нәтижесінде жаннат нәсіп болады. Бұл жерде адам бойындағы ішкі-сыртқы сезімдер шағын көшеттер секілді болып, жаннатта өте керемет түрде өсіп-өніп, және дүниеде тұқым тәріздес бейімділіктер,
117ләззат алу мен кемелденудің саясында бүршік атып, же містері иесіне берілетіні Аллаhтың Рақымы мен хикметінің талабы әрі Құранның ишаратымен бекітілген мәселе. Һәм, ондай махаббат, күллі қателіктің анасы болған дүниеқұмарлық емес, керісінше, ол махаббат дүниенің Аллаhтың көркем есімдерімен, ақыретпен қатысты екі жүзін, яғни Құдай үшін сүйгендіктен һәм ғибадат үшін болғандықтан әлбетте, дүниенің үлкендігіндей сый-ақы алуы Аллаһтың рахымы мен хикметінің талабы, hәм оны ақырет үшін, оның егін алқабы деп сүйген кезде hәм Аллаһ Тағалаға деген махаббат арта түседі. Әлбетте мұндай махаб-бат дүниедей үлкен жақсылық берілуін қалайды. Ол да дүние сияқты кең Жаннат болмақ.Сұрақ: Мұнша үлкен әрі кең байтақ Жәннаттың керегі не?Жауап: Мәселен, сен, жолын тауып қиял жылдамдығымен жер жа hан ды, аспан әлемін кезсең, «Бүкіл әлем менікі» дей аласың. Ол жерде періш телер мен адамдар, жан-жануарлардың болуы сенің ол ойыңа ешқандай әсер етпейді. Сол сияқты манағы жаннат та толы болса, «Бұл жаннат менікі» дей аласың, Хадисте: «Кейбір әхли-жәннатқа берілген бес жүз жылдық жәннат» деген осы. Бұл Жиырма сегізінші Сөзде баяндалған болатын.ТОҒЫЗЫНШЫ ИШАРА: Иман және Аллаhқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесінде әхли-кәшф пен шыншылдар бір ауыздан былай дейді: Дүниеде мың жыл шаттық өмір сүру жаннаттың бір сағатына жетпейді. Жәннаттың мың жылдық тұрмысы киелі де ұлы, нұқсандықтан ада, жәмал мен асқан кемелдіктің иесі Зат-ы Зүлжәлалды бір сағат тамашалауға жет пейді. Міне, осындай тамашаға куә бола-тындары (Сілтеме)20шүбәсіз хадистер және Құранның хабары-Сілтеме. Хадисте айтылғанындай, сондағы тамашалау жәннаттағы ләззаттардан әлдеқайда асып түсетіні сондай, жәннаттағы қызықтарды ұмытқызып, естен шығарып жібереді екен. Тамашалаудың соңында көрген кісілердің жүздері жайнап, құлпырып кететіні сондай тіпті үйлеріне қайтқанда отбасындағылар мұқият қарап, әрең танитын болады.
118мен расталған. Хазіреті Сүлеймен (Ғ.С) сияқты кемелдігімен аты шыққан мәшhүр бірісін көруге құмарту, Хазіреті Жүсіп (Ғ.С) сияқты көркімен аты шыққан біреуді көру құштарлығы әркімде бар. Апырым-ай, дүниенің бүкіл әсемдіктері мен кемелдіктерінен мың есе көркем жаннаттың барлық әсемдіктері мен кемелдіктері, жәмалы мен кәмалының шағылысы болып табылатын Аллаhты тамашалау неткен ғанибет, қызығарлық, әрі оны көру қаншалықты асқақ арман, ынтығарлық іс екенін таразылай алсаң қане...
119ОН ТӨРТіНШі ЛЕМАНЫң ЕКіНШі БӨЛіМі[Орайы келген соң осы жерге жазылды.]\"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның\" мыңдаған сырларынан алты сыры баяндалмақ.ЕСКЕРТу: \"Биссмилләhты\" Рақымдылық мағынада түсініп, оның жарқын нұры дәрменсіз ақылыма алыстан көрінді. Есте қалсын деп қолыма қалам алып көргенімді өзіме белгі ретінде түртіп қойғым келді. Сөйтіп, әлгі нұрға арнап жиырма-отыз тұжырыммен айналасын қоршап қояйын дедім. Өкінішке орай ойымды толық іске асыра алмадым. Жиырма-отыз емес, қолыма бес-алтауы ғана ілікті.\"Ей, адам\" деген кезімде өз нәпсімді мегзеп отырамын. Себебі, бұл дәріс өзіме арналған. Бірақ, жаныма жақын, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға, бәлкім, пайдасы тиер деген ниет-пен хатқа түсіріп \"Он төртінші Леманың екінші бөлімі\"деп атап, зерек бауырларыма ұсынуды жөн көрдім. Төрелігін бауырларым бере жатар. Бұл дәріс ақылдан гөрі көңілге қонады, дәлелден гөрі сезімге байланысты.
120Бұл бөлімде бірнеше сыр баяндалмақ.БіРіНШі СЫР: Бірде «Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның» жар қын сәулесін былайша көрдім: Бүкіл әлемде, жер жүзінде және адам бойында бірі-бірімен тығыз байла-нысты, біреуі екіншісінің үлгісі деуге болатын Рубубиет21таңбаларының үшеуіне куә болдым.Біріншісі: Бүкіл әлемді жаппай алып қарағанда, әрбір бол-мыс өз ара біріне бірі жәрдемдесіп, демеп, арқа сүйейтінін көреміз. Міне, бұл улухиеттің 22таңбасы, «Биссмилләhпен»қатысты құбылыс.Екіншісі: Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін үйлесімді етіп, тәрбиелеп, басқарып отырған Рубубиеттегі,яғни, басқарма істерінде көрінетін ұқсастық, үйлесімділік, реттілік, қамқорлық пен мейірімділік. Міне, бұл Рахманиеттіңұлы таңбасы. «Биссмилләh-ир Рахманмен» қатысты құбылыс.Үшіншісі: Адамзат бойында өзара қамқорлық, мейірбандық, жанашыр лық секілді Аллаhтың шексіз мейірімінің нұр-сәулелері көрінеді. Міне, бұл – Рахимиеттің ұлы таңбасы. Ол – Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимдегі «Әррахиммен» бай-ланысты құбылыс.Демек, әлемді бір параққа теңейтін болсақ, «Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим» сол парақтағы Әхадиеттің 23үш таңбасынан құралған нұрлы жолдың қасиетті атауы болып табылады. Және ол мықты да берік арқан, жарқын да нұрлы бір даңғыл жол. Де-мек, «Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның ұшы жоғарыдан »келіп әлемнің жемісі әрі оның кішірейтілген үлгісі болып та-былатын адамға тіреліп, онымен ұштасып жатыр. Ол, Адами ғарышқа бастайтын, төбесін көкке көтеретін, жоғары мәртебеге шығаратын ақиқат.Рубубиет 21– толық билік, жан-жақты басқару.Ауд.улухиет22 – Жаратушыға тән кемел сипаттарға ие болу. Ауд .Әхадиет23 – әрбір нәрсені бір өзі жаратуы.
121ЕКіНШі СЫР: Қасиетті Құран сансыз жаратылыстағы уахидиеттің24терең сырларын ойлаған ақылдар тұңғиыққа батып кетпесін деп, әрдайым әлгі Уахидиет сырын баяндарда Әхадиеттің нұр-сәулелерін назарға ұсынып отырады.Мәселен, Күн сәулесі шексіз заттарды қамти алады. Жарығы мол Күннің өзін, оның болмысын ұғынып, толық қамту үшін өте кең қиял, ауқымды назар қажет. Сондықтан, алып Күнді ұмыттырмау үшін әрбір жылтырақ нәрсе Күнді шағылыстырып көрсетіп тұрады. Олар өзінің шамасына қарай Күннің суретін ғана шағылыстырмай, сонымен бірге оның жарық, жылу, реңгі секілді сипаттарын да бірге көрсетеді. Жылтырақ біткеннің барлығы Күнді бүкіл сипаттарымен бірге шама-сына қарай көрсетеді. Сонымен қатар, Күннің жарық, жылу және жарығындағы жеті түсі секілді сипаттары да әрқайсысы алдындағы бүкіл заттарды толығымен қамтиды.Дәл сол сияқты, мысалдың айыбы жоқ, Аллаh Тағаланың Әхадиет пен Самәдиет 25сипаттарының әрбір нәрседе, әсіресе, тірі жанда, оның ішінде адамның айна тәріздес жаратылысында барлық есімдерімен бірге нұр-сәулесі болаты-ны секілді, Уахдет пен Уахидиет жақтарымен де болмыс атау-лымен байланысты әрбір есімі болмысты түгел қамтып жатады. Міне, осылайша ақыл, Уахидиет сырын аңғарып, көңіл болса, Зат-ы Ақдесті ұмытпай, Уахидиеттегі Әхадиеттің таңбасын әрдайым ұғынып, еске алып отырады. Сол таңбаның маңызды үш өзегін «Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим» сөзі толық қамтып, айқын көрсетеді.ҮШіНШі СЫР: Мына он сегіз мың ғаламды жайнатып тұрған – сөзсіз рақым, яғни, Аллаhтың мейірімі. Әрі мына қараңғы әлемді құлпыртып тұрған да күмәнсіз сол рақым. Аса мұқтаж шексіз мақұлықтарды жаратып, жетілдіріп отырған да шүбәсіз сол рақым. Ағаштың бүкіл болмысы жемісіне уахидиет24 – барлық нәрсені бір өзі жаратқанына сену.Самәдиет25 – еш нәрсеге мұқтаж емес, бәрі оған мұқтаж.
122бағытталатыны сияқты бүкіл әлемді адамның игілігіне жара-тып, оған бас игізіп, жан-жақты көмекке жіберіп отырған нақ сол рақымшылық. Сондай-ақ мына шексіз кеңістікті және алып әлемді нұрға бөлеп, әшекейлеп, жайнатып тұрған да рақым екендігі көзге көрінердей анық ақиқат. Әрі мына фәни, өмірі қысқа адам баласын мәңгілікке шақырып, Әзели де Әбәди, яғни бастауы мен соңы жоқ бір Аллаhқа тыңдаушы әрі дос қылған, әлбетте, рақымның нақ өзі.Ей, адам! Рақым осындай қуатты әрі тартымды, сүйкімді әрі медет беретін тәтті ақиқат екені рас. Олай болса «Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим» деп, сол ақиқаттан мықтап ұста! Сөйтіп үрей мен қорқыныштан, мұң-мұқтаждық пен уайым-қайғыдан құтыл! Әлгі Әзәл мен Әбәд Сұлтанының тағына жанас әрі сол рақымның мейірімімен, шапағатымен, шуағымен ол Сұлтанды өзіңе дос қыл! Онымен тілдес!Рас, әлемдегі сан-алуан жаратылысты хикметті түрде адам баласының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететіндей айна-ласына шоғырландырып әрі жүйелі түрде қол ұшын бергізіп, бас игізу; міндетті түрде екі жағдайдан бірі. Енді, осы екі жағдайды сарапқа салайық. Әлемдегі әрбір зат, әрбір түр өздігінен адамзатты танып, бас иіп көмектесіп тұрады деген пікір. Әрине, бұл пікір ақылға сыймайды. Ол кезде тым әлсіз, өте дәрменсіз адам баласы құдіреті күшті Сұлтан секілді бәрін өзіне бағындыратын аса қуатты Қадир болуы керек. Не болма-са, мына әлем пердесінің артында бір Қадир-ы Мұтлақ өзінің ілімімен шексіз қамқорлық жасап отыр. Демек, әлемдегі түрлі мақұлықтар, қоршаған орта, табиғат адамзатты танымайды. Жоқ, жоқ, тануы әсте мүмкін емес. Адамзатты танитын, білетін, қамқорлық жасап отырған біреу оны танып, бәрін біліп, көріп отыр. Бұл – соның айғағы.Ей, адам! Ақылға кел! Болмыс атаулының барлық түрін саған мойын сұн дырып, көмектестіріп, мұң-мұқтаждықтарыңа «Ләббәйк» дегізіп, зыр жү гір ткен Зат-ы Зүлжәлал (Айбарлы,
123айбынды) сені білмеуі, танымауы, көр меуі әсте мүмкін бе? Жо-жоқ, Ол сені жақсы біледі әрі білетінін мейірімділік жа-сау арқылы білдіріп отыр. Олай болса, сен де Оны танып, біл! Оны құрметтеп, айтқанын істеу арқылы танитыныңды көрсет! Һәм мынаны біліп қой! Сен сықылды мүлдем әлсіз, тым пақыр, өте дәрменсіз әрі фәни мақұлыққа алып әлемді қызметші, көмекші етуі, әлбетте, Оның хикмет пен қамқорлығын, ілім мен құдіретін қамтитын рақымы, соның дәлелі. Әлбетте, мұндай рақым, сенен ауқымды әрі шынайы шүкір және кіршіксіз де адал құрмет, ізгі ізет талап етеді. Ал шынайы шүкір мен адал құрметтің белгісі «Биссмиллә-hир Рахман-ир Рахим» болып табылады. Соны әрдайым айтып жүр. Оны Рахманның алдында өзіңді мейірімге бөлейтұғын шапағатшы деп біл!Иә, әлемде рақымның бар әрі рас екендігі Айдан анық де-уге болады. Өйткені, мысалы тоқыма-кестенің дәл ортасында орналасқан, оймақтай боп көздің жауын алатын бір ою-өрнектің әр тарапынан келетін жіптердің оралу реттілігіне байланы-сты екені белгілі. Сол сияқты мынау әлем ат ты ұшы-қиырсыз кеңістікте мыңдаған Иләhи есімдердің шуағынан иіріл ген нұрлы жіптер тәріздес бөлшектер, қажетті заттар, әлемнің жүзіне ра-қы мның таңбасын басып, соның ішінде Рахимиеттің мөрін және ме йі рімділіктің белгісін тоқып жатыр, яғни мұқтаждарға жәрдем мен қам қорлық жасалып жатқаны сондай, ол таңба Күннен бетер жарқырап, ақыл иелеріне өзін паш етуде.Рас, Күн мен Айды және ұсақ бөлшектер мен жер асты қазба-байлық тарды, өсімдіктер мен жануарларды бейне бір тоқыма-кестенің жіптері тә різді әлгі мыңдаған есімдердің шуақтарымен ретке келтіріп, тірі жан дарға қызмет еткізіп отырған және өсімдік болсын, хайуан болсын, олардың аналықтарындағы жанкешті мейірбандық арқылы өзінің шексіз мейірімділігін паш еткен, сондай-ақ жан-жануарларды адамзаттың игілігіне, тірілігіне қызметші етіп, сол арқылы Өзінің Рубубиетінің аса ғажайып, әдемі де ұлы нақышын – адамның маңыздылығын – көрсеткен және Өзінің жарқын рақымын сездірген Рахман-ы
124Зүлжәлал (Айбарлы да айбынды Аллаh) өзінің шексіз байлығы мен мейріміне аса мұқтаж тіршілік иелері, оның ішінде, адам баласы бөленсін деп өзінің рақымын қабыл болғыш шапағатшы қылған.Ей, адам! Адам болсаң «Биссмилләh-ир Рахман-ир Ра-хим» де! Әлгі шарапаты мол шапағатшыны ізде, тап! Иә, жер жүзіндегі төрт жүз мың түрлі өсімдіктер мен жануарлардың ешбірін ұмытпай, жаңылыспай, дер кезінде, мінсіз жүйемен тәртіпті де хикметті түрде, қамқорлықпен жетілдіріп, басқарып отырған, сондай-ақ Жер жаhанның түкпір-түкпіріне Әхадиеттің таңбасын басып тастаған әлбетте, шүбәсіз әлгі рақым. Рақым-ның бар екендігі мына жер жүзіндегі жаратылыстың болмысы-нан да анық. Тіпті, жер бетінде қанша болмыс болса, рақымның бар екенін растайтын дәлелдер де сонша.Рас, жер жүзінде рақымның таңбасы, Әхадиеттің мөрі то-лып жатыр. Тіпті адамның мағынауи болмысында да рақымның таңбасы бар. Ол таңба, жоғарыда аталған жер жүзіндегі мейірімділік таңбасынан және бүкіл әлемдегі рақымның ірі таңбасынан асып түспесе кем емес. Ол бейне бір мың бір есімнің шағылысын бір нүктеге түйістіріп тұрғандай жарқын әрі маңызды ақиқат.Ей, адам! Саған мына болмысты берген әрі оған осындай рақым таңбасы мен Әхадиет мөрін басқан Аллаh, сені сандал-тып бос қоя беруі, саған мән бермеуі, сенің жүріс-тұрысыңды бақыламауы, саған мойынсұнған бүкіл әлемді мағынасыз, әбес, босқа жаратуы, әрі әлемді жеміс бермейтін шірік ағашқа айнал-дыруы әсте мүмкін бе? hәм титтей де болсын шүбә жуытпай-тын, нұқсандықтан ада, өзінің анық рақымын және жарқырап кө рін ген айқын хикметін жоққа шығартуы мүмкін бе? Жо-жоқ, әсте мүмкін емес.Ей адам! Біліп қой! Әлгі рақымға бөленудің бір жолы бар, оны миғраж десе де болады. Ол – «Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим» сөзі. Осы бір миғраждың қаншалықты маңызды екенін білгің келсе, Қасиетті Құран ның жүз он төрт сүресінің
125бас жақтарына қара! Имам Шәфи (Р.А.) секілді Ислам ғұламалары былай деген екен: «Биссмилләhты» жеке бір аят деп қарайтын болсақ, Құран Кәрімде жүз он төрт мәрте аян болған». Міне, бұл сөз «Биссмилләhтің» қаншалықты қасиетті екенін көрсетеді.ТӨРТіНШі СЫР: мына ұлан-ғайыр, шексіз әлемдегі Уахидиеттің шағы лысы тек деген сөзбен әркімге көріне бермейді. Ой сан-саққа жүгіріп, пікір бытырап кетеді. Тұтас түрдегі Уахдеттен Зат-ы Әхадиетті (Әр нәрсені өзі жаратқан жалғыз, дара) ұғынып, деу үшін Жер шары көлеміндей алып жүрек қажет. Сондықтан ұсақ нәрселер жалқы түрде Әхадиеттің таң басын анық-қанық көрсеткеніндей әрбір түр де жалпы түрде топтасып Әхадиеттің таңбасын көрсетуі және Зат-ы Әхадты (Әр нәрсені өзі жаратқан жалғыз) ұғындыруы қажет. Сондықтан, әрбір Рахманиет таңбасы ішінен бір Әха диет таңбасы көрсетілуі тиіс. Сонда әркім кез-келген уақытта еш қинал мастан деп, тура Зат-ы Ақдеске үн қатып, оған тез жүзін бұра алады. Міне, Құран Хаким мұны еске ріп, осындай терең сырды түсіндіру үшін бүкіл әлем, ғарыш туралы айтып келіп, мысалға, көктер мен жердің қалай жаратылғанын баяндап жатқанда, бірден өте тар алаңнан әңгіме қозғайды. Мақсат – Әхадиеттің таңбасын көрсету.Мәселен, аятта Көктер мен Жер туралы баяндап келіп, кенет күрделі адам жаратылысы, оның дауысы, оған берілген нығмет пен хикметтің молшылығы туралы айтады. Осылайша пікір бы-тырамай, жүрек тұншық пай, рух өзінің Мағбудын, яғни, кімге табынып жатқанын бірден таба қояды. Мәселен,
126аяты, жоғарыда аталған ақиқатты мұғжизалы түрде көрсетеді.Рас, сансыз мақұлықтардағы шексіз Уахдет таңбаларының бірінің ішіне бірі орналасқан шеңберлер тәрізді ең үлкенінен бастап, ең кішісіне дейін түрлері мен мәртебелері бар. Алайда, әлгі Уахдет қанша дегенмен көпшілік ішінде болғандықтан, нағыз үндеуді, яғни, «тек саған ғана құлшылық етеміз» де-ген мағынаны толық білдіре алмайды. Сондықтан, Уахдеттің артында Әхадиет таңбасы болуы шарт. Сонда көпшілік, яғни, жаратылғандар ойға келмейді. Зат-ы Ақдеске қарай жүрек тура жол та бады. Һәм назарларды Әхадиеттің таңбаларына аудару, жүректі бір Аллаh қа бағыттау үшін әлгі Әхадиет таңбасының үстіне өте тартымды бір нақыш әрі өте жарқын бір нұр, шырын-дай тәттілік, өте сүйкімді бір жамал, өте күшті ақиқат болып табы-латын рақым таңбасы қойылған. Міне, саналы мақұлықтардың назарын өзіне тартып әкететін және Әхадиетке жеткізетін сол рақымның қуаттылығы. Зат-ы Әхадиетті ұғындыратын да сол. Осылайшадеген аяттағы нағыз үндеу толық мағынасына ие болады. Міне, «Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим» Фатиханың мазмұны, Құранның ықшамдалған қысқа да нұсқа жиынтығы болғандықтан, осы айтылған терең сырдың мәні және аудармашысы болып отыр. Бұл мағынаны түсініп, мәнісін білгендер рақымның кең алаңына шығып, жоғары мәртебелерінде еркін самғайды. Әрі осы шапағатшыны сөйлеткендерге рақымның сырлары ашылып, Рахимиеттің нұрлары мен мейіріміне куә болады.БЕСіНШі СЫР: Бір сахих хадисте былай делінген:немесе осыған ұқсас. Бұл хадисті кейбір тариқатшылар иман негіздеріне қайшы келетіндей оғаштау түрде тәпсірлепті. Тіпті, олардың ішінде кейбірі адамның мағынауи бейнесіне Рахманның суреті деп қарапты. Мұндай ғашықтар көбіне истиғрақ әрі илтибас халде болатындықтан, яғни, ақиқатты ауыстырып алып,
127яки, тереңге шомып кетіп шатастырып алатындықтан ақиқатқа керағар түсініктері үшін, бәлкім, кешірілетін шығар. Бірақ, ақылмен парқына барып, олардың иман негіздеріне қайшы түсініктерін саналы түрде қабылдағандардың үзірі болмайды. Ондай көзқарасты қабылдаса жауап береді.Иә, бүкіл әлемді бейне бір зәулім сарай, бір үй тәрізді жүйелі тәртіппен басқарып отырған және жұлдыздарды ұсақ бөлшектер тәрізді хикметпен әрі оп-оңай шыр айналдырып, зыр жүгірткен, ең ұсақ бөлшектерді тілал ғыш қызметшілер тәрізді құрдай жорғалатып, жұмсап отырған Зат-ы Ақ дестің серігі, теңдесі, қарсыласы, ұқсасы жоқ әрі болмайды да. Сол сияқтыаятының сырына сүйене отырып, оның суреті, жақыны мен үлгісінің болуы әсте мүмкін емес. Дегенменаятының сырына және теңеуіне сүйеніп, Оның істеріне, сипат-тарына, көр кем есімдеріне қарауға болады. Демек, істеріне на-зар аудару мақ сатымен теңеу, яғни, мысалдама келтіруге бола-ды.Енді, әлгі сахих хадистің көптеген мақсаттарынан біреуін алайық. Оның мағынасы – Адам, Рахман есімін толық көрсететін бейнеде деген. Иә, әлгінде баяндалғандай, әлемде мың бір есімнің шұғылаларынан Аллаhтың Рахман есімі көрінеді. Жер жүзінде де Рубубиеттің шексіз көріністерінен Рахман есімі байқалады. Сол сияқты адамның күрделі болмысы да шағын мөлшерде жер мен әлем секілді әлгі Рахман есімінің толық көрінісін көрсетеді деген мағынада айтылса керек. Және Зат-ы Рахман-ир Рахимның дәлелдері мен айналары болып табыла-тын тіршілік иелері, оның ішінде адам баласы Зат-ы Уажиб-үл Ужудты растайтын дәлелдерге толық ие әрі Оны анық-қанық көрсете алады. Мәселен, Күнді шағылыстырып, оның
128үлгісін көрсетіп тұрған айнаға, оның жылтырақ әрі дәлелінің анықтығын мегзеп: «Мына айна Күн секілді, Күнге қатты ұқсайды екен» дейді ғой, сол сияқты «Адамның болмысында Рахманның суреті бар» дегені, оның дәлелдігінің анықтығына, тығыз байланыстылығына ишара ретінде айтылған әрі айтыла-ды да.Сондай-ақ «әhл-и Уахдет-үл Ужудтың » жөні түзу тобы осы 26сырға сүйене отырып, әлгі дәлелдердің анық әрі қуаттылығын, байланыстың кемелдігін мегзей отырып «Лә мәуджүдә иллә hу», яғни, «одан басқа болмыс жоқ!» деген.АЛТЫНШЫ СЫР: Ей, шексіз әлсіздік пен соңсыз пақырлықтың ауыр күйін кешкен бейшара адам! Рақымның қаншалықты құнды дүние, нендей шарапаты мол шапағатшы екенін мынадан біл! Ол бізді Сұлтан-ы Зүлжәлалмен байла-ныстырып тұр. Ал, Ол Сұлтан болса, жұлдыздар мен атомдар-ды мұқият реттілікпен толық мойынсұндырып, өзіне қызмет еткізуде. Ол Зат-ы Зүлжәлал, ол Әзел мен Әбәд Сұлтаны Аллаh, ешкімге, ештеңеге мұқтаж емес, Оның өзіне тән шексіз байлығы бар. Ол сөзсіз әрі теңдессіз бай. Ол ешбір тұрғыдан әлемге, болмысқа әсте мұқтаж емес бір Ғани-ы Ал-әл Ытлақ (бәрі өзінің қолында, аса бай, ештеңеге мұқтаж емес). Бүкіл әлем Оның әміріне құлдық ұрып, Оның айбыны мен ұлылығына мойынсұнып, алдында бас иеді.Міне, ей адам! Рақым сені Мүстағни-ы Ал-әл Ытлақтың(Шексіз бай, бәрі оған мұқтаж), Сұлтан-ы Сәрмәди бір «Әhл-и уахдет-үл ужуд »26 – Аллаhтан басқа еш нәрсе жоқ деген түсінікті қабылдайтын топ. Ауд.
129Аллаhтың құзырына шығарады әрі оған дос қылады, Оны тыңдаушы әрі Онымен сөйлесуші және сүйкімді бір құл мәртебесіне көтереді. Бірақ, қалайша сен Күннен тым алыссың, жете алмайсың. Оған әсте жақындай алмайсың. Сол сияқты біз де Зат-ы Ақдестен, яғни Әбәд пен Әзәли Шәмстен шексіз алыспыз, оған жақындай алмаймыз. Бірақ, оның рақымының шұғыла сәулелері Оны бізге жақындатады.Міне, ей, адам! Әлгі рақымды тапқандар мәңгі бітпес Нұр қазынасына ие болып, мол мейірімге бөленуде. Ол қазынаны табудың жолы – рақымның жарқын үлгісі әрі өкілі және оның шешен аудармашысы әрі жаршысы болып табылатын және Құранда «Рахмәтән-лил ғаламин» деп аталған Расул-ы Әкрем, ардақты Пайғамбарымыз Ғаләйhис салату Уәссәләмның сүннеті, оған мойынсұну, ізінен еру. Ал, осы «Рахмәтан-лил ғаламин» аты на лайық, дене түріндегі Рақымға (с.а.у) жақын болудың жолы – Салауат айту боп табылады. Иә, салауаттың мағынасы – Рақымшылық. Сол тірі дене кейпіндегі Рақымға дұға ету боп саналатын салауат болса, әлгі «Рахмәтән-лил ғаламинге» қол жеткізудің бірден-бір жолы. Олай болса, сен салауатты өзіңе манағы «Рахмәтән-лил ғаламинге» апара-тын баспалдақ жаса! Ал, Оны (с.а.у) Рахманның рақымына бөленуге ұйытқы, себеп қыл! Бүкіл үммет жаппай «Рахмәтән-лил ғаламин» ардақты Пайғамбарымызға (Ғаләйhис салату Уәссәләм) арнап шексіз рақым мағынасын білдіретін салауат айтуы, рақымның қаншалықты қымбат қазына, Иләhи құнды сыйлық және ауқымы кең нұр екендігін анық түрде дәлелдейді.Сонымен, рақым қазынасының өте құнды асылы, дәнекері, делдалы Ардақты Мұхаммед Ғаләhиссалату Уәссәләм болса, ал оған апарар жол, ең алғашқы кілті – «Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим» болып табылады. Кілттің де ең оңайы – Салауат айту.
130
131ЖИЫРМА ҮШіНШі СӨЗ[Бұл сөз екі бөлімнен тұрады]БіРіНШі БӨЛіМИманның мыңдаған әсемдіктерінің бесеуі ғана бес тұжырыммен баяндалмақ.БіРіНШі ТҰЖЫРЫМ: Адам иман нұры арқылы Ала-и ил-лийнге, яғни, Жұмақтың жоғары дәрежесiне шығып, Жәннатқа лайық баға алады. Ал, күпірліктен пайда болатын көкiрек қараңғылығы адамды құлдыратып, Жәhаннамға лайық күйге ду-шар етеді. Себебі, шынайы иман адамды Сани-ы Зүлжәлалмен байланыстырады. Иман – қарым-қатынас, байланыс. Олай бол-са, адам Аллаhтың шеберлігімен оның көркем есімдерінің ою-өрнек, нақыштарын жүрегiндегі иманы арқылы бойына сіңіріп, қадір-қасиеті артады. Күпірлік болса байланысты үзіп жоқ етедi де, соның кесiрiнен Раббани шеберліктер көмескіленіп көрінбей қалады. Осыдан келiп, қадір-қасиет тек заттық тұрғыдан ғана бағаланатын болады. Зат болса уақытша әрi тұрақсыз, фәни және ақыл-ессiз жануарлардың өміріне тән. Сондықтан құны жоқ. Ендi бұл сырды мысал арқылы түсiндiрейiк.Мәселен, өнер саласында бұйымның заттық құны мен шеберлігінің құны әр түрлі болып келеді. Кейде екеуінің құны
132бiрдей болса, кейде қолданылған заттың бағасы құндырақ бо-луы ғажап емес. Тағы бiр жағдайда құны бес тиындық арзан заттан, бағасы қымбат, тiпті, миллион теңгелiк бұйым жасалуы әбден мүмкiн.Міне, осындай бір өнер туындысы антикварлық базарға шығарылып, сол жерде көне дәуiрлік әлгi бұйымды жасаған хас шебердiң өнерi қоса мадақталса, сөзсiз ол туынды миллион есе қымбат бағаға сатылар еді. Ал, ол бұйым, ескi темір-терсек са-татын дүкенге апарылса, құны өте төмен болары анық.Міне, адам Хақ Тағаланың таңғажайып жаратқан мақұлығы әрі Оның шексiз құдіретінің тым нәзiк үлгі мұғжизасы. Аллаһ Тағала адам баласын өзінің көркем есімдеріне бөлеп, нұрлы нақыштарымен әшекейлеп, оны бүкіл ғаламның кішкене бiр үлгiсi ретінде жаратқан. Егер де, жүрегiне иман нұры ұяласа, оның бойындағы терең мағыналы барлық нақыштар әлгі нұрмен көрініп оқыла бастайды. Оны мүминнің өзі де сана-сезімімен оқи ала-ды. «Мені Сани-ы Зүлжәлалдың құдіреті жа ратты, мен оның өнерлі үлгiсiмiн, жаратылған пендесімін. Ол мені ра-қымы мен мол мейіріміне бөледі» деген тұжырымдармен Аллаhтың шебер лігін өз бойынан табады. Демек, адам ба-ласын Жаратушы Иесімен байланыстырып тұратын иман- адам бойындағы күллі шебер нақыштарды түгел айқындап бередi. Осылайша, адамның құны Раббысының өнерімен бірге Самәдани айна болуы жағымен қоса бағаланатын болады. Сөйтіп, елеусіз адам, әлгіндей байланыстардың саясында барша мақұлықтардан биiк мәртебеге көтерiлiп, Аллаhтың әмірін тыңдаушы әрі Жәннатқа лайық Раббани қонақ атанады.Егер, адам бойын осы байланысты үзетін күпірлік жайласа, Аллаhтың күллі көркем есімдерін көрсеткен нұрлы нақыштарды қараңғылық тұм шалап, оқылмайтындай күңгірт тартады. Ра-
133сында, Жаратушысы ұмытыл са, оған қатысты рухани жақтары түсініксіз болып, түрi бейне бiр терiс айналғандай болады. Әлгi ғажайып көркем өнер мен керемет сырға толы нақыштардың басым көпшілігі ашылмай қалады. Әлдебiр жағдайда көзге көріне қалған тұстары болса, кездейсоқ немесе себептердің салдарынан болған нәрсе яки табиғи көрініс ретінде танылып құнын әбден жояды. Жалт-жұлт еткен алмас құнсызданып, шыныға айналғандай әрқайсысының мән-мағынасы тек «тірі зат» ретінде бағаланады да мақсаты мен пайдасы жоғарыда айтылғандай қысқа өмір сүретін жануарлардың ең бейшара-сы әрі мұңы бiтпес мақұлық, мұқтажы мол тiршiлiк иесi әрі соңында шіріп, жойылып кететін жаратылыстың бірі болып қалады.Мінекей, күпірлік дәл осылай адам жаратылысын бұзып, қасиеттен жұр дай қылады. Бағалы алмасты, құнсыз көмірге ай-налдырады.ЕКіНШі ТҰЖЫРЫМ: Иман – жарқыраған нұр. Ол адамды нұрлан дырып бойындағы барлық Самәдани нақыштарды оқытады. Сондай-ақ, бүкіл әлемді де нұрға бөлейді. Өткен шақ пен болашақты қараңғы қапастан құтқарады. Мұның сырын түсіну үшін, Қасиетті Құранның:деген аятының бір ғана мағынасына қатысты көрген салыстыр-малы мысалды баяндап берейін. Ойға келген уақиға былай бо-латын:Екі тау қатар тұр. Арасын қосып тұрған ұзына бойы көпір. Көпірдің асты терең құз. Мен үстінде тұрмын. Дүниені қараңғылық басыпты, айнала тас-түнек. Оң жағыма қарап едім, қою қараңғылықта қарауытып мазар көрінді. Сол жағыма қарап едім, тағы да тас түнек, алай-түлей дауыл соғып тұрды. Сәлден соң қаралы апат басталағалы тұрғандай бойымды үрей биледi. Еңкейіп төмен қарап едім, шыңырау құз көрінгендей
134болды. Қараңғыда пайдаланатын қалта шамым болатын. Ендi соның сығырайған, көмескі жарығымен айналама тағы бiр көз жүгiрте бастадым. Қауiп тiптен күшейдi. Қарсы алдымдағы көпірдің басында өте үлкен айдаhарлар, ай бын ды арыстан тек-тес жабайы жыртқыштар жүр. «Шіркін, шамым бол мағанда ғой, бұл қорқынышты бәлелерді көрмес пе едім!» деп іштей қын жылдым. Шамның жарығы түскен жақтың бәрiнен түрлi қорқынышты көремiн. «Қап, мына шам басыма бәле болды-ау!» деп шамның болғанына ашуландым. Болмаған соң қалта шамымды жерге бір ұрып сындырып тас тадым. Сол-ақ екен, оның сынығы дүниені жарық қылатын алып электр шамының тетігіне тиіп кеткендей, қараңғы түнек сейіліп қоя берді. Айнала жарық нұрға бөленді. Айналамның шын мәнісін, ақиқатын көрдім.Ендi бiлдiм, жаңағы үрейлі көпір дегенiм жазық даладағы тегіс жол екен. Оң жағымдағы үлкен мазарлар болса, жайқалған бау-бақшалар бо лып, жарқын жүзді адамдар ұйымдастырған өзара сұхбаттасу, қызмет ету, құлшылық қылып, зікір ететін жайлы орын екенін аңғардым. Ал, сол жағымдағы дауылды шыңырау боп көрінген нәрсе көрiкті, сұлу асқар таулар. Ал, дауыл-дүлей болып естiлген дауыстар сол таудың баурайында бас қосып, қонақасы берiп, көңіл көтерген қауымның сазды әуенi екенін түсіндім. Менің айдаhар деп қорыққан жыртқыш аңдарым болса, сүйкімді әрі жуас түйе, сиыр, қой, ешкі сияқты үй жануарлары екен.Дереу: «Әлхамдүлиллаhи ала нурил Иман» деп, Құраннан:деген киелі аятты оқыдым. Көңiлiм жай тауып, үрейлi оқиға ғайып болды.Уа, тыңдарман! Жаңағы екі тау дегеніміз өмірдің басы мен соңы, яғни, бұл әлем мен қабір әлемі. Көпір болса өмір жолы, оң жақ – өткен шақ, сол жақ – болашақ. Қалта шамы болса өзімшіл,
135білгеніне ғана жүгінетiн адамның бойындағы менмендік. Жа-нуарлар ретінде көрінген нәрселер болса, әлемдегі таңғажайып құбылыстар мен мақұлықтар.Менменшіл, өзiне сенген, көкірек қараңғылығында жүрген, тура жолдан адасқан адамның жағдайы да осы оқиғадағы менiң бастапқы ха лiмдей. Құдайдан безген адам қалта шамы тәрізді шала-пұла әрі адас тыратын мағлұматтарымен өткен шақты мазар бейнесінде жойылу, өшу деп көреді. Болашақты дау-ылды, кездейсоқтыққа толы үрейлі әлем деп біледі. Хаким-і Рахимның тіл алғыш қызметшілерін әлемдегi құбылыстар мен жаратылыстарды қауiптi жыртқыш аңдар деп ойлайды. Сөйтіп, менменшілдік оны:дейтін үкімге әкеп соқтырады.Егер, Аллаhтан һидает бұйырып, тура жолға түссе, көңіліне иман ұяласа, нәпсінің перғауындық қасиеті талқандалып, Аллаhтың кітабына ден қойып, оқиғадағы жарқын халге келедi. Оның көзiне бүкіл әлем күндізгідей жайнап, Аллаhтың нұрына толады. Әлем:аятын оқытып тұрғандай ғажайып күй кешедi. Өткен шақты мазар лар бейнесінде емес, гүлденген бау-бақша қалпында, әр ғасырда пайғамбарлар мен әулиелердің құзырында құлшылық еткен ниетi таза, мейiрбан кісілердің өмірде өз міндеттерін адал атқарып: «Аллаhу Әкбар» деп, жоғары мәртебеге, көкке көтерілгендерін, болашаққа саяхат жасағандарын жүрек көзімен анық көретiн болады. Сол жағына бұрылып қарап, онда берзах пен ақыреттің теңiздей буырқанған толқынының тасасында Жәннаттың бау-бақшалары мен Рахмани қонақасы әзiрленген
136зәулім сарайлардың тұр ғанын иманның нұрымен алыстан сезеді. Дауыл, зілзәлә, топан су сияқ ты қорқынышты құбылыстарды мақсатты да адал қызметшілер деп біледі. Көктемгі дауыл мен нөсер, сел секілді сыртқы көрiнiсi жағымсыз оқиғаларды, шындығында өте нәзік әрі хикметке толы жағымды көрiнiс екендiгiн толық түсiнеді. Тіпті, ажалдың өзiн мәңгі өмірдің кіріспесі, қабірді мәңгі бақыттың есігі деп біледі.Мiне, тыңдаушым! Ендi бұдан өзге айтылмай қалған жақтарын өзің салыстыр, ақиқатты санаға салып салмақта!ҮШіНШі ТҰЖЫРЫМ: Иман – нұр, иман – қуат. Иә, нағыз иманы кәміл жан күллі әлемге қарсы тұра алатындай қуатты. Иманының қуатына қарай қырсық оқиғалардың қыспақтарына төтеп бере алады. Тәуекелге бел буып, бар iсін бір Аллаhқа тапсырады. Өмір кемесіне зор сенiммен мініп, тасқынды толқындарға қарсы жүзіп сайран құрады. Барлық ауыртпалықты Құдреті шексіз бір Аллаһтың құдіретіне жүктеп, дүниеде көңiлi хош, рахат өмір сүреді. Қабірде тыны ғып, содан соң мәңгі бақыт мекенi, Жәннатқа самғайды. Егер тәуекел ет пей қасарысса, ұшпақ былай тұрсын, дүниенің ауыртпалықтары Тозақ тың түбіне батырып жібереді.Демек, иманға тәухид, тәухидқа тәсілім, тәсілімге тәуекел керек. Яғни, Аллаhтың бiр екенiне сенбей иман толық бол-майды. Ал, Аллаhтың бiрлiгi болса толық мойынсұнуды қажет етедi. Мойынсұнып, көну болса, тәуекелсiз болмайды. Тәуекел деген адамға екі дүниенің бақытын әперетін құнды нәрсе. Алайда, тәуекел ету барлық шарттарды, себептерді мүлдем жоққа шығару емес. Әуелi шарттарды құдіреттің перделері деп танып, ал шарттарды орындау іс-қимылмен,әрекетпен жасала-тын дұға деп түсiну қажет. Істiң соңын тек қана Аллаhтан тiлеу, нәтижелерді Жаратушымыз жасайтынын білу, әрі жалғыз Оған ғана қарыз болу керек.Ендi тәуекел ететiндер мен тәуекел етпейтiндердің мыса-лын бір хикая арқылы баяндап берейін:
137Бірде екі адам ауыр, да үлкен қоржын арқалап, кемеге мінеді. Біреуі кемеге кірер-кірместен жүгін жерге қойып, үстіне оты-ра кетеді. Айналаны тамашалап, көңілі жәй. Келесiсi ақымақ әрі тым тәкаппар болғандықтан жүгін жерге қоймай арқалап тұрады. Серігі оған: «Жүгің ауыр ғой, жерге қойып дем алсаңшы!» – деп еді, ол: «Жоқ, болмайды. Мұны көтере ал-майтындай маған не болыпты. Әрі жоғалып кетуі мүмкін. Өз жүгімді өзім көтеретін күшім бар, жетеді,» – деп жауап береді. Оны көрiп кемедегiлердiң жаны ашиды. «Мына бәрімізді көтеріп келе жатқан патшаның кемесі өте күшті әрі сенімді. Бүйте берсең басың айналып, жүгіңмен бірге теңізге құлап кетесің. Уақыт өткен сайын әлсіреп, мына бүкірейген белің мен ақымақ басың ауыр жүкке шыдай алмайды. Әрі кеменің қожайыны се нің мына түріңді көрсе: “Есуас неме, кемемнің сенімді еке ніне күмәнданып тұрсың ба?” деп қамап таста-уы мүмкін. Сөйтіп, баршаға күлкі боласың. Әлсіздігіңді көрсететін тәкаппарлығың, бейшаралығыңды білдіретін менмендігің, екіжүзділік пен міскіндігіңді көрсететін жасан-ды іс-әрекетіңді көрген жұрт әжуәләп күліп жатыр» – деген-нен кейін, әлгі бейшараның есі кірді. Жүгін жерге қойып үстіне отыра кетті: «уһ, Құдай қалауыңды берсін! Машақаттан, қамаудан, масқара болудан құтқардың» – деп, серігіне алғысын білдірді.Уа, тәуекелден бейхабар бейбақ! Ақылға кел, тәуекел ет! Сонда сен жара тылыс атаулыға тіленуден, оқиғалардан қорқып үрейленуден, масқа ра лықтан, ақыреттік азаптан, тар дүниенің қыспағынан құтыласың.ТӨРТіНШі ТҰЖЫРЫМ: Адамды адам еткен – иман. Тіпті сұлтан қылатын да Иман. Олай болса адамның басты міндеті – иман келтіру, дұға ету. Күпірлік адамды нағыз құбыжыққа ай-налдырады.Бұл айтылғанға қатысты мыңдаған дәлел бар. Мысалы, хай-уан мен адамның дүниеге жаңа келгендегі жағдайлары анық дәлел бола алады.
138Иә, адамзат жүректегi иман арқылы хайуаннан ерекшеленiп, адамзат атына лайық болғандығын олардың дүниеге келуіндегі айырмашылық тарына қарап білуге болады. Өйткені, хайуандар дүниеге келген сәтте, бейне бір басқа әлемде пісіп жетілгендей бейімділігіне орай кемелденген түрде келеді, яғни жіберіледі. Бар-жоғы екі сағат, екі күн немесе екі айдың iшiнде дүниедегi өмір заңдарын, қоршаған ортамен болатын бай ланысын, тіршілік шарттарын тез меңгередi. Адамның жиырма жыл-да қолы жетпейтін табысы мен іскерлігін, торғай мен ара сияқты мақұлық тар жиырма күнде үйреніп алады, яғни оларға үйретіледі. Демек, хайуан дардың басты міндеті, іздене отырып даму емес, әрі білім жинай отырып жетілу емес, бейшаралығын көрсетіп көмек сұрау, дұға ету емес. Олардың негізгі міндеті тума бейімділігіне сай тіршілік ету, амал жасау, іс-әре кеттері арқылы құлшылық ету.Адам баласы болса, олай емес. Дүниеге келгенде әр нәрсені үйренуге мұқтаж, өмір шарттарынан бейхабар, тіпті жиыр-ма жасына дейін оны толық үйрене алмайды. Керек десеңіз өмірінің соңына дейін үйренуге мұқтаж. Һәм тым әлсіз, бей-шара халде дүниеге келедi. Бір-екі жылда әзер дегенде аяққа тұрады. Он бес жасқа келгенде алғы шарт деңгейінде оңы мен солын танып, өмір сүрген ортасының ықпалымен жақсы мен жаманды айырады.Демек, адам баласының негізгі міндеті – талпыну мен жетілу және дұға мен құлшылық. Яғни, “Кім екен маған қамқорлық жасап, хикметті түрде тәрбиелеп, басқарып отырған? Қайырымы мол, асыраушы, иелік етіп мәпелеуші кім болды екен?” деп ойлану, білу. Осылайша, қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отырған Қади-ул-Хажатқа (Қажеттіліктерді қамтама сыз етуші) өзінің әлсіздігімен, бейшаралығымен жал-барыну, өтіну және дұға ету, яғни, әлсіздік пен бейшаралықты қанат етіп, оны өзіне шапағатшы жасап, құлшылықтың ең жоғарғы сатысына өрлеу болып табылады.
139Демек, адам бұл әлемге білім алу және дұға ету, жалбары-ну арқылы дамып жетілу үшін келген. Әр нәрсенің мәнісі мен бейімділігі ілімге тәуелді. Ал, ілімнің негізі, қайнар көзі, нұры мен рухы – Марифетуллаh, ал оның іргетасы Иман-ы Биллаh.Сондай-ақ, адам баласы тым әлсіз, ол аздай басы-на үйілген бәлелері, көптеген дұшпандары бар. Олардан әрдайым соққы жейді. Өзі тым бейшара, кіріптар әрі шексіз арман-тілектері бар. Сондықтан, жаратылысына сай басты міндеті, негізгі жұмысы – Иман келтірген соң дұға ету бо-лып табылады. Дұға дегеніміз – құлшылықтың негізі.Мәселен, сәби өзінің қолы жетпеген нәрсесін алу үшін жы-лайды, я сұрай ды, яғни, іс-әрекетімен немесе тілімен әлсіздігін білдіріп дұға етеді. Осылайша, мақсатына жетеді. Сол сияқты адам, бүкіл хайуандардың ішін де бейне бір нәзік, ерке сәби тәрізді. Ол, Рахман-үр рахимнің алдында өзінің әлсіз, бей-шара екенін мойындап жылауы керек немесе пақыр, мұқтаж екенін сезіп дұға етуі тиіс. Оның бұлай дұға етуі мақсаттарына жеткізеді және жасалған қамқорлыққа шүкір еткен болып есептеледі. Әйт песе, кішкентай шыбыннан зәресі қалмайтын жылауық, ақымақ әрі тентек бала секілді: «Мен өз күшіммен менен мың есе күшті, таңғажайып алыптарды бағындырып отырмын. Оларды іліміммен көзін тауып, бас идіріп отыр-мын» дегендей, жасалып жатқан қамқорлықты жоққа шығарса, табиғатына қайшы әрекет қылып ауыр жазаға тартылады.БЕСіНШі ТҰЖЫРЫМ: Иман - дұғаны ұйытқы ретінде қажет етеді және адамның болмысы да оған мұқтаж. Тіпті, Хақ Тағаланың өзі: «Дұға етпейтіндердің қадірі жоқ» деген мағынада:деп бұйырады. Һәм Оның: деген әмірі тағы бар.
140Егер: «Қайта-қайта дұға етіп жалбарынып жатқанда кейде қабыл бол майды. Алайда, аят жалпыға ортақ, әрі барлық дұғаға бірдей жауап бері леді, дейді. Сонда қалай?» – деп сұрар болсаң, оған айтылар жауап мынадай:Жауап беру бір басқа, қабыл алу бір басқа. Барлық дұғаның жауабы беріледі. Бірақ, қабыл болуы және дәл сұрағанының берілуі Аллаһ Тағаланың хикметіне тәуелді.Мәселен, науқас бала дәрігерге келіп: «Дәрігер!» – дейді. «Иә балақай, айта ғой,» – деп жауап береді дәрігер. «Маған анау дәріні бересіз бе?» – дейді бала. Дәрігер болса, оның сұрағанын бұлжытпай орындайды, не оның жағдайына байла-нысты одан да жақсысын береді, не болмаса ден саулы ғына зиян екенін біліп ештеңе бермейді.Сол сияқты Жанаб-ы Хаким-і Мұтлақ (Нағыз дана, хикмет иесі) бәрін көріп, білетін болғандықтан құлының дұғасын жа-уапсыз қалдырмайды. Оның жалғыздық пен үрейін басатын сабыр сыйлап, жауап беру арқылы достық шыраймен көңілін жайлайды. Әрине, адамның әуесқой нәпсісінің қалауына қарай емес, Раббани хикметінің талабына сай тілегенін немесе одан да тәуірін береді. Болмаса мүлдем бермейді.Сондай-ақ, дұға дегеніміз құлшылық. Құлшылық жемісін негізінде ақыретте береді. Дүниедегі мақсаттар бол-са, ондай дұға мен құлшылықтың өзіндік уақыты болып табылады. Ол мақсаттар әлдеқандай пайда көру үшін бол-мауы тиiс.Мәселен, жаңбыр намазы мен дұғасы құлшылық болып са-налады. Ал, құрғақшылық болса, сол құлшылықтың уақыты. Әйтпесе, ол дұға мен құлшылық жаңбырды жауғызу үшін емес. Егер тек сол үшін болса, ол дұға мен құлшылық шы-найы болмағандықтан қабыл болуға лайық емес. Мәселен, Күннің батуы ақшам намазының уақыты болып саналады. Сондай-ақ, Ай мен Күннің тұтылуы күсүф және хүсүф дейтiн намаздардың уақыттары, яғни, бұл аталған екі құлшылық сол
141уақыттарға ғана тән. Себебі, ол кезде Аллаhтың түнгі аяты Ай мен күндізгі жарқын аяты Күн перделенеді де, Иләһи құдіреттің орасан зор ұлықтығын жар салатын болғандықтан Хақ Тағала құлшылықтың осы бір түріне құлдарын дәл сол уақыттарда шақырады. Аталған намаз (аяқталуы әрі қанша уақытқа созы-луы астрономиялық есеппен белгілі болған) тұтылған Ай мен Күнді ашу үшін емес.Сол сияқты, құрғақшылық та жаңбыр намазының уақыты немесе басымызға келген бәле-жала яки қандай да бір қайғы, өзіне тән кейбір дұғалардың уақыты болып табылады. Сон-дай сәттерде адам өзінің әлсіздігін сезіп дұға етіп, Қадир-ы Мұтлақтың (Күш-құдіреті шексіз) алдына шарасыз жалба-рынады. Егер, көп дұға еткеннің өзінде бәле-жалалар тыйыл-маса «дұға қабыл болмады» демей, оның орнына «дұғаның уақыты толмапты» деп түсiнген жөн. Егер, Хақ Тағала жарылқап қайғы-қасірет сейілсе, онда тіпті жақсы, дұғаның уақыты да аяқталған болып есептеледі. Демек, құлшылықтың сыры дұғада. Құлшылық шынайы ниет пен Құдай үшін жа-салады. Әрбiр адам Аллаh алдында өзінің әлсіздігін нақты көрсетіп, дұға арқылы жалбарынуы тиіс. Аллаhтың ісіне, оның Рубубиетіне араласпауы керек, істің сәтті болып-бол-мауын оның қолында деп, хикметіне сеніп, мейірімділігіне шүбә келтірмеуі керек.Сонымен, күллі аяттардың баяндамасынан шығатын қорытынды мы нау: Жаратылыс атаулының өзіне тән тәсбихтері, құлшылықтары, өз де ріне тән сәжделері бар. Міне, бұл олардың Аллаhқа деген дұғалары. Дұғалар дың да сан-алуан түрлері бар.Біреуі бейімділік тілімен жасалатын дұға. Өсімдік дүниесі мен жан уарлардың дұғаларын айтуға болады. Олардың әрқайсысы бейімділігіне қарай Фәйяз-ы Мұтлақтан (Нағыз нұрға бөлеуші) түр-түс талап етеді. Жаратушы Аллаhтың есімдеріне айна болып жарқырайды. Біреуі мұқтаж дық тілімен жасала-
142тын дұға. Жан-жануарлардың шамалары жетпейтін қажет-тілектеріне қол жеткізу үшін, мәжбүр болып жасаған дұғалары. Әрқайсысы мұқтаждық тілімен Джәууад-ы Мұтлақтан (Шексіз бай, молшылық иесі) тіршілік ету үшін азық секілді аса қажетті заттар сұрайды.Енді бірі шарасыздық тілімен жасалатын дұға. Қиын-қыстау кезеңде әрбір мақұлық сыйынудан басқа шарасы қалмағандағы дұғасы. Әйтеуір бір қамқоршыға жалбарынады, яғни, Рабб-ы Рахимін іздейді.Осы үш түрлі дұға, қандай да бір кедергі болмаса, әрқашан қабыл болады.Тағы бір дұғаның түрі, кәдiмгі, яғни, адам баласының дұғасы. Бұл дұға да екі түрге бөлінеді.Біріншісі, іс-қимыл, хал-жағдай арқылы.Екіншісі, жүрек пен тіл арқылы.Мәселен, шарасын іздеп, себептерге ұмтылу іс-қимыл арқылы жаса латын дұға. Нәтижені жиналған себептер жаса-майды. Олар халын білдіре отырып нәтижені Аллаhтан тілеу үшін оны риза қылатын күйге енеді. Егін егу мейірімділік қазынасына жасалған өтініш, дұға-тілек. Мұндай іс-әрекетпен жасалған дұға, Джәууад-ы Мұтлақтың (Шексіз бай, молшылық иесі) есім мен сипатына бағышталғандықтан басым көпшілігі қабыл болады.Екінші, жүрекпен, тілмен жасалатын дұға. Қол жетпе-ген кейбір өтiнiш-тiлектерiн Аллаһқа айтып, жалбарыну. Бұл дұғаның басты мақсаты мен балдай тәтті жемісі мы-нада: Дұға жасап, жалбарынған пенде өзін тыңдайтын біреу бар екенін, Ол мұның жүрегінің түкпіріндегіні естіп бәріне құдіреті жететініне, талап-тілектерін жаппай орын-дай алатынына, бейшаралығына қамқорлық жасап, медет беретініне сенеді.Тыңда, ей әлсіз, бейшара пақыр адам! Мейірімділік қазынасын ашатын кілт, таусылмас қуат қайнары болып
143табылатын дұғаны уысыңнан шығарма. Дұға арқылы адамгершіліктің ең жоғары мәртебесіне шық. Сұлтан атан да бүкіл әлемнің дұғасын өзіңнің дұғаңа қос. Құлдардың ең абыройлысы атанып, көпшіліктің өкілі сияқты деп айт. Сөйтіп, бүкіл әлемге тамаша үлгi бол!
144ЕКіНШі БӨЛіМБұл бөлімде адамды бақытқа жетелейтiн және бақытсыздыққа душар ететiн себептердің бес түрі баяндалмақ.Адам ахсән-і тақуим, түрінде яғни, аса қабiлеттi, керемет көркем түрде жаратылған. Әрі өзге жаратылыстардан артық, әртүрлі бейімділікке ие болғандықтан азғындықтың ең төменгі сатысынан кемелденудің ең жоғарғы сатысына қарай, «әсфәл-i сафилиннен» «ала-ы иллиiнге», жерден көкке, зәреден Күнге дейін созылып жатқан дәрежелерге, мәртебелерге өрлей неме-се құлдырай алатын жолдары бар сынақ алаңына жіберілген. Оның алдында биікке өрлеудің немесе төменге құлдыраудың екі жолы жатыр.Міне, адам, Иләһи құдіреттің мүғжизасы, жаратылыстың нәтижесі ретінде өнерлі де шебер жаратылып бұл дүниеге жiберiлген. Ендi, сол адам баласының осындай керемет дамуы мен құлдырауының құпия сырларын қысқаша «бес тұжырым»арқылы баяндайық.БіРіНШі ТҰЖЫРЫМ: Адам бүкіл әлеммен тығыз бай-ланыста, әрі көптеген нәрселерге мұқтаж. Қажеттiлiктерi, арман-тілектері бастан асады. Қалауы мен аңсаған арманы таусылмайды. Жаны бір гүлді қала ғаны сияқты, көктемнің келуін де аңсайды. Бау-бақшаны қалағаны си яқты, мәңгілік Жәннатты да аңсайды. Досын көрудi аңсайтыны сияқты, Жәмил-і Зүлжәлалді (Айбынды да сұлу, өте көркем) де көруге құш тар. Алыстағы сүйіктісін сағынып, бiр көруге асығатыны секiлдi, қа бір әлеміне кеткен жүзден тоқсан тоғыз сүйіктілерімен мәңгілікке қоштас қысы келмей, олар-мен қауышуды аңсағандықтан, қу дүниенің есігін жауып,
145баршаның баратын жері ақыреттің есігін ашатын Қадир-ы Мұт лақтың (Күш-құдіреті шексіз) алдында жалбарынып, оның дүниені бұзып, орнына ақыретті құратын құдiрет күшiне тым мұқтаж-ақ. Міне, осындай әлсiз күйдегі адам баласының Мағбуды (табындырушы), әл бетте, барлық нәрсенің тізгіні қолында, әр нәрсенің қазынасы қасында, барлығын көруші, барлық жерде бола тұра тұрақты мекені жоқ, уақыт, мезгілге тәуелсіз, құдіреті күшті, еш кемшіліксіз, нұқсандығы жоқ біреу ғана бола алады. Мұндай толық сипаттарға ие жалғыз Қадир-ы Зүлжәлал (айбынды, құдіреті шексіз), Рахим-ы Зүлжамал (Өте сұлу мейі рімді), Хаким-і Зүлкамал (Кәміл хикмет иесі) ғана. Өйткені, адамзаттың шексіз қажеттілігін, мұң-мұқтажын өтеу тек шексіз құдірет пен шексiз ілім иесінiң ғана қолынан келедi. Олай болса, адам баласының жалбарынуы мен табынуы да тек сол жалғыз құдiрет иесiне арналуы тиіс.уа, адам! Сен тек соған ғана құл болсаң, бүкіл жараты-лыстан жоғары мәртебеге ие боласың. Егер, Оған құл болу-дан бас тартсаң, мақұлықтарға қорланып әлсiз пақырларға құл боласың. Менмендікке салынып, күш-қуатыңа сеніп, тәуекел мен дұғаны тастап, тәкаппарлана, дауласатын болсаң, игілік жасау, бір нәрсе істеуге келгенде ара мен құмырсқадан да, өрмекші мен шыбыннан да дәрменсiз боласың. Ал, жамандық жасауға, бүлдіруге келгенде тау мен теңізден, Жер мен Көктен асып, олардың бас тартқан ауыр жүгiн мойныңа аласың.Уа, адам! Расында сенің екі жағың бар.Біреуі: Әлдененi жасау, жақсылық істеу, мойындау, іс-әрекет ету секілді жағымды жағың.Екіншісі: Бұзу, жоқ қылу, бүлдiру, жамандық жасау, жоққа шығару, қасарысу, секiлдi жағымсыз жағың.
146Бірінші жағыңмен қолыңнан еш нәрсе келмейді. Кәдуілгі арадан, торғайдан дәрменсіз, шыбыннан, өрмекшіден әлсізсің.Екінші жағыңмен, Көк пен Жерден, таудан да асып түсесің. Олар, тартынған жауапкершілікті мойныңа алып, олардан әлдеқайда ауқымды алаңға үстемдік етесің. Себебі, сен әлдебiр игі iс жасағанда, тек қолың жеткенi мен шамаңның келгенiне, күшің жететіндей игілік істей аласың, ал жамандық жасауға бұзып бүлдіруге келгенде жамандығың артып, бұзықтығың жайылып, жан-жаққа тарап кетеді. Мәселен, Күпірлік – өте жаман нәрсе. Оның негiзiнде бүлдіру, мойындамай, қасарысу жатыр. Бір қарағанға кішкене жамандық сықылды болғанымен расында бүкіл әлем ді қорлау, әрі Аллаhтың бүкiл есімдеріне тіл тигізу және адамзаттың абыройын төгу дейтін жағымсыз қылық. Өйткенi, бізді қоршаған ортаның өзiндiк жоғары мәртебелері, жүктелген маңызды міндеттері бар. Олар – Аллаhтың қызметшілері Раббани хаттар, әрі Сүбхани айналар. Күпірлік болса, оларды қызметтен аластатып, міндеті мен мағынасын жойып, оларды әбестік пен кездейсоқтықтың ойыншығына айналдырады. Айна тәріздес жаратылыстағы Аллаhтың есімдерінің ою-өрнек нақыштарын, көріністерін, әсемдіктерін жоққа шығарып, мазақ қылады. Әрі Аллаhтың есімдерін тама-ша түрде жариялайтын «адамзат» атты әсем өнерін, яғни, мәңгі жасайтын ағашты, нәтижесі дәнінде сыйдырылған құдірет туын дысын, сондай-ақ, үлкен аманат арқалап Жер мен Көкке үстемдік еткен, періштелерден де жоғары мәртебеге ие, жер жаhанның ханзадасы атанған адамзатты мүсәпір әрі фәни хайу-аннан да бетер бейшара, тым әлсіз әрі пақыр санап, өмірден өте шығатын жануарға теңеп дәрежесін әбден төмен детіп жібереді. Сөйтiп, оны адами кейiптен шығарып, мән-мағынасы жоқ, өшіп, жоғалып кететiн түкке тұрғысыз құр қауақ санап, абырой-ын төгiп, масқара қылады.Сонымен, жүгенсіз нәпсі бүлдiру мен жамандық iстеуге келгенде қыл мыс тың не бiр сұмдық түрлерiн жасай алады. Ал, жақсылық істеуге, бiрдеңе жасауға келгенде алаңы тары-
147лып құмырсқадай кiшкентай боп қалады. Иә, үй тұрғызу қиын, бірақ бұзу оңай. Жүз күн қалап тұрғызған үйдi бiр күнде бұзуға болады. Алайда, менмендіктен арылып тәкәпарлықты таста-са жақсылықты, болмысты аса қамқор Аллаhтың таупығынан тілесе және жамандықтан, бүлдiру мен қасарысудан бас тартып тәубаға келсе, ол кезде сырына бөленеді. Бойындағы жамандыққа бастаушы шексіз қабілет жақсылыққа бастаушы қабілетке айналады. Ахсән-і тақуим құндылығына ие болып, аса қадірлі, мәңгі өшпейтiн жоғары мәртебені иеленеді.Міне, уа, бейқам адам! Хақ Тағаланың асқан мейірімділігіне көңiл бөл! Бір жамандық жасағанда мың есе жазып, бір жақсылық істегенде бір рет жазу немесе мүлдем жазбаса да әділдік бола тұра, бір жамандықты бір мәрте, бір жақсылықты он, кейде жеті жүз, тіпті кейде мың есе артық жазады. Осыдан түсін, анау жалын шашқан Жәhаннамға түсу, өзіңнің жасаған жамандығыңның нәтижесi, әрі әділ жаза екен де. Ал, Жәннатқа жету – Аллаhтың аса мейірімі мен жарылқауы екен.ЕКіНШі ТҰЖЫРЫМ: Адамның жаратылысының екі жағы бар: Біреуі, менмендік, онымен мына дүниеге қарайды. Екіншісі, құлдық, онымен ақыреттік мәңгі өмірге қарайды. Бірінші жағынан қарағанда, адам баласы тым бейшара мақұлық. Таянған бар сүйенiшi еркіндік аталмақ, тырнақтай қалау және құдіреттен алар сыбағасы шағын бір кәсіп, көзді ашып жұмғанша өте шы ғатын өмір, жалған болмыс. Жер бетiндегi өзге жаратылыстармен салыс тырғанда, өте нәзік, әлсіз дара тұлға.Екінші жағынан, әсіресе құлдыққа тән әлсіздік пен пақырлық тұр ғысынан қарасаң оның алаңы кең, зор маңызға ие. Себебi Фатыр-ы Хаким (Әр нәрсені хикметпен теңдессіз жаратушы), адамның әлсіздігіне шек қоймай өте пақыр етіп
148жаратқан. Оны шексiз Қадир-ы Рахим (Өте мейі рім ді, құдіреті шексіз), сарқылмас байлық, таусылмас қазынаның иесі Ғани-ы Кәримнің (Аса жомарт, өте бай) теңдесiз көркемдігін қамтитын жинақы айна кейпінде жаратқан.Иә, адам баласы бейне бір дән секілді. Өсiп-өнуi үшiн дәнге құдірет тарапынан рухани маңызды қабiлет және тағдыр та-рапынан шағын да құнды бағдарлама берілген. Мақсат – сол арқылы жер астынан тырбанып, тар әлемнен кең де жарық ауа әлеміне шығару. Жаратқан Иесінен ағаш болуды сұрап бейімділік тілімен дұға ету, яғни, сұрау. Осылайша өзіне лайық кемелдi түрге ену. Егер әлгi дән, өзіне берілген рухани қабiлеттi, орынсыз жұмсап, жер астындағы зиянкес заттарды жинауға ар-наса, әлгі тар қараңғы жерде түкке жарамай шіріп кетеді. Егер, дән өзінің рухани қабiлетiн тәкуин әмiрiне, яғни, Аллаһтың жарату заңына сәйкес, тиімді пайдаланса, топырақ астындағы қапастай тар әлемнен шығып, кең ауада бой түзеген зәулім ағашқа айналады. Осылайша, дәнінің шағын ақиқаты мен мағынауи рухы ауқымы кең ақиқатқа айналады.Дәл сол сияқты адам баласына, құдірет маңызды қабiлет, тағдырдан құнды бағдарлама сыйлаған. Егер адам, жер асты тәріздес мына қу дүниелiк тұрмысқа бойындағы бүкіл қабiлетiн нәпсіқұмарланып орынсыз жұмсаса, дүниедегі өткінші ләззаттармен алдамшы күй кешіп, шіріген дән секілді тозғынға ұшырайды. Егер адам, дән тәріздес бейімділігін Ислам нәрімен суарып, иманмен жарық беріп, құлшылық атты топыраққа егіп рухани қабiлетiн Құранның әмірлеріне сәйкес, биік мақсаттарға пайдаланса, әлбетте әлем-і мысал мен берзахта яғни о дүниелiк бақи әлемде өркен жаятұғын, Ақырет пен Жәннатта жеміс беретұғын мәңгілiк ағаштың дәніндей өсiп-өнiп, мәңгілік жиhаздардан жасалған таңғажайып жанды машинаға немесе әлем атты ағаштың мүбарак нұрлы жемісіне айналады.
149Расында, нағыз даму деп, адам баласына берілген жүрек, рух, ақыл-ес, ой-сана, көңіл hәм тағы басқа сезімдерді мәңгілік өмірге бағыштап, әрқайсысын өзіне тән құлшылықпен шұғылдандыруды айтады. Анау Хақ жолдан тайғандардың даму, өркениет деп жүрген, дүниелік өмірдің қызығын қуу, жалған рахатына батудың түрлерін тіпті ең жиіркеніштісін тату үшін барлық ақыл-ес, ой-сана, жүрек сияқты сезiмдерiн нәпсінiң құлына айналдыруы даму емес, түпсiз құлдырау. Осы бір ақиқатты қиял оқиғада мынадай бір теңеу арқылы көріп едім. Теңеу былай болатын:Көп қабатты зәулім сарайлары бар үлкен шаhарда жүр екенмін. Кейбір сарайлардың ауласы шамдары жалт-жұлт, жайнаған көркi сәндi театр секілді еріксіз көз тартады. Оған қоса баршаның көңілін сергiтетiн ойын-сауықтар ұйымдастырылған. Сондай үйлердiң бiрiне көзім түсіп еді, иесi есiгiнiң алдын-да итiмен ойнап жүр екен. Ханымдары әлде бiр бейтаныс жігіттермен әңгiмелесiп, көңілді сұхбаттасып тұр. Бойжеткен қыздар кішкентай балалардың ойындарын қызықтап, оларды басқарып жүр. Үйдің күзетші малайы әкім киімін киінiп, олар-ды басқарып жүргендей, бейне бір әртiстiң кейпiнде көрiндi. Сонда мен бұл зәулім сарайдың іші қаңырап бос қалғанын аңғардым. «Иә, негiзгi шаруа, басты мiндет атқарылмай қараусыз қалған екен. Түрлерi мынау, шамасы ахлақтары бұзылған-ау,» – дедiм.Бұлардан өтiп жүре бергенімде тағы бiр зәулiм сарайға тап бол-дым. Есiк алдында мiндетiне адал, сақ ит пен сұсты да салмақты күзетшiнiң тапжылмай тұрғандарын көрдім. Ауласының iшi де тым-тырыс. «Бұл неге мұндай, анау неге ондай?» деген ой келiп, соны бiлмекке аулаға қарай беттедiм. Сарайға кіріп едім, іші жайнап-ақ тұр. Әрбір қабатта үй тұрғындары аса күрделі өз міндеттерімен шұғылданған, қолы бос адам көрiнбейдi. Бірінші қабаттағылар сарайдың шаруашылығымен шұғыл дануда, олар-дан жоғарыда ұл-қыздар сабақ оқуда. Олардың жоғарғы қа-батында әйелдер ою-ойып, кесте тоқуда. Ең үстіңгі қабатта бол-
150са сарай иесi телефон арқылы патшамен байланысып, халқының қамын ойлап, әрі өз iлiмiн дамытып жетілдіру үшін жеке ба-сына қатысты мәселелердi де тiлге тиек етiп, өзекті де ортақ мәселелерге пiкiр алысып отыр. Оларға мен көрiнбегендiктен ешкім ештеңе демедi. Кең сарайды емін-еркін араладым.Содан соң, сыртқа шықтым. Айналама қарасам, шаhардағы сарайлар екі түрлі екен. Себебін сұрағанымда: «Ауласы жайнап, іші бос тұрған үйлер кәпірлер мен Хақ жолдан тайғандардікі, ал iшi толы болғандары зиялы мұсылман ғұламаларының сарайлары,» – деп жауап берді. Бұдан кейiн бұрышта оңаша тұрған бiр сарайға көзім түсті. Маңдайшасындағы «Саид» деген жазуды көріп, көңілiм елтiп, үңiлiп едiм, өз бейнемді көргендей болдым. Сасқанымнан даусымның қалай шыққанын да бiлмей, айқайлап жіберіппін. Есімді әрең жидым. Аллаh қайырын берсін!Осы бір қиял оқиғаны ендi сiзге жорып берейін. Теңеудегі шаhар – қоғамдық өмір мен мәдени тұрмыс. Әрбір сарай – жеке бiр адам. Сарай тұрғындары – адам бойындағы көз, құлақ, жүрек, рух, ақыл-ой, нәпсіқұмарлық пен әуестік секілді сезімдер. Ол сезімдердің атқарар өзіне тән түрлі құлшылық міндеттері, қызық-ләззаттары, өзіндік қайғы-мұңдары болады. Бойымыздағы нәпсі мен әуестік, құмарлық пен ашу сезімдері әлгі ит пен күзетші тәрізді. Сол себептi, бойдағы құнды сезімдерді әуестік пен нәпсіқұмарлықтың жетегiне ноқталап берiп, оларды негiзгi міндеттерінен босату, әрине даму емес – құлдырау, жетілу емес – азғындау. Енді, қалған жақтарын өзің жорып ал!ҮШіНШі ТҰЖЫРЫМ: Адам қандай да бiр іс-әрекет, амал жасауға және өзін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге келгенде өте әлсiз жануар секілді, бәрiнен бейшара мақұлық тәрізді. Оның билік пен иелік алаңының тарлығы сонша, көлемiн қолмен өлшеуге болады. Тіптен қолға үйретiлген үй жа-нуарлары адамның әлсіз, пақыр әрi жалқау сипаттарынан әсер
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189