Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Жастар Шырағы

Жастар Шырағы

Published by risalekz, 2020-02-17 04:17:31

Description: Gençlik Rehberi

Keywords: Рисалей Н?р Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

51бір қаламның көз ал дымызда ғажайып жазу жазып жатқанына өзіміз де куәміз. Міне, осындай шексіз әдемі, әрбір сөзі хик-метке толы мына «әлем», яки осы алып Құран, аталған мысал-дан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, сендердің оқы ған философия пәні мен мектептерде үйретіліп жатқан оқу мен жазу ілімі өз тұрғысынан мына «әлем» кітабының жазушы-сы мен суретшісін өнерімен бірге соншалықты таныстырады, «Аллаhу Әкбар» сөзімен жария етеді, «Сүбханаллаh» сөзімен түсіндіреді, «Әлхамдүлиллаh» сөзімен мадақ та тады.Міне, осындай түрлі ілім саласына қарай жүздеген пәндердің әрқайсысы өзінің ауқымды өлшемімен, өзіндік айнасымен, дүрбі тәрізді көздерімен, ғибратты назарымен мына әлемнің Хаким-і Зүлжәлалын (Айбынды хик мет иесі) есім-сипаттарымен бірге таныстырады. Осы бір заңғар да жар қын Уахданиет айғағы бо-лып табылатын дәлелдерді бізге ұғындыру үшін Құран бірнеше мәрте, әсіресе:деген аяттарымен әрдайым Жаратқан Иемізді таныстырып отырады» деп, әлгі сауалдың жауабын аяқтадым. Оқушылар да риза болып, мақұлдап: «Раббымызға шексіз шүкір. Толық қанағаттанарлық, нағыз ақиқат жауап алдық. Аллаh сізге разы болсын!» деді. Мен оларға арналған сөзімді былайша түйіндедім:Адам баласы сан-алуан қайғы жеп қамығатын, сан-алуан ләззат алып шаттанатын таңғажайып тірі бір мәшине тәрізді. Өзі өте әлсіз бола тұра, заттық әрі рухани дұшпандары көп-ақ. Тым пақыр бола тұра, көзге көрінетін-көрінбейтін, белгілі-белгісіз сансыз қажеттіліктері бар. Әрі қоштасу мен аяқталудың соққыларын әрдайым жейтін бейшара біреу. Міне, осындай күйдегі мұңлық жан, иман етіп, құлшылық қылып әлгіндей Құдрет иесі Аллаһқа мойынсұнып, айтқанын істесе және Оны барлық дұшпанынан сақтайтын пана, арқа сүйер тіреніш әрі қажеттіліктерін қам тамасыз ететін қамқоршы деп қабылдаса,

52әркім өзінің қожайынының абы ройымен, атақ-даңқымен ма-саттанатыны сияқты, ол да иман арқылы Қадир, Рахим бір Аллаhты танып, оның қол астына кіріп, қамқорлығына бөленсе, құлшылық етіп қызмет етсе, сондай-ақ өзіне сұқтанып тұрған ажал – көзін жоятын бұйрық емес, керісінше ол, міндеттен бо-сату жарлығы екенін аңғарса, қаншалықты қуанарын, шүкір етіп шаттанарын, шексіз қарыздар болатынын, қаншалықты мақтанарын өздерің ойлап көріңдер!Әлгі мектеп оқушыларына айтқанымды абақтыда отырғандарға да қай талап былай дедім: «Оны танып, мойынсұнған адам, зынданда жатса да бақытты. Ал, Оны ұмытқан адам, әсем сұлу сарайда тұрып жатса да сорлы, бейбақ.»Баяғыда Раббысын жақсы таныған бақытты бір жан, дарға асылар алдында бейбақ залымдарға былай деген екен: «Негізінде көзі жойылғалы тұрған мен емес, сендерсіңдер. Бәріңнің мәңгіге жойылатындарыңа кәміл сенгендігімнен, қазірден-ақ сендерден өшімді толық алып тұрмын... ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛАЛЛАҺ...!» деп күлімсірей жан тапсырған екен.

53“ОНЫНШЫ СӨЗДің” МАңЫЗДЫ ЖАЛҒАСЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМШАСЫНЫң БіРіНШі БӨЛіМі

54Иманның құлашы кеңдігін көрсететін мына Аспани Ұлы аят-тарды және хашірді растайтын мына қасиетті Ұлы ақиқаттардың терең сыры, үлкен бір дәлелі осы «Тоғызыншы Шуақ» атты шығармада баяндалмақ.Керемет нәзік Раббани бір жарылқау: Осыдан отыз жыл бұрын Ескі Саид тәпсір жазуға кіріскен кезде «Мүхакемат»атты еңбегінің соңында: Екінші мақсат – Құранның хашірге ишара ететін екі аятына тәпсір әрі баяндама жасамақ болып, деп, одан әрі жаза алмай, тоқтап қалған болатын. Арада отыз жыл өткен соң, Аллаh таупық ихсан етті яғни жарылқады. Аллаһқа әлемде қанша дәлелдер мен хашірге қаншалық нышандар болса, сонша шүкір мен мадақтау болсын!Иә, бұдан тоғыз-он жыл бұрын сол екі аяттың бірінші аяты:деп басталатын Иләhи әмірдің өте жарқын, әрі қуатты айғағы, құнды тәпсірі болып табылатын «Оныншы Сөз» бен «Жи-ырма тоғызыншы Сөзді» Раббым сыйлаған болатын. Сөйтіп құдайсыздардың ауызына құм құйдық.Сондай-ақ тоғыз-он жыл өткен соң хашірге иманның әлгі екі берік қорғанынан мына екінші аятты яғни жоғарыда аталған ұлы аяттың тәпсірін мынау шығарма түрінде ұсынды. Міне, осы «Тоғызыншы Шуақ», аталған аятымен қоса ишара етілген «Биік Тоғыз Мақам» және бір маңызды «Кіріспеден» тұрады.

55КіРіСПЕ[Хашірге иманның көптеген рухани пайдаларынан және өмірдегі көрініс нәтижелерінен бір ғана маңызды нәтижесі қысқаша баяндал мақ. Оның адамның жеке өміріне, әсіресе қоғамдық өміріне аса қажеттілігін, тіпті ауадай керек екендігін дәлелдейтін өте күшті айғақтары бар. Әзірге бір ғана ауқымды айғағын жинақы түрде көр сететін және осы хашір нанымының қаншалықты айқын, әрі шүбәсіз екендігін түсіндіретін \"ЕКІ ТҰЖЫРЫМ\".]БіРіНШі ТҰЖЫРЫМ: Ақыретке сенім, хашірге наным қоғамдық өмірдің және жеке өмірдің іргетасын қалайтынын, адамзаттың бақытқа қол жеткізу мен кемелденудің бірден-бір жолы екендігінің жүздеген дәлелдерінен мысал ретінде төрт дәлел ұсынамыз.Бірінші дәлел: Адамзаттың жартысын жас өспірімдер құрайды. Олар өздеріне тым қорқынышты көрінетін қайғылы қазаларға қарсы тек Жәннат ұғымы арқылы ғана төтеп береді. Осылайша олардың тым әлсіз әрі нәзік болмыстары әлгіндей соққыға рухани төзімділік танытады. Әрнәрсеге тез сағы сына-тын қорғансыз да нәзік көңілдері, Жәннат ұғымымен үміттеніп, шат өмір сүреді. Мысалы, олар: «Менің кішкентай інім неме-се досым қайтыс болды. Ол енді Жәннаттың бір құсына ай-налды. Ол жерде самғап, сайрандап жүр. Бізден әлдеқайда рахат өмір сүруде,» – деп, Жәннат ұғымымен көңілін жұбатады. Әйтпесе, күнделікті маңайында болып жатқан өзі сияқты бала-лар мен қарттардың қайғылы қазалары әлгі бейшараның үрейін ұшырып, көңілін қалдырып, әлемін астан-кестен етереді. Тек көзін ғана емес рух, жүрек, ақыл-ес секілді сезімдерін де қоса жылатып, мұңлыққа немесе диуана бір хайуанға айналдырып жіберер еді.

56Екінші дәлел: Адамзаттың бір тұрғыдан алғанда жартысын қарттар құрайды. Олар бауыр басып қалған дүниелерінің көп кешікпей өшіп, қараң қалатынын ойлап, тынысы тарылғанда тек о дүниелік өмірді ойлау арқылы ғана көңілі жай тауып өзін жұбатады. Сонда ғана жақын қалған қабіріне үрейленіп емес, сабырлылықпен, байыппен қарайды. Сәби тәрізді нәзік рух-тары мен морт сынғыш көңілдері ажалды, айырылысуды ой-лап, қайғырып үмітсіздікке түсер сәтте, мәңгілік өмір, ақырет үмітімен қуаттанып, қажыр-қайрат табады. Әйтпесе, әлгі ардақты да аяулы, жан тыныштығына тым мұқтаж, уайымшыл қариялардың көңілдері құлазып, рухани азап шегіп мына дүние оларға тар зындан, өмір сүру деген жан төзгісіз тозақ болар еді.Үшінші дәлел: Жастар – қоғамдық өмірдің тірегі. Олардың бойындағы алып ұшқан көңілдерін, нәпсі мен әуесқой сезімдерін бұзақылықтан тежеу үшін Жәhаннамнан қорқулары керек. Егер де олар Жәhаннамнан қорықпаса, «Кім күшті бол-са, соныкі дұрыс» деген зұлымдықтың заңы орнап, жастар бейшара әлсіздер мен дәрменсіздерге күн көрсетпей дүниені тозаққа, адамгершілікті хайуандыққа айналдырар еді.Төртінші дәлел: Қоғамдағы ең қызу ұйым, негізгі күш, дүниеуи жәннат, мықты қорған – әр адамның өз отбасы. Ол әркімнің өзіндік дүниесі. Отбасының жақсы тұрмыс-тіршілігі мен бақыты, өзара адалдық, сыйластық, мейірбандық, жанкештілік болғанда ғана орнайды. Ал шы найы сыйластық пен мейірбандық сезім, мәңгіге жалғасатын достық, серік тестік сондай-ақ, мәңгілік өмірдегі әкелік, перзенттік, жұбайылық секілді қарым-қатынас мәңгі жалғаса береді деген ұғыммен ғана іске аспақ. Мәселен, «Менің жұбайым – о дүниедегі мәңгілік өмірде де айрылмас сері гім болады. Әзірге қартайып жүзінен көркі тайған екен, оқасы жоқ. Ақыретте өзіне қайта оралатын мәңгі сұлу көркі бар. Осындай мәңгі жұбайлықтың құрметіне қандай да болсын жанкештілікке дайынмын, рақымшылық етемін,» – деп әлгі қартаң әйелін хор қызындай көріп, ма хаб-баты мен жанашырлығы, сыйластығы арта түседі. Әйтпесе,

57қып-қыс қа жалған ғұмырдың өтуімен, сүйікті жұбайымен мәңгіге қоштасумен аяқ талып, қайта оралмайтын жұбайылық өмір тым баянсыз болады. Ондай өткінші неке өзінің мағынауи құндылығын жойып, хайуан секілді өзі тектес болғаны үшін ғана уақытша жанашырлық танытатын күйге түсірер еді. Жануарға тән жеке басының пайдасы немесе басқа да жабайы сезімдерге беріліп адами қасиеттен айырылып, әлгі дүниеуи жәннат секілді отаудың шырқы бұзылып жәhаннамға айналып кетуі әбден мүмкін.Көріп отырсыздар, хашірге деген сенімнің жүздеген нәтижелерінің біреуінің өзі адам баласының қоғамдық өміріне ықпалы зор, пайдасы мол екен. Демек, осындай пайдалы нәтижелердің жүздеген тиімді жақ тары мен оның қыр-сырын жоғарыда айтылған төрт дәлелдеменің негі зінде қарайтын болсақ, хашірдің ақиқат екендігін және оның жүзеге асатын-дығы адамгершілік деген ұғымның ақиқатындай анық екендігі, сондай-ақ оның талап-шарттары секілді күмәнсіз екендігі белгілі болады. Қарынның ашығуы тағамның бар екенін дәлелдегендей, хашірдің жүзеге асуы одан да анық.Егер хашір ақиқатының пайдалары мен нәтижелері адамгершілік қағида ларының қатарына енбесе, аса маңызды әрі күрделі, жоғары дәрежедегі өміршең адамгершілік дейтін құды ұғым микроб дорбасына айналып, мәнін жойған болар еді. Қоғамды басқару және адамзаттың мінез-құлқымен, сондай-ақ, әлеуметтік өмірімен тікелей айналысатын әлеуметтанушылар мен қоғам қайраткерлері, саясатшылар, тәрбиеші ма мандар бұған не дер екен?! Мына бос алаңқайды немен толтырар екен? Осы бір ауыр дертті емдей алар ма?ЕКіНШі ТҰЖЫРЫМ: Хашірдің шындық екендігін дәлелдейтін бұ дан өзге де шексіз айғақтар бар. Оны иманның өзге шарттары қалай дәлелдейді? Енді сол туралы күрделі бол-са да қысқаша сөз етелік. Хазіреті Мұхаммед Ғаләйhиссалату Уәссаламның елші екендігін дәлелдейтін бар лық мұғжизалар және пайғамбарлығы мен оның адалдығын растайтын

58дәлел-айғақтар тұтасымен хашірдің хақ әрі міндетті түрде болатындығына куәлік етіп, дәлелдей түседі. Өйткені, оның өмір бойы күресіп, ұмтыл ған мақсаты Уахданиетке, одан соң хашірге келіп тоғысады. Және бар лық пайғамбарларды мойындатқан мұғжизалары мен айғақтары да осы ақиқатқа келіп тіреледі. Һәм кәлимасы нан тұратын шәhәдетті толықтырып, анықтай түсетін куәлігі де сол ақиқатты дәлелдейді. Қалай десеңіз, мұның алдында айтып кетке-німіздей, Қасиетті Құранның хақ екендігін дәлелдейтін барлық мұғжи залар, айғақтар, ақиқаттар тұтасымен хашірдің болаты-нын дәлелдеп, оны анықтай түседі. Енді соған тоқталып өтейік.Қасиетті Құранға зер салып қарасақ, ондағы аяттардың үштен бірі хашір туралы екен. Көптеген қысқа сүрелердің бастапқы аяттары хашір жайында. Кейде ашық, кейде астарлы түрде мыңдаған аяттар осы ақиқатты білдіріп, әрі дәлелдеп тұрады.Мысалы,секілді отыз-қырық сүрелердің бастапқы аяттары хашір мәселесі әлемдегі ең маңызды да нағыз ақиқаттың өзі екенін анық айтады. Сол сияқты басқа да аяттар хашір ақиқатын түрлі дәлелдермен баяндай отырып, көз жеткізеді. Апырым-ай, заманымызда бір аятының, бір ишарасының өзі көптеген ғылыми немесе жаратылыстану салаларында ақиқат шашқан Қасиетті кітаптың керемет куәліктері мен мақсаттары хашірдің болатынын айдан анық екенін көрсетіп тұрғанда, оны өтірікке шығару Айды, тіпті бүкіл әлемді жоққа шығару секілді ақымақтық болмай ма? Бұл жүз есе бекершілік, мың есе ақымақтық. Апырым-ай, кезінде бір Сұлтанның бір ауыз сөзін өтірікке шығармау

59үшін қалың әскер соғысқа аттанып, жан алысып, жан берісіп соғысып еді ғой. Олай болса, абыройы үстем, тым байсалды да орасан зор құдрет иесі, Сұлтандардың Сұлтаны – Аллаh Тағаланың мыңнан аса дәлелді сөздері мен уәделері, нақты ескертулері ақиқаттан тыс, бекершілік болуы әсте мүмкін бе? Он үш ғасыр бойы үздіксіз сансыз рухтарға, саналы жандарға, ояу көкіректерге хақ пен ақиқат дәрісін беріп келген, әділ түрде үкім жүргізген, олардың барлығын тәрбиелеп, басқарып отырған осы бір мағынауи, аса абыройлы Сұлтанның бір ғана ишарасы әлгі ақиқатты толық дәлелдеуге жеткілікті бола тұра, әрі оның үстіне мыңдаған анықтамалар жасап, хашір ақиқатын көзге көрсетіп, дәлелдеп тұрғанда, оны мойындамаған ішкі дүниесі қараңғы, жүрегі қара, санасыз ақымаққа Жәhаннамның ауыр азабы лайық болмай ма? Оны Тозаққа тастамау, үстем абыройына жараспайды. Сондай-ақ өз заманы мен дәуірін басқарған барлық аспани парақтар мен қасиетті кітаптар да болашақ пен өткенді түгел қамтып, барлық заманға үкім жүргізетін Құранмен үндесіп бұлтартпас дәлелдерімен, анықтамаларымен, түсініктемелерімен хашір ақиқатын өз заманына, өз дәуіріне сай баяндап қысқаша, астарлап ол туралы сөз етеді. Дегенмен, олар да бұлтартпас айғақ болып табылады. Демек, Құранның айтқанын мыңдаған ишараларымен олар да баяндап отыр. Бұл айтылған тақырыбымызға сәйкес “Мінәжәт Рисалесінің” соңында: – \"Ақыретке иман\" шартына, әсіресе \"Русул\" мен \"Күтуб” шәhәдеті яғни, Пайғамбарлар мен Кітаптарға иман шарты қуатты да жинақы түрде қандай да болсын күмәнді жоққа шығаратындай нақты баяндалған. Сондықтан осы жерде тағы да қайталанбақ:Уа, Рабб-ы Рахимым! Расул-ы Әкремнің тәлімі мен Қасиетті Құран дәрісін оқудың арқасында мынаны түсіндім: Әуелі Құран мен Расул-ы Әкрем, сонан кейін өзге де қасиетті кітаптар мен пайғамбарлар, Сенің бұл дүниеде және әр тарапта үлгілері көрінген аса Жалал әрі Жамал есімдеріңнің көріністері одан әрі

60әсем түрде Әбәд-ул Әбадта (бақи әлемде) жалғасын табатынын; мына фәни әлемде рақымды шуақтары мен үлгілері көрінген жарылқаулардың мәңгі бақыт әлемінде одан да көркем түрде жалғасатынын; және мынау қысқа дүниеде оларды таңдана тамашалаған, сүйсіне қарап, бірге болған ынтық жандардың мәңгілік әлем де де бірге болатындарын бірауыздан шәhәдет етіп, дәлелдей түседі. Сондай-ақ жүздеген күшті мұғжизаларына, нақты аяттарына сүйене отырып әуелі Расул-ы Әкрем және Құран-ы Хаким, сонан кейін барлық нұрлы рухтардың иелері - пайғамбарлар, барлық нұрланған жүректердің құтұбтары - әулиелер және барлық өткір де нұрлы ойлардың қайнар көз-дері - турашылдар, мухаққиқтар Сенің аспани парақтарың мен қасиетті кітап тарыңда қайта-қайта берген мыңдаған уәделеріңе, ескертулеріңе сүйене отырып; Сенің Құдірет, Рақым, Ина-ет, Хикмет, Жалал, Жамал тәрізді ақыретті қажет ететін киелі сипаттарыңа, атқарып жатқан істеріңе және Сенің Жалалыңның қол жетпес үстемдігі мен Салтанатты Рубубиетіңе hәм ақыреттің іздеріне hәм оның бар екендігін білдіретін жаңалықтарына және көргендеріне ғылмеляқин8 және айнеляқин 9дәрежесіндегі сенімдері мен имандарына сүйене отырып, мәңгі бақыттың бар екендігін адамзатқа сүйіншілеп хабар беруде. Тура жолдан тайғандар үшін тозақ, хидает бұйырған жандар үшін жұмақ болмағын айтып, мызғымас иман келтіріп, куәлік етуде.Уа, Қадир-ы Хаким! Уа, Рахман-ы Рахим! Уа, Садық-ул Уәғди-л Кәрим (Аса жомарт, уәдесін сөзсіз орындаушы)! Уа, Иззет пен Азамет әрі Жалал иесі Қаhhар-ы Зүлжалал! Мұншама сенімді достарыңды, мұншама уәделеріңді әрі осын-шама есім-сипатарың мен олардың талаптарын жоққа шығарып, сенбеген және Салтанат-ы Рубубиетіңнің (Рубубиетінің салта-наты) бұл жымас талап-тілектерін жоққа шығарып, орындамай қасарысқан кәпір лерді тыңдап, ал өзің сүйетұғын, және сені мақұлдап, мойынсұну арқылы өздерін де саған сүйсіндірген Ғылмеляқин8 - ақылмен дәлелденген ғылыми анық.Айнеляқин9 - көзбен көргендей анық.

61көптеген адал құлдарыңның ақыретке қа тыс ты дұғаларын, талап-тілектерін тыңдамай, кері қайтарудан пәксің! Және күпірлік етіп қарсы шыққан, уәдеңді теріске шығарып, ұлықтық пен үстемдігіңе тіл тигізіп, абыройлы Жалалыңа кір келтірген, Улухиетіңнің қажеттілігін таптап, Рубубиетіңнің мейірімділігін ренжіткен азғын, дін нен безгендерді жақтаудан, хашір жоқ деушілерді растаудан аулақсың, мың есе ада, шексіз пәксің және үстемсің. Мұндай шексіз қатігездіктен, тым жиіркенішті көріністерден Сенің теңдессіз әділеттігің, шексіз зор Жамалың, соңсыз Рахымың тым биікте деп білеміз.Сенің жүз мыңдаған сенімді де адал елшілерің және салтанатыңның көптеген турашыл жаршылары болып табыла-тын пайғамбарлардың, әулие лердің хаққаляқын*10ғылмеляқин түрінде Сенің Ақыреттегі ме йі рімділік қазыналарыңа, мәңгілік әлемдегі қайырымдылық, байлық қор ларыңа, бақыт әлемінде толық түрде көрінетін көркем есімдеріңнің таңғажайып сұлу көріністеріне келтірген куәліктері, еткен шәhәдеттері хақ әрі ақиқат. Сондай-ақ ишараттары дұрыс, орынды әрі сүйіншілері рас екеніне сенеміз. Олар ақиқат атаулының бастауы әрі өзегі болып та былатын «Хақ» есіміңнің Ұлы шуағы осы бір хашір ақиқаты екеніне иман ете отырып, Сенің әміріңмен Сенің құлдарыңа хақ дәрісін беруде, әрі нағыз ақиқатты үйретуде.Уа, Раббым! Осылардың дәріс-тәлімдерінің құрметіне бізге және Ри салей-Нұр шәкірттеріне толық иман бер және ақырын қайырлы ет. Бізді олардың шапағатына бөле! Әмин!...Һәм Құранның және өзге де барлық аспани кітаптардың хақ екендігін дәлелдейтін күллі айғақтар мен дәлелдер және соңғы Пайғамбардың сондай-ақ барлық пайғамбарлардың елшіліктерін куәландыратын күллі мұғжизалар, бұлтартпас айғақтар түптің-түбінде олардың ең маңызды мүддесі болған ақыреттің шындыққа айналуына келіп тіреледі. Сондай-ақ Уажиб-ул Ужудтың бар және бір екендігіне куәлік ететін *Мағрифаттың ең жоғары мәртебесі. Ақиқат ты жақыннан көріп, сезіну.

62көптеген дәлелдер мен айғақтар айналып келгенде Рубубиет пен Улухиеттің ең маңызды негізі, hәм мекені болып табыла-тын бақыт әлемінің, мәңгілік дүниенің бар екендігін және оның ашылатынын дәлелдей түседі. Себебі, біз сөз еткелі отырған Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың (Болмысы шарт, міндетті түрде бар) болмысы және толық сипаттары, көптеген көркем есімдері мен Рубубиет, Улухиет, Рахым, Инает, Хикмет, Адалет сияқты сипатттары және істері міндетті түрде ақыретсіз болмайтынын, олар сөзсіз бақи дүниені қажет етіп, шүбәсіз түрде жазалау мен сый-сыяпат жері болып табылатын Хашір мен Неширді керек етеді. Әзәли де Әбәди Бір Аллаhтың бар екені қандай рас бол-са, әлбетте Улухиет салтанатының өшпес өзегі ақыреттің де бар екені сондай рас. Және бұл әлемде, барлық тіршілік иелері ара-сында өте айбынды әрі хикметі толық бір Рубубиет бар екені көзге көрініп-ақ тұр. Әлбетте, сол Рубубиеттің айбындылығын күйреуден, хикметін әбестіктен, мейрімділігін зұлымдықтан сақтайтын, мәңгі бақыт әлемі бар, соған баратын боламыз.Һәм, мынау көз алдымызда болып жатқан нығметке бөлеу, ихсан, жарылқау, қамқорлық, сыйлық, көмек пен рақымдылық секілді құбылыстар санасы сарқылмаған жандарға бір ғайып пердесінің артында Зат-ы Рахман-ы Рахимның бар екенін көрсетеді. Әлбетте, нығметке бөленуі мазақ қылу еместігін; жарылқау алдату еместігін; көмектесу – дұшпандық, рақымдылық – азап тау, сыйға бөлеу – қиянат жасау еместігін; яғни нығметті – нығмет, жарыл қауды – жарылқау ететін о дүниеде соңсыз да бақи өмір бар, ақырет әлемі болады.Көктем кезінде көз алдымызда Жер дейтін алақандай параққа Құдіретті қалам мыңдаған кітапты аралас-құралас, бірақ бірде-бір қатесіз жазып жатқанына куәміз. Ол әсте шаршамастан, тынбай жазуда. Ол қа ламның иесі: «Мына тар жерде аралас-құралас жазылған Көктем кітабынан әлдеқайда оңай әрі бұдан да кең жерге әрі әсем, әрі мәңгі бір кітап жа-замын да сендерге оқытамын!» – деп барлық әмірлерінде сол кітаптан әңгіме қозғайды. Әлбетте, ол кітаптың негізі жазылып қойылған. Тек хашір мен нешир (ыдырап қайта тірілу) арқылы

63толықтырылып, жалпының амал дәптерлері соған тіркелетін болады.Жер шары қыруар мақұлықтың үйі, сан-алуан тіршілік иелері мен жан-жануарлардың сан құбылған баспанасы, өндіріс орны, жайқалған көрме, махшар секілді. Сондықтан әлемнің жүрегі, өзегі, орталығы әрі нәтижесі, сондай-ақ жаратылуына себеп болғандықтан аса маңызға ие. Сондықтан өзінің шағын болмысына қарамастан алып аспанмен керегесін тең тұтады. Аспани әмірлерде әрдайым: деп келеді. Сондай-ақ осы аталған Жер шарының әр тарапына үстемдік ет-кен, көптеген мақұлықтарға билік жүргізген, тіршілік иелерінің де көпшілігін бағындырып, өзінің айналасына жинатқызған, көптеген жаратылысты қалауына қарай, қажеттілігіне сай рет-теп, жайната сәндеп, көркейтіп қойған, өз орындарына орнала-стырып, оларды әсем безендіріп, тек өзі тектес адамдар мен жын атаулының ғана емес, бүкіл ғалам мен аспан тұрғындарының назарына ілігіп, таң қалдырған, бүкіл ғалам Иесінің хош на-зарын аударып, маңыздылығы мен қадірі артқан, осылайша ғаламның жаратылыс хикметі, зор нәтижесі, құнды жемісі, жер жәhанның халифасы екендігін ілімімен, өнерімен толық дәлелдеген әрі заттық тұрғысынан қарағанда әлемді Жаратушы Аллаhтың мұғжизалы өнерін кереметтей таныстырып реттегені үшін алатын сыйлығы мол, әйтсе де қасарысып күпірлік еткені үшін дүниеге жіберілген, ал жазасы болса да атқарған игі қызметі үшін кейінге қалып мұрша мерзімі ұзартылып табысқа жету мүмкіндігіне ие адамзат бар. Әрі табиғаты мен жараты-лысы осындай тым әлсіз, бейшара, мүсәпір, өте пақыр, толас-сыз уайым-қайғыға душар адам баласына, оның күш-қуаты мен ерік-жігерінен тыс мына алып әлемді игілігіне қажетті заттар мен азық-түлікке толы әдемі бір дүкен бейнесінде жаратқан шексіз Құдірет пен мол Хикмет иесі, мейірімді бір Мутасар-рыф (Басқарушы) бар. Ол – адам баласын ұдайы қадағалап, азықтандырып, әрқашан қалағанын беріп отырады.

64Иә, осындай бір Раббы, адам баласын керемет жақсы көреді әрі адам баласы да өзін керемет жақсы көргенін қалайды. Ол – бақи әлемдердің hәм мәңгіліктің Иесі. Атқарған әр ісі әділет пен хикметке толы. Мына фәни қысқа тірілікке, мына адамзаттың тар дүниесіне, мына баянсыз жерге Ол Хаким-ы Әзәлидің (мәңгі билік иесі) айбынды Салтанаты мен соңсыз үстем билігі сыймайды. Алайда әлемнің заңына, әділет пен тәртібіне, сұлу жүзіне қайшы келетін небір зұлымдықтар мен бас көтерулер, нығметке бөлеп, мейірлене азық берген әлгі мейірбанға қарсы қиянат жасап қасарысулар, күпірліктер адамзат әлемінде жиі болып жатады. Қанішер, залымдар бұл дүниеде жазаланбастан рахат өмір сүріп, бейшара жәбірленушілер машақат көрумен дүниеден озып жатады. Демек, қанішер залымдар мен үмітсіз бейшаралардың өлгеннен соң тең дәрежеде, айырмасыз қабірде жата беруі мына ғаламда байқалатын әлгі зор әділдікке мүлдем керағар. Ол ондай бассыздыққа әсте рұқсат бермейді.Барша ғаламның Иесі, бүкіл ғаламнан әуелі жер жаhанды таңдап, одан соң адамзатты қалап, оған өте маңызды міндет, зор мән берген. Сондай-ақ адам баласының ішінен Рубубиетінің мақсаттарына сәйкес өздерін иман және тәслім арқылы сүйсіндірген, нағыз адамгершілік қасиеттерге ие пайғамбарларды, әулиелер мен асфияларды таңдап, өзіне дос әрі әңгі мелесуші етіп, оларды мұғжизалармен, таупықтармен жарылқап, ал дұш пандарын аспани тоқпақтармен жазалап отырған.Осынау қадірлі де, сүйікті достарының ішінен, олардың имамы, мақ танышы, ардақты Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссаламды таңдап, жер жаhанның құнды бөлігін, адамзаттың маңызды бестен бір бөлігін ұзақ ғасырлар бойы оның шуағымен нұрға бөледі. Бейне бір әлем Сол үшін жаратылғандай, барлық мақсаттары Онымен, Оның дінімен, Құранымен сабақтасып жатыр. Аса қадірлі әрі миллиондаған жылдарға жалғаса беретін зор еңбегінің қызмет ақысын толассыз мәңгі-бақи алуға лайық бола тұра, Ол ауыр күндерді бастан өткеріп, машақатты

65күрестерге толы, небәрі алпыс үш жыл ғана өмір сүрді. Ендеше, Ол кісінің барлық дос-жарандарымен бірге қайта тірілмеуі әсте мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес! Тіпті, қазірдің өзінде тірі болма-уы, мәңгілікке жойылуы мүмкін емес? Әстағфируллаh! Құдай сақтасын! Олай болуы әсте мүмкін емес!Иә, бүкіл ғалам және әлемдегі ақиқаттар, ғалам Иесінен оның тірілуін сұрап, мәңгі өмір сүруін өтінеді!…Сондай-ақ осы бір еш өзгермес ақиқаттар жайында «Жетінші шуақ», «Аят-үл Күбра» деп аталатын еңбегімізде, әрқайсысы заңғар таудай отыз үш алып айғақ сөз етілген бола-тын. Бүкіл ғалам бір қолдан шыққан, біреудің мүлкі. Ол, Иләhи кемелдіктің негізі саналатын Уахдет пен Әхадиетті ап-айқын түрде көрсетеді. Он сегіз мың ғалам Уахдет пен Әхадиет сы-рымен Зат-ы Уахидтің (Біреу, Жалғыз) айтқанын орындайтын әскерлері, оған бас иген қызметшілеріне айналады. Ақыреттің орнауы арқылы кемелдігі – кемуден, ұлықтығы – құлдыраудан арашаланып және айқын әділдігі –қатігез зұлымдыққа, толық хикметі – құр әбестікке, ерекше мейірімі – әжуа етіп азап бе-руге, абыройлы құдіреті – бейшара мүсәпірлікке айналудан аман қалып, өзіне лайық жоғары мәртебеге ие болады. Әлбетте, Аллаhқа иманның жүздеген тұжырымымен әрі жоғарыда айтылған ақиқаттардың талабына сай қиямет қайым болады, хашір мен нешир, жазаға тарту мен сыйға бөлеу орны ашыла-ды. Сөйтіп, жер жәhанның атал ған маңыздылығы, өзектілігі, сондай-ақ адамзаттың мән-мағынасы, құн дылығы анықталады. Жер мен адамның жаратушысы Халиқ, Рабб-ы Му тасаррыф-ы Хакимнің (Өте дана басқарушы Рабб) жоғарыда аталған әділдігі, хикметі, рақымы, билігі толық орнайды. Бақи Аллаhтың аталған нағыз да адал достары, оған ынтық болғандар мәңгі жоқ болудан құтылады. Және достарының ең ұлысы, hәм ардақтысы, бүкіл ғаламды риза қылған жан, өзінің баға жетпес зор қызметінің ақысын алып, сый-сыяпатқа бөле неді. Осылай-ша, Сұлтан-ы Сәрмәдидің (мәңгі бақи сұлтан Патша) кемел дігі нұқсандықтан, құдіреті әлсіздіктен, хикметі әбестіктен, әділдігі

66зұ лым дықтан тазарып, абырой-даңқы үстем болмақ. Сонымен Аллаhтың бар екені қаншалықты рас болса, әлбетте ақырет те дәл солай бар.Айтылып кеткен иманның үш шарты, өздерінің бұлтартпас дәлел дерімен хашірге қалай шәhәдет етсе, дәл солай:деген иманның екі шарты да хашірді талап етіп, бақи әлемнің бар екеніне төмендегідей қуатты түрде куәлік келтіріп дәлелдейді.Иә, Періштелердің болмысы мен олардың құлдық ұратынын дәлел дейтін барлық айғақтар, алуан-алуан оқиғалар мен әңгімелер қисынды түрде рухтар әлемінің бар екендігін, сондай-ақ ғайып әлемі, мәңгілік әлемі, Ақырет әлемі, келешекте жын, адам атаулы мақұлықтармен то лы ғатын бақыт сарайы, Жәннат пен Жәhаннам сияқты әлемдердің бол мағын дәлелдей түседі. Өйткені, періштелер сол әлемді Аллаhтың рұқ сатымен көре алады. Хазіреті Жәбрейіл (а.с.) спеттес адамдармен жүз дескен муқаррабин періштелер ол әлемдердің бар екендігін, өздерінің де сол әлемдерді еркін аралап кезгендерін өте сенімді де қуатты түрде хабарлайды. Көзімізбен нақты көрмеген Америка дейтін құрлықтың бар екенін сол жақтан келген адамдар арқылы анық білгеніміз сияқты, анық та күмәнсіз түрде періштелер жеткізген ақпараттар арқылы бақи әлемінің, ақыреттің, Жәннат пен Жәhаннамның бар екеніне шынайы иман келтіруіміз керек. Әрине, солай иман етеміз!«Жиырма алтыншы Сөз» деп аталған «Тағдыр рисалесінде» баяндалған тағдырға иман шартын дәлелдейтін барлық айғақтар, айналып келгенде осы Хашір мен Нешир-і Суhуфқа (әркімнің амал дәптері алдына жайып салынуы)және Ұлы таразыға амалдардың тартылатынына дәлел бола-ды. Өйткені, әрбір жаратылыстың жеке-жеке тағдырын көз алдымызда тәр тіппен, жүйелі түрде өзіндік таспалары секілді тұқымдарына және әрбір тіршілік иелерінің өмірбаяндарын естеріне сақтатуы, сондай-ақ өзге де сол тектес таспаларға

67тіркеу және әрбір рух иелерінің, әсіресе адам ба ласының амал дәптерлерін жазып белгілеп қоюы; әлбетте, өте үлкен, күрделі сырды аңғартады. Себебі, ондай ауқымды тіркеу, хикметті жазу, мұқият тізім, сақтаулы жазба, тек қана Ұлы сот кезінде жалпыға ортақ сараптаудың нәтижесінде мәңгі жаза немесе бақи сый-сыяпат үшін ғана жакерек. Демек, айтылған тіркеу, сақтау жұмыстары сол үшін. Әйтпесе, әлгі тіркеп, сақтаудың ешқандай мағынасы болмай, әрі түкке пайдасыз һәм Хикмет пен Ақиқатқа кереғар іс болар еді.Хашір болмаса, Тағдыр қаламымен жазылған мына «Әлем» атты алып кітаптың барлық хақ мағыналары жойылып, мәнісінен айырылады. Ал, бұлай болуы әсте мүмкін емес. Бұл ықтимал, яғни солай ойлау әлемнің болмысын жоққа шығару сияқты мүмкін емес, қисынсыз ой.Қорыта келе Иманның бес шарты өзінің барлық дәлелдерімен хашір мен неширдің болатынына, сондай-ақ о дүниенің бар екеніне, сот ашылатынына дәлел болып, шәhәдет етеді. Тіпті, талап етеді.Міне, Хашір ақиқатының ұлықтығына сай осындай терең де бұлтартпас айғақтар мен дәлелдер көптеп кездеседі. Сондықтан, қасиетті Құран Кәримнің шамамен үштен бірі хашір және ақырет туралы болып келеді. Оны барлық ақиқаттарына іргетас, негіз қылып, әр нәрсені соған әкеліп тірейді. (Кіріспе аяқталды.)

68ҺуӘНЫң СЫРЫАса қадірлі де адал бауырларым!Бауырларым, (Одан басқа Тәңір жоқ) және (Айт: Ол – Аллаh) сөйлемдерінде кездесетін сөзіне және оның тек заттық жағына ғана пікір жүргізіп, ойша жасаған са-яхатымда кенет ауада өте нәзік, тым күрделі ұғым тәухидтіңұшқынын яғни Аллаhтың бір екендігін мегзейтін ишаралар көрдім. Ауадағы құбылысқа иманды көзбен қаралса, түсінуі тым оңай әрі сөзсіз жеңіл екенін ал, күпір мен имансыз көзқараста тым мүшкіл әрі тығырыққа тірелетін мыңдаған тұйықтар бар екенін көрдім. Сол бір терең де күрделі сырды қысқа бір ишара-мен баяндап берейін.Мәселен, алдымыздағы құтыда гүл өсіп тұр делік. Егер, құтыдағы гүлдерді Аллаhтан басқа біреу яғни табиғат жарат-ты не болмаса се бептердің салдарынан пайда болды десе, онда мына құтының ішінде шағын мөлшерде жүздеген, тіпті дүниеде гүлдің қанша түрі болса сонша мағынауи яғни, көзге көрінбейтін мәшинелер, зауыттар, өнеркәсіптер болуы керек. Не болмаса, манағы бір уыс топырақтың құрамындағы әрбір атомның бейне бір Жаратушы тәрізді ұшан-теңіз ілімі мен шексіз құдіреті бо-лып, құтыдағы сан-алуан гүлдерді түрлі-түрлі ерекшеліктерге сай, сан-алуан етіп, тірі бөлшектерімен бірге жаратып жатқан керемет біреу болғаны ғой.

69Дәл сол сияқты, Аллаh Тағаланың әмірі мен билік алаңы бо-лып та былатын ауаның, желдің әрбір бөлшегінде, тіпті бір ғана тыныста яғни бір ауыз сөзіндегі ауада, шағын мөлшерде, әлемдегі барлық телефондар, телеграфтар, радио, теледи-дар сияқты толып жатқан байланыс жүйелерінің орталығы орналасып, манағы қыруар жұмыстардың бәрін бірге, бір сәтте атқаратындай құдіретті болуы тиіс немесе мына сөзіндегі ауаның, құрамындағы әрбір молекуласы, тіпті әрбір атомы әлемдегі бүкіл телефон пайдаланушылардың, сансыз телеграфшылардың, радио арқылы сөйлеп жатқандардың, қысқасы бүкіл әуе толқынын пайдаланушылардың қас иеттері мен қабілеттерін біліп, өзі де сол қасиеттерге ие керемет болуы қажет. Сонымен қатар, олардың барлық тілдерін біліп, дереу басқа мо лекулаларға үйретіп, жеткізіп отыратын шебер болуы тиіс. Өйткені, бұл құбылыс ап-анық көрініп, аталған қабілет ауаның барлық бөлшектерінде кездесетіні мәлім.Міне, кәпірлер мен материалистердің және табиғатқа табынушылардың яғни, табиғаты сондай деп ойлайтындардың көзқарасы қаншалықты қи сын сыз, мүшкіл әрі тығырыққа толы жөнсіздік екені анықталды. Ал, егер ол гүлді Сани-ы Зүлжәлал (Айбары зор шебер ұста) жаратты десек, онда ауаның барлық бөлшектері Оның тіл алғыш әскері тәрізді. Бір бөлшектің белгілі бір міндет атқарғанындай ауа қабаты да қыруар, алып істерді Халиқының (Жаратушы) құдіретімен, Оның күш-қуатымен, Оған арқа сүйеу арқылы әп-сәтте атқарады. Жылдам атқаратыны сондай, найзағай сияқты тез, деп айтқандай жеңіл, ауа толқынындай оңай. Былайша айтқанда, ауа қабаты Аллаhтың құдірет қаламының көптеген таңғажайып жүйелі де көркем жазбаларына арналған бір парағы тәрізді. Оның бөлшектері болса, сол қаламның ұштары, ал бөлшектердің атқарар міндеттері болса, тағдыр қаламының нүктелері тәрізді. Үлкен құбылыстар бір ғана бөлшектің қозғалысындай жеңіл атқарылады.

70Міне, менің және сөздеріне саяхат жасап, ауа қабатын тамашалап, зерттеген сәтімде, осы күрделі де терең ақиқатты өте анық әрі «айнеляқин» түрде яғни көзбен көргендей аңғардым. Соны мен қатар, сөзінде және ауасында керемет жарқын аят, бір айғақ, Уахи диеттің (Уахдет - барлығын бір Аллаһтың жаратуы) сәулесі бар екенін ұқтым. Сонымен қатар мағынасында да, ишарасында да өте нұрлы Әхадиеттің (Әрнәрсені жеке-жеке толық жаратуы) көрінісі мен қуаты, күшті тәухид айғағы бар екенін және есімдігінің тура және жанама ишарасы \"кімді мегзейді?\" деп ойлағанымда, бұл иша-рада яғни, әлгі айғақтың ішінде айқын түрде сілтеме-жауап болғандығын, сондықтан Қасиетті Құран, hәм зікір салушылар тәухид мақамында осы киелі сөзді көп қайталайтынын ғылыми түрде біліп, көңілге түйдім.Иә, мәселен көлемі бір нүктедей ақ қағазға, екі-үш нүкте қойылса шатасып кететіні, бір адам бірнеше жұмысты бір сәтте атқаруға тырысса сасқалақтап қалатыны, жануарға көп жүк артылса астында езіліп қалатыны, тіл мен құлақ бір мезгілде сан-алуан сөздерді қатар шығарып әрі тыңдаса сөзсіз жүйесі бұзылып, шатыстыратыны белгілі. Алайда, сөзін өзіме кілт әрі құбыланама жасап, пікірмен жасаған саяхатымда ауа құрамына мыңдаған сан-қилы нүктелер, әріптер, сөздер жа-зылып жүктелсе де немесе жүктеле қалған жағдайда шата-спай, іркілмей, қалыпты жүйесін бұзбағанын, сондай-ақ бір емес, көптеген, түрлі-түрлі істерді атқарса да шатаспайтынын анық көрдім. Әлгі ұсақ бөлшектерге өте ауыр жүк артылса да ешқандай әлсіздік байқалмай, кешікпей, еш қиналмастан жүйелі түрде таситынын байқадым. Мағынасы сан-алуан, түр-сипаты әртүрлі сөздер сан-алуан үлгіде, түрлі мақамда әлгі кішкене «құлақтар» мен «тілдерге» кіріп-шығып жатса да бір-бірімен араласпай, өзгергеріске ұшырамай манағы кішкене құлақтарға кіріп, әлгі өте ұсақ тілдерден жүйелі түрде шығып әртарапқа жайылып жатқанына куә болдым. Сондай-ақ әрбір

71ұсақ бөлшек мына ғажап істерді атқарып қана қоймай, соны-мен қатар, еркін әрі жағымды да тартымды хал тілімен және жоғарыда аталған ақиқаттың қолдауымен, әрі өзіндік тілдерімен және деп зыр жүгіретіндерін білдім. Тіпті, боранды дауылдарда, сондай-ақ найзағай, күн күркіреу сияқты ауаның жүйесін күрт бұзатын жағдайларда да өзінің реттілігін бұзбайтынын, міндет-тапсырмасын толық орындай-тынын, адаспайтынын, бір іс басқа бір іске кедергі болмайты-нын «айнеляқин »11 көрдім. Демек, атейістік ұғым бойынша бұл істердің атқарылуы үшін әрбір атомның, әрбір бөлшек ауаның шексіз санасы, мұхит ілімі әрі ерлігі мен асқан күш-қуаты, құдіреті, сондай-ақ бүкіл атомдарға әкімшілік ететін үстемдігі болуы тиіс. Бұл дегенің әлемдегі атомдар санынша жөнсіздік пен ақымақтық емес пе? Мұндай сорақы пікір шайтанның ойы-на да келмес. Олай болса, мына ауа, түрде Зат-ы Зүлжәлалдың ұланғайыр ілімімен, даналығымен жұмыс атқарып жатыр. Ол «хаққаляқин», «айнеляқин», «ғылмеляқин » 12түрде анық. Ауа қабаты құдірет пен тағдыр қаламының сан құбылатын парағы. Сондай-ақ, бір «Ләух-і махфуздың» мына құбылмалы әлемде, дамылсыз атқарылатын Иләhи істерге бір «Ләух-і махф уә испат» дейтін бірде өшіріп, бірде жазатын тақтасы тәрізді. Міне, ауаның тек дыбыс тасымалдауындағы аталған Уахда-ниет сәулесін яғни, барлығын бір Аллаh істейтінін жоғарыда баяндалған таңғажайыптар арқылы куә болдық. Әрі дінсіз көзқарастың көптеген жөнсіз де қисынсыз жақтарын байқадық. Және ауа қабаты бұдан да басқа маңызды да күрделі істер атқаратынын ескере кеткен жөн. Ол, электр тоғын, тартылыс пен тебу күшін, жарық секілді заттарды тасымалдау кезінде еш шатаспай, ұқыпты түрде, тіпті бір жағынан дыбыс тасы-малдаса бір жағынан әлгі істерді бір мезетте атқарып жатады. Сондай-ақ барлық өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алуы мен ұрық шашып тозаңдануы сияқты тіршілікке аса қажетті Айнеляин11 – көзбен көргендей анық. Ғылмеляқин12– ақылмен дәлелденген, біліммен анық.

72заттарды да тасымалдауға жүйелі түрде себеп болып отырады. Бір таңғаларлығы, осының бәрін бір мезетте, жүйелі атқарып жатса да еш әлсіреу, кешігу, баяулау байқалмайды.Міне, бұл аталған құбылыстар, ауа қабаты Аллаhтың әмірі мен ерік алаңы екенін анық та шүбәсіз дәлелдейді. Жәй кездейсоқтық пен соқыр қуат, меңіреу табиғат пен саңырау себептердің және дәрменсіз де жансыз әрі надан материяның мына ауаның парағына жазу жазуы, әлгіндей күрделі іске ара-ласуы әсте мүмкін еместігін «айнеляқин» түрде көрсететініне шүбәсіз иландым. Әрбір атом, әрбір ұсақ бөлшек өздеріне тән хал тілдерімен және дейтінін естідім. Мына сөзі бейне бір кілт секілді материалдық тұрғыда ауадағы осы ғажайып сырды ашып көрсеткеніндей орасан зор ауа қабаты да бір сөзіне айналып, мысал әлемі мен мағына әлеміне жол ашылды.(Қалғаны әзірге жаздырылмады)Баршаңызға сәлем!* * *

73ОН ЖЕТіНШі СӨЗДің ЕКіНШі БӨЛіМі(Еркін аударма жасаған Нұрлыбек Саматұлы)Қайдағы бір қайғыны айтып, ей бейшара, жылама!Ащы жасың азайғанмен, мұң азаймас сірә да.* * *Қайдан келді мына қайғы күңіренген бар ғалам,Түсіндің бе, ей бейғам, иманы бүр жармаған?* * *Бұл дүние қараң қалар түсінбесең бұл сырды,Сені сыйсыз қалдырмайды Ол, тапсаң егер тылсымды.* * *Жасыңды тый, тәуекел де! Сенікі бір жай күмән,Ал, әлемнің белі үзіліп кететіндей қайғыдан.* * *«Сәл шарпыған ызғарыма селт ете ме, бұл адам?»деп сынаған Құдіретті таныдың ба ей, жылаған.* * *Тани түссең, қасірет пен азаяды қайғың да,Ал, ендеше құлшылық қып, беліңді бу, қайғырма!* * *Бір Аллаhты танығаның зор бақытқа жеткенің,Жеткілікті ғұмырыңа, жоқты қуып, кетпегін.* * *Басқа байлық бақыт емес, бейнеті мол жалғанда,Нәпсіге еріп, лап ететін бір ләззатқа алданба!* * *

74Дүниені тәрк ете біл, ақыл-есті құрсаған,Аллаh мүлкін өз жолына абзалы сол жұмсаған.* * *Жоқты бардан байлық жиып, шыға алмассың құмардан,Аулақ жүрер байлық-боқтың баянсызын ұға алған.* * *Ұға алмаса, менмен болып құлағаны құрдымға,Ұға алса егер, мүмин дейін айналғаны шын құлға.* * *Бақиды ойла, мәңгілікті мұрат қылсаң егер сен,Һәм баянсыз, hәм тұрақсыз, бұл пәниде не көрсең.* * *Баянсызды бақыт санап, есі барлар сенделмес,Жүректе шын иман болса, өзгесі оған тең келмес.* * *

75ҚАРА ТҰТТЫң МИуАСЫ(Еркін аударма жасаған Нұрлыбек Саматұлы)[Сол бір киелі тұт ағашының басында отырып ескі Саид, жаңа Саид тәрізді әңгімелейді.]Сөзім Зия пашаға емес, Еуропашыл жандарға,Жүрегіңе жүгініп көр, нәпсіге еріп алданба.* * *Құран сөзі– ақиқат сөз, адастырмас тірегің,Ақиқатты аттап өтер, сен бейшара кім едің?* * *Еуропаға еліктеген міскіндерге, ұқсама,Ол қате жол, өкінесің, өз жолыңды нық сана.* * *«Кімнен кімге шағым айтам?» деп адасты Паша да,Құран сөзін тірек қылған қиындықтан саса ма?* * *Аллаh салған тауқыметті адамға айтып шағынбан,Дұға қылып өзіне айтам, құлмын оған бағынған.* * *Бұл өмірдің қиындығын ақылға сап, салмақта,Тылсым сырын тани түссең, жуықтарсың Аллаhқа.* * *Бір Аллаhты шүкір етер, шектен шығып, аспаған,Өлімді ойлап зар еңірер, иманы жоқ хас надан.* * *

76Иман нұры болғандарға қабір – мейірім есігі,Ажал деген бір Аллаhтың әділетті шешімі.* * *Ол, аждаhа аузы емес қой, жойылуға бастайтын,Орын да емес, топырақпен тарс бекітіп тастайтын.* * *«Биссмилләh» деп есігін қақ , жалтақтамай қорықпай,13«Әлхамдүлилләh» десең үрей сырт айналар, жолықпай.* * *«Аллаhу Әкбар» деп хашірдің естірсің сен азанын14,Ұлы махшар ұқтырады тылсым сырын қазаның.Сілтеме10: Ойбайлап тұра қашпаймын.Сілтеме11: Исрафилдің азан дауысын хашір таңында естіп «Аллаhу Әкбар» деп түрегеліп, Ұлы намазға кешікпей, Ұлы жиналыстан тыс қалмаспын.

77Аса қадірлі де бекем бауырларым!Әуелі барлық Нұршылдарды, сондай-ақ Ұлы қажылықта жүрген нұр шәкірттерін, сондай-ақ ондағы нұрға дос жандарды мейрамдарымен құттықтаймын. Ұзақ жылдар отаршылдық күн кешіп, бостандық аңсаған Индия, Арабстан сияқты мұсылман елдерінің ірі бастылары Ислам республикасы атанып, Инди-яда жүз миллиондық Ислам республикасы, Явада халқы елу миллионнан астам Ислам республикасы, Арабстанда төрт-бес үкімет, Одақтас республикалар сияқты «Араб бірлігі» мен Ис-лам бірлігінің ынтымақтастығы құрылды. Міне, бұл мейрам қуанышымызға қуаныш қосып, сүйінішті хабар болды.Екіншіден: Стамбулдан Рефет мырза мен Мұстафа Оруждың жазғандарына қарағанда, бұдан бұрын Ислам әскерінің Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер үйі болып тұрып, кейін Университетке айналған ғимараттың маңдайшасына Құран аяты көркем түрде жазылған болатын. Соңғы заманда оны мәрмәр таспен жауып тастағандықтан, ол нұрлы әріптер көрінбей қалған-ды. Қазір қайтадан ашылуы Құран жазбасы-на рұқсат берілетініне ишара әрі «Рисалей-Нұрдың» алдына қойған мақсаты орындалатынына ишара, әрі келешекте универ-ситеттер Нұр медресесі болатынына ишара деп білеміз. Сол сияқты Денизли нұршыларынан Ахметтің хатында мәшhүр ғалым, он тоғызыншы ғасырдың зиялы тұлғаларының бірі, қоғамдық философияның бетке тұтар белсендісі Бисмарк туралы жазылған. Бисмарк өзінің еңбегінде былай деген екен:

78«Құранды жан жақты зерттедім. Әр сөзінде хикмет, терең мән бар. Бұған тең келетін, адамзатқа жол көрсететін өзге шығарма, кітап жоқ. Әрі болмайды да».Сосын ол ардақты Пайғамбарымызға үндеп, былай дейді:«О, Мұхаммед! Сенімен ғасырлас бола алмағаным өкінішті-ақ. Адамзат сен сияқты ерекше, әсем де керемет, дана, құдіретті жалғыз-ақ рет көрді, бұдан соң көре алмас. Сондықтан сенің құзырыңа аса құрметпен бас иемін.» Бисмарк.деп қолтаңбасын қойған екен. (Сілтеме )15Ол жерде көп өзгеріске ұшыраған семауи кітапты артықтау әшкерелегені үшін кейбір сөйлемдер жазылмағаны жөн. Он тоғызыншы ғасырдың ең ақылды, ұлы философы, саясаткері әрі қоғам қайраткерінің осындай сөзі, сондай-ақ Ислам әлемінің бостандыққа аз да бол-са қолы жетуі және шет елдердің Құранның ақиқатын іздестіруі, батыс пен солтүстік батыста Құранға деген қызығушылықтың пайда болуы ізгі нышан. Һәм Американың дарынды танымал философы Мистер Карлайл де Бисмарк сияқты былай дейді: «Басқа кітаптар қай жағынан болсын Құранға жете алмайды. Міне, сөз деп соны айтады. Оны тыңдаған жөн» деп толық шешімге келуі (сілтеме ) 16сонымен қатар Нұр шығармаларының әр тарапқа кеңінен таралуы үлкен жақсылықтың бастамасы. Демек, шет елдерде әлі көптеген Бис-марк пен Мистер Карлайл сияқты шындыққа жаны құмарлар шығатын болады. Оның белгілері де жоқ емес. Бұл хабарды Нұршыларға мерекелік сыйлық ретінде Бисмарктың жазбасы-мен қосып жіберіп отырмын. Жалпыға сәлем...БауырыңызСаид Нұрси.Сілтеме .15 Ахметтің хатында жазғанындай, ол жазба осы хатымен бірге «Жастар шырағына» енгізілсін.Сілтеме16. Рисалей-Нұрдың арабша «Ишарат-үл Ижаз» атты тәпсірі отыз жыл бұрын оның осы құнды да шынайы ойына ишара еткен.

79(Ахметтің қолындағы Бисмарктың баяндамасы) Ардақты Ұстазымыз!Немістің атақты үкімет басшыларының бірі ханзада Бисмарктың діндер туралы, әсіресе, Ислам діні туралы айтқан сөздерін сізге ұсынып отырмыз. Батыс елдерінде Ислам дінінің қаншалықты кең жайылатынын мына сөздерден аңғаруға бола-ды. Жалпы қоғам жайындағы терең ойлардан, әсіресе он тоғызыншы ғасырдың атақты данасы, көптеген салада еңбек жазған ханзада Бисмарктың үкімі жарамсыз қалған діндер жай-ында айтқан баяны: «Қилы замандарда адамзатқа тура жол көрсететін құпия әлемінен түсті деген семауи кітаптарды зерттедім. Өзгеріске ұшырағандықтан болар, керек хикметті таба алмадым. Ондағы заңдар адамзатты бақытқа бөлейтін жолдан тым алыс. Бірақ, Мұхаммедшілердің Құраны бұл айтқандарымнан тыс. Құранды әр нүктесіне дейін жан-жақты талдадым. Әрбір сөзі хикметке толы. Бұл кітапты «Ардақты Мұхаммедтің өзі жазды» дейтіндер бар. Мұндай таңғажайып кітапты, ке-ремет даналықты адами санадан шықты деу ақиқатқа көз жұмған, ызақор мен кекшілдіктің сөзі. Ол – ілім мен хикмет-ке кереғар. Менің ойымша, Хазіреті Мұхаммед – аса ерекше бір құдірет. Құдіретті күшті Жаратушының мұндай екінші біреуді әлемге әкелуі екі талай.Уа, Мұхаммед! Сенімен ғасырлас бола алмадым. Өкінішті-ақ, Сен мына кітаптың жаршысысың. Бірақ ол сенің өзіңдікі емес, Ол құпия әлемнен келген. Оны жоққа шығару – әлемнің заңдарын жоққа шығару сияқты күлкілі нәрсе. Адамзат сен сияқты әсем де ерекше құдіретті бір-ақ рет көрді. Бұдан соң көре алмас. Сондықтан сенің құзырыңа аса құрметпен бас иемін!» Бисмарк.

80(Мектубат жинағынан)Бесінші мәселе. Дүние шіркін фәни. Өмір де қысқа. Әрі атқаратын істер де көп. Мәңгі өмірге қол жетіп-жетпеу осы жерде шешіледі. Әрі мына «дүния» атты қонақжай иесіз, босқа емес. Оның аса хаким әрі аса қамқор басқарушысы бар. Сондай-ақ дүниедегі игілік те жамандықта ескерусіз қалмайды. Әрі қағидасы бойынша шамадан тыс ауыр жүк жүктелмейді. Әрі зиянсыз жол зиянды жолдан әлдеқайда артық. Дүниелік атақ пен даңқ, дос-жарандар да қабір аузына дейін ғана. Олай болса, «Кім бақытты?» деген сұраққа: «Дүние үшін ақыретін әсте ұмытпаған, ақыретін дүние қызығына пида етпеген, шексіз өмірін дүниелік өмір үшін зақымдамай, бос нәрселермен өмірін зайы етпеген және өзін қонақпын деп, қонақжай иесінің айтқанын істеп, амандықпен қабір есігін қағып, мәңгілік бақыт әлеміне са-пар шеккен кісі», - деп жауап береміз. 

81Жетінші сауалыңыз:Мына сөз хадис пе? Мұраты не?Жауап: Хадис деп естідім. Ондағы мақсаты мынау: «Қайырымды жас кім?» – десеңдер, олар – қарт кісідей өлімді ойлап, ақыретіне қам жасап бейқамдықтан аулақ болғандар. Жа-ман қарт болса, – жастарға еліктеп, немқұрайдылыққа, әуестікке салынып, бала болып нәпсінің айтқанынан шыға алмаған адам. Сен менің бас жағыма «Хикметті сөз» деп іліп қойған тақтаны көрген шығарсың. Ол жазбаның тура мағынасы төмендегідей. Мен оны оқып, әрдайым дәріс аламын.«Дос керек десең, Аллаh бар, Сол жетеді» Иә, Аллаh дос болса, барлығы дос. «Достар керек десең, Құран бар.» Рас, Құрандағы пайғамбарлармен, періштелермен ойша жүздесіп, бастан кешкендерін тамашалап, достық құруға болады.«Байлық керек десең, қанағат ет.» Рас, қанағат еткен үнемшіл болады. Үнемшіл адам береке табады. «Дұшпан керек десең, нәпсі бар.» Иә, (нәпсісін) жақсы көрген адам басына бәле тілеп алады. Азап шегеді. Өзін ұнатпаған адамның көңілі жай, мейірімге бөленеді. «Насихат керек десең, өлім бар». Рас, өлімді ойлаған адам дүниеқоңыздықтан құтылады. Сөйтіп, ақыретіне ықыласпен қам жасайтын болады.

82(«Лемалар» жинағынан)БЕСіНШі ШИПА.Уа, ауруға шалдыққан дос! Біле білсең, дерт деген Құдайдың жарылқауы, Рахманның сыйы. Оған өмірлік тәжірибем арқылы әбден көзім жеткен. Соңғы бес-он жылда, лайық болмасам да кейбір сырқатты жастар денсаулығу үшін дұға етуімді сұрап келетін болды. Олар басқа жастарға қарағанда ақыретін ойлайтын, қызу қандылықтан аулақ, байыпты яғни жастыққа мас емес. Немқұрайдылықтан, хайуани әуесқойлықтан біршама құтылғандай. Мен оларға мұндай шыдауға болатын дерттің Аллаһ Тағаланың жарылқауы, Аллаһтың ихсан сыйы екенін ескертетінмін. Оларға: «Дертіңнің зиянын көре алмай тұрмын. Жан ашитындай аянышты халде емессің. Қалайша дұға етейін? Сырқатты жағдай көкірек көзіңді ашқанға дейін сабыр сақта! Ауру өз міндетін атқарған соң, Рақымы мол Аллаһ, Иншаллаһ, шипа беріп, оңалып кетерсің... Денінің сау болуы сенің кейбір достарыңның басына пәле болып, бейқамдыққа салуда. Намазға жығылмай, қабірді ойламай, Аллаһты танымай жүр. Бұл дүниелік өмірдің бір сәттік алдамшы қызығын қуып, мәңгі өмірін шайқалтып, тіпті, тас-талқан етіп жүрген қаншама. Сен болсаң, түбінде барар жерің – қабіріңді, одан кейінгі ақыреттік сапарыңды сезіп, соған қарай ыңғайлы әрекет етіп жүрсің. Демек, бұл ауру сен үшін денсаулық, ал кейбір достарыңның денінің саулығы ауру» дейтінмін.

83(Сілтеме ) 17«Нәпсi әрдайым жамандыққа итередi» деген аяттың және«ең қауiптi дұшпаның – нәпсiң» деген мағынаны бiлдiретiн хадистiң тұжырымы: Асау да жүгенсiз нәпсi иесi, сондай-ақ, нәпсiсiн жақсы көрген адам өзгенi жақсы көрмейдi. Жақсы көрсе де шын мәнiнде емес, әншейiн одан түсер пайданы, ләззатты ғана ойлайды. Әрдайым жағымпазданып жақсы көрінгiсi келедi. Ағаттық жіберсе, адвокат тәрiздi өзін қорғаштап ақтап шығады. Тiптi өтiрiк айтып, нәпсiсiн асыра мадақтап, ара-ша-лап, қателiк атаулыдан ада сияқты қастерлеп жібереді. Соны-сына қарай аятының ауыр жазасын тартады. Сонда мадақталуы мен жақсы көрiнуi керiсiнше болып шыға келеді. Ондай адамды бәрі жек көреді, жағымсыз атанады. Сондай-ақ, ақыретке тиiстi iстерiне екiжүздiлiк араласып, ықылассыз болады. Iстiң байыбына бармайтын, соңын ойла-майтын әрi дайын ләззатқа құмар сезiм мен нәпсiнiң әуестiгiне бой алдырады. Тура жолдан тайған нәпсiнiң дегенін iстеп бiр сағаттық ләззат үшiн бiр жыл абақтыға қамалады. Бiр минөттік Сiлтеме17. Бұл бөлiмнiң баршаға пайдасы бар.

84көкiрек көтергені немесе кек алғаны үшін он жыл жаза тартады. Дәрiс алып отырған «Аммә» парасын бiр түйiр кәмпитке сатып жiберген әуесқой бала сияқты рахатқа батамын деп, нәпсiсiн қандыру үшiн, алмастай құнды, игi iстерiн арзан шыныдай, уақытша ләззат пен менмендiк жолына жұмсап, соңынан аh ұрып қалады.

85(«Меснеуи Нурие» кітабынан)Қадірлі дос, білген жөн! Жастық шағым, түн бе едің, қараңғы қапы қалдым.Таң бозындай бейне керім, қарттық келді,ояндым – деп келетінөлеңін толық қуаттаймын. Неге десеңіз, мен де жас кезімде өзімді кемелділіктің шыңына жеттім, деп ойлайтынмын. Енді қазір ойласам, ол кездегі кемелдену кемелдену емес екен. Оны ұйқының тереңіне кіру деуге болады. Сондықтан өзін мәдениеттімін дейтіндердің көкірек керіп өздерінше кемелдену, өркендеу деп жүргендері – менің сол жастық шағымдағы кемел-дену сияқты бір бұлыңғыр нәрсе. Оларды мынаған ұқсатамын: Түсінде оянған болып, көрген түсін халыққа әңгімелейтін ұйқыдағы адам. Алайда түсіндегі оның оянуы жеңіл ұйқыдан терең ұйқыға кіріскеніне ишара. Мұндай адам өлі кісімен бірдей. Шала ұйқыдағы адам жұртты қайтіп жөнге саушы еді? Ей, ұйқыда жүріп өздерін ояу санайтындар! Діни істерге кел-генде селқос болып, мәденилерге еліктеп, жақындамаңдар. Неге десеңдер, арамызда өте терең сай бар. Өткел жасап, байланыс құру мүмкін емес, я сендер де оларға еріп, азғындыққа түсесіңдер немесе адасасыңдар. 

86Үшінші ишара: Ей, адам! Хақ Тағала сені кейде таңқаларлық жағдайға салады. Бірде дүниеге сыймай зынданда жатқан адам-дай қапаланып «уф, уф» деп, дүниеден әлдеқайда кең жер іздеп шарқ ұрасың, кейде бір шаруа, бір оқиғамен шектеліп бір сәтке тынышталып қаласың. Әлгі алып дүниеге сыймай жатқан көңіл, кішкентай жерге сыйып кетеді. Тым күшті сезіміңмен әлгіндей бір оқиғадан шыға алмай, айналмаға ұшырайсың. Һәм сенің бойыңа керемет рухани жабдықтар, сезімдер берілгені сондай, кейбірі дүниені жұтса да тойдым демейді. Ал кейбірі зәредей бір нәрсеге қақалып қалады. Бас бір батпан жүк көтеріп, көздің бір қылды көтере алмағаны сияқты, әлгі сезім аз ғана ауыртпалыққа, яғни ғапылдық немесе азғындықтан пайда болған сәл күйзеліске шыдай алмай тыпыршыды. Тіпті, кей-де өшіп, сөніп қалады. Олай болса, абайла! Аяғыңды мұқият бас, батып кетуден қорық! Бір жұтым, бір ауыз сөз, бір түйір, бір жарық, бір ишараға, бір сүймекке берілме! Дүниені жұтып қоятын сезімдеріңді ондай жерге жұмсап, өлтірме! Өйткені дүниеде кішігірім нәрселер бар, олар өте үлкен нәрселерді бы-лай қарасаң жұтып қояды. Мәселен, кішкене айнаның жүзіне аспан жұлдыздарымен бірге түсіп, батып кетеді емес пе?. Иненің ұшындай жадыңда амал дәптеріңнің көптеген парақтары, өмір жолдарыңның басым көпшілігі сақталатыны сияқты, тым ұсақ, кішкентай нәрселер бар, өте үлкен нәрселерді де қойнына тығып жібереді. 

87(Кастамону лахикасынан) «Рисалей-Нұр» шәкірттерінен бір жас қари, көп адамдардан естігенімдей, «Мен күннен күнге ұмытшақ болып барамын. Не істеуім керек» деп шағым айтты. Мен оған: «Мүмкіндігінше харам нәрселерге қарамауға тырыс» дедім. Имам Шәфидің (р.а) айтқанындай, «Харам нәрселерге қарау адамды ұмытшақ қылады».Иә, мұсылмандар арасында харамға назар салу көбейген сай-ын, нәпсіқұмарлық арта түседі. Ағзаны бұрыс жерге қолдану салдарынан ысырап пайда болады. Аптада бірнеше рет ғұсыл алуға мәжбүр болады. Бұл да медициналық тұрғыдан есте сақтау қабілетін азайтады. Бұл ғасырдағы әдепсіздіктің кесірінен, әсіресе, ауа-райы ыстық, өлкелерде ұмытшақтық дерті өршіп барады. Көп адамдар осы дерттен шағым айтуда. «Ақырзаманда Құран қарилердің көкірегінен шығып, ұмытылатын болады» деген киелі хадис бар. Демек, бұл дерт өрши түседі, Құранның жатталуына кедергі жасап, хадистің айтқаны болады.

88(Бұл хат өте маңызды) Әзиз, сыддық бауырларым!Соңғы күндері Құранда иманнан кейінгі ең негізгі мәселе – тақуалық пен салих амалдардың негіздері жайлы көп ой-ландым. Тақуалық – шариғаттың тыйым салған нәрселері мен күнәлардан аулақ болу. Салих амал – Аллаhтың әмір ет-кен істерін орындау, игі амал жасау. Қашан да жамандықтан тыйылу пайдалы нәрсеге ұмтылудан артық тұрады. Сондықтан, мына аласапыран бұзықтық етек алған әуесқойлық заман-да тақуалық, яғни жамандықтан сақтану, ауыр күнәларды тәрк ету негізгі мәселе болып, алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазіргі таңда бұзу мен келеңсіз көріністер етек алғандықтан, тақуалық осы бұзықтықтарға қарсы тұратын өте күшті қалқан. Парыздарды орындап, ауыр күнә жасамаған адам құтылады. Ауыр күнәлар барлық жерде емін-еркін жасалып, азғындаған мына заманда салих-ізгі, амалдарды ықыласпен орындаушылар өте сирек. Һәм осындай ауыр шарттар ішінде жасалған салих амалдардың сауабы да арта түспек. Білген адамға, тақуалықта бірқатар салих амалдар бар. Өйткені, харамнан қашып, алыс тұру – уәжиб. Бір уәжибті орындау көптеген сүннеттерді орындаумен бірдей. Мына замандағы мыңдаған харамдардың ішінде аз ғана амал жасап, жүздеген харамдардан қашу арқылы жүздеген уәжиб орындайды. Бұл маңызды мәселе тақуалық

89ниетімен, харамдардан қашу мақсатымен жасалғанда ғана са-лих амал болып есептеледі. «Рисалей-Нұр» шәкірттерінің мына заманда ең басты міндеттері – күнәлар мен жөнсіздіктерге қарсы тақуа болу. Бір минутта мыңдаған күнәлар жасалып жатқан қазіргідей ортада адамдар жүздеген күнәларға бірден батады. Бұл әрине, тақуалық арқылы харамнан қашу ниетімен жүздеген салих амалдар жасауға болады деген сөз. Бір адамның бір-ақ күнде тас-талқанын шығарған сарайын жиырма адам жиырма күнде қалпына келтіре алмайтыны белгілі. Сондай-ақ бір адамның бұзғандарын қалпына келтіру үшін, жиырма адам керек болса, бүгінгі таңда мыңдаған орта бұзушыларға қарсы «Рисалей-Нұр» секілді бір ғана жөндеушінің ерліктері таң қалдырардай. Егер қарама-қарсы күш саны жағынан тең болғанда, жөндеушінің кереметі сонда көрінер еді. Қоғам өмірінің ең маңызды негіздері мейірім мен сыйластық тым азайып кетті. Кей жерлерде құрметке мұқтаж бейшара қарттар мен әжелерімізге бұл жағдай қиынға соғуда. Аллаhқа шүкір, «Рисалей-Нұр» осы бір қорқынышты апатқа қарсы тұрып, жөнге келтіру жолында табыстарға жетуде. Зұлқарнайын қорғанының жығылуымен Ежуш-Мәжуш қауымының дүниені билеп, зұлымдық жайлайтыны сенімді, Құранның қамалындай болған Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шариғатының зақымдалуынан қоғам өмірі мен адам абыройына қастандық пен дінсіздік Ежуш-Мәжуштен де бетер зұлымдық жасауда. Осы жағдайларға қарсы «Рисалей-Нұр» шәкірттерінің рухани тұрғыда жихадтары са-хабалар заманындағыдай аз ғана амал істеп, көп сауап алып, салих амалдар жасауына дәнекер болады.Әзиз бауырларым, осындай бір заманда қауіпті жағдайларға қарсы ықылас қуатынан кейінгі ең үлкен күшіміз – «иштирак-ы амал-и ухреви» дәстүрі, яғни ақыреттік істерді өзара бөлісу. Қаламдарымен екіншісінің салих амал дәптеріне игі сауаптар жаздыратыны сияқты, сөздерімен де тақуалық қорғанына көмек

90жіберу, яғни біріне бірі қайыр дұға тілеу. Қырғын шабуылдарға ұшырап жатқан мына бейшара бауырларыңа қасиетті үш айда және киелі күндерде көмекке келу сендердей сияқты қаhармандар үшін жарасар ерлік. Мағынауи көмектеріңізді шын жүректен өтінемін. Иманды және шын берілген «Рисалей-Нұр» шәкірттерін барлық дұғамда мағынауи табыстарыма ортақ қылып, жиырма төрт сағат бойы «иштирак-ы амал-и ух-реви» дәстүрімен кейде жүз мәрте «Рисалей-Нұр» тәлабалары деген кезде ортақтастырып отырамын.Саид Нұрси. 

91Өмірбаянымды оқығандарға мәлім, осыдан елу бес жыл бұрын, жиырма екі жасымда Битлис қаласының әкімі марқұм Омар Пашаның ғылымға деген құштарлығы мен өтінішін қия алмай, оның үйінде екі жыл тұрдым. Оның алты қызы болатын. Үшеуі бойжетіп қалған, үшеуі жас. Екі жыл бір үйде тұрсам да үлкен қыздарын бір-бірінен ажыратып тани алмайтын едім. Өйткені мән беріп қарамайтынмын. Бір күні бір ғалым до-сым қонаққа келді. Екі күн ішінде қыздарды бір бірінен бірін ажыратып, танитын болды. Жұрт менің халіме қайран қалып «Неге қарамайсың?» дейтін. «Ғылымның абыройын сақтау мақсаты мойнымды бұрғызбайды» дейтінмін. Тағы бір оқиғаны айтайын. Қырық жыл бұрын Стамбул-да бір мейрам күнінде көпірден Қағытханаға дейін қайық жалдадық. Қасымда халық өкілідері депутаттар марқұм Молла Сейіт Таhа мен қажы Ілияс бар-ды. Шығанақтың екі жағында серуендеп әлем-жәлем киінген Грек, Армян және Стамбулдық қыздардың жанынан өтуге тура келді. Менің еш нәрседен хаба-рым жоқ. Ал Молла Таhа мен қажы Ілияс мені сынау үшін ке-зек-кезек бақылап отырыпты. Жағаға шыққаннан кейін: «Сенің халіңе қайран қалдық, еш назар салмадың» деді. «Түкке тұрғысыз, өткіншi, харам ләззаттардың соңы өкініш пен қасірет болғандықтан, керегі жоқ» дедім.( Өмір баянынан үзінді)

92(Отыз екінші Сөздің үшінші тарауы)ЕКіНШі НҮКТЕНің ЕКіНШі БӨЛіМіӘһл-и далалеттің, яғни, адасқандар тобының өкілі адасушылық пікірін неге тірерін білмей, былай деді: «Менің ой-ымша, дүниедегі бақытқа, өмірдің рахаты мен өркениетке, техника мен ғылым жетістіктеріне жетудің жолы - ақыретті естен шығарып, Құдайды ұмытып, дүниеге құштарланып, еркін әрі өз-өзіңе сенімді болу. Сондықтан да мен көпшілікті шайтанның қолдауымен осы жолға түсірдім, әрі түсіріп те жатырмын».ЖАуАП: Біз де жауап ретінде Құран атынан былай дейміз: «Ей, бейшара адам! Ақылға кел! Әһл-и далалеттің айтқанына құлақ аспа! Егер тыңдайтын болсаң, зиян шегетінің сондай, ойлаудың өзі төбе шашты тік тұрғызады. Сенің алдыңда екі жол бар Бірі: Әһл-и далалеттің өкілі айтқан қауіпті жол, енді бірі: Қасиетті Құран сілтеген бақытты жол. Бұл жолдардың теңеулерін «Сөздер» атты, әсіресе, «Қысқа Сөздер» атты еңбектерімнен көріп, түсінген шығарсың. Енді орайы келген соң, мыңдаған теңеуден біреуін баяндап берейін. Назарыңды сал, құлақ түр: Ширк пен далалеттің, пасықтық пен адасушылық жолы адам баласын әбден аздырып жібереді. Шексіз мұңға салып, өте ауыр жүкті әлсіз де қылдай мойынына жүктейді. Өйткені егер адам Аллаһ Тағаланы танымаса әрі оған сеніп тәуекел етпесе, өте әлсіз бейшара, шексіз қажеттіліктерге мұқтаж пақыр, толассыз қайғыға душар, өкінішті де мұңлық фәни хайуан тәріздес болып, барлық сүйікті жандармен қош ай-тысып, қатынаста болған қоршаған орта да оны тастап, күйіне келе бұл да өзінен кейін қалған сүйіктілерімен өкіне қоштасып, қабір түнегіне жалғыз өзі кете барады. Һәм өмірінің соңына дейін қолда бар аз ерікпен, аз ғана қуат, қысқа өмір, шамалы

93тіршілігі және шектеулі санасымен қыруар өкініштерге, қайғы-мұңдарға қарсы тұрып, аңсаған арманына жетуге бекерге шапқылайды. Мақсатыма жетем деп, нәтижесіз жанталасады. Өзі болмысын алып жүре алмағанымен тұрмай, дүниенің ала-пат жүгін арқалап, Жәһаннам азабын шегеді.Рас, осы бір ауыр мұң мен қорқынышты, рухани күйзелісті сезбеу үшін, әһл-и далалет, яғни, Құдайдан безгендер сезімдерін өлтіріп бейқамдық мастығымен уақытша сезбеуге тырысады. Бірақ уақыты келгенде, яғни, қабірге таяғанда ұйқыдан шошып оянғандай қорқыныштан селк етіп мастығы сейіліп, сергіген күйде есі кетіп бір-ақ сезінеді. Өйткені, адам Аллаһ Тағалаға нағыз құл болмаса, өзі-өзіне қожайынмын деп ойлайды. Алай-да, оның азғантай еркі, шектеулі қуаты мына алай-дүлей дүниеде еш нәрсеге жарамайды. Өміріне қауіпті нәрселер, за-рарлы микробтан бастап, сонау зілзалаға дейін, мыңдаған то-быр дұшпандары оның нәзік өміріне қауіп төндіруде. Жаны қиналып, үрей басып, әрдайым өңі суық, сұсты қабірін күйзеле ойлайды.Оның үстіне адам болған соң, адамзатты, дүниені де алаңдайды. Бірақ дүние, ондағы адамдар, Хаким, Алим, Қадир, Кәрим біреудің қарауында екеніне сенбегендіктен, яғни, кездейсоқтық, табиғи құбылыс дегендіктен, дүние мен адамдардың хал-ахуалы оны қорқытып, жанын азапқа салады. Өз басының қайғысымен бірге адамзаттың қайғысын жұтып жаны қиналады. Дүниенің зілзала, аштық, топан су, індет, сияқты дүрбілең құбылыстары оған тым жәбірлеуші, азаптау-шы, тас қараңғы әрі қасірет беруші түрінде көрінеді. Алайда, мұндай күй кешкен адамға жан ашып, мейірімділік етуге бол-майды, оған ол лайық емес. Өйткені, ол мұндай күйді өзі тілеп алды. Сегізінші сөзде екі ағайынды жігіттің кешкен күйлерін теңеуде былай делінген болатын: Мәселен, бір адам миуалы сұлу бауда керемет бай дастархан үстінде, сүйікті ағайындар ортасында орынды да әсем, тамаша ләззат пен көңіл көтеруді

94місе тұтпай, орынсыз әрі жағымсыз ләззат үшін нәжіс бір ша-рапты ішіп алып, мас болса, сөйтіп, өзін ызғарлы қыс орта-сында, тіпті, орманда айуандармен бірге жүрмін деп, қызыл кеңірдек боп айқайлап шуласа, әрине, өзінің мейірімге лайық еместігін көрсетеді. Себебі, абыройлы да қадірлі жолдастарын жануарға теңеп, олардың намысына тиеді һәм дастархандағы тәтті тағамдарды, таза ыдыстарды лас тастарға теңеп, сындыра бастайды. Отырыстағы құнды кітаптарды, тартымды да терең мағыналы хаттарды қарапайым, түкке тұрғысыз шимай-шатпақ деп жыртып, аяғымен таптай бастайды. Мұндай адам мейірімге бөленуге емес, жазалануға лайық. Сол сияқты жағымсыз іс-әрекеттен туындайтын күпірліктің мастығымен және адасудың бассыздығымен Сани-ы Хаким Аллаһтың мына «дүние» атты қонақжайын кездейсоқтық пен табиғат туындысы деп, ал ондағы заман ағысымен үнемі ескіріп, міндеттерін аяқтап, жаңарып отырған Иләһи өнер туындыларын, яғни, Аллаһтың есімдерінің шағылыстарын мағынасыз нәрселер, жойылып, құрдымға кетті боп, дүниелердегі ал олардың тәсбих еткен ды-быстарын қоштасу мен мәңгіге айырылысудың жоқтауы деп ойлағандықтан, сон дай-ақ, Самедани хаттар болып табыла-тын мына болмыс атаулыны ма ғы насыз, астаң-кестеңі шыққан түкке тұрғысыз бір нәрсе деп түсініп әрі мейірімділік толы әлемге бастайтын қабір есігін - жойылу түнегінің есігі деп, ал нақты сүйіктілерге қауышу болып табылатын ажалды бол са, мәңгіге қоштасу сәті деп есептегендіктен, һәм өзін, hәм болмыс атаулыны қайғылы күйде көреді. Аллаһ Тағаланың есімдерінің hәм хаттарының қадірін түсіріп қорлағандықтан, мейірім мен жанашырлықтан тысқары қалып қана қоймай, төзгісіз азап ше-гуге лайық. Ондай адамға ешқандай түрде де қайырымдылық жасауға болмайды.Ей, байғұс адасқандар мен азғындар! Мына аталған қорқыныш ты құлдырау мен жанды күйзелтетін үмітсіздікті қайсыбір өркениет те ріңмен, қайсыбір ғылымдарыңмен,

95қайсыбір жетістіктеріңмен, қайсы бір мәдениеттеріңмен, қайсыбір табыстарыңмен өтейсіңдер немесе тоқтата сыңдар? Адам жанының өте құмар, аса мұқтаж, шынайы демеушісін басқа қай жерден табамын дейсіңдер? Арқа сүйеп сеніп жүрген, тіпті, Иләһи өнер туындыларды, Раббани жарылқауларды еншілеп берген қайсы бір табиғатың, қайсыбір себептерің, қайсыбір ширктерің, қайсыбір жаңа лықтарың, қайсыбір зат пен қайсыбір жалған жаратушыларың өздерің мәңгілік жоқ болу деп ойлайтын ажалдан аман алып қалады ма? Өлген соң қабірден, берзахтан, махшардан, қыл көпірден емін-еркін өткізіп, аман-сау мәңгі бақыт әлеміне жетектеп, бақытқа бөлейді ме? Алай-да, сендер қабірден қашып құтыла алмағандарың үшін міндетті түрде бұл жолдың жолаушысысыңдар. Әрине, мұндай күйдегі бір жолаушы әлгі ұшы-қиырсыз аудандар мен шексіз жайылып жатқан белестерді басқарып, билеп турған біреуге арқа сүйеуі керек.Ей, сорлы адасқандар мен қаперсіз бейқамдар! «Орынсыз қолданған махаббаттың ақыры аяусыз азап шегу» қағидасы бойынша сендер бойларыңдағы Аллаһ Тағаланың өзіне, оның көркем есім-сипаттарына деген махаббат пен құштарлықты және шүкір мен құлшылық етуге арналған сезімдерді нәпсілеріңе, дүниеге орынсыз жұм са ған дықтарыңнан, өте орынды түрде жазасын тартасыңдар. Себебі, Аллаһ Тағалаға тиесілі махаббатты нәпсілеріңе арнадыңдар. Сөйтіп, өліп-өшкен нәпсілеріңнің толассыз қайғысын жұтасыңдар. Бірақ, ынтық болған сол нәпсілеріңді толық қанағаттандырған жоқсыңдар, қанағаттандыра алмайсыңдар. Әрі оны нағыз құштар болуға лайық Қадыр-ы Мутлаққа тәуекел деп, тапсырмадыңдар. Осы-лайша, әрдайым азап шегесіңдер Һәм Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттарына арналған махаббатты қу дүниеге арнадыңдар, өнер туындыларын әлемдегі себептерге бөліп бердіңдер, бастарыңа бәле тілеп алдыңдар. Өйткені, ондай толып жатқан көптеген сүйіктілерің, ынтық болған ғашықтарыңның кейбіреуі

96сендерге «қош бол!» деп қол бұлғамай сырт айналып, тастап кетіп барады. Кейбіреуі сендерді мүлдем танымайды. Таныған күнде де сендерді ұнатпайды, ұнатса да, олардан пайда жоқ. Толассыз қоштасулар мен келмеске кету, үмітсіз айырылулар-дан пайда болған осыншалық азап жандарыңды жегі дей жейді. Міне, адасқан әһл-и-далалеттің «өмірдің бақыты – адамның өркендеуі, мәдениет жетістіктері, бостандық, еркіндіктің ләззаты» деп жүргендерінің шын мәнісі осы. Азғындық пен мастық бір перде, ол адамға уақытша сездірмейтін болар. «Тфу, олардың ақылдарына болайын» деп жиіркен!Алайда, Қасиетті Құранның нұрлы да кең жолына келетін болсақ, жо ғарыда айтылған әһл-и далалеттің бойындағы жара-ларды имандылық тың ақиқаттарымен емдеп жазады. Бастапқы жолдағы барлық қараң ғылықты жойып, жарқыратады. Ада-су пен құрдымға кету қауіп-қатерінің алдын алып, амандыққа қауыштырады. Былайша: Адам баласының әлсіздік, пақырлық, мұқтаждық жақтарын Қадир-ы Рахимге тәуекел еткізіп, емдейді. Өмір тауқыметін, тұрмыс тынысын Оның құдіретіне, Рақымына тапсырады. Ол ауыр жүкті мойнына артпай, керісінше, оны өмірге, нәпсісіне жүктегендей рахаттық сыйлайды. Өзінің «Сөйлейтін хайуан» емес, қайта нағыз адам, Рахманның сүйкімді қонағы екендігін білдіреді. Дүние Рахманның қонақжайы екендігін көрсете отырып, дүниедегі болмыс атау-лы Иләhи есімдердің айналары екендігін, жаратылғандар болса әрдайым жаңарып отырған Сәмадани хаттар екендігін білдіру арқылы адам баласының дүниенің фәнилігінен, нәрселердің көзден таса болуларынан, фәни нәрселерге ынтық болудан ту-ындайтын жараларын жақсылап емдеп, күдікті қайғылардан құтқарады. Сондай-ақ өлім мен ажал – берзах әлеміне бастай-тын мәңгілік әлемдегі сүйіктілерге қауышу, кездесу екендігін көрсетеді. Әһл-и далалеттің ойынша, барлық сүйікті жандар-дан мәңгіге қоштасу боп көрінген өлім мәселесін, осылайша, шешімін тауып емін көрсетеді. Ондай қоштасу қоштасу емес, на ғыз табысу, қауышу екендігін дәлелдеп береді.

97Һәм қабір дегеніміз – қайырымдылық әлеміне, бақыт са-райына, жәннат бау-бақшасына, Рахманның нұрстанына айқара ашылған есік екендігін дәлелдей отырып, адамзаттың ең үрейлі қорқынышын сейілтіп, қайғы-қасірет, өкініш толы берзах саяхатының өте тартымды, үйреншікті де көңілді бір саяхат екендігін көрсетеді. Қабір арқылы айдаhар аузын бітеп, тамаша бауға есік ашады. Яғни, қабірдің айдаhар еместігін, керісінше қайырымдылық бағына бастайтын есік, баспалдақ екендігін көрсетеді.Сондай-ақ, мүминге былай дейді: «Ерік жігерің шамалы бол-са, ісіңді Жаратқан Иеңнің шексіз әмір мен қалауына тапсыр. Әлсіз болсаң, Қадир-ы Мұтлақтың құдіретіне сен! Өмірің қысқа болса, мәңгі өмірің бар. Қам жеме! Пікірің таяз келсе, Құранның күнінің астына ен. Сөйтіп, иман нұрымен қарасаң, әлгі көмескі пікірің Құран аяттары болып, жарқыраған жұлдыздай сәуле шашады. Уайым мен талап-тілектерің көп болса, алдыңда сені күтіп тұрған аяқталмайтын сауап, шексіз қайырымдылық бар. Мақсат пен арманың көп болса, оларды уайымдап қайғырма, мұңайма! Олар бұл дүниеге сыймайды. Оларға бұл дүние тар келеді. Олардың орны басқа жерде. Оларды орындап беретін де басқа біреу.Сөзін жалғап, былай дейді: Ей, адам! Сен өзіңе-өзің қожайын емессің. Сен құдіреті шексіз Қадирдың, Аса қамқор Рахим-ы Заты Зүлжалалдың иелігіндесің. Олай болса, өмір тауқыметін иығыңа арқалап қиналма, өйт кені, өмірді сыйлаған - Аллаh. Билеп басқаратын да Аллаh. Һәм дүние иесіз жатқан, басы бос нәрсе емес. Қылдай мойныңа дүниенің ауыртпалығын артып, үрейленіп мұңайма. Оның иесі - әрі Хаким, әрі Алим. Сен болсаң бір қонақсың, босқа шатыспа, өзгені де шатыстыр-ма! Һәм мына адамдар, хайуандар, барлық болмыс атаулы басы бос емес. Олар міндет жүктелген қызметшілер. Олар бір Хаким-і Рахимның қол астында. Олардың уайым-қайғысын, шеккен қиыншылықтарын ойлап, жаныңды қинама. Оларға Халиқ-ы Рахимнің қамқорлығынан артық қам қорлық жасай-

98мын деп езеуреме. Һәм саған дұшпан көрінген микробтан ба-стап, сонау оба, топан, аштық, зілзала сияқты апаттардың тізгіні әлгі Рахим-ы Хакимнің қолында. Ол Хаким ғой, әбестік жаса-майды. Ол Рахим ғой, қайырымдылығында шек жоқ. Істеген әр ісінде белгілі бір мағынада жарылқау, ізгіліктің нышаны бар.Әрі мына әлем, шынында, фәни. Бірақ, мәңгі әлемге қажетті нәрселер дайындайды. Негізінде, өткінші, баянсыз екені рас, бірақ мәңгі бітпес миуа, жемістер береді. Бақи біреудің бақи есімдерінің шағылыстарын көрсетеді. Шындығында да қуанышы аз, қайғысы көп. Бірақ, Рахман-ы Рахимнің ілтипаты бітпейді. Нағыз ләззат деп соны айт. Қайғылар бол-са, сауап жағынан алып қарағанда, мағынауи ләззат сыйлай-ды. Шариғатқа сәйкес тұрмыс жүрек, рух, нәпсінің ләззат алуына, шаттануына, масайрауына толық қанағаттанарлықтай жеткілікті. Оның сыртына шықпа. Өйткені, оның сыртындағы бір ғана ләззат кейде мың қайғыға душар етеді, hәм ондай жат іс-әрекет Рахмани ілтипаттан мақұрым қалдырады. Һәм жоғарыда баяндалғандай, далалет жолы адамды әсфәли-сәфилин шыңы рауына құлдыратып жіберетіні сондай, оны одан ешбір мәдениет, ешбір философия шығарудан шарасыз қалғанда, Қасиетті Құран мен иман және салих амалдар арқылы әлгі әсфәли-сәфилин құрдымынан алай-ы иллииінге шығарады. Шығаратынына бұлтартпас айғақтар беріп, анық дәлелдейді. Әлгі терең шыңырауды мағынауи жетістіктердің сатыларымен, рухани байлықтармен көміп, толтырып тастайды. Һәм адамзат баласының мәңгілік тарапына бастайтын ұзақ, дауылды да қиыншылыққа толы сапарын өте жеңілдетіп, оңайлатады. Мың жылдық, тіпті, елу мың жылдық қашықтықты, бір күнде жүріп өтетін жолдарды көрсетеді. Һәм Әзел мен Әбед Сұлтаны, Зат-ы Зүлжалалды танысты-ру арқылы адамды қызметші құл, міндет жүктелген қонақ де-ген мақам береді, hәм «дүние» атты қонақжайда, hәм Бәрзах пен ақырет өткелдерінде жақсылап саяхаттауына жасай-

99ды. Мәселен, бір патшаның адал қызметшісі пат шаның елді мекендерін, билік құрған жерлерін ұшақ, кеме, отарба сияқты жедел тасымалдау жолдарын пайдалана отырып рахат кезетіні сияқты, Әзел-Сұлтанына иман арқылы қол астына кіріп, салих амал арқылы мойынсұнған адам мына дүние қонақжайындағы қилы өткелдерден және берзах пен мақшар әлемінің асулары-нан, сол сияқты қабірден, сондай-ақ барлық әлемдердің кең байтақ ой-қыратынан найзағай жылдамдығымен өте шығады. Сөйтіп, мәңгі бақытын табады. Міне, аталған ақиқатты толық дәлелдеп береді. Әрі асфия мен әулиелерге көрсетеді.Һәм Құранның ақиқат сөзін жалғап, былай дейді: «Ей, мүмин! Бойың дағы шексіз сүйіспеншілік қабілетіңді жаман әрі нұқсан келтіретін шер лі де зиянкес жүгенсіз нәпсіңе берме! Оған ынтығып, айтқанын істеп, табынушы болма! Әуестікке салынба! Оны Құдайдай көрме! Қайта сол шексіз махаббат қабілетіңді, шексіз махаббатқа лайық, шексіз жарылқай ала-тын, болашақта сені бақытқа жеткізетін, сенімен жақсы қарым-қаты наста болып, қайғы мен қуанышыңа ортақ болған адам-дарды жарыл қауымен шаттыққа бөлейтін, сондай-ақ шексіз кемелдік иесі, тым қасиетті де киелі, нұқсандық атаулыдан ада, кемшіліксіз, мінсіз, бітпес жәмал иесі әрі барлық атаулары мен есімдері аса керемет сұлу, сондай-ақ әр есімі көріктіліктің нұрына толы, көріктілердің көріктісі, теңдесі жоқ сұлу, Жәннат барлық жақсы жақтарымен, нығметтерімен оның мейірімділік сымбатын, аса қамқор әсемдігін көрсететін және бүкіл әлемдегі көз тартар сұлулықтар мен әсемдіктер, көріктер мен қиялдар Оның жәмалына, кәмалына, сымбаты мен әдемілігіне ишара әрі дәлелдері болып табылатын біреуді өзіңе Махбуб әрі Мағбуд, яғни, сүйікті әрі Табындырушы деп біл!Ей, адам! Оның есімдері мен сипаттарына тиесілі сүю қабілетінді басқа фәни болмыстарға берме! Пайдасы жоқ мақұлықтарға шашпа! Себебі, жаратылыс пен мақұлықтар фәни болып табылады. Алайда, сол жаратылыс пен мақұлықтар

100үстінде нақыштары, сәулелері көрініп тұрған Есма-и Хусна, яғни, Аллаһтың әсем есімдері, мәңгі әрі шексіз. Әрі сол есімдер мен сипаттардың әрқайсысында мыңдаған жарылқаудың түрлері, сұлулық пен әсемдік, кемелдік нышандары мен сүйіспеншілік бар. Сен тек Рахман есіміне назар сал! Жәннат оның бір ғана шағылысы, мәңгі бақыт оның бір ғана сәулесі, ал дүниедегі барлық ризықтар мен нығметтер оның бір ғана ұшқыны.Осы аталған теңеу және әхли-далалет пен әхли-иманның өмір салтын, тұрмысын, атқарар міндеті жағынан мәнісіне иша-ра ететінСондай-ақ, олардың нәтижелері мен ақыры немен тынатынына ишара ететін:Қасиетті Құран аяттары на зер салайық. Айтылған теңеуді қаншалықты маңызды түрде баяндай ды десеңізші! Бірінші аят: Он бірінші Сөзде бұл аяттың шешендік әрі ижаздық жақтары егжей-тегжейлі баяндалғандықтан, оны соған сілтеп отырмыз. Екінші аят: Бұл аят қаншалықты маңызды да мәнді ақиқатты білдіретініне қысқаша ишара етеміз.Аталған аятты тура мағынасымен алып қарайтын болсақ, былай деп бұйырады: “Әһл-и далалет, яғни, азғындар өлген сәтте, жер мен ас пан олар үшін жыламайды”. Керісінше, алып қарайтын болсақ, былай шығады: “Имандылар дүниеден қайтқан кезде, жер мен аспан жылайтын болады”,яғни, әһл-и-далалет жер мен көктің атқарған міндеттерін бекер-ге шығарып, мән-мағынасын түсінбей, олардың қадірін түсіреді


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook