Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Жастар Шырағы

Жастар Шырағы

Published by risalekz, 2020-02-17 04:17:31

Description: Gençlik Rehberi

Keywords: Рисалей Н?р Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

151алғандықтарынан жабайы тұқымдастарымен салыстырғанда үлкен айырмашылық байқалады. (Үй ешкісі мен өгізі және жа-байы ешкі мен жабайы өгіз сйяқты).Әйтседе адам баласын әсер алу, қабылдау, дұға ету, сұрау тұрғысынан пайымдар болсақ, онда оның мынау «дүние» атты қонақ үйде ең қадiрлi қонақ, мәртебелi жолаушы екендiгiн аңғаруға болады. Оның жолаушылап түскен үй иесi асқан жо-март, мейірімді. Жомарттығы сондай, оған өзінің теңдесі жоқ жаратылыстары мен қызметшілерін бағындырып, сарқылмас қазынасын алдына жайып тастаған. Келген қонағының еркiн дем алып, жайлы тынығуына, айналасын қызықтап, қажетiнше пайдалануына дайын даған алаңының үлкендігі сонша, адамның көзі жетер жерден асып, қиялы жетер шексiз кеңiстiкке қарай созылып жатыр.Міне, сол себептi адам баласы менмендікке салынып дүниелік бәз өмірге күрмелiп, өткінші ләззатпен қызық қуса, өлшеулi ғұмыры тар алаң да булығумен өтiп, оған берілген күллі қабілет, құрал-жабдықтар, құнды сезімдер хашірде (ақыреттегі сотта) оның үстінен шағым айтып да-уласатын куәгерлерге айналады. Ал, егер адам өзін Оның қонағымын деп білсе, қолда бар иелігін қонақжай иесі Зат-ы Кәримнің рұқсат еткен алаңында жұмсаса, иелік алаңы кеңіп, мәңгі өмір үшін адал еңбек еткен болады. Солайша, қабірде тынығып, содан соң ала-и иллийнге көңiлдi бет алады. Әрі оған берілген күллі қабілет құрал-жабдықтар оған ризашылықтарын білдіріп, ақыретте оны жақтайтын куәгерлерге айналады.Күллі ғажайып қабiлеттілік адам баласына мына түкке тұрғысыз дүниелік өмір үшін берілмеген. Өйткені, адамды өзге жануарлармен са лыс тырғанда, оған өте керемет қабiлет, көптеген құрал-жабдықтар бе рiлген. Хайуандарға қарағанда жүздеген есе көп сый көрсетiлген. Бiрақ, хайуан секілді өмір сүру, күн көріске келгенде жүздеген есе нашар тұрмыс бұйырған.

152Оның себебi, әрбiр татқан ләззаты өзінен кейiн мыңдаған қайғылы із қалдырады. Өткен күндердің өкініштері, келешектің қорқы ныш тары, тіпті әрбір ләззаттың аяқталу сәтіндегі күйік пен қайғы, кө ңiл дегi қуанышты су сепкендей басады. Жүрегін сыздатып орнына дақ қалдырады. Ал, хайуандарда мұндай сезiм болмайды. Олар мұңсыз ләз зат алып, уайымсыз рахатқа батады. Өткеннiң өкініші, келешектің қор қы нышы олардың мазасын алмайтыны себептi маңғаздана, ішіп-жеп Халиқына, яғни, жаратушысына шүкір етеді.Демек, өзгелерден ерекше ахсән-і тақуим түрінде жаратылған адам баласы фәни өмірді басты мақсат тұтса, әуелден берiлген қабiлеттер жағы нан жүздеген есе бай бола тұра, нақтап келген-де құс екеш қара торғайдан жүздеген есе төмен дәрежеге түседі. Бұл ақиқатты мұнан бұрын бiр жерде теңеу арқылы айтқан бо-латынмын. Ендi сол теңеуді қайталаудың реті келіп тұр.Баяғыда бір мырза екі қызметшісін шақырып алып, біреуіне он ал тын ұсынып: «Мынаған өзіңе лайықты бір киер киім тіктірiп ал!» деп, екіншісіне мың алтын берiп, жазу жазылған бiр жапырақ қағазды қал тасына қоса салып, екеуін базарға жіберіпті. Әуелгі қызметші он алтынға тәп-тәуір матадан өзіне шақ, әдемі киім сатып алады. Екінші қызметші ақымақтық жа-сайды. Қалтасындағы есеп-қисап қағазына қараудың орны на, қасындағы қызметшiге елiктеп, сатушыға бар алтынын беріп, бір киер киім сұрайды. Ынсапсыз саудагер оған матасы шірік бір киер киімді ұстата салады. Ақымақ қызметшi шiрiген киiмге мәз болып қожайынына келеді. Ақымақ қызметшiні қожайын ауыр жазаға тартып, қамап тастапты.Шын мәнiнде әлгі қызметшiге берiлген мың алтын тек бiр киер киiм үшiн емес, әжептеуiр үлкен сауда жасау үшiн берiлгендiгiн аз ғана ақылы бар адам аңғару керек-ті!Дәл сол сияқты адам бойындағы қабiлеттер мен құнды сезімдердің әрқайсысы хайуандардың сезімдерiмен салыстырғанда жүз есе артық әрі бай. Мысалы, көзімен

153сұлулықтың барлық түрін айырып, тілі арқылы тағамдардың түрлi дәмдерін сезеді. Ақиқаттарды егжей-тегжейлі зерттеуге ақыл-ойын жұмсап, жақсылық атаулыны көңiл таразысымен өлшеймiз. Мiне, осындай толып жатқан қабiлеттер мен сезімдер қаншалықты кере мет десеңізші! Мұның қасында хайуандарда болатын тым қарапайым, бір-екі саты ғана жетілген сезімдері төмен екенi түсiнiктi емес пе!? Арадағы бар айырмашылық әрбiр жануардың өзiне тән іс-қимылында. Әлдебiр жануардың белгiлi бір мүшелерi ғана ерекше дамитыны рас десек те, алай-да ол даму тек сол жануардың өзіне ғана тән қасиет.Адам баласының аса қабiлеттi болуының бір себебі ақыл мен сана болғандықтан, сол арқылы сезіну мен сезу қабілеттері жақсы дамыған. Қажеттіліктерінің көптігі де соған сай сан-алуан сезімдерді пайдалануға итермелейді. Сезімталдығы ерекше түрде дамыған. Әрі жаратылысы өте күрделі болуы себептi шексiз мақсаттарға жетелейтін талап-тілектері және мойнында о баста атқаруға тиіс міндеттері болғандықтан сезiм мүшелері мен қабiлеттерi өте жақсы жетілген. Сондай-ақ, құлшылықтың барлық түріне икемді етiп жаратылғандықтан кемелденуге сай бейімділіктер қоса берiлген. Міне, осыншама дүние, мол байлық, әрине мына түкке тұрғысыз, өткінші, жалған өмірді қызықтау үшін берілмеген. Қайта мұндай байлыққа ие, адам баласының басты міндеті - биік мұраттарға бағытталған қызметін адал атқарып, өзінің әлсіздігі мен бейшаралығын, ағаттық пен кемшілігін мойындап, жар салу. Шын ықыласымен, және ауқымды назарымен, терең ойымен, қоршаған ортаның, жа-ратылыс атаулының тәсбих-зікірлерін та машалай отырып куәгерлік ету, берiлген нығметтерден, сыйланып жатқан рызықтардан Аллаhтың медетін сезіп шүкір ету, сондай-ақ, әлемге қарап ондағы Аллаhтың құдіретінің мүғжизаларын, көріп олардан ғибрат алып, толғану ой түю болмақ.Уа, дүниелік өмірге ғашық, ахсән-і тақуим сырынан бейқам, дүниеқор адам! Мына өмірдің шындығын бұрынғы Саид қиял

154оқиғадан көрген бо латын. Ендi сол бұрынғы Саидты жаңа Саидқа өзгерткен бір теңеу оқиғаны айтып берейін, тыңдап ал!Мен жолаушылап сапарда жүр екенмін, яғни менi бiреу ар-найы тап сырмамен жіберген екен деймін. Тақсырымның маған бөлген алпыс ди нар алтынынан ауық-ауық белгілі мөлшерде алып отыратынмын. Бірде айқай-шулы, көңіл көтеретін қонақжайға бардым. Ол жерде өзгеге мақта нам деп бір түнде он динар алтынымды құмар ойындары мен көңіл көтермекке жұмсап қойдым. Таң атқан соң қалтамды қарасам, көк тиын ақша қалмапты. Ішім удай ашыды. Баратын жерiм ұзақ, дұрыстап сауда да жасай алмадым, жолға алатын зат та көп едi. Жөнсiз кеткен ақшаның орнына өкініштер мен күнәлар қалыпты. Көңіл көтермек түгілі қайғы-мұңға басылыппын. Осылайша мұңайып тұрғанымда кенет жаныма бір адам келді.«Барыңнан айрылдың, жазаға тартса да обалың жоқ. Ба-рар жеріңе құр алақан қайыршы кейiппен баратын болдың. Бірақ ақылың болса, тәуба есігі әрдайым ашық тұрады. Бұдан кейін берілетін он бес динар алтынды алған сай-ын жартысын ықтияттап сақтайтын бол. Жолға қажеттi заттарыңды ал!» – деді. Әлгi адамның айтқан бұл сөзi нәпсіме ұнамады. «Олай болса үштен бірін сақта,» – деді. Нәпсім бұған да көнбей қойды. Сонда әлгі адам: «Ендеше, төрттен бірін,» – деп еді, нәпсім ескі әдетіне салып қиқарлығын қоймай, көнбей қойды. Сол-ақ екен, әлгі адамды ашу кернеп, сырт ай-налды да кенет көрініс өзгеріп қоя берді.Мен бейбақ, жер асты туннельмен зымырап бара жатқан отарба iшiнде екенмін. Мазасызданып, қобалжи баста-дым. Әйтсе де, қашып құтылар жер жоқ. Таңғалатын жәйт – отарбаның терезесінен көздің жауын алатын әсем гүлдер мен жайқалған жеміс-жидектер көрінеді. Мен болсам ақылы таяз, дым көрмеген жандай көзім қызығып, қолымды созамын кеп. Гүлдi жұлып, жемістен жегім келіп-ақ тұр. Бірақ, ұстаған кез-де олардың инедей тікендері, қолыма кіріп кетіп қанатып жатты. Әрi отарба зымырап келе жатқандықтан қолыма iлiне

155бергенде сыпырылып түсіп кетеді. Сөйтiп жемісті жеу маған қымбатқа түсті. Дереу отарбаның жолсерігі жаныма жетіп келіп: «Егер бес тиын төлесең, әлгі гүлдер мен жемістерден қала ғаныңша алып берейін. Бәрібір бес тиын орнына жүз теңгелік шығынға ұшырап жатырсың. Оның үстіне баққа рұқсатсыз қол сұққаның үшін жазаға тартыласың» деді. Менiң тiптен мазам қашып мына үңгірден қашан шығамыз деп, терезеден басымды шығарып едім; О, Тоба! Шығар ауыз көрінбейді. Ауыздың орнына көптеген саңылауларды көрдім. Мына шұбатылған отарбаның жолаушылары әлгi саңылауларға секіріп жатыр. Менің де қарсы алдымнан бiр саңылау көрінді. Саңылаудың екі жағына екі көк тас қойылыпты. Тастарға қызыға қарап едім, үлкен әріптермен жазылған «Саид» де-ген жазу көзiме түстi. Өкіне әрі таңдана «Қап, әттеген-ай»деп едім, бірден құлағыма манағы қонақжайда маған насихат айтқан адамның даусы естілді:— Есің кірген болар?— Иә, бірақ әлім таусылды, еш дәрменiм жоқ, – дедім.— Тәубаға кел, тәуекелге бел бу! – деді.— Астағфируллаh! Нартәуекел!Есімді жинадым. Енді өзімді бұрыңғы Саид емес, жаңа Саид түрінде көрдім.Аллаһ қайырын берсін, ендi, осы қиял оқиғаның кейбір тұстарын жорып берейін. Қалғандарын өзің жорып аларсыңдар:Иә, анау ұзақ сапар деген – рухтар әлемінен басталып, ананың құрсағына, сонан жастық шаққа, жастық шақтан қарттыққа, қарттық шақтан қабірге, берзахқа, хашірге, одан қыл көпір арқылы мәңгілік әлеміне бастайтын рухани жол едi.Алпыс алтын болса, алпыс жылдық өмір. Осы оқиғаға куә болған кезде, қателеспесем қырық бес жаста болатынмын. Ары қарай өмір сүретініме ешбiр кепілдік жоқ болса да қалған он бес жыл өмірімнің жартысын ақырет жолына арнауыма Құранның үздік бір шәкірті себепші болып жөнге салды. Әлгі қонақжай бол-

156са мен үшін Стамбул қаласы едi. Отарба – зымырап бара жатқан уақыт. Әр жыл бір-бiр вагон. Үңгір – мына тiршiлiк, дүние. Тікендi гүлдер мен жемістер – шариғатқа жат харам ләззаттар мен адамгершілікке қайшы қылықтар. Қолыңда тұрған кездің өзінде бұлардың лезде аяқталатынын ойласаң, көңiл мұңайып, жүрек сыздайды. Қоштасу мен айырылу жанды азапқа салып, опық жегізеді. Отарбадағы жол се ріктің «бес тиын төлесең, мына гүлдер мен жемiстерден қалағаныңша алып беремін!» деп отырғаны адамның адал еңбегімен шариғатқа сәйкес заңды ләззаттары. Заңды ләззат пен орынды көңіл көтеру Адам жанын толық қанағаттандырады. Азғындыққа жетелейтiн тыйым салынған ха рам нәрселердi iстеудiң қажеті жоқ. Ен-деше, қалған жерлерін өзің-ақ жорып аларсың.ТӨРТіНШі ТҰЖЫРЫМ: Адам табиғаты әлсiз де нәзік сәби тәріздi. Бірақ, оның әлсіздігі мен дәрменсіздігінің аста-рында асқан құдірет пен орасан қуат жатыр. Өйткені, мына қоршаған әлем оның әлсіздігі мен бейшаралығына байланысты қызметші мiндетiн атқарады. Егер ол өзінің әлсіздігін толық сезініп, тілімен, күйімен, іс-әрекетімен Жаратқан Иесіне дұға етсе, бейшаралығын мойындап, көмек сұраса, бұл iстегенi – Аллаh тарапынан өзiне жасалған қамқорлыққа шүкір етіп, алғысын білдірген болып есептеледі. Және сол арқылы мақсат-тілектері орындалып, аңсаған арманына жетедi.Егер пенде Аллаһты ұмытып армандарына өз күшіммен жетемін десе, арманының мыңнан біреуіне де қолы жетпес еді. Адам кейде аянышты халімен жасаған дұғасы қабыл бол-са, қолы жеткен талап-тілектерін өз күшiммен таптым деп қателеседі.Иә, тауық балапанының әлсіздігіндегі қуат – қорқақ тауықты айбарлы арыстанға айбат шеккізіп, қарсы тұрғызады. Дүниеге жаңа келген арыстанның күшігі әлсіздігі арқылы анасын аш қалдырып өзі тойып алады. Бұл әлсіздіктегі қуат, шексiз рақымдылықтың көрiнiсi. Қалайша, сәби жылау арқылы не

157болмаса аянышты халімен, не болмаса сұрауы арқылы қалаған нәрсесіне қолы жетедi. Өзінен мың есе күштілер оған қызмет етеді. Егер қажетті заттарына өзі ұмтылар болса, құдірет-күші мыңнан бiрiне жетпес еді. Демек, әлсіздік пен шарасыздық оған деген қамқорлық пен аяныш сезімді оятатындықтан ержүрек қаhармандарды өзіне қызмет қылдырады. Ал, енді мұндай бала әлгіндей қамқорлықты түсiнбей, жасал ған жақсылық пен жанашырлықты білмей, көмектескендерді жазғырғандай көкірек керіп: «Бұларды бас идіріп қызмет еткізіп отырған өзімнің күш қуатым, мықтылығым» деп астамшылық етсе, әлбетте шапалақ жейді.Міне, адам да Жаратқан Иесінің рақымдылығын мой-ындамай, жаса лып жатқан қомқорлықты бекерге шығарып оның хикметіне яғни асқан даналығына кінә артқандай, өзiне берілген нығмет-ырыстың қадірін түсінбей Қарұнға ұқсап: яғни: «Мен өз іліміммен, өз еңбегіммен таптым» десе, өзiн жан төзгісіз азапқа бағыттаған болар едi. Демек, осынау адамзаттың дамып көркеюі, өркениеті күрес, тартыстың күшiмен келмеген. Барлығы оның әлсіздігі үшін бағындырылған, оның шарасыздығына көмекке жiберілген, әрі пақыр болғаны үшiн сыйланған, надандығы үшін илхам етiлген яғни сыбырлаған, мұқтаждығы үшін ұсынылған. Ол – құдiреттiң сыйы. Адам баласының дүниенің сұлтаны болуы оның күш– қуаты, ғылым – бiлiмi емес. Ол – Раббани қамқорлық пен мейірімділіктің көрінісі және Иләhи хикмет пен рақымның белгісі. Демек, басқаларға қызмет еткізіп отыр.Иә, кіп-кішкене шаян мен аяғы жоқ жылан сияқты улы жәндіктерге қарсы дәрмені жоқ адам баласына кіп-кішкентай құрттан жібек кигізiп, улы шыбыннан бал жегізген, әрине оның өзінің күш-қуаттылығы емес, әлсіздігіне қарай жасалған Рабба-ни бағындыру мен Рахмани қамқорлық.Уа, адам! Ақиқат осылай болса, көкірек керіп, менменшіл бол-ма! Аллаhтың алдында әлсіздігің мен бейшаралығыңды мойын-

158дап жалбарыну арқылы және пақырлығың мен мұқтаждығыңды дұға арқылы білдір. Өзіңнің шын құл екендiгіңді көрсет. Әрі дей отырып, өрле, кемелден!Бірақ: «Мен түкке тұрмайтын біреумін. Менен терең де ауқымды шүкір сұралатындай мен кіммін? Хаким-і Мұтлақ мына әлемді әдейiлеп маған бағындыратындай қандай қадiрiм бар?» – деп айтпа!Расында, нәпсің мен пішініңе қараса түкке тұрмайсың. Алайда, атқа рар міндетің мен мәртебең жағынан бүкіл әлемнің зерделі көрермені, хикметке толы мына жаратылыстың ой-шыл шешені, «әлем» атты кітаптың зерттеушісі, зікір салған мақұлықтарға қайран қала тамашалайтын бақы лаушы және ғибадат жасап жатқан жаратылыстың құрметті жетекшісі дейтін жоғары мәртебең бар.Уа, адам! Сен заттық болмысың жағынан өсiмдiкке, нәпсің жағынан хайуанға ұқсас меңіреу бір зат, пақыр әрі әлсіз кеудесінде жаны бар бі реусің. Мына алай-түлей алып құбылыстардың үрейлі толқынында шай қалып кетіп барасың. Бiрақ, Аллаhтың махаббатының шұғыласынан тұратын Иманның нұрымен нұрланып, Ислам дінімен тәрбиеленер болсаң, адамгершілік шыңына шығып, құл бола тұра сұлтан болып, әлсіз бола тұра күшті болып, шағын болмысың өзінше бір әлемге айналады. Тiптен елеусіз көрінгеніңмен мәртебең биiктеп, билiгi зор бақылаушы ретінде: «Менің Рабб-ы Рахи-мым, дүниені маған баспана етіп, Ай мен Күнді оның шам-шырағы жасады. Көктемді гүл шоғы, жазды ырысты дастархан, жан-жануар біткенді қызметшім етті. Баспанамды түрлi өсімдік атаулымен безендіріп, құлпыртып қойды!» дей аласың.Сонымен сен, нәпсі мен шайтанға ерсең әсфәл-і сафилин-ге құлдырап төмендеп кетесің. Ал, Хақ пен Құран Кәрімді ұстасаң, ала-и иллииіне өрлеп, ғаламның ықшамдалған әсем үлгiсі боласың.

159БЕСіНШі ТҰЖЫРЫМ: Бұл дүниеге адам баласы мойны-на міндет жүктелген пенде әрі қонақ ретінде жіберілген. Жара-тылысы тым күрделі, бейімділігі өте зор. Соған орай маңызды міндеттер атқаруға тиіс. Оны сол бағытқа бұрып, әлгi міндеттерді орындату үшін бiр жағынан дем берiп ынталандырса, келесi жағынан сол мiндеттердi мұқият орындату үшiн әрдайым қатаң ескертулер жасалады. Осы арада бұдан бұрын әңгімеленген адам баласының міндеті мен құлшылығының негіздері тура-лы қысқаша баяндаудың реті келіп тұр. Мұндағы мақсатымыз «Әхсән-і тақуимнің» сырын неғұрлым анығырақ ашу.Иә, адам баласы бұл дүниеге келген соң, құлшылықтың екi түрiн орындауға міндетті:Біріншiсi: Жаратушысын көрместен ғайып түрде, құлшылық жасайды, толғанады.Екіншісі: Көрiп тұрғандай немесе оның алдында тұрғандай тыңдаушы мақамында құлшылық етеді, мінәжат қылады.Әуелгiсiнiң сыры мынадай: Бүкіл әлемді басқарған Иләһи Рубубиеттің билік үстемдігін бас ие құптап, оның кере-мет әсемдігі мен сұлулығын таңдана тамашалайды. Сосын, Аллаhтың қасиетті есімдерінің нақыштары болып табылатын таңғажайып өнер мен шеберлiкті бір-бірінің ғибрат алар назар-ларына ұсынып оған делдал жаршы, шақырушы болады.Сонан соң, әрқайсысы мағынауи құпия қазына тәріздес Раб-бани есім дердің гауһарларын, оның қадiр-қасиетiн санасымен сараптап, көңіліне тоқып, шын жүректен бағалап қастерлейді.Сонан кейiн, Құдірет қаламымен жазылған хат тәріздес жаратылыстың жапырақ беттерін, аспан мен жердің парақтарын оқи отырып, қайран қала толғанады.Сосын, қоршаған ортадағы әсемдiкке, күрделі шеберлікке ой жүгiртiп, оны жасаған Фатыр-ы Зүлжамалдың теңдесiз өнеріне сүйсініп және бұлардың барлығын жасаған Сани-ы Зүлкамалдың құзырына шығуға, сондай-ақ оның ілтипатына бөленуге асығады.

160Екіншісiнiң сыры: Құзыр мен үндеу, тыңдаушы мақамы. Адам бұл мақамда жаратылғаннан Жаратушыға өтедi яғни, Сани-ы Зүлжәлал өнерінің мүғжизалары арқылы өзін танысты-рып, білдіргісі келетінін сезіп, ол да иманы арқылы, мағрифет арқылы жауап қайырады.Сосын, бір Рабб-ы Рахим өзiнiң асқан мейіріміне бөлеп, жарылқай отырып, тәтті нығметтер беріп тәбетін ашып, өзіне деген сүйіспеншілік махаббат талап ететініне көзі жетеді. Пендесі жан-тәнімен жақсы көріп, адал құлшылығымен жауап береді.Содан соң, Мүним-і Кәрим (Аса жомарт жарылқаушы) заттық және рухани нығметтердің балдай тәтті ләззаттарын сыйлап, мәпелеп бағып отырғанын аңғарады. Оған да жауап ретінде амал жасап, хал-жағдайымен, сөзiмен, тіпті қолынан келсе барлық сезімдерімен шүкір етіп, оны мадақтау арқылы шексіз алғысын білдіреді.Сосын, Жәлил-і Жәмил бүкіл болмысты айна ретінде жара-тып, өзінің шексіз ұлылығын керемет сұлулығын, Жәләл мен Жамалын көрсетіп, өзіне назар аудартып отырғанын көреді. Пендесі оған да, жауап ретінде «Аллаhу Әкбар, Субханаллаh» деп инабатты түрде таңдана да сүйсіне сәжде жасайды.Содан кейін, бiр Ғани-ы Мұтлақ (Нағыз бай) мол қазынасы мен бай лығын жайып көрсетiп отырғанын аңғарады. Бұған жа-уап ретінде тағзым етiп, мадақтап, шарасыз екенін мойындап жалбарына, өзiнiң өтініші мен тілегін айтады.Сосын, бiр Фатыр-ы Зүлжәлал (Айбынды, теңдессіз жа-ратушы) жер жүзін көрме ретінде барлық таңғажайып әсем өнерін тізіп жайып қой ғанын байқайды. Бұған: «Машааллаh» деп қадірлеп, «Бәрекаллаh» деп қошеметтеп, «Сүбханаллаh»деп таңғалып, «Аллаhу Әкбар» деп, сүйсіне жауап береді.Содан соң, бiр Уахид-ы Әхад, мына «әлем» деп аталатын керуен са райдағы барлық нәрселерге, өзінің көшірілмейтін, теңдессіз өзіндік таңбалар басқандығын, тәухидтің аяттарын нақыштап жазғандығын және әлемнің әр тарапына Уахдани-

161ет белгілерін қойып толық Рубубиетін жа рия лап отырғанын көреді. Бұған ол растау арқылы, иман келтіру арқылы тәухидпен, мойынсұнумен, куәгерлік етіп, құлшылық жасап жауап береді.Міне, адам баласы осы секілді құлшылық пен толғаныс, пікір жүргізу арқылы ғана нағыз адам бола алады. Сонда ғана, өзінің ахсән-і тақуим яғни керемет жаратылғанын көрсетеді. Иманның берекетімен аманат арқалауға лайық жер бетiнiң сенімді халифасы екенін дәлелдейді.Уа, «әхсән-і тақуим» түрінде жаратылған, бiрақ жағымсыз қылықтарымен әсфәл-і сафилинге бет алған бейқам адам! Сөзіме құлақ сал! Мен де сен сияқты жасымда албырттыққа мас болып, дүниеге қызыққан шағымда қарттықтың кеші таяп, ол мастықтан айықтым. Көздiң жауын алып та маша сұлу көрінген дүниенің, яғни, ақыретке қатысы жоқ, қу дүниенiң қаншалықты жағымсыз екендiгiн түсіндім. Ал ақыретпен қатысты дүниенiң әлдеқайда тамаша әрi баянды екенін аңғардым. Бұл ақиқатты «Он жетiншi Сөздiң» екiншi бөлiмiнде екі жапырақ түрінде жазған едiм. Сен соған да назарыңды сал.Бірінші жапырақ: Дүниені адасқандарға еліктеп, бiрақ са-налы түрде бейқамдық пердесінiң артынан бұрынырақ көрген, бейқамдардың дүние сiндей суреттейдi.Екінші жапырақ: Дүниенің тура жолдағылар мен ақиқатты тапқан дардың көзқарасына сәйкес шын мәнiсiн сипаттайды. Ба-ста қалай жазыл ған болса сол күйінде қалды. Өлеңге ұқсайды, бірақ өлең емес.

162

163АНКАРА уНИВЕРСИТЕТіНДЕОҚЫЛҒАН БАЯНДАМАРисалей-Нұр шығармаларының саясында және аса қадірлі азиз ұстазым Бәдиүззаманның ықпалымен дайындалған бұл баяндамамды оқудағы мақсатым Рисалей-Нұр туралы тар-тымды да тәтті бір сұхбат өткізу. Рисалей-Нұрдың қадір-қасиетін, маңыздылығын баяндағалы тұрған жоқпын. Оған жүрексінемін. Өйткені мен Рисалей-Нұрдың тым жас әрі өте дәрменсіз шәкіртімін. Халық арасына кең тараған мұндай танымал шығарманың құндылықтарын айтуға сауатым жеткіліксіз. Мұндай мәртебеге Рисалей-Нұрдың нұрлы да зе-рек қайырымды оқырмандары лайық деп ойлаймын. Мен Рисалей-Нұр шығармаларын танымай тұрғанда газет-журнал-дардан Қасиетті Құранның құндылықтары жайында жазылған бір де бір мақала оқымаған болатынмын. Енді қарасам, жарты ғасырдан астам уақыттан бері, өз жерлестерімізге қарағанда Қасиетті Құранды мадақтаған шығармаларын шетел ғұламалары көбірек жазыпты. Америка құрама штатындағы Ақ сарайда бүкіл әлемге нұр шашқан Құран Хаким, жасыл жібекке ораулы өзіне лайық жоғары жерде сақтаулы тұрады екен. Зерттеушілер, философтар психологтар, социологтар, ағартушылар Құран Кәрімнен негіз алған шығармаларды оқып, бұл қасиетті кітаптан алған мағлұматтарымен еңбектерін жа-зып, атақтары жер жиҺанға тарауда. Бүкіл адамзат пен халқына осылайша пайдасы тиюде. Швеция, Норвегия және Финлянди-яда үлкен ғұламалардан құралған ұйымдар бар екен. Олар жыл-дар бойы жастардың есендігі, бақыты үшін пайдалы бір кітап іздестіре келіп, ақырында ұрпақты тәрбиелеуде, оларды өткір ойлы, көкірегі ояу жоғары саналы, әдепті ғылым адамы етудің ең төте жолы, жалғыз шарасы Құран Кәрімді оқыту екендігіне

164тоқталған екен. Ислам дінін, Құранды жоғары бағалап, қадірін түсінген шет елдіктер көп-ақ. Мұнан басқа да мысалдар беру-ге болады. Міне, көріп отырсыздар, Мұсылман еместердің өзі Ислам кітабының қадірін біліп, пайдасына жаратып жатыр. Олай болса, көзі ашық Мұсылман жастарының тыс қалуы әсте мүмкін емес. Мағбуд-ы Зишанымыз болған Аллаh Тағала қазіргі таңда жастардың аса биік әрі маңызды қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететін ақиқат ілімінің қазынасын ұсынып отыр. Мұндай мол байлық, ілім қазынасы не дейсіздер ғой: Ол Қасиетті Құранның нағыз жарқын тәпсірі – Рисалей-Нұр. Бұл еңбек Құран Хакимнен ұшқындаған, соның негізіне сүйенген тәпсір. Авторы – Бәдиүззаман. Ғылымға шын берілген ғалымдар оның «Бәдиуззаман» деген атаққа лайық екендігін бірауыздан мақұлдап отыр. Рисалей-Нұр шығармалары халықтың игілігі үшін, жастарды адасудан құтқарып, түзу жолға салатын Құран тәпсірі екендігін таңдана да таңқала да мойындауда. Солай бола тұра осындай ұлы шығарманың авторын әзірге көпшілік тани бермейді деуге болады.Иә достар! Арамызда он бес-жиырма жылдан бері коммуни-стер мен дін дұшпандары әрқилы арамдықтарын іске асыруға тырысуда. Мұндай ардақты Даналарымызды таныстыру бы-лай тұрсын, неше түрлі жала жауып, атына кір келтіруге ты-рысуда. Бұл ойларын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, ерекше тұлга болып табылатын нағыз дарынды ғалымдарды халыққа жағымсыз көрсетуге тырысты. Тарихқа дақ салатын мұндай оқиғалардың болғанын соңғы жылдарда мемлекетімізде өркен жая бастаған демократияның саясында аңғарып отырмыз. Алдандық, алдап келіпті. Кешеге дейін дін басыларымызды, молдаларды өтірік жала, үгіт насихаттар-мен жамандағандарын мына ақиқаттарды түсінген соң барып аңғардық. Жағымсыз ойлардан бас тартып, нағыз зиялы жан-дар пайдаланған қасиетті кітабымыз Құранға қауыштық. Әрі Құран Кәримнің осы ғасырдағы заңғар тәпсірі Рисалей-Нұрдан Құран мен Иман ақиқаттарын үйреніп, нұрлана бастадық. Иә,

165қазіргі жастар Абдулқадір Гейлани, Имам Газали және Мәулана Желаладдин Руми сынды Ислам дінінің Күндері болып табы-латын ерекше дара тұлғаларымыздың шығармаларының мән-мағынасын, қадірін біле бермейді. Сол секілді Бәдиүззаман Саид Нұрси сияқты теңдесі жоқ Құран тәпсіршісін де толық білмейді. Шынтуайтында жасырын немесе белгілі дін дұшпандары оны танытпауға бар күштерін салып бақты. Алайда мұндай ерекше тұлғаның, яғни Ислам ғалымының, біздің заманымызда да бар екендігін өз еңбектерімен ізденіп танығандар Бәдиүззаманның баға жетпес қадірін тез түсініп, шығармаларын пайдалануға жан салуда. Иә мырзалар, Рисалей-Нұр адамзатты бақытқа бөлейтін, ой-санасын, көңілін жай таптыратын шығарма екеніне сенеміз. Бұл ой Рисалей-Нұрды оқып нұрланған жандар-дың толық шешімі, hәм бұл көзқарастың дұрыстығына Рисалей-Нұрдың ғылыми құдіреті мен қайталанбас даралығы толық куә бола алады.Достар! Құран Кәрімге мойынсұнғандар дүние мен ақыретін қалай жөнге салатын болса, оның жарқын тәпсірі Рисалей-Нұрды оқып, амал жасағандар да нағыз сондай бақытқа қауышатын болады. Имандылыққа толы осы шығарманы оқыған жастардың иманы артып, болашағы гүл-гүл жайнайды, сауаты ашылып ғалым болады. Отанына, халқына, ата-анасына пайдалы да әдепті болып ерекшелене бастайды. Құдайдың адал құлы, Пайғамбардың нағыз үмбеті атану абыройына ие болады. Рисалей-Нұрды жақсырақ білгісі келетін достарға айтатыны-мыз: бұны үйрену үшін басқа жерден іздеп, анықтама алудың қажеті жоқ. Уақытты босқа өткізіп, бекерге жатырқаудың орны-на мына берекелі шығарманы оқыңдар. Оны өз еңбектеріңмен, маңдай терлеріңмен түсінуге, тануға тырысыңдар. Осындай ілім мен салауаттың қазынасына аяқ басып көріңіздер. Міне сол кезде манағы мағлұматтарға қолдарың жетеді.Рас, Рисалей-Нұрды оқыған сайын бойларың Құран нұрларына шомып, Құран ақиқаттары саналарың мен көңілдеріңді нұрландырып, имандарыңды арттырып, күш

166жігер береді. Оны оқыған сайын ділің мен рухани әлеміңді Иләhи фейіз басады. Дүниеде рахат әрі бақытты өмір сүрудің жолы ашылады. Дүние ақыреттің егіс алқабы, және адамзат мына фәни дүниеге мәңгі өмірді ұтып алу үшін келгендігін осы шығармалар арқылы білетін боласыңдар. Осылайша иман арқылы дүниенің жәннаттан әлдеқайда қызықты екенін сезетін боласыңдар. Сөйтіп дүниені тек өткінші өмір үшін емес, мәңгі өмірде соңсыз бақытқа бөлену үшін құлшына сүйетін боласыңдар.Сондай-ақ намаз оқудың, құлшылық етудің қаншалықты киелі, жан рахаты екенін одан әрі жақсы түсінесіңдер. Намазда Рабб-ы Рахимымыз – Жаратушымыздың құзырында болу Иләhи рахат, терең ләззат екенін түйсінетіндерің сондай, намазсыз өткен әр күн іш пыстырып, жанды азаптайтын болады. Шаттық пен бақыт толы сәттерің Аллаhқа ғибадат пен мойынұсынудағы кездер болады.Бауырларым! Рисалей-Нұр жиырмасыншы ғасырдың мұсылмандарын және адамзатты көрсоқырлықтың қараңғылығынан, қауіпті адастыратын жолдан құтқару үшін автордың өз еркімен емес Құдайдың жарылқауымен жазылған илхами, ерекше шығарма. Адамға әсері күшті мұндай шығарманы әрдайым, мұқият, ұлағатты мағынасына үңіліп, байыппен оқи алсаңдар, Нұрдың еңбексүйгіш көптеген шәкірттері сияқты сендер де ғажап жан рахатына қауышатын боласыңдар. Еті тірі іскер адамдардың қатарына қосыласыңдар. Бұл құнды шығарманы күн сайын терең ұғынып оқудан пайда болатын Иләhи рахатқа батып, шексіз дүниеге шарқ ұрасыңдар. Осындай баға жетпес шығармамен етене жақын болу үшін бес минутыңыздың өзін босқа жібермейтін боласыңдар. Нұр шығармалары әрдайым қалтада, қоржында болады. Оны үнемі, үзбей оқу үшін уақыттың қадірін түсініп оны тиімді пайдалана-тын боласыңдар. Нұрларды оқығанда ынтаңыз артып, Нұрларды оқығанда толқып, Нұрларды оқуға мұқтаждылық сезіліп, көңіл от боп алаулайтын болады.

167Иә, достарым!Рисалей-Нұр соншалықты тартым-ды шығарма. Ол арқылы Құранға, иманға қызмет етудің маңыздылығын, байыптылығын түсінген сайын дүниеде жүрген сендерді жаннатқа шақырса, мұндай маңызды міндетті, ләззаты мол рахатты тастап кеткілерің де келмес. Айналаға Имандылық көзбен қарап, иманды құтқару мәселесіне еңбек ету мақсатына шынайы ниеттеріңмен құлап, дүниенің рухани жаннаттан аумайтындығын түсінетін боласыңдар.Имандылық пен Ислам діні жолында Рисалей-Нұрға еңбек еткендердің қайсарлықпен, жанкештілік көрсеткендігі сон-ша, олардың ойларында жеке бастың пайдасы деген түкке тұрғысыз, қарапайым мақсаттар жоқ, болмайды да... Неге десеңдер, Нұр шәкірттерінің басты мақсаты, көксеген арманы Аллаhтың ризашылығы. Құдайға шүкір, қазірде Рисалей-Нұрға еңбек етудің Қасиетті Кітабымыз Қасиетті Құранға қызмет екенін түсінген көкірегі ояу, көзі ашық жанкешті де қадірлі достарымыздың саны миллионнан астам. Есі дұрыс ақылды адамдар үшін ап-анық бұл ақиқатты ешкім теріске шығара ал-майды. Аллаh үшін еңбектену болып табылатын Рисалей-Нұр қызметінде Илахи бір сүйіспеншілікпен, шын көңілімен, жүрек махаббатымен, түнгі ұйқысын қиып та жүргендер бар.Рисалей-Нұрға қызмет еткен Нұрдың сондай шәкірттерінің біреуіне: «Рисалей-Нұрдың орнына мына кітаптарды жазсаң, саған Американдық миллиардер Форд мырзаның байлығын берейік» – десе, әлгі бақытты шәкірт Рисалей-Нұрдың жазуынан қаламының ұшын да көтерместен: «Дүниені бар байлығымен, салтанатымен берсеңдер де алмай-мын. Аллаh Тағала бізге Рисалей-Нұрды талқылау, соған қызмет ету арқылы мәңгі бақи, таусылмайтын қазына береді. Апырым-ай, сенің беретін әлгі дүниелік байлық мені бақытқа кенелте ала ма? Оныңа шүбәм бар! Ал, Раббымыздың жарылқауымен бізге беретін байлығы мен нағыз бақытқа қауышатыма шүбәм жоқ» – деп жауап береді.

168Қадірменді достар! Рисалей-Нұрдың аса маңыздылығын түсінуде болсын, оны есітіп тануда болсын, кібіртіктеп кешігіп қалған жастар іштері удай ашып былай дейді: «Мына кеш оянған құнды жастық шағымды фәни өткінші нәрселерге босқа жұмсамаймын. Тек Құранға және Иманға қызмет жолында, сүйікті Аллаhым мен ардақты Пайғамбарымның әмірлеріне мойынсұну жолындағы қызметтерге арнайтын боламын. Сонда ғана мына өткінші жастық шақта мәңгілік жастыққа қолым жетеді. Рисалей-Нұрға мұнша ынтыққанымызды көріп, дүниеден безіп кеткен екен деп жүрмеңіздер. Керісінше, біз мұны іс-әрекетімізбен былай ұштастырамыз: Бойдақ болсақ, жұмысымызды, оқушы болсақ, сабақтарымызды, қызметші болсақ, қызметімізді, сатушы болсақ, саудамызды істейміз. Дүниелік тірлік қаншалық көп болса да, сабақтарымыз, ем-тихандарымыз өте ауыр болса да Рисалей-Нұрға еңбек етіп, қызмет жасауға сонда да уақыт табамыз. Өйткені нанға, суға, ауаға күн сайынғы қажеттілік қанша болса, Құран мен Иман ақиқаттарынан күн сайын рухани азық алуға бұдан да бетер мұқтажбыз. Иә, Рисалей-Нұрмен шұғылданған кезде жұмыстың да, сабақтың да сәті түсіп, бізге күш-жігер береді. Дүниеге дін үшін еңбек ету пиғылын туғызады. Уақыттың қадірін түсінетін болдық, күнпарақтың үзілген әрбір жапырағы енді қайтып келмейтінін көңіліміз бен рухымызға әсерлі түрде ескертіп, өмірдің табыс көзі – уақытымызды тиімді пайдалануда ынта мен жігер береді. Жұмыс уақыттарында селтеңдеп бос жүруден не-месе керекті шаруа деп, бірақ түкке тұрғысыз нәрселерге уақыт бөліп, зиян шегуден құтқарады. Тіпті, демалыс уақыттарында да иман ақиқаттарына еңбек ету ынтасын оятып, әрекеттенген кезде төгілетін Илаәһи Мейірімнің рахатына батырады. Осы-лайша фәни өмірде мәңгілік өмірді ұтудың жолын көрсетеді.Қадірлі достар! Рисалей-Нұрдың аса құндылығын айтып жеткізу мүмкін емес. Оның құндылығы, оны үзбей, беріле оқығандардың көңілін баурап, өзіне тартып әкететіні сонша,

169барлық дін дұшпандары жиналып, тахқики иман мәртебесіне өрлеген жанкештілердің біреуін Рисалей-Нұрдан бас тартқызуға тырысса да ойларын мүлде іске асыра алмас, асыра алмайды да.Мен Рисалей-Нұрды жазу міндетін, сол жолда жүрген ұстазымның қызметшісі болуды өзіме үлкен нығмет, ғанибет деп білемін. Қызметшісінің қызметшісі болу мен үшін үлкен абырой. Айтып отырған мәселеме шын көңілден берілгендігімді көп көретіндер де болуы мүмкін, бірақ шындығында мүлде олай емес. Мәселен: Құнды бір шығарма оқимыз. Оның авто-рына ішімізден дән риза болып таңданып жатамыз. Мольер, Гюго, Гёте шығармаларын оқығанда таңырқау пайда бола-ды. Апырым-ай, Ислам дінінің жолбасшысы Құран Кәрімді тәпсір еткен Ислам ғұламасының өзіндік тұлғасына деген ыстық сезімнің шегі қандай болуы керек? Әлгі атақтылардың шығармалары қағазға жазылып жатса, Бәдиүззаман Саид Нұрси жасаған Құран тәпсірі, Нұр рисалелері алтын парақтарға жазылуы керек емес пе? Дінге қарсы емес бір философтың шығармасы бірнеше сағаттар бойы талқыланатын болса, екі жиhанның бақытына апарар жолды көрсеткен Бәдиүззаманның шығармаларын оқу үшін ұйқыдан безу қажет болар. Иә, дүниелік бір кітапқа бес теңге өтесек, Рисалей-Нұр сияқты бұл дүние мен ақыретте адамды бақытқа бөлейтін аса құнды да баға жетпес Құранның тәпсіріне жүз теңге береміз, әрі солай болуы керек те. Қажет болса оның кеңінен тарауы үшін қолда бар байлығымызды да пида ету біз сияқты Ислам қаhармандарының ұрпақтарына борыш деп білемін. Олай болса, келіңдер, бау-ырларым! Нұрлардың дәрісінде бірге отырып, қызметіне қол ұстаса, діни күресте сап түзеп бірге тұрайық. Нұрлардан нұр алуға, иман жайындағы дәрістерінен сабак, алуға өзіміздің Нұр жазбаларына қол ұстаса еңбек етейік, кездесейік, сөйлесейік. Құдай жолында, дін жолында қадам тастайық. Азаттық туын алып Құдайдан безгендерге қарсы иман қызметі жолында тәтті жанымызды пида етейік!

170Қадірлі достар! Рисалей-Нұрдың таптырмайтын ерек-ше қасиеттері бар. Ондай әдемі де ерекше қасиеттер бүгінгі күнге дейін жазылған шығармаларда көрінбеген. Кітап-құмар оқырман қауым Рисале-и Нұрды оқып, оның шындық екендігін мойындауда. Оның қадірлі де жоғары қасиеттерін көрген оқырмандар ілімі тасыған ғалым болса да Рисале-и Нұрды оқуға мұқтаж екендіктерін айтуда. Менмендік, қызғаншақтық сияқты науқастарға душар болудан қорыққан кішіпейіл ғалымдар мен нұрлы жандар Рисалей-Нұрға дереу дос болуда. Кейбірінің жасы алпыс, жетпіске келсе де, Нұр рисалелеріне шәкірт атағы мен нығметін иеленуге тырысуда. Рисалей-Нұр жайында оның ав-торы Саид Нұрси былай дейді: «Рисалей-Нұр басқа кітаптар сияқты тек ілім үйретіп қана қоймайды. Оның рухани азық болатын дәрісі де бар». Міне осы рухани сабақтың әсерінен болар, Рисалей-Нұрды оқығандардың рухы, көңілі, ар-ождан сезімдері әлгі берекелі дәрістен олжаларын алып, азықтануда.Сол рухани дәрістің әсері емес пе, Рисалей-Нұрды оқығандардың рухани әлемдері Иләhи нұрға кенелуде. Әрі Иләhи бір толқу, Иләhи әсерлену арқылы иман ақиқаттарына қызметші, құмар болып, Аллаhтың және оның пайғамбары Расулуллаhтың жолында биікке өрлеуде.Иман ілімдеріне құмарлар Рисалей-Нұр оқуда, діни мағлұмат іздегендер Рисалей-Нұр оқуда. Ақиқатқұмарлар Рисалей-Нұр оқуда. Күрескер мүжахидтер Рисале-Нұр оқуда. Батырлық, баhадүрлік, қаhармандықтың шыңына шыққысы келетіндер Рисалей-Нұр оқуда. Ұлтжандылар Рисалей-Нұр оқуда. Ғылым және өнер адамдары Рисалей-Нұр оқуда. Пайдалы ілім талапкерлері Рисалей-Нұр оқуда, Тасаввуфшылар (сопылар) Рисалей-Нұр оқуда. Әділетсіздік құрбандары Рисалей-Нұр оқуда. Демек адамзаттың барлық буыны рухында Рисалей-Нұрға деген аса қажеттілік сезіп, пайдасына жаратуда.Достар! Рисалей-Нұр оқырмандарының сендіру қабілеті ар-тып, ақыл-ойы, қисындық қабілеті күшейе түседі. Кез-келген

171тақырыпта шамасы келгенінше нанымды түрде түсіндіру қабілетіне ие болады. Өйткені, ол Нұршы-оқырман, саналы да қисынды құнды бір шығарманың баға жетпес дәстүрімен нұрға бөленіп, фейз алуда.Нағыз мәдениет пен жоғары қоғамтанудың, адамгершілік заңдарының қайнар көзі, негізі Қасиетті Құран болып табы-лады. Құран бүкіл адамзатқа үндеу салған ортақ насихатшы. Құран Хакимнің пәк да жарқын тәпсірі – Рисалей-Нұр. Има-ни, ислами, ғылыми, рухани қажеттіліктеріңізді қанағаттан-дыратынына көздерің жетеді. Мазаны алып жүрген көптеген сауалдарға толық жауап берілгендігіне таңғала шүкір ете оты-рып сезетін боласыңдар. Рисалей-Нұр сендер үшін жазылған Иләhи ақиқат жинағы екенін мақұлдап, жан тыныштығына бөленіп, бақытты өмір сүре бастайсыңдар. Ол Нұрларды қайта-қайта, тіпті өмір бойы, оқудың ынта жігерінен, құлшынысынан құтыла алмайтын халге түсесіңдер.Рисалей-Нұрдың баяндаған тақырыбын қызыға үйреніп жүретін көзі ашық достарым!Құран Кәрімнің мағынасы білінбесе де, оқылған немесе тыңдалган кезде іштей жанға жайлы, рухқа азық түрінде әсер етеді. Өйткені ол Аллаһтың сөзі.Бұл Аллаhтың сөзіндегі және Ислам дініндегі мағынаның қасиеттілігі сонша, түркі халықтары Ислам діні арқылы аты шығып, материктер мен өлкелерді Ислам қанатының асты-на алды. Мың жыл бойы Исламның ақ туын алып жүрді. Сол сияқты Құранның қазіргі замандағы құнды тәпсірі Рисалей-Нұрдағы кейбір мәселелерді әу баста түсіне алмасаңдар да, оның рухани әсері, мағынауи фейзі жандарыңа, көңілдеріңе ұялап, ой-өрістеріңді баурайды. Құр қалмайтындарың сөзсіз, иә құр қалып та жүргеніміз жоқ. Оның үстіне адам жараты-лысы тек ақылдан ғана емес, көңіл, рух, ар-ождан сияқты ру-хани сезімдерден құралган. Әрбір имани мәселелерді алғаш оқығанда түсіне алмасаңдар да, рух, көңіл өз сыбағаларын

172алып отырады. Рисалей-Нұрдың осы рухани әсерінен ғой деймін, Рисалей-Нұр алғаш жазылған кезінде Нұр шәкірті он шақты ғана болса, қазірде миллионнан астам. Дүниеге таны-мал ой-пікірлердің қатарына қосылып, өте қуатты имандылық ағыны болып Анадолыны жайлап алды. Еуропа, Америка, Азия құрлықтарына дейін жетіп, өзінің күш-қуатын мойын-датып отыр. Сондай-ақ, дін дұшпандарының үрейін ұшырып, күйрете соққы берді. Ислам дінімен иманды жандандырып, жас ұрпақты толқытып әкетті. Қаhарман, ержүрек жандарды оятып, Ислам діні мен имандылық жолында қолда барын пида ететін дәрежеге шығарды және шығаруда. Қазір Ислам әлеміне кеңінен тарап абырой мен атаққа ие болды, солай бола да бер-мек. Сондықтан күн сайын үзбей оқуды әдет етіңдер. Өзін қайта-қайта, жалықтырмай оқытқызған бұл құнды шығармалар жинағын оқыған сайын ойлау алаңыңыз кеңейіп, тереңдей түседі. Түсінудің тікелей шарасы Нұрлармен жеке отырып, қайта-қайта толғана да ойлана оқу, ынта мен жігер таныту.Құрметті достар! Рисалей-Нұрдың мәнері ерекше. Ол ешқандай да тәсілге ұқсамайтын тартымды тәсіл, өзге бір мәнер. Бәдиүззаман Саид Нұрси Құранның тәпсіршісі, бір жағынан ғасырымыздың ең үлкен әдебиетшісі, тілі өткір шешені. Бірақ сөздің сұлулығына, әдемілігіне мән беретін, сөзім сұлу болсын деп мағынаға зарар беретін, көйлек үшін денені кесетіндерден емес. Ол өзіне тән өте әсерлі, жағымды бір баяндау мәнеріне ие. Сондықтан Нұр рисалелерінде Құран мен Иман ақиқаттары барынша жарқын, керемет әрі тартымды да әсерлі түрде түсіндіріліп, дәлелденіп отырады.Рисалей-Нұр дегеніміз ақиқаттар жинағы, алып сөздер қазынасы. Бір сөйлемде бір беттік, бір бетте он беттік, бір жазбасында бір кітаптық мағыналар жатады. Осын-дай терең мағыналы сөздерден тұратын салауатты шығарма. Сондық-тан да оның дәрістері өте әсерлі, аса пайдалы. Мамандарға мәлім; иман жайындағы мәселелер-де егжей-тегжейлі анықтамалар дәрістің әсері мен мағынасын қиындатып

173жібереді. Ондай дәрістер адамды қанағаттандыру тұрғысында аса пайдалы нәтиже бере қоймайды. Ал имандылық жайындағы ақиқаттардың жинақты түрде дәріс берілуі әлдеқайда әсерлі де құнарлы hәм түсінікті болғаны жөн. Рисалей-Нұрдың осындай әдіспен егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Ойды көп шұбыртпай қысқа әрі түсінікті баяндаған.Иман іліміне құштар достарым! Бәдиүззаман Саид Нұрси «Ықылас сыры» рисалесінің соңында бізге мынадай үлкен сүйінішті хабар берді. Осы кезге дейін мұндай таңғажайып жеңілдікті адамзатқа сыйға тартқан автор болмаған шығар деп ойлаймын. «Сүйінші! Бұл кітаптарды бір жыл түсіне және мойын-дай отырып оқыған адам қазіргі заманның ақиқатшыл ғалымы бола алады.» Иә, ғылым көз ілеспес жылдамдықпен дамуда, рухани даму да одан қалар емес. Ғылым мен техниканың бір сағаттық жолды бір секундта жүріп өтетін дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Рухани сала одан әрі жылдам әрі ауқымды да терең. Бұрыңғы заманда жарты ғасырда қол жететін ақиқат іліміне, қазіргі таңда қысқа мерзімде қол жетуде. Бәлкім одан да шапшаң болар. Құдай жарылқап, бұл ғасырдың мұсылмандарына және адамзатқа оларды аман-есендікке қауыштыратын, үйренуге жеңіл Ислами білім және имани пай-да көзі шықты. Оны естіген дені дұрыс әрбір адам, әсіресе әрбір мұсылман, әлгі байлыққа ие болу үшін Нұр рисалелеріне беріле де сүйсіне еңбек етуге қалай ғана асықпасын?.Белсенді достар! Мұнша қадірлі, мұнша қастерлі шығармалар жинағын неғұрлым ертерек оқып, әр күн Иман және Ислам ақиқаттарын алу үшін барлық күш-жігерді са-лып жан-тәндеріңмен ұмтылатындарыңа кәміл сенемін. Әрі солай болуына тілектеспін. Себебі: жастық шақ өтіп, уақыт зымырап барады, өткен күндер қайтып оралар емес. Иә, біз мұғалімдерімізден көмек, не ата-аналарымыздан ынталандыру күтпейміз, күткеніміз де жоқ. Біз тек Құдайдың құдіретімен өзі-өзімізді жетілдіріп, тырысып бағамыз. Иншаллаh, тынбастан, шын беріле еңбек етсек, міндетті түрде ілгерілейтін боламыз.

174Сөйтіп Ислам діні мен иманның жоғарғы мәртебелі шыңына шығамыз. Көңілімізді Құранның нұрымен, ой-санамызды иман ілімімен нұрландыратын боламыз. Көңіл мен сана-ны іске қосып, Құдайдың адал да пәк, әрі күрескер бір құлы, Расулуллаhтың ықыласты, ержүрек бір үмбеті болу жолында Нұр Рисалелерімен бірге нық басып ілгерілейтін боламыз.Рисалей-Нұрдан ескі жазуды үйрену тұрғысына келетін болсақ, Құран жазбасымен жазылған Нұр рисалелерін жазғанда көп нәрсе ұтамыз. Ескірмейтін сол жазуларды қысқа мерзім ішінде үйреніп жатырмыз. Оны жазарда адамгершілігіміз арта-ды, Һәм Рисалей-Нұрдың кітапшаларын көбейту арқылы Иман мен Құранға қызмет етілгендіктен орасан зор рухани нұрға бөленеміз. Жазып отырып үйренген білім есте ұзақ сақталады. Сондықтан күні бүгінге дейін мыңдаған жастар Құран әліппесін Рисалей-Нұрды жаза келе үйренді.Қадірлі достарым! Рисалей-Нұрдың бірнеше ерешеліктері мен қасиеттеріне тағы да тоқталып өтсем деймін.Рисалей-Нұрда кездесетін таңғажайып ғылыми қуат, тақлиди (көшірме) иманды тахқиқи (толық) иманға айнал-дырады. Адамды табанды, қуаты тасқан мұсылман, ілімімен амал жасайтын кәміл мүмин болуға баулиды. Жиіркенішті, лас нәпсіқұмарлық пен пасықтықтан аластатып, таза, мәңгілік пен сарқылмас рахатқа кенейтін іс-әрекеттерге жетелейді. Адамға өмірдің қызығын көрсетеді. өмірді сүйгізеді, сүйсіндіреді. Менмендіктен бас тартқызып, иманды құлшыныс береді. Бойкүйез жалқауларды еңбекқор етіп, адам бойына екпінділік береді. Орташа ғана адам емес, ең ілгері адам болу ойын туғызады. Менмендік, тәкәппарлық сияқты жағымсыз ахлақты жойып, адамды инабатты, кішіпейіл, абыройлы атандырады. Дүрдараз екі жақты татуластырып, жамандыққа жамандықпен емес, жақсылықпен жауап беруді үйретеді. Сендер секілді таза, кіршіксіз, тәрбиелі жастарды жаман ортадан әсер алып, нашар мінез-құлықтың иесі болу пәлекетінен сақтайды.

175Міне, сол үшін де Рисалей-Нұрды беріле әрі үзбей оқыған нағыз бір Нұр шәкірті, нашар мінезді адамдардың ортасына түссе де, өз мінезін өзгертпестен, олардан бойын аулақ ұстап, өзін құтқарып қалатын болады.Әрі мінез-құлқы мен тәрбиесін жоғарылату үшін нәпсімен күреске түседі. Рисалей-Нұрдан үйренген мағлұматтармен, имани қуаттылықпен жеңіске жетеді. Әлгі бұзылған ортаға, адамдарға берілмей, керісінше Рисалей-Нұрды тарата отырып, иман негіздерінің әлсіздігінен пайда болған әлгі бұзық ортаны түзетіп жөнге салуда ыждағатты күрескер болады. Қоғамдық жоғары сапаларға ие бір жаңартушы тәрізді мақсаты мен қағидаларында даму басталады. Басты талабын орындау және іске асыруда жеңістен жеңіске жетіп, өршелене түседі.Иә, достар! Бүгінгі әлеуметтік кемшілік-терімізді жойып, жөнге салатын бірден бір әсерлі де негізгі ұйтқы және іргетасы мықты бір ақиқаттың бұлағы бар. Ол не дейсіздер ғой. Ол- Рисалей-Нұр. Содан болар ақиқатты түсінген нағыз нұрлы да көзі ашық мектеп жастары Рисалей-Нұрға ағыл-тегіл, өкпелерін қолдарына ала ұмтылуда.Иә, әрдайым да ой-өрісіміз өркендей бермек. Рисалей-Нұр бізге мына өткінші дүниенің мәңгі бақытқа қол жеткізу үшін құрылған сауда орны екендігінен түсіндіруде. Біз де жан-жақты ілімдердің негізі, қайнары, нұры, жаны болып табылатын иман ілімін оқып, көңілімізге тоқып ұлы күресте жеңіске жету үшін бір сәт тынбастан, әрдайым өрлеу, әрдайым ілгерлеу, әрдайым дамуымыз керек. Ол үшін де Рисалей-Нұрға қызмет етеміз, болашақта да қызмет ете бермекпіз.1947ж.Коня қаласы, Нұр шәкірттеріатынан Зүбейір Гүндүзалп

176Бүкіл әлемнің батпайтын рухани күні Құран Кәрім, үлкен кітап тәріздес әлемнің жаратылу аяттарын оқыту, мән-мағынасын көрсету үшін нұр сәулесін шашады. Адамзаттың санасын нұрландырып, сыратал мустақимды, яғни тура жолды көрсетеді. Адамзат әлеміндегі әрбір тұлға, өзінің жаратылыстағы мақсатын, талап-тілектерін, қайда кетіп бара жатқанын, бағытын сол hидает күнінің нұрымен көреді, сол арқылы табады. Ол hидает нұрына шомылғандар, қабілетіне қарай оған айна болып шағылысып, жақындай түседі. Болмыс пен тіршіліктің мән-мағынасы, тек сол нұрмен анықталып сол нұр арқылы көрінбек. Сонда ғана түсінікті, сонда ғана белгілі болар. Әзәли Күннің ру-хани хидает нұрлары болып саналатын Құран Кәрім, сана мен көкіректің көзімен хақ пен ақиқатты көруге жол ашады. Оның нұрынан жырақта қалғандар қараңғыда қалады. Өйткені кез келген нәрсе нұр арқылы көрінеді, аңғарылады, білінеді.Міне, осы ақиқаттың рухани да мәңгі өшпес күні Құран Кәрімнің нұр шуағын бүгінде «Нұр» есімімен аталып жүрген «Рисалей-Нұрдың» мағынауи тұлғасы иеленіп отыр. Ол нұрлар қараңғылықты жаны сүйетін жарқанат тәрізді, қапы қалып, күндізі түнге айналған, азғындыққа салынып, ақылы көзіне түскен, түнекте қалып, көрсоқыр болғандарға және адасып жүргендерге шам-шырақ болып, өзінің нұрын иман ақиқаттарына бағыттап, «сыратал мұстақимды» алаңсыз көрсоқыр болмағандарға көрсетеді. Нұр шашқан асасымен кәпірлер мен құдайдан безгендерді төмпештеп:

177– Я, ақылыңды алып таста, хайуан бол! Я, ақылға кел, адам бол, дейді. Ілім – нұр болғандықтан Рисалей-Нұрдың ілім дариясындағы тереңдігін көрсететін бір-екі дәлелге қысқаша тоқталып өтсем деймін.Әуелі: мынаны есте сақтаған жөн. Рисалей-Нұр басқа кітаптардай емес, тек қасиетті Құранды ұстаз деп та-нуы, оған қызмет етуі тұрғысынан жарамдылығын айтып түсіндірудің қажеті жоқ. Ол белгілі. Біз тек ғылым адамда-рына Рисалей-Нұрдың құндылығын түсіндіру үшін мынаны білдірсек дейміз: Рисалей-Нұр күні бүгінге дейін ешбір ғалым толық қанағаттанарлық түрде растай алмаған, шеше алмаған түйіндерді, мәселелерді өте оңай түрде қарапайым адамдардан бастап, жоғары білімді адамдарға дейін, әркім қабілеттілігіне қарай түсіне алатын түрде, шүбәсіз, толық қанағаттан-дыратындай етіп анықтамалар мен түсініктемелер жасайды. Аталған ерекшелік, ешбір ғалымның еңбегінде жоқ деуге бо-лады.Екіншіден: Барлық, нұр шығармалары; Құран Кәрімнің кейбір аяттарының тәпсірі болып, оның рухани ұшқындары екендігін жан-жақты көрсетуі. Үшіншіден: Адамдардың аса қажеттіліктеріне бұлтартпас дәлелдер мен айғақтар келтіріп ғылыми түрде жауап береді.Мәселен, Аллаhтың бар екендігін, ақыретті, басқа да иман негіздерін, бір ғана атомның өзіне тән хал тілі және кәдуілгі тілімен, яғни оны сөйлеттіріп дәлелдеп береді. Мәшhүр Ис-лам даналары: Ибн Сина, Фараби, Ибн Рушд сияқты ғұламалар бұл мәселелерді болмыс атаулыны дәлел ретінде қолданып көрсеткен болса, Рисалей-Нұр ол ақиқаттарды бір атом немесе бір дәннің тілімен дәлелдеп көрсеткен. Егер оларға Рисалей-Нұрдың ғылыми құдіреттілігін көрсету мүмкін болса, олар тізе бүгіп Рисалей-Нұрдан дәріс алар еді.

178Төртіншіден: Рисалей-Нұр адам баласының жылдар бойы еңбек етіп қол жеткізе алмайтын білімді бейне бір түймедаққа ұқсатып қысқа мерзімде қолға береді.Бесіншіден: Рисалей-Нұр, ғылымның басты мақсаты бо-лып табылатын Аллаh ризашылығына бөленуге себеп бо-луы, ғылымды ешқашан бас пайдасына қолданбай шынайы түрде адамзаттың игілігіне қызмет ету сияқты киелі міндетті арқалауда.Алтыншыдан: Рисалей-Нұр қуатты да киелі және имани бір толғаныстың жемісі болып, болмыс атаулының өзіндік тілі мен хал тілінің аудармашысы, бір жағынан иман ақиқаттарын ғылмеляқин, айнеляқин, хаққаляқин дәрежелеріне шығарды.Жетіншіден: Рисалей-Нұр, негіз жағынан барлық ілімдерді қамтиды. Ілімнің жіптерінен тоқылған әсем кесте тәрізді. Осыған дейін ешбір ғалым тарапынан айтылмаған, барлық ғылым саласына қатысты нақыл сөздер жинағы. Мысал ретінде бірнешеуін атап, тереңірек білгісі келетіндер болса ойларын Рисалей-Нұрдың өзіне білдірсін деп кеңес береміз.1. Масаның көзін жаратқан, күнді де сол жаратты.2. Бүргенің ішкі құрылысын реттеген, Әлемнің жүйесін де Сол реттеді.3. Бір молекуланы жарату үшін бүкіл әлемді жарата ала-тын шексіз құдірет қажет. Өйткені мына «Әлем»атты Ұлы кітаптың әрбір әріпі, әсіресе «тіршілік иесі» оның әр сөйлемімен тығыз байланыста. Бір-біріне қарайтын жақтары мен көздері бар.4. Табиғат деген не? Ол - бейне бір баспа, бірақ басатын ол емес. Ол - сурет, суретші емес. Ол - қабылдаушы, беруші емес. Ол – жазылған дәптер, жазушы емес. Ол – реттелген нәрсе, реттеуші емес. Ол – заң, құдірет емес. Ол – заңдар, жинағы негізі жоқ нәрсе.

1795. Әрдайымғы тұрақты, жаратылыс заңдары сияқты, Рух та бір әмір арқылы «Аллаһтың Ирада Ерік» атты сипатан келеді. Құдірет оған сезім мүшелерінен тұратын дене кигізген. Сөйтіп жылжымалы сезімді әлгі қауашаққа енгізіп ұялатқан.Тағы сол сияқты мыңдаған нақыл сөздері бар.Доктор МустафаХилми Рамазанұлы.

180РИСАЛЕй-НҰР ТӘПСіРіНің АВТОРЫ БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлық жасы алтыға енді толған баланы ата-анасынан жыраққа алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын зерек ол, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе білімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленетіндіктен замандас ғалымдар оны “Бәдиүззаман” (Заманның озығы) деп атайды.“Ескі Саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат қиыншылықтар оның жанына қатты бататын. Мұның шарасы ретінде халықтың көзін ашу, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи жаңа ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін айтып, соған бар күшін жұмсап бағады. Өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғындарға қатысып талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен Отанына оралған соң қайтадан Ислам әлемінің мәселелерін талқылап, оның шешімін іздейтін Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады. Стамбулды жаулап қоршауда қалған қаралы күндерде

қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын кітапшалар таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болып азаттық алуға мол үлесін қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, оны ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздерін мықтап ұстануға уағыздайды.Бұдан кейін оның “Жаңа Саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан таза ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды. Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар арасында қызығушылық туғызады. Оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқаны басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады. Әрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа шақырылады. Кастамону, Эмирдағ, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.Адам төзгісіз зұлымдықтарға душар болса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген күпірліктің қара бұлтына қарсы, Құранның нұрын айнадай көрсетіп, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «Рисалей-Нұр» тәпсірі міне сол қиын кезеңдердің жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолдарына аманат қылып тапсырған ол, құдды бір міндетін адал атқарған әскерге ұқсайды.

182Құранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманның ұғымына сай анық та қанық баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылған. Содан болар осы бір Құрани тәпсір, нұр кітаптары қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған мұсылмандар қызыға оқуда.Муфәссир яғни Құранды тәпсірлеуші ғалым-ғұлама Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың23-наурыз күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанып кете барады.* * *

НЕЛіКТЕН ЖҰРТ РИСАЛЕй-НҰРДЫ ҚЫЗЫҒА ОҚИДЫ? СЕБЕБі ОЛ БАРШАНЫ ОйЛАНДЫРАТЫН ӨЗЕКТі МӘСЕЛЕЛЕРДі ҚОЛҒА АЛЫП, МАЗАЛАП ЖҮРГЕН СҰРАҚТАРДЫң ЖАуАБЫН БЕРЕДі. АТАП АйТСАҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дәлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дәлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дәлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тәуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)

184* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)*Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған және бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған

дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам ғаләйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уәсуәсәсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығы. (4-Лема)

186РИСАЛЕй-НҰР ТОПТАМАСЫҮЛКЕН КіТАПТАР:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар», «Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары», «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери»КіШКЕНЕ КіТАПШАЛАР:«Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «Диван-ы Харб-и өрфи», «Әлхужжәт-ул Зәхра», «Әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и Шамие», «Иджтихад рисалесі», «Иман хақиқатлари», «Ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул Иман», «Миғраж уә Шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр Әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә Шәфкат илачлары», «Рамазан-Иқтисад-Шүкір», «Сунухат-Тулуат-Ишарат», «Табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «Иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».

Рисалей-Нұр топтамасынан қазақ тіліне аударылған кітаптар:«Сөздер», «Лемалар», «Асай-Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары», «Қанағат сыры», «Ханымдар шырағы», «Жастар шырағы», «Ықылас сыры», «Табиғат сыры», «Адам және Иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі», «Қысқа сөздер», «Өлім және Мәңгілік», «Тәухид сыры», «Дерт пен Дауа».Рисалей-Нұр туралы мына интернетсайттардан мағлұмат алуға болады:www.nurfeyz.kzwww.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.com

188Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ЖШС ТОО Нур Фейз,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 241 09 34.E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook