101Құран ғажайыптарыАспан ашық, тап-таза, ештеңе байқалмайды. Кенет таңғажайып мах шар алаңына ұқсап таудай алып бұлт бөлшектерінің пайда болуы әрине өздігінен, кездейсоқ емес. Оларды міндетті түрде жан-жануарларды білетін біреу жинастырады. Сонымен, осы аталмыш мағынауи екі ортада Аллаһтың “Қадир”, “алим”, “мұтасаррыф”, “мүдәббир”, “мүрәбби”, “мүғис”, “мүхий” секілді есімдерінің көкжиектері көзге шалынады.шешендігіне сегізінші тұжырым. Құран Кәрім, кейде ертең ақырет те Аллаһ Тағаланың таңғажайып істерін жүрекке қонымды ету үшін да йындық ретінде әрі растату үшін кіріспе түрінде дүниедегі ғажап істерін баяндайды. Немесе келешекте, яғни ақыретте болатын Иләһи ғажап құ бы лыстарды айта бастайды. Осылайша, күнде көріп жүрген ұқсас құбы лыстарға қарап көңіліміз көншіп, көзіміз жетеді.Мысалға:жалғасы бар...Міне, бұл жерде Құран Хаким, хашірді дәлелдеу үшін жеті-сегіз жақтан дәлел келтірді. Әуелі ең алғашқы жаратылысты назарға ұсынып былай дейді:“Бір тамшы суды ұйыған қанға айналдырдым, оны мұдғаға яғни шайнам етке, сосын оны адам бейнесіне, осылай жалғаса келген жаратылыстарыңды өздерің де көріп отырсыңдар. Ендеше, қалай ғана кейін тағы болатын соңғы жаратылыстарыңды жоққа шығарып сенбейсіңдер. Ол сол сияқты, тіпті одан да жеңіл”.Һәм, адамзатқа жасалған Иләһи мол қамқорлықтысөзімен білдіріп былай дейді: “Сендерге мұнша ырыс-нығмет берген Құді рет қабірге кіріп алып қайта шықпайтындай басы бостыққа, жауап сыз дық қа жол бермейді”.
102Рисалей Нұр жинағынанҺәм рәмізді түрде былай дейді: “Өліп қалған ағаштардың қалай тірі ліп жатқанын көріп жүрсіңдер. Сол секілді отынға ұқсас сүйектерге жан бітетінін салыстыруға саналарың сарсылып, қайта тірілу ақылға сыймайды деп даурығасыңдар”.Һәм, аспан мен жерді жаратқан құдіретке, оның жемісі яки бөбегі тәріздес адамзатты өлтіріп, қайта тірілту қиын болып па? Зәулім ағашты егіп-өсірген, ол ағаштың жемісіне қарамай, бөтен біреулерге беріп қоя ма? Бір ағашты бүкіл нәтижесімен бірге тәркі еткендей барлық бөлшектері керемет хикметпен, биік мақсатпен жаратылған “әлем” ағашын бекерге, босқа жаратқан болуы мүмкін бе?” Сөзін жалғап былай дейді: “Махшар күні сендерді жарататын Құдірет сондай біреу, бүкіл ғалам оның тіл алғыш әскері іспеттес. Барлығы Оның “күн фая күн” әміріне толық мойынсұнып құрдай жорғалайды. Көктемді жарату бір түйір гүлді жарату секілді Оған оп-оңай. Бүкіл жан-жануарларды жарату бір шыбынды жарату секілді құдіреті күшті Біреу”. Ондай Біреуге қарсы (Шіріп кет кен сүйектерді кім тірілтеді?) деп асылық қылып, шексіз құдіретіне шек келтіруге болмайды.Сосын тағы сөзімен бы лай дейді: “Ол – барлығын өзінің құдірет қолында ұстап тұрған, бәрін білетін, толық басқаратын, күн мен түнді, жаз бен қысты кітап парақтары секілді оп-оңай ауыстыратын, дүние мен ақыретті екі бөлме секілді бірін ашып, бірін жабатын Қадир-і Зүлжәлал ғой”.Олай болса, келтірілген бүкіл дәлелдердің нәтиже, түйіні ретінде дейді, яғни “Сендерді қабірден тірілтіп алып, махшарға жинап өзінің Ұлық құзырында есепке тартатын болады”. Міне, аталмыш аяттар сананы хашірге сенуге, жүректі оны қабылдауға әзірледі. Өйткені, оған ұқсас оқиғаларды дүниеден тауып көрсетті.
103Құран ғажайыптарыҺәм, кейде ақыреттегі істерін тамаша суреттейтіні сондай, дүниедегі ұқсастары ойға келіп, хашір ақылға сыймайды деуге ауыз бармайды, сенбеске шара қалмайды.мысалы: жалғасы бар..және және Міне, осы сүрелерде Қиямет болып махшардағы түбегейлі өзгерістерді, Рубубиеттің басқаруын керемет түсіндіргені сонша, адам оған ұқсас оқиғаларды дүниеде, атап айтқанда күз бен көктем маусымдарында көр гендіктен әлгі ұлық та қорқынышты, дүниелік ақылға сыйымсыз көрінген төңкерістерді оңай қабылдайды. Бұл үш сүренің қысқа мағынасына ишараның өзі ұзаққа созылатындықтан бір ғана сөзін үлгі ретінде көрсетеміз.Мәселен: сөзі былай дейді: “Махшар күні әркім нің істеген амалдары бір бетке жазулы халде алдына жайып салынады”. Дегенмен, бұл мәселе өте таңғажайып, зор мәселе. Сондықтан ақыл оның жолын таба алмай қиналатыны сөзсіз. Бірақ, сүренің ишара еткеніндей махшар күні тәріздес көктемде қайта тірілудің басқа да үлгі-мысалдары көп кездеседі және әлгі бір бетке жазылып алдына тартылады деген сөздің ұқсастары да көп. Себебі, әрбір жеміс ағашының, өсімдіктің де жасаған амалдары, атқарған істері, өзіндік міндеттері және Иләһи есімдерді қалай көрсеткен болса, дәл солай тәсбихтері, құлшылықтары яғни амалдары өмір тарихымен бірге дән-тұқымдарында жазылып, келесі көктемде басқа жерде өсіп шығады. Түр-түсі, пішіні қандай болса, сол оның тілі болып ап-анық түрде ата-анасының, тұқымының амалдарын көрсететіні секілді, тал-бұтақ, жапырақ, гүл-шешектері арқылы да амал дәптерін алдымызға жайып салады.Міне, көзіміздің алдында осы хикмет толы істі, мұқият сақтауды, кере мет басқаруды, әдемілеп өсіруді, нәзік аялап бағуды жасап отырған сөзсіз Сол Аллаһ. Сондықтан деді.
104Рисалей Нұр жинағынанБасқа жақтарын осыған салыстырып көр. Күшің жетсе терең бойла! Мынаны да айта кетейін, бәлкім саған пайдасы болар:аяты “тәкуир” сөзі арқылы яғни “орау”, “жинау” мағынасы арқылы тамаша бір мысалдамаға ишара етіп, сонымен қатар оған ұқсас нәрселерді де мегзейді.Біріншіден: Аллаһ Тағала “ғадем” (бейболмыс), эсир және аспан перде лерін түріп, Күн деп аталатын, дүниені жарық қылатын гауһардай шам-шырақты өзінің рақым толы қазынасынан алды да оны дүниеге шығарып көрсетті. Дүние бір күні жабылады. Сол кезде әлгі гауһарды перделерге орап қайтып алып кетеді.Екіншіден: Күн өзінің жарығын жаюға, оны жер бетіне қараңғылықпен кезектестіре орап, алмастырып тұруға міндетті қызметкер екенін айтады. Сондай-ақ, күнде кешке әлгі қызметкерге заттарын жинатқызып, жарығын жасыртқызғаны секілді, кейде бетін бір бұлт тұмшалап перде болады да алыс-берісін аз жасайды. Кейде жүзін Ай бүркеп, қарым-қатынас нашарлап кетеді. Сөйтіп, алыс-беріс жазу дәптерін жинастыра бастағаны секілді, әлбетте бұл қызметкер бір күні осы қызметкерліктен босап, міндетінен мүлдем азат етіледі. Тіпті, оған еш себеп болмаса да, бетіндегі әзірге кішкентай, бірақ үлкейіп бара жатқан екі дақ ұлғайып, бара-бара Аллаһтың әмірімен жерге шашып отырған жарық-сәулесін Раббысының бұйрығымен тоқтатады. Сонда Күннің жарығы өзінде қалып, оған: “Қане, дүниедегі жұмысың бітті. Енді Жәһәннамға бар да саған табынып, сен сықылды тіл алғыш, адал қызметкерді “өз бетімен лағып жүр, ешкімге мойынсұнбайды” деп жала жапқан әрі сені қорлап, тіл тигізген кәпірлерді жақ, күйдір!” деп айтылады. деген әмірді өзінің қара дақты бетінен оқиды.
105Құран ғажайыптарышешендігіне тоғызыншы тұжырым: Хәкім Құран бірде кішігірім кейбір мақсаттарды айтып келеді де, сосын сол шағын мәселе арқылы күллі, биік мақсаттарға назар аударту үшін әлгі сол кішкентай мақсатты жалпыға ортақ қағида боп табылатын Аллаһтың көркем есімдерімен бекітіп шегелей түседі. Жан-жақты қарастыра келе анық дәлелдейді. Мысалға:Иә, Құран айтады: “Хақ Тағала Сәмиғ-і Мұтлақ, яғни, барлық нәрсені естуші. Тіпті, Ол өте кішкентай, болмашы оқиға саналатын күйеуінен шағымданып, сенен үкім сұрап келген бір әйелдің дауын “Хақ” атымен естиді. Мейірімнің ең нәзік сәулесіне бөленген және қамқорлықтың жанкештілік дейтін ақиқатының бір ұшын көрсететін әйел затының бір мәселеде күйеуіне қарсы орынды дауын, Жаратқан Иесіне айтқан шағымын үлкен мәселе ретінде Рахим есімімен аса мән бере естіп, “Хақ” атымен жіті қарайды”.Міне, осы кішкентай мақсаттың арнасын кеңейтіп, оны жалпыға ортақ, күллі ету үшін жаратқандарының болар-болмас бір оқиғасын еститін, көретін және мүмкіндік әлемінен тыс Біреу, әлбетте, барлығын еститін, көретін біреу болуы керек. Ғаламның Раббысы, ғаламдағы жәбір көрген кіп-кішкене мақұлықтарының дерттерінен хабардар болып, жылаған за рын естуі керек. Дерттерінен бейхабар, мұң-зарын естімейтін “Рабб” бола алмайды. Олай болса сөздің түйіні: яғни, Құран осы сөзбен екі үлкен ақиқатты ортаға қойды.Һәм мысалыға:
106Рисалей Нұр жинағынанМіне, Құран Хаким Хабиб-і Әкремінің (с.а.у) миғражының басталған жері Мәсжид-і Харамнан Мәсжид-і Ақсаға дейінгі, яғни, Мекке қала сындағы мешітінен Иерусалимдегі киелі мешітке дейінгі сапарын баян даған соң, (Расында ол, бәрін естуші әрі бәрін көруші Біреу) деді. (расында ол) сөзіндегі есімдіктің екі мағынасы болуы ықтимал, яғни, “ол” деген есімдік я Аллаһ Тағала, я Пайғамбар (с.а.у) болуы мүмкін. Егер Пайғамбарды айтып отыр десек, тілдің емле ережесіне сәйкес және сөздің орайына қарай, мынадай мағына шығады: “Осы бір қысқа сапарда жалпыға ортақ, ауқымы кең самғау, көкке көтерілу болды. Сөйтіп, Сидрет-үл Мүнтехаға одан Қаб-ы Қаусәйінге дейін жал ғасқан жолда яғни Иләһи есімдердің шексіз мәртебелерін жүріп өткен кезде көзіне, құлағына шалынған Раббани аяттарды және Иләһи өнердің ғажайып сырларды толық көріп, естіп келді” дейді. Бұдан, “Ол қысқа да ғажап саяхат, негізінде өте ауқымды да жан-жақты, керемет әлемге бастар саяхаттың кілті болып табылатын” деген мағына шығады.Егер, есімдікті Аллаһ Тағала деп түсінер болсақ, мынадай мағына шы ғады: “Бір құлына саяхат жасатып өзінің құзырына шақырып алды да оған зор міндет жүктеу үшін Мәсджид-і Харамнан бастап әнбиялардың бесігі болған Мәсджид-і Ақсаға апарып, пайғамбарлармен түгел жолықтырып, барлық пайғамбарлардың діндерінің негіздеріне нағыз мұрагер, мирасқор екенін көрсетті. Содан соң сонау Сидрет-үл Мүнтехаға, Қаб-ы Қаусәйінге шейінгі мүлік пен мәләкутын яғни ғалам ағашының ұшына, жаратылыстың шегіне шығарып, болмыс атаулының ішкі-сыртқы жақтарын жаппай көрсетіп, мән-мағынасына терең бойлатып кездірді. Иә, Оның құл екені рас. Кішкене миғражда саяхат еткені де рас. Алайда ол құлда бүкіл ғаламға қатысты ұлы аманат бар болатын. Әрі
107Құран ғажайыптарымына ғаламның өңін өзгертіп жіберетін бір нұр болатын. Әрі, мәңгі бақыт әлемінің қақпасын ашатын бір кілті бар болатын. Сондықтан Аллаһ Тағала өзін “барлық затты көруші, естуші” сипатымен сипаттады. Осылайша әлгі аманаттың, манағы нұрдың, сол кілттің бүкіл әлемді қамтитын хикметтерге толы, өте маңызды екенін білдіріп тұр.Һәм, мысалға:Міне, мына сүреде былай дейді: “Аспан мен Жердің Фатыр-ы Зүл жәлалы жер мен көкті сұлу етіп көркемдеп, өзінің кемел өнерін көр сету арқылы оны көрген сансыз көрермендеріне мадақ айтқызып, қошеметтеріне бөленуде және әлемді мол нығметке толтырып, жайнатып қойғаны сонша, әлгі нығметке толы жер мен көк және ондағы нығметке бөленгендер өз тілдерімен осының бәрін жаратқан Фатыр-ы Рахманға соңсыз шүкір, шексіз мадақ, алғыстарын білдіруде” дегеннен кейін, тақырып періштелерге ауып былай дейді: “Жер бетіндегі шаһарлар мен елдерді кезу үшін Фатыр-ы Зүлжәлал берген мүше-ағзалар мен қанаттарды пайдаланып саяхат жасайтын адамзат пен құстар және жануарлар секілді анау көк аспандағы сарайлар секілді жұлдыздарды, елді-мекенге ұқсас зодиак шоқжұлдыздарын араласын деп, сол жердің тұрғындары болып табылатын періштелеріне қанат сыйлаған Зат-ы Зүлжәлал, әлбетте, барлығынан үстем, құдіреті шексіз болмақ керек. Шыбынға бір жемістен екіншісіне қонатын қанатты, торғайға ағаштан ағашқа ұшатын қанатты кім берген болса, әрине, періштелерге де Шолпан жұлдызынан Юпитерге, Юпитерден Сатурунға ұшатын қанаттарды Сол берген.
108Рисалей Нұр жинағынанҺәм, періштелер жер тұрғындары секілді шағын әрі болмыстары шектеулі жаратылыс емес. Оларды белгілі бір мекен, уақыт шектей алмайды. Бір уақытта төрт немесе одан да көп жұлдыздарда бола беретініне мына сөздері арқылы ишара етеді.Міне, бір қарағанда шағын оқиға болған “Періштелерді қанатпен жабдықтау” сөзімен Аллаһтың шексіз кең, жалпыға ортақ ұлы құдіретінің алыптығына ишара ете отырып, деген түйін сөзбен растап, бекітті.шешендігіне оныншы тұжырым: Аят кейде адам баласының асылық қылып жасаған бүлік амалдарын айтады. Оны қатты сынға алып, доғаруды бұйырады. Сосын мұндай қатаң ескерту адамдарды үмітсіздікке түсіріп, күдерін үзіп кетпесін деп рақымшылығын сездіретін кейбір көркем есімдерімен қорытындылап, жұбаныш сыйлайды. Мәселен:Сонымен, бұл аят былай дейді: “Айт! Егер сендер айтқандай иелігінде ортақ, басқа біреу болса, міндетті түрде ол Рубубиет ғарышына қол сұғып, біршама тәртіп бұзылған болар еді. Алайда жеті қабат көктен бастап, сонау майда жәндіктерге шейін жалпы не жалқы түрде, үлкен-кіші күллі мақұлықтар, өздерінің әсем жаратылыс айналарында жарқын түрде көрініп тұрған Иләһи есім-сипаттардың шағылыстарын көрсету арқылы сол көркем есімдердің иесі Мүсәмма-и Зүлжәлалды тәсбих қылып, пәктеп, Оның серігі, ортағы, ұқсасы жоқ екенін жар салуда.
109Құран ғажайыптарыИә, мәселен аспан, өзіндегі Күндер, жұлдыздар секілді нұр шашқан сөздерімен және өзіндегі хикмет жүйесімен Оны пәктеп, Оның жалғыз екеніне куәлік етуде. Ауа қабаты да өзіндегі бұлттар, найзағай, жай, жауын-шашын секілді сөздерімен Оны тәсбих етіп, мадақтап, бір екенін дәлелдеп жатыр. Сол секілді жер беті де өзіндегі жануарлар, өсімдіктер, болмыс атаулы жанды сөздерімен Халиқ-ы Зүлжәлалды тәсбих, тәухид қылып, бірлеуде. Сонымен қатар, әрбір ағаш та өзіндегі жапырақтар, гүл-шешектер, жемістер дейтін сөздерімен тағы да Оны тәсбих қылып, бір екеніне куәлік етуде. Сол сияқты, ең ұсақ жаратылыс, өте шағын болмыс, денесі кішкене бола тұра бойындағы шебер ою-өрнектер, сұлу нақыштарымен ишара қылып көптеген күллі есімдерді көрсетеді. Сол арқылы әлгі есімдердің иесі Мүсәмма-и Зүлжәлалды тәсбих қылып, Оның жалғыздығын дәріптейді. Сонымен, бүкіл ғалам жаппай, белгілі бір тілде, жұмыла Халиқ-ы Зүлжәлалды тәсбих етіп, Оның уахданиетіне куәлік ете, өздеріне жүктелген құлшылық міндеттерін толық мойынсұна, адал атқарып жатқанда, ғаламның өзегі, нәтижесі, айналасына сөзі жүріп тұрған халифа, балғын жеміс болып табылатын адам баласы бұлардың барлығына қайшы әрекет жасап, күпірлік етсе, Жаратқанына серік қосса, міндетті түрде тым жағымсыз атанып, ауыр азапқа лайық болатынын түсіндіре келіп, бір жағынан мүлдем үмітсіздікке түсіп кетпеуі үшін һәм “мұндай өте ауыр қылмыс жасап, қасарысып қырсықса да, ашуы қатты Қаһһар-ы Зүлжәлал қалай оларға мүмкіндік беріп, төбесінен жай түсірмей, әлемнің тас-талқанын шығармай отыр?” деген сауалдың хикмет-жауабын былай берді: Міне, осы аталмыш он иғжазды ишаралардан мынаны түсін: Аяттардың соңында кездесетін түйіндемелерде һидаеттің, яғни, тура жолдың нұр-сәулелерімен бірге көптеген иғжаз шуақтары бар. Сондықтан әдебиетші, тілге шешен ірі ғұламалар Құранның осы теңдессіз тәсіліне қайран болып, таңғалғаннан ауыздарын
110Рисалей Нұр жинағынанашып, естері кетті. деп аятына кәміл сеніп иман келтірген. Демек, кейбір аятта жоғарыда аталмыш бүкіл рәміздер, ишаралы мағыналар болумен қатар, тақырыбымыздан тыс көптеген басқа да тақырыптар табылады. Олардың бәрін жинап жаппай қарасаң Құранның иғжазының нақыштары, әсем безенген ою-өрнектері жалт-жұлт етіп соқырға да көрінеді.екінші жалынның Үшінші нұры: Құранды басқа сөздермен салыс тыруға мүлдем келмейді. Неге десеңіз, сөздің қадір-қасиеті, оның өтім ділігі, құдірет күші, көркемдігі төрт негізден бастау алады. Біріншісі, оны кім айтқан, яғни, мүтәкәллим. Екіншісі, кімге айтқан, яғни, мухатаб. Үшіншісі, неге айтқан, яғни, мақсат. Төртіншісі, орны, қай жерде айтқан, яғни, мақамы. Әйтпесе, әдебиетшілердің дегеніндей тек мақамымен шектелмейді. Ол қате түсінік. Олай болса, айтылған сөздің “Кім айтты? Кімге айтты? Не үшін? Қандай орында?” секілді жақтарына қарау керек. Құр сөзге қадалып қалуға болмайды. Сөз өзінің өтімділігін, күш-қуатын, көркемдігін осы аталған төрт бұлақтан алатыны рас.Енді, Қасиетті Құранның бастауына, қайнар көзіне назар аударалық. Олай болса, оның шешендігіне, қасиеттілігіне, көркемдігіне сөз жоқ. Сөздің мүтәкәллимге яғни оны айтқанға байланысты екені рас. Егер, сөз бұйрық я болмаса тыйым салу үшін айтылған болса, айтушының дәрежесіне қарай оның әсері, құдіреті әртүрлі болмақ. Неғұрлым жоғарыдан келсе сөздің әсері зор, іске асуы да тез әрі жойқын болады. Сөздің қадір-қасиеті де жоғары болмақ. Мысалға:яғни, “Ей, Жер! Міндетің аяқталды, суыңды тарт! Ей, Аспан! Қажеттілік қалмады, жауыныңды доғар!”
111Құран ғажайыптарыЖәне:яғни, “Ей, Жер! Ей, Аспан! Міндетті түрде келіңдер! Хикмет пен Құдіретіме мүлтіксіз мойынсұныңдар! Бейболмыстан шығып, бар болып, өнерімнің көрмесіне еніңдер!” деді. Сол кезде олар да: “Біз міндетті түрде саған бас иіп, толық бағыныштымыз. Бізге не айтсаң, бәрін сенің құдіретіңмен атқаруға дайынбыз”. Міне, күш-құдірет, ерік-қалауды қамтитын өтімді де өткір, нағыз бұйрық деп осыны айт. Сөзі неткен құдіретті де асқақ, қалай әсер етеді десеңізші!Енді, біреу шығып Жер мен Көкке әмірі жүретіндей былай десе:яғни, меңіреу заттарға сандырақтап бұйрық берсе, әлгі екі әмірді өзара салыстыруға келе ме! Иә, құр армандап, қиялға беріліп айтылған, бірақ әсте орындалмайтын бұйрық қандай? Нағыз бұйрық беруші, жоғары мәртебелі Әміршінің қызмет бабындағы екі етпей орындалатын әмірі қандай? Рас, әмірі бұлжытпай орындалатын бір қолбасшының тіл алғыш қалың әскеріне бұйырған “Алға!” әмірі қалайша әп-сәтте орындалады. Енді, дәл осы бұйрықты қатардағы жауынгер берсе, не өзгере қояды? Екі бұйрықта да сөз сырттай бірдей болғанымен нәтижесі жер мен көктей.Мысалы:һәм мысалға:осы екі аяттағы бұйыра айтылған екі әмірдің асқақ құдіретіне қара! Енді, адамдардың аузынан шығатын әмірлерді ойла! Апырым-ай, алып Күнді жылтырауық қоңызбен салыстырғандай емес пе!
112Рисалей Нұр жинағынанИә, қожайынның шаруа кезіндегі істі жүргізуі барысында айтқан сөздері немесе хас шебердің жұмыс үстінде өз өнеріне қатысты түсініктеме беруі яки аса жомарт, мол сый-сыяпат таратушы өзі жайған дастарханның басында сөйлеген сөзі қандай болады. Яғни, сөзімен ісі бірлесіп, атқарған ісін һәм көзге һәм құлаққа бірдей естірте: “Қараңыздар! Мынаны істедім, енді мынаны істеймін. Міне, мынаны мынау үшін жасадым. Бұл былай болады. Сол үшін де оны солай істеп отырмын” дегендей.Мәселен:Құранның көк аспанында мына сүре бір шоқжұлдыздай, ал, оның баяндауы болса жалт-жұлт еткен жұлдыздай әрі жәннаттың балдай жемісі тәрізді ғажап-ау ғажап! Қалай десеңіз, мына аятта болып жатқан істерді шешен де шебер жеткізіп, хашірдің көптеген мәртебелерін дәлелдерімен қоса баяндап келді де, оның нәтижесі болып табылатын нағыз ұлы махшар күнінсөзімен мықтап миға сіңдірді де, сүренің басында айтылғанындай хашірге сенбейтін кәпірлердің аузына құм құйып, үндерін өшірді. Енді, осы сөз саптауды бір пенде айтты деп ойлайық. Оның өзіне қатысы аз, тіпті, жоқтың қасы деуге болатын істер туралы баяндауы қандай болмақ. Айырмашылығы жер мен көктей. Нағыз тірі гүл мен оның өлі суреті іспеттес, одан да бетер.
113Құран ғажайыптарыМына аятынан бастап, сонау аятына шейін мағынасын жақсылап түсіндіруге кіріссек ұзаққа созылатындықтан, тек ишара ретінде былай демекпіз:Сүренің басында, кәпірлер қайта тірілуді, хашірді жоққа шығарғанына қарсы Құран оларды хашірге сендіру үшін сөзін былай бастады: “Төбедегі аспанға бір қарамайсыңдар ма? Біз оны қалай керемет әсем, жүйелі де алып бейнеде жараттық. Көрмейсіңдер ме оны жұлдыздармен әшекейлеп, Аймен, Күнмен құлпыртып безендірдік. Ешбір жерінде бір ақау, нұқсан дық таба алмайсыңдар. Қарамайсыңдар ма, жерді сендерге қалай түкті кілемдей жайып, мол хикметпен төседік. Жердегі таулар қазықтай әрі ол теңіз тасып, су шайып кетуіне тосқауыл болады.Һәм көрмейсіңдер ме, жер жүзінде түрлі-түсті және әрқайсысын аталық-аналық етіп, жұп түрде көкөніс, өсімдіктер жараттық. Оның әр тарапын әлгіндей әсемдіктермен құлпыртып қойдық. Сондай-ақ, көрмейсіңдер ме, аспан тарапынан берекелі су ағызамыз да, сол арқылы бау-бақшаларды, дән-тұқымдарды, биік әрі жемісі тәтті құрма секілді ағаштарды жаратып, құлдарымның ризығын сол арқылы жіберіп, уақтылы жеткізіп отырмын. Көрмейсіңдер ме, әлгі сумен қурап-өліп қалған жерлерді тірілтіп жа тырмын. Осылайша, хашірдің мыңдаған үлгі-нұсқасын дүниеде де көр сетіп отырмын. Қалайша, мына өсімдіктерді құдіретіммен сонау өліп қалған жерінен шығарып жатырмын, сол сияқты махшар күні сендерді де топырақтан шығарамын. Қиямет күні жер шары өлгенімен, сендер аман қаласыңдар”. Міне, осы аяттың хашірді дәлелдегенде пайдаланған шебер түсіндіру тәсілі керемет-ақ. Біз оның мыңнан біріне ғана ишара қыла алдық. Құранның баяндау шеберлігі мен адамдардың бір мәселені дәлелдеу үшін сарп еткен сөздерін салыстыруға мүлдем келмейді.
114Рисалей Нұр жинағынанОсы рисаленің басынан осы жерге дейін Құранның мұғжиза екенін қырсық дұшпанның да көзін жеткізіп, қабылдату үшін бейтараптық ұстанып келгендіктен, Құранның көптеген сырлары ашылмай құпия қа лып жатты. Енді, қанағаттандырарлық дәрежеде әрі жарқын түрде иғ жазы дәлелденді деп ойлаймын. Қазір көз жеткізіп, дәлелдеуді доғарып, ақиқатқа көшеміз. Бір-екі ауыз сөзбен Құранның баға жетпес шынайы мақамына, тым жоғары мәртебесіне ишара қыламыз.Иә, Құран аяттарының қасында басқа сөздер, жұлдыздардың әйнектерге түскен көмескі шағылыс-сәулелері мен нағыз жұлдыздың өзі қандай болса, сол құрлы да бола алмайды. Рас, әрбірі жеке-жеке нақты ақиқатты баяндайтын Құранның сөздері қандай, көмескі де шағын айнадай ғана адами ой-пікірден шыққан, сөздерімен жеткізілген мағыналар қандай, әрине, салыстыруға келмес. Расында, шартарапқа һидаеттің нұрларын шашқан, сондай-ақ, Шәмсі (Күн) мен Қамардың (Ай) Жаратушысы, ай бынды Халиқ-ы Зүлжәлалдың сөзі болып табылатын Құранның пе ріш тедей жанды сөздері қандай, адамның аузынан шығып әуестікті қоздыратын, қу нәпсіге жағымды, ебін тауып, ұйқастырылып айтылатын, байқамаса шағып алатын сөздері қандай, әрине, теңеуге келмес. Шынымен де шағатын шаян-жәндіктер мен мүбарак періштелерді, нұрлы рухани жаратылысты салыстыру қандай болса, адами сөз бен Құрани сөздерді де салыстыру сондай болар. Бұл ақиқаттарды Жиырма бесінші Сөз және оған дейін жазылған жиырма төрт Сөз дәлелдеген-ді. Көтерілген мәселе дәйексіз емес, дәйекті. Сүйенетін мықты тіректері жоғарыда аталған ақи қаттар. Құранның сөздерінің әрқайсысы гауһардай қымбат, іші толы һидает немесе әрбірі иман ақиқаттарының жеке-жеке бұлағы іспеттес, яки Ислам шарттарының жекелеген қайнар көзі секілді, я болмаса тұп-тура арш-ы Рахманнан түскен және ғаламнан тыс, бәрінен жоғары тұрған, һәм адамзатқа қатысты, адамзатқа түскен, сондай-ақ, Аллаһтың “Ілім”, “Құдірет”, “Ираде” (қалау)
115Құран ғажайыптарысипаттарын қамтып, мазмұндайтын, өміршең әрі мәңгі бақилық Құрани сөздер қандай, ал адамның әуестене, құмарлық аралас, қиялдан арыла алмай айтқан сөздері қандай? Арасы жер мен көктей.Иә, Құран бейне бір жәннаттағы “Туба” ағашы секілді. Оның жапы рақ жаюы - құдды Ислам әлемінің руханиятын, құндылықтары мен ке мел діктерін, ереже-заңдарын әлемге паш етуімен пара-пар. Ал оның гүл ашып, бүршік атуы болса, әрқайсысы гүлдей жайнаған Асфия, Әулие лердің шығуы. Олар әлгі зәулім ағашқа сән беріп, оны әрдайым балғын, жас қылып көрсетіп тұр. Ал, жемістері болса, кемелдік атаулы мен Иләһи ақиқаттар, болмыстың мән-мағынасы. Көптеген дән, дәнектері бол са, тұрмыста жиі пайдаланылатын ереже-заңдар, жекелеген бағыт-бағ дарламалар. Міне, осының бәрін қамтып жатқан жеміс ағашы тәрізді, тіз бек теліп кете беретін ақиқаттарды үйреткен Құран қандай, біз білетін адами сөздер қандай? Арасы жер мен көктей! Қасиетті Құран бүкіл ақиқаттарын ғаламға шашып, назарға ұсынғалы мың үш жүз елу жыл өтті. Әркім, әр мемлекет, ел, әрбір ұлт, барша халық Оның гауһар құндылықтарынан, терең ақиқаттарынан пайдаланып келе ді. Солай бола тұра, я үйреншікті, я әркімнің қолында, не болмаса әр үйде табылатындай көп болуы, я болмаса заман ағымы, я тарихи төңкерістер ықпал етіп, оның баға жетпес құнына, ғажап ақиқаттарына, оның теңдессіз баяндауына бірде-біреуі нұқсан келтіре алмаған, қартайта алмаған, қадірін түсіре алмаған, әсемдігін бұза алмаған. Бұл өз алдына бір мұғжиза.Қазіргі таңда біреу шығып, Құрани ақиқаттардың бір бөлігін өзінше әуестеніп, балаға ұқсап реттеуге кіріссе немесе Құранның кейбір аяттарымен айтысқандай бір нәрселер жазып: “Құранға ұқсайтын сөздер таптым” десе, оның бұл қылығы барып тұрған ақымақтық болар еді. Оның жағдайы мынаған ұқсайды:
116Рисалей Нұр жинағынанҚұрылыс заттары сан-алуан әрі өрілген тастары қымбат бір ғимарат сарайды салған және тастарды бүкіл сарайдың нақыштарына үйлесімді етіп ою-өрнектермен, өлшемді сызықтармен әшекейлеген шебер ұстаның өнерін алайық. Енді, сол ғимаратқа ою, нақыштан түсінбейтін, асыл тастар мен әшекейден түк ұқпайтын, тек, мал қора ғана сала алатын, пікірі саяз бір ұста келіп, әлгі қымбат гауһар тастардағы тереңнен сыр шертетін нақыштарды бүлдіріп, балаға ұқсап әуестене өзі білетін қарапайым үйге ыңғайлап реттей бастаса, соған қарай суреттеп, балаларға ұнайтындай етіп моншақтар тағып қойып, былай десе: “Қараңдар! мына ғимараттың ұстасынан әлдеқайда шеберлік таныттым, одан да асқан баймын, әшекейлеуді қатырамын”. Мұндай босқа даурығатын алаяқтың қаншалықты масқара болатыны белгілі. Дәл сол секілді екі өнер де салыстыруға мүлдем келмейді.Үшінші жалын. Бұл үш жарықтан тұрады.бірінші жарық. Баяны мұғжиза, тілі өткір әрі татымды Қасиетті Құранның иғжаз жақтарының басым көпшілігі Он үшінші Сөзде баяндалған болатын. Қазір баяндалғалы отырған басқа да иғжаз жақтарымен бірге тұрсын деп, осы жерге бауырларының арасына жазылды.Иә, Қасиетті Құранның әрбір аяты жарқ ете түсіп, қараңғылықты қақ жаратын құйрықты жұлдыз тәрізді иғжаз бен һидает нұрын шашып, надандықтың қараңғы түнегін сейілткенін көріп әрі сезгің келсе, өзіңді сонау Құран түспей тұрған кездегі надандықтың қою қараңғылығы тұм шалаған заманда, мәдениеттен жұрдай сахарада жүрмін деп ойла. Айна-ланы түгелдей бейқамдық пен надандық жайлаған, барлығын “табиғат” деген меңіреу перде тұмшалаған. Міне, осындай жан түршігерлік сәтте Қасиетті Құранның
117Құран ғажайыптарыдеген ұлы аяттары түскенін ойла да мағынасына үңіл! Қара! Әлгі меңіреу, өліктей сұлап жатқан жаратылыс жарлығымен естіген жандардың әлемінде әп-сәтте тіріліп, жан бітіп, түрегеліп зікір ете бастады.Анау қараңғы аспандағы жансыз, от шашқан жұлдыздар мен жердегі зар еңіреген мақұлықтардауысы мен естіген адамның назарында басқа күйге еніп, аспан бейне бір ауыз, жұлдыздар болса жаппай әрбіреуі хикмет толы сөздер болып, әрқайсысы ақиқаттың нұрын паш етуде. Жер болса, құдды бір бас секілді, ондағы теңіздер мен құрылық жеке-жеке тіл, ал өсімдіктер мен жануарлар болса әрбірі керемет тәсбих сөздері түрінде алдымызда күлімдеп, гүл-гүл жай найды. Бұлай қарамасаң, яғни, осы заманда тұрып қарасаң, оның әлгіндей баға жетпес қадірін, жанға рахат зауығын бағалап, нәзік те терең жақтарына бойлай алмайсың.Иә, сонау бағзы заманнан бері әлемге нұрын шашқан, уақыт өте тұр мысқа әбден сіңіп кеткен, басқа да Ислами нұрлардан нәр алған және Құранның Күнімен күндізгідей жарықтанған жағдайда тұрып қараса немесе ат үсті, жәй, үйреншікті назармен қараса, әлбетте, әрбір аяттың нендей тәтті, керемет жағымды сөзімен қандай қою қараңғылықтарды сейілткенін толық көре алмайсың, көптеген таңғажайып иғжаз түрлерінің арасынан иғжазын сезе алмайсың.Баяндауы мұғжиза Құранның өте жоғары иғжазының дәрежесін бір шама түсінгің келсе, мына мысалдаманы дүрбі жасап қара! Мәселен, өте үлкен зәулім ағаш бар дейік, бұтақтары тарам-тарам. Бірақ ол ағаш бір пердемен жабулы, көзге көрінбейді. Өздеріңе мәлім, адамның ағза-мүшелері секілді ағаштардың тал-бұтақтары, жеміс-жапырақтары, гүл-шешектері өзара үйлесіп, рет-ретімен үндесіп жатады. Әрбір мүшесінің ағаштың табиғатына сай өзіндік түрі, белгілі бір пішіні болады. Енді, осы еш көрінбейтін - әлі күнге дейін бір
118Рисалей Нұр жинағынанкөрінбеген ағашқа – біреу шығып үстін жауып тұрған пердеге сол ағаштың әрбір мүшесіне тұп-тура келетіндей сәйкестіріп сурет салса, сызықтар сызса, бұтақты жеміспен, жемісті жапырақпен ұштастырып нақыштаса, өзара өте алыс бастауы мен соңын үйлесімді түрде, бөлшектерін айнытпай дәл суреттесе, әлбетте, әлгі шебер суретші ол ағашты жан-жақты, толығымен көріп тұрғанына, тұтас қамти отырып, суреттеп жатқанына еш шүбәң қалмас.Дәл сол секілді, Құран-ы Мұғжиз-үл Баян да, жаратылыстың ақиқаты жайлы, ол ақиқат не десеңіз, дүниенің алғаш жаратылысынан бастап, сонау ақыретке шейін, ғарыштан жерге дейін, зәреден Күнге дейін жайылып жатқан ғалам ағашының ақиқаты туралы баяндайтын Құранның баяны өзінің үйлесімділігін сақтай отырып, әрбір ағзаға, әрбір жеміске лайық сурет, киім кигізген. Терең зерттеудің нәтижесінде ғұламалар жаппай Құраның бұлай дәлме-дәл суреттегеніне таңлай қаға таңдана “Машаллаһ, Бәрекаллаһ! Ғаламның тылсым сырын, жаратылыстың жұм бағын шешкен жалғыз Сенсің, О, Құран Кәрим!” деген.(бұл бір мысалдама ғана) Иләһи көркем есім-сипаттарды, Раббани істер мен шуунатты нұрлы “туба” ағашына теңесек, ол нұрлы ағаштың алып көлемі ежелден мәңгілікке көсіліп жатыр. Ұлықтығының шегі, ұлан ғайыр шексіз кеңістікте жайылып, барлығын қамтып жатыр. Жарату алаңыдегеннен бастап, сонаушекарасына шейін жайылып жатқан әлгі нұрлы ақиқатты, барлық тал-бұтақтарымен, мақсат-жемістерімен керемет үйлесімді түрде өзара ың ғайлы, бір-біріне сәйкес, өзара
119Құран ғажайыптарытүйіспейтіндей, бірінің-бірі үкімін жой майтындай етіп, бірін-бірі бөтенсімейтіндей түрде әлгі есім-сипаттардың ақиқатын, Иләһи істер мен шуунаттың мәнісін баяндағаны сонша, жаңалық ашушы, ақиқатқа көзі жеткен барлық ғұламалар және сырлы әлемге сапар шегуші барлық ілім мен ирфан мамандары, һәм дана ойшылдар осындай ғажап Құрани баянға таң қалысып: “Субханаллаһ! өте дұрыс айтады, өте орынды, неткен тамаша, дәл тауып айтқан!” деп бір ауыздан мақұлдап растап отыр.Мысалға, болмысы мүмкін әлем мен болмысы шарт әлем туралы әрі осы екі алып ағаштың бұтағы тәріздес иманның алты шартын алайық. Оның да тарам-тарам жайылып жатқан тал бұтақтарындағы нәзік жемістер мен гүл-шешектердің өзара үйлесімділігі мұқият сақтала баяндалған. Тепе-теңдігіне, күрделі байланыстылығына еш нұқсан келтірмей, алдыңа жайып салғандай баяндайтыны сондай, адами ақыл кереметтігін ұғына алмай әлек, әсемдігіне аң-таң. Және әлгі иман талының бұтағы ретіндегі Ислам дінінің бес шартын алайық. Өзара реттілігі, өте күрделі мәселелері, кішкене әдеп-ережелері, тым алыс мақсаттары, терең хикметтері, ең ұшындағы жеміс-пайдалары, бәрі-бәрі дерлік өзара керемет үйлесімді, тығыз байланысты, тепе-тең әрі дәлме-дәл үндесіп жатыр. Оған дәлел, Құранның ашық аяттары, сондай-ақ, оның қыр-сырларынан, ишара-бел-гілерінен алынған дүниеде теңдесі жоқ Ислами Ұлық Шариғат. Яғни, Ислам қағидаларының реттілігі, жүйелілігі, үйлесімділігі, мызғымас беріктігі бұған бұлтартпас дәлел, шүбә келтірмейтін анық айғақ, алдамайтын куә гер. Демек, Құранның баяндауы адамның шектеулі де шағын ілімінен, әсіресе, үмми, яғни, оқу-жазу білмейтін кісінің ілімінен шығуы мүмкін емес. Олай болса, бұл кітап, мұхит бір ілімнен және бүкіл нәрсені бір сәтте көретін, әзел мен әбедті, яғни, бүкіл замандағы ақиқаттарды бірден көретін Біреудің сөзі. Әмәнна!
120Рисалей Нұр жинағынанекінші жарық: Құрани хикметтің алдына кесе көлденең шыққысы келген адами пәлсәпәнің Құран даналығының алдында масқара боларлық дәрежеде құлдырап кеткендігі Он екінші Сөзде түсіндіріліп, мысалдамамен суреттелгендіктен және басқа Сөздерде дәлелденгендіктен сол Сөздерге тапсырып әзірге басқа тұрғыдан қарастырамыз.Аспаннан түспей, жерден шыққан адами пәлсәпә мен ақыл, дүниені мәңгі, өз орнында тұра беретіндей бірқалыпты түрде суреттейді және құ рамына, болмысына терең бойлап, егжейлі-тегжейлі қарастырады. Жара тушының жүктеген міндеттеріне тоқталса да қысқа қайырады. Бейне бір ғалам кітабының тек әріптеріне, оның қалай жазылғанына назар аударып, мағынасына мән бермейді. Ал, Қасиетті Құран болса, дүниені өткінші, бір орнында тұрмайтын баянсыз, алдамшы, құбылмалы, әрдайым өзгеріп тұратын тұрақсыз, фәни деп қарайды. Жаратылыс туралы айтқанда оның сыртқы, заттық жағын қысқа қайырып, негізгі Жаратушысы жүк теген құлшылық міндеттерін, Жаратқанның есім-сипат тарын қалай, не тұрғыдан дәлелдейтінін, оларға қарап Жаратқанын қалай тануға бола тынын, болмыс атаулы жаппай Иләһи жаратылыс заңдарына мүлтіксіз бағынатынын баяндайды. Енді, сол адами даналық пен Құрани хикметтің осы тұрғыдағы айырмашылықтарына тоқталамыз. Сөйтіп, кімдікі хақ, қайсыныкі ақиқат екенін көрейік.Мәселен, қолымыздағы сағатқа сырттай бір қарағанда еш қозғалыс жоқ тоқтап қалған сықылды. Бірақ ішіндегі бөлшектер тынбай әрекет еткендіктен, ары-бері қозғалып, теңселіп шыр айналуда.Сол секілді Иләһи құдіреттің алып бір сағаты болған мына дүние, сырт қарағанға тұрақты көрінгенімен әрдайым зілзәлә, тынымсыз құбылысқа ұшырап, жылжып, аяқталуға тура бет алуда. Рас, дүние уақытқа тәуелді болғандықтан түн мен күн әлгі алып сағаттың секөнттерін көрсететін екі ұшты тілі тәрізді. Ал, жыл болса, манағы сағаттың минөттерін білдіретін тілі секілді. Ал ғасыр болса, әлгі уақыт өлшемінің сағатын санайтын тілі
121Құран ғажайыптарыретінде. Міне, осылайша уақыт, дүниені аяқталу деген толқынға қарай лақтырып отырады. Өткен мен болашақты жоқ қылып, тек осы шақты ғана қалдырады. Уақыттың салдарынан дүние өткінші, қалай тез аяқталатын болса, мекен жағынан алғанда да тұрақсыз. Ол, дамылсыз жүріп тұратын сағат сықылды. Өйткені, ауа қабаты жылдам өзгеріп, күйден күйге еніп, кейде бір күнде бірнеше мәрте бұлттар жиналып, әп-сәтте, тарап кетеді. Секөнтті санайтын тілдің жылдамдығындай тез болатын құбылыстарға сахна болады.Енді, дүние баспанасының едені болған жер шары мекеніне назар аударалық. Оның да жүзі өлім мен өмірді бөліскен өсімдіктер мен жан уарларға толы. Ол тым жылдам өзгеріп отыратындықтан минөттерді көр сететін тілге ұқсайды. Дүниенің бұл жағы да өткінші екенін көрсетеді. Жердің жүзі ғана емес, ішінде де қысым, құбылыстар, қозғалыстар мен дүмпудің нәтижесінде бетіне таулар шығып, ой-қыраттар пайда болуы, бұл да сағатты білдіретін тіл секілді дүниенің бұл жағы да жылжып бара жатқанын көрсетеді. Дүние қонақ үйінің төбесі болған аспан да солай, ондағы денелер жылдам қозғалып, құйрықты жұлдыздар бір сәт көрініп, Ай мен Күннің тұтылуы, жұлдыз ағуы секілді құбылыстарға қарап, аспанның да тұрақсыз екенін, ол да қартайып, қирауға бет алғанын көреміз. Мұның құбылуы, апталық сағаттағы күндерді білдіретін тіл тәрізді баяу, кеш қозғалғанымен соңында ол да өткінші, ол да бір күні қирап, тас-талқан болатынын хабар береді.Міне, дүниеміз осы тұрғыдан алғанда әлгіндей құбылмалы жеті негіздің үстіне құрылған. Ол негіздер болса әрдайым шайқалып, сілкініп отырады. Алайда, осы шайқалып, теңселіп тұратын дүниені Жаратушысымен бай ланыстырған кезде, ондағы қозғалыс пен құбылыс Сәмадани көркем хаттарды жазу үшін Құдірет қаламының қозғалысы, іс-әрекеті болып табылады. Жағдайлардың сан құбылуы болса, Жаратқанның көркем есім-сипаттарының сәуле-шуақтарын көрсететін, әрдайым жаңарып отыратын айналар тәрізді.
122Рисалей Нұр жинағынанМіне, дүниеге заттық тұрғыдан қарағанда уақытша әрі құрдымға кетіп, өлімге тура жүгіріп бара жатқан, бір орнында тұрмайтын баянсыз нәрсе. Асылы оның осылай өзендей зымырап ағып жатса да, бейқамдық, немқұрайлылық назарымен қаралған кезде ол, қатып қалған мұздай, ал, табиғатшыл ұғымды ұстанатындарға қою да қалың әрі тұрақты кө рініп, ақырет әлемін ойлауға кедергі туғызып, көзге біткен шелдей пер-де болуда. Адастыратын пәлсапалық көзқарас әбден зерттеп, заттың та би ғатына терең бойлаудың салдарынан және азғын мәдениеттің нәпсі қоздырар құмарлықтары мен мас қылатын әуестігі кесірінен, әлгіндей тірі әрі өткінші дүние жансыз, өлі түрде көрініп, меңіреулігі одан әрі артып, немқұрайлықты, бейқамдықты қоюлатып жіберді. Сөйтіп, мүлдем ылайланып, Жаратушыны да ақыретті де ұмытқызды.Ал, Қасиетті Құран болса, жоғарыда суреттелгендей дүниені дүниелік тұрғысынан қолға алғандасынды аяттарымен жүндей түтіп, түте-түтесін шығарады.секілді аяттарымен дүниенің үйісіп қалған тұстарын тарап, жұқартып, мөлдіретеді де бұлыңғыр жақтарын жоқ қылады.тәрізді нұр шашқан шуақтарымен қатып қалған дүниені ерітіп жібереді.
123Құран ғажайыптарыжәнежәнедеген өктем сөздерімен “дүние мәңгі” деген жалған ұғымды тас-талқанын шығарады.деген күркіреген жарқын үнімен “табиғат жаратты” деген жалаң пікір туғызатын немқұрайлылықты жойып, көзді шайдай ашады.Міне, Құранның ғалам жайлы аяттары, жаппай осы негізде баяндалады. Дүниенің ақиқаты қалай болса, дәл солай суреттеп, шын мәнісін көрсетеді. Жалған дүниенің жағымсыз жақтарын көрсетіп, адамзаттың назарын жағымды, яғни, Жаратушысымен қатысты жақтарына аударып, ақиқатын көрсетеді. Адамзаттың көкірек көзін ашып, нағыз хикмет дәрісін үйретеді. Ғалам кітабының мағыналарын ашып, тәлім береді. Әріптер мен жазба-сызбаларға аса мән бермейді. Мас пәлсапа секілді жағымсыз жағына ғашық қылып, мағынаны ұмыттырып, әріптердің сызық-қызықтарымен шұғылдандырып, адамдардың уақытын бекерге өткізіп ысырап қылмайды.Үшінші жарық. Екінші шұғылада адами ақылдың Құрани хикметтің алдында қаншалықты төмен екенін, Құран даналығы таңғажайып екенін бір шама баян еттік. Қазір, Құранның
124Рисалей Нұр жинағынаншәкірттері асфия, әулиелер мен дана-ғұламалар секілді нұрлы жандар мен “ишракиюн ”9 ғалымдарының хикметтерін салыстыра отырып, Құран хикметінің қасында деңгейін көр-сетіп, осылайша Құранның иғжазына, яғни, таңғажайыптығына қысқаша ишара етеміз.Қасиетті Құранның ұлықтығына анық дәлел, оның растығын көр сететін бұлтартпас айғақ, иғжазына мықты белгі не десеңіз, Құран, тәухид ұғымының барлық мәртебелерін және оған қатысты мағыналарды толық сақтай отырып баяндаған, әсте тепе-теңдікке зақым келтірместен дәлме-дәл дөп суреттеген. Әрі Иләһи терең ақиқаттардың таразысын тең ұстап, керемет баян еткен. Әрі көркем есімдердің талабы болған үкімдерді бір жерге жинақтаған, әлгі үкімдердің үйлесімдігі мықты сақталған. Әрі Рубубиет пен Улухиеттің талаптарын, сәуле-шуақтарын дәл реттілікпен жинақы түрде көрсеткен. Міне, осы аталған зақымдамай сақтау, тепе-теңдік, бір жерге жинақтау, Құранның өзге бір қасиеті болып табылады. Бұл әсте адами жазбаларда кездеспейтін, адамзаттың ең ұлы тұлғаларының пікірлерін құрастырып, барлығын қосса да шықпайтын ерекшелік. Болмыстың ішкі жағына терең бойлаған әулиелердің кітабында да, құбылыстың сырларына үңілген Ишракиюн шығармаларында да, ғайып әлеміне енген руханилердің ілімінде де әсте кездестіре алмайсың. Олар бейне бір өзара ұйымдасып, қанша тырысқанымен әрқайсысы ақиқат ағашының жалғыз бір-екі бұтағына ғана шыға алған. Сөйтіп, тек соның жемісімен, жапырағымен шұғылданған. Басқа жақтарынан бейхабар немесе өресі жетпеген. Иә, мұтлақ, яғни, шексіз, абсолюттік ақиқатты шектеулі назарлармен қамту мүмкін емес. Оны қамту үшін Құран секілді күлли, шексіз ауқымды назар қажет. Құраннан басқалардың одан сабақ алып, көруге тырысатыны рас. Дегенмен, шектеулі ойларымен шексіз ақиқаттың жалғыз (1) Алғашқы ақыл деп те аталатын ағым. Өздігінен ықпал ететін себептердің ең біріншісі ақыл деп ойлайды. Нәтижесінде ширкке апарады. Олардың түсінігі бойынша ақыл Аллаһтың жаратқаны, бірақ одан екінші ақыл, үшінші, тағысын тағы, сөйтіп, он ақыл туындаған деп лағады
125Құран ғажайыптарыбір-екі ғана тұстарын ғана көріп, тек сонымен айналысып, одан аса алмай шырмалып қалады. Кейбірі асыра сілтеп, кейбіреуі жеткізе алмай әлектеніп, ақиқатын біле алмаған. Таразының екі басын теңестіре алмай, мөлшерін таба алмағандықтан үйлесімділігіне нұқсан келтірген. Бұл ақиқат, Жиырма төртінші Сөздің екінші бұтағында керемет бір мысалдамамен түсіндірілген болатын. Қазір басқа мысалдамамен оған ишара қыламыз.Мәселен, теңіз астында сансыз әрі түрлі-түсті гауһар тастарға толы қазына бар дейік. Теңіз асты сүңгушілері әлгі қазынаны іздеп, су астына сүңгіп жатыр. Олардың көздері жұмулы, тек қолымен жорып біледі. Кейбірінің қолына ұзынша бір алмас түссе, ол сүңгуші барлық асыл тастардың пішіні осындай ұзынша екен деп тұжырым жасайды. Басқалар, бұдан өзге пішінде асыл тас тапса, “олар, мен тапқан алмастың бір бөлігі ғой, соған қатысты бір жағы болар” деп өзінше топшылайды. Ал, кейбір сүңгушілердің қолына домалақ пішінді жақұт түссе, енді басқалар төрт бұрышты кәріптас (янтарь) табады. Тағысын тағы... Әрқайсысы қолымен жорып көргенін әлгі қазынаның негізгі бөлігі деп ойлайды. Басқа біреулерден естігендерін қазынаның айналасындағы ұсақ бөлшектер, қалдықтар деп ұйғарады. Міне, сол кезде ақиқаттың мөлшері жоғалып, тепе-теңдік бұзылады да үндестік кетеді. Көп ақиқаттың өңі өзгеріп, беймәлім, ғайып болады. Енді, ақиқаттың асылын, нағыз өзін табамын деп неше түрлі жорамал жасауға, мүшкіл жағдайға түсіп қиналуға тура келеді. Тіпті, кейде жоққа шығаруға дейін барады.Ишракиюн, пәлсапа дана-ғұламаларының кітаптарын және Сүннет та разысымен өлшенбей өзінің көрген-білгеніне ғана сүйеніп жазылған сопы лардың кітабын көп оқығандар осы айтқанымызды шүбәсіз рас тайды. Демек, олар Құранның ақиқаттарынан пайдаланып, оның киелі дәрістерінен сабақ алып жазса дағы, дәл Құран болмағандықтан, бәрібір кемшілігі көп болады. Ал, ақиқат теңізіндей шалқыған Құранның аят-тарына келер болсақ, әлгі теңіздегі қазынаны таптыратын олар
126Рисалей Нұр жинағынанда бір-бір суға сүңгуірі. Бірақ, олардың көздері ашық, қазынаны жан-жақты толық қамтиды. Қазынада не бар, не жоғын анық көріп тұрады. Оны үйлесімді де жүйелі түрде тоқылған тоқымадай, тап-тұйнақтай етіп сипаттап береді. Баяндауынан көркем әсемдік пен шеберліктің исі аңқып тұрады.Мысалға,аяты білдіріп отырған Рубубиеттің шексіз алыптығын көргені секілдіаяттары білдіргеніндей рақымдылықтың да шексіз молдығын көреді, көрсетеді.Һәм, мына аяты білдірген Аллаһтың жарату алаңының кеңдігін көріп, көрсеткені секілді аятындағы билік пен басқару алаңы ның шексіз алып екенін, Рубубиеті ғаламды толық қамтып жат қанын көріп, көрсетеді. аятының терең ма ғы насы мен ұлы ақиқаты арқылы аятын дағы кәрім шындықты, яғни, жомарттыққа толы ақиқатты және аятындағы ақиқатты,
127Құран ғажайыптарыяғни, барлығын өз әміріне бағындырған, бәріне үстемдік қылады деген ақиқатты көреді, көрсетеді.аятындағы Аллаһ бүкіл әлемді рақымды түрде басқарып тұр деген ақи қатты жәнедеген терең ақиқатты, бұған қоса деген бәрін қадағалап отыр деген ақиқатты әрідеген шексіз ақиқатты, сондай-ақ,аятындағы Хақ Тағаланың өте жақын екенін білдіретін ақиқатты, сонымен қатар,аяты ишара еткен асқақ ақиқатты жәнеаяты білдірген мазмұнды ақиқатты, яғни, осы секілді ақыреттік-дүниелік, ғылыми яки тұрмысқа қатысты Иманның алты шартын жан-жақты түсіндіріп, оларға жеке-жеке анықтама береді. Сондай-ақ, Исламның бес шартының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, талдап түсіндіреді. Оның аса маңызды екенін, олар екі дүниенің бақытына бөлейтін ереже-заңдарды
128Рисалей Нұр жинағынанқамтитынын көріп әрі көрсетеді. Терең де ауқымды ақиқатқа толы мағы налардың үндестігіне әсте нұқсан келтірмей, үйлесімділігін сақтай оты рып, әлгі ақиқаттардың жинақы түрдегі өзара байланыстылығынан пайда болатын көркемдік пен әсемдіктің қайнар бұлағын ойласаң, әлбетте, бұл мағыналар Құраннан бастау алып, Құраннан шығатындықтан Оның мағы-науи иғжазы, таңғажайыптығы көз алдыңа елестеп, тағы бір сәтке белең алады.Міне, осы терең сырға байланысты Кәлам ілімінің ғұламалары өздері Құранның шәкірттері бола тұра, кейбірі ондаған том иман шарттары туралы кітап жазып, мыңдаған шығарма жазса да, Муғтазила секілді ақылды нақылдан жоғары қойғандықтан, осы күрделі мәселені Құранның он аяты құрлы анық-қанық түсіндіре алмаған, дәлелдеп, оқырманын қанағаттандыра алмаған. Бейне бір олар ұзақтан, таудың арғы бетінен жер асты канал қазып, құбырмен су тартқандай, әлемнің соңына дейін себептер шынжырын қуалап отырып, тығырыққа тірейді. Содан кейін ғана өмір суындай Аллаһ туралы мағрифат сабағын беріп, Уажиб-ул Ужудтың сөзсіз бар екенін дәлелдейді. Қасиетті Құрани аяттар болса олай етпейді. Олардың әрқайсысы Мұсаның асасындай кез келген жерден су шығара алады, барлық нәрседен саңылау тауып, терезе ашып Сани-ы Зүлжәлалды көрсетеді, таныстырады.Құранның теңізінен тамған арапша “Қатре” атты кітапшада және басқа да Сөздерде бұл ақиқат толық дәлелденіп, жақсылап көрсетілген болатын. Міне, осы сырға байланысты құбылыстардың ішіне терең бойлап, бірақ Сүннетке мойынсұнбай, тек, өзінің көрген-білгеніне сенемін деп жарты жолдан кері қайтқан әрі бір топ адамдарды үйіріп, өзіне ертіп алып адастырған әлгі мүғтазила ағымының имамдары жаппай ақиқаттардың әлгіндей үйлесімділігін, үндестігін сақтай алмағандықтан бидғаттарға, адасушылыққа түсіп, кейбір бейбақтарды қисық жолға түсіріп жіберген. Иә, олардың осылай әлсіз, шарасыз қалуы, Құран аяттарының мұғжиза, таңғажайып екенін көрсетеді.* * *
129Құран ғажайыптарыҚОрытындыҚұранның нұр-сәуледей ғажайып иғжаздарының екі сәулесі Он тоғызыншы Сөздің он төртінші Тамшысында былай баяндалған болатын: Құранның кемшілігі секілді көрінген кейбір аяттардың бірнеше мәрте қайталануы және ғылыми жаңалықтарға қысқаша тоқталуы, негізінде әрқайсысы иғжаз сәулесін көрсетеді. Олар кереметтердің асыл бұлағы, қайнар көзі. Әрі Құранда пайғамбарлардың мұғжизалары арқылы жалт-жұлт етіп көрінген иғжаз сәулелері Жиырмасыншы Сөздің екінші бөлі мінде жан-жақты көрсетілген болатын. Сондай-ақ, басқа Сөздерде, арап ша кітаптарымда осы иғжаз сәулелері туралы көп айтылғандықтан сөзді соларға сілтеп, қазір қысқаша былай демекпіз:Құранның тағы бір мұғжизасы мынада: Қалайша бүкіл пайғамбар лар дың мұғжизалары Құранның бір ғана иғжазын, бір ғана нақышын, бір ғана қырын көрсетеді. Сол сияқты Құран да өзінің бүкіл мұғжиза ларымен Мұхаммедтің (с.а.у) бір мұғжизасы болып табылады. Және Пай ғамбарымыздың (с.а.у) барлық мұғжизалары да Құран Кәрімнің бір мұғжизасы болып саналады. Осылайша, қолымыздағы Құранның Жарат қан Аллаһпен байланыстылығын көрсетеді, ал байланыстылығы көрінген сайын, оның әрбір сөзі мұғжиза болып жарқырайды. Себебі, ол бір сөз, бір дәнек секілді ақиқаттар ағашын мағынауи түрде қамтып, ішіне ала алады. Әрі ол бейне бір жүрек тәрізді терең ақиқаттардың бүкіл ағзасымен байланыса алады. Әрі ол шексіз ілімге, шексіз ерік-қалаумен қатысы болғандықтан өзінің әріптерімен, болмысымен, тұрысымен, жағдайымен, мақамымен сансыз нәрселермен байланыс құра алады. Міне, сондықтан Құран әріптерін зерттеуші ғұламалар оның әрбір әрпінен бір парақтай тылсым-сырлар тапқанын айтып, оны әріптестеріне дәлелдеген.
130Рисалей Нұр жинағынанТақырыбымыздың басынан осы жерге дейін Құран Кәрімнің қас иет теріне қолымыздан келгенінше жеке-жеке тоқталып, өзімізше “Жа лындар”, “Шуақтар”, “Сәулелер”, “Нұрлар”, “Шұғылалар” деген айдармен құндылығын көрсетуге тырыстық. Жоғарыда баяндалғандарды жаппай көз алдыңа әкел де тұтас қара! Әу баста айтылған үкім, сөздің қорытындысы ретінде ортаға шықты емес пе? Яғни,аятын бар дауыспен оқып, жәһанға жар салуда.
131Құран ғажайыптары* * *
132Рисалей Нұр жинағынанбірінші қосымша[Орайы келіп, Жиырма бесінші Сөзге қосылған қосымшалардан жетінші Шуақтың бірінші бөлімінің он жетінші мәртебесі.]Бұл дүниеде тіріліктің мәнісі мен мақсаты және тірілікті тірілік етіп тұратын иман екенін түсінген әлгі шаршамайтын, “болдым!” деп кері шегінбейтін жолаушы, яғни, ғаламнан Раббысын сұраған манағы саяхат шы, өз-өзіне былай деді: “Тауып, танығым келген Құдіреттің сөзі деп ата латын, аты шулы, баршаға танымал, жарқын әрі бәрінен үстем, қа сарыс-қан жауларын әр ғасырда айтысқа шақырған Құран-ы Мұғжиз-үл Баян атты кітаптан сұрайық, не дейді екен соны тыңдайық. Алайда, әуелі бұл кітаптың өзін қолға алып, Жаратушының сөзі екенін дәлелдеу керек” деп іздене бастады. Ол жолаушы бізбен замандас болғандықтан, ең бірінші Құранның мағынауи иғжазының сәулелері, Рисалей Нұрға назар аударды. Оның жүз отыз кітапшалары Құран Кәрімнің қасиетті аят тары ның тұжырымдары, ұшқындары, маңызды тәпсірлері болып сана-латы нын көрді. Және де Рисалей Нұр мұншама бір беткей, қырсық дінсіздерге қарсы айналаға Құрани ақиқаттарды ер жүрек жауынгердей жайып жатқанда кесе көлденең ешкім шыға алмауы, оның ұстазы әрі бұлағы, қайнар көзі, Күн көсемі Құран, аспани екенін, адамның сөзі емес екенін көрсетеді. Тіпті, Рисалей Нұрдың жүздеген айғақтарынан бір ғана Құрани айғағы Жиырма бесінші Сөз бен Он тоғызыншы Мәктуптың соңы, Құран қырық жағымен мұғжиза екенін керемет түрде дәлелдегені сонша, көргендер жаппай мінемек түгіл, қайта келтірген дәлелдеріне қайран қалып, жоғары бағалап, мақтаған.
133Құран ғажайыптарыбірінші тұжырым: Құран Кәрім өзінің барлық мұғжизаларымен және хақ екенін дәлелдейтін бүкіл ақиқаттарымен Мұхаммед саллаләһу ғаләйһи уәссаламның мұғжизасы болып саналатын болса, дәл солай да Мұхаммед саллаләһу ғаләйһи уәссалам да барлық мұғжизаларымен және пайғамбарлығын дәлелдейтін күллі айғақтарымен және ілімінің кемел дігімен Құранның мұғжизасы әрі Құран Аллаһтың сөзі екеніне бұлтартпас дәлел болып табылады.екінші тұжырым: Қасиетті Құран адамзат тарихында нұрлы да бақытты өмір сыйлап, шынайы түрде қоғам өміріне жаңа бір толқын әкелді, түбегейлі өзгеріс ендірді. Ол, адамдардың ішкі дүниесіне, руханиятына, ой-пікірлеріне, тұрмысына, қоғамдық өміріне, саяси ахуалына зор ықпал етіп әрі оны әрімен қарай жалғастырып, билік жүргізгені сонша, он төрт ғасырдан бері минөт сайын алты мың алты жүз алпыс алты аяты аса құрметпен ең азы жүз миллионнан астам адамдардың ауызына түспей әрдайым оқылып жатыр. Пенделерді тәрбиелеп, нәпсілерді тазартып, жүректерді ағартуда, рухтарға қанат сыйлап, жоғары самғатуда, ақылдарға тура жол, нұр көрсетіп, жанға нәр беріп, бақыт сыйлауда. Әлбетте, мұндай кітаптың басқа ұқсасы жоқ, таңғажайып, ол бәрінен жоғары, мұғжиза.Үшінші тұжырым: Құранның сол заманнан бері осы кезге шейін көрінген бәлағатына, яғни, шешендігіне тамсанбау мүмкін емес. Тіпті, сол кезеңдерде, Қағбаның дуалында алтынмен жазылған мәшһүр ақын дардың “муаллақат-ы сәбға” деп аталатын атақты өлеңдерін назардан тыс қалдырып, төмендетіп жібергені сондай, ақын Ләбидтің қызы әкесінің өлеңін Қағбадан алып жатқанда былай деген екен: “Аяттардың қасында мұның қадірі қалмады!”.Және бір бәдәуи ақынның қасындааяты оқылғанда әлгі араб ести сала сәжде етіп, маңдайын жерге тигізді. Оған: “Сен мұсыл ман болдың ба?” дегенде, ол: “Жоқ, мен мына аяттың шешендігіне бас иіп, сәжде қылдым!”
134Рисалей Нұр жинағынандеген екен. Һәм, тіл өнеріндегі шешендік саласының маманы Абдүлқаһир-і Джүржани, Сәққақи және Зәмахшәри сықылды мыңдаған әйгілі имамдар, көзі ашық ақындар бәрі бір ауыздан мынадай тоқтамға келген: “Құранның шешендігі адамның қолынан келетін дәрежеден тым жоғары, жету мүмкін емес!”.Құран сонау заманнан бері қарсыластарын әрдайым айтысқа шақы рып, өркөкірек, тәкаппар ақындар мен шешендердің намысына тиіп, көкі ректерін басып былай дейді: “Қолдарыңнан келсе, бір ғана сүреме ұқсатып жазу жазыңдар. Өйтуге шамаларың жетпесе дүниеде де, ақы ретте де азапқа ұшырап, қор боласыңдар!”. Жағдай солай бола тұра, сол ғасырдың бірбеткей, қырсық шешендері бір ғана сүреге ұқсатып жазу жазып жіберіп, оңай түрде айтыспен ұтып кетудің орнына, қиын әрі ұзаққа созылған, мал-жанға қауіпті соғыс жолын таңдауы, әлгі қысқа әрі оңай жолмен жүру мүмкін еместігін дәлелдейді.Тіпті, біреуаятын оқып: “Мұның таңғажайып деп жүрген шешендігін көре алмай тұрмын” деді. Оған: “Сен де манағы жолаушы секілді сол заманға барып, сол жерде тыңда!” деді. Ол да өзін Құраннан бұрынғы заманда жүргендей қиялдап қарап еді, болмыс атаулы астаң-кестен, әлемді қайғы-мұң басып, меңіреу әрі бейсана табиғаттың құрсауында. Ұшы қиыры жоқ, бір орнында тұрмайтын, аумалы төкпелі баянсыз дүниені көрді. Енді, Құранның тілінен осы аятты тыңдап еді, бұл аят ғаламды тұмшалаған, дүниені жапқан пердені ашып жіберіп нұрландырғаны сонша, бейне бір әр ғасырдың саналы жандарына түгел дәріс беріп, көздерін ашқанын көрді. Мына ғалам алып бір мешіт тәрізді, әу баста, аспан мен жер, барлық жаратылыс өздеріне жан біткендей зікір, тәсбих етіп, әрбірі өзінің міндетін құлшына атқарып әрі өздерін бақытты сезініп, риза болуда. Мұны көрген соң, аяттың шешендігіне біршама көзі жетіп, басқа аяттарды осыған
135Құран ғажайыптарысалыстырып, Құран өзінің зор шешендігімен жер шарының жартысын, адамзаттың бестен бірін қалай баурап алғанын, жоғары үстемдігі құрметпен он төрт ғасыр бойы үздіксіз жалғасып келгенінің мыңдаған хикметтерінен бір хикметін аңғарғандай болды.төртінші тұжырым: Құранның ақиқатқа толы мазмұнында өзіндік бір ләззат бар. Ең тәтті нәрсені қайталай берсе, жалықтырып жіберетіні рас. Алайда, Құранды қайта-қайта оқу, жалықтырмақ түгілі жүрегі қа раймаған, зауқы бұзылмаған адамдардың қызығушылығын арттырып, тәттілігін үдете түсетіні бұрыннан бері жұртқа аян болып, халық арасында кең тараған. Құранның балғындығы, жастығы, ғажаптығы сонша он төрт ғасыр өтсе де және оны қолға түсіру оңай бола тұра, жаңа түскендей өзінің балғындығын сақтап келеді. Әрбір ғасыр тап өзіне айтылып жатқандай оны жап-жаңа, уылжыған жас күйінде көреді. Түрлі ғылым саласындағы ғалымдар қолынан тастамай оны әрдайым пайдаланып жүрсе де әрі сөз саптауына еліктеп, соған ұқсастырып еңбек жазса да, Құранның түсіндірудегі ғажап әдісі мен баяндау тәсілін ешкім меңгере алмаған.бесінші тұжырым: Құранның бір қанаты бұрынғы заманда, бір қанаты болашақта, ал тамыры мен бір бұтағы болса, бұрынғы пайғамбарлардың бір ауыздан растаған ақиқаттары деуге болады. Бұл олардың үкімдерін растап, бекіте түседі. Олар да өзара ұқсастығымен сәйкестігі арқылы мұны растауда. Сол секілді, әулие мен асфиялар одан нәр алып, өсіп шыққан жемістері тәрізді. Олар өздерінің жанды түрде рухани кемелденуі арқылы әлгі “қасиетті ағаштың” да жанды, нәрлі ақиқаттардың қайнар көзі екенін дәлелдейді. Ал, екінші бұтағынан өсіп-өнген әулиеліктің тура жолдағы бүкіл тариқаттары, дін Исламның бүкіл шынайы ілімдері бірлесе келіп, Құранның нағыз хақ, ақиқаттардың жиынтығы және мазмұндылығы, яғни, шексіз күрделі мәселелерді қамтуы тұрғысынан таңғажайып екенін көрсетеді.
136Рисалей Нұр жинағынаналтыншы тұжырым: Құранның алты жағы да нұрлы. Міне, бұл оның хақ әрі шын екенін көрсетеді. Иә, астында бұлтартпас айғақ пен дәлелдер, үстінде иғжаздың нұрлы сәулелері, алдында, яғни, ұстаған бағытында екі дүниенің бақытының сый-сыяпаттары, артында сүйенер тірегі көктен түскен уахидың ақиқаттары, оң жағында сансыз дұрыс ойлайтын ақылдардың дәйекті құптаулары, сол жағында таза жүректер мен ар-ождандардың сенімдері мен шынайы берілуі, осы аталғандар Құранның бәрінен үстем, таңғажайып, мызғымас әрі ол жер бетіндегі еш соққы тимейтін аспани мықты қорған екенін дәледейді. Осы алты мақамнан көрініп тұрғанындай, оның хақ әрі рас екенін, адамның сөзі еместігін, ішінде бірде-бір қате жоқ екенін растаушы біріншіден, әлемнің Иесі, әрдайым жақсылықты қолдаушы, хаққа жақ, өтірікшілдерді, жала жабушыларды масқаралаушы, барлығын билеп басқарушы Аллаһ. Ол – Құранға әлемде ең жоғары орын, мақбұл да үстем әрі биік мәртебе берген. Екіншіден, дін Исламның бұлағы, Құранның аудармашысы болған асыл Расулдің (с.а.у) бәрінен де артық оған сеніп, құрмет етуі және уахи түсіп жатқанда ұйқы басқандай маужырап қалуы әрі басқа аян-сөздер Оның әкелген уахиының дәрежесіне жете алмауы, ұқсамауы және оқу-жазуы жоқ бола тұра, өткен тарих пен болашақты көрместен, Құран арқылы еш күмәнсіз сенімді түрде хабарлауы және өзін мұқият қадағалап отырғандардың алдында ешбір қулығы, ешбір қатесі байқалмаған осы асыл адам, бар күшімен Құранның әрбір үкіміне жан-тәнімен беріле иман етіп, мойынсұнуы, ешнәрседен тайсалмай әрдайым алға ұмтылуы, Құранның аспани екенін, ақиқат, ішінде әсте жалған жоқ бәрі рас екенін, Мейрімі мол Жаратқанның қасиетті сөзі екенін растап нақтылай түседі.Һәм адамзаттың бестен бірі, бәлкім одан да көбі мына Құранға жан тәнімен беріліп, оның ақиқатына құштарлана ден қойып тыңдауы әрі көптеген оқиғалар мен белгі-ишаралардан
137Құран ғажайыптарыанықталғанындай оқылған кезінде жындар мен періштелер, руханилер көбелектей айнала үймелеп, хақ сөз тыңдауға жинала қалуы, Құранның ғалам бойынша ең жоғары мәртебеде екенін тағы да растайды.Сондай-ақ, адамзат жаппай, сауатсыз наданынан бастап ең ақылды, зерек ғалымға шейін әрқайсысы Құраннан толық қанағаттанарлық дәріс алуы, өте терең ақиқаттарды аңғарып парқына баруы, ғылым мен пән және Ислами жүздеген ілім саласының және ұлы шариғаттың ғұлама-ғалымдары, сондай-ақ, “Усул-уд Дин”, “Илм-і Кәламның” дана ғалымдары сықылды әр саланың ғұламалары өзіне қатысты қажетті мағлұматты, керекті жауапты Құраннан табуы, бұл да Құранның хақ пен ақиқаттың бұлағы екенін растайды. Және әдебиетте алғы сапта тұратын араб ақын-жазушылары (күні бүгінге шейін мұсылман болмағандарды да) айтысуға өте мұқтаж бола тұра, Құранның иғжазының негізгі жеті түрінің бір ғана түрі шешендігіне қарсы, тіпті, бір ғана аятына тең келер жазба жаза алмай қашқақтауы, айтысып атын шығарғысы келетін әйгілі ақындар мен дана ғұламалардың өзі ешбір тұрғыдан, ешбір қасиетіне қарсылық көрсете алмауы, ауыздарын аша алмай үндемей қалуы, бұл да Құранның мұғжиза екенін, адамның қолынан келер шаруа еместігін дәлелдейді. Иә, сөздің қадірі, оның жоғарылығы мен шешендігі, оны “кім айтқан, кімге айтқан, неге айтқан” деген жақтарымен анықталады дейтін болсақ, Құранның теңі жоқ, оған жету мүмкін емес. Себебі, Құран Кәрім, күллі әлемнің Раббысы, бүкіл ғаламды Жаратқан Аллаһтың үндеуі, Оның киелі сөзі әрі ешбір тұрғыдан көшіру, ұйқастыру мүмкін емес пәрмені, һәм, ол бүкіл адамзаттың, тіпті, болмыс атаулының өкілі, жоғары мәртебелі кісіге түскен. Ол – адамзаттың мақтанышы, ең абыройлысы, аты әлемге әйгілі тыңдарман. Ол тыңдарманның иманы берік, орасан зор екені сонша, иманы алып Ислам дінін қамтитындай кең, ауқымды әрі оны Қаб-ы Қаусәйін мақамына көтеретіндей дәрежеде киелі. Және Құран “не туралы айтады?” десе, ол – екі дүниенің бақыты жайлы баян қылады. Ғалам не
138Рисалей Нұр жинағынанүшін жаратылғаны, оның нәтижесі, оны Жаратқанның мақсаты туралы сыр шертеді және әлгі асыл себепкердің бүкіл Ислам ақиқаттарын қамтитын, орасан зор, алып иманын түсіндіреді және мына үлкен ғаламды бір гоеграфиялық карта, бір сағат, бір сарай секілді жан-жағын түгелдей көрсете отырып, оны жасаған ұлы Шеберді сипаттап, жақсылап таныстырады.Міне, осындай баяны мұғжиза Құранның, әлбетте, теңін табу мүмкін емес, оның иғжазына жету ешкімнің қолынан келмесі хақ. Және Құранға түсініктеме жасап, тәпсір жазған, кейбірі отыз-қырық, тіпті, жетпіс томдық еңбек жазған зерек, ілімі терең көзі қарақты мыңдаған ғалым ғұламалардың дәлелге сүйене баяндаған Құранның шексіз қасиеттері, терең мағыналары мен тұжырымдары, сондай-ақ, ғайып оқиғаларының әртүрінен көптеген ғайыптық хабарларды көрсетуі, дәлелдеуі, атап айтқанда, Рисале-и Нұрдың жүз отыз кітабы, оның әрбір кітапшасы Құранның бір қасиетін, бір тұжырымын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеуі, әсіресе, Құранның мұғжизалығы туралы сыр шертетін “мұғжизат-ы Құрание” кітабы, пойыз, ұшақ секілді ғылым жетістіктерінен көптеген жаңалықтарды Құран нан тауып шығарған Жиырмасыншы Сөздің екінші мақамы, сондай-ақ, Рисалей Нұрға, электр тоғына ишара қылатын аяттардың белгі-нышандары жазылған “ишарат-ы Құрание” атты “бірінші шуақ” және Құранның әріптері өте тәртіппен, жүйелі орналасқанын, олар сырға толы, мағыналы екенін көрсеткен “румузат-ы Сәмание” атты сегіз кітапша және “Фәтих” сүресінің соңындағы аяты бес тұрғыдан ғайби хабар беретінін, оның өз алдына бір мұғжиза екенін дәлелдеген көптеген Рисалей Нұрдың әрбір кітапшасы Құранның бір ақиқатын, бір нұрын ашып көрсетуі, міне, бұлар Құранның теңдессіз мұғжиза, таңғажайып екенін білдіреді және жұмыла Құран ғайып әлемінің мына куәлік әлеміндегі тілі және ғайыптың бәрін білетін Ғаллам-үл Ғуюбтың сөзі екенін дәлелдейді. “міне, алты тұжырыммен, алты жақтан, алты мақамда ишара етуге тырысқан Құранның
139Құран ғажайыптарыжоғарыда аталған қасиеттері бар. Сол үшін оның орасан зор нұрлы үстемдігі, ұшан теңіз киелі билік-салтанаты күллі ғасырларды нұрға бөлеп, жер жүзіне түскеннен бері жарықтандырып, аса құрметпен жалғасын тауып келеді. Әрі сол қасиеті үшін Құранның әрбір әрпі ең аз он сауап, он жақсылық жасағандай қымбат, он түйір жұмақ жемісін береді. тіпті, кейбір аяттардың, сүрелердің әрбір әрпі жүз, мың кейде одан да көп пайда береді. Кейбір ерекше берекелі уақыттарда әрбір әрпінің нұры мен сауабы оннан жүзге артып кететін киелі ерекше қасиеттерге ие”. Міне осыны әлгі дүние жолаушысы аңғарды да, өз-өзіне былай деді:“иә, осындай қай жағынан болсын мұғжиза, таңғажайып мынау Құран, өзіндегі сүрелері ұйымдасқан түрде, аяттары үндесе, сырлары мен нұрлары өзара сәйкес келе отырып және берген жемістері мен нәтижелерінің бір жерден шығуы арқылы бәрі бір ауыздан аллаһ тағаланың бар екенін, Оның жалғыздығын көркем есім-сипаттарымен бірге дәлелдей отырып куәлік етеді. бүкіл имандылардың сансыз имандары, куәліктері оның куәлігінен, оның нұрынан нәр алған”.Міне, біздің жолаушымыздың Құраннан алған тәухид дәрісі және иман сабағына қысқа ишара ретінде Бірінші мақамның он жетінші мәртебесінде былай делінген болатын:
140Рисалей Нұр жинағынан* * *
141Құран ғажайыптарыОн бірінші шуақ деп аталатын жемістер рисалесінің оныншы мәселесі.Әмірдағының бір гҮлі(Құранның бір мәселені бірнеше рет қайталайтынына қарсы сөз айтқандарға оңдырмай берілген соққы-жауап)Ғазиз, адал бауырларым!Бұл жазба қысылтаяң кезеңде жазылғандықтан реттілігі сақталмады. Сондықтан айтарлықтай тамаша шықты деп айта алмаймын. Бірақ, сол жүйесіз көрінген сөздердің астарында өте маңызды иғжаздың өзге түрі бар екенін анық білдім. Өкінішке орай, түсінікті етіп жаза алмадым. Сыртқы көрінісі қаншама бұлыңғыр болса да, Құранға қатысты болғандықтан бұл тәфәккүри ғибадат, яғни, терең толғаныс жасап, ой-пікірмен құл шылық ету әрі киелі де қымбат, жалт-жұлт еткен гауһардың қорабы деп білемін. Жыртық киіміне қарамай, ішіндегі алмасқа қараңыздар. Егер жөн көрсеңіздер, “Оныншы мәселе” деп атайық, болмаса өздерің жазған құттықтау хаттарыңызға жауап хат ретінде қабыл алыңыздар. Мұны қатты науқастанып отырып, қиын жағдайда, Рамазанның бір-екі күнінде, аш халде әрі амалсыздықтан өте қысқа да нұсқа түрде, бір сөзге бірнеше ақиқаттарды сыйғыза отырып жазуға тура келді. Айыпқа бұйырмаңыздар! (Сілтеме)Сілтеме: Мұны, Денизли абақтысына қамалып, сол жерде жазылған \"Жемістер\" рисалесінің соңына \"Оныншы мәселе\" деп жалғап, Әмірдағының және осы қасиетті Рамазан айының нұрлы кішкене бір гүлі деп есептелсін. Бұл жазба Құрандағы жиі қайталанудың бір хикметін түсіндіре отырып, кәпірлердің сұрқия да зәрлі, жаман ойларын тас-талқан етеді.
142Рисалей Нұр жинағынанғазиз, адал бауырларым!Қасиетті Рамазанда Құран-үл Мұғжиз-үл Баянды оқып отыр едім, Рисалей Нұрға ишара қылатын Бірінші Шуақта баяндалған отыз үш аяттан қайсысы кездессе де, аяттың жазылған беті де, жапырағы да, қиссасы мен тақырыбы да Рисалей Нұрға және оның шәкірттеріне жалпы мағынасынан өзіндік үлес беріліп, олармен қатысты, ұқсас келетін тұстары көп екен. Әсіресе, “Нұр” сүресіндегі “нұр” аяты тура меңзейді. Сол секілді одан кейінгі қараңғылық жайлы баяндайтын аят да Рисалей Нұрға қарсы шыққан дұшпандарды айнытпай суреттеп, біршама тоқталып өткен. Бейне бір сол мақам, нақ сол жерде шектеулі көрінгенмен шексіз мағынаны қамтып тұрғандай. Және осы ғасырда сол шексіз, күллі мағынаның бір жарқылы Рисале-и Нұр және оның шәкірттері іспеттес.Иә, Құранның үндеуі аса жоғары мәртебелі, ол өте биік мақамнан келген. Бұл үндеу әуелі сонау Мүтәккәлим-і Әзәлидің күллі Рубубиетінің шексіз мақамынан, ұлық та киелі тарапынан, сондай-ақ, адамзаттың, тіпті, ғаламның атынан шыққан Асыл Тұлғаның (с.а.у) ұлы мақамынан және бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы алған тәлім-тәрбиесінің ұшан теңіз кең мақамынан әрі дүние мен ақыретті, жер мен көкті басқаруға қатысты және мәңгі әлемдерді, сондай-ақ, ғаламды Жаратқан Аллаһтың рубубиетіне болмыс атаулы қалай бағынышты екенін, толық та жан-жақты басқарылуына қатысты Иләһи заңдардың баяндауы жағымен кең әрі жоғары мақамнан келеді. Осы аталған ауқымы кең әрі аса жоғары мақамымен бірге қарағанда бұл үндеу тым жоғары мәртебеге, иғжазға, мәңгілікке ие әрі лайық екені даусыз ақиқат. Міне, сондықтан Құран дәрісінің тыңдармандарының басым көпшілігі жәй халық болғандықтан, олардың қарапайым ой-санасына сәйкес ең төменгі мәртебесінің өзі де ой-өрісі жоғарғы дәрежелі ғалым, зиялы қауымды да толық қанағаттандырады. Құдды ол аят, тек бір ғана қисса емес, тарихи бір оқиғаны баяндап, ғибрат беріп қана қоймай, ол күллі заңдылықтың бір ережесі ретінде әрбір ғасырға, әрбір қауымға,
143Құран ғажайыптарыәрбір сыныптағы адамдарға үндеу жолдап тұрғандай, бейне бір көктен жаңа түсіп жатқандай. Әсіресе, көп қайталанатындейтін жалын шашқан қатаң ескертулері, жұмыр басты пенделерінің жасаған зұлымдықтарының жазасы ретінде келген табиғи апаттар, пәлекеттерді қатулана еске салады және қазіргі таңда, ғасырымыздағы адам айтқысыз, тарихта болмаған зұлымдықтарға Ад, Сәмуд, Ферғауын қауымдарының басына келген азаптарды баяндап, баса назар аудартады. Және бейшара, зұлымдыққа ұшыраған иманды жандарға Ибраһим (а.с) және Мұса (а.с) секілді пайғамбарлардың қалай есендікте қауышқандарын айтып көңілдерін жұбатады, демеу береді.Иә, немқұрайлы, адасқан назармен қарағанда үрейлі де тас-түнектей қараңғы әлем немесе қайғылы да астаң-кестені шыққан мазарға ұқсас өткен шақ, бұрыңғы заман, алдыңғы ғасырлар мен кезеңдер - Құрани назарда әрбірі жанды, ғибрат толы кітап беттері яки тіршілік толы ғажап әлем немесе есен-аман әрі бізбен байланыстағы Раббани елді-мекен бейнесінде көрініп, бейне фильмнің үзінді-көріністері тәрізді, бізді біресе сонау замандарға жетелеп алып кетсе, біресе ол замандарды алдымызға әкеліп, әрбір ғасырға, әрбір топқа тамашалатып, жоғары мәртебеде, таңғажайып түрде дәріс берген Қасиетті Құран, осылайша ғажап түрде имансыз назарда жансыз, меңіреу, жаназадай әрі қорқынышты әлем боп көрінген, аяқталу мен қоштасудан көзі ашылмайтын мынау ғаламды Сәмәдани бір кітап, Рахмәни бір шаһар, Раббани өнер көрмесі бейнесінде суреттеп, әлгі меңіреу жансыздарға жан бітіріп, әрқайсысы міндет атқарушы екендігін көрсетіп, өзара сөйлестіріп, бір-біріне жәрдемге асығатындар түрінде сипаттап адамзат пен жын, періштелерге нұрлы да қызықты нағыз хикметке толы дәрістер берген мына Құран-ы Азимушшан, әлбетте оның әрбір әрпінде он, жүз кейде мың, кейде мыңдаған сауап бар. Бүкіл жындар мен адамдар жиналса ондай кітап жаза алмайды, ол
144Рисалей Нұр жинағынанадам баласымен, бүкіл әлеммен толыққанды сөйлеседі, әрдайым миллиондаған қарилардың жүректеріне аса қызығушылықпен жазылып, жатталуда. Қайта-қайта оқылса да, өзінің оқырманын әсте жалықтырмайды. Жаттауға қиындық туғызатын бір-біріне ұқсас сөйлемдері бола тұра балалардың нәзік те қарапайым жадына тыянақты да тез жазылады. Науқас, аз сөйлегенге мазасызданатын, жан тапсырғалы жатқан кісілердің құлағына майдай жағымды келеді.Міне, ол осындай киелі қасиеттерге ие және шәкірттеріне екі дүниенің бақытын әперетін теңдессіз Кітап. Оны бізге жеткізуші кісі де оқу-жазу білмейтін “үмми” болатын. Солай бола тұра Құран сол жеткізушінің үмми екенін сездіре отырып, оның ешқандай да рия араластырмай, бір сөзінен де тайқымай, жұртқа жақсы көрінемін деген ойдан аулақ, ешбір жасанды әрекет жасамай, мақтану, атын шығару дегеннен мүлдем ада, өзінің табиғи мінезін бұзбастан, өзінің адал екенін бір жағынан білдіре отырып жеткізген хабарларының тікелей аспаннан келгені көрініп тұр. Халықтың басым көпшілігін құрайтын қарапайым халықтың қарапайым ой-өрісіне ыңғайлап, биік мәртебесін қол жетімді деңгейде ұстап, бұқараның ақылына ауырлық салмай, сыпайы түрде саналарын сарсаңға салмастан, назарға көбіне-көп аспан мен жер секілді анық әрі үлкен әріппен жазылған беттерді ашып, оқылуы оңай парақтарды ұсынып, үйреншікті бірақ таңғажайып құдіреттің керемет өнерінен, хикметке толы терең сырларынан сабақ беріп, тура жолға бастап, өзінің әсем иғжазын көрсетеді.Құран өзінің қайталауды аса керек қылатын дұға, тура жолға шақыру әрі зікір мен тәухид кітабы екенін ұғындыра отырып, мәнді де әрлі әрі жарасымды қайталау арқылы бір сөйлемде немесе бір ғана оқиғада сан-алуан көптеген мағыналарды түрлі-түрлі тыңдарманға жетік түсіндіруде. Һәм былай қарағанда кішкене, қарапайым бір оқиғада өте шағын, сырттай түкке тұрғысыз нәрселердің де Жаратқанның мейірімді назарынан тыс
145Құран ғажайыптарықалмайтынын, бәрі Оның ерік-қалауында, әміріне бағынышты екенін білдіру мақсатымен дін Исламды орнату, оның шариғи үкімдерін реттеп, бір жүйеге келтіру үшін сахабалардың басынан кешкен кішкене оқиғаларды да аса мән беріп, баян етуі тегін емес. Ол шағын оқиға жалпыға ортақ, өмірде әрдайым болып тұратын, өміршең заңдылық ретінде ауқымы кең дін Исламның, шариғаттың орнауына зор ықпал ететінін, яғни, әлгі шағын оқиғалар дәнектер секілді маңызы зор, берекелі мол жемістер беретінін ойласақ, ол да өзінше бір иғжазды көрсетеді.Иә, қажеттіліктің қайталануы – қайталауды керек қылады. Осылайша жиырма жыл ішінде көп қайталанатын сұрақтарға жауап ретінде түрлі деңгейдегі адамдарға дәріс берген және құдіреті күшті Жаббар Аллаһ, алып әлемді тас-талқанын шығарып, қияметте бәрін төңкеріп, дүниені жоқ қылып, орнына ғажайып ақырет әлемін құратынын, зәрелерден бастап, сонау жұлдыздарға дейін ірілі-ұсақты барлығын Оның бір өзі басқарып тұрғанын баяндайды. Ғаламның, одан қала берді жер мен аспанның, қоршаған ортаның ашуын шақыратын пенделердің зұлымдықтарына, яғни, Жаратқанның ұлық мақсатына мұншама қайшы іс-әрекеттерге Жаб бардың қаһарланатынын, жасалған күнәлар Иләһи ыза мен Раббани қаһар шақыратынын білдіретін сансыз әрі мағынасы қорқынышты зор сөздерді қамтитын және әлгіндей үлкен төңкерістің санамызға сіңіп жүзеге асуында үлкен рөл ойнайтын кейбір сөйлемдерді және шексіз дәлелдердің нәтижелері болып табылатын аяттарды бірнеше рет қайталау кемшілік емес, керісінше ол өте қажетті де керемет иғжаз әрі аса жоғары дәрежедегі шешендік, орынды сөйлеу, үндестік, тіл өнерінің шыңы, шебер сөз саптаудың үлгісі болып табылады.Мәселен, бір ғана аят болып Құранда жүз он төрт рет қайталанатын “Бисмилләһир Рахмәнир Рахим” сөзі, Рисалей Нұрдың Он төртінші Лемасында
146Рисалей Нұр жинағынанбаяндалғанындай, Ғарышты Жермен байланыстыратын, ғаламға жарық беріп тұрған, баршаның әрқашан мұқ таж бір ақиқаты. Сондықтан миллион есе қайталанса бәрібір мұқтаждық сезіледі. Ол, нан сияқты күн сайын емес, тіпті ауа мен жарық секілді әр сәт қажет, әрдайым қызығушылық оятады.Тағы бір мысал, сүресінде сегіз мәрте қайталанатын мынааяты, сүреде баяндалған пайғамбарлардың қиын-қыстау бәледен аман-есен құтылғандарын, қауымының болса, пәлеге ұшырағанын айтады. Оқиғаға әлемнің жаратылудағы мақсаты тұрғысынан, Иләһи Рубубиет атынан қарап, мұндай ақиқаттарға толы аяттарды бірнеше мәрте қайталап, Раббани абырой ондай залымдардың ауыр жазалануы керектігін, ал Иләһи мейірім болса, пайғамбарлардың есендікке қауышуын талап ететінінен дәріс береді. Сондықтан мың рет қайталанса бәрібір қажеттілік, бәрібір қызығушылық туады. Осындай ғажап әрі терең көп мағынаны аз сөзбен жеткізе білу шешендіктің ең жоғары дәрежесі емей не?Мысалға, “Рахман” сүресінде қайталанатынаяты мен “Мүрсәлат” сүресіндегіаяты жын мен адам баласының ғаламның ашуын шақыратын, жер мен көкті ызаландыратын, жаратылыстың нә тиже-мақсатына нұқсандық келтіретін және Иләһи салтанатқа қарсы келіп, оны жоққа шығару, үстірт қарау боп саналатын күпірлік пен иман сыздық секілді зұлымдықтарын және болмыс атаулының ақысын жеген жауыздықтарын әшкерелеп, ғасырларға, аспан мен жерге, жалпы әлемге қаһарын шаша жар салған осы екі аяттың мыңдаған ақиқаттарды қамтып, мыңдаған мәселені бір сәтте көтергеніндей маңызды әрі күлли,
147Құран ғажайыптарыяғни, жалпыға ортақ дәрісін, тәлім-тәрбие беретұғын сабағын мың рет қайталаса бәрібір қажеттілік сезіледі. Бұл Аллаһтың “Жәлал” сипатымен қатысты бір иғжаз, “жамал” сипатымен байланысты шешендіктің мазмұны деуге болады.Тағы да мысал: Құранның шынай да белгілі бір мағынада толық қан ды мінәжаті әрі Құраннан шыққан, оның өзегі деуге болатын “джәу шән-үл Кәбир” атты Ардақты Пайғамбарымыздың мінәжатындасөзін жүз рет қайталауында терең мән жатыр. Ол жерде Жаратқанның “тәухид” бірлігі секілді әлемдегі ең ұлы ақиқатты, “тәсбих” (пәктеу), “тақдис” (ұлықтау) тәрізді жаратылғандардың Аллаһтың Рубубиеті ал дын дағы үш ұлы міндетінен ең маңыздысын және мәңгі азаптан құтылу секілді адамзаттың аса маңызды мәселесін қамтиды, сондай-ақ, құлшы-лық тың өзегі һәм адами дәрменсіздіктің емі, аса мұқтаж нәрсесі не екенін анықтайтындықтан мыңдаған мәрте қайталанса көптік қылмайды.Міне, Құрандағы қайталану мәселесі осы секілді мықты негіздермен, ірі ақиқаттармен байланысты. Тіпті, кейде бір бетте мақамның талабына сай, һәм санаға әбден сіңіру мақсатымен және шешендіктің талабы бойынша “тәухид” ақиқатын ашық түрде немесе астарлы түрде жиырма мәрте үсті-үстіне түсіндіреді. Жалықтырмақ түгіл, қайта оқылған сайын адамды ынталандырады. Рисалей Нұрда Құранның қайталануы өте орынды, үйле сімді әрі шешендік жағынан талапқа сай екені толық баяндалған-ды.Енді, Құранның Меккелік сүрелері мен Мәдинелік сүрелерін салыс тырар болсақ, олар шешендік тұрғыдан және иғжаз жағынан, сондай-ақ, ұзақ не қысқа түсіндіру жағынан өзара айырмашылыққа ие. Оның сыры мынада: Меккеде бірінші саптағы тыңдармандар, яки, қарсыластар Құрайыш мүшриктері
148Рисалей Нұр жинағынан(серік қосушылар) мен надан, жәһилдер болған дықтан шешендікке сай, керемет күшті тәсіл қолданылған. Сөзді қысқа да нұсқа әрі қанағаттандыратындай мазмұнды баяндау және санаға сіңіру үшін қайталануы шарт. Сондықтан, көбінесе, Меккелік сүрелер иман негіздерін, тәухидтің мәртебелерін өте қуатты, терең әрі түйіндеме арқылы түсіндіріп, бірнеше рет қайталай отырып, жаратылыстың бас талуы мен аяқталуы туралы, Аллаһ және ақырет жайлы бір аятпен, бір сөзбен ғана емес, тіпті, бір әріппен, кейде, тіпті, ә дегеннен-ақ мағына түсінікті бола қалса, енді бірде сөздің соңына қалдырып, ал кейде атап тұрып көрсетсе, тағы бір жерінде астарлы түрде, кейде мәлім, кейде беймәлім, кейде аттап өтсе, басқа бір жерінде тоқталып, осылайша, сан-алуан тәсілдермен қуатты дәлелдейтіні сонша, шешендік өнерінің бетке тұтар жыраулары, абыздары, суырып салма ақындары, шешендіктің бетіне қалқып шыққан қаймақтары ауыздары ашылып, аң-таң. Рисале-и Нұр, оның ішінде Құранның қырық жағынан иғжазы бар екенін қысқаша дәлелдеген Жиырма бесінші Сөз қосымшаларымен бірге, сондай-ақ, аяттардың үндестігіндегі иғжаз тұстарын керемет баяндап әрі дәлелдеген арапша Рисалей Нұрдың “Ишарат-үл Иғжаз” тәпсірі Меккелік сүре мен аяттардың өте жоғары дәрежеде шешендікке ие, сөз саптау тәсілі керемет, таңғаларлық ижазды, яғни, көп мағынаны аз сөзбен жеткізетін теңдессіз қасиетті екенін баяндаған.Ал, Мәдинелік сүре мен аяттардың бірінші қатардағы тыңдармандары немесе дұшпандары болса, Аллаһты мойындаған яхуди мен христиан се кілді әһл-и кітап өкілдері болғандықтан шешендіктің талабына сай әрі тәрбиеге, мақамға, жағдайға байланысты қарапайым, ашық әрі егжей-тег жейлі түрде, ыңғайлы әдіспен діннің терең әдістемелерін, иман негіз-дерін емес, керісінше, оларға айтыс-тартыс тудырып жүрген шари ғаттың мәселелерін, діни қағида-заңдар мен үкімдердің және болар-бол мас секілді, алайда, өміршең, жалпыға ортақ заңдардың қайнар көзін, олар ды қоғамда қалыптастыратын
149Құран ғажайыптарышағын үзінділерді түсіндіру керек бол ғандықтан әлгі Мәдинелік сүре мен аяттарда, көбінесе, жан-жақты түсі ніктеме беріліп, қарапайым әдіс қолданылған. Бірақ мұндай теңдессіз баян дау, тек, Құранға ғана жарасады. Өйткені, сол болмашы мәселеден, шағын оқиғадан мәнісі зор, терең әрі қуатты нәтиже, өзекті қорытынды, айғақ боларлық тұжырым жасалады. Ол жердегі шариғатқа қатысты ша ғын оқиғаны баршаға ортақ қылатын, яғни, кең ауқымды ететін және Аллаһқа иманмен байланыстыратын тәухид мағынасын, Аллаһтың есім-сипа тын білдіретін сөздерді, ақыретпен қатысты сөйлемдерді алдымызға жайып салады. Осылайша, сөздің мақамы, мәртебесі үстем болып, нұр лана, дәрежесі көтеріле, ауқымы шынымен кеңейе түседі. Рисалей Нұр аяттардың соңында көп кездесетінсекілді тәухидті яки ақыретті білдіретін тұжырымдарда қаншалықты керемет шешендік өнері жатқанын, көптеген қасиеттер мен үйлесімділікке толы екенін, нәзік те күрделі терең мағыналар қамтылатынын баяндаған. Атап айтар болсақ, Жиырма бесінші Сөздің екінші Жарығының екінші Нұрында әлгіндей тұжырымдардың көптеген сырларынан он сырын баян дап, сол тұжырымдардың өзі ұлы мұғжиза, ешкімнің қолынан кел мейтін шешендік, теңдессіз сөз саптау тәсілі екенін қарсылас қырсық дұшпан дарға да дәлелдеген болатын.Рас, Құран Кәрім, әлгіндей шариғатпен қатысты сырттай шағын кө рін ген мәселені, қоғаммен байланысты заң-ережелерді баяндай келіп, кенет назарды тым жоғары, жалпыға ортақ, маңызы зор мәселеге аударып, бас тапқы қарапайым әдістемесін күрделендіріп, шариғат дәрісін тәухид сабағымен ұштастырып, иман дәрісіне айналдырып жібереді. Осылайша, өзінің һәм шариғат кітабы, һәм үкімдер жинағы, һәм хикмет толы қазына,
150Рисалей Нұр жинағынанһәм ақида (сенім, наным) кітабы, һәм иман кітабы, һәм зікір кітабы, һәм пікір кітабы, һәм дұға кітабы екенін көрсетіп, кез келген мақамда тәрбиелік мәнісі зор, аспани дәріс береді. Осы тұрғыдан алғанда, Мәдиналық аяттар Меккелік аяттардан шешендік жағынан ерекше. Бұл өз алдына бөлек, мүлдем өзгеше мұғжизалы үндестік.Кейде Құран екі ауыз сөзбен, мысалға: (бүкіл әлемнің Раббысы) және (сенің Раббың) деген сөзде сөзі арқылы Әха диетті (әрнәрсені өзі жаратуы) және сөзімен Уахданиетті (барлығын тұтас өзі жаратуы) білдіреді. Әхадиеттің ішінен Уахданиетті көрсетеді. Аяттардың құдіреттілігі сонша, тіпті, бір сөйлемімен орасан зор істерді тындырады. Бір зәре немесе бір жасуша көздің қарашығында қалай тұрғанын көріп-біліп, оны өзі орналастырғаны секілді, Күнді де дәл сол аятпен, дәл сол құдіретпен көк аспанға өз орнына орналастырады, бейне бір алып Күнді көктің көзі қылады.Мәселен:аятынан кейінаятының ізін суытпайдейді. “аллаһ, аспан мен жерді таңғажайып жаратқан һәм, Ол, көңілге түйген жасырын ойларды да біледі, бәрін өзі басқарады” дейді. Осындай керемет сөздерімен қарапайым, оқу-жазу біл мейтіннің дәрежесіне сай және халықтың ой-өрісіне ыңғайлы, шағын әңгіме, осылайша, бірден маңыз бен жоғары мәртебеге ие болып, тартымды да қызық әрі жалпыға ортақ, тәрбиелік мәнісі зор әңгімеге айналып сала береді.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170