Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Құран ғажайыптпры

Құран ғажайыптпры

Published by risalekz, 2020-02-25 03:22:05

Description: 1928 жылы Барла қаласында жазылған 25-Сөз.
(Mucizat-ı Kuraniye)

Keywords: Рисалей Н?р,Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

51Құран ғажайыптарыМіне,сөзінің “Ләм”-ін алар болсақ, қарапайым халық бұл ләм әрпін “илә” мағынасында түсінгендіктен мынандай бір мағына шығарады: “Сендер үшін жарық беретін әрі жылытатын қозғалыстағы мына шам тәріздес Күннің әрине бір күні саяхаты аяқталады. Ол өзінің баратын жері, межесіне жетеді. Сендерге еш пайдасы тимейтіндей күйге енеді” деп түсінеді. Сөйтіп, өзінің Жаратушысы Аллаһ Тағаланың Күнге байланысты үлкен нығметтерін ойлап “Субханаллаһ, Әлхәмдулилләһ” дейді.Ал ғалымға әлгі “ләм” “илә” мағынасында көрінеді. Бірақ Күн, тек жарық беретін шам ғана емес, ол өте маңызды қызмет атқаратынын, атап айтқанда ол, көктем мен жаз кәсіпорындарында тоқылған Раббани тоқымалардың бір шөлмегі ретінде зор міндет атқаратынын және күндіз бен түннің парақтарында жазылып жатқан Самәдани хаттардың сиясы, яки сия сауыты түрінде елестетіп, ал оның сырт көзге қозғалып бара жатқандай көрінуі болса, әлемдегі керемет тәртіп пен жүйені білдіреді, соның белгісі” деп толғана, Сани-ы Хакимнің (өте шебер, шексіз дана) өнеріне тамсанып “Машаллаһ”, хикметіне “Бәракәллаһ” деп сәждеге жығылады.Аспан әлемінің суреттемесін зерттеуші данагөй пәлсапашы-космограф “ләм” жалғауын “фи” мағынасында деп түсінеді. Оның ойынша Күн өз жүйесінің орталығында, сондай-ақ, өзі айналып жүретін жолындағы шиыршықталған жүрісімен ғаламшарларын, жүйесін Аллаһтың әмірмен жүйелеп, қозғалысқа ендіреді. Осындай алып сағатты жаратып, жүйеге келтірген Сани-ы Зүлжалалдың алдында тамсанып, қайран қала мадақтап, “О, Аллаһ! Неткен ұлықсың, неткен құдіретің шексіз!” деген мағынада “Әл азамәту лилләһ уәл Қудрату лилләһ” дейді. Енді ол пәлсәпәні тастап, Құран хикметін зерттеуге кіріседі.Сондай-ақ, зерек бір Хәкім дана бұл “ләм” әріпін һәм басты себеп, һәм үстеу мағынасында бекітіп, былай ой түйеді: “Сани-ы

52Рисалей Нұр жинағынанХаким өзінің орасан зор істеріне сыртқы себептерді перде қылғандықтан, жалпы тартылыс күші деп аталатын өзінің Иләһи заңымен қиыршық тастар секілді үлкен ғаламшарларды Күнге байлап қойған. Сол тартылыс арқылы әртүрлі, алайда жүйелі түрдегі қозғалыспен әлгі ғаламшарларды хикметпен, белгілі бір шеңберде шыр айналдырады. Ол тартылыс күшін туғызу үшін Күннің өз шеңберінде айналуын сыртқы себеп қылған. Демек, сөзінің мағынасы яғни, Күн өз тұрағының ішінде ғаламшарлардың тұрақтылығы мен жүйесін сақтау үшін әрекет етіп, айнала қозғалады. Өйткені, сырттай қарағанда қозғалыстан жылу, жылудан күш, күштен тартылыс күші пайда болатыны рас. Олай болса, ол бір Иләһи Әдет, Раббани құдірет пен заңдылық”. Міне, біздің дана Хәкім, осындай керемет терең де мол хикметті Құранның бір ғана әріпінен түсінген кезде: “Әлхәмдулилләһ хақ пен хикмет Құранда екен! Олай болса пәлсапа бес тиынға да татымайтын дүние” дейді.Енді, ақыл-ойы ақындық шабытқа толы кісіге, бұл “Ләм”-нан және Күннің тұрақтылығынан мынадай бір мағына ойына келеді:“Күн бейне бір ағаш тәрізді. Ал планеталар болса оның қозғалып отыратын жылжымалы жемістері. Бірақ, ағаштарға ұқсамайтын жағы - жемістері түсіп қалмауы үшін Күннің өзі сілкінеді. Егер Күн сілкінбесе, жемістері түсіп, шашылып кетер еді”. Һәм былайша қиял жүгіртеді: “Күн “мәджзуб”, яғни, басын шұлғып шыр айналған бір зікір басшысы. Зікір шеңберінің ортасында естен тана зікір етеді және басқаларға да зікір еттіреді”. Бір шығармамда осы мағынаға қатысты былай деген едім:“иә, Күн жемісті ағашқа ұқсайды. жылжымалы жемістері түспесін деп сілкінеді әрдайым.

53Құран ғажайыптарыегер, бір сәт тынышталып, сілкінбесе, тартылыс күші кетеді де кеңістікте жылап қалар тартылғандар”.Мысалы,аятында ештеңе айтпай, үндемей қою және ашып айтпай, жалпы тоқталу бар. Әркім өзіне керегін ал сын деп, қандай нәрсеге қолы жететіні айтылмаған. Мағына ұзаққа созыл сын деп, аз сөзбен қысқа қайырған. Өйткені, кейбір тыңдаушының мақ саты тозақтан құтылу болса, кейбірі тек жәннатты көксейді, ал кей жан дар мәңгілік бақыт жайын армандайды. Кейбірі бір ғана Аллаһтың риза шы лығын қалайды. Және біреулер Аллаһтың Жәмалын көруді ғани бет санап, тек соны үміт қылады, тағысын тағы... Осы секілді көптеген жерде Құран, сөзді орта жолдан тастап, көпшілік назарына пікір жүргізсін деп қалдырады. Көптеген ауқымды мағыналарды білдіру үшін Ол, кейбір сөздерді аттап өтіп немесе үндемей қоя салады. Әркім өзінің үлесін алуы үшін сөзді қысқа қайырады.Міне, сөзі сондай сөздердің санатына жатады. Бұл жерде мұсылмандардың қай нәрседе табысты болатынын анық айтпайды. Бейне бір үндемеуі арқылы былай дейді:“Уа, Мұсылмандар! Сендерге сүйінші! Уа, тақуа құлым! Сен тозақтан құтыласың. Уа, салих құлым! Сен жәннатқа кіресің. Уа, Ариф! Сен Ал лаһтың ризашылығына бөленесің. Уа, ғашық! Саған Аллаһтың Жәмалы нәсіп болады”. Осы секілді тағысын-тағы жалғаса береді. Міне, Құранның сөздеріне мазмұндылығы тұрғысынан қарағанда сөйлемдерінде, сөзде рінде, әріптерінде, нүктелерінде, яғни, үндемей қалуының өзінде көптеген сырлар жатқанына мыңдаған мысалдарынан тек үлгі ретінде бір-бір мысал келтірдік. Аяттарды және қиссаларды солармен салыстыр.Бұл аяттың көптеген жақта ры мен мәртебелері бар. Сондықтан, барлық әулиелер өздерінің ұстанған жолдарында, рухани мәртебелерінде осы

54Рисалей Нұр жинағынанаяттан өз қажеттіліктерін та уып, рухани мәртебелерге бастар баспалдақ жасап, тың мағыналар түй ген. Өйткені, “Аллаһ” есімі мағынасы терең, өте бай, мазмұнды бір есім болғандықтан, Иләһи көркем есімдерінің санындай ішінен көптеген тәухид (бір Аллаһқа иман) нұрлары табылады.яғни, “Одан басқа ризық беруші жоқ”, “Одан басқа жаратушы жоқ”, “Одан басқа мейі рімді жоқ” тағысын тағы...Һәм, мәселен, Құран қиссаларынан Мұса ғаләйһиссаләмнің қиссасын алайық. Ол бейне бір Мұса ғәләйһиссәләмнің асасы секілді мыңдаған пай далары бар. Ол қиссада һәм Ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) жұбату мен көңілін аулау, һәм кәпірлерді қорқытып зәресін алу һәм мұнафықтарды (екі жүзділер) кінәлап жақтырмау, һәм яһудилерді сөгіп, жазғыру секілді көп мағына бар. Осы секілді көптеген мақсат-мағыналар, қыр-сырлар толып жатыр. Сондықтан бұл қисса көптеген сүрелерде кездесіп көп қайталанады. Барлық жерлерде бүкіл мақсаттарды жеткізуімен қатар біреуі тікелей басты мақсат етіледі де, қалғандары оны қуаттап, негізгі мағынаның ығына жығыла кетеді.егер былай десең: “Жоғарыда өткен мысалдардағы мағыналарды Құранның әдейілеп білдіргісі келетінін ишара етіп, меңзеп тұрғанын қайдан білеміз?”жауабы: Иә, Құранның әзәли хұтпа екені, яғни, мәңгі бақи әрі шексіз, өте ауқымды үндеу екені рас. Һәм сан түрлі, қабат-қабат ғасырлар бедерінде, тарихтың қойнауындағы қаз-қатар тізіліп тұрған бүкіл адамзат баласына үн қатып, дәріс беретіні де рас. Әлбетте, әлгіндей неше түрлі түсінік пен ой-санаға қарай сан мыңдаған мағыналарды мазмұндап, бойына сіңіріп, оны жеткізуді қалауы заңды құбылыс. Әрі, сол қалауын меңзейтін белгілерді қоюы шарт.

55Құран ғажайыптарыИә, “Ишарат-үл Иғжаз” атты шығармада осы мағыналар секілді Құрани сөздердің сан-алуан мағыналарын араб тілінің “сарф” және “нахв” ілімінің ережелеріне сәйкес, сондай-ақ, стилистика және тіл құралдары ілімінің заңдылықтарына һәм ғылыми негіздерге сүйене отырып дәлелдеген болатынмын.Сонымен қатар араб тілін зерттейтін ілімге сәйкес болу шартымен, сондай-ақ шариғат ілімі қабылдаса, және әдебиеттің “фәнн-і мағани”, “илм-і баян”, “бәлағат” (шешендік) секілді көптеген түрлеріне қайшы келмейтін болса, Құраннан алынған және Құран туралы айтылған мағыналардың барлығы дұрыс, олар жаппай Құранның мағыналары болып табылады. Мүджтахит ғалымдар, тәпсірші ғұламалар, шариғат хұқықшылары, дін мамандары жаппай, мейлі олар бір мәселесіне бірауыздан келіссін-келіс песін бәрібір ол мағыналар Құранның мағынасынан екеніне олардың өздері де куәлік етеді. Құранда сондай ауқымды да күллі мағыналардың маңыздылығына қарай жеке-жеке белгі-нышандар қойылған. Оны я бір сөзбен, я болмаса мағынауи түрде білдірген. Мағынауи дегеніміз, сөздің ә дегенде басында, не болмаса соңында, я болмаса басқа бір аяттағы белгі арқылы әлгі мағынаға ишара қылуы.Ғұламалар тарапынан жазылған кейбірі жиырма, отыз, қырық, ал пыс, тіпті, сексен томдық жүз мыңдаған тәпсір-түсініктемелер осы айтқа ны мызға, яғни, Құранның мазмұндылығына, әрбір сөзі көптеген мағы на қамтитынына бұлтартпас айғақ болып саналады. Жарайды әзірге осымен доғарайық. Қазір әрбір мағынаға оны меңзейтін белгілерді қағида-заң дарымен бірге түсіндіріп жаза бастасақ сөз ұзаққа созылып кететіндіктен қысқа қайырамыз. Ол туралы біршама білгісі келетіндер “ишарат-үл иғжаз” кітабын оқысын.екінші шұғыла Мағынасының таңғажайып мазмұндылығы жайлы. Иә, барлық мүджтахит ғалымдарға дерек көзі болған, барлық арифтерге талғамды үйреткен, ақиқатқа қолы жеткендерге жол көрсеткен, кәміл жандарға жаппай жөн

56Рисалей Нұр жинағынансілтеген, ғұламаларға бағыт-бағдар берген Құран ның таусылмас мағынауи қазынасы баға жетпес құндылық. Сонымен қа тар оның мазмұнды мағыналары оларға әрдайым жетекшілік етіп, дамып жетілуіне ықпал еткен. Мұны ол өзінің таусылмайтын нұрлы қазынасынан бергеніне әлгі жандар бірауыздан растап куәлік етуде.Үшінші шұғыла Құранның ілімінің шексіздігі, таңғажайып мазмұн дылығы жайлы. Иә, Қасиетті Құран шариғаттың сан-алуан, көптеген ілімдерін, ақиқаттың түрлі-түрлі сансыз ілімдерін, тариқаттың сан-қилы, шексіз ілімдерін өзінің теңіздей тасыған ілімінен құйып беріп, сусындатқан. Сондай-ақ, жаратылыстың нағыз хикметі, Жаратқанмен қатысты хақиқи ілім және ақырет әлеміне байланысты білім, әлгі шалқыған ілім теңізінен бастау алған. Бұл тақырыпқа мысал келтірер болсақ, бірнеше том кітап болар еді. Олай болса, тек үлгі ретінде сөздерінің саны жиырма беске жуық осы “Сөздер” кітабын назарға ұсынамыз. Сонымен, осы жиырма бесінші Сөздің баяндаған ақиқаттары Құранның теңіздей шалқыған ілімінің тек жиырма бес тамшысы ғана. Жазылған Сөздерде қателіктер болса, ол менің таяз пікірімнен туындаса керек.төртінші шұғыла Тақырыптарының өте мазмұндылығы жайлы. Иә, адам жайлы, оның атқарар міндеті жайлы; ғалам және оны жаратқан Халиқ-ы кайнат (әлемнің жаратушысы) туралы, жер мен көк, дүние мен ақырет, өткен мен болашақ, “әзәл” (бастауы жоқ мәңгілік) мен “әбәд” (соңы жоқ мәңгілік) секілді терең мәселелерді мазмұндап қана қоймай, сонымен қатар аталық ұрықтың (сперма) жаратылуынан бастап, сонау қабірге кіргеніне дейін баяндап береді. Сондай-ақ, адамның ішіп-жеу әдебінен бастап, сонау қаза мен қадер (тағдыр) тақырыптары қозғалады. Әрі ғаламның алты күнде жаратылуынан бастап, сонау

57Құран ғажайыптарысамал желдің есуіне (оларды ұран Қант ету ар ылы баяндайды) ,қолардың қызметтеріне дейін; сондай-ақ,сөзі ишара етке нін дей адамның жүрегіне (көңіліне) және оның ерік-қалауына араласудан бастап, сонау яғни, бүкіл аспанды уысын да ұстайтынына дейін; жер жүзіндегі гүлдер мен жүзім, құрма секілді жемістерден бастап, сонау сөзі арқылы білдірілген зілзала секілді ға жайып ақиқаттарға дейін;Және аспанның деп суреттел ген жағдайынан бастап, сонау түтіндеп, жарылып қақ айырылатынына, жұлдыздардың ағып, алып кеңістікте тарыдай шашылатынына дейін; және ақыреттің кіріспесі қабірден, берзах әлемінен, хашірден, сырат көпірінен бастап, сонау Жәннатқа, сонау мәңгі бақытқа дейін; Өткен заманның оқиғаларынан, Адам ғаләйһиссаламның жаратылуынан бастап, оның екі баласының жанжалдасуынан бастап, сонау жер бетін топан су басқанына, сонау Перғауын қауымының суға батуына және көптеген пайғамбарлардың маңызды уақиғаларына дейін;Сондай-ақ, аяты ишара еткен әзәли оқиғадан бастап сонау дейтін әбәди уақиғаға дейін; Міне осы тектес негізгі әрі маңызы зор тақырыптарды жинақы түрде мазмұндап керемет баяндаған. Бұл баяндау бүкіл әлемді бір сарай секілді тыянақты басқарып отырған, дүние мен ақыретті үйдің екі бөлмесі сықылды ашып-жабатын және жер жүзін бау-бақшадай ал, аспанды шам-шырақтармен безендірілген шатырдай жаратып, басқарып

58Рисалей Нұр жинағынанотырған һәм өткен мен болашақ кешегі мен бүгінгі күн секілді назарында дайын тұратын, оларды кітаптың екі парағы тәрізді бір сәтте көріп тұратын, сондай-ақ, “Әзәл” мен “Әбәд” болса, кеше мен бүгін іспеттес оны ұзыннан-ұзақ, тізбектей созылып жатқан Аллаһтың істерінің екі тарапы дейтін болсақ, бір-бірімен ұштастырып, тұтас түрде, барлық заманды осы шақ секілді түгелдей көріп тұрған Зат-ы Зүлжәлалға ғана жарасатын сөз, соған ғана лайық баяндау деп айтасың.Қалайша хас шебер ұста, өзі салған әрі басқарып отырған екі үй туралы әңгіме бастайды. Оның жоспарын, атқарған жұмыстарын бір параққа жазып мазмұндайды. Сол секілді Құран дағы мына ғаламды жаратқан, оны басқарып отырған және істерінің мазмұнын – егер солай айтуға болатын болса – бағдарламасын жазған, оны әлемге паш еткен бір Құдіретке ғана жарасатын дәрежеде. Құранда ешбір жасандылық, бәлсінушілік таба алмайсың, өйткені жоқ. Біреуге еліктеу не болмаса басқа біреудің атынан сөйлеу сықылды қулық атымен жоқ. Керісінше, шынайылық, кіршіксіз пәктік, ықылас, мөлдірлік, жарқындылық байқалады. Қалайша Күннің сәулесі “мен Күннен келдім” дейді, дәл сол секілді Құран да “Мен, бүкіл әлемді Жаратқанның баянымын, Соның сөзімін!” дейді.Иә, бұл дүниені ғажайып өнерімен безендірген һәм тәтті нығметтерімен толтырып қойған және өз өнеріне аса мән беретін, сондай-ақ, баршаны нығметтерімен азықтандырып отырған һәм өнерінің ғажайыптарымен құлпыртып жіберген һәм әлгі баға жетпес нығметтерді дүниенің әр тарапына жайып, реттеп, оны жер бетіне әдемілеп тізіп қойған Шебер әрі Мүним (нығмет беруші) Аллаһтан басқа кім Құранға, яғни, әлгі нығметтерге баршаны риза қылып жоғары бағалатқан, оларға Аллаһты мадақтатып, шүкір еткізген, жер жүзін зікірханаға, мешітке, Иләһи өнер көрмесіне айналдырған Қасиетті Құранға ие бола алады?! Одан басқа Құран кімнің сөзі болуы мүмкін?! Дүниені жап-жарық қылып тұрған жарық, алып Күннен басқаныкі болуы мүмкін бе? Ғаламның тылсым сырларын

59Құран ғажайыптарыашып, нұрға бөлеген Қасиетті Құран, Шәмс-і Әзәлиден (мәңгі өшпес Күндей жарық) басқа кімнің нұры болуы мүмкін. Оған тең келер сөз сөйлеу, ұқсастырып кітап жазу кімнің қолынан келер дейсің. Рас, бұл дүниені өнерімен безендірген Шебердің ол өнерді жоғары бағалап, тамсанған адамзатпен сөйлеспеуі мүмкін емес. Ол барлығын өзі жасап, өзі білетіні рас. Олай болса әлбетте сөйлейді. Сөйлейтін болса әлбетте өзіне жарасатын сөзі тек қана Құран. Бір түйір гүлдің өзін аса мән беріп, мұқият реттеп отырған Малик-үл Мүлктің (бүкіл жаратылыстың Иесі) жаратылысты жаппай шулатқан кітаппен еш қатысы болмауы мүмкін бе? Оны бөтен біреулерге беріп қойып, құнын түсереді деп ойлайсың ба?бесінші шұғыла: Құранның әдісі мен ижазының (аз сөзбен көп мағына білдіру) таңғажайып мазмұндылығы жайлы. Мұны бес сәуле арқылы түсіндіреміз.бірінші Сәуле: Рас, Құранның әдісі өте күрделі де мазмұнды. Оның бір сүресінің өзі бүкіл әлемді қамтып жатқан теңіздей Құранды толығымен мазмұндайды. Оның бір аяты, өзі тұрған сүрені толық қамтиды, яғни, сүредегі қазына-байлықтар әрбір аяттың ішінен табылады. Көптеген аят тардың әрқайсысы жеке-жеке қысқа сүрелермен пара-пар. Ал, сүрелердің көбісі, әрбіреуі шағын Құран тәріздес. Бұл, таңғажайып ижаздан туын дайтын, тәрбиелік мәнісі зор жарылқау әрі үлкен жеңілдік болып табы лады. Өйткені әркім, әрқашан Құранға мұқтаж бола тұра ой-өрісінің таяз дығынан немесе басқа себептерге байланысты әрдайым Құранды толық оқымайды яки оқуға қолы тимейді. Міне, осындай пенделер Құраннан мақұрым қалмасын деп, әрбір сүре шағын өзіндік бір Құран ретінде, тіпті ұзын аяттың әрқайсысы жеке-жеке қысқа сүре болып есептеледі. Ол түгіл Құран “Фатиха” сүресінің ішінен, “Фатиха” сүресі де “Биссмилләһ” сөзінің ішінен табылатынына “әһл-и кәшф” әулиелер бірауыздан куәлік етеді. Осы айтылған ақиқатқа дәлел ретінде зерттеуші ғұламалардың пікір бірлігін айтуға болады.

60Рисалей Нұр жинағынанекінші Сәуле: Құранның аяттары өте көп мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, бұйрық пен тыйым салу, сый-сыяпат пен сазайын беру, қызықтыру мен қорқыту, жазаға тарту мен тәрбиелеу, қиссаларды баяндау мен мысал келтіру, Иләһи заңдар мен Жаратқан туралы ілім, жаратылыс жайында мағлұмат, жеке бастың өміріне қатысты заң-ережелер мен қоғамдық өмірге байланысты дәстүрлер, сондай-ақ, рухани әрі ақыреттік өмір қағидалары жайлы баяндайды. Міне, осындай сан-алуан тақырыптар мен өзекті мәселелерді, нағыз ілімді, ауадай қажетті дүниелерді дәлел дерімен, ишараларымен бірге мазмұндап, толық қамтиды. Сондықтан яғни, “Құранда не керектің бәрі бар, қалаға ныңды ал!” деген сөз өте дұрыс. Бұл сөз ақиқатшыл жандардың арасын да кеңінен тараған. Иә, Құранның аяттарының мазмұндылығы өте керемет. Ол кез келген дертке дауа, бүкіл қажеттілікті қамтып, толық қанағаттандырады. Оның солай болуы заңдылық. Себебі, әрдайым дамып, жоғары өрлеп бара жатқан кәміл жандарға жол көрсетіп, жөн сілтеу үшін сондай қасиетке ие болуы шарт.Үшінші Сәуле: Қасиетті Құранның таңғажайып ижазы, яғни, көп мағынаны аз сөзбен жеткізуі жайлы. Кейде Құран ұзыннан ұзақ созылып жатқан, ұшы қиыры жоқ жаратылыстың – оны бір тізбек ретінде су реттейтін болсақ – екі тарапын шебер баяндаған кезде әлгі шексіз ұзын тізбек тұтас түрде айқын көрінеді. Һәм, кейде бір сөздің ішіне маңызды бір мәселенің көптеген дәлелдерін ишари түрде немесе рәмізбен, не болмаса тұспалдап сыйғызып жібереді.Мәселен:сөйлемін алайық. Мұның ішінде Аллаһтың жалғыз екенін дәлелдейтін айғақтар мен дәлелдердің ұзыннан ұзақ тізбегі (жиынтығы) жатыр. Аяттың бірінші бөлігі аспан мен жердегі дәлелдерді баяндап, ұзын тізбектей жайылып жатқан жаратылыстың басы мен аяғын, бастауы мен соңын баяндаған

61Құран ғажайыптарыкезде ақылға екінші тізбек, яғни, сөйлемнің екінші жартысы өзінен өзі белең береді. Бірінші тізбекті оқытқызады.Иә, өте шебер, барлығын хикметпен жаратушы Сани-ы Хакимнің бар екенін дәлелдейтін әлем кітабының бірінші парағы яғни аспан мен жердің ең алғашқы жаратылысы баяндалды. Осы кезде аспанның жұл дыз дармен безендірілуі, жердің тірі жандармен безендірілуі, содан кейін Күн мен Айдың мойынсұнуы арқылы маусымдардың өзгеруі, со сын түн мен күндіздің ауысуы ойға оралады. Олардың ішінен “Иләһи шуунатт” (Аллаһтың істері, оның есім-сипаттарының әсері) тізбектеліп көріне бастайды. Сөйтіп, келе-келе аяттың екінші бөлігіндегі сонау құ жынаған жаратылыстың сан жағынан ең көбі әрі ең көп тарағаны яғни бет-пішіндердің және дауыстардың ерекшеліктері, олардың бір-бірі не ұқсамайтыны, өзара өзгешеліктері баяндалады... Міне, егер де ретті лігінің сақталуы қиын, кездейсоқтыққа көп ұшырайтын түр-әлпеттер, тұлғалардың бет-бейнесіндегі ерекшеліктер, жүздер осындай таңғажайып тәртіппен, хикметке толы, жүйелі түрде реттілікпен жасалып жатса және оларды өте шебер бір Хакимнің қаламы суреттеп жатқаны рас болса, әлбетте реттілігі өте айқын көрініп тұрған басқа бет-парақтар анық түрде түсінікті болып, өзін салған Суретшіні паш етіп, анық көрсетеді.Һәм, алып аспан мен жердің алғашқы жаратылысында өнер мен хик меттің шағылыстары көрініп тұрғаны рас, олай болса, әлбетте ғаламды бір сарай іспеттес жаратып, оның ірге тасы ретінде аспан мен жерді орналастырған Шебер Аллаһтың басқа жаратқандарында да өнерінің шағылыстары, хикметінің ою-өрнектері ап-анық байқалады деген сөз. Сонымен осы аталмыш аят “хафиды изхар, захирды ихфа” қылу арқылы, яғни, жасырын, құпияны нәрселерді айқындап, ашыққа шығарды да ап-ашық, көрнекі нәрселерді жасырып, құпия қылу арқылы өте керемет ижаз жасады яғни көп мағынаны бір сөзбен жеткізді.

62Рисалей Нұр жинағынанШынымен десөзінен бастап сонаусөзіне дейін алты мәрте деп басталатын айғақ пен дәлелдердің тізбегі бейне бір жауһар тізілген моншақтай немесе нұр тізбектей яки таңғажайыптар жинағы десе болады. Мұның өзі ижазға (тұжырымдылық) толы керемет қазына. Менің осы құпия қазынадағы алмас, гауһардай құндылықтарды ашып көрсеткім келеді. Бірақ орайы келмей тұр. Басқа уақытқа қалдырып, әзірге ол есікті ашпаймыз.Һәм, мысалға: аятын алайық.сөзімен сөзі арасында мына сөздер жасырын жатыр:Демек, бес сөйлемді бір сөйлемге сыйғызып ижаз қылған. Бірақ сара лығына, айқындығына еш нұқсан келтірмейді, түсіну оңай.Һәм, мысалы:Қыңыр адам: “Шіріп кеткен сүйектерді кім тірілтеді?” деп Жаббармен айтысқысы келгендей сенбей, жоққа шығарғанда Құран оған: “Оны әу баста жоқтан бар қылған кім болса, сол тірілтеді. Барлығын жаратқан Ол, әрнәрсені жан-жақты біледі. Һәм, Ол – жап-жасыл ағаштан от шығарғаны секілді шіріген сүйектерге де тірілік бере алады”.Сонымен, бұл сөз қайта тірілу мәселесін жан-жақты қарастырып, көп тұрғыдан дәлелдейді. Әуелі, адамға жасалған

63Құран ғажайыптарыжақсылықты моншақтай тізіп алдына жайып салады. Оны манағы сөзбен бастап, сезімдерді оятып, еске салады. Және ол туралы басқа аяттарда егжей-тегжейлі түсін дірілгендіктен қысқа қайырып, ақылға сілтейді.Яғни, “Ол сендерге ағаштан жемісті һәм отты және өсімдіктен ризық тарды, дәндерді сондай-ақ, топырақтан тұқымдарды, өсетін өнімдерді берді. Сонымен қатар жерді не керектің бәрі табылатын бір бесік тәрізді жаратты. Әлемді не қажеттің бәрі бар бір сарай іспеттес жаратты. Демек, сендер осындай құдіреттен қашып, өз беттеріңше жүре алмайсыңдар, жоқ болып құтылып кете алмайсыңдар. Атқарар еш міндеті жоқ түрде қабірді паналап, тып-тыныш жасырына алмайсыңдар”.Содан кейін осы мәселенің бір ғана дәлеліне ишара ретінде : сөзімен астарлап былай дейді: “Уа, хашірге (өлген соң қайта тірілу) сенбейтін адам! ағаштарға қарасаңшы! Қыстың кезінде өліп қалған, саудыраған сүйектер секілді сансыз ағаштарды көктемде жаңадан тірілтіп, оларды жасартып отырған, тіпті әрбір ағашпен оның жапырағы арқылы, гүлі мен жемісі арқылы хашірдің үш үлгі-мысалын көрсеткен Құдіретке қарсы ақыретті жоққа шығаруға яки ақылға сыйымсыз санап құдіретіне шек келтіруге болмайды”.Содан кейін тағы бір дәлелге былай ишара етеді: “Сендерге құрамы тығыз һәм қатты әрі іші қараңғы ағаштан от секілді нәзік, жеңіл әрі нұрлы бір затты шығарған Құдіреттің қолынан бәрі келеді. Ол – отын секілді сүйектерге отқа ұқсас тірілікті және нұрға ұқсайтын ақыл-сананы қайта сыйлап, тағы да тірілтеді дегенді салыстыра алмай, аң-таң болып сенбей отырсыңдар?”Бұдан кейін тағы бір дәлелге тоқталып былай дейді: “Бедуиндердің сіріңке орнына пайдаланған от шығаратын мәшһүр ағаштың жап-жасыл ылғал күйінде екі бұтағын біріне-бірін үйкегенде отты жаратқан, бір-біріне қарама-қайшы

64Рисалей Нұр жинағынантабиғатты бірлестіріп, біріне-бірін ұйытқы қылған, осылайша барлық нәрсе тіпті шикізаттар, күллі ұсақ бөлшектер өзінің әмірімен болып, өзінің құдіретімен жүзеге асатынын, ешбір нәрсе өз бетінше әрекет қылмайтынын көрсеткен бір Аллаһқа қарсы шығып, асылы топырақтан жасалған, сосын қайтадан топыраққа көмілетін адамды Оның топырақтан қайта шығара алатынына сенбей, жоққа шығаруға болмайды. Ерегісіп, Онымен айтысу әсте жарамайды.Енді аят, Хазіреті Мұса Пайғамбардың мәшһүр ағашын еске түсіреді. Сөйтіп, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) талабы Мұса пайғамбардың (ғ.с) да талабы екенін айтады. Бүкіл пайғамбарлар ортақ бір мәселені көлденең тартқанын меңзеп сөздің ижазын (тұжырымдылық) одан әрі көркемдей түседі.төртінші Сәуле: Құранның ижазы керемет мазмұнды әрі таңғажайып. Зер салып қараса, кейде бір теңізді түгелдей бір құмыраның ішіне сыйғызып жібергендей өте ауқымды да терең, жалпыға ортақ ереже-заңдарды қарапайым, сауатсыз жандарға да қысқа-нұсқа шағын бір оқиға арқылы мейіріммен ұғымды етіп, керек десе көрсетіп береді. Мұның мыңдаған мысалдарынан тек екі мысалына ишара қыламыз:Бірінші мысал: Жиырмасыншы Сөздің бірінші бөлімінде жақсылап түсіндірілген үш аят туралы. Ол жерде былай делінген болатын: Адам ғаләйһиссаламға “тағлим-үл әсма” қылдық яғни оған бүкіл есімдерді үйреттік деу арқылы жалпы адамзатқа үйретілген, яғни, илһам болған барлық ілім мен ғылымның түрлері үйретілгенін білдіріп отыр. Ал, Адам ғаләйһиссаламға періштелердің сәжде етіп, шайтанның етпеуі оқиғасы арқылы адамзатқа балықтан бастап, сонау періштелерге шейін, жаратылыстың басым көпшілігі қызмет етіп, бағынатынын, ал кейбір жаратылыс мысалыға жыланнан бастап шайтанға дейін зиянкестік етіп, бағынбай дұшпандық қылатынын білдіреді. Һәм, Мұса (ғ.с) пайғамбардың қауымы бір сиырды бауыздады деу арқылы сол кездегі Мысырда кең тараған сиырға табыну

65Құран ғажайыптарыұғымын Мұса ғаләйһиссаламның пышағымен кесіліп, сап тыйылғанын білдіреді. Һәм, тастан судың шығуын, жылға болып ағуын және тастың күл-талқаны шығуын баяндау арқылы то-пырақтың астындағы тастар, суға қазынашы, топыраққа аналық қызметін атқаратынын білдіреді.екінші мысал:Құранда көп кездесетін Мұса ғаләйһиссаламның қиссасын баяндайтын сөйлемдерге, оның бөліктеріне тоқталайық. Әрбір сөйлемі тіпті әрбір бөлігі жалпыға ортақ заңдардың басы түрінде көрсетіліп, сол ереже-заңдармен толық таныстырады. Мәселен:дейді. Яғни Перғауын өзінің уәзіріне былай деп бұйырды: “Сен маған бір биік мұнара салдыр! Оған мініп аспанда шынымен Мұсаның (ғ.с) айтып жүрген аспанды басқарып тұрған бір Иләһ (тәңір) бар ма екен көрейін”. Міне, сөзі арқылы және шағын оқиғамен сол заманғы орасан зор ереже-заңдарын яғни тауы жоқ шөлейітте өмір сүргендіктен тауларды аңсайтын, Жаратқан иесін танымағандықтан табиғатқа табынып, өзін Құдай санаған және зорлық-зомбылық арқылы атын шығарған, атақ құмарланып таудай үлкен пирамидаларды салдырған және сиқырға сенетін, рухтың әрі-бері көшіп жүретініне иланып жаназаларын бальзаммен орап, мазарларда сақтаған Мысыр перғауындарының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, сана ларына әбден сіңіп, оларға үстемдік еткен, адам нанғысыз наным-заңдарын түсіндіреді.Мысалға:суға батқан Перғауынға былай дейді: “бүгін сенің суға батқан денеңе азаттық беремін”. Осы үндеу арқылы барлық перғауындар рухтың әрі бері көшетініне сеніп, жаназаларына бальзам жағып өткен шақтан алып болашаққа жіберіп, мағынасыз тек келешек ұрпаққа ғибрат боларлық тіріліктерін әшкерелеп қана қоймай,

66Рисалей Нұр жинағынансонымен бірге қазіргі таңда әлгі суға батқан Перғауынның анық денесі боп шыққан жәдігер, оқиғаның болған жеріндегі жағадан табылып, дененің теңіздің толқындарынан аман-есен өтіп жағаға жеткені секілді заман дейтін теңіздің ғасырлар дейтін толқынынан аман қалып, осы ғасырдың жағалауына шығатынын Құран пәленбай ғасыр бұрын ишарамен хабарлап, өзінің мұғжиза екенін бір ғана сөзбен көрсеткен.Һәм, мысалыға:бұл аят Ис раил ұлдарының басына түскен зобалаңды яғни дүниеге келген ұл балаларды сойып, әйел мен қыз балаларды тірі қалдыру оқиғасы жайлы баяндайды. Бұл бір Перғауын заманында болған уақиға. Аят осы арқы лы яхуди халқының көптеген мемлекеттерден әр ғасырда жәбір көріп, қырғынға ұшырайтынын және әйелдері мен қыздары азғындыққа салы-нып, бұзықтыққа зор үлес қосатынын білдіреді.Яхудилерге қатысты Құранның осы екі үкімі, әлгі халықтың адам заттың қоғамдық өмірінде жасаған қиянат, айла-бүліктерін, олардың адам затқа берер зардабы мол екі ереже-заңдарын қамтып, содан хабар береді. Олардың бірінші ереже-заңдары мынау: Қоғамдық өмірдің шырқын бұзу, еңбек пен капиталды соғыстырып, кедей-кепшікті байға қарсы айдап салу, еселеп өсімақы алу үшін банкілерді аша беру, алдап-арбаумен баю. Аят, осы сұмдықты істейтін сол халық екенін

67Құран ғажайыптарыбілдірсе, екінші ережелері бойынша олар, мемлекет құруға қолы жетпегендіктен және өздеріне көп зұлымдық жасаған елдерден, үстем келгендерден кек алу үшін қандай да болсын бүлікшіл ұйымдарға араласып, қоғамдағы дүмпу мен барлық төңкерістерге қатысатын тағы да сол халық екенін білдіреді.Мәселен,“Егер өздеріңдікі дұрыс десеңдер, қане өлімді қалаңдаршы! Жоқ, сендер ешқашан өлімді қаламайсыңдар!” Міне, бұл Пайғамбарымыздың бір жиынында аз бір жамағатпен болған шағын оқиға. Аят осы арқылы дүние жүзіндегі халықтардың ішінде өмір сүруге құмар, тым ашкөз әрі өлімнен зәресі қалмай қорқатын яхуди халқының сонау қияметке шейін жүріс-тұрыстары өлімді қаламайтынын, өмірге ынтық болып, құмарлығын тастамайтынын білдіреді.Мәселен: осы үндеу арқылыәлгі халықтың болашағын жалпы суреттеп береді. Міне, манағы халықтың мінезінде, тағдырында жазулы әлгі сорақы ереже-заңдылықтар әбден қалыптасқан. Сол үшін де Құран оларға тым қатулы. Үрейлі түрде соқ қылайды. Сонымен, осы аталған Мұсаның (ғ.с) қиссасына, Исраил ұлда рының қиссасына басқа да қисса-оқиғаларды салыстырып қара. Енді осы Төртінші сәуледе баяндалған аяттардың иғжазы секілді Құранның көптеген сырт көзге қарапайым көрінген сөздерінде, оның бір бөлік тақы рыптарында сансыз мұғжизалардың сәуле-нұрлары жасырын жатқа нын біл. Зерек адамға ишараның өзі жетеді дейді ғой.бесінші Сәуле: Енді, Құранның керемет мазмұндылығын, оның алға қойған мақсаттарын, көтерген мәселелерін, терең мағыналарын, таптыр майтын әдісін, ғажайып нәзіктігін, көз тоймас әдемілігін көрсетуге тыры самыз. Иә, баяндауы ғажап Құранның сүрелеріне, аяттарына әсіресе, сүре лердің бас жақтарына, аяттардың басы мен үзінділеріне тағы бір назар аударып қарайықшы. Ол жерлерде шешендіктің сан түрі, сөз

68Рисалей Нұр жинағынанмаржанының барлық тобы, әдістеменің ең жоғары сатылары, жақсы мінез-құлықтың неше атасы, ғылым-білімнің түгел ереже-заңдары, Жаратқан туралы ілімнің бүкіл мазмұны және адамның жеке өмірі мен қоғамдық өміріне қатысты аса пайдалы заңнамалар мен ғалам жайлы, оның ережелері толығымен, тұтас түрде табылады. Сонымен қатар, еш былығу, шатасу атымен жоқ. Сөздің шыны керек, жоғарыда аталған сан-алуан қасиеттерді бір жерге жинастырып, алайда бір-бірімен араластырмау, еш шатастырмай әрнәрсені өз орын-орнына қою өте қатаң да ғажайып бір тәртіптің ісі.Рас, Құранда осындай мазмұндылық, әлгіндей тәртіп болумен қатар мұның алдында жазылған жиырма төрт Сөзде түсіндіріліп, дәлелденгені секілді аяттар өзінің өткір сөздерімен қою надандықтың көзі болып табылатын “қарапайымдылық” пердесін, “әдет” жабуын жыртып, олардың артындағы жасырын жатқан таңғажайып Иләһи істерді көрсетеді. Сондай-ақ, адасуға ұйытқы болатын табиғат деген “жалған тәңірді” өзінің алмастай өткір айғақтарымен түте-түтесін шығарады. Бейқамдықтың терең ұйқы сынан құлақты жарып жіберердей айқайымен оятып жібереді. Адами пәл сапа мен даналықтың миы жетпеген ғаламның тылсым сырларын, әлем нің жаратылыс жұмбақтарын шешіп, іздегенге тауып береді. Міне, бұлар ақиқатты әрдайым көріп тұрған, ғайыпқа көзі жеткен, баршаға тура жол сілтеген, хақты көрсеткен таңғажайып мұғжиза Құранның қасиеті, Құранның ғана қолынан келер іс.Рас, Құранның аяттарына зер салып қараса, ол басқа кітаптар секілді бір-екі мақсатты көздейтін, ақырындап болатын пікірден туындамаған екені анық байқалады. Керісінше, ол бірден, ә дегенде өз орын-орнына түсе қалғанға ұқсайды. Барлығы бірге келген топ-топ аяттар жеке-жеке түрде алыс бір шалғайдан келгені және өте маңызды ақпараттың үзік-үзік бөлігі екені көрінеді. Иә, осындай керемет түрде ғалам жайлы, оны жаратқан Құдірет туралы ақпаратты ғаламды жаратқан Аллаһтан басқа кім бере алады? Халиқ-ы Зүлжәлалды өз қалауына қарай

69Құран ғажайыптарысөйлету, ғалам ның ақиқатын түсіндіру кімнің қолынан келеді дейсің? Одан өзгенің өз шамасынан асып таңғажайып іс істеуі мүмкін емес.Рас, Құранға мұқият қарасаң ғалам Иесінің хақ сөзі, шынайы үндеуі, өте ұлық сөйлеу мен сөйлеткізу екені байқалады. Біреуге еліктеу, ұқсауға тырысу деген атымен жоқ. Ол кітапта Жаратқанның Өзі ғана сөйлейді я сөйлеткізеді. Егер, Мүсайлима сықылды әлін білмейтін бір әлек, әлек теніп асқақ абырой иесі, айбыны зор ғалам Жаратушысын өз ойынша сөйлетіп, ғаламды да өз қалағанынша суреттесе, міндетті түрде босқа әлек болғанының мыңдаған белгілері, әуреге түсіп әлектенгені, суайттығы жан-жақтан көрініп тұрар еді. Себебі, дәрежесі өте төмен, халі нашар біреу өзінің дәрежесінің өте жоғары екенін көрсетуге тырысса, оның бүкіл жүріс-тұрысы жасанды болып, еліктеуші екенін бірден білдіреді. Міне, осы ақиқатты Құран ант ете былай суреттейді:Осы аятқа назар аударып қара!Үшінші шУаҚ: Енді, Қасиетті Құранның ғайыптан хабар беруі жайлы және әр ғасырда өзінің балауса балғындығын сақтап қалуы, сондай-ақ, адамзаттың әр тобының деңгейіне сәйкес келетіні жайлы. Бұл да өзінше бір мұғжиза, таңғажайып қасиет. Бұл шуақтың үш шағылысы бар.бірінші шағылыс: Ғайыптан хабар беруі туралы. Бұл шағылыстың “үш жарқылы” бар.бірінші жарқыл: Өткен шақпен қатысты ғайби ақпараты. Иә, Хаким Құран үмми, оқу-жазу білмейтін бір Кісінің тілімен сонау Адам (ғ.с) заманынан бері өзі түскен ғасырға дейінгі маңызды тарихи оқиғаларды, әнбиялардың өмірін, олардың бастан кешкен уақиғаларын тұтас әрі шынайы түрде керемет

70Рисалей Нұр жинағынанбаяндаған. Мұнысын киелі кітаптар Тәурат, Інжіл растап бекітеді. Көктен түскен кітаптардың бір ауыздан мойындаған мәселелерін үйлестіріп, растайды да, ал қарама-қайшы жерлерін жөндеп, тегістеп, болған оқиғаларды дәлме-дәл, нақты суреттейді. Демек, Құран ның өткір назары әлгі көктен түскен аспани кітаптардың бәрінен жоғары тұр. Ол өткен шақтың белестерін толық көріп тұрған болуы керек, сонда ғана әлгіндей ортақ мәселелерін растап бекітеді, ал даулы мәселелердің анық-қанығын айтып төрелік етеді. Дегенмен, Құрандағы оқиғалар мен өткен тарих белестері жайлы ақпарат ақылмен атқарылатын іс емес. Оларды ақылмен біліп, хабар беру мүмкін емес. Ол, аспани хабар, ол нақыл яғни біреуден келген, жеткізілген хабар. Ал, біреуден нақыл етіп, жеткізу үшін көргендей оқи алатын, жазу білетін болуы керек. Бірақ оқу-жазу білмейтіні, ешбір әріп танымайтыны әрі аманатқа өте сенімді, үмми кісі екені достары түгіл дұшпандары тарапынан расталған бір кісіге түсті емес пе?! Һәм, әлгі өткен тарихи жағдайларды нақты түрде суреттеген кезде олардың бәрін баяндайды. Өйткені ұзаққа созылған бір оқиғаның өзегін алып, қысқа-нұсқа тұжырым жасайды. Өз мақсатына оны кіріспе, сөзіне арқау етеді. Демек, Құрандағы тұжырымдар мен өзектерге қарап мұны баяндап отырған, өткен шақты егжей-тегжейлі, толық көріп отырған біреу екеніне шек жоқ. Себебі, біреудің ғылым яки өнер саласында білікті екені оның тұжырымды сөзінен, шебер қимылынан байқалады. Сол секілді Құрандағы оқиғалардың түйіні, қорытындылары бізге мынаны көрсетеді: Бұларды айтып отырған барлық оқиғаларды толық қамтып, көріп тұрған (егер айтуға рұқсат болса) өте шебер, білікті біреу.екінші жарқыл: Құранның келешектен хабар беруі жайлы. Мұндай ақпаратының түрлері өте көп. Олардың кейбірі жеке тұлғаларға, бағзы біреулерге арналған. Оны тек “әһл-і кәшф” әулиелер түсінеді. Мә селен, Мухиддин-і Араби сынды ірі тұлға сүресінен ға йыптан хабар

71Құран ғажайыптарыберетін көптеген мағына шығарған екен. Имам-ы Раббани да сүрелердің басындағы “муқаттаа” әріптерінен болашақпен қатысты көптеген істерге ишараларды көрген. Тағысын тағы... Тылсым сырлармен шұғылданатын ғұламаларға, Құран бастан соңына дейін ғайби хабарларға толы қазына екен. Біз, жалпыға ортақ, көпшілікке қатысты түріне ишара қыламыз. Мұның да көптеген түрлері бар. Біз тек бір түріне тоқталып өтеміз.Сонымен Құран-ы Хаким, сөзін Пайғамбарымызға (с.а.у) арнап былай дейді: (Сілтеме)Cілтеме: Ғайыптан хабар беретін осы аяттар көптеген тәпсір кітаптарында түсіндірілгендіктен және автордың кітабын Құрани, яғни ескі жазумен бастыру ойы асығыстық тудырғандықтан бұл жерде түсініктеме жасалмаған. Сөйтіп әлгі құнды қазына ашылмай жабық күйінде қалды.

72Рисалей Нұр жинағынанОсы тектес көптеген аят болашақтан тура хабар берген, барлығы дәл солай болды. Міне, өзіне сын айтушылар өте көп, наразылық білдірушілер басынан асатын, кішкене қатесіне бола аяқтан шалуға дайын, мүлт кетсе болды киелі борышына нұқсан келетін бір Кісі, осындай аса маңызды хабарларды еш мүдірместен, әсте күмәнданбай, нақты әрі ықыласпен, өте сенімді түрде жеткізуі, сөзсіз Ол кісінің Әзәли Ұстазынан дәріс алып, сосын оны халыққа жеткізіп тұрғанын көрсетеді.Үшінші жарқыл: Енді Құранның Иләһи ақиқаттар мен әлем жай лы сондай-ақ, ақырет туралы ғайби хабарларына шолу жасайық. Иә, Құранның Иләһи яғни Аллаһ туралы ақиқаты және ғаламның тылсым-сырларын ашып, әлем не үшін жаратылғандығы туралы мағлұматы оның ғайби ақпаратының ең маңыздысы саналады. Өйткені, ондай орасан зор ғайби ақиқаттарды қилы-қилы жолдардың арасынан аман-есен тура барып тауып айту өте қиын, ол адами ақылдың қолынан келер іс емес. Адамзаттың өте дана, ақылды данышпандарының өзі ондай мәселелердің ең қарапайымына ақылы жетпейтіні мәлім. Һәм, Құран әлгіндей Иләһи ақиқаттарды, жаратылыс

73Құран ғажайыптарытуралы шындықты көрсетіп, баяндап бергеннен кейін тазарған жүректер мен тәрбиеленген нәпсілер (жан), дамыған рухтар мен кемелденген ақылдар жаппай: “Садақта!” (өте дұрыс айтасың!) деп ол ақиқаттарды қабылдап, жөн көруде. Олар бір ауыздан “Бәрекаллаһ” деп айтады. Бұл жайлы біршама Он бірінші Сөзде түсіндіріліп, дәлелденген-ді. Қайталаудың қажеті жоқ сияқты. Ал, енді Құранның ақыреттік, берзахи хал-ахуал туралы баянына келер болсақ, рас ол туралы ақыл жеке басымен аңғара алмайтыны анық. Дегенмен Құранның көрсеткен жолымен жүрсе оларды көзбен көргендей дәлелдеуге болады. Оныншы Сөзде Құранның осындай ғайби ақпаратының қаншалықты тура, өте дұрыс, хақ екені жан-жақты түсіндіріліп, дәлелденген болатын. Соны оқыңыз!екінші шағылыс: Құранның уылжыған балғындығы. Әр ғасыр сайын жаңадан түскендей Құран өзінің балауса балғындығын сақтап отырады. Иә, Құран әзәли (әрдайым) оқылатын құтба ретінде жалпы халықтың барлық түріне үндеу болғандықтан, оның сондай әрдайым балғын сипатта болуы керек-ақ. Һәм, ол солай көрінген әрі солай көруде. Тіпті ол, түсініктері әртүрлі, қабілеттері сан-алуан ғасырлар өтсе дағы бейне бір әрбір ғасырды жеке-жеке қолға алып, қарастырып дәріс береді. Адамдардың істеген іс тері мен шығарған заңдары өздері сықылды қартаюда. Тіпті өзгеріп сан құбылады. Бірақ, Құранның үкімдері мен заңдары тамыры терең, өте мықты тұр. Қанша ғасыр өтсе де өзгермек түгілі, қуаты артып жандана түспек.Иә, өзіне қатты сенетін, Құранның сөзіне құлақ аспайтын мына ғасыр және ондағы өмір сүріп жатқан кітап иелері, адамзат Қасиетті Құранның(Уа, өздеріне көктен кітап түскен діндар қауым!) деген тәрбиелік мәні зор үндеуіне қаншалықты мұқтаж десеңізші! Бейне бір осы үндеу тікелей осы ғасырдың адамдарына арналғандай.

74Рисалей Нұр жинағынанОның(Уа, өздеріне кітап т скендер!)ү сөзі бейне бір (Уа, мектеп о ығандар!) қдеген мағынаны да білдіріп тұрғандай. Ол бар даусымен, балғын түрде, жаңа ғана түскендейжарлығын әлемнің түкпір-түкпіріне жаюда.Мәселен, Құранмен айтысуға жеке тұлғалар ғана емес топ болып, жамағат болып кіріссе де түк өнбеген. Бүкіл адамзаттың тіпті жындардың ой-пікірлерінің табысы болып табылатын осы кезеңдегі мәдениет Құранға қарсылас жағдайға енді. Олар Құранның мұғжизасына қарсы сиқыр пай даланып тайталасқысы келеді. Соңғы кезде пайда болған әлгіндей айтыс-шабуылдарына қарсы Құранныңдеген бір ғана аятының тойтарыс берген тегеурінді соққысын баяндап берейін. Ол үшін мәдениеттің негіздері мен ұстанымдарын Құранның негіздерімен салыстыра отырып баяндаймыз.біріншіден: Осы кітаптың бірінші Сөзінен бастап жиырма бесінші Сөзіне дейін баяндалған салыстырмалы теңеулер, ол Сөздердегі ақиқаттар, және кіріспесіндегі аяттар екі жердегі екі төрт болатындай анық түрде Құранның иғжазы мәдениеттен үстем екенін, мәдениет Құранның алдын да әлі құрып, сүмірейіп қалатынын дәлелдеген-ді.екіншіден: Он екінші Сөзде дәлелденгеніндей, олардың ұстанымда рының жалпы негіздерін қорытындылар болсақ;Қазіргі мәдениет пәлсапаға сүйеніп адамзаттың қоғамдық өмірінің тірегі “күш-қуат” деп ойлайды. Алға қойған мақсаты “пайда қуу” дейді. “Күресу, тартысу” өмірдің заңы дейді. Халықты өзара байланыстырып тұрған “нәсілшілдік, жағымсыз ұлтшылдық” деп қарайды. Діттеген мәресі нәпсінің

75Құран ғажайыптары“әуестігін қандыру” және тұрмыстың шарттарын көбейтіп, қиындататын бағзы “ойын-күлкі, бос ермек”. Алайда, күш қолданылған жерде өктемдік, зомбылық етек алады. Пайда қуу болса, толық қана ғаттандырмайтындықтан нәтижесінде қақтығысқа апарады. Күресуді заң ретінде қабылдаса соғысқа дайындайды. Нәсілшілдік деген өзгені жеп қоюға, біреуді қанауға итеретіндіктен жауыздық пайда болады. Міне, осы күнгі мәдениеттің аталмыш заңдарының кесірі ғой, жақсы жақтары бола тұра адамдардың жүзден жиырма пайызына ғана жасанды бақыт беріп, қалған сексенінің мазасын қашырып, азғындыққа итеруде.Ал, хикметке толы Құранның даналығы болса, тірілік-тұрмыстың тірегі ретінде “күш-қуатты” емес, “ақиқатты” қабылдайды. Мақсат “пайда қуу” емес, “ізгілік пен адамгершілік” һәм “Аллаһтың ризашылығы” деп біледі. Өмірлік ұстанымда “өзара ынтымақ пен көмектесуді” басшылыққа алады. Халықтың бірлігі нәсілшілдікпен, ұлтшылдықпен емес, “діни бірлестік пен отандастық, таптық байланыспен нығая түседі дейді. Діттеген межесі, нәпсінің әуестігін тізгіндеп, харамнан тыйып, рухты биікке өрлеуге ынталандыру, қасиетті сезімдерді қоздырып қанағаттандыру, адамды кемелдікке бастап, нағыз адам қылу. Ақиқат, шындық болған жерде ауызбіршілік болады. Ізгілік болса ынтымақ орнайды. Өзара көмектесу болса, бір-біріне қамқор болуға баулиды. Дін дегеніміз бауырластық, сүйіспеншілік. Жүгенсіз нәпсіні ноқталап, рухты кемелдікке қарай айдап, еркін қоя берудің нәтижесінде екі дүниенің бақыты орнайды. Міне, қазіргі мәдениет дәстүрлі діндердің алдында, әсіресе Құранның алдында әрі ол Құраннан жақсы нәрселер үйреніп, өнеге алғанның өзінде де қаншалықты пәс, дәрежесі өте төмен екенін түсінген шығарсың.Үшіншіден: Қазір мыңдаған мысалдардан үлгі ретінде үш-төрт мәселені баяндаймыз. Шынымен, Құранның ереже-заңдары “әзәл” (бастауы жоқ, мәңгілік) тарапынан келгендіктен

76Рисалей Нұр жинағынан“әбәдке” (соңсыз, мәңгі-бақи) жалғаса бермек. Оның заңдары мәдениеттің заңдары секілді қартайып өлмейді. Ол әрдайым балғын әрі қуатты.Мысалға, айталық мәдениеттің қоғамға тигізген жақсылықтарын тү гелдей қоссаң және қоғамды қатаң бақылауға алып, тәртіп орнатса дағы, сондай-ақ, қаншама оқу орындарын ашып халықты тәрбиелеймін десе де Қасиетті Хаким Құранның екі мәселесіне қарсы тұра алмай ол тұрғыдан жеңілгенін мойындады.Мәселен,Құранның осы артықшылығын бір кіріспе арқылы баяндап берейін. “Ишарт-үл Иғжаз” атты кітабымда дәлелденгеніндей, тарих бойынша адамзат қоғамының билікке наразылық қылып, толқуының бірден бір себебін бір ауыз сөзбен түйіндеген. Әрі, бүкіл жаман мінез-құлықтың анасын, қайнар көзін де бір ауыз сөзбен жеткізген. Ол не сөз дейсіңдер ғой.бірінші сөз: “Менің қарным тойса болғаны. Басқалар аштан қырылып қалса да шаруам жоқ”.екінші сөз: “Сен жұмыс істе, жемісін мен жейін”.Иә, қоғамдық өмірде жоғары топ пен қарапайым халық яғни бай мен кедей, өзара теңдестіктің саясында және таразының екі басын тең ұстау арқылы ғана тыныш өмір сүреді. Ал, мұндай теңдестік орнауы үшін жоғарғы топ төменгі топқа жанашырлық жасап, мейірімділік қылуы және төменгі топтың да жоғары топқа құрмет көрсетіп, бағынуы шарт. Енді, жоғарыда аталған бірінші сөз, жоғарғы топты зұлымдыққа, азғындыққа, мейірімсіздікке итерді. Ал, екінші сөз, қарапайым халықты өш алуға, қызғанып көре алмаушылыққа итеріп, наразылықтарын туғызды. Сөйтіп, бірнеше ғасырдан бері адамзат тұрмысының берекесін алғаны секілді, соңғы заманда еңбек пен капиталды соғыстырып, нәтижесінде мәлім Еуропада үлкен төңкеріс болды. Міне, мәдениет адамзаттың

77Құран ғажайыптарыәлгі екі тобын келісімге шақырып, татуластыруға көптеген қоғамдық ұйымдар ашып, оқу орындарын салып тырысса да, оған қоса қатаң тәртіп орнатып, жіті қадағалап, жүйелі түрде жұмыс істесе де ол іс-шараларынан түк шықпады. Сондай-ақ, әлеуметтің әлгі екі жарасын яғни екі мәселесін шеше алмай дал болды. Ал, Қасиетті Құран болса, бірінші сөзді, зекетті парыз қылу арқылы түбегейлі шешіп, жараны емдейді. Екінші сөзді де өсімқорлықты харам қылу арқылы шешіп, шипа береді. Иә, Құранның аяттары бүкіл әлемге жар салып: “Өсімқорлыққа жол жоқ!” дейді. Адамзатқа: “Өзара қырқысу тоқтасын десеңдер банкі қызметін доғарыңдар!” деп бұйырады. Шәкірттеріне де “Банкіге жоламаңдар!” деп әмір береді.екінші негіз: Мәдениет бірнеше әйел алуды қабылдамайды. Құранның бұл үкімін өздерінше ақылға сыйымсыз, еш пайдасы жоқ деп ойлайды. Егер де, олардың ойлағанындай үйленудегі мақсат құмарлық қандыру болса, керісінше болуы керек еді, яғни, бірнеше әйел емес бірнеше еркек болуы керек еді ғой. Алайда, үйленудің мақсаты мен хикметі (пайдасы) ұрпақ жаю, нәсілді жалғастыру болып табылады. Бұған тіпті жан-жануарлар, өсімдік әлемі куәлік етеді. Ал, ондағы құмарлықтың ләззаты болса, ол ауыр міндетті атқарту үшін рахым тарапынан берілетін азғана сый-ақы. Демек, ақиқатында әрі хикмет жағымен қараса үйлену нәсілін көбейту, тұқымын сақтап қалу үшін болатын шаруа. Әлбетте, бір жылда бір-ақ рет бала туа алатын және айдың жартысында ғана ұрықтана алатын, содан кейін елу жасынан асқанда ол қабілетінен де айырылатын әйел заты, әрдайым ұрпақ жаюға қабілетті, жүз жасына дейін нәсілін көбейте алатын бір еркекке жеткіліксіз болатындықтан, мәдениет амалсыздықтан көптеген жезөкшелік орындар ашуды жөн көріп отыр.Үшінші негіз: Әділ төрелік ете алмайтын мәдениеттің назарында Құран, әйел затына мұрагерлікті бөлісуде үштен бірін беруді бұйырғанына айыпты. Өздерінше бұл үкімін мінемек болады. Алайда, қоғам өміріне қатысты үкімдер көпшілікке қарай берілетіндіктен, жалпы алғанда бір әйел өзіне қамқоршы

78Рисалей Нұр жинағынанбіреуді табады. Ал, ер кісі болса өзіне жүк болатын, асырауға міндетті бір әйелмен отау құруға мәжбүр. Сонымен, әлгіндей жолмен бір әйел әкесінен қалған мұрадан үштен бірін алса, күйеуі қалған нұқсанын толықтырады. Ер адам әкесінен қалған мұрадан үштен екі бөлігін алса бір бөлігін алған жұбайының қажеттілігіне жұмсайды. Сөйтіп апа-қарындасымен тең бөліскен болады. Міне, Құрани әділдік осылай бұйырады. Осылай әділ төрелік етеді. (Сілтеме)төртінші негіз: Құран пұтқа табынуға қатаң тыйым салып қана қоймай сонымен бірге пұтқа табынушылықтың бір түрі, көшірмесі боп есептелетін суретке табынуға да яғни суретке көп мән беруге тыйым салады. Ал, мәдениет болса, сурет салуды өздерінің жетістіктері, ол жақсы деп мақтанып, Құранмен тайталасқысы келеді. Ал, негізінде сурет деген, оның көлеңкесі болсын, болмасын, денеге айналған рия (екі жүзділік, көрсетпешілік) немесе әуестіктің көрінісі, бет-пердесі болып табылады. Бұлар адамды зұлымдыққа, екі жүзділікке, әуестікке итеріп, бұрыс жолға тартады. Һәм, Құран Кәрім, мейірімін төгіп әйел затының құрметін сақтап қалу мақсатымен оларға “ар, ұят” пердесін жамылып жүруін бұйырады. Сонда ғана әлгі мейірбан жандар масқарашыл әуестіктің табанының астына түсіп жаншылмайды, абыройы сақталып қалады. Әйел заты әуестіктің құралы болып, құнсызданып, көрінген жерде жата беретін арзаншылыққа ұшырамасын деп жанашырлық Сілтеме:Сотта өзін ақтау мақсатымен айтылған, және соттың ауызына құм құйған қорғау сөздерінен үзінді. Орайы келіп осы жерге түсініктеме ретінде жазылды.Мен, әділет басқармасының сотына былай демекшімін: \"мың үш жүз елу жылдан бері, әр ғасырда үш жүз елу миллион адамның тұрмыс-тіршілігіне пайдалы, киелі де мызғымас иләһи ережені үш жүз елу мың тәпсірдің растап, қолдауына сүйене отырып және мың үш жүз елу жыл бойы жалғасын тауып келген ата-бабамыздың діни нанымдарына сәйкес тәпсір жазған бір кісіні айыпты қылатын жөнсіз шешімді егер әрине дүниеде әділдік қалған болса ол үкімді терістеп, ондай шешімді бекерге шығарады!\"

79Құран ғажайыптарытанытады. (Сілтеме) Мәдениет болса, әйелдерді жылы ұясынан шығарып, арсыздыққа итеріп, адамзатты да жолдан тайдырды. Ал, негізінде отбасылық өмір бірқалыпты жалғасуы үшін әйел мен еркек арасында өзара құрмет, сыйластық, махаббат болуы керек. Ашық-шашық, әлем-жәлем киіну болса, әлгі шынайы құрмет пен махаббатқа нұқсан келтіріп, ерлі зайыптылардың арасын суытады. Әсіресе манағы суретке көп мән берушілік адамның мінез-құлқын қат ты зақымдап, түпкі тамырынан бұзып жіберетінін, рухтың төмендеп құлдырап кетуіне себеп болатынын мынадан білуге болады:Мәселен, марқұм болған, рақымға аса мұқтаж сұлу бір әйелдің мәйі тіне әуестене қарау, қызыға құмарту қаншалықты мінез құлыққа жағым сыз әсер етеді, сезімдерді бұзып жібереді. Сол сияқты, өліп қалған әйел дердің суретіне немесе тірі әйелдердің кішкене мәйітіне ұқсайтын сурет терге әуестене, құмарта қарау адамның нәзік те қымбат сезімдерін шай қап, астаң-кестенін шығарады. Сонымен аталмыш үш мысалдағыдай, Құранның мыңдаған мәселелерінің әрқайсысы адамзаттың дүниеде бақыт-ты болуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, о дүниеде де мәңгі бақытқа қол жеткізуіне жағдай жасайды. Басқа тақырыптарды осы аталған тақырыппен салыстырып қара!Қалайша, қазіргі мәдениет Құранның қоғам өміріне қатысты ереже-заң дарының алдында тізе бүгіп, оның рухани ғажаптығына қарсы тұра алмай шалқасынан құлады. Сол секілді мәдениеттің рухы болып сана ла тын батыс пәлсапасы мен адами даналық та Құранның хикметі мен да налығының қасында түкке тұрмайтынын саны жиырма беске жетіп жығылатын Сөздерде салыстырмалы түрде теңеу келтіре отырып дә лелдеген-ді. Ол Сөздерде Құранның мұғжиза екені, атап айтқанда он бірінші, он екінші Сөзде жан-жақты баяндалған болатын. Қаласаң сол жерге қара!Сілтеме:Тәсәттүр яғни орамал тағып, шариғатқа сай киіну әйелдердің табиғатына өте сай. Ашық-шашық жүруді жаратылыстары қабылдамайтынын \"отыз бірінші Мектуб\" пен жиырма төртінші \"Лема\" анық түрде дәлелдеген болатын.

80Рисалей Нұр жинағынанҺәм, жоғарыда айтылғанындай қазіргі мәдениет Құранның хикметінің кереметтігіне ғылыми тұрғыдан, тұрмыс жағынан жеңіліп қалды. Сол секілді мәдениет әдебиет пен шешендік тұрғыдан да жеңіліске ұшырайды. Екеуін салыстырғанда, біреуі тұл жетімнің қараң қалған өкініші мен үмітсіз жылап еңірегені сықылды болса, біреуі мәртебесі асқар таудай биік бір ғашық жанның уақытша қоштасудан әсер алып аңсағанын білдіретін, үміт отымен қамығуы секілді, немесе біреуі дәрежесі өте төмен маскүнемнің өлең айтамын деп бақырған дауысы сияқты болса, екіншісі жеңіске, шайқасқа бастар, жанкештілікке итеретін, құлшынысын арттыратын отан туралы өлең айту секілді. Себебі, әдебиет пен шешендіктің әсер ету тәсілі екі түрлі болмақ. Яғни я мұңайтады я қуантады. Мұңаю екі түрлі болмақ. Я сүйіктілерден мүлдем көз жазып қалудан, пана болар ешкімі жоқтықтан пайда болатын қараң-қалған мұңаю; міне бұл, адастыратын, табиғатшылдық пен бейқамдыққа салатын мәдениеттің әдебиетінің әсері. Ал, мұңаюдың екінші түрі болса, сүйіктілерден қоштасудан яғни сүйікті жандар бар, мүлдем жойылып кеткен жоқ, тек уақытша қоштасудан құтылып қауышуға асыққан мұңаю; міне бұл, тура жолға бастайтын, айналаға нұр шашқан Құранның мұңайтуы.Ал енді, көңіл көтеру, қуану болса, ол да екі түрлі болмақ. Біреуі, нәпсіні қоздырып, әуестендіріп жібереді. Бұл театр, кино, роман арқылы әсер ете тін мәдениеттің әдебиетінің кәсібі. Қуантудың, көңіл көтерудің екінші түрі болса, нәпсіні тыйып, рухты, жүректі (көңіл), ақыл мен сырды жоғары самғатып, нағыз отан жұмаққа, мәңгі әлемге, ақыреттік сүйікті жандарға жетелейтін, өте әдепті, бейкүнә түрде құлшыныс беріп, ынталандыру бо лып табылады. Бұл әрине адамзатты жәннатқа шақыратын, мәңгі бақытқа жетелейтін, “Рует-і Жамалуллаһқа” яғни, Аллаһтың жамалын көруге ын та ландыратын Қасиетті Құранның ісі, соның сыйлайтын қуаныш-шат тығы. Сонымен:

81Құран ғажайыптарыаятының білдірген терең мағына мен ұлы ақиқатты ой-өрісі таяз, мәселеге атүсті қарайтындар тым ағат, асыра айтылған, мүмкін емес деп ойлайды. Жо-жоқ. Әсте олай емес. Керісінше, бұл барып тұрған нағыз ақиқатқа толы шешендік, ол әбден мүмкін әрі солай болған нәрсе. Мұның бір мағынасы мынау: Құраннан алынбаған, Құранға еш қатысы жоқ адами һәм жынның маржан сөздері жаппай бір жерге жиналса Құранға тең келмейді деген сөз. Тең келмегендігі ғой ешкім көрсете алмайды. Мұның екінші бір мағынасы мынау болса керек; Жындар мен адамдардың тіпті керек болса шайтандардың пікірлерінің жетістіктері, ойлап тапқандары, еңбектерінің жемістері болып табылатын мына мәдениет пен философия, батыстың әдеби жанрлары Қасиетті Құранның ұлық үкімдері мен терең хикметтерінің қасында, тіл өнері, шешендігінің алдында сүмірейіп, іліп алар жағы жоқ, түкке тұрғысыз деген сөз. Оған дәлел болар үлгі-мысалдарын да көрсеттік.Үшінші шағылыс: Хаким Құран әрбір ғасырда өмір сүрген сан түрлі адамдардың әрбір тобына бейне бір арнайы қарап, жеке-жеке үндеу жасап тұрғандай. Иә, бүкіл адамзатқа, оның барлық топтарына өте терең, аса күрделі иман ілімін дәріс беретін, сондай-ақ, өте ауқымды да нұрлы ғылым әрі пән боп табылатын “Мағрифәтуллаһты” (Аллаһты тану) үйрететін, әрі өте маңызды, сан-алуан білім саналатын Исламның үкімдерін тәлім беретін, соған шақыратын Құран Кәрім, әрбір топқа, әрбір сыныпқа сай дәріс беруі керек, солай болуы заңдылық. Алайда сырттай қарасаң дәріс бірнешеу емес, біреу-ақ. Олай болса, бір дәрісте бірнеше мәртебе болғаны ғой. Осылайша әркім дәрежесіне қарай Құранның көптеген мәртебелерінің бір мәртебесінен өзіндік дәрісін алатыны ғой. Бұл айтылған ақиқаттың көптеген үлгі-мысалдарын баяндаған болатынбыз.

82Рисалей Нұр жинағынанОларға жүгінуге болар. Қазір біз тек, бір-екі топтың бір-екі жағынан қалай пайдаланатынына ишара қылайық:Мысалыға:Бұл аяттан көпшілік қарапайым халықтың өзіндік сыбағасы мынандай болмақ: “Хақ Тағала әкеден, баладан, туысқаннан, жұбайдан пәк, ада. Ал енді, сәл терең ойлайтын топ мұны былай түсінеді: “Иса ғаләйһиссаламның, періштелердің, жалпы туылған нәрселердің Аллаһ болуы мүмкін емес, соны жоққа шығарып тұр”. Себебі, шешендіктің ережесі бойынша, мүмкін емес, болмайтын нәрсені жоққа шығару сырт қарағанда мағынасыз, түк пайдасыз болғандықтан, пайдаға жарайтын бір мұрат, бір мағына болуы тиіс. Сонымен, денесі бар және материалдық заттарға тән туу мен туылуды жоққа шығарудағы мұрат пен мақсат мынау: “Баласы не шешесі және өзінің теңдес, ұқсастары болатындар Аллаһ бола алмайды, оларға табынуға болмайды, әсте лайық емес”. Аят соны мегзеп тұр. Міне, “Ықылас” сүресінің осындай терең сырлары болғандықтан әркімге, әрқашан пайдасы бар.Бұдан да жоғарылау топтың алар үлесі мынандай болса керек: “Хақ Тағаланың жаратылыспен байланысы, туу мен тудыруды еске түсіретін қандай да бір байланыс емес. Ол одан ада. Оның серігі, көмекшісі, өзіне теңдесі ұқсасы әсте жоқ. Оның жаратылыспен байланысы тек жаратуы ғана. Оның “Бол!” дегенде бола қоятын дейтін әмірі бар. Сол арқылы жойқын қалауымен, орасан зор еркімен жарата береді. Кемелділікке нұқсан келтіретін қиналудан, амалсыздықтан, қаламаса да істеуге мәжбүрлік атаулыдан Ол ада, өте пәк. Бұдан да жоғары топтың түсінер үлесі: “Хақ Тағала “әзәли уа әбәди”, Оның бастауы мен соңы жоқ. Әр нәрсенің басы да соңы да өзі. Ешбір тұрғыда Оның өзінің болсын, сипатының болсын, ісінің болсын теңі, ұқсасы жоқ. Ешкім, ешнәрсе Оған шақ келмейді. Тек оның істеген істерін, “шуунатын” түсіну үшін теңеу ретінде мысал беруге болады”.

83Құран ғажайыптарыБұл айтылған топқа “арифтер” деп аталатын кәміл жандар, әулиелер, Аллаһқа ғашық болғандар және өте адал кісілер жатады. Міне, әркім осылайша өз сыбағасын алады.Екінші мысал: Мәселен,білім дең гейі жоғары бір кісінің бұл аяттан ұғар үлесі мынау болмақ: “Ардақты Пайғамбарымыздың қызметшісі әрі оған Пайғамбарымыз “Балам!” дейтін Зәйід, абыройы жоғары әйелін өзіне “күфув” яғни тең көрмегендіктен талақ беріп ажырасты. Аллаһтың әмірімен Расул-ы Әкрем ғаләй-һис салату уәссалам оны өзіне некелеп алды. Ол жайлы аят былай дейді: “Пайғамбар сендерге “балам” десе, ол мұны өз атынан айтпайды, оны Пайғамбарлық тұрғыдан айтады. Жеке тұлға ретінде ол сендердің әкелерің емес қой. Олай болса оның некелеген әйелдері туралы бөтен ой болмауы тиіс, онда тұрған ештеме жоқ. Ал, мұны екінші топ кісілер былай түсінуі мүмкін: “Өте жоғары мәртебелі бір патша, өз халқына әкедей қамқорлық жасайды. Егер, айталық патша рухани кәміл, жан-жақты ойлайтын, дә режесі әулиеден де жоғары біреу болса, оның мейірім-қамқорлығы әкелік қамқорлықтан жүз есе асып түсетіндіктен халқы оның баласындай боп, оған әке ретінде қарайды”. “Әке” ұғымы “күйеу жігіт” ұғымына бірден ауысуы мүшкіл және “қыз” ұғымы да “қалыңдық” ұғымына өзгере қоюы қиын әрине. Сондықтан халықтың ұғымы бойынша Пайғамбардың (с.а.у) мүминдердің қыздарын өзіне некелеуі манағы көзқарасқа оғаш келетіндіктен Құран былай деп бұйырады: “Пайғамбар (с.а.у) Аллаһтың мейрімімен қарап сендерге қам қорлық жасайды. Ол сендермен бір әкедей қарым-қатынаста болады. Пай ғамбарлық тұрғысынан қарағанда сендер оның баласы секілдісіңдер. Бірақ, ол адам ғой, жеке тұлғасы жағынан алғанда сендердің әкелерің емес. Олай болса сендердің қыздарыңды некелеуінде тұрған дәнеме жоқ, мұның ешбір сөкеттігі жоқ”. Ал, бағзы

84Рисалей Нұр жинағынанбіреулер мұны былай түсінуі мүмкін: “Пайғамбарға (с.а.у) етене жақындап, оның кемелдігіне қатты сеніп, оның бір әкедей қамқорлығына мүлдем арқа сүйеп ағаттық қылуға, қателік жасауға болмайды”.Иә, рас, көп адамдар өздерінің ұлы көсемдеріне қатты сеніп, жалқау лыққа салынады. Тіпті, кейде “Біздің намазымыз оқылып қойған” дейтіндер де бар көрінеді (кейбір шийттер секілді). Енді біреулер бұл аяттың ғайыптан хабар беретін ишари мағынасын аңғарып былай топшылайды: “Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) ұлдары есеймей, ұрпағы бір хикметке байланысты ер балалардан тарамайды. Арапшада “риджал” (әке) сөзі тек қыз баланың әкесіне қолданатындықтан, оның нәсілі қызынан тарап, жалғасын табады. Фәлилләһ-ил хамд, Құдайға мың да бір шүкір, Хазіреті Фатимадан тараған мүбарак нәсіл, Хасан мен Хүсейін болып, ол нұрлы екі тізбектей әлемге жайылып, толғанайдай нұрланып, Пайғамбарлық дейтін Күннен нәр алып, атасының заттық әрі рухани мұрагерлігін күні бүгінге шейін жалғастырып келеді.(бірінші жалын үш шуақпен аяқталды).еКінші жалын. Мұның “Үш нұры” бар.бірінші нұр: Баяны ғажап Қасиетті Құранның жалпы өзіне тән, пәк шешендігі, оқығанда судай ағып кете беретін жеңілдігі, теңдессіз саламаттылығы бар. Ол қате, күдік атаулыдан таза, аяттары өзара мығым, тығыз тоқылған тоқымадай берік әрі сөйлемдері арасында өзара демеу, бір-біріне көмектесу және мұрат-мақсаттары арасында жоғары деңгейде бір-біріне жауап беру бар екені тіл мамандары тарапынан, оның ішінде стилистика, шешендік және мағынаны мазмұндау секілді өнердің білікті мамандары, атап айтқанда Зәмахшари, Сәккақи,

85Құран ғажайыптарыАбдүлқаһир Джуржани сынды мыңдаған һәм имам һәм дана ғалымдар тарапынан мақұлданған. Бір қызығы аяттардың осы аталған өзара демеу, бір-біріне көмектесу, үндестік, ұйқастық, саламаттылық секілді қасиеттеріне нұқсандық келтіруі тиіс, кедергі боларлық сегіз-тоғыз маңызды себептер бола тұра, керісінше олар Құранның шешендігіне, саламаттығына дем беріп, құндылығының одан әрі артуына себеп болған. Дегенмен, жоғарыда аталған себептер мүлдем ықпал етпеді дей алмаймыз. Соның әсерінен реттілігі, үндестігі біршама өзгергендей көрінгенімен оның да бір хикметі бар.Қалайша бірқалыпты, түп-түзу ағаштың діңгегінен кейбір бұтақтары оқ шауланып, оғаш өсіп шығады. Бірақ ол оғаштық ағаштың реттілігін бұзу үшін емес әрине, керісінше ағаштың тарам-тарам болып, көркейіп ке мелденуіне, әдемілігіне септігі тиіп, көп жеміс беру үшін солай болады.Дәл сол сияқты, манағы себептер де Құранның үндесті ұйқастығына дем беріп, терең мағыналарды білдіру үшін оқшауланып, реттілік сақ тал маған секілді көрінеді. Иә, осы Құран Мубин жиырма жыл шамасында, қажеттілікке орай бөлік-бөлік, үзінді болып түссе дағы керемет реттілігі сақталғаны сонша құдды бір сәтте түскен секілді тығыз байланыс, тамаша жүйелілік байқалады.Һәм Құран, жиырма жыл бойы түскен, түсу себептері әртүрлі әрі олар өзара алыс, мүлдем басқа-басқа бола тұра реттілігінің кереметтігі сонша, бейне бір жалғыз себеппен түскен секілді. Һәм бұл Құран, сан-қилы әрі жиі кездесетін сауалдардың жауабы ретінде келген болса да өте үйлесімді, аралас-құралас болса да біртұтас, өзара үндесіп жатыр. Құдды бір сұрақ тың жауабы дерсің. Һәм Құранның аяттары бірнеше әрі құбылмалы оқиға лардың үкімін шығару үшін түскен бола тұра, керемет тәртіпті де жүйелі орналасқан. Бейне бір жалғыз оқиғаны ғана баяндайтындай. Һәм Құран, жағдайы түрлі-түрлі, саны шексіз тыңдармандарының ұғымына сай тәсіл мен, олардың деңгейіне

86Рисалей Нұр жинағынантүсіп айтылған болса да керемет шешендігін, әсем сөз саптауын сақтап қалғаны сонша бейне бір тыңдармандарының жағ-дайлары бірдей әрі ұғу деңгейлері тең. Баяны судай ағып тұр. Һәм Құран сыныптары әртүрлі әрі бір-бірінен ұзақ тыңдаушыларға арнап сөйлеген сөз бола тұра, жеңіл баяндалып, үндесін тауып әрі мағынаны анық түсін діреді. Соған қарағанда бейне бір тыңдарманы жалғыз біреу секілді. Тіпті әр сыныптың адамы тура өзіне айтылып тұрғандай сезінеді.Һәм Құран, сан алуан әрі оған әсте-әсте қол жететін, тәрбиелік мәнісі зор кейбір мақсаттарға жетелейді, сондай-ақ ол тура жолға салу үшін түскен бола тұра, тура бағытынан еш ауытқымай, дәлме-дәл өлшем мен жүйелі түрде, реттілігін сақтайды. Құдды мақсат біреу ғана секілді.Міне, осы аталған себептер тәртіпті бұзуы керек болатын, алайда, кері сінше болып Құранның керемет баяндау тәсіліне қуат беріп, оның шешен дігі мен үндестігіне қызмет еткен.Рас, жүрегі дерттен аман, ақыл-есі дұрыс, ары таза, зауық алуы орнын да болған әрбір адам, Құранның баяндауын көріп әсем үндестік, керемет реттілік, хош үйлесім, теңдесіз шешендік бар екенін мойындайды. Һәм, кө кірегі ояу, көзі ашық жан, Құранның бүкіл ғаламды іші-сыртымен бірге көретін көзі бар екенін, ол көз әлемді бір парақ сықылды бір сәтте көріп, оңай ауыстыратынын, қалағанынша ондағы мағыналарды айтып бере ті нін тез ұғады. Осы бірінші Нұрдың ақиқатын мысал арқылы түсін діре бастасақ бірнеше том кітап жазуға тура келеді. Олай болса, басқа да арапша кітаптарыма, “Ишарат-үл Иғжаз” тәпсіріме және осыған дейін жа зылған Сөздеріме сілтеп, мысал ретінде назарларыңа толық бір Құран ды тұтасымен ұсынамын.еКінші нұр: Хаким Құранның аяттарының соңында кездесетін түйіндемелер және Әсма-и Хуснәні көрсететін теңдессіз тәсілі жайлы яғни тағы бір мұғжизалық қасиеті баяндалмақ.

87Құран ғажайыптарыЕскерту! Осы баяндалғалы тұрған екінші Нұрда аяттар көптеп кезде седі. Ол аяттар тек екінші Нұрдың мысалдары емес, олар аталмыш мәселе лерге, шуақтарға да қатысы бар мысалдар. Оларға толық анықтама беру өте ұзаққа созылатындықтан, әзірге қысқартуға мәжбүр болдым. Сондық тан, өте қысқа әрі нұсқа түрде ғажап сырларды қорытындылай келтірілген мысал-аяттарға бір-бір ишара түрінде баяндап, анықтамасы кейінге қал-дырылды.Міне, баяны ғажап Құран көптеген аяттардың соңында кейбір түйін демелер жасаған. Ол түйіндеме я Әсма-и Хуснәні «Аллаһтың көркем есім дері) немесе терең мағыналарды қамтиды не болмаса адам ойлансын дегендей ақылға жүктейді я болмаса Құрани мақсаттардың жалпыға ортақ бір ереже-заңымен таныстыра кетеді. Демек,аятты қуаттау үшін түйін-де ме жасалған. Иә, ол түйіндемелерде Құранның баға жетпес хикмет те ріне кейбір ишаралар, Иләһи һидаеттің абылхаятынан кейбір тамшылар, Құранның мұғжиза найзағайынан жарқылдар кездеседі. Қа зір, әлгі көптеген ишаралардан тек онын ғана қысқаша баяндаймыз. Һәм көпте ген мысалдарынан бір-бір мысал келтіріп, әрбір мысалдың көп теген ақиқаттарынан тек әрқайсысындағы бір ғана ақиқаттың қысқа тұжыры мына ишара етеміз. Осы он ишараның басым көпшілігі көптеген аяттарда жинақы түрде кездеседі. Ол өз алдына бір таңғажайып қасиет. Һәм мысал ретінде келтірілген аяттардың көбісі көптеген ишараларға мысал боп табылады. Біз тек әр аятқа бір ишара етумен шектелдік. Мысал ретіндегі аяттардың кейбірі алдыңғы кітаптарымда баяндалғандықтан, тек қысқа мазмұнына жәй меңзеп өттік.шешендік асиетіне бірінші тұжырым: қХикметке толы Құран, өзі нің мұғжиза баянымен Сани-ы Зүлжәлалдың істері мен құдіретінің шағы лыстарын әуелі назарға ұсынып, алдына

88Рисалей Нұр жинағынанжайып тастайды да, содан кейін ол істерден Иләһи көркем есімдерді шығарып көрсетеді немесе Хашір, яғни, қайта тірілу яки тәухид секілді Құранның негізгі мақсаттарынан біреуін дәледейді. Бірінші мағынаның мысалына келер болсақ, мәселен:Екінші мағынаның мысалына бір мысал:аяттарынан аятына дейінгі жерге бір қарайық!Бірінші аятта, Аллаһтың істерін жайып салды да оны бір нәтиженің, негізгі мақсаттың кіріспесі ретінде баяндап, Иләһи ілім мен құдіретке дәлел ретінде пайдаланды. Яғни ол жердегі тәртіпті, пайдаларды тілге тиек етті. Осындай пайдалы, мақсатты істерді көлденең тартып Аллаһтың “Алим” есімін шығарып көрсетті. Екінші аятта болса, бірінші жалынның бірінші шуағының үшінші нүктесінде біршама түсіндірілгендей, Хақ Тағаланың алып істерін, есімдерінің үлкен шағылыстарын айтып келіп соңында есеп күні, Хашірді оның нәтижесі ретінде көрсетеді.шешендігіне екінші тұжырым. Құран адамзат назарына Иләһи өнердің тоқымадай шебер істерін жайып салып, жарқын түрде көрсетеді де содан кейін тоқылған әлгі дүниені Аллаһтың көркем есімдерінің ішіне орналастырып, сол жерден құпияны ашып көрсетеді немесе ақылға сіл тейді. Біріншінің мысалдарынан:

89Құран ғажайыптарыМіне, әу баста былай дейді: “Аспан мен Жерді азық толы екі қазына, таусылмайтын қойма тәрізді жаратып, жоғарыдан жаңбырды, астарыңнан дәндерді шығаратын кім?”.Екінші пікірде былай дейді: “Сендердің ағзаларыңның ең қымбаттысы көз бен құлақты кім жаратты, олардың иесі кім? Оны қай кәсіпорыннан яки дүкеннен сатып алдыңдар? Жаратылысы күрделі, өте нәзік әрі қымбат көз бен құлақты беретін тек Раббыларың ғана. Сендерді жаратып, асырап отырған жалғыз Өзі болғандықтан бұларды сендерге тарту еткен ғой. Олай болса, жалғыз Рабб – Ол деп біліңдер. Мағбуд (табынуға лайық) тек сол ғана болмақ”.Үшінші пікірде былай дейді: Өліп қалған жерді тірілтіп, үстіндегі жүз мыңдаған өлі мақұлықтарға жан берген кім? Хақтан өзге, бүкіл ғаламның Жаратушысынан басқа бұл іске кім араласа алады? Әлбетте Ол жасайды, Ол тірілтеді. Әрі Оның аты Хақ. Олай болса міндетті түрде ешкімнің ақысын жегізбейді. Сендерді үлкен сотқа шақыртады. Жерді қалай тірілтетін болса, сендерді де солай қайта тірілтеді”.Төртінші пікірде былай дейді: “Мына алып ғаламды бір үй, бір қала секілді жүйелі түрде басқарып, барлық шараларын жасап отырған Аллаһтан өзге біреу бұл іске араласуы мүмкін бе? Аллаһтан басқа ешкім емес екені рас, олай болса алып ғаламды бүкіл аспан денелерімен бірге өте жеңіл басқарып отырған құдірет шексіз, оның еш нұқсандығы жоқ. Ол ешқандай да серікке, ортақ күшке, көмекке мұқтаж емес. Алып ғаламды шыр айналдырып, мүлтіксіз басқарған құдірет, өзінің кішкене

90Рисалей Нұр жинағынанғып жаратқан пенделерін бөтен біреуге ұстатпайды. Демек, еріксіз “Аллаһ” дейсіңдер.Сонымен, бірінші және төртінші пікір: “Аллаһ” десе, екінші пікір: “Рабб”, үшінші пікір: “Әл-Хақ” дейді. сөзі өте ға жап әрі өте орынды тауып айтылғанын түсін.Міне, көріп отырсыңдар, аят Хақ Тағаланың кең шеңбердегі алып істе рін, қалай керемет басқарып отырғанын, құдіретінің ісі тоқылған кілемдей әсем екенін айта келіп, соңында осы алып істер мен тоқымадай өнердің шыққан жерін көрсетіп дейді. Яғни, Жаратқанның “Хақ”, “Рабб”, “Аллаһ” дейтін есімдерін зікір ету арқылы сол орасан зор басқару істерінің қайнар көзін, бұлағын көрсетеді.Екіншінің мысалдарынан:Міне, бұл Хақ Тағаланың кемел құдіреті мен алып Рубубиетін көр сететін әрі Оның жалғыз екенін, Уахданиетін көрсетіп, куәлік ететін Аспан мен Жер туралы, оған Улухиеттің үкім жүргізіп тұрғанын, Иләһи салтанатты көрсетеді. Сондай-ақ, түн мен күндіздің ауысуындағы Рубу биеттің шағылыстарын және адамның тұрмыс-тіршілігінде маңызы зор қатынас көлігі кеменің су үстінде бағынышты болуы арқылы көрінген рақымның сәулесін, сондай-ақ, өліп қалған жерге аспаннан тірілік көзі жауын жауғызып, жерді жүз мыңдаған мақұлықтарымен бірге тірілтіп, оны керемет махшар алаңына ұқсатқанда көрінетін ұлық құдіретінің күшін, сонымен қатар

91Құран ғажайыптарыжердегі сан-алуан жан-жануарларды қарапайым топырақтан жаратқан кезде байқалатын құдірет пен рақымның шуақтарын әрі ауаға, өсімдіктер мен хайуандардың тыныстауына, өзара тозаңдануына қызмет секілді маңызды міндеттер жүктеп, оны осындай істерге ыңғайлы болу үшін құбылмалы қылып, сол арқылы көп шаруалар тындырудағы рақым мен хикметтің сәуле шуақтарын көрсетеді. Сондай-ақ, рақымның ұйытқысы болған бұлттарды жер мен көктің ортасындағы махшар алаңына ұқсайтын кеңістікке жинап, оларды қалың қол секілді бірде таратып жіберіп, бірде сапқа тұрғызып, үйірудегі Рубубиеттің шағылысын назарға ұсынады. Осындай Иләһи өнер мен шебер істерді жеке-жеке, бір-бірден санаған соң ақылды осы істердің мән-мағынасына үңілуге, түсініп пікір жүргізуге итеру үшін:дейді. Осылайша ақылдар оянсын дегендей адам-затқа ойлануды бұйырады.шешендігіне үшінші тұжырым: Кейде Құран, Хақ Тағаланың істерін егжей-тегжейлі түсіндіре бастайды. Кейін сөзін түйіндеп қорытынды жасайды. Осылайша, жан-жақты түсіндіру арқылы қанағаттандырады ал, түйіндеп, қорытындылау арқылы жаттатқызады. Мәселен:Міне, Құран Хазіреті Юсуф пайғамбар мен оның ата-бабасына жасалған жақсылық-нығметтерді осы аятпен атап өтті. Былай деді: “Сендерді бүкіл адамдардың ішінен ерекшелендіріп Пайғамбарлық мақамына шығардым. Пайғамбарлық шежіресін сендердің ұрпақтарыңмен ұштастырып, ұрпақ тарыңды басқалардан үстем қылдым. Отбасыңды Иләһи ілім мен

92Рисалей Нұр жинағынанРаббани хикмет үйренетін ошаққа, һидает және тәлім ордасына айналдырдым. Сол ілім және хикметпен дүниенің бақ-дәулеті дарыды да, ол мәңгі бақытпен ұштасып әулетіңе бақ қонды. Саған ілім мен даналық берілді де Мысыр елінің абыройлы биі һәм жоғары мәртебелі нәбиі һәм хәкім ұстазы болдың”.Сонымен аят, осы секілді Иләһи жарылқауларды жеке-жеке санап, һәм ескерте келе, оның ата-бабасын ілім мен хикмет арқылы ерекшелендіргенін айтты.Содан соң, сөзін жалғап: “Сенің Раббың “Алим” (бәрін білуші) һәм “Хаким” (істері даналыққа толы). Оның Рубубиеті мен хикметі, сенің және ата-бабаңның Аллаһтың “Алим”, “Хаким” есімдеріне бөленуін талап етті” деді. Міне, әлгі жекелеген нығметтерді осы қорытындымен түйіндеді.Һәм, мысалы:осы аят Хақ Тағаланың адамзат өміріндегі істерін былайша суреттейді: Жалпы адамдардың абыройлы яки қор болуы, бай немесе пақыр болуы тікелей Хақ Тағаланың қолында, Оның қалауымен болады. Демек, өте ұсақ, бей берекет сықылды көрінген бүкіл оқиғалар, жаппай Аллаһтың жазуымен, Оның қалауымен болмақ. Кездейсоқтық мүлдем жоқ”. Аят осы үкімді берген соң, адам тұрмысында ең маңызды мәселе ризық екенін, ол да тұп-тура Рәззақ-ы Хақиқидың, нағыз азықтандырушы бір Аллаһтың түгесілмес рақым қазынасынан жіберілетінін бір-екі кіріспе жасау арқылы дәлелдеді.Былайша: “Ризық табуларың жердің тірілуіне байланысты. Ал, жердің тірілуі болса, көктемге қарап тұр. Көктем болса Күн мен Айды, күндіз бен түнді шыр айналдырған Құдіреттің қолында. Олай болса, бір түйір алманы бір адамға нағыз ризық қылып беру, тек жер жүзіндегі барлық жемістерді жаратқанның қолынан келмек. Ол ғана нағыз ризық беруші”. Сосын былай

93Құран ғажайыптарыдейді:Бұл сөйлемде ма нағы егжей-тегжейлі түсіндірілген істерді түйіндеп әрі дәлелдеді. Яғни “Сендерге сансыз ризық, несібе беруші жалғыз Ол. Себебі, аталған құбы лыс-істерді жасап жатқан тек Сол!”.шешендігіне төртінші тұжырым. Кейде Құран Аллаһтың жарату істерін тәртіпті түрде, сарынды жүйесімен суреттейді де, содан соң сол жаратылыста реттілік, дәл өлшем бар екенін және ол босқа емес бір жеміс беретінін, бір нәтижеге апаратынын көрсету арқылы мағынаға мөлдірлік, жарық беріп құлпыртып жібереді де, әлгі айнадай жалт-жұлт еткен рет тілік пен тәртіпте сәулесі көрінген Иләһи есімдерді көрсетеді. Бейне бір әлгі аталған жаратылыс сөздер секілді ал, көркем есімдер болса, оның мағыналары немесе олар жемістер бұлар дәндері яки қорытындылары іспеттес. Мәселен:Міне, бұл жерде Қасиетті Құран, адамның жаратылысы ғажап, кере мет, жүйелі де өлшемді түрде жүзеге асатынын, күйден-күйге өттетінін айнадай қылып рет-ретімен тамаша суреттегені соншасөзі өзінен өзі көрініп тұр әрі еріксіз солай дегізеді. Тіпті, бір уахи жазушысы осы аятты жазып отырғанда манағы сөзді оқымай-ақ айтып қалса керек. Содан: “Апырым-ай, маған да уахи, яғни, аян келіп жатыр ма!” деп қобалжыған екен. Ал, расында алдыңғы сөйлемнің керемет реттілігі, өте мөлдірлігі, күшті жүйелігі ғой, ол сөздің кезегі келмей тұрып-ақ өзін көрсетіп, оқытып тұрған.

94Рисалей Нұр жинағынанҺәм мысалы:Сонымен, Құран осы аятпен Иләһи ұлы құдіретті, Рубубиеттің би лік салтанатын ғажайып суреттегені сонша, Күн мен Ай, Жұлдыздар Аллаһ тың мойынсұнғыш жауынгерлер секілді әмірін екі етпейді. Түн мен күндізді ақ, қара екі жіп секілді яки екі сызықтай бірінен соң бірін айналдырып осылайша өзінің Рубубиет аяттарын ғаламның бетіне жазып отырған әрі өзі Рубубиет аршында тұрған Қадир-і Зүлжәлалды анық көрсететіндіктен кім естісе:іштей дегісі кеп тұрады. Демек, сөзі жоғарыда аталмыш сөздердің өзегі, дәнегі, жемісі, абылхаяты, нәтижесі тәрізді.шешендігіне бесінші тұжырым: Кейде Құран әрдайым құбылып тұруға себеп, неше түрлі жағдайға енуге ұйытқы болатын заттық кішкене нәрселерді айта бастайды. Бірақ бұл тегін емес. Оларды тұрақты, нұрлы, күллі, ауқымы кең көркем есімдермен жинақтап, буып, байлап тастайды да тұрақты ақиқаттарға айналдырып жібереді. Не болмаса пікір етсін, ғибрат боларлық сабақ алсын дегендей бір түйінмен қорытындылайды. Бірінші мағынаға мысал ретінде:

95Құран ғажайыптарыСонымен, осы аятта әуелі Хазіреті Адамның жер бетінің халифасы атану мәселесінде, және оның періштелерден үстем келіп, асып түсуіне негізгі себеп оның ілімі екені жөніндегі шағын оқиға баяндалады. Содан келіп ол оқиғада періштелердің Хазіреті Адамның алдында ілім тұрғысынан жеңіліп қалғанын айтты. Содан кейін, осы екі оқиғаны ауқымды екі ұлық есіммен түйіндеді. Яғни Расында Сен “Алим” (бәрін білуші ғалым) һәм “Хаким” (әр нәрсені хикметпен жаратушы, дана) болғандықтан, Адамға тәлім бердің де бізден озып кетті. Һәм, Сен Хаким болғандықтан, біздің қабілетімізге қарай бердің. Ал, оның жоғары қабілеттігіне орай бізден үстем қылдың.Екінші мағынаның мысалы ретінде:жалғасы бар...Сонымен, осы аяттар Аллаһ Тағаланың адамға жасаған қамқорлығын, атап айтқанда қой, ешкі, түйе секілді мақұлықтарын аппақ таза әрі дәм ді сүттің бұлағы етіп жаратқанын, сондай-ақ, жүзім, құрма тәрізді же містерді нәзік әрі дәмді де тәтті нығмет салынған ыдыстар қылғанын және бал арасы сынды өзінің құдірет мұғжизасын шипалы, тәтті бал жинаушы қылғанын айта келіп, ол туралы пікір етіп толғану керектігін, ғибрат алып ойлану қажеттігін және басқа да нығметтерді осыған салыстырып шүкір ету керектігін мегзейді, ынталандыру мақсатымен деді де сөзін аяқтады.

96Рисалей Нұр жинағынаншешендігіне алтыншы тұжырым: Аят кейде Рубубиеттің үкім, заң дарын апарып кең шеңберге, жаратылғандардың арасына жайып салады. Сосын олардың байланыс көздерін тауып бір тұтас халге келтіріп, бәрін біріктіреді, немесе олардың жаппай бағынатын бір заңдылықты айтып бір шеңбердің ішіне орналастырады.Мысалы:Осы “Аят-үл Күрси” -де он сөзбен тәухидтің он мәртебесін түрлі бейнеде дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар сөйлемімен өте жойқын әрі қатаң түрде ширкті, бөтен біреудің іске ара ласуын үзілді-кесілді жоққа шығарып, ондай шірік ойды алысқа лақтырып жібереді.Һәм, бұл аят Исм-і Ағзамның айнасы болғандықтан баяндаған Иләһи ақиқаттары яғни Аллаһ туралы айтқан ақиқатқа толы мағыналары өте терең, шексіз де ұлық. Сондықтан, бұл аят Рубубиеттің билік-басқармасын ең жоғары дәрежеде, ауқымды да көлемді түрде көрсететін аят. Һәм, күллі аспан мен жерге үкімі толық жүретін Улухиеттің әкімшілігін, Оның ең жоғары деңгейдегі жалпыға ортақ хафизиетін яғни бәрін бірге мұқият сақтайтынын баяндағаннан кейін, олардың арасында тығыз байланыстар мен тұтастық, бірлік жақтары бар екенін және әлгі алып құбылыстар мен шағылыстардың бұлақтарын көрсетіп сөзімен түйіндейді.Һәм мысалы:

97Құран ғажайыптарыСонымен, осы аяттар, әу баста Хақ Тағаланың адам баласына мына алып ғаламды керемет сарай іспеттес жаратып, көктен жерге жауын жауғызып, пенделеріне ризық болсын деп оған жер мен көкті қызметші етіп бас идіргенін, дүниенің төрт түкпірінде өсетін түрлі жеміс-жидек терден әркімге пайдалануға мүмкіндік бергенін, һәм адамдар еңбек табыстарын өзара ауыстырып, тәжірибе алмасып күн көрістерін реттеу үшін кемені пайдалансын деп бағындырғанын, яғни теңізді, желді және ағашты сондай етіп жаратқан, құдды жел бір қамшы, кеме ат, ал теңіз оның аяғының астында сахара секілді, сол арқылы адамдарды бүкіл құрлықпен байланыстырып тұрғанын, сонымен қатар өзен, көлдерді адамдардың тұрмысында тасымал құралы ретінде бағындырғанын ай тады. Һәм, Күн мен Айды кездіріп маусымдарды жарататынын және сол маусымдарда сан құбылатын Иләһи түрлі-түсті нығметтерді адам баласына ұсынатынын, мұндай ірі істерді іске асыру үшін әлгі екеуін басшы ретінде тағайындағанын айтады. Һәм адамзатқа түн мен күндізді қызметші қылғанын яғни ұйықтап тынықсын деп түнді, ал күн көріске, тұрмыс-тірішілігіне қам жасасын, сауда жасасын деп күндізді жаратқанын хабарлайды.Міне, аталмыш Иләһи нығмет-несібелерді біртіндеп, талдай санаған нан кейін, адамзатқа берілген нығметтердің ауқым-шеңбері кең екенін көрсетіп, шеңбердің іші сансыз нығмет-ырысқа толы екендігін мына:

98Рисалей Нұр жинағынансөзімен түйіндеп көрсетеді. Басқаша айтқанда, адам баласы мұқтаждық әрі қабілет тілімен не сұраса барлығы берілген дейді. Оның көп нығметке бөленгені сонша, санаумен бітпейді. Рас, оның алдына жайылған дастархан аспан мен жер болса, және ондағы нығметтердің кейбірі алып Күн мен Ай, түн мен күндіз болса әрине адамға ұсынылған нығметтердің саны шексіз болғаны ғой.шешендігіне жетінші тұжырым. Кейде аят мұндай да тәсіл қолданады: Сыртқы себептердің жаратуға еш қабілеті жоқ, одан мүлдем алыс екенін көрсету үшін салдар, нәтижелердің мақсаттары мен жеміс, пайдаларын назарға ұсынады. Осылайша себептердің жай ғана перде, сыртқы көрініс екенін түсіндіреді. Расында да солай. Өйткені, өте хикметке толы, мол пайда түсіретін мақсаттарды, маңызды нәтижелерді көздеп, соған қарай әрекет қылу үшін өте Алим, Хаким болмақ керек. Ал енді, себептеріне қарасақ, ес-ақылы жоқ бейсана, жансыз, меңіреу нәрселер. Себептердің нәтижесі болса, мақсатты әрі өте пайдалы. Міне, аят осыны ескерте отырып, былай дейді: “Себептер сырт көзге және болмыста нәтижемен бірге, тұтас, тығыз байланысты боп көрінеді. Негізінде олай емес, арасы тым алшақ, бір-бірінен өте алыс. Жаратуға келгенде себеп пен нәтиженің қашықтығы сонша, ең үлкен бір себеп қанша ұмтылса да ең қарапайым нәтижені жаратуға әлі жетпейді. Әлгі себеп пен нәтижелер арасында ұзақ қашықтық пайда болып, ол жерден Иләһи көркем есімдердің әрбіреуі жұлдыздай жалт-жұлт етіп айқын көрінеді. Көкжиектері болса әлгі мағынауи арақашықтық боп табылады. Қалайша, сырт көзге таулардың шыңы мен аспанның жиегі бірге, тұтас болып, жанасып жатқандай көрінеді. Алайда, таудың төбесі мен аспанның екі ортасында сансыз жұлдыздар сыйып кететін, басқа да нәрселер орналаса алатын үлкен арақашықтық бар. Сол сияқты себептер мен салдар арасында өте үлкен мағынауи қашықтық жатыр. Ол, Иманның дүрбісімен, Құранның нұрымен ғана көрінеді. Мысалға:

99Құран ғажайыптарыИә, мына киелі аят, Аллаһтың құдірет мұғжизаларын аса хикметпен, жүйелі түрде айтып келіп, себептерді нәтижелермен ұштастырып ақы рында сөзімен белгілі бір мақсатты көрсетті. Ол мақсат бізге, әлгі шынжырлана созылып жатқан себептер мен нәтижелерден кейін болатын мақсаттарды көздеп, әдейі жаратқан, соған қарай бағыт-бағдар беріп отырған бір басқарушы бар екенін, манағы себептер болса Оны бүркемелейтін жай бір перде екендігін дәлелдейді.Рас, сөйлемімен бүкіл себептердің қолынан жарату келмейтінін жария етті. Сыбырлап былай дейді: “Сендердің өзде ріңе және мал-жандарыңа ризық болуы үшін су аспаннан келеді. Ол судың сендерді, мал-жандарыңды аяп, ризық беруге қабілеті жоқ. Олай болса су өзі келіп жатқан жоқ, әкелініп тұр. Һәм, топырақты алайық. Ол, өсімдіктерге аналық етіп ризықтарың сол қара топырақтан шығып жатыр емес пе? Алайда, еш сезбейтін, бейсана топырақ, сендерді аяп, азықтарыңды ойлап қамқорлық қыла алмайтындықтан, ол өздігінен ашылып өнім беріп жатқан жоқ. Ол қазына толы қақпаны біреу ашып, сендерге аса қажетті нығметті, мол өнімді біреу беріп тұр. Сондай-ақ, өсімдік, ағаштар сендердің қам дарыңды ойлап мейірлене жеміс-жидек, көкөніс беру қолдарынан келмесі анық”. Аят осыны айтып былай дейді: “Бұлар перденің артынан Хаким-і Рахим тарапынан ұштарына нығмет байланып жіберілген жіптер, ризық салынып ұсынылған ыдыстар. Жан-жануарлар жесін деген Иләһи мол жарылқау”. Міне, аяттың баянынан Рахман, Рәззақ, Мүним, Кәрим секілді Иләһи көптеген есімдердің көкжиектері көрініп тұр.

100Рисалей Нұр жинағынанҺәм мысалға:Сонымен, мына аят, Рубубиеттің мұғжизаларының өте маңыздысы, Рахмет қазынасының ғажайып, мөлдір пердесі боп табылатын бұлттарға назар аударады. Олардың жаратылысындағы жаңбыр жауу ісін баяндап жатқанда, бұлтты құрайтын бөлшектер ауа қабатында ыдырап сейілген кезде, бейне бір уақытша тынығып жатқан жауынгерлер сықылды, бір әмірмен дереу жинала қоятын. Олар да Аллаһтың бір әмірімен жиналып, әп-сәтте бұлтты құрайды. Сосын, шағын топтар бірігіп қалың әскерге айналатыны секілді, манағы үзік-үзік бұлттар қосылып алып бұлт болады да сосын оларды сығып тіршілікке аса қажетті өмір суын жан-жануарларға апарып себелейді. Айтпақшы, ол бұлттар, қиямет күнгі күлі көкке ұшатын тауларға ұқсайды, көлемі үлкен, ылғалды әрі аппақ. Бұлттардың үйіріліп, жаңбыр жаууы біреудің қалауымен, әдейілеп болып жатқанын көреміз. Өйткені қажеттілікке орай жауады. Демек, Біреу жауғызып тұр.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook