Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Құран ғажайыптпры

Құран ғажайыптпры

Published by risalekz, 2020-02-25 03:22:05

Description: 1928 жылы Барла қаласында жазылған 25-Сөз.
(Mucizat-ı Kuraniye)

Keywords: Рисалей Н?р,Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

151Құран ғажайыптарымаңызды бір сұрақ. “Кейде маңызды бір ақиқат атүсті қараған назар лардан тыс қалатындықтан және кей мақамдарда жоғарыда айтылған ша ғын, қарапайым оқиғадан маңызы зор тәухид тұжырымы жасалғанын байқай алмағандықтан, жалпыға ортақ, ауқымы кең ережені баяндаудың өзара байланысын түсіне алмай жатады. Сөйтіп мұны біреулер кемшілік деп ойлайды.Мысалға: “Юсуф ғаләйһиссәләм бауырына бір айла-тәсіл жасап, қасына алып қалды...” деген сөзде Құранда ол былай деп келеді:Осы тұста маңызды ереже-заңның жатқанын әркім аңғара бермейді. Шешендік тұрғысынан алғанда еш байланысы жоқ секілді көрінеді. Мұның сырын ашып берсеңіз?жауабы: Әрқайсысы жеке-жеке шағын Құран саналатын көптеген ор таша және ұзақ сүрелер, сонымен қатар, көптеген Құрани мақамдар тек бір-екі немесе үш мақсатты ғана баяндамайды. Жалпы Құран зікір кітабы, иман мен пікір кітабы әрі шариғат пен хикмет кітабы, һәм тәлім-тәрбие кітабы ретінде сан-алуан тақырыптарды қарастырып, Аллаһтың Рубубиеті барлығын қамтитындығын, Оның күш-құдіреті шексіз екенін білдіреді.Міне, ұлы да алып кітап тәріздес ғаламның белгілі бір мағынада оқыл уы, түсіндірмесі болып саналатын Құран, әлбетте, әрбір мақамда, тіпті, әрбір бетте көптеген мақсаттарды көздей отырып мағрифәтуллаһ (Аллаһты тану) туралы, тәухидтің (Аллаһтың бір екені) мәртебелері жайлы, Иманның ақиқаттары хақында дәріс береді. Сондықтан, басқа бір жағымен, айталық сырттай бұлыңғыр, қатысы аз сияқты көрінген нәзік бір байланыс арқылы тың тақырып ашып, жаңа дәріс бастап, әлгі нәзік байланысты арқау етіп, онымен тығыз байланысы бар тақырыптарды шебер ұштастырып, үйлесімді баян етеді. Онысы сол мақамға, сол жерге өте ыңғайлы, орынды болып, шешендігінің дәрежесі асқақтай түседі.

152Рисалей Нұр жинағынанекінші сауал: Құранда ашық немесе астарлы түрде ақырет пен тәухид туралы, адамзаттың сый-сыяпаты мен жазалануы туралы мыңдаған мәрте дәлелдеп, назар аударуының сыры неде? Кейде әр сүреде, әр бетте, әр мақамда ол жайлы дәрісті неге бере береді?жауабы: Жаратылыста һәм ғаламда болатын оқиғалар мен өзгеріс тердің мән-жайын әрі ұлы аманатты мойынына алған, жердің халифасы болып саналатын адамзаттың мәңгі бақытты немесе мәңгі бақи сорлы болуына себеп болатын міндетіне қатысты, мәнісі зор мәселелердің ең маңыздыларынан дәріс беру, сондай-ақ, көптеген күдіктер мен күмән дарды жою және қасарыса жоққа шығарушылардың сағын сындыру, міне осындай келелі мәселелерді, үлкен өзгеріс-оқиғаларды мойындатып, мұн дай адамзат өмірінде орасан зор рөл ойнайтын аса маңызды мәселелерді қабылдату үшін Құран, мың рет емес, миллион мәрте ол туралы сөз қозғаса, бәрібір ысырап болып саналмайды. Саналмағандықтан миллион рет қайталанып отыр. Мұндай тақырыптар Құранда жиі ұшырасып, көп кездессе де жалықтырар емес, қажеттілік те азаяр емес, өмір бақи оқыла бермек. Мысалға:аяты көрсеткен мәңгі бақыттың сүйінші хабарын алайық. Бейшара адам затқа әрдайым алдынан шығатын өлімнің ащы шындығы ол, адамның өзін һәм дүниесін қараң қалдыратын һәм бүкіл сүйіктілерімен мәңгіге қош айтыстыратын түрінде көрінген кезде, оның мүлдем олай еместігін, керісінше өлім, мәңгі рахат өмірге бастайтынын хабарлау, миллиард есе қайталанса һәм оған өте үлкен мән берілсе, бәрібір ысырап болмайды, құндылығын жоғалтпайды.

153Құран ғажайыптарыМіне, осы секілді маңызы зор мәселелерді дәріс берген, ғаламды бір са рай секілді сан құбылтқан, түбегейлі өзгертіп жіберетін оқиғаларды миға сіңдіріп, көз жеткізуге, қанағаттандыруға, дәледеуге тырысқан Құран-ы Мұғжиз-үл Баян, әлбетте ашық немесе астарлы түрде мың есе әлгі мәселеге назар аудартса ысырап емес. Қайта нан, су, дәрі-дәрмек, жарық секілді ауадай қажет болғасын жанды жадыратып, Иләһи жарылқауды арттыра түсуде деп білу керек.Мәселен,секілді қатаң ескерту мағынасындағы аяттарын Құранның шегелей оты рып, қатаң түрде, аса мән беріп қайталауының сыры мынада:Бұл да Рисалей Нұрда анық дәлелденген болатын. Адамдардың Құ дайға сенбеуі ғаламның және көптеген жаратылыстың ақысын жеу боп табылады. Ондай ауыр қылмыстың сорақылығы сонша, аспан мен жер ашуланады. Табиғатты әрекетке келтіріп топан сумен әлгі залымдарды тоқпақтап сазайын тартқызады.аятының білдір-геніндей ондай залым, кәпірлерге Жәһаннамның ашулан ғанын көрсең, ашуынан жарылып кете жаздайды дейді.Міне, мұндай жалпыға ортақ, адам айтқысыз зұлымдықты суреттей келіп, мұны адамның кішкене болмысы, ұсақ жаратылысы тұрғысынан емес, оның тым залым қылмыс-күнәсінің үлкендігіне, һәм жоққа шығару, сенбеу дейтін жәдігөй қастандығын айтып, ғаламның Иесі Аллаһтың назарында пенделерінің хақ-құқығы өте маңызды екенін, Оған қарсы шыққан кәпірлердің имансыздығының тым сұрқия, өте жағымсыз екенін баяндау арқылы көрсетіп отыр. Сөйтіп, Аллаһ Құранында ондай қылмысқа қатты ашуланып, ондай зұлымдықтан сақтандырып, оның ауыр жазасын мың емес,

154Рисалей Нұр жинағынанмиллион, миллард есе қайталаса бәрібір ысырап я кемшілік боп есептелмейді. Есептелмегені үшін мың жылдан бері жүздеген миллион адам күн сайын әсте жалықпастан қызыға әрі қажетсіне оқуда.Рас, әркімге күн сайын жаңа бір әлем келіп, бір әлем кетіп, келесіде тағы бір әлемнің есігі ашылады. Осынау өткінші, қонақ әлемдердің әрбіреуін нұрландыру үшін аса қажеттілікпен, құштарлана “лә иләһә иллаллаһ” сөзін мың рет қайталау керек. Әлгі құбылмалы пердедей әлем дердің әрқайсысына“лә иләһә иллаллаһты” шырақ етіп асып қою керек. Сол сияқты ол сансыз, өткінші перделерді һәм әрдайым жаңарып отыратын әлемдерді қараң қалдырмау үшін және өмір айнасына шағылысқан тамаша суреттердің шырқын бұзбау үшін һәм, ертең махшар күні пендені жақтаушы куәгер бола алатын күй-жағдайларды өзіне қарсы, даугер қылмау үшін мұндай ауыр күнә-қылмыстардың жазасын қайта-қайта ескерту, жиі-жиі еске алу өте орынды әрі қажет-ақ.Һәм, мәңгіліктің Патшасы Аллаһтың қиқар кәпірлердің сағын сын дыратын қаһарлы аяттарын баяндау өте маңызды, сондай-ақ, нәпсінің өз Раббысына бас көтеріп, қырсығуынан құтылайын деген адамға әр дайым Құран оқып әлгі мағыналарды еске алуы жөн-ақ. Міне, осы се кілді хикметтер үшін Құран таңғажайып түрде аяттарын қайталай бе реді, қайталай береді. Осындай хикметке толы, әрі қаһарын төге көп қайта ланатын аяттардың қайталанғанына қарсы сөз айтуға, “дұрыс емес” деуге шайтанның өзі де бара қоймас. Ал, осы қайта-қайта айтылған ескертулерге құлақ аспайтын кәпірлерге Жәһаннам азабы бұйыруы нағыз әділдік екенін көрсетеді.Тағы бір мысал, Мұсаның аса таяғы секілді көптеген хикметі бар һәм пайдасы мол Мұсаның (ғ.с) қиссасы және басқа пайғамбарлардың қиссалары көп қайталануының сыры мынада: Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) шынымен елші екендігіне бүкіл пайғамбарлардың елшіліктерін айғақ ре тін де баяндап,

155Құран ғажайыптарыоларды жаппай бекерге шығара алмаған адам, манағы Ардақты Кісінің елші екенін де әсте жоққа шығара алмайды. Сондай-ақ, жұрттың бәрі әрқашан Құранды толық оқуға шамасы жетпей, сәті түспей жататындықтан, әрбір ұзақ не орташа сүрені өз алдына бір шағын Құран дәрежесіне көтеру үшін иман шарттары секілді өте маңызды әлгіндей қиссаларды қайта-қайта айтуы, ысырап емес, керісінше мұғжизалы ше шендік. Әрі Мұхаммедтің (с.а.у) елшілігі бүкіл адамзат тарихында ең ұлы оқиға, әлемнің ең маңызы зор мәселесі екендігін дәріс беруде.Иә, Қасиетті Құранда Мұхаммедке (с.а.у) ең жоғары мақам берілуінің көптеген хикметтері бар. Ол, Иманның төрт шартын қамту арқылы“лә иләһә иллаллаһ” шартымен иықтаса тең келетін “мұхаммад-үр расулуллаһ”сөзінің мән-мағынасын, сон дай-ақ, Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы ғаламдағы ең үлкен ақи қат екенін, Оның барлық жаратылғандардан абыройы үстем екенін және Мұхам медтің (с.а.у) ақиқаты яғни оның мағынауи ауқымы кең ұлы тұлғасы, мәртебесі биік, екі жаһанның сөнбес Күні екенін, әрі Ол мұндай теңдессіз мақамға әбден лайық екенін көптеген бұлтартпас айғақтармен Рисалей Нұр дәлелдеген болатын.Тек, әзірге біреуіне тоқталар болсақ; яғни, “кім неге себеп болса соны жасағанмен тең” деген ережеге сай, барлық үмметінің бүкіл заманда жасаған жақсылықтарының бір бөлігі Оның амал дәптеріне жазылады. Ол алып келген нұрымен бүкіл әлемнің мән-мағынасын ашып, дүниені ауқымы кең нұрға бөледі. Сөйтіп, Ол, тек жын мен адамдарды ғана емес, періштелер мен тірі жандарды ғана емес, бүкіл ғаламды, аспан мен жерді риза етіп, қарыздар қылды. Қабілет тілімен дұға ететін өсімдіктердің дұғалары мен қажеттілік тілімен дұға қылатын жануарлардың дұғалары көз алдымызда іс жүзінде қабыл

156Рисалей Нұр жинағынанболып жатқаны белгілі. Енді өзің ойлашы, сонау миллиондаған, тіпті, миллиардтаған кісілердің шынайы дұғалары, һәм дұғасы қабыл болғыш тақуа мұсылмандардың күн сайын осы ардақты кісіге салауат-сәлемдері, яғни, рахым тілеген дұғалары мен рухани табыс-сауаптары, ең бірінші Оған бағышталуда және үммет болып оқылған Құранның үш жүз мың әрпінің әрбіріне он сауап, кейде жүз, кейде мың сауап, жұмақ жемісі беретінін ойласақ, тек Құран оқылғаннан Оның амал дәптеріне жазылатын сансыз нұр, оның манағы керегесі биік, мерейі үстем рухани тұлғасы, Оның мәнісі, яғни, Мұхаммедтің (с.а.у) ақиқаты келешекте Жәннәттің туба ағашы бейнесіне енетінін Аллам-үл Ғұюб (бәрін білуші Аллаһ) білген, көрген әрі сол мәртебесіне сай Құранында әлгіндей аса мән берген, сондай-ақ, оған мойынсұнуды бұйырған. Оның сүннетін ұстанып, ізіне еріп шапағатына бөленудің өте маңызды мәселе екенін әмір еткен һәм, сол бір ұлық “Туба” ағашының бір тұқымы тәріздес пенделік тұлғасына, сәбилік кезіне, алғашқы адами хал-жағдайына анда-санда назар аударатын себебі сондықтан.Міне, Құрандағы қайталанған ақиқаттардың мән-мағынасы, қадір-қас иеті осылай. Сондықтан оның қайталануында қуатты да ауқымы кең мағы науи мұғжиза, терең сыр жатқанына жаны таза, табиғаты аман-сау кісілер бір ауыздан мойындап, куәлік етеді. Ал, кейбір материализм апатына ұшырап, рухани ауруға шалдыққан, ар-ождан кеселіне тап болған болса, өз обалы өзіне.дегеніндей, яғни, “Көзі соқыр Күннің жарығын жоққа шығарады, науқас адамға тамақтың дәмі жоқ сияқты көрінеді!”. Олардың жағдайы аянышты.* * *

157Құран ғажайыптарыбұл Оныншы мӘСеленің СОңыеКі тҮСініКтемеден тұрадыбіріншісі: Бұдан он екі жыл бұрын өте қауіпті де қиқар һәм дінсіз біреу, өзінің Құранға деген қастандық жоспарын іске асырамын деп мұны тәржіме жасату арқылы жүзеге асыруға кіріскенін, әрі: “Құранға тәржіме жасайық, аударайық. Сөйтіп оның не екенін жұрт білсін!” дегенін естідім. Яғни, ол кәпір: “Құранның керексіз, артық қайталана беретін сөздерін әркім көрсін және оның орнына тек тәржімесі оқылсын” деп зымиян ойын іске асыруға тырысты. Алайда, Рисалей-Нұрдың бұлтартпас айғақ тары Құранның толыққанды тәржімесін жасау мүмкін еместігін, оның сөз саптауы, сөйлем құрауы мүлдем ерекше, және емле-ережесі өте күрделі араб тілі ғана Құранның қасиеттері мен тұжырымдарын баян дауға әлі келеді, басқа тілдердің шамасы жетпейтінін, қасиеттілігін сақ тай алмайтынын анық дәлелдеді. “Әрбір әрпі он, кейде мыңдаған сауап беретін Қасиетті Құранның таңғажайып, көп мағыналы, күрделі сөздерінің орнына адамдардың қарапайым, шектеулі де шағын ойынан шыққан тәржімелері тең келмейді, оның орнына мешіттерде оқылмайды, оқылмауы тиіс!” деп Рисалей-Нұрдың кітаптары әр тарапқа кеңінен тарап, өзінің жойқын үгіт-насихатымен әлгі қауіпті іс-жоспарды жүзеге асырмай тосқауыл болды. Дегенмен, әлгі дінсізден дәріс алған мұнафықтардың тағы да шайтанға еліктеп Құранның Күнін үрлеп сөндіруге тырысқан ақымақ баладай, немесе жын ұрғандай кәпірлердің жағымсыз әрекеті, менің жанымды қинап, мазамды алды. Сөйтіп мазасыз күйде осы Оныншы мәселе жаздырылды деп ойлаймын. Басқа кісілермен байланысым болмағандықтан қазір не болып жатқанынан бейхабармын.

158Рисалей Нұр жинағынанекінші т сініктемеү. Денизли қаласының түрмесінен аман-есен бо сап шығып, “Шәһир” қонақ үйінің жоғарғы қабатында отыр едім. Алдымда терек ағаштары жайқалған әдемі сая бақ. Ағаштардың әрбірі алқа зікір салуға кірісіп кеткендей нәзік әрі тартымды түрде, өзі де, бұтақтары да жапырақтары да жел ескен сайын көз тартарлық би билеп тұрғандай болды. Бұл маған, бауырларымнан оқшау қалып, жалғызсыраған мұңлы көңіліме қатты әсер етті. Кенет, күз, қыс маусымы еске түсті де, мені бейқамдық басты. Әлгі зор қуаныштан сан құбылып би билеген ағаштар мен тірі жандарды қатты аяп кеткенім сонша көзіме жас келді. Әлемнің керемет, тамаша пердесінің арты жойылу мен қоштасуға толы секілді көрінді. Содан маған әлем, неше түрлі қоштасу мен аяқталуға толы, бәрі қараң қалғандай көрінді. Сол сәтте, Мұхаммеди (с.а.у) ақиқаттың сыйға тартқан нұры көмекке келді. Ол әлгі шексіз уайым-қайғыларды қуаныш пен шаттыққа айналдырды. Тіпті, ол нұрдың әркімге, әрбір мүминге тигізер пайдасын айтпағанның өзінде, маған сыйлаған нұрының миллионнан тек сол мезетке қатысты, сол жағдайға байланысты тигізген пайдасы мен жұбанышы үшін, Мұхаммедтің (с.а.у) өзіне мәңгі бақи қарыздар екенімді шын көңілден сезіндім.Қалай десеңіздер, әлгі басты мақсатымды ұмыттырған бейқам назар, әлгі мүбарак, нәзік те сұлу жаратылысты атқарар міндеті жоқ, бей-бере кет, босқа, түкке пайдасыз, бір мезетте көрініп жоқ болатын, һәм мына әрекет тері қуаныштан емес керісінше жойылудан, қоштасудан қорқып, жоғалып кетемін бе деп, байбалам салып жатқандай ғып көрсетті. Бұл менің мәң гілікке құштар, әсемдікке құмар, бар болуға ынтық және басқаларды аяу, өмірге қызығушылық секілді сезімдеріме қатты әсер еткені сонша, дүние тозақ, ақыл мазалаушы құрал болып жаным алқымға келді. Міне, дәл сол кезде Мұхаммедтің (с.а.у) адамзатқа сыйға тартқан нұры келіп, әлгі қара пердені түріп ақиқат нұрын ашты. Жоқ болу, із-түзсіз жоғалу, босқа құрып кету, міндет атқармау, қоштасу, баянсыздық атымен

159Құран ғажайыптарыжоқ екенін, керісінше, олардың әрқайсысы мысалы ағаштың жапырағы қанша болса сонша жаратылыстарының хикметтері, мағыналары, маңызды міндеттері бар екенін көрсетті. Мәселен, Рисалей Нұрда дәлелденгеніндей олардың атқарар міндеттерін үш топқа бөлуге болады.біріншіден; Болмыс атаулының Сани-ы Зүлжәлалдың есім-сипаттары мен қатысты жағы бар. Мысалға, өнер тапқыш шебер адам, бір құрылғы-тетік, бір мәшине ойлап тапса, оның қадірін түсінгендер оған: “Машаллаһ! Бәрекелді!” деп мақтап, қошеметтейді. Әлгі құрылғы-тетіктің өзі де, өзінен күтілген мақсат пен нәтижені толық орындау арқылы өзіндік хал тілімен манағы шебер ұстасын дәріптеп, қошеметтеп, құттықтайды. Дәл сол секілді әрбір тірі жан, барлық жаратылыс осындай бір құрылғы-тетік яки мәшине тәріздес Жаратқан Иесін дәріптеп, құттықтайды.екіншіден; Болмыс атаулының тірі жандармен және саналы мақұлық тармен қатысты жағы бар. Олар мына жаратылысты зерттеп, талдап-талқы лайды. Өйткені олардың әрбіреуі Жаратқанды таныстырушы баяндама, Оны дәріптейтін кітап. Олар өздерінің мағыналарын саналылардың миына жүктеп, суреттерін есінде қалдырып, сақтағыш басқа да таспаларда, ғайып әлемінің дәптерлерінде тіркеліп, содан кейін барып куәлік әлемін тәркі етеді де ғайып әлеміне сапар шегеді. Демек, жаратылыс жасанды, тұрақсыз болмыстан шығып, нағыз рухани, ғайби, ғылыми бір шама мәңгі болмысқа ие болып жатады. Иә, Аллаһтың бар екені рас әрі Оның ілімі мұхит, яғни, барлығын қамтып жатқаны да рас. Олай болса, әлбетте, жойылу, жоқ болу, құрып кету, қирау, із-түзсіз ғайып болу, баянсыздық деген нәрсе имандылардың көзқарасында мүлдем жоқ. Ал, Құдайға сенбейтін, ақиқатты мойындамайтын тіпті жоққа шығарушы кәпірлердің әлемі қап-қараңғы, олардың көзқарастары жоқтыққа тұнып тұр, бәрі уа қытша, баянсыз,

160Рисалей Нұр жинағынансоңында қош айтысатын түкке тұрғысыз нәрселер. Міне, бұл шындық. Бұл туралы ел ауызында кең тараған мынадай бір ғибратты сөз бар: “Кімге Аллаһ бар болса, оған жоқ нәрсе жоқ, бәрі бар. Ал, кімге Ол жоқ болса, оған еш нәрсе жоқ, бәрі қараң қалған!”.Сонымен, адам өлген кезде иманы оны мәңгі жоқ болудан құтқарып қалатыны рас. Сол секілді бұл дүниеде де әркімнің ішкі дүниесін, оның әлемін қараң қалудан, жоқ болудан, қоштасудан аман сақтап тұрады. Кәпірлік болса, әсіресе мүлдем сенбейтін имансыздық болса, адамның өзін, һәм оның ішкі дүниесін жоқ қылып, өліммен көзін жойып, рухани азапқа салып, мағынауи қапас-тозаққа тастайды. Өмірдің мәні кетіп, алар ләззаттары ащы уға айналады. Дүниелік, фәни өмірге бола, бақи өмір, ақыретті ұмытқандарға нендей өкініш! Олар өздеріне осы айтылған тығырықтан шығарар жол тапсын я болмаса иманға келсін. Сөйтіп, мұндай күллі зиян шегуден құтылсын, демекпін.дұғаларыңа мұқтаж, сіздерді көруге құштар бауырларыңС а и д н ұ р С и* * *

161Құран ғажайыптарыриСалей-нұр тӘпСірінің аВтОры бӘдиҮззаман Саид нұрСи1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлық жасы алтыға енді толған баланы ата-анасынан жыраққа алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын зерек ол, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе білімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленетіндіктен замандас ғалымдар оны “Бәдиүззаман” (Заманның озығы) деп атайды.“Ескі Саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат қиыншылықтар оның жанына қатты бататын. Мұның шарасы ретінде халықтың көзін ашу, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи жаңа ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін айтып, соған бар күшін жұмсап бағады. Өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғындарға қатысып талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен Отанына оралған соң қайтадан Ислам әлемінің мәселелерін талқылап, оның шешімін іздейтін Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады. Стамбулға жау шауып қоршауда қалған қаралы күндерде қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын

162Рисалей Нұр жинағынанкітапшалар таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болып азаттық алуға мол үлесін қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, оны ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздерін мықтап ұстануға уағыздайды.Бұдан кейін оның “Жаңа Саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан таза ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды. Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар арасында қызығушылық туғызады. Оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқаны басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады. Әрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа шақырылады. Кастамону, Эмирдағ, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.Адам төзгісіз зұлымдықтарға душар болса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген күпірліктің қара бұлтына қарсы, Құранның нұрын айнадай көрсетіп, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «Рисалей Нұр» тәпсірі міне сол қиын кезеңдердің жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолдарына аманат қылып тапсырған ол, құдды бір міндетін адал атқарған әскерге ұқсайды.

163Құран ғажайыптарыҚұранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманның ұғымына сай анық та қанық баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылған. Содан болар осы бір Құрани тәпсір, нұр кітаптары қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған мұсылмандар қызыға оқуда.Муфәссир яғни Құранды тәпсірлеуші ғалым-ғұлама Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың23-наурыз күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанып кете барады.* * *

неліКтен жұрт риСалей нұрды Қызыға ОҚиды? Себебі Ол баршаны Ойландыратын өзеКті мӘСелелерді ҚОлға алып, мазалап жҮрген СұраҚтардың жаУабын береді. атап айтСаҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дәлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дәлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дәлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тәуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)

*Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған және бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)

* Хазреті Адам ғаләйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уәсуәсәсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығы. (4-Лема)* * *

риСалей-нұр тОптамаСыҮлКен Кітаптар:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар», «Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары», «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери»КішКене Кітапшалар:«Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «Диван-ы Харб-и өрфи», «Әлхужжәт-ул Зәхра», «Әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и Шамие», «Иджтихад рисалесі», «Иман хақиқатлари», «Ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул Иман», «Миғраж уә Шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр Әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә Шәфкат илачлары», «Рамазан-Иқтисад-Шүкір», «Сунухат-Тулуат-Ишарат», «Табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «Иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».

рисалей-нұр топтамасынан қазақ тіліне аударылған кітаптар:«Сөздер», «Лемалар», «Асай-Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары», «Рамазан рисалесі», «Ханымдар шырағы», «Жастар шырағы», «Ықылас сыры», «Табиғат сыры», «Адам және Иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі», «Қысқа сөздер», «Өлім және мәнгілік», «Тәухид сыры», «Дерт пен Дауа».рисалей-нұр туралы мына интернетсайттардан мағлұмат алуға болады:www.nurfeyz.kzwww.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.com

Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ТОО Нур Фейз,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 374 71 10E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook