Өлім және мәңгілікБәдиуззаман Саид НұрсиРисалей-Нұр жинағынан
Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Рашид Тәжібай, Сабырхан Сейілбекұлы, Абай Хамза.Б 32 Бәдиуззаман Саид НұрсиӨлім және Мәңгілік - Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС,118-бет. Рисалей-Нұр жинағынан.ISBN 9965-9302-6-0ББК 86.38ББК 86.38Б 32 Б “Нур Фейз“ ЖШС 2015ISBN 9965-9302-6-00403000000 00(05)-03
Рисалей-Нұр жинағынан4Ұсынылып отырған бұл кітапша XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында өмірсүрген Ислам ғұламасы Бәдиүззаман Саид Нұрсидың \"Рисалей Нұр\" шығармаларынан алынған.Бәдиүззаман Саид Нұрси бұл еңбектерін Осман түркі тілінде жазған. Бұл шығармалардың қазақ тіліне аударылуы барысында кейбір сөйлемдердің тек мағынасы ғана жеткізілді. Сонымен қатар түп нұсқадағы мазмұнынан ауытқып кетпей, Құранның ұлы ақиқаттары мен Иманның інжу-маржандарын оқырманға жеткізу басты назарға алынды.Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Рашид Тәжібай, Сабырхан Сейілбекұлы, Абай Хамза.
5Өлім және МәңгілікОныншы СӨзХашір туралы1еСкеРТУБұл тақырыпты түсіну оңай болсын деп біраз салыстыр-малы мысалдар қолдандық. Ислам ақиқаттары ақылға аса қонымды, бірі-бірімен тығыз байланысты, өзара үйлесімді және ап-анық екенін көр сетуге тырыстық. Хикаялардың мән-мағынасы соңындағы ақиқат тар болып табылады. Әрбір хикая бір ақиқатқа жол сілтеп отырады. Демек, бұлар жай қияли хикаялар емес, ақиқаттың нақ өзі.Бауырым! Хашір мен ақырет жайын қарапайым тілмен оқып, ап-анық түсінгің келсе, мына хикаяны нәпсіммен бірге тыңда:Бір заманда екі адам Жәннатқа ұқсас тамаша бір мемле-кетке (бұл дүниеге ишара) барады. Ол елдің халқы сарай, үй, дүкендерінің есіктерін жаппай, қараусыз қалдыра салады екен. Мал-мүлкі де, ақша-заттары да иесіз жата береді. Әлгі *Хашір – жиналу. Қиямет күні бүкіл адамзаттың есеп беру үшін бір жерге жиналуы. Өлгендер тіріліп, Махшарға шығуы. Бір түйір дәннен зәулім ағаш өсіп шығатыны секілді әрбір адам өзінің бойындағы \"аджбуз-зенеб\" деп аталатын кіп-кішкентай дәнек сықылды қалдығынан қайта тіріліп Махшар алаңына жиналуы.
Рисалей-Нұр жинағынан6екеудің бірі өзіне ұнаған заттарды шетінен ұрлап, не болмаса жұлмалап ала бастайды. Нәпсіге еріп, ойына келген зұлым дық, азғындықтан тартынбайды. Ол жердің халқы да оған тыйым сала қоймайды.Сонда екіншісі тұрып: «Бұл не қылғаның? Бүйте берсең жазаға тар тыласың, мені де пәлеге қалдырасың. Бұл заттар мемлекеттің мүлкі. Бұл елдің халқы бала-шағасына шейін түгелімен әскер қатарында не болмаса қызметшілік етіп жүр. мына жұмыстарды кәдімгі азамат ретінде атқарады. Саған көп тиіспеуінің себебі де сол. Бірақ, тәртіп өте қатаң. Патшаның барлық жермен байланысы әрі қырағы қызметшілері бар. Сондықтан, райыңнан тез қайтып кешірім сұра!» – дейді.Бірақ анау, есалаң, ерегісіп: «жоқ, бұл сен айтқандай бақылаудағы дәу лет емес, көпке ортақ, иесіз мүлік. жұрт оны қалағанынша ала береді. менің де бұл әдемі заттар-дан пайдалануыма кедергі боларлық ешбір себепті көріп тұрғаным жоқ. көзбен көрмейінше сенбеймін,» – дейді. Ақылгөйсіп, неше түрлі қисынсыз уәж айтып:— Патша деген кім? Мен оны танымаймын, – деп жанындағы кісімен дауласа бастайды.— Басшысыз ауыл болмайды. Ұстасыз ине жасалмайды. Жазушы болмаса бірде-бір әріп өздігінен жазылмайды. Ен-деше ұсақ-түйегіне, бүге-шігесіне шейін жүйеленген мына бір керемет мемлекеттің басшысы болмауы мүмкін бе? Мол байлық, бағалы да қымбат, шебер жасалған зат тиелген пойыз (Сілтеме ),1 ғайыптан пайда болғандай, сағат сайын келіп жатыр. Байрақтар мен хабарландырулар барлық жерге ілінген және заттарға басылған таңба бәрінде көрінеді. Қалайша иесіз бо-лады?! Байқаймын, сен теріс оқу оқығансың-ау шамасы, мына Сілтеме :1 Пойыз деп отырғаны бір жыл. Ал, көктем азық-түлік тиелген ғайыптан келетін бір вагон.
7Өлім және МәңгілікИслам жазуларын оқи алмай тұрсың. Онымен қоймай, білген адамнан сұрамайсың. Сөзіме құлақ түр. Саған үлкен жарлықты оқып берейін! – дейді жолдасы оған.Әлгі есалаң райынан қайтқан болып:— Жарайды, Патша бар дейік. Бірақ, менің азғантай пайдаланғанымнан оған қандай зиян келеді? Қазынасы ортай-ып қала ма?! Оның үстіне бұл елде абақты атаулы көрінбейді. Жазаға тартылып жатқандарды да байқамадым, – дейді әлде де тайталасып.— Бауырым! Мына мемлекет сынақ алаңы. Әрі, Сұлтанның таңғажайып өнерінің көрмесі, келіп-кетушілерге арналған уақытша қонақ үй. Күн сайын бірі келіп, бірі кетіп жатқан то-лассыз керуендерді көрмейсің бе? Қонақ үй бірде толып, бірде босап жатыр. Мұны өзің де көріп тұрсың. Біраз уақыттан соң бұл мемлекет толық көшіріледі.Тұрғындары өзге бір мәңгі мемлекетке түбегейлі ауыстырылады. Ол жерде әркім атқарған қызметіне қарай – қылмысы болса жазасын тартады, лайық болса сый-құрмет көреді, – дейді жолдасы оған.— Сенбеймін. Мына мемлекеттің сен айтқандай тас-талқаны шығып, басқа жаққа көшуі мүмкін емес, – дейді әлгі опасыз, есалаң тағы да қасарысып.— Қасарысқаныңды қоймадың ғой. Ендеше кел, мен саған «үлкен бір сот» болатынын, сый-құрмет көрсететін орын яки жаза беретін зындан дайын екенін, әрі осы мемлекеттің күн сайын біршама босап қалатыны секілді бір күні мүлдем бос қалып, тас-талқаны шығатынын айғақтайтын бұлтартпас шексіз дәлелдердің тек бірнешеуін ғана баяндап берейін, – деп адал жолдасы «Он екі сурет» хикаясын санамалап айтып береді.БіРінші СУРеТ: Ақылға салып қарашы! Толық үстемдік қылатын салтанат, әсіресе мынадай орасан зор билік өзіне адал қызмет еткен мойынұсынушыларды ешқандай сый-ақысыз
Рисалей-Нұр жинағынан8қалдыруы және өзіне қарсы шығып, бас көтергендерге қандай да бір жаза бермеуі мүмкін бе? Бұл жерде жазалау орны, зын-дан көрінбейтіні рас, жоқ секілді.Демек, басқа жерде үлкен сот болады.екінші СУРеТ: Мына айналаңдағы құбылыстар мен істерге наза рыңды салшы! Ең жарлы, ең нашарынан бастап барлығына бірдей аса керемет, өте лайық ризық берілуде. Жетімдер мен науқастарға тым тә уір күтім жасалуда. Сондай-ақ дәмді тағамдар, сырмалы оюлар, әше кей ленген киімдер мен ас толы дастархандарға қара! Сен сияқты еса лаң дардан өзгелері өз міндеттерін мұқият атқаруда. Титтей де ағаттық жасап, артық кетіп жатқан ешкім жоқ. Небір алып дәулер мойынсұнып, зыр жүгіруде. Патшаның әміріне құлдық ұрып, адал қызмет атқаруда. Демек, мына салтанат Иесі асқан жомарт шексіз мейірімді, мерейі үстем, ерекше қаhарлы, шексіз абы-ройлы. Ал, жомарттық сипаты нығмет бергісі келеді. Мейірім жарылқағысы келеді. Мерейі үстемдік жігерді талап етеді. Абырой болса әдепсіздерді тәрбиелеуді қажет етеді. Алай-да, мына мемлекетте ондай мейірім мен үстем салтанаттың талаптарының мыңнан бірі де орындалып жатқан жоқ. Бұл жер-ден жауыз, залымдар абыроймен, ал бейшара жәбірленушілер қорлықпен көшіп кетіп жатыр.Демек, , іс-шаралар алдағы үлкен сотта қаралмақ.Үшінші СУРеТ: Назарыңды сал! Не іс болса да керемет хикмет, асқан даналықпен, жүйелі тәртіппен атқарылып жа-тыр. Әрі толық әділет, өлшемді қарым-қатынас көрінеді. Ал, салтанат, биліктің мәнісі мен хикметі болса, қол астына кіріп сыйынғандарға қамқорлық жасауды талап етеді. Әділет бол-са, халқының абыройы мен намысын қорғауды қажет етеді. Сонда ғана биліктің мерейі мен үстем абыройы, салтанаттың айбындылығы сақталып қалмақ.
9Өлім және МәңгілікДегенмен, бұл жерде әлгіндей хикмет пен әділдікке лайық іс-шара лардың мыңнан бірі жүзеге аспай жатыр. Сен секілді бұзақылардың көп шілігі тиісті жазасын тартпастан, бұл жерден көшіп жатыр.Демек, а ырғы жаза, лкен сот а алып отыр.қүқ қТӨРТінші СУРеТ: Ойлап қарашы! Мына көрмедегі теңдессіз, сан сыз, қымбат гауhарлар, дастарханға қойылған аса дәмді тағамдар, бұл жерді билеуші Патшаның асқан бай, тау-сылмас мол қазынаның Иесі еке нін көрсетеді. Әрине, мұндай байлық пен таусылмас мол қазына, небір қалағаның табыла-тын, жаюлы кең дастарханы бар мәңгілік мекен жайды қажет етеді. Сондай-ақ бұдан ләззат алып жүрген қонақтар, думанның тез аяқталып, бүкіл ләззаттан бір мезетте қош айтысқысы келмейді, оны әсте ешкім қаламайды. Себебі, әрбір қайғының аяқталуы жанға ләззат беріп, ал әрбір ләззаттың ақыры өкінішпен тынатыны баршаға мәлім. Енді, мына көрмеге қара! Мына хабарландыруларға көңіл бөл! Патшаның ғажайып өнерін көрмеге шығарып, әлемге жар салушы делдалдардың сөзіне құлақ түр! Олар Патшаның кемелдігін көрсетіп, теңдесі жоқ мағынауи сұлулығын паш етуде және құпия әсемдігінен хабар беруде. Оның кемелділігі мен мағынауи сұлулығына таңқалмасқа шара жоқ. Ал, құпия һәм толық кемелділік бол-са, қадірін біліп, сұлулығын танып «машаллаh» деп куә болушыларға сырын ашқысы келеді. Жасырын һәм теңдесі жоқ әсемдік болса, көрінгісі әрі көргісі келеді. Яғни, өз сұлулығын екі тұрғыдан көргісі келеді. Біріншісі; сұлулығын көптеген ай-налардан өзі көруі. Екіншісі; сұлулығын таңғалып қадірлеуші, ынтық болған көрермендердің көзімен көруі. Көру және көріну әрі мәңгі көріну. Ондай мәңгі өшпес әсемдік өзіне құштар көрермендер мен таңқалушылардың әрдайым бар болуын қалайды. Мәңгі сұлулық өзін уақытша, фәни қызықтаушыларға разы бола алмайды. Қайта оралмай кететін көрермен де істің соңын ойлап, махаббаты дұшпандыққа, таңқалысы қорлауға ай-налады. Өйткені, адам баласы өзі білмейтін, әрі қолы жетпейтін
Рисалей-Нұр жинағынан10нәрсесіне дұшпан боп келеді. Әйтсе де, мына қонақ үйдің барлық тұрғыны асығыс келіп, әп-сәтте ғайып болуда. Әлгі кемелдік пен сұлулықтың бір ғана сәулесін, тіпті қараң еткен көлеңкесін бір сәт көріп, құмары қанбай кетіп жатыр.Демек, басқа жерде мәңгі тамашалау орны бар деген сөз.БеСінші СУРеТ: Әлгі теңдесі жоқ ғайып Патшаның аса мейірімді екеніне жасалып жатқан мына істер дәлел. Қалай десеңіз, бәлеге ұшыра ғандардың барлығына жаппай көмек көрсетіліп, барлық талап-тілектеріне түгелдей жауап берілуде. Тіпті, қарамағындағы жай біреудің жай бір қажеттілігін де де-реу мейірімді түрде қамтамасыз етуде. Қойшының қора-қора малынан бір қойдың аяғы мертігіп қалса, оған шипа боларлық дәрі береді немесе мал дәрігерін көмекке жібереді.Әне бір жерде үлкен бір жиналыс болады екен. Елдің игі жақсылары жаппай сол жерге жиналыпты. Сен сол жаққа назар сал! Ұлы таңбасы, керемет нышаны бар бір Яуер-і Әкрем яғни, Патшаның ең жақын адал қызметшісі сөз сөйлеп, баяндама оқып тұр. Мейірімді Патшасына өтініш-тілектерді жеткізуде. Маңайындағылардың бәрі: «Иә, біз де cоны қалаймыз» деп бар ынтасымен оның сөзін қуаттауда. Жақсылап тыңда! Әлгі Патшаның сүйіктісі былай дейді: «Уа, бізді нығметтерімен жарылқаушы Сұлтанымыз! Бізге көрсетілген осы үлгі-мысалдардың негіздерін, қай нар бұлағын көрсет. Бізді салтанат сарайыңа ал. Бізді мына сахарада қуратпа. Бізді құзырыңа ал! Бізге рақымшылық жаса. Бұл жерде дәмін тат қыз ған ләззатты нығметтеріңді ол жерде жегіз. Бізді жоқ етіп, өзіңнен қашықта ұстап, азаптай көрме. Саған ынтық, шүкір етуші қол астыңдағы біз сияқты пенделеріңді қараусыз қалдырып, жоқ ете көрме!» деп бар ынтасымен жалынып жалбарынуда. Оны сен де естіп тұрсың. Апырым-ау, осынша-ма мейірімді, құдіреті күшті Патша жай бір адамның болмашы тілегіне соншалықты терең мән беріп, қажетін қамтамасыз ете отырып ал, ең сүйіктісі Яуер-і Әкремінің маңызды тілектерін
11Өлім және Мәңгілікқабылдамай, жауапсыз қалдыруы әсте мүмкін бе?! Негізінде, ол сүйікті Яуер-і Әкремның тілегі, көпшіліктің де мақсат-тілегі. Әрі, бұл талап-тілектер Патшаның разы болып, көңілінен шығатын нәрселері және рахымы мен әділдігі қажет ететін дүниелер. Әрі, бұл Оған тым жеңіл. Қолынан келмейтін іс емес. Оны істеу мына қонақ үйдегі өткінші, фәни көрмедегі істеріне қарағанда анағұрлым оңай. Солардың үлгілерін көрсету үшін бес-алты күндік көрме ашып осыншама мол шығын жұмсап, мемлекет құрғаны рас болса, әл бетте, өзінің нағыз қазыналары мен кемелдіктерін, асқан шебер өнерін Сал танат сарайын-да көрсететін болады. Ол көрменің кереметтігі сондай, оны көргендер есінен танады.Демек, мына сынақ алаңындағылар жайдан-жай қарап жүрген жоқ. Оларды бақыт сарайы немесе азап зынданы күтіп тұр.АлТыншы СУРеТ: Мінеки қара! Мына алып пойыз-дар, ұшақтар, жабдықтар, қоймалар, көрмелер және атқарылып жатқан істер перденің арғы жағында орасан зор үстемдік пен билік бар екенінің дәлелі (Сілтеме . 2 )Мұндай үстемдік пен билік Сілтеме2: Мәселен, қазіргі заманғы әскери жаттығуларда \"қарулан, сүңгі тақ!\" әмірін орындаған қалың әскер жаттығу кезінде құдды еменді ну орманға ұқсайды немесе мерекелік шеру кезінде \"мерекелік киімдеріңді киіңдер, қару-жарақтарыңды асыныңдар!\" деген әмірді жаппай орындаған әскери лагер, түрлі-түсті гүл ашқан әсем сая-баққа ұқсайды. Иә, жер жүзі дейтін алаңда Сұлтан-ы Әзәлидің сансыз әскері боп табылатын періштелер мен жындар, адамзат пен хайуанат, сонымен қатар өсімдік атаулы да өмірін сақтау май-данында әмірімен \"қорғаныс үшін қару-жарақтарыңды асыныңдар\"деген Аллаhтың әмірі келгенде жер бетіндегі барлық тікенді өсімдіктер мен ағаштар манағы найзаларын асынған, сүңгілерін таққан, қаруын білеген қалың әскерге ұқсай қалады. Сондай-ақ көктемнің әрбір күні, әрбір аптасы түрлі өсімдіктердің өзіндік мерекелік шеруі тәрізді. Сол мейрамда өсімдіктің әрбір түрі Жаратушы Сұлтанының тарту еткен әсем сыйлықтарын асынып, көрсету үшін бейне бір мерекелік шеруге шыққандай өздерін әлгі Сұлтан-ы Әзәлидің назарына ұсынады. Бүкіл өсімдіктер мен ағаштар бейне бір Раббани шеберлікпен осындай күйге еніп \"гүл мен жеміс деген Иләhи нышан-медалдарыңды тағыңдар, гүл ашыңдар!\"
Рисалей-Нұр жинағынан12өзіне лайық халықтың болуын талап етеді. Солай бола тұра, өзің көріп отырғаныңдай, барша халық мына қонақжайға келеді де кетеді. Қонақжай күнде босап, күнде толып жатады. Барлық ха лық сыналу үшін, осы сынақ алаңына жиналған. Алаң бол-са, сағат сай ын жаңартылады. Әрі бүкіл халық Патшаның көрмедегі қымбат сый лықтарының үлгілері мен өнерін бір сәт таңдана тамашалауда. Ал, көрме минут сайын сан құбылады. Көрмеге келгендер ұзақ уақыт тұрақтап қала алмай кетіп жа-тыр. Кеткендер қайта оралмайды. Міне, бұл құбылыс бізге, мына қонақжайдың, мына алаңның, мына көрмелердің арғы жағын да мәңгі зәулім сарайлар, тұрақты мекендер және мына үлгілер мен сурет тердің пәк, құнды түпнұсқалары сақталған бақи, әсем бау-бақшалар мен таусылмас мол қазыналар бар екенін анық аңғартады.Демек, бұл жердегі тер төгу сол тұрақты мекеннің игілігін көру үшін екен. Бұл жерде жұмыс істетеді, ол жер-де ақысын береді. Сонда қабілетіне қарай әркімге өзіндік бір бақыт бұйырады.жеТінші СУРеТ: Кел, тағы да біраз серуендеп қайтайық. Мына ха лықтың мәдени тұрмысымен танысайық. Әне! Барлық жерде, әрбір бұ рыш та фотоаспаптармен көптеген суреттер түсіріліп жатыр. Қара! Әр жерде қаншама хатшы жайғасып алып, әлдебір нәрселерді жазып отыр. Демек олар болып жатқан істерді түгелдей тіркеп қоюда. Жәй, қарапайым істер мен бол-машы оқиғаларға дейін олардың назарынан тыс қалмайды. Анау бір таудың үстіне орнатылған Патшаның алып фото-аспабына қара! Дүниедегі барлық уақиғаларды суретке түсіріп деген Раббани әмірді бұлжытпай орындайды. Сол кезде жер жүзі ұлы мереке күніне айналып, керемет бір шеру тәрізді көз тартар түр-түске еніп, әскери киімдерін киіп шыққан, омырауында нышандары жалт-жұлт еткен әскери шеруді еске түсіреді. Міне, осындай хикмет толы әрі жүйелі жабдықтау мен безендіру, әлбетте шексіз құдіретті бір Сұлтанның, асқан дана бір Әкімнің әмірімен болып жатқанын көзі барларға анық көрсетеді.
13Өлім және Мәңгілікжатыр (Сілтеме .3 ) Демек, Патша қол астындағы осы жерде жа-салып жатқан барлық іс-амалдарды мұқият тіркеп, жазып оты-руды әмір еткен. Демек, ол Ұлы Патшаның назарынан еш нәрсе тыс қалмайды, болған нәрселерді түгел тіркеп, суретін алуда. Міне, мұндай мұқият тіркеу мен жазылған деректер түбінде бір сұрақтың болатындығын аңғартады. Әрі бұл сол үшін жасалып жатқан іс.Енді, өзің ойлашы, ең төменгі деңгейдегі тұрғынның болма-шы іс-әреке тінің өзін назардан тыс қалдырмай отырған Хаким-ы Зүлжәлал, тұрғындар ішіндегі ең жоғарғы дәрежедегілердің өте маңызды іс-амалдарын сақ тамауы, есепке алмауы, жақсыларға сый-құрмет, жамандарға жаза бер меуі әсте мүмкін бе?! Ақиқатына келер болсақ, Патшаның абыройы мен мерейіне нұқсан келтіретін, оның қамқорлығын аяқ асты ететін нағыз сорақы амалдарды әлгі жоғарғы дәрежедегілер жасауда. Бірақ, олар сол істеген қылмыстары үшін бұл жерде жазаға тартылмай кетіп жатыр.Демек, оның барлығы Махкеме-и Күбрада, үлкен Сотта қаралады.Сегізінші СУРеТ: Кел, саған әлгі Патшадан келген бұйрықтарды оқып берейін. Құлағыңды сал! Ол былай деп уәде береді, әрі қатаң ес кертеді: «Сендерді ол жерден алып, билік Сілтеме3: Жетінші суреттің мегзеп отырған мағыналарының бір бөлімі жетінші ақиқатта баяндалған. Бір айта кететін нәрсе, бұл жерде \"Патшаның фотоаспабы\" деп отырғаны – Ләух-ы Махфуз. Ләух-ы Махфуздың бар екендігі \"Жиырма алтыншы Сөзде\" былайша дәлелденген: Кішкене төлқұжаттар, жеке куәліктер мемлекеттік үлкен тізім бар екендігін дәлелдейді. Кішкентай есеп қағаздар үлкен есеп дәптерінің бар екен дігін мегзейді. Дәл сол сияқты шағын куәліктер тәрізді және кішкене Ләух-ы Махфуз мағынасындағы және үлкен Ләух-ы Махфузды жазған қаламнан тамған кішкентай нүктелер тәріздес адам баласының жады, еске сақтау қабілеті, ағаштардың жемістері, жемістердің тұқымдары әлбетте бір Хафиза-и Күбраның яғни Ұлы дәптер мен Ләух-ы Махфуздың бар екендігін білдіреді. Тіптен зерек, ақыл иелеріне көрсетіп те береді.
Рисалей-Нұр жинағынан14пен салтанат сарайыма апара мын. маған мойынсұнып, заңдарымды орындағандарыңды бақытқа бө лей мін. Қарсы шығып, бас көтергендеріңді зынданға қамап тастаймын. Ол уақытша жерді де тас-талқан етіп, мәңгі зәулім сарай-лары мен берік зын дан дары бар басқа мемлекет құрамын!»Рас, бұл уәдені орындау оған қиын емес. Әрі Оның қол астындағылар үшін де маңызы зор. Ал, уәдесінде тұрмау шексіз құдіреті мен үстем абыройына мүлдем кереғар.Ей, есалаң, ендеше бері қара! Сен өзіңнің сенімсіз әрі жалған пікірің мен қу нәпсіңнің дегенін мақұлдайсың. Қай жағынан алсаң да өтірік айту мен уәде бұзуға мәжбүр емес, сондай-ақ олай етуі зор абыройына жараспайтын, әрі жасалып жатқан барлық істер, тура да әділ екендігін дәлелдейтін Оны қалайша өтірікші қылғың келеді?!Әлбетте, олай десең өзіңе өзің ауыр жаза кескенің. Сенің бұл кейпің мына бір мысалдағы кейіпкерден аумайды. Бір жолаушы Күн жарықта көзін жұмып алып, қиялға беріледі. Қараңғыда маңдайындағы жарығымен жол табуға тырысатын жарқырауық қоңыз секілді ол да саяз ойымен қараңғы тас-түнекте жол тапқысы келеді. Әрине адасып, бір нәрсеге ұрынары хақ.Иә, Оның уәде бергені рас болса, міндетті түрде орындай-ды. Оған ешнәрсе ауыр емес. Расында уәдесін орындау бізге де, барлық нәрсеге де және Өзіне де қажет, сондай-ақ үстемдігінің де талабы.Демек, бір «Махкеме-и Күбра» яғни үлкен сот және мол бақыт күтіп тұр.ТОҒызыншы СУРеТ: Енді, мұнда қара! Әне бір ұйымдар мен жамағат басшыларының Патшамен тікелей сөйлесетін те-лефондары бар (Сілтеме . 4 )Олардың кейбірі Патшаның құзырына Сілтеме4: Бұл суретте дәлелденген мағыналар \"Сегізінші ақиқатта\" кездеседі. Мысалдағы басшылар деп отырғаны, пайғамбарлар мен әулиелер. Телефон дегені, уахи, яғни келген аян-ды қабылдаушы жүректің Аллаh Тағаламен байланысы. Жүрек сол телефонның тұтқасы тәрізді.
15Өлім және Мәңгілікшығып, бір ауыздан былай дейді: «Ол – Патша Ағзам, сый-құрмет пен жаза беру үшін аса көркем және қорқынышты бір жерді дайындаған. Өте берік уәдесімен қатаң да қаhарлы ескертулер жасауда. Оның үстем абыройы мен асқан айбындылығы өзін төмендетіп, уәдеден таюға жол бермейді.»Осыны айтқан олар, бірін-бірі бірауыздан құптай отырып, мынаны жария етуде: «кейбір нышандары ғана көрінген мына ұлы салтанаттың негізгі орталығы бұл арадан алыс, өзге бір жерде. Бұл сынақ алаңындағы ғимараттар мен зәулім сарайлар уақытша тұрған нәрселер. Олар ақырында тұрақты сарайларға ауысады. Бұл жер өзгереді. Себебі, жасаған істерінен ұлылығы білініп тұрған мына керемет мәңгі салтанат, мынау сияқты өткінші әрі құбылмалы, әрі тұрақсыз да баянсыз, бос, нұқсан, толық кемелденбейтін істермен шектелуі мүмкін емес. Демек, бұл салтанат өзіне лайық, тұрақты да мәңгі, үздіксіз жалғаса беретін, орасан зор, керемет істер үшін құрылғаны.»Демек, өзге де бір мекен бар, әлбетте барлығы да сол жер-ге көшіріледі.Оныншы СУРеТ: Бүгін Наурыз мейрамы (Сілтеме .5 ) Үлкен өзгерістер жасалып, таңғажайып істер атқарылмақ. Көктемнің мына тамылжыған күнінде, жасыл желекке оранған даланы та-машалап қайтайық. Міне қара! Барлық жұрт осы жаққа келе жа-тыр. Қалайда бір сиқырлық бар секілді. Әнебір ғимараттар аяқ-Сілтеме5: Бұл суреттің сілтемесін \"Тоғызыншы ақиқатта\" көресің. Мәселен, Наурыз күні көктемге ишара. Құлпырған жа-сыл алқап болса, көктемдегі жер жүзі. Ал, өзгеріп тұратын перде-лер мен көріністер болса, ерте көктемнен бастап жаздың соңына дейінгі Сани-ы Қадир-і Зүлжәлалдың, Фатыр-ы Хаким Зүлжәлалдың құдіретімен жүйелі түрде өзгеріп тұрған әрі оның асқан мейірімен жаңартылып, бірінен соң бірі келіп жатқан көктемгі жаратылыстың түрлеріне, жаздағы әсем мақұлықтар тайпаларына және хайуанат мен адамзатқа ризық болатын азық, тағамдарға ишара.
Рисалей-Нұр жинағынан16астынан тас-талқан болды да, лезде өзге бір түрге ене қалды. Байқадың ба! Бір мұғжизаның бары рас! Әлгі тас-талқаны шыққан ғимараттар кенет мына жерге қайтадан тұрғызылды да иен дала кенеттен мәдениеті шалқыған қала болып шыға келді. Қарашы! Таспаға басылған кино секілді кең әлемнің көрінісі сағат сайын өзгеріп тұр. Аяқ астынан құбылып, өзге бір түрге ене қалады. Көңіл бөліп қарасаң, осыншама аралас, осынша-ма жылдам, бірақ нақты сансыз перделерде аса керемет тәртіп жатқанын аңғарасың. Қандай жылдамдықпен өзгеріп тұрса да, барлығы өз орнына рет-ретімен жаңылмастан қалана қалады. Біздің қиялымыздағы кино таспаларының өзі мұндай керемет жүйелі емес. Тіптен миллиондаған сиқыршыны жинап әкелсең де, олардың барлығы бірігіп мұндай шеберлікпен өнер көрсете алмас. Демек, әлгі Патшаның біздің көзімізге көрінбейтін кере-мет күшті мұғжизалары бар.Ей, есалаң! «мұндай алып мемлекет қалайша тас-талқан болып, бас қа жерге көшіріледі?» – деп күмәнданасың. Әйтсе де, сен үшін ақыл ға сыймастай болып тұрған- көшу, қоныс аудару сияқты көптеген құбы лыстар мен өзгерістер сағат сай-ын қайталанып жатқанын өз көзіңмен көріп тұрсың. Мына көз алдыңдағы өте жылдам құралу, ыдырау, түрлену, бұзылу секілді құбылыстардың барлығы да бекерге жасалып жатқан жоқ, қалай болғанда да оларда үлкен бір мақсат бар.Бір сағаттық көрініс жинақтауға ондаған жылдарға жетерлік шығын жұмсалуда. Демек, бұл жағдай мен көріністер басты мақсат емес. Бұл бір мысал, бір қойылым ғана. Осы көрсетілген дүние-заттардың суреттері алынып, ретімен тіркеліп қойылуы үшін таңғажайып түрде жасалуда. Сондай-ақ нақты нәтижелері сақталып, хатқа түсірілсін деп, сол үшін әлгі Мұғжизашы Біреу бұлардың барлығын өзіне тән құдіретімен атқаруда. Әскери сынақ алаңында болған істердің бәрін қалайша табанда тіркеп, жазып қояды, бұл да сол сияқты. Демек, бұл мәселелер Ұлы жи-
17Өлім және Мәңгілікналыста талқыланады. Сондай-ақ Мешhер-і Ағзамда яғни Ұлы көрмеде ұдайы көрсетілетін болады. Демек, мына өткінші, баян-сыз көріністер тұрақты суреттер мен бақилық жемістерге айна-лады. Дәлірек айтқанда, тұрағы жоқ, өзгергіш құбылыстардың соңы тұрақты көрініске айналып, мәңгі жемісін беретін болады.Демек, бұл ұбылыстар жай бір көрініс емес, бұл бір Ұлы қба ыт а жетелейтін Махкеме-и К бра және біз білмейтін ққүбас а да ұлы ма саттар шін жасалуда.ққүОн БіРінші СУРеТ: Ей, қасарысқан достым! Енді батыс пен шығысқа, яғни өткен шақ пен болашаққа апаратын ұшаққа немесе отарбаға мінейік. Әлгі Мұғжизашының бұдан өзге жер-лерде қандай мұғжизалар жасағанын көрейік.Міне, қара! Біз куә болған алаңдар мен сондағы түрлі көрмелер сияқты небір ғажайыптарды кез-келген жерден де кездестіруге болады. Тек өнер тұрғысынан, пішін болмысы жағынан бір-бірінен өзгешеленеді. Әйтсе де сен мынаған жақсылап на-зар сал! Мына тұрақсыз мекендер мен баянсыз көрмелерде, өткінші алаңдарда қаншалықты анық хикметтің жүйелілігі, қаншалықты аса қамқорлықтың белгілері, қаншалықты жоғары әділеттің нышандары, қаншалықты мол мейірімнің жемістері бар десеңізші! Оның хикметінен асқан хикмет, оның қамқорлығынан өткен қамқорлық, оның мейірімінен күшті мейірім, оның әділетінен жоғары әділет болуы мүмкін емес. Оны ақылынан алжасқан, мүлдем соқыр болмаса барлық адам айқын көре алады. Егер сенің бұрыс ойлағаныңдай, Оның қол астын-да «Тұрақты мекендер, мәңгілік өмір, бақи тірілік, баянды мақамдар, оты рықшы халық, бақытты мойынсұнушылар жоқ» дейтін болсақ, мына уа қыт ша елді мекен әлгіндей хикмет пен қамқорлықтың және мейірім мен әділеттің мән-мағынасын толық көрсете алмайды. Оларды толық көр сететін өзіне лайық өзге жер болмаса, онда тал түсте Күннің жарығын көре тұра Күннің өзін жоққа шығару секілді, ақымақтыққа салынып мына
Рисалей-Нұр жинағынан18көз алдымыздағы хикмет пен қамқорлықты бекерге шығарып, күн сайын куә болып жүрген мейірімді және толып жатқан ны-шандары мен ишаралары бар әділетті түгелдей жоққа шығаруға тура келеді. Сонымен қатар, мынау әділ де мейірімді істердің және даналықпен жасалған жұмыстардың Иесін, Құдай сақтасын, азғын, сайқымазақ, қатыгез, залым деп айтуға тура келеді. Құдай сақтасын! Бұл дегенің – ақиқаттардың теріс ай-налуы. Ал, бүкіл ойшылдар бір ауыздан мойындағанындай ақиқаттардың теріс айналуы мүмкін емес, әрі қисынсыз. Бұл жерде айта кетейік, барлық нәр сені жоққа шығаратын скептик ақымақтар тақырыптан тыс.Демек, біз білетін бұл мекеннен бас а тағы бір ме-қкен бар екені аны . Ол жерде Махкеме-и К бра, Ұлы Сот, қүтолы әділдік, мол сыйлы болады. Сөйтіп, мына шексіз ққмейірімділік, хикмет, ам орлы , әділет барынша толы ққққкөрінетін болады.Он екінші СУРеТ: Кел, енді кері қайтайық. Мұндағы жамағаттардың басшыларымен жолығып, олар қалай жабдықталғанына назар аударалық. Мұншама жабдық тек осы алаңдағы аз күндік өмір үшін берілген бе? Жоқ, әлде басқа мекенде бақытты да ұзақ өмір сүру үшін берілген бе? Соны білейік, соны көрейік. Барлығын көруге уақыт жетпейді, әрбір жаб дықтарды жеке-жеке қарап шығу да мүмкін емес. Бірақ, солардың үлгісі ретінде мына бір басшының куәлігіне, дәптеріне көз салайық. Бұл куәлікте ол басшының шені, айлық ақысы, атқарар міндеті, талап-тілектері, әрекет ету ережелері жазылыпты. Анықтап қара! Мына шен оған санаулы күн-дерге ғана емес, өте ұзақ мерзім үшін берілсе керек. «Айлық ақыңды пә лен уақытта жеке қазынадан аласың» деген жазу бар екен. Ал, ол уәделі мерзімге өте ұзақ уақыт бар. Яғни, бұл алаң жабылғаннан кейінгі кезді көрсетеді. Атқаратын міндеті де мына уақытша алаңға, қысқа өмірге үйлеспейді. Ол Патшаның жанындағы мәңгі бақытқа бөлену үшін жүктелген. Ал, мына жазылған талап-тілектерінің өзі, бірнеше күн қонақ
19Өлім және Мәңгілікүйде түнеп шығу үшін емес, әрі ұзақ, әрі бақытты тірілік үшін беріліпті. Сондай-ақ «куәліктің иесі түбінде басқа жерге шақырылады. мұнда ол басқа жер үшін жұмыс істеп жүр»депті. Куәлікте жазылған ережелер де соны дәлелдейді.Сонымен, қатар мына дәптерлерде әлгі құрал-жабдықтарды пайдалану жолдары мен жауапкершіліктері жазылыпты. Егер де мына алаңнан басқа әрі үстем, әрі мәңгі тұратын алаң бол-маса, онда мына бұлтартпас ережелі дәптердің де, анау айқын дәлелді куәліктің де ешқандай мағынасы болмас еді. Әрі мына жоғары дәрежелі басшының өзі бәрінен бейшара, әлдеқайда сорлы, пақыр, әлсіз дәрежеге түсер еді. Міне осыларды салы-стырып көр!Байқап отырғаныңдай, қай нәрсеге болмасын мұқият зер салсаң, бұл фәниден кейін мәңгіліктің бар екеніндігіне көзің жетеді.Уа, достым! Бұл уақытша алаң бір егістік алқабы тәрізді. Тәлім-тәрбие жері, алыс-беріс базары секілді. Әлбетте, бұл алаң аяқталған соң Махкеме-и Күбра, Ұлы бақыт орнайды. Егер мұны жоққа шығарсаң, онда барлық басшылардың куәліктері мен дәптерлерін, құрал-жабдықтары мен жүру ережелерін, тіпті елдегі барлық жүйелі тәртіп пен үкіметті жоққа шығарғаның емес пе? Онда тіпті, барлық атқарылған істерді де атқарылмады деп жалған сөйлеуіңе тура келеді. Ондай жағдайда сені ақыл иесі, саналы адам деп айтуға бола ма? Жоқ. Онда сен скептик-терден де өткен ақымақ болғаның.Бұл елді мекеннің орын алмасуы туралы сөз осы айтылған «он екі суретпен» бітті деп ойлап қалма! Мына тұрағы жоқ, уақытша мем лекет, тұрақты мәңгі мемлекетке айналатынына шексіз белгілер мен сан сыз дәлелдер бар. Сондай-ақ мына фәни қонақүйде уақытша жүр ген қо нақ тардың бұл жерден алынып, тұрақты билік ордасына жайғас ты ры ла тынына сансыз дәлелдер мен ишаралар келтіруге болады.
Рисалей-Нұр жинағынан20Кел, енді саған осы он екі суреттен де артық айғақты көрсетейін.Қара! Анау алыста көрінген жамағаттың ортасында, әуелі біз екеуміз аралда көрген зор нышан иесі – Яуер-і Әкрем, Ұлы тұлға сөз сөйлеп тұр. Енді сонда барып оның сөзін тыңдайық. Ол, Яуер-і Әкрем, жоғарыдан келген Қасиетті Ұлы хабарды халыққа былай деп жеткізуде:«Дайындалыңдар! Басқа бақи әлемге, мәңгі мемлекет-ке барасыңдар. Ол мемлекеттің кереметтігі соншалық, оның қасында бұл жер бір зындан тәрізді. Патшамыздың салтанат Сарайындағы билік ордасына барып, Оның мол мейіріміне, игілігіне бөленетін боласыңдар. әрине, осы хабарға ден қойып, мойындасаңдар ғана! егер, бұл хабарға қарсы шығып, бас көтеретін болсаңдар, қорқынышты зынданға қамаласыңдар!»Бұл Ұлы хабардың растығын білдіретін мөрдің жалған әрі жасанды еместігін және ешкім оны көшіріп жасай алмай-тынын сен де көріп тұр сың. Сен сияқты есалаңнан басқаның барлығы хабардың Патшадан кел гендігін анық біледі. Сен секілді соқырлардан өзгелер Яуер-і Әкремнің Патша хаба-рын жеткізуші елші екенін толық мойындайды. Апырым-ай, сол Яуер-і Әкремнің әлгі Ұлы хабармен бірге бар күшін сала жеткізуге тырысқан «қоныс аудару, көшу» туралы ақпараты жалған болуы мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес. Оны жоққа шығарғың келсе көрген нәрсеңнің барлығын жоққа шығарып көрші.Ал, достым! Ендігі сөз сенде, бұған не дейсің?Әуеліде бұл фәниден соң мәңгіліктің бар екеніне күмән келтірген пенде былай дейді: «мен не дейін? Бұған қарсы не айтуға болады? Тапа-тал түсте күнді жоққа шығаруға бола ма? әлхамдүлиллаh... жүз мың шүкір! нәпсі мен әуестікке тұтқын болудан құтылдым. мәңгілікке қамайтын зын-
21Өлім және Мәңгілікданнан да құтылдым. мынау алай-дүлей болған тұрақсыз мейманханадан басқа бақыт жері, орталыққа жақын жер-де шаттық сарайының бар екеніне, біздің де сол жаққа шақырылғанымызға кәміл сендім.»Міне, «он екі сурет» хашір мен ақыретке осылай ишара қылды. Енді, Аллаhтың таупығымен ұлы ақиқаттарға көшеміз. Мұнда он екі суреттің орнына он екі ақиқат және бір кіріспе баян етілмек.* * *
Рисалей-Нұр жинағынан22кіРіСПеЖиырма екінші, он тоғызыншы, жиырма алтыншы Сөздерде баян далған бірнеше мәселеге ишара қыламыз.БіРінші ИшАРА: Хикаядағы есалаң адам мен оның сенімді жол дасының екеу ара айтысында үш ақиқат бар. Яғни, екі адам деп отырғаны мыналар:Біріншісі: Жүгенсіз нәпсім мен жүрегім.екіншісі: Пәлсәпә оқушылары мен Қасиетті Құран Кәрімнің шәкірт тері.Үшіншісі: Дінсіздер тобы мен Ислам үмметі.Пәлсәпә оқушылары мен дінсіздер тобы және жүгенсіз нәпсі мүлдем адасуда. Өйткені олар Жаратқан Аллаhты тани алмай жүр. Хикаяда сенімді адам: «жазушы болмаса бірде бір әріп қағазға түспейді, Қазы болмай заң шығарылмайды,» – де-ген еді. Сол ойды тереңдете түсейік.Бір кітапты мысал етіп алайық, ол бір жәй кітап емес, кере-мет кітап. Әрбір сөзінің ішіне үшкір қаламұшпен тағы бір кітап, әрбір әрпінің ішіне тиянақты түрде бір-бір өлең жазылған. Мұндай керемет кітаптың жазушысы болмауы әсте мүмкін бе? Жоқ. Сол сияқты, мына әлемнің де Жаратушысыз болуы мүлдем қисынсыз, әсте мүмкін емес. Өйткені мына әлемнің өзі таңғажайып бір кітап секілді. Кітап болғанда қандай! Әрбір сөзіне бір-бір кітап жазылған, әрбір парағына бірнеше кітап сыйдырылған, әрбір әрпінің өзі бір-бір өлеңге татиды. Жердің жүзі бір парақ десек, осы бір парақтың өзінде қаншама кітап бар десеңізші! Ағашты бір ауыз сөз десек, оның өзі бір кітапқа татиды. Сонда ол кітаптың ішінде қаншама парақ бар десеңші!
23Өлім және МәңгілікБір түйір жеміс – бір әріп, бір түйір дән – бір нүкте десек, оның ішінде зәулім бір ағаштың түгел жоспары, толық мазмұны толық сыйып тұр емес пе!Міне, мұндай керемет кітап Жәлал мен Жамал сипаттарына ие, асқан хикмет иесі Зат-ы Зүлжәлалдың құдіретті қаламымен жазылып, сызылған нақышы болуы керек. Демек, мына әлемнің бар екені қаншалықты анық болса, соншалықты кәміл иман бо-луы шарт. Иманға келмеген жан – адасудан мас болған нақұрыс.Мәселен, ою-өрнекпен шебер безендіріліп, дуалына қаланған әрбір тасының өзі жеке бір сарай тәрізді әшекейленген бір ғимараттың ұстасыз өздігінен пайда болуы әсте мүмкін емес қой. Оның міндетті түрде шебер ұстаның қолымен жасалғанына шүбә жоқ. Әсіресе, ол сарайдың әрбір бөлмесі бейне таспаға түсірілген көріністер сияқты сағат сайын түрлі бейнеге еніп, бейне бір киім ауыстырғандай жүйелі түрде сан құбылып жат-са! Тіпті, перделермен бөлінген сан-алуан кішкене бөлмелер жасалып жатса, әсте күмән болмас еді. Міне, сол сияқты мына әлемнің де шексіз хикмет иесі, асқан ғалым, құдіреті күшті ше-бер бір Иесі болуы шарт. Өйткені, мынау ұшы-қиырсыз кең әлем, аңғарған адамға зәулім бір сарай тәрізді. Ай мен Күн оның шамы, жұлдыздар шырағы. Уақыт болса киноленталарға ұқсайды. Зат-ы Зүлжәлал сол уақыт дейтін бейне кескін дерге жыл сайын жаңа бір әлемді түсіріп, көрермендердің назары-на ұсы на ды. Таспаға түсі рілген әлем, көз жауын аларлықтай ғажайып үш жүз алпыс бес суреттен тұрады. Суреттерді жүйелі түрде, керемет хикметпен сан құбылтып жаңартып отырады. Жер бетін нығмет толы дастархан тәрізді жаратып, оны әр көктем сайын үш жүз мың жаратылыстың түрі мен безендіріп, сан жет пес сыйлықтармен көмкеріп, жайнатып қоя-ды. Бұл «дастарханның» әсем байлығы сонша, заттар аралас-құралас орналас қанмен өзі асқан рет тіл ік пен, өзгешіліктерімен ерекшеленеді. Енді бұған басқа да жақтарын қосып салысты-рып көр! Ендеше мұндай сарайдың Иесін танымай, оған немқұ-райлы қарауға болмайды.
Рисалей-Нұр жинағынан24Мәселен, ашық аспандағы жарқыраған Күннің сәулесі теңіз бетіне, толқынның әрбір көпіршігіне, ақша қардың әрбір түйіршігіне, жалпы жер бетіндегі барлық жылтырақ затқа шағылыса жалт-жұлт етіп тұрғанда Күнді жоққа шығару ақымақтық болар еді. Өйткені бір ғана алып Күнді жоққа шығарып, оны қабылдамаған жағдайда дүниеде қанша тамшы болса сонша, тіпті су бетіндегі көпіршіктер санынша нағыз, кәдімгі кіш кене Күндердің бар екенін қабылдауға тура келеді. Сөйтіп, әрбір бөл шек тің ішінде (ол бөлшек болса өте кішкентай) алып Күннің бар екенін қабылдауға тура келеді.Дәл, сол сияқты кезекпе-кезек әрдайым жүйелі де тәртіппен, аса хик метпен өзгеріп, жаңарып отырған мына болмыс атаулы керемет әлемді көре тұра Халиқ-ы Зүлжәлалдың Қ(ұдіретті к шті Жаратушы Аллаh)ү бүкіл әсем сипаттарын қабылдамау, оны мойындамау, одан сайын адасу, ақымақтық, әрі есалаңдық болар. Себебі, ондай жағдайда кез-келген нәрседе, тіпті әрбір бөлшекте Улухиет-і Мұтлақты, яғни Аллаh Тағалаға тән сипат-тар бар екенін қабылдауға тура келеді.Мысал үшін ауаның әрбір бөлшегін алайық. Ол барлық гүлдің, әрбір жемістің, әрбір жапырақтың бойына сіңіп, ішінде жұмыс атқара алады. Олай болса, әрбір бөлшек бұйырылған әмірді тыңдайтын қызметші. Егер ол қызметші болмаса, онда әлгі өзі ішіне кіріп жұмыс атқарған гүлдің, жемістің, жапырақтың жасалу әдісін, құрылысын, бейнесін, суреттерін сондай-ақ құрамын білуі қажет. Сонда ғана ол әлгі жұмысын мүлтіксіз атқарады. Демек, мұндай істі атқарғанына қарағанда оның мұхиттай шалқыған ілімі, асқан құдіреті болды ғой?! Әрине, олай емес. Ол бар болғаны қызметші ғана.Мәселен, топырақтың әрбір бөлшегі барлық дәннің көктеп, өсіп-өнуі нің бастауы, қайнар көзі бола алады. Де-мек, топырақтың әрбір бөл шегі тіл алғыш қызметші. Егер қызметші болмаса, онда оның Жер бе тіндегі барлық өсімдіктер
25Өлім және Мәңгілікмен ағаштардың санына түгел жетерлік мол мағынауи құрал-жабдықтары мен кәсіпорындары болуы тиіс. Немесе барлық өсім дік атаулының құрылысын жетік білетін, жасайтын және олардың әр қайсысына кигізілген бейнелерді анықтайтын, әшекейлей алатын өнер мен ілімді игерген құдіреті болуы ке-рек. Ендеше, осыған өзге де жаратылыс атаулыны салыстырып бақ! Сонда, әрбір нәрседе Уахданиеттің көптеген бұлтартпас дәлелдері бар екенін аңғарасың.Иә, бір нәрседен барлық нәрсені жасау, барлық нәрседен бір нәрсе жасау, барлық нәрсені Жаратқан Құдіреттің ісі. деген Ұлы Әмірге зер сал! Демек, Уахид-ы Әхадтың бар екенін қабылдамаған жағдайда әлемде қанша жаратылыс болса, сонша Құдайларды қабылдауға тура келеді.екінші ИшАРА: Хикаяда бір Яуер-і Әкрем туралы әңгіме болған-ды. Онда былай делінген еді: Көзі бар адам оның нышандарын көріп, ол кісінің Патшаның әмірімен жүретінін, әрі оның жеке адал қызметшісі екенін түсінеді. Міне, ол Яуер-і Әкрем дегені – Расул-ы Әкрем, Мұхаммед Ғалейhиссалату уәссәлам еді.Иә, Күнге жарық қаншалықты керек болса, мұндай әсем әлемнің Ұлы Шебер Ұстасына осындай Расул-ы Әкрем, дәл сон-дай қажет-ақ. Өйткені Күннің жарық бермеуі әсте мүмкін емес. Сол сияқты Улухиет те, яғни Ұлы Құдіреттің де Пайғамбарлар жіберу арқылы өзін көрсетпеуі әсте мүмкін емес. Иә, шексіз Камал, Жамал (Сұлу) біреу міндетті түрде өзін көрсетуші, та-ныстырушы арқылы өзгелерге көрінгісі келеді. Рас, көрікті әрі жамал, шебер біреу көпшіліктің назарын өзіне аударушы бір делдал арқылы көрініп, көрмеге шыққысы келеді. Оны қаламауы әсте мүмкін емес. Иә, күллі Рубубиеттің, яғни толық Үстемдіктің, шексіз Биліктің шашыраңқы нәрселерде өзінің
Рисалей-Нұр жинағынан26Уахданиет және Самәданиетін, яғни бірлігі мен ұлы лығын қос қанатты уәкіл арқылы танытқысы келмеуі әсте мүмкін емес. Былайша айтқанда, ол уәкіл өзінің шынайы құлшылығымен жаратылыс атынан Аллаhтың алдына елші болады ал, Аллаhқа жақындығы, пайғамбарлығы жағынан әлемге Аллаh тарапынан келген уәкіл болмақ.Иә, шексіз жоғары дәрежелі әсем сұлу, өз жамалының сұлу екенін, көркінің нәзік тұстарын көргісі, hәм көрсеткісі келмеуі әсте мүмкін емес. Яғни, сүйікті бір Расул арқылы өзінің әсем есімдерін міндетті түр де көрсетеді. Ол Расул бәрінен сүйікті, ол өзінің құлшылығымен өзін сүйсіндіреді әрі Жаратушысына сүйіспеншілік оятады яғни, айна қыз метін атқарады. Әрі, Ол Расул болып табылады. Жаратушысын күллі ма құ лықтарына жақсы көргізеді.Иә, таңғажайып мұғжизалар мен ғажап әрі құнды дүниелерге толы қазыналардың иесі; өзінің әсемдігін әрі са-рапшы, әрі анықтаушы, әрі сипаттаушы, әрі жар салушы біреу арқылы халықтың назарына ұсынып, өзінің құпия көркемдігін көрсетпеуі, баяндамауы әсте мүмкін бе?Иә, бұл әлемді өзінің көркем есімдерінің кемелдігін білдіретін әсем бұйымдармен әшекейлеп, оны өзгелердің тама-шалауына ыңғайлы, әрі нә зік те таңғажайып өнерімен ғажайып сарайға ұқсатып, сосын оларды та ныс тырушы бір мұғалім тағайындамауы әсте мүмкін бе?Иә, бұл әлемнің Иесі, әлемдегі бүкіл құбылыстың мақсаты мен мұра тының не екенін, оның құпия сырларын және жара-тылыс атаулының «Қайдан? Қайда? кімсің?» деген үш қиын сауалының жауабын бір елші арқылы жеткізбеуі әсте мүмкін бе?Иә, мына әсем жаратылыс арқылы өзін саналы жандарға таныстырған әрі баға жетпес нығметтерімен өзін сүйсіндірген Сани-ы Зүлжәлал, осы ихсан жақсылықтары үшін саналы жан-дардан нені қалайтынын және өзінің талап-тілектерін бір елші арқылы білдірмеуі әсте мүмкін бе?
27Өлім және МәңгілікИә, Аллаh Тағала адамды ақыл-ой жағымен көпшілікке на-зары ауып тұратын, ал бейімділік жағымен бір Құдайға терең мағыналы құлшылық ете алатындай етіп жаратқан. Осын-дай маңызы зор пенделерінің назарын жетекші бір мұғалім арқылы «кесреттен» «уахдетке» яғни саны көп жаратылғаннан Жаратқан бір Аллаhқа бағытталуын қаламауы әсте мүмкін бе? Міне, пайғамбарлықтың осы сияқты маңызды міндеттері бар. Ол міндеттердің әрқайсысы Улухиеттің пайғамбарсыз болмай-тынын анық дәлелдейді.Енді, нақты тарихқа назар аударайық! Апырмай, мына әлемде Мұхам мед Араби Ғалейhиссалату Уәссәламнан артық, әлгі міндеттер мен сипат тарға ие, қабілеті мен қасиеті кәміл адам болды ма? Аллаhтың елшісі болу абыройына, Оны баршаға жеткізіп, таныту міндетіне одан артық, әлдеқайда лайық басқа біреудің болғанын тарих көрсете ала ма? Жоқ, әсте мүмкін емес. Ол – барлық пайғамбарлардан жоғары, барлық елшілердің имамы, барлық асфияның басшысы, бүкіл мұқаррабинненде жақын, жаратылыс атаулының кәмілі, барлық жан иелерінің қадірлісі, барлық тәрбиешілердің сұлтаны.Иә, нағыз зерттеушілердің бірлесе мақұлдауына сүйене отырып, «шаққ-ы Қамар» және саусақтарынан су ағуы сияқты мыңға жуық мұғ жиза лары және пайғамбарлығын рас-тайтын сансыз дәлелдерін есеп теме геннің өзінде Құран Кәрім секілді ақиқат теңізі, қырық жағынан мұғжиза, мұғжизалардың мұғжизасы Қасиетті Кітап, оның шын пайғамбар екенд ігін дәлелдеуге толық жеткілікті.Өзге еңбектерімде, әсіресе «жиырма бесінші Сөзде»Құранның қырық қа жуық ғажайып жақтары баяндалған бола-тын. Сондықтан соған сілтеме ретінде бұл жерде қысқаша ба-яндауды жөн санадым.
Рисалей-Нұр жинағынан28Үшінші ИшАРА: «мұнша алып дүние кішкентай ғана адам баласы жасаған іс-әрекеттеріне бола сұраққа тарту үшін жабылып, басқа бір әлем ашылатындай, оның қандай маңызы бар?» – деген ойға қалып жүрмеңіз. Себебі, мына кіп-кішкентай адам баласының маңызы зор. Ол – болмыс атаулының Басшысы – Иләhи Рубубиеттің жаршысы болуға лайық, әрі ауқымды түрде жан-жақты құлшылық жасай алатын-дай қабілетті. Сондық тан маңызы зор.«Қамшының сабындай ғана қып-қысқа өмірінде қалай мәңгі азап шегуге лайық болады?» – деген ой да келмесін. Өйткені, күпірлік яғни имансыздық мына Самәдани хаттар секілді жоғары дәрежелі құнды әлемді мүлдем мағынасыз, мақсатсыз, құнсыз санап, төменгі деңгейге түсіргендіктен, бір жағынан бүкіл әлемнің асқақ абыройына кір келтіру, бір жағынан болмыс атаулыдан сәулелері мен нақыштары көрініп тұрған барлық Иләhи көркем есімдерді жоққа шығарып, мой-ындамау, сондай-ақ Аллаh Тағаланың хақ екендігін көрсететін шексіз күллі дәлелдерін жоққа шығару болғандықтан, тым ауыр қылмыс жасаған болып табылады. Шексіз ауыр қылмыстың жа-засы шексіз ауыр азап болмақ.ТӨРТінші ИшАРА: Шертілген хикаялар арқылы әлгі Әйгілі Пат шаның уақытша құрылған сәнді қонақжайы тәрізді елді мекендерінен, би лік жүргізген мемлекетінен басқа, әрі тұрақты, әрі айбындылығына сай, Ұлы үстемдігіне жарасымды өзге бір мәңгі мемлекеті болмауы мүмкін емес екеніне он екі су-рет арқылы көз жеткіздік. Сол сияқты мына фәни әлемнің мәңгі Халиқы, Жаратушысы Аллаh бұл жалған әлемді жаратқаны рас. Олай болса, жалған дүниеден өзге мәңгілік бір әлемді жаратпа-уы әсте мүмкін емес! Әрі мынау көркем, бірақ баянсыз әлемді жаратқан мәңгі Саниы басқа бір тұрақты да, баянды әлемді жаратпауы мүмкін емес! Көрме, сынақ алаңын, егіс алқабы тәріздес мына әлемді жаратқаны секілді Хаким, Қадир, Ра-
29Өлім және Мәңгілікхим, Фатыр, Аллаh өзінің барлық мақсаттарына сәйкес ақырет әлемін жаратпауы әсте мүмкін емес. Бұл ақиқатқа «Он екі ҚАҚПА» арқылы барамыз. Ол қақпалар «Он екі АҚИҚАТ»арқылы ашылады. Ендеше, біз ең қысқа, ең қарапайымынан бастайық.БіРінші АҚИҚАТ: Рубубиет (Толық билік, жан-жақты басқару) пен Салтанат бабы яғни, қақпасы. Раббы есімінің сәулесі.Рубубиет пен Улухиеттің билік пен үстемдігі, мына ғажап әлемді өзінің кемелдігін көрсету үшін, өте жоғары мақсатпен, аса зор талаппен жаратқан. Енді сол билік пен үстемдік өзінің талап-тілектеріне сай, иман келтіріп, құлдық ұрып, әрекет ет-кен мүминдерге сый-сыяпаты, сондай-ақ керісінше әлгі биік мақсаттарға қарсы келіп, төмендеткісі келген кәпірлер мен Құдайдан безген әhл-и далалетке*7жазасы болмауы әсте мүмкін бе?екінші АҚИҚАТ: Керем (Жомарттық) мен Рахым (Мейірім) қақпасы. Кәрим (Аса жомарт) және Рахим (Аса мейірімді) есімдерінің сәулесі.Жаратқан нәрселерін көрсету арқылы өзінің шексіз жомарт, әрі орасан зор рахымды, аса биік абырой мен сарқылмас мол қайрат иесі екенін танытқан мына әлемнің Раббысы өзінің сол жомарттығы мен рахымына лайық сый-сыяпат жасамауы және абыройы мен қайратына сай жаза бермеуі әсте мүмкін емес.Иә, мына дүниенің судай аққан құбылысына көз тастап көрейікші. Тым әлсіз, дәрменсізден бастап (сілтеме6 ) 8ең күшті, аса қуатты жануарға шейін өзіне лайық ризық берілуде. Ең әлсіздер мен дәрменсіздерге азықтың ең жақсысы бұйырады. Дертке шалдыққан әрбір мақұлыққа күтпеген жерден дәл *Әhл-и далалет – адасқандар.Сілтеме6: Адал тамақ күшпен келмейтініне, керісінше пақырдың мұқтаждығына орай берілетініне бұлтартпас дәлелдер көп-ақ. Мысалы, әлсіз сәбилердің керемет қо ректенуі, азулы, күшті жануарлардың ауыр күнкөрісі, аңқау балықтардың семіз болатыны.
Рисалей-Нұр жинағынан30уақытында дәрмен жеткізілуде. Ерекше қайырымдылықпен жарылқап, мол сый-сыяпат жасалып жатқандығы сонша, барлығын аса жомарт біреудің атқарғандығына шәк, күмәнің қалмайды.Мәселен, әрбір көктемде ағаштар мен бұталарға қарайық. Оларға хор қыздары секілді әсем көйлек кигізіп, гүл-шешектермен түрлендіріп, жеміс-жидектермен безендіріп, қызметші етіп, арудың нәзік саусағындай иілген бұтақтарымен алуан түрлі, шебер жасалған, дәмді жемістерді ұсынуы, сондай-ақ улы жәндік арқылы шипалы да тәтті бал жегізуі, қол-аяғы жоқ жәндік арқылы бізге ең әсем де жұмсақ мата, көйлек кигізуі және біздің игілігіміз үшін рахымдылықтың мол қазынасын шағын бір дәннің ішіне сыйғызып сақтауы, қаншалықты Жәмил әрі Керим, яғни жомарттық, сон шалықты керемет рақымдылық бар екенін айдан анық көрсетеді.Сондай-ақ адамзат баласы мен кейбір жан-жануарлардан басқа Ай, Күн, Жерден бастап, ең ұсақ мақұлықтардың алуан түрлеріне дейінгі болмыстардың барлығы өз міндетін шектен шықпай мұқият атқаруы, бәрі айбынды басқарушы біреудің қол астында екенін, яғни Жәлал мен абырой иесі Зат-ы Зүлжәлалдың әмірімен әрекет ететінін білдіреді.Өсімдіктердің, хайуанаттардың және адамзаттың бүкіл аналарына ме йірім сыйлап (Сілтеме7 ) нәзік қоректік заттар-мен яғни сүтпен қам та масыз етіп, сол арқылы олардың бей-шара, дәрменсіз ұрпағын асырауы ау қымды да мол, шексіз рақымдылықтың нышаны екені айдан анық нәрсе.Сілтеме7: Иә, азулы арыстан әлсіз күшігін өзінен артық көріп, әзер тапқан олжасын өзі аш болса да жемей, күшігіне әкеп беруі және қорқақ тауықтың балапанын қорғап итке, арыстанға қарсы айбат шегуі немесе інжір ағашының шалшық суға қанағат етіп, баласы тәріздес жемісіне таза шырын беруі, шексіз Рахим, Кәрим, Шефиқ, аса мейірімді Біреудің қамқорлығымен әрекет ететіндерін көзі ашық, көкірегі ояу баршаға анық көр сетеді. Иә, өсімдіктер мен жан-жануарлар сияқты бейсана мақұлықтардың әсте саналы түрде хикметті істер атқаруы – аса ұлы Алим (Бәрін білуші) және бір Хакимнің (шексіз Дана)бар екендігін, әлгі мақұлықтар соның атымен іс атқаратындығын көрсетеді.
31Өлім және МәңгілікИә, мына әлем Иесінің осыншама шексіз жомарттығы, мол мейірімі, өшпес жәлал мен абыройы бар екені рас. Олай болса, сол өшпес жәлал мен абырой бетімен кеткен әдепсіздердің жаза-лануын талап етеді. Ал, шексіз жомарттық болса, шексіз сыйға бөлеуді міндет тұтады. Мол мейірім өзіне лайық рақымдылық жасағысы келеді. Алайда, мына фәни дүниеге, мұндай өткінші де қысқа өмірге, осы айтылған істердің теңіздің бір тамшы су-ындай миллионнан бір бөлшегі ғана сыйып, шағылысуда. Де-мек, әлгі асқан жомарттыққа, сол бір мол мейірімге лайық бір бақыт әлемі болмағы, ондай жердің ашылмағы шарт. Әйтпесе, дүниені жарыққа бөлеп тұрған Күнді жоққа шығару сияқты, мынау көрініп тұрған рақымдылықтың бар екендігін жоққа шығаруға тура келеді. Өйткені, қайтып келмеске қош тасу; мейірімділікті бәлеге, сүйіспеншілікті өкінішке, нығметті ауыр жа заға, ақылды мазалаушы аспапқа, ләззатты уайымға айнал-дырар еді. Сөйтіп рақымдылық ақиқаты өшіп қалар еді. Сондай-ақ әлгіндей Жалал мен Иззетке (абыройға) сай жазалау орны ашылмақ. Себебі, бұл жерден көшіп жатқан залымдар көбінесе беделді күйінде, ал жәбірленушілер қорлықпен кетіп жатыр. Демек, бұл істердің ақ-қарасы Махкеме-и Күбрада қаралатын болады, яғни ұлы сот күніне қалдырылып жатыр. Әйтпесе, қараусыз, текке емес. Кей жағдайда бұл дүниенің өзінде жазаға тартылатындар болады. Бұрыңғы ғасырларда қазірде тек іздері қалған, бүлікшіл, содыр, қырсық қауымдардың басына түскен қасіретті азаптар, адам баласының бұл дүниеге келуі бекер емес екенін, оларды әрдайым жалал мен иззеттің тоқпағы күтіп тұрғанын аңғартады. Дүниедегі барлық жаратылыс атау лымен салыстырғанда адам баласының мойнына анағұрлым маңызды мін дет жүктеліп, күрделі бейімділік берілген. Өзің ойлашы, керемет, әсем жаратылыс арқылы оның Раббысы өзін таны-стырса, оған жауап ретінде адам баласы иман етіп, оны таны-маса; осыншама рақымдылығының бал татыған мәуелерімен Өзін сүйсіндірсе, бұған жауап ретінде адам ғибадат арқылы Оны сүйсіндірмесе; сан-алуан нығметтерімен Өзінің шексіз
Рисалей-Нұр жинағынан32сүйіспеншілігі мен рахымдылығын көрсетсе, оған жауап ретінде адам шүкір, хамд арқылы Оны құрметтемесе; ондай адамдардың жазаға тартылмауы әсте мүмкін бе? Раббысы адам баласын еркіне қоя беруі мүмкін бе? Әлгі абырой мен иззет иесі Зат-ы Зүлжәлалдың жазалау орнын дайындамауы әсте мүмкін емес. Ал, сол Рахман-ы Рахим өзін танытқанда, иман келтіріп таныған, сүйсіндіргенде ғибадат арқылы сүйсініп және рахы-мына бөлеген кезде шүкір етіп, құрметтеу арқылы жауап бер-ген мүминдерге арнайы бір сый бермеуі, мәңгі бақыт әлемін жаратпауы әсте мүмкін бе?Үшінші АҚИҚАТ:Хикмет пен Әділет қақпасы, Хаким және Адил есімдерінің сәулесі.Жер бетіндегі ең кішкентай бөлшектен бастап, сонау Күнге дейін кездестіруге болатын хикмет, тәртіп, әділет, үйлесім арқылы өзінің Рубубиетінің салтанатын көрсетіп отырған Зат-ы Зүлжәлал, Рубубиетіне сыйынып, хикметі мен әділдігіне иман келтіріп құлдық ету арқылы тәртіпке мойынсұнған мүминдерді қуанышқа бөлеп, шат-шадыман етпеуі, еркелетпеуі әсте мүмкін бе?(Сілтеме8 ) Сондай-ақ хикметі мен әділдігіне күпірлік етіп, сенбей, тағылық жасап бас көтерген әдепсіздерді жазаламауы әсте мүмкін бе? Дегенмен, мына баянсыз, жалған дүниеде адамзат әлемінде әлгі хикмет пен әділетке лайық істердің мыңнан бірі орындалып жатқан жоқ. Адасқандардың көбі жазаға тартыл-май, тура жолдағылардың көбі ақысын алмастан бұл дүниеден көшіп жатыр. Демек, мұның барлығы бір Махкеме-и Күбраға Сілтеме8: Рас, осы бір \"әсте мүмкін бе\" деген сөз жиі қайталанады. Мұның өте маңызды себебі бар. Жалпы күпірлік пен адасу көбінесе истиб’адтан ту-ындайды яғни, ақылға сыйымсыз көргендіктен жоққа шығарады. Ал, осы хашір рисалесінде нағыз қисынсыздық, ақылға сыймастық, тіптен тығырыққа тірейтін мүшкіл жағдай, күпірліктің нақ өзі екендігін, ал нағыз мүмкіндік, тура қисын, жеңілдік болса имандылық пен Ислам дінінің кең арнасында екендігі анық көрсетіледі. Сонымен философтар истиб’ад етіп, яғни ақылға сыйымсыз деп Құдайдан безеді. Бұл Оныншы Сөз истиб’ад кімнің тарапында екенін анық көрсетеді. Олардың ауыздарына құм құяды.
33Өлім және Мәңгілікяғни үлкен сотқа және сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес мәңгілік әлеміне қалуда.Рас, мына әлем Патшасының шексіз хикметпен іс атқарғаны көрініп-ақ тұр. Айғақ керек дейсің бе? Барлық нәрсенің жара-тылысында бір пайда, бір мақсат көзделген. Өзің де білесің, адам баласының бүкіл мүшелерінде, әрбір сүйегінде, әрбір тамырында, әрбір жасушасында, тіпті кез-келген бөлшегінің түкпір-түкпірінде керемет пайдалар мен хикметтер кездеседі. Тіпті, кейбір мүшесінде ағашта қанша жеміс болса, сонша хикметтер мен пайдалар көзделген. Міне, бұлар аса зор хик-мет Иесінің жасағанын көрсетеді. Сондай-ақ барлық нәрсенің жаратылысында керемет тәртіптің болуы шексіз хикметпен іс атқарылатынын көрсетеді. Мысалы, әдемі бір гүлдің күрделі жобасын кіп-кішкене дәнекке сыйдыру; зәулім ағаштың амал дәптерін, өмірбаянын, құрылысын кішкентай тұқымына мағынауи тағдыр қаламымен жазып қою; міне бұл шексіз хик-метке толы қаламның ісі. Сондай-ақ әр нәрсенің жаратылысында керемет өнердің, хас шеберліктің болуы аса дана Жаратушының ісі, оның нақышы екенінің дәлелі. Мына кіп-кішкене адамның болмысына күллі әлемнің бүкіл мазмұнын, өзінің рақымға толы қазыналарының кілттерін, барлық есімдерінің айнала-рын орналастыруы; шексіз хикмет пен шеберлікті танытады. Ендеше, мұндай Рубубиет*11пен анық байқалып тұрған Хик-мет, өзін паналап қанатының астына тығылған, иманы кәміл, өзіне мойынсұнғандарды еркелетіп, қуантуды қаламауы, мәңгі бақытқа бөлемеуі әсте мүмкін бе?!Әлемдегі құбылыстар әділдік пен өлшем арқылы атқарылып жатқанына көз жеткізгің келсе, барлық нәрсеге дәл мөлшерде, тиісті қалыппен, өзіндік бейне, пішін берілуі және мүшелерінің тиісті орнына орналыстырылуы істің әділдікпен, өлшемді түрде атқарылғанын айғақтайды. Сондай-ақ әрбір ақы иесіне қабілетіне қарай ақысын беруі, яғни тіршілігіне қажетті барлық заттарды, болмысына керекті барлық нәрселерді ыңғайлы *Рубубиет – толық билік, жан-жақты басқару.
Рисалей-Нұр жинағынан34түрде шақтап беруі – шексіз әділдіктің дәлелі. Бейімділік тілімен, табиғи қажеттілік тілімен, мәжбүрлік тілімен жасалған дұға-тілектерге әрдайым жауап берілуі, шексіз әділдік пен асқан хикметті көрсетеді. Ендеше, ең кішкене мақұлықтың ең қарапайым қажеттілігін қалыс қалдырмай, қамтамасыз етуші әділет пен хикмет; «адам» деген жоғары атақты иеленген ең үлкен пендесінің мәңгілік туралы ең үлкен дұғасын орындама-уы әсте мүмкін бе? Құлдарының мерейін көтеріп, Рубубиетінің ұлықтығын, абыройын сақтап қалудың орнына олай жасамауы әсте мүмкін бе? Алайда, мынау фәни дүниеде өте қысқа өмір сүретін адам баласы, ондай ұлы әділеттің ақиқатын толық көріп үлгере алмайды. Демек, бәрі Махкеме-и Күбраға, Ұлы сотқа қалып жатыр. Өйткені, шынайы әділет мына кішкене адамның кішкене болмысына қарай емес, қылмысының түріне қарай, оның маңыздылығына, міндетінің мән-мағынасына қарай не құрметке бөлеп, не жазаға тартуды талап етеді. Рас, мына ба-янсыз, фәни дүние, мәңгілік тіршілік үшін жа ратылған адам баласының әлгіндей толық әділет пен хикметтің ақиқатына көз жеткізуіне қолайсыз. Олай болса, міндетті түрде аса әділ Зат-ы Жәлил-і Зүлжәлалдың (Айбынды да қаһарлы), әрі бүкіл жаратылыс атаулының Әкімі Зат-ы Жәмил-і Зүлжәлалдың (Ай-бары мен мейірімі жарасқан) мәңгі Жәhаннамы мен бақилық Жәннаты бары даусыз.ТӨРТінші АҚИҚАТ: Джуд (байлық) пен Жамал (әсемдік) қақпасы. Джәууад (Молшылық иесі) және Жәмил (Өте әсем) есімдерінің сәулесі.Аса жомарттық пен шексіз жарылқау, сарқылмас байлық пен таусыл мас қазыналар, теңдесі жоқ, ортаймас Жамал, кемшіліксіз мәңгі Кәмал; бақытты қонақжайда бақытты өмір сүріп мәңгі қалғысы келетін, мұқ таждығы басым, шүкір етушілерді және Өзіне ынтық әрі айна қызметін атқарушыларды, таңырқап та-машалаушы көрерменді қаламауы әсте мүмкін бе?
35Өлім және МәңгілікИә, дүниені мұншалық әсем туындыларымен безендіріп, Ай мен Күнді шам, жұлдыздарды шырақ қылу, жер бетін нығмет толы дастарқанға айналдырып, дәмді тағамдардың әсем түрлерімен құлпырту, ырыс толы жеміс ағаштарын тамақ салынатын ыдыс-аяқты ауыстырғандай әрбір маусымда бірнеше рет жаңалау; шексіз жомарттық пен асқан байлықты көрсетеді. Әлбетте, мұндай мол байлық пен аса жомарттық, та-усылмас қазыналар мен мейірімге толы және нені қаласаң бәрі табылатын арнайы бір қонақжайды, бір бақыт сарайын қажет етеді. Сондай-ақ қонақжайға келіп, қонақасынан ләззат алған қонақтарды мәңгі қоштасу қайғысына душар етпеу үшін бақыт сарайларында мәңгі тұруларын шүбәсіз керек етеді. Себебі, әрбір қайғының соңы ләззат, ал әрбір ләззаттың соңы қайғы екені белгілі. Сондықтан мұндай жомарттық қайғыға салуды әсте қаламайды. Демек, мәңгі Жәннатты және оның ішінде мәңгі қалатын мұқ таж пенделерді керек етеді. Өйткені, шексіз жомарттық пен байлық шексіз жарылқауды қалайды, шексіз нығметтерге бөлегісі келеді. Ал, шексіз жа рылқау мен шексіз нығметтерге бөлеу арқылы, сол шексіз жарылқау мен шексіз нығметтерге бөленушілердің шексіз қарыздар болып барып, мәңгі нығметке бөленуін қажет етеді. Бұл – әлгі жарылқауға бөленушінің мәңгілік болғанын қалау. Мәңгі нығметке бөлену арқылы ғана шексіз нығметке бөлеушіге деген өзінің шүкір етуші екенін, әрі қарыздар екенін сезінеді. Әйтпесе, соңы өкінішке айналатын уақытша ләззат алу әлгіндей жарылқау мен жомарттықтың талабын орындай алмасы хақ.Сонымен, Аллаhтың өнер туындыларының ұлы көрмесі – мына әлем ге назар аударалық. Жер бетіндегі алуан түрлі өсімдіктер мен жан-жан уарларда байқалатын Раббани жарнамаларға зер салайық. (Сілтеме 9 )Сон дай-ақ Рубубиеттің Сілтеме9: Иә, сүйек тәріздес ағаштардың басындағы жіңішке бұтақтарға қарайық шы. Ұштарында керемет нақышталған тамаша гүлдер, көз тартар шеберлікпен жа салған жемістер тұр. Олар мұны жасаған шебердің сөзсіз
Рисалей-Нұр жинағынан36делдалдары, жаршылары болып табылатын пай ғамбарлар мен әулиелерге құлақ түрелік. Бәрі жұмыла бір ауыздан Сани-ы Зүлжәлалдың (Айбары зор шебер, ұста) толық кемелдігін, таңғажайып өнерін жар салып көрсетуде, баяндап назар аудар-туда.Демек, мынау әлемді Жаратушының өте маңызды да таңғажайып, құпия кемелдіктері бар. Оларды Өзінің ке-ремет өнері арқылы көрсеткісі келеді. Өйткені, құпия, әрі нұқсансыз кемелдік – қадірлеуші, ұнатушы «машаллаh» деп тамашалаушылардың назарына ілінгісі келеді. Мәңгі, соңсыз Кемелдік мәңгі көрінгісі келуі хақ.Ал, бұл деген Өзін қадірлеп, ұнатушылардың әрдайым мәңгі болға нын қалайды деген сөз. Өйткені, әрдайым болмайтын, уақытша тамашалау шының назарында кемелдіктің қадірі бол-майтыны да рас. (Сілтеме10) Сондай-ақ әлемнің төсіне жайып тасталған мынау әсемдік пен шеберлікке, өнер мен сұлулыққа толы болмыс атаулы, жарықтың Күннен хабар беретіні секілді олар да теңдесі жоқ мағынауи бір Жамалдың (сұлудың) әсемдігін паш етеді. Теңдесі жоқ құпия бір әдеміліктің нәзіктігін мегзейді (Сілтеме .11)өнерлі әрі дана, мұғжизашы екендігіне түйсігі барларға дәлел болып табыла-ды. Міне, осылайша өсімдіктердің орнына жан-жануарларды қойып салы-стыра бер!...Сілтеме10: Иә, халық арасында кең тараған мынадай бір мысал бар: Бірде айдай сұлу аруға қарапайым бір жігіт ғашық болыпты. Қыз жігітті менсінбей, ұсынысын қабылдамапты. Сонда әлгі ғашық өзін жұбату үшін: \"Түрі жаман, ұсқынсыз екен!\" деп, арудың сұлулығын жоққа шығарған деседі. Тағы бір мысал: Бірде аю жемісі бал татитын жүзім ағашын көреді. Жемісін алай-ын десе бойы жетпейді. Сонан амалы құрып, өзін жұбату үшін: \"Тфу, әлі піспеген, ащы екен!\" деп, ол жерге қиын тастап бүлдіріп кете барады.Сілтеме11: Айна тәріздес болмыс атаулының кезекпенен көзден таса бо-лып, бірақ соңынан келгендердің жүзінде дәл сондай әсемдік пен жамалдың қайталануы, ол жамал мен әсемдік өздерінікі еместігін, ол, керемет сұлу, әсемдердің әсемі, бір Жамал-ы Муқаддестің (Киелі де көркем сұлу) аяттары мен нышандары екендігін көрсетеді.
37Өлім және Мәңгілік Осы теңдесі жоқ пәк сұлулық пен әсемдік, сол бір қасиетті Жамалдың сәулесінен хабар береді, оның көркем есімдерінің әрқайсысында өте құ пия қазыналар мен сарқылмас мол қорлар бар екендігіне ишара етеді. Міне, мұншалықты жоғары дәрежелі, теңдесі жоқ құпия Жамал өзінің әсемдігі мен сұлулығының дәрежелерін және Жамалының мәртебелерін саналы да құштар айналардан көргісі келеді. Сол сияқты басқалардың назары арқылы тағы да Өзінің сол сүйкімді Жама-лын көру үшін де көрінгісі келеді. Демек, өз Жамалын екі түрлі жағдайда тамашалайды. Бірі – әрқайсысы алуан түрлі айналар тәріздес жаратылыс атаулыдан өзін-өзі тамашалау. Екіншісі – құштар көрермендер мен таң-тамаша қалған ұнатушылардың назары арқылы көру. Демек, Әсемдік пен Жамалдың көргісі де, көрінгісі де келеді. Ал, көру мен көрінуге деген құштарлық – көрермен мен таңдана ұнатушылардың бар болғанын қалайды. Әсемдік пен Жамал мәңгілік болатыны себепті, өзіне құштарлардың да мәңгілігін қалайды. Өйткені, мәңгі Жамал өзіне құштар уақытша көрерменге разы болмайды. Себебі, келмеске кететін қандай да бір көрермен көрген қызығының аяқталатынын ойлағанда махаббаты жауыздыққа айналады. Әу бастағы таңдануы енді менсінбеуге, құрметі қорлауға ауыса-ды. Өйткені, өзімшіл адам білмейтін нәрсесіне жаны қас келеді және қолы жетпеген затына дұшпандық қылады. Олай болса шексіз махаббатқа лайық, өзіне еріксіз құштарлық пен ынтық туғызатын Жамал, іштей ашу-ыза туғызып, жауыздыққа, кек-тесуге, жоққа шығаруға ұшырайды. Міне, кәпірлердің неліктен Аллаhқа дұшпан болатынын осыдан білуге болады.Аталған шексіз қайырымдылық, жомарттық, әсем Жамал, кемшіліксіз кемелдік, мәңгі алғыс білдірушілерді, құштарларды, ұнатушыларды қажет ететіні рас болса, мынау қонақжай дүниеге қарап отырсаң, мұнда келуші барша қауымның әп-сәтте көзден таса болып, жылдам кетіп жатқанын байқайсың. Әлгі жомарттықтың мол тартуынан аз ғана дәм татып, тәбеті енді ашыла бергенде тоймастан жаюлы дастарқанды еріксіз тастап
Рисалей-Нұр жинағынан38кете барады. Тіпті, сол Жамал мен Кәмал көркінің бір сәулесін, көмескі көлеңкесін бір сәт ғана тамашалап, көңілі көншімей кетіп жатыр. Демек, олар мәңгі ғажап өлкеге бет алуда.Қорыта айтқанда, мынау әлем барлық болмыс-бітімімен Сани-ы Зүлжәлалдың бар екеніне (Айбынды, хас шебер) толық дәлел. Сонымен қатар, Оның түгел ұлық сипаты мен көркем есімдері ақырет әлемінің бар екендігіне толық дәлел боп есептеледі. Әрі көрсетеді, әрі қажет етеді.БеСінші АҚИҚАТ: Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) мейірімі мен құлшылық қақпасы. Мужиб (Жауап беруші) және Рахим (Өте мейі рімді) есімдерінің сәулесі.Кіп-кішкене мақұлығының өте қарапайым қажеттілігін байқап, аса мейірімділікпен күтпеген жерден қамтамасыз еткен, көзге көрінбейтін мақұлығының құлаққа шалынбайтын даусын естіп, медет берген, олар ға иә халімен, иә сөзімен сұрағанына жауап қатқан шексіз мейірім мен қамқорлықтың иесі Рабб-ы Ра-хим, өзінің ең үлкен құлының (Сілтеме ,12) ең сүйікті пендесінің аса маңызды қажеттілігін көре тұра қамтамасыз етпеуі, орын-дамауы, зор мағыналы дұғасын ести тұра қабыл алмауы әсте мүмкін бе?Сілтеме12: Рас, мың үш жүз елу жыл бойы салтанат құрып, күні бүгінге дейін жалғасын тауып, жалпы есеппен алғанда үш жүз елу миллионнан астам бас июшілері болған, сондай-ақ күн сайын барлық бағынушылары өзімен бірге тәждид-и биат еткен, яғни мойындап, қайта-қайта қуаттаған, сондай-ақ жер бетінің жартысы, адамзаттың бестен бірі оның мағынауи шуағынан нәр алып нұрланған, сол үшін де көңілдердің сүйіктісі, рухтарының тәрбиешісі атанған мұндай адам, әлбетте әлемді басқарушы Аллаhтың ең жақын сүйікті құлы. Сондай-ақ әлемдегі көптеген жаратылыстар, ол кісінің мұғжизасына бөленіп, міндеті мен қызметін қолдап жатса, әрине ол кісі Жаратушы Аллаhтың ең сүйікті пендесі болғаны. Және барлық адамзат бүкіл қабілетімен, жан-тәнімен қалайтын \"мәңгілік\" дейтін қажеттілік дұға-тілектері бар. Ол қажеттілік адам баласын әсфәл-і сафилиннен алай-ы илиинге шығарады. Яғни, не азды-рып – тоздырып жібереді, не кемелдендіріп биікке көтереді. Әрине, мұндай қажеттілік – қажеттіліктердің ең маңыздысы, әрі баршаның тілегі. Әлбетте, мұндай дұғаны өте маңызды, аса қадірлі бір құл жалпының атынан Қади-үл Хажаттан Қ(ажеттіліктерді амтамасыз етуші)қ сұрауы өте орынды.
39Өлім және МәңгілікИә, мысал ретінде әлсіз жануарлар мен олардың төлдерінің азығына, әсіресе өсіп-жетілу кезеңіндегі жасалып жатқан қамқорлық пен медеттерге назар аударалық. Бұл құбылыс әлем Иесінің бізге шексіз мейірімділікпен Рубубиет жасайтынын көрсетеді. Рубубиетінде жасалған мұндай мейі рімді қамқорлық мақұлықтарының ең абыройлысының керемет аса ма ңызды дұға-тілегін қабыл алмауы әсте мүмкін бе? Осы бір ақиқатты «Он тоғызыншы Сөзде» түсіндірген болатынбыз. Бұл жерде де орайы келгендіктен тағы да қайталай кетейік.Уа, нәпсіммен бірге тыңдарман достым! Тәмсіл хикая-да: «Анау бір аралда жиналыс өтіп жатыр... Бір Яуер-і Әкрем (Патшаға өте жақын, адал қызметкер) жарлық оқып тұр,» – деген болатынбыз. Ол жерде меңзеп отырған ақиқат:Анығырақ көз жеткізу үшін осы заманнан асып, пікірді қанат жасап, қиялға мініп бақыт ғасырына, яғни Ардақты Пайғамбарымыздың алтын ғасырына, Арабстан шөліне саяхат шегейік. Сонау Расул-ы Әкремнің (Ғаләйhиссалату Уәссәлам) міндетін қалай атқарғанын көріп, қалай құлшылық жасағанына көз жеткізелік. Оны қызмет басында зиярат етеміз, яғни, ойша барып қайтайық. Қараңыз! Қалайша Ол – пайғамбарлығымен, хидаетімен мәңгі бақыттың орнауына басты себепкер болды. Сөйтіп үмметінің де оған бөленуіне ұйытқы болды. Сол сияқты, өзінің құлдығы мен дұғасы арқылы да мәңгі бақыттың бар бо-луына және Жәннаттың жаратылуына себепші болды.Міне, қара! Ол Ұлы намазда, қасиетті құлшылық кезінде, мәңгілік бақыт үшін дұға ететіндігі сонша, бүкіл арал тіпті Жер шары оның ұлы намазымен намаз оқиды, мінәжат қылады. Өйткені, оның құлшылығы соңынан ерушіүмметінің құлшылығын толық қамтиды және табысқа жету тұрғысынан барлық пайғамбарлардың құлшылығының мағынасын түгелдей қамтиды. Ол Ұлы намазын үлкен жамағаттардың ортасын-да оқып, шын ниетімен жалбарынатыны соншалық, бейне бір Адам атадан осы ғасырға дейінгі, тіпті қиямет қайымға дейінгі нұрлы да кәміл адамдарды соңына ертіп, сапқа тұрғызып,
Рисалей-Нұр жинағынан40сүттей ұйытып жасаған дұғасына бір ауыздан «әмин» дегізеді. (Сілтеме13) Анықтап назар сал! Сондай-ақ Ол, жалпының «мәңгілік» деген арманын қалап, дұға етуде. Ол дұғаны тек Жер шарының тұрғындары ғана емес, Аспан тұрғындары, тіпті болмыс атаулы жаппай қайталап, оның жалбарынған дұға-ниязына қосылып, өзіндік хал тілдерімен: «Уа, шіркін! О, Раббымыз! Тілеуін қабыл ал! Біздің де қалауымыз сол!» – деп жалбарынуда.Иә, мұқият зер сал! Мәңгі бақытты тартымды әрі жағымды түрде жалына-жалбарына, ынтыға сұрап жатқандығы сонша, бүкіл әлемді күңіренте тербеп, дұғасына қосуда.Иә, Ол биік мақсат, асқақ арман болып табылатын мәңгі бақытты тілеп дұға қылуда. Ол арман күллі адамзатты және болмыс атаулыны Әсфәл-і сафилин деңгейінен, яғни мүлдем жойылудан, азғындықтан, құн сыз дықтан, пайдасыздықтан, бейшаралықтан сақтап, Ала-й иллиин дәрежесіне, яғни құндылыққа, мәңгілікке ие болғызады, маңызды міндет жүктелген қызметшіге, Самәдани хат тәріздес жоғары мәртебеге көтереді.Қарашы! Жалбарына медет тілеп, тәтті өтініш, жағымды ниязбен дұға қылғаны соншалық, оны барлық болмыс, аспан, ғарыш түгелдей естіп, тебірене толқып, дұғасына қосылып: «әмин, Аллаhуммә, әмин,» – деп қуаттауда. (Сілтеме14)Сілтеме13: Рас, сонау ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) мінәжатынан бастап күні бүгінге дейінгі үмметінің айтқан бүкіл салауаттары – оның дұғасына әрдайым \"Әмин\" сөзі әрі жаппай қолдау болып табылады. Тіпті, оған айтылған әрбір салауат – оның дұғасына жеке-жеке \"Әмин\", сондай-ақ үмметінің әрқайсысы әрбір намазда оған арнап салауат пен сәлем айтуы және Шәфи мәзhабындағылар қаметтен кейін арнайы дұға оқуы – оның мәңгі бақытты тілеп жасаған дұғасына өте қуатты, әрі құптау мағынасында \"Әмин\" деген болып есептеледі. Міне, барлық адамзаттың жаратылысындағы хал тілімен, жан тәнімен қалаған \"мәңгілік\" пен \"соңсыз бақыт\" секілді арманды, бүкіл адамзаттың атынан Ардақты Пайғамбарымыз – Зат-ы Ахмедие (с.а.у) сұраған.. Адамзаттың нұрлы тобы оның соңынан сап түзеп, \"Әмин\" дейді. Ен-деше, мұндай дұғаның қабыл болмауы әсте мүмкін емес!Сілтеме14: Иә, мына әлемнің билеушісінің саналы, ілімді, хикмет иесі екендігі сөзсіз. Өйткені, бүкіл ісі саналы да даналық ілімге толы. Олай бол-
41Өлім және МәңгілікИә, нақтылап зер сал! Сондай бір Сәмиғ (Бәрін естуші), Кәрим (Аса жомарт) бір Қадирден Қ(ұдіреті шексіз), сондай бір Басир (Бәрін көруші) және Алимнен (Бәрін білуші) бақыт пен мәңгілік сұрауда. Ол Сәмиғ өте ұсақ тіршілік иесінің өте құпия талабын, жәй бір ниязын көреді, естиді, қабыл ала-ды, қамқорлық жасайды. Хал тілімен болса да жауап береді. Хикметті де мейірімді түрде көрегенділікпен жауап беретіні сондай, ондай тәрбие, ондай іс күмәнсіз тек Сәмиғ-ы Басирге тән, Кәрим уә Рахимге ғана тән.Апырым-ай, адамзат атаулыға жетекшілік еткен, жер-де тұрып Ғарш-ы Ағзамға бетін бұрып, қолын жайып, күллі құлшылықты қамтитын Убудиет-і Ахмедие (Әз Мұхаммедтің құлшылығы) (с.а.у) яғни шынайы түрде дұға еткен осы бір адамзаттың ардақтысы, заман мен әлемнің ерекше тұлғасы са, Өзі жаратқан мақұлық тарының ішіндегі ең таңдаулысының іс-әрекетін білмеуі, түсінбеуі әсте мүмкін емес? Және Ол, Мутасаррыф-ы Алим (Бәрін біліп бас арушы )қ, әлгі парасатты да ерекше тұлғаның іс-әрекетінен, дұғаларынан хабардар бола тұра немқұрайлы қарауы, оған еш мән бермеуі әсте мүмкін бе? Әлбетте мүмкін емес. Енді, сол Мутасаррыф-ы Қадир-ы Ра-хим (құдіреті күшті, бәрін білетін, толық басқарушы) оның дұға-тілектеріне немқұрайлы қарамайтын болса қабыл алмауы әсте мүмкін бе? Ал, негізінде Зат-ы Ахмедиенің (с.а.у) нұрымен әлемнің өңі өзгеріп, құлпырып сала берді. Адам баласының және бүкіл ғаламның мән-мағынасы не екендігі оның әкелген нұрымен анықталып, қадірі біліне бастады. Яғни, олар - Аллаhтың көркем есімдерін оқытатын Самәдани хаттар екендігі, әрқайсысы міндет жүктелген қызметші, бақилыққа лайық қадірлі де қымбат болмыс екені белгілі болды. Егер осы Нұр болмағанда, болмыс атаулы мүлдем жойылып, құрдымға ке-туге душар, қадірі жоқ, мән-мағынасыз, пайдасыз әбес, түкке тұрғысыз және астан-кестен кездейсоқтықтың ойыншығына айналып, әлем қараңғы қалып, саналыларды уайым-қайғы басар еді. Міне, сондықтан, Зат-ы Ахмедиенің (с.а.у) дұғасына \"Әмин\" дейтін тек адамзат қана емес аспан, ғарыш, жер, қысқасы зәреден бастап ғаламшарларға дейінгі болмыс атаулы Оған ынтық болып, Оның нұрын мақтап, Онымен байланыстылығын көрсетеді. Бұларды айтпағанның өзін де Ахмедтің (с.а.у) құлшылығының рухы, өзегі дұға болып табылады. Тіпті, бүкіл ғаламның қозғалысы мен атқарған қызметі дұға болып саналады. Мәселен, бір түйір дәннің ішіндегі жандылық Жаратқанынан ағаш болуды сұраған дұғасы болып табылады.
Рисалей-Нұр жинағынан42Фахр-ы Каинат (әлемнің ма танышық) (с.а.у) не сұрайды? Ол – өзіне һәм үмметіне мәңгі бақыт тілейді. Мәңгілікті қалап, Жәннатты сұрайды. Болмыс атаулының жүзінде жамалы жарқыраған киелі Иләhи есімдерді толығымен тілеп армандай-ды. Ол есімдерден шапағат тілейді. Ақыретті нақты талап ететін себептер мен ақыреттің бар екендігіне бұл тартпас дәлелдерді есептемегеннің өзінде осы Кісінің (с.а.у) дұғасының өзі Жәннаттың жаратылуына себеп болуға жетерлік. Жәннаттың жаратылуы Халиқ-ы Рахимнің құдіретіне көктемді жарату секілді жеп-жеңіл. (Сілтеме15)Иә, көктем кезінде жер бетін бір махшарға айналды-рып, хашірдің жүз мыңдаған мысалдарын жаратқан Қадир-ы Мұтлақ (К ш- ұдіреті шексіз)үқ үшін Жәннатты жарату еш қиын емес. Демек, Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы қалайша мына сынақ алаңының ашылуына себеп болды және өзісырына бөленді. Сол си-яқты Убудиеті де, яғни құлшылығы да о дүниедегі мәңгілік бақыттың ашылуына себеп болды.Апырым-ай, барлық ақыл иелерін таңқалдырған әлемнің мына жүйесі және аса мейірімділікпен жаратылған кемшіліксіз өнерінің әсемдігі, теңдесі жоқ Рубубиетінің жамалы әлгіндей дұғаға жауап бермеу арқылы нелер бір жамандықтарға, қатігездіктерге, жүйесіз бассыздыққа жол беруі мүмкін бе? Яғни өте ұсақ, жәй, қарапайым талап-тілектерге мән беріп, орындап, ал өте маңызды, аса қажет дұға-тілектерді естімей, тыңдамай, Сілтеме15: Рас, ақыретпен салыстырғанда мүлдем тар, тіпті мына жапырақтай жер бетінде қисапсыз таңғажайып өнер үлгілерін және хашір мен қияметтің шексіз мысалдарын көрсету сондай-ақ үш жүз мың кітап тәріздес әсем жаратылыстың түрлерін әлгі бір жапыраққа өте жүйелі де тәртіпті түрде жазып орналастыру, әлбетте кең ақырет әлемінде нәзік те әсем Жәннатты жа-ратудан әлдеқайда қиын. Рас, Жәннат көктемнен қаншалықты жоғары болса, көктемгі бау-бақшалардың жаратылуы да Жәннаттан соншалықты мүшкіл, таңқаларлық дәрежеде деуге болады.
43Өлім және Мәңгілікорындамауы әсте мүмкін бе? Жоқ, жүз мың мәрте мүмкін емес! Мұндай әсем де көркем жамал ондай жағымсыз нәрселерге әсте жол бермейді, жағымсыз болмайды. (Сілтеме16) Демек, Расул-ы Әкрем (с.а.у) пайғамбар лығымен мына дүниенің есігін ашқанындай, құлшылығы арқылы да ақыреттің есігін ашқан.АлТыншы АҚИҚАТ: Хашмет (Айбындылы ) пен қСәрмәдиет (Мәңгілік) а пасы. Жәлил (Өте айбынды) мен қ қБа и есімдерінің сәулесі.қБарлық болмыс атаулыны, мейлі Күн, мейлі ағаш, мейлі атом болсын тұтастай бағындырып, нөкері секілді қызмет жа-сатып, басқарып отырған бір Рубубиеттің хашметі мына қонақ үй секілді дүниеде қысқа өмір сүретін бейшара мақұлықтарды ғана бақылап, сонымен шектеліп қалуы, сөйтіп соңсыз, зор, Сілтеме16: Иә, ақиқаттар терісіне айналып өзгермейді. Ол бірауыздан қабылданған нәрсе. Әсте мүмкін емес. Һәм ақиқаттың өзгеруінің ішінде де бір нәрсенің өзіне қарама-қайшы терістігіне айналуы әсте болымсыз. Ал осы теріс айналулардың ішінде теріс нәрсе өзінің негізін сақтай отырып теріс айналуы мүлдем қисынсыз, мүмкін емес нәрсе. Мәселен, шексіз сұлу Жа-мал, әсем әрі нағыз жамалдың өзі бола тұра, нағыз ұсқынсыз жаман болуы ақылға сыймайтын қисынсыз нәрсе. Міне, осы жерде баяндалған бар екендігі бұлтартпас айғақтармен дәлелденген Рубубиеттің әсемдігі, өзінің әсемдігін сақтай отырып нағыз жағымсыз, жаман болуы әсте мүмкін емес. Әлбетте мүмкін емес! Олай болуы дүниедегі мүмкін емес, қисынсыз, әрі болымсыз нәрселердің ең сорақысы болмақ.
Рисалей-Нұр жинағынан44мәңгі бір дүниені, бақи да, жоғары дәрежелі Рубубиетіне ұйытқы боларлық әлемді жаратпауы әсте мүмкін бе?Иә, әлемдегі өзіміз көріп жүрген маусымдардың өзгеруі тәрізді алып істер мен ғаламшарлардың ұшақтан бетер зымыраған жылдамдығы және осы сияқты басқа да алып құбылыстар, сондай-ақ Жер шарын адам үшін бесік, Күнді болса шам секілді жарық бергізіп, бағындыру, һәм өлі, қуаң тартқан жер жүзін қайта тірілту, оны неше түрлі әшекейлермен түрлендіре безендіру сықылды ірі құбылыстар ғайып пердесінің артында осыншама алып бір Рубубиеттің бар екенін, бір құдірет айбынды да ұлы салтанат құрып, билік жүргізіп тұрғандығын көрсетеді. Алайда, мұндай Рубубиеттің салтанаты, үстем билігі өзіне лайық мойынсұнушылар мен өзіне сай мәңгі мекен-жай талап етеді. Әйтсе де, өзің көріп отырғандай мәнісі зор, жара-тылысы күрделі, маңызды рөл ойнайтын мойынсұнушы, мо-мын пенделер мына қонақүйге үймелеп жиналады да, ауыр шарттарда өмір сүреді. Осылайша әлгі қонақүй күн сайын то-лып, тез арада қайтадан босап жатады. Бүкіл адам баласы сынақ үшін осы алаңда уақытша тіршілік етіп, қызметін атқарып кете барады. Сынақ алаңы да сағат сайын құбылып тұрады. Әлгі халық жаппай дерлік Сани-ы Зүлжәлалдың құнды ғажап сыйлықтарының тек үлгілерін, теңдессіз өнерінің кереметтігін «әлем» атты көрмеде саудалап, яғни бір жағынан сауап жинау мақсатымен, бір жағынан тамашалау үшін бір сәтке аялдап көреді дағы, сонан соң көзден тез арада таса болады. Көрмежай да минөт сайын сан құбылады. Оған келгендер кетіп жатады, кеткендер қайтып келмейді. Міне, осы бір көрініс пен жағдай, бізге мына қонақжай, осы алаң мен көрмелердің арғы жағында соңсыз ұлы салтанатқа ұйытқы әрі негіз боларлық мәңгі зәулім сарайлар мен бақи мекен жайлар, сондай-ақ дүниеде көріп жүрген үлгі-мысалдар мен түрлі суреттердің өте анық түп нұсқалары сақтаулы бау-бақшалар мен қазыналардың бар екендігін білдіреді. Демек осы жерде еңбек еткізіп, ол жерде ақысын алмақ. Әрине, әркімнің қабілетіне қарай. Егер, бұл
45Өлім және Мәңгілікжерде адаспай, ақырын жүріп, анық басатын болса, ол жерде ақысын береді. Рас, мұндай соңсыз салтанаттың мына фәни мен өткінші бейшаралармен ғана шектелуі әсте мүмкін емес.Енді, осы ақиқатқа мына бір тәмсіл арқылы ой жүгіртіп көрелік! Мәселен, сен сапарға шықтың дейік. Жолда бір керу-ен сарай тұр. Аты әйгілі біреу оны өзіне келер қонаққа арнап салдырған екен. Қонақтардың жолай бір түнеп, көңіл көтеруі мен ғибрат алуы үшін керуен сарайдың тек безендіру жұмысына ғана миллиондаған алтын-қаржы жұмсалыпты. Келген қонақтар әлгі әсем сұлу әшекейлердің азғана бөлігін көріп, тез-тез дәм татып, тоймастан кетіп жатыр. Бірақ, келген әрбір қонақ өзіндік фото аспаптарымен керуен сарайдағы әсем бұйымдар мен түрлі әшекейлі нәрселердің суретін түсіріп алуда.Манағы Сарай Иесінің қызметшілері де келген қонақтардың іс-әрекеті мен жасаған амалдарын мұқият бақылап, суретке түсіріп, тізімдеп қоюда. Сондай-ақ Қожайын күн сайын көптеген әшекейлерді бұзып алып тастайды да орнына жаңадан келетін қонақтарға арнап басқаша безен дірілген әшекейлер жасауда. Осы жағдайды көзіңмен көргеннен кейін жол бойына мұндай ғажап керуен сарай салушының бұдан өзге жерде мәңгі әрі әсем сарайлары, сарқылмас құнды қазыналары бар екендігіне, өзі де ерекше жомарт, аса қайырымды екеніне күмәнің бола ма? Ол, мына керуен сарайда көрсеткен сый-сыяпаттары арқылы өзіне келер қонақ тарының тәбетін ашып, ынтасын арттыруда. Дәл сол сияқты мына дүние қонақжайындағы жағдаятқа ойлана, зер салып қарасаң, төмендегі «Тоғыз Негізді» толық түсінер едің.Бірінші негіз: Жаңағы керуен сарай секілді мына дүние де Өзі үшін емес, әрі өздігінен мұндай қалыпқа енуі тіпті мүмкін емес. Бұл Аллаhтың мақұлықтарына арнаған толас-сыз керуеннің аялдап, сосын әрі қарай сапар шегуі үшін жыл-дам толып, тез босап тұратын хикметпен жасалған ерекше бір қонақжай.
Рисалей-Нұр жинағынан46екінші негіз: Керуен сарайдың ішінде отырғандар өздерінің Рабб-ы Кәримі тарапынан Дар-ус Сәламға, яғни есендік еліне шақырылған қонақтар.Үшінші негіз: Мына дүниенің әшекейлі сұлулықтары тек рахатқа бату, көңіл көтеру үшін емес. Өйткені, бір сәт ләззат берсе, айырылысу сал дарынан ұзақ уақыт уайымға батырады. Саған дәм таттырады, тәбетіңді де ашады, бірақ тойындыр-майды. Себебі, я оның ғұмыры қысқа, я сенің өмірің қысқа, тояттауға келмейді. Демек, тым қымбат, бірақ мерзімі қысқа мына әшекейлі сұлу заттар ғибрат алу үшін (Cілтеме17) шүкір ету үшін, олардың бақи бұлақтарына қызықтыру, ынталандыру үшін, басқа да осы секілді ұлы мақсаттар үшін жаратылған.Төртінші негіз: Мына дүниедегі әшекейлер, әсемдіктер (Cілтеме18) Жәннаттағы Рахманның мол рахымымен иман-Сілтеме17: Иә, дүниедегі барлық нәрсенің қадір-қасиетті, күрделі, шебер жасалған, құнды бола тұра мерзімі қысқа, ғұмыры келте. Демек, олар үлгі ретінде. Өзінің емес өзгенің суреті тәрізді. Сондай-ақ тұтынушылардың на-зарын түп-тамырларына, негіз деріне аударатындай жағдай бар. Олай болса, мына дүниедегі әсем сұлулықтар мен ләззаттар, міндетті түрде бір Рахман-ир Рахимнің рақымы түсіп, сүйікті құлдарына арнаған жәннат нығметтерінің үлгілері деп қабылдау керек әрі солай.Сілтеме18: Рас, әр нәрсенің болмыс-бітімінде көптеген мақсаттар, және тіршілік етуінде көптеген нәтижелер бар. Әhл-і далалеттің яғни кәпірлердің әбестік, хикметсіз дейтіндей олардың мақсаттары, нәтижелері тек бұл дүние үшін немесе өзіне ғана қатысты емес. Болмыс атаулының мақсаты мен тіршіліктегі нәтижесі үш түрге бөлінеді.Біріншісі және ең маңыздысы: Иесіне тиесілі. Яғни, өн бойындағы таңғажайып өнер мен шеберлікті Шахид-ы Әзәлидің яғни бастауы мен соңы жоқ анық көруші Аллаhтың назарына салтанатты шерудегідей көріну. Ондай назарға бір сәт, бір жалт етіп көрінудің өзі жетіп жатыр. Тіпті, пайда бол-мастан бұрын бейімділік яғни, ниет болып саналатын оның қабілеті жетіп жатыр. Міне, әп-сәтте өніп, тез өшетін нәзік жаратылыс сондай-ақ денеге айналмаған яғни, тамырланбаған таңғажайып шебер жасалған нәрселер – дәндер секілді – әлгі мақсатты толық орындайды. Пайдасыздық пен әбестік атымен жоқ. Демек, барлық нәрсе өзінің тірлігімен, болмыс-бітімімен құдірет мұғжизалары болып, Жаратқанның шеберлігін, өнерін жар салып Сұлтан-ы Әзәлидің (Мәңгі сұлтан) назарына ұсынады. Бұл олардың басты мақсаты бо-лып табылады.
47Өлім және Мәңгілікдылар үшін жайнап тұрған нығметтердің үлгі-мысалдары, суреттері болып табылады.Бесінші негіз: Мына фәни жаратылыс, қысқа мерзімде бір жалт етіп жоғалып кету үшін жаратылмаса керек. Олар бір сәт болмыс атанып, талапқа сай күйге енеді де, сосын, суреттері түсіріліп негізгі мағыналары білінеді, нәтижелері тіркеліп Бар болу ма сатының және тірі болу нәтижесінің екінші т рі:қү Саналы жандарға қатысты. Яғни, айналадағы барлық нәрсе Сани-ы Зүлжәлалдың (Ай-бары зор шебер ұста) ақиқат толы хаты, әрқайсысы нәзік те керемет мақтап жазылған өлеңі тәрізді, әрбірі хикмет толы сөзі. Оларды періштелер, жындар, жан иелері мен адам баласы назар аударып талқылайды. Міне, олар осын-дай қызмет атқарады. Демек, олар өзін көретін бүкіл саналы жандарға ғибрат беретін, ой салатын, талқыланатын қызықты кітап тәріздес.Болмыс ма сатының және тірілік нәтижесінің шінші т рі:қүү Әрнәрсенің өзіне қатысты жағы – яғни, ләззат алу, қызық көру, тұқымын жалғастыру сияқты кішкентай нәтижелер. Мысалы, Патшаның үлкен кемесін алайық. Ол кемеде бір қызметшінің міндетін штурман атқарудағы мақсаты, өзіне тиесілі аз ғана жалақы. Кеменің жүзден біріне ғана қатысы бар. Ал тоқсан тоғыз пай-ызы Сұлтанға тиесілі.Сол сияқты, әрнәрсенің өзіне және дүниеге қатысты мақсаты біреу ғана болса, Жаратушысына тоқсан тоғызы тиесілі. Міне, осы көптеген мақсаттары болғандықтан сырттай қарағанда хикмет пен үнемділік, айналадағы молшылық пен жомарттыққа кереғар, әсіресе берекелі де шексіз жомарттыққа қарама-қайшы сияқты көрінеді. Ал, негізінде олай емес, өзара керемет үйлесімділік бар. Қалай десеңіз, белгілі бір мақсатқа арналған деп қарасақ шексіз молшылық пен жомарттық көрінеді, Аллаhтың \"Джәууад\"есімі шағылысады. Мәселен, сол назармен жемістер мен дән тұқымдарға қарасақ есебі жоқ, шексіз. Осылайша шексіз молшылыққа куә боламыз. Ал, енді сан-алуан мақсат, нәтижелерін назарға алып қарасақ хикмет көрінеді, Аллаhтың \"Хаким\" есімі шағылысады. Бір ағаштың қанша жемісі болса, әрбір жемісінің де сонша мақсаты бар. Олар жоғарыда аталған үш топқа бөлінеді. Осылайша сансыз мақсаттарын ойласаң шексіз хикмет пен керемет үнемділікті көресің. Міне, бір-біріне қайшы сияқты көрінген шексіз хикмет, үнемділік молшылықпен, жомарттықпен үйлескен жоқ па?Мысалы, әскер ұстаудың бір мақсаты – елдің қауіпсіздігін сақтау. Бұл мақсат үшін қанша сарбаз керек болса соншасы табылады. Тіпті жетіп арты-лады. Ал, шекараны қорғау, соғыс бола қалған жағдайда жаудың бетін қайтару секілді мақсат, міндеттерге келгенде әскердің саны шамаға сай, асқан хикмет әрі дәл мөлшерде. Міне, үкіметтің өзіндік хикметі мен оның айбындылығы өзара үйлесімді. Олай болса әскердің саны шамадан тыс көп деп айтылмайды.
Рисалей-Нұр жинағынан48қойылады. Осылайша, мәңгілікке бөленген дер үшін еш бітпейтін көріністер мен бейнелер тоқылады. Және бақи әлемде өзге де мақсаттарға себеп болады.Болмыс атаулының мәңгілік үшін жаратылғанын, баянсыз еместігін, сырт көзге жоғалған болып көрінгенімен, негізінде ол белгілі бір міндет атқарып, демалысқа шығу, қызметтен босатылу екендігін мынадан бай қауға болады. Қай бір фәни нәрсе бір жағынан жойылса да, көптеген жақ тарымен бақи бо-лады, яғни сақталып қалады. Мысалы, Құдіреттің мағыналы сөзі тәріздес мына бір гүлге қараңыз! Бұл гүл қысқа бір мерзім ішінде бізге қарап, күлім қағып тұрады да, содан соң, дереу фәнилік пердесіне тығылып, көзден таса болады. Дегенмен мыңдаған үлгі-мысалдарын құлаққа сіңіріп, оны қанша адам көрген болса сонша мағыналарды есте қалдырады, Айтылған сөз секілді ол да жоғалады. Себебі, міндетін атқарып, мағынасын білдірген соң, өзі кетеді. Бірақ, із-түзсіз, жайдан-жай кетпейді. Гүл өзін көрген жанның жадына өзінің суретін, тұқымына өзінің мағынауи болмысын қалдырып барып кетеді. Әрбір адам жады, әрбір тұқым, бейне бір әлгі гүлдегі әсемдікті сақтау үшін әрқайсысы бейнетаспа, гүлдің болмысын жалғастыру үшін бейне бір мекен-жай тәрізді. Тым қарапайым тіршілік иесі – өсімдіктің өзінде сон дай құбылыс, осындай сақтап қалу істері жүзеге асып жатса, әлбетте ең жоғары сатылы тіршілік иесі, әрі мәңгі рух иесі – адам баласының мәңгілікпен қаншалықты тығыз байланысты екенін оңай түсінуге болады. Гүл мен жеміс, өсімдік тектестердің әрқайсысында рухқа ұқсас жаратылу заңдары, сондай-ақ бітім-пішіндерінің жобасы кіп-кішкене тұқымдарында сақталып, алай-түлей жағдайларда да жалғасын тауып өсіп-өніп, көз алдымызда сақталып жатса, әрине, өте күрделі де жоғары мәртебелі, денеге оранған, саналы да нұрлы әмірдің заңы болып табылатын – адам рухы мәңгілікпен қаншалықты тығыз байланысты екені анық түсінікті болар.Алтыншы негіз: Адам баласы «қалаған жерінде еркін жүріп, қорегін тауып жеу үшін» тізгіні түріліп жіберіле
49Өлім және Мәңгіліксалмаған. Оның жасаған барлық іс-амалының суреттері түсіріліп, хатқа жазылып, барлық іс-әрекетінің нәтижелері сұраққа тартылу үшін мұқият тіркеуге алынуда.жетінші негіз: Күз маусымы келгенде, көктем мен жаздың реңін ашып, құлпыртып тұратын әсем де нәзік мақұлықтардың әп-сәтте солып, қурап қалуы – олардың мүлде жойылуы емес. Бұл олардың жүктелген міндеттері аяқталып, демалысқа шығуы (Сілтеме .19)Һәм келесі көктемде келетін мақұлықтарға орын беру үшін босатылу, сондай-ақ жаңа міндеттілерді орналастыру, әрі өзге де қызмет атқарар болмыстардың келуіне әзірлік.Сонымен қатар, осылардың бәрі де саналы жандарға өз міндеттерін ұмыт қалдыратын немқұрайлылықтан, шүкір етуді есінен шығаратын мас тықтан сақтандыратын Сүбхани ескертуші құбылыстар.Сегізінші негіз: Мынау өткінші әлемнің мәңгі Иесінің соңсыз әлемі бар. Құлдарын сол жерге аттандыру мақсатында, ынталандырып, құлшын дырып отырады.Тоғызыншы негіз:Мұндай шексіз Рахман Аллаhтың әлгі мәңгілік әле мінде таңдаулы құлдарына дайындаған небір ке-ремет сый-сыяпаты бар екені шүбәсіз. Оны сөзбен суреттеуге адамның ақылы да жетпейді. Ол жерде адамның көзі көрмеген, құлағы естімеген, тіпті ойына да келмеген таңғажайып нәрселер бар. Иә, шүбәсіз солай.Сілтеме19: Иә, рақымдылықтың ризық қазынасынан жіберілген ағаштардың жемістері, гүлдері мен жапырақтары солып, қурап міндеттері толық аяқталған соң, өздерінен кейін келушілерге орын босату үшін кетулері қажет. Әйтпесе, рақымдылықтың молшылығына сондай-ақ басқа тұқымдарының қызметіне кедергі болады. Әрі аязды суықта қалса қор болып, қиын жағдайға душар болар еді. Көктемнің өзі махшар, яғни қайта тіршілікке оралған жемісті ағаш тәрізді. Жер шары да ғажайып махшар секілді құдірет ағашы. Тіпті, бұл алып дүниенің өзі жемістері ақырет базарына жіберіліп жатқан ғажайып ағаш іспетті.
Рисалей-Нұр жинағынан50жеТінші АҚИҚАТ: Хыфз (Қорғау) және Хафизиет (Сақтау) қақ пасы. Хафиз (Өте мұқият сақтаушы) және Рақиб (Бақылаушы) есім дерінің сәулесі.Аспандағы, жердегі, құрлықтағы, теңіздегі үлкенді-кішілі барлық жан-жануарлар мен ірілі-ұсақты барлық өсімдіктерді Аллаhтың Хафизиеті түгендеп, өте жүйелі де тәртіпті түрде аман сақтап, нәтижелерін ұқыптылықпен сараптап отыр. Адам – жаратылысы зор, Ұлы Халифа деген мәртебеге ие. Мойны-на Ұлы аманат жүктелген, атқарар маңызды міндеті бар. Енді, әлгіндей Хафизиет осындай адам баласының жалпыға ортақ – Рубу биетке қатысты іс-әрекеттері мен амалдарын тізімге тіркемеуі, сақ та мауы, сарап тамауы, әділет таразысына тартпа-уы, өзіне лайық жаза немесе сый-сыяпат бермеуі әсте мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес. Иә, мына шексіз ғаламды басқарушы Аллаh, әр нәрсені жүйесімен, ретімен, әділетті өлшемімен жаратып, сақтап, қамқор болып тұр. Жүйе мен өлшем болса, Ілім мен Хикметтің, Ерік пен Құдіреттің көрінісі. Өйткені, әрбір нәрсенің пішіні, болмыс-бітімі асқан жүйелі өлшеммен жаратылады. Сондай-ақ ғұмыр бойы ауыстырылып отыратын өзгермелі пішіндерін тұтастай алып қара ғанда да олардың барлығының бір жүйеге бағынышты екенін көреміз. Міндеті аяқталып, өмірі өшкен және мынау шәhәдет әлемінен, яғни көзге көрінетін дүниеден көшіп кеткендерге зер салайық. Хафиз-ы Зүлжәлал (ештеңені жоғалтпай, толық сақтаушы) көптеген пішіндерді жазу таспасы тәріздес (Сілтеме20)ес-жадыларда, мысали айналарда (дән, тұқым секілді) сақтап, өмірбаянының басым көпшілігін оның дәнінде, нәтижесінде нақыштап, жазып қояды. Ішкі, сыртқы, яғни көзге көрінетін және көрінбейтін ай-наларда нәсілін-тегін жалғастыру үшін сақтап қалады. Мыса-лы, Адамның есі (жады), ағаштың жемісі, жемістің дәні, гүлдің Сілтеме20: Жетінші суреттің Сілтемесіне қараңыз.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128