Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Аят-ул Кубра

Аят-ул Кубра

Published by risalekz, 2020-02-04 23:48:52

Description: 1938 жылы Кастамону қаласында жазылған,
7-Şua (ÂYET-ÜL KÜBRA)

Keywords: Аят-ул Кубра,Ayatul Kubra

Search

Read the Text Version

Аят-ул КубрАБәдиуззаман Саид НұрсиАлматы, 2016Рисалей-Нұр жинағынан

Н 86 Нұрси Б.С.Аят-ул Кубра: Рисалей-Нұр жинағынан Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС, 2016 - 142-бет. ISBN 978-601-80491-8-7ББК 86.38ӘОЖ 28КБЖ 86.38Н 86Б “Нур Фейз“ ЖШС 2016ISBN 978-601-80491-8-7 © Нұрси Б.С.0403000000 00(05)-03Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Абай Хамза.Бұл кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі, Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан өткен. 31.03.2016ж. №15-04-171596 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.

Бұл рисаленің соңғы қосымшасымен бірге бес жүз нұсқасын он жыл бұрын Денизли қаласының жоғары соты мен Анкара жоғары соты екі жыл бойы зерттеп ақырында айып тағарлық себеп табылмағандықтан кітаптарымызды қайтарып берілсін деген ортақ шешім шығарған-ды. Бұл шешім, осы кітапшаның мына заманғы сұмдық пәлекеттердің бетін қайтаратын Құрани ақиқат, мықты қорған екенін көрсетеді. Сондықтан осы рисалені мына мүбарак қаланың әділет басқармасына, әкімшілігіне және қауіпсіздік комитетіне ұсынып отырмыз. Жөн деп қабылдаса жаңа әріппен бастырып елімізге сырттан келіп жатқан қауіп-қатерден отандастарымызды құтқару ниетімен таратылсын.Жақында осы рисалені мұқият оқып шықтым. Шынымен-ақ, Хазіреті Алидің (р.һ) және әулиелердің бұл туралы ғайби хабар беруіне тұрарлық мақбұл кітап екеніне көзім жетті. Сол үшін мына абақтыда азап шегіп қиналғанымыз түк емес. Олай болса, түрмеге қамалғанына қиналып, уайымдап шағымданудың орнына сабыр сақтап көтеріңкі көңіл, шүкір ету керек деп ойлаймын.

ЕСКЕртЕ КЕтЕтІН ӨтЕ МАҢЫЗДЫ бІр ЖӘЙтБұл қымбат рисалені әркім әрбір тақырыбын бірден түсіне қоймас. Дегенмен құралақан, үлессіз қалмай тиесілі пайда-сын көреді. Үлкен бау-бақшаға кірген адам ол бақтағы бүкіл жемістерге қолы жетпесі анық. Бірақ қолы жеткенінше алып жейді емес пе?! Өйткені ол бау-бақша тек ол үшін емес, бойы ұзын, қабілеті жоғары кісілер де бар. Бұл рисалені түсіну қиын болуының себебі, біріншіден; Куә болған ақиқаттарды өзімнің ой-өрісіме ыңғайлап, өзім үшін жаздым. Басқа кітаптар секілді басқалардың ойына қарай жазбадым. Екіншіден; Исм-і Ағзамның шуағымен шынайы тәухид ауқымды түрде көрініп, жоғары мәртебеде жазылғандықтан мәселе өте терең әрі ауқымды әрі ұзақ. Сондықтан әркім бірден қамтып түсіне қоймас. Үшіншіден; Әрбір тақырып терең, ұлы ақиқат. Оны бөліп мағынасын бұзбау үшін күрделі сөйлемдер құруға тура келді. Бір ғана дәлелдің өзінде көптеген алғы шарттар мен кіріспелер жазылды.төртіншіден; Мәселелердің әрбірінің көптеген айғақтары болғандықтан кейде он, кейде жиырма айғақты біріктіріп бір айғақ жасауға тура келді. Сөйтіп мәселе біраз ұзап кеткені рас.бесіншіден; Қасиетті Рамазанның берекетімен осы рисаленің нұрына бөленген едім. Сонымен қатар бірнеше се-бептен жағдайым мүшкіл әрі сырқаттанып қалғандықтан өзімді әлсіз сезініп, оның үстіне жылдам жазылды әрі алғаш шимай халінде кітап боп жарыққа шығып кетті. Һәм, жазы-лып жатқанда еркімнен тыс болып жатқанын байқадым. Кейін оны ой-пікіріммен реттеп түзетуді жөн көрмедім. Сол үшін де түсіну қиындау болар. Тіпті бірінші бөлім толығымен арап-ша жазылғандықтан алып, өзінше бөлек жазылды. Мұндай кемшіліктері болғанымен әрі түсінуді қиындатын бес себебі

5бола тұра бұл рисале өте құнды да маңызды. Маңыздылығына орай Хазіреті Имам-ы Али (р.һ) ғайби кәраматымен «Аят-ул Күбра» және «Аса-и Муса» деп айдар тағыпты. Рисалей-Нұрдың кітаптарының ішінен айрықша мән беріп назар аудар-тыпты. (Сілтеме )1«Әл-аят-ул Күбраның» нағыз тәпсірі болған бұл «Аят-ул Күбра» рисалесі Хазіреті Алидің атауы бойынша «Аса-и Мұса» деп аталатын «Жетінші Шуақ» кітабы. Бұл «Жетінші Шуақ» бір кіріспе және екі тараудан тұрады. Кіріспеде маңызды төрт мәселе баяндалады. Бірін-ші тарау «Аят-ул Күбраның» арапша бөлімі. Екінші тарауын-да сол арапшаның дәлелдері мен тәржімесі, қысқа мағынасы қамтылған. Төмендегі КІРІСПЕ шамадан тыс ұзақтау болып, жан-жақты түсініктеме жасалған. Ол да еріксіз болды. Мұны кейбіреулер аз көріп, қысқа деуі мүмкін. Саид Нұрси.Сілтеме. Иә, Хазіреті Алидің (р.һ) «Аят-ул Кубра» жайындағы хабары тура Денизли оқиғасы арқылы расталды. Өйткені, бұл рисаленің жасырын бастырылуы біздің үстімізден іс қозғалып, қамалуымызға себеп болған-ды. Бірақ оның киелі де терең ақиқаттары өзінің үстемдігін көрсетсе керек, біздің ақталып, абақтыдан босап шығуымызға себеп болды. Осылайша Хазіреті Алидің (р.һ) ғайби кәраматын соқырларға да көрсетті. Оның бізге де қатысты деген дұғасының қабыл болғанын дәлелдеп тұрып көрсетті.

КІрІСПЕОсы ұлы аяттың сыры бойынша адам баласының бұл дүнияға жіберілуінің басты мақсаты және хикмет-сыры Жаратқан Раббысын тану және оған сеніп иман келтіру, Оған ғибадат, құлшылық ету. Жалпы адамның негізгі міндеті, мойнындағы парызы «Мағрифәтуллаһ» яғни Аллаһты тану және «Иман-ы биллаһ» яғни Оның міндетті түрде бар әрі бір екеніне шын жүректен сеніп иман келтіру, толық мойындау.Иә, әу баста табиғатынан мәңгі өмір сүруді аңсайтын, арман-тілектері сансыз және түрлі уайым-қайғыға кіріптар бейшара адам баласына ең қажеттісі әлбетте мәңгі өмірдің ірге тасы Иман-ы Биллаһ, Мағрифәтуллаһ және оған ұйытқы болар себе-птер. Одан басқа мәселелер мен кемелдіктер бейшар адам бала-сына керегі шамалы, тіпті көбісінің мәні жоқ. Рисалей-Нұрда бұл ақиқат нақты дәлелдермен баяндалғандықтан оған сілтеп, қазір тек сол зор сенім мен иман-ды бұл ғасырда шайқап, күмән туғызатын қауіпті екі жәйтті төрт мәселе арқылы баяндап өтейін. бірінші қауіпті жәйт, әрі одан құтылудың жолы. Бұл да екі мәселеден тұрады. бірінші мәселе: Отыз бірінші Мектубтың он үшінші Ле-масында егжей-тегжейлі түсіндірілгені секілді, жалпыға ортақ мәселеге келгенде оның рас екенін дәлелдеуші кісі жоққа шығарушы кісілерден басым түседі. Мәселен, Қасиетті Рамазан айында жаңа туған Айды көру тұрғысында екі қарапайым адам «көрдік» деп, Айдың туғанын дәлелдесе, ал мыңдаған зиялы,

7ғалым адамдар «көрмедік» деп жоққа шығарса, олардың сөздері есепке алынбайды. Себебі дәлелдеушілер бір-бірін қуаттап, өзара ұйымдаса алады. Ал, жоққа шығарушылар болса жеке қалып, саны мың ба, біреу ма парқы болмай жалқы түрде үкім беріп жеке қалады. Өйткені, дәлелдеушілердің көзқарасы өзара бірлесіп, ортақ мәселеге қарай алады. Берілген үкім басқалар тарапынан расталып бекітіледі. Мысалда айтылғанындай, бі-реу: «Аспанда Ай бар!» десе, қасындағы адам да дәл сол жерді көрсетіп бір-бірін қуаттап, бірлесе қояды. Ал, жоққа шығарушылар болса нақ оқиғаны көріп, жалпыға ортақ шешім шығара алмайды. Себебі, белгілі бір жерге қатысты емес әрі жеке емес, жалпыға ортақ бір нәрсе жоқ екені дәлелденбейді, дәлелденуі қиын!» деген қағида бар. Мәселен, дүнияда мен бір заттың бар екенін айтып дәлелдесем, сен қарсы шығып: «Жоқ!» десең, мен оп-оңай дәлелдейтін әлгі затты, сен оның жоқ екенін дәлелдеу үшін бүкіл дүнияны шарлап, бәрін аралап көрсетуің керек. Тіпті өткен заманға, болашаққа барып, сосын ғана: «Жоқ екен, ондай нәрсе болмаған!» деп айта аласың. Иә, сонымен жоққа шығарушы нәфс-үл әмрге яғни нақ мәселеге тура қарай алмай, тек өз тұрғысынан, ақылына сүйеніп, көзімен көргеніне қарай үкім береді. Әлбетте олар бір-бірін демеп, қуаттай алмайды. Себебі, көріп-білуіне ке-дергілер әртүрлі. Әрқайсысы жеке-дара: «Мен көре алмай тұрмын. Менің жағымда жоқ» десе де: «Нәфс-үл әмрде жоқ, ақиқатында жоқ!» деп айта алмайды. Айтса, әсіресе мұндай жалпыға ортақ, бүкіл әлемдік мәселені, иман шарттарын жоққа шығарып, өтірік десе дүниядай үлкен өтірік айтқан болады. Он-дай күпірлік ұғымды растап, дәлелдей алмайды.Қорытынды. Бәр нәрсенің бар екенін дәлелдегенде шығатын қорытынды бір болады. Өзара ұйымдасып тұтас бір нәтиже береді. Ал, жоққа шығарғанда қорытынды біреу емес бірнеше болады. Олардың әрқайсысы: «Мен жақта жоқ, менің ойымша жоқ» дейтіндіктен нәтиже әркімге әрқалай болып, қорытындының саны көбейіп кетеді. Әрине бір-бірін қуаттап біріге алмайды.

8Енді осы ақиқатқа байланысты айтарым, иманға қарсы шығатын кәпірлер мен Құдайға сенбеушілердің саны көп бо-лып, сырттай басым көрінуі әсте қорқынышты мәселе емес әрі иманды жандардың наным-сеніміне әсте шәк келтірмеуі керек. Өкінішке орай, қазіргі таңда Еуропа философтарының иман шарттарын жоққа шығаратын атеистік көзқарасы кейбір батыс-құмар бейбақтардың иманын зақымдап, күмәнға салып о дүниядағы мәңгі бақытынан айыруда. Күн сайын отыз мың адамды алып кететін өлім мен ажалды тура мағынасынан тай-дырып яғни ол құрметті демалысқа шығару бола тұра мәңгіге жоқ болу, жойылу бейнесінде көрсетіп жұрттың зәресін алып үрейін ұшуда. Аузы бір жабылмайтын қабірді де мағынасын мүлдем өзгертіп, дарағашы суретінде көрсетіп өмірдің ләззатын бұзып уайым-қайғыға салуда. Иә, имандылық неткен қымбат нығмет, өмірдің мәні, үлкен сый десеңізші!Екінші мәселе. Қандай да бір ілім не бір өнер саласында бір мәселе туындаса сол саланың тысындағы, ол іліммен қатысы жоқ ғалым-ғұламалардың үкімдері, айтқан сөздері жүрмейді. Өз саласындағы адамдар ғана үкім береді. Мысалы; атақты бір инженер, медицина саласында бір науқас адамды емдеуге келгенде жәй бір ауыл дәрігері құрлы үкім шығара алмайды. Сол секілді, материяға әбден тұншыққан, руханияттан жұрдай, нұрдан алыс, ақылы көзінде яғни тек көзбен көргеніне ғана се-нетін атақты бір философтың атеиістік көзқарасы, оның дінге қайшы пікірі руханият саласында мүлдем назарға алынбауы тиіс, ешқандай қадірі болмауы керек-ті. О, ғажап! Өзі жерде тұрып ағзам ғарышты тамашалаған, зеректігіне шек жоқ, тоқсан жыл руханиятта дамып кемелден-ген, имани ақиқаттарын ғылыми түрде дәлелдеген, тіпті көзбен көргендей, тіпті «хаққ-ал яқин» түрде растаған Шейх-і Гейлани (р.һ) сынды жүз мың ақиқатшыл жандар бір ауыздан растаған тәухид жайлы Аллаһтың бір екені жайлы рухани мәселеге келгенде әлгі материяға әбден беріліп, ең ұсақ бөлшегіне шейін еніп, есінен адасқан философтардың ойдан шығарған дінсіз ұғымдарының ешқандай мәнісі жоқ, түкке тұрғысыз сандырақ.

9Ислам ақиқаттарына қарсы шығатын күпірліктің мән-мағынасына келер болсақ, ол бір надандық, бар нәрсеге сен-беу, ақиқатты қабылдамау. Сырттай қарағанда бір дәлел, бір ілім секілді көрінгенімен ақиқатында әншейін, бос, болымсыз нәрсе, надандық. Ал, иман болса, ол ілім, болымды нәрсе әрі дәлел, белгілі бір үкім, нақты қарар. Оның жоққа шығарған мәселесінің өзі дәйекті бір ақиқаттың сәуле-шуағы. Егер, иманға қарсы келіп, дауласатын кәпір мәселені қиындатып, өзінің болымсыз әрі бар нәрсеге сенбейтін көзқарасын растап былай десе: «Сендер айтып жүрген нәрсе жоқ, мен оны дәлелдеп беремін» десе мұндай күпірлік белгілі бір мағынада бұрыс ілім, қате түсінік, теріс ұғым, негізсіз үкім боп саналады. Ал, егер былай десе: «Мен бұл айтқандарыңды қабылдамаймын, сенбеймін!» мұндай кәпірлік оңай әрі ол қою надандық және қарарсыздық боп саналады. Сонымен күпірлік екі түрлі болады. біреуі: Ислам ақиқаттарына ат үсті қарап мән бермейді. Өзіне тән қалыптасқан қате түсінігі бар. Соны ғана мойындай-ды. Бұрысты қабылдап қойған, енді одан бастартпайды, бұл залым көзқарас. Мұндай күпірлік біздің тақырыбымыздан тыс. Олардың бізбен шаруасы жоқ, біздің де олармен. Екіншісі: Имани ақиқаттарға қарсы шығып дауласады. Мұндай пікірдегілер екі топқа бөлінеді. Біреуі: Ақиқатты қабылдамайтындар. Дәлелдесең де мойындамайды. Бұл надандық әрі қарарсыздық. Мұндай кәпірлік оңай. Бұл да біздің тақырыбымыздан тыс. Екіншісі: Жоқ екенін қабылдап, бұрыс екенін жүрекпен бекітеді. Күпірліктің бұл түрі үкім, әдейі берілген қарар, солай екеніне илану болғандықтан мұнысын дәлелдеуге мәжбүр. Жалпы жоққа шығару, Құдайға сенбеу екі түрге бөлінеді. біреуі; белгілі бір жерге қатысты, әрі оған өз жағынан қарап, жоққа шығарады. Мұндай жоққа шығаруды өзінше дәлелдеуге болар, бірақ ол біздің тақырыбымыздан тыс. Екіншісі: Бүкіл әлеммен қатысты, жалпы дүнияға, уақытқа, ақыретке бай-

10ланысты имани киелі, жалпыға ортақ күлли мәселелерді жоққа шығару. Күпірліктің мұндай түрі – бірінші мәселеде баяндалғанындай – ешбір тұрғыдан дәлелденбейді, дәлелдеу мүмкін емес. Ол үшін бүкіл әлемді қамтитын, ақыретті көретін, шексіз уақыттың әртарапын ішіне алатын ауқымы шексіз назар қажет. Сонда ғана мұндай күпірлік дәлелденген болады. Енді, бұл заманда екінші қауіп-қатер және одан құтылудың жолы. Мұны екі мәселе ретінде қарастырамыз. Әуелі; Ғапылдықтан немесе күнә істеуден немесе материяға әбден берілгендіктен ақыл таязданып, ауқымы тарылады да әлгіндей шексіз ұлық мәселелерді түсіне алмай, өзін ғалым санап руха-ниятты, бар нәрселерді жоққа шығарады. Иә, руханияттан жұрдай, су болып кеткен миларына, таяз ақылдарына, қараңғы жүректеріне мағынауи, ауқымы кең има-ни мәселелерді сыйғыза алмай, жоққа шығарып тура жолдан таяды, адасып кәпір болады, ақырында өзін жоғалтып алады. Егер адам, өзінің кәпірлік ұғымына, оның астарына, адасудың не екеніне бір сәт үңіліп қараса имандылықтың ақылға өте сай, көңілге өте қонымды да орынды екенін аңғарып, керісінше күпірліктің мүлдем қисынсыз, ақылға қайшы екенін білер еді. Рисалей-Нұр жүздеген теңеу-тәмсілдермен салыстыра отырып бұл ақиқатты екі жердегі екі төрт болатындай анық дәлелдеген болатын. Айталық, Аллаһ Тағаланың ешқандай шартсыз, себепсіз бар екенін, жалғыз дара әрі әзәли, мәңгі екенін, Оның ұлық есім-сипаттарын қабылдамаған адам, я барлық нәрсеге тіпті саны шексіз зәррелерге құдайылық киелі сипаттарды беруге мәжбүр болатынын немесе ақымақ софе-стаий ағымы секілді өздерінің болмысын һәм әлемнің болмы-сын жоққа шығарып ақылдан мүлдем бас тартулары керектігін нақты түрде ортаға қояды. Міне, Имани, Ислами ақиқаттар таза жүректерге, түзу ақылдарға өзіне тән ұлықтығымен, толық әрі сенімді түрде қонып, орналасады. Әйтпесе адам ақылға сыймайтын аңыз-

11ертегілерге иланып, қою қараңғы надандыққа салынады. Иә, азан, намаз секілді Ислам дінінің дәстүрлерінде жиі кезде-сетін «Аллаһу Әкбар» сөзі Аллаһтың ұлықтығы мен шексіздігін көңілге қондыру үшін. Сондықтан әрқашан жиі қайталануы керек. Сондай-ақ, деген киелі хадистің бұйрығы, һәм, «Жәушән-ул Кәбитты аса керемет Мұхаммеди (с.а.у) мінәжаттың сексен алтыншы тармағында: деп Жаратқан Иемізді өте көреген түрде сипаттаған кезде Ағзамет (ұлықтық) пен Кибрия (шексіз алыптық) өте орынды перде екенін байқаймыз.

Аят-Үл КҮбрАҒаламнан Жаратушысын сұраған жолаушының көрген-білгендері.(бұл екінші тарау осы ұлы аятты тәпсірлеумен қоса, бұл жерге жазылмай қалған арапша бірінші тараудың айғақтарын, дәлелдерін, аудармасын және қысқа мағынасын баян қылады).Осы ұлы аят секілді көптеген Құран аяттары мына ғаламның Жаратушысын таныстыру тұрғысынан әрдайым және әркімнің таңғала қарап қызықтайтын өте жарқын, көрнекі тәухидтың парағы боп табылатын көк аспанға назар аудартады. Олай бол-са біз де әуелі содан бастаған жөн болар.Иә, мемлекет секілді немесе мейманханаға ұқсайтын мына дүниеге келген әрбір жолаушы пенде көзін ашып қарағанда көретіні мынау:Өте жомарт біреудің жайған дастарханы немесе өте шебер біреудің көрмесі, яки өте айбынды әскердің мекен-жайы мен тәлім-тәрбие орны немесе көрген жанды бейжай қалдырмай шабыт беретін таңғажайып серуен жай немесе мағынасы терең, хикметке толы зерттеу орны. Олай болса осы тамаша мейманхананың иесін және әлгі алып кітаптың жазушысын және мұндай алпауыт ірі мемлекеттің Сұлтанын танып білгісі келіп тағатсызданатыны анық. Оған ең бірінші болып аспанның ашық, нұрлы жүзі күлім қағып былай дейді: «бері қара! та-нып білгің кеп жүргеніңді мен таныстырайын!» дейді. Қараса: Аспан денелерінің кейбірі жерімізден мың есе үлкен,

13әрі ол алып денелердің кейбірі зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам зымырап барады, саны жүз мыңнан асады. Олардың ешбірін тіреусіз, бір-біріне соғыстырмай тым жылдам әрі бәрін бірге қозғап отырған және әлгі сансыз лампаларды жа-нармайсыз жағып еш сөндірмей тұрған және мүлдем дыбы-сын шығармай, өзара қақтығыстырмай сол саны шексіз үлкен алып денелерді басқарып отырған және оларға Ай мен Күн секілді белгілі бір міндет жүктеп қойған, әсте қарсыластырмай бағындырып отырған, ешбір өлшем бірлігіне сыймайтын әлгі бір-бірінен қашық орналасқан шексіз денелерді бір уақытта, бір қуатпен, бір әдіспен барлығын бірге мұқият дәл реттеп тұрған және мұндай алып әрі аса қауіпті, жойқын қуатты күштерді шамадан асырмай заңына мүлтіксіз бағындырған және ондай құжынаған нәрселерден пайда болатын күл-қоқыс, қалдықтың жиналып аспанның бетін кірлетуге әсте жол бермей қадағалап, көкпеңбек қып тазартқызып отырған және тәртіпті қалың әскердің жаттығуы секілді сан-құбылтып және жерді айнал-дыру арқылы әлгі әскери жаттығуға ұқсас аспан құбылысын әртүрлі қылып, сан-алуан бейнеде әрбір түн мен әрбір жылды бейне бір киноленталар тәрізді көрермен пенделеріне көрсетіп отырған Иләһи рубубиеттің күшінде, оның қызу жұмысы кезін-де байқалатын тәсхир (бағындыру), тәдбир (іс-шара), тәдуир (айналдыру), танзим (реттеу), танзиф (тазарту), таузиф (міндет жүктеу) сынды істерді білдіретін, сол мағыналарды қамтитын үлкен ақиқат, өзінің ұлықтығы мен ауқымдығы жағымен аспанның Жаратушысы міндетті түрде бар екенін, ол жалғыз, әрі біреу екенін, Ол аспанның болмысынан әлдеқайда анық екенін көзге шұқып тұрып көрсеткендей куәлік етеді. Осы мағынаны білдіретін бірінші мақамның бірінші баспалдағында былай делінген болатын:

14Сосын, дүниеге белгілі бір мақсатпен келген әлгі жолаушы қонаққа жәуу-і сәма деп аталатын, ғажайып махшарға ұқсайтын алып кеңістік өзінің күркіреген үнімен дауыстап былай дейді: «Маған қарашы! Сенің қызыға іздеп жүрген және сені осы жерге жіберген құдіретті мен арқылы танып, табуыңа бо-лады».Әлгі жолаушы оның сұсты дегенмен мейрімге толы жүзіне қарады. Қараса, қорқытатыны рас, алайда сүйінші хабар бе-ретіндей түрі бар. Құлақ асып тыңдап, көзін ашып қарағанда көргені; Жер мен Аспанның ортасында қалықтап тұрған бұлттар, өте хикметті түрде жерге мейірім шуағын шашқандай бау-бақшаларды суарып, жердің тұрғындарына абыл-хаят әкеледі әрі ауа-райын реттейді яғни ыстықты басады. Сондай-ақ, қажетке орай әр жерге медет қылып көшіп жүреді. Осы секілді маңызды міндеттерді атқаруымен қоса тәртіпті қалың әскердің бұйрықты тез орындап дереу жасырынып, қайтадан ортаға шыққаны секілді олар да яғни аспанның жүзін жа-уып тұрған әлгі алып бұлттар да бір мезетте жасырынып бөлшектері тынығуға кеткендей болады, аспан шайдай ашық. Кенет «Жаңбыр жау!» әмірі келгенде бір сағатта тіпті бірне-ше минуттың ішінде бұлттар үйіріліп бейне бір қолбасшының бұйрығын күтіп тұрғандай аспан түнере қалады. Сосын әлгі жолаушы жел, дауылға қарады. Қараса олар қыруар міндеттерді өте хикметті әрі берекелі түрде атқаруда. Бейне бір ауа қабатын құрайтын бейсана зеррелерінің әрбірі осы ғалам Иесінің әмірлерін тыңдап, оны таныйтын секілді. Тап-сырманы толық орындап әлгі Ұлы қолбасшының құдіретімен қозғалады, жүйелі түрде жүзеге асырады. Атап айтсақ, жер

15жүзіндегі тіріжандардың тынысталуына қызмет етеді. Оларға қажетті жарық, жылу, электр тоғы секілді заттарды жеткі-зеді, дыбыстарды тасымалдайды, өсімдіктердің тозаңдануына себеп болады. Міне, осы іспеттес көптеген күлли міндет пен қызметтер атқарады. Олар ғаиби құдіреттің күшімен өте сана-лы да білікті түрде тіршіліктің айналасына шоғырланып қызу жұмыс істейді.Енді, жаңбырға назар аударады. Қараса, нәзік әрі мөлдір, тәтті әрі жоқтан жаратылған және ғайып қазынасынан келетін жауынның атқарар маңызды міндеттері, әкелер сыйлықтары өте көп. Жаңбыр береке әкелетіндіктен «Аллаһтың рахымы денеге айналып тамшы түрінде раббани қазынадан жауып жатыр» мағынасында жаңбырды «рахмет» деп те атайды.Сосын найзағай мен жайға назар аударып қарады. Қараса, олар өте керемет әрі таңғажайып қызметтер атқаруда. Сосын көзін жұмып ақылға салып өзі-өзіне былай дейді: «Мына, түтілген жүнге ұқсас мына жаны жоқ, бейсана бұлттар әлбетте бізді танымайды, бізге жаны ашып көмекке өздігінен келмейді. Олар әсте бұйрықсыз пайда болып, өздігінен жасы-рынып қалмайды. Олар міндетті түрде құдіреті күшті әрі аса мейрімді бір Әміршінің бұйрығымен әрекет етеді. Өйткені, ешбір із қалдырмастан тығылып қалады да кенет ортаға шығып жиналады да шаруасына кіріседі. Олар өте қызу жұмыс істеп, мерейі үстем, мәртебесі жоғары, сан құбылтушы, айбынды Сұлтанның әмірімен, күш-құдіретімен уақыты келгенде аспан-ды торлап, қайта сейіліп ашып отырады. Көк аспанды бір тын-бастан хикметке толы жазу жазылып сосын өшіріліп тұратын жазу тақтасына яғни «ләух-ы махв уә исбатқа» айналдырады, сондай-ақ, хашир мен қияметті еске түсіріп өте жарылқаушы, жомарт, әділ басқарушы үстем Патшаның бұйрығымен жел-ге мініп алады да өзімен бірге таудай алып жаңбыр тиелген қазыналарды айдап мұқтаж жерлерге жеткізеді. Құдды оларды

16аяп көзінің жасын төгіп оларды гүл-шешекпен күлімсіретіп, жайнатып жібереді. Сонымен қатар күннің ыстықтығын бір қалыпқа келтіріп салқындатады және су сепкіш сықылды бау-бақшаларға су себелеп жер жүзін жууып тазартады. Манағы ықыласты жолаушы ақылға салып былай деді: Мына, жансыз, ақылы жоқ, әрдайым толқып тұратын, тұрақсыз, үздіксіз қозғалыста болатын ауаны перде қылып яғни сыртқы себеп ретінде пайдаланатын хикметке толы, өте пайдалы, мейрімді де шебер жүз мыңдаған істерге, сый-сияпаттарға, медеттерге қарашы! Ол бізге мына іскер желдің яғни да-мылсыз жұмыскердің өз бетімен әрекет етіп жүрмегендігін дәлелдейді. Бұл міндетті түрде өте қадир (құдіреті күшті), алим (бәрін білетін), өте хаким (өте дана), кәрим (аса жо-март) бір Әміршінің әмірімен әрекет ететінін дәлелдейді. Бей-не бір ауаның әрбір бөлшегі барлық жұмыстың көзін тауып, Әміршінің әр айтқанын түсінетін тілалғыш жауынгер сықылды ауа арқылы жүзеге асатын әрбір Раббани әмірді бұлжытпай орындайды. Сөйтіп, тірі жандардың тыныстауына, өмір сүруіне және өсімдіктердің тозаңдануына, өсіп-өнуіне, тірілікке қажетті заттардың жеткізілуіне сондай-ақ, бұлттардың бір жер-ден екінші жерге көшіп жүруіне яғни жанармайсыз жүретін әлгі кемелердің саяхаттауына әсіресе дыбыстардың, сымсыз теле-фон, телеграф, радио арқылы сөйлесушілердің дауыстарының бір-біріне жетуіне және осы тектес жалпыға ортақ күлли қызметтерінен басқа азот пен оттегі секілді қарапайым екі нәрседен тұратын ауаның зәрелері яғни ұсақ бөлшектері өзара қатты ұқсас бола тұра жер жүзінде жүз мыңдаған түрлі Раббани өнерге толы істерге өте жүйелі түрде Иләһи хикмет тарапынан себеп болуда екен ғой деп түйді. Демек, аятының ашық түсіндіргеніндей, және желдің есуі шексіз Раббани қызметке қолданылады және бұлттардың бағынуы арқылы Рахмани сан-

17сыз істерде пайдаланылады, және ауаны сондай етіп жаратқан тек ғана Уажиб-ул Ужуд уә Қадир-і Күлли Шей, Рабб-ы Зүлжәлал-и уәл Икрам ғана деп тоқтамға келді.Енді ол жаңбырға назар аударады. Қараса жаңбырдың тамшысы қанша болса сонша шексіз пайдалы екенін, түйіршіктерінің санына пара-пар Рахмани сәуле шуақтары бар екенін, ылғалдығы қанша болса сонша хикметтері бар екенін көрді. Әрі сол шырын әрі нәзік, берекелі тамшылардың жаратылысының кереметтігі сонша әсіресе жаз кезінде жауа-тын ірі жауынның реттілігі мен тәртібі өте ғажап. Оларды жер-ге жібергенде өте жұмсақ түсетіні сонша жолда кездесетін жел, дауыл, үлкен құйындар олардың реттілігі мен тәртібін бұзып, тамшыларын бір-біріне қосып зиянды ірі жаңбырға айналдыра алмайды. Осы секілді көптеген хикметке толы істерге әсіресе тіршілік иелеріне көп қызмет атқаратын қарапайым, жансыз, ақылсыз оттегі мен сутегі сықылды жай бір заттан жасалған мына су, жүз мыңдаған хикметті де ақылды әрі сан-алуан қызметтерге, Иләһи өнерге жұмсалуда. Демек, рахымның дене түріндегі көрінісі мына жаңбыр, Рах-ман-ы Рахимнің мейірім толы ғайби қазынасында ғана жасалады және жауып жатқанда аятын көзге көрінетіндей ғып тәпсірлейді. Сосын, жолаушы көктегі жайдың күркіреген дауысын тыңдап, найзағайдың жарқылына қарайды. Қараса ол екі ғажап аспан құбылысы толық түрде аяты мен аятын заттық тұрғыдан тәпсірлеп ғана қоймай сонымен қатар жаңбыр жауатынын хабарлап мұқтаждарға сүйінші әкеледі. Иә, олар жоқтан әрі кенеттен ғажайып дыбыс шығарып аспанды сөйлеткендей, жап-жарық нұр мен жарық шығарып қараңғы кеңістікті әп-сәтте жарық қылады. Және таудай үлкен, мақтадай жұмсақ, іші тола қар мен су, бұршақ болған бұлттарды тұтандырып жібереді де осындай хикметке толы, ғажап

18жағдайымен жерде басы салбырап жүрген бейқам адамдардың төбесінен тоқпақпен ұрғандай былай дейді: «басыңды көтер! Саған Өзін таныстырғысы келетін шебер әрі құдіреті шексіз Жаббардың таңғажайып істеріне қара! Сені сандалтып басыңды бос қоймайтыны секілді бұл құбылыстар да босқа, өз бетінше босқа болып жатқан жоқ. Олардың әрқайсысы көптеген хикметті міндеттер атқарып зыр жүгіруде. Олар-ды Мүдәббир-і Хаким белгілі бір мақсатқа жұмсап, қызмет еткізіп отыр» деп ескерту жасайды. Сонымен, әлгі ынталы жолаушы аспаннан манағы айтылған бұлттың бағындырылуы, желдің айдалуы, жаңбырдың жауды-рылуы, аспан құбылыстарының реттелуі секілді мағыналарды қамтитын ақиқаттың жарқын әрі керемет шәһәдатын яғни куәлігін өз құлағымен естіп, көзімен көрді де «Әмәнтү билләһ» (Аллаһқа иман келтірдім) деді. Бірінші мақамның екінші мәртебесінде айтылған мына сөз манағы жолаушының аспанға қатысты көргендерін білдіреді: Енді әлгі пікірімен саяхат етіп жүрген ойшыл жолаушыға жер шары хал тілімен яғни өзінің халымен былай дейді: «Аспанда, ғарышта, ауада неғып жүрсің? бері кел! Іздеп жүргеніңді мен саған тауып берейін. Сен менің атқарған міндеттеріме қара, мендегі жазылған парақтарды оқы!»Сөзін тыңдап назарын салып қараса: Жер шары тартылыс күшіне тәуелді түрде керемет шыр айналады. Оның екі түрлі әрекеті бар. Осылайша күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауы-сына себеп болатын шеңберді яғни ұлы хашр болатын алаңның

19шекарасын сызып жүр. Ол, үстіндегі жүз мың түрлі тірі жандардың барлық ризық, несібелерін арқалап ғарыш теңізінде тепе-теңдігін сақтай отырып, жүйелі түрде, Күнді айналып сая-хаттап жүзіп жүрген Раббани алып әрі бағынышты кеме. Енді ол жер шарының парақтарын аша бастайды. Қараса, әрбір беті мыңдаған аяттармен Раббысын таныстыруда. Барлығын түгел оқуға уақыт таба алмағандықтан бір ғана парағы болып саналатын тірі жандардың көктем кезіндегі жа-ратылуы мен олардың басқарылуына назар аударады. Қараса, жүз мыңдаған түрдің сансыз тұлғаларының сурет, пішіндері қарапайым бір заттан өте керемет түрде ашылуда. Және өте рахыммен өсіп өніп тәрбиеленуде. Кейбіреуінің тұқымдарына таңғажайып қанат тағып ұшу арқылы әр тарапқа жаяды. Өте жүйелі түрде басқарылып, өте мейрімді қамқорлықпен асыра-лып, сан-алуан, неше түрлі тәтті де дәмді ризықтармен, және ол ризықтар жоқтан, құп-құрғақ топырақтан сондай-ақ, өзара өте ұқсас, парқы аз, сүйек секілді тамыр мен дәнектерден және су тамшыларынан жасалуда.Әрбір көктемді вагон секілді ғайып қазынасынан жүз мың түрлі ризық, несібе тиеп бүкіл жан-жануарларға жіберіп отыр. Әсіресе ризық салынған құтыдай кішкене төлдер мен нәрестелерге арнап, аналарының мейрім толы кеудесіндегі ше-кердей тәтті сүт тұлымдарын алайық. Олар асқан мейрімділік пен қамқорлықты, шексіз даналық пен хикметті көрсетеді. Әрине бұл Рахман-ы Рахимнің аса қамқор, тәрбиеші екенін, бұл оның жарылқау мен рақымының бір ғана сәулесі екенін көрсетеді.Сонымен, осы тірі көктем парағы ұлы махшардың жүз мың үлгі-мысалдарын көрсету арқылы

20аятын материалдық тұрғыдан жарқын түрде тәпсірлейді. Аят болса ол да осы парақтың мағыналарын ғажап түрде жеткі-зеді. Әлгі жолаушы жер шары өзінің барлық парақтарымен, алыптығымен, зор қуатымен дейтінін түсінді. Міне, жер шарының жиырмадан астам үлкен парақтарының бір ғана парағының жиырма бөлігінен бір ғана бөлігінің қысқаша куәлігін көрді. Осы және басқа да парақ пен бөліктерінің куәліктерін қамтитын, және сол көргендерін мег-зейтін бірінші мақамның үшінші мәртебесінде былай делін-ген: Сосын, әлгі ойшыл жолаушы жердің әрбір парағын оқыған сайын бақытқа бөлейтін иманы қуаттанды және рухани дамудың бірден бір себебі мағрифаты артып сондай-ақ, кемел-дік атаулының негізі, ұйытқысы болып табылатын Аллаһқа иман ақиқаты бүршік ашып ашыла бастады да көптеген ру-хани зауық пен ләззат берген сайын оның қызығушылығы одан әрі арта түсті. Көк, аспан мен жердің керемет әрі нақты дәрістерін тыңдаса да яғни «тағы да бар ма екен?» деп тұрғанда теңіздер мен үлкен өзендердің тартымды да ке-ремет қызу құлшылық-зікірлерін, олардың мұңлы да құлаққа жағымды, тәтті дауысын естіді. Олар хал тілдерімен яки да-уыстап былай деді: «бізге де қара! бізді де оқы!». Қарап еді, көргені мынау болды: Тіршілікке толы әрдайым шайқалып, төгілуі, айналасын шайып кетуі және сіңіп жоқ боп кетуі әбден мүмкін теңіздер жер жүзін құшағына алып жатыр. Бір жылда жиырма бес мың

21жылдық қашықтықты жер шарымен бірге өте жылдам жүріп отырса да әсте төгілмейді, тоғысып жатқан құм-топырақты шайып кетпейді. Демек құдіреті күшті, ұлы біреудің әмірімен, оның әмірімен тұр және белгілі бір бағытта әрекет етеді, өзінің белгілі мөлшері сақталып тұрады. Енді ол теңіздің ішіне үңіліп қарап еді, керемет әсем, көздің жауын алатын жауһар тастарға толы. Ішінде одан басқа өмір сүретін мыңдаған түрлі тіріжандардың қоректенуі, олардың басқарылуы, сондай-ақ тұқым жайып көбеюі және ажалы жетіп өлуі өте жүйелі түрде іске асады. Шынымен-ақ, олардың жай бір құм мен ащы судан ризық-несібелері керемет берілетіні сонша, бұл анық түрде бір Қадир-ы Зүлжалалдың, бір Рахим-ы Зүлжамалдың ісі, Соның басқаруы, Соның асырап жатқаны екенін дәлелдеп, көрсетеді.Сосын әлгі жолаушы өзендерге назарын салады. Қараса, олардың пайдасы мен атқарар міндеттері, кіріс-шығыстары өте хикметпен, мейрімді түрде жүзеге асатыны сонша, бүкіл көл мен бұлақтар, сарқырамалар мен үлкен өзендер бір Рахман-ы Зүлжалал-і уәл Икрамның рақым қазынасынан бастау алып, ағып жатқанын анық түрде дәледейді. Тіпті керемет жинақталып, ғажайып ағатыны сонша «төрт өзен жұмақтан бастау алады»деген риуаят бар, яғни олардың сыртқы себеп-салдары әдеттен тыс, ғажайып болғандықтан мағынауи жәннаттың қазынасынан алынып, ғайби, таусылмайтын бұлақтың нұрынан ағып жатыр деген мағынада айтылған.Мысалыға, Мысырдың шөл, сахарасын жер жәннатына айналдырған мүбәрак Ніл өзенін алайық. Ол, оңтүстік тарапындағы «Жәбәл-і Қамар» деп аталатын бір таудан тын-бастан шағын бір теңіз сықылды тынбастан ағып жатыр. Алты айда аққан суы тау қылып жиналса және мұзға айналса әлгі тау-дан әлдеқайда үлкен болып асып кетер еді. Алайда, оған таудан құйылып жатқан жер мен су қоймасы өте аз яғни алтыдан бір

22бөлігін де құрамайды. Ал, оны толтыратындай жауын-шашын әлгі құрғақ, шөлейт жерде өте сирек жауады. Әрі қурап тұратын топырағы жауған жаңбырды тез бойына сіңіріп алатындықтан өте аз жиналатын жауын әлбетте ондай кең көлемді тепе-теңдікті сақтай алмасы хақ. Сондықтан әлгі Мүбәрак Ніл өзені әдеттен тыс ғайби жұмақтан бастау алады деген риуаят өте та-маша әрі терең мағыналы ақиқатты білдіреді. Сонымен, жолаушы теңіз бен өзендердің теңіздей терең ақиқаттарының және куәліктерінің мыңнан біреуін ғана көрді. Барлығы жұмылып теңіздей зор қуатпен дейтінін және оны теңізде тіршілік ететін қанша жәндік болса сонша куәгерлер дәлелдейтінін аңғарды. Теңіздер мен өзендердің жаппай куәліктерін ниет етіп білдіру мағынасында бірінші мақамның төртінші мәртебесінде былай делінген болатын: Енді, әлгі пікірімен саяхат етіп жүрген жолаушыны таулар мен сахаралар шақырып: «біздің де парақтарымызды оқы!» дейді. Қараса, таулардың жалпыға ортақ күлли қызметтері мен атқарар міндеттері орасан зор әрі хикметке толы екен. Ақыл-ой таңғалады. Мәселен, Аллаһтың әмірімен таулардың жер-ден дүмпіп шығуы және жер асты құбылыстардың салдарынан пайда болатын қысым мен ащуын шығарып жіберіп тыныш-тандыруы сондай-ақ, жанар таулардың атқылауы нәтижесінде тыныс алып қауіпті сілкіністерден, зиянды зілзәладан құтылып тұрғындарының мазасын алмай өзінің жүйелі айналу міндетін толық атқарады.

23Демек, кемелердің ауып кетпей тепе-теңдігін сақтауы үшін үстіне тіректер орнатылатыны секілді таулар да «жер» кемесін-де сондай қазынаға толы тірек қызметін атқаратынын Құран-ы Мұғжиз-ул Баян секілді аяттарымен керемет суреттейді. Сондай-ақ, таулардың іші тірі жандарға қажетті сан-алуан заттармен толы яғни шикізаттармен, қазына байлықтармен, кендермен, сулармен, дәрі-дәрмектермен толы. Оларды даналықпен, алдын ала, мұқият реттеліп қойылуы, әлбетте құдіреті шексіз Қадирдің, хикметіне шек жоқ Хакимнің әмірі, олар Аллаһтың мол қазына-байлықтары және қызметкерлері деп түсінді. Иә, таулар мен сахаралардың атқарар таудай алып міндет-тері мен керемет хикметтері көп-ақ. Осы аталған екі міндеті-не басқа да хикметтерін салыстырып таулар мен сахаралардың барлық хикметтері бір өзінің шыр айналу міндетін атқарып түсіндіруші тіл болып, әсіресе ықтияттап сақтық қойма болуы жағымен куәліктері мен айтқан (лә иләһә иллаһу) тәухид сөзі өте қуатты екенін, қуаттылығы мен беріктігі таудай, ал ауқымдылығы сахараның кеңдігіндей алып екенін көрді де «Әмәнту билләһ» деді.Міне, осы мағынаны білдірмек мақсатында бірінші мақамның бесінші мәртебесінде былай делінген болатын:

24Сосын, әлгі жолаушы тауда, сахарада ойша кезіп жүргенде оған ағаштар мен өсімдіктер әлемінің есігі ашылып ішке кіруге шақырды. «Келіңіз, қабаттарымызды да көріп жазулары-мызды оқыңыз!» деді. Ол да ішке еніп қарап еді; Олар өте әдемі әрі көз тартар «тәухид», «тәхлил» зікір алқасын жасап, өзара Жаратқанын мақтап, шүкір етуде. Өсімдік пен ағаштардың барлық түрлері жиналып жаппай: «Лә иләһә иллаллаһ» дейтіндей халде екенін түсінді. Өйткені, жеміс ағаштары мен өсімдіктер жаппай өлшемді де түсінікті жапырақтарының тілдерімен сондай-ақ, әдемі де көркем, өзара ұқсас шешектерінің сөздерімен, тәртіпті де жүйелі ше-шен сөздермен яғни жемістерінің тілімен барлығы қосылып Раббысын тәсбих қылып куәлік етеді және жұмыла «лә иләһә иллаһу» дейді. Мұны дәлелдеп растайтын үш күлли, алып ақиқат бар екенін көрді. біріншісі: Олардың әрқайсысында өте анық түрде әдейілеп жасалатын нығметке бөлеу, сыйлық беру, арнайы түрде жарылқау, өзіне қарыздар қылу мағынасы мен ақиқаты бар екені сезіледі. Сонымен қатар бұл мағына барлығында жаппай күннің сәулесіндей жарқын түрде көрінеді. Екіншісі: Кездейсоқтық әсте араласа алмайтындай әдейілеп әрі хикметпен жасалған өзара өзгешелік, бір-бірінен айырмашылық және ерік-қалаумен болған әрі мейрімге толы әдемілеу, суреттеу мағынасы және ақиқаты әлгі шексіз түрде және жеке-жеке тұлғаларында әшекейлеу ап-анық көрініп тұр. Үшіншісі; Әлгі сансыз жаратылыстың жүз мыңдаған түрі, сан-алуан бейнеде және шексіз пішін-суреттерінің өте тәртіпті де өлшемді әрі сұлу түрде шектеулі әрі санауға болатын әрі өзара ұқсас және қарапайым да жансыз, бір-бірінен айнымай-тын немесе азғана парқы бар әрі тым шатасып жататын дән-дәнектерден шығуы яғни манағы екі жүз мың түрдің бір-бірінен өзгеше, ретті әрі ерекше әрі өлшемді әрі тірі әрі хикметті әрі еш қатесіз жеке-жеке сурет-пішіндерінің ашылуы. Бұл ақиқат аспандағы Күннен де жарқын ақиқат. Және бұл ақиқатты

25дәлелдейтін көктемде қанша гүл, жеміс және жапырақ болса тіпті болмыс қанша болса сонша куәгер-дәлелдер бар екенін білді. «Әлхамдулилләһ» деді.Міне, осы аталған ақиқаттар мен куәліктерді білдіру мағынасында бірінші мақамның алтыншы мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын, пікірімен саяхат қылып жүрген әлгі құмарпаз және дамыған сайын зауқы мен ынтасы арта түскен манағы жо-лаушы, көктем бау-бақшасынан көктемдей алып мағрифат (Аллаһты тану) пен Иман шоқ гүлін алып келе жатқанда оның ақиқат құмар ақылына, мағрифатқа құштар пікіріне хайуанат және құстар әлемінің есігі ашылды. Оны жүз мың түрлі дауы-спен, сан-алуан тілдермен ішке енуін өтініп, «төрлетіңіз!» деді. Ол ішке кірді де мынаған куә болды:Бүкіл хайуанат пен құстардың барлық түрі мен топтары жұмыла сан-құйлы дыбыстарымен немесе хал тілдерімен деп жер бетін бір зікірханаға, ұлы тәхлил 2 мәжілісіне айнал-дырып, әрқайсысы раббани қасида3 немесе әрбірі Сүбхани кәлимә, мағынасы мол жеке-жеке Рахмани әріп іспеттес өз Жаратушыларын сипаттап хамд, мадақ айтып жатқан кере-Сілтеме. Тәхлил – Лә иләһә иллаллаһ сөзін қайта-қайта зікір ету.Сілтеме. Қасида – біреуді мақтап жазылған өлең.

26мет сүйкімді жағдайда екенін көрді. Құдды әлгі хайуандар мен құстардың сезім мүшелері, ағзалары, құрал-жабдықтары ұйқас әрі үйлесімді кәлимәлар, өте ретті де керемет жазылған сөздер секілді. Олар сол арқылы Халлақ (күшті жаратушы), рәззақ (барлығына ризық беруші) Жаратушыларына шүкір етіп, оның уахданиетіне (жалғыз, дара) шәһәдат етіп жатыр. Мұны бұлтартпас дәлелдейтін үш ұлы әрі ауқымды айғаққа яки ақиқатқа куә болды. біріншісі: Кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес, соқыр күштердің, меңіреу табиғаттың жаратуы ешбір тұрғыдан қисынға келмейтін жоқтан бар қылу, хикметпен жарату, шебер әрі таңғажайып, әдейілеп, біле тұра жасау сондай-ақ, жиырма жағымен ілім мен хикметті, ирадені (қалау) көрсететін рух беру, тірілту ақиқаты. Бұл ақиқат, әлемде қанша тірі жан болса сонша куәгер, растаушылары бар бұлтартпас айғақ болып Зат-ы Хаи-ы Қаюмның сөзсіз бар екеніне, оның киелі жеті сипаты-на және жалғыз екеніне куәлік етеді. Екіншісі: Әлгі сансыз жаратылыс бір-бірінен кескіндері әртүрлі, пішіндері сан-алуан, салмақ мөлшері неше түрлі, сурет, түрлері болса тәртіппен өзара айырылып өзгеше болып ерекше-ленеді, безенген, суреттелген. Міне, бұл қуатты да ұлы ақиқат бізге, Қадир-ы Күлли Шей уә Алим-ы Күлли Шей, Аллаһтан басқа ешбір себеп мына қай жағынан болсын таңғажайып, хикметке толы ауқымды іске әсте араласа алмайтынын, ешбір тұрғыдан әсер ете алмайтынын, ортақ болуы мүмкін еместігін көрсетеді.Үшіншісі: Өзара ұқсас немесе бір-бірінен айнымайтын яки азғана парқы бар, шектеулі де құрамы белгілі жұмыртқалар мен жұмыртқашалардан, сондай-ақ «нүтфә» деп аталатын аталық сулардан шексіз жануарлардың сан-алуан және әрқайсысы хик-метке толы мұғжиза түрде керемет сурет-пішіндерін өте ретті әрі ұқсас жағдайда, еш қатесіз тамаша бейнеде ашылуы жарқын ақиқат. Бұл ақиқатты қанша хайуандар болса сонша дәлелдер растап, бекіте нұрландырады.

27Сонымен осы аталған үш ақиқат бірлесе хайуандардың барлық түрі жұмыла (лә иләһә иллаллаһ) деп шәһәдат келтіретіндерін, бейне бір жер шары алып адам секілді өзіне жарасымды зор даусымен (лә иләһә иллаллаһ) деп оны аспан тұрғындарына естіртіп тұрады екен деп түйді әрі тамаша дәріс алды. Бірінші мақамның жетінші мәртебесінде осы аталған ақиқаттарды білдіру мақсатында бы-лай делінген болатын: Сосын, әлгі ойшыл жолаушы Мағрифатуллаһтың толып жатқан мәртебелерінде даму үшін және шексіз зауық пен нұрларына терең шому үшін адамзат әлеміне, инсан дүниесіне енгісі келді. Сол кезде оны әнбиялар шақырды. ол да ішке еніп қараса мынаған куә болды: Адамзаттың ең нұрлы және кәмілдері саналатын күллі пайғамбарлар (ғаләйһиссалам) бір ауыздан жаппай: (лә иләһә иллаллаһ) деп зікір ететінін және жарқын

28әрі расталған сансыз мұғжизаларының қуатымен тәухидті алға тартуда және адамзатты хайуандық деңгейінен періште дәрежесіне көтеру үшін оларды Аллаһқа иман етуге шақырып дәріс беріп жатқанын көрді. Ол да осы нұрлы медреседе тізе бүгіп дәріске қатысты.Қараса, мәшһүр адамдардың ең абыройлы да атақтысы болған манағы ұзтаздардың әрқайсысы әлемдердің Иесі тара-пынан берілетін, және қабыл болғанына белгі-нышан болып табылатын мұғжизалар көрсеткен екен. Соның саясында айтқан хабарларына сеніп халық арасынан үлкен жамағат, бір топ кісі оларға үммет болып мақұлдап иман келтірген екен. Әлгі жола-ушы сол жүз мыңдаған адал да ықыласты жандардың жұмыла әрі бір ауыздан қарар беріп, бекіткен ақиқат қаншалықты қуатты әрі шүбәсіз нақты екенін аңғарды. Және осындай қуатты әрі адал хабаршылардың сансыз мұғжизаларға сүйене отырып айтқан дәйекті ақиқатты жоққа шығарып сенбеген кәпірлер үлкен қателік, ауыр қылмыс жасап отырғандарын және соңында мәңгі азапқа лайық болатындарын түсінді, ал оларға сеніп иман келтіргендер қаншалықты жөні түзу, ақиқатшыл екендерін біл-ді. Сөйтіп қасиетті иманның тағы бір мәртебесі көрінді.Иә, әнбияны (ғаләйһиссалам) Аллаһ тарапынан іс жүзінде растау болып саналатын көптеген мұғжизалар болғаны та-рихта мәлім. Олардың шыншыл екенін айғақтайтын тағы бір нәрсе, дұшпандарының аспани апаттарға ұшырауы және хақ екендерін растайтын жеке басының кемелдіктері, сондай-ақ, ақиқатқа толы тәлім-тәрбиесі, тура екендерін көрсететін мықты имандары және толық ықыластары, жанкештіліктері және қолдарындағы киелі кітап пен парақтары және олардың хақ, тура жолда екенін растаған кәміл жандар яғни олардың ар-тынан еріп ақиқатқа, кемелдікке жетіп, нұрға бөленген сансыз шәкірттер. Міне осыларды есептемегеннің өзінде, олар өзара болымды мәселеге келгенде жұмылып, бір ауыздан бірін-бірі құптап, ынтымақ танытуы жойқын қуат, бұлтартпас айғақ бо-лып табылады. Оған қарсы дүниеде ешбір күш төтеп бере ал-майды. Ол туралы ешқандай күмән, күдік болмауы тиіс. Иман

29шарттарының ішінде барлық Пайғамбарларға (ғаләйһиссалам) иман етудің де болуы бұл растаудың артында орасан зор қуат жатқанын көрсететінін аңғарды. Олардың дәрістерінен иман фейізін алды. Міне, жолаушының аталмыш дәрісін білдіру мағынасында бірінші мақамның сегізінші мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын иманның қуатымен ақиқаттың тәтті зауықын алардыңлған әлгі жолаушы-тәліп, пайғамбарлардың (ғаләйһиссалам) мәжілісінен келе жатып ғұламалардың дәрісханасына жолықты. Олар ғылыми нақты түрде, бұлтартпас дәлелдерге сүйене отырып Әнбияның (ғаләйһиссалам) көтерген мәселелерін дәлелдеген. Асфия, сыддық деп атала-тын олар «мутәбаххир», «муджтахид», «мухаққиқ» атанған яғни ілімге терең бойлап, әдбен көз жеткізген. Енді мұны солар дәрісханасына шақырды. Ол да кіріп, сондағы көргені:Зерек өте талғампаз әрі жоғары мәртебелі мыңдаған зертте-уші ғалымдар шүбәсіз терең де күрделі зерттеудің нәтижесінде ең бірінші Аллаһтың сөзсіз бар екені жайлы, Оның жалғыздығы туралы дәйекті имани мәселелерді ортаға қойған. Иә, әртүрлі бейімділікте, ұстанған жолдары да бөлек-бөлек бола тұра олар иманның шарттары мен негіздеріне келген-де барлығы бір шешімге келіп, әрқайсысы қуатты да нақты айғақтарға сүйенген. Бұл да өзінше бір айғақ болып саналады. Оларға қарсы шығып дауласу үшін олардың барлығын қосқанда шығатын зеректік пен ой-өріс қажет және бұлтартпас күллі айғақтарынан асып түсетін үлкен айғақ керек болар. Әйтпесе, жоққа шығарып сенбейтіндер тек өздерінің надандығынан, және дәлелденбейтін болымсыз жолмен текке қырсығып, көзін тарс жұмып қана тайталаса алады. Ал, көзін жұмған тек өзіне ғана күндізді түн жасайды.

30Бұл саяхатшы осы керемет әрі зәулім дәрісханада әлгі аса қадірлі де алым ұстаздардың шашқан нұрлары мың жылдан астам уақыт бойы жер шарының жартысын жарықтандырып келгенін білді. Бойын рухани күш билеп, мағынауи қуаты тасыған сонша дүниедегі бүкіл кәпірлер бірлесіп тиіссе де төтеп беріп, әсте жолдан тайдыра алмас еді. Міне, біздің жолаушымыздың осы дәрісханадан алған сабағына қысқа иша-ра ретінде бірінші мақамның тоғызыншы мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын, иманы одан әрі қуаттанып, жайқалып ашылған сайын және «ғылм-әл яқин» дәрежесінен «айн-әл яқин» дәрежесіне көтерілген кезде болатын нұр мен зауыққа құштар әлгі ойшыл-жолаушы, медреседен келе жатып сансыз кішкене зікірхана, завиялардың саясында ауқымы кеңіп, өріс алған өте фәйізді де нұрлы, тым алып зікірханаларға, «иршадгахтарға» яғни тәрбие орындарына ат басын бұрды. Ол жердегі Мұхаммедтің (с.а.у) сара жолын ұстанып және Ахмедтің (с.а.у) миғражын паналап ақиқатқа ұмтылған, хаққа қолы жеткен, айнәляқин дәрежесіне көтерілген мыңдаған, миллиондаған жоғары мәртебелі мур-шидтер, ірі тұлға ұстаздар мұны дергахтарына шақырды. Ол кіріп көріп еді; «әһл-и кәшф уә кәрамат» ұстаздар өздерінің көріп-білгендеріне және кәраматтарына сүйене отырып бір ауы-здан (лә иләһә иллаһу) деп Раббани уахдетті, оның вужуб-ы вужудын яғни Аллаһтың сөзсіз бар әрі біреу екенін әлемге жар салып жатқанын сондай-ақ, Күнді сәулесіндегі жеті реңімен тану дегендей, жетпіс реңімен тіпті көркем есімдері-мен Шәмс-и Әзәлидің сәулесінен шашыраған сан-алуан нұрлы түстерге боялған, жалт-жұлт еткен түрлі реңгі бар және неше

31түрлі ақиқатқа бастар тариқаттар құрған, тура жолға апарар сан-алуан ұстанымдар жасаған әлгіндей қасиетті ұстаздар мен нұрлы ариф-әулиелердің жұмыла растаған ақиқаты өте анық та қанық және орасан зор маңызды екенін көрді. Әнбияның (ғаләйһиссалам) бір ауыздан, асфияның ортақтаса, әулиенің өзара сәйкес қарар, шешімдері және осы үш топтың бәрі бірігіп ұйымдасуы Күнді көрсететін күндіздің жарығынан әлдеқайда жарық екеніне көзі жетті. Сонымен, бұл қонақтың зікірхана-дан алған фейіз-нұрға қысқа ишара ретінде бірінші мақамның оныншы мәртебесінде былай делінген болатын:Сосын, адамның кемелденуінің басты себебі, қозғаушы күші тіпті кемелдік атаулының қайнар көзі, негізі және Аллаһқа иман келтіруден, оны танудан пайда болатын Мухабетуллаһ екенін яғни Жаратқанды жаннан жақсы көру екенін түсінген әлгі дүние жолаушысы жан тәнімен, бүкіл сезімдерімен има-нын қуаттауға, мағрифатын одан әрі арттыруға ниеттеніп ба-сын көтерді де аспанға қарады. Өзінің ақылына былай деді:Әлемде ең қымбат нәрсе хаят яғни тіршілік екені рас. Болмыс атаулы сол хаятқа, тіршілікке қызмет етеді. Және тірі заттардың ішінде ең құндысы рух иелері. Ал рух иелерінің ең маңыздысы сана иелері. Және осы маңыздылығына орай жер шары тірі жандарды әрдайым көбейту үшін жыл сайын, ғасыр сайын бірде толып бірде босап қайнап жатады. Олай болса міндетті түрде мына керемет әрі әсем аспанның да өзіне тән тұрғындары, мекен еткен халқы, тірі жандар, рух иелері, са-налы пенделер болмақ керек. Періштелермен көрісу, олармен сөйлесу уақиғалары күмәнсіз түрде бұрыннан бері анық болған әрі сенімді жолдармен бізге дейін келген. Атап айтсақ, Хазіреті Жәбрейіл Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) құзырына

32келіп онымен сөйлескен, оған сахабалар да куә болған. Жола-ушы: «Шіркін! Мен де сол аспан тұрғындарымен көріссем ғой. Олар не дейді екен! Әлемнің жаратушысы туралы ақпаратты солар білсе керек» деп армандап тұрғанда кенет аспаннан бір дауыс естілді: «Сен бізбен көрісіп, дәріс тыңдағың келетіні рас болса, мы-наны жақсылап біліп ал! Ең бірінші, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) пен Қасиетті Құранға сондай-ақ, барлық пайғамбарларға біз арқылы келген имани мәселелерге әу баста біз иман келтірген болатынбыз. Әрі, адамдарға көрінген және біздің жынысымы-здан болған күллі игі әруақтар, бәрі жұмыла осы әлем иесінің сөзсіз болмысына, оның бір екеніне және киелі сипаттарына куәлік етіп, бірін-бірі растайтын дәрежеде ақпарат бергенбіз. Ол сансыз ақпараттың өзара сәйкес болып, үйлесуі нақты дәлел болып табылады. Мұны естіген соң жолаушының иманының нұры одан бетер жарқырай түсті. Бірден жерден көкке ұшқысы келді. Бірінші мақамның он бірінші мәртебесінде былай делін-ген екен: Әлгі құмарпаз әрі ықыласты жолаушы шәһәдат әлемін яғни мына көзге көрінетін материалдық әлемнен және ондағы белгілі заттардың тілдерінен, олардың хал-жағдайларынан сабақ алғаннан кейін, «ғайып әлемін, берзахты яғни қабір әлемін, о дүниені де зерттеп шолып өтейін, ол жақтан да ақиқат іздейін, не дейді екен» деп ойлады. Сонда оған әрбір адамда болатын және әлемнің жемісі болған адамзаттың дәнегі және болмысы өте шағын болғанымен мағына жағынан ғалам секілді кең «мұстақим» «мүнәууәр» ақылдар мен сәлим жүректердің есігі ашылды. Яғни дұрыс ойлайтын ақылдар мен

33таза жүректердің әлеміне кірді. Қараса; Ол екеуі ғайып әлемі мен шәһәдат әлемінің ортасын байланыстырып тұратын адами перделер екен. Екі әлемнің байланысы, өзара қарым-қатынасы адам үшін сол жерде жүзеге асады екен. Сондықтан, жолаушы ақылы мен жүрегіне былай деді: «Келіңдер! Өздерің секілді әлгі сезімдер арқылы болатын, солардың үстінен өтетін, ақиқатқа бастайтын бұл жол әлдеқайда қысқа тәрізді. біз манағы жолдардан, олардың өзіндік тілдерінен дәріс-сабақ алғанымыздан өзгеше яғни имани ақыл мен жүректің қосындысынан, олардың хал-жағдайынан ғибрат алып, ой жүгіртіп пайдаланайық!» деді де ішіне үңіле бастады.Бейімділіктері әртүрлі, ұстанған жолдары да мүлдем ұқсамайтын тура бағыттағы барлық нұрлы ақылдарды алайық. Олар иман мен тәухидке келгенде тоғысып, тамыры терең на-нымдары өзара үйлесіп және көзқарастары, берген қарарлары, шығарған шешімдері өзара сәйкестеніп бір арнаға топтасуы бекерге емес. Демек, әсте өзгермейтін ұлы ақиқатқа жетіп, негізі мықты тұғырыққа тіреліп, тамыры терең жұлынбайтын өзекке сүйенгені ғой. Олай болса олардың иман тұрғысында, Аллаһтың болмысы, тәухид мәселесінде осылай ұжымдасуы, бірігіп қосылуы өте мықты, еш үзілмейтін нұрлы шынжыр және ақиқатқа апарар даңғыл, сол жаққа ашық терезе болып табылады. Әрі қараса; Ұстанған жолдары бөлек-бөлек, қалаған не-гіздері әртүрлі, тіпті бір-бірінен алыс, мүлдем ұқсамайтын әлгі сәлім ақылдар мен нұрлы жүректер иман негіздеріне келген-де өзара түсінісіп, бірлесе, қанағаттана, бір-бірін жақын тарта ақиқатты табуы, тылсым сырларды ашуы әрі бір-біріне сәйкес, тәухид мәселесінде өзара үйлесім тауып бір жерден шығуы әрине тегін емес. Демек, ақиқатқа бағытталған және соған жеткізетін және өзара ұқсас мына кішкене Раббани мағрифат ғаршы саналатын әрі ауқымы кең, аса күрделі және әрқайсысы жеке-жеке Самедтің айнасы болып табылатын жүректер, ақиқат күніне тура ашылған терезелер іспеттес. Ал олардың барлығын

34біріктірсең Күнге айна болып шағылыстыратын алып теңіз сықылды үлкен айна болып шығады. Міне, бұлардың яғни күллі ақыл мен жүректердің Аллаһтың вуджудына (сөзсіз болмысы), уахдетіне (анық жалғыздығы) келгенде бірлесуі, өзара ынтымақтары әлбетте, бізге әсте адаспайтын, адастыр-майтын керемет жетекші, ұлы жолбасшы, дәлел боп табылады. Өйткені, осыншама толассыз әрі тереңіне бойлайтын, мұнша алып әрі өткір ақыл мен жүректерді, күллі назарды ақиқаттан өзге бос ой, шындыққа жанаспайтын жалған пікір, негізі жоқ жәй сыпат жаппай алдатып, шатастыруы әсте мүмкін емес. Оған сенуге болмайды. Мұны мүмкін дейтін қисық ой мен шірік ақылды әлемнің болмысын жоққа шығаратын ақымақ со-фестаилар (скептиктер) де қабылдамай, тонын ала қашар. Мұны түсінген жолаушымыз ақылымен, қалбымен яғни жүрегімен: «Әмәнтү биллаһ» Аллаһқа сендім! деді. Міне, жолаушының «мұстақим» ақылдардан, «мүнәууәр» жүректерден алған имани «мағрифат» сабағына қысқаша ишара ретінде бірінші мақамның он екінші және он үшінші мәртебесінде былай делін-ген болатын:Сосын, ғайып әлеміне жақыннан қарап, ақыл ой ішінде са-яхат қылған әлгі жолаушы: «Апырм-ай, ғайып әлемі бұл ту-ралы не дейді екен» деп қызыға әлгі есікті пікірімен қақты. Яғни, мынау материалдық шәһәдат әлемінің өзінде мұншама

35сұлу әрі көркем, шебер жаратылған нәрселер арқылы өзін таныстырғысы келетін, және мұншама тәтті де әсем толассыз нығметтермен өзін жақсы көргенді қалайтын және мұншама мұғжизалы да шебер істерімен өзінің құпия кемелдігін білд-гісі келетін, және мұнысын сөзбен жеткізуден әлдеқайда ашық әрі түсінікті түрде іспен көрсеткен, хал-жағдаймен жеткізген Құдірет, ғайып пердесінің артында бар екені сөзсіз түсінікті. Әлбетте, әрі оған еш күмән жоқ әлгі құдрет іс жүзінде әрі хал-жағдаймен мұратын білдіргені секілді сөзбен де сөйлемдермен де сөйлейді, өзін таныстырады, жақсы көргізеді. Олай бол-са ғайып әлемі тұрғысынан Оны, Оның шағылыс-көріністері арқылы тануға тырысалық, деді. Ой дүниесі ішке еніп, ақыл көзімен қарап еді: Өте жойқын түрде өзінің бар екенін көрсететін уахилардың (Аллаһ тарапынан Пайғамбарға келетін әмір) ақиқаты ғайып әлемінің әр тарапын жайлап өз үкімін жүргізіп тұрғанын көрді. Ғаламның, жалпы жаратылыстың шәһәдаттарынан (куәлік) әлдеқайда қуатты тәухид жайлы, Аллаһтың бір екені туралы шәһәдатты Аллам-үл Ғуюб (ғайыптың бәрін білуші Аллаһ) тарапынан уахи мен илһам арқылы келіп, білдіріп жа-тады. Аллаһ Тағала өзінің бар әрі жалғыз екенін тек жаратылыс арқылы білдіріп қана қоймайды яғни олардың куәліктерімен шектелмей, өзіне лайық әзәли, мәңгі бітпес сөзімен жеткізуде. Ілімі және құдіреті барлық жерде әзір-назыр Жаббардың сөзі де шексіз болмақ. Сөздерінің мағынасы оны таныстыратыны секілді сөйлеуінің өзі Оны сипаттарымен таныстырады.Иә, жүз мың Пайғамбардың (ғаләйһиссалам) нақты ха-барлауы арқылы және олардың ақпараттары Иләһи уахиға сүйену тұрғысынан бәрі бір жерден шығып, үйлесім табуы және адамзаттың басым көпшілігі мойындаған әрі оларға же-текші әрі өнеге әрі уахимен келген және уахи екені көрнекі болған киелі кітаптар мен аспани парақтар дәлелдеген және мұғжизалар арқылы бекітілген уахи мен илһам ақиқат екенін, анық болғандығын білді және уахидың ақиқаты, оның мән-мағынасы киелі бес ақиқатты қамтитынын түсінді:

36біріншісі; деп айтылғанындай аспани сөздер адамзаттың ақылының деңгейіне, ой-өрісіне қарай түседі. Мұны «тәнәззүлат-ы Иләһи» деп атайды. Иә, өзі жаратқан күллі рух иелерін сөйлеткізген және олардың сөздерін білетін Аллаһ, әлбетте өзі де сол сөздерді қолданып сөйлесуі керек. Бұл оның Рубубиетінің талабы.Екіншісі; Өзін таныстыру үшін ғаламды мұнша шығын-қажетті заттармен керемет қылып, таңғажайып түрде жаратқан және өзінің кемелдігін мыңдаған тілдермен паш еткен Құдрет, әлбетте өзіне жарасымды сөздермен өзін таныстырмақ. Үшіншісі; Жаратылыстың ең таңдаулысы және аса мұқтажы, табиғаты өте нәзік әрі өзіне ынтық, аса құштар кәміл жандардың жалынышты мінәжаттарына, риза болып жасаған шүкірлеріне іс жүзінде жауап бергені секілді сөйлеу арқылы да жауап береді. Бұл оның «халлақиятың» яғни жоқтан бар ету, жарату ісінің талабы.төртіншісі; Ілім және хаят яғни тіршіліктің шартты белгісі және оның жарқын көрінісі болып табылатын «мукалеме» яғни сөйлеу сипаты, әлбетте ілімі шексіз, мәңгі тірі Құдретте шексіз, мәңгі бақи, бітпейтін түрде жағдайда болмақ. бесіншісі; Жақсы көруге лайық, сүйкімді әрі демеуге мұқтаж және өзінің Жаратқан Иесін табуға құмар, жаратылысы пақыр, табиғаты әлсіз, тым әлжуаз, аса құштар, бейшара және келешекті уайымдайтын және жүрегі махаббатқа толы пен-дені жаратқан Құдірет, әлбетте олара өзінің бар екенін сөйлеу арқылы білдіреді. Бұл «улухияттың» талабы. Міне, осы аталған «тәнәззүлат-ы Иләһи», «тағарруф-ы раб-бани», «мукабеле-и рахмани» және «мукалеме-и Сүбхани» және «ишар-ы Самедани» ақиқаттарын қамтитын уахилердің барлығы жаппай бір мағынаны білдіріп, бір мәселеге тоғысуы, сөйтіп Уажиб-үл Ужуд Аллаһтың болмысын, Оның ужудын яғни бар әрі бір екенін дәлелдеуі, бұлтартпас қуатты айғақ бо-

37лып табылады. Бұл айғақ күндіз Күннің шуағы қалайша Күннің бар екенін дәлелдейді, сол секілді бұл ақиқат одан да қуатты дәлел болып табылады, деп жолаушы көңілге түйді. Енді ол, илһамға назар аударды. Оның ішінде де садық илһамды зерттеді. Жалпы алғанда илһам уахиға ұқсас және ол да Раббани «мукәлеме» яғни Раббтың сөйлеуі. Дегенмен, екі парқы бар. бірінші парқы: Илһамнан мәртебесі әлдеқайда жоғары уахидың басым көпшілігі делдалмен яғни періште арқылы, ал илһам болса көбінесе делдалсыз келеді. Мәселен, ұлы Ханның сөйлеуі, оның жарлығы екі түрде бо-лады. біреуі; салтанатының ұлықтығына, жаппай үстемдігіне орай Хан сұлтанға арнаған жарлығын бір шабарман арқылы жібереді. Өзінің билік-салтанатының айбындылығын, әмірінің маңыздылығын көрсету мақсатында кейде әлгі шабарман арқылы құрылтай жасап, сосын жарлығы оқылады, бұйрық-әмірі жеткізіледі. Екіншісі; Бүкіл елді басқарушы Хан сипа-тымен емес, өз атынан, жеке шаруаға қатысты, бір мәселе ту-ралы қарым-қатынас, аса маңызды емес, шағын мәміле үшін қызметшісімен, қарапайым халықпен жеке сөйлеседі, бір теле-фонмен хабарласады. Сол секілді, Әзәли Хан, мәңгі Падишаһ, бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ өзінің ұлық жалпыға ортақ аты-мен, ғаламның жаратушысы ретінде уахи арқылы және уахидің қызметін атқаратын ауқымды илһам арқылы сөйлейді. Соны-мен, қатар әрбір пендемен, әрбір тірі жанмен оынң Раббысы, Халиқы яғни Жаратушысы сипатымен жеке-жеке бірақ перде-лер арқылы және олардың қабілетіне қарай сөйлейді. Екінші парқы; Уахи мөп-мөлдір, тұнық әрі анық, сап және ол ерекше тұлғаларға тән. Илһам болса ап-анық емес, бұлыңғыр, басқа реңдер араласады әрі жалпыға ортақ боп келеді. Атап айтсақ, періште илһамы, адам илһамы, хайуандар илһамы бо-лып көп түрге бөлінеді. Теңіздердің тамшылары қанша болса сонша Раббани кәлимәлар яғни Аллаһтың сөздері болуы әбден

38деген аяттың бір мағынасын түсінгендей болды.Сосын, илһамның мәнісіне, хикметіне, оның шәһәдатына яғни Жаратқанның бар екеніне қалай куәлік ететініне қарады. Қараса, мәнісі, хикметі және нәтижесі төрт нұрдан тұрады екен.біріншсі; «тәуәддүд-і Иләһи» яғни Жаратушы пенделеріне өзін іс жүзінде жақсы көргізгені секілді сөзбенен, құзырменен, сұхбаттасу арқылы да өзін жақсы көргізеді. Бұл «уәдудиеттің», «рахманиеттің» талабы. Екіншісі; Жаратқан Жаббар құлдарының дұға-тілектеріне іспен жауап бергені секілді перделердің сыртынан сөз арқылы да жауап береді. Бұл оның «рахимиетінің» талабы. Үшіншісі; Қиын жағдайларға, ауыр күйге түскен пенделерінің көмек сұраған дұға-тілектеріне, жалынған өтініштеріне іс жүзінде медет беріп құтқаратыны секілді бел-гілі мағынада сөйлеуі боп табылатын илһаммен яғни аян беру арқылы да жәрдем етіп, жөн сілтеуі «рубубиетінің» талабы.төртіншісі; Тым әлсіз, әлжуаз, өте пақыр әрі мұқтаж және өзінің иесін, қамқоршысын, басқарушысын, сақтаушысын танып-тапқысы келетін әрі өзіне құштар саналы пенделеріне өзінің болмысын, құзырын, сақтаушы екенін іс жүзінде біл-діріп, сездіретіні секілді белгілі бір мағынада сөйлеуі боп са-налатын кейбір садық илһамдар яғни дұрыс аян перделердің артынан, әркімге жеке-жеке және әрқайсының қабілетіне қарай «қалб» телефоны арқылы сөйлесіп өзінің бар екенін сездіруі, құзырын білдіруі Улухиеттің мейрімін, Рубубиеттің рахметін көрсетеді әрі оның қатаң талабы боп табылады.Сосын, илһам Жаратушыға қалай куәлік ететініне назар ау-дарды. Мәселен, егер Күнді тірі, түйсік иесі, санасы бар деп және оның жеті реңгі жеті сипаты деп қабылдайық. Онда Күн өзінің жарығындағы шуақтарымен, сәулелерімен белгілі бір мағынада бізбен сөйлесер еді. Оның бейне-болмысы, сәуле-шуақтары мөлдір, жылтырақ заттарға шағылысып көптеген

39жерден табылар еді. Әрбір айна, кезкелген жылтырақ нәрсе, шыны сынықтары, су бетіндегі көпіршіктер, тамшылар тіпті мөлдір зерре бөлшектер оның айнасы болып, Күн әрқайсысымен қабілетіне қарай жеке-жеке сөйлесіп, тығыз байланыс құрып, олардың сұрағанына бөлек-бөлек жауап берер еді. Олардың барлығы Күннің бар екеніне куәлік етеді. Қыруар істі бір сәтте атқара береді, бірақ бір ісі бір ісіне еш кедергі болмас еді. Бі-реумен сөйлесіп жатқанда басқа біреумен еркін сөйлесе бе-реді. Еш қиындық тумайды. Бұл, көзбен көріп, ақылға сыятын мысал. Дәл сол секілді Әзәл мен Әбәдтің сұлтаны, жаратылыс атаулының иесі Зат-ы Зүлжалал уал Жамал, күллі әлемді жара-тушы Шәмс-і Сәрмәдидің сөйлеуі де өзінің ілімі мен құдіреті секілді шексіз, күлли, жалпыға ортақ, барлығын тоық қамтып жататындықтан әрбір нәрсенің қабілетіне қарай тәжәлли етіп көрінеді, жеке-жеке шағылысады. Ешбір сұрақ бір сұраққа, бір іс бір іске, бір сөзі басқа сөзіне кедергі болмайды, әсте араласып шатаспайды. Бұл түсінікті жайт. Міне, әлемдегі барлық Иләһи шағылыс-көріністер, сөйлеу мен илһамдар жеке-жеке және топтасып Әзәли Шәмсі Аллаһтың құзырын, оның сөзсіз бар екенін әрі жалғыз, дара Уахид, Әхад екенін дәлелдейді, куәлік етеді. Мұны жолаушы айнәляқынге жақын ғылмәляқын яғни анық-қанық көрді. Сонымен, біздің құмарпаз қонағымыздың ғайып әлемінен алған мағрифат дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он төртінші және он бесінші мәртебесінде былай делінген болатын:

40Сосын, манағы жолаушы өзінің ақылына былай деді: «Мен ғой ғаламдағы жаратылыс арқылы Жаратқан Иемді іздеп жүрмін. Олай болса бәрінен бұрын осы жаратылыстың ең абыройлысы, мәшһүр тіпті дұшпандарының өзі оның кәміл екенін, әрі ұлы қолбасшы, жоғары мәртебелі Сұлтан, айтқан сөздері маржандай, ақылы мол даны-шпан екенін мойындаған және он төрт ғасырды адамгер-шілігімен, құнды қасиеттерімен, ғажайып Құранымен нұрландырған араб Мұхаммедті (ғаләйһиссалату уәссалам) зиярат етіп, іздегенімді сол Кісіден сұрайын» деп оның өмір сүрген бақыт ғасырына барайық деп, ақылымен бірге Ардақты пайғамбарымыздың алтын ғасырына аттанды. Қараса, ол ғасыр шынымен де аяулы да ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) саясында адамзаттың ең бақытты кезеңі болған екен. Оның әкелген нұры арқылы тым жабайы, мәдениеттен мақұрым, мүлдем сауатсыз халықты қысқа мерзімде дүниеге танымал, ел басқаратындай білікті би, дипломат, қоғам қайраткеріне айналдырыпты. Жолаушы ақылына былай деді: «Біз бәрінен бұрын осы керемет Кісінің (с.а.у) аз да боса қадірін, айтқан сөздерінің ақиқатын, берген ақпаратының шын екенін біліп алуымыз керек, сосын барып одан Жаратушы Иемізді сұрайық» деп оны жақыннан тануға кірісті. Көзі жеткен көптеген нақты дәлелдерден әзірге ауқымы кең «тоғыз айғаққа» жеке-жеке тоқталып бірақ қысқа ишара етілмек.

41біріншісі: Бұл кісінің табиғатының өзі ерекше. Ол, жақсы мінез-құлық пен асыл қасиетке тұнып тұр. Мұны тіпті дұшпандарының өзі мойындаған. Сондай-ақ, аятының ишара ет-кеніндей, бір саусағымен ишара қылғанда көктегі Ай екіге бөлінген-ді. Жауға лақтырған бір уыс топырақ әрқайсысына бір уыс топырақ болып тиген екен. Сусыз қалған қалың әскеріне бес саусағынан аққан кәусар суды қанғанынша ішкізген екен. Осы секілді бізге тәуәтүрмен жеткен жүздеген мұғжизалар болғаны рас. Мұндай мұғжизалардың үш жүзден астамы Он тоғызыншы Мәктуб деп аталатын «Мұғжизат-ы Ахмедия»атты ғажап кітапта нақты дәлелдермен баяндалғандықтан оны соған қалдырып былай деді: «Мұншама жақсы мінез-құлық пен кемел сипаттарға ие әрі әлгіндей көптеген мұғжизаларға бөленген Кісі (с.а.у) әлбетте өтірік айтпайды, айтқанының бәрі дұрыс. Ол жаман мінезділердей жалған айту, өтірік ал-дау, қулық жасау жаман мінезділердің ісі. Ол өйтіп өзін төмен түсірмейді, алдауы әсте мүмкін емес. Екіншісі: Қолына күллі ғаламның иесінің жарлығын ұстаған және ол жарлықты әр ғасырда үш жүз миллион-нан астам адамдар оқып қабылдап, растаған және ол жарлық яғни Қасиетті Құран жеті тұрғыдан алғанда таңғажайып са-налады. Сондай-ақ, осы Құранның қырық жақтан керемет, мұғжиза екендігі және ол ғаламның иесінің сөзі екені қуатты дәлелдермен Жиырма бесінші Сөз және Мұғжизат-ы Құрания атты Рисалей-Нұрдың жұлдызы боп саналатын мәшһүр рисале-де жан-жақты баяндалғандықтан оны соған сілтеп былай деді: Мұндай іші толы ақиқат, хақ жарлықтың хабаршысы, аудар-машысы, жеткізушісі Расулуллаһ (с.а.у), әлгі киелі жарлыққа қастандық, Иесіне қиянат болып табылатын жалған сөйлеуден аулақ, өтірік алдауы әсте мүмкін емес.

42Үшіншісі: Ол Кісі (с.а.у) керемет бір шариғатпен, керемет дін Исламмен, ғажайып ғибадатпен, сұмдық дағуатпен, жойқын иманмен ортаға шықты. Ондай құндылықтар ешкімде жоқ, та-рихта болмаған, болмайды да. Одан артық кемелдік болмас сірә!. Өйткені Ол кісі үмми болатын яғни я жазу, я оқу білмей-тін. Бірақ әкелген шариғаты он бес ғасыр бойы және адамзаттың бестен бірін өте әділ түрде, ақиқатқа бастап, адамзатты хақ, тура заңдарымен басқаруы теңдесіз емей не!? Әрі, сондай үмми Кісінің (с.а.у) жүріс-тұрысынан, айтқан сөздерінен, хал-аху-алынан бастау алған дін Ислам, әр ғасырда үш жүз миллион адамға жол көрсетіп, данышпан ұстаз, күн көсем, күллі ақылға мұғалім, жүректердің нұрландырушысы, нәпсілерді тазартушы, тәрбиеші, ағартушысы, рухтардың кемелденіп қабілеттердің ашылуына бірден-бір себеп, дәнекер болуы тұрғысынан оған ешнәрсе жете алмаған, жетпейді.Әрі, дініндегі құлшылық-ғибадаты ерекше керемет. Ол ғибадаттың барлық түрінен озық. Өзі баршадан артық тақуа болуы, Аллаһтан ерекше қорқуы, керемет түрде әрдайым күрес пен аласапыран ішінде жүрсе дағы құлшылықтың бүке-шүкесіне дейін толыққанды орындауы әрі ешкімнен көшіріп алған да емес, толық мағынада, алғаш рет бірақ ең кемел түрде, және басы мен соңын яғни әуелгі халімен соңғы халін бірік-тіре отырып құлшылық етуі әлбетте теңдесіз, теңі болмайды да. Әрі Раббысына жасаған мыңдаған дұға-тілектері, мінәжаттары өте ғажайып! Мәселен «Жәушан-үл Кәбир» атты мінәжатында Раббысын мағрифат қылуы яғни Аллаһты танып-таныстыруы, Оны дәріптеуі керемет. Ол, Раббысын тамаша сипаттайтыны сонша ықылым заманнан бері мағрифат қылушылар мен әулие-абыздар бір-біріне жәрдемдесе отырып жасаған мағрифаттары оның биік мәртебесіне, сипаттау дәрежесіне жете алмауы дұға етуге келгенде де теңдесі жоқ екенін көрсетеді. Мінәжат рисалесінің басында Жәушән-үл Кәбирдің тоқсан тоғыз шумағынан бір шумағының қысқа мәні баяндалған жерге қараған адам: «Дұғасының өзі теңдесіз!» деп айтары сөзсіз.

43Әрі, рисалет міндетін яғни пайғамбарлық уазипасын орындағанда, ақиқатты жеткізу, халықты хаққа шақыру бары-сында көрсеткен табандылық, қайсарлық, батырлық ол өзінше бөлек тақырып. Алпауыт мемлекеттер мен ірі діндер тіпті өзінің қауымы мен руы, туысқан көкесі қарсы болып, қастық қылса да титтей де болсын бәсеңсіп, саспауы, алаңдамай еш үрейге беріл-меуі және бір өзі бүкіл дүниеге атой салып соңында жеңіске жетіп дін Исламды дүниеге мойындатуы, бұл оның ақиқатты жеткізуде, дағуатта теңі жоқ екенін, болмайтынын көрсетеді. Әрі иманы таудай асқар, әбден көзі жеткен, сенімі тым мықты әрі нанымы берік. Олай дейтінім, сол заманда үкімі жүріп тұрған көне діндер, қоғамда қалыптасқан көзқарас-пікірлер, дана-ойшылдардың хикметтері мен рухани басшылардың ілімдері түгелдей қарсы, мүлдем үйлеспейтін тіпті жоққа шығаратындай қайшы бола тұра оның нанымына, пікіріне, сеніміне, ойына әсте күдік, бірде-бір күмән, кері шегіну, уәсуәсә туғызбаған және руханиятта кемелдену үстінде болған әу баста сахабалар, сосын күллі әулие, асфиялар оның иманынан фейіз-нұр алуы және оны әрдайым жоғары дәрежеде көруі анық түрде иманының да теңдесіз екенін көрсетеді. Сонымен, мұндай теңдесіз шариғат пен ерекше Ислам дінінің иесінің және керемет құлшылық еткен тақуаның әрі ғажап дұға қылушының сондай-ақ, әлемге аты шулы кәміл иман иесінің өтірік айтуы мүмкін емес, сөзі жалған болуы ақылға сыйымсыз деп түсінді, мұнысын ақылы да қоштады. төртіншісі: Қалай, әнбиялар (аләйһтссалам) ұйымдасып Аллаһтың ужудын, уахданиетін яғни бар әрі бір екенін қуатты дәлелмен растаған, дәл солай олар бұл Кісінің (с.а.у) пайғамбар екенін растап, куәлік етеді. Өйткені, әнбия аләйһиссаламның рас әрі пайғамбарлар екенін дәлелдейтін қанша киелі сипаттар мен мұғжизалары, атқарған міндеттері болса бұл Кісіде (с.а.у) ол қасиеттер өте жоғары дәрежеде болғаны тарихи көздерден дәлелденген. Демек олар, қалайша жазбаша түрде Тәурат, Інжіл, Зәбүр секілді аспани кітаптарда және көктен түскен парақтарда

44ол Кісінің (с.а.у) келетінін хабар беріп адамзатқа сүйіншілеген болса – мұндай көктен түскен кітаптардың Пайғамбарымыз жайлы сүйінші ишари хабарларынан жиырмадан астамы және өте анық түрлері Он тоғызыншы Мәктубта жақсылап дәйекті түрде баяндалған болатын – дәл сол секілді олар хал тілдерімен де яғни пайғамбарлық арқылы және мұғжизаларымен өздерінің жолдасы, киелі қызметтесі болған осы ұлы тұлға, кәміл адамды растап мүддесін қоштаған. бесіншісі: Осы ұлы тұлғаның ереже-заңын сақтап, тәрбиесіне көніп, ізінен еру арқылы хақ пен ақиқатқа, кемелдік-ке, кереметке, кәшфиятқа, мүшәхәдатқа қолы жеткен мыңдаған әулиелер уахданиет мәселесін бірауыздан растап, куәлік еткен-дері секілді, ұстаздары болған ол кісінің растығына, пайғамбар екеніне бір ауыздан, ұйымдаса куәлік етеді. Оның ғайып әлемі туралы ақпаратының кейбірін олар әулиелік нұрымен көріп, айтқан хабарларының бәрін иман нұрымен, я «ғылыми яқын» немесе «айнәл яқын» не болмаса «хаққал яқын» түрде сеніп растаған. Міне, бұл да ұстаздары болған ол кісінің қаншалықты ақиқатшыл, турашыл екенін көрсетеді. Жолаушы осыны түсінді. Алтыншысы: Бұл кісі үмми бола тұра әкелген ақиқаттарының саясында және бұрын-соңды болмаған ілім мен жаңадан ашқан Иләһи мағрифат дәрісінің арқасында ілімнің биік шыңына жеткен миллиондаған «мудаққиқ асфия» мен «мухаққиқ сыддықтар» және зерек, дана хәкім мүминдер бұл кісінің басты мүддесінің негізі болып табылатын «уахданиетті» қуатты айғақтармен бір ауыздан дәлелдеп, растап отыр. Олар әлгі ұлы ұстаздың, жоғары мәртебелі көсемнің анық ақиқатшыл екеніне, айтқан сөздерінің рас екеніне жұмыла куәлік етеді. Олардың куәліктері Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбар екені-не, рас шынайы екеніне айдан анық дәлел болып саналады. Мәселен, Рисалей-Нұр өзінің жүз кітапшасымен осы кісінің шынайылығына бұлтартпас дәлел болып табылады.

45Жетіншісі: «Әл уә асхаб» дейтін ақырғы елшіге ерушілер және адамзаттың әнбиядан кейінгі парасатты, көрегенділігімен аты шыққан кәміл жандар және аса құрметті де діндар, ойы өткір кісілер, жіті қадағалап, қатты қызығып, тапжылмастан мұқият түрде ол Кісінің барлық жасырын не ашық бүкіл жағдайын, жүріс-тұрысын зерттеп, талдап, ақырында Ол кісінің дүниеде ең адал, шыншыл және дәрежесі өте жоғары әрі пиғылы дұрыс, ақиқатшыл адам екеніне көздері жетіп, бір ауыздан мойын-дап бекіткен және толық иман келтірген. Бұл да күндіз Күннің жарығын дәлелдейтіні секілді бұлтартпас дәлел боп саналады. Жолаушы осыны ұқты. Сегізіншісі: Мына әлем өзінің жаратылуы, басқарылуы, реттелуі, суреттелуі, өлшемді болуы, ұйымдастырылуы жағымен зәулім сарай яки бір кітап немесе бір жайма, бір көрме секілді болып оны салған ұстаны, жазушыны, суретшіні көрсетеді. Сонымен қатар осы әлемнің жаратқандағы Иләһи мақсаттарды білетін, білдіретін және құбылыстарындағы Раб-бани хикметтерді үйрететін және белгілі бір міндет атқаратын қозғалыстарыдағы нәтижені, пайдаларды дәріс беретін, мән-мағынасын ашып, қадір-қасиетін түсіндіретін, болмыстың кемелдігін паш ететін және әлгі алып кітаптың мағынасын тұжырымдайтын жоғары мәртебелі делдал, тылсым сырларды ашатын турашыл жан, сенімді ұстаз, адал мұғалім керек. Ғалам оның міндетті түрде болуын талап етеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда мұндай міндеттерді бәрінен адал, жоғары дәрежеде атқарған осы кісінің растығына және ол мына ғалам иесінің жоғары мәртебелі, шын берілген қызметшісі екеніне куәлік етеді. Жолаушы осыны аңғарды. тоғызыншысы: Мына шебер әрі хикметпен жаратылған болмыс арқылы өзінің өнерін, шеберлігінің кемелдігін жария қылғысы келетін және осынау әсем сұлу сансыз жаратылыс арқылы өзін таныстырғысы келетін әрі өзін жақсы көргенді қалайтын және мына тәтті де қымбат нығметтерімен өзіне мадақ пен шүкір, хамд еткізгісі келетін және мына мейрім-

46ге толы қамқорлық жасап жаппай тәрбиелеп, ризық несібе-мен асырау арқылы, тіпті тілдің өзін сан-алуан зауық пен ләззат беретіндей күрделі етіп жаратқан, тәбеттің небір түрін беріп қанағаттандыратын Раббани нығметтер мен ас-дәмдер арқылы өзінің рубубиетіне ризашылық білдіріп шүкір етуін, табынатындай құлшылық қылуды қалайтын сондай-ақ, төрт маусымды, түн мен күнді ауыстыру секілді алып істер жасап, хикмет толы құбылту, жоқтан бар ету арқылы өзінің улухи-етін яғни Аллаһ екенін көрсеткісі келетін және өзіне иман кел-тіріп, мойынсұну, бағыну керектігін білдірген және әрдайым жақсылыққа ынталандырып, жақсыларды қорғаштап ал, жаманшылық пен жамандарды тойтарып, аспани апаттармен залымдарды ауыздықтап, суайт, өтірікшілерді әшкерелеп, осы-лайша өзінің хаққаниетін, әділдігін көрсеткісі келетін перденің артында Құдрет бар. Әлбетте, оған еш күмән жоқ! Олай бол-са сол ғайби Құдіреттің ең сүйікті пендесі және турашыл құлы және жоғарыда аталған киелі мақсаттарына адал қызмет етіп, әлемнің жаратылысындағы тылсым-сырды ашып әлемге паш еткен және әрдайым Раббысының атымен әрекет еткен, Одан жәрдем мен сәттілік тілеп және әрдайым Одан медет алып, таупыққа бөленген Мұхаммед-і Құрайши деп аталатын кісі осы болса керек. Жолаушы ақылына деді: «Осы аталған тоғыз ақиқаттар Оның адалдығына куәлік ететіні рас. Олай болса әлбетте, бұл адам адамзаттың бетке тұтар мақтанышы, әлемнің абыройы және оны «Фахр-ы Әлем», «Шәрәф-і бән-и Адам» деуге әбден лайық. Сондай-ақ, қолындағы ұлы жарлық, күллі әлемге жол-дау Қасиетті Құран дүние жүзінің жартысына рухани үстемдік етуі және жеке тұлға ретінде өзі де кемелелденіп жоғары қасиеттерге ие болуы бізге мынаны білдіреді: Бұл әлемде Ол кісінің маңызы зор және Жаратушымыз жайлы ең дұрыс сөз Оған тиесілі. Міне, сен де кел, қара! Осы бір керемет ерекше тұлғаның анық әрі нақты жүздеген мұғжизаларының қуатына және дініндегі мыңдаған терең ақиқаттарына сүйене отырып былай демекпіз: Оның алға қойған биік мақсаттарының ең ба-

47стысы және өмір бойы талпынған арманы Уажиб-ул Ужудтың бар екенін, оның жалғыз, дара екенін, есім-сипаттары кемел екенін халыққа жеткізу және оған куәлік етіп әлемге паш ету болып табылады. Демек, Ол – мына ғаламның рухани Күні, Жаратқанның жарқын айғағы, ең сүйікті Хабибуллаһ. Оның осы куәгерлігін растайтын, қуаттап бекітетін әсте алданбайтын, алдамайтын үш үлкен иджма яғни пікір бірлігі бар.біріншісі: «Егер ғайып пердесі ашылса яқиным өзгермейді яғни анық білген нәрсем одан сайын анықталып кетпейді» деген Хазіреті Али (радиаллаһу анһ) секілді және өзі жерде тұрып ағзам ғарышты, сондай-ақ Исрафилдің зор тұлғасын көрген Ғаус-ы Ағзам (қуддусу сыррух) сынды назары өткір, ойы ұшқыр, ғайыпты көре алатын мыңдаған «қутуб» пен ұлық әулиелерден құралған және Әл-і Мұхаммед деп аталатын әлемге танымал нұрлы жамағаттың бір ауыздан иджма қылып бірлесе растауы. Екіншісі: Алғашында бәдәуи, оқу-жазу білмейтін, қоғамдық өмірден бейхабар, саяси сауатсыз, кітапсыз және надандыққа белшеден батып жүріп дереу, тез арада өте мәдени, сауатты, қоғамдық әрі саяси өмірді әбден меңгерген, сөйтіп мәдени өркениетті халықтарға, ірі мемлекеттерге жетекші ұстаз, әрі ди-пломат әрі әділ басқарушы би болып шығыстан батысқа дейін ұлан ғайыр құрылықтарды басқарған, өздері «Сахаба» деген атпен танымал, мал-жандарын, керек болса әке-шешесін, руын пида еткен мәшһүр жамағаттың бір ауыздан ұжымдасып раста-уы, олардың қуатты иман келтіріп мойындауы.Үшіншісі: Әр ғасырда мыңдаған өкілдері болатын және не-бір пән мен ғылымда ілгері, сан-алуан салада озат, үмметтің ішінен шыққан сансыз кәміл жандар мен ірі ғұламалардан, ілімі терең ғалымдардан құралған үлкен жамағат бір-біріне сәйкес ғылыми, нақты түрде растауы.Демек, бұл кісінің уахданиетке куәлігі жеке басына қатысты кішкене мәселе емес. Ол жалпыға ортақ, ауқымды да күлли, шектелмейтін, мызғымас берік, бүкіл шайтандар жиналса әсте қарсы шыға алмайтын шәһәдат (куәлік) екен деп шешті.

48Сонымен, Ардақты пайғамбарымыздың бақытты дәуіріне ақылымен саяхат еткен өмірге қонақ, дүния жолаушысы осы нұрлы медреседен алған дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он алтыншы мәртебесінде былай делінген болатын: Сосын, бұл дүниеде өмірдің мақсаты, өмірді өмір қылып тұрған иман екенін түсінген әлгі шаршамайтын, тыным тап-пайтын жолаушы өз-өзіне былай деді: «Мен іздеп жүрген Құдіреттің кәламы яғни сөзі деп аталатын дүниеде аты шулы, мерейі үстем, өте жарқын және өзін қабылдамай ерегіскендерді жаппай айтысқа шақыратын Қасиетті Құран кітап бұл туралы не дейді, соны тыңдап көрейік. Бірақ, ең әуелі бұл кітап бізді Жаратқанның сөзі, аспани кітап екенін дәлелдеу керек болар» деп іздестіре бастады.Жолаушы бұл заманның адамы болғандықтан ең бірінші Қасиетті Құранның мағынауи ғажап тәпсірі болған Рисалей-Нұрға жүгінді. Оның жүз отыз кітапшалары Құрани аяттардың нүктелері, сәуле-шуақтары, терең түсініктемесі екенін аңғарды. Және ол тым қырсық, тәкәппар әрі дінсіз ғасырда жарыққа

49шығып әртарапқа Құрани ақиқаттарды батыл түрде қаймықпай жайса дағы қарсы алдына ешкім шыға алмауы, оның ұстазы, қайнар көзі, бұлағы Құран Кәрім әлбетте аспани, Құдайдың сөзі, адамның сөзі емес. Тіпті, Рисалей-Нұрдың жүздеген кітапшаларынан бір ғана рисалесі, Құранның айғағы Жиырма бесінші Сөз бен Он тоғызыншы Мәктубтың соңғы тарауы Құранды қырық тұрғыдан қолға алып керемет мұғжиза екенін дәлелдейтіні сон-ша көрген жандар мінемек түгіл таңғала қайран қалып, жоғары бағалап риза болған. Жолаушы дәл қазір Құранның таңғажайып тұстарын және оның хақ Кәламуллаһ екенін дәлелдеуді Рисалей-Нұрға сілтеп тек қысқа ишаралармен оның ұлықтығын көрсететін бірнеше тұжырымға тоқталды. бірінші тұжырым. Қалайша Құран, өзінің күллі мұғжизаларымен және хақ екенін дәлелдейтін ақиқаттарымен Мұхамед пайғамбардың (с.а.у) бір мұғжизасы саналады. Сол секілді Мұхаммед пайғамбар да (с.а.у) өзінің бүкіл мұғжизаларымен, пайғамбарлық дәлелдерімен және ілім тұрғысынан кемелдігімен Құранның бір мұғжизасы боп сана-лады әрі Құран кәламуллаһ екеніне нақты дәлел боп табылады.Екінші тұжырым. Құран қоғам өміріне нұрлы да жарқын өзгеріс, бақыт пен шаттық сыйлаған. Әрі адамдардың нәпсілерін тәрбиелеп, рухтарын биіктеткен. Адамның ақылын толықтырып жеке бастың және қоғамдық өміріне, әрі саяси ахуалға жағымды ықпал етіп түбегейлі өзгеріс енгізген. Әрі оны әрімен қарай жалғастырып, рухани үстемдік етіп келеді. Он ғасырдан астам минут сайын оның алты мың алты жүз ал-пыс алты аяты аса құрметпен ең азы миллиондаған адамдар та-рапынан оқылуда. Ол адамдарды тәрбиелеп, нәпсілерін жөнге салып, көңілдерін тазартып, рухтарына қанат беріп, биікке көтерді. Ақылға тура жол, дұрыс бағыт, болашаққа нұр, өмірге нәр сыйлап келеді. Әлбетте, мұндай кітаптың теңі табылмас, ол таңғажайып әрі бәрінен жоғары, мұғжиза.

50Үшінші тұжырым. Құран сонау ғасырдан қазірге шейін бәлағат яғни шешендік, тіл өнерін шебер пайдаланғаны сон-ша, Қағбаның дуалына алтынмен жазып іліп қойған аты шулы ақындардың «Муаллақат-ы Сәбға» деп аталған танымал мәшһүр өлеңін төмен түсіріп алып тастауға мәжбүр қылған. Ләбидтің қызы әкесінің әлгіндей ілулі тұрған өлеңін алып жатқанда былай деген екен: «Мұның Аятқа қарсы тұрарлық бір құны қалмады». Және бәдәуи араб шешені аяты оқылғанда ести сала сәжде қылған деседі. Одан: «Сен мұсылман болдың ба?» деп сұрағанда: «Жоқ! бірақ мен мына аяттың бәлағатына яғни шешендігіне қайран қалып сәжде жасауыма тура келді» деген екен. Сондай-ақ, бәлағат ілімінің дана, кемеңгері Абдүлқадир-і Джуржани, Сәккаки және Зәмахшари сынды мыңдаған орақ ауыз, тілмәр, шешен имамдар мен ғалым-ғұлама, әдебиет қайраткерлері «иджма» түрде бір ауыздан құптап, Құранның бәлағатына адамның тағаты жетпейді, бұлай сөз саптау ешкімнің қолынан келмей-ді, деп бір ұйғарыма келген. Әрі, Құран түскен заманынан бері қарсыластарын әрдайым айтысқа шақырып өркөкірек, мен-меншіл ақындар мен шешендердің қытығына тиіп, намысын аяқ асты етіп былай дейді: «Сендер бір ғана сүреге тең ке-лер жазу әкеліңдер! Әйтпесе дүниеде де ақыретте де сорлап, қор боласыңдар!». Сонда әлгі ғасырлардың қырсық шешен-дері бір түйір сүреге ұқсас жазу жазып жеңіске жетудің қып-қысқа жолы тұрғанда ұзақ әрі мал-жанға қауіпті соғыс жолын таңдағандарына қарағанда мәселені ол жолмен шешу мүмкін емес-ті.тіпті, біреу аятын оқып: «Мұның таңғажайып шешендігін көре алмай тұрмын» депті, сон-да оған: «Сен де мынау жолаушы секілді сол заманға ба-рып, сол жерде тыңда!» депті. Ол өзін Құраннан бұрыңғы заманда жүргендей елестетіп еді, болмыс атаулы астан-кестең,


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook