жиналған халықтар қол соғып құрмет көрсетiстi. Екi бiлегiне екi аттың қайысын iлiп алып қозғалтпай тұрған палуанды да көрдi жұрт. Созған қолының алақанына тақтай қойып, төрт адам мiнгiзiп цирктiң шеңберiн айналғандар болды. Төбесiнен тұрып, аяғының үстiне тақтай қойып, алты адам ойнатқандарды көрдi жұртшылық. Екi пұттық тасты кеудесiне қойып, жарты пұттық шойын балғамен ұрып сындыртты бiр палуан. Үндiстан палуаны өз мырзасын үй iшiмен, жайылған дастарқан, құюлы шарабымен дөңгелек тақтайға отыр-ғызып төбесiмен көтерiп келдi көпшiлiктiң алдына. Африка палуаны отыз пұттық пiлдi иығына тұрғыз-ған бойы көпшiлiктiң алдынан өттi. Тағы толып жат-қан күш өнерiн көрсетушiлердi Париж халқы қошеметтеп қарсы алды. Ойын мерзiмi аяқталып, жұрт тарқарда: – Ертең Россия палуандарының өнерiн көресiздер, – деп хабарлады цирк басқарушысы. Цирктiң бiрiншi күнi өте көңiлдi өттi. Соғылған қол Париждiң қаласын жаңғықтырды. Өнерiн көрсеткен күш иелерiн əркiм əр түрлi етiп аңызға айналдырып бара жатты. Келесi күнi цирк маңынан жан жүрiп болар емес. Мерзiмдi сағаты жеткенде қоңырау да безiлдеп қоя бердi. Алуан түрлi халық иiн тiресiп iшке кiрiп жатыр. Жұрт орындарына отырғаннан кейiн цирк ашылғанда орталық шеңбердiн алаңында басқа палуандардың дайындатып қоятын ойын құралдары көрiнбедi. Алаңның қақ жартысын басып дөңгелек, қалың тақтай жатыр. Осыдан басқа көз тартар ешбiр зат жоқ едi. «Е, бұлар өнерлерiн жүгiрiп, секiрiп көрсетедi екен ғой... онысы күнде көретiн ойындарымыздың бiрi шығар», – деп ойлады отырғандар. Россияның палуандарын күтiп отырғандардың арасына əр түрлi өсектер де лезде тарап жатты. «Орыстар бала-шаға жiберiп, суретiн көрсете алмай отырмыз», дегендi есiткендердiң жiгерi құм болғандай, үмiтi кесiлгендей болды. Оқуды жаңадан бiтiрген палуандар дегендi естiгенде, əйтеуiр:
«кiшкене бейнелi бiреулер шығады екен», – деп күттi. Сабыры сарқылған жұрт қолды соққан үстiне соқты. Əдет бойынша палуандар ортаға шығып, басқарушы олардың атын айтқанда көрермендер бастарын изеп сүйiспеншiлiктерiн бiлдiрер болар едi, бұларда ол жоқ. Самсап келiп тұрған палуандар жоқ. Алаң əлi бос тұр. Əлден уақытта ойынды басқаратын француз шықты. – Орыс палуандарының күш көрсететiн ойыны бас-талды, тыныштық, сақтауларыңызды сұраймын, – дедi. Елеңдеген ел, цирктiң қосалқы есiгiне қарасты. Он сегiз пұттық рельске цирктiң жиырма бес қызметшiсiн мiнгiзiп, денесiнiң бұлшық еттерi бiлеуленiп бiреу шықты. Жайлап келiп басқан аяғынан ешқандай ауырлықтың əсерi бiлiнбейдi, бейнебiр мереке маршына ерiп келе жатқан əскердiң адымы сияқтанады. Жан-жағына паңдана қараған ол ортаға келiп тұрған кезде: – Шығыс Европаның үздiк атағын алған орыс пал-уаны Дубный осы, – дегенде алдыңғы қатарда отыр-ғандардың үрейi ұшып кеткендей болды. Ал қалың көпшiлiктiң дүбiрi цирктi жарып жiбергендей. Палуан алаңды бiр айналып ортаға тұрды да, отырған елден тағы бiрнеше кiсi шақырып, рельстiң екi басын бастырды. Қырық кiсiнiң салмағымен иiлген рельс-тiң екi басы жерге тидi. Сонша салмаққа бүгiлмеген алып тұлға темiрден құйған мүсiндей болып көрiндi. Оның артынан сегiз пұттықтан екi сандық тасты қолтықтап, екi пұттық шойын балғаны тiсiмен тiстеп келген палуанды: – Дмитрий Мартынов, – деп таныстырды көпшi-лiкке. Сəлден кейiн бес пұттық екi гирдiң тасын екi шынашағына iлiп, резинка доптай ойнаған күйi келiп кiрген палуанды: – Бұл – сахалиндiк Иван-Корень, – дедi цирк басқарушысы. Соңғы екi палуан осындай ауыр заттарды көтере келiп көпшiлiкке күштерiн көрсетiп өткеннен кейiн, басында айыр қалпағы бар, үстiне ала жiбек шапан киiп, жалпылдақ жүндi үлкен айыр өркеш атанға мiнген бiреу шықты. Бұл көрiнiс Европа елiне Шың-ғыс хан тiрiлiп қайта келгендей болды. Балалар шуылдап, үлкендердiң соққан қолдары оның аты-жөнiн айтуға да мұрша бермедi. Отырғандар орындарынан тұрып, бiрiнiң иығына бiрi асылып, таңырқай қарап, көпшiлiктiң дүбiрiнен цирктiң iшi дауыл соққандай болды.
Бiрақ онымен палуанның жұмысы болмады. Түйеден түсе қалып, оның алдыңғы екi аяғын балтырымен қағып жiберiп: – Шөк, – дедi. Иығынан қапсыра ұстап, тұқырта басқан құдiреттi қол атанды «мыңқ» дегiзiп, шегерiп тастады. Жүндес сирақтарының бүктесiнiне қайысты iлiп жiберiп, баурына салған мықты қайыстан ұстап түйенi өз иығына қағып салды да, көтерген бойымен цирктен қайта шығып кеттi. Көзiн қадап, анталап тұрған жұрт қалай көтерiп əкеткенiн де бiлмей қалды. Палуанды қайта шақырған көпшiлiктiң үнi цирктiң iшiн жаң- ғыртып жiбердi. – Қайда əлгi алып шақыршы өзiн, анықтап көрейiк! – деген дауыстарға: – Сабыр етiңiздер, келедi қазiр, – деп булықты бас-қарушы. Қайта көруге асығып, есiкке қарай үңiлген ел палуанның ақ қалпағы көрiне бергенде-ақ қолдарын соғып цирктiң iшiн барабанның шанағындай гүрсiл-деттi. Ағаштың үгiндiсiн төсеген орталық алаңға əкелiп салған тақтайды сүйемдей жерге батыра, арбаны тiсiмен тартқан алып ортаға келiп тұра қалды. Арбаға жабыл-ған ақ жабудың төрт жағына бiрдей етiп төрт тiлде қарамен жазған жазу бар. – «Арбаның салмағы жетпiс бес пұт», деген жазу айқын көрiнiп тұр. – Шығыс Европаның үздiк атағын алған Россия палуаны Мұқан Мұңайтпасов... – дедi басқарушы. – Бұл орыс емес, – маңғұл ғой өзi... – деген дауыстар тұс-тұстан шықты. – Я, не мангул – рус, из қазахской степи, – дедi қоңыр дауысты палуан. Музыка жайлап алуан түрлi үнмен ойнай бастады да, үн ырғағымен орыс палуандары өнерлерiн көрсете бердi. * * * Қаласын кездiм талай дүниенiң, Таныттым менi туған қазақ елiн. Үстiмнен жүктi автобус жүрген уақта,
Сонда да қайыспаған қайран белiм... – дейтiн Қажекең. Сом темiрдi мойнына бұрап, галстук ету Мұқанның жеңiл өнерiнiң бiрi едi. Оны жұрт көрдi. Кенет музыка долдана тартылды. Жатқан сандық тасты төрт кiсi əзер көтерiп келiп, Мұқанның қап төселген кеудесiне қонды. – Кəне, кiм ұрып сындыра алады осы тасты? – деген көпшiлiкке сұрау қойылды. – Мен ұрамын, – деп келген бiраз адамдар екi пұт балғаның сабын ұстап, басын көтере алмай тастай бердi. Көзi жымиып, екi алақанымен тастың екi шетiн ептеп көтерiп палуан жатыр. Жалаңаш кеудесiне қойылған сегiз пұт тасты ұрып сындыру да көп адамға оңай тимейтiндей едi. – Мен көрейiн, – деп үндiлiк Риға-Рибер деген пал-уан балғаның сабын ұстады. Тасты бiр ұрғанда сындыру шарт едi. Кəрi бүркiттей тұмсығы оралған алып балғаны құлашын кере көтердi. Ол сонау түксiз арыстанның кеудесiндей көрiнiп жатқан денеге гүрс ете қалмақшы. Нажағайы жарылмай түйiлген бұлттай булығып, музыка үнiн өшiре қалды. Мыңдаған көздер көтерiлген балғаға қадалды. Қауiптi көрiнiске көз тоқтата алмай, бетiн қолымен баса қалған сан адам болды. Тынған музыка жарылған бомбадай шаңқ еттi. Шойын балға тиген тастан бiр құшақ ұшқын жарқ еттi. Екi бөлiнген қара тасты алақанымен атып жiберiп палуан орнынан ұшып тұрды. – «Дегенмен мəдениетсiздеу ойын екен...» – дедi немiстiң бас палуаны тыжырына қарап. – Россияның есейген палуанын iздеп, мыналарды олқысынып отырған бiздiң палуандар ендi не дер екен? Осындай күшi бар жас палуандарын əлде болса да жығамыз деген үмiтте ме екен? – дестi шетелдiң дипломаттары өзара күңкiлдесiп. – Ертең күрес басталады, қапы қалмаңыздар, – дедi цирк басқарушы, тарағалы орындарынан тұрған көп-шiлiкке. Париждегi халықтың сол күнгi əңгiмесi тек орыс палуандарының теңдесi жоқ күштерi болды. * * *
Цирктiң билетi мөлшерсiз қымбаттады. Жұмысшының жетi күн iстеп тапқан ақшасы циркке бiр кiруге зорға жететiн болды. Оның үстiне ертемен барып билеттi саудагерлер жинап алып, кешке екi бағасына сататын. Сондықтан жұмысшылар тек түйе көтерiп, рельс иген орыс палуандары күресетiн күндi ғана аңдыды, циркке кезекпен кiрiп, көргендерiн бiрiне бiрi айтып берiп тұрды. Күресетiн қырық төрт палуанның екеуi орыстар көтерген рельстi көтеремiз деп мертiгiп, қатардан шығып қалды. Қалған қырық екi палуанның күресi бас-талғанда, алғашқы он күнiнде орыстың не жығып, не жығылмайтын екi палуаны үздiксiз қатынасып отырды. Олар Дубный мен Мұқан едi. Бұл екеуiне дəрiгерлер рұқсат етпегендiктен тек күрескендердi көрiп отыратын болды. Үндiстанның палуанын араб палуаны, арабты түрiк палуаны, италиянды ағылшын палуаны, ағылшынды немiс палуаны, немiстi француз палуаны, француз палуанын түрiк жығып, күшi басымдардың шоқтығы көрiнiп-ақ қалды. Қолданатын əдiстерiнiң де бетi ашылды. Орыстың екi палуанының күреске қатынасуын сұраған жұрттың тiлегi көбейдi. Кейiн iркiлген палуандар күреске қатыспайтын болды. – Палуан өнерiн үйрену үшiн Россиядан шығып, шетелден ұстаз iздемеймiн, туған елiмдегi тəрбиешiлер маған жетедi, – деген Дубныйдың сөзi өте орынды айтылған сөз едi. Əлемдiк чемпион атағын жетi рет алған Иван Дубный өз Отаны туралы қателеспедi, Дядя Иванның мектебi орыс палуандарын заманаға сай етiп тəр-биеледi. Күрестiң сыпайы түрi – французша күреске мүлтiксiз жетiлдiргенi сонша, «ұстаздан шəкiрт озды», дегендi Парижде көзге жарқын көрсете бiлдi. Мұнда «дес бергенде, сəтi түсе қалған», кездейсоқ ешнəрсе жоқ едi. Қол жеткен табыс – өктем күш, жете үйретiлген шеберлiкке байланысты болды. Iрiктелген палуандар екi топқа бөлiндi. Оның бiрiн-шiсi – салмағы бес пұт, он үш қадаққа шейiн тартатындар олар жеңiл күресте, Париждың чемпион атағын алмақшылар. Екiншi топ – салмағына сай, ауыр күреске қатынасушылар. Олардың үздiк шыққаны əлемдiк чемпион атағын алады. Орыстың екi палуаны сол екiншi топқа қосылды. «Николаны жыға қоятын жан əлi туа қоймаған шы-ғар» дестi, отырған жұрттар алыптың аты аталғанда. Цирктiң төбесi төңкерiлiп түскендей болып қол соғылды, сол алыптың тұлғасы орталықтан көрiнгенде. Бiрақ
күрес ойлаған жерден шықпады. Арыстанша арсылдай ұмтылған Николаның мойны Дубныйдын құрыш қолына iлiктi де, иығынан асыра атып жiбердi. Оның ауыр денесi құлаған жартастай кiлем үстiне сарт ете түстi. Палуандардың күресiне қадала қарап отырған жұрт Николаның қалай жығылғанын сезбей де қалды. Құлаған Николаның басынан аттап бара жатқан Дубныйды көргендер қолдарын шапалақтап сүйiспеншiлiктерiн бiлдiрiп жатты. – Ертең жауырының жерге тиетiн күн екенiне сене бер, – дедi, жарты сағат шабуыл жасап, алуан əдiсiнiң бiрiн iске асыра алмаған ызалы палуан – Рауль, айрылысып бара жатып. – Алжасып айтпасаң болғаны! – дедi оның барлық əдiсiн көңiлiне түйген Дубный қолын көтерiп. Ертеңiне күрес алаңына Рауль əндетiп келдi. Ол өзiн асқақ ұстап, жан-жағына тəкаппарлана қарауда. – Мен мұның осы үнiн танауынан шығарам, – дедi Дубный жанындағы серiгiне күле қарап. Қоңырау қағылды, палуандар алаңға шықты. Бiлеуленген бұлшық еттi құрыш қолдар бiр-бiрiне созыла бергенде, Дубный тəкаппарсынған палуанды арыстандай бас салды. Бұл кездесуде өзiнiң жеңiсiнен басқаны ойламаған Рауль, қайратын қайырып, денесiн қусырып бара жатқан күштi көктен түскен құрсау шығар деп ұғынды. Суық ұрған шөптей сом денесi босап, қол-аяғының дəрменi кетiп, сығымдалған мақтадай жыйырылып, Дубныйдың қолтығына кiрдi де, кiлем ортасына жамбастай сұлады. Еркiн күштi айрықша шеберлiкпен жұм-саған орыстың жас палуанына Париж халқы əрi сүйiндi, əрi таң қалды. Бiрақ жерде жатқан екi палуан тез айрылыса қоймады. Жамбастата басқан орыс палуаны бiр қолын қолтық астына сүңгiтiп жiберiп, бiр қолымен мойнын орай сығып, тырп еткiзбей жата бердi. Оның жауырынын жерге тигiзу үшiн де асықпады. Қараушылар үшiн сондай бiр мəнерлi сыпайы шабуыл болды. Бiрақ Раульдiң тынысы минут сайын тарыла бердi. Кеудесiн қышқаштай қысып жатқан Дубный ойнап жатқан баладай сыбырлай сөйлеп: – Бұл ыстық құшағым сенiң тəкаппарлығың үшiн, сенi такаппар етiп тəрбиелеген Париж үшiн! – дедi.
Қырық екi минут өткенде Рауль қырылдай үн шығарып: – Мынау менi босатсын, төтенше айтайын дегенiм бар, – деп сұрады төрешiден. – Жо.. қ... ол болмайды! Бұл қашып кетудiң айласы, – дедi Дубный. Ол зарланып қоймаған соң төрешi босаттырды. Есеңгiреп қалған Рауль төрешiнiң столына сүйене тұрып, күрестi ендi созудың керегi жоғын айтты да, көпшiлiктiң арасына кiрiп кеттi. Оны пiрiм деп санайтын офицерлер қызынып: «Мың франк бере-мiз, қайта түс күреске» – деп шулады. Бiрақ Рауль басын шайқап, күрес алаңына жуымады. Ондағы қулығы «жауырыным жерге тимей кеттiм» деу едi. Оған Дубный көнбедi: – Бiз орыс жұрты майданнан қашқанды жеңiлдi деп есептеймiз, Рауль жығылды, оған мойындауы керек, – дедi. Оның өзiн қостаған үндер цирктi жаңғыртып жiбердi. Басқарып жүрген төрешi көптiң ұйғарғанын орындады. – Ертеңгi күрес – Мұқан мен Қажығалидан басталады, – деп жариялады цирк басқарушысы. Ел ертеңгi билеттi цирктен сол түнi сатып алысып тарқады. Сын-ға түсетiн Мұқанға Дубныйдың Николаны жыққаны елестедi де тұрды. * * * Париждың орталық бағын сайрандап қайтатын палуандардың күндегi əдетi болатын. Мұқан ала шапан, ақ қалпағын киген күйi күмiс шақшасын қолына ұстап, бақ iшiнде келе жатты. Күнде бiрге жүретiн Дубный Россия өкiлдiгiне кетiп, бүгiн жалғыз едi. Хауызды қалың ағаштың жанына бара бергенде күтпеген жерден көлденеңдеп шашақты қызыл тақия киген екi түрiк шыға келдi де: – Туған, сəлем! – десiп, қолдарын қусыра аман-дасты. Əлденелердi ойлап жай басып келе жатқан Мұқан лажсыз бөгелiңкiреп: – Сəлем, сəлем! – деп бетiне қарады. Бiреуi өзiмен кеше күресiп жығылған Қара Мұстафа екен де, екiншiсi сұлу киiнген түрiктiң бiреуi екен. Шыққан жағына қарай қолдарын ұсынып: – Мархаба, мархаба! – дестi. Ағаш арасындары саяжайдан дабырлап сөйлеген бiр топ түрiктердiң үнi шықкан жақты көрсетiп. Екi түрiк екi
жағынан қолтықтап, солардың алдына алып келдi. Ол жерде жетi-сегiз түрiк бас құрап, ортасында басына ақ жiбек кiшкене сəлде орап, жыға шанышқан бегi де бар екен. Кальянға темекiнi үйе салып, кеңiрдек резинкамен кезек тартып бұрқыратып отыр. Бегiнен басқасы орындарынан тұ-рып, «мархаба» айтысып амандасты. Өзара араб тiлiмен сөйлесiп, қарқылдасып күлiсiп алды. Олардың не айтып, не қойғанына Мұқан түсiнген жоқ. Дене бiтiмiне, алып тұлғасына бегi сұқтана қарады. Ол кезде Мұқанның құлақ, мұрны аман, семiрiп денесi бұзылмаған сұлу кезi болатын. Иiнi тақтадай жалпақ, кеудесi кебежедей керiлiп шығыңқы, жуандамаған мойнынан басы үлкен көрiнiп, тiк қарағаны бейнебiр арыстан сияқты едi. Мұны көрген бегi, айнала қарап: – Гох говел егит ња... – дедi жанындағыларға. Түрiк тiлi бұған түсiнiктi болар деп ойлаған бiрi: – Сен мұсылман, қардаш, Түркистан дұр, – дедi Мұқанның жауырынын сипай тұрып. Оның не айтқанына толық түсiнбеген Мұқан ойланып тұрып, тұрып: – Я не понял, – дедi орысша. Түрiктер тағы араб, түрiк тiлiн араластырып өзара бiраз қаудырласып алды. Ойланып қалған бек орысша сөйледi: – Сен түрiк нəсiлдi, мұсылмансың ғой? – дедi. – Иə, пұсырманмын. – Сендердiң əкiмдерiң орыс емес пе? – Я, əкiмiмiз орыс, болысымыз қазақ. – Сендерде мешiт, медресе болмайды емес пе? – Бiздiң қазаққа олардың керегi де жоқ. Көшпелi ел болған соң, қайтсiн, түйеге артып алып жүре ала ма? – Сауда, саудагерлерiң де жоқ. Сендерде тұрғылықты базар да болмайды ғой? – Ой, саудагерлер деген судың балығы емес пе... Ел бар жерде олар бар. Бiрақ қазақтың жек көретiнi сауда. Сауда деген алдау, өтiрiк айту емес пе?
Бiздiң ел ондайды сүймейдi. – Сен орысты жақсы көресiң бе, мұсылманды жақсы көресiң бе? – Мен кiсiнi алдап өтiрiк айтпайтынды жақсы көремiн. – Ендеше, өтiрiк айтпайтын мұсылман ғой? – Əй, қайдам... Əжем айтушы едi: «Бiздiң елде пайғамбардың əулетi қожа болыпты. Елдiң малы көп ұрланып, табылмай кете бередi екен. Бiр қазақ қожаның түнде қайырған тасбесiн тыңдаса: Айналайын тасбым сенен, Күмəн етпес ешкiм менен. Менiң нəпсiм болды бəле, Жетiде жеймiн бiр тана. Иллалањи иллалла, – дептi. Сондай пұсырмандар толып жатыр. Оны өтiрiк айтпайды дегенге кiм нанады... Қой мен кетейiн, – деп Мұқан отырған орнынан тұрды. – Сен кiшкене сабыр ет, туғаным. Қайда бармақшы едiң? – Кешке күресiм бар. Мына сусын сататын жерден бес-алты шөлмек сыра iшем де қайтам. – Ол осында да бар. Кəне, туғанмен танысқанымыз үшiн тањли шараптан құйып жiберiңдер, – деп бек кiсiлерiне қарады. «Мұқан арақ, сыра, шарапты – тұқыл шарап дейтiн, сол түрiктердiң «тањли шарап» деген сөзiн қызық көрiп айтып кеттiм дер болар едi. Хауыздың салқын суына салып қойған үлкен күмiс көзенi алып келiп, күмiс кеселерге толтыра-толтыра қызыл шарапты құйды. Түрiктермен соғыстырып екi рет тартып жiбергенде Мұқанның шекесiнен тер бұрқ ете қалды. Басындағы ақ қалпақты жұлып алып, бетiн желпiп-желпiп жiбердi. Құлшынып жұтқан палуанға əрқайсысы үш-төрт кесенi кезектеп артық
iшкiзiп жiбердi. Қызып алған Мұқан өлең айта бастады. – Сұрасаң Мұқан палуан менiң атым, Орта жүз, ұзын қыпшақ арғы затым. Арғы атам Қара қыпшақ Қобыланды, Қолдайды күрескенде жұрағатын. – Қандай керемет əдемi өлең, – десiп, түрiктер гуiлдесе бастады. – Туысқандарым, сендер үшiн iшейiн, – деп тағы екi кесе тартты. «Көзi «жымиып, қолын керiп, бiлегiнiң бұлшық етi ойнап, ала шапанның жеңiн бүлкiлдете бастады. – Кардашым, қалай,.. туысқандарыңның ортасында отырғанын, есiңде сақтала ма? – Еш уақытта ұмытпаймын. – Бүгiн кiммен күресетiнiңдi бiлесiң бе? – Маған бəрiбiр. Созылатын қолы, ұстайтын белi болса болды. Кiм де болса күресе берем. – Сен олай деме, исламды есiңе ұста. Бүгiн күре-сетiн кiсiң мынау, – деп бек өз жанында отырған қысық теке, орақ мұрынды, денесi Мұқаннан бiр жарым еседей үлкенiрек Қажығалидi көрсеттi. – Бұл кəпiр мемлекеттерiнiң отыз сегiз палуанын жығып отыр. Ендiгi қалған екi палуан орыстiкi. Оның бiрi сен. Сен Қажығалиды жықсаң жињан палуаны атағын кəпiрлер алғалы отыр. Егер сен жығылсаң мұсылманның ақ туы жоғары көтерiлiп, жињан палуаны атағын ислам алып, хазiретi- Ѕалидiң аруағы риза болмақ. – Е, мұның мəнi бұ жағында екен ғой! – дедi, шараптың уыты көзiн қызарта
бастаған Мұқан. – Аһа. Ендi түсiндi. Күресте дiн үшiн жығылу былай тұрсын, əрбiр мұсылман шəһит болып жан беруi керек. – Дұрыс, ендi не iсте дейсiң? – Бүгiн Қажығалидан жығылып, абыройды мұсылманға алып бер. Ол үшiн сыйыңды Стамбулға барған соң айрықша аласың. Мен айтайын, Халифа өз қолымен саған бередi. – Анауыңда қалған бар ма? Тағы бiр құйын жiбершi, – деп шарап құйып отырған түрiкке иек қақты. Күмiс кесенi шеңберлете көзедегi шарапты сарқа құйып, əкелiп бердi. Төмен қарап ойланып отырып, шарапты сiмiрiп жiбердi де: – Жарайды, абыройды пұсырманға алып берем, – дедi. – Алланың рахматы жаусын, – дедi бектiң бетi гүл жайнап. Мұқан қалпағын кимей мыжғылап ұстап, отырғандарға қош айтпай жүре бердi. – Неге қош айтпайсың? – дедi Мырза Ахмет палуан күлiп. – Кешке циркте кездесiмiз ғой, оған шейiн қандай қош айту керек? – дедi де Мұқан балпаң басып жататын жерiне кете бердi. – Мұнысы жығылатын болды. Ендi орысты қайтсең де жығуың керек, – деп бек Қажығалиға қарап қарқылдап күлдi. – Мұсылман деген сөздi түзу айтпайтын адамды мұсылман деп сенiп болмайды. Бес кiсiнiң iшетiн шарабын бiр өзi iштi де кеттi, сол буынына түсiп бiрдеңе болмаса, «жығылам» дегенiне мен иланбаймын, – дедi ауыр күрсiнiп түрiктiң палуаны. – Аңғалдау адам ғой, мұсылмандығын тағы бiр есiне түсiрiп «бысмылда» айтып ұстас. Жығылып қалуы мүмкiн. Не де болса кешке көрдiк!.. * * * – Араб, Парсы, Мысыр, Үндiстанның, Ұлы Британия, Германияның
палуанын жыққан түрiк палуаны Қажығали – орыс палуаны Мұқан Мұңайтпасовпен француз техникасымен күреседi. Бұларға берiлетiн мерзiм жиырма минут, – деп жариялады басқарушы. Цирктiң iшiнде аяқ басып тұрарлық ашық жер қалмай лық толған халық қолды жаңғырта соқты. Жаңғырыққан дауыстың арасында француз тiлiмен: – Екеуi де мұсылман палуаны... – деген бiр түрiктiң көмескi даусы шықты. Бiрақ оны елеген адам болмады. Алаңға кердеңдей басын кiшi-гiрiм төбедей болып келiп тұрған түрiк палуанына қарсы, ала шапанды шешiп атып жiберiп, түгi жоқ арыстан бейнелi қара жiгiт алдына келiп тұра қалды. Адуын палуан өзiнен кiшкене тұлғаға қызыққандай, пiлдiң балтырындай жуан бiлекпен желкеге перiп жiбердi. Бұрын қандай палуан болса да, опырылған шынардай етпетiнен бiр түсетiн едi. Бұл жолы олай болмады. Мұқанға да жеңiл тимедi, ол еңкей-iңкiреп барып бойын жазып алды. Алғашқы күшiмен басып тастамағанына ыза кернеген түрiк тап бергенде, ысқырық шырылдап, басқарушы жолын бөгедi. Француз күресiнде алғашқы қол тиген соң жерге жыға алмаса кезегi өткен болып есептелетiн едi, Мұқанның көзiнен ашу оты ойнап шыға келдi. Бұл сияқты аяусыз қимылдаған ауыр қолдың арқасына тигенi осы болды. Тынық теңiздiң бетiндей қимылсыз көзiн қадаған адамдар: «Мына орыстың палуаны жығылып қала жаздады», – деп отырғандай сезiлдi. Парижге келген күннiң ерте-ңiнде, Степан Николаевич: – «Отанның абыройы – Россияның барлық азаматының ортақ абыройы. Сол Россияның таласқан итi болса да жеңiп шыққанын тəуiр көремiз», – деп едi. Сол Степан цирктiң бiр қуысында Мұқанның тiлеуiн тiлеп отырғаны көз алдына келдi. Əжесi Айсары: «Аты шығатын адам – алдымен өз басының намысын қорғайды. Өз басының намысын қорғай алатын кiсi – ауылдың абыройын сақтай алады», – дейтiн. Мұқанның жығылғанын əжесi естiсе не болмақ. Ақ самайлы, ауыр денелi кемпiр Степанмен бiрге циркте отырған сияқтанып кеттi оған. Адуын күштi Мұқанды ашулы ыза кернеп, тiсiн бурадай қаршылдатты. Ортада тұрған күрес басқарушыны иығымен қаға ұмтылып шап бердi. Ол мойнына жабысқан қолдын аспаннан түскен жайдың оғы екенiн, не электрдiн тогi екенiн сезбедi, тау құласа тапжылмайтын денесi, қаңбақтай дөңгеленiп қайда кеткенiн сезбей қалды. Иегiн иығына қыса арқалай келiп, еңкейе берiп, басынан асыра атып жiбердi де, арлан қасқырды алған бүркiттей бас салды. Оның ауыр денесi жақ ағашындай иiлiп, жауының астына түстi де, жауырынын көтеретiн аяғы бүгуге келмей қалды. Жерге тиген жауырынды еқкейiп көрген басқарушы
ысқырығын алды да, сағатына қарады: – Төрт минут iшiнде түрiк палуаны Қажығалиды, Россия палуаны Мұқан Мұңайтпасов жықты, – дедi. – Көпейұғлы, мұсылманшылық арың, антың қайда? – дедi қос қолын тiреуiштеп, орнынан əзер тұрып жатқан Қажығали. – Жығылып алған мұсылман атақтан, жығып ал-ған палуан атағым жақсы, – дедi, ашуы əлi тарқамаған Мұқан, қабағын түйген бойымен. – «Менде жығылайын деген ой өмiрiмде болып көрген емес. Болмайды да. Бақ iшiндегi түрiктердiң тобынан ажырап, жатақханаға келгенше алуан түрлi ойға түстiм: жасы менен екi мүшелге жуық, үлкен палуанның өз күшiне сенбей, маған жалынышты раймен, жанындағыларға жайын айтқызып отырғанын аяғым да келдi. Өзiнiң дəрменсiздiгiн ашық айтпай, «түрiк, туыс, пұсырман, ислам» деп түсiнiксiз бiрдемелер айтқанына қатты ызам да келдi. Əйтеуiр, жатақханама жеткенде: «Соны бүгiн жықпай жiберсем қайтедi?» деген ой да елес бергендей едi. Оның алғашқы қимылы менi мейiрiмдi ойдан жұрдай еттi. Дядя Иван – бiрден олай қимылдау өлтiрiп жiбергiсi келгендердiң əдiсi дейтiн. Ендеше, онда пұсырмандық та, туыстық та жоқ жаулық қана бар. Оның жығылған жерiнен тұра алмай жатып «көпейұғылы» деген сөзiне көп жылдан кейiн түсiндiм. Онысы «иттiн баласы» деген сөзi екен. Есiткен сағатта түсiнсем, цирктен тiрi шығармайтын едiм», – дейтiн Қажекең. * * * Ертеңiнде күрес – Поддубный1 мен Қажығалидың күресi едi, қарқыны қайтып, аруағы қожыраған палуан он төрт минут алысып барып жығылды. Поддубный қырық, палуанды жығып, қырқа озып алға шықты. Оның дүние жүзiнiң палуаны атағын алуына – өзiнiң досы, баулып өсiрген шəкiртi Мұқанды жығу ғана қалды. – Мұқан Германияның Ансымен əлдеқашан күресуге тиiс едi. Ол Поддубныйдан жығылған соң көңiл-хошы болмай күнде «ауыратын» болды. Бұрын селеңдеп ретсiз жерден-ақ көрiне беретiн палуан ендi циркке де сирек келетiн болды. Келсе елеусiз жерде отыратын едi. Бiрақ үш күн бұрын атақ-даңқын жазып, əр көшеден суретiн көрген палуанның ақырғы күрестен тайқуына көпшiлiк көнбедi. Күнде сұрап шуылдап амалсыз
күрестiрдi. Күнбе-күн өрiстеп өскен күшке, күзгi судан құлдырап қайтқан күш төтеп бере алмай Мұқаннан да жығылды. Үздiк шыққан екi палуанды ортаға комиссия пред-седателi – француз: – Дүние жүзiлiк күрестiң бiрiншi, екiншi орны да орыс палуанынiкi. Ол екеуi – осы алдарыңда тұрғандар. Берiлетiн белгi мынау, – деп бiрi үлкен, бiрi кiшi екi алтын медальдi алақанына салып көрсеттi. – Бұл сый қалай алса да осылардiкi. Комиссияға қатынасқан он үш мемлекеттiң өкiлi қаяусыз бақылап отырды. Қойыл-ған шарт мүлтiксiз адал орындалды. Айла амалсыз, алдау-арбаусыз үздiк күш жығып отыр, – дедi. Соғылған қолдар кең цирктi керней жөнелдi. Екi баланың төбелескенiн көрсе кешке шейiн жолынан қалып қарайтын əдет ағылшын билеушi топтарының ежелден ата салтына айналған емес пе. Солардың өкiлдерiне екi орыстың күрескенi бiр түрлi қызық сияқты көрiндi. Егер қара түстi адамды ақ түстi бiреу жеңiп кетсе, «ол ақ нəсiлдiң айырықша бiткен қасиетi»... Ақ түстiнi қара түстi жеңсе – аюдың, адамды жеңгенiндей уақиға деп түсiнетiн адамдар ендi мына екеуiнiң тай-таласын көргiсi келiп ынтықты. – Дүние жүзiлiк күрестiң жүлдесiн кiмнiң жығып алғанын көзiмiзбен көремiз. Ендi өздерi күрессiн, – дедi белгiлi дипломаттар. – Үй iшiне тиген үлестi бөлiп беремiн деу шетел кiсiлерiне өрескелдiк емес пе, мырзалар!.. – дедi Степан Николаевич. – Шығыстық адамды бiз Россияның үй-iшi деп еш уақытта есептемеймiз. Бұл бiздiң шайнап, ақжем қыл-ған саясатымыз, – дедi бiреу. – Əрине, дүниенi бөлегiн саясат болмаса, адамның адамнан бөлiнгiсi келе ме?.. Күресемiз десе өздерi бiлсiн. Бiрiншi мен екiншi орын Россиянiкi екенi актымен белгiлейдi, – дедi Степан. Екi палуанның жекпе-жек күресуiн қадала сұрап қол соққан үркердей ғана азғана топ болатын. Палуандардың үздiк шыққан жеңi-сiн құттықтап көпшiлiктер қолдарын бiркелкi соғып ұзақ уақыт тұрып алды. – Ағаның жолына əдепсiз кiсi ғана таласады. Бiрiн-шi орын мына кiсiнiкi, –
деп сирағынан қыса ұстап, тiп-тiк көтерiп иығына тұрғызды да, Поддубныйды кенеттен есiкке алып кеттi Мұқан. Париждан əрбiр мемле- кеттiң бас палуанын жыққанда ғана алатын сегiз медальға қосып, кiшi алтын медальдi тағып қайтты. Оның əлемдiк палуан атағымен, үлкен алтын медаль алуы осыдан сегiз жыл кейiн Швейцарияда болды. * * * Палуандар Петербургте келген соң олардың Париждағы көрсеткен күштерi, үздiк шыққан өнерлерi жалпақ елге аңыз болып отырады. Сауданың жарнамасы болып отырған кейбiр газеттер елеусiз жерге палуандардың суреттерiн амалсыздан басып, бiр-екi қатар сөз де жазған болды. Париждағы өкiлдiктiң сипаттамалары сыртқы iстер министрлiгiне келiп, кейбiр жеке кiсiлердiң ұсынысы бойыншы дүние жүзiлiк чемпион атағын алғандарға жəне қатынасушылардың бəрiне медаль берiлдi. Поддубный мен Мұқанға патшаның басын салған үлкен медаль тағылды, «Мұңайтпастың баласы ақ патшаның палуаны болып, соның өз үйiнде тұрады екен», деген қазақ даласына лақап та тарады. – Ой, тоба-ай, онда шоқынып кеткенi ғой, бақырдың... – десiп, кемпiрлер аузын сылп еткiзсе, шалдар бастарын шайқап, таңдайларын қақты. – «Көргендердiң айтуына карағанда шоқынбаған сияқты, басына шатырдай ақ қалпақ, үстiне Бұхардың ала жiбек шапанын кигiзiп қойыпты дейдi. Жұма күн-дерi көшеге шығып жүретiн көрiнедi», – деп, кейбiр қыдырма шалдар өз алдына көкiдi. «Жалғыз көздi жынмен күресiп жығыпты. Өгiз мүйiздi дəумен күресiп жығыпты», – десiп қазақ даласы мөлшерсiз даурықты. «Қызыл сақал Хазрет-Мəдiнiң өзi – Мұқан дегендi айтыпты кейбiрi. Шамасы, қиямет қайым жақындап, ұзамай жер бетiне тажал шығатын болса керек», – деп көп ел өзiнше үрейленетiн болды. Бұларды құлағы шалған қазақ қалайда Мұқанды бiр көруге ынтықты. Бiрақ елдi қанша сағынып аңсаса да, қайтуға уақыт таппай, күреске құмартып алған палуан шет мемлекеттi кезiп, күрес қызығына түсiп кеттi. Россия атына ұят келтiрмейтiн, ар-намысын ақшаға сатпайтын палуаны бар орыс халқы күрес болады деген қалаға, даңқты палуандарын шақырған қай ел болса да iркiлмей жiбере бердi. Мұқанның кейiнгi қалалары Лондон, Айқара, Ирак, Иран, Үндi, Қытай болып үш жыл бойы өмiрi жол жүрумен өттi.
Қазақтардың ауылда айтқан аңызындай ол патшаның үйiнде тұрмады. Тiптi патшаны көрген де емес, көрмегенiне өкiнiш те етпедi. Оның жатса-тұрса аңсайтыны, көруге ынтығатыны, көзiнен таса болмайтын қасиеттi елесi – Қызылжардағы полицмейстрдiн қорасының алды болатын. Жасы өсiп есейген сайын, өмiр қызығын көрудегi өресi ұзайған сайын өзi барған түрлi елдерде талай уақиғаға кездестi. Кенеуi кеткен кейбiр елдерде жалпақ дүниеден саясы түсетiн жапырақ таппай, нақақ өлiп, қарызы үшiн құл болып сатылып жатқан талайды көрдi. Солардан туған ой толқыны, өзiнiң елiндегi мейiрiмдiлiк пен бауырмалдықты ерiксiз көзiне елестететiн болды. Атқа берген төлем, Сапарбайдың үйiндегi кеш, Қабанкөлiндегi жиын, таза жанды Добрый- Рабый, таза ниеттi дядя Иван, Дубныйдың тұлғалары, Париждағы мейрiмдi Степандар көшпелi бұлттай тiзбектелiп көз алдынан өтiп жатты. «Мейiрiмдi, қойны кең өз елiм, өресi биiк Россиям», – деп, талай күрсiнген күндерi болды.
Алыпсоқ шидем-күпiнский Сыраны қана iшiп, қатты ұйықтаған Мұқан кенет оянып; кереуетiнiң үстiнде жағын Жұдырығымен сүйеп, бiраз отырды. Тiзiлген керуеннiң түйесiндей өткен өмiрi көңiлiне елес берiп, көз алдынан өтiп жатты. Ауыл мен балалық өмiрдiң қызықтары елестедi. Есiл бойының жазық даласы, бұйраттанған қырат, сайлары кейде кеңiс, кейде жiңiшкерiп, шашыранды ауылдар жағасын жайлаған өзен алабы көгөрай шалғынға малынып тұр- ғандай. Шамасы келгендер жайлауға көшiп, көлiксiздерi қыстау айналасына киiз үйлерiн тiгiп, бiрер сауынның ағын талшық етiп отырғандай. Жасынан балпаң басып, жедел жүре алмайтын Мұқанын ертiп, əжесi көршi ауылдың бiрiне келе жатқандай. Артына айқастырып ұстаған қолы сымбатты тұлғасына мəн бергендей. Əжесi не iстесе соған елiктеген Мұқан қолын артына ұстап, жан-жағына қараумен болып, кейiндеп қала беретiн едi. Əжесi кейде көгалға отырып тосып, кейде бұтаның басын ұстап, сүйене тұрып, артына қарайтын да: – Жайбасарым-ау, жүрсейшi, құлыным! Күн ысымай үйге жетелiк те... Серiгiм менiң. Қартайғанда ерме-гiм болсын деп берген, жетiм қозым менiң... – дейтiн едi. Олақ баланың қардан епетейсiз етiп соға салған аяз атасы сияқты, болбыраған Мұқан аяғын сүйрете басып, үндемей жақындай беретiн. Əжесi бiраз жерге арқалап апарып, «уњ» деп отыра кететiн де: – Ендi өзiң жүршi, қарашығым. Мiне, үйге де жетiп қалдық. Қарның да ашқан шығар, мына құртты аузыңа сала жүр, – деп, қамзолының қалтасынан бiр құрт алып; қолына ұстатар едi. Осы көрiнiс есiне түскенде, Мұқан сол құрттың суын сорғандай жұтына бiр тамсанды да, орнынан атып тұрып, жан-жағына қарады. Ол үлкен қаланың бiрiнiң жатақханасында! – Есiлдi iздеп едi, Есiл де, əжесi де болмай шықты. Құрт берген Айсарының мейiрiмдi үнi құлағында тұрғандай болды. Еркелегенде əжесiнiң алдына отыра кететiн əдетiмен кереуетiне отыра кеткен едi. Қарсы алдындағы айнаға көзi түскенде бұйраланып өсiп қалған сақалын көрдi. – Қой, ендi болмады, кеттiм. Есiлдiң суынан бiр шелек су iшпей мейiрiмiм қанбас! – дедi де, сақалын алып, цирк бастығына барып, ұзақ мерзiмге
рұқсат алды. Сөйтiп, Мұқан елiне қайтты. Күзде келген Мұқан қар жауғанша қайта алмады. Боқыраудың жəрмеңкесiнен қайтқан қалашылар дуан-ға көшпелi цирк келгенiн, бiр топ палуанның күресiп жатқанын, iшiнде алып денелi екi-үш кiсi барын таңыр- қай айтты. – Цирк кiсiлерi Нұрмағанбет палуанды күреске шақырып, ауылына хабар жiберген екен, ол Алатаудағы нағашысына кетiп қалыпты. – Олар Балуан Шолақты көруге ынтық болған екен, оның болмағанына қатты қынжылысты. – Е, ақ патшаның палуаны Мұқанды неге шақырмайды. Белдерiн бүктеп, қамшы етiп жiберсiн, – дедi, ауылдың жүген, құйысқан өретiн мұртты ұстасы. – Ой, тəйiр-ай, бұлары Мұқанның ұстауына кел-мейтiн ұсақ-түйектер шығар. – Қайдағы ұсақ! Iшiнде Мұқандай бiр жарым келетiн бiреуi бар деп отыр ғой. Сонша бойды циркке суға бойлатқалы алып келдi дейсiң бе? Оның да өзiнiң сенген бiрдеңесi бар бiреу шығар. – Мұны айтпаңдар. Бұл олармен күресуге қорқады, – дедi жасынан қылжақтап бiрге ескен құрдасы, – Мұқан ақ патшасыз жерде күреспейдi. Мүйiздi дəулермен күрескенде патша қасында тұрып: «Жығылсаң, айт- қанымды iстемесең, басыңды кесем!» деп қорқытып жыққан көрiнедi ғой. – Əй, былшылдай бермесейшi, құлағыңды жұлып қолыңа ұстатайын ба!? – Əне, маған ғана шамасы келедi оның. Өзiне қалтамдағы тышқанымды қоя берейiн бе... Нанбасаң өзiң қолыңды сұғып қарашы, мiне, шиқылдап тұр, – деп қалтасын Мұқанға қарай жақындатты. – Сондай сөзiңдi айтпашы, неге керек тышқанды айтып. – Ендеше, дуанға ертiп жүр. Ана дəулердi жығып ақша алып бер маған, болмаса, бүгiн қырманға барып бiр дорба тышқан əкелiп сен жататын жерге қоя берем. Сөйтiп, сенi ерiксiз дуанға алып барам. Дуандағы палуанмен күрескiң келмесе, шиқылдаған тышқанның ортасында жат.
– Қой деймiн ендi. Тышқаның құрысын! – Қоймаймын, əй қатын, менiң ат дорбамды алып бершi. Қазiр қырманға барып тышқан алып келейiн, мен мұны ауылда босқа жүргiзбеймiн. Сондықтан барып күрессiн. Маған қант-шайға ақша керек. Ана палуандарды жығып, ақша алып берсiн. Оны iстемесе баратын үйiңнiң бəрiне тышқанды қаптатып, жiберемiн. – Сен өйтiп мазалай берсең, құрдас Петроградқа кетiп қалмай ма? – Е, мен оған бара алмай ма екем. Петроградтың сарайына бiр қап тышқан апарып өргiзiп жiберемiн. Отырған адамдар бiраз күлiп, құрбылардың əзiлiн сүйсiне тыңдасты. Кейбiр қарт кiсiлер: – Қарағым Мұқан, айтты-айтпады, осы ауылдан өрбiген баламыз болсаң да, алып күшiңдi ел аузынан естiп қуанамыз. Белдескен палуандарды қалай жығатыныңды əлi көргенiмiз жоқ. Сен дуандағы палуан- дарға барып, бiзге қалай жығатыныңды бiр көрсетсей-шi. Дуанға баруға бəрiмiздiң уақытымыз болмаса да, бiразымыз барамыз. Көзiмiзбен көрген соң, жаңа күрестiң сипатын айта жүрермiз. Ондай тамаша бiздiң қолымызға түсе бере ме? Қарын қолтықтап қыс та келiп қалды. Осындай маусымда уақыт таппасақ, ақпан-қаңтарға таялған соң, боранмен жұлқысып қалғанымыз ғой, – дестi. – Менiң куəлiктерiмдi көрген соң бұлар күреспей қояды ғой. – Тiптi қағазыңды көрсетпе, Мұқан Мүңайтпасов деп айтпайық, жай ел кiсiсi болып барып-ақ күрес. – Онда француз күресiн қайдан үйрендiң дейдi ғой. – Осы бiзге қазақша-ақ күресiп жығып бершi. Соныңды көрсек те болады. – Солай етуге болады. Маған саптама етiк, шидем күпi тауып берiңдер. Өз киiмiмдi көрген соң-ақ олар шектеле бередi. Керектiң бəрi табылып, көршiлес ауылдың он шақты кiсiлерi Мұқанды алып, дуанға жүрiп кеттi.
* * * Өнерiн қыстай көрсетуге келген цирк ойындарын сөз бұйдаға салып жүргiзiп жатты. Елдiң өте-мөте ынтығатын қызығы – күресi. Келген қарқында бiраз қызығып көрiскен ел, дүмеп келетiн көпшiлiк сиреп, цирктiң табысы да сұйылып тұр едi. Циркке «қазақша күрес көрсетсеңдер екен» деген тiлек үстi-үстiне түсiп жатты. Iздеген Балуан Шолақ таптырмай, қазақша күреске мықтылау бiреудi табу олардың да арманы болып жүр едi, ол тiлегi де орындалды. Көлiктерiн таныс үйлерiне байлай салып, кештетiп келген кiсiлер, шыбыртқы, қамшыларын белдерiне қыстырған күйi циркке келiп, арзан билетпен iшке кiрiстi. – Күпiлi, дəу қара палуан дейдi. Ол цирктегi дəулермен күресетiн ойы бар екен. Бүгiн шамасы келетiнiн байқап, сөйлесетiн көрiнедi. Жүрiңдер, бiз де сөйлес-кенiн көрейiк, – десiп бiраз қалалық қазақтар да жөңкiлiп келдi. Кейбiреулер: – Бұған ауылдың палуаны тiркеле ме, француз кү-ресiнiң оқуын оқыған Мұқан сияқты дəулер болмаса. – Ол неге келмейдi екен? – Ақ патша жiбермейдi дейдi ғой. Болмаса осыдан бес-алты жыл бұрын кездескен татарға: «Елдi сағындым, қайтам» деген екен, келдi деген хабары естiлмейдi ғой. Ол келсе де бұлармен күреспейтiн шығар. – Əу, сiз бұларды қомсынасыз ба, əне бiр Батум-скийдiң бейнесi алаңғасар Алыбыңнан кем емес қой. – Əй, тəйiрi, сол неменiң қардан қоқырайған денесi болмаса, боркемiк, босбуын неме шығар деймiн. Өйт-кенi арбаңдап, қимылында икем жоқ. Осындай қосалқы сөзбен уақыт өткiзiп, цирктiң алғашқы бөлiмдерiн көрдi. Ендi палуандар көрiнiске шығып күресетiн бiр палуанның атын атады. – Бiзге қазақша күресiп неге қызық көрсетпей-сiздер. Өздерiңе ақша керек болса, қазақша күресiңдер. Қатын-бала, шал-кемпiр түгел келiп, мына
аңырап тұр-ған цирктi лық толтырар едiк. Сендерге ақша да қап-қап болып түсер едi. – Ол тiлектерiңдi орындауға Нұрмағанбет табылмай жатыр, ақсақал. – Е, ол болмаса, елдiң iшi егiз емес пе? Нұрмағанбет жалғыз емес, Иманжүсiп бар, Мұратбек бар. Қартайыңқыраса да Ержан палуан бар. Мұқанды Петроградқа алдырып, ақ патша жiбермей жатыр. Солардың басы қосылса өзiмiз осындай бiр цирк соғар едiк, шiркiн! – «Е, ол мынау...» – дей берген құрдасының жанында отырған Мұқан, қалың киiмiнiң сыртынан санын қысып жiберiп, өзiне қаратты. – Үндеме! Сенiң сан етiңдi жұлып алып, шалбарыңның жыртындысына орап, қолыңа ұстатам, – дедi Мұқан. – Цирктiң қожайыны, тамыр, бiзбен сөйлесшi. Бiз-дiң саған айтайық дегенiмiз бар. Мына бiр орынға отырып, тiзеңдi бүк, – дедi, Мұқанның нағашысы Қали қарт. «Бұл не айтады екен?» деп таңырқап келiп, отыр деген жерiне отырды бастық. – Тамыр, сен мына күпiлi қазақты қара. Ол менiң балам. Ауылда мал баққаннан басқаны көрмеген. Күшi жоқ емес. Егер беретiнiң болса келiсiп, уəдеңдi берсең, бұл сенiң барлық палуаныңмен қазақша күреседi. Ал жығылса, көк тиын сұрамаймыз, керек десең астыма мiнiп келген түйемдi берiп кетем. Цирк бастығы жуан мойнын бұрып, қарттың мүйiз шақшасын нұсқай көрсеткен қазаққа қарап, бет-əлпетiн бiр шолып өттi. Кең күпiнiң өңiрiн ашып тастап кеуде-сiн кере, шалқайыңқырап отырған Мұқанға көптi көрiп, көп кiсiнiң бейнесiнен мiнезiн сезгендей болатын цирк бастығы ойлана қарап, бiр сыр ұққандай болды. Бастан-аяқ киген киiмiнен ауыл адамының қоңыр күйлi бейнесiн көрдi. Қырынып жүрiп, жаңадан қойған бұйраланған сақал, мұрты бiр шек келтiрдi. Оған қосымша, бұдан басқа ауылдан келгендер: цирк бастығын «төре» деп, оның киген киiмiне, тiптi сол цирк үйiнiң құрылысына сұқтана қараса, мұнда ондай таңырқану жоқ. Бiр түрлi салқынқанды лық, тəкаппарлық сезiлгендей. Бұл сырды тез ашам ба деген үмiтпен:
– Сен орысша сөйлейсiң бе? – дедi бастық. – Не дейдi, мынау? Сен ұғасың ба? – деп қасындағы құрдасына қарады Мұқан аңырғандай болып. – Мен қайдан бiлейiн, өзiң бiлмесең, – деп бетiне қарап жымиды ол. Мұқан басқарушыға қарап, басын ақырын шайқады. – Ол бiлмейдi, бiлмейдi, – дестi, жамырай сөйлеп қасында отырғандар. Басқарушы күмəндi пiшiнмен, жымия күлiп, алақанын жанды. Келушiнi көбейткендей бiр жаңалыққа мұқтаж болып отырған ол қазақша күресем деушiмен келiстi. Қазақ күресiнiң дұрыс орындалғанына билiк айтатын комиссия құрылуы қажет екенiн айтты. Ал беретiн еңбек ақыға келгенде цирк бастығы күтпеген ұсыныс жасады. Ол: – Қазақша күреспен əр палуанды жыға қалған күнде бес сомнан ақша берейiн, жығыса алмай кетсең үш сом берем. Ал жығылсаң, мына əкең айтқан, ештеңе дəметпе, – дедi. Оған тiлмаш арқылы сөйлесiп отырған ауыл палуаны көнбедi. – Сенiң он екi палуаның бар екен, онымен түгел күресем. Жықсам əрқайсына 25 сомнан ақша төле. Тағы да мына бүгiнгi күресiң сияқты, күнiне бiреумен күресiп уақыт созу болмасын, бiр күнде-ақ күресiп, аяқтап кетем. – Ол болмайды, – деп цирк бастығы шошып кеттi. – Бiздiң цирктiң күндiк табысының өзi 25 сомнан артпайды. Оны саған берiп, топты жан аш отыра алмаймыз. Бiрiншi группадағы төрт палуанымыз ғана айына 25 сом алады. Ауылдан келген азамат, ақша табу оңай деп ойлама! – дедi цирк басқарушысы күле сөйлеп. – Мен алпыс сом үшiн бұл сарайыңда он екi күн жүрмеймiн. Онан да он екi қойымды аман қыстан шығарсам, 60 сомдық қозы туып бередi. Палуандарыңның ұсқынын көрдiм, күрестiрмесеңiз ертең қайтам. Ауылдан келген палуан күрескелi сөйлесе бастаған соң көпшiлiк тарамай, орындарында отырысып қалған едi. Күресетiн кiсiлерiн көруге асыққан палуандар, цирк ойыншылары айнала анталасты. Оның алдымен күресiп көрмей, адымын сөз етiп отырғанына, палуандар тəлкек ете бастап:
– Бұл бiздi көрген соң, күреспей қалуды ойлап отыр. Шамасы, бұрын қазақша күрестi де көрмеген бiреу сияқты. Белгiлi палуан болса қазақтар таныр едi ғой, мұны ешкiм бiлмейдi, – десiп, өзара əңгiме етiстi. Мұқан олар-ға көз қиығын ызалана бiр тастап қойды да: «Бiлдiрермiн, сендерге!» деп түйдi iшiнен. Оның қазақша сөзiн цирк бастығына əзер түсiндiрiп отырған тiлмаш та палуандардың əлгi айтқан сөзiн аңғарып отыр едi. Мұқанның күңкiлдеп қайтарған жауабын естiгенде, ол шектенiп: – Бiздiң палуан жiгiттiң орыс тiлiне түсiнетiндей түрi бар ма деймiн. Мыналарға «бiлдiрермiн» деп қалды ғой деп, ауыл кiсiлерiнiң бетiне қарады. Оған Мұқанның нағашысы: – Қой, қарағым, жай айта салған сөзi болар, орыс тiлiн бiлсе озi сойлеспей ме, – дедi қымтағандай болып. – Əй, қайдам... – деп тiлмаш оған иланбайтын пiшiнiн көрсеттi. Мұқан iштей палуандарды ұсақсынып, «Көптiң алдында бұларды сойған лақтай көтерiп ұрып, беделiн түсiру обал ғой» деп отыр. Сондықтан алым келiсiмiн сылтауратып, күреспей кеткiсi келiп едi. Олардың «қорқып отыр» дегенiне намыстанып, «бұларды бiр емес екiден жығып, масқаралайын» деп бекiндi де, келiсiмге келдi. – Əй, сенiң күндiк табысың 25 сом болса, мен күрескенiм үшiн түк те сұрамаймын. Тiптi жүз сом тапсаң да ақша бер демейiн. Мына жұрт мен күресем дегенге келiп отыр. Егер де мен шындап күресетiн болсам, халықтың бұдан да көп келетiнiне сенемiн. Маған күн сайын түскен ақшаның жүз сомнан артығының жартысын ғана берiңдер. Ал оған қиянат жасап, ұрлық iстеме. Кассаны тексеретiн комиссия құрылсын. Ал мен осы он екi палуаныңыздың бiрiнен жығылсам тиын алмаймын. Егер екеуiнен жығылсам мiнiп келген сегiз ат, төрт түйемiз бар, соларды түгел берiп кетем! – дедi Мұқан. – Ойпыр-ай, мына жайбасар, ауылға менi жаяу қайтаратын болды-ау, – дедi құрдасы. – Үндеме, түйеңе ақша артып қайтасың аман болса.
«Жығылсам, мiнiп келген көлiгiмiз түгел сендердiкi болады» дегенiне шала түсiнген кiшi палуанның бiрi орнынан секiрiп түсiп, «бiреуi менiкi» деп, қолына түкiрiп қойды. Оларша бұл айтылып отырғанның бəрi боза үстiндегi бос сөз сияқты сезiлдi. Циркке келушi-лерден жүз сомнан артық ақша түспейдi деп ойлады. Ауыл палуанының айтуы бойынша шарт жазылды. Кассаны тексеретiн, күнделiктi табысын айтып отыруды тiлмаш жiгiт өз мiндетiне алды. Ол үшiн цирк бастығы ертең бұйрық бермекшi болды. Цирк басқарушысының уақытты созыңқыраймын дегенiне де таласпады Мұқан. – Е, қызық ендi болды. Ертең қазақша күрестi көремiз. Нұрмағанбет болғанда жығатынына сөз жоқ едi, мұны кiм бiлсiн, əлi жас. Шолақтай тiс қаққан емес екен. Өзiнiң аты кiм дедi? – Жайбасар деп отыр ғой қасында отырған жiгiт. – Ол құрдасы ма, əзiл айтар əзiлкеш бiреу ғой деймiн. Əлгi шартта кiм деп жазды екен. Сейiтмұрат, сен алдыңғы жағында отырдың ғой, атын айтқанын естiдiң бе? – Менiңше, онда жазғаны да өзiнiң аты емес. Оның атын айтқаны өте қызық болды. Ол алдымен менiмен күресетiн палуандарыңның атын жаз дедi. Цирк басқарушы: Петро-Сибирский, Михаил-Шатинский, Замук- Батумский, Иван-Оралский деп тiздi де; – Ал өз атыңды айт! – дегенде, ол тiлмашқа қарап: – Бұлардың бəрi «ский» екен, менi де – Алыпсоқ Шидем-Күпiнский деп жазсын, – дедi. Шартқа солай деп жаза салды. Цирк адамдарына келушiлер көбейсе болды. Бұл қазақ бiздi жығады деп жүрген олар жоқ. – Шiркiн-ай, осындай уақытты Мұқан келер ме едi. Сыртынан атағын құшақтатқанша, бiр келiп, жүзiн көрсетсе қайтедi... * * * Ертеңiне цирктiң жарнама тақтайының бетiн түгел алған жаңа сурет жапсырылды. Онда цирктiң он екi палуаны бейнеленiп, олардың қарсы алдында, түлкi тымақтың сол жак құлағын iшiне қарай, жымырып киген, саптама етiк, шидем күпiлi қазақтың суретiн салған. Ол белiне жуан арқан
байлап, бiлегiн сыбанып, «кел бермен!» дегендей жұлқынып тұр. «Бұл – ауыл палуаны – Алыпсоқ Шидем-Күпiнский» деп жазылыпты. Ертең қазақ күресi болады екен деген хабар бүтiн қалаға, ауылға түн iшiнде-ақ, тарап болып едi. Цирктiң барлық орынға деген билеттерi түске жетпей таусылды. Билеттiң құнын сұрау деген жоғалды, бес тиындық билеттер екi есе артығына сатылып жатты. Түс қайта дуандағы белгiлi мырзалардан: «Бiзге орын қалдыр» деген хаттар басшының столын басып кеттi. Мөлшерлi орындарынан екi есе артық билет сатып қойған цирк қосалқы орындықтар жинап əбiгерлендi. Кешке ойын басталғанда, кең цирктiң iшiнде аяқ басып тұрарлық жер қалдырмай қаптаған көпшiлiк, жеңiл өтетiн программадағы ойындарды көрмей: – Палуандар шықсын! Бiзге ауылдан келген Алыпсоқты көрсет! – десiп шуласты. Оны көретiн сағат та жеттi. Цирктiң күндiзгi болған өндiрiстiк кеңесiнде: – Бiзге құдай көктен сұрағанымызды жерден берiп отыр. Мен цирк басқара жүрiп, мұндай көрушiнiң көбейгенiн көрген емеспiн. Егер күнде осындай адам келетiн болса мұны қыстай ұстар едiм. Не пайда, жығу, жығылуға ынтыққан ел асығады. Ал алғашқы жетiнi қалай да созуға тырысайық. Қазақ күресiнде шалып жығу деген болады, оны iстемеуге келiстi. Орыстың жата қалып ататыны болмауын да тiледi. Тек күштерiң басым болды екен деп, ұстасқан жерден алып ұрмай, уақыттың созылуын, ертеңге қалдыруды ойлаңдар. Өңештерiңдi жiбiтетiн цирктiң түсiмi көбейсе, өз бақыттарың үшiн екенiн өздерiң бiлесiң. Менiңше, ол ауылдан келмей, қала iшiнiң адамы болса, осы қазақты спорт мектебiнен шыққан кiсi дер едiм. Орыс тiлiн бiлмейдi екен деп, ұят сөздердi де айтпаңдар, орыс тiлiн түсiне ме деп қалдым. Өйткенi орыстардың өзi түсiне бер-мейтiн цирктiк жаңа сөздердi тiлмаш қазақша айта алмай отырғанда ол «түсiндiм» деп қолын сiлтеп отырды. Нағыз аңғырт бiреу болмас ол. Олай болса, байқау керек. Бұл жай қазақ болмай, баяғы Поддубныйға серiк болған Черный Иван болып жүрмесiн. Оны осы қырдың даласынан келген деп естушi ем. Оған кезiксең сақалдарыңды сипай бер. – Черный Иван... – десiп, бəрi де таңырқасты. – Қой, ол шетелге кеткен топта болатын. Мен Москвадан шыққан бiр газеттен жаздың аяқ кезiнде оқыдым. Ол қазақ болмауы керек.
– Оны мен де танимын, – дедi Дмитрий Томский. – Мен де жақсы танимын, – дедi Черный Замук-Батумский. – Айтпақшы, Замук, сен Иванмен күрестiм дейтiн едiң, сол Қара Иван емес пе өзi? Ол сары Иваннан қалай? – Ол қара, сары Иван дегендердiң түсi болмаса, күшi бiр шайтанның баласындай, – деп жаратпаған пiшiнмен мiңгiрледi. Өйтетiнi бұл Мұқаннан екi рет жығылған палуан болатын. – Дмитрий, сен қайдан көрiп жүрсiң оны? Күрес-тiң бе? – Күрескенiм жоқ. Бiз мектеп бiтiрiп, тəжiрибе жұмысына шыққанда олар Харьковте күресiп жатыр екен. Бiздi солардың сынағынан өткiзгенде, менiң жетекшiм Черный Иван болған. Қайда, ол тұлғасына адам таң қалатын палуан... Мынауың оның тырнағына да тұрмайды. – Қой ендi, ол болмаса болмай-ақ қойсын. Менiң тануымша бұл қазақты сендер лақтырып тастай салатын сыраның шөлмегi емес, байқаңдар, – дедi. – Қара Иван болып сорлап қалмасақ болды. Неше күнге созып жықсақ та ерiк бiзде ғой, – деген палуандардың үмiтi бiр түрлi күдiктiлеу болып қалды. Цирк алдымен үшiншi топтың екi палуанын дайындады. «Бəйгеге тiгiлген бiр ат менiкi» деп қолына түкiрген шағын денелi Митя-Амурский шықты. Мұқан отырған жерiнде сыртқы киiмiн тастап, үйден əзiрлеп келген жалаңаш етке киген шолақ шекпеннiң белiн қыл шылбырмен байлап, саптама етiгiн тастап, мəсiмен ортаға келдi. Əдеттенген аяқты қанша жай адамдарша басамын десе де мектепте үйренген қалпына кеттi. Көпшi-лiктiң қол шапалақтау, айқай-қиқайымен цирк адамдары аңғармай қалды. Ол кiшкене стол қойып орындықтарға отырған комиссияға қайырылмай, палуанға барды. – Мынаның аяғы бала кезiнен ширап, жылдам басатын болыпты. Тегi, жығатын шығар, құлшынып кеттi, – дедi құрдасы. Күресетiн кiсiсiне жақындағанда, қолын соза керiп кеудесiн көтере, бой
құрысын жазғандай болды. Тон сыртынан киетiн шекпеннiң кең жеңiн, ойнап тұрған бұлшық ет қыртыстандырып жiбердi. – Əне, бұлшық етi темiрдi жарғандай, бұл қайдағы ауылдан келген адам болсын! – дедi, цирк палуанының жанында тұрған басқарушы. Күресетiн уақыт 40 минут, орыңдайтыны қазақ күресi екенi жарияланды. – Əй, тiлмаш, мынаған мен қазақ күресiнiң тəртiбiн айтам, əбден түсiндiрген көрсеткендi бұзса маған өкпелемесiн. Палуан, əлi, асықпа! Қолыңды ербеңдетiп қайтесiң, ұстай алсаң менiң белiм еркiн тиедi қолына. Өзiң қолыңды маған бер, – деп, екi бiлегiн сыға ұстап, өзiнiң белбеуiн екi бүйiрiнен сығымдата оған ұстатты. Сөйтiп оның белбеуiнен өзi ұстап, бүйiрiн қусыра өзiне қарай бiр тартты да, қайта кейiн итерiп қойып: – Мынауың бос. Мiне, менiкiндей етiп, белiңдi қатты бу. Ұстасқанда белбеуiң бос болса, белiңдi қиып кетедi. Нанды содан тауып жеп жүрген саған ол бел ертең де керек. Түсiндiң бе? Жақсылап түсiндiр, тiлмаш. Өзiң божыратып сөйлейсiң, орысша аз бiлесiң бе, əлде менiң айтқаныма түсiнбейсiң бе? – деп, тiлмашты да кекеп қойды. Ондаған жыл күрессiз өткен күнiн шықпаған күндей көретiн Мұқан, екi-үш ай ауылда болып, зерiгiп қал-ғандықтан циркке келiп шешiнгенде, суына қайта түскен балықтай жадырап кеттi. Қарсы палуанына қазақ күресiн баяғы өзiн үйреткен Дядя Иван, Поддубныйша үйретедi. Бiрақ Мұқанның қолы тиген сайын денесiн темiр тiстеуiкпен тiстеткендей, жанын жеп, жығу үмiтiн түгелден үзiп те болды. Ойына Черный Иван деген сөз ерiксiз түсе бердi. Қазақ күресiн үйретемiн деп iлгерi тартып, шетiн-дiрiп, бiлегiн қысып, бүйiрiн сығып жатқаңда қарсылық көрсетудiң орнына, сiлейiп қалған Митяны көрiп: – Жайың қалай? – деп басқарушы иегiн қақты. – Ештеме емес, бiрақ... – Бiрағың не? – Бұрын күреспеген соң...
– Мынау үйретiп жатыр ғой. Арбасын өзi соғып мiнетiн ұстаға кездессең керек!.. Оның сөзiмен Мұқанның iсi болмай: – Əй, бiр аяғыңды алға бас, былай! – деп балтырын бүре өзiне қарай күйрете тартып қойды да, тiлмашқа: – бұған айт, орысша күрес араластырам деп жерге аунамасын. Онда мұрнын бұзып алады! – деп кейiн шегi-нiңкiреп барып, палуанға қарады. – Тезiрек ұстас, тойға ертiп келген балаңдай баптап кеттiң ғой, – деген бiреудiң асыққан даусы шықты. Оған қобалжыған Мұқан болмады. Шолақ шекпенiнiң жеңiн сыбанып тұрып: – Əй, тəйiрi, несiне асығасыңдар, ұстасатын кiсiнi ұстап көрiп жатырмын. Бұл да қыздардың шиден iстеген қуыршағы емес сияқты. Не боларын кiм бiлсiн... Өзiнiң үйреткенiндей ұстасып, əдiс алысқандай бiраз жүрдi. Митяның кеудесiн көтерiп, денесiн өзiне қарай тартқысы келген қимылдарына, бүйiрiн сыға нығарлап, аяғын қимылдатқызбай тастады. Жығыс уақы- тының 25 минуты өткенде Митяның бүкiл денесiн тер басып, жүрек ауруы ұстағандай ентiгiп жүр едi. Көпшi-лiктiң шыдамы кетiп: – Шырағым Алыпсоқ, бұл қай ермегiң? Болдырсайшы, – дестi. – Əй, ағалар-ай, болдыра алмай жүрмiн ғой, – дедi ұстаса жүрiп. – Болмай жүрген түгi жоқ, өзiң ойынға айналдырып жүрсiң. – Ағайын-ай, қинадыңдар-ау, сиыныңдаршы ару-аққа... «Қап» деп, еңкейген еңсесiн жоғары көтергенде, Митя айырдағы шөптей дəл төбесiне келдi. Атып жiбе-редi деген басқарушы ысқырығын шырылдата қасына келiп қалды. Жөпелдемеде Мұқанның бiр қолы белбеуден босап кетiп, Митя жерге тiк тұра қалды. – Мынауың өлтiретiн болды, бүйткен күресi құрысын, – дедi əлсiрей бастаған Митя, Мұқанның ұстап тұрған бiр қолын босатуды сұрап.
– Əй, тiлмаш, мынау не деп тұр өзi? Мен жығыспай босатпаймын. – Мен мұндай күреспен қайта күресушi болмаспын, – дедi Митя. Оны комиссия қабыл етiп, бiрiншi пар жұмысын бiтiрдi. Екiншi палуанды үш минут iшiнде жықты да, Мұқан киiмiн киiп, цирктен кетiп қалды. Ертеңiне цирктiң басқарушысы Мұқанды кеңсесiне шақырып алып, өтiнiштi ұсыныс жасады: – Алыпсоқ Шидем-Күпiнский азамат, сен кiмсiң? Шыныңды айт. Сен орыс тiлiн де бiлесiң, тiлмашсыз өзiң сөйле. Бiздi ендi алдама, – дедi. – Əй, мынауың не деп отыр, түсiндiршi? – деп тiлмашты iздедi. Ол жоқ едi. Мұқанды сынамақ болып, тiлмашты жорта қасындағы бөлмеге отырғызып қойған екен, амалы жоқ, алып келдi. Сөз қайтадан қазақшаланды. – Жо-жоқ, бұйырмасын, түсiнсем неге сөйлемейiн. Атым да сол, өзiм де осы отырғаным. Əкемдi көрiп отырсыңдар ғой, анау, күнде келiп жүрген қара шал. (Онысы нағашысы Қали болатын.) Цирк басқарушысы күдiгiнiң түйiнiн шеше алмады. Ол екiншi тiлегiн айтты: – Бiз келiсiм қағазын қайта жасайық, көктемге шейiн бiзде қалатын бол. Басқарушы – мен отыз бес сом айлық алам, саған елу сомнан берейiн. Кассаға түскен жүз сомнан артығының тең жартысын алам дегенiңдi қой. – Қой, айта көрме, уəде – уəде, «құдайдың атымен» екi сөйлемеймiн. Ақ кағазға бармағымды бiр басқан соң, айтқанымда тұрам. Ақша түспесе түктiң керегi жоқ. Палуаныңның екеуi жығылды ғой, ендi қалғандарының бiрiнен жығылсам көлiгiмдi берем де кетем. Бүгiн нешеуiмен күрестiресiң, оны өзiң бiл. Бүгiн жығып шықсам, ертең ақша бер. Қалада iшетiн ас, көлiк шөбi сатулы екенiн бiлесiң, теңге керек болып жатыр. Не де болса бiр күнде болсын деп едiм, оған өзiң болмай, созып отырсың. Тағы да жоқты сылтау етiп, күнде күрестiң жобасын қысқартып жүрме. Бiз, қазақ, мал баққан ел екенiн өзiң бiлетiн шығарсың, ауылда малымыз бар, таситын шөбiмiз бар. Алда разы болсын, бiздi бөгеме, – деп шартты қайта жасау туралы сөздi орындамай қойды. Амал жоқ, көшiрмесi қолына берiлген қағаз күшiнде қала бердi де, күрес жүре бердi. Бiр жетi уақыт өтiп, он екi палуан қазақ күрестен түгел жығылып болды. Мұқанға келiскен жарнадан 350 сом ақша түстi. Сатылған
билеттi санап, кассаны тексерейiк деп, Мұқан айтпады, бергенiн алды. Шапан-шақпұт дегендей, көрушi көпшiлiктен сый да түсiп жатты. Қазақша күрес бiтiп, цирктiң тасыған сүттей табысы суалатын болды. Цирктiң бастығы беделдi бiр қазақтың үйiне қой сойып, Мұқанды серiктерiмен қонаққа шақырды. Əлгi үй цирктiң өз ақшасын өзiнен аямай риза боларлықтай сый iстедi. Дастарқан үстiнде цирктiң басшысы мен палуандары түгел болды. Ас əзiрлегенше, шай үстiнде циркшiлер мынадай өтiнiш еттi: – Апылсоқ мырза, атың бұл емес, өзiң айтпаған соң амал қанша, солай атай беремiз де. Кеше бiр үйде қонақта болып, сен туралы əңгiме болғанда, сол үйдiң баласы: «Ол жасырынып жүрген Мұқан Мұңайтпасов» деп едi, əкесi: «Сен қайдан бiлесiң оны? Ол елге келген жоқ!» деп жекiп тастады. Содан кейiн сенiң кiм екенiңдi бiлмей дал болдық. Шамасы, бiз бiлмейтiн қазақтың белгiлi адамы көп сияқты. Ел болған соң солай болады да. Ендi тiлегiмiз мынау: шаруаң жағынан асығыс болсаң, мына қартты ауылға қайтара тұрып, өзiң бiраз күнге тағы қалуыңды сұраймыз. Мына палуандарды сен қазақ күресiмен ұстасуға келтiрмей-ақ жығып шықтың. Бұлар да тек жерге шаныша салған құрай емес едi, жүздi жығып жүлде алғандар болатын. Бiз де циркке сай тасындай саралап алған адамдармыз. Бұлардың көңiлiнен де тарамайтын арман қалып отыр. «Күштiлiгiңде шек жоқ. Бiрақ бiз əдiсiне жетiлмеген қазақ күресiмен күрестiк. Бiзбен тек французша күрессе екен, жығылсақ та армансыз қалар едiк» деп тiлек етедi. Мына əкеңнiң алдында осыны айтып, сенен тiлек еткелi, дидарласып отырмыз. Осыған не айтасың? – дедi. Мұқан ойланып, серiктерiне қарады. Олар жымиысып қойды да: – Өзiң бiлесiң. Жауап бер, – дестi. – Мен французша күрестi бiлмеймiн ғой. – Бiлетiнiңе бiздiң шегiмiз болмай отыр. Тiптi бiлмеген күнде, бiлмейтiн күреспен бiз де күресiп жығылдық, азар болса, сен де солай боларсың. – Мен қандай күрес болса да жығылғым келмейдi. Жарайды, ойласып, ертең циркке келiп өзiм айтайын, – дедi. Ас пiсiп, адамдар ас iшуге бөлiнгенде, Мұқанды палуандар өз бөлмелерiне алып кеттi.
Шараптың алуан түрiн алдырған екен, ас алды бiр-бiр рюмка ақтан көтермекшi болды. Мұқан: – Мұндайды iшiп корген емеспiн, маған қымыз керек, – дедi. Бiрақ ол мұндайда табылмады. – Ендi мына шөлмектердi өзiм қарап, бұйырған бiрiн iшейiн. Сендер маған тəттiсiн айтыңдар, – деп бес жұлдызды коньяктi қолына ұстады. – Осының шөлмегi əдемi екен, сiрə тəттi болар, – дедi. – Дəл таптың, оның iшiндегi қант қосқан су, – деп тiлмаш қулана күлдi. Цирк бастығы рюмка ұсынып едi, Мұқан сорпа кесе алдырып, – мен қымыз iшiп үйренген адаммын, толтырып бiр-ақ құй, тəттi деп отыр ғой мынау, – дедi. 60 градустық шарапты сiмiрiп жiберiп, басынан тастамай отырған түлкi тымағын жұлып алды да: – Бала, алдаған екенсiң, мұның iшiне қант қосылмапты, – деп үлкендеу шанышқыны алып, кесек еттi көмейлете ұрып жiбердi. – Осындай да ауыл адамы бола ма екен? – деп, бас-қарушы күлiп жiбердi. Бiрақ Мұқан шарап iшудi қайталамады. * * * Цирктiң жарнамасы жаңарып, Алыпсоқ Шидем-Күпiнскийдiң француз күресiне түсетiнi жарияланды. Мұны естiп, дүмеген жұрт дүмей түстi. Цирктiң билетi тағы да жетпей қалды. Күреске жаны құмар қазақтар ауыл- ауылдан ағылып келiп жатты. Цирктiң тəртiбi бойынша, арасына күн салып, Мұқан бiр палуанмен күре-сетiн болды. Алдымен Митя килiктi. – Əй, тамыр, мен саған қазақша күрестi үйретiп едiм ғой, сен французша күрестi үйрет. Белбеусiз сенi қалай ұстап жығам? Судан шыққан балық сияқты жылмаңдап тұрсың?.. Митя не дерiн бiлмей, сасқанынан күлiп жiбердi. – Сен бiлмесең де, сенi жығам деген ой менде жоқ... Оған дəмеленiп те тұрғам жоқ.
– Бол, бол, баста! Қалай өзi, маған не iстейсiң? Ол келiп жауырынынан қағып жiберiп едi, Мұқан етпетiнен жата қалды. – Мынау, бiр ұрып құлатқаны ма? Тегi, күшi көп болса да, əдiсiн бiлмеген соң қиын екен ғой, – деп шуласты жұрт. Митя аздап дəмеленiп қалғандай, «əдiсiн бiлмеген-нен болар» деп, оның кеудесiне еңсесiн арта жатып, қолтығына қолын сұға, шалқалатпақ болды. Бiрақ ол үмiтi ақталмады, бейне бiр жерге шегелеп тастағандай қозғалар емес. Қабырғасына алған қолын қайырып үстiне шығармақ болып əурелендi, онысы қабырғасына байлап қойғандай бүлк етер емес. Етпеттей жатыр Мұқан. Арқасында бала ойнатқандай, жауырынын созып, əбден дiңкелеттi. Жиырма минут уақыты таянып та қалды. Ол үстiне труси кимей, кең балақ жарғақ шалбар тауып киген едi, Митяның аққан терi оны былбыратын жi- бердi. Уақыт екi минут қалғанда екi қолын қолтығынан бiрдей сұғып, бұлшық етiн уыстап алған Митяның оң қолын сығымдай ұстап, ұшып тұрды да, еңкейе берiп, иығынан асыра шалқасынан салды. Ол тiзе бүгуге шамасы келмей, тандырдың нанындай жабысты. – Классикалық жығыс! – дедi төрешi. – Өзi үйреткен əдiспен жықтым, мұндай күрестi кiм көрген, – дедi Мұқан. Ауыл палуанының шеберлiгi күннен-күнге жетiле бердi. – Мыналардың əдiсiн əбден бiлiп алды, – деп күңкiлдестi көрушiлер. Сегiз палуан жығылып, Черный Замук алаңға шыққанда, Мұқан қыңырлау тұрып, көз қиығын салды да: – Мұнымен ең соңынан күресем, – дедi. Оның денесi Мұқаннан бiр жарым есеге жақын iрi едi. Көрушiлер: – Осыдан қауiптенедi бiлем, – дедi. Оны елең қылған Мұқан болмай, басқаларымен күресе бердi.
Он бiр палуан он бiр түрлi əдiспен келсе де жығылып, төрелiк айтушылардың бiрiне наразылық бiлдiргенi болмады. Қала бастықтарының үлкен-кiшiсi, атақты байлар, саудагерлер, əкiмдер болып түгел күрес қызығына қарасты. Мұншалық күш, мұншалық шеберлiк ауылға қалай сыйып жатқанын, оны осы уақытқа шейiн көздерiне түсiре алмағанына өкiнiстi. Мұның кiм екенiн бiлу үшiн Сарытерек болысына тексеру хат та жазды. «Құрметтi ұлық, ол болыстың адамы. Мал баққан Қали дегеннiң баласы. Оның жиенi Мұқан Мүңайтпасов деген Петроградта күресiп жатыр. Баяғыда бабалары батыр болған адам көрiнедi» деп жауап та келдi. Содан кейiн Черный Иван деп күдiктенгендерi шешiлмей қалды. Дуанға келгенiне айға жуық уақыт өтiп, ең ақырғы Черный Замукпен күресетiн кеш келдi. Адамның дүмеуi күннен-күнге тасқындай бердi. Бiреуден бiреу сатып алып, бiр билет бес сомға шейiн барды. Айрықша атағы бар дəудiң бiреуi өткен күресте өте тез жығылды. Елдi таңырқатқан жағдай, палуандардың кiшiлерi күрес мерзiмiне жеткенше, кейде асқанынша тiресушi едi. Үлкендерiне кезек келген сайын жығыс жылдамдай бердi. Iрi палуанның бiрi үш жарым минутта-ақ жығылды. Бүгiн Мұқан көпке шейiн циркке келмедi. Көру-шiлер: «Сол шынымен осыдан қауiптенедi, келмей, қашып қалмағай едi» десiп отырғанда, Мұқан да келдi. – Палуан, бүгiн кешiгiп келдiң, күнде ерте келетiн едiң, – десiп, таяу отырғандар жайын сұрады. – Өзiм тымауратып, басым ауырған соң, бүгiн келмей-ақ қояйын деп едiм, мына қара дəуден қорықты деп айта ма деп, ұялғанымнан келдiм, – дей салды. – Əнеугүнi қазақша күрескенде осыны тез-ақ жықтың. Соны қазақ күресiнiң əдiсiн бiлмегендiктен жығылды деушiлер болды. Ал, сен мынау күрестiң əдiсiн бiлмей де жығып жатырсың. Бiзше əдiстiң тетiгi күш сияқты. Осы дəу қараның күшi өзiңнен қалай, көп пе? – Ойбой, мұның теңдесi жоқ палуан ғой. Əнеугүнi аруақтар жар болып жығып едiм. Бүгiн қайдам... – деп, Мұқан қорыққан кейiп көрсеттi
– Аллажар болсын, шырағым! Сескенбе, күшiң басым екенiн осы цирктiң өз адамдары айтып, ауыздарының суы құрып жүр. Құдай бiледi, жығасың, – десiп, қарттар сүйеу бергендей сөздерiн айтысты. Мұқан Черный Замукке жылдам басып барды да, өкшесiн жерге тiреп жiберiп, мойнынан шап берiп құшақтап алды. Биiк дене иiлiп, бастары түйiстi де, қолдары екi басты қосуға салған құрсаудай айқасты да қалды. Екеуi өгiзше тiресiп бiрнеше секунд тұрды да, Мұқан желке етiн қыртыстандырып жiберiп, Замуктiң айқастыра ұстаған қолын серiппеше жазып жiбердi. Еңкейе берiп, басын төмен қарай сырғыта, жазылмаған күштi қолды нығырақ сiлкiп жiбердi. Нардай үлкен дене кiлем үстiне етпеттен сұлады. Оны жайғасып жатуға уақыт тапқызбай кеудесiмен иығын жаныштай басып, аударған қаптай төңкерiп тастады да, кеудесiн кеудесiмен басып жата қалды. Ысқырық шырылдап, жығудың əдiл екенiн, жығушының ерекше күштi екенiн хабарлады. – Сен түсiңде менiң ағам Ванядан екi жығылып, масқаңды алдырып едiң. Мұнда келiп менен жығылғанын ұят емес пе, – дедi, жығыс кешiрiмiн сұрап, қол алысып тұрғанда, орысша болбырата сөйлеп. Черный Замук еңкейе қарап; – О, Ваня... бауырым, сенi көрген бақытты күнiм осы екен ғой, – деп қанатын жая, құшағына алды. * * * 1948 жылы, август айының аяқ шенiнде, Темiрлан селосына қарайтын Ленин атындағы колхозда отырған Мiнəйiм жеңгейдiң үйiне есекке мiнген бiр колхозшы келiп: – Мiнəйiм, Қажекеңнiң қабiрiнiң басына барып, шай қайнатып iшiп, қабiрiне гүл қойып жүрген орыстың кiм екенiн бiлдiңдер ме? – дедi. Үйдегiлер таң қалысып, жақындағы зиратқа қарай тұра жүгiрiстi. Келсе, қартаңдау келген, алып денелi орыс, арқасында арқалап жүрген жүгi бар. Сұраса келгенде осы қабiрдi əдейi iздеп келгенiн айтты. Есбол, Айдарxандар үйiне ертiп келiп, асын берiп, Қажекеңнiң досына сый-құрмет көрсеттi. Ол Ақмоладағы белгiсiз болып күрескен он екi палуанның бiрi екен. Қартайып, пенсияға шығыпты. Оңтүстiк Қазақстан облысындағы
мектеп-тердегi спортшыларға нұсқау бередi екен.
Жиб-жица күресi Дүние аралаған палуанның ұзын сапары Харбин қаласына барып, бiр тұйықталды. Онда Қытай, Жапония, Корея, Монғолия палуандары келген. Сар-Кек-Ки (Қажымұқан солай атайды), Жапонның Париждегi дүниежүзiлiк күреске қатысқан палуаны. Ол французша күреспен Қажымұқаннан екi минутта жығылып шықты. Күйгелек, ызақор, кек сақтағыш мiнезi бар, көп сөз, күлкiнi жек көретiн палуан екен. Жапонның Микадосы1 қайығын жүргiзбеген желдi «Орыс, Қытай жақтан соққан жел» деп, елiн өшiктiретiн жапон ғой. Сар-Кек-Ки сол торбиемен жүрегiн ерiксiз қатырған. Қытай, Корейдiң көп палуанынан басым болып, он екi палуанды жығып, мақтанышпен қайтамын деп тұрғанда, өзiн бұрамға келтiрмеген қара орыс келiп қалды. Күрестi қайталап, уақытты созбас үшiн Сар-Кек- Кидi кiм жықса да соның жықкан палуандарын түгел жыққан болып есептелсiн деген, күрес комиссиясының ұйғарындысы болды. – Күрес французша болады, – дедi комиссия. – Мен Жапон күресi «Жиб-жицамен» күресем, – дедi Сар-Кек-Ки. Бұл күресте ешбiр ереже жоқ, палуандар кез келген жерiнен ұстап, шамасы келсе жұлып тастай беру болатын. – Иван-Корень, сен жапондарға жақынсың ғой, мынаның айтып тұрған күресiн бiлетiн шығарсың, сен күрес, – дедi жат күрестiң жайын бiлмеген Қажымұ-қан. – Айта көрме, таласқан иттей жараланып кiм жатсын, мен күреспеймiн, – дедi сахалиндiк Иван. – Мен «Жиб-жицадан» басқа күреспен күрес-пеймiн. Орыс палуандары күреспесе, бəйгенi шаппай алам, жеңiс менiкi, – деп Сар-Кек-Ки қасарып отырып алды. Қыңырайын жерге қарап отырған түрiне үңiлiп бiраз тұрды да, аузына алақан толтыра салған насыбайын жерге қатаңырақ түкiрiп:
– Жаз менi, иттiң күресi болса да күрестiм, – дедi Қажымұқан. Өлгенi үшiн ешкiм жауапты еместiгiне екеуi де тiлхатқа қол қойды. Цирк көрушiлерден екi кiсi шақырып, актыға қол қойғызды да, екеуiне де ақ майка, труси кигiзiп, есiк пен төрдей жерден қоя берiп, қоңырауды шылдыр еткiздi цирк басқарушы. Жапонның тарамыстанған темiрдей қатты қолы Қажымұқанға шып ете қалып, орғып бiр өттi. Жылдамдығына көз iлеспей Қажымұқанның басына қолы тағы бiр тиiп, цирктiң екiншi жағына қарай секiрдi. Қажымұқанның басы-көзiн қан басып, жосадай боп сорғалап жүре бердi. Көрушiлердiң арасында отырған орыс палуандары орындарынан ұшып-ұшып тұрып, ойнақтап жүрген жапонға тұра ұмтылысты. – Шық берi. Өлдiң ғой байғұс! – деген ащы дауыс цирк iшiн жаңғыртып жiбердi. Тəртiпшiнiң үстi-үстiне шырылдап ысқырғаны Сар-Кек-Киге тап берген орыс палуандарының жолын бөгедi. – Қайда барасыңдар? – Қарғыс атқан ит, адамымызды өлтiресiң бе? – Күрестiң ережесi сол! Шамасы келсе, ол да соның iстегенiн iстесiн. Тəртiптi бұзбай, орындарыңа барып отырыңдар! – деп басқарушы зiлдене сөйлеп, түсiн суытты. Шабынған арыстандай үш палуан бiлек түрiп сыбанған күйiнде тұрып қалды да: – Иттiң қолын ендi денеге тигiзбе! – дедi ашулы үнмен. Жапон үшiншi рет зуылдап келiп, қанға боялған Қажымұқанға қайта қолын сала бергенде, əдiстi алып тұрған Қажымұқан екi қолын шап берiп, артына қарай қайырды да, тiземенен бiр қағып, дөңбектей жерге былш еткiздi. Бұлқынған күйi етпетiнен салып қойып, оң тiзесiмен иығынан басып, сол аяғымен желкесiн тiреп тұрып, сол қолы Сар-Кек-Кидiң үстiңгi ернi мен мұрнын қоса қабат кейiн сыдырып барады... Цирк басқарушының сылдыраған қоңырауы естiлдi. Бұл сияқты жабайылық салтын талай көрген цирк басқарушысы да бұған өрескел деп қарамады. Қажымұ-қан бiр ай емделiп жазылды. Бiрақ оның Дядя Иван мектебiнен қалыптасып, шыныққан сұлу денесiнiң сиқына бiраз ажарсыздық ендi.
Көктем мезгiлi тағы бiр айналып түскен кез едi. Қажымұқан ауруxанадан шығып, өзiнiң достарына қосылды. Бұлардың жатқан жерi Харбин циркiнiң қорасының iшiндегi ойыншылар тұратын жатақхананың бiр бөлмесi едi. Қора iшiндегi үюлi жатқан жуан ағаштардың үстiне киiм, жамылғыштарын жайып, тамылжыған шуақта, құзар таудың бүркiтiндей, орыстың төрт палуаны отырды. Бұлардың жасы үлкен ағасы да, өздерiне тəн жұмысына басқарушы да Иван Корень болатын, цирктiң жарнама қағазының қалыңдау бiреуiн жайып, шұжығын, балығын, дəу қалаш нанын, дорбаларындағы шөлмектерiн сырлаған темiр сапты аяқтарын əкелiп: – Тойға келiңдер, туысқандар! Дуня, Якуб қартты шақыр. – Дəулер-ау, бұларың немене? – Той. Мына, Черный Иванды көптен күтiп жатыр едiк, ендi елге қайтар алдында жол ашарымыз. – Бұл палуанның аты Қажымұқан емес пе? – Бұрын бiз Черный Иван дейтiн едiк, сiз айтып тұрған атты Стамбулдан тауып алды, басына түскен жара осының қырсығы. Ендi бұрынғыша атаймыз. Құтты атыңның қайта қойылғаны үшiн. Ал саптыаяғыңды көтерiп жiбер. Палуандардың бұл тобының күрес өткiзген қаласының бiрi Стамбул едi. Соған қатынасқан Мұқанға түрiктер қатты қызығып, достасқан тобынан айыруға алуан түрлi айла iстеп көрiптi. Қонақ үй бағының iшiнде ағатын арықтан, күндегi əдетi бойынша жуынып, судың бетiне қадала қарап отырған Мұқанның үстiне əлдеқайдан су шашылып кеттi. Басын көтерiп алдына қараса, судың арғы бетiнде бастарында жалтыраған тақиясы бар, ауыздарын ақ жiбекпен орап алған екi қыз отыр-ғанын көрдi. – Сəлем! – деп қылмаңдайды қыздар, беттерiне қараған жiгiтке. – Сəлемет болыңдар, сұлулар! Суды неге шашасыңдар? – Неге қарамайсың? – Сендерден сұлу суға қарап тұрмын.
– Су бiзден сұлу ма? – Сұлу. Судың ағысы сендердiң жүрiстерiңдей қисық емес – Бiздiң жүрiсiмiз қисық па екен? – Қисық болмаса, менiң үстiме қайдан келе қойдыңдар? Екi қыз сықылықтап күлiп, ораған жiбектерiн жазып жiбердi. Елiктей жұмырланған сұлу мойындарындағы моншақтар суға шағылысып, үлбiреген тамағы, маржандай ақ тiстерi, гүлдей қызарған ерiндерi айқын көрiнiп, Мұқанды елiктiргендей болды. – Торғынмен оралған тамақтарың əдемi екен, ондай сүйкiмдi тамақтан сүюге де болады... – Бiз саған сүйгiзiп, тамағымызды арамдамаймыз. – Менiң аузым арам ба? – Арам. Сенi кəпiр болған түрiк дейдi, рас па? – Ол өтiрiк. Мен кəпiр емес, мұсылманмын. Түрiк емес, қазақпын. Сендерге менi «кəпiр» деп кiм айтты? – Бiлетiн кiсiлер айтты. Бiз сенi осы бақтың iшiнен күнде көремiз. Қызығамыз. Бiлетiн кiсiлерден сұрасақ солай дейдi. – Сендер қайда тұрасыңдар? – Алдыңдағы ашық тұрған терезенi көресiң бе? – Иə. – Сол үйде тұрамыз. Үйге жүрiп, қонақ бол. – Мен үйлерiңе бармаймын. – Неге? – Мен Стамбулға қонаққа келгенiм жоқ, күрескелi келдiм. Күрес бiткен соң қайтамын.
– Қайда? – Ресейге. – Ресейде кəпiрлер тұрады, бiзде қал. – Сендер бiлмей айтасыңдар. Ресейде кəпiр жоқ, орыстар бар. Олар жақсы адамдар. Сендер менi кəпiр деген адамдарды осы араға ертiп келiңдершi. – Оны қайтесiң? – Мына суға тұмсығын батырам! Қайтып ондай сөздi айтпайтын болады. Сол екi қыз, соңынан бiрнеше рет кездескеңде қалаған қызыңызды ал да, түрiкке қал дейтiн болды. – Менiң қымбаттым – қыз емес, туған елiмнiң топырағы, – дедi Мұқан. Мұқан бiр күнi Стамбулдың үлкен мешiтiн көргелi барғанда түрiктiң ишаны басына шашақты қызыл тақия кигiзiп: – Бұл барлық мұсылмандардың мешiттерiнiң анасы. Бұған кiрген кiсi «қажы» болады. Ендi сен Қажы-мұқан болдың, – деп басына шашақты қызыл тақия кигiзiп, тақиялы суретiн газетке басып шығарды. Содан қасындағы жолдастары күлкi етiп, Қажымұқан атап кеттi. Оған шейiн Мұқанның өзiнiң де, əкесiнiн де аты аталмай, басқа жанама атпен аталып жүрiптi. Өзiмен көп жыл жолдас болған Кореньнiң айтқан əңгiмесi де сол. – Ендi Жапонияға барамыз ба? – Жоқ, –дедi Қажымұқан, сарқа iшкен саптыаяғын төңкерiп тастап. – Мен Дубныймен Лондонға баратын едiм. Менi одан айырған кемемен жүре алмайтыным. Мiнсем жүрегiм лоблиды. Жапонмен аралықта үлкен теңiз бар екен. Олардың маған ұсынатын басын Харбинде мұжыдым, ендi бармаймын. Елдi сағындым. Ендi елге қайтайық. Жер жүзiнiң бiраз жерiн араладық. Туған топырағымыздан, Россиядан əсем елдi еш жерде көргенiм жоқ. – Дұрыс айтасың, бауырым. Жердiң көрiктiсi, елдiң мейiрiмдiсi өз Отанымызда. Солармен бiрге жасап, өмiр өткiзгеннiң арманы жоқ.
Орынбор қаласы цирктi шақырып, қағаз келiп жатыр, соған барайық, – дедi Корень. – Тойларың тойға ұласып, сапарларың қайырлы болсын! – дедi Якуб палуандардың əзiл араласқан қызық əңгiмелерiне мейiрi қанғандай. Жайылған жер дүниеге менiң iсiм, Адамды таңдандырған қара күшiм. Ойлаған өлтiрмек боп Сар-Кек-Кидiң, Сыпырғам түлкiдей қып бас терiсiн.
Мырза Мың тоғыз жүз төртiншi жылдың қысы, империа-листiк қанды соғыстың бейнесiндей қыс та қақаған қатты болды. Екi күннiң бiрi бұрқыраған боран, жаяу борасын, ызғырық жел, шытынаған аяз едi. Ақырған ақпанның бас кезiнде үйiлген қарды екi атпен сүргiлетiп тартып жатқан қораға, үстiне қайырма жағалы қасқыр iшiк киген, басында қазандай қара қалпағы бар, қолына кiсi сыйғандай үлкен сандықты бау тағып ұстаған бiреу кiрдi. – Əй, гражданин, Құттыбай мырзаның қорасы осы ма? – дедi, қара терге батып, шөмеленген қарды сүргi-мен кең қорадан шығарып бара жатқан жалшыға. Құттыбай Қызылжардың белгiлi саудагерi едi. Бұл қораның жартысы Европа үлгiсiмен салынған салтанатты үй болса, бiр жағы үйiлген шөп, шанаға жегетiн түйе, сойылатын өгiз, жеңiл шанаға жегiлетiн ат, сатылатын қойлармен былығып жатыр. Түнiмен көмген суырынды қарды тазарту, шашылған шөп-шаламды жинау ондаған жалшыға үзiлмейтiн бейнет болатын. Қажыған жалшы қара қалпақтыға аңырая қарады да, үндемей өтiп кеттi? Оның қайтып келуiн күтiп, жолаушы қораның алдында тұрып қалды. Кейiнгi сүргiшi барғанда, алдыңғы сүргiшi үйiлген қарға омбылап батып кеткен атын шығара алмай жатты. Екеулеп тартып, қара терге батқан үстiне бата түстi. Қора алдында жалшыны күтiп тұрған; қалпақты тыпыршып мазасы кеттi. Сандығын қораның аузына қойды да: – Ей, сендер не ғып ырсылдап жатырсыңдар? – дедi жалшыларға жақындап келiп. – Мырза, көрмей тұрсыз ба? – Көргенде бас-аяғын кессе бiр қазан ет, арық тулақты сүйреп тастай алмай жатқандарың ұят емес пе? – Əрине, мырзаларға солай көрiнедi ғой. Сiздер еттi ғана бiлесiздер. Аттың салмағын көтерген кiсi ғана бiледi!
– Бұлардың сөзiн қайтесiң, сен барып күректi əкел, қарды қазып алайық, – дедi екiншi жалшы, қасқыр iшiктi, қара қалпақтыға ашулы көзiнiң қиығымен қарап. Бiр жалшы жабысқан қарын қағынып, қораға қарай қарға батпаған атты бұрды. – Əй, тоқта! Сүргiңдi ағытып, тақтаңды қардың үстiне көлденең сал. Күрекке əуре болып қайтесiң, – дедi бейтаныс кiсi. – Неге, мырза? – Əй, қайтесiң, мырза-сырзаны. Мен атыңды шығарып берсем болғаны емес пе?! Қарға аяғым батпайтындай етiп тақтайыңды тасташы. Неге екенiн саған көрсетейiн. Қарға аты батқан жалшы, ожырая, көз астымен қарап: – Əлпетi аю сияқты, не қылған неме, қайдан келiп тұр осында? – деп күңгiрлеп қойды. Аты батпағаны, не кетерiн, не тақтай берерiн бiлмей қалды. – Ей, ағыт деймiн, тақтайды! – Қатып қалған қайыс шешiле қоя ма, мырза, барып күрек алып келем.. – Ой, тəйiрi... күрек, күрек.. Былай əкелмейсiң бе? – деп сүргi тақтайды бiр қолымен ұстап қарға батқан атқа қарай сiлкiп жiбердi. Бала сүйреген ит шанадай сырғып, төрт тағандаған сүргi тақтай басын ұстап тұрған адамымен қоса үйiндi қарды түрiлте, жиектей келiп шоңқиды. Батқан атқа жақындатып, көлденең тастады да, аттың жалқұйрығынан ұстап, «њап!» деп бiр жұлғанда, қарға қарны кептелiп тұрған атты қазықтай суырып алып, қардың етегiне домалатып жiбердi. Шығамын деп шапшып булығып қалған ат, тұяғы қатты жерге тиген соң тұрып сiлкiндi де, жақындағы атқа қарап оқыранды. Екi жалшы түс көрген кiсiдей бiрiне-бiрi қарап, үнсiз таңырқап, белгiсiз кiсiнiң бетiне қарады. Аттарының делбесiн ұстап жатып: – Мырза, сандығыңыз далада қалды ма? – Иə. – Бiреу iлiп кетiп жүрмесе игi едi. Бұл көшенiң бейсауат қалған сандығын
қымқырып кететiн балалары аз емес... – Iлiп кететiн балалар сен екеуiңдей болса, қанша жерге апарар дейсiң. Оның iшiнде кiшi-гiрiм аттай салмақ бар. Жалшылар аттарын желдiре айдап, қораға кiрдi де: – Жiгiттер, сұмдық... Не тажал, не мəдi, əйтеуiр, екеуiнiң бiреуi. Солардан басқаға бейнесi ұқсамайтын бiреу келдi, – деп, қораның iшiндегi қар күреп, қырбық сыпырып жүрген жiгiттерге үрейлене сөйледi: – О, немене? – Несiн сұрайсың... Дəу! – Не деп шатасып тұрсыңдар! Көздерiңе бiрдеңе елестеген бе? Осы заманда дəу болушы ма едi? – Əне, əне! Кiрдi қораға. Қора iшiндегi жалшы жiгiттер таңырқай қарасты. Өзгеден айрықша үлкен болмаса да, қалың түктi, қас-қыр iшiк киген дене таңырқай қарағандарға алып сияқты көрiндi. – Япыр-ай, мынауың жай емес екен! Қолындағы сандығының өзi бiр шананың жүгi ғой. Қалай өзi, тiл қата ма, сөйлестiңдер ме? Кiм екен? – Сөйлестiк. – Тiлi қандай, кəдiмгi адамша сөйлей ме? – Орыс тiлiн араластырып қазақша сөйледi. – Ендеше, татар екен ғой.., – Бiлмедiк, кiм екенiн түсiне де көз тоқтатып қарай алғанымыз жоқ. Шұнақ ешкiдей құлағы бүрiскен, ернi жырым- жырым бiреу. Киiмiне қарап мырза деп едiк, көтерiп жүрген сандығына қарап, кiм екенiн де түсiнбей қалдық... – Ал дəу екенiн қайдан бiле қалдыңдар? – Ойбай-ау, мынау ат қарға батып қалмады ма... Арқасы əрең көрiнiп тұрған
атты, жаңқадай, саусағының ұшымен iлiп, қатты жерге лақтырып жiбердi. – Атты лақтырып жiбердi дейдi?! – Атың түгiл, түйеңдi түйме ғұрлы көретiн түрi жоқ! Бiз оны не тажал, не мəдi деп жай айтып тұр дейсiңдер ме?.. – Ал сөйлессеңдер не айтты? – Құнарлы ештеңе айтқан жоқ. Маңқалау ма, қалай?.. Ыңыранған арыстандай үнi бiр түрлi шығады. Тек мынау, əрi шығып бара жатқанда: «Құттыбай мырзаның қорасы осы ма?» дедi. Мен бетiне де анық, назар салмай, асығып кетiп қалдым. Аттың-қарға батқанын көрiп, өзi барды да, менiң сүргiмдi аяғының астына салып, атты шығарып бердi. – Е, iштен келген, (Россиядан) мырзаның достарының бiрi-дағы... – Жоқ, мырза болса, ат түгiл адам өлiп жатса да мойын бұрар ма? Мынадай дəу сандықты қолына ұстап жүрген қай мырзаны көрдiң? – Рас-ау, өзi... Мырза болса, қарға батпақ түгiл, қанға батып жатса да аттап кете бермей ме? Бұл жай адамның бiреуi шығар. – Онда кiм болды екен? Мырзаның үйiне барып кiрiп те кеттi. Жай- жапсарын да сұрай алмай қалдық-ау. * * * Құттыбай мырзаның ауыз үйiнде аңшы итi арс етiп, үнi бiр шықты да «њай» деген қомақты үнiнен сескенiп, есiгi ашық тұрған ас үйге сүңгiп кеттi. Бұрын бүйтпейтiн иттiң қыңсылынан ас пiсiрушi əйел шошып қалды. Əлi ұйқыда жатқан мырзаның үй iшi қонақтарына ас дайындап, қолына май ұстаған күйi ауыз үйге шықты. – Бəйбiше, Құттыбай мырза үйде ме? – дейдi гүрiл-деген бiр үн. Миықтата жиектi қара қалпақ киген бас, ақ қырау басқан iшiктiң жағасынан қисая қарағанда, ас пiсiрушi əйелге бейне бiр аю сөйлеп тұрғандай көрiнiп кеттi. Iшегiн үзiлте бiр тартып, мырза жатқан бөлмеге қарай жүгiрдi. Есiктi əдеттегiдей қағып кiруге де мұршасы келмей, бiрден
ашып: – Мырза! – дедi ащы дауыспен, оянғанына көп уақыт болса да, тұруға ерiншек тартып жатқан Құттыбайға. – Немене? – деп, ол да үрейленген əйелге қарады. – Келдi. – Кiм? – Қара қалпақ қасқыр... бiр... – Не деп шатып тұрсың?! – деп, мырза басын көтер-дi. Əйел қайтарып сөз айтпай, сырғып, мырзаның есiгi-нен шығып бəйбiшенiң бөлмесiне кiрiп кеттi. Мырза: – Не дейдi бұл малғұн. Қалпағы не, қасқыры не мұның?.. – деп асығып шалбарын киiп жатты. Даладан қар күреуге көмектесiп жатқан байдың күтушiсi «дəудi» көруге асыға үйге келiп едi. Ауыз үйде тұрған қонақты киiм шешетiн бөлмеге алып кiрiп: – Киiмiңiздi шешiңiз, мырза, мен қожайынға хабарлайын, – деп шығып кеттi. Қонақ сырт киiмiн шешiп, шегеге iле бергенде: – Сен неме, қайда жүресiң өзiң? Үйге бiреу кiрiп кеттi деп үрейлендiрдi ғой, əлгi күң, – деп жекiген байдың зiлдi үнi шықты. – Мен қар күреп жатыр едiм, мырза. Сiздi сұрап, қара қалпақты, қасқыр iшiктi бiр мырза келдi. Сол кiсiнi айтқан шығар. – Е, қасқыр iшiктi дейдi?.. Қайдан келiптi? – Оншалығын бiлмедiм, мырза, əйтеуiр, киiм киiсi iштен келетiн қонақтар сияқты. – Ендеше, онан несiне шошынып жүр? Үйге кiр-гiздiң бе, жүгi бар ма екен? Басқа жүгiн қайдам, қолында əйдiк сандығы бар. Шешiнетiн үйге кiргiзейiн
деп едiм, орнынан қозғай алмадым. Өзi көтерiп жүргенiне қарағанда, ақша болуы керек. – Бəрекелде, сөз осылай болсын-дағы! Əлгi бiреу үрейлендiрiп, асығып киiмiмдi кие алмап едiм. Киiнiп, бетi-қолымды жуғанша iштен келгендер кiретiн қонақ үйге кiргiзе бер, – деп мырза бөлмесiне қайта кiрiп кеттi. * * * Құттыбай мырза таза жуынып, европаша киiнiп, қонақ үйге кiргенде қонақты көрiп, селтиiп есiк алдында тұрып қалды. Оның ойланып келген тəттi қиялына қонақтың бейнесi үйлеспей қалды. Оның ойынша ақшамен келiп, мыңдап мал алып қайтатын шөп тыққан қанардай қарны илiкпейтiн бiреу болар. Ақ жағасы жар-қырап, алтын сағатының шынжыр бауы омырауында айқыш-ұйқыш салбырап тұратын көпестiң бiрi ғой деп келгенi, өмiрiнде көрмеген бейнедегi бiреу болып шықты. Саудагерге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, жай адамға тағы үйлеспейтiн, мұғалiм, инженердей де емес, шүғадан шалбар, бешпентi бар. Қозғалса жел соққан ағаштың жапырағындай омырауындағы орден-медальдары сыңғырлап тұрған бiр нəрсе. Мұндай көп наградты Құттыбай табақтас болған губернаторынан да көр-меп едi. Əскери адамға ұйғарайын десе, онын да еш-қандай белгiсi жоқ. Дал болған мырза аңырайып тұрып-тұрып: – Ассалаумағалайкум! – дедi. – Саумысың, Құттыбай мырза? Бұрын көрмеген соң танымай тұрған да боларсың, қолыңды алып сəлем-десiп тұрған Россияның дүниежүзiлiк палуаны Қажымұкан Мұңайтпасов. Əлденеше жыл – атағы жер жарып бүтiн ел болып көруге ынтыққан палуанның ендi өз үйiне келгенiне бiр жағынан сүйiндi де, екiншi жағынан пайдасы тиетiн сау-дагер болмағанына iштей күйiндi де. Ренжiген райын iшiне тартып, сездiрмеске тырысты Құттыбай. Қалай да көп жатқызбай құтылу керектiгiн ойлады табанда. «Тайдың етi таңдайында қалатын бұл алып, менi не үшiн iздеп келдi екен?..». Құттыбайдың есiне қыстың бас кезiнде үйiне келiп қонған Ұлытау болысы мен Сарытерек болысының жолаушы қарттарының əңгiмесi түстi. Олар дастарқан үстiнде əзiл-сықағын, өсек-аяңды араластыра отырып:
– Шырағым, болыс, патшаның бұйрығы деп алым-салықты көп жинап жiбердiңдер. Патшамыз мұнша ақша мен қойды қайтедi екен? – дейдi, Сарытеректiң ақсақалы, елдiң күйзеле бастағанын аңғарта сөйлеп. Болыс iркiлмей жауап бердi: – Ақсақал, патшаға қанша қой, қанша ақша болса да көптiк қылмайды. Петрборда Қажымұқан деген қазақтың бiр палуаны бар көрiнедi. Соның бiр өзiне күнiне бес қой əзер ас болатын көрiнедi. Оған не шақ келсiн! Соған берiп жатса керек. – Астапыралла!.. Есiтпеген елде көп деген осы-ау... Сонда жылына 1 800 қой жеген болды ма? – Екi мыңға жуық қой ғой! – Əй, қарағым, қайдан бiлейiн!.. Петрборда палуанның бары рас та шығар. Бiр ауылнайдың малын бiр палуанға сойып берiп, патша ағзам көже қатықсыз отырмаған шығар. Ол түгiл, Қасқырбай бидiң өзi елден алып, елуден астам қой сойды. Елдiң еркесi палуан, батыр жесе, ғалым, ақындар жесе далаға кетпес едi. Қайдам, қарағым... – дейдi ақсақал күмəндi күлкiмен. Қажымұқанға Құттыбай тай қазанын толтыра ет асқызды. Онда қазы да, карта да, жая да, құйрық та, сүбе де бар едi. Ел кiсiлерiн қондыратын үйiне дастарқан жайғызып, қайың астауды қайыстыра толтырып екi жiгiтке көтергiзiп əкеп тартқызды. Қаладан келген пал-уанды көруге ынтыққан мырзамен көңiлдес екi-үш қарт та бiрге болды. Байдың жақын адамдарының бала-шағалары да аз жиналмады. – Палуан, көп жыл Россияда жүрсеңiз де, ел кəдесiн ұмытпаған шығарсыз. Бас бермедi демессiз, мырзаның азынаулақ төл малы елде болады. Базардан алайын дегенiне, аяз сорған малдың етi не болады деп, мен алдырмадым. Соғымның мезгiлi ғой, бұйырғаны алдыңыз-ға келдi, алыңыз, – дедi сыйлы қарттың бiрi. – Мырза, жиырма төрт жыл шетте жүрiп, арақ-шарапқа аузы тиiп үйренбедi деймiсiз? Палуанға беретiнiң болса бiзден именбей бере бер, ас алдында жұтып отырсын, – дедi қарттың тағы бiрi. Мырза «əкелшi» дегендей қонақ күтушiнiң бiрiне иек қақты. Қажымұқан
дастарқанға отырған кiсiлерге айнала бiр қарап алды да: – Мырза, мен жиырма төрт жыл шетте жүрiп, тұңғыш рет сенiң үйiңе кiрiп отырмын. Бұл – екi мүшел бiр азаматтың кемелiне келген жасы. Күз өтiп қыс түс-кендей, қыс өтiп көк шыққандай, бiраз кiсi дүниеден өтiп, түтiнiн баласы түтетiп отыр. Соның бiрi өзiңсiң. Сəкеңнiң қайтыс болғанын осыдан жетi жыл бұрын естiп едiм. Арағыңды қоя тұрып, марқұмның аруағына бiреуi құран оқып жiберсiн, оның көптiгi болмас. – Шырағым-ай, бұл қайдан ойыңа түсе қалды?.. Бүгiн күннiң өзi жұма едi, аталы сөз болды ғой өзi, – десiп қарттар орындарынан бiр қозғалып алды. Құттыбайдың қарт анасы самай шаштарын жиыстырып, бiр тiзелей келiп отырды да: – Келiн шырағым, астың бетiне дастарқан жаба тұр, – дедi. – Молда, құран оқып жiбер, – деп Құттыбай сыпайы киiнген Жантайға қарап едi, ол шөкелеп отыра қалды да «ағузыны» соза жөнелдi. Құран аяқталып бет сипасқан соң: – Мырза, тағы бiр тiлегiм бар, ойымды да ас бетiнен дастарқан ашылмай тұрғанда айтайын, мен жейiн десем, тайың мен қойыңның етiн қосып ассаң да жұмырыма жұғын болмайды. Жемейiн десем, жай кiсiнiң iшетiн асы маған қанағат. Осы Қызылжардың ауласының қарын бiр кезде мен де күреп едiм. Ендi мына қораңды күреп қарын аршыған жiгiттерiң менi «мырза» десiп танымай жүр. Басымнан өткен өмiр ғой. Ол байғұстар мырзасының үстiне басып кiруге именедi. Қайдан бiлсiн, қасқыр iшiк, түбiт қалпақ киген соң, мырзаның бiрi деп ойлайды. Құттыбай тұрғанда құдайдың есепсiз беретiн мырзалығы бар ма? – Рас айтасың, палуан, құдайдың бергенi де, шырағым... Шүкiр, шүкiр... – дедi Жантай сақалын сипап, мырзаға көзiнiң астымен қарап қойып. – Иə, құдай берген мырза, құлашыңды кең жаз! Сол менi мырза деп жүрген жiгiттерiңдi осында түгел шақыр. Сəкеңе құран оқып жейтiн асты, солар менiмен бiрге отырып жесiн, қасқыр iшiктiң Қажымұқан екенiн, шын мырзаның Құттыбай екенiн бiлсiн. Менi келiп көруге де, еркiн сөйлесуге де бата алмай жүр ғой, ол байғұстар. – Палуан, олар астан кенде емес. Бiз солардан артылғанын жеп отырмыз. Ертең олардың жатақханасына барып, өз алдына əңгiмелесермiз. Əлгi,
патшаның сарайында болғаныңды айтшы... Аяусыз-ақ алтынмен аптап, күмiспен күптеген шығар, ə... Уа, шiркiн... патша ағзамның сарайынан не алды дейсiң... Оның сарайының қақпасын көрудiң өзi қандай мəртебе десеңшi! – деп, бет-əлпетiнен əлдеқандай арманның желi ескендей, Құттыбай астаудағы асты палуанға қарай ұсына бердi. Қажымұқан құйған шойындай орнынан қозғалмаған күйi, «сабыр ет» дегендей болып қолын созды да, мырзаға көзiн сығырайта қарап: – Өй, Құттыбай, осыдан жиырма алты жыл бұрын сенiң көршiң Масликовтың шөбiн əкелем деп, ақ боранда аты өлiп, маған жаяу шана сүйреттiрiп, атты төлетем деп менi полицмейстерге алып баратынында сен айдарың алынбаған жас бала едiң. Көпшiлiк аттың құнын төлегелi ақша жинап жатқанда Хұсайын қарт төренiң қасында тұрған əкеңе: «Уа, шырағым Сəкенжан, мына бiр балаға Көкшетаудың шыңындай сор бергендей, күштi де қоса берген екен. Сонысына сүйсiнген көпшiлiк аттан келген ауыртпалықты көтерiп əкетуге қам жасап жатыр. Төлебай Жомарт жалғыз атын аяғын ит қапқан дуанға бергендiктен аты шыққан екен. Саған жеке төлеп жiбер демейiк, көпшiлiктен қалмаңыз» дегенi есiңде ме? – Иə, ол есiмде. – Сонда Сəкең марқұм қалтасынан бiрдеңенi алып, саған жылу жинаушыға апарып бер деп едi, есiңде болса сол қанша ақша едi? – Онысын ұмытып қалыппын, – деп Құттыбай күмiлжiдi. – Онда Құтташ жас едi ғой. Бiр жiгiттiң өмiрi өткендей уақыт өткен екен, ұсақ-түйек мырзаның есiнде тұра ма?.. – деп Құттыбайға таяу отырған шал, селбiреген сұйық сақалын саусағына қыстыра сипай көзiн жұмды. – Мырза, ұмытқан екенсiң, есiңе түсiрейiн: қолыңа ұстап, Хұсайын қартқа бергенiң он бес тиын болатын. Сонда ол бетiңе қарап тұрып: «Балам, жинаушы Жағыпар да бес сом берiп едi, мырзалығың осы болса, əкеңе апарып бере ғой, шылым алып шексiн. Онсыз да бiр аттың құнына осы жұрттың жиғаны жетер!» деп бетiн сенен бұрып алған болатын. Мен мұнда қонатын үй таппай келгенiм жоқ. Масликовтың дауынан айырып ал-ған жұрттың көбi тiрi. Онда үлкен кiсiнiң қолы қысып тұрған сенi аяп та едiм. Ендi еркi өзiне тигенде бiр көрейiн деп келiп отырмын.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244