Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-10-22 03:53:01

Description: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Search

Read the Text Version

– Иə, Сəкең марқұмның жоқ жерде тарыла қалатын мiнезi болатын. Кейде көлдей шалқып, Омбы, Орынбордан келген бiреулерге ақшаны аямай құшақтатып-ақ жiбере салатын. Болмаса, сол атты түгел төлеу-ге де құдiретi келер едi ғой, – деп, ет турап отырған жұпыны киiмдi қарт, майлы жаяның бiр жапырақ, етiн аузына тастап жiбердi. Аузындағыны тамсана жұтып жiбердi де: – Шырағым Қажымұқан, Құтташтың қолы ашық, құдай беретiнiн тоқтатпасын, талай кiсiнiң мұқтажына жарап жатыр, – деп мырзаға көз қиығын бiр тастап қойды. – Менiң айтайын дегенiм ол емес, мырзадан дүние сұрағалы отырғаным жоқ. Осы есiктiң алдын сықырлата басып, қырау басқан терезеден сығалап жүрген адамдар көп. Шамасы, жалшы жiгiттер болар, Мен кеткенде Масликовте жалшы болып жүретiн Сергей мен Сейiлбектiң осы қорадан төбесiн көрдiм. Бəрi де менi көргiсi келетiн шығар. Оларды аяздаған сиырдай сықырлатып қоймай, үйге кiргiздiрiңiз. Осы тамақ бəрi-мiзге де жетедi, тiршiлiктiң арқасында дидарласайық. Патшаның, оның уəзiрлерiнiң үйiнде көрген тамашамды мен айтып берейiн, олар құлақтарымен естiсiн. – Ол кiм өзi, есiк алдында жүрген? – деп мырза есiк жактағыларға қарады. – Кiм дерiң бар ма, «патшаның палуанын көремiз» деп, өзiмiздiң жiгiттер топ-тобымен қайта-қайта келдi. Қараңғы қоралардан сан адам келiп, есiк- терезеден сығалаумен жүр. Есiктi iлiп, алдына кiсi қойып отырмыз. Болмаса үйге ерiксiз лап бергелi тұр. – Мырза, кiргiз соларды. Солардың топырлауынан именiп, далаға шыға алмай отырмын. – Үйге дүметпей-ақ, ертең ортасына бармайсыз ба? – Мен үйiңе қыстағалы келгенiм жоқ, ертең кетем. Қазiр кiргiз. Болмаса асыңды да жемеймiн. – Иə, бəрiмiз де дидарын көргелi отырмыз. Бұл үйден талай татып жүрген дəмiмiз ғой... Палуанның тiлегi орындалсын. Шақырыңыз, мырза, – десiп отырғандар Құттыбайға үңiле қарасты. – Япыр-ай, ендi, аяқтары лас, үйдiң iшiн былғайды-ау... – Былғанса тазартатын өздерi ғой. Кiрсiн.

Жiгiттер шақырылды. Алдымен Сергей мен Сейiл-бек кiрiп, Қажымұқанмен құшақтасып көрiстi. Басқа жiгiттер сəлем берiп, есiк жақта iргелей отырысты. – Ал ендi, арағыңды құй, мырза. Сия сауыттай шыныңды шұқшитпай, шай кесеге құй. Сейiлбек пен Сергейден бастап, жiгiттердiң бəрiне құй. – Өзiңе деп алынған бiр ширек арақ едi, бəрiне жетпейдi ғой, палуан? Дүкен жабылып қалды. – Құттыбай жетпесе, Қажымұқан жетедi, құя бер, мырза. Толтыра құй, бiр сiмiрер болсын. – Бiр кездегi жалшы Қажымұқан, Петр патшаның қаласына барып, тəлiм- тəрбие алып, бүкiл əлемдi аралап, ұлы Россияның қазақ палуаны атандым. Жиырма екi жыл шетелде жүрiп, топырағын тұмар етiп тағайын деген туған жерiме бүгiн келiп отырмын. Туған елдiң жемiсiнен iстелген шарапты есiкте жүрiп бас қоскан ескi достарым Сергей, Сейiлбек ағайлар, сендер үшiн iшейiк. Ал мырзаға, келiндерге патшаның арағын берейiн, – деп чемоданын ашып, Орынбордан толтырып алған шарабының бес шөлмегiн алып, алтын жазулы шыныларды Құттыбайдың алдына қойды да, ал жұттық, – деп сiмiрiп жiбердi. «Патшаның» шарабынан бiр-бiр жұтқан үй iшi де бiр түрлi көңiлденiп кеттi. – Мiне, патшаның кəмпитiн балаларыңа берiңдер, – деп алуан түстi қағазға ораған кəмпиттi шашып жi-бердi. Отырғандар алдына түскенiн таласа бөлiсiп алып жатты. Ет желiнiп, тепшiп шекеден тер шыққан соң, Қажымұқан бiраз жосылтып əңгiмесiн айта келiп: «Жиырма төрт патшаны араладым, Палуанды неше таудай жараладым. Жүрегiмдi жылытқан қызуы мол, Туған жердей ыстықты таба алмадым», – деп өлеңдетiп те жiбердi.

– Патшаның алтын сарайында сайрандап жүрiп те елдi сағындың ба? – дедi мырза. – Əй... алтын деген тас емес пе? Адамнан, ата-ана, туған елден қымбат не болмақ? Жиналған кiсiлер палуанға əбден риза болып, кө-ңiлдi тарқасты. Жататын бөлмесiне шығып бара жат-қан мырзаға: – Мырза, əкемнiң өлгенiн естiп, асығыс келе жатыр едiм, ауылға күймеңмен жеткiздiртiп салуға кеңшi-лiк ет, – дедi. – Жарайды, палуан. Жатып тынық. Ертең тiлегiң орындалады.

Балуан Шолақпен кездесу Үш атты көсем жеккен күймелi шана, қалың қарды қайыстай тiлiп, Ақмолаға қарай келе жатты. Түтеген боран бөгеп, жолдағы бекетте екi күн түнеп қалып едi. Айналадағы елден бекетке келген бiрлi-жарымды кiсi-лер арқылы – «Патшаның тау көтеретiн палуаны келе жатыр екен» деген лақап ауылдан ауылға лезде тарады да кеттi. Əйелдер есiткен хабар – жылдам тарайтын əдетi емес пе. Бұл хабарды құлағы шалған адам үйiнде отыра алмады. – Шешей-ау, есiттiң бе? – Ненi, шырағым? – Бекетте дəу жатыр, – дейдi ғой!... – Шұнак-ай, тағы не дейдi... Дəуi несi, ойбай! Дəу перi. Қап тауында жүредi демей ме? Əй, Қыздаркүл, берi кел, мына сұмдықты естiшi! Иə, келiн, оны кiм айтты? – Менiң өзiм де шала естiп қалдым. Елгезер қайнаға Софы атама айтып тұр екен. Текебайдың Темiрбегi ыққан жылқысын iздеп жүрiп, бекетке соғыпты дейдi... Барса бекеттi аумағымен қар көмiп тастаған екен дейдi... «Япырай, бұлар тұншығып қалған шығар» деп тұрғанда, үйiрiп соғып, үйiлiп қалған төбе қар, қарс-қарс айрылып, қазанның қақпағындай төңкерiлiп түсiптi. Сөйтсе, соның астында патшаның дəуi жатыр екен. Сол Алатаудай үйiлген қарды алақанымен ысыра салыпты дейдi... Мiне, осы сөз ауыздан-ауызға көшiп, алуан құбылып, Есiл, Нұраның өресiн əп-сəтте аралай шықты. Ал шанада: үстiнде мауыты костюмi бар, үй iшiнде киетiн киiз кебiстi аяғының басына iлiп, қасқыр iшiгiн жамылып, шарапты сiмiре ұрттай түсiп, бiреу келе жатыр. – Күн де батуға таянды. Бекетке жақындадық па?

– Күн ұясына қона барамыз, таянып қалдық, – Қызы бар дейсiң бе? – Қыз болғанда несiн айтасың... Көктемнiң гүлi, жұмақтың нұры. – Түпкi атты тың сақтап, көсемдегi екi атты сыға айда. Жарық барда жететiн болайық. Тiзбектелiп ұшқан үйректей, күйме сүйреткен көсем аттар, қары ойылып, қайырулы тұрған қақпадан сып етiп бекеттiң қорасына кiрiп келдi. Бурыл тартқан Рысбек бекетшi, кешкi шөптi салып, мал қорасының есiгiн жана ғана жауып болып едi. Көптен көрмеген күймелi қонақты қошеметтей қарсы алды. Атшының сəлемiне жауабын шала берiп, күйменiң тұткасына жабысты. Ашып жiбергенде мырзаны көрдi. Қара көлеңке тарт-қан күйменiн iшiнде үстi қоңыраудай сылдырап, бiреу түскелi жатыр. Бекетшi оның iшiнде бiр кiсi ме, үш кiсi ме, айыра да алмады. Қасқыр iшiктiң жағасын көзi шалысымен-ақ: – Қадиша қарағым, берi кел! Қонақты үйге кiргiз, тоңып қалған шығар, – деп күймеден басы шықкан кiсiнi қолтығынан сүйей бердi. – Рақмет, кейiн тұра берiңiз, аяғыңызды басып кетiп жүрмейiн. Мына иығымдағы iшiктi алыңызшы, түсiп кимесем есiкке сыятын емеспiн. «Е, бұл май бөксе мырзаның бiреуi екен ғой» деп ойлады бекетшi. Ұзын жолдың өресiнде өмiрi өтiп, жолаушының байсымағына жалпақтап, жоқ- жұқа қонса, шалқақтап үйренген Рысбек, қасқыр iшiктiң жағасы қолына тигенде епелектей түстi. – Қарағым Қадиша, мырзаның iшiгiн қарға тигiзбей ұстай тұр, мен өзiне көмектесейiн... – Қызға бұл iшiктi ұстай тұру оңайға соқпас, өзiң алып, үйге апара бер. Қарындасым, маған жақында, үйге ала кiретiн затты берейiн. – Мақұл, мақұл, қарағым, мырзаның бергенiн байқап ұста, бүлiнiп қалып жүрмесiн, – деп iшiктi көтерiп, бекетшi үйге қарай жөней бердi. Үйге кiре, əйелiне сыбырлай сөйлеп; – Қатын, көп жылдан берi жол өресiнен көрмеген бiреу күймемен келiп

түсiп жатыр. Сылдыраған бiрде-ңелер құлақты жаңғыртады, Тегi, ақша салған сандығы ма екен, қалай... Мына iшiгiн үйге апарып, таза көрпеңдi төсе. Қадишаға үйге кiргiзетiн бiрдеңелер берiп жатыр едi, мен соған барайын... – Мына киiмiне қарағанда, қаланың купецi сияқты ғой, өзi қазақ па екен? – Қараңғыда қайдан бiлейiн, гүрiлдеген үнi қазақ-қа ұқсайды араластыра орысша да сөйлейдi. Үйге келген соң көремiз тағы... – деп, үй қожасы асығып далаға шықты. – Мə, қарындасым, сындырып алма, – деп, үлкен орамалға түйген бiр затты ұсына бердi. Күйменiң қақпағының қалтарысында тұрған қыз құшақтай ұстады. – Айналайын, маған бер де, өзiң ағаңды ертiп үйге кiргiз, суық тиiп қалар, – деп бекетшi қауқалақтады. Көк мауыты костюмiнiң омырауы жарқ-жұрқ еткен, қара қалпақты мырза үйге кiрдi. Ауыз үйде ерiне сыбырлаған əйел: – Байғұс-ау, саудыратып көтерiп келе жатқаның не бəле?.. – Арақ-шарабы шығар. – Өздерi неше кiсi екен? – Атшысынан басқа адамы көрiнбейдi. – Бетiм-ай, осынша бəленi бiр өзi iше ме?!. – Iшкенi жақсы, қатын. Арақ iштi жылыта берсе, мырзалардың қатты қолын жiбiте бередi. Мен аттарын жайғастырайын. Сен қазанға не салатыныңды сұра. Қазы, жая, үйiткен семiз қойдың етi барын айт. Неше қадақ ас жер екен. Сықырлаған аяз, көсем жегiлген аттардың тiзбек-телген қайысы тастай болып қатып қалыпты. Қолы мұздаған атты əлi ағыта алмай жатыр едi, бекетшi келiп көмектестi. Атты қораға байласа жүрiп: – Жiгiтiм, бұл келе жатқан қай мырза?

– Оны өзiнен сұра. Мен оншалығын бiле қоймаймын, – дедi, қараңғы қорада ағашты сипалап, атты қаңтара байлап жатқан атшы, аяз сорып, икемге келмей тұрған аузынан сөзi божырай шығып. – Күйме өзiнiкi ме, жалдап алған ба? – Өзiнiкi де емес, жалдап та алған жоқ... Мына қақпаны тағы бiреу қағып тұр. Барсаңызшы, – деп атшы бекетшiнi түрттi. Ол бекiтулi қақпаның алдына барып: – Бұл кiм? – дедi. – Күймелi кiсi келдi ме? – дедi он үш-он төрттегi баланың жiңiшке даусы. – Келдi, оны қайтесiң? Өзiң кiмнiң баласысың? – дедi бекетшi, қораның қақпасын ашпай. – Ендеше болды, – дедi де, бала атын тасырлата шаба жөнелдi, – Бұл қандай неме, қайдан келдi өзi, күймешiнi неге сұрап жүр екен? – дедi бекетшi ат жайғастырып жүрген кезде əйел. – Қадиша, қонақтарға самауыр қой, – деп қызын далаға шығарып, өзi мырзаның кескiнiне көз қиығын бiр жүгiртiп өттi. Алуан түрлi кiсiнi көрген бекетшi əйел, тап осы ұсқынды адамды өмiрiнде де көрген жоқ едi. Бет- əлпетi, отырысы не байға, не əкiмдерге, не саудагерге ұқсамайды. Кiмге жорырын бiлмей дал болды. – Мырза, бiз жолаушы күткен адам болған соң, қазанымызды қонақтың бұйыруына қарай асатын едiк. Ас iшетiн боларсыз? – дедi. – Ас iшкенде қандай, жеңгей... Қандай асыңыздың барын қайдан бiлейiн? – Сүре шыққан жылқының қазысы бар, жая бар, жал бар, семiз үйткен қойдың етi бар. – Он қадақ қазы, он қадақ жал-жая, он қадак қой етiн салыңыз. Əзiрге мынаны ала тұрыңыз, – деп, он сомдық қызыл ала қағазды əйелге ұстата бердi, Мұндай есепсiз берген ақшаны ұстай алмай, əйел бөгелiңкiреп қалды.

– Ала бер, жеңгей, тағысын-тағы беремiз. Суық сорып, қарын ашыңқырап қалды. Асыңды жеделдет. Əйел есiк алдына келген күйеуiне сыбырлап: – Мына мырзаң, үйдегi еттi түгел ас деп отыр. Тiптi, аттың құны, он сом ақысын берiп те қойды. – Неше қадақ ет ас дедi. – Отыз қадақ. Жарты пұт қазы, жая, он қадақ қой етi. Мұншалық асты қайтпекшi екен, қазанға сыймайды-ау ендi... – Əй, жолға алып кететiн шығар, өзiнен сұрап, жол-ға алатын болса, бөлек асып бер. – Өзiң сұрай ғой ендi. – Бар, бар. Еттi əкеле бер. Атшысына көрсетiп тарт та, шараға сала бершi. Мен отырған соң сұрайын. Он сомдықтың қалтаға түскенiне көңiлденген Рысбек үйге күлiмсiрей кiрдi. – Мырза, «Жүздiң жүзiн танығанша, бiрдiң атын бiл» деген ғой, жоқ сұрағанды айып етпессiз... Қай жақсы деп бiлейiк? Сүйегiңiз кiм болады? Сапарыңыз қайдан? Айта отырыңыз, – дедi, алдына тiзерлене отырып бекетшi. – Сүйегiм – жанбiлмес руы, белгiсiз байдың баласымын. Бiр мың сегiз жүз тоқсан екi қой айдай барып (бұл сол Қажымұқанның Россияға барған жылы), Россияға сатып қайттым. Ендi елге қайтқан бетiм едi. – Япыр-ай, кiсiнiң есiтпегенi көп болады екен-ау, жанбiлмес қай елге жатады? Арғын ба, қыпшақ, па? – Отағасы, соны өзiм де бiлiңкiремеймiн. – Дұрыс, дұрыс, ия, айтпақшы, асты көп сал деген екенсiз, жолға алатыныңызды бөлек ассын ба?

– Əй, тəйiр-ай, жолда кiсi тамақ, iше ме, тұтас асып əкелсiн-дағы. Үй iшiндегi жан үшеу-ақ едi. Көп жылдан берi жолаушы күтiп, өмiрi өткен үй iшi: түсiп кеткен кiсiнiң мейiрiмдi болып, ат аунаған жерде түк қалғандай, есептен тысқары, баласының қолына бiр нəрсе ұстатып кеткенiн тəуiр көретiн. Бала дегенде жалғыз Қадиша, жасырақ кезiнде оған бес-он тиын, бiрер конфет берсе де жарасып, қонған қонақтар балаларды əлiнше құр тастамайтын. Ендi бойжетiп қалды. Болымсыз сыйды беруге ұялып, есейген балаға лайық сый табылмай, не қимай, бекет пұлын, ас-судың ақысын төлеп кете бере-тiн болған. Ол түнеп өтетiндердiң iшiнде ел байы, мырзалар да, атқа мiнген, сөзге араласқан да, жай шаруа да, саудагер, төрелер де болды. Бiрақ мiнезi мен жаратылысы өзгеше мынадай мырзаны көрген жоқ едi. Буын бұрқыратып, Қадиша самаурын кiргiзiсiмен, жастыққа шынтақтап қисайып жатқан қонақ басын көтердi де: – Қарындас, ана орамалдағыны алып, маған бер, Петербордың асынан ауыз тигiзейiн. Дастарқанын жайып, шыны аяғын əзiрлеген қыз, түюлi тұрған орамалды мырзаға алып бердi. Алдымен бес шөлмек арақты қаз-қатар қойды да, қос уыс кон-феттi шаша тастады. «Гүнжињан» сабыны мен бiр құты иiссуды қыздың қолына ұстатты да: – Базарлығым, шырағым. Тағы бiр жолым түскенде тай да мiндiрермiн... – Уа, мырза, қойыңыз, ауылға апара жатқан сəлем-сауқатыңызды жолшыбай үлестiрсеңiз несi қалады? – деп қауқылдады қыздың əке- шешесi. – Уақасы жоқ, отағасы. Жетiмсiз дүниенi кiсi арбаға артып жүре ме, бұл күйменiң iшiндегiлер ғана. Петербордан қырық лау мүлiк жолда келедi. «Шiркiн-ай, қандай заттар екен?..» деп ойлады бекетшi. Бiр шөлмек коньякты шаймен қосып iшкен мырза, атшыға бiр стақан ақ құйып берiп, сол үйдегi бар жастықты үйгiздi де, қасқыр iшiгiн аяқ жағына жамылып, ас пiскенше қисайды. – Қатын-ай, асыңды жайлап қайната бер. Мырза аздап демалсын, – дедi

Рысбек. * * * Қажымұқанның жастығын биiк қойып, басын жоғары көтерiп ұйықтайтын əдетi едi. Көзi тез iлiнiп, тез оянатын. Албырттанып ештеңенi аңғармайтындай болып отырып, не ұйықтаған болып жатып, айтылған əңгi- менi түгел есiтетiн. Бiрақ «Пəленше соны айтты» деп тiс жармайтын. Бiреудiң сыртынан сөз айтуға қаны қас адам едi. Ас пiсiп, түсiрiп жатқанда, бiр күштi қол қақпаны соғып-соғып жiбердi. Оның дүмпуi ағаш үйдiң iргесiн солқылдатқандай болды. – Ойпыр-ай, мұнысы кiм едi, тағы? – деп алғашқы кесек еттi тегенеге сала берген əйел, аяқ ұстап отырған ерiнiң бетiне қарады. – Дəу де болса, палуан шығар осы... Алдыңғы күнi аулына келдi деп едi. Мен шығайын, – деп шараны жерге қойып, Рысбек тұра жөнелдi. Қақпаға жете бере: – Бұл кiм? – деп дыбыс шығарды, тонын иығына жамылған бекетшi. – Қақпаңды аш, Нұрмағанбет! – Ой, айналайын-ау, аңсаған кезде дидарыңды бiр көрсеткелi құдай айдап келдi-ау сiздi... – деп есiктi тез ашып, атының шылауына орала түстi. – Атты ықтасынға байла. Жедел жүрiп терлеңкiреп қалды. – Палуан, ат жайын өзiм бiлем. Тоңазымай үйге кiре берiңiз. – Төр алдында, үстiне iркiп жапқан жүндес iшiкпен төбедей болып жатқан мырзаға тұр дей алмай, соған таяу төрт қабаттап көрпе төседi. Палуан сырт киiмiн шешiп отырды да, үй iшiне түгел амандасты. – Палуан-ай, сiздi көрмегелi де көп болды-ау... Ауылға келгенiңдi естiп едiк. Барып сəлемдесуге ақпанның қары үстемелеп, мойын бұрғызбай жатыр... – деп Рысбек есiктен кiре сөйледi. Оған жауап қайтармай, қамшысын бүктей нұсқап: – Есiк алдындағы үйiлген көңдей күмпиiп жатқан мынауың кiм өзi? – деп,

жатқан мырзаға көз қиығын салды палуан. – Ол бiр Сарытерек жақтағы мырза көрiнедi. Петерборға барып, қой сатып қайтқан ба, қалай... Күймемен қайтқан екен, жол қағып шаршап қалған көрiнедi. Күн батқан соң келiп едi, демалып жатыр. – Кiм екен? – Бiлмедiм, палуан, елдес дедi ме, жанбiлмес дедi ме, бiр рудың атын айтып едi, есiме түсiре алмадым... – деп сыбырлай сөйледi. Балуан Шолақ көтерiңкi дауыспен: – Онда, үйiлген көң екенi анық болды ғой, жатсын. Мырза ыңыранып барып басын көтердi де, палуанға көз қиығын салып, үндемедi. – Мырза, қайдан келесiң? – Петербордан. – Иə, ол жақтағы ел аман ба? – Аман. – Патшаның палуаны – Қажымұқан деген бiреуi бар деп едi, оны көрдiң бе? – Жоқ. – Сандалып талай жерге барсаң да, ауылда мен көрген Қажымұқанды көре алмаған екенсiң. – Сiз оны қалай көрдiңiз? – Көргенде əкесiн таныттым, қар баскан бiр бекетте отыр екен. «Мен патшаның палуанымын» деп былшылдады. Отырған жерiнде бүрiп ұстадым да, жан-жағыма алма-кезек қарап алып, атып ұрып, далаға лақтырып жiбердiм. – Өтiрiк айтасың, оны көргенiң жоқ. Қажымұқанды атып жiберу үшiн, алдымен менiмен бел ұстасып көру керек!

– Е, ондай да өнерiң бар ма? – Бар. – Ендеше, орныңнан тұра ғой! Мырза бешпетiне таққан медальдары сылдырап ұшып тұрды. Нұрмағанбет те тұрып, Қажымұқанды бауырына құшақтай басып: – Атағың шығып, елдiң абыройы болған батырым, сағынып жүргенде сенi де көрдiм ғой!.. Əкел бетiңдi... Қазақтың екi палуаны бекетшiнiң үйiнде осылай кездестi.

Құдалық Нұрмағанбеттiң жасы Қажымұқаннан мүшелге жақын үлкен едi. Сондықтан: «Бауырым, сағынып жүргенде сенi де көрдiм ғой» дегенде, ағалық ерекше бiр мейiрiмi қайнаған құрыштай денесiн балқытқандай болып, құшағын жазбай бiраз тұрды. Əлде, жеке басындағы бiр торығудан ба, болмаса ел көкейiн сыздатқан көп арманының толғағы ма, көзiнен ызаның уындай жас мөлтiлдедi. – Күптi болған көңiлiмнiң лебi шыққандай болды... – Жеңеше, мына бiр менiң астыма томпайтып салған төсегiңдi жазып, қайта салыңыз, құрметтi Нұрекем жайғасып отырсын, – дедi «мырза», Нұрмағанбетпен екеуi отырып жатып. Үй iшiнiң адамдары мүлде түсiнiксiз жағдайда қалды. Анаған түрегел дегенде паңданған мырзаның талайының шекесiн iсiрген Шолақ, тағы бiр сойқанды бастады ма деп едi, бiрақ өздерiнiң мырза деп отырған адамы патшаның палуаны туралы бiрдеме айтып, күрес-келi түрегелгенде, мырзаны құшақтамақ түгiл, сəлем бермейтiн палуан оны «бауырым» дегенде, одан сайын қайран қалды. – Қарағым Қадиша, ағаңның астындағы көрпенi кең отыратын етiп жазып сал, – дедi де, – мұнымыз кiм едi, шыныңды айтшы, шырағым, – деп атшыға сыбырлады. Ол: – Сабыр етiңiз, қазiр бiлесiз, – деп күңк еттi де қойды. – Мырзаның кiм екенiн ендi бiлдiң бе, Рысбек? – деп жайғасып отырған Нұрмағанбет бекетшiге қарады. – Қайдам, қарағым, тоғыз жолдың торабында қы-рық жыл отырып, мұндай жұмбақ кездесудi көргенiм жоқ едi. Түбi қайырлы болсын. – Түбi қайырлы болады, Бибiгүл. Бұл қайырсыз болса, мырзаға деп асқан

асың менi мен «Ақ патшаның асырап жатқан алыбы» боп, елге аңыз болған Қажымұқанға бұйырар ма едi. Мұның тек қонақасы емес, тойлардың жол ашары. Бұл менiң аңсап күткен бауырым – Қажымұқан. – Қарағым-ау, тағы не дейдi?.. – деп, қолындағы ет түсiрiп жатқан кепкiрiн керсенге қоя салып, əйел мойнын қисайта қарады, ақ көңiл каупалақтаған Рысбек орнынан тұрып барды да, Қажымұқанды құшақтай кеттi. Палуан, ақын, батыр жiгiттiң мақтанын ел дəрiп-тегенде, ойында алуан түрлi өмiр кестесi тоқылатын қыздың да бетi құбылып кеткендей болды. – Қарағым-ай, палуанның бас қосқан жерде əңгi-месi сен болатын едiң, сенi де көрген күнiмiз болды ғой. Бай менен балпақ хан, төре, сұлтанның аты дуан айналасынан асқан жоқ едi, сенiң қара күшiңнiң атағы орыс, қазаққа бiрден тарады, жер жарды, шырағым. Аты шыққан аталы кiсiлердiң кейбiреуi Петерборға барып, патшаның сенатының үйiн көрген екен, деп аңыз ететiн едi. Сен соның дəл өз үйiнде тұрыпсың. Өткен түнi ғана қонып аттанған жолаушылар түнi бойы əңгiмесi ақ патшаның палуаны болып, «Құттыбай да тегiн таз емес қой, соның үйiне түсiп, патшаның арақ- шарабын теңiздей төгiп, кəмпит-шоколадын маялап үйiп тастапты» деп отыр едi. Мына Нұрмағанбет құдай айдап бiздiң үйге келмесе, сенiң кiм екенiңдi бiлмей «мырза» деумен қалғандай екенбiз ғой... Ой, қарағым-ай, Алатаудай атағыңды несiне жасырып едiң? – Рысбек, менi құдай кездейсоқ айдап келген жоқ. Мұның осылай атын жасырып жүрiп келе жатқанын қаладан шыққан күнiнен берi естiп отырдым. Ауылдың тұсындағы екi бекетке бiрдей кiсi жiберiп, осында бүгiн келетiнiн бiлдiм. Кешке таман қораларыңның қақпасынан сұрап кеткен баланы мен жiбергем. – Япырай-а... Жолдың үстiнде отырып бiз бiлме-гендi, ауылда отырып, палуанның бiлгенiн қарашы. – Мұны сендер қайдан бiлесiңдер, шешiлiп жөн-жосығын айтпаса, жүзiн танитын бiреу болмаса. Есi кiрген баладай еңкейген қарттарға шейiн даусымнан танитын ел ортасында жүрген мен бе бұл!., Апандағы бөрiнiң бөлтiрiгiндей, патшаның сарайында жүргелi қашан... – Патшаның сарайына тығылғаным жоқ, аға! – Ендi не қылып жүрсiң?.. Сырты бүтiн, iшi бұрқыраған түтiн болып

жүрген кiсi аз ба? Соның бiрi – мен, атыңды естiп, аңсап отырған елге, қашқын адамдай өзiңдi жасырып, «мырза» дегiзiп Құттыбайдың қауа- шақтай күймесiне тығылып жүргенше, маған хабарласаң едi! Сенi ат көтере алмаса түйе көтередi. Кiлем жауып, ақ атанға мiнгiзiп, ауыл аралатып əкелмес пе едiм. Иттiң ұлы итақайға, малы бар ақымақтардың бəрiне айтыла беретiн «мырза» деген, жер жүзiнiң палуанын жыққан Қажымұқанмын дегеннен қымбат деп ойладың ба? Өзiңдi... отырған жерде, жапоннан қалған құлағыңның шемiршегiн жұлып тастайын ба?.. – деп, əзiлге араласқан бiр ыза Нұрмағанбеттiң бойын кернеп шыққандай болды. – Сөйтiп, сенi ақ патшаның сарайында тұрады дегенi бекер ме? – Аға, патша палуанды қайтсiн?.. – Жер жүзiнiң жартысын билеп отырған патшаны қорғау үшiн күштi кiсiлер керек емес пе? – Е... оны қорғау үшiн алты атарлы бiр маскүнем жетедi. Бiлiмi мол, ақылды кiсiден арақ қайнататын заводы бар, ақшалы бай артық көрiнедi. – Онысы қалай? Ханда қырық кiсiнiң ақылы болады дейтiн едi. Мұнысы жарымес кiсiнiң жұмысы ғой. Құралды қуатты кiсiге ұстатпаса, қуыршақтай кiм қорқады! – Қорқады, аға, патшалық – ертегiнiң сиқырлы жүзiгi сияқты. Мен оқыған мектептiң бастығы əрi пал-уан, əрi ақылды, бiлiмдi кiсi едi. Мектептi бақылап жүретiн, сүйегi кепкен бiр полицейдең, қатты қорқатын. Оның мас болмай жүретiн күнi жоқ. Егескенде соның сандырағы жөн болып шыға бередi. Əкiм сонiкi болған соң амалы қайсы, соның сандырағын саңырау кiсiдей, үндемей тыңдай беретiн. – Мектептерiңнiң бастығы қандай елден екен? – Халық сүйiп, атын Дядя Иван деп атаған орыс едi. – Е, ондай неменi патшаға айтпай ма? – Патшаның өзi сондай болса, тағы кiмге айтсын... – Бауырым, бiздiң мұнымыз ақ патшаға жетпей жатыр, ауызба-ауыз айтсақ

жарылқанар едiк деп жүргенiмiз – тарыққан тауықтың түсiне тары кiрдi деген гəп екен ғой. Онда, сенi жарылқап жүргендер Дядя Ивандар екен. Ендеше, қайтып кетемiн дегендi қойып, елде бол. Қайда барсаң да сүйенiшiң халық болса, Иван да, Ибатулла да осы арадан табылады. Үйренгенiңдi балаларға үйрет. Осы дала талай Қажымұқан, Нұрма-ғанбеттi асырайды. Өзiң үйлендiң бе? – Оған қолым да тиген жоқ аға. – Қасқыр iшiк киiп, сандық көтергенше, алтын шашты ақ перiштенiң бiреуiн қолтығыңа қыса келсең едi. – Ой, мырза аға-ай, оны қайтушi едi? Қайным алам десе қай қазақ қызын бермейдi, елден кеп үйленейiн деген-дағы, – дедi бекетшiнiң əйелi. – Оның несi бар, Бибiгүл, Жагордың қызы Мариям Дударға қосылып, бүкiл қазақтың əнiне айналып отыр. Қайным деп қабырғаң қайысса, Қадишаны бер. Мұның ендi қаңғырмайтын қазығын өз аулымыздан қағайық, – дедi палуан, Қажымұқаннан көз қиығын айырмай отырған қызға қарап. – Қатын-ай, бiр ыстық тұздық əкелшi, ас суып та барады, – дедi, еттi турап болған Рысбек, қолының сор-ғалаған майын сүртiп жатып. Қыз төмен қарап, тұқшия бердi. Терi тепшiген əйелдiң бетi құбыла түсiп: – Қыздың билiгi менде емес, палуан аға, ауыл ағасы өзiң мен əкесiнде емес пе?.. Палуан күлiмдей Рысбекке қарап: – Рысбек, Бибiгүлдiң сөзiн есiттiң бе? Менде болса, сөз кейiнге сақтайтын сүрiм емес, ойымдағыны айтып та қойдым. Асыңа қолымды сұқпай тұрып ойыңды айт, менiң iсiмде несие жоғын өзiң бiлесiң, – деп даусын қатаңдатты. – Қайдан бiлейiн, қарағым... Құдайдың бiр жазғаны тұрған-дағы, кезеңi келгенде бiр ауыз сөзiң ел тоқтамына түйiн болған өзiң барсың. Аты шыққан жiгiт аулына ендi келе жатыр екен. Шын айтып отырсаң, жата- жастана көремiз-дағы. – Менiң игiлiктi iске əзiл араластырмайтынымды өзiң бiлесiң, шыным,

Рысеке. Қадишаның ағасы деп билiктi маған берсеңдер, осы асты мен құдалықтың дəмi деп татамын. Құда түсуге iнiмдi ертiп келген боламын. Атқосшым мынау отырған Құттыбайдың жiгiтi болады. Китiң мына мырзаның қасқыр iшiгi. Мiнтiңе ертең үйге бар да, боз жорғаны мiн де қайт. Қырық жетiңдi елден жинап берем, менiң қазынам ел екенiн де өзiң бiлесiң! – Мiне, палуан ағасының жұмысы – көз ашып-жұмғанша. Құдасы да өзi, ағасы да өзi. Тамыр тартқан, сөз салған талай мырзаны айтқанымызда қабағы қардың бұлтындай ызғарланатын едi, көңiлдi райын сақтаған кiсiсi бар екен. Астындағы жалғыз боз жорғасын да iнiсiнiң мiнтiне мiнгiзетiн болды. Айтпақшы, мiнтiн бiз алып та қойдық, ағасы... – деп Бибiгүл жайраңдай сөйледi. – Е, мұның жетектеп жүрген жылқысы бар ма екен? Қалай алдың, найманның қу қызы?.. – Айтсам тағы ашуланасың ба, қайдам... Қонақ келген соң, бекетшiнiң кəдесiн айтып, асты қалай асатынымызды сұрап едiк. «Мырзамын» деп келген қайным, он сом ақшасын ұстатты да, осыны ал да, бар етiңдi ас, – дедi. – Сен алдың ба? – Алдым. Алмай қайдан бiлейiн, тұла бойын шенмен көмкерген күймелi кiсi «мырзамын» деп тұрған соң. Ендi не дерiмдi бiлмей өзiм ұялып та отырмын, – деп Бибiгүл күлдi. – О, қонған қонақтың айыл, жүгенiн ұрлайтын найманның қызы-ай, аттың пұлын алып едiм десейшi! – Иə. Мырза-аға. Аты-жөнiн айтпай, «мырзамын» деген өзi айыпты-дағы. Мырзаларды аяма деп, өзiң айтатынсың. – Оның дұрыс. Құда түсiп отырған мен болған соң, алдымен мiнт мiнетiн жол менiкi, ақшаны мұнда алып кел! – Ақша десе тышқан көрген мысықтай бас салатын ағаң маған ұстата ма, мана алып қойған. Құда болсаң жолыңды атқаратын ағаң ғой, қазықтың дауын қырық жылға созатын шұбыртпалылар, өздерiң тəжiке-лесе бер,

Найман бұл даудан құтылды, мырза-аға. – Рысеке-ай, қолың өзiм сияқты жылдам-ау... Мына найманның қызының құтылып кеткенiн қарашы. Мей-лi, алымның басын өзу қолыңа ұстапсың, есебiн артынан iстей жатармыз, – деп күлдi палуан. – Бауырым Қажымұқан, асты алайық. Қу тiршi-лiктiң қамы қайда отырғызбайды. Бұл отырғаным, өзiмнiң аталас туысымның бiрi, əр жанның үлес несiбе-сiн тəңiрiм дүниенi жаратпай тұрып, дəптерге жазып қойған дейдi. Ойлана берсең тəңiрдiң өзi, кiрiс-шығыс дəптерi бар – саудагер сияқтанады. Сол үлесiн бөлгенде бiздiң атамызға: мал бағу, жол күзетудi жазып, Құт-тыбай, Иттiбайларға мал, ақша жинауды жазған сияқты. Мен сол үлеске көнбей, солардан бiраз тартып жеп көрдiм. «Мен саған жемесiн деп жаздым!» деген тəңiрi болған жоқ, ақша мен малдың əкiмдерi бiраз мазалады. Ойлансам оным да өмiрдiң өресi емес екен. Өрескел iстi балаларға өнеге етпейiк деп, бəрiн де қойып, балалар оқитын бiр селоға жақындап, бiр ұл, бiр қызымды сонда оқытып жатырмын. Рысбек туысым осы бекетке Бибiгүлдi алған жылы келiп едi, шамасы, отыз жылға жақындап қалған болар, солай ма? – Иə, жиырма сегiз жыл болды. Тұңғышымыз тiрi болғанда, ендiгi немере сүйетiн мезгiл болды. Қайтейiн, сегiз құрсақтан қолға ұстап қалған жалғыз Қадиша ғой, – деп Бибiгүл көз жасын iркiп алды. – Е, жеңешем, қалғанының қайырын сұра. Сөйтiп, бұл үйдiң аз ғана қой, ешкiсi бiздiң ауылда. Қолға түспейтiн құрметтiмiз, саған бiр малдың басын көрсетуге Рысекең тарылмас та едi, бiздiң ауыл он шақырымдай жерде. Əкеңнiң өткен жылы өлгенiн де естiгем. «Атаң өлсе қойылар, атан өлсе сойылар, күнде мұндай қансонар қайдан табылар?!» деп, сенiң жолың бүйтiп түсе бермес. Аңсап жүрiп жолықтым. Ендi он-он бес күн құшақтап жатып мауқымды баспай, төрт ауыл шұбыртпалы-тоқтауылды түгел аралатпай сенi жiбередi екен деме! Мұның қара сандығын шоланыңа сал да, аузын құлыпта. Сөйт те Құттыбайдың күймесiне мiнiп, ертең Қадишаны алып, бiздiң ауылға жүр, Бибiгүл, Рысекең үш-төрт күн бекетiн өзi күзете тұрар. Ақ патшаның палуанын Нұрмағанбеттiң үйiнен көретiн болсын. Көз қарсылығын көзiмен, сөз қарсылығын сөзiмен қағып тастап, ертеңiне косем жеккен күймемен өз аулына алып кеттi палуан. Нұрмағанбет

бекеттен шыққанда, боз жорғасын Қадишаға мiнгiзiп, өзi Қажымұқанмен күймеге мiнiп едi, бiраз жүрген соң, күйменi тоқтатып: – Қадиша, тоңып қалдың, түс те күймеге мiнiп, патшаның палуанының iшiгiне оранып отыр. Өзi төрт кiсiге жететiн мол көрiнедi. Мен ұзаңқырай жүрiп, қонақтың жайын қамдастырайын, – деп Нұрмағанбет күймеден түсе қалды. – Қайтесiң, атпен-ақ жүре берсiн де, ағасы, жас бала ұялады ғой, – деп Бибiгүл қарсы болса да, Нұрмағанбет бетiн аяз сорып, алмадай балбырап тұрған қызды ат үстiнен баудай қағып алып: – Əй, Қажымұқан, болбырамай iшiгiңнiң шалғайын берi қарай жаз! «Ұялады!» Қарындас менiкi болады, жiгiттiң iшiгiн жамыла отыруға өзi ұялады! – деп, күймеге Қадишаны сүңгiтiп жiбердi. – Айналайын-ай, ағаңның тоңды дегенi рас екен ғой, келшi, жаным, мына ортамызға, – деп Бибiгүл ысырыла бердi. Қажымұқан iшiктiң мол шалғайын бүркiттiң қанатындай жазып, жас қыздың балбыраған денесiн балапандай бауырына қыса отырды. Қыз алғаш жатыр-қағандай қимылсыз отырса да, шайқалған күйменiң ырғағы темiрдей қатқан палуанның денесiне ерiксiз жақындатты. Кейде киiмнiң сыртынан қымтаған сияқты бiр леп бiлiнгендей болды, ондайда барбиған жуан қол iшiк сыртынан қысыңқырап қойып отырды. Сөйте-сөйте жатырқау мүлде тарап кеттi. – Атшы бала, менiң iзiммен күйменi жайлап айдап келе бер. Ауыл арасының тар жолының соқпағына жығып алып жүрме! – деп Нұрмағанбет аулына тартып кеттi. Нұрмағанбет бай ауылдың тебiнiне жiгiттерiн жiберiп, қысырақтың тайын алдырды. Оған қоса екi қой сойғызды. Екi бөлмелi шым үйiнiң барлық жүгiн шошалаға шығартып, кең үйге кiлем, сырмақ төседi. Жақын жердегi ауылдың қыз-келiншегiн түгел жинатып, үйдi-үйге бөлiп кiргiзiп қойды да, алдымен өз үйi тол-ған үлкендерге: – Өздерiң көптен даңқын естiп, палуандығын аңыз қылып айтатын патша сарайындағы «Мəдi» деп жүрген Қажымұқан палуандарың бүгiн орталарында отыр. Мұ-ның жер жүзiндегi тау көтерген жалғыз көздi, пiл көтерген мүйiздi палуанды жығуға күшi жетсе де, осындай жолы түсiп келгенде, атағын мақтан етiп, аңсап отыр-ған елдi аралай жүру ойына келмептi. Құттыбайдың күймесiне мiнiп, «мырза» болып келе жатыр екен,

Рыс-бектiң бекетiнен ұстап, өзiн жыққан кiсi сыпыратын пердесiн қолын ұстап отырып, Қадишаға алғыздым. Сөйтiп, өзiн ерiксiз ауылға əкелдiм. Үлкендер, бiрiңе бала, бiрiңе iнi болар, мына бауырларыңмен танысыңдар! – Көп жаса, айналайын... Өркенiң өссiн! Мұның ерен күшi: тарыққанда тамақ, шөлдегенде сусын болмаса да, қазақ деген ел есiмiн жер жүзiне жайған мақтанымыз, ұлтымыздың үлесi. Бəрекелдi. Ендi аңсаған, ынтыққан мауқымызды басқанша жiберме. – Осыны қазық қағып байлағым келiп отыр. – Мұның шешесi Кəбира марқұм қарағайды шыбықша сындырып, жұлып алушы едi. Бұған қандай қазық шыдамақ! – Тырп ете алмайтын қазық табам. – Ондай амалын тапсаң көмектесейiк. Тiлегiмiз сол ғой. – Көмектессеңдер, Рысбектiң қызына құда түсем, тырп етпейтiн қазық сол болады. – Қарағым Нұрмағанбет, өрелi ойыңның орынды ұстаған ұштығы екен. Айтқанымыз айтқан, көмегiмiздi аямалық, – десiп үлкендер түгел мақұлдады. – Қызымыз ауылдiкi, ұлымыз елiмiздiкi болса, қиынға соғатын түгi жок! Ал тойымыз басталсын... Қарттар баталарын берiп тараған соң, үй толған жастар жиналып сауыққой арқаның қызойнағы басталды. Домбыра, сырнай безiлдеп, бойды балқыта əсем əндер бебеу қақты. Iшiнара Қажымұқанның жойқын күш өнерi көрсетiле отырды. Кеудесiнде кесек тас шыныдай сынып, сом темiр шыбықтай бұралып жатты. Нұрмағанбет үйiне бiр қондырып, Құттыбайдың атшысын күймесiмен қайтарып жiбердi. Қажымұқанды көршi ауылдарға апарғанда нар жеккен шанамен жүргiздi. Атақты палуанға оның өзi бiр түрлi жарасымды да болды. Қайда барса да ойын-сауықтың ұйтқысы болған Нұрмағанбет, ауылының қыз-бозбаласын Қажымұқанның қасынан тастамады, солармен бiрге Қадиша да қыдырды.

– Қыз-ау, құсбауың құтты болсын! Палуан ағаңның арқасында, атағын аңыз қылатын ақ патшаның палуанына атасыпсың ғой, – деген жеңгелерiнiң сөзi, алғаш жат көрiнсе де, көп айта бергендiктен құлағы да үйренiп қалды. Кейбiр жеңiл мiнездi жеңгейлер, ұялшақ қызды байқаусызда Қажымұқанның алдына ерiксiз сүйреп əкелетiндi шығарды. Нұрмағанбеттiң аулында болған көңiлдi түннiң бiрiнде, басты жеңгелер бас қосып, «қолұстатарын» да алды. Аулына баруға асыққан палуанды, аға палуан еркiне жiбермей он күндей ұстады. Келе жатқан Қажымұқанның хабарын естiп, алдынан көлiк алып шыққан сарыт-ерекшiлердi iшiне ала отырып, Рысбектi алдырды да, семiз қойын сойып, құдалық тойын жасады. Туар айдың ортасы кезiнде, өз үйiнде той жасап, Қажымұқанға Қадишаны қоспақка сөз байлады. Бұл игiлiктi iсте бөгде ой болған жоқ. Ойынсауықпен ұзак түндi аударған қыз- бозбалалар тарқап жатқанда, Қадиша мен Қажымұқан Нұрмағанбеттiң үйiнде оңаша қалды. Жаны жарқын, көңiлi таза Қажымұқан қыздың жiңiшке саусағын барбиған жуан қолымен қыса ұстап, жымиған көзiмен тесiле қарады да: – Қалған өмiрiмiздi бiрлесiп өткiзейiк... Жүзiңдi көрген сағаттан бергi ерiксiз бөгелген көңiлiм шешiл-сiншi. Жан сезiмiм саған, цирктiң төбесiне шиелеп байлаған арқандай маталды. Күннен-күнге ыстық көрiнiп барасың өзiң. Тiптi, тастап кетуге де қимаймын. – Сiзге кет деп отырған кiсi жоқ қой?.. – Келем сəулем, кешiкпей келем, Қадишам... – деп түрiлген жуан ерiн қыздың алмадай бетiне таман жақындай бердi. * * * Қажымұқан аулына қарай жүргенде, өмiрi күрестен басқаға бөлiнбейтiн ойынан тағы бiр тармақ шыққандай болды. Жар үстiнде сахара теңiзiнiң айдынында тұрған жалғыз нүктедей болып көрiнетiн, айнала кiшкене қорғаны бар, қорғанды жанамалата салған ат тұратын, сауын сиырына арнап салған бастырмасы бар бекетшiнiң үйiнде екi көзi. Үй iшiнде өзiмiзге таныс үш жан тұрады. Сарытерекке қарай жүргенде, қанаты ашық шананың артына қарай отырған палуан, көпке шейiн көзiн сол үйге қадаумен болды. Нұрмағанбеттiң үйiнде болған он күннен аса уақыттың

кейбiр үзiндiлерi ойынан елестей өтiп, қасындағы кiсiлердiң сөздерiне құлақ та салмады. Бекетшiнiң үйi əбден көзден таса болғанда, қар басқан жазық даладан алты-жетi шақырым жер ұзап кеткен едi. Қасында отырған екеуi: өзiмен бiрге туып, бiрге өскен құрдастары болатын. Көп жыл көрмеген досының келген хабарын естiген соң, екi қонып баратын жердегi ауылға көлiк алып алдынан шыға келген едi. Қазақ елiнiң кəде жолын жақсы бiлетiн Нұрмағанбет, өзiне өле-өлгенше досым деп санаған Қажымұ- қанның аулынан келген адамдарды айрықша құрмет-тегендi. Олар аттанарда палуан: – Менiң көптен күткен, көруге аңсаған адамым келiп, ойлағанымнан артық мерекеге бөленген уақытыма тап келдiңдер. Ағасы өзi сыйлап үйретпеген iнiсiне сыйламадың деп өкпелемес болар. – Уа, шырақтарым, адамгершiлiк – байлықтың құлы емес, байлық – адамгершiлiктiң құлы. Солай болса, ерiксiз Құлды иесi сыйға бередi, сатады да. Байлық қолымда болса, адамнан аяйын деген ниет, есiм кiргелi бойымда болып көрген жоқ. Сонымен кенде болдым деп өкiнбеймiн. Бiрақ керегiнде сол құрығыр қолға түспей қалады... – Қажымұқанды алып ауылдарыңа жүргелi отырсыңдар. Зер қадiрiн зергер бiледi деп, мұның бойында елге керек нендей қасиет жатқанын мен бiлемiн. Бiрақ менiң бiлген сол қасиетiм көпшiлiкке түгел түсiнiктi болатын күнi iлгерi сияқты. «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол. Қызың оссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген бабаларымыз ойланбай айтпаған сияқты. Ұрпақтардың келешек өмiрiн ойлағанда, орыс халқының өнер-бiлiмiне үңiлудiң керегiн өмiр өзi айтып отыр. Орыстың тəрбиесi – қар күреген Қажымұқанды көруге ынтықтыратын атаққа ие болды. Ендi мұны елге тұрақтату үшiн, өз ауылдарыңның үлкен аға, кiшi iнiсiне кеңеспей-ақ, ағалық мiндетiмдi атқарғаным бола ма деп, аталас туысымның жалғыз қызын бергелi ниет қылдым. Ойымды ауылдың үлкен-кiшiсi қостап отыр. Бiр ойым: ел жайлауға шыққан соң, Есiл, Нұраның бойына түгел сауын айтып, жəрдемге шақыру. Арқаның атақты то-йына айналдырсам ба деп едiм. Оған мына бiр соғыс деген бəле басталып, елдiң ауыртпалығын күннен-күнге үдетiп барады. Ел аман болса тағы бiр игiлiктi күннiң кезеңi келер. Əкесiнiң орынына барған соң кешiкпей қайтып оралатын болыңдар. Бiздiң бiр туысымыз, қазақтың əдетiнде «жиендiк» деген бiр тiленшiлiгi бар ғой, сол əдетпен, қартайған нағашысына келiп, үш-төрт күн қонып,

жүрерiнде үмiттi жағдайын айтыпты. Қарт ыңырана отырып тыңдап, жинала бастаған жиенiне: – Шырағым, жиенiм, бəрiне де түсiнiп отырмын. Бүгiн-ертең аттанғалы отырған маған, кетiп қалмай кездесiп қалғаның жақсы болды, Сенен аяйын деген еш нəрсем жоқ. Бұл үйде: астыма мiнген бiр ат, жаз саумалын iшкен бiр құлынды бие бар, мiне, аламын десең ал... Бiр-екi сиыр, бес-он тұяқ бар, мұны да аламын десең ал... Ал ендi мына сандықтай, шешеңе көйлек болғандай, бес аршын сиса тұр, соны қоржыныңа сал!.. – деген екен. Сондай-ақ, бұрын есiк көрмеген жiгiттер едiңдер. Қолымда еш нəрсе жоқ. Екеуiң екi шапан киiп кет деп, үстерiне шапан жапты. Осындай шексiз жомарттық Қажымұқанды көп ойлантты. Нұрмағанбеттiң кесек тұлғасымен қатар, бекетшiнiң үйiнде қалған талдырмаш денелi, қара торы қыздың бейнесi тағы да көз алдына елестедi. Жас қыз, он екiде бiр гүлi ашылмаған қыз, жарытып сөз де айтқан жоқ. Жаңа домбырадай үнi ашылмаған жанды тиiстi жерiне пернесiн жылжытып, iшегiн ысып, құлағын бұрап, сөйлете бiлетiн қасиет Қажымұқанның өзiнде де болмады. Жеңгелер ұршықтай үйiрiп, қолына ұстатқанда, жүзi гүл-гүл жайнай құбылып, құрық түскен асаудай жұлқына түсiп, ұятты күлкiсi араласа, қолтығына кiрген қызға айтатын еш нəрсе таба алмай: – Əй, қатындар, болады ендi! Ұялтпасаңдаршы... – дедi палуан күйеу. – Ойбай, сұмдық-ай! Жарылқаптың шадыр бурасындай дүңкиген мынау күйеуiмiздiң сөзi қалай? Қа-тындары несi... Жеңгелер демейсiң бе, ең болмаса! Əлгi патшасының алтын сарайындағы ши саусақтарға айт-қан сөзiң бе, бұл?.. Қойқап дəуiндей серейген мынау бiзге күйеу болып жарытпас, қызды құшақтаған түрiн қара... Қолтығына қысқан келiсаптай, болбыратып тұр. Қолыңды былай белiңе тамандау икемдесейшi, сорлы... қолың күйiп қалатын шоқ деймiсiң мұны, – деп Қажымұқанның жуан бiлегiнiң астыңғы жағын шымшып қойып, сыпылдаған келiншек қыз белiне орап та бердi. – Нұрила, сапылдай бермесейшi. Тiлiңнiң жүйрiгiн-ай. Бiлемiз ғой. Сенiң ауылда өскен сұрбойдағың ба? Орыстың арасында өскен ол, құшақтауыңды қайдан бiлсiн. Ұялтпа... – Немене? Орыс қыз құшуды бiлмейдi деймiсiң. Қыздарының белiне кенедей жабысқанда, белдерiн үзiп жiбергендей болып-ақ жүредi ғой. Олар

ойнап-күлудi бiлмесе, өзiң емес пе жайлауға келген Сергейдiң баласы қатар жатып, қол салды деп жүрген? – Құдай ұрсын сенi! Қайдағыны ұмытпайды екен-сiң... – Осындай күлкiлi əзiлi жарасқан келiншектер Қажымұқанның көңiлiнде ендi елестеп, кетерде қызға бiр ауыз сөз айтпағанына өкiндi. Қалайда, тез қайтып, Қадишаны қайта бiр көруге ынтықты. Сол ойлардың жүректегi толқыны орнынан қозғап, қол орамалын алғалы iшкi қалтасына қолын салғанда, қолына бiр нəрсе iлiне кеттi: онысы iлетiн қызыл жiппен кестелеген жұқа орамал екен. Ол орамалды Қадишаның қолында көрiп едi. Мұның қалтасына қайдан түсiп қалғанын да бiлмедi. Iлулi тұрған бешпентiне байқа- май салып қойып, мен алып кеткен екен, деп ойлады. Бұрын бiрге жүрген жолдастары арасында бiрiнiң-бiрi биттей дүниесi болса да өзiне берiп əдеттенген Қажы-мұқанға, қыздың орамалын алып кету үлкен ұят сияқты көрiндi. – Əй, тоқта! Көлiгiңдi кейiн бұр, – дедi орнынан көтерiле түсiп. – Жайбасар-ау, неге? – дестi, Нұрмағанбеттiң адам-гершiлiгiн айтып тауыса алмай келе жатқан екi құрдасы. Қажымұқанның бала кезiнде денесi ауыр болғандықтан, бiрдеңесiн алып қашқан балаларға жете алмай қалатын. Сондықтан оны балалар «Жайбасар» деп атаған екен. – Қадишаның қол орамалы менiң қалтамда кетiптi. Соны өзiне апарып бермесек, ұят болар. – Ойдейт деген екенсiң! Ендi көш жерде қалған бекетке қайтып бармақпысың?.. – Сөйтпегенде ше... – Алаңғасар-ау, оны қыз əдейi салып жiберген ғой. Қыздың жiгiтiне «белгi» дегенi болады. Атан өгiздей болғанша соны бiлмейсiң бе? Өзiңнiң орамалың бар ма едi? – Бар.

– Қарашы қалтаңды. Қажымұқан қалтасын ақтарып, өз орамалын таппады. – Өз орамалым жоқ екен, – дедi бесiкке таққан қоңыраудай наградтарын сылдыратып, қалтасын ақтар-ған Қажымұқан. – Ендi болды, қыз алып қалған. – Қой, ондайды iстемейдi Қадиша. Алса өзiмнен сұрап алмай ма? – Маубас-ау, сенiң бiр жапырақ шүберегiңдi сұрап қайтсiн, өзiң бiлiп белгi бермеген соң, өзi-ақ ала салған. – Мына өзiнiң орамалын менiң қалтама кiм салған? – Оны салған да сол қыз. «Орамалымды көзiмдей көрiп ұстап жүр. Ақмешiт, Перовский, Орынбор, Троицк деп, қаңғырып кетпей, тез қайтып кел, қызық ертерек болсын» дегенi. – Қой, құрттай қыз соны бiлушi ме едi? – Iм... соны құрттай қыз деп отырғаның – түк бiлмейдi екенсiң. – Əй, сөздерiң бiр түрлi екен өзi... – деп, Қажымұқан көпке шейiн үндемедi. Шөптi астына мамықтай етiп, мол қылып салған жайдақ шана Сарытерекке қарай тарта бердi. * * * Сағынған палуанын көрген ауыл Нұрмағанбеттiң үлгiсiмен екi жетiнi үздiксiз ойын-сауықпен өткiздi. Əкесiне ас сияқты құдайы беруге дайындық жасап, оны өткiзгенше тағы бiр он бес күн өттi. Ағайын, жегжатты аралаумен жүргенде ай өтiп, күн жылынып, қардың шекесi жiпси бастады. Əншiнiң үнiндей күннен-күнге бойына тереңдей берген Қадишаны ойлау, кейбiр түндердi көз iлiндiрмей өткiзетiн əдетке айналып болды. Ауыл үлкендерiнiң «қарағым-шырағым» деген мейiрiм жөргегiне бөленiп, ойына келгенiн өзi iстей беретiн еркiнен айрылды. Алыс, жақын ауылға барғысы келмесе де, олар ерiксiз апарады. Өз кəсiбiнен бас-қаға ұялшақ Қажымұқан «Қадишаны сағындым» деп ешкiмге айта алмады. Ауыл үлкендерi бастары

түгел құралған бiр отырысында Нұрмағанбеттiң кiсiлiгiн əңгiме етiп Рысбектiң қызын бермек болғанын айтып, мақұлдасқан. – Ер ерлiгiн iстеген екен, оған бiз де елдiк iстейiк. Бiрақ ол күнiн жеделдетiп айтқан екен, игiлiктiң ерте-кешi жоқ, бiз оған асықпайық, «асыққан шайтанның iсi» деген. Ояқ-бұяғымызды есептегенде, қырық-елу үйден құрама бармыз. Барымыз iрi, жоғымыз ұсақтап мал жинап, Нұрмағанбеттi, Рысбек пен аулының iрi бас-тыларын шақырайық. Ал Мұқанның аздап ақшасы бар көрiнедi. Əкесiне түгел жаратқысы келiп едi, оған бiз ризалық бермей сақтатқыздық. Қар кетпей қалаға кiсi жiберiп, қызға киiм дайындайық. Елдiң еркесi болған серi палуан, жапсарлас отыр-ған ағайын болса да аулымызға келген жок едi, ұялмай мiнгiзетiн ат қамдасын. Ол үшiн қарақалпақ, түрiкпен-мен байланысы бар Қарғалы, Қайдауылдағы Өрқара, Нұрғалиға пысық жiгiттiң бiрiн жiберiп, сүйегi жөндем бiр атын сұратайық. Қыпшақтығы ұстаса тегiн берер, онысын ұмытса, сатып берсiн. Қарттар асықпай осы дайындығын iстей бердi. Қар ерiгенше ойлағандарының көпшiлiгi орындалды. Қала жолындағы бекетшiнiң қызын Сарытеректегiлердiң көбiсi көрген едi, ауылдағы сүйегi сондай бiр қызға пiшiп, киiмiн де дайындады. Қар кетiп, арқаның көдесi көгере бастады. Ауыл үлкендерiнiң Нұрмағанбеттi шақыруға мөлшерлеген мезгiл де таянып қалған едi. Қасына он шақты жiгiт ертiп, ауыл аралаған Қажымұқан Рысбектiң бекетiне тұстас бiр ауылға барды. – Жiгiттер, ендi бекетке соқпай кетуге болмайды! – Болсын, палуан, бузауыңның даусы құлағыңа шалынатын жерге келгенiмiздi бiлемiз, – дедi əзiлкеш құрбысы. Бұлар барған аулынан қайтатын күнi, күн оте нұрланып кеттi. Сiркiреп өткен түнгi жауыннан кейiн жер саздығы ширап, булығып жатқан көк дүркiрей көте-рiлдi. Қар суынан кейiнгi кейде. Қырау, кейде салқын шық түсiрген түн салқыны тарап, қыраттардың күнгей бетiндегi көк жауын шайған шəйiдей құлпыра қалды. Бекеттi беттеп келе жатқан салт аттылар əлем ауасын бұрқыратып, жұпар иiсiне бөлеген көк, жаңа көрiнiске көңiлдерi тасқындап, қосылып əн салып, көтерiңкi əңгiмелер айтып, құрметтi қошеметтеп ортасына алып жүрген палуанның аңсап келе жатқан

Қадишасына байланысты əзiлдер айтты. Оған тойтара жауап беретiн тiлi жоқ Мұқан: – Əй, сендер қу жақтана бермей, Қадишаны қосып өлең айтыңдар. Əттең Нұрмағанбеттей өлең айтып, əн шығаратын болсам, өзiмнен басқа көтере алмайтындай кiтап жазар едiм. – Өзiңнен басқа көтере алмағанда, ауырлығы түйедей кiтап болады. Оған не жазар едiң? – Табылады: қасын, көзiн, шашын, басын, құмырсқаның белiндей белiн, айдай жарқыраған бетiн, сары майдай сүйкiмдi мiнезiн, баладай сөзiн, өзiмнiң елжi-реген жүрегiмдi, түсiме кiргенiн айта берер едiм. Тұз-дəмiмiз бұйырып қосылатын болсақ, Омбы, Орынбор сияқты циркi бар қаланың бiрiне барып, Россия палуандарының əйелдерiндей, ложаға отырғызып қойып, өзiм күресiп жататын болам. – Ой, ендеше, Нұрмағанбет саған Қадишаны бер-мейдi. Ол сен ендi елден ұзап кетпейтiн болсаң, өнерiн жастарға үйретсiн деп бергелi отыр. Сен ала салып Орынбор, Петрборыңа кететiн болсаң, бiз бүгiн барып Нұрмағанбетке айтамыз. – Сендер ойласаңдаршы, мен сендердей мал баға алмасам, соқа айдап, шөп шаба алмасам, тамағымды қалай табам? Мен ақшасыз күн көре алмаймын. Сауда iстеп ақша табу қолымнан тағы келмейдi. Циркi бар қалаға бармай қалай тұра алам... – Нұрмағанбет өмiр бойы ел iшiнде күн көрiп келдi ғой, сондай сен де күн көресiң... Келгенiне үш ай болды, сонан берi ел сенен асын да, атын да аяп жатқан жоқ. Өстiп күн көре бересiң. – Мұндай өмiр Нұрмағанбеттi қатты өкiндiрiп отыр. Бұл шашыраған ел қала болып, қалаларында цирк, театр орнағанша мен ел iшiнде жүре алам ба... Оны кейiн ойласамыз, қосылып өлең айтып жiберiңдер. Ұшады көк ала үйрек көлден салмай, Қолымда көк қаршыға, белде далбай. Дарияға ағып жатқан ұрдым құлаш,

Қадиша, сен дегенде шыдай алмай. Ақ бетiң айдан аппақ сəулеленген, Көп адам көремiн деп əуреленген. Қасынан шыға алмайды Қажымұқан, Кiсiдей мата көрген саудагерден. Бiр ағашта қос өрiк, Бозбалаға қыз серiк. Аулың алыс кеткенде, Жүремiн қалай күн көрiп! – деген қайырмасында Қажымұқан да қосылып отырды. – Бұл өлеңдер ұнай ма, Лəйлi iздеген Мəжнүн? – Нұрмағанбеттiң Ѕалияға айтқан өлеңiндей болса... Гуiлдеген топ жiгiттер бекеттi беттеп, солай келе жатты. * * * – Апа, берi келшi, бойым ауыр тартып отыр... Ерте тұрып сиырын сауған Бибiгүл шелегiн қоя салып, жастығын басына көтерiп отырған Қадишаның қасына келдi. Бетi балбырап, қабағы аздап кiрбiң тартып отыр екен. – Жаным, немене, тымауратып қалған шығарсың кеше кешке далада желең жүрiп қалып едiң, – дедi, маңдайын жұмсақ алақанымен басып, көзiнс

үңiле караған шешесi. – Көкем қайда? – дедi, кезерген ернiн жымқыра, көзi сүзiлiп. – Далада, малын өрiске шығарып жүр, қарағым... – Су бар ма? – Шай қазiр қайнайды, айналайын. – Жата тұрайын, апа, жұмысыңа бара ғой, – деп жастығын жерге қойып қисайды. Бұл Қажымұқандар келе жатқан күннен бiр күн бұрын болған хал едi. Рысбек малын өрiске шығарып, үйiне келгенде, Бибiгүл шайын əзiрлеп, сүтiн, қаймағын дастарқанға қойып, Қадишаның қасына барып, басын сипап: – Қарашығым, тұрып бетi-қолынды жу, бiрер кесе шай үртташы, – деп отыр едi. – Уа, құлыным, көктемнiң тамылжыған күнi даланы құндыздай құлпыртып келедi. Жан-жануардың масайрайтын мезгiлi де тiрi жанға келiп жеттi. Адамның бойының ел-селiн шығарып, аяқ басуға ерiншек тартқызып барады. Қадишажан, бүгiн көп ұйықтадың ғой, айналайын... Сарытеректегi қыпшақтардың да келемiз деген күнi таянып қалды. Бүгiн түстен кейiн жылдағы орнына киiз үйдi тiге салмасақ болмас. Тұр, айналайын, – деп шолақ тонын шешiп, перзентiнiң жанына Рысбек те келдi. – Ей, сен неге ренжiп отырсың, түсiң қашып? – деп Бибiгүлдiң бетiне қарады. – Қаденнiң мазасы болмай оянды, сырқаттанып қала ма, қайдан бiлейiн?.. – Қой əрi, қайдағыны айтпай! Көктемнiң күнi ғой, бойды ауыр тартқыза беретiн. – Ылайым сол болсын... Қайдан бiлейiн, бiр топ бұтамнан қалған жалғыз тал шыбығым...

– Қой деймiн, қайдағыны шығармай... Қане, маңдайыңнан иiскеп жiберейiн, – деп басын ұстай берген əкесi де қолын тигiзе берiп, шошып кеттi, денесi шоққа қақтаған темiрдей, жанып тұр екен. – Алла, жақсылығыңа бастай гөр! Денесi ыстық екен ғой... – Əкесi, бiрер кесе шай iшiп, атына мiн де, алдымен жолай аңшы мырзаның үйiне соғып, айта кет, үйiнде болса мұнда келсiн, палуанның үйiне барып кел, сол үйде сана, сынап сияқты дəрiлер бола беретiн едi. Тəуiп қайнаға үйiнде болса ала кел, тамырын ұстасын. Уа, жаратқан, жалғызыма жар бола гөр!.. Рысбек жүгенiн алып, атын əкелiп, Нұрмағанбеттiң үйiне кеттi. Жетi баласын жер қойнына берген Бибiгүл далаға шығып, еңiреп қоя бердi. – О, қураған өмiр! Бiз дегенде жабуын жалмаған жұтаған түйедей болып, осынша неге сұмпайыландың екен!.. Құба дала құла дүздегi жалғыз моладай, жол үстiндегi бекеттi неге ғана күзеттiрдiң? Шашыраған тарыдай босып жүрген бiр ел... Қысылған кезде жəрдемге шақыратын, қозы көш жерсiз, жан таппайсың мұнан! Үрiккен аңдай, бiрiнен-бiрi қашқан бұл елдiң, керегiнде емшiсiн, қысылғанда демшi жанын тапшы, қане! Баламның бəрi дер кезiнде емшi табылмағаннан өлдi. Күйiп-жанып жатқан құлыныма ендi не ем iстедiм, ойбай? Далбасалаған ана аяқ қабынан тостағанын ала салып, суға батырып жiберiп, «дəу» деп ауырып отырған қыздың үстiне бүрiктi де, «ұшық- ұшық» деп аяғын далаға төңкерiп тастады. Суық судан денесi түршiккен Қадиша көрпесiн жамылып жата қалды. – Құлыным-ай, терлер ме екенсiң, əкеңнiң тонын жабайыншы! – деп күйген дененi тұмшалай түстi. Кесел ауырлай бердi. – Апа, үстiме жапқан тонды алшы, өкпем қысылып кеттi, – дедi, ернi үйiткен құйқадай қарая бастаған Қадиша. – Қарағым, тер қысып жатқан шығар, шыдашы кiшкене... Əперген суды аузына апарды да, бiр жұтып қайта бердi Қадиша. – Далаға шықшы, апа, көрiнер ме екен?..

– Қарашығым, кiм? – Əлгi... – деп аяғын айта алмай ентiгiп, бетiн iргеге қарай бұрды. Далада аттың дүбiрi шықты. Бибiгүл шыққанда күн түске жақындап, көктемнiң ащы шуағы басталған едi. Келген аңшы қайнысы екен. Ол атын байлап: – Жеңеше, Қадиша сырқаттанып қалды дей ме? – Қайдам, қарағым, солай болды... – деп баяу үнiн шығарды да, жүгiре басып үйiне кiрдi. – Қарашығым, келдi. – Апа, кiм? – деп Қадиша елеңдегендей басын аздап көтердi. – Аңшы ағаң, айналайын. – Ей... – тыжырына көзiн кiрбитiп, тонды қолымен ысырып тастап, су сұрады. Тағы бiр жұтып, кесенi жанына қойды. – Қалқам, тəуiрмiсiң? – деген аңшының сөзiне жауап бермей, сүзiле бетiне қарап үндемедi. Түс ауа Қадишаның денесi тұтанған от-жалынға айналғандай, лапылдай бастады. Суды минут сайын сұрады, Үлкен ауылға кеткен Рысбек тəуiптi таппай, селодағы балаларына кеткен Нұрмағанбеттiң артынан кiсi жiберiп, өзi бiр уыс сана жапырағын алып қайтып келдi. Ол келгенде Қадиша сандырақтай бастап едi. – Апа, келдi ме? – Келдiм, құлыным. Сана алып келдiм. Құдай сəтiн салса iшесiң, – деп қызының маңдайын сипады Рысбек. Қадиша басын көтерiп, үйде отырған кiсiлерге айнала қарап, қайта жатты. Кеш түсе үлкен ауылдан əйел, қыз, келiншек болып түйе, атқа мiнген он шақты адамдар келдi. Түнiмен кiрпiк қақпаған Қадишаны кезектесiп

күзетiп шықты. Басында қаққан қазықтай қалшиып отырған шешесiне, қайта-қайта «келдi ме?» дей бердi. Келген кiсiлердi бiртiндеп шешесi айта бердi. «Олардың маған керегi жоқ» дегендей, үн қатпай, бетiн аударып жата бердi. – Апа, кiшкене сандықтағыны əпершi! – дедi бiр кезде. Шешесi кiшкене сандығын ашып, алдына тосты да: – Қарғашым, өзiң қарашы, мұндағы керегiң не?.. Қадиша басымды сүйешi дегендей иегiн көтердi. Əкесi басын сүйей бердi. Ол көзiн сүзе сандыққа үңiлдi де, шетi көрiнген бiр орамалды нұсқады. Ол Қажымұқанның үлкен бет орамалы едi. Шешесi көзiнiң жасы сор-ғалай түсiп, орамалды суырып алды. – Басымды... таң... шы... – дедi де: – Апа, таң атты ма? – дедi тағы да. Қадишаның аузына суды мақтамен тамызып отырған ұлы сəскеде, жақын жердегi бiр ауылға қонып шыққан Қажымұқандар сау етiп, бекетке келiп түсе қалды. Жiгiттердiң көңiлдi жағдайдағы көтерiңкi дауыстарын, қабақтары жабыңқы, үйден көңiлсiз шыққан адамдар басып тастады. Нұрмағанбеттiң əйелi үрпиiп қалған Қажымұқанды үндемей қолынан ұстап, үйге кiргiзiп алып кеттi. Қадишаның басында көздерiнен сорасы ағып отырған кемпiр-шалдың қасына əкелiп: – Еркем, Қажымұқан келдi!... – дедi көмескi үнмен. – Келдi... – деп науқас, оты сөнiп бара жатқан мөлдiр көзiн ашып алды. Басын көтергiсi келгендей иегiн əнтек қимылдатты. – Палуан, сен жақындаңқырап қолынан тартшы, – дедi жеңгесi. Ол қолынан ұстағанда, көзiн тағы бiр ашып: «Қош!..» дегендей ернi қыбыр еттi де, мəңгiлiк көзiн жұмды. Үйдiң iшi күңiренiп сала бергенде, Қадишаның қолын əлi ұстап тұрған Қажымұқанды кейiн шегерiп, қыздың кеудесiне үңiле қараған оташы жiгiт: – Ой, əттеген-ай, күйдiргi шыққан екен ғой! Бiлiнi-сiмен емдегенде жазып алуға болар едi, – деп өкiндi.

Қажымұқанның кiшкене жұмық көзiнен, шықтың суындай түйiр-түйiр тамшы сорғалап, далаға шықты да: – Шынымен кеткенiң бе, жер перiштесi? – дедi. Қадиша қаза болды он жетiде, Қараса жан тойғысыз келбетiне. Жетi жатып айтқан серт, алысқан қол Арман боп, шықпай кеттi жер бетiне.

Үйлену Ауылдың үлкендерi ел аралап жүрген Қажымұқан-ға жiгiт жiберiп, Нұрмағанбет, Рысбектi шақыра келудi тапсырған. Құда шақырудың сыйын алып, олжамен қайтамын деп қуанып келген жiгiт, бұл ауылдардың өлең, жыр, ойын-сауығының орнына – күңiренiп жылап, құран оқып отырған үстiнен шықты. Қасиеттi деген жарықтық құранның тойлы қуанышқа түкке керегi болмай, өлiм-жiтiм қайғыда күңiрене шығатын сол бiр мұңды мақамы тым күңiренiп естiледi. Қара таудай қайғы қабағынан сезiлмейтiн Қажымұқанда да ауыр тұнжырау бар едi. Бұрын сирек сөйленетiн сөз мүлде сарқылып, үн қатпайтын болып қалыпты. Оның шетке шыққан кезеңiн аңдып бiрдеңе айтайын деген ауылдан келген жiгiтке көз тоқтатып қарамай қойды. Олiк үстiнде үндерi қырланып шығатын молдалар, тамағын кеней түсiп «ясин», «лятл-гурсiсiн» самбырлатып созып оқып, Қадишаны жерлеген адамдар кетпен, күрегiн, бақан, сырықтай iстеген табыт ағаштарын түйеге артып, бекетке қарай тартты. Бұл жағдай тек қана сый аламын деген шақырушы жiгiттiң үмiтiн емес, сонымен қатар осыны алсам, жолдасым жаман болды демеспiн деген Қажымұқанның, атағы елге тараған палуан Қажымұқанды Балуан Шолақ қолынан үйлендiрдi деген абыройға ие болсам деген Нұрмағанбеттiң, сегiз баламның сарқындысы Қадишамды ел атын бiлетiн теңiне қосатын болдық, ендiгi ұрпағымызды құдай осылардың етегiнен өрбiтсiн деген Рысбек, Бибiгүлдiң, елдiң гүлi, сайраған бұлбұлы, кедей де болса кем жоқ жiгiт Нұрмағанбетпен құда боламыз деп қуанған құрамалардың да үмiтiн үздi. Бекетке жетiп, үйiне кiрген Рысбек есiнен танып, бiраз талықсып жатты да, тұра салып, тонын қолтығына қысып алып: – Бибiгүл, үйiңе қара!.. Мен Қадишаның үйiне барып келейiн. Басының суы кеппеген болар, мал күту, жан күтудi бiле ме?.. Үйiнде бiрер күн жатып, көмек-тесейiн! – деп тұра жөнелдi. Қабақтары түсiп, əр жерде тұнжырасып отырған адамдар қаңғалақтап, ұшып бара жатқан шалды ұстап əкелiп, бетiне су бүркiп, қайта жатқызды. Осындай ауыр халдiң үстiнен шыққан құда шақырушы да жерге қарап қалды. Қажымұқанның қасында жүрген жiгiттердiң бiрсыпырасы

ауылдарына қайтып кеттi. Бекетте сүйекшiлерге бiр-екi малды сойып берiп, Рысбек есiн жиған соң: – Той өткiзем деген жерде топырағы үйiлген мола көрдiм, домбыра, сырнайға қосылған əн есiтем деген жерiмнен ұлыған қасқырдай сарнаған молдалардың аят оқыған үнiн есiттiм, бұл заманның құдайы менiң қай дегенiме жеткiзген! – Бибiгүл жеңешем, мына ағам, бұрын да қураған бұтадай кеуiк едi, ендi сендерде бой бекiтетiн не хал қалды?.. Дегенмен амалың қайсы!? Сал бойыңды бекiт, өлгеннiң артынан өлiп жатқан ешкiмдi көргенiм жоқ. Мен мына Қажымұқанды ертiп ауылға барайын, үш-төрт күн жатып, бой көтерiп аулына қайтар, – деп, Нұрмағанбет атына мiндi. – Аға, мен ендi ауылға бармаймын, – дедi Нұрма-ғанбеттiң үйiне екi күн қонған Қажымұқан. – Сiз, менi Қызылжарға жеткiзiп салыңыз, Россияға қайта барам. Менi ауылда тұрсын десе, Қадиша өлмес едi... – Ей, тентегiм-ау, не деп отырсың? Қадиша өлгенде, қалған өмiрдiң бəрiн құшақтап кеттi деймiсiң? Мұнын бəрi уақытша. Жаңбыр тынып, бұлт ашылады, жайқалып көк шығады! Сен ол томырықтығыңды қой. Мен сенi ешқайда жiбермеймiн. – Жiбер, аға, ендi менiң ойым ит жеген терiдей пəрше-пəрше. Ауылға қайтып баратын да еш нəрсе жоқ. Əкеме ас бердiм. Ауылдың үлкендерi, осы сылтаудың үстiнде сiздi шақырып, дидар көрiсемiз деген қуанышты едi. Шақыруға келген адамы, Қадишаны көмiп жатқан молаға кездесiп, сiзге айта алмай қайтып кеттi. – Олардың жазған хатын оқыдым ғой мен. Бiрақ жылау-сықтаудың үстiнде еш нəрсе айта алмадым. Қыздың ашылмай кеткен сыры үшiн, өмiр бойы қобыз тартып өткен Жанат сияқты болма, тағы бiр-екi күн боп, мен сенi көңiл көтеретiн бiр жерге апарайын. – Аға, сол Жанаттың əңгiмесiн айтшы. – Мен оны айтайын, сен Россияға кетем деп асықпа. Нұрмағанбет əңгiмесiн айтты.

– Менiң əкем бала кезiнде қасына естияр бiр кiсi алып, үйсiндегi нағашысына кетiп бара жатып, Бал-қаштың жиегiндегi бiр үйге қоныпты. Əкем кiрiп барса, үй кəдiмгi қазақтың киiз үйi, сол үйдi бейнелеп айт-қан сөздерi əлi есiмде, оны былай сипаттайтын. Ол үйдiң адам паналап отыратын да тамтығы жоқ екен. Бiр кезде қалың басылған киiзден iстелген туырлық, үзiгi тозған соң жамай-жамай көн, терi тозған шапанның шалғай өңiрi, тiптi бас киiмнiң де кейбiр тамтықтары жабысып, не екенi белгiсiз бiр затқа айналған, Ал киiз үйдiң сүйегi дейтiн: кереге, уық, босаға, маңдайша, табалдырық, шаңырақ, күлдiреуiштер тозығы жетiп, əлденеше жерiнен құрсау, байлаулар түсiп, жерге тиетiн жерлерi шiрiп, мүжiле-мүжiле, төмен шөгiп бала бойындай бiрдеңе қалыпты. Киiз есiктiң орнына əлдеқандай арықтап өлген жануардың терiсi жабысыпты. Үй айналасында мал, ит, мысық сияқты асыранды хайуанаттың еш белгiсi жоқ, аласа таусымақтардың жарында отырған жалғыз үй – жапырайған күрке екен. Жолаушылар барғанда үйде екi жан болыпты: ине-лiктей қатып, терiсi сүйегiне жабысқан жас əйел, аяғы мүжiлiп, жақтауы жерге шөккен ағаш төсектiң үстiнде, қоқыс көрпе сырмақтың арасында бiр қарт отырыпты. Оның бейнесiн айтып жеткiзетiн əкем тiл таппай, сол үйдiң бейнесi қандай болса, қарттың бейнесi де сондай дейтiн. Соншалық тозығы жеткен үй, өзiнiң бiр кездерде сəн-салтанаттың, ауыр дəулеттiң ордасы болғанына айғақшы белгiлерi де болыпты. Теректен бе, үйеңкiден бе, сайланып жонылған кереге, уық, о баста он екi қанат үйдiң сүйегi көрiнедi, тозып сынықтары кесiле келе ендi қалғаны төрт қанаттың жұқанасы екен. Кереге, уықтың жұмыры көк нiлмен боялып, қалағы сүйектелiп, күмiс-пен шегеленген. Сүйекке ойып өрнек салыныпты. Төсек ағаштың жақтауы бұрама күмiспен көмкерiлген. Олар майысқан, сынып түскен жерiнiң үңiрейiп орны қал-ған, қаққан шегенiң басында, қиған сүйектiң арасында жылтыраған күмiстiң қабыршақтары көрiнедi. Тозған кiлем, шiрiндi сырмақтардың шоқпытын төсенiп, қарт төсек ағашта отыр. Алыстан келе жатқан жолаушылар үйге сəлем берiсiп кiрсе де оған жауап қатқан жан болмайды. Менiң əкемнiң таңыркап қарағаны шалдың бас жағында тұрған уыз жидеден шапқан кiшкене қобыз, төсектiң тұсында қос жұдырықтай киiзге тiккен екi түйiн, кiр басқан жiбек жiппен қосақталып,

кереге басында iлулi тұрыпты. Үй сиқын аңғарған жолаушылар кеткiсi келсе де, жақын жерде ел болмағандықтан, күркенi паналап, қонбақ болады. Қоржын, қос-қолаңын түсiрiп, көлiк-терiн отқа қояды. Ешкiм сұрамаса да əкемнiң қасындағы үлкен кiсi анда-санда дыбысын шығарып, көзiн жапқан, қасын қимылдатып отырған қартқа жай-жапсарын айта бередi. Қарт сөз қосып, үн қатпапты. Күн бата дорбаға салған екi балығы бар, отыздан аса бастаған жiгiт келедi. Ол қан-сөлi кепкен жүдеу екен. Үйiне қонған жолаушыларға таңырқай көз қиы-ғын салып, күңгiрт үнмен сəлемдесiптi. – Шырағым, арқадан Алатаудағы жегжатқа кетiп бара жатқан жолаушы едiк. Көлiк тынықтырғалы, осында қара тартып қонып қалдық. Қарт шаршап қалған ба, жауапқа жарымай отырмыз. Қай жақсы боласыңдар? – дейдi жолаушылардың iшiндегi естияр кiсi. – Тобықты... – деп күңк етедi жiгiт. – Онда түбiмiз арғын, туысымыз екенсiңдер ғой. Елден аулақ жекеленiп кеткендерiң қалай? – Е... – деп күрсiндi де, жiгiт төрде отырған қартқа қарап, үндемедi. Əйел дорбадағы балықты далаға алып шығып, тазалап асып жатады. Менiң əкем де жанған отқа шəугiмiн қойып, шай қайнатады. Үйдегi естияр жолаушы қарт пен жiгiттi қанша қаужаса да бұл үйдiң жағдайына қана алмай, шайларын iшiп, далаға тоқымдарын төсеп, ерлерiн жастана жатып қалады. Үй iшi де балықтарын жеп, үнсiз ұйқыға кетедi. Таң сiбiрлеп атып келе жатқан кезде ұйқысы сергек естияр кiсi менiң əкемдi жұлқып оятып жiбередi. Үйден қобыздың даусы аңырап шығып жатыр екен. Əкем өзi өлгенше аузының суы құрып: «Ондай мұңлы күйдi ешбiр күй құралынан естiп көргенiм жоқ» дейтiн едi. ... Көк орай шалғынға көмiле жатқан екi жолаушы бастарын көтерiп, құлақтарын түре тындап қалысыпты. Қобыз алғашында «Ањ» дегендей ащы үнiн бiр шығарып, жиырылып қалған жылан жайлап созыла бастағандай үн өресiн жая бередi. Ол бейне бiр айдын көлдiң кең алқабында еркiн ойнаған құстардың шиқылы, баяу

ескен самал, бұйратталған ұсақ толқындардың шылпылындай жай дыбыс созылып, тыңдаған құлаққа жайлы, көңiлдi саз туғызады. Жайқалған гүлдей, сайраған бұлбұлдай, кiсiнеген құлын, маңыраған қозы, шапқылап ойнаған баланың қиқуы сияқты үндер кейде елестеп, кейде бойыңды ауыр жүк басқандай мелшитiп, кейде ерiксiз езу тартқызып көңiлден қуаныш сезiмiн туғызғандай болса, кенет шарт етiп жарылып, жай тасы түскендей тыңдаушыны селк еткiзедi. Бұл кезде күй құралының үнiне құмар əкем шал-ғынды бауырлай жылжып келiп, салқамы шыққан төсек ағаштың үстiнде малдасын құрып, екi көзiн шарт жұ-мып, кiшкене қобыздың қос қылының үстiне ор текедей ойнап отырған тарамыстанған қарт қолынан көз айырмай, күйреген керегелi күркенiң iргесiнен қарап жатыр едiм дейдi. Қобыздың үнi кенет бұзылғанда, ол шошығандай селк етiп, көзiн бiр ашады да, есiн қайта жиғандай қобызын қайта бiр шолып, көзiн жұмып алады. Қобыз үнi бейне бiр жортқан аттың аяқ дыбысына түсiп, созыла берiптi. Бiр кезде үрген ит, ыңыранған əлдеқандай үн елестеп, күңгiрт қуаныш, əлдекiмнiң наразылығы байқалып, байлаулы ат босанғандай, құбылып ұйтқыған үн бiр еркiндiкке шығып, самғаған қырандай қалықтап бiраз отырады да, барынша үнiн жiңiшкертiп, алуан түрлi құбылтып, айрықша көркем бейненi елестете отырып, бастағы «ањты!» қайталап, құйған нөсердей, уiлдеген желдей, ботасы өлген нардай боздап, иесiз қалған иттей ұлып, алуан түрлi құбылып, үн қайғы мұхитына малыныпты да кетiптi. Бебеу қаққан қыл сыңсып жылағанда, əкем де, тоқым төсегiнен тұрмай отырған жолдасы да езiлiп, көз жастары тамшылап жүре бередi. Қайнары кепкен бұлақтай қарттың көзiнен жас шықпай, қобыздың үнiне қосылып, өксiген, еңкiлдеген үн шығып, қобызды сол жағына, саздығын оң жағына қолын кере тастап, кереге тұсындағы түйiндi кеудесiне баса тұқшиыпты да, үнсiз отырып қалыпты. Жанат сол кiсiнiң аты екен. Оны жанға жауап қаттырмай тiлiн байлап, адамшылық өмiрден шығарып, жапанда жалғыз үй қалдырған, шешiлмей кеткен сұлу қыздың сыры болыпты. Сұлу суға түсiп жатқанда жылан шағып өлтiрiптi. Жанат қыздың шашы мен жыланның басын алып, бауырына басқан екi түйiнге екеуiн тiгiп қойған екен дейдi. Онда жасы он сегiзде екен. Қыз Жайық бойынан келiптi. Оның тұтас əңгiмесiн сенiң тойың болған күнi айтам. – Ағажан, айтсайшы...

* * * Қажымұқан Нұрмағанбетпен қыдырып жүргенде, ауыл болып тағы бiр ұйғарынды көтердi. Қадишаның киiмiн бойына өлшеген қыз, Қажымұқандардың қыз алысатын руы едi, қарттар күңкiлдесе келiп, сол қызды қоса салмақ болды. Соншалық, жүрегiн елжiреткен Қадишаның бес күндiк қызғалдақтай болып сола қа-ғаны Қажымұқанның арманын тереңдете бердi. Сырын iшiне жиып, сыртынан еш нəрсе аңғартпайтын мiнездi жан, ендi бұл тақырыпқа көпке шейiн бой ұрмасқа бекiдi. Өзiн қосып өлең айтатып Балуан Шолақтың əдетiне елiктеген ол, шiңкiлдетiп домбыра шертiп, жоғарыда əн бастауда келтiрiлген өлеңдердi Нұрмағанбеттен үйренiп, ол тұрған жерге өзiн қосып айтатын болды. Қадиша өлген соң бiрiншi бөлiмнiң аяғындағы: «Қадиша қаза болды он жетiден»... көп айтатын болды. Ауыл адамдары ұйғарған қызды сүймедi. «Көкелер, қоя тұрыңдар» деп қыдырып бiраз жүрiп, Қызылжарға бара жатқан бiреудiң арбасына мiнiп кетiп қалғанын, үлкендер көптен кейiн есiттi. Ол сол кеткеннен Варшавадан бiр-ақ шықты. Жаздың тамылжыған көк майсасы. Висла өзенiнiң жағасында, шыңға қонған бүркiттей, труси, майкасымен үш-төрт палуан өзен жағасында отырды. – О, Қызыл нықап (маска), сенiң қабағың неге ашылмайды? Сен бұрын бұлай емес едiң, елiңе барам деп қайғы арқалап қайтқаның қалай? – Қой əрi... Менiң ешқандай қайғым жоқ. – Ваня, сен баламен ойнап жүргенiң жоқ, ең аз қыдырғаны Европаның өңiрiн екi айналып шыққан, Россияның қу мүйiз палуандарымен сөйлесiп отырсың. Сенде үлкен қайғыға батқандық бар. Болмаса бұрынғы ой- санаңнан өзгерiп кеткендiк бар. – Неге? – Неге дейсiң бе? Оны мен айтайын... Бұрын iшiңдi ақтарып сыр жасырмайтын едiң, ендi бiр ауыз сөз айт-қың келмейдi. Бұрын белгiлi палуандар қинап келген жас палуандарды да аяп, бiраз күн өткенше жықпай мақтандыратын едi, сен қолыңа тигеннiң бəрiн шыр-қыратып, пердесiн сыпырып алып жатырсың. Күрес басталғалы он-он бес күн болды,

жинаған маскаң бiр дорба болды. Мұныңа қарағанда, сенi жынданды ма деп те ойлап жүргендер бар. Сенде мықты кiжiну бар. Бiреу есiнен қалғысыз етiп, жерге аунатып жiбердi ме екен деуге, шығыс Россияда сенi жығатын ешкiм жоқ. Шыныңды айтшы, сенде нендей сыр бар? – Менде қайғы бар екенi рас, сұлу қызды сүйдiм, ол қосылмай тұрып өлiп кеттi де, мен қалып қойдым, – деп басынан өткен барлық жағдайды шешiле айтты. – Мiне, ендi ретi келдi. Сен сүйген қыз үшiн жынданған шығыстың шыдамсызысың. Онда сенi емдеймiз. – Ауруым жоқ менiң. – Сенiң ауруың əйел. Оны бiз табамыз. Осында палуан бiр қыз бар. Бiз бас құраған күрестi ұйымдастырып отырған соның ағасы. Қыз күнде күресiмiздi көрiп отырады дейдi, бiрақ қандай қыз екенiн ешқайсымыз бiлмеймiз. Осында жиналған палуанды түгел жыққанымызбен қыз күреседi. Жығылса тиедi де, өмiр бойы соның күтушiсi болады, жықса барлық палуандық белгiсiн сыпырып алып, чемоданын жаяу арқалатып жүредi. – Мен оның чемоданын арқалай алмаймын. – Жығылсаң амалың қайсы, серт солай болған соң, арқалайсың! – Жығылмаймын! – Қалай жығылмайсың? Поддубныйдан күштi-мiсiң? – Күштiмiн деп мақтана алмаймын. – Ендеше, былтыр келiп, қорыққанынан күресе алмай кетiптi. – Қой, өтiрiк ол. Поддубный тажалдан да қорықпайды! – Қорықпайды!.. Қыз қолын соза бергенде жалт берiп қашқан екен, қолына қамзолының шалғайы түсiп, жұлып алыпты да, үйiне апарып iлiп қойыпты. Осы күреске шақырса да келмей отыр ол.

– Қой, қой! Бəрi өтiрiк. Польшада палуан қыз деп iлгерiректе естiп едiм, оны венгрдiң жас палуаны жығып алып кеттi деген. – Ендеше, есiткен қызың осы. Оны ешкiм жыға алмайды. Қолыңа тигендi алып ұра бермей, күшiңдi соған сақта! – Ой, тəйiрi, оған қандай күш керек? Қыз деген қатын емес пе? «Қатынның күштiсi қазан қайнатады» дейдi қазақ. Күресетiнi шын болса, минутке жеткiзбей жығам да, бəйгеме өз құйындай ақша төле деймiн! – Ақша бермейдi, өзi тиедi. – Алмаймын деймiн. – Оның болмайды, егер алмасаң, жығылған болып есептелесiң. – Күреспеймiн ендеше... – Онда да жығылғанға есептелесiң. Оған көнбесең күрескен палуанның ешқайсысын жықпай, жығыла бер, сонда сенiмен қыз ақша берсең де күреспейдi. – Бiр бəле ғой өзi! Қайдан шыққан неме екен соншама? – Осында жиырмадан аса iрi палуан, отыздан аса жас палуан бар. Соның бiрiнен жығылып, не жығыса алмай кетсе, қыз оны үздiк палуан деп есептемей, күреспей қояды. Үздiк палуанды табамын деп ағасы Варшавада жылда палуан жинай беретiнi сол екен. Сен жық та ал, осы əурешiлiктен құтылайық. – Сендер əзiлдерiңдi қойыңдар, мен қыздан қор-қып, ешкiмнен жығыла да алмаймын. Қыздың чемоданын арқалап та жүре алмаймын. Дүниеден қатынсыз кетсем де, ол қорлықка көне алмаспын! Бұл əзiл сияқты сөз болса да, негiзiнде сыр бар едi, ол ұзамай ашылды. Цирктiң арқан, шығыршықтарында тұрып ойнайтын белгiлi артисiнiң бойжеткен қарындасы болады, ол палуандар түрлi жақтан жинала бастағанда – түгел жыққан мықтысына тиiп алам деген сөзi болыпты. Соны есiткен жастар, жауырыны жерге тимегенi киетiн масканы бəрi киiп, «Ақ

қынап», «Көк қынап»... Варшаваны басып кетедi. Оның үстiне, қолы ұстаса желiмдей жабысып жықпай жiбермейтiн Ваня келiп, маскалар жапырақтай жалпылдап сыпырыла бередi. «Ендi қыз маңғұлдiкi болсын!» деп күдер үзгендердiң көбiсi маскаларын дорбаларына тығып, жұмбақ аттарын дұрысына көшiре қояды. Мұның сырын бiлетiн тiс қаққандары «байқап жық» десiп, тосындары алып қараның шеңгелiне мыжғыланып жатады. Көптiң бiрi болып күнде келген қыз Қажымұқан алтын, күмiс толып жатқан медалiн мойнына алқа қылып тағып, бұлшық етте-рiн ойнатып, күрес алаңына шыққанда, көзi инедей қадалып, жүгiрiп келген кiсiдей жай тұрып ентiгедi. Көзi жасаурайды, қайта-қайта қолын уқалай бередi. Кездейсоқ қабаттаса қалып, қабақ сездiргiсi келiп, жүретiн жолында кездескенде көзiн ойнақтата қалатын Қажымұқан ба, кiшкене көзiн қиықтай бiр қарап, иық қағысып қалған қызға: «вейноуат» деп өте шығады. Сорлы қыз жаныққан үстiне жаныға түседi. Үйiне барысымен айна алдында тұрып алып, опа- далабын, иiсмайын жаға түсiп, ұзын жирен шашын алуан түрлi етiп өре бередi, сипай бередi. Бiрақ оның бəрi iшкi ынтығына ем болмай, атлас картаны ала салып, алдына жая бастайды. Бобидiң королi бiрде оңға, бiрде солға шығып, бiр тартқанда кез түсiп, бiрде лағып далаға кетедi. Ернiн тiстеп ренжидi, кейде қуанады. Безенiп тұрған тiлi жоқ «маңғұлға» ынтыққан сорлы, кейбiр күндерi ауырып та қалады, шыдамы кеткен байғұс, маңдайын жiбек орамалмен байлап, циркке тағы келедi. Ақырысында Қа- жымұқанмен бiрге жататын бiреулердi тауып, тiлдес-тiретiн жəрдем сұрайды. Қадишаның қайғысы бойынан арылмаған палуанға: – Сенiң қыздармен əңгiмелеспейтiнiң қалай? – деп қақтықты ол. – Я, совсем не хашу... – дейдi де, сыпырған маскаларын санай бередi. Қыздың өтiнiшi бойынша палуаннан сыр тарту үшiн манағы су жағасында отырғандағы əңгiмесiнде де ашық жауап айтқыза алмады. Ай жарым өтiп, күрес аяқталар кезде, «Палуан қызды көрсету үшiн» Қажымұқанды жүзбелi ресторанға алып барады. Онда үйленудiң сəтi төменгi жағдайда түстi. Ресторан мен бес шақырым жердi жайлап айналып келгенше тұқыл шарапты сықап iшкен палуандар Висла жағасындағы бақтың iшiн аралап, гүжiлдесе сөйлесiп келе жатты. Су жиегiне тақай iстеген отырғыштарда, кемедей шыққан палуандарды күткендей үш қыз отыр екен, қолында ақ гүлден түйген букетi бар сүлу қыз бұларды он адымдай жерге тоқтатып, гүлiн көтерiп тұрып:

– Палуан мырзалар, бiздiң досымыз Поля, ханша-палуан, осы гүл шоғын үздiк күшi бар палуанға тапсыруды бұйырды. Үздiк күш менде! – деп өзiңе сенген-дерiң үш адым алға шығып қолымнан гүлдi ал! – дедi. Палуандар алға шыға алмай, бiрiне-бiрi қарап, бөгелiп қалды. Сол күнi ғана жұрт көзiне түскен Варшаваның екi жас палуанының бiрi қолына қызыл гүл букетiн ұстап: – Ешкiмнiң жүрегi батпаса, мен оны алуға жараймын! – деп аттай бергенде Қажымұқан жауырынынан бүре ұстап шелектей көтерiп, кейiн тастады да: – Бикеш, ол бұйрық берген ханшаңыздың өзi қайда? – Сарайында. Немене гүлдi алғың келiп тұр ма? Се-нiң жұрттан үздiк болатындай еш нəрсең жоқ қой деймiн... Үздiкпiн деп алуға жарасаң үш адым алға шық! Қажымұқан алға шықты. Қыз гүл шоғын ұсынып тұрып, күлiмсiреген пiшiнмен: – Осының үздiк палуан екенi рас па? – деп басқа палуандарға қарады. – Иə, – дедi сақа палуанның бiрi. – Гүл алғаның үшiн белгi боларлықтай бiр затыңды бер бiзге, Поля ханша барғанда өзiңiзге қайтарып бередi. Қажымұқан үлкен күмiс сағатын қалтасынан алып ұсынды. – Оның керегi жоқ, орамалыңды берсең де болады, – дедi қыз. Қағазға орап орамалын бердi. Қыз қолына ұстап тұрып: – Ертең сағат бесте пəлен адреске келуiңiздi сұраймын, – дедi де, палуан тобына басын иiп, əдеппен жүрiп кеттi. Ертеңiне Кореньмен екеуi айтқан адреске барса сарай емес, Варшавадағы жұпыны үйдiң бiрi екен. Ауладағы əдемi бақтың iшiне стол, отырғыштар қойып, ас əзiрлептi. Өздерiне таныс цирктiң артисi қарсы алып, құрметпен орындыққа отырғызды. Үйде отырған үш-төрт кiсi шығып, қонақтармен амандасты. Кешегi гүл берген қыз елулерге келген шешесiн колтықтап,

үйден шықты. Отырған адамдар орындарынан тұрып, анаға құрмет көрсеттi. – Қазақ өлкесiнiң палуаны қайсың едiң? Қажымұқан орнынан тұрып, қолын кеудесiне басып, басын идi. «Менiң жаныма отыр» дегендей жанындағы орындықта нұсқады. Кiсiлер орындарына отырып, астың бетiне жабылған ақ жiбек дастарқан ашылған соң, үй иесi артист: – Достар, барлық халықка ортақ: «Тауға тау қосылмайды, адамға адам қосылады» деген мақал бар. Сол қосылмай тұрмайтын адамның сүйiспеншiлiк махаббатына шек қоюға болмайды. Палуан Мұңайтпасов, оның досы Корень палуан, сiздер осында келуге себептi болып отырған сондай жағдай. Өзiм жеке адамның игiлiктi iсiм деп түсiнген жұмысына, еркiне бөгеу болмауды дұрыс деп түсiнем. Ондайға араласатын ұлттың əдет-ғұрпы, дiнi сияқты тəртiбiн жақтағым келмейдi. Менiң сүйiктi қарындасым Поля, Ваня Мұңайтпасовқа ғашық болды, қыздың мұндай сырын ашық айту – Европа елдерiнде ешбiр ерсiлiгi жоқ, қайта өзiне тəн ерiктi түсiнгендiк болып есептеледi. Кеше ақ гүл шоғын берiп, орамалын алып келiп, анасының рұқсатын алып отыр. Анамыздың алдында осыны анықтап, игi тiлегiмiздi айт-қымыз келедi... Берiлген белгi ишаратын қабыл етуле-рiң рас па? – Маған палуан қыздың гүлi деп бердi. – Палуан қыз – қолымен гүл берген Поля. Күре-сетiн қыз тек ертегiлерде айтылады. – Ендеше, гүлiн алғаным, рас. Сонан бiр ай өткеннен кейiн поляк қызы Поляға үйленiп, күзге қарай немiс армиясының қысымы Варшаваның бейбiтшiлiгiн бұзып, Қажымұқан Поляның атын Патима қойып, Омбыға келдi. Ондағы цирктiң аттарын офицерлер мiнiп, майданға кеткен соң, Шардақтағы қазақтар Қажымұқанды көшiрiп алып, үй салып, мал құрастырып берiп, Патимадан Қайролла, Абдолла деген екi ұл туды. Бiрақ бұлар Патима жеңгей арман еткендей – жауырыны жерге тимейтiн палуан емес, жай баланың бiрi болып өсiп, екеуi де заң қызметкерi болып кеттi.



Арбакеш Он сегiзiншi жылдың қақаған қысы. Түтеген ақ бораны соғып тұр. Ел адамының бəрi: «Соққан күнiне жетiп толастайды» деген болжалына бой бермей кеттi, сейсенбi күнi тұрып едi, сейсенбiден сейсенбi – сегiз, сəрсенбi – тоғыз, бейсенбi – он, бүгiн жұма – он бiр күн, ақ көбiгiн ақтарып, құтырған бурадай əлi жұлынып тұр. Бар өмiрiн Омбы қаласында арбакештiкпен өткiзген Миша өзiнiң көптен жолдасы болған күрең атының ұсқынына қарап тұрып, өте мүсiркеп кеттi. Аяғаны сонша – көзiнен жасы ерiксiз шықты. Төбесiнде ойнап тұратын құлағы салаңдап төмен түсiп кекiл, жалының ұйпалағы шығып, қос көзiнiң алдына шоқпақтай болып iрiң қатыпты. Мишаның аяқ дыбысы шыққаннан оқыранатын жануар, ендi иесiне өкпелегендей, алдына салған шөбiнiң жартысын жеуге мұршасы келмей, бүк түсiп жатыр. Миша ежелгi əдетiмен: – Серiгiм, жануарым... – десе де ат емiренбей иесi жанына келгенде иегiн жерге төсей жатқан тұмсығынан ентiге шыққан демi қарды бұрқыратып жiбердi. – О, жануар! Обалың ақтарға болсын. Жер жұтсын бұл шайтандарды! Саған деп жиған шөбiмдi де аттарына алып, құртып қойғаны мынау... Жем болса да жоқ. Өзiңдi лауына алып, өлiмшi етiп əкелiп бердi. Ендi саған не берем, жануарым?.. Қой ендi, сенi бүйтiп қор етiп өлтiргенше, еркiн шөбi бар, ауылда тұратын достың бiрiне берейiн... Сөйтiп налып жүрген кезiнде, ауылдан жұмыс iздеп келген Қажымұқан кездесе кеттi. Жай-жапсарын сұрай келiп: – Досым, сен жүк тиеушi болып та күн көре алатының сөзсiз. Бiрақ менiң бiр тiлегiмдi қабыл ет. Адамның күштiсi сен болсаң, аттың күштiсi менiң күреңiм едi. Мына Қолчак қоқырсығын тасып, соны құртатын болды. Сен соны арбасымен ауылыңа алып кет. Бiр жетi тойдырып алсаң, аздап кiре тартып тұруыңа жарайды. Сенiң қолыңда тұрса, Колчактың қамшысы селтеңдеген полицейлерi де қоқаңдап қасына келе алмас едi. Оның үстiне,

ауылың сенi құрметтейдi ғой, лауға сенiң атыңды əурелемейдi. – Ол рас. – Ендеше, арбасына жегiп берейiн, алып кет. Көп жыл қанатым болған жануардың налығанын көрмейiн. Тамағы күйлi болса, арбамен қырық пұт, шанамен сексен пұтты жүк демейдi. Бұл күздiгүнi болған жағдай едi. Сөйтiп, Мишаның сүйiктi жиренi Қажымұқанның қолына барып, городовойлардың күнде əурелеуiнен құтылды. Күнiнiң көбi түтеген боран болған қыста Шардақ айналасында күйлi көлiк палуандiкi едi. Əр кезде қолына ұстап жүретiн жуан сырғауылға саптап алған айыр, күрегiн көрген лау алушылар Қажымұқанның маңына жуымады. Түрiнен сескенiп, сырттайтын полицейлерге: «Мынаның күйлi көлiгiн неге алмайсыңдар?» деген байларға: «Сендер өз көлiктерiңдi аяп сандала бересiңдер! Ол қырық жетi награда алған Николайдың палуаны. Оны бiз құрметтеуге мiндеттiмiз!» – деп соқтым. Миша берген күрең атқа жем iздеп, қырман көтерiп жатқан бiреуге бара қалғанда, сол қырманның басына сабын, шай, бiрдеңелерiн апарып, бидайға айырбастап жүрген Борсықбай кездесе кеттi. – Палуан, халiң қалай? – Шүкiр... Қамыстай қалың елмен бiрге өмiр өтiп жатыр. – Дұрыс, дұрыс. Бəрекелдi, арбаң мен атың да өзiңе сай екен. Немене, мұнда алашағың бар ма едi? – Қандай алашақ? Менiң ондай сатып жүрген сабыным жоқ. Мына ұшықтарынан қиса, атыма жем ала-йын деп келiп едiм. – Е, оның дұрыс қой... Қырман деген кен емес пе, диқандар бiрер қап ұшықтарын сенен аямас. Егiншiлер, тəңiр берген нəрсеге тарылмай, палуанның қабын толтырып жiберiңдер. – Борсеке, ол бiздiң жұмысымыз ғой, өзiң мына қара майдан iстеген, балшық сияқты сабыныңды, зəрдей қымбаттатпай, төмендетiңiзшi... Қадаққа толмайтын кесегiне бiр пұт бидай сұрайсың. Оныңызды қалай алып, кiр жуамыз?..

– Мейiлдерiң ғой, алмағандарыңа мен қайғырмаймын. Сабыным батпақ болсын, балшық болсын, арбамның үстiнде тұр. Сендердiң бидайларың – қырманда. «Балшық» дейсiңдер-ау, шырақтарым, – деп кеңкiлде-ген мысқыл күлкiмен кеңсiрiгiн кернеп, танауын желпiлдетiп күлген болып, – заманының неге айналып тұрғанын сезбеген кiсiге не айтарсың! Осы балшықтың өзi сонау жер түбiндегi Үркiттен əкелiнiп отыр. Жи-дектiң жапырағын қуырып, шай деп iшiп отырғаны бұлардың есiнде жоқ! Белi бүктелген шешелерi қыстау айналасын тiмiскiлеп, ит мүжiген сүйек жинап, сабын қайнатпақ болады. Бұлар сол азаптан құтылуға, аз да болса көмек еткiсi келген кiсiлерге айтып отырғаны мынау. Қоян терiсiне – қызыл шүберек жапсырған бөрiк киген большевиктер келген соң, первай сорт сiңiр сабынмен жуатын боларсыңдар!.. – Борсық-ау, солар келе жатыр дегенi рас па? – Кiм бiледi, палуан. Iштегi бай бiткеннiң бəрiн қамап, завод- фабрикалардың күл-талқанын шығарып, жердiң бетiн үйтiлген тулақтай қылып жатқан солар дейдi ғой. Оралдан өтiп, Селебеге (Челябинск) келiп- ақ қалған екен, ақтар əскерiн алдына төгiп жiберiп, бiр бөгесе керек... – Борсықбай, сенiң сөзiң шемiшкенiң басындай күн қуалап айнала ма! Əнеугүнi: «Дүниенiң бар керегi большевиктер алған жерден шығып жатыр, фабрик, завод солардың қолында, iстей бiлетiн шеберлер де солар. Ақтар қолдарына оқ-дəрiсiз көсеу ұстап қалып отыр» – деп соғып жүр едiң. Ендi жұртты большевиктерге айдап салдың ба? Жарайды, оның бiзге керегi шамалы. Ашмушке шайың мен екi бөлек сабыныңды мына қапта тұрған бидайға бересiң бе? – деп еңгезердей бiреу қолын шошайтып, қап түбiндегi бiр пұттай бидайды көрсеттi. Борсықбай майы қыртыстанған көзiн қапқа бiр салып: – Қой, сендермен келiсе алатын түрiм жоқ екен... Аз ғана алғандарыңды Колчактың солдаты сыпырып алған күнi сөйлесермiн! Кетейiн, – деп арбасына мiнiп, қырманнан шыға берiп едi: – Тоқта! – дедi оған, шай, сабынға зəру ел... * * * Боран үдеп, қала мен ауылдың қатынасы үзiлген соң, қалада ұнның пұты Колчак ақшасымен мың сом, Керенскийдiң ақшасымен сегiз жүз сом,

Николай ақшасына бес жүз сом болып тұр дегенде Борсықбайдың ұйқысы келмедi. Саудамен түсiрген екi жүз пұт бидайы бар едi. Оны Колчактың астық жннаушыларынан жасырып, жер-жерге жытырып көмген болатын. Оны бұрынғыдай шанаға тиеп, апарып сата беретiн жағдай жоқ, ұрланып қалаға жеткiзудiң өзi бiр қиямет. Жолда бiр таба нан үшiн де кiсi өлтiретiн шықты деген қауесет жиi тарады. Борсықбай сататын бидай, көлiк-сайманы сай тұрса да, қалаға барудан қорықты. «Қалада бiр қап бидайға шаналы атын, бiр пұт ұнға ине-жiптен жаңа шыққан құндыз iшiк берiп жатыр» дегенде мүлде жынданып кете жаздады. Оның үстiне өзiнiң аталасы болып есептелiнетiн айналасындағы он шақты үй əбден жүдеп: – Сен бiзден алуға келгенде «ағайын» бола қаласың да, қарасуға келгенде сыртыңды бересiн! Көмбеңдi ашып, шiрiп жатқан бидайыңды бiзге қарызға бер. Мына шулап отырған баланы ая. Тiрi болсақ өтермiз, – деп бiрiнен соң бiрi келдi. Олар тағы да бiрде: – Сен Совет өкiметiнiң ұзамай осында келетiнiн бiлiп қой! Олар саған астық сатқызбайды. Большевиктер – халықтың қамын ғана ойлайтындар екенiн естiп отырмыз. Ол келсе сенен сұрамайды, көмбеңдi ашады да, аш отырғандарға үлестiрiп бередi! – деп қабақтарын түкситетiндi шығарды. Борсықбай оларға сырттай қабаған төбеттей күжiл-десе де, iштей сенiм жүйкесi босап, қорқатын болды. Қалайда, осындай қымбаттап тұрған кезде бидайдың бiразын сатып алғысы келдi. Оны қалаға жеткiзу қиын, өз жақындарына сенбедi. Дағдарыс ширығын шешу үшiн тапқан амалы Қажымұқан болды. Ол кiсi мүлкiне қиянат етпейдi. Оны құралды топ болмаса, екi-үш адам жолда тонап та ала алмайды. Қажымұқан ерте тұрып, түнде басып қалған үрiндi қардан қорасын аршып, үйiне жаңа кiргенде, үстi-басын қалың қырау басып, қасқыр iшiкке оранып, Борсықбай келдi. – Палуан, мал-басың аман ба? – Шүкiр. Түтеген боранда ерте жүре қалғаның қалай? Үй iшiң аман ба? – Құдайға шүкiр... Боран деп бүрлiгiп жата берген-нiң өзi жаман екен. Анау айтқандай жұлып кететiн еш нəрсе жоқ, жүруге болады. Бiр қысылтаяң шаруа саған күнiмдi түсiрiп, келiп отырмын. Өзiңнiң ерлiк көмегiң тимесе, өте қиынға айналып кеттi...

– Не боп қалды? Сауда досым... – Құдай кəпiрге мұсылманның күнiн түсiрмесiн! Палуан, өкiметтiң промторг деген мекемесiне бидай жинап беруге бiраз затын алып едiм. Күзде қырман басында жолыққанда соны жинап жүрген болатынмын. Ол бар болғыры жиналды да, жылымықта жеткiзiлмей, боранға ұшырады. Ендi соны екi күн iшiнде жеткiзiп бермесе өзiмдi қамап, мал-мүлкiмдi қазынаға салам дептi. Оның үстiне, жолай тартып алатын бiрдеңелер шығып, жай кiсi жүре алмайды дейдi. Соның жүз пұт бидайын жеткiзiп беруге жəрдемдес деп өтiнiшпен келiп отырмын, – дедi саудасын айтса көне қоймайтынын бiлетiн Борсықбай. Қайғы бұлтын бет-əлпетiне қалың жауып алған кейпiне қарап, палуан ойланып қалды. – Көлiктерiң сай тұр ма? – Көлiк, шүкiр, бар ғой... Бiрақ соның кiлтипенi бар, Қажымұқан. Оларға басты сылтауым: «Көлiк табылмай жатыр» деп едiм. Сондықтан өз атыңмен жет-кiзiп берсең тəуiр болар едi. Ол үшiн тиiстi ақысын төлейiн. – Онда ыңғайы келiңкiремейдi. Бұл қолыма аманат деп қойған бiреудiң малы едi. Суре түспеген соқпақта өлiп қалуы мүмкiн, жем-шөпке де онша кенелiп тұрған жоқ. Көлiк тапсаң, жеткiзiп берейiн. Борсықбай түске шейiн қояр да қоймай, Қажымұқанның атымен бiр лау астықты қалаға апаруға көндiрдi. Өзi шай, жер майы, сабын сияқты үй керегiне де зəру едi. Кiре ақысына бiр қап бидай, астықты жапқан шөптi алмақ болып, сондықтан жүктi аямай салып, елу пұт бидай тиедi. Борсықбай салт атпен жанына ерiп отырып түтеген боранда қалаға жеттi. Қалада байдың атына аздап шөп тастап, өзi жарты қап бидай алып, Мишаның үйiне келдi. Келсе, Мишаның үй iшi қасiретте екен. Ат-арбасын Қажымұқанға берген соң Леспромхоз-ға жұмысқа кiрген Миша, декабрь iшiнде болған жұмысшылардың көтерiлiсiне қатынасқаны үшiн ұсталып кетiптi. Ең үлкенi он үш жастағы төрт баланың ортасында қалған əйелi бiр кеңсенiң үй тазалаушысы болып, балаларының күнделiк қорегiн тауып тұрған екен, екi өкпесiне бiрдей суық тиiп, бас көтере алмай


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook