МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ХАФСА ОМАРҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ӘКЕСІ ЕКЕУІНЕ РАЗЫ БОЛСЫН) «Хафсаға Османнан да жақсырақ біреу үйленеді...» Хафса, Омар ибн әл-Хаттаб ибн Нуфәйл ибн Луәйқызы, құрайыш тайпасынан. Анасы – құрайыш әйелдерінің бірі Зәйнәб Мазғунқызы. Хафса – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабасы, Аллаһ онымен Исламды күшейтіп, қуатты еткен Омардың (Аллаһ оған разы болсын) сымбатты да сұлу қызы. Тарихи кітаптарда мүшріктер мен кәпірлер мұсылмандарға зұлымдықтарын күн сайын арттырғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Раббысына: «Аллаһым, Исламды мына екі кісінің өзіңе ұнағанымен күшейте гөр: Әбул-Хакәм не Омар ибн әл-Хаттабпен»1, – деп дұға қылғаны айтылған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды қабылдап, оған қорған болған, өмірінің соңына дейін шындық үшін арпалысып, Ислам әділетінің жеңісі үшін күресіп өткен Омар ибн әл-Хаттабты әрқашан назарда тұтқан. Хафса Аллаһ елшісінің (с.а.с.) иманды, тақуа сахабаларының бірі Хунайс ибн Хузафа ибн Қайсқа (Аллаһ оған разы болсын) тұрмысқа шыққан-ды. Хунайс Эфиопияға қоныс аударғандардың және Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Бәдір, Ухуд шайқастарына қатысқандардың бірі еді. Ол ұрыстарда ерен ерлік көрсетіп, дұшпанның талай батырын жер жастандырады, бірақ көп кешікпей майданда алған жарақатынан көз жұмады. Артында он сегізге толмаған жас жесірі қалады. Әкесі Омарға жас қызының жесір қалуы ауыр тиеді. Күн өткен сайын қызының өмірінің мәні кетіп, маздаған шырағы сөнуге айналғаны, қалқайып жалғыз қалғаны қатты алаңдатады. Сондай- 1 Әт-Тирмизи, Манақиб: 17; Ахмад, Муснад: 1/95. 101
ақ оның жүзіндегі көңілділік пен қуаныштың орнын қайғы мен мұң басып, өмірге деген құлшынысын жоғалтқаны, әрбір мезет ол үшін қалай ауыр әрі баяу өтіп жатқаны қатты батады. Хафсаның, ең болмағанда, аналық мейірімін төгіп, алданыш ететін, қарайлайтын баласы да жоқ еді. Омар көп ойланып, қызына күйеуді өзі іздеуге байлам жасайды. Бір кездердегі Хафсаның жүзіндегі қуаныш пен көңілділіктің орнын басқан қайғы мен мұңды жою үшін, сөніп бара жатқан өмірінің жарығын маздату үшін әкесі, әрине, қол қусырып қарап отыра алмайды. Оның таңдауы Әбу Бәкір Сыддыққа (Аллаһ оған разы болсын) келіп тоқтады. Не дегенмен Әбу Бәкір әрдайым Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жақын болып жанынан табылған жан емес пе? Мәдинаға қоныс аударғанда, құрайыштардың қуғынынан Пайғамбармен () бірге қашып, үңгірге тығылып отырғанда, үшіншісі Аллаһ болған екеудің бірі емес пе? Досы Әбу Бәкір салмақты, байсалды, кеңпейілділігімен аты шыққан, сабырлылық, қарапайымдылығымен, жұмсақ мінезімен адамдар арасында бір саты жоғары еді. Омар өзіне қаталдығымен, қызғаншақтығымен ұқсаған қызы Хафсаға осындай қасиеттерге ие кешірімшіл күйеу іздеп, таңдауы Әбу Бәкірге тоқтады. Омар Әбу Бәкірді үйінде жолықтырады. Ол келіп, қызының басына Аллаһ тағала қайғы салғанын, жесір қалып, көңілі жарым болып жүргенін айтып мұңын шағады. Әбу Бәкір мұқият тыңдап, жанашырлық білдіріп, жұбатады. Омар әңгімесін жалғап, оған қызына үйленуді ұсынады. Омар досының қолдау көрсетпей қоймайтындығына, Аллаһ онымен Исламды күшейткен адамның діншіл, тақуа қызынан бас тартпайтындығына сенімі толық еді. Десе де, Әбу Бәкір жауап қатпайды. Бұл Омарға қатты әсер етеді де, ыңғайсыз жағдайда қалғанына ашуланып, шамданып кетіп қалады. Қызын ұсынғаннан кейін досының келісім білдіріп, жауап қатпағандығына қалай түсінік берерін білмейді. Енді ол Осман ибн Аффанның (Аллаһ оған разы болсын) үйіне келеді. Османның жұбайы – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызы 102
Руқайя Бәдір соғысындағы мұсылмандардың жеңісінен кейін бірнеше күн өткен соң қызылшадан қайтыс болған-ды. Омар Османмен сөйлесіп, Әбу Бәкірге айтқандарын айтып, оның қызынан бас тартқандығын тілге тиек етіп, өз ұсынысын айтады. Осман мұқият құлақ салып тыңдап, оған ойлануға бірнеше күн мұрсат беруін сұрайды. Бірнеше күннен кейін ол Омарға келіп: «Мен қазір үйленуді қаламаймын», – дейді. Омар қайтадан алғашқыдай ыңғайсыз жағдайға түсіп, намысы қайнап, өзін төмендетілгендей сезінеді. Шамданып, ашуланып, өзінің ол екеуіне қызына үйленуге ұсыныс жасағанына өкінеді. Содан Омар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) барып, досы мен күйеу баласының өзінің ұсынысына әділетсіз шешім қабылдағандығын айтып шағымданады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны тыңдап болып, жымиып күліп: «Хафсаға Османнан да жақсырақ біреу үйленеді, ал Осман Хафсадан абзалырақ біреуді әйелдікке алады»1, – дейді. Мұны Пайғамбарымыздан (с.а.с.) өзге біреу айтқанда, Омар сенбес еді. Ол іштей «Хафсаға Османнан да жақсырақ біреу үйленеді» дегенді қайталағанда, «Османнан жақсырақ кім ол?» деген сұрақ келеді. Бұл адамның Аллаһ елшісі (с.а.с.) екені Омардың ойына кіріп те шықпайды, өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған өз сөзінде одан басқа түсінік берген жоқ еді. Мәселе айқындалған соң, Омар қызына Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйленіп, оған күйеу бала атанатындығын үлкен мәртебе көріп, көңілі қуанышқа толады. Бұл түсіне де кіріп-шықпаған жайт болғаны сондай, тіпті ол көпке дейін сене алмай жүреді. Қуаныштан жүзі жайнап, көңілін күпті еткен нәрсе тарап, жақсы хабарды қызына жеткізуге асығады. Ол бұл қуанышты жолыққан адамның бәріне айтады. Әбу Бәкірді кездестіріп, оны да хабардар етеді. Сол кезде Әбу Бәкір кешірім сұрап, қолын ұсынып: 1 Ибн Сағд, Табақат: 8/82. 103
«Маған ренжіме, Омар! Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған Хафса жайлы айтқан, мен тек оның құпиясын жария еткім келмеді. Егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) алмағанда, мен, сөзсіз, қызыңа үйленер едім», – дейді. Омар өзінен жасырылған құпияның мән-жайын біліп, Әбу Бәкірдің өзінің ұсынысына неге жауап қатпағанын, қызына үйленуіне тосқауыл болған себепті түсінеді де, оның бұл адамгершілігін жоғары бағалап, арадағы достықтары бұрынғыдан да нығая түседі. Осылайша күндер өтіп жатады. Мәдина қаласы Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен Омардың қызы Хафсаның және Осман мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызы Умму Кулсумнің үйлену тойларының куәсі болады. Аллаһ оларға разы болсын! Бұл һижра жыл санауымен 3-жылы еді. Хафса Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінің босағасынан аттап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің қатарынан орын алып, мүмін-мұсылмандардың анасы атанады. Жоғарыда айтылғандай, Хафса өте қызғаншақ еді. Осының кесірінен кейде араздық туып жататын. Әкесі бұл жайтты біліп: «Сен Айшаның алдында кімсің, сенің әкең оның әкесінің жанында кім?» – дейтін. Бірде Омар әйелінен Хафсаның Пайғамбарымызбен (с.а.с.) сөзге келіп қалғанын, сондай-ақ оны ашуландырып алғанын естиді. Ол дереу қызының үйіне барып, естіген нәрсесінің растығының мән-жайын сұрағанда, Хафса шын екенін айтады. Оған Омар қатты ескертіп, нығыздап: «Қызым, біліп қой! Аллаһтың жазасы мен Оның елшісінің ашуы жайлы ескертіп айтамын, Пайғамбарымызды (с.а.с.) өзі сүйгенінен сен қызғанбай-ақ қой. Аллаһпен ант етейін! Маған Пайғамбардың (с.а.с.) сені жақсы көрмейтіндігі белгілі, егер мен болмасам, ол әлдеқашан сенімен ажырасып кетер еді», – депті. Хафса бәрін түсініп, қателігін мойындайды, бұл әрекеті өзін пұшайман қылып, жүрегін жаралайды. 104
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хафсаға ара түсіп, оны жақтап, кейде айтылып қалатын уытты сөздеріне сабыр ететін. Оны заты әйел болғандығы үшін кешіріп, өзіне қымбат әрі онымен Аллаһ Исламды күшейтіп, аяғынан тұрғызған сахабасының қызы екендігі үшін сыйлайтын. Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен Мысыр патшасы сыйлаған күңі Мәрия Хафсаның үйінде оңашада қалады. Хафса мұны біліп қойғанда, оның жүрегін қызғаныш билеп, ызаланып, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) зекіп сөйлейді. Десе де, Аллаһ елшісі (с.а.с.) кешіріммен қарап, Хафсаны тыныштандыру үшін Мәриямен қазірден бастап арақатынасты тоқтататындығын құпия қылып айтып, бұл сырды жария етпеуін ескертеді. Хафса сабасына түссе де, өзінде ұстай алмай, әлгі құпияны Айшаға жеткізеді, құпияның тарап кетпеуін, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) білмеуін ескертеді. Арадағы қызғаныш сезімі ғана болмаса, Хафса мен Айшаның арақатынасы өте тығыз болатын. Сөйтіп, Хафса ештеңе айтпағандай, ал Айша дәнеңе естімегендей қалып сақтауға әрекет жасайды. Бірақ Хафса бұл әрекетінің жазасын бағаламады және Аллаһтың елшісіне (с.а.с.) жіберген уахиында бұл жайлы: «Ей, Пайғамбар! Аллаһ өзіңе рұқсат еткенге әйелдеріңнің ризалығын іздеп неге тыйым саласың. Алайда, Аллаһ – өте Кешірімді, ерекше Рақымды. Аллаһ сендерге (белгілі мөлшердегі кәффаратын беріп,) анттарыңды шешуді міндеттеді. Аллаһ – сендердің Қамқоршыларың. Ол – бәрін Білуші, өте Дана. Пайғамбар әйелдерінің біріне (яғни Хафсаға) бір сөзді құпиялап айтқан еді. (Хафса) ол (сырды Айшаға) айтып бергенде, Аллаһ оны (құпияның айтылғанын) оған (яғни Пайғамбарға) білдірді де, ол бір бөлігін білдіріп, басқа бір бөлігінен (яғни оны айтудан) бас тартты. (Пайғамбар Хафсаға оның Айшамен сөйлескені туралы) хабарды айтқан кезде (Хафса): «Саған мұны кім хабарлады?» – деді. (Пайғамбар): «Маған бәрін Білуші, бәрінен Хабардар хабарлады», – деді. 105
(Ей, Хафса мен Айша!) Егер екеуің Аллаһқа қайтсаңдар (тәубе етсеңдер, өздерің үшін жақсы), сендердің жүректерің тайды. Ал егер оған (яғни Пайғамбарға) қарсы біріңе бірің көмектессеңдер, ақиқатында Аллаһ оның Қамқоршысы, әрі Жәбірейіл мен иман келтіргендердің ізгілері және одан кейін періштелер де көмектесуші. Егер ол сендерді талақ етсе, Раббысы оған әлбетте сендерден жақсы мұсылман, иман келтірген, бойсұнушы, күнәсінан қайтушы (тәубе етуші), құлшылық жасаушы, ораза ұстаушы, күйеуден қайтқан және еркек көрмеген әйелдерді (сендердің орындарыңа) ауыстырып береді»1, – деп баян етілген. Осыдан соң Аллаһ елшісі (с.а.с.) ашуланып, Хафсаны талақ етеді. Хафсаның талақ етілуі бәрінен де әкесі Омарға ауыр тиеді. Дегенмен оған деген құрметі үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) райынан қайтып, Хафсаға қайта қосылады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұнан кейін Аллаһ Омар мен оның қызы жайлы не ойлайды екен деп көңіліне алады. Көп кешікпей Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) түсіп: «Аллаһ саған Омарға деген мейірімі үшін Хафсаны қайтарып алуыңды бұйырды»2, – дейді. Басқа бір риуаятта Жәбірейілдің: «Хафсаны қайтарып ал, өйткені ол оразаны бұлжытпай ұстайды, намазға қатты қарайды және де ол – жаннаттағы сенің әйелің»3, – дегені хабар етіледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны қайтарып алғаннан кейін, Хафса қателігін түсініп, тәубеге келеді. Дарқан да кеңпейілді күйеуіне оның ризашылығы шексіз еді және олар ынтымақты қалыпта ғұмыр кешті. 1 «Тахрим» сүресі, 1-5 аяттар. 2 Әт-Табарани, әл-Мажмағ: 9/244. 3 Әс-Сағати, Фатхур-Раббани: 22/131. 106
Омар қызы Аллаһ елшісін (с.а.с.) қайтадан ашуландырып алады ма екен деп қорқып, оның үйіне әр бас сұққан сайын мұны оған ескертіп жүреді. Бірде Омар қызының үйіне кіргенде, оның жылап отырғанын көреді. Хафса тағы бірдеңені бүлдіріп қойды ма деп шошыған ол: «Шамасы, Аллаһтың елшісі сені екінші рет талақ етті-ау. Бірінші рет талақ еткенде, сені мен үшін қайтарып алған еді, ал екінші рет талақ етсе, ешқашан қайтарып алмайды», – дейді1. Бірақ Хафса күйеуін енді ешқашан ренжітпеуге, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үлгілі жары болуға өз-өзіне сөз береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден өткеннен кейін, Хафса өз үйінде оңаша тұрмыс құрып, қалған ғұмырын Аллаһқа мінәжат етумен өткізеді. Хафса әділетті халифалар Әбу Бәкір Сыддықтың, әкесі Омардың, Осман ибн Аффанның (Аллаһ оларға разы болсын) кезіндегі жайттардың куәсі болған. Оның жарқын бейнесі «Хафсаның Құран кітабы» (Мусхаф Хафса) деген айдарда айқын көрініс табады. Мұның төркіні, халифа Осман ибн Аффанның тұсында Құран Кәрім бір қырағат астына біріктіріледі. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде Құранды түсінулері жеңіл болуы үшін ірі-ірі тайпаларға өз диалектілерінде оқып- үйренулеріне рұқсат берілген-ді. Османның уақытында Ислам территориясының аумағы кеңіп, араб тілін және оның диалектикалық айырмашылықтарын түсінбейтін жатжерлік мұсылмандардың көбеюі себепті Құран қырағаттары төңірегінде талас-тартыс туындай бастайды. Көкейтесті мәселені ушықтырмай алдын алу үшін халифа Осман Зуннурайн Аллаһтың кітабын бір қырағат астында, түпнұсқасын құрайыш тілінде қайта жинақтауға шешім қабылдайды. Бұл үшін Әбу Бәкір жинақтаған алғашқы нұсқаны негіз етіп алады. Ол кезде бұл нұсқа Хафсаның 1 Ибн Хиббан, Сахих: 1325. 107
қолында болатын. Оған Хафсаның иелік ету себебі, нұсқа Әбу Бәкір Сыддықтан Омарға, Омардан қызына қалған-ды. Осман Хафсадан осы нұсқаны сұратып алып, оны бірнеше нұсқаға көшіртіп, оларды жер-жердегі мұсылман өлкелеріне негізгі дәлел көзі ретінде жібереді. Демек, Хафса сақтаған Құран жинағы – қазіргі біздің қолданысымыздағы Құран кітаптарының түпнұсқасы. Хафса өмірінің соңына дейін Мәдинада тұрған. Умәуилер мемлекетінің негізін қалаушы Муғауия ибн Әбу Суфиянның заманына дейін өмір сүріп, һижра жыл санауымен 45-жылы дүниеден қайтады. Ол мүміндердің аналары жатқан Бақиғ мазарына жерленген. Хафсаға және барша мүміндердің аналарына Аллаһ разы болып, оларды бүкіл әлем әйелдеріне ақиқат жолында үлгі-өнеге етсін! 108
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ЗӘЙНӘБ ХУЗӘЙМАҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) Мұқтаждар мен міскіндердің анасы, мейірімділік пен қайырымдылық анасы. Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінде бар-жоғы 8 ай тұрып, жарық дүниемен қош айтысқан. Зәйнәб Бәдір соғысында жекпе-жекте шәһид болған Ғұбайда ибн Харис әл-Мутталибидің (Аллаһ оған разы болсын) жесірі еді. Зәйнәб күйеуі шәһид болған кезде жаралыларға көмек көрсетіп, жарақаттарын таңумен шұғылданып жүрген-ді. Күйеуінің қазасы оны өз міндетін орындаудан тоқтатқан жоқ. Ол мүшріктермен арадағы алғашқы соғыста Аллаһ тағала мұсылмандарға жеңіс бергенше, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарған. Зәйнәбтің төзімділігін, табандылығын, сабырлылығын көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) күйеуінен айырылған оған сүйеніш таныту мақсатымен өзіне некелеп, оны «мүміндердің анасы» дәрежесіне көтерген. Толық есімі – Зәйнәб бинт Хузәйма ибн Харис ибн Омар әл- Һиләлия. Анасы – Һинд бинт Ауф ибн Зуһайр ибн Харис әл-Химәрия. Ол жайлы «Арабтарда Һинд Ауфқызындай мәртебелі күйеу балаларымен танымал әйел жоқ» делінетін. Себебі оның қыздары Әбу Бәкір Сыддық, Абдулмутталибтің ұлдары Хамза және Аббас сияқты құрайыштардың беделді де абыройлы адамдарына тұрмысқа шыққан. Сондай-ақ бұл кісі Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тағы бір әйелі – Мәймуна Харисқызының, Жағфар ибн Әбу Талибтің әйелі – Әсмә Умәйсқызының, Хамза ибн Әбу Талибтің әйелі – Сәлмә Умәйсқызының шешесі еді. Һинд Хадишадан (Аллаһ оған разы болсын) кейін Исламды қабылдаған екінші әйел. Сондай-ақ тарихта оның Әбу Ләһәбты ұрғаны жайлы дерек бар. Бұл алғашқы Бәдір шайқасында құрайыштар жеңіліс тапқан кезде орын алған жайт еді. 109
Мұсылмандардың жеңісі жайлы хабар Меккеге жеткенде, Әбу Ләһәб ызадан булығып, аласұрып кетеді. Бұған шыдамаған Һинд Ауфқызы оның басынан таяқпен бір салады. Тиген соққының қаттылығы соншалық, төбе құйқасынан саулап қан ағады. Әбу Ләһәб бұл соққыдан ұзақ уақыт зардап шегіп, ақыры осының салдарынан өледі. Өлер шағында одан әйел, бала-шағасының барлығы теріс айналған-ды, Аллаһтың оған лағынеті болсын! Зәйнәб Аллаһ елшісі (с.а.с.) үйінің босағасын Хафса Омарқызынан кейін аттаған мүміндердің бесінші анасы еді. Ол өмірімен қош айтысқанда отызға да толмаған-ды. Қысқа ғұмырын кедей-кепшік пен мұқтаждарға қарайласумен өткізген Зәйнәб, өзін материалдық қажеттіліктер мен дүниелік қызықтардан қашық ұстайтын. «Мұқтаждар мен міскіндердің анасы» деген атына заты сай Зәйнәбтің құштар нәрсесі кедей- кепшікті азғантай болса да бірдеңемен қуанту болатын. Зәйнәб көз жұмғанда, жаназасын Аллаһ елшісі (с.а.с.) шығарып, денесі Бақиғқа жерленеді. Ол – осы қорымда жерленген мүміндердің алғашқы анасы. Аллаһ оған разы болсын! Сондай-ақ ол – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірісінде дүние салған екінші әйелі. Мүміндердің анасы – Зәйнәб Хузәймақызын Аллаһ жарылқасын! 110
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ҺИНД ӘБУ УМӘЙЯҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) «Туыстарың болмаса, балаң Сәләма ұзатсын. «Жасым болса келіп қалды» дейсің, мен сенен үлкенмін. Ал жетім балаларыңа келсек, олар Аллаһ пен Оның елшісінің қамқорлығында, ал егер қызғаншақ болсаң, Аллаһқа сені мұнан арылту үшін дұға қыламын». Ол Бәну махзум руынан шыққан Зәду Ракибтің ақылды да парасатты, тапқыр, түсінігі мол, сұлу қызы еді. Оның өз есімі Һинд Әбу Умәйяқызы болса да, Сәләма деген ұлы болғандықтан, Умму Сәләма (Сәләманың анасы) деп аталған-ды. Әкесі – Әбу Умәйя ибн Муғира ибн Абдуллаһ әл-Қураши әл- Махзуми. Жұрт оны Зәду Ракиб деп атап кеткен. Бұлай аталуының себебі ол сапарға ешуақытта жалғыз аттанбаған. Оның жүгін жолдастары алып жүрген, бірақ жолсеріктері жүгінен әлдеқайда көп болған. Анасы – Атика, Амр ибн Рабиғақызы, кинана тайпасынан. Умму Сәләма Пайғамбарымыздың (с.а.с.) таңдаулы сахабаларының бірі Әбу Сәләма Абдуллаһ ибн Абдуласад ибн Һиләл әл-Махзумиге (Аллаһ оған разы болсын) тұрмысқа шыққан. Әбу Сәләма Эфиопияға, кейін Мәдинаға қоныс аударғаны үшін екі һижраның иесі атанған. Әбу Сәләма Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немере әпкесі Бәрра Абдулмутталибқызының ұлы әрі Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүйікті інілерінің бірі еді. Әбу Сәләма мен әйелі Һинд Исламда үлкен, маңызды орынға ие әрі қауымдарынан Эфиопияға қоныс аударғандардың алғашқылары еді. Тіпті олар Хабаша жеріне қоныс аударған алғашқы ондықтың ішінде болды деген де риуаят бар. Һинд әрдайым шаңырақ жылуы мен отбасы берекесін сақтаған, күйеуін құрметтеген үлгілі жар бола білген. Олар 111
Исламды қабылдап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңынан ергенде, кәпірлер мен көпқұдайшылдардың көрсеткен қиыншылықтарын бірге бастарынан өткеріп, қуаныш пен қайғыда ортақтасады. Қабылдаған жас сенімдері – Исламды мүшріктердің әділетсіздігінен құтқару үшін бас сауғалап Эфиопияға қоныс аударады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүшріктердің зәбір-жапасына қарсы тұра алмайтын мұсылмандарды Эфиопияға қоныс аударуға үгіттеп: «Хабаша жеріне барыңдар, ол жер ешкімге зұлымдық жасамайтын патшаның қол астында»1, – дейтін. Һинд Эфиопияда, бөтен жұрттың жерінде, ұлы Сәләманы босанады. Аллаһ тағала Исламды құрайыш тайпасының ықпалды ірі тұлғалары – Хамза ибн Абдулмутталиб және Омар ибн әл- Хаттабтармен (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) күшейтіп, құрайыштардың мұсылмандарға құрған тұзағы – экономикалық қысымы, көрсеткен зорлық-зомбылықтары доғарылғаннан кейін барып Әбу Сәләма мен Һинд басқа қоныс аударушылармен бірге Меккеге оралады. Кейін мәдиналықтармен олардың мұсылмандарға жәрдем көрсетуі және мұсылмандардың бастарына әлдеқандай күн туғанда, өмірін қатерге тігіп, қанымен қорғауы туралы келісімшартқа отыру аяқталған соң, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға Мәдинаға қоныс аударуға рұқсат береді. Әбу Сәләма да өз отбасымен қоныс аударушылардың алғашқы қарлығаштары атанады. Оған Меккені тастап, Мәдинаға қоныс аудару ауыр әрі қиын соғады. Дегенмен сол кездегі орын алған оқиға өз алдына бір тарих болатын. Бұл жайлы Умму Сәләманың өзі былай әңгімелейді: «Мәдинаға жол тартпақ ниетпен Әбу Сәләма мені мен ұлымды түйеге отырғызып, өзі түйенің бұйдасын алып 1 Ибн Исхақ, әс-Сиәр уәл-мағази: 123. 112
жетектеуге ыңғайлана бергенде, мен шыққан муғира тайпасының бірнеше ер адамы жетіп келіп, күйеуіме: – Қалайша сен біздің алдымызға шығып барасың? Қаласаң, Ясрибқа өзің бар, біз қызымызды жібере алмаймыз, – деп қолынан түйенің бұйдасын жұлып алды. Сол кезде Әбу Сәләманың туыстары ашуланып, муғираның адамдарына: – Жоқ, қыздарыңды қайтарып алсаңдар, алыңдар, бірақ баланы бермейміз, – деп, ұлымыз Сәләманың қолын шығарып жібере жаздап, әрлі-берлі жұлқылап таласты. Ақырында оны Әбу Сәләманың туыстары тартып алды. Ал муғиралықтар мені өздерінде қалдырды. Күйеуім болса Мәдинаға жүріп кетті де, мен жалғыз қалып қойдым. Олар мені күйеуім мен ұлымнан айырды. Осы сәттен бастап мен күн сайын төбе басына шығып, айырылысқан жерімізге келіп, күн батып, қас қарайғанша көз жасымды көл қылатын болдым. Бұл жағдай тайпаластарым мені түсініп, аяушылық білдіргенше жалғасты. Бір кісі тайпаластарыма келіп: – Мынау, бақытсыз әйелді қоя беру ойларыңда бар ма өзі? Оны сендер күйеуі мен ұлынан айырдыңдар, қайғыға душар еттіңдер! – деді. Мұны естіген олар маған: – Қаласаң, күйеуіңнің артынан кете бер, – деді. Күйеуімнің тайпасына барып, ұлымды қайтарып алып, Мәдинаға аттандым. Танғим деген жерге келіп жеткенде, Осман ибн Талханы1 кездестірдім. Ол: – Қайда жүріп бара жатырсың, неге жалғызсың, ей, Зәду Ракибтің қызы? – деп тіл қатты. Мен оған: – Мәдинаға... күйеуіме... қасымда жалғыз Аллаһ пен ұлымнан басқа ешкім жоқ, – деп едім, түйесіне отырғызып, өзі бұйдасынан жетектеп, Мәдинаның өзіне дейін апарып салды. Аллаһпен ант етейін! Мұншалықты кеңпейіл, жомарт адамды көрмеппін. Құба елді мекеніне таяй бергенде: «Сенің 1 Осман ибн Талха – Қағбаның кілтін қолында ұстаған өте беделді кісі. 113
күйеуің осында. Аллаһтың берекетімен кір», – деді де, өзі келген ізімен Меккеге кері қайтты». Умму Сәләма Мәдинада Сәләмадан басқа үш ұл-қыз сүйіп, балаларын ислами тәрбиемен өсіріп, күйеуімен бақытты өмір сүреді. Міне, осылайша олар Мәдинада күн кешіп, Әбу Сәләма Аллаһтың елшісімен (с.а.с.) бірге Ислам үшін күресіп, Бәдір, Ухуд соғыстарына қатысады. Ол Ухуд соғысында жарақат алып, оның жазылуы қиынға соғады. Ухуд соғысынан төрт айдан кейін Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Бәну асад тайпасы әскерінің Мәдинаға шабуыл жасамақ әрекеті мәлім болады да, Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаудың құрған жоспарынан бұрын өздері тарпа бас салуды ұйымдастырып, бұл істе тәжірибесі бар сахаба Әбу Сәләманың әскерге басшылық етуін тапсырады. Бұл «Қитн» сәриясы1 деген атпен мәлім. Әбу Сәләма жүз елу сахабадан тұратын жасақпен аңдаусыз жатқан асад тайпасын шабуылдап, бас көтерместей етіп талқандайды. Сөйтіп, мұсылмандар оңай жеңіске жетеді. Осы шайқаста Әбу Сәләма жарақатының аузын қайта ашып алады. Осы жарақаты оның өліміне себеп болады. Ол біраз уақыт бойы төсек тартып жатады. Умму Сәләма болса оны күтіп, Аллаһтан күйеуінің тезірек жарақатынан айығып кетуін тілейді. Әбу Сәләма төсек тартып жатып, әйеліне: – Бақытсыздық бірде-бір мұсылманға қайғы әкелмеуі керек. Шынында, біз – Аллаһтың жаратылысымыз және Оған қайтып барамыз. Уа, Аллаһ! Маған бақытсыздық берсең, оны мен төзе алатындай және марапатымның себебі қылып бер! Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Бір мұсылман кісінің басына бақытсыздық келгенде, ол: «Аллаһым, бақытсыздығымда маған сауап бере гөр және маған одан жақсысын бер», – десе, айтқан тілегі орындалады», – дегенін естіген едім, – дейді. 1 Сәрия – Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатыспаған жорықтар осылай аталған. 114
Умму Сәләма қамығып, махаббат толы көздерімен күйеуіне елжірей қарап: – «Егер әйелдің күйеуі қайтыс болып, ол жаннаттық болса, ал әйел тұрмысқа шықпаса, Аллаһтың қалауымен екеуі жаннатта кездеседі. Әйел қайтыс болса да, дәл сол сияқты», – дегенді естігенмін. Мен де сенен кейін ешкімге тұрмысқа шықпаймын, – дейді. Әбу Сәләма мұнысына келіспей: – Уа, Аллаһ! Егер мен көз жұмсам, Умму Сәләмаға қамқор болатын менен де жақсы бір күйеу бер! – дейді1. Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Сәләманың көңілін сұрай келеді. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз алдында Әбу Сәләма дүниемен қош айтысады. Умму Сәләманың (Аллаһ оған разы болсын) айтуынша: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Сәләмаға кірді. Оның көздері ашылып қалған еді. Ол (с.а.с.) оның (көзін) жауып: «Жан шықса, көз ілеседі», – деді. Сол сәтте отбасымнан адамдар дауыстады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Өз-өздеріңе қарсы дұға қылмаңдар! Тек жақсылықпен (дұға қылыңдар). Өйткені періштелер сендердің айтқандарыңа, «әмин» (қабыл болсын) деп айтып тұрады», – деді. Сосын Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһым! Әбу Сәләманы кешір! Тура жол тапқандардың ішінде оның дәрежесін көтер! Оның артындағылардың (тірілердің) арасынан оның орнын басқыз! Бізді және оны кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Оған қабірін кеңейт және ол үшін (қабірін) нұрландыр», – деп дұға қылды»2. Төрт баламен жесір қалған Умму Сәләма күйеуінің қазасын сабырлықпен қабылдайды. Әлгінде айтылған күйеуінің өсиеті құлағында сарнап тұрған Умму Сәләма іштей: «Біз – Аллаһтың жаратылысымыз және Оған қайтып барамыз. Аллаһым! 1 Ибн Сағд, Табақат: 8/88. 2 Муслим, Жанаиз: 7. 115
Бақытсыздығымда маған сауап бере гөр және маған одан жақсысын бер», – деп қайталайды. Бір жағынан: «Егер мен Әбу Сәләмадан кейін тұрмысқа шықпасам, одан да жақсы адамды қалай талап етемін, тіпті Әбу Сәләмадан абзалырақ біреу бар ма екен?» – деп те іштей ой жүгіртеді. Осылайша күнделікті тіршілігіне көшіп, жетім қалған төрт баласына қамқор болып күндерін өткізіп жатады. Күндер өте олардың тұрмыс-тіршілігінде жетіспеушілік орнап, қатты қиналады. Осының бәрін көріп жүрген сахабалардың жанына бұл жайт қатты батады. Әуелі Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) өзіне тұрмысқа шығуына сөз салғанда, Умму Сәләма сыпайы түрде кері қайтарған-ды. Сосын Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) оған көңілін білдіргенде, оған да Әбу Бәкірге қайтарғандай жауап береді. Аллаһ елшісі де (с.а.с.) бұл әйелдің жағдайына қатты алаңдап, оны жайдан-жай жалғыз қалдыра алмайды. Бірде Умму Сәләма мал терісінен төсеніш тігіп отырғанда, үйіне Пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп, рұқсат сұрап, ішке кіреді. Умму Сәләма Пайғамбарымызға (с.а.с.) төсеніш салып отырғызады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) жайғасып отырғаннан кейін әңгіме қозғап, оған өзіне тұрмысқа шығуды ұсынады. Умму Сәләма көз жұмар шағында күйеуінің айтқан өсиеттерін есіне алады да: – Уа, Аллаһтың елшісі! Мен саған қарсы келе алмаймын, бірақ мұнда мені ұзататын туысым жоқ және де мен өте қызғаншақ әйелмін, абайсызда Аллаһқа және саған жақпайтын нәрсе істеп қоюдан, оның жазасынан қорқамын. Өзім болсам – шиіттей жетімдердің анасымын. Оның үстіне, сырқатпын, жасым болса келіп қалды, – деп қынжылады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) болса: – Туыстарың болмаса, балаң Сәләма ұзатсын. «Жасым болса келіп қалды» дейсің, мен сенен үлкенмін. Ал жетім балаларыңа келсек, олар Аллаһ пен Оның елшісінің 116
қамқорлығында, ал егер қызғаншақ болсаң, Аллаһқа сені мұнан арылту үшін дұға қыламын, – дейді1. Умму Сәләма келісімін беріп, олар үйленеді. Ол Пайғамбарымызбен (с.а.с.) һижра жыл санауымен 4-жылы, қырық төрт жасында отау құрады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің ішіндегі жасы ең үлкені еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерін аралағанда содан бастайтын. Бұл күнді Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) есіне алып: «Аллаһ елшісі Умму Сәләмаға үйленгенде, мен қатты қапаландым, өйткені адамдар оның сұлулығын сөз ететін. Мен бұл жайында Хафсаға айтқанымда, ол: «Ол адамдар айтқандай сұлу емес. Өзі егде тартқан жаста», – деді. Мен Умму Сәләманы өз көзіммен көргенде, расында да, оның көркінің адамдар айтқандай еместігіне көзім жетті», – деген. Умму Сәләма осылайша мүміндердің анасы атанып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйінде тұра бастайды. Ол Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге көптеген жорыққа қатысады. Хайбар, Мекке шайқастары жеңістерінің және Таиф қоршауының, Хауазин, Сақиф жорықтарының, сонымен қатар қоштасу қажылығының куәсі болады. Осы оқиғалар барысында Умму Сәләма Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасынан табылып, қолтығынан демеген. Оның ақыл- парасатының жарқын бір бейнесі «Худайбия» келіссөзінде көрініс табады. Мүшріктермен түзілген кейбір келіссөз шарттарын мұсылмандар өздерінің құқығын таптау деп ойлаған- ды. Ең бастысы – олар умраға ниет етіп, ихрамға кіреді. Келісімшарт бойынша олар сол жылы умра жасамаулары керек болатын. Сондай-ақ мұсылмандарға ауыр тиген шарттардың бірі кімде-кім Меккеден қашып шығып, Мәдинаға келсе, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны мүшріктерге қайтаратындығы еді. Дәл осы келісімшарт аяқталған кезде меккелік мұсылмандардың 1 Ибн Сағд, Табақат: 8/90. 117
бірі Әбу Жәндәл (Аллаһ оған разы болсын) кәпірлерден қашып, Худайбияға келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны мүшріктерге қайтарады. Осының салдары Мәдинаға қайту үшін құрбан шалып, шаш алдыруға бұйырған Пайғамбардың (с.а.с.) әміріне сахабалардың жауап қатпауына апарып соғады. Бұған қапаланған Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелі Умму Сәләманың алдына қабағы түсіңкі кіреді. Мән-жайды сұрап білген Умму Сәләма бұл істі жеңілге санап, Пайғамбарымызға (с.а.с.) өзі бастап сахабалардың алдында құрбан шалып, шашын алдыруға кеңес береді. Оның кеңесімен Пайғамбар (с.а.с.) солай істегеннен соң ғана сахабалар келіссөздің қайтарылмас шешімге айналғанына көздері жетіп, жапа-тармағай құрбан шалып, шаш алдырып, ихрамнан шығуға кіріседі. Кейіннен Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен олардың маған бойсұнбағандықтары үшін құрып кетулерінен қорықтым»1, – деп айтып жүретін. Осы қауіптің алдын алған парасатты анамыз Умму Сәләма болатын. Сондай-ақ ол көптеген уақиғаның орын алуына із қалдырған. Бірде Умму Сәләма Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Мен Құранда әйелдер жайлы аят кездестірмедім», – дейді. Умму Сәләма анамыз арнайы әйелдерге қаратыла айтылған аяттың түсуін қалаған еді. Жауап ретінде Аллаһ тағаладан: «Мұсылмандар мен мұсылман әйелдер, мүміндер мен мүмін әйелдер, бойсұнушылар мен бойсұнушы әйелдер, шыншылдар мен шыншыл әйелдер, сабырлылар мен сабырлы әйелдер, бағынушылар мен бағынушы әйелдер, садақа берушілер мен садақа беруші әйелдер, ораза тұтушылар мен ораза тұтушы әйелдер, ар-намысын сақтаушылар мен (ар-намысын) сақтаушы әйелдер, Аллаһты 1 Әл-Бұхари, Шурут: 15. 118
көп зікір етуші ерлер мен әйелдер, Аллаһ оларға кешірім мен ұлы сауап әзірледі»1, – деген аят түскен. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін ол қалған өмірін өз үйінде Аллаһқа құлшылық етумен өткізеді. Умму Сәләма һижра жыл санауымен 59-жылы дүниеден өтеді. Жаназасын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) шығарады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің соңғысы болып дүниеден өткен Умму Сәләма да Бақиғ қорымына жерленген. Ол Пайғамбарымыздан (с.а.с.) төрт жүзге жуық хадис жеткізген. Оның көпшілігі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жеке басына, жүріс-тұрысына, киім-киісіне тағы сол сияқтыларға қатысты хадистер болатын. Мүміндердің анасы – Умму Сәләмаға Аллаһ разы болсын! 1 «Ахзаб» сүресі, 35-аят. 119
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ЖУӘЙРИЯ ХАРИСҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) «Мен қауымына Жуәйриядан көбірек берекелі (пайда әкелген) әйелді білмеймін». Жуәйрия (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) келместен үш күн бұрын мен түс көрдім, түсімде Ясрибтен жылжыған Ай қойныма келіп кірген екен деймін. Мен көрген түсім жайлы Аллаһ елшісі (с.а.с.) келгенше ешкімге тіс жарғым келмеді. Ал тұтқынға түсіп қалғанымызда, осы түстің орындалуын тіледім. Түсім орындалып, Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені тұтқыннан босатып, маған үйленді», – деген. Жуәйрия сабырлы, діншіл, сұлулығымен танылған, мәртебелі тектен шыққан мусталиқ руының әйелі еді. Оның өз есімі Бәрра, әкесі мусталиқ руының көсемі – Харис ибн Әбу Дирар. Мусталиқ хузаға аталатын үлкен тайпадан тарайды. Анасының есімі тарих қалтарысында қалып ұмыт болған. Ол жайлы бірде-бір кітапта дерек берілмеген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Бәрраға үйленгеннен кейін, оның атын Жуәйрия деп өзгертеді, бұл есім Пайғамбарымызға (с.а.с.) ұнайтын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған Ясриб қаласының есімі Мәдина атауына ауыстырылған жылы һижра жыл санауымен 5- жылы үйленеді. Бұл жыл тарихта ірі уақиғалармен белгілі. Мысалға айтсақ: Құрайыштардың басқа да араб тайпаларымен, Надр халқымен, Ғатафан, Хабаш елдерімен одақтасып қол біріктіріп, бірнеше мың әскермен Мәдина мұсылмандарына шабуыл жасауы. Бұл соғыста мұсылмандар жауға төтеп беру үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қорғанады. Олар Мәдина атырабынан терең әрі үлкен ор қазады. Қарақұрым қалың жау әскері лажсыздан бұл бөгеттен қалай өтуді білмей, ордың алдына келіп тұрып қалады. 120
Олар күннен-күнге қауіп пен үрей үдетіп, Мәдинаны торуылдайды. Бұл торуыл жиырма жеті күнге созылады. Ислам мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген көкіректерінде ыза мен жек көру сезімінің табы қалған яһудилердің құрайза тайпасы осы мүмкіндікті пайдаланып, мұсылмандардың жауларымен одақтасады. Құрайза тайпасы пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.а.с.) өзара бейбітшілік сақтаймыз деп бекіткен келісімшарттарын бұзып, кәпірлерге қосылып, жаудың Мәдинаға кіруіне жол ашпақ ниетпен мұсылмандарға ту сыртынан келіп соқтығады. Әйтсе де мұсылмандар Аллаһтың жеңісіне сеніп, ақиқат үшін өліспей беріспей, өжеттілікпен күресіп, дұшпанның алпауыт қара күшін жер жастандырады. Бұл мұсылмандардың есебіндегі тағы бір ұлы жеңіс болатын. Келесі кезеңде мұсылмандар бір кездегі арқасынан келіп пышақ сұқпақшы болған екіжүзді яһудилерге тарпа бас салып, ел болмас ежелгі дұшпандарын бас көтерместей етіп тізе бүктіреді. Сөйтіп, яһудилер істеген әрекеттері үшін қатаң жазаланады. Осы жылы, жоғарыдағы «Ахзаб» шайқасының алдында, шағбан айында мусталиқ руының Мәдинаға шабуыл жасау үшін әскер дайындап жатқаны мәлім болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мусталиқ руының қамалы ішіндегі қам-қаракеттің қалай белең алып жатқанына көз жеткізіп, біліп келу үшін Бурайда ибн Хусайб әл-Әсләми (Аллаһ оған разы болсын) деген сахабасын барлауға жібереді. Бурайда амалын тауып, жасырын қамалға кіріп, келген мақсатымен төңіректі шолады. Ол қаруланған қалың әскердің тобын көреді. Олардың мақсаттары Мәдинаға шабуылдаумен қатар, мұсылмандармен соғысып, Аллаһ елшісін (с.а.с.) және жіберілген уахиды жою екендіктерін естиді. Мұны олар қарақұрым әскерінің көптігіне арқа сүйеп, ойластырып жатқан-ды. Бурайда Мәдинаға оралып, көрген-білгендерін түгелдей Пайғамбарымызға (с.а.с.) жеткізеді. Мән-жайға қаныққан 121
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мусталиқ тайпасының қамалына олардан бұрын күтпеген жерден тарпа бас салу үшін әскер әзірлеп, атқа қонуға жедел бұйрық береді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әскері оларға тұтқиылдан шабуыл жасайды. Мұсылмандардың қолдарындағы ақиқаттың жеңісі үшін биік көтерілген қылыштары жарқылдап, жүректеріндегі иман от жалынындай маздайды. Олар пұттарды талқандап, жалғандық пен ширктің рәмізін біржолата жоюды мақсат тұтып, дұшпанға ойсырата соққы береді. Нәтижесінде, мұсылмандар еш қиындықсыз бір ғана кісінің шығынымен қамалды алады. Олжаға қой, түйелерді айдап, бас сауғалап қашқан жаудың әйелдерін тұтқындап, Мәдинаға оралады. Хабаршылар қуанышты хабарды жеткізгенде, қала тұрғындары жеңіс тойын тойлап жатқан болатын. Бұл жорық Ислам тарихында «Мурайсиғ шайқасы» деген атпен сақталған. Тұтқындағы әйелдер арасында мусталиқ руының көсемі Харис ибн Әбу Дирардың қызы Бәрра болған еді. Ол Сәбит ибн Қайсқа (Аллаһ оған разы болсын) тұтқынға түседі. Бәрра құлдық өмірге түскісі келмей, одан өзін босатуды сұрайды. Сәбит ибн Қайс оның бостандығы үшін тоғыз кесек алтын талап етеді. Осы кезеңдерде Ислам қоғамды құл иеленуден біржолата тазарту үшін жаңа үкім енгізген-ді. Бұл үкім бойынша кез келген құл өз қожайынынан сұраған құнын төлеу арқылы бостандық алуға құқылы еді. Ал құл иесі сұраған құнын құлы төлесе, онымен келісімге келіп, оған еркіндік беруге мәжбүр болатын. Бәрра мұндай құнды тұтқындағы жағдайында төлеуге қалтасы көтермейтіндігін жақсы түсінеді. Десе де, көнбістікке салынбай, бостандық талап етеді, өзіне көмек қолын соза алатын адам табуды ойлайды. Ол үміт артқан жалғыз адам пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) еді, өйткені оны адамдар «осы үмбетке келген рақымшылық» деп айтатын. Бәрра өзінің жағдайын айтып, құлдық өмірден азат етуін сұрағысы келіп, үлкен үмітпен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келеді. 122
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есігінің алдына келген сұлу жас бойжеткеннің сол кезде жасы жиырмаға толмаған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның мұңлы жанары мен үмітке толы көздерін көреді. Ол Пайғамбарымызға (с.а.с.): – Уа, Аллаһтың елшісі! Мен – мұсылманмын, өйткені Аллаһтан өзге құдай жоқ, сенің Оның елшісі екеніңе куәлік етемін. Мен мусталиқ руының көсемі Харистің қызы Бәррамын. Өзің жақсы білесің, басымызға күн туды. Мен Сәбит ибн Қайстың тұтқынына түстім. Сәбит мені өзіне тәуелді болу келісімімен босатты. Мен сенен қол ұшын беруіңді сұрап келіп тұрмын, – дейді. Аллаһ елшісінде (с.а.с.) оған деген рақымшылық оянғандай болады. Ол алдымен кемсітушілікке қарсы, бостандығы үшін аянбай күресетін, еркіндікті сүйетін, тұтқыннан және құлдық құрсауынан құтылуды сұрап келіп тұрған әйелді көреді. Бәрра руы жеңіліп, күштері ыдырап, тұтқынға түскені бар, өлтірілгені бар, бас ауған жаққа қашқандары бар, олардан үмітін үзсе де, өз бетінше еркіндік іздеуде еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған жанашырлық, аяушылықпен қарап, жәрдемдесу жолын қарастырады. Ал есік алдында жауап күтіп тұрған қызға бұл бір мезет бүкіл ғұмырдай боп сезілген-ді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын көтеріп, оған аяушылық білдіріп: – Мұнан саған жақсы болар ма екен? – деді. Қиналып тұрған қыз асыға: – Неден? – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Мен сені тұтқыннан босатып, саған үйленсем, – дегенде, қыз жанары қуаныштан бал-бұл жайнайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Онда осылай болсын, – дейді де, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сәбит ибн Қайсқа Бәрра үшін сұраған құнын төлеп, оны тұтқыннан босатады. Оған үйленіп, оны Жуәйрия деп атады. Ол (с.а.с.) 123
Жуәйрияға үйленумен хузаға руының күйеу баласы болуды қалаған-ды, ол осылай еткенде ғана туыстық байланыстың әсерімен олардың жүректері ақиқатты тани алатын шығар деп ой түйеді. Мұсылмандар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мусталиқ руының басшысының қызына үйленгенінен хабардар болғаннан кейін: «Олар – енді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туыстары, енді оларды тұтқында ұстауға болмайды», – деп тұтқындағы хузағалықтарды босатады1. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Жуәйрияның тұрмысқа шығуы тұтқындағы руластарының бостандық алуына себепші болып, оларға зор пайдасы тиеді. Міне, осылайша Жуәйрия Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әйелдерінің, мүміндердің аналарының бірі атанады. Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Ол өте сұлу, сымбатты, тартымды әйел еді», – деген. Жуәйрия иманды, адал әйел еді. Кейіннен оның әкесі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, қызына бостандық әпергеніне ризашылығын білдіре: – Менің қызым тұтқында емес екен, осы үшін мен ризамын, – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Мұнда бір қайырлық көрмесең, мұны айтар ма едің?2 – дейді. Харис: – Жоқ, әрине, – дейді. Содан соң Харис қызына келіп, не үйіне оралуына немесе Аллаһ елшісімен (с.а.с.) қалуына таңдау жасауын ұсынады. Қызы: – Мен Аллаһ пен Оның елшісін таңдадым, – дейді1. 1 Ибн Сағд, Табақат: 8/117. 2 Яғни ризашылық білдірер ме едің? 124
Харис ақылды қызынан мұндай жауап еститінін күтпегендіктен шамданып, өзін сансыз сұрақтың астына алып, «мұны айтып тұрған, расында да, менің қызым ба?!. Ол мен білмейтін бір нәрсені білгені ме?.. Қызым Аллаһ пен Оның елшісін таңдады, демек, мұнда бір игілік бар», – деп сарсаңға түседі. Харис Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен оның шақырған діні жайлы көп ойланып, оның ақиқат, шындыққа үндейтінін, ал еш пайдасы жоқ пұттарға құлдық ұру – Аллаһ дініне қарсы әрекет екеніне көзі жетіп, Ислам дініне кіреді. Ол пұтқа табынушылықты тастап, Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, Исламды қабылдағанын жариялайды. Онымен бірге екі ұлы да ере келеді. Міне, Жуәйрия осындай игіліктерге себепші болған еді. Өйткені олар Жуәйрия арқылы хақиқи сенімнің көзін табады. Жуәйрия Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінде сыйластықпен тұрып жатады. Ол өте ғибадатшыл еді. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) таң намазынан кейін оның бөлмесіне кіреді. Қараса, Жуәйрия тәсбих айтып отыр екен. Мазалағысы келмей тысқа шығып кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір айналып бесін намазының алдында кіргенде, оның әлі сол қалпында тәсбих айтумен шұғылданып отырғанын көреді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: – Әлі сол мен таңертең кірген кездегі қалпыңда отырсың ба? – деп сұрайды. Жуәйрия: – Иә, уа, Аллаһтың елшісі, – деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Саған бұларды айтсаң, осы ғибадатыңнан жақсырақ болатын бір сөздерді үйретейін бе? – дегенде, ол: – Әрине, уа, Аллаһтың елшісі, – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: 1 Ибн Сағд, Табақат: 8/118. 125
– «Субханаллаһи уә бихамдиһи, ъадәдә халқиһи, уә ридаа нәфсиһи, уә зиинәтә ъаршиһи, уә мидәдә кәлимәтиһи», – деп бірнеше рет қайтарсаң, таңның атысынан түс әлетіне дейін тәсбих айтып отырғаныңнан жақсы, – деген1. Жуәйрия Пайғамбарымыздан (с.а.с.) ислами тәлім-тәрбие алады, оны мұқият тыңдап, іс-қимылдарынан көз жазбайды. Оның иманы күннен-күнге болаттай берік құрыштана түседі. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көмегімен Құран оқуды және оның тәпсірін жетік меңгереді, одан естіген сөздерін мықтап есте сақтап, оларды өмірінің үлгілі бастауы етеді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін Жуәйрия одан естіген барлық хадистерін келер ұрпаққа жеткізеді. Оның есімі хадисті риуаят етуші ірі тұлғалардың арасында жиі кездеседі. Жуәйрия ұзақ ғұмыр кешеді. Халифа Әбу Бәкір мен Омар ибн әл-Хаттабтың кезіндегі Исламның өркендеп, өрлеуінің және халифалар Осман ибн Аффан мен Әли ибн Әбу Талиб, Муғауияның (Аллаһ оларға разы болсын) кезіндегі уақиғалардың, сонымен қатар Ислам мемлекеті астанасының Дамаскіге көшірілуінің куәсі болады. Жуәйрия Харисқызы 70 жас шамасында һижра жыл санауымен 56-жылы дүниеден өтеді. Оның жаназасын Маруан ибн Хакам шығарған. Оның денесі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері жерленген Бақиғ қорымына қойылады. Аллаһ елшісімен (с.а.с.) қиылған некесі көп адамдардың Аллаһ тағаланы тануына себепкер болған мүміндердің анасы Жуәйрия Харисқызы Аллаһтың рақымына бөленсін! Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Мен қауымына Жуәйриядан көбірек берекелі (пайда әкелген) әйелді білмеймін»2, – деген. Мүміндердің анасы – Жуәйрияға Аллаһ разы болсын! 1 Муслим, Зикр: 79; Ахмад, Муснад: 6/324. 2 Ибн Һишам, әс-Сира: 408-409. 126
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – САФИЯ ХАЙЙАЙҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) «Сен – пайғамбардың қызысың, сенің атаң – пайғамбар және сен – пайғамбардың әйелісің. Дәреже тұрғысында сенімен кім таласа алады?» Сафия (Аллаһ оған разы болсын): «Кинана ибн Рабиғпен алғашқы неке түнімде, түсімде Мәдинадан шыққан Айдың аспан көгімен менің төбеме жылжып келіп, сәулесін шашып тұрғанын көрдім. Оянған соң түсімді күйеуіме айттым. Ол ашуланып: «Бұл сенің Мұхаммедке жақын болғың, оның әйелі болғың келетіндігіңнен басқа еш нәрсені білдірмейді», – деп бетімнен салып қалды. Жүзімде әлі күнге дейін сол соққының дағы қалған», – деген. Діндар да, иманды мүміндердің анасы Сафия Хаййайқызы, Яғқуб пайғамбардан (аләйһис-сәләм) тараған бәну надир тайпасынан еді. Сонымен қатар оның ата-тегінің Мұсаның (аләйһис-сәләм) ағайыны Һарун ибн Имранға да (аләйһис-сәләм) тікелей қатысы бар еді. Анасының есімі – Бәрра Самаууалқызы. Сафия тұтқынға түскеннен кейін Аллаһ тағаланың оны тура жолға салуымен ол Исламды қабылдап, өзінің жас сеніміне жан- тәнімен беріледі. Исламды қабылдамай тұрып, Аллаһтың елшісіне (с.а.с.) дейін Сафия екі рет тұрмысқа шыққан-ды. Алғашқы күйеуінің аты Сәлмә ибн Мишкам, ал екінші күйеуінің есімі Хайбар қамалының иесі Кинана ибн Рабиғ еді. Екі рет тұрмыс құруы да Сафияның тайпасы үшін бейбіт өмірді сақтаудың жолы болады, өйткені сол уақытта яһудилер мен олардың тайпаларының арасында ежелден келе жатқан дұшпандық кеңінен орын алған-ды. Яһудилер Пайғамбарымызбен (с.а.с.) келісімшарт бекітіп, артынша өздері оны бұзатын, қулық-сұмдыққа барып алдайтын, 127
бір сөзбен айтқанда, Аллаһтың нұрының жарығын сөндіру үшін бәрін істейтін. Ақырында Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл зұлымдыққа нүкте қоюға және мұсылмандарды олардың айла-шарғысынан құтқару үшін қалың қол әскермен яһудилерді шабуылдауға шешім қабылдайды. Мухаррам айында, һижра жыл санауымен 7-жылы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әскері араб түбегіндегі яһудилер қамалына бет алады. Бұл қорған оңаша орын тепкен берік қамал болатын. Онда яһудилер қулық-сұмдықтарын ұйымдастырып, өтіріктің жалынын маздататын. Таңертең Аллаһ елшісі (с.а.с.) ерте оянып, Аллаһқа мақтау айтып, жәрдем тілейді. Сол күні жарық пен қараңғылықтың, ақиқат пен жалғанның, иман мен күпірдің арасында үлкен шайқас жүрді. Сөйтіп, жарық қараңғылықты жойып, ақиқат жалғаннан үстем келіп, иман күпірді жеңеді. Бұл шайқас Ислам тарихында «Хайбар жорығы» деген атпен қалған болатын. Жорықта бәну надир тайпасының көп адамдары тұтқынға алынады, олардың арасында Сафия мен оның күйеуі Кинана ибн Рабиғ та бар еді. Сол кезде Сафияның жасы бар-жоғы он жетіде болатын. Сахабалар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) тұтқынға Хайбар қамалының иесі алынғандығын мәлімдейді. Ол (с.а.с.) оны алдына әкелуді бұйырады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) кедейлер мен мұқтаждарға үлестіріп беру мақсатында одан қамалындағы қазына-байлықтың қайда екенін сұрайды. Бірақ Кинана қазынаның орнын айтудан бас тартып: «Қамалда мүлдем қазына жоқ», – деп жалтарады. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): – Егер біз оны тауып алсақ, сені өлім күтіп тұр, осыған келісесің бе? – дейді. Кинана: – Иә, – деп жауап береді. Мұсылмандар Кинананың тығып тастаған қазына-байлығын тауып алады, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Кинананың өтірік айтқандығын 128
біліп, оны сахабасы Мұхаммед ибн Мәсләмәға (Аллаһ оған разы болсын) жібереді. Шайқаста яһудилер Ибн Мәсләмәнің бауырын өлтірген-ді. Осының ызасымен ол Кинананы соққыға жығып, оған кесілген үкімді орындайды. Ал тұтқынға түскен әйелдер Аллаһ елшісінің (с.а.с.) азаншысы Біләлдің (Аллаһ оған разы болсын) қарауында еді. Олар жылап, бақырып-шақырып, айқайлап шу шығарумен болғанда, жалғыз Сафия ғана үнсіз мұңайып, ішінен тынатын. Оның мөлдір жанарынан аққан жас та білінер-білінбес-ті. Оның бұл халі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көңілін аударады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сафияның жанына таяп келіп, Біләлдан оны босатуын сұрайды. Пайғамбарымызға (с.а.с.) Сафияның жүріс-тұрысының қарапайымдылығы, түсінігі мен сабырлылығы ұнайды. Әнәс ибн Мәліктің (Аллаһ оған разы болсын) айтуынша, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сафиядан иманға келіп, өзінің әйелі болуға қалай қарайтындығын, келіспесе, бостандыққа жіберетінін айтқанда, ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әрине, қалаймын, тек егер Аллаһ пен Ислам маған ол үшін ерік берсе. Яһудилікте мен үшін мақсат жоқ. Онда мен үшін әке де, бауыр да қалмады. Маған иман мен күпірдің арасына таңдау тастадың. Мен Исламды сен үйленуге ұсыныс жасамай тұрып-ақ қабылдағанмын. Аллаһ пен Оның елшісі маған бостандыққа шығып, қауымыма оралғанымнан жақсырақ», – деп жауап береді. Үйленгеннен кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: – Аллаһ өлтіргенше әкең маған яһудилердің ішіндегі ең қаскөйі болып өткен еді, – дегенде, Сафия: – Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһ кітабында: «Ешкім басқаның күнәсін көтермейді»1 деген ғой, – дейді. Аллаһ оған разы болсын! 1 «Исра» сүресі, 15-аят. 129
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударғанда, Сафияның әкесі Хаййай ибн Ахтаб Мәдинада болатын. Ол өз тайпасының көсемі еді. Сафия: «Кішкентай кезімде әкемнің немере ағам Ясирмен сөйлесіп жатқанын естідім. Әкем одан: – Жіберілген пайғамбар осы ма? – деп сұрады. Немере ағам: – Иә, – деп жауап берді. – Оны қайдан білдің? – деп сұрады әкем. Ол: – Ишара етілген барлық белгілер сәйкес келеді, – деді. Әкем: – Енді қандай шешімге келдің? – дегенде, ол: – Оған өле-өлгенше қастық қылуға байлам жасадым, – деді. Мен бұлар айтып жатқан кісі пайғамбар болса, неге онда оны жек көреді деп ойладым», – дейді. Осы сәттен бастап Сафияның жүрегінде Аллаһтың елшісіне (с.а.с.) деген махаббат оянады. Олар үйленіп, Мәдинаға бірге оралады. Мәдина халқы мұсылмандардың үлкен жеңісі мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жас сұлу Сафияға үйленгендігіне қуанышты еді. Үйленгеннен кейін Пайғамбарымызға (с.а.с.) Сафия өзінің Кинанаға тұрмысқа шыққанда алғашқы неке түні түс көріп, түсінде оған Айдың жылжып келіп, сәулесін шашқандығын, кейін ол түсін оянған соң күйеуіне айтқанда, ол бірдеңелерді шатып, жұдырық жұмсағанын, сол соққыдан жүзінде дақ қалғандығын айтқанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған жаны ашып, аяушылықпен қарап, Мәдинаға қайтып келе жатқанда, Сафияның жол бойы неге өзінен алшақ жүргендігін сұрайды. Сонда Сафия: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен сен үшін қатты қорықтым, яһудилер біздің жанымызда еді, менің кесірімнен саған олардың зияны тимесе екен деп, сенен біршама алшақ жүрдім», – деп жауап қайтарады. Мұны естіген Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған сүйіспеншілікпен көз тастайды. 130
Мәдинаға кіргенге дейін олар (Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Сафия) шымылдықты күймеде болады. Екеуі бірге түнегенде, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабасы Әбу Айюб Халид ибн Зәйд (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымызды (с.а.с.) таң атқанға дейін бақылап, қарауылдаумен жүреді. Таңертең Аллаһ елшісі (с.а.с.) одан неге өздерін күзеткендігін сұрағанда, Әбу Айюб: – Уа, Аллаһтың елшісі! Мен, шынында, сен үшін қатты қауіптендім. Бұл әйел саған зиянын тигізуі мүмкін еді, сен оның күйеуі мен тайпаластарын өлтірттің емес пе? – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): – Ей, Әбу Айюб! Мені осы түні күзеткеніңдей, Аллаһ рақымымен сені де, басқа мұсылмандарды да яһудилердің зұлымдығынан сақтасын, – деген1. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұлайша дұға қылуының себебі, яһудилер Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен мұсылмандарға небір зұлымдықтар істейтін. Бірде Зәйнәб Харисқызы деген яһуди әйел Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына қойдың піскен етін әкеліп, дастарқан жасайды. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасында тағы бір сахаба отырған еді. Әкелген етті сахаба жей бастайды, ал Пайғамбарымыз (с.а.с.), әйтеуір, жегісі келмейді. Етті жеген сахаба сол жерде-ақ жантәсілім етеді. Кейін Зәйнәбтан неге Аллаһ елшісін (с.а.с.) улап өлтіргісі келгендігін сұрағанда, ол: «Мен сенің пайғамбарлығыңның ақиқаттығын тексергім келді, егер сен шын мәнінде пайғамбар болмай, етті жегеніңде, біз сенен құтылар едік», – деп жауап береді. Дегенмен де Сафия Зәйнәб сияқты емес еді. Иманды, тақуалығы сондай, оның жүрегі иман мен Ислам нұрына толы болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Сафиямен Мәдинаға жеткенде, оны өз үйіне апармастан сахаба Харис ибн Нуғманның (Аллаһ оған разы болсын) үйіне түсіреді. Сафияны көруге мүміндер аналарының 1 Ибн Сағд, Табақат: 121-123. 131
көршілері, сонымен қатар басқа да мәдиналық әйелдер келеді. Барлығы Харис ибн Нуғманның үйінің айналасында жиналып, Сафияның бір көрінуін күтеді. Олардың арасында Айша да (Аллаһ оған разы болсын) бар еді. Бір кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Айшаның Харистің үйіне кіріп бара жатқандығын байқап қалып, оны қарсы алып, көйлегінен өзіне қарай тартып: – Сен кімді көрдің? – деп сұрайды. – Ол яһуди ғой, – деп жауап береді Айша анамыз. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Олай деме, ол Исламды қабылдады, – дейді1. Айша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басқа әйелдеріне жаңа түскен әйел жайлы айтып келеді. Сафия Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінде салмақты, сабырлы қалпын сақтай білген. Ол ақиқатты танып, жүрегіндегі яһудилік ұлттық сезімді иманға жеңдіре біледі. Сафия яһудилердің мұсылмандарға қарсы айла-шарғы жасап, қулық-сұмдық істейтіндерін білетін. Сафияның иманы күннен-күнге күшейе түседі. Әйтсе де адамдардың оның сыртынан яһудилігін сөз етуі доғарылмады. Оған қоса Айша мен Хафса оны мысқылдайтын. Осының себебімен Аллаһ тағала ардақты елшісіне (с.а.с.): «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бір қауым (басқа) бір (мүмін) қауымды (сыртынан күліп) мысқылдамасын. Өйткені олар (мысқылдаушылардан) қайырлы шығар. Және әйелдер де (басқа) әйелдерді (кемсітпесін). Бәлкім, (кемсітілген әйелдер) өздерінен жақсы шығар. Өздеріңді (яғни бір-біріңді) кекетпеңдер де, бір-біріңді (жаман) лақап аттармен атамаңдар. Иманнан кейін пасықтық есімі қандай жаман. 1 Ибн Сағд, Табақат: 8/126. 132
Кім тәубе қылмаса, әне солар – пасықтар»1, – деген уахи жібереді. Осыдан кейін Сафия өзіне ауыр тие-тұғын гу-гу әңгімеге құлақ түруді қойып, көңілі жай табады. Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның үйде жалғыз жылап отырғанының үстінен түсіп, не болғандығын сұрайды. Сафия Айша мен Хафсаның оның яһудилігін мысқылдайтындығын жеткізеді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сен олардың өзіңнен еш нәрсесімен артық еместігін, өйткені сенің күйеуің – Мұхаммед, ал әкең – Һарун, атаң – Мұса екендігін неге айтпадың?»2 – дейді. Ол бұл сөздерге жұбанып, сабырға келеді. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Сафияның яһудилігін бетіне басқаны үшін Зәйнәб Жахшқызын (Аллаһ оған разы болсын) үш айға жалғыз тастап қойғаны жайлы риуаят та бар. Үш айдан соң ерлі-зайыптылық қатынасын қайта қалыпқа келтіргенде, Зәйнәб қуанғанынан оған (с.а.с.) күңін сыйлаған екен. Сафия Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында әрдайым бірге болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін, Сафия қалған өмірін өз үйінде оңашада, Аллаһқа ғибадат етумен өткізеді. Ол яһуди ұлтынан әрі сұлу болғандықтан, адамдармен арақатынаста аса сақтық жасайтын. Бірде Сафияға көрші әйел мүміндердің әмірі Омар ибн әл- Хаттабқа (Аллаһ оған разы болсын) келіп: «Уа, мүміндердің әміршісі! Сафия яһудилердің демалысы сенбі күнді жақсы көреді, ол сол күні яһудилерге ақша, киім үлестіреді», – дейді. Омар естігені туралы Сафиядан сұрағанда, ол: «Мені Аллаһ иманға келтіргелі, сенбіні жұмадан артық көрмеймін, ал яһудилерге 1 «Хужурат» сүресі, 11-аят. 2 Әт-Тирмизи, Манақиб: 64; Әл-Хаким, Мустадрак: 4/29. 133
келсек, олар – менің қандастарым», – деп жауап берген. Кейін Сафия көрші әйелге барып, неге Омарға олай дегендігін сұрағанда, әлгі әйел: «Мені шайтан түртіп, маған осы ойды салды», – депті. Омар бар шындықты білгеннен кейін Сафияны қайтып мазаламаған. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін, Сафияның өмірі осылайша жалғасып жатады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзіне тастап кеткеніне ілесіп күн кешеді, оған қоса қоғамдық, саяси мәселелерде табысты еңбек етеді. Жұртшылық Сафияны жақсы көріп, құрметтейтін. Ол басқаларды өзінің қолынан келетін нәрселерге үйретіп, көптеген хадисті жеткізіп кеткен. Осман ибн Аффанның (Аллаһ оған разы болсын) үйін бүлікшілер қоршауға алғанда, Сафияның оған ас-су әкелгендігі жайлы хабар бар. Ол һижра жыл санауымен 50-жылы Муғауия ибн Әбу Суфиянның (Аллаһ оған разы болсын) кезінде дүниеден қайтады. Денесі мүміндердің аналарының қорымы Бақиғқа жерленген. Аллаһ оған разы болсын! 134
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ЗӘЙНӘБ ЖАХШҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) «Тұрмыс құруда менен бақытты кім бар? Өйткені менің некемді жеті қат көк үстінен Мәртебелі Аллаһтың өзі қиған, ал куә Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) болды». Зәйнәб Жахш ибн Риабқызы – құрайыш тайпасының бәну асад руынан, Абдулмутталиб ибн Һишамның немересі. Пайғамбарымызға (с.а.с.) тұрмысқа шықпастан бұрын өз есімі Бәрра болатын. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны некесіне алған соң Зәйнәб деп атады. Анасы – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы Абдулмутталибтің қызы Умәймә. Зәйнәбтің алғашқы жұбайлық өмірі баянды болмаған. Ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық міндет жүктелмей тұрғанда өкіл бала атанған Зәйд ибн Харисаға тұрмысқа шыққан-ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін Зәйд ізбасар шәкірт әрі сүйікті іні болатын. Пайғамбар (с.а.с.) осы өкіл баласынан ажырасқан әйелге үйленеді. Мұны иман иелері Аллаһ тағаланың Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ісі арқылы мұсылмандарға бекіткен шариғаты деп ұғады. Бұл мәселені жете түсінуіміз үшін көптеген сұраққа жауап табуымыз керек. Әуелі Аллаһ елшісі (с.а.с.) бала тұтынып, тәрбиелеп өсірген, оған өзінің туыс жиен қарындасын алып берген және екеуі жараспай ажырасқаннан кейін, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның әйелін алған Зәйд ибн Харисаның кім екендігі жайлы сөз етейік. Тарихи деректерден бізге бірде бәну кәлб тайпасынан шыққан Хариса атты кісінің әйелі Сағда бинт Сағлаба деген әйел көрші ауылдағы Мағн ибн Таидың тайпасына туған-туыстарын зиярат ету үшін барады. Ол әйелмен бірге жанында сегіз жасқа да толмаған ұлы Зәйд ибн Хариса болады. Жолда күтпеген жерден 135
оларға қарақшылар тобы кез келіп, Зәйдті тартып алып кетеді. Олар Зәйдті құл базарларының бірінде сатып жібереді. Ал оны сатып алған құрайыштық Хаким ибн Хузам ибн Хуайлид әл- Әсәди деген саудагер еді. Хаким ибн Хузам Хадиша анамыздың аталас бауыры еді. Хаким саудадан оралған соң, оны Хадиша зиярат етіп келеді. Ол Хадишаға сыйлық ретінде сатып алып келген құлдарының бірін таңдауын ұсынады. Хадиша Зәйдті таңдап, оны үйіне алып келеді. Кішкентай Зәйд Мұхаммед (с.а.с.) пен Хадишаның үйінде тура бір өз үйінде, тіпті әкесі мен анасының жанында жүргендей күн кешеді. Екеуінен көрген мейірімнің арқасында Зәйд оларға қатты бауыр басып кетеді. Өйткені олар Зәйдтан жылуларын аямаған-ды. Күндер зымырап өтіп жатады. Зәйд ержетіп те қалады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанынан бір елі қалмайтын. Осы кездерде Зәйдтің туыстары оған іздеу салуда еді. Оның құл болып сатылғанын, дәл қазіргі уақытта Мұхаммед ибн Абдуллаһтың үйінде екендігін естиді. Сөйтіп, олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйіне келіп, ұлдарын қайтаруын әрі оның өз туыстарының арасында бостандықта өмір сүруін қалайтындарын айтады. Мұхаммед (с.а.с.) таңдау еркін Зәйдтің өзіне беріп, кімді қаласа, сол жақта қалсын деген ұсыныс тастайды. Зәйдтің туыстары бұл ұсынысқа қуана келіседі. Олар Зәйдтің өздерін таңдайтындығына сенімдері кәміл еді. Бірақ Зәйд әкесіне Мұхаммедтен (с.а.с.) басқа ешкімді таңдамайтындығын жеткізеді. Хариса күтілмеген жауапқа қайран қалып: – Зәйд, сен әкең мен шешеңді, руыңды құлдыққа айырбастадың ба?! – дейді. Зәйд бірден: – Мен Мұхаммедтің қандай адам екенін жақсы білемін. Ешуақытта, ешқашан одан айырылмаймын. Мұхаммедте құлдықта болу, басқа қандай да бір адаммен бірге бостандықта болудан жақсы, – деп жауап береді. 136
Зәйдтің Пайғамбарымызды (с.а.с.) таңдауы Исламнан бұрын болған еді. Сонан соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдтің қолынан жетектеп жұрт алдына шығарып: – Куә болыңдар, Зәйд – менің балам! – деп жариялайды. Сол күннен бастап Зәйд «Зәйд ибн Мұхаммед» (Мұхаммедтің ұлы Зәйд) деп аталып кетеді. Зәйд Әли ибн Әбу Талибтен (Аллаһ оған разы болсын) кейінгі Исламды қабылдаған алғашқы бала, Аллаһ оған разы болсын. Зәйд әрдайым Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында жүріп, оның қолында тәлім алады, сүйікті шәкірт атанады. Уақыты жетіп Зәйдтің үйленетін кезі де келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған өзінің туыс әпкесі Умәйма бинт Абдулмутталибтің қызы Зәйнәб Жахшқызын таңдайды. Ол кездерде қызды тұрмысқа берерде күйеу жігіттің шыққан тегіне көп көңіл аударатын, егер текті қыз құлға тұрмысқа шықса, бұл бетке салық, сүйекке таңба еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Зәйнәбті әдейі таңдауындағы мақсаты адамдарды әлгіндегідей қалыптасқан түсініктен айыру-тұғын. Сонымен қатар адамға тегіне қарап баға бермеу керектігін ұғындыру болатын. Зәйнәб текті атадан шыққан сұлу қыз еді. Бойжеткен соң оны құрайыштың «мен» деген жігіттері айттырып келе бастайды. Бірақ бірде Зәйнәб нағашысы Пайғамбарымызбен (с.а.с.) ақылдасқысы келіп, оған сіңлісі Хамнәні жібереді. Хамнә Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: – Зәйнәбқа кімді таңдар едің, уа, Аллаһтың елшісі, – дегенде, ол кісі (с.а.с.): – Оған Аллаһ тағаланың кітабы мен Оның елшісінің сүннетін үйретуші біреуді айтсам ше? – дейді. Хамнә: – Кім ол, уа, Аллаһтың елшісі? – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Зәйд ибн Хариса, – дейді. Хамнә ашудан жарылардай булығып: 137
– Зәйд ибн Хариса?!. Уа, Аллаһтың елшісі, жиен қарындасыңды босаған құлыңа қосасың ба?! – дейді. Зәйнәб бұл әңгімені естігенде, Хамнәдан бетер ашуланады. Ол Зәйдке тұрмысқа шығуына Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзі араға түскеніне қарамастан, бұл ұсынысқа келісім бермей қарсылық көрсетіп: «Мен ешуақытта Зәйдке тұрмысқа шықпаймын!» – дейді. Міне, осы кезде Аллаһ тағала елшісіне (с.а.с.): «Ешбір мүмін ер кісі мен мүмін әйелге, егер Аллаһ және Оның елшісі бір істі үкім етсе, оларға (мүміндерге) істерінде ерік болмайды. Кімде-кім Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнбаса, онда ашық адасуға түсіпті»1, – деген уахи жібереді. Зәйнәб бұл – Аллаһтың, сосын Оның елшісінің (с.а.с.) қалауы және өзі Аллаһтан қорқатын, нағыз тақуа мүмін-мұсылман әйел болғандықтан ғана Зәйдке тұрмысқа шығуға көнеді. Десе де, Зәйнәб Аллаһ пен Оның елшісінің (с.а.с.) қалауының шегі бай мен кедейдің, ақ пен қара нәсілдің, құл мен азат адамның айырмашылығы жоқ екендігін, адам иман таразысымен ғана өлшенетіндігін түсінеді. Зәйд айтарлықтай көрікті емес еді, күйеуіне Зәйнәбтің көңілі толмайтын. Ол Зәйдке ылғи да салқын қарайтын, одан бір тартымдылық та таппайтын. Егер Аллаһтың қалауы болмағанда, Зәйнәб Зәйдке ешқашан тұрмысқа шықпас та еді. Себебі отбасылық өмір іштей келісім, рухтық жақындықты қажет етеді. Екі мүмін, тақуа ер мен әйел қосылса болды, жарасып кетеді деу ағаттық. Жұбайлық қатынас махаббат пен жылуды аңсайды. Ал ол болса – жүректің ісі. Адам жүрегін бір нәрсеге бойсұндыра алғанымен, оның ішкі сезіміне әмірін жүргізе алмайды. Сөйтіп, олар отбасылық жылу, ерлі- зайыптылардың өзара сүйіспеншілігі, бақытты өмірдің ауылы алыс күндерді бастарынан кешіп жатады. 1 «Ахзаб» сүресі, 36-аят. 138
Зәйд жарының өзінен қашқақтап жүретінін сезетін. Бір күні ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, бар мән-жайды түсіндіріп, Зәйнәбпен ажырасқысы келетіндігін жеткізеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: – Ей, Зәйд, не болды? Саған оның тәлім-тәрбиесі ұнамайды ма? – деп сұрайды. Зәйд оған: – Уа, Аллаһтың елшісі! Маған Зәйнәбтің барлық қасиеті ұнайды. Бірақ оның маған деген қатынасы жан төзгісіз. Ол өзінің тектілігімен мақтанып, менмендігімен мені қатты қинайды, – дейді. – Ей, Зәйд! Ол Зәйнәб емес пе, сен араларыңдағы өзіңе деген қатынасты өзгерту үшін қолыңнан келгеннің бәрін аямауың керек, қалай болғанда да жарыңды ұстап қалуға тиіссің, Аллаһтың қаһарынан қорық, – дейді Пайғамбарымыз (с.а.с.). Дегенмен де ең өкініштісі, Зәйд арақатынасты түзеуге қанша тырысқанмен, Зәйнәбтің күйеуіне деген көңілі кері тартатын. Осылайша олар ажырасып кетеді. Арада бірнеше күн өткен соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдті шақырып алып, Зәйнәбқа барып, оған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзі үйленгісі келетіндігін жеткізуге жұмсайды. Зәйд Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сәлемін айтпаққа, Зәйнәбтің есігінің алдына келіп: «Зәйнәб, мені Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзіңе үйленуге сөз салу ниетімен жіберді», – дейді. Бұл уақытта Зәйнәб ғибадатта еді. Бұл сөздерді естіген ол жүрегі қуанышқа толып, бұл үшін Аллаһқа мақтау айтумен болады. Бұл үйленудің мәнісі Аллаһ тағала уахи еткен мына аяттарға негізделеді. «(Мұхаммед!) Аллаһ игіліктерге бөлеп, сен де (оны) игіліктерге бөлеген (Зәйдке): «Әйеліңді өзіңде ұста да, Аллаһтан қорық», – деп, Аллаһ аян етпек болған істі көңіл түкпірінде бүгіп едің. Аллаһ сенің қорқуыңа (өзгелерден әлде қайда) лайықтырақ бола тұрған кезде, сен адамдардан (яғни олардың сөздерінен) қорықтың. Зәйд (Зәйнәбтан) қажетін өтеп 139
(яғни ажырасып) болған соң, мүміндер асыранды балаларының ажырасқан әйелдеріне (үйленуде) ешбір ыңғайсыздық көрмесін деп, сені (Зәйнәбқа) үйлендірдік. Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады»1. Осылайша Аллаһтың қалауымен пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) Зәйнәбқа үйленеді. Бұл үкімге қатысты Айша анамыз: «Егер Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір нәрсені жасыра алса, осыны жасырар еді»2, – деген. Зәйнәб бұл кезде отыз бес жаста еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл әрекетінің астарында болашақта мұсылмандар өздерінің өгей ұлдарының әйелдерін алуды өздеріне харам етпесін деген даналық жатқан-ды. Зәйнәбті Пайғамбарымызбен (с.а.с.) тұрмыс құру қатты қуандырады. Ол мұны мақтан тұта: «Тұрмыс құруда менен бақытты кім бар? Өйткені менің некемді жеті қат көк үстінен Мәртебелі Аллаһтың өзі қиған, ал куә Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) болды», – дейтін. Басқа бір риуаятта оның: «Сендерді туыстарың үйлендірді, ал мені Аллаһ жеті қат көктің үстінде үйлендірді»3, – дегені айтылады. Риуаят етілуінше, Аллаһтан Пайғамбарды (с.а.с.) Зәйнәбқа үйлендіргені жайлы аят түскеннен кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның үйіне барады. Зәйнәб анамыз жалаңбас отырған болатын. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұл ісіне таңғалып, абыржып қалады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Аллаһ мені саған үйлендірді, – дейді. Зәйнәб: – Уа, Аллаһтың елшісі! Туыссыз... куәсіз... қалай?! – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Сені маған Аллаһ қосты, ал куә – Жәбірейіл, – дейді. 1 «Ахзаб» сүресі, 37-аят. 2 Әл-Бұхари, Таухид: 22. 3 Әл-Бұхари, Таухид: 22. 140
Осылай Зәйнәб уәлисіз1, куәгер адамсыз, ешқандай неке рәсімінсіз пайғамбарлық иесіне (с.а.с.) қосылады. Оны бүкіл неке рәсімдерін белгілеп отырған Аллаһ тағаланың Өзі үйлендірген, Аллаһ оған разы болсын! Зәйнәб Пайғамбардың (с.а.с.) өзге әйелдеріне: «Мен уәлиде сендерден артықпын», – деп мақтанатын. Ал оның уәлиі мақтануға лайық Аллаһ тағаланың Өзі еді. Және де ол: «Мен сендерден куәде де артықпын», – деп мақтанатын. Ал оның куәсі – мақтануға тұрарлық Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) еді. Бұл некеден ұлы қандай неке бар?! Сондай-ақ Зәйнәбтің Пайғамбарымызбен (с.а.с.) үйленуі мұсылмандарға және мүміндердің аналарына қатысты жаңа үкімдерге себепші болады. Ол үкімдер: Зәйнәбқа үйленгенінде Пайғамбар (с.а.с.) той жасап, адамдарды шақырады. Адамдар келіп, ішіп-жеп тарап кетеді. Тек бір-екі кісі әңгіме-дүкен құрып отырып алады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ыңғайсыз жағдайда қалып, бірдеңе деуге ұялады. Сол кезде Аллаһтан: «Ей, иман келтіргендер! Өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, (басқа уақытта) Пайғамбардың үйлеріне (тамақтың) пісуін пайлап кірмеңдер. Бірақ шақырылған кездеріңде кіріңдер де, тамақ жеп болсаңдар, әңгіме тыңдамай дереу тараңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудыратын еді, бірақ ол сендерден ұялатын. Ал Аллаһ шындықтан (оны түсіндіруден) ұялмайды»2, – деген аят түскен. Және де осы аяттың ішінде мүміндердің аналарына қатысты да жаңа үкім келеді. «Қашан сендер (Пайғамбар әйелдерінен) бір нәрсе сұрасаңдар, перденің артынан сұраңдар. Бұл сендердің жүректерің мен олардың жүректері үшін әлдеқайда таза. 1 Әкесі, ағасы сияқты жақын ер туысы. 2 «Ахзаб» сүресі, 53-аят. 141
Сендерге Аллаһтың елшісіне азар беруге және одан кейін оның әйелдеріне үйленуге болмайды. Өйткені бұл Аллаһтың алдында зор (күнә болып есептеледі)»1. Осы күннен бастап мүміндердің аналары туыстарынан басқалармен шымылдық артынан сөйлесуге көшеді. Зәйнәбтің Аллаһ елшісіне (с.а.с.) үйленуі осындай ерекшеліктерге толы болған еді. Исламның дұшпандары бұл некені сөз етіп: «Мұхаммед адамдарға ұлдарының әйелдеріне үйленуге тыйым салып, өзі ұлынан ажыраған әйелге үйленді», – дейтін. Олар Зәйдтің Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өкіл баласы екенін жақсы білетін. Кәпірлердің алып-қашты жел сөздеріне жауап ретінде Аллаһ тағала: «Аллаһ Пайғамбарға парыз (яғни халал) еткен нәрселерде күнә болмайды. (Бұл) – ілгеріде өткендерге (бекіткен) Аллаһтың жолы. Аллаһтың бұйрығы – бекітілген бір үкім. Олар – Аллаһтың жолдауын жеткізіп, Одан қорыққандар және Одан басқа ешкімнен қорықпағандар. Аллаһ есеп алуда жеткілікті»2, – деген. Сонымен қатар адамдардың есімі өз әкелерінің атымен аталуын ескертіп: «Аллаһ сендерге өкіл балаларыңды өз балаларың еткен жоқ. Бұл – ауыздарыңмен айтылған сөздерің ғана. Аллаһ шындықты айтып, Өзі тура жолға бастайды. Оларды (яғни өкіл немесе асыранды балаларыңды) өз әкесінің (атымен) атаңдар. Бұл Аллаһтың қасында ең әділі. Егер әкесін білмесеңдер, онда олар – сендердің діндегі бауырларың әрі жақын достарың»3, – деген Өз уахиын жібереді. 1 «Ахзаб» сүресі, 53-аят. 2 «Ахзаб» сүресі, 38-39 аяттар. 3 «Ахзаб» сүресі, 4-5 аяттар. 142
Мұнан кейін Зәйдті адамдар «Ибн Мұхаммед» деуді қойып, туған әкесінің атымен «Ибн Хариса» деп атауға көшеді. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Біз Зәйд ибн Харисаны «Оларды (яғни өкіл немесе асыранды балаларыңды) өз әкесінің (атымен) атаңдар. Бұл Аллаһтың қасында ең әділі», – деген Құран аяты түскенше «Зәйд ибн Мұхаммед» деп атайтынбыз», – деген1. Міне, осылайша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйі жаңа әйелді қабылдайды. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аталас әпкесінің қызы Зәйнәб жас әрі сұлу еді. Әдеттегі әйелдік сезімдерге тән әйелдері Пайғамбарымызды (с.а.с.) одан қатты қызғанатын. Айша (Аллаһ оған разы болсын) ол жайлы: «Зәйнәбтан басқа Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдерінің бірде-біреуі маған ұқсамайтын», – деген. Зәйнәб Аллаһ елшісінің (с.а.с.) басқа әйелдерінен қатты ерекшеленетін. Ол күндіз тынымсыз еңбекқор болса, түнде құс ұйқылы, ғибадатта отыратын. Зәйнәб өз қолымен жеміс дәндерінен, шыныдан әшекей моншақтар тізіп, алқалар жасап сатып, оның ақшасын кедей-кепшіктерге, мұқтаждарға тарататын. Мұнысы үшін оны жұрт «кедейлер, мұқтаждар мен жетім-жесірлердің қамқоршысы, панасы» деп атап кеткен. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Зәйнәб жайында Омар ибн әл-Хаттабқа (Аллаһ оған разы болсын): «Шынында, Зәйнәб Жахшқызы Аллаһқа берілген», – деген2. Оның қадір-қасиетіне күндестерінің өзі куәлік беретін. Айша (Аллаһ оған разы болсын) ол жайлы: «Мен Зәйнәбтан жақсырақ әйелді кездестірген емеспін. Ол намаз бен оразаны бұлжытпай ұстайтын. Әрдайым шын сөйлейтін, қайырымды еді. Міне, осы істерімен Аллаһ тағалаға жақын болды», – деген. Басқа бір риуаятта Айша анамыздың: 1 Әт-Тирмизи, Манақиб: 39. 2 Әз-Зәһәби, әс-Сиәр: 217. 143
«Мен ешқашан дінде, Аллаһқа тақуалықта, сөзде шыншылдықта, туыстық қарым-қатынасты сақтауда, садақаны көп беруде және еңбекқорлықта Зәйнәбтан артық ешбір әйелді көрген емеспін. Ол өз еңбекақысын садақа етіп, Аллаһқа жақындайтын», – деген хабары айтылған. Ал Умму Сәләма (Аллаһ оған разы болсын) болса: «Ол өте жақсы (әйел) еді, оразаны қатаң түрде бұлжытпай ұстайтын, еңбекқор болатын. Ал еңбекақысын кедейлер мен мұқтаждарға үлестіретін», – деген. Зәйнәб өмірмен қош айтысқанда барлығы: «Бізден кедейлер мен мұқтаждардың қамқоршысы кетті», – деп қайғырған. Аллаһ елшісінен (с.а.с.) әйелдері: – Ақыретте сенімен бірінші жолығатын қайсымыз?1 – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): – Маған Ақыретте бірінші жолығатындарың – ең қолы ұзының, – деген2. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөзімен ең жомарттарың, ашық қолдыларың деген мағынаны меңзеген-ді. Пайғамбардан (с.а.с.) кейін мүміндердің анасы – Зәйнәб Жахшқызы ең алғаш дүние салған. Айша (Аллаһ оған разы болсын) бір жайтты еске алып: «Бірде біз бәріміз жиналып отырып, Зәйнәб шұғылданған іспен айналыспақ болдық. Бірақ біздердікі Зәйнәбтікіндей жақсы шықпады. Ол, шын мәнінде, он саусағынан өнер тамған шебер еді. Тіпті оның өмірінің соңғы сәттері таяғанда ол: «Мүміндердің әміршісі Омар ибн әл-Хаттаб шекпен тоқып беруімді өтінген еді. Үлгере алмаймын-ау деп қорқамын. Қолдарыңнан келсе, біреулерің менің орныма істеп, бітіріп 1 Сенен кейін бірінші дүние салатын қайсымыз деген мағынада. 2 Әл-Бұхари, Зекет: 11; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 101. 144
беріңдерші, өтінемін», – деді бізге. Бұл оның соңғы сөздері болды», – дейтін. Зәйнәб Жахшқызы елу үш жасында Омар ибн әл-Хаттабтың кезінде һижра жыл санауымен 20-жылы дүние салды. Зәйнәбтің жаназасын мүміндердің әміршісі Омардың өзі оқыған соң, Мәдина халқы оның денесін мүміндердің аналарының қорымы Бақиғқа шығарып салады. Мүміндердің анасы Зәйнәб Жахшқызына Аллаһ разы болсын! 145
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – РАМЛӘ ӘБУ СУФИЯНҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) Пайғамбарымызбен (с.а.с.) үйленгенде, Эфиопия патшасы Нажаши той жасаған мүміндердің анасы Рамлә, Әбу Суфиян ибн Харб ибн Умәйя ибн Абдушамсқызы. Ол сондай-ақ Хабиба деген қызы болғандықтан, Умму Хабиба деп те аталған. Меккенің қолға алынуына дейінгі құрайыш кәпірлері мен мүшріктерінің бетке тұтар көсемінің иманы күшті, сұлу да ақыл-парасаты мол қызы еді. Умму Хабиба тілін кәлимаға келтіріп дінге кірген соң, тайпаластарының пұттарға бас ұрып табынуына қарамастан, ата- бабасының дінінен бас тартқан. Сонымен қатар сабырлылық пен ерік-жігер көрсете отырып, өзі ерген ақиқат жолын қорғаған. Рамлә Әбу Суфиянқызы және оның басынан өткізген жайттары Ислам тарихында маңызды орын алады. Ол алғашында мүміндердің анасы Зәйнәб Жахшқызының ағасы Убайдуллаһ ибн Жахш әл-Әсәдиге тұрмысқа шыққан. Күйеуі екеуі бірге Исламды қабылдап, құрайыш кәпірлері мен мүшріктерінің зұлымдығына тап болып, қабылдаған жас сенімді құтқару үшін, әсіресе, әкесінің әділетсіздігінен қашып, Эфиопияға қоныс аударады. Күйеуі Убайдуллаһ бөтен жерде діннен шығып христиандықты қабылдап, әйелін де осыған итермелейді. Рамлә Аллаһ пен Оның елшісіне (с.а.с.) қатты сенетін, сондықтан да күйеуінің оны Исламнан қайтармақ болған бұл әрекетінен түк шықпайды. Рамлә анамыз өз сенімінде берік тұрады, ал күйеуі болса ішкілікке тойып келіп, оған қол көтеретін. Рамлә жұрт алдында күйеуінің жиренішті қылықтарынан қатты ұялумен болады. Кейін оны есіне алып: «Мен түсімде Убайдуллаһты өте жаман кейіпте көрдім. Екеуміз әңгімелескенде ол маған: 146
– Ей, Умму Хабиба! Мен христиан дініне өттім, – деді. Ал мен оған: – Маған сенші, онда ешқандай жақсылық жоқ, – деп көрген түсімді айтып бердім. Ол мән беріп құлақ та салмады. Сол бойы өмірден өткенше ішкілікке салынумен болды», – дейтін. Рамлә бөтен елде, қиын жағдайларда қызын жалғыз өзі тәрбиелейді. Жат топырақта қолындағы сәбиімен қалып, қиыншылықтан шығар жол таба алмай қиналған кезде, әкесі христиан болып өлген кішкентай Хабибаға көзі түссе, жанарлары еріксіз жасқа толатын. Ол өте ауыр сынаққа түсті. Қызын алып Меккеге қайтқысы келгенімен, онда оны шеттету мен негізгі құндылығы болып табылатын сеніміне қысым күтіп тұр еді. Әйтсе де Рамлә Аллаһ пен Оның елшісіне (с.а.с.) деген берік сенімі мен өзінің күшті ерік-жігерінің арқасында бұл қиындықтарды жеңіп шығады. Аллаһ тағала оны сабырлылығы үшін: «Кім Аллаһтан қорықса, (Аллаһ) оған шығар жол береді және оны (оның өзі) ойламаған жерден ризықтандырады. Кім Аллаһқа тәуекел қылса, Ол оған жеткілікті»1, – деген аятына сай «мүміндердің анасы» дәрежесімен марапаттайды. Бұл сый Рамләға басынан өткерген қайғы ауыртпалығынан кейін үлкен қуаныш еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Рамлә анамызбен өзінің қатысуынсыз Нажашиді уәкіл етіп, Эфиопия жерінде некелеседі. Рамлә жақтан уәкілдікке туыс бауыры Халид ибн Сағид жүреді. Нажаши оны мен Пайғамбардың (с.а.с.) үйленуіне тарту ретінде Эфиопия топырағында үлкен той жасайды. Һижра жыл санауымен 6-жылы Эфиопияға қоныс аударған мұсылмандар Жағфар ибн Әбу Талибтің (Аллаһ оған разы болсын) басшылығымен Ислам орталығына айналып үлгерген Мәдинаға оралуға бел байлайды. Олар ұзақ жолды артқа тастап, 1 «Талақ» сүресі, 2-3 аяттар. 147
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қаласына келгенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Хайбар жорығында болатын. Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген сағыныштары оларды Мәдинаға аялдатпай, Хайбарға қарай асықтырады. Бұл екі һижра (қоныс аудару) иелері Хайбар жеңісі қуанышының үстінен түседі. Бұларды көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) қуанышын жасырмай: «Қайсысымен қуанарымды білмей тұрмын?! Хайбардың жеңісімен қуанайын ба, жоқ, Жағфардың келуімен бе?!.» – деген1. Осылайша Рамлә өмірінің сындарлы кезеңін тарих еншісіне беріп, Пайғамбар (с.а.с.) әйелдерінің қатарынан орын алады. Ол Пайғамбарымызды (с.а.с.) барлығынан артық көріп қадірлеп, басына көтерумен өткен. Анамыздың Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген құрметінің бір дәлелі туған әкесі Әбу Суфиянмен қарым- қатынасында көрініс табады. Құрайыш мүшріктері Худайбияда мұсылмандармен түзген келісімді бұзғаннан кейін, күннен-күнге қарқындап күшіне мініп келе жатқан Ислам әлеуметінен қауіптене бастайды. Олар өзара ақылдаса келе, келісімді жаңарту ниетімен Мәдинаға өкіл етіп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қайынатасы Әбу Суфиян ибн Харбты жібереді. Мәдинаға келген Әбу Суфиянның үміті ақталмай, есекдәмемен соңғы тоқтаған жері қызы Рамләның үйі болады. Сәлемдесіп қызының үйіне кірген Әбу Суфиян жерде төсеулі жатқан бір көрпенің үстіне отыруға ыңғайлана бергенде, Рамлә ыршып барып әкесінің астынан ол көрпені жұлып алады. Абдырап қалған Әбу Суфиян таңданысын жасырмай: – Ей, қызым! Маған бір көрпеңді қимағаның ба, әлде мұнда мен білмейтін бір сыр бар ма?!. Бұл көрпе саған несімен құнды болды?! – деп ашуланады. Рамлә анамыз сонда: 1 Әл-Хаким, Мустадрак: 3/211. 148
– Бұл – Аллаһ елшісінің көрпесі, ал сен – ыфлас мүшріксің, – деп жауап береді. Неше жылдан бері көріспеген қызының бұл ісі мен сөзіне шамданған Әбу Суфиян: – Аллаһтың атымен ант етемін! Саған бір кесір келген екен, – деп бұлқан-талқан күйінде шығып кетеді. Иә, Рамләның бұл ісі өзі қалтқысыз ұстанатын дін сенімінің талабы еді. Бірақ әкесі шығып кете сала, жүрек түкпірінде жатқан перзенттік сезімі оянып, Жаратқанға әкесін тура жолға салуын сұрап жалбарынады. Көп ұзамай Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрайыш мүшріктерінің озбырлығына біржолата нүкте қою мақсатында он мыңдай мұсылман әскерімен Меккеге жол тартады. Сол кезде барып Әбу Суфиян Аллаһ дінінің алдындағы дәрменсіздігін түсініп, Мекке сыртына ат шалдырып шатыр тіккен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдына келіп, өзінің Исламға кіргенін жариялайды. Пайғамбар (с.а.с.) әскері шеру тартып қасиетті Мекке шаһарына кіріп келе жатқанда, мұсылмандар тарабынан «Кім қасиетті Қағбада болса, сол аман қалады, кім өз үйінде отырса, сол аман қалады және кім Әбу Суфиянның үйінде болса, сол аман қалады» деп жар салынады. Сол бір күні әкесінің Исламға кіргенін және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оған көрсеткен құрметін естіген Рамләның қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап еді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін Рамлә үйінен ұзап шықпай, оңаша ғұмыр кешіп, қалған өмірін ғибадатқа арнады. Уақыт-сағаты жақындағанда Пайғамбардың (с.а.с.) көзі тірі әйелдерін шақырып, олармен бақұлдасып, өзінен ағаттық кетсе, кешірулерін сұрайды. Көп ұзамай һижра жыл санауымен 44- жылы Мәдина халқы мүміндердің тағы бір анасын Бақиғ қорымына шығарып салады. Рамлә анамызға Аллаһ разы болып, оны Өз рақымына алсын! 149
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – МӘЙМУНА ХАРИСҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) «Ол Аллаһтан қорқуда және туыстық қарым-қатынасты сақтауда бізден озық тұратын». Ол – Бәрра бинт Харис әл-Ғамирия, Мәймуна – оған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) берген есімі. Анасы – «Арабтарда ол сияқты мәртебелі күйеу балаларымен танымал әйел жоқ» делінетін Һинд Ауфқызы, ол жайлы анамыз Зәйнәб Хузәймақызының шежіресінде айтқанбыз. Мәймуна Зәйнәб Хузәймақызының шешесі бір сіңлісі. Мәймуна күйеуі Әбу Рухм ибн Абдулғұзза дүниеден өтіп, 26 жасында жесір қалған еді. Ақылы мен сұлулығына қызыққан көптеген кісі Мәймунаға үйленуге ниет білдіргенімен, ол қайта тұрмысқа шықпай, әпкесі Аббас ибн Әбу Талибтің әйелі Умму Фадлдың үйінде тұрып жатады. Күндер зымырап өте береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ізін қуушы жүрегіне таудай иманды сыйдырған сахабаларымен бірге Ясрибқа қоныс аударып, Мәдина қаласы жас сенімнің даңқты орталығына айналғаннан бері жеті жыл артта қалады. Бұл жеті жыл уақиғаларға, жорықтар мен жеңістерге, өнеге-ғибратқа толы жылдар еді. Хайбар жорығына дейін һижра жыл санауымен 6-жылы Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларын ертіп, умра ниетімен Мекке бағытына жол алады. Бірақ ол кезде құрайыш мүшріктері мұсылмандарға умра жасауға мүмкіндік бермеген еді. Нәтижесінде, мүшріктер мен мұсылмандар арасында танымал «Худайбия» келісімі түзіледі. Келісімшарттарының бірінде мұсылмандар бұл жылы умра жасамай кері қайтып, келесі жылы келіп өтейді, ал құрайыштар оларға үш күн мұрсат беріп, умра жасауларына кедергі келтірмейді делінген-ді. Осы келісім бойынша бір жылдан соң һижраның 7-жылы зулқағда айында Пайғамбарымыз 150
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265