Бұл Құдай үйіне аталған сәби қыз Мәриям болатын. Ол туылған кезде анасы Аллаһқа: «Мен оны Мәриям деп атадым, Өзіңнен оны және оның ұрпағын қуылған шайтаннан (сақтауың үшін) пана сұратамын»1, – деп дұға етті. Көптеген риуаятқа қарағанда, шайтан Адамның (аләйһис- сәләм) бүкіл ұрпағын жек көретіндігінен кез келген нәресте туылғанда, оны қолымен нұқиды екен. Міне, осы үшін Мәриямның анасы дүниеге әкелген сәбиі мен келер ұрпағына алаңдап, шайтанның жәбірінен оларға пана сұрап, Раббысына дұға қылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде айтылғандай, Мәриям және оның ұлы Иса (аләйһис-сәләм) шайтанның нұқуынан аман болған. Аллаһ тағала Мәриямның анасының айтқан шағымдарын көркем даналықпен қабыл алып, ер бала мен қыз баланың арасын айырмай, Өз үйі Бәйтул-Мақдисте ер балалармен қатар қыз баланың қызмет етуін жүзеге асырды. Бұл қалай жүзеге асқан еді? Сол ғасырдың ғұламалары бас қосып, «Қыз бала Аллаһ үйінде қызмет ете ала ма?» деген мәселені талқылап, қыз баланың мешітте қызмет етуіне ешқандай кереғарлық таппай, Мәриямды Бәйтул-Мақдиске қабылдауға шешім қабылдады. «Оны Раббысы көркем түрде қабылдады және оны көркем түрде бойжеткізді (өсірді)»2. Бәйтул-Мақдисте қалыптасқан тәртіп бойынша нәзірге келген әрбір балаға белгілі бір ұстаз кепіл болып, оны өз тәрбиесіне алатын. Кішкентай Мәриям ғибадат үйіне қабылданғанда, оны өз кепіліне алуға ниет білдірген ұстаздар өте көп болады, тіпті оны бәрі де тәрбиелеуге құштарлық танытады. Олардың бұл сәбиге қызығушылығын арттырған нәрсе Мәриямның пайғамбарлармен қатар аталған текті отбасынан шыққандығы еді. Әкесі Имран, 1 «Әлі Имран» сүресі, 36-аят. 2 «Әлі Имран» сүресі, 37-аят. 51
анасы да тақуа, діншіл әйелдерден болатын. Ақыр соңында көп талас-тартыстан кейін бір келісімге келе алмаған олар: «Біз бұл ісімізге Аллаһты төреші қылайық», – деп бәрі бір-бір қаламнан алып, өзенге лақтырады. Аллаһ тағала Құранда: «(Мұхаммед!) Олар таласып, қайсысы Мәриямды кепілдігіне алу үшін қаламдарын (өзенге) лақтырған кезде сен қастарында болған жоқсың»1, – деген. Бұл ұстаздардың арасында Зәкәрия да бар еді. Барлық ұстаздардың қаламы өзен ағысымен кетеді де, жалғыз Зәкәрияның ғана қаламы ағысқа қарсы жүзеді. Сөйтіп, Зәкәрия Мәриямға кепіл болып, оны тәрбиесіне алады. Уақыт өте келе Мәриям дүниелік істерден баз кешіп, өзін Тәңірі ғибадатына бағыштап, Аллаһқа жан-тәнімен құлшылық етіп, елге ізгілігімен танылады. Діншіл, ғибадатшыл Мәриямның бойынан кереметтер бой көрсете бастайды. Бір күні Зәкәрия қыс мезгілінде Мәриямның бөлмесіне кіргенде оның дастарқанында тұрған жаздық жеміс-жидектерді көреді. Ол уақытта бүгінгідей жеміс-жидектерді сақтаудың алуан тәсілдері және сақтау құралдары болмаған. Тіпті Зәкәрия бұл кереметтің бір емес, бірнеше рет куәсі болады. «Зәкәрия оған (Мәриямға) михрабқа қашан кірсе де, оның алдынан бір ризық-несібе көретін». Ал бұл әдеттегі азық емес-ті. Зәкәрия Мәриямнан: «Бұл сенде қайдан пайда болды, ей, Мәриям?!» – деп сұрағанда, ол: «Бұл – Аллаһтан», – деп жауап береді. Аллаһ тағаланың сол әйелге көрсеткен құрметі сондай, тіпті оған періштелер Раббысының алдынан ризық әкелетін. Иә, «Аллаһ қалаған пендесіне есепсіз ризық береді»2; 1 «Әлі Имран» сүресі, 44-аят. 2 «Әлі Имран» сүресі, 37-аят. 52
«Кім Аллаһтан қорықса, (Аллаһ) оған шығар жол береді және оны өзі ойламаған жерден ризықтандырады»1. Мәриямды тәрбиелеп өсірген Зәкәрия оның бойындағы осыншалықты қасиеттерді көріп, көңілі ауып, өзі де бір бала сүйгісі келеді. Бұл кезде ұлы Яхия (аләйһис-сәләм) әлі туылмаған еді. Ол Аллаһтан Мәриямдай ізгі ұрпақ сұрап: «Раббым, маған алдыңнан бір ізгі ұрпақ бер. Сен – дұғаларды Естушісің», – деп дұға-тілек жасайды. Оның дұғасы Жомарт Аллаһ тағала тарабынан қабыл алынып, Зәкәрия ұлы Яхиямен сүйіншіленді. Ал Мәриямға келсек, ол Бәйтул-Мақдистің шығыс жағынан адамдардан оңаша бір орын алып, барған сайын Аллаһ тағаланың ғибадатында тереңдей береді. Осындай пәк құлшылық- ғибадатпен жүрген Мәриямның он бес жыл өмірі артта қалады. Осы он бес жасында оның өмірінде бір ұлы оқиға орын алады. Ол дүниеге пайғамбарлардың ұлы бестігінің ішіне кіретін Аллаһтың елшісі – Исаның дүниеге келуі еді. Бұл ұлы қиссаны Аллаһ тағала біздерге Қияметке дейін мәңгілік үлгі етіп қалдыру үшін Өзінің ұлы кітабы Құранда келтірді. Ол бұл қиссаға кітабында өз алдына бір сүре арнады. Ол – «Мәриям» сүресі. Бір күні Аллаһтың бұйрығымен Мәриямның алдына адам бейнесіндегі Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) келеді. Оның періште екенінен Мәриям бейхабар еді. Үстіне бейсауат кіріп келген ер адамнан сескеніп қалған Мәриям: – Егер тақуа болсаң, сенен Рахманнан (Аллаһтан) пана сұраймын, – дейді. Өйткені Мәриямның бөлмесіне ұстазы Зәкәрия мен оны-мұны қызметін атқаратын немере ағасы Юсуф Нажжардан басқа ешкім бас сұқпайтын. Сол кезде Жәбірейіл: – Мен – сенің Раббыңның елшісімін, саған бір пәк бала беру үшін келдім, – деп тіл қатады. Оның бұл айтқанына Мәриям таңғалып: 1 «Талақ» сүресі, 2-3 аяттар. 53
– Мен еркекке жақындаспасам не әлдебір бұзықтық істемесем, менде бала қайдан болсын?! – дегенде, Жәбірейіл: – Раббың осылай деді: «Ол Маған жеңіл және Біз оны адамдарға аят-ғибрат әрі Өзімізден бір мейірім етеміз» деген Аллаһ тағаланың сәлемін жеткізеді. Сөйтіп, Жәбірейіл Мәриямның омырауына дем үрлейді. Кеуде қуысынан кірген дем жатырға еніп, Мәриям бала көтереді. Кейбір риуаяттарда хабар етілуінше, Юсуф Нажжар Мәриямның бойынан жүктіліктің белгісін байқап: «Бұл қалай?!» – деп таңырқайды. Әрине, ол Мәриямның қандай тәрбиедегі қыз екенін және оның алдына өзі мен Зәкәриядан басқа ешкімнің кірмейтінін жақсы білетін. Күдігі көңіліне сыймаған Юсуф ақыры Мәриямға: – Мен бұл ойымды қаншама ішіме сақтап, тұншықтырғым келсе де, шыдай алмадым. Маған мынаны айтшы: егін тұқымсыз өсіп-өне ме? – дейді. Мәриям: – Иә, – дейді. Юсуф қайтадан: – Ағаш көшетсіз өсе ме? – Иә. Ол сонда да тықақтап: – Бала еркексіз пайда бола ма? – деп сұрақты төтесінен қояды. Мәриям: – Иә, сен білмеуші ме едің, Аллаһ тағала алғаш өсімдікті жаратқан кезде тұқымсыз жаратты емес пе? Ал ағашты алғаш жаратқан кезде көшетсіз өсірді емес пе? Сондай-ақ Ол Адамды топырақтан жаратқан жоқ па? Ол бір нәрсені жаратуды қаласа, оған тек «Бол!» деп әмір береді, – дейді. Сол кезде Юсуф Нажжар Мәриямның жүктілігі Аллаһтан келген нәрсе екенін түсінеді. Мәриям мен Юсуф Нажжардың арасында болған бұл әңгіменің сенімділігіне бізде нақты дәлел жоқ. Бірақ ой жүгірткен адамға мұнда ғибрат аларлық өнеге жеткілікті. Ай-күні жақындаған сайын Мәриям бойындағы баланы айналасындағы адамдарға қалай түсіндіруді білмей қатты сасады. 54
Әбден сарсаңға түскен ол баланы елсіз бір жерге барып босануға шешім қабылдайды. Адам көзінен аулақ жерге жеке шыққанда оның толғағы басталады. Толғақ азабы оны қурап қалған бір құрма ағашының түбіне алып келеді. Толғатып жатып оның ойы сан-саққа жүгіреді. Мәселе ар-ождан, намыс, абыройға тіреліп, «Адамдар бұған не айтады?..» деген сұрақтан өзге ойына ештеңе келмейді. Аллаһқа бойсұнып, Оған иман келтірген мүмін әйелде ар- намыс мәселесі бәрінен де биік тұрады. Ал қазіргі «бүкіл әлем әйелдеріне үлгі-сымақ болып отырған» Батыс әйелдері мен оларға еліктеушілерді бұл мәселе аса толғандыра қоймайды. Ал мұсылман әйел үшін (Абай айтқандай) жаны – арының садағасы. Бұл сезім бойында бар әйел Мәриям анамыздың толғатып жатып қандай күйде болғанын жақсы түсінбек. Тән азабы мен жан азабын қатар тартқан Мәриям: «Мен бұл болмай жатып өліп кеткенімде еді, атым өшіп ұмыт болғанымда ғой», – деген ойға барады. Осылай көп азаптанған Мәриям ана адамзат тарихындағы ұлы пайғамбарлардың бірі – Исаны дүниеге әкеледі. Елсіз далада жападан-жалғыз босанған Мәриям қатты әлсіреп қалған-ды. Сол кезде оған: «Қайғырма, Раббың астыңнан бір ағын су әкелді», – деген үн жетеді. Бұл үн нәресте Исадан ба, жоқ әлде періштеден бе, ол жағы Аллаһқа ғана аян. Мәриям ол судан ішіп әл жинағанда қайтадан: «Құрманың діңін сілкі. Саған жас піскен құрма түседі», – деген үн тағы естіледі. Назар аударыңыз! Мәриям түбіне отырған әлдеқашан қурап қалған құрма ағашы-тұғын. Оны қанша сілкісе де, құрма түспейтіні белгілі. Енді оны сілкудің қажеті қанша?! Әрине, жоқтан бар етуші Аллаһ тағала барлық нәрсеге Құдіретті, Ол ешқандай сілкудің қажетінсіз-ақ құрма түсіреді. Бірақ Ол 55
пенденің азғана болса да қарап отырмай, әрекет етуін талап етеді, тіпті ол әрекет мүлдем нәтиже бермесе де. Мақсатқа жету жолындағы пенденің әрекеті – оған жүктелген міндеттердің бірі және бұл – дініміздің ұстанымы. Сол үшін де Аллаһ тағала өзі жаңадан босанып, әлсіреп жатқан әйелге сол ағашты сілкуді бұйырды, бұл – осы ұлы әйелдердің тарихымен танысып жатқан біздерге мәңгілік үлгі. Сондай-ақ Аллаһ тағала Мәриямға мынадай нұсқау берді: «Одан же, іш, тоятта. Қорықпа, егер бір адам баласын көрсең, «Мен Рахман үшін ораза ұстауды нәзір еттім. Бүгін ешбір адаммен тілдеспеймін» де». Бұл аяттағы «Мен Рахман үшін ораза ұстауды нәзір еттім. Бүгін ешбір адаммен тілдеспеймін» дегенді қалай түсінеміз? Ол замандағы оразаның бүгінгі Исламдағы оразадан ерекшелігі сөз сөйлеуден де тыйылу еді. Бұл олардың шариғатына тән. Ал біздің шариғатымыз да сөзден тыйылатын оразаға тыйым салынған. Бұған дәлел: Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн астында тұрған кісіні көріп адамдардан: «Бұл кім?» – деп сұрайды. Адамдар оған: «Бұл – Әбу Исраил, ол отырмай, көлеңкелемей және сөйлемей ораза тұтуға ниет еткен», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға: «Оған айтыңдар: отырсын, көлеңкеге барсын, сөйлей берсін және оразасын аяғына жеткізсін»1, – деген. Демек, оразаның мұндай түрі біздің дінімізде ғибадат болып саналмайды. Тағы бір ойлануды қажет ететін жайт, бұл аятта Аллаһ тағала Мәриямға: «...«ешбір адаммен тілдеспеймін» де» деген сөзді айтуды бұйырды. Енді ауыз бекітіп, ешкіммен тілдеспеуге ниет еткен адам қалай айтады?! Бұл жерде Аллаһ тағала адам баласының ойына түрткі салып тұр. Ойды жеткізудің жалғыз құралы тіл емес, оны ыммен, ишарамен де жеткізуге болады. 1 Әл-Бұхари, Әймән уән-нузур: 31. 56
Бір-бірінің артын ала келген уахилардан кейін Мәриямның көңілі тынышталып, ерік-жігерін жинақтап, нәрестесін алып Бәйтул-Мақдиске келеді. Оны көрген бетте адамдар өзара: «Мәриям?.. Баламен бе?..» деп сыпсыңдаса бастайды. Оларға осыншалықты діндарлығымен танылған Мәриямның жасырын босанып келуі тосын жағдай еді. Адамдар оның айналасына жиналып қалады да: – «Ей, Мәриям! Сен бір аса ауыр (күнәлі) нәрсемен келіп тұрсың ғой?! Ей, Һарунның қарындасы! Сенің әкең жаман кісі емес еді, шешең де арсыз емес-ті», – деседі. Бұл жерде «Һарунның қарындасы» деулерінде Һарун пайғамбар (аләйһис-сәләм) мақсат тұтылып отырған жоқ. Бір риуаяттар Һарун Мәриямның ағасы десе, бір деректерде адамдар Мәриямды Һарун пайғамбарға қатты ұқсатып, оны «Һарунның қарындасы» деп атаған делінеді, ақиқаты Аллаһқа аян. Сөйтіп, он бес-он алты жас аралығындағы жас қыз елінің алдында осындай ауыр жағдайда тұрды. Аллаһ тағаланың оған тіл қатпауын бұйыруының төркінінде аса Дана Аллаһтың тағы бір даналығы бар еді. Өйткені жел сөзге беріліп, өсекті өршітуге дайын тұрған адамдарға сөзбен ештеңе түсіндіру мүмкін емес, ең дұрысы – үндемеу. Мәриям оларға ешқандай жауап қатпай, қолындағы сәбиді меңзейді. Адамдар: «Біз құндақтағы кішкентай нәрестемен қалай сөйлесеміз?» – дейді, сол тұста нәресте тілге келіп: «Расында, мен – Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітап берді және мені пайғамбар етті. Ол мені қайда болсам да құтты қылып, тірі жүргенімде намаз бен зекетті өсиет етті. (Сондай-ақ мені) анама мейірімді етіп, зорлықшыл, бақытсыз қылмады. Маған туылған күнімде, өлер күнімде және қайта тірілер күнімде (Аллаһтан) амандық болсын», – дейді. Міне, жаратушы Аллаһтың мұғжизасы! Жөргектегі нәресте ақида, иман, ғибадат, әдеп мәселелерінде теңдессіз сөздер айтқан. 57
Ол адамзат бейбітшілігі үшін жіберілген-ді. Аллаһтың қай пайғамбары болсын оның жіберілуіндегі мақсат – бейбітшілік. Бұл нәресте Мәриямұлы Иса болатын. Адамзат тарихындағы ең ұлы пайғамбарлардың бірі «Мәриямұлы Иса» деп анасының атына телінді. Бірақ адамдар бұл жайында әртүрлі көзқарасқа бөлінді: біреулер оны «Аллаһтың ұлы» десе, біреулер «Аллаһтың Өзі», ал енді біреулер «қасиетті үштіктің бірі» деп шатасты. Көпшілік алдында нәресте осы сөздерді айтқаннан кейін бұған біреулер сенеді, ал біреулер сенбей: «Бұл – сиқыр шығар» деп күмән келтіріп: «Жөргектегі бала бізге қалай пайғамбар болады?» – деп шуласады. Дау-дамай ушығып бара жатқан соң, баласына әлдебір қатер келе ме деп қауіптенген Мәриям Исаны алып Бәйтул-Мақдисті тастап шығып кетеді. Оның Бәйтул-Мақдистен шығып қайда бет алғаны туралы риуаяттар да әртүрлі. Бір риуаяттарда Бәйтул-Лахмға кетті десе, бір риуаяттарда Мысырға кеткені туралы айтылады. Ойын баласы кезінде-ақ Исаның бойында мұғжизалар бой көрсетіп жатты. Ол жанындағы балаларға үйлерінде не бар, не жоқ, түрлі тәттілерді шешелерінің қайда тыққанын, бүгін тамаққа не жейтіндерін айтып беретін. Есейе келе Аллаһ тағала ол арқылы ұлы мұғжизаларын көрсете бастады. Ол мұғжизалардың бірі – өлгенді тірілту. Бұл жайлы риуаяттар көп. Бірде бір бала қастандықтың құрбаны болып, оның өліміне Иса айыпталғанда, ол адамдарға: «Маған оның үйіндегілерді және өлген баланы алып келіңдер», – дейді. Адамдар таңғала жүріп оның айтқанын орындайды. Бәрі әзір болғаннан кейін Иса өлген баланы қолымен нұсқайды. Сол кезде бала орнынан тұрып: «Мені өлтірген мынау», – деп өзін өлтірген кісіні көрсетіп, қайта өлі қалпына түседі. Дегенмен бұл риуаяттың растығына толық сенімділік жоқ, бірақ Исаның Аллаһтың құдіретімен өлілерді тірілтетін болғандығы күмәнсіз. Ол балшықтан құстың мүсінін жасап дем үрлесе, оған жан бітіп ұшып кететін болған. 58
Аллаһтың орасан ғажайып мұғжизаларын арқалаған, әлемдер Раббысының ұлы міндеті жүктелген Исаны адамзат тарихындағы ең абзал әйелдердің бірі Мәриям жалғыз өзі тәрбиелеп өсірді. Ол әрдайым сүйікті ұлының қасынан табылып, оған сүйеніш, демеу болды. Иса көкке көтерілгенде, анасы Мәриям тірі еді. Ол яһудилердің «Исаны өлтірдік» дегендеріне нанған жоқ және осы сенімде өмірінің соңына дейін өзінің Ұлы Раббысына құлшылық етумен өткен. Аллаһ тағала Мәриям анамызға сәлем жолдап, оны Қияметке дейін әлем әйелдеріне үлгі-өнеге етсін! 59
II. БӨЛІМ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ (С.А.С.) ЖҰБАЙЛАРЫ Мүміндердің анасы – Хадиша Хуайлидқызы Мүміндердің анасы – Сәудә Зумғақызы Мүміндердің анасы – Айша Әбу Бәкірқызы Мүміндердің анасы – Хафса Омарқызы Мүміндердің анасы – Зәйнәб Хузәймақызы Мүміндердің анасы – Һинд Әбу Умәйяқызы Мүміндердің анасы – Жуәйрия Харисқызы Мүміндердің анасы – Сафия Хаййайқызы Мүміндердің анасы – Зәйнәб Жахшқызы Мүміндердің анасы – Рамлә Әбу Суфйянқызы Мүміндердің анасы – Мәймуна Харисқызы 60
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ЖҰБАЙЛАРЫ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «мүміндердің анасы» дәрежесіне ие он бір жұбайы болғаны Ислам әлеміне мәлім. Ал Мұхаммед пайғамбардан (с.а.с.) басқа мұсылмандарға төрт әйелден артық алуға шариғатта тыйым салынған. Пайғамбардың (с.а.с.) көп әйелге үйленуі, дін дұшпандары айтқандай, оның әйелқұмарлығынан емес. Өйткені оның (с.а.с.) Айша анамыздан басқа әйелдерінің барлығы бұрын тұрмыс құрған жесір және кейбіреулері егделеу болған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларды өз қамқорлығына алу және басқа да адамгершілік мақсаттарды жүзеге асыру үшін үйленген. Әрине, бұл біз үшін жақсы, өйткені бұл аналардың әрқайсысының өмір жолында бүкіл мұсылман қауымы өз жанынан да артық көрген, көркем өнегесіне мұқтаж болған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жарқын бейнесі сақталған. Олардың әрқайсысының өмір жолы – бізге сабақ, үлгі-өнеге. Олар туралы жақсы ойда болу және олар жайында жақсы сөздер айту Ислам ақидасының бір тармағы ретінде қарастырылады. «Тахауия ақидасын» жазған Әбу Жағфар әт- Тахауи аталмыш еңбегінде: «Кім Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары және оның әрбір ластықтан пәк әйелдері мен әрбір жамандықтан таза ұрпақтары турасында жақсы сөйлесе, ол (сөйлеуші адам) мұнафықтықтан (екіжүзділіктен) арылады», – деген. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен сендерге екі құнды нәрсе қалдырамын. Біріншісі – Аллаһтың кітабы, онда тура жол мен нұр бар, ендеше, Аллаһтың кітабын ұстаныңдар да, одан айырылмаңдар. – Ол (с.а.с.) Аллаһтың кітабына ілесуге (адамдарды) үгіттеуге кіріскен. – (Екінші) – менің отбасым. – Пайғамбарымыз (с.а.с.) осылай деп үш рет қайталаған. 61
– Мен тағы да менің отбасыма қатысты (нәрседе) Аллаһтан (қорқуларыңды) ескертемін»1, – деген. Олардың өмір жолын оқып-үйрену – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) отбасындағы өнегелерімен танысуда өте құнды. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендердің ең жақсыларың – отбасына (әйеліне) жақсыларың. Мен – сендердің араларыңдағы өз отбасына ең жақсы (адаммын)»2; «Мүміндердің ішіндегі ең иманы толық, мінез-құлқы жақсысы – өз отбасына (әйеліне) жұмсағы»3, – деп айтқан. Әсуәд ибн Язид бірде Айша анамыздан: – Пайғамбар (с.а.с.) үйде не істейтін еді? – деп сұрайды. Айша анамыз: – Үй тірлігін істейтін. Ал азан айтылса, намазға шығатын, – деп жауап беріпті4. Міне, осы пайғамбарлық үлгі мүміндердің аналарының өмір жолында көрініс тапқан. Асыл аналарымыз мұсылмандардың шариғат үкімдеріне жауап алуы және бұралаңы мен қиыс жолдары көп дүние тіршілігінде адаспаулары үшін басшылыққа алатын екі ұлы қайнар көздің бірі – сүннетті жеткізуде үлкен рөл атқарған. Олар туралы ғайбат сөз айту – пасықтық, ал олармен некелесу мұсылмандарға харам етілді. Өйткені, олар – біздің аналарымыз. «Пайғамбар мүміндерге өз жандарынан да артық, ал оның әйелдері – (мүміндердің) аналары»5. 1 Муслим, Фадаил әс-сахаба: 36, 37; Әбу Дәуд, Фадаил әл-Қуран: 1; Ахмад, Муснад: 3/14. 2 Ибн Мәжәһ, Никах: 50. 3 Әт-Тирмизи, Иман: 6. 4 Әл-Бұхари, Азан: 44. 5 «Ахзаб» сүресі, 6-аят. 62
«Сендерге Аллаһтың елшісіне азар беруге және өзінен кейін оның әйелдеріне үйленуге болмайды. Егер (олай істесеңдер), ол – Аллаһтың алдында зор (күнә)»1. Оларға Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы болу міндеті жүктелген. Олар Аллаһ тағала тарабынан бір-бірімен жалғасқан нұсқау- бұйрықтар алған. «Ей, Пайғамбар әйелдері! Сендерден кім ашық арсыздық істесе, оның азабы екі еселенеді. Бұл Аллаһқа оңай. Сендерден кім Аллаһқа, Оның елшісіне бойсұнып, ізгі амал жасаса, оған сауап екі рет беріледі. Әрі біз оған мол ризық дайындап қойдық. Ей, Пайғамбар әйелдері! Сендер басқа әйелдердің біреуіндей емессіңдер (яғни өзге әйелдермен бірдей емессіңдер). Егер тақуалық қылсаңдар, (бөгде еркектерге) назданып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар адам сендерден дәмеленеді. Ендеше, тура сөз сөйлеңдер. Өз үйлеріңде отырып, алғашқы жәһилият дәуіріндегідей ашық- шашық жүрмеңдер. Намаз оқыңдар, зекет беріңдер, Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұныңдар. Ей, пайғамбар үй-іші! Аллаһ сендерден ластықты (яғни күнәларды) кетіріп, сендерді тазартуды қалайды. Сондай-ақ үйлеріңде оқылған Аллаһтың аяттары мен хикметті еске алыңдар. Расында, Аллаһ (құлдарына) Жұмсақ, (олардың жағдайларынан) толық Хабардар»2. Біздің пәкиза аналарымыз осы берекелі жүкті абыроймен арқалап өткен. Сөйтіп, Пайғамбар (с.а.с.) жұбайларының тұлғалары Құранда мәңгі сақталған. Онымен бірге тіләуат етілетін ғибадатқа да айналған. Олар Пайғамбарымызды (с.а.с.) ешқашан дүние тіршілігі мен оның сән-салтанатына алмастырған жоқ. Аллаһ тағаладан: 1 «Ахзаб» сүресі, 53-аят. 2 «Ахзаб» сүресі, 30-34 аяттар. 63
«Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңе айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның сән-салтанатын қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге біраз дүние берейін де, көркем түрде қоя берейін. Ал егер Аллаһты, Оның елшісін және Ақырет мекенін қалайтын болсаңдар, расында, Аллаһ сендердің араларыңдағы жақсылық істеушілерге үлкен сауап әзірлеген»1, – деген аят түскенде, бәрі де бірауыздан «Біз Аллаһты, Оның елшісін және Ақырет мекенін қалаймыз» деп жауап берген. Аллаһ оларға разы болсын! 1 «Ахзаб» сүресі, 28-29 аяттар. 64
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ХАДИША ХУАЙЛИДҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) «Адамдар маған қарсы келгенде (күпірлік танытқанда), (Хадиша) маған иман келтірді, адамдар мені жалғаншыға шығарғанда, ол мені растады, адамдар мені (мал-дүниеден) айырғанда, ол мені өз дәулетімен жұбатты және одан Аллаһ маған әйелдердің басқасынан нәсіп етпеген бала берді». Хадиша, Хуайлид ибн Әсәдқызы. Ол құрайыш тайпасы әйелдерінің ең сыйлы да абыройлысы және құрметтісі болатын. Оның анасы ақылды, парасатты Фатима ханым беделді де, сыйлы ел көсемінің отбасында дүниеге келіп, даңқ пен құрмет салтанат құрған үйде тәрбиеленген. Хадишаның шежіресі әкесі жағынан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) арғы атасы Қусайға, ал шешесі тарабынан Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аталарынан болып келетін Луәйға барып тіреледі. Хадиша шамамен һижра жыл санауынан 68 жыл бұрын, мәшһүр «Піл жылынан» 15 жыл бұрын туылған. Ол етек-жеңін жауып бойжеткеннен соң, мәдениеттілігі мен жібектей сыпайы мінез-құлқы, салмақтылығы мен бірсөзділігі, байсалдылығы мен зеректігінің арқасында елге танылып, «Таһира» (пәк, таза) деген атқа ие, ақылды да парасатты әйел атанған. Күйеу болу дәмесімен оған барлық ер кісілердің назары түсетін. Хадиша Әбу Хәлә ибн Зурара әт-Тәмимимен тұрмыс құрып, Әбу Хәләдан бір ұл және бір қыз көреді. Оның қазасынан кейін екінші рет Атиқ ибн Абид әл-Махзумиға күйеуге шығады. Бірақ көп кешікпей олар араларында бір қыз қалып, айырылысып кетеді. Құрайыш тайпасының ішінде оған күйеулікке үміткерлер көп болады, бірақ ол өзін бүтіндей балаларына және сауда істеріне бағыштайды. Ол өте дәулетті әйел еді. Оның жүргізген керуені бүкіл құрайыштардың шығарған сауда керуеніне тең келетін. Мал-дүние тауып, балаларын қамқорлығына бөлеген, 65
оның өмірінде тыныш тіршілік белестері басталады. Бірақ көп ұзамай, бір күні ол тыныш тіршілігіне нүкте қойған түс көреді. Бұл түс Хадишаны беймаза күйге түсіріп, бойында үміт шоғын үрлейді. Ол түстің орындалуын тағатсыздана күтеді. Ол түсінде Мекке көгінен шыққан Күн шұғылалы сәулесімен жер-жаһанға нұр шашып тұрғанын көрген-ді. Ояна сала толғанысы мен жүрек дірілін басып, аздап өз-өзіне келген соң, немере ағасы Уарақа ибн Нәуфәлдың үйіне барады. Бұл кісі ақиқат жолын іздеушілерден болатын. Оның көзқарасы дұрыс әрі таза еді. Ол өзін сол кездегі құрайыштардың сиынып, табынатын пұт-мүсін тәріздес жалған құдайларынан аулақ ұстайтын. Ол Мәриямұлы Исаның дінін қабылдап, бірқұдайшылдықты ұстанатын. Хадиша оған өзінің түсін айтқанда, Уарақа: «Сен көрген Күн мен оның сәулесінің шұғыласы, бұл – ең соңғы пайғамбардың дүниеге келуінің және оның сенің үйіңе кіретіндігінің белгісі, демек, сен оған тұрмысқа шығасың, ей, қарындасым!» – дейді. Бұл сөздерді естігенде, Хадишаның тұла бойын тебірену мен толқыныс билеп алады. Абыржулы күйде ештеңе сезбей өз-өзіне: «Мен кезінде өзімді балаларымның тәрбиесі мен кәсібіме бағыштап, құрайыш тайпасының небір беделді де құрметті ерлерінің бетін қайтарған едім. Егер мені осы үмбеттің пайғамбарымен отау құру күтіп тұрған болса, бұл басқа мәселе! Бұл жоғарыдан жіберілген Тәңірімнің рақымы және мұның артында игілік бар», – дейді. Осыны айтып, ол желбегейін жамылмастан жүгіріп қасиетті Қағбаға келіп, тауап ете жүріп, Аллаһтан әдеттегіше саудасының берекесін емес, осы түстің орындалуын сұрады. Осыдан бастап оның көңілі алабұртып жай таппай, әлдебір нәрсені іздеп, бір жайтты күткендей аласұрады. Күндер өте келе құрайыштардың арасындағы әңгімелерден қой бағуды кәсіп еткен, әрі көкесі Әбу Талибқа көпжанды отбасын асырауға қолғабыс жасайтын Мұхаммед деген жас жігіт 66
жайлы жиі естиді. Адамдар оның ерекше аманатшылдығы мен шыншылдығына тамсанатын, оның есімін атағанда, «сенімді» деген мағынаны білдіретін «Әмин» деген жанама атты қоспай атамайтын. «Әмин келді», «Әмин өтті», «Әмин ананы істеді», «Әмин мынаны істеді»... десетін. Ол жөнінде естігендері Хадишаны іштей шаттыққа бөлейтін. Мұхаммедтің шыншылдығы, аманатшылдығы, қарапайымдылығы, сенімділігі, қайырымдылығы, ақылдылығы, парасаттылығы мен жаман істерден қашықтығы оны төңірегіндегілер бой ұрған былықтардан алыс ұстады. Ол арақ ішпейтін, құмар ойнамайтын және дүниелік арзымастарға сатылмайтын. Хадиша осының барлығын естіп-біліп, сырттай оны қатты ұнатады. Оған «келуі күтіліп жүрген пайғамбар осы Мұхаммед болуы мүмкін» деген де ой келді. Бірде сауда істері үшін және керуеніне басшылық жасайтын сенімді де адал ер-азамат іздеген Хадиша Мұхаммедті өз көзімен көргісі келіп, оған адам жібереді. Хадиша Мұхаммедті, шын мәнінде де, тамаша тыңдай білетін, көп сөзге жоқ адам ретінде таниды. Оның айтқан сөздері көркем де салиқалы шығатын. Ол үнсіздік сақтағанда – салмақты да әспетті күйге түсетін, ал сөйлегенде – сұлулық пен баурап алар тартымдылыққа ие болатын. Ал күлгенде – оның аппақ маржан тістері жалтырап күнге шағылысатын. Ол екеуі оңай келісіп, болашақ елші Мұхаммед Хадишаның сауда істерімен Шамға аттанады. Бұл сапар барысында керуен істеріне жауапкер ретінде Майсара деген адам тағайындалады. Жол бойы Мұхаммед пен Майсара бір-біріне қолғабыс тигізіп жүреді. Керуен Меккеден Шамға дейін ұзақ та шөлді сахараны басып өтеді. Майсара мен оның жанындағы адамдар бүкіл жол бойы Мұхаммедке қатысты бой көрсеткен таңғажайып нәрселердің куәсі болады. Олар бұл жайттарға қалай түсінік беруді де білмейді. Мәселен, күн қатты ысып, күшіне мінген кезде Мұхаммедтің төбесінде екі бұлттың сая боп жүргенін олар 67
түсіне алмайды. Сонымен қатар олар аздап әлденіп алу үшін Бусра сауда орталығына тоқтағанда, Мұхаммед бір ағаштың көлеңкесіне барып отырады. Сол сәтте Настура есімді монах келіп, оған мұқият зер салып, Майсарадан ол жайлы сұрастыра бастайды. Майсара оған Мұхаммедтің құрайыш тайпасынан, қасиетті Мекке шаһарынан екенін айтады. Сонда монах: «Бұл ағаштың саясына пайғамбарлардан басқа ешкім отырмаған еді», – деп, сәл кідіріп: «Оның көзінде қызыл теңбіл дақ бар ма?» – деп сұрады. Оған Майсара: «Иә», – деп жауап берді. Әкелген тауарларын сатып, мол пайда түсірген керуен Меккеге сәтті оралады. Мұхаммед Хадишаның сауда-саттық істерін жүргізуде өзгеше бір тәсіл қолданды. Әдетте көп саудагер Меккеден тауар алып шығып, оны Йеменге, Шамға апарып сататын немесе Шамнан, Йеменнен зәру заттар алып келіп, бұл тауарларды Меккеде пұлдайтын. Мұхаммед болса Меккеден тауар артып шығып, оны Шамға апарып сатады да, сол жерде біраз аялдап, меккеліктерге қажет заттарды алып, бұларды Мекке базарына әкеліп өткізді. Нәтижесінде, керуен есепсіз пайдаға кенеледі. Мұхаммедтің сауда-саттық ісіндегі құтты қадамы мен кісі малына деген аманатшылдығы Хадишаның көңілінен шығып, болашақ пайғамбардың қадір-қасиеті оның алдында ұлғая түседі. Сондай- ақ үстеме қызметкері Майсарадан естіген әңгімелері оның (жүрексінсе де) бұл жас жігіттің өмірлік серігіне айналуына түбегейлі шешім қабылдауына түрткі болады. Бірде Хадишаны жақын құрбысы Нафиса Мунияқызы зиярат етіп келеді. Ұзақ әңгімеден кейін Хадиша ешкімге тіс жармауына уәде алып, оған ішкі құпиясын ашады. Оны тыңдап болған Нафиса: «Құрайыш әйелдерінің арасында сұлулығы мен байлығы және мәртебесімен саған тең келер ешкім жоқ. Әрбір ер кісі саған үйленуді армандайды», – дейді. Осыны айтады да, ол Мұхаммедке барып: 68
– Саған үйленуге не кедергі жасайды? – деп сұрайды. Ол: – Оған менің жағдайым келмейді, – деді. Нафиса оған күлімсіреп: – Егер біреу сені ақылымен, сұлулығымен, байлығымен және құрметімен шақырса, жауап берер ме едің? – дейді. Мұхаммед: – Ол кім еді? – деп сұрайды. Ол: – Хадиша Хуайлидқызы, – дейді. Мұхаммед: – Егер ол келіссе, мен қарсы болмас едім, – деп тіл қатады. Нафиса бұл жаңалықты Хадишаға қуана хабарлайды. Тойға дайындық басталып, қой, түйелер сойылып, кедейлерге ет үлестіріледі. Бұл кезде Мұхаммедтің жасы жиырма бесте, ал Хадиша қырық жаста болатын. Араларындағы жас алшақтығына қарамастан, Мұхаммед пен Хадиша жиырма бес жыл бақытты ғұмыр кешеді. Мұхаммед оны құрметтеп «Хадиша Кубра» (Үлкен Хадиша) деп атайтын. Екеуі Қасым, Абдуллаһ атты екі ұл мен Зәйнәб, Руқайя, Умму Кулсум және Фатима есімді төрт қыз сүйеді. Болашақ елші пұтқа табынушылардан бойын аулақ ұстап, жаратылыс пен Жаратушы жайында ойға шомып, пікір жүгіртетін. Бұл жайлы Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былайша әңгімелейді: «Содан кейін оған оңашалық ұнамды боп қалды. Отбасын сағынғанға дейін жалғыз өзі Хира үңгірінде үздіксіз бірнеше түн (Аллаһқа) құлшылық-ғибадат жасайтын. Сол үшін өзімен бірге азық алып кететін. Сосын Хадишаға қайта соғып, тағы да сол үшін азық-ауқат қамдап алатын. Хира үңгірінде оған ақиқат келгенге дейін (осылай жалғасты). Оған періште келіп: «Оқы!» – дейді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Мен оқи білмеймін!» – деп жауап береді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сол кезде ол мені ұстап, бұлқынғанымша тынысымды қысты. Сосын мені босатып: «Оқы!» – деді. Мен: «Оқи білмеймін!» – дедім. Ол мені екінші рет ұстап, тағы да бұлқынғанымша тынысымды қысты. Сосын босатып: «Оқы!» – деді. Мен: 69
«Оқи білмеймін!» – дедім. Ол үшінші мәрте ұстап, бұлқынғанымша тынысымды қысты. Сосын қоя берді де: «Жаратқан Раббыңның есімімен (бастап) оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса Жомарт»1 – деді», – деп айтты». Айша анамыз сөзін жалғап: «Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) жүрегі дірілдеп Хадиша Хуайлидқызының алдына кіре сала: «Мені орап тастаңдар, мені орап тастаңдар!» – дейді. Олар оны қорқынышы басылғанша орап қояды. Сонан соң Хадишаға: «Мен өзіме қатысты қорқып қалдым», – деп болған уақиғадан хабардар етеді. Сонда Хадиша: «Жоқ, олай емес. Аллаһпен ант етемін! Аллаһ сені ешқашан қор қылмайды, өйткені сен туыстармен жақсы қарым-қатынастасың, қорғансызды сүйейсің, жоқ-жітікке қарайласасың, қонақты сыйлайсың және өзгелердің құқығының сақталуына жәрдем етесің», – деп (жауап береді). Бұдан соң Хадиша оны өзінің немере ағасы Уарақа ибн Нәуфәл ибн Әсәд ибн Абдулғұззаға ертіп барады. Ол жәһилият дәуірінде христиан дінін қабылдаған кісі еді. Көне еврей тілінде жаза алатын, Аллаһ қалағанша Інжілден көне еврей тіліне жазатын. Қартайған, көз жанарынан айырылған шал еді. Хадиша оған: «Уа, көкемнің ұлы! Туысыңның баласын тыңда», – дейді. Уарақа: «Уа, туысымның ұлы! Не көрдің?» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) көргенін айтып береді. Сонда Уарақа: «Бұл – Аллаһ Мұсаға (аләйһис-сәләм) жіберген періште Намус. Шіркін, жас болғанымда ғой! Қауымың сені (елден) қуып шығарар кезде тірі жүрсем!» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Олар мені қуып шығара ма?» – деп сұрайды. (Уарақа): «Иә, қашанда сен әкелген секілді нәрсемен келген кісіге дұшпандық жасалған. Егер сол күнге дейін 1 «Ғалақ» сүресі 1-5 аяттар. 70
тірі болсам, саған зор жәрдем беремін», – депті. Бірақ уахи кешікті де, көп уақыт өтпей Уарақа дүние салды»1. Уарақамен болған сұхбаттан Мұхаммед (с.а.с.) дағуат жолындағы қиындық Аллаһтың пайғамбарлары мен елшілеріне орнатқан заңдылығы екенін түсінді. Хадиша Аллаһқа және Оның пайғамбарына (с.а.с.) иман келтіріп, Исламды таудай сенім, шынайы махаббатпен қабылдағандардың ең алғашқысы болды. Сонымен қатар оның бүкіл отбасы: ұлы – Һинд ибн Әбу Хәлә, қайнысы – Әли ибн Әбу Талиб, азат етілген құлы – Зәйд ибн Хариса және Зәйдтың әйелі, Усаманың анасы – Умму Аймандар (Аллаһ оларға разы болсын) Исламға кірді. Ол күйеуіне кәпірлер тартқызған тауқымет азабын иық тіресе көтерісті, ауыртпалығын жеңілдете жүріп, бар күш-жігерін сарқа қолдады. Исламға шақыру дағуаты қанат жайып, мұсылмандардың саны артқан сайын кәпірлер тарабынан зорлық-зомбылықтар да үдей түсті. Хадиша елшіні талмай қорғап, ылғи да оны сабырлылыққа шақырып, дем беріп отырды. Олар өздері уағыздап шақырып жүрген ақиқаттың сөзсіз жеңетініне сенетін. Екеуі балиғат жасына жетпеген ұлдары Қасым мен Абдуллаһтан айырылды. Бұл орны толмас қасірет болса да, өздерін сабырлы ұстап, қайғының меңдеуіне орын бермеді. Хадиша бұл ықыласы үшін көзі тірісінде-ақ жаннатпен сүйіншіленген болатын. Жәбірейіл Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, одан Хадишаға сәлем беруін сұрап: «Шындығында, Аллаһ оны (Хадишаны) жаннаттағы ың- шыңы жоқ, бейнетсіз, жақұтпен безендірілген інжу сараймен сүйіншілейді»2, – деген. 1 Әл-Бұхари, Бәд-ул-уахи: 3. 2 Әл-Бұхари, Таухид: 35; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 71, 72. 71
Хадиша Ясирдің әйелі, Аммардың анасы – Сумәйяның (Аллаһ оларға разы болсын) азапты өлімге діні үшін басын тіккенін көзімен көрді. Бұл дін жолындағы алғашқы шәһидтік еді. Ол түбінде Аллаһтан келер жеңіске үміт етіп, мүшріктер келтірген зорлықтың зардабынан қорықпады. Кәпірлердің азабы күннен- күнге күшейе түсті. Кәпірлер Қағбаға олармен сауда-саттық, алыс-беріс жасамау турасында үнқағаз іліп қойды. Басқаша айтқанда, оларға экономикалық қоршау, қысым, шектеу жариялады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен оған ергендер мүшріктердің зұлымдығынан бас сауғалап сахараға келіп күн кешті. Мұқтаждық пен аштық, әділетсіздік, өмірдің ащы тұздығы оларды қатты абыржытты. Хадиша Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасынан әрдайым табылып, Исламның қанат жаюы мен әділдіктің жеңуі үшін қолынан келгенін аямады. Осы қиыншылық үш жылға созылды. Осы үш жыл ішінде мұсылмандар жантүршігерлік азап пен зұлымдықты басынан өткерді. Аштық оларды ағаштардың қабығы, аңдардың терісі сияқты заттармен азықтануға мәжбүрледі. Хадишаға ағасының ұлы Хаким ибн Хузам азық-түлік алып баратын. Мұны біліп қойған құрайыштар бұған да тыйым салған соң, Хаким оған ас-ауқатты ұрланып жасырын әкелетін. Хадиша бұл азықтың барлығын мұсылмандарға үлестіріп беретін. Осы күндердің ішінде Аллаһ елшісінің (с.а.с.) көкесі, демеушісі Әбу Талиб сексен жастан асып барып дүние салды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әбу Талиб дүниеден өткенше құрайыштардың маған қолы жеткен емес»1, – деп айтқан. Үш күн өткен соң һижра жыл санауынан үш жыл бұрын алпыс бес жасында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жан жары Хадиша дүниеден өтті. 1 Ибн әл-Әсир, әл-Кәмил: 91. 72
Бұл пайғамбарлықтың 10-жылы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) елу жасында болған оқиға еді. Пайғамбармен (с.а.с.) елшіліктен бұрын он бес жыл, одан кейін он жыл, барлығын қосқанда жиырма бес жыл – ширек ғасыр бірге өмір сүрді. Сүйікті асыл жарының орны толмас қазасы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жанына қатты батады. Әбу Талиб пен Хадиша дүние салған бұл жыл тарихта «Амул-хузн» (қайғы жылы, қаралы жыл) деген атпен қалған. Міне, осылайша Хадиша өзінің артынан дін жолындағы қасиетті, даңқты күрес пен Исламды дағуат етудің мәңгілік үлгісін қалдыра отырып, Жаратушысының алдына аттанды. Ол Аллаһ елшісімен (с.а.с.) жиырма бес жыл отандасып, ақылды да салиқалы жар атанған-ды және Аллаһ тағала мен Оның елшісінің (с.а.с.) ашуына тиетін дәнеңе істеген емес. Осы бейнетінің жемісі оған жаннат болды. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаннаттың ең жақсы әйелдері: Мәриям Имранқызы мен Хадиша Хуайлидқызы»1, – десе, тағы бір хадисінде: «Осы дүниеде де, ақыретте де сый-құрметке ие болған төрт әйел бар. Олар: Имранның қызы Мәриям, перғауынның әйелі Әсия, Хуайлидтың қызы Хадиша және Мұхаммедтің қызы Фатима»2, – деген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) өмірінің соңына дейін оны еске алумен өткен. Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін бірнеше жылдан соң әйелдерінің бірінің үйінде отырып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сыртта Хадишаның сіңлісі Халәның дауысын естіп, оны Хадишаның дауысына ұқсатып: «Тәңірім-ау, Халә!» – деп орнынан тыпыршып кеткені жайлы хабар етіледі3. Айша (Аллаһ оған разы болсын): 1 Әл-Бұхари, Манақиб әл-ансар: 20; Муслим: Фадаил әс-сахаба: 69. 2 Әл-Хаким, Мустадрак: 3/185. 3 Әл-Бұхари, Манақиб әл-ансар: 20. 73
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны (Хадишаны) есіне жиі алатын, егер қой сойса: «Хадишаның дос әйелдеріне үлестіріңдер. Маған оның сүйіспеншілігі берілген», – дейтін»1. «Пайғамбарды (с.а.с.) Хадишадан қызғанғанымдай басқа әйелдерінен қызғанған емеспін. Оны әсте көрмегенмін де. Кейде мен Пайғамбарға (с.а.с.): – Тура дүниеде Хадишадан басқа әйел болмағандай, – деп айтып қалатын едім. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): – Ол – ол еді ғой... Ол – ол еді ғой... одан мен перзент сүйдім2, – дейтін. Оны әр күні еске алғанына мен бірде қызғаныш білдіріп: – Неге сонша сол қызыл иек (кемпірді) айта бересің? Аллаһ тағала оны саған одан жақсы біреумен3 алмастырған жоқ па? – дедім. Ол (с.а.с.) ашуланып: «Аллаһтың атымен ант етемін! Аллаһ маған одан жақсыны бермеді. Адамдар маған қарсы келгенде (күпірлік танытқанда), (Хадиша) маған иман келтірді, адамдар мені жалғаншыға шығарғанда, ол мені растады, адамдар мені (мал- дүниеден) айырғанда, ол мені өз дәулетімен жұбатты және одан Аллаһ маған әйелдердің басқасынан нәсіп етпеген бала берді», – деп жауап қайтарды»4, – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінің соңында күңі Мәрия Қыбтиядан көрген Ибраһим деген ұлынан басқа өзге әйелдерінен перзент сүйген емес. Хадишаның денесі Мекке маңындағы Хажун деген жерде жерленген. 1 Муслим, Фадаил әс-сахаба: 75, Ахмад, Муснад: 6/58, 202 және басқалар. 2 Әл-Бұхари, Манақиб әл-ансар: 20. 3 Айша анамыз өзін меңзеп отыр. 4 Ахмад, Муснад: 6/117, 118. 74
Мүміндердің анасы – Хадиша Хуайлидқызына Аллаһ разы болсын! 75
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – СӘУДӘ ЗУМҒАҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) «Мен үшін Сәудә Зумғақызынан сүйікті әйел жоқ және өзім оған қатты ұқсағым келеді». Сәудә Зумға ибн Қайсқызы құрайыш тайпасының бәну Амр ибн Луәй руынан, ал анасы Шәмус Қайс ибн Зәйд ибн Амрқызы нажжар руынан еді. Сәудә өзінің артынша Исламды қабылдап, Пайғамбарымызға (с.а.с.) ерген, үлкен атасының ұлы Сакран ибн Амрға тұрмысқа шығады. Ол екеуі кәпірлердің зұлымдығын көп көрсе де, өздерінің Аллаһ елшісі (с.а.с.) жоғарыдан жіберілген уахимен шақырған жаңа, хақиқи сенімдерін сақтай отырып, имандарына берік, сабырлы болады. Құрайыштар осы жаңа сенімді қабылдағандарды Исламнан қайтарып, көпқұдайшылыққа әкелулері үшін оларға қыспақтарын үстеп, қатты зұлымдық көрсетеді. Кәпірлердің мұндай тәлкегі жан төзгісіз түрде жалғасып жатқан кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұсылмандарға Эфиопияға қоныс аударуға рұқсат береді. Сәудәмен бірге жаңа қабылдаған сенімдерін құтқару әрекетімен сегіз қоныс аударушы Хабаша жеріне сапар шегеді, олардың арасында күйеуі Сакран ибн Амр мен ағасы Мәлик ибн Зумғалар да бар еді. Олар амалсыздан үй-жайларын, туған- туыстарын, тіпті емізулі нәрестелерін де тастап кетеді. Эфиопияға сапар барысында айнымас сабырлы қалыптарын сақтай отырып, қорқыныштарын іштей жасырған олар елсіз, жабайы жерлерді түйеге мініп те, жаяу-жалпы жүріп те өтеді. Араб түбегіндегі сахара күнінің жантөзгісіз аптап ыстығына төзіп, адам аяғы жетпеген, сусыз-елсіз ұзақ жолдардың көбін артта қалдырады, бұл машақатты сапарда оларды бір ғана мақсат біріктірген, ол құрайыш кәпірлерінің көрсеткен тәлкегінен жас 76
сенімді сақтау болатын. Олардың көрсеткен зұлымдықтары өлімнен де бетер еді. Сәудәні Эфиопияда тілі басқа, діні өзге, топырағы жат бөтен жерде туған-туыстарды сағыну, туған жерді аңсау секілді жаңа қиыншылықтар күтіп тұрған-ды. Уақыт оның көздерінде тоқтап қалғандай еді. Содан ол сабырмен арқалап жүрген Аллаһ пен Оның елшісіне (с.а.с.) деген нық сенімін жоғалтпай, мұсылман бауырларымен бірге барша тауқыметті бірдей көру үшін Меккеге қайтады. Елге оралған соң көп ұзамай оған кішкентай, әлсіз, қорғансыз бес бүлдіршінді қалдырып, күйеуі Сакран дүниеден өтеді. Сәудә өте төзімді жан еді. Әкесі Зумға оған барша қиыншылықты мойымай арқалауына жәрдем беріп, балаларға қамқоршысы, асыраушысы болған әкелерінің жоқтығын білдіртпеуге иық тіресе атсалысады. Сәудәнің бұл күндері ауыр әрі баяу жылжиды. Балаларына қамқорлық ете жүріп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) шақырған жаңа сенімнің күндердің күнінде жеңіп шығатындығына үміт арта, балғын сәбилерін ислами тәрбиемен өсіреді. Сәудә егде жасқа қалай жетіп қалғанын өзі де аңғармайды. Енді оған тұрмысқа шығу кеш еді. Тіршілік тауқыметі мен бейнеті оған бұл жайлы ойлануға да мұрша бермеген болатын. Бірде ол қайғылы жүрегіне қуаныш әкелген, уайымға батқан көңілін жайландырған бір жақсы түс көреді. Сәудә бұл нәрсеге түсінік беретін еш нәрсені ойына келтіре алмады, оның жауабын іздеуге талпынбады да. Сәудәнің түсіне өзіне қарап сәулесін шашып тұрған Ай кіреді. Бұл түс оның қуанышына сүйінші іспеттес еді, өйткені ол әйел қуаныштың не екенін әлдеқашан ұмытқан-ды. Сондықтан да бұл ұлы қуанышты аян еткен түс екеніне қарамастан, мұсылмандардың анасы болу оның ойына кіріп те шықпайды. Басынан өткерген осыншалық қиыншылықтан кейін бұл жайт Сәудә үшін үлкен марапат, сыйлық болатын. 77
Бұл уақытта Аллаһ елшісі (с.а.с.) үлкен қайғы-қасіреттің ауыртпалығында жүр еді. Ол құрметті де сүйікті әйелі Хадишадан (Аллаһ оған разы болсын) айырылған-ды. Хадиша қасиетті уахиді тарату жолында Аллаһ елшісіне (с.а.с.) құрмет көрсетіп, оған қорған әрі жәрдемші ретінде өзінен кейін тек жақсы бейнесін ғана қалдырған-ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өңі қашып, мұңайып, Хадишаның өзіне қалай қолғанат болып, қамқорлық жасағанын, екеуі бірге өткізген бақытты ерлі-зайыпты күндерін есіне алатын. Оны (с.а.с.) өзіне қарап қалған, аналарын аңсап, сағынып жүрген қыздарының жағдайы алаңдататын. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қайғысы күн өткен сайын артып, ылғи да Хадишаны есіне алып, көңілсіз күй кешіп жүреді. Содан соң ешкімнің қаперіне кіріп те шықпаған бір жағдай орын алады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) меккелік муһажирдің жесірі – Сәудә Зумғақызындай сабырлы әйелге, көрген бар бейнетінің зейнетіндей мұсылмандардың анасы болуы үшін Хауләны (Аллаһ оған разы болсын) жіберіп сөз салдырады. Бұл жағдайдың мән- жайы былай өрбіген-ді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ішінен тынып, қайғырып жүргенін айтпаса да көріп жүрген сахабалар оған көмектесудің жолын қарастырады. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үй-жайына ие, өзіне қамқор, қыздарына ана болатын бір әйел қажет деп ойлаған олар бұл ойларын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзіне тура барып айта алмайды, өйткені оның ішкі жан дүниесі қандай жағдайда екенін ешкім білмейтін. Сахабалар бұл ойларын Хаулә Хакимқызы деген сахаба әйелді араға салып іске асыруға уағдаласады. Хаулә сахаба Осман ибн Мазғунның (Аллаһ оған разы болсын) әйелі еді. Бұл екеуі де бір кездерде Эфиопияға қоныс аударған және құрайыштардың көрсеткен қиянаттарының алдында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мұсылман бауырларының қасынан табылу үшін ол жақтан алғаш қайтып оралғандар болатын. 78
Хаулә дархан пейіл Пайғамбарымызға (с.а.с.) үйлену жайлы ұсынысты жеткізудің ебін табады. Ерік-жігері мен ойын жинақтап, Пайғамбарымызға (с.а.с.) батыл келеді де, жанына жайғасып, ақырын Хадишаны еске ала отырып, әңгіме бастайды. Бірте-бірте әңгіме барысында Пайғамбарымызға (с.а.с.) қазіргі күйбең тіршілік талабы үйге қарап, қыздарға бас-көз болатын бір әйел кісінің керек екенін астарлап отырып жеткізеді. – Саған неге үйленбеске? – деп сұрайды Пайғамбарымыздан (с.а.с.) Хаулә. – Хадишадан кейін кімге үйленейін? – деді мұңайып Пайғамбар (с.а.с.). Хаулә: – Қаласаң – қызға, қаласаң – әйелге, – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): – Қызың кім? – дейді. – Өзіңнің жүрегіңе жақын адам – Әбу Бәкірдің қызы Айша, – деп жауап береді Хаулә. Пайғамбарымыз (с.а.с.) біраз үнсіз отырып: – Ал әйел кім? – деп сұрайды. Хаулә: – Аллаһқа сеніп, иман келтірген, өзіңнің соңыңнан ерген әйел Сәудә Зумғақызы, – дейді1. Бұл есімді естігенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бейтарап күйде қала алмайды. Ол – Ислам үшін кәпірлердің зұлымдығына төзіп, Ислам үшін бөтен елге қоныс аударған және ол жақтан оралған соң күйеуі дүниеден өтсе де, жасымай, балғындарына үнемі қамқорлық көрсеткен, иманы берік, муһажирдің жесірі мұсылман әйел Сәудә еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оған деген аяушылық сезімі оянады. Содан соң Хауләға Сәудәға үйленуге келісетіндігін жеткізеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сәудәға оның басындағы қайғы- 1 Ахмад, Муснад: 6/210, 211. 79
қасірет ауыртпалығын жеңілдетіп, балаларының тәрбиесіне қарасу үшін, Сәудәның да өз қыздарына, үй-ішіне бас-көз болатындығына үміт артып үйленеді. Бұл пайғамбарлықтың 10- жылы, рамазан айы еді. Хаулә Сәудәға алғаш бұл хабарды жеткізіп, оның жауабын сұрағанда, мұсылмандардың анасы атанатындығы оның ойына кірмеген болатын. Ол келісімін беріп, шексіз қуаныштан төбесі көкке жеткендей күй кешеді. Жұрт мұны естігенде, өз құлақтарына өздері сенбей: «Сұлулығы да, сымбаты да жоқ, егде жастағы жесір құрайыштар ханымы (Хадишаның) орнын баспақшы!» – деп күңкілдеседі. Сәудә Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне бүлдіршіндеріне қарайласу, тұрмыс-тіршілігінің қиындығын жеңілдету, оған деген мейірімділігі мен құрметі әрі басына түскен бар ауыртпалықты иық тіресе бірге көтеру үшін үйленгендігін жақсы түсінеді. Өйткені ол салмақты да салиқалы әйел басқалар сияқты әйелдік сезім-қалауы жайлы ойланған емес-ті және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оны «мұсылмандардың анасы» деңгейіне көтергенінің өзі оған жететін-ді. Сәудәнің өзі болса баяу қозғалатын, салмағы ауыр кісі еді. Оның баяу жүрісіне Аллаһ елшісі (с.а.с.) қалжыңдап жиі күлетін. Бірде Сәудә Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Сенің артыңда намаз оқығанымда, рукуғта шыдай алмастан мұрнымнан қан ағып кетпесін деп қолыммен мұрнымды қысып тұрдым», – дейді. Оның мұны айтудағы мақсаты Аллаһ елшісінің (с.а.с.) рукуғта ұзақ тұратындығын меңзеу еді. Сәудәнің айтқанына Пайғамбарымыз (с.а.с.) жымиып езу тартқан1. Ол Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен оның қыздарына қолынан келген бар қамқорлығын аямады, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйін бақыт пен қуанышқа толтырады. Ал Айша (Аллаһ оған разы болсын) ұзатылып келгенде, ол үшін Сәудә ең жақсы бөлмені 1 Ибн Сағд, Табақат: 8/54. 80
әзірлеп, аялы алақанымен қамқорлығына алады. Сонымен қатар жалғыз Айша ғана емес, одан кейін келген Зәйнәб, Хафсалардан да өзінің кеңдігін аямайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны қатты құрметтеп, бағалай білетін. Ол (с.а.с.) барлық әйелдеріне тең қарап, олардың үйлеріне кезекпен қонатын. Осылайша бірде Сәудәнің кезегі келгенде, Сәудә онымен (с.а.с.) жұбайлық қатынасын тоқтатып, кезегін Айшаға беру жайлы сөз қозғайды. Бұл Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін күтпеген кездейсоқ, таңғаларлық жағдай еді. Сабырлы да шыдамды әйел Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көңілі мен жан дүниесіне батқан ұсыныстың ауырлығын сезініп, ішкі жан дүниесінің аласұрып жатқанын бірден түсінеді. Өзі де қас пен көздің арасында қолындағы бар асылын жоғалтуы, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзімен біржолата ажырасып кетуі мүмкін екенін де жақсы білетін. Үн қатып бірдеңе дей алмаған соң, сыбырлап: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мені өзіңнің әйелің етіп қалдыр. Аллаһпен ант етейін, қазір күйеу менің не теңім. Бірақ құдіреті күшті Аллаһтан тілерім – Ақырет күні өзімді сенің жарың етіп қалдыруы», – дейді Сәудә. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған аяушылықпен назар сала қарағанда, араларында тылсым үнсіздік орнайды. Бұл үнсіздік Сәудәнің бойында мұң мен қорқыныш ұялатып, оның ауырлығы жанын күлпарша етіп турағандай болды. Ол өзінің хақысы жоқ нәрсені сұрап тұрғандай күй кешеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) үнсіз отыра береді, ал Сәудә сабырмен күтеді. Дәрменсіздік меңдеген Сәудәнің қартайған ауру денесі соңғы кездері сыр бере бастаған- ды. Оның ендігі жалғыз тілек-қалауы – бұл өмірде Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жанында қалып, Ақыретте онымен әйелдерінің қатарында кездесу еді. Ойына қайтадан өтініші оралып, тамағына көлденең сүйек тұрып қалғандай булығып: «Мені қоя бер, уа, Аллаһтың елшісі! Егер Айшаның жасында болсам, әңгіме басқа еді, мен басқа әйелдер қалайтын әйелдік сезімді де қаламаймын», – дейді. 81
Сәудәнің дархан жомарттығы мен кеңпейілділігі Пайғамбарымызға (с.а.с.) әсер етпей қоймайды. Өзінің сұрауына жауап күткен Сәудә Пайғамбарымыздың (с.а.с.) маңдайынан сүйеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) үндемеген күйі намаз оқуға шығып бара жатып, тынығу үшін қайтып келетінін айтады. Содан соң Біләлдан (Аллаһ оған разы болсын) азан айтуын сұрайды, ал азанның дауысы оның көңілін тыныштандырады. Сәудә өз өтінішін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабыл алғанын сезіп, жан дүниесіне қуаныш оты жүгіріп, оның бойын шаттық билейді. Ол өз көңіл қалауының тазалығы мен ниетінің дұрыстығын Пайғамбар (с.а.с.) түсінгеніне көңілі жай табады. Осыдан кейін Ұлы Аллаһ тағала Мұхаммедке (с.а.с.): «Егер әйел күйеуінің салқын қабақ танытуынан немесе бетін теріске салуынан қорықса, ол екеуіне араларын келісіммен түзетулерінде күнә жоқ. Келісімге келген абзал. Нәпсілер сараңдыққа әзір (жаратылған). Егер жақсылық істесеңдер және тақуалық қылсаңдар, шындығында, Аллаһ – не істегендеріңнен толық Хабардар»1, – деген уахи жіберген. Міне, осылайша Сәудә Зумғақызы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйінде Аллаһтың өзіне берген бар нығмет игілігіне шүкіршілік етіп, разылығын білдіріп, өмірде мұсылмандардың анасы, жаннатта Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жары болып қалады. Аллаһтың көрсеткеніне тәубе деп, берік иманымен өмір сүрген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сәудәні өзі дүниеден өткенге дейін тастаған жоқ. Сәудә әділ де шыншыл Омар ибн әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) уақытына дейін ғұмыр кешіп, Жаратушысы Аллаһ пен күйеуі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүзін көруге, тағдырына разы пейілде шүкіршілік етіп дүниеден өтті. Аллаһ оған разы болсын! 1 «Ниса» сүресі, 128-аят. 82
Оның бізге жеткізген бірнеше хадисінің біреуі имам әл- Бұхаридің жинағы «Сахих әл-Бұхари» кітабына енген. Айша (Аллаһ оған разы болсын) Сәудәні өте қатты жақсы көретін, ол жайлы ылғи да келісті сөздер айтатын. «Мен үшін Сәудә Зумғақызынан сүйіктірек әйел жоқ және өзім оған қатты ұқсағым келеді»1, – дейтін ол. 1 Муслим, Радағ: 47. 83
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – АЙША ӘБУ БӘКІРҚЫЗЫ (АЛЛАҺ ӘКЕСІ ЕКЕУІНЕ РАЗЫ БОЛСЫН) «Аллаһтың атымен ант етемін! Ол әкесін есептемегенде, Пайғамбарға (с.а.с.) ең сүйікті адам еді» Айша – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жан досының қызы, шыншылының шыншыл қызы, сүйіктісінің сүйікті қызы, жанашыр дос, қамқор әйел, Аллаһтың Кітабында күнәлардан және жүректердің шүбә-күдігінен арылған мүміндердің пәк анасы. Ол күш-жігері сарқылғанша ораза ұстайтын. Бұл әйел шыншыл да шарапатты ханым әрі Исламдағы ұлы сүйіспеншіліктің – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) махаббатының иесі, бұл өмірдегі ең сүйікті адамы. Сахих хадисте келгендей, Амр ибн Ас (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (с.а.с.): – Уа, Аллаһтың елшісі! Ең жақсы көретін адамың кім? – деп сұрайды. Аллаһтың елшісі (с.а.с.): – Айша, – деп жауап береді. Амр: – Ал ер кісілерден ше? – дегенде, ол (с.а.с.): – Оның әкесі, – деген1. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаны «Хумәйра» деп еркелетіп, адамдарға: «Діндеріңнің жартысын осы Хумәйрадан үйреніңдер»2, – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаны артық жақсы көрсе де, әйелдерінің арасындағы теңдікті сақтап: «Аллаһым, мына менің иелігімдегі тиесім, иелігімде болмаған нәрседе мені сұраққа ала көрме»3, – дейтін. 1 Әл-Бұхари, Фадаил асхабун-нәби: 5; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 8. 2 Ибн Ғимад, Шажарат: 1/62. 3 Әт-Тирмизи, Никах: 95. 84
Яғни Айша анамызға бәрібір жүрегі бұрып тұрушы еді. Мұны білетін адамдар Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаның үйіне түсетін күні оларға арнап тарту-таралғылар, сыйлықтар әкелетін. Бір күні анамыз Умму Сәләма (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, Айшаға қатысты қызғанышын білдіргенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Уа, Умму Сәләма! Мені Айшаға қатысты нәрселерде қинама. Аллаһтың атымен ант етемін! Сендердің араларыңда Айшамен ғана бір көрпенің астында жатқанымызда маған уахи келген», – деп жауап береді1. Тағы бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.) қызы Фатимадан (Аллаһ оған разы болсын): – Ей, қызым, сен мен сүйгенді сүйесің бе? – деп сұрайды. Фатима: – Әрине, Аллаһтың пайғамбары сүйгенді қалайша сүймейін, – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Онда мынаны сүй, – деп Айшаны көрсеткен екен2. Умму Сәләмаға (Аллаһ оған разы болсын) Айшаның дүние салғаны жайлы хабар жеткенде, ол: «Аллаһтың атымен ант етемін! Ол әкесін есептемегенде, Пайғамбарымызға (с.а.с.) ең сүйікті адам еді»3, – деген. Айша анамыз Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге шынайы Ислам отбасының, отбасылық мөлдір махаббаттың үлгісін көрсетті. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға: – Мен сенің маған ашуланғаныңды білемін, – дейді. Айша: – Қалай білесің, уа, Аллаһтың елшісі? – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 1 Әл-Бұхари, Фадаил асхабун-нәби: 30. 2 Әл-Бұхари, Һибә: 8; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 83. 3 Әл-Хаким, Мустадрак: 4/13, 14. 85
– Басқа уақытта: «Мұхаммедтің Раббысымен ант етемін», – десең, маған ашуланған кезіңде: «Ибраһимнің Раббысымен ант етемін», – дейсің, – деп жымиған. Айша: – Рас айтасың, уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһтың атымен ант етемін! Мен саған ашуланғанымда осылай есіміңнен басқа еш нәрсені кері қақпаймын, – деп жауап берген1. Аллаһ елшісі (с.а.с.) отбасына өте жұмсақ болатын. Айша: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жиһадта болмаса, жайшылықта ешқашан ешкімге қол жұмсаған емес»2, – деген. Айша анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қыздай алған жалғыз әйелі еді. Бірде ол Пайғамбарымыздан (с.а.с.): – Уа, Аллаһтың елшісі! Бір жазыққа түсіп, ол жерде бірі желінген, ал бірі желінбеген екі ағаш көрсең, түйеңді қай ағашқа жаяр едің? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Желінбеген ағашқа, – деп тіл қатқан3. Айша анамыз сонда масаттанған сезім білдірген. Яғни өзін «желінбеген ағашқа» теңеген. Айша өзіне берілген қасиеттерді мақтан тұтып: «Маған Имранқызы Мәриямнан кейін ешбір әйелге нәсіп етілмеген (қасиеттер) берілді: Жәбірейіл қолына менің бейнемді ұстап түсіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған үйленуге бұйырылған, (Пайғамбар (с.а.с.)) мені қыздай алды және менен басқа қызға үйленген жоқ, ол менің құшағымда жатып көз жұмды, оның қабірі менің үйімде, менің үйімді періштелер қоршаған, мен онымен бір көрпенің ішінде жатқанда, оған уахи түскен, мен – оның халифасы мен шыншыл досының қызымын, мені ақтап көктен (Құран) аяты түсті, мен Жақсының алдында жақсы боп 1 Әл-Бұхари, Никах: 108; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 80. 2 Муслим, Фадаил: 79. 3 Әл-Бұхари, Никах: 9. 86
жаратылдым және маған кешірім мен игі ризық уәде етілді»1, – дейтін. Бұл шынайы да адал, ақылды да парасатты ханым – мүміндердің анасы, Әбу Бәкір Сыддықтың қызы Айша (Аллаһ ол екеуіне разы болсын). Әкесі – Әбу Бәкір Абдуллаһ ибн Осман ибн Амир ибн Луәй әл-Қурайши, әт-Тәмими. Ол жайлы: «Пайғамбарлардан басқа жер бетін Әбу Бәкірден абзал ешкім басқан емес», – деп айтылған. Ал Айшаның анасы – Умму Руман Ғуәймирқызы. Тегі – кинандық, тақуа, құрметті сахаба әйел. Оны Пайғамбар (с.а.с.) өз заманында жаннатпен сүйіншілеген. Айша анамыз осы үлгілі отбасында, Меккеде, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық міндет жүктелгеннен кейін туылған. Айша: «Ата-анам мұсылман болғаннан кейін дүниеге келгенмін», – деген. Осылайша Айша шыр етіп дүниеге келгеннен ислами отбасында тәрбиеленген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл үйді өте көп зиярат ететін. Айша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) имандылық мектебінің шәкірті болып, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тәлім-тәрбиесінен өткен. Бұл дарынды шәкірт Құран мен сүннетке сүйеніп, өз тұсындағылар мен келер буынға тәлімгер ұстаз атанған. Ғалым Зуһри Айша жайлы: «Барлық адамдар мен мүміндердің аналарының ілімдерін топтаса да, олардан Айшаның ілімі асып түсер еді», – деп айтқан. Айшаның әпкесі Әсмәнің ұлы Ғұруа ибн Зубәйр: «Шын мәнінде, мен әрбір келіп түскен уахи, аят жайлы дәл, анық мәліметі болып, қысқа да нұсқа түсіндіре білетін, мирас ілімі мен сүннет, тіпті поэзия мен арабтардың шешендік сөздерін, қазылық мәселелер мен емдеу істерін Айшадан гөрі жақсырақ білетін ешкімді көрген емеспін. Мен одан, әсіресе, емдеу істерін қайдан 1 Әз-Зәһәби, Сиәр: 2/141. 87
үйренгенін сұрағанымда, ол: «Өзім бірде сырқаттандым, біреу келіп менің сырқатымды анықтап, оның шипасын айтты және біреу сырқаттанса, басқа біреу келіп сырқатын анықтап, оның шипасын айтатын. Мен солардың айтқандарын естіп, көріп тұрып үйрендім», – деді», – деген. Кейбір табиғиндер Айшадан Исламның қағидалары жайлы қайдан жақсы білетіндігін сұрағанда, ол: «Шынында, мен Аллаһ елшісінен (с.а.с.) Ислам қағидалары жайлы сұрап келетін көп сахабаларды көретінмін», – деп жауап берген. Аллаһтың елшісі (с.а.с.) Айшаға Хадишаның қазасынан соң, Сәудә Зумғақызынан кейін һижра жыл санауымен 2-жылы, шәууәл айында үйленеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға үйленгенде, ол бар-жоғы тоғыз жаста болатын. Айша үйлену тойларын есіне алып: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) біздікіне келгенде, оның келісіне ерлер мен әйелдер жиналды. Сәудә менің жаныма келіп, ойнап отырған әткеншегімнен түсіріп, басымнан сипап, жүзімді сумен сүртті, бетімнен сүйіп, жетектеп бөлмеге кіргізді, Аллаһ елшісі (с.а.с.) отырған біздің үйдегі кереуеттің қасына әкеліп, мені оның жанына отырғызып: «Енді бұлар – сенің жақындарың, Аллаһ сені бұлармен, бұларды сенімен берекеттендірсін», – деді. Қой, түйе сойылмақ түгіл, жейтін ештеңе болмады. Сәудә бізге ішіп-жемге жарар бір кесе сүт әкелді, одан бірінші Аллаһ елшісі (с.а.с.) ішті де, сосын мен іштім», – дейтін. Бұдан кейін Айша ұзатылып, өзінің жаңа үйіне көшеді. Олардың үйлері мешітке жапсарлас, қам кірпіштен, құрманың шыбықтарынан өріліп тұрғызылған, еденінде жұқа топырақ пен өсімдіктердің сабақтары және мал терісі төселген бір бөлме еді. Ал есіктің орнында жүннен жасалған перде тұратын. Жас болғанына қарамастан, алғаш келген күннен бастап-ақ Айша отбасындағы әйелдік орнын біліп, міндетін абыроймен алып жүрген. Сол бір қарапайым ғана бір бөлмеде отырып, Айша 88
ханым бүкіл әлем әйелдеріне үлгі танытты. Мінеки, он төрт ғасыр өтсе де, оған тең келер ешкімнің шықпауы – осының дәлелі. Айша үйінің мешітке жапсарлас салынғандығынан жамағат намаздарында бөлмесінде тұрып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) ұйып намаз оқитын. Ол таһажжуд1 намазына қатты көңіл бөлетін. «Таһажжудты тұрып оқуға шаршасаң, отырып оқы» деген сөздер айтқан. Айша үлкен көзді, нәзік денелі, толқын шашты, қызыл шырайлы, аппақ жүзді сұлу әйел болатын. Ол Аллаһ елшісін (с.а.с.) ештеңеге айырбастаған емес. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдеріне өзі мен дүние сән- салтанатының арасына таңдау тастаған кезде бірінші Айшадан бастап: «Мен саған бір істі айтамын. Әке-шешеңмен ақылдаспайынша, шешім шығаруға асықпа», – деп: «Ей, пайғамбар! Әйелдеріңе айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның сән-салтанатын қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге біраз дүние берейін де, көркем түрде қоя берейін. Ал егер Аллаһты, Оның елшісін және Ақырет мекенін қалайтын болсаңдар, расында, Аллаһ сендердің араларыңдағы жақсылық істеушілерге үлкен сауап әзірлеген»2 деген аятты оқығанда, Айша анамыз: «Осыған бола әке-шешеммен ақылдасамын ба?! Мен Аллаһ пен Оның елшісін және Ақырет мекенін қалаймын», – деп бірден жауап берген3. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ақиқат пен Аллаһқа шақыру жолында түздегі кәпірлер мен мүшріктердің көрсеткен зұлымдығы мен надандығынан ашуға булығып үйіне келгенде, ашуын сейілтетін, жүрегіне қуаныш ұялататын ең жақсы да сүйікті әйелі Айша еді. Аллаһ оған разы болсын! 1 Түнгі нәпіл намаздар. 2 «Ахзаб» сүресі, 28-29 аяттар. 3 Әл-Бұхари, Тәфсир: «Ахзаб» сүресі. 89
Ол көңілі дарқан, жүрегі кең әйел еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сияқты ол да өте сабырлы, төзімді-тұғын. Екеуі бірге екі қараны: құрма мен суды қанағат етіп, кедейшілік пен аштыққа сабыр ететін. Кейде Айшада ақша пайда болса, дереу кедейлер мен мұқтаждарға тарататын. Бірде халифа Муғауия оған сый-сияпат ретінде жүз дирһам жібереді. Сонда Айша өз үйінде жейтін ештеңе болмаса да, бұл қаражаттың барлығын мұқтаждарға таратып жібереді. «Өзіңе әлдене сатып алып, жүрек жалғауға бір дирһам болса да қалдырдың ба?» – деп сұраған қызметкер әйелге: «Есіме салғандарыңда, қалдырар едім», – деп жауап берген. Яғни садақа таратуға жан-тәнімен берілгені сондай, ол тіпті өзін ұмытып кететін. Бірде Айша анамыздың үйіне екі қызын жетектеген бір әйел қайыр сұрап келеді. Анамыз үйінен берерге ештеңе іздеп таппайды. Бір кезде бір кішкентай құрма тауып алып, екі қызға бөліп берген. Сондай-ақ бір күні оның есігін әлдебір қайыршы қағады. Есікті ашқан Айша бір түйір жүзімнен басқа ештеңе таппай, ол жүзімнің түйірін қайыршының қолына ұстатады. Сонда әлгі кісі: – Мұны қайтемін, уа, мүміндердің анасы?! – дейді. Анамыз: – Мұнда қаншама тозаңның салмағы бар ғой, – деп, Аллаһ тағаланың: «Кімде-кім тозаңның салмағындай жақсылық жасаса, оны (Ақыретте сауабын) көреді. Ал енді кім тозаңның салмағындай жамандық жасаса, оны да (Ақыретте жазасын) көреді»1, – деген сөздеріне ишара жасайды. Міне, осындай жомарт та кішіпейіл Айша кедейлікке жасымаған, байлығым жоқ деп қабақ шытпаған. Ол өте қайратты болған, әрқилы басқа түскен жағдайлардан шығуға дұрыс жол таба білген. Бірде Айшаның тазалығы мен адалдығын дәлелдейтін тағы бір оқиға орын алды. Бұл оқиға Ислам 1 «Зілзәлә» сүресі, 7-8 аяттар. 90
тарихында «Михнәтул-ифк» (Жаламен сыналу) деген атпен айшықталған. Айшаға бірде өзі істемеген масқара жала жабылады. Бұл жайт һижра жыл санауымен 5-жылы көрініс тапқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сапарға шығар алдында жұбайларына жеребе тастап, жеребе түскен әйелін өзімен бірге жорыққа алып шығатын. Бәну мусталиқ тайпасына қарсы шайқасқа аттанарда жеребе Айшаға түсіп, ол сол жорықта Пайғамбарымызға (с.а.с.) ереді. Олар жеңіске жетіп, Мәдинаға қайтып келе жатқанда, күн батып, ымырт үйірілер шақта жол азабынан тынығу үшін біраз аялдайды. Сол жерде Айша қажеттілік туып, түзге шығады. Оның мойнында Йемен көзмоншағынан тізілген алқасы бар еді. Қапелімде сол алқасының үзіліп, сусып түсіп шашылғанын өзі де аңғармай қалады. Шешесі Умму Руман тойына сыйға тартқандықтан, алқаны аса қымбат көретін Айша оны іздеп тауып, теріп-жинап күймесіне келсе, күйме орнында жоқ. Әскер жиналып, жүріп кеткен. Айша анамыз өте жеңіл болатын. Сахабалар күймені көтеріп түйеге артқан кезде оның бар-жоғы білінбейтін. Менің күймеде жоқ екенімді байқап, қайтып келер деген оймен жамылғысын оранып алып жол бойына шығып тұрады. Сафуан ибн Муғаттил (Аллаһ оған разы болсын) деген кісі әскердің соңында жүріп отырып, көштің ұмыт қалдырып, түсіп қалған заттарын жинап жүретін. Көш орнына келген Сафуан айналаны көзімен бір шолып өткенде, сонадайдан біреудің қарасын байқайды. Жақындап келгенде, оның Айша екенін таниды. Ол Айшаны хижаб парыз болудан бұрын көрген-ді. Екеуі басы артық сөзге де бармастан, Сафуан түйесін шөктіреді де, өзі алысырақ барып теріс бұрылып тұрады. Айша түйеге мінгеннен кейін, түйенің бұйдасын жаяу жетектеп, таң атқан соң ғана демалып жатқан әскерді қуып жетеді. Ол екеуін көрген бойда бір топ адамның ішінде отырған мұнафықтардың басшысы Абдуллаһ ибн Убәй: «Айша Сафуанмен келе ме?.. Аллаһтың атымен ант 91
етемін! Бұл жүрістері тегін емес шығар?..» – деген мағынадағы пасық сөздерді айта бастайды. Әйтсе де өтірікші Абдуллаһ ибн Убәй өлер жерін білетін. Сондықтан да ойындағысын екіұшты жымысқы сөзбен жеткізеді. Оның бұл жымысқы ойы іске асып, адамдар Айша мен Сафуан туралы қаңқу сөз тарата бастайды. Оның ішінде, әсіресе, Абдуллаһ ибн Убәй бастаған мұнафықтар жандарын салып-ақ кіріседі. Іздегенге сұраған, мұнафықтар тіпті болмаған түймедей жайттан түйедей өсек шығарып, екеуіне күйе жағып, жала жабады. Бір өкініштісі, өсектің қауға тиген өрттей лаулағаны сондай, Хассан ибн Сәбит, Мустих ибн Әбу Мустих, Хамнә Жахшқызы сияқты мұсылман ер-әйелдер де пасық мұнафықтардың алдауына түсіп, Айшаны ашық зина жасады деп айыптаған сөздер айтады. Аллаһ тағала олардың күнәларын кешірсін! Желсөзге құмар адамдар оларға жала жабады. Бұл өсектен өрілген жала Аллаһ елшісіне де (с.а.с.) жетеді, ал мұны Әбу Бәкір мен Умму Руман (Аллаһ тағала бұл отбасыға разы болсын) естігенде, төбелерінен жай түскендей хал кешеді. Жолдан сырқаттанып келген Айша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзін жатырқап жүргенін сезіп, рұқсат сұрап, ата-анасының үйіне кетеді. Бірнеше күн өтер-өтпестен ауырып төсек тартып, бір ай жатып тұрады. Сосын ғана ол жұрттың өзі жайлы не деп жүргенін біледі. Айша бұл жайында өзі: «Мәдинаға келгенімізге көп болмаған, мен қатты сырқаттандым. Ұстамалы безгекпен бір ай төсекке таңылдым. Сол аралықта жұрт арасында маған жабылған өсек-аяң тарапты. Мен болған жайлардан мүлдем хабарсыз едім. Тек сырқаттанып жатқанымда Аллаһ елшісінен (с.а.с.) салқындық сездім. Атымды атамай, «Қалайсың?» дейтін де қоятын», – деген. Айша анамыз өзіне жабылған жаланы алғаш Умму Мустих деген әйелден естиді. Түнде Айшамен бірге тысқа шыққан Умму Мустих етегіне шалынып кетеді де, ұлы Мустихты жазғырып, 92
тілдеп қалады. «Бәдірге қатысқан сахабаны неге тілдейсің?» – деген Айшаға Умму Мустих бар жайтты ашып салады. Мұны естіген Айша түзге шығуға шамасы келместен кері қайтады да, сол сәттен бастап күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. Көзі жастан құрғамайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен адал да пәк әйелі арасындағы жағдай мүмін-мұсылмандардың жүректерін жаралайды. Бұл аус пен хазраж сияқты екі рудың ара- қатынасының ушығуына алып келеді. Өйткені мұнафық Абдуллаһ ибн Убәй хазраж руынан еді. Аустықтар оны өлтірмекке ұмтылғанда, Исламды қабылдағанмен, имандары орнықпаған жақтаушылар оны қорғайды. Екі рудың арасында қырғиқабақтық орнайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) араларына түспегенде, бір-бірімен қырқысатын-ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберге шығып: – Уа, адамдар! Маған отбасыма қатысты азар беріп жатқан адамдарға не деуге болады? Аллаһтың атымен ант етемін! Одан1 жақсылықтан басқа ештеңе көрген емеспін... – деген сөздер айтады. Сонда аус көсемдерінің бірі Усәйд ибн Худайр (Аллаһ оған разы болсын) орнынан тұрып: – Кім ол, уа, Аллаһтың елшісі? Айт бізге, егер аустан болса, өзіміз жауап береміз, ал егер хазраждан болса, онда бізге қалағаныңды бұйыр, – дейді. Сол кезде Сағд ибн Убада (Аллаһ оған разы болсын) орнынан көтеріліп: – Өтірік айтасың, – дейді. Усәйд оған: – Сен мұнафықсың, мұнафықтарды қорғап тұрсың, – деп айқайлайды. Осы жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) араға түсіп, оларға басу айтып тоқтатады. 1 Айшаны меңзеп тұр. 93
Сахабалардың (Аллаһ оларға разы болсын) бұл жалаға қатысты білдірген ойлары Әбу Айюб әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын) әйелі бұл өсек-аяңға қатысты ойын сұрағанда, ол: – Сен сондай істер ме едің? – деп сұрақ қояды. – Аллаһ сақтасын, ешқашан, – деп жауап берген әйеліне: – Айша тақуалықта сенен әлдеқайда артық, – дейді Әбу Айюб. Пайғамбарымыз (с.а.с.) пікірін сұрағанда Зәйнәб Жахшқызы (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың атымен ант етемін! Мен естімегенімді естідім деуден құлағымды, көрмегенімді көрдім деуден көзімді сақтаймын. Мен Айша туралы жақсылықтан басқа ештеңе білмеймін», – деген-ді. Усама ибн Зәйд (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, онымен ақылдаса отырып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сенің жақын-туғандарың Айшадан ешқандай жамандық көрген емес және ол жайлы айтылып жүргендердің бәрі жалған», – дейді. Әли ибн Әбу Талиб (Аллаһ оған разы болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Шын мәнінде, әйелдер көп, ал сен оларды айыра білесің. Қаласаң, қызметкер әйелден сұрап көр, ол мұны1 растайды», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қызметкер әйел Бәрирадан сұрағанда, ол Айша жайлы тек жақсы нәрсе айтады. Бәрираның Айшаға қатысты бар келтірген кемшілігі «Бірде қамыр илеп қойып, оны ұмытып кетті де, қамырын ешкі жеп кетті» деген сөзі болды. Бұл ұлы тұлғалы әйелдің осы уақытқа дейінгі жалғыз кемшілігі еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірдің үйіне барғанда, Айшаны кездестіреді. Ол көз жасын көлдетіп жылаумен отырса, ата-анасы 1 Айшаның адалдығын. 94
түнерген тау секілді үн қатпайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаның жанына келіп, егер күнәкар болса, Аллаһтан кешірім сұрауын, шынында, Аллаһ тағала Кешірімшіл екенін айтады. Бұл сөздерді естіп, қорқып кеткен Айша, кенет өңі сұрланып, көз жасының тыйылғанын сезеді. Әлдене дегісі келіп еді, тілі жансызданғандай боп, дәнеңе деуге икемге келмейді. Ыза кернеп, булыққан Айша қайтадан көз жасына ерік беріп, қарақаттай жанары жасқа малынып, әке-шешесіне қарап: «Аллаһ елшісіне жауап беріңдер», – дейді. Ата-анасы айтарға сөз таппайды. Содан соң өзі ширығып: «Аллаһпен ант етейін! Істемеген нәрсем үшін Аллаһтан кешірім сұрамаймын. Менің пәк екенімді Аллаһ біледі. Мен өзім бармаған күнәдан хабардар болдым, ал сендер жабылған жалаға иландыңдар. Мұндай жағдайда мен өзіме де, сендерге де Юсуфтың әкесінің1: «Көркем сабыр. Сендер сипаттаған (нәрседе) Аллаһ (Өзі) Жәрдемші»2, – дегенінен басқа айтарым жоқ», – дейді. Осымен сөзін доғарып, сырттай жыласа да, іштей Аллаһ тағаладан жәрдем сұрап жатады. Аллаһ елшісі де (с.а.с.) үнсіз қалпын сақтап отыра береді. Айшаның ата-анасы да ауыз ашпайды. Бір кезде Аллаһ тағаладан елшісіне (с.а.с.) уахи түсіп, Пайғамбарымыз (с.а.с.) терлей бастайды. Оның басына жастық қойып, көрпеге орап жатқызады. Бәрі айналасына жиналып, Аллаһтан қандай уахи келерін күтіп, жандарын шүберекке түйіп отырады. Күнәдан пәк екеніне сенімді Айша ғана Аллаһтың өзіне зұлымдық істемейтініне нанып, сабырлық танытты. Біршама уақыттан соң Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Айша, Аллаһ сенің күнәдан пәк екеніңді уахи етіп түсірді», – дейді. 1 Айша анамыздың күйінгені сондай, Яғқуб пайғамбардың (аләйһис- сәләм) атын ұмытып қалған. 2 «Юсуф» сүресі, 18-аят. 95
Сосын Пайғамбарымыз (с.а.с.) тысқа шығып, келген аяттардан адамдарды хабардар етеді. «Сол жаланы келтіргендер сендердің іштеріңдегі бір топ. Оны өздерің үшін жаман деп ойламаңдар. Керісінше ол сендер үшін жақсы. Олардан әрбір кісіге тапқан күнәсі бұйырады. Ал олардан оның үлкенін иеленгенге (Абдуллаһ ибн Убайға) үлкен азап болады. Сендер оны естіген кездеріңде, иман келтірген ерлер мен иман келтірген әйелдер өздеріне жақсылық ойлап: «Бұл – анық жала» десе еді. Олар бұған төрт куә келтірмеді ме? Егер куәлар келтіре алмаса, солар – Аллаһтың алдында өтірікшілер. Аллаһтың осы дүниеде және ақыретте сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, берілген (өсектеріңнің) үшін сендерге үлкен азап тиер еді. Сол кезде сендер оны тілдеріңмен қағып алып, өздеріңде ол жайлы білім болмаған нәрсені ауыздарыңмен айтуда және оны жеңіл деп есептеуде едіңдер, бірақ ол Аллаһтың алдында өте үлкен. Оны естіген кездеріңде: «Бізге бұны сөйлеуге болмайды. Сен (барлық кемшіліктен) пәксің. Бұл – үлкен жала» десеңдер еді. Аллаһ сендерге, иман келтірген болсаңдар, мұндайды ешқашан қайталамауларыңды насихат етеді. Аллаһ сендерге белгілерді түсіндіреді. Аллаһ – бәрін Білуші, өте Дана. Иман келтіргендердің арасында арсыздықтың таралуын ұнататындарға дүниеде және ақыретте күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер. Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі және Аллаһ өте Жанашыр, ерекше Рақымды болмағанда еді (әміріне қарсы шыққандарды қатаң жазалар еді)»1. Мінекей, Айшаға қатысты бұл уақиға осылайша аяқталды. Бұл жайт мұсылмандардың сыналуына себеп болды. Ал бұл сынақ Аллаһ елшісі Мұхаммед (с.а.с.) шақырған діннің әділдігі мен 1 «Нур» сүресі, 11-20 аяттар. 96
хақиқилығын және Айшаның күнәдан тазалығын тағы бір дәлелдеді. Жаланың таралуына себепкер адамдар «Сондай адал әйелдерді (зинада) айыптап, сосын төрт куә алып келмегендер: оларға сексен дүре соғыңдар және олардың куәлігін ешқашан қабылдамаңдар»1 деген Аллаһ тағаланың бұйрығына сәйкес, сексен дүреден тиісті жазаларын алды. Міне, бұл ауыр сынақтың сыйы ретінде түскен аят, ойлап табылған азғындық мақсаттың астында біріккен адамдардың өтірігінің жауабы болған еді. Әумесер мұнафықтар тобырының бетке тұтары Абдуллаһ ибн Убәй да өтірікті өрбіте жүріп, жеме-жемге келгенде, Ислам алдында әлсіз, бейшара болып шығады. Мұнафықтар дін шымылдығы артында жасырынып, зұлымдық ойлайды. Айшаға қатысты уақиға олардың жапқан жалалары, жаққан күйелері, ойлап тапқан өтіріктерінің бірі еді. Ал бұл өтірік Аллаһ тағаланың аяттарымен ақталды. Айша анамыздың кішіпейілділігі сондай: «Аллаһтың атымен ант етемін! Мен үшін аят түседі деп ойлаған емеспін», – деген. Сөйтіп, күндер зымырап өтіп жатты. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қоштасу қажылығын (хажжатул-уадағ) өтеп, Меккеден оралған еді. Мәдинаға келгеннен кейін бірнеше күннен соң ауырып, Айшаның үйінде емделді. Айша оған барынша қамқорлығын көрсетті, бәйек болып жүгірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын оның көкірегіне қойып жатты. Бұл ұлы елшілік иесінің өмірдегі соңғы күндері еді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жаны Жаратушының алдына аттанғанда, оны Айшаның үйіне жерледі. Ең ұлы адам баласымен сегіз жыл бес ай бірге тұрған он сегіз жасар Айша Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін, жалғыз өмір кешті, көңіліне меңіреу тыныштық кіріп, жан дүниесі қаңырады. Себебі алданыш тұтар балалары да жоқ еді. Дегенмен әпкесі Әсмәнің (Аллаһ оған разы болсын) балаларына қарап, 1 «Нур» сүресі, 4-аят. 97
олардан жылуын аямайды. Сөйтіп, әпкесінің баласы Абдуллаһ ибн Зубәйрді (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бауырына басады. Кейін жұрт Айшаны «Умму Абдуллаһ» (Абдуллаһтың анасы) деп атап кетеді. Ағасы Абдур-Рахман қайтыс болғанда, оның қызын және ұлы Қасымды асырап алады. Айша жайлы Қасымның өзі: «Ол әлемдегі ең жақсы ана еді», – деген болатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салған соң, араға екі жыл салып Айша тағы бір ең сүйікті адамы – әкесі Әбу Бәкірмен (Аллаһ оған разы болсын) қош айтысады. Әкесі қайтыс болғанда, Айша анамыздың жасы жиырмада еді. Оған әл үстінде жатқан Әбу Бәкір: «Уа, қызым! Артымда қалдырып бара жатқан ең сүйкімді байлығым – сенсің», – деген. Ол мұсылман құқығы саласында бірінші білгір адам және хадис пен сүннетті таратудың бірінші қайнар көзіне айналады. Кейбір талас тудырған мәселелерде сахабалар оның төрелігіне жүгінетін. Әбу Мұса әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын): «Біз, Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары, бір хадистің сырын ұға алмағанда, Айшадан сұрайтынбыз. Айшаның міндетті түрде ол хадис жайлы мәліметі бар болып шығатын», – деп оның хадис іліміндегі дәрежесін айшықтап көрсеткен. Әбу Духа: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) үлкен сахабаларының Айшадан мирас ілімі жайлы сұрап жатқанын көрдім», – деген. Һишам ибн Ғұруа ибн Зубәйр: «Айша Құран мен Исламның шарттарын, ненің болатынын, ненің болмайтынын бәрінен жақсы білетін еді», – деп айтқан. Ғұруа Айшадан: – Уа, мүміндердің анасы! Мейлі Құранда, мейлі шариғатта, халал мен харамда, поэзияда, шешендік сөзде, мейлі емшілік істерінде болсын сенің біліміңе таңғаламын... Ал емшілік істерін қайдан үйрендің? – деп сұрайды. Айша анамыз: 98
– Ей, Ғұруа! Аллаһ елшісі (с.а.с.) өмірінің соңында көп сырқаттанды, оған шипагер емшілер келіп, ауруын анықтап, емінің дауасын айтатын. Мен солардан естіп-үйрендім, – деп жауап береді. Міне, осылайша Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін бұл ақылды да парасатты әйел қалған ғұмырын, бар білімін адамдарға үйретумен өткізеді. Сахих кітаптарда одан риуаят етілген барлығы сенімді 2210 хадис енгізілген. Бұл нәтижемен Айша хадис риуаят етуде Әбу Һурайра мен Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ оларға разы болсын) кейінгі үшінші орында тұрады. Сонымен қатар Айша өте шешентілді кісі болған. Халифа сайланғаннан кейін онымен тілдесіп шыққан Муғауия (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың атымен ант етемін! Аллаһ елшісін (с.а.с.) есептемегенде, мұнан өткен шешентілді ешкімді көрген емеспін», – деп қайран қалған. Ахнаф ибн Қайс (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Әбу Бәкірдің, Омардың, Осман мен Әлидің және олардан кейінгі осы күніме дейінгі халифалардың құтпаларын тыңдағанмын, бірақ Айшадай шешентілді, көркемсөзді ешбір жанды кездестірген емеспін», – деген. Айша Муғауияның кезінде һижра жыл санауымен 58-жылы рамазан айының 17-жұлдызына қараған түні алпыс алты жасында дүние салады. Оның жаназасын Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) шығарады. Намазға бұған дейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қаласы куә болмаған қарақұрым халық қатысып, олар жаназа намазын зәйтүн майына малынған, жүннен жасалған шамның жарығымен оқиды. Оның асыл денесі басқа мүміндердің аналарымен қатар Бақиғ зиратына қойылды. Аллаһ оған разы болсын! Ол дүние салғанда, Амр ибн Убәйд: «Айшаның қазасына анасы болмағандар ғана қайғырмады», – деген. Осылайша салиқалы әйел Айша артында өзі тәрбиелеген, өзін есіне алатын буын қалдырып, Жаратушы Иенің алдына аттанады. 99
Осы уақытқа дейін Ислам әлемі оған тең келер әйел жанын білмеген және Айша бүкіл әлем әйелдеріне мәңгілік үлгі болып қалады. Аллаһ оған разы болсын! 100
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265