Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-06-23 07:47:47

Description: Саидмурод Давлатов Мен және ақша

Search

Read the Text Version

Cаидмурод ДАВЛАТОВ Мен және Ақша

УДК 159.9 ББК 88.5 Д13 Давлатов Саидмурод Д 13 Мен және ақша: бай адам сияқты ойлау. – 1 бөлім. – Б.: 2011 ж. – 228 бет. ISBN 978-9967-08-158-1 Кітап, сіз ақшаға емес, сізге ақшаны өзіңізге қалай жұмыс істете білуге болатындығын үйретеді. Ойлау қабілетіңізді өзгертуге және ақша табудың түрлі жолдарын көре білуге үйретеді, аз уақыт ішінде көп ақша таба білу мүмкіндіктеріңізді дамытуға көмектеседі. Қаржылық еркіндікке жол ашады. УДК 159.9 ББК 88.5 Д 03 0304 0000-09 ISBN 978-9967-08-158-1 © Давлатов С., 2009

Алғы сөз Құрметті оқырман! Қолдарыңызға алып отырған кітап тәжірибеге негізделген және менің жетістікке және табысқа жетуімнің мағынасын аша- ды. Бұл кітапта мені көп затқа үйреткен ұстаздарымның берген білімі мазмұндалған. Ұстаздарым маған маңызды өмірлік ақиқатты түсінуге, жетістікке жету жолындағы түрлі қиындықтарды жеңуге және өзіме сенуге үйретті. Мен соғыс пен қайта құру нәтижесінде оқу орнының ақшасын төлей алмай екі ЖОО тастап кеткен қарапайым жігіт болдым. Барлығын басынан бастаған, көптеген қиындықтарды, сәтсіздіктер мен құлдырауды басынан кешірген, және бірте-бірте қателіктерді түсініп, өз тәжірибем негізінде содан нәтиже шығара білген жігіт едім. Сондықтан осы кітаптан алған білімдеріңіз өзіңізге сенуге, көптеген келеңсіз жағдайларды айналып өтуге және өз мақсатыңызға тезірек жетуге көмектеседі. Менімен өзінің құнды тәжірибесімен бөліскен адамдарға – негізгі қаржылық білім берген Бодо Шефтер және маған өмірдің рухани жағын ашып көрсеткен М.С. Норбековке алғысымды білдіремін. Осы кітапты жазуға көмектескен журналист М.Т Алымбеков пен тамаша суреттердің авторы суретші Керимбек Джумадильханға алғысымды білдіремін. Осы кітап жетістікке және ауқаттылыққа жол бастаған әрбір адам үшін жолбасшы болсын. Ол өзіңізді түсінуге, шын мәнінде кім екеніңіз жайлы ойлануға мүмкіндік береді. Қатты қалаған адам барлығына қол жеткізе алатынына сенуге мүмкіндік береді. Кітап, сізге қиын жағдайларға қалай мойынсынбауға болатынын, қиын жағдайларға ұшырайтын және күрделі мәселелері бар адам жалғыз сіз емес екендігін түсінуге көмектеседі. Адам өзгелердің қиындықтарын азайтып өзінікін үлкейтіп көруге бейімделген. Басқаларға қарағанда тек сiзде ғана қиындыктардың көп болып көрiнетіні – жаңсақтық. Барлық ауқатты адамдар өз өмірлерінде түрлі қиындықтарды ба- сынан кешірген. Алайда, олар, өздеріне сене білді, өз қателіктерін түсініп, басқалардың тәжірибесіне сүйене отырып, жетістікке қол жеткізу үшін қажетті тәлім ала білуімен ерекшеленді. Ал ең ба- стысы олар, әрқашан жетістікке жететіндеріне сене білді, себебі, ертеңгі күнге деген сенім жетістікке жету жолының жартысы бо- лып табылады. 3

Мен және Ақша Әрине, бұл кітап беретін білім жетістікке жетудің кепілі емес. Себебі, білетіндер көп, ал өз білімін қолдана білетіндер өте аз. Шы- найы өмірде университетте алған білімдерін қолдана алмайтын жоғары білімді жастар қаншама! Сондықтан, білімді адам дегеніміз, тек дипломы бар адам емес, басқалары жасай алмайтын мәселелерді шеше білетін, басқа адамдар абыржып қалатын жағдайдан шыға білетін, өзіне және өз болашағына сене білетін адам. Білімді адам белгілі жүйеде жұмыс істеп қана қоймай, сол жүйені құрушы да бола алады. Қай салада екені маңызды емес, бұл бизнес, жанұя, өмір болуы мүмкін. Сен біреу құрған жүйеде жұмыс істейсің немесе сол жүйені өзің құрасың! Өз өміріңізді жоспарлауды үйреніңіз. Болашағын жоспарламайтын адам, ол үшін басқалар жоспарлайтынын түсіну керек. Жетістікті жоспарламай тұрып, оған жету мүмкін емес. Егерде сіз кедейшіліктің ұрығын сепсеңіз, түбінде байлық шығады деп үміттенбеңіз. Егер менің кітабым сіздерге өз өмірлеріңізді жақсартуға, оны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берсе, мен шын мәнінде қуанамын. Кез-келген адамға өзінің басқа адамның жетістікке жетуіне себепкер болғандығын түсінуі өте маңызды. Сіздер мақсаттарыңызға жетіп, армандарыңыз орындалсын деп тілеймін қымбатты оқырмандар. Сондай-ақ өз жетістіктеріңізбен бөліседі деп үміттенемін. Өз өмірінің тәжиребесімен бөлісетіндіктен, менің өмір жолымда кезіккен әрбір адам менің ұстазым болып табылады. Және менің басты ұстаздарым, ол менің тыңдармандарым, себебі, оқу үрдісі екіжақты. Бұл кітапта менің жеті жылғы оқытушылығымның қорытындысы жазылған. Сондықтан осы кітапты жазуға өз үлестерін қосқан, менің барлық тренингтерімнің қатысушыларына алғысымды білдіремін. Менің көптеген тыңдаушыларым алған білімдерін орнымен қолданып, жетістікке жетті. Мен оларға өте ризамын. Бұл кітапта қаржылық еркіндіктің 6 негізгі құпиясы келтірілген. Олар бүкіл кітап бойынша шашыраңқы түрде көрсетілген. Олар- ды тауып, түсіну үшін сіздерге бұл кітапты бірнеше рет қайталап оқу қажет,сонымен бірге қаржылық зияткерлігіңіз де жоғарылайды. Сіздің санаңыз дайын болған уақытта, тапқан құпияларды мозаика секілді құрап жинақтай аласыз. Сол кезде жұмыстың 50% орында- лады! Оны тәжірибеге салу оңай болады. Тез арада іске кірісіңіз. Сол кезде құдайдың көмегімен сіз жетістікке жетесіз. Ақ жол менің қымбатты оқырманым! Осы кітап сізге байлық пен жетістікке, отбасылық бақыт пен ауқаттылыққа жетуге көмек болсын! Құрметпен, С. Давлатов 4

Кіріспе Ұлы мүмкіндіктер барлығына беріледі, алайда көпшілігі оны аңғара бермейді. У. Даннинг Б ұл кітапты оқуды бастамас бұрын, күнделікті шаруаңызды уақытша ұмытып, маңызды оқуға көңіл аударыңыз. Ал ең алдымен, өзіңізге «шын мәнінде бай адам болғым келеді ме?» деген сұрақ қойыңыз. Егер сіз тек қана көбірек ақша тапқыңыз келсе, онда бұл кітап сізге арналмаған. Ал егер сіздің үлкен арманыңыз болса, егер сіз не үшін тырысу қажеттігін білсеңіз, егер сіз шынымен өзіңізді байлыққа лайықты адам деп шешсеңіз – ақ жол! Мен бай болғысы келетіндігі туралы айтқан және өздерін баймыз деп есептейтін адамдарды жиі кездестірдім. «Егер мен қаласам болды, бай болып кетем» деп айтып жүрген адамдарды да кездестірдім. Кейде, көп ақша қажет емес, себебі, өмірдегі маңызды зат ол емес деп есептейтіндерді жолықтырдым. Бірақ шынымен бай болуға іс жүзінде дайын адамдарды өте сирек көрдім. Бұл кітапты оқып болғаннан кейін сізде өте шектелген таңдау болады: шешім қабылдап іске кірісу немесе, ештеңе істемей барлығын орнында қалдыру. Иә, бұл кітапты оқысаңыз да сіздің байып кетуіңізге кепілдік берілмейді. Бірақ, меніңше, сіз осы кітапты оқып, ондағы білімді қолданбасаңыз өзіңізді ешқашан кешірмейсіз. Егер адам білместікпен істей алмаса ол бөлек. Және біле тұрып, жасамау мүлдем басқа жағдай. 5

Мен және Ақша Алдымен, бай адам қандай болуы керек? деген сұраққа жа­ уап беріп көріңіз Қанша жауап нұсқасы шығады? Мақсатына ұмтылғыш, батыл, ерікті, ақша таба білетін... Ал мынау басты анықтама: бай адам – ол өзіне ақшаны жұмыс істете білетін адам. Ол ақша үшін емес, ақша ол үшін жұмыс істейді. Бұл анықтаманы түсініп, қабылдап және есте сақтап алу қажет. Ал енді бай адамның өмір сүру тәртібін ойлап көрейік. Немесе дұрысы – егер мен бай болсам не істер едім деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Сіздің ойларыңыз шынайы көрініс алуы үшін, бір бет таза қағаз алып, сегіз минут ішінде сіз бай болған жағдайда істегіңіз келетінін, армандарыңызды тізіп жазып шығыңыз. Сізде ақшаның көптігі соншалық тіпті оның қанша екендігі маңызды емес деп елестетіп көріңіз. Басыңызға келген ойдың барлығын жазыңыз, тоқтамай тіпті қаламды қағаздан үзбей барлығын тізіп жазып шығыңыз. Сіз жазуыңызды тоқтатып, үзіліс жасағыңыз келсе, қазіргі уақытта қажеттінің барлығын жаздыңыз деген сөз. Алайда, бұл сіздің арман мақсатыңыз емес, тек белгілі заттардың қажеттілігі ғана. Сіз тек үзілістен кейін ғана қол жеткізгіңіз келетін мақсатыңызды жаза бастайсыз. Осылай­ ша сіздің армандарыңыз шынайы көрініске айналады. Со­ нымен қатар дұрыс бағыттала білуді де ұмытпаған маңызды. Өзіңізді ауқатты жетістікке жеткен адам ретінде елестетіңіз. Және жазуды тоқтатпаңыз. Жазып болған соң, қанша бет жазғаныңызды есептеңіз. Бір бет, екі, үш? Мен өзім он екі бет жаздым. Және сол кез­ де ұстазым менде арман жоқ екендігін және мені оқытқысы келмейтіндігін айтты. Дегенмен, мен өзім өте маңызды зат­ тарды жаздым деп есептедім. Ал енді өз тілектеріңізді тыныш жағдайда, асықпай және жақсылап ойланып жазып көріңіз. Ойлану, толғану үрдісі тайгада серуендеу секілді. Бір рет өтіп, ешқандай із қалдырмайсыз. Екі-үш рет жүргеннен кейін із қала ба­ 6

Мал муравей телом, да велик делом стайды, бірақ уақыт өте келе жоғалады. Он рет жүргеннен кейін соқпақ жол қалады. Сіздің қазіргі ойланып, елестетіп отырғаныңыз тек алғашқы қадамдар. Сіз енді ғана байлыққа соқпақ жол салудасыз. Мұның барлығын ғылыми тұрғыда да түсіндіруге болады. Біздің миымыз отыз алты миллиард нейрон­ нан тұрады. Әрбір нейрон белгілі бір қызметке немесе түсінікке жауап береді. Егер сіз «үй» деген сөзді естісеңіз өз үйіңізді елестетесіз. Егер «қызыл үй» деген сөзді оқысаңыз, міндетті түрде қызыл үйді, қызыл кірпіштен салынған үйді елестетесіз. Бұл жағдайда «қызыл» сөзіне жауап беретін нейрон «үй» сөзіне жауап беретін нейронмен біріктіріледі. Егер осындай тіркесті көп рет қайталасаңыз, нейрондардың тұрақты бірігуі, тұрақты бейне (трафарет) орын алады. Келесі жол «үй» деген сөзді ғана естісеңіз де міндетті түрде қызыл үйді елестететін боласыз. Осылайша жүріп-тұру стереотипі мен ойлаудың стандарттық әдістері пайда болады. Сондықтан, сіз Егер бай адамнан бар­ өзіңізді бай адам ретінде лық байлығын, барлық елестетіп, бай адамның ақшасын тартып алса сөзімен сөйлеп, бай адам сияқты жүріп- да, ол жарты жылдан тұрсаңыз, сәйкесінше кейін қайтадан бай­ бай адам сияқты ойла­ ып кетеді. Ал егер ке­ на бастайсыз. Ал бұл дей адамға үлкен ақша өте маңызды. Себебі, берілсе, ол жарты жыл байлардың ойлау ішінде барлығын жұм­ қабілеті ерекше. Көп сап, қайтадан кедей бо­ лады. Себебі, байлық ақшаға ие бола тұрып немесе кедейлік – ол ішкі жағдай, ойлай білу, өмір бай адамдар жұмыс сүре білу қалпы. істеуді тоқтатпайды. «Мен қатты шарша­ дым! Егер менде ақша 7

Мен және Ақша болғанда міндетті түрде демалатын едім» деген сөздер кедей адамның сөздері. Көп адамдар былай дейді: «Менде идея көп, бірақ ақша жоқ. Мен өте ақылдымын, өте дарындымын, тіпті даныш­ панмын. Егер менде ақша болғанда көп іс жасар едім. Бірақ ақша жоқ, сол үшін де шарасызбын. Ақшасыз мен ештеңе істей алмаймын». Ол адамдарға былай десең: «сен қимылда, жұмысты баста сонда ақша өзі келеді», олар былайша жауап береді: «бастапқы қаржысыз не істеуге болады? Сен алдымен маған ақша бер, содан соң мен жұмыс жасаймын, ал ақшасыз ештеңе шықпайды. Ақша болмаса өз ісіңді жүргізу тура­ лы армандаудың да қажеті жоқ». Мұндай адамдар бірдеңе істеу үшін, қол жеткізу үшін міндетті түрде ақша қажетті екеніне сенімді. Және аз ақша емес. Алайда, ауқатты адам­ дар туралы әлемдік тарих басқаша сыр шертеді. Жетістікке жеткен адамдардың өмірін, жетістіктерін зерттеу арқылы алған білімдеріңіз негізінде, олар ұстанған қағидалар мен ережелерді басшылыққа ала отырып, сіз 2-3 айдың ішінде өз кірісіңізді 30-70% жоғарылата аласыз. Дәл осындай білімді сіз осы кітапты оқу арқылы ала аласыз. Осылайша сізде өз арманыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік болады. Әлемде ақша да, махаббат та, бақыт та жеткілікті. Бастысы оларды ала білу қажет. Сіздің осы кітаптан оқып, үйренгеніңіз сізге дұрыс емес болып көрінуі немесе сіздің ұстанымдарыңызға қарсы болуы мүмкін. Алайда, егер сіз шынымен өз мақсатыңызға жеткіңіз келсе және армандарыңызды жүзеге асырғыңыз келсе, білім алуға, түсіністікке және жаңа ақпаратты жағымды қабылдауға көңіл бөлуіңіз керек. 8

Неден бастау қажет? Өз тағдырыңды өзің басқар, немесе онымен басқа біреу айналысады. Ноел Тичи А лдымен аз ақшаны ұстап үйрену қажет, аз ақшаны ұстап үйренбейінше сіз үлкен соманы ұстай алмай­ сыз. Статистика бойынша әрбір жүз адамның он ал­ тысы ауқаттылыққа қол жеткізеді, алайда, олардың тек біреуі ғана сол байлықты өмірінің соңына дейін сақтай алады. Және дәл сол адам бай адам болып есептеледі. Ақшаны ұстап қалу оны табудан әлде қайда қиын болып табылады. Бай болуды қатты қалайтын адамдар үшін негізгі қажетті қағидаларды есте сақтаңыздар: Өз мүмкіндіктеріңізді әрқашан ақшадан жо­ ғары қойыңыз, сонда ақша сізге өзі келіп қызмет ететін болады. Егер адам өз мүмкіндіктерін ақ­ ша­дан төмен қойса, ақша сіздің не жеп, не киіп, демалысқа қайда баратыныңызды, жақынд­ а­ рыңызға не сыйлайтынызды анықтайтын бо- лады. Өз өміріңіздің сапасын өзіңіз айқындау 9

Мен және Ақша үшін мүмкіндіктеріңізді ақшадан жоғары қойыңыз. Осы ережені бірнеше рет қайталап оқыңыз да осы жөнінде ойланыңыз. Оны жаттап алып, бірнеше рет қайталау керек. Сіз өз жұмысыңызды жақсы көресіз бе? Бірақ бір затқа қол жеткізу үшін оны жақсы көру азшылық етеді. Әуесқойлық қажет. Ал әуесқойлыққа реніш, күйініш, уайым тән. Әуесқойлық дегеніміз өз арманыңызға толығымен берілу. Жартылай емес, толығымен. Қажеттілік үшін жұмыс істейтін адамдар бар. Олар жұмысқа уақытысында келіп, уақытысында кетеді, өз жауапкершілігін атқарады, алайда жұмысына ешқандай қызығушылық танытпайды. Оларға тек үрдістен қалмау маңызды. Мұндай адамдар армандамайды. Сәйкесінше түбінде ештеңеге қол жеткізе алмайды. Барлық қиындықтар мен Егер сіз бай болғыңыз кедергілер арқылы соңғы келсе, ешқашан нәтижені көре білетін, со­ «үрдіс үстіндегі адам» нымен қатар, өзінің бас­ болмаңыз. тапқы арманын есінен Сіздің ауқатт­ ы­лы­ шығармайтын адамдар ғың­ ызға ешкім жауап­ жетістікке жетеді. ты емес – мемлекет те, билік те заң да. Сізден басқа ешкім. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін сізге әлімге басқаша көзқарас қалыптастыру керек, басқа тәжірибе, ой-сананың басқа тарфаретін қалыптастыру қажет. Адам миынан асқан мүмкіндігі зор зат жоқ, тек оны дұрыс қолдана білу қажет. Біздің айналамыздағы адамдардың 98% баяғы көзқарасты ұстануды жөн санайды. Бұл біздің жақындарымыз, достарымыз, таныстары­ 10

Муравей невелик, а горы копает мыз. Барлығын айтатын бір зат: «ақша болғанда , мен өз ісімді ашатын едім, амал қанша ақша жоқ». Алайда, ақиқат – белгілі ережені түсінуде: бай болу үшін қимылдау керек; арманыңа қол жеткізу үшін жаңалықтарға ұмтылып білім алу қажет. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «адамдар алды­ мен бай, сосын барып ақылды болмады ма әлде, алдымен ақылды сосын бай болады ма?» Әрине, алдымен ақылды, со­ сын барып бай бола­ Егер бай болғыңыз кел­ ды. Сондықтан бай се, ешқашан үрдіс үстін­ және жетістікке жет­ дегі адам болмаңыз. кен адамдар бөлісетін Нәтижеге жететін адам білімін меңгеріңіздер, болыңыз. солардан үйреніңіздер және өзіңізге, өз жұмысыңызға және арманыңызға құштар болыңыз. Осылайша жұмыс істеңіз. «Шешімін табу» туралы нақыл Ызғарлы әрі тұманды күні екі бала қатып қалған көл үстінде коньки теуіп жүреді. Мұз барлық жерде бірдей болмады, бірақ балалар оған көңіл аударған жоқ. Кенеттен, бір жерде мұз жарылып, балалардың біреуі суға құлайды. Екінші бала саспай, қолына тас алып мұзды жара бастайды, ақыры мұзды жарып, до- сын шығарып алады. Құтқарушылар келіп, болған оқиғаны көрген соң: – Сен мұны қалай істедің? Мұндағы мұз қалың және кішкентай тастармен, сенің кішкентай қолдарыңмен оны ойып түсіру мүмкін емес... деп сұрайды Осы кезде қастарына бір қария келіп, күліп, бы- лай дейді: 11

Мен және Ақша – Мен оның қалай істегенін білемін. – Қалай, – деп сұрайды одан. – Себебі, оның қасында бұл мүмкін емес деп ай- татын адам болған жоқ. Уолт Дисней, елестете алатын затыңды жасай аласың деген болатын. 12

Қабілетті іске қосу Адам өз мүмкіндіктерін тек қолданғанда ғана біле алады. Сенека Б ір бай адам болыпты. Оның өте сұлу қызы бо­ лады. Бай қызын күйеуге бермекші болады, алай­ да, жігіттер оған жақсы көргендіктен ба, әлде ақша үшін үйленгілері келеді ме деп күмәнданады. Сол себепті, ол жігіттерді сынамақшы болып адам­ дарды жинап алып, бай былай дейді: «Кімде-кім мына бассейнді жүзіп өтсе, өз қалауынша: менің жерімнің 3/1, ақшамның 3/1, немесе қызымды ала­ ды. Бірақ, бұл бассейнде ондаған қолтырауынның жүзіп жүргендігін білулеріңіз керек». Ол сөзін аяқтап болмастан, бір жігіт бассейн­ ге түсіп кетеді. Бай таң қалады, мұндай әрекетке бару үшін қандай батыл және қайратты болу керек деп ойлайды! Қолтырауындар жігітті қуа жөнеледі, жігіт тез жүзе бастайды, жыртқыштар қуып жете бергенде, жігіт одан қатты тез жүзіп кетеді. Ақырында, ол бассейннің арғы бетіне дейін жүзіп 13

Мен және Ақша шығады. Таңданған бай өкінішті кейіп­ пен жігіттен жерінің 3/1 қалайды ма деп сұрағанда, жігіт «Жоқ» деп жауап береді. Сонда бай: «сен менің ақшамның 3/1 алғың келіп тұрған болар» деп сұрайды. Бұл жолы да «Жоқ» деген жауап алады. Бай біраз тынышта­ лып, оң жауап алатынына сенімді түрде: «Сен менің қызыма үйленгің келеді ғой» деп сұрағанда, жігіт тағы да «Жоқ» деп жауап қайтарады. «Онда саған не қажет?» деп сұрайды таңдан­ ған бай. Сонда бай: «Мені осы бассейнге итеріп жіберген адамды тауып беріңдер» деген жауапты естиді. Бұл мысал, ешкімнің өз мүмкіндіктерін, физикалық тұрғыдан болсын, интеллектуалды жағынан болсын дұрыс бағалай алмайтындығын көрсетеді. Алайда, оқыс жағдайларда мұндай мүмкіндіктер таныла бастайды. Өз еркімен ол жігіт бассейнге ешқашан секірмес еді. Ал жақсы ұстаз, өзіңіз ешқашан жасамайтын заттарды, сіздің қабілетіңізді танытатын заттарды жасауға міндеттейді. Нашар ұстаз: «жақсы, сен мұны ертең істесең де болады» дейді. Алайда бұл сүйіспеншілік емес, бұл аяушылық. Ал, хирург ая­ нышы пациент өліміне алып келуі мүмкін. Міне, осыны есте сақтау қажет. 14

Муравей невелик, а горы копает Бай адамдар ережесі Ал енді, өзіңізді қолтырауындар жүрген бассейндемін деп ойлаңыз. Астарлы мағынада «бассейн» орнында қаржы саласы, ақша әлемі бо­ луы мүмкін. Сізді тек, Сіздің ақшаны басқара алу қабілетіңіз ғана құтқара алады. Ал, бұл үшін, қаржы саласындағы ақша айналымының қағидаларын, заңдарын білу қажет. Дәл осы білімді мен сіздерге ұсынып отырмын. Алдымен, өз өміріңізде қолдануыңыз қажет, бай адамдардың бірнеше негізгі ережелерін есте сақтаңыз: Мақсат дегеніміз, ұсақ идеялар не- месе заттар жиынтығы емес, ол сізді құштарлық сезіміне толтырады, жұмыс істеп, алға ілгерілеуге көмектеседі. Ақша да адам секілді болып жатқан жағдайларды сезеді. Оған жақсы қарап, сыртқа серпімеңіз, сонда ақша сізге өзі келіп, қалатын болады. Өз болашағын жоспарламайтын адам, өзінің өмірі басқа адамдардың қолымен жасалатынына көнуі тиіс. Бізде бар заттар – біздің істеген ісіміздің нәтижесі. Осы ережелерді есте сақтаңыз. Үй, көлік, саяжай – бұлар мақсат емес. Бұдан әрі біз бұл тақырыпқа оралатын боламыз. Біз неге ақша, байлық туралы сөз қозғап от­ ырмыз? Қолтырауыны бар бассейн туралы нақыл естеріңізде ме? Біз ақша басқаруды үйренуіміз қажет. Үлкен ақша ма, аз ақша ма маңызды емес. Қандай рухани адам болсаңыз да, тіпті тақуа 15

Мен және Ақша Ақша – өмірдегі ең ма­ болсаңыз да, ерте ма ңызды зат емес, алайда, кеш па сізге ақша тура­ ол жетіспесе маңызды лы ойлану қажет бола­ затқа айналады. ды. Егер өзіңізде жол жүру үшін ақша бол­ маса, ешкім сіздің дипломыңызға мән бөлмейді, ғылым докторы деген ғылыми атағыңызға да қарамайды. Осы кезде сіз өзіңіздің жағдайыңызға қынжыласыз. Екінші ережеге көңіл аударыңыз. Әйтеуір бір уақытта, бір күн ішінде, өткен жылдардан артық ақша табамын деп ойлаңыз. Бұл спорт жарыстарына ұқсайды. Минут ішінде шешілетін жары­ Егер сіз, өзіңіз арман­ сты жеңу үшін спортшы дағандай өмірге лайық­ көп айлар, жылдар бойы тымын деп есептесе­ңіз, жаттығады. Сәттілік сізге ақшаны басқару­ оған осы минуттарда келді деген біздің ойы­ ды үйрену қажет. Себе­ мыз жаңсақтық болып бі, ақша сіздің қандай табылады. Жетістік – дең­гейде екендігіңізд­ і ұзақ мерзімді, жалық­ анықтайды. тыратын жаттығул­ ар­ дың, күнделікті еңбектің нәтижесі. Сондықтан, есте сақтаңыз, сіздің арман­ дарыңыз бен мақсаттарыңыз және үмітіңіз, тек нақты қалаған жағдайыңызда, сізді байлық пен жетістік жолына әкелетін уақыт жақындап келеді. Міне, сол кезде өзіңіз бір кездері армандаған мүмкіндіктерге жетесіз. Оларды жүзеге асыруға тырысыңыз. Осы кітапты оқи отырып, барлық жа­ ман ойларыңызды тастаңыз, күлімдеңіз және жағымды қабылдауға бағытталыңыз. Сіздің 16

Муравей невелик, а горы копает көңіл-күйіңіз жақсы бо­ АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ луы тиіс, себебі, жақсы Жарқын көңіл-күй – көңілде сіз барлығын тек денсаулықтың нышаны дұрыс қабылдап, тез үйренесіз. емес, сонымен бірге аурудан сақтайтын ең Алдымен бір есте қаларлық оқиғамен жақсы тәсіл. С.Смайлс бөліскім келеді. Бір кіш­кент­ ай қыз анасының қасына жүгіріп келіп, сұрайды: – Сен өскенде кім боласың? Анасы ойланбастан, жауап береді: – Әйел боламын. – Ана, сен неге өтірік айтасың, сен қазір әйел емессің бе, деді қызы, – айтшы енді, өскенде кім боласың? – Мен ұстаз боламын, – деді анасы. – Сен қазір де ұстазсың ғой, деп таңданыспен қызы сұрағын қайта қойды: – Ана сен өскенде кім боласың? Осы кезде анасы, өзінің қызы үшін әрдайым ана да, ұстаз да болғанын және мұның аз екендігін түсінеді. Сол уақытта ол, өзінің бұл өмірде одан маңыздырақ, одан да көбірек затқа қол жеткізе алу мүмкіндігінің болғандығын сезінеді және осы ар­ манды қызының көздерінен көреді. Барлық балалар өз ата-аналарын артқы қатардан емес, басты рөлде көргісі келеді, олар бізге жоғарғы нәтижеге қол жеткізе алатындығымызды, өз армандарымызды жүзеге асыра алатындығымызды жеткізеді. Балалар өз ата–аналарын мақтаныш тұтқысы келетіндігі естеріңізде ме. 17

Мен және Ақша Мақсат дегеніміз, ұсақ идеялар немесе заттар жиынтығы емес, ол сізді құштарлық сезіміне толтырады, жұмыс істеп, алға ілгерілеуге көмектеседі. Ақша да адам секілді болып жатқан жағдайларды сезеді. Оған жақсы қарап, сыртқа серпімеңіз, сонда ақша сізге өзі келіп, қалатын болады. Өз болашағын жоспарламайтын адам, өзінің өмірі басқа адамдардың қолымен жа- салатынына көнуі тиіс. Бізде бар заттар – біздің істеген ісіміздің нәтижесі. 18

Екі маңызды сабақ Шәкірттер қателікті түсіндіретін адамға емес, өзіне жол көрсетуші адамға ұмтылады. Квинтилиан Ж етістікке жеткісі келетін кез-келген адам үшін екі маңызды сабақ. 1. Жақсы жетістік бар жерде, жақсы ұстаз бар. Қандай ақылды, оқыған адам болсаңыз да ұстазсыз ештеңе шықпайды. Ұстаз сіздің арманыңызға жолды қысқартады, кең тараған қателіктерден сақтануға көмектеседі, ақшаны қолдануды үйретеді. 2. Егер сіз тез арада жетістікке жеткіңіз келсе, өзіңіз қаржылық істеріңізде немесе мансабыңызда өзіңіз армандаған орындағы адамдарды назарыңызға алыңыз, оны бақылаңыз. Бұл сізге тез ұстаз табуға көмектеседі. Егер сіз байқампаз адам болсаңыз, бір апта ішінде сәйкес адам іздейтін ортаны таба аласыз. 19

Мен және Ақша Мен Бодо Шефферге алғаш жолыққанымда, мені өмірімді өзгертуге итермелейтін шешім қабылдауға мәжбүрлейтін жағдай болды. Ол маған ойландыра­ тын бірнеше сауал қойды. Біз біраз әңгімелестік, содан соң ол: «Мен, сіз неге әлі күнге дейін бай емессіз деп ойланып отырмын» деп сұрады. Ол, мен бай болғым келеді ме немесе мен қалай бай болуды білемін деген сұрақтар қойған жоқ. Жоқ, ол неге мен әлі бай емес екендігімді сұрады. Маған қойып отырған сұрақтарын, кезінде өзіне ұстазы қойғандығын айтып өтті. Бұл сұрақтар келесідей. БЕС ЗЕРДЕЛІ СҰРАҚ 1) Егер сіз ойда жоқта жұмысыңыздан айырылсаңыз (кіріс көзінен), бар ақшаңызбен қанша өмір сүре аласыз? _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ Барлық ортақ шығынды есепке алыңыз: тамақ, киім-кешек, коммуналдық қызмет, қажет сапар­ лар және т.б. сіздің шығарған қорытындыңыз, сіздің қазіргі уақытқа дейінгі өміріңіздің нәтижесі. Егер бұл нәтиже, сізді қуанта алмаса, демек, сізге өміріңізге және кірісіңізді бөлуге деген көзқарасыңызды өзгерту қажет. Ақша көлік, кілемдер, тұрмыстық техникасы сияқты заттарға қарағанда басқа сезімге бөлейді. 20

Муравьи сообща и льва одолеют Егер сізде ақша болмаса, сіз кілемдеріңізді сатуға бармайсыз, бұл сіздің ойыңызға да келмейді. Ал егер, ақшаңыз болса, сіз өзіңізді еркін әрі сенімді сезінесіз. Айтпақшы, бұл сұраққа көптеген адамның жауабы қуантарлық емес. Себебі, адам­ дар, ұзақ жылдар бойы жұмыс істей келе, қартайған уақытында дымсыз қалып жатады. Мен әр түрлі мемлекеттерге сапар шегемін және ересек жастағы шәкірттерім немерелеріне көмектесе алып, өздері де ғанибет алып өмір сүретіндей білім беремін. Менің ұстазым: «Мен алғашқы қадамнан ба­ стадым және өз өмірімде жоғарғы деңгейге жеттім. Мен сенің жоқтан бастауыңды қаламаймын. Одан да менің білімімді, тәжірибемді ал да қолдан. Жоғарырақ деңгейден баста, менің деңгейімде тоқтама, ары қарай жылжы. Өмір әрқашан қызық әрі мазмұнды болуы тиіс» деген болатын. 2) Сіз ақшаны жеткілікті дәрежеде жинай- сыз ба? Сіздің ойыңызша, сіз одан да көбірек жинай аласыз ба? _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ Егер сіз, жинаған ақшаңыз болашағыңызды қамтамасыз етуге жетерлік деп есептесеңіз, онда мақұлдап жауап беріңіз. 21

Мен және Ақша Егер сіз, аз жинадым деп есептесеңіз, немесе мүлдем жинамаған болсаңыз (кез келген себеп­ ке байланысты) «жоқ» деп жауап беріңіз. Қандай жағдай болмасын, сізге өзіңіздің қаржылық жағдайыңыз жөнінде ойлану қажет. 3) Сізде қаржылық жоспар бар ма? _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ Көпшілігі, жетістіктің негізі – жақсы қаржылық жоспар деп есептейді. Егер жоспарыңыз болса, жақсы. Менде де қаржылық жоспар болған, алай­ да бұл ақшаны жұмсауға байланысты жоспар еді. Менің ақшам әлі болған жоқ, бірақ мен не сатып алу қажеттігін алдын-ала жоспарлап қойдым. Жо­ спарым келесідей еді. Мерзімі. Не сатып алу? Қайда жұмсау? 2 аптадан соң былғары күрте 1 айдан соң жаңа кір жуатын мәшине 3 айдан соң жұмсақ жиһаз және жаңа ыдыс-аяқ 5 айдан соң оқудың ақшасын төлеу 7 айдан соң тұрмыстық техника алу 1 жылдан соң пәтерде жөндеу жүргізу 2 жылдан соң көлік сатып алу 3 жылдан соң үйлену және той жасау 22

Муравьи сообща и льва одолеют Менің үйімде жаңа кір жуатын мәшине, жаңа газ колонкасы, тон, люстра болғанын мен мақтан тұттым. Менде ақша әлі бол­ мады, бірақ мен оны қалай жұмсайтынымды білдім. Мен бұны жақсы қаржылық жо­ спар деп есептедім. Адамдардың көбісінде осындай жоспар­ лар бар, халықтың 98% өз істерін осылай жо­ спарлайды. Бұдан кейін, осы айда біраз ақша тапқан сияқты едім, олар қайда ағып кетті деп, таңданады. Бұның себебі – сіздің тек ақшаны жұмсау жөніндегі жоспар болды. Ал негізінде, ақшаны көбейту, кірісті ұлғайту, қаражатты үнемдеу туралы жоспар қажет. Менің сенуімше, 3-5 жыл ақшаңызды басқарып, шығынды шектей отырып өмір сүру, ал қалған өміріңіздің барлығын өз қалауыңызша сүрген артық. Бодо Шеффер: «Бес-алты жыл­ да, көп дегенде он жылда, сен қаржылық еркін адамға айналасың» деген болатын. Ал мен бұған үш жыл ішінде қол жеткіздім. Себебі, мен маған берілгеннен немесе жоспарланғаннан екі есе артық жасап отырдым. Және әрдайым, Иса пайғамбардың айтқан мына сөздерін естен шығармадым: мен басқа пайғамбар мен қасиеттілердің айтқанына қарсы емеспін, бірақ олар айтқаннан екі есе артық жасауым керек. Мен де солай істедім. 23

Мен және Ақша Тапсырма берілгенінде, мен одан екі есе артық жасадым, кеңес алу үшін оқытушыға бір рет келу керек десе, мен екі рет бардым. Және осылардың барлығы маған үш жыл ішінде мақсатыма жетуіме көмек берді. Осы қағиданы сіз де есіңізде сақтаңыз. Ондайжағдайдасіздіңбарлықжоспарларыңызорын­ далады. Бастысы – өзіңіздің тек жақсыға лайықты екендігіңізді білу. Адам, өзін кім деп есептесе, сол болып табылады. Сіз өзіңізді кім деп есептессеңіз, айналадағылар да сізді солай қабылдайды. Өзіңізді қалай сезінсеңіз, айналадағылар да сізге сондай қатынаста болады. 4) Өзіңізді салған салымыңыздың пайызы- на өмір сүріп жүрген уақытта елестете ала- сыз ба? _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ Бұл – ақша сізге қызмет істейтін уақыт, ол кез­ де кіріс шығыстан артық болады және инвестиция­ лау үшін бос қаражат қалады. Жауабын ойланып көріңіз және жағымды нұсқасын ойланып көріңіз. Қиялыңызды пайдаланыңыз және тек оң ойларды есте сақтауға тырысыңыз. 24

Муравьи сообща и льва одолеют 5) Сіз өз еңбегіңізге лайық ақша аламын деп есептейсіз бе? _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ Біреулер «иә» деп жауап берсе, біреулер одан артыққа лайықпыз деп есептейді. Бірақ ең бастысы, мұндай сауалдар, сіздің ішкі жағдайыңызды мүлдем өзгертеді. Егер сіз шынымен қаласаңыз, өміріңізді жақсы жағына қарай өзгерте алу мүмкін деген үміт пайда болады. Егер сіз, бұдан да көп ақша таба ала­ мын десеңіз, орныңыздан тұрып, еңбек етіп ақша табыңыз. Бастысы, өзіңіз үшін өз мақсаттарыңызға жететіндігіңізді, жете алатындығыңызды, өзіңіз қалаған өмірді сүруге лайық екендігіңізді шешу. Бұл бес негізгі сұрақ, сізге өз жағдайыңызды түсінуге, өткеніңіз туралы ойлануға, қазіргіңізді түсінуге, болашақтағы басты мақсаттарыңызды анықтауға мүмкіндік береді. Сізге оңай болуы үшін, қосымша бірнеше сұраққа жауап беріп көріңіз. Егер сіз көбірек ақша тапсаңыз, сіздің өмір сүру деңгейіңіз жоғары болар ма еді? _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ 25

Мен және Ақша Егер сіз жұмысыңызды беріліп жасасаңыз, сізд­ ің өміріңіз қандай болар еді? Сіздің өмі­рі­ ңіздің сапасы қазіргіден артық болар ма еді? _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ Енді сізге өз жауаптарыңыз туралы ойланып, шешім қабылдау қажет. Сіз, өмірде өзіңіз үшін барлығы оңай болғанын қалайсыз ба? Жоқ, барлығы өте жақсы болуы үшін тырысуыңыз. Оңай жол үлкен мақсаттарға жол ашпайды. Сізде қиын мәселелердің аз болғанын қалайсыз ба? Жоқ, одан да өз шеберлігіңізді шыңдай түсіңіз. Мәселелер Сіздің өмірде жеткен қалсын. жетістіктеріңіз – кедер­ Егер сіз шебер гілерден мойымай өту­ болсаңыз, бұл тек дің нәтижесі. алдыңыздан шыққан күрделі мәселелердің шешілуі негізінде ғана мүмкін болады. Бұл мәселелер сізді сонша ақылға үйретеді. Әйеліңіз (күйеуіңіз), туыстарыңыз, достарыңыз, әріптестіріңіз талапты азырақ қойғанын қалайсыз ба? Талаптардың аз болғаны әрине жақсы, алайда, одан қорықпау керек. Алтын сынамасын жоғарылату үшін оны отқа күйдіреді. Бұл өмірдің заңы. Көп адамдар мұны біледі, алайда олардың өмірінде ештеңе өзгермейді. Олар ештеңе өзгерткісі келмейді, себебі олар кедейлік үйреніп қалған. Не­ месе олар кедейлікке мойынсұнып кеткен. 26

Муравьи сообща и льва одолеют Сіздің блокнотыңызға Бай адам дегеніміз – ақшаны өзіне жұмыс істете білген адам. Ол ақша үшін емес, ақша сол адамға жұмыс істейді. Өз мүмкіндіктеріңізді әрқашан ақшадан жоғары қойыңыз, сонда ақша сізге өзі келіп қызметететінболады.Егерадамөзмүмкіндіктерін ақшадан төмен қойса, ақша сіздің не жеп, не киіп, демалысқа қайда баратыныңызды, жақындарыңызға не сыйлайтыңызды анықтайтын болады. Өз өміріңіздің сапа- сын өзіңіз айқындау үшін мүмкіндіктеріңізді ақшадан жоғары қойыңыз. Ақша – өмірдегі ең маңызды зат емес, алай- да, ол жетіспесе маңызды затқа айналады. Барлық қиындықтар мен кедергілер арқылы соңғы нәтижені көре білетін, соны- мен қатар, өзінің бастапқы арманын есінен шығармайтын адамдар жетістікке жетеді. Егер сіз, өзіңіз армандағандай өмірге лайықтымын деп есептесеңіз, сізге ақшаны басқаруды үйрену қажет. Себебі, ақша сіздің қандай деңгейде екендігіңізді анықтайды. Жақсы ұстаз, өз еркіңізбен өзіңіз ешқашан жасамайтын заттарды жасатады, бұл сіздің қабілеттеріңізді ашуға көмектеседі. 27

Я и Деньги Егер бай адам болғыңыз келсе, ешқашан үрдіс үстіндегі адам болмаңыз, әрқашан нәтиже шығаратын адам болыңыз. Сіздің өмірде қол жеткізгеніңіздің барлығы, табанды түрде кедергілерден өтудің нәтижесі. 3-5 жыл ақшаңызды басқарып, шығынды шектеп өмір сүріп, ал қалған өміріңіздің барлығын өз қалауыңызша сүрген артық. 5 дұрыс сұрақ Егер сіз ойда жоқта жұмысыңыздан айырылсаңыз (кіріс көзінен), бар ақша­ ңызбен қанша өмір сүре аласыз? Сіз жеткілікті деңгейде ақша жинай- сыз ба? Сізде қаржылық жоспар бар ма? Өзіңізді салған салымыңыздың пайы- зына өмір сүріп жүрген уақытта елестете аласыз ба? Сіз өз еңбегіңізге лайық ақша аламын деп есептейсіз бе? 28

БАЙЛЫҚҚА АПАРАТЫН 5 НЕГІЗГІ СҰРАҚ: 1. Ақшамен қандай қатынаста болу керек? 2. Ақшаны қалай дұрыс жинау керек? 3. Инвестициялау жолы қандай? 4. Ақшаның рахатын қалай көруге болады? 5. Қалай көп ақша табуға болады? Белгілі мақсаты бар адам, өте күрделі жолмен де алға жүріп отырады, ал мақсаты жоқ адам, жазық жолмен де ілгерілей алмайды. Т. Карлейль Б ұл – жауабын әрбір адам білуі тиіс бес сұрақ. Есіңізге сақтаңыз, бай адам болу үшін, алдымен аз ақшаны басқара білу қажет және бай адамдар секілді ойлай білу керек. Адамдар алдымен ақылды, содан соң бай болады. Бай адамдар ақша үшін емес, шеберлік үшін, шыңдалу үшін жұмыс істейді. Өз істерінің шебері болғаннан кейін, өз жұмыстарынан рахат алады, себебі, оларда өз 29

Мен және Ақша істеріне деген құштарлық пайда болады. Өз істерінен тек шебер адамдар ғана ғанибет ала алады. Тіпті өлім бізден нені тартып ала алмайтынын білесіз бе? Бізбен не мәңгілік қалады? Бұл біздің шеберлігіміз, біздің қабілетіміз – олар бізбен мәңгілік бірге. Сондықтан егер, бай адамның байлығын тар­ тып алса, бірнеше жылдан кейін ол қайтадан байып кетеді. Себебі, өз байлығынан айырылса да, ол өз білімін, ойлау қабілетін, шеберлігін, яғни, оны бай адам қылған барлық қасиеттерін өзінде сақтайды. Осыған байланысты ежелгі грек философы Би­ ант жөнінде өнегелі әңгіме бар. Парсы патшасы Кир Ионадағы Приена қаласын басып алғанда, тұрғында өзінің ең қымбат заттарын алып қаладан кете бастады. Бірақ Биант ғана ештеңе алмастан шықты. Оның бұл ісіне таңданған қала тұрғындары, Бианттан неге құр қол шыққандығы жөнінде сұрай бастады. Оған философ былай деп жауап берлі: «менікінің барлығы өзіммен», бұл арқылы ол өзіндегі білімнің материалдық құндылықтардан артық екендігін жеткізген бола­ тын. Шындығында да, біраз уақыт өткеннен кейін, көптеген қала тұрғындары бар заттарынан айыры­ лып, нанға қалай ақша табу жолын білмей жүрді. Ал Биант болса, жеті данышпанның бірі бола отырып, адамдарға білім беріп, одан түскен ақшамен тіпті басқа тұрғындармен бөлісіп отырды. Оның айтқан сөздері қанатты сөздерге айналды. Бірақ өмір көп қырлы. Сондықтан ақшаны, сізді қоршап тұрған ортамен байланыссыз, бөлек қарастыруға болмайды. Алдымен сізге, неліктен бай болғыңыз келеді, соның себебін білу керек. Егер, күніне 100 рет мен бай болғым келеді, мен баймын, 30

Муравей никогда не сдается мен өте бай адаммын, деп айтсаңыз, сіз бай боласыз ба? Ақша – байлықтың көзі емес. Түрінен қуаныш пен бақыт нышаны байқалмайтын бай адамдар да бар. Сіз неге бай болғыңыз келеді? деген сұраққа жауап іздеп көріңізші. Себеп болуы керек. Осы себеп өміріңіздің мақсатымен байланысты болады. Менің сауалыма жазбаша түрде жауап беруге болады. Бірақ «Кімнің бай болғысы келмейді, барлығы қалайды!», деген қарабайыр тіркестер жазбаңыз. Ол себеп, сіздің ішкі бағытыңызды, сіздің армандарыңызды, сіздің өмірге де­ ген көзқарасыңызды көрсетуі тиіс. Ол құрдастарыңыздың көзқарастары емес, тек сіздікі болуы тиіс. _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ 31

Я и Деньги _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ 32

1. Ақшамен қандай қатынаста болу керек? Ақша – қоғамдық жетістіктің өлшемі. Д.Клейсон Сіздің ақшаға деген көзқарасыңыз Ақшаны бөлек қарастыруға болмайды, Сіз не үшін бай болғыңыз келеді, сізге себеп қажет. Е нді бірінші сұраққа жауап беріп көріңіз. Сіз ақшаға қалай қарайсыз? Ақша сізге тіршілік ету үшін қажет пе, әлде жақсы өмір сүру құралы ма? Ақша адамды бұзады ма, әлде ақшаның болмау кесірінен отбасылы не бақытты бола алмадыңыз ба? Әркімнің өз көзқарасы бар. Есіңізге түсіріп көріңіз, бала күнімізде қандай әңгімелер еститін едік: «Ақша адамды бұзады, кішкентай балаларға ақша беруге болмайды...». Сіз бай адамның рақымды болғаны туралы фильм көрдіңіз бе? Біз бай адамдары жоқ қоғамдық құрылыста өсіп ер жеттік. Кейбір адамдар басқаларынан жағдайы 33

Мен және Ақша сәл жақсырақ болды, бірақ бай болмады. Барлығы көп ақшалы болудан қорықты. Егер сізде екі вело­ сипед, әдемі көлік және шатырыңыз басқалардан биік болса, бұл сырттай мінеушілікке себеп бо­ латын. Қазіргі жастарда өмірге жаңа көзқарас қалыптасқан, алайда буындағы едәуір адамдар әлі де бұрыңғы көзқарасты ұстануда. Заман өзгерді, алайда көп адамдардың сана­ сы әлі де жаңа өмір тәртібіне үйрене қойған жоқ. Сондықтан олар: «мен көп ақшаны не қыламын? Жанұяда тыныштық болса, ұрыс-керіс болмаса, балалардың дені сау болса – болды» деп ойлайды. Үлкен ақша мұндай отбасыларға бақытсыздық алып келуі мүмкін, себебі, бай отбасыларда барлығы жақсы болмайды деген мысалдарға сенеді. Жиі мұндай ақпараттар біздің еркімізге қарамастан са­ налы деңгейде жұмыс істейді. Кей кездері біз бай болғымыз келеді, бірақ өзіміз байқамастан ақшаны алыстатамыз. Діни адам былай ойлауы мүмкін: «Көп ақшаның салдарынан жұмаққа түсе алмаймын. Мен бай болмасам да, жақсы, адал адаммын. Бай адамдарға қараңызшы, олар саясатқа араласады, заңды бұзады, адамдарды алдайды». Бұл қате түсінік. Әлемде бай және адал адамдар көп. Сіз де өзіңіз армандаған жоғары дәулеттілікке лайықсыз. Сіздің әр қолыңызда бес саусақ бар. Сіздің бір саусағыңыз басқасынан қажеттірек деп ойламай­ сыз ғой. Барлық саусақтарыңыздың маңыздылығы бірдей. Енді, саусақтарымызды біртіндеп бүге оты­ рып, әр адам үшін маңызды заттарды талқылайық. Бірінші саусақ – сіздің отбасыңыз, отбасылық тыныштығыңыз. Сіздің жанұяңыз қамсыз болуы 34

Муравей никогда не сдается тиіс, болмаған жағдайда сіз тыныш өмір сүріп, жұмыс істей алмайсыз. Екінші саусағыңыз – денсаулығыңыз. Бұл жер­ де артық түсіндірудің қажеті жоқ. Үшінші саусақ – бұл ақша. Ақша – отбасы мен денсаулық тәрізді маңыздылыққа ие. Кей адамдар алдымен ақша табу үшін денсаулығын құртады, ал сосын денсаулығын қалпына келтіру үшін тапқан ақшасын жұмсайды. Осылайша, өмір өтеді. Төртінші саусақ – бұл өз-өзіңізді сезіне білу. Өз- өзіңізді сезіне білу – бұл өзіңізді өмірде кім ретінде сезіну жолы. Әдетте, бұл жағдайға ешкім көңіл аудармайды, сондықтан, көңіл күйде де, жұмыста да өзгерістер болып тұрады. Өзіңізді жақсы сезіну үшін, өмірде өзіңізді кім деп ойлайтыңыз, кім деп көретіңсіз, кім деп сезінетіңізді анықтап алу қажет. Сонда әр күніңіз нәтижелі болатыны анық. Егер адамның көңіл күйі жақсы болса, жұмысы да өнімді болады. Ал егер жұмысы жақсы жүрсе, де­ мек, жұбайы да, балалары да риза болады. Бесінші саусағыңыз – бұл өміріңіздің мақсаты. Барлық айтылған заттардың маңыздылығы бірдей. Алдымен қызмет, содан кейін ғана тұрмысқа шығу немесе үйленуіме болады деп есептейтін адамдар бар. Немесе, алдымен ақша табу керек, қалғаны со­ дан соң белгілі болады. Бұл көзқарас дұрыс емес. Өмірдің барлық саласы бірдей маңызды. Өмірді «кейінге» қалдыруға болмайды. ЭНЕРГИЯНЫҢ ТӨРТ ТҮРІ 1. Дене 2. Сана 3. Жан 4. Рух Сыртқы және ішкі энергияның төрт түрінің гар­ мониясы сізді жетістікке жеткізеді. 35

Мен және Ақша 1. Дене Сіз спортпен шұғылданып, дене бітіміңіз жақсы болса, сәйкесінше, өзіңізге сенімді адам боласыз. АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ Физикалық даму­ ды елемейтіндер, осы Егер ақылыңыз дұрыс жұмыс әрекетімен адамда істесін десеңіз, денеңізді қалыпта ұстаңыз. балалық шағынан ба­ стап қалыптасқан дене Р. Декарт мен сананың үйлесімін бұзады. Ендіжүріпүйренгенбала,тоқтамайқимылдайды – жүгіреді, секіреді, домаланады, ағашқа шығады. Осы арқылы ол өз ақыл-парасатының дамуын қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру жаттығулары адам миының белсенділігіне ықпал ететіндігі бұрыннан бері дәлелденген жағдай. Кез-келген спорт жаттығулары және ең қарапайымдары да ойлау үрдісін ынталан­ дырады. Сондықтан көп адамдар жаяу жүру кезінде жақсы ойланады. Сіздің рухани жағдайыңыз тікелей дене жағдайыңызбен байланысты. АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ 2. Сана Қандай данышпан болса да, Сіздің санаңыздың кез-келген адам өмірінде өз мүмкіндіктері шексіз. ақылы беретін мүмкіндіктің Өзіңіздің есте сақтау миллионнан бірін ғана қабілетіңізді, ойлау қолданады. қабіл­ етіңізді, интел­ лектуалды қабілетт­ іл­ і­ Н. Дубинин гіңізді арттырып оты­ рыңыз. Сіздің сана­ ңыз – ең батыл армандарыңызды жүзеге асыр­ уға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Сіздің 36

Муравей никогда не сдается қабілетіңіз – мүмкіндіктеріңізді, соның ішінде қызметтік мүмкіндіктеріңізді анықтайтын құрал екенін есіңізден шығармаңыз. Аралар туралы әңгіме Аралар не істей алады және олардың қабілет­ тері қандай? Аралар, бал жинай алады, өз үйлерін сала алады (сонымен бірге, жәндіктер арасында тек араларда ғана сәу­ летші қабілеттері бар), гүлдерді тозаңдандырады, кеңістікте жақсы бейімделеді, ұрпақ қалдырады, өз үйін қорғайды. Кеңістігіне басып кір­ генде, аралар не істей алатын­дығы барлығына мәлім. Аралар бір-бірін тани алады және бір-біріне ақпарат бере алады, соны- мен қатар, олар қажетті темпера- тураны сақтап тұра алады. Аралар 49 қабілетке ие екен. Оның миында неше жасуша бар екенін білесіз бе? Тек 10000 жасуша. Адамдар, көп жағдайда, аралар секілді өз мүмкіндіктерін қолдана алмайтындығы өкінішті. Адамдағы 360 000 жасушасына қарамастан, мүмкін емес. Ғалымдардың есептеуі бойынша, оларды көп қабатты үй секілді бір-біріне қабаттап қойса, оның биіктігі айға 14 рет барып қайтатындай аралыққа тең болушы еді. 3. Жан Барлық ата-аналар өз балаларын жақсы көреді және оларға білім беру үшін жұмыс істеп, ақша табуға тырысады. Жалпы қарағанда, оларға жұмыс емес, балаларының білім алуы керек. Бұл ата- ананың махаббаты. Оларды бала емес, махаббат 37

Мен және Ақша жұмыс істеуге итермелейді. Бір қызығы, ата-аналар дарынды балаларды қаттырақ жақсы көреді. Егер ер адам әйел адамды жақсы көрсе, ол өз махаббаты үшін өмірін қиюға дайын болады, оның қалағанының барлығын жасайды. Бұл махаббаттың күші болып табылады. Адам сүйген кезде – тауды да қотаруға дайын болады. Жанның мұндай жағдайы – шабыттану – кез-келген істе таң қаларлық нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Қиын кезеңдерде, ауы­ спалы уақыттарда ер адамдармен салыстырғанда әйелдер жылдам өзгеріп, бейімделеді. Өзгеріп, бейімделуге аналық сезім ықпал етеді. Әйелдермен салыстырғанда ер адамдар парасаттырақ бо­ лып, баяғыда естіп, қабылдаған ескі ақпаратты қолданып, торығуға тап болады. Және «Бұл мүмкін емес, мұндай жағдай ешқашан болмаған!» – деп ойлайды. Ер адамдар үйреніп болғанша, әйелдер едәуір жетістіктерге қол жеткізеді. Тіпті ер адамдар да, белгілі жетістіктерге жетеді, әдетте бұл қасында жігерлендіретін әйелдің болуына байланысты. Әйел тек: «Қымбаттым, қалай ойлайсың, мүмкін, былай жасармыз?» деп ұсыныс жасай алады. Әйел адам ой тастайды, ал ол ойланып, саралап, солай жасау мүмкіндігін қарастырады. Ал содан соң, әрине, барлығына өзі жеткендей кейіп танытады. Бір құпия бар. Жетістікке жеткен кез-келген ер адам, біреу көмектескен жағдайда да барлығын өзім жасадым деп айтады. Кез-келген жетістікті, ол өз жетістігім деп есептейді, оған қуанады және бұл оған сенімділік береді. Ал егер, әйел адам жетістікке жетсе, ол мұны жай ғана кездейсоқтық деп есептейді. 38

Муравей никогда не сдается НАҚЫЛ «БАЙЛЫҚ, ЖЕТІСТІК ЖӘНЕ МАХАББАТ» Бір әйел, үйінен шығып бара жатып, өз кіре берісінде ұзын ақ сақалды үш шалды көреді. Әйел оларды танымай, былай деді: Мен сіздерді танымаймын, бірақ сіздердің қарындарыңыз аш болар. Өтінемін, үйге кіріп, бізбен бірге түскі ас ішіңіздер. – Біз үйге бірге кірмейміз, деді олар. – Неге екенін білуге болады ма? Ақсақалдардың бірі әрқайсысына нұсқай отырып түсіндірді: – Оның аты – Байлық, ал екіншісінің аты – Же­ тіст­ ік, менің атым – Махаббат. Үйіңе қайтып бар да, жолдасыңмен ақылдас, қайсымызды шақы­ра­ тындарыңды. Әйел адам үйіне барып, болған жайды күйеуіне айтады. Күйеуі қуанып, былай дейді: – Қандай жақсы! Байлықты шақырайық! Біздің үйімізге кіріп, молшылыққа толтырсын! Әйелі күйеуімен келісетініне сенімсіз болып: – Қымбаттым менің! Бізге неге жетістікті шақырмасқа? – Махаббат дұрыс сияқты? деді барлығын естіп, жүгіріп кірге қызы. Ойлаңдаршы, үйіміз махаббатқа толса қандай керемет болады! – Қызымыздың айтқанын жасайық, – деді күйеуі әйеліне. – Шық та, махаббатты біздің қонағымыз болуға шақыр. Әйел шығып үш ақсақалдан сұрады: – Сіздердің қайсыларыңыз махаббатсыз? Өті­ нем, жүріңіз, біздің қонағымыз болыңыз. Ақсақалдардың біреуі тұрып, үйге беттеді. Қал­ ған екеуі тұрып, оның соңынан ерді. Таңданған әйел Жетістік пен Байлықтан қарап: – Мен тек Махаббаты шақырдым, сіздер неге еріп келе жатырсыздыр? 39

Мен және Ақша Олар былай деді: – Егер сіз тек Байлықты немесе тек Жетістікті шақырсаңыз, басқалары сыртта қалар еді. Ал сіз Ма- хаббаты шақырдыңыз, ол қайда барса да, біз соның соңынан ереміз. 4. Рух Рух үш қуаттың (энергия) үйлесімі нәтижесінде пайда болады. Кей адамдар: мен рухани жағынан дамып, жетіліп жатырмын дейді. Маған ақшаның не керегі бар, материалды жағдай мені қызықтыр­ майды. Мен оның барлығынан жоғарымын. Бірақ үйді қалай іргетассыз салуға болады? Іргетас қажет. Мұнда да дәл сондай жағдай, дене бітімің сау бол­ маса рухани да дами алмайсың. Сіздің денеңіз физикалық объект, оның өзінің қажеттіліктері бар. Сіздің рухани жағдайыңыз, көбінесе, сіздің физикалық жағдайыңызға бай­ ланысты. «Дені саудың, жаны сау» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Рух күштілігі, сіз барлығын ойланып, шешім қабылдаған кезде білінеді. Сіз кедергілерге қара­ мастан, жеңісті көксейсіз. Сіздің болашағыңыз ру­ хани күштілігіңізге тәуелді болып табылады. 40

Муравей никогда не сдается ТӨРТ СЫРТҚЫ ЭНЕРГИЯ ТӨРТ ІШКІ ЭНЕРГИЯНЫ ТАРТАДЫ 1. Ақша Сіз көп ақша тапқан сайын өзіңізді жақсы сезінесіз. Және өзіңізді қайырымды сезінесіз. Алай­ да, қайырымдылықты да түрі болады, әлсіздіктен туындаған қайырымдылық пен күштің негізінде пайда болған қайырымдылық. Адамдар байлықты әр түрлі қабылдайды. Біреулері ақша пайда болғанда тәкаппар және басқаша амандасатын, тіпті кейде, амандаспай да, басқа адамдарды елемей кетеді. Ол өзін маңызды сезініп, басқаларға жоғарыдан қарап, ылғи жұмысбастылыққа жүгініп, жиналыстар тура­ лы айтып, туыстарымен араласпай, тіпті маңызды іс шараларға шақырса да бармайтын болып кетеді. Ол қырсық, қазымы, мінегіш болып кетеді. Оған тіпті тамақ ұсынған ыдыс, немесе оған деген ықылас ұнамай отырады. Себебі, оның қайырымдылығы әлсіздігінен болып табылады. Егер ондай адамның ақшасы одан сайын көбейсе, ол өзін жоғалтып ала­ ды, шынайы өмірмен байланысын жоғалтады. Әлсіздіктен туындаған қайырымдылық барлығынан көрініс табады. Сіз ақша жинайсыз ба? Біреулер былай деуі мүмкін: «Егер мен көп ақша тапсам, жинайтын едім». Алайда, бұл жалған. «Көп» деген ұғым сізді өзгерте алмайды. Егер сіздің қайырымдылығыңыз әлсіздіктен туындап отырса, ақша көбейген сайын, сіздің әлсіздігіңіз арта түседі. Егер сіз ішімдікке бейім болсаңыз, одан көп іше ба­ стайсыз. Егер сіз дүкенге баруды жақсы көрсеңіз, ертеден кешке дейін дүкен аралайтын боласыз. Егер саясатқа қызықсаңыз, билікке жету үшін ақша жұмсайсыз. Ақша – электр қуатын бөлетін генера­ тор тәрізді: үйді жарықтандыруға, үй жұмыстарын 41

Я и Деньги бітіруге, тамақ пісіруге мүмкіндік береді. Алайда, егер қауіпсіздік ережелерін білмесе, қарапайым заттардың өзі қауіпті болуы мүмкін. Егер сіздің жұбайыңыз сізге түрлі жағдайларға байланысты, тіпті мардымсыз заттарға қатысты болсын жиі наразылық білдіріп, талап қоятын бол­ са, сіз оның еркіне көніп, мақұлдайсыз. Алайда, неге екені белгісіз, талап көбейе түседі. Немесе сіз, әрдайым ұрсып, ызыңдап отыратын адаммен жұмыс істеп отырсыз. Және сіз не істесеңіз де, қалай тырыссаңыз да, оның көңілінен шықпайсыз, ол ызыңдауын тоқтатпайды. Себебі, «көп» деген ұғым, әдетті өзгертпейді, мінезге ықпал ете ал­ майды. Ақша сізге пайдасын тигізіп, бақытқа бөлеу үшін сізге кей заттарды білу керек. Қайырымдылық күштіліктен туындауы тиіс. Күшті болғанына байланысты қайырымды адамдар бар. Олар бай болған сайын, бұдан да қайырымды бола түседі. Әдетте өз күшімен барлығына жеткен бай адам­ дар, шын мәнінде өте қайырымды болып табыла­ ды. Олар біреуге қолдау көрсетуді, біреуге шыны­ мен көмектесуді армандайды. Олар өз білімдерін үйрету үшін жақсы шәкірт тапқысы келеді. Себебі, олардың қайырымдылығы күштілігінен туындаған. Сондықтан өзіңізді басынан бастап өзгертіңіз. Қайырымдылығыңыз күштілігіңізден туында- сын. Кейін, сіз көп затқа қол жеткізгенде, бұл жақсы істеріңізден көрінуі тиіс. Сыртқы энергияның 2, 3 және 4 түрлерін біз сіздермен «Мен және ақша» кітабының екінші бөлімінде қарастырамыз. 42

ЖЕТІСТІКТІҢ 5 ТҮРЛІ ДЕҢГЕЙІ А. ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ІСТЕР В. ТЕХНИКА С. МОЙЫНДАУ Д. ҰПАЙ Е. ӨЗ-ӨЗІҢДІ ЖАҢАДАН ТАНУ Әлденені білудің жалғыз мүмкіндігі – бір нәрсе істеу. Б.Шоу Қолға алынатын істер Сіз өз өміріңізде белгілі істерді қолға алған­ дығыңызбен келісесіз. Сіздің іс-әрекеттеріңізд­ ің нәтижесі – ол сіздің жеткен жетістігіңіз. Сіздің бүгінгі өмір сүру деңгейіңіз – бұл сіздің кешегі ойларыңыз, кешегі армандарыңыз. Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, сізге кешегі жасағаныңыздан кешегіден көбірек зат жасауыңыз қажет. Алайда сіз: «Мен көп іс істедім, бірақ ештеңе өзгерген жоқ» деуіңіз мүмкін. Бұл олай емес. Құмырсқаны қараңыз, ол ешқашан тоқтамайды, оны кедергіге толы жолдар тоқтатпайды, ол ылғи да шешім іздейді және табады. Оның табандылығы, мақсаттылығы және еңбекқорлығына қызыға 43

Мен және Ақша қарауға болады. Ол үшін өтілмейтін қамал мен жете алмайтын мақсат жоқ. Кейбір адамдар өз армандарынан бірнеше қадам ғана қалғанда бас тартады, себебі, оларда табандылық, қажырлылық, ерік пен өзіне деген сенімділік жетіспейді. Піл туралы нақыл Бір бала циркке баруды өте жақсы көрді. Оған көркем де көңілді қойылымдар ұнады. Бір күні, олардың қаласына аңдар бар цирк келді, ол әкесін циркке апаруды өтінді. Балаға ең қатты ұнағаны – піл. Ол керемет заттар істеді: ауыр заттарды көтерді, жонгерлік етті, артқы аяқтарымен жүрді. Қойылымнан кейін, бала пілді жақыннан көргісі келіп, әкесін жануар- лар тұрған торлардың қасына алып баруын сұрады. Онда ол пілдің бір аяғынан байланғанын және қазықтың жерге қағылғанын көрді. Мұндай алып пілге қазықты суы- рып шығып кету түкке тұрмайтын шаруа еді. – Әке, піл неге орманға, еркіндікке кет­ пейді, мұны жасау оған түкке тұрмайды ғой? Деп сұрады бала әкесінен. Оның күші көп қой. – Себебі ол үйренген және мұндай жағдайға дағдыланып кеткен. Сонымен бірге, оны кішкентай кезінде ұстап алған және шынымен де шынжырмен қатты байлап қойған. Кішкентай кезінде ол күнде бостандыққа шыққысы келіп, шынжырдан босануға бар күшін салған, екінші аяғымен теуіп шықпақ болған, ақырында күші бітіп шаршайтын болған. Соңында, 44

Муравьи живут в гармонии с природой ол өзінің күші жетпейтіндігіне сеніп, өз тағдырын мойындап, бостандыққа шыға алмайтынғын түсінген күн жетті. Қазір, ол үлкен, күшті піл бола тұра, бостандыққа шыға алмайтындығына сенімді... ол Бір шыға алмағандығын әлі ұмытқан жоқ және әлі күнге ол қолынан келмейді деп ойлайды және ең жаманы, ол өзінің күші мен мүмкіндіктерін байқап көруге тырыспады. ТЕХНИКА Техника – бұл бағытты таңдау. Сізге көп уақытты босқа кетірмеу үшін техниканы білу қажет. Мектепті бітірген, соң әдетте, адамдар өзіне мамандық таңдайды. Біреулер инженер, біреулер педагог, біреулер заңгер болады.... Бұл – техни­ ка. Сіздің мамандығыңыз – сіздің таңдауыңыз. Кәсіпкерлік саласында техника – сіз таңдаған сала. Өзіңізге жақын саланы таңдаңыз. МОЙЫНДАУ Көп адамдар үшінші деңгейге дейін ғана көтеріледі. Мысалы, сіз өзіңізге: «Иә, мен жақсы қызметкер, жақсы адаммын деп айтасыз. Мен сыйластық пен мойындауға лайықпын. Менің ба­ лаларым мені жақсы көреді, ата-анам, туыстарым, достарым, жақындарым мен туралы тек жақсы зат­ тар айтады, қызметтестерім сыйлайды». Осылай өзімізді жұбатамыз. Біз барлығымыз үш деңгейден өтеміз де осы үшінші деңгейде көпшілігі тоқтап қалады. Олар тіпті төртінші деңгейге көтерілуге тырыспайды да, тоқтап қалады. Олар армандау­ дан бас тартқандай, тырысуды тоқтатады. Әдетте адамдар былай ойлайды: «мен қызметімді жаса­ дым, сыйлауға, мойындауға лайық болдым, менде 45

Мен және Ақша ақша бар, жұмыс бар, жақсы отбасым бар, балала­ рым тоқ, киімім бүтін. Барлығы жақсы, барлығы дұрыс». Осы жағдайда, ол баспалдақпен жоғары көтерілуден бас тартып, орташа жетістік деңгейіне разылық танытады. Маған келген адамдар былай дейді: «Менің 20 жылдық жұмыс өтілім бар». Мен былай деп жауап беремін: «Жоқ, сіздің жұмыс өтіліңіз бір жыл ғана, сіз оны тек 20 жыл қайталадыңыз». Себебі, тәжірибе жинауға тек бір жыл уақыт кетеді де, қалған жылда­ ры қайталау болады. Үшінші деңгейде тоқтаған кезде, адамдар, өздерінің бастапқы арман мақсаттарын ұмытып, ары қарай жалғастырғысы келмейді. Одан жоғары төртінші деңгей бар емес пе. Егер сіз соған көтерілсеңіз, бесінші деңгейге де жете аласыз. Төртінші деңгейде ештеңе өзгермейді, бұл өтпелі деңгей. Өзгеріс тек бесінші деңгейде бола­ ды. Жарты жолда тоқтамаңыз, батылыңызды жинап төртінші деңгейге өтіңіз, өз мақсатыңызға батыл түрде ұмтылыңыз. КӨЗІЛДІРІК Қалай айтқанда да төртінші деңгей өте маңызды. Бодо Шеффер оны адамның ойлау деңгейін меңзей отырып, көзілдірік деп атайды. «Көзілдірікті» болу дегеніміз – мына өмірге өз көзқарасыңмен қарау, көптеген екінші саптағы АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ заттардың маңыз­ дылығын көре білу. Мейірімді адам өзін кіна­лай­ ды, мүсәпір адам өзгелерді Мысалы біз әйелі­ кіналайды. мізге қарап мынадай ойға келеміз: «Сәл ғана Конфуций тілалғыш болса ғой». 46

Муравьи живут в гармонии с природой Немесе күйеуімізге қарап: «Ол жақсы, бірақ сәл ғана ақылдырақ болса, одан күшті болар еді», деп ойлаймыз. Өз «көзілдірігіміз» арқылы қарағанда, біз көп затты ойымыздан шығарып аламыз, жиі шындықты көре бермейміз. Бізге дұрыс өмір сүру керек. Егер адамның «көзілдірігі жаман» болса, ол байлық дегеннің не екендігін, оның мағынасын түсінбейді. Ауқат­ тылықтың мағынасын түсінуге көмектесетін «дұрыс көзілдірік» қажет. Бай болған әлдеқайда жақсы, сіз кедей адамды тамақтандыра аласыз, жолаушыны қонақ ете аласыз, қарт адамдарға көмек бере аласыз, мүмкіндігі жоқ, бірақ жақсы оқитын студент үшін оқудың ақшасын төлеп бере аласыз, ауру балаларға көмектесе ала­ сыз. Әлемде 3 млрд. адам күніне 1 долларға өмір сүреді, 2 млрд адам оқып, жаза алмайды, 1 млрд. адамның қарны аш. Олармен салыстырғанда, біздің тұрмысымыз әлдеқайда жақсы. Бірақ, есімізге алайық, қиналған шақта бізге қолдау көрсеткен адамдар болды. Сондықтан, біз айналамыздағы адамдарды қолдап, көмектесуге міндеттіміз. Әлемде мұқтаж адамдар өте көп, тіпті біздің жақындарымыздың арасынан да табылады. Сіз – менің көмегім не болады, олар тым көп деп ойлауыңыз мүмкін. Оған мен былай деп нақыл айту арқылы жауап беремін. Бір күні демалушы жағажайда демалып жүреді. Теңіз, ылғалды құм, жел, батып бара жатқан күн... Қандай сұлулық! Кенеттен, алыстан бір адамды көреді. Ол еңкейіп, қолына бір зат алып, суға лақтырды, содан соң қайта еңкейді. Ер адам жақындап барғанда, оның жағаға шайылып шығып қалған теңіз жұлдыздарын қайта теңізге лақтырып жатқандығын көреді. ол таңданып сұрайды: – Қайырлы кеш! Немен айналысып отырсыз? 47

Мен және Ақша – Мен теңіз жұлдыздарын тіршілік ету орта- сына қайтарып жатырмын. Қазір судың көтерілуі тым баяу, сондықтан жұлдыздардың барлығы жағада қалып қойып жатыр. Егер оларды қайта теңізге лақтырмаса, олар өледі. – Мен түсініп тұрмын, алайда жағажайда ондай жұлдыздардың мыңдағаны бар ғой. Олардың барлығын қайтару мүмкін емес, олар тым көп! Жағадағы жүздеген жағажайда да осы жағдай емес пе. Сіз ештеңе өзгерте алмайтыныңызды түсінбейсіз бе? Әлгі адам күліп, тағы да еңкейіп, тағы бір теңіз жұлдызын қолына алып, былай деп жауап береді: – Мынау үшін бірдеңе өзгереді... Бір күні, мен бір жігіттен қанша ақша табасың деп сұрадым. Ол: «300 доллар» деп жауап берді. Мен: «Неге 2000 доллар емес?»деп сұрадым. Ол ойланып тұрып, осы уақытқа дейін оған ешкім мұндай сұрақ қоймағандығын, ешкім бұл туралы сөйлеспегендігін айтты. Біреу оған оның мүмкіндіктері туралы айтуға, оның одан көп ақша таба алатындығы туралы айтуға, өз күшіне сенімділік беруге міндетті секілді. Ал, енді өзіңізден, неге қазіргі тауып отырған ақшаңыздан көп таба алмайтындығыңыз жөнінде сұрап көріңіз жауабын қысқартып жазыңыз. _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ _______________________________________________ 48

Муравьи живут в гармонии с природой Әдемі сөздер жазып ақталып шықтыңыз, солай ма? Маған осы сауалды қойғанда, мен өз мемлекетімді, өзім жұмыс істейтін зауытты, барлық тәжіктерді кәналап шықтым. Бұл шындық болатын, алайда, мен қашып жүрген шындық болды. Бұл, менің өмірден нені қалайтындығым жөнінде сауал болды. Міне, осы «көзілдірік» болып табылады. Ақталу сөздерін кез келген уақытта табуға болады, алайда, сіз ылғи ақталуды қажет ететін жағдайда болғыңыз келеді ме? Ешқандай ақталу нәтижені алмастырмайды. Барлығын өзгертіп, мақсатыңа қол жеткізіп, армандарыңды жүзеге асырған жақсы емес пе? Кей кездері, шешім, біз ойлаған жерде бол- майды. Сыртқы жағдайлар алдамшы болады. Және бірқалыпты күндерде біз маңызды зат- тарды байқамай қалып жатамыз. Ойланыңыз, егер, сіз бай болсаңыз, атақты суретшілер салған суреттерін сатып ала аласыз. Сіз кез келген музыканы тыңдап, армандаған көлігіңіз бен тұрмыстық техниканы ала аласыз. Ал дүкенге кіргенде, баға туралы ойламасаңыз да болады. Міне, осы қаржылық еркіндік деп аталады. Барлығымыз да жоғары затқа лайықпыз және оған қол жеткізе аламыз. Төртінші деңгей – «дұрыс көзілдірік табу» кезеңі. Бұл деңгей қиын әрі өзіндік ерекшеліктері бар. Алдымен, бақылаушы, оқушы болыңыз. Кейде оқушы болғаннан, ұстаз болған оңай болады. Мы­ надай әңгіме бар. Шәкірт өз ұстазына келіп: «Мен өмірдің сырын түсінгім келеді және мұны сізден үйрене аламын». Ұстаз оған өзі туралы айтып беруін сұрайды. 49


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook