КҮРЕТАМЫР сөз үйренеді. Мне, қараңыз, баланың алақанын жазып алдымен: «Бас бармақ, сұқ саусақ, ортанқол, аты жоқ саусақ, шынашақ», - деп саусақтарды бір-бірлеп көрсетіп, ары қарай саусақтарды қайтадан нұсқап: «Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек», - деп әрқайсысына ат қойып, саусақтарды бүгеді. Келесі кезекте бүгілген саусақтарды шынашақтан бастап: «Сен тұр, қозыңа бар!», «Сен түр, жылқыңа бар!», «Сен тұр, түйеңе бар!», «Сен тұр, сиырыңа бар!», «Сен кішкентайсың, үй бақ!» - деп саусақтарды ретімен жазады да, ашылған алақанның ортасына сұқ саусақты айналдыра қозғап: Қуыр, қуыр, қуырмаш, Тауықтарға бидай шаш. Қонақ келсе, есік аш, Қасқыр келсе, мықтап бас, - деп алақанын жүмғызып, баланың білегінен жоғары қарай аттата нұқып: Мына жерде май бар, Мына жерде шай бар. Мына жерде бал бар, Мына жерде нан бар... - деген секілді түрлі нәрселердің атын айта келіп қолтыққа жет- кенде: «Мына жерде күлкі бар, қытық-қытық», - деп қытықтайды. Бала мэз болып сықылықтап күледі. Бұл ойын оларға өте ұнай- ды, қайталауыңды қалап түрады. Сөйтіп, ондағы айтылған сөздер бала санасында жатгалып қалады. Бүл ойынды көбінесе үш жасқа дейінгі балалар ойнайды. Ал «Санамақ» ойыны баланың жас мөлшеріне қарай түсінікті тілмен жаттауға жеңіл тақпақпен айтылады. Ойынның негізі мақсаты - сан үйретіп, тіл ұстарту болып табылады. Баланың саусақтарын бір-бірлеп жүмылдыра отырып: Бір дегенім - білеу, Екі дегенім - егеу. 97
Зейнеп Ахметова Үш дегенім - үскі, Төрт дегенім - төсек. Бес дегенім - бесік, Алты дегенім - асық. Жеті дегенім - желке, Сегіз дегенім - серке. Тоғыз дегенім - торқа, Он дегенім - оймақ, Он бір қара жұмбақ. Жұмбағым жұтылды, Өрге қарай құтылды! - деп он саусақты түгел ашып, екі қолды жоғары көтереді. Бұл ойында сан үйретумен бірге осында айтылған нәрселердің не екенін, олардың тұрмыста қандай орыны бар, неменеге жұмса- лады, соның бэріне түсінік беріледі. Жаттауға жеңіл, өлең ұйқа- сына ұқсас ырғақпен айтылғандықтан есте жақсы сақталады. «Санамақ» ойынының бұдан басқа да алты-жеті түрі бар. Соның тағы біреуін айтсам артық болмас деп ойлаймын. Бір, Біздің үйге кір. Екі, Ет турайтын бэкі. Үш, Сені жықпақ күш. Төрт, Маңдайыма шерт! Бес, Майлы құлақ кес! Алты, Ата-баба салты. Жеті, Жел-боранның өті. 98
КҮРЕТАМЫР Сегіз, Болсын серкең семіз! Тоғыз, Борсық жейді қоңыз. Он, Атаң киген тон. Он бір, Қонақ келсе, қондыр! - деп сандарға сөздерді ұйқастыра отырып тіл жаттықтырады. Қаншама уақыт өтсе де, жадыңа тамғадай басылып, көмес- кіленбейтін көріністер болады. Талғат дейтін ортаншы ағайым кішкене кезімде тізесіне отырғызып алып сан үйретеді: - Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Қанша рет «еу» дедің, қанша рет «ау» дедің, айта қойшы, - дейді. Мен оны табу үшін қайтадан санай бастаймын. Балаларға сан үйретіп, тіл ұстартудың бұл да бір әдісі екен ғой. Баланың сөйлеу тілін жаттықтыруда жаңылтпаштардың да алатын орыны ерекше. Бұл өзі өте көңілді жэне қызықтыр- ғыш тәсіл. Айтылуы қиындау, бірақ ішкі үйлесімі бар бірың- ғай сөздерді ойнатып қолданады. Сөздерді тез-тез айту керек болғандықтан, эбден тіл икемделгенше бала алғашында ша- тасып, мүлде басқа сөздер естіліп жатады. Оған өздері де, айна- ласы да күліп көңілденеді. Балалар жаңылтпашты анық эрі тез айтуға тырысып, бір-бірімен жарысқа түсіп, қалайда нәтиже шығарады. Жаңылтпашты баланың жасына қарай әуелі жеңіл- желпісінен бастап үйретіп, бірте-бірте күрделендіре өрістетеді. Мысалы, «Ақ тайлақ ақ па, кара таяк ақ па?», «Ак тайыншаның қатығын аппағыма беремін, аппағымның атын тез айтқаны- ңа беремін» немесе «Шілікті шаптым, жілікті астым, жілікті астым, шілікті жақтым». Осындай қарапайым жаңылтпаш- тарды өзіңіз жылдам-жылдам айтып көріңізші, көңілденіп-ақ қаласыз. 99
Зейнеп Ахметова Ал жұмбақтар баланы өздігінен ойлануға, тапқырлыққа баулып, зейін-ықыласын ашады, тіл шеберлігін шыңдап, сөздік қорын көбейтеді. Мысалы, «Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді» деп суды, «Отқа жанбас, суға батпас» деп мұзды, «Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар» деп түйені, «Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар» деп қойды жүмбақтаған. Осы секілді жеңіл түрлерін шешіп үйренген баланың түсінік-пайымы өсе береді, көз аясы кеңіп, ой-өрісі биіктеп, қиындау түрлерінің жауабын табуға тырысады. Айтайық, «Екі айнасы бар, екі най- засы бар, төрт жылтырмағы бар, бір шыбыртқысы бар» дегеннің күнде көріп жүрген сиыр екенін ойлана келе түсінеді. Ары қарай бұдан да күрделірек: «Ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бө- кен санды, құс қанатты, құмырсқа ізді, бота тірсекті» - деген жұмбаққа кэдімгі шегірткенің жасырынып түрғанын табу үшін біраз тер төгуге тура келеді. Ғажап! Қаншама жан-жануардың аты аталып, сипаты берілген десеңізші! Сондай-ақ: «Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр, бес ешкі», - деп малдың төлін көтеру мерзі- мін жұмбақтайды. Түйе он екі айда боталайды, жылқы он айда құлындайды, сиыр тоғыз айда бұзаулайды, ешкі бес айда лақтайды. Көрдіңіз бе, бір жұмбақтың шешуінде қаншама сөз бен танымдық ұғым жатқанын. «Ойнамаған баланың ойы өспейді» деп баланың ой-санасын өсіріп, тілін ұстарту үшін халқымыз балаларға арналған ойындардың да алуан түрін шығарған екен. Сондай ойындардың қызык бір түрі - «Қалай айтуды білемін» деп аталушы еді. Өз басым мектепке барғанға дейін-ақ бұл ойынды ойнауға әбден машықтанып едім. Адам бала кезде үйренгенін ұмытпайды екен, енді соны айтып көрейін, мүмкін кәдеге жарап қалар... Бүл ойын - үй жануарларының, аңдар мен құстардың қимыл- қозғалысын, жүріс-тұрысын, дауысын дұрыс сипаттап, сөзді анық, мэнерлі айтуға дағдыландырады. Күнделікті түрмыс-тіршілікте, табиғат тануда маңызды мағлұматтар қамтылады. Мұнда ой, тіл, қозғалыс бір-бірімен тығыз байланыста астарласып, бір арнаға 100
КҮРЕТАМЫР тоғысады. Анығырақ айтсам, біріншіден, жасөспірімдердіц ойлау қабілетін жаттықтырып, санасының өсуіне ықпал етеді. Екіншіден, баланың тілін дамытады, сөз байлығын молайтады. Үшіншіден, балаларды икемділікке, ширақтыққа үйретеді. Ойынды дауысы ашық, сөздерді анық айтатын, ойын шарттарын бес саусақтай жақсы білетін ересек балалар жүргізеді. Ойынның қызықты, тамашалы өтуі ойын басқарушыға тікелей байланысты. Ол балалармен бала болып ойнайтын, өз тарапынан тапқырлық танытатын, керек жерінде қатаң талап қойып, салауатты да салмақты төрелігін айтатын адам болады. Әйтпесе, ойын қобырап, шашырап, тартымды болмай қалады. Ойынды бала санына қарай үйде де, далада да ойнай береді. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Оны ойын басқарушы ыңғайға қарай өзі шешеді. Ойын басқарушы балаларды айнала дөңгелектеп (шеңбер жасап) отырғызады немесе тұрғызады. Өзі ортаға шығып ойын бастар алдында: ¥қыпты - үтар, Іздеген - табар. Ойлаған - озар, Еріншек - тозар, - деп тақпақтап балалардың мұқият, ұқыпты болуын ескертеді де, ойынды бастауға кіріседі. - Балалар, жан-жануарлардың қалай дауыстайтынын біле- сіңдер ме? Мен сендерге казір оны айта бастаймын. Ал сендер жақсылап тыңдап, есте ұстауға тырысыңдар, - деп үй жануар- ларының, аңдар мен құстардың қалай дыбыстайтынын айта бастайды. Түйе - боздайды. Жылкы, қүлан - кісінейді. Сиыр, қодас, бұғы - мөңірейді. Қой, ешкі, киік, арқар - маңырайды. 101
Зейнеп Ахметова Теке - бақылдайды Есек - ақырады. Ит - үреді, арсылдайды, шабаланады, ұлиды. Күшік - шәуілдейді, қыңсылайды. Шошқа - қорсылдайды. Арыстан - ақырады. Жолбарыс - күркірейді. Маймыл, қоян - шыңғырады. Аю - өкіреді, ақырады. Қасқыр - ұлиды, ырылдайды. Түлкі - шәңкілдейді. Мысық - мияулайды. Тышқан, аламан, қосаяқ - шиқылдайды. Аққу - сыңқылдайды. Қаз - қаңқылдайды. Үйрек - бырылдайды. Қүндыз - сыңсиды. Қарға - қаңқылдайды. Сауысқан - шықылықтайды. Торғай - шырылдайды. Тырна - тыраулайды. Қарлығаш - шықылдайды. Булбұл - сайрайды. Тауық - қыт-кыттайды. Әтеш - шақырады. Әупілдек - әупілдейді. Ара - дызыңдайды. Сона - дызылдайды. Маса - ызыңдайды. Шегітке - шырылдайды, ысқырады, Бақа - бақылдайды. Жылан - ысылдайды, т.б. 102
КҮРЕТАМЫР Балалардың жас ерекшелігіне қарай бүл сөздерді қысқар- тып та немесе бөліп-бөліп эр жолы ойнағанда әртүрлісін қол- данады. Сонымен, басқарушы тақырыпты айтып болған соң оң жағынан бастап балалардан сұрайды: - Әтеш қалай дыбыстайды? - Әтеш «ку-ка-ре-ку-у-у...» деп шақырады, - дейді ойыншы әтештің дауысын айнытпай салуға тырысып. - Ал мысық қалай дыбыстайды? - Мысық «мияу-мияу» дейді, - деп келесі бала мысықша мияулайды. - Қой қалай дыбыстайды? - Қой «ме-ме-ме» деп маңырайды, - дейді кезегі келген ойыншы. Ойын осылай жалғаса береді. Дұрыс айта алмағандар өлең- тақпақ, жаңылтпаш айтып немесе би билеп айыбын өтейді. Ды- быс туралы сұрак-жауап біткен соң басқарушы ойынның келесі бөліміне ауысады. -Балалар, малды қалай шақыруды білесіңдер ме? Енді соларды айтайық, жақсылап тыңдаңдар. Жылқыны - кұраулап, Түйені - көс-көстеп, Сиырды - ахаулап, Қойды - пұшайттап, Ешкіні «шөрелеп» шақырамыз, - дейді ойын басқарушы. Ол осыларды айтып болған соң бұрынғы тәртіппен ойын- шылардан малды қалай шақыруды кезекпен сүрайды. Егер балалар бұл ойынмен бүрын таныс болмаса, өзі бір рет айтып шығады. Жылқыны - қүрау-қүрау, мөһ-мөһ, Қойды - пұшайт-пүшайт, 103
Зейнеп Ахметова Ешкіні - шөре-шөре, Түйені - сора-сора, көс-көс, Сиырды аухау-аухау, - деп шақырады. Ал малды өріске айдағанда, малды қайырғанда: Түйені - арай-арай, Жылқыны - құрай-құрай, Сиырды - шу-шу, өк-өк, Қойды - шәй-шәй, Ешкіні шек-шек деп айдайды, бағады, қайырады, - дейді. Ары қарай ойын жүргізуші ойыншыға кезегі келген жерден бастап, бір-бірден малды суға қалай шақырады, өріске айдағанда жэне қайырғанда не дейтінін сұрайды. Сұрақ-жауап біткен соң жауап бере алмай қалғандарға жэне бір мүмкіндік беріп сүрақ қояды: - Мысықты қалай шақырасың? - Мысықты пыш-пыш, кіс-кіс, мыш-мыш деп шақырамын. - Итті ше? - деп сұрайды келесі баладан. - Итті кәһ-кәһ, кэ-кэ деп шақырамын. - Тауықты қалай шақырады? - Тауықты шеп-шеп, шып-шып деп шақырады, т.б. Ойын басқарушы ойынның келесі бөліміне көшеді. - Балалар, малдың төлдеуін қалай айтуды білесіңдер ме? - деп сұрайды. Егер балалар ойынға дейін малдың төлдеуін шала білсе не мүлде білмесе, басқарушы өзі айтып шығады: Түйе - боталайды. Сиыр - бұзаулайды. Қой - қоздайды. Бие - қүлындайды. Ешкі - лақтайды. 104
КҮРЕТАМЫР Ал: Ит - күшіктейді. Мысық - балалайды. Тауық, қаз, үйрек жұмыртқалайды, - дейді. Содан кейін жүргізуші ойыншыларға малдың, жабайы аңдардың, құстардың «баласын» қалай атау керегін айтады. Қойдың төлі - қозы. Сиырдың төлі - бұзау. Түйенің төлі - бота. Жылқының төлі - кұлын. Ешкінің, таутекенің төлі - лақ. Қодастың төлі - бұзау. Арқардың төлі - қозықа. Аю - қонжық. Есек - қодық. Киік - құралай, лақ. Қүндыз - қүнай. Бұты - бұғышақ. Қоян - көжек. Доңыз - торай. Қасқыр - бөлтірік, күшік. Түлкі - жаутаң, мышырай. Мысық - соқыр. Ит - күшік. Марал - лақ. Жолбарыс - мәулен, шөнжік. Барыс - алан. Итбалық - ақүрпек. Аққу - көгілдір. Қаз, үйрек - балапан. Тауық - шөже, шіби, т.б. 105
Зейнеп Ахметова Ойын баскарушыдан кейін кезек балаларға келеді. Ұқыпты, зерек оқушылар естігендерін зердесіне түйіп, дұрыс айтып шы- ғады. Жауап бере алмағандар айыбын өтеп өнер көрсетеді. Осыдан кейін соңғы бөлімі басталады. Мүнда үй жануарларының, аңдар мен құстардың қалай козғалатынын, қалай жүріп-тұратынын сұрайды. Бағанадан бері ой мен тіл арқылы өтіп жатқан ойын енді қызық та ширақ бейнелі өзгеріске енеді. Ойыншы балалар білгендерін ортаға салып неше түрлі жүрістерді, қозғалыстарды көрсетіп мәз болысады. Мысалы: - Аю қалай жүреді? - десе: - Аю былай жүреді, - деп бала аюша қорбаңдайды. - Лақ тастан-тасқа секіреді, - деп енді біреуі лақша секеңдейді. - Қораз былай жүреді, - деп қаздаңдайды. - Қарға былай үшады, - деп құлашын жайып «үша» бастай- ды. Осылай жалғаса береді. Ойынның осы бөлімі балаларға кө- бірек үнайтын. Сондықтан ба екен, ойын басқарушы өзі де тап- қырлық танытып көмектесіп, балалардың қиялын жетелейтін. Сонымен, ойын аяқталды. Алайда бұл ойынды бөліп-бөліп жаң- ғыртып қайталап ойнататын. Өйткені мүнда сөз байлығы жэне бойға сіңірер үғымдар мол. Соларды балалар әбден үйренгенше эрі табиғи түрде санаға ұялағанша қайталаушы еді. Мен «Қалай айтуды білемін» ойынының бүрынғы, өзім кіш- кене кезімде үйренген үлгісін бердім. Ал енді осы ойынды барлық негізін сақтай отырып басқаша ойнауға болады деп ойлаймын. Атап айтсам, ойынға қатысушыларды екі топқа бөліп, жарысқа түсіріп ұпай жинау аркылы ойынды жүргізу. Ойыншылар бірі- нен-бірі асып түсуге, көп ұпай жинап жеңіске жетуге талпынып олардың белсенділігі артып, жауапкершілігі күшейер еді. Ойынды бұлайша жүргізу әдістеме жасаушылардың ұйымдастырушылық іскерлігіне байланысты. Тек пейіл болсын. Сөзді түйіндесем жоғарыдағы эңгімелер, тіл үстарту, тілді жетілдіру де бабаларымыз қолданған, тапқырлығына талас туғызбайтын әдіс-тәсілдер. Ойлап қарасаңыз, оның бэрі - екі 106
КҮРЕТАМЫР жақты, бір тілдіге сөз есесін жібермейтін небір саңлақ шешендер мен ділмарларды тәрбиелеп баулыған дала ілімі. Өкініштісі сол, оқу орындарының әр сатысының соншама көптігіне қарамай, ойын орнықты жеткізе алмайтын, түсінікті сөйлем құрай алмайтын тілі бұралған сақау ұрпақтың көбейгені жаныңа батады. Бірак көбеймей қайтсін, «тэуелсіздік» деген тэтті сөзді күніне тоқсан қайталасақ та, элі күнге дейін «Колобок», «Конек-Горбунокты» тыңдап, YouTube-ті көріп, «өзін-өзі танып» жатқан жоқ па? БАУЫРЫНА САЛУ «Балам - балым, баламның баласы - жаным» деп алғашқы немересін ата-әжелер өзіне меншіктеп, жанына балап бағып- қағып тәрбиелейді. Міне, осыны «бауырына салу» дейді. Бұл дәстүрдің ең басты маңызы - өздері элі жас ұл мен келіннің бала тәрбиесінде білгені аз, тәжірибесі мардымсыз болғандықтан, өмірден көргені мен түйгені мол, талай баланы қанаттандырған үлкен кісілер міндетті өз мойындарына алған. Сондықтан ата- эже бауырына салған немересінің тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, баланың ұлағатты, өнегелі болып өсуіне, адамгершілік ардақ қасиеттерді бойына сіңіруіне күш-жігерін аямаған екен. Қандай халықтың болсын өзгеден ерекшелендіріп тұратын салт-дәстүр қағидалары бар. «Бауырына салу» дәстүрі бізбен қатар өмір сүріп жатқан халықтардың ішінде тек қазаққа ғана тэн екені ақиқат. Әрине, өзге үлттар да немерелеріне камқорлық көрсетеді, бағады, карайды. Ал казактың бүлардан ерекшелігі сол, тұңғыш немересін міндетті түрде атасы мен әжесі бауырына басып, оны үйдің кенжесі ретінде тэрбиелейді. Баланың туған ата- анасы да «атасының баласы», «әжесінің баласы» деп үлкендер жа- ғына қарай икемдеп, «менің балам» деп айтуға аузы бармаған екен. Халқымызда «Екі баланың ортасындағы қария бала болады, екі қарттың ортасындағы бала дана болады» дейтін коне сөз бар. Айтса айтқандай, ата-эже тәрбиелеген балалардың тілі ерте шығады, 107
Зейнеп Ахметова ой-жүйесі орнықты жетіледі. Өйткені үлкен кісілер әрбір сөзді анық айтады, баламен ересек адамша сөйлеседі. Бала аяқтанып жүріске жарағаннан бастап ата-әжесіне ілеседі, кішкентайынан қариялардың әңгімесін тыңдайды. Үнемі үлкендердің қасында жүргендіктен атасы мен эжесінің тентұс тұрғыластарын «пәленше атам», «түгенше эжем» деп олардың барлығын өңдеп-түстеп, кімнің кім екенін біліп көпшіл болып өседі. Қалай десек те, үлкен кісілердің сөздері мазмүнды, салиқалы болады. Олар бас қосқанда күнделікті күйбең тірліктің кәкір- шүкір әңгімесінен гөрі өткен-кеткен тарихтан, сыры көп шежі- реден сөз қозғап, талай аңыз-әфсаналарды айтады. Ел ішіндегі түрлі түйткілді мәселелер, қоғамда болып жатқан келелі өзгерістер дегендей, мұның бэрі бала құлағына сіңеді. Оның ерте есеюінің бір ұшы аксақалдар мен кейуаналардың шертетін эңгімелерінде жатыр. Қариялар өсіріп баулыған немерелер эдет-ғұрып, салт- дәстүрге жетік, халықтық жақсы қасиетке бай, үлкенді құрмет- теп алдынан кия өтпейтін мейірімді, тұрмыста байыпты да бай- салды болып калыптасады. Бүрынғы-соңғы тарихымызда үлы түлғалар, парасат иелері ата-әжелердің тәрбиесін көргендерден шыққан. Осы жерде атаның «Ұшқан ұя» кітабынан ол кісінің шынайы да шыншыл табиғатымен ак жарылып жазған мына бір сөздерін үсынуды жөн көрдім. «Кейде менің өнеге алған, тэлім үйренген, дэріс оқыған үстаздарымды еске түсіріп ойға калатыным бар. Сондай шырын шақтарда, ең алдымен, әжемнің бейнесі елестейді. Сол кісінің уағы- зы басымырак бола береді. Өйткені есейе келе көрген көп ұстазым талай-талай тағылымға бой үрғызғанымен, солардың бірде-бірі нақ өзімнің әжемдей, ауылдың кадірлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ десем ардақты үстаздарымның көңіліне келмес. Бүл сезім өзіме қанымның тартқанынан немесе жақыныма сезімімнің бөлек- тігінен емес. Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрады. Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы жайлы 108
КҮРЕТАМЫР алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қа- лыпатасуы туралы тұңғыш мағлұматты эжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын! Иэ, элемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы, шынайы сезіммен азаматтық тұрғыдағы жан баурайтын аңыздарды айтқан, ненің жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен, ар заңының, әдептің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең алдымен, әжем, ауыл ақсақалдары еді... Енді, міне, ессйіп ер ағасы болғанда ойласам мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой...» - дейді. Қариялардың бауырында өскен адамдардың ерекшелігі туралы бұдан артық не айтарсьщ. Тіршілікте не болмайды, эр адамның болмысы, мінез-құл- қы, айналасымен қарым-қатынасы эрқалай. Біреу қатал, біреу мейірімді, енді біреу - тым өзімшіл дегендей. Осы өзімшілдіктің кесірі бауырына салған балаға оңбай тиетін де жағдайлар кездесе- ді. Қайсыбір эжелер езімсініп немересіне: «Сені өзім тудым, менің ғана баламсың», - деп қүлағына құйып, онымен қоймай әке- шешесін боқтатып, аттарын ататқызып үйретеді. Осының бэрі баланың болашағында үлкен кедергілер келтіретінін өзімшіл ата-әже ескермейді. «Бүрын туған бұрын өлсе» ата-эже өмірден өткенде бала өз ата-анасына, өз бауырларына жұғыса алмай жетімсірейді. Өзін жапанда жалғыз қалғандай сезінеді. Аттарын атап үйренгендіктен экесін «әке», шешесін «ана» дей алмай ты- ғырыққа тіреліп, бүкіл жан дүниесі қүлазып жүдейді. Іші біліп тұрса да өз ата-анасына жуықтай алмай қиналады. Ақылды да саналы ата-эже сәбиді анасының ақ сүтінен ажыратпайды, баланы біржола бөліп әкетіп өгейсітпейді, ата-анасын білгізіп өсіреді. Тек тәрбие тізгінін қолдарында ұстайды. Бүрындары қазақтың кез келген баласын тек ата-эже ғана емес, бүкіл ауылдың иманжүзді аталары мен өнегелі әжелері көз- ден таса етпеген. Баланың атасы не әжесі өмірден өткен жагдайда көзі тірі қариялар балаға ақыл-кеңесін беріп, арқасынан қағып, маңдайынан сүйіп дегендей, назардан тыс қалдырмаған. Әлдебір 109
Зейнеп Ахметова балалықпен жасаған тентектігіне түсіністікпен қарап, істі ушық- тырмай «пәленшекеңнің жақсы көрген еркесі еді ғой» деп аталық ақылмен жөнге салып отырған. Қарап тұрсаңыз, мұның бэрі - тәрбие. Айтып-айтпай не керек, біз сөз етіп отырған ата-эже тәрбиесі, ұрпак жалғастығының бұл күнде жібі үзілген. Әрине, бұл бір күнде, бір жылда құрыған жоқ. Кеңес өкіметінің ноқтасына басымыз кірген соң бүкіл қоғамдық қүрылыстың іргетасы өзгеше қаланды. Ата-бабаның құнды дәстүрі, анықтап айтқанда, ата-эже мектебінің қабырғасы біртіндеп қаңырай берді. Ер болсын, әйел болсын қызметті, жұмысты бірінші орынға қою сол заманның идеологиясының күштілігі еді. Өйтпеске амалың да жоқ болатын. Сөйтіп, кеңестік тіршіліктің қажеттілігі балабақша жүйесін өмірге әкелді. Әрине, бүл - қамқорлық. Алайда балабақшаның тәрбиесі мен ата-әжелердің өнегесін салыстыруға келмейді. Балабақшада бала кепке ортақ тәрбие алады. Бірдей тамақ ішеді, бірдей эн үйренеді, үлы-қызы аралас бір бөлмеде ұйықтайды, бір жерде киініп-шешінеді, яғни жалпыға ортақ басқаруға ыңғайлы жеңіл ережелер. Балабақшада өскендердің есінде кейін айтарлықтай ештеңе калмайды, ары кетсе үйренген тақпағы мен бэрі қосылып айтқан энін ұмытпауы мүмкін. Ал ата-әженің бауырында өскен бала жеке тэрбие алады, түлғалық қасиеттің іргесі қаланады. Ауылдағы қариялардың тағылым бастауынан су ішкендердің ішінен білікті ғұлама ғалымдар, талантты ақын-жазушылар, өнер жұлдыздары, мықты қоғам қайраткерлерінің көптеп шыққанына ешкім қарсы уэж айта алмайды, өйткені ол шындық. Мен балабакшаларды шетінен шиге шаншудан аулақпын. Олардың да артықшылықтары баршылық. Бала коллективке үйренеді, мектепке дайындықтан өтеді, эке-шешелері алаңсыз жұ- мыстарын істейді дегендей. Қазір, құдайға шүкір, қазақ балабақ- шаларының саны көбейді. Десек те, ата-бабалардан келе жатқан төл құндылықтарға сусындататын, халықтың бай рухани мура- сына кандыратын, ұлттық қадір-қасиетті ұштайтын ұлттық бала- бақшаны білесіз бе? Менің негізгі айтпақшы болғаным да осы еді... 110
КҮРЕТАМЫР * * -к Немере тәрбиелейтін ата-әжелер мүлде жоқ емес, элі де бар, бірақ бізді өсірген қариялардан көбінің ауылы алыс. Барлығы демеймін, кұйқасы көрініп тұрған сирек ақ шашын элдебір түсі- ніксіз түске бояп, бұтына тыртиған шалбар киіп, қан жалағандай қып-қызыл ернін шүршитіп, қасты қарындашпен сызып керіп тастаған әженің немесе арық сирағын сыйдитып шорты киіп шолтаңдаған қарттың да немере жетектейтіні бар. Бұл - қалалы жердегі көз үйренген көрініс. Сырт келбеттері элгіндей келісті болған соң қазақша сөйлеуді мәдениетсіздік санай ма, мін көре ме: «Арманчик, не беги...», «Жанара, не трогай!» - деп былдырлап бара жатады. Осыларды қазақтың сыйлы да құрметті атаула- рымен «кейуана», «ақсақал» дегің келмейді, «Заманауи кемпір- шалдар» деген дұрыс болар. Бұл байқүстарды орыстар өзінің «дедушка», «бабушкасы» деп қабылдамайды, өлгенде орыстың бейітіне жолатпайды. «Менің тілімді дәріптеп, эдет-салтымды бойына сіңіріп еді» деп те елемейді.Сонда кімге еліктеп, кім болам деп тыраштанып өмір сүрді екен?! Тек солардың өнегесін алып жатқан бейкүнэ немересін аяйсың. Осындайларды көргенде Атамқүл нағашым жиі есіме түседі. Ол кісі Ақжібек апа екеуі немере бакқыш болатын. Студент кезінде-ақ отау көтеріп ерте үйленген үлкен ұлының үш баласын, кенжесінің екі баласын алтын асыктай мэпелеп өсірді. Акжібек апа біртоға салмакты, шаруаға мығым, ал нағашым әңгімешіл, аңқылдаган ақжарқын жан еді. Бір жолы айтқан әңгімесі күні бүгінге дейін есімнен кетпейді. - Осы шалдарды түсінбей-ақ қойдым, - дейді өзінің теңтұс- тарын сөз етіп. - Қашан көрсең әңгімелерінің бастамасы «аса- рымызды асадық, жасарымызды жасадық» деп ырзық-несібесін кемітіп, өз өмірлеріне өздері тосқауыл қойып, өлім күтіп отырады. Әрине ғой, сарқылмалы өмірден кімдер өтпеген дейсің, алдағыны Алла біледі, кімге қанша талқан бергенін... «Үмітсіз - шайтан» деген, біз адамбыз ғой, үміт пен сенім болмаса, мына өмірдің қы- Ш
Зейнеп Ахметова зығы не?! Жаратқан нем шын жүректен шыққан игі тілек, адал ниетті қабылдайды дейді. Мен бүкіл жан-тәніммен немереле- рімнің мектеп бітіріп, жоғары білім алғанын, үйленгендерін көруді тілеймін, армандаймын. Шөбере сүйіп қолынан су ішкім келеді. Арман жаста да болады, қартта да болады, арман біткен жерде өмірде мэн қалмайды. Мені алға сол арман жетелейді. Немерелерім періштедей кінәсіз таза ғой, солар маған күш-қуат, жігер береді, үмітіме нәр береді. Немере бақпайтындар ерте қар- тайып, ерте бүгіледі. Содан кейін кейбір адамдардың мені қостамай- тын тағы бір сыны - немерелерімді қабір басына апаратыным. «Немерлеріңді неге өлімді жерге апарасың?» - дейді. Иә, неме- релерімді тойға да апарамын, сүндеттелгенін жаназаға да апара- мын. Өмір бар жерде қаза бар. Тіршіліктің бэрі қызық-қуаныш, той-томалақтан түрмайды. Той-думанға ғана барып үйренген, марқұм болған адамға топырақ салмаған бала кейін өзінің басына сондай жағдай кезіккенде не істерін білмей дағдарып есеңгі- рейді. Бұрын біздің қазақтың балалары жастайынан қазаның да, тойдың да ығы-жығын біліп өсетін. Бозбала, жас жігіттер той- жиынды былай қойғанда өлім жөнелтудің барлық жөн-жобасын білген. Сүндеттелген балаларды топырақты өлімге апару керек. Жерлеуді көрген баланың ішкі жан дүниесінде өзгеріс пайда болады. «Бір күні мен де ата-әжемнен, әке-шеше, бауырларым- нан айырылып қалады екенмін-ау» дегендей ой-өресіне өзгеріс енеді. Жерге көмген адамды енді қайтып көрмейтіні санасына жетеді. Сонда баланың бойында жақындарына деген ерекше ықылас, мейірім басқа қырынан оянады. Адам түрмақ қү- мырсқаға жанашырлықпен қарайды. Қуанышты кім бөліспейді, қайғыны бөлісуді үйренеді. Міне, сондықтан мен немере- лерімді тіріге сэлем беріп, өліге бата бағыштайтын жерден қалдырмаймын. Мені қостамайтындар өздері білсін, - деп еді нағашым. Құдайдың құдіреті, нағашымның ақ-адал арман-тілегі қабыл болып, бес немересінің жоғары оқу орындарын бітіргендерін 112
КҮРЕТАМЫР көріп, төрт немере келінге бата берді. Екі шөберенің маң- дайынан иіскеп, қолынан су ішті. Сексен жеті жасында дүние- ден озды. Сонда өмірдің мэнін ұқтырып, жүрегінің жылуын беріп, қарапайым қазақи үлгіде өсірген немерелері тікесінен тік тұрып аталарын арулап шығарып салды. Өлім жөнелтуге байланысты бүкіл қагида-ережелерді орындап, артын абырой- лы күтті. «Жасында көргені көптің өскенде айтары мол» деген осы. АСЫРАП АЛУ Қазақта «Жеті ырыстың» бірі бала делінеді. Бала ата-ана өмірінің жалғасы, түтінін түтетіп, шырағын сөндірмейтін мұрагер ұрпағы. Бала - бауыр етің, көзіңнің нүры, көңіліңнің қуанышы, таяныш-тірегің. Үйіңнің босағасы алтыннан, табалдырығы күмістен болса да, перзент сүймей адамның мейірі қанбайды. «Адамның бір қызығы бала деген», - деп кемеңгер Абай ата айтқандай, шаңырақтың қызық-қуанышы да, той-думаны да баладан басталып, баламен өрістейді. Дей түрғанмен, мынау тіршілкте эр адамның тағдыры эртүрлі. Еріні тұшып бала сүю бақыты маңдайына жазылмаған шерлі жандар да бар. Қазақта ең бір ауыр сөз «қубас», «бедеу» деген атаулар. Мұндай қатыгез сөзді есту перзентсіз ата-ана түгілі туған-туысқан, ағайындар- дың да жанын жүдетіп, жүрегіне жара салған. Ертеде қандас бауырлар, бір атадан тараған руластар бөлініп-жарылмай өмір сүргендіктен бірінің қиындығын бірі көтерісіп, түйінді мәселені қауымдаса шешіп жатады екен. Соның бірі өз кіндігінен бала көре алмай жүрген немесе сәбилері тұрмай шетіней беретін қамкөңіл қандастарына бауырмалдық жанашырлықпен қарап, өз іштерінен бала асырап алуға көмек қолын созу. Ағайын ара- сындағы өтеу, төлеусіз басыбайлы баласын қиятын бүл ғұрып қазақтың өзіне тән ерекшелігінің бірі эрі туыстық рухани қам- корлықтың үлгісі еді. 113
Зейнеп Ахметова Бала асырап алудың қалыптасқан жөн-жоралары болған. Айтайық, жаңа туған сәбиді асырап алушы шешесі етегіне түсіріп алады. Бірақ нэрестені алғашқы кезде ана сүтінен, эсіресе уызынан ажыратпайды. Арнап қой сойылып, сол қойдың қанына асыраушы ата-ана мен баланың қолы малынады. Бүл қанымыз айырылмас бірлікте боламыз деген ырым, таным белгісі. Асырау шы жақ той жасап, балаға ат қойып, ұл болса асықты жілік, қыз болса тоқпан жілік үстатады. Осы жоралғылар ел алдында жасалады. Өйткені екі жақтың ризашылығын білдіретін куэлікке ағайын-туыстар да ортақтасуы керек. Ендігі жерде бала бергендер баланы өзімдікі демейді, қайтарып алмайды. Рас, багып алған ата-ана балаға дұрыс қарамай, өз дәрежесінде тәрбиелемеген жағдайда ағайын-туғанның араласуымен жағдайды біржақты етіп эділ шешім қабылдайды. Алайда бүл өте-мөте сирек кездескен екен. Баланы аңсап-армандап жеткен отбасы Құдайдың алдын да, ел-жұрттың алдында ондай келеңсіздікке бармаған. Есесіне, дэмдіні жегізіп, жақсыны кигізіп, ең бастысы, баланы мейірім- шапағатқа бөлеп өсіреді. Асырап алған баладан кейін анасы Алланың кеңшілігімен бала көтерген жағдайлар да кездескен. Сонда баққан баласын «ақжолтай» деп, «майқұйрық» деп тіптен ерекшелеп ардақтапты. Баланы бауырына салу мен асырап алғанды шатастырмау керек. Бауырына салу туған ата-әженің немересін тәрбиелеуі, олар баланы ата-анасынан ажыратпайды. Ал асырап алу біржола басқа отбасына меншіктеу Тегінде, баланы асырағанда элі есін білмейтін кезден алады. Кейде ата-анасынан бірдей айырылған жетім балаларды жасына карамай асырайды. Әсілі, казак халқы бұрын жесірін жылатып, жетімін тентіретпеген. Оны сүйекке таңба көрген намысқой да мейірімді ел еді. Сондықтан қазақ тарихында қазіргідей жетімдер үйі деген көзге шыққан сүйел болмаған. Баяғыдай емес, бұл заманда елдің бэрі - сауатты, оқыған-токыған білімділер жыртылып-айырылады. Бірақ намысты болу, мейірімді болу білімді-білімсізге қарамайды екен... 114
КҮРЕТАМЫР ЖЕТІ АТА Халқымыздың «жеті ата» туралы, оның мэні жайлы білмей- тін қазақ сирек болар. Менің де біршама мағлұмат түсінігім бар. Әйтсе де, азын-аулақ білгенімді ортаға салып көсемсігім келмей- ді, неге десеңіз, оның бэрі қайынатамнан үйренгендерім. Ол кісіден асырып бэрбір айта алмас едім. Сондықтан «жеті ата» жөнінде атаның өзі айтқан әңгімеге назар аударыңыздар: - Халқымыздың ертедегі дәстүрі бойынша эрбір қазақ өзі- нен бастап жеті атасына дейін жетік білуі міндетті еді. Ата-ана мұны баласының тілі шыққан соң үйретуі парыз саналып отбасылық тәлім-тәрбиенің әліппесі, негізі болған. Тек ата-ана- сынан ерте айырылган жетімдер мұндай тәлімнен қүр қалған. «Жеті атасын білмеген - жетімдіктің салдары» деген осындайларға қарата айтылған. Ал әке-шешесі бола тұрып жеті атасын айта алмайтындарды «жеті атасын білмеген - жетесіздік» деп айтып- таған. Әрбір қазақ жеті атасының өмір жолын білуі арқылы кем дегенде екі ғасырлық маглұмат алады, үрпақ жалғастығының ізі, сүрлеуі сақталады. «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білген үл жеті рулы елді билер» дегеннің мәні -тамы ры үзілмеген бауырластық, қандастық қасиетін айтқанында. «Жеті атаның» өз атаулары бар. Төменнен жоғары қарай - бала, әке, ата, баба, арғы ата, түп ата, тек ата деп аталады. Ал жоғарыдан төмен қарай - әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Ары қарай жүрежат, жекжат, жүрағат, қаймана деп кете береді. Қазақта туыстықтың шегі жоғарыдағы «жеті атамен» аяқталады. Мұның да өз жөн-жобалары бар. Жеті атаға толған соң «жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық» деп жар салып, жеті жұрттың белгілі адамдарын куэлікке арнап шақырады. Қүдайыға боз бие сойылып, қанына қолдарын малып, «араларьшыз алыстамасын, бұрынғы бауырлардай тату-бірлікте болайық» деп баталасады. Ала аркан кесіледі. ¥раны мен ен-таңбасы белгіленеді. Осылай «ендігі жерде құдалыққа жол ашық» делінеді. Алайда, қалай 115
Зейнеп Ахметова айтсак та, қазақтың тарихи жады, санасы біржола жойылмай, қандасты, бауырластықты ұзағырак сақтап ардақтайды, құрмет- тейді. Мен сіздерге нақты мысал айтайын. Біз былай тараламыз - Дулат, Шымыр, Бекболат, Шілменбет, Құли, Амалдық, Алдаберген, Баубек, Үсен, Әжі, Бақтияр, Әділ, Имаш, Момыш, Бауыржан, Бақытжан, Ержан. Дулат бабамнан Ержанға дейін он бір ата, бірақ Құлилар элі қыз алыспай бауыр-туыс болып жүр. Қазақ салтында жеті атаға толмай тұрып құдандалы болу, ерлі-зайыпты болу тұқымбұзушылық, қан аздырушылық болып қатаң жазаланған. Жеті атаға толмай қыз алысып, қыз берісу кешірілмес қылмыс ретінде айыпталған. Көшпенді журтка ислам дінінің келуімен бірге, оны уағыздаушылар «шариғат қосқан екен немерені» деген пэлсапа шығарып, арабтардың салт-дәстүрін бізге әкеліп телімек болды. Арабтарда ағасының қызын інісінің ұлы ала береді. Туған апасының не қарындасының қызына нағашы ағасы үйленеді. Мұндай қатынастарды казақ сұмдык тексіздік санайды. Сондықтан мың жерден мүсылман боласың десе де, оған қазақ көнбеді, арабтың салтын қабылдамады. «Шариғат жолы ерік берді екен» деп ұлттық қасиетін, дэстүрін аттап өтіп, ғашықтық сезімі жеңген Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебектердің жазаға тартылуы қатал болғаньшен, кейінгіге індеттей жайылмаудың жолы болатын. Қазақтың «жеті аталық» дэстүрін қазір ғылым да толық мойындады. Бір кезде «оқымаған», «қараңғы», «надан» деп айдар тағылған қазақтың ақылына, ой-өрісінің биіктігіне бүгінде ғалымдар таңғалып отыр. Неге? Өйткені жеті атаға толғанша кан сэйкестігі сақталып, сегізіншіге жеткенде сол қан сәйкестігі жойылады екен. Ал қандастық, қан тазалығын сақтауды ата-бабам баяғыдан-ақ білген ғой. Ғылым оны енді дәлелдеп отыр. Сөздің қысқасы, «жеті аталық» дэстүрді туыстық мейірімнің ұзақ уақыт жалғасатын тірлігі мен бірлігін бүзбауға, тұкымды пэк сактауға жасалған ереже-заңы деуге болады. Бұл аталас адамдар арасындағы ар-ұятты, адамгершілікті адал үстаудың тұрақты жолы екенін көрсетеді, - деп еді ата. 116
КҮРЕТАМЫР АШАМАЙҒА МІНГІЗУ Бала өміріндегі аса қуанышты да атаулы күндердің бірі - ашамайлы тайға мінгізу салты. Әрине, қазак баласы үшін атқа міну таңсық емес. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, емір сүру қалпына қарай көшіп-қонуы, жолаушы жүруі, басқа ауылға қонаққа баруы секілді жүріс-түрыста бүлдіршіндер ат үстіндегі үлкендердің алдында екі-үш жасынан-ақ отырып үйренген. «Атқа мінгізем» десе, жылауын дереу тоқтататын қазақ баласы көзін тырнап ашқаннан жылқыға үйір болып өскен. Ал бір өзінің жеке тайға міну - бала үшін зор мәртебе, ол енді тізгін иесі. Сәл де болса жағдайы келетін ата-ана баласы бес-алты жасқа келген соң оған бәсіре тай атап, арнайы ашамай жасатады. Ашамай дегеніміз - екі қасы X эрпі секілді болып келетін айшықты ша- ғын ер. Баланың аяғы қысқа болғандықтан үзеңгі салынбайды. Оның орнына тепкішек қолданылады. Кейбір жерлерде «аяққап», «үзеңгіқап» деп аталатын тепкішек киізден тігіледі. Ішін астар- лап, сыртын барқыт, қатипа, шүға секілді маталармен қаптап, ою- өрнек салып, төңірегін шашақтайды. Тепкішек қоржынға үқсай- ды, оны ашамайға мықтап бекітеді, бала тайға мінгенде екі аяғын соған салады. Балаға арналғандықтан ашамайдың барлық жабдықтары сәнді тігіледі. Жабағы жүннен жасалатын терлік те, тоқым да, көрпеше де көзтартарлықтай ашық түсті жіптермен айшықтап өрнектеледі. «Ашамай той» болатын күні баланы әдемілеп киіндіреді. Алдын ала жуасытылған тайды ашамайлап әкеледі. Көпті көрген талай сапар-жортуылдарды басынан өткерген қариялардың бірі баланы көтеріп тайға мінгізеді. «Міне, ат жалын тартып мінер жігіт болдың!» - деп баланың көңілін өсіріп, қолпаштап-көтермелейді. Ақсақалды аталар ізгі ниетпен бата береді. Соньщ бір үлгісі: Бэсіре тайың пыраққа айналсын! Мінген ашамайың таққа айналсын! 117
Зейнеп Ахметова Айналаң толы қауым болсын! Лайым жолың болсын! Тілейік біз ақ тілек, Атқа жақсы шаба біл! Тайыңды күтіп баға біл! Оку-өнер таба біл! Ел-жұртыңа жаға біл! Әумин, жолың ақ болсын! Жиналған жұрт қол жайып бата жасайды. Апалар шашу шашады. Екі адам екі жағынан демеп тайды жетелеп, ауылды аралатып шығады. Көргендердің бэрі құтты болсын айтып, ашамайына байғазы, тайына көрімдік береді. Бұл жолы балаға көбінесе ерге қажет ат әбзелдерін тарту етеді, қамшы сыйлайды. Өйткені күні ертеңтайы өскенде ер-тоқым жабдықтары да өзгереді. Бүл да казақтың өзіне тэн салты. Көбінесе ат үстінде жүретін көшпенді халык болғандықтан эр адамның жеке ер-түрманы бо- луы қажеттіліктен қалыптасқан. «Жайдағыңнан жаяуым жақсы» деп қазақ жайдақ атқа мінуді қош көрмейді. Өте бір тосын жағ- дайда, апыл-ғұпыл кауырт асығыста болмаса, былайғы уақта жайдақ атқа мінгенді намыс санаған. Сондықтан атынан айырылса да, ер-түрманнан айырылмауға тырысқан. Оның да өзіндік себептері бар, айтайық, ат табылғанымен ер-тұрман оңай табыла қоймайды. Неге десеңіз, ер-токымды арнайы шеберлер жасайды. Онда да бір шебер ердің соқа басын ағаштан шапса не кұрас- тырса, үзеңгіні темір ұстасы қоладан құйып, ауыздығын темірден соғады. Енді бір шебер былғарыдан, иленген теріден, киізден жасалатын бұйымдарын дайындайды. Ер-тоқым бөлшектерінің копшілігі қайыстан дайындалатын болған сон оның жайын егжей- тегжейлі білетін «өрімші» деп аталатын ісмерлердің қолынан шығады. Ер-түрман жабдықтау қазақ қолөнерінің бір биігі екені даусыз. Ерді қайың, мойыл, үйеңкі секілді ағаштардан жасаған. Оның «қазакы ер», «күміс ер», «құранды ер», «қалмак ер» деген 118
КҮРЕТАМЫР секілді түрлері болған. Ең күрделі де өте көріктісі - «құранды ер». Содан кейін ер мен әйел ерлерінің өзіне тән ерекшеліктері мен қалыбы бар. Ерлер - әйелдердің, эйелдер ерлердің ер-тоқымын мінбеген. Ер-азаматтар оны намыс көрсе, әйелдер ұят, кесір сана- ған екен. Мен ер-тұрман жайлы жалпылама әңгімені жол-жөнекей реті келіп түрған соң ғана айттым. Сонымен, ашамайға мінгізу атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін- дегі мағынасы терең, танымдық мазмүны мықты салттарымыз- дың бірі. Баланы еңбекке баулудың баспалдағы деуге болады. Олай дейтініміз, бала өзіне ғана тиесілі басыбайлы бәсіре тайын ендігі жерде өзі бағып-қағуға міндетті. Алғашында ересектердің көрсетуімен, жөн сілтеуімен тайын уақтылы жемдеп, уақытымен суғарып, мезгілімен жуасытып, жал-қүйрығын тарап күтімге ала- ды. Тайының алдында жауапты екенін, сол тайдың нағыз иесі өзі екені санасына жетеді. Сонымен бірге бәсіресіне қамқорлық жасай жүріп қаншама жаңа сөздерді, ұғымдарды үйренеді. Бүрын сөздік корында болмаған атауларды, мысалы, терлік, желдік, тоқым, айыл, жүген, ауыздық, шідер, тартпа, өмілдірік, қүйысқан, атдор- ба, аттарақ, т.б. сөздерді естиді. Бала бүлардың эншейін атауын біліп қана қоймай, оны қалай қолдануды да меңгереді. Бірте-бірте тайына мініп өз үйінің қозы-лағына карап жаюды, қайыруды үйреніп, шаруаға араласады. Сол себепті де қазақ баласы кішкен- тайынан мал танып өседі. Ерте есейеді, ақылы толысады, ой-сана- сы өседі, байсалды мінез қалыптасады. Әсілі, біздің қазақтың ұл-қыздары ойыншықпен өте аз ойнаған. Қыздардың колдан жа- саған қуыршақтары мен ұлдардың ағаштан, балшықтан сомдай салған түйе, жылқы, қой секілді бірлі-жарым мүсінсымақтарын есепке алмағанда ойыншық ойнау эдетке енбеген екен. Есесіне, олардың сан алуан ойындары дене шынықтыратын ширақ қимыл- қозғалыспен, ой ұштап тіл жетілдірумен тікелей байланысты болған. Сондықтан олар ерте ержеткен. Қазіргі заманның бала- лары, бала түгілі олардың ата-аналары мүны түсінбейді. Түсіну былай түрсын, бес-алты жасар баланың өздігінен тізгін үстаға- 119
Зейнеп Ахметова нына сенбейді. Баласы бар қай үйге барсаң да үйіліп жатқан ойыншықты көресің. Бүл күнгі жасөспірімдердің балалық шағы ұзарып кеткен. Отызға келгенше балалық-шалалығы қалмаған, отбасында нақты шешім шығара алмайтын, аталы сөзді үғынбай- тын үрпақтың көбеюінің бір жіп ұшы - табиғи тіршіліктен үйрен- бей, тілсіз, жансыз ойыншыққа көп тәуелді болғанында жатыр. Кішкентай қазақты шабандоз, болашақ сарбаз, шаңырақ иесі азамат етіп тәрбиелеудің бастау көзі - осы ашамайлы тайға мінгізуден өрбіген. «Жігіт болдым» деп көңіліне сенім ұялаған бала жауапкершілікке, еңбекке, жинақылыққа, ұқыптылыққа, сақтыққа ерте дағдыланады. Бұрындары үлкендердің қолдауымен, бақылап-басқаруымен балалар арасында «тайжарыс» өткізіледі екен. Кез келген бала өз тайының озып келгенін қалайды ғой, сол үшін ересектердің ақыл-кеңесімен тайын бәйгелі болуға бейімдеп баптаған. Ары ка рай «құнанжарыс», «дөненжарыстарға» қатысқан. Бұл аралықта бала да есейеді, аты да балаға әбден бауыр басып, екеуі бірге өседі. Қазақ баласының қай-қайсысының да ат құлағында ойнайтыны жасынан жаттыққан еңбекқорлығында жатыр. Олар аударыспақ, теңге ілу, қамшы тастау, күміс алу секілді ұлттық ойындарға жүрексінбей қойып кетеді. Ары қарай көкпар тарту, қыз қууға шығады. Бәйгеге шапқан қазақ баласының қанында жылқыға тэн мінез, сұлулыққа құштарлық, қазақы болмыс қалыптасқан. «Адам жылқы мінезді» дейді қазақтар, білген соң айтқан. Барлық жануарлардың ішінде адамға етене жақын, өте сезімтал, иесіне адал осы жылқы малы. Жылқы - текті де қасиетті жануар. Жылқы аса талғампаз, кез келген шөпті жемейді, өзіне белгілі түйсікпен таңдап жейді. Басқа малдың еріні тиген шөпті аузына алмайды, басқа малдың су ішкен жеріне пысқырынып жоламайды. Судың мөлдір, түнық, тазасын ғана ішеді. Мүның бэрі баланың эстетика- лық сезімін оятады. Желмен жарысып жүйіткігенде делебесі қозып ақындық, эншілік, шешендік секілді асқақ сезімдердің желігі бойын қысып, шабыт келеді. Тегінде, ат үстінде өскендер 120
КҮРЕТАМЫР табиғатынан мэрт, дені сау шымыр болған. Бір қызығы, мың- ғырған малы бар, не кием, не ішем демейтін байдың балалары жылқышылармен қосыла жылқы баққан «мырза бақташы» атан- ған екен. «Ер серігі - ат» деп өскен қазақтың азаматтары биіктікті, кеңдікті бағалай білген, көңілі өр, желдей ескен ақкөңіл, бірсөзді, сертке берік, майдалықтан жоғары тұрған. Осы қасиеттер қазақ- тың бойына жылқының тектілігімен қоса келген. Қазіргі темір тұлпар мінгендерде мұндай кесек мінез бен жомарттықтан гөрі менмендік, паңдық, жаяуды көзге ілмейтін өркөкіректік пен тэкаппарлық басым. Өйткені темір жансыз. Суық темір бойдағы шынайы қасиеттерді сорып мүжи береді. Әрине, машиа мінген қазақтың бэрін бірдей деуден аулақпын, бірақ ұл баланың ер- азамат болып қалыптасуына Қамбар ата түлегінің үшан-теңіз әсері болғаны - ақиқат. Осы күні созылмалы ауру балаларды атқа мінгізіп емдейтін сауықтыру орындарының болуы тегін емес қой. Өкініштісі, біз жылқыдан ерте ажырап қалдық. Қой мен сиырға басымдылық беріліп, соларға көп көңіл бөлінген кез- ден бастап қазақтың мінез-құлқы өзгерді, қой.секілді мөлиген меңіреу, сиыр сияқты сүйкенбейтін жері жоқ сүзеген болдық. Десе де, осы заманның өзінде, байқасаңыздар, атбегілер мен жылқы баптайтындардың болмысы былайғы жұрттан бөлекше. Олар майда-шүйде пендешіліктен биік, жақсылыққа жаны қүмар эрі соны өзгеге жасағысы кеп түратын кесек мінезді, тілге ұста адамдар. Ашамайға мінген кішкентай баланың көңілінің шарықтап, өзгелерден ерекшеленіп, өзгеше сезімге бөленетіні сондықтан ғой. Әр нәрсенің үйлесер өз орыны бар, үл балалардай «ашамай той» жасап дабырлатпағанымен, қазақ қыздарына да әсем аша май ер жасатып, бәсіре арнаған екен. Қыздарды атқа мінуге үйре- тіп жаттықтыру тек ағаларының міндеті болыпты. Сондықтан қазақ қыздары да шетінен шабандоз, ат қадірін біліп өскен. Ертедегі жаугершілік аласапыран заманда қыздар от басында отырып қалмай әкелерімен, ағаларымен бірге колына қару 121
Зейнеп Ахметова алып жауға да шапқан, ерен ерлік те көрсеткен, оган тарих куэ. Тіпті қазақтың ұлттык ат үсті ойыны «қыз қууда» небір «мен» деген жігіттерді қуып жетіп, қамшымен осып түсетін батыл да намысты қыздардың барлығы желмен жарысып еркін өскендер. Айналамыздагы өзге халықтарга қарағанда қазақтар қыздарын өр рухты, асқақ ожданды эрі өнегелі де өнерлі етіп баулыған. «Аз күнгі қонақ» деп қадірлеген. Басқасын былай қойғанда, алтындап-күмістеп, асыл тастарды орнатып жасаған ер-тұрман- дары - қызын аялап, алқалаган бабаларымыздың қызына деген ерекше ниет-пейілі мен құрметінің бір белгісі еді. Әттең! Бүгінде сол қазақ дейтін текті де арлы халықтың талай қыздарының тэні жалаңаштанып саудаға түсіп кетті. Енді бір бөлігі сөлпеңдеген қара көйлекке шырмалып, қара орамалға тұмшаланып «талақ» тасталып жүр. Ұлттың кіндігінен ажыраған қадірсіз ұрпақтың көбейгенін бэріміз көріп отырмыз. Қазақ есесі көп кеткен халық еді, тек түбінің қайырын берсін. СҮНДЕТТОЙ Қазақ жақсылықтарын шашудай шашыратып, қуанышына көпті ортақтастырып жүретін іргесінен ат кетпеген, төрінен той кетпеген әрі өзгеге сондай игілік тілейтін тілеуқор халық. Ата-бабаларымыздың алыс-жуыққа хабар айтып жасайтын дүбірлі тойларының бірі - сүндеттой. ¥л бес не жеті жасқа келгенде сүндетке отырғызады. Бүл бала өміріндегі үлкен бір асу. Сүндеттойға ағайын-туыс, құда-жекжат, нағашы-жиен, дос- жаран дегендей, көңілі жетерлер түгел шақырылады. Әрине, әркім «көрпесіне қарай көсіледі, жүрісіне қарай жосылады» демекші, тойдың ауқымы қолдың ұзын-қысқалығына байланысты. Бірақ қалайда атаусыз қалмаған. Ал қабырғасы майлы ауқаттылар на- ғашы жұртка, құдаларға, елдің сыйлы адамдарына арнап жеке- жеке үй тігіп, қонақтарды күтіп қызмет көрсететін кісілерді белгілепті. Той күні ат шаптырып бэйге беріп, көкпар тартып, 122
КҮРЕТАМЫР жамбы атып күміс ілген, палуан күрескен. Балаға арналған са- ланат болғандықтан тайжарыс, құнанжарыс, жаяужарыс, қар- ғымақ, секірмек, тартыспақ секілді балалар ойындары кеңінен қамтылған екен. Айта кететін бір нэрсе қалыптасқан көне қазақ салты бойынша сүндеттойға қыздар катыспаған, оның ешбір шараларына араласпаған. Бүл ертедегі қоғамның пайым-түсінігімен әдептілік өлшемі болып табылған дейді. Перзентін сүндетке отырғызу эрбір ата-ананың міндеті бол- ғанымен, той жасау көзі тірі болса, ата-әженің парызы саналған, яғни «немеремді сүндеттеп жатырмын» деп тойды өз аттарынан берген. Ашамайлы атқа мінесің, Мұсылмандық таққа мінесің! Сүндетке отырып иманды боласың, Тойьш тойлап думанды боласың, - деп баланың көңілін өсіріп, дэрежесін асыратын да сол ата мен әже. Бүлдіршін кішкентайынан той-томалақты көріп көзіқарақ- ты өскендіктен өзінің де осындай бір белестен өтетінін біледі. Оның үстіне ата мен әже: «Сен азамат боласың, жігіт боласың!» - деп мәртебесін көтеріп, қүлағына қүйып, психологиялық тұрғы- дан дайындай береді. Сүндетті эр жерде әртүрлі, тіпті сөкеттеу, малға айтылатын атауды айтып жүргендер бар, алайда көргенді қариялар сүндеттеуді «сұлулау» деп балаға әдемі жеткізген екен. Кез келген үл баланың арманы - жігіт болу, азамат болу. Сол кезді іштей асыға күтеді. Әрине, қобалжиды, сескенеді, бірақ жігіт сана- тына қосылу арманы бэрін басып кетеді. Сүндеттойдың басқа тойлардан өзгешелігі - жүртты тойға сүндеттелетін бала өзі шақырады. Той карсаңында балаға бастан- аяқ жаңа киім кигізеді. Оқалы шапан, зерлі бешпет, балағы кесте- лі шалбар, басына ак қалпақ не бөрік деғендей... Екі иығына үкі қадап, беліне жібек белбеу байлайды. Өзіне арналған ашамайлы бәсіре тайына мінгізеді. Тойға арнап әдейі тіғілген өрнекті 123
Зейнеп Ахметова «сүндетқоржынның» екі басына толтырып шашу салады. Бала- ның қасына бір естияр жігіт пен бірнеше бозбала ілеседі. Бұлар да той жаршылары болғандықтан сэнді киінеді. Осы топты сырттай көрген адамдар олардың не мақсатпен жүргенін бірден түсінеді. Сөйтіп, межелеп шыққан жақындарының ауылын аралап тойға шақырады. Барған жерінде қошеметтеп қарсы алып, шашу шашып құрмет көрсетеді. Ауыл адамдары сүндетқоржыннан шашу алып, «Біз де тойға жетейік» деп дәм ауыз тиеді. Баланың беліндегі белбеуге, аттың жалына орамал-шаршы секілді кэделерді байлап, өздері алған шашудың орнына қоржынға шашу салады. Бала өз ауылына қайтқанша бұл рәсім жалғаса береді. Ал ауылына жеткенде алдынан қарсы алып шыққандар: «Той-тойға ұласып, көптің қуанышына айналсын!» - деп елден келген кәделерді бөліседі, шаніуды таратады. Жайлауы бөлек, өрісі басқа ауылдарды бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Біреуден айтып жіберуге жэне болмайды, шақырылған жақты менсінбегендей арада реніш тууы ықтимал. Қазіргі заманның адамдарының мұны түсінуі қиын, дегенмен эр дэуірдің тамыр тартқан өмір салты болғанын ұмытпау керек. Баланың өзінің хабаршыға жүруінің үлкен тәрбиелік мэні болған. Баланың өздігінен іс тындыра алатынына сенімін туғызады, есейдім деп санасына өзгеріс кіреді, сонымен бірге төзімдікке, шыдамдылыққа жаттығады. Бала ауылға тек орамал-шаршылармен қайтпайды, алдына мал салып келеді. Көңілі жетер сыйлас жақындар «қуанып қайтсын», «мал - баланың шашуы» деп құлын-тай, қүнан, бұзау- тана, қой-ешкі секілді малды алдына салады. Енді бірсыпырасы сүндетке атағанын өздері тойға экеледі. Әсіресе нағашы жұрттың салмағы басым түсіп жатады. Жиеннің нағашыдан алатын өз үлесі болады, оны бір жерде - «қырық серкеш», бір жерде «қырық шүбар тай» деп атайды. Сол нағашылар баланың анасының төркіндері - сүйек иесі саналғандықтан жиеннің сүндеттойына ертеңгі күні төлі өсетіндей мал айдап келеді. Оны өздеріне міндет 124
КҮРЕТАМЫР эрі мәртебе көрген екен. Баланың келешекте малды болуы, анау айтқан бай болмаса да, кісі қолына қарамайтын шаруасы болуы осы сүндеттойдан басталады дейді. Сүндетке арнап әкелген малға мүмкіндігінше тиіспеген, қайта бала ержеткенше мал басын өсіріп, кейін еншісіне қосқан екен. Бұрынғы дэуірде қазақтың байлығы малмен теңелгендіктен арадағы алыс-беріске мал жүр- ген. Қазір тойға тарту-таралғыны ақшамен әкеледі. «Ақшада көз жоқ» дейді, десе дегендей, саусақтың арасынан құм төгілгендей сусып қалай ада болғанын білмей қаласың. «Тарта жесе, тай қалады», тойға келген ақшаның тым болмаса бір бөлігін балаға арнап жинақ кітапшасын ашып сақтаса, бала өскенше әжертәуір қор жиналар еді, күні ертең баланың оқуына, басқа да қажетіне жарар еді. Жұлмалап тиіспесе, тиыннан теңге құралып берекелі болатыны анық. Өзім істеген тәжірибе болған соң сөз арасында айтып отырмын. Сонымен, сүндет дегеніміз - орындалуы қажет парыз, мін- дет. Сүндетке отырғызу тек мүсылмандық жолы емес, ер адам- ның тазалығына, денсаулығына бірден-бір керек, ертеңгі күні үрпағының аман-сау өмірге келіп өсіп-өнуінің кепілі екен. Сондықтан болар, дүниежүзінде өзге дінді ұстанатын талай ха- лық сүндетті орындайды. Сүндеттің денсаулыққа зор маңызы бар екені медицинада дэлелденген. Сүндет баланың өміріндегі үлкен бір белес дедік, расы сол. Сүндеттелген баланың мінез-құлқы көрер көзге өзгереді. Қолды- аяққа тұрмай шапқылап жүретін тынымсыз баланың өзі кәдім- гідей басылып, салмақтанып, жүріс-тұрысы жинақыланып, айна- ласына басқаша көзбен қарай бастайды. Бұрын жомарттықпен сұраған адамға «насыбай» беретін эдетінен can тыйылады, енді оны сөкет көреді. Насыбай атқыш атасы да «жігіт» болған немере- сінен ендігі жерде насыбай сұрап үялтпайды. Ертеде балаларды қожа-молдалар сүндеттеген екен. Қазір маман оташы дэрігерлер орындайтын болды. Менің әкем кәсіби дәрігерлігімен коса, халық емдерін де пайдаланып, көне мен 125
Зейнеп Ахметова жаңаны жалғастыра жұмыс жүргізген қолы шипалы дәрігер еді. Сүндетке тыйым салынған заманның өзінде талай баланы «сұлулаған» болатын. Сол үшін бірнеше рет тиісті орындар шақырып жауап та алған. Сонда әкем медициналық тұрғыдан дәлелдеп жазадан аман қалыпты. Бірақ дәрігерлердің бэрі бірдей ондай болмаған ғой, олардың ішінде талайлары сүндетті құбыжық салт ретінде түсіндіріп елді қорқытқан. Әлі есімде, әкем Ғ. Қайрақбаев дегеннің «Медицина жэне діни эдет-ғұрып» деген кітабын қарап отырып: «Ақымақ! Мына ғалымсымақ дәрігер елді шатастырып зиянды пікір айтып отыр...» - деп кітапты тастай салып еді. Ол кітапта: «Сүндетке отырғызу баланың өміріне қауіпті, бала мүгедек болып қалады», - дейтін тұстары жеткілікті екен. Мүндай түсінікгпайымдар Кеңес өкіметі орнаған соң белең алып, мұндаға дейін жалғасқан. Ол замандағы қоғамдық жүйе адам- ның Жаратушыға деген сенімін тұншықтырып, халықтың салт- дәстүр, эдет-ғұрпына қырғидай тиіп тұсаулауға күш салған. 1924 жылы Коммунистік Партияның (ВКП(б) Орталық Коми тет! Қүдайсыздар одағын құру туралы қаулы қабылдайды. Келесі 1925 жылы осы құдайсыздардың I съезі өтеді. «Безбожник» деген газеті бүкіл республикаларға тараған. Шаш ал десе, бас алатын эсіреқызыл белсенділер жергілікті жерде әбден құтырады. Мешіттерді қамбаға, атқораға айналдырып, молда-тақуаларды түрмеге қаматып, жер аударып, елден қууда белсенділердің үлкен үлесі болған. Бұлардың ең бір бел шеше кіріскен шаруасы - қазақ ішінде сүндетті жоюға арналған іс-эрекеттері еді. Қырына ілінгендер партия қатарынан шығып, қызметтен шеттетілген. Сондықтан өкімет жұмысында жүрген партия мүшелері, эсіресе орысша оқығандардың балалары шетінен сүндетсіз қалған. Бүл енді - жасырылмайтын шындық. Ол замандарда сүндеттойды жасау үмытылғаны да рас, бірақ қалың бүқара халық дабыра етпей-ақ, той жасамай-ақ балаларын сүндеттеп, мұсылмандық дәстүрін ұмытқан жоқ. Жасырып-жауып істей берді, сол ың- дыңсыз баласын сүндеттегендердің бірі біз едік. Ол кезде атаның 126
КҮРЕТАМЫР отбасы бөлек болды. Біз Бақытжанның нағашы апасы, аньщтап айтсам, анасының туған әпкесімен бірге тұратынбыз. Әкелі-бала- лы Момышұлдарының арақатынасы сол жылдары күрделі еді, етене жақындық онша байқалмайтын. Оның үстіне ата Москва түбіндегі Малеевка творчестволық үйінде жатқан. Апам ешкімге ештеңе айтпай, жақын сіңлісінің дәрігер баласымен келісті де Ержанды сүндетке отырғызды. Апам Алматыда туып-өскен, ал- ғашқы пионер мүшесінің бірі болып, комсомолдың тэрбиесінен өткен, қара тырнағына дейін коммунист болатын. Алайда оның бэрі немересін сүндеттеуге кедергі болмады. Ата Москвадан оралғанда агіам бұл жаңалыкты звондап айтты. Ата бірден үйге келіп, бір жағынан қуанып, бір жағынан: «Бұл менің міндетім еді», - деп өкіне қиналды. Апаға алғыс айтып, немересіне көрім- дік берді. - Ержан жылады ма? - деп сүрады. Апам: - Жылаған жоқ, «Батыр бала Болатбек» деген әнді айғайлап айтып жатты», - дегенде: - Бәсе, ол менің немерем ғой, - деп мақтана риза болып еді. Жарты жылдан кейін біз атаның қолына көшіп келдік. ...Арада көп жыл өткенде атанын мүрағатының арасынан Москвадағы өзі рухани ұстаз көретін досы - Вера Павловна Строеваға жазған хатының бір жерінде немересі туралы жазғанын оқып көңілім босады. Әсілі, ата хат жазғанда көшірмесін өзінде сақтап қалатын. Сонда Ержан туралы былай дейді: «Четырехлет ний внук Ержан удивляет казахских шокынганов своим прекрас ным знанием казахского языка. От этого старики в восторге. Он легко перенес традиционную мусульманскую участь обрезание... Он тоже «читает», «пишет», рисует, лепит, «орнаментирует», разумеется и воюет. Растет...» дей келе хаттың соцына «1973. IX- 15» деп қол қойған екен. Мен бұл хаттың толық мәтінін 2010 жылы шыққан 30 томдыққа қостым. Өзіміз Тәуелсіз ел болғаннан кейін сүндеттойлар түрмысы- мызда қайта орын алды. Жасырып-жаппай, ешкімге жалтақтамай 127
Зейнеп Ахметова біз де немеремізге той жасадық. Құдайға шүкір, экесіне бұйыр- маған той балаларына нэсіп болды. Бұрын есем кеткендіктен немерелерімді «сұлулайтын» кезде аянып қалмадым. Барлық жөн-жоралғысымен өткізуге тырыстым. Сүндетжейдені де сүн- деткөрпені де өз қолыммен тіктім. Сүндетжейде деген - жұмсақ ақ матадан кең эрі үзын етіп тігілетін, баланың жарасы жазылғанша киетін ыңғайлы киімі. Сүндеткөрпе - баланың өзі ғана жамы- латын көрпесі. Мен түйе жүнін қолыммен үлпілдетіп түтіп отырып тіктім. Көрпенің бас жағына үкі тақтым. Халқымыз үкіні бү- рыннан баланы тіл-көзден сақтайды деп, бесік пен көрпеге түнде шошымасын деп қадайды эрі бала көрпенің бас жағы мен аяк жағын шатастырмауы керек. Бұл - тыйым, себебі бас пен аяқты теңестіруге болмайды. Менің көрпе тігіп отырғанымды көрген бір құрбым: «Осы сен-ақ атам заман жүртта қалған ырым-жырымды жоқтап жүре- сің, көз майыңды тауысып сонша еңкейіп эуре болмай-ақ базар- дан не дүкеннен ала салмайсың ба, толып тұр ғой неше түрі», - деп ақыл айтты. Не дейін, күлдім де қойдым, өйткені мен - бөлек, ол - басқа. «Арнасы жоқ жерден су ақпайды» дейді халқымыз, жоқтан барды жасамадым, бұл аналарымыздан қалған өнеге ғой. Өз колыңмен алақаныңнын жылуын беріп, жүрегіңнің ақ тілеуін арнап отырып тіккен көрпенің орыны бөлек деп ойлаймын. Әрі- беріден соң ол әженің міндеті емес пе? *** 1998 жылы қараша айында, қай газет екені қазір есімде жоқ, әйтеуір сол кездегі көп басылымның бірінде: «Балалар үйі- нің тәрбиеленушілерін шоқындырып жатыр. Оларға жексенбі сайын «баба Клава», «баба Вера» деген қартаң эйелдер себетте- рін тэтті-дэмдіге толтырып кезектесіп келіп түрады. Қайырым- дылық жасап жүргендей болып балалардың ықыласын өздеріне аударып жылы-жылы сөйлеп, басынан сипап, арқасынан қағып бауырына тартады. Әкеден - айбат, анадан - мейірім көрмей өсіп 128
КҮРЕТАМЫР жатқан жыртық көңіл балалар өздеріне жасалған мұндай қам- қорлық пен жақсы лебізді тез қабылдап, бірден үйірсек болып, енді шіркеуге барғыштап жүр. Орыстың баласы болса сөз қозғамас едік, шіркеуге баратындардың көбі - өзіміздің қара көздер...» деген мазмұндағы мақаланы окыдым. Газеттің сөз етіп отырғаны - Алматының іргесіндегі Бағанашылдағы №1 балалар үйі. Өзім жұмыс істейтін «Балбөбек» балалар қоры шама-шарқынша сәлем- сауқатымызды алып барып тұратынбыз. Жоғарыдағы мақала қабырғама шаншудай қадалып, маған үлкен ой салды. Шіркеу жетім балаларға жіті назар аударып өз жұмыстарын ұтымды жүргізіп жатыр екен. Шындап келгенде, олар жаман ештеңе істе- ген жоқ, керісінше, өз діндерін насихаттап, жасөспірімдердің теріс жолға түсіп адаспауына ықпал етіп отыр. Сол кезде біздің мешіттердің діндарлары жетімдер үйіне жиі барып балалардың санасына сәуле түсіріп, ниетін өздеріне бүратындай үгіт-насихат жүргізіп, мұсылмандыққа бұрса, қолын кім ұстапты? Тек сәлем- сауқат көтеріп келетін менің қолымды кім қағыпты? Қабырғасы қатып, омыртқасы бекімеген, ой көзі элі ұйықтап жатқан бүл- діршіндерді, өзіміздің қазақтың балаларын тапа-талтүсте көзіміз- ді бақырайтып қойып шоқындырса, оған кім кінэлі? Алдымен сөзіміз көп, ісіміз аз өзіміз кінэліміз. Мен осындай түжырымға келіп, балалар үйінің қазақ тәрбиешілерімен жайлап сөйлесе жүріп ол жердегі алды он жеті, соңы бес жастағы қазақ балалары- ның түгелге жуығы сүндетсіз екенін білдім. Бұлардың ішінде бірталайы христиан дінін қабылдап, шіркеуге барып шоқыньга та үлгеріпті. Қатты ағашты жұмсақ қүрттың тесе алатыны секілді үнемі жүмсақ та жылы сөйлесе қамкөңіл бала қалай шыдасын, оның үстіне адамның дінге деген сеніміне біздің елде ешбір тосқауыл жоқ, ол эркімнің өз калауы жэне бұл заңмен бекітілген. Дегенмен тұлдыр жетімі бар, тірі жетімі бар қазақ балаларының иесіздігін, сенгіштігін, керек болса ана тілінде екі ауыз сөздің басын құрай алмай қақалатынын пайдаланып, шетінен шоқын- дыруға кіріскен мына жымысқы әрекеттері қаскөйлік секілді, 129
Зейнеп Ахметова ертеңгі күні қазақты қазаққа айдап салудың бір әдісі секілді кө- рінді. Содан біз де қарап қалмау үшін жиірек келгіштеп, қазақ балаларымен эртүрлі тақырыпта қызықты әңгімелер өткізіп, арасында өз дініміз жайлы, сүндеттің ер бала денсаулығына пайдасы туралы айта бердім. Өз еріктерімен «сүлуланғысы» ке- летіндерге көмегіміз дайын екенін, «Балбөбек» қоры бэрін үйым- дастырып мойнына алатынын жеткіздім. Аллаға шүкір, жұмысым нәтижесіз болмады, көпке бармай-ақ алды он алтыда, кішісі се- гізде он бала «біз сүндетке отырамыз» деп өз еріктерімен келісім берді. Бұл мен үшін өте үлкен жетістік еді, өйткені бұган дейін осы балалар үйінде ешқашан мұндай шара өтпеген, тіпті сөз де қозғалмаған екен. Қол байлауым шешілгендей алып-ұшып Алматы облыстық аурухананың бастығына барып, барлық жағдайды түсіндірдім, көмектесуін өтіндім. «Ақымаққа айғай аз, ақылдыға ишара да жеткілікті» дегендей, Болат Еділбайұлы Жуашев, әй, бір сабаз азамат екен, сөзімді бірден іліп әкетті: - Бұл деген сауабы үлкен игілікті іс қой, мұсылмандық жағынан да, медициналық тұрғыдан да өте қажет дәстүр. Ол балалар - онсыз да тағдырдың қатаң талқысына түсіп шер жұтып, жалтақтап жаутаңкөз болып жүргендер. Қолымыздан келіп тұрғанда тым болмаса осылай көмектесейік. Тек сіз екі күн мұрсат беріңіз, біз оларды бір-бірінен бөліп эр палатаға шашыратып аурулардың қасына жатқызбайық. Барлығы бірге болып, бір жерден ем қа- былдайтындай жағдай жасайық. Бұл дәрігерлер мен медбикелерге де ыңғайлы болады, - деді. Рақметімді жаудырып, көңілім өсіп, бес адамнан тұратын үжымыма сүйінші сұрай келдім. Барлығы өз балаларын сүндет- тегелі жатқандай қуанып белді буып, жеңді түріп дайындыққа кірісіп кетті. Балаларға бастан-аяқ жаңа киім алдық, екі күннің ішінде он сүндетжейде тіккізіп үлгердік, ақ қалпақ алуды да үмытпадық. Көрімдік, шашуларымызды қамдадық. Ол кезде об- лыс орталығы элі Талдықорғанға көшпеген кез ғой, экімшіліктен микроавтобус сұрап алып балаларды ауруханаға жеткіздік. Айт- 130
КҮРЕТАМЫР са да, бұрыннан араласып жүрген молдалығы бар жақсы таны- сым Нұралы деген ағайды «сүндет дұғасын» оқып, бата бергізу үшін алып бардық. Сүндеттен соң балаларға көрімдік беріп, құтты болсын айтып, дәрігерлер мен медбикелерге шашу тараттық. Сөздің қысқасы, барлық жөн-жоралғымен өткіздік. Балалар төрт күннен соң құлан-таза жазылып шықты. Шағын автобусты ленталармен, шарлармен безендіріп, балаларға жаңа киімдерін киігізіп Бағанашылға келдік. Мүндағылар да қарап қалмапты, әсіресе балалар ұлтына қарамай «сұлуланған» жолдастарын майданнан қайтқан батырлардай уралап қарсы алды. Сол күні ереже-әдеттерінен тыс дастарқан жайылып, балалар эн салып, би биллеп әп-әдемі той болды. Балалар үйінде ескерусіз қалған дәстүрді жаңғыртып ары қарай жалғасуына жол ашқанымыз үшін «Балбөбектің» үжымы ерекше қуанышта болдық. Сауапты істің үлкен-кішісі болмайды, тек соны істеуге шынайы ықылас, ақ ниет керек екен. -к -к -к «Тірі жүрсең өмірде не көрмейсің» деп отырушы еді әжелер. Сол тірліктің арқасында бұрын-соңды көрмеген көріністің куэсі болдым. Аман-сәлеміміз түзу жақсы танысым немересінің сүндеттойына шақырды. Шақыру - парыз, бару - міндет, тойға бардым. Әдеттегідей мырза қазақтың аста-төк дастарқаны жайылған, алыс-жақыннан сыйластар жиналған үлкен той екен. Қонақтар дастарқан басына отырған соң, жүзіктің көзінен өткен- дей жүтынып тұрған асаба тойды бастады. Ә деп аузын ашқаннан желдей гулеп, судай толқып, түйдек-түйдегімен өлеңді жіберді дейсің... «Түздың дэмі түйірінен білінеді», бұл асабаның тойды қалай басқаратыны белгілі болды, енді той біткенше өлеңдетеді. Қайсыбір асабалар елді күлдірем де бүралқы, бәдік әзілдерді айтып сөз қадірін кетіруші еді, мына жігіт ондай емес көрінді. Ойымдағыдай болды, той басқарушы: «А-а-ау!» - деп дауысын аспандатып бір көтеріп тастап ары карай тойға келген нағашы, 131
Зейнеп Ахметова құда-құдағи, ағайын-туыс, көрші-көлем... Ешкімнің көңілін қал- дырмай эрқайсысына «қош келіпсіз»-ді өлеңмен дестелеп шықты. Шамасы, өзінің ақындығы бар, әйтпесе, сонша адамға сипаттама беріп, бір мүдірмей ұзын-сонар арнауларды жаттау оңай емес қой. Содан залдың қақ ортасына қыжым жабылған орындық әкеліп қойды Оның қасына тағы бір орындықты қойып, үстіне ою- өрнекті қоржын салынған ашамайға ұқсайтын затты орналас- тырды. Осы кезде басында ақ сәлде, үстінде зерлі шапан, белінде шашақты белбеуі бар бір «молда қазақ» домбырасын сабалап шыға келді. Керемет көрініс, басында - сәлде, қолында - домбыра. Сүндеттой болған соң мұсылмандық белгі болсын деп сәлде ораған болуы керек, әйтпесе, молдалар топ алдында өлең айтпаушы еді ғой. Ән салмақ түгілі кейбіреулері Жаратқанның жерге жіберген жеті әуезін күнэ санайды. Осы аралықта сүндетжейдесін көлбеңдет- кен бес-алты жасар баланы екі қолынан екі келіншек жетелеп алып кірді. Олар да қазақша киініпті. Шашу шашылды, қонақтар дуылдатып қол соқты. Әлі ештеңенің байыбына бармасам да елге қосылып шапалақ үрып жатырмын. Содан баланы көтеріп апарып қыжым жабылған орындықтың үстіне шығарып, екі келіншек екі жағынан тұра қалды. Міне, осы кезде сәлделі ақын: «Ау, балақан, балақан, елді саған қаратам!» - деп аңырата өз міндетін бастап кетті. Баланы мақтап біраз сөз арнады, әжептәуір желдіртіп алып: Мұсылмандық бір міндет, Қүтты болсын бұл сүндет! Мың көрсетпе, бір көрсет, Ақ тілеулі атаңа, Балақаным, бір көрсет! - де-е-еп сайрағанда баланың екі жағында тұрған келіншектер сүндетжейденің етегін қозғады, абырой болғанда жоғары көтер- меді. Баланың атасы қасақана: «Көрдім, көрдім!» - деп дауыстап, қоржынға ақша салды, одан келіп немересінің маңдайынан 132
КҮРЕТАМЫР сүйіп, тілегін айтты. Бұл не десеңіз, кэдімгі «беташар» үлгісімен «сүндеташар» деген жаңа салт екен. Мұндай да парықсыздық болады екен-ау! Лездің арасында көңілім нілдей бұзылды. Адам тойға тамаққа тою үшін емес, қуанышқа ортақтасып көңілге тою үшін келмей ме? Кетіп қалуға тағы болмайды, «менсінбеді», «жақтырмады» деп ертең артымнан өкпе-реніш ілеседі. «Мына сүйкімсіз көріністі тоқтат!» - деп жэне айта алмайсың, біреудің күткен қуанышының шырқын бұзуға қақың жоқ. Амалсыздан сыпайылық маскасын киіп түра бердім. Әлгі сәлделі ақын ащы тері шыққан жүйіріктей әбден қыз- ды. «Ақ жаулықты әжеге», «асқар тау әкеге», «мөлдір бұлақ анаға»... деп ет жақындарының бас-аяғын адақтап шыққанша уақыт та біраз жерге барды, есесіне, қоржынның екі басы бүйірленді. Ақыры «жалмауызға да жан керек» екен, соңғы мәреге ентігіп жетіп: Мүсылмандық - ұлы міндет, Қүтты болсын бүл сүндет! Мың көрсетпе, бір көрсет, Алқалаған халыққа, Қарашығым, бір көрсет! - деп «сүндеташарын» аяқтады. Осы сэтте бағанадан бері әдеп сақтап сызылып тұрған екі келіншек ширақ қимылмен баланың жейдесін үш қайтара жоғары көтеріп, үш қайтара томен түсірді. Қонақтар: «Көрдік, көрдік!» - деп ешкімде жоқ нәрсені көргендей шулады. Бала екі алақанымен бетін басып тұрып қалды. Әттесі-ай! Өзін «жігіт болдым» деп көңілі толған баланың сенімін сетінетіп, дүйім жұрттың алдында абыройын айрандай төкті. Мүмкін біреулерге бұл қызық көрінген шығар, ал маған баланың рухын басып, жігерін қүм етіп қорлап жатқандай көрінді. «Беташарды» ақша табудың бір көзіне айналдырып, келін сәлемін сатып құ- ныққан сұғанақтардың мына тексіздігі бейкүнэ бүлдіршіннің сана- сезіміне қалай эсер ететінін біле ме екен?! Балалық кезең - адам- 133
Зейнеп Ахметова ның ең бір керемет шағы. Одан кейінгі өмір белестеріңнің көп- теген көріністері мен оқиғалары есіңде қалмайды. Ал балалық шақтың эрбір сәті, эрбір қызық-шыжығы ұмытылмайды, кеше болғандай сананда сайрап түрады. Олай болса, баланы жұрт алдында жалаңбұттап оған ұмытылмайтын ұятты күн сыйладық. «Сұлуланған» балаға көрімдік беретін салт бұрыннан бар. «Сүндетің құтты болсын!», «Міне, енді жігіт болдың!», «Азамат болды деген осы!» - деп кіршіксіз бала рухын шыңдап, көңілін көтеріп, көрімдікті қолына ұстатады. Мұны қазақтың бэрі бі- леді. Әлгі тойда болған адамдардың талайы ойдан шығарылған осы бір оғаш жаңалықты іштей жаратпағанына сенімдімін. Десе де, өтірік сыпайы болдық, дүрмекке ілесіп қол соғып дэрмен- сіздік таныттық. Себебі той иелерінің көңіліне қарадық. Ал той иелері не ойлаған, оны білмеймін. Бұл қазақтың текті де иманды салтына жасалған қиянат, ортадан жабысқан індет деп ойлаймын. «Індет» дегенді қызыл сөз үшін айтып отырғам жоқ, жаман әдет қашанда жүқпалы індет сияқты тез тарайды. Біз тым еліктегіш- піз, оңай желігеміз, өзге істегенді мэн-мағынасына үңілмей лезде көшіре салуға даяр түрамыз. Мына тойда көргенін біреулер қайталап ары қарай жайылып кетпесіне кім кепіл? Мен өз ойымды өзгеге теліп-таңудан аулақпын, тек қана зерде таразысына салып көріңізші. СЫРҒА ТОЙ Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын, Жақсы қыз ел-жұртының сақтар салтын. Күлсе де, сөйлесе де көпке ұнап, Көрікті күте білер сыр-сымбатын, - деп қыздың атын асылға балап, алтынға теңеп, ұлттың қадір- қасиет болмысын сақтайтын беломыртқа тіректей көрген екен халқымыз. Сол қыздың ақылды да сымбатты боп өсуі үшін талай 134
КҮРЕТАМЫР өнегелі дәстүр-салт, ғұрыптарды арнаған. Соның мағыналы бірі - қыздың құлағын тесіп сырға салу. Қазақ халқы тоғыз жасты балиғатқа толған кез санайды, дегенмен құлақты жеті жаста теседі. Жеті элем жаратылысының саны болғандықтан қасиеттейді. «Жеті- ге келгенше жерден таяқ жейді» деп бұл жасқа дейін жығылып- тұрып дегендей, айналасын танып, бүлдіршіндік дэуірді бастан өткізеді. Бұл табиғат заңы. Тұлымшағы желбіреп қуыршақ ойнап жүрген қыздың қүлағы тесілген соң мінез-қүлқы, әдеттері, жүріс- тұрысы өзгеріп сала береді. Осы кезде өзінің қыз екенін анық сезінеді ¥ л баланы сүндетке отырғызумен бірдей қыз да есеюдің алғашқы сатысынан өтеді. Қыздарды да алдын ала дайындайды, «қыз санатына қосыласың», «нағыз сырғалы қыз боласың» деген секілді сөздерді зердесіне сіңіре береді. Әсілі, жаратылыстың өзі қыз баланы ұлға қарағанда тез есейтеді. Ол қуыршақ ойнап жүріп, өзі де аңғармай болашақ өміріне дайындық жасайды. Мысалы, қуыршағына киім-кешек, төсек-орын әзірлейді, үйшік жасайды, қуыршағын ұзатады, беташар арнайды, «бөпелі болады», оған бесік жырын айтады... Мұның бэрін ойын, қызық көреді, алайда өз табиғатына еріксіз тартады. Кез келген қыз өзінің сырға тағар күнін асыға күтеді. Жан дүниесінде қандай өзгерістердің болатынын білмесе де, бала санасында соған дайындық жүріп жатады. Кішкентай жүрегі лүпілдеп сол арманды күнге жеткенде оған қос етек көйлек, камзол, үкілі тақия кигізеді, мойнына моншақ салады. Әжесі, анасы, әпке-жеңгелері ауылдағы әйелдерді арнайы жайылған дастарқанға шақырады. Шашуы мен көрімдігін алып әйелдер, қыз- келіншектер жиналады. Бұл басқосуға ерлер қатыспайды. Қүлақты кез келген адам теспейді, қолы жеңіл саналатын ісмерлер, инені көп ұстаған шеберлер таңдалады. Алдымен құлақтың сырғалығының екі жағынан екі тал тарыны бір-бірімен сәйкестендіре койып, сонымен уқалап эбден жанын кетіреді. Одан кейін отқа үсталып тазартылған инемен тескенде ауырғанын сезбей қалады. Өзімнің құлағымды осылай тескен болатын. 135
Зейнеп Ахметова Күмістің емдік қасиеті бар таза зат болғандықтан бірден күміс сырға салады, күміске үйренген құлақ алтынға да оңай бейім- деледі. Қазір дэрігерлер арнайы болаттан жасалған кішкентай ілмектерді құлақ жазылғанша салуға кеңес беріп жүр. Бұрын ел ішінде иттің жүнінен есілген жіп өткізетін де эдет болған. Итті жеті қазынаның бірі деп эрі ит жүнінің құлақты қызартып іріңдетпей тез сауықтыратын қасиетін білгендіктен осылай істе- ген. Бұл күнде, мына біздің заманымызда ит жүнінен жасалған белдемше, кеудеше, байпақтардың пайдасын айтып, айтып қана қоймай кеңінен қолданып жатыр. Ата-бабаларымыздың ешқан- дай зертханасы жоқ кезде-ақ ит жүнінің емдік қасиетінің болаты- нын білгеніне тағы таңғаласың. Сонымен бірге құлақ тескенде шайдың қатты самасын өткізетін де тәсіл болған. Бұл да жай емес, шай шипалы болмаса бүкіл әлем халқы пайдаланбас еді ғой. Саманың да қүлақты ісірмейтін, қызартпайтын қасиеті бар. Мұның бәрі ертедегі эдістер. Халқымыз қыз баланың құлағын сәндік үшін, тек эдемілікке бола теспеген. Бұл қыз тэрбиесінің маңызды бір бөлігі болған. Ертеңгі күні бойжетіп, өзге босағаны аттайтын келіндік жолға дайындықтың алғашқы қадамы деуге болады. Қызды ісмерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа баулудың басы. Құлағы тесілген қыз енді қуыршақ көтеріп, «үйшік-үйшік», жасырынбақ ойнап селтеңдеуді ерсі көреді. Ол кесте тігіп, шілтер тоқып, шашақ түюді үйренеді. Үй ішінің тірліктеріне араласып анасына қолға- нат болуға тырысады. «Сырғалы қыз сыланар» демекші, шашын күтіп, киімін ұқыпты киіп, отырыс-түрысы биязыланады, қадам басуы мәнерленеді. Өйткені өзін «бойжеткен қыз» қатарына қосып, соған саналы түрде бейімделеді, қызға тэн эр нәрсенің жолын білмекке ұмтылады. «Олақтан салақ жаман» деп, қыздың салақ болуы, олақ қалыптасуы өзіне ғана емес, ата-анасына, қала берді ауыл-аймағына сын. Ондайды «өнеге көрмеген» дейді, ең алдымен, шаңырағын кінэлайды. Міне, сондықтан «қызға қырық үйден тыйым» қыз сырғалы болған күннен басталады. Себебі осы кезге 136
КҮРЕТАМЫР дейін ұшып-қонып жүрген ойын баласын айналасы онша елемейді, «бала ғой», «кішкентай ғой» дей салады. Ал шашын өріп, камзол- көйлек киіп сырға таққан соң бірден көзге түседі. «Ой, кәдімгідей бойжетіп қыз болыпты ғой» деп үлкендер содан былай баса назар аударады. Әрбір саналы адам үлгі-өнеге, жақсы нұсқа көрсетіп, білмегенін ұқтырып, катесін түзеуді өздеріне міндет санаған екен. Сырғаның езін тэрбие тетігіне айналдыра білген қайран парасатты бабалар-ай десеңізші! Сырға салудың да өзіндік жөн-жобасы болған. Жасы кіші қыздарға жеңілдеу шағын түрлерін, бойжеткендер коңыраулы, эшекейлі салмақтыларын салған. Соның өзінде дөңгелек жүзді қыздарға ұзыншақтау салпыншақты үлгіде жасалғанын, ал атжақты сопақша пішінділерге домалақтау түрлерін таққан екен. Қандай болса да тақкан сырғасы әуезді үнді болған. Қыздар салмақты да байыпты, кербез де көркем жүрісті болса, оның қозғалысына сай сырғаның сыңғыры да ырғақты, сазды естілген. Жеңгелері «сырғалым» деп атын тергесе, жігіттер сол сырғаның сыңғырын өлеңге қосып, сырға аркылы өзінің жүрек сезімін білдірген. Бұрынғы жігіттерді былай қойғанда бүгінде қасымызда жүрген сазгер-әнші Алтынбек Қоразбаев: «Сырғалым, сырғаңның сың- ғыры сыңғырлап, үйкымнан оятты», - деп ән салған жоқ па. Қазақта бұрын сырға салудың жэне бір түрі болған. Ер ба- ласы тұрмай, туғаны шетінен шетінеп зарлы болып жүрген ата- ана эрең деп ұл перзент көргенде «тіл тимесін», «сүқ өтпесін» деп ырымдап баланың оң кұлағына сырға салған екен. Бүл былайғы жүртқа ерсі не ерекше көрінбеген, өйткені үлкен болсын, кіші болсын кез келген қазақ ұлға сырға салудың мэн-мағынасын жақсы білген. Біліп қана қоймай тілеулес болған. Сырғалы үлды көргенде: «Біреудің қүдайдан тілеп алған жалғызы екен ғой», - деп танымайтын адамның өзі оған жақсы сөз арнап, қариялар бата берген, эже-апалар қолынан сүйіп, маңдайынан сипайды екен. Осылай ел-жұрттың ықылас-пейілі мен мейірімін көріп өседі. Ата-анасы баласының аман-сау қатарға косылғанына шүкіршілік 137
Зеинеп Ахметова етіп той жасайды. Оны атап тұрып «сырта той» дейді. Тойда жа- сы үлкен, кепке қадірлі, елге сыйлы қариялардың бірі бата беріп, көпшілік алдында ұлдың сырғасын шешіп, эжелер шашу шашады. Ал қазіргі қос құлағына бірдей сырға тағып жүрген селтеңбайларға мүның ешбір қатысы жоқ. «Сырға той» - жақсы ниеттен шыққан халықтық ырым. Бүгінгілердікі ойсыз, мәнсіз, әйтеуір өздерін өзгеден окшау көрсету үшін жасалған далбасалық. «Өттің, дүние, өттің-ай, теңселе басып кеттің-ай», - деп Шал ақын айтқандай, бұл жалғанда өзгермейтін, өтпейтін не бар дейсіз! Кеңес өкіметі орнап, дэстүрлі қазак қоғамының берекесі кетіп өзгерді. Қазақ оны өздігінен өзгертейін деген жоқ, «күші басым алып та жығады, шалып та жығады» болды ғой. Мен бұл жерде эңгіме бағытын айтыла-айтыла акжем болған саясатқа бұрғалы отырғам жоқ. Сырғадан басталған сөзді сырғамен жалғасты- райын. Сонымен, жаңа жүйе сырға жөнінде өз тэртібін орнатты. Айтайық, «комсомол мүшесінің сырға тағуына болмайды, сыр- ға - ескіліктің қалдығы», «мектепке сырға салып келуге бол майды, сырға - феодалдық заманның белгісі», «сырға таксаң, пионер қатарына өтпейсің», тағысын тағылар... Сөйтіп, бұрынгы казақ қоғамындағы калыптасқан «қызға қырық үйден тыйым» деген өнегенің қабырғасы қисая бастады. Қыздың құлағын тесу ұл баланың сүндеттеумен бірдей саналатын дәстүрдің негізгі мағынасы үмытылып, «кырық үйдің тыйымы» комсомол мен партияның тыйымынын астында көміліп кала берді, кала берді. Сырғаның тәрбиелік мэні мүлде жойылып, тек әшекей бұйым ретінде қалды. Онда да әнші-артистер сахнада ғана пайдаланды. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары, менің студент кезімде қыздар сырға тақпайтын, тіпті құлақтарының тесігі барлары сырғаға жоламайтын. Студенттерге сырғаға тыйым болмаса да, салмайтынбыз. Өйткені сырға салу - ескіліктің сарқыты, сонымен бірге оны жеңіл мінезді, өзін басқалардан ерекшелеп көрсеткісі келетін сәнқойлар салады деп түсінетінбіз. Жылдар бойы санамызға солай сіңірген. Әлі есімде, мектепке алғаш ба- 138
КҮРЕТАМЫР рып партаға отырғанымда Әмина дейтін сынып жетекішіміз құ- лағында сырғасы бар қыздарды тұрғызып: «Ендігі ары сырғамен келсеңдер, сабаққа кіргізбеймін, кәне, шешіңдер сырғаларың- ды», - деді. Амал жоқ, тэртіптің аты тәртіп, іштей ренжісек те айтқанын орындап едік. Бұл үрдіс сексенінші жылдардың басына дейін жалғасты. Құдайға шүкір, қазір мүлде баска коғам. Ойсыраған талай олқылықтың орнын толтырып жатырмыз. Сырғаға да кеңінен жол ашылды. Көбесін сөгіп көмбесіне үңілмесе де, қазір өң- түсін, шырайын ашу үшін әшекей сырға тақпайтын қыз жоқ. Тіпті бір сырғаны азсынып, бір құлақты бірнеше жерінен тесіп жүргендер де жеткілікті. Бұл күнде катары сиреп селдіреген көйлекті қыздармен қоса, шалбар кигені де, шорты кигені де сырғалы. Алайда сол сырғалы қыздар қауымы «қырық үйден тыйым» көріп жүр ме? Тура жауап беруге тосылатын тұсымыз осы жерде жатыр ма деймін... ■к * * Менің әкем кәсіби дәрігер болғанымен бау-бақша өсіруді керемет үнататын. Жұмыстан қолы қалт етсе-ақ алма, алмұрт, алхоры, шие өсетін бақшамыздан шықпаушы еді. Бір жылы ақ- пан айының аяғы мен наурыздың бас жағында күн жылынып кетті. Сол кезде бірнеше шие ағашы гүлдеп сала берді. Оны көрген әкем қатты қынжылып: «Әттегені-ай, жылт еткен күн жылуына алданып мезгілсіз гүлдеді-ау! Әлі наурыздың ақшақары жауған да жоқ», - деп өкінді. Арада бірнеше күн өткенде ауа райы күрт өзгеріп қар жауып, күн суытты. Қүлпырып тұрған шиелердің гүлі түгел үсіді де, сол жылы жеміс бермеді. Неге екенін қайдам, кейінгі кездері сол көрініс жиі-жиі есіме түсетін болды. Осы күндері байлык көрсету ме, даңғой мақтаншақтық па, түсінбестік пе, не дерімді білмеймін, элі сәбилік дэуірде жүрген екі-үш жасар қыздардың кұлағын тесіп алтын, тіпті гауһар тасты қымбат сырға салатындарды көретін болдық. Әрине, ата-ана 139
Зейнеп Ахметова баласынан несін аясын, қалай элпештеп аялаймын десе де өз еркі. Дей тұрғанмен, эр нәрсенің өз уақыты, өз жөні бар ғой. Ба- сының суы кеппеген кішкентай бүлдіршіннің құлағын тескенде сырға оның сана-сезіміне қозғау салып, жан дүниесін сілкіндіре ме? Ол өзінің қыз екенін сезінетін эсер алып ойланды ма? Құрттайынан қымбатқа үйренсе, болашағы қалай болады? Пер- зенттерінің қүлағын сэн үшін бе, жоқ өзгеден артықтығын көрсету үшін бе, ерте тесетіндер жоғарыдағы сауалдарға мэн бер- мейтін секілді. Танау безі өскендер көбейген заман ғой. Сырғалы сәбилерді көргенде бір кезде ерте гүлдеген шие ағаштарына қарап жаны күйзеле өкінген экем секілді мен де: «Әттегені-ай, мына бала балалығынан еркін өтуі керек еді-ау!» - деп жаным ашып, жүрегім шымырлайды. ТІЛАШАР «Тілашар» дәстүрін тікелей айтпас бұрын бір нәрсеге кішкене тоқталайын. Кеңес өкіметі заманында арнайы қүжаттарда, оқулықтарда, алқалы жиындарда биік мінберлерден: «Қазан төңкерісіне дейін қазактардың 98 пайызы сауатсыз, қараңғы бол тан. Тек төңкерістен соң көзі ашылып, эріп таныды», - деп көпе- көрнеу бүкіл бір ұлтты кемсіту, жала жабу үдірісі үзбей жүріп тұрды. Сыңаржақ саясат қазақ халқының қомақты бөлігінің мұсылманша сауаты болғанын, араб әрпімен оқып-жаза алаты- нын көргісі де, естігісі де келмеді. Ен сорақысы, «сауатсыз едік», «надан едік», «қараңғы сорлы едік» дегенді өз үлтымыздың өкіл- деріне айткызып, санасына сіңірді. Егер солай болса, көне дәуір- лерден бері тамыры үзілмей келе жатқан «тілашар» дәстүрі қайдан шыққан? «Тілашар» дегеніміз - баланың ұстаз алдын алғаш көруіне (мейлі, ол қожа-молда болсын, мұғалім болсын) арналған қуаныш, ізгі ниет, бата-тілек, бала өміріндегі есте қалатын айтулы күн. Бүрын алалы жылкы, ақтылы кой айдаған ірі байлар балаларын Бұхара, Самарканд, Қазан, Орынбор секілді қалаларға үлкен 140
КҮРЕТАМЫР медреселерден білім алуға жіберген. Ауқатты адамдардың көбі ауылында бала оқытатын қожа-молдаларды, мүгалімдерді үстаған. Баласын алысқа жіберуге шамасы келмейтін қоңыртөбел шаруа- сы барлар мен саптыаяқтық айраны бар кедейдің өзі баласын ауыл арасындағы молдаларға апарған екен. Тілашар дәстүрі сол кезде жасалған. Оқуға баратын баланы жуындырып, тырнақ- шашын алып, эркім жағдайына қарай балаға жаңа киім кигізіп, қолдағы барымен дастарқан жасап, үлкендерден бата алған. Таудай болсын талабың, Ашылсын тілің, карағым. Оқу сіңіп санаңа, Жарқырай берсін қабағың. Мактанышы бола бер, Ата менен анаңның! - деген секілді тілегі тұнық, ақ ниеттен шыққан батаны естіген баланың рухы көтеріліп, оқуға талпынған. Ата-анасы оны молдаға жетелеп апарып: «Молда-еке, сүйегі - біздікі, еті - сіздікі. Осы балаға қара танытып, тілін ашып беріңіз», - деп тапсырады екен. Әрине, ол заманның окуы мен бүгінгі дэуірдің білімін де, ұстазын да салыстыруға болмайды. Алайда мұсылманша эріп танып, оқу- жазуға ауылдағы молдалардан көзіқарақты болғандардан қазақтың небір ғұлама ғалымдары, классик ақын-жазушылары шықты ғой. Әлі есімде, мен мектепке барған 1952 жылы анам көрші-көлем, жақын туған-туыс, дос-жарандарына әжептәуір той жасады. Сонда 83 жастағы Қамқа дейтін эже маған қарап: «Әй, тентек, қасыма жақын кел! Мен баяғыда қыз күнімде «Иманшарт» пен «Әптиекті» оқып тілімді сындырып, хат танығанмын. Тілашарыңды өзім атқарайын, түф, түф, түф!» - деп дем салғандай ма, түкіргендей ме, ырым жасап: Талапсыз адам мақсатқа жетпейді. Қүдайым талмайтын талап берсін! 141
Зейнеп Ахметова Самғайтын қанат берсін! Тілді бол, жақты бол, Өз қүрбыңның алды бол! Ел мақтайтын жақсы бол! - деп бата беріп еді. Қамқа әженің сөзіне қарағанда, қазақтың бұрын- ғы қыздарының да мұсылманша оқу-жазудан қаражаяу болмағанын көреміз. Аллаға шүкір, тілашар тойлар бұл күнде дүркіреп өтіп жүр. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» білім ордасы - мектептің есігін перзентінің алғаш ашуы, қоңыраудың алғашқы сылдырын есту бала үшін де, ата-ана үшін де зор мереке, өмірдің бір белесі. Сондықтан эркім қал-қадірінше бұл күнді атап өтуге тырысады. Қалтасы қалыңдар үлкен мейрамханаларда дүбірлетіп тойлайды. Жағдайы келген соң жасайды да. «Берсең балаға бер» демей ме халқымыз... Десе де, балаға бағышталған той болған соң сол баланың есінде ұзақ қалатындай сәнді, үлкендерден тағылым көріп, олардың мейір-ықыласына кенелетіндей мэнді болса ғой. Өзім қатынасқан талай дүрмекті тілашар тойлардың дастарқанында арақ-шараптың алуан түрі тізіліп тұрады. Құлақты тұндыратын даңғаза музыка, селкілдеп, қиралаңдаған би. Елді күлдірем деп анекдот айтып, қайта-қайта: «Ду қол шапалақ!» - деп жұрттың зықысын шығаратын жадағай асаба... Балаңызға той арнаған екенсіз, ниетіңіз қабыл болсын, бірақ мынандай көріністерден бала үлгі-өнеге, ұлағат алады дегенге сену қиын. Меніңше, ең алдымен, үлкенге де, кішіге де қызықты, тартымды той болатындай ұтымды жоспар жасалуы керек. Әйтеуір шақыру қажет деп соншалықты топ жинау бала тойының негізгі мэніне көлеңке түсіреді. Тойға ересектерді ғана емес, баланың теңтұстары, құрбылары шақырылғаны жөн болар. Соларға арналған көңілді ойындар ұйымдастырып, олардың өздерінін өнер көрсетуіне, эн салып, такпақ айтып, би билеуіне көбірек назар аударыңыз. Қатысушы балаларға шағын болса да ескерткіш сыйлық әзірле- 142
КҮРЕТАМЫР сеңіз тіпті тамаша болады. Ал үлкендер бір сәт баламен бала болып қуанышын бөлісіп, көтермелеп, қолпаштап-коштап, тойды есте қалардай мағыналы, салтанатты өткізуге атсалысуы керек. Тойға келгендер бата-тілектерін алдын ала дайындалған «Ақ тілек» альбомына жазып қалдырса, бұл балаға рухани күш-қуат береді эрі келешекте үлкен ескерткіш болады. Арақ-шараптың орнына дастарқанға қымыз-шұбат, жеміс сусындары қойылып, қазақтың эдемі эндері айтылып, күйлері күмбірлеп жатса, тойыңыздың мәртебесі арта түсері анық. Содан кейін өзіңіздің көңіліңізге жақын көрген, білімді, парасатты, өмір көрген ел аға- сына балаңыздың «тілашар» рәсімін жасатып, батасын алыңыз. «Тілі ашылған» балаға шашу шашыңыз. Мен бүл жерде өзгеге ақыл үйретіп, жол көрсетуден аулақпын, тек өз тәжірибеммен азғана бөлістім. АЙДАР Халқымыздың балаларға арналған ғұрыптарының бірі - айдар қою. «Түлымдысын тұл қылды, айдарлысын құл қылды» деп «Қобыланды батыр» жырында айтылғанына қарағанда айдар қою ерте замандарда-ақ қалыптасқанын көреміз. Айдар тек үл балаларға арналған. Айдар қойғанда баланың төбесіне бір шоқ шаш қалдырып, қалғанын ұстарамен қырып тастаған. Айдарды желбіретіп бос жіберіп те, жіпке өткізілген маржанды шашқа қосып өріп, үшына шашақ тағып сәндеп те қойған. Бала тіл-көзден аман болсын, бөтен назар оқиіау шашқа түссін деген ниетпен өсірген. Көбінесе бір топ қыздың ішіндегі ұлға не үйдің жалғыз баласына қояды екен. Бала сүндетке отырып мұсылмандық парыздан өткен соң алып тастаған. Кейде мүшелден шыққанша айдарлы болып жүрген. Айдарды күтіп тазаұстаған, көрер көзге көп ілінетіндіктен жиі жуып отырған. Көнекөз қариялардың айтуынша, төре тұқы- мының ұл балалары мен жігіттері айдар өсірген екен. Мысалы, Кенесары ханның інісі Наурызбайдың айдары болған дейді. 143
Зейнеп Ахметова Кеңес дэуірінде айдар қою жойылып кетіп еді, кейінгі жыл- дары айдарлы ұлдарды жиі кездестіретін болдық. Бұл ғұрыптың қайта жаңғыруы, ұмытқанды еске алып ескерудің жақсы көрінісі. КЕКІЛ Анам марқұм іс тігіп отырып «Шилі өзен» деген энді айтушы еді: Айналайын қарағым, кекілдім-ай, Балапаны аққудың секілдім-ай. Қолда барда алтынның қадірі жоқ, Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай. Шилі өзен қамыс-ай, Бізді ойлай жүр таныс-ай! Әнге қосылған кекіл - ұлға да, қызға да жарасатын шаш қою мәнерінің бір түрі. Ертеден келе жатқан көне ғұрып. ¥л балалардың маңдайына бір шоқ шаш қалдырып, ұшын қасына түспейтіндей етіп тегістеп қиып, қалған шашын алып тастаған. Ал қыз балалардың негізгі шашына тиіспей маңдайына кекіл түсіреді. Кекіл қоюдың өміршеңдігі соншалық күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Казіргі шаш сэндеуде кекілді эртүрлі үлгіде құбылтып қоятын болды. Кекіл қыздар мен жас келіншектерге әдемі үйлесіп, сүйкімді сэн беріп тұрады. Жастарды былай қойғанда, жасамыс әйелдердің өзі маңдайындағы эжімін көлегейлеп кекіл қойып жүр. Кекілді жылқыға да кояды. Естеріңізде ме, Ақан серінің «Маңмаңгер» деген эні. Маңмаңгер кекілің - келте, жалың майда, Байлаған сені сылап қалкатай да, - деп басталушы еді ғой. Ер-азаматтардың баптап ұстайтын мініс аттарына, әсіресе бәйгеге қосатын сәйгүліктердің кекілін кесіп, моншақтап, зерлеп тіккен түмар тағып қойған. Көз өтіп, аяғынан қалмасын деген ырым екен. 144
КҮРЕТАМЫР Т¥ЛЫМ Самайдан құлақтың алдына төмен түсе желбіреп тұрған бір айырым шашты «тұлым» дейді, кейбірде «тұлымшақ» деп те атайды. Айдар, кекіл секілді тұлым қою да атамзаманнан бар көне ғұрып. Кейбіреулер айтып, жазып жүргендей, «үл-қызға сэби кезінде ғана тұлым қойылады» деген жаңсақ сөз. Әсілінде, түлым қыздардың жасөспірім кезінен бастап ұзатылғанға дейін қойыла- тын шашы. XVI ғасырда өмір сүрген Доспамбет жыраудың: Зерлі орындық үстінде, Ал шымылдық ішінде, Түлымшығын төгілтіп, Сұлу сүйдім өкінбен, - дейтін жыр жолдары бойжеткен қызды айтып түрғанын көрсе- теді. Сол секілді қылқалам шебері, қазақтың эйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев атамыздың өткен заман өмірінен салған суретте- рінің ішінде түлымды арулардың бейнелері көркем суреттелген. Ол кісі қазақтың байырғы түрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрып, салт- санасын жетік білген, өйткені көзімен көрген. Сол көргенін кейін- гілерге айнытпай жеткізген үлкен дарын иесі. Ерте дэуірде ұлдарға да түлым жіберіпті, тек қана хан, сұлтан, бек балаларына қойған екен. Соның бір айғағын «Қамбар батыр» жырынан кездестіреміз. Шекесінде Қамбардың, Бар екен алтын тұлымы. Сүрап алған құдайдан, Әлімбай ханның қүлыны, - деп ерекше әтеуірлеп, зарығып көрген жалғыз ұлға ырымдап тұлым қойғанын байқауға болады. Түлым шаш қыздарды наздандырып, бүла етіп көрсетеді. Шырайына сән беріп, ажарландырып түрады. Қазақ қыздарының 145
Зейнеп Ахметова тұлымы ұзатылар кезде жиналып, бұрымына қосылып өріледі. Бұл эке үйінің оң жағындағы қыз дәуренмен, ерке өмірмен қоштасудың бір белгісі. Тұлым шаш қою кэмшат бөрікке, үкілі тақияға, шашақты қасаба, моншақты сораба секілді баскиімдер- ге келісіп-ақ тұрады. Ал ендігі жерде қалыңдық ұзатылады, мұндай қыз киімдері эке үйінде қалады. Ол бір жігітке жар, бір елге келін болып, некеқиярда, беташарда сәукеле киеді. Жыл бойы сәукеленің жібек желегін салады. Әлгі «желегі түспеген» деп жас келіндерді айтатыны осыдан шыққан. Қазір шаш сәндеу мэнерінде сэл-пэл басқашалау болғанымен қыздар тұлым жіберетін болды. Өкініштісі, мұны жастар бізге бейнебір Батыстан келгендей қабылдап, бар жақсы тек солардан жеткендей көреді. Анығында, ғасырдан-ғасыр өтіп келе жатқан ата-бабамыздың төл ғұрпы екенін білгендері артық болмас деп ойлаймын. Т¥МАР Тұмарды қастерлеп тағу ертеден қалыптасып, қазақ ішінде мол жайылған көне ғұрып. Десе де, оны кез келген адам өз қалауынша бей-берекет тақпаған. Тұмар пайдаланудың белгілі себебі эрі аттап өтуге болмайтын міндеттері болған. Тұмарды кімдер таққан десек, баласы тұрмай жүріп әрең бір перзенті тоқтағанда сол жалғыз тіл-көзден, пәле-қазадан аман болса екен деген тілекпен балаға тұмар таққан. Сонымен бірге ел алдында көзге көп түсетін ақын-жырауларға, сал-серілерге, жауырыны жерге тимеген палуандарға, үлбіреген аппақ сұлу қыздарға тұмар арнаған екен. Сол секілді талма, елірме дерті бар жандар, үрейленгіш, көлеңкесінен шошитын адамдар да тұмар таққан. Тұмарды адамға ғана емес, малға да, бәйгенің алдын бермейтін жүйрік аттарға, үстінен су төгілмес ерен жорғаларға, жаңа туған ботаға, түр-түсі ерекше құлынға тұмар атаған. Тұмарды кімге, қалай арнау керектігін жақсы білетін ишан-ахундар, оқуы жетілген 146
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216