Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-06-23 06:28:40

Description: Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

Search

Read the Text Version

КҮРЕТАМЫР басқа да осы тектес тұлғалардың аттарының қазақ баласына қойылғаны сол бір заманның жемісі еді. Бірақ қалай десек те, соның түбінде ізгі ниет бар, шынайы көңілмен қойылған есімдер болатын. Ешбір ата-ана баласына жайдан-жай елеусіз ат қоймайды. Мысалы, өмірден өткеніне қырық жылға жуықтап қалса да, сонау соғыс кезінен бастап күні бүгінге дейін атаның атын қою жалға- сып келеді. Бүкіл иісі қазаққа ортақ, үлттың мақтанышы болған, халқым деп қабырғасы қайысып, елім деп еміреніп, үлттық ар- намысты ту етіп көтеріп, ана тілін, Отанын сүюдің озық үлгісін көрсетіп өткен адам болғандықтан халқы оны ұлықтап еске алады. Кішкене болса да сол кісінің қасиеті дарысын, ата секілді намысты, қайсар, халқына жанашыр, ұлтына тер төгер азамат болсын деп, перзенттеріне атаның есімін беріп келеді. Халықтың ардақтысы болған түлғалардың есімін қою - ол адамдардың атын ұмыттырмау, қайтадан жаңғырту, ұрпақтың есіне салу секілді үлкен маңызға да ие. «Саған пэленше деген атаңның атын қойғанбыз, сол кісінің мынандай-мынандай ерек- шелігі болған» деп баланы өнегелі етіп тэрбиелеуге, санасына жақсылықтың дэнін егіп, оны ұлағат көзіне айналдыруға болады. Ұрпағына қасиетті адамның есімін бере отырып соған лайықты етіп өсірмесе, ол ата-ананың кінэсі. Өйткені бүл үлкен жауапкер- шілікті жүктейді. Бір жағынан, түлғаның есімін берудің ғарыштық салмағы болса, екінші жағынан, баланы соған сай тәрбиелеуде ата-ананың мойнындағы парызы мол болмақ. Адамның есімі оның тағдырын анықтауы мүмкін екенін ұмытпау керек. Осы жерде бір мысал келтіре кетейін. Даңқты үшқыш, екі дүркін Кеңес Одағының Батыры атағын алған аяулы ағамыз Талғат Бигелдинов өмірден өткенде қазақтың ғарышкер үлы Талғат Мұсабаевтың: «Ата-анам Талғат ағаның күрметіне эрі мені сол кісіге үқсасын деп атымды Талғат қойып ырьш еткен екен. Есімді білгеннен бастап аганың ерлігі мен өрлігін отбасымда жиі естідім, құлағыма қүйып остім. Сол кісідей болуға қүлшынып, алдыма мақсат қойдым, сол жолда 47

Зейнеп Ахметова еңбек еттім, ізбасары болсам деп армандадым. Сөйтіп, Талғат аға менің тағдырымның қазіргідей қалыптасуына темірқазық бол- ды», - деп қатты толқып сөйлегенін естідім. «Алдыңда өнегелі көрерің болсын» деген осы шығар. Ата маркұм бірде: «Адамның аты иттің кличкасы емес, атты абайлап қою керек. Неге десең, адам есімі мен болмысының тылсым байланысы бар екені күмэнсіз, бірақ сыры ашылмаған, қүпиясы көп», - деп еді. Осыған орай, Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері, он кітаптың авторы Бақыт- бек Смағұлдың өз аузынан естіген бір әңгімені айта кетейін. Ол былай сөз бастады: - Амангелді Оспанов дейтін бауырымыз Талғар қаласына той- ға шақырды. «Бүл не той?» - десек, баласына төлқұжат - паспорт алып, соның қуанышына жайылған дастарқан екен. Е-е, бала- сының азамат болғанына жасалған той екен ғой деп бармаймын ба! Сөйтсем, баланың Бауыржан деген атын шетелге оқуға бар- ганда айтуға қиын деп Майклға ауыстырып төлқұжат алыпты. Мына думан-той соның құрметіне екен. Өзінің аты Амангелді Иманов батырға баланып қойылса керек. Оның әкесі болса, ар- дақты тұлға Оспан батырмен аттас. Ал баласына Бәукеңнің есімін атасы ырымдап қойған екен, енді оны Майклға өзгерткен. Түңіліп күйіп кеттім. «Майкл демей, бірден маймыл деп қоймадың ба?» - деп бетке айтуға тура келді. Ол маған кәдімгідей реніш таныт- ты. Мен де ары қарай калмай, тойдан кетіп қалдым. Сол тойдан кейін көп ұзамай Амангелді қайтыс болды. Арада төрт жыл өт- кенде Майкл мені өзі іздеп келді. Ол маған: «Аға, өмірім біртүрлі өзгеріп, әр алуан кедергілер көп кездесіп, берекем кетті. Үлкен бір атаның ақылымен өзімнің бұрынғы Бауыржан атымды қай- тардым. Мазақ болғым келмеді, батыр ата секілді қазақ болғым келді», - деп ағынан жарылды. Бәукең атамыздьщ киелі адам екенін түсінгеніне қуандым. Апай, айтса да, мен сізге бір қызық деректі айтайын, 2015 жылдың басында Қазақстанда Бауыржан атын иеленген 62416 адам бар екені анықталды. Оның үш мың- 48

КҮРЕТАМЫР дайы өзге ұлт өкілдері болып шықты. Мұның бэрі батырын ұлық- таған ел-жұрттың ниеті емес пе! - деп Бақытбек мақтанышпен әңгімесін аяқтады. Қазіргі кезде қазақтың ат қоюы да өзінің ұлттык сипатын да бағытын жоғалтып барады. Әрине, баласына қандай ат қойып, не деп атауы керек, ол ата-ананың өз шаруасы, талғамға талас жоқ. Дей тұрғанмен, Диана, Тансу, Даяна, Айлин, Дамир, Сандия, Самир секілді қазаққа тэн емес, мағынасы түсініксіз жеңіл-желпі атауларға тым эуестеніп кеттік. Жас кезінде жарасымды секілді көрінетін осы есімдер кейін бетке эжім, шашқа ақ түскенде қалай естілетінін ойлау да керек шығар. Тағы бір бас шайкататын эдет - өзіміздің әдемі есімдерімізге келсін-келмесін «а» эрпін қосақтап айтудың белең алғандығы. Анара, Жанара, Айнұра, Баяна, Жаната болыгі мэнін де, сәнін де ойсыратьш бітті. Ауызекі тілде айтылатыны былай тұрсын, құжаттарын да солай толтырьш жүр. Сосын бүгінде аттарын екіге бөліп жазу да сәнге айналған. Алтын-Ай, Айдар-Бек, Әли-Асқар, Әбу-Хаир, Әбу-Сейіт, Әбу-Әли деген секілді түрікше мәнер ме, арабқа еліктеу ме, қайдам, әйтеуір мұны өздерінше жаңалыққа балап мақтанатындар көбейіп келеді. Осындайда: «Өзінің барын бағалай алмай жүріп, өзгені келістірем деп тыраштану сайтаныма керек пе?» - деймін. Мүмкін менікін пендешілік деп ойлайтындар да табылар. Сонымен, жаңа туған нәресте ештеңеден хабары жоқ, өзін қалай, кім деп атаса да бэрбір, оған таңдау бұйырмаған. Өмір бойы көтеріп жүретін, бірге қартайып о дүниеге бірге кететін айнымас «серігі» қандай болады оның тағдырын үлкендер шешеді. Кеудесінде аз да болса ұлттық намысы бар, мойынында жауапкершілік парызы бар ата-ана ойланып, сараптап барып ат койса ғой, шіркін. Қанша жерден жаһанданып кетсек те қазақ дейтін тамыры тереңге кеткен алып бәйтерек секілді көне халық- тың Жаратушы дарытқан киесі бар екенін, өзіміз сол ұлттың төл перзенті екенімізді санамыздан шығармасақ, өзгеге көзсіз далақтап еліктемес едік-ау... 49

Зейнеп Ахметова *** Ат қоюға байланысты мына бір шағын эңгімені оқи отырыңыз, саналы адамға ой салуы мүмкін. Момыш пен Момынқұл аталарымыз - бір ата-анадан туған бауырлар. Сол Момынқұл атаның немересі, менің қайным Бе- рікжан өзі ата атанып, немерелі болды. Алматыда тұратын Нұр- жан есімді ұлы мен келіні Ақмарал біраз жылдан бері жөргек иісін аңсап жүр еді, бұлыңғыр көңілдің бүлты ыдырап күн шық- қандай дүниеге егіз қыз келіп, бэрімізді қуанышқа бөледі. Нүр- жан ауылдағы экесіне сүйіншілеп: «Өзіңіз келіп немерелеріңіздің атын қойып беріңіз», - дейді. Әкесі оған: «Әй, балам-ай, жолды білмей тұрсың ғой, эйтпесе, қастарыңда қара шаңырақта көкем отырғанда мен қалай ат қоймақшымын. Атаңның алдынан өтіңдер, оған дейін біз де келіп қаламыз», - деп үлкен сыйлап, жолдан аттамайтын қазақ дәстүрімен көкесі - Бақытжан Момышұлының ат қоюын қалады. Бәкең өтінішті қабыл алып, шөберелерін Айғаным, Зере деп атады. Есім беру рәсімін жасамай тұрып Нүр- жан мен Ақмаралға: - Бұл қазақ тарихында алтын әріппен жазылып қалған әже- леріміздің аяулы аттары, ерекше есімдер. Бірі - Шоқандай ғұлама ғалымды, бірі - Абайдай дара парасат иесін тәрбиелеген дана аналар. Алла жар болып, осы ардақты әжелер секілді көргенді, ақылды, ел аузында есімдері қалатын өнегелі перзент болсын деген тілекпен сэбилердің аттарын қоймақшымын. «Ізгі ниетпен қойылған жақсы ат жақсылықтың жоралғысы болады» деуші еді қариялар. Менің сендерге айтайын дегенім, ең алдымен, бұл кісілердің кім болғанын, олардың қадір-қасиеті, өмір жолы жайлы өздерің жете білуге тырысыңдар. Сәбилеріңе сол білгендеріңді олар өскен сайын санасына сіңіріп, кімнің есімін көтеріп жүрге- нін қүлақтарына құйып ұқтыру сендердің парыздарың. Сонда ғана жақсы есімнің қасиеті жұғысты болады. Әйтпесе, ұлағатты үлкен кісінің атын қойып алып, соған лайық тәрбие берілмесе, кінэ сендердің мойындарыңа түседі. Сондықтан бұған жүрдім-бардым 50

КҮРЕТАМЫР қарамай, жауапкершілікті адал атқаруларың керек, - деп аталық ақыл сөзін айтты. Сөйтіп, Бәкең азан шақырып нәрестелердің атын қойып: Талдай бой берсін, Таудай ой берсін. Жаздай жамал берсін, Оттай жанар берсін. Анаға шуақ болсын, Өкеге қуат болсын. Өмірлері мэнді болсын, Дәурендері сэнді болсын. Үйлері қазанды болсын, Таңдары азанды болсын. Әумин! - деп ақ ниетпен бата берді. Сол күннің ертесінде келініміз Ақмарал телеарнадан Айға- ным анамызға арналған деректі хабарды көріп таңғалады. Бір қызының аты беріліп жатқан ана жайлы өзі күтпеген деректерді көру қатты эсер етеді. Содан төрт-бес күн өткенде Құнанбай қа- жы туралы фильм түсіріліп жатканын, онда Зере эже жайлы да бар екенін газеттен окып, тіпті толқиды. Жас босанған аналардың тым сезімтал болатыны белгілі, «Жаратқан иемнің бізге жіберіп жатқан жақсы белгісі емес пе бүл» деп мешітке барып, кұдай жолына қайыр-садақа беріп, әжелерге арнап Қүран оқытады. Алланың мейірімінде шек жоқ, егіз қыздардан кейін аралары жиі-жиі жэне екі қыз, бір үл сүйді. «Айғаным, Зере әжелеріміз- дің есімдері үйімізге құт-береке әкелді, шаңырағымыз шаттыққа толды. Тәубе! Тэубе!» - дейді Нүржан мен Ақмарал. * \"к \"к Есім жайлы мына бір эңгімеге атаның қатысы бар, ал атамен байланысты нәрсенің жай болмайтыны белгілі. 51

Зейнеп Ахметова Бұл сонау 1973 жылдың жаз айы еді. Біз ол кезде қазіргі Дос- тық даңғылы мен Теле би көшелерінің қилысындағы, Алматы- дағы ең алғаш салынған биік үйдің жетінші қабатында тұратын- быз. Атаның қолына көшіп келгенімізге жылдан асса да, бұл үйдің түрғындарын элі күнге жүз жыға танымаймын. Қазағы аз, басқасы көп, жан-жақтан жиналған ала-құла жұрттың бір- бірімен емен-жарқын араласып, араласып емес-ау амандасып жатқанын көп көре бермейсің. Әркім өзінің кіріп-шығар есігін ғана біледі, адамдар мына он екі қабат бетон үй мінездес қоқайып суық көрінетін. Өзгені қайдам, маған солай эсер ететін. Осындай томаға-тұйық күндерге бір кішкене өзгеріс енгендей болды. Ол не дейсіз ғой, үстіңгі қабаттан балконға шығып, аулада жүрген немересін айғайлап шақыратын, шақырғанда да сөзбен шық- пыртатын бір бақырауық апа пайда болды. Қала өміріне, қала «тәртібіне» жаттықпаған адам көрінеді, ауылдағы өз шарбағының алдында тұрғандай балконға шықса болды тілінің тиегі ағытылады- ай келіп. Біздің асүйдің есігі балконға ашылады. Сондықтан ол апаның «ауыз өзімдікі» дегендей бөгетісіз айтылатын қисық- қыңыр сөздері асүйде көп жүретін маған анық естіледі. Немере- сінің аты анау-мынау емес - Абай. Оның атын әжесінің балконнан жар салып шақыратынынан біліп алғам. Баланың өзін де көрдім. Екі құлағы едірейген, тақырбас, үлкен қара көзді бес-алты жастағы балдырған. «Япыр-ай, сондай ұлы адамның есімін қойып алып неге сонша балаға айғайлай береді екен, төмен түсіп ертіп келуге болмай ма?» - деп ойлаймын ғой. Баланың аты - бала, шапқылап ойнағысы келетін шығар. Оның үстіне ауылда кең жерде еркін өскендіктен аузы-мұрны тұмшаланған тас керегелі пәтерге үйрене алмай далаға қаша беретін секілді. Апаның ауылдан жақында ұлының үйіне қонаққа келгенін бірінші қабатта тұратын Ақыш әжеден естігенмін. Ақыш аталып кеткен Ақылия эже - нағыз қаракөк асылдың тұқымы. Абай атаның Тұрағұл деген баласының қызы. Менің бірден-бір араласатын, сөйлесетін адамым осы - Ақыш әже. Біз мұнда көшіп келмей 52

КҮРЕТАМЫР тұрғанда қайтыс болған атаның жұбайы Ғайникамал апаймен рулас жақындығы болғандықтан Момышұлы іпаңырағымен бұрыннан жақсы қарым-қатынаста екен. Ата Ақыш эжені өте құрметтеп сыйлап тұратын. ...Түс мезгілі. Дастарқан басында ас ішіп отырғанбыз. Осы кезде элгі апа балконнан немересін өз дағдысымен шақыра баста- ды. Атаның бөлмесі пэтеріміздің түпкір түсына орналасқандық- тан мына жақтағы дауыс естіле қоймайтын. Бүгін қас қылғандай тура ата ас ішіп жатқанда, қырындау ашық қалған балкон есігі- нен ана кісінің эр сөзі анық естілді. Бір сөздің салмағы бір сөзге түсіп құлақты түршіктірді: - Абай! Ау, Абай! Әй, қаңғыбас Абай! Ой, жүгермек Абай! Үйге кір деймін! Ой... Мен барып балкон есігін жаба қойдым, бірақ одан пайда шамалы. Ата қолындағы қасығын үстел үстіне таре еткізіп тастай салып, орнынан шұғыл көтерілді де: - Мына идиоттың жағын қарыстыру керек, - деді тістерін шықырлатып. Бақытжан әкесінің ұшқындап келе жатқан ашуынан сескеніп: - Папа, папа, тоқташы, оның қайдан айғайлап жатқанын алдымен біліп алайық та, - деп өзінше басу айтпақ болды. Ата оқты көзімен бізді бір шолып, тамағын шала қалдырып асүйден шығып кетті. - Мүндай да бэдік адам болады екен-ау! Бірақ папам оның жағын қалай қарыстырмақшы екен? - деді Бәкең. Оның реті ертесінде оп-оцай келе қалды. Ата Жазушылар одағына бір жұмыспен бармақшы болып такси шақыртты. Әдеттегідей папкасын көтеріп қасына ілестім. Біз сыртқы есіктен шыққанда қалқадағы үзын орындықта Ақыш эже мен элгі апа отыр екен. Ата Ақыш әжені көре салып, сәлемдесу үшін бұрыла бергенде мен ақырын ғана: - Ата, балконнан айғайлайтын кісі отыр, - деп «сатып» жібердім. 53

Зейнеп Ахметова Ата таяғын сілтей, ширақ басып барып Ақыш эжемен сәлемдесті де, ана апаға төніп келіп: - Абай деген баланың әжесі сенсің бе? - деп зілдене зірк етті. Әйел адамға «сен» деп сөйлемейтін эдеті бүл жолы жайына қалды. - И-и-иә! - деп тұтығып зорға жауап қатты элгі апа. - Не немереңнің атын өзгерт, не былапыт тіліңді тый! Өйтпей- ді екенсің атып тастаймын! - деп салалы қолының сұқ саусағын тура көзіне безеді де, кілт бұрылып: «Жүр!» - деп маған бұйырды. Кетіп бара жатып Ақыш әженің көзінен ризашылықты байқадым, ана эйелдің көгерген жүзін көрдім. Сол күннен кейін бақырауық апаның дымы өшті, пышақ кескендей тыйылды. Мезгілсіз марқұм болғысы келмеді білем, көпке бармай өзі де кетіп тынды. *** Азан шақырып ат қоюдан өзге есім берудің жэне бір басқаша түрі бар. Ол - қосалқы лақап ат. Адамның сырт келбетіне, мінез- құлқына, әдет-дағдысына қарай берілетін жэне ата-әже, эке- шешенің перзенттерін еркелетуден шыққан есімдер қазақ ішінде жиі кездеседі. Сонымен бірге қазақ дэстүрінде келіндердің ат тергейтін жэне бір есім қою түрі бар, бірақ бұл бөлек эңгіменің тақырыбы. Талай адамдарға жанама қойылған аттың етене сіңетіні соншалық, алғашқы қойылған аты ауызға ілінбей ұмытылып, тек жаназасында аталып немесе құжатта ғана қалатыны бар. Әжесі, анасы аялап атаған есімдерімен эйгілі болғандар да өмір- де жеткілікті. Алысқа бармай-ақ қояйық, Абай атаның шын аты Ибраһим, Шоқан Уәлихановтың бастапқы аты - Мұхамед-Қанапия, біздің Момыш атамыздың нағыз аты - Момынэлі. Мұндай мысалдарды ұзартуға болады, бірақ менің мақсатым тізім жасау емес, қосалқы атқа түсінік беру үшін ғана бірнешеуін келтірдім. Лақап есім балалар мен қүрдастар арасында кеңінен таралған 54

КҮРЕТЛМЫР деуге болады. Тағы да өз отбасымызға байланысты, алайда көпке мэлім боп кеткен бір жанама ат туралы айта кетейін. Атаның Үбиян деген әпкесі болған, «Үшқан ұя» деген кітабында кеңінен эдемі суреттеледі. Сол кісі «Музей апа» атанып, өзі өмірден өтсе де, әлі күнге дейін ұмытылмай келеді. «Музей апаның ауылы», «Музей апаның немересі... шөбересі... қайнысы... құдасы» деп айту әдеті қалған жоқ. Бұл аттың қойылу тарихы былай болыпты: 1946 жылы бес жасар Бақытжанды анасы музейге апарыпты. Ол кезде Орталық музей қазіргі Панфилов паркінің қақ ортасын- дағы шіркеуге ораналасқан еді. Мүндаға дейін жаңа мұрағат ғимараты салынғанша жұмыс істеп тұрды. Өзім де студент кезімде бірнеше рет барғанмын. Ол жерде қазақтың бұрынғы өмірінен көріністер жасалған бөлім болған. Жартылай құрылған, алды ашык киіз үйдің ішінде қол диірмен тартып отырған әженің мүсіні орналасқан. Басында кимешек, күндігі бар, кең-мол көйлектің сыртынан омырауы оюлы шапан киген сол мүсін бір Караганда тірі адамға ұқсап кететін. Бақытжан анасымен музейді аралап жүріп жаңағы көріністі қызықтап қарайды. Содан үйге қайтып, есіктен кірген бетте элгінде музейдегі апаның төрде отырғанын көріп: «Музей ana бізден бұрын үйге қалай жеткен?» - деп қайран қалады. Төрде отырған кісі көлгемедей көйлектің сыртынан оқалы шапан киген, басында - кимешек, қарқарадай күндік ораған Үбиян апа ауылдан келген екен. Бэкеңнің анасы баласының сөз төркінін бірден түсініп, оның қиялын ары қарай жетелеп: «Ол кісі сенің үлкен апаң. Күні бойы музейде жұмыс істеп шаршап эрі сені сағынып, асығып келіпті», - дейді. Міне, содан бастап Үбиян апа Бақытжан үшін Музей апаға айналды да, ары карай сол атау калыптасып, ең аягы ауылдагылар да осылай агап кете барады. Оның үстіне атаньщ «Музей апа» дейтін өте тартымды, мағыналы эңгімесі баспасөз бетінде жарияланған соң бала аузымен айтылған сол атау әбден тұрақтап қалады. Осы қыска әңгімені оқығнда талай қызықты жанама лақап аттар сіздің де есіңізге түсін, мүмкін езу тартқан боларсыз... 55

Зейнеп Ахметова БЕСІКТОЙ Ата-бабаларымыз тэлім-тэрбие жөнінде ешқандай ғылы- ми кітаптарды оқымай-ақ ұлттық текті дэстүрмен ұрпақ өсіріп, ұлағат үйретіп, сіз бен бізге рухани мол мүра қалдырыпты. Қазақ халқы - ежелден өте балажан халық. «Артымда қарайып ұрпағым қалсын, шаңырағымда шырағым жансын» деп ұрпақ жалғасты- ғын мүрат етіп, зор мэн беріп баланың аман-сау өсіп-өніп жетелі жетілуі жолында күш-қайратын аямаған. Халқымыздың сәби шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап бірінен кейін бірі ретімен өтіп жататын үлкенді-кішілі той-томалақтарының бірі - баланы бесікке салу салты. Бесік- той нәресте өміріндегі атқарылатын тойлардың айтулы да маңыздысы. Баланы бесікке кіндігі түскен соң ғана бөлейді. Тойға аналар қауымы шақырылады. Ағайын-туыстың, жекжат- жұраттың, көрші-көлемнің эйелдері шашуын, балаға арналған жөн-жоралғы сыйлықтарын алып бесіктойға жиналады. Бөпені алғаш бесікке бөлеу жолы - бір топ ұрпақ өсіріп немерелі-шөбе- релі болған, мінезі жайдары, көпті көрген жолы үлкен кейуанаға жүктеледі. Баланы бөлемес бұрын міндетті түрде бесікті адыраспан не арша түтіндетіп аластайды. Алас, алас, алас! Бар пәледен қалас! Көзі жаманның көзінен сақта! Сөзі жаманның сөзінен сақта! Алас, алас, алас! Ете гөр, Алла, Жамандықтан қалас! - деген секілді тілек сөздермен бесікті айналдыра аластайды. Адыраспан мен аршаның емдік шипасы, айналаны залалсыздандыру қасиеті бар екенін Шығыстың ұлы ғүламасы Әбу Әли ибн-Сина 56

КҮРЕТАМЫР бабамыз өз еңбектерінде дәлелдеп жазып, тұрмыста қалай пайдалану жолдарын көрсеткен екен. Бесікті аластап болған соң құрт-ірімшік, науат-мэмпәси секілді шашуға арналған дәмдерді бесіктің түбек орналасатын тесігінен уыстап тастап: «Тышты ма? Тышты ма?» - деп дауыстайды. Қолдарын тосып түрғандар: «Тышты! Тышты!» - деп қуана жауап қатып, тәттілерді бөлісіп алады. Мұны бір- неше рст қайталайды. Бұл «тыштырма» деп аталатын дәстүр. Мұның мэні ниет етуге байланысты бір жерде бесікте жатқан баланы дэреті қинамасын, жеңіл болсын деп ырымдаса, қайсы- бір жерде нәрестеге құт-береке дарысын, соңында байлык тө- гіліп жүрсін, маңдайлы болсын деген ниетпен істеледі. Қалай айтса да, шын жүректен, таза көңілден шығатын ақ тілеулер қабыл болады. Тыштырмадан кейін бесікті жабдықтауға кіріседі. Түбектің ішіне күл немесе қүм салып, түбек қояр тесікке орналастырады. Баланың дэреті өзіне шашырамауы үшін, тазалык үшін осындай эдіс қолданған. Түбекті қойған соң бесіктің басқа жасауларын, атап айтқанда, қойдың асықты жілігінен немесе аршадан жасал- ған шүмегін, үзындығы мен ені бесікке дэл келетін, түбек тұсы дөңгеленіп ойылған құс төсегін, көрпешесін, жайма-жөргек- терін, бас жастық, аяқ жастық, бел көрпеше, қолбау, тізебау, бесік жапқыш секілді жабдықтармен баланы бөлейді. Бұл заттар эр өңірде эртүрлі жасалып, әртүрлі айтыла береді. Әдетте бесіктің дүниелері көзге көрнекі, ашық түсті маталардан тігіледі. Ең сыр- тынан оралатын қолбау, тізебауларды кестелеп немесе оюлап сэндеп жасаған. Баланы әсемдікке, әдемілікке бесіктегі кезден көзіқарақты етудің бұл да бір жолы. Жаз, қыс маусымдарына ка­ рай бесік жабдықтары да өзгеріп отырады. Мысалы, жаз күндері баланың бетіне шыбын-шіркей қонып мазаламас үшін эрі пы- сынап терлемес үшін бесік жапқышты жеңіл, жұқа матадан жа- саса, қыста барқыт, қыжым, басқа да қалың кездемелерден тігеді. Баланы бесікке міндетті түрде оң жағынан бөлейді. «Оң жолды 57

Зейнеп Ахметова болсын» деген ақ ниет. Баланың мойыны қисық болып өспеуі үшін бесіктің екі жағынан кезек алмаса отырып емізеді. Бесіктің бас жағына үкі, көзмоншақ, тұмар, боялған асық, бүркіттің тұяғы, жыланның құрғаған басы секілді нэрселерден тағу, жастығының астына кездік немесе бэкі қою ырымдары болған. Нәресте шошымасын, көз тимесін, сұқ өтпесін деген тілеуден шыққан. Алғаш рет перзент сүйіп, тұңғыш рет талбесікке таянган жас анаға, той иелеріне үлкендер ақжарылқап бата береді. Тарих түкпірінен, көнеден жеткен, дуалы ауыздардан айтылған батаның бір үлгісі былайша тізілген екен. Құтты болсын бесігің, Артық болсын несібең. Дастарқаның жайылып, Ашық болсын есігің. Өре берсін балалар, Дұшпандарың болмасын, Күншілдікпен табалар! Алпамыстай тағы да, ¥ л артынан ұл келсін! Жарқыраған Шолпандай, Қыз артынан қыз келсін! Құтты болсын бүтінгі, Бесік жасар тойларың! Тілектерің қабыл боп, Орындалсын ойларың! Әумин! Бесіктой кезінде бесіктің үстіне бес, жеті, кейде тогыз түрлі жабу жабылады. Әрине, эркім шама-шарқына қарай дегендей... Бүл ырымның мэні - сәбидің ұйқысы тыныш әрі қалың болсын, ержеткенде дәулетті, сэулетті, жомарт, мейірімді болсын деген ниеттен шыққан. Сол жабылған мата, орамалдарды тойға келіп отырған үлкен әжелерге үлестіріп береді, ықыластарын алып 58

КҮРЕТАМЫР ырза болысады. Ал баланы бөлеген кісіге: «Қолыңыз жеңіл бол- сын, келінімізге сіздің жолыңызды берсін!» - деп арнайы «бесікке салар» кәдесін беріп рақмет айтады. Осы жерде бір әңгіменің реті келіп тұр. Қасиетті Рамазан айында ораза ұстағандарды құрметтеп ауызашарға шақыру сал- тын бэріңіз білесіз. Сондай бір ауызашарға жүзден аса адам жи- налдық. Аумақты залдың айналасына дастарқан мэзірі жасалыпты да, ортадағы ашық жерге жеке үстел қойылып, үстіне баланың бесігін орналастырыпты. Бесікке жабылған селдір тор матадан оның түгел жабдықталғаны анык байқалады. Жасау-жабдығы сай дайын бесіктің ауызашарда неге түрғанына ешкім таңгала қоймаған секілді. Неге десеңіз, үлттық құндылыктарды сақтау, өрістету, жаңғырту деп «тұсаукесер», «бесікке салар», «беташар» секілді дэстүрлерді спектакль қойғандай арнайы дайындап, сырт көрінісін қызықтау талайдан бері белең алып, көз әбден үйренді. Бір жағын ұқсатамын деп, екінші жағын ойсырататын баяғы әдетіміз. Міне, бүгін де жаттанды қойылым көрсетпекші. Әйтпесе, дүйім жұрттың алдында, әр алуан адам жиналған жерде құс- тың балапанындай нэзік кішкентай сәбиді әкеліп бесікке салар жасаудың қандай қажеттілігі бар? Өз отының басында, шаңы- рағының аясында жөн-жоралғысымен табиғи түрде өткізуге болар еді ғой. Содан не дейсіз, кешті баскарушы адам мені көпіртіп мақтап- мақтап, баланы бөлеу жолын үсынды. Түсінемін, қазақтың бір- туар ерен түлгасының қолына су кұйып, шайын кайнатқан келін ретінде ырымдаған шығар. Десе де, маган көрсеткен қүрметке алғысымды айтып, бесікке салар міндетін атқарудан бас тарт- тым. Әрине, мақтауга желпініп айтқандарын орындап, сый- сияпатын алып тымпиып отыруыма болар еді. Алайда өзімнің өмірлік үстаным, қағидаларыма кереғар іс жасар едім. Өйткені шамам келгенше, күш-қуатым жеткенше ұлттық эдет-ғүрып, салт- дэстүрлерді бүзбай, мәнін кетірмей қолдануга үйренген жанмын 59

Зейнеп Ахметова әрі ата-бабадан қалған жол-жобаның тегін шықпағанын, руха- ни күші, яғни киесі бар екеніне сенетін ырымшыл адаммын. Жаратқан ием маған жалғыз ұл беріп, бір рет қана бесік таянуды нэсіп етіпті. Оған да шүкіршілік етіп, тәубе деймін. Мына сәбилі болып отырған жас келін мен секілді бір перзенттің бетіне қарап қалмасын, жалғыздық қашанда қиын, «жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар» деп бекер айтпаған. Сондықтан етегі- нен топ бала өрбіген, немере-шөберелі аналардың біріне бесікке бөлету - бүрынғының салты, көнеден келе жатқан үлағат. Міне, осының бэрін көпшілікке жақсылап түсіндірдім. Қауым сөзімді жөн санап, құп алды. «Ел іші - алтын бесік» деген емес пе, сол жерде он баланы өмірге әкеліп, аман-сау жеткізген, отыздай немере, он шақты шөбере сүйген бес биенің сабасындай келіскен батыр ана ауыз- ашарға қатысып отыр екен, сәбиді бесікке салар рэсімін сол кісіге жасаттық. Міне, нағыз қазақ жолы да, жөні де осы болды. БЕСІК ӘКЕЛУ Біздің қазақта «Бесік экелу» деген эдемі салт болған. Бүл салт күні бүгінге дейін Қызылорда, Оңтүстік Казакстан, Жамбыл облыстарында жақсы сақталған. Келін босанған соң өзін-өзі сыйлайтын кез келген ана құда-құдағиына құтты болсын айтып, кызының қал-жағдайын білуге келеді. Ана үшін бүл - парыз. Өйткені жатжұрттық болған перзенті ана атанды. Ана болудың қандай екенін жүрегінен жұлып қызын ұзатқан эр ана жақсы біледі. Демек, кызының жай-күйін көруге, құда-қүдағиынын немерелі болған қуанышына ортақтасып, бауы берік болсын айта келуді санасы бар эрбір қазақ әйелі үғып әрі оны орындауы міндет болған. Бесік әкелудің өзі бір сүйкімді сән-салтанатпен өтеді, кішігірім той болады. Ән шырқалып, күй тартылады, жарасымды әзіл- қалжың айтылады. Келіннің төркін жағы «іздеуші, сүраушысы 60

КҮРЕТАМЫР бар» дегізіп, бір топ болып келеді. Жай келмей бала бесігінің жабдығын түгелімен, шашуымен қоса әкеледі. Немерелі болып жатқан құда-құдағиларына, сәбидің кіндік шешесіне сый- сияпаттарын ала келеді. Қызы мен күйеу баласын да қүр қалдыр- майды. Келіннің шешесі: «Міне, енді нағыз ақ жаулықты ана болдың», - деп қызының басына ақ орамал жабады. Әрине, мүның бэрі эркімнің қал-қадірінше жасалады. Қоңырқай түрмыстылар өз шама-шарқынша дегендей, яғни белгілі бір тэртібі, қатып қалған қағидасы жоқ, отбасының жағдайына қарай атқарылатын шаруа. Ал қаспағы қалың, қазаны майлы дәулеттілердің жөні бөлек, тарту-таралғысы да қомакты болыпты. Өзге сый-сияпатты былай қойғанда, олар қыз болсын, ұл болсын жиендерінің киім-кешегін, жөргек-жаялығын салатын әшекейлі, оюлы, күміспен нақыштаған сандықшасына дейін әкелген екен. Бар болса неге мырзалық жасамасқа, жатқа емес, жиенге арналган ғой. Құдайға шүкір, қазір де аналық парызын өтеп, бесік әкеле- тін немесе бесік орнына заманға сай баланың арбасын, төсегін, орындығы секілді кажет бұйымдарын түгендеп экелушілер баршылық. Бұл дегеніміз ежелден келе жатқан дэстүрдің ізін жогалтпаумен бірге қүда-жекжат арасындағы жағымды жарас- тық. «Бие құлындамаса ат болады, алыс-беріс болмаса ағайын- жекжат жат болады» демекші, алыс-беріс деген жақсы қарым- қатынасқа дэнекер ғана емес пе. Әйтпесе, ешкім жоралғы алған- нан бай болмайды, бергеннен кедей болмайды. Бесік әкелу, бір жагынан, қүда-құдағи арасындағы ілтипат, бірлік-татулыққа бет- жүздік жолы болса, екінші жағынан эрі негізгісі - жас босанған ананың мерейін өсіріп, көңілін көтеру арқылы өмірге келген ұрпақты ардақтау болып табылады. «Кімнен жаралсаң, содан нэр аласың» дейді халқымыз, көңілі тасқындаған ананың қуаты, сезім толқындары балаға да тікелей жақсы эсер береді. Төр- кіндері келіп, қуанышы артып, сагынышы басылып, енесіне батып айта алмағанын анасымен бөлісіп келіннің өресі биіктеп, көкжиегі кеңейеді. Оның жүзі жарқын, көңілі ток болса, сәбидің 61

Зейнеп Ахметова де денсаулығы мығым болатыны айтпаса да түсінікті. Олай бол- са, бесік экелуді ана мен баланың құрметіне жасалған көңіл тойы деп бағалауымыз керек. БЕСІК ЖЫРЫ Ананың элдиі, ананың бесік жыры күллі адамзат жырыньщ кайнар бастауы деуге болады. Өйткені элем халықтарының барлығында бесік жыры айтылады. Тілі, діні, салт-дэстүрі, өмір сүру қағидалары бір-біріне ұқсамайтын елдердің түгелінде аналардың бесік жырын айтуы ортақ, мақсат-мүддесі үқсас. Баланың тэлім-тэрбиесімен мінез-қүлық болмысының қалыптасуына бесік жырының маңызы ұшан-теңіз болған. Бесік жыры сэбидің жүрек кылын қозғап, сезімін оятып, жан дүниесін тербейді, көңілін шалқытады. Ананың әлдиі алғашқы өнер баспалдағы, өнеге мектебі. Бесік жыры арқылы ұлттық тәрбие- нің ұрығы себіледі. Қазақ аналары халқымыздың маржандай айшықты сөз өнерін қолдана отырып, баланың қүлағына ұлттың таным-нанымы мен адамгершіліктің, ізгіліктің нэрін қүяды. Бе- сік жыры балаға берілетін тәрбиенің эліппесі. Жазғы самалдың лебіндей жағымды үнмен, баяу ырғақпен айтылатын ананың әлдиі баланың зердесіне туғаннан бастап сіңеді. Бесік жырының түрақты қалыпқа салғандай нұсқасы жоқ. Әрбір әже, ана өз жүрегінен, өз ойынан шығарып ұйқастырып айта білген. Сол ардақ әжелер мен аналардың есімдері тарих қойнауы- на сіңіп кеткенімен, олардың айткандары ауыздан-ауызға ауысып, ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, халық қазынасына айналған. Күні бү- гінге дейін: «Әлди, әлди, ак бөпем, ақ бесікке жат, бөпем», - деп басталатын рухани мүраның сүрлеуін жоғалтпай, жібін жалғап келе жатқандар - қазақ ақындары. Бұрынғы-соңғы, бүгінгі ақындардың әлдиге, бесік жырына қалам тербемегендері кемде-кем. Өйткені бүл мэңгілік жыр. Енді сонау көне замандардан көзайым болып бізге жеткен бесік жырының бір үлгісін мысал ретінде келтірейін. 62

КҮРЕТАМЫР Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Қолымыздан іс алып, Мойыныңа күш алып, Бізді бағар ма екенсің?! Қүрығыңды майырып, Түнде жылкы қайырып, Жаудан жылқы айырып, Жігіт болар ма екенсің?! Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Шебер болар ма екенсің?! Таңдайларың тақылдап, Сөзіңді жұрт мақұлдап, Шешен болар ма екенсің?! Кең балағын түріскен, ¥лы топта күрескен, Палуан болар ма екенсің?! Бал қайнатып, шай ішкен, Қазы кертіп, жал жеген, Асты болар ма екенсің?! ¥зақ жасап көбірек, Басты болар ма екенсің?! Еңбек етіп бар елге, Мәлім болар ма екенсің?! Талай қырдан өтерсің, Мақсатыңа жетерсің. ¥йықтай қойшы, бөпем-ай, Әлди, әлди, элди-ай! Әсерлі эуен, сұлу сөзбен айтылатын осындай бесік жырлары ана сүтімен қосылып баланың бойына шым-шым сіңіп отырады. Ана сәбиінің аман-сау азамат болып өсуінен бастап болашак өміріне 63

Зейнеп Ахметова дейін тілегі, сенімі, ниеті эсем әнге шумақ болып өріліп, ананың ақ батасындай баланың жетесіне жете береді. Тіпті алыстағы төр- кін жұртына деген сағынышын да бөпесіне айтып, сырласқандай: «Әй, эй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем...» - деп іштегі арманын бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы тылсым күшпен балаға беріліп, анасын аялайтын, мейірімді эрі жанашыр болып өседі дейді көпті көрген әжелер. Бесік жырын эрбір әже, ана құлаққа жағымды әуенмен, көр- кем сөздермен термелеп айтқандықтан бесіктегі бала ғана емес, өзгелер де назар салып, қүлақ түріп ұйып тыңдаған екен. Әже мен ананы былай қойғанда бесік тербетуші кез келген қазақтың ұл- қызы сэбиді әнмен үйықтатқан. Бесік жырын тыңдап өскен баланың тілі ерте шығып, есте сақтау қабілеті жақсы жетілген. «Қазақтың төрт-бес жасар баласының тілі жатық, ал алты-жеті жастағы ба- лалар тауып сөйлейді, ойын ұтымды жеткізе біледі», - деп таңдана жазған жер ауып қазақ еліне келген поляк революционер! Адольф Янушкевич өз естеліктерінде. Оның көргені бесікте өскен, ана әлдиіне сусындаған балалар екенінде күмән жоқ. Ата марқұм өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының бас жағында-ақ: «Біздің балаларымызға әжелері не шешелері ертегі айта бермейді. Содан қорқам. Қазіргі келіндерім сэбилеріне бе- сік жырын айта білмейді. Құлағына анасының элди эні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қала ма деп қорқамын...» - деп талай айтып та, жазып та қалдырған екен. Осы қысқа сөздің өзінде қаншама терең ой, кауіп, түйткіл жатыр. Ата-бабаларымыз жасаган, ғасырлардан көктей өткен дәстүрден ажырасақ үлттық қүндылықты, ұлттық болмысты қоса жоғалтатынымызды меңзеп тұр ғой. Бұл күнде халық эндеріне қүлағы бітеу, халық өлеңдерін менсінбейтін, есесіне, мэн-мағынасыз даңғаза энсімақтарға эуестеніп кеткендер бесік жырын естімей, ұлттық өнердің уызына жарымай қалғандар десем, қателеспеймін. «Түйе мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі» дейтін бүрынғы сөз қазір эрін жойған 64

КҮРЕТАМЫР секілді. Өйткені өлеңдетіп, мақалдап-мэнерлеп сөйлемек түгілі, көрген оқиғасын, оқыған әңгімесін баяндап айта алмайтын, түсінікті жеткізе білмейтіндер көбейді. Мұның бәрі ата айтқан ертегі естімей, элди тыңдамай өскен, текті бабалардың бүгінгі қүнсызданған үрпағы екені тағы да шындық. Бесік жырын айтуға тиіс келіндерге ұлттық өнеге көрсетіп, тэрбие беретін енелер де азайды. Себебі бүгінгі әжелер мен ене- лердің көбі кешегі Кеңес дэуірінде қызмет істеп, ерлермен тең- кұқықты болуға ұмтылып жүріп ерікті-еріксіз түрде ұлттык тәлім- тэрбиеден аулақтап қалғандар. Оларды айыптауға да болмайды, уақыт талабы, заман үдірісі солай болды. Қазақты ұлтсыздандыру саясаты алыстан көздеп эуре болмай-ақ, жақыннан сығалап жүріп тектік сананы улап құртуға күш салды емес пе? Жарайды, өткен - өтті, келмеске кетті, алайда салдары әлі сүйретіліп жүр, яғни рухани бодандықтан құтыла алмай жүргенімізді түсіну үшін кө- ріпкелдіктің қажеті жок шығар. Олай дейтінім, дербестік тізгіні қолымызға тигелі де ширек ғасыр өтті, содан бері ата дәстүріміздің көзден таса болғанын тауып, шашылғанын жинап, кешегі жақсы мен бүгінгі жаңаны ұштастыра ретін келтіріп қолдансақ, қазақ дейтін ұлттың талай кем-кетігі толысар еді. Жә, ойды ой қуып, сөзден сөз туып, кішкене ауытқыңқырап кеттім білем, негізгі эңгіме бесік жыры жайлы еді ғой, қайтадан солай қарай ауысайын. Өз басым екі немереме де бесік жырын айттым. Келінім орысша оқыған қаланың қызы болғандықтан ол да үйренсін деп немерелерімді бесік жырымен ұйықтатып, әлди- мен жұбаттым. Бұл - мақтану емес, шынайы тэрбие үлгісі. Сұлтан мен Мадиярдың тілі ерте шықты. Үлкен немеремнің мінезі салмақты, байсалды болып өсті. Қазақ мектебін жақсы бітіріп, өзі калаған оқуға грантқа түсіп, оқып жатыр. Мадияр да қазақша оқиды. «Бір биеден ала да туады, құла да туады» дегендей, кіші немерем ағасына ұқсамайды, ешкімді жатырқамайтын, кісіге үйірсек ашық-жарқын бала. Сол немерем жасы төрттен асқанша жастықты менің аяғыма салып, өзі оған жатады да: «Әже, элди 65

Зейнеп Ахметова айтыңыз, ұйықтаймын», - дейтін. Соның бір көрінісі былай болып келетін: - Не айтайын, - деймін, өйткені менің өзіне айтатын әлдилерім мен әндерімнің көбін жатқа біліп алған. - Менің қыздармен тауға барғанымды айтыңыз, - деп жөн сілтейді. Мадиярым қайда екен? Қыздарменен тауда екен. Тауда неғып жүр екен? Алма теріп жүр екен. Алмасынан қане екен? Жаңа теріп жүр екен. Қызыл алма қолында, Қыздар Мадияр соңында Жүгіріп ойнап жүр екен, - деп баяу ырғақты әуенмен айтып шығамын. Сол кезде Мадияр ке- лесі бұйрығын беріп үлгереді. - Енді менің тай болғанымды айтыңыз, - дейді көзін ашып- жұмып. Аты аталмаса, көңілі көншімейтін әдеті бар. Мадиярым ай ма екен? Шекер ме екен, бал ма екен? Озып келер бэйгеден, Ойнақтаған тай ма екен? Тас бұлақтар тауда екен, Жас қүрақтар сайда екен. Көлбең-көлбең үшатын, Көбелектер қайда екен? - деп кідіремін. Менің әнімнің үзілгенін ары қарай ұмытып қалды деп ойлаған болса керек, ол көзін ашпаған күйі: - Әже, қарғалар, қарғалар, - деп есіме салады мені демеп. 66

КҮРЕТАМЫР Қара қарға қарда екен, Жапалақтар жарда екен. Балпаң-балпаң басатын, Балапандар қайда екен? Мадиярым, жан бөпем, Ұйықтай қойшы, бал бөпем, Әлди, әлди, элди-ай! - деп әндетіп біраз жерге барамын. Немерем рақат бір күйде маужырап ұйықтап қалады. Міне, осылай бұрыннан бар бесік жырларының үлгілерін кейде өйтіп-бүйтіп өз жанымнан құрасты- рып элди айтатынмын. Әуен, эн деген өзінше бір құдірет қой. Алла жеті сазды адам баласы үшін жіберген, ал қазақ халқының тумысынан энші халық екені әмбеге аян. Қазақ баласының тілінің ерте шығып, өнерге үйір болғаны, қайталап айтсам, бесік жырының қасиетінде жатыр. Мұның бэрін тәптіштеп отырғаным - баланың тілі тек өзінің ана тілінде шығып, ана тілінде жетілуі керек. Бұл мен тапқан жа- ңалық емес, бұрыннан бері талай ғұламалар айтқан өмір шындығы. Айтпай кетуге болмайтын бір нәрсе бар, мерекелік іс- шараларда, әсіресе Наурыз мейрамында міндетті түрде салт-дәстүр үлгілері көрсетіледі. Оның жасандылығы бірден көзге ұрады, жүгіріп жүрген баланың тұсауын кеседі, бала бөлейтін бесікке қуыршак салып тербетіп, ананын әлдиін, бесік жырын айтады. Осындай қойылымдарды сахнадан да көріп жүрміз. Атам қазақ қашанда бесікті қасиеттеген, ешқашан бос бесікті тербетпейді. Ол - жаман ырым. «Бос бесік тербетіп қалды» деп перзентінен айырылған ананы айтады. Бәрінен сорақысы - он екіде бір гүлі ашылмаған қыз баланың қуыршақ бөленген бесікті тербетіп, бесік жырын айтатыны. «Ойын көрсеткенде тұрған не бар» деуі мүмкін біреулер, бірақ бұл қазақтың ұлттық ұғымына қайшы келеді, халық тэліміне, халық өнегесіне жатпайды. Салт-дәстүрді насихаттау желеуімен бұрмаланып жатқан осындай әрекеттеріміз, 67

Зейнеп Ахметова өкінішке қарай, жеткілікті. Көзге де, көңілге де томпақ көрінетін көріністерді байқағанда отбасында шынайы түрде қолданбай ойынға айналған қазақтың қайран дәстүрлері үшін ішің удай ашиды. «Әттеген-ай!» - деп бас шайқап қоя салуға болар еді. Алайда біліп тұрып айтпасаң, ол да - күнэ дейді. Сондықтан бұрын қазақта кездеспеген тағы бір тосын көріністі айтуға тура келіп отыр. Ұмытпасам, «Хабар» арнасының «Ана мен бала» жобасынан бесікке салу рәсімін көрсетті. Оны жасы келген үлкен кісі атқарып жатты. Жөн дейік. Өзгені қайдам, өзм үшін күтпеген көрініс - бесік те аппақ, жабдықтары да түгел аппақ. Қазақ сал- тының жөнін біле бермейтін тәжірибесіз жастар осыны сол күйі қабылдап, кереметтей көруі мүмкін. Өйтпегенде ше, анау-мынау емес, «Хабар» арнасынан көрсетіп жатыр ғой. Дей түрғанмен, танып көрсетпей ауып көрсетіп, дәстүрге қиянат жасалды. Неге десеңіз, қазақ бесікке ақ жаппайды, ол - жаман ырым. Өйткені ақты қайтыс болған адамға жабады, арулап жуған соң ақ кебінге орайды. Тіпті әрбірден соң ақ түс сәбидің көзін қарықтырып, ко­ ру қуатын әлсіретеді. Кішкентай нәресте түгілі, ересек адамның өзі қыстың күні далаға шыға келгенде аппақ қарға бірден қарай алмай көзі жасаурайды. Ал енді бесікті де, жабдықтарын да түгел ақтан жасау қайдан шыққан білгірлік десем, «әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем» дегенді тура мағынасында ешбір ойлан- бай ала салған. Құдай-ау, бұл жерде түсті емес, бесіктің киелі екенін, пэктігін айтып тұр ғой! Кейінгі уақытта осы «ақ» сөзін кез келген жерге тықпалау үдірісі байқалады. Иә, ақ - тазалықтың, адалдықтың белгісіндей сипатталатын жақсы сөз. Сонда да әр нэрсенің өз орыны бар екенін үмытпау керек. Жас ұрпақ - өзіміздікі, егемен еліміздің болашағы да, иесі де солар. Біз үшін біреулер сырттан келіп балаларымызды ұлттық өнегемен өсіріп бермейді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы Мұхтар Әуезовтен артық не айтуға болады. ¥лт болып қалу бесік тэрбиесінен басталатынын ұқтырып тұр ғой. 68

КҮРЕТАМЫР *** Бесіктің нақты қай заманда қолданысқа енгенін ашық айтар дерек көзі жоқ. Бірақ ерте дәуірлерден бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны дау туғызбайды. Өткен ғасырда тарих, этнография, археология, филология, өнертану ғылымдарына айрықша еңбек сіңірген гұлама галым Әлкей Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» деген 1985 жылы шыққан еңбегінде бесіктің сонау ғұн заманында-ақ белгілі болғанын былай жазады: «Орталық Қазақстанда гұн өнерінің көп табылған жері - Көкшетау облысы Бурабай көлінің жағасы. Онда бір обаның өзінен толып жатқан алтын, күміс, қоладан жасалган заттар тізбегі шыққан. Одан шыққан өрнектер тұрмыстың үш түрлі тілегіне сай келеді: а). Баланың бесігін ардақтау; б). Әйелге эдемі әшекейлер жасау; в). Ат-түрманды көркемдеу. Ең әдемі дүниелер баланың бесігін көркемдеуге арналған. Мұндағы суреттердің барлығы Айдьщ, Күннің көзі сияқты сыртына шығыңқы, моншақ таспен, алтын- күміспен жебелеп отырган. Оның барлығы - баланың бесігін ардақтау, оны эдемілеп корсету. Бесікті сақтаушы ретінде алтынға боялган моншақпен әсемдеп бүркіттің суреті, оның негізін ағаштан безеген, түрегеп тұрган бөрінің суреті алтыннан киып жасалған», - дейді. Осындай мағлүматтарға қарағанда бесік өте ерте дәуірлерде- ақ болған екен жэне ерекше ардақталған екен. Бесік - қазак халқының көзінің қарашығындай ардақтаған қасиетті мүлкі. Ол періштедей пэк бейкүнэ сәби жататын жылы ұя, қүтты мекен, бір эулеттің ұрпағы өсіп-жетілетін, әкеден бала- ға қалатын киелі қазынасы. Қазақ бесікке кез келген ағашты пайдаланбаған. Көбінесс иілуге икемді эрі бөтен иісі жоқ талдан жасаған. «Талбесіктен жер бесікке дейін», «тэрбие - талбесіктен», «талбесік таянган» деген секілді сөздер осыган байланысты шық- қан. Сонымен бірге көнеден қалган бесік жырының бір үлгісінде: Жылама, бөпем, жылама, Анашыңды қинама. Арша ма екен бесігі? 69

Зейнеп Ахметова Алар ма екен әкесі? Өрік пе екен бесігі? Сүйер ме екен экесі? Жиде ме екен бесігі? Жігіт пе екен әкесі? Жылама, бөпем, жылама, Ата-анаңды қинама, Әлди, элди, элди-ай! - дегеніне Караганда, арша, өрік, жиде секілді төзімді, құрт түспей- тін, оңай шірімейтін эрі хош иісті ағаштардан да жасалғанын көреміз. Қазіргі базарларда сатылатын бесіктердің қандай ағаш- тардан жасалғаны белгісіз және әлемештеп сырлап, лактап тас- таған. Көзге тартымды, әдемі көрінгенімен құрамында химиялық түрлі қоспалары бар бояулармен боялған, ағашы да беймәлім бе- сіктер баланың денсаулығына зиянын тигізетінін ұмытпаған жөн. Ертеде бесікке қына, жоса секілді табиғи таза бояуларды қолданған, өйткені бұл бояулардың құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей секілді жәндіктерді үйір етпейтін әсері болған. Халқымыз аттың жалында, түйенің қомында жүргеніне кара- май бесікті өте күтіп, жабдықтарын кіршіксіз таза ұстапты. Бір бе- сікпен бір әулеттің балалары өсіп-өнген, оны айтасыз әкесі жатқан бесікке баласы да жатқан. Сондықтан да қаншама үл-қыз өрбіп жетілген бесікті қадірлеп-қасиеттеген. Сонау «Ақтабан шубы- рынды» атанып, қазақты сансыратқан қысыл-таяң жаугершілік заманда халқымыз баска дүниесіне қарамай алдымен бесігін қорғап, бесігін арқалаған екен. Қазақтың бесігі шашылып, далада қаңырап қалған кезі Кеңес дэуірінде - отыз екінің зұлматында болган. Қазақ бесіктен аттамаған, аяқ тигізбеген, бүл - қатал тыйым, кесірлену, астамшылық, күнә болып саналған. Бесікті бүзып- қирату «ұрпағың өспесін» деген қараниет жаудың, қаныпезер дұшпанның эрекеті. Бесік әбден тозып мүлде қажетке жарамайтын жағдайға жеткенде өртеп, күлін таза жерге немесе ағаш түбіне 70

КҮРЕТАМЫР көміп тастайды. Біреуге бесік бергенде құр жібермейді, орамал байлап жібереді. Ешқашан бесік сатпаған, бесікті саудаламаған. Бесік жасаған адам кесімді баға талап етпеген. Бесік иесі: «Қо- лыңыз құт болсын!» - деп таза көңілмен, өз қалауымен шебер еңбегіне риза болатындай ақы-сый ұсынады екен. Даланың жа- зылмаған осы бір қагидасында қаншама тектілік, адамгершілік жатыр. Түрмыс-тіршілік қалыбына қарай ьщғайлап жасалған қазақ бесіктері замандардаң өтіп, күні бүгінге дейін бала өміріне елеу- лі игілігін көрсетіп қызмет етіп келеді. Рас, Кеңес өкіметінің ор- науымен бірге талай рухани қазыналарымызды «ескіліктің қал- дығы» деп қазақтың біртекті қалыпты жағдайын ту-талақай етіп, тұғыр-тағанымек бірге қопарып тастауға күш салған саяси жүйе ұлтқа көп кесірін тигізді. Өткеннің бәрін өртеп күл етуге, қүрдым- ға кетіруге қүлшынған сол дәуірде «Баланы бесікке бөлеу зиян, бұл - жабайы тағылық» деп тыйым салған да кез болды. Түкпірдегі қазақ ауылдары болмаса, былайғы жерде, әсіресе қалаларда баланы бесіктен ақыры ажыратып тынды. Бүтін бір үлттың бесік көріп, бесікте өскенін, сол халықтың ішінен небір аймаң- дайлы марқасқалардың шыққанын, яғни ақиқатты көрер көз болмады. Өкініштісі сол, өзіміздің аңқау казағымыздың та- лайы астынан су жіберген жымысқы қастандыққа ойланбай, мэн бермей ілесе кетті, «шолақ белсенді» атанып, дүрмекке үн қосып, ұрпағы бесік қадірін білмей өсті. Тағы бір ұлттық қасиеттен ма- құрым қалды. Ойлап қарасаңыз, перзенті үшін табаны сойылып, алақаны ойылып, жанын қиюға даяр тұратын халық өз қолымен зиянды нәрсе жасай ма? Керісінше, бесіктің бала денсаулығына, тазалы- ғына, мінез-құлқының жақсы қалыптасуына мол пайдасы болғандықтан ғасырлар бойы пайдаланды ғой. Айтайық, бесікте бала жылы эрі таза, ұйқысы тыныш, жайлы жатады. Бесіктегі сәбиді «кіш» еткен сайын ашып жаялық ауыстырудың қажеті жоқ. Мұның өзі салқын тиіп, одан туындайтын ауру-сырқаудан 71

Зейнеп Ахметова аулақ етеді. Бесік баланы кездейсоқ қауіп-қатерден, құлап қа- лып майып болудан сақтаған. Көшпенді халық үшін бесік көші- қон кезінде бөлеулі баламен бірге алып жүруге де ыңғайлы болган. Бесікке жатқан баланың қол-аяғы түзу, денесі шымыр болып өскен. Сонымен бірге мінезі жайдары, байсалды қалыптасады. Сөзге тоқтау, сабыр сақтау, салмақтылық, эр іске төзіммен табандылық таныту, мұның барлығы біздің халыққатэн қасиеттер еді. Адамның осындай сапада ержетуіне бесік тәрбиесінің маңызы зор болған. Ал бесікке бөленбей бос жатқан бала өз қолының қимылынан өзі шошып оянып, ұйқысы бүзылып, мазасы кетеді. Жай жатқанның өзінде қол-аяғы тынымсыз қозғалыста болады. Бесіксіз өскен бала қолға көтеруге, тек қолға үстауға үйренеді, өзгенің көмегі- не, тэуелділікке жаттығады. Бұл дегеніміз жаңадан тамыр тарта бастаған баланың мінез-құлқына, эдет-дағдысына кері эсер етеді, анығын айтқанда, тынымсыз, жеңілтек, беймаза, жыбырлағыш болады. Бұлардың көпшілігі өскенде де шешесінің етегіне оралып, өздігінен эрекет жасауға құлықсыз, үнемі басқадан көмек күтіп түратын жігерсіз жалтақ мінезді иеленеді. Байқасаңыздар, бізде бірнеше буынның жаратылыс-болмысында айтарлықтай ауытқу- лар көрінеді. Бірін-бірі тыңдамайтын сабырсыз, сөз қадірін ұқпай- тын ұшқалақ, айналасындағы қүбылыстарға төзімсіз, эр нәрсеге елп ететін еліктегіш, масылдықты мін көрмейтін босбелбеулер бесікке бөленбей, ана элдиін естімей өскен үрпаққа тиесілі екенін мойындауымыз керек-ақ. *** Бесікке жататын баланың бір ерекшелігі - бесігін аңсап тү- ратындығы. Ондай балалар бос жатып ұйықтамайды, кәдімгідей бесігіне қарағыштап, беймазаланып жылай бастайды. Сол кезде бесігін жасап жатқыза қойса, бірден тынышталып, қол-аяғын өзі- ақ созып ыңғайлана қалады. Емізіп қарынын тойғызған соң тербетпей жатып маужырап ұйқыға кетеді. Үсті жылы, асты құрғақ, 72

КҮРЕТАМЫР жайлы ұйықтап мамыражай оянады. Сол кезде анасы әндетіп отырып: Ботамды шешіп алайын, Ай жүзіне қарайын. Рақаттана керілсін, Қуандырып анасын, - деп баланы бесіктен шешеді. Сәби емін-еркін керіліп-созылып бір қуанады дейсің... Жаттығу жасап өз жағдайын жақсартып жатқандай көрінеді. «Бесіктегі бала бес түлейді» деген осыдан шықса керек. Қайсыбір балалардың бесікке бауыр басатыны сонша, еңбектеп жүргенде, қаз тұрып тілі шыға бастағанда да бесіктен айырыл- ғысы келмей құмартып тұрады. Осыған орай біздің ауылда - Жуа- лыда әлі күнге дейін ауыздан-ауызға көшіп, ұмытылмай айтылып келе жатқан аңызға бергісіз, бірақ шынайы болған бір эңгіме бар. Бізге үш атадан қосылатын әулеттің келіні бесіктен шыққысы келмейтін баласын бесікке бөлеп өзі суға кетеді. Отағасы мал қарап жүрген бе, әйтеуір үйде ешкім жоқ, эркім өз шаруасымен жүрсе керек. Сусын ішкісі келген бір жолаушы сол үйдің алдына келіп, кісі үйіне баса-көктеп кірмейтін қазақ дәстүрімен: «Кім бар-ау!» - деп дауыстап, сыртта адам түрғанын хабарлайды. «Кіре бер!» - деген жауапты естіп үйге кіреді. Қараса, киіз үйдің ішінде ешкім жоқ, төрде бала бөлеулі бесік қана тұр екен. «Жаңағы дауыс үй сыртынан шықты ма, қалай? - деп алды-артына аңтарылып қарайды. Сол кезде бесік жақтан: «Өрешеде ашымал бар, өзің де іш, маған да бер» - деген сөздерді ап-анық естиді. Сонда шошып кеткен жолаушы: «Ойбай!» - деп есіктен ытқып шыққанда су көтерген келіншектің шелегіне соқтығып құлап, үсті-басы малмандай су болады. Ауыл адамдары оқыс шудың мән-жайын біліп, әбден күлкіге батқан екен. Қазірге дейін сол әулеттің бір адамы әлденеге кібіртіктеп сөзден тосыла бастаса: «Ей, неменеге күмілжіп түрсың, сенің атаң бесікте жатып сөйлеп, жолаушыны құлатқан», - деп жатады. 73

Зейнеп Ахметова ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ Бала өміріндегі жэне бір ерекше салт - сәбиді қырқынан шы- ғару. Бұл салттьщ да өзіне тэн өзекті мэн-мағынасы, шығу тегі мен мақсаты бар. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бала тіршілікке кел- ген соң алғашқы алты аптаны ана мен баланың өміріне қауіпті кезең деп атайды. Бұл дегеніңіз қазақтардың жас босанған ана мен нәресте үшін қырық күнді қатерлі санағанымен тура келеді. Ғылым кейін анықтаған ақиқатты бабаларымыздың атам заманда білгеніне тағы да қайран қаласың. Әжелеріміз қырық күні толмаған сәбиді: «Әлі жердің баласы емес», - деп, сақтық шараларын жан-жақты жасаған екен. Қырық күн бойы түнде шырақ жағып, баланың шошынып не тұншығып немесе ашылып қалмауын, басқа да қауіп-қатерден сақтаған. Сонымен бірге сыртқы әсердің кездейсоқ кері кесірі тимесін деп қырық күн өткенше далаға шығармаған. Тіл-көзден, сұқ өтіп, назар тиюден қорғап, бөпені басқаларға көрсете бермеген, мұны білетін үлкендер өздері де көруге құлық танытпаған. Әжелер мен аналар баланың дене тазалығына мұқият қарап бір күні - түзды сумен, бір күні - сабынмен, бір күні киікоты, жүпар секілді емдік қасиеті бар өсімдіктердің қайнатпасымен шомылдырған. Жуындырған соң қойдың құйрықмайымен майлап, денесін жұмсартып сылаған. «Қар қылаудан өседі, бала сылаудан өседі» деп, сэбиді сылап-сипап: Сыламақ менен, Ширамақ сенен. Өс! Өс! Өс! Сүттей ақ бол, Судай пэк бол! Өс! Өс! Өс! Дерт атаулы кірмесін, Ақ бөпеме тимесін! Өс! Өс! Өс! - 74

КҮРЕТАМЫР деген секілді тілек тілей отырып баланың аяқ-қолын жайлап керіп- созып, буындарын ақырындап жазып шынықтырады. Зер салып қарасаңыз, қырқынан шықпаған баланың көзі біртүрлі тұманданып, қайда назары түсіп тұрғаны белгісіз, жа- нары ауытқып «адасып» қарайды. Осы мрзімдерде талай балалар жиі жылап, дұрыс ұйықтамай, анасының да, өзінің де берекесі кететіні жиі кездеседі. Ондайда тәжірибелі әжелер: «Бала қы- рық күнін күтіп жүр», - деп жатады. Шындығында солай, сәбиді барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарған соң жылауы басылып тынышталады. Жанары кәдімгідей жылтырап жан- жағына көз тоқтатып, жарықты сезіп, дыбысты аңғара бастайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша ұл баланы қырык күнге жет- кізбей 37-39 күнде, қыз баланы қырық күнге толтырып қырқынан шығарады. «Әйел - қырық шырақты, өмір белесінде бір шырағы жанбаса, бір шырағы жанып игілік көріп, маңдайы ашылады» деп айтылған бабалар сөзі осыған орай шыққан екен. Өйткені шырағы жанып перзент сүйіп, ана атанды. Қайсыбіреулер «қыздың қалыңмалы көп болсын»-нан шыққан деп ақылгөйсиді. Бұл көкейін мал тескен тоғышарлардың сандырағы. Қалыңмалға мүның еш қатысы жоқ. ¥л мен қыздың жаратылыс-болмысы екі түрлі, екеуі - екі әлем. Олардың дене қүрылысында, бой-бітімінде, күш- куатында, айналаны қабылдап бейімделуінде өздеріне тэн, Құдай жаратқан ерекшеліктері бар. Айтайық, қыз бала ұлға қарағанда нэзік, әлсіздеу келеді, сондықтан қырық күнді толтырып жоралғы жасайды. Қырқынан шығарудың ең басты мэні - сәби қырық күнге жеткенде еті мен сүйегі бірігеді. Бала енді тіршілікке бейімде- ле бастайды, адам болуға бет бүрады. Міне, осының құрметіне дастаркан жайылып, дәстүрлі қырқынан шығару тойы жасалады. Ал адам өмірден озғанда қырық күннен кейін ет пен сүйек ажырай- ды. Аз болсын, көп болсын, ет пен сүйек бірге өмір сүрді, уақыты жетіп ажырағанда соған арнап берілетін қүдайыны - «қырқын беру» деп атайды. Бұл жерде екеуінің аталуын шатастырмау керек, 75

Зейнеп Ахметова баланы «қырқынан шығарды» деп, құдайыны - «қырқын берді» дейді. Енді сәбиді қырқынан шығарудың жөн-жобасына тоқталайық. Алдын ала бұлақтың не шыңырау құдықтың суынан экелінеді. Қазіргі кезде ондай табиғи таза суды, әсіресе қалаларда табу оңай емес. Сондықтан құбырмен келетін суды қайнатып алу ке- рек. Арнайы дайындалған ыдысқа жуылған күміс бұйымдарды - сақина, жүзік, білезік, сөлкебай секілді заттар салынады. Оның себебі, күмістің қасиетін ертеден білген бабаларымыз «күміс - емдікке, алтын - сәндікке» деген. Күміс судың қүнарын арттырады, тазартады, судың құрамындағы көзге көрінбейтін жағымсыз нәрселерді жойып, суды залалсыздандырады. Бұрындары қазақ эйелдері ас адалдығы үшін қолына күміс сақина салмай қазан ұстамаған екен. «Сақинаны сәндікке салмайды, ол - тазалыққа таразы» деген сөз содан қалыпты. Қазір қолында бар байлар баланы қырқынан шығаратын суға кілең алтынды салатын болыпты. Бай- лык көрсетіп бір мақтанып қалу үшін болмаса, күміс секілді пай- далы емес. Енді біреулер теңгелерді қолданатын эдет шығарыпты. Бұл мүлде дұрыс емес, өйткені қолдан-қолға өтетін, кез келген нәрсеге жүмсалатын ақшада тазалық болмайды. Содан кейін теңге күмістен жасалмайды, ол түрлі металдардың қоспасы. Бергіңіз келсе, теңгені суға салмай, шашу ретінде таратқан оңды болар. Ал кырқынан шығаратын суға, мүмкін болса, таза күміс салуға ниетті болыңыз, оның көп болуы міндет емес, аз болуы мін емес. Баланы шомылдырардан бұрын оның жер бетіндегі ең алғашқы киімі - итжейдесін шешіп, оған өрік-мейіз, науат, мэмпэси секілді тэттілерді түйіп, иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті куалап жүріп үстап не алдап шақырып, мойынына байланған түйіншекті алып, таласып жейді. Ал жейдені қайтарып әкеледі, үлкендер балаларға азды-көпті болса да сый береді. Итжейдені бала көтермей жүрген әйелдер сұрап алатын да ырым болған. Жалпы, бұл салт туралы «итжейде» такырыбында толық айтылғандыктан қайталауды жөн көрмедім. 76

КҮРЕТАМЫР Сонымен, жағалай отырған әжелер мен апалар, баска да ша- қырылған қонақтардың әрқайсысы агаш қасықпен күміс салын- ған ыдысқа, басқа ыдыстағы арнайы дайындалған судан тілек айтып күя бастайды. «Өмірлі болсын!», «Дені сау болсын!», «Ба- қытты болсын!» - деген секілді эркім ақ ниетпен жүрегінен шы- найы шыққан жақсы арнауларды эр қасық суды қүйғанда айтып отырады. Есептен жаңылмас үшін бір адам санап тұрады. Осылай жалғасып қырық қасық су күміс үстіне қүйылады. Атам қазақ «жақсы сөз - жан азығы», «сөздің жаны бар» деп сөз кұдіретін айтады. Жан дегеніміз - энергия, яғни күміс салынған суға жақ- сы сөз, игі тілек айта отырып шипалы күш-қуатты сіңірді. Әр шаңырақтан келіп отырған көпті көрген, немере-шөбере сүйген аналар балаға бата-тілегін арнап қүйылған қырық қасық сумен баланы шомылдырады (әрине, жылытып). Бөпені жуындыр- ганда аса мэн беретін нэрсе - денесінің су тимеген жері қал- мауы керек. «Шілде қотыр» шықпасын деп баланың саусақта- рының, башпайларының арасын, кұлақтың іші-сыртын, мүрын қуысын, қолтықтың астын, тақым секілді қалтарыс жерлерінің бэрі мұқият жуылады. Шомылдырып болған соң «адал жейде» немесе «адал көйлек» деп аталатын жақсы да жүмсақ матадан тігілген жейде кигізеді. Мұны да итжейжесін тіккен кіндік шеше әкеледі. Сол күні баланың «қарын шашы» мен тырнағы алына- ды. Оны өнегелі, инабатты қариялар, кейде ел алдында жүрген азаматтарға үлкендер жол беріп шаш пен тырнақты алғызады. «Карын шашты» дер кезінде алмаса, ширамай ауыра беретін болады. Тырнақ та сондай, қырық күннен қалған тырнақтың кө- бесі қызарып, баланы мазасыздандырады. Сонымен бірге іштен өскен тырнақпен бала өзін-өзі тырнап жаралап алуы мүмкін. Шашты кейбір кісілер шүберекке түйіп сақтайды, көбінесе «қарын шашты» да, тырнақты да таза жерге көмеді. Баланы шомылдырған қырық қасык суды кісі аяғы баспайтын таза жерге төгеді. Қазір үйдегі гүл өскен қүмыраға қүйып жүр, гүлге пайдасынан басқа ешбір зияны жоқ. 77

Зейнеп Ахметова Нәрестені қырқынан шығару дәстүріне қатысып, қырық қасық су кұйып тілек айтқан қонақтарға ыдыс түбіндегі күмістер- мен өзге де тарту-таралғылар беріледі. Бір шаршы орамал, бір көйлектік мата эркімде бар, әңгіме матада емес, бұл да болса, хал- қымыздың бір-біріне деген көңіл сыйластығы. Бір-бірінің қызық- қуанышына ортақтасып жақсылықты шашыратуы, ынтымақ- бірлікті нығайтуы деп қабылдау жөн. •к \"к гк Әлі есімде, бір жолы анамнан: - Қазақтар неге қырық санын қастерлейді? - деп сұрадым. Білгім келгенді жауапсыз қадырмайтын әдетімен ол кісі: - Қырық күн, қырық саны адам жаратылысымен тікелей байланысты болғандықтан қасиеттейді. Бойға бала бітерде еш- теңені артық-кем жаратпаған Алла Тағаланың құдіретімен бір тамшы ұрық суы қырық күнде қанға айналады, қаннан қырық күнде етке айналады. Тағы қырық күнде еттен сүйек пайда болады, одан қырық күн өткен соң ет пен сүйекке жан бітеді жэне қырық күн өткенде жан алған ет пен сүйек адам пішініне енеді. Содан кейін шақалаққа сезім жүйесінің пайда болуына қырық күн кетеді. Тағы қырық күнде бала толысады. Сейтіп, 280 күн - қырық аптада, анығын айтқанда, тоғыз ай, 9-10 күнде нәресте өмірге келеді. Баланы қырқынан шығару - жоғарыдағы қырықтардың соңғы жалғасы. Ғылым-білімнің не дейтінін білмеймін, онда шаруам жоқ. Білетінім, бабалардан қалған осы қисынды ақиқатқа сенемін. Сен де ұмытпа, - деп еді жарықтық. Мен ұмытқам жоқ, ата-бабалардың бай өмір тәжірибесі мен ой-өресінің ғылыммен ұштасып жатқанын кейін түсіндім. ...Біздің қазақта «өзің білме, білгеннің тілін алма» дейтін ауыр сөз бар. Әншейін ауыр сөз емес, қарғыстың ең жаманы. Құдайым мұндай сөзді ешкімге естіртпей-ақ қойсын дейсің. Әйтсе де, өмірде не болмайды, менің Атамқұл нағашым айтқандай, жер бетінде жүрген соң аяқ не баспайды. Сонда да эр нәрсенің орыны бар, 78

КҮРЕТАМЫР шегі мен сұрауы бар емес пе. Бұлай дегенім, кейінгі жылдары қазақтың салт-дәстүріне, әдет-ғүрып, жол-жобасына қол сұғып, бұра тартып бұрмалау белең алды. Дэстүр-салттың негізгі мэн- мағынасынан эліпті таяк деп білмесе де, оны өздерінше өзгертіп бүлдіретіндер жетіп жатыр. Оның бәрін жіпке тізіп әңгімені сын мақалаға айналдырғым келмейді, одан да нақты мысал келтірейін. Бір бейтаныс келіншек хабарласып жағдайын айтты. - Апай, түңғыш балама босанғаныма он сегіз күн болды. Өзім Талдықорған жақтың қызымын, келін боп түскен жсрім - Оңтүстік өңірі. Кеше Шымкенттен енем келіп, немересін екі күн- нен кейін қырқынан шығармақшы. Мен эже қолында өскенмін, ес білгелі бері баланы жиырма күнде қырқынан шығаруды көр- ген де, естіген де емеспін. Осыны енеме айтсам, ол кісі: «Бұл - қазақтың бұрыннан бар салты. Күн мен түнді қосып санап кі- ші шілдесінен шығарса, бала тез ширайды», - дейді. Анам сырқаттанып ауруханада жатқандықтан, батылым жетіп сізге хабарласып түрмын. Мүмкін мен бір нәрсені білмейтін шығар- мын, бір жағынан, сәбиіме кесірі тие ме деп қорқамын. Қырық күннің жай-жапсарын түсіндіріп беріңізші, - деді. Салт-дәстүрді сыйлайтын, есі дүрыс адамды есеңгірететін «жаңалықты» естігенде таңғалғанымды айтпаңыз! Атам заманнан арнасы бар, «қырқынан шығару» деп айдай анық атауына маз- мұны сай салтты қай кезде шолтитып жиырма күнге түсірген? Бабалар аруағынан именбей, ғасырлардан аман өткен халықтың дэстүріне қиянат жасаған қандай «білгіш» екен? Енді оны анық- тау мүмкін емес, біреу бастады, басқалар: «Е-е, бүлай да жарай береді екен ғой», - деп көргенін ойсыз қайталайтын жыртақай май- мыл әдетпен ары қарай әкете берген сыңайлы. Жұқпалы індеттің тез таралатыны секілді бұл да жайылып, кез келгенте елпілдеп еліктейтіндердің ермегіне айнальшты. «Есалаңның өзінен гөрі оған ілесушілер қауіпті», - деуші еді менің дәрігер әкем... Өз басым элгі келіншекке өте риза болдым. Әже тәрбиесін көр- гендіктен үлттық салтты құрметтеп эрі қырық күннің кемдігі бір 79

Зейнеп Ахметова күні болмаса, бір күні перзентіне кесірін тигізе ме деп, жас та болса, ойлана білгеніне көңілім толды. Мен оған білгенімді ықыласпен түсіндірдім, бірақ ол енесіне сөзін өткізе алды ма, алмады ма, одан бейхабармын. Әйтеуір қайда жүрсе де аман болсын деп тіледім. ТЫМАҚҚА САЛУ Әртүрлі себептермен бала айы-күні толмай шала туатын жағдайлар кездесіп түрады. Қазіргі перзентханаларда мүндай сәбиді аман сақтап қалуы үшін «кувез» деп аталатын арнайы қондырғылары бар әйнек қалыптарға салады. Ауызекі тілде «инкубатор» деп атай береді. Сол әйнек сандықшаларда жатқан нәресте тиісті мөлшерде оттегін қабылдап, қажетті жылылық пен ылғалды алады. Бұл - бүгінде үйреншікті жағдай. Ал каптаған дәрігерлері мен перзентханасы жоқ ерте кезде не істеген десеңіз, казақтар оған да өз әдіс-тәсілдерін қолданып, ұрпағын сақтапты. Ол - тымаққа салу салты. Шала туған сәби тым кішкентай, әлсіз болғандықтан оны бесікке бөлеуге де, құндақтап қолға көтеруге де болмайды. Сондықтан үлкендердің жылы тымағына салып киіз үйдін керегесіне ілген. Қырық күнге дейін кереге басын кезек ауыстырып, тымақты жылжытып отырған. Егер қыстың күні болса, қабырғаға қатар шеге қағып соған алмастырып ілген екен. Қырық күннен аман-сау өткен соң ғана шала туған балаға ат қойып, бесікке салар, қырқынан шығару рәсімдері жасалған. Осы күннің адамдары бұған күлуі де, сенбеуі де мүмкін. Алайда илансаңыз да, күмэн келтірсеңіз де «тымаққа салу» салтымен ата-бабаларымыз- дың ұрпағын өсіргені шындық. Баяғы көне дэуірді былай қойғанда мұндаға дейін ел ішінде жалғасқанын көзіміз көрді. Мен бірінші сыныптан төртіншіге дейін тымақта жетілген баламен бірге оқыдым. Мектепке алғаш бізді ата-анамыз қолы- мыздан жетектеп келді, ал оны атасы иығына отырғызып әкелді. Соны көргенде өзімізше жырқылдап күлгенбіз. Аты да қызық - Жетілген. Сол құртақандай бала э дегеннен-ақ өзінің ерекшелігін 80

КҮРЕТАМЫР көрсетті. Дене бітімі, бой-тұрқы бізден шағын болғанымен қимыл- қозғалысы ширақ, нағыз қақатұяқ пысықтың өзі еді. Тілі мірдің оғындай өткір, бозторғайдай шырылдап сабақ айтқанда алдына жан салмайтын. Бір ғана жаман әдеті, сәл түртіп қойсаң болды жеті атаңнан сыпырып сыбайтын, сол үшін ешқайсысымыз оның жынына тимеуге тырысатынбыз. Соңынан білдік, бір шаңырақтың жалғыз үлының келінше- гі қайта-қайта түсік тастап, перзент тұрмай қамкөңіл жүргенде жеті айлык болып Жетілген өмірге келіпті. Сәбидің іңгэсіне зар болып күткен атасы немересін өзінің түлкі тымағына салып асы- раған екен. Кейін сол Жетілген білдей бір колхоздьщ білікті бас- шысы, алпамсадай азамат болды. Құдайға шүкір, элі де жер басып, немере-шөбере сүйіп отыр. БАУЫРЫНАН ТАБАҚ АЛУ Әсілі, қазақ халқы жаратылыстың заңдылықтарымен үн- десе отырып, соған орай өзінің түрмыс-тіршілігін сәйкестен- діріп, бағыттап өмір сүрген екен. Қазақтың толып жатқан салт- дэстүр, эдет-ғүрып, ырым-тыйымдары жаратылыстың заңды- лықтарымен астасып, сэйкес келіп жатады. Құдай жаратқан табиғат талаптары өз кезегімен, мысалы, ағарып таң атады, таңның шапағы көрінеді, күннің шұғыласы түседі, содан кейін нұрланып күн шығады. Осылай рет-ретімен көктем келеді, жаз шығады, күз болады, қыс түседі дегендей, табиғаттың әрбір сәті, кезеңі өз уақытында, өз орынымен жүреді. Ата-бабаларымыз осы заңдылықтарды жақсы түсінген, өйткені табиғаттан ажырамаған, тепе-теңдігін бүзбай тіршілік етудің күретамырына айналды- ра білген екен. Қазір «өркениет, техника заманы» деп жүріп жаратылыспен байланысымыз эбден әлсіреп, үзілуге шақ қалған. Адам өміріндегі, болмысындағы неше түрлі сәйкессіздіктер мен келеңсіздіктердің, ауру-сырқаудың түр-түрінің көбеюінің бір ұшы осында жатса керек. 81

Зейнеп Ахметова Нәрестенін өсіп-өнуі де тура жаратылыс ережелерімен бірдей. Сэби дүниеге келді, қырқынан шыкты, езу тартты, талпынды, отырды, еңбектей бастады... Бала осы еңбектеуден толық өтуге тиіс. Ол - Алланың өзі жаратқан пендесінің басынан өтуді қажет ететін өсу кезеңі. Еңбектеу баланың қол-аяғын, арқасын, бұл- шык еттерін шыныктырып нығайтады. Сэби еңбектеу арқылы айналасын, кеңістікті таниды, өздігінен қимыл-қозғалыс жасап, көзіне түскен нэрсеге қарай жылжып, төңірегін өз әлінше меңге- руге талпынады. Бүгіндері балалар көп еңбектемейді, себебі жүруге бейімдейтін, неше түрлі үн шығарып баланы қызықтыра- тын арбалар (ходунок) бар. Еңбектеу белесінен өтпей тұрып, жүргізуге ерте әрекет ету дұрыс емес. Оның зияны кейін белгі береді. Сүйектері элі жетілмеген, буындары бекімеген бүл кезде бала еңбектеуі керек. Сонда денесі ширай түседі. Еңбектеп жүрген баланың қимылына қарасаңыз, белгілі бір ырғақпен қозғалаты- нын көресіз. Дегенмен көбірек еңбектеуге үйреніп алып, кеудесін көтермей қоймасын деп «бауырынан таба алу» салтын жасап ырымдайды. Ендігі жерде еңсесін тік көтеріп қаз тұрсын деген ниеттен шыққан. Ауылдың сыйлы адамдарының бірі құрт-ірімшік, бауырсақ, тәттілер салынған табақты баланың бауырынан оңнан солға қарай, солдан оңға қарай жеті рет өткізеді. Әдетте бала алаканымен жер тіреп, тізесімен еңбектейді ғой. Бауырынан табақ аларда тізесін жерге тигізбей сүйемелдеп кеудесін көтертеді. Талпынып өрге өрлесін, Қүлашын кеңге сермесін! Биіктерге төрлесін, Қаз, қаз түрып ерлесін! - деген сияқты бата-тілектерді айтып, баланы қаз түрғызады. «Бала еңсесін көтерді» деп, «бауырын жазды» деп айнала тұрғандар қуаныш етіп қүтты болсын айтады. Соңынан дастарқан жайылып, баланың бауырынан өткен дәмдерден жеп, шай ішеді. Мәселе шай ішуде емес, игі тілекте жатыр. Біздің халқымыз өте тілеуқор, 82

КҮРЕТАМЫР батагөй ел. Небір қиын-қыстау замандарды, жаугершілікті, аштықты, зобалаңды, қанқұйлы соғысты басынан өткерген қазақты Жер бетінде қалдырып, тұқымын аман сақтап келе жатқан осы тілеуқорлығы мен ниетінің таза, пейілінің кеңдігі дер едім. Т¥САУКЕСЕР Қазақ халқының ерте замандардан жетіп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, таным-наным, ырым-тыйьшдары өзара тығыз байланыста көркем өрнек тауып өріліп жатады. Олардың қай-қайсысы болсын философиялық ойдың, тамыры тереңде жатқан мэн-мағынаның заманалар көшінде жинақталған халық тәжірибесінің екшелген негізгі түйіні, мәйе- гі мен нэрі деуімізге болады. Сондай үлағаты мол, бала өміріне арналған салттың бірі - «тұсаукесер» деп аталады. Баланың бауырынан табақ алу рәсімінен кейінгі кезеңдерде үйдегі ересектер сәбиді демей ұстап: «Қаз, қаз!» - деп еңсесін көтеріп, аяғын тік басып буынын бекітуге көмектесіп үйрете бастайды. Баланың қолтығының астынан жұмсақ орамалды өт- кізіп, орамалдың екі үшын жота тұсынан біріктіріп ұстап алға қарай жүруге бейімдейді. Бұрын қазақ ауылында «қоларба» дей- тін үш дөңгелекті сүйеніп жүруге ыңғайлап жасалған арнайы кұрал болған. Сол қоларба арқылы да баланың аяқ басуын жеңілдеткен. Көбінесе сәбидің колынан ұстап: «Тэй, тәй», - деп қысқа қайырылатын сөз ырғағымен жетелеген. Мұнда мэн бар, баланың бір басып, екі басып, тағы аттауға жүрексініп қалатын аяқ алысына: «Тэй, тэй, тэй!» - деп кесіп-кесіп айтылатын ыр- ғақ баланың қадам басуын жеңілдетеді, әуен ырғағына ілесіп жүруге жаттығады. Осылай біршама дайындықтардан өтіп, бала өздігінен аяғын апыл-тапыл басуға дағдыланған кезде түсауын кеседі. Тұсаукесер салты бір ауылдың кішігірім тойы, қуанышы саналады. Арнайы дастарқан жайылады, кәрі-жас, бала демей, қонақтар жиналады. 83

Зейнеп Ахметова Тұсаукесердің эр өңірде аздаған өзгешелігі болғанымен не- гізгі мән-мағынасы, мақсаты бірдей. Жер-ананың үстіндегі туған топырағында бала аяғын нық басып жүріп кетсін деп атқары- латын бұл игі салт қазаққа ортақ. Тұсаукесердің бүрыннан келе жатқан эрі ел ішіне көп тараған түрі - ала жіппен кесу. Ақ жіп пен қара жіпті айқастыра кезек алмастыра отырып еседі. Мүны көбінесе «кісінің ала жібін аттамасын, қиянат жасамасын» деп осылай ала жіп таңдалады дейтін түсінік бар. Бұл біржақты же- ңіл ұғым. Ала жіптің мэні бүдан гөрі тереңде жатыр Ақ пен қара түс - өмір-тіршіліктің нышаны, тұспалды бейнесі. Бір Қүдай жалғыз, қалғанының бэрі қос-қостан. Мысалы, Күн мен түн, көп пен аз, биік пен аласа, жақсылық пен жамандық, аштық пен ток- тык... Осылай жалғаса береді. Жаратылыста қарама-қарсылықсыз тіршілік жоқ, бірінсіз-бірі болмайды, үнемі жүптасып жүре- ді. Өмірдің осындай ала-қүла, ой-шүқырлы кезеңдері адамның тағдырында кездесіп отырады. Сондықтан: «Жақсылық болып басына бақ қонғанда асып-тасып асылық жасамасын, қиындықта жасып басылмасын, өмірдің күнгейі мен көлеңкесінен тең өтсін!» - деп баланың аяғына түсалған ала жіпті пышақпен шорт кеседі. Қазір барлық жерде түсауды қайшымен кесіп жүр, бұл дұрыс емес. Өйткені бір-біріне кереғар, қарама-қарсы қайшының жүзі секілді баланың алдағы өмірі кайшыланып, кедергілер көп болмасын деп қазақ қайшымен кесуді жөн көрмейді. Бұл да жай емес, тіршілік тәжірибесінен алынған. Бұрындары ел арасында тұсауды «іші-сырты майлы болсын, бай болсын» деп қойдын тоқ ішегімен, «туған жерінде тамыр тартып қаулап өсіп-өнсін» деп көк шөппен де кесетін ырым болған. Ниеті таза, тілегі игі, шын көңілден шыққан ырым. Алайда жап- пай сипат алып барлық жерге таралмаған эрі ала жіпке қосымша ретінде қолданылған. Қазақ халқы түсауды кез келгенге кескізбеген. Жүрісі сылбыр жайбасарға, дімкэс аурушаң адамға, қимыл-қозғалысы ауыр- лап қалған қарт кісіге, «жолы элі ашылмаған» деп үйленбеген 84

КҮРЕТАМЫР жігітке, тұрмысқа шықпаған қызға түсау кескізбеген екен. Қай кезден бастап үдіріс алғанын білмеймін, қашан көрсең жасы үл- кен эжелер тұсау кесіп жатады. Оны телеарналар жиі жарнамалап жариялайды. Теледидар көрсеткеннің бэрін шындық пен ақи- катқа балайтын қарапайым жандар «тұсауды жасы келген адам кеседі екен» деп қабылдап, ары қарай жалғастырып әдетке айналдырып жіберген болуы керек. Сөз жоқ, көпті көрген, талай немере-шөбере сүйген үлағатты эжелер батасын беріп, ала жіпті баланың аяғына байлайды. Ал тұсауды қыз бала болса жүрісі ширақ, істеген ісін тиянақты тындыратын қағілез, ақжарқын мінезді келіншекке, ұл баланың тұсауын жақсы аты ел аузында жүрген, қолға алған шаруасын нәтижелі аткаратын еті тірі еңбекқор азаматқа кескізеді. Бұл жерде қалау - ата-ананың ықтиярында, көңілі түскен адамын оның қадір-қасиетіне қарай таңдап, түсау кескізеді. Қайсыбіреулер «тұсауды жас балаға кескізеді» дегенді айтып, тіпті жазып та жүр. Бұл да жөн емес. Иә, жеткіншек балалар тұсаукесерге қатысады, олардың да атқаратын маңызды міндеті бар. Балаларды түсаукесердің алдында жарыстырып жібереді. Олар қайта айналып келіп қалғанда тұсау кесіледі. Ентігіп келген балалардың алдыңғы озып келген екеуі тұсауы кесілген бүлдіршіннің алақанын алақандарына түйістіріп, уысын толтыра қолынан мықтап үстап дедектетіп жетелей жөнеледі. Сонда жүгіріп келген балалардың екпіні, қан қызуы, қуат-жігері сәбиге алақан арқылы беріліп балатез жүріп кетеді екен. Шынымен солай болады, өйткені жасөспірім балалардың таза да табиғи энергиясы қадамын жаңа басқан балаға дариды. Ал қажыр-қайраты қайтқан. ілби басатын кейуаналар түсау кескенде бала қалай тез жүріп кетеді деп ойлайсыз? «Қартаң тартқан адамда от азаймақ, От азайса, эр істің бэрі тайғақ», - деген екен Абай ата. Сөйтіп, тұсауы кесілген баланы жасөспірімдер кезектесіп біраз жүргізеді. Оларға тэтті үлестіріп, тарту-таралғылар беріп, қуанышқа ортақтастырады. Шашу шашылып, тұсаукесер жыры 85

Зейнеп Ахметова айтылады. Айтушысына қарай оның түрлері де көп болған. Солардың көнеден жеткен бір үлгісі мынандай: Қаз, қаз, балам, қаз, балам, Қадам бассаң мәз болам. Күрмеуіңді шештік біз, Тұсауыңды кестік біз. Қаз, қаз, балам, қаз, балам, Тақымыңды жаз, балам. Басқаныңа қарайық, Қадамынды санайық. Қаз, қаз, балам, жүре ғой, Балтырыңды түре ғой. Қүлын-тай боп шаба ғой, Озып бэйге ала ғой. Қаз, қаз, балам, қаз, балам, Қүтты болсын қадамың! Өмірге аяқ баса бер, Асулардан аса бер, Қаз, қаз, балам, қаз балам! - деп ойнақы да көңілді әуенге салып, күнарлы тілек тілейді. Тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Бір таңғаларлы- ғы, орыстың баласы тұсауы кесілмей-ақ зыр жүгіреді де, тұсауы кесілмеген қазақтың баласының аяғы шалынып құлай береді. Неге? Өйткені эрбір халықтың ғасырлар бойы жалғасқан дәстүр- салты заманалар бойында үздіксіз қайталана-қайталана адам- ға рухани қуат беретін тылсым күшке айналған. Таза пейіл, ақ тілекке бағышталған игі ниетті құдай қолдайды дейді. «Сенім сең бұзады» деп халқымыз тегін айтпаған. Халықтың тарихи жа- дында сақталған сол сенім дейтін ұлы күш қалтықсыз, шынайы болғанда мақсат орындалады. Қазақтың эрбір жөн-жобасы тек жақсылыққа арналғандықтан өзіне сіңімді, өзіне жағымды, өзі- не қабыл болады. Басқа ұлттың салтын керемет атқарсаң да са- 86

КҮРЕТАМЫР ған жұғысты болмайды, ол сенің тегіңде, тарихи санаңда жоқ, яғни біреудің құлпын өз кілтіңмен ашуға эуреленгенің секілді. Сондықтан орыстың ұғымында, тарихи зердесінде жоқ түсаукесер оның баласына эсер етпейді. Түсаукесер баланы үлкен өмірге бастар жолының алғашқы баспалдағы. Ол ата-ананың «перзентіміз жақсы адамға ұқсасын, қадамы сэтті болсын, тіршілікте кездесер жетістік пен сәтсіз- діктен тең өтсін» деген өрелі ниет-пейілі бар астары ауқымды, мағынасы терең салтымыздың бірегейі. Тек көрер көзді алдайтын жасанды көріністер мен жалғандықтан аулақ жасалғанда ата- баба жолы, қағидалары адал орындалғанда нәтижелі болады. Осыған орай бір әңгіменің реті келіп тұр. Мен Алматы облыстық «Балбөбек» балалар корын басқар- ған кезімде балалар үйлері, сәбилер үйлерімен жүмыс бабында жиі араластым. Еңбекшіказак ауданының Есік қаласында үш жасқа дейінгі балаларды асырайтын сәбилер үйі бар. Бұл аудан - «Алтын адам» арқылы бүкіл дүниежүзіне мэлім болған өнір. Аудан орталығы Есік қаласының іргесінен әйгілі жәдігер табылған. Әңгіме аркауы, эрине, бүл емес, жол-жөнекей тілге ілінгені ғой. Сол Есік қаласындағы сэбилер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың сексен пайызы өзіміздің қазақтың қаракөздері еді. Бұлар ата-анасы өлген шынайы жетімдер емес, тастанды сэ­ билер болатын. Мүнда ешқашан бірде-бір балаға тұсаукесер жа- салмағанын анықтадым. Осы жай мені қатты ойландырды. Бұл сэбилер - онсыз да ата-ананың мейірім құшағын көрмеген, ана сүтін татпаған, тағдырдың тас маңдай тәлкегіне тап болып кінәсіз жазалы болғандар. Ең аяғы тұсауы да кесілмеген ескерусіз, елеу- сіз қалған балалардың ертеңі кандай болады, алдында не күтіп түр деген ойлар маған маза бермеді. Олардың жағдайын жақсар- тыгі, тағдырын өзгертетін пәрменді күштің колымда жок екені тағы анық. Алайда титтей де болса бір көмегім тиюі керек еді. Сондықтан тым болмаса тұсаукесер жасайын, көне тарихпен бірге келе жатқан, талай ұрпак өсіп-өнген бабалар салты ғой, 87

Зейнеп Ахметова бірінің болмаса бірінің жолы ашылар деген шешімге келдім. Өз басым, өзгелерде шаруам жоқ, халқымыздың дәстүр-салт, жөн- жоралғысына сенемін эрі сенімім алдаған емес. Сөйтіп, ойымды нақтылап, жоспарымды жасап ауданның әкімі Құдайберген Орынбетовке бардым. Келген шаруамды ар жақ бер жағын қамти отырып кеңінен түсіндірдім. «Аудандағы бір шара ретінде сәбилер үйінде тұсаукесер тойын бірге өткі- зейік», - деп қолқа салдым. Құдайберген ұғым-түсінігі мол, жаны жайсаң азамат еді. Менің негізгі мақсатымды толық құптап келі- сімін берді. Бұл күнде өмірден өткен сол абзал жанның топырағы торқа, иманы жолдас болсын деп тілеймін. Біздің бастамамыз облыстық экімшіліктен де қолдау тауып, дайындыққа кірісіп кеттік. Аяғын жаңадан тәй-тәй баса бастаған ұл-қызы аралас он жеті бүлдіршінді іріктеп, оларға ұлттық на- қышта сәнді киім тіккіздік. Балалардың тұсауын кесіп өкіл әке, өкіл шеше болатын адамдарды дайындадық. Кейін өздері тұсауын кескен өкіл баласын іздеп-сұрап қарайласып, мейірім танытатын білікті, саналы кісілерді тағайындадық. Облыстық «Жетісу» газетіне, қазақша, орысша, ұйғырша шығатын аудандық «Ең- бекшіқазақ» басылымдарына сәбилер үйінің балаларына тұсау- кесер рэсімі жасалатынын хабарлап, жұртшылықты тойға ша- қырдық. Бэрін тізіп айта беріп қайтейін, 1998 жылы маусымның бірінші жұлдызында саялы бақтың ортасындағы алаңда тойымыз басталды. Халық көп жиналды. Жиырма алты ұлттың өкілі тура- тын аудан болған соң түрлі-түрлі ұлттың адамдары келді. Әркім өзінің баласының тұсауын кескелі жатқандай өте көңілді, аса ықыласты болып тойымызды көтеріп жіберді. Бірде-бір ұйым, кәсіпорындар, жеке адамдар - ешкім құрқол келмеді. Тіпті шіркеу қызметкерлеріне дейін сыйлық әкелді. Той хабары шыға салып-ақ құрлысшы жігіттер сәбилер үйінің іші-сыртын әдемілеп жөндеп беріп еді. Сол кездегі облыс әкімі марқұм Заманбек Нұрқаділов өзі бастап тойға келіп, экімшілік атынан жеңіл автобус тарту етті. Бір баланың тұсауын кесіп өкіл эке атанып еді. Ел-жұрттан 88

КҮРЕТАМЫР айналайын, сый-сияпаттың түр-түрін үйіп тастады. Сәбилер үйі- нің талай кем-кетігі бір тойдың үстінде-ақ осылай толып шыға келді. Тойымыз үлттық мәнімен, сәнімен барлық жөн-жоралғысын сақтай отырып өтті. Ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әже- лер жүректерінен шымырлап шыққан ақ баталарын арнап, өзім тілек тілей отырып ескен он жеті ала жіппен сәбилердің түсауы кесілді. Шашу шашылып, тұсаукесер жыры айтылды. Күй күмбірлеп, эн қалықтады, балаларга арналған ойындар көрсетілді. Мен мүның бэрін мақтану үшін айтып отырғаным жоқ, бұл көпке үлгі болған, тәрбиелік мэні зор игілікті той еді. Бүрын-соңды мұндай тұсаукесер тойы өтпеген соң ба, ақпа- рат құралдары жарыса жазып, телеарналар көрсетіп жатты. Маусымның үші күні, яғни тойдан екі күн өткен соң «Егемен Қазақстан» газетінде «Балбөбектің» бастамасы» деген атпен бел- гілі журналист Саясат Бәсібайдың мақаласы шықты. Көп үзамай біздің бұл бастамамызды Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі экімі Халық Абдуллаев іліп әкетті. Жетім балаларға өкіл әке, өкіл ана тағайындау шарасын өткізіп, өзі де он балаға өкіл эке болып, қамқорлығына алды. «Жетім көрсең жебей жүр» деген аманат сөз осылай нақтылы іспен жалғасты. Құдайдың қүдіретінде, мейірімінде шек жоқ, екі жылға жетиейтін уақыт ішінде біз тұсауын кескен он жеті бүлдіршін түгел ата-аналы болды. Қазақ отбасылары үлкен сауапты іс жасап сол балаларды асырап алды. Көптің бата-тілегі мен салтымыздың қасиеті тірі жетім сәбилерге дарып, жолдары ашылды. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, шындық - осы. * 'к * Кеңес заманында коммунизмді айғайлап шақырып алатын- дай ұрандап жүріп, «Мой адрес не дом и не улица, Мой адрес Советский Союз» деп отансыздыққа баулитын әндерді шырқап жүріп, үлттық жәдігерлерімізден адасып, үлттық санамыз элсі- 89

Зейнеп Ахметова реді. Бірнеше ұрпақ халықтың рухани қазынасының кәусары- на қанбай қаталап қалды. Дегенмен «жыртық үйдің де құдайы бар» дегендей, енді бірер секірсек шыңырауға құлайтын жарқабақ- қа жеткенде Тэуелсіздіктің таңы атты. Тізгіні қолға тиген дербес- тіктің жылы лебі ескен соң есімізді жиғандай болдық. ¥зақ уақыт көзден таса болған ата дэстүріміздің шашылғанын теріп, жо- ғалғанын іздеп, ұлттық үлгі-өнеге қайнарының көзін ашуға құл- шындық. Құбыласы дұрысталып арнаға түсе бастаған талай игі- лікті істер тұрмысымызға енді, ұлтымыздың рухани қайта түлеуі басталды. Бұған шүкіршілік етуіміз керек. Дей тұрғанмен желісі үзіліп калған құндылықтарымызды жаңғырту оңай емес екен. «Сүйек аман болса ет жетіледі, бүгін болмаса, ертең болады» деп тоқмейілсіп жүргенде ағаттықтар мен ойдан шығарылған қисын- сыз салттардың белең алғаны жасырын емес. Сөзім дэлелді болуы үшін өзім бастан-аяқ қатысқан бір тойда көргенімді, сол көргендерім кейінгі кезде эдетке айналып санаға сіңіп бара жатқаны өкінішті болғандықтан да бұл эңгімені айтпақымын. Бір жақсы танысым немересінің тұсаукесер қуанышына шақырды. «Мал - баланың шашуы» дейтін дарқан қазақ бала- сынан несін аясын, аты әдемі «Арайлым» мейрамханасында екі жүзден аса адамға дастарқан жайған екен. Той басталғанда қазақша киінген кыздар бұрала басып келіп, екіге жарылып көше жасап тұра қалысты. Сол кезде кілем жабылып эшекейлен- ген ағаш зембілді төрт жігіт төрт жағынан иықтарымен көтеріп кірді. Зембіл үстінде жасанды гүлдермен көмкере сэндеген крес- лода ұлттык мэнерде киім кигізген бүлдіршін отырды. Бола- шақта мәртебесі биік болсын, таққа отырғандай дэрежелі болсын деген тілек екенін асаба саңқылдап айтып жатты. Қазақ ғұрпы- нан онша хабары жоқтарға әсерлі көрінуі мүмкін, бірақ төрт жағынан иыққа салып ағаш зембілмен табыт көтереді ғой. Ерек- ше кәрініс жасағың келсе, хан көтеретін қазақи дәстүрмен ақ киізге, тіпті болмаса, кілемге отырғызса әлдеқайда шынайы, ырымға да жақсы болар еді немесе баланы ата-эжесінің бірі 90

КҮРЕТАМЫР көтеріп әкелсе ең колайлысы да, бұрыннан келе жатқан жолы да осы еді. Сонымен, элі тұсауы кесілмеген балаға оны экелген сэтте шашу шашылды. Елдің қошеметтеп шулағанын бала көтере алмады ма, бақырып жылап қоя берді. Оны зембілден түсіріп жүбатып жатты, Жігіттер зембілдерін иықтарына салып, қыздарды шүбатып шығып кетті. Баланы біраз тыныштандырған соң үш түрлі нәрсемен - ала жіппен, ішекпен, өрілген шөппен үш әйел кезек-кезек тұсау кесті. Ал бала ұл болатын. Бұл жерде де асаба: «Артынан кес! Артынан кес!» - деп сұңғылалык танытты. Келіншектер түсауды артынан қайшымен кесті. Түсауды баланың алдынан жолын ашу үшін кесетіні, баланың артқа емес, алға жүретіні ешкімнің қаперіне кірмеді. Есесіне, мүның бэрін көріп тұрғандар, эсіресе дэстүр тэжірибесі жоқ жастарға тұсаукесердің үлгісіндей эсер еткені анык. Тұсаукесерді осылай аяқтаған соң баланың нағашылары қомақты қоржын мен үлкен сөмкені ортаға алып келіп, олар- ды ашты. Киім-кешектер, электронды да, жай да ойыншықтар, қымбат тәттілердің түр-түрі - бәрі тоғыз-тоғыздан. Содан кейін құда-құдағиларына, қызы мен күйеу баласына тарту-таралғылар беру басталды. Сағат, білезік, жүзік, сырға, түйреуіш - мүның бэрі, әрине, алтыннан, тастары - гауһардан. Оның сыртында құн- дыз бөрік, былғары пальто, тері тон, қамқа шапан дегендей... Енді кезек той иелеріне келді, «еруліге - қарулы», бұлардікі аналардікі- нен асып түспесе, кем болған жоқ. Былайғы жұрт олардың нарык заманына лайық айырбастарын көріп қызықтады. «Қызықтады» деп жаңсақ айтқан шығармын, өзім баланың тұсаукесеріне емес, кұдалык тойда түрғандай болдым. Сонда деймін-ау, осынша даңғойлықтың, лепірудің тұсаукесерге не катысы бар? Мен оны түсінбедім. Әлде рухани қуаттан айырылып, санамыз зат төңірегінде ғана ойлауға бейімделіп кеткен бе? Айтса да, тұсау кескен үш келіншекті де «алтындап», бүйірлі пакеттер ұсатты. Мейлі ғой, бар болса, бере берсін, біреудің қалтасына үңіліп нем бар, тек менің ұқпағаным - неге тұсауды үш адам кесті? Балаға 91

Зейнеп Ахметова кімнің жүріс-тұрысы ұқсасын деді жэне бұл қай атаңнан қалған салт? Мен білмеймін. Осы жасқа келіп мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Мен сол тойдан жабырқап қайттым... Тіл кейде ақылға көнбейді, «тілде тиек жоқ» деп бекер айт- паған ғой. Десе де, мен осы жолы тіліме тиек қоя білдім. Біреудің жақсы ниетпен жасап отырған қуанышына той үстінде сын айт- қым келмеді. Қисынсыз далбасаларды көріп тұрсам да, ағашқа біткен қисық бүтақтай мінез көрсетпедім, бірақ көңілімде бір түйіншек кетті. Сондықтан оң-терісін оқырман өздері сараласын деп, болғанын болғандай, ешбір қоспасыз жазып отырмын. *** Қүдайға шүкір, мен де талай сәбидің тұсауын кестім. Жасым келген сайын тек ала жіпті байлап, бата-тілегімді айтумен шектеліп жүрмін. Өзім араласқан жерде тұсаукесердің мән-ма- ғынасын түсіндіріп, қалай істеу керектігін ұқтыруды өзіме міндет санаймын. Дәстүр - халықтікі, оны бүгінгі өмірімізге жіксіз жымдастырып, өткендегі жақсы мен бүгінгі жаңаны ұштастырсақ, құндылықтарымызбен ұлттық болмысымызды сақтап қалудың үтымды бір жолы болар еді ден ойлаймын. Қазір тұсау кеспеймін десем де бас тарта алмаған кездерім болғанын жасырып қайтейін. Соның бірі - композитор Қалдыбек Құрманэлінің Мақпал деген қызының тұсауын кескенім. Қалдыбек үйге келіп, есіктен кіре сөйлейтін салдырлақ эдетімен: - Жеңеше, Мақпалымның тұсауын кесіп беріңіз. Төрт ұлдан кейінгі қызыма түсаукесер той жасамақшымын, - деді. - Менің жасым ұлғайды, жас келіншектерге кескіз, - дедім. Қалдыбек бірден бұрқырады, әсілі, оны сөзден тосу екінің бірінің қолынан келмейді, нағыз сужұқпастың өзі. Бұл жолы да дес бермеді. - Ой, қойыңызшы, белі бүгіліп жүрістен қалған адам құсамай! Өкшесі бір қарыс туфли киіп тық-тық еткізіп, тіп-тік қаздаңдайсыз, Қазақстанда сіз бармаған, сіз жүрмейтін жер жоқ. Содан кейін, ең 92

КҮРЕТАМЫР бастысы - Бауыржан атаның қолына су құйып, шайын қайнат- қан адамсыз. Олай болса, тұсауды сіз кеспегенде кім кеседі? - деп өз дәлелдерін алдыма тосып, есе-теңдік бермеді. «Жеңеше» деп, «сіз» деп түрып-ақ қай-қайдағы қотыр қалжыңды айта салатын қыршаңқымен сөз таластырғым келмеді эрі шын ниетімен өтініп тұрған соң келісім бердім. Бұл эңгіме Қалдыбектің тынымы жоқ тілімен таралып кетті. Мұны естіген белгілі энші, өзім жақсы көретін Сэкен Майғазиев ұл баласынан кейін көп жылдан соң көрген қызының тусауын кесіп беруімді өтінді. Оған да: «Менен гөрі жас адамға кескіз», - деп түсіндіріп көрдім, алайда Сәкен илікпеді. «Апа, сізді қалап, сізді ниет етіп отырмыз, көңілімізді қайтармаңыз», - деп қолқалаған соң, Райана деген сүйкімді бүлдіршіннің тұсауын кестім. Әйтеуір, абырой болғанда, екі қыз да тез жүріп, жылдам аяқтанып, менің кемпір екенімді білдірмей жіберді. КӨГЕНТҮП Жас баламен байланысты әдемі салттың бірі - көгентүп. Қолға ұстауға жарап қалған бөпесін көтеріп немесе аяғы шыққан баласын жетелеп бірінші рет қонаққа апарғанда соған дэл біздің қазақтай мэн беріп әтеуірлейтін ел жоқ шығар, сірә! Ағайын-туыс, жекжат-жұрат, көңіл жетер дос-жарандардың шаңырағына бала қонаққа барғанда: «Үйімізге алғаш келді, қадамы құт болсын», - деп көгентүп атайды. Көгентүп дегеніміз - балаға берілетін козы- лак, бота, бүзау немесе қүлын. Бүгінгілер біле бермейді, «көген» - қозыларды байлайтын ұшы түймеленіп түйілген қысқа жіптер. Оларды жуан арқанға тағып, қозыларды көгендеген. Бұрын қой сауылатын замандарда кез келген ауылда керіле қүрылған көген болған. Сонымен, көгентүп - баланың көгенінің түбі болсын, малының басы болсын деген ақ ниетпен берілетін төл. Қонаққа келген баланың ата-анасының қозы-лағының жоқтығынан емес, баланың 93

Зейнеп Ахметова өзге табалдырықты аттап қонаққа келгенін елеп, қадамына сәтті- лік тілеген пейілден шыққан салт. «Берсең балаға бер, қуантсаң баланы қуант» деген бабаларымыз. Өйткені бала болмысы пэк, олардың жүрегінде тозаң жоқ, балалар шынайы қуанады. Бір жағынан, жақын адамдар арасындағы жартыны жарып жейтін жанашырлық пен татулық қоюлай түседі. «Итің жақсы» десе риза болатын ақкөңіл қазақ баласын бағалап, басын құрметтеп жатқанда неге қуанбасын! Титімдей төлге емес, сыйлағанға марқайған ғой. Қүдайшылығымызды айтсақ, элгі екінің бірі, ерінбегеннің бэрі жамандай беретін Кеңес кезінде көгентүп салты малды ауылдарда ізін жоғалтпай жалғасып жатушы еді. Амал қанша, өткеннің бэрін өгейсітуге бағытталған саясат элі бар, бірақ басқа қырынан көрінуде. Жаһандану деп, нарық деп, заманауи жаңа өмір деп, бір-бірімізге шынайы ниетпен жылы сөз айтудан қалып, қазақы сыйластығымыз сұйылды. Бұл күнде көңіл де сатулы. «Мен - саған, сен - маған» дейтін есепке құрылған қарым-қатынасқа жаттығып барамыз. Ұлттың қадір-қасиетін сақтаған қайран тек- ті бабалар-ай! Олар тарту-таралғыны қарымтасын қайтар деп бермеген, «қолдың кірі - дүниені» сол баяғы көңіл сыйластығы үшін, өзгені риза етіп, өзі қуанып жүруі үшін берген екен. Көңіл сыйластығы дегеннен шығады, атаның Мәскеуде тұратын қызы Еленаны Бақытжан алғаш рет 2005 жылы елді көрсетуге алып келді. Бәкең екеуміз оны атаның туған жеріне апарғанымызда, ең алдымен, атаның нағашы жұртына бардық. Текебай биден тарайтын текті әулеттің бұл күнде ең үлкені атаның нағашы інісі Рахметқан көкем мен Қалдыгүл жеңешем еді. Олар елге сыйлы, ағайын арасында өте беделді, өсіп-өнген көпбалалы эулет. Біз келгенде көкем мен жеңешемнің немере-шөберелеріне дейін алдымыздан шығып қарсы алды. Сонда Қалдыгүл жеңешем Еленаны бауырына қысьш: - Айналайын, ұлы атаның сен де бір үрпағысың, алдымен бізге келіп сәлем бергенің үшін жүрегімді табаныңның астына төсейін, - деп еміренді. 94

КҮРЕТАМЫР Бәкең жеңешемнің мына ғажап тілегіне өзі де қатты тебіре- ніп тұрып, қарындасына аударып, түсіндірді. Басқа салтты ұстанып, езге діннің адамы болып өскен тілі басқа Елена егіліп жылап жіберді. Өйткені шынайы айтылған тілекті жүрегімен қабылдады, жүрегінен өткізді. «Мұндай сөздерді жасым алпысқа келсе де, естіп көрмеппін», - деп ағынан жарылды. Кейін кетер кезде әр нәрсенің ретін тауып, қисынын келтіретін көргенді жеңешем тағы да: «Бала кезіңде алмаған көгентүптің жоралғысы болсын», - деп Еленаның қолына гауһар тасты жүзік салып, үстіне оқалы шапан жапты. Қызык болғанда, қырықтан аса қазақ жазушыларының шығармасын аударған шебер тэржімәші Бәкең көгентүпті аудара алмай көзі бақырайды. Түсіндіре алмасын білген соң: «Қазақта алғаш келген адамды үйден құр шығармайды», - деп қана Еленаның санасы жететін сөзбен айтты. Көгентүп тек қана қазаққа тән, қазақтың мейірбан да дарқан көңілінен шыққан салт екенінің жэне бір жаңаша көрінісі осылай болып еді. ТАНАБАУ Танабау тағудың өзіндік әртүрлі себептері болады. Мысалы, бүлдіршін ата-анасьтмен ауылдан ұзап жолаушылап келгенде «жолы болып жүрсін», «алдынан жақсы адамдар кездессін», «бар- ған жерінде ашылатын есік көп болсын» деген бата-тілек айты- лып, «танабау» қадайды. Сол секілді балдырған ұл экесіне немесе қыз баланың шешесіне элдебір шаруаға шамасына қарай жәр- демдесіп жатқанын көрген адам: «Оу, ұлың қолғабысқа жарап жігіт болыпты ғой», - деп, «Қызың қолғанат болып бойжете бас- тапты ғой», - деп жас балаларды көтермелеп мақтап, олардың омырауына түйме, тана, ақық, маржан секілді нәрселерді қадайды. Мұны «танабау тағу» деп атайды. Танабауды бүкіл ауылдың аты- нан арнайы бір адам келіп тағатын да дәстүр бар. Балаға арналған салт болғандықтан, егер танабау аталмаса, әжелер: «Немеремді 95

Зейнеп Ахметова елемедіңдер, танабауларың құрып қалды ма?» - деп абысын- ажын, келін-кепшіктеріне ренжиді екен. Дэстүр бойынша баласына «танабау» тағылған үй көрші- көлем, жақындарын шақырып, арнап дастарқан жайып атап өтеді. Қонақтыққа келгендер «танабауыңның байғазысы» деп балаға лайық сыйлықтар әкеледі. Қазақтың ешбір салт-дәстүрі мақсат- сыз, негізсіз шықпаған. Танабау тағудың да тэрбиелік, рухани мэні бар. Жас балалар өздерін ерекшелеп жатқанға мейірленеді, шынымен, есейе бастадым деп эр іске көмектесуге қүлшынады. Ал ата-әже, әке-шеше перзентінің көзге түсіп өсе бастағанына қуанып, шүкіршілік етеді. Қонақтар баланың кішкентай қуанышын көлемдендіріп көңілдері көтеріледі. Біреуден бір асаған несібе болмайды, есесіне, үлкендер бір дастарқаннан дэм татып, бастары бірігіп, ынтымақ-сыйластықтары нығая түседі екен. ТІЛ ¥СТАРТУ Адам бойындағы қасиеттердің өрістеуі тэрбиенің нэтижесі десек, жақсының да, жаманның да бастау алар көзі, ең алдымен, отбасы екендігі белгілі. ¥рпағының ізгілікті, өнегелі болуына баса көңіл бөлген ата-бабаларымыз баланың тілін жетілдіру, тіл ұстарту тәрбиесіне ерекше мэн беріп, неше түрлі ұтымды әдіс- тәсілдерді қолданған. «Өнер алды - қызыл тіл» деп, өнердің көшбасына тіл байлығын қойып, шеннен шешендікті артық бағалаған. Бір ауыз аталы сөзбен күрделі түйінді шешкен хал- қымыз перзентінің тіл байлығына үлкен жауапкершілікпен қа- раған. Баланың жас ерекшелігіне қарай айтуға жеңіл, жаттауға ыңғайлы, жыр үлгісіне саятын ырғақты сөздерден құралған тақ- пақ, жаңылтпаш, жұмбақтарды үйретіп, баланы анық эрі дүрыс сөйлеуге ерте жаттықтырған екен. «Қуырмаш», «Санамақ» секілді ойын түрлерімен бүлдіршіннің ойлау қабілетін, таным-түйсігін кеңейтіп, тілдік қорын көбейткен. Мысалы, «Қуырмаш» ойынын кез келген кішкене бала қызыға ойнайды, ойнап отырып қаншама 96


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook