КҮРЕТАМЫР өз қалауымен тіршілігін жасайды. Сол үшін болар, қолын кеуде- сіне айқастырған кісіні, әсіресе жас адамды көргенде қариялар: «Әй, құдайдан үмітің жоқ па?» - деп, «Марқүм болуға асығып жүрсің бе?!» - деп қатаң сөз айтып, тыйып тастаушы еді. «Аяқты айқастырма». Қазақтар аяқты айқастырғанды алдағы басып өтер жолын түйықтау, өзіне-өзі тосқауыл қою санап тыйымдаған. Сонымен бірге аяқты бір-біріне мінгестіруді түрпайы әдепсіздіктей қабылдаған. Әсілі, бүлай отыру ертедегі көне қазақ қоғамында болмаған екен. Бұл өзі ағаш орындыққа шоқиятын елдерден келген әдет. «Ауру - астан, әдет - достан» дегендей, ешкімді жат көрмейтін кеңқолтық халықпыз, өзгелер- мен достасқан сайын еліктей бергенбіз ғой. Енді, міне, бүгінде ер-әйел демей, жасөспірім бала демей, қыз-қырқын демей, кез келген орында аяқты айқастырып шіренетін болды. Бір жолы телеарнадан ұлттық киім-кешек тігетін кәсіпорны бар ханым есіп сөйлеп, шығарған киімдерін жалаулата жарнамалап жатты. Өзі қысқалау сәнді көйлек киген екен, аяғын айқастырып отыр- ғанда қара санына дейін жалаңаштанып көрініп тұрды. Отырған ол емес, көрген мен ұялдым. Оның ұлттық киім тіккіштігін қай- тейін, оны бізге кигізбек болғанын қайтейін, элгі «өзің дуана- еың, кімге пір боласың» деген осы сияқтыларға арналған-ау, шамасы... «Жағыңды таянба». Басына қам-қайғы бақытсыздық түс- кен, тағдырдың тас маңдай сокқысына душар болған адамның миы зіл-батпан жауапсыз ойларға толып, дәрменсіздіктен басын көтере алмай қалады. Міне, осындай кезде амалсыздан екі колы- мен жағын таянып, басын сүйейді. Сондықтан «шарасыз қалге басы түспесін, басын тік көтеріп жүруге Жаратқан жар болсын» деп әншейін ойсыз жағын таянуды тыйымдаған. Жақты таянып отыру эстетикалық жағынан да адамды үнамды көрсетпейді. «Қолыңды артыңа айқастырма». Түтқынға түскен адамның қолы артына қайырылып байланып, бұғауланады. Кейбір белі ауыратын карт кісілер сүйеніш ретінде қолын артына ұстайтыны 197
Зейнеп Ахметова болмаса, былайғы адамдар, әсіресе жастар бұл эдеттен аулақ болған екен. «Жамандық шақырады» дейтін осы тыйымның ер- теден қалған өзіндік астары бар... Тағдыры мың бүктеліп, мың сілкінген халқымыздың басынан небір алақұйын аласапыран дәуірлер өткен. Елі шабылып, жері таланып, ұл-қыздары байла- нып-маталып жау қолында кеткен зар-замандарды көрген. Мынау жарық жалғанда адам үшін бостандықтан, азаттықтан артық қымбат қазына жоқ екенін білсе, қазақ білсін! Кіріптарлықтың не екенін жан-жүрегімен түсінгендіктен: «Алла пендесін еркіндігінен ажыратпасын!» - деп тілек тілеп, «Қолыңды артыңа айқастырма», - деп тыйым айтқан. Бүгінде қайсыбір жап- жас бастықтардың, қалтасы қалың бай жігіттердің қолын артына ұстап, иегімен нүсқап сөйлейтіндерін көріп жүрміз. Осының өзі, түсінген кісіге - кесірлік. Бұл дүниенің баянсыз базары кімнің басынан өтпеген дейсің, алдыңда не күтіп тұрғанын қайдан білесің? Тағдыр шіркін қолды артқа байлатып, кісен салғызбасын деп тілейік... «Бейуақта үйықтама», «бейуақта жылама», «бейуақта үрыс-керіс шығарма», «бейуақта қоқыс төкпе», т.б. «Күңгірт көңілім сырласар, сұрғылт тартқан бейуақта...» - деп Абай ата айт- қандай, бейуақ дегеніміз күннің соңғы шұғыласы сөніп, төңірек сұрғылт тартып күңгірттенген кез. Бұл уақыт екі әлемнің - Күн мен түннің, қараңғы мен жарықтың алмасатын, жаратылыстың сырын ішке бүккен тылсым шағы. Назар аударсаңыз, «бейуақ» сөзінің мағынасы «мезгілсіз», «уақытсыз» болып шығады, яғни не күн емес, не түн емес, дүбәра өтпелі сэт. Ал өтпелі кезеңнің қандайы болсын бей-берекеті мол қиындықтарды ала келеді. Бейуақ көпке созылмайды, аса аялдамай өте шығады, бірақ сол аз уақыттың ауырлығы мен қатері бар екені анық. Күннің күндізгі нұрлы қуаты бітіп, түн күшіне элі кіре қоймаған өлі- арада Жер бетінде адамға беймәлім бір күштердің әсері белең алады екен. Жаратылыстың өзінен тағылым алып, табиғатпен үндесіп өмір сүрген көшпенді ата-бабаларымыз бейуақта бо- 198
КҮРЕТАМЫР латын өзгерістерді білген. Білгендіктен үрпағын сақтандырып тыйым айтқан. Айналаңызға зер салып, жіті қарасаңыз бейуақ- тағы тосын жайларды байқар едіңіз. Мысалы, дімкэс адамдардың ауруы қозады, қызуы күндізгіден көбірек көтеріледі, ал төсек тартып жатқан науқастардың өмірден озатыны осы кезде жиі кездеседі. Оқыс апаттар, қақтығыстар, қылмыс түрлері еселене түседі. Бейуақта ұйықтап қалған адамның бастырылып, булығатыны бар. «Қазан қайнағанша қоқыс төгіп келе қояйын», - деп пысықсыну да қауіпті. Өйткені қоқыс төгетін жер онсыз да былғаныш, зиянды энергияға толы, ал бейуақта ол екі есеге көбейеді. Ол ауа толқынымен қосылып бойға дарып, кездейсоқ ауруға шалдығуың әбден мүмкін. Бұрындары «пері соғады, жын ұрады» дейтін үлкендердің тыйым сөзі - осы лас энергияның қуат- күшінің эсері. ...Өзге кездегі үмытылса да, бала шақтағы көріністер санаңда таңбаланып, реті келгенде көлбең етіп шыға келетіні бар. Әлі есімде, біздің үймен іргелес көрші тұратын, анаммен абысындай араласатын Қамза дейтін апа бар еді. Балалар ол кісіні «Қазапа» дейтінбіз. Сол кісі ылғи: «Бейуақта төбе бақпа деген, әне, шал- дар төбеден түсе бастады, қолдарыңды жуып үйге кіріп, шам жағыңдар», - деп жүрер еді. Сол заманда қариялар күнде мал өрістен қайтардың алдында, ауылдың желке тұсындағы төбеге жиналып алып әңгіме-дүкен құрып отыратын. Бейуақ бола бастағанда бәрі үйді-үйіне асығатын. Кейін түсіндік қой оның үлкен мэні барын... Кез келген есті адам бір сәт тынышталып шүкірші- лік етіп, біліп-білмей істеген күнэлары үшін Жаратқаннан рақым сүрап тәубеге келсе, жаны мен тәніне мол рухани күш-қуат алады екен. «Әкесі тірі кісі бас үстамайды». Адамның Алладан кейінгі пірі - өзін өмірге әкелген ата-анасы. Қазақта эке - басие, ол - шаңырақтың тірегі, ол - отбасының тұтқасы. Осындай алдыңда асқар таудай эке түрғанда баласы бас ұстап, әкенің жолын кесуді ойына да алмаған, бұл қазақтың ұғым-түсінігіне мүлде жат қы- 199
Зейнеп Ахметова лық. Тіпті өзі балалы-шағалы болып кексе тартса да, егер әкенің көзі тірі болса, бас ұстамайды. Қайта әкенің амандығын тілейді, өзінің элі де әкелі «бала» екеніне шүкіршілік етеді. Енді ше, эр адамда эке біреу-ақ емес пе! Әке өмірден өткен жағдайда көрші-көлем, дос-жаран, жекжат- жұрат марқұмның қырқы өткен соң қаралы үйдің қамкөңіл адамдарын қонаққа шақырады. Оны бір жерде - «көңілшай», тағы бір өңірде «жұбатушай» немесе «еңсе көтеру» деп те атай береді. Қалай аталса да, басқаның қайғы-қуанышын көтерісе білетін көңілге қарағыш халқымыздың бұл да - бір текті ғүрпы. Осындай қонақтықта жөн білетін үлкен кісілердің бірі ұлға: «Қарағым, енді әкеңнің орынын жоқтатпай шаңыраққа ие болатын сенсің. Отбасыңның береке-құтын жұтатпай үй ішіңе қамқор басие бол, әкеңнің түтінін түзу шығаруыңа Алла нәсіп етсін!» - деген секілді тілектерді айтып, алдына бас тартады. Бұл - әшейін бас мұжу емес, азаматқа жүктелген үлкен міндет. Бауыры бүтін кім бар дейсіз, осы жағдай біздің де басымыз- дан өтті. Бәкең - Бақытжан Момышұлы бақилық болғанда бізді де «көңілшайға» жанашырлар бірінен соң бірі шақырып көңілі- мізді демеді. Сонда таңғалғаным - ұлым Ержанның алдына бас ұсыну ешкімнің ойына келмегені. Әдеттегідей дастарқан басында отырған жасы үлкендер өздері бас ұстап жатты. Жасырып қайтейін, кәдімгідей көңіліме келді, әйтсе де, үнсіз жүрдім. Бірақ күттім. Бір күні атақты энші қызымыз Мақпал Жүнісова шайға шақырды. Дардай мосқал ер-азаматтар білмеген дәстүрді үнемі сахнада жүретін энші біледі деп иегім қышыған жоқ, Алайда сол Мақпал: «Бақытжан аға осы үйге келгенде бас ұстаушы еді, енді бас - сенің сыбағаң, айналайын!» - деп баламның алдына бас қойды. Сөйтіп, менің күпті болып жүрген көңілімді білгендей, бұл жолы Мақпал көрегенділік көрсетті. «А яқкиімді төңкерме». Адам бір күн туып, бір күн өледі, оған үшінші күн бұйырмаған. Бүл - екінің бірі білетін тіршілік ақиқаты. Әне, сондай болмай қалмайтын күн туып, адам өмір- 200
КҮРЕТАМЫР ден озғанда оның аяқкиімін төңкеріп қояды. Өйткені жер басып жүрер жолы таусылды, өмір сапары аяқталды. Ал Күннің кызы- лы мен қызығын көріп тірі жүрген адамның аяқкиімін төңкеру - жаман ырым. Көңілінде қастығы бар арам пиғылды кісі өзгенің аяқкиімін әдейі төңкеріп кетеді. Сондықтан төңкерілген аяқкиімді көрген кез келген адам оны дереу түзеп қояды, тіпті өзінікі бол- маса да. «Адамды айналма». Ертеде науқас меңдеп киналып эл үстін- де жатқан жалғыз ұлын ажалға қия алмаған байқұс ана Жарат- канға жалбарынып: «Я, Алла, баламның орнына менің жанымды ал, мен қүрбандық, мен құрбандық!» - деп шырылдап ауру перзентін айнала беріпті, айнала беріпті. Ақыры ана жан үзіп, жігіт аман қалған екен дейтін аңыз бар. «Адамды айналса сол кісіге садақа болады, егер абайламай айналып өтсе, жаңағы жүрген жолымен қайта қайту керек» деген тыйым айтылған. «Кісіге қарап есінеме, керілме». Тыйым сөздердің барлы- ғы адамды тек жақсылыққа багыттайды. Адамның іс-қимылы, түрысының өзі келісті, жарасымды болуы тыйым тәрбиесімен астасып жатады. Мысалы, кісіге қарап есінеу, керілу - ең алдымен, көргенсіздік. Екіншіден, қасыңдағы адамға кесірің тиеді. Қарсы алдыңдағы адамға қарап есінеп не керілгенде ол лезде бойкүйезденіп мазасы кете бастайды, денесі құрыстап есінеп, керілгісі келеді. Өйткені есінеген не керілгеннің бойынан таралатын өзіндік қуат күші жанындағы кісіге беріледі. Әрине, эр адамның энергиясы эртүрлі. Сонда да бұл - жағымсыз әдет, сондықтан тыйым. Кісі отырған жерде амалсыздан есінеуге тура келсе, қолдың сыртымен ауызды қалқалаған жөн. «Үлкеннің алдын кесіп өтпе», «үлкеннің сөзін бөлме», т.б. Қазақ халқының үлкенді ерекше сыйлауы жазылмаған, бірақ орын- дауға тиіс заңы деуге болады. Мүны кез келген саналы ата-ана баласы ес білгеннен құлағына құйып, жетесіне жеткізген екен. Өйткені үлкен кісі өмір көрген, тіршіліктің бұралаң бүрылыста- рынан өткен, үрпак өсірген. Оның жасына жеткенше алдыңда 201
Зейнеп Ахметова не күтіп түрғанын білмейсің, керек болса, болжай алмайсьщ. Сондықтан тексіздік танытып үлкеннің назасына қалғанша, ықыласына бөленіп алғыс-бата алсаң, өзіңе шарапаты тиеді. «Ісек қойдың басы үлкен болғанымен, саулық қойдың жасы үлкен», - деуші еді қариялар, бүл да бір есте ұстайтын мазмұнды сөз. Сөздің қысқасы, қазақтың тәрбие-талғамының үлкен бір саласы болып табылатын тыйым сөздер өте көп. Соның бэріне жеке кітап арнамаса, бұл жерде түгел қамту мүмкін емес. Тек бала кезден санаға құйылып, зердеге қонақтап қалғандарын, онда да ел ішінде жиі айтылатын кейбіреулеріне ғана тоқталып өттім.
КҮРЕТАМЫР ТҮЙІН «Күретамыр» элі біткен жоқ, кұдай қаласа, жалғасы болады. Солай болатын жөні бар, бүл кітапта айтылмаған дәстүр- салт, жол-жобалар жеткілікті. Бүған дейін жазылған «Шуақты күндер» мен «Бабалар аманаты» кітаптарымда әдет-ғұрып, ырым-тыйым, кәде-жоралғылар біршама қамтылған болатын. Сонда да қазақтың үлттық рухани байлықтарын түгел айтып жеткізуге бір адамның анау-мынау өмірі жетпейді. Мен бұл кітапта халықтың мол мұрасының шетпұшпағын, онда да өзім білетін, өзім тұрмыста қолданатындарды ғана жаздым, тіпті соның өзі еліміздің басқа өңірінде өзгешелеу болуы әбден мүмкін. Осы шығарманы оқыған соң «біздің жақта мұндай емес, мынау қате айтып отыр» дейтіндердің табылатынына күмэнім жоқ. Оған таңғалмаймын. Дегенмен «біздің жақ» деген ол қай жақ? Бөтен ел, жат жұрт па? Мен осыған түсінбеймін. Бұл жөнінде тағы да атаға жүгінуге тура келеді, ол кісі былай дейді: «Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғүрыптарында үлкен ауытқу болмағанымен әр өлкенің өзіне тэн өзгешеліктері бар. Ол - заңды құбылыс. Өйткені қазақ халқы тарих жолында томаға-түйық өмір сүрген жоқ. Әртүрлі халықтармен шекаралас, көрші-коң- сылас тіршілік етті. Олардан ештеңе жұқпады деп кесіп айта алмайсың. Содан кейін, эр таудың өзіне тэн қиясы болатыны секілді, эр өңірдің жер-жағдайы, табиғаты, соған орай тіршілік үдірістері адамның санасына, эдет-дағдысына, тіпті киім үлгілері мен тамақ түрлеріне дейін өз таңбасын, ізін салады. Оны ескермей, түсінбестен «біздің жақтікі дүрыс, сенікі бүрыс» деп айтуға ешкімнің кақысы жоқ. Ол - надандық. Үлыстык, рулық санадан көтеріліп, біртұтас үлттық деңгейден қарасаң сол өзгешеліктердің бэрі - қазақтікі. Оны басқа ұлт жасап берген жоқ, қазақ калыптастырған, қазақ пайдаланған. Олай болса, ала қойды бөле қырықпай «бүл - біздің қазақтікі» деп ауыз толтырып айту өзі бір уыс қазақтың тұтастығына ауадай қажет» (1974 жыл, 25 желтоқсан). 203
Зейнеп Ахметова Бұдан артық не айтуға болады, басқа уэж жоқ. Шындығын- да, ойлап қарасаңыз, өміріміз өзектес, тағдырымыз тамырлас, тіліміз ортақ, бет-пішініміз ұқсас, сонда не бөлек? Көңіл кеңдігі жетпейді, пейіл бөлек. Асыл тастың қасиетін ашып жарқырататын оның қырлары екен. Сол секілді әр жердегі салттық ерекше- ліктерді сақтап, оны қазақты бөлуге емес, тұтастыққа қызмет ететіндей, яғни мэйекті ұйытқыға айналдыруымыз керек деп ойлаймын.
МАЗМ¥НЫ: ....3 ....5 Күретамыр......................... ....6 ¥рпақ жалғастығы........... ....7 Ата-ана арманы................. ....9 Қүрсақ шашу..................... ..13 Жеріктік өріс..................... ..19 Келін күтімі....................,.. ..24 Кіндік шеше....................... ..29 Аққолды ана...................... ..31 Ж а р ы сқ азан ....................... ..32 Ш ілдехан а.......................... ..34 Итжейде немесе иткөйлек ..38 Қ алж а................................. ..45 Уыз...................................... ..56 Балаға ат қою..................... ..60 Бесіктой.............................. ..62 Бесік әкелу......................... ..74 Бесік жы ры ........................ ..80 Қырқынан шығару........... ..81 Тымаққа с ал у .................... ..83 Бауырынан табақ а л у ...... ..93 Тұсаукесер......................... ..95 Көгентүп ............................ ..96 Танабау............................... 107 Тіл үстарту......................... 113 Бауырына салу.................. 115 Асырап а л у ........................ Жеті ата.............................. 205
Ашамайға мінгізу .117 Сүндеттой............. 122 Сырға той.............. 134 Т іл а ш а р ................. 140 Айдар..................... 143 К е к іл ...................... 144 Тұлым.................... 145 Тұмар..................... 146 Көзмоншақ........... 148 Бүйрек сыбаға...... 153 Құлақ беру........... 154 Таңдай беру......... 155 М үшел................... 156 Ж о л а ш а р ............... 162 Тоқымқағар.......... 165 Ж и е н қ ұ р ы қ .......... 165 Енші беру.............. 171 Шашу..................... 173 А сату..................... 175 Байғазы ................. 175 Көрімдік................ 176 Б а з а р л ы қ ............... 177 А й т т ы қ .................. 177 А сар....................... 178 Жарапазан............ 179 Т ы й ы м ................... 184 Т үй ін ..................... 203
Зейнеп Ахметова КҮРЕТАМЫР Редактор-корректор Айгүл Болатханқызы Беттеуші, дизайнер Мадина Ниязбаева Суретші Бибігүл Дүйсетай Теруге 25.11.2017 ж. берілген. Басуға 27.12.2017 ж. қол қойылды. Пішімі 60x84 1/16. Офсеттік басылым, қағазы офсеттік. Қаріп түрі Times New Roman. Есептік баспа табағы 8,8. Шартты басылу табағы 12,1. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 3217. Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды. 050002, Алматы қаласы, М.Макатаев көшесі, 41.
ISBN 978-601-06-4746-6
ISBN 978-601-06-4746-6
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216