Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Имандылық пен Күпірлік

Имандылық пен Күпірлік

Published by risalekz, 2021-05-31 11:58:16

Description: İman ve Küfür Müvazeneleri

Search

Read the Text Version

101ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗМен болсам ақылы таяз, дым көрмеген жандай көзім қызығып, қолымды созамын кеп. Гүлдi жұлып, жемістен жегім келіп-ақ тұр. Бірақ, ұстаған кезде олардың инедей тікендері, қолыма кіріп кетіп қанатып жатты. Әрi отарба зымырап келе жатқандықтан қолыма iлiне бергенде сыпырылып түсіп кетеді. Сөйтiп жемісті жеу маған қымбатқа түсті. Дереу отарбаның жолсерігі жаныма жетіп келіп: «Егер бес тиын төлесең, әлгі гүлдер мен жемістерден қала ғаныңша алып берейін. Бәрібір бес тиын орнына жүз теңгелік шығынға ұшырап жатырсың. Оның үстіне баққа рұқсатсыз қол сұққаның үшін жазаға тартыласың» деді. Менiң тiптен мазам қашып мына үңгірден қашан шығамыз деп, терезеден басымды шығарып едім; О, Тоба! Шығар ауыз көрінбейді. Ауыздың орнына көптеген саңылауларды көрдім. Мына шұбатылған отарбаның жолаушылары әлгi саңылауларға секіріп жатыр. Менің де қарсы алдымнан бiр саңылау көрінді. Саңылаудың екі жағына екі көк тас қойылыпты. Тастарға қызыға қарап едім, үлкен әріптермен жазылған «Саид» деген жазу көзiме түстi. Өкіне әрі таңдана «Қап, әттеген-ай» деп едім, бірден құлағыма манағы қонақжайда маған насихат айтқан адамның даусы естілді:— Есің кірген болар?— Иә, бірақ әлім таусылды, еш дәрменiм жоқ, – дедім.— Тәубаға кел, тәуекелге бел бу! – деді.— Астағфируллаh! Нартәуекел!Есімді жинадым. Енді өзімді бұрыңғы Саид емес, жаңа Саид түрінде көрдім.Аллаһ қайырын берсін, ендi, осы қиял оқиғаның кейбір тұстарын жорып берейін. Қалғандарын өзің жорып аларсыңдар:Иә, анау ұзақ сапар деген – рухтар әлемінен басталып, ананың құрсағына, сонан жастық шаққа, жастық шақтан қарттыққа, қарттық шақтан қабірге, берзахқа, хашірге, одан қыл көпір арқылы мәңгілік әлеміне бастайтын рухани жол едi.Алпыс алтын болса, алпыс жылдық өмір. Осы оқиғаға куә болған кезде, қателеспесем қырық бес жаста болатынмын. Ары қарай өмір сүретініме ешбiр кепілдік жоқ болса да қалған он бес жыл өмірімнің жартысын ақырет жолына арнауыма Құранның үздік бір шәкірті себепші болып жөнге салды. Әлгі қонақжай болса мен үшін Стамбул қаласы едi. Отарба – зымырап бара жатқан уақыт. Әр жыл бір-бiр

102ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУвагон. Үңгір – мына тiршiлiк, дүние. Тікендi гүлдер мен жемістер – шариғатқа жат харам ләззаттар мен адамгершілікке қайшы қылықтар. Қолыңда тұрған кездің өзінде бұлардың лезде аяқталатынын ойласаң, көңiл мұңайып, жүрек сыздайды. Қоштасу мен айырылу жанды азапқа салып, опық жегізеді. Отарбадағы жол се ріктің «бес тиын төлесең, мына гүлдер мен жемiстерден қалағаныңша алып беремін!» деп отырғаны адамның адал еңбегімен шариғатқа сәйкес заңды ләззаттары. Заңды ләззат пен орынды көңіл көтеру Адам жанын толық қанағаттандырады. Азғындыққа жетелейтiн тыйым салынған ха рам нәрселердi iстеудiң қажеті жоқ. Ендеше, қалған жерлерін өзің-ақ жорып аларсың.ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Адам табиғаты әлсiз де нәзік сәби тәріздi. Бірақ, оның әлсіздігі мен дәрменсіздігінің астарында асқан құдірет пен орасан қуат жатыр. Өйткені, мына қоршаған әлем оның әлсіздігі мен бейшаралығына байланысты қызметші мiндетiн атқарады. Егер ол өзінің әлсіздігін толық сезініп, тілімен, күйімен, іс-әрекетімен Жаратқан Иесіне дұға етсе, бейшаралығын мойындап, көмек сұраса, бұл iстегенi – Аллаh тарапынан өзiне жасалған қамқорлыққа шүкір етіп, алғысын білдірген болып есептеледі. Және сол арқылы мақсат-тілектері орындалып, аңсаған арманына жетедi.Егер пенде Аллаһты ұмытып, армандарына өз күшіммен жетемін десе, арманының мыңнан біреуіне де қолы жетпес еді. Адам кейде аянышты халімен жасаған дұғасы қабыл болса, қолы жеткен талап-тілектерін өз күшiммен таптым деп қателеседі.Иә, тауық балапанының әлсіздігіндегі қуат – қорқақ тауықты айбарлы арыстанға айбат шеккізіп, қарсы тұрғызады. Дүниеге жаңа келген арыстанның күшігі әлсіздігі арқылы анасын аш қалдырып өзі тойып алады. Бұл әлсіздіктегі қуат, шексiз рақымдылықтың көрiнiсi. Қалайша, сәби жылау арқылы не болмаса аянышты халімен, не болмаса сұрауы арқылы қалаған нәрсесіне қолы жетедi. Өзінен мың есе күштілер оған қызмет етеді. Егер қажетті заттарына өзі ұмтылар болса, құдірет-күші мыңнан бiрiне жетпес еді. Демек, әлсіздік пен шарасыздық оған деген қамқорлық пен аяныш сезімді оятатындықтан ержүрек қаhармандарды өзіне қызмет қылдырады. Ал, енді мұндай бала әлгіндей қамқорлықты түсiнбей, жасал ған жақсылық пен

103ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗжанашырлықты білмей, көмектескендерді жазғырғандай көкірек керіп: «Бұларды бас идіріп қызмет еткізіп отырған өзімнің күш қуатым, мықтылығым» деп астамшылық етсе, әлбетте шапалақ жейді.Міне, адам да Жаратқан Иесінің рақымдылығын мойындамай, жаса лып жатқан қомқорлықты бекерге шығарып оның хикметіне яғни асқан даналығына кінә артқандай, өзiне берілген нығмет-ырыстың қадірін түсінбей Қарұнға ұқсап: яғни: «Мен өз іліміммен, өз еңбегіммен таптым» десе, өзiн жан төзгісіз азапқа бағыттаған болар едi. Демек, осынау адамзаттың дамып көркеюі, өркениеті күрес, тартыстың күшiмен келмеген. Барлығы оның әлсіздігі үшін бағындырылған, оның шарасыздығына көмекке жiберілген, әрі пақыр болғаны үшiн сыйланған, надандығы үшін илхам етiлген яғни сыбырлаған, мұқтаждығы үшін ұсынылған. Ол – құдiреттiң сыйы. Адам баласының дүниенің сұлтаны болуы оның күш– қуаты, ғылым – бiлiмi емес. Ол – Раббани қамқорлық пен мейірімділіктің көрінісі және Иләhи хикмет пен рақымның белгісі. Демек, басқаларға қызмет еткізіп отыр.Иә, кіп-кішкене шаян мен аяғы жоқ жылан сияқты улы жәндіктерге қарсы дәрмені жоқ адам баласына кіп-кішкентай құрттан жібек кигізiп, улы шыбыннан бал жегізген, әрине оның өзінің күш-қуаттылығы емес, әлсіздігіне қарай жасалған Раббани бағындыру мен Рахмани қамқорлық.Уа, адам! Ақиқат осылай болса, көкірек керіп, менменшіл болма! Аллаhтың алдында әлсіздігің мен бейшаралығыңды мойындап жалбарыну арқылы және пақырлығың мен мұқтаждығыңды дұға арқылы білдір. Өзіңнің шын құл екендiгіңді көрсет. Әрі дей отырып, өрле, кемелден!Бірақ: «Мен түкке тұрмайтын біреумін. Менен терең де ауқымды шүкір сұралатындай мен кіммін? Хаким-і Мұтлақ мына әлемді әдейiлеп маған бағындыратындай қандай қадiрiм бар?» – деп айтпа!Расында, нәпсің мен пішініңе қараса түкке тұрмайсың. Алайда, атқа рар міндетің мен мәртебең жағынан бүкіл әлемнің зерделі көрермені, хикметке толы мына жаратылыстың ойшыл шешені,

104ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУ«әлем» атты кітаптың зерттеушісі, зікір салған мақұлықтарға қайран қала тамашалайтын бақы лаушы және ғибадат жасап жатқан жаратылыстың құрметті жетекшісі дейтін жоғары мәртебең бар.Уа, адам! Сен заттық болмысың жағынан өсiмдiкке, нәпсің жағынан хайуанға ұқсас меңіреу бір зат, пақыр әрі әлсіз кеудесінде жаны бар бі реусің. Мына алай-түлей алып құбылыстардың үрейлі толқынында шай қалып кетіп барасың. Бiрақ, Аллаhтың махаббатының шұғыласынан тұратын Иманның нұрымен нұрланып, Ислам дінімен тәрбиеленер болсаң, адамгершілік шыңына шығып, құл бола тұра сұлтан болып, әлсіз бола тұра күшті болып, шағын болмысың өзінше бір әлемге айналады. Тiптен елеусіз көрінгеніңмен мәртебең биiктеп, билiгi зор бақылаушы ретінде: «Менің Рабб-ы Рахимым, дүниені маған баспана етіп, Ай мен Күнді оның шам-шырағы жасады. Көктемді гүл шоғы, жазды ырысты дастархан, жан-жануар біткенді қызметшім етті. Баспанамды түрлi өсімдік атаулымен безендіріп, құлпыртып қойды!» дей аласың.Сонымен сен, нәпсі мен шайтанға ерсең әсфәл-і сафилинге құлдырап төмендеп кетесің. Ал, Хақ пен Құран Кәрімді ұстасаң, ала-и иллииіне өрлеп, ғаламның ықшамдалған әсем үлгiсі боласың.БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Бұл дүниеге адам баласы мойнына міндет жүктелген пенде әрі қонақ ретінде жіберілген. Жаратылысы тым күрделі, бейімділігі өте зор. Соған орай маңызды міндеттер атқаруға тиіс. Оны сол бағытқа бұрып, әлгi міндеттерді орындату үшін бiр жағынан дем берiп ынталандырса, келесi жағынан сол мiндеттердi мұқият орындату үшiн әрдайым қатаң ескертулер жасалады. Осы арада бұдан бұрын әңгімеленген адам баласының міндеті мен құлшылығының негіздері туралы қысқаша баяндаудың реті келіп тұр. Мұндағы мақсатымыз \"Әхсән-і тақуимнің\" сырын неғұрлым анығырақ ашу.Иә, адам баласы бұл дүниеге келген соң, құлшылықтың екi түрiн орындауға міндетті:Біріншiсi: Жаратушысын көрместен ғайып түрде, құлшылық жасайды, толғанады.Екіншісі: Көрiп тұрғандай немесе оның алдында тұрғандай тыңдаушы мақамында құлшылық етеді, мінәжат қылады.

105ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗӘуелгiсiнiң сыры мынадай: Бүкіл әлемді басқарған Иләһи Рубубиеттің билік үстемдігін бас ие құптап, оның керемет әсемдігі мен сұлулығын таңдана тамашалайды. Сосын, Аллаhтың қасиетті есімдерінің нақыштары болып табылатын таңғажайып өнер мен шеберлiкті бір-бірінің ғибрат алар назарларына ұсынып оған делдал жаршы, шақырушы болады.Сонан соң, әрқайсысы мағынауи құпия қазына тәріздес Раббани есім дердің гауһарларын, оның қадiр-қасиетiн санасымен сараптап, көңіліне тоқып, шын жүректен бағалап қастерлейді.Сонан кейiн, Құдірет қаламымен жазылған хат тәріздес жаратылыстың жапырақ беттерін, аспан мен жердің парақтарын оқи отырып, қайран қала толғанады.Сосын, қоршаған ортадағы әсемдiкке, күрделі шеберлікке ой жүгiртiп, оны жасаған Фатыр-ы Зүлжамалдың теңдесiз өнеріне сүйсініп және бұлардың барлығын жасаған Сани-ы Зүлкамалдың құзырына шығуға, сондай-ақ оның ілтипатына бөленуге асығады.Екіншісiнiң сыры: Құзыр мен үндеу тыңдаушы мақамы. Адам бұл мақамда жаратылғаннан Жаратушыға өтедi яғни, Сани-ы Зүлжәлал өнерінің мүғжизалары арқылы өзін таныстырып, білдіргісі келетінін сезіп, ол да иманы арқылы, мағрифет арқылы жауап қайырады.Сосын, бір Рабб-ы Рахим өзiнiң асқан мейіріміне бөлеп, жарылқай отырып, тәтті нығметтер беріп тәбетін ашып, өзіне деген сүйіспеншілік махаббат талап ететініне көзі жетеді. Пендесі жан-тәнімен жақсы көріп, адал құлшылығымен жауап береді.Содан соң, Мүним-і Кәрим (Аса жомарт жарылқаушы) заттық және рухани нығметтердің балдай тәтті ләззаттарын сыйлап, мәпелеп бағып отырғанын аңғарады. Оған да жауап ретінде амал жасап, хал-жағдайымен, сөзiмен, тіпті қолынан келсе барлық сезімдерімен шүкір етіп, оны мадақтау арқылы шексіз алғысын білдіреді.Сосын, Жәлил-і Жәмил бүкіл болмысты айна ретінде жаратып, өзінің шексіз ұлылығын керемет сұлулығын, Жәләл мен Жамалын көрсетіп, өзіне назар аудартып отырғанын көреді. Пендесі оған да, жауап ретінде «Аллаhу Әкбар, Субханаллаh» деп инабатты түрде таңдана да сүйсіне сәжде жасайды.

106ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУСодан кейін, бiр Ғани-ы Мұтлақ (Нағыз бай) мол қазынасы мен бай лығын жайып көрсетiп отырғанын аңғарады. Бұған жауап ретінде тағзым етiп, мадақтап, шарасыз екенін мойындап жалбарына, өзiнiң өтініші мен тілегін айтады.Сосын, бiр Фатыр-ы Зүлжәлал (Айбынды, теңдессіз жаратушы) жер жүзін көрме ретінде барлық таңғажайып әсем өнерін тізіп жайып қой ғанын байқайды. Бұған: «Машааллаh» деп қадірлеп, «Бәрекаллаh» деп қошеметтеп, «Сүбханаллаh» деп таңғалып, «Аллаhу Әкбар» деп, сүйсіне жауап береді.Содан соң, бiр Уахид-ы Әхад, мына «әлем» деп аталатын керуен са-райдағы барлық нәрселерге, өзінің көшірілмейтін, теңдессіз өзіндік таңбалар басқандығын, тәухидтің аяттарын нақыштап жазғандығын және әлемнің әр тарапына Уахданиет белгілерін қойып толық Рубубиетін жа рия лап отырғанын көреді. Бұған ол растау арқылы, иман келтіру арқылы тәухидпен, мойынсұнумен, куәгерлік етіп, құлшылық жасап жауап береді.Міне, адам баласы осы секілді құлшылық пен толғаныс, пікір жүргізу арқылы ғана нағыз адам бола алады. Сонда ғана, өзінің ахсән-і тақуим яғни керемет жаратылғанын көрсетеді. Иманның берекетімен аманат арқалауға лайық, жер бетiнiң сенімді халифасы екенін дәлелдейді.Уа, «әхсән-і тақуим» түрінде жаратылған, бiрақ жағымсыз қылықтарымен әсфәл-і сафилинге бет алған бейқам адам! Сөзіме құлақ сал! Мен де сен сияқты жасымда албырттыққа мас болып, дүниеге қызыққан шағымда қарттықтың кеші таяп, ол мастықтан айықтым. Көздiң жауын алып та маша сұлу көрінген дүниенің, яғни, ақыретке қатысы жоқ, қу дүниенiң қаншалықты жағымсыз екендiгiн түсіндім. Ал ақыретпен қатысты дүниенiң әлдеқайда тамаша әрi баянды екенін аңғардым. Бұл ақиқатты «Он жетiншi Сөздiң» екiншi бөлiмiнде екі жапырақ түрінде жазған едiм. Сен соған да назарыңды сал.Бірінші жапырақ: Дүниені адасқандарға еліктеп, бiрақ саналы түрде бейқамдық пердесінiң артынан бұрынырақ көрген, бейқамдардың дүние сiндей суреттейдi.Екінші жапырақ: Дүниенің тура жолдағылар мен ақиқатты тапқан дардың көзқарасына сәйкес шын мәнiсiн сипаттайды. Баста қалай жазыл ған болса сол күйінде қалды. Өлеңге ұқсайды, бірақ өлең емес.

107ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СӨЗ

Жиырма төртінші СөзденБЕСІНШІ БҰТАҚБұл «Бұтақта» бес жеміс бар.Бірінші жеміс: Уа, өзін қатты жақсы көретін нәпсім! Уа, дүние құ мар достым! Махаббат деген мына әлемнің жаратылуына себеп әрі ға ламды байланыстырып тұрған күш. Ол мына әлемнің нұры һәм тірілігі болып табылады. Адам болса, ғаламның өзегін бойына сіңіріп тұрған жемісі болғандықтан ғаламды қамтитын махаббат сол жемістің дәнегі тәріздес қалбына орналастырылған. Енді сондай махаббатқа лайық еш нұқсандығы жоқ кәміл біреу керек. Ойлан Уа, нәпсім, Уа, достым! Сенің бойыңда екі сезім яғни қорқыныш пен махаббат бар. Бұл сезімдер қалай болса да жұмсалады. Яғни, я Жаратқанға я жаратылғанға арналады. Бірақ, өзің ойлашы, жаратылғандардан қорқу азапқа салатын бәле, оларға махаббат та адамды бәлеге қалдырады. Неге десең, қорыққан нәрсең сені аямайды немесе жалбарынғаныңды қабылдамайды. Олай болса бұл қорқыныш сезімі азапқа толы бәле. Енді махаббатқа келейік. Сенің жақсы көрген нәрсең сені танымайды, «қош бол!» деп те айтпай кетіп қалады (жастық шақ, мал-мүлік секілді), я болмаса сен оны жақсы көргенің үшін сені қорлап, азарлайды. Көрмеймісің, Жаратқаннан жат нәрселерге ғашық болғандардың жүзден тоқсан тоғызы сүйіктісінен шағымданып жатады. Өйткені, Самәдтің (ешнәрсеге мұқтаж емес, бәрі оған мұқтаж Аллаһ) айнасы боп табылатын жүректің түкпірімен әлгі пұт секілді дүниеуи сұлуларға аса құрмет қылу олардың назарында да ыңғайсыз жағдай. Негізінде олар қымсынады, қабылдамайды. Себебі, табиғаты бұ зыл мағандар шамасынан артық, табиғи емес нәрселерді сыртқа тебеді, қабылдамайды. (Құмарлыққа тән сүюді айтып отырған жоқпыз, ол тақырыптан тыс мәселе).Демек, жақсы көрген нәрселерің сені танымай қалады екен, немесе қорлап масқара қылады екен, я болмаса сені тастап кетіп қалады екен. Олай болса, бұл махаббат мен қорқыныш сезімді махаббат қылғанда еш қорламай қайта бақытқа бөлейтінге арна! Иә, Халиқ-ы Зүлжәлалдан қорқу оның рахым толы аясына тартады. Қорқу ол бір қамшы тәрізді мейрімге бөлетеді. Қалайша мейрімді ана сәбиін кейде қорқытып

109ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СӨЗқұшағына ты ғады. Ал, ана біткеннің мейірімі Аллаһтың рахымының бір ғана сәу лесі. Демек, Құдайдан қорыққанда рухани мол ләззат болады. Мұны «хауфуллаһ» дейді. Ал, енді «хауфуллаһта» мұндай күшті ләззат болатын болса «мухабетуллаһта» (Аллаһқа махаббат) қаншалықты шексіз ләззат болатынын түсін. Һәм Аллаһтан қорқатын адам басқалардың үрейлі, һәм бәлеге ұшырататын қорқынышынан аман болады. Һәм Аллаһ үшін болғандықтан дүниедегі нәрселерге қылған махаббаты да өкінішті, уайымға салатын, қоштасумен тынатын махаббат болмайды.Рас, адам ең әуелі өзін жақсы көреді. Сосын тума-туыстарын, сосын хал қын, жан-жануарларды, ғаламды, жалпы дүниені жақсы көреді. Олар дың әрқайсымен тығыз байланыста. Олар қуанса бұл да қуанады, қайғырса бұл да қайғырады. Дегенмен, қатты жел, аласапыран дауыл соғып тұрғандай бұ дүниеде еш нәрседе тұрақ жоқ. Жүрек байғұс содан қатты жараланып мазасы кетеді. Енді қауыштым дегенде ол нәрсесі ғайып болып қайғы бір тынбайды немесе бұдан құтылам деп бейқамдықпен мастыққа ұшырайды.Олай болса ей, нәпсім! Ақылың болса, барлық махаббаттарыңды жинап нағыз иесіне тапсыр! Ондай бәлелерден аман бол! Ол шексіз махаббаттар шексіз кемел, шексіз жәмал яғни еш нұқсандығы жоқ, көркем бір Аллаһқа тиесілі. Оны өзінің иесіне берген кезіңде барлық нәрсені Оның атымен, Оның айнасы ретінде еш қиналмай жақсы көруіңе болады. Демек махаббатты түгелімен жаратылғандарға беруге болмайды, әйтпесе махаббат өте тәтті нығмет бола тұра азаптайтын ауыр жазаға айналады.Енді бір мәселе бар, ол өте маңызды. Ей, нәпсі! Сен ғой махабаттыңды өзіңе арнап отырсың. Өз өзіңді мағбуд (табындырушы), махбуб (сүйікті) қылып алыпсың. Нәпсің үшін бәрін пида етуге дайынсың. Құдды бір оны өзіңе Раббы яғни билеп, төстеушідей көріп отырсың. Алайда, бір нәрсеге махаббат қылу үшін белгілі бір себептер керек. Мәселен, кемелдік. Себебі, кемелдіктің өзі сүюге тұрарлық қасиет. Пайда, ләззат немесе жақсылық. Яки осы секілді себептермен махаббат қылуға болар.Енді тыңда ей, нәпсі! Сенің табиғатың кемшілік, пақырлық, әлсіздіктен жаратылған. Қараңғылық қоюланған сайын нұрдың жарықтығы анық көрінетіні секілді, сен дағы бойыңдағы кем

110ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУсипаттармен Фатыр-ы Зүлжәлалдың Кәмал, Жәмал, Құдірет пен Рақым секілді кемел сипаттарына айналық қызметін атқаруға тиіссің. Мұны жақсы білуің керекті. Өйткені, саған бірнеше Сөзде дәлелдеп берген болатынмын. Демек, ей нәпсі! Өзіңе махаббат қылма! Керісінше оны жек көр, оған дұшпан бол! Немесе сорлыны ая немесе көнбіс халге келсе қамқор бол! Рас, сен нәпсіңді жақсы көресің. Өйткені ол, ләззат пен пайданың көзі ғой. Сен де пайда мен ләззатқа құмар біреусің. Бірақ байқа! Болар болмас, түкке арзымайтын ләззатқа, нәпсілік пайдаға бола шексіз тәтті ләззаттан, таусылмас байлықтан, мол пайдадан айырылып қалып жүрме! Жылтырауық қоңыз секілді болма! Ол не істейді? Ол, барлық сүйіктілерін һәм жақын достарын қою қараңғыға тастап өзінің бойындағы кішкене жарыққа мәз боп алданады. Сен де нәпсің беретін уақытша, болмашы ләззат пен кішкентай пайдаға бола орасан зор пайдадан құр қалма! Яғни қайғысы мен қуанышына ортақ, пайда көрсе шаттанатын сенің тума-туысқан бауырларыңды, жора-жолдастарыңды мәңгі бақытқа бөлейтін, һәм әлемдегі бүкіл пайдалар мен нығметтер қолында болған бір Махбуб-ы Әзәлиді жақсы көруің керек. Сонда олардың бақытына шаттанып, көңілің тасып мәз боласың. Һәм Аллаһты жақсы көрсең көңілін шат, шексіз ләззат пен мол рахатқа батасың.Иә, негізінде саған берілген күшті махаббат сезімі Жаратқанның өзіне арналған махаббат болатын. Сен оны бұрыс пайдаланып өзіңе арнадың, өзіңді өлердей жақсы көресің. Енді сен, өзіңдегі «мен» дегенді қой да «Ол» де! Жан-жаққа шашылып жатқан әлгіндей махаббаттарыңды Оның көркем есім-сипаттарына арна! Өйткені нағыз иесі Сол. Сен өз мүддеңе пайдаландың. Біле білсең, жазасын тартып та жүрсің. Өйткені орынсыз жұмсалған, заңға қайшы махаббаттың жазасы аяусыз азап, өкініш пен кетпейтін бәле.Апырым-ай, Рахман-ур Рахим (аса қамқор, мейірімді) атымен танымал және хор қыздарымен құлпырған Жәннат дейтін сенің бүкіл сезімдеріңді қанағаттандыратын мекен жайды сен үшін әзірлеген және өзге есімдерімен сенің рухыңды, жүрегіңді, ақылыңды, басқа да сезімдеріңді риза қылатын мәңгі бітпес сыйлықтармен жарылқайтын, һәм әрбір есімінде рухани мол сый-сыяпат табылатын Махбуб-ы Әзәлидің саған титімдей махаббаты бұйырып жатса, неткен ғанибет. Ол сен үшін үлкен бақыт. Ол бүкіл әлемнен артық сыйлық. Ғалам

111ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СӨЗОның махаббатының жалт еткен бір ғана нұрына татымайды. Олай болса, ол Махбуб-ы Әзәлидің (мәңгі, еш өзгермейтін сүюге ең лайық) өз Хабибына яғни ең сүйікті құлы Мұхаммедке (с.а.у) айтқызған мына әмірін жақсылап тыңда да бойұсынЕкінші жеміс: Ей, нәпсі! Жасаған құлшылығыңды ақыретте берілетін сый-ақыға дайындық деп түсінбегін. Керісінше бізге өтіп кеткен нығмет тердің ақысы деп түсін. Иә, біз ақымызды алып қойғанбыз, енді соған орай қызмет, құлшылық етуге міндеттіміз. Қалай десең, әуелі өте жақсы денені сыйлады яғни әу баста жоқ едің бар қылды. Сосын ол Халиқ-ы Зүлжәлал тәбеті күшті асқазан берді де өзі Рәззақ (ризықтандырушы) болғасын сенің алдыңа нығметке толы дастархан, ризық несібе жаратты. Сосын сезімтал өмір сыйлады. Ол да асқазан секілді азық сұрайды. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелер оның қолы ретінде жер жүзіндей кең ырысты дастарханнан пайдаланады. Сосын рухани ризық, нығмет қажетсінетін адамгершілікті берді. Ол да көзге көрінетін, көрінбейтін үлкен нығметке толы дастарханнан дәм татқысы келеді әрі ақыл-ойды қол қылып пайдаланады, татады. Сосын шексіз нығмет сұрайтын және рахымшылықпен азықтанатын ұлы адамгергершілік яғни дін Исламды, Иманды берді. Осылайша, бүкіл жаратылыспен бірге Әсма-і Хусна (Аллаһтың көркем есімдері) және киелі сипаттарын қамтитын кең дастархан жайып саған бақыт пен шаттық сыйлады. Сосын иманның бір нұры боп табылатын махаббат беру арқылы тағы да бақыт пен ләззат ұсынды. Яғни былай қарағанда болмысың кішкентай, әлсіз, дәрменсіз шектеулі біреусің, бірақ оның жарылқауымен шексіздікке, соңсыз нұрға бөлендің. Себебі, саған өмір сыйлау арқылы шексіздікке, адами қасиеттер беру арқылы нағыз шексіздікке, дін Исламды сыйлау арқылы тым жоғары нұрлы шексіздікке, мағрифат пен махаббат беру арқылы ұшы-қиыры жоқ нұрға бөледі, жарыққа шығарды.Міне, ей нәпсі! Сен бұларды көрдің, алдың. Енді сен құлшылық дей тін тәтті, нығмет боп табылатын әрі рахат әрі жеңіл жұмысты істеуге міндеттісің. Алайда, жалқауланып бұған да ерінесің. Шала-шарпы құлшы лық қыласың да бейне бір бұрынғы сый-ақы аздай ірі-ірі нәрселерді қатаң талап қоятындай сұрайсың. Тіпті кейде

112ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУ«Неге дұғам қабыл болмады» деп еркелейсің. Иә, еркелеу сенің шаруаң емес, сенің шаруаң жалыну, жалбарыну. Мейрімі мол Аллаһ тағала жұмақты, мәңгі бақытты өзінің асқан мейрімімен, тым жомарттығымен сыйлайды. Сен әрдайым оның рахымшыл әрі жомарт екенін ұмытпай сиынып жүр! Оған сенім арт және мына аяты тыңда!Егер былай десең: «Мұншама шексіз, мол нығметтерді шектеулі де азғантай шүкірмен қалай қайтармақпыз?».Жауабы: Шексіз ниетпен, зор сеніммен. Мәселен, бір байғұс қолын да бес теңгелік сыйлығымен падишахтың құзырына кіреді. Қараса, ірі тұлғалар әрқайсысы миллион теңге тұратын сыйлық әкеп тапсырып жа тыр екен. Бұл іштей «менің сыйлығым бұлардың қасында түк емес, не істесем екен?» деп қапаланады. Кенет басын көтеріп былай дейді: «О, патша ағзам! Егер менің қолымнан кел-се, осы сыйлықтың бәрін өз атымнан сізге ұсынар едім. Себебі сіз, оған лайықсыз». Міне, ештеңеге мұқтаж емес, тек халқының адалдығына белгі боларлық және қаншалықты құрметтейтінін білу үшін сыйлықтарды қабылдап жатқан әлгі падишах манағы байғұстың шексіз алғысын, ыстық лебізін, риясыз ниетін, өзі туралы жақсы ойын ең қымбат сыйлық ретінде қабыл алады.Дәл сол сияқты, дәрменсіз бір құл, намаз оқығанда «әттахияту лилләһ» яғни барша мақұлықтың тірі болып, өмір сүруі арқылы саған жасаған құлшылық-сыйлықтарын мен өз атымнан барлығын жаппай саған ұсы намын. Егер қолымнан келгенде сондай барлық құлшылықты өзім жасар едім. Сен оған тіпті одан да артығына «лайықсың» дейді. Мұндай ақ ниет, зор сенім шексіз шүкір боп саналады.Өсімдіктердің тұқымдары, дәндері, олардың ниеттері боп табылады. Мәселен, қауын, ішіндегі дәндері арқылы мыңдаған ниетпен: «Уа, Жаратқан Ием! Сенің көркем есімдеріңнің өрнектерін көптеген жерден жар салғым келеді» дейді. Аллаһ тағала енді келетіндердің қалай келетінін білетіндіктен олардың ниеттерін іс жүзінде ғибадат жасағандай қабыл етеді. «Мүминнің ниеті жасайтын амалынан қайырлы» дегені осыған ишара. Һәм

113ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СӨЗдеп шексіз тәсбих етудің хикметі, осындай сырлар арқылы түсінікті болады. Сондай-ақ, мәселен бір қолбасшы бүкіл жауынгерлердің қызметтерінің жиынтығын өз атынан падишахқа ұсынады. Сол сияқты жаратылысқа басшылық ететін, хайуанат пен өсімдіктерге командир қызметін атқарушы, дүние нің халифасы болуға лайық және өзінің ішкі дүниесінде бәріне өзін уәкіл тағайындаған пенде яғни тек саған ғана құлшылық етеміз, тек сенен ғана жәрдем сұраймыз дейді. Барлық жараты лыстың ғибадаттарын, жалбарынуын өз атынан Мағбуд-ы Зүлжәлалға ұсынып отырады.Һәм,деп болмыс атаулыны өз атынан сөйлетеді. Тағы дадеп баршаның атынан Ардақты Пайғамбарымызға салауат айтады. Солай болуы керек, себебі болмыс атаулы Мұхаммедтің (с.а.у) нұрымен тығыз байланысты. Міне, тәсбихат айтқанда, салауат қайырғанда саны шексіз болып айтылуының сыры осында.Үшінші жемісі: Ей, нәпсі! Қысқа өміріңде ақыретке шексіз амал жасағың келсе және өтіп жатқан әрбір минутыңды бір өмірлік берекелі қылғың келсе, күнделікті әдетіңді ғибадатқа, бейқам сәттеріңді құзырға айналдырғың келсе, Расулуллаһтың сүннетін ұстан! Өйткені, бір істі шариғатқа сай қылғаныңда белгілі бір мағынада құзыр (пенденің Аллаһ алдында екенін сезінуі) береді. Бір жақтан құлшылық болады да о дүниеде мол жеміс береді. Мәселен, сен бір зат сатып алдың дейік. Шариғатша «ижаб уә қабул» яғни сен ұсынған бағаға ол да ризашылық білдірсе сол кезде сенің әлгі

114ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУжай саудаң ғибадат боп саналады. Манағы шариғат үкімін ойлау Аллаһтың әмірін, уахиді еске түсіреді. Сосын ол шариғаттың иесін еске түсіреді. Оның алдында екенін сезініп құзыр табады. Демек, біз амалдарымызды әсем сүннетке сәйкес жасасақ, қысқа өмір берекелі болып, мәңгі жемістер сыйлайтын, бақи өмірге ұйытқы болар пайдаларға қол жеткізеді.аятын тыңда! Шариғат пен сүннеттің үкімдері арқылы көрінетін Әсма-і Хүснаның шағылыс сәулелерін тамашала. Әрбір есімнің шуағына бөленіп джами мазхар яғни мазмұнды айна болуға тырыс!Төртінші жемісі: Ей, нәпсі! Әһл-и дүниеге, әсіресе азғындарға, оның ішінде кәпірлерге қарап, олардың жасанды да алдамшы, харам ләззаттарына қызығып еріп кетпе! Сен оларға қанша еліктегенмен олар сияқты бола алмайсың. Азып-тозып кетесің. Хайуан деңгейінде де қала алмайсың. Неге десең, басыңдағы ақыл азап құралына айналып, ұр тоқпақтай төбеңді төпелейді. Мәселен, көз алдымызға бір сарай елес тетелік. Орталық залында үлкен электр шамы ілулі. Оған жалғаулы, одан бастау алатын кішкене шамдар басқа кішкене бөлмелерге тартылған. Енді біреу келіп, орталық зал яғни төргі бөлменің электр шамының түймесін басып, жарықты сөндірсе, сарайдың бүкіл бөлмелерін қараңғылық ба сып, үрей жайлайды. Ал екінші бір сарайда олай емес. Төргі бөлмедегі электр шамымен байланыспаған кішкене бөлмелердің шамдары жеке-жеке тартылған. Ол сарайдың иесі орталық залдың яғни төргі бөлменің шамын сөндірсе де басқа бөлмелердің шамдары жанып тұра берді. Жұмысын жалғастыра береді, заттар ұрланбайды.Ей, нәпсім! Бірінші сарай мысалы мұсылман. Ардақты Пайғамбар а ләйһиссалату уәссалам оның жүрегінің төрінде үлкен электр шамы секіл ді. Егер оны ұмытса Құдай сақтасын жүрегінен орын бермесе, ол ешбір пайғамбарды қабылдамайды, тіпті іліп аларлық қасиет қалмайды, тіпті Құдайын танымай кетеді. Бойындағы сезімдер қараң қалып, ішкі дүниесінде аласапыран, үрейлі қорқыныш орнайды. Апырм-ай, мұндай бұзылу мен үрейге немен қарсы тұрып,

115ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СӨЗтөтеп бересің. Қандай пайда тауып әлгі зор шығын мен зиянды жаба аласың. Алайда ғайр-ы мүслимдер (мұсылман еместер) әлгі екінші сарайға ұқсайды. Олар Пайғамбарымыздың ғаләйһиссалату уәссалам нұрына жүректерінен орын бермесе де өздерінше кейбір нұрлар қалады яки қалуы мүмкін деп ойлайды. Оларға рухани кемелдік үшін Мұса немесе Иса аләйһиссаламға деген бір сенімдері, Жаратушыға деген имандары қалуы мүмкін.Ей, нәпсі! Егер былай десең: «Мен ғайр-ы мүслим емес, хайуан болғым келеді». Саған қанша мәрте айтылды. Хайуан секілді бола алмайсың! Өйткені басыңда ақыл болғандықтан ол өткен шақтың уайым қайғысын, болашақтың үрейін әкеп жүзіңе, бет-ауызыңа ұрғылап, мазаңды алады. бір ләззат ішінен мың қайғы тауып береді. Хайуан олай емес. Уайымсыз рахаттанып, қызыққа батады. Олай болса, әуелі ақылыңды алып таста сосын хайуан бол! Һәм деген сөгіс айтатын аятқа нысана боласың.Бесінші жемісі: Ей, нәпсі! Адам мына жаратылыс ағашының жемісі екені көп мәрте баяндалған-ды. Сондықтан, жеміс сияқты өте биікте, мазмұнды, бүкілімен байланысты, барлығының ортақ жақтарын қамтитын жүрек-дәні бар, жүзі бірге емес көпке, бақиға емес фәниға, дүниеге қарап қалған бір мақұлық. Ғибадат болса, оның осы қисық жүзін түзейтін, фәниден бақиға, жаратылғаннан Жаратқанға, көптен біреуге, соңынан басына қарай тартылған арқан, яки бастауы мен аяқталуды қосатын торап.Мәселен, тұқымын алуға лайық сапалы, керемет өнім беретін ақыл есі бар бір жеміс елестетелік. Ол, өзінен төмен, ағаштың түбінде жүрген жануарларға қарап көңілі ауса әрі әдемілігіне сеніп өзін олардың қолына тапсырса немесе байқамай түсіп кетсе олардың тұзағына түседі де тоз-тозы шығады. Енді ол тұқымдық емес қарапайым бір түйір жеміс ретінде жарамсыз боп қалады. Егер әлгі жеміс, неге сүйенерін білсе, ішіндегі дән ағашты толығымен қамтитындығын және ағаштың жалғасуына ұйытқы болатынын, түрін сақтауға себеп екенін аңғара алса, ол кезде әлгі бір түйір жемістің ішіндегі бір түйір дән шексіз ақиқатты жалғастырып, ұзақ өмір сүрер еді. Дәл сол сияқты пенде, егер көпке көңілі ауып, әлемге басы айналса, дүние махаббатымен мас болып фәнилердің күлгеніне

116ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУмәз болып өзін олардың құшағына тастаса әлбетте шексіз зиянға ұшырайды. Ол енді бұзылып, фәнилікке, жоқ болуға бет алады. һәм өзін өзі рухани тұрғыдан өлім жазасына кеседі. Ал егер, жүрек құлағымен Құран тілінен иман дәрісін тыңдап салбыраған басын көтерсе, көңілін көпке емес Біреуге бұрса, құлшылықты саты қылып кемелдіктің ғарышына самғай алар еді. Мәңгі өшпес бақи адам атанады.Ей, нәпсім! Бұл айтылғандар ақиқат. Және сен Ибраһимнің (Алейһис салам) миллетіненсің. Олай болса, де! Нағыз сүюге лайық Махбуб-ы Бақиға бет бұр! Мен сияқты былай деп жыла: (Жазылуы тиіс парсыша өлеңдер он жетінші Сөздің екінші бөлімінде жазылғандықтан бұл жерге жазылмады).

Жиырма бесінші СөзденЕКІНШІ ШАҒЫЛЫСҚұранның уылжыған балғындығы. Әр ғасыр сайын жаңадан түскендей Құран өзінің балауса балғындығын сақтап отырады. Иә, Құран әзәли (мәңгілік) оқылатын құтба ретінде барлық кезеңдердегі бүкіл халықтың барлық деңгейдегілеріне үндеу болғандықтан, оның сондай әрдайым балғын сипатта болуы керек-ақ. Һәм, ол солай көрінген және солай көрінуде. Тіпті ол, түсініктері әртүрлі, қабілеттері сан-алуан ғасырлар өтсе дағы, бейне бір әрбір ғасырды жеке-жеке қолға алып, қарастырып дәріс береді. Адамдардың істеген іс тері мен шығарған заңдары өздері сықылды қартаюда. Тіпті өзгеріп сан құбылады. Бірақ, Құранның үкімдері мен заңдары тамыры терең, өте мықты тұр. Қанша ғасыр өтсе де өзгермек түгілі, қуаты артып жандана түспек.Иә, өзіне қатты сенетін, Құранның сөзіне құлақ аспайтын мына ғасыр және ондағы өмір сүріп жатқан кітап иелері, адамзат Қасиетті Құранның (Уа, өздеріне көктен кітап түскен қауым!) деген тәрбиелік мәні зор үндеуіне қаншалықты мұқтаж десеңізші! Бейне бір осы үндеу тікелей осы ғасырдың адамдарына арналғандай. Оның (Уа, өздеріне кітап түскендер!) сөзі бейне бір (Уа, мектеп оқығандар!) деген мағынаны да білдіріп тұрғандай. Ол бар даусымен, балғын түрде, жаңа ғана түскендейжарлығын әлемнің түкпір-түкпіріне жаюда.Мәселен, Құранмен айтысуға жеке тұлғалар ғана емес топ болып, жамағат болып кіріссе де түк өнбеген. Бүкіл адамзаттың тіпті жындардың ой-пікірлерінің табысы болып табылатын осы кезеңдегі мәдениет Құранға қарсылас жағдайға енді. Олар Құранның мұғжизасына қарсы сиқыр пай даланып тайталасқысы келеді. Соңғы

118ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУкезде пайда болған әлгіндей айтыс-шабуылдарына қарсы Құранның деген бір ғана аятының тойтарыс берген тегеурінді соққысын баяндап берейін. Ол үшін мәдениеттің негіздері мен ұстанымдарын Құранның негіздерімен салыстыра отырып баяндаймыз.Біріншіден: Осы кітаптың бірінші Сөзінен бастап жиырма бесінші Сөзіне дейін баяндалған салыстырмалы теңеулер, ол Сөздердегі ақиқаттар, және кіріспесіндегі аяттар екі жердегі екі төрт болатындай анық түрде Құранның иғжазы мәдениеттен үстем екенін, мәдениет Құранның алдын да дәрменсіз қалып, жеңіліс табатынын дәлелдеген-ді.Екіншіден: Он екінші Сөзде дәлелденгеніндей, олардың ұстанымда рының жалпы негіздерін қорытындылар болсақ;Қазіргі мәдениет пәлсапаға сүйеніп адамзаттың қоғамдық өмірінің тірегі «күш-қуат» деп ойлайды. Алға қойған мақсаты «пайда қуу» дейді. «Күресу, тартысу» өмірдің заңы дейді. Халықты өзара байланыстырып тұрған «нәсілшілдік, болымсыз ұлтшылдық» деп қарайды. Діттеген мәресі нәпсінің «әуестігін қандыру» және тұрмыстың шарттарын көбейтіп, қиындататын «ойын-күлкі, бос ермек\". Алайда, күш қолданылған жерде өктемдік, зомбылық етек алады. Пайда қуу болса, толық қана ғаттандырмайтындықтан нәтижесінде қақтығысқа апарады. Күресуді заң ретінде қабылдаса соғысқа дайындайды. Нәсілшілдік, өзгені жеп қоюға, біреуді қанауға итеретіндіктен жауыздық пайда болады. Міне, осы күнгі мәдениеттің аталмыш заңдарының кесірінен, жақсы жақтары бола тұра адамдардың жүзден жиырма пайызына ғана жасанды бақыт беріп, қалған сексенінің мазасын қашырып, азғындыққа итеруде.Ал, хикметке толы Құранның даналығы болса, өмір-тұрмыстың тірегі ретінде «күш-қуатты» емес, «ақиқатты» қабылдайды. Мақсат «пайда қуу» емес, «ізгілік пен адамгершілік» һәм «Аллаһтың ризашылығы» деп біледі. Өмірлік ұстанымда «өзара ынтымақ пен көмектесуді» басшылыққа алады. Халықтың бірлігі нәсілшілдікпен, ұлтшылдықпен емес, «діни бірлестік пен отандастық, таптық байланыспен нығая түседі» дейді. Діттеген межесі, нәпсінің әуестігін тізгіндеп, харамнан тыйып, рухты биікке өрлеуге ынталандыру,

119ЖИЫРМА БЕСІНШІ СӨЗ қасиетті сезімдерді қоздырып қанағаттандыру, адамды кемелдікке бастап, нағыз адам қылу. Ақиқат, шындық болған жерде ауызбіршілік болады. Ізгілік болса ынтымақ орнайды. Өзара көмектесу болса, бір-біріне қамқор болуға баулиды. Дін дегеніміз бауырластық, сүйіспеншілік. Жүгенсіз нәпсіні ноқталап, рухты кемелдікке қарай айдап, еркін қоя берудің нәтижесінде екі дүниенің бақыты орнайды. Міне, қазіргі мәдениет дәстүрлі діндердің алдында, әсіресе Құранның алдында, Құраннан жақсы нәрселер үйреніп, өнеге алғанның өзінде де қаншалықты пәс, дәрежесі өте төмен екенін түсінген шығарсың.Үшіншіден: Қазір мыңдаған мысалдардан үлгі ретінде үш-төрт мәселені баяндаймыз. Шынымен, Құранның ереже-заңдары «әзәл» (бастауы жоқ, мәңгілік) тарапынан келгендіктен «әбәдке» (соңсыз, мәңгі-бақи) жалғаса бермек. Оның заңдары мәдениеттің заңдары секілді қартайып өлмейді. Ол әрдайым балғын әрі қуатты.Мысалға, айталық мәдениеттің қоғамға тигізген жақсылықтарын тү гелдей қоссаң және қоғамды қатаң бақылауға алып, тәртіп орнатса дағы, сондай-ақ, қаншама оқу орындарын ашып халықты тәрбиелеймін десе де Қасиетті Құранның екі мәселесіне қарсы тұра алмай ол тұрғыдан жеңілгенін мойындады.Мәселен,Құранның осы артықшылығын бір кіріспе арқылы баяндап берейін. «Ишарт-үл Иғжаз» атты кітабымда дәлелденгеніндей, тарих бойынша адамзат қоғамының билікке наразылық қылып, толқуының бірден бір себебін бір ауыз сөзбен түйіндеген. Әрі, бүкіл жаман мінез-құлықтың анасын, қайнар көзін де бір ауыз сөзбен жеткізген. Ол не сөз дейсіңдер ғой.Бірінші сөз: «Менің қарным тойса болғаны. Басқалар аштан қырылып қалса да шаруам жоқ».Екінші сөз: «Сен жұмыс істе, жемісін мен жейін».Иә, қоғамдық өмірде жоғары топ пен қарапайым халық яғни бай мен кедей, өзара теңдестіктің саясында және таразының екі басын тең ұстау арқылы ғана тыныш өмір сүреді. Ал, мұндай теңдік орнауы үшін жоғарғы топ төменгі топқа жанашырлық жасап, мейірімділік қылуы және төменгі топтың да жоғары топқа құрмет көрсетіп,

120ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУбағынуы шарт. Енді, жоғарыда аталған бірінші сөз, жоғарғы топты зұлымдыққа, азғындыққа, мейірімсіздікке итерді. Ал, екінші сөз, қарапайым халықты өш алуға, қызғанып көре алмаушылыққа итеріп, наразылықтарын туғызды. Сөйтіп, бірнеше ғасырдан бері адамзат тұрмысының берекесін алғаны секілді, соңғы заманда еңбек пен капиталды соғыстырып, нәтижесінде Еуропада үлкен төңкеріс болды. Міне, мәдениет адамзаттың әлгі екі тобын келісімге шақырып, татуластыруға көптеген қоғамдық ұйымдар ашып, оқу орындарын салып тырысса да, оған қоса қатаң тәртіп орнатып, жіті қадағалап, жүйелі түрде жұмыс істесе де ол іс-шараларынан түк шықпады. Сондай-ақ, әлеуметтің әлгі екі жарасын яғни екі мәселесін шеше алмай дал болды. Ал, Қасиетті Құран болса, бірінші сөзді, зекетті парыз қылу арқылы түбегейлі шешіп, жараны емдейді. Екінші сөзді де өсімқорлықты харам қылу арқылы шешіп, шипа береді. Иә, Құранның аяттары бүкіл әлемге жар салып: «Өсімқорлыққа жол жоқ!» дейді. Адамзатқа: «Өзара қырқысу тоқтасын десеңдер банкі қызметін доғарыңдар!» деп бұйырады. Шәкірттеріне де «Банкіге жоламаңдар!» деп әмір береді.Екінші негіз: Мәдениет бірнеше әйел алуды қабылдамайды. Құранның бұл үкімін өздерінше ақылға сыйымсыз, еш пайдасы жоқ деп ойлайды. Егер де, олардың ойлағанындай үйленудегі мақсат құмарлық қандыру болса, керісінше болуы керек еді. Алайда, үйленудің мақсаты мен хикметі ұрпақ жаю, нәсілді жалғастыру. Бұған тіпті жан-жануарлар, өсімдік әлемі куәлік етеді. Ал, ондағы құмарлықтың ләззаты болса, ол ауыр міндетті атқарту үшін рахым тарапынан берілетін аз ғана сый-ақы. Демек, ақиқатында және хикмет жағымен қараса үйлену, нәсілін көбейту, тұқымын сақтап қалу үшін болатын шаруа. Әлбетте, бір жылда бір-ақ рет бала туа алатын және айдың жартысында ғана ұрықтана алатын, содан кейін елу жасынан асқанда ол қабілетінен де айырылатын әйел заты, әрдайым ұрпақ жаюға қабілетті, жүз жасына дейін нәсілін көбейте алатын бір еркекке жеткіліксіз болатындықтан, мәдениет амалсыздықтан көптеген жезөкшелік орындар ашуды жөн көріп отыр.Үшінші негіз: Әділ төрелік ете алмайтын мәдениеттің назарында Құран, әйел затына мұрагерлікті бөлісуде үштен бірін беруді бұйырғанына айыпты. Өздерінше бұл үкімін мінемек

121ЖИЫРМА БЕСІНШІ СӨЗ болады. Алайда, қоғам өміріне қатысты үкімдер көпшілікке қарай берілетіндіктен, жалпы алғанда бір әйел өзіне қамқоршы біреуді табады. Ал, ер кісі болса өзіне жүк болатын, асырауға міндетті бір әйелмен отау құруға мәжбүр. Сонымен, әлгіндей жолмен бір әйел әкесінен қалған мұрадан үштен бірін алса, күйеуі қалған нұқсанын толықтырады. Ер адам әкесінен қалған мұрадан үштен екі бөлігін алса бір бөлігін алған жұбайының қажеттілігіне жұмсайды. Сөйтіп апа-қарындасымен тең бөліскен болады. Міне, Құрани әділдік осылай бұйырады. Осылай әділ төрелік етеді. (Сілтеме )*Төртінші негіз: Құран, пұтқа табынуға қатаң тыйым салып қана қоймай, пұтқа табынушылықтың бір түрі, көшірмесі боп есептелетін суретке табынуға да яғни суретке көп мән беруге тыйым салады. Ал, мәдениет болса, сурет салуды өздерінің жетістіктері, жақсы нәрсе деп санап, Құранмен тайталасқысы келеді. Ал, негізінде сурет деген, оның көлеңкесі болсын, болмасын, денеге айналған рия (екі жүзділік, көрсетпешілік) немесе әуестіктің көрінісі, бет-пердесі болып табылады. Бұлар адамды зұлымдыққа, екі жүзділікке, әуестікке итеріп, бұрыс жолға тартады. Һәм, Құран Кәрім, мейірімін төгіп әйел затының құрметін сақтап қалу мақсатымен оларға «ар, ұят» пердесін жамылып жүруін бұйырады. Сонда ғана әлгі мейірбан жандар масқарашыл әуестіктің табанының астына түсіп жаншылмайды, абыройы сақталып қалады. Әйел заты әуестіктің құралы болып, құнсызданып, көрінген жерде жата беретін арзаншылыққа ұшырамасын деп жанашырлық танытады. (Сілтеме ) Мәдениет болса, әйелдерді жылы ұясынан **шығарып, арсыздыққа итеріп, адамзатты да жолдан тайдырды. Ал, негізінде отбасылық өмір бірқалыпты жалғасуы үшін әйел мен еркек арасында өзара құрмет, сыйластық, махаббат болуы керек. Ашық-шашық, әлем-жәлем киіну болса, әлгі шынайы құрмет пен махаббатқа Сілтеме : *Сотта өзін ақтау мақсатымен айтылған, және соттың ауызына құм құйған қорғау сөздерінен үзінді. Орайы келіп осы жерге түсініктеме ретінде жазылды.Әділет басқармасының сотына айтарым: «Мың үш жүз елу жылдан бері, әр ғасырда үш жүз елу миллион адамның тұрмыс-тіршілігіне пайдалы, киелі де мызғымас Иләһи ережені үш жүз елу мың тәпсірдің растап, қолдауына сүйене отырып және мың үш жүз елу жыл бойы жалғасын тауып келген ата-бабамыздың діни нанымдарына сәйкес тәпсір жазған бір кісіні айыпты қылатын жөнсіз шешімді егер әрине дүниеде әділдік қалған бол-са ол үкімді терістеп, ондай шешімді жоққа шығарады!» Сілтеме :** Тәсәттүр яғни орамал тағып, шариғатқа сай киіну әйелдердің табиғатына өте сай. Ашық-шашық жүруді жаратылыстары қабылдамайтынын «отыз бірінші Мек-туб» пен жиырма төртінші «Лема» анық түрде дәлелдеген болатын.

122ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУнұқсан келтіріп, ерлі зайыптылардың арасын суытады. Әсіресе манағы суретке көп мән берушілік адамның мінез-құлқын қат ты зақымдап, түпкі тамырынан бұзып жіберетінін, рухтың төмендеп құлдырап кетуіне себеп болатынын мынадан білуге болады:Мәселен, марқұм болған, рақымға аса мұқтаж сұлу бір әйелдің мәйі тіне әуестене қарау, қызыға құмарту қаншалықты мінез құлыққа жағым сыз әсер етеді, сезімдерді бұзып жібереді. Сол сияқты, өліп қалған әйел дердің суретіне немесе тірі әйелдердің кішкене мәйітіне ұқсайтын сурет терге әуестене, құмарта қарау адамның нәзік те қымбат сезімдерін шай қап, астаң-кестенін шығарады. Сонымен аталмыш үш мысалдағыдай, Құранның мыңдаған мәселелерінің әрқайсысы адамзаттың дүниеде бақыт ты болуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, о дүниеде де мәңгі бақытқа қол жеткізуіне жағдай жасайды. Басқа тақырыптарды осы аталған тақырыппен салыстырып қара!Қалайша, қазіргі мәдениет Құранның қоғам өміріне қатысты ереже-заң дарының алдында тізе бүгіп, оның рухани ғажаптығына қарсы тұра алмай тізе бүкті. Сол секілді мәдениеттің рухы болып сана ла тын батыс пәлсапасы мен адами даналық та Құранның хикметі мен да налығының қасында түкке тұрмайтынын жиырма бес Сөзде салыстырмалы түрде теңеу келтіре отырып дә лелдеген-ді. Ол Сөздерде Құранның мұғжиза екені, атап айтқанда он бірінші, он екінші Сөзде жан-жақты баяндалған болатын. Қаласаң сол жерге қара!Һәм, жоғарыда айтылғанындай қазіргі мәдениет Құранның хикметінің кереметтігіне ғылыми тұрғыдан, тұрмыс жағынан жеңіліп қалды. Сол секілді мәдениет әдебиет пен шешендік тұрғыдан да жеңіліске ұшырайды. Екеуін салыстырғанда, біреуі тұл жетімнің қараң қалған өкініші мен үмітсіз жылап еңірегені сықылды болса, біреуі мәртебесі асқар таудай биік бір ғашық жанның уақытша қоштасудан әсер алып аңсағанын білдіретін, үміт отымен қамығуы секілді, немесе біреуі дәрежесі өте төмен маскүнемнің өлең айтамын деп бақырған дауысы сияқты болса, екіншісі жеңіске, шайқасқа бастар, жанкештілікке итеретін, құлшынысын арттыратын отан туралы өлең айту секілді. Себебі, әдебиет пен шешендіктің әсер ету тәсілі екі түрлі болмақ. Яғни я мұңайтады я қуантады. Мұңаю екі түрлі болмақ. Я сүйіктілерден мүлдем көз жазып қалудан, пана

123ЖИЫРМА БЕСІНШІ СӨЗ болар ешкімі жоқтықтан пайда болатын қараң-қалған мұңаю; міне бұл, адастыратын, табиғатшылдық пен бейқамдыққа салатын мәдениеттің, әдебиетінің әсері. Ал, мұңаюдың екінші түрі болса, сүйіктілерден қоштасудан яғни сүйікті жандар бар, мүлдем жойылып кеткен жоқ, тек уақытша қоштасудан құтылып қауышуға асыққан мұңаю; міне бұл, тура жолға бастайтын, айналаға нұр шашқан Құранның мұңайтуы.Ал енді, көңіл көтеру, қуану болса, ол да екі түрлі болмақ. Біреуі, нәпсіні қоздырып, әуестендіріп жібереді. Бұл театр, кино, роман арқылы әсер ете тін мәдениеттің әдебиетінің кәсібі. Қуантудың, көңіл көтерудің екінші түрі болса, нәпсіні тыйып, рухты, жүректі (көңіл), ақыл мен сырды жоғары самғатып, нағыз отан жұмаққа, мәңгі әлемге, ақыреттік сүйікті жандарға жетелейтін, өте әдепті, бейкүнә түрде құлшыныс беріп, ынталандыру бо лып табылады. Бұл әрине адамзатты жәннатқа шақыратын, мәңгі бақытқа жетелейтін, «Рует-і Жамалуллаһқа» яғни, Аллаһтың жамалын көруге ын та-ландыратын Қасиетті Құранның ісі, соның сыйлайтын қуаныш-шат-тығы. Сонымен:аятының білдірген терең мағына мен ұлы ақиқатты ой-өрісі таяз, мәселеге атүсті қарайтындар тым ағат, асыра айтылған, мүмкін емес деп ойлайды. Жо-жоқ. Әсте олай емес. Керісінше, бұл нағыз ақиқатқа толы шешендік, ол әбден мүмкін әрі солай болған нәрсе.Мұның бір мағынасы мынау: Құраннан алынбаған, Құранға еш қатысы жоқ адами һәм жынның маржан сөздері жаппай бір жерге жиналса Құранға тең келмейді деген сөз. Тең келетінін ешкім көрсете алмайды. Мұның екінші бір мағынасы мынау болса керек; Жындар мен адамдардың тіпті керек болса шайтандардың пікірлерінің жетістіктері, ойлап тапқандары, еңбектерінің жемістері болып табылатын мына мәдениет пен философия, батыстың әдеби жанрлары Қасиетті Құранның ұлық үкімдері мен терең хикметтерінің қасында, тіл өнері, шешендігінің алдында іліп алар жағы жоқ, түкке тұрғысыз нәрселер деген сөз. Оған дәлел болар үлгі-мысалдарды жоғарыда көрсеттік.

(Миуа рисалесінен)Оныншы мәселеге қорытынды ретінде екі сілтемеБipiншiсi: Осыдан он екi жыл бұpын өте қауіпті, қырсық дiнсiз біреу, Құранға қастандық жасағысы келіп, өзінің арам ойын Құранды тәpжiмелеу аpқылы жүзеге асыpмақшы боп былай дептi: «Құранға тәржіме жасалсын. Сөйтіп Оның нендей нәpсе екенiн жұрт білсін, яғни, iшi тола оpынсыз қайталау екенін жұрт көpсiн. Бұдан кейін оның тәpжiмесі оқылсын!». Алайда, Рисалей-Нұрдың бұлтартпас айғақтары оған қарсы: «Құранның толыққанды тәpжiмесі мүмкiн емес, сөз сап-тауы күрделі аpаб тілінде түскен Құранның құндылықтарын, керемет терең сырларын басқа тiл сақтап жеткізе алмайды. Әpбip әpпi он, мың, кейде одан да көп сауап беpетiн Құрани сөздер мен ғажайып сөйлемдердің оpнына адамдаpдың жазған қаpапайым, шектеулі, ауқымы таp, түсінігі саяз аудаpмасын қоюға болмайды. Оның оpнына мешiттеpде оқылмайды!» - деген Рисалей-Нұр әp таpапқа кеңінен тарап әлгі сұмдық жоспарды іске асырмай тастады. Бірақ, сол дiннен безген кәпірден дәріс алған мұнафықтаp бәрібір шайтанға еріп ақымаққа ұқсап Құрани Күндi үpлеп өшipуге тырысып бақты. Олардың осындай сұм айлалары маған өте шұғыл әрі қиын жағдайда осы Оныншы Мәселені жазуға мәжбүрледі. Басқа адамдаpмен кезде-се алмағандықтан жағдайдың анық-қанығын бiлмеймiн.Қоpытындының екiншi сiлтемесі: Денизлинің түpмесiнен шыққанан кейінгі күндердің бірінде, мәшһүр «Шаһар» қонақ үйінің жоғарғы қабатында отыp едiм. Қаpсы алдымдағы сая-бақта көптеп өскен теpек ағаштаpы зiкip алқасы бейнесінде нәзiк әрі сүйкімді түрде өздеpi де бұтақтаpы да жапыpақтаpы да жел ескен сайын ғажайып күйде тербеле жайқалып тұр еді. Кенет, бауыpлаpымнан көз жазып, жалғыздықтан мұңайған, деpтті көңілiме бұл көрініс қатты әсер етті. Бірден, күз бен қыс мезгілдері еске түсіп мені ғапылдық басты.

125ОНЫНШЫ МӘСЕЛЕМен, әлгі шаттана зікір етіп, жайқалған теpектеp мен тipі жандарды ойлап, оларға жаным ашығаны сонша көздеpiме жас үйілді. Әлемнiң осындай тамаша әсем көріністерінің артында аяқталу, жоғалу, жоқ болу, айpылысу секілді жағымсыз жағдайлар еске түсіп мұндай әлемде толып жатқан қоштасу, айpылысу, жоғалу сынды қайғы-мұңдар мені әп-сәтте қоршап алды. Сол кезде Мұхаммеди (с.а.у.) ақиқаттың әкелген нұpы көңілге медет сыйлап, қол ұшын берді. Манағы қайғы-мұң мен деpттеp шаттыққа толы қуанышқа айналып сала берді. Тiптi ол нұpдың әpкiмге, әpбip иманды жанға тигізер пайдасы секілді менiң де жеке басыма қатысты миллион фәйз-нұрының тек сол уақытта, тек сол жағдайда берген көмегi мен жұбанышы үшін Мұхаммедтің (с.а.у.) өзіне мәңгi қаpыздаp екенімді сезіндім. Қалай десеңіз: Әлгі ғапыл ойға, манағы мүбарак зікір етуші сылқым ағаштар, тіпті күллі жаратылыс белгілі бір мақсат-мiндеті жоқ, пайдасыз, бip мезгіл ғана көpiнiп соңында жоқ болатын, жайқала қозғалуы шаттықтан емес керісінше жойылудан зәресі ұшып қоpқып, өлгісі келмей жанталасқан мұңлық боп көpiнгендiктен (басқалар секілді) менің де бойымдағы мәңгiлiкке деген ғашықтық, сұлулыққа деген құштарлық, тipi-жандарға деген аяушылық сезiмдеpiме қатты әсер еткені сонша дүние қараң қалып мағынауи тозаққа, ақыл азаптай-тын құpалға айналған-ды. Мiне, сол сәтте Мұхаммед Аләйhиссалату Уассаләмның адамзатқа тарту еткен нұpы пеpденi ашып, манағы жойылу, жоқ болу, құрдым, бос әурешілік, мiндеті жоқтық, әбестiк, айырылсу деген нәрселердің оpнына, әлгі ағаштардың жапыpақтаpы қанша болса сонша атқарар міндеті, шексіз хикмет, терең мағыналаpы және (Рисалей-Нұрда дәлелденгенi сияқты) үш топқа бөлінетін нәтижелеpi баp екенін көpсеттi.Бipiншiден: олар Сани-ы Зүлжәләлдың есiм-сипаттарымен бай-ланысты. Мәселен, хас шебер ұста таңғажайып машина құрастырып шығарса, оны көргендер: «Машаалаh, Баpәкаллаh» деп дән риза болып, қошеметтейді. Сондай-ақ, ол машинаның өзі де көзделген мақсат пен күтілген нәтиженi толық орындау аpқылы өзінің хал тiлiмен жасаған ұстасын дәріптеп, өзінше құттықтайды. Мiне, әpбip тipшiлiк иесi, жан-жануар, күллі жаратылыс осындай ғажап машина секілді. Олар өз ұстасын дәpiптеп зікір етеді.

126ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУЕкiншiден: Тipi жандар мен саналы пенделердің назаpымен байланысты. Олаpға қызықты зерттеу орны, әрқайсысы Жаратқанды таныстыратын таным кiтабы. Олар өздерінің мағыналаpын сана-лы жандардың зейiндеpiне, бейне-пішіндерін естеpiне және ғайб әлемінің дәптеpлеpiне жазып қалдыpады да содан соң мына шәһадат әлемiнен көшіп, ғайыб әлеміне аттанады. Демек, көзге көpiнетiн болмысын жоғалтқанымен мағынауи әрі ғайби және iліми көптеген болмысқа ие болып мәңгі қала бермек.Сонымен, Аллаһтың баp екені рас және Оның iлімi баpлық нәpсенi қамтитыны да рас. Олай болса, әлбетте, жоқ болу, құрдымға кету, жойылу, аяқталу, мүлдем жоғалу деген нәрсе ақиқатында имандылар үшін жоқ. Ал, кәпipлеpдiң дүниесi қараңғы, ол жоқтыққа, айpылысуға, жоқ болуға толы, бәрі өткінші, фәни. Мiне, осы ақиқат халық аузында мына мақал арқылы былай дәріс беpедi: «Аллаһ баp дегенге бәрі де баp. Кiм Аллаһ жоқ десе, оған ештеңе жоқ!»Сөздің түйіні; Иман, адам өлер кезде мәңгi жоқ болудан оны қалай сақтап, құтқаpып қалатын болса, әркімнің ішкі жан дүниесiн де жоқтық, бекершілік, қаpаңғылықтан құтқаpады. Ал, күпірлік бол-са, әсipесе нағыз имансыздық болса, ол адамның өзін, һәм дүниесiн жоқ қылып мағынауи тозақ зұлыматына тастайды. Өмipдiң ләззатын, берекесін алып, ащы уға айналдыpады. Дүниялық өмipдi ақыреттен аpтық санайтындарға айтарым, бұған бip шаpа тапсын, болмаса иманға келсiн. Сөйтіп әлгі сұмдық қараңғы зұлыматтан, күллі зиян-нан құтылсын!..

(Жиырма алтыншы сөзден)Үшінші бөлімнің соңы және төртінші бөлімЕгер: «Тағдыр біздің қол аяғымызды осылай байлап тастаған. Еркімізді қолымыздан алып қойған. Әрқашан ашылып, жадырауға құштар, бір жерде, бір қалыпта тұра алмайтын жүрек пен рухымызға тағдырға иман ауырлық туғызып, қиындық бермей ме екен?» дейтін болсаң.Жауабы: Әсте олай емес! Қиындық бермек түгілі керісінше керемет жеңілдік беріп, көңілдің хоштығын сыйлайды. Және жанды рахатқа бө лейтін, көңілді шаттандыратын шаттық сыйлап, сенімділік пен қуанышқа толы нұрға бөлейді. Өйткені адам, тағдырға сенбесе тар шеңберге қа малып, болар-болмас егемендік пен уақытша еркіндікке ие болғанымен дүниедей ауыр жүкті мойнына асынып, арқалауға мәжбүр болады. Себебі, адам баласы бүкіл әлеммен тығыз байланыста. Оның шексіз армандары мен толассыз мақсаттары, талап-тілектері бар. Бірақ күш-құдіреті, қалау-еркі олардың миллионнан біреуіне жетпегендіктен тартқан рухани азабы қаншалықты қорқынышты екенін айтпай-ақ түсінікті. Ал, тағдырға иман манағы барлық ауыр жүкті тағдырдың алып кемесіне артады да жан дүниесі рахаттанып, рухы мен жүрегі емін-еркін кемелділікке тура бет алуына мүмкіндік жасайды. Тағдырға сену, тек жамандыққа итермелейтін, жүгенсіз нәпсінің азғантай еркіндігін шектеп, перғауынға еліктейтін тәкаппарлығын, өзіндік ойша рубубиетін яғни «құдайлығын» сындырып, беталды лағуына жол бермейді. Тағдырға сенудің кереметтігі сонша тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Тек бір мысал арқылы оның берер ләззатына, бақытына қысқаша ишара қыламыз.Екі адам бір патшаның ғажайыптар мекені болған ерекше зәулім сарайына барады. Олардың біреуі патшаны танымайды. Сондықтан ол жерде тұрақтап, ұрлық-қарлықпен өмір сүргісі келеді. Алайда, ол бау-бақша мен сарайдың өзіндік талаптары, басқарылуы, іс-

128ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУшаралары, кіріс-шығысы бар. Әрі ол жердегі түрлі тетіктердің жұмыс істеуі, һәм ол жердің хайуанатын асырау секілді ауыр жұмыстарды көріп, уайымдап әрдайым азап шегеді. Манағы жұмақтай әсем мекен, саябақ, бау-бақша басына бәле болады. Барлық нәрсеге жаны ашиды, бірақ қолынан еш нәрсе келмейді. Қайғырып, қамығып күн кешеді. Кейін бұл әдепсіз ұрыны тәрбиелеу мақсатында түрмеге қамап тастайды.Ал екінші адам болса, патшаны таниды. Өзін патшаның қонағымын деп санайды. Бау-бақшадағы, зәулім сарайдағы барлық жұмыстар белгілі бір заңмен, қатаң тәртіппен жүзеге асатынын, барлық нәрсе жоспарлы түрде тым оңай атқарылып жатқандғына сенеді, солай деп біледі. Бейнет, қиыншылықтарды патшаның заңына жүктеп, алаңсыз әлгі жәннаттай бау-бақшаның барлық қызығына батып, һәм патшаның мейірімін ескеріп, әрі оның басқару заңдарының кереметтігіне қарап, осылайша барлық нәрсені жағымды санап хош көреді. Өмірін қызықты да ләззатқа толы бақытты өткізеді. Міне, сен (Кімде-кім тағ дыр ға иман келтірсе, сөзсіз ол уайым-қайғыдан аман болады) деген сөздің сырын түсін.ТӨРТІНШІ БӨЛІМ: Егер былай десе: «Бірінші бөлімде, тағдыр дың барлық жағы әдемі, жақсы деп дәлелдедіңіз. Тіпті, тағдырда жазылған жамандықты да жақсылық, жағымсыздық та жағымды дедіңіз. Алайда, мына жалған дүниедегі бәле-жала, қайғы-қасірет деген нәрселер сіз айтқан үкімді терістемей ме?».Жауабы: Уа, шектен тыс мейірімділік қыламын деп басына бәле тілеп, қайғы жұтқан бейқам нәпсім, бейбақ достым! Тегінде, бар болу, жалпы болмысқа ие болу өте тамаша нәрсе, ол нағыз жақсылық. Ал, жоқ болу, жоғалу нағыз жамандық. Бұған, бүкіл әдемілік пен кемелдік атаулы бар болудың, болмыстың айналасында шоғырлануы, ал барлық күнәлар, бәле-жала, қайғы-қасірет, кемшілік атаулының тегі жоқтықпен ұштасып, жоқтың кесірінен болатыны дәлел. Демек, жоқ болу, жоқтық нағыз жаман екені расталды. Жоқтықпен тынатын яки жоқ қылатын, немесе соған түрткі болатын жағдайлар да өте жаман.Міне, сондықтан болмыстың ең жоғары дәрежелісі, жарқын нұры болып табылатын тірілік, яғни, өмір түрлі жағдайларға ұшырау арқылы күшейіп, шыңдала түспек. Өзара тым алыс жағдайлар оны

129ЖИЫРМА АЛТЫНШІ СӨЗ тазартады. Әр түрлі күйге еніп күткен нәтиже, жеміс алынады. Осылайша өмірді сыйлаған Уаһиб-ы Хаяттың көркем есімдерінің нақыштарын әдемі көрсетеді. Міне, осы ақиқатқа байланысты тірі жандарға бәле-жала, қайғы-қасірет, машақат жиі ұшырасады. Мұндай жағдайлардың саясында тірілікке болмыстың нұры төгіліп, жаңарады да жоқтықтың қараңғылығынан алыстап, тіріліктерінің көздері ашылады, тазара түседі. Себебі, тоқырау, тоқтау, әрекетсіздік, қолы бостық, демалыс, бір қалыптылық деген нәрселердің ақыры, негізі жоқтық, олар болмысты жойылуға апаратын нәрселер. Ол адамды жоқ болу дейтін қою қараңғы тұйыққа тірейді. Тіпті, ең үлкен ләззаттің өзі бір қалыпты жалғаса берсе қызығы қалмай, мәнісін жоғалтады емес пе?Қорытынды: Демек, шындығында тірілік Аллаһтың көркем есімдерінің нақыштарын көрсетеді екен. Олай болса тіріліктің басына не түссе бар лығы жақсы болып табылады. Мысалы, өте бай, он саусағынан өнер тамған шебер ұста, өзінің ғажайып өнерін һәм мол байлығын паш етуді қалап, өзі пішіп, өзі тіккен киімдерді киюі үшін бір міскін, пақырды келісімді бір ақыға, бір сағатқа жалдап алды. Өзінің өнерін салып тіккен әдемі көйлегін әлгі пақырға кигізді. Оның үстінде жұмысын жүргізеді, ғажайып өнерінің сан-алуан қырын көрсеткісі келіп, көйлекті кесті, пішті, ауыстырды, ұзартты, қысқартты. Апырым-ай, әлгі жалданған пақыр, шеберге: «Мені әуреге салдың! Отырып-тұрудан, иіліп-еңкеюден шаршадым. Жарасып тұрған көйлекті кесіп, сәнімді бұздың» деуге ақысы бар ма? «Мені аямайсың» дей ала ма?Міне, осы секілді Сани-ы Зүлжалал, Фатыр-ы Бимисал, аса шебер Аллаһ, тірі жандарға көз, құлақ, ақыл, жүрек секілді ішкі-сыртқы сезім дерге бай дене киімін кигізген. Ол денені өзінің көркем есімдерінің нақыштарын көрсету үшін түрлі жағдайларға ұшыратып, аударып-төң кереді, күйден-күйге салады. Сырттай қайғылы да өкінішті көрінген жағдайлардан кейбір Иләһи есімдердің үкімдері көрініс табатындықтан кез келген жағдайдың хикмет толы сәулелері, өзіндік мейірімділіктің шуақтары өте мөлдір шағылысып, гүл-гүл жайнайды.

Жиырма алтыншы сөзденСОҢЫ[Ескі Саидтің асау да тәкаппар, мақтаншақ, һәм құлшылығын санайтын, рияшыл нәпсісінің үнін өшірген, берілуге мәжбүр қалдырған бес пікір.]Бірінші пікір: Болмыстың бар екені және өте шебер жасалғаны рас. Әлбетте олардың бір жасаушы ұстасы бар. Жиырма екінші Сөзде нақты дәлелденгені секілді, егер барлық нәрсе бір Аллаһтың өнері бол маса, онда әрбір нәрсенің жаратылуы, болмысқа ие болуы мүлдем қиынға түсіп, тіпті заттардың санынша әуре-сарсаңға салар еді. Ал, егер барлық нәр сенің жаратылуы бір ғана Шеберге берілсе, онда барлық нәрсенің жа ратылуы бір нәрсенің жаратылуындай оңай болары хақ. Демек, мына жер мен көкті бір Шебер жасаған, Ол жаратқан. Әлбетте, Ол шексіз дана, өте өнерлі Ұлы Шебер, жер мен көктің жемісі, нәтижесі, мақсаты болып саналатын тіршілік иелерінің болмысын өзгелерге беріп, істің жүйесін бұзбайды. Бастан аяқ даналыққа толы өнерін бөгде біреулерге тапсырып, әбес іс жасамайды, оған әсте жол бермейді. Олардың құнын түсіріп, жасаған шүкір, ғибадат алғыстарын басқаларға бермесе керек.Екінші пікір: Уа, тәкаппар нәпсім! Сен жүзім ағашына ұқсайсың. Мақтанбағын, жүзім ағашы бойындағы малынып тұрған тәтті жүзім шоқтарын өзі іліп алды деймісің. Жоқ, оларды басқа біреу тақты емес пе!Үшінші пікір: Уа, рияшыл нәпсім! «Сен дінге қызмет еттім» – деп паң данба!дегеніндей, сен сүттен ақ, судан таза емессің ғой. Олай болса сен өзіңді осы «раджул-ил фаджир» деп біл, яғни күнәһар екеніңді мойында. Атқарған қызметіңді, жасаған құлшылығыңды, өзіңе берілген нығметтердің шү кіршілігі, ол негізгі міндетім, мойнымның борышы, мен сол үшін жара тылғанмын деп біл! Біл де, құлшылығыңа сеніп, санасудан, риядан арыл!

131ЖИЫРМА АЛТЫНШІ СӨЗ Төртінші пікір: Ақиқатқа апарар ілім іздесең, нағыз даналық ке рек болса, Хақ Тағаланың мағрифатына қол жеткіз, Жаратқан Иеңді таны. Өйткені, болмыс атаулының ақиқаты, олардың мәнісі Аллаһтың Хақ есі мінің шуақтары, көркем есімдерінің көрінісі, сипаттарының шағылыс та ры болып табылады. Әр нәрсенің, әрбір адамның ақиқаты, ол заттық тұрғыдан болсын, мағынауи болсын, негізгі яки жанама болсын жеке-жеке көркем есімнің нұрынан бастау алады, оның ақиқатына сүйенеді. Олай болмаған жағдайда ақиқатсыз, мән-мағынасыз, жәй бір сурет болып қалады. (Жиырмасыншы Сөздің соңында бұл туралы біршама баяндал ғанды).Ей, нәпсі! Егер мына дүниелік өмірге құштарланып, өлімнен қорқып қашсаң, сенің өмір деп санап жүрген мына хал-ахуал, біле білсең осы сәттегі минут қана. Осы минуттан бұрыңғы уақыттар және ондағы оқиғалар, дүниеуи заттар сол мезетте-ақ жоқ, өлді-кетті. Және сол минуттан кейінгілер болса, бүкіл уақытың және сол уақытыңның ішіндегілері де сол мезетте жоқ болып есептелінеді. Демек, қатты сеніп жүрген заттық өмір, дүниелік тірілік тек бір минуттық сәт қана. Тіпті, өте зерек кейбір ғұламалар былай деген екен: «Бұл өмір – минуттың миллионнан бір бөлігі немесе қас-қағым сәт».Сонымен, осы сырға байланысты кейбір әулие кісілер дүниенің тұр лаусыз, фәни екенін көріп: «Өмірді бар деп айтуға тұрмайды» деген екен. Ендеше, сен нәпсіге тән заттық өмірді тәркі ет. Сөйтіп, жүрек, сыр, рухпен байланысты тұғыры биік ғұмыр кеш. Жоғары өрле, биікке көтеріл! Сонда сен оларға тән кең де жарық әлем бар екенін көресің. Саған жоқ болып, жансыз, өлі болып көрінген өткен шақ пен болашақ оларға бар, олар үшін бәрі тірі, жанды әрі болмыс екенін түсінесің. Уа, нәпсім! Ендеше сен де жүрегіме ұқсап еңіреп жылап, былай де:Өзім фәни болсам дағы, фәнилерді қаламаймын,Жаным пида Рахманға, мен өзгені қаламаймын.Әлсізбін мен, ал бірақ та әлсіздерді қаламаймын,Қаласам тек, мәңгі бақи «Досты» қалаймын.Титтеймін мен, біраақ мәңгі күнді қалаймын,Жоқ дерліктей кіп-кішкентай біреумін.Ал бірақ та мына ғаламды түгелімен қалаймын.

[Ғаламның тылсым-сырларын ашқан және хикметке толы Құранның тылсымын тапқан]Отызыншы сөзденБІРІНШІ МАҚСАТОсы аяттағы мол қазынаның бір ғана жауһарына ишара етеміз:Аспан мен Жер, Тау да мойнына алудан қорқып бас тартқан аманаттың көп жақтары бар. «Әнә» солардың біреуі ғана, бір жағы. Адам Ата заманынан бері осы күнге дейінгі адамзат әлемін түгелдей жайлап алған, бұтақтары тарам-тарам нұрлы Туба ағашының және сұмдық, үрейлі Заққум ағашының да дәні сол «Әнә». Осы терең ақиқатқа кіріспей тұрып, мұны түсінуді оңайлататын бір кіріспе жасайық.Әнә, Иләһи есімдердің сырын ашатын яғни құпия қазыналардың кілті. Сонымен қатар әлемнің тылсым-жұмбақтарының да шешімі. Ол, шешімі қиын сырларды ғана ашып қоймай, өзі де таңқаларлық тылсым-сыр. Әнәнің мән-мағынасы түсінікті болған кезде әлгіндей құпия сырлар ашыла бастайды. Сөйтіп ғаламның тылсымы терең сырлары мен әлемдегі Иләһи қазыналар ашылады яғни Аллаһтың көркем есім-сипаттары да біршама көрінеді. Осы мәселеге байланысты «Шәммә» атты арабша шығармамда былай дегенмін:Әлемнің кілті адамның қолында. Ол нәпсісінде ілулі тұр. Әлемнің мән-мағынасы сырттай қарағанда түсінікті, қақпалары ашық секілді көрінгенімен, олай емес. Хақ Тағала «әнә» дейтін кілтті аманат қылып берген. Онымен әлемнің бүкіл қақпаларын яғни сырларын ашуға болады. Сонымен бірге Жаратушының құпия қазыналарын табатын тылсымға толы «әнәниет» яғни менмендік берген. Алайда,

133ОТЫЗЫНШЫ СӨЗ«әнәнің» өзі де құпия жұмбақ һәм ашылуы мүшкіл тылсым. Егер оның мән-мағынасы, терең сыры ашылса, өзінің ғана емес әлемнің де сыры ашылады. Былайша:Сани-ы Хаким (әрнәрсені даналықпен шебер жарататын), Рубубиетінің сипаттары мен Улуһиетінің шуунаттарын және **олардың ақиқаттарын көрсететін әрі оны таныстыратын ишаралар мен үлгі-мысалдарды толық қамтитын «әнәні» адамға аманат етіп берген. Әнә салыстыру құралының қызметін атқарады. Оған тек салыстырушы құрал ретінде қарау керек. Белгілі бір болмыс деуге келмейді. Оны геометриядағы шартты сызықтар сияқты қиялдағы зат яки жоқ нәрсені бар санау секілді салыстырушы құрал деп қана пайдалану керек. Оның ілім арқылы анықталатындай нақты болмысының болуы шарт емес.Сұрақ: Хақ Тағаланың есім-сипаттарын тану неліктен «Әнәниетке» байланысты?Жауап: Өйткені абсолюттік, ауқымы кең, шексіз бір нәрсенің шегі болмайтындықтан, оған бір пішін беру, елестету мүмкін емес. Оны суреттеуге, байқауға келмейді. Не екендігі білінбейді.Мысалға, ешбір қараңғылық қалдырмайтын жарықтың бар-жоғы білінбейді де сезілмейді. Оған нағыз немесе ойша бір қараңғылық арқылы шек қойылған жағдайда ғана білінеді.Хақ Тағаланың Ілім, Құдірет, Хаким және Рахим сияқты есім-сипаттары шексіз, ауқымы кең, серіксіз болғандықтан оларға бір тұжырым жасау, не екендіктерін білу, сезу мүмкін емес. Олай болса, шартты түрдегі, қиялмен ойша шектерді сызуға тура келеді. Міне, мұны әнәният қана яғни менмендік жасай алады. Ол өзінде бір рубубиет, құдірет, иелік, ілім бар деп ойлай алады. Сол арқылы шексіз сипаттарға ойша шекара сызады. «Бұл жерге дейін менікі, мұнан әрі қарай Оныкі» деп өзінше бөліседі. Өзіндегі болар-болмас өлшемдер арқылы олардың мәнісін ақырындап ұға бастайды. Мәселен, өзіндегі ойша рубубиет арқылы Жаратушысының әлемдегі абсолюттік рубубиетін, толық билігін түсінеді. Өзіндегі ойша рубубиетін, иелігін қиялдап Жаратушының толық иелігін пайымдайды. «Мен мына үйдің иесі болсам, Жаратушы да мына ғаламның иесі» дейді. Болмашы іліміне сүйеніп, Оның шексіз ілімін біршама аңғарады. Үйренген кішкене өнері арқылы Сани-ы Зүлжалалдың (айбынды, өте шебер)Шуунат – хал-жағдайлар, әмірлер, істер, талаптар.

134ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУтеңдессіз өнерін бағалауға мүмкіндік туады. Мысалға, «Мен қалайша мына үйді салып, ретке келтірген болсам, мына үй тәріздес әлемді де біреу жаратып, тәртіпке келтірген ғой» дейді. Тағысын тағы...Әнәнің бойына бүкіл Иләһи сипаттар мен шуунаттарды аңғартатын, көрсететін мыңдаған жұмбақ жайлар мен сипаттар, сезімдер берілген. Демек, әнә һәм айна сияқты һәм салыстырушы құрал. Ол өлшеу құралы секілді өзіне емес өзгеге қызмет етеді. Мұны әріптік мағына дейді. Адам болмысын жуан арқанға теңер болсақ ол соның түйсікті бір ғана жібі. Адамзат мәнісін бір көйлекке ұқсатар болсақ ол соның жіңішке бір жібі. Адам тұлғасын бір кітапқа балайтын болсақ ол соның бір әлібі. Бұл әліптің «екі жағы» бар. Бір жағы жақсылық пен болмысқа қаратылған. Бұл жағы тек нәр алуға ғана қабілетті. Берілгенді қабыл етіп, өз бетінше ештеңе жасай алмайды, қолынан түк келмейді. Әсте өздігінен іс атқарушы емес.Екінші жағы болса, жамандыққа апаратын, жоқ қылатын жағы. Бұл жағымен ол, іс атқарушы боп табылады. Мәнісі әріптік яғни өзгеге қызмет етеді. Рубубиеті ойша ғана. Табиғаты дәрменсіз де әлсіз, еш нәрсеге жарамайды. Өз бетінше еш нәрсені көтере алмайды. Бір заттың дәрежесі мен түс-тұрпатын анықтау үшін қолданатын өлшеу құралдары, термометр, ауа қысымын өлшейтін барометр секілді аспап деуге болады. Уажиб-үл Ужудтың (Аллаһ) абсолюттік, шексіз сипаттарын білдіретін өлшеуіш. Өзіне осылай қарап, мәнісін солай біліп, тұжырым жасағандар әрі соған қарай әрекет еткендерге Қасиетті Құран өзінің деген аятымен сүйінші хабар береді. «Олар аманатқа қиянат жасамады яғни адал болды» дейді. Әнәнің дүрбісімен ғаламның не екендігін, нендей міндет атқаратындығын көре алады. Ондай нәпсіге сырттан мағлұматтар келсе «әнә» оларды растап, бекітеді де келген ілімдер нұрға, хикметке айналып, толыға түседі. Нұр қараң қалып сөніп қалмайды, хикмет әбестікке айналып өшпейді. Әнә өз міндетін осылай атқарған кезде, салыстырушы құрал ретіндегі ойша рубубиеті мен шартты түрдегі иелігінен бас тартады. деп, нағыз құлшылық міндетіне кіріседі. Ахсән-і тақуим дәрежесіне көтеріледі.

135ОТЫЗЫНШЫ СӨЗЕгер әнә, өзінің не үшін жаратылғанын ұмытып, табиғи міндетін тастап, «өзім осындаймын, қасиеттердің бәрі өзімдікі» деп сенетін болса, аманатқа қиянат жасағандардан болады. аятының қаһарына ұшырайды. Міне, Аспан мен Жер әнәнияттің осындай күллі жамандық пен ширктерді тудыратын, адасушылыққа апаратын жағы болғандықтан оны арқалаудан қорқып ат-тонын ала қашқан. Олар шартты түрдегі ширктен қорыққан. Негізінде әнә өте нәзік бір әліп, бір қыл, шартты түрдегі, негізі жоқ ойша бір сызық қана. Солай бола тұра мәнісі білінбей, ақиқаты ашылмаса топыраққа жасырынған дәндей өсіп-өніп бара-бара жуандай түседі. Адамның тұла бойын жайлап алып, үл кен әждаһадай жұтып қояды. Ондай адам бүкіл болмысымен, барлық сезім дерімен бірге құдды бір әнә боп шыға келеді. Содан кейін оның әнәниетін күллі адамзаттың әнәниеті яғни менмендігі нәсілшілдік, ұлт шылдық тұрғысынан қуат беріп қоздырады. Енді әнәниет атаулыны артына алып алған «әнә» шайтанға ұқсап Сани-ы Зүлжалалдан тайсалмай әмірлеріне қарсы айтысуға бар. Содан соң жұрттың бәрін өзіндей көріп, тіпті барлық нәрсені өзімен салыстырып, Хақ Тағаланың жаратқандарын себептерге еншілеп, көрінгенге тарата бастайды. Ақырында үлкен бір ширкке бой алдырады, яғни Аллаһқа серік қосу дейтін үлкен күнәға батады. аятының бір мағынасын көрсетеді.Мысалы, мемлекеттік қазынаға қол сұғып қырық лира ақша ұрлаған адам, жанындағылардың да түгелдей бір-бір лирадан алғанын қалайды. «Солай істесем ғана пайдаға жаратамын» деп ойлайды. Сол сияқты, «Өзіме өзім қожайынмын» деген адам, «Барлық нәрсе өзіне-өзі қожайын» деуге және солай сенуге мәжбүр. Міне, осы күйдегі қиянатшыл «әнә» надандыққа белшеден батты деген сөз. Ол мыңдаған пән оқып, қанша ғылым меңгерсе де надандықтың тас түнек қараңғылығынан құтыла алмайды. Өйткені, оның ішкі-сыртқы сезімдері, пікірлері әлемнен мағрифат нұрларын әкелген кезде, оны растайтын, бекітіп қуаттайтын, жарқыратып ары қарай жалғастырып әкететін өзінде бір қасиет табылмағандықтан сөніп қала береді. Келген мағлұматтар жаппай нәпсідегі бояуға малынып мүлдем басқаша түрге енеді. Тұнып тұрған керемет хикмет келсе дағы түк мағынасы жоқ әбестік секілді көрінеді. Өйткені мұндай жағдайдағы

136ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУәнәнің түрі – ширк пен атеизм, Аллаһты жоққа шығару. Бүкіл әлем жарқыраған аяттарға толып, барлығы Жаратқанды мегзеп тұрса да манағы әнә яғни мендігі қараңғы нүкте болып тұмшалап көрсетпей тастайды.Он бірінші Сөзде, адамның мән-мағынасы мен сол мағынадағы әнә ниеттің түрі баяндалған-ды. Ол Сөзде әріби мағынадағы яғни шынайы да нағыз әнәниеттің өте сезімтал таразы екендігі, әсте шатастырмайтын өлшем, ауқымды мазмұн, толық карта, жан-жақты көрсететін айна екені және әлемнің тамаша үлгісі, әсем жинақ екендігі нақты түсіндірілген болатын. Соны бір қараңыз. Ол жердегі түсіндірмені жеткілікті санағандықтан кіріспені аяқтайық. Егер кіріспені түсінген болсаңыз, ақиқатқа көшеміз.Сонымен, адамзат тарихында Адам (а.с) заманынан бүгінге дейінгі қай қоғамда, қай тапта болмасын бұтақтары тарам-тарам екі алып ағаш секілді екі түрлі ағым, екі түрлі пікір тізбегі қалыптасқан.Біріншісі: Пайғамбарлық тізбегі мен діндарлық.Екіншісі: Философиялық ағым мен даналық тізбегі.Бұл екі ағым бір арнаға тоғысқан кезде яғни философтар мен даналар дінге мойынсұнып, хаққа қызмет еткен кезде адамзат кемелденіп, өркениет дамыған. Қоғам өмірі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман кешкен. Ал, екеуі екі жаққа кеткен кезде күллі жақсылықтар мен нұрлар пайғамбарлық тізбегі мен діндарлардың айналасына жиналған. Ал, бүкіл адасушылық пен жамандықтар философтар мен ақылгөйлердің еншісіне қалған. Енді осы екі тізбектің қайдан басталатынын, қайнар көзін табуға тырысайық.Сонымен, діндарлық жолына мойынсұнбаған пәлсәпа жүйесі құдды бір заққұм ағашы сияқтанып, айналасына ширк пен адасушылықтың қараңғылығын жайған. Ол ағаштың «ақыл-ой» дейтін бұтағынан шыққан улы жемістермен яғни атеисттер, материалисттер, табиғатшылдар яғни табиғатқа табынып, сол жаратты деушілермен (натуралисттер) адамзаттың ақылын улап жатыр. Ал, «ашу-ыза» дейтін бұтағынан шыққан жемістер, Немрудтар, Перғауындар, Шеддаттармен (Сілтеме ) адамзаттың басын әлекке салып келеді. Ал *Сілтеме. Иә, тарихта Нәмрудтар мен Перғауындарды тәрбиеліп шығарған көне Мысырдағы және Вавилондағы сиқыр дәрежесіне жеткен сол кездегі көне пәлсапа екені мәлім. Сол секілді аңыз-тәңірлерді (миф) ойлап тауып, көне гректердің миларына әбден сіңдірген және пұтқа табынушылыққа ұрындырған тағы да сол табиғатшылдық пәлсапасы.

137ОТЫЗЫНШЫ СӨЗ«хайуани құмарлық» дейтін бұтағынан көптеген жалған тәңірлерді, пұттарды, өзін құдай санайтындарды жетілдіріп, жеміс берді. Осы заққұм ағашының тамыры да манағы туба ағашындай пайғамбарлық тізбегінің тамыры да әнәден бастау алып, оның екі жағынан шығып тұр.Ал, жер беті деп аталатын баудағы құт дарыған Туба ағашының «ақыл-ой» бұтағынан әнбиялар, расулдар, әулиелер мен сыддықтар секілді тәтті жемістер жетілуде. Зияннан қорғану, жаманнан сақтану сезімінен яғни «ашу-ыза» бұтағынан әділ билер, бейкүнә бекзат, адал патшалар сынды мәуелер беруде. Құштарлық сезімінен яғни «құмарлық» бұтағынан көркем мінезді жайсаңдар мен игі жақсылар, абзал жандар өсіп келеді. Адамзат мына ғаламның ең құнды жемісі екендігін іс жүзінде көрсетуде. Енді осы екі түрлі ағаштың дәні, қайнар көзі, өзегі болып табылатын әнәнің екі жағын суреттейміз.Әнәнің бір жағын Пайғамбарлық жетелеп кетіп бара жатса, екінші жағын философия ұстап келеді.Пайғамбарлық жетелеген бірінші жағы, шынайы құлшылықтың қайнар көзі, соған итереді. Яғни әнә бұл тұрғыда өзін құлмын деп біледі. Міндеті өзгеге қызмет ету деп түсінеді. Мәнісі әріби мағына яғни өзгенің мағынасын білдіреді, оны қабылдайды. Болмысы – тәуелді яғни, өзге біреудің құдіретімен тұр, оның жаратуымен ғана бар, Оған сенеді. Иелігі ойша ғана. Өз Иесінің рұқсатымен ғана қожайын, уақытша ғана ие, мұны жақсы біледі. Ақиқаты біреудің көлеңкесі ғана яғни, хақ әрі міндетті түрдегі, шексіз ақиқаттың сәулесінің шағылысы болып, мүмкін әрі міс кін бір көлеңке. Міндеті, Жаратушысының сипаттары мен шуунатына са лыстырушы құрал әрі таразы болып, соған сәйкес саналы түрде қызмет ету. Міне, Пайғамбарлар мен пайғамбарлық тізбегіндегі асфиялар мен әулиелер “әнәға” осы жағынан қарап, солай көрген, ақиқатты түсінген. Бүкіл болмысты Малик-ул Мүлкке (бар нәрсенің нағыз иесі) тапсырған. Ол Малик-ул Зүлжалалдің мүлкінде, рубубиетінде, улуһиетінде ешбір серігі, ұқсасы жоқ. Ол, көмекшіге, уәзірге мұқтаж емес. Барлық нәрсенің кілті, барлық мәселенің шешімі Соның қолында. Ол бүкіліне құдіреті жететін Қадир-і Мутлақ. Себептер болса, жай ғана сыртқы перделер. Табиғат - жаратылысқа қойылған заңдылықтар, ол заңдардың жинағы, құдіретінің ережелері деп тұжырымдаған. Міне, Рас, көзі табиғатшылдық пердесімен жабылып, Аллаһтың нұрын көрмейтін адам, барлық нәрсені өзіне тәңір ретінде қабылдап, кейін олар басына бәле болады.

138ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУәнәге осы жарқыраған нұрлы да көркем жағымен қарағанда ол, тірі һәм мағыналы бір дәнге ұқсайды. Ұлық Жаратушы «құлшылық» дейтін «Туба» ағашын осы дәннен жаратқан. Оның берекелі жуан бұтақтары адамзат әлемін түгел қамтып, барлық жағын өзінің нұрлы жемістерімен гүл-гүл жайнатып, әсем безендірген. Өткен заманның қараңғы перделерін түріп тастап, өткен шақ пәлсәпәнің суреттегеніндей үлкен мазар, жоқ қылатын құрдым өлкесі еместігін, керісінше көзден таса болған рухтардың болашаққа сапар шеккенін, олар мәңгілік қуанышқа, нұрға бөленіп, жарық әлемде сау-саламат жүргенін, сондай-ақ о дүние түрлі баспалдақты нұрлы миғраж яғни көке көтерілу һәм ауыр жүкті тастап еркіндікке қауышу әлемі, дүниеден көшкен рухтардың бас қосатын нұрстан, сая-бақ екенін көрсетеді.Екінші жағы яғни пәлсапа ұстаған жағы. Пәлсәпә әнәға есіми мағы-нада қарайды. Яғни, өзінен өзі тұр деп ойлайды. Өзінің бір мағынасы бар деп қателеседі. Өз бетінше қимылдап, өзінше әрекет етеді деп сандалады. Болмысы – зати яғни түпкі, негізі өздігінен деп көкиді. Яғни болмысы өзгеге тәуелсіз деп қарастырады. Өмір сүруге міндетті түрде хақысы бар, ол билеп төстей алатын қожайын, шынайы меншік иесі деп қате ойлайды. Оны тұрақты ақиқат деп түсінеді. Атқарар міндеті – өзін-өзі жақсы көріп, өзін дамытып кемелдендіру деп біледі. Тағысын тағы. Ұстанымдары осын дай көптеген негізсіз тіректерге сүйенеді. Олардың негіздері қан шалықты негізсіз, тіректері өте шірік екендігін өзге рисалелерімде, атап айтқанда Сөздерде, Он Екінші және Жиырма Бесінші Сөзде анық түрде дәлелдеген болатынмын.Тіпті, философия тізбегінің бетке тұтар, ең таңдаулы тұлғалары және сол жолдың ірі даналары саналатын Платон, Аристотел, Ибн Сина мен Фараби сынды адамдар: «адамзаттың ең басты мақсаты «Тәшәббуһу бил Уажиб» яғни ешнәрсеге мұқтаж емес, болмысы шарт, уәжіб Жаратқанға ұқсау деп, перғауындық тұжырым жасаған». Олар әнәниетті қоздырып ширктің терең ұйығына итерген. Сөйтіп Әсбабпараст , пұтпараст , табиғат параст , жұлдызпараст**********секілді неше түрлі ширк қосатындарға жол ашып кетті. Адамзаттың бойындағы әлсіздік, дәрменсіздік, пақырлық, мұқтаждық, кемшілік Әсбабпараст – себептерге жалтақтайтындар.Пұтпараст – пұтқа, суретке табынатындар.Табиғатпараст – табиғат жаратты дейтіндер.Жұлдызпараст – жұлдызға сенетіндер

139ОТЫЗЫНШЫ СӨЗсекілді құлшылыққа бастар жолдарды тарс жауып, «құлмын» деп айтуға кедергі болды. Милары «табиғат жаратады» пікірімен уланып, ширктен толық құтыла алмай шүкірдің кең қақпасын таба алмады.Пайғамбарлық болса, Адамның басты мақсаты мен негізгі міндеті – Иләһи ахлақтармен мінездену, ізгі қасиеттермен безену, өзінің әлсіз екенін мойындап Аллаһтың шексіз құдіретіне жалбарыну, дәрменсіздігін біліп Аллаһтың күш-қуатына сену, пақырлығын көріп Аллаһтан рақым сұрау, мұқтаждығын сезіп Аллаһтың мол байлығынан үміттену, қателіктерін көріп тәубе ету, кемшіліктерін көріп Аллаһтың кемелдігіне риза болып, Оны тәсбих ету, құлдық ұру, құлшылық ету деп тұжырымдаған.Міне, дінге мойынсұнбайтын философия осылайша тура жолдан тай ғандықтан, әнә тізгінін қолына алып, адасушылықтың барлық жолына түсіп шаба берген, шаба берген. Мұндай әнәнің ішінен Заққұм ағашы өсіп шығып, адамзаттың жартысынан астамын өзіне шырмап алған. Оның әлгі «құмарлық», «хайуани әуестік» дейтін бұтағынан шығарып адамзат назарына ұсынған жемістері, берген нәтижелері не десеңіз, олар пұттар мен жалған тәңірлер. Өйткені, философияның ұстанымында күш-қуат не гіз ретінде қабылданып, жоғары бағаланады. Тіпті, «Әл-хукму лил Ғалиб» яғни жеңгеннің үкімі жүреді» деген қағидалары бар. «Кім басым түсіп, күшті болса сонікі дұрыс», «Хақ күште жатыр» дейді. (Сілтеме ) Зұлым дықты *іштей қолпаштап, жауыз, залымдарды өздерін «тәңірміз» деп айтуға итермелеген. Һәм өнер туындыларындағы әсемдікті затқа және нақыш, ою-өрнектегі сұлулықты өзінікі деп, Жаратушы шебер Ал-лаһтың теңдессіз, киелі сұлулығынан келетін көріністерді жоққа шыға рып, ақиқатты қабылдамай «Қандай тамаша жаратылған» деудің орнына «Қандай тамаша!» деп, жаратылғандарды өзі табынатын пұтқа айнал дырған. Һәм әркімге сатыла беретін көзбояушылыққа, рия яғни екі жүз ділікке, жағымпаздыққа себеп сұлулықты дәріптеп, өлердей жақсы көр гендіктен рияшыл, екі жүзділерді қошаметтеп, көкке көтереді де олардың пұтқа ұқсаған болмыс-пішіндерін табынушыларына пұт жасап берген. (Сілтеме )**Сілтеме: Пайғамбарлықтың қағидасы мынау: “Хақ күште емес, күш хақта” деп, зұлымдыққа жол бермей, әділдікті орнатады.Сілтеме: Яғни, әлгі пұт секілділер өзіне құштар, ынтық болғандардың әуестік терін қоздырып, жақсы көріну, жағымпаздану үшін оларға екіжүздене, құлдық ұрғандай кейіп танытады.

140ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУЕнді әлгі ағаштың «ашу-ыза» дейтін бұтағынан шыққан жемістерге келер болсақ, олар адамзат тарихында үлкенді-кішілі Нәмрудтар, Перғауындар, Шәддаттар түрінде көрініс тапты. «Ақыл-ой» бұтағынан өсіп шыққан адамзат әлеміндегі Атеисттер, Материалисттер, Табиғатпарасттар. Олар улы жемістей адамзаттың миын ашытып, ойын он саққа, санасын сан саққа бөліп жіберді.Енді, осы ақиқатты одан әрі айқындай түсу үшін, пәлсәпә жолының не гізі жоқ, шірік қағидаларынан шыққан нәтижелерін пайғамбарлық тізбегі нің негізі мықты қағидаларынан туындаған нәтижелерімен салыстыра келіп, мыңдаған мысалдарынан үлгі ретінде тек үш-төртеуін баяндаймыз.Мәселен, Пайғамбарлықтың адамның жеке өміріне қатысты ереже-заңдарының нәтижесі ретіндегі қағидасына сәйкес «Иләһи мінезбен мінезденіп, Хақ Тағаланың алдында өзін төмендете жалынып, болмысының әлсіз, пақыр екенін біліп, Оның дәргаһында құл болыңдар» деген ережесі қандай? Философияның адамның кемелденудегі басты мақсаты: «Тәшәббуху бил Уажиб»яғни адамзаттың кемелденуіндегі мақсат «Уажиб-ул Ужудқа (болмысы шарт, жаратушы Аллаһ) ұқсап бағу» деген астамшыл ережесі қайда жатыр? Иә, табиғаты мүлдем әлсіз, өте дәрменсіз, тым пақыр, аса мұқтаж адамзаттың мәнісі қайда? Құдіреті, қуаты, байлығы шексіз, ештеңеге мұқтаж емес Уажиб-ул-Ужудтің мәнісі қайда жатыр!Екінші мысал: Пайғамбарлықтың қоғамдық өмірге қатысты ережеле рінің нәтижелерінен тек біреуін мысал келтірейік. Бұл өзара жәрдемдесу ережесі. Оған сонау Күн мен Ай, өсімдіктер мен жануарлар әлемі толық мойынсұнады. Өсімдіктер жануарларға, жануарлар адамзатқа тіпті же ген тамағымыздың нәрі денеміздегі жасушаларға медет беріп, көмекке жүгіреді. Міне, өзара жәрдемдесу, бір-біріне көмектесу ережесі, жомарттық қағидасы, бір-бірін сыйлау заңдылығы қайда жатыр! Философияның қо ғамдық өмірдегі ережесі боп табылатын және кейбір залымдар мен айуан ға айналған адамдар істейтін, және жыртқыш хайуандардың жараты лыс тарын бұрыс пайдалануынан туындайтын «соғыс» ережесі қайда жатыр? Иә, олар күрес ережесін мойындап, оны жалпыға ортақ деп қабыл дағандықтан «өмір – соғыс» деп ақымақша тұжырым жасаған.

141ОТЫЗЫНШЫ СӨЗҮшінші мысал: Пайғамбарлықтың Аллаһты бір деп білуіне қатысты ұлық нәтижелері мен аса құнды қағидаларының бірі яғни «қандай да бір нәрседе бірлік, тұтастық болса, ол тек біреудің өнері». Әлемдегі барлық жаратылыста жалпы немесе жалқы түрде бірлік бар екені рас. Олай болса, міндетті түрде тек біреу жаратқан». Міне, осылайша Жаратқанның бір екенін көрсететін керемет ережесі қайда жатыр! Ал, көне пәлсәпәнің наным қағидаларының бірі боп табылатын «Біреуден біреу ғана шығады» яғни «Бірден тек бір ғана нәрсе шығады. Өзге нәрселер одан дәнекерлер арқылы көбейеді» деп сандалатын ережесі қайда жатыр! Олар Ғаний-і алә-л-Итлақ (еш нәрсеге мұқтаж емес, өзі бай, бәрі оған мұқтаж Аллаһ), Қадир-і Мутлақты (құдіреті шексіз Аллаһ) әлсіз, дәнекерлерге мұқтаж етіп көрсетіп, бүкіл себептерді Аллаһтың абсолюттік Рубубиетіне серік қосып және Ұлық Жаратушыны «ең алғашқы ақыл» деп, Оны жаратылған нәрсе ретінде қарастырып, Оның жаратқандарын себептер мен табиғатқа бөліп берді. Осылайша ауызы апандай үлкен ширкке апарар жол салды. Міне, осындай ширк аралас, адастырып жіберуі мүмкін философияның ереже-заңдары қайда жатыр?! Өздерін хәкім, дана деп жоғары санайтын Ишрақийун тобы (иллюминаттар) осылай мүлт кетіп қателесіп жатса, олардың материялист, натуралист (табиғат жаратты деушілер) сияқты төменгі топтары қаншалық адасқандарын шамалау қиын емес.Төртінші мысал: Пайғамбарлықтың даналыққа толы дейтін бір ғана ережесін алайық. «Әр нәрсенің болмыстағы мейлі ол тіршілік иесі болсын нәтижесі мен хикметі, өзіне тиесілі тарапы бір болса, Жаратқан Иесіне тиесілі нәтижелері мен хикметтері мыңдаған. Әрнәрсенің, тіпті бір түйір жемістің ағаштың же містері қанша болса сонша хикметтері, нәтижелері бар» дейді. Міне ақи қаттың нақ өзі болып табылатын дана ережесі қайда жатыр! Пәлсәпәнің: «Әрбір жанды мақұлықтың нәтижесі өзіне ғана тиісті немесе адамның игілігіне пайдалануына байланысты» деп, таудай алып бір ағашқа тарыдай бір жеміс, бір нәтиже ілу сынды мүлдем мағынасыз әбестік жасайтын, тұрпайы да

142ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУнадандыққа толы философияның сырты жылтырақ іші бос қағидасы қайда жатыр?! Бұл ақиқат Оныншы Сөздің оныншы ақиқатында біршама айтылғандықтан қысқа қайырдық. Міне, осы төрт мысалға салып мысалдарды өзің де көбейте беруіңе болады. «Лемағат» атты бір рисаледе кейбіріне ишара еткен болатынбыз.Міне, пәлсәпәнің осындай болымсыз негіздері мен қауіпті салдарының кесірінен болса керек, дін Исламның дана-хәкімдері Ибн Сина мен Фа раби сынды ірі тұлғалар оның жылтырақ, көзтартар суретіне құмартып, белгілі бір мағынада алданып, сол жолды ұстанғандықтан қарапайым бір мүмин дәрежесін ғана иеленген. Тіпті, Худжат-ул Ислам яғни Исламның хақ екеніне дәлел болған Имам Ғазали, олар манағы дәрежеге де лайық еместігін айтқан.Сондай-ақ, кәлам іліміне терең сүңгіп кеткен Муғтәзилә имамдары пәл сапәнің сыртқы көркіне құштарлана, сол жолмен жіті де терең шұғылданып, адамның ақылын толық басшылыққа алғандықтан, олар да енді ғана жолға түскен бір мүминнің дәрежесін әзер иеленген. Сондай-ақ, Ислам әдебиетшілерінен, мәшһүр, өзінің пессимизмімен аты әйгілі болған Әбу-л Ала-и Мааррий, сондай-ақ жетім баладай жылап-сықтауымен аты шыққан Омар Хаям сияқтылар манағы ұстанымның жүгенсіз нәпсіні (нәфс-і әммара)қоздырар ләззаттарымен рахаттана, зауық алғандықтан әһл-и хақиқат пен кәмілдерден яғни ақиқатшыл, кәміл жандардан сөгіс алып, қорлық пен тәкфир тоқпағын жеген. Олар «Әдепсіздік жасап жа-тырсыңдар! Діннен безіп, басқаларды да діннен бездіресіңдер! Сендер дінсіздіктің тұқымын жаясыңдар!» деген қатаң ескертулер алып, ұрыс естіген.Пәлсәпә жолының болымсыз, бос негіздерінен бірі мынау: Әнәнің табиғаты ауа тәріздес нәзік, бос. Солай бола тұра, пәлсәпә оған қара көзілдірік тағып есіми назармен яғни өздігінен бар деп қарағандықтан бейне бір буға айналғандай ылғалданып, сосын үйреншікті назармен және дене ретінде яғни материалдық тұрғыдан бағаланудың салдарынан қоюлана-қоюлана құдды бір дене секілді көрінеді. Кейін бейқамдықпен, одан қала берді атеистік ұғымның кесірінен әлгі «әнәниет» мұзға айналғандай қата бастайды. Сосын қырсығудың, ерегісудің кесірінен ылайланып, өзінің әу бастағы мөлдірлігін жоғалтады. Бара-бара ұлғая түсіп, өзінің иесін жұтып қояды. Сосын бүкіл адамзаттың ой-пікірінен қолдау тауып семіріп,

143ОТЫЗЫНШЫ СӨЗісінеді. Содан кейін, баста айтқанымыздай өзгелерді тіпті себептерді де өзіне теңеп, нәпсісіне балап, оларға да (олар қабыл етпесе де және бас тартқандарына қарамастан) бір-бір перғауындық сипатты бөліп береді. Міне сол кезде Ұлы Жаратушының әмірлеріне қарсы келу, Онымен тайталасу басталады да: «Шіріп кеткен сүйектерді кім тірілтуші еді?» деп, Қадир-і Мутлаққа яғни орасан зор құдірет Иесі Аллаһқа «әлің жетпейді» дегендей қарсы дау айтып тайталасады. Тіпті Ұлы Жаратушының сипаттарын өзі иемденгісі келіп, оған ортақ болғысы келеді. Өзіне жақпағандарды және нәфс-і әммараның перғауындық мінезіне ұнамағандарды я кері қайтарып қабылдамайды, я жоққа шығарады, я болмаса өзгертуге, бұзуға тырысады. Мысалға:Пәлсәпәшілердің бір тобы Хақ Тағалаға «Мужиб-і биззат» деген яғни «мүлдем мәжбүр біреу» санап, қалау-ерікін жоққа шығарған. Оның не қа ласа соны істей алатын толық ерікті екенін дәлелдейтін әлемдегі шексіз куәгерлерді тыңдамай, жоққа шығарған. Субханаллаһ! Мына ғаламдағы күллі жаратылыс, атомнан бастап сонау Күнге дейін өздерінің болмыс-пішіндерімен, ерекше тәртіптіліктерімен, өлшемді әрі белгілі бір мөлшерде болуымен, хикметпен жаратылу арқылы Жаратушының толық қалау иесі екенін жар салып көрсетіп тұрса дағы, мына көр болғыр пәлсәпәның көзі көрмеген. Ол аздай тағы бір пәлсәпәшылар «Иләһи ілім ұсақ-түйек нәрселерді қамти алмайды» деп Аллаһтың шексіз іліміне шек келтіріп, барлығын білетінін жоққа шығарды. Осылайша тек шындықты айтатын бүкіл жаратылыстардың турашыл куәліктерін бекерге шығарды. Сондай-ақ, пәлсәпә, себептердің белгілі бір әсері бар деп, табиғаттың қолынан жарату келетінін айтты. Рисалей Нұрдың Жиырма Екінші Сөзінде нақты дәлелденгеніндей, әрбір нәрседегі Халиқ-ы Күлли Шейге тән яғни құдіреті шексіз бір Аллаһты көрсететін ап-анық дәлел-таңбаны ол надандар көрмей, әлсіз, жансыз, бейсана, соқыр мылқау, бір қолы кездейсоқтық ал бір қолы апат күшке тәуелді меңіреу табиғатты жаратушы деп қабылдады. Жаратылысында мыңдаған терең хикмет-сырлар жататын, әрқайсысы Самадани хаттар тәріздес болмыстың бір бөлігін оған меншіктеп берді.һәм, Оныншы Сөзде дәлелденгеніндей, Хақ Тағаланың күллі есім-дері талап ететін, сондай-ақ әлем де барша ақиқаттарымен және Пайғам барлықтың тізбегі де барлық анықтамаларымен һәм Сәмәуий

144ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУКітаптар да күллі аяттарымен көрсетіп отырған ақыреттің, хашірдің (өлген соң қайта тірілу) есігін таба алмай, о дүниені жоққа шығарған. Олар рухтар әзәли деп сенген яғни бастауы мен соңы жоқ деп сандалған. Міне, олардың осындай сандырақтарына өзге мәселелерін де салыстыра бер. Иә, шайтандар әнәнің тұмсығы мен тырнағын пайдаланып дінсіз философтардың ақылдарын көкке көтеріп, өтірік мақтап, мәз қылып жоғарыға апарды да далалет құздарына, адасу шұқырларына лақтырып жіберді. Тар әлемде яғни ішкі дүниеде әнә болса, үлкен әлемде яғни сыртқы дүниеде табиғат. Екеуі де тағұт .*Аталмыш ақиқатты одан әрі айқындайтын қиялмен жасалған бір сая хатта көрінген және өлең тектес «Лемағатта» жазылған бір мысали уақиға мның мазмұнын қазір қайталаудың орайы келген сияқты.Ол, осы рисаленің жазылуынан сегіз жыл бұрын, Стамбұлда, қасиетті Рамазан айында болған еді. Ол, пәлсәпәмен шұғылданып жүрген ескі Саидтің жаңа Саидқа өзгеретін кезі болатын. Құран Кәрімнің киелі «Фатиха» сүресінің соңындааяты мегзеген үш жол жайлы ойлануым барысында, қиялмен болғаны рас, мысали бір оқиға деуге де болады әрі түске де ұқсас бір оқиғаға куә болдым. Былайша:Мен үлкен сахарада жүр екенмін, солай көрдім. Бүкіл жер жүзін қараңғылық басыпты, бір жақтан қара бұлт қаптап, қысып барады. Бір леп соқпайды, жарық та су да, ештеңе жоқ. Әр тарапты жабайы жыртқыштар мен қауіпті мақұлықтар толып кеткен бе деп уайымдадым. Ішімнен «мына жердің арғы жағында самал жел есіп, суы да бар жап-жарық әлем болуы керек. Сол жаққа өту керек» деп шештім. Байқаймын, ол жаққа қарай еркімнен тыс мені біреу айдап бара жатқандай. Тунельге ұқсас үңгір-жолға түстім. Жүре-жүре, жер астында біраз саяхат жасадым. Қарасам, бұл жолмен Тағұт* – адамдарды Аллаһқа қарсы шығуға итеретін, бас көтеруші. Шайтан. Исламнан бұрын Қағбаның ішіндегі бір пұттың аты.

145ОТЫЗЫНШЫ СӨЗменен бұрын да көп кісілер жүрген екен. Олар ауа жетпей анда-мұнда қалып қойған сықылды. Олардың аяқ іздерін көріп келемін. Кейбіреулерінің дауыстары бір уақыт естілгендей болады, бірақ көп ұзамай үнсіз, қалады.Ей, қиялымен менің ойша жасаған саяхатыма серік болған бауырым! Әлгі жер деп отырғаны табиғат және табиғат жаратады дейтін пәлсәпә. Жер асты тунел болса, пәлсәпәшылардың ой-пікір арқылы ақиқатқа барамын деген ұстанымдары. Мен көрген аяқ іздері – Платон, Аристотель сияқты мәшһүр тұлғалардың жолдары.. (Сілтеме ) Естілген дауыстар болса - Ибн Сина, Фараби сынды *даналардың дауысы. Иә, Ибн Синаның кейбір сөздерін, ереже-заңдарын кей жерлерде көргенім рас. Бірақ бара-бара мүлдем өні шықпай қалатын, онан әрі кете алмаса керек. Демек батып кеткен болды ғой. Жарайды, ақиқатты білгісі кеп, дегбірсізденіп отырған шығар деп қиялдың астарындағы ақиқаттың бір ғана ұшын көрсеттім. Енді саяхатыма оралайын. Жүріп келемін. Біраздан соң қолыма екі нәрсе берілгенін көрдім. Бірі, электр жарығы. Онымен жер астындағы табиғаттың қараңғылығын жоюға болады. Екіншісі, ол да бір құрал. Онымен үлкен жартас, алып тастарды парша-парша етуге болады. Сөйтіп жолым ашылып, сенімді түр де келе жатыр едім, біреу құлағыма: «Мына электр жарығы мен бұл құ рал, саған Құранның қазынасынан берілген» деді. Біраз уақыт солай жүрдім. Қарасам арғы жаққа өтіп кетіппін. Ол жақ, өте әсем, көктемгідей жайма шуақ, аспан шайдай ашық, рухқа жайлы самал есіп, жанды жадыратар күй, суы тәтті бұлақ, әртарап қуанышқа толы жарқын әлем. Әлхамдулилләһ дедім.Байқаймын, өзімді-өзім басқаратындай, мен өзіме қожайын емеспін. Мені біреу «не істейді екен» дегендей сынап отыр. Олай дейтін себебім, қайтадан мені әуелгі жағдайыма, әлгі үлкен сахараға, Сілтеме: Егер біреу былай десе: “Мұндай атақты ірі тұлғаларға қарсы сөз сөйлей-тіндей сен кімсің? Сен бір шыбындай боп бүркіт секілді биікке самғағың келе ме?”. Менің жауабым былай: “Қолымда әзәлий (мәңгі өшпес) ұстазым Құран тұрғанда, адасумен былғанған пәлсәпә мен уайымға салатын, күдікшіл ақылдың шәкірттері бо-лған ол бүркіттерге ақиқат пен мағрифат тұрғысында шыбынның қа на тындай да баға беруге мәжбүр емеспін. Мен олардан қаншалықты төмен болсам, олардың ұстазы менің ұстазымнан мың есе төмен. Ұстазымның желеп-жебеуі мен, олардың батқан ұйығы менің аяғымды да былғай алмады. Иә, ұлы бір Патшаның бұйрықтары мен заңдарын жеткізуші қарапайым бір сарбаз, кішкене бір шахтың үлкен лауазымды қызметкерінен әлдеқайда маңызды істер атқара алады.”

146ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУеңсені басатын қара бұлттың астына тағы да әкеліп тастады. Бір Құдірет күш, маған: «енді басқа жолмен жүр!» дегендей еріксіз бастапқы жерге қайта әкелді. Бұл жолы жер астымен емес, керісінше жер бетімен, айналаны тамашалай саяхаттап, арғы жаққа өту үшін кетіп барамын. Саяхат барысында көрген ғажайыптарды айтып жеткізу мүмкін емес. Теңіз буырқанып тасып, айбат шеккендей, дауыл болса мені «қайтсем қорқытамын» деп әлек. Барлық нәрсе қиындық туғызуда. Дегенмен бұл жолы да маған Құраннан арнайы берілген құралмен сапарымды әрмен қарай жалғастырып, белестерден асып, сәтті аяқтадым. Жолда, әр тарапта саяхатшылардың жаназаларын, мүрделерін көрдім. Бұл саяхатты соңына шейін бітіргендер тек мыңнан біреуі ғана екен. Сонымен... әлгі тұмшалаған қара бұлттан құтылып, жердің арғы жағына өтіп, жарқырап нұрын шашқан Күнге жолықтым. Жанға жайлы самалмен терең тыныстап Әлхамдулилләһ дедім. Әлгі жұмақтай әсем әлемді тамашалап, сайран құрдым.Байқаймын біреу, мені тағы да манағы жерде қалдыра салғысы жоқ. Енді маған «басқа жолды көр дегендей» тағы да баяғы сол қорқынышты сахараға әкелді. Қарасам, жоғарыдан төмен салбырап тұрған бейне бір лифтілер секілді әртүрлі бейнеде, кейбірі ұшақ, кейбірі автомобиль, кей бірі зембіл секілді нәрселер. Әркім өзінің күш-қуатына, қа білетіне қарай әлгі жіптерге жабысса болды жоғарыға тарта жөнеледі. Мен де біреуінен мықтап ұстадым. Мені бір минутта ақша бұлттың арғы жағына шығарды. Әп-сәтте әсем сұлу, құлпырған жасыл таулардың үстіне шықтым. Бұлт қабаты таудың орта белінен де аспапты. Бір тараптан самал жел есіп, бір тараптан тәтті су ағып, жайма шуақ, айнала жап-жарық, та маша көрініс. Қарасам, әлгі лифтіге ұқсас нұрлы жайлар әр тарапта кезде седі екен. Тіпті әуелгі екі саяхатымда да және жердің арғы бетінде де оларды көрген болатынмын. Ол кезде түсінбеген екенмін. Енді түсіндім, олар Құран Хакимнің аяттарының нұр-сәулелері екен.Міне, сөзі ишара ететін әуелгі жол, табиғат ұйығына батып, табиғат жаратады деген пікірді ұстанушылардың жолы. Ол жолда ақиқатқа һәм нұрға өту қаншалықты қиын екенін сезген шығарсың.

147ОТЫЗЫНШЫ СӨЗ сөзімен ишара етілген екінші жол болса, Әсбабпараст тардың және ортадағы делдалдарға «жаратады, әсер ете алады» деп қарай тындардың Мәшаийун көсемдері секілді яғни пайғамбарларға емес өз ақылдарына сенетіндер (Перипатетиктер) сықылды нағыз ақиқатқа, шындыққа һәм Уажиб-ул-Ужудті (Аллаһ Тағала) танып, мағрифатқа «Тек ақылдың күшімен шығамыз, пікір арқылы жетеміз» деп даурығатындардың ұстанымы яғни адасқандардың жолы. сөзімен ишара етілген үшінші жол болса, Сират-ы мустақимдегілер боп табылатын әһл-и Құранның (Құран жама ғаты) нұрлы да сара жолы. Ол жол – ең қысқа, ең тегіс, еш қауіпі жоқ және кез келген адмаға ашық, сәмәуи, Рахмани, нұрани жол.

Отыз екінші сөзденЕКІНШІ НҮКТЕНІҢ ЕКІНШІ БӨЛІМІХақ жолдан адасқан, азғындар тобының өкілі азғындығын неге сүйерін білмей сасқалақтап, былай деді: «Менің ойымша, дүниедегі бақытқа, өмірдің рахаты мен өркениетке, техника мен ғылым жетістіктеріне жетудің жолы – ақыретті естен шығарып, Құдайды ұмытып, дүниеге беріліп, емін-еркін болып, әркім өзіне сену ке-рек. Сол үшін мен көпшілікті шайтанның қолдауымен осы жолға түсірдім, түсіріп те жатырмын».ЖАУАП: Біз де жауап ретінде Құран атынан былай дейміз: «Ей, бейшара адам! Ақылға кел! Әһл-и далалеттің айтқанына құлақ аспа! Егер тыңдайтын болсаң, зиян шегетінің сондай, ойлаудың өзі төбе шашты тік тұрғызады. Рух та ақыл да жүрек те шошиды. Сенің алдыңда екі жол бар Біріншісі: Әһл-и далалеттің өкілі айтқан қауіпті жол».Екіншісі: Қасиетті Құран сілтеген бақытты жол. Бұл жолдардың теңеулерін «Сөздер» атты, әсіресе, «Қысқа Сөздер» атты еңбектерімнен көріп әрі түсінген шығарсың. Енді орайы келген соң, мыңдаған теңеуден біреуін баяндап берейін. Назарыңды сал, құлақ түр:Ширк пен далалеттің, пасықтық пен азғындықтың жолы адам баласын әбден аздырып жібереді. Шексіз мұңға салып, өте ауыр жүкті әлсіз де қылдай мойынына жүктейді. Неге десеңіз, егер адам Аллаһ Тағаланы танымаса әрі оған сеніп тәуекел етпесе, өте әлсіз бейшара, шексіз қажеттіліктерге мұқтаж пақыр, толассыз қайғыға душар, өкінішті де мұңлық фәни хайуан тәріздес болып, барлық сүйікті жандармен қатынаста болған қоршаған орта оны тастап, қош айтысқандықтан, күйзелген қалпы өзінен кейін қалған сүйіктілерімен өкіне қоштасып, қабір түнегіне жалғыз өзі кете барады. Һәм өмірінің

149ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗсоңына дейін қолда бар аз ерікпен, аз ғана қуат, қысқа өмір, шамалы тіршілігі және шектеулі санасымен қыруар өкініштерге, қайғы-мұңдарға қарсы тұрып, аңсаған арманына жетуге бостан-бос шапқылайды. Мақсатыма жетем деп, нәтижесіз жанталасады. Өз болмысын алып жүре алмағанымен тұрмай, дүниенің алапат жүгін арқалап, Жәһаннам азабын шегеді.Рас, осы бір ауыр мұң мен қорқынышты, рухани күйзелісті сезбеу үшін, әһл-и далалет, яғни, Құдайдан безгендер сезімдерін өлтіріп, бейқамдық мастығымен уақытша ғана сезбейді. Бірақ уақыты келгенде, яғни, қабірге кірер кезде ұйқыдан шошып оянғандай қорқыныштан селк етіп, мастығы сейіліп, сергіген күйде есі кетіп бір-ақ сезінеді. Өйткені, адам Аллаһ Тағалаға нағыз құл болмаса, өзі-өзіне қожайынмын деп ойлайды. Алайда, оның азғантай еркі, шектеулі қуаты мына алай-дүлей дүниеде еш нәрсеге жарамайды. Өміріне қауіпті нәрселер, зарарлы микробтан бастап, сонау зілзалаға дейін, мыңдаған тобыр дұшпандары оның нәзік өміріне қауіп төндіруде. Жаны қиналып, үрей басып, әрдайым өңі суық, сұсты қабірін күйзеле ойлайды.Оның үстіне адам болған соң, адамзатты, дүниені де алаңдайды. Бірақ дүние де ондағы адамдар да, Хаким, Алим, Қадир, Кәрим біреудің қарауында екеніне сенбегендіктен, яғни, кездейсоқтық, табиғи құбылыс дегендіктен, дүние мен адамдардың хал-ахуалы оны қорқытып, жанын жегідей жейді. Өз басының қайғысымен бірге адамзаттың қайғысын жұтып жаны қиналады. Дүниенің зілзала, аштық, топан су, індет, жойылу мен жоқ болу сияқты құбылыстары оған тым жәбірлеуші, азаптаушы, тас қараңғы әрі қасірет беруші түрінде көрініп, жанын азаптайды. Алайда, мұндай күй кешкен адамға жан ашып, мейірімділік етуге болмайды, оған ол лайық емес. Өйткені, ол мұндай күйді өзі тілеп алды. Сегізінші сөзде екі ағайынды жігіттің кешкен күйлерін теңеуде былай делінген болатын. Мәселен, бір адам миуалы сұлу бауда керемет бай дастархан үстінде, сүйікті ағайындар ортасында орынды да тәтті әсем, тамаша ләззат пен көңіл көтеруді місе тұтпай, орынсыз әрі жағымсыз ләззат үшін нашар нәжіс бір шарапты ішіп алып, мас болса, сөйтіп, өзін ызғарлы қыс ортасында, тіпті, орманда хайуандармен бірге жүрмін деп, қызыл кеңірдек боп айқайлап шуласа, әрине, өзінің мейірімге

150ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУлайық еместігін көрсетеді. Себебі, абыройлы да қадірлі жолдастарын жануарға теңеп, олардың намысына тиеді һәм дастархандағы тәтті тағамдарды, таза ыдыстарды лас тастарға теңеп, сындыра бастайды. Отырыстағы құнды кітаптарды, тартымды да терең мағыналы хаттарды қарапайым, түкке тұрғысыз шимай-шатпақ деп жыртып, аяғымен таптай бастайды. Мұндай адам мейірімге бөленуге емес, жазалануға лайық. Сол сияқты жағымсыз іс-әрекеттен туындайтын күпірлік мастығымен және далалет бассыздығымен Сани-ы Хакимнің мына \"дүние\" атты қонақжайын кездейсоқтық пен табиғат туындысы деп, ал ондағы заман ағысымен үнемі ескіріп, міндеттерін аяқтап, жаңарып отырған Иләһи туындыларды, яғни, Аллаһтың есімдерінің шағылыстарын жойылып, құрдымға кетті деп, ал олардың тәсбих еткен дыбыстарын қоштасу мен мәңгіге айырылысудың жоқтауы деп ойлағандықтан, сон дай-ақ, Самедани хаттар болып табылатын мына болмыс атаулыны ма ғы насыз, астаң-кестеңі шыққан түкке тұрғысыз бір нәрсе деп түсініп әрі мейірімділік толы әлемге бастайтын қабір есігін - жойылу түнегінің есігі деп, ал нақты сүйіктілерге қауышу болып табылатын ажалды, қоштасу сәті деп есептегендіктен, һәм өзін, hәм болмыс атаулыны қайғылы күйде көреді. Аллаһ Тағаланың есімдерінің hәм хаттарының қадірін түсіріп қорлағандықтан, мейірім мен жанашырлықтан тыс қалып қана қоймай, жан төзгісіз азап шегуге лайық атанады. Ондай адамға ешқандай де қайырымдылық жасауға болмайды.Ей, байғұс әһл-и далалет пен азғындар! Мына аталған қорқыныш-ты құлдырау мен жанды күйзелтетін үмітсіздікті қайсыбір өркениет-те ріңмен, қайсыбір ғылымдарыңмен, қайсыбір жетістіктеріңмен, қайсы бір мәдениеттеріңмен, қайсыбір табыстарыңмен өтейсіңдер немесе тоқтата сыңдар? Адам жанының өте құмар, аса мұқтаж, шынайы демеушісін басқа қай жерден табамын дейсіңдер? Арқа сүйеп сеніп жүрген, тіпті, Иләһи туындыларды, Раббани жарылқауларды еншілеп берген қайсы бір табиғатың, қайсыбір себептерің, қайсыбір ширктерің, қайсыбір жаңа лықтарың, қайсыбір зат пен қайсыбір жалған жаратушыларың өздерің мәңгілік жоқ болу деп ойлайтын ажалдан аман алып қала ала ма? Өлген соң қабірден, берзахтан, махшардан, қыл көпірден емін-еркін өткізіп, аман-сау мәңгі бақыт әлеміне жетектеп, бақытқа бөлей ала ма? Алайда, сендер қабірден


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook