Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Имандылық пен Күпірлік

Имандылық пен Күпірлік

Published by risalekz, 2021-05-31 11:58:16

Description: İman ve Küfür Müvazeneleri

Search

Read the Text Version

201СЕГІЗІНШІ МӘСЕЛЕмәңгілікпен әу бастан-ақ байланысты, өзара кіндіктес. Адамзаттың осындай шексіз арман-тілектері бола тұра қолда бары азғана қалау-ерік, ол тым пақыр, қолынан түк келмейтін бейшара. Енді оған ақыретке иман қаншалықты қуатты әрі жеткілікті мол қазына, ол - бақыттың кілті, ләззаттың бұлағы, медет пен қуаныш көзі және дүниенің бітпейтін уайым-қайғысына төтеп берер демеу, таптырмай-тын жұбаныш екені айтпаса да түсінікті шығар. Ондай үлкен пайда-ны иелену үшін дүниелік өмірін пида етсе де түк емес.Ақыретке иманның екінші жемісі және жеке өміріне қатысты бір пайдасы: Үшінші мәселеде түсіндірілген және Жастар шырағындағы бір сілтемеде жазылған маңызы зор нәтиже; Иә, әр адамның әрқашанғы уайымы көптеген достары мен тума– туыстарын жұтып қойған қорқынышты да суық, барса келмес мазар яғни ерте ме, кеш пе бәріміз баратын қабірстан, абайламасаң жоқ қылып жіберетін құрдым. Бір ғана досы үшін жанын беруге әзір бейшара адам, мыңдаған, тіпті, миллиондаған, миллиардтаған до-старынан мәңгіге қоштасып, мүлдем жоқ болатынын уайымдағанда тозақтан бетер қайғы мұң кешеді. Сол сәтте, жарқ етіп ақыретке иман келіп көзін ашады. Тұмшалаған пердені ысырып тастап «Қара!» дейді. Ол да иманмен қарағанда, жәннаттың рахат самалы ескендей рухани ләззат алады, яғни, әлгі достары мәңгі жоқ болудан, шіріп жойылу-дан аман қалып көңілді де нұрлы әлемде мұны күтіп отырғандарын көріп мәз болады. Рисалей-Нұрда мұндай нәтижелер дәйекті түрде түсіндірілгендіктен қысқа қайырдық. Жеке өмірге қатысты үшінші бір пайдасы: Адамның басқа тіршілік иелерінен жоғары мәртебелі, мерейі үстем болуының бір себебі, оның жоғары қасиеттілігі мен күрделі қабілеттілігі және ауқымы кең құлшылық ете алатынында әрі болмыстың көптеген мәртебелеріне ие болуында. Алайда, мұндай адам һәм жоқ һәм өлі һәм қараңғы өткен шақ пен болашақтың ортасындағы аз уақытпен, яғни осы шақпен шектеліп, соның өлшемімен әлгіндей қасиеттерге, яғни, жанашырлық, сүйіспеншілік, бауырластық, адамгершілік секілді қасиеттерге ие болады. Мысалға, бұрын-соңды көрмеген, айырылған соң да көрмейтін әкесін, бауырын, жұбайын, халқын, отанын жақсы көреді, қызмет етеді. Бірақ, адал әрі ықыласты болуы екі талай. Міне, бәрі өткінші де-

202ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУген ұғымның кесірінен кемелдігі мен адами қасиеті сарқылады. Енді тіршілік иелерінің ең жоғарғысы емес, керісінше, құлдырап, түсініксіз халге түсіп, ақылы болғандықтан ең мұңлық, бейшара тірі бір жан. Дәл осы кезде оған ақыретке иман көмекке келсе, қабірдей тар осы шақ бірден қанаттарын жайып өткен мен болашақты қамтитындай кең заманға айналады. Дүниедей, тіпті, әзәлден әбәдке созылып жа-татын яғни мәңгі бірге боламыз деген ой пайда болады. Әкесін мәңгі бақыт әлемінде де, бұдан бұрын рухтар әлемінде де әкем еді деп сыйлайды. Бауырына да мәңгі бірге болатын бауырым деп қарайды, жұбайына да жәннатта өте сұлу өмірлік жар деп қарап, жақсы көреді, құрметтейді, жанашыр болып жәрдем етеді. Әлгіндей ұзақ та мәңгі өмір үшін адал қызмет етіп, дүниелік, уақытша кикілжіңдерге ренжіп кек сақтамайды. Ықыласы артып кемелдігі, адами ізгі қасиеттері әлгіндей ұзақ мерзіммен өлшеніп – дәрежесіне қарай – кемелдене түседі. Дүниелік тұрмыс жағынан боз торғайдан төмен манағы пенде, енді бүкіл жандылардан жоғарылап, ғаламның таңдаулысы, бақтияр қонағы, әлемнің Иесінің сүйіктісі және мақбұл құлы атанады. Бұл нәтиже де Рисалей-Нұрда айғақтармен түсіндірілгендіктен қанағат етіп қысқа қайырғанды жөн көрдік. Адамзаттың қоғамдық өміріне қатысты төртінші пайдасы:Рисалей-Нұрдың Тоғызыншы Шуағында баяндалған нәтиже, бұл соның қорытындысы:Адамзаттың төрттен бір бөлігін құрайтын жас-өспірімдер, ақыретке иман келтірсе адамға лайықты өмір сүреді әрі ада-ми қасиеттерін сақтап қалады. Әйтпесе, уайым мен үрей билеп өздерін ұйықтату немесе үрейді ұмыту үшін ойыншықтармен ой-нап еркелікке салынып бетімен кетеді. Себебі, әрдайым айналасын-да өзі секілді балалардың қайтыс болғанын естігенде нәзік болмы-сы, сезімтал табиғаты зақым көріп, азап шегеді. Сан-түрлі арманға толы жұдырықтай жүрегі сыздап, дәрменсіз рухы ондай соққыға шыдай алмай қиын өмір кешеді, әрі ақыл-ойы мазалап тұрмысының шырқы бұзылады. Ал, ақыретке иманы болса әлгі көрмеуі үшін ойыншықтармен жасырынған уайымның орнына қуаныш пен үміт пайда болып, еңсесін көтеріп былай дейді: «Менің бауырым яки достым өлгені рас. Бірақ ол Жәннаттың құсы болып бізден әлдеқайда рахат өмір сүруде, әртарапты аралап кезіп жүр». Неме-

203СЕГІЗІНШІ МӘСЕЛЕсе, «Анам қайтыс болды, ол Аллаһтың рахымына бөленді. Мені Жәннатта тағы да құшағына қысып аймалап өбеді. Түбінде ая-улы анашыма қайта қауышамын!». Осылайша, адам секілді өмір сүреді.Енді, адамзаттың төрттен бірін құрайтын қарттарды алайық. Олар өмірі жақында өшетінін, топыраққа кіретінін, үйреншікті дүниенің есігі жабылатынын жақсы біледі. Бұған жұбанышты тек ақыретке иманнан табады. Әйтпесе, әлгі құрметке лайық аталар мен аяу-лы аналардың жаны күйзеліп, жүректері аласұрып қатты қиналары сөзсіз. Дүние қараң қалып, оларға зындан, ал өмір сүру адам төзгісіз азап болар еді. Бірақ ақыретке иман оларды былай деп жұбатады:«Уайымдамаңдар! Сіздерді мәңгі жастық шақ, жарқын өмір күтіп тұр. Айырылып қалған бала-шағаң, тума-туысқан, мал-мүлкіңмен қуана қайта қауышатын боласыңдар. Жасаған жақсылықтарың босқа кеткен жоқ, ақысын еселеп аласыңдар!». Міне, ақыретке иман көңілдерін жайлап, жұбататыны сонша әрбір қарт жүз есе қартайып кетсе дағы үмітсіздікке түсіп қайғырмас еді. Адамзаттың үштен бірін құрайтын жастарға келейік. Бойларын әуестік билеп, сезімге берілгіш әрі батыл, ақылын әрқашан тыңдай бермейтін олар ақыретке имандарын жоғалтып алса, яғни, тозақ бар екенін ескермесе, қоғам өміріне қауіп төнеді, ар-намыс тапталып, әлсіздерге қиын болады. Кейде бір сәттік ләззатқа бола бақытты отбасының шаңырағы шайқалып, осы секілді түрмеде төрт-бес жыл азап шегеді. Хайуанға ұқсап, жауыздық жасайды.Егер оған ақыретке иман көмекке үлгерсе, тез есін жинап былай тоқтамға келер еді: «Тәртіп сақшылары көрмеуі мүмкін, олардан жасырына алармын-ау, бірақ, жәһаннам дейтін зынданы бар Падишах-ы Зүлжалалдың періштелері көріп отыр ғой, жаман амалдарымды жазып қоюда. Өз бетімше жүргізбейді, атқарар міндетім бар жолаушымын. Мен де бір күн қартайып күш-қуаттан айырыламын ғой» деп жауыздық жасағалы тұрған кісілерге аяныш сезімі оянып, оларды құрметтейтін болады. Бұл мағына да Рисалей-Нұрда дәлелдермен баяндалғандықтан соған сілтеп қысқа қайырдық. Һәм, адамзаттың маңызды бір бөлігі ауру жандар мен жәбір көргендер және біз секілді бәлеге ұшырағандар мен пақырлар, ауыр жазаға кесілгендер. Егер оларға ақыретке иман медет бермесе, жағдай қиын. Ауру әрдайым өлімді еске түсіріп бір мазаласа, енді өшін ала

204ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУалмаған, намысын таптаған залымның тоңмойын тәкаппарлығы бір жағынан және пәлекеттен зардап шеккен мал-мүлкі, бала-шағасы уайымға салып үмітін үзеді және бір-екі минуттық яки бір-екі сағаттық зауықтың кесірінен бес-он жыл мұндай абақты азабын тар-ту жанын жегідей жейді. Ал ақыретке иман болса терең тыныстап рахаттанып қалар еді. Қиыншылықтар мен үмітсіздік, уайым мен кек оты иманның дәрежесіне қарай сөніп кейде мүлдем жоқ болып кетеді.Тіпті, мен былай дер едім, егер менің және кейбір бауырларымның мына нақақтан нақақ қамалып қиналған кезде, ауыр пәлекет кезінде ақыретке иман жәрдем етпегенде бұл жердегі бір күн шыдатпай-тын азап өлім секілді әсер етіп, бізді өмірмен қош айтысуға итерер ме еді. Бірақ Құдайға шүкір, өзімнің қайғыммен қоса, жанымдай жақсы көрген бауырларымның қайғысын тартсам да және көзімнің қарасындай қымбат, мыңдаған Рисалей-Нұр кітапшаларымды бер-мей, оларды тәркілеп қинағандарынан қатты өкінсем де және бұрын аз өктемдікке шыдай алмайтын мінезім болса да, сізге ант етейін ақыретке иманның нұры, оның сыйлайтын қуаты маған сабыр, төзімділік, жұбаныш пен табандылық берді. Тіпті, ұлы күресте, тиімді сынақ дәрісінде жоғары мәртебе, мол сауап алу үшін күшті ынта-жігер берді десе болады. Кітаптың басында айтқан болатынмын, мен өзімді Жүсіп пайғамбардың (а.с.) медресесі деп атауға лайық, та-маша да қайырлы медреседе жүргендей сезінемін. Анда-санда сыр беретін ауру мен қарттықтан пайда болатын кірпияздық болмаса, рахат түрде шынайы ықыласпен дәрістеріме алаңсыз кірісер едім. Жарайды, орайы келіп тақырыптан тыс нәрселер жазылды, айыпқа бұйырмаңдар. Һәм, әр адамның кішкене дүниесі, тіпті, шағын жұмағы - өз үйі, от басы. Егер ақыретке иман ол үйден орын таппаса, отбасының мүшелері әрбірі өзара мейірім мен сүйіспеншілігі қаншалықты бол-са, соншалықты уайым мен қайғы шегіп, азапқа түсер еді. Әлгі жұмақ өмір тозақи тұрмысқа айналады не болмаса үйдегілер өткінші көңіл көтеруге, ойын-сауыққа үйір болып, азғындыққа салынып, ақылды ұйықтатуға тырысады. Аңшыны көріп, я қаша алмай, я ұша алмай, қатты сасқанынан көрінбеуі үшін басын құмға сұққан түйеқұс секілді әлгі бейшаралар да бейқамдыққа әбден бойұрады. Өзінше, солай істесе, өлім мен аяқталу, қоштасу оларды сырт айналып өтетіндей, ақымақтық қылып, сезімді уақытша сөндірмек болады.

Мысалға, ана өзінің, қатты жақсы көретін, тіпті, ол үшін жанын беруге дайын баласын әрдайымғы қауіп-қатер ішінде көргенде маза-сы кетеді. Немесе балаларды алайық. Олар әкесін яки бауырларын уайымдап, оларды қоршаған бәлелерден сақтай алмайтындықтан әрдайым уайымдап, қорқақ болып өседі. Осылайша тұрлауы жоқ мына өмірде әлгі отбасының бағы тайып, берекеті кетеді. Оның үстіне қысқа өмірлік, уақытша туысқандық байланыс шынайы да адал, толық ықыласты болмайды. Өзара сыйластық пен махаббатқа зақым келіп аралары суый бастайды. Мінез-құлық нашарлап, тіпті, келеңсіз жағдай болуы әбден мүмкін.Ал, отбасы мүшелері ақыретке иман келтірген болса, шаңырақтары нұрға бөленіп, өзара қарым-қатынас, туыстық пен махаббат қысқа ғұмырдың өлшемімен емес, мәңгі бақыт, ақыретте де ол қатынас жалғаса беретіндіктен, соған қарай өлшенеді. Адал құрмет, шынайы махаббат, мейірімге толы қамқорлық, бір-бірінің ағаттықтарына қарамау, кемшіліктерін кешіру секілді жақсы қасиеттер қалыптасып, ол шаңырақта нағыз бақыт орнайды. Бұл мағына Рисалей-Нұрда баяндалғандықтан қысқа қайырдық. Һәм, әрбір қала өз тұрғындарына белгілі бір мағынада үлкен үй, баспана. Егер ақыретке иман ол үлкен үйдің тұрғындарына әсер етпе-се, яғни, иманнан нәсібі жоқ болса, жақсы мінездің негіздері болып табылатын ықылас, адалдық, адамгершілік, қамқорлық, жанашырлық, жанкештілік, Аллаһ ризашылығы, обал-сауап жоғалып оның орнын ашу-кек, бас пайдасын көздеу, екі жүзділік, алдау-арбау, өзімшілдік, рия, жасандылық, парақорлық секілді келеңсіз жайттар етек ала-ды. Сырттай тыныштық, бейбіт өмір кешіп жатқандай көрінгенімен шынтуайтында анайылық, шектен шығу, анархия үкім сүреді. Қала өмірінің шырқы бұзылады. Балалары ерке, жастары мас, күштілері залым келіп, қарттары зар еңіреп, мұңлы күй кешеді.Осылай салыстыра берсек, мемлекеттің өзі бір үй, отан да бір халықтың үлкен отбасы деуге болады. Егер осы кең қанатты отау үйге ақыретке иман ықпал ететін болса, бірден өзара сыйластық, шынайы жанашырлық, мейірім, еш ақысыз сыйластық, бір-біріне көмектесу, адал қызмет, татулық, риясыз құрмет, адамгершілік, менмендіксіз үлкендік, кішіпейілділік секілді игі қасиеттер жаңғырып, жандана бастайды.

206ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУҚұран дәрісімен балаларға былай дейді: «Еркелікті қой, жәннат бар!».Жастарға: «Мастыққа салынба! Жәһаннам бар, байқа!» деп есін жиғызады.Залымдарға: «Жан төзгісіз азап бар, ауыр жазаға тартыласың!» деп әділдікке бас игізеді.Қарттарға: «Уысыңнан шығып кеткен бақ-дәулетті уайым-дама! Алдарыңда одан да артық һәм мәңгі ақыреттік бақ, бақи жастық шақ бар. Соны иемденудің қамын ойла!» деп уайымын қуанышқа айналдырады.Қарап отырсаң ақыретке иман әрбір буынға жағымды әсерін тигізіп, қараңғылықты сейілтіп болымды із қалдырады екен. Енде-ше қоғам өмірін дінсіз жөнге саламын, бір қалыпқа келтіремін деп даурығатын қоғам қайраткерлері мен психологтардың құлақтарына алтын сырға!Міне, ақыретке иманның мыңдаған пайдаларынан бес-алтауына ғана ишара етіп, сілтеме жасадық. Басқа тұстарын салыстырса, екі дүниенің, екі өмірдің бақыт көзі тек иман екені түсінікті болар.

ӘЛ-ХҮДЖӘТ-ҮЗ-ЗӘҺРАНЫҢЕКІНШІ ТАРАУЫФатиха сүресінің соңында һидаят бұйырғандар және хақ жолдағылар мен адасқандар және Хаққа қарсы келуші азғындардың өзара айырмашылығын мегзейтін сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың барлық теңеулерінің бұлағы болып табылатын аяттың бір ақиқатын Нұр сүресіндегі мына:аяты және өзінен кейінгіАятымен бірлесе отырып, ол жердегі теңеуді таңғажайып түрде баяндайды. Бірінші Нұр аяты «Бірінші Шуақта» дәлелденгендей он ишара арқылы Рисалей-Нұрға ишара ететіндігі байқалады және мұғжизалы түрде Құранның сол тәпсірінен ғайби хабар беруде. Бұл, Рисале-Нұрға «Нұр» деп ат қойылуына бірінші себеп болғандықтан, жиырма Тоғызыншы Мектубтың бір бетінде қиялмен саяхат жасалғаны баяндалған болатын. Ол жерде тәмсіл арқылы осы керемет аяттың «Нұр» сөзіндегі «нун» әрпінің мұғжизасына ұқсас мағынауи мұғжиза айтылғанына байланысты «Аят-ул Күбра» рисалесінде дүниеге саяхат жасаған адамның Жаратушы Иесін қалай іздеп тапқаны, оны тану үшін бүкіл әлемнен сұрағаны және Отыз үш жолмен, нақты дәлелдермен өзінің Раббысы кім екенін білгені жайлы баяндалған

208ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУболатын. Сол сияқты, дәл сол жолаушы, ғасырларды кезіп, аспан мен жер қабаттарында ақылымен, жүрегімен, қиял сезімімен құлшына аралап, барған сайын ынтасы артып ғаламды бір қала секілді жан-жақты зерттеп, әсіресе, Құранның хикметіне жүгініп, біресе философия хикметіне ақылмен сүйеніп, салыстыра өз қиялын үлкен дүрбі жасап, тым алыс қабаттарға саяхаттап ақиқаттарды қаз-қалпында көріп, олар жайлы бізге «Аят-ул Кубра» кітабында баяндаған-ды. Қазір біз, сол нағыз ақиқат әрі тәмсіл ретіне ойша жасаған саяхаттағы әлемдердің тек мысал ретінде үшеуін, Фатиха сүресінің соңғы жағындағы теңеудің үлгісін қысқаша баяндаймыз. Басқа көрген-білгендерін, теңеулерін Рисалей-Нұрдың мысалдарына тапсырамыз. Бірінші үлгі мысал: Әлгі, дүнияға тек қана Жаратушысын танып, табу үшін келген жолаушы ақылға салып былай деді: «Біз барлық нәрседен Жаратушы Иемізді сұрап, қанағаттанарлық жауап алдық. Енді, Күнді табу үшін Күннің өзіне жүгін демекші, біз де Жаратқан Иемізді Оның Ілім, Ирада, Құдірет сынды киелі сипаттарының әсері арқылы, сондай-ақ, көзге көрініп тұрған істерінің және есімдерінің сәуле-шуақтары арқылы тануға тырысамыз. Сол үшін, тағы бір саяхат жасайық» деп, дүнияға кірді. Және жат ағым әһл-і далалет яғни адасқандар секілді, Жер шары атты кемеге мінді. Мінді де, Құранның хикметін қабылдамайтын пән мен пәлсапа көзілдірігімен және Құран оқымайтын жағрафия пәнінің ережелері бойынша қарады. Қараса, жер шары шексіз кеңістікте бір жылда жиырма төрт мың жылдық шеңберді зеңбірек оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып зымырап барады. Үстінде жүз мың түрлі бейшара, әлсіз жанды пенделерді мінгізіп алған. Егер бір минутқа жолдан тайса, не бір жұлдызбен соқтығысса күл-талқаны шығып, шексіз кеңістікте дымы қалмай қирап, үстіндегі жан-жануарлар жоқ болып, құрдымға кететінін түсінді.деген қисық жолдағы топтың рухани азабын және сөзінің адамды тұнжырататындай қараңғылығын сезіп «Қап, әттеген-ай! Мына сұмдық қауіпті

209ӘЛ-ХҮДЖӘТ-ҮЗ-ЗӘҺРАкемеге қайдан міне қойдық!? Енді, қалай құтыламыз!?» деп, әлгі көрсоқыр философияның көзілдірігін бір ұрып сындырды да, жолына түсті. Сонда, Құранның хикметі медет болып, әр нәрсенің ақиқатын көрсететін дүрбі сыйлады. Ақылыңды пайдаланып енді, «Қара!» деп еді: есімі,Көкжиегінде Күндей жарқ етті. Жер шары өте сенімді әрі жүйелі керемет кеме болып, бүкіл тірі жандарды өз ризық несібелерімен бірге көтеріп, әлем теңізінде хикметке толы, пайдалы қозғалысымен Күнді айнала кезіп ризыққа мұқтаж жандарға жыл мезгілдерінің өнімдерін жеткізуде. Хақ Тағала «Сәур», «Хут» атты екі періштені әлгі кеменің бақылаушы капитаны етіп тағайындаған. Ол кеме керемет Раббани елді мекен кеңістікті аралап, Халиқ-ы Зүлжәлалдың жаратқан пенде-қонақтарының көңілін көтеру үшін серуендеп жүр. Осылайша, ақиқатын көрсетіп, жаратқан Иесін осы есімнің сәулесі арқылы таныстырады. Жолаушы осыны түсінді де, шын көңілімен деді де, дейтін сыратал мұстақим иелері тура жолдағыларға қосылды.Жолаушы саяхат барысында көрген ақиқаттардан екінші үлгі мысал: Әлгі жолаушы жер шары кемесінен түсіп, хайуанат әлеміне, адамзат дүниясына келді. Ол, өзіне дінмен санаспайтын табиғатшыл ұғымды көзілдірік жасап қарады. Қараса, сансыз тіршілік иелерінің шексіз қажеттіліктері және оларды ренжітетін, тиісетін көптеген зиянкес дұшпандары бар және әр түрлі қатерлі оқиғалар айнала қоршап алған, бірақ олардың бұған қарсы тұрар күш-қуаты жоқтың қасы. Қауіпті дұшпандарының миллионнан бір бөлігін тойтаруға да жетпейді. Осындай сұмдық әрі аянышты жағдайды көргенде мейірім сезімі және ақылы қатты әсер алып, өкініш пен қайғыдан тозаққа түскендей ауыр күй кешті. Мұндай аянышты әлемге келгеніне қатты өкініп тұр еді, кенет Құранның хикметі медет беріп, көмекке келді.

210ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУ деген дүрбі сыйлады да, «Енді, қара!» деді. Қараса, аяты нұр шашып, Рахман, Рахим, Рәззақ, Муним, Кәрим, Хафиз сынды Иләһи көркем есімдердің әр қайсысы Күндей жарқырап, секілді аяттардың көкжиегінде көріне бастады. Әлгі адамзат пен жануарлар әлемін рахымға, ихсанға бөлеп, белгілі мағынада уақытша жәннатқа айналдырды. Сөйтіп, әлем тамаша ғибратқа толы, қонақүй тәрізді жомарт Иесі Аллаһты толық таныстырып, одан хабар беретінін білді. Қайта-қайта деді.Саяхатында көрген жүздеген мысалдардың үшінші мысалы: Жаратқан Иесін есім-сипаттарының әсерінен, сәулесінен танығысы келген әлгі дүниеге қонақ жолаушы ақылы мен ойына былай деді:Қанекей, біз де рухтар мен періштелер секілді денені тастап көкке көтеріліп, жаратқан Иемізді аспандағылардан сұрайық. Сөйтті де рух қиялға мініп, ақыл пікірге еріп аспанға көтерілді. Астрономия пәнін жетекші етіп соған жүгінді. Дінді қабылдамайтын философия көзімен , дейтін жат ағым секілді қарады. Қараса, жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жүз есе жылдам қозғалып бара жатқан денелер, от шашқан жұлдыздар араласа-құраласа тым жылдам қозғалуда. Кездейсоқ, біреуі бір минут өз жолынан тайса, ұшы-қиырсыз кеңістікке өзі секілді меңіреу бір денеге соқтығысып қиямет-қайым болғандай астан-кестеңі шығары сөзсіз. Әлгі, жолаушы қай жаққа қараса да осындай сұмдық пен үрейді көріп зәресі ұшты. Аспанға шыққанына пұшайман болып қатты өкінді. Ақыл-ой, басқа барлық сезімдері аласұрып, «біздің міндетіміз мұндай емес. Керемет ақиқаттарды көріп, басқаларға көрсету болатын. Кәдімгідей тозақ іспетті жағымсыз да азапты мағыналарды ұғыну, көру бізге ауыр тиюде. Мұндай қызметтен бас тартамыз, қаламаймыз!» деп зар қақты.

211ӘЛ-ХҮДЖӘТ-ҮЗ-ЗӘҺРАСол кезде кенет: аяты әсерімен «Халиқус-Сәмауати уәл ард» және «Мусаххируш-Шәмси уәл Қамар» және «Раббул-Аламийн» секілді көркем есімдердің әрқайсысы Күндей жарқырып, және және секілді аяттардың көкжиегінде көріне бастады. Күллі аспанды нұрға бөлеп, періштелерге толтырды. Сөйтті де, аспан алып мешітке және әскери бөлімшеге айналды. Енді, жолаушы дейтін тура жолға түсті. Әлгі адасқандардан, -ден құтылды. Бірден аспан жұмақтай құлпырып, тамаша, керемет бейнеде жүйелі мемлекетке айналды. Жаратылыстардың бәрі де Халиқ-ы Зүлжәлал Аллаһты дәріптеп, таныстыруда екенін көріп, ақылының, ой-санасының қадір-қасиеті жоғарылап атқарар міндетінің маңыздылығы артты. Міне, әлгі жолаушының әлемге жасаған саяхатының жүздеген түрін осы үш мысалға салыстырып, басқа да көрген-білгендерін және есім-сипаттарының сәуле, шуақтары арқылы Уәжиб-ул Ужуд Аллаһтың мағрифаты жайлы баянды Рисалей-Нұрға сілтеп, терең де ұзақ қиссаны қысқа қайырғанды жөн көрдік. Осы шағын тұжырымдарға қанағат етеміз де Жаратушы Иемізді таныстыратын, Оның киелі сипаттарынан және жеті сипатынан тек қана «Ілім», «Құдрет», «Ираде» секілді үш сипаттың көрініс, әсерлері арқылы және рас екенін дәлелдейтін айғақтарына сүйене отырып, шексіз әлемді Жаратқан Халиқты тануға әлгі дүния жолаушысы секілді біз де қысқа ишарамен таныстыруға тырысамыз. Егжей-тегжейлі түсіндіруді Рисалей-Нұрға сілтейміз. 

(Жиырма тоғызыншы Лемадан)ЕКІНШІ БАП(Бұл екінші баб Әлхамдулиллаһ жайында)«»Екінші баб деп аталған бұл шағын еңбекте адамдарға «Әлхамдулиллаһ» дегізген иманның көптеген пайдалары мен нұрларының тек тоғыз түрі баяндалмақ.БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Әуелі екі нәрсені есте сақтаған жөн.Біріншіден: Философия – не нәрсені де жаман қылып, қорқынышты түрде көрсететін қара көзілдірік. Иман – не нәрсені де тамаша қылып, жанға жақын жылы шырайлы бейнеде көрсететін мөлдір де пәк, нұрлы көзілдірік.Екіншіден: Бүкіл жаратылыспен байланыста, әр нәрсемен қарым-қатынаста, өзін қоршаған ортамен ойша болса да сөйлесуге, жүздесуге, көрші болуға әу бастан мәжбүр адам баласының оң мен солы, алды мен арты, асты мен үсті дейтін алты жағы бар. Адам әлгі аталған көзілдіріктің біреуін киіп, манағы жақтардағы жаратылысты, хал-ахуалды, жағдайларды көреді.Оң жақ. Бұл өткен шақ. Философия көзілдірігімен оң жаққа қараған кезде, ол жақ астан-кестеңі шығып қирап қалған үрейлі мазар тәрізді көрінеді. Адам мұндай көріністен зәресі ұшып, жүрегі аузына тығылып үмітсіздікке түсері анық. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, әлгі жақ астан-кестең күйде көрінсе де бірақ жан шығыны жоқ. қызметшілері мен тұрғындары әлдеқайда әсем, нұрлы әлемге көшіп кеткені байқалады. Ондағы қабірлер мен шұңқырлар нұрлы әлемге ену үшін қазылған жер асты жолдары түрінде көрінеді. Демек, иманның адамға сыйлайтын шаттық пен рахаты мыңдаған «Әлхамдулиллаһ» дегізетін бір нығмет.

213ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАДАНСол жақ. Келер шақ. Философия көзілдірігімен қарасаң, болашақ бізді шірітіп, құрт-құмырсқаға жем қылып жанымызды алатын үрейлі де қорқынышты, үлкен бір қабір түрінде көрінеді. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, Халиқ, Рахман, Рахимның яғни, Аллаһ Тағаланың адам баласына дайындаған түрлі-түрлі тіл үйірер тәтті тағамдар мен сусындарға толы Рахман дастарқаны тәрізді көрінеді. Мыңдаған рет «Әлхамдулиллаһ» дегізіп, қайталатқызады.Үстіңгі жақ. Яғни, аспанға философияға сүйеніп қараған адам сонау шексіз кеңістікте миллиардтаған жұлдыздар мен планеталардың, ат жарысы тәрізді немесе соғыс тәсілі сияқты жылдам әрі сан-қилы қозғалыстарын көріп, үрейі ұшып бойын қорқыныш билейді. Алайда иманды кісі қараған кезде сол таңғажайып, керемет тәсіл, бір қолбасшының бұйрығымен, оның қол астында екенін, аспан әлемін безендіріп, тұрған әлгі жұлдыздардың бізге жарық беретін шырақтар екенін көреді. Манағы ат жарысындай топалаңға қорқынышпен үрейлене емес сүйсіне, үйреншікті түрде қарайтын болады. Аспан әлемін осылайша суреттеген иман нығметіне әлбетте сан мыңдаған «Әлхамдулиллаһ» деу қажет.Астыңғы жақ. Яғни, Жер планетасына философия көзімен қараған сәтте, Жер шары беталды, жүгенсіз, Күннің айналасын жүйесіз кезген бір хайуан секілді немесе штурвалы сынық, капитансыз кеме тәрізді көрініп, зәресі ұшады. Алайда, иманмен қарағанда Жер шары Аллаһтың басқаруындағы адамзатты серуендету үшін Күнді айналып жүрген, іші азық-түлік пен сусындарға толы Рахмани бір кеме түрінде көреді. Иманнан туындаған осы бір ұлы нығмет үшін үлкен-үлкен «Әлхамдулиллаһ» тарды айта бастайды.Алдыңғы жақ. Философ адам бұл жаққа қараса, барлық тіршілік иелері – адам болсын, хайуан болсын топ-топ болып, керуендей тізіліп солай қарай шапшаң бет алуда, және көзден тез таса болуда. Яғни, жойылуда, жоқ болуда. Өзі де сол жолдың жолаушысы екенін білгендіктен жанын жегідей жеген өкініштен жын ұрғандай күй кешеді... Алайда, иман назарымен қараған мүмин, адамзаттың ол жаққа бет алысы, жасаған саяхаттары жойылуға емес, көшпенділер тәрізді бір жайлаудан екінші бір жайлауға көшу, фәнилік елінен мәңгілік еліне, жұмыс жерінен еңбек ақы беретін жерге, қиындықтардан босап рахатқа бату үшін қоныс аудару, жоқ болуға емес, мәңгі бар

214ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУболуға бара жатырмын деп бұл жаққа сүйсіне қарайды. Алайда, жолда кездесетін өлім, қабір секілді машақаттар болса нәтижесінде бақыт болып табылады. Өйткені нұрлы әлемге бастайтын жол сол қабір арқылы өтеді және мол бақыт, бақ-дәулет болса үлкен әрі қиын пәлекеттердің нәтижесінде болады.Мәселен, Хазіреті Жүсіп Пайғамбар Мысырдың құрметті адамы дәрежесіне, бақ-дәулетке бауырларының құдыққа тастап қинауы, және Зылиханың жала жауып, зынданға қаматуы арқылы қолы жетті емес пе! Сондай-ақ, ана құрсағынан дүниеге келген нәресте, әлгі қараңғы жерде көрген қиындықтары мен әуре сарсаңның нәтижесінде дүние бақытына бөленеді. Артқы жақ. Яғни бізден кейін келетіндерге философия назарымен қараса, «Апырым-ай, мыналар қайдан келіп, қайда барады және дүниеге не үшін келеді?» деген сұраққа жауап таба алмағандықтан таңдану мен күдіктің азабын тартады. Алайда, иман нұрынан жасалған көзілдірікпен қараған кезде, адам баласы әлем көрмесінде жайылған таңғажайып, керемет құдіреттің мұғжизаларын, оның өнерін тамашалау әрі зерделеу үшін Сұлтан-ы Әзели тарапынан жіберілген зерттеуші екенін түсінеді. Олар әлгі мұғжизаның қадірін, бағасын және Сұлтан-ы Әзәлидің алыптығын, оны дәлелдейтін айғақтарды тауып, іздестіргендеріне қарай сауап жинаған соң, қайтадан әлгі Сұлтан-ы Әзәлиге оралатындықтарына сенеді. Осындай сенім нығметіне қол жеткізген иман нығметіне «Әлхамдулиллаһ» деуі керек. Аталған қараңғылықтарды жоятын иман нығметіне «Әлхамдулиллаһ» деп жасалған хамд, мадақ, ол да бір нығмет болғандықтан оған да бір хамд қажет. Бұл екінші хамдқа да үшінші бір хамд, үшіншіге де төртінші хамд қажет. Демек, бір ғана хамдтан туған хамдтар жиналып ұшы-қиырсыз, ұзыннан-ұзақ тізбектелген хамд тізбегін құрайды. ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Алты жақты нұрға бөлеген иман нығметіне «Әлхамдулиллаһ» деуі керек. өйткені, иман алты жақтың қараңғылығын жою арқылы пәленің бетін қайтарып қана қоймай әлгі алты жақты нұрға бөлеу тұрғысынан алып қарағанда да пайда беретіндіктен екінші бір нығмет болып саналады.

215ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАДАНОсыған орай, адам баласы жаратылысынан фытри бір мәдениетке ие болғандықтан, алты жақтан қоршаған мақұлықтармен байланысы бар және иман нығметінің саясында осы алты жақтан пайдалана алу мүмкіншілігі бар.Сонымен аятының сырымен адам алты жақтың қайсысынан болсын нұрға бөленеді. Тіпті, мү'мин бір адамның дүниенің жаратылысынан бастап соңына дейін жалғасатын ұзақ өмірі бар деуге болады. Адамның мұндай рухани өмірі, әзелден әбедке созылып жатқан тіршілік нұрынан медет, демеу алады. Тағысын тағы... Алты жақты нұрға бөлеген иманның саясында адамның мына қысқа уақыты мен тар мекені кең де рахат бір әлемге айналады. Ол кең әлем, бір адамның үйі сияқты болады. Өткен шақ пен болашақ адам жанына, көңіліне осы шақ тәрізді келеді. Арасындағы қашықтық жойылады.ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Имандылық адамзат үшін сүйеніш пен медет болғандықтан, «Әлхамдулиллаһ» деп шүкір етуі керек.Иә, адамзат тым әлсіз әрі дұшпандары көп болғандықтан арқа сүйер бір тіренішке мұқтаж-ақ. Сол арқылы дұшпандардың бетін қайтарады. Сондай-ақ қажеттіліктері де көп, пақырлық болса шыдатпай бататындықтан, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жәрдемге мұқтаж.Ей, адам! Сенің арқа сүйерің – жалғыз ғана Аллаһқа деген иманың. Жаныңа, көңіліңе жәрдемші медетің – тек қана ақыретке деген иманың.Міне осы екі нәрседен хабарсыз адамның жаны мен жүрегін үрей басады. Жан дүниесі астан-кестең азап шегеді. Ал, біреуіне сүйеніп, екіншісінен жәрдем алған адамның, жүрегі рухы, көңілі, рахат тауып, көңілі жұбанады. Осылайша ішкі дүниесіне тыныштық орнап, жұбаныш табады.ТӨР ТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Иман нұры Заңды ләззаттар аяқталғанда пайда болатын уайымдарды ол ләззаттардың жалғасы, ұқсасы бар екенін көрсету арқылы жоқ қылады. Сондай-ақ, нығметтер жалғасып, азаймайтынын және олардың қайнар көзі бар екенін көрсету арқылы көңілді тыныштандырады.

216ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУСонымен қатар, қоштасу мен айырылысудың қайғыларын, ұқсастарының жаңаруы, оның ләззаты бар екенін көрсету арқылы жойып жібереді. Яғни аяқталатынын ойлағанда бір ләззаттан көптеген қайғылар пайда болады. Иман болса жаңарып келетін бастапқыға ұқсас ләззаттар болатынын еске түсіріп, қайғыны сейілтеді. Сонымен қатар, ләззаттардың жаңаруында да өзіндік ләззаттар бар.Рас, бір түйір жемістің ағашы болмаса сол жеміспен шектеулі ләззат, оны жеп бітіргенде ләззаты да кетіп өкінішке себеп болады. Ал, жемістің ағашы белгілі болса ондай жемістің аяқталуы өкіндірмейді, өйткені орнына келетін басқасы бар.Сондай-ақ, жаңарудың өзі бір ләззат. Адам жанын көп қинайтын нәрсе – қоштасулардан пайда болған уайымдар. Иман нұры ұқсастарының келуі, соларға қол жеткізу деген үмітпен ондай уайымдарды жоқ қылады.БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Иман нұры мына әлемде адам баласына дұшпан және бөтен немесе өлі, жетім сияқты жансыз, меңіреу болып көрінген нәрселерді сүйкімді және бауыр етіп көрсетеді. Яғни, бейқам адам, қоршаған әлемдегі болмысты дұшпан сияқты қауіпті көріп, үрейі ұшады. Оларға бөтенсіп қарайды. өйткені, хақ жолдан тайғандардың (далалет) көзқарасы бойынша өткен шақ пен келешектегі нәрселер арасында бауырластық, жақындық байланыс жоқ. Тек осы шақта аз ғана бір байланыс бар. Сондықтан әхли далалет яғни адасқандардың бір-біріне деген бауырластығы бір сәттік, уақытша ғана.Ал, иманды көзбен қараған жан барлық нәрсені тірі, әрі біріне-бірі бауыр екендігін, әр нәрсе өз тілімен Халиқына тәсбихат еткенін көреді. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда заттардың өздеріне тән тіршілік түрлері, рухтары бар. Сондықтан имани көзқараста әлгі нәрселерден қорқу, үрейлену деген жоқ. Керісінше достық, жылы шырай, жақындық бар.Хақ жолдан адасқан көзқарас, адамдарды талап-тілектеріне жету жолында дәрменсіз қылып, босқа аласұрған, қамқоршы иесі жоқ, өкінішті, қайғылы, мұңды, тым әлсіз, жыламсыраған жетімдер сияқты деп ойлайды. Ал, иманды көзқарас, тіршілік атаулыға зар еңіреген жетімдер деп емес, міндет жүктелген қызметшілер зікір етушілер (закир) және құлдар деп қарайды.

217ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАДАНАЛТЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ: Иман нұры дүние мен ақырет әлемдерін сан-алуан нығметтермен безендірілген екі түрлі дастарқан түрінде суреттейді. Мүмин, иманы арқылы ішкі-сыртқы мүшелерімен, рухани сезімдерімен әлгі дастарқанан пайдаланады.Ал, далалет назарында тіршілік иелерінің пайдалану алаңы тарылып, материалдық ләззаттармен шектеліп қалады. Иманды көзқараста Көк пен Жерді қамтитындай алаңы ұлғая түседі.Иә, бір мүмин Күнді үйінде ілулі шырағдан, Айды жол көрсетуші шам деп санайды. Осылайша Күн мен Ай өзіне берілген бір нығмет болады. Сондықтан мүмин адамның пайдалану алаңы, аспан әлемінен әлдеқайда кең болады. Иә, Қасиетті Құран деген аяттардың шешендігімен иманнан туындаған мына таңғажайып, баға жетпес жарылқауларға, нығметтерге ишарат етуде.ЖЕТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Аллаһтың бар екендігі, бүкіл нығметтерден қымбат, құнды нығмет. Тіпті Ол, шексіз нығметтер, жарылқаулар мен сыйлықтардың түрлерін қамтиды. Олардың қайнар көзі. Бұл Иман нұрының саясында білінеді. Сонымен, иман нығметіне әлемде қанша зәрре болса, сонша шүкір мен хамд ету борыш болып табылады. Рисалей-Нұр шығармаларында олардың кейбіріне ишара етілген болатын. Сонымен қатар, Рисалей-Нұрдың Аллаһқа иман жайындағы бөлімдері бұл нығметті анық көрсеткен.Әлхамдулиллаһ сөзіндегі «лам-ы истиғрақ» ишара етіп отырған барлық хамдтар арқылы шүкір ету қажет нығметтердің бірі де Рахманиет нығметі. Рас, Рахманиет, тіршілік иелерінің рахметке бөленгендерінің есебінше нығметтерді қамтиды. Өйткені, адам, тіршілік иелерінің әрқайсысымен байланыста. Бұл тұрғыдан, адам, олардың әрқайсысының бақытына қуанады, қайғысына мұңаяды. Олай болса, кез-келген бір тіршілік иесіне берілген нығмет, жолдастарына да нығмет болып есептеледі.Сондай-ақ, аналардың мейірімімен нығметке бөленген нәрестелердің есебінше нығметтерді қамтып, жасалған хамдтерге лайық нәрселердің бірі де Рахимиет. Иә, анасынан айрылған бір баланың жылағанын көріп көңілі босап, жаны ашыған адам,

218ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУәлбетте аналардың балаға деген жанашырлықтарынан ләззат алады, шаттанады, көңілі толады. Міне, осындай ләззаттар да нығмет. Бұл да шүкір мен хамдты қажет етеді.Сондай-ақ, әлемдегі хикметтердің түрлері мен саны қанша болса сонша хамд пен шүкір қажет қылатындардың біреуі де Хакимиет. Өйткені, адамның жаны Рахманиеттің шуағымен, ал көңілі Рахимиеттің әсерімен нығметке бөленгені сияқты, адамның ақылы да Хакимиеттің нәзіктігі арқылы рахатқа батады, ләззат алады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ауыз толтырып «Әлхамдулиллаһ» деу арқылы хамд пен шүкір талап етеді.Сондай-ақ, әсем есімдерден «Уарис» есімінің көрінісінің санындай әкелер мен ата-бабадан қалған нәсілдердің санындай және ақырет әлемінің болмыстары санындай, сондай-ақ ақыреттік сый алуға себеп, жазылып алынған адамзаттың амалдары есебінше, даусы жер жарардай «Әлхамдулиллаһ» деу арқылы шүкіршілік етуді қажет ететін нәрсе Хафизиет нығметі.Өйткені, нығметтің жалғасуы, нығметтің өзінен әлдеқайда қымбат. Ләззаттың баяндылығы, ләззаттан әлдеқайда тәтті. Жәннатта мәңгі қалу, Жәннаттан әлдеқайда жақсы, тағысын тағы.Сондықтан, Аллаһ Тағаланың Хафизиеті, оның қамтыған нығметтері бүкіл әлемдегі нығметтерден әлдеқайда басым әрі қымбат. Бұл тұрғыдан алып қарағанда дүниені толтыратындай бір «Әлхамдулиллаһ» қажет. Жоғарыда аталған төрт есіммен қалған әсем есімдерді салыстыр. Әр бір есімде шексіз нығметтер бар екендігін, олардың әрқайсысына хамд пен шүкір керек екенін көресің.Сондай-ақ, шексіз нығмет толы қазыналарды ашып оған бастаушы және Иман нығметіне ұйытқы әрі дәнекер болған Хазіреті Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәлам да бір нығмет. Ол сондай бір нығмет, оны бүкіл адамзат мәңгі бақи мадақтауға борышты.Сондай-ақ, заттық және рухани барлық нығметтердің түрлерінің мазмұны, қайнар көзі – Ислам діні және Құран нығметі де шексіз шүкір мен хамдтарды қажет етеді.СЕГІЗІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Әлем атты мына ұлы кітап және оның тәпсірі Құран Кәрім баяндағанындай бұл кітаптың бүкіл бабтары, бөлімдері, парақтары, жолдары, сөздері тіпті әріптері әлгі Зат-ы Ақдестің Жамал (Сұлу), Кемал (Нұқсансыз) сипаттарын көрсетіп, Оған хамд уа сена, яғни мадақтап шүкір етуде.

219ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМАДАНЯғни әлгі үлкен кітаптың әр бір нақышы, үлкені де кішісі де Уахид, Самед шеберінің жәлал сипаттарын көрсету арқылы хамд айтып мадақтайды. Сондай-ақ, ол кітаптың әрбір жазуы Рахман, Рахим жазушысының әсем ерекшеліктерін көрсету арқылы дәріптейді.Сондай-ақ, әлгі кітаптың барлық жазулары, нүктелері, нақыштары-әсем есімдердің көріністері мен сәулелеріне айна әрі шағылыстырушы болу жағымен әлгі Зат-ы Ақдесті қадірлеу, мадақтау, дәріптеу арқылы мақтаушылар. Сол сияқты әлгі кітаптың әрбір шумақ өлеңі, Қадир, Алим ақынын қастерлеп мадақтайды.ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕ.**Саид НұрсиСілтеме: Менде мұндай құпия сырлардың кілті жоқ. Сондықтан аша алмаймын. Оның үстіне аузы ораза адамның басы, мұндай сырларды аша да, алмайды шешеде алмайды. Кешірім өтінемін. Мұның өзін, автордың рухани жәрдемімен ғана және Қадір түнінің берекеті арқылы, сондай-ақ, Мәулананың көршілестігін пайдалана отырып аудару нәсіп болды. әйтпесе... Аудармашы Абдулмәжид Нұрси

ЛемааттанРУХАНИ ӘЛЕМДЕГІ ЖИНАЛЫСТА(Қазіргі мәдениет пен шариғатты, ғылыми ойлар мен шариғаттағы ақиқаттарды таразылау)Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, бейбіт келісімге келген кезең. Жұма күні көрген садық түсте, рухани әлемдегі үлкен бір жиында, маған мынадай сұрақ қойылды.«Мына жеңілістерден кейін Ислам әлемінде қандай жағдайлар болады? Осы ғасырдың өкілі ретінде сөз бастадым, басқалар сөзіме құлақ түрді. Баяғыдан бері мұсылмандардың тәуелсіздігі мен Аллаһтың сөзін асқақтату үшін фарз-ы кифайе болған жиһад жолында дінімнің талабы осы деп, бүкіл мұсылмандармен бір денеге айналғандай, өз жанымды Ислам жолында пида етуге міндеттімін деп санап, Халифаттың ту ұстаушысы болған бұл мемлекеттің, мұсылман халықтарының басынан өткізген пәлекеттер, Ислам әлеміне бостандық пен бақыт әкелетін болады. Ауыртпалықтар артта қалып, келешекте орны толатын болады. Үш беріп, үш жүз алған, ешқандай зиян шекпейді. Қайрат қылып, күш жұмсағандар бүгін қиналғанмен келешекте ұтатын болады. Өйткені мына қиыншылықтар, өмірдің ұйытқысы болған мейірімді, бауырластықты, мұсылмандардың бір-біріне деген сенімін арттырып жіберді, бауырластық сезімін күшейтті. Осындай жағдайларды тездетті. Мәдениеттің бұзылған түрі – бүгінгі қоғамның азғындауы. Мұндай жағдай өзгеріп, бұлардың жүйесі өзгеретін болады. Сол кезде Ислам мәдениеті ортаға шығады. Әлбетте мұсылмандар оған өз еріктерімен ұмтылады. Шариғаттағы мәдениет пен қазіргі мәдениетті салыстырғың келсе, мына негіздер-ге көңіл бөл. Ишараларға назар аудар.Қазіргі мәдениеттің негіздері, бес болымсыз нәрсенің үстіне орнатылған және оған солар қымбат. Ол мәдениеттің механизмдерін айналдырып тұрған да солар. Олардың сеніп отырғандары мыналар: Ақиқат емес, күш.Күштің істейтін нәрсесі шабуыл мен басыну – қиянат содан шығады.

221ЛЕМААТМежелеген мақсаттары: Жоғары құндылықтар емес, түкке тұрғысыз бас пайда. Бас пайданың істер амалы – біреуге зиян тигізу, өшігу, жауласу. Қылмыс содан шығады.Өмірлік заңдары: Өзара көмек емес, күресудің тәсілдері. Күрестің амалы – текетірес, төбелес, талас-тартыс. Жоқшылық содан шығады. Халықтың ойындағы нәрселер: нәсілшілдік, ұлтшылдық.Мұндай нәрсе басқаларды жұтып қою арқылы күш жинайды.Болымсыз ұлтшылдықтың жасайтын амалы – ұрыс, ерегіс. Құлдырау, күйреу осындайдан шығады. Бесіншісі де мынау: Жақсы көрер шаруасы – әуестік, әуестікті қоздыру, жеңіл жол іздеу, құмарын қандыру. Азғындық осындайдан шығады. Ондай әуестік пен құмарлық адамды азғындыққа салып, мінез-құлқын бұзады. Адамгершіліктен шығып кетеді. Қазіргі мәдениетті сымақ жандардың ішін сыртына айналдырсаң, басым көпшілігінің ішінен маймылды да, түлкіні де, жыланды да, аю мен доңызды да көресің. Ішіндегілер көрініс береді. Терісін де, жүнін де қиялыңмен көре аласың. Олардың не істеп жүргендігі белгілі болады.Жер бетіндегі өлшемдердің таразысы – Шариғат. Шариғаттағы мейірім Құраннан сәуле алуда. Құрани мәдениеттің негіздері болымды екендігіне дәлел көп. Ол мәдениеттің бақытқа апарар механизмдері бес түрлі бо-лымды негіздерге орнатылған. Сүйенер нәрсесі күш емес, хақ (ақиқат). Хақтың атқарар ісі әділет, теңдік. Сәлемет осылардан туады.Пәлекеттер кетеді.Көздеген мақсаттары бас пайда емес, жоғарғы құндылықтар. Ондай құндылықтардан махаббат пен жақсы көріп, жақын тарту туындайды. Бақыт осыдан шығады. Жауласу тоқтайды. Өмірлік ұстанымы: жеңу, жою емес, өзара көмек. Бұл ұстаным бірігу мен бір біріне сүйеу болуға апарады. Жамағаттың болмысына жан бітеді. Халыққа қызмет ету жолы, әуестікті қоздырып, желіктіру емес, Құранның тура жолына бастау, соған шақыру. Ол тура жолдың апарар жері, адамгершілікке лайық түрде даму, өрлеу, молшылық, рахат өмір. Адамның жан дүниесін нұрландырып, кемелдендіру. Болымсыз ұлтшылдық қоғамның ауызбіршілігін жояды.

222ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУБолымсыз ұлтшылдықтың орнында діни, имани бауырластық, отанға деген сүйіспеншілік, әлеуметтік топтар арасындағы ауызбіршілік болуы керек. Мұндай байланыстардың апарар жері шынайы бауырластық. Ор-тақ бақыт. Сырттан шабуыл басталса, іштегі де қорғанысқа көшеді. Мұсылмандардың қазіргі мәдениетті неге қабылдамағанын енді түсіндің бе?Осы уақытқа дейін мұсылмандар қазіргі мәдениетті өз еркімен қабылдаған жоқ. Бұл оларға жараспайды. Бірақ олар тұтқынға айналып, мойнына бұғау салынды.Адамзаттың дертіне дауа нәрселердің орнына у берілді. Жүздің сек-сенін машақатқа, қиыншылыққа салып қойды. Жүзден онның қолына былыққа әбден батқан алдамшы бақыт берді. Қалған он адамды да маза таппас, дамыл таппас жағдайда қалдырды. Саудадан түскен пайда аз ғана залым топтың қолында қалды. Нағыз бақыт – баршаға ортақ бақыт қой. Ең болмаса көпшілікке бақыт сыйласа. Адамзатқа мейірім болып түскен Құран, адамзаттың бәріне немесе басым көпшілігінің игілігіне себеп болар мәдениетті ғана қабылдайды. Ал қазіргі жағдайда әуестік артып, құмарлық жүгенсіз кетті. Хайуанға тән бостандық орнап, әуестіктің үкімі жүріп тұр. Қызылкөздене, көзін сүзе құмарту дегенін жасатып тұр. Қажетсіз нәрселерді, аса қажет заттардың арасына әкеліп орналастырды. Мазаны әбден қашырды. Бұрындары адам төрт нәрсеге мұқтаж еді. Қазіргі мәдениет жүз нәрсеге мұқтаж қылып, тақыр кедейге айналдырды. Адал еңбектің шамасы шығындарға жетпей қалды. Осылайша адамзатты харам жолға, айлалы жолға бағыттауда. Адамның мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынас негіздерін былай бұзды:Ұйымдар мен белгілі бір топтарды байытып, асқақтатып жіберді. Жеке адамдарды арсыз, жарлыға айналдырды. Мұның куәгерлері көп. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жабайылықтардың бәрі де аяусыз қылмыс, қиянат еді. Мына былыққа батқан мәдениет бір рет құсты. Әлі де жүрегі айнып тұр. (Сілтеме ). Ислам әлемінің бұған *килікпеуінде аса мән берерлік үлкен мағына жатыр. Ондай мәдениетті Сілтеме:Демек бұдан да жаман етіп тағы да құсатын болады. Иә, екі дүниежүзілік соғыс арқылы екі рет құсты. Аспан да, су да, жер де бет аузын әбден былғады. Қанға бояды.

223ЛЕМААТқабылдауға қиналды, жолағысы келген жоқ. Ислам Шариғатындағы Иләһи нұрдан туған ең жоғарғы ерекшелік: Аллаһтан басқа ешкімге қол жаймау, тәуелді болмау. Сол ерекшелік пен ақиқаттың нұры, мына мәдениеттің рухы саналар Римдік ойлау жүйесінің мұсылман адамды билеп кетуіне жол бермейді. Мұсылманның бойындағы имани ақиқаттар, аналардың философиясымен араласып кетпейді. Олардан еш нәрсе жұқтырмайды, соңдарынан да ермейді. Исламияттың рухындағы мейірім, иман арқылы көтерілер асқақ деңгей, баяндауы мұғжиза болған Құраннан шығып жатқан шариғи ақиқаттарда.Ол ақиқаттардың әрқайсысы Мұсаның (А.С.) қолындағы Аса таяқ іспетті.Мына көз бояушы, сиқыршы мәдениет келешекте оған (шариғатқа) бас ұратын болады. Енді мынаған назар аудар: Ежелгі Рим мен Гректің екі түрлі пікірі (даналығы) бар еді. Екеуі бірге туған, егіз еді. Біреуі қиял аралас, екіншісі материяға табынушы. Суға құйылған май секілденіп, бір бірімен араласып кетпеді. Қаншама уақыт өтсе де, мәдениет қаншама әрекет етсе де, Христиан діні де қаншама әуре болды, екеуінің де қолынан келмеді. Екеуі де бөлек-бөлек күйінде сақталып қалды. Әлі күнге дейін сол екі рух бар. Енді сол екі рух неміс және француз болып екі денеге айналғандай. Ей, мысал әлеміндегі бауырым! Уақыт сол екі пікірдің де бір-бірімен араласып, біте қайнасуын қабыл көрмеді. Келісімге де келе алмады. Бірге туған екі бауыр, даму жолындағы жолдастар төбелеске шықты. Келісімге келмеді. Қалай екенін қайдам, тегі де, өзегі де, өскен жері де басқа Құраннан нұр алған шариғат жолы мен мына мәдениеттің өзегі болған Римдік пікір (ақыл) бейбіт келісімге келіп, одақтасып кетеді.Ол ақыл мен мына Ақиқат жолдың шыққан тегі әр түрлі. Тура жол аспаннан түсті. Ақыл жерден шықты. Ақиқат жүрекке әсер етеді, миды да жұмыс істетеді. Ақыл миды жұмсайды. Жүректің мазасын алады. Ақиқат рухты нұрландырады, дәндерге жапырақ жайғызады. Қараңғы табиғатқа осылайша жарық береді.Қабілеттері бірден кемелденеді. Денедегі сезімдерді тіл алғыш қызметші етіп қояды. Жақсылыққа жаны құмар, еңбекқор адамға періштедей бейне береді.

224ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУАқыл болса, әуелі нәпсі мен денеге көңіл бөледі. Табиғатқа назар аударады. Егінді нәпсіге егеді. Нәпсінің қабілеттерін арттырады. Рухты қызметші қылып қояды. Дәндер қурап қалады. Адамдарға шайтани бейне береді. Ақиқат (тура жол) екі дүниеде бақытқа жетелейді. Екі дүниені нұрландырып, адамды жоғары дәрежеге көтереді. Жалғыз көзді Тажалға ұқсаған ақыл өмірдің бір жағын ғана көреді. Материяға табынып, дүниені ғана жақсы көреді. Адамды жыртқышқа айналдырады. Иә, ақыл меңіреу табиғатқа табынады. Соқыр күшке бағынады.Ал Ақиқат (тура жол) жасырын жатқан өнерді саналы түрде таниды, хикметке толы құдіретті көреді. Ақыл жер бетіне күпірліктің жабуын жабады. Ақиқат шүкірдің нұрын шашады. Ақыл – соқыр, керең. Ақиқат – көреді де, естиді де. Ақылдың назарында жер бетіндегі нығметтер иесіз олжалар.Шүкір етудің орнына тонау, ұрлау. Табиғаттан қорқу жыртқышқа тән сезім береді. Ақиқаттың көзқарасы бойынша жер бетіне, бүкіл әлемге жайылып жатқан нығметтер, мейірімнің жемістері. Әрбір нығметтің артында жарылқаушының қолын көреді. Шүкір еткендер сүйе алады. Мұны да жоққа шығармаймын. Мәдениетте көптеген жақсы нәрселер бар... Бірақ бұлар Христиандықтан шығып жатқан жоқ. Еуропаның жасап шығарғаны емес. Мына ғасырдың да өнері емес. Баршаға ортақ нәрсе. Ойға ой қосудан, Аллаһтан жеткен шариғаттан, жаратылысқа тән қажеттіліктерден, әсіресе, Мұхаммед (С.А.У.)–ның шариғатынан, Ислам жеткізген өзгерістерден туындаған нәрсе. Ешкім бұлар менікі дей алмайды.Мысал әлеміндегі мәжілісте, сол мәжілістің төрағасы қайта сұрады: және былай деді: Адамның басына келетін бәлекеттер, жасалған қиянаттардың нәтижесі немесе берілер сыйлықтарға бір себеп. Ей, мына ғасырдың адамы! Тағдыр бір шапалақ ұрды, күтпеген соққы берді. Тағдырға мұндай пәтуа бергізетіндей, Аллаһ бастарыңа бәле беретіндей не істеп қойдыңдар? Көпшіліктің қатесі, ортақ бәлелерге себеп болады. Мен былай дедім: Адамзаттың адасушылық пікірі, Нәмруд пиғыл қырсықтығы, Перғауын пиғыл тәкаппарлығы ұлғая, ұлғая аспанға жетті. Жаратылыстағы нәзік сырларға барып тиді. Аспаннан топан су, оба

225ЛЕМААТтүсіргендей мына соғыстың аласапыраны басталды. Кәпірлерге аспаннан шапалақ ұрды. Демек бұл пәлекеттер бүкіл адамзатқа келген бәлекеттер. Баршаны қамтып тұр. Тағы бір баршаға ортақ себеп: материализмнен туындаған адасушылық, хайуанға тән еркіндік, әуестік пен нәпсіқұмарлықтың жетегінде кету.Біздің (мұсылмандардың) пайымыз да Исламның талаптарын орындамау. Жаратушы Аллаһ жиырма төрт сағаттың бір сағатын бес уақыт намаз оқуымыз үшін бөлуді сұрады. Жалқаулық жасадық, орындамадық, бейқамдықпен өткіздік. Жазасы былай болды: Бес жыл бойы жиырма төрт сағат жаттығу жасап, машақат шектік, белгілі бір дәрежеде намаз оқытты. Жылына бір ай ораза ұстауымызды қалады. Нәпсімізге жанымыз ашып, ораза тұтпадық. Соның өтеуі ретінде бес жыл бойы күштеп ораза тұтқызды. Өзі берген мүліктен қырықтан бір немесе оннан бір зекет сұрады. Сараңдық жасап, һәм зұлымдық жасадық, харамға да былықтық. Өз еркімізбен бермедік. Жиналып қалған зекетті бізден алып қойды. Харам-нан да құтқарды. Бұлар бізге берілген жаза. Жаза – жасалған іске беріледі. Салих амал екі түрлі болады. Біріншісі болымды және ерікті. Екіншісі болымсыз – бәлекеттер мен қиыншылықтар. Басқа түскен бәлекеттер мен қиыншылықтар салих амал болып саналады, бұл болымсыз түрі, деген мағынадағы хадис жұбаныш берді.Мына күнәһар халық қанымен дәрет алды. Іс жүзінде (амалымен) тәубә етті. Тез берілер сыйлықты бұл халықтың төрт миллионы әулиелік дәрежеге, шәйіт дәрежесіне, ғазилік дәрежеге шығу арқылы алды. Күнәларын жуды. Мысал әлеміндегі ұлы мәжіліс бұл сөзді жақсы қабыл-дады.Мен де бірден ояндым, мүмкін ояу жатқан шығармын. Меніңше өң де түс сияқты, түс те өңнің бір түрі. Ол жердегі мына ғасырдың уәкілі, бұл жерде Саид Нұрси...

НАҒЫЗ ҚАЙҒЫ ИМАНСЫЗДЫҚТА, НАҒЫЗ БАҚЫТ ИМАНДА. ҚИЯЛДЫҢ КИІМІН КИГЕН ҰЛЫ АҚИҚАТЕй, ақылды жолдасым! Сырат-ы мүстақимның (тура жол) қаншалықты нұрлы, Аллаһтың қаһарына ұшырған адасу жолының қаншалықты қараңғы түнек екенін көргің келсе, бері кел. Қиялға мініп, бос кеңістікке, тірі жан жоқ өлкелерге барайық. Мәңгілік бір Құдірет сол тас-түнек өлкеден бізді алып шықты. Мына денеге мінгізіп, мына әлемге жіберді. Түк те қызығы жоқ мына қалаға әкелді. Жоқтан бар болдық, бар болу әлеміне келдік. Қорқынышты ортаға кірдік. Көзімізді ашып, көмек, мейірім күткендей алдымызға қарадық. Бірақ алдымыздан бәлелер мен қайғылар, жаудай болып шабуылға шықты. Қорқып артқа шегіндік. Оң-солымызға қарап, табиғаттағы негізгі нәрсе-лерден медет, жәрдем күттік. Бірақ олардың тасжүрек, мейірімсіз екендігін көрдік. Тістерін қайрап, ашулана қарауда, жалынып, жалба-рынғаныңа қарайтын түрлері жоқ. Шарасыз қалған адамдай үмітсіздене жоғарыға қарадық. Көмек күткендей аспандағы алып жұлдыздарға қа-радық. Бізге қауіп төндіріп тұрғандай, түрлері сұсты екен. Зеңбіректен атылған оқтай бүкіл аспан әлемінде зуылдап жүргенімен, бір бірімен соқтығысып жатқан жоқ. Беті аулақ, егер біреуі жолынан шығып кетер болса, қорқыныштан мына әлемнің жүрегі жарылып кетер. Кездейсоқ солай болса... бұлардан да пайда жоқ екен. Үмітсіз бір жағдайда ол жақтан да теріс айналдық. Өкінішті жағдайда қалдық. Мойнымыз салбы-рап, өзімізге қарадық. Өзімізді зерттей бастадық. Мыңдаған қажеттілік-тердің дауыстары шығып жатқанын естідік. Мыңдаған нәрселерге мұқтаж екенбіз. Жұбаныш күтіп тұрғанда қорқып, шошып кеттік. Одан да қайыр келмеді. Содан пана іздегендей болып, ар-ожданымызға үңілдік. Зер сала қарап, бір шарасы табылар деп күттік. Өкінішті! Тағы ешнәрсе таппадық. Біз көмек беруіміз керек шығар, өйт-кені оның мыңдаған арман тілектері, асып-тасқан армандары, алып ұшқан сезімдері бүкіл әлемге созылып жатыр. Олардың қайсысынан болса да шошындық. Ешқандай көмек бере алмайды екенбіз. Ол арман-тілектердің бәрі де бар мен жоқтың арасындағы нәрселер. Бір жағы Әзелге, екінші жағы Әбедке (бастауы мен соңы

227ЛЕМААТжоқ шексіздік) ұзап кетіп барады. Сондай үлкен апандар бар, дүниені жұтып қойса да ол ар-ождан тоймас еді. Осы бір қиын жолда қай жаққа бас сауғаласақ та, сол жақтан бір бәле көрдік. Өйткені, Аллаһтың қаһарына ұшырағандар мен адасқандардың жолы осындай болады. Кездейсоқтық деп қарайды айналаға. Ондай назар біздікі еді. Сондықтан сондай күйге түстік. Қазіргідей жағдайда қайдан келіп, қайда баратынымызды, Жаратушы мен о дүниені ұмытып кетіппіз. Мұндай жағдай тозақтан бетер рухымызды өртеуде. Әлгі алты жағымызға бас ұрғаннан осылай болды. Мұндай жағдай – қорқыныш пен қауіптен, қолдан түк келмей қалтыраудан, шарасыздық пен қараушысыз қалудан, үмітсіздіктен туындап отырған жан азабы. Енді алты жақтың әрқайсысына қарсы күреске шығайық. Күшімізге сенім артып қарасақ, қолынан түк келмейтін әлсіз екен. Екіншіден: Біздегі қажеттіліктердің аузын жабуға тырысудамыз. Шарасызбыз, тоқтаусыз шығып жатқан жан дауыстарын естиміз.Үшіншіден: Біреуден көмек күткендей, құтқарушы іздеп жан дауысымыз шығуда. Естіп тұрған да, жауап беріп жатқан да ешкім жоқ. Барлық нәрсе бізге жау, барлық нәрсе бізге бөтен деп ойлаймыз. Жүрегімізге жұбаныш берер ешкім жоқ. Ешқандай сенім ұялатпайды, шынайы жұбаныш та бермейді.Төртіншіден: Біз аспан денелеріне қараған сайын олар бізге қорқынышты болып көрінуде.Сонымен қатар, жан дүниеміздің зәресін алып, ақылдың өзегін өртеп, өкінішке салуда, уайымға түсіруде.Міне, ей, бауырым! Бұл адасу жолы, мұның ішкі жағдайы осы. Күпірліктегі қараңғылықтың бәрін де осы жолда көрдік. Ал енді қайтадан басынан бастайық. Бұл жолы жүрер жолымыз тура жол, (Сырат-ы мүстақим) иман жолы.Дәлелдеріміз бен имамымыз Аллаһтың қолдауы мен үкімі жүре беретін Құран. Мәңгілік Сұлтанның мейірімі мен инаяты біздің бар болуымызды қалады. Құдірет бізді ортаға шығарды (жаратты). Әртүрлі жағдайларды реттеп тұрған Аллаһтың заңдарының үстіне ақырын ғана мінгізіп қойды. Бізді мұнда әкеліп, бар болу деп аталатын киімді кигізіп қойды. Иман деген шен берді. Оның белгілері намаз бен дұға. Бұл жер мына әртүрлі жағдайлар мен кезеңдер өтіп жатқан жолымыздағы дұға жасап, құлшылық қылатын жер екен.

228ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУСапарымыз оңай болуы үшін бұйрықнама берілген екен. Қай жерге барсақ та, қай тайпаға қонақ болсақ та жақсы қарсы алуда. Қолда бар затымызды беріп, олардан зат аламыз, саудамыз жарасуда, олар бізді күтіп баптап, сыйлықтар беріп, шығарып салуда.Жүре жүре дүниенің де есігіне таяндық. Дауыстар естілуде. Жер бетіне, шәһадет әлеміне келіп кірдік. Шексіз мейірімді Аллаһтың мере-келік алаңына, адамзаттың у-шуына келіп кірдік. Дәлеліміз бен имамы-мыз Аллаһтың қалауы. Жол сілтеуші уәкіліміз көзіміз. Көзімізді ашып әлемге қарадық. Алдыңғы келуіміз есіңе түсті ме?Қараусыз, ғаріп күйде қалған едік. Жауларымыз көп еді. Қорғаушы-мызды білмеген едік. Енді иманның нұры арқылы, жауға қарсы тұра-тындығымызға сеніміміз мол. Сенім артқан қорғаушымыз жауларымызды жеңіп береді. Аллаһқа деген иманымыз рухымызға сәуле шашып, өмірімізді нұрландыруда. Жүрегіміз тыныш, жаудан қорықпаймыз. Тіпті бізге қарсы тұрар жау да жоқ.Алдыңғы ретте ар-ожданымызды тыңдап көргенбіз. Зар еңіреп жы-лаған даусын естігенбіз. Содан бәлеге қалдық. Арман, тілек, қабілет, сезім дегендер әрқашан да мәңгілікті аңсайды. Оның жолын таппаған едік. Біз жол таппаған соң олар зар еңірейді.Ал енді, Әлхамдуллиллаһ, жарылқаушымызды таптық. Қабілеттеріміз бен арман тілектерімізге жан бітіріп оларды мәңгілікке қарай самғатуда. Оларға жол көрсетуде, қабілеттерді арттыруда. Демек, көмек беріп, өмір суын беруде. Қабілеттер кемелдену үшін ынта жігер, дұға құлшылық арқылы алға ұмтылуда. Иман шарттарының екіншісі: Қайта тірілуге сену. Мәңгілік бақыттың асыл қазынасы – Иман, Дәлелі – Құран. Ождан – адами бір сыр.Енді басыңды көтеріп, мына әлемге қара, онымен сөйлес. Алдыңғы жолы өте қорқынышты болып көрінді. Ал қазір күлімдеп қарап тұр. Құлшылық пен қуаныштан туындаған әсем әуен шартарапқа тарауда.Көрмейсің бе? Көзіміздің назары бал жинаған арадай әсемдіктерге қарай ұшуда. Әлем – бау-бақша. Айнала гүлге толы, әрбір гүл оған шырын ұсынуда.Дос көңілмен жұбаныш, махаббат сыйлауда. Ол да шырыннан шәһадат балын жасайды. Балдың ішіндегі ең тамаша балды жасайды. Аспан денелерінен жұлдыздарға немесе күндерге қарасақ, Жаратушының хикметтерін көрсетуде. Ғибраттың негіздері мен мейірімділіктің көріністеріне қанат бітіруде. Күн біздерге мынаны

229ЛЕМААТайтып тұрғандай: «Ей, бауырлар! Қорқыныштан жандарыңды қинамаңдар. Қош келдіңдер! Бұл жер сіздерге арналған, мен де сендерге жарық берушімін. Мен де сендер сияқтымын, бірақ әмірлерге бағынамын, оған қарсы келмеймін. Ахад, Самад жа-ратушы өз мейірімімен мені сендерге нұр шашушы қызметші етіп қойды. Менен жылу мен жарық, сендерден намаз бен дұға». Немесе айға қараңдар! Жұлдыздардың әр қайсысы өзіне тән тілдерімен «Қош келдіңдер!» – дейді. «Қош келдіңдер бізді танымайсыңдар ма» дейді.Өзара көмек сырына назар аудар. Әлемдегі жүйелілікке зер сал, тыңда. Кез келгені былай дейді: «Біз де қызметшіміз. Аллаһтың мейіріміне айна болудамыз. Еш өкінбеңдер, бізден де қорықпаңдар». Зілзаладан шыққан дауыстардан, құбылыстардағы дыбыстардан қорықпаңдар, уайымға салмасын. Ол дыбыстар, әлгі құбылыстар салған зікірдің, тартқан тәсбихтың, жасаған дұғаның дыбыстары. Бұл нәрселердің барлығының да тізгіні сізді бұл жаққа жіберген Аллаһтың қолында. Иман көзімен қараған, жүздеген мейірім аяттарын оқи алады. Бұлардың әр қайсысы жеке бір ән.Ей, көкірек көзі оянған мүмин! Енді көзіміз бір ауық дем алсын, олар-дың орнына құлағымызды иманның мүбәрак қолына тапсырып, жер бетіне жіберейік. Тамаша бір әуен тыңдасын. Алдыңғы жолы жаппай зар-еңіреу, жаназа басындағы жоқтау болып естілген дауыстар қазір, дұға мен намаздан, құлшылық пен тәсбих тарту-дан шығып жатқан дыбыстар екендігі белгілі болуда.Тыңда, желдің гуілі, құстың сайрауы, жаңбырдың шыпылы, теңіздің шуылы, күннің күркіреуі, тастардың тықыры бәрі де өте мағыналы. Желдің әуезді үні, көктің күркүрі, толқындардың әуені өздерінше бір зікір. Жаңбырдың сытыры, құстардың сайрауы Аллаһтың мейірімін ұлықтап, тәсбих тарту, аз сөзбен (дыбыспен) көп мағынаны жеткізу.Заттардағы дыбыстар бар болудың белгісі. Мен де бармын дейді. Үнсіз тұрған жаратылыс «Бізді жансыз деп ойлама, ей, зар жақ адам» деп, жар салып тұрғандай.Құстарды сөйлететін нығметтердің ләззаты немесе мейірімнің төгілуі. Неше түрлі дыбыстар арқылы Аллаһтың мейірімін мадақтауда. Нығметтердің арқасында, шүкір арқылы самғап ұшар.

230ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУОлар мынадай белгі беруде. Ей, жаратылған бауырлар! Халіміз қандай тамаша. Мейіріммен бағылып жатырмыз, жағдайымыз қуанарлық жағдай деп, үшкір тұмсықтарымен аспан әлеміне ән шашуда.Бүкіл әлем ұлы музыкалық шығарма тәрізді. Зікірлер мен тәсбихтың дыбысын иман нұрымен естиді. Өйткені, даналықпен жасалып жатқан істер кездейсоқтықты жоққа шығарады. Ұлы жүйе уайым туғызар нәрселерді аулаққа қуып жібереді.Ей, жолдас! Енді мына мысал әлемінен шығайық, қиялды қойып, ақыл алаңына тұрайық. Екі жолды таразыға салып, салмакта. Алдыңғы реткі ауыр жолымыз Аллаһтың қаһарына ұшырағандар мен адасқандардың жолы. Ол жол жан дүниені азапқа салып, бүкіл сезімдерге ауыр соққы береді. Сана бұны көрсетіп береді. Санаға қарсы әрекет жасап жүр екенбіз.Бұлардан құтылуға да мұқтажбыз. Не ол сезімдерді сабасына түсіру керек немесе сезбеу керек, әйтпесе, шыдай алмаймыз. Зар-еңіреулерге құлақ шыдамайды. Ал хидаят жолы, тура жол болса, ол – шипа. Әуестік, сезімді билеп алады. Сезімдерге жұбаныш керек. Ол да уақытша ұмытуды (ғапылдықты) талап етеді. Бір нәрселермен ай-налысқысы келеді. Ол да көңіл көтеруді қалайды. Әуестік пен құмарлық – сиқырлап тастайды. Мақсаты қайғыларды сезбесін деп, ар-ожданды ал-дау, рухты ұйықтатып тастау. Әйтпесе, ауыр қайғыдан жан дүниесі өр-теніп кетер. Ащы зарға шыдау мүмкін емес. Демек, тура жолдан қаншалықты ұзақтай түссе, осындай ауыр жағдай арта береді, ар-ожданның жан дауысын шығарады. Әрбір ләззаттың ішінде біршама қайғы-зар бар. Демек, әуестік, қызыққұмарлық, қазіргі мәдениеттен туындап жатқан ойын-күлкі, мына адасушылықтан шығып жатқан қорқынышты қайғыларға уақытша өтірік ем, естен тандырушы у.Ей, ғазиз бауырым! Екінші жолда, сол бір нұрлы жолда басқа бір сезімге бөлендік. Сол сезім арқылы өмір сол ләззаттардың бұлағына айналуда. Қайғылар қуанышқа айналады. Екеуінің дәрежесі екі түрлі екенін білдік. Иманның беріктігіне қарай рухқа да ләззат береді. Дене рух арқылы ләззат алады. Рух ар-ождан арқылы ләззат алады.

231ЛЕМААТАр-ожданның ішінде тез берілер бақыт, қуаныш бар. Жүрегіңде рухани жұмақ бар. Ойлану – тереңдерге жеткізеді. Сана – жасырын сырлардың белгісі.Ендігі жерде, көкірек көзі ашылған сайын, ар-ождан әрекет жасаған сайын, рух оны сезген сайын ләззат арта түседі. Оты нұрға, қысы жазға айналады. Ар-ожданда пейіштердің есігі ашылып, әлем жұмаққа айналады. Рухымыз ішінде сұңқардай самғап ұшатын болады. Көтерер жел – намаз бен дұға.Ей, ғазиз жолдас! Бірге дұға етейік. Енді Аллаһқа аманат.

МАЗМҰНЫ• Маңызды бір сұраққа жауап .................................................... 5• Бірінші Сөз ............................................................................... 11• Екінші Сөз ................................................................................ 14• Үшінші Сөз .............................................................................. 17• Төртінші Сөз ............................................................................ 20• Бесінші Сөз ............................................................................... 22• Алтыншы Сөз ........................................................................... 25• Жетінші Сөз .............................................................................. 30• Сегізінші Сөз ............................................................................ 35• Он екінші Сөз ........................................................................... 42• Он үшінші Сөздің он екінші бөлімі ....................................... 44• Бір топ жастарға берілген дәріс яки нұсқау .......................... 48• Он үшінші Сөздің екінші бөлімінің түсіндірмесі.................. 52• Қадір түні ойыма келген маңызы зор мәселе ........................ 60• Бейқам жанға бiр тоқпақ немесе ғибрат болар бір сабақ ..... 62• Он жетінші Сөз ......................................................................... 64• Жүрекке парсыша келген бір мінәжат .................................... 68• Бірінші жапырақ ....................................................................... 79• Екінші жапырақ ........................................................................ 80• Жиырма үшінші Сөз ................................................................ 81• Жиырма үшінші Сөз Екінші бөлім.......................................... 92• Жиырма төртінші сөзден. Бесінші бұтақ ............................... 108• Жиырма бесінші Сөзден. Екінші шағылыс ........................... 117• Оныншы мәселенің қорытындысы ........................................ 124• Жиырма алтыншы Сөзден ...................................................... 127• Отызыншы Сөзден .................................................................. 132• Отыз екінші Сөзден ................................................................. 148• Бірінші Лема ............................................................................ 157• Он жетінші Лемадан ............................................................... 161

• Жиырма төртінші Лема ........................................................... 168• Бірінші Мектубтың төртінші сұрағы...................................... 173• Тоғызыншы Мектуб ................................................................. 176• Жиырма тоғызыншы мектубтан ............................................. 180• Жастар шырағынан .................................................................. 184• Ойға кенеттен келген маңызды мәселе .................................. 187• Миуа рисалесі .......................................................................... 188• Үшінші мәселе ......................................................................... 192• Төртінші мәселе ....................................................................... 197• Сегізінші мәселенің қорытындысы ....................................... 200• Әл-Хүджәт-үз-Зеһраның екінші тарауы ................................ 207• Жиырма тоғызыншы Лемадан ............................................... 212• Лематтан Рухани әлемдегі жиналыста .................................. 220• Нағыз қайғы имансыздықта, нағыз бақыт иманда............... 226

Бұл кітап жайлы ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ТОО Нур Фейз050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 374 71 10E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook