Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Имандылық пен Күпірлік

Имандылық пен Күпірлік

Published by risalekz, 2021-05-31 11:58:16

Description: İman ve Küfür Müvazeneleri

Search

Read the Text Version

151ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗқашып құтыла алмағандарың үшін де бұл жолдың күмәнсіз жолаушысы болып табыласыңдар. Әрине, мұндай күйдегі бір жолаушы әлгі ұшы-қиырсыз аудандар мен шексіз жайылып жатқан шекараларды қол астында ұстап, билеп тұрған біреуге арқа сүйеуі керек.Ей, сорлы әһл-и далалет пен қаперсіз бейқамдар! «Орынсыз қолданған махаббаттың ақыры аяусыз азап шегу» қағидасы бойынша сендер бойларыңдағы Аллаһ Тағаланың өзіне, оның көркем есім-сипаттарына арналған махаббат пен құштарлықты және шүкір мен құлшылық етуге арналған сезім мүшелеріңді нәпсілеріңе, дүниеге заңсыз түрде жұм са ған дықтарыңнан, өте орынды түрде жазасын тартасыңдар. Себебі, Аллаһ Тағалаға тиесілі махаббатты нәпсілеріңе арнадыңдар. Сөйтіп, өліп-өшкен нәпсілеріңнің толассыз қайғысын жұтасыңдар. Неге десеңіз, ынтық болған ол нәпсілеріңді толық қанағаттандыра алмайсыңдар. Сондай-ақ оны шын сүюге лайық Қадыр-ы Мутлаққа тәуекел деп, тәсілім етпей отырсындар. Осылайша, әрдайым жандарың қиналады. Һәм Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттарына арналған махаббатты қу дүниеге арнадыңдар, өнер туындыларын әлемдегі себептерге бөліп бердіңдер, бастарыңа бәле тілеп алдыңдар. Өйткені, ондай толып жатқан көптеген сүйіктілерің, ынтық болған ғашықтарыңның кейбіреуі сендерге «қош бол» деп те айтпастан, сырт айналып, тастап кетіп барады. Кейбіреуі сендерді мүлдем танымайды. Таныған күнде де сендерді ұнатпайды, ұнатса да, олардан қайыр жоқ. Толассыз қоштасулар мен келмеске кету, үмітсіз айырылулардан пайда болған осыншалық азап жандарыңды жегі дей жейді. Міне, әһл-и-далалеттің «Өмірдің бақыты – адамның өркендеуі, мәдениет жетістіктері, бостандық, еркіндіктің ләззаты» деп жүргендерінің шын мәнісі осы. Азғындық пен мастық бір перде, ол адамға уақытша сездірмейтін болар. «Тфу, олардың ақылдарына болайын» деп жиіркен.Алайда, Қасиетті Құранның нұрлы да кең жолына келетін болсақ, жо ғарыда айтылған әһл-и далалеттің бойындағы жараларды имандылық тың ақиқаттарымен емдеп жазады. Бастапқы жолдағы барлық қараң ғылықты жойып, жарқыратады, далалет пен құрдымға кету қауіп-қатерінің алдын алып, амандыққа қауыштырады. Ол, Адам баласының әлсіздік пен пақырлық, мұқтаждық жақтарын

152ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУҚадир-ы Рахимге тәуекел еткізіп, емдей бастайды. Өмір тауқыметін, тұрмыс тынысын Оның құдіретіне, Рақымына тапсырады. Ол ауыр жүкті мойнына артпай, керісінше, оны өмірге, нәпсісіне жүктегендей рахаттық сыйлайды. Өзінің «Сөйлейтін хайуан» емес, қайта нағыз адам, Рахманның сүйкімді қонағы екендігін білдіреді. Дүние Рахманның қонақжайы екендігін көрсете отырып, дүниедегі болмыс атаулы Илаhи есімдердің айналары екендігін, жаратылғандар болса әрдайым жаңарып отырған Сәмадани хаттар екендігін білдіру арқылы адам баласының дүниенің фәнилігінен, нәрселердің көзден таса болуларынан, фәни нәрселерге ынтық болудан туындайтын жараларын жақсылап емдеп, күдікті қайғылардан құтқарады. Сондай-ақ өлім мен ажал – берзах әлеміне бастайтын мәңгілік әлемдегі сүйіктілерге қауышу, кездесудің жолы екендігін көрсетеді. Әһл-и далалеттің ойынша, барлық сүйікті жандардан мәңгіге қоштасу болып табылатын өлім жараларын, осылайша, оп-оңай емдей салады. Ондай қоштасу қоштасу емес, на ғыз табысу, қауышу екендігін дәлелдеп береді. Һәм қабір дегеніміз – қайырымдылық әлеміне, бақыт сарайына, жәннат бау-бақшасына, Рахманның нұрстанына айқара ашылған есік екендігін дәлелдей отырып, адамзаттың ең үрейлі қорқынышын сейілтіп, қайғы-қасірет, өкініш толы берзах саяхатының өте тартымды, үйреншікті де көңілді бір саяхат екендігін көрсетеді. Қабір арқылы айдаhар аузын бітеп, әсем бауға есік ашады. Яғни, қабірдің айдаhар еместігін, керісінше қайырымдылық бағына бастайтын есік, баспалдақ екендігін көрсетеді.Сондай-ақ, мүминге былай деп тіл қатады: «Ерік жігерің шама-лы болса, ісіңді Жаратқан Иеңнің шексіз әмірі мен қалауына тап-сыр. Әлсіз болсаң, Қадир-ы Мұтлақтың құдіретіне сен! Өмірің қысқа болса, мәңгі өмірің бар. Қам жеме! Пікірің таяз келсе, Құранның нұрын панала. Сөйтіп, иман нұрымен қарасаң, әлгі көмескі пікірің Құран аяттары болып, жарқыраған жұлдыздай сәуле шашады. Уайым мен талап-тілектерің көп болса, алдыңда сені күтіп тұрған аяқталмайтын сауап, шексіз қайырымдылық бар. Мақсат пен арманың көп болса, оларды уайымдап қайғырма, мұңайма! Олар бұл дүниеге сыймайды. Оларға бұл дүние тар келеді. Олардың орны басқа жерде. Оларды орындап беретін де басқа біреу».

153ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗСөзін жалғап, былай дейді: Ей, адам, Сен өзіңе өзің қожайын емессің. Сен құдіреті шексіз Қадирдың, Аса қамқор Рахим Зүлжалалдың иелігіндесің. Олай болса, өмір тауқыметін иығыңа арқалап қиналма, өйт кені, өмірді сыйлаған - Аллаh. Билеп басқаратын да Аллаh. Һәм дүние иесіз жатқан, басы бос нәрсе емес. Қылдай мойныңа дүниенің ауыртпалығын артып, үрейленіп мұңайма. Себебі, оның иесі - әрі Хаким, әрі Алим. Сен болсаң қонақсың, босқа шатаспа, өзгені де шатастырма! Һәм мына адамдар, хайуандар, барлық болмыс атаулы басы бос емес. Олар - міндет жүктелген қызметшілер. Олар бір Хаким-і Рахимның қол астында. Олардың уайым-қайғысын, шеккен қиыншылықтарын ойлап, жаныңды қинама. Оларға Халиқ-ы Рахимнің қамқорлығынан артық қам қорлық жасаймын деп езеуреме. Һәм саған дұшпан көрінген микробтан бастап, сонау оба, топан, аштық, зілзала сияқты қорқыныштардың тізгіні әлгі Рахим-ы Хакимнің қолында. Ол Хаким ғой, әбестік жасамайды. Ол Рахим ғой, қайырымдылығында шек жоқ. Істеген әр бір ісінде жарылқаудың, ізгіліктің нышаны бар.Мына әлем, шынында, фәни. Бірақ, мәңгі әлемге қажетті нәрселер дайындайды. Негізінде, өткінші, баянсыз екені рас, бірақ мәңгі бітпес миуалар береді. Бақи біреудің бақи есімдерінің шағылыстарын көрсетеді. Шындығында да қуанышы аз, қайғысы көп; бірақ, Рахман-ы Рахимнің ілтипаты бітпейді. Нағыз ләззат деп соны айт. Қайғылар болса, сауап жағынан алып қарағанда, мағынауи ләззат сыйлайды. Шариғатқа сәйкес тұрмыс жүрек, рух, нәпсінің ләззат алуына, шаттануына, масайрауына толық қанағаттанарлықтай жеткілікті. Оның сыртына шықпа. Өйткені, оның сыртындағы бір ғана ләззат кейде мың қайғыға душар етеді, hәм ондай жат іс-әрекет Рахмани ілтипаттан мақұрым қалдырады. Һәм жоғарыда баяндалғандай, далалет жолы адамды әсфәли-сәфилин шұңқырына құлатып жіберетіні сондай, оны одан ешбір мәдениет, ешбір философия шығарудан шарасыз қалғанда, Қасиетті Құран мен иман және салих амалдар арқылы әлгі әсфәли-сәфилин құрдымынан алай-ы иллииінге шығарады. Шығаратынына бұлтартпас айғақтар беріп, анық дәлелдейді. Әлгі терең шыңырауды мағынауи жетістіктердің сатыларымен, рухани байлықтармен көміп, толтырып тастайды.

154ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУҺәм адамзат баласының мәңгілікке қарай бастайтын ұзақ, дауылды да қиыншылыққа толы сапарын жеңілдетіп, оңайлатады. Мың жылдық, тіпті, елу мың жылдық қашықтықты, бір күнде жүріп өтетін жолдарды көрсетеді.Һәм Әзел мен Әбед Сұлтаны, Зат-ы Зүлжалалды таныстыру арқылы адамға қызметші құл, міндет жүктелген қонақ деген атақ береді, hәм «дүние» атты қонақжайда, hәм Бәрзах пен ақырет өткелдерінде жақсылап саяхаттауына жағдай жасайды. Мәселен, бір патшаның тілалғыш қызметшісі пат шаның елді мекендерін, билік құрған жерлерін ұшақ, кеме, отарба сияқты жедел тасымалдау құралдарын рахат пайдалана отырып аралайтыны сияқты, Әзели-Сұлтанға иман ету арқылы қол астына кіріп, салих амал арқылы мойынсұнған адам, мына дүние қонақжайындағы қилы өткелдерден және берзах пен мақшар әлемінің асуларынан, сол сияқты қабірден, сондай-ақ барлық әлемдердің кең байтақ ой-қыратынан найзағай жылдамдығымен өте шығады. Сөйтіп, мәңгі бақытын табады. Аталған ақиқатты толық дәлелдеп береді және асфия мен әулиелерге көрсетеді.Һәм Құрани ақиқат былай дейді: «Ей, мүмин! Бойың дағы шексіз сүйіспеншілік қабілетіңді жаман әрі нұқсан келтіретін шер лі де зиянкес жүгенсіз нәпсіңе берме! Оған ынтығып, айтқанын істеп, табынушы болма! Әуестікке салынба! Оны Құдайдай көрме! Қайта сол шексіз махаббат қабілетіңді, шексіз махаббатқа лайық, шексіз жарылқай алатын, болашақта сені бақытқа жеткізетін, сенімен жақсы қарым-қаты наста болып, қайғы мен қуанышыңа ортақ болған адамдарды жарыл қауымен шаттыққа бөлейтін, сондай-ақ шексіз кемелдік иесі, тым қасиетті де киелі, нұқсандық атаулыдан ада, кемшіліксіз, мінсіз, шексіз жәмал иесі және барлық есімдері аса керемет сұлу, сондай-ақ әр есімі көріктіліктің нұрына толы, көріктілердің көріктісі, теңдесі жоқ сұлу, Жәннат барлық жақсы жақтарымен, нығметтерімен оның мейірімділігі мен аса қамқор әсемдігін көрсететін және бүкіл әлемдегі көз тартар сұлулықтар мен әсемдіктер, көріктер мен қиялдар Оның жамалына, камалына, сымбаты мен әдемілігіне ишара және дәлелдері болып табылатын біреуді өзіңе Махбуб және Мағбуд, ретінде қабылда».Ей, адам! Оның есім-сипаттарына тиесілі махаббатыңды басқа фәни болмыстарға берме! Пайдасы жоқ мақұлықтарға шашпа! Себебі: туындылар мен мақұлықтар фәни. Алайда, сол туын дылар

155ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗмен мақұлықтар үстінде нақыштары, сәулелері көрініп тұрған Есма-и Хусна, яғни, әсем есімдер, мәңгілік әрі шексіз. Сол есімдер мен сипаттардың әрқайсысында мыңдаған жарылқау түрлері, сұлулық пен әсемдік, кемелдік түрлері мен сүйіспеншілік бар. Сен тек Рахман есіміне назар сал! Жәннат оның бір ғана шағылысы, мәңгі бақыт оның бір ғана сәулесі, ал дүниедегі барлық ризықтар мен нығметтер оның бір ғана ұшқыны.Осы аталған теңеу және әхли-далалет пен әхли-иманның өмір салтын, тұрмысын, атқарар міндеті жағынан мәнісіне ишарат ететінСондай-ақ, олардың нәтижелері мен ақыры немен тынатынына ишарат ететін:Қасиетті Құран аяттары на зер салайық. Айтылған теңеуді қаншалықты маңызды түрде баяндай ды десеңізші! Бірінші аят: Он бірінші Сөзде бұл аяттың шешендік әрі ижаздық жақтары егжей-тегжейлі баяндалғандықтан, бұны соған жүктеп отырмыз. Екінші аят: бұл аят қаншалықты маңызды да мәнді ақиқатты білдіретініне қысқаша ишарат етеміз.Аталған аятты тура мағынасымен алып қарайтын болсақ, былай деп бұйырады: «Әһл-и далалет, яғни, азғындар өлген сәтте, жер мен ас пан олар үшін жыламайды». Керісінше, алып қарайтын болсақ, былай шығады: «Имандылар дүниеден қайтқан кезде, жер мен аспан оларға қарап, жылайтын болады», яғни, әһл-и-далалет жер мен көктің атқарған міндеттерін бекерге шығарып, мән-мағынасын түсінбей, олардың қадірін түсіреді әрі ұсталарын танымайды. Сөйтіп, олардың намысына тиіп жауыздық жасайды, Сондықтан, әлбетте, жер мен көк оларға жылау былай тұрсын, керісінше, жиіркенетін болады. Олар арам қатқан кезінде көңілдері көншіп, рахаттанып қалады. Ал керісінше алатын болсақ: «Аспан мен Жер әһл-и-иман қайтыс болған сәтте жыламсырайды\". Себебі, Әһл-и иман олардың атқарған міндеттерін бағалай біледі. Шын мәнісін мойындап,

156ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУбілдірген мағыналарын иман арқылы аңғарады. «Қалай керемет жаратылған, қандай тамаша қызмет атқаруда», -дейді. Өздеріне лайық бағасын береді. Оларға Аллаһ Тағала атымен, оның есімдерінің айнасы деп қарап, махаббат етеді, сүйсінеді. Міне, сондықтан Әһл-и-иман дүниеден көшкенде аспан мен жер бейне бір жылап тұрғандай жабырқау күй кешеді.

Бірінші ЛемаХазіреті Юнус ибн Метта пайғамбардың (а.с.) және Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мінәжаты ең ұлы мінәжат және дұғаның қабыл болуына бірден-бір себеп. Хазіреті Юнустың (а.с.) әйгілі қиссасының мазмұны: \"Оны кемеден теңізге лақтырып жіберген, үлкен бір балық жұтып қойған. Теңіз толқып аласұруда, түн де қою қараңғы. Ешбір тұрғыдан құтылу мүмкін емес қиын бір жағдай. Міне сол мезетте Юнус Пайғамбардың айтқан:Мінәжат-дұғасы әлгі қиын жағдайдан тез арада құтылуына себеп болыпты. Енді сол мінәжаттың мәнісін, сырын ашайық. Дәл сол кезде себептердің ешқандай әсері жоқ екеніне Юнус алейһиссаламның көзі әбден жеткен-ді. Өйткені оны құтқаратын Құдреттің үкімі балыққа да, теңізге де, түнге де, жер мен көкке де жүретін болуы керек-ті.

158ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУСебебі, теңіз, түн және балық оған қарсы бірігіп алған болатын. Осы үшеуін бірдей бағындыра алатын біреу ғана оны құтқарып, аман-есен жағаға шығара алатын. Егер барлық халық көмекке жүгірсе де түк пайдасы болмас еді. Демек, себептерден қайыр жоқ. Бүкіл себепті жаратқан бір Аллаhтан басқа құтқарушы жоқ екеніне көзі әбден жеткендіктен Әхадиеттің сыры, тәухидтің нұры көрінді яғни, Аллаhтың жалғыз екені, барлық нәрсені бір өзі басқаратыны айқын түрде белгілі болды. Сондықтан, осы мінәжат қабыл болып, түнді де, теңізді де, балықты да оған қызметші қылды. Тәухидтің нұрымен балықтың қарны теңіз асты кемесіне айналды, толқыны таудай асау теңіз қауіпсіз сайрандайтын кең далаға айналды. Әлгі нұр көктегі бұлттарды сейілтіп, Айды шамшырақ қылып қойды. Оны қаумалай қоршаған, қауіпті себептер енді оған барлық жағынан достық шырай танытты. Сау-сәлемет «Яктин» ағашының көлеңкесінде жатқан күйі есін жиып, Раббани жарылқауға бөленген екен.Енді біз, өзімізге қарайық. Негізінде біздің жағдайымыз Хазіреті Юнустың (а.с.) алғашқы күйінен жүз есе қауіпті. Оның түні, біз үшін болашақ. Бейқам назармен болашағымызды ойласақ, Хазіреті Юнустың (а.с.) түнінен жүз есе қараңғы да қауіпті. Біздің теңізіміз, мына сергелдең жер шары. Бұл теңіздің әрбір толқынынан мыңдаған адам опат болып жаназасы шығып жатыр. Демек, Хазіреті Юнустың (а.с.) теңізінен мың есе қауіпті. Біздің балығымыз – нәпсіміз. Бұл балық, мәңгі өмірімізге қауіп төндіріп, құрдымға тартады. Олай болса біздің балығымыз оның балығынан мың есе қауіпті. Өйткені, оның балығы көп болса жүз жылдық өміріне зияны тиер еді, ал біздің балығымыз болса, миллиондаған жылдық өмірімізді өшіріп, тас-талқан еткісі келеді. Жағдай осылай. Олай болса, біз де себептерге сеніп, шырмалып қалған ой-пікірімізді түзетіп, бүкіл себептерді жаратушы Раббымызға бет бұрып Хазіреті Юнус (а.с.) сияқты деп, тікелей тек соған сыйынуымыз керек.Иә, бейқамдық пен адасудың кесірінен қараңғы да қауіпті болашақтан, сұм дүниядан кім құтқарады, кім бізді нәпсінің зиянынан сақтайды? Әрине, болашақты өзі жаратып әміріне толық бағындыратын, дүнияға үстемдік ететін, нәпсімізді құрықтап жарқын

159БІРІНШІ ЛЕМАболашаққа бастайтын, дүниенің тұңғиыққа батырар жүз мыңдаған асау толқыны тәріздес апаттарынан құтқаратын, Жер мен Көкті жаратушы бір Аллаh қана. Одан басқа ешкім бізді сақтай алмайды. Уажиб-ул Ужуд яғни міндетті түрде бар бір Аллаhтан басқа ешкім де, ешқашан Оның рұқсаты мен қалауынсыз әсте көмектесе алмайды. Бұл ақиқат. Қалайша Хазіреті Юнус (а.с.) мінәжат қылғаннан кейін балық көлікке айналды, яғни су асты кемесіне, теңіз жазық кең далаға айналды. Қараңғы түн, жарық Айлы түнге ауысты. Олай болса біз де сол мінәжаттың сырын түсініп деуіміз керек Сөйлемін айтқанда болашағымызға, сөйлемімен дүниямызға, сөйлемі арқылы нәпсімізге Аллаhтың мейірім назарын аударуымыз керек. Сонда, Иманның нұрымен, Құранның шарапатымен болашағымыз жарқын болып, әлгі қараңғы түннің үрейі кетіп, орнына рахат пен қуаныш келеді. Әрдайым өлім мен өмір арпалысып жатқан және ғасырлар мен жылдар оның толқынындай тулап, әрбір ұрпақты ысырып тастап ақырдың құрдымына кетіп бара жатқан дүния мен жер жүзінде Құран Хакимнің ұстаханасында жасалған кеме тәріздес Ислам ақиқаттарының аясында, әлгі теңізде серуен құрып, сау-сәлеметпен жағаға шығып, өмірдегі міндетті адал атқарған боламыз. Сол теңіздің толқындарының шайқалысы мен тербелістері бөтенсіп, үрей туғызбай, керісінше бейне кадрлар тәрізді тамаша көріністерді жаңартып ғибратқа толы оқиғалар ұсынып, қызық ой жүгіртуге себеп болады. Көңілді көтеріп шаттық сыйлайды. Хикметке толы Құранның сабағымен нәпсімізді құрықтап,оны мойнымызға мінгізбей, керісінше ол біз мінетін көлікке айналады. Сөйтіп мәңгі бақытқа жетуімізге себепші болады. Қорытынды. Адам баласы жан-жақты сезімтал, жаратылысы тым нәзік. Безгек ауруынан жаны қиналатыны секілді, дүнияның зілзала секілді апаттарынан да қиямет қайым алдындағы үлкен зілзаладан да жаны қиналады. Көзге көрінбейтін микробтан қорқып, қауіптенетіні секілді, алып құйрықты жұлдыздан да зәресі қалмай

160ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУқорқады. Үй ішін, от басын жақсы көргеніндей бүкіл дүниені де жақсы көреді. Ауласындағы кішкентай бақшасына сүйсініп жақсы көргеніндей мәңгі жұмақты құштарлана аңсап жақсы көреді. Олай болса, бүкіл жаратылысты бағындырып тұрған, кішкентай молекуладан бастап, сонау алып ғаламшарларға дейін басқарып, үкімі толық жүретін біреу ғана адам баласының Раббысы, Қожайын Иесі, құлшылық етуіне лайық табындырушысы, құтқарушысы бола алады. Ендеше адамзат міндетті түрде, әрқашан Юнус пайғамбар секілдідеуге мұқтаж.

(Он жетінші лемадан)БЕСІНШІ НОТАБұл нотада Еуропаның пәні мен мәдениеті Бұрынғы Саидтың санасында біршама қалыптасып қалғандықтан Бүгінгі Саидтың пікірлері мен көзқарасына, жүрек қалауына осы пәндер мен мәдениет кесел боп жабысты. Мәселені қиындатып жіберді. Сондықтан Бүгінгі Саид санасынан, ең алдымен батыстың бұрыс пәлсапасы мен жасанды мәдениетін лақтырып тастауды көздеген кезде ішкі дүниесінде Еуропаға жақ нәпсани сезімдердің үнін өшіру үшін Еуропаның рухани тұлғасымен бір жағынан қысқа, бір жағынан ұзаққа созылған айтысуға мәжбүр болды. Мұны дұрыс түсінген жөн. Еуропа дегенде екі түрлі еуропа бар. Біріеуі, Исауилік яғни христиандық дінінен ақиқат ілімін алған, шынайы өнер мен әділетті қоғамы бар Еуропа. Екіншісі, жалған пәлсапа мен жасанды мәдениеттің кесірінен адамдары адасу мен алжасуға бет бұрғызған шірік Еуропа қоғамы.Көңілде осындай аласапыран орын алып жатқан кезде мәдениеттің жақсылықтары мен пәннің пайдаларын көріп отырған Еуропа емес, екінші Еуропаның рухани тұлғасына былай деген едім: Біліп қой ей, екінші Еуропа! Сен оң қолыңа адасқан пәлсапаны, сол қолыңа жасанды, жиіркенішті мәдениетті ұстап, бақыт осыларда деп адамдарды бақытқа шақырасың. Олай болса, сенің осы екі қолың қатар сынсын. Ал мынау лас екі сыйлығың басыңды жұтсын! Солай болады да.Ей, күпірлікке батып, онысын айналаға таратқан ұятсыз рух! Япыр-ау, рухы да, ұжданы да, көңілі де қайғы-мұң кешіп азапқа түскен адамның құр сұлбасы, алдамшы бір қуаныш пен қызыққа малданып бақытты болуы мүмкін бе? Оны шат-шадыман бақытты деуге бола ма? Бір адам, бір істің оңға баспағанына бола қамығып қайғырады яки қате бір амалдан үміті үзіледі. Оның тәтті қиялдары ащы уға айналады емес пе? Кең дүние тар қапасқа ұқсап кетпей ме! Адасушылық тұманы жүрегінің ең терең түкпірі мен рухын әбден жаулап алған, барлық қасірет тек осының кесірінен келіп жатқан бейшара адамға қандай бақыт туралы әңгіме айтарсың? Япыр-ау,

162ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУденесі жасанды бір Жәннатта болғанымен, рухы мен жүрегі Жәһаннам азабын шеккен адамды жетісіп жүр, бақытты деп қалай айтасың? Міне, сен адамдарды осындай қиын жағдайға түсірдің. Жалған, жасанды Жәннат ішіне қамап қойып Жәһаннам азабына салудасың. Әй, адамның жүгенсіз нәпсісі! Мына әңгімеге құлақ сал да, адамдарды қайда қаңғытып бара жатқаныңды біл! Мысалы, біздің алдымызда екі жол бар дейік. Біреуімен келе жатырмыз. Байқасақ, басқан әр қадамымызда бір әлсіз бейшара адамға залымдар тап беріп, қолындағы мал-мүлкін тартып алады. Кейде жарақаттап жібереді. Оның осындай аянышты жағдайына тіпті аспан да күңіреніп жылайтын секілді. Қайда қарасаң да осыдан басқа ештеңе көзге шалынбайды. Әлгі жолдағы залымдардың ақырған дауысы мен бейшаралардың еңіреген үні жоқтау тәрізді жолды түгел жаулап алған. Адам, адамшылығы жағымен басқаның қайғы-қасіретіне ортақ болатындықтан шексіз қайғының тұманы тұмшалауда. Алайда, адамның ар ұжданы мұндай сұмдыққа төзе алмайтындықтан ол жолдағылар екі нәрсенің бірін таңдауға мәжбүр болады. Не адамгершіліктен жұрдай болып, шексіз жабайылық жолын таңдап, қара жүрекке айналатыны сондай, өзі аман болса болды, басқаның басына келген апат оған түк те әсер етпеуі керек. Не көңілін көр, ақылын жоқ етуі керек. Ей, адасу жолында әбден бүлініп, Исауилік дінінен алыс қалған Еуропа! Жалғыз көзді Дажжалға ұқсаған жалғыз көзді зеректігіңмен адамзат рухын Жәһаннамдық жағдайға душар еттің! Бірақ, бұл емі жоқ сырқат, адамды ең жоғарғы дәрежеден, ең төменгі құрдымға түсіретінін соңында байқадың. Яғни, хайуанаттың ең сорлысы дәрежесіне түсіреді. Ал бұған тапқан емің болса, сезімдерді уақытша ұйықтатып, қызыққа батыратын ойыншықтар мен ақылды алжастыратын қияли ғажап ойын-сауықтар ғана. Бұдан түк те шықпайды, түбінде өз басыңды жұтасың. Міне, адамзатқа дайындаған бақыт дегеніңнің түрі осы. Екінші жол, Құран Хаким адамзатқа сыйға тартқан сара жол. Байқасаңыз ол жолда әр бекетте, әр бөлімшеде, әр қалада бір Әділ Сұлтанның тәртіпті әскерлері бақылап, күзетіп тұр. Белгілі уақыттарда олардың бір бөлігі сұлтанның әмірімен міндетінен босатылып жатады. Олардың қарулары мен қолданған заттары алынып, демалысқа шығуда. Босатылған әскерлер үйреніп қалған аты

163БЕСІНШІ НОТАмен қаруын қайтарып беруден сырттай қарағанда біраз қайғыратын секілді, ақиқатында Әділ Патшаның құзырына оралатынын білетіндіктен іштей үлкен қуанышқа бөленуде. Кейде, әскерилерді босатушы қызметкерлер жаңадан келген бір әскермен де қарсыласып қалатын кезі бар. Әскер оларды танымайды. «Қаруыңды бер!» десе, әлгі әскер: «Мен патшаның сарбазымын, соның қызметіндемін ең соңында соған барамын. Егер маған Оның рұқсаты бойынша келіп тұрсаңыз құба-құп, бұйрығыңызды көрсетіңіз, болмаса жолымнан аулақ тұрыңыз! Мен жалғыз болсам да, сендер мың болсаңдар да сендермен қарсыласуға шамам жетеді. Өзім үшін емес, Сұлтаным үшін солай етемін. Өйткені, менің жаным өзімдікі емес, Сұлтанымдікі. Менің қолымдағының бәрі, өзім де сол Иемнің аманатымын. Сол үшін мен сендердің алдарыңда бас имеймін!» дейді.Міне, осы екінші жолда жүрген мыңдаған бақытты жандардың бұл бір ғана мысалы деуге болады. Қалғанын өзің салыстыр. Бүкіл осы екінші жолдағылар туылған кезде қуанышқа бөленеді, әскери міндетін атқарып жүргендері де өз ісі мен жүрісіне дән риза, қуанышты күйде жүр. Ал, ажал жетіп, қаза болу деген атпен міндетінен кетіп жатқандар да қуанышты әуенмен қайтып жатыр. Міне, Құран Хаким адамзатқа осындай бақыт жолын сыйлаған. Бұл сыйлықты кім нақты қабыл алса, екі дүние бақытына қол жеткізе алады. Не өткені үшін қайғырмайды, не болашағын да уайымдамайтын сенімді жол. Ей, бұзылған Еуропа! Сенің шірік әрі түк те негізі жоқ ұстанымдарыңның бір бөлігі мынандай: «Ең үлкен періштеден бастап ең кішкентай шыбынға дейін әрбір тіршілік иесі өзіне-өзі қожайын, өзі үшін өмір сүреді, өз қызығы үшін жүгіреді. Оның өзіндік өмір сүру хақысы бар. Басты мақсатының өзі өмір сүру, тұқымын жалғастыру» дейсің. Және, Халиқ-ы Кәримнің дүние тіршілігіндегі ғажайып заңдылығы бойынша, өсімдіктердің хайуандарға, хайуандардың адамдарға қызмет көрсетіп, бір-біріне жәрдем етіп жатқан Рахымды қамқорлықтарын бір-бірімен жауласып жатқандай көресің де «Өмір күрес» деген жасанды заң шығарып алжасасың. Япырау, қамқорлықтың шуағы бойынша зәрре бөлшектердің бар ынтасымен бүкіл дене мүшелеріне азық тасып зымырап жүргенін қандай қарсы күрес деп ойлайсың? Бір-бірімен жауласу сондай бола ма?! Асылында, ол Рахман әрі Кәрим Жаратушының әмірімен бір-біріне көмек, өзара жәрдем.

164ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУЖәне бір шірік ұстанымың мынау: «Әрбір тіршілік иесі өзіне-өзі қожайын», дейсің. Ал, ешқандай да жаратылыс өз-өзіне қожайын емес екеніне анық дәлел мынау: Себептер ішінде ең еріктісі, қалау ираде жағынан ең еріктісі адам. Алайда, ойлану, сөйлеу және ішіп-жеу секілді қарапайым, оңай, сыртқы іс-әрекеттерінен оның өз ықтиярына берілгені жүзден бірі ғана, оның өзі де күмәнді. Міне, сыртқы іс-әрекетінің біреуіне ғана ие болуы екіталай болған адам қалай, қайтіп өзіне-өзі қожайын болмақ?! Адамның өзі осындай өзін-өзі басқару мен нақты иелік етуге келгенде қолы соншалық қысқа болып жатса, басқа жандыларды «өз-өзіне қожайын» дегендер хайуаннан өткен ақымақ, түйсігі жоқ топастар. Иә, сені осындай қате жолға итерген, әуреге салған көр көзді ақылың. Сол көзсіз ақылыңмен әрбір нәрсенің Иесі болған Раббыңды, Жаратқан Иеңді ұмыттың. Иелікті меңіреу табиғатқа тапсырдың, әсерді себептерге бердің, нақты Иенің мүлкін жасанды пұттарға телідің. Мұндай көзқарас бойынша, әрбір тіршілік иесі мен адамдар қисапсыз жауларымен жалғыз өзі күресіп, таусылмайтын қажеттілік үшін жанталасуы керек болады. Ондай жағдайда, зәрредей ғана күш-қуатпен, мардымсыз ғана қалау еркімен, сағым секілді сезіммен, көбіктей көрініп қана өшетін тіршілікпен, бір сәтте ғана өтетін өмірмен ондай қаптаған жауға қарсы тұрып, таусылмайтын қажетін қайтіп өтейді? Алайда, ондай бейшара тіршілік иелерінің шама-шарқы осындай мыңдаған қажеттіліктердің тіпті, біреуін де өтеуге жарамайды. Қиыншылыққа тап келген кезде сансыз меңіреу себептерден өзге тірек етер түгі де жоқ. сырын растаушы болады. Сенің қараңғы санаң адамдардың күндізін түнекке айналдырды. Сол қиыншылықтар мен зұлымдықтарға, қараңғы түнекке бой үйрету үшін жасанды жарықтарды жарқылдатып қойдың. Ол жарықтарың оларды қуанышқа бөлемейді, қайта жылаған көз жастарын көрсететін бір жылтырақ қана болып тұр. Ал, әрбір тіршілік иесі болса сенің шәкірттеріңнің көзіне жауыздардың табанына жаншылған бейшаралар секілді көрінеді. Дүние барлық нәрселердің жылап-сықтау орыны. Дүниедегі дыбыстар, өлімнен, қиыншылықтан туындайтын жан айқай. Сенен сабақ алған шәкіртің перғауынға айналады. Ең қасиетсіз нәрсеге табынатын, пайда үшін көрінген нәрсені Құдай көретін сорлы перғауын. Өзі өте тәкаппар. Бірақ, бір ләззат үшін ауыр жүкті көтеруге

165БЕСІНШІ НОТАкөнген міскін бейнесінде. Болмашы бір пайда үшін шайтанның аяғын сүюге дайын тұрған сорлы біреу. Бірақ, көңілінде тірек болар ештеңесі жоқ бір қуыскеуде болғандықтан, күш қуаттан жұрдай бір жағымпаз міскін. Ол шәкірттің барлық арман мұраты, өзінің қу нәпсісін тойдыру. Сол үшін неше түрлі қулық-сұмдықтан тартынбайтын болып алған бір сұмырай. Өз пайдасынан өзге ештеңеге де алаң болмайды. Не болса да өз нәпсісінің жолына шалып жіберуге дайын тұрады. Ал, Құранның адал шәкірті - Құдайдың шынайы құлы. Алайда, жаратылыстардың ешқайсысына құлшылық қылмайтын абыройлы құл. Жәннат секілді ең қымбат пайда үшін де құлшылығын сатпайтын адал құл. Бірақ, Фатыр-ы Зүлжәлалдан басқа ештеңенің алдында еңкеймейтін мерейлі жан. Өзі пақыр болса да, Мәлик-і Иесі оған уәде еткен нәрселерге көңілі тоқ, кешірімшіл де қанағатшыл құл. Өзі әлсіз болса да, құдіреті шексіз Жаратаушысының күш-қуатына сүйенген сенімді жан. Мұндай пенде Құранның нағыз шәкірті болғандықтан мәңгі Жәннатты да басты мақсатым демегендіктен мынау алдамшы қу дүниеге әсте алданар ма?! Міне, осылайша екі шәкірттің қандай айырмашылығы бар екендігін салыстырып көр!Әрі бұрыс пәлсәпаның шәкірттері мен Құран Хакимнің шәкірттерінің адал құлшыныстары мен жанкештіліктерін де салыстырып байқа! Пәлсәпаның шәкірттері өз нәпсісі үшін бауырларынан қашып кете барады, бас пайдасы үшін әркез өзара дауға түседі. Құран шәкірттері болса жер жүзіндегі жандыны түгел өз бауыры секілді іш тартып, оларға әр уақыт қайыр дұға жасайды. Және олардың бақыттылығына рахаттанады. Және рухында олармен бір жақындық сезініп тұрады. Ғарыш пен Күннің өзін, өзі секілді бір қызметші құл, жаратылған нәрсе деп біледі. Әрі, екі шәкірттің маңызды жақтарын және рухани құндылығын былай салыстырып көруге болады: Хаким Құран өз шәкірттерінің рухына кеңшілік пен биік дәреже бергені сондай, тоқсан тоғыз тәсбих тасының орнына Тоқсан тоғыз Иләһи көркем есімдердің шағылысын көрсетіп тұратын тоқсан тоғыз әлемдердің зәрре бөлшектерін бір-бір тал тәсбих тастары секілді қолдарына беріп қойған. «Дұғаларыңды осы бойынша оқы!» дейді. Міне, Құраннан сабақ алған Шах-ы Гейлани, Руфаи, Шазели сынды шәкірттердің оқыған дұғасын тыңда!

166ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУҚолдарында тізбектелген зәрре бөлшектері жаратылыстың саны қанша болса,солардың бәрін тәсбихтей санап, ұстап тұрып дұға оқуда. Хақ Тағаланы зікір етіп, жаратылыс тілдерімен дәріптеп тәсбих етуде. Міне, баяны мұғжиза болған Құран Кәрімнің мұғжизалы тәрбиесіне назар сал! Болмашы бір қиыншылыққа көңілі құлазып, көзге көрінбейтін бір микробтан жеңіліп қалатын мына кішкентай адам, Құранмен тәрбиеленген кезде сондай биікке көтеріліп, көңілі шалқып жадырап қалады. Алып дүниені қолына алып тәсбих тарса да еш ауырлығы жоқтай. Ол жәннаттың өзін дұға-тілегіне басты мақсат қылмайды. Өз нәпсісін Хақ Тағаланың жәй бір мақұлығынан жоғары қоймай инабатты келеді. Өркөкіректік пен кішіпейілдікті қатар ұстайды. Ал, пәлсәпа шәкірттерін бұған салыстырсаң қаншалықты төмен, тіпті салыстыруға келмейді. Оның қаншалықты құлдырап кеткенін көресің. Міне, пәлсәпә түнегіне батып, ақыл есі тұманданған Еуропаның қате ой тұжырымын, екі дүниені қатар көре алатын өткір көзімен, ғайып дүниені де қадағалайтын назарымен, адамзат үшін екі дүние бақытын екі қолымен ишара еткен Құран Хаким былай дейді:Уа, адам! Сенің нәпсің мен қолыңдағы дүние сенің мүлкің емес, тек саған аманат етілген Біреудің мүлкі. Ол аманаттың иесі бәрінен Құдіретті, бәрін көретін, білетін Рахим Кәрім! Ол сенің қолыңдағы мүлкіңді өзіңнен сатып алғысы келеді. Тек сен үшін сақтап қояды, шығын болмасын, дейді. Келешекте саған өте маңызды етіп, бағасын еселеп қайтаратын болады. Сен болсаң міндетіңді атқарушы бір әскерсің. Жаратушының атымен жұмыс істеп, әрекет қыл! Ол сенің қажетіңді үнемі өтеп тұрады, сенің шамаң жетпейтіндерден қорғайды. Ал, сенің бұл дүниедегі бар міндетің, өміріңнің мақсаты, нәтижесі сол Жаратушы Иенің көркем есімдеріне айна болу ғана. Өзіңе бір қиыншылық келсе былай де: яғни, «Мен өз Иемнің қызметінде жүрген біреумін. Ей, пәлекет! Егер Оның рұқсатымен, ризашылығымен келген болсаң, келе бер! Хош келдің! Өйткені, әйтеуір уақыты келгенде Оның алдына баратынымыз рас, Оған құштармыз. Сондықтан, ол бір күндері бізді мына тіршілік әуресінен азат ететін болады. Кәне, ей пәлекет! Ондай азат ету

167БЕСІНШІ НОТАмен қайтару сенің қолыңда болса онда саған разымын. Егер менің қолымдағы аманаттарымды тәжірибе еткелі келген болсаң және менің саған тәсілім болуыма Оның ризашылығы болмаса, шамам келгенше Мәлик Иемнің аманатын саған тәсілім ете алмаймын!» дейді. Міне, осындай мыңнан бір үлгі етіп баяндаған, ақылға сүйенген пәлсәпә мен Құдайдың сөзі Құранның берген дәрістерінің дәрежелерін байқап көр! Иә, екі жақтың да ақиқат халі баяндалғандағыдай кетіп барады. Бірақ, тура жолдағылар мен адасу жолында жүрген адамдардың дәрежелері әртүрлі. Ғапылеттегілердің де дәрежелері әр түрлі. Әркім, әр дәрежеде болғандықтан бұл ақиқаттарды түгелдей сезіне алмайды. Өйткені, ғапылеттің өзі сезінуді жойып жібереді. Және бұл заманда ғапылеттің сезімді жойып жібергендігі сондай, мына дүниедегі қайғы қасіретті «мәдениетшілдер» тіпті, сезбейтін болып кеткен. Бірақ, ілімнің артуымен және күн сайын жер қойнына қайтып жатқан отыз мың өліктің ескертулері ғапылдықтың пердесін жыртуда. Жатжұрттардың тағуттары мен табиғатшыл пәндерінің кесірінен адасу жолына түсіп, соларға көпе көрнеу еліктеп еріп жүргендерге обал-ақ!Уа, отанмыздың жастары! Еуропалық кәпірлерге еліктеуді қойыңдар! Япыр-ау, Еуропаның сендерге жасаған зұлымдықтары аз болды ма? Олардың арамдықтарын көре тұра, олардың бұрыс қылықтары мен оңбағандықтарына қандай ақылмен еліктеп өзеурейсіңдер! Жо-жоқ, олай ету қате! Азғын түрде еліктегендер, оларға мойынсұнып қана қоймай, өздері парқына бармай солардың қатарына қосылып өзін де, бауырларын да құрдымға құлатады! Ояныңдар! Сендер олардың жаман мінез, азғын мәдениетін мойындаған сайын отаншыл екендерің бекер екенін көрсетесіңдер. Олар не айтса болды, бас-көз жоқ соны істей беру өз халқын менсінбеу, ұлттық намысын таптау боп саналады!

Жиырма төртінші ЛемаТәсәттүр жайлыЖоғарыда аталған аят тәсәттүрді әмір етеді. Азғын мәдениет болса Қасиетті Құранның бұл үкіміне қарсы келіп тәсәттүрді жөн көрмей, оны әйел затын кемсіту, құқығын шектеу деп санайды. (Сілтеме )*Жауабы: Құран Хакимнің бұл үкімі әйел табиғатына сай, ал керағар пікірдің жаратылысқа қайшы екенін дәлелдейтін көптеген хикметтерінен тек төрт хикметі баяндалмақ.БІРІНШІ ХИКМЕТ: Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни табиғи әрі оны жаратылысы талап етеді. Өйткені, әйел заты әлсіз әрі нәзік. Сондықтан өзін және жанындай жақсы көретін балаларын қорғаштайтын ер кісінің жәрдеміне мұқтаж. Ол өзін оған сүйсіндіруге, жиіркендірмеуге, ыңғайсыз жағдайға қалмауға тырысады. Сонымен қатар, он әйелдің алтау-жетеуінің жасы ұлғайған, не көріксіз. Мұнысын, әрине әркімге көрсеткісі келмейді, не болмаса қызғаныш сезімімен өзінен асқан сұлудың қасында көріксіз боп қалмауы үшін, не болмаса намысын бөтен біреуге таптатпай сақтану үшін, немесе күйеуінің алдында қиянатшыл ретінде айыпталмауы үшін, оның табиғаты тәсеттүрді яғни жабылып жүруді қатаң талап етеді. Тіпті, Сілтеме. Соттың үкіміне қарсы, және олардың үнін өшірген ақталу сөздерінен бір үзінді. «Менің әділет басқармасына айтарым: Мың үш жүз жылдан бері және әр ғасырда үш жүз миллион адамның қоғамдық өміріне оң ықпал етіп, киелі де үлкен маңызға ие болып келген, қасиетті де нағыз ұстанатын өміршең ереже боп табылатын Иләһи заңды жан-жақты баяндаған әрі оны үш жүз елу мың тәпсір растап, бір ауыздан бекіткеніне сүйене отырып тәпсірлеген сондай-ақ мың үш жыл бойы бабаларымыз ұстанып келген діни нанымына сәйкес тәпсір жазған кісіні айыптайтын соттың бұрыс үкімін егер дүниеде әділдік қалған болса сөзсіз түрде сот шешімін жойып, үкімді бұздырады деп ойлаймын.

169ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЛЕМАбайқап қарасаң, жасы ұлғайған әйелдер өзін көбірек тұмшалап, орамал тартқыш келеді. Он әйелдің тек екі-үшеуі ғана әрі жас, әрі сұлу, әрі өзін көрсетуден тайсалмайды.Адам өзі сүймейтін, жақтырмайтын кісінің алдында мазасызданып, қолайсыз күйге түсетіні мәлім. Әлбетте, ашық-шашық киінген көрікті әйел, өзіне көз тіккен бөтен он кісінің екі-үшеуіне оң қараса, қалған жеті-сегізінен ыңғайсызданады. Сондай-ақ, ар-намысты, салиқалы көрікті әйел, нәзік әрі сезімтал болғандықтан іс жүзінде, әрине бөтен көздерден қысылып қымтырылады.Естуімше, әлем-жәлем киіну кең тараған Еуропа елдерінде көптеген әйелдер әлгіндей сұқтана қараудан ыңғайсызданып, «мына азғын немелер бізді көзбен атып, қайда барсақ та сығалап мазамызды алып болды» деп полиция қызметкерлеріне шағым айтады екен. Демек, мәдениеттің тәсәттүрге қарсы шығуы орынсыз әрі жаратылысқа керағар. Ал, Қасиетті Құранның тәсәттүрді әмір етуі өте орынды да жарасымды. Мейірімділіктің қайнар көзі әрі өмірлік серік болатын қадірменді әйел затын тәсеттүр арқылы азғындаудан, намысының тапталуынан, рухани қаналудан сақтайды. Әйелдің бойында бөтен ер кісілерден қорқу, үрей сезімі бар. Қорқу табиғи түрде тәсеттүрді қажет етеді. Өйткені, сегіз-он минуттык зауықты, ауыр азапқа айналдыратын, сегіз-тоғыз ай жүк көтеру, әкесіз бала туып, оның тәрбиесімен сегіз-тоғыз жыл бойы айналысу әлгі сегіз-тоғыз минуттық заңсыз зауықтың жазасын тарту қаупі бар. Бұндай келеңсіз көріністер көп кездесетіндіктен әйелдің нәзік жаратылысы бөтен еркектерден зәресі қалмай қорқады. Табиғаты сақтануды бұйырады. Нәзік жаратылыстары оларға тәсеттүр пайдалануын, басқаларға бөтен ой туғызбауын, жауыздықтарына жол бермеуін қатаң түрде ескертіп отырады. Сақтану жолдарының бірі, бекініс қамалы тәсеттүр екенін көрсетеді.Естуімше, астанада, жаңа өкімет орталығында, базардың ішінде, тапа-тал түсте, жұрттың көзінше өте міскін бір аяқ киім тазалаушысы дүниеге танымал, жоғары мәртебелі бір адамның балтыры ашық жұбайына асылып «шапқыншылық» жасапты. Міне, бұл тәсеттүрге қарсы кісілердің қалың беттеріне бір шапалақ болса керек.ЕКІНШІ ХИКМЕТ: Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік, махаббат, терең әрі тығыз байланыс тек бұл дүниелік өмірдің қажеттілігінен туындамайды. Иә, әйелі күйеуіне тек дүниелік өмірде

170ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУғана серік емес. Ол оның о дүниедегі мәңгі өмірде де серігі болмақ. Олай болса әйел, мәңгілік серігі болатын күйеуінен тыс, басқаның назарын өзіне аудартпауға мiндеттi. Оны ренжітпеуі, қызғандырмауы тиіс. Демек, иман саясында мүминдердің отбасылық жұптасуы, тек дүниелік өмірмен шектелмейді. Жануарға тән немесе сұлулығына шақталған өткінші махаббатқа негізделмейді, мәңгі әлемде де жалғасын тауып, арта түсетін берік те шынайы махаббатқа, адалдық пен сыйластыққа негізделеді. Сондай-ақ, тек жас кезінде, көрікті шағында ғана емес қартайып, өңі тая бастаған кезде де сол шынайы махаббат пен құрмет жалғаса бермек. Олай болса, оған жауап ретінде ол да өзінің көркін, махаббатын күйеуіне арнауы керек. Адамгершілік қасиет осыны талап етеді. Әйтпесе, ұтары аз, жоғалтары көп болады.Шариғат бойынша, ерлі-зайыптылар куфув, яғни бір-біріне сай болуы тиіс. Куфувта ең бастысы – діни тұрғыдағы теңдік.Бақытты еркек деп әйелінің діндарлығына қарап, ұқсап бағатын және мәңгі өмірде жұбайынан айырылып қалмау үшін өзі де діндар болған кісіні айтады.Бақытты әйел деп отағасының діндарлығына қарап, мәңгілік жұбайымнан айырылып қалмайын деп өзі де тақуа болған әйелді айтады.Сорлы, бейшара еркек деп салиқалы әйелінен мәңгілікке көз жазып қалуға себеп болатын азғындыққа салынған адамды айтады.Сорлы әйел деп тақуа күйеуіне ұқсауға тырыспай, ақырында сол мүбарак, кішіпейіл, мәңгілік досынан айырылатын әйелді айтады.Бір-бірінің пасық әрі азғын іс-әрекеттерін өнеге тұтқан екі сорлы ерлі-зайыптылардың өмiрi өкінішті әрі аянышты. Олар бір-бірінiң лаулаған отқа түсуiне жәрдем етеді.ҮШІНШІ ХИКМЕТ: Отбасының бақытты өмір сүруі үшін әйел мен еркек арасында шынайы сүйіспеншілік, адалдық, сенім мен құрмет болуы тиіс. Тәсәттүр пайдаланбау, ашық-шашық киіну сенімсіздік туғызады. Екі жақтың шынайы құрмет пен махаббатын кемітеді. Өйткені, ашық-шашық киінген он әйелдiң тек бiреуі ғана күйеуінен әлдеқайда сымбатты біреуді көрмегендіктен басқаға жақсы көрінуге тырыспайды. Ал, тоғызы күйеуінен әлдеқайда жақсысын көреді. Жиырма еркектің тек біреуі ғана әйелінен артық сұлу көрмейді.

171ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЛЕМАМұндайда адал махаббат, екі жақты сыйластық жойылады. Мұнымен тынбай өте жағымсыз да жиіркенішті сезімнің оянуына себеп болуы мүмкін. Яғни адамда өзінің апасына, қарындасына, туысқан әйел затына яғни, махрем (үйленуге болмайтын) кісілерге табиғатында шәһуаттық сезім болмайды. Өйткені, махрем кісілердің бет-әлпеті туысқан екенін білдіріп оған мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жанашырлықты сездіретіндіктен нәпсіге тән, шәһауани құмарлықты жойып жібереді.Алайда, шариғат бойынша туысқандарға да көрсетуге болмайтын балтыр секілді мүшелерін ашу, азғын нәпсінің құмарын, тым ұсқынсыз, жиіркенішті сезімін оятуы мүмкін. Махремнің жүзі туысқан екенін білдіреді, басқаға ұқсамайды. Бірақ ашық балтыр махремдікі ме, басқанікі ме белгісіз. Туысқандықты (махремділікті) білдіретін өзгешелік белгісі болмағандықтан кейбір азғын бірақ өзара махрем жандардың бір-біріне жануарға тән әуестігін оятуы мүмкін. Ал, мұндай іс төбе шашты тік тұрғызатын сұмдықтың нақ өзі.ТӨРТІНШІ ХИКМЕТ: Ұрпақ жаю әркімнің қалауы. Ұрпақ санын көбейтуге қарсы ешбір ұлт, ешқандай да ел жоқ. Бұл тұрғыда Ардақты Пайғамбарымыз Саллаллаһу Ғалейһи Уәссәламнің өзіяғни «Үйленіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көп болғандарыңды мақтан тұтамын» – деген. Алайда, тәсәттүрді тастау яғни ашық-шашық киіну үйленуді көбейітпейді, керісінше мүлдем азайтып жібереді. Өйткені қазіргі жастардың ең бұзығы да үйленетін қызының ар-намысты, таза болғанын қалайды. Өзі сияқты модашыл, ашық-шашық болуын қаламайды. Сөйтіп бойдақ болып өтеді немесе жеңіл жүріске түсуі мүмкін. Ал, әйел заты олай емес. Өйтіп, күйеуіне талап, шарт қоя алмайды. Өйткені әйел заты үйдің ішкі істеріне қарайтын болғандықтан күйеуінің тапқан табысына, балаларына, мал-мүлкіне иелік ету, сақтау қызметін атқарады. Сондықтан оның басты міндеті, қасиеті, адалдық пен сенімділік. Ал, ашық-шашық киіну, адалдық пен сенімділікке шәк келтіреді. Ондай әйел, күйеуінің алдында сенімді жоғалтып, оның ар-ожданын азапқа салады. Тіпті, ер адамда жақсы қасиет болып саналатын батырлық пен жомарттық, әйел затында сенімділік пен адалдыққа зияны тиетіндіктен жаман мінез, жағымсыз қылық боп саналады. Бірақ, еркектің басты міндеті

172ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУмал-мүлкін күзету, адал болу емес. Оның міндеті әйелін қорғау, жанашырлық ету, құрметтеу. Сондықтан ер адам шектеуге келмейді. Демек басқа әйелді де некелей алады. Біздің халықты Еуропалықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, ол жерде дуэль секілді қатаң жолмен ашық-шашық әйелдерін жезөкшеліктен тиып, аз да болса, намысты қолдан жібермеуге тырысады. Ар-намысты кісінің әйеліне жаман оймен сұқтана қараған адам өлімге бас тігіп, сосын барып қарайды. Оның үстіне ол жердің ауа-райы салқын. Сондықтан, Еуропа халқының табиғаты да ауа-райы сияқты салқын. Ал, Азия яғни мұсылман елдері оған қарағанда ыстық. Географиялық аймақ адам мінезіне әсері ететіні белгілі. Әлгі суық жердегі, суық қанды адамдарда хайуани әуестікті, нәпсіні қоздыратын әлгіндей ашық-шашықтық, әлем-жәлем киіну бәлкім қисық жолға түсіп, ысырап қылуына айтарлықтай әсер ете қоймас. Алайда қашанда нәпсіні қоздыратын ашық-шашықтық, сезімі ояу, тез әсер алғыш, ауа-райы ыстық елдің адамдарын, қисық жолға түсуге, ысырапшылдыққа, ұрпақтың әлсіреуіне, сондай-ақ, қуаттың кемуіне бірден-бір себеп болады. Бір айда немесе жиырма күнде бір рет фытри (табиғи)қажеттілік болатын болса, енді бірнеше күн өтпей-ақ ысырапқа мәжбүрмін деп ойлайды. Мұндайда айына он бес күн бойы хайыз сияқты кедергілердің салдарынан әйелінен аластауға мәжбүр болған ер кісі, егер нәпсісін жеңе алмаса, теріс жолға түсуі әбден мүмкін. Қалалық әйелдер, ауылдық жердегі шаруа әйелдерге қарап, тәсеттүрді тастауына болмайды. Өйткені, ауылдық жерде күн көріс, шаруашылық жұмыстары сияқты денемен атқарылатын істер адамды шаршатады, сонымен қатар қалалық әйелдерге қарағанда өзіне көп назар аударта бермейтін біршама тұрпайылау бейкүнә шаруа әйелдердің ептеп ашық болуы нәпсінің әуестігін айтарлықтай қоздырмауы мүмкін. Ауылдық жерде сандалып бос жүретін, азғындар аз болатындықтан қаладағы келеңсіз жайттар ауылдық жерде сирек кездеседі. Олай болса, олармен салыстыруға келмейді.

Бірінші мектубтыңТөртінші сұрағыСүйіктілерге деген уақытша махаббат Аллаһқа деген махаббатқа айналатыны секілді, көп адамдарда болатын дүниеге деген махаббат Аллаһқа деген махаббатқа ұласуы мүмкін бе?Жауап: Мүмкін, егер дүниенің өткінші жағына ғашық адам, дүниенің тұрақсыз, тез аяқталып қалатын жағының жағымсыздықтарын көріп, одан теріс айналар болса, мәңгі, бақи сүйіктіні іздесе, дүниенің Иләһи есімдердің айнасы және ахиреттің егістік алқабы болған өте әдемі өзге де қырларына қарай алса, міне сол кезде, шариғатқа қайшы келетін өткінші ғашықтық, шынайы ғашықтыққа айнала бастайды. Бірақ бір шарты бар: Өзінің өткінші және жеке өміріне тікелей байланысты тұрақсыз дүниесін, сыртқы дүниемен шатастырмауы керек. Егер адасқандар мен ғафылдарға ұқсап, өзінің кім екенін ұмытып, өзіне қатысы шамалы сыртқы, ортақ әлемге өз әлемім деп қарап, соған ғашық болса, онда материализмнің ұйығына батып кетеді. Әрине, егер ғажайып түрде құтылмаса...Бұл ақиқатты түсіну үшін мына тәмсілге қара: Мәселен, мына әдемі безендірілген бөлменің төрт қабырғасында, төртеумізге тиісті төрт үлкен айна болса, бес бөлме пайда болады. Біреуі шын және бәрімізге ортақ, төртеуі мисали және әр қайсымызға тиесілі жеке бөлме. Біз өз айнамыз арқылы өзімізге тиісті бөлмеміздің түр-түсін өзгерте аламыз. Қызыл бояу жақсақ қызыл, жасыл бояу жақсақ жасыл етіп көрсетеді. Айнаға әсер ету арқылы көп нәрселерді өзгерте аламыз. Көріксіз қылып, немесе әдемі етіп көрсетуге, неше түрлі етіп қоюға болады. Бірақ, шын және ортақ бөлмеге оңайлықпен әсер етіп, өзгерте алмаймыз. Айнадағы жеке бөлме мен бәрімізге ортақ бөлме шындығында бір-ақ бөлме болғанымен, жағдаят мүлдем басқа. Сен өз бөлмеңді оп-оңай қирата аласың, бірақ екіншісінің бір тасын да, қимылдата алмайсың.

174ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУМына дүниені тамаша бір бөлме десек, әрбіріміздің өміріміз үлкен айна іспеттес. Бұл дүниеде әрқайсымызға тиесілі жеке дүниямыз, жеке әлеміміз бар. Бірақ оның керегесі, іргетасы, есігі әркімнің өз өмірі. Осы жеке әлеміміз парақ болса, өміріміз қалам.... Сол қаламмен амал дәптерімізге көп нәрселер жазылуда. Енді осынша ынтық болған әлемімізге қарасақ, бұл әлеміміз өз өміріміздің үстіне тұрғызылғандықтан ол да сол өміріміз секілді баянсыз, фәни екенін сезіп білсек, енді, оған деген махаббатымыз, сол өміріміздің өзі айна болып көрсетіп тұрған Иләһи есімдердің тамаша нақыш-өрнектеріне бет бұрады. Одан сол есімдердің көріністеріне ауады. Енді сол жеке өміріміз ақырет пен жұмақтың уақытша көшет өсіретін жері екенін түсініп, сол жеке дүниемізге деген шектен тыс ынтызарлығымыз бен махаббатымызды өмірдің нәтижесі, өнімі, жемісі болған ақыреттік пайдаларына қарай бұрған кезде ғана, дүниеге деген махаббат Аллаһқа деген махаббатқа айналады. Әйтпесе,сырына нысана болып, ақиқатында өздерінің кім екенін ұмытып, өмірдің өткінші екенін ойламай, өзінің тұрақсыз жеке әлеміне баршаға ортақ әлем сияқты тұрақты деп қарап, өзін өлмейтіндей көріп, дүниеге ынтықса, соған жан-тәнімен берілсе, дүниеге тұншығып батып кетеді. Ондай махаббат, адамды шексіз азапқа салып, бәлеге ұшыратады. Өйткені ондай махаббаттан, қолынан түк келмейтін шарасыз жанашырлық, үмітсіз аяныш туындайды. Бүкіл тіршілік иелерін аяп, жаны ашиды. Тіпті жойылып кететін бүкіл әдемі жаратылыстарды аяп, налиды, қолынан еш нәрсе келмей үмітсіз қайғыға түседі. Ал бейқамдықтан құтылған әуелгі адам, ондай қатты аяныштан туындаған қайғыны басатын қасиетті дәрі табады. Яғни, жаны ашыған бүкіл тіршілік иелерінің өлуі мен жойылуынан Зат-ы Бақидың бақи есімдерінің тоқтаусыз көріністерін көрсететін айналарының бақи екенін, яғни рухтарының мәңгі екенін көреді, аянышы қуанышқа айналады. Бұл жерде уақытша ғана өмір сүріп, жойылып кетіп жатқан бүкіл әдемі жаратылыстардың арғы жағында шынайы сұлулық пен киелі есім-сипаттардың тұрғанын сезіп, бұл Соның әдемі ою-өрнегі, тамаша нақышы, жарылқауы,

175БІРІНШІ МЕКТУБүздіксіз нұрландыруы деп көреді. Уақытша нәрселердің құбылуы, әсемдікті одан әрі арттыру, ләззатты жаңалау, өнерді көрсету үшін жасалып жатқан жаңартулар екенін көріп, ләззаты мен құштарлығы, таңданысы арта түседі.Cаид Нұрси

(Тоғызыншы мектубтан)Үшіншіден: Мына дүниені әскери қонақ үй деп түсініп, солай ойлап, соған қарай әрекет еткен жан – бұл дүниеде ең бақытты адам. Солай ойлаған адам ең жоғарғы мәртебеге яғни, Жаратушыны риза ету мәртебесіне оңай көтеріле алады. Тез сынып қалатын әйнекке алмастың құнын төлемейді. Тура жолда уайымсыз өмір сүреді. Иә, өткінші дүниеге қатысты істердін бәрі де тез сынатын әйнек секілді баянсыз. Ал, ақырет үшін жасалған қызметтер алмас секілді асыл, әрі баянды. Негізінде, адамның болмысындағы құмарлық, махаббат, қарымды қайрат, тегеурінді талап... басқа да көптеген ерекше сезімдер осы ақыреттік мақсатқа жету үшін берілген. Осындай ерекше сезімдерді тек өткінші өмір үшін сарп ету, әлгі асыл алмастарды құнсыз әйнек сынықтарына алмастырумен тең. Осыған байланысты бір нәрсе есіме түскендіктен соны айта кетудің жөні келіп тұр: Ғашықтық сезім дегенің өзі ессіз махаббат болғандықтан өткінші нәрселерге арналса, иесін қайғы мен азапқа салады. Немесе, ондай тұрақсыз сүйіктілер әлгі жалынды махаббатқа сай келмегендіктен, басқа мәңгі сүйіктіні іздетеді. Сөйтіп, өткінші нәрселерге деген сүйіспеншілік, бақиға деген сүйіспеншілікке айналады.Адам бойында осындай алуан түрлі сезімдер бар. Бәрінің де екі мәртебесі бар. Біреуі өткінші, екіншісі тұрақты. Мысалы, жұрттың бәрінде болашақты уайымдау бар. Алайда, сол болашақты қанша уайымдаса да, сол болашаққа жететіні жайлы қолында ешқандай кепілдік жоқ. Сондай-ақ, Рызықтандырылатынына кепілдік берілген жақын болашақ, ондай қатты уайымға салынуға тұрмайды. Сондықтан, мұндай алдамшы болашақтан бас тартып, қабірден кейінгі шынайы да ұзақ, адасқандардың ойынша болып-болмауы неғайбыл болашаққа бет бұрады. Және мал мен мансапқа да ашкөздікпен ұмтылады. Қараса... Бұның қарауына уақытша берілген әлгі мал мүлік пен алдамшы атақ дәрежелер рия мен қауіп-қатерге толы. Осы бір мансап, осыншама ашкөздене ұмтылуға тұрмайды. Содан кейін,

177ТОҒЫЗЫНШЫ МЕКТУБең жоғарғы атақ болған рухани мәртебеге, тақуалыққа, құлшылыққа, нағыз байлық болған салих амалдарға көңіл бұратын болады. Сөйтіп, әлгі нашар мінез болған дүниеге деген тойымсыздық, тамаша қасиет болған мәңгі дүниеге деген шынайы қайратқа айналады.Тағы бір мысал, қырсық мінезді адам әлгі ғажайып сезімдерін өтпелі, маңызсыз істерге босқа сарп етеді. Сөйтіп, бір сәт назар аударуға татымайтын нәрсеге бір жыл қырсығады. Әлгі зиянды әрі сананы улайтын нәрсеге бүкіл төзімін жұмсайды. Ақыры, осыншалық қуатты сезімдердің ондай нәрселерге арналмағанын байқайды. Соншалықты асыл сезімдердің ондай нәрсеге босқа жұмсаудың ақиқат пен хикметке қайшы екенін ұғады. Осындай асыл сезімдерін, нақты сенімдерін әлгі түкке тұрғысыз нәрселерге жұмсамай, баянды да бақи Иман ақиқаттарына Ислам негіздеріне, ақыреттік амалдарға арнайтын болады. Оның бірбеткей қырсықтығы әдемі де мәнді ақиқат жолындағы тұрақтылыққа, табандылыққа айналады.Осы үш мысалдағыдай, егер адам өзіне берілген жойқын рухани қасиеттерді өз нәпсісінің қалауымен өткінші дүниенің қызығына арнап бұл өмірде мәңгі қалатындай, ойланбай жүре берсе, ұяттан жұрдай болып, күш қайратын бос нәрселерге жұмсайды. Егер, осы асыл қасиеттердің аз мөлшерін дүниеге, ал негізгі бөлігін ақыреттік және рухани міндеттерге арнайтын болса, көркем мінезге қол жеткізіп, даналық пен ақиқатқа сай түрде екі дүниенің бақытына бөленеді. Осыған байланысты, мынандай бір ой келеді. Қазіргі заманның насихат айтушыларының сөзінің әсер етпеу себебі мынау болса керек: Мінезі нашар адамдарға: «Қызғаншақ болма, қырсықпа, ашкөз болма, қастық ойлама, дүниеге қызықпа», яғни болмысыңды өзгерт деп, олардың қолынан келмейтін нәрселерді айтады. Ал, «бұл сезімдерді жақсы нәрселерге қолданыңыз, олардың бағытын өзгертіңіз!» десе, айтқан сөздері әсерлі болып, тыңдаушыға да жеңіл болар еді.Төртіншіден: Ислам ғалымдарының арасында «Ислам» мен «Иман» ұғымының айырмашылығы жайлы көп сөз болады. Бір тобы «екеуі бір нәрсе» десе, келесі топ, «екеуі екі нәрсе, алайда бір-бірінсіз бола алмайды» деп, әртүрлі пікір өрбітеді. Мен мынадай бір айырмашылықтың барын түсіндім.

178ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУИслам – құптау, қалтқысыз берілу. Иман – мойындау, растау. Яғни, Ислам – ақиқатты жақтау, тәсілім, бойсұну. Иман – Хақты жүрекпен қабыл ету, көңілмен бекіту. Бұрындары, Құранның бұйрықтарына қызу қолдау көрсететін дінсіздерді кездестіретінмін. Демек, бір жағынан алғанда ол дінсіздер Аллаһтың қалауымен Исламияттың ішінде жүргендіктен оларға «дінсіз мұсылман» десек, Құранның бұйрықтарына еш қолдау көрсетпейтін, қажет санамайтын мүміндерді де көрдім. Олар «мұсылман емес мүмін» деген атқа лайық болар еді.Япырау, сонда Исламиятсыз иман тозақтан құтқара ала ма?Жауап: Имансыз Исламият тозақтан құтқара алмайды. Сондай-ақ, Исламсыз Иман да тозақтан құтқара алмайды. Иә, Аллаһқа шүкір Құран Кәрімнің тылсым мағыналарының бұлағынан нәр алған Рисалей-Нұр Ислам діні мен Құран ақиқаттарының жемістері мен нәтижилерін көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, дінсіздердің өзі оған қолдау көрсетпеуі мүмкін емес. Сонымен қатар, Иман мен Исламның дәлелдері мен айғақтарын анық түрде көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, мұсылман еместер де мұны мақұл көреді. Ондайлар мұсылман болмаса да, иман етеді. Яғни, ақиқатты мойындайды. Сөздер жинағында жазылған ақиқаттар Жәннаттағы Туба ағашының жемістері секілді болған Иман мен Исламның жемістерін және екі дүниенің бақытын көрсетіп бергендігі сонша, бұған көз жеткізгендердің қолдау көрсету, қабыл алу, мойынсұну сезімдерін оятады. Жаратылыстардың өзара байланыстары секілді мықты және зәрре бөлшектердің санындай көп дәлелдермен Иман мен Исламның айғақтарын көрсетіп бергендігі сонша, қалтқысыз мойынсұндырып, күшті иман береді. Тіпті, кейде Нахшибенди тариқатында оқылуы әдетке айналған дұғалардың ішінен дегенімде Иман ақиқаттарын жақтау сезімі артып кететін. Егер маған бүкіл дүниені берсе де, Иман ақиқаттарының біреуін де пида етпес едім. Бір ғана ақиқатты бір сәт жоққа шығару, мен үшін аса ауыр қасірет. Бүкіл дүние менікі болса да, оларды бір ғана Иман ақиқатының көрініс табуы жолында ойланбастан қиюға дайынмын.

179ТОҒЫЗЫНШЫ МЕКТУБдеген кезімде, шексіз Иман күшін сеземін. Иман ақиқаттарының қай қайсысының да керісінше болуы ақылға сиымсыз. Адасып жүрген дінсіздерді есуас, ақымақтар деп білемін.Бауырым, ата-анаңа көптен-көп құрмет пен сәлем жолдаймын. Ол кісілер де маған дұға жасасын. Сен менің бауырым болғандықтан, олар менің де ата-анам секілді. Ауылыңа да сәлем айт, әсіресе сенен Сөздерді тыңдап жүргендерге айрықша сәлем жолдаймын.Саид Нұрси

(Жиырма тоғызыншы мектубтан)Бесінші Рисале атанғанБесінші БөлімНұрларға толы аяттың бір нұрын Қасиетті Рамазанда рухани халде сезіндім, елесін де көрдім. Бұл былай:Уәйіс-Әл Қаранидың: мәшһүр мінәжатын бүкіл тіршілік иесі, жаратылыстар, Жанабы Хаққа дәл солай жасауда екендерін және он сегіз мың ғаламның әрқайсысының жарығы, Аллаһтың есімі екендігіне көзімді жеткізетін жүректен туған қияли оқиғаны көрдім. Ол былай: Қауызын жаңа жарып келе жатқан раушан гүлінің бір – біріне оралған жапрақшалары секілді, мына ғаламда қабаттастыра керілген мыңдаған перде бар. Мына әлемнен бір – бірінің артында жасырынып тұрған мыңдаған әлем көрдім. Әрбір перде ашылған сайын жаңа әлемдерге куә болдым. Ол әлемдер Нұр аятынан кейінгі:аяты суреттегендей қорқынышты да қараңғы түнек ішінде көрінуде. Бірден Аллаһтың бір есімінің Шексіз Нұры ол жерді жарқыратып жіберді. Ақыл қай пердені ашса, қиялымда қараңғы түнек басқан жаңа әлем ашылатын. Сол жерде Аллаһтың бір есімі күндей шағылысып көрінеді де жарқын нұрымен әлгі әлемді бастан-аяқ нұрға толтырады.

181ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ МЕКТУБОсылай жалғаса берді... Осы бір көңіл тамашасы мен қияли саяхат ұзақ жалғасты. Мысалға: Хайуанаттар әлеміне зер салған кезімде, олардың шексіз нәрселерге мұқтаж, аш, әлсіз күйде жүрулері ол әлемді маған өкініштерге толып түнек етіп көрсетті. Сол сәтте Аллаһтың Рахман есімі, Рәззақ есімінің мағынасында күндей жайнап көрінді. Ол әлемді бастан аяқ мейірім нұрына толтырды. Содан кейін хайуанаттар әлеміндегі төлдердің әлсіз жағдайлары, мұқтаж халдері, жұрттың аянышын оятып, уайымға салатын қара түнек әлем болып көрінді. Сол сәтте Рахман есімі мейірім мағынасында жарқ етті. Ол әлемді нұрға бөлегені сонша, мейірбандық пен аяныштан туындайтын көз жасын, қуаныш пен шүкірдің ләзаттынан шығатын жасқа айналдырды.Сонан соң синема экраны секілді тағы бір экран ашылды. Адамдар әлемі көрінді. Ол әлем де қараңғы да қорқынышты түнек болып көрінгені сонша, қорқыныштан жан ұшырып сұмдық – ай! – дедім. Өйткені көргендерім мынау еді.Адамдардың мәңгі жасасам деген тілектері, армандары және бүкіл ғаламды қамти алатын қиялдары мен ой - пікірлері және мәңгілік бақыт пен Жұмақты шын пейілдерімен қалайтын қайраттары мен қабілеттері, сансыз мақсаттары мен талап – тілектеріне қарсы дәрменсіз, әлсіз жағдайда. Неше түрлі дұшпанның шабуылына нысана бола тұра, өте қысқа ғұмыр, аумалы – төкпелі өмір, тауқыметті тұрмыс кешуде. Жүрегі қан жылаған сұмдық жағдайда. Үнемі қоштасу, үнемі айырылып қалу. Парықсыз бейқамдардың назарында мәңгілік түнектің есігі болып көрінетін қабірге, мазарға бара жатыр. Сол бір қараңғы құрдымға жеке – жеке де топ – тобымен де құлап жатыр. Бұл әлемді осындай қараңғы түнек қылып көріп тұрғанымда, жүрегім де рухым да ақылым да бүкіл адами сезімдерім тіпті, денемнің бүкіл молекулалары зар еңіреп жылауға дайын еді. Бірден Жаратушы Хақтың Әділ есімі Хаким мағынасында, Рахман есімі Кәрим мағынасында, Рахим есімі Ғафур мағынасында, Баис есімі Варис мағынасында Мухи есімі Мухсин мағынасында, Раб есімі Малик мағынасында көрінді. Адамзат әлеміндегі көптеген әлемдерді нұрландырып, жарықтандырып жіберді.Ақыреттің нұрлы әлемінен терезелер ашып, адамның әлгі қараңғы әлеміне нұр шашты. Содан кейін тағы да бір үлкен экран ашылды.Жер шары көрінді. Философияның көрсоқыр, ғылыми заңдылықтары қиялыма қорқынышты бір әлемді көрсетті. Зеңбірек оғынан жетпіс есе

182ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУжылдамдықпен зымырап,жиырма бес мың жылдық қашықтықты бір жылда айналып шығатын және кез келген уақытта бөлшек – бөлшек болып кетуге дайын, іші толы, әбден қартайған Жер Шарының үстінде, шексіз кеңістікте қаңғып жүрген адамзаттың жағдайы, маған қараңғы түнек болып көрінді. Басым айналып, көзім қарауытты. Сол сәтте Жер мен Көкті Жаратушы Хақтың Қадир, Алим, Раб, Аллаһ, Рабб-ус Самауати уәл Арз және Мусаххирул Шәмси уәл Қамар есімдері Рахмет, Азамет, Рабубиет мағынасында көрінді. Ол әлемді нұрға толтырғаны сонша, Жер шары маған өте тәртіпті, бағынышты, өте тамаша, өте ыңғайлы, сенімді, сайран салып, демалып, сауда жасау үшін жасалған саяхат кемесіндей болып көрінді.Қорытынды: Есімдерінен Жаратылыстар әлеміне қарап тұрған Аллаһтың мың бір есімінің қайсысы бір әлемді және сол әлемнің ішіндегі әлемдерді нұрландырып тұрған Күн секілді. Ахадиет сыры бойынша әр бір есімнің көрінісінен басқа да есімдердің көрністері бір шама көрінуде. Жүрек, қараңғы болып көрінген әр бір түнектің ар жағында, жеке – жеке нұр тұрғанын көргендіктен, саяхатты жалғастыра беруге құлшынды. Қиялға беріліп, көкке шыққысы келді.Сол сәтте тағы бір үлкен экран ашылды. Жүрек, аспан әлеміне кірді. Нұрға толы, жымыңдаған жұлдыздар Жер Шарынан да үлкен, одан да өткен жылдамдықпен шыр айналып жүр. Біреуі, бір минут жолдан тайса, екіншісіне соқтығысып, алапат жарылыс болады. Әлемнің зәресін ұшырып, тас-талқан етер еді. Нұр емес, от шашар еді. Жымыңдап тұрған жүзіне қарауға шошыр едім. Аспан әлеміндегі кеңістік бос, меңреу, түсініксіз түнек болып көрінді. Келгеніме өкіндім. Сол сәттетың Әсма-и Хуснасымағынасында көрінді. Сол мағынаның шексіз нұрынан қараңғылыққа батқан жұдыздар ұшқын алып, қанша жұлдыз болса, сонша шырақ жағылғандай аспан әлемін нұрға бөледі. Әлгі бос, меңреу деп саналған аспан әлемі де періштелер мен руханилерге толып, жайнай түсті. Әзел, Әбед Сұлтанның сансыз әскерлерінің бір бөлігі секілді күндер мен жұлдыздар арнайы бұйрық бойынша шеру тартып жүргендей. Ұлы

183ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ МЕКТУБСұлтанның айбыны мен Рубубиетінің салтанатын көрсетіп жүргенін көрдім. Бар болмысыммен, тіпті денемдегі бүкіл молекулалардың тілімен, егер менің тілімді алса, бүкіл жаратылыстардың тілімен айтқым келген аятын солардың барлығының атынан оқып, қайта оралдым, есімді жидым. дедім.

(Жастар шырағынан)Бір күні Ескішехирдің абақтысында терезе алдында отыр едім…Қарсы алдымдағы лицейдің ауласында, ересек қыздар билеп жүр екен. Оларды бұл дүние жәннатында жүрген жәhаннам хор қыздары түрінде көрдім. Сол сәт олардың елу жылдан кейінгі жағдайлары бейнебір теледидарға шыққандай көз алдыма келе берді. Әлгі мәз-мейрам алпыс қыздың елуі қабірде азап шегіп жатыр. Қалған онының жастары жетпісте, қартайған, беттерін әжім басқаны сон-дай жұрт оларға аяушылықпен қарайды. Олардың болашағын ойлап жыладым. Ақырзаман пәлекеттерінің шын мағынасын көргендей болдым. Пәлекеттің ең қорқыныштысы намыссыз әйелдердің ұятсыздығынан өрбитіндігін көрдім. Олар жұртты өзіне еріксіз тар-тып, нәпсіқұмарлықтың отына көбелектей түсіреді. Ақыреттегі мәңгі өмірлерін жалған, өткінші дүниенің бір минуттық ләззатына айырба-статады.Бір күні көшеге қарап отырғанымда, бұл пәлекеттің нақты, өте әсерлі бір мысалын көрдім. Жастарға қатты жаным ашыды. «Магнит-тей тартып кететін бұл пәлекеттен мына бейшаралардың құтылу қиын» деп ойланып отырғанымда, көз алдыма бұл пәлекеттердің отын лаулатып, дінсіздікті жаюшылардың рухани тұлғасы келді. Оған және одан дәріс алушы имансыз кәпірлерге былай дедім: – Ей, жәhаннамның хор қыздарымен көңіл көтеру үшін дінін са-тып, азғындық жолда нәпсінің құлы болған дінсіз! Дүние қызығын қимай, өлімнен қорқып, қабірді ұмытқысы келген, дінін сатушы бейшара бейбақ! Есіңде болсын! Имансыз көзқарастағы сенің бұл дүниең, өмір сүріп отырған сағаттарың, минуттарың ғана. Дінсіздігің мен имансыздығыңнан бұрынғы адамдар мен жан-жануарлар өліп, жоқ болып, топыраққа айналған, келешекті көре алмағандықтан сен үшін олар да өлі, жоқ. Сондай-ақ, имансыз көзқарас тек қана ақыл мен дүниелік жағына қарағандықтан, әлемдегі ғаламшар мен барлық жаратылыстың дамылсыз қозғалысын жүйесіз, кездейсоқ деп біліп, олардың қақтығысып қалуынан қорқасың. Өлім қорқынышы жанды

185МИУА РИСАЛЕСІөртеп, ақылды қайғыға салады. Бір сағаттық мастық пен жиіркенішті ләззат манағы қорқыныш пен қайғыны баса алатын болса, солай жалғастыра бер. Болмаса, ақылға кел. Тірі кезіңде жаныңды жегідей жеп, өміріңді тозаққа айналдыратын ойлардан құтылып, жаның ра-хат тапсын десең, әрі өмірдің ләззатын татқың келсе, Құранның дәрісін тыңда. Өткінші, жалған, бір сәттік ләззатты шексіз, мәңгі имандылық ләззатына айырбаста. (Сілтеме ). «Мен хайуан секілді *өмір сүремін» деме. Себебі, олар үшін болашақ та, өткен шақ та жоқ. Жанаб-ы Хаким-и Рахим жануарларға ақыл мен ойлау қабілетін бермеу арқылы оларды шексіз қайғылардан құтқарған. Тіпті, сойы-лу үшін жатқызылған тауық, сойылар алдында да ешқандай уайым-қайғы сезбейді. Пышақ кескен кезде ғана сезгісі келеді, алайда ол кез-де сезім кетеді де, ол уайымнан құтылады. Жанаб-ы Хақтың оларға деген өте жоғары дәрежедегі рақымдылығы, рахметі мен мейірімі ғайыпты білдірмеуінде. Бұл, әсіресе, жуас үй жануарларында анық байқалады. Демек, еш нәрсе ойламай, хайуанша өмір сүріп, ойнап-күлу жағынан сен хайуанға жете алмайсың. Одан мыңдаған дәреже төменсің. Себебі хайуанмен салыстырғанда, сенің өткен шақ пен болашақты ойлау қабілетің, ақылың бар. Мұңсыз емес, мұңдысың. Достық, бауырластық, сыйластық, ар-ұят отансүйгіштік тәрізді сенің мақтан тұтқан қасиеттерің тірілікті фәни өткінші деп ойлаған-дықтан сарқылып осынау иен даладан тырнақтай ғана жер алғанмен бірдей. Болмысың шексіз заманмен салыстырғанда, осы шаққа ғана тәуелді болғандықтан сенің адамгершілігің мен кемелдіктерің жасан-ды, жалған, негізсіз, түкке тұрғысыз болып әлгіндей азайып мүлдем жойылып кетеді. Ал, иманды жандардың достық, бауырластық, құрмет, адалдық секілді қасиеттері иман саясында өткен шақ пен болашақты да қамтығандықтан, оның адамгершілік пен кемелдік дәрежесі жоғары Сілтеме. Иә, иман бұл дүниеде де жәннаттың ләззатын ойша татқыза алады. Иманның жүздеген пайдасынан мына бір ғана пайдасына назарыңды сал: Жаныңдай жақсы көретін жалғыз ұлың әл үстінде көз жұмғалы жатқанда, Лұқпан мен Қызырдай бір дәрігер келді де, балаң бірден тәуір болып кетсе. Қаншалықты, қуанасың. Иман да сенің бұрынғы дүниеден өткен жақындарың мен сүйіктілерің қанша болса, сонша қуаныш сыйлайды. Сенің мазарда жатқан миллиондаған сүйіктілерің иман нұрымен көз алдыңда қайта тіріледі. Олардың: «Біз өлген жоқпыз, өлмейміз де» деп, тіріліктерін жалғастырғандарын иман нұрымен көре аласың. Айырылып, көз жазып қалу қайғысын олардың тіріліп, қайта табысу сүйініші ба-сады. Демек, иман бұл дүниенің өзінде жәннат ләззаттын татқызады, татқызып жатыр.

186ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУболады. Сенің бұл дүниедегі табысың шыны сынықтарын алмас бағасына сатып алған диуана яхудидің әрекетіне ұқсайды. Яғни сен де өткінші өміріңнің өтеуіне шексіз өміріңнің құнын берудесің. Әлбетте ол тұрғыда жеңіске де жетесің. Бар күшіңді бұл дүние үшін жұмсағандықтан, дүниеде белгілі бір жеңістерге жетуің де мүмкін. Сенің ақыл, рух, жүрек сынды сезімдерің негізгі міндеттерін тастап, нәпсінің жиіркенішті істеріне жәрдем берсе, дүниелік табыстарға жетуің әбден мүмкін. Бір сәтке бір жылдық жойқын құмарлық, ма-хаббат, кек сияқты сезімдеріңді пайдаланғандықтан, діндар қауымға уақытша үстемдік те етесің, әрі сырттай сұлу көрінесің, себебі сенің ақыл, рух, жүрек сезімдерің қасиетті міндеттерін былай тастап, азғын нәпсіңнің құлы болып, хайуандық дәрежеге құлдыраған. Олар өте азғындап, құлдырап кеткені сондай, нас әуестік пен нәпсіге айналып кеткен. Бұл саған Жәhаннамды, бейшара имандыларға Жәннатты алып беретін уақытша ғана жеңісің болады..

Ойға кенеттен келген маңызды мәселеАқырзаманның пәлекеті кезінде үлкен рөл ойнайтын әйелдер қауымы және олардың азғын қылықтары екені хадистерден белгілі. Бұрынғы заманда Амазондар дейтін жауынгер, өжет әйел тай-палары таңғаларлық шайқастар жүргізгендігі тарихтан белгілі. Сол сияқты қазіргі заманда дінсіздердің Исламға қарсы жүргізген соғыстарында олардың жойқын әскері, әрі ең қауіптісі, жүгенсіз нәпсі мен шайтанның қоластына берілген – жартылай жалаңаш әйелдер болып отыр. Олардың ашық-шашық балтырлары пышақтан бетер. Олар иманды мұсылмандарға тұтқиылдан шабуыл жасап, некеге тұруды азайтып, жезөкшеліктің етек алуына ықпал етуде. Көпшіліктің сезімін тұтқындап, рух пен жүректі ауыр күнәлармен жаралап жатыр. Тіпті кейбіреулерді өлтіріп те жатыр. Әлгі пышақтай балтырлар бірнеше жыл бөтен көздерге көрсетудің жазасы ретінде жәhаннамның отыны болып алдымен солар жанады. Және сенім мен адалдықты жоғалтқандықтан, бұл өмірде де арманда кетіп, өзіне қажетті жар таба алмайды. Тапса да, басына пәле болады. Осындай келеңсіз жәйттардың салдарынан ақырзаманда некеге талап азайып, кей жерлерде қырық әйелге бір еркек қожалық ететіндей пәсі кетіп, құнсызданатыны хадистерден белгілі. Рас, әр бір әйел заты сұлу бо-луды қалайды, әрі оны қолынан келгенінше сақтап қалуға тырысады. Сұлулық деген нығмет. Егер сол нығметке шүкір етсе, ол арта түспек. Егер шүкір етпесе, нығмет азайып көркі таяды. Ақылы бар сұлу өзінің көріктігі басына пәле болуын қаламайды, басқаларды, күнәға итеруден, және нығметтің қадірін білмей оны өзін азапқа салатын се-беп жасаудан жанын сала қашады. Керісінше бес-он жылдық өткінші сұлулықты мәңгілік ету үшін оны шариғатқа сәйкес дұрыс қолданып, берілген нығметке шүкір етеді. Әйтпесе, қартайған шағында қиын жағдайға түсіп, үмітсіз көз жасын төгуден басқа амалы қалмайды. Ислам тәрбиесінің аясында Құранның ережесін сақтап әлгі сұлулық береке тапса, өткінші әдемілігі мәңгілікке айналып, жәннатта хор қыздарынан да сұлу түрге енетіндігі хадистерде баяндалған. Сұлуда титтей ақыл болса, осы тамаша да жарқын әрі мәңгі нығметті уысы-нан шығарып алмауға тырысады.

(Миуа рисалесінен)ЕКІНШІ МӘСЕЛЕНІҢ ТҰЖЫРЫМЫРисалей-Нұрдың «Жастар шырағы» атты кітабы анық түсіндіргеніндей, өлімнің анық әрі ақиқат екендігі соншалық бүгіннің түні немесе осы күздің ақыры қыс болатыны секілді анық. Мына абақты әрдайым жазасын өтеп, босап шығатындарға арналған уақытша қонақ үй секілді болса, мына жер жүзі дағы асығыс келіп, асығыс кететіндерге қысқа мерзімдік жол бойындағы керуен-сарай іспеттес. Кез келген қаланы тұрғындарымен бірге жүз мәрте қабірге жөнелтіп жатқан өлім, міндетті түрде өмірден де көп талабы бар. Міне, осы өзекті де терең ақиқаттың шешімін Рисалей-Нұр тауып, жай-жапсарын баяндап берген. Қысқаша тұжырымы мынадай:Өлім өміршең яғни ол өлмейді, қабірдің де ауызы жабылар емес. Олай болса, әлгі қауіпті өлімнен құтылу, яғни жалғыз өзін қамап та-стайтын суық қабірден аман қалу әр адамның ең үлкен әрі өзекті де уақыт күттірмейтін мәселесі болмақ. Иә, ол мәселенің шешімі бар. Рисалей-Нұр Құранның нұрымен оның шарасын тауып, басқаларға анық та қанық түрде дәлелдеген болатын. Қысқаша өзегі былай болмақ:Өлім дегеніміз я мәңгіге жоқ болу. Ол − адамның өзін һәм сүйіктілерін, тумаларын көзін жоятын дар ағашы. Я болмаса ол − өзге бақи әлемге көшу (әрине егер иманды кетсе) мәңгі бақытқа бөленудің кіріспесі, құрметті демалысқа шығу, ауыр міндеттен босатылу. Ал, қабір болса, ол − тастүнек жалғыз адамдық абақты, түбі жоқ терең құдық, немесе мына зынданға ұқсас дүниеден бақи әрі жарық сая-баққа, сыяпатқа апаратын есік. Бұл ақиқатты «Жастар шырағында»бір тәмсілмен дәлелдеген болатынбыз.Мәселен, мына абақтының алдына дарға асу үшін дар ағаштары құрылыпты делік. Дар ағаштар жарға сүйеніп орналасқан. Жардың арғы жағында өте үлкен, тіпті, бүкіл дүние қатысатын лоторея ойы-ны ұйымдастырылған. Бізді, яғни, осы жерде отырған бес жүз кісіні ешбірін қалдырмай әрі қашып құтылу мүмкін емес, жеке-жеке манағы алаңға шақырғалы тұр. Ол жақтан: «Кел, өлім жазасына кесілдің,

189ЕКІНШІ МӘСЕЛЕдар ағашына шық!» не болмаса «тұтқынсың, жалғыз өзің мәңгі қамауға алынасың!» немесе «Сүйінші! Саған миллион алтын ұтатын билет шықты, бағың бар екен!» деген үкім-хабарлар келіп әркім алаңдап отыр. Біз, әлгі дар ағашына адамдардың бір-бірлеп барып кейбіреуінің асылып жатқанын, ал енді біреулері дар ағашын пайдаланып оның арғы жағындағы ұтысты алуға өтіп кеткендерін, солай болып жатқанын бізге сол жердің жауапты ірі тұлғалары мен қызметкерлері анық түрде хабарлап әрі мұны өзіміз де көзбен көргендей нақты біліп тұрғанда абақтыға екі топ кіріп келді. Біреуінің қолдарына музыка аспаптары, арақ-шарап және тәттілігі алдамшы халуа, бәліш. Оларын бізге жегізгісі келеді. Алайда олардың ұсынып отырғандары улы, зиянды. Адам шайтандары ішіне у қосқан. Ал, екінші топ пен жамағат болса қолдарында тәрбиелік маңызы зор жазбалар, халал тағамдар және тәтті сусындар. Оны сый ретінде ұсынып тұрып бір ауыздан, еш күмәнсіз нақты түрде былай дейді: «Егер әлгі бірінші топтың сендерді сынау үшін әкелген кәделерін алып жесеңдер, мына көз алдымыздағы дар ағашына басқалардың асылғаны секілді сендер де асыласыңдар, оны өздерің көріп отырсыңдар. Ал, егер осы елдің әміршісінің бұйрығымен біз әкелген кәде-сыйлықтарды анау харам нәрселердің орнына қабыл алып, тәрбиенаманың ішіндегі дұға, жазбаларды оқысаңдар дарға асылудан құтыласыңдар. Соны-мен қатар, ұтыс алаңына өтіп Аллаһ жарылқап әрқайсыңа мил-лион алтын ұтқызатын билет бұйыратынына көзбен көргендей, айдан анық сеніңдер. Егер манағы харам, күмәнді де улы тәтті тағамдарды жесеңдер, дарға асылғанға шейін де ол удың шаншу азабын тартасыңдар. Мұны қолымыздағы бұйрықнамалар және біз бір ауыздан нақты хабарлап отырмыз!». Сонымен, осы тәмсілдегідей, өзіміз күнде көріп жүрген ажал дейтін дар ағашының арғы жағында «адамзаттың тағдыры» лоте-реясынан иман келтіріп, мойынсұнғандарға (әрине ақыры қайыр болу шартымен) мәңгі бітпес қазынаның билеті бұйыратынын, ал азғындыққа түсіп, харам жасап және имансыз, пасық болғандар бол-са (тәубесіне келмейтін болса) я мәңгіге жойылатынын (ақыретке сенбейтіндері) немесе мәңгі бақи сорлап, қараңғы қапасқа жалғыз өзі қамалатынын, (ақыретке сене тұра азғын жолда жүргендері) яғни,

190ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУосындай аяусыз ауыр жаза шегетіндерін әрі ол міндетті түрде солай болатынын хабар берген әу баста көптеген мұғжиза көрсеткен жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен олардың әкелген хабарларының ны-шандарын көзбен көріп, қолымен ұстағандай растаған жүз жиырма төрт миллионнан астам әулиелер, (қаддәсаллаһү әсрарүһүм) сондай-ақ, әлгі адамзаттың асылдары болып табылатын екі топтың хабарла-рын ақылға сыйымды түрде, бұлтартпас ғылыми дәлелдермен нақты дәлелдеп, құптаған миллиардтаған терең зерттеуші ғұламалар, муд-жтахиттер және ұстанған жолдарына берік, адал жандар бір ауыздан растап бекіткен. Расында олар адамзаттың бетке тұтар азаматтары, күн көсемдері, жарқыраған жұлдыздары боп табылады. Міне, осы аталған үш үлкен жамағаттың, яғни ақиқатшыл, алдамай-тын, алданбайтын үш топтың айтқан хабарларын тыңдамай, олардың көрсеткен мәңгі бақытқа бастайтын сара жолына түспегендердің жағдайы не болмақ?! Олар, қауіптілігі жүзде тоқсан тоғыз ықтимал қатерге басын тіккендер. Тіпті, мұны бір ғана адам хабарлаған болса да құлақ аспай сол жолды таңдау ақылдының ісі емес.Мысалы, алдымызда екі жол жатыр. Біреуі өте қысқа әрі тым жеңіл әрі жүзде жүз ықтимал жәннатқа апарады, мәңгі бақытқа бөлейді. Осындай сәтті де тиімді жолды тастап, аса қауіпті, тым ұзақ соқпаққа толы һәм жүзден тоқсан тоғыз ықтимал жәһаннам қапасына қамап, мәңгі бақи сорлататын екінші жолды таңдау ақымақтық. Адамдар дүниеде екі жол кездескенде біреуі қысқа болса да ол жайлы бір-ақ адамның әрі жалған болуы мүмкін бір ғана хабарына сеніп, оның қауіптілік ықтималы жүзден бір ғана және бір-ақ айға қамалуы мүмкін болса да сондай қысқа жолды тастап, еш пайдасы жоқ бол-са да, тек қана қауіпсіздігіне бола ұзақ жолды таңдайды. Ал, адам ақыреттік іске келгенде сақтанбаса не болғаны? Онда ол алыстан қарасы көрініп, бас салуға келе жатқан өте қорқынышты айдаһарға назар аудармай, шыбын-шіркеймен шұғылданып кеткен ақымаққа ұқсайды. Ол ақылынан алжасқан, жүрегін қара басқан, рухы төмен, адамгершілігінен айырылған адам болғаны ғой.Жағдай осылай. Олай болса біз, қапастағылар мына абақты дейтін бәледен өшімізді толық алу үшін әлгі екінші мүбарак топтың әкелген сыйлық-кәдесін қабылдауымыз керек. Адам кейде бір минуттық өш алудың қызығына алданып немесе бір-екі сағат пасық ләззатқа бола

191ЕКІНШІ МӘСЕЛЕбәлеге ұшырап, он бес жылға, бес яки екі-үш жылға бас бостандығынан айырылып түрмеде отырады. Өмірдің шырқын бұзып, дүниесін зынданға айналдырады. Ендеше біз, осы бәлеге ерегісіп, бір-екі сағаттық абақты мерзімін − бір-екі күндік ғибадатқа және екі-үш жылдық жазамызды әлгі мүбарак топтың сыйлықтары арқылы − жи-ырма-отыз жылдық бақи жарқын өмірге айналдырып, ал он-жиырма жыл жазасын өтеуді − миллиондаған тозақтық қапастан құтылуға себеп қылып, фәни дүниеміз қараң қалған болса да, оның орнына бақилық о дүниемізді гүл-гүл жайнатып, мына басқа түскен бәледен өшімізді толық алуымыз керек. Абақтыны тәрбиеханаға айналдырып, өзімізді отанымызға, халқымызға пайдалы, сенімді ақтайтын азамат болуға тәрбиелеуіміз керек. Және абақты қызметкерлері мен басшы-лары ойлағанындай торда отырғандар қаныпезер, жауыз, есерсоқ, баукеспе, азғын, отанға, қоғамға зиянкес адамдар емес, керісінше, берекелі дәрісханада дәріс алып, тәрбие көріп жүрген шәкірттер екеніне көздері жетіп. Мақтанышпен да шүкір етсін.

(Миуа рисалесінен)ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ«Жастар шырағы» кітабында баяндалған ғибратқа толы бір оқиғаның өзегі былай болатын: Бір күні Ескішәһир қаласындағы түрменің терезесінен Республика Күнін тойлап жатқандарға қарап отыр едім. Қарсы алдымызда орта мектеп болатын, соның бойжеткен, үлкен қыздары аулада шулап, мәз-майрам, би билеп жатқанын көрдім. Кенет, маған мағынауи экраннан олардың елу жылдан кейінгі жағдайлары көрсетілді. Сонда, әлгі елу-алпыс шақты оқушы қыздың қырық-елуі қабірде топыраққа айналып азап шегіп жатқанын, ал он шақтысы жетпіс-сексен жасына келіп әбден қартайған әрі жас кезінде ар-намысын сақтамағандықтан кезінде жақсы көрінуге тырысқан кісілердің керісінше жиіркенішін туғызып жүргенін көзбен көрдім. Олардың мұндай аянышты халдеріне шыдай алмай жылап жібердім. Абақтыдағы достарым жылағанымды есітіп, қасыма келіп себебін сұрады. Мен оларға: «Бара тұрыңдаршы, жеке қалғым келіп тұр!» дедім. Рас, көргенім ақиқат. Мұны қиял демегін. Мына жаз мезгілі күзге айналып, ақырында қыс болмай ма? Дәл сол секілді жастық кез жаз мезгілі секілді, ал қарттық болса күзге ұқсайды. Оның ақыры қабір мен берзах қысы болмақ. Өткен тарихтың елу жыл бұрыңғы оқиғаларын теледидардан қазірде көрсетіп жатқаны секілді осыдан елу жылдан кейінгі жағдайды көрсететін теледидар шықса, сөйтіп мына адасқандар мен азғындар өздерінің алпыс жылдан кейін нендей халге ұшырайтындарын көрсе, қазіргі істеп жүргендеріне жиіркеніп, қатты өкінер еді. Мен осы ақиқатқа ойша шомып отырғанымда отқа май құйғандай азғындық пен адасуды қоздыратын рухани тұлға, адам бейнесіндегі шайтан секілді біреу алдыма кесе көлденең тұра қалып былай деді: «Бізде шаруаң болмасын! Біз, өмірдің небір қызықтарын, зауық, ләззаттарын татып, басқаларға да таттырғымыз келеді!»деді. Менің оған жауабым былай болды:

193ҮШІНШІ МӘСЕЛЕСен, ләззатқа бола өлімді ойламай адасып, азғын жолды таңдап отырсың. Олай болса мынаны жақсылап біліп ал! Адам адасқан кезде өткен шақ жаппай жоқ болып, құрдымға кеткендей қараңғы болып көрінеді де іші толы жаназа, қорқынышты мазарлық боп елестейді. Сен адамсың ғой. Ендеше адасушылық сенің анау басыңды және егер бар болса, өліп қалмаған болса жүрегіңді ауыртады және көптеген қоштасу мен сансыз достардан мәңгіге айырылысу салдарынан уайым-қайғыға салып жаныңды жегідей жейді. Бұл сенің мына ма-сайрап алып жатқан бір сәттік ләззатыңның күлін көкке ұшырады. Ал, келешек болса, ол да имансыз назармен қарағанда қараңғы, тып-тыйпыл, өлі әрі қорқынышты өлке болып көрінеді. Келер ұрпақтың бейшара бастары «ажал» дейтін бас кесердің қылышымен шабылып, көздері жойылатындықтан әрдайым имансыз басың бәлеге қалып, уайымдайсың. Осылайша, азғындықтан алған бір сәттік ләззатыңның шырқы бұзылады.Егер тәубәңа келіп, адасудан бас тартып, азғындықтан тыйылып нағыз иманға келіп, тура жолға түссең әлгі өткен шақ тып-тыйпыл жоқ қылатын, барлығын жұтып қоятын мазар емес, керісінше ол әлем бар, тым жарқын әрі келешекке айналып кеткенін, ол бір нұрлы әлем екенін, бақи рухтар болса болашақта мәңгі бақыт сарайларына кіру үшін кезекте тұрғанын көресің. Әрине бұл иманның нұрымен жүзеге асады. Ол кезде өткен шақтан уайым емес, қайта иманның қуатына қарай белгілі бір мағынада жәннаттың ләззатын сезініп рахаттанасың. Ал, келешек болса, ол да қараңғы, қорқынышты әлем емес, иманның көзімен қарағанда мәңгі бақыт сарайларында шексіз Мейірімді, аса жомарт, әрбір көктемді ырыс толы дастарқандай жарататын Рахман-ы Рахим-і Зүлжәлал уәл Икрамның қонақасы дайындалған әрі бізді күтіп тұр, біз де сол жаққа бара жатырмыз деген үміт пайда бола-ды. Мұны әркім иманының дәрежесіне қарай сезініп, бақи әлемнің ләззатынан зауық алады. Демек, алаңсыз нағыз ләззат тек иманда және иман арқылы жүзеге аспақ. Иманның бұл дүниеде мол пайда көзі, қыруар жемістері бар екенінен тақырыбымызға орай жалғыз бір ғана пайдасы мен ләззатын бір тәмсіл арқылы баяндап берейін. Бұл «Жастар шырағы»кітабының сілтемесінде жазылған болатын.

194ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУМысалға, сенің өте жақсы көретін жалғыз балаң науқастанып се-каратта яғни жан тапсырғалы жатыр. Сен де қайғыдан қан жұтып, мәңгіге көз жазып қалатыныңды уайымдап тұрғаныңда, кенет Хазіреті Хызыр немесе Хәкім Лұқман секілді бір дәрігер келді де, ем-деп әлгі жаныңдай жақсы көретін сүйкімді балаң көзін ашып, өлімнен құтылса қаншалықты қуанып, бір марқайып қаласың, солай емес пе?Міне, сенің әлгі баладай қатты жақсы көрген сүйіктілерің, кіндіктес бауырларың, миллиондаған игі жандар манағы өткен шақ мазарын-да (сенің ойыңша) шіріп, жоқ болғалы тұрғанда кенет кәміл Иман, Хәкім Лұқман секілді әлгі алып мазар секілді көрінген өткен шаққа қалб (адамның ішкі жан дүниесі) терезесінен нұрын шашады. Сөйтіп, қайтыс болғандардың бірі қалмай тіріліп: «Біз өлгеніміз жоқ. Сен-дермен тағы да кездесеміз, мәңгі бірге боламыз!» дегендей қиялыңда жанданатындықтан көңілге шаттық сыйлап, жүректі қуанышқа бөлейді. Демек иман ақиқаты бейне бір дәнек секілді. Егер өсіп-өнсе әркімнің жеке-жеке жәннатына, саябағына айналады.Әлгі қырсық былай деді: «Ең құрығанда хайуан секілді өмірді қызықты, рахат өткізу үшін сен айтқан терең мәселелерді ойламай, күліп-ойнап жүре бермейміз бе?» Оған жауап былай болды:Хайуанға ұқсап сірә рахат өмір сүре алмассың. Неге десең, хай-уанда өткен шақ, болашақ ұғымы жоқ. Өткенге өкініп, я келешекті уайымдап мазаланбайды. Ләззатты толығымен алады да Жаратқан Иесіне шүкір етеді. Тіпті бауыздау үшін жатқызылған мал, ештеңе сезбейді. Тек пышақ тиген сәтте сезгендей болғанымен ол сезімді де Аллаһ жоқ қылып жібереді. Еш уайым-қайғы шекпейді. Демек Аллаһтың рахымы, мол мейірімі ғайыпты оларға жауып, білдірмей тастайды. Бұл әсіресе еті желінетін мал-жануарда айқын көрінеді. О, Адам! Сенің ақылың болғандықтан өткен шақ пен болашақтың бар екенін білесің. Әлгіндей хайуанға тән беймәлім емес, демек мазаңды алады. Өткен күндердің өкініштері, қайғылы қоштасулар және болашақтың үрей мен уайымы сенің манағы азғантай ләззатыңды тас-талқан етеді. Ләззат алуға келгенде хайуаннан бетер артта қаласың. Иә, бұл айтылып жатқан ақиқат. Олай болса я ақылыңды

алып таста да хайуан бол! Мына бәледен құтыл! Не болмаса иманға кел, есіңді жи! Құранды тыңда! Сөйтіп, бұл дүниенің өзінде хайуан-нан жүз есе артық мөлдір ләззаттың дәмін татып, рахатқа бат!» деп оның үнін өшірдім. Тағы да әлгі қырсық былай деді: «Тым болмаса шет елдік, мұсылман емес дінсіздерге ұқсап өмір сүрерміз». Оған жауап ретінде былай дедім:«Батыстың дінсіздері секілді бола алмайсыңдар. Өйткені, олар бір пайғамбарға сенбесе басқасын қабылдауы мүмкін. Ешбір пайғамбарға сенбесе Аллаһқа сенуі мүмкін. Егер одан да мақұрым болса кемелдікке ұйытқы болар кейбір қасиеттер сақталып қалуы әбден мүмкін. Ал, бір мұсылман, ең соңғы және мәртебесі жоғары, діні мен шақыруы жалпыға ортақ ақырзаман пайғамбары Мұхаммед аләйһиссалатү уәссаламды жоққа шығарып, оған сенбесе, оның сара жолынан тайса, енді ол ешбір пайғамбарды тіпті жаратқан Аллаһты да жоққа шығарады. Себебі, ол бүкіл Пайғамбарларды да Жаратқан Аллаһты да, бүкіл кемелдік атаулыны Сол Кісі арқылы таниды. Ол бол-маса әлгі ізгі қасиеттерден жұрдай болады. Сондықтан да бұрыннан бері өзге дін өкілдері Ислам дінін қабылдап, мұсылман болуда. Бірақ ешбір мұсылман шынайы яһуди, таза христиан, я мәжәсу болған емес. Керісінше адами қасиеттен айрылып, отанына, халқына зиянкес бо-лып, діннен безген атанады» деп дәлелдеп бердім. Құдайдан безген әлгі бірбет қырсықтың амалы таусылып, айтарға сөзі табылмай тай-ып тұрды, бәлкім Жәһаннамға жол тартты.Уа, мына Жүсіп медресесіндегі сабақтас бауырларым! Бұл *айтылғандар, ақиқат. Мұны Рисалей-Нұр нақты айғақтармен жиырма жылдан астам уақыттан бері дәлелдеп келеді. Көптеген дінсіз қырсық жандардың қырсықтығын сындырып, иман айтқызып, тәубасына келтірді. Олай болса біз, һәм дүниемізге, һәм болашағымызға, һәм ақыретімізге, һәм отанымызға, һәм халқымызға өте пайдалы әрі оңай, әрі саламатты болған иман мен истиқаметті (тура бағытты) ұстанып, бос уақытымызды мазаны алатын бос қиял-ойлармен өткізбей, Құраннан жаттаған сүрелерді оқып, яки мағынасын білетіндер болса сұрап және қаза болған парыз намаздарды өтеп, бір-Саид Нұрси Түрмені осылай атаған

196ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУбірімізді өнеге тұтып, жақсы мінез-құлықтарымыздан пайдаланып, мына абақтыны тамаша гүл-көшет өсіретін бау-бақшаға айналдыру секілді салих амалдар жасайық. Қылмыскерлерді бақылаушы түрме қызметкерлерін жәһаннамдағы зәбани, азап періштелері секілді емес, керісінше Жүсіп Пайғамбардың медресесінде жұмыс істейтін, жәннатқа адам дайындайтын тәрбиешісі секілді міндет жүктелген қызметкер, дұрыс бағыттағы ұстаз, мейірімді жетекші, жанашыр қомқоршы болуына жағдай жасайық.

(Миуа рисалесінен)ТӨРТІНШІ МӘСЕЛЕ«Жастар шырағы» атты кітапта баяндалған болатын;Бірде маған көмектесіп жүрген бауырларым мынандай сұрақ қойды: «Дүниенің астан-кестеңін шығарып жатқан және Исламның тағдырымен де қатысы бар мына аласапыран екінші дүние жүзілік соғыс басталғанына елу күн болды (қазір 1946 жыл яғни жеті жылдан асты) бірде-бір рет алаңдап сұрамадыңыз. Алайда кейбір діндар һәм ғалым кісілер жамағатты, мешітті тастап радионың басында отыр. Апырым-ай, бұл оқиғадан әлдеқайда маңызды оқиға болып жатыр ма, әлде онымен шұғылдану зиян ба?».Жауап ретінде былай дедім:Өмір дейтін байлық өте аз. Атқарылуы тиіс маңызды шаруалар өте көп. Бір-бірінің ішіне кіріп жатқан шеңберлер секілді әрбір адамды алаңдататын мәселелер бар. Шеңберлердің ең тар, кішкенесі қалб (жүрек) пен асқазан шеңбері. Сосын денесі, үй іші, отбасы, тұратын қаласы мен туған өлкесі, мемлекеті, жер шары, адамзат әлемі, со-нау тіршілік иелері мен дүние дейтін шеңберлер, бірінің ішіне бірі орналасқан олар адамды ортаға алып ойландырады. Әрбір шеңберде әркімнің өзіндік атқарар міндеті, борышы болады. Дегенмен ең кіші шеңберде өте үлкен әрі маңызды және әрдайым бақылап отырылуы тиіс өзекті мәселе, уақыт күттірмейтін міндеті бар. Ал, ең үлкен шеңберде өте кішкентай әрі уақытша һәм ара-тұра мәселелер мен міндеттер болады. Олар салыстырмалы түрде аса маңызды емес. Алайда үлкен шеңбер қызықтырып, өзіне тартып әкетеді де тар шеңбердегі аса қажетті де маңызды қызметті тастатып пайдасыз, бос, өзімен қатысы жоқ істермен шұғылдандырады. Сөйтіп өмір дейтін қымбат байлықты түкке тұрғысыз жерге жұмсатып зая еткізеді. Кей-де осы соғыс жайын бақылаймын деп, бір жағына жақтасып кетеді. Сосын олардың жасаған зұлымдықтарын хош көріп, жауыздығына ортақ болады.

198ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУСұрақтың бірінші бөліміне жауап: Иә, біле білгенге мына дүние жүзілік соғыстан әлдеқайда маңызды оқиға және осы жер шарына үстемдік ету мәселесінен де үлкен мәселе әрбір адамның басына туып тұр. Әсіресе, мұсылманға үлкен мәселе, зор дау-дамай ашылып отыр. Бұл дау-дамайдың ауқымдылығы мен маңыздылығы соншалық, ол мәселені шешу үшін әрбір адамның жеке байлығы Германия, Англия елдерінің қорындай көп болса, әлгі дау-дамайды ұтымды шешу үшін барлығын еш ойланбастан бере салар еді. Ол неғылған даулы мәселе дейсіз ғой. Мәселе мынау: Әрбір жанға иман келтіргені үшін мына жер шарындай алып бірақ мәңгі-бақи бау-бақша, зәулім бақыт сарайлары, кең дала, жазиралы жасыл желекке ие болу немесе айырылып қалу мәселесі туындап отыр. Мұндай мәселе бар екенін кім айтты десеңіз, адамзаттың бетке тұтар жүз мыңдаған күн көсемдері мен жөн сілтеуші мүршидтері айтқан. Олар неге сүйеніп айтты десеңіз, ғалам Иесінің мыңдаған уәдесіне сүйеніп хабар берген, тіпті, кейбірі мұны көзбен көрген. Егер иман құжаты дұрыс болмаса сол даудан ұтылып, әлгі мал-мүліктен айырылып қалуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда оба індеті секілді материализм деген бәленің кесірінен әлгі дауды шеше алмай көбісі ұтылып қалуда. Тіпті, бір «әһл-і кәшф уә тахкик» яғни ақиқаттарды көре алатын әулиелер, өлген қырық кісінің бір-екеуі ғана иманды кетіп әлгі дауды ұтқанын, қалғаны айы-рылып қалғанын көріпті. Апырм-ай, әлгі даулы мәселенің, яғни, олардың уысынан шығарып алған жұмақтың орнына оларға дүниенің салтанаты берілсе манағы өкініштің орны тола ма екен?Міне, осы дауды ұтқызатын қызметтерге және жүз адамның тоқсанына тиімді қылып шешетін би-төреге жүгінбей, әлгі атқарылуы тиіс міндеттерді тастап, дүниеде мәңгі қалатындай бос нәрселермен шұғылдану ақылсыздық деп білетіндіктен біз, Рисалей-Нұр шәкірттері әрқайсымыздың ақылымыз тасып, данышпан болып кетсек те оны тек осы іске, жалғыз осы қызметке жұмсауымыз керек деп шештік және солай екеніне көзіміз әбден жеткен. Уа, түрменің ауыртпалығын бірге тартып жүрген жаңа достарым! Сендер, менімен бірге түскен бауырларым секілді Рисалей-Нұрды әлі көрген жоқсыңдар. Мен оларды және олар секілді мыңдаған шәкірттерді куәгер ретінде пайдаланып мынаны айтып дәлелдеймін һәм дәлелдеген болатынмын:

199СЕГІЗІНШІ МӘСЕЛЕӘлгі маңызды мәселені жүзде тоқсан арызданушыға ұтымды етіп шешіп берген және жиырма жылдың ішінде жиырма мың адамға тиімді шешімі, құжаты, ақталу куәлігі боп табыла-тын кәміл иман сыйлаған және Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы және бұл заманның үздік қорғаушысы Рисалей-Нұр тәпсірі. Мұны мен толық сеніммен айта аламын. Он сегіз жыл бол-ды, менің дұшпандарым, дінге жау кәпірлер мен материалистер бізге қарсы небір сұмдық айла жасап үкіметтің кейбір ірі тұлғаларын ал-дап, бізге айдап салып, көзімізді жою үшін дәл қазіргідей қанша рет түрмеге жауып, зынданға тастаса да Рисалей-Нұрға түк істей ал-май, оның болаттай берік қорғаны жүз отыз кітапшасының тек екі-үшеуіне ғана өздерінше тиіскен болды. Демек кімге адвокат керек болса Рисалей-Нұрдан мықтап ұстасын.Қорықпаңыздар! Рисалей-Нұрға тыйым сала алмайды. Мемле-кет басында отырған азаматтардың қолдарында маңызды рисалелер (екі-үшеуінен басқасы) емін еркін кезіп жүр. Иншаллаһ, түрмелерді толыққанды түзету орны жасау үшін бақытты түрме бастықтары мен бақылаушылар осы нұр кітапшаларын абақтыда отырғандарға нан мен су секілді ұсынатын болады. Ол күн де алыс емес, көресіңдер әлі. 

(Миуа рисалесінен)Сегізінші мәселенің қорытындысыЖетінші мәселеде хашірді көптеген мақамдардан сұрап, дәлелдемек болғанбыз, алайда Жаратушымыз өз есімдерімен берген жауап өте қанағаттанарлық әрі қуатты болғандықтан басқа сұрақтарға қажет қалмады, біз де қысқа қайырдық. Енді, осы мәселеде ақыретке иман келтірудің о дүниелік һәм бұ дүниелік бақыт пен пайдала-рын, нәтижелерін қысқаша тұжырымдап баяндамақпыз. Ақыреттік бақыт жайлы Қасиетті Құран толық түсіндіргендіктен қайталап жату артық болар. Оны Құранға сілтеме жасасақ дейміз. Ал дүниелік бақытқа қатысты пайдаларын баяндауды Рисалей-Нұрға сілтейміз. Әзірге қысқаша ғана ақыретке иманның адамның жеке өміріне және қоғамдық өміріне қатысты жүздеген нәтижелерінен үш-төртеуін баяндамақпыз. БІРІНШІСІ: Адам басқа жаратылыс секілді емес үй-ішіне алаңдайды, әрі бүкіл дүниемен де тығыз байланыста. Тума-туыста-рымен қарым-қатынаста болатыны секілді адамзатпен де тығыз бай-ланыста. Және дүниеде уақытша болса да ұзақ өмір сүргісі келетіні секілді о дүнияда мәңгі-бақи болуды армандайды. Және асқазанын тағаммен қамтамасыз етуге міндетті болғаны секілді дүниедей кең, тіпті, еш бітпейтін мәңгі дастархан мен рухани азық сұрайтын ақыл, қалб, рух, адамгершілік дейтін асқазанды қамтамасыз етуге әу бастан мәжбүр, сол үшін зыр жүгіреді. Оның толассыз арман-тілектерін тек мәңгі бақыттан басқа ешнәрсе қанағаттандырмайды. Оныншы Сөзде айтылғанындай, кішкентай кезімде өзімнің қиял сезімімнен былай деп сұрағаным бар: «Саған бір миллион жыл рахат өмір мен дүниенің билік-салтанаты берілсе, бірақ соңында мүлдем жоқ болып, із-түзсіз жоғалып кетесің. Жоқ әлде мәңгі бақи, бірақ қарапайым әрі машақаты көп өмір сүргің келе ме?» дедім. Жауап ретінде «Еһ! Жәһаннам болса да бақи болғанға не жетсін!» деді. Міне, адам болмысының бір қызметшісі саналатын қиял сезімін дүниелік өмірдің ләззаттары қанағаттандырмайды екен, олай бол-са міндетті түрде табиғаты күрделі, сезімге бай адам жаратылысы


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook