Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Имандылық пен Күпірлік

Имандылық пен Күпірлік

Published by risalekz, 2021-05-31 11:58:16

Description: İman ve Küfür Müvazeneleri

Search

Read the Text Version

51ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ БӨЛІМІсебеп жастықтың албырттығы мен теріс әрекеттер екен. Сондай-ақ, адамзаттың басым көпшілігін құрайтын қарттардың, ауру-сырқат кісілердің халін сұрасаң, әлбетте, олардың көпшілігі: «Қап, әттеген- ай, жастық шағымызды босқа өткіздік, тіпті, зиянды нәрселерге жұмсадық. Абай болыңдар! Біз сияқты болмаңдар!» деп мұңын шағады. Өйткені, бес-он жылдық жастық шақтағы заңсыз, харам ләззаттың кесірінен дүниеде көп жылдар бойы уайым мен қайғы жеп, берзахта азап пен зардап шегетін, ал ақыретте жаhаннам мен тозаққа тап болатын адам, үкімі бойынша қаншалықты аянышты халге түскенімен мейірімге лайық емес. Неге десең, өзінің қалауымен зиян шеккен адамға жанашырлық жасауға болмайды. Аллаh Тағала сендерді және бізді мына алай-дүлей заманның фитнә-бүліктерінен, бәле-жаласынан сақтасын, әмин!

Он үшінші сөздің екінші бөлімінің түсіндірмесіҚамауда отырғандар «Рисалей-Нұрдағы» нағыз демеуге, жұбанышқа мұқтаж тіпті зәру десе болады. Әсіресе, жастықтың албырттығынан соққы жеп, уылжыған жас өмірін түрмеде өткізгендер «Нұрларға» аса мұқтаж.Рас, албырт жастық шақ көбінесе ақылды емес, сезімді тыңдайды. Ал, сезім мен әуестік болса, соқыр, істің соңын көрмейді. Дайын тұрған азғантай ләззатқа алданып, кейін келетін мол ләззаттан құр қалуға әзір. Бір минуттық кек алудағы ләззатқа беріліп, адам өлтіреді де, сексен мың сағат түрме азабын тартады. Бір сағаттық нәпсі қандыру, рахатқа бату үшін біреудің намысын таптап, арын төгеді де, мыңдаған күн бойы абақтыға қамалып, әрі дұшпанның қорлығынан жаны күйзеліп, өмірінің берекесі кетеді. Бейшара жастардың өмірі осындай қауіп-қатерге толы. Уылжыған тәтті өмір әп-сәтте аянышты, ащы өмірге айналып кетіп жатады. Әсіресе, солтүстіктегі ірі бір мемлекет жастардың әлгіндей әуесқой се зім-дерін қоздырып, ғасырымызға бейім апаттармен дүр сілкіндіруде. Бойын сезім билеген жастардың иелігіне ары таза жандардың бойжеткен қыздары мен жұбайларын еншілеп, «ештеңе етпейді»дегендей, көз жұмып қарауда. Тіпті, моншада әйел мен ердің бірге суға түсуіне рұқсат беріліп, жезөкшелікке ықпал етуде. Сондай-ақ байлардың дүние мүлкін талан-таражға салып, пақыр, әумесер қара табандарға таратып беруде. Бұрын-соңды болмаған мұндай сұмдыққа адамзаттың төбе шашы тік тұрып, зәрресі ұшуда.Міне, бұл ғасырда Ислам және Түркі жастары батыл әрі жанкешті әрекет етіп, мұндай екі жақты соққыға Рисалей-Нұрдың «Миуа»,«Жастар шырағы» секілді кітапшаларын өткір қылыш ретінде қолға алып, қарсы тұруы керек. Әйтпесе, әлгі бейшара жастар өздерінің жарқын болашағынан да, дүниедегі бақыты мен ақыреттегі бағынан да айрылып, о дүниедегі өмірінде азап пен қайғыға ұшырайды.

53ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ БӨЛІМІБойындағы күш-жігерді орынсыз, босқа шығындап, азғындыққа салыну себепті ауруханаларға немесе қызу қандылықтың кесірінен түрмеге түседі. Қартайған шағында: «Қап, әттеген-ай!» – деп, сандарын соға өкінетін болады.Егер, Құраннан тәрбие алып, «Рисалей Нұрдың» ақиқаттарымен аяғын нық басса, нағыз қаhарман әрі жақсы адам, бағы жанған бір мұсылман, сондай-ақ басқа да тіршілік иелеріне сұлтан болу мәртебесіне көтерілер еді. Иә, түрмеде отырған адам жиырма төрт сағаттық бір күнінің тек бір сағатын бес уақыт намазға жұмсаса, әрі түрме көп күнә жасауға кедергі болатынын ескеріп, мына азапқа душар еткен қателіктен тәубаға келіп, басқа да зиянды істер мен күнәлардан арылар еді және туыстарына да көп пайдасы тиер еді. Сондай-ақ өзінің бес-он жылдық фәни жастық шағы арқылы мәңгі жастық шаққа ие болатынын ең бірінші болып Құран Кәрім, содан соң аспаннан түскен бүкіл кітаптар мен парақтар анық хабар беріп, сүйіншілеуде. Иә, мұндай жастық шақ сияқты тәтті нығметке дұрыс жолда жүру және Жаратушыға мойынсұну арқылы шүкір етсе, жастық шақ берекеттеніп, әрі мәңгілікке айналып, ләззаты арта түспек. Әйтпесе басқа пәле болып, зардап шектіреді. Туған-туыстарына, Отанына, халқына зиян келтіретін есерсоққа айналуы мүмкін.Егер, тұтқын жала жабылып, нақақтан сотталған болса, намаз оқу шар тымен, әрбір сағаты бір күн құлшылық саналып, түрме оның за лымдардан сақтайтын панасы болып, бұрыңғы замандағы үңгірге тығылып құлшылық еткен адал да тақуа жандар секілді мол сауапқа кенелер еді. Егер ол, пақыр не болмаса қарт, не науқас не имани ақиқаттарға жаны құмар біреу болса, парыздарды орындау, тәубаға келу шартымен әрбір сағаты жиырма сағатқа жуық құлшылық саналып, әрі ол жерде өзіне мейірімін төге қараған достары болса, абақты оған демалыс пен сүйіспеншілік жері, сондай-ақ тәрбие орны – дәрісхана болып есептеледі. Мұндай адам сырттағы лас, әрі айналасын күнәлар қоршаған бостандықта емес, түрмеде отырғанына риза болуы мүмкін. Түрмеден тәрбие алып кейін бостандыққа шыққанда, қаскүнем қылмыскер емес, керісінше тәубәға келіп, тәжірибе жинаған тәртіпті де момақан, әрі халқына пайдалы адам боп шығады. Тіпті «Денизли» түрмесіндегі қылмыскерлердің қысқа мерзім ішінде «Рисалей-Нұрдың» әдемі мінез-құлық туралы дәрісін тыңдап, жөнделгендері сондай, оларды

54ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУкөрген кейбір абақты қызметшілері: «Қылмыскерді тәрбиелеу үшін он бес жыл қамаудың орнына, он бес апта «Рисалей-Нұрдың» дәрісін тыңдатса, жетіп жатыр» деген-ді.Иә, өлімнің тоқтап-толастар түрі жоқ, әрі ол жасырын келеді. Әрқашан, кез келген жерде шап беруі мүмкін. Қабірдің жабылатын сыңайы жоқ, адамдар топ-топ болып сол жерге кіріп жатыр. Жоғарыда имандылар үшін өлім дегеніміз жоғалу емес, қайта демалысқа шығу дегенбіз. Бұл Құранның ақиқаты. Ал, Құдайдан безгендер үшін ол, сыртқы көрінісі сияқты суық әрі мәңгілікке айырылысу, сондай-ақ, барлық сүйікті жандарымен, тіпті болмыс атаулымен мәңгіге қоштасу болып табылады.Ең бақытты жан кім десеңдер, әлбетте, ол – сабыр сақтап, шүкір еткен және қамаудағы күндерін тиімді пайдаланып, «Рисалей-Нұрдың» дәрісін шын көңілмен тыңдап, тура жолда жүрген, Иман мен Құранға қызмет еткен адам.Уа, рахат пен ләззатқа жаны құмар жандар! Қазір мен жетпіс бес жастамын. Өмірімде басымнан өткен мыңдаған тәжірибе мен шын-дық тардың арқасында мынаған әбден көзім жетті: Нағыз рахат пен уайымсыз ләззат әрі шынайы шаттық пен өмірдің бақыты тек қана имандылықта және иман ақиқаттарының маңынан табылады. Әйтпесе, дүниелік бір ләззат көптеген уайымға ұрындырады. Бір түйір жүзім беріп, он дүре соққандай өмірдің шырқын бұзады.Уа, қамаудан жаны күйзелген бейшаралар! Дүниелік өмірлеріңнің ма засы кеткен екен, енді «Ақыреттік өмірім аман болсын, мәңгі өмірім жаздай жадырап, балдай тәтті болсын» десеңдер, қамаудағы уақыттарыңды тиімді пайдаланып, ақыретке қам жасаңдар! Мәселен, кейде қиян-кескі шайқаста, бораған оқтың астында бір сағаттық күзет бір жылдық құлшылықпен пара-пар саналады. Сол сияқты сендердің де мына ауыр шарттарда, қиын жерде жасаған құлшылықтарыңның әрбір сағаты көптеген сағаттарға пара-пар болып, көрген қиындықтарың мол сауапқа, мейірімге айналады.

Аса қадірлі де адал бауырларым!Абақтының қиын күндерін бастан кешіріп жатқандарға және оларға жанашырлық етіп адал түрде қызмет етіп, сырттан келген азық-түліктерге бақылау жасап қол ұшын берген жандарға арналған өте күшті бір демеуді «Үш тұжырым» арқылы баяндап берейін.Бірінші тұжырым: Абақтыда өткен бір күнді он күндік ғибадатқа, фәни сағаттарды рухани да бақи сағаттарға айналдыруға болады. Әрі дүниеде бес-он жылдық жаза өтеп қамалу арқылы ақыретте миллиондаған жылдық қамалудан құтылуға болады. Міне, бұл - имандылар үшін қатты сын, біле білсе өте құнды әрі мол табыс көзі. Бұл табысқа қол жеткізудің шарты - парыз болған намазды оқу және қамалуға себеп болған күнәлардан тәуба ету, сабыр сақтап, шүкір ету. Онсыз да түрме күнә жасауға кедергі болып, ондайға жол бермейтін жер емес пе?Екінші тұжырым: Ләззаттың аяқталуы өкініш болып, ал өкініштің аяқталуы да ләззат болатыны мәлім. Рас, әркім-ақ өткен күндердің шаттыққа толы кезеңдерін ойлағанда, өкіне де қамыға: «Қап, сол бір күндер-ай!» – дейді. Ал қайғылы ауыр күндерін еске алса, өтіп кеткеніне іштей қуанып: «Әлхамдүлиллаh, Құдайға шүкір, сол бір қараңғы күндер өтті-кетті, орнына сауабы қалды»,– деп көңілі жай тауып, терең тыныс алар еді. Демек, бір сағаттық уақытша қайғы өтіп кетеді де, ләззат береді. Ал, бір сағаттық ләззат аяқталғанда өкіндіріп, бітпейтін қайғының терең ізі қалады. Бұл солай. Олай болса, өтіп кеткен қиын сағаттар қайғысымен қоса жым-жылас болады. Ал, келешектегі қайғылы, қиын күндер болса, әзірге ауылы алыс, көрінбейді. Жоқ нәрсеге қайғыруға бола ма?Мәселен, бірнеше күннен соң аш-жалаңаш әрі шөлдеп қаламын деп бүгіннен бастап өліп-өшіп нан жеп, су ішу, қалың киіну ақымақтық қой. Дәл сол сияқты әлі болмаған нәрселерден немесе болып кеткен қиын шылықтарды дәл қазір ойлап сабырсыздану, сондай-ақ кемшілігі көп қиқар нәпсісін ұмытып, Құдайға кінә артқандай

56ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУ«уhілеп-аhылау» – ақымақтық. Егер, бойындағы Аллаh берген сабырлылықты оңды-солды шашпай, яғни өткен шақ пен келешекке жұмсамай, дәл қазіргі уақытына, сол күніне арнаса, сабыр қуаты толық жетіп, мазасыздық азаяр еді.Шағымданды демеңдер, мынаны айта кетейін: Мен, Жүсіптің медресесінде өткізген бірнеше күнде, өмірімде көрмеген дүниелік *әрі рухани азап шегіп, бір жағынан ауру, бәрінен бұрын «Рисалей-Нұр» қызметінен мақұрым қалып, үмітсіздік пен рухани күйзелістер жанымды жегідей жегенде, Аллаhтан жәрдем келіп, әлгі ақиқаттар ойыма келді. Мен дағы жанымды күйзелткен ауруыма, тіпті қамауда жатқаныма риза болдым. Өйткені, «Мен сияқты қабір аузына таяп қалған бейшараның бейқамдықпен, босқа өтіп кетуі мүмкін өмірінің бір сағатын ондаған сағат құлшылыққа айналдыру кімге де болсын үлкен табыс» деп, Құдайға шүкір еттім.Үшінші тұжырым: Абақтының қызметкерлері тұтқындарға мейірлене қызмет ету, қолғабыс ету, қажетті заттарын беру, жаралы жүректерін жұбанышпен емдеу секілді аз амалмен мол сауапқа, көп табысқа қол жеткізулеріне болады. Сырттан келген тамақты қабылдап алушы қыз меткерлер мен түрме күзетшісінің амал дәптеріне, садақа ретінде дәл сол тамақтың мөлшеріндей сауап жазылады. Қиналған жан яғни тұтқын, кәрі немесе науқас, пақыр немесе кіріптар болса, бұл садақаның сауабы да арта түспек.Міне, осы мол табыстың шарты – парыз болған намазды оқу. Сонда ғана Құдай үшін жасалған болады. Тағы бір шарты – міндетсінбей, Аллаh ризасы үшін, сенімді дос ретінде жанашырлықпен, мейірлене, әрі адал түрде жәрдем ету.Сілтеме: Жүсіп пайғамбарға (А.С.) жала жауып, оны нақақтан нақақ түрмеге қамаған екен. Соған теңеу ретінде Иман мен Құранға қызмет жасағандарды ұстап, қамаған жерді де автор \"Жүсіп медресесі\" деп отыр. Ауд.

Уа, түрмедегі достарым мен діндес бауырларым!«Дүние мен ақыреттің азабынан құтқаратын бір ақиқатты ба-янда!» деп көңіліме нұсқау келді. Ол ақиқат мынау:Мәселен, біреу біреудің ағасын немесе туысын өлтірді делік. Кек алу дағы бір минуттық ләззат миллиондаған минут жүректі сыздатып қана қоймай, түрменің де азабын тартқызып отыр. Әлгі өлген адамның туыс қаны да дұшпанынан \"қайтсем кек аламын\" деп ойлай-ойлай өмірінің мәні кетіп, шырқы бұзылады. Бойын үрей билеп, көкірегін ашу-ыза кернеп, тірідей азапқа түседі. Бұдан құтылудың бір ғана жолы бар, ол - Құранның әмірін тыңдау және хақ пен ақиқат, игілік пен адамгершілік, сондай-ақ Ислам діні талап ететін келісімге келу, татуласу.Иә, ақиқат пен игілік татулықта. Себебі, ажал біреу, өзгермейді. Әлгі өлген кісінің ажалы жетіп тұр екен, бәлкім одан артық өмір сүрмейтін де шығар. Өлтірген кісі Аллаhтың жазған тағдырына себепші болды. Егер келісімге келмесе екі жақты үрей билеп, кек алудың азабын шегеді. Сондықтан дін Ислам: «Мүминдер өзара ренжісіп, үш күннен артық сөйлеспей қоюға болмайды» деп бұйырады. Егер мұндай қылмыс қастықтан, не өш алудан емес, бір сұмпайы мұнапықтың шығарған бү лігі болса, тез арада татуласу керек. Әйтпесе, әлгі кішкене бәле одан әрі ұлғайып, жалғаса бермек. Егер татуласса, әрі өлтірген адам да тәу баға келіп, марқұмға әрдайым дұға етсе, екі жақ та ұтып, туысқандай болады. Жоғалтқан бір бауырының орнына бірнеше діндар бауыр табады. Құдайдың басқа салғанына көніп, дұшпанын кешіруі тиіс. Оның үстіне «Рисалей-Нұр» дәрісін тыңдаған болса, «Нұр» аясындағы бауырмалдық, сондай-ақ жеке бастың әрі көпшіліктің пайдасы араларында болған араздықты мүлдем ұмытуын талап етеді. Мәселен, «Денизли» түрмесінде бірі-біріне қас болған тұтқындар «Нұрдан» дәріс алғаннан кейін лезде

58ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУтатуласып, достасып кетті. Сөйтіп, біздің ақталып шығуымызға себеп болды. Тіпті, мұны көрген дінсіз, есерсоқ, сотқарлардың өзі аң-таң болды. Тұтқындардың бойлары жазылып, рахаттанып қалды. Байқаймын, бұл жерде де бір адамның кесірінен жүз адам қиналып, сыртқа бірге шыға алмай жүр. Бұл деген зұлымдық. Мәрт, намысқой мүмин ешқашан өзінің бас пайдасына бола, иманды жандарға зиян тигізбейді. Егер қателесіп зияны тисе, дереу тәуба етеді.

Жaңадан түскен ғазиз бауырларым және бұрыннан жатқан тұтқындар!Аллаhтың жарылқауы тұрғысынан алғанда Біздің бұл жерге қа- малуымыздың басты себебі сендер екеніне менің толық көзім жетті. Яғни «Нұрлар», өзінің жұбаныш беретін дәрістерімен, сондай- ақ имани ақиқаттарымен сендерді түрменің мына азабынан және көптеген дүниеуи қиындықтардан құтқарып, өкіндіре өте шығатын келте өмірді босқа өткізбей әрі бұ дүниеде азапталғанындай о дүниеде де азап шекпей, мәңгі өмірді аман сақтап қалу жолында сендерге нағыз демеу. Бұл рас. Әлбетте сендер Денизлидегі тұтқындар мен Нұр шәкірттері сияқты біріңе-бірің дос болуларың керек. Көрмейсіңдер ме, бірін-бірі пышақтап тастамасын, біріне- бірі қастандық жасамасын деп, тамақ болсын, нан болсын, сырттан келген заттарыңды мың байланса да ақтарып тексерген адал қызмет етіп жүрген күзетшілер әбігер. Сондай-ақ сендерді біріне бірі бас салып, жұлыса кетеді деп, дем алуға сыртқа шығармай отыр.Тумысынан қаhарман, жаңадан түскен тұтқын достарым! Енді қа- hармандық жасап, батыл түрде түрме қызметшілеріне, «Қолымызға пышақ, маузер немесе револьвер берілсе, оның үстіне бұйрық та берілсе, біз мына өзіміз секілді қиналып жүрген бейшара бауыр- ларымызға қол жұмсамаймыз. Құранның әмірі бойынша, Иман мен Исламның бауырластығына орай, ізгі ниетпен, оның берген тәр- биесінің арқасында тіпті, бір-бірімізден бұрыннан бері ала алмаған кегіміз болса да кешіп, ренжітпеуге ант еттік!» деңдер. Осылайша абақтыны берекелі, құтты дәрісханаға айналдырыңдар.

Қадір түні ойыма келген маңызы зор мәселе(Он үшінші Сөздің екінші бөлімінің қосымшасы)Қадір түні ойыма келген терең ақиқаттың өте қысқаша баяны.Адамзат екінші дүние жүзілік соғыстың зардабы мен орасан зұлым-дығын бастан кешірді. Бір залымның кесірінен жүздеген жазықсыз жандар зомбылық көрді. Соғыстан жеңілгендер үмітсіздікке түсіп, жеңгендер болса, үстемдігінен айырылып қалмаумен әлек. Қираған қалаларды қал пына келтіру өзінше, бөлек бір мәселе. Сондай-ақ, дүниелік өмірдің расында баянсыз, мәдениет қиялының жалған әрі алдамшы екеніне әб ден көздері жетіп, көңілі қалды. Адам баласының жоғары деңгейдегі қа білеті, оның ішкі дүниесі, армандары тас-талқан болды. Бейқамдық пен адасудың берік қорғаны саналып келген меңіреу табиғатшылдық ұғымы Құранның алмас қылышымен тас-талқан болды. Сондай-ақ адамды ғапыл қалдыратын, сананы адастыратын құйтырқы саясаттың бет пердесі ашылды.Міне, соңғы кезде Солтүстікте, Батыста, Америкада байқалғанындай, адамзаттың нағыз арманы болған бақи өмірді бар күшімен іздейтін күн туады. Оған мына дүниелік өмірдің осындай жағымсыз да өткінші екені баршаға көрінуі зор ықпал етеді. Ал, бұл тұрғыда Кәламуллаh, яғни бір мың үш жүз алпыс жылдан бері әр ғасырда үш жүз елу миллионнан астам шәкірті бар және миллиондаған қарилардың жадында сақталып келе жатқан, басқа ешбір кітапта кездеспейтін ерекшеліктерге ие, адамзатқа бақи өмір мен мәңгі бақыттан дәйекті де ақылға қонымды түрде хабар беретін, оның рухани жарасына нағыз ем, дертіне шипа болар Қасиетті Құран таптыртпайтын қазына. Ол – қайта-қайта, қуатты да қатаң ескерте отырып, мыңдаған аяттарымен, бірде ашық, бірде құпия түрде әрі бұлтартпас айғақтарымен, бұл өмірден кейін мәңгі өмір басталатынын және мол бақытқа бөленудің шындық екенін сүйіншілеп, хабар береді. Әлбетте, адамзат ақылынан мүлдем адаспаса, заттық немесе

61ОН ҮШІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ БӨЛІМІрухани қиямет қайым болмаса, Швеция, Норвегия, Финляндия және Англияның Құранды қа был дауға ұмтылған атақты ойшылдары, сондай-ақ Американың хақ дін іздеген белсенді ұйымдары, сондай-ақ Жер шарының ірі құрылықтары мен елдері баяндауы мұғжиза Қасиетті Құранды шарқ ұра іздейтіндей жағдайда. Мәнісін түсініп, ақиқатына көзі жеткен соң жан-тәнімен қабылдайтын болады. Себебі, бұл тұрғыда оған тең келер ешбір кітап жоқ әрі болмайды да. Ешбір кітап ең ұлы мұғжизаның яғни Қасиетті Құранның орнын баса алмайды.Екіншіден: «Рисалей-Нұр» осы ұлы мұғжизаның қолындағы алмас қылыш қызметін атқарып, қасарысқан дін дұшпандарын тізе бүктіруде. «Рисалей-Нұр» Құраннан нәр ала отырып, жүрек, рух, тағы басқа сезімдерді нұрға бөлеп, Құран ақиқаттарын әр тарапқа жаюда. Құраннан басқа ұстазы, бұлағы болмаған «Рисалей-Нұр» делдалдық міндетін то лық атқарып келеді. «Рисалей-Нұрға» қарсы үгіт жүргізушілердің еңбегі зая кетті. Құдайдан безген қырсықтардың жауырынын жерге тигізіп, дінсіздіктің алынбас қорғанындай болған «Табиғат жаратты» деген ұғымды «Табиғат рисалесі» кітапшасы тас-талқан етті. Мәңгүрттік ұйығына бат қалы жүргендерге «Аса-и Мұса» кітабындағы Миуаның Алтыншы мәселесі және Бірінші, Екінші, Үшінші, Сегізінші айғақтары құтқарушы болып, иман шарттарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, тәухид нұрын көрсетті.

СОҢЫ[Бейқам жанға бiр тоқпақ немесе ғибрат болар бір сабақ]Уа, мына өмiрдiң қызығына тоймай, бейқамдықпен ақыреттi ұмытқан, бейбақ нәпсiм! Неге ұқсайтыныңды бiлесiң бе? Түйеқұсқа. Ол – аңшыны көрген сәтте ұша алмай басын құмға сұға қояды. Бұл– Оның аңшыдан жасырынған түрi. Сорлының iрi денесi сыртта қалып, аңшыға нысана болады. Басы құмның астында, көзi жұмулы, көрмейтiн тек өзi ғана. Ей, нәпсi! Мына мысалға құлағыңды түріп, назарыңды сал!Жалған дүниеге жан-тәнiмен құмарту, ләззаты мол тамаша нәрсенің өзін қайғы-мұңға айналдырып жібереді. Мысалға, осы ауылда яғни Барлада, екi адам бар дейік. Бiреуінің ағайын-туыстарының жүзде тоқсан тоғызы Стамбұл шаhарына кетiп, сол жерде рахат өмiр сүруде. Барлада бiр-екеуi қалып, олар да жақында кететiн көрiнедi. Сондықтан бұл да Стамбұлға ынтызар. Құштарлана ағайын-туысқа қауышуды армандайды. Қашан оған: «Бар!» десе, ұша жөнелмек.Екiншiсінің тума-туысы, дос-жарандарының жүзде тоқсан то- ғызы бұл жерден көшiп кеткені рас. Бірақ қайда кеткендерi белгiсiз. «Бiр сыпырасы iз-түзсiз жоғалып кеткен, қалғандарын көрдiм- бiлдiм деген адам жоқ» деп ойлайды. Өзі де: «Тiрi болса да азып- то-зып жүрген шығар» деп қояды. Бейшара, жоғалған ағайындарының орнына манағы қонақ боп келген, бірақ жақында кететін жалғыз туысқанымен көңiл көтерiп, сол арқылы өзін жұбатқысы келедi.Уа, нәпсi! Әу баста Хабибуллаh, Аллаhтың сүйіктісі Мұхаммед Мұстафа (с.а.у), одан кейiн Аллаhтың қалаулылары, барлық сүйiктi жан, әулие-асфиялар қабiрдiң арғы жағында жүр. Бұл дүниеде бiрен- сараңы болса да олар да кетiп барады. Өлімнен қорқып, қабiрден қашпа! Ажалға жiгiт сияқты тура қара! Жүзіне тура қарап, не керек екенiн сұра! Байқа! Бейқам жүріп, мысалдағы екiншi адамға ұқсап қалма!

63ОН ТӨРТІНШІ СӨЗДІҢ СОҢЫУа, нәпсiм! «Заман өзгердi, ғасырымыз басқа. Жұрттың бәрі дүние қуып, қу тіршіліктің соңында, бәрi мас!» деме. Өйткенi, ажал бiреу, өзгермейдi. Айырылысу, қоштасу деген нәрсе бар. Дүниеде мәңгi бірге болу жоқ. Адамзаттың әлсiздiгi, мұң-мұқтаждығы азаяр емес, қайта көбейiп барады. Оның сапары да аяқталмады, керiсiнше жылдамдап барады.«Жұртпен бірге көрерміз» деме! Өйткенi олар саған тек қабiрiңе дейiн ғана серiк болады. Жұртпен бiрге болу дегенiң, қабiрдiң арғы жағында түкке жарамайтын, бос әңгiме.Сен өзiңдi «Иесізбін, қалағанымды істеп, бейпарық жүре беремін» деме! Айналаңа қарашы! Мына «дүние» мейманханасынан жөнсiз, мақсатсыз бір нәрсе таба аласың ба? Жоқ. Олай болса, қалай сен ғана мақсатсыз, бейпарық жүрмексің? Жер сiлкiну, топан тәрiздi оқиғалар кездейсоқ емес. Аллаh Тағала өсiмдiктер мен жануарларды араластыра шебер тоқыған әдемі көйлегін жер шарына жыл сайын кигiзіп, шешіп отыр. Оның өте хикметпен күрделі тоқылғанын өзің де көріп тұрсың. Сондай-ақ, мақсатты түрде, өте жүйелi тәртiппен шыр көбелек айналдыратынын да бiлесің. Олай болса, жер сiлкiнiсi «Кездейсоқ, табиғи құбылыс» дегенге қалай сенесің? Құдайдан безген бiреу, бұқаралық ақпаратта «жер сiлкiнiсiн кездейсоқ, табиғи апат» деп, зардап шеккендердiң шығынын, босқа кеткен ысырап санап, олардың үмiтiне су сепкендей өмірден түңiлдiріп жатыр. Бұл, зардап шеккендерге үлкен зұлымдық, қиянат боп табылады. Расын- да мұндай оқиғалар (Сiлтеме ) Хаким-i Рахымның әмiрiмен болатын, *иманды жандардың мал-мүлкiн садақаға айналдырып, фәни дүниесiн мәңгі дүниеге айналдыратын уақиға немесе нығметтерге шүкiр етпей астамшылық қылған тоғышар жандардың сазайын тартқызу, күнәсiн шаю, жаза болып табылады. Иә, осылайша бір күні бiздi көтеріп жүрген мына Жері шары, адамзаттың әбден масыққанын, шүкiр етпей, тоғышар болып, жиiркенiштi күйге түскенін көрiп, Аллаhтың әмiрiмен жұлқынып қалады. Бұл жолы қатты сілкініп толық тазалық жасайды. Құдайдан безгендердi Тозаққа лақтырып, Аллаhқа шүкiр еткендерге: «Қане, Жұмаққа кiрiңдер!» дейтін болады.Сiлтеме: Түркияның Измир қаласында зілзала болып, мысал ретiнде автор соны тiлге тиек етiп отыр.

Он жетінші Сөз[Бұл Сөз, мағынасы терең екі бөлімнен және өте жарқын бір қосымшадан тұрады.]Халиқ-ы Рахим (Мейірімі мол жаратушы) және Рәззақ-ы Кәрим (Аса жомарт ризық беруші), Сани-ы Хаким (Хикметпен жаратушы шебер) бұл дүниені Әлем-і Әруах пен Руханилер үшін бір мереке, шаттық орны ретінде жаратып, өзінің бүкіл есім-сипаттарының әсем нақыштарымен өрнектеп безендірген. Үлкенді-кіші, төменді-жоғары әр бір рухқа өзіне тән және әлгі шат-шадыман мейрамдағы сан-алуан сансыз әсемдіктер мен сый-сыяпаттан пайдалануға ыңғайлы сезімдер беріп, керемет жабдықталған бір дене кигізеді де бір мәрте әлгі тамаша орынға яғни дүниеге жібереді. Уақыт жағынан ұзақ, мекен жағынан ауқымды манағы ұлық мерекені ғасырларға, мезгілдерге тіпті күндерге бөліп, әрбір күнді әр түрлі рух иесі мақұлықтарына және өсімдік түрлерінің әрқайсысына арнап бөліп тастаған. Оларды шеруге шығарғандай керемет мереке-тойға ұластырады. Әсіресе, жер беті көктем мен жаз кезінде ұсақ жәндіктерге әсем сахна, тамаша мейрам болатыны сондай, аспандағы руханилер мен періштелердің назарын аударатын тартымды да сұлу ғажап күйге ендіреді. Зерек, терең ойланатындарға зерттеу орталығына айналатыны сондай ақыл аңғарып, тілмен жеткізу мүмкін емес.Дегенмен, осы Иләhи рәсім, Раббани мереке-тойда Рахман (Аса мейрімді) және Мухий (Тірілтуші) есімдерінің көрінісімен қатар Қаhhар (Өте қаhарлы), Мумийт (Өлтіруші) есімі өз әсерін көрсетіп, әлгі мәз-майрам болып жатқандардың алдарынан қоштасу мен өлім кесе көлденең шығып бұл фәнимен қош айтысады. Ал, бұл болса

65ОН ЖЕТІНШІ СӨЗдеген Аллаhтың мол мейіріміне, кең рахымына сырттай қарағанда үйлеспейді.Бірақ, ол сырт көзге солай. Негізінде бірнеше жақтан үйлесіп-ақ тұр. Қалай десеңіз.Сани-ы Кәрим (Аса жомарт шебер), Фатыр-ы Рахим (Мейірімді теңдессіз жаратушы) Аллаһ әрбір жан-жануардың салтанатты шеруі яғни өлшеп берген бұ дүниедегі өмірі аяқталған соң және мақсат орындалып, нәтиже алынғаннан кейін көбінесе оларды дүниеден өте мейірімді түрде суытып, жиіркендіреді, жалықтырады. Тынығып дем алуға ыңғай, басқа әлемге көшуге ынта сыйлайды. Сондай-ақ өмір сүру міндетінен босатылған кезінде рухтарында нағыз отанға, ақыретке көшуге құштарлық сезімін оятады.Һәм міндетін атқару кезінде немесе майданда опат болған бір сарбазды шейіт мәртебесіне көтеру және құрбандыққа шалынған бір қойды, ақыретте өз денесімен тірілтіп, сырат көпірінде иесіне көлік болатын пырақ қылып оны жарылқауы Рахманның шексіз рахымдылығының талабы. Сол сияқты басқа да рух иелері мен хайуандар, өздеріне жүктелген Раббани міндеттерін атқару кезінде және Сүбхани әмірлерге мойынсұнып жүрген кезде опат болса немесе ауыр машақат, мехнат шексе сарқылмас мейрім қазынасынан өзде- ріне лайық, қабілетіне қарай мағынауи сый-ақы берілетініне үміт зор.Оларды дүниеден кеткеніне ренжімей, қайта риза болатындай мол мейірімге бөлейді.Алайда, рух иелерінің ішінде жоғары мәртебелі, ең абыройлысы және осы мейрамда сан жағынан да сапа жағынан да ең көп пайда көрген адам баласы, дүниеге құштар, шаруа-істеріне шырмалып қалғандықтан, дүниеден бас тартқызып, тіпті жиірендіріп бақи әлемге көшуге Аллаhтың рахымымен бір құштарлық сезімі пайда болады. Адамгершіліктен айырылмай, адаспай жүрген жандар әлгі жағдайды сезініп, сол сәтті тиімді пайдаланады. Көңілі жайланып, бақи әлемге жеңіл кетеді.Енді, сол жағдайды туғызатын себептерден үлгі ретінде бесеуін баян етейік.

66ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУБіріншісі: Қартайған шақта, дүниелік тамаша сұлу нәрселердің фәни екенін, тәттілердің ащыға айналатынын көрсетіп, адам баласын дүниеден үркітіп, уақытша нәрселердің орнына бақи нәрселерге қызықтырады.Екіншісі: Адамға жақын болып, бауыр басып қалған бүкіл сүйікті жандарының жүзден тоқсан тоғызы дүниеден өтіп, басқа әлемге көшкендіктен, оларға деген шынайы махаббат сезімі олардың кеткен жағына баруға қызығушылық туғызып, өлім мен ажалға жылы қарап, қуана қарсы алады.Үшіншісі: Адам жаратылысының тым әлсіз, дәрменсіз екенін кейбір жағдайлар арқылы сездіріп, өмір сүру қиын, жүк ауыр екенін аңғартады да демалысқа шығуға шынайы ықылас, басқа әлемге көшуге ниет-ынта береді.Төртіншісі: Иманның нұры мүмин жанға өлімнің жоқ болу емес, көшіп-қону екенін көрсетеді. Қабір қап-қараңғы апанның аузы емес, ол – нұрлы әлемнің есігі екенін, ал бұл дүние бүкіл әсем жақтарымен ақыреттің қасында зындан сықылды екенін білдіреді. Әлбетте қараңғы зындандай дүниеден, Жәннат тәріздес бау-бақшаға шығу, материяның айқай-шулы тірілігінен рухтың тып-тыныш, рахат әлеміне бару және мақұлықтардың жанды мазалайтын тарсыл- гүрсілінен оқшауланып, Рахманның саялы құзырына бару, әрине аса қызығарлық, шын көңілмен армандайтын саяхат, тіпті бір бақыт.Бесіншісі: Құранды тыңдайтын адамға, ол өзінің ғылыми ақиқатымен, сәуле шашқан нұрымен дүниенің не екенін білдіре отырып, дүниеге құмарлық, оны қатты уайымдау, мағынасыз екенін білдіреді. Яғни, адамзатқа дәлелдеп мынаны айтады:Дүние – Самәдани кітап. Оның ішіндегі әріптері мен сөздері өзіне емес, Өзгенің зат пен сипатына, есімдеріне қызмет етеді яғни оны Жазушының қандай екенін дәлелдейді. Олай болса мағынасын түсін, көңілге тоқы, жазу- сызықтарына көп мән бермей, кете бер.Сондай-ақ, дүние – егіс алқабы. Егініңді ек, өнімін ал, сақтап қой. Қалған қалдықтарын таста, уайымдама! Әрі, дүние кезекпенен келіп- кететін айналардың жиынтығы. Олай болса олардың ішінен көрінетін кім, соны таны! Оның нұрларын тамашала, көрінген көркем есімде- рінің шуақтарын қызықта! Ол есімдердің Иесін сүй! Ал, аяқталып немесе сынып қалатын әлгі әйнектермен шұғылданба! Құмартпа!

67ОН ЖЕТІНШІ СӨЗДүние – сауда орны. Саудаңды жаса да кел! Соңында айырылысатын, сені сыйламайтын нәрселердің артынан босқа жүгірме! Әуре болып шаршама!Әрі, уақытша серуенжай. Олай болса, ғибрат назарымен қара! Сырттай жағымсыз жақтарына емес, Жәмил-і Бақимен қатысты жасырын да тамаша, жағымды жақтарына қара! Хош әрі пайдалы серуен жасап қайт! Осы тамаша көріністерді көрсетіп тұрған сахна перделерінің жабылып қалғанына ақылсыз балаға ұқсап жылама, уайымдама!Әрі бұл дүние – қонақ үй. Олай болса оны жасаған аса жомарт, қонақжай Жаратушының рұқсатымен ішіп-же, шүкір ет! Оның заңымен жүр, айтқанын істе! Сосын артыңа қарай бермей шығып кет! Қолыңнан түк келмейді, араласпа, бүлдірме! Соңында бәрібір қош айтысатын, тіпті саған қатысы жоқ нәрселермен босқа шұғылданба! Баянсыз істеріне байланып, батпағына батып кетпе!Міне, осы секілді анық ақиқаттармен дүниенің мән-мағынасын, оның құпия сырларын ашып көрсетеді. Осылайша, соңында сөзсіз болатын қоштасуды жеңілдетіп, тіпті көзі ашық, көкірегі ояу жандарды өлімге құштар етіп қояды. Аллаhтың рахымы барлық жерде, барлық істе бар екенін байқатып, кез келген нәрседен жақсылықтың нышанын сездіреді.Міне, Қасиетті Құран осы бес бапқа ишара қылып қана қоймай басқа да жеке баптарға ишара қылады. Осы аталғандардан еш сыбағасы жоқ мақұрым жандардың жағдайы аянышты, обал-ақ.

Жүрекке парсыша келген бір мінәжат[Яғни, бұл мінәжат ойға парсы тілінде келіп, қаз қалпында жа-зылды. Бұдан бұрын басылған «Хубаб рисалесіне» енгізілген-ді.]О, Раббым! Өз күшім мен қалау-еркіме сеніп, бейқамдықтың кесірінен тәуекел етпей, дертіме дәрмен іздеп «Алты жақ» деп аталатын айналама жалтақтап, медет іздедім. Өкінішке орай, дертіме дәрмен таба алмадым. «Дерттің өзі дәрмен емес пе еді» деген рухани нұсқау естідім.Бейқамдықпен оң жағымнан, өткен шақтан жұбаныш табам ба деп оңға қарағанмын. Бірақ, кешегі күн әкемнің моласы, ал өткен шақ аталарымның алып мазары бейнесінде көрінді. Жұбаныш емес қорқыныш туғызды. (Сілтеме )*Содан кейін сол жағыма, болашаққа қарап едім, дертіме дәрмен таба алмадым. Ертеңім, менің қабірім және мен секілділер мен келешек ұрпақтың үлкен мазары түрінде көрініп, жұбаныш орнына үрей туғызды. (Сілтеме )**Сол жағымнан да қайыр болмаған соң, бүгініме қарадым. Бүгінім бейне бір табыт. Тұяқ серпуге де шамасын келтірмей денемді әкетіп бара жатыр. (Сілтеме )***Сілтеме :* Иман әлгі қорқынышты, алып мазарды қызықты, нұрлы мәжіліс, сүйіктілер жиналған жер түрінде көрсетеді.Сілтеме :** Иман мен иманнан туындаған құзыр, әлгі үрейлі үлкен мазарды сүйкімді бақыт сарайларына, мейірімді Рахманның шақыруы түрінде көрсетеді.Сілтеме :*** Иман ол табытты сауап жинайтын кең дала және әсем қонақ үй түрінде көрсетеді.

69ОН ЖЕТІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ МАҚАМЫБұл жақтан да дертіме дәрмен таба алмадым. Содан басымды көтеріп өмір ағашының төбесіне қарап едім, бір ғана жемісі бар екен. Ол да менің мәйітім. Менен көз алмай, қасқайып тұр. (Сілтеме )*Бұл жақтан да көңілім құлазып, төменге назарымды салдым. Сүйектерім шіріп, әуелгі жаратылысымның бастауы, топырақпен араласып, аяқ асты болып жатыр. Дертіме дәрмен түгіл дерт қосып, үдетіп жіберді. (Сілтеме )**Бұл жақтан да сырт айналып, артыма қарадым. Баянсыз, фәни дүние жойылудың қараңғы құрдымына қаңбақтай домалап барады. Жарама дәрі емес, қорқыныштың уын септі. (Сілтеме )***Бұл жақтан да қайыр көре алмағандықтан, алдыңғы жаққа көз салдым. Қабірімнің аузы арандай ашылып, мені күтіп тұр. Арғы жағында түбі жоқ сапар. (Сілтеме****)Алты жағымнан арбаған қорқыныш үрейге қарсы тұрар, арқа сүйер менің қолымда кішкентай ғана қалау-еркімнен басқа, еш нәрсе жоқ. (Сілтеме*****)Сілтеме :* Иман – әлгі «ағаштың» бір түйір жемісі мәйіт емес, мәңгі өмір сүру үшін жаратылған рухтың дене дейтін ұясынан ұшып, мәңгі бақыт жолында жұлдыздарға се-руенге шыққанын көрсетеді.Сілтеме :** Иман – топырақтың Иләhи мейірімділік қақпасы, Жәннат жайының пердесі екендігін көрсетеді.Сілтеме :*** Иман – жоқ болуға бет алған, құрдымға кеткелі тұрған дүниені, өз міндетін – атқарған, мағыналары түсінікті болып, нәтижелерін өзінен кейінге қалдырып бара жатқан Самәдани хат, Сүбхани нақыштардың парақтары екендігін көрсетеді.Сілтеме****: Иман – әлгі қабірдің апанның аузы емес нұр әлемінің есігі, әлгі сапардың мәңгілік бақытқа бастайтын жол екендігін көрсетіп, жарама дәрі жағып, дертіме дәрмен болдыСілтеме*****: Иман – әлгі кішкентай ғана қалау-еркімнің қолына шексіз құдіретке арқа сүйеуге куәлік берді. Тіпті иманның өзі бір куәлік екен.

70ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУАдамның қаруы саналатын кішкентай ғана қалау-ерік – негізінде өте әлсіз, шамасы шектеулі. Ешнәрсе жарата алмайды. Бір нәрсені кәсіп етуден басқа қолынан ешнәрсе келмейді. (Сілтеме )*Ол, өткен шаққа ене алмайды, болашаққа да сөзі өтпейді. Өткен шақ пен болашақтағы өкініштеріме, армандарыма түк те пайдасы жоқ. (Сілтеме )**Сол аз ғана қалау-еріктің әрекет алаңы тым тар. Осы шақ пен қас қағым сәт ғана.Міне, осыншама көп мұң-мұқтаждығым бола тұра өзім әлсіз, пақыр, бейшарамын. Сонымен бірге, алты жағымнан анталаған жау, үрейлі де қорқынышты жағдайдамын. Сондай-ақ құдірет қаламы, бойыма мәңгілікті аңсайтын, толассыз армандар мен шексіз қалау-тілектер жазыпты. Дүниеде не болса, соның бәрінің үлгісі менде бар. Олардың барлығымен тығыз байланысып жатырмын. Солар үшін жұмыс істетіп hәм соларға жұмыс істеп жүрмін.Алайда, маған керекті, менің қалайтындарым, мұң --мұқтаждығымның шеңбері, назарымның шеңберіндей ауқымды әрі кең.Сілтеме :* Бір жауынгер өзінің азғантай күш-қуатын, мемлекет атынан қолданған кезде, өз қуатынан мың есе артық іс атқаратыны секілді, Иман да манағы азғантай қалау-ерікті Аллаh атымен әрекет еткізу арқылы не нәрсеге де жеткілікті етеді.Сілтеме :** Иман – тізгінді дененің қолынан алып, жүрек пен рухқа тапсыратын-дықтан, өткен шаққа сөзі жүріп, болашаққа бойлай алады. Өйткені, жүрек пен рухтың тынысы кең, тірілік алаңы үлкен.

71ОН ЖЕТІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ МАҚАМЫТіпті, қиял қай жерге жетсе, қалау шамасы да сол жерге дейін жетеді. Ол жерде де қажеттілік туады. Қолымызда жоқты қалаймыз. Ал, қолда жоқ нәрселер тым көп, тіпті шегі жоқ.Оларға қол жеткізуге шамамыз келмейтіні анық. Шамамыз қолымыз жеткен жерге дейін ғана жетеді. Ал, қолдың жетер жері қысқа әрі тар.Демек, пақырлығым мен мұқтаждығым шексіз, бүкіл әлемді қамтиды.Қолда бар байлығым яғни мүмкіндігім болса, тіпті бөлуге келмейтіндей ұсақ әрі кішкентай.Міне, бүкіл әлемді қамтитын, миллиардтаған байлықпен әрең дегенде қол жеткізуге болатын мұң-мұқтаждығым, шексіз армандарым қай ша мада? Бес тиынға татымайтын, құны жоқ, қолынан ешнәрсе келмейтін, азғантай қалау-еркім қандай? Мұнымен оларды сатып алу, қол жеткізу мүмкін емес. Олай болса басқа шарасын іздестіру керек.Шарасы мынау: Әлгі азғантай қалау-еріктен де бас тартып, Аллаhтың қалауына көну, Оның қалағанын қалау. Өз күшіне сенуді қойып, Хақ Тағаланың құдірет-күшіне сеніп, тәуекелдің ақиқатына жету. \"О, Раббым! Бақытқа қол жеткізудің жалғыз шарасы осы. Сенің қалауың болсын! Мен өз қалауымнан бас тарттым, менмендікті тәрк еттім.Сөйтіп, Сенің шексіз инает-жарылқауың мені демеп, қамқор болсын! Өйткені мен өзімнің тым әлсіз, өте бейшара екенімді аңғардым. Әрі Сенің мол рахымың менің арқа сүйер сүйенішім болсын! Сенің шексіз мейрімің сая болып, өзінің кең қақпасын ашсыншы.

72ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУИә, кім де кім Иләhи мол мейірімнің шексіз ұшан теңізін тапса, әлбетте одан сырт айналып өзінің бір тамшыдай қалау-еркіне сеніп, менмендікке салынбас болар.Әттеген-ай! Алдандық. Бұл өмірді мәңгі деп ойладық. Сөйтіп, өмірі мізді босқа өткіздік. Ол болса, көрген түстей жалт етті. Дүниелік тірілік тұрлаусыз екен, ескен желдей зымырап өте шықты.Өзі-өзіне сеніп, мәңгімін деп ойлайтын тәкәппар адам, төгіле-таусыла, ақырында жоқ болады. Өмір зулап өтіп барады. Адамзаттың үйі болған мына дүние, жоқ болып қирауға кетіп барады. Қиял мен армандар бір сәттік өткінші екен, ал өкініш-қайғылары болса рухта мәңгі қала бермек.Бұл шындық. Ендеше ей, өмірге құштар, тірілікке құмар, дүниеге ғашық, шексіз арман жетегінде жүрген, қайғы-мұңнан жаны қиналған бейбақ нәпсім! Оян! Ақылға кел! Өз жарығына сенетін жалтырауық қоңыз, қараңғыда қаңғып қалады емес пе!.. Бал арасы болса, өз күшіне сен бе гендіктен гүл-достарын тауып Күн сәулесімен жарқыраған жүзін көріп жарыққа қарқ болады. Сол сияқты, сен де өз күшіңе, болмысыңа сеніп, менмен болсаң, жарқырауық қоңыз сықылды боласың. Егер сен болмысыңды Жаратушысының жолына пайдалансаң, бал арасы секілді шексіз де жарқын болашаққа ие боласың. Әрі өзіңді сол жолға арна, пида ет! Өйткені, ол саған аманат.

73ОН ЖЕТІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ МАҚАМЫОл оның мүлкі. Оны саған Жаратушың сыйлады. Ендеше, міндетсінбей, тартынбай бер, Оған арна, пида ет! Сонда ғана болмысың мәңгі болмақ. Өйткені жоқтың жоқ болуы – бар болу. Яғни, жоқ – жоқ болса, бар болады.Халиқ-ы Кәрим (Аса жомарт жаратушы) өз мүлкін сенен сатып алмақ. Орнына жұмақ дейтін қымбат баға бермек. Мүлікті сен үшін жақсылап сақтап, қадірін еселеп арттырмақ. Мәңгі әрі кемел түрде өзіңе қайтып бермек. Олай болса, ей нәпсім! Бекерге тұрма! Үсті-үстіне болатын бес есе пайдалы саудаға кіріс! Сонда сен бес есе зияннан құтылып, бірден бес есе пайдаға кенелесің.

Ибраhим ғалейhиссаләмнің аузынан шыққан, әлемнің аяқталатынын, дүниенің өткінші, фәни екенін білдіретін суық хабар мені жылатты.Сондықтан, жүрек қатты қынжылып, көзінен мұңлы жас ақты. Жыла ған жүректің әрбір тамшысы көргендерді жылататындай тым аянышты еді... Әрбір тамшының өзі жылап жатқандай. Ол тамшыларды төмендегі парсыша шумақтар суреттейді.Міне, ол тамшылар, Нәби-и Пайғамбар, Иләhи дана Мұхаммедтің (с.а.у) Кәламуллаhтағы яғни Құран аятының бір тәпсірі деуге болады.Соңында жоқ болатын сүйіктілер әдемі емес. Өйткені аяқталатын нәр селер нағыз әдемі бола алмайды. Мәңгілікке ғашықтық үшін жаратылған әрі Самадтың айнасы боп табылатын жүрекпен оларды сүюге болмайды, сүйілмеуі тиіс.Талап-тілектеріміз – соңында жоқ болып, ұмытылып кететін нәрселер. Олар уайымдауға әсте лайық емес. Кетіп қалса, артынан қайғыратын да нәрсе емес. Шын жүрекпен беріліп, өліп-өшуге тұрмайды.Мақсат қылған нәрселеріміз фәни. Олар ақырында жоқ болады. Ондай мақсат керек емес, өйткені, өзім фәнимін. Фәни нәрсе керек емес, фәни оны не қылсын?

75ОН ЖЕТІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ МАҚАМЫӨліп-өшіп құмартқан нәрселеріміз бізді тәрк етіп, көзден таса болуда. Олардан не қайыр, көмекке шақырмаймын, оларға жалынбаймын да. Өйткені, олар да мен сияқты бейшара, мұқтаж әрі әлсіз. Әлсіз нәрселер менің тым ауыр дерттеріме дәрмен болып, соңсыз жараларымды емдей алмайды. Өзін жоқ болудан құтқара алмаған нәрселер қалай Мағбуд (табындырушы) болушы еді?Иә, әр нәрсенің сыртқы суретіне құмар ақыл, мына аласапыран дүниеде құмартқан нәрселерінің аяқталып жатқанын көріп, үмітсіздене зар еңірейді. Сондай-ақ, бақи бір Мағбуд іздеген рух деп зарлайды.Қаламаймын, керек емес, қоштасуға шыдай алар емеспін.Тез аяқталып, соңы ащы өкінішпен тынатын қауышуларды аңсап-армандауға болмайды. Құмартуға олар әсте лайық емес. Себебі, ләззаттың аяқталуы өкініш екені белгілі, тіпті оны ойлаудың өзі адамды мұңайтады. Бүкіл межази ғашықтардың, яғни Аллаhтан басқа нәрселерге ғашық бол ғандардың, ғашықнама өлеңдерінің мазмұны осындай аяқталумен тынған қоштасуларды ойлап қамығудан пайда болған өкініш пен зар. Атақты шайырлардың ғашықтық туралы өлеңдерін тыңдасаң, әрқайсысынан осындай мұң-зар естисің.Міне, мұндай соңында аяқталумен тынатын қауышулардың және әл гіндей мұңды, орынсыз махаббаттың кесірінен дертке ұшыраған жүрегім Ибраhим Ғалейhиссаләм секілді деп жыламсырап, зар еңіреді.

76ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУЕгер, мына фәни дүниеде мәңгілікті қаласаң, мәңгіліктің өзі фәниліктен шығады. Нәпсіқұмарлық жағыңмен фәни бол яғни жоқ бол! Фәни болсаң, мәңгі бақи боласың.Астарында дүниеқұмарлық жататын жаман мінезден аулақ бол! Фәни бол! Меншіктенген дүниеңді Махбуб-ы Хақиқи (Нағыз сүйікті Аллаh) жолына арна, пида ет! Соңында жоқ болатын жаратылыстың ақырын ойла, үңіліп қара! Дүниеде мәңгілікке апаратын жолдың фәнилер үстінен өтетінін көр!Себептерге шырмалған адами ой, мына дүниенің ақырғы зілзаласынан қорқып, үмітсіздене жыламсырайды. Нағыз болмыс деуге лайық мәңгілікті армандаған көңіл, Ибраhим Ғалейhиссаләм секілді деп қамығып, межази сүйіктілерден, яғни уақытша, тұрақсыз да алдамшы нәрселерден, ғұмыры қысқа нәрселерден байланысын үзіп, Хақиқи Мәуджүд, Сәрмәди Махбубқа яғни нағыз болмыстың иесі, мәңгі бақи, сүйікті Аллаhқа бетін бұрады.Ей, надан нәпсім! Біліп қой! Дүние мен оның ішіндегілер фәни екені рас. Алайда, әрбір фәни нәрседен бақиға апаратын екі жол табуға болады. Сүйікті де әсем Махбуб-ы Ләязалдың Жамал көріністерінен екі сәулені, екі сырды мына фәнилер арқылы көруге болады. Бірақ, бір шарты бар. Ол – фәнилік қалыптан шығу және өз өзіңнен өту яғни «менмендік» шынжырларын үзіп «Ол» деп білу.Иә, нығметтерге ой жүгіртіп қараған адам оның беріліп жатқанын байқайды. Олардан Рахманның ілтипаты сезіледі. Ал, нығметтің беріліп жатқанын түсінсең, нығмет берушіні табасың. Сондай-ақ

77ОН ЖЕТІНШІ СӨЗДІҢ ЕКІНШІ МАҚАМЫжаратылыстың әрқайсысы Самәдани бір хат тәрізді. Олар өзін жазған Сани-ы Зүлжәлалдың (Айбары зор шебер ұста) есім-сипаттарын көрсетеді. Жазудан мағына шығарсаң, Иләhи есімдер көрінеді. Сол арқылы есімдердің иесін табасың.Ендеше, мына фәни болмыстың ішкі жағына, мән-мағынасына үңіл! Әлгі құпия қазыналарды табуға тырыс! Соған ұмтыл! Сыртқы суреттеріне, бос қабықтарына алданып қалма! Оларды аямай фәнилік дариясына лақтыра бер!Иә, бізді қоршаған орта, мына болмыс атаулы көп мағыналы сөз дер тәрізді, тек олар зат-дене түрінде жазылған. Олар бізге Сани-ы Зүл-жәлалдың көптеген есім-сипаттарын таныстырып, оқытып тұрады. Оны таныстырмайтын ешбір болмыс атаулы, ешбір өнер туындысы жоқ. Енді жаратылыс атаулының сөздер екені, олар құдіреттің кәлималары екені түсінікті болса, олардың мағыналарын оқы, терең бойлап, көңілге тоқы! Ал, мағынасы түсінікті болған, міндеті аяқталған сөздерді уайымдамай-ақ қой, олар кете берсін. Артынан телміре қарап жоқтама!Міне, әр нәрсенің сыртына ғашық және кең шеңбердегі мағлұматқа құмар дүниеуи ақылдың шұбатылған ойлары, осылайша жоқтыққа, құрдымға зымырағандықтан таңдану мен үрейден үмітсіз күйге түсіп зар жылайды. Ақиқатқа апарар тура жол іздейді.Енді рух та, қарасы батып, көзден таса болатын, соңында аяқталып жоқ болатын нәрселерден бас тартты. Межази, жалған сүйіктілерден жүрек те қол үзіп өзін аулақ әкетті. Көңіл болса ол да фәнилерден бет бұрып, сырт айналды.Олай болса сен де Уа, бейшара нәпсім! Ибраhимге (ғ.с.) ұқсап деп, мына сөзді өзіңе медет қылып, бәлелерден құтыл!

78ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУБолмысы бейне бір ғашықтықтан жаратылғандай, жүрегі махаббатқа толы, тіпті махаббатқа мас болған Мәулана Жәми, қарашы, назарды көпшіліктен жалғыз біреуге, яғни жаратылыстан Жаратушыға аудару үшін қандай тамаша сөз айтқан:(Сілтеме)*1. Яғни, жалғыз біреуді ізде! Одан басқалар іздеуге лайық емес.2. Біреуді ғана шақыр! Өзгелер көмекке келмейді.3. Біреуді ғана арманда! Басқалар лайық емес.4. Біреуді ғана көр! Одан өзгелер әрдайым көрінбейді, көзден тасаланып, ғайып болады.5. Біреуді ғана біл! Оны тануға септігі тимейтін ілім тегінде пайдасыз.6. Біреу туралы айт! Онымен қатысы жоқ сөздер бос сөз саналады.Иә, Жәми! Өте дұрыс айттың. Нағыз Махбуб ,1 нағыз Матлуб , 2нағыз Мақсұт ,3 нағыз Мағбуд4жалғыз – Ол.Өйткені, бұл әлем бүкіл болмысымен, сан-алуан тілдерімен, түрлі дауыстарымен Оны зікір етіп, үлкен алқа болып түгелдей бәрі бірге «Лә иләhә илла Һу» (Одан басқа Құдай жоқ) деп, Аллаhтың біреу екеніне куәлік етеді. сөзі әлгіндей шексіз ауыр жараларға ем әрі мана-ғыдай пайдасыз байланыстарды үзіп, фәни сүйіктілердің орнына соңсыз да бақи Махбуб-ы Ләязәлді (Мәңгі бақи сүйікті) көрсетеді.Сілтеме. Тек осы сөздер Мәулана Жәмидің сөздері.(1) Махбуб – сүйікті. Ауд.(2) Матлуб – армандалған. Ауд.(3) Мақсұт – мақсат қылуға лайық. Ауд.(4) Мағбуд – ғибадат етілетін. Ауд.

[Бұдан жиырма бес жыл бұрын Стамбул бұғазындағы Юша төбесіне шығып, дүниені тәрк етуді ұйғарған кезімде кейбір жақын достарым менің дүниеге қайта оралуымды, бұрынғы жағдайда жүре беруімді өтініп қасыма келген-ді. Мен оларға: \"ертеңге дейін қоя тұрыңыздар, мен ойланайын\" дедім. Таңертең жүрегіме мынадай екі жапырақ суреттеме келді. Өлеңге ұқсайды, бірақ өлең емес. Сол бір мүбарак естеліктің құрметіне қалам жүгіртпей, тиіскенім жоқ. Қалай келсе солай жазылды. Жиырма үшінші Сөздің соңына қосылуы тиіс болатын. Орайы келгесін қайталанып отыр.]БІРІНШІ ЖАПЫРАҚ[Бейқам жандардың дүниесінің ақиқатын, мәнісін суреттейді.]Мені дүниеге шақырма!..................Бейғамдық бір перде болды............Жаралғанның барлығын ...............Дене кидім, бар болдым...................Тірілік десең оны да көрдім...........Ақыл дегенің мазамды алды..........Өмір сүру бос әлек............................Іс-әрекет бәрі рия..............................Қауышу тез аяқталып.....................Мына нұрлар қараң қалып............Дауыс біткен, жоқтау болып..........Бүкіл ілім уайым болып.................Ләззат болса уға айналып...............Сүйіктім де болды менің.................Бәрі жалған әрі фәни.Хақтың нұрын жасырды.Жалған әрі зиян көрдім.Өкінішті-ақ, аты бар да заты жоқ, бәлесі көп.Азапқа түсіп, жапа шектім.Тіріліктің өзі бәле екен.Кемелдік те бос әуре.Арман-тілек бәрі қайғы.Дауа нағыз дерт болды.Сүйіктілер жетім қалды.Мына жүрген тірілерді өлі көрдім.Хикмет деген індет болды.Болмысты жаппай жоқ көрдім.«Қап!» қоштасу неткен жаман еді.

ЕКІНШІ ЖАПЫРАҚ[Тура жолдағылар мен иманы кәміл жандардың дүниелерініңшын мәнісіне ишара етеді.]Бейқамдық жоқ...........................................Болмыс – Аллаhтың аяттары екен........Ақыл, қазынаның кілті екен..................Кемелдіктің сәулесі сөнгені рас............Аяқталу қауышудың дәл өзі екен.........Өмір қызық, жүгіріс екен........................Қараңғылықтар әншейін жарықтың сырт қабығы.....Барлық затты дос, жар көрдім...............Бүкіл бөлшектер.........................................Түсінгенге пақырлық таусыл-май тын байлық екен....Егер Аллаhты тапқан болсаң.................Егер, Мәлик-ул Мүлікке құл болсаң....Егер де сен өзімшіл әрі жанымның иесімін десең......Ол түсінік шексіз азапқа салып.............Егер нағыз құдайшыл, адал құлболсаң.............Саны шексіз мол сауап тап.....................Хақтың нұры аян болды. Тірілік Хақтың айнасы.Фәнилік болса бақилықтың қақ пасы бірақ, Жамалдың күні өшпес нұр.қайғы болса нағыз ләззат.нағыз өмір ақыретте.мына өлімде өмір бар, нанбасаң көр.бүкіл дауыс зікір екен.зікір етуші, тәсбих қылушы екен.әлсіздіктің өзі орасан зор күш-қуат.бүкіл болмыс сенікі.Оның мүлкін өзіңдікіндей көр!басым бәлеге қалды дей бер.ол жүк өте ауыр екенін біл.шексіз қуаныш, мол шаттық, бай қап көр.шексіз бақыт сонда деп біл!О, нәпсім! Сен де жүрегім сияқты былай деп жыламсыра да жалын:«Фәнилерді қаламаймын, өйткені өзім фәнимін, Әлсіздерді ұнатпаймын, өйткені өзім әлсізбін. Рухымды Рахманға тапсырдым, керек емес басқасы. Мүлдем емес, әрине керек, бірақ Бақи дос керек. Зәрредеймін, бірақ маған еш сөнбейтін Күн керек. Жоққа тәнмін, ештеңе де емеспін. Бірақ маған болмыс атаулы түгел керек»

Жиырма үшінші Сөз[Бұл сөз екі бөлімнен тұрады]Бірінші бөлімИманның мыңдаған әсемдіктерінің бесеуі ғана бес тұжырыммен баяндалмақ.БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Адам иман нұры арқылы Ала-и иллийнге, яғни, Жұмақтың жоғары дәрежесiне шығып, Жәннатқа лайық баға алады. Ал, күпірліктен пайда болатын көкiрек қараңғылығы адамды құлдыратып, Жәhаннамға лайық күйге душар етеді. Себебі, шынайы иман адамды Сани-ы Зүлжәлалмен байланыстырады. Иман – қарым-қатынас, байланыс. Олай болса, адам Аллаhтың шеберлігімен оның көркем есімдерінің ою-өрнек, нақыштарын жүрегiндегі иманы арқылы бойына сіңіріп, қадір-қасиеті артады. Күпірлік болса байланысты үзіп жоқ етедi де, соның кесiрiнен Раббани шеберліктер көмескіленіп көрінбей қалады. Осыдан келiп, қадір-қасиет тек заттық тұрғыдан ғана бағаланатын болады. Зат болса уақытша әрi тұрақсыз, фәни және ақыл-ессiз жануарлардың өміріне тән. Сондықтан құны жоқ. Ендi бұл сырды мысал арқылы түсiндiрейiк.Мәселен, өнер саласында бұйымның заттық құны мен шеберлігінің құны әр түрлі болып келеді. Кейде екеуінің құны бiрдей болса, кейде қолданылған заттың бағасы құндырақ болуы ғажап емес. Тағы бiр жағдайда құны бес тиындық арзан заттан, бағасы қымбат, тiпті, миллион теңгелiк бұйым жасалуы әбден мүмкiн.

82ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУМіне, осындай бір өнер туындысы антикварлық базарға шығарылып, сол жерде көне дәуiрлік әлгi бұйымды жасаған хас шебердiң өнерi қоса мадақталса, сөзсiз ол туынды миллион есе қымбат бағаға сатылар еді. Ал, ол бұйым, ескi темір-терсек сататын дүкенге апарылса, құны өте төмен болары анық.Міне, адам дегенiмiз: Хақ Тағалатың таңғажайып жаратылысы әрі Оның шексiз құдіретінің тым нәзiк үлгі мұғжизасы. Аллаһ Тағала адам баласын өзінің көркем есімдеріне бөлеп, нұрлы нақыштарымен әшекейлеп, оны бүкіл ғаламның кішкене бiр үлгiсi ретінде жаратқан. Егер де, жүрегiне иман нұры ұяласа, оның бойындағы терең мағыналы барлық нақыштар әлгі нұрмен көрініп оқыла бастайды. Оны мүминнің өзі де сана-сезімімен оқи алады. «Мені Сани-ы Зүлжәлалдың құдіреті жа ратты, мен оның өнерлі үлгiсiмiн, жаратылған пендесімін. Ол мені ра қымы мен мол мейіріміне бөледі» деген тұжырымдармен Аллаhтың шебер лігін өз бойынан табады. Демек, адам баласын Жаратушы Иесімен байланыстырып тұратын иман- адам бойындағы күллі шебер нақыштарды түгел айқындап бередi. Осылайша, адамның құны Раббысының өнерімен бірге Самәдани айна болуы жағымен қоса бағаланатын болады. Сөйтіп, елеусіз адам, әлгіндей байланыстардың саясында барша мақұлықтардан биiк мәртебеге көтерiлiп, Аллаhтың әмірін тыңдаушы әрі Жәннатқа лайық Раббани қонақ атанады.Егер, адам бойын осы байланысты үзетін күпірлік жайласа, Аллаhтың күллі көркем есімдерін көрсеткен нұрлы нақыштарды қараңғылық тұм шалап, оқылмайтындай күңгірт тартады. Расында, Жаратушысы ұмытыл са, оған қатысты рухани жақтары түсініксіз болып, түрi бейне бiр терiс айналғандай болады. Әлгi ғажайып көркем өнер мен керемет сырға толы нақыштардың басым көпшілігі ашылмай қалады. Әлдебiр жағдайда көзге көріне қалған тұстары болса, кездейсоқ немесе себептердің салдарынан болған нәрсе яки табиғи көрініс ретінде танылып құнын әбден жояды. Жалт-жұлт еткен алмас құнсызданып, шыныға айналғандай әрқайсысының мән-мағынасы тек «тірі зат» ретінде бағаланады да мақсаты мен пайдасы жоғарыда айтылғандай қысқа өмір сүретін жануарлардың ең бейшарасы әрі мұңы бiтпес мақұлық, мұқтажы мол тiршiлiк иесi әрі соңында шіріп, жойылып кететін жаратылыстың бірі болып қалады.

83ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗМінекей, күпірлік дәл осылай адам жаратылысын бұзып, қасиеттен жұр дай қылады. Бағалы алмасты, құнсыз көмірге айналдырады.ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Иман – жарқыраған нұр. Ол адамды нұрлан дырып бойындағы барлық Самәдани нақыштарды оқытады. Сондай-ақ, бүкіл әлемді де нұрға бөлейді. Өткен шақ пен болашақты қараңғы қапастан құтқарады. Мұның сырын түсіну үшін, Қасиетті Құранның:деген аятының бір ғана мағынасына қатысты көрген салыстырмалы мысалды баяндап берейін. Ойға келген уақиға былай болатын:Екі тау қатар тұр. Арасын қосып тұрған ұзына бойы көпір. Көпірдің асты терең құз. Мен үстінде тұрмын. Дүниені қараңғылық басыпты, айнала тас-түнек. Оң жағыма қарап едім, қою қараңғылықта қарауытып мазар көрінді. Сол жағыма қарап едім, тағы да тас түнек, алай-түлей дауыл соғып тұрды. Сәлден соң қаралы апат басталағалы тұрғандай бойымды үрей биледi. Еңкейіп төмен қарап едім, шыңырау құз көрінгендей болды. Қараңғыда пайдаланатын қалта шамым болатын. Ендi соның сығырайған, көмескі жарығымен айналама тағы бiр көз жүгiрте бастадым. Қауiп тiптен күшейдi. Қарсы алдымдағы көпірдің басында өте үлкен айдаhарлар, ай бын ды арыстан тектес жабайы жыртқыштар жүр. «Шіркін, шамым бол мағанда ғой, бұл қорқынышты бәлелерді көрмес пе едім!» деп іштей қын жылдым. Шамның жарығы түскен жақтың бәрiнен түрлi қорқынышты көремiн. «Қап, мына шам басыма бәле болды-ау!» деп шамның болғанына ашуландым. Болмаған соң қалта шамымды жерге бір ұрып сындырып тас тадым. Сол-ақ екен, оның сынығы дүниені жарық қылатын алып электр шамының тетігіне тиіп кеткендей, қараңғы түнек сейіліп қоя берді. Айнала жарық нұрға бөленді. Айналамның шын мәнісін, ақиқатын көрдім.Ендi бiлдiм, жаңағы үрейлі көпір дегенiм жазық даладағы тегіс жол екен. Оң жағымдағы үлкен мазарлар болса, жайқалған бау-бақшалар бо лып, жарқын жүзді адамдар ұйымдастырған өзара сұхбаттасу, қызмет ету, құлшылық қылып, зікір ететін жайлы орын екенін аңғардым. Ал, сол жағымдағы дауылды шыңырау боп көрінген нәрсе көрiкті, сұлу асқар таулар. Ал, дауыл-дүлей болып естiлген дауыстар

84ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУсол таудың баурайында бас қосып, қонақасы берiп, көңіл көтерген қауымның сазды әуенi екенін түсіндім. Менің айдаhар деп қорыққан жыртқыш аңдарым болса, сүйкімді әрі жуас түйе, сиыр, қой, ешкі сияқты үй жануарлары екен.Дереу: «Әлхамдүлиллаhи ала нурил Иман» деп, Құраннан:деген киелі аятты оқыдым. Көңiлiм жай тауып, үрейлi оқиға ғайып болды.Уа, тыңдарман! Жаңағы екі тау дегеніміз өмірдің басы мен соңы, яғни, бұл әлем мен қабір әлемі. Көпір болса өмір жолы, оң жақ – өткен шақ, сол жақ – болашақ. Қалта шамы болса өзімшіл, білгеніне ғана жүгінетiн адамның бойындағы менмендік. Жануарлар ретінде көрінген нәрселер болса, әлемдегі таңғажайып құбылыстар мен мақұлықтар.Менменшіл, өзiне сенген, көкірек қараңғылығында жүрген, тура жолдан адасқан адамның жағдайы да осы оқиғадағы менiң бастапқы ха лiмдей. Құдайдан безген адам қалта шамы тәрізді шала-пұла әрі адас тыратын мағлұматтарымен өткен шақты мазар бейнесінде жойылу, өшу деп көреді. Болашақты дауылды, кездейсоқтыққа толы үрейлі әлем деп біледі. Хаким-і Рахимның тіл алғыш қызметшілерін әлемдегi құбылыстар мен жаратылыстарды қауiптi жыртқыш аңдар деп ойлайды. Сөйтіп, менменшілдік оны:дейтін үкімге әкеп соқтырады.Егер, Аллаhтан һидает бұйырып, тура жолға түссе, көңіліне иман ұяласа, нәпсінің перғауындық қасиеті талқандалып, Аллаhтың кітабына ден қойып, оқиғадағы жарқын халге келедi. Оның көзiне бүкіл әлем күндізгідей жайнап, Аллаhтың нұрына толады. Әлем: аятын оқытып тұрғандай ғажайып күй кешедi. Өткен шақты мазар лар бейнесінде емес, гүлденген бау-бақша қалпында, әр ғасырда пайғамбарлар мен әулиелердің

85ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗқұзырында құлшылық еткен ниетi таза, мейiрбан кісілердің өмірде өз міндеттерін адал атқарып: «Аллаhу Әкбар» деп, жоғары мәртебеге, көкке көтерілгендерін, болашаққа саяхат жасағандарын жүрек көзімен анық көретiн болады. Сол жағына бұрылып қарап, онда берзах пен ақыреттің теңiздей буырқанған толқынының тасасында Жәннаттың бау-бақшалары мен Рахмани қонақасы әзiрленген зәулім сарайлардың тұр ғанын иманның нұрымен алыстан сезеді. Дауыл, зілзәлә, топан су сияқ ты қорқынышты құбылыстарды мақсатты да адал қызметшілер деп біледі. Көктемгі дауыл мен нөсер, сел секілді сыртқы көрiнiсi жағымсыз оқиғалар, шындығында өте нәзік әрі хикметке толы жағымды көрiнiс екендiгiн толық түсiнеді. Тіпті, ажалдың өзiн мәңгі өмірдің кіріспесі, қабірді мәңгі бақыттың есігі деп біледі.Мiне, тыңдаушым! Ендi бұдан өзге айтылмай қалған жақтарын өзің салыстыр, ақиқатты санаға салып салмақта!ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Иман – нұр, иман – қуат. Иә, нағыз иманға қолы жеткен адам, жаратылыстың бәріне «тұрысатын жеріңді айт» дей алатын дәрежеге жетеді. Иманының қуатына қарай қырсық оқиғалардың қыспақтарына төтеп бере алады. Тәуекелге бел буып, бар iсін бір Аллаhқа тапсырады. Өмір кемесіне зор сенiммен мініп, тасқынды толқындарға қарсы жүзіп сайран құрады. Барлық ауыртпалықты Қадир-ы Мұтлақтың құдіретіне жүктеп, дүниеде көңiлi хош, рахат өмір сүреді. Қабірде тыны ғып, содан соң мәңгі бақыт мекенi, Жәннатқа самғайды. Егер тәуекел ет пей қасарысса, ұшпақ былай тұрсын, дүниенің ауыртпалықтары Тозақ тың түбіне батырып жібереді.Демек, иманға тәухид, тәухидқа тәсілім, тәсілімге тәуекел керек. Яғни, Аллаhтың бiр екенiне сенбей иман толық болмайды. Ал, Аллаhтың бiрлiгi болса толық мойынсұнуды қажет етедi. Мойынсұнып, көну болса, тәуекелсiз болмайды. Тәуекел деген адамға екі дүниенің бақытын әперетін құнды нәрсе. Алайда, тәуекел ету барлық шарттарды, себептерді мүлдем жоққа шығару емес. Әуелi шарттарды құдіреттің перделері деп танып, ал шарттарды орындау іс-қимылмен,әрекетпен жасалатын дұға деп түсiну қажет. Істiң соңын тек қана Аллаhтан тiлеу, нәтижелерді Жаратушымыз жасайтынын білу, әрі жалғыз Оған ғана қарыз болу керек.

86ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУЕндi тәуекел ететiндер мен тәуекел етпейтiндердің мысалын бір хикая арқылы баяндап берейін:Бірде екі адам ауыр, да үлкен қоржын арқалап, кемеге мінеді. Біреуі кемеге кірер-кірместен жүгін жерге қойып, үстіне отыра кетеді. Айналаны тамашалап, көңілі жәй. Келесiсi ақымақ әрі тым тәкаппар болғандықтан жүгін жерге қоймай арқалап тұрады. Серігі оған: «Жүгің ауыр ғой, жерге қойып дем алсаңшы!» – деп еді, ол: «Жоқ, болмайды. Мұны көтере алмайтындай маған не болыпты. Әрі жоғалып кетуі мүмкін. Өз жүгімді өзім көтеретін күшім бар», – деп жауап береді. Оны көрiп кемедегiлердiң жаны ашиды. «Мына бәрімізді көтеріп келе жатқан патшаның кемесі өте күшті әрі сенімді. Бүйте берсең басың айналып, жүгіңмен бірге теңізге құлап кетесің. Уақыт өткен сайын әлсіреп, мына бүкірейген белің мен ақымақ басың ауыр жүкке шыдай алмайды. Әрі кеменің қожайыны се-нің мына түріңді көрсе: «Алжасқан есуас неме, кемемнің сенімді еке ніне күмәнданып тұр-ау. Мазақ қылуын қарашы, өзінің» деп қамап тастауы мүмкін. Сөйтіп, баршаға күлкі боласың. Әлсіздігіңді көрсететін тәкаппарлығың, бейшаралығыңды білдіретін менмендігің, екіжүзділік пен міскіндігіңді көрсететін жасанды іс-әрекетіңді көрген жұрт әжуәләп күліп жатыр», – дегеннен кейін, әлгі бейшараның есі кірді. Жүгін жерге қойып үстіне отыра кетті: «Уһ, Құдай қалауыңды берсін! Машақаттан, қамаудан, масқара болу-дан құтқардың», – деп, серігіне алғысын білдірді.Уа, тәуекелден бейхабар бейбақ! Ақылға кел, тәуекел ет! Сонда сен жара тылыс атаулыға тіленуден, оқиғалардан қорқып үрейленуден, масқа ра лықтан, ақыреттік азаптан, тар дүниенің қыспағынан құтыласың.ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Адамды адам еткен – иман. Тіпті сұлтан қылатын да Иман. Олай болса адамның басты міндеті – иман келтіру, дұға ету. Күпірлік адамды нағыз құбыжыққа айналдырады.Бұл айтылғанға қатысты мыңдаған дәлел бар. Мысалы, хайуан мен адамның дүниеге жаңа келгендегі жағдайлары анық дәлел бола алады.Иә, адамзат жүректегi иман арқылы хайуаннан ерекшеленiп, адамзат атына лайық болғандығын олардың дүниеге келуіндегі айырмашылық тарына қарап білуге болады. Өйткені, хайуандар

87ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗдүниеге келген сәтте, бейне бір басқа әлемде пісіп жетілгендей бейімділігіне орай кемелденген түрде келеді, яғни жіберіледі. Бар-жоғы екі сағат, екі күн немесе екі айдың iшiнде дүниедегi өмір заңдарын, қоршаған ортамен болатын бай ланысын, тіршілік шарттарын тез меңгередi. Адамның жиырма жыл да қолы жетпейтін табысы мен іскерлігін, торғай мен ара сияқты мақұлық тар жиырма күнде үйреніп алады, яғни оларға үйретіледі. Демек, хайуан дардың басты міндеті, іздене отырып даму, білім жинай отырып жетілу емес, бейшаралығын көрсетіп көмек сұрау, дұға ету емес. Олардың негізгі міндеті тума бейімділігіне сай тіршілік ету, амал жасау, іс-әре кеттері арқылы құлшылық ету.Адам баласы болса, олай емес. Дүниеге келгенде әр нәрсені үйренуге мұқтаж, өмір шарттарынан бейхабар, тіпті жиырма жасына дейін оны толық үйрене алмайды. Керек десеңіз өмірінің соңына дейін үйренуге мұқтаж. Һәм тым әлсіз, бейшара халде дүниеге келедi. Бір-екі жылда әзер дегенде аяққа тұрады. Он бес жасқа келгенде алғы шарт деңгейінде оңы мен солын танып, өмір сүрген ортасының ықпалымен жақсы мен жаманды айырады.Демек, адам баласының негізгі міндеті – талпыну мен жетілу және дұға мен құлшылық. Яғни, «Кім екен маған жанашырлық жасап, хикметті түрде тәрбиелеп, басқарып отырған? Қайырымы мол, асыраушы, иелік етіп мәпелеуші кім болды екен?» деп ойлану, білу. Осылайша, қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отырған Қади-ул-Хажатқа (Қажеттіліктерді қамтама сыз етуші) өзінің әлсіздігімен, бейшаралығымен жалбарыну, өтіну және дұға ету, яғни, әлсіздік пен бейшаралықты қанат етіп, оны өзіне шапағатшы жасап, құлшылықтың ең жоғарғы сатысына өрлеу болып табылады.Демек, адам бұл әлемге білім алу және дұға ету, жалбарыну арқылы дамып жетілу үшін келген. Әр нәрсенің мәнісі мен бейімділігі ілімге тәуелді. Ал, ілімнің негізі, қайнар көзі, нұры мен рухы – Марифетуллаh, ал оның іргетасы Иман-ы Биллаh.Сондай-ақ, адам баласы тым әлсіз, ол аздай басына үйілген бәлелері, көптеген дұшпандары бар. Олардан әрдайым соққы жейді. Өзі тым бейшара, кіріптар әрі шексіз арман-тілектері бар. Сондықтан, жаратылысына сай басты міндеті, негізгі жұмысы – Иман келтірген соң дұға ету болып табылады. Дұға дегеніміз – құлшылықтың негізі.

88ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУМәселен, сәби өзінің қолы жетпеген нәрсесін алу үшін жылайды, я сұрай ды, яғни, іс-әрекетімен немесе тілімен әлсіздігін білдіріп дұға етеді. Осылайша, мақсатына жетеді. Сол сияқты адам, бүкіл хайуандардың ішін де бейне бір нәзік, ерке сәби тәрізді. Ол, Рахман-үр рахимнің алдында өзінің әлсіз, бейшара екенін мойындап жылауы керек немесе пақыр, мұқтаж екенін сезіп дұға етуі тиіс. Оның бұлай дұға етуі мақсаттарына жеткізеді және жасалған қамқорлыққа шүкір еткен болып есептеледі. Әйт песе, кішкентай шыбыннан зәрресі қалмайтын жылауық, ақымақ әрі тентек бала секілді: «Мен өз күшіммен менен мың есе күшті, таңғажайып алыптарды бағындырып отырмын. Оларды іліміммен көзін тауып, бас идіріп отырмын» дегендей, жасалып жатқан қамқорлықты жоққа шығарса, табиғатына қайшы әрекет қылып, ауыр жазаға тартылады.БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Иман - дұғаны ұйытқы ретінде қажет етеді және адамның болмысы да оған мұқтаж. Тіпті, Хақ Тағаланың өзі: «Дұға етпейтін болсаңдар, қадірлерің жоқтың қасы» деген мағынада: деп бұйырады. Һәм Оның: деген әмірі тағы бар.Егер: «Қайта-қайта дұға етіп жалбарынып жатқанда кейде қабыл бол майды. Алайда, аят жалпыға ортақ, әрі барлық дұғаға бірдей жауап бері леді, дейді. Сонда қалай?» – деп сұрар болсаң, оған айтылар жауап мынадай:Жауап беру бір басқа, қабыл алу бір басқа. Барлық дұғаның жауабы беріледі. Бірақ, қабыл болуы және дәл сұрағанының берілуі Аллаһ Тағаланың хикметіне тәуелді.Мәселен, науқас бала дәрігерге келіп: «Дәрігер!» – дейді. «Иә балақай, айта ғой», – деп жауап береді дәрігер. «Маған анау дәріні бересіз бе?» – дейді бала. Дәрігер болса, оның сұрағанын бұлжытпай орындайды, не оның жағдайына байланысты одан да жақсысын береді, не болмаса ден саулы ғына зиян екенін біліп ештеңе бермейді.Сол сияқты Жанаб-ы Хаким-і Мұтлақ (Нағыз дана, хикмет иесі) бәрін көріп, білетін болғандықтан құлының дұғасын жауапсыз қалдырмайды. Оның жалғыздық пен үрейін басатын сабыр сыйлап,

89ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗжауап беру арқылы достық шыраймен көңілін жайлайды. Әрине, адамның әуесқой нәпсісінің қалауына қарай емес, Раббани хикметінің талабына сай тілегенін немесе одан да тәуірін береді. Болмаса мүлдем бермейді.Сондай-ақ, дұға дегеніміз құлшылық. Құлшылық жемісін негізінде ақыретте береді. Дүниедегі мақсаттар болса, ондай дұға мен құлшылықтың өзіндік уақыты болып табылады. Ол мақсаттар әлдеқандай пайда көру үшін болмауы тиiс.Мәселен, жаңбыр намазы мен дұғасы құлшылық болып саналады. Ал, құрғақшылық болса, сол құлшылықтың уақыты. Әйтпесе, ол дұға мен құлшылық жаңбырды жауғызу үшін емес. Егер тек сол үшін болса, ол дұға мен құлшылық шынайы болмағандықтан қабыл болуға лайық емес. Мәселен, Күннің батуы ақшам намазының уақыты болып саналады. Сондай-ақ, Ай мен Күннің тұтылуы күсүф және хүсүф дейтiн намаздардың уақыттары, яғни, бұл аталған екі құлшылық сол уақыттарға ғана тән. Себебі, ол кезде Аллаhтың түнгі аяты Ай мен күндізгі жарқын аяты Күн перделенеді де, Иләһи құдіреттің орасан зор ұлықтығын жар салатын болғандықтан Хақ Тағала құлшылықтың осы бір түріне құлдарын дәл сол уақыттарда шақырады. Аталған намаз (аяқталуы әрі қанша уақытқа созылуы астрономиялық есеппен белгілі болған) тұтылған Ай мен Күнді ашу үшін емес.Сол сияқты, құрғақшылық та жаңбыр намазының уақыты немесе басымызға келген бәле-жала яки қандай да бір қайғы, өзіне тән кейбір дұғалардың уақыты болып табылады. Сондай сәттерде адам өзінің әлсіздігін сезіп дұға етіп, Қадир-ы Мұтлақтың (Күш-құдіреті шексіз) алдына шарасыз жалбарынады. Егер, көп дұға еткеннің өзінде бәле-жалалар тыйылмаса «дұға қабыл болмады» демей, оның орнына «дұғаның уақыты толмапты» деп түсiнген жөн. Егер, Хақ Тағала жарылқап қайғы-қасірет сейілсе, онда тіпті жақсы, дұғаның уақыты да аяқталған болып есептеледі. Демек, құлшылықтың сыры дұғада. Құлшылық шынайы ниет пен Құдай үшін жасалуы керек. Әрбiр адам Аллаh алдында өзінің әлсіздігін нақты көрсетіп, дұға арқылы жалбарынуы тиіс. Аллаhтың ісіне, оның Рубубиетіне араласпауы керек, істің сәтті болып-болмауын оның қолында деп, хикметіне сеніп, мейірімділігіне шүбә келтірмеуі керек.

90ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУСонымен, күллі аяттардың баяндамасынан шығатын қорытынды мы нау: Жаратылыс атаулының өзіне тән тәсбихтері, құлшылықтары, өз де ріне тән сәжделері бар. Міне, бұл олардың Аллаhқа деген дұғалары. Дұғалар дың да сан-алуан түрлері бар.Біреуі бейімділік тілімен жасалатын дұға. Өсімдіктердің дұғаларын айтуға болады. Олардың әрқайсысы бейімділігіне қарай Фәйяз-ы Мұтлақтан (Нағыз нұрға бөлеуші) түр-түс талап етеді. Жаратушы Аллаhтың есімдеріне айна болып жарқырайды. Біреуі мұқтаж дық тілімен жасалатын дұға. Жан-жануарлардың шамалары жетпейтін қажет-тілектеріне қол жеткізу үшін, мәжбүр болып жасаған дұғалары. Әрқайсысы мұқтаждық тілімен Джәууад-ы Мұтлақтан (Шексіз бай, молшылық иесі) тіршілік ету үшін азық секілді аса қажетті заттар сұрайды.Енді бірі шарасыздық тілімен жасалатын дұға. Қиын-қыстау кезеңде әрбір мақұлық бір қамқоршыға жалбарынады, яғни, Рабб-ы Рахимін іздейді.Осы үш түрлі дұға, қандай да бір кедергі болмаса, әрқашан қабыл болады.Тағы бір дұғаның түрі, кәдiмгі, яғни, адам баласының дұғасы. Бұл дұға да екі түрге бөлінеді.Біріншісі, іс-қимыл, хал-жағдай арқылы.Екіншісі, жүрек пен тіл арқылы.Мәселен, шарасын іздеп, себептерге ұмтылу іс-қимыл арқылы жаса латын дұға. Нәтижені жиналған себептер жасамайды. Олар нәтижені Аллаhтан тілеу үшін өз халдері мен оны риза қылатын күйге енеді. Егін егу мейірімділік қазынасына жасалған өтініш, дұға-тілек. Мұндай іс-әрекетпен жасалған дұға, Джәууад-ы Мұтлақтың (Шексіз бай, молшылық иесі) есім сипатына бағышталғандықтан басым көпшілігі қабыл болады.Екінші, жүрекпен, тілмен жасалатын дұға. Қол жетпеген кейбір өтiнiш-тiлектерiн Аллаһқа айтып, жалбарыну. Бұл дұғаның басты мақсаты мен балдай тәтті жемісі мынада: Дұға жасап, жалбарынған пенде өзін тыңдайтын біреу бар екенін, Ол мұның жүрегінің түкпіріндегіні естіп бәріне құдіреті жететініне, талап-тілектерін жаппай орындай алатынына, бейшаралығына қамқорлық жасап, медет беретініне сенеді.

91ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗТыңда, ей әлсіз, бейшара пақыр адам! Мейірімділік қазынасын ашатын кілт, таусылмас қуат қайнары болып табылатын дұғаны уысыңнан шығарма. Дұға арқылы адамгершіліктің ең жоғары мәртебесіне шық. Сұлтан атан да бүкіл әлемнің дұғасын өзіңнің дұғаңа қос. Құлдардың ең абыройлысы атанып, көпшіліктің өкілі сияқты де. Бүкіл әлемге тамаша үлгi бол!

Екінші бөлімБұл бөлімде адамды бақытқа жетелейтiн себептер мен бақытсыздыққа душар ететiн себептердің бес түрі баяндалмақ.[Адам ахсән-і тақуим түрінде, яғни, аса қабiлеттi, керемет көркем түрде жаратылған. Әрі өзге жаратылыстардан артық, әртүрлі бейімділікке ие болғандықтан азғындықтың ең төменгі сатысы-нан кемелденудің ең жоғарғы сатысына дейін, «әсфәл-i сафилин-нен» «ала-ы иллиiнге», жерден көкке, зәрреден Күнге дейін со-зылып жатқан дәрежелерге, мәртебелерге өрлей немесе құлдырай алатын жолдары бар сынақ алаңына жіберілген. Оның алдында биікке өрлеудің немесе төменге құлдыраудың екі жолы жатыр.Міне, адам, Иләһи құдіреттің мүғжизасы, жаратылыстың нәтижесі ретінде өнерлі де шебер жаратылып бұл дүниеге жiберiлген. Ендi, сол адам баласының осындай керемет дамуы мен құлдырауының құпия сырла-рын қысқаша «бес тұжырым» арқылы баяндайық.]БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Адам бүкіл әлеммен тығыз байланыста, әрі көптеген нәрселерге мұқтаж. Қажеттiлiктерi, арман-тілектері бастан асады. Қалауы мен аңсаған арманы таусылмайды. Жаны бір гүлді қала ғаны сияқты, көктемнің келуін де аңсайды. Бау-бақшаны қалағаны си яқты, мәңгілік Жәннатты да аңсайды. Досын көрудi аңсайтыны сияқты, Жәмил-і Зүлжәлалді (Айбынды да сұлу, өте көркем) де көруге құш тар. Алыстағы сүйіктісін сағынып, бiр көруге асығатыны секiлдi, қа бір әлеміне кеткен жүзден тоқсан тоғыз сүйіктілерімен мәңгілікке қоштас қысы келмей, олармен қауышуды аңсағандықтан, мына дүниенің есігін жауып, баршаның баратын жері ақыреттің есігін ашады. Қадир-ы Мұт лақтың (Күш-құдіреті шексіз) мына дүниені бұзып, орнына ақыретті құратын құдiрет күшiнің алдында жалбарынуға тым мұқтаж-ақ. Міне, осындай әлсiз күйдегі адам баласының Мағбуды (табындырушы), әл бетте, барлық нәрсенің тізгіні қолында, әр нәрсенің қазынасы қасында, барлығын көруші, барлық жерде бола тұра тұрақты мекені жоқ, уақыт, мезгілге тәуелсіз, құдіреті күшті, еш кемшіліксіз, нұқсандығы жоқ біреу ғана бола алады. Мұндай толық сипаттарға ие жалғыз Қадир-ы Зүлжәлал (айбынды, құдіреті шексіз), Рахим-ы Зүлжамал (Өте сұлу мейі рімді),

93ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗХаким-і Зүлкамал (Кәміл хикмет иесі) ғана. Өйткені, адамзаттың шексіз қажеттілігін, мұң-мұқтажын өтеу тек шексіз құдірет пен шексiз ілім иесінiң ғана қолынан келедi. Олай болса, адам баласының жалбарынуы мен табынуы да тек сол жалғыз құдiрет иесiне арналуы тиіс.Уа, адам! Сен тек соған ғана құл болсаң, бүкіл жаратылыстан жоғары мәртебеге ие боласың. Егер, Оған құл болудан бас тартсаң, мақұлықтарға қорланып әлсiз пақырларға құл боласың. Менмендікке салынып, күш-қуатыңа сеніп, тәуекел мен дұғаны тастап, тәкаппарлана, дауласатын болсаң, игілік жасау, бір нәрсе істеуге келгенде ара мен құмырсқадан да, өрмекші мен шыбыннан да дәрменсiз боласың. Ал, жамандық жасауға, бүлдіруге келгенде тау мен теңізден, Жер мен Көктен асып, олардың бас тартқан ауыр жүгiн мойныңа аласың.Уа, адам! Расында сенің екі жағың бар.Біреуі: Әлдененi жасау, жақсылық істеу, мойындау, іс-әрекет ету секілді жағымды жағың.Екіншісі: Бұзу, жоқ қылу, бүлдiру, жамандық жасау, жоққа шығару, қасарысу, секiлдi жағымсыз жағың.Бірінші жағыңмен қолыңнан еш нәрсе келмейді. Кәдуілгі арадан, торғайдан дәрменсіз, шыбыннан, өрмекшіден әлсізсің.Екінші жағыңмен, көк пен жерден, таудан да асып түсесің.Олар, тартынған жауапкершілікті мойныңа алып, олардан әлдеқайда ауқымды алаңға үстемдік етесің. Себебі, сен әлдебiр игі iс жасағанда, тек қолың жеткенi мен шамаңның келгенiне, күшің жететіндей игілік істей аласың, ал жамандық жасауға, бұзып – бүлдіруге келгенде жамандығың артып, бұзықтығың жайылып, жан-жаққа тарап кетеді. Мәселен, Күпірлік – өте жаман нәрсе. Оның негiзiнде бүлдіру, мойындамай, қасарысу жатыр. Бір қарағанға кішкене жамандық сықылды болғанымен расында бүкіл әлем ді қорлау, әрі Аллаhтың бүкiл есімдеріне тіл тигізу және адамзаттың абыройын төгу дейтін жағымсыз қылық. Өйткенi, бізді қоршаған ортаның өзiндiк жоғары мәртебелері, жүктелген маңызды міндеттері бар. Олар – Аллаhтың қызметшілері Раббани хаттар, әрі Сүбхани айналар. Күпірлік болса, оларды қызметтен аластатып, міндеті мен мағынасын жойып, оларды әбестік пен кездейсоқтықтың ойыншығына айналдырады.

94ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУАйна тәріздес жаратылыстағы Аллаhтың есімдерінің ою-өрнек нақыштарын, көріністерін, әсемдіктерін жоққа шығарып, мазақ қылады. Әрі Аллаhтың есімдерін тамаша түрде жариялайтын \"адамзат\" атты әсем өнерін, яғни, мәңгі жасайтын ағашты, нәтижесі дәніне сыйғызылған құдірет туын дысын, сондай-ақ, үлкен аманат арқалап Жер мен Көкке үстемдік еткен, періштелерден де жоғары мәртебеге ие, жер жаhанның ханзадасы атанған адамзатты мүсәпір әрі фәни хайуаннан да бетер бейшара, тым әлсіз әрі пақыр санап, өмірден өте шығатын жануарға теңеп дәрежесін әбден төмен детіп жібереді. Сөйтiп, оны адами кейiптен шығарып, мән-мағынасы жоқ, өшіп, жоғалып кететiн түкке тұрғысыз құр қауақ санап, абыройын төгiп, масқара қылады.Сонымен, жүгенсіз нәпсі бүлдiру мен жамандық iстеуге келгенде қыл мыс тың нелер бiр сұмдық түрлерiн жасай алады. Ал, жақсылық істеуге, бiрдеңе жасауға келгенде алаңы тарылып кiшкентай боп қалады. Иә, үй тұрғызу қиын, бірақ бұзу оңай. Жүз күн қалап тұрғызған үйдi бiр күнде бұзуға болады. Алайда, менмендіктен арылып тәкәпарлықты тастаса жақсылықты, болмысты аса қамқор Аллаhтың таупығынан тілесе және жамандықтан, бүлдiру мен қасарысудан бас тартып тәубаға келсе, сырына бөленеді. Бойындағы жамандыққа бастаушы шексіз қабілет жақсылыққа бастаушы қабілетке айналады. Ахсән-і тақуим құндылығына ие болып, аса қадірлі, жоғары мәртебеге ие болады.Міне, Уа, бейқам адам! Хақ Тағалатың асқан мейірімділігіне көңiл бөл! Бір жамандық жасағанда мың есе жазып, бір жақсылық істегенде бір рет жазу немесе мүлдем жазбаса да әділдік бола тұра, бір жамандықты бір мәрте, бір жақсылықты он, кейде жеті жүз, тіпті кейде мың есе артық жазады. Осыдан түсін, анау жалын шашқан Жәhаннамға түсу, өзіңнің жасаған жамандығыңның нәтижесi, әрі әділ жаза екен де, Жәннатқа жету, Аллаhтың аса мейірімі мен жарылқауы екен.ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Адамның екі қыры бар: Біреуі, менмендік, онымен мына дүниеге қарайды. Екіншісі, құлдық, онымен ақыреттік мәңгі өмірге қарайды. Бірінші жағынан қарағанда, адам баласы тым бейшара мақұлық. Таянған бар сүйенiшi еркіндік аталмақ, тырнақтай қалау және құдіреттен алар сыбағасы шағын бір

95ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗкәсіп, көзді ашып жұмғанша өте шы ғатын өмір, жалған болмыс. Жер бетiндегi өзге жаратылыстармен салыс тырғанда, өте нәзік, әлсіз дара тұлға.Екінші жағынан, әсіресе құлдыққа тән әлсіздік пен пақырлық тұр-ғысынан қарасаң оның алаңы кең, зор маңызға ие. Себебi Фатыр-ы Хаким (Әр нәрсені хикметпен теңдессіз жаратушы), адамның әлсіздігіне шек қоймай өте пақыр етіп жаратқан. Қадир-ы Рахим (Өте мейі рім ді, құдіреті шексіз), сарқылмас байлық, таусылмас қазынаның иесі Ғани-ы Кәримнің (Аса жомарт, өте бай) теңдесiз көркемдігін қамтитын жинақы айна кейпінде жаратқан.Иә, адам баласы бейне бір дән секілді. Өсiп-өнуi үшiн дәнге құдірет тарапынан рухани маңызды қабiлет және тағдыр тарапынан шағын да құнды бағдарлама берілген. Мақсат – сол арқылы жер астынан тырбанып, тар әлемнен кең де жарық ауа әлеміне шығару. Жаратқан Иесінен ағаш болуды сұрап бейімділік тілімен дұға ету, яғни, сұрау. Осылайша өзіне лайық кемелдi түрге ену. Егер әлгi дән, өзіне берілген рухани қабiлеттi, орынсыз жұмсап, жер астындағы зиянкес заттарды жинауға арнаса, әлгі тар қараңғы жерде түкке жарамай шіріп кетеді. Егер, дән өзінің рухани қабiлетiн деген тәкуин әмiрiне, яғни, Аллаһтың жарату заңына сәйкес тиімді пайдаланса, топырақ астындағы қапастай тар әлемнен шығып, кең ауада бой түзеген зәулім ағашқа айналады. Осылайша, дәнінің шағын ақиқаты мен мағынауи рухы ауқымы кең ақиқатқа айналады.Дәл сол сияқты, адам баласына, құдірет, маңызды қабiлет, тағдыр, құнды бағдарлама сыйлаған. Егер адам, жер асты тәріздес мына қу дүниелiк тұрмысқа бойындағы бүкіл қабiлетiн нәпсіқұмарланып орынсыз жұмсаса, дүниедегі өткінші ләззаттармен алдамшы күй кешіп, шіріген дән секілді тозғынға ұшырайды. Егер адам, дән тәріздес бейімділігін Ислам нәрімен суарып, иманмен жарық беріп, құлшылық атты топыраққа егіп рухани қабiлетiн Құранның әмірлеріне сәйкес, биік мақсаттарға пайдаланса, әлбетте әлем-і мысал мен берзахта яғни о дүниелiк бақи әлемде өркен жаятұғын, Ақырет пен Жәннатта жеміс беретұғын мәңгілiк ағаштың дәніндей өсiп-өнiп, мәңгілік жиhаздардан жасалған таңғажайып жанды машинаға немесе әлем атты ағаштың мүбарак, нұрлы жемісіне айналады.

96ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУРасында, нағыз даму деп, адам баласына берілген жүрек, рух, ақыл-ес, ой-сана, көңіл hәм тағы басқа сезімдерді мәңгілік өмірге бағыштап, әрқайсысын өзіне тән құлшылықпен шұғылдандыруды айтады. Анау Хақ жолдан тайғандардың даму, өркениет деп жүрген, дүниелік өмірдің қызығын қуу, жалған рахатына батудың түрлерін тіпті ең жиіркеніштісін тату үшін барлық ақыл-ес, ой-сана, жүрек сияқты сезiмдерiн нәпсінiң құлына айналдыруы даму емес, түпсiз құлдырау. Осы бір ақиқатты қиял оқиғада мынадай бір теңеу арқылы көріп едім. Теңеу былай болатын:Көп қабатты зәулім сарайлары бар үлкен шаhарда жүр екенмін. Кейбір сарайлардың ауласы шамдары жалт-жұлт, жайнаған көркi сәндi театр секілді еріксіз көз тартады. Оған қоса баршаның көңілін сергiтетiн ойын-сауықтар ұйымдастырылған. Сондай үйлердiң бiрiне көзім түсіп еді, иесi есiгiнiң алдында итiмен ойнап жүр екен. Ханымдары әлде бiр бейтаныс жігіттермен әңгiмелесiп, көңілді сұхбаттасып тұр. Бойжеткен қыздар кішкентай балалардың ойындарын қызықтап, оларды басқарып жүр. Үйдің күзетші малайы әкім киімін киінiп, оларды басқарып жүргендей, бейне бір әртiстiң кейпiнде көрiндi. Сонда мен бұл зәулім сарайдың іші қаңырап бос қалғанын аңғардым. «Иә, негiзгi шаруа, басты мiндет атқарылмай қараусыз қалған екен. Түрлерi мынау, шамасы ахлақтары бұзылған-ау», – дедiм.Бұлардан өтiп жүре бергенімде тағы бiр зәулiм сарайға тап болдым. Есiк алдында мiндетiне адал, сақ ит пен сұсты да салмақты күзетшiнiң тапжылмай тұрғандарын көрдім. Ауласының iшi де тым-тырыс. «Бұл неге мұндай, анау неге ондай?» деген ой келiп, соны бiлмекке аулаға қарай беттедiм. Сарайға кіріп едім, іші жайнап-ақ тұр. Әрбір қабатта үй тұрғындары аса күрделі өз міндеттерімен шұғылданған, қолы бос адам көрiнбейдi. Бірінші қабаттағылар сарайдың шаруашылығымен шұғыл дануда, олардан жоғарыда ұл-қыздар сабақ оқуда. Олардың жоғарғы қа батында әйелдер ою-ойып, кесте тоқуда. Ең үстіңгі қабатта болса сарай иесi телефон арқылы патшамен байланысып, халқының қамын ойлап, әрі өз iлiмiн дамытып жетілдіру үшін жеке басына қатысты мәселелердi де тiлге тиек етiп, өзекті де ортақ мәселелерге пiкiр алысып отыр. Оларға мен көрiнбегендiктен ешкім ештеңе демедi. Кең сарайды емін-еркін араладым.

97ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗСодан соң, сыртқа шықтым. Айналама қарасам, шаhардағы сарайлар екі түрлі екен. Себебін сұрағанымда: «Ауласы жайнап, іші бос тұрған үйлер кәпірлер мен Хақ жолдан тайғандардікі, ал iшi толы болғандары зиялы мұсылман ғұламаларының сарайлары»,– деп жауап берді. Бұдан кейiн бұрышта оңаша тұрған бiр сарайға көзім түсті. Маңдайшасындағы «Саид» деген жазуды көріп, көңілiм елтiп, үңiлiп едiм, өз бейнемді көргендей болдым. Сасқанымнан даусымның қалай шыққанын да бiлмей, айқайлап жіберіппін. Есімді әрең жидым. Аллаh қайырын берсін!Осы бір қиял оқиғаны ендi сiзге жорып берейін. Теңеудегі шаhар – қоғамдық өмір мен мәдени тұрмыс. Әрбір сарай – жеке бiр адам. Сарай тұрғындары – адам бойындағы көз, құлақ, жүрек, рух, ақыл-ой, нәпсіқұмарлық пен әуестік секілді сезімдер. Ол сезімдердің атқарар өзіне тән түрлі құлшылық міндеттері, қызық-ләззаттары, өзіндік қайғы-қиыншылықтары болады. Бойымыздағы нәпсі мен әуестік, құмарлық пен ашу сезімдер әлгі ит пен күзетші тәрізді. Сол себептi, бойдағы құнды сезімдерді әуестік пен нәпсіқұмарлықтың жетегiне ноқталап берiп, оларды негiзгi міндеттерінен босату, әрине даму емес – құлдырау, жетілу емес – азғындау. Енді, қалған жақтарын өзің жорып ал!ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Адам қандай да бiр іс-әрекет, амал жасауға және өзін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге келгенде өте әлсiз жануар секілді, бәрiнен бейшара мақұлық тәрізді. Оның билік пен иелік алаңының тарлығы сонша, көлемiн қолмен өлшеуге болады. Тіптен қолға үйретiлген үй жануарлары адамның әлсіз, пақыр әрi жалқау сипаттарынан әсер алғандықтан жабайы тұқымдастарымен салыстырғанда үлкен айырмашылық байқалады. (Үй ешкісі мен жабайы ешкі және қолдағы сиыр мен қодас секілді).Әйтседе адам баласын әсер алу, қабылдау, дұға ету, сұрау тұрғысынан пайымдар болсақ, онда оның мынау «дүние» атты қонақ үйде ең қадiрлi қонақ, мәртебелi жолаушы екендiгiн аңғаруға болады. Оның жолаушылап түскен үй иесi асқан жомарт, мейірімді. Жомарттығы сондай, оған өзінің теңдесі жоқ жаратылыстары мен қызметшілерін бағындырып, сарқылмас қазынасын алдына жайып тастаған. Келген қонағының еркiн дем алып, жайлы тынығуына,

98ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУайналасын қызықтап, қажетiнше пайдалануына дайын даған алаңының үлкендігі сонша, адамның көзі жетер жерден асып, қиялы жетер шексiз кеңiстiкке қарай созылып жатыр.Міне, сол себептi адам баласы менмендікке салынып дүниелік бәз өмірге күрмелiп, өткінші ләззатпен қызық қуса, өлшеулi ғұмыры тар алаң да булығумен өтiп, оған берілген күллі қабілет, құрал-жабдықтар, құнды сезімдер хашірде (ақыреттегі сотта) оның үстінен шағым айтып дауласатын куәгерлерге айналады. Ал, егер адам өзін Оның қонағымын деп білсе, қолда бар иелігін қонақжай иесі Зат-ы Кәримнің рұқсат еткен алаңында жұмсаса, иелік алаңы кеңіп, мәңгі өмір үшін адал еңбек еткен болады. Солайша, қабірде тынығып, содан соң ала-и иллийнге көңiлдi бет алады. Әрі оған берілген күллі қабілет құрал-жабдықтар оған ризашылықтарын білдіріп, ақыретте оны жақтайтын куәгерлерге айналады.Күллі ғажайып қабiлеттілік адам баласына мына түкке тұрғысыз дүниелік өмір үшін берілмеген. Өйткені, адамды өзге жануарлармен са лыс тырғанда, оған өте керемет қабiлет, көптеген құрал-жабдықтар бе рiлген. Хайуандарға қарағанда жүздеген есе көп сый көрсетiлген. Бiрақ, хайуан секілді өмір сүру, күн көріске келгенде жүздеген есе нашар тұрмыс бұйырған. Оның себебi, әрбiр татқан ләззаты өзінен кейiн мыңдаған қайғылы із қалдырады. Өткен күндердің өкініштері, келешектің қорқы ныш тары, тіпті әрбір ләззаттың аяқталу сәтіндегі күйік пен қайғы, кө ңiл дегi қуанышты су сепкендей басады. Жүрегін сыздатып орнына дақ қалдырады. Ал, хайуандарда мұндай сезiм болмайды. Олар мұңсыз ләз зат алып, уайымсыз рахатқа батады. Өткеннiң өкініші, келешектің қор қы нышы олардың мазасын алмайтыны себептi маңғаздана, ішіп-жеп Халиқына, яғни, жаратушысына шүкір етеді.Демек, өзгелерден ерекше ахсән-і тақуим түрінде жаратылған адам баласы фәни өмірді басты мақсат тұтса, әуелден берiлген қабiлеттер жағы нан жүздеген есе бай бола тұра, нақтап келгенде құс екеш құс, торғайдан жүздеген есе төмен дәрежеге түседі. Бұл ақиқатты мұнан бұрын бiр жерде теңеу арқылы айтқан болатынмын. Ендi сол теңеуді қайталаудың реті келіп тұр.Баяғыда бір мырза екі қызметшісін шақырып алып, біреуіне он ал-тын ұсынып: «Мынаған өзіңе лайықты бір киер киім тіктірiп ал!»деп, екіншісіне мың алтын берiп, жазу жазылған бiр жапырақ қағазды

99ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗқал тасына қоса салып, екеуін базарға жіберіпті. Әуелгі қызметші он алтынға тәп-тәуір матадан өзіне шақ, әдемі киім сатып алады. Екінші қызметші ақымақтық жасайды. Қалтасындағы есеп-қисап қағазына қараудың орны на, қасындағы қызметшiге елiктеп, сатушыға бар алтынын беріп, бір киер киім сұрайды. Ынсапсыз саудагер оған матасы шірік бір киер киімді ұстата салады. Ақымақ қызметшi шiрiген киiмге мәз болып қожайынына келеді. Ақымақ қызметшiні қожайын ауыр жазаға тартып, қамап тастапты.Шын мәнiнде әлгі қызметшiге берiлген мың алтын тек бiр киер киiм үшiн емес, әжептеуiр үлкен сауда жасау үшiн берiлгендiгiн аз ғана ақылы бар адам аңғару керек-ті!Дәл сол сияқты адам бойындағы қабiлеттер мен құнды сезімдердің әрқайсысы хайуандардың сезімдерiмен салыстырғанда жүз есе артық әрі бай. Мысалы, көзімен сұлулықтың барлық түрін айырып, тілі арқылы тағамдардың түрлi дәмдерін сезеді. Ақиқаттарды егжей-тегжейлі зерттеуге ақыл-ойын жұмсап, жақсылық атаулыны көңiл таразысымен өлшеймiз. Мiне, осындай толып жатқан қабiлеттер мен сезімдер қаншалықты кере мет десеңізші! Мұның қасында хайуандарда болатын тым қарапайым, бір-екі саты ғана жетілген сезімдері төмен екенi түсiнiктi емес пе!? Арадағы бар айырмашылық әрбiр жануардың өзiне тән іс-қимылында. Әлдебiр жануардың белгiлi бір мүшелерi ғана ерекше дамитыны рас десек те, алайда ол даму тек сол жануардың өзіне ғана тән қасиет.Адам баласының аса қабiлеттi болуының бір себебі ақыл мен сана болғандықтан, сол арқылы сезіну мен сезу қабілеттері жақсы дамыған. Қажеттіліктерінің көптігі де соған сай сан-алуан сезімдерді пайдалануға итермелейді. Сезімталдығы ерекше түрде дамыған. Әрі жаратылысы өте күрделі болуы себептi шексiз мақсаттарға жетелейтін талап-тілектері және мойнында о баста атқаруға тиіс міндеттері болғандықтан сезiм мүшелері мен қабiлеттерi өте жақсы жетілген. Сондай-ақ, құлшылықтың барлық түріне икемді етiп жаратылғандықтан кемелденуге сай бейімділіктер қоса берiлген. Міне, осыншама дүние, мол байлық, әрине мына түкке тұрғысыз, өткінші, жалған өмірді қызықтау үшін берілмеген. Қайта мұндай байлыққа ие, адам баласының басты міндеті - биік мұраттарға бағытталған қызметін адал атқарып, өзінің әлсіздігі мен бейшаралығын, ағаттық

100ИМАН МЕН КҮПІРДІ ТАРАЗЫЛАУпен кемшілігін мойындап, жар салу. Шын ықыласымен, және ауқымды назарымен, терең ойымен, қоршаған ортаның, жаратылыс атаулының тәсбих-зікірлерін та машалай отырып куәгерлік ету, берiлген нығметтерден, сыйланып жатқан рызықтардан Аллаhтың медетін сезіп шүкір ету, сондай-ақ, әлемге қарап ондағы Аллаhтың құдіретінің мүғжизаларын, көріп олардан ғибрат алып, толғану ой түю болмақ.Уа, дүниелік өмірге ғашық, ахсән-і тақуим сырынан бейқам, дүниеге табынушы адам! Мына өмірдің шындығын бұрынғы Саид қиял оқиғадан көрген бо латын. Ендi сол бұрынғы Саидты жаңа Саидқа өзгерткен бір теңеу оқиғаны айтып берейін, тыңдап ал!Мен жолаушылап сапарда жүр екенмін, яғни менi бiреу арнайы тап-сырмамен жіберген екен деймін. Тақсырымның маған бөлген алпыс ди нар алтынынан ауық-ауық белгілі мөлшерде алып отыратынмын. Бірде айқай-шулы, көңіл көтеретін қонақжайға бардым. Ол жерде өзгелерге мақта нам деп бір түнде он динар алтынымды құмар ойындары мен көңіл көтермекке жұмсап қойдым. Таң атқан соң қалтамды қарасам, көк тиын ақша қалмапты. Ішім удай ашыды. Баратын жерiм ұзақ, дұрыстап сауда да жасай алмадым, жолға алатын зат та көп едi. Жөнсiз кеткен ақшаның орнына өкініштер мен күнәлар қалыпты. Көңіл көтермек түгілі қайғы-мұңға басылыппын. Осылайша мұңайып тұрғанымда кенет жаныма бір адам келді.«Барыңнан айрылдың, жазаға тартса да обалың жоқ. Ба-рар жеріңе құр алақан қайыршы кейiппен баратын болдың. Бірақ ақылың болса, тәуба есігі әрдайым ашық тұрады. Бұдан кейін берілетін он бес динар алтынды алған сайын жартысын ықтияттап сақтайтын бол. Жолға қажеттi заттарыңды ал!» – деді. Әлгi адамның айтқан бұл сөзi нәпсіме ұнамады. «Олай болса үштен бірін сақта», – деді. Нәпсім бұған да көнбей қойды. Сонда әлгі адам: «Ендеше, төрттен бірін», – деп еді, нәпсім ескі әдетіне салып қиқарлығын қоймай, көнбей қойды. Сол-ақ екен, әлгі адамды ашу кернеп, сырт айналды да кенет көрініс өзгеріп қоя берді.Мен бейбақ, жер асты туннеліьмен зымырап бара жатқан отарба iшiнде екенмін. Мазасызданып, қобалжи бастадым. Әйтсе де, қашып құтылар жер жоқ. Таңғалатын жәйт – отарбаның терезесінен көздің жауын алатын әсем гүлдер мен жайқалған жеміс-жидектер көрінеді.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook