ЖАСТАРШЫРАҒЫБәдиуззаман Саид НұрсиАлматы, 2015Рисалей-Нұр жинағынан
Б 32 Бәдиуззаман Саид НұрсиЖастар шырағы - Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС,185-бет. Рисалей-Нұр жинағынанISBN 9965-9388-4-9ББК 86.38ББК 86.38Б 32Б “Нур Фейз“ ЖШС 2015ISBN 9965-9388-4-90403000000 00(05)-03Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Рашид Тәжібай, Сабырхан Сейілбекұлы, Абай Хамза.
АЛҒЫ СӨЗҚолыңыздағы «Жастар шырағы» атты кітап жаңа әріптермен ба-стырылып, жарыққа шыққаны секілді Ыспарта қаласында төте жазу-мен де нұсқалары көбейтілген-ді. Бұл іске үкімет пен заң орындарының тиіспеуі және әр тарапта қызыға оқылуы бұл кітаптың халыққа, оның ішінде жастарға өте пайдалы екенін көрсетеді. Тек, Анкара ішкі істер басқармасының бастығы кітаптың елу екінші бетінің бесінші жолындағы «діни сабақтар мен жеке дәрісханалар ашуға рұқсат берілуіне байланысты» деген сөйлемді оқымай, сегізінші жолындағы «мүмкін болғанынша барлық жерде Нұр дәрісханаларын ашу керек» сөйлеміне тиіскен болатын. Кейін түсінген болар кітаптың таралуына кедергі болмады.Сондай-ақ, ішіндегі «Һуә нүктесі», шындығында мағынасы терең. Әркім, бірден түсіне алмас. Бірақ ол «табиғат жаратады» де-ген күпірлік ұғымның іргетасын тас-талқан етеді. Сонымен қатар қасарысқан философтарды таң қалдырып, көпшілігін иманға келтірді. Сол «Һуә нүктесі» арқылы маған «Мысал әлемі» ашылып саяхат жасағанымда ақырет әлемі теледидардан көрінгендей анық көрінді. Бірақ мәселе өте күрделі болғандықтан бұл жерге жазылмады. Бәдиуззаман Саид Нұрси
5БіРіНШі СӨЗ«Биссмилләh» күллi игiлiктiң бастамасы, сондықтан, бiз де «Биссмилләhтан» бастайық.Уа, нәпсiм! Бiлiп қой! Бұл мүбәрак сөз, Исламның белгiсi. Сондай-ақ, оны бүкiл жаратылыс атаулының қай-қайсысы болсын, өздерiне тән тiлімен әрдайым қайталап отырады. «Биссмилләhтың» қажымас қайрат, қайнары сарқылмас бе-реке екенiн бiлгiң келсе, мына бiр шағын хикаяға назар аудар, құлақ сал:Ұшы-қиырсыз араб сахарасына сапарға шыққан адам жол торыған қа рақшылардан дін аман болып, мақсатына жетуі үшiн белгiлi бiр қа уымның басшысының атын атап, оны пана тұтуы керек. Әйтпесе, қаптаған жау мен жол қиыншылығына тап болып, қатты қиналатыны сөзсіз. Мiне, осындай сапармен екi адам сахараға жол тартады. Олардың бiреуi – кiшiпейiл, екiншiсi – тәкаппар болатын. Кiшiпейiлі белгiлi бiр басшыны паналады, ал тәкаппар болса, оны қажетсінбеді. Кішіпейіл кісі барлық жерде аман-есен жүрдi. Жолда қарақшыларға жолықса: «Мен пәлен деген басшының атынан жүрмін» – дейдi. Қарақшылар тиiспей, жөнiне кете бередi. Сондай-ақ, жолай кез-дескен ауылдарға ат басын бұра қалса, әлгі басшының беделi арқасында құрметке бөленедi.Ал, анау тәкаппардың жол бойы азып-тозғаны соншалық, жағдайын сөзбен жеткiзу мүмкін емес. Әрдайым зәресi ұшып, қорқыныш пен үрей сорлыны әбден титықтатады. Ақырында досқа күлкi, дұшпанға таба болды.
6Мiне, ей тәкаппар нәпсiм! Сен де осындай жолаушысың. Мына дүние шексiз сахара секілді. Жаратылысың әлсiз әрі пақыр, мұң-мұқтажың да көп, өміріңе қауіпті дұшпандарың ба-стан асады. Олай болса, осы сахараның мәңгiлiк иесi Хаким-i Әзелидiң 1атын атап, есiмiн пана тұт, Оның пендесi болып, қоластына кiр. Сонда ғана әлемнің құбылыстарынан, қауіп-қатер лерден аман-есен болып, оларға тәуелдi болып қалудан құтыласың. Бо йың дағы пақырлық пен әлсiздiк әлгі қасиеттi сөздiң арқасында құдiретi күштi бір Аллаhтың алдында саған шапағатшы болады. Сондықтан, әрбір iс-әрекетін \"Биссмилләh\" деп бастаған адамды ешкiмнен қорықпайтын, қандай iс болсын заң жүзiнде, мемлекет атынан абыроймен атқарып, бәрiне төтеп беретін жауынгер ретiнде сипаттауға бо-лады.Сөз басында жаратылыс атаулы өздерiне тән тiлмен «Биссмилләh» дей тiнін айтып өттік. Ендi соған тоқталайық:Мәселен, әлде бiр адам қала тұрғындарын жаппай бір өзі бiр жерге мәжбүрлеп жинап, жұмысқа жеккенін көрсеңіз, оның бұл iстi өз бетiмен, өз күшiмен емес, бір Патшаның құдiретiне арқа сүйеп, мемлекет атынан әрекет етіп жүргенін түсінесің. Сол секiлдi барлық iс Хақ Тағаланың атымен атқарылады. Кiп-кiшкене дәнектер өз бойында зәулім ағаштарды көтеріп, үлкен жүк тасиды. Әрбір ағаш «Биссмилләh» деп, Аллаhтың мейiрiмдiлiк қазынасындағы жемiстердi «тасымалдаушы»ретінде бізге жеткізіп отырады. Бау-бақшалар да «Биссмилләh»дейдi. Олар, сан-алуан дәмдi тағамдар салынған мінсіз, қаз-1) Хаким-i Әзели – мәңгі бақи үстемдік етуші Аллаh.ТҮСіНіКТЕМЕ. Қадірлі оқырман! Кітаптың ішінде осы тектес сызықшаға алынған сөз тіркестері көп кездесетінін, олардың кейбірі Аллаh Тағаланың көркем есім-сипаттары екенін ескертпекшіміз. Осылай өзгешелеу жазылуының себебі мағынасы өте терең, сөз жетпейтін Жаратқанның есім-сипаттары болғандықтан, түпнұсқадан қаз-қалпында алынды. Шексіз терең мағыналарды шектеп, нұқсан келтірмеу үшін әрі Жаратушымыздың есімі болғандықтан солай жазылып, жатталуы тиіс деп ұйғардық. Әрі жеке атаулар өзгермей жазылатыны мәлім. Мұны осылай қабылдап, дұрыс түсінерсіз деген үміттеміз. Ауд.
7қалпында, тап-тұйнақтай пiсiрiлiп жататын Иләhи қазан тәрізді. Сиыр, қой, ешкi, түйе секiлдi жануарлар «Биссмилләh» деп, бiздi Аллаhтың «Рәззақ»(Барлық мұқтаждарға ризық беруші)атымен мейiрiмдiлiк бұ ла ғынан шығып жатқан өте жұғымды әрi таза қорекпен яғни сүтпен қам та масыз етедi. Әрбiр өсiмдiк пен ағаштың, тіпті шөптердiң жiбектей нәзік тамырлары «Биссмилләh» дейді. Қатып қалған тас пен топырақта емiн-ер-кiн өсіп-өнеді. «Аллаh атымен, Рахман атымен» дегенде бәрi оларға қыз метшi бола қалады.Ағаштардың көкке еркін бұтақ жайып, жемiс салуы тәрiздi, тамыр лар дың жер астында емiн-еркiн жайылып түйнек салуы, сондай-ақ өте нәзiк, жасыл жапырақтардың аптап ыстықта ай-лар бойы жап-жасыл қалпында тұруы; міне, бұл құбылыстар «табиғат жаратты» дегендердiң аузына құм құяды. Оларға: «Көздерiң соқыр ма? Көрмейсiңдер ме? Қат тылық та, ыстық та Құдайдың қолында. Демек, олар Аллаhқа құлдық ұрады. Әлгi жұп-жұмсақ нәзік тамырлар Мұсаның (Ғ.С.) аса таяғы тәрiздi әмiрiмен тас-топырақты қақ жа ра ды. Жұп-жұқа, нәзiк жапырақтар Ибраhимнiң (Ғ.С.) ағзалары тәрiздi отқа қарсы ая-тын оқиды,» – дейді.Иә, барлық нәрсе «Биссмилләh» дейді, Олар ырыс-несiбе, нығметтерді Аллаh атымен бiзге жеткiзiп отырады. Ендеше, бiз де «Биссмилләh» деуiмiз керек. Аллаh атымен алып, Аллаhатымен беруiмiз керек. Ендеше, Аллаh атымен бермейтін, ғапыл, бейқам адамдардан алмауымыз керек.Сауал: Әлгі ризықтарды тасымалдаушы себептерге көп мән беріп, жоғары баға берiп жатамыз. Алайда, бұл нығметтердiң нағыз иесi Аллаh Тағала мұнша нығметтердiң ақысына не сұрайды?
8Жауап: Иә, нағыз Жарылқаушы, Қамқоршы, мейiрiмi мол Аллаh Тағала осы құнды нығметтерi үшiн бiзден қалайтыны үш-ақ нәрсе. Бiрiншiсi – зiкiр, екiншiсi – шүкiр, үшiншiсi – пiкiр.Әрбiр iске кiрiсерде «Биссмилләh» айту – зiкiр. Соңында «Әлхам д лилләh»ү деу – шүкiр. Ортасында осынша-ма таңғажайып нығметтердi Әхад(Жалғыз) әрi Самәдтiң(Еш нәрсеге мұ таж емес)қ құдiретi жаратты, яғни Оның жарылқауы, сыйлығы деп бiлу – пiкiр. Патша бір мiскiн адам арқылы әлдебiреуге қымбат сыйлық жiберсе, мұны алған пен-де сыйлықты әкелген мiскiннiң аяғын сүйiп, ал осы сыйлықтың нағыз иесiн танымаса, ол барып тұрған ақымақтық емес пе? Сол сияқты сырт көзге нығметтің иесі боп көрінген, негізінде тасы-малдаушы ғана себептерді мадақтап, жақсы көрiп, нағыз иеміз, аса қамқор үМ ним-i Ха и идық қ(Нағыз нығмет беруші) ұмыту немесе оны танымау әлгі мысалдағыдан мың есе ақымақтық.Ей, нәпсiм! Мұндай ақымақ болғың келмесе, Аллаh атымен бер! Аллаh атымен ал! Аллаh атымен баста! Аллаh атымен әрекет жаса! Уәссәлам.
9ОН ҮШіНШі СӨЗДің ЕКіНШі БӨЛіМі [Заманақырдың фитна-бүліктерін көзбен көріп жүрген, байқамаса өзіне тартып әкететін пәлекет иірімінің ішінде жүріп, әлі де болса ақылынан адаспаған кейбір жастармен сұхбат.]Бір топ жас, мына замандағы әзәзіл де құйтырқы, нәпсі қоздырар нәр селер мен әуестіктің шырмауынан сескеніп: «Ақыреттік жарқын өмірімізді қалай сақтап қалуға бо-лады?» – деп, «Рисалей-Нұрдан» медет сұрады. Мен оларға, «Рисалей-Нұрдың» рухани тұлғасының атынан былай дедім:Дүниеде қабірдің бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара ал-майды. Қаласақ та, қаламасақ та, бәріміздің оған баратынымыз анық. Оған барудың үш жолы бар, басқа жолы жоқ.Бірінші жол: Әлгі қабір – иманды жандар үшін бұл дүниеден әлдеқайда керемет мәңгі әлемге ашылған есік.Екінші жол: Ақыретті мойындағанымен, өз нәпсісін тыя алмай адасып жүргендер үшін ол – барлық дос атаулыдан ай-ыратын жалғыз адамдық абақты, мәңгіге қамалу. Пенде ақырет күніне сеніп, біле тұра орындамаған соң, тиісті жазасын осылай тартады.Үшінші жол: Ақыретке сенбейтін кәпірлер мен хақ жол-дан тайғандар үшін мәңгілікке жоқ болу қақпасы. Ол – өзінің, өзімен бірге барлық жақсы көрген адамдарының да көзін жою үшін жасалған дар ағашы тәрізді. Өзі де солай деп білгендіктен, күткенін айнытпай көретін болады. Соңғы екі жол өте айқын әрі түсінікті болғандықтан, дәлелдеудің қажеті жоқ, көзбен көріп, қолмен ұстағандай анық.
10Иә, ажал деген қашан да жасырын, табан астында келмек. Ол барлық жерде, әрқашан шап беруге әзір. Жас-кәрі деп те алалап жатпайтын, кірпік қақпастан сұқты көзін қадап тұрған нәрсе. Ол, мәңгіге қош айтыстыратын құрдым. Міне, оны керісінше, мәңгілік әлеміне бастайтын, шексіз бақыт пен нұр әлемінің қақпасына айналдыру – кеудесінде жаны бар әрбір пенденің ең басты да зор мәселесі.Бұл ащы шындыққа яғни ажалға үш жол бар. Үш жолдың үш түрлі болатынын кім хабар берді десеңіздер, олар, жүз жи-ырма төрт мың турашыл елшілер - халқына мойындату үшін мұғжиза көрсеткен пайғамбарлар, - сондай-ақ олардың хабар-ларына куәгерлік етіп, қызу қуаттап растаған жүз жиырма төрт миллион әулие әрі ақиқатқа жаны құмар сансыз жандар. Бұл ақиқатшылдар пайғамбарлар мен әулиелердің айтқан хабар-ларын дәлме-дәл, қисынды әрі ғылыми түрде растай отырып (Сілтеме) әлгі жоқ болу мен мәңгі зынданға қамалудан құтылып, оны мәңгі бақыт әлеміне бастау етудің жолы – жүзден тоқсан тоғыз ықтималдықпен, Имандылық пен Аллаhқа мойынсұну екендігін, бірауыздан бірлесе хабар беруде.Қауіптілігі жүзден бір-ақ ықтимал болған жолға түскен адам, қауіпке мән бермеймін дегеннің өзінде «Бір нәрсеге ұшырап қалам ба?» деген ой үнемі мазалап,тәбетін қашыратыны мәлім. Олай болса жүз мыңдаған турашыл да адал елшілер, Құдайдан безу мен азғындық жолы – жүз де жүз ықтимал әлгі көзін жоюға қасқайып тұрған қабір дар ағашына асылуға немесе мәңгілікке жападан-жалғыз қамалуға себеп болатынын хабарлауда. Ал, имандылық пен құлшылық жолы болса, анық түрде әлгі көз алдындағы қабірдің дар ағашы мен жалғыздық зынданы емес екендігін және өлім мәңгілік мол қазынаға, сондай-ақ бақыт са-райына бастау екенін хабарлап, оның дәлелдері мен ишарала-рын көрсетіп береді. Осындай өте маңызды да өзекті мәселені шешуге мәжбүр адам баласы, әсіресе, мұсылман, егер иманы, құлшылығы болмаса, оған дүниенің байлығы мен салтанаты Сілтеме. Сондай тәпсірлердің біреуі Рисалей-Нұр
11берілсе, апырым-ай, өзін бақыттымын деп санай алар ма екен? Қарсы алдында қасқайып дар ағашы секілді ажал тұрғанда көңіліндегі күдікті, жоқ болудан пайда болатын үрейді дүниелік байлық баса қояр ма? – деп сендерден сұрап отырмын.Қарттық, ауру-сырқау, бәле-жала, айналамызда күнде бо-лып жататын өлім-қаза секілді оқиғалар әлгі өзекті мәселені әрдайым еске түсіреді. Құдайдан безгендер мен азғындар сырттай қарағанға мол ләззат пен рахатқа батып жүргендей көрінгенімен, олардың көңілдерін рухани жаhаннам торлап, жаны күйзеле күн кешеді. Бірақ, бойын билеп алған бейқамдық масайтып, уақытша сездірер емес. Ал, имандылар мен құлшылық ету шілер болса, иман арқылы қабірді сарқылмас қазынаға кенелтетін және мол бақытқа бастайтын жол деп біледі. «Мәңгі тағдыр» лотереясынан мил лиардтаған алтын ділдә мен алмас, жақұт ұтқызатын билет те әлгі иман арқылы табылмақ. Өйткені, әрдайым «Кел, ұтыс билетіңді ал! Жұмаққа жүр!»деген хабарды күткендіктен, мол үміт, пәк ләззат, рухани ра-хат алып өмірі қызықты өтеді. Егер сол ләззаттар денеге ай-налса немесе дән болып ағашқа айналса, иесіне өзіндік бір жәннат болар еді. Осындай рахат пен пәк ләззаттан біле тұра бас тартып, жастықтың буымен әлгі уайым-қайғы аралас, улы бал тәріздес әуесқой, ойнақы да өткінші, тыйым салынған ха-рам ләззат қуған адам өзінің хайуаннан жүз есе төмен екенін көрсетеді. Ол басқа халықтың дінсіздері секілді де бола алмай-ды. Өйткені, олар өз пайғамбарына сенбесе, басқа пайғамбарға сенеді. Пайғамбарларды танымаса да, Құдайын таниды. Құдайын ұмытса да, бойында кейбір мәдени жақсы қасиеттер қалуы мүмкін. Алайда, мұсылман баласы, бар лық пайғамбарды және Жаратқанды сондай-ақ жақсы қасиет, ізгі амал, кемелдік атаулыны Мұхаммед Араби ғаләйhиссалату уәссәлам арқылы үйреніп, білді. Оның тәрбие жолынан бастартып, Исламмен байланысын үзген тұста ешбір пайғамбарды танымайды, тіпті Құдайын да ұмытады. Бойында ізгіліктің нышаны қалмай, мүлдем көрсоқырға айналады. Өйткені, біздің пайғамбарымыз
12бүкіл пайғамбарлардың соңғысы, ең ұлысы әрі шақыруы мен діні жалпыға ортақ, бүкіл адамзатқа үндеу жа саған, сондай-ақ мұғжизалары жағынан бәрінен үстем және ақиқат тұрғысында адамзатқа жетекшілік етіп, пайғамбарлығы он төрт ғасыр бойы іс жүзінде дәлелденіп жалғасын табуда. Әрі адамзат атаулының мақтанышы, бетке тұтар үлгісі. Пайғамбарымыздың осындай тәрбиелік негіздерін, діни заңдарын ұстанбаған адам кемелде-нуден мақұрым, нұрға бөленуден құр қалады. Әбден азғындап, ең төменгі деңгейге құлдырайды.Уа, дүниенің қызығына құмар, қысқа ғұмырының раха-ты үшін жан таласқан бейшаралар! Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар, Аллаhтың рұқсат беріп, кеңшілік ет-кен өлшеулі ләззатына қанағат етің дер. Ол көңіл көншітуге толық жеткілікті. Оның сыртындағы заңсыз ләз заттардың мыңдаған қайғыға душар ететінін енді түсінген шығар сыңдар. Кино өнері дамып өткен шақтың оқиғаларын бүгін айныт-пай көрсетіп жатқанындай, болашақтағы, мәселен, елу жыл-дан кейінгі жағдайларды да кино арқылы қазір көру мүмкін болса, Құдайдан безген азғындар қазіргі мәз-мәйрам өміріне қатты жиіркеніп, өкіне жылар еді. Демек, дүние мен ақыретте мәңгі бақытқа бөленгісі келгендер иман шарттарын орындап, Мұхаммедтің (с.а.у) тәрбиесін алып, соны өзіне жетекші қылып қабылдап, ізінен ерсін.
13БіР КҮНі ЕСКіШЕХИРДің АБАҚТЫСЫНДА ТЕРЕЗЕ АЛДЫНДА ОТЫР ЕДіМ…Қарсы алдымдағы лицейдің ауласында, ересек қыздар билеп жүр екен. Оларды бұл дүние жәннатында жүрген жәhаннам хор қыздары түрінде көрдім. Сол сәт олардың елу жылдан кейінгі жағдайлары бейнебір теледидарға шыққандай көз алдыма келе берді. Әлгі мәз-мейрам алпыс қыздың елуі қабірде азап шегіп жа-тыр. Қалған онының жастары жетпісте, қартайған, беттерін әжім басқаны сондай жұрт оларға аяушылықпен қарайды. Олардың болашағын ойлап жыладым. Ақырзаман пәлекеттерінің шын мағынасын көргендей болдым. Пәлекеттің ең қорқыныш-тысы намыссыз әйелдердің ұятсыздығынан өрбитіндігін көрдім. Олар жұртты өзіне еріксіз тартып, нәпсіқұмарлықтың оты-на көбелектей түсіреді. Ақыреттегі мәңгі өмірлерін жалған, өткінші дүниенің бір минуттық ләззатына айырбастатады.Бір күні көшеге қарап отырғанымда, бұл пәлекеттің нақты, өте әсерлі бір мысалын көрдім. Жастарға қатты жаным ашы-ды. «Магниттей тартып кететін бұл пәлекеттен мына бейшаралардың құтылу қиын» деп ойланып отырғанымда, көз алдыма бұл пәлекеттердің отын лаулатып, дінсіздікті жаюшылардың рухани тұлғасы келді. Оған және одан дәріс алу-шы имансыз кәпірлерге былай дедім: – Ей, жәhаннамның хор қыздарымен көңіл көтеру үшін дінін сатып, азғындық жолда нәпсінің құлы болған дінсіз! Дүние қызығын қимай, өлімнен қорқып, қабірді ұмытқысы кел-ген, дінін сатушы бейшара бейбақ! Есіңде болсын! Имансыз көзқарастағы сенің бұл дүниең, өмір сүріп отырған сағаттарың, минуттарың ғана. Дінсіздігің мен имансыздығыңнан бұрынғы
14адамдар мен жан-жануарлар өліп, жоқ болып, топыраққа айналған, келешекті көре алмағандықтан сен үшін олар да өлі, жоқ. Сондай-ақ, имансыз көзқарас тек қана ақыл мен дүниелік жағына қарағандықтан, әлемдегі ғаламшар мен барлық жаратылыстың дамылсыз қозғалысын жүйесіз, кездейсоқ деп біліп, олардың қақтығысып қалуынан қорқасың. Өлім қорқынышы жанды өртеп, ақылды қайғыға салады. Бір сағаттық мастық пен жиіркенішті ләззат манағы қорқыныш пен қайғыны баса алатын болса, солай жалғастыра бер. Болмаса, ақылға кел. Тірі кезіңде жаныңды жегідей жеп, өміріңді тозаққа айналдыратын ойлардан құтылып, жаның рахат тапсын десең, әрі өмірдің ләззатын татқың келсе, Құранның дәрісін тыңда. Өткінші, жалған, бір сәттік ләззатты шексіз, мәңгі имандылық ләззатына айырбаста. (Сілтеме ).3«Мен хайуан секілді өмір сүремін» деме. Себебі, олар үшін болашақ та, өткен шақ та жоқ. Жанаб-ы Хаким-и Рахим жануарларға ақыл мен ойлау қабілетін бермеу арқылы оларды шексіз қайғылардан құтқарған. Тіпті, тауық сойылар алдында да ешқандай уайым-қайғы сезбейді. Пышақ кескен кезде ғана сезгісі келеді, алайда ол кезде сезім кетеді де, ол уайымнан құтылады. Жанаб-ы Хақтың оларға де-ген өте жоғары дәрежедегі рақымдылығы, рахметі мен мейірімі ғайыпты білдірмеуінде. Бұл, әсіресе, жуас үй жануарларын-да анық байқалады. Демек, еш нәрсе ойламай, хайуанша өмір сүріп, ойнап-күлу жағынан сен хайуанға жете алмайсың. Одан мыңдаған дәреже төменсің. Себебі хайуанмен салыстырғанда, Сілтеме .3 Иә, иман бұл дүниеде де жәннаттың ләззатын ойша татқыза алады. Иманның жүздеген пайдасынан мына бір ғана пайдасына назарыңды сал: Жаныңдай жақсы көретін жалғыз ұлың әл үстінде көз жұмғалы жатқанда, Лұқпан мен Қызырдай бір дәрігер келді де, балаң бірден тәуір болып кетсе. Қаншалықты, қуанасың. Иман да сенің бұрынғы дүниеден өткен жақындарың мен сүйіктілерің қанша болса, сонша қуаныш сыйлай-ды. Сенің мазарда жатқан миллиондаған сүйіктілерің иман нұрымен көз алдыңда қайта тіріледі. Олардың: «Біз өлген жоқпыз, өлмейміз де» деп, тіріліктерін жалғастырғандарын иман нұрымен көре аласың. Айырылып, көз жазып қалу қайғысын олардың тіріліп, қайта табысу сүйініші басады. Демек, иман бұл дүниенің өзінде жәннат ләззаттын татқызады, татқызып жатыр.
15сенің өткен шақ пен болашақты ойлау қабілетің, ақылың бар. Мұңсыз емес, мұңдысың. Достық, бауырластық, сыйластық, ар-ұят отансүйгіштік тәрізді сенің мақтан тұтқан қасиеттерің тірілікті фәни өткінші деп ойлаған-дықтан сарқылып осынау иен даладан тырнақтай ғана жер алғанмен бірдей. Болмысың шексіз заманмен салыстырғанда, осы шаққа ғана тәуелді болғандықтан сенің адамгершілігің мен кемелдіктерің жасанды, жалған, негізсіз, түкке тұрғысыз болып әлгіндей азайып мүлдем жойылып кетеді. Ал, иманды жандардың достық, бауырластық, құрмет, адалдық секілді қасиеттері иман саясында өткен шақ пен болашақты да қамтығандықтан, оның адамгершілік пен кемелдік дәрежесі жоғары болады. Сенің бұл дүниедегі табысың шыны сынықтарын алмас бағасына сатып алған диуана яхудидің әрекетіне ұқсайды. Яғни сен де өткінші өміріңнің өтеуіне шексіз өміріңнің құнын берудесің. Әлбетте ол тұрғыда жеңіске де жетесің. Бар күшіңді бұл дүние үшін жұмсағандықтан, дүниеде белгілі бір жеңістерге жетуің де мүмкін. Сенің ақыл, рух, жүрек сезімдерің негізгі міндеттерін тастап, нәпсінің жиіркенішті істеріне жәрдем берсе, дүниелік табыстарға жетуің әбден мүмкін. Бір сәтке бір жылдық жойқын құмарлық, махаббат, кек сияқты сезімдеріңді пайдаланғандықтан, діндар қауымға уақытша үстемдік те етесің, әрі сырттай сұлу көрінесің, себебі сенің ақыл, рух, жүрек сезімдерің қасиетті міндеттерін былай тастап, азғын нәпсіңнің құлы болып, хайуандық дәрежеге құлдыраған. Олар өте азғындап, құлдырап кеткені сондай, нас әуестік пен нәпсіге айналып кеткен. Бұл саған Жәhаннамды, бейшара имандыларға Жәннатты алып беретін уақытша ғана жеңісің болады..
16ҰСТАЗЫМЫЗДЫң «ЖАСТАР ШЫРАҒЫ» ЖАйЛЫ ПіКіРіМерсин қаласынан келген «Жастар шырағының» бас жағындағы «Маңызды мәселедегі» жиырма үшінші және жиырма төртінші беттерді алып тастаған жөн. Өйткені «Рисалей-Нұрдың» негізгі мәселелерінің бірі мейірбандық болғандықтан, ер кісілерге қарағанда, ханымдар «Рисалей-Нұрмен» шын ықыластана шұғылдануда. Мейірбандықтың жаршысы мүбарак апа-қарындастарымыз бұл екі беттегі қатты айтылған сөздерге ренжімесін. Себебі, ол жерде Стамбул секілді қалаларда жартылай жалаңаш грек, армян қыздарына еліктеп, солар сияқты киінетін кейбір Мұсылман қыздарына ғибрат үшін айтылған. Стамбулдағы мүнафықтар мен масондар және «Жастар шырағына» қарсы кейбір газеттер бұны бұрмалап, әйел қауымының «Рисалей-Нұрға» деген ықыластарын азайту пиғылымен желеу етіп отыр. Әзірге бұл екі бет алынып, орны-на «Ханымдар шырағы», «Әйелдерге насихат» атты үзінді қойылсын. (Сілтеме ). 4Саид НұрсиСілтеме .4Бұрын жастарды адастырып, бұзу үшін Ислам тәрбиесіне қарсы ұйымдар жұмыс істегеніндей қазір де бейшара әйелдерді жолдан тайдыру үшін, кейбір астыртын дінсіз ұйымдар жұмыс істеуде. Мұндай арандатушы азғын ұйымдардың сөздеріне еріп, өсегіне алданбау үшін, қолдарында «Жа-стар шырағы» бар шәкірттерге жоғарыдағы үзіндіден бір нұсқа берілсін. Ха-нымдар екі беттің орнына «Әйелдерге насихат» атты Ханымдарға жазылған хаттарды оқысын. Алынып тасталған екі беттің орнына ұстазымыздың әлгі пікірі енгізілсін.
17ОйҒА КЕНЕТТЕН КЕЛГЕН МАңЫЗДЫ МӘСЕЛЕАқырзаманның пәлекеті кезінде үлкен рөл ойнайтын әйелдер қауымы және олардың азғын қылықтары екені хадистерден белгілі. Бұрынғы заманда Амазондар дейтін жауынгер, өжет әйел тайпалары таңғаларлық шайқастар жүргізгендігі тарихтан белгілі. Сол сияқты қазіргі заманда дінсіздердің Исламға қарсы жүргізген шайқаста олардың жойқын әскері, әрі ең қауіптісі, жүгенсіз нәпсі мен шайтанның қоластына берілген – жартылай жалаңаш әйелдер болып отыр. Олардың ашық-шашық балтыр-лары пышақтан бетер. Олар иманды мұсылмандарға тұтқиылдан шабуыл жасап. Некеге тұруды азайтып, жезөкшеліктің етек алуына ықпал етуде. Көпшіліктің сезімін тұтқындап, рух пен жүректі ауыр күнәлармен жаралап жатыр. Тіпті кейбіреулерді өлтіріп те жатыр. Әлгі пышақтай балтырлар бірнеше жыл бөтен көздерге көрсетудің жазасы ретінде жәhаннамның отыны бо-лып алдымен солар жанады дейді. Әрі сенім мен адалдықты жоғалтқандықтан, бұл өмірде де арманда кетіп, өзіне қажетті жар таба алмайды. Тапса да, басына пәле болады. Осындай келеңсіз жәйттардың салдарынан ақырзаманда некеге талап азайып, кей жерлерде қырық әйелге бір еркек қожалық ететіндей пәсі кетіп, құнсызданатыны хадистерден белгілі. Рас, әр бір әйел заты сұлу болуды қалайды, әрі оны қолынан келгенінше сақтап қалуға тырысады. Сұлулық деген нығмет. Егер сол нығметке шүкір етсе, ол арта түспек. Егер шүкір етпесе, нығмет азайып
18көркі таяды. Ақылы бар сұлу өзінің көріктігі басына пәле болу-ын қаламайды, басқаларды, күнәға итеруден, және нығметтің қадірін білмей оны өзін азапқа салатын себеп жасаудан жанын сала қашады. Керісінше бес-он жылдық өткінші сұлулықты мәңгілік ету үшін оны шариғатқа сәйкес дұрыс қолданып, берілген нығметке шүкір етеді. Әйтпесе, қартайған шағында қиын жағдайға түсіп, үмітсіз көз жасын төгуден басқа амалы қалмайды. Ислам тәрбиесінің аясында Құранның ережесін сақтап әлгі сұлулық береке тапса, өткінші әдемілігі мәңгілікке айналып, жәннатта хор қыздарынан да сұлу түрге енетіндігі ха-дистер баяндалған. Сұлуда титтей ақыл болса, осы тамаша да жарқын әрі мәңгі нығметті уысынан шығарып алмауға тыры-сады.
19Әзиз, шынайы бауырларым!«Рисалей-Нұрдың» жас шәкірттерінің алған бағыты ар-намыс пен тазалық және пайғамбарымыздың сүннеті. Бұл жастық шақта қаншалықты маңызды екендігін, нағыз шаттыққа толы жастық шақ осы жолда екендігін тағы бір дәлелдеп, нағыз мұсылман жастары кім екендігін көрсетулері үшін, «Қауіпті жағдайдағы жастарға нұсқау» атты бір жаз-ба жіберіп отырмыз. БауырыңызСаид Нұрси
20ҚАуіПТі ЖАҒДАйДАҒЫ ЖАСТАРҒА БЕРіЛГЕН ДӘРіС НЕМЕСЕ НАСИХАТБірде маған жарқын жүзді бірнеше жас жігіт келді. Олар өмірде кездесетін қауіп-қатерден, жастықтың албырттығынан сақтану үшін әсерлі насихат сұрады. Оларға, ертеректе «Ри-салей Нұрдан» медет сұраған жастарға айт қанымды қайталап, былай дедім:Жастық шақ, өтеді де кетеді. Оған шәк жоқ. Егер сендер заңды да ұлықсат бе рілген жолмен жүрмесеңдер, мына жастық шақ босқа кетіп, тек мына дүниеде ғана емес, қабірде, ақыретте бұл дүниедегі ләззатынан әлдеқайда көп уайым-қайғыға душар етеді. Егер берілген жастық шақты нығмет деп біліп шүкіршілік етіп, абыройлы түрде тура жолда, Аллаhқа мойынсұнуға, құлшылыққа жұмсасаңдар, әлгі жастық шақ рухани түрде мәңгілікке айналып, бақи жастық шақты иеленуге себепші болады. Иә, егер жүректе иман болмаса немесе қарсыласып, қырсығудың кесірінен иман әсер етпесе, өмір дегеніміз ал-дамшы. Оның қысқа ләззаты болғанымен, сол ләззаты мен қызығынан уайым мен қайғысы көп. Өйткені, адам баласының хайуаннан айырмашылығы – оның саналылығы. Ол осы шақпен қатар өткенді және келешекті ойлап уайымдайды. Жырақта қалған шақтардың ләззатын аң сап, қайғысын шегеді. Хайуан олай емес, санасы болмаған соң, өткен күндердің өкініштері мен келешектің уайымдары оның қазір тата тын ләззатына еш әсер етпейді, мазаламайды.Егер адам азғындық пен бейқамдыққа салынса, өткен шақтың өкініштері мен келешектің уайым-қайғысы қазіргі алған ләззатын бұзып, мазасын қашырады. Әсіресе, ол
21ләззаттар заңсыз, харам болса, улы бал дан бетер ішті өртейді. Демек, өмірдің қызығын көруге келгенде, адам хайуаннан жүз есе төмен. Құдайдан безгендер мен азғындардың, сондай-ақ бейғамдардың өмірі, тіпті болмысы сол күнгі сәттері ғана. Олардың ойынша, өткен шақ пен болмыс жоғалады, енді қайтып келмейді. Бірақ ақыл мен сана болғандықтан ол жақтан жоқтық пен қараңғылықтың лебі есіп мазаны алады. Келешек те сондай, яғни не болары белгісіз, бәрі кездейсоқ. Міне, осын-дай, күйден қоштасумен айырылудан әрдайым үмітсіздіктің ызғары еседі.Егер өмір иманмен жанданса, өткен шақ пен болашақ иманның нұрымен жарық болады. Имандылық рух пен көңілге нұр сыйлап, рахатқа бөлейді. Бұл ақиқат «Қарттар рисалесі»атты кітапшаның «Жетінші үмітінде» баяндалған-ды. Соған қараңыздар.Міне, өмір деген осылай! Өмірдің ләззаты мен рахатын қаласаңдар, оны иманмен жандандырыңдар, парыздарды орын-дау арқылы қызықты етіп, күнәлардан аулақ тұру арқылы сақтап қалыңдар. Әр жерде, әр уақытта, тіпті күн сайын болып жатқан қайғылы қазалар бізге нені меңзейді? Ол бізге өлімнің ақиқат екенін, одан қашып құтылу мүмкін еместігін білдіреді.Өлім дегеніміз не? Оның мәнісі не? Міне бұл туралы басқа жастарға да айтқан болатынмын. Тағы да қайталаудың реті келіп тұр.Мәселен, әне бір жерде дар ағашы тұр дейік. Оның қасында ұтысы қымбат лотерея орталығы орналасқан. Осы отырған бәріміз қаласақ та, қаламасақ та жаппай әлгі жерге шақырыламыз. Шақыру уақыты белгісіз болғандықтан, кез келген уақытта бізге: «Кел! Сен өлім жазасына кесілдің, дар ағашына шық!» Не болмаса: «Кел! Саған ұтыс шықты, миллион алтын ділдәға ие болдың!» дейтін хабарын күтіп тұрғанда, кенет есіктен екі адам кіріп келеді. Бірінің киімі әлем-
22жәлем, жартылай жалаңаш сұлу әйел, қолында сырты тәтті, бірақ ішіне у қосылған тағамдар бар, соны бізге жегізгісі келеді. Екіншісі, салмақты да ықыласты, әрі алдамайтын, алданбайтын адам. Ол манағы әйелдің ізін ала кіріп келді де, бізге бұ рылып: «Сендерге бір тылсым, дәріс әкелдім. Оны оқысаңдар, әлгі тәтті халуаны жемесеңдер, көз алдарыңдағы дарға асылудан құтыласыңдар. Әрі оның арт жағына орналасқан, лотореяның құнды билетін иеленесіңдер. Әне, көз алдарыңда дар ағашы дайын тұр. Манағы халуа жегендерді көріп отырсыңдар, олар дар ағашына барып асылып жатыр. Тіпті, дар ағашына барғанша жеген халуасы асқазанын бүріп, жанын шырқыратуда. Ал, құн-ды ұтысты иеленгендердің де көзге көрінбейтіні рас. Олар да сырт көзге дарға асылғандай, бірақ олар дар ағашын баспалдақ етіп ұтыс беретін орталыққа өтіп жатқанын миллиондаған куәгерлер көріп хабар беруде. Сенбесеңдер, терезеден қараңдар. Жауапты қызметкерлер мен бұл іске тікелей қатысты ұлы тұлғалар ол жөнінде айналаға жар салып хабарлауда. Хабарына құлақ түретін болсақ, былай дейді: «Әлгі тәтті халуаны жеп, дар ағашына бет алғандарды қалайша анық көздеріңмен көрдіңдер сол сияқты мына қымбат ұтысы бар билеттерді де мен әкелген тылсым сырды қабылдағандар, дәріс алғандар иеленгеніне күмәнсіз сеніңдер! Ол айдай анық, рас екеніне шүбәларың болмасын!»Міне, осы теңеудегідей жас кездегі балдай тәтті, тый-ым салынған заңсыз әрекет пен орынсыз көңіл көтеру, ха-рам нәрселер мәңгілік қазына әрі мол бақытқа бөленудің билеті және куәлігі болып табылатын иманды зақымдап, тіпті жоғалуына себеп болатындықтан, дар ағашы тәріздес өлімнің және тұңғиық қараңғы әлемнің есігі сияқты қабірдің азабына душар етеді. Ажал жасырын болғандықтан жас, кәрі деп ай-ырып жатпай, қылышын сүйретіп кез келген уақытта басын алуға жетіп келуі әбден мүм кін. Ал, манағы улы балдай, заңсыз
23әуесқой әрекеттен тиылып, Құран ның тылсым сыры – иман және парыздарды орындағандар «тағдыр» атты керемет лотере-ядан мәңгілік бақыт билетін ұтатынына жүз жиырма төрт мың пайғамбар ғаләйhимүссәлам мен сансыз әулиелер куәлік етіп, бірауыз дан хабар беруде, оның белгі нышандарын кейбіреуге көрсетіп те берген.Сонымен, жастық шақтың өтетіні сөзсіз. Азғындық жол-да жүрсе, дүниеде де ақыретте де қыруар қайғыға ұшырайды. Ондай жастар көбіне жат қылықтарға бой ұрып және шамадан тыс ысыраптан болатын рухани ауруға шалдығып, ауруханаға, сондай-ақ бойын билеген албырттықтың кесірінен түрмеге не-месе қызық қуып, көңіл көтеретін бұзық жерлерге және іші пысып, жаны күйзелгендіктен ішімдікке үйір болатынына көз жеткізгің келсе, түрмелерді, ауруханаларды, қабірлерді бір шолып шық! Әлбетте, ауруханадан өзіне тән тілінен, жастық шақтың қызбалықтары мен теріс әрекеттерінен туатын ау-рудан жаны қиналып, «Қап, әттеген-ай!» деген өкінішті, ащы дауыстар естіледі. Түрмеден де албырттыққа салынып, заңға қарсы әрекет етіп, тұщы етіне ащы таяқ тиген байғұс жастардың өкінішке толы күйініштерін естисің. Ал, қабірден, яғни жолаушыларға тынбастан есігі ашылып-жабылған берзах әлемінен азапқа шыдай алмай шыңғырған дауыстар естіледі. Қабірде не болып жатқанын көре алатын әулиелер мен ақиқатқа көзі жеткендердің айтуынша, қабір азабына салатын бірден-бір себеп жастықтың албырттығы мен теріс әрекеттер екен. Сондай-ақ, адамзаттың басым көпшілігін құрайтын қарттардың, ауру-сырқат кісілердің халін сұрасаң, әлбетте, олардың көпшілігі: «Қап, әттеген-ай, жастық шағымызды босқа өткіздік, тіпті, зиянды нәрселерге жұмсадық. Абай болыңдар! Біз сияқты ысырап қылмаңдар!» деп мұңын шағады. Өйткені, ондай кісілер бес-он жылдық жастық шақтағы заңсыз харам ләззатқа алданып дүниеде көп жылдар
24бойы уайым мен қайғы жеп, ал берзахта азап пен зардап шек-се, ал ақыретте жаhаннам мен тозаққа тап болады. Бірақ олар үкімі бойынша қан шалықты аянышты халге түскенімен мейірімге лайық емес. Неге десең, өзінің қалауымен зиян шеккен адамға жанашырлық жасауға болмайды. Аллаh Тағала сендерді және бізді мына алай-дүлей заманның фитнә-бүліктерінен, бәле-жаласынан сақтасын, әмин!
25«РИСАЛЕй-НҰР» ШӘКіРТТЕРі ТАРАПЫНАН ҚОйЫЛҒАН САуАЛҒА ЖАуАП«Ислам әлемінің тағдырымен тікелей байланысты мына екінші дүниежүзілік соғыстың қайнаған шағында екі жылдан бері, (қазір он жылдан асты) я бізден, я әр күн сізге қызмет етіп жүрген Әминнен бір рет болсын соғыс туралы сұрамадыңыз. Апырым-ай, осы үлкен оқиғаның маңыздылығын жоятын, одан да үлкен өзге ақиқат бар ма? Әлде онымен шұғылдану зиянды ма?» деп ұстазымыздан сұрап едік, жауап ретінде былай деді: «Иә, мына екінші дүниежүзілік соғыстан әлдеқайда маңызды бір ақиқат, орасан зор оқиға болғандықтан, мына соғыс оның қасында елеусіз. Бұл соғыста екі ірі мемлекет жер-жаhанның билігі үшін қырқысып жатыр. Бір жағынан әртарапты жалмап бара жатқан дінсіздік меңдеп екі үлкен дін бір-бірімен бітімгершілікке келіп осын-дай аласапыран басталғанда, адамзаттың «социалист» тобы мен «буржуй» тобы арасында болып жатқан дау-дамайдан әлдеқайда маңызды мәселе туып отыр. Ол өте-мөте маңызды бір ақиқат болғаны сондай, бұл мәселенің әр адам басына шаққанда түсетін үлесі мына болып жатқан екінші дүниежүзілік соғыстан әлдеқайда маңыздырақ. Ол не қылған мәселе? Ол мынау: Қазір әрбір мүмин үшін, тіпті, баршаға Жер шарындай мәңгі алқап, алқап болғанда да, бастан аяқ бау-бақша, зәулім сарайлары бар, еш бітпейтін мәңгі бір мүлікке ие болу немесе айыры-лып қалу мәселесі тұр. Демек, баршаны толғандыратын бұл мәселенің маңыздылығы сондай, егер әрбір адамның Англия мен Германияның байлығындай байлығы мен күш-қуаты және ақылы болса, тек әлгі мәселені шешу үшін қолда барын сарп
26етер еді. Әрине, ол мәселені шешпей тұрып, басқа мәселелермен шұғылданған адам – диуана. Тіпті, бұл мәселенің шиеленісіп кеткені сонша, бір әулие әhл-и кәшфтің көргеніндей, бір жерде ажалы жетіп көз жұмған қырық адамның біреуі ғана әлгі мол табыс, ірі қожалық Жәннатқа қолы жетіп. Қалған отыз тоғызы айрылып қалған екен. Міне, осы маңызды да өзекті мәселені шешетін және жиырма жылдан бері тәжірибелермен он адамның сегізін мол табысқа жеткізген бір би табылса, әлбетте, есі бар әрбір адам бәрінен бұрын әлгі мәселеде табысқа жеткізетін сол биге жүгінеді. Міне, осындай билердің бірі, тіпті, ең біріншісі Қасиетті Құранның құнды тәпсірі «Рисалей-Нұр». Мұны растайтын Рисалелер арқылы әлгі мәселеде табысқа жеткен мыңдаған куәгерлер бар. Иә, мына дүниеге мойнына міндет жүктеліп жіберілген әрбір адамның бұл жерде қонақ әрі фәни, екені сондай-ақ өзінің кім екендігі әрі мәңгілік өмірмен тығыз байланысты екендігі іс жүзінде анықталғандай. Бұл заманда мәңгі өмірге зақым келтірмей сақтап мағынауи қалатын қорғандар қирап қалғандықтан, әрбір адамның бұл дүниемен және ондағы жақын жандарымен келмеске қоштасуы, сондай-ақ мына дүниядан мың есе әдемі әрі мәңгі бір мүлікке қол жеткізуі не болмаса ай-ырылып қалуы сияқты өзекті мәселе туып отыр. Егер қолында иман куәлігі болмаса және ақталу қағазы, әрі құжаты болып та-былатын сенімі толық болмаса, әлгі мәселеде ұтылып қалады. Апырым-ай, сол ұтылып қалған нәрсенің орнын немен толты-руы мүмкін? Міне, осы ақиқатқа сүйене отырып, өзімізді мына ұлы да киелі істің жолына арнасақ, тіпті әрқайсысымыздың ақылымыз жүз есе артса да ысырап емес. Бұл мәселеге қатысы жоқ өзге мәселелермен шұғылдану біз үшін түкке тұрғысыз әрі бос әурешілік. Иә «Рисалей-Нұрдың» бірқатар шәкірттері өзге мәселерді шешу үшін күрескені(сілтеме ),5сондай-ақ кейбір ақымақтардың бізге нақақтан-нақақ тиісіп, зомбылық жасаған кезінде мәжбүр болып амалсыздан шұғылданғаны рас. Оның Сілтеме 5Сот кезіндегі өзін-өзі қорғауын айтып отыр.
27жөні бөлек. Һәм осы нағыз әрі үлкен мәселеден тыс дау-шарларға ойша болсын, көңілмен болсын араласу зиянды. Себебі, ондай саяси кең алаңдарды қадағалап, әрдайым шұғылданып жүретін адамдар алаңдағы жүктелген міндетін яғни жүрегіндегі иман мәселесін және маңызды істерін кейінге қалдырады не бол-маса ынтасы азаяды. Сондай-ақ кең әрі өзіне тартып кететін саясат, бірін бірі алдау, қырғи қабақ мәселелерді бағдарлап отыратындар, кейде оның ішіне біржола еніп кетеді. Сөйтіп, өзіне тиісті жеке міндетін атқара алмағанымен қоймай, көңіл хоштығын, адал ниетін, дұрыс ұғымын, қызметтегі ықыласын жоғалтып алады яки, солай айыпталуы мүмкін. Тіпті, сотта бұл тұрғыдан тиіскенде: «Күндей жарқын Иман мен Құранның ақиқаттары жерде жатқан фәни жарықтардың тартылы-сына еніп, оған тәуелді әрі қолшоқпар болмайтыны анық. Осы ақиқатты толық түсінген адам оны дүниелік кейбір оқиғаларға ғана емес, бүкіл әлемдегі үлкен оқиғаларға да пайдаланып қолшоқпар жасауға құқығы жоқ» деп, олардың аузына құм құйдым. Осымен, ұстазымыздың жауабы бітті. Біз де жан-тәнімізбен қуаттап «Өте дұрыс» дедік. Рисалей-Нұр шәкірттері.
28ОН ҮШіНШі СӨЗДің ЕКіНШі БӨЛіМіНің ТҮСіНДіРМЕСіҚамауда отырғандар Рисалей-Нұрдағы нағыз демеуге, жұбанышқа мұқтаж тіпті зәру десе болады. Әсіресе, жастықтың албырттығынан соққы жеп, уылжыған жас өмірін түрмеде өткізгендер Нұрларға аса мұқтаж.Рас, албырт жастық шақ көбінесе ақылды емес, сезімді тыңдайды. Ал, сезім мен әуестік болса, соқыр, істің соңын көрмейді. Дайын тұрған азғантай ләззатқа алданып, кейін келетін мол ләззаттан құр қалуға әзір. Бір минөттік кек алудағы ләззатқа беріліп, адам өлтіреді де, сексен мың сағат түрме аза-бын тартады. Бір сағаттық нәпсі қандыру, рахатқа бату үшін біреудің намысын таптап, арын төгеді де, мыңдаған күн бойы абақтыға қамалып, әрі дұшпанның қорлығынан жаны күйзеліп, өмірінің берекесі кетеді. Бейшара жастардың өмірі осындай қауіп-қатерге толы. Уылжыған тәтті өмір әп-сәтте тым аяныш-ты, ащы өмірге айналып жатады. Әсіресе, солтүстіктегі ірі бір мемлекет жастардың әлгіндей әуесқой се зім дерін қоздырып, дүниені дүр сілкіндіруде. Бойын сезім билеген жастарға ары таза жандардың бойжеткен қыздары мен ханымдарын сыйға тартып, «ештеңе етпейді» дегендей, сорақылыққа жол беру-де. Тіпті, моншада, жаға жайда әйел мен еркектің бірге шо-мылуына рұқсат беріп, жезөкшеліктің етек алуына, ықпал ету-де. Сондай-ақ байлардың дүние мүлкін талан-таражға салып, пақыр, әумесер қара табан топтарға таратып беруде. Бұрын-соңды болмаған мұндай сұмдыққа адамзаттың төбе шашы тік тұрып, дабыл қағуда.
29Міне, қазіргі таңда Ислам және Түркі жастары батыл әрі жанкештілік танытып, мұндай екі жақты соққыға Рисалей-Нұрдың «Миуа рисалесі», «Жастар шырағы» секілді кітапшалары мен қаруланып өткір қылыш ретінде қолға алып, қарсы тұруы керек. Әйтпесе, әлгі бейшара жастар өздерінің жарқын болашағынан да, дүниедегі бақыты мен ақыреттегі бағынан да айрылып, о дүниеде мәңгі азап пен қайғыға душар болады. Бойындағы күш-жігерді орынсыз босқа шығындап, азғындыққа салыну себепті ауруханаларға немесе қызу қандылықтың кесірінен түрмеге түседі. Қартайған шағында: «Қап, әттеген-ай!» – деп, сандарын соға өкінетін болады.Егер, Құраннан тәрбие алып, «Рисалей-Нұрдың»ақиқаттарымен аяғын нық басса, нағыз қаhарман әрі жақсы адам, бағы жанған бір мұсылман, сондай-ақ басқа да тіршілік иелеріне сұлтан болу мәртебесіне көтерілер еді. Иә, түрмеде отырған адам жиырма төрт сағаттық бір күнінің тек бір сағатын бес уақыт намазға жұмсаса, әрі түрме көп күнә жасауға кедергі болатынын ескеріп, мына азапқа душар еткен қателіктен тәубасына келіп, басқа да зиянды істер мен күнәлардан арылар еді және туыстарына да көп пайдасы тиер азамат болар еді. Сондай-ақ өзінің бес-он жылдық фәни жастық шағы арқылы мәңгі жастық шаққа ие болады мұны ең бірінші болып қасиетті Құран, содан соң аспаннан түскен бүкіл кітаптар мен парақтар анық хабар беріп, сүйіншілеуде. Иә, жастық шақ сияқты тәтті нығметке шүкір етсе, яғни дұрыс жолда жүруін Жаратушыға мойынсұнса жастық шақ берекеттеніп, әрі мәңгілікке айна-лып, ләззаты арта түспек. Әйтпесе басқа пәле болып, зардап шектіреді. Туған-туыстарына, Отанына, халқына кір келтіретін есерсоққа айналуы мүмкін.Егер, тұтқын жала жабылып, нақақтан сотталған жан болса, намаз оқу шар тымен, әрбір сағаты бір күн құлшылық саналып, түрме оның за лымдардан сақтайтын панасы болып, бұрыңғы
30замандағы үңгірге тығылып құлшылық еткен адал да тақуа жан-дар секілді мол сауапқа кенелер еді. Егер ол, пақыр не болмаса қарт, не науқас не имани ақиқаттарға жаны құмар біреу бол-са, парыздарды орындау, тәубаға келу шартымен әрбір сағаты жиырма сағатқа жуық құлшылық саналып, әрі ол жерде өзіне мейірімін төге қараған достары болса, абақты оған демалыс пен сүйіспеншілік жері, сондай-ақ тәрбие хана яғни дәрісхана болып есептеледі. Мұндай адам сырттағы лас, әрі айналасын күнәлар қоршаған бостандықта емес, түрмеде отырғанына риза болуы мүмкін. Түрмеден тәрбие алып кейін бостандыққа шыққанда, қаскүнем қылмыскер емес, керісінше тәубәға келіп, тәжірибе жинаған тәртіпті де момақан, әрі халқына пайдалы адам боп шығады. Иә «Денизли» түрмесінде отырғандар қысқа мерзім ішінде «Рисалей-Нұрдың» әдемі мінез-құлық туралы дәрісін тыңдап, жөнделгендері сондай, оларды көрген кейбір абақты қызметкерлері: «қылмыскерді тәрбиелеу үшін он бес жыл қамаудың орнына, он бес апта «Рисалей-Нұрдың» дәрісін тыңдатса, әлдеқайда тиімді» деген-ді.Иә, өлім деген нәрсе тоқтап-толастар түрі жоқ, әрі ол жа-сырын келеді. Әрқашан, кез келген жерде шап беруі мүмкін. Қабірдің апандай есігі жабылатын сыңайы жоқ, адамдар топ-топ болып ішіне түсіп жатыр. Жоғарыда имандылар үшін өлім дегеніміз жоғалу емес, қайта демалысқа шығу дегенбіз. Бұл Құранның ақиқаты. Ал, Құдайдан безгендер үшін ол, сыртқы көрінісі сияқты суық әрі мәңгілікке айырылысу, сондай-ақ, барлық сүйікті жандарымен, тіпті болмыс атаулымен мәңгіге қоштасу болып табылады.Ең бақытты жан кім десеңдер, әлбетте, ол – сабыр сақтап, шүкір еткен және қамаудағы күндерін тиімді пайдаланып «Рисалей-Нұрдың» дәрісін шын көңілмен тыңдап, тура жолда жүрген, Иман мен Құранға қызмет еткен адам.
31Уа, рахат пен ләззатқа жаны құмар жандар! Қазір мен жетпіс бес жастамын. Өмірімде басымнан өткен мыңдаған тәжірибе мен шын дық тардың арқасында мынаған әбден көзім жетті: Нағыз рахат пен уайымсыз ләззат әрі шынайы шаттық пен өмірдің бақыты тек қана имандылықта және иман ақиқаттарының маңынан табылады. Әйтпесе, дүниелік бір ләззат көптеген уайымға ұрындырады. Бір түйір жүзім беріп, он дүре соққандай өмірдің шырқын бұзады.Уа, қамаудан жаны күйзелген бейшаралар! Дүниелік өмірлеріңнің ма засы кеткен екен, енді «ақыреттік өмірім аман болсын, мәңгі өмірім жаздай жадырап, балдай тәтті болсын» десеңдер, қамаудағы уақыттарыңды тиімді пай-даланып, ақыретке қам жасаңдар! Мәселен, кейде қиян-кескі шайқаста, бораған оқтың астында бір сағаттық күзет бір жылдық құлшылықпен пара-пар саналады. Сол сияқты сендердің де мына ауыр шарттарда, қиын кезеңде жасаған құлшылықтарыңның әрбір сағаты көптеген сағаттарға пара-пар болып, көрген қиындықтарың мол сауапқа, мейірімге айналады.
32Аса қадірлі де адал бауырларым!Абақтының қиын күндерін бастан кешіріп жатқандарға және оларға жанашырлық етіп адал түрде қызмет етіп, сырттан кел-ген азық-түліктерге бақылау жасап қол ұшын берген жандарға арналған өте күшті бір демеуді «Үш тұжырым» арқылы баян-дап берейін.Бірінші тұжырым: Абақтыда өткен бір күнді он күндік ғибадатқа, фәни сағаттарды рухани да бақи сағаттарға айналдыруға болады. Әрі дүниеде бес-он жылдық жаза өтеп қамалу арқылы ақыретте миллиондаған жыл ұзақ мерзімге қамалудан құтылуға болады. Міне, бұл - имандылар үшін қатты сын, біле білсе өте құнды әрі мол табыс көзі. Бұл табысқа қол жеткізудің шарты - парыз болған намазды оқу және қамалуға себеп болған күнәлардан тәуба ету, сабыр сақтап, шүкір ету. Он-сыз да түрме күнә жасауға жол бермейтін кедергі жер емес пе?Екінші тұжырым: Ләззаттың аяқталуы өкініш болып, ал өкініштің аяқталуы да ләззат болатыны мәлім. Рас, әркім-ақ өткен күндердің шаттыққа толы кезеңдерін ойлағанда, өкіне де қамыға: «Қап, сол бір күндер-ай!» – дейді. Ал қайғылы ауыр күндерін еске алса, өтіп кеткеніне іштей қуанып: «Әлхамдүлиллаh, Құдайға шүкір, сол бір қараңғы күндер өтті-кетті, орнына сауабы қалды,» – деп көңілі жай тауып, ра-хаттанып қалар еді. Демек, уақытша бір сағаттық қайғы өтіп кетеді де, еш бітпейтін ләззат береді. Ал, бір сағаттық ләззат аяқталғанда өкіндіріп, бітпейтін қайғының терең ізі қалады. Бұл солай. Олай болса, өтіп кеткен қиын сағаттар қайғысымен қоса жым-жылас болды. Ал, келешектегі қайғылы, қиын күндер болса, әзірге ауылы алыс, көрінбейді. Жоқ нәрсеге қайғыруға бола ма?
33Мәселен, бірнеше күннен соң аш-жалаңаш әрі шөлдеп қаламын деп бүгіннен бастап өлермен боп нан жеп, су ішу, қалың киіну ақымақтық қой. Дәл сол сияқты әлі болмаған нәрселерден немесе болып кеткен қиын шылықтарды дәл қазір ойлап сабырсыздану, сондай-ақ кемшілігі көп қиқар нәпсісін ұмытып, Құдайға кінә артқандай «уhілеп-аhылау» әрине ақымақтық. Егер, бойындағы Аллаh берген сабырлылықты оңды-солды шашпай, яғни өткен шақ пен келешекке жұмсамай, дәл қазіргі уақытына, сол күніне арнаса, сабыр қуаты толық жетіп, мазасыздық азаяр еді.Шағымданды демеңдер, мынаны айта кетейін: Мен, Жүсіптің медресесінде (сілтеме )6 өткізген бірнеше күнде, өмірімде көрмеген дүниелік әрі рухани азап шегіп, бір жағынан ауру, бәрінен бұрын «Рисалей-Нұр» қызметінен мақұрым қалып, үмітсіздік пен рухани күйзелістер жанымды жегідей жегенде, Аллаhтан жәрдем келіп, әлгі ақиқаттар ойыма келді. Сол кез-де мен жаныма батқан ауруыма, тіпті қамауда жатқаныма риза болдым. Өйткені, «Мен сияқты қабір аузына таяп қалған бейшараның қапы қалып, босқа өтіп кетуі мүмкін өмірінің бір сағатын ондаған сағат құлшылыққа айналдыру кімге де болсын үлкен табыс» деп, Құдайға шүкір еттім.Үшінші тұжырым: Абақтының қызметкерлері тұтқындарға мейірлене қызмет ету, қолғабыс ету, қажетті заттарын беру, жаралы жүректерін жұбанышпен емдеу секілді аз амалмен мол сауапқа, көп табысқа қол жеткізулеріне болады. Сырт-тан келген тамақты қабылдап алушы қыз меткерлер мен түрме күзетшісінің амал дәптеріне, садақа ретінде дәл сол тамақтың мөлшеріндей сауап жазылады. Қиналған жан яғни тұтқын, кәрі немесе науқас, пақыр немесе кіріптар болса, бұл садақаның сауабы да арта түспек. Міне, осы мол табыстың шарты - әлгі Сілтеме . 2Жүсіп пайғамбарға (ғ.с.) жала жауып, оны нақақтан нақақ түрмеге қамаған екен. Соған теңеу ретінде Иман мен Құранға қызмет жасағандарды ұстап, қамаған түрмені де автор «Жүсіп медресесі» деп отыр.
34қызмет Құдайға бағышталмағы үшін парыз болған намазды оқу. Тағы бір шарты – міндетсінбей, Аллаh ризасы үшін, сенімді дос ретінде жанашырлықпен, мейірлене әрі адал түрде жәрдем ету.уа, түрмедегі достарым, діндес бауырларым!«Дүние мен ақырет азабынан құтқаратын бір ақиқатты баянда!» деп көңіліме нұсқау келді. Ол ақиқат мынау:Мәселен, біреу біреудің ағасын немесе туысын өлтірді делік. Кек алу дағы бір минөттік ләззат миллиондаған минөт жүректі сыздатып қана қоймай, түрменің де азабын тартты-рып отыр. Әлгі өлген адамның туыс қаны да дұшпанынан «қайтсем кек аламын» деп ойлай-ойлай өмірінің мәні кетіп, шырқы бұзылады. Бойын үрей билеп, көкірегін ашу-ыза кер-неп, тірідей азапқа түседі. Бұдан құтылудың бір ғана жолы бар, ол - Құранның әмірін тыңдау және хақ пен ақиқат әрі игілік пен адамгершілік, сондай-ақ Ислам діні талап ететін келісімге келу, татуласу.Иә, ақиқат пен игілік татулықты бұйырады. Себебі, ажал біреу, өзгермейді. Әлгі өлген кісінің ажалы жетіп тұр екен, бәлкім одан артық өмір сүрмейтін де шығар. Өлтірген кісі Аллаhтың жазған тағдырына себепші болды. Егер келісімге келмесе екі жақты үрей басып, кек алудың азабын шегеді. Сондықтан дін Ислам: «Мүминдер өзара ренжісіп, үш күннен артық сөйлеспей қоюға болмайды» деп бұйырады. Егер мұндай қылмыс қастықтан, не өш алудан емес, бір сұмпайы мұнапықтың бү лігі болса, тез ара-да татуласу керек. Әйтпесе, әлгі кішкене бәле одан әрі ұлғайып, жалғаса бермек. Егер татуласса, әрі өлтірген адам тәу ба етіп марқұмға әрдайым дұға етсе, екі жақ та ұтып, туысқандай бо-лады. Жоғалтқан бір бауырының орнына бірнеше діндар бауыр табады. Мүмин Құдайдың басқа салғанына көніп, дұшпанын
35кешіруі тиіс. Оның үстіне «Рисалей-Нұр» дәрісін тыңдаған болса, «Нұр» аясындағы бауырмалдық, сондай-ақ жеке бастың әрі көпшіліктің пайдасы араларында болған араздықты мүлдем ұмытуы керек. Мәселен, «Денизли» түрмесінде бірі-біріне қас болған тұтқындар «Нұрдан» дәріс алғаннан кейін лезде татула-сып, достасып кетті. Біздің де ақталып шығуымызға себеп бол-ды. Тіпті, мұны көрген дінсіз, есерсоқ, сотқарлардың өзі аң-таң болды. Тұтқындардың бойлары жазылып, рахаттанып қалды. Байқаймын, бұл жерде де бір адамның кесірінен жүз адам қиналып, сыртқа бірге шыға алмай жүр. Бұл деген зұлымдық. Мәрт, намысқой мүмин ешқашан өзінің кішкене пайдасына бола, иманды жандарға зиянын тигізбейді. Егер қателесіп зия-ны тисе, дереу тәуба етеді.
36Жaңадан түскен ғазиз достарым және бұрыннан жатқан тұтқындар!Аллаhтың жарылқауы тұрғысынан алғанда біздің бұл жерге қа малуы мыздың басты себебі сендер екеніне менің толық көзім жетті. Яғни «Нұрлар», өзінің жұбаныш беретін дәрістерімен, сондай-ақ имани ақиқаттарымен сендерді түрменің мына аза-бынан және көптеген дүниеуи қиындықтардан құтқарып, өкіндіре өте шығатын келте өмірді босқа өткізбей әрі бұ дүниеде азапталғанындай о дүниеде де азап шекпей, мәңгі өмірді аман сақтап қалу үшін сендерге нағыз демеу. Бұл рас. Әлбетте сен-дер Денизлидегі тұтқындар мен Нұр шәкірттері сияқты өзара дос болуларың керек. Көрмейсіңдер ме, бірін-бірі пышақтап тастамасын, біріне-бірі қастандық жасамасын деп, тамақ бол-сын, нан болсын, сырттан келген заттарыңды мың байланса да ақтарып тексерген адал қызмет етіп жүрген күзетшілер әбігер. Сондай-ақ сендерді біріне бірі бас салып, жұлыса кетеді деп дем алуға сыртқа шығармай отыр.Тумысынан қаhарман, жаңадан түскен тұтқын достарым! Енді ержүректік танытып, батыл түрде түрме қызметшілеріне былай деңдер: «Қо лымызға пышақ, маузер немесе револьвер берілсе, оның үстіне бұй рық та берілсе, біз мына өзіміз секілді қиналып жүрген бейшара бауыр ларымызға қол жұмсамаймыз. Құранның әмірі бойынша, Иман мен Исламның бауыр ластығына орай, ізгі ниетпен, оның берген тәр биесімен бір-бірімізден бұрыннан ала алмаған кегіміз болса да кешіп, ренжітпеуге ант еттік!» Осы-лайша абақтыны мүбәрак, құтты дәрісханаға айналдырыңдар.
37ҚАДіР ТҮНі ОйЫМА КЕЛГЕН МАңЫЗЫ ЗОР МӘСЕЛЕОн үшінші Сөздің екінші бөлімінің қосымшасыҚадір түні ойыма келген терең ақиқаттың өте қысқаша баяны.Адамзат екінші дүние жүзілік соғыстың зардабы мен ора-сан зұлым дығын бастан кешірді. Бір залымның кесірінен жүздеген жазықсыз жандар зиян шекті. Соғыстан жеңілгендер үмітсіздікке түсіп, жеңгендер болса, үстемдігінен айырылып қалмаумен әлек. Әрі қираған қалаларды қал пына келтіру өзінше бір мәселе. Сондай-ақ, дүниелік өмірдің расында баянсыз, ал мәдениет қиялының жалған әрі алдамшы екеніне әб ден көздері жетіп, көңілі қалды. Адам баласының жоғары деңгейдегі қа-білеті, оның ішкі дүниесі, армандары тас-талқан болды. Және бейқамдық пен адасудың берік қорғаны саналып келген меңіреу табиғатшылдық ұғымы Құранның алмас қылышымен парша-парша болды. Сондай-ақ адамды ғапыл қалдыратын, сан ада-стыратын құйтырқы саясаттың бетпердесі ашылды.Міне, соңғы кезде Солтүстікте, Батыста, Америкада байқалғанындай, адамзаттың нағыз арманы болған бақи өмірді бар күшімен іздейтін күн туады. Оған мына дүниелік өмірдің осындай жағымсыз да өткінші екені баршаға көрінуі зор ықпал етеді. Ал, бұл тұрғыда Кәламуллаh, яғни бір мың үш жүз алпыс жылдан бері әр ғасырда үш жүз елу миллионнан астам шәкірті бар және миллиондаған қарилардың жадында сақталып келе жатқан, әрі басқа ешбір кітапта кездеспейтін ерекшеліктерге ие, адамзатқа бақи өмір мен мәңгі бақыттан дәйекті де ақылға қонымды түрде хабар беретін, оның рухани жарасына нағыз ем, дертіне шипа болар Қасиетті Құран таптыртпайтын қазына.
38Ол – қайта-қайта, қуатты да қатаң ескерте отырып, мыңдаған аяттарымен, бірде ашық, бірде құпия түрде әрі бұлтартпас айғақтарымен, бұл өмірден кейін мәңгі өмір басталатынын және мол бақытқа бөленудің шындық екенін сүйіншілеп, хабар береді. Әлбетте, адамзат ақылынан мүлдем адаспаса, заттық не-месе рухани қиямет қайым болмаса, Швеция, Норвегия, Фин-ляндия және Англияның Құранды қа был дауға ұмтылған атақты ойшылдары, сондай-ақ Американың хақ дін іздеген белсенді ұйымдары, сондай-ақ Жер шарының ірі құрылықтары мен елдері Қасиетті Құранды шарқ ұра іздейтін болады. Мәнісін түсініп, ақиқатына көзі жеткен соң жан-тәнімен қабылдайды. Себебі, бұл тұрғыда оған тең келер ешбір кітап жоқ әрі болмай-ды да. Ешбір кітап ең ұлы мұғжизаның яғни Қасиетті Құранның орнын баса алмайды.Екіншіден: «Рисалей-Нұр»осы ұлы мұғжизаның қолындағы алмас қылыш қызметін атқарып, қасарысқан дін дұшпандарын тізе бүктіруде. «Рисалей-Нұр» Құраннан нәр ала отырып, жүрек, рух, тағы басқа сезімдерді нұрға бөлеп, Құран ақиқаттарын әртарапқа жаюда. Құраннан басқа ұстазы, бұлағы болмаған «Рисалей-Нұр» делдалдық міндетін то лық атқарып келеді. «Рисалей-Нұрға» қарсы үгіт жүргізушілердің еңбегі зая кетті. Құдайдан безген қырсықтардың жауырынын жер-ге тигізіп, дінсіздіктің алынбас қорғанындай болған «табиғат жаратты» деген ұғымды «Табиғат рисалесі» кітапшасы тас-талқан етті. Мәңгүрттік ұйығына бат қалы жүргендерге «Асай Мұса» кітабындағы Миуаның Алтыншы мәселесі және Бірінші, Екінші, Үшінші, Сегізінші айғақтары құтқарушы болып, иман шарттарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.Саид Нұрси
39(Жиырма алтыншы Лемадан)ЖЕТіНШі ҮМіТҚартая бастаған шағымда бұрынғы Саидтің күлкілері Жаңа Саидтің көз жасына айналды. Анкарадағылар мені бұрыңғы Саид деп ойлап, астанаға шақырды. Күз мезгілі бо-латын менен де бетер тозып, қаусап қалған Анкара қорғанына шықтым. Жылдың да кәрілік мезгілі менің де қарттығым, қорғанның да қарттығы, адамзаттың да қарттығы, Осман-лы патшалығының да қарттығы, Халифаттың да қарттығы, Жер шарының қарттығы маған қатты әсер етті. Өткен өмірдің ой-шұқыры мен болашақ белестеріне ой жүгірттім. Мені қаумалай қоршаған бұл қарттықтардың қараңғылықтары ішінен Анкараны рухани қараңғылық ішінде көрдім. Бір нұр, жұбаныш, демеу болар үміт отын іздедім (сілтеме )7 Оңыма, яғни өткен өміріме қарағанымда ата-бабаларымның ғана емес, нәсілімнің де мазары бейнесінде көрінді. Жұбаныш тілеген жүрегіме қорқыныш ұялады. Құтылудың жолын іздеп,сол жағымдағы болашаққа назар салдым. Бұл жағымнан да менің және болашақ ұрпағымның қараңғы қабірі көрінді. Үміттеніп едім, күйінішке салды.Оңым мен солымнан шошынып, бүгінге қарадым. Оны – жартылай өліп, жанталасқан денем жатқан табыт түрінде көрдім. Бұл жақтан да үмітім үзілген соң, еңсемді көтеріп, өмір ағашымның ұшар басына көз салдым. Бір ғана жемісі бар екен. Ол да менің мәйітім. Өмір ағашының тамырларына қарадым. Мына денем тамырдағы топырақпен топырақ болып аяқасты тапталатындай көрінді. Дертімді одан бетер асқындыра түсті. Сілтеме . 3Сол уақыттағы рухани халім парсша мінәжат түрінде жазы-лып, Анкарада «Хубаб» рисалесін болып басылды.
40Шарасыздықтан артыма қарадым. Бұл фәни дүние тұрақтай алмай, қаңбақтай домалап барады. Жарама дәрі емес у сепкен-дей болды. Бұл жақтан да қайыр болмаған соң, алдыма көз салдым. Ал-дымда қабірімнің аузы арандай ашылып, мені күтіп тұр. Арғы жағында бақилыққа ұласып жатқан жол. Сол жаққа сапар шек-кендер алыстан-ақ топ-тобымен көрініп, бара жатыр. Осылай алты жақтан анталаған қорқыныштарға қорғаныс пен тіреніш деуге келмейтін қалау еріктен басқа ешнәрсем жоқ. Дұшпандар мен қауіптерге қарсы адам баласының қолындағы қаруы азғана қалау мен еркі ғана. Қолынан келері шамалы. Жарату қолынан келмегендіктен ол әлсіз әрі нұқсан тек кәсіп етеді. Ол – өткен кезеңдегі өкініштерге жетіп түзей алмайды, я келешекке ба-рып ол жақтағы қорқыныштарды сейілте алмайды. Яғни өткен мен болашақтағы арман мен өкініштеріме пайдасы тимейтінін көрдім. Алты жақтан анталаған уайым-қайғыдан үмітсіздіктің қараңғы құрдымына құлағалы тұрғанда қасиетті Құраннан қуат алған иман нұры көмекке келді. Алты жағымды да жарық тандырып нұрға бөлегендігі сонша, уайым қараңғылығы жүз есе қоюлана түссе де, иманның жарығы жеткілікті еді. Барлық қорқыныш үрейді қуанышқа, қайғыларымды сүйінішке ай-налдырды.Иман, әлгі өткен шақтың қорқынышты мазар бейнесін өзгертіп, үйреншікті зиялылар мәжілісі мен сүйікті жандардың жиналысы екенін айдан анық көрсетті.Һәм иман, бейқамдықтың кесірінен үлкен қабір түрінде көрінген болашақты әсем сұлу бақыт сарайларында беріліп жатқан Рахмани қонақасы, мәжіліс түрінде анық көрсетті.Һәм иман, бейқам назардағы бүгінімді яғни мені әкетіп бара жатқан табыттың тас-талқанын шығарып, Рахманның қонақ үйінде ақырет үшін сауда жасап жүргенімді көрсетті.Һәм иман, өмір ағашының басында жаназа боп көрінген бір ғана жемістің мәйіт емес, мәңгі өмір үшін жаратылған рухымның тозған ұясынан шығып, көкке самғау үшін сапар шеккенін нақты көрсетті.
41Һәм иман, сүйектерім мен жаратылысымның бастауы бо-лып табылатын топырақ, аяқасты болып езілген елеусіз нәрсе емес, ол топырақ рахымының қақпасы, Жәннаттағы сая бақтың бір пердесі екенін көрсетті.Һәм иман, ғапыл назармен артымда жоғалып, құрып бара жатқан дүниенің күйін Құранның сыры арқылы өзгертіп жіберді яғни әлгі сырт көзге қараңғы болып көрінген дүние өз міндетін атқарған, мағынасы белгілі болған, алайда орны-на нәтижелерін қалдырып бара жатқан Самәдани хаттың бір парағы, әрі Субхани нақышты ою-өрнектің парақтары екенін көрсетті. Дүниенің шын мәнісін толық, нақты түрде көрсетті.Һәм иман, аузын арандай ашып, алдымда күтіп тұрған қабірдің арғы жағындағы сапар, мәңгілік өмірмен байланысып жатқан саяхат екендігін Құран нұрымен көрсетті. Ол қабір апанның аузы емес, нұр әлемінің есігі, мәңгілік бақыт қақпасы екенін біліп, дертіме шипа таптым.Һәм иман, қолымдағы кәсіп қылған аз ғана еркімді алып, орнына қыруар дұшпандар мен қараңғылықтарға қарсы, шексіз құдіретке арқа сүйерлік, шексіз мейрімділікпен байла-ныс құрарлық куәлік тапсырды. Тіпті, иман әлгі еріктің қолына өзі бір куәлік болды, hәм манағы ерік дейтін адамның қаруы, негізінде іске жарамсыз қысқа, әрі дәрменсіз. Алайда, бір жау-ынгер қалайша өзінің азғана күшін, мемлекет атына қолданған кезде күші мың есе артып кетеді, дәл. Сол сияқты иманның сы-рымен әлгі шағын қалау ерік Аллаh Тағаланың атымен, оның жолына қолданылған кезде, бес жүз жылдық кең Жәннатты ұтып алуға мүмкіндік береді.Һәм иман, келешек пен өткен шаққа бойлай алмайтын әлгі қалау еріктің тізгінін дененің қолынан алып жүрек пен рухқа тапсырады. Рух пен жүрек дене сияқты осы шаққа тәуелді болмағандықтан көп жылдар өткен шақтан, ұзақ жылдар болашақтан қамтып, тіршілік тынысы кеңейеді. Осылайша әлгі қалау еріктің алаңы ұлғаяды. Иманның қуатымен өткен
42шақтың терең сайларына бойлап, қайғыларын сейілтеді. Сол сияқты иманның нұрымен болашақтың шыңдарына шығып, үрей мен қорқыныштың алдын алады.уа, мен сияқты қарттыққа аяқ басқан қариялар! Имандылықта нұрлы, ләззаты мол қазыналар бар, ол рас. Әрі кәрілік біздің иман қазынамызды байытқан үстіне байыта түседі. Олай болса, кәрілігімізге шағымданудың орнына риза болуымыз керек.
43СЕГіЗіНШі ҮМіТШашыма қарттықтың белгісі ақ шаш түсе бастаған кез бола-тын. Жастық деген бейқам ұйқыны одан сайын тереңдететін соғыстың аласапыран оқиғалары, әрі тұтқында болудың әсері және Стамбулға соңғы келген кезімдегі атақ-даңқым, тіпті Ха-лифадан бастап шәйхул Исламның, Бас қолбасшының тіпті ме-дресе шәкірттеріне дейінгі маған көрсеткен шамадан тыс сый-құрметтері әрі жастықтың мастығы әлгі жастық ұйқысын одан әрі тереңдеткені сондай, өзімді бұл дүниеде мәңгі жасайтын адамдай сезіндім. Рамазан айының бір күнінде Баязит мешітінің ықыласты қариларын тындауға бардым. Адамзаттың және барлық тіршілік атаулының өлім табатындығы жайлы баяны Мұғжиза Құран деген жарлығын қарилер арқылы жариялады. Ол менің жүрегіме ұялап, жастық шақтың буынан сергітті. Көпке дейін мең-зең болып, бағытынан айрылған кеменің күйін кештім. Айнаға қараған сайын шашымның ағы «байқа!» дейтіндей. Шынында да сенім артып, масаттанған жастық шағым қоштасып, кетіп барады. Кеткім келмеген жарық дүнием сөнгелі тұр. Өте тығыз байланыста болған дүние уақытша екен. Құран Кәрімніңаяты: адамзат бір жан, қайта тірілу үшін өледі. Дүние да бір жан, мәңгілік бейне алмаққа ол да өледі. Жаратылыс атаулы бір жан, оның да өлетіні анық. Өз халіме назар аудардым. Шаттық бақшасындай болған жастықтың нұрлы өмірі өтіп, орнына қараңғы да үрейлі өлім жақындап келе жатқанын көрдім. Стамбулдағы қызметім мен сый-құрметтер, жанымда тұрған қабір аузына дейін ғана екен. Атаққұмарлар армандап жүрген атақ-даңқ, мансап пен дәреженің мән-мағынасы екіжүзділік, өзін сату, уақытша мастық екенін түсіндім. Осы уақытқа дейін
44мені алдап келген бұл нәрселерде ешқандай нұр, ешқандай пай-да жоқ екенін көрдім. Құранның киелі дәрістерін тыңдау үшін Баязит мешітіне екінші рет барғанымда, киелі хабарлардан сүйіншісін естідім. Өзге жер-ден жұбаныш іздеп, босқа әуре болыппын. Құранның шапағатымен дертіме шипа, қараңғылықтан нұр, үрей туғызған нәрселерден жұбаныш таптым. Хақ Тағалаға жүз мың шүкір еттім. Сырт көзге тас қараңғы, тұңғиық болып көрінгенімен, мүмин үшін өлімнің нұрлы, жарқын жүзді екенін Құран сәулесімен көре алдым. Бұл ақиқаттар басқа да еңбектерімде дәлелденген-ді. Сегізінші Сөз, жиырмасыншы мектуб секілді тәпсірлерде көрсетілгендей, өлім – дегеніміз жоқ болу емес, ол – мәңгілік өмірдің бастамасы, дүниелік өмірдің күйбең тірлігінен демалысқа шығу, жай ғана мекен ауыстыру, Берзах әлеміне көшкен жақындарымызбен қауышу. Осы секілді ақиқаттар арқылы өлімнің шынайы түрін көрдім. Өлімнен қорқудың орнына жүзіне күле қарадым, Рабыта-и Мәуттің құпиясын түсіндім.Сонан соң жұрттың бәрін ынтызар етіп, өзіне тартатын жастық шақтың жүзіне зер салдым. Егер жастық шақтың шын мәнісін білмегенімде, бірнеше жыл ойнап күліп, кейін өмір бойы жылаған болар едім. Осындай біреу:яғни «Шіркін, жастық шағым оралып қайта келсе ғой, кәріліктің қаншалықты қиын хал әкелгендігі жайлы шағым айтар едім» деген екен. Осы секілді жастық шақтың шын мәнісін түсіне алмаған қариялар қасірет шегуде. Ақылды мұсылман болса, жастық шақтың қуатын ғибадат пен игі істерге, діни міндеттерін атқаруға жұмсап, ол – Аллаhтың нығметі екенін түсінер еді. Адам жас кезінде түзу бағыт
45пен ар-намыс және тақуалықты ұстанбаса, қауіп-қатер көп. Албырттық о дүниедегі мәңгі бақыт пен ақыреттік өмірге зиян келтіреді. Тіпті, бұ дүниелік өмірін де астан-кестен қылады. Қысқа жастық шақ пайдасыз, тіпті зиянды істерге жұмсалуда. Біз – қарттар, жастық шақтың албырттығы мен қауіп-қатерінен құтылғанымызға Аллаhқа шүкір етуіміз керек. Егер жастық шақты ғибадатқа, игі істерге сарп етсе, ол адам ақыретте мәңгі жас қалпында қалады.Бұдан соң адамдардың көбісі кеткісі келмейтін дүниеге зер салдым. Дүниенің үш түрлі жүзі бар екенін Құран нұрымен көрдім. Біріншісі, Аллаhтың есімдерінің айнасы. Екіншісі, Ақыреттің егіс алқабы.Үшіншісі, Ақыретке сенбейтін адасқандардың ойын-сауық отауы. Сондай-ақ, бұл дүниеде әр адамның өзіне тән жеке дүниесі бар. Адамдардың санынша бірімен-бірі сапырылысып жатқан дүние. Бірақ, әр адамның өзіндік дүниесі болады. Оның тірегі - әркімнің өз өмірі. Мына дене қай уақытта өлсе, сол уақытта жеке дүниесі де тас-талқан болып, қараң қалады. Бұдан былай ол үшін қиямет орнайды. Қапы қалған бейғам жандар өз дүниелерінің кез-келген уақытта қараң қалуы мүмкін екендігінен бейхабар болғандықтан, дүниесін жалпыға ортақ кең дүниемен шатастырып, өз өмірін мәңгі деп ойлап, құмарлана мәз болып жүр. Басқалардың дүниесі секілді тез қирап, әп сәтте бұзылатын менің де өзіндік дүнием бар. Апырым-ай осы өзіндік дүнием мен қып-қысқа өмірімнің маған не пайдасы бар? деген ойға баттым. Бұл дүние – мен үшін де, басқалар үшін де үлкен сауда орны әрі тұрғындары күн сайын азайып-көбейетін қонақ үй, келіп-кетушілерге арналған базар. Ақырет үшін көшет өсіретін бақша. Шебер Аллаһтың әр уақыт жаңалап отыратын хикмет толы дәптері. Әрбір көктем – Оның бір хаты, әрбір жаз
46– Оның өзін мадақтайтын өлеңі екендігін көрдім. Хикметтерге толы мына дүниені жаратушы Аллаһқа мың да бір шүкір еттім. Адамзат баласына дүниенің ақыретке қатысты және Аллаhтың есімдерімен байланысты әсем жағына, яғни шын мәнісіне деген сүйіспеншілік, махаббат берілген. Ал ол сезімдерді дүниенің фәни, жағымсыз, зиянды да құнсыз жақтарына сарп еткендіктен бүкіл қателіктер (Дүниеқұмарлықтан шығады) дейтін киелі хадиске нысана болғандарын аңғардым. Құрметті қариялар! Құранның нұрымен және қарттығымның ескертуімен маған осы ақиқатты көру нәсіп болды. Көптеген еңбектерімде мұны дәлелдедім, кәрілігіме риза болдым, жастық шақтың өтіп кеткеніне қуандым. Сіздер де өкініп, таусылмаңыздар, шүкір етіңіздер! Аталған ақиқаттар рас екенін білеміз, иманымыз да бар. Олай болса бейқамдар мен Құдайдан безгендер жыласын!
47\"МИуА\" КіТАПШАСЫНАН АЛТЫНШЫ МӘСЕЛЕ«Рисалей-Нұр» шығармасының көптеген жерінде ба-яндалып, бұл тартпас айғақтармен дәлелденген Аллаhқа иман шартының ауқымы кең, жан-жақты мыңдаған айғақтарының бір ғана айғағына қысқаша ишара.Қастамону қаласында мектеп оқушылары: «Бізге Жаратқан Иемізді таныстырыңыз. Мұғалімдер Аллаh туралы айтпай-ды» деді. Мен оларға: «Сендердің оқып жатқан пәндеріңнің әрқайсысы әрдайым өз тілімен Аллаh туралы айтып, Оны таныстырып жатыр. Сендер мұғалімнің орнына соларды тыңдаңдар. Қане, олар не дейтінін тыңдап көрейік» дедім.Мәселен, керемет бір дәріхананы елестетіңдер. Әрбір құтыға өте дәл өлшеммен жасалған, әрі тірі әрі керемет жақпа май дәрі-дәрмектер салынған. Сөз жоқ бұл бізге өте епті, хи-мик, дана дәрі жасаушыны кө рсетеді емес пе! Сол сияқты Жер шары да үлкен дәріхана. Онда тіршілік ететін төрт жүз мың түрлі өсімдік пен жануарлар бар. Олар бейне бір дәрі салынған құты тәріздес немесе тірі жақпа май дәрі-дәрмектер іспетті. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әлгі дәріханадан Жер шары дәріханасы қаншалықты зор, үлкен болса, сендер оқитын дәрігерлік оқуы да Жер шарындай алып мөлшерде Оның дәрі-дәрмек жасаушысын – Хаким-і Зүлжәлалды (Айбынды хикмет иесі) тіпті соқырларға да көрсетеді.
48Не болмаса, таңғажайып бір фабриканы алайық. Ол фабри-ка маталар дың мыңдаған түрін қарапайым бір ғана шикізаттан тоқиды. Бұл іс мына фабриканың қожайыны шебер әрі ілімді екенін шүбәсіз білдіреді. Сол сияқты «Жер шары» дейтін жүз мыңдаған басы бар, әр басында жүз мыңдаған керемет фабрика орнатылған «жылжымалы Раббани мәшине», адамдар салған фабрикадан неғұрлым үлкен әрі керемет болса, сендердің оқып жатқан механика пәні де соғұрлым Жер шарының Шебер Иесі бар екенін білдіреді әрі таныстырады.Тағы бір мысал. Өте керемет, әртараптан мың бір түрлі азық-түлік келіп тұратын, іші неше түрлі затқа толы қойма, дүкенді алайық. Оның да міндетті түрде бір иесі, өте бай қожайыны, бақылаушысы болатынын білеміз. Сол сияқты мына Жер шары, бір жылда жиырма төрт мың жыл дық бір алаңды жүйелі түрде жүріп өтеді. Қоректенетін жүз мыңдаған мұқтаждарды артып алып саяхат барысында мезгілдерге соғып, көк темде мыңдаған тағамдарды толтырып алады да қыс бойы жеп азығы таусылған бейшара жандарға тасып тұратын, бей-не бір көлік, Рахмани азық қоймасы, Субхани кеме, мың түрлі қажетті нәрселер мен заттарды, сондай-ақ консерві құтыларын таситын жүк мәшинасы, Раббани дүкен секіл осы Жер, әлгі фа-брикадан неғұрлым үлкен әрі керемет болса, оқып жатқан неме-се келешекте оқитын пәндеріңіз жеңіл өнеркәсіп тұрғысынан, Жер шары қоймасының иесін, оны жаратып, басқарып тұрған Құдіретті соғұрлым бұлтартпас түрде білдіреді, танысты-рады, сүйсіндіреді.Тағы бір мысал. Төрт жүз мың ұлттан құралған, әр ұлттың қалаған тамағы басқа, қолданатын қаруы басқа, киетін киімі басқа, тәлім-тәрбиесі, демалысқа шығу мерзімі басқа-басқа соншама көп әскерді таңғажайып бір қолбасшысы жалғыз өзі басқарады. Әлгі сан-алуан ұлтқа өзіндік азық-түліктерін, қару-жарақтарын, киім-кешектерін, құрал-саймандарын ұмытпай, шатастырмай, дер кезінде, уақытында үлгертіп беріп тұрса, әлгі ғажап әскер мен әскери бөлімше, өздерінің кере-
49мет қолбасшысын шүбәсіз анық түрде көрсетіп, ғажаптығына таңдандыра сүйсіндірмей ме? Дәл сол әскери бөлімше тәрізді жер жүзінің көктем сайын жаңадан қару-жарақпен жабдықталған, жаңа бір Субхани әскері секілді өсімдіктер мен жануарлар әлемін алайық. Олар сан-алуан ұлттан құралған әскердей төрт жүз мың түрден тұрады. Олардың сыртқы пішіндері мен киімдері, азық-түлік, қару-жарақ, тәлім-тәрбие мен демалысқа шығу мерзімдері сан-алуан болғанымен өте жүйелі де тәртіпті, ешбірі ұмыт қалмай, шатастырылмай бір ғана Ұлы қолбасшы тарапынан беріліп жатыр. Міне, Жер Шарының «Көктем» атты әскери бөлімшесі жоғарыда аталған әскери бөлімшеден қаншалықты ауқымды да зор, керемет болса, сендердің келешекте оқитын әскери дайындық сабағы ұқыпты, ақылды балаларға Жер Шарының Хаким-і Раббысы (Үкімі әрқашан жүретін, бәрін тәрбиелеуші) және басқарушы Ұлы қолбасшысы соғұрлым таңғаларлық, мақтауға тұрарлық екендігін білдіреді. Шүкір етуге, оны мадақтауға лайық екенін көрсетіп, сүйсіндіреді.Мәселен, ғажайып бір қалада жүрміз дейік. Төбемізде миллиондаған электр шамы бір орнында тұрмай жылжып отырады. Олардың жанар май лары да тоқ көздері де таусылар емес. Мұндай ғажап электр шамдар, өзін басқарып отырған, жылжымалы шамдарды жасаған, электр станциясын салған, жанармаймен қамтамасыз етіп отырған таңғажайып шеберге, аса керемет құдіретті ғалымды таныстырады. Оның өнеріне тәнті болып, қошеметтеп, ісіне сүйсінесің. «Жарайсың!» деп айқайлағың келеді. Дәл сол сияқты мына «Әлем» атты қалада, «Дүние» дейтін сарайдың төбе сіндегі шам тәріздес жалт-жұлт еткен жұлдыздар, астрономияның айт уын ша, Жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жетпіс есе жыл дам қозғалып жатса да жүйесін әсте бұзбай, бір-біріне қақтығыспай, сөніп те қалмай, қуаты кемімей жанып тұр. Сендер келешекте оқитын астрономияның айтқанына сүйенетін болсақ, Жер шары-нан миллион есе үлкен және миллион жылдан астам бұрын
50жаратылған Рахмани қонақ үйде әрі шам әрі ошақ қызметін атқарып тұрған Күннің бір тәулік сөнбей жанып тұруы үшін, жер жүзінің теңізіндей жанармай, тауларындай көмір немесе мыңдаған Жер шарының көлеміндей отын керек екен. Мұны және осы сияқты алып жұлдыздарды шексіз құдіретімен жанар-майсыз, көмірсіз жандырып, сөндірмей тұрған әрі қай-қайсын да өте жылдам жүргізіп, бір-біріне соғыстырмайтын Иләһи құдірет пен билікті көзімізбен көріп жүрміз, көрмейтіндер төбесіндегі аспан денелеріне бір қарасын! Әлем атты мына зәулім қаланың, дүние дейтін үлкен сарайдың электр шамдары және оны басқару істері қаншалықты зор әрі керемет, өте тама-ша болса, сендер оқыған немесе келешекте оқитын физика пәні әлгі ұлық көрменің Сұлтанын, Мүнәууирін (Нұрландырушы), Мудеббирін (Басқарушы, ұйымдастырушы), Шеберін аспандағы нұр шашқан жұлдыздарды куә ретінде көрсетіп, та-ныстырады. Тәсбих еткізіп, қошеметпен сүйсіндіреді, Иесіне ынтық қылады.Мәселен, қолымызда бір кітап бар. Оның бір жолына ұсақ жазумен бір кітап жазылған. Әрбір сөзіне үшкір қаламмен Құранның бір сүресі жазылған. Кітап өте тамаша. Бірін-бірі қуаттайтын тақырыптары жазу шысының асқан шебер, құдіретті екенін көрсетеді. Мұндай кітап, мін детті түрде, өзінің жазушысы, құрастырушысы өте өнерлі әрі ерекше қасиетті екенін анық білдіреді, таныстырады. «Машаллаh, Бәрекелді»дегізіп, жоғары бағалатады. Дәл сол сияқты мына «әлем» атты ұлы кітапқа үңілейік. Бір ғана парағын жер жүзі деп алсақ, соның бір ғана жолы болып табылатын көктемде үш жүз мың түрлі өсімдік пен жануарды, барлығын бірге, аралас-құралас, бір-бірімен шатыстырмай, қатесіз, жаңылыспай, ауыстырып жібермей, керемет әрі тыянақты түрде өсіп өндіреді. Кейде «ағаш» дейтін бір сөзге бір өлеңнің, дән дейтін бір нүктеге бір кітаптың толық мазмұнын жазып қояды. Мұндай құдіретті
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189