Құран ғажайыптарыБәдиуззаман Саид НұрсиАлматы, 2015Рисалей-Нұр жинағынан
УДК 28ББК 86.38Н 87нұрси С.Н 87Құран ғажайыптары / Бадиуззаман Саид Нұрси; ауд.: З. Батайұлы, Ж. Қиянбек, Р. Тәжібай, С. Сейілбекұлы, А. Хамза – Алматы, 2015. – 170 б.ISBN 978-601-7028-75-6УДК 28ББК 86.38ISBN 978-601-7028-75-6© ТОО Нур Фейз, 2015
4Рисалей Нұр жинағынанжиырма беСінші СөзҚұранның мұғжиза екенін баяндайдыҚолымда Құран дейтін мәңгі өшпес бақи мұғжиза тұрғанда басқа жақтан дәлел іздеу ақылыма сыймайды.Қолымда Құран дейтін ақиқаттың айғағы тұрғанда кәпірлердің үнін өшіру түкке тұрмайды.ЕСКЕРТУ(Бұл Сөзді бес тарауға бөліп жазуға ниет еткен бола-тынбыз. Бірақ, амал нешік, бірінші тараудың соңына таяп қалғанда Құрани әріппен бастыруға үлгеру үшін жылдам жазуға мәжбүр болдық. Тіпті кейде жиырма-отыз бетті екі-үш сағатта жазған кездеріміз болды. Сондықтан, үш тарау-ды қысқаша жазып екі тарауды кейінге қалдырдық. Түсініксіз тұстары, кем шіліктер, қателіктер болып жатса, ол менің ағаттығым. Сондықтан, бауырларымнан ондай жерлеріне әділ көзқараспен, кешірімшіл назармен қарауын өтінемін).Бұл «мұғжизат-ы Құрание» атты кітапта, яғни, Құран Кәрімнің таңға жайыптығын көрсететін осы шығармада кездесетін аяттардың басым көпшілігіне діннен безгендер тарапынан мін тағылып, сынға ұшыраған аяттар, не болмаса ғалымсымақтар тарапынан наразылық тудырған яки жын-шайтандар уәсуәса беріп, шек пен шүбә келген аяттар боп табылады. Міне, осы «Жиырма бесінші Сөз» әлгі аяттардың ақиқатын, мән-мағынасын ашып, кәпірлердің қателесіп «кемшілік» деп ойлаған тұстарының, кері сінше, ғажап сырға толы екенін, оның терең сырларын, шешендікке толы
5Құран ғажайыптарымұғжизалы жақтарын, жалпы аят деген күллі кемелдіктің бастауы, қайнар бұлағы екенін ғылыми түрде нақты ереже-лерге сүйене отырып дәлелдейді. Таза ойды былғамау үшін лас шек-шүбәлар жазылмай бірден қанағаттанарлық жауап-тар жазылды. Тек Жиырмасыншы Сөздің бірінші тарауында ғана секілді үш-төрт аятқа қатысты шүбәлар жазылды. Һәм, осы “мұғжизат-ы Құрание” рисалесі өте қысқа әрі асығыс жазылғаны рас. Дегенмен, әдеби шешендік тұрғыдан ғалымдарды тамсандыратындай терең әрі керемет түрде жазылды деуге болады. Иә, әр тақырыпты әрбір оқырман толық түсінбеуі, пайдалана алмауы мүмкін. Алайда мұндай, миуалы бау-бақшадан әркім өз сыбағасын алады деп ойлаймын. Бұл кітапша өте асығыс әрі қиын жағдайларда жазылғандықтан сөз саптауында, сөйлем құрауында ағаттықтар болса да ғылыми тұрғыдан көптеген өзекті мәселелер қаралып, олардың ақиқатын, мәнісін ашып беруге септігі тиеді.Саид нұрси
6Рисалей Нұр жинағынанҚұранның мұғжизаСын баяндайтын риСалеІші мұғжизаларға толы, өзі таусылмайтын қазына һәм Мұхаммедтің (с.а.у) ең ұлық мұғжизасы болып табылатын һәм тілі көркем, ділмар, сөз саптауы ерекше Қасиетті Құранның таңғажайып қырлары мен сыр лары өте көп. Сондай қасиеттерінен қырыққа жуық кереметін арабша шығармаларымда, “ишарат-ул иғжаз” атты тәпсірімде және осы жерге дейін жазылған жиырма төрт Сөзде біршама баяндаған болатынбыз. Енді, олардың тек бес жағын біршама баяндап, қалған жақтарын әлгі кітаптарға сілтеп және бір кіріспемен түсініктеме жасап, мән-мағынасына ишара етеміз.Кіріспе үш бөлімнен тұрады.бірінші бөлім: Құран дегеніміз не? Оның аны тамасы.қжауабы: Он тоғызыншы Сөзде және басқа Сөздерде дәлелденгеніндей;Құран – мына әлем атты алып кітаптың мәңгі бітпес тәржімесі;Құран – жаратылыс аяттарын оқитын түрлі тілдердің мәңгі өшпес тілмашы;Құран – мына кітап тәріздес көзге көрінетін және көрінбейтін әлем дерге түсініктеме беруші;Құран – Жердегі және Көктегі жасырын Иләһи көркем есімдердің мағынауи қазыналарын тауып беруші;
7Құран ғажайыптарыҚұран – жазба тәрізді қилы оқиғалардың астарындағы терең ақи қаттардың мәнісін ашып беруші;Құран – мына шәһәдат әлеміндегі ғайып әлемінің жаршысы;Құран – мына көрнекі әлемнің артындағы ғайып әлемінен келген мәңгі-бақи, Рахмани, жанды жадыратар жылы лебізге толы ілтипат және Әзәли, Субхани үгіт пен насихатқа толы қазына;Құран – мына Ислам әлемінің мағынауи Күні, ірге тасы;Құран – ақыреттік әлемдер жөнінде бағыт-бағдар беретін жөн сіл теуші;Құран – Аллаһтың өзін және көркем есім-сипаттарын таныстыратын, Оның күрделі істерінің мән-жәйін түсіндіретін, оны толық баяндайтын киелі тәпсір, бұлтартпас айғақ, нұрлы тілмаш;Құран – мына адамзат әлемінің нағыз дана данышпаны, оны бақытқа жетелеген шынайы муршид, өнегелі ұстаз, тура жолға салушы. Ол – шариғат кітабы һәм дұға кітабы һәм хикмет кітабы һәм құлшылық кітабы һәм бұйрық пен әмір және хаққа шақыру кітабы һәм зікір кітабы һәм пікір кітабы һәм күллі адамзаттың рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге негіз боларлық көптеген кітаптарды қамтитын өз алдына бірден-бір таптырмас қасиетті кітап һәм барлық әулие мен ақиқатшылдардың, арифтер мен ақиық ғұламалардың түрлі-түрлі көзқарас, мәзхабтарына, ұстанған сан алуан жолдарына сәйкес әрі әрқайсысының ұстанған жолының табиғатына қарай жөн сілтейтін, нұрландыратын қасиеттерге ие және әрбір бағыттың ең соңғы барар жерін дәл басып, оны жан-жақты суреттейтін, сан-қилы кітапшалар дайындап қолына беретін, өте бай да киелі кітапхана тәріздес Аспани кітап.екінші бөлімдегі аны тамаға осымша:ққ Құран – ғарш-ы Ағзамнан, Исм-и Ағзамнан және әр есімнің ұлық мәртебесінен келгендіктен - Он екінші Сөзде баяндалып дәлелденгені секілді
8Рисалей Нұр жинағынан- Құран – бүкіл әлем нің Раббысы болған Аллаһтың сөзі, әрі барлық болмыс атаулының Жа ратушысы болған Аллаһтың пәрмені, сондай-ақ, Аспан мен Жердің Жаратушысы атыменен басталатын хұтпа және толық Рубубиеті жа ғынан келген үндеу әрі жалпы Субхани салтанат есебінен мәңгілік хұт пасы. Һәм ауқымды да кең мейірімге иелігі тұрғысынан Рахманның жылы лебізге толы дәптері. Сондай-ақ, Улуһиеттің айбындылығының ұлылығы тұрғысынан кейде бастарында құпия сырлардың белгілері жазылған өзара хабарласу жиынтығы болып саналады. Һәм исм-і Ағзам тарапынан келіп арш-ы Ағзамның бүкіл шеңберлерін қамтитын, егжей-тегжейлі суреттейтін хикмет шашқан киелі кітап болып табылады. Міне, сондықтан “Кәламуллаһ” Аллаһтың сөзі деген жоғары мәртебе Құранға берілген әрі беріле де бермек. Ол оған толыққанды лайық. Құраннан кейін басқа пайғамбарлардың кітаптары мен парақтары келеді. Басқа да шексіз Иләһи сөздерге келер болсақ, олардың бір бөлігі ерекше бір жағымен, кішігірім бір дәрежемен, айрықша бір шағылысумен, шағын бір есіммен, арнайы бір Рубубиетпен, өзіндік бір Салтанатпен, жекелеген бір рахметпен көрінген илһамдар түріндегі бір сөйлесуі болып табылады. Адамзат пен періштелер және хайуанаттың илһамдары болса, жалпылық және жалқылық жағынан түрлі-түрлі болып келеді.Үшінші бөлім: Құран, өмір сүрген ғасырлары әртүрлі күллі пайғам барлардың кітаптарын және бұлақтары сан-қилы барлық әулиелердің рисалелерін және мәзһабтары бөлек-бөлек бүкіл асфиялардың еңбекте рін жинақы түрде қамтыған, алты жағы жарқын, күдік пен күмән қараңғылығынан тап-таза және сүйенер тірегі аспани айқын уахи мен мәңгілік кәлам. Алға қойған мақсаты мен көздеген нысанасы мәңгі де нағыз бақыт пен таза һидаят. Үсті - қалтқысыз иман нұрлары. Асты - айқын ғылым мен дәлел. Оң жағы - тәжірибелермен расталған әрі жүрек пен ар-ождан тарапынан құпталған. Сол жағы - көзбен көрінгендей анық, ақылмен мақұлданғандай қанық. Жемісі, яғни, нәтижесі күмәнсіз Рақымды Аллаһтың мейірімділігі мен
9Құран ғажайыптарыЖәннат мекені болмақ. Мақамы мен маңыздылығына келер болсақ, еш күмәнсіз періштелер мен адамдар және жындар тарапынан қабыл болған Аспани бір кітап.Құранның анықтамасына қатысты жазылған үш бөлімдегі сипат тамалардың әрқайсысы басқа еңбектерімде дәлелденген болатын, әлі де дәлелдене бермек. Көтеріп отырған мәселеміз жалқы, сүйеніші жоқ, айғаққа кенде емес, керісінше әрбіреуі нақты дәлелдерге сүйенген келелі де зор мәселе.бірінші жалын. Бұл жалын үш шуақтан тұрады.бірінші шУаҚ:Құранның шешендігі мұғжиза дәрежесінде керемет. Оның шешендігі ұйқастыра айтылудағы айрықша кіршіксіздігінен, болаттай беріктігінен, сөз саптаудағы теңдессіз тәсілінен, ерекшелігі мен сұлулығынан, баяндауындағы теңдессіздігінен, ешкімге дес бермеуінен, артықшылығы мен нақтылығынан, мағынасының қуаттылығынан әрі мазмұндылығы мен ақиқаттығынан, сөзінің көркемдігі мен үйлесімді һәм ұғынықты жатықтығынан бастау алады. Ол өзінің таңғажайып шешендігімен адамзаттың ең адуынды әдебиетшілерін, ең марқасқа сөзшең ділмарларын, ең данышпан ғұламаларын айтысқа шақырып, мың үш жүз жылдан бері әлемге ұран тастап, олардың қытығына тиіп келеді. Осылайша, ашықтан ашық айтысқа шақырса да, тәкаппарлығынан төбелері көк тіреген әлгі данышпандар, қарсы келмек түгілі, жақтары қарысқан күйі дәрмендері құрып, Құранның құдіретінің алдында бейшара күйде қол қусыра бас иді.Енді шешендігінің мұғжизалық жақтарына екі түрлі ишара қыламыз.біріншіден: Құранның мұғжиза екені, яғни, таңғажайып екені рас әрі оған шәк жоқ. Өйткені, ол кезде араб жазирасын мекен еткен халықтардың көпшілігі оқу-жазу білмейтін. Жазу білмегендіктен тарихи оқиғаларын, мақтануға тұрарлық ұлттық
10Рисалей Нұр жинағынанқұндылықтарын, жақсы мінез-құлыққа негіз боларлық мақал-мәтелдерін жазбаша түрде емес, ауыз-екі түрде, өлең-жыр, шешендік нақыл сөздер арқылы сақтайтын еді. Кейде нақышына келтіріп, тауып айтылған бір ауыз сөз, өлең болып, жыр жолдарымен, шешендіктің тамылжыған тартымдылығымен ұрпақтан-ұрпаққа ауыз-екі тарап, жыраулардың жадында жатталу жолымен жалғасын табатын.Міне, осы табиғи қажеттіліктің талабы ретінде әлгі қауымның руханият базарында ең қымбат құнды дүние - мағынаны анық жеткізе білу және шешендік болатын. Тіпті, бір қауымның шешен ақыны ең үлкен батыр, халық қаһарманы ретінде сол елдің бетке тұтар мақтанышы саналатын-ды. Ислам діні келгеннен кейін әлемді ауызына қаратып, парасаттылығымен билік жүргізген әлгі зерек қауым - манағы қымбат әрі мақтаныш саналатын әрі өздері де аса мұқтаж шешендікті толық меңгерген, тіл өнері дегенде алдына жан салмайтын ел болатын. Ол кезде шешендіктің асқақтап тұрғандығы сонша, бір ақынның бір ауыз сөзі үшін екі ру қырғын шайқасқа түсіп, бір ауыз сөзге тоқтап, бейбіт келісімге келетін. Тіпті, Қағбаның дуалына орақ ауыз жеті ақынның өлеңдері “муллақат-ы Сәбға” деген айдармен ілулі тұратын. Оны өздеріне абырой санап, мақтан тұтатын. Міне, сол кезде яғни шешендік өнері шарықтап тұрған кезде Аспаннан тілі өткір, сөз саптауы ғажап, әрі ерекше Қасиетті Құран түсті. Солай болуы заңды еді. Мұса пайғамбардың заманында сиқыр, Иса пайғамбардың кезінде емшілік үрдіс болып, кең тараған-ды. Сондықтан мұғжизаларының басым көпшілігі сол салада болатын. Міне, Қасиетті Құран да бүкіл араб әдебиетшілері мен от ауызды, орақ тілді шешендерді сайысқа шақырып өзінің қып-қысқа сүресіндей сүбелі туындыны дүниеге әкелулерін бұйырды. Құран жарлығы оларға былай деді:
11Құран ғажайыптарыӘрі оған қосымша былай деп атой салды: “иманға келмесеңдер, мал ғұн сыңдар!” немесе “тозаққа түсесіңдер!”.Олардың ашу-ызасына тиіп, мен мендіктерін тұқырта сындырды. Асқақтаған ақылдарын таяз санап, оларды қазірден бастап мәңгілік жоқ болумен жазалап, ақырында то зақта мәңгі азап шегетіндіктерін хабарлап қана қоймай, дүниеде де оңбай-тындарын айтты. Оларға: “я, тайталасып қаламға жүгініңдер, я болмаса мал-жандарыңа қауіп төнеді!” деді.Апыр-ай, олардың сөз таластыру мүмкіндігі болып, екі ауыз сөзбен айтысып, дауды шеше салатын жеңіл жолы бола тұра, қауіп-қатерлі де қиын шешім соғысты таңдауының себебі не? Неліктен бір замандары ақыл-парасатымен жұрттан озық, бағзы кезеңдерде жер жаһанды саяса тымен дүр сілкіндірген әлгі қауым, өте жеңіл әрі қысқа, еш қаупі жоқ жеңіл жолды таңдамай аса қауіпті де қатерлі, мехнаты көп ұзақ жолды таңдап, мал-жанын қатерге тікті? Өйткені, ол жол мүмкін емес болатын. Егер олардың бір ақыны бір-екі әріппенен қарсы келуге шамасы жеткенде, Құран өз дауынан дереу бас тартар еді. Сөйтіп, мал-жандары аман қалар еді ғой. Алайда, соғыс секілді сұрапыл, қиын бір жолды таңдады. Демек, олардың әріп арқылы соғысуға мүмкіндігі болмай, шарасыздықтан қылышпен соғысуға мәжбүр болды. Сондай-ақ, Құранға ұқсатып жазба жазуға немесе сол сияқты сөйлеуге түрткі болар екі маңызды себеп те жоқ емес-ті. Біреуі, қас дұшпандардың қасарысқан қара ниеті. Екіншісі, достарының аяттарға еліктеп, ақ ниетпен қызығушылығы. Міне, осы екі себептің ықпалымен күні бүгінге дейін араб тілінде миллиондаған кітап жазылды. Олардың ешбіреуі оған тең келмесі хақ. Мұны ғалым болсын, надан болсын растап, сөзсіз былай дейді: “Құран, бұлардың ешбіреуіне ұқсамайды. ешқайсысы оған теңесе алмайды!”. Олай болса, Құран я барлық кітаптардан төмен. Бұл дос түгілі дұшпанның
12Рисалей Нұр жинағынанда мойындағанындай мүмкін емес жағдай. Ендеше, “Құран дүниеде жазылған барлық кітаптардан жоғары, мерейі үстем!”. Әлбетте, солай!егер былай десе: Ешкімнің білек сыбанып, сөз таластырмағанын қайдан білеміз? Қарсы шығуға ешкімнің батылы жетпегені ме сонда? Бірін-бірі демеп, арқа сүйесе де пайдасы болмады ма?жауап: Егер олардың таласуға шамасы келгенде, міндетті түрде бұл іске бел шешіп кіріскендер көп болар еді. Өйткені, олардың ар-намыс, абы ройына, мал-жандарына қауіп төніп тұрған-ды. Ал, егер олар бұл іске кіріскен болса, оларды қолдап-қоштайтындар, қолтығына су бүркіп жақ тасушылар аз болмас еді. Өйткені, ақиқатқа жаны қас қырсықтар қашанда көп болады. Егер ондай оқиға болса, әлбетте, өз жақтастарын тауып, қайткен күнде де дүниеге мәлім болып тарихқа енер еді. Себебі, тарихта елеусіз бір шайқастың өзі адамдардың қызығушылық назарын ау дарып дастанға айналып жатқанда, мұндай ғаламат тартыстың бей мә лім, жасырын қалуы әсте мүмкін бе? Дін дұшпандары Исламға жат небір жағымсыз, жиіркенішті мәліметтердің өзін жазып, жария қылудан тар тын бай отыр емес пе? Алайда, айтыс-тартысқа қатысты Мусайламаның бір-екі өлең шумағынан басқа ештеңе кездестіре алмайсың. Иә, рас, әлгі Мусайлама сөзге шешен, тілі өткір біреу екен. Алайда шексіз де асқақ сұлу, теңдесіз, көркем Құранмен бәсекелескендіктен масқара болып, шығарған өлеңдері сандырақ ретінде тарихта қалды. Міне, бұл, екі жердегі екі төрт болатындай анық түрде Құранның шешендігі таңғажайып мұғжиза деген сөз.екіншіден: Құранның мұғжиза шешендігінің хикметін бес нүктемен баяндаймыз.бірінші нүкте: Құранның назымында, яғни, сөздерінің үйлесімді әрі сәйкес келуінде таңғажайып, айрықша бір ерекшелік бар. Ол назымының айрықша кіршіксіздік пен
13Құран ғажайыптарыболаттай мықтылығын “Ишарат-ул Иғжаз” атты шығармада басынан соңына дейін ерекше тоқталып, талдап түсіндірген болатынбыз. Сағаттың минөт, секөнт, сағат тілі өзара үйлесімді болып, бірін-бірі толықтырғаны секілді, Құран Хәкімнің де сөз-аят құрылымындағы үйлесімді сәйкестік, сөздеріндегі жымдасқан жүйе сондай-ақ, сөйлемдерінің өзара ілік байланысы, керемет тәртібі бар екені өте тамаша түрде соңына дейін егжей-тегжейлі түсіндірілген-ді. Қалаған адам қарап, назымының ерекшелігін, сөз саптауының әдемілігін көруіне болады. Бұл жерде тек бір сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің яғни сөздердің әдемі үндестігін көрсету үшін бір-екі мысал айтпақпыз.Мысалға Бұл сөйлем азаптың өте қорқынышты болатынын көрсету үшін оның ең жеңіл түрінің өзі қатты әсер ететінін көрсету арқылы түсіндіреді. Демек, мағынасы азшылықты білдіретін сөйлемнің бүкіл сөздерінің әрқайсысы “аз ғана” деген мағынаны білдіріп, бірін-бірі қуаттап, толықтырып отыр.Міне, сөзі жалпы шек, күмәнді білдіреді. Күмән болса “аз ғана” мағынасын білдіреді. етістігі кішкене “тиіп кету”, жай ғана “жанасу” дегенді білдіреді, бұл да аздықты мегзеп тұр. сөзінің түбірі жай ғана соққан леп, баяу үрлеу десек, бұл да аздықты көрсетіп тұр. Әрі, бұл сөздің райы бір рет қана болу дегенді білдіреді. Істің бір мәрте ғана жасалғандығын білдіретін бұл зат есімнің морфологиялық атауы “тек”, “жалғыз” деген мағына береді. Сондықтан ол да аздықты білдіреді. зат есімінің белгісіз түрінің жалғауы “тәнуйн” де аз екенін білдіріп, аздығы сондай, тіпті білінбейтіндей дәрежеде. Бұл да “аз ғана” деген мағынаны білдіреді. жалғауы бөлу үшін қолданады, қазақшадағы (-дан;-тен) жалғауы секілді. Бұл да “аз” деген мағынаны білдіреді. \"азаб” сөзі “ниқал”, “иқаб” секілді
14Рисалей Нұр жинағынансинонимдерімен салыстырғанда жеңіл жазаны меңзейді. Бұл да аздықты білдіреді.“Раббика” сөзі “Қаһһар”, “Жаббар” есімдеріне қарағанда мейірім, шапағатты сездіріп азаптың жеңілдігін білдіріп тұр. Міне, азаптың мұндай азғантай түрінің жанға тиер әсері осыншама болса, Иләһи иқаб, яғни, ауыр азаптың қаншалықты қорқынышты екенін салыстыруларыңа болады деген мағына шығады. Мінеки, бір сөйлемнің кішігірім мүшелері жаппай бір-бірінің ыңғайын бағып, өзара жәрдемдесіп тұр. Басты мақсатты әрбірі өз тілімен қуаттап, жеткізуде. Бұл мысал, аяттың сөзі мен мақсатының қасиетін біршама түсінуге қатысты болатын.екінші мысал: Бұл сөйлемнің . әрбір мүшесі берілген садақа мен игі істердің қабыл болуы үшін оның бес шартына ишара етеді.бірінші шарты: Садақа берушінің өзі күні ертең садақаға мұқтаж болып қалмауы үшін мал-мүлкінің белгілі бір бөлігін беру керектігін сөзіндегі яғни, (-дан), (-ден) жалғауы арқылы мегзеп тұр.екінші шарты: Садақа бергенде біреуден алып біреуге бере салу емес. Керісінше жеке өзінің адал мал-мүлкінен берілуі тиіс. Бұл шартқа сөзі ишара етеді. Аят: “Сендерге ризық қылып берілгеннен беріңдер” дейді.Үшінші шарты: Бергенін міндетсімеу. Бұл шарт сөзіндегі “біз” сөзінен байқалады. Яғни “Ризықты Мен беріп отырмын. Менің мал-мүл кімді өзіңдікі секілді өзге құлыма берген кезде міндетсінуге құқыларың жоқ” дейді.төртінші шарты: Садақа нәпақасына жұмсайтын, тұрмысына пайда ланатын мұқтаж жандарға берілу керектігін, орынсыз, азғындыққа жұм сайтын адамдарға берілген садақа
15Құран ғажайыптарықабыл болмайтынын білдіреді. Осы шартқа сөзі ишара қылады.бесінші шарты: Аллаһ атынан беру керектігіне сөзі ишара етеді. Яғни: “Мал-мүлік Менікі. Ендеше, менің атымнан берулерің қажет”.Осы аталмыш шарттармен қатар жалпылық жағы да бар. Яғни, садақа мал-мүлікпен болатыны секілді жиған іліммен де болмақ. Сөзбен де, іспен де тіпті біреуге жақсы сөз айтумен де бола береді. Міне, садақаның мұндай түріне сөзіндегі яғни, қандай да бір нәрсе дегенді білдіретін сөзбен жалпылама түрде айтылған. Тегінде осы сөйлемнің өзі де осыған тікелей ишара қылады. Өйткені, аят жалпы айтылғандықтан жалпыны білдіреді. Міне, садақа туралы айтатын осы бір қысқа сөйлемде бес шартын білдіріп қана қоймай оның кең мағынасы бар екенін ақылдың алдына көлденең тартады. Мұны сөйлемнің барлық мүшелерімен сездіреді. Олай болса аятқа жалпы қарағанда да осындай өте көп назымдар, яғни, өзара үндесу байқалады.Сол секілді сөздері де бір-біріне біте қайнасқан кең ауқымды үйлесімді түрде үндеседі. Сөйлемдер белгілі бір жүйемен орналасқан. Мысалы: сөйлемінде алты ашық мағына бар. Олардың үшеуі болымды, үшеуі болымсыз сөйлем. Аллаһтың жалғыздығының алты мәр тебесін дәлелдеумен қатар, Оған ортақ қосудың алты түрін теріске шығарады. Әрбір сөйлемі қалған сөйлемдерге дәлел әрі нәтижесі болмақ. Өйткені әрбір сөйлемнің екі мағынасы бар. Бір мағынасы нәтиже болса, келесі мағынасы оған дәлел болмақ. Демек, “Ықылас” сүресінде отыз “Ықылас” сүресіндей ғажайып, бір-бірін айғақтайтын дәлелдерден тұра тын сүрелер бар. Мысалы:
16Рисалей Нұр жинағынанҺәмҺәмТағы да басқа жақтарын өзің салыстырып қара!Мысалы: Мына төрт сөйлемнің әрқайсысының екі мағынасы бар. Бір мағынамен басқа сөйлемдерге дәлел болса, келесі мағынамен оларға нәтиже болып отыр. Сөйтіп, он алты байланыстылық жолдарын қосса, мұғжизалы назымының нақышы пайда болады. “Ишарат-ул Ижаз” атты шығармада әдемі баян далғаны сонша, ол жерде мұғжизалы назымның, яғни, рет-ретімен келіп тізбектелудің нақышы көзге ұрғандай анық көрініп тұр.Он үшінші Сөзде айтылғаны секілді, бейне бір Құран аяттарының әрқайсысының көптеген аяттарға жеке-жеке қарайтын көзі, бұратын жүзі бар секілді, өзара байланысу үшін өзінің мағынауи жіптерін ұзатып тұрған секілді. Әрбірі таңғажайып нақыш тоқып жатқандай. Мұндай назымының кереметтігін басынан соңына шейін “ишарат-үл иғжаз” түсіндірген-ді.екінші нүкте: Мағынасындағы таңғажайып шешендігі. Он үшінші Сөзде айтылған мына мысалға қара! Мысалы:осы аяттың мағыналық тұрғыдан шешендігін түсінгің келсе, өзіңді Құранның нұры әлі келмеген, жаһилдік (надандық) дәуірде, көшпелі араб сахарасындамын деп ойла. Жаппай надандықтың қараңғылығы мен ғапылдықтың құрсауында,
17Құран ғажайыптарымеңіреу табиғаттың шырмауында. Кенет, Құранның аспани тілінен төгілген: немесе сынды аят тарды тыңда! Сонда әлгі өліп қалған, жансыз жатқан болмыс әлемі дауысының әсерімен естіген жандардың саналарында бірден жан бітіп тірілгенін, ес жиып елеңдеп, тік тұрып зікір қылғанын көресің. Сол бір түнерген аспанда от шашқан жұлдыздар және жер жүзіндегі бейшара мақұлықтардауысымен, оның жарқыраған нұрымен естіген жандардың назарында аспан бейне бір ауыз секілденіп, ал жымыңдаған жұлдыздар болса, әрқайсысы хикметке толы сөздер, ақиқаттың нұрын шашқан әріптер тәрізді көрінеді.Сондай-ақ, жер шары бас тәрізді, құрлық пен сулар бір тіл және өсімдіктер мен хайуандар болса, әрқайсысы жарқ-жұрқ еткен тәсбих сөздері бейне сінде күлім қағады.Мысалы, Он бесінші Сөзде дәлелденген мына мысалға назар аудар!Аяттарға құлақ түріп қарашы, не дейді екен? Былай дейді: “Ей, қауқарсыз әрі елеусіз бола тұра тәкаппар, қырсық және дәрменсіз әрі пақыр бола тұра қасарысқан бірбеткей адамзат
18Рисалей Нұр жинағынанпен жындар! Әміріме құлдық ұрғыларың келмесе, менің мүлкімнің шеңберінен шығып кө ріңдер! Қанеки, қолдарыңнан келсе, көрейін! Ай мен Күн, жұлдыздар мен галактикалар оның құлақ кесті құлдарындай әмірлеріне құлдық ұрады. Сондай бір Ұлы Сұлтанның әмірлеріне қалай ғана батылдықтарың жетіп қарсы келмексіңдер.Һәм, осындай жойқын әрі әміріне тым бағынышты әскерге ие, бір Хаким-і Зүлжәлалға қарсы келіп, азғындыққа салынып тайталасасыңдар. Егер де шайтандарың шыдайтын болса оларға таудай оқтармен тас боратар еді. Әрі Мәлик-і Зүлжәлалдың иелегінде тұрып күпірлік қыласыңдар, бас көтеріп, қарсы шығасыңдар. Ал, Ол патшаның әскерлерінің ішінде сондай алып дәулер бар, егер сендер секілді әлсіз жаратылыс емес, тіпті, айталық Жер мен Таудың үлкендігіндей қас дұшпандар кесе көлденең шықса дағы оларға Жер мен Таудай жұлдыздарды от шашқан қызғын темірдей лақтырып, күл-талқандарыңды шығарар еді.Һәм, заңына бағынбай қарсы келіп отырсыңдар. Ал, ол заңдарға алып денелер бағынып, мүлтіксіз мойынсұнып құрдай жорғалайды. Егер керек болса жерді беттеріңе былш еткізіп, оқ секілді үлкен пла нета-жұлдыздарды қаһарымен үстеріңнен селдей жауғыза салар еді.Және тағы басқа аяттардың мағыналарындағы күш-құдірет пен ше шендікті және сөз саптаудың асқақтығын білгің келсе, басқаларын осыған салыстырып қара!Үшінші нүкте: Әдіс-тәсіліндегі таңғажайыптылығы, тың әрі теңдес сіздігі. Иә, Құранның сөз саптау әдісі бұрын-соңды болмаған ғажап, өзгеше сән салтанатты, әрі өзінің таңқаларлық қызықтылығымен, көңілге жағымдылығымен, көкейге қонымдылығы арқылы ерекшеленеді. Ешбір нәрсеге я ешкімге еліктемеген және ешкім де оған еліктей алмақ емес. Оның сөз саптау тәсілі қалай келген болса, дәл солай, қаз-қалпында, өзінің судай жаңалығын, уылжыған балауса балғындығын, тау самалындай әрдайым өзіндік саф ерекшелігін сақтаған әрі сақтап келеді.
19Құран ғажайыптарыМысалы, кейбір сүрелердің бастарындағы бейне бір құпия сырлардың шартты белгілері іспеттессекілді “мұқаттаат”әріптерін қолданудағы өзгеше әдіс-тәсілінің бес-алты мұғжизалық сәулелері бар екенін “Ишарат-ул Иғжаз” кітабымда жазған болатынмын.Атап айтқанда, жоғарыда аталған сүрелердің басындағы аталмыш әріптер, әріптердің белгілі түрлерінен саналатын “мәжһүра”, “мәһмүса”, “шадида”, “рахуә”, “зәләқа”, “қалқала” секілді көптеген түрінің әрбір түрінен жартысы алынған. Ал бөліп-жаруға келмейтін жеңіл әріптерінен жартысынан көбін, ауыр әріптерінен жартысынан азын алып, осылайша бүкіл түрлерін теңдей бөлген. Мына, бірінің ішіне бірі кіріп, қоян-қолтық араласып жатқан әріптердің түрлерін, екі жүзден аса жолдары бола тұра сан қилы мүмкіндіктердің жалғыз әрі жасырын, ақыл жетпейтін бір ғана жолын тауып, барлығын тұп-тура тең екіге бөлу әрі арнасы кең шеңберде сөз сөйлеуадами ақылдың туындысы болуы мүмкін емес. Кездейсоқтық әсте араласа алмайды. Сүрелердің бас жақтарындағы Иләһи құпия сыр лардың белгісіндей болған әріптер, осы секілді Құранның тағы басқа бес-алты мұғжизалы сәулесін көрсетумен қатар, әріптердің сырларын зерттейтін ғылым адамдары мен ақиқатшыл әулиелер осы “муқатаат” әріп терінен көптеген мағыналар мен сырлар суыртпақтап шығарғаны сондай, олардың ойынша осы “муқаттаат” әріптерінің өзі, өз алдына жарқын бір мұғжиза. Бұлардың сырларына маман болмағандығымыздан және оны жалпыға бірдей көз көретіндей етіп дәлелдей алмағандықтан ол құпия есікті ашпаймыз. “ишарат-ул иғжазда” осы мәселеге қатысты бес-алты мұғжизалы сәулелері баяндалған. Соған сілтеме жасауды жөн көрдік.
20Рисалей Нұр жинағынанЕнді, Құранның түсіндіру әдісін сүре тұрғысынан, көздеген мақсаты жағынан және аяттары мен сөйлемі, сөзі тұрғысынан қарастырып ишара қыламыз.Сүре-ияғни, “амма” сүресіне зер салып қарайық. Сүре ерекше әрі теңдессіз әдіспен ақыретті, хашірді, жәннат пен жәһаннамды шебер суреттейтіні сондай, мына дүниедегі Иләһи істер мен Раббани нышан-белгілер, анау ақыреттік хал-ахуалмен жеке-жеке қатысты әрі тығыз байланысты екенін көресің. Аят, олардың белгілі бір мағынада ақыретті дәлелдейтінін көрсетіп, жүректің көзін жеткізіп әбден қанағаттандырады. Бұл сүренің әдіс-тәсілін түсіндіру ұзаққа созылатындықтан тек бір-екі нүктесіне ишара етеміз.Бұл сүренің бас жағында қиямет күнін дәлелдеу үшін былай деді: “Сендерге жер жүзін жақсылап төселген бір бесік; тауларды үйлеріңе әрі тұрмыс тіршіліктеріңе қажетті байлығы түгесілмейтін тірек һәм қазыналы қазық; өздеріңді де бір-бірлеріңе ғашық, жұбаныш болар жұп; түнді дем алып ұйықтау үшін жамылғы; күндізді шаруашылыққа ыңғайлы мекен; Күнді жарық беретін әрі жылытатын шам-шырақ; бұлттарды өмір суының бұлағындай су ағызатын етіп жараттым. Қарапайым судан сендерге керекті ризықтарыңды таситын гүлді-гүлсіз өсімдіктер мен жемісті-жеміссіз ағаштардың барлық түрін әрдайым жаратып жатырмыз. Олай болса есеп күні болған қиямет қайым сендерді күтіп тұр. Ол күнді алып келу бізге қиын емес”.Міне, бұдан кейін қиямет күні таулардың жарылатынын, аспан әлемі нің тас-талқаны шығатынын, жәһаннамның әзірленетінін және жәннат иелеріне бау-бақшалар берілетінін астарлы түрде дәлелдеріне сілтеме жасайды. Және былай дейді: “Шынтуайтында көз алдарыңда тау мен жер де, көкте осыншама істерді жасап жатқанын көріп отырсыңдар, ендеше ақы ретте де осыған ұқсас істер жүзеге аспақ” дейді. Демек, сүренің басын-
21Құран ғажайыптарыдағы “тау” сөзі қияметтегі таулардың хал-жағдайын мегзейді, ал бау-бақ ша болса соңындағы және ақыреттегі хадиқаға яғни сая-баққа ишара қылады. Міне, қалған жақтарын осыған салыстырып аяттың өзіндік баға жетпес әдемі әдісі бар екенін көр.Мысалы,жалғасы бар...Шебер әдіспен, керемет тәсілменен адамзат әлемінде болып жатқан Иләһи істерді, сондай-ақ күн мен түннің ауысуындағы құбылыстарды және жыл он екі ай, төрт маусымдағы Раббани істерді, Оның қалай бас қарылып тұрғанын, сондай-ақ, жер бетінде болып жатқан өлім мен өмір, дүниелік “хашір” мен “нешірдегі” Иләһи құбылысты өзінің теңдессіз тәсі лімен баяндағаны сондай, зерделі де мұқият ықыласты жандардың ақы лын өзіне еріксіз баурап алады. Өте жарқын, ауқымды әрі шебер әдісі азғана назар аударса болғаны кереметтігі көзге көрінетіндіктен әзірге оны ашпаймыз.Мысалы:Аспан мен Жердің Хақ Тағаланың әміріне қаншалықты бағынышты, мойынсұнғыш екенін теңдессіз тәсілмен былайша баяндаған: Мәселен, үлкен бір қолбасшы соғысу, жаттығу және азаматтарды әскерге алу кең селері секілді қорғанысқа қажетті іс-шараларға арнайы екі жер әзірлетіп қояды. Енді ол, соғыс пен іс-шаралар аяқталғаннан кейін, әлгі жерлерді басқа мақсаттарда қолдануға және мекенін көшіріп ғимаратты тиімді пайдалану үшін әлгі ұлы қолбасшы ол жерлерге назарын аударады. Ол жерлердің әрқайсысы өзіне тән қызметкерлік тілімен яки тіл бітіп былай деп тұрғандай: “Уа, Қолбасшым!
22Рисалей Нұр жинағынанМаған бір ауық мүмкіндік беріңіз. Бұрынғы жұмыстарымның ұсақ-түйек, қалған-құтқандарын тазартып сыртқа шығарып тастайын, сонан соң келіңіз. Міне, енді бәрі дайын. Не істеймін десеңіз өз еркіңізде. Әміріңізге құлдық. Сіз не істесеңіз де бәрі хақ, әдемі әрі пайдалы”. Осы мысал секілді, Жер менен Аспан осындай һәм тәжірибе һәм емтихан үшін ашылған мекен-жай болатын. Мерзімі аяқталған соң Аллаһтың әмірімен Аспан мен Жер емтиханмен қатысты нәрселердің барлығын күл-талқан етеді де жан-жаққа таратады. Олар: “Уа, раббымыз! енді бізді қай мақсатқа қолдансаң қолдан, әміріңе құлдық. біздікі тек мойынсұну. Сенің барлық істегендерің хақ” дейді. Міне, сөйлемдеріндегі әдіс-тәсілінің асқақтығына зер салып қара!Және бір мысал:Қазір біз осы аяттың алып теңіздей шешендігінің бір ғана тамшысына ишара ретінде бір тәсілін мысал айнасында көрсетеміз. Мәселен, үлкен бір соғыста ұлы қолбасшы, жеңіске жеткеннен кейін оқ жаудырып жатқан жауынгерлеріне: “Атуды доғарыңдар!” деп бұйырады да шабуылдағы әскерін тоқтатады. Сол сәтте қардай бораған оқтар сап тыйылып шайқас аяқталады. “Біз жеңдік. Жеңіс туы тігілді. Жау қорғанының ең биік тұғы-рында әнеки желбіреп тұр. Тозақтың түбі, әсфәл-і сафилинге кеткен залым жауыздар сазайын тартты” дейді. Дәл сол секілді, теңдесі жоқ патша, Аллаһ Тағала, Нұх қауымын жермен-жексен ету үшін Аспан мен Жерге әмір берді. Олар өз қызметтерін толық аяқтағаннан кейін, оларға: “Уа, жер! Суыңды жұт! Уа, аспан! Жауыныңды доғар! Жұмыстарың бітті!” деді. Су тартылды. Аллаһтың адал құлына қол шатыр болып, оны ұзақ уақыт бойы жауған нөсерден сақтаған Нұхтың кемесі тау басына келіп жайғасты. Залымдар сазайын тартты.
23Құран ғажайыптарыМіне, түсіндіру әдісінің кереметтігіне қара! “аспан мен жер тіл алғыш екі әскер секілді әмірін тыңдап, толық мойынсұнады” дейді. Бұл жерде қолданылған әдіс, пенденің шектен шығып асылық қылатынын, кәпірлерге әлемнің өкпелейтіндігін, Аспан мен Жер ашуланатынын мегзейді. Және осы ишара арқылы былай дейді: “Жер мен Көк бағынышты екі әскер секілді әміріне құлдық ұратын Біреуге асылық қылуға болмайды, болмауы тиіс”. Бұл жалпы адамзатқа Оған бас көтеруге қатаң тиым салып тұр. Міне, топан су секілді жалпы бір оқиғаны барлық нәтижелерімен, бүкіл ақиқатымен қоса бірнеше сөйлемнің ішіне сыйғызып, мұғжизалы түрде, бір ауыз сөзбен, мазмұнды да әдемі тәсілмен санаға жеткізе баяндайды. Бұл теңіздің басқа тамшыларын осы тамшыға салыстырып қара!Енді, сөздерді шебер пайдаланып, керемет қолданған ғажап әдіс-тәсі ліне үңілейік. Маржандай тізілген сөздері бейне бір терезе тәрізді теңдессіз әдістемені жарқын түрде көрсетеді.Мысалы:аятындағы сөзіне қарасаң керемет мөлдір әдістің үлгісін көресің. Атап айтқанда:Үркер жұлдыздарының шеңберінде Айдың мензилі яғни орбитасы бар. Аят, Айдың жаңа туған кезін құрманың кепкен бір бұтағына ұқсатады. Осы теңеумен аспанның жасыл пердесінің артында бейне бір ағаш өсіп тұрғандай. Оның ақ, сүйір, нұрлы бір бұтағы әлгі пердені жыртып басын шығарып тұрғанын, үркер жұлдыздары сол бұтақтың бір шоғы секілденіп, ал қалған жұлдыздар болса, манағы құпия жаратылыс ағашының бір-бір нұрлы жемісі тәрізді елестейді. Өзінің мақсат-мұратын осылайша шебер суреттеп жеткізу ғажап өнер, керемет әдіс. Мұны естіген жанның қиялы шарықтап әсіресе тұрмыс-тіршіліктерінің ең маңызды бөлігі құрма болған көшпелі
24Рисалей Нұр жинағынансахарадағы бәдәуи араб халқына берер әсері өте зор, орайлы, әдемі. Неткен асқақ тәсіл десеңізші! Мұны сен шабытың болса түсінерсің.Мысалы, он тоғызыншы Сөздің соңында айтылғаны секілді,сөйлеміндегі сөзі арқылы мына дай бір шебер тәсіл пайдаланылған.Міне, сөзімен, яғни, “Күн айналады” деу арқылы қыс пен жаз дың, күн мен түннің ауысуындағы Иләһи құдіреттің жүйелі басқаруын ескерте отырып, Жаратқан Иенің Ұлылығын ұғындырады. Сондай-ақ, маусымдардың парақтарында Құдірет қаламының жазған Самадани хаттарға назар аудартып, Халиқ-ы Зүлжәлалдың (айбынды, мерейі стем Жаратушы) үшексіз хикметін көз алдыңа жайып салады. яғни, Күнді шам тәрізді жараттық деу арқылы мынадай бір тәсіл қолданылған: Мына әлем бір сарайға ұқсайды. Оның ішіндегі жаратылыс, адамдар мен хайуандарға әзірленген әдемі әшекей бұйымдар мен керекті азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар. Күн де сол сарайда басы байлы жарықтандырғыш. Осылайша, Жаратқан Жаббардың айбындылығын, әрі шексіз жомарттығын ұғындырып, мұны тәухидке дәлел ретінде көрсетеді. Осылайша, мүшриктердің ең маңызды, ең жар қын “тәңірі” саналған Күн, бағынышты шам-шырақ және жансыз бір мақ лұқ, жаратылыс екенін айтады. Демек, “шам” сөзін пайдалану арқылы Жаратушының Ұлы Рубибетін, Оның мол рақымын ескертеді. Рақымының кеңдігін, әрі ондағы шексіз жарылқауды баяндайды. Және осы түсіндірілген ұғымда Иләһи салтанаттың жомарттығын білдіреді. Және осы мағына арқылы уахданиетті яғни Жаратқанның жалғыздығын білдіреді және былай деп сыбырлайды: “жансыз әрі біреуге бағынышты шам-шырақ ешқашан ғибадат етуге лайық емес.”
25Құран ғажайыптарыҺәм, іс-қимылды білдіретін сөзі арқылы күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуындағы тәртіп пен жүйені, таңғажайып Иләһи басқаруды еске салады. Сол арқылы Рубубиеті жалғыз, ешкімге тәуелсіз Жаратқанның Құдіретінің ұлылығын ұғындырады. Осылайша, Күн менен Ай арқылы адамзаттың санасын күн мен түннің және қыс пен жаздың парақтарына аударып, ол парақтарға жазылған оқиғалардың жолдарына, құбылыстарға мұқият назар аудартады.Иә, Қасиетті Құран, Күн туралы айтқанда оның Күн болғаны үшін сөз етпейді. Тегінде оны жарықтандырған кім, міне, сол үшін сөз қылды. Әрі күннің адамдарға қажеті шамалы болған жаратылысы мен құрамы жайлы айтпады. Ол – Күннің атқарар қызметін айтты. Мақсаты, Раббани өнерге назар аудартып, оның жүйелілігіне арқау болатыны үшін, Раббани жаратылыстың реттілігіне ұйытқы, сондай-ақ, Наққаш-ы Әзәлидің, яғни, шебер суретші, мәңгі безендіруші Аллаһтың күн мен түнді жіп қылып тоқыған жаратылыстағы өнерінің өзара байланысына дәнекер қызметін атқаратыны үшін тілге тиек етті. Басқа да Құрани сөздерді осылармен салыстыра бер. Олардың әрбірі бейне бір қарапайым, әдеттегідей көрін генімен, қойнауында керемет нәзік мағыналар жатқанын, аяттар сол қойма байлықтың бір-бір кілті болып табылатынын мегзейді.Міне, Құранның әдісінің басым көпшілігі осылай шебер әрі жар қын болғандықтан, кейде бір бәдәуи араб бір сөзге дән риза болып, ғашықтығынан құлайтын. Мұсылман болмаса да сәждеге жығылатын. Дегендей-ақ, бірде бәдәуи бір араб сөзін естіген сәтте басын жерге қойып сәжде жасады. Оған: “Сен мұсылман болдың ба?” дегенде: “жоқ! мен мына сөздің құдіретіне, шешендігіне бас ием, сол үшін сәжде қылдым” деген екен.
26Рисалей Нұр жинағынантөртінші нүкте:Сөздерінің таңғажайып фасахаты (Cілтеме) яғни, ашық әрі түсініктілігі баяндалады. Иә, Құранның мағынаны баяндау тәсілі ерекше шешен әрі көркем. Сонымен қатар сөздерінің де ағысы керемет. Ол бейне бір сылдырлаған судай төгіліп тұрады, анық та қанық cөздерінде нақтылық байқалады. Тыңдаушысын әсте жалықтырмауы осының ай ғағы. Сондай-ақ, сөздерінің анықтылығының хикмет-сырларына қатыс ты әдебиетшілер мен мәтіннің мағынасын зерттейтін майталман маман дардың берген куәліктері теңіздей айғақ болып табылады. Иә, Құран мың рет оқылса да тыңдаушыларын әсте зеріктірмейді. Қайта оқыған сайын ләззат беріп қызығушылық пайда болады. Кішкентай баланың қарапайым миына еш қиындықсыз, оңай жатталып, жеңіл орнығады. Біреудің сөйлегенін жақтыртпай, қатты қиналып хал үстінде жатқан ауыр науқастардың құлақтарына майдай жағып, жанын жадыратады. Сәкаратта, яғни, өлім аузындағы кісілердің өзіне таңдайға жаққан балдай хош келеді. Құранның зәмзәмы әлгінің құлағы мен басына, ауызы мен таңдайына тамғанда рахатқа батады.Құранның жалықтырмауының хикметтерінің тағы бір сыры мынада: Құран жүректерге құт пен азық, ақылдарға қуат пен береке, рухқа жарық пен су, денеге шипа мен дәрумен сыйлайды. Сондықтан жалықтырмайды. Нанды күн сайын жесек те жалықпаймыз ғой. Ал, тәтті бәлішті күнде жесек жалықтырары сөзсіз. Демек, Құран іші толы ақиқат, хақ, шындық пен һидаят. Сол себепті жалықтырмайды. Ол өзінің әрдайым уылжыған балғындығын сақтайтыны секілді, судай Сілтеме: Фасахат – мағынаны дұрыс әрі жақсы, анық, тамаша жеткізе сөйлеу. Сөздің айтылуы, мағынасы, үндестігі жағынан кемшіліксіз, көркем болуы. Басқаша айтар болсақ, сөздердің құлаққа жағымды келуі әрі мағынасының да айтылған кезде тез түсінікті болуы. Сөздің осындай болуы үшін біріншіден сөз бен сөйлемнің өзара үндестігіне, екіншіден сөйлеушінің сөз байлығы, қай сөзді, қай жерде айту қабілетіне байланысты. Фасахаттың жоғары дәрежесін белағат (шешендік) деп атайды. Сөз фасахатты болуы үшін өз орнымен және тыңдарманына сай айтылуы керек. Маржан сөз өз орнын таппаса маржан сөз боп есептелмейді.
27Құран ғажайыптарыжаңалығы мен балдай тәттілігін де сақтап отырады. Тіпті, мүшриктер жағындағы Құрайыш басшыларының ішінен зерек, көзі қарақты, тілмәр біреу Құранды тыңдау үшін барған екен. Сонан тыңдап келген соң былай депті: “бұл сөздің ерекше, жанға жағымды, тәттілігі мен уыздай жастығы бар екен. бұл, адамның сөзіне ұқсамайды. мен сәуегей, шешен, ақын, шайыр дегендерді көп көрдім, оларды жақсы білемін, бұл сөз олардың сөзіне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан, елімізді, жұртымызды алдап, нандыру үшін амалсыз сиқыр деуіміз керек” деген екен.Міне, Құран Хакимнің мұндай бір-беткей ең қырсық дұшпандарының өзі оның мағынасының анықтығына, сөзінің қанықтығына қайран қалып, бас иген.Құран Хәкімнің аяттарындағы, сөздеріндегі, сөйлемдеріндегі фасахат тың ерекшеліктерін түсіндіру ұзаққа созылатындықтан сөзді қысқа қайы рып, тек шағын мысал ретінде бір ғана аяттағы Құран әріптерінің ор наласу жағдайларынан туындаған “селасет”, яғни, аққан судай тілі жа тықтығын, және сарынды сөздерінің анықтығын, осы арқылы жарқ-жұрқ ететін таңғажайып сәуле-шуақтарын көрсетуге тырысамыз.жалғасы бар.Міне, осы аятта Құранның жиырма тоғыз әріпінің бәрі бар. Бүкіл сақил яғни салмақты, ауыр әріптердің барлығы бір жерде шоғырлана тұра тілге жатықтығына еш нұқсандық келтірмеген. Қайта реңі кіріп әр түрлі жіптен үйлесе өрілген әсем тоқымадай сазды әуезімен көркіне көрік қосқан. Һәм, мұғжизасының тағы бір сәулесіне назар аударайық!Алфавиттегі (иә) әріпімен (әліп) әріптері ең жеңіл әріптер. Олар бір-бірінің орнына ауыса алатындықтан бейне бір екі ағайынды секілденіп әрқайсысы жиырма бір реттен дәлме-дәл қайталанған.
28Рисалей Нұр жинағынан(мим) әріпі мен (нун) әріптері (Cілтеме) бір-бірімен ағайын, әрі бір-бірінің орнына жүре беретіндіктен әрқайсысы отыз үш рет қайталанған. (шин), (син), (сад) әріптері махраж яғни әріптің ауыздан шығатын жері жағынан және сипаты жағынан, сондай-ақ, дыбысталуы жағынан бір-біріне өте жақын болғандықтан әрқайсысы үш рет айтылған. (ғайн), (айн) әріптері бір-бірімен ағайын болғанымен (айн) жеңілдеу. Сондықтан алты рет,(ғайн) ауырлау болғандықтан жартысы ретінде үш рет қайталанған. (зә), (зәл), (зай), (тай) әріптері махраж жағынан, сипаты жағынан, дыбысталуы жағынан өзара үндес болғандықтан әрқайсысы екі реттен қайталанған. (ләм) мен (әлиф) екеуі қосылып (ләм-әлиф) түрінде қоса айтылып және -тің (әлиф) түріндегі әріптен алар үлесі (ләм) -нің жартысы болғандықтан, (ләм) қырық екі рет болса, (әлиф) оның жартысы болып жиырма бір рет айтылған. (Һәмзә) (һә) әріпімен махражы жағынан жақын болғандықтан һәмзә (Сілтеме) он үш рет, (һә) біршама жеңіл болғандықтан он төрт рет кездеседі. (кәф), (фә), (қаф) әріптері өзара бауыр болғандықтан, һәм (қаф)-тың бір нүктесі артық болғандықтан (қаф) он рет, (фә) тоғыз, (кәф) тоғыз, (бә) тоғыз, (тә) он екі, (тә) әріпінің дәрежесі үш болғандықтан он екі рет қайталанған. (ра) әріпі (ләм)-нің бауыры. Бірақ әбжадтық есебі бойынша (ра) екі жүз, ал, (ләм) отызға тең. Алты мәртебе Сілтеме: Тәнуйндер де нун боп есептеледіСілтеме: \"һәмзә\" оқылатыны бар, оқылмайтыны бар, барлығы жиырма бес. һәмзәнің сукүнмен жазылатын \"әлифтен\" үш мәртебе жоғары тұр. Себебі хареке үш санына тең.
29Құран ғажайыптарыжоғары шыққандықтан алты мәртебе төмен түскен. Һәм, (ра) дыбысталу жағынан көп қайта ланатындықтан ауыр болып, тек алты рет кездеседі. (дат), (сә), (ха), (хы) әріптері өзара ауырлық жағынан және кей тұстары сәйкес келетіндіктен бір-бірден ғана айтылған. (уау) әріпі (һә) және (һәмзә)-ден әлдеқайда жеңіл, ал (иә) әріпінен, сондай-ақ, (әлиф)-тен едәуір ауыр болғандықтан, он жеті рет қайталанады. Һәм ол, ауыр (һәмзә)-ден төрт дәреже жоғары яғни көп, ал жеңіл (әлиф) -тен төрт дәреже төмен яғни аз айтылған.Міне, аталмыш әріптердің осылайша дыбысталуындағы таңғажайып мына жүйе әрі өзара құпия байланыстылығы және әдемі тәртіп пен терең, нәзік назым, яғни, рет-ретімен тізбектелуі, қолмен тоқылғандай әсем нақыштылық екіге екіні қосқанда төрт болатынындай анық түрде бұл адам ақылының қолынан келер шаруа еместігін көрсетеді. Ал, кездейсоқ бола қалуы әсте мүмкін емес. Міне, әріптердің орналасуындағы ғажайып тәртіптілік пен теңдессіз жүйелілік, сөздің ырғақты ағысына, сөздердің анық әрі анықтығына арқау болып отыр. Сонымен қатар, бұдан басқа да қаншама құпия хикметтері бар Құдай біледі.Иә, егер әріптердің өзінде осындай жүйелілік көзделген болса, әлбетте, сөздерінде де, сөйлемдерінде де, мағыналарында да дәл сондай құпия сырлар жатуы әбден мүмкін, олай деуге толық негіз бар. Мұны көрген көз “машаллаһ”, аңғарған ақыл “бәракаллаһ” демей тұра алмайды.бесінші нүкте: Баяндауындағы басымдылық, яғни, баяндаған кезде дес бермес үстемдігі мен нақтылығы, айбындылығы туралы. Қалайша, Құранның назымында яғни сөздердің тізбектелген құрылымында кез десетін үндестікті,
30Рисалей Нұр жинағынансөздің ашықтығын, сұлу нақыштылығын, мағына сындағы шешендігін, сөз саптау мәнеріндегі теңдессіздігін біршама тү сіндірген болдық. Енді баяндауында да ерекше, теңдессіз артықшылығы бар. Иә, ынталандыру мен қорқыту, мадақтау мен даттау, дәлелдеу мен жөн сілтеу, сөзбен жеңу мен ойды білдіру секілді сан түрлі үндеу мен сөз сөйлеудің барлық жағынан Құранның баяндауы асып түседі, ол бәрінен заңғар әрі үстем, тым асқақ.Мәселен, ынталандыру мен қызықтыру тақырыбына қатысты көптеген мысалдардың бірі:деп келетін сүрені алайық. Оның баяндауы керемет-ақ (Сілтеме) Ол, кәусар суы секілді жанға жайлы, сәлсәбил2 суындай ағысы ырғақты, тілі жатық, жәннат жемістері секілді тәтті, қор қыздарының киімдеріндей әдемі.Қорқыту мен үрейлендіру тақырыбына қатысты көптеген мысалдардың бірі: сүресінің бас жағындағы баяндауы өте керемет. Ол, адасқандардың құлағына құйылатын бұрқылдап қайнаған қорғасындай, миын қайнатып жіберетін оттай, тамағын өртейтін, көмейін қарып кететін Заққұм ағашындай, жүзін шарпыған жәһаннамның жалы-нындай, тозақтың асқазанды түйнейтін тікенді “дариғ” дейтін ащы жемі сіндей әсер етеді. Иә, Аллаһ Тағаланың қаһарын көрсететін жәһаннам секілді азаптаушы бір қызметкерінің қатты ашу-ызадан булығып, жарылып кете жаздауы және оған тіл біткендей деуі, дегізуі, Жаратушы Жаббардың қаһарының қаншалықты жан түршігерлік екендігін көрсетеді.Сілтеме: Сүренің сөз саптауы, баяндау тәсілі сүренің меалына яғни қысқа тұжырымына оранып бейне бір оны көйлек қылып киіп алған тәрізді.(2) Сәлсәбил – Жәннаттағы дәмі өте тамаша сылдырап ағатын өзен.
31Құран ғажайыптарыМақтау мен мадақтау тақырыбына қатысты мыңдаған мысалдарына келер болсақ, басы “Әлхамдулилләһ” деп басталатын бес сүредегі Құрани баян Күндей жарқын (Сілтеме), жұлдыздай әсем, аспан мен жер секілді айбынды, періштелердей сүйкімді, мына дүниедегі нәрестелерге жасалған рақымдай мейірімді, ақыреттегі жәннаттай сұлу.Жиіркендіру мен әшкерелеу, бір нәрсені қатаң тыйым салу тақырыбына қатысты мыңдаған мысалдардан бір мысал:деген аятта біреуді сыртынан жамандауды алты жақтан айыптайды. Ғайбаттауға алты мәрте қатты-қатты шүйлігіп тыйым салады. Бұл аят бiреудi сыртынан жаман дайтындарға назар салғанда, мағынасы төмен дегідей болады:Аяттың басындағы (һәмзә) сұрау белгісі, “рас па?” деген мағынада. Бұл сұрау мағынасы су сияқты аяттың барлық сөздеріне еніп, бір мағына білдіреді. Демек, әрбір сөзде жасырын түрде тыйым бар.Біріншісі (һәмзә) арқылы “апырым-ай, бұл қылық тым азғын нәрсе екенiн түсiнбейтiн, сұрақ-жауап орны болып табылатын ақылдан шын ымен жұрдай болғансыңдар ма?”- дейдi.Екіншісі, сөзімен “сүю не жек көру қасиетiне ие жүректерiңді, тым жиiркенiштi нәрсенi сүйетiндей шынымен қара басқан ба?” - дейдi.Үшіншісі, сөзімен, “тіршіліктің тынысын тарылтатын, тіпті улайтын мынадай iске жол беретiндей мәдени, өркендеген қоғам дарыңа не болған?”- дейді.Төртіншісі, сөзі арқылы, “өз досыңның етін айуанша жұлып жейтiндей, шынымен адамгершiлiктен жұрдайсыңдар ма?” - дейді.Сілтеме: Бұл балама сөздерде де сол сүрелердегі тақырыптарға ишара, белгілер бар.
32Рисалей Нұр жинағынанБесіншісi сөзімен, “ағайын туысқа деген бауырмалдық, жа на шырлық қайда? Өз бауырыңдай байғұс бiр адамның рухани тұлғасын аяусыз тiстелейсiңдер кеп. Өз денелерiңді өздерің шайнап, жұлып жейтiн дей шынымен есуассыңдар ма?”- дейді.Алтыншысы, сөзімен: “Ар-ұждан қайда? Жаратылыстарың бұзыл ған ба? Құрметтi бауырыңның етін жегендей жиіркенішті қылықты қалай жасайсыңдар?” - дейдi.Демек, бұл аяттың түсіндіргеніндей, біреуді сыртынан жамандау мен ғайбат сөз айту адамның ақылы, жүрегі, адамгершілігi, ар-ұжданы, жалпы табиғаты ұнатпайтын іс һәм халық алдында да жаман қылық. Осы аяттың ғайбаттауды үстi-үстiне айыптап, осындай күнәға шешен тiлмен алты мәрте тыйым салғанына зер сал!Дәлелдеу тақырыбына қатысты мыңдаған мысалдан бір-екі мысал:Бұл аятта қайта тірілуді нақты түрде дәлелдейді. Ал, оны теріске шы ғарып, ақылға сыйымсыз санаудың бұрыс екенін ғажап бір түрде баян дайды. Бұдан артық дәлелдеудің қажеті жоқ. Оныншы Сөздің тоғызыншы ақиқатында, жиырма екінші Сөздің алтыншы сәулесінде дәлелденіп, түсіндірілгеніндей; Көктем сайын жерге жан бітіп, қайта тірілгендей үш жүз мың хашірдің үлгі-мысалдарын көрсетеді. Жаратылыс өзара өте-мөте шиеленісіп, бір-бірімен матасып жатса да мұқият тәртіппен, дәлме-дәл ретті түрде бір-бірінен ажыратылатыны адамзаттың назарына ұсынылып отыр. Осылайша, мұны жасаған құдіретке хашір мен қиямет қайым еш қиын болмайтындығын көзге шұқып тұрып көрсетеді.
33Құран ғажайыптарыҺәм жер жүзі парағына жан-жануардың жүз мыңдаған түрлерін, бар лығын бірге тұтас түрде Құдіреттің қаламы еш қатесіз, кемшіліксіз жазып жатыр. Бұл бір ғана Уахид-і Әхәдтің мөрі. Сондықтан осы аят Күн секілді Уахданиетті, яғни, Жаратқанның жалғыздығын дәлелдеп қана қоймай, Күннің шығуы мен батуы секілді оңай әрі анық жүзеге асатын Қиямет пен Хашірді көрсетеді.Мінеки, яғни “қалай?” мағынасындағы сөз арқылы жағдайды суреттеп, осы ақиқатты көрсеткені секілді көптеген сүрелерде де егжей-тегжейлі баяндайды.Мысалға:сүресінде де жарқын, әдемі, тәтті, асқақ бір баяндау арқылы хашірді дәлелдегені сондай, келесі көктемнің келетініндей нақты түрде көңілге қанағат береді. Ойпыр-ай, сөз саптаудың шеберлігіне қара! Кәпірлердің: “Шіріген сүйекті кім тірілтеді” деп сенбей айтқан, “бұл мүмкін емес, адам нанғысыз” деген уәжіне жауап ретінде:аяты (жалғасы бар) сонау аятына дейін санаға сіңдіре, жетесізге жеткізе баяндайды.Баяндауы бұлақтың суындай сыңғырлап, көктегі жұлдыздай жарқыл дайды. Жүрекке құрма секілді, һәм ләззат, һәм шаттық сыйлайды һәм ризық, һәм рухани азық береді.Сондай-ақ, айғақ көрсетіп дәлелдеу мақамының ең әдемі мысалдарынан:дейді. Яғни: “Хикмет толы Құранмен ант етемін! Сен Пайғамбарсың, Аллаһтың елшілеріненсің”. Мына ант былай деп ишара қылады: Пайғам барлығыңның дәлелі айқын ақиқатқа айналғаны сонша, шындығына еш шәк жоқ. Ол құрметтеп, ұлықтауға лайық мақамға ие болды. Сондықтан онымен, яғни,
34Рисалей Нұр жинағынанпайғамбарлығымен ант етіліп отыр. Міне, осы ишара арқылы былай дейді: “Сен Расулсың. Өйткені, сенің қолыңда Құран бар. Құран болса ақиқат және Хақтың сөзі. Себебі, іші толы нағыз хикмет, үстіне мұғжизалық мөр басылған”.Һәм айғақ көрсетіп дәлелдеудің иғжазы әрі ижазына мысал, яғни, сөзі қысқа әрі нұсқа һәм мұғжизалы екеніне мысал көп. Олардан біреуін айта кетер болсақ:Яғни, адам баласы былай деді: “Шіріген сүйектерді кім тірілтеді? Сен: “Оны алғаш жоқтан бар қылып, тірілік берген кім болса, сол тірілтеді” деп айт. Оныншы Сөздің тоғызыншы ақиқатының үшінші мысалында суреттелгеніндей, мысалға, біреу, көз алдыңда бір күнде жаңадан үлкен бір әскери қол жинап алса, содан біреу келіп: “Бұл қолбасшы жауынгерлері тынығу үшін тарап кеткен кезде әлгі әскердің бір бөлімшесін кернейдің бір ғана дауысымен әп-сәтте жинап, жауынгерлерді сапқа тұрғыза алады” десе, Уа, адам, сен: “Сенбеймін” десең қаншалықты ақымақтық әрі жөн сіздік еткеніңді білемісің!Дәл сол секілді, жоқтан, жаңадан, бейне бір әскери қол тәріздес бүкіл хайуандар мен басқа да тіршілік иелерінің денелерін асқан тәртіппен, хик метті өлшеммен әлгі денелердің ұсақ бөлшектерін, ағзаларын (бол дегенде бола қалатын) әмірімен өз орындарына орналастырған әрі әр ғасырда, тіпті әр көктемде жер жүзінде жүз мыңдаған әскери қол секілді тіршілік иелерінің түрлерін, топтарын жаратқан Қадир-үл Алим қ(ұдіреті к шті, бәрін білетін)ү бір дененің ішіне еніп, оның тәртібіне бағынып, бір-бірімен әбден үйренісіп, таныс болып қалған жауынгерлер тәріздес зәрелерді яғни негізгі заттар мен ұсақ бөлшектерді бір ғана бұйрықпен, Исрафилдің сүрімен қалай жинай алады! деп ақылға сыйымсыз санап, бұлай деп айтуға бола ма? Олай деп айтқан адам әрине ақылдан жұрдай, санасыз, барып тұрған ақымақ болғаны.
35Құран ғажайыптарыЕнді Құранның жөн сілтеп, тәрбиелеуге қатысты жақтарына келер болсақ, оның әсерлілігі мен жұмсақтығы әрі жұбаныштылығы мен мейі рімділігінің күштілігі сондай рухты құлшындырып, жүрекке зауық беріп, ақылды қызығушылықпен кернеп, көз жанарын жасқа малындырады. Мыңдаған мысалдардан бір мысал:Жиырмасыншы Сөздің бірінші мақамында үшінші аятты түсіндірген кезде анықталғанындай Исраил ұрпағына былай деді: “Мұса ғалейһис сәләмнің аса таяғы секілді бір ғана мұғжизасының алдында қап-қатты қара тас он екі көзінен бұлақ атқылап су ағыза жылап жіберді. Сендерге не болған өзі, Мұса ғалейһиссәләмнің бүкіл мұғжизаларын көре тұра сел-қос қарап, немқұрайлы тұрсыңдар. Көздеріңде жас жоқ, құп-құрғақ, жүректерің үнсіз һәм қатты, жылу жоқ. Әлгі Сөзде Құранның баяны қалай керемет жөн сілтеп, тәрбиелейтіні әдемі түсіндірілгендіктен соған сілтеп, осы жерден түйіндейін.Енді, түсіндіру мен көзін жеткізу, қанағаттандыру тақырыбына қатысты мыңдаған мысалдардан екі мысал келтірейік. Бірінші мысал:Яғни: “егер біздің түсіргенімізге күмәндарың болса, сендерге жәрдем ететін, куәлік ететін үлкендеріңді, жақтастарыңды бірін қалдырмай түгел шақырыңдар. барлығың ұйымдасып бір ғана сүреге ұқсас жазу жа-зың дар”. Бұл тақырып та “Ишарат-ул Иғжаз” тәпсірімде түсіндіріліп, дәлел денгендіктен тек қысқаша ишара қыламыз.Баяны мұғжиза болған Құран былай дейді: “Уа, адамдар мен жындар! Егер, Құран Аллаһтың сөзі екеніне күдіктенсеңдер, яғни, оны (Құран) бір адамның сөзі деп күмәндансаңдар, қане, айтыс алаңына шығыңдар! Келіңдер! Тіпті, өздерің “мұхаммед-
36Рисалей Нұр жинағынанүл Әмин”(еш алдамайтын, сенімді) деп ат қойған кісі секілді, оқу-жазу білмейтін, әріп танымайтын бір кісіге мына Құран секілді кітап жаздырыңдар. Мұны істеу қолдарыңнан келмейді екен. Жарайды, әріп танымайтын сауатсыз болмасын, сөзге ше шен, әдебиетші шайыр һәм өте білікті ғалым болсын! Жоқ, сонда да жасай алмайсыңдар. Мейлі, тіпті, бір ғана адам да емес, бірнеше, тіпті, барлық дүл-дүл шешендерің, небір атышулы ақындарың, керек десең бұрынғы заманғы сөз ділмарларыңның еңбектерін, жазғандарын да пайдаланып және келешекте де келетін бүкіл әдебиетшілеріңді жинап, оларды да кө мекке шақырыңдар, жәрдем етсін, керек десең табынып жүрген жалған тәңірлерің де желеп-жебеп, көмегін аямасын. Сөйтіп, барлық күш-жігерлеріңді жұмсап, тырысып бағыңдар, Құранға ұқсас бір кітап әкеле аласыңдар ма? Мұны да жасауға мұршаларың жетпейді! Жә, теңдесі жоқ Құранның ақиқаттары мен мағынауи көптеген мұғжизалық жақтарын бір жаққа қоя тұрып, тек қана сөзінің назымындағы, яғни, ұйқастығындағы шешендігіне тең келер бір шығарма жасаңдаршы, көрейік.Бұл аят қарсыластың үнін өшіретін әдіспен былай дейді: Жарайды сендерден мағынасының дұрыс болғанын талап етпей-ақ қояйын. Жалған, өтірік, жәй әңгімелер мен шатпақ хикая, аңыз болсын. Бұл да қолдарыңнан келмейді. Ең болмаса, толық Құран секілді көп болмасын, тек қана он сүресіне ұқсас жазба алып келіңдерші. Бәлкім сендерге мұның өзі көптік қылар. Олай болса, қысқа бір сүресіне тең келер ұқсасын жазыңдаршы. Шынтуайтында, мұны да жасамайсыңдар, жасай да алмайсыңдар. Асылында бұған сендер аса мұқ тажсыңдар яғни, атақ, абырой, намыс, дін, ұлт, рудың беделі, мал-мүлік, бала-шаға, дүние мен ақырет сынды құнды дүниелерің тек Құранға ұқсас бір кітап жазсаңдар ғана аман қалатынын жақсы білесіңдер. Олай болса, дүние
37Құран ғажайыптарыбайлықтан, атақ- абыройдан жұрдай, дінсіз, масқара болып, ит қорлықпен күн кешіп, мал-мүлік, бала-шаға, шыбын жан, бәрінен жаппай айырыласыңдар. Ал, ақыретте болсааяты ишара қылғанындай, жаһаннамда мәңгі қапасқа қамалып, табынған пұттарыңмен бірге отқа тасталып, отынға айналасыңдар.Міне, осылайша әлсіз екендеріңді сегіз мәрте түсіндіңдер. Әлбетте, Құ ран ның мұғжиза екенін сегіз есе мойындауларың қажет. Иманға ке ліңдер немесе үндеріңді өшіріп, жаһаннамға құрыңдар! Міне, Баяны Мұғ жиза Құранның түсіндіру әдісінің қаншалықты керемет түрде адамның көзін жеткізіп, қанағаттандыратынына, асқан шеберлігіне там санбау мүм кін емес. Олай болса сен де: – деп айт. Рас, Құранның баяндауынан артық қылып баяндау мүмкін емес. Оған қажет тілік те жоқ.екінші мысал:
38Рисалей Нұр жинағынанЕнді, осы аяттардың мыңдаған ақиқаттарынан тек қана ұғындыру әдісіне тоқталып, соған қатысты мысал ретінде бір ақиқатын баяндаймыз.Міне: сөзі арқылы он бес қайтара таңдана сұрақ қою әрі жоққа шығару әдісін пайдаланып адасудың барлық түрін назарға алып, олардың түп тамырына балта шаба отырып, тұқырта соққы береді. Күмән атаулыға еш бір саңылау қалдырмай мықтап бекітеді. Адасушыларға жасырынатын, ішіне кіріп тығылатын шайтани тесік қалдырмай, шегелеп тұрып жауып тастайды. Артына тығылатын қандай да бір адасушылықтың пердесін қалдырмастан парша-парша етіп жыртқылайды. Жалған, қисық ұғымның барлығын, бірде-біреуін ұмытпастай бастарын езе отырып, бекерге шығарады. Әрбір сөйлем бір топтың күпірлік көзқарасының негізін қолға алып, қып-қысқа бір сөзбен теріске шығарады. Кейде бұрыстығы көпе-көрнеу болғандықтан үндемей қоя салу арқылы терістігін ортаға лақтырып жіберсе, кейде басқа аяттарда егжей-тегжейлі терістелгендіктен қысқа ишаралармен түйіндей салады.Мысалға, жоғарыдағы бірінші пікір мынааятымен байланысты,ол соны мегзейді. Ал, соңғы Он бесінші пікір болса, ая тымен байланысты. Енді қалғансөй лем дерді осылайша өзің салыстыр!
39Құран ғажайыптарыМіне, ә дегенде былай дейді: “Аллаһтың үкімдерін жеткіз! Сен сәуегей емессің, ол анық. Өйткені, сәуегейлердің сөздері шала-пұла, түсініксіз әрі жорамал болады. Ал, Сенікі хақ, айқын хабар. Сен мәжнүн, жынды да емессің. Өйткені, сенің ақылыңның толық екеніне дос түгілі дұшпаның да куә болған. Апыр-ай, кей бір дұрыс шешім қабылдай алмайтын надан кәпірлер секілді сені “ақын” дей ме? Олар сенің көзіңнің құрығанын тілеп, күтіп жүр ме? Сен де оларға: “Күтіңдер. мен де күтемін” деп айт. Сенің жарқын да ұлық ақиқаттарың өлеңнің пәс қиялдарынан әлдеқайда жоғары, тым пәк һәм көркем де бай. немесе өздерінің ақылдарына ғана се не тін кейбір ақымақ философтар секілді: “Бізге ақылымыз жетеді” деп, сенің соңыңнан еруді арсынып, аулақ тұра ма? Алайда, ақылдың өзі сенің соңыңнан еруді бұйырмай ма? Өйткені, айтқаныңның бәрі ақылға қонымды нәрселер. Бірақ ақыл өз бетімен ол ақиқаттарға жете алмайды.немесе олардың жоққа шығаруларына себеп болып отырған нәрсе, жауыз, тағы әрі залым кісілер секілді хаққа мо йынұсынбау ма екен? Алайда, жәбірлеуші залым, өктемшіл һәм тәкаппар, тағы Перғауын мен Нәмрудтың ақыры немен тынғандары тарихта мәлім.немесе суайт, арсыз мұнафықтар се кілді: “Құран сенің сөзің” деп, саған кінә артқысы келе ме? Алайда, күні бүгінге дейін өз араларында сені “Мұхаммед-ул Әмин” деп, яғни, сенімді де адал, шыншыл екеніңді айтып дәріптейтін еді ғой. Демек, олардың иманға келуге ниеттері жоқ. Не болмаса, адами жәдігерлер ішінен, Құранға тең келер жазба тауып әкелсін.
40Рисалей Нұр жинағынаннемесе әлемді бекер, мақсатсыз, хикметсіз, атқарар міндеті жоқ, Жаратушысы да жоқ деп ойлай ма екен? Апыр-ай, әлемнің бастан-аяқ хикметтермен безенген, мақсаттарға толы, сондай-ақ, болмыс, молекуладан күнге дейін белгілі бір қызметтер атқаратынын, олар міндеткерлер екенін, Иләһи бұйрықтарға бағынышты екенін көр мейтіндей, көздері соқыр ма? немесе тәкаппарланамын деп перғауынға ұқсап кет кен материалистер секілді: “барлық нәрсе өздігінен болып жатыр, өз-өз дерін асырап, бағып жүр. Қажетті нәрселерді өздері тауып, жаратады” деп қиялдай ма? Сонысын сылтау қылып, иманнан, құлшылықтан қаш қақтайтын шығар. Демек, өздерін бір-бір жаратушы деп ойлайтын бол ды ғой. Алайда, бір ғана нәрсенің жаратушысы болуы үшін, барлық нәрсенің жаратушысы болу керектігін білмей ме? Демек, менмендіктері мен тәкаппарлықтарының кесірінен ақылдан жұрдай болғаны сонша, бір шыбын яки бір микробтан жеңіліп қалатын қауқарсыз, мүлдем әлсіз бола тұра, Шексіз Құдірет Иесі секілді сезініп, сандырақтайды. Шынымен, осыншалықты ақылдан, адамгершіліктен алшақтап, төмен құлдыраған екен. Олар хайуаннан да, тіпті, жансыз нәрселерден де төмен. Олай бол са, олардың жоққа шығаруынан түк шықпайды, уайымдама. Бұларды жыртқыш, зиянкес жәндіктің санатына, не лас нәрселердің қатарына қос! Назар аударып, мән берме! немесе Жаратушыны жоққа шығаратын ойсыз, есалаң дінсіздер секілді имансыздықтарынан Құранға құлақ аспай ма? Олай болса, Аспан мен Жердің болмысын жоққа шығарсын немесе “Біз жараттық” десін. Сөйтіп, ақылдан айырылып, ақы мақтықтың шыңына шықсын. Өйткені, тәухидтің ап-анық айғақтары аспанның жұлдыздарындай, жердің гүл-шешектеріндей көп әрі көзге көрініп, оқылып-ақ тұр. Демек, олардың айқын ақиқатқа,
41Құран ғажайыптарыхаққа деген ниеттері жоқ. Әйтпесе, бір әріптің жазушысыз болмайтынын анық біле тұра, неліктен, осыншама, бір әрпінің өзінде толық бір кітап жазылған, мына “әлем” кітабын авторсыз деп ойлайды?немесе Хақ Тағаланың қалауын жоққа шы ға ратын кейбір философтар мен Брахмандар секілді пайғамбарлықты жоққа шығара ма? Неге саған иман келтірмейді? Жә, олай болса, бүкіл болмыс атаулыда көрінген қалау мен ерікті және бүкіл хикметтің нышандарын, мақсаттарды, тәртіпті, нәтижелерді және Аллаһтың Рақымы мен Жәрдемінің белгілерін және барлық пайғамбарлардың түгелдей мұғжизаларын жоққа шығарсын немесе “жаратылысқа беріліп жатқан сый-сыяпаттардың қазынасы біздің жанымызда, біздің қолымызда” - деп көкісін. Сөйтіп, сөйлесуге тұрмайтындықтарын көрсетсін. Сен де олардың жоққа шығарғанына қамықпа! “Аллаһ Тағаланың ақылсыз хайуандары көп” деп айт.немесе тек ақылды басшылыққа алатын, оны өзіне төреші санайтын, зорлықшыл “мұғтазилалар” секілді өздерін Жа ра тушының істеріне бақылаушы, тексеруші тағайындап, Халиқ-ы Зүл жәлалды жауапкер қылғысы келе ме? Сақ бол, өзіңді еш тежеме! Ондай, өзімшілдердің жоққа шығаруынан түк шықпайды. Сен ештеңе болма ғандай сыңай таныт!немесе жын мен шайтанға еріп, сәуегей, балшы-балгерлер секілді ғайып әлеміне апаратын басқа бір жол таптық деп ойлай ма? Тегінде, шайтандарға мүлдем жабық көк аспанға өздерінше шығатын баспалдақтарымыз бар деп қиялдап, Сенің аспани хабарларыңа сенбей өтірікке шығарғысы келе ме? Мұндай шарлатан, алаяқтардың жоққа шығарып, сенбеуі ойланарлық нәрсе емес, түкке тұрмайды.
42Рисалей Нұр жинағынаняки “уқулу ашара”, яғни, “он ақыл” немесе “әрбір түрдің бір құдайы” деп адасып, көптеген ширктеріне сенетін мушрик (серік қосушы) философтар сықылды не болмаса жұлдыздар мен періштелерге бір Құдайға тән сипат берген “Сабиуундер” секілді, я болмаса Хақ Тағалаға бала теліген діннен безгендер мен адасқандар секілді Зат-ы Әхәд уә Самадтың уахдетіне, Самадиетіне, шексіз байлығына бала телулері мүлдем керағар пікір, қисынсыз ой. Періштелердің құлшылығына, күнәсіз пәктігіне, олардың болмысына мүлдем қайшы “қыз” деп оларды жынысқа бөлгісі келе ме? Оларды өздеріне шапағатшы санап, сол үшін сенің со ңыңнан ергісі келмей отыр ма? Адам секілдес, жаратылған, фәни һәм болып-болмауы екіталай, жойылып кетпеу үшін ұрпағын жалғастыруға мұқтаж, денесі бар, бөлінуге, ыдырауға бейім, көбеюге қолайлы, әлсіз, дүниеге құмар, көмектесер қолғабысқа мұқтаж, яғни, мұрагер сүюге құштар болған пенделерге ғана тән көбеюдің жолы, қолғабыс табудың тәсілі, тірілікте қалудың құралы болып табылатын ұрпақ жаю - әлбетте, болмысы сөзсіз әрі шарттарға тәуелсіз, мәңгі Бақи Әзәли және Әбәди, денеден ада, материя атаулыдан ұзақ, ұлық және бөлініп, ыдырау мен көбеюден пәк, Құдіреті шексіз, әлсіздік атауымен жоқ, кіршіксіз, ұқсассыз, теңдессіз Зат-ы Зүлжәлалға жараспайтын сипат. Оған бала телу, баласы бар деп ойлау, тіпті, сол әлсіз, бейшара пақыр да мұқтаж, сол адамдардың өзі де ұната бермейтін және тәкаппар намыстарына тиетін баланың бір түрін Оған телу, яғни, Құдайдың көптеген қыздары бар деп ойлау әлбетте, сандырақ пен ақымақтықтың мылжыңы. Ондай пікірді ұстанатын бейбақ, сорлы адамдардың саған сенбей өтірікке шығаруы, нанбауы түкке де тұрмайды, оған мән берудің керегі жоқ. Әрбір есерсоқтың қисынсыз сөзіне, әрбір жындының сандырағына құлақ асудың қажеті жоқ.
43Құран ғажайыптарыяки ашкөздікке, қызғанышқа салынып оған әбден еті үйренген дінсіз, құдайсыз, дүние қоңыздар секілді Сенің ұсыныстарыңды ауырсынып сенен қаша ма? Сен болсаң ақыңды, сауабыңды тек Хақ Тағаладан күтетініңді білмей ме? Оларға Аллаһ Тағала тарапынан берген мал-мүліктің зекетін, яғни, берекет көзі, һәм пақырлардың қызғанышы мен қарғысынан сақтайтын, байлықтың оннан бірін немесе қырықтан біреуін өзінің кедейлеріне беру қиын бе екен, неге Исламнан бас тартып жатыр? Бұлардың сенбей, өтірікке шығаруы маңызсыз, түк те емес әрі олар жауап беруге емес, жазаға лайық. яки ғайып әлеміне өтеміз деп даурығатын Буддистер секілді және ғайып істері мен құпия құбылыстарға қатысты өздерінің жорамалдарын анық, ақиқат деп қиялдайтын “рационалистер” секілді Сенің ғайби хабарларыңды өздерінше менсінбей ме? Сенің ғайыптан келген, ғайыптық хабар әкелген кітабыңды қабыл етпейтіндей өздерінің ғайби кітаптары бар ма екен? Демек, олар, уахиге сүйенетін Пайғамбарлардан басқа ешкімге ашылмайтын және өз бетімен оған кіруге ешкімнің шамасы жетпейтін ғайып әлемін өздерінің қасынан табылатындай қиялдап, “дәл қасында тұрмыз, ол бізге белгілі, анық” деп сандырақтап, “одан мағлұмат алып жазып отырмыз” деп босқа даурығады. Мұндай әлін білмейтін әлек һәм тәкаппар, өзімшіл жандардың өтірікке шығаруы саған ешқандай күмән, қобалжу әкелмесін. Өйткені, аз уақыттан кейін сенің ақиқаттарың олардың қияли сандырақтарын жермен-жексен етеді.яки табиғаты бұзыл-ған, ар-ожданы іріп-шіріген алаяқтар мен мұнафықтар секілді және айла кер дінсіздер секілді өздеріне бұйырмаған һидаеттен, тура жолдан жұртты да құр қалдырып, ақиқатты бұрмалап айла
44Рисалей Нұр жинағынаншарғы жасап, қисық жолға түсіргісі келе ме? Олар Саған біресе көріпкел, біресе жынды, біресе сиқыршы деп өздері сенбесе өзгелерді сендіргісі келеді. Мұндай айлакер, алаяқтарды адам қатарынан санап, қулықтарынан, сұрқиялықтарынан, жоққа шығаруларынан әсерленіп, ренжіп, мойыма! Қайта одан сайын жігерлене түс! Өйткені, олар тек өздеріне айла қылып, өздеріне ор қазуда, өздері одан зиян шегеді, ол орға өздері келіп түседі. Олардың жаман жолдағы табыстары уақытша, ол бір истидраж (көзбояушылық). Негізінде ол бір Иләһи мәкір яғни Аллаһтың бір тұзағы болып табылады.яки “жақсылықтың құ дайы”, “жамандықтың құдайы” деп бөлек-бөлек екі тәңірге сенетін мә жу силер секілді себептерге жеке-жеке өзіндік бір Құдайға тән сипат беретін және оларды өздеріне сүйеніш деп қабылдап себептерге та быну шылар, пұтқа табынушылар тәрізді өзге тәңірлерге сүйеніп, саған қарсы шыққысы келе ме? Өздерінше тоқкөздік қыла ма? Демекүкімі бойынша, олар мына бүкіл ғаламда күндізгідей анық көрінген кемелді тәртіп пен әдемі реттілікті, үндестікті соқыр болып көрмей отыр. Алайда, бір ауылда екі басшы, бір қалада екі әкім, бір мемлекетте екі патша болса тәртіп бұзылып, жүйенің тас-талқаны шығатыны мәлім. Алайда, шыбынның қанатынан бастап сонау аспан, ғарыш кеңістігіндегі жұлдыздарға шейін дәлме-дәл күрделі тәртіп бар екені даусыз. Олай болса шыбынның қанатындай ширкке орын жоқ. Шындығында олар осыншалықты ақылға, хикметке керағар, ап-анық ақиқатқа қайшы әрекет етуде. Олардың сені өтірікке шығаруы сені зікірден алып қоймасын, бас тартпа!Міне, тізбектелген ақиқатқа толы осынау аяттың жүздеген гауһар ларынан біз тек ұғындыру мен көзін жеткізуге қатысты
45Құран ғажайыптарыбір ғана баяндау әдісін қысқаша түсіндірдік. Егер шамам келіп, тағы бірнеше қымбат та бағалы құндылықтарын көрсетсем, сен де “мына аяттар өз алдына бір мұғжиза ғой” дер едің.Енді, түсіндіру мен тәлім беруге келгенде Құранның баяндауы сон ша лықты мөлдір, таңғажайып жатық, әрі керемет сарынды. Оның баян дауынан өте терең ақиқатты ең қарапайым, сауаты жоқ адамның өзі оп-оңай ұғынып, тез түсіне алады. Иә, Баяны мұғжиза болған Құ ран көптеген сырға толы, терең ақиқаттарды жалпының көңілінен шығатындай, көптің көкейіндегі көзқарасымен санасқандай, қарабайыр елдің ой-санасын шар шатып жалықтырмайтындай деңгейде жатық, қарапайым, ап-анық, түсі нікті тілмен айтып, дәріс береді. Қалайша, бір баламен сөйлескенде мағы наны балаша сөйлеп жеткізеді. Сол секілді,деп айтылғандай, сөз саптағанда тың даушының деңгейіне түсіп, онымен санасып сөйлейді. Құранның сөз саптау тәсілі керемет-ақ. Ең мықты данышпан, хәкімдердің ой-пікірімен жете алмаған Иләһи терең, ауқымды ақиқаттарды, Раббани сырларды Құран теңеумен, кейбірін салыстырмалы түрде мысалдамалар арқылы білімсіз, қарапайым адамдарға да оңай ұғындырады.Мысалы, аяты, бір мысалдама арқылы Аллаһтың толық басқарып тұрғанын рубубетін кәдімгі салтанатқа, патшалыққа теңейді, әлемнің жан-жақты басқарылуын, Рубубиеттің мәртебесін бір патша тақта отырып мемлекетін басқарып, жұмыс жүргізгені секілді мысалмен көрсетеді.Иә, Құран, мына ғаламның иесі, Жәлал Жаратушысының сөзі. Сон дықтан ол Рубубиеттің ұлық мәртебесінен бастап, барлық мәртебелерді қамтып жатқан киелі сөз. Ол – рухани биік мәртебелерге ниет еткендерге жол көрсетіп, тәрбиелеп, жетпіс мың перделерден өтіп әрі сол перделерді жеке-жеке жарық
46Рисалей Нұр жинағынанқылып нұрландыратын кітап. Һәм Ол – түсініктері мен ақыл-парасаты сан-қилы мыңдаған деңгейдегі тыңдаушыларына өзінің фейз-берекетін беріп, нұрын шашып келеді. Әртүрлі қабілет-қасиеттерге ие ғасырлар өтсе дағы әлі күнге дейін келе жатқан өміршең кітап. Ол – осыншалықты көп әрі ұшан-теңіз мағыналарын ортаға шашса дағы өзінің уылжыған жастығын, судай жаңалығын зәредей де зая етпей, ерекше балғындық пен балаусалығын сақтап, асқан мөлдірлігін бұзбай келеді. Ол өте жеңіл тәсілмен мағынасы өте терең ақиқаттарды тілмен айтып жеткізу мүмкін емес жеңіл түрде ақылы таяз адамға да, тіпті, ол өте қарапайым болсын ұғынықты түрде дәріс береді. Әрі дәл сол дәріс, дәл сол сөздермен түсініктері сан-алуан, дәрежелері бір-бірінен алшақ көптеген топтарға бір сәтте сабақ беріп, қанағаттандырады. Осындай мұғжизалы бір кітаптың қай тұсына болмасын мұқият зер салып қаралса да, сөзсіз мұғжизаның бір сәулесі жарқ-жұрқ етіп ап-анық көрінеді.Қорытынды:Мысалға, “Әлхәмдулилләһ”секілді Құранның бір сөзі оқылғанда таудың құлағы іспеттес үңгіріне кіріп жаңғырық шығарады. Сол секілді әлгі сөз шыбынның кішкене құлағына да толығымен кі ріп, орналасады. Дәл сол сияқты Құранның терең мағыналары да тау дай алып ақылдарды қанағаттандырғаны секілді, шыбын секілді кіш-кене қарапайым ақылдарды да дәл сол сөздер арқылы тәлім беріп, қанағаттандырады. Өйткені, Құран бүкіл адамзат пен жындар тайпасының барлық сыныбын иманға шақырады. Һәм барлығына иман ілімімен тә лім береді, һәм қанағаттандырады. Ендеше, қарапайым халықтың ең сауатсызы, зиялы қауымның жоғары мәртебелісімен бірге отырып, қаз-қатар тізіліп Құранның дәрісін тыңдап, ұғына береді. Демек, Құран Кәрім аспани дастарқан болғандықтан мыңдаған түрлі деңгейдегі ой-пікір, ақыл-сана, рух пен жүрек иелері сол дастарқаннан ас ішіп, азықтанып, керектерін тауып зауықтануда. Тіпті, көптеген есіктері жабық күйде, келешекте келетіндерді күтуде. Бұл
47Құран ғажайыптарысөзімізге дәйек болар мысал керек болса, Құран Кәрім басынан аяғына дейін осы тақырыптың, осы әңгіменің мысалдарымен тұнып тұр.Иә, бүкіл “мүштәһидтер”, “сыддықин”, Ислам хәкімдері, сондай-ақ, ша риғат, фиқыһ ғылымының ғұламалары мен “мұхаққиқ”, “мүтәкәл лимин”, Ариф, Әулиелер, Ақтаб-ы Ашиқин мен зерек ғұламалар, қатар дағы қарапайым мұсылмандар, Құран шәкірттері мен Құрани дәріс тың дағандар барлығы бір ауыздан “дәрістерімізді жақсы түсінеміз” дей ді. Қысқасы басқа тақырыптар секілді түсіндіру мен үйрету, тәлім тақы рыбында да Құранның мұғжизасының сәулесі Күндей жарқырайды.еКінші шУаҚ: Құранның таңғажайып бай мазмұндылығы. Бұл шуақ тың бес Шұғыласы бар.бірінші шұғыла: Сөзінің мазмұндылығы. Әлбетте, аталмыш Сөздер ден һәм осы Сөздегі келтірілген аяттардан сөзінің ауқымдылығы, маз мұндылығы анық көрінді деп ойлаймын.Иә,хадисі ишара еткеніндей, Құранның сөздері керемет орналасқаны сондай әрбір сөйлемнің, тіпті, әрбір сөздің, керек десеңіз, әрбір әріптің, тіпті, кейде әрмен қарай ештеңе айтпай тоқтап қалуының өзінде көптеген ма ғыналар мен сырлар бар. Әрбір тыңдаушысына бөлек-бөлек есіктен өзде рінің пайларын үлестіріп береді.Мысалы: яғни, “тауларды жерге қазық қылдым”. Бұл бір сөз. Енді, осы сөзден қарапайым бір адамның алар үлесі мынау болмақ: Сырттай қарағанда жерге қағылған қазықтар секілді көрінген тауларға қарайды. Олардың адамзатқа
48Рисалей Нұр жинағынанқаншалықты пайдалы әрі зор нығметтердің кені екенін ойлап Жаратушысына жалбарына шүкір етеді.Бір ақынның бұл сөзден алар үлесі: Жер төселген бір еден секілді. Көк аспан болса, күмбез секілді жердің үстіне орнатылған һәм электр лампаларымен безеніп, көмкерілген үлкен шатыр. Көк жиек бір шеңбер түрінде көктегі аспанмен иық тірескендей, асқар тауларды болса, әлгі шатырдың қазықтары ретінде көріп шабыттана қиялға мінеді. Мұны осындай керемет жасаған Аллаһ Тағаланың құдіретіне қайран қалып, табына егіледі.Ал енді, сахарадағы көшпелі халықтың ішінен шыққан жазушы бұл сөзден мынадай мағына шығарады. Жердің жүзін жайылып жатқан сахараға, шөл далаға балайды, ал таулардың сілемдерін өте көп әрі түрі сан алуан көшпелі бәдәуи халықтың шатырлары секілді етіп елестетіп, бейне бір топырақ қабаты биік қазықтардың үстіне жайылған, әлгі қазықтардың сүйір ұштары - топырақ пердесін жоғары шошайта көтеріп жіберіпті әрі оны бір-бірімен байланысты жатқан сан алуан мақұлықтарға мекен етіп қойыпты деп елестетеді. Осындай алып мақұлықтарды мынадай жер жүзінде шатырлар бейнесінде оп-оңай құрып орналастырған Айбынды Жаратушыға ештеңе қиын емес деп таңдана сәждеге басын иеді.Жағрафия пәнінен хабардар бір әдебиетшінің жоғарыда аталған сөй лемнен алар сыбағасы: “Жер шары ауа қабатында немесе эфир кеңістігінде жүзіп жүрген бейне бір кеме, ал тауларды сол кеменің тепе-теңдігі мен беріктігін сақтау үшін орнатылған қазықтар бейнесінде” - деп ой жүгіртеді. Сондай, заңғар жер жүзін тәртіпті бір кеме секілді етіп жасап, бізді оның ішіне орналастырып, ғаламның шартарапында қыдыртқан, кемелдік иесі Құдреті күшті Аллаһ Тағалаға дейді.
49Құран ғажайыптарыМәдениет пен әлеуметтану салаларының білікті маманы болған парасатты бір хәкімнің бұл сөйлемнен алар үлесі мынау: Жер жүзі бір үй, ол үйдің тіреуіші, қазығы мен өзегі болса тіршілік иелерінің өмірі, ал тірі жандардың өмір сүруінің көзі, басты шарты су, ауа, топырақ. Ал, ауа, су, топырақтың қазығы, тірегі таулар. Себебі, сулар таулардан бастау алады, таулар ауаның тарағы, яғни, зиянды газдарды тұндырып, ауаны тазартады және топырақтың қорғаны (батпақтан және теңіздің басып кетуінен сақтайды) және басқа адамзат тіршілігіне керекті қа жеттіліктердің қазынасы деп түсінеді. Сөйтіп, мынау үлкен тауларды, осылайша, баспанамызға діңгек қылған, тұрмыс-тіршілігімізге қазыналы қазық ретінде жаратқан, жомарт Айбын Иесі Жасағанға аса құрметпен бас иіп, мақтап, ұлықтайды. Жаратылыстану мен табиғаттану саласының маманы болған бір пәл сапашы бұл сөйлемнен алар нәсібі: Жер қойнауындағы кейбір өзгерістер мен құбылыстардың салдарынан болатын зілзәлә мен ірі қозғалыстар таулардың ортаға шығуы арқылы ғана тыныштық табатындығын, сондай-ақ, өз орбитасымен жүйелі түрде айнала нық қозғалуына себеп һәм зіл зала болып жер қозғалғанда өз бағыт-бағдарын жоғалтпауға ұйытқы бо-латынын және жұмыр жердің тұла бойын ашу кернегенде, таулардың осы түңліктері арқылы тыныс алып, тыныштық табатынын түсініп, толығы мен иманға келеді. дейді.Мысалы: аятындағы сөзі пәлсапамен көп шұғылданбай, ой-санасы былғанбаған бір ғалымға мынандай ой туғызады:“Аспан – ашық, бұлтсыз. Жер – құрғақ, тіршілік жоқ, тірілікке қолайсыз бір жағдайда еді. Сол кезде аспанды жаңбырмен, жер бетін өсімдіктермен ашты да, белгілі бір мағынада қосылу,
50Рисалей Нұр жинағынанжұптасу ісін жүзеге асырып, бүкіл тіршілік иесін әлгі судан жаратты. Әрине, бұл орасан зор Құдіреттің ісі. Мына жұмыр жер Оның шағын бір бау-бақшасы ғана, ал аспанның бет пердесі болған бұлттар болса, Оның әлгі бақшасында қызмет ететін суғарушы ғана” деп түсініп, Қадир-і Зүлжәлалдың Құдіретіне сәжде қылады.Енді, ақиқатшыл һәм ойшыл бір хәкімге бұл сөз былайша әсер етеді: “Ең алғаш жаратылыста Жер мен Көк пішінсіз бір үйінді секілді және еш пайдасы жоқ, жаңа иленген қамыр тәрізді, ұрпақсыз, ешбір жаратылыс жоқ, тұтас бір зат еді. Фатыр-ы Хаким Аллаһ Тағала олар ды ашып, жайып, әдемі бір пішін, пайдалы да тиімді бөлек-бөлек түр берді, һәм әсем безендірілген, әрі саны көп жаратылғандарға негіз қылған” деп түсінеді. Жаратқанның шексіз даналығына қайран қалады.Жаңа заман пәлсапашысына бұл сөз былай әсер қалдырады: “Күн жүйесін құрап тұрған жер шары мен басқа да ғаламшарлар алғашында Күнмен жабысқан біртұтас күйде, жайылмаған бір қамыр түрінде болатын. Қадир-ы Қаюм (барлығын бар етіп тұрған, құдіреті шексіз) ол қамырды жайып, әлгі ғаламшарларды жеке-жеке өз орындарына жайғастырып, Күнді де өз мекеніне орналастырып, жер шарын бері әкеліп, бетіне топырақ төсеп, үстінен жаңбыр себелетіп, Күннен жарық түсіріп, дүниені безендірді де бізді ішіне орналастырды” деп түсінеді. “Табиғат жаратты” деген батпақтан басын ала қашып, (жалғыз бір Аллаһқа иман келтірдім) дейді.Мысалы:сөйлемдегі “ләм”әріпі һәм өз мағынасын, һәм \"фий” (-да; -та; яғни ішінде) мағынасын, һәм “илә” (-қа;-ға; яғни, бағытын білдіретін “қарай”) мағынасын білдіреді.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170