Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (с.а.у.) МҰҒЖИЗАЛАРЫ

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (с.а.у.) МҰҒЖИЗАЛАРЫ

Published by risalekz, 2020-02-05 03:11:53

Description: 1930жылы Барлада жазылған
19-MEKTUB
(Mu’cizat-ı Ahmediye)

Keywords: Mucizat-? Ahmediye

Search

Read the Text Version

101Алейhиссалату Уәссәләм: “Қолын көтере ал-май қалғыр!” дегенде әлгі адам оң қолы көтере алмайтын болып қалыпты.Алтыншы мысал: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің ауызымен дұға етуімен қатар қолымен де ұстаған кезде болған кереметтерінің әйгілі бірнешеуін ба-яндаймыз.Біріншісі: Хазреті Халид ибн Уалидке (Сәйфуллаh) жеңімпаз болуы үшін шашының бірнеше талын беріп, дұға қылады. Хазреті Халид әлгі шаштың талдарын бас киімінің бір жеріне сақтап қояды. Сол дұғаның кәраматы болса керек Халид қандай соғысқа қатысса да міндетті түрде жеңіп шығатын. Екіншісі: Салман Фариси о баста яһудилердің құлы болатын. Қожайындары оны азат ету үшін көп құн талап етті. Яғни үш жүз құрма көшетін егіп, жеміс бергеннен кейін және қырық окка яғни шамамен 4,800 гр алтын төлесе ғана бостандық беретінін айтады. Ол, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға келіп жағдайын білдіреді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм өз қолымен Мәдинаның төңірегіне үш жүз көшет құрма отырғызады. Тек бір көшетті басқасы отырғызыпты. Сол жылы Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм отырғызған барлық көшеттер жеміс береді. Жалғыз басқасы еккен бір көшет қана жеміс бермей қалады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм оны қайтадан өзі тігіп отырғызады. Ол да жеміс салыпты. Сосын тауықтың жұмыртқасындай бір алтынға түкірігін жағып дұға етеді де Салманға беріп: “Мынаны яхудилерге бер!” дейді. Салман әлгі алтынның қырық оккасын береді. Ал, тауықтың жұмыртқасындай ал-

102тын байырғы күйінде қалады. Бұл, Хазіреті Салманның өміріндегі ең маңызды оқиға. Өйткені мұғжизамен қатысты. Мұны сенімді де атақты имамдар айтқан.Үшіншісі: Үммү Мәлік деген әйел сахаба, “Укке” деп аталатын кішкентай май салатын торсықтан Расулуллаh Уәссәләмға май сыйлаушы еді. Бірде Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссәләм дұға қылды да торсықты қайтарып беріп жатып: “Мұны қатты сықпаңдар!” дейді. Үммү Мәлік бала-шағасына май керек болғанда Нәбидің дұғасының берекетімен әлгі торсықтан май алатын. Осылай ұзақ уақыт жалғасады. Кейін торсықты сығып жіберген де берекеті кетіп қалыпты. Жетінші мысал: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің дұғасымен және қолын тигізу арқылы сулардың тәтті және хош иістенуі жайлы көптеген оқиғалар бар. Екі-үшеуін үлгі ретінде баяндаймыз.Біріншісі: Имам Бейhаки бастаған хадис имамдары ха-барында былай дейді: Бир-і Куба деп аталатын құдықтың кейде суы тартылып, таусылып қалатын. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм дәрет алған суын ішіне құйып дұға қылғаннан кейін соның берекеттеніп суы молайып кетті. Одан соң еш таусылған емес.Екіншісі: Әбу Нуайм өзінің «Дәла-ил Нүбууат» яғни “Пайғамбарлықтың дәлелдері” атты кітабында ха-дис имамдары былай деп хабарлайды: Әнәстің үйіндегі құдыққа Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм түкіріп дұға қылды. Содан кейін Мәдинадағы ең суы тәтті құдық сол болды.Үшіншісі: Ибн Маже былай деп хабарлайды: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға бір құмыра зәм-зәм суын алып келді. Бір ұрттам сумен аузын шайып

103оны құмыраға қайта құйды. Құмырадан райхан гүлінің иісіндей хош иіс шықты. Төртіншісі: Имам Ахмед ибн Ханбел былай деп ха-барлайды: Құдықтан бір құмыра су тартылды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм құмыраның ішіне аузының суын құйып, оны құдыққа төккеннен кейін райхандай хош иіс шығара бастады.Бесіншісі: Аллаһтың әулие құлдарынан Имам Мүслим және Мағриб ғұламаларының сенімді әрі атақтысы Хам-мад ибн Сәләмә былай деп хабарлайды: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм теріден жасалған торсыққа су толтырды да аузына үрлеп дұға қылды. Сосын оны бір топ сахабаларға берді. Оларға: “Аузын ашпаңдар! Тек дәрет алар кезде ғана ашыңдар!” деп бұйырды. Дәрет алар кез-де аузын ашып қараса тап-таза сүт, бетінде қалың қаймақ. Міне, осы бес мысалдың кейбірі әйгілі, ал кейбірін үлкен имамдар жеткізген. Бұл жерде айтылмағандарды қосқанда мағынауи тәуәтур дәрежесінде күмәнсіз болғандығы анық. Сегізінші мысал: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қолын тигізу және дұға ету арқылы сүтсіз, қысыр ешкілердің сүт беруі және сүтті болуының мысал-дары өте көп. Біз, тек мәлім әрі сенімді екі-үш мысалын үлгі ретінде баяндаймыз.Біріншісі: Мына оқиға Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) өмірбаяны жазылған барлық сияр кітаптарда бар: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддықпен хижрет етіп келе жатқанда Атикет Бинт-ил Хүзайе дейтін Үммү Мабедтің үйіне келеді. Оның сүтсіз, көтерем, қысыр бір ешкісі бар екен. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Үммү Мабәдтен: “Мына ешкіде

104сүт бар ма?”–деп сұрайды. Үмм-у Мабед: “Бұның бойында қан жоқ, сүт қайдан болсын” – деп жауап береді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм ешкінің арқасынан, желінінен сипап, дұға қылады. Сосын “Ыдыс әкеліп, сауыңдар!”-дейді. Сауылған сүтті Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддық екеуі ішкеннен кейін сол үйдегілер де тойғанынша ішіпті. Ешкі болса әлденіп, сол берекелі күйінде қалыпты.Екіншісі: Шат ибн Месудтің әйгілі қиссасы. Ибн Ме-суд мұсылман болмай тұрғанда жұрттың малын бағатын. Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддық пен бірге ибн Месудтің ешкі бағып жүрген жеріне келеді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм ибн Месудтан сүт сұрайды. Ол: “Ешкілер менікі емес, біреудікі”- деп жауап береді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм: “Маған қысыр, сүті жоқ бір ешкіні алып кел!”- дейді. Ол екі жыл теке көрмеген бір ешкіні алып келеді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм оның желінін си-пап, дұға қылады. Сосын сауған кезде одан тап-таза сүт шығып, бәрі тойғанша ішеді. Ибн Месуд бұл мұғжизаны көргеннен кейін иманға келеді. Үшіншісі: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің мүрдиясы яғни сүт анасы Халиме-і Сағдияның ешкілеріне қатысты әйгілі қисса: Сол кездері құрғақшылық болып ауылдың малдары арық әрі сүтсіз екен. Тойып жейтіндей айналады шөп жоқ. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм сүт анасының жанына келген күннен бастап береке бітіп Халиме-і Сағдияның ешкілері ақшам уақытында басқа малдардан ерекше тоқ әрі желіндері тырсиып келетін бо-лыпты. Мұндай оқиғалар сияр кітаптарында көп кездеседі. Бірақ үлгі ретінде бізге осы жеткілікті.

105Тоғызыншы мысал: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм кейбір кісілердің басын, жүзін мүбәрак қолымен сипап дұға қылғанда көрінген кәраматтардың әйгілі бірне-шеуін үлгі ретінде баяндаймыз.Біріншісі: Омар ибн Сағдтың басын сипап дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен сексен жасында қайтыс болғанда шашының бір талы да ағармаған деседі.Екіншісі: Қайс ибн Зейдтің басын ұстап дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен жүз жасына келгенде шашының бәрі аппақ, тек Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің ұстаған жері ғана қап-қара күйінде қалыпты. Үшіншісі: Әбдуррахман ибн Зейд ибн Хаттабтың бойы аласа, түрі ұсқынсыз екен. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм басынан сипап дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен бойы ұзарып, ең әдемі көрікті кісі болған. Төртіншісі: Хунейндегі соғыста Айз ибн Әмір бетінен жарақат алғанда қанын Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қолымен сүрткен екен. Кейін Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің қолы тиген жер жылты-рап, нұрланып тұратындықтан хадис жазушылар оны яғни торы аттың маңдайындағы төбел сияқты деп суреттеген. Бесіншісі: Қатаде ибн Сәлманның бетінен сипап, дұға қылған. Қатаденің жүзі айнадай жалтырап құлпырып кет-кен.Алтыншысы: Үмм-ү Сәләмәнің қызы, яғни Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің өгей қызы Үмм-үл Мүминин Зейнептің кішкентай кезінде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм дәрет алған суын жүзіне шашып еркелетеді.

106Соның саясында Зейнеп таңғажайып сұлу, өте көрікті болған. Бұған ұқсас көптеген мысалдар бар. Олардың көбін хадис имамдары баяндаған.Бұл бөлімдердің бәрі бір ғана жолмен жеткен хабар, әлсіз дегеннің өзінде жалпы алғанда мағынауи тәуәтур дәрежесінде Мұхаммед Алейhиссалату Уәссаләмның мұғжизасын нақтылай түседі. Өйткені бір оқиға же-ке-жеке, бірнеше жолмен әртүрлі баяндалса да, жалпы оқиғаның болғандығын көрсетеді. Айтылуы әртүрлі әрі келген жолы да әлсіз болса, бәрі бір негізінде оқиғаның болғанын дәлелдейді.Мысалға бір гүрсіл естілсе, кейбіреулер пәленшенің үйі қирады дейді. Енді бірулер басқа бір үй қирады деді. Тағы басқасы басқа бір үйді айтады. Айтылған әрбір ха-бар жеке әрі әлсіз, сенімсіз немесе күмән туғызуы мүмкін. Бірақ негізінде бір үйдің қирағаны анық. Барлығы айна-лып келіп бір мәселеге тіреледі. Ал жоғарыда айтылған алты хабар hәм тура, hәм кейбіреуі кең тараған. Бұлардың әр қайсысын әлсіз дегеннің өзінде барлығы қосылып Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнің мұғжизасы шүбәсіз болғандығын нақты көрсетеді.Міне, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің нақты болған мұғжизалары әртүрлі жағдайда жүзеге асқан. Же-ке-жеке қарағанда бәрі бірігіп жалпы әрі нақты түрде бір мұғжизаның көріністері немесе үлгі-мысалдары сана-тында. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің қалайша қолы, саусақтары, түкірігі, демі, сөзі, яғни, дұғасы көптеген мұғжизаларға бөленіп, таңғажайып оқиғаларға сахна болса дәл солай да Расулуллаh Ғалейhиссалату Уәссәләмнің өзге сезімдері, дене мүшелірі көптеген таңғажайып көріністерге себеп болған. Оған куә, бұл кезге

107дейін жазылған сияр кітаптар, қатпарлы көне тарих. Оның (с.а.у) мінезінде, жүзінде, мүбарак болмысында, ішкі дүниесінде пайғамбарлықтың көптеген нышан-белгілері, дәлелдері байқалған. ОН БЕСІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА. Ағаштар мен тастар, Ай мен Күн оны мойындап, әрқайсысы же-ке-жеке мұғжизаларын көрсету арқылы пайғамбарлығын дәлелдеген. Сол секілді жануарлар әлемі, өлілер, жындар әлемі, періштелер тайпасы сол бір мүбәрак Кісіні (с.а.у) мойындап, пайғамбарлығын растаған. Оны (с.а.у) танып, мойындайтындығын әрқайсысы кейбір мұғжизаларын көрсету арқылы білдірген. Осылайша Пайғамбарлығы хақ екендігі әлемге әйгілі болды. Осы ишара үш бөлімнен тұрады.Бірінші бөлім жануарлар әлемі туралы: Олар да Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді растап, мұғжизаның көрінуіне себеп болған. Мұның көптеген мы-салдары бар. Біз қазір тек әйгілі және мағынауи тәуәтур дәрежесінде нақты немесе мухаққиқ имамдар растаған не-месе үммет жаппай мойындаған кейбір оқиғаларды ғана үлгі ретінде баяндаймыз.Бірінші оқиға: Мағынауи тәуәтур дәрежесінде әйгілі, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддық екеуі, кәпірлердің қуғынынан құтылу үшін жасырынған Хира үңгірінің аузына екі көгершін күзетші сияқты қонақтап тұрған, ал өрмекші болса шебер тоқымашыдай өзінің қалың торымен үңгірдің аузын өріп, жауып тастаған. Сонда Құрайыштың басшыларының бірі, Бәдір соғысында Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің қолынан өлген Убеий ибн Халеф, үңгірге үңіліп қараған

108кезде серіктері: «Үңгірге кіріп көрейік!» депті. Сон-да ол: «Кірудің қажеті жоқ. Мына өрмекшінің торын көрмейсіңдер ме, бұл Мұхаммед дүниеге келмей тұрғанда тоқылғанға ұқсайды. Егер ішінде адам болса, анау екі көгершін отыра ма?» - депті. Сондай-ақ, мүбәрак көгершін тайпасы мұсылмандар Меккені жеңіп, азат еткен күні Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің төбесінде ұшып жүріп көлеңке болғанын Имам-ы Жәлил ибн Уәhhәб ба-яндайды. Сонымен қатар дәйекті түрде Хазреті Айша Сыддықа былай дейді: Үйімізде көгершінге ұқсас Дәджин дейтін құс болатын. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм үйде болғанда тым-тырыс отыратын. Ал, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм түзге шықса болды, әлгі құс әрі-бері ұшып, тыпыршып кететін. Демек, ол құс Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді танитыны ғой. Ол болса тып-тыныш тұратын.Екінші оқиға: Тәуәтур дәрежесінде бес-алты кісі риуаят еткен қасқырға қатысты оқиға. Таң қаларлық осы қисса көп жолдармен әйгілі сахабалардан жеткен. Мы-салы, Әбу Сәид-ил-Худри, Сәләмә ибн Әкуа, ибн Әбу Уәhәб, Әбу Хүрейре және сол оқиғаның куәгері, шопан Ухбан сынды бірнеше кісілер хабар берген. Сонымен, бір қасқыр жайылып жүрген ешкілердің біреуін ұстап әкетпек болғанда, шопан қасқырдың аузы-нан әлгі ешкіні құтқарып қалады. Сонда қасқырға тіл бітіп: «Аллаhтан қорықпай, менің ризығымды тартып алдың!» дейді. Сонда шопан аң-таң болып: «О, ғажап! Қасқыр сөйлейді екен-ау!» дейді. Қасқыр болса: «Таңғаларлық жәйт сенің жағдайың! Мына таудың арғы бетінде бір асыл кісі келіп, сендерді жәннатқа шақырып жатыр.

109Өзі пайғамбар. Ал, сен болсаң бейқам малыңды бағып жүрсің?». Қасқырдың сөйлегені жайлы барлық риуаттар-да бірдей баяндалады. Сонымен қатар, Әбу Хүрәйре өз хабарында былай дейді: Шопан қасқырға: «Жарайды, мен барайын, бірақ менің ешкілеріме кім қарайды?» Сонда қасқыр: «Мен қараймын!» депті. Шопан малын қасқырға тапсырып Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді көріп, иман келтіріп қайтып келіп қараса, қасқыр ешкілерді бағып жүр. Ешқандай шығын жоқ. Сосын оған бір ешкі сойып беріпті. Өйткені ол оған ұстаздық етіп, тура жолға салды.Бір риуаятта, Құрайыштың басшыларынан Әбу Су-фиян мен Сафуан Қағба тарапына бір киіктің кетіп бара жатқанын, артынан да бір қасқырдың ілесі кіргенін көреді. Қасқыр кері қайтады. Олар аң-таң болып тұрғанда қасқырға тіл бітіп, Мұхамедтің (с.а.у) пайғамбар екенін ха-барлайды. Әбу Суфиян Сафуанға: «Бұл оқиғаны ешкімге айтпай-ақ қояйық. Меккенің халқы үдере көшіп оларға еріп кетер!» деген екен. Сонымен, қасқырдың қиссасы сенімді әрі мағынауи тәуәтур дәрежесінде екені анық.Үшінші оқиға: Бес алты жолмен, атақты саха-балардан жеткен түйеге қатысты оқиға. Әбу Хүрәйре, Салебе ибн Мәлік, Жабир ибн Абдуллаh, Абдуллаh ибн Жафар, Абдуллаh ибн Әби Әуфа және олардың риуаятта-рын бізге жеткізуші басқа да сахабалар, бір ауыздан бы-лай деп хабар беруде: Бір түйе Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға келіп құрметпен бас иіп сәлем берген соң, бір нәрсе айтыпты. Кейбір риуаяттарда былай дейді: Түйені ашу кернеп, құтырады да қасына ешкімді жолатпай қояды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм келген соң түйе моп-

110момақан болып тынышталып қалады да сәжде еткендей алдына кеп шөгеді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм мойнына жіп байлайды. Түйе, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға: «Мені машақаты мол, ауыр жұмыстар істетіп, енді соймақ ойлары бар. Соған ашуландым» дейді. Түйенің иесінен: «Солай ма?» деп сұрағанда: «Иә!» деп жауап береді. Сондай-ақ, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің Адба дейтін түйесі болған. Нәби (с.а.у) қайтыс болған соң қайғыдан құса болып, еш нәрсе же-мей, су да ішпей, ақыры өліп тыныш тапқан деседі. Сол түйе Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләммен маңызды бір қиссаны сөйлескендігін Әбу Исхақ Исферани сынды кейбір атақты имамдар хабар беруде. Нақты хабарда айтылғанындай: Бір сапарда Жабир ибн Абдуллаhтың түйесі қатты шаршап, тіпті зорығып жүре алмай қалады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм түйені жәй ғана түрткен екен, әлгі түйе Ахмедтің (с.а.у) мұндай ілтипатына бөленгеніне қуанып, бойына қуат біткені сонша бұйдасына ие болу қиынға соқты деседі. Содан ешкімге жеткізбепті. Мұны Хазреті Жабирдің өзі айтады. Төртінші оқиға: Имам Бұхари бастаған ха-дис имамдары былай дейді: Түннің бір уағында Мәдина шәһарының сыртынан жау шапқандай тасыр-тұсыр ды-быстар естілді. Сарбаз сахабалар атқа мініп, солай қарай шаба жөнелді. Қараса, бір кісі келе жатыр. Ол Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм болып шығады. Байыпты түрде: «Алаңдайтын ештеңе жоқ!» депті. Сөйтсе, батырлығының талабына сай Расулуллаһ Әбу Талханың әйгілі атына мініп алып, бәрінен бұрын барлау жасап қайтыпты. Әбу

111Талхаға қарап: Яғни: «Сенің атыңның жүрісі де шабысы да мықты екен!»- депті. Алайда, Әбу Талханың аты «катуф» дейтін, нағыз сылбыр аттың өзі еді. Бірақ сол түннен кейін оған ешбір ат жете алмайтын жүйрік болып кетіпті. Һәм дәлелді хабар бойынша, бірде, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм сапарда намаз оқу үшін, аты-на: «Тоқта!» дейді. Ат қаққан қазықтай тырып етпей сол қалпында қатып қалады. Намаз аяқталғанға дейін ешбір ағзасын қимылдатпапты.Бесінші оқиға: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің қызметшісі Сәфине Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әмірімен Иеменнің әкімі Муаз ибн Жебелге бару үшін жолға шығады. Жолда арыстанға тап болады. Сәфине, оған: «Мен, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің қызметшісімін» дейді. Арыстан ақырған күйде тиіспей жөніне кете берген екен. Өзге бір риуаятта: Сәфине қайтар жолда адасып кетіп бір арыстанға жолығады. Арыстан оған тиіспей, қайта жол көрсетіп жіберген деседі. Хазреті Омардан жеткен риуаятта былай делінген:Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға бір араб келеді. Қолында «Даб» дейтін бір кесірткеге ұқсас бір жануа-ры бар. Әлгі араб: «Егер мына хайуан саған куәлік етсе мен саған иман келтіремін, әйтпесе сенбеймін» - дейді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм әлгі хайуаннан сұрағанда кесірткеге тіл бітіп пайғамбарлығына куәлік етіпті. Үммүл-мүминин Үмму Сәлеме айтады: Бір киік Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләммен сөйлесіп, пайғамбарлығына куәлік етті.

112Мұндай мысалдар көп. Біз тек сенімді әрі кең тараған бірнешеуін үлгі ретінде көрсеттік. Енді Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләмді танымай, мойындамай жүргендерге айтарымыз: Ей, адам! Ғибрат ал! Қасқыр, Арыстан Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләмді та-нып, мойынсұнып жатса, сендер жыртқыш хайуаннан, қасқырдан бетер хайуан болмауға тырысуларың керек қой.Екінші бөлім: Жаназалардың, жындардың және періштелердің Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді мойындағаны жайлы. Бұның да көптеген мысалдары бар. Үлгі ретінде әйгілі және сенімді имамдар жеткізген хабарлардың бірнешеуін баяндаймыз. Әуелі жаназалар-дан бастайық. Ал, жындар мен періштелерге қатысты оқиғалар толық тәуәтур, анық әрі сенімді. Олардың мы-салдары бір емес, мыңдап саналады. Енді, өлі жандардың сөйлегені туралы хадистерге келейік. Біріншісі: Табиғиндер заманының бетке тұтар ғұламасы, ғылымның сан алуан саласын меңгерген ұлы ұстаз әрі Имам Алидің озат шәкірті Хасан Басри былай дейді: Бір адам, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға келіп, жылап-сықтап былай депті: «Менің кішкентай бір қызым бар еді, өліп қалып мына сайдың ішіне көміп кеттім». Расулуллаh Ғалейhиссалату Уәссәләм оны аяп, «Жүр, сол жерге барайық!» дейді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм өлген қызға: «Ей, пәленше!» деп атын атап шақырады. Өлген қыз кенет: «Ләббәйк!» деп жауап қайтарады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм: «Әкең мен шешеңнің жанына қайтқың келе ме?» дейді. Сонда ол қыз: «Жоқ, мен олардан да қайырлысын тап-тым» - деген екен.

113Екіншісі: Имам Бейhаки және Имам ибн Адий сынды танымал имамдар Хазіреті Әнәс ибн Мәліктен былай деп риуаят қылады: Бір кәрі әйелдің жалғыз ұлы бар еді. Ке-неттен қайтыс болды. Әлгі діндар әйел қатты қайғырып: «Я, Раб! Бұл жерге Сенің ризашылығың үшін, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің елшілігі мен қызметі үшін көшіп келіп едім. Сол Расулдың (с.а.у) құрметіне менің өмірдегі қамқоршым жалғыз баламды кешіре гөр!» деп жылады. Әлгі өлген адам орнынан тұрып, бізбен бірге тамақ ішті.Имам Бусиридің әйгілі өлеңі осы ғажап оқиғаға ишара әрі түсініктеме береді:Яғни: «Егер Оның (с.а.у) белгі-нышандары Оның ұлылығы мен мақбұл яғни қабыл болғандығын көрсететін болса, Оның есімі аталғанда жаңа өлгендердің түгіл қураған сүйектерге жан бітіп, қайта тірілер еді.Үшінші оқиға: Бірінші болып Имам Бейhаки бастаған риуаят етушілер Абдуллаh ибн Убейдуллаh-ил Әнсариден былай деп хабар береді: Абдуллаh айтады: Сәбит ибн Қайс ибн Шәммас Иемаме соғысында шәйіт болады. Оны қабірге қояр кезде мен жанында едім. Қабірге қойылып жатқанда кенет мүрдеден бір дауыс естілді. Ол:

114деді. Біз ашып қарадық. Денесі өлі, жан жоқ. Ол кезде Хазреті Омар әлі халифа болмаған кез. Демек, сол кездің өзінде Хазіреті Омардың шәһит болатынын хабарлады. Төртінші оқиға: Имам Таберани мен Әбу Нуаим «Делайл-і Нубуввет» (Пайғамбарлық дәлелдер) кітабында Нұғман ибн Биширден риуаят етеді: Зейд ибн Хариже ке-нет базар ішінде құлап, жан тапсырды. Үйге алып келдік. Ақшам мен құптан арасы, әйелдер жылап-сықтап жа-тыр. Кенет жаназадан: «Тынышталыңдар, дыбыстарыңды шығармаңдар!» деген дауыс естідік. Со-сын, анық түрде:деп айтты. Бірақ, жаны жоқ, өлі еді.Міне, жаны жоқ жаназалар Пайғамбарымыздың (с.а.у) елшілігін растап куәлік етіп жатса кеудесінде жаны бар аяқта жүрген адамдар мойындамаса, әлбетте ондай «тірі өліктер» жансыз заттан бетер жансыз, өліктен де өткен өлі болғаны. Енді, Періштелердің Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға қызмет көрсеткені жайлы және жындардың оған иман етіп мойынсұнғаны туралы тәуәтур дәрежесіндегі хабарларға келейік. Құранның көп аяттары-мен дәлелденген «Бәдір» соғысында бес мың періште серігі болып қызғыштай қорғап, әскерінің қатарында соғысқан. Тіпті, ол періштелер «Бәдір» соғысына қатысқан сахаба-лар секілді періштелер арасында зор беделге ие деседі. Бұл мәселенің екі жағы бар.Біріншіден: Жындар мен періштелер әлемі хайуанат пен адам әлемі сияқты нақты әрі шүбәсіз және олар бізбен

115тығыз байланыста. Мұны Жиырма тоғызыншы Сөзде екі жердегі екі төрт болатындай анық дәлелдегенбіз. Дәлелдерді сол Сөзден табасың.Екіншіден: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің саясында әрі мұғжизасы ретінде үмметі олармен көрісіп, сөйлескен. Бұхари мен Имам Мүслим сын-ды хадис имамдары бір ауыздан былай деп дейді: Бірде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм сахабалары-мен отырғанда мәләк келіп, яғни Хазреті Жәбірайыл періште ақ киімді адам бейнесінде жанына келіп: деді. Яғни «Иман де-ген не? Ислам деген не? Ихсан деген не? Түсіндірші!» деді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм түсіндіріп берді. Сол жердегі сахабалар әрі дәріс алды әрі оны жақыннан көрді. Ол өзін жолаушы деп таныстырғанымен үстінде жолаушы нышаны байқалмайтын. Орнынан тұрып кетіп қалды. Кенет көзден таса болды. Сол кезде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм: «Сендерге дәріс беру үшін Жәбірайыл періште осылай жасады» деді. Тағы да тәуәтур дәрежесінде нақты риуаяттар арқылы, хадис имамда-ры былай дейді: «Сахабалар Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің жанында Хазреті Жәбірейілді көп мәрте көрген. Ол, келбетті де ажарлы Дыhие дейтін сахабаның бейнесіне енуші еді. Мысалы, Хазреті Омар мен ибн Аб-бас, Үсаме ибн Зәйд, Харис, Айша Сыддықа және Үмми Сәләмә сынды сахабалар сенімді риуаяттармен былай дейді: Біз Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің жа-нында Жәбірайыл періштені Дыhиенің бейнесінде көп көретінбіз. Бұл кісілердің көрмесе де көрдім деуі әсте мүмкін бе? Ашәрә-и Мүбәшшереден Иранды азат ет-

116кен Сағад ибн Әбу Уаққас айтады: «Ухуд соғысында Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің екі жағында ақ киімді екі қорғаушыны көрдік. Екеуінің періште екені әрі олар Хазреті Жәбірайыл мен Микаил екені белгілі болды». Апырм-ай! Мұндай Ислам қаhарманы көрмеген нәрсесін көрдім деуі мүмкін бе?Әбу Суфиан ибн Харис ибн Абдулмүтталиб (Нәбидің көкесінің баласы) баяндайды: «Бәдір соғысында жер мен көктің арасында ақ киімді салт атты кісілерді көрдік».Хазреті Хамза бірде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға: «Жәбірайылды көргім келеді» деп өтініш жасайды. Сонда оған Қағбада көрсеткенде шыдай алмай есінен танып құлаған. Періштелерді көру оқиғалары өте көп. Бұл оқиғалардың барлығы Ахмед Алейhиссалату Уәссәләмнің мұғжизаларының бір ғана дәлелі. Періштелер Оның (с.а.у) Пайғамбарлық нұрына көбелектей үймелейтұғын. Енді, жындармен кездесу және оларды көру оқиғаларына келсек, оны тек сахабалар ғана емес, қарапайым үмметі де кездесіп, сөйлескендігі жайлы оқиғалар көп. Бірақ ең сенімді, ең тура хабарды хадис имамдары жеткізуде. Ибн Месуд айтады: «Батн-ы Наhл деген жерде жындар Пайғамбарымызға иман еткен түні, мен оларды көрдім. Оларды Судан қауымының Зут дейтін ұзын бойлы тайпа-сына ұқсаттым, соларға ұқсайтын сияқты» дейді.Белгілі, хадис имамдары дәлелдеп, бәрі бір ауыздан қабылдаған Хазреті Халид ибн Уәлид оқиғасы. Ол Узза де-ген пұтты қақ бөліп қиратқан кезде ішінен әйел бейнесінде қап-қара бір жын шыққан. Хазреті Халид қылышпен жын-ды да екіге бөлген. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм

117бұл оқиғаға байланысты: «Пұт Уззаның ішіндегі жынға құлшылық етілетін. Бұдан кейін оған ғибадат етілмейді» - деген.Хазіреті Омардан жеткен риуаятта: «Біз Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің қасында отырғанымызда қолында аса таяғы бар шал тәрізді «Хами» деген бір жын келіп, иман келтірді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм оған бірнеше қысқа сүрелерден дәріс берді. Дәрісін алған соң кетті. Осы соңғы оқиғаға кейбір хадис имам-дары қарсылық білдірген. Дегенмен маңызды имамдар дұрыс деп қабылдаған. Иә, мұғжизаның бұл түрін ұзақ әңгімелеудің қажеті жоқ, мысалдары өте көп. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің нұрымен, және оның тәрбиесінің саясында әрі оған мойынсұну арқылы Шейх Гейлани сынды мыңдаған ақтаб-асфиялар періштелермен, жындармен жүздескен, сөйлескен және мұндай оқиғалар жүз тәуәтур дәрежесінде нақты әрі саны да өте көп. Иә, Мұхаммедтің (с.а.у) үмметі періштелермен, жындармен кездесіп, сөйлесуі Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің тәрбиесі өте күшті әрі маңызды екенін, кере-мет түрде тура жолға салатындығының белгі, көріністері.Үшінші бөлім: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді Құдайдың өзі сақтап, дін аман қалуы сондай-ақ, Оның (с.а.у) керемет сақталуы жайлы нақты болған мұғжизалар. деген қасиетті аяттың ақиқаты көптеген мұғжизаларды еске түсіреді. Иә, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм бір ғана тайпаға, яки бір ғана қауымға және кейбір саясаткерлерге немесе бір дінге ғана қарсы шыққан жоқ, ол барлық қауымға, күллі адамзатқа бір өзі майдан ашты. Ол кезде оған өзінің

118туған немере ағасы да қарсы шығып, қас жауы болатын. Өз тайпасы, руы да дұшпан еді. Сөйте тұра жиырма үш жыл бойы ешқандай тоқыраусыз, ешбір күзетші жалда-май, қорғанышы жоқ және көп мәрте дұшпандарының қастандығына душар болса дағы ең бақытты күй кешіп, жайбарақат жан тапсырып мәңгі әлеміне сапар шеккен-ге дейін аман-есен өмір сүруі әрі пәлекеттерден аман сақталуы аятының қаншалықты терең ақиқат екенін білдіреді. Сондай-ақ, бұл аяттың оған үлкен демеу болғандығын Күндей жарқын, Айдай анық көрсетеді. Біз, тек үлгі ретінде шүбәсіз, баршаға белгілі бірнеше оқиғаны баяндаймыз.Бірінші оқиға: Хадис және сияр кітаптары бір ау-ыздан былай деп хабарлайды: Құрайыш қауымы Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді өлтіру үшін өзара ұйымдасып, тіпті адам бейнесіне кіріп алған шайтанның жетекшілігімен жоспар құрды. Кейін Құрайыштардың ішіне іріткі түспеуі үшін әрбір қауымнан кем дегенде бір-бір адамнан алып, екі жүзге жуық адам Әбу Жәhил мен Әбу Ләhәбтың бұйрығымен Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің мүбәрак үйін қоршауға алды. Сол күні Расулуллаhтың (с.а.у.) жанында Хазреті Али болатын. Ардақты Пайғамбарымыз оған: «Сен, бүгін түнде менің төсегіме жат!» дейді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм құрайыштар келіп, үйді айнала қоршағанға дейін күтеді де сыртқа шығып оларға бір уыс топырақ шашып жібереді. Араларынан емін-еркін өтіп кетеді. Бірақ ешкім байқамай қалады. Содан Хира үңгірінде Оны (с.а.у) екі көгершін және бір өрмекші қорғап, бүкіл Құрайыштан сақтап қалады.

119Екінші оқиға: Үңгірден шығып Мәдинаға жол тартқан кезде Құрайыш тайпасының басшысы өте көп ақшаға Сура-ка дейтін батырды жалдап, ізін кеседі. Оған қалай болғанда да тауып, өлтіруді тапсырады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддықпен бірге үңгірден шығып кетіп бара жатқанда артынан Сураканың келе жатқанын көріп қалады. Әбу Бәкір Сыддық алаңдап, уайымдай ба-стайды. Сонда Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм үңгірде айтқанын қайталап: яғни «Алаңдама! Аллаһ бізбен бірге!» дейді. Суракаға қарап қалғанда атының аяқтары жерге қадалып орнында тап-жылмай қалады. Қайтадан аяқтарын суырып алып соңына түседі. Тағы да атының аяқтары жерге кіріп кетеді де бұл жолы аяқтарының астынан түтін шыға бастайды. Сонда Расулуллаһқа (с.а.у) қастандық жасау өзінің де өзгенің де қолынан келмесін түсінген Сурака: «Құтқара гөр!» деп жалынады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм оны аяп амандық береді. Бірақ былай дейді: «Сен, басқалары келмейтіндей амал жаса!». Осы оқиғаға қоса мына бір оқиғаны да айта кеткен жөн. Қойын бағып жүрген бір байғұс, оларды көріп, Құрайыштарға хабар беру үшін малын тастап Меккеге бет алады. Мекке қаласына келіп алып өзінің не үшін келгенін есіне түсіре алмай дал бола-ды. Қаншама тырысса да есіне түсіре алмай кері қайтуына тура келеді. Бейбақ оған ұмыттырылғанын кейін түсінеді.Үшінші оқиға: Әртүрлі жолдармен жеткен риуаяттар бойынша хадис ғалымдары былай деп хабарлайды: Әнмар мен Гатафандағы соғыста Гаурес деген батыр әрі ру басы ту сыртынан жасырын келіп Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға қылышын көтеріп тұрып былай дейді: «Сені

120кім құтқарады?». Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у): «Аллаh!» деп, деп дұға қылғанда әлгі Гаурестің екі жауырынының ортасынан кенет ғайыптан бір соққы тиіп омақата құлап қолынан қылышы түсіп кетеді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм оның қылышын алып: «Енді сені кім құтқарады?» дейді. Бірақ, оған кешірім берген екен. Ол өз тайпасына оралған кезде сондай ержүрек, батыр адамға бәрі таңқалысып: «Саған не болды, неге ешнәрсе істей алмадың?» дегенде: «Оқиға осылай болды. Мен қазір ең жақсы адамның қасынан келдім» – деген екен.Осы оқиғаға ұқсас Бәдірдегі соғыста бір мүнапық тығылып келіп қылышымен Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмды ту сыртынан шаппақ болады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм жалт қарағанда әлгінің аяқ-қолы дірілдеп қылышы қолынан түсіп кетеді.Төртінші оқиға: Мағынауи тәуәтур дәрежесіне жақын жәнеаятының түсу себебіне тәпсір жасаған көптеген ғұламалар мен хадис имамдары былай деп хабарлайды: Бірде Әбу Жәhил: «Мен, Мұхаммедтің сәжде етіп жатқанын көрсем мына таспен ұрып өлтіремін» деп ант етеді. Сөйтіп, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) сәжде қылып жатқанда үлкен бір таспен ұрмақшы болады. Кенет қолдары көтерілген күйі қимылдамай қатып қалады. Расулул-

121лаh Алейhиссалату Уәссәләм намазын аяқтап орнынан тұрғаннан кейін ғана Әбу Жәhилдің қолдары босатылады яғни, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің рұқсатымен немесе қажет болмаған соң болар. Тағы сол Әбу Жәhилдің тайпасынан біреу кейбір риуаяттарда Уәлид ибн Мүғире деседі, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм сәждеде кезінде ұрмақ болып қолына үлкен бір тас алып, Әл-Харам мешітіне барады. Сол сәтте көздері көрмей қалады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді таба алмай біраз сандалады. Тіпті өзін жібергендерді де көре алмай тек дауыстарын естиді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм намаздан шыққан соң ғана көздері ашылып көретін бо-лыпты. Әбу Бәкір Сыддықтан сахих риуаят:сүресі түскеннен кейін Әбу Ләhабтың әйелі Үмму Жәмил яғни, қолына бір тас алып Әл-Харам мешіті-не барады. Әбу Бәкір (р.һ) Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләммен бірге отыр екен. Әбу Бәкір Сыддыққа келіп: «Әй, Әбу Бәкір! Сенің досың қайда? Естуімше, ол мені жамандапты. Оны көрсем мына таспен аузын бұзамын!» - дейді. Жанында тұрған Расулуллаhты (с.а.у.) көрмейді. Иә, көре алмайды. Аллаhтың өзі тікелей сақтайтын және күллі әлемнің Сұлтаны, Расулуллаһтың аузынан ұру мұндай жәhаннамға отын тасушы қатынның қолынан келмесі хақ. Ұрмақ түгілі дәл қасында тұрып көрудің өзі бұйырмас.Бесінші оқиға: Дәлелді риуаяттар арқылы жеткен бір оқиға: Әмір ибн Туфейіл мен Әрбед ибн Қайс екеуі ұйымдасып: “Мен оны алдандырып тұрамын сен болсаң шауып түсіресің!” деп келіседі. Сөйтіп, Расулуллаh

122Алейhиссалату Уәссәләмнің жанына келеді. Әрбед ешнәрсе істей алмайды. Былай шыққан соң оған: “Неге шаппадың?”- дегенде “Қалай шабамын, қаншама оқталсам да екеуміздің арамызға сен кеп, тұра қаласың. Сені шабай-ын ба, енді?”- депті.Алтыншы оқиға: Сахих дәлелдермен жеткен хабарда: Ухуд немесе Хүнейіндегі соғыста Шәйбе ибн Осман Әл-Хажеби деген адам (Хазреті Хамза оның немере ағасын және әкесін өлтірген болатын) кегін алу үшін Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің дәл артынан жасырын келіп қылышын жалаңдатады. Кенет қылышы қолынан түсіп кетеді. Сонда Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм оның жүзіне тура қарап қолын кеудесіне қойған деседі. Ол оқиға туралы өзі былай дейді: “Сол сәтте маған дүниеде одан артық сүйікті адам жоқ боп көрінді”. Дереу иманға келді. Пайғамбарымыз (с.а.у) оған: “Кәне, алға! Соғыс!” деп бұйырды. Шәйбе айтады: “Мен Расулуллаһтың (с.а.у) алдына түсіп, шайқасып келемін. Егер алдымнан әкем шықса, шауып тастар едім”.Cондай-ақ, Меккені жеңіп алатын күні Федале деген кісі өлтіру ниетімен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қасына келді. Расул-и Әкрам Ғалейһиссалату Уассалам оған қарап күлімсіреп: «Нәпсіңмен не туралы сөйлестің» деді. Аллаһтан мағфирет (кешірім) сұрады. Федале иманға келіп ол оқиға туралы былай деді: «Сол сәтте дүние одан асқан сүйкімді жан жоқ тәрізді күй кештім».Жетінші оқиға: Нақты жеткен хабар бойынша, яһудилер қастандық ниетімен Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм отырған жерге дәл төбесінен алдын-ала дай-ындап қойған үлкен бір тасты тастап жібермекші бо-

123лады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Аллаhтың сақтауымен дәл сол сәтте орнынан тұрып кетіп қалады. Арам ниеттері жүзеге аспай қалады.Осы жеті мысал сияқты көптеген оқиғалар бар. Тағы да имам Бұхари мен имам Мүслим бастаған хадис имамдары, Хазреті Айшадан былай деп хабар береді: аяты түскеннен кейін Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді анда-санда қорғап жүрген оққағар кісілерге: деп бұйырды. Яғни: “мені қорғаудың қажеті жоқ. Бұдан кейін Раббымның өзі қорғайды”.Осы жеріне дейін жаратылыс атаулының әрбір түрі, әрбір әлем Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді мойындайтындығы, онымен тығыз байланысты екендігі баяндалды. Оның мұғжизасын түрлі жаратылыстан көруге болатыны айтылды. Демек Ол (с.а.у) бүкіл әлемнің Раббы-сы, күллі жаратылыстың Иесі Хақ Тағаланың әмірін орын-даушы, әрі елшісі екені белгілі. Иә, патшаның жоғары мәртебелі қызметкерін барша жұрт, бүкіл халық тани-ды. Ол қандай да бір жерге барса, сол жермен байланыс құрады. Өйткені, сол елдің патшасы атынан жүр, атқарар міндеті бар. Егер, тек қана заң орындарымен байланысты болса, тек заңгерлермен ғана шектелер еді. Өзгелер оны жақсы танымас бәлкім мойындамас болар еді. Егер, тек әскери орындардың бақылаушысы болса, әкімшіліктегілер оны танымас еді. Осыдан-ақ түсінікті, демек, Оны (с.а.у) Аллаhтың құзырындағы бүкіл жаратылыс атаулы жаппай бәрі таниды, мойындайды. Періштеден бастап, шыбын,

124өрмекшіге дейінгі әр нәрсе таниды, мойындайды, біледі, білдіреді. Демек, Ол (с.а.у) Пайғамбарлардың ең соңғысы және бүкіл әлемнің Раббысы Хақ тағаланың елшісі. Барлық әнбиялардан жоғары және Пайғамбарлық міндеті бәрінен жоғары.ОН АЛТЫНШЫ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА:Пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрғанда болған «ирһасат» деп аталатын бірақ пайғамбарлығымен қатысты кәраматтары да пайғамбарлығының дәлелі болып табыла-ды. Бұл да үш бөлімнен тұрады.БІРІНШІ БӨЛІМ: Тәурат, Інжіл, Зәбурдағы және әнбияларға түскен парақтардағы Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығы жайлы хабарлар. Бұл туралы Құранда айтылған. Сонымен, әлгі аспани кітаптардың Аллаhтан түскені рас. Және ол кітаптардың иелері пайғамбарлар екені де рас. Олай болса, әлбетте олардың діндерінің үкімдері тура-лы айтқан және әлемге түбегейлі өзгеріс әкелген және жер шарының жартысын әкелген нұрымен нұрландырған бір Кісі жайлы (с.а.у) әлгі киелі кітаптардың хабар беруі қажет әрі міндетті. Иә, қарапайым оқиғалардың өзін хабарлаған әлгі кітаптар адамзат тарихында зор оқиға Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығы жайлы ха-барламай, Исламды назардан тыс қалдыруы әсте мүмкін емес. Демек, хабар берген болуы керек. Ендеше, я өтірікке шығарып әшкерелеп өз діндерін қорғап, кітаптары үкімін жоюдан сақтаған болуы керек, я болмаса хақ екендігін мойындап растаған болуы керек. Сөйтіп осы ақиқатшыл Кісі арқылы (с.а.у) діндерін адам нанғысыз аңыз-ертегілерден, өзгеріске ұшыраудан сақтап аман қалмақ. Алайда, дос түгілі дұшпанның өзі мойындаған Ол Кісінің

125(с.а.у) пайғамбарлығын өтірікке шығаратын бірде-бір сөз әлгі аспани кітаптарда кезедспейді. Демек, растағаны. Әрі толық түрде растаған және растағанын көрсететін себеп, салдарлар жеткілікті. Қазір, сол растағандарын көрсететін үш анық дәлел баяндалмақ.Бірінші дәлел:Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Құранның тілімен оларға: “Кітаптарыңда мен туралы белгі-нышандар бар әрі сипаттарым баяндалған. Мен айтқан хабарды кітаптарың да растайды” деді.деген аяттармен оларға қарсы майдан ашты. “Тәураттарыңды әкеліңдер, оқыңдар көрейік! Бәріміз бала-шағамызды алып Хақ Тағаланың алдына қол жай-ып, өтірікшілерге «Аллаһтың лағнеті жаусын!» деп дұға етейік” деп әрдайым намысына тисе дағы бірде-бір яһуди не христиан дінбасы оның ешбір қатесін тауып көрсете алмады. Егер тауып көрсеткенде өте қырсық әрі іші тар, қызғаншақ кәпірлер мен мұнапық яһудилер, тіпті күпірлік әлемі өре түрегеліп әр тарапқа жар салар еді. Һәм оларға былай деді: “менің қатемді тауып беріңдер, я болмаса сендермен жеңгенге дейін жиhад қыламын!”. Содан олар қолына қылыш алып соғысуды таңдады, бірақ ақырында азып-тозып, көшіп кетуге мәжбүр болды. Демек қате таба алмады. Бір қате тапқанда аман-сау қалар еді?!

126Екінші дәлел: Тәурат, Інжіл және Зәбурдың сөздері Құрандікі сияқты мұғжиза болмағандықтан әрі көптеген тілге қайта-қайта аударыла бергендіктен ішіне бөтен сөздер көп енген. Һәм тәпсір етушілердің сөздері мен қате түсініктері аяттардың орнын алмастырды. Соны-мен қатар кейбір надандардың және кейбір қаскөйлердің бұрмалаулары да жоқ емес. Осылайша әлгі киелі кітаптар бұрмаланып, өзгерістерге ұшырады. Тіпті әйгілі ғалым Шейх Раhметуллаhи Хинди, әлгі киелі кітаптардың ішінен бұрмаланған мыңдаған сөз тауып оны монахтарға, яһуди, христиан дінбасыларына көрсетіп, дәлелдеп берген. Бір қызығы, осылайша әбден бұрмаланып, қатты өзгеріске ұшырағанның өзінде замандасымыз әйгілі Хүсейн Джис-ри (Раhметуллаhи алейh) сол кітаптардың ішінен Ахмедтің (с.а.у) пайғамбарлығы жайында жүз он төрт дәлел тапқан. Ол, бұл еңбегін “Рисале-і Хамидия” атты кітабында жазған. Кейін оны марқұм Монастырлық Исмайл Хаққы аударып жарыққа шығарған болатын. Ізденген кісі оқысын.Сондай-ақ, көптеген яһуди және христиан дінбасылары ашықтан-ашық: “Кітаптарымызда араб Мұхаммедтің Алейhиссалату Уәссәләм сын-сипаттары кездеседі”деп мойындаған. Әйгілі Рим патшасы Геракл мұсылман болмаса да мойындап: “Иә, Иса Алейhиссалам Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмның келетіні жайлы хабар берген”-деген. Рим патшасы және Мукаукис есімді Мы-сыр әмірі және яһуди дінбасыларының ең танымалы ибн Сурия мен ибн Аhтаб және оның бауыры Каб бин Әсәд пен Зубейір Бин Батия сынды әйгілі дінбасылар мен патшалар Ислам дінін қабылдамаса да “Кітаптарымызда оның си-паттары бар, ол туралы айтылады” деп ашығын айтқан.

127Яһудилердің әйгілі ғұламасы және христиандардың мәшһүр дінбасылары көне кітаптардан Мұхаммедтің (с.а.у) сипаттарын көргеннен кейін қырсығуды қойып, иманға келген. Олар Пайғамбарымыздың сипаттарын Тәурат пен Інжілде көрсетіп өзге яһуди ғалымдары мен христиан дін басыларын жеңіп, ауыздарына құм құйды. Мысалы, әйгілі Абдуллаh ибн Селам, Уаhhаб ибн Мүнеббиһ және Әбу Ясир мен Шамул (Бұл кісі Ие-мен патшасы Тубба заманында өмір сүрген. Тубба болса Пайғамбарымызды (с.а.у) көрмей-ақ, тіпті пайғамбарлық келуінен бұрын иман келтірген. Шамул де солай...) Со-нымен қатар Сайенің екі ұлы Әсид пен Салебе тура-лы мынадай бір оқиға бар: Ибн-і Хәйбан дейтін Құдай жолында жүрген бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у) пайғамбарлық келмей тұрғанда Бәни Надир қауымына қонақ боп отырып: дейді және сол жерде қайтыс болады. Кейін сол Бәни Надир қауымы Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға қарсы соғысқан кезде Әсид пен Салебе ортаға шығып әлгі қауымға бы-лай деп айқайлайды: яғни: “Құдай ақы, ибн Хәйбан хабар берген кісісі осы! Онымен соғыспаңдар!”. Бірақ олар тыңдамай, бастары бәлеге қалды. Яһуди ғалымдарынан ибн Буниамин мен Мухайрық және Қағб-үл Аhбар, Нәбидің (с.а.у) сипат-тарын кітаптарында көргеннен кейін иманға келіп, иман етпегендерге де дәлелдеп берген. Сондай-ақ, христи-ан дінбасыларынан жоғарыда айтылып өткен танымал Бухейра-и Раhиб деген кісі, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм он екі жасында Шам тарапына ағасымен бірге

128сапар шегіп бара жатқанда Пайғамбарымыздың (с.а.у) құрметіне Құрайыштарды үйіне қонаққа шақырады. Пайғамбарымыз (с.а.у) керуенді күзетіп қалып қояды. Қараса, керуенге көлеңке түсіріп келген шағын бұлт ке-руен тоқтаған жерде қалып қояды. “Демек менің іздеген адамым сол жерде!” деп шақыртып алады. Сосын Әбу Та-либке: “Сен Меккеге кері қайт! Яһудилер өте қызғаншақ. Мұның (с.а.у) сипаттары Тәуратта жазулы. Егер олар көрсе қиянат жасайды” деп ескертеді. Һәм Настур-ул Хабеше мен Хабеш патшасы Неджаши, Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у) сипаттарын, яғни белгі-ны-шандарын киелі кітаптарында көргендіктен екеуі бірдей иман еткен.Һәм Дағатыр атты әйгілі бір христиан ғалымы, Пайғамбарымыздың сипаттарын көріп иманға келген. Оны Римдіктердің ішінде жария қылып, сол үшін де шәһит болған. Сондай-ақ, христиан патшаларынан Харис ибн Әбу Шүмер-ул Ғасани және Шамның ірі дінбасыла-ры мен патшалары, яғни, Сахиб-и Илия мен Геракл және ибн Натур және Жаруд сынды әйгілі кісілер киелі кітап-тарында Пайғамбарымыздың (с.а.у) сипаттарын көріп, иман келтірген. Тек Геракл дүния салтанатынан айрылып қалмау үшін иманын жария қылмаған.Һәм осыған ұқсас Салман Фариси (әлі иман келтір-меген кезі) о баста христиан еді. Расулуллаh Алейhисса-лату Уәссәләмның сипаттарын көргеннен кейін ізденіп мұсылман болды. Сондай-ақ, Темим дейтін танымал ғалым және әйгілі Хабеш патшасы Неджаши, Хабеш хри-стиандары, Нежран дінбасылары, бәрі бір ауыздан: “Біз, Нәбидің (с.а.у) сипаттарын кітаптарымыздан көрдік, сол

129үшін иман келтірдік” – деген.Үшінші дәлел: Үлгі ретінде Тәурат, Інжіл, Зәбурдың аяттарынан Пайғамбарымыз Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға қатысты бірнешеуін мысал келтірейік. Біріншісі: Зәбурда мынадай бір аят бар:“Мүқим-үс Сүннә”, бұл Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у) бір аты. Інжілдің бір аяты:яғни: Мен сендерге Фарақлит келуі үшін кетіп барамын, яғни, Ахмед келсін (Ахмед, Мұхаммед Пайғамбарымыздың киелі кітаптағы аты).Інжілдің екінші бір аяты:яғни: “Мен, Раббымнан сендермен мәңгі бірге болатын, дұрысты бұрыстан айыратын бір пайғамбар сұрадым.” Фарақлит: яғни, дұрыс пен бұрысты ажырататын мағынасында Әз.Пайғамбарымыздың (с.а.у) сол кітаптардағы бір есімі.Тәураттың аяты:

130яғни: “Хазреті Исмаилдың анасы Ажардың балалары бо-лады және оның ішінде біреуі ерекше болады. Оның қолы бәрінен жоғары тұрады. Бәрі оған қол жайып, әміріне мойынсұнатын болады. Тәураттың екінші бір аяты:яғни: «Исрайл ұрпағының бауыры болып табылатын Ис-маил ұрпағынан саған ұқсаған біреуді жіберемін. Мен сөзімді оның аузына саламын. Ол менің уахиыммен сөйлейтін болады. Оны қабылдамағандарды азаптаймын».Тәураттың үшінші бір аяты:ЕСКЕРТУ: Мұхаммед есімі, ол кітаптарда және және деген Ассирияша есімдер түрінде “Мұхаммед” мағынасындағы Ибрани (Иврит) есімдерімен аталған. Мұхаммед есімімен анық жазылғандарын сұм, қызғаншақ яһудилер өзгертіп жіберген.Зәбурдың аяты:

131Атақты жеті Абдуллаhтың бірі және Құраннан бұрын түскен киелі көне кітаптарды көп зерттеген Абдуллаһ ибн Әмр ибн Ас және әйгілі яһуди ғалымдарының ішінен ең бірінші мұсылман болған Абдуллаһ ибн Селам мен Кағб-уль-Аhбар дейтін Исраил ұрпағының ғұламалары сол за-манда әлі де болса көп өзгеріске ұшырамаған Тәураттан төмендегі аяттарды жария қылып айналасындағыларға көрсетке.Аяттың бір бөлімінде былай делінген:Аллаһ Тағала Хазреті Мұсамен (ғ.с.) сөйлескеннен кей-ін енді келетін пайғамбарға сөзін арнап былай дейді:Тәураттың тағы бір аятында:

132Бұл аятта “Мұхаммед” сөзі, Мұхаммед мағынасында Ассирияша бір есіммен жазылған.Тәураттың тағы бір аяты:Бұл аятта, Исхақ қауымының бауырлары болып табыла-тын Исмаил қауымынан шығатын және Хазреті Мұсадан соң келетін пайғамбарға арнап айтылуда.Тәураттың тағы бір аяты: Міне “Мұхтар” сөзінің мағынасы “Мұстафа”, ол Пайғамбарымыздың (с.а.у) есімі. Інжілде Иса Алейһиссаламнан кейін келетін және Інжілдің бірнеше ая-тында: “Әлемнің басшысы” атымен сүйіншіленген Нәбиді сипаттап былай дейді:Бұл аятта: «Қылышы бар және жиhад қылушы бір Пайғамбар келеді» деп тұр. «Қадиб-і Хадид» қылыш деген сөз. Сонымен қатар үмметі де Өзі сияқты қылыш ұстайтындар, яғни жиhад қылатынын «Фәтх» сүресінің соңындағыаяты, Інжілдің жоғарыдағы аяты сияқты басқа аяттарына

133да ишара етіп Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмның қылышпен жиhад қылатынын хабарлайды. Інжілмен сәйкес түрде жариялауда. Тәураттың бесінші бөлімінің Отыз үшінші бабында мынадай бір аят бар: “Хақ Тағала, Сина тауында бізге назары түсіп Саирде (Шам тауынан) жарық болып шықты да Фаран тауларында көрінді”.Міне осы аят, “Сина тауында Хақ Икбал етті деген сөзімен Мұсаның (ғ.с.) пайғамбарлығын, ал Шам таула-рынан құралатын Саирде шықты деу арқылы Исаның (ғ.с.) пайғамбарлығын хабарлауда. Сол секілді барлығы бірігіп Хижаз тауларынан құралатын Фаран тауларында Хақ көрінді сөзімен нақты түрде Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығын хабарлап отыр. «Фәтх» сүресінің соңындағы үкімін растай отырып Тәуратта Фаран таулары тарапынан шыққан Пайғамбардың сахабалары жайлы мынадай аят бар: “Ізгі жандардың жа-лаулары өздерімен бірге. Әрі Оның оң жағында. “Ізгі” деген атпен сипаттап отыр. Яғни, Оның сахабалары ізгі, салих амал жасайтын Аллаһтың достары деген сөз.Әшя пайғамбардың кітабында қырық екінші бапта мы-надай аят бар: “Хақ Сүбханаhу ақыр заманда, өзінің ең таңдаулы көрнекті құлын жібереді және оған сенімді рух Хазреті Жәбірәйілді жолдап, оған Иләhи дінді үйретеді. Ол сенімді рухтың үйретуі бойынша адамдарға үлгі бола-ды және адамдардың арасында нағыз әділ үкім жүргізеді. Ол бір нұр, адамзатты қараңғылықтан алып шығады. Раббының маған алдын-ала білдірген нәрсесін мен де сен-дерге жеткіздім.” Міне, осы аят өте анық түрде ақырзаман Пайғамбары

134Мұхаммед Мұстафа Алейhиссалату Уәссәләмды сипаттап отыр. Мишайл яғни Михайл пайғамбардың кітабының төртінші бабында мынадай бір аят бар: “Ақыр заманда Аллаhтың мейіріміне бөленген бір үммет болады. Олар Хаққа ғибадат ету үшін берекелі тауды паналайды. Ол жерге әр елден көптеген халық жиналып бір Аллаһқа құлшылық қылады. Олар серік қоспайды:” Міне осы аят анық түрде дүниенің ең мүбәрак тауы Арафатты және сол жерге әр елдің қажылары Аллаhты ұлықтап, құлшылық қылатындарын мегзеп, Аллаһтың мейіріміне бөленген сөзімен әйгілі Мұхаммедтің (с.а.у) үмметін айтып отыр.Зәбурдың жетпіс екінші бабында мынадай аят бар: “Теңіздерді, жылғалар мен сайларды, аралдар мен ой-қыраттарды жаппай иеленетін болады. Өзіне Иемен мен Алжир патшалары сыйлықтар әкеледі. Және падишахтар Оған бас иіп, мойынсұнады. Әрдайым Оған алғыс айтып, күн сайын дұғалар жасалады. Оның нұры Мәдинадан жарқырап, ал зікірі болса мәңгі бақи жалғасады. Оның есімі Күннің жаралуынан бұрын пайда болған. Оның аты өшпей, көкте Күн тұрғанша жаңғырып атала бер-мек”. Міне осы аят өте ашық түрде әлемнің мақтанышы Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссәләмді сипаттап тұр. Апырым-ай, Хазреті Дәуіт Ғалейhиссәләмнан кейін Мұхаммед Ғалейhиссәләту Уәссәләмнан басқа қандай Нәби шығыстан батысқа дейін діни үкімін жүргізіп, патшалықтарға салық төлеткізіп еді. Патшалардың өзін мойынсұндырып, әміріне бағындырған және күн сайын адамзаттың бестен бірінің алғысы мен дұғасына бөленген және жарқыраған нұры Мәдинадан шыққан кім, кімді көрсетуге болады?

135Һәм түрікше Юhанна Інжілінің он төртінші баб, отызыншы аятында былай делінген: “Енді сендер-мен көп сөйлеспеймін. Өйткені бұл әлемнің басшы-сы келе жатыр. Сөзсіз Оның қасиеттері менде жоқ!” Міне, “Әлемнің басшысы” дегені “Фахр-ы кайнат” яғни “Әлемнің мақтанышы”. Бұл атақ болса Мұхаммед Араби Ғалейhиссәләту Уәссәләмның әйгілі лақабы. Тағы сол, Юhанна Інжілінде, он алтыншы баб, жетінші аятында: “Дегенмен мен сендерге ақиқатты айтып отырмын. Менің кеткенім сендерге пайдалы. Өйткені мен кетпейінше сендерге жұбатушы келмейді”. Міне! Әлемнің басшысы және адамдарға жұбаныш сыйлаған, көңілдерге медет Мұхаммед Араби Алейhиссалату Уәссәләмнан басқа кім? Иә, “Әлемнің мақтанышы” сол кісі және пәни адамдарды мәңгі жоқ болудан құтқарып, көңілдерді жұбатқан да Сол. Сондай-ақ, Юhанна Інжілінің он алтыншы баб, сегізінші аятында: “Ол данышпан жан келгенде жамандық пен жақсылық, күнә мен сауап, харам мен парыз-бұйрық жай-ында нақты хабар беріп, дәлелдермен түсіндіріп береді”. Иә, дүниенің жамандықтарын жақсылыққа түзеген, Аллаһқа серік қосудан, үлкен күнәлардан құтқарған, саяси ахуалды өзгертіп, дүниенің өңін түбегейлі түрде өзгерткен Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнан басқа кім бар? Һәм Юhанна Інжілінде он алтыншы баб, он бірінші ая-тында: “Негізінде бұл әлемнің басшысы келетін уақыты болды”. Ал, “Әлемнің басшысы”(Сілтеме ), әлбетте, *адамзаттың асыл тәжі, қадірменді мырзасы Ахмед-і Сілтеме. Иә, ол Кісі (с.а.у) Ұлы басшы, керемет Сұлтан. Оның (с.а.у) қазіргі таңда және әрбір ғасырда ең азы үш жүз елу милли-он ізбасар үмметі бар. Олар шын беріліп, мойынсұна әмірлеріне бағынады. Күн сайын Оған (с.а.у) салауат айтып, берген серттерін жаңалап отырады.

136Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләм. Һәм Юhанна Інжілінде, он екінші баб, он үшінші аятта: “Дегенмен ол хақтың рухы келген кезде сендерді жаппай тура жолға бастайды. Өйткені ол өздігінен сөйлемейді. Тек естігендерін айтады, әрі сендерге болашақтан тура ха-бар береді”. Міне, бұл аяттың мағынасы анық. Апырым-ай, бүкіл адамзатты жаппай ақиқатқа жетелеген және әрбір хабарын уахиға сүйеніп айтқан және Жәбірәйілден естігендерін нақыл еткен сондай-ақ, қиямет пен ақырет туралы жан-жақты мағлұмат берген араб Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнан басқа кім бар? Кім болуы мүмкін? Сонымен қатар, өзге Пайғамбарлардың кітаптарында Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің есімі Асси-рия немесе Иврит тілінде аталғанымен олар Мұхаммед, Ахмед, Мұхтар мағынасын білдіреді. Мысалы Хазреті Шуайбтың (ғ.с.) парағында пайғамбарымыздың есімі Мұхаммед мағынасын білдіретін «Мушаффах» боп келеді. Тәуратта Мұхаммед мағынасын білдіретін және Нәби-і Һарам мағынасында: , Зәбурда бол-са «Әл-Мұхтар» есімімен аталады. Тағы да Тәуратта және Тәурат пен Зәбурда: , сондай-ақ, Ибраhимның (ғ.с.) парағында және Тәуратта: , және Тәуратта: деп келеді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм ол жайлы былай деген:Інжілде Нәбидің бір есімі

137яғни: “Қылыш пен аса-таяқ Иесі”. Иә, қылыш ұстаған пайғамбарлардың ішіндегі ең ұлығы және үмметімен бірге жиhад қылуға міндеттелген Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм болып табылады. Тағы да сол Інжілде: “Тәждің иесі” деген лақаб Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға тән. Тәж “ымаме” яғни сәлде дегенді білдіреді. Бұрынғы заманда басқа халықтарға қарағанда ұлттық киім ретінде жаппай сәлде байлап оранып жүретін араб қауымы. Інжілдегі еш күмәнсіз Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм болып табылады.Сондай-ақ, Інжілдегі немесе сөздеріне келер болсақ, Інжілді тәпсірлеушілер айтуын-ша: “Хақ пен жалғанды бір-бірінен айыратын шындық құмар, адал жан” мағынасында. Бұл кейін келетін адам-дарды Хақ жолға бастайтын кісінің есімі.Інжілдің бір аятында, Иса Алейhиссалам айтыпты: “Мен кетемін, Әлемнің басшысы келе жатыр”. Апырым-ай, Хазреті Иса Алейhиссаламнан кейін әлемнің басшы-сы болған, хақ пен жалғанды ажыратып Хазреті Исаның (ғ.с.) орнына адамдарды тура жолға бастаған Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнан басқа кім? Демек Хазреті Иса Алейhиссәләм үмметіне “Біреу келеді, маған қажет қалмайды. Мен, оның хабаршысы, сүйіншілеушісімін” деп әрдайым сүйіншілеп, хабар беріп отырған. Құранның мына қасиетті аятын алайық:

138(Сілтеме ) Иә, Хазреті Иса Алейhиссәләм Інжілде бірнеше *мәрте қайталап үмметін сүйіншілеген. Ол, адамзаттың ең ұлы басшысы келетіндігін әрі ол кісінің кейбір есімдерін атап көрсеткен. Ол есімдер, әлбетте Ассирия және көне Иврит тілінде. Зерттеушілер ол есімдердің “Ахмед, Мұхаммед, Фариқ-ун Бейнәл Хаққы-уәл Батыл” – (өтірік пен шынның арасын айырушы) мағынасына келетінін айтады. Демек, Иса Алейhиссәләм көп мәрте Ахмед Алейhиссалату Уәссәләмді сүйіншілеп хабар берген. Сұрақ: “Неліктен Хазіреті Иса Алейhиссәләм басқа Пайғамбарларға қарағанда көбірек сүйіншілейді. Басқа пайғамбарлар олай емес. Олар тек хабар берген”.Жауабы: Өйткені Ахмед Алейhиссалату Уәссәләм Иса Алейhиссәләмды яһудилердің опасыздығынан, өтірікке шығарып, күмәндануынан, жала жабуынан және дінін мүлдем бұзылып кетуінен сақтап қалды. Сонымен қатар Иса Алейhиссаламды қабылдамаған Исрайл қауымының Сілтеме: Әйгілі саяхатшы әулие Челеби, Хазреті Шемун-у Сафаның мазарында киіктің терісіне жазылған киелі Інжілде, төмендегі аятты оқыған. Ол Расул-ы Әкрем Ғалейhиссалату Уәссәләм жайында түскен екен. Былайша: Бір бала яғни, Ибраhимнің нәсілінен болады, болашақ Пайғамбар, өтірік айтпайды. Оның туылған жері Мекке болады тақуа, салих болады, оның ізгі аты *Ахмед Мұхаммед болады. Оған ергендер бұл жаhанның мырзасы болады. Тіпті өзі де жаһанның мырзасы болды.* Бұл «Меуамит» сөзі «Мәмәдтен» ал «Мәмәд» «Мұхаммедтен» шыққан.

139өте қиын шариғатының орнына үкімдері оңай әрі ауқымды, қолдануға жеңіл және үкімдері Иса пайғамбардың шариғатын толықтыратын керемет шариғат әкелді. Міне, сондықтан Иса Аләйһиссалам қайта-қайта “Әлемнің бас-шысы келе жатыр!” деп сүйіншілеген.Міне, сол үшін Тәурат, Інжіл, Зәбурда және кейбір пайғамбарға түскен парақтарда аса мән беріліп, заман ақырда келетін пайғамбар туралы көптеген аяттар, ха-барлар бар. Жоғарыда бірнеше үлгісін көрсеттік. Ол кісі әлгі кітаптарда әртүрлі есімдерімен аталады. Апырым-ай, Әнбиялардың кітаптарында мұншама мән беріліп, көп қайталанған және аяттармен аты аталып тұрып білдірілген ақырзаман Пайғамбары Хазреті Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнан басқа кім болуы мүмкін?ЕКІНШІ БӨЛІМ: Ирһасат және Пайғамбарлықтың дәлелдері деген кезде мақсат мынау: Ахмедтің пайғамбар болмай тұрған кезде яғни фәтрет дәуірінде көріпкелдер және сол заманның өзіндік әулиелері сондай-ақ, Құдайды таныған жандар Мұхаммед пайғамбардың келетінін ха-бар берген және сол хабарларын айналасына жайып, таратқан. Ауызекі түрде өлең-жырмен өзінен кейінгі ғасырға айтып аманат қалдырған. Ондай хабарлар өте көп. Біз қазір тарихшылар мен Нәбидің (с.а.у) өмір баянын жазушылардың нақыл еткен әрі қабылдаған әйгілі әрі кең тараған бірнешеуін баяндаймыз.Мысалы, Иемендік Тубба дейтін патша, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның сипаттарын көне кітаптардан көріп иман келтірген. Өзінен кейінгі ұрпаққа мынадай бір шумақ өлең қалдырған:

140Яғни: “Мен Ахмедтің (с.а.у) пайғамбарлығын растай-мын. Мен, Оның заманында болсам Оның уәзірі және көкесінің баласындай болар едім” (Яғни, Хазіреті Али сияқты оның жанқияр адал қызметшісі болар едім.)Екінші мысал: Әйгілі Қусс ибн Саидә. Ол – араб қауымының ең танымал, маңызды тарих жазушысы және Аллаhтың бір екеніне сенген ақиқатшыл кісі. Бұл кісі Пайғамбарлық келмей тұрып Ахмедтің Пайғамбарлығын мына өлеңімен жария қылған:Үшіншісі: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның арғы аталарының бірі Каб ибн Лүеий, Ахмедтің (с.а.у) Пайғамбарлығын илһаммен алдын ала сезіп оны былайша жария қылды:Яғни: “Әп-сәтте Мұхаммед-үн Нәби келеді, тура хабар-лар әкеледі.”Төртіншісі: Иемен патшасы Сәйф ибн Зиәзән көне кітаптардан Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның си-паттарын көріп иман келтірген әрі көруге ынтық болған. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның атасы Аб-дулмутталиб Құрайыш тайпасымен бірге Иеменге бара жатқанда Сәйф ибн Зиәзән оларды шақырып былай деген:

141Яғни: “Хижазда бір бала дүниеге келеді. Оның екі иығының ортасында мөрге ұқсас бір белгі болады. Сол бала бүкіл адамзатқа Имам болады!” Артынша, Абдулмүтталибті жеке шақырып алып: “Сен сол баланың атасы боласың!” деп кәрамат түрде Пайғамбарымыздың (с.а.у) келетінін хабар берген.Бесіншісі: Уарақа ибн Нәуфәл (Хадиша анамыздың көкесінің баласы). Уахидің алғашқы кезеңінде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қобалжи бастады. Хадиша ана-мыз ол оқиғаны әлгі танымал Уарақа ибн Нәуфәлге айтқанда: “Оны маған жіберші!” – дейді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Уарақаға барып уахи келген сәттегі жағдайын айтқанда, Уарақа: Яғни: “Қобалжыма! Бұл уахи. Сүйінші! Күткен Нәби (с.а.у) сен екенсің ғой! Иса (ғ.с.), Сен туралы айтып, сүйінші хабар берген-ді...”Алтыншысы: Аскелан-ул Хымери есімді діндар кісі Пайғамбарлықтан бұрын құрайыштарды көргенде: “Араларыңда Пайғамбар екендігін жариялаған кісі бар ма?” – деуші еді. “Жоқ” дейтін олар. Кейін Пайғамбарлық келген кезінде тағы сұрағанда: “Иә, бір Кісі Пайғамбар екенін айтып жүр”- дегенде: “Мінеки, бүкіл әлем Оны (с.а.у) күтіп жүр” деген.Жетіншісі: Әйгілі христиан ғалымы Ибн-үл Ағла Пайғамбарымызға (с.а.у) пайғамбарлық келместен бұрын және Пайғамбарымызды (с.а.у) көрмей тұрып-ақ, ха-бар берген. Кейіннен Хазреті Пайғамбар Алейhиссалату

142Уәссәләмді көрген кезінде былай деген:Яғни: “Мен сенің сипатыңды Інжілде көргенмін, иман келтірдім. Ибн Мәриям (Мәриям баласы Иса (ғ.с.)) Інжілде сенің келетініңді сүйіншілеген болатын”.Сегізіншісі: Жоғарыда айтылған Хабеш (Эфиопия) пат-шасы Неджаши былай деген:Яғни: “Шіркін! Осы патшалықтың орнына араб Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмның қызметшісі болғанымда ғой. Оған қызмет ету патшалықтан артық абырой»Енді, Аллаhтың білдіруімен ғайби хабар берген осы діндарлар секілді, келешек туралы рухтар мен жындар арқылы хабар берген көріпкелдерге келейік. Олар да анық түрде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның келетіндігін, оның пайғамбарлығын алдын-ала хабарлаған. Олар өте көп. Біз олардың әйгілі және Айдай анық, жалпыға мәлім әрі көптеген кітаптар мен тарихта баяндалған бірнешеуіне тоқталамыз. Олардың ұзақ қиссаларын тарих кітаптарына сілтеп тек қысқаша ғана айтып өтеміз.Біріншісі: Шыққ дейтін әйгілі көріпкел. Оның бір көзі, бір қолы, бір аяғы бар екен. Құдды жарты адам. Ол – атақты әрі тарихта мәшһүр кісі. Ол да Ардақты Пайғамбарымыз Ахмедтің Алейhиссалату Уәссәләм Пайғамбарлығы жай-лы хабар беріп, қайта-қайта ескерткен.Екіншісі: Шамның әйгілі көріпкелі Сатых. Оның еш

143сүйегі болмаған, құдды ағзасыз бір дене, жүзі кеудесінің ішінде, жаратылысы таң қаларлық және ұзақ өмір сүрген деседі. Ол, ғайып туралы айтқан тура хабарларымен та-нымал. Тіпті парсы патшасы Кисра дәл Пайғамбарымыз дүниеге келген түні түс көріп, түсінде сарайының он төрт мұнарасы қирап құлап қалғанын көріп, оны Сатыхқа жо-рыту үшін Мүйзан дейтін ғалым елшісін жіберген екен. Сатых оған былай депты: “Он төрт кісі патша болады. Сосын патшалықтарың күл-талқан болады. Сондай-ақ, біреу бір дін әкеледі. Міне, сол сендердің діндеріңді, мемлекеттеріңді құлатады!” деген мағынада Кисраға хабар жібереді. Сатых анық түрде ақырзаман Пайғамбарының (с.а.у) келетіндігін хабарлаған.Сондай-ақ, Сеуад ибн Қарибид-дәуси, Хунафир, Әфасия Нежран, Джизл ибн Джизл-Кинди, ибн Халасат-ед Дәуси, Фатыма Бинти Нұғман Неджария секілді әйгілі көріпкелдердің сияр және тарих кітаптарында егжей-тегжейлі баяндағандарына қарасақ, ақырзаман пайғамбарының келетіндігін, ол пайғамбардың аты Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләм екенін білеміз.Хазреті Осман, өзінің туысқаны Сад ибн Бинт Курейздің көріпкелдігінің арқасында Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығы туралы ғайыптан хабар алған. Ол Исламның алғашқы кезеңінде Хазреті Осман Зиннурейнге: “Сен бар да иман келтір”- депті. Осман ба-рып иман келтірген. Міне, сол Сад ол оқиғаны мынадай өлең жолдарымен баяндаған:

144Сондай-ақ, көріпкелдер секілді, “Хатиф” деп атала-тын тұлғасы көрінбейтін, даусы ғана естілетін жындар да Расул-ы Әкрем Алейhиссалату Уәссәләмның келетіндігін қайта-қайта хабарлаған. Мысалы, Зейяб Ибн-үл Хариске хатиф жын айқайлап былай деген: Сөйтіп, оның және басқаларының Исламға кіруіне се-беп болған.Тағы да Самиа ибн Каррет-ил Гатафаниге: деп бір хатиф жын айқайлап, кейбіреулерді иманға келтірген.Мұндай хатифтердің сүйіншілеп хабар бергені жай-лы оқиғалар өте көп және кең тараған. Енді көріпкелдер мен хатифтер қалай пайғамбарлық жайлы хабар берген болса, пұттар да және пұттарға шалынған құрбандар да Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығын алдын ала хабарлаған. Мысалы, баршаға мәлім оқиға: Ма-зен тайпасының табынып жүрген пұты былай деп айқайлап Ахмед Алейhиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығын хабарлаған. Аббас ибн Мирдастың мұсылман болуына себеп болған мына бір әйгілі оқиға: Оның дымар дейтін бір пұты болған. Сол пұт бір күні сөйлеп, былай депті:яғни: Мұхаммед келгенге дейін маған ғибадат қылынатын

145еді. Енді Мұхаммедтің (с.а.у) хабары келді, бұдан кейін мұндай адасушылық болмайды”. Хазреті Омар Исламият-тан бұрын пұтқа шалынған бір құрбаннан мына бір сөзді естіген:Міне, осы мысалдар сияқты көптеген оқиғаларды дәйекті түрде көне кітаптар баяндауда. Көріпкелдер, әулиелер, хатиф жындар, тіпті, пұттар мен оған шалынған құрбандар Ахмедтің (с.а.у) пайғамбарлығын хабарлаған. Әрқайсысы бірнеше кісінің иманға келуіне себеп болған. Сол сияқты кейбір тастардың бетінде және қабірдің басындағы құлпытастардың бетінде көне жазумен деген жазбалар табылған. Сол арқылы бір топ адамдар иманға келген. Иә, кейбір тастардағы көне жазумен жазылған деген сөздер Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм туралы болса керек. Өйткені, одан бұрын не болмаса сол кезеңге жақын өмір сүрген тек қана жеті Мұхаммед есімі бар, басқа жоқ. Ол жеті адамның еш бірі “Муслих-ун Әмин” (өте сенімді тәрбиеші) атына әсте лайық емес.ҮШІНШІ БӨЛІМ: Ирһасат деп аталатын Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм туылған кезінде орын алған Пайғамбарлығына дәлел болатын керемет оқиғалар. Бұл оқиғалар Расулуллаһтың (с.а.у) дүниеге келер кезіне жақын тарихта болған. Сондай-ақ, Пайғамбарлық әлі басталмаған кезең. Бұлар да Оның (с.а.у) мұғжизасы боп саналады. Мұндай оқиғалар өте көп. Мысал ретінде әйгілі болған және хадис имамдары қабыл көрген, дұрыстығы

146дәлелденген бірнешеуін баяндаймыз.Біріншісі: Нәбидің туылған түні өз анасы және анасының қасында болған Осман ибн-үл Астың және Абдуррахман ибн Ауфтың анасы үлкен бір нұр көріпті. Үшеуі де былай деген: “Ол туылған сәтте біз сондай бір нұр көрдік. Ол нұрдан шығыс пен батыс жарық болып кетті”.Екіншісі: Сол түні Қағбадағы пұттардың көбі құлап, қирап қалған.Үшіншісі: Әйгілі Кисраның Әйуаны яғни атақты пат-ша сарайы сол түні шайқалып қабырғалары жарылып, он төрт мұнарасы құлап түскен.Төртіншісі: Сауаның қасиетті саналатын шағын теңізі сол түні жерге сіңіп жоқ боп кеткен. Истаhр-Абадта мың жыл бойы сөнбей лаулап жанып тұрған және отқа табы-нушылар оны құдай санап табынып жүрген оты дәл сол кезеңде сөніп қалған. Міне, осы үш-төрт оқиға мынаны мегзейді: Жаңа дүниеге келген кісі отқа табынушылықты тоқтатады, Парсы патшалығының күл-талқанын шығарып, Аллаhтың рұқсаты болмаған нәрселерге табынуды тыяды. Бесіншісі: Дәл сол түні емес, бірақ сол күнге өте жақын болған мынадай оқиғалар да Ахмедтің (с.а.у) пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Мәселен «Фил» сүресінде нақты дәлелдермен баяндалған “Піл тура-лы оқиға”. Әбрәhә деген Хабешстанның патшасы Қағбаны қирату үшін әскерінің алдына Махмуд дейтін алып пілдерді салып, шабуыл жасамақ болады. Меккеге жақындағанда піл аяғын баспай қояды. Шарасыздықтан кері қайтуға мәжбүр болады. Сол кезде Әбабил құстары кеп олардың

147төбесінен тас жаудырып, тоз-тозын шығарады. Осы ғажап оқиға тарих кітаптарында толығымен баяндалған. Бұл оқиға Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның пайғамбар болатынын дәлелдейді. Өйткені оның туылуына өте жақын кезеңде Оның құбыласы және туған жері, сүйікті отаны қасиетті Қағба, осылайша ғайыптан, таңғажайып түрде Әбрәhәнің шабуылынан аман қалған. Алтыншысы: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм бала күнінде Халимә Садиенің (сүт анасы) үйінде болғанда Күн сәулесінен мазасызданбауы үшін төбесінде әрдайым шөкімдей бір бұлт көлеңке болатынын үй иесі көп мәрте көрген. Оны халыққа да айтқан және бұл оқиғаның рас екені шүбәсіз. Он екі жасында Шам тарапына бара жатқанда Бухәйра Раhиб, Расул-ы Әкрем Алейhиссалату Уәссәләмның төбесінде шөкімдей бір бұлттың көлеңке қылғанын көрген және көрсеткен. Пайғамбарлық кел-мей тұрғанда Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм бірде Хатижа-и Кубраның Мәйсәрә дейтін қызметшісімен бірге саудадан оралғанда Хатижа-и Күбра Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның төбесінде екі періштенің бұлт тәрізді көлеңке қылғанын көріп, оны қызметшісі Мәйсәрәге айтқанда, Мәйсәрә: “Мен де оны жол бойы байқап отырдым” деген.Жетіншісі: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм өзіне пайғамбарлық келе қоймаған кезде бір ағаштың түбіне ба-рып отырады. Ол жер әбден қурап қалған болатын. Лезде көгеріп сала береді. Жайқалған жасыл желекке айналады. Ағаштың бұтақтары, үстіне иіліп көлеңке қылады. Бұл шүбәсіз, дәлелденген оқиға.Сегізіншісі: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм кішкентай кезінде Әбу Талибтің үйінде тұратын. Әбу

148Талиб бала-шағасымен Пайғамбарымызбен (с.а.у) бірге тамақтанса қарындары тоятын. Ал Ол (с.а.у) жоқ болса тоймай қалатын. Бұл оқиға әйгілі әрі сенімді. Сондай-ақ, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді бала күнінде бағып күткен Үммү Әймен айтады: “Расул-ы Әкрем Алейhиссалату Уәссәләм ешқашан қарны ашып, я шөлдеп қиналған емес. Бала күнінде де есейген кезінде де солай”.Тоғызыншысы: Сүт анасы Халимә Садиенің ешкілерінің сүті басқалардың малына қарағанда берекелі, мол болған. Бұл оқиға да әйгілі әрі шүбәсіз. Сондай-ақ, Пайғамбарымызды (с.а.у) шыбын-шіркей мазаламайды екен. Оның мүбәрак денесіне тіпті киіміне де қонбайтын көрінеді. Оның ұрпағы Сейіт Абдулқадир Гейланиға (к.с.) да үлкен атасынан мұра боп қалса керек, оған да шыбын-шіркей қонбайды екен.Оныншысы: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм дүниеге келгеннен кейін, әсіресе туылған түні жұлдыздардың ағуы жиілеп кеткен. Бұл оқиға, Он бесінші Сөзде нақты деректермен дәлелденген болатын. Жұлдыздардың ағуы шайтандар мен жындардың ғайыптан хабар ала алмай қалғанының белгісі, соны ишара қылады.Иә, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм дүниеге уахи әкелді яғни ұлы хабар алып келді. Олай болса әлбетте, көріпкелдердің және ғайыптан хабар берушілердің, жындардың шала-шарпы, бұлыңғыр, өтірік аралас ха-барларына бөгет қойылуы керек. Сонда халық уахиға шүбәсіз сеніп, басқа хабарды уахимен шатастырмай-ды. Пайғамбарлық келмей тұрғанда көріпкелдер көп еді. Құран түскеннен кейін оларға тоқтау салынды. Тіпті, көптеген көріпкелдер иманға келді. Өйткені, хабар беруші жындарынан айырылып қалды. Демек, Құран тыйым сал-

149ды. Байырғы дәуірдің көріпкелдері сияқты қазіргі заманда медитация түріндегі көріпкелдік Батыс елдерінде спири-тизм деген атпен әлі де жалғасып келеді. Жарайды ол ту-ралы осы жетер.ҚОРЫТЫНДЫ:Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға пайғамбарлық келмей тұрып Оның (с.а.у) пайғамбар болатынын растайтын көптеген оқиғалар, көптеген жандар болған. Иә, әлемге рухани басшы бо-латын, (Сілтеме ) және әлемнің өңін өзгертетін, дүниені *ақыреттің егіс алқабы ретінде көрсетіп және дүниедегі жаратылыстың қадірін білдіретін, жындар мен адам ба-ласына мәңгілік бақыттың жолын ашатын, пәни жан-дарды мәңгі жоқ болудан құтқаратын, дүниенің жара-тылу хикметін, оның тылсым-сырларын ашып, күрделі жұмбақтарын шешіп, әлемнің жаратушысы Аллаһтың мақсат-мұраттарын біліп-білдіретін әрі Жаратушыны танып, басқаларға таныстыратын Кісі (с.а.у), әлбетте, дүниеге келмей тұрып-ақ әр нәрсе, әрбір жаратылыс, әрбір топ-тайпа Оның (с.а.у) келуін қалайды, асыға күтеді, кел-ген соң қошеметтеп қарсы алады. Ол болса (с.а.у) Жара-тушысы тарапынан өзіне білдірілген нәрселерді жалпыға хабарлайды. Жоғарыда айтылған ишара-мысалдарда көргеніміздей жаратылыстың әрбір түрі Оған қошамет көрсетіп, Оның (с.а.у) мұғжизаларына бөленген. Сөйтіп мұғжиза арқылы пайғамбар екеніне куәлік еткен.ОН ЖЕТІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА: Расулуллаh Сілтеме: Иә Ләуләк Сұлтанымыз (с.а.у.) керемет басшы екені сондай, мың үш жүз жылдан бері салтанаты жалғасып келеді. Алғашқы ғасырды санамағанда әрбір ғасырда ең азы үш жүз миллионнан астам халқы мен ізбасарлары бар. Олар жер дүниенің жартысын билеп, ізбасарлары оған күн сайын салауат айтып шын берілгендігіне айғақ ретінде имандарын жаңалап әміріне құлдық ұрады.

150Алейhиссалату Уәссәләмның Құраннан кейінгі ең үлкен мұғжизасы – Өзі, яғни Оның сөзбен суреттеуге келмейтін ұлық та биязы мінез-құлқы. Мінез-құлқы ең жоғарғы дәрежеде болғанын досы да, дұшпаны да мойындап, бір ауыздан куәлік етеді. Тіпті, Исламның ержүрек батыры Хазреті Али былай деп жиі айтатын: “Шайқас қызған шақта біз Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның ар-тына тығылып, Оны пана тұтатын едік”. Міне, Ол (с.а.у) барлық мақтауға лайық әрі мінезі көркем және ең жоғары мәртебеге ие еді. Сол ұлы мұғжиза туралы мәліметті Мағриб ғұламасы Қад-ы Ияздың «Шифа-и Шәриф» атты кітабына сілтейміз. Ол кітапта мақтауға лайық осы ұлы мұғжиза өте әдемі суреттеліп, керемет баяндалған. Сонымен қатар, досты да дұшпанды да мойындатқан Хазреті Ахмедтің (с.а.у) тағы бір мұғжизасы Оның баға жетпес құнды шариғаты. Оған ұқсас шариғат еш уақытта болмаған, болмайды да. Ол үлкен мұғжиза жайлы баянды осы кезге дейінгі жазылған отыз үш Сөзге, отыз үш Мектубқа және отыз бір Лемаға, он үш Шуаққа, яғни Рисалей-Нұрға сілтейміз.Сондай-ақ, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның тағы да баршаға мәлім, шүбәсіз үлкен бір мұғжизасы “Шаққ-ы Қамар” яғни Айдың екіге бөлінгені. Айдың екіге бөлінгені көптеген жолдармен жеткен, баршаға мәлім оқиға. Атап айтсақ, Ибн Месуд, Ибн Аббас, Ибн Омар, Имам Али, Әнәс, Хүзейфе сынды көптеген ұлық са-хабалар арқылы жеткен, демек сенімді. Әрі оны Құранның аяты нақты дәлелдеп, сол бір ұлы мұғжизаны әлемге паш етті. Сонда сол заманғы қасарысқан құрайыш мүшриктері әлгі аяттың хабарын


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook