оқиға, Күн мен Айдың Жаратушысы Хаким Аллаһтың құдретімен, өзі жіберген елшісінің пайғамбарлығын рас-тап, талап-тілегін айқындау мақсатында таңғажайып түрде жүзеге асқан. Тура жолға салып, тәрбиелеу, Иләһи ұсыныс, емтихан және Пайғамбарлықтың хикметі міне, осы сырларға байланысты Рубубияттың хикметімен қалаған құлдарына қанағаттанарлық дәлел ретінде көрсетілді. Осы хикметтен тыс әрі қажет етпейтін және Пайғамбарлықты әлі естімеген елді-мекендердегі адамдарға көрсетпеу үшін тұман, бұлт және Күннің әр жерде әртүрлі уақытта шығуы секілді себептер көруге кедергі болды. Кейбір елде Айдың әлі туа қоймауы, кейбірінде Күннің шығуы, енді бірінде таң атуы, біреулерінде Күннің енді батуы бұл оқиғаға куә болуға мүмкіндік бермеді. Егер оларға да көрсетілгенде, онда Ахмедтің (с.а.у) сұрауы бойын-ша, оның Пайғамбарлығының дәлелі яғни мұғжизасы болып, пайғамбарлығы ап-анық дәлелденіп жұрт жаппай қабылдауға мәжбүр болар еді. Ол кезде ақылдың ерік-қалауы қалмас еді. Ал, иман дегеніміз ақылдың еркімен болатын нәрсе. Сондай-ақ, «тәклифтің» сыры, яғни Иләһи ұсыныс, ұлы емтиханның сыры зая болар еді. Ал егер, тек аспан құбылысы ретінде көрсетілгенде, онда Ахмедтің (с.а.у) пайғамбарлығымен қатысы болмай, оған арнайы жасалғандығының мәнісі жоғалар еді. Сонымен, Айдың екіге бөлінуінің мүмкін екендігіне күмән қалмады, нақты дәлелденді. Енді шынымен болғандығын дәлелдейтін көптеген айғақтардың алтауы-на (Сілтеме ) ишара қыламыз.*Сілтеме: Яғни, алты рет бір ауыздан құпталғандығына қатысты алты дәлел бар. Бұл ауқымды түсіндірмеге лайық болғанымен өкінішке орай қысқа жазылды.
202Әділдігімен танымал сахабалар Айдың екіге бөлінгендігін бір ауыздан растаған. Сондай-ақ, зерттеуші тәпсіршілер, ғалым-ғұламалар аятын тәпсірлегенде оның рас, ақиқат екенін жаппай құптаған әрі хадис риуаят қылушы мухаддис-ғұламалар көптеген дәлелдермен, әр түрлі жолдармен оқиғаның болғандығын айтқан және илhам арқылы жасырын сырларды ашатын барлық әулиелер мен сыддықтар куәлік еткен, әрі кәлам ілімінің түрлі мамандары Ислам негіздерін талдаушы ғалымдар, бір-бірінен алыс өмір сүрген имамдар бір ауыз-дан растаған сондай-ақ, күні бүгінге шейін адаспай тура жолда жүрген мұсылман қауымы, Мұхаммедтің (с.а.у) үмметі жоққа шығармай қабылдаған. Міне, осы аталған дәлелдер Айдың екіге бөлінгендігін Күндей анық түрде көрсетеді.ҚОРЫТЫНДЫ. Бұл жерге дейінгі мәселе оқиғаны анықтау, ақ-қарасын айыру және қарсыластардың көзін жеткізу мақсатында еді. Бұдан кейін айтылатын сөздер ақиқат атынан, иман үшін болмақ. Иә, анықтаудың нәтижесінде осыған келдік. Енді ақиқат не дейді? Ақиқат былай дейді: Пайғамбарлықтың көгіне шығып, толған Айдай жарқыраған Хатем-и Диуан-ы Нубуввет яғни пайғамбарлықтың соңғысы Ардақты Пайғамбарымыз өзін Аллаhқа сүйікті қылған құлшылығының ең жоғары дәрежесі, биік шыңы, ұлы мұғжизасы Миғраж арқылы аспан тұрғындарына және жоғарғы әлемді мекендеушілерге өзінің мерейі үстем екенін, сүйікті екенін яғни махбуб, уәли екенін көрсетіп дәлелдеді. Дәл сол секілді жерді мекендейтін пенделеріне Жер шарына
203тәуелді, аспанға асулы Айды Құдайдың құдіретімен екіге бөліп, өзінің Пайғамбар екендігін көрсетті. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бейне бір Айдың ашылып тұрған екі нұрлы қанатындай, біреуі рисалет яғни пайғамбарлық, енді бірі Уәлаят яғни әулиялық дейтін екі нұрлы қанатымен кемелдіктің көгіне көтеріліп, биікке самғады. Сөйтіп, Қаб-ы Қаусәйінге дейін жетті. Мұны Аспан мен Жер тұрғындары мақтан тұтады.
204“АХМЕДТІҢ МҰҒЖИЗАЛАРЫ” (С.А.У) АТТЫ РИСАЛЕСІНІҢ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІМұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығының дәлелдері жазылған Миғраж рисалесінің үшінші негізінің соңындағы үш маңызды да қиын мәселенің біріншісіне қатысты сұраққа қысқаша мазмұнды жауап.Сұрақ: Неліктен осы ұлы миғражға Мұхаммед Араби Алейhиссалату Уәссалам ғана көтерілген?Жауап: Бірінші сұраққа Отыз үш Сөзден тұратын «Сөздер» жинағында толық жауап берілген. Бұл жер-де тек Мұхаммедтің (с.а.у) кемелдігіне, пайғамбарлық дәлелдеріне және ұлы миғражға ең лайықты сол кісі екендігіне ишара түрінде қысқаша мазмұн баяндалмақ.Біріншіден. Көптеген өзгерістерге ұшыраған Тәурат, Інжіл, Зәбур секілді киелі кітаптардың ішінен Хусейн Джисри дейтін зерттеуші ғалым Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығына қатысты жүз он төрт сүйінші хабар, ишара-белгі тауып, оны «Рисале-и Хамидия» атты кітабында көрсеткен.Екіншіден. Шыққ және Сатих секілді атақты көріпкелдер Ардақты Пайғамбарымызға пайғамбарлық келмей тұрып оның ақырзаман Пайғамбары болатындығын айтып кеткен. Ол тарихта белгілі.Үшіншіден. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) туылған түні Қағбадағы пұттардың қирап қалуы және сол күні парсы патшасы Кисраның атақты «Әйуан» сарайы зақым көріп құлап қалуы, міне осы секілді таңғажайып оқиғалар болған. Бұл тарихтан белгілі.
205Төртіншіден. Саусағынан су ағып, онымен бүкіл әскерінің шөлін қандыруы және ескі мінбердің ауысу-ына байланысты Пайғамбарымыздан (с.а.у) жырақта қалған қурақ ағаш тіреудің сол жердегі жамағаттың көзінше түйедей боздап жылауы және аяты дәлелдеген Айдың екіге бөлінуі секілді ақиқатшылдардың зерттеуінен өткен мыңнан астам мұғжизаларға бөленген. Бұл да тарих және сияр кітаптарда баяндалған.Бесіншіден. Болмысы ізгі қасиеттерге толы екеніне достары, тіпті дұшпандары да қанық. Мінез-құлқының керемет екеніне бүкіл іс-әрекеті куә. Мінезінің жайсаңдығымен қоса, өзіне жүктелген міндетті, хақ дінді жаю ісін өте жоғарғы дәрежеде адал атқарған. Дін Исламдағы ізгі-құндылықтар, жақсы мінез-құлық, шариғатындағы ең жақсы ахлақ оның өте жоғары мәртебелі екенін дәлелдейді. Мұны мән беріп қараған ын-сапты жан түсінер.Алтыншыдан. Оныншы Сөздің екінші ишарасында баяндалғандай, ғибадат етіп сыйынуға әбден лайық Аллаh, өзінің Улухиятын көрсеткісі келеді. Бұл Оның шексіз хикметінің талабы. Жоғары дәрежедегі Мұхаммедтің (с.а.у) дініндегі ғибадат, теңдесіз құлшылық сол талапты қанағаттанарлық дәреже толық орындап өте жарқын түрде көрсетеді. Сондай-ақ, бүкіл әлемді жаратушы Аллаh өзінің шексіз кемелділігін, есім-сипаттарының көркемдігін біреу арқылы көрсеткісі келеді. Бұл оның хикметінің және ақиқаттың талабы. Ал, оны ең кәміл түрде көрсеткен және ең керемет түрде түсіндірген Мұхаммед (с.а.у) екендігі айдан анық. Және бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ өзінің шексіз көркемдігі мен кемел өнеріне назар аударуды,
206басқалардың көргенін қалайды. Ал оны ең жарқын түрде әлемге паш етіп, дүнияға жар салған әрі толық түсіндірген тағы да сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у). Және, бүкіл әлемнің Раббысы өзінің жалғыз екендігін жаратылыс атаулыға жария еткісі келеді. Ал, Тәухид мәртебелерін ең жоғарғы дәрежеде әлемге жайып, баршаға кемел түрде жеткізген тағы сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у). Сондай-ақ, бүкіл әлемнің Иесі өзінің теңдесіз өнеріндегі шексіз әсемдіктерінің ишара-белгілерін, өзінің орасан зор көркемдігі мен сұлулығындағы құндылықтарды өзіндік айналар арқылы хикметпен өзі көргісі келеді әрі басқаларға да көрсеткісі келеді. Ал оны ең әдемі түрде анық та толық көрсеткен, әрі сол көркемдікті сүйіп, басқаның да жақсы көруіне себеп болған тағы сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у). Және мына әлем сарайының Иесі өте керемет мұғжизаларын және аса құнды нығметтерге толы жасы-рын қазыналарын ортаға шығарып, оларды көрсетіп, сол арқылы өзінің кемелдігін таныстырып, білдіргісі келеді. Ал оны өте көркем түрде көрсетіп, сипаттаушы, түсіндіріп жеткізуші тағы да сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у).Сондай-ақ, мына жаратылыс атаулының Иесі, бүкіл әлемді әр түрлі ғажайып нәрселермен безендіріп, соған қарап ғибрат алып, ойлану үшін саналы мақұлықтарды жаратқан. Әлгі көрермендер мен ғибратпен қарап ойла-нушылар олардың терең мағыналарын, қадір-қасиетін білгенін қалайды. Ал, адамдар мен жындарға, бәлкім рух иелері мен періштелерге Құран Хаким арқылы олардың мән-жайын ашып толық түсіндіріп, жол көрсетіп, әсерлі түрде баяндап берген тағы да сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у). Және, бүкіл әлемнің әміршісі, әлемдегі құбылыстардың
207мақсаты мен нәтижелеріндегі жасырын тылсым сырлар-ды және жаратылыстың қайдан келіп, қайда баратындығы секілді келелі үш сұрақтың нақты жауабын бір елші арқылы саналы пенделерге түсіндіргісі келеді. Мұны да өте анық әрі жоғарғы дәрежеде Құран ақиқаттары арқылы түсіндіріп, тылсым-сырларды ашқан, қиын сұрақтарға толық жауап берген тағы да сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у). Сондай-ақ, мына әлемді жаратқан Сани-ы Зүлджәлал Аллаһ, өзінің шексіз тамаша өнерімен өзін саналы пен-делерге таныстырып, қымбат нығметтер арқылы өзін сүйсіндіріп, жақсы көргізіп сол арқылы оларға Иләhи та-лап тілектерін бір елші арқылы білдіргісі келеді. Ал мұны ең кәміл түрде Құран арқылы Иләhи талап тілектерді ба-яндап керемет түрде жеткізген Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) болып табылады. Және, әлемдердің Раббысы, әлемнің жемісі болып табылатын адамзатқа бүкіл әлемге татитын зор қабілет берген, және ауқымды құлшылық ете алатын бейімділік берген. Бірақ адамзаттың сезім мүшелір тым жан-жақты, әрі дүниеге құштар, жүзі материяға бұрылып қалғандықтан, бір жетекші пайғамбар арқылы олардың жүзін көпке емес біреуге, Уахдетке табынуға шақырып және бетін өткінші нәрселерге емес мәңгі-бақиға бұрғысы келеді. Ал бұл қызметті көркем түрде, шешен тілмен Құран арқылы толық орындаған, пайғамбарлық қызметін кәміл де адал атқарған тағы сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у).Иә, жаратылыс ішінде ең абыройлысы тіршілік иелері екені рас. Олардың ішіндегі ең абыройлысы сана иелері. Саналылардың ең абыройлысы нағыз кәміл адамдар. Кәміл адамдардың ішінде өз міндетін ең ұлы мәртебеде
толық орындаған Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) екені сөзсіз. Олай болса, әлбетте, Ол Кісі (с.а.у) ұлы миғражға көтеріледі, Қаб-ы Қаусейнге шығады, мәңгі бақытқа апарар жолды ашып береді, иманның ғайби ақиқаттарын анықтап көрсетіп береді. Одан басқа кім лайық?!Жетіншіден. Көрініп тұрғандай мына жаратылыста керемет әсемдік, шексіз сұлулық бар. Мұндай әсемдік, көркем сұлулық болса олардың жаратушысы бұл әсемдікті өзі қалағанын әрі сұлулықты әдейілеп жасағаны белгілі. Ал, мұндай әсемдікті қалау мен ерік олардың Жаратушы-сында өз өнеріне деген сүйіспеншілік, киелі махаббат бар екендігін көрсетеді. Олай болса, жаратылыстың ішіндегі ең жоғары қасиеттерге ие, Жаратушы Жаббардың өте нәзік те күрделі өнерін өз бойынан көрсете білген және ол сырды аңғарып басқаларға да түсіндірген әрі өзін жақсы көргізіп, Иләһи өнерге “МашАллаh” деп тамсанып, тамсандырған Мұхаммед (с.а.у) болса керек тіпті Сол екені шүбәсіз. Сондықтан Ол Кісі Жаратушының өнерін жақсы көруші әрі назарында ең сүйіктісі болмақ.Міне, Иләһи өнерді жарқын түрде көрсетіп тұрған әлемдегі қасиеттерге, әсемдіктерге және жаратылысты нұрландырып тұрған нәзік кемелдіктерге “Субханаллаh”, “Маш Аллаh”, “Аллаhу Акбар” деп аспан әлемін шу-латып жаңғыртқан және Құранның әуенімен бүкіл әлемді тербеткен, мақтау мен мадақтаулар арқылы әрі ой жүгірту, толғау, түсіндіру арқылы, зікір етіп тәухидті жар салу арқылы құрлық пен теңізді шайқап қозғалысқа ендірген Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) болып табылады.
209Міне, осындай жан: сырымен үмметінің жасаған бүкіл сауаптарының бір бөлігі Оның амал дәптеріне жазылып үмметінің салауаты Оның ру-хани кемелдігін арттырып, дәрежесін көтеруде. Әрі оған Пайғамбарлық міндетінің нәтижелерін, рухани табы-старын қосқанда Аллаһтың шексіз махаббатына, оның шексіз нұрына лайық әрі бөленген кісі екені анықталады. Олай босла әлбетте Ол Кісі миғраж сатысымен жұмаққа, Сидрәт-ул Мунтехаға, ғарышқа, Қаб-ы Қаусейнге дейін көтерілуі хақ әрі шындық. Бұл Иләһи шексіз хикметтің та-лабы, тіпті дәл өзі десе болады.(Сілтеме )*Саид НұрсиCілтеме: 1927 жылы Еуропада Ислам әлеміне тікелей қатысы бар атақты саясатшылар мен әлеуметтанушы заңгерлердің мәслихатында атақты еуропалық философтар, Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) шариғатына байланысты жазылған мына арабша мақаланы өз тілдерінде баяндағаны көпшілікке танымал Ислами газетте жария-ланды. Арабша газетте жарияланған арабша жазбаны қаз қалпында беріп, астына аудармасын жазып отырмыз. “Нұр бұлағының” соңында жазылған қырық үш батыстық философтың баяндамасы және осы екі қаhарман философтың баяндамасымен қоса қырық бес сенімді куәгер ретінде жарияланып отыр. Жоғары мәртебелі кісіні тіпті өзінің дұшпандары да мойындайды.
210Арабша басылымға шыққан баяндамадан үзінді:
211Қысқаша аудармасы:Иә, Батыстың ғалым, философтары ашық түрде мой-ындап, мынадай шешімге келген: «Ислам заңдары ең жоғарғы дәрежеде. Ол әлемнің, қоғамның түзелуіне толық жеткілікті». 1927 жылы құқықшылар бас қосқан «жал-пы құқық» мәжілісінде философтардың төрағасы, про-фессор Шэбол (Shebol) былай деген екен: «Бүкіл адам-зат Мұхаммедті (с.а.у) мақтан тұтуы керек. Өйткені Оның яғни оқу-жазу білмейтін біреудің он үш ғасыр бұрын әкелген шариғатының құндылықтарын, біз – Еуропалықтар екі мың жылдан кейін түсініп, ақиқатын толық меңгере алсақ, нендей бақыт!»Ал, «нұр бұлағының» соңына қосымша ретінде жазылғандармен қоса есептегенде қырық бесінші Бернард Шоу (Shaw) былай деген екен: «Мұхаммед (с.а.у) әкелген діннің соншалықты асқақ болуының бір себебі, оның өте ғажап әрі мызғымас, бірқалыпты өмір сүру жүйесін жан-жақты қамтып берік қалыптастыруында. Менің түсінгенім, ол дін ерекше дара әрі теңдесі жоқ дін. Сан түрлі тұрмыстың әр қилы жағдайларын толық ескеріп, жаппай қамтыды. Һәм Мұхаммедтің (с.а.у) діні әр түрлі халықтарды біріктіріп, қанатының астына алатындай ауқымы кең. Егер адамзатқа құтқарушы
212керек болса, мен Мұхаммед (с.а.у) бүкіл адамзаттың құтқарушысы дер едім. Құтқарушы атағы сол кісіге лайық, солай болуы керек. Мен мұны көріп тұрмын және кәміл сенемін».Тағы да былай дейді: «Егер Мұхаммед (с.а.у) секілді бір кісі, яғни жан дүниесі мен іс-әрекеті өзара сәйкес бір адам мына жаңа әлемге басшы болып, үкім жүргізсе, әлемнің шешілмей жатқан барлық мәселелерін шешіп, дүрбелең дүнияны тынышталдырып, адамзатты бақытқа бөлеп, шаттық өмірдің орнауына себепші болатындығына толық сенімдімін. Иә, мына жаңа кезең саламатты да бақытты өмір кешуге қаншалықты мұқтаж екендігі баршаға мәлім).
213Аят-ул кубра рисалесінің пайғамбарымыздың (с.а.у) елшілігі жайлы баяндайтынОН АЛТЫНШЫ МӘРТЕБЕСІ(Орайы келгесін осы жерге жазылып отыр)Сосын, әлгі дүниені кезген саяхатшы өз ақылына былай деді: «Мына әлемдегі болмыс арқылы жаратушы Иемді іздеп жүргенім рас. Олай болса бәрінен бұрын әлемдегі ең жарқын тұлға және дұшпандарының өзі мойындаған ең кәміл, ерекше жан, ең беделді күн көсем, тілге ше-шен, ақылы жағынан ең асқақ кемеңгер, он төрт ғасырды өзінің кемелдігімен, Құраныменен нұрландырған Араб Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмды зиярат етіп, іздегенімді содан сұрау үшін оның өмір сүрген бақыт ғасырына бірге сапар шегейік!» деп сол ғасырға аттан-ды. Қараса, ол ғасыр, шынымен-ақ сол Кісінің (с.а.у) арқасында адамзаттың ең бақытты әрі шарықтау кезеңі болған екен. Өйткені, өте сауатсыз көшпенді қауымды өзінің әкелген нұрымен тез арада әлемге ұстаз, дипломат және би қылды.Саяхатшы өзі-өзіне былай деді: «Біз ең әуелі осы ерекше кісінің қадір-қасиетін және сөзінің рас және хабарларының дұрыс екенін білуіміз керек. Сосын ба-рып одан Жаратушымыз туралы сұрауымыз керек» деп іздестіре бастады. Қазір саяхатшының куә болған шексіз дәлелдерінің ішінен тек қана «тоғыз жинағына» қысқаша ишара етіледі.
214Біріншісі. Бұл Кісінің бойында (с.а.у) тіпті дұшпандарының өзі мойындаған бүкіл жақсы мінез, ізгі қасиеттердің болуы жәнеаяты білдіргеніндей: Бір саусағының ишарасымен Айдың екіге бөлінуі және дұшпан әскеріне лақтырған бір уыс топырақ әрбір әскердің көзіне кіріп, қаша жөнелуі және шөлде қалған әскеріне бес саусағынан аққан кәусәрдай су ішкізіп шөлін қандыруы секілді анық нақыл риуа-яттар бар. Олардың бір бөлігі нақты хабарлар арқылы жеткен жүздеген мұғжизалар. Бұл тарихи шындық. Ол мұғжизалардың үш жүзден астам бөлігі Мұғжизат-ы Ах-медие (с.а.у) атты ғажайып әрі керемет Он тоғызыншы Мектубта нақты дәлелдерімен баяндалғандықтан, олар-ды соған қалдырып былай деді: Мұншалықты көркем мінез иесі, және кемелдіктің соңғы үлгісін, таңғажайып мұғжизалар көрсеткен Кісі (с.а.у) әлбетте сөзі дұрыс адал кісі. Жаман кісілерге тән алдау-арбау, жалған сөйлеу секілді пиғылдарға бой алдыруы әсте мүмкін емес.Екіншісі. Қолында мына Әлемді жаратқан Құдіреттің бұйрық-әмірлері болуы және сол бұйрықтарды әр ғасырда үш жүз миллионнан астам адамдардың қабылдап, берік ұстануы және сол бұйрық-әмірдің яғни Құран Кәрімнің жеті жағынан ғажайып болуы және сол Құранның қырық жақтан мұғжиза болуы, әрі ол әлем Жаратушысының сөзі болуы, қуатты дәлелдермен бірге “Жиырма бесінші Сөз” және “Мұғжизат-ы Құрания” деп аталған Рисалей-
215Нұрдың күн сияқты жарқын рисалесінде жан-жақты баяндалғандықтан оны соған қалдырып былай деді: Осын-дай нағыз хақ және ақиқат бұйрықты жеткізушінің әліг киелі бұйрыққа опасыздық әрі бұйрықтың Иесіне қиянат боп табылатын алдап-арбау, қулық, өтірікке бой алдыруы әсте мүмкін емес, болмайды да.Үшіншісі. Ол (с.а.у) дүнияға керемет шариғат және дін Ислам әрі кемел құлшылық, дұға, хаққа шақыру, имандылық алып келген. Оларға тең келері жоқ және болмайды да. Әрі олардан артығы, кәмілі табылмаған, табылмас. Өйткені, оқу-жазу білмейтін бола-тұра әкелген шариғаты он төрт ғасырды және адамзаттың бестен бір бөлігін қанағаттандырып толық қамтып, әділ түрде ақиқатпен және аса күрделі заңдарымен басқаруы таңқаларлық жәйт. Оқу-жазу білмейтін адамның іс-әрекеттерінен, айтқан ұлағатты сөздерінен құралған Ис-лам діні, әр ғасырда үш жүз миллион адамға жол көрсетіп, ақиқаттың қайнар бұлағы, ақылдардың мұғалімі, ұстазы және жүректердің нұрландырушысы, даму көзі болу-да. Бұл тұрғысынан оған тең келер дін болмайды, бола алмаған. Әрі, дініндегі құлшылықтың барлық түрінде өзі ең алдыңғы қатарда болуы, бәрінен артық тақуалығы және Аллаhтан қорқуы және толассыз күрес пен аласапыран ішінде жүріп құлшылықтың ең күрделі жақтарына дейін қатаң сақтауы, ешкімді қайталамай, ешкімге еліктемей өте кәміл түрде басы мен соңын бірлестіре отырып жаса-уы әлбетте теңдесі жоқ, болмайды да.Әрі мыңдаған дұғасы мен мінәжаттарынан тек қана Жәушән-үл-Кәбирде Раббысын таныстыру тұрғысында
керемет сипаттағаны сонша, сол уақыттан бері келіп кет-кен Аллаhты танып-таныстырушы ғұламалар, әулиелер өзара, пікір алмаса отырып жазған еңбектері барлығы қосылса Оның Аллаhты тану мәртебесіне, сипаттау дәрежесіне жете алмайды. Міне, бұл қасиет жалбарынып дұға жасауда дүниеде оған тең келер жанның жоқтығын көрсетеді. Мінәжат рисалесінің басында, Жәушән-үл Кәбирдің тоқсан тоғыз қиссасының қысқаша бір мағынасы баяндалған жерін оқыған адам “Мінәжәт қылуға келгенде де оған тең келер жан жоқ!” дер еді.Әрі, пайғамбарлық міндетін атқаруда және адамдар-ды хаққа, дінге шақыруда табандылық, ұстамдылық және батылдық көрсеткені сонша ірі мемлекеттер мен діндер, тіпті қауымы мен халқы тіпті көкесінің өзі оған қас дұшпан бола тұра зәредей де шүбә, үрей, қорқыныш сезбеуі әрі жалғыз өзі бүкіл дүниеге майдан ашуы және Исламияттың мерейін үстем қылып, ең жоғары мәртебеге көтеруі, міне, бұл да Ол кісінің хабар тасып, дінге шақыруда теңдесі болмағанын және бола алмайтынын дәлелдейді. Әрі има-ны берік әрі тым қуатты. Сол иманның күшімен жер-жаhанды жарық қылып нұрға бөледі. Сол кездегі қоғамға үстемдік етіп тұрған ой-пікірлер, наным-сенімдер, дана хәкімдердің хикметтері, дін ұстанушылардың көзқарастары, діни ілімдері оған қарсы бола тұра оның көңілін ешқандай күмән-күдік, үрей билемеген, ешқандай әлсіздік сезінбеген. Руханияты биік, иман мәртебесі жоғары сахабалар, бүкіл әулиелер әрқашан Оның иман мәртебесінен нұр алған, әрі оны ең жоғары дәрежеде көрген. Бұл да иманының теңдесі жоқ мықты екенін көрсетеді. Міне, осындай теңдессіз шариғат, ұқсасы жоқ Исламият және керемет құлшылық пен ерекше дұға және
217хаққа шақыру және мықты иман Иесі әлбетте, ешқашан өтірік айтпаған, алдамаған. Жолаушы осыны түсінді және рас екеніне көзі жетт.Төртіншісі.Пайғамбарлардың барлығы (Алейhимүссәллам) жаппай бірауыздан Аллаhтың бар екеніне, оның уахданиетіне қуатты дәлелдер келтірген. Ол дәлелдер Ардақты Пайғамбарымыздың да (с.а.у) хақ елші екеніне және пайғамбарлығына сенімді куәлік болып табы-лады. Өйткені, Пайғамбарлардың хақ екенін дәлелдейтін мұғжизалар, пайғамбарлық қасиеттер, жалпы себептер Мұхаммедтің бойында (с.а.у) жоғары дәрежеде болғаны тарихи шындық. Демек, олар да өз тілдерінде яғни Тәурат, Інжіл, Зәбурда сондай-ақ, кейбір пайғамбарларға түскен парақтарында Оның (с.а.у) пайғамбар болып келетіндігін хабарлап, сүйіншілеген.Киелі кітаптардың осындай сүйінші ишара-белгілерінің жиырмадан астамы және өте көрнекі бір бөлімі Он тоғызыншы Мектубта жан-жақты баяндалып, дәлелденген болатын. Олар өздеріне тән тілдерімен, яғни пайғамбарлықтарымен және мұғжизаларымен пайғамбарлық міндетті адал атқарған, бәрінен озық, ең кәміл осы Кісіні растап көтерген мәселесін құптап, іс-әрекеттерімен бұл Кісінің хақ екеніне куәлік етеді. Жола-ушы осыны түсінді.Бесіншісі. Оның (с.а.у) өмірлік ұстаным, ереже-қағидаларымен және тәрбиесімен Хаққа, ақиқатқа, кемелдікке, кереметке, рухани сырларды ашуға, көрегендікке жеткен мыңдаған әулиелер, барлығы біріккен түрде Аллаhтың жалғыз екеніне куәлік еткені секілді өздерінің ұстазы болған осы Кісінің хақ, әрі адал да
218шынай пайғамбар екеніне бір ауыздан куәлік етеді. Олар ғайып әлемінен берген хабарларының бір бөлігін әулиелік нұрымен көріп және барлығын иман нұрымен немесе ілім арқылы немесе көзбен көргендей сеніп растаған. Бұл да ұстаздары болған бұл Кісінің (с.а.у) хақ әрі рас пайғамбар екендігін Күн сияқты көрсеткенін көрді. Алтыншысы. Оқу-жазу білмейтін осы Кісінің (с.а.у) әкелген ақиқатының, жоғары ілімінің, Аллаhты таныту дәрісінің, тәлім-тәрбиесінің арқасында ілімнің ең жоғары сатысына жеткен миллиондаған ізденуші асфи-ялар мен әулиелер, абыз-даналар, ол Кісінің алға қойған басты мәселесі Уәхданиетті яғни Аллаһтың дара, жалғыз екенін бұлтартпас дәлелдермен бір ауыздан дәлелдеп, растап, мақұлдаған. Сонымен қатар, олар сол Ұлы Ұстаз, Кемеңгер мұғалімнің адал, сөздері хақ әрі ақиқат екендігіне бір ауыздан куәлік етеді. Бұл пайғамбарлығына айдай анық дәлел болып саналады. Мысалы, Рисалей-Нұр өзінің жүзден астам кітапшасымен Оның (с.а.у.) хақ Пайғамбар екендігінің бір ғана дәлелі.Жетіншісі.Пайғамбарлардан кейін адам баласының арасында білімділігімен, зейінділігімен және кемелдігімен мәшһүр ең құрметті, нағыз діндар, наза-ры өткір Ұлы топ – Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыстары мен дос-сахабалары. Олар өте ықыласты да мұқият түрде Пайғамбарымыздың жасырын және ашық бүкіл тұрмыс-тіршілігін, жүріс-тұрысын, ой-пікірін, хал-жағдайын зертеп, жіті қадағалауы, өзара талқылауы және зерттеуі нәтижесінде бір ауыздан бұл Кісінің дүниеде ең адал және бәрінен жоғары ақиқатшыл екенін мақұлдаған. Міне, олардың осы қуатты имандары күндіз Күнді дәлелдегеніндей айқын дәлел деп түсінді.
219Сегізіншісі. Мына Әлем өзін жаратып, басқарып, реттеп әрі суреттеп, дәл өлшеммен жаратып бейне бір са-рай яки кітап немесе көрме сияқты тамашалап әрі басқарып отырған Шебер Ұста, Жазушы Хатиб Аллаһты анық түрде көрсететіні секілді әлемдегі Иләһи мақсаттарды білетін, білдіретін және құбылыстардағы Раббани хикметтерді және белгілі бір міндет атқарып отырған қозғалыстардың мән-мағынасын, нәтижелерін көріп-көрсететеін, түсін–діретін, мазмұндарындағы болмыстың кемелдігін паш ететін және әлгі ұлы кітаптың мағыналарын баяндайтын бір делдалдың, ақиқатты анықтап берер бір ұстаздың, кемеңгер бір мұғалімнің болуын қажет етеді және сөзсіз талап етеді. Ал осы міндеттерді бәрінен де адал орындаған осы Кісі. Олай болса Оның хақ әрі Жаратушының ең жоғары, ең адал қызметкері екеніне күмән жоқ екенін білді, аңғарды.Тоғызыншысы. Әлемдегі мына шебер әрі хик-метпен жаратылған нәрселер арқылы өзінің құнды өнерін, шексіз шеберлігін паш еткісі келетін және мына сүйкімді де сұлу сансыз жаратылыс арқылы өзін таныстырып әрі жақсы көргенді қалайтын және мына ләззаты мол әрі қымбат мол нығметтері арқылы өзіне шүкір еткенді ұнататын, әрі өзін мадақтатқысы келетін және мейрімге толы қамқорлық жасап, жаппай жарылқап тәрбиелеп, асырап отырған тіпті, тіл үйіретін небір тәтті де дәмді тағамдар арқылы өзінің Рубубиятына қарыздар қылып, разы әрі табынатындай етіп құлшылық етуді талап ететін, сондай-ақ, жыл мезгілдерін ауыстыру, түнді күндізге ай-налдыру, ауа-райын сан құбылту секілді зор өзгерістер арқылы өзінің Улухиятын көрсетіп, сол Улухиятқа яғни Құдайылық құдретіне иман етуді, тәсілім болып бағынуды,
220мойынсұнуды қалайтын және әрқашан жақсылықты қалап, игі-жақсыларды қорғаштап, жамандықты тыйып, қара ниетті залымдарды тұсаулап, оларды табиғи апат-тармен жазалап және өтірікшілерді әшкерелеп, өзінің Хақ әрі әділ екенін көрсеткісі келетін перденің арғы жағында біреу бар. Оған еш күмән жоқ, ол хақ. Олай болса, әлбетте және сөзсіз Ол көзге көрінбейтін ғайби Құдреттің ең сүйікті пендесі, ең адал құлы және жоғарыда аталған мақсаттарға толық қызмет етіп, әлемнің жаратылу сырын ашып, жұмбақты шешкен және әрдайым Ұлы Құдреттің атынан әрекет қылған, Одан жәрдем тілеп, табысқа жеткізуін сұраған, сөйтіп, табысқа да жеткен, өз міндетін сәтті аяқтаған Мұхаммед-і Құрайший (с.а.у.) дейтін Кісі осы болар. Әлгі жолаушы ақылына былай деді: Сонымен осы тоғыз ақиқат бұл Кісінің (с.а.у) хақ әрі адалдығына куәлік ететіні рас. Олай болса, бұл Кісі, адамзаттың бетке тұтар мақтанышы. Оған берілген “Фахр-ы Әлем” яғни әлемнің мақтанышы және “Шереф-і Бәни-Адем” яғни адамзаттың ең абыройлысы деген атақ пен даңқ өте орынды. Сондай-ақ, Оның қолындағы Рахмани бұйрық Құран Кәрім әлемге рухани салтанат құрып, өзінің үстемдігін жүргізуі, Жер шарының жартысын жайлап алуы және оның жеке басының кемелдігі, жоғары қасиеттілігі бәрі-бәрі айналып келгенде мына әлемдегі ең қадірлі тұлға өзі екенін айғақтайды. Жаратқан жайлы сөз сөйлеу Соның ақысы, ең дұрысы да сол.Міне, сонымен осы ғажайып тұлғаның айдай анық, жүздеген нақты мұғжизаларының қуатына және дініндегі мыңдаған ұлы ақиқаттарына сүйеніп айтқан, бүкіл мәселенің негізі, өмір бойы талаптанған мақсаты Уажиб-ул-Ужуд бір Аллаһтың бар әрі жалғыз екенін, сондай-
221ақ, есім-сипаттарына дәлел болып куәлік ету, жария-лау, түсіндіру. Демек, әлемнің рухани Күні, Жаратушы Иеміздің ең жарқын дәлелі Хабибуллаh – Осы Кісі болмақ. Оның осы куәлігін қуаттап бекітетін, қабылдататын әрі алданбайтын, алдамайтын үш үлкен айғақ бар.Біріншісі; “Егер ғайып пердесі ашылса наным-сенімім күшеймейді” деген Имам Али (Радиаллаhу анһ) және жерде тұрып ғарыш пен Исрафилдің зор тұлғасын тамашалаған Ғаус Ағзам (Қуддуси сиррух) сынды жанары өткір, ғайыпты көретін парасатты мыңдаған хақ жолға бастау-шылар мен үлкен әулиелерден тұратын Әл-і Мұхаммед (Пайғамбарымыздың ұрпағы) деген атпен әлемге әйгілі нұрлы жамағат. Барлығы бірлесіп растап отыр.Екіншісі; Надандық жайлаған кезде өмір сүріп қоғамдық өмірден және саясаттан бейхабар әрі кітапсыз, қою қараңғы көшпелі қауым. Олар аз уақыттың ішінде өте мәдени әрі тым сауатты, қоғамдық және саяси өмірді жетік меңгеріп ең озық халықтарға, мемлекттерге ұстаз болып, оларға жол көрсеткен дипломат әрі әділ би болған және шығыстан батысқа дейін елдерді адал басқарған, “Сахаба” атымен дүниеге әйгілі жамағат. Олар бір ауыздан растап, мал-жанын, әке-шеше, туыс-бауырын, от басын пида ет-кен. Олардың осылай қуатты иман келтіріп растауы.Үшіншісі; Әр ғасырда саны мыңнан асатын және әрқайсысы әр түрлі салада білікті маман, терең білім иесі сансыз мухаққиқ, мутебаххир ғұламалардан құралған үлкен жамағат. Олар да бірін-бірі қолдап, ғылыми түрде растаған.Демек, бұл Кісінің (с.а.у) Уахданиетке яғни Аллаhтың жалғыз екеніне куәлігі жеке басымен шектелмейді. Оны қолдаушылар бірең-саран, жәй әлсіз, негізсіз емес. Ол Кісі
222баршаға ортақ, ашық әрі бүкіл шайтандар ұйымдасса ешбір тұрғыдан қарсы шығып жеңе алмайтын нақты куәлік, бұлтартпас айғақ. Бақыт ғасырында ақылымен бірге сая-хат жасаған әлгі дүние қонағы және әлемге сапар шеккен жолаушы осындай шешімге келді. Оның әлгі нұрлы ме-дреседен алған дәрісіне қысқа бір ишара ретінде бірінші бөлімнің он алтыншы мәртебесінде былай делінген бола-тын:Саид Нұрси
223РИСАЛЕЙ-НҰР ТӘПСІРІНІҢ АВТОРЫ БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлығы жасы алтыға толмаған баланы ата-анасынан ажыратып жыраққа тартып, медреселерге алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын ол, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе ілімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленген оны замандас ғалымдар “Бәдиүззаман” (Заманның озығы) деген лақап тағады.“Ескі Саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат – қиыншылықтар оның жанына қатты батып, мұның шарасы тек қана халықтың көзін ашу, сауаттандыру, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін түсініп, соған бар күшін жұмсайды.Сол кезеңде өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғында жүріп талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен отанына оралған соң, қайтадан Ислам әлемінің мәселелерімен шұғылданып, оның шешімі ретінде Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады.
224Стамбулға жау шауып қоршауда қалған қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын кітапшалар бастырып, оны әртарапқа таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болады. Сөйтіп халықтың азаттық алуына зор үлес қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздеріне мән беріп, мықтап ұстануға шақырады.Бұдан кейін оның “Жаңа Саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан аулақ ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды. Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар тарапынан қызыға оқылып оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқасын басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады. Әрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жабылып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа беріледі. Кастамону, Эмирдағы, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.Адам төзгісіз зұлымдықтарға ұшыраса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген
225күпірліктің қара бұлтын сейілтуге, Құранның нұрын айнадай жарқын көрсетуге, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «Рисалей-Нұр» тәпсірі міне сол қиын нәубат кезеңнің жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолына аманат қылып тапсырған Саид Нұрси құдды бір міндетін адал атқарған жауынгер әскерге ұқсайды. Құранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманға сай анық әрі нақты баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылғандықтан қазіргі таңда әлемнің түпкір-түпкіріне тарап көптеген тілдерге аударылып, миллиондаған мұсылмандар тарапынан қызыға оқылуда.Муфәссир ғұлама яғни Қасиетті Құранды тәпсірлеуші ғалым Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың 23-наурыз күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанған екен.
НЕЛІКТЕН ЖҰРТ РИСАЛЕЙ НҰРДЫ ҚЫЗЫҒА ОҚИДЫ? СЕБЕБІ ОЛ БАРШАНЫ ОЙЛАНДЫРАТЫН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЛҒА АЛЫП, МАЗАЛАП ЖҮРГЕН СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫН БЕРЕДІ. АТАП АЙТСАҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз?(22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенін қайдан білеміз (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екеніне қандай дәлелдер бар? (19-Сөз)* Періштелердің бар екенін қалай білеміз? (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас па? (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры не? (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһтың белгілі бір мекені жоқ, бірақ Ол барлық жерде дегенді қалай түсінеміз? (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, ұнамайтын оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)
227* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)*Ораза ұстаудың қандай хикмет-пайдалары бар? (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының маңызы мен хикметі неде? (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тыным–сыз қозғалыста? (30-Сөз)* Дүниенің жаратылу себебі, оның тылсым-сыры неде? (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді?(19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейту және иман–дылар өзара бауырмал болу үшін не істеу керек? (22-Мектуб)* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек? (26-Мектуб)
228* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам Аләйһиссалам жұмақтан неге шығар–ылды? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Көкейге Құран туралы уәсуәсә келсе не істеу керек? (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аяттарды қалай түсінеміз?(12-Лема)* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге не дейміз? (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері қайсы? (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығын білгім келеді. (4-Лема)
РИСАЛЕЙ-НҰР ТОПТАМАСЫҮЛКЕН КІТАПТАРЫ:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар»,«Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат»,«Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары»,«Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери» «Қастамону хаттары», «Барла хаттары», «Иман мен Күпірді таразылау»КІШКЕНЕ КІТАПШАЛАРЫ: «Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «Диван-ы Харб-и өрфи», «Әлхужжәт-ул Зәхра», «Әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и Шамие», «Иджтихад рисалесі», «Иман хақиқатлари», «Ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул Иман», «Миғраж уә Шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр Әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә Шәфкат илачлары», «Рамазан-Иқтисад-Шүкір», «Сунухат-Тулуат-Ишарат», «Табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «Иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».
230Рисалей-Нұр топтамасынан қазақ тіліне аударылған кітаптар:«Тылсым сырлы Сөздер», «Лемалар», «Асай-Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары»,«Рамазан рисалесі», «Ханымдар шырағы»,«Жастар шырағы», «Ықылас сыры», «Табиғат сыры», «Адам және Иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі»,«Қысқа сөздер», «Хашир рисалесі», «Тәухид сыры», «Дерт пен Дауа», «Өмір тарихы»,«Рақым, шәпқат кімде бар?»Рисалей Нұр туралы мына интернетсайттардан мағлұмат алуға болады:www.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.com
231Рисалей-Нұр топтамасы жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төмендегі байланыс арқылы хабарласуларыңызға болады:Тел: 8(727) 374 71 10E-mail: [email protected]
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231