51Егер, бұл хабар хақ және тура болмаса, әлгі сенімді де кәміл кісілердің үндемей қалып, қарсы шықпауы мүмкін бе? Оныншы мысал. Шүбәсіз нақты хабар бой-ынша, Хазреті Имам Али айтады: Бірде Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, Абдулмутталибтен тараған әулетті жинады. Олар қырық шақты болатын. Және кейбіреуі бір ботаның етін жеп, төрт шара сүт ішетін. Бірақ, сол күні оларға бір уыстай тамақ дайындалды. Барлығы жеп тойды. Тамақ бастапқы мөлшеріндей қалды. Сонан соң, ағаштан жасалған шарамен үш-төрт адамға жетерліктей ғана сүт әкелді. Бәрі де ішті, тойды. Сүт те сол күйінде қалды. Міне, бұл берекет Хазреті Алидің батырлығы мен адалдығындай анық мұғжиза болатын. Он бірінші мысал. Шүбәсіз хабар бойынша, Хазреті Али мен Фатимат-уз Зәһраның үйлену тойында, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, Биләл Хабеши-ге былай деді: «Төрт-бес уыс ұннан нан пісірілсін және бір тайлақ сойылсын!» Хазреті Биләл айтады: «Мен пайғамбарымыз айтқан мөлшерде әзірленген тағамды әкелдім. Расулуллаһ (с.а.у) мүбәрәк қолдарын тамақтың үстіне қойып дұға етті. Сахабалар топ-тобымен келіп, жеп кетіп жатты. Әлгі тамақтың сарқытына тағы да бе-реке үшін дұға қылды. Енді барлық Әзуаж-и тахираты-на, яғни адал жар, пәк әйелдеріне бір-бір кеседен сыбаға жіберді. Сосын оларға айт деді: «Өздері жесін және келген қонақтарына жегізсін!». Иә, осындай қасиетті де мерейлі тойда, осындай берекенің болуы заңдылық, солай болды да. Он екінші мысал. Хазреті Имам Жафар Садық, әкесі Имам Мухаммед-ул Бакырдан, ол да әкесі Имам Зей-нел абидиннен риуаят еткен мына оқиға: Бір күні Фатима-
52т-уз Зәһра тек екі кісіге жетерлік тамақ пісіреді. Сосын Алиді жіберіп Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмді бірге тамақтануға шақырады. Раусуллаһ келген соң әлгі тамақтан әрбір әйеліне бір-бір кеседен сыбаға жібертеді. Сосын өзіне, Алиге, Фатимаға және балаларына бір-бір кеседен бөліп береді. Сонда, осы оқиға туралы Хазреті Фатима былай дейді: «Қазанды түсіріп қойғаннан кейін де толып тұрды. Аллаһтың қалауымен, әлгі тамақтан біраз уақытқа дейін жедік». Апырым-ай, сенімді жолымен жет-кен береке жайлы мұғжиза нақты риуаяттарға неліктен көзбен көргендей кәміл сенбейсің? Әрине, бұған қарсы шайтанның өзі де сылтау таппас.Он үшінші мысал. Әбу Дәуіт және Ахмед ибн Хан-бел, Имам Бейhаки сынды турашыл имамдар, Дүкейн-ул-Ахмеси ибн Саид-ил Мүзәниден және Пайғамбарымыздың сұхбатына бөленген алты ағайынды сахабаның бірі Нұғман ибн Муккарин-ил Ахмес-ил Мүзәниден және Жәрирден, сондай-ақ, Хазреті Омар ибн Хаттабтан былай риуаят ету-де: Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, Хазреті Омарға: «Ахмеси тайпасынан келген төрт жүз аттыға жол-азық дайындап беріңдер!» деп бұйырды. Хазреті Омар: «Уа, Расулуллаh! Қолдағы бар азықтың мөлшері бірнеше келі, шамамен шөккен ботадай-ақ» деді. Пайғамбар (с.а.у): «Бар да бер!» әмір етті. Омар (р.а.) барып жарты жүк құрмадан, төрт жүз аттыға жетерліктей азық берді. Хазіреті Омар айтады: «Еш алынбағандай сол күйінде қалып, түк азай-мады».Міне, осы берекенің мұғжизасы төрт жүз адаммен, әсіресе, Хазреті Омармен қатысты болса шүбәсіз анық болғаны. Өйткені риуаяттардың артында солар тұр. Олардың үндемеуі, растағаны. Екі-үш хабар екен, жалғыз
53адам айтқан екен деп күмәнданба! Мұндай оқиғаларды бір адам риуаят етсе де мағынауи тәуәтур болып есептеледі.Он төртінші мысал. Әуелі Бұхари және Мүслим секілді сахих кітаптардың жеткізген хабарында былай дейді: Хазреті Джабирдің әкесі қайтыс болғанда, артында көп қарызы қалған екен. Қарыз иелері де яһудилер. Джа-бир әкесінен қалған дүние-мүлікті оларға берейін десе, қабылдамапты. Ал, бақшасынан түсер өнімді бірнеше жыл жинаса қарызын өтеуге жетпейтін. Сонда Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм: «Бақшаңдағы жемістерді бір жерге жина!» депті. Айтқанын екі етпей орындап-ты. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм жиналған жемістердің ортасына барып дұға қылады. Ақырында Джабир, әкесінің барлық қарыздарын өтегеннен кейін де бақшадан бір жылда түсетін өнім мөлшерінде жеміске ие болыпты. Бір риуаятта, қарыз иелеріне берілген мөлшердей қалды деседі. Қарыз иелері яһудилер осы оқиғаға таң қалғандары сонша, абдырап естерінен тана жаздапты. Міне, осы Айдай анық береке мұғжизасы, Хазреті Джа-бир сынды бірнеше риуаят етушілердің айтқандарымен шектелмейді, ол туралы ел арасына кең таралғандықтан осы оқиғаға қатысты көптеген адамдардың атынан риуаят етіліп отыр.Он бесінші мысал. Әуелі Тирмизи мен Имам Бәйhақи сынды мухаққиқтер, Хазреті Әбу Хүрәйре айтқан сахих хабарларымен қоса былай деп риуаят қылуда: Әбу Хүрәйре былай депті: Бір соғыста (өзге бір риуаятта Тәбук соғысында) әскер аш қалыпты. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм: «Жейтін бір нәрсе қалды ма?» деп сұрайды. Мен: «Дорбада біраз құрма бар» дедім. (Бір
54риуаятта он бес түйір). «Алып кел!» деді. Апарып едім, мүбәрак қолын салып, бір уысын алды да бір ыдысқа са-лып, береке сұрап дұға қылды. Сосын он-оннан әскерді шақырып, барлығына жегізді. Кейін:деді. Мен дорбаны ашып ішіне қолымды салдым. Алғашқы алып келгендегідей мөлшерде екенін байқадым. Кейін көзі тірісінде, және одан кейін де Әбу Бәкір мен Омар және Османның халифа кезінде де әлгі құрмадан жеп жүрдім. (Басқа бір риуаятта былай айтылады: Ол құрмалардың біршамасын, Аллаh жолына арнап сарп еттім. Кейін Хазреті Османға қастандық жасалып шәһит болғанда, әлгі құрма қабымен бірге ұрланып кетті). Міне, әлемнің мұғалімі, адамзаттың мақтанышы Ардақты Пайғамбарымыз Алейhиссалату Уәссәләмнің қасиетті медресесі және дәрісханасы болған Суффаның озат шәкірті әрі мүриді сондай-ақ, жаттау қабілеті жоғары болғаны үшін Нәбидің батасына бөленген Хазреті Әбу Хүрәйренің айтқан Тәбук соғысында көпшіліктің көз ал-дында болған осы береке туралы мұғжизасы мағынауи тұрғыдан көпшілік айтқандай сенімді әрі қуатты болса ке-рек...Он алтыншы мысал. Әуелі Бұхари секілді сахих кітаптар жеткізген шүбәсіз риуаяттарда былай делінген: Бірде Хазреті Әбу Хүрәйренің қарны ашып, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің соңынан еріп, мүбәрак үйіне барады. Қараса, біреуден сый ретінде бір тостақ сүт тұр екен. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм: «Суффада тұратындарды шақыр!» дейді. Әбу Хурәйре: «Мен ішімнен: Бұл сүттің барлығын бір өзім іше салар
55едім. Мен әлдеқайда мұқтажбын». Бірақ Нәби бұйырған соң бәрін шақырып келдім. Барлығы жүзден асатын еді. «Оларға ішкіз!» деді. Мен де, әлгі тостақтағы сүтті әрқайсысына ұсындым. Біреуі тойғанда, екіншісіне апа-рып беремін. Осылайша бір-бірлеп Суффаның барлық тұрғындары әлгі сүттен ішті. Сосын: яғни қалғанын екеуіміз ішейік – деді. Мен іше бастадым. Ішкен сайын «Іш!» деді. Ақырында мен: «Сізді шынымен хақ елші қылып жіберген Құдіреттің Иесіне ант етемін, орын қалмады» дедім. Сосын өзі алып, «Бисмиллаh» деп Аллаhқа мадақ айтып, қалғанын сіміріп салды. Ас болсын!Міне, осындай пәк, сүттей таза, ешқандай қоспасыз берекенің айдай анық мұғжизасы жайлы бес жүз мың хадисті жадында сақтаған және Мұхаммедтің (с.а.у) қасиетті медресесі «Суффаның» мәшһүр әрі озат да адал, әрі қари шәкірті Әбу Хүрәйре айтса әрі ол барлық суффаның шәкірттерін куәгер ретінде барлығының аты-нан айтқан осы хабарды және баста Хазреті Бұхари, алты кітап хабарлап, көзбен көргендей сенімді бола тұра мұны қабылдамаған жанның я жүрегі қарайған не-месе санасыз. Апырым-ай, Хазреті Әбу Хүрәйредей адал және бар өмірін хадис жаттауға, дінге арнаған және хадисін естіген және оны жұртқа жайған кісінің өтірік айтуы яғни өзінің жадындағы хадистердің құнын түсіріп, шынайылығына күмән келтіретін жалғанды әрі суффалықтардың наразылығын тудыратын өтірікті, болмаған оқиғаны айтуы әсте мүмкін бе? Жоқ мүмкін емес!
56О, Раббым! Осы, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің берекетінің құрметіне бізге өзің берген заттық-рухани ризық-несібемізге береке бере гөр! Маңызды бір тұжырым. Әлсіз нәрселер біріккен сайын күшейетіні баршаға мәлім. Жіңішке жіптер ширатылып өрілсе, мықты арқан болады. Мықты арқандарды қабаттастыра ессе, ешкім үзе алмайтындай ширығады. Міне, он бес түрлі мұғжизадан тек береке жайлы мұғжизаларды және оның да он бес бөлімінен тек бір бөлімін ғана он бес мысал арқылы көрсеттік. Әрбір мысалдың өзі Пайғамбарлықты нақты дәлелдейтіндей дәрежеде қуатты. Тіпті, бұлардың бір бөлігін әлсіз деп санағанның өзінде барлығына күмәндану дұрыс емес. Өйткені, қуаттымен біріккендер қуатты болатыны белгілі. Осы он бес мысал бірігіп, шүбәсіз мағынауи тәуәтур қуатында, мызғымас үлкен мұғжизаны көрсетеді. Қазір осы жинақтағы үлкен мұғжизаға береке мұғжизаларынан айтылмай қалған он төрт бөлімі келіп қосылса, қуатты арқандарды ширатқандай шүбәсіз ұлы бір мұғжиза шығады. Кейін осы ұлы мұғжизаны, өзге он төрт түрлі мұғжизалардың қатарына қоссаң, Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығына қандай мықты, бұлтартпас дәлел боларын біл, көңіліңе түй! Міне, Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы сүйенген тірегі осындай жан-жақты бекітілген таудай мықты. Енді, ұсақ-түйектен және бұрыс түсінуден туындаған шүбәлардың кесірінен әлгі мызғымас мықты тіректі бос әрі құлап кетуі мүмкін деп күмәндану неткен ақылсыздық екенін түсінген шығарсың? Сонымен, береке жайлы мұғжизалар, Араб Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнің Әлемдердің Раббысы және барлық нәрсеге жаппай ризық беруші әрі ризықтарды жаратушы Рахим,
57Кәрим Аллаһтың сүйікті елшісі екенін әрі Ол, өте сый-лы құлы болғандығын көрсетті. Сондықтан Оған (с.а.у) әр түрлі, әдеттен тыс, жоқтан, ғайыптан ризық несібелер жіберілетін. Арабстан суы мен егіні аз аймақ екені мәлім. Сол үшін ол жердің тұрғындары, әсіресе, Исламның алғашқы дәуіріндегі сахабалар үнемі шөлге кіріптар болып, күнкөрістің тауқыметін тартқан. Міне, осы хикметке орай Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнің мұғжизаларының маңызды бөлігі тағам мен суға байланысты болатын. Бұл тосын оқиғалар Ардақты Пайғамбарымыздың ерекше қасиеттілігін дәлелдейді. Мұғжизадан гөрі қажеттілікке орай Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмға Аллаhтың бір сыйы, Раббани қошамет, Рахманның жарылқауы деп түсінген жөн. Өйткені, бұл мұғжизаларды көрген жандар дереу пайғамбарлықты мойындап, тәубәсіне келетін. Ал, мұғжиза жиілеген сайын, иман күшейіп, нұр үстіне нұр құйылары хақ.СЕГІЗІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА. Су жайлы мұғжизалардың бір бөлігі баяндалмақ. Кіріспе. Жамағат ішінде болған бір оқиға егер бір-ақ адам арқылы жетсе, бірақ оған өзгелер қарсылық білдірмесе, рас екендігі дәлелденген болады. Өйткені, адамның жаратылысында өтірікті өтірік дейтін бір қасиет бар. Ал сахабалар болса, өтірікке жаны қас, қарсылық білдіруге әрдайым дайын кісілер. Оның үстіне оқиға, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләммен қатысты болса және айтып жеткізуші де танымал сахаба болса, әлбетте, хабардың жеткізушісі, сол оқиғаны көрген жамағаттың атынан, солардың орнына риуаят еткен боп табылады. Ал, қазір біз баяндағалы отырған су жайлы мұғжизалардың әрбір мысалы көп жолдармен, көптеген сахабалар та-
58рапынан бекітіліп, табиғиндердің мыңдаған мухаққик ғалымдары арқылы жеткен. Олар сол күйінде еш өзгертпестен өзінен кейінгі ғасырдың мүджтәхидтеріне тапсырған. Олар да өте ұқыпты әрі аса құрметпен қарап және дұрыстығын растай отырып, өздерінен кейінгі ғасырдың мухаққиктеріне аманат қылған. Дәрежесі әр түрлі, мыңдаған қуатты кісілерден өтіп, келе-келе осы ғасырымызға жеткен. Бақыт ғасырында жазылған хадис кітаптары қаз қалпында Бұхари мен Мүслим сынды ха-дис ілімінің мамандарының, дана имамдардың қолына тиген. Олар да ыждағаттылықпен жіті қарап, жігін айы-рып күмәнсіз, анықтарын жинақтап, бізге дәріс ретінде ұсынып отыр. Аллаһ олардан разы болсын!Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің мүбәрак саусақтарынан судың ағуы, оны көп адамға ішкізуі баршаға мәлім оқиға. Бұны жеткізген жамағаттың бәрі ұйымдасқан түрде жаппай өтірік айтуы мүмкін емес. Бұл мұғжиза өте сенімді. Һәм үш мәрте, үш үлкен жиында қайталанған. Әуелі Бұхари, Мүслим, Имам Мәлік, Имам Шуайб, Имам Қатаде сынды көптеген адал да шыншыл жамағат, саха-балар, оның ішінде Нәбидің қызметкері Хазреті Әнәс, Хазреті Джабир, Хазреті ибн Мәсуд сынды әйгілі саха-балар да бар, пайғамбарымыздың саусақтарынан судың толассыз аққанын және оны әскеріне ішкізгенін шүбәсіз, сахих түрде жеткізген. Су жайындағы осындай көптеген мұғжизалардың тоғызын баяндаймыз.Бірінші мысал. Әуелі Бұхари, Мүслим сын-ды сахих кітаптарда Хазреті Әнәстің жеткізген шүбәсіз хабарында былай делінген: Зәура деген жерге келген-де Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләммен бірге үш
59жүзге жуық кісі болатын. Намаздігер үшін дәрет алуды бұйырады. Су жоқ, табылар емес. Пайғамбарымыз (с.а.у) азғантай су әкелуін бұйырады. Аз ғана су әкелгенде Ол, мүбәрак қолдарын ішіне батырыпты. Куәгерлер айтады: «Қарасақ, саусақтарынан су бұлақ сияқты ағып жатыр. Сосын қол астындағы үш жүз адам әлгі судан дәрет алды әрі қанып ішті».Міне, Хазреті Әнес мұны үш жүз кісінің атынан өзі уәкіл ретінде айтып отыр. Әлгі үш жүз кісінің осы хабарға іштей қостамай, бірақ қарсылығын білдіргмеуі әсте мүмкін бе?Екінші мысал: Әуелі Бұхари, Мүслимнің са-хих кітаптарында былай делінген: Хазреті Джабир ибн Абдуллаh Әнсари айтады: Біз мың бес жүз кісі, Худейбиедегі соғыста шөлде қалып қойдық. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, теріден жасалған ыдыстағы судан дәрет алды да қолын ішіне батырды. Қарасам, саусақтарынан бұлақ сияқты су ағып жатыр. Мың бес жүз кісі әлгі судан ішіп, ыдыстарымызды толтырып алдық. Сәлим ибн Әбил-Джағд Джабирден сұрады: «Қанша кісі едіңіздер?» Джабир: «Жүз мың кісі болсақ та, су бәрімізге жетер еді. Бірақ біз, он бес жүз (яғни мың бес жүз) едік» депті. Осы болғаны анық мұғжизаны риуаят етушілер мың бес жүзге жуық деуге болар. Өйткені адамның жара-тылысында өтірікті өтірік деп айтатын қасиет бар. Саха-балар болса, шындық пен туралық үшін жанын да малын да, тіпті ата-анасын, қауымы мен тайпасын пида еткен, шындық пен хақ үшін жанкешті асыл жандар. Сондай-ақ, «Менің атымнан біле тұра өтірік айтқан адам, тозақтан ор-нын дайындасын!» деген мағынадағы хадистің ескертуін біле тұра, өтірікке қарсы үндемеулері ақылға сыймайды. Үндемеген болса, демек қабылдап, іштей қоштады деген сөз.
60Үшінші мысал: Тағы да Бұхари, Мүслим, сахих кітаптарында былай деп баяндайды: Хазреті Джабир ай-тады: Бууаттағы соғыста Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм: деді. «Жамағатты шақыр, дәрет алсын!», «Су жоқ!» деген жауап келді. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм: «Аз да болса су табыңдар!» деді. Өте аз су алып келдік. Сосын әлгі аз судың үстін қолымен жауып, не екенін білмедім, бір нәрселер оқыды. Сосын: деді. Яғни, «керуеннің үлкен су құятын ыдысын әкеліңдер!» деді. Оны маған әкелді. Мен де Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің алдына қойдым. Ол қолын ыдыстың ішіне салып саусақтарын ашты. Мен әлгі аз суды мүбәрак қолдарының үстіне құйдым. Қарасам мүбәрак саусақтарынан толассыз су ағып жатыр. Әлгі ыдыс әбден толды. Суға мұқтаж болғандарды түгел шақырдым. Барлығы келіп әлгі судан ішті әрі дәрет алды. Мен: «Басқа ешкім қалмады» дедім. Пайғамбарымыз ыдыстан қолын алды. Әлгі ыдыс суға лық толып тұрды. Міне, Мұхаммедтің (с.а.у) осы ап-анық мұғжизасы баршаға мәлім. Өйткені, Хазреті Джабир сол оқиғаның басы-қасында болғандықтан, ең бірінші сөз соныкі. Ол барлығының атынан айтып отыр. Өйткені сол кезде жақын жүріп көп қызмет еткен сол еді, жариялау да ең алдымен соған тиесілі. Ибн Месудтың риуаятында айна қатесіз былай делінген: Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің саусақтарынан бұлақ сияқты су аққанын көрдім. Апырым-ай, әйгілі шын-шыл сахаба Әнәс, Джабир, ибн Месуд сынды кісілер: «Мен көрдім» десе, көргені өтірік бола ма? Енді осы үш мысал-ды біріктір, неткен қуатты да нақты мұғжиза екендігін
61көр және осы үш жол біріксе нағыз тәуәтур дәрежесінде саусақтарынан су аққандығы бұлтартпай дәлелден бола-ды. Хазреті Мұса Алейhиссәләмнің тастың он екі жерінен бұлақ сияқты су ағызуы Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің он саусағынан шүмек секілді су ағызғанына жетпейді. Өйткені, тастан су ағуы мүмкін, әдетте мұндай оқиғалар табиғатта кездесіп жатады. Бірақ ет пен сүйектің арасынан кәусәрдай судың үздіксіз ағуы әдеттен тыс оқиға.Төртінші мысал. Ең алдымен Имам Мәлік, «Мууатта» атты құнды кітабында, Муаз ибн Джәбәл сынды әйгілі сахабадан алып былай деп дейді: Хазреті Муаз ибн Джәбәл айтады: Тебук соғысында бір бұлаққа келдік. Су жіптің жіңішкелігіндей ғана сызаттап ағып тұр екен. Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм былай деп әмір етті: «мына бұлақтан шамалы су жинаңдар!». Алақандарымызбен аздап жинадық. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, ол сумен беті-қолын жуды да оны қайтадан бұлаққа төкті. Кенет бұлақтың көзі ашы-лып бұрқылдап аға бастады. Әскерге толық жетті. Тіпті, риуаят етуші Имам Ибн Исхақ былай дейді: Топырақ астындағы әлгі бұлақтың суы, күннің күркірегеніндей гүрілдеп тұрып аққаны сонша, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, Хазреті Муазға:деді. Яғни: «осы мұғжизаға бөленген мына мүбәрак су, бұл төңіректі баққа айналдырады. Өмірің болса көресің әлі». Дәл солай болды.
62Бесінші мысал. Баста Бұхари Хазреті Берадан, ал Мүслим Хазреті Селеметебни Әкуадан және өзге сахих кітаптар, басқа да риуаят етушілерден алып бір ауыздан былай деп хабар береді: Худәйбиедегі соғыста бір құдыққа келдік. Біз төрт жүз кісі болатынбыз. Әлгі құдықтың суы елу кісіге ғана жетерліктей аз еді. Біз суын сарқып алдық, түбінде еш су қалмады. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм келіп құдықтың басына отырды да бір шелек су сұратты. Алып келдік. Шелектің ішіне мүбәрак аузының суын құйды да дұға қылды. Сосын әлгі суды құдыққа қайта төкті. Сол-ақ екен құдықтың суы тасып, аузына дейін лық толды. Бүкіл әскер, мал-жан тойғанынша ішті, ыдыстарын толтырып алды.Алтыншы мысал. Мүслим мен ибн Джерир Та-бери сынды хадистің дана имамдары, сахих кітаптары мен шүбәсіз хабарлары арқылы танымал Әбу Қатадеден мы-наны жеткізеді: Әбу Қатаде былай деген: Мутада болған әйгілі соғыста әскеріміздің қолбасшылары шәһит болып, жәрдемге бара жатқан едік. Менде бір торсық болатын. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, маған:деп әмір етті, яғни, «Торсыққа ие бол, кейін оның көп пай-дасын көресін». Дегендей шөлге тап болдық. Біз жетпіс екі кісі едік, (Таберидің айтуына қарағанда, үш жүз кісі) қатты шөлдедік. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм маған: «Торсықты әкел!» деді. Апарып едім, алды да ау-ызына аузын тақап, ішіне үрледі ме, жоқ па білмеймін, кейін жетпіс екі кісі сол суды ішіп, ыдыстарымызды тол-тырып алдық. Сосын алып қарағанымда, ішіндегі су сол қалпында тұр. Міне, Мұхаммедтің (с.а.у) осы ап-анық мұғжизасына сенбеуге бола ма?
63Жетінші мысал. Әуелі Мүслим мен Бұхари болып сахих кітаптар, Хазреті Имран ибн Хусейіннен тарқатып мынаны хабарлайды: Имран айтқан екен: Бір сапарда Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләммен бірге шөлде қалдық. Али екеумізге: «Пәлен жерде бір әйел, көлігіне екі мес су артып, кетіп барады, алып келіңдер!» деді. Біз, дәл сол жерден су артқан әйелді тауып, алып келдік. Сосын: «Суынан бір ыдысқа аз да болса су құйып алыңдар!» деген соң су құйып алдық. Береке үшін дұға қылды. Сосын суды қайтадан, көлікке артылған меске қайта құйдық. «Келіп, ыдыстарды толтырыңдар!» - деді. Барлығы келіп ыдыста-рын толтырды әрі суға қарқ болды. Сосын: «Әйелге бір нәрсе жинап беріңдер!» деді. Әйелдің етегі толатындай сыйлық берілді. Ол туралы Имран былай дейді: Меніңше, әлгі екі местен су алған сайын толып көбейіп жатты. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм әйелге былай деді: яғни, “Жолыңнан қалма! Біз сенің суыңды алғанымыз жоқ. Суды Хақ Тағала өз қазынасынан берді”. Сегізінші мысал. Танымал ибн Хазмның сахих кітабында, риуаят етушілер Хазреті Омардан мынаны жеткізуде: Тебуктегі соғыста суымыз таусылып шөлде қалдық. Тіпті кейбіреулер қатты шөлдегені сонша түйесін сойып қарнындағы суды ішуге дейін барды. Әбу Бәкір Сыддық Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмға: «дұға етіңіз!» деп өтініш жасады. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм қолын жайып дұға қылды. Қолын әлі түсіріп үлгерген жоқ, бұлт жиналды нөсерлеп тұрып жаңбыр
64жауғаны сонша барлық ыдыстарымызды суға толтырып алдық. Кейін жаңбыр тоқтады. Сөйтсек, тек біздің үстімізге ғана жауып, басқа жерге жаумапты. Демек кездейсоқ емес Мұхаммедтің (с.а.у) мұғжизасы.Тоғызыншы мысал. Төрт имам сеніп хадис алған танымал Абдуллаh ибн Әмір ибн Астың немересі Әмір ибн Шуайбтан, шүбәсіз хабарлармен мынаны білдіруде: Пайғамбарлық келместен бұрын, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм немере ағасы Әбу Талибпен бірге түйеге мініп Арафат төңірегінде Зилhижаз дейтін жерге барған кезде Әбу Талиб: “Мен шөлдедім” депті. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм түйеден түсіп аяғымен жерді теуіп қалғанда су шыққан деседі. Әбу Та-либ шөлін әбден қандырыпты. Мухаққиқин бір кісі былай дейді: Бұл оқиға пайғамбарлықтың басталуынан бұрын болғандықтан бұл оқиға «ирһасат» түріне жатады. Со-нымен қатар мың жылдан кейін дәл сол жерден Арафат дейтін су бұлағының шығуы бекер емес. Ол да Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у) бір кәраматы болып саналады. Міне, осы тоғыз мысалға ұқсас тоқсан мысал болма-са да, тоқсан түрлі риуаяттар су туралы мұғжизаларды хабарлайды. Бастағы жеті мысал мағынауи тәуәтур дәрежесіндей сенімді әрі қуатты. Ақырғы екі мысалдың бізге келу жолдары соншалықты қуатты емес әрі риуа-ят етушілері де көп емес, дегенмен сегізінші мысалда, Хазреті Омардан риуаят етілген бұлт жайлы мұғжизаны бекітіп, қуаттайтын екінші бір мұғжиза былай боп келеді: Негізінде мұны имам Бейhаки мен Хаким, сахих кітаптар Хазреті Омардан алып хабар беруде: Хазреті Омар, Расулуллаһтан Алейhиссалату Уәссәләм жаңбыр үшін дұға етуін өтінеді. Себебі су жоқ, әскер шөлде қалған бо-
65латын. Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм қолын жайып, дұға еткен кезде бұлт жиналып, жаңбыр жауады. Жиналған бұлттар әскерге жеткілікті мөлшерде су беріп, кетіп қалады. Құдды тек қана әскерге су беру үшін келген-дей. Келді, керегінше су берді, кетті. Осы оқиға, сегізінші мысалды қуаттап, анық дәлелдегені секілді бұл оқиғаға әйгілі ғалым әрі зерттеуде өте ыждағат көрсеткен, тіпті, көптеген сахих хадистердің өзіне күмәнмен қараған ибн Джәузидің өзі былай деген екен: Бұл оқиға Бәдірдегі әйгілі соғыста болған.деген қасиетті аят сол оқиғаны баяндап, түсіндіреді. Ал, сол оқиғаны аят көрсеткен болса сенімділігінде еш күмән жоқ. Сонымен қатар Нәбидің дұғасымен дереу тіпті жайған қолын түсірместен жаңбырдың жауғаны көп қайталанғандықтан барша сахабаларға мәлім мұғжиза. Кейбір кезде мешітте, мінберде қолын жайып тұрғанда әлі түсірместен жаңбыр жауды деген тәуәтүр хабарлар бар. ТОҒЫЗЫНШЫ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА.Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің түрлі мұғжизаларының тағы бірі, оның әмірін ағаштар да адам сияқты тыңдауы және орындарынан қозғалып жаны-на келуі. Ағаштар жайлы мұндай мұғжизалар мүбәрак саусақтарынан судың ағуы сияқты баршаға аян, кеңінен тараған. Ол әр түрлі көріністе болған және көптеген жолдармен жеткен. Иә, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің әмірімен ағаштардың орнынан суырылып жанына келгені баршаға мәлім, айдай анық деуге бола-ды. Өйткені шыншыл әйгілі сахабалардан Хазреті Али, Хазреті ибн Аббас, Хазреті ибн Месуд, Хазреті Әнәс ибн
66Мәлік, Хазреті Бүрейде, Хазреті Усаме бин Зейд, Хазреті Джейлан ибн Селеме сынды сахабалар, әрқайсысы бұлтартпас дәлелдермен жеткізген. Табиғиннің жүздеген имамдары, аты аталған сахабалардың әрқайсысынан айрықша бір жолмен, әлгі ағаштар жайлы мұғжизаны хабарлаған. Олар еселенген тәуәтур дәрежесінде бізге жеткен. Міне, ағаштарға қатысты мұғжизалар ешбір күмән туғызбайтындай нақты тәуәтур деуге болады. Қазір, сол ұлы мұғжизаның өте сенімді түрлерін бірнеше мысалдар-мен баяндаймыз.Бірінші мысал. Әу баста имам Маже, Дари-ми және Имам Бейhаки шүбәсіз түрде Хазреті Әнес ибн Мәліктен және Хазреті Али, Беззаз, Имам Бейhаки, Хазреті Омардан мынаны хабарлайды: Үш саха-ба айтқан екен: Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм, кәпірлердің жала жапқанына қатты қапаланып былай деді: Әнәстің риуа-ятында, Хазреті Жәбірейіл сол мезетте жетіп келді. Жар басына өскен бір ағаш бар болатын. Хазреті Жәбірейілдің білдіруімен Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм әлгі ағашты шақырып еді, ағаш жанына келді. Сосын оған: “Орныңа бар!” деп еді, қайта орнына барып орналасты. Екінші мысал. Мағриб ғұламасы Қады Ияз “Шифа-и Шәриф” атты кітабында, нақты дәлелдермен, тура және сенімді түрде Хазреті Абдуллаh ибн Омардан мына хадисті хабарлауда: Бір сапарда Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің жанына бір бәдәуи келіп еді, оған: «Қайда барасың?» деп сұрады. Бәдәуи: “Үйіме!” – деді.
67Оған: «Саған одан да қайырлы нәрсе керек емес пе?» – деп еді: “Ол не?” -деп сұрады.деп бұйырды. Бәдәуи: “Бұл шәhәдатқа дәлелің бар ма?” дегенде Пайғамбарымыз (с.а.у.) яғни “Анау жарқабақтағы ағаш куә болады” деді. Ибн Омар ай-тады: Әлгі ағаш орнынан теңселіп, тамырын жерден суы-рып алды да Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің дәл жанына келді. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм әлгі ағашты үш мәрте куәлікке тартты. Ағаш куәлік етті. Әмір беріп еді қайтадан орнына барып орналасты.Ибн Сахиб-ил-Әслемиден жеткен сахих хабарда Бүрейде былай дейді: Бір сапарда біз Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләмнің жанында едік. Бір араб келді де бір аят, яғни, бір мұғжиза көрсетуін сұрады. Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм: деп, бір ағашқа ымдап еді, әлгі ағаш оңға, солға теңселіп, тамыр-ларын қопарып алып, Нәбидің (с.а.у) құзырына келді. Сөйтіп: (Әссаламу алейкә я, расулаллаһ!) деді. Сосын араб: “Орнына қайтып барсын!” деген соң әмір беріп еді орнына қайта кетті. Араб: “Сізге сәжде қылуға рұқсат беріңіз!” деді. “Ешкімге рұқсат жоқ!” деді. Араб: “Олай болса сіздің қолыңызды, аяғыңызды сүйейін” деді. Пайғамбарымыз рұқсат берді.
68Үшінші мысал. Әуелі сахих Мүслим мен сахих кітаптардың білдіруі бойынша, Джабир былай дейді: Біз бір сапарда, Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләммен бірге едік. Дәрет сындыру үшін көзден тасалау бір жер іздеп еді табыла қоймады. Болмаған соң екі ағаштың жанына барды да біреуінің бұтағынан ұстап өзіне тартып еді ағаш бой ұсынып артынан ілесіп кете берді. Екінші ағаштың жанына алып келді. Жуас түйенің ботасын жетелегендей әлгі екі ағашты бір-біріне қосты да -деді яғни: “Бүркеп жабыңдар!” деді. Екі ағаш бірікті де жабық жер болды. Расулуллаһ әжетін өтеген соң оларға әмір етіп еді, орындарына кетті. Екінші бір риуаятта Хазреті Джа-бир былай дейді: Мағандеп бұйырды. Яғни, “Ағаштарға айт: Расулуллаhтың қажеті үшін біріксін!”. Мен солай дедім. Олар қаз қатар тізіле қалды. Сосын мен күтіп тұр едім Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссәләм шықты да басымен оңға-солға ымдап еді әлгі ағаштар өз орындарына кетті.Төртінші мысал. Сахих риуаяттарда Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің батыр сарбазы әрі қызметшісі Усаме бин Зәйд былай дейді: Бір сапар-да Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләммен бірге едік. Дәрет сындыру үшін ыңғайлы, жабық бір жер табыл-мады. деді. “Иә, бар” - дедім.
69деп әмір етті. Яғни ағаштарға: “Расулуллаh әжетін өтеу үшін бірігіңдер және тастар дуал секілді жиналсын” де! Барып не дегенін айттым. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм әжетін өтеген соң: деп әмір етіп еді, жаным құдіретінің қолында болған Зат-ы Зүлжәлалға ант етейін ағаштар, тастар орындарына кетті. Хазреті Джабир мен Усаме баяндаған осы екі оқиға Хунейін соғысында да дәл қайталанғандығын Иғла ибн Муррә және Гайлан ибн Селемет-ис-Сакафи, Хазіреті ибн Месуд сынды сахабалар дәлме-дәл хабар беруде.Бесінші мысал. Білімділігімен және зор еңбегімен екінші Шәфи атанған ғасырының ғұламасы Имам ибн Фаурәк, сенімді түрде былай деп хабарлайды: Тайфтегі соғыста, қараңғы түнде, ат үстінде кетіп бара жатқанда Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді қатты ұйқы қысты. Осылай мүлгіп кетіп бара жатқанда дәл жолының орта-сында “сидре” ағашы тұр екен. Ағаш атты үркітпеу үшін жол беріп екіге айырылды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм астындағы атымен бірге ағаштың арасынан өтіп кетті. Әлгі ағаш қазірге дейін сол екіге айырылған күйі тұр.Алтыншы мысал. Хазреті Иғлә айтқан са-хих риуаятта былай делінеді: Бір сапарда Талха немесе Сәмуре деп аталатын ағаш Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің төңірегінде тәуап қылғандай айнала бастады. Сосын орнына қайтып оралды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм: деді. Яғни: “Әлгі ағаш сәлем беруге Хақ Тағаладан рұқсат сұрады “.
70Жетінші мысал. Хадис имамдары дәлелді хабарларға сүйеніп Ибн Месудтан тарқатып былай дейді: Ибн Месуд айтқан екен: Батн-Нахл деген жерде Нусайбин жындары тура жолға түсеміз деп Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға келген болатын. Әрбір ағаш олардың келгенін хабар берді. Сонымен қатар имам Мүджаhид, сол хадисте Ибн Месудтан мынаны ха-барлайды: Әлгі жындар бір дәлел сұрады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм бір ағашқа бұйырып еді орны-нан жылжып қасына келді де орнына қайтып кетті. Міне, жын тайпасына бір ғана мұғжиза жеткілікті бол-ды. Апырым-ай, осы мұғжизаға ұқсас мың мұғжиза естіген адам иманға келмесе жындардың деп сипаттаған жын-шайтандардан бетер шайтан болғаны ғой!Сегізінші мысал. Сахих Тирмизи нақты риуа-ятпен Хазреті ибн Аббастан мынаны жеткізуде: Ибн Аб-бас айтқан екен: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм бір арабқа:яғни “Мен, мына ағаштың анау бұтағынан тартып өзіме шақырғанда қасыма келсе, иман келтіресің бе?” деді. Араб: “Әрине” дейді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм шақырып еді әлгі құрманың қураған бұтағы ор-нынан жұлынып, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің жанына келді. Сосын әмір беріп еді, орнына қайтып бар-ды. Міне, осы сегіз мысалға ұқсас көптеген мысалдар бар. Олар да көптеген жолдармен жеткен. Жеті-сегіз жіп
71қосылса мықты бір арқан болатыны мәлім. Сондықтан осы ең әйгілі, сенімді сахабалардан, осындай әр түрлі жол-мен жеткен ағаш туралы мұғжизалар, әлбетте мағынауи тәуәтур дәрежесінде, тіпті нағыз тәуәтүр хабар деуге бо-лады. Негізінде хадис сахабалардан кейін Табиғиндердің қолына тиген уақытта тәуәтүр дәрежесінде боп саналады. Әсіресе Бұхари, Мүслим, ибн Хиббан, Тирмизи сияқты сахих кітаптар, сонау сахабалар заманына дейінгі жолын үзбей, жалғастырып ұстанғаны соншалық, Бұхариде болса дәл сахабаның өзінен естігендей сенімді.Апырым-ай, ағаштар Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмді танып (мысалдарда көрінгендей) пайғамбарлығын мойындап, Оған (с.а.у) сәлем беріп иіліп және Оның (с.а.у) әмірлеріне мойынсұнып жатса, өздерін адаммын деп санайтын кейбір жансыз, ақылсыз пенделер Оны (с.а.у) танымаса, иман келтірмесе қураған ағаштан да бетер, қу отындай қурақ болып отқа жануға ғана жарамай ма?! ОНЫНШЫ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА. Ағаштарға қатысты мұғжизаларды одан әрі қуаттап, растайтын баршаға кең тараған мына: (ханин-ул джиз) мұғжизасы. Иә, Нәбидің қасиетті мешітінде көпшіліктің алдында құрғақ бағананың Әз.Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардан уақытша ажырап қалғанына жылағаны жоғарыда баяндалған ағаштар туралы мұғжизалардың мысалдарын растап, қуат береді. Өйткені ол да ағаш, тегі бір. Бірақ бұның жеке өзі мәшһүр, баршаға мәлім тәуәтүр хабар. Әлгі ағаштар туралы мұғжизалар жалпы тәуәтүр болғанымен жалқы түрде барлығы тәуәтүр дей алмаймыз. Ал, бұл оқиға анық әрі тәуәтүр дәрежесінде.
72Иә, Расулуллаһтың қасиетті мешітінде құрма ағашынан жасалған қурақ бағана болатын. Пайғамбырымыз Алейhиссалату Уәссәләм құтпа оқығанда оған сүйеніп тұратын. Содан басқа мінбер жасалған соң Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм жаңа мінберге шығып құтпа оқитын болды. Бірде құтпа оқылып жатқанда ескі бағана түйе сияқты боздап қоя берді. Мұны жамағат түгел естіді. Сонда Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм жанына келіп бағананы сипап, құшақтап, сөйлесіп жұбатқан кез-де ғана өкіріп боздағанын қойыпты. Пайғамбарымыздың (с.а.у) осы мұғжизасы өте көп жолдармен, тәуәтур дәрежесінде нақты хабар. Иә, мұғжизасы кең тараған, әйгілі және нағыз тәуәтур дәрежесінде. Сахабалардың ұлы жамағатынан он бес жолмен келіп, табиғиннің жүздеген имамдары бұл мұғжизаны кейінгі ғасырларға жеткізді. Сахабалардың ұлығы және хадис риуаят етушілердің озығы Хазреті Әнәс ибн Мәлік (Нәбидің қызметшісі), Хазреті Джабир бин Абдуллаh-ил Әнсари (Нәбидің қызметкері), Хазреті Абдуллаh ибн Омар, Хазреті Абдуллаh бин Аббас, Хазреті Сәhл бин Сад, Хазреті Әбу Саид-ил-Худри, Хазреті Үбей ибн Ка’б, Хазреті Бүрейде, Хазреті Үмм-үл Мүминин Үммү Сәләмә сынды әйгілі сахабалар, осы хадистің риуаят етушілерінің басында тұрып әлгі мұғжизаларды үмметке жеткізген. Әуелі Бұхари, Мүслим, сахих кітаптар, осы-нау баршаға мәлім мұғжизаны кейінгі ғасырларға сенімді жолдармен жеткізген.Сонымен Хазреті Джабир өз хабарында былай дейді: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қасиетті мешітте құтпа оқып тұрғанда, деп аталатын ескі
73бағанаға сүйеніп оқушы еді. Жаңа мінбер жасалғаннан кейін, сонда көшкен болатын. Сонда бағана қоштасуға шыдай алмай буаз түйедей боздап жылады. Хазреті Әнәс өз риуаятында былай дейді: Қодас сияқты жылап мешітті күңірентіп жіберді. Сәhл ибн Са’д өз риуаятында былай дейді: Тіпті, оның жылағанына халықтан кейбіреулер қосылып жылағандар болды. Хазреті Убей ибн-іл Кааб өз риуаятында былай дейді: Тіпті, ағаш бағананың еңіреп жылағаны сонша, жарылып кетті. Өзге бір риуа-ятта Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм былай деген:Яғни: “Оның қасында оқылған зікір мен құтпадағы мадақтан жырақ қалдым деп жылап жатыр”. Өзге бір риу-аятта Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген:Яғни: “Егер, мен құшақтап жұбатпағанымда қоштасудан қайғырып қияметке дейін жылай берер еді”. Хазреті Бүрейде былай дейді: Қураған бағана жылағаннан кейін Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қолын үстіне қойып, былай деді:
74Сосын ол тіректің не айтып жатқанын тыңдады. Қураған тірекке тіл бітіп сөйледі. Оны сол жердегі адам-дар да естіді.Яғни: “Мені Жәннатқа отырғызыңыз, менің жемістерімнен Хақ Тағаланың сүйікті құлдары жесін. Ол бір мәңгілік мекен ғой шіркін. Ол жерде, шіру деген жоқ”. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм яғни «солай істеймін» деді. Сосын: деп айтты.Ислам ғұламаларының үлкен имамдарының бірі әйгілі Әбу Исхақ Исферани былай дейді: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм тіректің жанына бармады керісінше, тірек оның әмірімен, жанына келді. Сосын әмір етті, қайтып оралды. Хазреті Убей ибн Каб былай дейді: Осы керемет оқиғадан соң Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм: “Ағаш бағана мінбердің астына қойылсын”– деп әмір етті. Ол бағана, мешіт қайта жөнделгенге дейін мінбердің астында тұрды. Кейін оны Хазреті Убей ибн Каб шірігенше сақтады.Атақты Хасан Басри осы мұғжизаны шәкірттеріне айтқан сайын жылап, былай дейді екен: «Қу ағаштың өзі Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға деген ыстық ықыласын білдірген. Олай болса сендер одан да көбірек ықылас, ынта көрсетуге тиіссіңдер!». Біздің айтарымыз: Иә, Оған (с.а.у) деген ықылас, сүйіспеншілік Оның (с.а.у) баға жетпес ізгі амал сүннеттерін ұстану және нұрға толы шариғатына мойынсұну боп табылады.
75Маңызды да тұжырымды бір сұрақ: “Хендектегі соғыста төрт уыс тағаммен мың адамды тойдырған тағам мұғжизасы және мүбарак саусақтарынан аққан сумен бес мың бес жүз кісіні тойғанша ішкізген су мұғжизасы, неге осы жылаған қу бағана мұғжизасы сияқты өте көп жолдар-мен жетпеген? Алайда ол екеуі бұдан да көп жамағаттың ортасында болған емес пе?” Жауабы: Мұғжизалар екі түрге бөлінеді. Біреуі; Ардақты Пайғамбар Алейhиссалату Уәссәләм жұртқа өзінің хақ пайғамбар екенін қабылдату үшін көрсетеді. Қураған тіректің боздауы осы түрге жатады. Мүминдердің иманын қуаттап, ал мұнапықтарды ықыласқа шақырып, ал кәпірлерді болса иманға келтіру үшін және өзінің Пайғамбар екенін растау үшін ғана көрсетіледі. Сондықтан қарапайым халық та, зиялы қауым да барлығы көреді және жайылуына көбірек мән беріледі. Ал, тағам мен суға қатысты мұғжизалар болса, мұғжизадан гөрі кәрамат де-уге болады. Кәраматтан гөрі сыйлық, тіпті, сыйлықтан да көбірек қажеттілікке орай Рахманның жарылқауы десе болады. Дегенмен ол да Пайғамбарлығына дәлел әрі мұғжиза. Бірақ негізгі себеп әскердің аш қалуы. Хақ Тағала бір дәннен мың батпан құрма жаратқаны секілді құпия қазынасындағы бір тостақ тағамнан мың адамға ас беруі заңды құбылыс. Һәм сусыз қалған жауынгерлерге ұлы қолбасшының саусақтарынан Кәусәрдай су ағызып шөлін қандыруы рахымының талабы десе болады. Міне, осы сырға орай тағам мен су мұғжизасының әрбір мысалы, қураған тіректің жылауы дәрежесіне жетпейді. Бірақ ол екі мұғжизаның бірнеше түрі жиналып, барлығы қураған тіректің жылағанындай тәуәтүр, яғни, нақты хабар. Һәм
76тағамның берекетін және саусақтарынан судың аққанын бәрі бірдей көре алмайды, тек қана белгілерін көреді. Тіректің жылағанын бәрі естіді. Сол үшін көбірек жайыл-ды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің әрбір халін, іс-әрекетін сахабалар барынша ұқыптылықпен сақтап бізге жеткізіп отырды. Енді мұндай сұрақ туса: Осындай үлкен мұғжизалар, жүз жолмен жетуі керек еді, неліктен он-жиырма жолмен келген? Һәм неге Хазреті Әнәс, Джабир, Әбу Хүрейре көп хадис жеткізіп, Хазреті Әбу Бәкір мен Омар аз риуаят ет-кен? Жауабы: Сұрақтың бір бөлігінің жауабы төртінші ишараның үшінші негізінде баяндалған-ды. Сұрақтың қалған бөлігінің жауабы: Мысалы, адамға дәрі керек бол-са дәрігерге барады. Құрылыс үшін құрылысшы инже-нерге жүгінеді. Шариғат мәселесін мүфтиден сұрайды. Сол сияқты сахабалар арасында Нәбидің хадистерін келе-шек ғасырларға дәріс ретінде жеткізу қызметімен ғалым сахабалардың бір бөлігі шұғылданды. Мысалы, Хазреті Әбу Хүрәйре өмірін хадистердің жазылуына арнады. Хазреті Омар саясат, халифалық секілді мәселелермен шұғылданды. Сондықтан хадистерді үмметке жеткізу міндеті Әбу Хүрәйре мен Әнәс және Джабир секілді сахабаларға жүктелгендіктен Әбу Бәкір (р.а.), Хазіреті Омар (р.а.) аз риуаят еткен. Сонымен қатар сенімді, шын-шыл, жанкешті және адалдығымен ерекшеленген әйгілі бір сахабаның бір өзі бір оқиғаны хабарласа жеткілікті деп есептелетін. Басқа біреудің тағы да нақыл етіп баяндауы қажет болмайтын. Сол үшін де кейбір маңызды оқиғалар екі-үш жолмен жетсе сенімді боп есепелетін.
77ОН БІРІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА: Оныншы ишара, Нәбидің (с.а.у) мұғжизаларын ағаш әлемінен көрсеткен болса бұл ишара Нәбидің (с.а.у) мұғжизаларын жансыз нәрселерден яғни, тау, тастар қалай көрсеткені жайлы баяндайды. Біз де оның көп мысалдарынан жеті-сегізін баяндаймыз.Бірінші мысал: Мағриб ғалымы Хазреті Қады-Ияз, өзінің Шифа-и Шәриф атты әйгілі кітабында нақты дәлелмен және Бұхари сынды үлкен имамдардан анық түрде нақыл етіп былай дейді: Нәбидің қызметшісі Хазреті ибн Месуд айтады: Біз, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің жанында тағам жеп отырғанда тағамның тәсбихтерін яғни зікір салып жатқанын естуші едік.Екінші мысал: Сенімді жолдармен келген және Әнәс пен Әбу Зеррден нақыл етілген сахих кітаптар бы-лай деп хабар береді: Хазреті Әнәс (Нәбидің қызметшісі) айтады: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің жанында едік. Уысына майда тастарды алып еді тастар Оның (с.а.у) мүбәрак қолында тәсбих ете бастады. Кейін Әбу Бәкір Сыддықтың қолына қойып еді, тағы да тәсбих етті. Әбу Зерр Ғыффари айтады: Сосын Хазреті Омардың қолына қойып еді және тәсбих етті. Сосын алды да жерге қойғанда тынышталып қалды. Қайта алды да Хазреті Османның алақанына салып еді және тәсбих етті. Хазреті Әнәс пен Әбу Зерр айтады: Сосын, біздің қолымызға қойып еді, ты-нышталып қалды.Үшінші мысал: Хазреті Али мен Хазреті Джа-бир және Хазреті Айша Сыддықа анамыздан алған ха-барда: Тау, тас, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға дейтіні баяндалады. Хазреті
78Али айтады: Пайғамбарлықтың алғашқы кезеңінде Мекке төңірегінде Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләммен бірге жүргенімде ағаштар мен тастар деуші еді. Хазреті Джабир ай-тады: Ағаштар мен тастар Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға сәжде етуші еді, яғни, бойын иіп, деуші еді. Жабирдің бір риуа-ятында, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм былай деп бұйырған: Кейбіреулер мұны Қағбадағы қара тасты мегзеп отыр дейді. Хазреті Айша анамыздың айтуы бойынша: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм былай деген:Төртінші мысал: Шүбәсіз нақты жолдармен Хаз-реті Аббастан хабар беруде: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, Аббасты және төрт ұлын (Абдуллаh, Убейдул-лаh, Фазл, Қусем) бірге мүлает деп аталатын жапқышпен үстерін жапты да:деп дұға етті. Кенет, үйдің шатыры, есігі және қабырғалары “Әмин” деп дұғаға қосылды.
79Бесінші мысал: Әу баста Бұхари, ибн Хиббан, Дәуіт, Тирмизи сынды сенімді Имамдар бір ауыздан Хазреті Әнәстен, Әбу Хүрейреден, Осман Зиннурейн-нен, Ашере-и Мүбәшшере Саид ибн Зейдтен алып хабар беруде: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддық, Омар-ул Фаруқ және Осман Зиннурейнмен бірге Ухуд тауының басына шықты. Ухуд тауы, олардың құрметіне ме екен әлде шаттық кернеп кетті ме, дірілдеп, сілкіне бастады. Сонда Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм Ухуд тауына:деп бұйырды. Бұл хадис, Хазреті Омар мен Османның кейін шәйіт болатынын білдіріп, ғайби хабар бар. Осы мысалға қосымша ретінде және бір оқиға: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, Меккеден Мәдинаға хижрет еткенде кәпірлер із кесіп соңына түсті. Пайғамбарымыз Сәбир тауына шығып паналамақ болғанда Сәбир тауы: “Уа, Расулуллаh! Түсіңіз! Сізді менің үстімде өлтірсе, Аллаh мені жазға тарта ма деп қорқамын” -деді. Сонда қасындағы Хира тауы: “Маған келіңіз!” -депті. Осы сырға байланысты жүрегі таза әhл-и қалб әулиелер Сәбир тауына шыққанда бойын қорқыныш би-леп, ал Хира тауында өздерін сенімді сезінеді. Бұл мы-салдан ұғарымыз: Ол үлкен таулардың әрқайсысы белгілі бір міндет атқаратын қызметші және олар Аллаһ Тағалаға тәсбих етіп, зікір етеді. Әрі Пайғамбар Алейhиссалату Уәссәләмді таниды, жақсы көреді. Өз бетінше, кездейсоқ пайда болған емес.
80Алтыншы мысал: Нақты дәлелдермен Абдуллаh ибн Омардан былай деп хабар беруде: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм мінбеде құтпа оқып тұрған кез-де Құранның аятына келгенде жәнедеген уақытта астындағы мінбер қатты шайқалып кеткені сонша біз, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм құлап кете ме деп қорықтық. Жетінші мысал: Нақты дәлелдермен әйгілі ғалым, Құранды сөйлеткен Хазіреті ибн Аббас және Нәбидің қызметкері, үлкен ғалым сахаба ибн Месудтан былай деп хабар беруде: Мекке азат етілген күні Қағбаның ішінде және төңірегінде тасқа қорғасынмен мықтап бекітілген үш жүз алпыс пұт болатын. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қолындағы садаққа ұқсайтын таяғымен әрбір пұтты түртіп:десе болды пұт жерге құлап түсіп жатты. Пұттың бетіне тигізсе шалқасынан түседі, арқасынан түртсе, етпетінен құлайды. Бәрі жерде домалап жатты.Сегізінші мысал: Әйгілі Буhейра-и Раhибтің мәшһүр қиссасы. Пайғамбарлық келмей тұрғанда Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, немере ағасы Әбу
81Талибпен және бір топ құрайыштармен бірге Шам тара-пына саудаға бара жатады. Буhейра-и Раhибтің шіркеуінің тұсына келгенде тынығуға тоқтайды. Ешкіммен араласпай оқшау өмір сүретін Буhейра-и Раhиб дереу жүгіріп шығып, Хазіреті Мұхаммедті (с.ғ.с) көрсетіп, керуенге былай деп үн қатады: “Мынау, әлемнің мырзасы! Бұл пайғамбар бо-лады”. Сонда құрайыштар: “Қайдан білдің?” дейді. Сонда мүбәрак Раhиб: “Сендер келе жатқанда төбелеріңде бір шоқ бұлт болатын. Сендер демалып отырғанда әлгі бұлт Мұхаммед-үл Әминнің (с.ғ.с) төбесіне қарай жылжып, көлеңке болды. Сондай-ақ, ағаштар мен тастар оған сәжде қылғандай сыңай танытады. Бұл тек Нәбилерге ғана жаса-латын құбылыс” деп жауап берді.Міне, осы сегіз мысал секілді сексен мысал бар. Бұлардың бәрі жинақталса үзілмейтін қалың арқандай ешбір күмән туғызбайды... мұндай мұғжизаларды жалпы алғанда, яғни, жансыз нәрселерге тіл бітіп пайғамбарлықты дәлелдеуі мағынауи тәуәтур дәрежесінде көзбен көріп, қолмен ұстағандай нақты. Әрбір мысал бір-біріне сүйеніп, өз күшінен әлдеқайда қуатты күшке ие болады. Иә, әлсіз тірек қуатты тірекпен иық тіресіп қабаттасса нығая түседі және әлсіз, қуаты жоқ адам әскерге алынса күші тасып мың адамға татитындай бойына күш бітеді. ОН ЕКІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА. Бұл жерде Он бірінші ишарамен байланысы бар үш мысал баяндалмақ. Бірақ маңызы зор мысалдар. Бірінші мысал:аяты нақты білдіргеніндей және зерттеуші ғалымдар бүкіл тәпсіршілердің дәлелдеріне сүйене отырып сондай-ақ, ха-дис имамдары былай деп хабар береді: Бәдір соғысында
82Расулуллаh Ғалейhиссалату Уәссәләм ішінде майда та-стары бар бір уыс топырақты алып кәпірлердің бетіне: деп шашып жіберді. Қалайша сөзі айтылғанда бір ауыз сөз тыңдағандардың құлағына жаппай кіріп, бәріне естіледі. Дәл сол сияқты, бір уыс топырақ та әрбір кәпірдің көзіне тұтас қалпында кіріп әуреге салды. Шабуылдап келе жатқан олар, көздерін уқалап қаша жөнелді.Сондай-ақ, имам Мүслим бастаған хадис имам-дары хабарында былай дейді: Хүнейін соғысында – Бәдірдегідей – кәпірлер бар күшімен шабуыл жасады. Сол кезде Расулуллаһ оларға бір уыс топырақты алып деп шашып жібергенде, қалайша әркімніңқұлағына сөзі тұтас түрде жеке-жеке кіріп, естілетіні секілді Аллаһтың әмірімен әрбір кәпірдің бетіне бір уыс топырақ шашылды. Көздерімен әуре болып, кері қашты. Міне, Бәдір мен Хүнейндегі осы таңқаларлық оқиға, әдеттен тыс, себептерден асып және адамның қолынан келмейтін құдірет-күшпен болғандықтан сөзі де өзі мұғжиза болған Қасиетті Құран ол туралы былай дейді:Яғни, ол оқиға адами күштің тысында, пенденің қолынан келмейтін, таңғажайып түрде, Аллаһтың құдіретімен болған.Екінші мысал: Әу баста Бұхари, Мүслим, сахих кітаптар былай деп хабар беруде: Хайбер соғысында бір яһуди әйел ешкінің етінен кәуәп жасап, оған әсері күшті
83у қосып Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләмның ал-дына қояды. Сахабалар тағамнан жей бастағаны сол еді Ардақты Пайғамбарымыз кенет:деп бұйырды. Яғни, пісірілген ешкі еті маған: “мен уланғанмын” дейді. Сахабалар дереу қолдарын тар-тып алды. Бірақ сол күшті удың әсерінен бір шайнам жеп қойған Бишр ибн-ул Берра сол жерде жан тапсыр-ды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм әлгі Зейнеп атты әйелді шақыртып: “Неліктен былай істедің?” – деп сұрағанда әлгі сорлы былай депті: “Егер Пайғамбар болсаң зияны тимесі белгілі. Егер патша болсаң адамдарды сенен құтқарайын дедім”. Кейбір риуаятта оны өлтірткен дейді, кейбір риуаятта өлтірмеді деп айтылады. Әhл-и тахқиқ яғни зерттеушілер: «өзі өлтіртпеген, бірақ уланып өлген Бишрдің ағайындарына берген екен олар өлтіріпті» дейді. Осы ғажап оқиғаның мұғжиза жақтарын көрсететін екі-үш нүктені тыңда!Біріншісі: Бір риуаятта, әлгі ешкінің еті хабар берген уақытта кейбір сахабалар да естіпті.Екіншісі: Бір риуаятта былай деп айтылады: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм хабар бергеннен кейін: «биссмилләһ» деп жеңдер! Сонда у әсер етпейді - депті. Дегенмен бұл риуаятты ибн Хажери Аска-лани қабылдамайды, бірақ басқалары қабылдап отыр.Үшіншісі: Һәм сұм яһудилер, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға және ең жақын деген сахабаларға аңдамай тұрғанда әрдайым қастандық жасағысы келетін. бірақ, осы-лай кенеттен ғайби хабар келіп жоспарлары әшкерленіп,
84мақсат-айлалары іске аспай қалатын. Сондай-ақ, Ардақты Пайғамбарымыздың айтқандарының бәрі дәл келіп, ха-барлары дұрыс болып ешқашан мүлт кетпеген. Сондықтан “Маған мына ешкінің еті айтып тұр” дегені сахабаларға өз құлағымен ешкінің өзінен естігендей нақты хабар. Үшінші мысал: Хазреті Мұса Алейhиссаламның “нұр шашқан қолы” және “аса таяқ” мұғжизасына ұқсас Ардақты Мұхаммедтің (с.ғ.с) үш мұғжизасы баяндалмақ. Біріншісі: Хадисті Имам Ахмед ибн Ханбел, Әби Самид-ил Худриден алып, растап былай дейді: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, Қатаде ибн Нұғманға қараңғы әрі жаңбырлы түнде бір таяқ беріп былай дейді:“Бұл саған шам сияқты он аршын жерге дейін жарық береді. Үйіңе барғаныңда бір қара сұлба көлеңке көресің. Ол – шайтан. Оны үйіңнен аластап, шығарып жібер!”. Қатаде таяқты алып үйіне кетеді. Расымен таяқ, Мұса Алейhиссаламның “нұр шашқан қолы” сияқты айналасы-на жарық береді екен. Үйіне барғанда қара сұлбаны көріп, қуып жіберген деседі.Екіншісі: Ғажайып оқиғаларға толы Бәдір соғысында Уққашә ибн Михсан-ил Әседидің қолындағы қылышы сынып қалады. Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм оған қылышының орнына жуандау бір таяқ беріп, “мына-умен соғыс!” дейді. Кенет әлгі таяқ Аллаһтың қалауымен ұзын, ақ түсті қылышқа айналып кетеді де Уққашә соны-мен соғысады. Өмір бойы, тіпті, сонау Иемаме соғысында шәйіт болғанға дейін оны бір сәт қасынан тастамапты. Бұл оқиғаның растығына шүбә жоқ. Өйткені Уққашә өмір бойы оны мақтан тұтқан әрі қылышы: «Әл-аун», яғни демеуші деген атпен әйгілі болған. Хазреті Уққашәнің мақтануы және қылышының демеуші деген атпен әйгілі болуы сол оқиғаның дәлелі.
85Үшіншісі: Мына бір оқиға сол ғасырдың ғалымы және Әhл-и Тахқиқтің яғни зерттеуші ғалымдардың атақтысы ибн Абд-ил-Беррден риуаят етіліп, расталған екен. Ухуд соғысында, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің нағашы апасының баласы Абдуллаh ибн Жахштың шайқасып жүріп қылышы сынып қалады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм оған бір таяқ береді. Ол таяқ қылышқа айналып, сонымен соғысқан екен. Сол мұғжизаның әсерімен қылыш сол күйінде қалып қояды. Әйгілі ибн Сәйид-иннас кітабында былай дейді: кейін, уақыт өте Абдуллаhтың әлгі қылышы «Бұғай түрки» дейтін адамға екі жүз лираға сатылып кеткен. Міне, осы екі қылыш Мұса Пайғамбардың (ғ.с.) таяғына ұқсас мұғжиза. Бірақ, Мұса (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін таяғының мұғжиза қасиеті қалмады. Ал бұлар сол қалпында қалған.ОН ҮШІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА: Мұхаммед Алейhиссалату Уәссәләмнің мұғжизалары hәм тәуәтүр дәрежесінде, hәм мысалдары өте көп. Тағы бір түрі, ол Кісінің (с.а.у) қасиетті де шипалы демімен ауру-науқастар, жарақат алғандар тәуір болып шипа табуы. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) мұндай мұғжизалары мағынауи тәуәтүр дәрежесінде. Олардың кейбірі бір ғана адаммен риуаят етілсе де хадис ілімінің білікті имамдары растап, куәлік еткендіктен толық қанағаттандырады. Біз де өте көп мысалдарынан бірнеше мысалын баян етеміз. Бірінші мысал: Мағриб ғалымы Қады Ияз Шифа-и Шәриф кітабында нақты түрде рауилердің тізбегін келтіре отырып былай дейді: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің қызметшісі әрі қолбасшысы және Хазреті
86Омардың заманында Ислам әскерін басқарған, сондай-ақ Иранды жеңіп алған Ашере-и Мүбашшереден Хазреті Сағад ибн Әбу Уаққас айтады: Мен Ухуд соғысында Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің жанында едім. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм сол күні садағы сынғанға дейін кәпірлерге оқ атты. Ақырында оқтарын маған беріп: “Ат!” деді. Оқтарының қауырсыны жоқ болатын. Мен, Расулуллаһтың әмірімен атқанымда оқтар қанаты бардай зымырап, кәпірлерге дәл тиіп қадалып жатты. Содан Қатаде ибн Нұғманның көзіне бір оқ тиіп, көзі ұясынан шығып сыртқа салбырап қалды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм мүбәрак, ши-палы қолымен көзін қайтадан ұясына салып берді. Көзіне ешнәрсе болмағандай сол мезетте-ақ жазылып кетті. Осы оқиға кеңінен тараған. Тіпті, Қатаденің ұлы, Омар ибн Абдулғазиздің алдына келгенде, өзін өлең шумақтарымен былай деп таныстырыпты(Сілтеме ) яғни, *“Мен, оқ тиіп көзі шығып кеткенде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің өзі қолымен орнына салып, дереу тәуір болып, жазылып кеткен кісінің ұлымын. Ең әдемі көз сол кісінің көзі еді” деген мағынада өлең шығарған екен. Әрі, нақты дәлелдермен былай деген хабар бар: Иәум-и Зикарад деп аталған соғыста, Әйгілі Әбу Қатаденің жүзіне бір оқ кеп қадалады. Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм мүбәрак қолымен әлгі жарақат алған жерді си-пап жібереді. Әбу Қатаде айтады: “Ауырғанын мүлдем сезгенім жоқ“. Сілтеме:
87Екінші мысал: Әу баста Бұхари мен Мүслим, са-хих кітаптар былай деп хабар беруде: Хайбер соғысында Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, ержүрек ба-тыр Хазреті Алиді қолбасшы етіп тағайындаған бола-тын. Бірақ Алидің көздері қатты ауырып тұрған-ды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, көзіне өзінің ши-палы түкірігін жағып еді дереу жазылып кетті. Таңертең Хайбер қорғанының өте ауыр темір есігін жұлып алып, қалқан ретінде пайдаланды. Сөйтіп Хайбер қорғанын мұсылмандар жеңіп алды. Әрі сол соғыста, Селеме ибн Әкуаның аяғына қылыш тиіп жарақат алады. Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм жарасына демін үрлегенде бірден аяғы жазылып кетеді. Үшінші мысал: Несаи бастаған сияр жазушылар, Осман ибн Хүнейфтен алып былай хабар беруде: Осман айтады: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің жанына бір соқыр келіп: “Көзім ашылсын, дұға етіңізші!” деді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, оған:деп бұйырды. Ол айтқанын бұлжытпай орындап еді көзі ашылып, жақсы көретін болды. Төртінші мысал: Белгілі Имам ибн Уәhәб ай-тады: Бәдір соғысының он төрт шәһитінің бірі Муауу-из ибн Аффа, Әбу Жәhилмен қылыштасып жатқанда,
88лағнет атқыр Әбу Жәhил, оның бір қолын шауып тастай-ды. Ол сау қолымен шабылған қолын ұстап Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға келеді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм шабылған қолды орнына қайта жабыстырып, түкірігін жаққанда бірден шипа тауып, қайтадан соғысқа аттанып, шәһит болғанша соғысыпты. Һәм Имам Жәлил ибн Уәhhәб айтады: Сол соғыста Хубейб ибн Ясафтың иығына қылыш тиіп, екіге бөлініп қалғандай ауыр жарақат алды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, оның қолын иығына жабыстырып, демін үрлеп еді жазы-лып кетті.Міне, осы екі оқиға расында бір кісінің айтуымен ғана жеткен хабар. Бірақ ибн Уәhәб сынды бір Имам растаған болса, оның үстіне Бәдір сияқты мұғжизалар көп болған соғыста болса, әрі осы екі оқиғаны еске түсіретін мысалдар баршылық болса, әлбетте, бұл екі оқиға да сахих, сенімді деуге болады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің киелі қолы шипалы екенін дәлелдейтін мыңнан астам мұғжизалар, нақты хадистер бар.Сұрақ: Сен көп оқиғаларды баршаға мәлім дейсің. Ал біз олардың көбін бірінші рет естіп отырмыз. Тәуәтур ха-бар анық болмаушы ма еді?Жауабы: Шариғат ілімінің ғұламаларына ап-анық, мәлім көптеген мәселелер басқалар үшін беймәлім бо-луы мүмкін. Хадис ғалымдары баршаға мәлім деп жүрген риуаяттардың көпшілігі өзгелер үшін, еш естілмеген, беймәлім болуы мүмкін. Әрбір пәннің өз маманы сол пәнге қатысты анық нәрселерді, нақты көзқарас, пікірлерді ба-яндайды. Ауам халық болса, сол пәннің маманына сеніп қабылдайды немесе өзі зерттеп көз жеткізеді.
89Міне, осы жерге дейін айтылған баршаға мәлім немесе мағынауи тәуәтур дәрежесіндегі сахих риуаят-оқиғалар, хадис ілімі мамандарына hәм, шариғаттанушыларға, hәм Ислам негіздерін зерттеуші ғалым-ғұламаларға, одан да басқа ілім ізденушілерге таныс, әрі көпшілік мойындаған хадистер. Ұйқыда жүрген қауым, бұқара немесе осы ақиқаттарға көзін жұмып алған надандар білмесе өздері кінәлі.Бесінші мысал: Имам Бағауидың дәлелдеп және растаған хабары бойынша: Хендектегі соғыста кәпірлермен шайқаста Али-ибн Хакемнің аяғы сына-ды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қолымен әлгі жарақатты сипаған сәтте құлан таза жазылып кетеді. Тіпті атынан да түспепті.Алтыншы мысал: Имам Бейhаки бастаған ха-дис имамдары арқылы жеткен хабарда: Бірде Имам Али қатты сырқат еді. Тіпті қатты қиналғаны сонша өзіне-өзі дұға етіп ыңырсып жатқан-ды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм келіп: дейді де аяғымен түртіп: “Тұр!” дегенде бірден тәуір болып кеткен екен. Имам Али: “Одан кейін ол аурумен қайта ауырмадым” дейді.Жетінші мысал:Шуреhбил-әл-Джуфидің әйгілі қиссасы. Ол бірде алақанындағы ісіктің кесірінен қылышты тіпті аттың тізгінін де ұстай алмай хәлге жетеді. Расулуллаh Алеhиссалату Уәссәләм ісікті сипап мүбәрак қолымен уқалайды. Сонда ісіктен із де қалмапты. Сегізінші мысал:Алты бала Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мұғжизасына бөленгені жай-лы.
90Біріншісі: Ибн Әбу Шейбе (кәміл мухаққиқ және әйгілі хадис ғалымы) былай деп хабарлайды: Бір әйел, баласын Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға алып келеді. Әлгі балаға бір нәрсе болған яғни мылқау әрі ақылы жетілмей қалған. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм, бір ұрттам сумен аузын шайып, онымен қолын жуады да сол суды әйелге беріп: “балаңа ішкіз!” деп бұйырды. Бала әлгі суды ішкеннен кейін ауруынан айығып, бәлесінен еш нәрсе қалмайды. Ақылы тез жетіліп кемелденгені сонша, да-нышпан болып кетеді. Екіншісі: Бізге жеткен сахих риуаяттар бойынша, Хазреті ибн Аббас былай дейді: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссаламға есі ауысқан бір баланы алып келді. Мүбәрак қолын кеудесіне қойып еді, бала бірден лоқсып, құсып жіберді. Ішінен кішкене қияр сияқты қара бір нәрсе шықты. Бала сол сәтте жазылып кетті.Үшіншісі: Имам Бейhаки мен Несаиден жеткен са-хих риуаяттар бойынша, Мұхаммед ибн Хатиб дейтін бір баланың қолына қайнап тұрған қазан төгіліп, қолы қатты күйіп қалады. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм күйген жерін сипалап түкірігін жаққанда сол сәтте-ақ жа-зылып кетеді.Төртіншісі: Ересек, бірақ тілі шықпаған біреуді Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға алып келіпті. Пайғамбарымыз балаға: “Мен кіммін?” – деп сұраған екен әлгі бұл кезге дейін мүлдем сөйлемеген мылқау бала: яғни Сен Аллаһтың елшісісің! – деп сөйлеп кетіпті.
91ОСЫ ЖЕРІН АЛТЫНМЕН ЯКИАЛМАЗБЕН ЖАЗУҒА ЛАЙЫҚИә, алдында айтылып өткендей, алақанында кішкене тастар зікір етіп, тәсбих қылады және дегеніндей уысына алған кішкене тас-топырақ зеңбіректің оғындай жауға күйрете соққы береді және дегендей саусағымен Айды екіге бөледі және он саусағынан бұлақ сияқты су ағады әрі оны бүкіл әскер ішіп шөлі қанады және дәл сол қол ауруларға ем, жаралыларға шипа болады. Олай болса, әлбетте бұл мүбәрак қол, Құдайдың құдреті, таңғажайып мұғжиза. Бейне бір алақаны достарының арасында Аллаhты зікір ететін кішігірім зікірхана. Себебі, ұсақ тастарды алақанына алса болды зікір етіп, тәсбих қыла жөнеледі. Ал, жауға қарсы Раббани шағын оқ-дәрі қоймасы секілді, тас пен топырақ оқ-дәрі болып, бомбаға айналады. Ал, жаралылар мен ауруларға Рахмани кішігірім емхана тәрізді бүкіл дертке дауа. Ал енді, қатуланып жоғары көтергенде Айды қақ айырып тастайтындай айбарлы. Ал, мейірлене төмен түскен сәтте кәусәр суы ағатын он шүмекті рақым бұлағына айналады. Апырым-ай, осындай бір Асыл Кісінің бір қолының өзі осыншама керемет мұғжизаларға бөленіп, таңғажайып оқиғаларға себеп болып жатса, ал енді ол Кісінің өзі, бүкіл болмысы (с.а.у) бүкіл әлемді жаратқан Аллаhтың алдында қаншалықты сыйлы екені және көтерген мәселесіне өте сенімді екені және ол қолмен бият еткен-дер, қол ұстасып соңынан ергендер зор бақытқа ие бола-тыны анық әрі түсінікті болар!
92Бесінші бала: Яказа әлемінде, яғни, көзі ашық, *көкірегі ояу әрі саналы түрде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмды бірнеше мәрте көріп, жүздескен Жәлаледдин Суюти сынды өз дәуірінің танымал имамы, ілімі дариядай ғұлама айтады: Кейін Мүбәрек-ул Иемаме атымен әйгілі болатын бір кісіні дүниеге келген кезінде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның жанына алып келді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм оған назар ауда-рып қараған сәтте нәресте күлімсіреп: депті. Мұны естіген Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм: “Барекаллаh” депті. Нәресте содан үлкейгенге дейін сөйлемей жүріпті. Әлгі сәби, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осы мұғжизасына және “Барекаллаh” деген дұғасына бөленгендіктен “Мүбәрек-үл-Иемаме” деген лақаппен елге танымал болыпты.Алтыншы бала: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм намаз оқып тұрғанда бір қыңыр бала алдын кесіп өтеді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм: дейді. Бала сол жерде қимылдай алмай қалады. Осылайша қыңырлықтың жазасын тартса керек. Жетінші бала: Ұялу дегенді білмейтін, бала сияқты бір әйел Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм тағам жеп отырғанда қасына барып бір шайнам тамақ сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) сұрағанын береді. Әлгі әйел: “Жоқ, аузыңдағыны бер!” дейді. Оны да береді. Сонда әлгі ұятсыз әйел оны жегеннен кейін өте ұялшақ болып Мәдина әйелдерінен де ибалы, өте ұялшақ болып кетеді. Яказа- ояу, саналы түрде, өте мұқият бір жағдай.
93Міне, осы сегіз мысал ғана емес сексен сегіз жүз мысал келтіруге болады. Басым көпшілігі әртүрлі кітаптар мен хадистерде баяндалған. Иә, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің мүбәрак қолы Лұқпан Хакимнің емха-насы тәрізді, ал түкірігі Хазіреті Қыдырдың абыл-ха-ятындай тұнық бұлаққа ұқсайды және демі Хазреті Иса Алейhиссаламның демі іспеттес дертке дауа. Жал-пы, адам баласы өмірде ауру-сырқауға, пәлекеттерге жиі ұшырайтыны белгілі. Олай болса міндетті түрде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға өтініш жасап, ау-руынан жазылғысы келген науқастар көп болған. Түрлі аурулар, ауыр жаралылар, есі ауысқандар толассыз келіп жатқан, барлығына шипа қонып, жазылып тәуір болып кеткен. Тіпті, қырық мәрте қажылыққа барып, қырық жыл таң намазын құптан намазының дәретімен оқыған Табиғиннің ірі имамдарының бірі, көптеген сахаба-лармен жүздескен Таус деген лақабымен танымал Әбу Абудрахман-ул Иеманидің айтқан нақты хабарында былай делінген: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға қаншама есі ауысқан кісілер келсе Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм кеудесіне қолын қойса болды тәуір болатын, тәуір болмаған адам жоқ. Міне, Пайғамбарымыздың (с.а.у) алтын ғасырын көзімен көрген ірі Имам осылай сенімді әрі дәйекті түрде айтып тұрса, әлбетте оған келген қандай да науқас жандар міндетті түрде емделіп, тәуір болып кеткен. Олай болса, әлбетте, келушілер де көп болары хақ.ОН ТӨРТІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің түрлі мұғжизаларының бірі және өте маңыздысы дұғасы арқылы болған мұғжизалар.
94Иә, мұндай мұғжизасы шүбәсіз әрі баршаға мәлім. Мысалдарының көптігі сонша сан жетпейді. Баршаға аян тіпті әйгілі десе де болады. Бір бөлігін атақты имамдар жеткізгендіктен шүбәсіз сенуге тура келеді. Біз қазір ел арасында кең тараған кейбіреуін мысал ретінде айтып біршама тоқталып өтеміз.Бірінші мысал: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің ел арасында кең тараған жаңбыр дұғасы. Ол көп мәрте қайталанып әрдайым әрі жылдам қабыл бола-ды екен. Мұны Имам Бұхари, Имам Мүслим бастаған ха-дис имамдары риуаят еткен. Тіпті, кейде мінберде тұрып жаңбыр дұғасына жайған қолын түсермей жатып жаңбыр жауған деседі. Алдында айтып өткеніміздей, бір екі мәрте Ислам әскері шөлде қалған уақытта бұлт келіп жаңбыр жауған. Тіпті, Пайғамбарлық келмей тұрып кішкентай кезінде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің атасы Аб-дулмутталиб, Оның (с.а.у) құрметі үшін Аллаһтан жаңбыр сұрайтын еді. Оның (с.а.у) құрметіне жаңбыр жауатынын Абдулмутталибтің жазған өлең жолдарынан байқаймыз. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.у) қайтыс болғаннан кейін Хазіреті Омар Хазіреті Аббасты желеу ретінде пай-даланып: “Я, Раб! Бұл Сенің Хабибіңнің бауыры! Соның құрметі үшін жаңбыр бере гөр!” десе жаңбыр жауатын көрінеді. Сондай-ақ, Имам Бұхари, Мүслим былай деп ха-барлайды: Жаңбыр сұрап дұға етілуін өтінді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қолын жайып дұға қылды. Жаңбырдың жауғаны сонша, “Өтінеміз! Дұға қылыңыз, тоқтасын!” деуге мәжбүр болды. Дұға қылып еді жаңбыр сап тыйылды.
95Екінші мысал: Ел арасында кең тараған бір оқиға: Сахабалардың саны әлі қырыққа жетпеген кез. Расул-ы Әкрәм Алейhиссалату Уәссәләм жасырын құлшылық ететін. Бірде былай деп дұға қылды:Бір-екі күннен кейін Хазреті Омар ибн Хаттаб иманға келді. Дін Исламды ашық түрде жария қылып, мұсылмандардың абыройын асқақтап, діннің мерейі көтерілді. Ол “Фаруқ” деген ұлы есімге ие болды.Үшінші мысал: Кейбір таңдаулы сахабаларға әр түрлі мақсатта дұға қылған. Дұғасы таңғажайып түрде қабыл болғандықтан мұғжиза дәрежесіне жеткен. Осыған байланысты Бұхари мен Мүслимнен жеткен риуаяттарда: Ибн Аббасқа былайша дұға еткен екен: Дұғасының қабыл болғаны ғой, Ибн Аббас Құранды сөйлеткен, яғни аудармашы деген әйгілі атаққа ие болды әрі «Хабр-үл Үмме» яғни, үмметтің ғұламасы деген ұлы атаққа ие болды. Тіпті, Хазреті Омар оны өте жас кезінде-ақ ғұламалар мен үлкен сахабалардың мәжілісіне апарып, қатыстырушы еді.Сондай-ақ, баста Имам Бұхари болып сахих хадис кітаптарында былай делінген: Әнәстің анасы, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға: “Сізге қызмет етіп жүрген мына Әнәстің балалары көп әрі бай болсын деп дұға қылыңызшы!”- деп өтінген. Сонда Расулуллаһ (с.а.у):
96деп дұға еткен екен. Өмірінің соңында Хазіреті Әнәс ант ете былай деген: “Мен өз қолыммен жүз баламды жерледім. Менің дүние-байлығыма ешкім жете алмас, әрі бақытты боп рахат өмір сүрдім. Дүние-мүлкімді көріп отырсыздар өте көп. Бұлардың бәрі сол Нәбидің дұғасының берекеті”.Һәм Имам Бейhаки бастаған хадис имамдары былай дейді: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Ашере-и Мүбашшереден Абдурахман Бин Ауфқа байлығының мол әрі берекелі болуы үшін дұға еткен. Әлгі дұғаның берекетімен мол байлыққа кенелгені сонша бір мәрте жеті жүз түйені жүктерімен бірге “фий сәбилиллаh” дін үшін садақа қылған. Міне, Нәбидің дұғасының берекетіне қараңыздар... “Бәрекаллаh” деңіздер... Һәм Имам Бұхари секілді хадис рауилері былай деп ха-барлайды: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Уруә ибн Әбу Жағдеге саудасы табысты болуы үшін береке тілеп, дұға қылды. Уруә айтады: «Мен кейде Куфе базарында тұрып, үйге бір күнде қырық мың манат пайда тауып ора-лушы едім». Имам Бұхари ол туралы былай дейді: “Ол қолына топырақ алса одан да бір табыс табатын”. Һәм Абдуллаh ибн Жағфарға мол байлық, береке тілеп дұға етті. Хазреті Абдуллаh ибн Жағфар зор байлыққа кенелгені сонша сол ғасырда ең атақты бай кісі болған. Нәбидің дұғасының берекетімен тек байлығымен емес, жомарттығымен де танылған. Осы секілді көптеген мы-салдар бар. Үлгі ретінде осы төрт мысалға қанағат етейік.Имам Тирмизидің риуаятында былай делінген:Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм Сағад ибн Әбу Уаққасқа былай деп дұға қылды: яғни
97Сағадтың дұғалары қабыл болуы үшін дұға қылды. Сол ғасырда жұрт Сағадтың қарғыс-дұғасынан қатты қорқады екен. Дұғасының қабыл болғыштығы ғой. Һәм атақты Әбу Қатадеге қартаймай жас күйінде қалуы үшін: деп дұға етіпті. Әбу Қатаде жетпіс жасында қайтыс болғанда бетінде әжім жоқ, он бес жастағы жігіттей шырайлы болған деседі. Бұл туралы нақты дәлелдер бар. Әйгілі ақын Набиғаның мәшhүр қиссасы. Ол, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның жанында өзінің бір өлеңін оқып береді. Өлеңі былай боп келеді: яғни, “абыройымыз көкке жетті, біз болсақ одан да жоғары ілгерілегіміз келеді!” Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм әзілдеп: дейді. Ол: деп жауап береді: Яғни: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қалжыңдап: “Көктен әрі асып қайда барғың келеді, өлеңіңде сол жақты меңзепсің?” Набиға болса: “Көктердің үстіндегі жәннатқа барғымыз келеді...” депті. Сосын тағы бір шумақ өлеңін оқиды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм дән риза болып: деп дұға қылды. Яғни, “Сенің аузың аман болсын!”. Нәбидің сол дұғасының берекетімен жүз жиырма жасында Набиғаның барлық тісі аман көрінеді. Тіпті кейде тісі түссе орнына қайта шыққан деседі.
98Һәм, сахих риуаяттарда былай делінген: Имам Алиға деп дұға қылыпты. Яғни: “О, Раббым! Оған суық та, ыстық та әсер етпейтін болсын!”. Міне, сол дұғаның берекетімен Имам Али қыста жаздық киіммен, жазда қыстық киіммен жүре береді екен. Әрі бы-лай дейді екен: Сол дұғаның берекетімен ешқашан тоңып не ыстықтап көрмедім. Хазреті Фатимаға деп дұға қылыпты яғни: “О, Аллаһ! Оған аштықтың азабын шектірме!”. Хазреті Фатима айтады: “Сол дұғадан кейін еш қарным ашқан емес”. Туфәйл ибн Амр, Расулуллаh Ғалейhиссалату Уәссәләмнан өз қауымына апарып көрсету үшін бір мұғжиза сұрайды. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм: дейді. Екі көзінің ортасынан бір нұр пайда бо-лады. Сосын оны таяғының ұшына көшіріп береді. Осы оқиғадан кейін ол «зиннур» атанды яғни нұрлы адам ата-нып кетті. Міне бұл оқиғалар, сахих хадистер қатарында болғандықтан, өте сенімді.Бірде Әбу Хүрейре, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға: «Мен ұмытшақ боп барамын» деп шағымданған екен. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм бір орамал жайып, содан соң мүбәрак алақанымен ғайыптан бір нәрсе жинағандай әлгі бет орамалдың үстіне қояды. Екі-үш мәрте осылай істеген соң Әбу Хүрәйреге: “Енді орамалды жинастыр!” – дейді. Әбу Хүрейре орамал-ды жинастырады. Нәбидің осы мағынауи дұғасынан кейін өзі айтады: “Ант етемін одан кейін ешнәрсені ұпытқан емеспін».
99Төртінші мысал: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнің теріс дұғасына яғни қарғысына ұшыраған бірнеше оқиға баяндалмақ. Біріншісі: Парсының падишахы Перуиз Нәбидің жібер-ген хатын жыртып тастайды. Расулуллаh Ғалейhиссалату Уәссәләм хатының жыртылғанын естігенде қапа болып, былайша теріс дұға қылады: “О, Раббым! Менің хатымды қалай жыртқан болса Сен де оны және оның сал-танатын астаң кестеңін шығар!”. Осы теріс дұғадан кей-ін әлгі Кисра Перуиздің ұлы Шируие әкесін қанжармен турап тастайды ал, Сахаба Сағад ибн Әбу Уаққас бол-са оның патшалығын тас-талқанын шығарады. Сасани мемлекеті әбден күйреп жермен жексен болады. Алайда Қайсар және өзге патшалар, Нәбидің хатын құрметтегені үшін көп зиян шекпей аман қалған. Екіншісі: Бұл оқиға халық арасында кең тараған және оған Құранның аяттары да ишара етеді. Исламның алғашқы кезеңінде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм қасиетті Меккедегі Қағбада намаз оқып тұрғанда құрайыштың бас-шылары тарапынан ұйымдастырылған сұмдық жауыздық жасалады. Қапа болған Ардақты Пайғамбарымыз оларға теріс дұға қылады. Ибн Месуд айтады: «Ант етемін, әлгі сұмдықты ұйымдастырып, қарғысқа ұшырағандар Бәдірдегі соғыста бірі қалмай жер жастанып, жиіркенішті түрде жатқан мүрделерін көрдім».Үшіншісі: Мударие деген арабтың үлкен бір қауымы, Пайғамбар Алейhиссалату Уәссәламға сенбей өтірікке шығарғаны үшін Расулуллаһ оларға: «бастары-на құрғақшылық келсін!» деп теріс дұға қылады. Содан
100біраз уақыт жаңбыр жаумай ашаршылық, жұт бастала-ды. Мударие қауымының Құрайыш тайпасы Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмнан келіп дұға етуін сұрап жал-барынады. Дұға қылғанда жаңбыр жауып, құрғақшылық кеткен екен. Бұл оқиға тәуәтур дәрежесінде әйгілі. Бесінші мысал: Жеке тұлғаларға жасаған теріс дұғаларының қорқынышты түрде қабыл болғандығы жайлы. Бұның мысалдары көп. Нақты үш мысалын үлгі ретінде баяндаймыз.Біріншісі: Утбә ибн Әбу Ләhабқа былай теріс дұға жасаған: Яғни: “О, Раб! Оған бір итіңді жібер!”. Кейін сапарға шыққан Утбәны бір арыстан керуеннің ішінен тауып алып жеп қояды. Бұл оқиға әйгілі. Мұны хадис имамдары баяндап растаған. Екіншісі: Мухаллим ибн Джусаме дейтін біреу, Әмір ибн Азбатты жантүршігерлік түрде өлтірген-ді. Ал, Әмірді Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм жихад үшін қолбасшы тағайындап бір топ жасақпен аттандырған бо-латын. Мухаллим де солармен бірге еді. Бұл суық хабар Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмға жеткенде қатты ашуланып: деп теріс дұға қылады. Жеті күннен кейін әлгі Мухаллим өледі. Енді қабірге қойса қабір қабылдамай сыртқа шығарып тастай береді. Қанша рет қойса да жер қабылдамапты. Сосын бір дуал өріп, екі тастың ортасына мүрдесін жасыруға тура келеді. Үшіншісі: Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм біреудің сол қолымен тамақ жеп отырғанын көреді. Оған: «Оң қолымен же!» дейді. Әлгі адам: «Оң қолыммен жей алмаймын» дейді. Сонда Расулуллаh
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231