Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (с.а.у.) МҰҒЖИЗАЛАРЫ

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (с.а.у.) МҰҒЖИЗАЛАРЫ

Published by risalekz, 2020-02-05 03:11:53

Description: 1930жылы Барлада жазылған
19-MEKTUB
(Mu’cizat-ı Ahmediye)

Keywords: Mucizat-? Ahmediye

Search

Read the Text Version

151жоққа шығара алмай тек «сиқыр» деумен шектелді. Де-мек, кәпірлердің назарында да Айдың екіге бөлінгені рас. Осы үлкен мұғжиза туралы білгісі келгендер Айдың екіге бөлінуі жайлы жазылған отыз бірінші Сөзге қосымша «Шаққ-ы Қамар» рисалесін оқысын.Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм жер шарының тұрғындарына Айды екіге бөліп өзінің пайғамбар екенін дәлелдеп мұғжиза көрсетті. Сондай-ақ, Аспан тұрғындарына да Миғраж дейтін ұлы мұғжиза көрсетті. Сол бір ұлы Миғраж мұғжизасын білгісі келгендерге отыз бірінші Сөз деп аталатын Миғраж рисалесін ұсынамыз. Өйткені, Миғраж рисалесі сол мұғжизаның қаншалықты нұрлы, ұлы әрі рас екендігін нақты түсіндіріп тіпті, имансыздардың өзіне де жан-жақты дәлелдеп береді. Қазір, тек Миғраж мұғжизасының кіріспесі болған Бәйт-үл Мақдиске жасаған саяхатын және ертеңгісін Құрайыш қауымы одан Бәйтул-Мақдис туралы сұрап, суреттеп беруін талап еткен кезде болған оқиғаға қысқаша тоқталып өтеміз.Миғраж түнінің таңында Расулуллаһ өзінің Миғражға көтерілгенін құрайыштарға хабарлады. Құрайыштар сенбеді. Олар: “Егер Бәйт-үл Мақдиске барғаның рас бол-са, бізге Бәйт-үл Мақдистің қақпаларын, қабырғаларын, жалпы пішінін суреттеп бер!” – деді. Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм ол туралы былай дейді:Яғни: “Олардың өтірікке шығарып, сенбей қойған

152сұрақтарынан қатты қысылдым. Өмірімде олай қиналмадым. Кенет Хақ Тағала маған Бәйт-үл Мақдисті көрсетті. Мен, Бәйт-үл Мақдиске қарап отырып, жан-жағын түгел суреттеп бердім”. Құрайыштар оның Бәйт-үл Мақдис туралы дұрыс, дәлме-дәл хабар беріп тұрғанына көздері жетті.Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләм құрайыштарға: “Жолда бір керуендеріңді көрдім. Керуендерің ертең пәлен уақытта келеді” – деді. Жұрт сол сағатта керуенді күтуге жиналды. Керуен бір сағатқа кешікті. Сонда Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның хабары тура шығуы үшін Күн бір сағатқа тоқтап қалған деседі. Мұны Әhл-и Тахқиқ растаған, яғни, Расулуллаһты (с.а.у) өтірікке шығармау үшін Жер шары өз міндетін, яғни саяхатын бір сағатқа тоқтатқан. Бұл үзіліс Күннің тоқтауы арқылы жүзеге асқан.Міне, Мұхаммед Араби Алейhиссалату Уәссәләмның бір ғана сөзін растау үшін алып Жер шары өз міндетін кешіктіріп, алып Күн куәлік етуде. Осындай бір Кісіні мойындамай, әмірін орындамай жүрген адамдардың қаншалықты бейбақ екендігін, ал, Оны мойындап, әміріне яғни, естідік әрі мойынсұндық дегендердің қаншалықты бақытты екендігін ойла! деп Құдайға шүкір ет!ОН СЕГІЗІНШІ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА:Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның ең үлкен және мәңгілік әрі жүздеген пайғамбарлық дәлелдерді қамтитын, қырық жағымен мұғжиза екені дәлелденген тағы бір

153мұғжизасы Оның әкелген хикмет толы Құран Кәрім.Осы ұлы мұғжизаның мән-мағынасы жайлы жазылған шамамен жүз елу парақтан тұратын Жиырма бесінші Сөз, Құранның қырық жақты мұғжизасын жинақтап баяндап берген және дәлелдеген. Олай болса осы мұғжизалар қазынасы деуге лайық ұлы мұғжизаны сол сөзге тапсы-рып, тек екі-үш тұжырымын баяндаймыз.Бірінші тұжырым: Егер біреу былай десе: «Құранның мұғжизалығы оның шешендігінде» - дейді. Оның шешендігін түсінуге әркімнің ақысы бар емес пе?! Бірақ мұны тек мыңнан бір мүхаққиқ ғалым, терең зерттеуші ғұлама ғана түсіне алады, оның сыры не?Жауап: Хикметке толы Құранның әр сынып оқырмандарына арналған өзіндік қыры бар. Әркімге мұғжизасын өзіне тән деңгейде көрсетеді. Мысалы, ше-шендер мен көсемдерді өзінің керемет шешендік жағымен таңғалдырады. Ал ақындар мен жазушыларға өзінің ғажап, асқақ, аз сөзбен көп мағыналарды білдіру жағымен мұғжиза көрсетеді. Құранның осындай таңғажайып әдісі әркімге ұнап көңілдерінен шыққанымен ешкімнің сөзіне ұқсамайды. Қанша заман өткенімен құнын жоғалтпай, әрдайым өзінің балғын болмысын сақтап отырады. Үйлесіп, ұйқасын тауып, қиыннан қиыстырылған маржан сөз тізбегі. Аяттардың мағынасы терең, қол жетпестей асқақ әрі құлақтың құрышын қандыратындай керемет. Ал, көріпкелдер мен ғайыптан хабар берушілерге, Құран ғайыптан хабар берудің таңғажайып түрін көрсеткен. Та-рихшылар мен әлемдегі оқиғаларды зерттеуші ғалымдарға болса, Құран ғайби хабарлар беріп, бұрыңғы өткен үмметтер мен тарихи оқиғалар жайлы және болашақ, бер-зах пен ақырет туралы баяндап оларды да таңғалдырған.

154Қоғамдық өмірді зерттеуші ғалымдар мен саясат–шыларға Құран өзінің қасиетті қағида-заңдары арқылы мұғжиза көрсетті. Құраннан шыққан Ислам шариғаты мұғжизалығымен заңгерлерді таңғалдырған. Бұл да өзінше бұлтартпас дәлел. Иләhи мағлұматтар мен жаратылыстың ақиқаттарын зерттеумен шұғылданғандарға Құран Иләhи ақиқаттарды керемет баяндап, өзінің мұғжиза екенін тағы көрсетті яки сездірді. Тариқатшылар мен әулиелерге Құран өзінің теңізінде әрдайым толқып, шалқып жатқан аяттарының сырларын ашып, өзгеше бір мұғжиза көрсетті. Тағы сол сияқты... Қырық жағымен әрбір сыныпқа өзіндік қырымен ашылып, мұғжизасын көрсетуде. Тіпті тек құлақпен тыңдап, мағынасын біршама түсінетін қарапайым халықтың өзі Құранның оқылуынан-ақ өзге кітаптарға ұқсамайтындығын мойындайды. Қарапайым халық: “Мына Құран мен тыңдаған кітаптардан бөлек, мүлдем ұқсамайды. Я бәрінен төмен. Бірақ мұны ешкім тіпті дұшпан да айта алмайды, бұған сенудің өзі күлкілі. Олай болса, мен тыңдаған кітаптардан ерекше, жоғары. Ендеше мұғжиза болғаны ғой” дейді. Міне, осы қарапайым халық түсінген кереметтігі одан әрі көрінуі үшін көмек ретінде біршама түсініктеме жасай-мыз. Мұғжизаға толы Құран Кәрім көктен түскен уақытта бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп қызу айтысқа шақырды. Мұны естігендер арасында екі сезім оянды:Біреуі: Достарының бойында еліктеу сезімі пайда бол-ды, яғни, сүйікті Құранның үлгісіне сай, соған ұқсатып сөйлеуге қызығып, сол сияқты сөйлесем деген күшті сезім.Екіншісі:Дұшпандарында оны сынап-мінеу, бәсекелесу яғни Құранға қарсы шығып, сол сияқты сөз саптап, оның кереметтігін төмендету.

155Міне, дүниеде осы екі күшті сезімнен миллиондаған арабша кітаптар жазылып, араб әдебиеті жарық көрді. Енді сол кітаптардың ең көркемін, ең әдемісін Құранмен салыстырып, қатар оқылса, тыңдағандар жаппай: «Құран бұлардың ешбіріне ұқсамайды» дейді. Демек Құран, олардың деңгейінде емес. Олай болса, Құран я барлығынан төмен. Бұл әрине жүз есе қисынсыз әрі ешкім, тіпті, шай-тан да оған сене қоймас.(Сілтеме ) Олай болса, Қасиетті *Құран барлық кітаптардан жоғары. Тіпті, мағынасын түсінбейтін қарапайым халыққа Құран Хаким өзінің жалықтырмау жағымен мұғжиза екенін көрсетеді. Иә, әлгі надан адамның өзі: “Ең әдемі, керемет бір өлеңді екі-үш мәрте оқысам я тыңдасам жалығып кетемін. Ал Құран болса, еш жалықтырған емес. Керісінше тыңдаған сайын тыңдағым келіп, жаныма жағып барады. Олай болса, бұл адамның сөзі емес!” дейді. Сондай-ақ, жаттап алуға тырысқан балаларға да өзінің кереметігін көрсетуде. Бір парақты жадына сақтай алмай-тын балалардың нәзік әрі қарапайым миларына Қасиетті Құран көп жерлерінде шатастырып, ауыстырып алуға се-беп боларлық бір-біріне ұқсаған аяттары бола тұра соған қарамастан өте жеңіл, барынша оңай жатталады. Бұл оның мұғжиза қасиеті.Сондай-ақ, айқай-шудан тіпті аз ғана сөзден маза-сызданатын ауыр науқастарға әрі өлім аузында жатқан ауруларға Құранның сазды әуенмен оқылатын аяттары зәм-зәм суындай хош, құлаққа жағымды естілуі мұғжиза екенінің бір белгісі.Сонымен, әртүрлі деңгейдегі адамдарға Құран Ха-Сілтеме: Жиырма алтыншы Мектубтың маңызды бірінші бөлімі, осы сөйлемнің сілтемесі және түсініктемесі.

156ким қырық жағымен өзінің мұғжизалығын көрсетеді яки сездіреді. Ешкімді де құр қалдырмайды. Тіпті тек қана көзі бар (сілтеме ) құлағы жоқ, сезімдері дамымаған, білім *деңгейі төмендерге де Құранның мұғжиза екенін көрсету үшін Хафыз Османның қолжазбасымен және баспадан шығып жатқан Қасиетті Құранды ұсынамыз. Оның аят-тары бір-бірімен үйлесіп, сәйкес түрде беттесіп жатыр. Мысалы, «Кәhф» сүресінде: сөзінің астындағы парақтар тесілсе, «Фатыр» сүресіндегі сөзіне азғантай ғана ауытқумен дәл келеді. Осылайша қиссадағы иттің аты шығады. Ал, «Ясин» сүресіндегі екі мәрте сөзі үсті-үстіне келіп және «Уәссаф» сүресіндегі мен бір-бірімен тағы да беттесіп үйлесіп тұр. Үстінен біреуі тесілсе өзгелері аз бір ауытқумен дәлме-дәл көрінеді.Мысалы, «Сәбә» сүресінің соңындағы және «Фатыр»сүресінің бас жағындағы екі сөзі бір-бірімен беттесіп тұр. Бүкіл Құранда үш-ақ жерде кездесетін сөзінің екеуі бір-бірімен дәлме-дәл беттесуі әрине кездейсоқ емес. Бұған ұқсас мысалдар өте көп. Тіпті бір сөйлем, бес-Сілтеме: Тек қана көзі бар, құлақсыз, сезіп білмейтіндер сатысына қараған мұғжиза жағы, бұл жерде өте аз, қысқа және жеткіліксіз қалды. Бірақ бұл мұғжиза жағы Жиырма тоғызыншы, Отызыншы Мектубтарда (кіші сілтеме) өте әсем, нұрлы, көрнекті және ашық көрсетілген. Тіпті көр адамның өзі де көре алады. Сол мұғжиза жағын көрсететін бір Құран жаздырдық. Иншааллаh бастырылып шығады. Әркім әлгіндей әдемі жақтарын көре алатын болады.Шағын бір сілтеме: Отызыншы Мектуб өте әдемі жоспарланып, ниет етілген болатын. Бірақ орнына, Ишарат-ул Ижаз кітабы шықты да, ол жарыққа шықпады.

157алты жерде парақтардың астында, азғантай ауытқумен бір-біріне сәйкес, беттесіп жатады. Мен, ашық тұрғанда екі парағы бір-бірімен сәйкес, беттестіргенде сөздері дәлме-дәл келетін, әрі оларды қызыл түспен жазған Құран көрдім. “О, тоба мұның өзі мұғжизаның тағы бір түрі ғой!” деп таң қалдым. Кейін тағы да қарағанымда, Құранның әр парағында бір-бірімен байланыста, өзара сәйкес көп сөйлемдер бар екенін байқадым. Мағынасы да орналасуы да керемет көрініс беріп өзара үйлесіп тұр. Міне, Қасиетті Құранның орналасу жүйесі Нәбидің көрсетуі арқылы болғандықтан және бастырылып таратылған Құрандар да Аллаhтың әмірімен болғандықтан Құран Хакимнің нақышында, жазу үлгісінде мұғжизаның тағы бір түрін көрсететін белгі-нышандар бар. Өйткені, әлгіндей жағдай кездейсоқ немесе адамның қолының келер іс емес. Деген-мен, кейбір сәйкес келмейтін жерлері бар, ол баспаның кемшілігі. Мұнтаздай тыянақты жасалғанда сөйлемдер де дәлме-дәл келіп, бір-бірінің үстіне түсер еді. Соны-мен қатар, Құранның Мәдинада түскен орташа және ұзын сүрелерінің әрбір парағында “Лафзуллаh” (Аллаh есімі) өте ғажап түрде ретпен қайталанып отырады. Көбінесе бес, я алты, я жеті, я сегіз, я тоғыз, я он бір мәрте қайталанумен бірге, бір парақтың екі бетінде және қарама қарсы келген парақтарда реттік сандарының әдемі әрі мағыналы түрде сәйкестігі байқалады. (Сілтеме )*Сілтеме : 1Аллаhты мадақтап, мінәжат етушілерге, Құранның әшекейлі, ұйқасымды сөздері мен шешендік шебер әдісі және назарды өзіне аударатын көсемдігінің ерекшеліктері көп. Сонымен бірге өзінің асқақ шынайлығын сақтай отырып Аллаhтың барлығын және бірлігін еске салып, құзырдан айырмайды. Алайда әлгіндей шешендік ерекшелік пен шебер сөз, жүйелілік пен ұйқастық сөздің шынайлығын азайтып жібереді. Әдемі ұйқастыққа көп мән берілгендіктен құзырды бұзады, көңілді алаңдатады. Тіпті мінәжаттың ең әдемісі, ең ұлы сөздермен

158тізбектелген, әрі Мысыр елінің жоқшылық пен қуаңшылықтан аман қалуына себеп болған Имам Шәфидің әйгілі мінәжатын көп оқушы едім, қарасам ұйқасымды, өлең сияқты болғаны үшін, мінәжаттың асқақ шынайылылығына зақым келген. Сегіз тоғыз жыл бойы жиі оқыған дұғам еді. Шынайы жалбарынған сезімді, ондағы ұйқас, өлең сөзге жарастыра алмадым. Кейін Құранның ерекше, өзіндік, айрықша ұйқастығында, жүйелілігі мен ерекшелігінде тағы бір мұғжиза көргендіктен Құранның шын жалбарынған сезімді де, құзырды да сақтап, бұзбайтынын түсіндім. Міне мінәжат оқып жалбарынушылар мен мадақтаушылар, осындай мұғжизаны ақылмен түсінбесе де жүрегімен сезеді.Сілтеме 2Түсіндірмесі мұғжиза болған Құранның мағынауи мұғжизасының бір сыры мұнда жатқандай: Құран, Аллаhтың ұлы есімдеріне бөленген Расул-ы Әкрәм Ғалейhиссалату Уәсәләмның қуатты иманын, оның өте нұрлы дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар, ақырет әлемі мен Аллаhтың ауқымды басқаруындағы әлемдердің ұлы ақиқаттарын қасиетті бір карта сияқты суреттеп баяндайды. Өте үлкен, жан-жақты және ең жоғарғы хақ дінінің ұлы мәртебесін өмірмен ұштастырып түсіндіреді, дәріс береді. Сонымен қатар әлемнің Жаратушысын барлық жаратылыстың Рабб (иесі) ретінде, оның соңсыз құдіретін, айбындылығын, сөзін түсіндіреді. Әлбетте Құранның мұндай түсіндіруіне, мұндай баяндамасынасыры бойынша бүкіл адамның ақылы бірігіп, бір ғана ақыл болса да қарсы шыға алмайды, айтыса алмайды.Өйткені, мына үш негізгі көзқарас тұрғысында қайталау немесе ұқсату мүмкін емес.Сілтеме .3 Құран-ы Хакимнің барлық парақтарының соңында аят аяқталып отырады. Соңы әдемі бір ұйқастықпен бітеді. Бұның сыры мынада: Ең үлкен аят болған Мүдайене аяты (Бақара - 281) Құранның парақтары үшін, ал Кәусәр мен Ықылас сүресі жолдары үшін өзіндік өлшем ретінде қабылданғандықтан, Құран-ы Хакимнің осынау әсем ерекшелігі мен кереметтік белгісі таң қалдырады.Сілтеме .4 Бұл мақамның осы бөлімінде өте маңызды, айбынды және ұлы, сондай-ақ, Рисале-и Нұрдың жетістігі тұрғысынан өте әсем, сүйкімді, әрі ынталандыратын ғажайып кереметтің аз ғана

159Екінші тұжырым:Хазреті Мұса Алейhиссаламның заманында ең өзекті нәрсе сиқыр болғандықтан мұғжизалардың басым көпшілігі сол түрден болатын. Ал, Хазреті Иса Алейhиссаламның заманында медицина, емшілік ілімі бірінші дәрежеде болғандықтан мұғжизаларының көпшілігі шипамен қатысты болған. Ал, Расулуллаh Алейhисаллату Уәссаләмның заманында араб түбегінде төрт нәрсе өзекті болып жоғары бағаланатын. Біріншісі: Ділмәр болу, ойын дәйекті әрі анық жеткізу.Екіншісі: Өлең-жыр және шешендік өнері.Үшіншісі: Көріпкелдік, ғайып туралы хабар беру. Төртіншісі: Өткен заманғы оқиғаларды, тарихты білу және дүние таным, жаратылыстану.Міне, сөзге шешен, баяны мұғжиза Құран түскен уақытта осы төрт нәрсені жетік меңгерген мамандарға қарсы майдан ашты. Ең алдымен суырып салма және шағын, қысқаша үлгілеріне, жай ғана белгілеріне асығыстық деген бәленің кесірінен қанағат қылынды. Алайда әлгі ұлы ақиқат пен тәуафуқтың (сәйкестік) бес-алты түрін және Рисале-и Нұрдың жалғаса беретін бір кереметін, Сондай-ақ, Құранның көзге де көрінетін белгілі мағынадағы мұғжиза сәулелерін және ғайыптан хабар беретін белгілердің ишараларын қамтиды. Кейіннен, Құрандағы Аллаh сөздерінің бір-бірімен сәйкес келуінен шыққан мұғжизасының бір сәулесін көрсететін Құран жаздырылды. Сонымен қатар Румузат-ы Семание атты сегіз кішкене рисале жазылды. Ол, Құран әріптерінің бір-бірімен сәйкес келуінен шыққан әсем байланыс пен ғайыптан білдірілген ишараларын баяндайды. Және де Рисале-и Нұрдың бір-бірімен сәйкес келу сырын қуаттап, жоғары бағалаған, мақтаған Керамет-і Гаусие және үш Керамет-і Алевие және Құранның ишаралары атты бес кітап жазылды. Демек, Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизаларының жазылуындада әлгі үлкен ақиқат жинақы түрде байқалады. Бірақ өкінішке орай автор жалғыз бір жағын, бір ұшқынын көріп ғана көрсеткен, ар жағына үңіліп қарамай асығып жүріп өткен.

160ділмәрларды бірден тізе бүктірді. Олар ауыздарын ашып таңқала Құранды тыңдады. Сосын тілге шешен, аузы орақтай ақын-шешендерді қайран қалдырғаны сонша, ау-ыздарынан суы ағып аң-таң болды. Алтынмен жазылып Қағбаның қабырғасына мақтан үшін іліп қойған әйгілі “Муаллекат-ы Себғаны” (Таңдаулы жеті өлең) ілініп тұрған жерінен алып тастатты. Өйткені қадірі қалмады. Ғайыптан хабар беруші көріпкелдер мен сиқыршылардың үнін өшірді. Оларға ғайыптан алатын хабарларын ұмыттырды. Жын-перілерін қуып көріпкелдіктері еш нәрсеге жарамай қалды. Сонымен қатар өткенді білетін тарихшылар және жаратылыс танушылардың жаңылысын тауып, бұрыс пікірден сақтап, өткен шақтағы оқиғалардың мән-жәйін, ақиқатын, әлемнің құбылыстарын түсіндіріп берді. Міне, осы төрт топ Құранға таңдана да тамсана бас иіп, тізе бүгіп шәкірт болды. Ешқайсысы, ешқашан бір сүресіне де қарсы келіп айтысқа шыға алмады.Сұрақ: Ешкім қарсы шықпағанын және қарсыласу мүмкін еместігін қалай білеміз?Жауабы: Егер қарсы шығу мүмкін болғанда міндетті түрде қарсыласып, тырысып бағар еді. Өйткені қарсыласуға аса мұқтаж болатын. Себебі діндері мен мал-мүлкіне, жандары мен бала-шағаларына қауіп төніп тұрған-ды. Қарсыласып, айтысуына ешбір кедергі де жоқ еді. Егер сөз таластырғанда сөзсіз жақтастар табар еді. Өйткені ол кезде кәпірлер, мұнапық екіжүзділер көп болғандықтан оларды қолдаушылар да дереу табыла ке-тер еді. Сөйтіп таласқаны жайлы әлемге жар салынып, шартарапқа жайылар еді. Кәпірлердің Ислам дініне күйе жақпақ арам пиғылдары жасырын қалушы ма еді? Егер

161қарсыластар ілік тапқанда қайткенде де тарих кітаптарына еніп тартыс-айтыстары ел-жұртқа тарап, тарих беттеріне ойып тұрып жазар еді. Тарих кітаптарының ешқайсысында Мүсейлемә-и Кәззабтың бірнеше өлең шумағынан басқа жазба жоқ. Ал, Құран Хаким жиырма үш жыл бойы тын-бастан кәпірлердің намысына тиіп, ашуын қоздырып, оларға былай деп айтысқа шақырып келді: “Мұхаммед-үл Әминге ұқсаған оқу-жазу білмейтін біреулерің осы Құранға тең келер кітап жазсын, көрейік. Жарайды, бұны жасай алмайды екенсіңдер, ол оқымаған сауатсыз болма-сын өте оқымысты ғалым, жазушы әрі ақын болсын. Жа-райды, бұл да қолдарыңнан келмесі анық, онда бір ғана кісі емес, бүкіл ғалымдарың, сөзге шешен ділмәрларың жаппай жиналып, бір-біріне көмектесіп, тіпті табынып жүрген Тәңірлеріңді де көмекке шақырып демеуші бол-сын. Жарайды, оларыңнан да түк шықпайды екен. Ертеде жазылған өздеріңше керемет көне кітаптарыңды пайдала-нып, тіпті енді келетіндерді де көмекке шақырып Құранға тең келер кітап жазыңдаршы қане!. Әрине бұны да жасай алмайсыңдар. Жарайды, Құранның толық нұсқасындай болмай-ақ қойсын, тек он сүресіне тең келер кітапша жазыңдар! Жарайды, он сүресіне тең келер, ұқсас бір нәрсе жасай алмайды екенсіңдер, онда хикаялардан, негізі жоқ аңыз-ертегілерден болсын. Аяттың тек өзара ұқсастығына, шешендігіне ғана тең келсе жетеді. Жарайды, бұны да жа-сай алмайды екенсіңдер, онда бір ғана сүресінің ұқсасын әкеліңдерші. Мақұл, сүре ұзын болмай-ақ қойсын, қысқа сүреден болса жарайды... Әйтпесе, діндеріңе, бала-шаға, мал-мүліктеріңе қауіп төніп, дүниеде де ақыретте де оңбайсыңдар!”Міне, сегіз мәрте қапсыра соққы беріп, үндерін өшірген Құран Кәрім жиырма үш жыл емес, мың төрт жүз жылдан

162бері бүкіл адамзат пен жындарға майдан ашып күні бүгінге дейін айтысқа шақыруын жалғастырып келеді. Неліктен, сол заманғы кәпірлер оп-оңайғ қысқа жол тұрғанда мал-жанын, бала-шағасын қатерге тігіп ең қиын, қауіпті жол-ды, яғни соғысуды жөн көрді?!. Не үшін сөз таластырып, айтыспен жеңе салудан бас тартты? Демек мүмкін емес-ті...Иә, өзің ойлашы! Ақылы бар адам әсіресе арабия түбегін мекендеген сол кездің халқы, оның ішінде Құрайыштар сияқты зерек жандар араларынан бір шешен ақынды шығарып, Құранның бір ғана сүресіне тең келер жазу жа-зып Құранның қаhарынан құтылу дейтін қысқа әрі оңай жол тұрғанда мал-жанын, бала-шағасын қатерге тігіп ең қиын әрі қауіпті жолды таңдай ма?Сонымен, әйгілі Джахыздың айтқанындай:“Қаламмен соғысу қолдарынан келмегендіктен қылышпен соғысуға мәжбүр болды...”Егер мұндай сұрақ туса: Кейбір ақиқатшыл ғұламалар айтады: “Құранның бір сүресіне емес бір ғана аятына тіпті бір ғана жолына, тіпті бір ғана сөзіне қарсы келу мүмкін емес, қарсы келмеген де”. Бұл, асыра сілтеу секілді, ақылға сыймайды. Өйткені адамдар арасында өзара пай-даланатын сөз Құранның сөздерінде де кездеседі, ауыз екі сөз, сөйлемдер бар. Ғұламалар айтқан сөздің астары неде?Жауабы: Құранның мұғжизалығы туралы екі көзқарас, екі пікір қалыптасқан. Басым көпшілік мойындаған көзқарас мынау: Құранның күрделі шешендігі мен мағыналарының терең әрі қасиеттілігі сондай адамның қолынан келмейтіндей дәрежеде тым жоғары.Екінші көзқарас. Құранның бір сүресімен қарсыласып, айтысу адамның қолынан келеді. Бірақ Хақ Тағала,

163Ахмедтің (с.ғ.с) мұғжизасы ретінде оған тиым салған. Мы-салы, біреу өз аяғымен жүріп-тұра алады. Бірақ Ардақты Пайғамбарымыз: “Сен жүре алмайсың!” десе жүре ал-май қалады. Бұл мұғжиза. Осы екінші көзқарасты Сар-фе мәзхабы қабылдаған. Яғни, Хақ Тағала Құранның бір сүресімен айтысып, тартысуды жын мен адамзатқа тыйым салған. Егер тыйым салмағанда жындар мен адамдар бір сүресіне қарсы келе алар еді. Сонымен осы мәзhаб бойын-ша, “Бір сөзіне де қарсы келе алмайды” деген ғалымдардың сөздері ақиқат. Өйткені, расында Хақ Тағала мұғжиза ретінде оларға тыйым салған. Сондықтан қарсы келіп, ау-ыздарын аша алмайды. Ауыздарын ашса да Аллаh рұқсат етпесе сөйлей алмайды. Алайда көпшілік қабылдаған әуелгі мәзhаб бойынша әлгі ғұламалардың баяндаған пікірінің мынадай астары бар: Құран Кәрімнің сөздері жаппай бір-бірімен тығыз байланыста, өзара кіндіктесіп жатыр. Кей-де бір сөзінің он жерімен қатысты екені байқалады. Оның ішінде онға жуық шешендік қырларымен де ерекшеленіп, күрделі де терең мағына құрап, он жағымен байланы-сып жатады. Айталық “Ишарат-үл Иғжаз” атты тәпсірде «Фатиха» сүресінің кейбір сөйлемдерінің ішінде және сөйлемдерінде осындай көп мағыналы аяттардың кейбір үлгілерін көрсеткен бо-латынбыз. Мысалы, бір әшекейленіп салынған сарайдың сан алуан түрлі нақыштарының түйіні ретіндегі шағын ою-өрнек, ол тасты жалпы ою-нақыштарымен жаппай байланыстырып дәл өз орнына қою үшін бүкіл қабырғаны толық қамтып, нақыштарымен бірге көріп-білуі керек. Және тағы бір мысал, көздің қарашығын өз орнына қою үшін бүкіл дененің өзара байланысын, күрделі де ғажап міндетін әрі көздің сол міндеттерге қатысты қызметтерін

164білу қажет. Дәл сол сияқты, ақиқатшыл жандардың тым терең кеткен тобы, Құранның сөздеріндегі көптеген жан-жақты байланыстарды және басқа аяттармен қатысты жақтарын, қыр-сырларын көріп басқаларға да көрсеткен. Әсіресе әріптерін зерттеген ғалым-ғұламалар одан да терең кетіп Құранның бір әрпінде бір парақтай мағына жатқанын мамандарға баяндап дәлелдеп берген. Өйткені Құран бүкіл әлемнің Жаратушысының сөзі болғандықтан әрбір сөзі адамның жүрегі немесе ағаштың дәні секілді. Яғни, ай-наласы құпия-сырдан тұратын рухани бір дененің жүрегі немесе рухани бір ағаштың дәні іспеттес. Міне, адамның сөздерінде, Құранның аяттары секілді сөздер, тіпті ұқсас сөйлемдер кездесуі мүмкін. Дегенмен Құранның көптеген сырға толы, өзара байланысып әдейілеп орналастырылған сөздеріне тең келуі мүмкін емес. Ол үшін шексіз ілім, ауқымды назар қажет. Үшінші тұжырым: Ертеректе, баяны мұғжиза Құран Кәрімнің жалпы не екені жайлы жинақы түрде түйіндеп, қысқа да нұсқа тұжырымды бір пікірлеу барысында Хақ тағала көкейіме ойларды арапша сыйлап еді. Қазір сол толғау-пікірді арапша сөздермен қаз қалпында түсіріп, соңынан мағынасы баяндалмақ.

165

166Енді осы арабша толғаудың аудармасы мен мағынасы: Яғни: баяны мұғжиза Құранның алты жағы да нұр, жап-жарық. Ішінде күдік пен күмәнға орын жоқ. Өйткені арқасы ғарышқа сүйенген, ол жағында уахидің нұры бар. Алдында яғни мақсаты екі дүниенің бақыты. Мәңгілікке жол тартып, ақыретке ұмтылдыруда, ол жақта Жәннат пен мәңгі бақыттың нұры бар. Үсті, жарқырап тұрған мұғжизалық таңбалар. Астында дәлел мен айғақ тіректері бар. Іші тап-таза тынып тұрған тура жол, хидает. Оң жағы дегендей ақыл иелеріне «Әлбетте, дұрыс айттың» дегізеді. Сол жағы, көңілге рухани ләззат сыйлап, ар-ұжданды куәгер ретінде “Барекаллаh” дегізеді. Осындай мұғжиза Құранның қай бұрышынан, қай жағынан бос ой, күдік пен күмән кіре алады?!...Иә, мұғжиза Құран, сан қилы ғасырларда өмір сүрген, түсіндіру тәсілдері әртүрлі әнбия-әулиелердің және бір Аллаhқа иман еткендердің кітаптарын, терең сырға толы мағыналарын толығымен қамтиды. Яғни әлгі әулиелер мен ақыл иелері жаппай Құран-ы Хакимнің түйіндеп айтқан үкімдерін, негіздерін құптап қоштаған. Оның жазған кітаптарынан байқауға болады. Демек олар, Құран дейтін Иләhи ағаштың тірі тамырлары тәрізді. Құран Хаким уа-хиге сүйенеді, өзі де уахи. Өйткені, Құранды жіберген Зат-ы Зүлджелал Ахмедтің (с.а.у) мұғжизалары арқылы Құранның уахи екендігін көрсетті, дәлелдеді. Сондай-ақ Құранның өзі де мұғжиза, ол ғарыштан келгендігін көрсетіп тұр. Алғаш түскенде Расулуллаh Алейhиссалату Уәссәләмның қобалжуы, есінен танып

167қалуы және басқалардан әлдеқайда артық Құранға де-ген ықыласы мен құрметі Құранның уахи екенін және мәңгіліктен келіп, Оған сыйланғанын көрсетеді. Құран хидает, ап-ашық тура жол. Өйткені онымен қарсыласқан кәпірлер адасып, зиянға ұшырауда. Сондай-ақ, Құран иман нұрларының қайнар көзі. Әлбетте иман нұрына қарама-қарсы нәрсе қараңғылық пен түнек. Көп рисале-лерде мұны нақты түрде дәлелдегенбіз. Сондай-ақ, Құран шүбәсіз ақиқаттардың жинағы. Ішіне ойдан шығарылған сөздер, қисық жазу әсте ене алмайды. Ғайып әлеміне қатысты сондай-ақ, осы әлем жайында ақиқат екендігін және ішінде ешбір қайшылық жоқ екендігін өзі де, Ис-лам әлемі де, ұлы шариғаты да, қол жеткізер кемелдіктері де дәлелдейді. Сондай-ақ, ғайып әлеміне қатысты мәселелерінде де мына дүниялық мәселе секілді нағыз ақиқат, ешбір қайшылық жоқ екені дәлелденген. Құран, анық және күмәнсіз түрде екі дүниенің бақытына бөлеп, адамзатты тура жолға бастайды. Кімнің күмәні болса бір рет Құранды оқысын, не дейтінін ден қойып тыңдасын. Құранның беретін жемістері тірі әрі өміршең. Олай болса, Құран ағашының тамыры да, ақиқаты да тірі. Өйткені тірі жеміс ағаштың да тірі екенін көрсетеді. Міне, Құран адамзатқа әр ғасырда қаншама асфия, әулие, кәміл жандар, нұрлы жемістер сыйлаған.Сондай-ақ, Құранды адамзат, жындар мен періштелер жаппай ұнатқаны, көңілі ауып тыңдап, қабылдағаны көптеген оқиғалардан тез әрі анық байқалады. Өйткені Құран оқылған кезде, олар бар ынтасымен ден қойып көбелек сияқты маңына үймелей қалады. Құран уахи бо-лумен қатар, ақылға қонымды дәлелдермен қуатталып мақұданып отырады. Иә, кәміл дана, кемеңгер кісілер

168бұл тұрғыда пікірлес болуы бұған дәлел. Көркем сөз шеберлері, ғұламалар және баста Ибн Сина, Ибн Рүшд сынды философияның біртуар даналары бір ауыздан Құранның негізгі заң-қағидаларын барлық әдістерімен, айғақтарымен дәлелдеген. Сондай-ақ, Құран, жаны таза кісілер тарапынан дұрыстығы дәлелденген кітап. Егер біреудің ақылы кеміс я бір ауруы болмаса, әрбір есі дұрыс жан оны растап қабылдайды. Өйткені ұжданның тазалығы, жүректің ра-хаты Оның нұрымен ғана жүзеге аспақ. Демек есі дұрыс, табиғаты таза адам ар-ұжданымен оны мойындауы керек. Иә, жаратылыс өзіне тән тілімен Құранға былай дейді: “Сенсіз кемелдену мүмкін емес!” . Осы ақиқатты көп жер-лерде дәлелдеген болатынбыз.Құран Айдай анық, мәңгі бітпес мұғжиза. Ол әрдайым мұғжизалығын әлемге паш етіп көрсетіп отырады. Өзге мұғжизалар сияқты сөніп, аяқталып қалмайды. Құранның тура жолға салу шеңбері кең болғаны сонша, бір ғана дәрісінде Хазреті Жәбірәйіл (а.с.) бір жасөспірім бала-мен бірге тізе бүгіп дәріс тыңдай береді, әрқайсысы өз үлесін алады. Ибн Сина сынды дана философ, қарапайым шәкіртпен қатарласа отырып дәрісін тыңдап, сабағын алады. Тіпті кейде әлгі қарапайым шәкірт иманының қуаттылығы әрі табиғаты пәк болғандықтан Ибн Синадан әлдеқайда көп пайдасын көреді.Құранның назары ауқымды әрі кең. Ол бүкіл әлемді бір кітаптың парақтары сияқты бірден көріп, толық қамтиды. Әлемнің сан-алуан қабаттарындағы түрлі оқиғалардан хабар береді. Сағат ұстасы өзі жасаған сағатын айналды-рып, ашып көрсетіп, нұсқау жасайтыны секілді, Құран да әлемді қолына алып дәл солай баяндап, суреттеп береді.

169Міне, осындай қасиетті Құран: деп, Аллаhтың бірлігін паш етуде.ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАҢДАМАЛЫ ИШАРА.Алдыңғы ишараларда Расулуллаh Алейһиссалату Уәссалам Хақ Тағаланың елшісі екендігі өте анық әрі шүбәсіз түрде дәлелденді. Міне, пайғамбарлығы мыңдаған нақты дәлелдермен расталған Мұхаммед Ара-би Алейhиссалату Уәссалам Аллаhтың Уахданиетінің (бірлігінің) сондай-ақ, мәңгі бақыттың бұлтарпас дәлелі. Біз бұл ишарада сол жарқын дәлел, бұлтартпас айғақ боп табылатын Кісі жайлы қысқаша тұжырымдама жасай-мыз. Өйткені, Ол Кісінің дәлел екені рас және нәтижесі яғни мақсаты, Аллаhты таныстыру екені де рас. Әлбетте, дәлелдің өзін танып және қалай дәлелдейтінін білу керек. Олай болса, біз де өте қысқа да нұсқа тұжырымдармен Оның дәлел жақтарын, нақтылығын, дұрыстығын былай-

170ша баяндаймыз:Расулуллаh Алейhиссалату Уәссалам мына әлемдегі жа-ратылыс секілді ол да Әлемнің Жаратушысының бар және бір екендігіне бұлтартпас дәлел болып табылады. Соны-мен қатар өзінің дәлелін бүкіл жаратылыстың дәлелімен ұштастырып оны өз тілімен жария еткен. Оның дәлел екені рас болса, біз сол дәлелдің растығы мен туралығына, шыншылдығы мен адалдығына “он бес” негізбен ишара етеміз.Бірінші негіз. Болмысымен, сөзімен, іс-әрекетімен әлемнің Иесі Аллаһқа дәлел болған бұл тірі айғақты әлемнің ақиқаттары да растап, адал екенін бекіткен. Өйткені болмыс атаулы жаппай Уахданиеттің дәлелі бол-са әлбетте олар Уахданиеттің жаршысын растайды де-ген сөз. Демек, Расулуллаһтың көтерген мәселесі бүкіл әлемнің куәлігімен ұштасып, қуатталып, расталуда. Және Аллаhтың кәміл Уахданиеті туралы айтқан сөздері сондай-ақ, нағыз нығмет болып табылатын мәңгі бақыт туралы ха-бары да әлемдегі бүкіл жақсылықтармен, кемелдіктермен үйлесіп, сәйкес келуде. Осылайша оның хақ пайғамбар екені, адалдығы дәлелдене түсуде. Демек, Расулуллаh Алейhиссалату Уәссалам Аллаhтың Уахданиетін және мәңгілік бақытты хабарлап жеткізуші айғақ, нақты дәлел болып табылады.Екінші негіз. Осы адал әрі жан-жақты расталған куәгер, нақты дәлел бүкіл пайғамбарлардан жоғары, әрі теңдесіз мыңдаған мұғжизалар көрсеткен және ерек-ше шариғат иесі және бүкіл жындар мен адамзатты жаппай хаққа шақырушы. Сондықтан әлбетте барлық пайғамбарлардың басшысы болмақ. Олай болса, бүкіл

171пайғамбарлардың мұғжизаларының сырларын қамтиды. Демек, бүкіл пайғамбарлардың топтасқан қуаттары мен мұғжизаларының куәлігі Оның адалдығы мен хақ пайғамбар екенін нықтап бекіте түседі. Ол, өнегелі тәрбиесімен және көрсеткен тура жолы арқылы және шариғатының нұрымен бүкіл әулиелер мен асфияларды кемелдікке жетелеп баршаның сұлтаны әрі ұстазы атанды. Олай болса, олардың да яғни әулие, асфиялардың бүкіл кереметтерін қамтиды және олар бірауыздан растайды, оларды толығымен қамтиды. Өйткені, олар ұстаздары салған және қақпасын ашық қалдырған сара жолмен жүріп ақиқатқа жеткен. Олай болса, олардың бүкіл кереметтері мен ізденістері және бірліктері, әлгі кемшіліктен пәк Ұстаздың адалдығы мен дұрыстығын көрсететін сенімді дәлел болып, Оның хақ пайғамбар екенін анықтай түседі. Әрі ол Уахданиеттің дәлелінің, жоғарыда ишаралар-да да баяндалғанындай, анық та айқын мұғжизалармен, таңғажайып оқиғалармен пайғамбарлығы шүбәсіз дәлелденген. Олай болса бүкіл әлем жиналып қарсы шықса ол дәлелді жоққа шығара алмайды.Үшінші негіз. Һәм, әлгі айқын мұғжизалардың иесі, Уахданиеттің делдалы және мәңгілік бақытты сүйіншілеген кісіде жайсаң мінез, пайғамбарлық міндетке адалдық, жоғары қасиет, әкелген шариғатында, дінінде керемет құндылықтар бар екенін ең қас жауы да жоққа шығара алмай растап отыр. Оның бойында және атқарған міндеті мен дінінде ең жоғары қасиет, көркем мінез, ең жақсы да кәміл әдеттер, құнды сипаттар болғаны рас. Олай болса әлбетте, Ол кісі жаратылыстағы кемелдік пен көркем мінездің үлгісі, өнегесі әрі ұстазы. Демек, адал

172атқарған міндеті, дініндегі кемелдік оның хақ пайғамбар екенін растап, шынайылығына жан-жақты бұлтартпас дәлел болмақ.Төртінші негіз. Ол, кемелдіктің көзі, көркем мінездің бұлағы, Уахданиет пен бақыттың делда-лы, өздігінен сөйлеп жатқан жоқ, оны сөйлетіп тұр. Иә, оған әлемнің Иесінің өзі айтқызып тұр. Ол Әзәли Ұстазынан дәріс алып, сосын бізге дәріс береді. Өйткені, жоғарыда аталған ишараларда біраз баяндалған мыңдаған пайғамбарлық дәлелдерді, бүкіл мұғжизаларды әлемнің Жаратушысы Соның қолымен жаратқан. Бұл Оның атынан сөйлеп, Оның сөздерін жеткізуші ғана екенін көрсетеді. Әрі, Оған түскен Құранның қырыққа жуық көзге көрінетін, көрінбейтін қыр-сырлары, мұғжизалық тұстары Оның Хақ Тағаланың елшісі, хабарын жеткізуші екендігін көрсетеді. Оның ықыластылығы, тақуалығы, салмақтылығы, сенімділігі және бүкіл іс-әрекеттері мен ахуалы Оның өз атынан, өз пікірімен сөйлемейтінін, Ол, сөзсіз түрде Жаратушының атынан сөйлейтінін көрсетеді. Һәм Оны тыңдаған бүкіл ақиқат жолындағылар, көзбен көру, зерттеу нәтижесінде сөйлеп жатқан Оның өзі емес, әлемнің Жаратушысы екенін, Оны сөйлетіп жатқанын растап, илмеляқин иман келтірген. Ол осылай дәріс беріп жатыр. Олай болса, Оның адалдығы мен растығы осы төрт негіз арқылы бекітіліп нығая түседі.Бесінші негіз. Һәм, Ол, Қасиетті Құранның аудар-машысы әруақтарды көріп, періштелермен сұхбаттасады, жындар мен адамдарға жол көрсетеді. Ол кісіден тек адам-дар мен жындар ғана емес, рухтар әлемі, періштелер әлемі де дәріс алады. Оның сол әлемдермен тығыз байланысы бар, ол жақтан хабар әкеледі, көрсеткен мұғжизалары мен

173өткен өмірі осыны көрсетеді. Олай болса, көріпкелдер де, басқа да ғайыптан хабар беретіндер де, кейде хабарға ара-ласып кететін жындар да, әруақтар да, періштелер де оның хабарына, тіпті Жәбірәйілден басқа үлкен періштелер де хабарына араласа алмайды. Тіпті, кейде ұзақ уақыт бойы досы Хазіреті Жәбірейілді де араластырмайды.Алтыншы негіз. Һәм, Ол – періштелердің, жын-дар мен адамзаттың асыл тәжі, күн көсемі. Мына әлем ағашының ең нұрлы да кәміл жемісі, Иләһи мейірімнің үлгісі және Раббани махаббаттың көрінісі, Уахданиеттің ең нұрлы дәлелі, ақиқаттың ең жарқын сәулесі, тылсымның кілті, әлемнің сырын ашып беруші, әлемдегі хикметтердің мағынасын түсіндіруші және Аллаhтың салтанатының делдалы, Раббани баға жетпес өнерді сипаттаушы және қабілеттілігі жағынан адами кемелдіктің ең ұлық үлгісі. Ол кісінің осындай киелі сипаттары мен рухани тұлғасына қарап, ол бүкіл әлемнің негізгі мақсаты яғни, бұл әлемнің Жаратушысы соған бола мына әлемді жаратқандығын білеміз. Егер Ол болмаса әлемді де жаратпас еді деуге бо-лады.Иә, жындар мен адамдарға әкелген Құрани ақиқаттар және Имани нұрлар және болмысындағы кәміл көркем мінез, бұл айтылған ақиқатты растап, нақты дәлел болып табылады.Жетінші негіз. Һәм, осы Хақтың дәлелі, ақиқаттың сәулесі әкелген дін мен шариғат екі дүниенің бақытына қол жеткізетін ереже-заңдарға толы. Ол, жан-жақты қабілетімен әлемнің ақиқатын, атқарар міндетін және Жаратушы Хақтың есім-сипаттарын, терең ақиқаттарды жетік баяндаған. Ал, Ислам діні мен шариғаты жан-

174жақтылығы мен кемелдігі сондай, бүкіл әлемді және Жа-ратушыны қоса керемет түрде түсіндіріп береді. Оған зер салған адам бұл дін мына әсем әлемді Жаратқан Аллаһты қоса түсіндіріп, баяндап беретін бағдарлама екендігін түсінеді. Мысалға бір ғимарат салған ұста, сол ғимарат туралы толық мағлұмат береді. Әрі өзін таныстыру үшін қолына қалам алып өзі туралы сипаттама жазады. Сол сияқты Ислам діні мен Мұхаммедтің (с.а.у) шариғатында мына әлем, құдіреті күшті Құдайдың қаламымен жазылғаны баяндалады. Ол, мағынасы терең, ауқымы кең, кәміл әрі шындыққа толы баяндама. Ендеше бүкіл әлемді осын-дай толық жүйеге кім енгізген болса, бұл дінді де жүйеге келтірген сол. Иә, әлемдегі толық жүйе әлбетте осындай діндегі тамаша жүйемен, тәртіппен ұштасып, керемет үйлесуін қажет етеді. Сегізінші негіз. Осы айтылған кемел сипаттар-ды түгелдей бойына сіңірген және қай жағынан болсын мызғымас негіздерге сүйенген Мұхаммед Арабидің (с.а.у) бұл дүниеде тұрып ғайып әлемінің атынан жындар мен адамдарға арнап айтқан сөздері әр тарапқа, барлық адам-зат пен жындарға, бүкіл ғасырларға естіліп тұр. Иә, естіп тұрмыз!Тоғызыншы негіз. Ол, зор қуатты дауыспен сөйлеп жатқандығы сонша бүкіл ғасыр оны тыңдап, жаңғырған даусын әркім естуде.Оныншы негіз. Ол кісінің жүріс-тұрысынан да байқалғандай Ол көріп, сосын хабар беруде. Өйткені, ең қауіпті уақыттарда еш қобалжымай, шүбәсіз, алаңсыз, саспай сөйлейді. Жалғыз өзі әлемге атой салып, майдан ашты.

175Он бірінші негіз. Ол бүкіл ынта-жігерін, бар күшін салып дінге шақырды. Жер шарының жартысын, адамзаттың бестен бір бөлігін “Ләббәйк” дегізіп мақұлдатты.Он екінші негіз. Һәм, Ол адамзатты ықыласпен Хаққа шақырып, жақсы өнеге болардай тәрбиелеп, өмірлік ұстаным, ереже заңдарын ғасырлар қатпарында, заман парақшаларына нақыштап беттерінде өшпес із қалдырды.Он үшінші негіз. Һәм, әкелген үкімдерін жар салып, адамзатқа сенімді түрде жариялап, шақыратыны сондай, дүние жүзі жиналып оны бас тартқызамын десе, босқа әуре болады. Бүкіл өмір тарихы мен ізгі қасиеттері бұған куә.Он төртінші негіз. Әрі Хаққа өте сенімді түрде шақырып, биік мақсатын алға қойып түсіндіргені сон-дай, ешкімге қарыздар болмай, еш жалынбай, қандай да бір қиындыққа мойымай, шүбәсіз, әрі суық қандылықпен және адал түрде, өзгеден бұрын өзі амал етіп, шын жүректен қабылдап, әкелген үкім-заңдарын әлемге паш етті. Күллі адамзат – дос пен дұшпандарына мәлім – ол құлшылығын адал әрі толық атқарған. Көңілінің тоқтығы, қанағатшылдығы, дүниенің фәни сұлулығына еш қызықпай бойын аулақ ұстауы соның куәлігі.Он бесінші негіз. Һәм әкелген дініне бәрінен артық мойынсұнуы және Жаратушысына бәрінен көп құлшылық етуі әрі харам нәрселерден аулақ болып, бәрінен артық тақуалылығы; Оның шынымен мәңгіліктің Сұлтаны Аллаhтың Жаршысы, Елшісі екендігін әрі Мағбуд-ы Билхақтың ең адал құлы, Кәлам-ы Әзәлидің ау-дармашысы екенін нақты көрсетеді.

176Осы он бес негіздің нәтижесі мен түйіні. Жоғарыда аталған сипаттарға ие бұл Кісі (с.а.у) жан-тәнімен өмір бойы тапжылмай, әрдайым: деп, Уахданиетті жар салды.

177АЛЛАҺТЫҢ СЫЙЫ ЖӘНЕ РАББАНИ ЖӘРДЕМНІҢ БІР БЕЛГІСІ мағынасына орай айтарым: Осы кітап жазылып жатқанда Аллаh Тағаланың жәрдем-сыйы, Оның рахымы қалай көрінгенін баяндап берейін. Бәлкім, бұл кітапты одан сайын мән беріп мұқият оқуына септігі тиер. Негізінде, осы кітапшаны жазу ойымда да жоқ болатын. Себебі, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) елшілігі туралы Отыз бірінші және Он тоғызыншы Сөздерде баяндалған болатын. Кенет осы кітапшаны жазуға мәжбүрлейтін бір ой келді. Алайда денсаулығым айтарлықтай емес әрі ауыр қыспақтардың салдарынан есім қалмады деуге болады. Әрі әдетім бойынша бір мәселені нақылмен айтқанды яғни “қала, қила” – (айтыпты, депті) дегенді ұнатпаушы едім. Сондай-ақ, қолымда хадис не-месе сияр кітаптары жоқ болатын. Сонда да тәуекел деп бастадым. Жазылуы сәтті болғаны сондай жас кезімдегі жадымнан әлдеқайда қуатты әрі өзімді тың сезіндім. Ха-дис, риуаяттар небәрі екі-үш сағаттың ішінде, өте жыл-дам күніне отыз-қырық бет жазылатын. Басым көпшілігі Бұхари, Мүслим, Бейхақи, Тирмизи, Шифа-и Шәриф, Әбу Нуайм, Табери сияқты кітаптардан алынды. Алайда мұндай риуаяттарда қате жіберілсе хадис болғандықтан, күнә жазылуы мүмкін. Сондықтан жүрегім дүрсілдеп қорыққаным рас. Бірақ, кейін Аллаhтың өзі жәрдем етіп

178тұрғанын байқадым. Әрі қажеттілік те бар. Иншаллаh са-хих түрде жазылды деп ойлаймын. Егер кейбір хадистердің сөздерінде немесе риуаят қылушының есімі қате жазылған болса бауырларымның түзетуін және кешіріммен қарауын өтінемін.Саид НұрсиИә, рас. Бұл жазбаны Ұстазымыз айтып жатқанда біз шимай қағазға жазып отырдық. Қарап отырып жа-затындай қолында ешқандай да кітап болмағаны рас. Ұстазымыз өте жылдам айтып жатады. Біз де жазып үлгіруге тырысатынбыз. Күнде екі-үш сағатта отыз қырық, кейде одан да көп парақ жазылатын. Бұл сәттілік Пайғамбарымыздың мұғжизасының бір кереметі екеніне біздің де еш күмәніміз қалмады.Әрдайымғы қызметшісі: Абдуллаh ЧавушҚызметшісі әрі алғаш хатшысы: Сүлеймен СамиАлғаш хатшысы әріақырет бауыры: Хафыз ХалидАлғаш хатшысы әрі таза бетке көшіруші, хатшы: Хафыз Тәуфиқ

179АХМЕДТІҢ МҰҒЖИЗАЛАРЫ АТТЫ КІТАПТЫҢ БІРІНШІ ҚОСЫМШАСЫ[Он тоғызыншы Сөз. Пайғамбарымыздың (с.а.у) рисалеті жайлы болғандықтан осы жерге жазылды.]Он төрт тамшыдан тұратын он төртiншi Леманың бiрiншi тамшысы: Раббымыз туралы хабар беретін үш үлкен таныстыру-шы бар. Бiрiншiсi: Алып кітап тәріздес мына ғалам. Оның қалай куәлік ететіні жайлы он үш Лема мен Нұр шығармаларында Он үш дәріс арқылы біршама тыңдадық.Екiншiсi. Әлгі алып кiтапқа ұқсас ғаламның ең ұлы аяты болып табылатын соңғы Пайғамбар Мұхаммед Алейһиссалату Уәссалам.Үшiншiсi. Қасиетті Құран Кәрім.Қазір, Аллаhтың аяттарын бізге жеткiзушi ұлы куәгер, соңғы пайғамбар Мұхаммедті (с.а.у) танып, соны тыңдайық. Иә, Оның рухани тұлғасы тым ерекше. Оған жер жүзi мешiт тәрізді. Мекке болса михраб. Мәдина болса мин-бер. Алып теңіздей, ұлы дәлел Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бүкіл имандыларға имам, күллі адамзатқа хабаршы, барлық Пайғамбарлардың көсемi, әулиелердiң сұлтаны. Ол – әнбия, әулиелерден құралған зiкiр алқасының серзакирі яғни жетекшісі. Ол – бейне бiр нұрлы ағаш. Барлық әнбия

180оның өмiршең тамырлары десе болады. Бүкiл әулие оның тамылжыған жемiстерi іспеттес. Мұғжизаларына сүйенген барлық пайғамбарлар және кәрамат көрсеткен әулиелер, Оның көтерген мәселелерін жаппай қолдап, рас-тауда. Өйткені, Ол: деп шарт қойды. Оның оң мен сол жағындағылар, яғни алдыңғы пайғамбарлар мен кейінгі әулиелер сап түзеген нұрлы жандар, оның сөзiн құптап, бiр ауыздан “дұрыс айттыңыз, дәл солай!” деп растап отыр. Осындай сансыз қолдау көрген мәселеге қандай да бір күдіктің араласуы мүмкін бе? Екiншi тамшы. Осы тәухидтің дәлелі екi жақтан қолдау тапқаны секілді Тәурат пен Iнжiл сынды киелi кiтаптарда да ол туралы хабар беретін жүздеген ишара-белгілер бар.(Cілтеме )*Сондай-ақ, Пайғамбарымызға рисалет яғни пайғамбарлық келмей тұрғанда көрiнiс тапқан мыңдаған оқиғалар және ғайыптан хабар берушi жындардың сүйiншiлерi сондай-ақ, шыншыл сәуегей көрiпкелдердiң анық куәлiктерi, әрі Шаққ-ы Қамар (Айдың екіге бөлінуі) секілді мыңдаған мұғжизалар бәрі дәлел болып сондай-ақ, әкелген шариғатының тура әділдігі жаппай растап куәлік етеді. Сонымен қатар мінез-құлқының кемелдiгi, табиғатының әсемдiгi, аса сенiмдiлiгi, иманының қуаттылығы, мықты нанымы, зор үміті, ерекше тақуалығы, көп құлшылық етуi, күшті ықыласы, табандылығы, өз iсiне берiктiгi, міне осы аталған қасиеттер Оның мақсатына шын берілген, тым адал екенін Күндей анық көрсетеді.Cілтеме. Атақты ғалым Хусейн-і Джисри “Рисале-и Хамидие” атты кітабында сол аспани кітаптардың ішінен жүз он төрт ишара - белгі тапқандығын жазады. Өзгеріске ұшырағанның өзінде мұнша ишара болса әлбетте одан бұрын көптеген белгі хабарлар болған.

Үшiншi тамшы. Қаласаң жүр! Оның өмір сүрген дәуіріне, бақыт ғасырына, араб жазирасына барайық! Қиялмен болса да оны қызмет кезінде көрiп зиярат қылайық. Мiне, қарашы! Алдымызда жан сұлулығы тән сұлулығымен жарасым тапқан әдемі де көркем тұлға. Қолында мұғжизалы кiтап, тiлiнде ақиқатқа толы маржан сөз. Күллі адамзатқа, тiптi жындар мен перiштелерге, тiптi бүкiл жаратылыс атаулыға өзінің маңызы зор өміршең үндеуін оқып тұр. Әлемнiң жаратылу сырын ашып түсiндiруде. Бүкiл жаратылыс атаулының құпия тылсы-мын шешіп, анығын айтуда. Саналыларды сан ойланды-рып, ақылдыларды мың толғандырған үш қиын да ауыр сұрақтың, яғни “Кiмсiң? Қайдан келесің? Қайда барасың?” деген сауалдың қанағаттанарлық жауабын беруде.Төртiншi тамшы. Назарыңды сал! Ол, ақиқат нұрын шашуда. Егер әлемге оның нұрлы да мәнісі зор ақиқат назарымен қарамасаң, бүкiл әлем жылап-сықтап жатқан мұңлы түрде көрiнеді. Жаратылыс бiр-бiрiне бей-таныс, тiптi жау, алып денелер болса жаназа, рух иелерi де қоштасу мен аяқталудан таяқ жеп зар еңіреген жетiмдер боп көрінеді. Енді, Ардақты Пайғамбарымыз әкелген нұрдың сәулесімен қара! Әлгi жылап-сықтау мекені қуаныш пен шаттыққа толы зiкiрханаға айналды. Бейта-ныс, бiр-бiрiне дұшпан жаратылыс, өзара дос, бауыр бо-лып шыға келді. Жансыз, меңіреу, өлi табиғат жағымды әрі өзіне тән қызмет-құлшылықтарын жасауда. Әлгі жылап-сықтап, шағымданған жетiмдер тәсбих айтып зiкiр салу-шы құлдар немесе өз міндетін адал атқарып, демалысқа шыққандар болып шыға келді.

182Бесiншi тамшы. Сол нұрдың саясында әлемдегi қозғалыстар, өзгерiстер мен құбылыстар мәнсiз, мағынасыз, кездейсоқтықтың тәлкегі болудан құтылып, Раббани хатқа, ұлы аяттардың парақтарына, Иләhи есiмдердiң айнасына айналды. Бүкiл әлем Аллаhтың хик-мет толы кiтабы дейтін жоғары мәртебеге көтерiлдi. Адамды хайуаннан бетер төменгi дәрежеге түсiретiн сансыз қажеттiлiктерi мен әлсiздiгi, пақырлығы әрі бейшаралығы сондай-ақ, уайым-қайғыға салатын және бүкіл хайуаннан бетер сорлы қылатын ақыл сезімі әлгі пайғамбарымыз әкелген нұрмен нұрланған кезде адамды бүкiл хайуаннан, тіпті жаратылыстан жоғары дәрежеге көтеріп бәрінен үстем, ең жоғарғы мәртебеге шығарады. Ақыл нұрланған кезде және өзінің әлсiз, пақыр екенін мойындап, жалбарынып дұға жасаған сәтте адамзат сұлтан атанып, жер бетінің құрметті халифасына айнала-ды. Демек ол нұр болмаса, бүкiл әлем де, адамзат та, тiптi болмыс атаулы түкке тұрғысыз болып, мәнін жоғалтар еді. Әлбетте, мұндай таңғажайып әлемге осындай ғажап бiр кісі керек. Әйтпесе, бүкiл әлем де жер, ғарыш та бол-мас еді.Алтыншы тамшы. Иә, ол кiсi мәңгi бақыт бар екенін айтып, сүйінші хабар берген. Мол мейiрiмге бөленудің жолын көрсетіп, оны әлемге паш еткен. Ол -Аллаhтың билік-салтанатындағы әсем өнердi жарна-малайтын делдал, ойшыл да талғампаз көрермен және Аллаhтың есiм-сипаттары дейтін құпия қазынаны ашып көрсетушi. Осы тұрғыдан қарасаң, яғни құлшылығы жағымен Аллаһтың ұлы да киелі махаббатының көрінісі, мейiрiмдiлiктiң үлгiсi, адамзаттың абыройлысы, жараты-

лыс ағашының жемiсi. Ендi, пайғамбарлығы тұрғысынан қарасаң, Аллаhтың аяты, бұлтартпас дәлелi, ақиқаттың шырағы, тура жолға бастар күн көсем, бақытқа жетелейтін жолбасшы. Мiне, оның жарқ еткен жарқын нұры шығыс пен батысқа жайылды. Жер шарының жартысы және адамзаттың бестен бiр бөлігі оның сыйлаған тура жолын қабылдап, асыл дінін құшақ жая қарсы алды. Осындай асыл жанның көтерген бүкіл мәселесінiң өзегi деген ақиқатты толығымен қабылдамайтындай бiздiң нәпсiмiз бен шайтанымызға не болған? Жетiншi тамшы. Назар аудар! Сонау алып араб түбегін мекендеген жабайы, әдет ғұрыпына берiк, саны көп, өздері қырсық түрлі қауымдарды Ардақты Пайғамбарымыз қысқа мерзімде ескі әдеттерi мен жа-байы жаман мiнездерiн қойғызып, орнына көркем мiнез, әсем құлық сiңiріп оларды бүкiл әлемге мұғалiм, мәдени қоғамдарға ұстаз қылып тәрбиеледі. Бұл сырттай үстемдік, жәй көрсетпешілік емес. Олардың ақылы мен рухына, жүрегi мен нәпсiсiне дейін қабылдатты. Ол Кісіні күллі жүректердiң сүйiктiсi, ақыл атаулының ұстазы, барлық нәпсiлердiң тәрбиешiсi, бүкіл рухтардың сұлтаны деуге әбден лайық.Сегiзiншi тамшы. Азғантай бір қауымға мәртебесі жоғары бір патша темекi секiлдi жәй бiр әдеттi қойдыру үшін көп күш жұмсап, шаршайтыны белгілі. Ал, бұл Кiсi болса, әдет ғұрыптарына берiк, тым қырсық әрі саны көп қауымдарға көптеген әдет-ғұрыптарын сырттай қарағанда азғана күшпен, аз уақыт iшiнде қойғыза білді. Ескі әдет ғұрыптарының орнына асыл қасиет, биязы мiнез, әдемі әдеп үйретті. Осындай көптеген керемет iс тындыр-

184ды. Сол бақыт ғасырын көрмей, Пайғамбарымызға сенбей жүрген бейбақтарға араб түбегiн көздеріне шұқып тұрып айтарымыз: Жүздеген философтарды жинап сол жаққа ба-рып, жүз жыл еңбек етсiн. Апырм-ай, Оның сол кезеңде бiр жылда атқарған еңбегінің жүзден бірін атқара алар ма екен?Тоғызыншы тамшы. Беделі орташа қарапайым адам, кішкентай бiрақ кiсiнi ұятқа қалдыратын жалған мәселені қарсыластарының алдында қорықпай, айласын сездiрмей, абыржымай айта алмайды. Ал, мына Ардақты Кiсiге қара! Оның мойнына өте маңызды мiндет пен ауыр жауапкершілік жүктелген. Беделі өте жоғары әрі сақтануға аса мұқтаж, әрі қауіпті жағдайда, қалың топқа, өте азулы жаудың алдында, өте маңызды мәселелердi, емiн-еркiн, қорықпай, еш алаңдамай бүкпесiз, абыржымай, шынайы түрде, ықыласпен, кейде қарсыластарының намысына тиетiндей етіп, жандарына батыра айтқан сөздерi өтiрiк болуы мүмкiн бе? Қандай да бiр айла-қулықтың араласуы мүмкiн бе? Жоқ. Әсте мүмкін емес. Иә, ақиқат алдамайды, ақиқатшыл алданбайды. Оның ақиқатшыл жолы айладан ада. Ақиқатшыл жанның көзiне қиялдың ақиқат болып елестеуi әсте мүмкiн емес.Оныншы тамшы. Неткен тартымды, аса маңызды, өте қызықты, таңғажайып ақиқатқа толы мәселелердi көтеріп әрі дәлелдеп берген десеңші! Адам баласының ынтасын арттырып әрекет еткізетін күш қызығушылық екені белгілі. Тiптi, саған біреу: “өмiрiң мен дүниеңнiң жартысын берсең Аспаннан бiреу келiп, Аспанда не бар екенiн айтып, ол жақтағы жағдайды толық түсiндiрiп

185бередi. Әрі сенiң болашағыңды, қандай оқиғалар бастан кешетiнiңдi айна қатесіз айтып бередi” десе, қызығып, өмiрiң мен дүниеңнiң жартысын беруге келісесің. Ал бұл Кiсi, теңдесіз ұлы Сұлтан Патша, Аллаһтың хабарын жеткiзуде. Аспандағы Ай Ол Сұлтанның иелігінде бір отты айналып жүрген шыбын секілді. Ал, жер шары болса бір шамды көбелектей шыр айналып жүр. Ал шам тәріздес Күн болса әлгi Сұлтанның мыңдаған шам-шырақтарының ішінде бiреуі ғана. Бұдан да басқа ғажайып әлемдер мен керемет құбылыстар жайлы хабар беруде. Егер мыңдаған жер шары бомба болып жарылса, оның айтқан таңғажайып хабарындай болмас. Оның аузынан шыққан:Құран сүрелерін тыңда! Бұл аяттар жарқын болашақтан хабар беруде. Ақыреттегі болашақтың қасында мына дүниелік жарқын болашақ деп жүргендері теңіздің қасындағы бір тамшыға да татымайды. Һәм нағыз бақыт жайлы хабар беруде. Ал дүниелік зор бақыты анау мәңгі бақыттың қасында түкке тұрмайды, ол бейне бір мәңгi сөнбес Күнмен бір жарқ етіп сөніп қалатын найзағайды салыстырғандай.Он бiрiншi тамшы. Сапырылысқан мына құбылыстардың арғы жағында осындай таңғажайып әлем бiздi күтiп тұрғаны хақ. Мұндай таңғажайып әлем туралы хабар беру үшiн осындай керемет, таңғажайып мұғжиза бiр кісі керек. Ол Кiсiнiң жүріс-тұрысына қарап ол Кісі

186бәрiн көрген және көріп отыр, әрі көргендерiн айтып отырғанын байқаймыз. Сондай-ақ, бiздi нығметтерiмен жарылқап аспан мен жер жүзiнiң Жаратушы Иесі бiзден не сұрайды, не талап етедi, осының бәрiн бiзге нақтылап тура хабар беруде. Осы секілді көптеген қажеттi де қызығарлық маңызды ақиқаттарды хабарлаған осы ерекше тұлғаға бәрiн тастап ден қойып тыңдаудың орнына, тіпті артынан жүгiрудiң орнына, селқос қарап мән бермейтіндей мына адамзатқа не болған? Мына ақиқаттарды көрмейтiндей, естiмейтiндей, түсiне алмайтындай мәңгүрт боп қалғаны ма?Он екiншi тамшы. Күллі әлемді Жаратқан Аллаһтың жалғыз екендiгi қаншалықты анық болса, соншалықты бұл Кiсi де Аллаhтың бар және бiр екенiн хақ тiлмен жеткiзушi нақты дәлел болып саналады. Ол – сонымен қатар қайта тiрiлу мен мәңгi бақытты айқындап, дәлелдеп хабар беруде. Ол кiсi мәңгi бақыттың орнауына бірден бiр себеп және оған қалай қол жеткiзуді үйреткен. Сонымен қатар, дұғасы арқылы әлгі мәңгi бақыт әлемінің жаратылуына себеп болды. Қайта тiрiлу жайында айтылған мына сырды осы арада қайталаған жөн болар.Назар сал! Оның намазы мен дұғасы ерекше ұлық. Ол Кісімен бiрге бүкiл Арабия, тiптi Жер шары намаз оқып, дұға етеді. Сондай-ақ, Онымен бірге дұға ететін жамағаттың көптігі сонша Адам (ғ.с.) заманынан берi қарайғы бүкiл адамзат, оның ішінде де ең кәмілдерi оның дұғасына қосылып, “әмин” деп қол жаюда. Һәм оның дұғасының қабыл болғанын тілеп, сұрағанын сұрайтындардың көптiгi сонша, Жер шарындағы жаратылыстың барлығы және аспан әлемiндегi барша болмыс атаулы “О, Раб! Тілеуін бере гөр! Бiз де соны тілейміз” деп оның дұғасына қосыла

187жалбарынуда. Һәм пақыр, мұңлы халде, сүйкiмдi түрде өз қалау-тілектерін кiшiпейiл түрде өтiнуде. Мұны естiген бүкiл жаратылыс көздерiне жас алып, оның дұғасына қосылып бірге сұрауда. Оның дұғасы адамзатты тiптi бүкiл әлемдi, барлық жаратылысты құрдымға кетуден, қадiр-қасиетінен айырлудан, түкке жарамсыз болып қалудан, жоқ болудан, азып-тозудан құтқару үшін жасалған дұға. Ол баршаның қадiрін білдіріп, мәңгi жасауға жетелеп, әрнәрсенің өзіндік мiндет бар екенін түсіндіріп жоғары мәртебеге, биiк дәрежеге шығаруға тырысуда. Оның ме-дет сұрап жалбарынған тәттi үнiне аспан, жер, ғарыш қосылып, шабыттана ұйып, дұғасына: “Амин, Аллаhүмма амин” дейді. Ол осы қажеттiлiктердi Самиғ, Кәрiм, Қадир, Басир, Рахим, Алим бір Аллаһтан сұрайды. Ал, Ол – Аллаһ, көзге көрiнбейтiн ең ұсақ нәрсенің қажеттiлiктерiн көрiп, естiп, қабыл алып қамқорлық жасаушы құдрет иесі. Хал тiлiмен сұраса да бередi. Аса әділ түрде көрегендiкпен, мейiрiмдiлiкпен міндетті түрде жауап беретін біреу. Де-мек өтінішті орындау Самиғ, Басир, Кәрiм, Рахим бір Аллаһқа түк емес.Он үшiншi тамшы. Адамзаттың ерекше таңдаулы тұлғаларын соңына ертiп, ғарышқа шығып, Ғарш-ы Ағзамға жүзін бұрып, қол жайып дұға қылушы, адамзаттың абыройлысы, ешқашан ешбiр теңдесi табылмаған, жаратылыстың мақтанышы осы асыл Тұлға не сұрайды екен? Ол, мәңгi бақыт сұрайды, мәңгi болуды армандайды. Бақиға қауышқысы келеді. Оған жұмақ ке-рек. Және жұмақты барлық жаратылысқа нұр сәулесi түсiп, үкiмi жүрiп тұрған Аллаhтың киелі көркем есiмдерiмен бiрге сұрайды. Рахмет, Инает, Даналық, Әдiлет секілді

188жұмақты талап ететін есім-сипаттар жетерлік. Тіпті ол себептер болмағанның өзінде әлгі Пайғамбарымыздың бір ғана дұғасы жәннаттың жаратылуына жеткілікті се-беп. Иә, Аллаһ Тағалаға жұмақты жарату көктемді жара-ту сияқты оп-оңай. Расулуллаһтың пайғамбарлығы мына емтихан алаңының ашылуына себеп болғанындай, Оның құлшылығы да ақырет әлемінiң ашылуына себеп. Дана-лар мен зерттеушiлерге дегiзген мына әлемдегі керемет жүйе, мейiрiмдiлiкке толы шебер өнер және теңдесi жоқ Рубубияттың әсемдігі зұлымдықпен, тәртіпсiздiкпен, болымсыз нәрселермен, мейiрiмсiздiкпен әсте үйлеспейді, келеңсіз жайттар-ды қабылдамайды. Ең қарапайым, маңызы жоқ талап-тiлектер, жәй сыбырлаған дауыстарға аса мән бере қарап, сұрағандарын беріп, талаптарын орындап, ал өте маңызды, аса қажет талап-тiлектердi естiмеуi, жетеріндей мән берілмеуi әсте мүмкiн бе? Жоқ, мүмкiн емес. Жоқ әсте мүмкін емес. Әлгіндей шексіз әсемдік, мұндай жағымсыздыққа жол бермейдi, жағымсыз болмайды.Ей, достым! Әзiрге жетер, керi қайтайық. Әйтпесе бұл жерде жүз жыл қалсақ та Ол кiсiнiң (с.а.у) атқарған таңғажайып iстерi мен адал қызметiнiң жүзден бiрiн толығымен қамтып, тамашасына тоя алмаспыз. Ендi әрбір ғасырға жеке-жеке назар аударайық. Сол бақыт Күнінен нәр алып, оның шуағымен әр ғасыр қандай әсем гүлдер ашқанын көрейік. Әбу Ханифа, Шәфи, Баязид Бистами, Шах Гейлани, Шах Нақшибенд, Имам Ғазали, Имам Раббани секiлдi миллиондаған рухани да нұрлы гүл-шешектер, тәтті жемiстер берген. Көргендерiмiздi жеке-жеке түсiндiрудi басқа уақытқа қалдырып, сол бiр

189таңғажайып бақыт сыйлаушыға оның мұғжизаларына ишара ететін бір салауат айтайық!

190“Шуағат-ы мағрифәт-ун Нәби” атты түрiкше бір риса-леде және Он тоғызыншы Мәктуб пен осы Он тоғызыншы Сөзде Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы жай-лы дәлелдер қысқа-нұсқа жазылған болатын.Ол жерде Құран Хакимнiң мұғжиза екендiгi де қысқаша баяндалған-ды. Тағы да “Лемағат” атты тағы бiр түрiкше рисалемде және Жиырма бесiншi Сөзде Құранның қырық жағынан мұғжиза екендiгi қысқаша баяндалған-ды. Әрі қырық түрлi мұғжизалығына ишара бар. Ол қырық жағында тек ұйқастығындағы шешендігі “Ишарат-ул иғжаз” атты арабша тәпсiрiмде қырық бет етіп жазған едiм. Қажет деп тапсаң, сол үш кiтапты да оқып шық!

191Он төртiншi тамшы. Мұғжизалар қазынасы Қасиетті Құран Хаким Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы арқылы Аллаhтың бiр екендiгiн нақты әрі бұлтартпас түрде дәлелдейді. Басқа дәлелге қажеттілік қалдырмайды. Бiз қазір Құран Кәрiмнiң базбiреулер тарапынан сынға ұшыраған бiр-екi түсiндiру әдiсiнiң мұғжизалы жағына ишара қыламыз. Раббымызды таныстырушы Құран Хаким, «Әлем» атты мына ұлы кiтаптың ежелден бергі түсіндірмесі, тәржімес, Жер мен Көктiң парақтарында жасырын жатқан Иләhи есiмдердiң қазынасын ашып беретін кілт және көзге көрiнiп тұрған әлемнiң сыртындағы ғайып әлемiнен келетін Рах-мани iлтипаттар мен ежелден бергi айтылып келе жатқан асыл сөздердiң қазынасы. Исламның рухани әлемінiң күнi, iргетасы, ақыреттiк әлемнiң картасы, Аллаhтың сипатта-ры мен істерінің мән-мағынасын түсіндіруші, тәпсірлеп, анықтап беруші, сөйлеуші дәлел, нұр шашқан аудармашы, адамзаттың тәрбиешісі, даналықтың қайнар көзі, бақыт жолын көрсетуші ұстаз... Әрі хикмет кiтабы, әрі шариғат кiтабы, бұған қоса дұға мен құлшылық кiтабы. Сонымен қатар бұйрықтар мен шақыру кiтабы. Сондай-ақ, ілiм мен зiкiр кiтабы. Және адамзаттың барлық рухани қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететін кiтап. Әр түрлi тариқаттағы әулиелер мен сыддықтардың, асфиялар мен ақиқатқа жеткендердiң әрқайсысын қанағаттандырғатын, ұстанымдарына лайық жөн сілтеуші “Киелi кiтапхана”.Құран Кәрiмнің кейбiреулерге кемшiлiк болып көрiнген қайталануындағы мұғжизауи сәулелеріне келер болсақ,

192Құран – зiкiр кiтабы, дұға кiтабы, тура жолға шақыру кiтабы. Сондықтан қайталау өте жарасымды, көркем әрі қажет. Кемшiлiк деп санайтындардың ойлағанындай емес. Өйткенi, зiкiрдi қайталау арқылы мәнісі артып нұрлана түседi. Дұғаның мәнісі қайталау арқылы ашылады. Қайталау – бұйрық пен әмірге шақырғанда күш бередi. Оның үстiне жұрттың бәрi Құран Кәрімді толық оқи ал-майды. Дегенмен бiр сүренi оқуға толық мүмкiндігі бар. Сондықтан, Құранның ең маңызды мақсаттары көптеген ұзақ сүрелерге жинақталып, әрбiр сүре қысқаша бiр Құран тәрізді. Сондықтан ешкiмдi де мақұрым қалдырмау үшiн Тәухид, Хашир, Мұсаның (а.с.) қиссалары секiлдi кейбiр мәселелер қайталанып отырады. Оның үстiне заттық қажеттiлiктердiң әртүрлi болатынындай, рухани қажеттiлiктер де әртүрлi боп келеді. Адамзат кейбіріне әрдайым мұқтаж. Мысалға, денеге ауа, рухқа «Һуә» сөзі әрқашан қажетті. Кейбiреуiне, мысалға «Бисмиллаh» де-уге сағат сайын мұқтаж, тағысын тағы. Демек, аяттардың қайталануы қажеттіліктің қайталануынан туындайды. Сол қажеттілікті еске түсiрiп, оятып, ынталандыру және сол талап-тiлектердi жандандыру үшiн қайталануы қажет.Құран – негiз. Ол – iргетас. Ол – тура жолды көрсететін дiннiң өзегi. Ислам дінiнiң тірегі. Адамзаттың қоғамдық өмiрiне өзгерiстер еңгiзiп, әр түрлi топтың қайта-қайта қоятын сұрақтарына жауап. Жалпы бiр нәрсенiң iргетасын қалағанда оны жан-жақты анықтап бірнеше рет қайталау қажет. Нығайта түсу үшiн, қайталау қажет. Дем берiп, күшейте түсу үшiн тағы да қайталап, анықтап отыру керек. Сондай-ақ, Құран өте маңызды, өте терең ақиқаттарды түсiндiреді. Оларды баршаның көңіліне орнықтыру үшiн

193қайта-қайта қайталап, жан-жақты түсiндiру керек. Со-нымен қатар, ол қайталанулардың жазылуы ғана бiрдей. Алайда әр бiр аяттың өзіндік орны, көп мағыналары, көп пайдалары, әр түрлi дәрежелерi бар. Әр жерде әр түрлi мағынада, әр түрлi пайдасы және әр түрлi мақсат үшiн ай-тылады. Құранның әлемге, жалпы жаратылысқа қатысты кейбiр мәселелердi ашық баяндамай қысқаша қайыруы iлiмге жетелеудiң ерекше тәсілі, ол өзінше мұғжиза. Сыныққа сылтау іздейтін хақ жолдан тайғандар мен дiнсiздердiң ойлағанындай ол кемшiлiк емес.Егер: “Хикмет толы Құран неге жаратылыс туралы философияның түсiндiргенiндей етiп егжей-тегжейлі баяндамайды? Кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбiр мәселелері көпшiлiктiң назарына үйреншікті әрі қарапайым тілде бұқара халықтың ойын сан-саққа жүгіртпей, сезімдерін шаршатпай, өте анық та қанық ше-бер жеткiзедi” десең, жауап ретiнде былай деймiз: Себебi, философия ақиқаттың жолынан адасқан. Алдыңғы дәрістерден, Сөздерден әлбетте түсiнген боларсың, Құран Кәрім Аллаhтың есiм-сипаттарын түсiндiру үшiн жаратылыс атаулыны тiлге тиек етедi. Яғни, мына жаратылыс кiтабының мағыналарын түсiндiрiп, оның жазушысын, Жаратушысын таныстырады. Демек, болмысқа өзi үшiн емес Жаратушысын таныстыру үшiн қарайды. Сондай-ақ, Құран Кәрім сөзiн баршаға арнап, үндеуі жалпыға ортақ. Философия болса болмысқа өзі үшін қарайды, назары шектеулі әрі көбiне сөзiн оқыған белгілі бір топқа арнайды.

194Құран Хаким жаратылысты дәлел ретiнде пайдала-нады. Ал, көпшiлiкке түсiндiру үшін дәлелдер анық бо-луы қажет. Құран Кәрім жөн сiлтеушi, ағартушы, ұстаз. Олай болса сөзiн адамзаттың барлық сыныпына арнайды. Тыңдаушылары негiзінен қарапайым бұқара халық. Әрине, оларға қажетi шамалы нәрселердi жалпылама түрде, кейде егжей-тегжейлі емес, тұспалдап қана жеткiзедi. Маңызды да күрделі мәселелердi мысалдар арқылы түсiндiредi. Қарапайым халықты шатастырмау үшiн сырт көзге айқын, көрiнiп тұрған нәрселердi өзгерiссiз, сол қалпында баян-дайды. Мысалы: “Күн айналып тұрған шам” дейдi. Себебі Күннің өзі үшiн емес, әрі оның табиғаты жайлы баяндап отырған жоқ. Ол – бiр жүйенiң мәйегi екендiгiн, ал тәртіп пен жүйе болса Жаратушысын таныстыруға үлкен рөл ой-найтын айна тәрізді, сол тұрғыдан алып баяндайды.Иә, аятта: яғни “Күн айналады” дейдi. Осылайша, қыс пен жаздың, түн мен күннiң алмасуындағы Аллаһтың керемет басқару жүйесiн назарға ұсынып Жаратушының ұлықтығын, құдретінің шексіз екенін түсiндiредi. Мұндағы “айналу” сөзі қалай болғанда да көз алдымыздағы жүйеге, керемет тәртіпке ешқандай нұқсандық келтірмейді.Тағы да дейдi. Мұндағы “сирадж” сөзiмен мына әлемдi бір сарай бейнесінде суреттейдi. Iшiндегi жаратылыс болса адамдар мен басқа да тiршiлiк иелерiнің игілігіне арналған әсем бұйымдар. Күн болса бағынышты шырағдан секілді екендiгiн айта отырып, аса мейiрiмді де жарылқаушы Иемізді таныстырады.

195Ал ендi тілі мен жағына сүйенген философия не дейдi? Ол: “Күн лаулап тұрған алып от. Өзiнен бөлiнiп шыққан планетеларды айналасында ұстап, айналдырып тұр. Үлкендiгi мұндай, жаратылысы сондай” ... дейдi. Адамның рухына үрей мен қорқыныш ұялатып, таң қалдырғаннан басқа еш пайдасы жоқ. Рухани кемелдікке, мағынауи iлiмге қосар үлесі жоқ. Құран секiлдi баяндамайды. Сыр-ты сұлу, ішi бос, жылтыраған философияның құны қанша дейсің. Пәлсәпәнiң сыртқы суретiне алданып, Құранның мұғжизалы баянын құрметтемей әдепсіздік жасама!ЕСКЕРТУ: Арабша Рисале-й Нұрда Он төртiншi тамшының алты бөлiмi, оның iшiнде төртiншi бөлiмiнiң алты тұжырымы Құран Хакимнiң қырық түрлi мұғжизаларының он бесiн баяндайды. Сол жерде толық баяндалғандықтан қазiрге қысқаша жазылды. Қаласаң соны оқы. Мүғжизалар қазынасын табасың.

196Саид Нұрси

197ШАҚҚ-Ы ҚАМАР (АЙДЫҢ ЕКІГЕ БӨЛІНУІ) ЖАЙЛЫ МҰҒЖИЗА[Он тоғызыншы және Отыз бірінші Сөздерге қосымша]Ахмедтің (с.а.у) мұғжизасының айқын дәлелі болып табылатын Айдың екіге бөлінуі туралы ылаң салғыш пәлсапашылар және олардың бұзық ойларына ерген ессіз ермелер халық арасында күмән туғызу үшін былай дейді: «Егер Айдың екіге бөлінгені рас болса, бүкіл әлемге мәлім болар еді. Адамзат тарихы ол туралы жазылып қалмай ма?»Жауабы: Айдың екіге бөлінуі Пайғамбар екенін дәлелдеу үшін, оны естіген және оны жоққа шығарғысы келген құзырындағы бір топ адамға арналғанды. Әрі түнде, ұйқы уақытында және кенеттен көрсетілген, әрі күн шығатын мезгіл әр жерде әр түрлі болғандықтан, әрі тұман мен бұлт секілді көруге кедергі әртүрлі себептердің болуымен бірге ол заманда мәдениет кең жайылғандықтан жекеше түрде жүзеге асты. Және аспанды зерттеушілер ол заманда аз болғандықтан әлемнің барлық өңіріне көрінуі, барлық тарихта қалуы әлбетте шарт емес-ті. Айдың бөлінуіне байланысты туындаған осы күмән бұлтын сейілтетін көп тұжырымның қазір бесеуін тыңда!

198БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Ол заманның жергілікті кәпірлерінің шамадан тыс қырсық екендігі тарихта мәлім және әйгілі. Құран Хаким деп осы оқиғаны бүкіл әлемге хабарлағанда, Құранды жоққа шығаратын әлгі кәпірлердің ешқайсысы осы аятты өтірік деуге, яғни хабар берілген осы оқиғаның болмағандығын айта алмай, үнсіз қалды. Егер сол кезде бұл оқиға әлгі кәпірлерше де нақты болмаған болса, оны сылтау етіп Ардақты Пайғамбарымыздың пайғамбарлығын жоққа шығаруға ең оңтайлы сәт болғандықтан бар күштерін жұмсар еді. Алайда, кәпірлердің осы оқиғаны көрмегені жайлы ешбір дерек жоқ, бірде-бір кітапта, тарихта тіркелмеген. Тек аятының баяндағанындай та-рихта белгілі болғаны мынау ғана: Сол оқиғаны көрген кәпірлер: «бұл көз бояушылық, бізге сиқыр көрсетті. Егер басқа аймақтағы керуендер мен жолаушылар көрген болса сенеміз, әйтпесе біздің көзімізді байлады!» деді. Ертеңіне Иеменнен және басқа да аймақтардан келген жолаушы-лардан сұрағанда олар: «Осындай оқиғаға куә болдық!» деп растады. Сонда, кәпірлер Расулуллаh (с.а.у) жайында, Аллаh сақтасын, «Әбутәліптің жетімінің сиқыры аспанға да әсер етіпті» – деп даурықты.ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Сағд-и Тафтазани сынды ұлы ғұламалардың көпшілігі былай дейді: Айдың екіге бөліну оқиғасына келер болсақ бұл саусақтарынан су ағып, оны бүкіл әскерге ішкізуі секілді нақты немесе мешітте құтпа оқығанда сүйенген қу тіректің Ахмедтен (с.а.у) айрылғанында дыбыс шығарып боздап, мұны бүкіл мешіт жамағатының естуі секілді тәуәтүр яғни, тізбектеліп

199келген әрі бүкіл жамағат бір-біріне баяндап үзілмей келген нақты хабар. Олардың ұйымдасып өтірік айтуы әсте мүмкін емес. Хабарды жамағат бір-біріне жеткізіп отырған. «Галилей» секілді үлкен құйрықты жұлдыздың мың жыл бұрын өткені сияқты баршаға мәлім мәселе. Біз көзімізбен көрмеген Серендиптің Цейлон аралы бар екеніне сенеміз, ол анық сол секілді бұл оқиға да Айдай анық мәселе», – деген. Міне, осындай Айдай анық, болаттай берік мәселеге шәк келтіріп күмәндану ақымақтық. Тек жоққа шығармай болуы мүмкін екеніне сенсе жеткілікті. Ал, Айдың екіге бөлінуі бір таудың вулканның әсерінен жарылғаны сияқты болуы мүмкін құбылыс.ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Жалпы мұғжиза деген Пайғамбардың сөзін дәлелдеу үшін және оған сенбей тұрған кәпірлердің сағын сындыру үшін көрсетіледі, бірақ мәжбүрлеп мойындату үшін емес әрине. Олай бол-са пайғамбарлықты және оның үндеуін естігендерге арналып, олардың көзін жеткізетіндей дәрежеде бол-са жеткілікті. Өзге аймақтарға көрсету немесе мәжбүр қылатындай дәрежеде ап-айқын көрсету Хаким-і Зүлджалал Аллаһтың шексіз хикметіне қайшы әрі дүния емтиханының сырына кереғар. Өйткені, емтиханның сыры «ақылға жол көрсетіп ерікті қолынан алмауды» та-лап етеді. Егер, пәлсапашылардың ойлағанындай Айдың екіге бөлінгенін Жаратушы Хаким, бүкіл әлемге бір-екі сағат бойы көрсетіп адамзат тарихында қалғанда өзге аспан құбылыстары саналып Ардақты Пайғамбарымызға қатыстылығы қалмас еді әрі Пайғамбар сөзіне дәлел бол-мас еді немесе пайғамбарлықты еріксіз түрде мойында-татын, ақылға ерік бермей, қабылдауға мәжбүрлейтін бо-

200лар еді. Ол кезде Әбужәhил сияқты рухы көмірдей адам, рухы алмастай Әбубәкір сияқты адамдармен тең болып емтиханның сыры зая болар еді. Міне, сондықтан кенет әрі түнде әрі ұйқы уақыты, әрі күннің шығуы да әртүрлі ғой сондай-ақ, тұман немесе бұлт секілді өзге де кедергілер перде болып бүкіл әлемге көрсетілмеді немесе тарихқа жазылмады.ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Осы оқиға беймезгіл уақытта, дүйім жұрт шырт ұйқыда жатқанда, өте жыл-дам болғандықтан әлемнің әр тарапына әлбетте көрінбесі хақ. Кейбір жандарға көрінсе де көзіне сенбес еді. Сен-се де бір кісінің айтуымен осындай маңызды бір оқиға тарихта мәңгі сақталмас болар. Кейбір кітаптарда «Ай екіге бөлінгеннен кейін жерге түсіпті» деген қоспа қаңқу сөзді зерттеуші ғұламалар қабылдамаған. «Осы нақты мұғжизаның құнын түсіру үшін, бәлкім бір мұнафық тара-пынан әдейілеп қосқан» – деген.Сондай-ақ, ол уақытта надандықтың тұманы қаптаған Англияда, Испанияда күн бататын мезгіл болса, Амери-када тал түс, Қытайда, Жапонияда таңертеңгі уақыт бола-тын. Өзге жерлерде де кедергі болар себептер жеткілікті. Сондықтан әлбетте көрінбейді. Енді мына ақылсыз қырсыққа қара, ол айтады: «Англия, Қытай, Жапония, Аме-рика сияқты елдердің тарихында бұл жайлы жазылмаған. Олай болса бұл оқиға болмаған» дейді. Мұндай Еуропа жағымпаздарының ойы тым жиіркенішті.БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Айдың екіге бөлінуі өздігінен яки кейбір себептермен болған кездейсоқ, табиғи құбылыс емес. Сондықтан оны жәй қарапайым табиғи заңдылықтармен өлшеуге болмайды. Негізінде ол


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook