Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Аян Нысаналин - Отамалы

Аян Нысаналин - Отамалы

Published by Макпал Аусадыкова, 2023-01-09 10:08:26

Description: Аян Нысаналин - Отамалы

Search

Read the Text Version

Ұлымын деп ұлылыққа бармағам. Ортадан да, кішіден де кішімін, Ұлымын деп көрсетпеген қысымын. Ел басына екі талай күн туса, Екі інімнің найзасының ұшымын. Мен – Үйсінмін, Ұлы жүзбін, ұлымын, Кісіліктің, кішіліктің құлымын. Бөлінбеген еншім даяр, екі інім Желкілдетіп жетіп келсе тұлымын. Əлбетте, сана, сезім мен ой соқпақтарында көлденең жатқан шөпті іліп алуға ешкімнің жүрегі дауаламайтыны өкіндіреді. Көне ғұндардың “халықтардың ұлы көші-қонын” бастауына түрткі себеп болған не? Қияңқы өзені мен Дунай арасындағы кең байтақ жауһар жəдігерлер қалдырып, өздері уақыт сағымына сіңіп кеткен сақтар (скифтер) мен сарматтар кім еді? Адамзат өміріндегі олардың орны қандай? Күні кешегі көшпенділердің бүгінгі буыны бір аяғы қаланы, бір аяғы даланы басып тұрып, Қазақстан деген егемен ұлы ел атынан жалпақ жалғанды аралап жүріп, басынан қилы-қилы күрделі күй кешеді. Бұл өлең Варшавада басталып, Делиде аяқталып еді? Вокзалдар. Аэропорттар, Шақырымдар, Сөз бе екен ұрпағына көшпелінің? Сапар шегем... (Күндесін пақыр мұндар) Бəрі қалар көзден нұр өшкен күні. Тіршілік кіл мəңгілік қозғалыста; Тосын таныс, жаңа жұрт назарында. Жолдарымды, уақыт, соз алысқа, Қызық көп əлі өмір базарында.

Толқындардай теңселген желді күнгі, Тынышсыздық жаныма қажет еді. Кезі келсе танытып елдігімді, Достар тауып қайтқанға не жетеді?! Қайда болсам; ұзақ па, аз заматқа, Құштарлықпен бұлақтың көзін ашып, Аттанамын ден қойып азаматқа, Еңбегіне, сүйсініп сөзіне асық. Тағы да күз жүрекке салып ұшқын, Керней шалды жолаушы құрметіне. Ұшты алып қанаты сағыныштың, Бір шетінен Отанның бір шетіне. Жетіп тұрмын қалай мен жол ортаға, Ауыр ойлар меңдеген секілді ме? Оралмай ма нəр сықап омартаға, Бал аралар мелдектеп екіндіде. Күй табағы айналып, күйге оранып, Құйын ойнап кеудемнің көрігінде. Қайтып келе жатамын үйге оралып, Керімсалдың сүйгені ерінімде. Ғибратты ғұмыр І

Қит етсе өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды дегенге бой үйреніп, ет өліп барады. Шын мəнісінде солай ма? Олай 6олса осы күнге дейін туа бітті төл жазба əдебиетіміздің туын тіккен ұлы Абай қалай зерттеліп, қалай оқытылып келді? Енді ше? Жалпы абайтануда ілгерілеушілік, жылт етер жаңалық бар ма? Бəз баяғы бір жартастың кері келіп жүрген жоқ па? Бұл сауалға қанағаттандырарлық жауап табылмай отыр əлі. Барша «адамзатты бауырым деп сүй» дейтін ақын жалғыздықта қапалықпен бүкіл туған халқына белгісіздікте көз жұмып, қазасынабірен-саранның қабырғасы қайысып жоқтағаны болмаса, араға ширек ғасыр салып оның да соңына шырақ ала түсіп, өкінішке қарай, тарих пен əдебиеттен оның есімін сызып тастағысы келгендер аз болмады. Бəрі бір күн сөніп, айтұтылған жоқ. Бірақ аспан əлеміне бір жарық қосылды. Тағы да бір жыр жұлдызы жанды. Абай жұлдызы!.. Оған байшыл деп кінə тақты, ескі өмірді көксеп жырлаушы деп көлденең тартып, əйтеуір не керек, түрлі-түрлі кінəрат тауып, əруақпен күресіп бақты. Ол таным таяздығы мен сана саңыраулығы ма? Жо, жоқ. Оның ар жағында қалайда да ұлы Абайды өз халқына оралтпаудың сұмдық пиғылы жатты. «Мазмұны жағынан бізге Абайдың пайдасынан зияны көп» деп жазды «Жыл құсы» журналы үстінен қиқу кетірмей. (№2, 1928 ж.). Бұл кездейсоқ бірен-саран жаңсақ пікір емес еді. Ең алдымен айтатын жай, сол дау-дамайдан кейін де оның шығармалары бірнеше рет жарыққа шықса да əлі бір ізге түспей, бүгінгі əдебиеттанудың биігінен терең зерделенбей келе жатыр. Бұл шалағайлық мектеп қабырғасынан бастап, Ұлттық академиядағы Абайтану бөліміне дейін қамтитынын айтсақ, одан ешкім тағынан тайып кетпейді. Асылы данышпандықты таныту үшін осы данышпандар алдына жығып беру шарт емес. Өзімізде де пайғамбар бар екеніне маңыз беретін кез жеткендей. А.Құнанбайұлы өзінің, тек өзінің озық ойлы, қырандай қағылездігі мен сəулелі сезімталдығы арқасында еуропаша мəдениеттің ең үздік үлгілерін табиғи сіңірді. Бұл жаны, қаны қазақ бола тұрып оны Байрон, Гете, Мицкевич, Пушкин жəне басқаларды тəржімалағаны үшін Батыс, орыс əдебиетінің

алдында шəкірт дəрежесінде қалдыра беруге себеп-салдар жоқ. Абай осы күнге дейін, тағы да қайталаймыз өкінішке қарай, тек орыс əдебиеті тұрғысынан, яғни отаршылдыққа орай жағыну тұрғысынан зерттеліп келгені ащы болса да айқын шындық. Абай орысшылдығына қарамастан шығармаларының қайсысынан болса да, дала исі, қазақтың төл исі аңқып тұр. Оның қолтаңбасында Шығыс шайырларының сөз саптауы анық. Солай бола тұрса да, бізде бір ақиқат ұмтыла береді. Абай орыс отарлаушылығының əбден шырқау шыңына жетіп, ұлан- байтақ даланы құлдық құрсауына алып, қол-аяққа кісен түсіп, Азия десе оны құбыжық көрсетіп, төбе шашы тік тұратын кезде өмір сүрді. Қытай, Жапон, Корей əдебиетін айтпағанда қолға түрік, парсы жəне араб ақын-жазушыларының шығармалары түсе беруі екіталай еді. «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» дегендей, түз өмірін саясаттандыру əуелі орыс басылымдары арқылы жүргізілді. Бұл қалай болғанда да зердеде тұтатын жəйт. Осынау асты терең ағысты Абайдың аңғармай қалуы мүмкін емес. Қазақ қауымы мен халқына деген сонша сыншыл көзқарасының жедел де өршіл дамуына бұл жағдайлар пəрменді əсермен ықпал етті. Ендеше мəдениет, оның ішінде əдебиет саясаттандырылды дегенше оның бағы жанып, көсегесі көгермейді. Рас, Абай орыс əдебиетінен үздіксіз үйрене отырып, тез марқайып, оның сыншылдық бағыты мен бағдарын нəзік ұғып, оны тікелей көшірмей өзінше іліп əкетті. ІІ XX ғасыр басында Абай əулетінің үстінде уақыттың қара бұлты барған сайын қоюланып үйіріле бастады. 1903 жылы жазға салым Көкшетау жақтан ақын атына белгісіз біреуден хат келді. Онда: «Баяғы дəурен өтті де, өлетін заман жетті де. Барлық жай-жапсарды айтып, ақылдасуға болар еді, амал не қазақтың мүддесін шағын ойласуға кедергі жасап тұр ғой». Мұны ұйымдастырған Мемлекеттік І-ші Думаның депутаты, «Серке» газетін шығарушы, мешіттің мұғалімі Шаймерден Қойшығұлов болып шығады. Ол қазақ қоғамы ғана емес, бүкіл орыс отарлаушылары аяғынан тік тұрғызды.

Сол сол-ақ екен. Патша жандармериясының əлекедей жалаңдаған жендеттері тіміскілеп, аяғы жеткен жердің бəріне жағалай тінту жүргізді. Сөйтіп, халық тағдырының жан айғайы тудырған бір хат үлкен дүрбелең туғызып, көршілес Көкшетау, Ақмола, Семей, Омбы, Томскі уəлаяттары арасында түрлі-түрлі жеделхат, хабарламалар, қаулылар мен анықтамалар – бас-аяғы бары отыз құжат қатталды. Тіпті бір жандайшап, «Тінту кезінде Құнанбаев жане Ибрагимовтардың толып жатқан сандықтары, үй-жайларынан табылған барлық хат- қағаздарды тартып алдым» деп асығыс көкіді. Бұған Абай жаулары жерден жеті қоян тапқандай қуанып, айызы қанса, аз достары жаны ашып қарады. Ашынғаннан ашық хат жазып, Сенатқа жолдауы да осындай əсіре əрекет-қылықтардың əсері емес пе екен деген ой келеді. Көп ұзамай Семей оязы Семей облысының əскери губернаторына құпия рапорт жолдады: «1903 жылғы 22 тамыздағы № 200 ұсынысыңыз жайында Сіздің құзырыңызға Шыңғыс болысының қырғызы (қазағы – А). Ибраһим Құнанбаевтың жасы 60-та екенін, 3 əйелі барын, 1000 жылқысы мен 2000 қойы барын, оның өте білімді жəне ақылды адам екенін, Шыңғыс болысы болып екі рет үш жылдан жəне үш рет үш жылдан істегенін, сонсоң үкіметтің тағайындауы бойынша бір рет 3 жыл бойына Мұқыр болысы болып істегенін хабарлаймын», – делінген бүкіл өлкені сергелдеңге түсірген əлгі хатты тексерудің қорытындысында. «– Құнанбаевтың қызметінде парасаттылық жəне жігерлілік, үкіметке берілгендік жəне ұлтшылдықтың жоқтығы көзге түсті... Құнанбаевтың өзі кітаптар, газеттер жəне журналдар алдырады, орыс əдебиетіне ынта қояды... Саяси жағынан алғанда, мен оны ақылды адам деп, фанатик емес деп санаймын. Мұсылман билеп-төстеушілерінің қаракеттеріне араласпайтын, сенуге болатын адам деп санаймын». Бұдан Абай неге жасын ұлғайтып көрсетті деген ой туады. Сонымен қатар оның келе-келе өзін бүкіл күйбеңгершілік тіршіліктен шектеп, ауыл мен ағайын арасының ұсақ-түйек кикілжіңіне, қожырап бара жатқан қоғамның кіші-гірім құйтырқы оқиғаларынан бойын аулақ ұстағаны көрінеді. Не де болса өз құпиясы өзіндегі жұмбақ жан. Ол күйзелістер мен күңіреністерін қағазға төкпегенде қайтеді?!.

Əдебиеттегі Абайдың ең басты ерлігі ғажап ұлттық кесек характер, сом мінез жасап, қазақтың көркем ойына жаңадан түрен салды. «Аттың сыны», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жазды күн шілде болғанда», «Ескілік киім», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Қыс» жəне өзге өлеңдерінде əлем поэзиясында теңдесі жоқ асыл нұсқа туғызды. Табиғат төрт мезгіліндегі жаратылыс құбылыстарын жырлай отырып, Шыңғысшоқыларынан томағасын сыпырған қырандай қиыр- шиырларды көріп, аядай ауыл айналасың. Айналшықтап қалмай жалпы жиынтық сурет салуға ұмтылды. Оның шеберлігінде шек жоқ еді. Бұлар этнография нышандарына толып, халықтануға орасан септігін тигізді. Шынында да, ақынның бейнешілдік жасау мəнері ғажап ғибараттардың бірі десе де болғандай. Əйтпесе жеке-жеке Жидебай, Шыңғыстау, Арқат, Қопа мен Ақшоқыны жырласа, оның қолын ешкім қаққан жоқ. Тек бір-екі туындысында ғана тобықтыны атап өтіп, түлкі заманын тазы болын шалудан дəметіп жүрген пысықайлардың (Күлембайға «мəз болады болысың», Дүтбайға», «Абаралыға», «Көжекбайға») жарамсыз мінез-құлықтарды қаужап кетеді. Ол өнер құдіретін сезді. Сол арқылы адам мен заманды түземекке ниет етті. Жазба əдебиеттің төлбасысы еңбек пен өнер сүйгіштікті тəптіштеп, жүйелі жазып кеткені қандай? Қоғам мен адам арасындағы қайшылықтары тұлға дағдарысын əкелгендей. Басқаға қайдам, маған солай көрінеді де тұрады. Əрине айта берсе сөз көп. Абай туралы да əңгіме аз емес. Бұдан сəл бұрын ақын қоры «Абайдың ақын шəкірттері» атты кітап шығарды. Бұл, əрине, құптарлық қадам. Бірақ ол көптеген кемшіліктен құралақан емес. Оны құрастырып, алғысөзін жазған абайтануға едəуір үлес қосып жүрген Қ. Мұхаметқанов болған соң мұндай басылымның көтеріп тұрған жүгі де ауыр болатынын айта кеткіміз келеді. Əйтсе де кіріспе мен түсініктемедегі қайталаулар мезі етіп, кібіртіктетіп, қиялды тұсайды. Мəселен, «Алғысөзде»: «Абай көркем əдебиетте Пушкин бастаған, Пушкин атасы болған реализм мектебінен үлгі-өнеге алды» (8 бет) делінеді. Тағы да:

«Абайдың əлеуметтік тақырыпта жазылған өлеңдерінің Гоголь, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен үндес больш отыруы орыстың демократ-жазушыларынан алған үлгі-өнеге еді» (10 бет) «...орыс мəдениетінен өнеге алуы, орыс əдебиетінен үлгі алып өсуі ақындық талантына кең жол ашады... Пушкин мен Лермонтов Ақылбайдың сүйікті ақындары болды» (16 бет). «Пушкин, Лермонтовты қатты зер салып оқығанын көреміз. ...əкесі Абай үлгі алған зор мектеп – орыс əдебиетін ардақтап, орыстың ұлы ақындарын аса үлкен құрметпен атайды» (27 бет). «Ақылбайдың «Кітапта жазған oрыс даналары» деп сүйсініп оқып, өнеге алғаны осы Пушкин, Лермонтовтың кітаптары. Осы ақындардың романтикалық өлең, позмаларын өзіне үлгі етеді» (28 бет), «Дағыстан» поэмасы қазақ əдебиетіндегі жаңа үлгінің бірі» (33 бет). «Осыныңбəрі– Ақылбайдың Абай поэзиясынан алған ақындық өнердегі үлгі-өнегесін айқын аңғартады» (49 бет). «Мағауия əкесінен үлгі-өнеге, мол тағылым алған, ұлы ақынның жолын қуған, білімді, мəдениетті, саналы шəкірті, талантты ақын» (89 бет). «...Абай арқылы келген орыс əдебиетінің жақсы өнегесі көрініп тұр» (90 бет). «Медіғат-Қасым» поэмасында адам образын жасауда, көркемдік əдістер (приемдар?) жөнінде Пушкин, Лермонтовтың əсері, жақсы өнегесі үнемі сезіліп отырады» (112 бет). «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Абай нұсқаған бағыттан идеялық мазмұнмен қатар, жас ақынның Абайдан ақындық суреттеу үлгісін де өнер етуге талпынғаны байқалады» (127 бет). «Тұрағүл Абайдың ең сүйікті баласының бірі жəне ұлы ұстаз ақынның əдебиеттегі дəстүрін берік ұстаған саналы, мəдениетті шəкірті болған адам» (172 бет). Осылардың өзі де жететін шығар. Біз бұларды əдейі тізбегеніміз Аллаға аян. Өзінен өзі тіленіп тұрғаң соң, амал жоқ. Бүйтіп асығыс кітап

шығаруға атүсті қарасақ, Абайға да, оның шəкірттеріне де обал емес пе? Əуелден Абайға абай болайық деп келе жатқан жоқпыз ба? Оның үстіне Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл Абайдың шəкірттерінен гөрі өз балалары десек əлдеқайда жарасар еді. Сонда Көкбай, Шəкəрім мен Əріп шəкірттері емее пе? Ұлы ұстаз дəстүрін кез келген уақытта жалғастырып, поэзиядағы нар жүгін көтеріп əкететін бұндай тұлғалардың тұңғыш жинақтан сырт қалуы көңілді онша көншітпейді. Қайткенде де кітап жан-жақты ойластарылып, ұтымды құрастырылмағаны көрініп тұр. «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын-ағалар, артқы толқын-інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» демей ме Абай? Ендеше ұлттық жырдың жарқын жұлдызын өз ортасынан бөлек, оған дейін, одан кейін деп қарамай, «Абай айналасындағы ақындар» деген атпен толық қамтып, оқушы сұранысын өтейтін, зəру басылым шығарғанда ұтатын еді. Оған бөле-жармай-ақ алдыңғылардан Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай, Байкөкше, кейінгілерден Шəкəрім, Көкбай, Əріп, т.б. қазақ өлеңінің ірі өкілдерін ендіріп, кітап көкжиегін кеңейтіп, қолдан түспейтін еңбек түзгенде жүдə дауа болмас па? Сөйткенде шоғыр жұлдыздар ішінде Абай бейнесі жарқырап тұрмайтын ба еді?.. Əйтпесе қазақ қоғамының шыр-пыр қамын жеп, шырқыраған шыбын жанын жалау етіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, керек жерінде бала да, дана да болып, аттың жалы, түйенің қомында күн кешкен Бұқар жырау кімнен сорлы еді. Дулат пен Шортанбай ше? III Өз уақытынан оза туған Абай көп толғанып, адам мен табиғат, елдік пен ерлік, кісілік пен кісапірлік, ұлылық пен кішілік, жастық, пен махаббат, жақсылық пен жамандық тақырыптарына əр қырынан көңіл ауанына қарай қайта-қайта оралып отырды.

Ол қалай еңбек етті деген сауал тууы ықтимал шынында да, шабытты шақтары қай кезде болатын еді? Бұл туралы көз көргендер не дейді? «1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға дейін, Абай əрбір өлеңді жазып жүрді. Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын Көкбай сөздері деп жүргізді. Кейін Омбыда, «Дала уəлаяты» мен «Серке» газеті шыққанда, тағы да менің атыммен жіберді. «Сорлы Көкбай жылайды да жырлайды» дегенді мен қылып қойып, өзін айтып еді. Осы хал 1886 жылға шейін келді де, сол жылдың жазында ел жайлауға шықты, – дейді Абайдың үзеңгілес əріптесі Көкбай Жанатайұлы Мұхтар Əуезовке жаздырған естелігінде. – Абай қонып жатқан ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да өзі жазбақшы болды. Сөйтсем сол күні «Жазды күн шілде болғанданы» жазған екен. Оқып берді. Өзі жазған сөзіне ең алғаш рет қанағат қылғанын көргенім сол... Осыдан кейін, өлеңді жиі жаза бастады. Тегінде, өлеңді көп жазатын уақытты қысқы күн мен жазғы салым болсын. Кейін 89-90 жылдардан тыныштық алып отырғанда барлық əндерін де бір-ақ қыста жазға салым шығарды». Ақынның баласы Тұрағүл да оны қуаттайды. «Сол жылы (яғни 1889 жылы) артынан абайлап қарасам əкемнің ғылым жолына белсеніп шыққан жылы екен. Сонда таңертеңнен кешке дейін бас алмай, орыстың кітаптарын оқиды да ара-тұра өлең жазып тастайды. Өлең жазарда ширек табақтай қағазды алдына алып, қолында қарындаш бір мұсаға мінген кісідей болып, көзі жасаураңқырап (тегінде көзі жасаурағыш еді), əндетіңкіреп, күңіреніңкіреп отырады, – деп қуəландырады əкесін шабыт үстінде көрген баласы сыр ағытып. – Сол күңіренудің арасында естір-естімес қылып, күбірлеңкіреп келіп, жазып кеткен соң, көп ойланып тоқтамайды. Алдыңғы жазғанын сызып тастап, түзетпейді де. Бейне өлеңнің тығыны алынып, ағып бара жатқанға ұқсайды. Сол жазып тастағаннан кейін, өзі жатқа айта білмейді». Есі кіріп қалғанда Абайдың алдын көріп, тəлім-тəрбиесін алған Əрхам Кəкітайұлы бұл туралы былай əңгімелейді:

«Жасы елуден асқаннан кейінгі Абайдың тұрмысындағы əдет: ерте сағат 8-9-да оянады. Түзге барып, жуынып келген соң сүйікті керуетінің алдына қалың көрпе төсеп, бас жағына үлкен жастық қойған орынға келіп отырады. Бар киген киімі – көйлек-іштан, басына қазақша сырып тіккен тақия. Егер үй салқын болса, арқасына жеңіл шапан жамылады. Басқадай киім кимейді. Алдына дөңгелек үстел койып, ертеңгі шайды соған жасаттырады. Ішіне қант салып, шайқап суытып, екі шыны шəй ішеді. 3-4 бауырсақ, тоңазытып туралған екі-үш жапырақтай ет жейді. Шайды жинап алысымен үстелге таза дастарқан жайғызып, Абайдың өзі отыратын кітабы, ақ қағазы, қарындашы қойылады. Олармен қатар беті ашық, сырты шойын қара сағаты, ұсақ жазған əріптерді ірі көрсететін томпақ шыны. Насыбай салған мүйіз қара шақша тұрады. Шам жаға үйге кіріп, шəй ішіп болған соң, үйдегілерді шығарып жіберіп, оңаша қалып кітап оқуға кіріседі. Анда-санда қағазға бірер жол жазып, отырады. Кешке тамақ келгенде аздап ет жеп, бір тостағандай сорпа ішеді. ...Абай түнде көп ұйықтамайды, шамды сөндіріп жатып қалады да, бір сағаттай уақытта шамды қайта жағып, кітап оқып отырады. Не қағаз жазып отырады. Аздан кейін шамды өшіріп жатып қалады да, бір мезгілде тағы шам жағып, кітап оқып отырады». Ол бар болғаны 5313 жолдай жыр жазса, оның аудармасы – 1700. Абайдың төл туындысы сонда 3613 жол болады екен. Əсіресе ең өнікті еңбек еткені 1897 жылы – 397 жол, 1896 жылы – 336; ал ең аз жазғаны 1885 жылы 14 жол, 1903 жылы – 16. IV Егер Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай (санай берсе өте көп) қазақтың ұлт болып, бірте-бірте қилы қалыптасу кезеңдеріндегі əртурлі хикметтер мен ойкешулердің қуанышы мен азабын көрсетсе, Абай əбден халық ретінде əлем аясындағы толыққаңды рухи бейнесін жасап берді: «Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың», «Саналы жан көрмедім

сөзді ұғарлық», «Əркім бір ит сақтап жүр ырылдатып», «Ала жылан, аш бақа күпілдектер». Бұл басқа ақындармен салыстырғанда аспан мен жердей айырмашылықты көрмеу мүмкін емес. Бұқар жырауға Абайдың, Абайға Бұқар жыраудың күпісін кигізу, еш жараспайды. Екеуінің арасында қанша кереғар заман тұр. Түрлі-түрлі пікір, ой, сезім, көзқарастар қайшылығын алдымен уақыттан іздеген мақұл. Астар, тұспал, ишарамен айту үрдіске енді. Абай өлеңдерінің кейбір көлденең көк аттыға ұстата бермейтін тылсым сыры осында жатыр. Оның дəуірінде, əлеуметтік-қоғамдық қарым-қатынастар ушығып, одан сайын тереңдей тусті. Абай айналада аждаһадай ысқырып келе жатқан отаршылдыққа қарсы қару ұстайтын мезгіл емес екенін біледі. Сондықтан қолына пəрменді қару етіп, қалам алып, сөз маржанын тізді. Оған өзінен бұрынғы ізашарлардың ақылгөйлігі, дінмарлығы, шешендігі мен төкпелігі ұнаған жоқ. Абай надандық қыспағына душар болғанмен ұшынып тұрған нарықтық қатынасқа ұшыраған жоқ. Қайтіп үрлеп ішіп, қалай шайқап төгемін десе де бір қарақан басына Құнанбай қажыдан қалған дəулет пен сəулет жететін еді. Ендеше ешкім зорламай, тілімен, зəрімен зар төгіп, неге өлең жазды? Бұл да болса мыңмен жалғыз алысқан жанның жұмбағы. Тəңірдің тылсым күші. Сонда да болса алдыңғы толқын ақындарға сонша неге шүйліге береді? Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау. Əттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі əр жерде-ақ көрініп тұр-ау! Бұл өлең туған кезде қазақ поэзиясы бейнелеу құралдардың арсеналы байыған болатын. Бұл үш ақын да көбінесе Сарыарқа өңірінде ғұмыр кешті. Абай Жайықтағы, Махамбет Атыраудағы, Мұрат Жетісудағы Сүйінбай есімдерін еміс-еміс естімесе, олардың туындыларымен онша таныс емес еді.

Ал, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай мен Абай қай тұста қиылысып, қай тұста жеке-жеке өлеңнің ақ отауын көтереді. Біз үшін мұның үлкен мəні бар. Мысалы: Бұқар жырау Сөз ұғарлық ер болса, Айтылмас шын сөз болмайды. Абай Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма? *** Ендігі жұрттың сөзі ұрлық-қарлық, Саналы жан көрмедім, сөзді ұғарлық, Бұқар жырау А, заман-ай, заман-ай Басты мына тұман-ай. Істің бəрі күман-ай, Баспақ-тана жиылып, Пəни болған заман-ай. Құл-қүтандар жиылып, Құда болған заман-ай, Арғымағын жоғалтып, Тай жугірткен заман-ай. Абай

Сұм-сұрқия қу заман Гүл көрінер жігітке. Қызықты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке. *** Мынау азған қу заман, Қалыбында тұрмайды. Біреу малды ұрлайды, Біреу басты қорлайды. Дулат Елін сатып, шен алған, Өлекседен жем алған, Кебеже-қарын, кең өңеш, Өлексе көрсе үңгіген, Күшігеннен кем емес, Тек дейтұғын тегі жоқ. Өз еліне ебі жоқ, Жатқа зерде, кегі жоқ – Азған елге би болды. *** Кінəм жойқын, тəубем аз, Тіршіліктен не таптым, Д үние – жемтік, мен – төбет, Соны бақпай, не бақтым?

Ырылдасып əркіммен. Не қапқыздым, не қаптым. *** Қазіргі қазақ ұлығы, Жаман иттен несі кем? Жемтік көрсе, қан көрсе, Айырылар мүлдем есінен. Сендер атқа мінген соң, Тандыр болып суалды Шалқар көлдей несібем. Шортанбай Бұл заманның адамы, Ұстасады көре алмай. Аз болса, бөліп бере алмай. Шындық кетті қазақтан Ант-сөзіне сене алмай. *** Азған елдің адамы Апшыған сұмдар қадамы, Жүйрікпін деп шабаны Момынға жапса жаланы. Қулық-сұмдық табады. *** Мейір кетті пендеден Сөйтіп ердің елінен,

Ақыл сұрасаң азбассың, Көпті көрген көнеден. Қасиет кетгі төреден, Əділдік кетті билерден, Абырой кетті əркімнен. *** Келедей істі көлдей ғып, Өтірік айтып жаласын. Мойнына əкеп жабады. Өз қолыңды кесе алмай, Шиеленгенді шеше алмай, Осы шығар, əлеумет, Дүниенің қауіп жаманы?!. Абай Адам деген даңқым бар, Адам қылмас халқым бар, Өтірік пен өсекке Бəйге атындай аңқылдар. *** Кетті бірлік, Сөнді ерлік, Енді кімге беттемек? Елің – ала, Отты шала, Тайса аяғың, кім көмек. *** Жалығуды пəледен

Жұрт ұмытты біржола. Шыныменен тəмам ел, Кете ме екен ит бола. *** Кеселді пысық көбейді, Күшік иттей үріп жүр, Кісіден кеммін демейді. Əдетте қазақ ақындары жылқы, ат, арғымақ, тұлпар, пырақ десе делебесі қозып, əруақтанып кетеді. Бұл тақырыпқа Бұқар жырау да, Абай да барды: Ойнай басқан аяқтым, От орнындай тұяқтым Қиғаш қамыс құлақтым, Сапты аяқтай еріндім. Сарымсақтай азулым, Сауырсын кебе жараған. Кекілін қыздай тараған. Тостаған көз торыны Топ тарқамай мін-сана. Абай Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Аузы-омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ. Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Қабырғалы, жоталы, болса күшті. Ойынды еті, бөп-бөлек, омыраулы, Тояттаған бүркіттей салқы төсті. Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ, Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ. Жел соғарлы, сіңірлі, аяғы тіп-тік, Жауырыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ. Екі өлеңде де арғымақтың сұлу ажары, бітім-келбеті келісті беріледі. Егер Абайдың «Аттың сыны» əлсіз түйінделіп («Ыза қылдың қолыңа, бір тигізбей»), жеке бір адамның ғана көңіл-күйі берілсе, Бұқар жырауда күшті азаматтық үнге бастайды. («Еліңнің қамын же – сана»). Абайға дейінгі үш ақын да адамгершілік, ерлік пен елдік туралы айтқанда да алды орап. Бұқар жырау Адамзаттың баласы Атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, Оның ішінде біреуі арыстан болмас па? Арыстанның барында, Жорғасы болса мінсін, Торқасы болса кисін. Толғамалы қамшы алып,

Толағай да-толағай дəурен сүрмес пе? Дулат Қайран қазақ, қайтейін, Қарасы – анытқор, Ханы – арам, Батыры көксер басы аман, Бəйбіше – тантық, бай – сараң. Бозбаласы – бошалаң, Қырсыға туды қыз балаң. Нары – жалқау кер табан, Құсы – күйшіл, ат – шабан. Жырғалаң жоқ, жобалаң. Ебі кеткен ел болды. Енді қайда мен барам? Шортанбай Ықтияр кетпей жалды атқа, Жүйрігің мен жорғаңды Өзің де мініп жебеле, Қатын-бала қамы үшін Қарсы шап та, мылтық құш. Құр жабырқап, жүдеме. Айтып, айтпай немене. Өткен заман келе ме?! Қайран да, халқым қайтейін,

Кейісті көп тартарсың. Көппен көрген себеле, Селебені елеме. Қанша қамкөңіл болғанмен, олардың жырына жігерлілік, асқақтық қанат бітіреді. Күреске шақырады: «Қарсы шап та, мылтық құш», «Толғаламы қамшы алып». Ал Абай болса көзге шұқығандай етіп, көк нұқиды. Талапты тұқыртады. Міншіл. Сыншыл. Кінəмшіл. Əйтсе де оған ақындық рухы жағынан Дулат тым жақын. Дулат Қазақ деген ғаріп жұрт, Мығыңды көрсетпей, Ұстарасыз түсті мұрт. Ұйқы басып, сезбедің. Шырмаған жаудың сырт, – десе Абай да жүрек қыжылын ащы ақтарады: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Дулат

Азған сені көргенде, Қайнайды менің зығырым. Абай Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде. Дулат Мөңіреп жұртқа ой қайтты, Бұзауы өлген сиырдай. Абай Адасқан күшік секілді. Ұлып жұртқа қайтқан ой. Дулат Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын. Ел пысығы жортады. Өзі елді қорқытып, Онан өзі қорқады. Алдына түсіп томпандайды. Абай Өзі ұлыққа,

Қадір жоққа Қарамай өз халқына, Сөз қайырмай, Жөнді айырмай. Жұртқа шабар талпына. Əрине, үндестік пен үйлесімнің де шет-шегі бар. Бірақ дəл осылай ақындардың бір-біріне рухи туыстасып, бауырласып, үндесіп келуі дəстүрді ешқашан мансұқ етпейді. Абайдың жаңашылдығы аспаннан аяғы салбырап түскен жоқ. Ол өзіне дейінгі қазақ жырының бүкіл асыл қасиеттерінен нəр алып, ұдайы қуатты қайнардан сусындап отырғанын көрсетіп, алға тартады. Зады, замандастарының айтуынша, Абай айналасында ақындар, жыраулар, əншілер мен күйшілер аз болмаған. Оның ғажап жыр мектебі болашаққа қарай мəңгілік өнер нұрын шашып жатыр. Біз бұнда оның бір қырына ғана тоқталып, тақыр жерде өспеген поэзия бəйтерегі екенін айтқымыз келді. Əйтпесе Абай əлемі ой мен қиялға жеткізе ме?!. Заман зəузатқорлары Қазақтар Алыстан “Алаш” десе аттанамын, Қазақты “қазақ” десе мақтанамын. Болғанда əкем – қазақ, шешем – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын.

Міржақып. Біз кімбіз? Қайдан келіп, енді қайда барамыз? Нұрлы қуатты қайнарлар мен ботагөз бұлақтар бастаулары не дейді? Менің Отаным – Қазақ елі. Қазақия. Қазақстан!.. Біздің тұзы жеңілдеу халқымыз тажалдың өзімен де талай тура бетпе-бет келіп, жалын жұтқыншақты жалмауыз жұмырына жұтылып кете жаздап, жойылудан əупіріммен əрең аман қалып, ілдалалап ХХІ ғасырға тұяғы ілікті-ау əйтеуір. Қытай, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия мен басқа елдерде əртүрлі қоғамдық- əлеуметтік себеп-салдармен тағдыр тауқыметін тартып, жұмыр жерде тарыдай шашылып жүргендерді қоспағанда, соңғы мəлімет бойынша, байырғы атақоныста 9 миллиондай қазақ тұрады екен. Аз да болса саптағылар мен санаттағылар бауырға тартылып жатыр, енді санның сапарға айналар кезі келе жатқандай. Олай болса, адамзат өркениетіне не қосылды? Қорқыт күйлері. Əбу Насыр əл-Фараби ойлары. Махмұт Қашғари сөздігі, Жүсіп Баласағұни толғаулары, Мұхаммед Хайдар Дулати тарих тарауларымен əлемдік тұлғалар бола ала ма? Тіршілік дарағындағы қазақ халқы уақыт сүзгісіне түсіп, бəріне көнбістікпен төзіп, ұзақ ауыр жолдан өтті. Өткен ғасыр басында ел-жұртының бақыты мен бостандығы үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, отқа да, суға да түскен Ахмет Байтұрсынұлы: “Алхамдулла, аз емеспіз, 6 миллион қазақпыз” деген шүкірлік етіп. Енді олардың бүкіл ұзын-ырғасы екі еседен асып, ұлы далада тағдырдың ыстық табасында шыжғырылса да табан аудармай, ұл-қыз өсіріп, көңлі келсе көл, шекесі тырысса шөл болып, жансебіл қияметқайым ғұмыр кешіп, бүгінгі күн биігіне жетсе де маңдайының шылқып отырғаны шамалы. Тəуелсіздік туы көтеріліп, егемен ел болғанның түрі бұл. Жаһандасу жанкештілікпен келе жатыр. Шүкір! Алайда, сан-сапалақ қиыншылықта балға мен төс арасында жаншылып кетпей шыңдалып, ата-бабалардың батырлық пен батылдық танытып, жүрек жұтқан жанқиярлығы арқасында керегесі кеңейіп, шаңырағы шайқалмай апайтөс алыптармен терезесі тең болуға ұмтылып келе жатыр. Барлық ұсақ-түйек пендеуи күйбеңгершілікті былай ысырып қойғанда,

өмірбақи қайран қазақтардың сордан көзіне көк шыбын үймелеп, ашылып көрді ме? Тіл ғана емес, саясат серкесі Олжас Сүлейменов Қырғызстан Президенті Асқар Ақаевтың арнайы барып, сіңірі шиқылдап əрең-əрең отырса да, ЮНСКО шеңберінде Қырғыз мемлекеттілігінің құрылғанына 2500 жыл толу мерекесін өткізу туралы ұсыныс енгізіп қайтқанын айтады. Ал, біз де ше? Құлаққа ұрған танадай тым-тырыс. Ешнəрсе 1500 жылдан асып көрмегендей: Түркістан – 1500, “Қозыкөрпеш – Баянсұлу” – 1500 жыл. Ары, не бері жылжытуға болмайтындай. Бейне бір бəрін кесіп-пішіп қойғандай, тарихқа қиянат қашанғы жалғаса береді? Сол аралықта қоңсылар оқ бойы алды орап, “Алпамыстың” – 1000, “Манастың” – 1000 жылдықтарын тойлап, бүкілхалықтық мереке салтанатына айналдырып жіберді. Біздің республикамызда той-томалақтардың көбісі жетім қыздың тойындай өтетіні қалай? Бəлкім, бұған да орыс отаршылдығы сайқал саясатының салқыны тиген шығар. Сол кесір-кесапаттан қырғыз, қайсақ, тіпті номад, калбит пен мəмбет аталып, төл атын алмаған халықты кім болса соның басынуы əлі күнге сезіледі. Əйтпесе, не əдебиетші емес, не тарихшы емес дүбəра дүрегейдей дəлдүріш Рой Медведовтың “Литературная газетадағы” (№13, 2003 ж.) кездейсоқ сандырағына жол болсын? “Шындығын айтқанда, қазақта мемлекет құрудың қажетті мəдениеті жоқ” деп көкиді ол қисынсыз зиялылық пен зайырлықты бөгдеге қимай. Əлсін-əлсін келіп қайтатын жыл құсындай аққұстардың бейпілауыздығына сайып, қолыңды сілтей салайын десең сандырақ сөз сүйектен өтіп барады. Теріскей қоңсымыз БАҚ-тарының қасақана терісін теріс айналдыра жамылып, ақпараттар айдынында арандатып бəле жауып байбалам салуы жалғыз бұл ма? А.И.Солженицын, М.С.Горбачев, В.В.Жириновскийдің əдейі қысастықпен айтқанын қайта жаңғыртқанда кім не ұтады? Бүйте берсе біздердің Сарытау (Саратов), Астрахан, Орынбор, Қорған, Селебі, Омбы уəлаяттарына құқығымыз бен қатысымыз қайда қалады? Біле білсек, қазіргі Қазақстан байырғы Үйсін, Қаңлы, Түрік қағанаттары, Дешті Қыпшақ, тіпті бергі Алтын орданың бірден-бір мұрагері емес пе?

Не дегенмен отаршылдық сызы мен қырғиқабақ мінезі бойға терең сіңген бе əлі күнге дейін байқалады. Азияға ашылған “терезе” ретінде қараған сайқал саясат салқыны І-Петр заманынан бері жалғасып, бұғаулық шынжыры үзілмей келеді əлі. Ұзақ жылдар бойы салт-сана, əдет-ғұрыппен көшпелілер тұрмысына кірген хандық билікті бір дегеннен жойып жіберу қырға қырбайлық əкелді. Өз алдына отау тігіп, ұлт болып ұйығанша да қазақ ежелгі халық болатын. Оның бастауын Ғұннан, Сақтан жəне түрлі түркі тайпаларынан алғанмен бəрі бір өмір қайнарлары ұлы сағаға құяды. Өйткені, келте түсінікке кереғар, елтану мен қазақтану өте ертеден басталады. Ұлы дала мен Орыс тамырлы байланыстарын қаза зерттеген Л.Н. Гумилевтің: “Қазақтар сонау көне түркі заманынан келе жатқан халық” деуі шындық шыңына меңзейді. Қазақтың тұңғыш тамаша əмбебап ғалымы Шоқан Шыңғысұлы да шындық шыңырауынан сыр тартады: “Бұл халық өздерін қазақ деп атайды, көршілес қырғыздар да оларды солай ұлықтайды... Орыс казактары да əр тектес тайпалардан одақ құрып, казактар деген атауға ие болды. Татар (түркі дегені) қазақтардың шыққан тегін Алаш, Алашамен байланыстыруында да тарихи шындық жатыр”. Қалай түсінсек олай түсінейік, құйма құлақтықты пір тұтқан қыр ақындарында басқа халықтарда жоқ қасиеттер өз елінің шежіресін өлеңмен өрнектеуге құштар болғаны бас шайқатады. Ш.Уəлиханұлының өзі Абылай замандасы Шал жыраудың поэзия тілімен айшықтаған жылнамасының қолға түспегеніне опынады. Нұржан Наушабаевтың “Манзумат Қазақиясы”, Жамбыл Жабаев, Кенен Əзірбаев, Шəді төренің шежірелері мəңгілік меңзелдес болмағанымен оларда ақау да аз емес. Айналайын əруақтары кешірсін, Абай, Шаһкəрім, Мəшһүр Жүсіп Көпей жəне басқалардың қазақ ата тегі хақындағы жазбалары нобай, үзінді күйінде, естігендері мен оқып- білгендерін мазмұндаумен ғана шектелгендей. Ғылыми мақалалар жазуды ойламаған да шығар, бəлкім. Қашаннан əдебиет пен тарих төркіндестігіне қарамастан екеуі екі түрлі тараптан тоғысады. Əдебиет əдебиет те, тарих тарих. Аңыз бен ақиқат кейде бір-бірімен сəйкес келе бермейді. Бірақ, шежіреге де сонша шошына қарай беруге болмайды. Мəселен, біз Бибарыс пен Халдунның “Қыпшақ шежіресін”, Ұлықбектің “Сұлтандар шежіресін”, Мұса Шорманов, Диханбай, күні кешегі Ə.Марғұлан қолынан шыққан шежірелерді білеміз бе?

Егер Абай қайта-қайта жанға батырып: “Ғақлиясының” бірінде: “Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қоштасам керек еді. Уа, əрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір нəрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем – сөйлеспесем, мəжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, “не қылды, не болды?” демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай?..” деп өз ұлтын ащы мінесе өз тұрғылас тұстастарын тұспалдап, көкжиек кеңістікті көлегейлеген кещелерді меңзегені болып табылады. Жарықтық, сонша неге түңілді екен? Əуелгі жаратылыс мінез-құлқында сондай құдай сүймес майда-шүйде қылық болды ма екен, сірə? Шаһкəрім Құдайбердіұлы болса да өзінің “Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресінде” бір ауыз қара сөзбен қайырудың орнына жылнама жолдарын өлеңге айналдырып, келісті көркемдік келісімнен тұратын өнерге нұқсан келтіріп, тізеге салып, əуре-сарсаңға түседі: Астрахан, Қырым, Қазан қаласында, Болыпты төрт бөлек хан таласында. Билеген бергі шетті Əбілқайыр, 1450-жылдың шамасында. Осы кез біздің “қазақ” атанғандық, Түрікте бір əдет бар ескі заңдық. Тамызып қанын сүтке қосып ішіп, Анда деп жасайды екен туысқандық! Туысқа əшейінде қарамайды, Жақын деп қан қосылмай санамайды. Ішсе де қай румен қанын қосып,

Бір туған жақыным деп бағалайды. Құралған əр рудан қазақ басы, Анда боп қан қосылған қарындасы. “Ел болып, өз еркімен еркін жүрген”, деген сөз қазақтықтың мағынасы. Қазақтың Əз-Жəнібек ханы болған, Билеген сыртын ноғай заңы болған. Арғынның арғы атасы Дайырқожа, Дейтұғын бір əділ би тағы болған. Ол биді Əбілқайыр жақсы көрген, “Ақжол” деп оң тізеден орын берген. Қобыланды Қара қыпшақ батыр еді, Намыс қып күндестікпен шайтанға ерген. Өлтірген аңдып жүріп Ақжол биді, Қазаққа осы жұмыс ауыр тиді. Қысқасы Қобыландыны өлтірем деп, Жар салып Əз-Жəнібек халқын жиды. Жалынған үш кісінің құнын ал деп, Алмаған “Бізге керек емес мал” деп. Бермеген Əбілқайыр Қобыландыны, “Мұны өлтірсең қалған ел бұзылар” деп. Сондықтан өкпе қылып қазақ көшкен, Қыпшақты шауып, жаншып қатты өштескен. Шудағы Шағатайдың нəсілінен, Қараймыз Мұғылтемір ханға дескен...

Кезінде адамзат тарихында атаулардың кездейсоқ болуы да кəдік. Америка Христофор Колумб атын алмай, жаңа құрылық неге Америго Веспуччидің есімімен аталды? Бирманың Мьянма, Голландияның Нидерланды аталуының қандай-қандай құпиялары бар? Сондай-ақ “қазақ” атауының айналасында талас пен тартыс, дау мен дамай тынған жоқ əлі. Баз біреулер əлі күнге дейін оның үндестігі мен үйлесімін іздеп жүр. Бізге мəлім мағлұматтар мен дерек көздеріне басқаша тіл бітеді. Сан алуан мəліметтерге сілтеме жасай отырып, біздіңше, қазақтанумен айналысатындарды үш топқа бөлуге болатындай: 1. Аңызды арқаланып, алға тартатындар: Абай, А.П.Чулошников, Шаһкəрім, Мəшүр Жүсіп Көпей, М.Дүйсенов, т.б. 2. Дыбыстық үндестікті малданып зерттейтіндер: Мұхаммед əл-Ауфи, Константин Порфиродный, Əбілғазы, А.Вамбери, З.У.Тоған, Н.П. Марр, т.б. 3. Қайнарға жаутаңдап қайырылатындар: Ə.Фирдауси, Рашид Ад-Дин, А.И.Левшин, Ш.Уəлиханов, В.В. Вельяминов-Зернов, М.Тынышбаев, В.В.Бартольд, С.Аспандияров, И.Қабышұлы, т.б. Біріншілердің үздік үлгісі Мəшһүр Жүсіп Көпей: “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” деген болыпты. Тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі екен деседі. Сол заманда қырық ханның бірі болған қызыл Арыстан хан Бұқарада тұрып хандық қылған екен. Бір өзінде он бес азаншы жұма күні азан айтады. Мұнараны сол қызыл Арыстан хан жасатқан екен деседі. Бəйбішесінен бала болмай, Қызылаяқ деген бір елді шауып, ат артына салып алып келген бір қызға хан аяқ салып, онан бір бала туып, өзі сауысқанның аласындай ала туып, бəйбіше өзінен тумай тоқалдан туғандығын іштарлық қылып, күндеп, бұл балаңды балам деп сақтама, көзін жоғалт, қарашығын батыр. Мынау өскенде жұртыңды ала қылып, ала тайдай бүлдіреді деген соң хан қырық жігітке бұйырыпты... кеше “Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұрпағымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл

Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, жұрт болып, өз алдына отау тіккен емес, əр жұртқа бұратарта қоңсы болып жүрген”. Екіншілер болып емексітетіндер ішінде Чехославак академигі Б.Грозный да (1879-1952 ж.ж.) бар. Ол: “Касахи” біздің заманымыздан бұрын Каспий теңізінің батысында тұратын Ғұн тайпасы. “Касахи” сөзіеің түбірі – “қас”, “қаз”. Ал, “қасақ”, “көсег” сөздерінің түбірі де осыдан алынған. “Кавказ”, “Каспий” бəрі бір түбірден” қисын іздейді. Осыған орайлас ойын білдірген академик Н.Я.Маррды В.В.Бартольд сынап, пəтуасыз пікір айтқанын айтып кетеді. Олар жалғыз емес, əрине. Армян жазушысы Мұса Харений де “Қазақтар біздің заманымыздан көп бұрын, Иран патшасы Валирттістің кезінде (126-197 ж.ж.) Күр өзенінің оңтүстік жағын қоныстанып отырғанын” көрсетеді. Ғұлама ғалым Рамстедт те “қазақ” пен “хазар” сөздерінің түбірлестігіне тоқтайды. Тарихшы Тəбириди Əмудария атырабында қазақтардың болғанын тəптіштеп кетеді. Бұл көшпелілер өмірінен жібі түзу еңбек жазып, түбегейлі тиянақтылықпен А.И.Левшин (1799-1879 ж.ж.) табандылық танытады: “... Олар осы күнге дейін өздерін тек қана қазақтармыз (казақ) деп атайды. Осы аталумен олар парсылықтар, бұхарлықтар, хиуалықтар жəне Азияның басқа халықтарына да мəлім. Қытайлықтар бастапқы қəріп “қ-ні жұмсартып “хасақтар” деп атайды. Ресейде де XVIII жүзжылдыққа дейін қырғыз- қайсақтарды білген жоқ, оларды қазақтар, қазақ ордасы дейтін еді”. Оны “Қазақ тарихының Геродоты” атаған Шоқан тағы бірде: “Шайбаниинмада” – “қазақ” өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Еуропа тілінде ондай ұғымды рыцарь (ер) деп атайды” дегенге ден қояды. Алтын орданы шабуға бара жатқанда Əмір Темірдің шекара шебіндегі қазақтарды қырып-жойғаны туралы да мəлімет кездеседі. Көп зерттеушінің ойы бір арнада тоғысса көкейдегі қоламтаны қайта көксегендей. В.В.Вельяминов-Зернов, А.И.Левшин, қазақ тарихшылары М.Тынышбаев, С.Аспандияров жəне басқалар қазақ халқының негізін құрайтын арғын, найман, қоңырат, үйсін, шанышқылы, қаңлы, жалайыр тəрізді рулар мен тайпалар түп-төркініне назар аудартады. Қазақтануды қаузағандардың бірсыпырасы көне дерек

көзі деп Ə.Фирдаусиге сілтеме жасап жүр. Əйгілі “Шахнама” дəуірнамасы – тарихилаудан алыс əдеби шығарма. Сондықтан ерте орта ғасырдағы туындының асыл құнын төмендетпей, рухын ту етіп көтерсек қана баянның байыбына бара алатынымыз айдан анық. Байырғы атақоныста уақыт пен көкжиектерді көктей өткен көшпелілердің басын қосып, қара шаңырақты стап қалған қазақтар тағдыры мен тарихын сан саққа жүгірте бермей, толыққанды шынайы көрсету өмір талабы. Əйтпесе, Кіші Азиядағы түріктердің Түркістанға көзі боталап қарайтыны неліктен?! “Өркениет – цивилизация, латынша Civis – азамат, қала тұрғыны немесе қала мəдениеті деген сөз. Осы орайда Страбонның: “Өркениет болу үшін бір қала да жеткілікті” дейтін сөзі бар. Қазақтар тұрған жерлерде Арқайымнан бастасаң 300- 400 қала болған. Атақты астанамыз Отырар, Тараз, Талас, Испиджаб (Сайрам), Түркістан, Жанкент, Ташкент, Бұхара, Жаркент, Хорезм жəне Жетісу қалалары,– дейді академик Е.Омаров.– Қазар қалалары: Саркел, Итил (Еділ), Астрахан. Қалалар негізінен Жібек жолы бойын жағалай орналасқандықтан олар үлкен мəдениет əрі ғылым мен білім орталығына айналды. Қазақ өркениетін, жалпы, қаситтерден бастап есептесек 4000 жыл, ал, қассақ сақтарынан бастасақ 2600 жыл шамасында. Меніңше, тарлан тарихымыз 6000 жылдан асады деп болжауға болады”. Бұған не алып қосуға болады? Гете аса пір тұтып, жоғары бағалаған Шығыс жеті жұлдыздарының бірі Омар Һайямның (Қайым) толғанып: Келу менен кетуіміз жұмбақ біздің баяғы, Данышпан ой шеше алмаған не теңіз. Бұл өмірдің басы да жоқ аяғы, Қайдан келіп, енді қайда кетеміз? – деуі нысанаға дөп тиіп жатқандай. Ежелгі тарихтың əр жерінен шаң беріп, ру жəне тайпалардан құралса да қазақтар ешкімге қолбала болған емес. Əйтсе де А.П.Чулошниковтың: “қазақ халықтығының өзінше өмір сүргенін XV ғасырдан одан əрі ерте əкетуге мүлдем тырысу

алдын-ала сəтсіздікке ұшырайды. Егер қазақтар ХІ ғасырдан кейінгі қазақ халқының құрамына кірсе бұл кездейсоқтық” дегені асығыстық шығар онда. Оның мақсаткер мінеушісі сонша шұқшиып тырнақ астынан кір іздемей Мұхамеджан Тынышпаев: “Туындыгер қазақтарды XV ғасырдан ерте қалыптасқан жоқ деп тұжырымдауы” ағат дей келіп: “...қазақтар (қырғыздар) туралы əр түрлі деректерден “қазақ” деген сөзді ғана іздестіріп, олар əр қилы кезеңде əр түрлі түркі-монғол тайпалары қосылған негізгі тайпа деп есептейді... Қазақ халқының əрбір руының зəузатқорын алдын-ала зерттемей, сондай-ақ, оның қай кезде кіммен қақтығысқанын анытап алмай, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес” деп тоқтам жасауы қалайда құлақ қойғызады. “Қазақстан тарихын” жазған дəрігер, генерал-майор шенінде демалысқа шыққан Санжар Аспандияров та қарап қалмай, М.Тынышбаевты аяғынан бір шалып қалуды ұмытпайды: “Қазақ-көне ұлы халық екенін дəлелдеуге тырысқан Тынышбаевтың тұжырымы түсінікті емес пе? Бұл халыққа черкестер де, литвалықтар да, Қырым жəне Қазан татарлары да жатады. Оған Əзірбайжан түріктері – “қазақтар” да кіреді”. Ол өз қандасын сынай отырып, Маркс пен Энгельске, Ленин мен Сталинге сілтеме жасаса да қуғын-сүргіннің қасыретті құрығынан құтыла алмай, құр қиялдың құрбаны болады сөйтіп. Бұл төл тақырыптан “Айқап” жорналы да қалыс қалмай, “қазақ” деген сөзге екі мағына береді: біріншісі, “қашақ” дейтіні қазақ даласын айнала мекендейтін отырықшы елдердің əкімдеріне барғысы келмегендер мен жатқан қазақтың қазіргі кең даласына қашып шыға берген. ...Екінші тұспалда “қазақ” есімі “ақ қазақ” деген сөзден тууы да мүмкін делінеді”. Ағынан жарылса да бұл дау-дамайға И.А.Кастанье де нүкте қоя алмайды: “Тарихи мəліметтерге қарағанда, қазақтар (қырғыздар) бірнеше түркі тайпаларының араласуынан шыққан, кейде олардың арасында керей, найман, қыпшақ, алшын жəне арғын атаулары да болған”. Қызды-қыздымен түрколог академик А.Н.Бернштам да бұған амалсыз араласып кетеді: “Дешті Қыпшақ жерінде – кейіннен бізге “қазақ” деген атпен белгілі болған “қас”, “хазақ” т.с. атты көптеген тайпалық құрылымдар өмір сүрген”.

Əрине, аталмыш күрделі мəселенің күрмеуі көп. Əне бір жылы сан алуан пікір таласында “қазақ қауымы” атты еңбек жазған Сəбит Мұқанов М.Ақынжановтың “қас” “сақ” деген екі сөзден құралатын ойына қосылады: “Қазақ тарихы туралы қай кезде кімдер жазса да бір мəселеге талас жоқ сияқты. Ол қазақ халқының көне замандарындағы көшпелі рулардан құралуы. Солардың арғылары: “сақ”, “массағат”, “сармат”, “үйсін”, “қаңлы”, бергілері: қыпшақ, найман, керей, тағы басқаларын айтса да бəрі бір, өйткені қазақтың басын құраған сол рулар екені ақиқат... “қазақ” деп аталатын халықтың дəл қай кезден құрылғанын басып айтатын тарих əзірге жоқ. Қазақ халқының алғаш пайда болуы, қалыптасуы жайындағы жоғарыдағы жорамалдардың, пікірлердің біразы секілді көрінгенмен, əлі де болса дəлелдеуді қажет ететін талас мəселе екені мəлім”. Оңтүстік Сібір (Тұран) нəсілділерге жататын қазақтар жер бетінен өшіп кетпей, тамыры терең алып бəйтеректей қатал уақытпен жапырақ жайып, мəңгілік көктеп келеді əлі. Олар өмір өтінде не көрмеді?! Үйсін, Қаңлы, Алтынорда мемлекеттерінің басқару тек билік үрдістері жас қазақ хандығына ұласқаны үлкен алқаракөк айдындардың сарқылмағанын көрсетпей ме? Орта ғасыр көшпелілер өміріне аз өзгеріс əкелген жоқ. Кіндігі бір бауырлардың арасы алшақтап, өзара алыстай түсті: “Сол заманда Əбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кез еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жəнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алқабындағы Қозыбасыны берді... Жұрттың көпшілігі Жəнібек хан мен Керей ханның жанына кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, оларды өзбек-қазақ деп атай бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 (1465-1466) жылдан басталады. (Алла жақсы біледі). 940 (1533-1534) жылға дейін қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне өз биліктерін толық жүргізген еді”. Осында көп мамандар көңіл аудармай жүрген екі жай бар. Алғашқысы – Дешті Қыпшақ. Одан соңғысы – өзбек-қазақ. Қалай дегенмен ұлттың тұңғыш тарихшысы қазақ хандығы заманын бізден бір табан жақын тұр. 1458 жылы Түркістан төңірегінде Əбілқайыр жоңғар қонтайшысы Өзтемірмен

шайқаста жеңіліп, Шайбани шөбересі майдан даласын тастап қашып шығады. Бұл кезде, яғни 1458-1459 жылдары қас қылғандай Моғолстанның өз ішінде Уəйіс хан өлісімен тақталасы өршіп, ағайынды Есенбұға мен Жүніс ымырасыз күреске кірісті. Осындай оқ пен оттың арасында жүріп, əр тарихшы əрқалай айтқанмен қазақ хандығының дүниеге келуі сол ғасырдың алпысыншы жылдары болуы мүмкін. “Бабырнамада” Заһарад-Дин “қазақтық”, “қазақ болып жүргенде”, “қазақ күндері” дегенді жиі айтатыны да сол дəуірге жатады. Ноғай ханның тұсында Еділ бойы елінің тұрғындарының біразы ноғайлар, Жошы ұлысын жайлағандар өзбектер деп те аталғаны аян. Олардың көбісі ат əбзелдері, зергерлік бұйымдары мен ою-өрнекте байырғы Ғұн, Сақ (скиф), Үйсін дəуірінен қалған аң айшықтарында (звериный стиль) мəдени мұраны аманат етіп көздің қарашығындай сақтап қалды. Дала өркениеті өрнектерінде де сол нəзік нақыштар мен қызық қолтаңба іздері жатыр. ХХІ ғасыр қазақ халқы үшін оңай басталған жоқ. Рас тəуелсіздік таңы атып, егемен ел болғанымыз жалғасты. Ғасырлар бойы ғазиз анамыздай əлпештеп келген жер сатылды. Қыруар қазба байлықтары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Тұрғындардың басым көпшілігі ыңыршағы айнала мəңгіріп, күн көріс қамынан артпай жүр. Нарықтық қарым-қатынастар қиыншылығы қашанғы қабырғаны қайыстыра береді? Болашақ буалдыр болса да ертеңге елеңдеп сеніммен қарағың келеді. Жалғыз мен ғана емес, басқалар да соған емексиді. Америка ғалымы Марта Брил Олкот “Қазақтар” атты кітап жариялады. (Оның тез арада тəржімалануын қалар едім). Батыстың Қазақстанға жан-жақты қызығушылығы артып отыр. Мəселен, Францияда біздің елімізді зерттейтін топта 25-ке дейін кісі болса, Англияда 7-8, Алманияда – 1-2, Италияда – 1-2, АҚШ-та – 5-6 адам бар. Бұл сең бұзылды деген сөз. Егер адамзат өркениетін өзіміз орнаттық деп мардымси қарайтындардың өзі ұлтымыздың мəдениетін, тарихы мен саясатын зерттей бастаса аса қажеттіліктен туғандай құбылыс. Біздің Ұлттық Ғылым Академиямымызда “Қыпшақтану” дейтін аты бар да заты жоқ орталық тіркелген. Өтйкені, оның не тындырып, не

қойғаны беймағлұм. Түркістандағы Халықаралық қазақ-түріктің Ахмет Иассауи атындағы университетінің профессоры Рақманқұл Бердібай өзекке өрт түсіретін жайдан сыр шертіп: “Біздің тарих неге жазылмаған?” деп оқырмандар шошып кетпесін. Жазылған том-том кітаптар бары рас. Тіпті бір кітапхана құрастырса да болады. Мысалы, Левшиндер, Бичуриндер мыңдаған Қытай томдарын қарады дейсіз бе? Олар өздеріне керегін ғана алды. Олардың бəрінде Еуроцентризм, “Жақсылықтың кіндігі Еуропа болды” деген ой, орыс шовинизмі, “өзге халықтар орыс халқының панасында ғана көгере алады” деген тұжырым насихатталды,– дейді ақиқаттан онша аттамай. – Ал сол кездегі Сібірдегі көптеген шағын ұлттар құрып кетті. Əрине, орыстың Вельяминов-Зернов, Л.Гумилев сияқты адал ғалымдары да болды. Қазақтың тарихы қайта жазылуы тиіс!”. Ұлы далада қанша ұрпақ ауысты. Енді қандай қайғы-қасірет бұлты төнсе де таза тілектер бір асыл арнада тоғысқандай. Егер бұрын тек Еуропа көзімен зерттесек, енді туған халық тарихын араб-парсы, қытай-үнді, жапон-кəріс деректері мен дəйектерінен қарастыруға көкжиек ашылды. Қытай тарихшысы Бэн Гу өзінің “Ханнамасында” былай суреттейді: “Сақ – біздің жыл санауымыздан мың жыл бұрын Орта Азия мен қазақ даласын мекендеген ежелгі тайпа. Ертедегі Үйсін, Қаңлы, Ғұн мəдениеті дегендер – Сақ мəдениетінің жалғасы. Үйсін, Қаңлы – Батыс өңірдегі байырғы ірі мемлекеттер, қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ірі тайпалар батыстағы аландармен (Солтүстік Қапқаздағы), Шығысында Тəңіртаумен шектесіп, қыпшақ мемлекеті қаңлыға қарайды, əдет-ғұрпы, киім-кешегі қаңлылардікі сияқты”. Кейдіəлсіреп, кейдекүшейіпəулие ата-бабаларымыз құдай құдыретінің арқасында білектің күші, найзаның ұшымен сақтап қалған ұлы жерге мұрагер болып отырған қазақтар бостандық жолында ұзақ ауыр жолдан өтті. Ұлт ретінде тарих толқындарында үндістер мен аборигендер секілді құрып, жойылып кетпей, небір қиын-қыстауда таңдау мен талғаудың алдында тұрып, сенімділік пен төзімділікте тəрбиеленіп, даланың азаттық рухын жоғары көтерді. Əлемде жер көлемі жөнінде алдыңғы 10 ел қатарында қыруар табиғи байлыққа қол жеткізіп,

бодандық пен құқықтық кіріптарлықтан құтылды. Тəуелсіздік таңы оңай атқан жоқ. Қаз-қаз басқан жас мемлекетіміз енді-енді бұғанасын бекітіп, бойын тіктеп келеді. Бəрінен де ұлт мүддесін биік қоятын бүгінгі ұрпақтар алдында бұрыңғыдан да көп асқаралы міндеттер тұр. Ел мен жер тағдыры ешқашан ешкімді де бей-жай қалдырған емес. “Мен – қазақпын...” кеудесі күрсіне отырып айтқанда марқұм Жұбан Молдағалиев туған халқының өкінішті өткеніне көп үңіліп кеңірек көзінен өткізгендей. 1926 жылы Мұхтар Əуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың мақаласындағы: “Қазақстанның ұлтшылдығы үстемдікті бағындыруды көксеген, шегіне жеткен озбыр ұлтшылдық емес, алдымен бас қорғауға, жансауға қылуға, жете алса, теңдік алуға ұмтылған тіленші ұлтшылдық. Тұрмыс жүзінде уақ ұлттардың қалың бұқарасы теңгерілмей, ұлтшылдық жойылмайды” дейтін ұлағат өларадағы өмірге қандай үйлесім мен үндестік тілейді. Тілші-ғалым Сейдін Бизақұлы сəтімен байқағандай: “қазақ – көне дəуірден бастау алатын күрделі де бай этнографиялық ахуалы əрқилы, пейілі байтақ даласындай кең де қонақжай халық”. Əлқисса. Сонымен мəңгі өмір оты өшпей, адамзат арба мен жерағаштан зымырандар жəне серіктерге дейін өркениет өріне тартып келеді. Дала мəдениеті ғажайып гүлденіп, ғаламат дамыды. Көшпелілер көші уақыт пен кеңістік көкжиегіне сіңіп əрі кетсе де ешқашан тоқтаған емес. Кейінгі кезде əлем этнозəузатын зерттеуде бірқатар жетістікке қол жеткізіп, нақты нəтижесі қызықты көрсеткіштерді көлденең ұсынып отыр... Қазақ халқының зəузаты аса тым күрделі құрамда түзілгендей. Сол қорытындыға байланысты бұл ұлттың 56 пайызы азиялық болса, 44 пайызы еуропалықтар тегіне жақындау; оның ішінде 17 пайыз қазақ ген жағынан тува, сақа, буряттарға таяу тұрса, 13 пайызының француз, ағылшын, неміс халықтарымен туыстығы анықталды. Тіпті алақандай қазақ қауымының америка үндістері мен Скандинавия ежелгі тұрғындарына да зəузаттық ұқсастықтары бар екендігі байқалғандай. Ары тарт, бері тарт шөре-шөре болып, трайвализмнің туын көтеріп, əлдеқандай көрсеқызар көзқамандықпен елірме əулекі топтың қолтығына дым бүркіп жүргенде түп атамыз ыстық қара құрлықтағы африка нəсілдеріне де орайлас шыққандай. Аллаһтың əміріне дау бар ма?!



Жұлдызды жандар (Біз осы, қазақтар, кімбіз жəне қандаймыз?!) Эссе О заманда, бұ заман қазақтың қыр соңынан қырсықтың қалмай құлғанаша түсетіні неліктен? Ұлт болып ұйып, қара шаңырақ көтеріп, қара қазан қайнатып, халық болғалы бері оның бойына саналылық пен шалалық, жатыпішер жалқаулық пен жаһілдік, дүниеқоңыздық пен даңғойлық, тоғышарлық пен тоңмойындық, зайырлық пен зұлымдық неге ұялайды? Төзімнің де таусылатын шегі бар емес пе? Қалайша елгезектік пен енжарлық, ерлік пен ездік көсемдік пен кещелік неге бірге жұп жазбай қатар жүреді? Бөгде жұрт бізді қалай бағалайды? XVI ғасырдың елең-алаңында Рузбехан Испаһани: “Өзбектерге үш халық (немесе тайпа) жатады. Олардың біреуі – Шайбани əулеті, екінші халық – қайратымен жəне ержүректілігімен жер жүзіне даңқы жайылған қазақтар болса, үшінші халық – Хаджи-Тархады (Астрахан) билеп отырған маңғыттар десе, араға төрт жүз жылдай салып Г.Н.Потанин бұл ойды бекіте түседі: “Қазақтар сергек, денсаулығы мықты, өмірге құштар халық, олар ойын-сауыққа əуес, шымқай бояулы əлем-жəлем киім-кешекті жақсы көреді. Тіршілікте той-томалаққа құмартып, мерей мерекеге елеңдеп, бейім тұрады. Жекпе-жек жарыс өнері мен жасау-жиһаздардың қазақтардың бойында, бəлкім. Француздарға ұқсайтын əсірелік сезімін тəрбиелейтін шығар. Афиндықтар сияқты жаңалық десе ішкен асын жерге қояды”. Бір-бірін білмесе де, Армений Рампери одан қалыспайды: “...Халқының сан мөлшері туралы сауалыма ұдайы: “Əуелі даладағы құмды, содан соң ғана қазақтарды сана” деп күле жауап беретін. Сол сияқты, олардың шекараларын да анықтау мүмкін емес. Біздің білеріміз, олар Сібір, Қытай, Түркістан мен Каспий аралығындағы ұлан-ғайыр сайын даланы мекендейді. Осы өлке қоғамдық құрылысына байланысты қазақты орыстың, не қытайдың иелігіне жатқызудың қателігін айқын

дəлелдейді. Ежелгі Түркістан тайпаларының кемшілігі мен жетістігі араласа сақталған дəстүрлер мен əдет-ғұрыптардың шынайы көрінісі осы ұлтта ғана сақталған. Бізді аса таңғалдырғаны – бір жағынан, олардың музыка мен поэзияға зор бейімділігін, екінші жағынан, ақсүйек текшілдігін байқағанымыз. Екі қазақ жолыға қалса, міндетті түрде алғашқы сұрауы: “Жеті атаң кім?” деп келеді, ал, екіншісі, тіпті, сегіз жасар бала болса да жауапқа мүдірмейді. Олай болмаған күнде жетесіздігін көрсеткені”. Əрине, сырт көз сыншы, сырын жасырмай, жаңылыс айтпайтын шығар. Э.С.Вульфсон ағынан жарылады: “Қыз-жігіттерінің ойын-сауықтар да емін-еркін араласуы жөнінен қазақтар басқа мұсылман халықтарынан өзгеше: əйелдері жүздерін жасырмайды, ерлерден тығылмайды жəне мəселен, татар əйелдері сияқты көзден таса өмір сүрмейді. Біздің бұрын байқағанымыздай, қазақ əйелдері еркектермен бірге атқа шауып, əн салып, көңіл көтеріп жүре береді жəне өз адамдарын да жат жерліктерді де жатырқамайды”. Əдетте жамырасып ұлттық тарихымыздың Геродотына теңейтін (Мен бұндай салыстыруға мүлде қарсымын!) А.Левшин де құдай сөзін айтуға құмбыл: “Деспотизмді көп көрмеген қазақтар басқа Азия халықтарына қарағанда аңғалда ақкөңіл, сенгіш... Қазақ əйелдері ерлерден гөрі бейнетқор: малға қарайды, киім тігеді, ері үшін бəрін жасап, оны жүрерде атына мінгізіп, аттандырып салады. Қазақ əйелдері жанашыр, ақ жүрек келеді”. Құлақ асқанға айтуын айтудай айтылып келеді екен. Өзгелер де өзіміз де еріксіз елең еткізетін ескерту – естеліктен кенде емеспіз. Бірақ, əйтеуір айкəпір атанбаппыз əлі. Ел-жұрт тағдыры тақиясына тар келмей Абай отандастарын сонша шырылдап басқалармен терезесі тең тұруға үндеді. Соған қарамастан қарақан бастың күйбең тіршілігін күйттеп, түк көрмегендей бəрін-бəрін бауырына баса беретіні қалай? 1916 жылы исі қазақ шамамен 5 миллион 650 мың болса, 1921 жылы 4 миллион 800 мың, 1933 жылы 3 миллион 400 мыңға құлдырап кетті. Сонда жан алып, жан беретін жекпе-жекте өмірді өлім жеңгені ме?

Ата-бабалар ұдайы ішіп-жеуді дағдыға айналдырмай, қойын құрттап, айранын ұрттауды кəсіп етіп қана қоймай, жар құшып, үрім-бұтақ жайғызыпты. Сейіл-серуен құрып, ит жүгіртіп, құс салып, балуан белдестіріп, ат суытып, бақсынапты. Бұның баршасы ұрпақ қамы үшін, салауатты өмір салты үшін. Егер Абай жүйрік баптап, тоғызқұмалақ пен шатыраш ойнап, Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) шаршы топта кірдің тасын көтеріп, Мұхтар аяқдоп қуса еріккеннің ермегі ме? Рухы биіктер алуан спорттың əр түрін жансерік етіп, сарыуайымға салынбай, сергелдеңге түспей-ақ сəулелі сеніммен алға аттады. Олардың өрен өмірі мен өшпес өнегесі мəңгі ұмытыла ма?! Қазіргі қазақтар қалай-қалай ғұмыр кешіп келеді? Олар əуелден əдебиет пен өнерді əспеттеп, спортты сүйді, марқасқа мінезімен ешкімге де міндадар болмай, емін-еркін өмір сүрді. Өзінің өзегі өртенгенде не дер екен? Дулат: Кешегі бір заманда, Қайран қазақ, қайтейін. Мынау азған заманда Қарасы – антқор, ханы – арам, Батыры көксер бас аман. Бəйбіше – тантық, бай – сараң, Бозбаласы – бошалаң, Қырсыға туды қызбалаң, Нары – жалқау, кер табан. Құсы – күйшіл, ат шабан. Жырғалау жоқ, жобалаң, Ебі кеткен ел болды Енді қайда мен барам? Ал, Абай:

“Осы, мен, өзім қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді, əрі нешік, бойларыңнан адам жақсы көрерлік, көңіл тиянақ қыларлық бір нəрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ... Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мол ізденуі, өнер ізденуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді- біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. ...Əй, құдай-ай, бізден басқа халықтың бəрі антұрған екен, ең тəуір халық біз екенбіз деп, əлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармағаны жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзімен-өзі əуре болып, бірімен-бірі ешбір шаһари жауласпайды. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, еңбек қылып, мал табудың жолдарын солар біледі, салтанат, əсем де соларда, оның малдыларына құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?”. Құдай құдауанда, пиғыл неге өзгермейді? Арада сексен жылдан астам уақыт өтсе де сол марғау, сол самарқау қалпымыз. Қайран Мұқағали: Антейміз біздер, Жеріміз – біздің халықты, – деп отырып, айтқан екен-ау. Шексіз сүйем ұлтымды, Сүйе тұрып, алайда, Басқа адам баласына көз алартсам қалай ма? Ұлтын сүю бір бөлек. Қайтіп айтам Дантеге,

Жетпейсіз деп Абайға?! Сонда біз кімбіз? Шынында да, даналығы мен балалығы, көсемдігі мен шешендігі, кісілігі мен кішілігі бойында жарыса өрілеп жүретін, оған қоса бір басында бүкіл адамзатқа тəн барша осалдығы мен мықтылығы, өрі мен өңісі жетіп жатқан біздер қандаймыз? Қазақ жаны, мінезі, рухы... Періштедей пəктігі, таң шығындай тəңірия тазалығы, мөлдір махаббаты мен мейлінше мəрттігі, қайсар жаужүрек қаһармандығы мен сақи қайырымдылығы, инабаты мен имандылығын барынша тану үшін ең алдымен халық жанының нұрлы қайнарына қайырылып, ғажап ерлік жырларын зердеге тоқып, жадқа жат алу ғанибет. Замана қаншама түлкібұланға салып, сан құбылып өзгергенімен ұлттық поэзия жаңарып, жасарып, уақыт сезімі мен ойынан өткірленіп, табиғат пен адамды сүюі түпсіз тереңдеп, отаншылдық пен азаматтық əуенділігі артып, рухы құдіреттеніп, бас айналатын асқардай асқақтай түсіпті. Шынайы поэзия жалпы жалтақтық пен жағымпаздыққа, аярлық пен азғындыққа, жалпақшешейлік пен жаһілдікке мүлде сыр алдырған емес. Таза болмысы бар-былапытпен қоңсы қонбай, мүбəрак дінін сақтап қалды. Абыздық пен ақылмандықтан бастап, ғажап ғұмырлар шығармашылығында сара ойлар сілемдері айқұлақтанып жатыр. Егер асыл мұратты іздегендер болса, бəрін-бəрін сол қаз-қалпында жарқын жаратылыстан табатынына күмəн жоқ. Сөз серкелері өз қандас бауырларымен бірге күңірене күрсіне күліп, мұңая қуанып, күйініп те сүйінеді. Уақыт уағызы ешқашан хас өнер өлкесіне өктемдік жасай алмайды. Біз қазір де, үш мыңыншы жылдардың табалдырығында тұрып, болашақ босағасынан сығалап, не бір нəубет, ұлмат пен зұлымдықтан бас сауғалап, бүкіл жер шарына тарыдай шашылып кеткен ұлт ұрпақтары исі қазақ десе шұрқырай түсіп, абыр-сабыр мəре- сəре болып, жағамыз жайлау болып жатамыз. Бəлкім, осындай ұрымтал тұста өзімізге өзіміз сындарлы тұрғыдан қарап, сыни көзден өткізгеніміз абзал шығар. Əрқайсысымыздың қай шалғайда жүрсек те егемен ел, мəртебелі мемлекет болып, тəуелсіздік арда туын жоғары биік көтеріп, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп, оның өркениетіне барынша үлес қосып, не істеп, не қойып, не тындырып жүрміз?

Өз басымыз жарық дүниеге қазақ болып туғанымызды мақтаныш етеміз. Кімдермен болса да иық тірестіріп, еңселі еліміздің ең киелі қадыр-қасиеттерін, дархан дəстүр, əдемі əдет-ғұрып пен сара салт- санасын келер күндерге мирас етіп көз қарашығындай мəңгі сақтап қалғымыз келеді. Бүгінгі мен болашақ бақыты үшін белді бекем буып, білек сыбана еңбек етіп, айрандай ұйып отырған ел-жұрттың бірлігі мен тірлігін сақтап, ата-баба аруағынан аттамай, жиі-жиі тəубаға келіп, туған халқымыздың өткен жолдарына ғашық көзбен бір ауық қарасақ қандай! Ондай əдебиет пен өнер адам жанының айнасы емес пе? Олай десек, сан ғасыр тарихы бар қазақ жырының адам мен заман, махаббат пен мінез, мезгіл мен мекен, өмір мен өркен, сөз бен іс туралы толғаған тұстары қаншама. Бұларда уақыт пен уақыт, ұрпақ пен ұрпақ үйлесе үндесіп тұр. Арғымақтың асылдығын, жігіттің жаужүректілігі мен бойжеткен бек аттығын аңсары ауа аңсап, жырлап келген қазақ поэзиясына кейін енген спорт тақырыбы да өгей емес. Ол жырдың бүкіл жаратылысымен бірге жымдасып, ғажап өріліп жатыр. Əдебиет пен өнер қандай ажырамайтын құбылыс болса, спорт та қыран қанатындай самғау сезімдерін биіктетеді. Олар маған егіз əуендей болып естіліп тұр. Кей-кейде тұлпар шабысын, жорғалар жарысын, балуандар белдесуін көріп, еріктен тыс жаға ұстауға тура келеді. Əшейінде қой аузынан шөп алмайтын момақан жанкүйер жұрт делебесі қозып, қалай дүрмекке ілесіп, жан беріп, жан алатын көкпар додасында дегбірсізденіп, егер пір тұтатын перғауын шабуылшы қабыландай атылып тұрған қақпашысы бар торда алабауыр доп тулап жатып, қақпаға қақыратып айып соқса, төбесі көкке жетіп, ханға сəлем бермей, жеңіліс дəмін татса, салы суға кетіп, лезде сабындай бұзылып, иығы салбырап, шыға келетін қызық қауым қашанда таңданыс туғызады. Бəлкім, олар пысықсынған баз біреуге соншама саудайы көрінуі мүмкін. Ауыл сыртындағы көктөбеде тұрғыластарымен одан-бұдан жарасты əңгіме-дүкен құрып отырған насыбайшы шақар шал іштей мінəжат етіп, құнан бəйгеге қосылған немересінің арынды ат үстінен құлап қалмауын тілеп, тақымын қысып қоятыны қандай құдірет күші? Сонда сонау көк дөнен көңіл тербелісі мен тебіренісін не оятады? Соны сырттай бақыламай, қан базар ортасында жүретін жан қалай-қалай күн кешіп, қандай-қандай қым-қуыт ойға беріледі? Кешегі Əбдісалан мен Əбілсейіт, Серік пен Саян, Октябрь мен Дəулет, бүгінгі Мұхтархан мен

Болат, тағы тағылар кездейсоқтан кездейсоқ аяғы аспаннан салбырап түсе қалған жоқ. – Шынтуайтында, біз үшін Абай кім? – Тəйірі, таулардан биіктік, теңіздерден тереңдік, кеңістіктен шексіздік іздеуге бола ма? – Ол шынжыр балақ, шұбар төстің баласы Шонжар. Қазақтың бас ақыны. Мыңғырған бай. Не ішем, не кием деген жоқ. Төрт құбыласы түгел болып тұрып бармағын шайнайды. Қандай себеп? Тілінен неге зар төгеді? Əлде қараңғылық бұғауындағы халқына жаны ашып, сонша қатты толғанды ма? Бір басқа бір мың жылқы, екі мың қой бітсе де, өмірі өксікпен өтіп, өгей күн кешіпті. Сонда қуғын-сүргін көрді ме? – Əлетте... Абай да тергелді. Сенатқа хат жазды. Қарамола құрылтайы ешкімге онша жеңілдік бермеді, үйі тінтілді. Орыс жəне басқа достарынан айырылды, балаларының бірінен кейін бірінің дүние салуы қасірет үстіне қасірет жамады. Абадандай анталаған орасан оқиғалар ортасында жүрегі қан жылап жүрді. Бұлт арасынан жылт етіп шыққан күндей солардың ішінара ішінде үміт сəулесі үздіктіріп алыстан сылаңдап, қылаң беретін. Əредік əредікте түз тіршілігіне қызыға да, құныға да ден қойып, балуан ұстап, бəйгеге ат қосып, той-томалақты тамашалап, ми жаттықтыратын ойындарға жан-тəнімен берілді. (Ханқамау, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы мен шатыраш, т.т.) – Ойпырмай, ə!.. Сонда. – Шынымен бе? Бұл қазақтан шығады. – Онда бірте-бірте... ХХ ғасырдағы күллі еңбектердің негізгілерінде Абай алтын діңгек, темірқазық үлкен тарихи тұлғаға айналады. Ол қоғамдық əлеуметтік жəне əдеби-мəдени өмірдің тұтас бір дəуірін туғызып, бір кем дүниенің опа бермегені болмаса, бір адамдай-ақ өмір сүрді. М.Əуезовтың “Абай” эпопеясы, Т.Əлімқұловтың “Жұмбақ жаны” бас кейіпкердің қайраткерлік əр қырын ашып көрсетіп, мезгіл межелерін белгілейді,

өзекке өрт түсіретін оқиғаларды ойып алып, тосын тіршілік түйткілдерін алға тартады. Абай, Мұхтар жəне Тəкен Бұған да шүкір, əманда Аай руи өмірде оқ бойы озып, алды орап тұрады. Мұхтар мен Тəкен шығармаларының ортақ бас тұлғасы ретінде заман заңғарынан тіл қатады бізге. ...Үнемі балға мен төс арасында қыспақта жүріп, кеуде кере қайта тыныстағанымызға он жыл толмапты əлі. Тəуелсіздік таңы атып егемен ел болғалы бері Қазақстан спортының атақ-даңқы дүбірлеген төрткүл дүниені дүңкілдетіп, достық дарағы қалың жапырақ жайып, құрылықтар мен құрылықтар, елдер мен елдер арасына алтын көпір салып, өмір жолдары алысқа тартып жатыр. Балуандар мен боксшылар, карпаздар (альпинистер) мен гимнасшылар əрдайым биік тұғырдан көрініп жүр. Бала кезден көз бен қол мергені болып, асық атып, ақсүйек ойнап, əткеншек теуіп, əн əуелетіп, күй күмбірлетіп, бəйге мен көкпар аударыспақ пен қыз қууға қатысып, жекпе-жекте топ жарғандарды күрестірген ел спорттың қай түрін болса да жатырқаған емес. Тарих парақтарын ақтарыстырғанда, бұл салада талай тұлға танылмай кетті. Егер Абай адамзат асыл мұраттарын əспеттеген жарқын-жарқын жыр жазып қана қоймай, дойбы мен тоғызқұмалақ ойнаса, күш атасы Қажымұқан жауырыны жерге тимей, айқасып қана қоймай, өлең өрімдерін өрсе, Мұхтар Əуезов доп додасына қатысып, Төкен (Тəңірберген) Əлімқұлов тамсандырып тамаша əңгімелер тудырса, бұған жеңіл ермек деп қарамай, саналы түрде ерік-жігерін, күш- қайраты мен дара дарынын арнады. Халқымыз ежелден батырлық пен ақындықты қастерлеп келсе, сайыпқыран саңлақтарды да пір тұтты. Абай Құнанбайұлы өмірі мен өлеңдерінде “Абай” эпопеясы, “Жұмбақ жан” монографиясы мен басқа да зерттеу мақалаларда дəйімі ақындық, ақылмандық жəне азаматтық толысу үстінде көрінеді. Ал, сал-серілік, сауық-сайран мен саясатта ол ерекше болатын.

Қым-қуыт кез еді. Кеңістік пен уақытты көктей өткен көшпелілер тек күнкөріс қамы үшін ат арытып, қарақан басын күйттей бермеген ылғи. Қара қазан, сары қарын бала бір сəт қараң қалып, бəрі бір боқ дүниені тəрік етіп, кейде өмірдің қызық-шыжығына бейіл танытып, сайын сахарада салауатты ғұмыр кешті. Таңның атысы, күннің батысы төрт түлік малды күргейлеп күйттемей-ақ, белі бүгіліп егін салмай-ақ бес күн жалғанды мəн-мағынаға толтырып, қызықшылықпен өткізуді мақсат тұтты. Бұл өлкеде өнер десе ішкен асын жерге қоятын. Оқта- текте ит жүгіртіп, құс салып, түйе балуан күрестіріп, ат жарыстырды. Анда-санда ой жекпе-жегіне шығып, шымырлық пен шындық үшін айқасты. Бағзы гректің бір ғұламасы соны тап басыпты: “Сауық- сайраны көп жұрттың əдет-ғұрпы қызық: ұлдарын көрші жұрттан ұрлап алып қашып əкелінген, немесе соғыста тартып алынған қыздарына үйлендіреді. Той-думандарында ат жарыстырып, көкпар тартады. Аң аулау өнері де кең тараған. Оларды қолда үйретілген жыртқыш құстармен аулайды. Бұлардың байлығы – мал жəне бақайшағына дейін қаруланған қисапсыз көп атты əскер. Тағамдары – ет. Мал етін, сүтін, қанын, сүйегін түгел пайдаланады”. Шынында да, түз тіршілігі қандай қызық! Сəл лажы болса той- томалақсыз, сауық сайрансыз, тамаша мен думансыз бір алқалы бас қосу болмай үлкен жиын өтті ме? Бəлкім, шектен шыққан дарақылық шығар бұл. Шілдехана, сүндеттой, тілашар, үйлену, ас – бəрі-бəрінде тəртіп, жүйе, салт-сана, əдет-ғұрып, дархан дəстүр мен үлкен үрдіс бар. Аспан асты, жер үстінде заманалар солай жалғасып келе жатқандай. Даланың дарабоз дарындары: ақын-жыраулар, сал-серілер мен қайманалардың өзі азаттықты аңсап, соны жырлады, əнге қосты. “Əуелгі байлық – денсаулықты” ойлады. Алдымен ұрпақтардың бақытты болашағын қапысыз қарастырды. Жақсыдан үйрене отырып, жаманнан жиренді. Солай исі қазақ қалыптасқанда, ол айтақырға түскен жоқ, құнарлы топыраққа өсіп шықты. Алдыңғы ғасырдағы Тұранның ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлы шығармаларында қанша шүйлігіп шенегенмен туған халқына бөтегесі бұрып, қамын қатты жеген төл перзенті болып қалды. Ол күн нұрын

өзіне жинайтын шыны шоғырындай, өмірдің қайталанбайтын бүкіл құбылысын нəзік жүрегінен өткізді. Ұлттың “Бас ақынына” жұмыр басты пендеге тəн барша қадір-қасиеттер жат емес еді: ғашық болып, жар сүйді, бала өсірді, қоғамдық-əлеуметтік қызметке қызу ат салысып араласты, аламан бəйгеге ат қосып, балуан белдестірді, ит жүгіртіп, құс салып, дойбы мен тоғызқұмалақ ойнады. Абайдың ғұмыры ғажап. Оның ақындығы мен ойшылдығы, санаткерлігі мен сазгерлігі əлдеқашан мойындалды. Қазақ поэзиясының падишасы күйбеңгершілікке бой алдырмай, барлығынан өлең өнерін биік қойған болатын. Оған дейін түз тіршілігін дəл ондай тебіреніп, толқып, терең тамаша таныммен жырлағандар некен-саяқ. Махаббат, жастық, өнер, еңбек пен адамгершілік тақырыптарын ол мəңгілік мұрасына алтын арқау етті. Сəулелі сезім, асқақ ой, парасат-пайым патшалығы бай оның өлеңдері, шын мəнінде, марқасқа мінездес. Ол мылтық атып, құс баулыған “жасөспірім, көкөрімді” айта келіп: “Керек іс бозбалаға талаптылық, əртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық” деп өнер ұрығын шашып, керемет келешекті көкседі. Абайдың тағы бір əдеті, өз кезіндегі шабандоздар мен балуандар, жүйріктер мен сырттандар, ойынпаздар мен өнерпаздар, ақын-жыраулар мен əншілерге шын жанашыр болып, жылы қамқор болғаны қайран қалдырады. Жалпы, талай Шалқұйрық, Қарақасқа, Тайбурыл мен Тарланбоздарды маңдайына күн мен жел тигізбей өсірген атбегілік, жылқыжандылық қадымнан қазақтың қанына сіңген асыл қасиет. Олар қанат қана емес, жанат қана емес, қамыт қана емес, ер жігітке шабыт та болды. Бір əфсанада қонтайшыға аманатқа берген Ұлы жүз Төле бидің қаршадай баласы қозы-лақ қайырып жүріп, айдалада əлдеқашан қурап қалған тұлпардың бассүйегін құшақтап жылап отырып, тағдырына мұң шағыпты: Сені сəйгүліктің басы, мені Төлебидің баласы деп кім айтады? Кейін ол Толыбайдай сыншы болып, айтқаны айнақатесіз келеді екен. Егер Құнанбайдың жастық кезінде дабысы жер жарған Торышолақ аты болса, Абайдың сол атыраптағы ауызға ілініп, көзге түскен небір жүйріктерді артық бағасын беріп, сұратып, не қалап алатынды да дағдыға айналдырыпты. Оның аса дара қара үзген Құлагері болмаса да,

қарағанда айыз қандыратын Жирен, Көкбесті, Аққасқа жəне басқа да арғымақтары белдеуден кетпейтінін біраз бапкерлер байқап, таң- тамаша қалысқаны онша құпия емес. “Топайкөкті” тамсана тыңдап, асқан шабытты бір шағында “Бозжорға” күйін шығаруы жайдан жай ма? Негізінде Абай дүние-мүліктен тарығып, жарлы болған кісілер санатына жатпайды. Көз жұмардың аз-ақ алдында өз қолымен толтырған міндеттемедегі құжатта маңдайына бір мың жылқы, екі мың қой біткенін айтады. Əрине, “Ат сыны” жайшылықта туған жоқ. Көріп- біліп, көкірек көзінен өткізгенде ғана бұндай бітімі бөлек, жампоз жыр өмірге келеді. Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ. Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Қабырғалы, жоталы болса күшті. Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Тояттаған бүркіттей салқы төсті. Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ, Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ. Жер соғарлы, сіңірлі, аяғы тік Жауырыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ. Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы, Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы. Келте құйрық, қыл түбі əлді келіп, Көтендігі шығыңқы, аламайлы.

Ұршығы төмен біткен шақпақ етті, Өзі санды, дөңгелек келсе кетті. Сырты қысқа, бауыры жазық келіп, Арты талақ, ұмасы үлпершекті. Шідерлігі жуандау, бота тірсек, Бейне жел, тынышты, екпінді мініп жүрсек. Екі көзін төңкеріп, қабырғалап, Белдеуде тыныш тұрса байлап көрсек. Тығылмай һəм сүрінбей жүрдек көсем, Иек қағып, еліріп жүрсе əсем. Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас, Разы емен осындай ат мінбесем! Аяңы тымақты алшы кигізгендей, Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей. Шапқан атқа жеткізбес бəкен желіс, Ыза қылдың қолыма бір тигізбей. Жалғыз ізашарлары ғана емес. Абай да көзге оттай басылатын өмірге қызығу құштарлығы мен құнарлығын, сүйінші мен күйініші, үміті мен күдігін білдіреді. Құмай тазы, алғыр ақиық қыран ұстап, қызықшылық көру тек қана сахара серілігі емес. Ол – өнер. Абай Құнанбай баласы Керей ішіндегі өгіз көтеретін күші бар Байқұда деген жігітті ұзақ уақыт бабына келтіріп, Тұзқала жағындағы атақты түйе палуан Ерғазымен күрестіріпті. Сонда Ерғазы жығылып жатып: – Ей, Абай, сен неге мақтанасың кеудеңе нан пісіп, мені Тобықты палуаны жыққан жоқ қой,– депті ақталып.

Артынша ақын құмырығып, өзінің елі ішінен сай тасындай іріктеп жүріп, Нұрмағамбет есімді атпал азаматты қасына қасақана кешіріп алып, сайысқа мұқият əзірлепті. Кейіннен сол түйе палуандар Байқұда мен Молдабайды жеңіп абыройы асыпты. Сахараның салт-дəстүрін жақсы білген ақберен ақын күйі келгенде жыр жазып, кей-кейде қансонарда аң қағып, көкпар тартысын тамашалап қана қоймай, шығармашылықтан қолы қалт етіп босаған кезінде сайыпқырандық танытып, шаршы топта шатыраш ойнап, Тоғызқұмалақтың текетіресіне жан-тəнімен араласады. “Абай айналасындағы өнерлі азаматтардың бірі Ермағамбет ел екен. Ел арасында оны Абайдың дойбышысы деп атаған. Асқан ұлы ақын басқа ойыншыларды місе тұтпай, көбінесе Ермағамбетпен дойбы ойнаған деп айтады,– дегенді “Абай” жорналы куəландырып.– Бірде екеуі Абайдың үйінде дойбы ойнап отырса керек. Ойын қызған кезеңде Ермағамбет дойбының бір тасын танауына тыға қойыпты. Мұны байқап отырған Абай: “Сенің мұрның да дойбы ойнай ма?” – дейді. Сонда анау: “Қайтейін, Абай аға, ұтылып барамын” деп жантая кетіпті”. Сол кездің өзінде спорт арнайы қалам тартпағанмен, бұларды оның уақытты бос өткізбей хас өнер деп бағалағаны байқалады. Ақын шəкірті Көкбай Жаңатаев былай еске алады: “Тобықтыда бес- алты ойыншы шықты. Олар Көрмебай, Құттықожа, Қуаттың Құдайбердіңі, Нақыштың Смағұлы дегендер еді. Абай осыларды кезек- кезек алғызып, кейде бəрін бір уақытта жиып, көп күндер бас алмай ойнап жатады. Артынан ойын тарқап, əлгі кісілер қайтатын болғанда дəулеті аз, нашарларына соғымдық тай, тайынша, қой, киім-кешек сияқты нəрселер беріп қайтарады”. Бұл тар кезеңде Абайдың əйгілі əдебиетші болумен қатар саңлақ спортшы (қазіргі тілмен айтқанда) болғанын көрсетеді. Ұлы Тұрағұл, М.Əуезов, зейнеткер Н.Алдамжаров жəне басқалар оның дойбы мен тоғызқұмалақты өте шебер ойнағанын куəландырады. Əлбетте, басқаша болуы мүмкін емес. Ұлы ұстындарға ұлы мінез-құлықтар, ірі-ірі іс-əрекеттер ғана жарасады.

Сөз семсері асқақ рұх айнасы “Ақырамаштың ұзақ түнінде Махамбеттің ұйқысы шала болды. Əлденеден көңілі алағаржақтанып, жүрегі өрекпіп, дөңбекшіп шықты. Құлқын сəріде төсектен тұрып, тысқа шығып еді. Үйінің жанында біраз тұрып қалды, деп басталып əңгіме бір сұмдықтың болатынынан хабар еткендей. – Махамбет басқа ғаламнан келгендей. Қараойды жаңа көргендей сезінді. Баяғы балдай балалық, сағынышты шақ қалған ойнақ көзіне оттай ыстық та, жаудай жат та. Ынтығы есейген, торыға тоқыраған, дерттен қайта ашынған ақын Қараойды бірде қайта құтайған құтқа баласа, бірде елі ауып кеткен сары жұрттың төрінде төңкеріліп жатқан қара шаңыраққа ұқсатады”. (Т.Əлімқұлов. “Қараой”). Алыптар тобы мен орта буын (Ə.Нұрпейісов, С.Мəуленов, Қ.Мұхамеджанов, Т.Ахтан, Қ.Шаңғытбаев, Б.Соқпақбаев, т.б.) арасында алтын көпірдей болып, əдебиет білгірі ретінде əйгілі Тəкен Əлімқұлов “Ақбоз ат” романынан соң да өлең мен сын жаза жүріп, кейінгі кезде біржолата мүлде қарасөзге ауысып, халқымыздың таудай тұлғалары Ақансері, Тəттімбет, Сейтек, Ықылас, Сүгір мен Төлеген туралы бірсыпыра əңгіме-очерктер туғызды. Абай хақында бұл жанрда қалам тартпай (əлде “Абай” эпопеясынан соң жүрегі дауаламады ма?), неге екенін қайдам, толғам-эссе түрінде “Жұмбақ жан” майын тамыза жырлап, емін-еркін көсілді. Қазақтың бас ақынына (А.Байтұрсынұлы) барар жолында “Қараой” туып еді. Онда Махамбеттің соңғы сəттеріндегі аласапыран жан-дүниесі айшықталып, өжет өмірдің мəңгілік мезеттері сұңғыла суреткерлік көзбен өрнектелді. Əрине, Махамбеттің бір ғана бұрқанысты кезеңі бұл. Кідді қалам кейіпкердің түгел тіршілігін тəптештеп, қысқа əңгіме аясына бүкіл жоқ-барды тықпаламайды. Саралап, даралап ең керекті кездерді екшейді. Ұдайы нөңнің (айсберг) үстіндегі қабатынан оның астындағы жойқын алапат мұзтаулары байқала бермейтіндей, бір тұтам хикаяда барлығы қамтыла бермеуі ықтимал. Бəдізші болашақ жұмысы үшін құз-жартасты таңдағанда ертеңгі еңбегінің қандай болатынын оймен өлшеп-пішетін шығар. Ал, Махамбет біздің өмірімізге тек “Қараой” арқылы ғана емес, одан əлдеқайда ерте көңіл есігін еркін ашты.

Бізде Махамбет Өтемісұлыны зерттегенсиді де оның тамаша жықпыл- жықпыл, ығы-жығы аса күрделі табиғатын терең түсінуге онша мəн беріп жатқан ешкім жоқ, тер төгіп, недəуір жүйке жұқартып, Махамбеттануды біраз өрге сүйреп, алға жылжытқанмен бұл салада атқарылмаған шаруа əлі қыруар. Мектептерде ол үстірт болса да оқытылып жүргенімен, бірақ көңіл көншітпей, əлі жадау, жадағай қалпында қалып келе жатыр. Барымызды базарлай білгенде, Абайтану, Жамбылтанумен қатар Махамбеттану іске қосылса, тақиямызға тар болар ма еді? Біздің қазіргі жайбасарлық пен бейғамдығымызға қарағанда Махамбет шығармашылығы жан-жақты барынша зерделеніп, зерттеліп біткендей. Осындайда кейді бізде жалпы Бөкей хандығына баға бергенде зиялы қауым өкілдерінің (оларды əдебиетшілер мен тарихшылар деп аражігін ажыратпай-ақ қояйық) қайсысы болса да солқылдақтық жасайды. Кең байтақ Қазақстанды ит талаған терідей етіп, Батыстан да, Шығыстан да, Солтүстіктен де қыспақтың күшейгенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Арқаны сонша кеңге салып жүргенде отарлық қақпанының қандыауызы қан қақсатты. Жəңгір хан да бір есептен ұпайы түгенделіп, бөкейліктердің біраз бөлігіне шарапат тигізген де болар. Алайда, бұл оны тарих пен ар алдында ақтап ала ала ма? Көтерілісшілер оның қайынатасы Қарауылқожаның бүкіл қора-қопсысы мен үй-жайын өртеп жібергенде Мұхаммед-Салық нəйеті бес жаста еді. Дəулеткерейдің “Салық өлген” күйін шығарып жүргені де кейін. Сонда хан мен оның ортасына наразы жалғыз Исатай-Махамбеттер ме? Өзі тұтанайын деп тұрған қау шөпке от қою да оп-оңай. Туған халқына Бөкей ордасының ханы не беріп, не қойды? Кезінде ханзадаға аталық болған Махамбетті де біржақты түсінуге болмайды. Қасқырға теңеген ханның қылығына оң сипат бергісі келетіндер неге сүйенеді? Таразы басына түсетін кімдердің тағдыры? Ешкім де жоқшы болып отырған жоқ. Кенесарымен бірге Махамбет пен Тəттімбеттің бас сүйектері қоса ізделсе, кім тағынан таяды? Қанша тіршілік тығырыққа тірегенмен рухи құндылықтардың орны бөлек. Əрқашан халықтың жаны мен зердесін жаңғыртып жататын қымбат қазынаға құн жетпейді. Екі оттың ортасында жалынға оранған Исатай-Махамбет ұлт-азаттық көтерілісіне, сол күрделі кезеңде туған


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook