күрескер поэзияға өз лайықты жөн-жосық көрсетуде не үшін екі ұштылыққа жол беріледі? Ертелі-кеш бəрімізге де тарих пен ар алдында жауап беруге тура келеді. Ал, қай дау-дамайға қарағанда да, Махамбеттің аты Махамбет. Оның ірі кесек бейнесін қай заманның кіреукесі шалса да барған сайын жарқырай беретін жан шырайына қылдай қылау түспейді. Қазақ əдебиетінде, дау жоқ, ол ғажап əдеби жəне тарихи тұлға. Осы күнге дейін ақын ұлттық тар шеңберде қаралып келді. Өкініш пе? Əлбетте. Немесе оның аталмыш көшпелілер алдындағы сіңірген ерен еңбегі Джорж Байронның ағылшындарға, Салауат Юлайдың башқұрттарға, Шандор Петефидің венгрлерге, Тарас Шевченконың украиндарға, Гарсиа Лорканың испандарға, Мұса Жəлелдің кеңес одағына қылаусыз жасаған қызметімен бара-бар ерлік. Əлем əдебиетінде дəл Махамбеттей азаттық пен бостандықты жан-тəнімен, жанқиярлықпен жырлаған жаужүрек ақын кемде-кем. Жалынды жауынгер, намыс наркескені, сөз семсері, ұлы ұраншы, ақиық ақын, жауынгер жыршы – бұндай адамға қонатын сирек қасиеттердің бəр-бəрін іздегенде Махамбеттің бір басынан табылуы ғажайып құбылыс. Оның жасындай жарқыраған рухқа толы əлемін əр ұрпақ əрқалай ашады. Бірде Асекеңнің (Асқар Сүлейменов) мені қатты абыржытқаны бар. Мамырдың жаймашуақ күндерінде Жамбыл қаласында жүрген болатынбыз. Əншейінде əдебиет туралы суырылып лəм-мим демейтін əріптесім табан астында нілдей бұзылды. – Осы Махамбетті білесің бе? – деп кең танауының желбезегі делдиіп, қыр тағысына түсетін қырандай шүйіліп маған қарады. – Қайдам? – дедім оқыс сынаққа мен де қитығып, иығымды қиқаң еткізіп. Қымыз сапырылмай да, құйылмай да жайына қалды. Даланы аңсай сағынып келген қалалықтар қолайсыздықтан қалай шығуды білмегендей. – Ендеше тыңда! Ұстазымыз Қажекеңнен жұққан шығар. Бұл – поэзия падишасының парасат гүлі.
Қоғалы көлдер, қом сулар, Кімдерге қоныс болмаған?! Саздауға біткен құба тап Кімдерге сайғақ болмаған?! Таңдап мінген тұлпарлар Иесін қайда жаяу салмаған?! Құландар ішпес бұршақ қақ, Кімдерге шəрбат болмаған?! Садағына сары шіркей ұялап, Жау іздеген ерлердің Қайда басы қалмаған?! Ішелік те желік, Мінелік те түселік, Ойналық та күлелік, Ойласаңдар, жігіттер, Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған?! Қазір ой кешкенде беймаза күйге түсемін. Қапелімде не айтар едім? Олжас Сүлейменов оны аударып жүргенін бе? Жоқ, Мұқағали Мақатаевтың “...Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты, Мақатаев бар мұнда” дегенін көлденең тартам ба? Оңашада ойға шомып үнсіз қалған дұрыс деп шештім. Одан бері де қаншама су ағып, тас қалды. Жалғыз А.Сүлейменов емес, маған, оған жəне басқаларға Махамбет Өтемісұлын ат үсті жүрдім-бардым етпей, жата жастанып, қайта-қайта пысықтап оқу керектігіне қағылез оқырманның əлдеқашан көзі жеткен болар-ау. Махамбет Нарын құмының ішіндегі Бекетайда туғанмен оның Отаны жер шары. Əйтсе де, ол кезде Қазақстанның батысында отаршылдық өрті лапылдап тұр еді. Ақынның туған топырағы мен дүние салған жері енді арманға айналғандай. Біз оның бас сүйегін əкетіп, өз тұлғасын жасаймын деп көзбояушылыққа барып, Н.Шаяхметовтей тапа талтүсте
күпірлікке барған жоқпыз. Өткен-кеткенге қиял жіберіп, онымен іштей ұғысып, “мың өліп, мың тірілсек” те қазақ екенімізге масаттанып, мүлгіп жүрген рухымыз оянып, табан астымызда жер болса да төбеміз көкке жетіп, біртүрлі қуат тасып, жанымызда жасын жарқылдап, аса жігерленіп келе жатырмыз. Көңілде, көңілде емес-ау жүректе Құрманғазының құдіретті күйлері күмбірлеп, Махамбеттің жорық жырлары жаңғырығып, жалғанды жалпағынан басып, бетегелі белден бел асырды. Өркениет деп өркен жайып, ғаламдасуға құшақ ашып отырғанда неге біз Ақтанбердіні Асанқайғыша, Абайды Бұхарша, Қуандықты Шалкиізше, Мұқағалиды Махамбетше жырламадың дегенге бейімделіп ойыса береміз? Ордалы жыландай болмай-ақ ордаға қарсы шауып, қабағын қарс түйгенде қар жауып, қаһар төккендер аз ба? Жаманымызды жасырмай, жақсылығымызды асырмасақ та барлығы жетіп жатыр. Асқар Абай қонжиып отырған жыр төрінде Махамбетке де орын бар. Егер М.Өтемісұлы тындырымды зерттелсе, одан бұрынғы Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз бен Ақтамберділер де ұмыт қалмас еді-ау, шіркін! Мені сондай ой буды. Шын мағынасында біз ХІХ ғасырдағы əдеби мұраның құбылыстарын түсіну үшін алдыңғы дəуірлердегі рухи құндылықтарды зерделеу шарт. Солтүстік күшті қоңсымыздағы П.Болотников пен Е.Пугачев, Қазақстандағы Сапар Мəтенқызы мен Сырым Датұлы, күні кешегі Кенесары-Наурызбай ұлт-азаттық көтерілістері əртүрлі сипатта болса да неге жеңіске жетпеді? Жалпы адамзат өз істеген істерін мойнымен көтеріп, өкініп, ешқашан иненің жасуындай қорытынды шығарып көрмепті. Француз бен Ресей төңкерістері ғұмырының тым қысқа бір тұтам болуы əлі ешкімді ойландырмағаны қалай? Əрине, ешқандай қоғамдық құбылыстар мен оқиғалардың дайын қалыбы жоқ. Соған қарағанда біз дəстүр мен жаңашылдықтың жалғасып, ешқашан үздік үрдіс үзілмейтін өміршең болатынын өз ішімізден іздегеніміз игі болатынын білетін кез жетті. Бұл ұзын арқан, кең тұсау емес. Жер басып жүрген соң ешкімнің де аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ. Бастаулар мен сағалар бір-бірімен өзара нəзік байланысып жатады.
Қазтуған (XV ғасыр): Арғымақтың баласы, Арыған сайын тың жортар, Арқа мен қосым қалар деп. Доспамбет (XVI ғасыр): Қоғалы көлдер, қом сулар Қоныстар қонған өкінбес. *** Арғымаққа оқ тиді, Қыл майқанның түбінен. *** Бүлдіргісі бұлан терісі. *** Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым өкінбен. Шалкиіз (1465-1560 ж.ж.): Жалп-жалп ұшқан жапалақ. *** Қоғалы көлдер, қом сулар, Кімдерге қоныс болмаған.
Ақтамберді (1675-1768 ж.ж.): Жел, жел есер, жел есер. *** Көк көгіршін, көгіршін. *** Балпаң, балпаң кім баспас, Басарға балтыр шыдаса. *** Еділ-Жайық екі өзен, Талсыз болар деймісің. *** Күмбір-күмбір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз? Құдай қалағанда, Махамбетке дейін де еңсесі езілген еңбекшілердің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын сөз ұстап, қайраты мен қажырын, күрсінісі мен қыжылын, запыраны мен зарын, ызасы мен кегін ұдайы үстін-үстін білдіріп отыратын жұлдыздай самсаған шаңқыбоз шабыткерлердің болғаны қандай ғанибет. Толқын-толқын олар болмаса кейінгі буын үлгі-өнегені кімнен алады? Сол ұлы қадыр-қасиетті бойына сіңірген Махамбет былай толғайды: Арғымақтың баласы,
Арығанын білдірмес. *** Мұнар да мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. *** Аймақ та, аймақ, аймақ көл, Дария болып шалқымас, Аяғы төмен аққан соң. *** Арғымақтың баласы Аз оттар да көп жусар. Ау, бұдан артық дəстүршілдік пен жаңашылдық бола ма? Махамбет өзіне дейінгілердің үздік үзік-үзік ойларын жинақтап, шарпысқан сезімдерін жыр жауһарларына құйып, уыт пен шоққа, намыс пен жігерге, төзімділік пен табандылыққа, сенім мен үмітке жəне ешқандай пендешілік көлегейлей алмайтын шадыр шұғылаға толтырады. Алтын қайнарларда тұрғандар да шетінен сайдың тасындай іріктелген сен тұр мен атайын айтқыш, сөз серкелігімен қатар елге еркелігі де оларға жол береді. Бірақ, Махамбет халық көңіл көрігінде шарболаттай суарылып, өткір жүзі қылпыған қиғыр зұлпықар қылыш, толарсақтан қан кешіп, жеңілістің ащы дəмін татып жүрсе де түсі суық түн қатып, кеудесін қаймықпай оққа тосқан жалаңтөс күрескер ақын-азамат. Ол ер үстінде жүріп, ереуіл ат жалын құшты. Қара дауылға қасқайып қарсы тұрған еменге біткен иір бұтақ морт сынбаса, майысқақтық жасамай, анау- мынауды сергелдеңге салып сыр бермейді. Намыс наркескені, асқақ жырдың алдаспаны. Басқалай болса, Пушкиннің “Ескерткішін”
Гораций мен Державиннен алды деп ешкімнің иегі қышымайтыны қалай? Сол ерлік пен өрлік қай тілге тəржімаласаң да аудармасыз да жетеді. Қаншама күйлер шығарғанмен Махамбет Өтемісұлы қазақ тарихы мен əдебиетінде мəңгі үлкен тұлға болып қала береді. Оны өзге халықтар да солай түсінеді. Орыстың атақты ақыны Андрей Вознесенский “Махамбетті оқығанда” деген өлеңінде сол сүйіспеншілікті жақауратпай жеткізгендей: Зачитываюсь Махамбетом Заслышу Азию во мне. Античной вздрогнет в кабинете Стрела, торчщщая в стене. Что в моей жизни эта женщина? Погибель, спасшая меня? Забьется пол стрелою трещина, Как пригвожденная змея. И почему в эпоху лунников Нам, людям атомной поры, Все снятся силуэты лучников, Сутулые, как топоры? Бұнымен бітпей, сонымен бірге А.Вознесенский марқасқа Махамбеттің мақамдары ізімен бірнеше талдама жазып жариялады: (“Адасқан аққу”, “Қара түйелер”, “Сендер ойладыңдар…”). Ақын – мəңгі құбылыс. Оны өлмейтін де, өшпейтін де шығармалары тұрғанда ажал жоқ. Бұдан артық бақыт бар ма? Махамбет те ереуіл атқа ер салып, болашаққа беттеп бара жатқандай. ***
Қазіргі қазақ қауымы уақыт өте келе қалайша өзгерді? Əрине, жерағашты тек мұражайлардан, түйелерді хайуанаттар саябағынан ғана көріп, арман қанатында ғарышқа самғап жүрген бүгінгі буынның аяғы аспаннан салбырап түсе қалған жоқ. Тамыр да топырағына тартады. Жаһандану (ғаламдану) деген ашқарақ, беймəлім аждаһаны жетектеп ХХІ ғасыр келді. Нарықтық қарым-қатынастарға қаншама бейімделе бастадық десек те, марғау халқымыз əлі баяғы қалпы таз кепешін жəпірейте киіп, жалған үміт жарқылына жаутау-жаутаң жалтақтап, ұлы даланың асты қыруар қазынаға толы болса да, түлкі құрсақ күй кешіп кешіп келеді. Абайды қатты қам көңіл етіп, қамықтырған сол иісалмас надандық пен жүгенсіз жікшілдік, миғұла мəңгүрттік пен көрсоқыр көзқамандық, далақбай көбеймесе, кемімепті. Оған қоса бұрын онша көзге ұрып байқалмайтын зинақорлық пен жезөкшелік, кедейшілік пен жұмыссыздық асқынып, қым-қуыт қылмыс пен төмен тұрмыс қол байлау болып, жапа-тармағай етек алып, алдан аңыздап шығады. Алматыдағы Саин көшесі мен Сейфуллин даңғылы бойын Құдай ешкімнің басына бермесін. Бір бұнда емес, басқа қалаларда да мұндай келеңсіздік кездесіп қалып жүр. Əзір ар саудаға түскен жоқ, басқалары – жерге дейін – сатылып жатыр. Тұлғалар дағдарысқа ұшырап, торығып тығырыққа тірелсе, басқа да қоғамдық-əлеуметтік көкейкесті мəселелер аз емес. Осылардың аясында асқақ рух аяққа тапталып, бəсейе түскен кезеңде кеудеге ертеңге сенімнен гөрі күдік ұялайтын болып алды. Байғұс қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе берілгенімен, орысша шүлдірлейтін шенеуніктер оның тағдырына пысқырып та қарамайтын болды. Əнебір кезде “түрі ұлттық, мазмұны социалистік” деп көзбояушылық жасап, əбден сіңірі шыққанша діңкелетіп еді. Ол қоғамның басына да су құйылып тынды. Күйрегені күйреп, талан- тараждың көкесі кекірейді. Желіктіріп демократия желі соқты (оңнан ба, солдан ба?). Ендеше?!. Біздің теріскейдегі балағының биті бар көршіміз “орыс характері” десе, қоғадай жапырылып, бала-шағасына дейін қырылып қала жаздайды, өңкей өре түрегеліп өңеш жыртады. Жуан жұдырық пен оспадарсыз отаршылықты аңсап-сағынып қалғандай. Ал біздің шын мəнісіндегі мінез-құлқымыз қандай, оған Еуразия кеңістігі не береді? 1836-1837 жылығы Исатай-Махамбет қозғалысы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1986 жылғы желтоқсандағы жастардың бұлқынысы, жаппай бас көтеруі нендей
тəлім түйгізеді? Қан мен тер бекер төгілді ме? Əйтеуір, əсіреқызыл белсенділердің құдайы беріп тұр. Бірақ... мұнда сайын сахараны емін- еркін жайлаған өзіміздің ұлттық болмысымызға ден қойсақ, оның жиынтық келбеті мен тұтас тұрпатының нобайын жасау жүрек тіксіндіреді. Не қосып, не алғанымызды есепшотқа салған кім бар? Дегенмен кеше, бүгін жəне келешек бізге сұраулы жүзбен қарағандаабдырап, тым жаутаңкөз, жалтақ болып, тосылып қалатынымыз неліктен? Жеме-жемге келгенде, осы біз қандай халықпыз? Жанымыз қанша жаныққанымен, жақсылығына сүйініп, жамандығына күйініп, жел өтінде өскен ұрпақ, қалай болғанда да, өткенге топырақ шаша алмайды. Ұдайы халық бойынан ізгі қадір- қасиетті күту күпірлікке жатпаса, бəлкім, заманға сай үйлесімді іздегенде зайырлық пен зиялылық, пəктік пен періштелікті, биязылық пен бекзаттықты, кісілік пен көсемдікті армандау асыл мұрат шығар. Махамбет Өтемісұлы – сол ел-жұрттың асау қанындай, қаһармандыққа толы жанындай сарқылмас құдіретті қуат пен қайраттың қайнары. М.Əуезов, Қ.Жұмалиев, Б.Аманшин жəне басқалардың Махамбет туралы зерттеулерінде олқы түсіп тұрған тұстар қазір көзге шыққан сүйелдей көрінеді. Көбінесе, дəуір сипаттарын сылап-сипап отырғанда дауылпаз ақынның биік бейнесі көмескі тартады, кезең көріністері сұңғыла көріпкелдікпен көмкерілмейді. Исатай-Махамбет көтерілісі кездейсоқ туа қалған жоқ, оны қоздырған қозғаушы күшті əлі де болса терең зерттеп, лайықты баға беруді керек ететін шетін мəселе. Халықтың бауыр еті мен сай сүйегінен жаралған марғасқа Махамбет шыңырау құрдымға құлағалы тұрған оның қоңторғай тағдырына немқұрайлы қарай алмады. Жанартаудай бұлқына жарқылдап, долы дауылдай буырқанды. Қарумен де, қаламмен де күресті. Ашу апшып, кек кернеді, Жəңгір жəне оның айналасындағылар да тұлға еді. Солақай саясат салқыны санаға аз тимепті. Əлі келгенше хан да қара халықтың тұрмысын жеңілдетуге тырысып, шөл мен шөлейтті абаттандырып, көпшіліктің көкірек көзін ашып, үлкен тəлім-тəрбие мектебін тұрғызды. Алайда, кескекті ердің сойындай Исатай мен Махамбеттердің онымен тұзы жараспай, жұлдызы неге қарсы туды? Бізге бұл күрделі құбылыстың тігісін жатқызбай, маңызды мəселенің түбіне байыппен үңілу керек енді. Ересен ереуілден кейін жиырма жыл өткенде – 1858 жылы маусымның аяғына таман Еділ бойымен сағаға
қарай жүзген Александр Дюма-əке баласына: “ертең қазақтарға аттанамын” дей тұрса да, жазбаларында тек Елтон, Басқұншақ өзендерін көрсетіп, киіз үйді суреттегенмен, жайылып төсек, жатып жастық болып, жазушымен жүздесуге құмартқан көшпелілердің тұрмыс-тіршлігімен толық таныстырмағанын, оларды ұлт санатына қоспағанын қалай түсінуге болады. Тіпті, ол кезде Құрманғазы да, Дəулеткерей мен Мұхаметсалық та тірі, ал Жəңгір билік тұтқасын ұстап отыр ғой... Сена жағалауынан келген мəртебелі қонақпен кездесуге олардың мүмкіндігі бар еді. Үш кітаптан тұратын “Парижден Астраханға саяхат” туындыгер қазақтар хақында неге тұшымды ешнəрсе жазбады? Сонда, сенімсіздікке ұшыраған француз жазушысы ма, əлде, көшпелілер қараорманы ма? Құдай берген құқынан мүлде айырылған бұратана номадтардың кембағалдық пен кемсітушілікте өтіп жатқан өмірін еті тірілер жақсы білді. Азаттықтық ақ туы астына жиналып, жолбарыстай жағаласып, арыстандай арпалысып айқасқандардың ұлы өнегесі ұмытыла ма? Оның басты себеп-салдары түздіктердің өздерін өздеріне айдап салып, қолды ысқылап, екі ортаға от жағушылардың жымысқы əрекетіне сайып жатыр. Қалай десек те, М.Өтемісұлы ерлік пен елдік тақырыптарын жарқ-жұрқ еткен жырақтағы жасындай етіп жырлап қана қойған жоқ, өлең өнерінің мазмұнын байытып биіктетті, тереңдетті жəне кеңейтті. Жалаугер ақынның асқақ тұлғасы қайта- қайта қайырылып отыруды керек етеді. Сөйтсек те, оның əдебиет пен өнердегі образы сомдалып, соғылмай жүр. Əрине, Тəкен Əлімқұловтың “Қараой” əңгімесі, марқұм Мақым Қисамединовтың туындылар топтамасын жоққа шығаруға болмас. Ал Х.Ерғалиевтің сценариімен түсірілген фильм де, Б.Жұбаниязовтың “Махамбет” операсы да жұртшылық күткен талап пен талғамнан əлдеқайда төмен жатыр. Бұл іргелі ізденістердегі іркілістер болса да, антрополог Н.Шаяхметовтың талай жыл бойы ақынның бас сүйегін жертөлеге қамап, жарытымды ешнəрсе шығара алмағаны ешқандай ұғымға сыймайды. Бүгінгі ұрпақтарынан мұндайды күтпеген күрескер рух не дейді? Сұңқар дауысы əлі саңқылдап тұрған жоқ па:
Еділдің бойы, ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім... Тұлпар тұяғынан кетіліп, қыран қанатынан қайырылады. “Жауды аяған – жаралы”, иесіз елде Исатайсыз қалған қапалы да қайғылы жан тозақтай қиындыққа қыңбай, өзі жасырынбай, қайта өршелене түсті. Қаһарына қайта мінді. Атқа қайта өзі қонды: Қоғалы көлдер, қом сулар Кімдерге қоныс болмаған, Саздауға біткен құба тал, Кімдерге сайғақ болмаған? Басына жібек байлаған, Арулар кімнен қалмаған? Таңдап мінген тұлпарлар Иесін қайда жауға салмаған? Құландар ішкен бұршақ қақ, Кімдерге шербет болмаған? Садағына сары шіркей ұялап Жау іздеген ерлердің Қайран басы қайда қалмаған?.. Мінелік те түселік, Ойналық та күлелік, Ойласаңдар, жігіттер, Мынау жалған дүние, Кімдерден кейін қалмаған?..
Махамбеттің ой мен сезімінен от шашып, бұла күші бұлқынып, өжеттіктен өрілген өлеңдерінен Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді сарындарын табатындар сорпа бетінде қалқып жүрген көбіктей қауқарсыздың кейпінде қалады. Көтеріліс көсемдерінің бірі, жалынды жыршы айтақырда өсті ме? Обал мен сауапты ойласақ, ол біреудің қанжығасында жүретін тұлға емес. Тарихта бір өлең, бір кітабымен қалған ақындар аз ба? Егер Махамбет Өтемісұлы дүниенің қай қырын терең толғаса да, онысы əлемге өнеге болар еді, бірақ оған мұршасы болмай, мойны жар бермеді. Оның күйлерінің табиғаты да ешкімге телінбей, өршілдікке үндеп тұратыны бекер ме? Араға бір жарым ғасырдай мезгіл салып, жаңа толқын одан неге үндестік іздейді? Мұқағали мен Олжас та айтулы ақындар. Орыс Андрей Вознесенский болса да, болмаса да өте ірі өлең өкілі. Осы ірі тұлғалар Махамбетке жүгінеді, Махамбетті өздерінен биік қояды, оны ес тұтады, одан өнеге іздейді. Неге? Əр уақыт халық мұңын мұңдап, жоғын жоқтағандар (Абай ма, Махамбет пе, əлде, Жамбыл ма?) ешқандай көлгірсуді көтермейді. Аталмыш ақындардың тікелей шарапаты тимегенмен, олардың рухани күшін ақындардың кейінгі легі, өзге ұрпағы айқын сезінеді. Мұқағали Мақатаев соны жақауратпай, жасқанбай жеткізеді, əлдекімге тіс қайрап, ашына айтады: Көрер едің, шаламын ба, отпын ба? Білер едің, ақынмын ба, жоқпын ба? Кектендірген хан Жəңгір де жоқ мұнда, Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда. Түсінер ең, Езбін бе, əлде, ермін бе?
Байқар едің, Артықпын ба, кеммін бе? Мен Спартак бола алмадым, не шара, Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе? Тағы да – Жəңгір хан, тағы да – Махамбет. Күн мен түн, жақсылық пен жамандық, асаулық пен аярлық шарпысқандай. Уақыт – төреші. Болашақтың алдында кім-кімді де сол ғана ақтап алады. М.Мақатаевтың Махамбетке деген махаббаты айрықша. Мұқағали Мұхаммед туралы да үлкен туынды жазғалы жүргенін айтқан еді. Алайда, Махамбетке деген құрмет пен ілтипат оның өмірлік тірегіне, асыл мұратына айналған: Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдында, Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты – Мұқағали Мақатаев бар мұнда! – деуінде інілік ізет қана емес, осыны аңғартар парасатты пайым басым. Алдыңғы ғасырдың отызыншы жылдардағы ақыны мен жиырмасыншы жүзжылдықтың екінші жартысындағы əріптесін туыстастырған не? Тек елжандылық па? Махамбет пен Мұқағали мақамдары əрқалай. Махамбет ұстаз айқасқа шақырады, шəкірт шер- шеменін ақтарып аламан бəйгеге қосылатын арғымақтай ауыздығын қарш-қарш шайнап, жер тарпиды. Мұны Қадыр да, Тұманбай мен Фариза да басқа тұрғыда жазған болар еді. “Махаңдардың сарқытымын” дей отырып, Мұқағали да өмірдегі кереғарлыққа иліккісі келмейді.
Екі тұлға. Екі мінез бен болмыс. Олардың заманауи зердесі де бөлек. Махамбет екі сөзге келтірмей, сезімді бірден жұлып түседі, ауыр болса да, күрес жолын ұсынады. Мұқағали таразының басын тең ұстап, басалқы айтып, таңдауды лирикалы кейіпкердің өзіне қалдырады; Жəңгір мен Махамбет, Спартак пен Цезарь, көзі жəне өзі, екеуінде де бітіспес қыжыл бар. Ыза-кек пен күрсініс кеуде кергізе шайқасып, намысқа қамшы бастырады. Əлеуметтік əділетсіздіктің түп-тамырына балта шаптырып, іңкəр дүние іздеткізеді. Тұңғыш тəжірибелерінде толысу үстіндегі əріптесінен қалыспай, Олжас Сүлейменов те М.Өтемісұлының жекелеген найзадай өткір, найзағайдай жеткір жырларын тəржімалай жүріп, өзі де текті талант табиғатын түйсінді. Кеңес ақыны қол бастамаса да, жақсылық ырымындай жол бастады: Мне удивительно: когда я весел, что не потребуется – все дают, когда захочется унылых песен, Мне их с великой радостью поют. Бываю рад, и все бывают рады, я убегу и все за мной в кусты. Когда в жару я вижу дно Урала, мне кажетсы, что все моря пусты, И потому, когда кочевье выманит все мое племя – Я один пашу, когда никто не смеет слова вымолвить, мне рот закрывают, я стихи пишу, Эх, если бы сказали мне: “Великий, прости людей, уже пора простить,
Мир будет счастлив от твоей улыбки!” Құданың құдіреті, орыс тілінің түбін түсіріп жазатын қазақ ақыны сондай аруақты сəттерінде шабыт шаңқан бозының үзеңгісіне аяқ салады. Өз оқырманын тұқыртпай, мезет пен мəңгілік арасында ойға шомдырып, кейіпкерінің кесек кескінін жасайды. Тогда бы я старался не грустить, сказал бы я, смущенные мужчины, “Море полны водой, пока Урал не высохнет, пока ты жив, мы – живы...” Тогда бы я, клянусь не умирал. Ит арқасы қияндағы Ираннан жырақта жатып, Балтық пен Рейн жағалаулары, Альпі тауларында ұлы Гете қиырға көз салып, Парсы жырының жұлдыздарын сонша əспеттейді, тамаша тəлім түйгізеді. Орыс поэзиясының бір перғауыны – А.Вознесенский Махамбет əлеміне қалай келді? Бұл рухани серігінің ықпалы ма, жоқ əлде, өз түйсігімен тапты ма, əйтеуір жорық пен жортуылдар жаңғырықтары оның шығармашылығында нұрлы із қалдырыпты. Ол Махамбеттің өміршең, өр кеуде өлеңдері əсерімен “Адасқан аққулар”, “Қара нарлар” тақырыбына қалам тартып, “Махамбетті оқығанда”, аймаңдай ақынның бітім-болмысына бейтарап қарай алмаған: Зачитываюсь Махамбетом, Заслышу Азию во мне. Антенной вздрогнет в кабинете Стрела, торчащая в стене. Что в моей жизни это женщина? Погибель, спасшая меня. Забьется пол стрелою трещина,
как пригвожденная змея. Но, почему в эпоху лунников, нам, людям атомной поры – все снятся силуэты лучников Сутулые, как топоры?.. Вознесенский қазақ жырын ажал бүріккен мылтық күркірі, зеңбірек зіркілі, ысқырған жебелердің зуылы, тарлан боздардың ауыздығын қарш-қарш шайнап, бауырынан қанды көбік ағып, тұяғымен жер тарпығанын еміс-еміс естігендей болып, қазақ ақынының əлемінің түсіне кірмеген болмысына таңданады. Батырға батыр, ақынға ақын сүйіспеншілігі тұрғысынан сөйлейді. Бұлар: Махамбет, Мұқағали, Олжас пен Андрей – əр түрлі ғұмыр кешсе де, жұлдыздар жұлдыздарға жымыңдасқандай, үндесіп, тіл қатысып тұр. Олар уақыты, қызуқандылығы, тəлім-тəрбиесі, дүниетанымы мен ұстанымы жағынан бір-бірінен мүлде бөлек ақындар. Ортақ нəрсе біреу: дүние, өмір, адам, адамзат үшін алаң жүректің дүрсілі ғана... Атам заманнан ақындардың тағдыры, талайы өзге тірілерден ерекше. Д.Байрон өз отанынан шалғайда өмір сүріп, өмірдің алғы шебінде жүріп көз жұмды. Ш.Петефи ұрыс даласында мерт болып, шаһит кетті. Махамбеттің басын Қараойда қандастары кесіп алды. Дегенмен, қай кезде де, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Күрескер рух бір сəт қалғып кеткен сезімді оятып, күйбеңгершілікті ұмыттырып, жарқын ертеңге шақырады да тұрады... Халық ойының қарлығашы Біздің бастауларымыз бен сағаларымыз қайда? Осындай беймаза ой күндіз-түні тыным бермейді. Ол леп белгідей сауалдың көлденең қойыларына да əлдеқашан мезгіл жеткендей. Төрт құбыласын енді-енді түгендеп келе жатқан халықтың аяқ астынан ғаламдасу мұхитына көзсіз қойып кетуі (əлі ерте!) қалай болар екен? Еуразия кеңістігі жайына қалып, əлем өркениеті күдірейген жалды сипай қоя ма? Бір кездері дүниенің алтыдан бір бөлігін алып жатқан алып мемлекеттің
қол астында тыпыр етіп, тұяқ серпуге шамасы келмей, көзіне көк шыбын үймелеген, шыбын жаны шырқырап жаналқымға таялған бұратаналардың оған шама-шарқы, қайрат-жігері мен қарым-қауқары жете ме? Бұйығы жаратылысымыз солай ма, басқаларға еліктеу мен солықтаудан құлантаза айығып кете алған жоқпыз əлі. Қазір еліміздегі əдеби-мəдени өмір мүлде тығырыққа тіреліп тұраламаса да, екінші əлде үшінші кезектегі оның мүшкіл хал-жайына қашанға дейін көзжұмбайлықпен қарап отыра беруге болады? Болмайды үндеп, Дұшпан тұр күндеп Бізде бұл бір індет. Əр сөзің алтын, Ұғар ма екен халқың? Сынаған да шығарсың, Милəттың қалпын. Тіл алмас деп қорқамын, – дер едім тартын...– деп жазды қамығып қалың халық ойын білдіріп, парасат қарлығаштарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы жолайрықта аңтарылған жұртының жай-күйін түсініп. Төңкеріс елең-алаңында талаурап атқан тəуелсіздік таңының бірінде ел үшін шыр-пыр болып, пəруана əрі дана елудің үстіндегі Ахаң əуелі В.И.Лениннің өзімен жолығып, 1925 жылы бұдан былай ешкіммен шатастырмас үшін байырғы атын туған халқына қайтаруға үндеп, қандай да кемсітуге қарсы болып, Қазақ Автономиялық Оеспубликасының астанасы Ақмешітте жар салып, табандылық танытқан тұлға еді. Ол “...Қазақ елі атын бүгіннен бастап, жалпы əлемге “қазақ” деп атандырсын дегіміз” келеді деп, күрескерлік рухын бөгде ешкімге таптаттырмай жоғары көтерді. Бұл оның бүкіл өршіл өмірбаянының бұрқанысты алтын өзегіндей болатын. Алла берген азаттық ақ жолына асыл азаматтық парызын табиғат тереңінен сезгендей:
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тəннен басқа немді алар өлім менен. Өлген күні апарып тығары – көр. Мен жоқ болман көміліп тəнімменен. Тəн көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес – бүгінгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін. Қапас, қапырыққа кім көнеді? Жиырмасыншы ғасырға көңіл көкжиегін мұнар шалып, əрі-сəрі күн кешіп, əрең тұяғы іліккен қазақтар үсті-үстіне дағдарысқа ұшырап, қым-қиғаш қым-қуыт заманның күңгірт қойнауында сүңгіп, шөре- шөре сергелдеңге түсіп, маңдайынан сипайтын адамға зар болып, сіңірі шығып сансырады. Алыс таңды аңсаған азаткерлер абақтыға жабылып азайып, қамқор қайраткерлерінің тығыз қатары қадау-қадау селдіреп еді. Қанша қалбыр байлап, қорқытып-үркіткенімен ұлтжанды ұлы ұстындар мен парасат-пайымы биік перзенттер қалың бұқараға қайрат пен жігер беріп, рухы ұйытқыға айналды. Солардың алдыңғы сапынан Ахмет Байтұрсынұлының табылуы аса зəру болатын. Жалпақ Сарыарқаның жонарқасында туып, еңбекшілердің мұң мен мұқтаж, жоқ пен жітігі ақырғы деміне дейін ақиқаттың ақ жолынан айнымай, күнесінен көлеңкесі көп, сан мəрте адасса да кедір-бұдыр, айқын халықшылдық бағыт-бағдарды таңдады. Сол дəуірдің жиырмасыншы жылдарында “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” зауалының алдында қазақ зиялыларының ішінде Ахмет Байтұрсынұлының елу жылдық мерейтойы ел-жұртының ортасында кеңінен аталып өткені біраз жайды аңғартады. Алдында ғана Нəзір Төреқұлұлымен бірге “Ұлт туралы толғамдарда” өз уақытының асқан көкейкесті мəселелерін көтерген асқаралы ағартушы ой-сананың озық үздік үлгісін көрсетті. “...Қазақтар арасындағы революция туралы мəселе қозғалғанда Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсынұлын айналып өтуге болмайды,– дейді
замандасы, қоғам əрі мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожанұлы.– Олар қазақтар арасында революцияның дамуына көп еңбек сіңіргеніне күмəн келтіруге бола ма? Қазіргі революционерлердің барлығы да Абай мен Ахметтің шəкірттері болып табылады”. Бұған дейін А.Байтұрсынұлы Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған мектепте оқып, əртүрлі ұстаздық баспалдақтарынан өтіп, 1911 жылы “Маса” жинағын жарыққа шығарып, аз да болса егіліп, еңсесі түскен; езіліп, еңіреген халқының қамын жеп, жүрегі шер-шеменге толып, бостандық алу үшін септік тигізуді ойлады: “Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана қайғы келе бастады... Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы. Қазақтың халі не болуы белгісіз: қазақтың жері турасында бекітіліп закон шыққан жоқ. Төртінші Дума арқылы бес жылдың ішінде талай заңдар шығар. ...Оны ойлаған қазақ болмады. Ондай нəрселерді ойлауға да қолы тимейді. Өз араларындағы дау-шары басқаға мойын бұрғызбайды. Елдің бір жағын жауып жатса, екі қазақтың ерегесі оған барғызбайды”. Шашылып түскен тіркестерде қаншама шамырқандыратын шындық жатыр. Шымбайға қанша батса да, бұндай қабырғасы қайысып, жүрегі қан жылай отырып, жанашырлықпен ағынан ақжарма ащы ақтарылып, ешкім айтқан жоқ еді. Абай да арқадан қаға отырып, маңдайдан шерткен емес. Олар түзелген сөз арқылы ел-жұрт намысын қамшылап, қалғып жатқан ой-санасын оятуды мақсат тұтты. Бұның бəрі бет қаратпайтын сұмдық дуайпат өртке қарлығаштың қанатымен су сепкендей əрекет екен-ау. Бостандық жолында топтаса бастаған тұңғыш ойпаздардың қайсы бірінің асығы алшысынан түсті? Сөйтсе де, шетінен түгел қанауға ұшырап кеткен қатерлі құбылыстың құпияларын барынша бүге-шігесіне дейін ақтарып, ақтаңдақ- қаратаңдақтар қыр-сырын зейінмен зерделей қойған жоқпыз əл-əзір. Əйтпесе, Ə.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулат жəне басқалары қанша хикмет көрді. Өзгелер ше? Ғасырлар түйісі мен тоғысындағы өліарада тағдыр талайы екіұдай болып, талайға түсіп, отарлау саясаты халықтар мен ұлыстарға шыңғыртып қылбұрау салып, езіп-жаншып, құлдық сезімінің
шиеленіскен шылбыры ғазауат орнатып қыса бастағандай. Бұның баршасы жанына батып, жүрегі сыздаған ат төбеліндей көсем жетекшілерінің бірегейі болған Ахмет азаттық туын ұстағандардың алғашқы легінде болып, тығырықтан шығудың амалын шарқ ұрып іздегенін тілмен жеткізіп беруге болмайды. Ұлы парасаты патшалығы мен инабат имандылығының төлбасылары сана сезімінің оянуын, рухы жаңғырып, өркениет-өрлеу, оқу-білім, ағартуға байланысты деп, ең алдымен жеделдетіп кітап шығару қолға алынды. “Қазақ” газетіні де (Бас сарапшысы Ахмет Байтұрсынұлы) осы кезде өз оқырманының көкірек көзін ашуға ден қоюы сол таудай биік мақсатты көздегендігі болатын. Содан бері ел-жұрттың алып арысы Ахаң жатпай-тұрмай қамкөңіл қазақтың көркем сөзі, серке сөзі мен асыл сөзінің кең қанат жаюына қаншама маңдай тер төгіп, қайыспас қайсар күш-жігер жұмсады. Бұл халық алдындағы қалтқысыз қызмет ескерілмей қалған жоқ. Топжарып, тілек айтқандардың ішінен алғаш С.Сейфуллин үн қатты: “Ахаң байлардың құлдығында шіріген жарлылардың айғайшысы емес, олардың шоқпаршысы емес, бірақ байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды еді. Қандай болса да, жазушысы аз, əдебиеті нашар қазақ жұртына “Оқу һəм тіл құралдарымен” қылған қызметі таудай”. Қарлығаш – көктем құсы. Жаңа дəуірдің əлі жас иісі еміс-еміс сезіле бастаған көкөзек шағында қоғамдық-əлеуметтік өмірге қызу араласқан А.Байтұрсынұлылар тақтайдай түзу, тура жолды таңдамай, сүрінді де, қабынды да, алайда, туған халқына деген олардың перзенттік махаббаты ерекше болатын. Сол мəңгілік ұлы сезім қай қадам жасаса да, бойға қуат, ойға шуақ берді. “...Қазақтың еңкейген кəрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған “Қазақ” газеті болатын. Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді?.. Ахаң – еңбегі жанған жанның бірі, істеген ісінің жемісі – артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын,– деп ізгілік ізет білдірді
жиырма бесіндегі Мұхтар Əуезов заңғар замандасының жарты ғасырлық мүшелтойы қарсаңында сүйіспеншілігін білдіріп.– Жаңа өсіп келе жатқан қазақ əдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды. Ғаламнан тамған бал ем болудан айнымайды... Ахаңның бұл істеген қызметі қазақтың ұзынырға тарихымен жалғасып кететін қызмет. Істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш – мəңгілік ескерткіш”. Бұларда ұлағатты ұстаздың қоғамдық һəм шығармашылық қыры жан- жақты толық ашылады. Лениннің елу жылдығына арнайы мақала жазып, елдегі саяси-əлеуметтік өмірге батыл араласып, оларға ашық, адал азаматтың кемеңгерлік те көрегендік пікірін білдіріп, ғажап ғұмыр кешкен кесек ірі кісінің сол жаңа құрылыстың құрбаны болып кеткені тым қымбат, ауыр қасірет. Оның оңашада жапа шегіп, зар мен запыран тастауы азаттық таңын аңсауынан туған ордалы ойлар. Əрине, тəуелсіздік туын желбіретіп, бостандықтың жарқын болашағына ұмтылғандар жалғыз-жарым емес еді. Олардың іргесі сөгілмей, қатары қалыңдап көбейіп келе жатқан болатын. Тегеурінді топта əртүрлі саяси бағыт ұстанғанымен Тұрар мен Сəкен, Мұстафа мен Мұхамеджан, Нəзір мен Сұлтанбек асыл мұраттар жолында анттан айнымай қалды... Əлқисса, туған халқымен көзайым болып, қайта көріскен Ахмет Байтұрсынұлы біз үшін, алты алаш үшін кім еді? Түгел түркі əлемінің темірқазық тұлғасындай болатын оны қазір жұрттың бəрі жыға танып, бес саусақтай біле бермейді. Бұл да бір кез жүректерге мұң жүгіртіп, терең ойға батырады. Жарты ғасырдан астам уақыт неғайбыл сапар шегіп, ұзақ жылдар бойы тыйым салынып, қапас зынданда жатқан шығармаларға жан бітіп тіріліп, рухи өмірін жалғастыру құқы қолға оңай тиді ме? Енді олардың мəңгі ғұмыры басталатынына ешкімнің күдігі жоқ, күнес тілеген көңілді лəйім мұң бұлты шалмайтын шығар. Əйтсе де, біз қазіргі күнге дейін түн түнектен сəулеуке сəулеге қарай тартқан ұзын-салқар керуен-көште өлгеніміз тіріліп, сөнгеніміз жанып, үркердей топ сағыныш самалын аймалатқызып, туындылары арқылы туған халқымен қайта қауышты. Америкадағы Колумбия университетінің оқымыстылары Эдвард Олуорд, Ян Муррей, Мэтли, Карл Х.Мэнгс өз шəкірттерімен бірге Кіндік Азиядағы А.Байтұрсынұлы тəрізді тұлғалардың қаламгерлік һəм қайраткерлік
қызметін аса жоғары бағалап, əділ атап өтеді. Бұл Ахаңдардың тек қана түркі əлемі емес, түгел төрткүл дүниеге танылғанын көрсетеді. Сірə, өмірде оның ой мен өнер саласында қамтымаған тақырыбы аз. Өлең жазып, тілді дамытып, ғылымды өрге сүйреп, қоғамдық пікірге қозғау салып, бар қайрат-қажырын ел-жұртының рухи көкжиегі кеңеюі үшін жұмсаған асыл жанның жасампаз жарқын бейнесі мəңгі ұмытыла ма? Əманда Ахмет Байтұрсынұлының ақ жолы жарық! Бастаулар қандай нұрлы болса, сағалар да сондай сарқылмай, алғы күндердің алқаралы айдындарына құя беретіні кəміл. “Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы,– дей келіп, А.Байтұрсынұлының көкірегі қарс айырылғандай күрсініп еді. – Қазақ керегінің шебі əркімге-ақ мағлұм ғой: біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек”. Айтудайын айтты! Сол құнарлы топыраққа түскен қожрең дəн қашан бітік болып өніп шығады?! “Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы”. Оның даусы барған сайын əлеуеттеніп, бізге асқақ естіліп тұр: Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман, Лаж жоқ жел айдаса ермесіңе, Тайпалған талай жорға, талай тұлпар, Тағдырдың кез болып тұр кермесіне. Солардан жаным-тəнім ардақты емес, Орынсыз күйзелейін мен несіне?! https://t.me/kzkitap
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272