Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Тоқтырхан Тұрлыбек «Өмірдің сегіз сәті»

Тоқтырхан Тұрлыбек «Өмірдің сегіз сәті»

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-11-17 11:31:20

Description: Тоқтырхан Тұрлыбек «Өмірдің сегіз сәті»

Search

Read the Text Version

Жігіттердің жауабын күтпестен Серік Сергеевка аудандық партия комитетіне телефон шалады. – Алло, алло. Аудандық партия комитеті ме? Маған идеология жөніндегі хатшы керек еді. Менің аты-жөнімді сұрап тұрсыз ба? Республикалық теледидардың бөлім бастығы Серік Байқоновпын. Хатшы қыз секретарды телефонға тез қоса қояды. Қысқа амандықтан соң Серік тікелей шаруасына көшеді. – Бүгін ғана Алматыдағы бастығымыздан арнайы тапсырма алдық. Егін орағы кезінде перзентті болған механизатор туралы сюжет түсіруіміз өте қажет болып тұр. Сіздерде сондай адам табылып қала ма? – Неге табылмасын, – дейді көктен іздегені жерден табылғандай қуанып кеткен хатшы. – Жамбыл атындағы совхоздың Ленин орденді механизаторының əйелі осыдан бес күн бұрын қошқардай-қошқардай егіз ұл тапты. Соны түсіріп алыңыз телебізірге. – Сəбилерді перзентханадан қашан шығармақ екен? – дейді Серік Байқонов куанып. – Жаңылмасам, ертең болуы керек. – Олай болса, ертең біз сонда боламыз. Сағат онда сізге соға кетейік, бірге барғанымыз жөн болар, – дейді Серік асығыс сөйлеп. – Келістік, мен совхоз басшыларына ескертіп қоямын. Ертесіне айтқан уақытта Серік бастаған шығармашылық топ аудандық партия комитетіне соғып, хатшымен бірге əйелі егіз бала туған совхозға тартып кетеді. Райкомның хатшысы арнайы телефон соққан соң жаны қалсын ба, шаруашылықтың бүкіл бетке шығар қаймағы күтіп отыр екен. Бүкіл саймандарын сақадай сайлап келе жатқан жігіттер іске шұғыл кірісіп кетеді. Орақ басынан арнайы келген механизатор бір құшақ гүл ұсынып, əйелі мен егіз ұлын перзентханадан шығарып алады. Совхоз директоры қос сəбиге ақ тілек тілейді. Құшағы гүлге толған ана мəз-мейрам. Серіктің бір аңғарғаны: бар шаруа осымен

аяқталатын түрі бар. Мыналардың шілдехана жасау тұрмақ, жəй шайға шақыратын түрлері жоқ. Бар шаруамды бітірдім дегендей, егіз ұлдың əкесі тап дəл қазір егін басына жүріп кетпекші. – Стоп, стоп, – дейді Серік, – сценарий бойынша бүгінгі кездесу бұлай аяқталуға тиіс емес. Механизатор əке егіз ұлын көтеріп, жұбайымен үйге бірге кіруі керек, сонан соң арнайы қой сойылып, дастарқан жайылып, біз шілдехананы түсіруіміз керек еді. Түсінемін, орақ кезінде уақыт алтыннан да қым бат. Бірақ, бізге берілген тапсырма бар, шілдехананы түсірмесек болмайды. Оны бүкіл республика телекөрермендері күтіп отыр. Серік Байқоновтың бұл сөзіне ешкім қарсы дау айта алмаса керек. Бір жағынан шаруақор, бір жағынан аңқау ауыл адамдары шұғыл түрде шілдехананың қамына кірісіп кетеді... Серік өзінің командасын тез жинап алып, сыбырлай үн қатады. – Жігіттер, бəрі де ойдағыдай. Бірақ, алдын-ала ескертіп қоямын, арақты көргенде аш қасқырша бас салып жүрмеңдер, алдымен жақсылап тұрып тамаққа тойып алыңдар. Біреу-міреу мас болып жүрсе, айтпады демеңдер, аямаймын... Түннің бір уағында Серік жəне оның командасы облыс орталығындағы қонақ үйге аман-есен əндетіп көңілді оралады... БАЙБОТАНЫҢ ƏЛЕГІ Ақын Байбота Серікбаев бірде біраз сілтеңкіреп қойып, Алматының бір айықтырғышына түсіп қалады. Ертесіне таң атпай жатып, онсыз да мазасы болмай отырған Байботаны милиция қызметкері қарсы алдына отырғызып қойып, тиісті құжаттарды толтыра бастайды. – Аты-жөніңіз кім, қай жерде қызмет жасайсыз? – дейді жас лейтенант қаламын ыңғайлап. – Фамилиям – Байқонов, атым – Серік. Республикалық «Жаңа фильм» журналында жауапты хатшымын.

– Əжептəуір, қызмет атқарады екенсіз. Өлгенше ішіп, айықтырғышқа түсіп, сізге не болды соншама? Бірақ, амал жоқ, жұмыс орныңызға хабарлаймыз. Ал, қазір 50 сом айып төлеңіз, сонан соң боссыз. – Менде ондай ақша жоқ, – дейді Байбота қипақтап. – Олай болса жұмыс орныңызға телефон соғамыз, ақшаны олар төлеп, алып кетсін. Лейтенант айықтырғышқа түсіп қалған ақынның жауабын күтпестен телефон тізімдері жазылған анықтама кітапті ақтарып, тиісті номерлерді тауып алып, «Жаңа фильм» журналына телефон шалады. Трубканы журналдың бөлім меңгерушісі Лесбай Оспанов алады. Айықтырғыштағы кезекші бар мəн-жайды түсіндіріп айтқанда, ол шалқасынан түсіп құлап қала жаздады. – Мүмкін емес, айналайын, – дейді Лесбай шыршыр етіп. – Серік Байқонов өзінде отыр. Қазір ғана кіріп шықтым. Қас пен көздің арасында онда түсуі мүмкін емес. Ол трубканы тастай салып, Серік Байқоновтың кабинетіне біреу қуғандай кіріп келеді. Жауапты хатшы темекісін сорып қойып, журналдың кезекті номерінің макетін қарап отыр. Мəн-жаймен танысқан ол бас редактордың машинасын сұрап алып, айықтырғышқа тартып кетеді. Серік сүмірейіп отырған Байботаны көргенде, не күлерін, не жыларын білмейді. Иə, өз қолыңды өзің кесе алмай сың деген осы. Байбота қанша ит болса да жолдастығы, жерлестігі бар. Оның үстіне екеуі бес жыл бойы КазГУ-де бірге оқыды. Серік Байқонов тиісті айыбын төлеп, Байботаны үйіне дейін апарып тастайды. – Байбота, – дейді ол қоштасарда, – менің де оңып тұрған мұрыным жоқ, періште емеспін, анда-санда ұрттап қоямын... Алматыда екі бірдей айықтырғыш бар екендігін бүкіл жұрт біледі. Бір күні ішіп жүріп, екеуміздің бір айықтырғышқа түсіп қалуымыз ғажап емес. Ал, Алматыда журналист-жазушылардың арасында мүлдем ішпейтін екі-

ақ адам бар. Темірхан Момбекұлы мен Алпысбай Шымырбаевты өзің де жақсы білесің. Бұдан былай айықтырғышқа түсіп қалсаң, солардың бірінің атын айтарсың. Ал əзірше қош-сау болып тұр. Арада біраз уақыт өтіп, бір күні Байбота құдай атып, тағы айықтырғыш орнына түсіп қалады. Құдай аузына салды ма екен, жоқ, Серік Байқоновтың өткен жолы айтқан əзіл-шыны аралас сөзі есіне түсіп кетті ме екен, бұл жолы, қызыл жағалы ағайындарға өзін Алпысбай Шымырбаевпын деп таныстырды. Дəл осы кезде белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбековтің «Білім жəне еңбек» журналына Бас редактор болып қызметке ауысып келіп жатқан кезі. Ол ай-шай жоқ, «маскүнемдікке» салынып, айықтырғышқа түскені үшін Алпысбайды жұмыстан шығарып жіберді. Нақақтан-нақақ күйіп бара жатқан, өмірінде лимонадтан басқаны тартып көрмеген Алпысбайға, бірге жұмыс істеген ұжымы араша түсіп, сол кездегі Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетіне арыз айтып барады. Ондағылар да ай қарап, жұлдыз санап отырған жоқ, барлық мəн-жайды түбіне дейін тексеріп, Алпысбай Шымырбаевты қайтадан жұмысына алдырады. Ал, осы оқиғадан соң Байбота Серікбаев ішкенін мүлде доғарып, бұдан былай айықтырғыш орнына түспейтін болыпты. «ЕГИПЕТТЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТ» Бүгінде мүйіздері қарағайдай-қарағайдай, есімдері бүкіл қазаққа белгілі журналис тер Ерғали Сағат, Шəкизада Құттаяқ, Кəрім Бахрадин, Заманбек Əбдештер Қазақ универси теті журналистика факультетінің бірге ұшқан түлектері екендігін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сонау жетпісінші жылдардың басында журналистика факультетінің 4-курс студенттері Қостанай облысы, бұрынғы Ленин ауданына қарасты бір совхоздың жиырма шақты үйі, бір клубы жəне

жалғыз дүкені бар бөлімшесіне ауылшаруашылық жұмысына бара қалады. Болашақ журналистердің еншісіне құлайын деп тұрған ескі мəдениет ошағы тиеді. Қостанайда күзде жаңбыр жиі жауып, мұндайда астық орылмай, картоп жиналмай жұмыс біткен жайына қалады. Көмекке келген студенттерді бастап келген ҚазМУ-дің оқытушысы, Əбділхамид Мархабаев ептеп өмір көріп, оңысолын танып қалған үш-төрт студентпен оңаша карта соғып отырып, кенет өзіне жарасымды сақал-мұрт қойған Ерғали Сағатқа бірінші рет көріп тұрғандай бақырайып қарап қалады. Оның бойына жалма-жан керемет бір идея түсе кетеді. – Ерғали, мына түріңмен араб ағайындардан бір аумайды екенсің, – дейді ол карта таратып жатып. – Давай, сені ауыл адамдарына Египеттен келген студент деп таныстырайық. Сөйтсек, бұл қазақтар сенімен қосып, бізді де меймандыққа шақырып қалуы ғажап емес. Қашанғы су татыған капуста көже іше бермекпіз. Бір амалын қарастырмасақ болатын емес. – Əбеке, мынауыңыз ақы берсе де таптыра бермейтін ақыл екен, – деп оны ұзынтұра Шəкизада қолдай кетеді. Іздегенге сұраған демекші, клубқа қаңғалақтап жүріп, бөлімше басқарушысы келе қалады. – Ағасы, сізде бір шаруам бар еді, – дейді Əбділхамид бөлімше басқарушысын оңаша шақырып. – Бізді қойшы, бөтен емеспіз ғой. Арамызда сонау алыстағы Египеттен келіп оқып жатқан бір студент бар еді. Байқаймын, өзі мына жағдайымызға онша үйреніңкіремей жүр. Ежелден меймандос ел емеспіз бе? Сол студентті қонаққа шақырып, халқымыздың салт-дəстүрін көрсетіп жіберсек дұрыс болар еді. – Қап, неге бұрынырақ ескертіп қоймадыңыз, Əбеке. Ұят болған екен, ештен кеш жақсы деген, – дейді ауылдың аңқылдаған аңқау қазағы кəдімгідей қипақтап. Ол ертесіне арнайы қой сойып, «Египеттен келген студентті» нөкерімен қоса меймандыққа шақырып, көптен бері дұрыстап тамақ ішпей бір ішек болып жүрген оқытушы мен студенттер қолдан асқан

ет жеп, ыстық сорпа ішіп, оған қоса жүз грамдатып, жағдайлары жақсы болып қалады. Ерғали жəне оның достарын ертесіне бөлімше зоотехнигі, одан кейін агроном, бухгалтер, қырман меңгерушісі болып кезек-кезек қонақ етіп күтсе керек. Ауылдың бүкіл атқамінерлері «египеттік студентті» мейманға шақырып болған соң, кезек ауыл тұрғындарына келіп, Ерғали жəне оның командасын бір жас жұбайлар мейман етіп күтеді. Бұл шаңырақта да қой сойылып, бас мүжіледі, əдеттегідей екі-үш қылмойын босап, əңгіме-дүкен қызып кеп береді. – Ойпырым-ай, ə? Мына араб бəле екен, – депті қонақтарға қызмет етіп жүрген жас жігіт жанында отырған құрдасының бүйірінен түртіп. – Қазақшаны қалай-қалай көсілтеді десеңізші! Ет жесі де жақсы, қазақша... КОНЦЕРТ Ауылдың бүкіл атқамінерлері мен шай беруге шамасы келетін ағайындар түгел қонаққа шақырып бітті. Бірақ, жуық арада Алматыға қайтатын түріміз жоқ. Күніміз қайтадан су татыған капуста көже мен тары ботқаға қарап қалды. Мына жылауық жаңбырдың кесірінен бəрібір жұмыс істеп, қарқ қылып жатқанымыз жоқ. Қол қусырып босқа отырғанша, ауыл-ауылға концерт қойып, біраз қаржы табайық, – дейді Кəрім ешкімнің басына келе қоймаған бір жаңа идея айтып, – құдайға шүкір, бұл жағынан қара жаяу емеспіз, арамызда өнерпаз атаулы жетіп артылады. – Шынында да, мынау ойланатын жай екен, – дейді студенттердің жетекшісі Əбділхамид Мархабаев оны қостай кетіп, – біршама тиын- тебен табамыз, ол əрине артықтық жасамайды. Мұндайда қамшы салдырмайтын Ерғали, Шəкизада, Жолдығали лезде студенттерден тұратын көркемөнерпаздардың басын қосып, концерттік бағдарлама жасап кеп жібереді. Ойын сауық болатын болған соң, міндетті түрде билет сатылуы қажет. Алғашқыда оны қалай жасарын білмей

«əртістердің» басы əбден қатты. Бұл жолы да айтулы қиындықтан Ерғали төте жол тауып кетеді. – Маған билет жасауға лайықты қағаз тауып беріңдерші, қалғанын өзім қатырамын, – дейді Ерғали құлшынып. – Ал, қағазды таптық дейік, билеттің таңбасын қалай жасаймыз. – дейді Кəрім мен Заманбек қосарлана сөйлеп. Ерғали ешкімге лəм деместен ескі бəтеңкесінің жарамсыз болып қалған өкшесіне «КазГУ, Əкімшілік» деген сөзді бəкімен əдемілеп ойып жазып, оны кəдімгі сияға малып, қағазға соғып қалғанда, нағыз концерттік билеттің түпнұсқасы менмұндалап шыға келеді. Ертесіне көркемөнерпаздар бригадасы көрші бөлімшеге ойын-сауық қойып, табысты оралды. Көрген сыйқұрметтері өз алдына, кассаға бақандай 60 сом түсіп, «əртістер» бір желпініп қалады. Арада екі күн өтпей жатып, совхоздың басқа бөлімшесінің басқарушысы ойын-сауық қойып беріңдер, жұмысбасты ауыл адамдарының көңілі бір көтеріліп қалсын деп қолқа салады. Бұл концерт те үлкен өрлеу үстінде өтіп, ойын- сауықтан соң бөлімшенің атқамінерлері өнерлі жастарды арнайы қонақ етіп, күтіп жібереді. Ал, кассаға анау-мынау емес, бақандай 100 сом түссе керек. Бар-жоғы бір аптаның ішінде атақтары дүркіреп, бүкіл ауданға тараған өнерпаздарды совхоз басшылары қоярда қоймай шаруашылықтың орталығындағы үш жүз адам сиятын үлкен клубқа концерт қоюға шақырады. Ерғали бастаған топ концертті ойдағыдай өткізіп, бөлімшенің ескі автобусына асығыс отырып, орталықтан екі- үш шақырымдай ұзай бергенде, жүк мəшинесінің ашық бортына лық болып мініп алған ауыл жігіттері улап-шулап бұларды қуып кеп береді. – Мыналардың жүрістері тым суық екен. Төбелес шығып кетпесе жарар еді, – дейді Ерғали жанында отырған курстас жолдастарына қарап, – əй жүгермектер, ойын-сауық кезінде жергілікті қыздарға қырындап, бірдеңені бүлдіріп қойған жоқсыңдар ма? – Жоқ, жоқ, – дейді Шəкизада мен Заманбек шыршыр етіп, – қыздары шетінен аршыған жұмыртқадай аппақ екен, бірақ қырындауға уақыт

болды ма? Кілең сайдың тасындай жігіттер мінген жүк мəшинесі автобустың алдын орап, қарама-қарсы тоқтай берді. – Жігіттер, – дейді Ерғали «əртістерге» ескерту жасап, – шақырылмаған «қонақтар» төбелес ашып жатса, қолдарыңа қатты тиетін заттар алушы болмаңдар. Мен олармен еркекше сөйлесіп көрейін, – дейді ол автобустан түсіп жатып. – Ала құйындатып əрең жеткіздіңдер ғой, – дейді түйенің жарты етіндей жас жігіт шешесі егіз ұл туғандай əлденеге мəз болып, – өздеріңізбен жақынырақ танысып, ауыл жастарының атынан алғыс айтайық десек, апақсапақта асығыс жүріп кетіпсіңдер. – Мынау сіздерге деген сый-сыбағамыз еді. Аз да болса көптей көріңдер. Бір жəшік арақ пен бүтіндей пісірілген үлкен қойдың етін көргенде, Ерғалидың жүрегі орнына түсіп, көңілдене күліп жіберіпті. Жігіттер бұл жолы да олжалы оралып, Əбділхамид Мархабаевтың өзінен үлкен алғыс алыпты. КӨПЕН ҚАЛАЙ БАС РЕДАКТОР БОЛДЫ? Партияның аман-сау кезінде жас сықақшы Көпен Əмірбек мырза Мəскеуге бір айлық оқуға бара қалады. Барған оқу-тоқуы комсомол жетекшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі курс болса керек. Комсомолға жеті қайнаса да сорпасы қосылмайтын Көпекең, бұл оқуды қайбір оңдырсын. Оның есесіне, Мəскеуді армансыз аралап, оны көріп, мұны көріп, бір бой жазып қалады. Екі-үш күн өткен соң қой ұят болып жүрмесін, анда-санда бар екенімді, тірі жүргенімді білдіріп қойған жөн болар, деп əлгі комсомолдар курсына бас сұғады. Үлкен аудиторияның ішінде орыс пен украиндық та, өзбек пен тəжігің де, армян мен грузинің де, татар, башқұртың да қаптап өріп жүр. Көпеннің назары бір бұрышта темекіні əкесінің құны қалғандай үсті- үстіне сорып, көк түтінін будақтатып тұрған кавказдық жігітке еріксіз

түседі. Ойпырым-ай, осындай ұқсастық болады екен-ау! Сойып қаптап қойғандай нақ өзі. Қортық бойына, қоңқақ мұрынына, шегір көзі мен жалпақ бетіне дейін айнымай тартқан. Кавказдық жігіт те бұған таңдана қарап қалады. Екеуінің де орысшасы онша келіңкіреп жатпаса да, тез танысып, шүйіркелесіп əңгімелесе кетеді. – Слушай дорогой, ты совсем похоже на меня. Может ты грузин? – дейді кавказдық Көпеннің қолын алып, – ну смотри а, прямо моя копия. – Нет, дорогой. Я не грузин, а казах. Казахстан, АлмаАта знаешь? – дейді біздің Көпен де грузинмен қатарласа беріп. – Казахстан, Алма-Ата, как не знаю? Я все-таки второй секретарь комсомола Грузии, – дейді грузин. Давай познакомиться. Я – Вахтанг Махарашвили. – Я – Көпен Əмірбек, писатель, – дейді Көпен. Вахтанг қадалған жерінен қан алатын қызыл көз бəле екен. – А где ты работаешь, тоже в комсомоле? – деп тақақтап қояр емес. Сол кезде Көпен мырза республикалық «Білім жəне еңбек» журналында жауапты хатшы болып қызмет атқарса керек. Жаңа танысының алдында дəрежесін кішірейткісі келмеген Көпекең: – Нет, я не в комсомоле. Главный редактор республиканского журнала, – деп өтірікті соғып жібергенін өзі де білмей қалады. Ертесіне Вахтанг Көпенді Үлкен театрға шақырады. Сыйға сый, сыраға бал демекші, Көпен мырза грузин досын арада күн кұрғатпай Мəскеудің «мынау» деген мейманханасына апарып, тыққан-пыққан пұлын шашып тастайды. Көп ұзамай Вахтанг өзінен бір аумайтын қазақстандық танысын грузиннің мықты деген бір ақынымен таныстырады. Біздің Көпен намысты қолдан берген бе? Вахтангті «Крокодил» журналының сол кездегі Бас редакторының үйіне қонаққа апарып, бір шырқатады. Оқуларын аман-есен бітіріп, бастарын біраз

миландырып, елге қайтатын уақыт та таяп қалады. Вахтанг қоштасарда Көпенге алтын жалатқан қаламсап сыйлайды. Көпен бұл жолы да асып түсіп, қолындағы алтын сағатын грузин досының білегіне байлайды. Арада бір ай уақыт дөңгелеп өте шығып, бір күні жұмыс аяқталуға жақын қалғанда, қара сүліктей телефонның жаны қалмай безектеп қоя береді. «Білім жəне еңбек» журналының жауапты хатшысы қалақшаны асығыс көтере бергенде: – Это 63-53-04? Вас просит Тбилиси, – деген комутатордың шіңкілдеген дауысынан соң: – Көпен, привет дорогой! Это Вахтанг. Завтра буду в Алма-Ате. Рейс 645. Встречай, дорогой! – деген тбилисилік досының дауысы естіледі. – Вай, вай! Ой какие люди! Я очень радь, очень радь! Буду ждать, буду встречать. До завтра, дорогой! – деп Көпен телефон қалақшасын қоя береді. Алғашқыда кəдімгідей қалбалақтап қуанған Көпен басын қасып ойланып қалады. Қазаққа қонақ күткен не тəйірі? Жауапты хатшыны қинаған жəй басқа болатын. Тбилисилік досына өзін бас редактормын деп таныстырғанын есіне алғанда Көпен отырған орнында тыпыршып, маңдайы тершіп қоя берді. – Қап, Вахтангті алдап нем бар еді? Енді ұят болатын болды-ау! – деп санын бір-ақ соғады Көпен. Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап деген. Болары болды. Көпен бұл тұйықтан шұғыл түрде аман-есен шығудың жолын қарастыра бастайды. Ол шегір көзі сығырайып, ары-бері ойланып, өзінің тікелей бастығы, журналдың сол кездегі бас редакторы, белгілі жазушы Бейбіт Қойшыбаевқа барлық жағдайды түсіндіріп айтуға мəжбүр болды. – Бəке, жағдай осылай болып тұр. Мені ұяттан өлтіргіңіз келмесе маған бір күнге кабинетіңізді, «Волгаңызды» беріңіз, – деп өлердегі

сөзін айтып жалбарынады. Бас редактор Көпеннің қылығына ішегі қатқанша күліп, келісімін береді. ...Ертесіне «Білім жəне еңбек» журналының шығармашылық ұжымы Грузия Комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы Вахтанг Махарашвилиді хан көтеріп, қарсы алады... ҚАРҒАЛАР НЕГЕ ҚАРҚЫЛДАЙДЫ? Жəутік кітап оқымаса да, күнделікті шығып жататын басылым атаулыға сирек болса да көз тастап қоятын адамдардың санатына жатады. Бүгін де үлкен көзілдірігі қоңқақ мұрнына түсіп, бір-екі газетті сүзіп қарап шыққан болатын. Қысыңқы көздері баласы Кəкіш туралы жазылған мақалаға түскенде отырған жерінен су шыққандай ыршып түсіп, əлгі мақалаға жата кеп шұқшиды. – Мына ит не істеп жүр, ə? – деді газетті асығыс оқып шыққан Жəутік күйіп-пісіп – жекешелендіру кезінде ебін тауып, ие болып қалған балалар бақшасын болмашы тиын-тебенге қалалық əкімшілікке қайтарғаны несі. Осы күнге дейін мал соңында салпақтап жүрген нағашыларына тартып кеткен мына Кəкіште қарғаның миындай ақыл болса мұрнымды кесіп берейін. Тірнектеп жинаған дүниені шөміштеп шашты деген осы. Мына түрімен бəрімізді тақыр жерге отырғызады бұл күшік! Ашудан жарылып кетейін деп отырғанда, іздегенге сұраған демекші, Кəкіштің өзі домаланып, əкесінің бөлмесіне кіріп келе жатты. – Əй, ақылсыз неме, менімен ақылдаспай не бүлдіріп жүрсің сен? Мына газеттегі мақала шынымен рас па? Жеті атаңа бітпеген мырзалық саған қайдан келе қалған? Білдей бір облыстың мүйізі қарағайдай оқу басқармасының бастығы болып тұрсам да, жеті бірдей балалар бақшасын жекешелендіріп алу оңайға тиді дейсің бе маған? Сол байлықты көлденең көк атты біреулерге үлестіру үшін алдым ба,

жетесіз неме! Белі ауырмастың нан жесіне қара деген осы! Дəл қаланың ортасынан ойып тұрып орын алған, майлығы мен шайлығы шаш етектен сол балалар бақшасын сенің атыңа аударып жүрген мен де барып тұрған жарымеспін. Оңбайсың, Кəкіш, оңбайсың, мына түріңмен! – деп Жəутік баласына зіркілдей жөнелді. – Ой, папа, не болды болмашы нəрсеге соншама күйіп-пісіп, – деді Кəкіш түк болмағандай жұмсақ диванға жайғасып жатып. – Сенің есің ауысып, миың айналып кеткен болар шамасы. Болмашы нəрсе дейді ұялмай-қызармай, қолдағы дəулетті ит пен құсқа таратып, саған не көрінді? – Папа, ашуың өте орынды, рас, жерде жатқан дүние жоқ. Дегенмен, қазір уақыт басқа, заманың түлкі болса, тазы болып шал деп үйреткен өзіңіз болатынсыз. Ептеп жергілікті өкіметтің көңілін аулап, алдапсулап қойған жөн. Сонда бəрі окей болады, яғни, менің жəне келініңіздің атындағы қалған алты бірдей балалар бақшасына, толып жатқан жылжымайтын мүліктерге, сауда-саттық орындарына бөтен жан көз алартпайды, тойс Рахат Əлиев сияқты зорлықпен ешкім де тартып алмайтын болады. Оның үстіне балалар бақшасын тегін бере салатын Иванушка ақымақ емеспін. Өз есебім түгел. Ең бастысы, мына жаман балаң көптің назарына ілігіп, елдің қамын ойлайтын, бүгінгі күннің геройы болып жатыр біле білсеңіз. Екі жеп, биге шықты деген осы, папасы. Сіздің сөзбен айтқанда, құда да тыныш, құдағи да тыныш. – Мейлі, бұл ісің дұрыс делік, балам, – деді Жəутік ентігін басып. – Судың да сұрауы бар емес пе, қарғамау! Қай-қайдағы жетім балалар үйіне, құмда ізі, сайда саны жоқ қарттар пансионатына ақшаны аямай шашады екенсің. Кеше жарымай жүрген жетім-жесірлерді жинап, мейрамханада ауызашар беріпсің. Осының бəрін газет біткен жазып, радио-телебізірден айтып, көрсетіп, шулатып жатыр. Бұл не деген тегін жатқан батпан құйрық? – Өзің үйреткендей, мен ешқашан да бостан-босқа дүние шашпаймын, папа. Бəрінің де өз есебі бар. Қара тобырға еті желінген сүйекті анда- санда лақтырып қойғанның еш артықшылығы жоқ. Саясатқа менен

гөрі жүйріксіз, Астанадағы Парламентке жалғыз «Нұр Отан» партиясы ие бола алатын түрі жоқ. Так что, қайтадан сайлау болуы əбден мүмкін. Ал, маған, сіздің жалғыз ұлыңызға неге шіреніп тұрып, депутат болмасқа? Ол үшін беделді тұлға ретінде қалыптасуым керек. Өзіңіз риза болмай отырған анау-мынаулар менің имиджім үшін жасалып жатқан əрекеттер деп түсініңіз. Депутаттыққа түсе қалатын жағдай болса, еті жоқ сүйекке таласып, ырылдасып жүрген əлгі қара тобыр керек болады, енді түсіндің бе, папа. – Бұл сөзіңнің де жөні бар, атың шықпаса – жер өрте деген, шынында да, саған неге халық қалаулысы болмасқа? Бұл өзі ойланатын жай екен, – деп Жəутік баласының жанына жақынырақ отырып үзілген сөзін жалғады. – Менің байқауымша, сауда-саттықты кəдімгідей дөңгелетіп əкеттің. Құдайға шүкір, ақшаңда, жез құбырдан өтіп кететін пысық таныс-тамырларың да, екі жүріп биге шығатын небір қулық əрекеттерің де бір басыңа жетіп артылады. Осы аз болғандай тендерге қатысып, жол салуға кірісіп кетіпсің. Абайла, балам, екі қайықтың басын ұстаймын деп жүріп суға кетіп жүрме. – Сауда-саттықтың жұмысын өзіңе тартқан пысық келініңіз дөңгелетіп алып кетпесе – маған келіңіз. Ал, тендер ұтып, жол салу деген бүгінгі күннің нағыз май шелпегі. Бейнелеп айтқанда, тендер деген теңгеден, доллардан жасалған төзімді кендір арқан. Жоғары жақтағылардың көңілін тауып, аузын майлап жіберсең – жыл сайын өзінен-өзі шұбатылып келіп тұрады. Бала кезімнен бері есектің құйрығын жусаң да ақша тап деп миыма құйып, соған баулып келесіз. Жол салу, оған асфальт төсеу деген нағыз таптыра бермейтін байлықтың өзі, шытырлаған евро, доллар жəне теңгенің таусылмайтын көзі. Оның адам түгілі шайтанның өзі біле бермейтін қулығы мен сұмдығы бір есекке жүк болады, соның біреуін ғана құпия ретінде айтайын. Егер сіз боп, біз боп жол асфальтының қалыңдығын небəрі 0,5 миллиметрге жұқа етіп төсеп жіберсек, көзді ашып-жұмғанша жеті атамыз жабылып таба алмайтын байлыққа ие болып шыға келеміз. Қолыңнан келсе етігіңнің қонышынан бас деген осы, папа. Балаңның білмейтін бəлесі теңіздің түбінде, – деп өз жауабына өзі риза болған Кəкіш қарғадай қарқылдап күліп жіберді.

– Папа, қарға мен оның баласы туралы бір анекдот айтудың реті келіп тұр, – деді Кəкіш əлденеге мəз болып. – Тыңдағыңыз келсе айтып берейін. – Айт, айт, балам. – Бірде əке қарға мен бала қарға жол үстінде тапқан жемтігін шоқып жеп отырыпты, – деді Кəкіш қулыққа толы қысық көздері жылтырап. – «Балам, – депті əке қарға – жемтігіңді жегенде сақ бол, бір шоқып, бір қара». «Əке, – депті сонда бала қарға – сақтықта қорлық жоқ, бір шоқып, екі қарасам тіпті жақсы болар еді». Баласының аяқ асты тауып кеткен анекдотына риза болып, мырс-мырс күлген Жəутік баласының арқасынан қақты. – Түсіндім, Кəкіш, түсіндім. Мен кəрі қарғамын, кейде жөнсіз қарқылдай беремін. Сен жас қарға болсаң да маған қарағанда найза бойы озып кетіпсің, ризамын, балам, жарайсың! Жаңа ғана бар дүние атаулыдан айырылып қалғандай құлазып отырған Жəутіктің көңіл-күйі орнына түсіп, ыңылдап əн айтып, өзі лақтырып тастаған газетті қайтадан оқуға кірісті. ПАРА Иə, қытай бала, кел, мен айтқан құжаттарды əкелдің бе? Тақыр бас, жуан қарын бастық Айдынның сəлемін əрең алып, жұмсақ былғары креслосында шалқайған күйі алдындағы құжаттарды əрі-бері қарастыра бастады. Айдын өзінің тарихи Отанына алғашқы келгенде қытай дегенге кəдімгідей шамданып, намыстанып қалатын. Жеті күнде көрге де үйренесің деген рас болып шықты, екі-үш күн ішінде əлгі өзі жақтыра бермейтін сөзге құлағы əбден үйреніп, онша назар аудармайтын болды.

– Небəрі отыз жасыңда Қытайдағы үлкен асфальт зауытында бас инженер болып дүрілдеп тұрған екенсің, бізге қатардағы технолог болуға келісіп отырғаныңды онша түсініңкірей алмай отырмын. Қарға миы айналып түсетін шілденің ыстық аптабына қарамастан мойнына тоқпақтай галстукты қылқындыра байлаған жуан қара Айдынға бұқа көздерімен сынай қарады. – Келе салып, төр менікі дегенім жарамас, – деді Айдын сыпайы сөйлесуге тырысып. – Əзірге маған сол қатардағы технолог қызметі де жетеді. Сеніміңізді ақтап, абыройлы жұмыс атқарып жатсам, əр жағын өзіңіз көре жатарсыз. – Дəмесі зор өзінің, – деді бастық Айдынға мысқылдай қарап. – Əке- шешең бар ма? – Ол кісілер əлі Қытай жақта, əзірше келініңіз екеуміз келгенбіз, пəтер жалдап тұрып жатырмыз. – Былай болсын, қытай бала, – деді бастық орнынан ырғалып- жырғалып көтеріліп жатып, – мына құжаттарыңды маған тастап кет, біз біршама ойланып, ақылдасып көрейік. Қызметке алыңыз деп жүгіріп жүргендер жүдə көп, араға екі-үш күн салып, тағы бір соғып кетерсің. Үш күн аралатып, Айдын бастықтың алдында отырды. – Так, так, өте дұрыс. Қазақстанның азаматтығын алыпсың, тек мына қытай тілінде жазылған дипломыңды түсіне алмай басым əбден қатты. Жоғары оқу орнын пəленше жылы бітірген, түгенше деген мамандық алған деп, оны бəріміз түсінетін орыс ағайындардың тіліне аударып, тиісті заң орындарына куəлəндіріп алып кел, əр жағын сонан соң көре жатармыз. Айдын күні бойы зыр жүгіріп, бастықтың айтқанын бұлжытпай тап- тұйнақтай етіп, ертеңіне таныс кабинетке бас сұқты. – Дұрыс, – деді бастық – жарайсың, өзің жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірген екенсің ғой, бізге сен сияқты маман керек. Айтпақшы, денсаулығың қалай, анау-мынауың жоқ па?

– Денсаулығым құдайға шүкір жақсы, бірақ, сіздің анау-мынауыңызды онша түсінбей тұрғаным, – деді Айдын көзі бақырайып. – Кейбіреулер əке деп, көке деп жұмысқа орналасып алған соң, қояншық немесе безгек болып жатады. Сенде ондай-ондай жоқ па деп сұрап жатырмын. Сақтықта қорлық жоқ, дəрігерден денім сау деген анықтама əкел, сонан соң ар жағын көре жатармыз, қытай бала. Айдын екі күннен соң дені сау, жынды, есуас емес, безгегі мен қояншығы жоқ деген анықтаманы да жеткізді. – Дұрыс, бəрі дұрыс, айтпақшы, қаланың қай жерінде пəтерде тұрып жатырсың? – деді бастық быртық саусақтарымен столды тақылдатып. – Қаланың шығысына кіре берістегі Татарка деген жерде, – деді Айдын. – Солай ма, – деді бастық басын шайқап – болмайды, болмайды. Татарка қайда, Қалқаман қайда, екеуінің арасы жер мен көктей. Пəтеріңді шұғыл түрде ауыстыр, олай болмаған жағдайда сен күнде жұмысқа кешігіп, сау басыма сақина тілеп аламын. – Не істесем екен? – деп Айдынның басы төмен салбырап кетті. – Пəтердің жанбас ақысын жарты жылға алдын-ала төлеп қойып едім, аға! Оның үстіне келініңіздің ай-күні жақындап отыр еді. Əтеш шақырмай жатып, ерте тұрсам да жұмыстан кешікпеймін, аға! Сізді ұятқа қалдырмаймын, аға! – Бəрің де алғашқыда солай дейсіңдер, сонан соң басқаша сайрап шыға келесіңдер. Қысқасы, қытай бала, жарты жылдан соң пəтеріңді ауыстыра жатарсың, ол уақытқа дейін келін де аман-есен босанып қалар. Жұмыс қайда қашар дейсің, сонан соң тағы да көре жатармыз, – деп директор сенімен шаруам осымен тамам болды дегендей төбеге қарады. Айдын болса жігері құм болып, жерге қарады. Өзін əбден əуре-сарсаңға түсірген кеңседен салы суға кеткендей көңілсіз шығып, көп күттіріп, діңкəсін əбден құртқан ескі шыйқылдаған троллейбусқа отырып, орталыққа бет түзеді. Дəл алдындағы орындықта бастарын түйістіре ауыздары-ауыздарына

жұқпай сөйлесіп отырған екі қара қытайдың өзара əңгімесі Айдынды еріксіз елең еткізді. – Алматыға келгеніңе көп болды ма? – дейді егделеуі жөн сұрап. – Үш ай болып қалды, – дейді жас қытайлық. – Əлі үйрене алмай жүрмін. Алматы деген қандай қала өзі? Байқаймын, жергілікті халық өз-өзін сыйлай бермейді екен. Қазақ бола тұрып, шетінен шүлдірлеп орысша сөйлейді. Бұл өзі Россия ма, жоқ Қазақстан ба, түсінбедім. Қытайдан шағын техникалар жеткізіп, өз бизнесімді ашсам ба деп едім, алдымнан аяқасты бір проблема шыға келді. Нағыз бюрократизм ғой мұнда, шынымды айтсам əбден шаршадым. – Қазақтарда «Бара бергенше – пара бер», – деген мақал бар, – деді егде қытай қулана күліп. – Шетінен шіреніп қалған шенеуніктердің тілін таба алмай жүргенсің ғой шамасы. Бастықтардың қазағы да, орысы да, басқалары да ақша десе бəрін де сатып жіберуге дайын. Тек қалтаңда ақшаң болсын, бауырым. Сондықтан да, Қытайға қайтып кетемін дегеніңді қой, ары кетсе жарты жылдан соң өзіңді судағы балықтай еркін сезінетін боласың. Бір жыл өткен соң Алматыдан ит айтақтатып қуса да кетпейтін боласың, қымбатты жерлес. Айдын түлкі сияқты ыржиған қытайлықтың бетпердесін басына қаптап, жата кеп сабағысы келді. Бірақ жылмақай қытай итінің сөзі ащы болса да шындық еді. Намыстан ба, жоқ ашудан ба Айдынның қан қысымы көтеріліп, екі көзі қарауытып кетті. Айналасындағылардың бəрі де Айдынды келемеждеп, сақ-сақ күлетін сияқты. Солардың арасында өзін бір ай бойы салпақтатып қойған жуан қарын, қасқа бас қазақ бастық та, сойылған түлкінің басындай ыржиған əлгі қысық көз екі қытайлық та жүр. Айдын ертесіне бір қажеттеріне жарап қалар деген екі мың долларды əйелінің аузынан жырып алып, қалың конвертке салып, жуан қарын бастыққа имене кірді. – Қалай, қытай бала, пəтеріңді өзгертіп үлгердің бе? – дейді жымысқы көзі күлімдеген директор.

– Жоқ, ағасы, пəтерімді ауыстыра алмадым. Бірақ, сізге деген көзқарасымды өзгертсем деп келдім. Мынау соның белгісі, – деп жуан конвертті бастықтың алдына жайлап ысырып қоя берді. Шыбын тайып жығылатын тақыр басты жуан қара ерекше бір ептілікпен параны көп қағаздарының арасына қыстырып тыға қойды. – Пəтеріңді ауыстырмағаның жақсы болған екен, кешеден бері соны ойлап, уайымдап отыр едім. Бəріміз де пендеміз ғой, дегенмен, сенің жағдайыңды түсінемін, қытай бала, түсінемін... Түк болмағандай қабырғасы қайысып, қамқорси сөйлеген бастық шыбын қонса тайып жығылатын жылтыр басын кішігірім жайнамаздай қол орамалымен сүртіп болды да, алдындағы қоңырауды басып, қабылдау бөлмесіндегі құмырсқа бел келіншекті шұғыл шақырды. Сол күннен-ақ асфальт жасау зауытының бас директоры Арсызбай Жалмаңбайұлы Айдын Мұратұлын жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрығын бұрқ еткізді. БІР КИЛОГРАММ АЛМА ЖƏНЕ СНИКЕРС Шал мен кемпір шəй ішіп отыр. Ернін сылп еткізіп, əңгімені Қатимаш бастады. – Бөдештің əкесі-ау, осыдан жиырма жыл бұрын бір керегі болар деп бірер қара мал жəне біршама ұсақ мал сатып, сол пұлды жинақ кассасына салған жоқ па едік? – Иə, салғанбыз, сом теңгеге ауысып, ол құнсызданып кетті емес пе, – деді қатқан қайыстай қара шал кемпірдің сөзіне мəн бермей. – Ой, осы сенің жайбасарлығың-ай, төбеңе қара, аспан түсіп кетсе де саған бəрібір, – деді кемпір күйіппісіп. – Дағдарыс деген пəле шығып, мына дүние біткен көк тиын құрлы болмай барады емес пе? Баяғы біз салған жиырма мың сом қанша құнсызданып кетсе де, біраз теңге

болып, жиналып қалған болар. Жаудан түк тартсаң да пайда, ерінбей сол жинақ кассасындағы ақшаны алып келейік. – Сол болмашы тиын-тебенге қарап қалдық па, партия мен өкімет аман болса өлмеспіз. Шалының бұл сөзін естігенде шүйкедей кемпір одан бетер күйіп-пісті де қалды. – Саған адам деп сөз айтып отырған мен де барып тұрған ақымақпын. Ойбай, шал-ау, сомның теңгеге ауысып кеткенін білесің де, құдайдай көретін партияңның тарап кеткенін қалайша білмей қалдың? Оның құрдым кеткені қашан, əлде радио тыңдамайсың ба, телебізір көрмейсің бе? Анау өкіметіңді де əлдеқандай қылма, екі жылға да жетпей, жиі-жиі ауысып тұратын оларда қайбір береке болсын. Шал қолын бір-ақ сілтеді. Бұнысы шыбын құсап, ызыңдап мазамды алма дегені. Қатимаш өзімен-өзі бұрқылдап, дастарқанды жинастыра бастады. – Бəріне де Тараздағы қақшаңдап қалған кіші келін кінəлі. Неге соншама апа-апа деп, асты-үстіме түсіп, емшегі езіле қалды десем, алдын-ала ойлаған есебі бар екен. Алдап-сулап, баласын бақандай екі жыл бойы бақтырып қойды емес пе? Осында болсам, қара шалдың артынан ызыңдап қалмай жүріп, жинақ кассасындағы ақшаны əлгі топалаң болмай тұрғанда əлдеқашан алдын ала алдырып, бір əжетке жаратқан болар едім. Мына қырсық шалға бүкіл дүние пұл емес, күл болып кетсе де бəрібір. Насыбайын атып қойып, жайбарақат отыра береді. Кішкентай кемпір ертесіне де ызыңдап, шалының артынан бір елі қалмай қойды. Қара шал да кемпірінен оңайлықпен құтыла алмайтындығын сезді ғой деймін, сандықтың түбіне тығып тастаған жинақ кассасы кітапшасын əрең тауып алып, киіне бастады. Əбүйір болғанда жинақ кассасында кезек аз екен. Менің шаруам осымен бітті дегендей, қырсық шал таяғын тықылдатқан күйі ескі диванды сықырлатып отыра кетті.

– Шырағым, осыдан жиырма жыл бұрын балашағамыздың аузынан жырып, бақандай 20 мың сом ақша салып едік. Сендер риза болсаңдар, біз ризамыз, сол пұлды теңгеге айналдырып, қайтарып беріңдер айналайын, – деді кемпір кассир қызға жақындап. Обалы не керек, мұрны таңқиған қара қыз саусағы саусағына жұқпай тиісті қағаздарды тез-ақ тауып алды. – Апа, мына жерге ақшамды алдым дегеніңізді растап, қолыңызды қойыңыз, – деп кассир тілдей қағазды ұсына берді. Кемпір алатын ақшаны көргенде өз көзіне өзі сембеді. – Айналайын-ау, сонда бар алатыным 400 теңге ғана ма? – Иə апа, сіздің бұрыңғы 20 мың сомыңыз теңгеге айналдырғанда 40 теңге болып, он алты жылдың ішінде 400 теңгеге өсті, – деді қара қыз тақ-тақ етіп. – Бүйткен теңгелерің бар болсын, – деді кемпір жақтырмай, бұл дүние не болып барады өзі? – Əй кемпір, бұл 400 теңгеге екеуміз байып кетпейміз, немерелерімізге жейтін бірдеңе алайық, – деді шал жолшыбай жайма базарға көзі түсіп. – Өзің біл, пұл сенікі, – деді кемпірі тыржың етіп. – Балам, мына алманың бір кілəсі қанша тұрады? – деді шал тепсе темір үзетін жас жігіттен жөн сұрап. – 250 теңге ата. – Дұрыс, ал мына кəмпитің ше? – Сникерсті сұрап тұрсыз ғой шамасы. Ол 70 теңге тұрады. – Олай болса, бір кілə алма мен бір кəмпит бере ғой, – деп шал қолдағы бар теңгесін сатушы жігітке ұсына берді. Сонан соң кемпірі екеуі аялдамаға бет алды. Қырсыққанда бірде-бір көлік атаулы көрінетін емес. Шал қалбалақтап жүгіріп жүріп, əрең дегенде асығыс өтіп бара жатқан жеңіл мəшинені тоқтатты.

– Құдай тілеуіңді берсін, балам, кемпірім екеумізді Мамырға дейін жеткізіп тасташы. – 400 теңге, – деді сақалды жігіт жалақтап. – Балам, баратын жеріміз иек астында тұр емес пе, бағаңды сəл түсірсеңші. – Жоқ болмайды, ата, ерігіп жүрген мен жоқ, мына дағдарыс қысып тұрған қиын заманда əрі-бері босқа сандалатын ақымақ емеспін, – деді мəшине иесі бағасын кесіп айтып. – Əй кемпір, кешегі алған пенсияңнан бірдеңе қалды ма? – деді шал. Кемпір шалының сөзін жақтырмай, ернін жыбырлатып, шүберек түйіншегін шеше бастады... «НОВЫЙ» ҚАЗАҚ Менің бір көршім бар. Өзі сауысқаннан да сақ, бір шоқып, екі қарайды. Біз көрші болғалы бес-алты жылдың ішінде үйіне ешкім бас сұққан емес, өзі де ешкімнің шаңырағына кірмейді. Бірдеңе сұрап қалсаң, құдайдың тегін ағып жатқан қара суын бермейтін нағыз шық бермес Шығайбай. Бəріміз үшін оның қандай қызмет атқаратыны, немен шұғылданатыны бір жатқан үлкен жұмбақ. Баяғы бала кезімізде киноларда көретін шпионның нақ өзі. Айтпақшы, бұл көршімнің қақтаған балық сияқты қатып қалған əйелі жəне сабалақ-сабалақ жүнді иті бар екендігін білеміз. Олар да иесі сияқты ешкіммен араласпайды, сирек бой көрсетеді. Көршімнің шиқ- шиқ етіп жүретін ескі жеңіл машинасы болатын. Оны сатып жіберген болуы керек, бір күні жап-жаңа «Мерседес» мініп жүргенін көріп қалдық. Ол көп ұзамай-ақ өзінің ескі үйін сатып, Алманияға көшіп кеткен неміс көршісінің үлкен жаңа үйін сатып алды. Оның ағаш қақпасын алып тастап, оның орнына жаңа темір қақпа орнатты. Бір айдан соң əлгі қақтаған балық сияқты əйелі жердің астына түсіп

кеткендей зым-зия жоқ болып, енді сабалақ-сабалақ жүнді итті қақшаңдап қалған бір жас əйел серуендетіп жүретін болды. Сөйтіп, көршім өзінен жəне итінен басқасының бəрін шетінен жаңалап шықты. Арада бір апта өткен соң біреулер көршінің жаңа үйдегі жаңа қақпасына: Көліктің алдың жаңасын, Үйдің алдың жаңасын, Қақпаның қойдың жаңасын, Қатынның алдың жаңасын. Қайтесің бəрін жаңалап, Бəрібір өзің жамансың, – деп майлы бояумен баттайтып тұрып, өлеңдетіп жазып кетіпті. Кім болса да, дəл біліп жазған. Бірақ, оған ұялып, намыстанып жүрген көршім жоқ. Сол баяғы тұрысы, сол баяғы жүрісі. Оған аспан түсіп, жер ойылып кетсе де бəрібір. Өйткені, ол «новый» қазақ қой... ФИНАЛ Дəрігер дəл қарсы алдында отырған түйенің жарты етіндей науқасқа, сонан соң алдында жайылып, шашылып жатқан қағазға қарады. – Иə, сонымен қай жеріңіз ауырады? – Ауырмайтын жерім жоқ, қарағым, – деді науқас ыңқылдап, – сөйте тұрып, тым семіріп барамын. Соған қарсы бір емің бар ма, айналайын? – Тамаққа деген тəбетіңіз қалай? – деді дəрігер орнынан тұрып. – Құдайға шүкір, ол жағынан шағым айтқаным күпірлік болар. Жарты қойдың етін жеп, бір шара қымыз ішуге шамам жетеді, айналайын. – Е, онда ауруыңыздың түрі белгілі болды, – деді дəрігер, – тамақты аздап ішіңіз. Сонда бəрі жақсы болады. Біріншіден, арықтап,

денсаулығыңыз жақсарады, екіншіден, тамақтың есебінен біраз қаржы үнемдейсіз мына дағдарыс кезінде. – Шырағым, алдыңа күнде келіп жатқаным жоқ, – деді науқас орнында аударылып-төңкеріліп. – Соңғы кезде көздерім өзінен-өзі желімденіп, тілім қышитын болып жүр. Бүртүрлі екен, жүйкем жұқарып, қалтырауық болып барамын. Кеше көршім судай жаңа машина сатып алған екен, соны ойлап, ішім тұз жалағандай күйіп, түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Мен жүрмін қалт-қалт етіп, күнімді əрең көріп, ал көршім болса «Мерседес» мініп, кердең-кердең етеді. – Ішімдік жағына қалай қарайсыз? – Ой, інішек, мына заманда тегін арақ болса, кім тартынады? Бір кісідей ішеміз ғой, əкесін танытып. – Мүмкін болса ішімдікпен көп əуестенбеңіз, – деді дəрігер науқасқа кеңес беріп. – Ол бүкіл тұла бойыңызды жайлап алған дерттерді қоздырады, сондайақ оның күндестік, көреалмаушылық деген жаман қылықты асқындырып жіберетіні бар. Көзіңіздің өзіненөзі желімденіп, жабысып, тіліңіздің жыбыр-жыбыр етіп, қышып тұратыны да осыдан. – Ойпырым-ай, ə! – деді науқас желкесін қасып. – Адам бұзылды ма, əлде заман бұзылды ма, аурудың түртүрі көбейіп барады. Айтпақшы, інішек, көзім ілініп кетсе болды, ылғи түрлі-түсті түс көремін. Бірде тышқандар, енді бірде мысықтар футбол ойнап жатады. Осыған бір емің бар ма? – Ананы-мынаны көп ойлағандықтан ғой. Мен сізге бір дəрі жазып беремін, ұйықтардың алдында ішерсіз, – деп дəрігер қолына қаламын алды. – Інішек, – деді науқас дəрігер ұсынған тілдей қағазды алып жатып, – сен жазып берген дəріні бүгін емес ертеңнен бастап ішейінші, ə? – Неге? – деді дəрігер таңқалып. – Жаңа айттым емес пе, түрлі-түсті түс көремін деп,

– деді науқас орнынан тұрып, – бүгін тышқандардың футболдан финалы еді. Қызық қой, соны көрсем деп едім... ТҮЛКІШТІҢ ҚУЛЫҒЫ Облыстық телебізірде жұмыс істей бастағаныма зуылдағаннан зуылдап бір жыл болып қалыпты. Сондағы Макс немесе барып келетін, шауып келетін оператордың бірімін. Əлі сарытұмсық телебізірші болсам да, мен білмейтін бəле жер астында. Бұрын ал кеттік десе болды, кез-келген тілшімен жердің түбі болса да шапқылай беруші едім. Қазір бұрынғыдай аузы ашық, баяғы елпілдеп тұратын Тұраш емеспін, кіммен жəне қайда баратынымды жақсы білемін. Босқа шапқылай бермей, «адам болуыма» осында редактордың бірі болып қызмет атқаратын Түлкіш көкемнің еңбегі «ерекше» деуге болады. Құдайға шүкір, Түлкішті бес саусағымдай жақсы білемін. Асып, жарқылдап бара жатқан тілшілік таланты шамалы, бірақ ол көсемсіп сөйлегенді, шіреніп тұрып отырғанды, біреуден ебін тауып бірдеңе алғанды қатырып жібереді. Жолсапар десе кейбіреулер сияқты арам тер болып жатпайды. Баратын ауданы мен ауылын алдын ала ұңғыл-шұңғылына дейін əлеуметтік зерттеуден өткізеді. Аудан жəне шаруашылық дөкейлерінің қай рудан тарайтындығын, кімге алыс, жақын екендігін, мырзалығы мен шығайбайлығын, мықтылығы мен осалдығын бүге-шегесіне дейін қалдырмай біліп алып, бір қапшық факті жинап алған соң жолсапарға жинала бастайды. Оның үстіне облыстық əкімшіліктегі ысқырығы жер жарып тұрған туысына баратын аудан дөкейіне міндетті түрде телефон шалдырады. Онсыз Түлкішті кабинетінен трактормен де сүйреп шығара алмайсың. Кеше қырындап жүрген бір сұлу бикешті қаланың бір қиыр шетіндегі пəтеріне шығарып салып, сондағы тұратын жүгермектерден оңдырмай таяқ жеп қала жаздап, жататын үйіме жаяу салпақтап əрең жеткен болатынмын. Содан етбетімнен түсіп, қатып қалыппын.

Жұмысқа кешігіп келсем, Түлкіш көкем мені аласұрып іздеп жатыр екен. Бірдеңеден құр қалғандай қуықтай тар кабинетіне жүгіре кірсем, ол шұғыл түрде əлде біреумен телефонмен сөйлесіп жатты. – Қодар, Түлкішпін ғой. Қалай, аман-саумысыңдар? Құдай кесірінен сақтаса ертең Түймебай Сартанович басқаратын ауданға жол жүргелі отырмын. Мақтауыңды асырып, жаманыңды жасырып жүрген ағаң болады деп телефон соғуды ұмытпа. Жақсылап күтіп алсын, иə екі адамбыз. Телефонның тұтқасын қойып, бір үлкен шаруа бітіріп тастағандай маған маңғаздана қарады. Мұнысы жолға жинал дегені. Ертесіне əтеш шақырмай жатып, сонау ит өлген жердегі шалғай ауданға жүріп кеттік. Сүліктей қапқара «Жигулидің» рулінде Түлкіштің өзі. Мен білетін көкем майлығы мен шайлығы көрініп тұрған жолсапарға қара жаяу қалса да мекеменің мəшинесін мінбейді. Қарға екеш қарға да бір шоқып, екі қарайды емес пе, бұл талайды көрген тілшінің үлкен сақтығы, екінің біріне сене бермейтіндігі. Ал, менен онша қауіптене қоймайды. Өзім өсірген күшік балағымнан қаппас деп ойлайтын болуы керек. Оның үстіне мен де періште емес, пенденің бірімін, менің де өңешім бар. Жалаңдап тұрған судай жаңа мəшине үш жүз шақырым жерді шемішке шаққан құрлы көрген жоқ. Сағаттың тілі онға жетер-жетпестенақ аудан орталығына жетіп бардық. Бұрын қайда барсақ та ең бірінші болып, міндетті түрде аудан əкімшілігіне барушы едік, бұл жолы қалыптасқан дəстүр бұзылып, үлкен ауылдың шетіндегі автобазаның ауласына ентелей кірдік. Түлкіш автобаза директорына қалай тез кірсе, дəл солай тез шықты. Біздің артымыздан үлкен жүк мəшинесі ере берді. – Мынаның бізге не керегі бар? – дедім əлгі мəшинені сұқ саусағыммен көрсетіп. – Дымың ішіңде болсын, бала. Бір керегі болған соң алдым да, – деп Түлкіш жұмбақтап жауап қайтарды. Аудан əкімі Түймебай Сартанович даңғарадай кабинетінде бізді қаққан қазықтай болып күтіп отыр екен. Басқа біреу болса əкімді көргенде құдайдың өзін көргендей болып, қолын алға созып, жас балаша жүгіре жөнелер еді. Түлкіш көпті көрген қасқырдың нағыз өзі

ғой, əкімге жалпақтамай терезесі тең адамша амандасты. Иə, шіренгенде менің көкем алдына жан салмайды. Оның мысы мен салмағы басым түсіп, əкім орнынан ұшып тұрып, Түлкіштің асты- үстіне түсіп жатыр. – Түке, бұл ауданға жаңадан келіп жатсам да сыртыңыздан атыңызға жақсы қанықпын. Облыстық телебізірден кемеңгер-кемеңгер ой айтатын хабарларыңызды жиі көріп жүрмін. Сіздің бізге тілекші жан екеніңізді, тырнақ астынан кір іздемейтініңізді жəне жақсы білемін, ағасы. Алдын ала белгіленген жоспар бойынша Сізбен өзім жүруім керек еді, аяқ астынан облыс əкіміне баратын болып қалдым. Ол үшін өзіңізден ғапу өтінемін. Сізбен бірге бірінші орынбасарым Жапар деген ініңіз ба рады. Үш бірдей шаруашылықтың басшысы өзіңізді арнайы күтіп отыр. Құдайға шүкіршілік, нарық қаншама тісін ақситса да, жұмыс атаулыны дөңгелетіп жүргізіп жатырмыз. Жақсылап тұрып бір хабар жасайсыз ғой, біздің де досымыз бар, дұшпанымыз бар. – Түке, айтқаныңыз дұрыс. Нарық деген парық пейілімізді тарылта көрмесін. Көңіл жақсы болса бəрін жасаймыз ғой, – деп Түлкіш ыңырана сөз бастай бергенде, ішке лып етіп ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған жас жігіт кіре берді. – Міне, Жапардың өзі де келіп қалды. Əй, Жапар, Түлкіш ағаңмен жақсылап тұрып танысып ал. Бұл кісі арнайы шақырсаң да келе бермейтін кəдірменді ағамыз. Қонақ сыйлаған халықпыз, ұят болып жүрмесін. Бəріне өзің тікелей жауап бересің, – деп əкім орынбасарына шегелеп тапсырма беріп жатыр. – Құп болады, Түке! Айтқаныңызды екі етпейміз, – деп Жапар құрақ болып ұшқалы тұр. «Тастақтының» директоры Сапақ Арыстанович бізді кеңшардың шекарасында бір топ нөкерімен күтіп алды. Түскі шайдан соң қойлы ауылға жүріп кеттік. Сары тұмсықтау телеоператор болсам да талайды көріп қалдым емес пе. Егер қателеспесем, бірінші болып ат басын бұрған Қойшыбай

деген шопанды мақтап-мақтап, астына көпшік қойсаң, бірден жайылып түседі. Түлкіштің іздегені де осындай жан. Үстіне қара костюм, ақ жейде киіп, Кеңес заманында алған ордендері мен медальдарын жарқыратып тағып алыпты. – Қойшыбай деген озат қой өсірушіміз осы ақсақал болады. Қойшыекеңнің қойлары жылда қоян құсап бытырлатып туып жатады, мысалы, биыл жүз саулықтан 140 қозы алып, кейбір шопандарға шаңын да көрсетпей кетті. Қырыққан жүні де тау-тау, екі жыл болды Қытай жақ қарық болып жатыр. Иə, біздің Қойшыбай бес минутсыз Халық қаһарманы болайын деп тұр, – деп футбол добындай домалаған кеңшар директоры Сапақ шопанның мақтауын жеткізіп-ақ жатыр. – Бəрімізді асырап отырған Қойшыбай сияқты азаматтар ғой. Халқының қамын ойлап жүрген еразаматтарымыз аман болсын, – деп Түлкіш те директорды қоштап қойды. Камераны іске қосып, жұмысыма шұғыл кірісіп кеттім. Қойшыбай қойшыны тұрғызып та, жатқызып та түсірдім. Қатын-қалашын да, мұрынбоғы ағып жүрген баларын да, қорасындағы арсылдаған итін де, жүгіріп жүрген күшігін де шетінен түсіріп жатырмын. Байқаймын, осының бəрі қойшыға да, оның домалаған бастығына да сары майдай жағып барады. Жаңа ғана сойылған марқа қозының балбыраған еті табаққа түспей жатып-ақ болашақ қаһарман жəне оның басшысы үшін талай-талай тост көтеріліп тасталды. Қыза-қыза келе қойшы Қойшыбай алыстан ат арылтып келген кəдірменді қонақ Түлкішке дөнен сыйлады, ал директор ат мінгізетін болды. – Жоқ, жоқ. Ол не дегендеріңіз, мен қызмет бабында жүрген адаммын, болмайды, болмайды, – деп Түлкіш өтірік ат-тонын ала қашты. – Ол не дегенің, бауырым. Бір дөнен жəне бір жылқыдан дəулетіміз ортайып қалмас. Бұл біздің сізге деген сый-сияпатымыз. Алмасаңыз, жатып кеп өкпелейміз, – деп қойшы мен бастық көнетін емес.

– Түу, болмадыңыздар ғой, мейлі айтқандарыңыз болсын, көңілдеріңіз қалмасын. Сіздердің ауылға менің Жөргенбай деген інім жүк машинасымен келген екен, ертең жолшыбай соға кетер. – Жарайсың, Түке! Міне, нағыз жігіттің сөзі. Қане, сол үшін тағы да бір рет алып тастайық. Айғыр стақандар бір-бірімен соғысып, жұлындар бүлкбүлк етісті. Түлкіш «Бала, енді түсіндің бе?» дегендей маған қулана қысық көздерін қысып қояды. Екі күннің ішінде үш шаруашылықтың малды ауылын аралап, осылайша «жұмыс» жасадық. Ауданның сүт бетіне шығар өңшең қаймақтары бізді көрші ауданның шекарасына дейін улап-шулап шығарып салды. Үлкен қырды аса беріп, толтырып мал тиеген жүк машинасының дəл жанына екпіндеп тоқтай бердік. Автобазадан бізбен бірге еріп шыққан сақалы қа лың, мұрты сирек, кепкасы мыжырайған жігітті бірден таныдым. Өзі əлденеге мəз болып, кетік тістері ырсиып, күліп қояды. Ой, несін айтасың, Түлкіш көкем иненің көзінен өтіп кететін пысық қой. Машинаның қорабындағы үш жылқы мен төрт қараны жəне оншақты қойды көрші аудандағы ет комбинатына жоғары қоңдылықпен тапсырды да жіберді. Ет комбинатының өгізден де жуан директоры бір бөтелкені тең бөліп ішіп жүрген ескі танысы болып шықты. Екеуі директордың кабинетінде айғыр стақандарды соғыстырып жатқанда құмырсқа бел, бетіне жарты қадақ опа жаққан кассир келіншектің саусақтарысаусақтарына жұқпай кілең мың теңгеліктерді санап, Түлкіштің алдына тастай берді... – Қара «Жигули» қара жолға түсіп, ауыл қайдасың деп тартып келеміз. – Түке, жолда МАИ деген бəле барлығын ұмытпаңыз, – дедім біраз сілтеп алғанын ескертіп. – Нешауа, бала, онша-мұнша МАИ-ге көкең пысқырып та қарамайды, білдің бе? Керек болса Оңғарбаевқа өздері честь береді, – деді Түлкіш

шалқая түсіп. – Айтпақшы, мына нəпаханы қалтаңа салып қой, – деп бір бума ақшаны ұсына берді – жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді, бала. Бойдақта ес жоқ демекші, таң атқанша қаңғырып, сонан соң ұйқыны соғып, бүгін де жұмысқа кеш келдім. Мені Түлкіш аласұрып іздеп отыр екен. Бəсе, кешеден бері алақаным қышып жүр еді. Қателеспесем, бүгін, не ертең Түкең екеуміз тағы да жол жүреміз... БАСТЫҚ ПЕН ШОПАН Қайта құру ма, əлде бəрін құрту ма, отыз жылдан бері қой бағатын Ұзақбай соңғы кездері түсінбей жүр. Ұзакең ес жиып, етек жайғалы бергі уақыттың ішінде екі ғана бастық көріп еді, қайта құру басталғалы үш жылдың ішінде колхозда үш бастық ауысып үлгерді. Үш бастық та шаруашылықты қайта құрған жоқ, қайта жылдар бойы қалыптасқан шаруашылықты қиратып, бүлдіріп кетті. Халық сұңғыла ғой. Қанша артист болсаң да біліп қояды, танып қояды. Олардың айтуы бойынша жақында келген бастық та жүрген біреу құсайды. Ісек пен тоқтыны ажырата алмай жүрген бастық шаруашылықты қайдан оңдырсын. Қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін кім білсін. Əйтеуір жұрт солай деп жүр. Бір отар тұсақты өріске шығаруы сол-ақ екен, бір қырдың астынан қылтиып «Уазик» көрінді. Бірдеңеден құр қалғандай екпіндетіп келе жатыр. Əне-міне дегенше əлгі жеңіл машина домаланып жетіп келіп, ішінен инеліктей имиген шопыр мен доптай домалаған біреу түсе берді. Кімді айтасың сол келеді демекші, айтпай таныды, жаңадан келген бастық екен. Жаңа бастық қойшының сəлемін маңғаздана алды. – Қосып жазатын, босқа уралайтын баяғы заман емес, дегенмен қозы алу керек. Биыл əр жүзіне қаншадан қозы бересің? – Балапанды күзде санайық, басеке. 80-90 қозы алатын шығармын. – Аузың жаман екен. Жүзден берем десең ішің ауыра ма?

Қойшы бастыққа таңдана қарады. Шынында оның ісек пен тоқтыны айыра алмайтыны рас сияқты. – Оу, басеке, бұл отар алғашқы туатын тұсақ қой. Жүзді қайдан туады? – Тұсақ-мұсағыңды білмеймін. Жүзінен тоқсан аз. Жүз аласың. Аузыңды қу шөппен сүрте берме, – деді бастық жеки сөйлеп. Понятно! Кенет оның қысық көздері тұсақтардың мұрнынан аққан маңқаларын көріп шошып кетті. – Мына қойлардың мұрнынан мұрынбоқ неге ағып тұр? – Ой, басеке! Сіз де дейді екенсіз-ау! Немене, қойды бірінші рет көріп тұрсыз ба? Малдың аты – мал. Мұрнынан маңқа ақпайтын ол мектеп оқушысы дейсіз бе? Қызық екенсіз, – деді шопан жайбарақат. Бастық шоқ басқандай орнынан ыршып кетті. – Əй, жолдас, тойс шопан, не деп тұрсың өзің? – Əне-міне мұнда аудан əкімі келіп қалу керек. Жанында облыстан келген фототілші бар. «Көксай» совхозының қойларының мұрнынан мұрынбоқ ағып тұр деп суретке түсіріп, газетке жазса, елдің бетіне қалай қараймыз? – деді ол күйіп-пісіп. – Басеке, мал өріске жайылған соң сіз қорыққан мұрынбоқтың өзі-ақ кетіп қалады, – деді ол бастықты жұбатып. – Əй, жолдас шопан, мен не деймін, домбырам не дейді? Қазір əкім мен тілші келіп қалады. Тез қойлардың мұрнын сүрту керек. Бастық доп сияқты домаланып қалса да ширақ екен. Жүгіріп жүріп бір тұсақты ұстап алды да, қалтасынан ақ орамалын шығарып, қойдың мұрнын сүрте бастады. Содан соң состиып-состиып тұрған шопыр мен шопанға айқай салды. – Əй, сендер неге тұрсыңдар? Менен артықсыңдар ма? Сүртіңдер қойдың мұрынбоғын.

Екі-үш қойдың мұрнын сүрткен соң бастықтың діңкесі құрып, отыра кетті. – Əй, жолдас шопан, – деді ол даусы тарғылдана шығып, – қатыныңды шақырасың ба, жоқ балаларыңды шақырасың ба, онда менің шаруам жоқ. Мен қайтып келгенше мына қойлардың мұрындары таза болсын. Əйтпесе, айтпады деме, қойдан қуып, қаңғыртып жіберемін. Ұқтың ба? – Ұқтым, басеке, – деді Ұзақбай күліп. Бастық пен шопыр қайтадан «Уазикке» асығыс мінді. Ұзақбай отарын өргізіп, жусанды қырға қарай бет алды… Бастық сөзінде тұрды. Бір сағаттан соң алақ-жұлақ етіп жетіп келді. «Уазиктен» домаланып түскен бойда тұсақтардың тұмсықтарына қарады. Мұрындары таза екеніне көзі жеткенде ғана ентігін басты. – Дегенмен, молодец екенсің, – деді өрт сөндіргендей жүзі жылып, енді əкім мен фототілші келе берсін. Осында күтіп алайық. – Айтпақшы, сенің атың кім еді? – деді шопанға бұрылып. – Ұзақбай. – Ендеше Ұзақбай, былай болсын. Сен жүзінен тоқсан қозы аламын дегенді қой. Жүзінен жүз он аламын де. Əкімнен ұят болып жүрмесін, түсіндің бе? – Түсіндім басеке. Сіз айтқан соң жүзінен жүз он қозы тудырамыз енді. БƏЛЕҚОР БОЛМАЙ КӨР … Аттың жалында, түйенің қомында жүретін тілші деген халықпыз ғой. Бірде жұмыс бабымен елге барып, облыс əкімшілігіне соғуға тура келді. Атшаптырым ұзын дəліздің қақ ортасында түйенің жарты етіндей болып теңселіп келе жатқан Бəтіштің кездесе кеткені. Бəкең

партияның аман-есен кезінде біздің ауданда партия комитетінің дүркіреп тұрған бірінші хатшысы болды. Екеуміздің он екі атадан барып қосылатын туыстығымыз бар. Қателеспесем, қазір де облыс əкімінің дүрдей орынбасарының бірі. – Ау, бауырым, көктен түстің бе, жоқ жердің астынан шықтың ба, сені көрмегелі қашан, – деп Бəтіш кəдімгідей қалбалақтап қалды. Сонан соң асты-үстіме түсіп, кішігірім ипподром сияқты кабинетіне шақырды. – Телебізірден хабарларыңды көріп, газет-журналдардан құлаштай- құлаштай мақалаларыңды оқығанда біздің де бір бауырымыз Алматының нақ төрінде жүр деп төбеміз көкке бір елі-ақ жетпей қалады, – деп астыма көпшік қойып, өзінше мақтауымды келтірген болды. Басқаны қайдам, Бəтішті өзімнің бес саусағымдай жақсы білемін. Қателеспесем, маған бір шаруа айтқалы отыр. Бəкең сөзін майдалап бастады. – Айналайын, арнайы шақырсақ та келтіре алмайтын қадірменді қонақсың. Оның үстіне қыз алыспайтын, қыз беріспейтін туысқан боламыз. Бүгін кешке қонақ бол, үйдегі жеңгең де бір қуанып қалсын. – Бəке, ниетіңізге рахмет! Бүгін ауылға жүрейін деп отыр едім. – Қап, реті келмеді-ау, – деп Бəтіш ескі əдеті бойынша жан-жағына үлкен сақтықпен қарап, біреу естіп қоятындай дауысын бəсеңдетіп сөзін жалғастырды. – Інім, саған айтпағанда кімге айтамын енді. Облыс əкімінің кім екенін, қайдан екендігін өзің де жақсы білесің. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, төбемізде əбден ойнақтап бітті. Бөтен жақтың адамы болған соң ел жағдайына, жер жағдайына пысқырып та қарап жүрген жоқ. Халық қоңыз теріп кетсе де оған бəрібір. Өзі нағыз қызыл көз бəле екен, ал, ашқарақтығына теңеу жоқ, түйені жүгімен жұтып қояды. Общым, факт деген бір қапшық. Бұл жалмауыздың көзін құртпасақ болатын емес. Тырп ете алмайтын деректерді реттеп берейік, сен оның əкесін танытып тұрып газетке жаз, телебізірге түсір. Тіреуінің

түбі онсыз да босап жүр, бұратала ұшып түссін оңбаған! Құдайға шүкір, бізде қалың елміз, əкім болатын біреу табылады. – Сұмдық іскер, тау жарады, тасы өрге қарай өрмелеп тұр деп ел мақтайды ғой бұл əкімді. Естіген құлақта жазық жоқ, Бəке, – дедім Бəтіштің сөзін бөліп. – Оттапты. Ауыз не демейді, қарға не демейді, – деп Бəтіш өрт сөндіргендей түтігіп кетті. – Бəрінің аузын майлап, сатып алған. Маған сенесің бе, елге сенесің бе? – Көрейін, – дедім Бəкеңнен құтылғанша асығып. – Жеті рет өлшеп, бір рет кес деген… – Бəсе… Солай десеңізші. Қай-қайдағылар бізді қашанғы басына бермек, – деп Бəтіш орнынан домалап тұра берді… Ауылға бара жатып, аудан əкімшілігіне соқтым. Осында жауапты қызмет атқаратын Талқанбай деген құрдасым жұмысында болмай шықты. Əкімшіліктен шыға берісте маған жезде болып келетін Қасықбаймен маңдай түйістіріп қала жаздадық. – Ау, балдыз, ат-көлігің аман-есен бе? Қайда зытып барасың? Талқанбайдан өзгені іздемейсің, ə, сен қу? – деп ай-шай жоқ екінші қабаттағы кабинетіне сүйрей жөнелді. Қасықбай жездемнің əкімнің орынбасары болғанына жарты жыл болып қалыпты. – Бастық болып, борсық сияқты қоңданып қалыпсың, жездеке. Орның құтты болсын, тісі түскен сары шал болғанша аттан түспе, – деп əзілдеп жатырмын. – Айтпақшы, əкім жақында көрші ауданнан ауысып келіпті деп естідім, қалай өзі? – дедім жездемді сөзге тартып. Неге екенін білмеймін, əкімді айтуым мұң екен, Қасекең жақтырмай тыржың ете қалды. – Тоқпағы күшті болса киіз қазық жерге кіреді демей ме қазақ, – деді Қасықбай. – Осы ауданда адам құрып қалғандай сарытұмсық əрі босбелбеу біреуді бізге əкім етіп тағайындады. Жоғарыда отырғандар

не бітіріп отыр, шеттерінен жұлдыз санап отыр ма? Əлгі əкімің келмей жатып нағыз қызыл көздің өзі болып шықты. Жергілікті басшыларды бытырлатып ауыстырып, қырып барады. Нешауа, біз де ай қарап, жұлдыз санап отырған жоқпыз. Кеше шаңқай түсте тулаған бір жылқыны сойып алыпты. Өзі шынтақтай болып, қыз-келіншектерге қырғидай тиетін құсайды. Балдыз-ау, сен де осы ауданның бір төл баласы емессің бе? Бөріктінің намысы бір деген. Газетке жаз, телебізірге түсір, масқарасын шығаршы сарытұмсық əкімнің. Дəл осы кезде кабинетке дабырлап екі-үш кісі кіріп келді. Қолайлы сəтті пайдалана қойып, Қасықбаймен асығыс қоштасып, тайып тұрдым. Сағынып келген ауылымда да тыныш жата алмадым. Екінші күні-ақ бригадир болып жұмыс істейтін құрдасым бадырақ көз Майлыбай қоярда-қоймай үйіне қонаққа шақырды. Жұрт тарай бастағанда құрдасым əңгіме бар деп мені оңашалап алып қалды. – Бауырым, – деді Майлыбай, – өзің де жақсы білесің, бүкіл ауыл Бұзаушы руынан тарайды. Бұзаушы атамыздың бəйбішесі мен тоқалы болған. Ауылдың тең жартысы бəйбішеден туса, енді бір жартысы тоқалдан өсіп-өнген. Ал, екеуміз тоқалдан тараймыз, яғни жақын туыспыз. Айтпайын десем болатын емес, бəйбішенің балалары бізге күн көрсетпей барады. Бастық та, басбұх та, бас зоотехник пен бас мал дəрігері де, прораб та, мектептің директоры да, поштаның бастығы да, қоймашы да шеттерінен бəйбішенің ұрпақтары. Тоқал ұрпағынан атқа мініп, адам қатарына қосылған екеуміз ғана екенбіз. Оның үстіне сен сонау Алматыда жүрсің. Басқасын айтпай-ақ қояйын бауырым, тоқал ұрпағынан ең құрығанда бір қарауыл жоқ екен. Бəйбішенің ұрпағы бізді қашанғы басып-көктей бермек, ə? Біз қашан атқа мініп, билік жасаймыз? Əлде, бастық болу тоқал ұрпақтарының маңдайына жазылмапты ма? Газетке мақала жазғанда, телебізірден сөйлегенде бəледейсің. Қолыңнан келіп тұрғанда осының бəрін неге жазбайсың, неге

телебізірден көрсетпейсің? Біз жүрміз тоқалдың бір баласы Алматыда жүр деп. Намыс бар ма сенде? Майлыбай құрдасыма бажырая қарап қалыппын. Қалжыңы ма десем, шыны, маған тап-тап берді. – Ойбай, құрдас, сенікі дұрыс. Бұдан былай ісіміз бəйбішенің ұрпағымен болсын, – деп Майлыбайдан əрең құтылдым. Ертесіне бой жазайын деп көшеге шықтым. Кенет үйге қарай ентелеп келе жатқан ауылдың атақты арызқойы Ошақбайды көріп қалып, үйге қарай тұра жүгірдім. Дəл қарсы алдымнан шықққан апам: «Ой, көтек» деп шошып кетті. «Ойбай, апа Ошақбай келе жатыр. Жоқ деңдер мені, тығыңдар!» деп жанұшыра айқайлап, астық сақтайтын қоймаға қойдым да кеттім… ҚЫЗЫЛ ƏТЕШ Бір шаруа қаладағы базарға барып, екі көзі шоқтай жанған, желке жүні күжірейген, айдары айбарланып тұратын қызыл əтеш сатып алады. Бұл жас əтештің он бір мекиенге жалғыз өзі баскөз болып жүрген ақ қоразға сор болып жабысарын кім білген? Қызыл əтеш келе салысымен мекиендерге қырғидай тиіседі. Тапа-тал түсте көзін бақырайтып қойып, баса көктеп, сүйікті тауықтарына сүйкеніп өліп-өшкені қатты батып кетіп, ақ əтеш қызыл əтешті кеудесінен теуіп-теуіп жібереді. Жұлқынып, күшін қайда жұмсарын білмей тұрған жас əтеш қарап тұрсын ба? Тепкенді саған көрсетейін деп қарсыласына қос аяқтап тұрып қарымта беріп, көзін шұқып- шұқып алады. Сол-ақ екен екеуінің арасында қып-қызыл төбелес басталып, тауықтар қытқыттап жан-жаққа қашады. Қызыл əтеш шау тарта бастаған ақ əтештің əкесін танытып, быт-шытын шығарып жеңіп, қора-жайдан мүлдем тентіретіп жіберді. Сол сəттен бастап ол шырт түкіріп, өзін бүкіл құс біткеннің патшасы сезініп, бір аптаның ішінде мекиендердің бəріне үйленіп тынды.

Əтеш əтештігін қойған ба, бір күні кез-келген көлденең көк етектіні қалт жібермейтін қырағы көздері осы қора-жайдағы маймаңдаған үйректерге түседі. Тұла бойына махаббат оты лап етіп, жаңадан қосылған сүйікті мекиендеріне де, əлі жұмыртқа жарып үлгермеген балапандарына да қарамай, қызыл қораз көп ұзамай-ақ үйректермен көңіл қосып үлгеріпті. Көрсеқызар қызыл əтеш үйрек байғұстарға да опа бермей, əлі ыстық-суығы басылмай жатып, бір күні көрші қора- жайдағы қоқи қаздарға көңілі ауып, өлердей ғашық болып қалады. Көп ұзамай үйректерді жылатып-сықтатып, қоқи қаздарға көшіп алады. Қызыл қоразға дауа бар ма, қоқи қаздардан тез айнып, қораға жиі ұшып кеп, қонақтап жүрген жас қарғаға ғашық болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылса керек. Екі-үш тəуліктен бері мүлдем көзге түспеген əтешті үйдің қожайыны іздеп шығады. Бүкіл қора-жайды шарлап, іздемеген жері қалмайды, бірақ, қораз көкке ұшып кетті ме, əлде жеті қабат жердің астына түсіп кетті ме, ұшы-қилы жоқ. Жан-жағына өте мұқият қарап келе жатқан шаруаның көздері кенет, қанаттары салбырап, қара ағаштың бір жуан бұтағына сұлқ қимылсыз жатқан қызыл қоразына түседі. – Ей, сорлы əтешім-ай! Ұрғашы біткенді көрсең далақтап жүгіре беруші едің, ашқарақтық түбіне жетіп, ақырында міне, зорығып өліп тыныпсың. Адал пұлыма сатып алған құсым едің, өлігіңді жерге тастағаным жарамас, – деп қызыл əтешті бұтақтан алмақ болып қолын соза бергенше о дүниеге кетті деген қызыл əтешіне тіл бітіп: «Тсс, қожайын, – дейді сыбырлай сөйлеп – көрші бұтақта отырған қарғаны үркітіп жіберерсің, тсс»… ТАНА МЕН СИЫР Көзі сүзілген жас тана осы қаладағы шіріген байдың бірі Крокодил мырзаның жалғыз ұлына күйеуге шығып, бал айынан кеше түскісін оралған болатын. Күйеуі келген бетте сүйкімді келіншегіне судай жап-жаңа «Мерседес» жеңіл мəшинесін сыйға тартып, бір қуантып тастаған. Тана Крокодил күйеуінің бұжыр-бұжыр бетінен шөп еткізіп

сүйіп алды да, мəшинесіне асығыс отырып, қаланың орталығына қарай жүйітки жөнелді. Жас тананың қуаныштан есі шығып кеткен, отырған орнында секіріп-секіріп қояды. «Ой, осындайда алтынға малынып, үлде мен бүлдеге бөленіп, «Мерседеске» мініп келе жатқанымды көп құрбыларымның бірі көрсе ғой. Қызғаныштан іштері жарылып кетер еді-ау» деп ойлап үлгеруі сол-ақ еді, қарсы келе жатқан бір жеңіл мəшине жол тəртібін бұзып, екеуі соғысып қала жаздасты. Жас тана мəшинесін кілт тоқтатып, долдана сыртқа ытқып шықты. – Əй, ақымақ! Жолға қарамайсың ба? Көзіңді шұқып алайын ба осы! – деп айқай салып, рөлде отырған жас сиырдың жағасына жармаса кетті. – Сіңлім-ау, ашуыңды бассайшы, бір жақсысы, ештеңе бүліне қойған жоқ, сəл сабыр сақта енді, – деп рөлде отырған сиыр мəшинесінің есігін аша берді. Ашуға мініп, ештеңеге мəн бермеген жас тана сонда ғана барып, өзінің көптен білетін құрбысын танып, бір түрлі ыңғайсызданып қалды. – Түу, сен екенсің ғой, кешір мені қара басып, өзіңді танымай қалдым емес пе, дегенмен абайламайсың ба? Шаңқай түсте қараптан-қарап тұрып, қырылып қала жаздадық қой, – деді өзінше ақталып. Жас сиыр құрбысының аяғынан басына дейін көз жүгіртіп мұқият қарап шықты. – Құрбым-ау, шынымен сенсің бе, осы? Тоты құстай құлпырып, қатқанский боп кетіпсің ғой өзің. Алтынға малынып, «Мерседеске» мініп үлгеріпсің, – деді ол таңдайын қағып. – Айтпақшы, сені күйеуге шықты деп естідім. Əрине, өзіңді өліп-өшіп жақсы көретін Бұқаға шыққан боларсың? – Оны қайтемін, қалтасында көк тиыны жоқ, – деді жас тана қасын керіп. – Мен Гена деген Крокодилге күйеуге шықтым. – Ойбай-ау, не деп тұрсың? Крокодилге тұрмысқа шықтым дейсің бе, – деді сиыр таң қалып. – Бұқаға, Айғырға, тіпті Есекке де күйеуге шығуға болады. Олар қанша дегенмен бөтен емес, өзіміз ғой. Ал,

Крокодил деген өзі тым тұрпайы емес пе, түсінбеймін, қойнына қалай жиіркенбей жатасың, ə? – Қорқынышты ештеңесі жоқ, – деді жас тана шетелдік қымбат сигаретін тұтатып, – күйеуім тегеурінді, оның жанында ең мықты деген бұқаның өзі де жіп есе алмайды. Оның үстіне, менің Генам шіріп жатқан бай, не ішемін, не киемін демеймін. Мені өліп-өшіп сүйетін Бұқаға күйеуге тигенімде, осы күнге дейін сүт сатып базарда дірдектеп жүгіріп жүрген болар едім. Так что, менің ұпайым түгел. Махаббат деген не, көзімді бір сүзіп төңкерсем болды, Бұқаң да, Шошқаң да, Крокодилің де, Жирафың да аяғыма жығылуға даяр. Гена ірі бизнесмен, жолсапарға жиі-жиі шығады, көңіл көтергім келсе ешқандай проблема жоқ, ха-ха-ха… – Сіңлім, – деді жас сиыр, – сенің кездесе кеткенің қандай жақсы болды, өзіңнен бір кеңес сұрайын деп едім. – Сұра, сұра, пожалуйста. – Сен білесің ғой, маған Миша деген бұқа көптен бері қырындап жүр. Өзі былайша айтқанда жаман емес, мені сүюін сүйеді, бірақ қаладағы көп жалаңаяқтың бірі. Сөз айтып жүрген тағы біреуі бар. Ол – Шора деген шошқа. Өзі қорс-қорс еткен сүйкімсіздеу. Бірақ шіріп жатқан бай, бір емес бес-алты үйі бар, мəшинесінің саны жетеу екен. Қысқасын айтқанда, кімге байға шығарымды білмей жүрмін, – деді жас сиыр жуан бөксесін бұлтыңдатып – Қайтсем екен? Басым əбден қатты. – Оны ойлап бас қатыратын ештеңе жоқ. Шошқаға күйеуге шық, ұтылмайсың құрбым. Ең бастысы – ақша, қалғанының бəрін сатып алуға болады, – деді жас тана сиырға ақыл айтып. – Міне, нағыз идея! Сен менің нағыз құрбымсың, – деп жас сиыр Крокодилдің келіншегінің бетінен шөп еткізіп сүйіп алды. – Пока, шау, тойыма міндетті түрде шақырамын. Крокодил күйеуіңе менен сəлем айт! ТАУЫҚТАР НЕГЕ ҚЫТ-ҚЫТТАЙДЫ?

Белі үзіліп, басы жарылып, тоз-тозы шығып келмеске кеткен Кеңес дəуірінде пайда болған құс фабрикасының айналасында бүгін-де негізінен шаруақор тауықтар тұрады. Араларында маймаң-маймаң басатын үйректер, қоқиланған қораздар кездесіп қалады. Түбі бір тұқымдас болғандықтан қарғалар, сауысқандар, торғай-шымшықтар да ұшып келіп, ұшып кетіп жүреді. Көппен бірге көрген ұлы той демекші, тауықтар да нарық заманына бейімделіп, өмір сүріп жатыр. Бір жақсысы, 30 күнде 35 жұмыртқа тап, əйтпесе, етке өткізіп жіберемін деп қоқаңдайтын қожайындары жоқ, қанша туса да, қанша балапан басса да өз еріктері өздерінде. Бүгінде мекиен көрсе қоразданып қуа жөнелетін əтештердің де қатары тым сирек. Көбісі бала-шағамды қалай асыраймын деп, жемтік іздеп, жан-жақта тентіреп жүр. Шау тартып қалған қораздар жас мекиендер тұрмақ, кəрі тауықтардың да өзіне ие бола алмай қалған жайы бар. Күлге аунап, жұмыртқа тауып алдым деп, қазір ешкімді алдай алмайсың. Лажының жоқтығынан кейбір көзі моншақтай жап- жас тауықтар маубас үйректермен сүйкесе кетіп, заңсыз болса да жұмыртқа тауып жатыр. Мешкей деген жақсы ат емес, бұған, əрине, тауықтардың көбісі, əсіресе, əтештер қатты намыстанып күйіп кете жаздайды, бірақ, қолдан келер қайран жоқ. Жығылған үстіне жұдырық болып, соңғы кездері жер сатылады деген əңгіме көбейіп барады. Тауық біткен қора-қопсы, күл-қоқыс, батпақты көлшік біздікі деп, тұрып жатқан кішкентай күркелеріне, жеген жемтіктеріне риза болып, қыт-қытқа салып, мəз болып жүре беріпті. Талай-талай ғасырлардан бері өмір сүріп жатқан тауықтарға қарағанда келімсек үйректердің, қаздардың жағдайлары əлдеқайда жақсы, шетінен семіріп, жұмырланып алған. Олар тауықтар сияқты құлайын деп тұрған жаман күркелерде емес, үйге бергісіз қора- жайларда тұрады, былайша айтқанда ішкендері алдында, ішпегендері артында. Жаман айтпай, жақсы жоқ, əлдеқандай заман туып жатса, бар байлықты сатып алатын осы үйректер мен қаздар болмақ. Ертеңгі күніміз не болады деп бастары қатып жүрген тауықтар сонау алыстағы

Құстар Республикасының астанасынан келген Қораз депутат пен Тауық депутатты үлкен үмітпен күтіп, улап-шулап қарсы алды. Құс атаулы біткен ығы-жығы болып жиналып, ескі қорадағы жиналыс басталып та кетті. Бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр кəрі əтеш Астанадан келген қос депутатты келістіре мақтап, алғашқы сөзді шау тартып қалған Қораз депутатқа берді. – Ағайындар, – деді мəртебелі қонақ қанаттарын қомдап, – Сіздерді көріп, өзімнің жастық шағымды есіме алып, қатты тебіреніп тұрмын. Мына қора, онымен іргелес жатқан көлшік, шашылып жатқан күл- қоқыс маған өте ыстық. Дəл осы құс қорасында он екіде бір гүлі ашылмаған сұлу жас тауыққа ғашық болып, дəл осы жердегі күлге бір аунап алып, алысқа қанат қақтым. Мен сендерді тауық, үйрек, қаз, қарға, жапалақ деп бөлежармаймын, бəрің мен үшін доссыңдар, бауырсыңдар. Сондықтан да бəрімізге қора да, күл-қоқыс та, батпақ көлшік те ортақ. Соңғы кезде ойбай не дейсің, жер сатылатын болыпты деген сөз желдей есіп жүр. Оның бəрі бос сөз. Жер бəріміздің ортақ анамыз, ол ешқашанда сатылмайды! Менің жанымдағы Тауық депутат екеуміз сіздер сайлаған, өздеріңіз таңдаған қалаулы құс ретінде жердің сатылмауы үшін басымызды тауға да ұрамыз, тасқа да ұрамыз. Керек болса, бүкіл депутаттарды үгіттеп, өзінше шіренген Премьер-Министрді орнынан алып тастаймыз! Өңеші қызарғанша айқайлаған Қораз депутат сөзін екпіндете аяқтады. Қара қайыстай қатып қалған Тауық депутат қыт-қыт етіп, сөз алды. – Тəуелсіздік алған Құстар Республикасы бар болғаны он-он бес жылдың ішінде 100 жылға пара-пар жұмысты дөңгелетіп тастап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Мұны естіген кейбір іші тар көршілеріміз күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып, көтерем қойдай орындарынан тұра алмай қалды. Анау-мынау емес, 100-ден астам құстар бір құстың баласындай, тонның ішкі бауындай болып, бір-бірін шоқымай, бір-біріне көз алартпай тату-тəті, бақытты, шаттыққа толы өмір сүріп жатқан жайы бар. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бəріне бірдей қамқор əке болып отырған күн сəулелі, теңдесі жоқ данышпан патшамыздың көрегенді саясатының арқасында осындай дəрежеге жетіп отырмыз, – деп желпінген Тауық

депутат өз өтірігіне сеніп, қос қанатын сермеп жібергенде сөйлеп тұрған мінбесінен сəл құлауға қалып, масқара бола жаздады. – Əрине, өмір болған соң анау-мынау проблема болмай тұрмайды, – деді Тауық депутат ентігін басып. – Екі қолға бір жұмыстың табыла бермейтіні бəрімізді де жүдə қатты қинайды. Нəпақа іздеген жас қораздар мен тауықтар шетінен қалаға кетіп жатыр. Құстар Республикасындағы еңбек министрі менің жақын подругам. Сендердің жағдайларыңды күнде құлағына құйып-ақ келемін. Құс біткеннің үлкен қамқоршысы Премьер-Министр Жапалақ Жапалақович те бұл жайға əбден қанық. Амандық болса, жақын арада жемтік іздеп кеткен қораздар орталарыңа жаппай оралады. Үкімет жердің астынан құртқұмырсқа өндіретін фабрика ашқалы жатыр. Яғни, жұмысқа қарқ боласыздар. Күркелеріңді жөндеп береміз, жеткілікті түрде жемді де жеткізіп тастаймыз. Аунапқунап демалатын күл-қоқыс та табылады. Тек сендерден бір ғана өтінішім бар: пытырлатып жұмыртқа туыңдаршы! Не деген сұмдық, бұл қорадағы тауықтар бір айда небəрі бес-алты ғана жұмыртқа табады екен. Мына түрімізбен тауық атаулының тұқымы құрып кетеді, құрбылар. Сөз орайы келіп тұрғанда, депутат ретінде тағы бір важный мəселеге тоқтала кетейін. Жер сатылады деп босқа дүрлігудің керегі жоқ Жаңа ғана менің алдымда сөйлеген аса құрметті Қораз депутат өте орынды айтып өтті. Жер сатылмайды – бітті! Біз де ай қарап, жұлдыз санап отырғанымыз жоқ, оған жол бермейміз! Біраз уақытқа созылған жиналысқа қатысқан құс атаулы, əсіресе, тауықтар ішпесе де ішкендей, жемесе де жегендей болып, риза болып тарасып жатты. Олар жөні түзулеу деген күркеде қос депутатты жандары қалмай таң атқанша қонақ етіп, ертесіне көрші қораға қошаметпен шығарып салды. Осы кездесуден соң Қораз депутат пен Тауық депутат бұл маңайға ат ізін салмай, сол кеткеннен мол кетті. Көп ұзамай-ақ Құстар Республикасы Президентінің жер сату жөніндегі Жарлығы бұрқ ете қалды. Əтештер қанша қоразданып, тауықтар қаншалықты қытқылдағанымен ештеңе шығара алмады. Қора ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, күл-қоқысты, батпақты көлшікті негізінен

үйректер мен қоқи қаздар сатып алды. Ұшып-қонып жүрген қарға, сауысқан, жапалақтар да байлықтан құр алақан қалған жоқ, жер сатылмайды деп кеуде соққан, тауықтарға уəде атаулыны үйіп-төккен Қораз депутат пен Тауық депутат жер сату жөніндегі заңды кеңірдектері қызарғанша қолдап-қорғап, бірінші болып қол көтеріпті. Олар бүгінде Құстар Республикасының астанасында өздеріне арнайы салынған жемі көп, суы мол, күл-қоқысы жеткілікті крутой күркеде байбақуатты өмір сүріп жатса керек.

Үшінші бөлім Қалила қожаның хикаялары «АЛАЙ» БАЗАРЫНДАҒЫ АЙҚАЙ Алтыншы сыныпты бітіріп, жазғы каникул ға шыққан Қалила əкесі Нематулланың үш бірдей бауыры тұратын Ташкентке қыдырып барады. Еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін диқандықты кəсіп еткен туысқандары көкөніс өсіріп, оны базарға апарып сатумен шұғылданады екен. Қалила бірде Ибадулла көкесімен Алай базарына барады. Бір күн өтеді, екі күн өтеді, жеті жəшік қызанақтың мұрты бұзылатын емес. Өйткені, бүкіл базар бойынша қызанақтың бағасы қымбат – бір келесі бақандай үш сом! Бірауыздан келісіп алғандай ешкім бір тиынға болса да арзан сататын түрі жоқ. Баға жоғары болған соң алушы да аз. Қалиланың «өзбек» көкесі ұзын бойлы, кербездене жай сөйлейтін кісі. – Қалила, мына затқа ықтият бол, – деді ыстықтан шөл қысқан Ибадулла. – Мен шайханаға барып, көк шай ішіп келейін. Туысқаны шайхана ішіне кіріп кеткенде Қалила бар дауысымен айқай салды: Кому помидор?! Там три, там три, А у меня – не три. Подходи, посмотри! Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан халық жар салып, айқайлап отырған балаға еріксіз назар аударып, қызанақ сатып алу үшін асыға-аптыға кезекке тұра бастады. Базардағы бағаны бес тиынға төмендеткені сол-ақ екен, Қалиланың саудасы арбаның дөңгелегіндей зырылдай жөнелді.

Көк шайын ішіп, шөлін қандырған Ибадулла бос жəшіктерді көріп таң қалды. – Ойпырмай, шын ба, өтірік пе! Балам-ау, шай қайнатым уақыттың ішінде бар помидорды қалай сатып үлгердің? – Қалауын тапса – қар жанады, көке! Мұрнының үсті тершіген Қалила өзінше маңғазданып, қағаз жəшіктегі шытырлаған ақшаны асығыс санай бастады. «НƏКЕҢ ЖІБЕРДІ...» Болашақ киногер Қалила Жаңақорғандағы орта мектепті бітірген соң əкесі Нематулланың сөзімен айтқанда біршама уақыт ит қуып, бос жүріп қалады. – Əй, данышпан, – дейді əкесі, – босқа сандалғанша автобаздың жанындағы шопыр даярлайтын курсқа түсіп ал, тақияңа тар келмес. Қалила ертесінде автобазға келсе, тегін оқытатын курстың тізімі бітіп қалған болып шықты. Өз-өзіне сенімді Қалила бұған онша сасқалақтай қоймайды. – Мені тегін оқытатын курсқа алмасаңыздар болмайды, – дейді ол нық сөйлеп. – Мен не деймін, домбырам не дейді, ойбай-ау, қадалған жеріңнен қан алатын бəлесің ғой. Саған айттым емес пе, курс толып қалды, – дейді курс бастығы Ораз Ақынбеков ат-тонын ала қашып. – Онда менің шаруам жоқ. Мені Нəкең жіберді. Курстың бастығы стол үстінде ашылып жатқан журнал мен дəл қарсы алдына қаққан қазықтай қалшиып тұрған балаға кезек-кезек қарап: «Атың кім?» – дейді қолына қаламсабын алып жатып. – Қалила, – дейді болашақ шопыр тақ-тақ етіп. Арада бір апта өте шығады. Бір күні əлгі бастығы Қалиланы өзіне шақырып алады.

– Қалила, – дейді ол, – курс тыңдаушыларын мұқият тексеріп шықтық. Бірақ, біздің ауданда Нəкең дейтін бастық атаулы жоқ болып шықты. Сені қай Нəкең жіберді осы, соны айтшы, қарағым. – Мені аудандық комхозда шопыр болып істейтін Нематулла Омаров жіберді. Ол менің туған əкем. Ол кісіні Нəкең демей не дейін, – дейді Қалила жайбарақат. – Əй, қу бала сөз тауып кеттің, – деп мырс етіп күліпті курс бастығы. – Иə, Нəкең жіберсе амал бар ма, бар оқуыңды оқи бер. ФОРТОШКЕДЕН ҚОНҒАН БАҚ Жаңақорғандағы Омаровтардың қара шаңырағы Сырдария көшесіндегі Инаятулла Қожаның үйі болатын. Каникул кезінде Інекең Қалила жəне онымен тетелес Ахметханды шөкелетіп отырғызып қойып, құран жаттатып, тілдерін сындыратын. Ыждаһатты Ахметхан озып кеткен. Түсініксіз араб тілі Қалиланың құлағына кірмейақ қойған. Оның үстіне, Сыр бойындағы шілденің ми қайнатар ыстығын қосыңыз. Бəрінен де, орталық кинотеатрда болып жатқан киноларды айтсаңшы! Кіру бағасы бес-ақ тиын! Құранды қолына ұстап жаттағанымен бозбала Қалиланың көз алдында – тек кино! Өнердің осы түріне ғашық! Аңдып отырып, атасы қалғып кеткен кезде фортошкеден зып беріп, кинотеатрға зытады. Мал қалады жайына... Кешке шешесі Хадиша Бибіден, не əкесі Нематулладан таяқ жеп, ұйықтайды... Түсіне сиқырлы кино кіреді, өзі кино түсіріп жүреді. Осылайша жастық шағы зымырап өткен Қалила Ленинградқа оқуға аттанар алдында Инаятулла атасынан бата алуға барады. Əппақ сақалы омырауын жапқан Инаятулла атасы тізесіндегі құран кітабын сыйпап, жай сөйлейтін əдетімен əңгімесін бастайды. – Шыраққанам, Қалила! Ата-бабаңнан мұра болған құранға тілің илікпеді... Оған ренжімеймін де, өйткені сонау сенің жетінші атаң – үш жүзге пір болған Айқожа Ишан көз жұмарында он бір ұлын түгел

шақырып: «Құпия болған үш өнерім ішімде кетіп барады. Имандықтың жолында құрбандыққа шалынған үш өнерімнің алғашқысы ұсталық еді. Бірақ, қолыма балға мен көрік ұстай алмадым. Екінші өнерім – палуандық болатын. Белімді ешкімге ұстатпадым. Үшінші өнерім ақындық еді, шариғаттан басқаға мұршам келмеді, – деп жүректегі өкінішін айтып, о дүниеге аттанған екен, жарықтық. Бұхарадағы Мир-Араб медресесінде тəлім алып, Ауғанстандағы Балх шаһарында атақты пірдің шəкірті болған Айқожа бабаңда кеткен бір қасиет саған қонғалы тұрған шығар, кім біледі?!». Сəл үнсіз қалған атасы немересіне жүзі нұрланып, мейірлене көз тастады. – Пəтшағар, терезенің фортошкесінен талай қашып едің, сол кино ғой сені тартып тұрған... Ахметхан сияқты Бұхараның медресесіне түсірер едім, көнбедің ғой, жүгермек. Бара ғой, бағың ашылсын! Қария аса таяғына сүйеніп, орнынан тұрды. Немересінің басынан сипап, маңдайынан иіскеді. Ертесіне Қалила Əлжан досымен бірге Ленинградқа оқуға аттанып кетті. Пойызда кетіп бара жатып, түс көрді. Асқар таудың биігінде кино түсіріп жүр екен... МЕН ДЕ СӨЙТКЕН БОЛАР ЕДІМ... Қалиланың жасырақ кезінде арман қуып, сонау Нева жағасындағы Ленинград мəдени-ағарту училищесінде оқығаны бар. Екінші курста оқып жүргенде Қалекең аяқ-қолы балғадай Инна деген орыстың көккөз сұлу қызымен танысып, өлердей ғашық болып қалса керек. Ленинградтың бір ақ түнінде ол Иннаны өзі тұратын жатақханаға шақырып, екеуі оңашада əңгіме-дүкен құрысып отырады. Олар өнер, əдебиет, кино тұрғысында əңгіме қозғап, Инна Пушкин, Тургенев туралы əңгіменің майын ағызса, біздің Қалекең де өзінің қара-жаяу еместігін байқатып, əлем кино шеберлері Тарковский, Фелинни жайлы тілі жеткенше əңгімелеп береді. Жаңадан танысқан қос ғашық білгендері мен көргендерін түгел айтып, сөздері де таусыла бастайды,

жеті жүз грамдық қызыл шарап та сарқыла бастайды. Ал Ленинградтың ақ түні болса орта белден ауып барады. Бүгінгі кештің мақсаты – білім толықтыру емес, гəп басқада, оны екеуі де іштей сезіп отыр. Қалиланың шоқша жайнаған көзі қанша қарамайын десе де дəл қарсы алдында отырған Иннаның əңгелектей домаланған кеудесіне қайта-қайта түсе береді. Ұнатқан осы екен деп, бас салып, құшақтап, сүйіп алайын десе аспан түстес көздері мөлдіреп, аққұба жүзі үлбіреп, айдай толықсып отырған бойжеткенді шошытып аламын ба деп жүрексініп, өз ойынан қашқақтай береді. Сүймейін десе, айдаладағы құмды далада шөл қысқан жолаушыдай тілі аузына сыймай барады. – Инна, – дейді орнай қалған үнсіздікті бұзып, – сен бір сəтке көз алдыңа елестетіп көрші. Құмды сахара. Күн жанып тұр, аспан айналып жерге түскендей. Сол сусыған құммен бір адам келеді. Өзін əбден шөл қысқан, əрі аш. Кенет ол бір алма тауып алады. Əлгі алманы бас салып жей салайын десе, оған тоя қоймайды, жемейін десе айдалада өліп қалғалы тұр. Аш адам не істерін білмей əбден басы қатады. – Əлгі аш адам қызық екен, – деді Инна орнынан тұрып, Қалиланың жанына жақынырақ отырып жатып. – Мен болсам алманың жартысын жеп, жартысын ертеңге қалдырған болар едім... – Міне, міне, дəл таптың, – депті Қалила жерден жеті қоян тапқандай қуанып кетіп. – Мен де көп ойланбастан сөйткен болар едім... – Тілі аузына сыймай шөлдеңкіреп отырған жігіт осы сəтті пайдаланып құшағына құлағалы отырған қыздың оймақтай ернінен құшырланып тұрып сүйіп алыпты. ПОЖАЛУЙСТА, ИЗВЕНИТЕ... Бір күні Қалила ұстазынан өнер адамының түрі мен сымбатын, ішкі жан дүниесін бейнелейтін көркем фотосурет түсіру туралы тапсырма алады. Құласам нардың өзінен құлайын деп ой түйген студент

Ленинградтағы Киров атындағы опера жəне балет театрының ең атақты, ең сұлу балеринасын таңдап алса керек. «Аққулар көлі» балетінде басты рөлді ойнайтын, көркіне қырық еркек ғашық болатын балеринаны фотосуретке түсірмек болып, Қалила опера жəне балет театрына жинала бастайды. – Қалила, сен анау-мынау емес, атақты Пушкиннің өзі отырып, өнер тамашалаған үлкен шаңыраққа кетіп барасың, бəрімізді ұятқа қалдырып жүрме, – дейді жерлесі Ержан ақыл айтып. – Ленинградтағы ең мықты деген өнер саңлағын суретке түсірмексің. Олпы-солпы болып барғаның жарамас, – дейді түбі түскен шелектей даңғырлап қалған ақкөңіл Қалжан, – менің жаңа джинсиімді киіп ал, үстіңдегі көйлегің де оңып кетіпті, Ержанның кеше ғана алған темір түймелі шетелдік көйлегін кигенің дұрыс. Аяғыңдағы топлиың да əбден ескіріп бітіпті ғой. Ержан, əлгі американдық кроссовкаң қайда, көп қинамай, Қалилаға бер. – Əлгі əйел біткеннің сұлуы балерина сені түйе мінген қазақ деп жүрмесін, – дейді əңгімеге Əлжан араласып, – өзіңді биік ұста, мəдениетті бол. Сөйлескенде: пожалуйста, извените, будьте добры деген сөздерді ұмытпа. Балет аяқталған соң, атақты балерина алдын ала келісілген уəде бойынша біздің Қалиланы өз бөлмесінде күтіп алады. Ол шынында айдын көлде қалқып жүзіп жүрген көгілдір аққудай сұлу екен. Фотоаппаратын қолына алған студент өз жұмысына шұғыл кірісіп кетеді. Сезімтал жанды балерина оның ойын қағып алады да, екі қолын аққудың қанатындай жайып жіберіп, бір аяғын көтеріп, ұшуға ыңғайланған кербез құстай бола қалады. Бəрі келісіп тұр, нағыз ертегі, сұлулық пен сымбат Қалиланы сиқырлап тастағандай. Қалила тамсаныптамсанып қойып, сыртылдатып суретке түсіре бастайды. Сырт қараған көзге барлығы да дұрыс секілді. Тұлғасында мін жоқ, бірақ балеринаның сұлу жүзі бір қырынан көрініп, тасаланып, анық көрінбесе керек.

– Извинете, пожалуйста, будьте добры, – депті сонда Қалила, – поверните немного морду... ЛЕНИНГРАДТАН КЕЛГЕН ТІЛШІ Оқуын бітіруге жақын қалғанда Қалила өзінің туған жері Жаңақорған ауданына практикаға келеді. Бір күні ауыл көріністерін түсіріп алмақ оймен «Өзгент» совхозына тартып кетеді. Дəл осы кезде шаруашылықта күріш ору науқаны басталып, жұмыс қызып, дүрілдеп жатса керек. Ленинградтан келген студенттің басында сол кезде өте сирек кездесетін күнқағары бар кепка, бұтында тыртиған шетелдік джинси шалбары, иығында фотокамера салған былғары дорба. Ол автобустан шікірейіп түсіп, бірден совхоз қырманына тартады. Тау-тау болып үйіліп жатқан күмістей ақ күріш. Алқаптың мол өнімін тазалап жатқан қыз-келіншектердің күлкілері жарқын, қимылдары ширақ. Қырманның дəл ортасында кілең папка қолтықтап, қылқына галстук таққан бір топ бастықсымақтар Қалиланың сəлемін онша елемесе керек. Шалқайғанға шалқайып, еңкейгенге еңкейіп үйренген Қалекең де қырсығып, өндірте жұмыс істеп жатқан қыз-келіншектерді жатып та, тұрып та сыртылдатып суретке түсіре бастайды. Мына жігіттің тегін адам еместігін аңғарып қалған шаруашылықтың атқамінерлері орталарындағы жастау біреуін Қалилаға жүгіртеді. – Ғафу етіңіз, – дейді комсорг сызылып. – Сіз қай газеттенсіз, мүмкін біздің тарапымыздан бір көмек керек болар? Қалила болса оған адам екен деп қарамай: – Не мешать. Ленинград! – деп қолын бір-ақ сілтейді. Ленинград деген сөзді естіген жігіт шошып кетіп, өзін тағатсыздана күтіп тұрған бастықтарға тұра кеп жүгіреді. Совхоздың директоры, партком хатшысы бастаған топ практикант студенттің жанына келіп, шетінен шұрқырап амандық-саулық сұрайды.

– Шырағым, естіп жатырмыз, ат шаршатып, алыстан келіпсің. Алдын ала ескертіп қоймадың ба, қанша жұмысбасты болсақ та күтіп алуға жарайтын едік қой, қарағым. Жұмыс қайда қашар дейсің, онсыз да жол соғып шаршап қалған боларсың, біраз деміңді алып, сусын іш, – дейді директор жайылып жастық, иіліп төсек болып. – Қолтықты кеңге тастап, қонақ болатындай нағашымның үйіне келген жоқпын, – дейді Қалила, – уақыт аз, күннің қызарып батып бара жатқан фонында бірбірінің артынан тізіліп, біркелкі келе жатқан оншақты комбайнның суретін түсіріп алуым керек. – Інішек-ау, не деп тұрсың? Күріштің танабы шағын болады емес пе? Оған бақандай он комбайын қайдан сыйсын? Бұл бір шеті мен о шеті көрінбейтін Қостанайдың астықты алқабы емес, шырағым, – дейді партком хатшысы қарсы дау айтып. – Ол жағында менің шаруам жоқ, маған берілген тапсырма сондай, – дейді Қалила айтқан бетінен қайтпай. – Ауылымызға сонау Ленинградтан күнде қонақ келіп жатқан жоқ. Құрмаштың күріш танабы үлкен. Соған он комбайынды қатар қойыңдар. Інішек өзі ойлағандай етіп, суретке түсіріп алсын, – деп директор шұғыл тапсырма береді. Директордың айтқаны – заң. Аяқ астынан бүкіл совхоз əбігерге түседі. Кеш түсіп, күн ұясына қонақтағанда Қалила бар шаруасын бітіріп, директордың судай жаңа «Уазигімен» орталыққа қайтып келе жатады. – Шырағым, бұл түсірген суреттеріңді қай газеттен көретін боламыз? – дейді директор жол үстінде. – Газеті несі, – дейді Қалила жайбарақат. – Мен практикаға келген студентпін. Директордың үстіне найзағай түскендей отырған орнынан ыршып кетеді. – Тоқтат, машинаны! – дейді ол жазықсыз шопырға айқайлап. «Уазик» жолдың майлы топырағын бұрқ еткізіп, шиқ етіп тоқтай береді. – Шық мəшинеден!


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook