жұмырлана менмұндалап тұрған сұлу бөксесіне дейін түсіріп алады. Бейнекамера жартылай жалаңаш, тепсініп тұрған анарларын нысанаға алғанда кинооператор Тоқтардың мəскеулік достарына елжірей қарап тұрған стоп-кадрын шығара қояды. Өз ісіне əбден беріліп кеткен Қалила мұнымен де қанағаттанбай, фигура жағынан шымкенттік айтыс ақыны Əселханнан кем түспейтін Тоқтар Əубəкіровтың құдай қосқан жарын жанталаса іздейді. Ақ сазандай жеңгеміз бұл кезде дастарқан мəзірінің əуресімен асхана жақта жүрген болатын. Ол тойға қызмет жасап жатқан аспаз ағайындармен бірдеңеге келісе алмай, екі бүйірін таянып, өз пікірін дəлелдеп жатқанда Қалила осы көріністерді тез түсіріп алып, жоғарыдағы дайын кадрларға қосып, монтаждап кеп жібереді. Кино өнерінің кəсіби тілімен айтқанда осының бəрі керемет көріністер еді. Скрипкашы қыз айналасын сұлулықпен сиқырлап, қобызын құйқылжыта ойнайды, көздің жауын алатын қос алма дір-дір етіп, ғарышкер ағамыз бүкіл дүниені ұмытып, елжірей қарап калыпты. Тоқтардың үйіндегі жеңгеміз болса қаһарлы, екі бүйірін таянып, батыр күйеуінің «əкесін» танытып тұр. Арада екіүш ай өткен соң Қалила Тоқтар Əубəкіровпен Сыртқы істер министрлігіндегі бір басқосуда кездесіп қалады. – Ну, ты даешь, Калила, – дейді Тоқтар кеңк-кеңк күліп: – Это же не монтаж, а целый шантаж. – Аға, өзіңіз емес пе, «қысқартып, əдемілеп монтаж жасап бер» деген, – дейді Қалила ыңғайсызданғаннан бір орнында тыпыршып. Ғарышкер күректей алақандарымен інісінің арқасынан қағып: – Қалила, тамаша жасапсың, кино əлемінен аздап болса да хабарым бар ғой. Үйдегі жеңгеңнің алғашқыда ептеп бұртиғаны рас. Кейін ол да түсінді, – деп құлағына сыбырлай үн қатты. Өзіне шын көңілімен риза болып, мейірбандықтың жылы шуағын төккен Тоқтардың жүзіне қараған Қалиланың жүрегі елжіреп қоя берді... ҚАЛИЛАНЫҢ «АЙЫБЫ»
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» де мекші, 1996 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа кино өнері бойынша бір топ үміткерлер өз туындыларын ұсынды. Олардың арасында Желтоқсан туралы ой қозғайтын «Аллажар» фильмінің режиссері Қалдыбай Əбенов, əлемдік киноға өзінің қолтаңбасын мойындатқан атышулы Сатыбалды Нарымбетов те бар. Қалила Омаров өзінің тəуелсіздік туралы топтамасын ұсынып, үлкен өнер додасын қыздыра түседі. Екінші айналымға шыққан Сатыбалды мен Қалила бірде Кино үйінде қарсы ұшырасып қалады. Əріптесімен амандасқан Қалила: – Аға, «Көзімнің қарасы» фильміңізді көрдім, маған өте ұнады, – дейді ағынан жарылып. – Ұнаса қайтейін, – дейді шаршаңқы жүзді Сатыбалды. – Сіз Кəрім Танаевтың досы болсаңыз, мен ол кісінің шəкірті едім, – дейді Қалила Нарымбетовке жақындай түсіп. Темекісін үсті-үстіне сорғыштаған Сатыбалды ағасы болса үндемейді. Алаш арманын арқалаған алты деректі фильміне үлкен үміт артқан Қалила осы кездесуден кейін үлкен ойға қалып, ертесіне Үкімет үйінің есігін қағып, «Прошу снять мою кандидатуру с дальнейшего участия в конкурсе на соискание Государственной премии. Как кинодокументалист исследующий историю народа Казахстана, считаю своим моральным долгом художника и гражданина воздержаться от соискания Госпремии при виде другого талантливого и беспорного претендента, каковым является автор кинофильма «Көзімнің қарасы» Сатыбалды Нарымбетов, внесший заметный вклад в мировое киноискусство. 2 декабря, 1996 года» деген өтінішін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы жөніндегі комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтың алдына тастап кетеді. Атақ үшін бір-біріне шатақ іздеген талайларды көріп жүрген Иманғали Қалиланың режиссерлігіне қалай тəнті болса, енді азаматтығына да солай сүйсініп қала береді.
...Сол күні кешке бейхабар отырған Сатыбалды ның есігі үсті-үстіне қатты қағылады. Мезгілсіз келген қонақты кім жақтыра қойсын. Нарымбетов пəтерінің есігін ықылассыз ашып, бір қолында арағы, бір қолында парағы бар Қалила Омаровты көріп таңқалады. – Тыныштық па? – дейді ол абдырып. Түннің бір уағында біреудің пəтеріне баса-көктеп кіріп, мазасын алдым деп қысылып-қымтырылып тұрған Қалила жоқ, екі езуі екі құлағында. – Сəке, «Əкең өлсе де, əкеңнің көзін көрген өлмесін» деген сөз бар. Кəрім аға менің өнердегі əкем еді. Мынау Иманғали Тасмағамбетовке берген парағым, яғни Мемлекеттік сыйлықтың «додасынан» ары қарай бас тарту жөніндегі парағым, ал мынау осы «айыбымды» жуған арағым, – дейді ыржиып. Əріптес інісінің үлкен ізеттілігіне шын жүректен риза болған Сатыбалды Нарымбетов кəдімгідей абдырап: «Жоғары шық, айналайын, төрлет айналайын», – дей беріпті... «ХАБАРЛАНДЫРУ БОЙЫНША...» Қазақ спорт тақырыбының қаламы жүйрік журналисі Қыдырбек Рысбекұлы мен Қалила Омаров Дəулет Тұрлыханов бастаған талай игі істердің басы-қасында бірге болып, жолдас-жора болып, əзіл- қалжыңдары жарасқан жандар. Семей өңіріне шыққан бір сапарда Қыдырбектің жанына белгілі фототілші Зейнел Үйсінбаев қосылып, екеулеп Қалиланың «қақпасына» қалжыңның талай-талай «голын» салып тастайды. Əзіл-қалжыңға онша икемі жоқ Омаров ыржия күліп, үндемей құтылады. Бірде Алматының көк базарында Қалила мен Зейнел ұшырасып қалады. – Міне, екі ай болды, айлық жоқ. Бүгін Бас редактордың қалтасыңдағы бес жүз теңгесін зорлағандай болып алып, базарға келген бетім, – дейді Зейнел жағдайын айтып.
– Зеке! Мұныңыз жарамайды. Сіздей кəсіпқой фотосуретші нəпақа таппай жүр дегенге кім сенеді? – деп Қалила ағасын жетектеген күйі базардың дəл қасындағы «Из рук в руки» газетінің редакциясынан бір- ақ шығарады. Өз қалтасынан бес жүз теңге төлеген Қалила: – Зеке, құдай қаласа, енді бір ай бойы хабарландыру бойынша жұмыс істейтін боласыз, – деп ағасын бизнестің жаңа түріне енгізіп кете барады. Бір күні «Хабар» агенттігінде қыз-келіншектермен əзілдесіп, əңгіме-дүкен құрып отырған Омаровтың есіне «бизнесмен» ағасы түсіп, орысшалап телефон соғады. – Алло, алло, бұл хабарландыру бойынша еді. – Қазір, қазір қожайынға берейін, – дейді телефонды көтерген əйел. Көп ұзамай-ақ тұтқаны Зейнелдің өзі алады. – Иə, мен сізді тыңдап тұрмын. – Маған кəсіпқой фотограф қажет еді, – дейді Қалила даусын өзгерте сөйлеп. – Фотомен шұғылданғаныма біраз жыл болды. Не түсіру керек еді, соны айтыңыз. – Сіздің ставкаңыз қанша? Доллармен қанша деп тұрғаным ғой. – Ең бірінші не түсіретінімді біліп алайын да. – Өзің үлкен форматта шығара аласың ба? – Иə. – Олай болса, сұлу келіншектердің тыр жалаңаш бейнесін сомдауға қанша сұрайсың? Өмірінде мұндай тапсырысты жасап көрмеген Зейнел тілі байланып үндемейді. – Қанша доллар? Ставкаңызды айтсаңызшы, – деп «заказ» беруші тықсырып алып барады. Трубканың ар жағындағы Зəкең тағы да үнсіз қалады.
– Əй, көке! Неге ұялып, бетіңнен моншағың үзіліп түсіп тұр. Жүз немесе екі жүз деп нақтылап айтпайсың ба, – дейді шыдамы таусылған Қалила қазақшаға көшіп. Зейнел бизнеске «баулымақ» болған інісінің даусын танып: – Əй, Қалила, бұл сенбісің? Жүгермек-ау, менен ұялмасаң да дырдай атағы бар өз басыңнан ұялмайсың ба? Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді демекші, мынау қай мазағың? – деп бағанадан бері орысшасы құрғыр жетіспей тұншығып тұрған ағасы інісін талай жерге апарып салып, трубканы тастай салды. Əзілдеймін деп Зейнел ағасын оңдырмай ренжітіп алып, көптен бері көріне алмай жүрген Қалила мырза бүгінде Астанадағы Қыдырбектің келуін күтіп жүрген көрінеді. ƏКЕСІНЕ ТАРТҚАН БАЛА Қалиланың туған қайнысы Бақыт түбі түскен шелектей даңғырлап қалған ақкөңіл жігіт. Бірде жездесі оны сурет шығаратын фотоқағаз алып келуге жұмсайды. – Бақыт, қағаздарды жақсылап қарап ал, «самопал» болып жүрмесін, – деді Қалила əскер қатарынан оралса да, əлі аңқаулығы басым қайнысына берген тапсырмасын нақтылай түсіп. – Айтпақшы, шыққан мерзімін тексеруді ұмытпа. Обалы не керек, Бақыт жездесі айтқан фотоқағазды көп күттірмей əкеліп, аузы ашылған конвертті ұсына берді. Ашық-шашық қағазға таңырқай қараған Қалила: – Мынаған не болған? – дейді. – Жезде, фотоқағаздарды жақсылап қарап ал деген өзіңіз емес пе? – дейді Бақыт түк болмағандай. – Мұхит екеуміз дүкеннен шығысымен- ақ конверттің ішін ашып мұқият санадық. Сыртында жазылғандай 20 дана қағаз бар екен... Əдемі, аппақ, көресіз бе?
– Түу, Бақыт-ай! Бəрін бүлдірген екенсің ғой. Фотоқағаздарды тек қараңғы бөлмеде ашу керектігін, əйтпесе күйіп кетіп, жарамсыз болып қалатындығын мектептің оқушысы да жақсы біледі емес пе? – дейді Қалила не ұрысарын, не ренжірін білмей. – Ашуыңды бас, – дейді Қалиланың жанында сыра ішіп отырған кинооператор Мұстафа Өсеров, – қайның да өзіңе тартқан нағыз Қожанасыр екендігін енді білдің бе? Сурет жайына қалып, сол күні Қалила мен Мұстафа Шымкентке жолсапарға аттанады. Екеуі жолшыбай Састөбеге соғып, Мұстафаның əкесі Батырбек ақсақалға сəлем береді. Шай ішіп болған соң Мұстафаның туған інісі Мұқан өзінше пысықсынып, аула ішіндегі өсіп тұрған үлкен ағаштың қисық бұтағын кесіп тастамақ болады. – Балам, сатыға мініп тұрып арала, – деген əкесінің ақылына құлақ аспаған Мұқан ағашқа өрмелеп шығып, өзі кеспек болған қисық жуан бұтаққа мініп алып, аралауға кірісіп кетеді. Бір кезде жердің шаңын бұрқ еткізіп бұтақ та құлайды, аяғы серең етіп Мұқан да құлайды. Қиралаңдап əрең тұрып жатқан баласына Батырбек ақсақал: «Иттің ғана баласы, не өзің білмейсің, не білгеннің тілін алмайсың, анау кəуек басыңда тауықтың миындай ми жоқ», – деп жата кеп ашуланады. – Əй, шал, ашуыңды бас, – дейді кемпірі араға түсіп, – онсыз да миы айналып тұрған баланы мазалап қайтесің? Өзіңе тартқан балаң емес пе? Шаш қойып, мондалиніңді шіңкілдетіп, маған қырындап жүргенде жасаған қожанасырлығыңды əлі ұмытпаған боларсың? – Əй, кемпір, сен де қайдағы бір ұмытылып кеткен жайды еске сала береді екенсің, – дейді қара шал кемпірін жақтырмай. – Біздің үйдің ауласындағы түбі шірік ағашты шауып тастаймын деп жап-жаңа шатырды быт-шыт қылғаныңды басқа ұмытса да мен ұмытқан жоқпын, – дейді кемпірі күліп. – Оған қарағанда баламның бүлдіргені түк те емес, балаға ұрса берме! Нағыз ауылға тəн, еш боямасыз күлкілі оқиғаны өз көзімен көріп, өз құлағымен естіп тұрған режиссер Қалила Омаров мырс етіп күліп
жібереді. – Ата, – дейді ол Батырбек ақсақалға жақындап, – ашуыңызды басыңыз, өзі мінген бұтақты аралаған Мұстафаның Қожанасыр інісі қайдан шықты деп енді таңқалмайтын болдым. Бұл жігіт өзіңізге тартқан бала болып шықты. СЫБАҒА 1988 жылы «Қазақтелефильм» студиясында Оралхан Бөкеевтің шығармасының желісі бойынша кинорежиссер Рымбек Əлпиев «Дархан» атты көркемсуретті фильмін түсіріп жатты. Басты рөлде – атақты Нұрмахан Жантөриннің өзі. Сол жылы шілде қатты ыстық болып, Алматының іші мүлдем қапырық болатын. Бірде шығармашылық топ қаланың сыртынан кешірек оралды. – Нұрмахан аға! – деді режиссердің көмекшісі Тана Тайпина тақ-тақ етіп. – Мен ертең, сағат 10.00-де бүкіл топты жинап, Рахат ініңіздің «КАВЗ» автобусымен сіздің үйдің алдына келемін. Бізді сыртта күтіңіз. Шығармашылықпен айналысатын ағайындардың айтқан уақытта жиналуы сирек болатын оқиға. Олар ырғалып-жырғалып жолға шыққанша сағаттың тілі он екіні көрсетті. Түске таяу ыңыранған ескі автобус Жантөрин тұратын үйдің алдына тоқтап, жүргізуші Рахат көліктің есігін үн-түнсіз аша береді. Көзі қызарып, ашуға булыққан Нұрмахан ішке еніп, алдыңғы орындықтардың біріне сылқ етіп отыра кетті. Қолындағы тор дорбасына салған бес-алты «Жигули» сырасы бір-біріне соғылып, сыңғыр-сыңғыр етті. Автобус орнынан ауыр қозғалды, ешкімде үн жоқ. Бүгін «айыпты» болып қалғандардың арасында кинооператордың ассистенті Қалила Омаров та бар. Үлкен ағадан ұят болды-ау деп ол да іштей қипалақтап, ыңғайсызданып отыр. Ыңылдаған «КАВЗ» əуенін Нұрмахан Жантөрин бұзды. – Əй, Қалила, мұнда келіп отыр!
Қалила орнынан ұшып тұрып, Жантөриннің жанына жайғасты. Актер əлгі сыраның бір бөтелкесін ашып Омаровқа ұсынды. – Іш мынаны! Қалила бөтелкені аузына тосып, қылқылдатып жұта бастады. – Ішің ауырған жоқ па, Қалила? –Жоқ. – Шыныңды айт, сыра ашымап па? – Нағыз бабында екен. – Олай болса əкел бері, мен де ішейін, – деп Нұрмахан Қалиланың қолындағы бөтелкені жұлып алды. – Əй, жүгермек, бəрін ішіп қойыпсың ғой. Нұрекеңнің қуақы, зілсіз шыққан үнін естіген шығармашылық топ жадырап сала берді. Бұлттың арасынан жарқ етіп күн шыққандай болды. Үлкені бар, кішісі бар: «Аға, аға, бізге де сыбаға» деп ұлы актерді жан-жақтан қоршап алды. Манадан бері тымырайып келе жатқан Рахат та көңілденіп, автобустың жылдамдығын арттырып, сары автобус тепеңдеп, желмен жарыса жөнелді... ТҮНГІ СҰЛУ Баяғыда жасырақ кезінде Ленинградта оқып жүргенде Кашарян деген армян досы Қалиланы бір керемет мейрамханаға алып барғаны бар. Екі дос біраз жүздесіп, əңгіме-дүкен құрып, тысқа шыққанда кеш кəдімгідей қарайып қалған шақ болатын. Əртүрлі электр шамдары жарқырап, Нева жағасындағы кешкі қала бұрынғысынан да сұлуланып, ажарланып кеткендей. – Қалила, қарашы! Мен ұлы орыс халқына өте ризамын! Кішкентай ғана «Кавказ» ресторанының жанжағына қандай керемет қала салып
алған! – деп армян жігітінің сондағы тамсанғаны Омаровтың əлі есінде. Сол досы айтпақшы, Қалила Алматының «түнгі көбелектеріне» керемет риза. Олар Абай мен Саин көшелерінің маңайын оңтүстік астананың «атақты» жерінің біріне айналдырып жіберді. Бүгінде бұл маңайды орыс пен кəрісің де, ағылшын мен немісің де, араб пен негрің де жақсы біледі. Қалила жақында Жаңақорғанға барып, жасы 80-ге жақындап қалған туысына сəлем беріп шықты. – Ат-көлігің аман-есен бе, шырағым? – деп қарт інісінің ізеттілігіне риза болып қалды. – Шерхан Мұртазаның арқасында теледидардың маңайында жүрген біраз қазақ пəтер алды деп естіп, қуанып жатырмыз. Солардың арасында өзің де бар екенсің. Алматыға бармағалы көп болды, мүлдем өзгеріп кеткен болар? Айтпақшы, үйді қай маңайдан алдың? – Абай мен Саин көшелерінің қиылысында. – Ə, білем, əлгі өңшең қыздар жиналып, жын-ойнақ салатын жер екен ғой, – деп қария ақ сақалын сипады, – дұрыс, əйтеуір аман болыңдар, айналайындар, заман бұзылды... Қыстың бір күні Қалила жұмыс орнынан кештетіп келген болатын. Аяқ киімін енді шешпекші болғанда, ас үйден құдай қосқан жан-жары Рыскүл майысып шықты. – Сəуленің папасы, шешінбей тұрғаныңда дүкеннен екі қалта шикі тұшпара əкеле салшы, – деп өтініш айтты. Қалила сөзге келместен томпаңдап дүкен жаққа жүгірді. Кеш кəдімгідей шыңылтыр аяз екен. Азықтүлік дүкенінен жаңағы жұбайы айтқан затты алып, Саин көшесінен өте беріп еді, кенет біреу арт жағынан «ағашка» деп биязы үн қатты. Қалила жалт қарады, дəл жанында бет-аузын əдемілеп бояп алған бір қыз тұр.
– Ағашка, пельмени хочу, – деді əлгі бойжеткен айқара ашылған шубасынан аппақ сандарын жарқ еткізіп. – Вас тоже хочу, – деп тілден айрылған Қалилаға жақындай түсті. Біресе қолыңдағы тұшпараға, біресе балконнан бəрін көріп тұрған бəйбішесіне көз тастаған Қалила: – Уже поздно... – деді – Почему, ағашка? – деп əлгі түнгі көбелек оның жолын кес-кестеп тұрып алды. – Вон, байбише с октауом, хочешь иметь нокдаун, – деді Қалила орысша-қазақша тақпақтатып. – Понятно, ағашка, пока, чау, – деп түнгі «сұлу» аялдама жаққа бет алды. «ЖАҢА» МҰХТАР Қалила Омаров қаладағы екі бөлмелік шағын пəтерде тұрса да қазақтың санын көбейту жөнінен ешкімнен Қалыса бермейді. Құндыз- дай-құндыздай екі қызы, шекелері торсықтай-торсықтай қос ұлы бар. Сол ұлдың бірінің аты Мұхтар, өзі төртінші сыныпта оқиды. – Көке, қазақта ең атақты адам кім? – дейді бірде Мұхтар əкесіне тосын сауал қойып. – Абай, – дейді əкесі жауап беріп. – Одан кейін? – Абайдан соң Мұхтар Əуезов болар, – дейді Қалила. – Көке, сонда Мұхтар не істеді? – Ол «Абай жолы» романын жазды. Сол арқылы дүние жүзі Абайды таныды. Ал, Абай арқылы көптеген халық қазақ деген елді біледі.
Міне, осыдан асқан бақыт бар ма?! – дейді режиссер ұлына мəн- жайды түсіндіріп. Арада біраз күн сырғып өтеді. Соңғы кезде Мұхтар едендегі түкті кілемге етпетімен жата қалып, бірдеңені шұқшиып жазатынды шығарып жүр. Əкесі оны аңғарса да байқамаған болады. Бір күні кешке Мұхтардың өзі əкесінің жанына келді. – Көке, мен Мұхтар Əуезовқа ұқсап, «Абай жолын» қайта жазып жатырмын, – деді ол маңғаздана сөйлеп. – Ойбай-ау, ол романды Мұхтар атаң əдемілеп жазып қойды емес пе? – Көке, қарашы. Мына жерде Мұхтар Əуезов: «Абайға төрт адам қонаққа келді» деп жазыпты» деді баласы «Ана тілі» оқулығындағы ұлы классиктің үзіндісін көрсетіп. – Меніңше, келген қонақтың саны тым көп. Мен «Абайға үш адам қонаққа келді», – деп жаздым. – Айналайын, балам, – деді телевизор көріп отырған Қалила орнынан тұрып, – басқаларды қайта жазып шықсаң, қарсылығым жоқ. Тек, Мұхтар Əуезовке тиіспеші... ГҮЛ, МҰЗ ЖƏНЕ САИНДАҒЫ ҚЫЗ Сəуірдің соңғы тəуліктерінің біріңде ойламған жерден Алматыда ауа райы бұзылып, жайқалып өсіп тұрған қызғалдақтарды қар мен мұз басып қалмасы бар ма! Өмірдің өзінен образ іздеп үйреніп қалған Қалила Омаров таң атысымен жылы киініп, фотоаппаратын қамдап, көшеге шығады. Оның басты мақсаты – Абай жəне Саин көшелерінің қиылысында күні-түні кезіп жүретін жеңіл жүрісті қыз-келіншектерді мезгілсіз солған қызғалдақтарға теңеп, образды бір сурет түсіру. Күн шуағы жылт етуі мұң екен, діріл қаққан қызғалдақтардан мөлдір тамшылар сырт-сырт етіп тама бастады. «Қырсыққанда қымыран іриді» демекші, əншейінде қаптап жүретін «сұлулар» бүгін көрінетін емес. Кілең теледидар мен радио
журналистері тұратын үлкен сұр бетон үйден жұмысқа жиналған таныстары шыға бастады. – Əй, жүгермек! Тасада неге тығылып тұсың? – деген əйел даусынан Қалила селк ете қалды. Теледидарда қызмет атқартын Абдолла Сүлейменнің үйіндегі жеңгесі екендігін таныған фотографтың жүрегі орнына түскендей болды. Қайнысының қолындағы фотокамераны көрген Сəуле күлім қағып сала берді. – Əй, жүгермек! Мені суретке түсірші! – Құп болады, жеңгей, – деді Қалила келісіп, – тек, жолдың шетіне барып тұра қалсаңыз. – Боз кілемге шықса түйе палуандармен салмақтас келетін жеңгесі қайнысының айтқан жеріне барып қалшиып тұра қалды. Бірақ, анау айтқандай образ жоқ. Қалила айқай салды. – Ойбай, жеңеше! Далиып маған қарамай, əдемі юбканың тілігін ашыңқырап, «клиентке» қарасаңшы! – Бəсе, бұл неғып суретке түсіргіш болып қалды десем. Ə, жүгермек, сені ме! – деді мəн-жайға енді түсінген Сəуле саусағын безеп, – үйдегі келінге айтып жаныңды шығармасам ба сенің! Осы кезде құдай айдап, қара юбкасы тізесіне жетпейтін бір бикеш келіп, ақ сандарын жарқыратып тұра қалды. Қалиланың іздегені осы, сартылдатып суретке түсіре бастады. «Жұмысқа» қызығып кеткені соншалық, біреудің түрткенін əрең аңғарды. Жалт қараса, құдай қосқан жұбайы Рыскүл екен. – Сенің де шығармайтының жоқ. Жезөкшелердің фототілшісі болып жұмысқа орналасып алғаннан саумысың? Кəне, жүр үйге! Қалила қарсыласпастан əйелінің соңынан томпаңдап ере береді. – Қалеке! Қалила таныс дауысқа жалт қарады. Көлік күтіп тұрған көршісі Бейбіт Құсанбек екен. – «Искусство требует жертв» деген осы, досым.
Қалила жауап орнына ыржиып күліп, үйіне қарай бет алды. «УƏДЕ ҚАЙДА?» Қалила досымыздың мектепте жақсы оқығаны шамалы болса керек. Бірақ, оның есесіне бесінші сыныптан бастап қолынан көркем əдебиет туындылары бір түспепті. Басқасын былай қойғанда «Мың бір түннің» өзін алтыншы сыныпта оқып жүргенде-ақ тауысып тастаса керек. Бірде оның қолына Əзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты романы түсе кетеді. Қызық кітап екен, Ербол мен Меңтайдың шынайы махаббаты Қалиланы бірден елітіп əкетеді. Онсыз да үлгере алмай жүрген пəндері жайына қалады. Оқушы баланың есіл-дерті əлгі романда. Жата қалып сабақ үстінде оқиды, одан қала берсе, ел қалың ұйқыға кеткенде жарықты жарқыратып қойып оқиды. Бірде Нематулла жұмыстан кеш оралса, баласы жататын бөлменің жарығы əлі сөне қоймаған екен. Əкесінің аяқ сыбдырын естіген Қалила тез электр шамын өшіре қойып, өтірік ұйықтаған болып жата кетеді. Біршама уақыт өткен соң Нəкең су ішкісі келіп оянып, дəлізге шықса, бөлменің жарығы жанып тұр. Аяғын мысықша басып, білдіртпей келіп, есікті ашып қалса – Қалиланың қолында қалың кітап. Əзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдары». – Махаббат сенің не теңің? Сабағыңды дұрыс оқи алмай жүріп, – деп ұрысқан күйі Нəкең жарықты өшіргенімен қоймай, электр қондырғысының тоқ беретін тетігін бұрап, қалтасына салып алады. – Əкесі ұйықтады-ау деген кезде, қайта тұрған Қалила жарықты жаға алмайды. Мұндай қиындықтың болатындығын алдын ала сезген ол кітап оқудың басқаша жолын қарастырып қойған болатын-ды. Жермай құйылған консерві құтысынан жасалған білтелі шамды жағып, көрпе астында тығылып, Ербол мен Меңтайдың хикаясына қайта еніп кетеді. Түннің ортасында мүңкіп алып бара жатқан жағымсыз иістен
оянып кеткен үй іші əбігерге түседі. Май шамын жылдам өшіре қойған Қалекең қайтадан «өтірік» ұйықтап қалады. – Əй, Қалила! Тез оян! Сен ешқандай иіс сезіп тұрған жоқсың ба? – дейді көйлек-дамбалы ағараңдаған Нематулла ентіге сөйлеп. – Жоқ, көке! – деп түк болмағандай Қалила басын көтере береді. Нəкең бет-аузы күйелеш-күйелеш баласының көрпесін үстінен жұлып алады. Қолында баяғы «Махаббат...» кітабы мен май шамы. Əрине, сол түні Қалила əкесінен жақсылап тұрып таяқ жейді. Өз үйін өртеп жібере жаздаған «жүгермек» ертесіне мектепте де тиісті «сыбағасын» алды. Оған өзінің де ептеп кінəсі бар, əдебиет пен тарихтан басқа пəндерді сабақ деп санамайды. Оның үстіне сынып ішінде тыныш отырмайтын, мұғаліммен сөз жарыстырып, аузы бір тынбайтын нағыз «бəдіктің» өзі. Бүгін де сол əдетіне басып, химия, шет тілдер пəнінде сабақ жүргізбей қойды. Олар жылап-сықтап, сынып жетекшісі Дина апайға шағымданып барса керек. Мешкей деген ат кімге жақсын, мұғалима Дина бетімен кеткен оқушыны бұрышқа тұрғызып қойып, шаңын қағып-қағып алады: – Əй, Омаров, – дейді Дина ашуланып. – Сен осы қайдан шыққан данышпансың? Ата-бабаларың шетінен мешіт ұстаған имам- молдалар. Əкең болса комхоздың маңдайалды, ел сыйлайтын шопыры. Сен кімге ұқсап кеткенсің? Саған айт не, айтпа не, сен адам болсаң, мұрнымды кесіп берер едім... Уақыт зымырап өтіп, содан бері ширек ғасыр өте шығыпты. Сырдың да суы тартылып, қайта көбейді. ...Сол бір түні əкесінен таяқ жеп оқып бітірген «Махаббат қызық мол жылдар» романының авторы, көрнекті жазушы Əзілхан Нұршайықовтың өзімен тағдыр табыстырып, режиссер Қалила Омаров осы аттас деректі фильмін де түсіріп үлгереді. Жақында туған елі Жаңақорғанға барған бір сапарында Қалила баяғы сынып жетекшісі Дина Абытова апайымен дастарқандас болып қалды. Бір кездердегі сылқылдаған келіншектің самайын ақ қырау шалып, əжім жолдары көбейе түсіпті.
– Айналайын, Қалила, амансың ба? «Көрінген таудың алыстығы жоқ» деген міне, осы, көріп те, оқып та жүрміз. Киноларың маған сондай ұнайды. Анау-мынау емес, Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатырсың. Төбеміз көкке сəл-ақ жетпей қалды біздің, – деп ұстаз шəкіртінің бетінен сүйді. – Апай, – деді Қалила бұрынғы сынып жетекшісіне қулана қарап, – осы туындыларды жасаған режиссерді адам деп санайсыз ба? – Шырағым-ау! Қазақтың қаншама ақтандақ тарихын ашып, тірілттің. Нағыз адам, азамат деп сені айтуға болады! Осы сəтте біздің Қалекең адам ойламайтын қы лық көрсетеді... «Стоп» деп айқайлаған күйі бұрынғы мұғаліміне тап береді. – Дина, апай, баяғы 6 «а» сыныбында берген уəде қайда? Сол уəдені орындап, мұрныңызды кесіп беріңіз. Мынаны жын ұрып кеткеннен сау ма дегендей отырғандар үрпиісіп қалады. – Əй, шырағым-ай, əлі ұмытпаған екенсің ғой. Сені адам болсын деп қайрағаным ғой. Одан жаман болған жоқсың. Көзіңде бір от барын сол кезде-ақ сезетінбіз. Сенім ақталды, ел білетін азамат болдың, айналайын, – деп шөкімдей кішкентай ұстаз еңгезердей шəкіртінің маңдайынан сүйді. Баласын мақтағанды кім жек көрсін, төрде отырған Нематулла Қожа мен Хадиша Бибі ризашылық сезіммен Қалилаға қарады. Істің мəн- жайына енді ғана түсінген дастарқандас ағайындар қарқ-қарқ күлісіп, мəз болып жатыр. Қалила бала кезден бірге өскен екі-үш досымен тысқа шықты. Түнгі аспан шайдай ашық екен. Қияқтанып ай туыпты, көк жүзінде жұлдыздар жымыңдайды... Оглавление Бірінші бөлім
Екінші бөлім Үшінші бөлім
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266