Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-05-11 09:54:26

Description: Құдайберді Бағашар «Тағылым Таразысы»

Search

Read the Text Version

Сахабалар сабағы қатысты болса керек. Негізі, мына шапан Әлидікі еді, – деп шапанды хазірет Әлидің өзіне қайтарды. Сөйтті де аз уақыттан кейін-ақ мұсылмандықты қабылдады. Кейіннен хазірет Әли бастаған «Нехри- ван» шайқасында ол дұшпандарға қарсы жан аямай соғысқан19. Өз «Құдайынан» көңілі қалған сахаба... Сахабалардан Амр ибну-л-Жамух (р.а.) ислам- нан бұрын да Мәдинаның алдыңғы қатарлы сыйлы кісілерінің бірі еді. Алайда ағаштан жасалған «Мәнаф» атты бір пұтқа күнде құлай сыйынып, қатты құрмет көрсететін. Өзі пұтқа табынғанмен, бір қызығы, үш ұлы да мұсылман болатын. Бір түні Амр ибну-л- Жамухтың балалары жи- налып келіп әлгі Мәнаф деген пұтты орнынан алып сүйреген күйі жырақтау жердегі шұңқырға апарып та- стайды. Сөйтеді де ешкімге көрінбестен үйге қайтады. Ертеңгісін пұтқа табынбақ болып барған Амр оны күнделікті орнынан таба алмай жер сипап қалды. Сөйтті де: – Әй, оңбай кеткірлер! Түнделетіп кеп Тәңірді ұрлап кеткен кім? – деп айналасындағыларға ызғар шаша айғайлады. Пұтын іздестіре бастады. Ең соңында бір шұңқырда етбетінен жатқан күйінде тауып алды. Жақсылап тазалап, жуып, қош иістер сеуіп әсемдеп әрлеп бұрынғы орнына қайта қойып жатып: – Осыны істеген адамды тапсам, әкесін танытар едім, – деді ызалана. 19 Әл- Имам Әли Саут-ул адалат-ул Инсаният, Б.63, жалғасы Бихар Б. 9 Тәбриз баспасы, Б.598. 101

Тағылым тамшылары Алайда балалары ертесі күні де дәл сол істі айна- қатесіз қайталады. Ертеңгісін әкелері оны іздеп жүріп тағы да күл-қоқыстың арасынан тапты. Еш ойланып жатпастан бірден тез жуып-шайып, жақсы әтірлерінен сеуіп, орнына апарып қойды. Балалары үшінші күні де сол тірліктерін қайталады. Алайда әкелері бұл жолы қатты ашуланды. Жатар ал- дында қылышын қолына ұстаған күйі пұтқа барып: – Әй, Мәнаф! – деді, – Саған бұны кімнің істеп жүргенін біле алмай шаршадым. Енді мына қылышты ал да бұдан кейінгі уақытта өзіңді өзің қорға! – деп қылышты әлгі пұттың қолына қыстырған күйі зор сеніммен үйіне қайтты. Амр кеш бата ұйқыға кіріскенде балалары пұттың қолына қыстырылған қылышты алып тастап, бұл жолы пұтты әлдеқашан иістеніп кеткен иттің өлексесімен қосып үй сыртына апарып, шұңқырға тастай салды. Амр күндегі әдетінше ояна сала пұтын іздеді. Тағы да орнынан таппай безектегей іздеген ол шұңқырда иттің өлексесіне бастырылып жатқан пұтты көріп күйініп кетіп былай деді: – Әй, осы сенің өз басыңды қорғай алмаған тәңірлігіңе болайын! Егер сен шынымен тәңір болсаң, бүйтіп ит-құстың өлексесімен бірге шұңқырда жатпас едің ғой... ...Амр артынша мұсылмандықты қабылдады. Ма- лын да, жанын да аямастан балаларымен қоса өмір бойы Расулаллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызмет етті20. 20 Ибнул-Әсир: Усду-л-Ғаба. (Бәйрут-1997), 3/360-61; Ибн Хажәр: әл-Исаба (Бәйрут-1995), 4/506 102

Сахабалар сабағы Періштелермен пәктелу Сахабалардың бірі Ханзаланың (р.а) жаңа үйленген ең алғашқы түні. Дәл сол түні таңға жуық сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларын жинап үлкен дайындықпен, исламға тұтқиылдан тап бер- ген дұшпанға қарсы соғысқа жиналуды шұғыл түрде бұйырды. Хабаршыдан соғыс хабарын естігенде Хан- зала (р.а) да дереу киіне сала, ғұсыл дәретін алуға да мұршасы келмей, апыл-ғұпыл соғыс майданы Ұхыдқа қарай құстай ұшты. Соғыс бітіп, мұсылмандар Мәдинаға қайта ба- стады. Әркім-ақ аман қайтқан жақындарын іздеп жол бойына тізілді. Бұлардың арасында үйленгеніне бір- ақ күн болған, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұйрығына мойынсұнып ертемен соғысқа аттанып, дұшпан қолынан шейіттік шәрбатын ішкен Ханзаланың (р.а.) жесірі де бар. Елдің бәрі жапа-тармағай аман қайтқан өз жақындарын сұрастырғанымен, сахабалардан ешкім тіл қатпастан жай ғана пайғамбарымызды мегзесті. Сұралған сұрақтардың бәріне де Пайғамбарымыз өзі жауап беріп келе жатты. Ең соңынан Ханзаланың (р.а) әйеліне кезек келгенде, ол да Пайғамбарымызға имене жақындаған күйі: - Уа, Аллаһтың елшісі! Ханзала қайда?- деп сұрады. - «Ханзала шейіт болды»,- деп жауап берді ол. Сол кезде Ханзаланың әйелі: - Уа, Расулаллаһ! Менің сізге айтпағым, бәлкім, отбасылық сыр болар. Кеше ғана үйленгенімізді өздеріңіз де білесіздер. Түннен шыққандықтан күйеуім таң ата ғұсыл дәретін алып үлгірместен соғысқа ат- 103

Тағылым тамшылары танып кете барды. Соғыста шейіт түскені мәлім бол- ды. Енді рұқсат етсеңіз, сол жуынуға мүмкіншілігі болмаған күйеуімді жуғызып, арулап көмсек деген тілек айтпақпын,- дегенде Пайғамбарымыз оған: - Сен Ханзаланы уайымдама! Мен періштелердің оны рақым суымен жуып-шайып жатқанын көрдім,- деп үлкен сүйінші хабар айтты. Бұны естіген сахабалардың бәрі Ұхыдқа бет түзеп, Ханзаланы іздестірді. Бір таңғаларлығы, са- хабалар Ханзаланы денесі әлі кеппеген су қалпында тауып алды. Сүйікті Пайғамбарымыздың бұл жолғы айтқанының да рас шыққанына елдің тағы бір рет көзі жетті. Сондықтан Ханзаланы ел «Ғасилул-мәлаика» («Періштелер жуған Ханзала») деп еске алатын бол- ды. Кейіннен Ханзаланың артта қалған әйелінен үлкен сахабалардың бірі, асылдың сынығы Абдуллаһ дүниеге келді. Зейнептің шеберханасы Мүминдердің анасы Жахш қызы Зейнептің өміріне көз жіберсек, ондағы діндарлық, жомарттық қасиеттерімен қоса оның ерекше шеберлігінің куәсі боламыз. Хижреттің (Мәдинаға көштің) үшінші жылы хазірет Пайғамбармен отасқан Жахш қызы Зейнеп тері илеудің асқан шебері еді. Ол тері өңдеп, одан киім тігіп сатумен айналысатын. Кейбір риуаяттарда осы жұмыс үшін пайғамбар үйінде бір бөлме арнайы жабдықталып, шеберхана ретінде пайдаланылғандығы әрі пайғамбарымыздың әйелдерінен Үмму-Сәләманың да осы тері ісімен шұғылғандығы білінуде. Дәл осы 104

Сахабалар сабағы жерде мынандай бір көкейтесті сұрақтың ойға ора- ла кетуі заңды. Ислам заңдары (фиқһ) бойынша әйел нәпақасы (күнкөрісі, табысы) күйеуіне тән. Әйел жұмыс істеп, ақша табуға міндетті емес. Олай болса, пайғамбар әйелдерінің жұмыс істеуі неліктен? Оның жауабы мынада: Жалпы ислам діні әйелді жұмыс істеуге мәжбүрлемейді. Бұл дегеніңіз «сен жұмыс істемеуге міндеттісің» деген сөз емес. Күйеуінің рұқсатымен ислами әдеп шеңберінен аспайтын шарт- тармен әйелдің жұмыс істеп, ақша табуына ешқандай да кедергі жоқ. Зейнеп анамыз жұмыс істеуі күндік нәпақасын табу үшін емес, қайта кедей-кепшіктерге, жарлы-жақыбайларға қол ұшын беру, аш-жалаңаштарға қарасу, Аллаһ жолында өз әлінше осылай қызмет ету ниетінде болатын. Ол жайлы Айша анамыз былай дейді: «Мен басқаларға жақсылық жасауда, қайыр-садақа үлестіруде, туысшылдық пен Аллаһқа жақындататын игі іс істеуде Зейнептей алдына жан салмайтын адам- ды көрген емеспін». Ибн Сағдтың риуаятынша: «Зейнеп дүниеден қайтқанда бар дүние мүлкін өзі көзі тірісінде садақа ғып таратып жібергендіктен артында бір тиын да қалмаған. Ол – кедейлер мен жетім-жесірлердің пана- сы еді» дейді. Жоғарыдағылардың бәрін талдай келгенде біріншіден, Исламдағы әйел қандай да бір қажеттілігі болмаса да, ол бос отырмауы керек. Ең жоқ дегенде табыс тауып, оны Аллаһ жолында жұмсағаны дұрыс. Екіншіден, әйелдің үйдегі тіршіліктеріне күйеуі кедергі жасамауы керек, қайта қолдан келгенше 105

Тағылым тамшылары мүмкіндік жасауға тиіс. Өйткені әлемнің мақтанышы Пайғамбарымыздың өзі де осылай істеген. Әйтпесе, Расулаллаһтың рұқсатынсыз Зейнеп анамыздың бұндай іске баруы мүмкін емес еді. Хазірет Нәсиба Пайғамбарымыздың Мәдинә қаласына құтты қадам басып көшіп келуімен исламды қабылдау бақытына ие болған әрі Ұхыд соғысында бар жан-тәнімен оны қорғаштаған өте жанашыр жақын сахабалардың қатарында Нәсибә анамыз да болды. Ұрыстың сондай бір қызған сәтінде пайғамбардың маңайында оны қорғайтын сахабалардан ешкім де қалмады. Жаудың екі атты әскерінің оған қылыштарын жалаңдатып, ентелей төніп келе жатқанын көргенде, Нәсибә жанұшыра солай қарай ұмтылды. Екі жауды пайғамбарға жақындатпай бір өзі алысты. Біреуінің аяғын қылышпен жаралап үлгерем дегенше, ту сыр- тынан келіп қалған екіншісі дәл иықтан қылышын сілтеп үлгерді. Жараланып, иығынан қансырай жерге жығылған Нәсибәні көрген хазірет Әли әлгі жаудың екеуін де ә дегенде жайратып салды. Қайта келгенде, Пайғамбарымыз қасиетті қолдарымен оның жарақатын таңды. Дәл осы сәт пайғамбарымыздың тағы бір мұғжизасы бой көрсетіп – сыртын жаңа ғана таңылған жара бірден жазылып қоя берді. Бел жазып, орнынан түрегелген Нәсибә іштей егіле: – Сіздің тізеңізді құшып шейіт боп кетсем деп едім. Оны неге маған қимадыңыз? – деп, о бастағы 106

Сахабалар сабағы өзегін өртеген арманын жеткізді. Сонда оны жұбатқан пайғамбарымыз іштей қатты толқып Жаратқанға: – Я, Рабб! Мені Нәсибә мен туыстарынан ажырата көрме! – деп бет сипап, теңдессіз құрметі мен сыйын ұсынды. Иә, Ислам тұнығының таралуында жан ая- май ерлік көрсеткен осындай аяулы аналарымыз аз болмаған. Қонақ пен рызық Сахабалардың біреуі тым қонақжай болатын. Әйелі болса күйеуінің күнде қонақ ертіп келуін жақтырмайтын. Тіпті оңашада: – Күн сайын бірнеше қонақты ертіп келуіңді қашан қоясың?! Бала-шағаның несібесінен соларға жырып бермесең қайтеді, – деп реніш білдіретін. Күйеуі оған онша көп мән берместен қонақшыл әдетін тастамайды. Әйелі бір күні шыдай алмай үйдегі жағдайды айтып пайғамбарға шағымданды: – Я, Расулаллаһ! Күйеуім күн сайын кеш бол- са болды үйге топырлатып қонақ ертіп келеді. Бар тапқанын солардың аузына жайып салады. Құдай бетін ары қылсын, бір күні өзі ауыра қалса, қалғанымыз аш- тан өлерміз деп қорқамын, – дейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгі әйелдің күйеуін де шақыртты. Әлгі сахаба: – Мен үйде қонақсыз отыра алмаймын. Дастарха- нымнан қонақтың дәм татқаны мен үшін үлкен қуаныш, – деп әйелінің дегеніне көнер болмады. 107

Тағылым тамшылары Пайғамбарымыз әйелге қарап бұдан кейінгі уақытта бір-ақ қонақтың келгеніне қалай қарайтындығын сұрады. Алайда әйел оған да разылық танытпады: – Мен балаларымның несібесін кім-көрінгеннің бөле жеуіне қарсымын, – деп тұрып алды. Ақыр соңында, күйеуі мен әйелі бір қонаққа келісіп, өзара ымыраласты. Бірақ сол күні кешке күйеуінің үйге тағы да екі адамды ертіп келгенін көргенде әйелі тағы ашуға мінді. Тамақ әзірлеу үшін ас үйге кірді, іштен ты- нып жүріп үш адамдық тамақ әзірлеп күйеуіне берді. Аздан кейін қонақтардың біреуінің сытылып үйден шығып кеткені байқалды. Әзірленген тамақтың біреуі желінбей қалды. Әйел күйеуінен: – Қонақтың біреуі неліктен тамақ ішпестен шығып кетті? – деп сұрады. Алайда күйеуі екінші қонақтың келгенінен бейха- бар болып шықты. Ол таңдана: – Сен қай қонақты айтып тұрсың? Мен іште отырған бір-ақ қонақты ертіп келген жоқпын ба? – деді. Бірақ әйелі анық көрді. Келген екі қонақтың біреуі тамақ ішпестен шығып кеткен еді. Әйелі мен күйеуі мәселенің төркінін пайғамбарымыздан ұқпақ болды. Екеуін жақсылап тыңдаған пайғамбарымыз болған жайды оларға былай деп түсіндірді: – Иә, негізі үйге екі кісі келді. Алайда бұлардың біреуі адам бейнесінде келген сол қонақтың рызығы болатын. Аллаһ тағала әйелге үйге келетін әрбір қонақтың өз рызығымен келетінін көрсету үшін жаңағы 108

Сахабалар сабағы көріністі оған әдейі көрсеткен. Әйелің қонақтарға жеткілікті қылып тамақ әзірлегенімен ол рызық бәрібір ортаймаған болатын... «Мына жайтты жақсы ұғыңдар, әр қонақ өз рызығын ала келеді. Ешкім де ешкімнің несібесіне ауыз салмайды. Үйге келген қонақ қайта сол үйдің рызық-несібесімен қоса берекетін де арттыра түседі» деді пайғамбарымыз. Бұдан кейін әйел де өз қателігін түсініп, ниетін түзепті. Өз басын қатерге тігу Мұғауияның ел басқарған (49/669 жылдары) тұсында ислам әскерлері Ыстанбұлды тұңғыш рет қоршауға алды. Суфиян ибн Ауф (р.а.) басқарған үлкен бір жасақты Мұғауия Византияға бағыттап, өз баласы Язидтің де дәл сол жасақта болғанын қалап еді. Алайда Язид әр нәрсені бір сылтауратып жантәттілікке салынған соң әкесі де оны көп қолқалай қоймады. Соғысқа шыққан әскерлердің жолда аштық, ауру секілді небір қиындықтарға душар болғандығын естігенде, Язид: – «Мен қайтейін әскердің қиналғанын, Гүлсім жатса қасымда қыздай жаным», – деп өлеңдеткен күйі бармай қалып қойғандығы үшін өзіне риза кейіпте еді. (Үммү Гүлсім – Язидтің әйелі.) БаласыныңбұндайұнамсызөлеңіМұғауияның(р.а.) да құлағына жеткенде тез арада оған адам шаптырып, Византия жеріндегі мұсылман әскерлеріне қосылып, солар көрген ауыртпалықтар мен қиындықтарды бірге бөлісуін қадап айтып қатал бұйрық берді. 109

Тағылым тамшылары Жиырма төрт жасар Язид лажсыз қатал үкімге бас иіп, әкесі дайындатқан жаңа бір жасақты ертіп екінші жасаққа барып қосылды. Бұл жасақта үлкен сахаба- лар: Ибн Аббас, Ибн Зүбәйр, Әбу Әйюб әл Әнсарилер (Аллаһ тағала бәрінен разы болсын!) бар еді. Византия жерінде ұзақ сапарда болған ислам жасағы Ыстанбұлға дейін келіп, бірнеше күн бойы гректермен шайқасты. Осы қақтығыстар кезінде мұсылман әскерлерінің бірі Абдулазиз ибн Зүрара ерекше көзге түсті. Ол дұшпан әскеріне жалғыз өзі бірнеше рет жойқын соққы беріп, соңында өзі шейіт болды. Оның жалғыздан жалғыз шауып, дұшпан әскерінің арасына қойып кеткенін көргендер: – Сүбханаллаһ! Мынаның өзін-өзі отқа тастағаны несі?! – деп даурығысты. Сол сәт Әбу Әйюб (р.а.) оларға істің жай-жапсарын түсіндіре былай деді: – Уа, халайық! Сіздер Құрандағы «Өз-өздеріңді қауіпке итермелемеңдер» деген аятты меңзеген бо- ларсыздар. Ол аят әнсарлар жайында түскен-ді. Аллаһ тағала дінін күшейтіп, исламға жанашыр жандарды көбейткен тұста біз өзарамызда Аллаһтың елшісінен жасыра «Енді біздің керегіміз шамалы секілді. Ендігі жерде өз мал-жанымызға қарасақ та жетер» деген едік. Алайда құдіреті күшті Жаратушы біздің ол пікіріміздің қате екендігін ұқтыра іле-шала «Аллаһ жолында жұмсаңдар! Өздеріңді қауіпке итермелемеңдер» (Бақара сүресі-195) деген аятын түсірген еді. Яғни Құрандағы адамның өзін қауіпке итермелеуі – Аллаһ 110

Сахабалар сабағы жолындағы табанды күрестен бас тартып, өзінің мал- жанымен қайғы болып кету деген сөз... Әбу Әйюб сол сапарда көз жұмып, Ыстанбұлдағы қазіргі мекеніне жерленді21. Қос уыс құрма Сахабалардан Бәшир ибн Саадтың қызы мен Нұғман ибн Бәширдің қарындасы әңгімелеуде: Анам Амра бинту Рәуаха (р.а.) мені шақырып, етегіме екі уыс құрма салып берді де: – Қызым, бұл әкең мен нағашы ағаң Абдуллаһ ибн Рәуаханың тамағы, апарып бере ғой, – деді. Жолда кетіп бара жатып, Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кездестірдім. Одан әкем мен нағашы ағамның қайда екендіктерін сұрадым. Ол маған: – Қызым, бері келе ғой, қолыңдағы не нәрсе? – деп сұрады. Мен: – Уа, Расулаллаһ! Бұл құрма ғой. Әкем Бәшир ибн Саад пен нағашы ағам Абдуллаһ ибн Рауахаға шешем беріп жіберді, – дедім. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Онда бері әкеле ғой, – деді. Мен етегімдегі құрмаларды Расулаллаһтың уы- сына төктім. Құрмаларым қос уысына толмай қалды. Пайғамбарымыз бір орамал алдырып, құрмаларды сол орамалдың үстіне шашырата төкті. Сөйтті де жанындағыларға айтып, қаланы айналдыра ор қазып 21 Әл-Камил, 3/458-59; Нихаяту-л Араб, 20/268-70; Хаятус- сахаба, 1/470-71. 111

Тағылым тамшылары жатқан мұсылман сарбаздардың бәрін тегіс құрма жеу- ге шақыртты. («Хәндақ» соғысы қарсаңы). Пайғамбар шақыруымен Хәндақ сарбаздары тай- лы тұяғымен тегіс жиылып келіп құрмаға қол созды. Алайда, бір таңғаларлығы, келген әскерлердің барлығы қанша жесе де орамалда үйіліп тұрған құрмаларды та- уыса алмады. Тіпті тауыспақ түгілі құрмалар өз-өзінен көбейіп, орамалға сыймай кеткен еді. Иә, бұл сүйікті Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тиесілі көп мұғжизалардың бірі ғана. Пәлекетке ұрындырған байлық Мәдиналық мұсылмандар ішінде Салаба атты сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы ерекше болатын. Жатса-тұрса бай болсам, байлыққа бір қол жеткізсем деп көксеген ол бар аңсарының соған ауғаны соншалық, ойлай-ойлай шақшадай басы шара- дай болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Ақыр соңында шыдамай Пайғамбарымызға келіп: – Уа, Расулаллаһ! Мен үшін «бай болсын» деп дұға жасаңызшы? – деп өтінді. Пайғамбарымыз оның бұл қалауына: – Шүкірін өтей алатын аз малың, шүкірін өтей ал- майтын көп малдан артық емес пе? – деп жауап берді. Бұл сөзге, шынында да, ойланып қалған Салаба біраз уақытқа дейін тоқтамға келгендей болды. Сонда да «Тауықтың түсіне тары кіреді» демекші, артынша- ақ баяғы әніне қайта басты. Тағы да шыдамай: – Уа, Расулаллаһ! Бір дұғаңызбен мені байлыққа кенелтіңізші? – деп, Пайғамбарымыздың етегіне жармас-ты. 112

Сахабалар сабағы Бұл жолғысына іштей ренжіп, қабағын түйген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған ғибрат алсын деген ниетпен: – Аллаһқа ант етейін, егер шын қаласам мына тау- тастың бәрі алтын болып маған берілер еді, бірақ мен қаламадым, – деді. Шындығында кей кездері Аллаһ тағаланың ең сүйікті құлы пайғамбардың үйінде апталап, тіпті ай- лап бойы қазанға салар, тіске басар ештеңе табылмай- тын. Күн ара ораза ұстайтын пайғамбар ауыз ашары жоқтықтан көбіне үш-төрт құрмамен ғана шектелгендігі баршаға аян еді. Осыларды ойлаған Салаба тағы біраз уақыт саба- сына түседі. Уақыт өте келе «бай болсам, кедей-кепшіктерге қол ұшын бермес пе едім, сөйтіп көбірек сауап тап- паймын ба?» деген ой-қиял әлі де мазалаған ол, ақыр соңында, үшінші рет Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жүгінуді жөн көрді. Пайғамбар алдында бар уәдесін үйіп-төгіп: – Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант етейін! Егер Аллаһ мені байлыққа кенелтсе, жарлы-жақыбай- ларға міндетті түрде қарасып, қорғанышына айнала- мын! – деді сендіре. Салабаның мұнша тілегіне шыдамаған Пайғамбарымыз: «Аллаһым! Салабаны қалаған байлығына қауыштыр!», – деп қол жайып, дұға жаса- ды. Осы бір қасиетті тілектен кейін қой алып баға бастаған Салаба бұрынғыдай мешіттен шықпай, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) артында 113

Тағылым тамшылары үзбей намаз оқитындығы үшін «Мешіт құсы» деп аталғандығы былай тұрсын, енді мал соңынан қолы тимейтіндіктен тек қана бесін мен құтпан намаздары- на ғана мешітке соғатынды шығарды. Көбіне қазаға да ұшыратып жүрді. Аз уақытта берекеті асып-тасып, шалқыған үстіне шалқи түскен Салабаның малдары көбейген сайын көбейіп, енді мыңғырған малға Мәдина төңірегінен жаңа жайылымдар іздеу керек болды. Салаба енді тек жұма намаздарына ғана мешітке келіп жүрді. Сөйткенше шөлдегі тың жайылым іздеген мал көп өтпей, жұма намаздарын да ұмыттырды. Анда-санда өткен-кеткендерден елдегі қал- жағдайды сұрап, Салаба мал соңында салпақтап, шөл асып кете барды. Малдарымен қоса қарақан басының қамын ойлаудан аса алмай қалды. Салабаның көрінбей кеткендігін байқаған Пай- ғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның қайда екенін сұрағанда : – Мыңғырған малының соңында шөл кезіп кетті, – деген жауапты естіп, іштей ренішпен басын шайқап: – Қап, Салабаға обал болған екен, – деді аяныш білдіріп. Осы уақыттарда зекет-садақа жайлы аяттар түсіп, дәулетті мұсылмандардың жағдайы нашар мұсылмандарға көмектесуі туралы үкімдер келді. Аяттардың бұйрығын әр мұсылман шын ықылас- пейілдермен шама-шарқынша атқарып жатқанда, Са- лаба: «Бұларың қып-қызыл адамды талау емес пе?» деп, «шығайбайшылдыққа» басып, малының зекетін талап етіп барғандарды құр алақан қайтарды. 114

Сахабалар сабағы Бұны естігенде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағы да: «Қап, Салабаға обал болған екен» деп мұңайды. Салабаның «Байысам, мұң-мұқтажға қарасар едім» деп ант-су ішіп, артынша бұл уәдесінен айнып шыға келуіне байланысты «Тәубе» сүресінің мына аят- тары түсті: «Кейбір екі жүзділер: Егер Аллаһ бізді өз кеңшілігінен дүние, мал-мүлік, байлыққа кенелтсе, садақа беріп, игілерден болатындықтары жайлы Аллаһқа сөз береді. Ал, олар Аллаһ тағала байлыққа қауыштырған кезінде, байлықтарына сараңдық қылып, Аллаһтан жүздерін бұрып (әміріне қарсы келіп), берген уәделерінен айныды».22 Осы аят арқылы Салабаның екі жүзділер қатарына жатқызылғандығы білініп, жаны ашыған бір туысының Салабаның жанына батыра айтуымен Салаба кедейлердің ақысын беріп, Аллаһ алдында екі жүзділіктен арылмақ болып, малын айдап әкелді. Алай- да оған Аллаһ тағаланың тыйымымен енді қабылдай алмайтындығын айтып, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қарсылық білдірді. Кейіннен Мұхаммед пайғамбар дүниеден қайтып, одан кейінгі халифалар Хазірет Әбубәкір мен хазірет Омарға малының зекетін беру үшін барса да, олар: «Пайғамбарымыз қабылдамаған зекет малдарыңды біз қайтіп қабылдамақпыз?!» – деп, Салабаның зекетін керексінбеді. Үшінші халифа Осман тұсында, қайтыс болар ал- дында Салабаның құлағында: «Шүкірін өтей алатын 22 Тәубе, 75-76. 115

Тағылым тамшылары аз малың, шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе еді?!» деген Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы бір ғибратты сөздері жаңғырып тұрды... Надандықтың кесірі Жабир сахаба (р.а.) әңгімелеуде: Жолдастарымызбен бірге сапарға шықтық. Арамыздағы біреудің басына тас тиіп қатты жаралан- ды, тіпті бас сүйегіне зақым келді. Артынша әлгі кісі ұйқыда жатып ихтилам23 болғандықтан: – Жайым болса мынау, менің таза топыраққа тәйаммум соққаным дұрыс шығар? – деп сұрады. Жолдастары: – Жоқ, су бар жерде тәйаммум соғуға болмайды, – деп рұқсат етпеді. Сонда әлгі жігіт сумен ғұсыл құйынамын деп басындағы жарадан ішке су кетіп сол мезет тіл тартпай қайтыс болды. Пайғамбарымыздың қасына келгенімізде оған бар жайды баяндадық. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә :сәлләм) – Қарап отырып кісіні өлтіргені несі, Аллаһ та оларды өлтірсін! – деді де сөзін жалғастырды, – Білмесе сұрамай ма екен? Надандықтың бірден бір емі – сұрап білу. Әлгі кісіге жай ғана топыраққа тәйаммум соға салғаны жеткілікті еді. Жарасын таңып үстін ғана си- пап өтіп, қалған денесін сумен жуса да болатын еді24... 23 Бой дәретін қажет ететін жағдай 24 Әбу Дауыт 116

Сахабалар сабағы Аллаһ бергенін алады Үммү Сүләйм ары таза, тәрбиелі, иманы берік әйел болатын. Құшағындағы баласы қайтыс болғанда асқан бір сабырлылық танытып мәйітті өзі жуып, өзі кебіндеген соң үйдің бір тұсына апарып қойған күйі көршілерге қарап: – Әзірге әкесіне хабар айтпаңдар! – деп қатаң табыстады. Әкесі Әбу Талха сахаба ол кезде маңайда жоқ бо- латын. Кеш бата үйге келгенде баласының жағдайын сұрады, әйелі: – Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір, – деп жауап берді. Екеуі бірге ас ішті. Әңгімелесіп отырғанда Үммү Сүләйм күйеуінен сұрады: – Ей, Талха! – деді көзіне көзін қадаған күйі, – Қарызға алған нәрсені қайтарған жөн бе, жөн емес пе? – Ол не дегенің? Қарызға алынған нәрсе, әрине, қайтарылуы керек. – Олай болса, Аллаһ тағала саған аманаттаған ұлын өзі қайтып алды! Бұл сөзді естіп күрсінген Әбу Талха бар-жоғы: – Е,е, біз бәріміз де Аллаһ тағала үшін жаратылдық. Ерте ме, кеш пе түбінде соған қайтамыз ғой, – деп Жаратушының ісіне ризашылықпен мойынсұнып көнгеннен басқа артық қылық жасамады... Таң атқанда мән-жайды Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) барып баяндады. Пайғамбарымыз қолын жайып: – Я, Жаратқан! Әбу Талханың осы бір өнегелі ісін оған екі есе ғып қайтара гөр! – деп дұға етті. Айтқандай-ақ, тоғыз ай он күн өткенде Талха үйі шаттыққа бөленіп, әйелі шекесі торсықтай ұл тапты. Атын «Абдуллаһ» деп қойысты. 117

Тағылым тамшылары Пайғамбарымыздың қорғауында өскен Абдуллаһ кейіннен исламға аянбай қызмет еткен ұлы тұлғалардың бірі болды. «Иә, Аллаһ! Бергеніңді алсаң да береріңді алма» деген. Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті? Амр ибн Астың өзі әңгімелеуде: «Хәндек» соғысынан Меккеге орала сала өзіммен ойы бір жерден шығатын Құрайыш тайпасының біраз кісілерінің басын қостым. Олар бастан-аяқ мені тыңдады. Сөз соңы: – Бәріңіз онсыз да біліп-көріп жүрсіздер, Мұхаммед барған сайын дес бермей күшейіп бара жа- тыр. Осы орайда менде тамаша бір пікір бар, – дедім. Олар: – Ол қандай пікір? – деп сұрады. Мен: – Бәріміз бір кісідей барып Хабаштық (Эфиопиялық) патша Нәжашиді паналайық. Мұхаммед біздің тайпамызды жеңіп кетсе, онда соны паналап тұра берерміз. Мұхаммедтің қол астына кіргеннен гөрі Нәжашидің қол астына кірген әлдеқайда артық. Ал егер біздікілер жеңіп кетіп жатса, онда бізге жақсылық болмаса жамандық келмесі анық, – дедім. Бәрі бірауыздан пікіріме қолдау білдірді. Мен: – Ендеше, Нәжашиға апаратын сыйлықтарды әзірлеңдер! – дедім. Нәжашиға апаратын сыйлықтардың біразына келісті иленген бағалы терілер таңдалды. Артынша Меккеден шығып Нәжашиге бардық. 118

Сахабалар сабағы Біз сол жақта болғанда Амр ибн Үмейя да келді. Хазірет Пайғамбар Жәфар мен жолдастары үшін Амр- ды Нәжашиге жіберген болатын. Амр Нәжашидің құзырына кіріп шықты. Мен достарыма қарап: – Амр ибн Үмейя деген осы. Мұхаммедтің ада- мы. Нәжашиға кіріп бұны маған тапсыр деп өтініш білдірсем, Нәжаши оны маған берсе, мен оның басын кесіп алсам! Менің Мұхаммедтің елшісін өлтіруім – Құрайыштар үшін үлкен бір сый болар еді, – дедім. Сөйттім де Нәжашидің құзырына кірдім. Әдет бой- ынша патша алдында барынша басымды жерге тигізіп, сәждеге жығылдым. Ол маған: – Амр, достым, сәлем! – деді, – Маған қандай сый- сияпатпен келдің? – Әй, патша! Саған иленген теріден мол ғып әкелдім, – дедім. Сөйттім де әкелген терілерімді жалма-жан Нәжаши патшаның алдына жайып салдым. Тарту-таралғым оған қатты ұнады. Артынша: – Әй, патша! Мен жаңа ғана сіздің қасыңыздан шыққан бір кісіні көрдім. Ол – менің дұшпанымның елшісі. Соны маған берсеңіз, мен оны өз қолыммен өлтірсем. Өйткені ол біздің алдыңғы қатарлы бірнеше жастарымызды қыршынынан қиды, – деп көкейімдегі көксеген ойымды айттым. Алайда Нәжаши патша бұған қатты ашуланды. Сөйтті де мен еш күтпеген оқыс қылық жасады. Әй- шайға қаратпай жұдырығымен мұрнымнан қойып қалды. Көзімнің оты жарқ етті. Сірә, мұрным сынып 119

Тағылым тамшылары кеткен болар деп ойладым. Қатты қорыққаным сонша не істерімді білмей қалшиып тұрдым да қалдым. Сәлден кейін есімді жиып: – Әй, патша! Бұл өтінішімді ұнатпайтындығыңды білгенде оны сұрамас едім, – дедім әлгіндегі айтқандарыма іштей өкініп. Нәжаши болса: – Мұса пайғамбарға келген Жәбрейіл періште Мұхаммедке де келеді екен. Мен ондай ардақты адамның елшісін саған қалай ұстап бермекпін?! – деді қатуланған күйі. – Әй, патша! Айтқаныңыз рас па? – Ей, азапқа ұшыраудың сәл-ақ алдында тұрған неме! Білмесең мені жақсылап тыңда! Одан да сен сол адамның етегіне жармасып , айтқанына көн! Аллаһқа ант етейін, өйткені ол ақиқат жолындағы адам, шын пайғамбар. Мұса қалайша өзіне қарсы келген Перғауындықтарды жеңсе, оның да дәл солай түбінде өз дұшпандарын тұқыртары сөзсіз. – Олай болса, сіздің қолыңызды алып көз алдыңызда иманға келетіндігіме уәде берсем бола ма? – деп сұрадым. Нәжаши болатындығын айтты. Мен Нәжашиге уәде бердім. Нәжашиден шығып, жолдастарымның қасына бардым. Мұсылмандықты қабылдағанымды іштей жасыра тұрғанды жөн көрдім. Артынша Пайғамбарға баруға жолға жиналдым. Жолда Халид ибн Уәлидті жолықтырдым. Бұл оқиға Мекке қаласын азат етердің сәл-ақ алдында болған еді. Ол да Меккеден келе жатыр екен. Одан: 120

Сахабалар сабағы – Әй, Сүлейменнің әкесі! Қайда жол тарттың? – деп сұрадым. – Ақ пен қараны, ақиқат пен надандықты ажырата алмай не көрініпті? Мен Мұхаммедтің хақ пайғамбар екендігіне анық сендім. Соның тікелей өзіне барып мұсылмандықты қабылдамақпын. Сен де қашанғы тісіңді қайрамақсың, одан да иманға келсеңші? – деді. Мен оған: – Растығына ант етейін, негізі мен де мұсылман болуға бара жатқан едім, – дедім. Халид екеуміз Мәдинаға бірге бардық. Пай- ғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қатар келдік. Халид менен бұрын мұсылманшылықты қабылдады. Артын- ша мен де: – Уа, жалғыз Жаратқаннан басқадан жебеу күтпеген ардақты Пайғамбар! Мен өткен күнәларыма зор өкініш білдіре отырып ислам дінін шын ынта- ниетіммен қабылдамақпын, – дедім. Хазірет Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Ей,Амр!Исламбұрынғыкемшілік-күнәларыңның бәрін жуып-шаяды. Хижрат етіп Меккеден Мәдинаға көшкендер де күнәларынан дәл осылай құлан-таза арылған болатын, – деді. Расулаллаһ алдында мұсылманшылықты қабылдап кері қайттым... Жан-жануарға жасалған жақсылықтың сауабы Әбу Хұрайра (р.а.) Пайғамбарымыздан мына бір хадисті жеткізеді: 121

Тағылым тамшылары «Бір жолаушы жолда кетіп бара жатып қаталап шөлдепті. Сөйткенше болмай алдынан бір құдық кез- десе кетіп, су алып ішіпті. Су ішіп шыққаннан кейін қараса, шөлдегені сонша тілі аузына сыймай салақтап кеткен сонадай жерде жатқан итті көріпті. Ит өзінің шөлін қайтіп басарын білмей дымқыл топырақты жалап жатса керек. Мына ит те бағанағы мен құсап қатты шөлдеген екен ғой деп ойлаған жолаушы дереу қайта құдыққа түсіп аяқ киіміне толтырып әкеліп итке су беріпті. Жолаушының бұл жақсылығының Аллаһ тағалаға ұнағаны соншалық әлгі кісінің жасаған барлық күнәларын сол мезетте-ақ кешірген екен». Бұны естіген сахабалар: – Уа, Аллаһтың елшісі! Сонда мал-жануарларға жасаған жақсылық үшін де бізге сауап жазыла ма? – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : – Көкірегінде жаны бар қандай жан-жануарға бол- сын жасалған жақсылықтың сауабы болады, – деп жау- ап берді25. Қара қылды қақ жарған халифа! Әмауилік халифа Омар ибн Абдулазиз ел басқарған тұста әділдік пен кісі ақысын жемеу мәселесіне аса бір үлкен жауапкершілікпен қараған. Түндік жұмыстарына екі бөлек май шам пайдаланатын. Біреуі – мемлекеттік іс-қағаздарға, екіншісі – өз жұмыстарына жарайтын. Өзі мемлекет басшысы бола тұра бір-ақ көйлекті қанағат тұтты. Өйткені дүниелік байлық – ол үшін қолдың кірі еді. 25 Бұхари, Мүслім 122

Сахабалар сабағы Бірде жақындарының бірі Омар ибн Абдулазизға бір алма беріп жіберді. Алмасын қолға алып жай ғана бір иіскегеннен кейін Омар ибн Абдулазиз оны өзіне қайтарып берді. Сөйтті де алма әкелген адамға: – Беріп жіберген кісіге алмасын ала алмағанымды айтарсың, – деді. Таңырқаған әлгі кісі: – Бұл қалай? Пайғамбарымыз да өзіне жіберілген сыйлықтарды алмаушы ма еді? – деп сұрағанда халифа оған былай деп жауап берді: – Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жіберілген нәрселер таза сыйлық есебінде болатын, ал бізге келетін нәрселер пара есебінде беріледі... Әкімдердің айлықтарын кең-молынан төлейтін. Оның себебін былай деп түсіндіретін: – Әкімдердің айлық табысы неғұрлым жоғары болғаны дұрыс. Бұл олардың ештеңеден алаңсыз халықпен қоян- қолтық жұмыс істеуіне жағдай жасай- ды. Бір күні түнде халифаның қасында қонағы бар еді. Бір уақытта май шамның майы таусылды. Екеуара мынадай бір әңгіме жүрді. Қонақ: – Қызметшіңізді оятайық, шамның майын құйсын, – деді. – Жоқ, қажет емес, оған екі жұмыс істеткім келмейді. – Онда, мен барып шамға май құяйын? – Жоға, қонақты жұмсау кісілікке жатпайды. Сөйтті де өзі тұрып май шамды жақты. Қайтып келген соң: 123

Тағылым тамшылары – Мен барып май шамды жаққанда да Омар едім, қайта келіп отырғанда да сол баяғы Омармын ғой, – деді күлімсіреп. ... Екі жарым жыл ел басқарған уақтында ис- лам әлемінде әділдікті ерекше үстем етті. Үлкен ата- сы Омар (р.а) секілді қара қылды қақ жарған өте әділ кісі болды. Алайда қырық жас шамасында көре алмаған бақталастары қызметшісін мың динарлық ал- тынмен жалдап, улап өлтірді. Қызметшісі өз кінәсін мойындаған кезде Омар ибн Абдулазиз ақшаны алып мемлекет қазынасына салып, өзін босатып қоя берді. Тіпті ел біліп қойса байғұсты өлтірер деп, оның қашып кетуі үшін жағдай да жасаған екен... Жалғыз көйлек Омар ибн Абдулазиз ел басқарған халифалығы тұсында бір күні мінбеге шығып халыққа арнап сөз сөйледі. Халифаға жақынырақ отырған ел оның қайта- қайта үстіндегі көйлегін желпіңкіреп отырғандығын байқады. Оның бұл әрекетіне көзі шалғандардың қай- қайсысы болсын таңданбай қалмады. Сөйткенше бол- май, ел ішінде күбір-күбір әңгіме басталып, бәрі де халифаның неліктен ара-кідік бұндай қимыл жасап отырғандығын білмекке өзара сұрастыра бастады. Әлден уақытта жиналыс та бітті. Мәселе анықталғанда ел мынаған көз жеткізген еді. «Бәйтул- малға» яғни халық қазынасына көзінің қарашығындай қараған халифа мұсылмандар мүлкін ысырап етіп, бас пайдасына жаратпас үшін маңдайына бұйырған жалғыз көйлегін қанағат тұтып, әлі құрғап үлгермесе де киіп алған көрінеді. Өйткені оның халифа бола тұрса да 124

Сахабалар сабағы үстіне ілер басқа көйлегі жоқ еді. Ел алдында тұрып дымқыл көйлекті тезірек кептірмек үшін желпіңкіреп отырғаны сол екен... Түйе етінің әуресі Аббасилық халифа Харун Рашит (ө.ж. 193/809) бірде түскі асқа түйе етін сұратты. Еттен бір кесіп ау- зына салғаны сол еді, қасындағы уәзірі Жафер Бермеки сықылықтап күліп жіберді. Аяқ астынан уәзірін күлкі қысқанына таңырқаған Харун Рашит бұның мәнісін білмек болды. Сол кезде Жафер Бермеки былай деді: – Уа, барша мұсылмандардың басшысы! Алдыңыздағы мына түйенің етіне бола қанша пұл шығындалды деп ойлайсыз? – Көп болса төрт дирхәм ақша жұмсалған шығар... – Жоқ! Сізге өтірік маған шын бұған тұп-тура төрт жүз мың дирхәм кетті. – Бұл қалай болғаны? – Ол былай: Бірде сіз аспазшыдан түйенің етін сұратқан едіңіз. Алайда ол күні ас үйде түйе еті жоқ еді. Мен содан бері сіз сұратып қала ма деп, күн сайын ас үйге түйе етін алғызуға бұйрық бердім. Сол күннен бергі сойғызған түйеге кеткен шығынды есептесек төрт жүз мың дирхәм ақша болыпты. Бір қызығы, сіз сол күннен бері еш түйе етін сұратпай, етке тек бүгін ғана қол салып отырсыз. Халифамыздың бір жеген етінің өзі төрт жүз мың дирхәмға шықты ғой деп менің күлуімнің себебі сол еді... Бұны естігенде Харун Рашит еріксіз жылап қоя берді. Түскі уақыт келгенде мешітке барып намаз 125

Тағылым тамшылары оқыды. Үйіне келген соң тағы да жылады. Артынша Мекке мен Мәдина кедейлеріне, Бағдат мүсәпірлеріне, Басра мен Куфа жарлы-жақыбайларына сансыз дирхәм ақша садақа ғып таратылуын әмір етті. Кейіннен мешітке барып намаз оқыды. Сөйтті де екі көзі бұлаудай болып кешке дейін жылады. Кеш түсе мешітке қайта барып, жамағатқа намаз оқып үйіне қайтты. Дәл осы мезет қасына келген Әбу Юсуф қазы оның неліктен егіліп сонша жылағанын сұрады. Ха- лифа жай ғана бір жеке басының қалауы үшін осын- шама ақшаның босқа ысырап етілгеніне өкінетінін, сол үшін жылағанын айтты. Әбу Юсуф бұл қылықтың ондағы Құдайдан қорқу екендігін, сондай-ақ көп қып таратқан садақалардың барлығының оған үлкен сауап әкелгендігін айтып қуантып әрі жұбатты. Харун Рашиттың қатты мұңайғаны сонша, сол күні таң атқаннан нәр татпаған күйі тек кешкі асқа ғана мойын бұрған еді26... Баянсыз байлық Ел билеген халифа Харун Рашит пен ел арасында даналығы әрі діндарлығымен танымал Шақиқи Белхи әңгімелесіп отырса керек. Бір уақытта хазірет былай деп сұрақ қойыпты: – Ей, Халифа! Өзіңді ұшы қиыры жоқ бір шөлде жолсыз-жөнсіз адасып кеттім деп ойла. Шөл қысып өліп бара жатқан жайың бар. Сол кезде саған біреу келіп бір тостаған суық су сатпақ болса, қанша ақша берер едің? Халифа күліп: 26 әл-Бидәя уә-н-Нихая, 10/650 126

Сахабалар сабағы – Қанша қаласа да берер едім, – депті. – Ал сол бір жұтым су үшін ол сенің байлығыңның тең жартысын сұраса берер ме едің? – Берер едім.. Шақиқи «Расын айттың» депті де сөзін жалғастырыпты: – Ей, Халифа! Байлығыңның жартысын беріп жаңағы суды іштің, сөйттің де біраз уақыт жан шақырып өмір сүрдің дейік. Сәлден кейін-ақ ол суды сыртқа шығаруың керек болды. Бірақ сен қанша күш салғаныңмен зәр сындыра алмай қатты қиналып өлетін жағдайға жеттің дейік. Дәл сол кезде алдыңнан біреу шыға келіп «Мен сені бұл дерттен емдеп жазамын, ол үшін сен маған байлығыңның қалған жартысын бер» десе, не істер едің? Халифа ойланбастан: – Әрине, разы болып беруден басқа амалым қалмас еді, – депті. Дәл осы сәтті күткендей Шақиқи Бәлхи сол кезде: – Олай болса, уа, барша иесі мұсылман қауымының басшысы! – депті оған өмірлік ғибратты сабақ ұқтырмақ болып, – алдымен ішіп, артынша зәр ғып сыртқа шығарған бір жұтым су құрлы құны жоқ байлығыңа сеніп ешқашан астамсып дандайсыма! Дүние-мүлкіңді айтып ешкімге де мақтанба! Иә, өзімен бірге көрге ала кетпейтін байлыққа адам ешқашан сенбегені жөн. Тырбаңдап өмір бойы жинаған дүние-мүлкінен әп-сәтте-ақ айрылып қалуы ғажап емес. Жердің бір сілкінгені-ақ небір елді мекенді жермен-жексен етіп, топыраққа көміп тастап жатқан жоқ па?! 127

Тағылым тамшылары Харун Рашит пен қария Харун Рашит уәзірі екеуі халыққа білдірмей жай киімдерін киіп, ел ішін аралап жүріп құрма ағаштарының көшетін отырғызып жатқан бір қарияға жолығыпты. Амандасқаннан кейін араларында мына- дай әңгіме өрбіпті. – Аллаһ тағала қолыңыз қуат берсін! Қария, мына істеп жатқаныңыз не? – Құрма ағашының көшеттерін отырғызып жатыр- мын. – Ал бұл егіп жатқан құрма ағаштарыңыз қашан гүлдеп, қашан жеміс бере бастайды? – Е, кім білсін енді оны, мүмкін жиырма жылдан кейін үлкейіп жеміс бере бастайтын шығар. – Ол кезге өміріңіз жетіп, жемісін көре алар ма екенсіз? – Мына қартайған қалпымда көре алмайтын шығармын. Бірақ бізге дейінгілердің жемісін біз жедік қой, біз де бізден кейінгілердің қажетіне жарасын деп құрма көшеттерін отырғызып жатырмыз. Қарияның бұл жауабына тәнті болған Харун Ра- шит қалтасынан бір кесе алтын алып, қарияға ұсынады. Қария Аллаһқа шүкіршілігін білдірді де артынша: – Отырғызбай жатып ағаштарымның жеміс бергені қызық болды-ау.., – деді. Бұл сөзді естігенде Харун Рашит оған тағы да бір кесе алтын береді. Әуелдеп Аллаһқа шүкір еткен қарт бұл жолы да күлімсіреп былай дейді: – Елдің отырғызған көшеттері жылына бір-ақ рет жеміс берсе, менікі әу дегеннен екі рет жеміс берді... 128

Сахабалар сабағы Зұлқарнайн мен басшы Зұлқарнайн (а.с.) бір күні әлдеқандай елге тап бо- лыпты. Олардың бар іс-әрекеті нәпсісін жеңу мен өлім қорқынышын сейілтуге бағытталған екен. Қолдарында бұ дүниелік еш байлық жоқ еді. Тек қана көкөніспен күн көретін. Көкөністерін күтіп-сақтауға барынша көңіл аударатын. Сонымен қатар, бұл елде әркім өз қабірін өзі қазып, күн сайын тазалық жасап, сол қабірде ғибадаттарын өтейтін. Зұлқарнайн (а.с.) бұлардың басшысын шақыртты. Басшысы: – Маған ешкім керек емес. Мені керек еткен адамның өзі келсін, – деді. Бұны естіген Зұлқарнайн (а.с.) оған өзі барып: – Мен сені шақыртқанда неге келмедің? – деп сұрады. Басшы: – Сізге менің ісім түсіп тұрған жоқ, әйтпесе, келер едім, – деп жауап қатты. Зұлқарнайн: – Бұрын-соңды мен мұндай халық көрмедім. Мұның сыры не? – дегенде, ол: – Иә, біз алтын-күміспен дүние байлығына мүлдем көңіл аудармаймыз. Өйткені қарап тұрсақ, бұларға қол жеткізген адам дүниесінің оданда көп болғанын қалай береді екен де тоғышарлық пен тойымсыздық дертіне ұшырап, өмір бойы дүниенің соңына түседі екен. Сондықтан дүниелік ештеңені де қумайтын болдық, – деп жауап беріпті. Зұлқарнайн (а.с.): 129

Тағылым тамшылары – Ал мына қабірлеріңізді қалай түсінуге болады? Оны неге өздеріңіз қазып, құлшылықтарыңызды неге сонда жасайсыздар? – деп сұрапты. Басшы: – Бұны да дүние қуып кетпеу үшін әдейі істедік. Қабірді көргенде өлім есімізге түседі де дүниелік не нәрсе болсын бірден бас тартамыз. Зұлқарнайн (с.а.) соңғы сұрағын қойыпты: – Неге көкөніспен ғана қоректенесіздер? Мал асы- рап, еті мен сүтін пайдалансаңыздар болмай ма? Басшы: – Асқазанымыз тірі малға мазар болмасын дедік. Сондықтан көкөністермен тіршілік етеміз. Өңештен өткен соң қайсысының болсын нәрі бір емес пе? – деп жауап берген еді... Иә, халқымыздың «Байлық – алақандағы мұз, жұмсаң еріп кетеді» деуі тегін бе?! Алтынға баланған ақырет Зұлқарнайн (а.с.) бір түні жолда кетіп бара жатып жасағына: – Аяқтарыңа тиген нәрселерді тегіс жинаңдар! – деп бұйырады. Қолбасшының әмірін естігенде әскерлердің бір тобы: – Онсыз да көп жүріп шаршадық. Түннің бір уағында аяқ астындағы тастарды жинап өзімізге жүк қып қайтеміз. Ештеңе де жинамай-ақ қояйық, – деп бірауыздан келісіп алғандай тырп етпейді. Екінші топ болса: 130

Сахабалар сабағы – Қолбасшы бұйырған екен, ең болмаса аз-аздан болса да жинайық. Әмірін тыңдамағанымыз жөн бол- мас, – деп азырақтан болса да жинайды. Ал үшінші топ болса: – Қолбасшы бекерден-бекерге ондай әмір берме- ген болар. Не болса да бір білгені бар шығар, – деп бүкіл көліктеріне көтергенше тиеп алады. Таң атқанда қараса, түнімен жүріп өткен жердің алтыны көп жер болғандығын байқайды. Кешегі аяқтарының астындағы нәрселер сол күйі сом-сом ал- тын болғандығын білгенде жерге иіліп еш нәрсе іліп алмаған бірінші топ: – Қап, әттеген-ай! Қолбасшының сөзін тыңдама- ғанымызды қарашы?! Шіркін, ең құрығанда біреу бол- са да алғанымызда ғой, – деп өкінішпен сан соғып қала береді. Азырақ алған екінші топ болса: – Бұдан да көбірек алмағанымызды қарашы, қойны-қонышымыздың бәрін де толтырып алатын жөніміз бар еді, – деседі мұңайып. Ал көп алған үшінші топ болса: – Шіркін, керексіз киім-кешек, заттардың бәрін тастап, ат-көліктің бәріне көтергенінше бұдан да көп тиегенімізде ғой, – деп, онсыз да көп алғандарына қарамастан, іштей көңіл толмайтындықтарын білдіреді. Міне, жоғарыдағы мысалдағыдай ақыретте де адамдар арасында осы секілді көріністер жиі кезде- спек. Кәпірлер: 131

Тағылым тамшылары – Шіркін, иманға келіп, ең құрығанда мәңгілік тозақ отынан құтылып, түптің түбінде жұмаққа бара алғанымызда ғой, – десіп таусылмас өкінішпен сан соғады. Сауаптары азырақ болған мүминдер: – Шіркін, тіршілігімде көбірек сауапты іс жасау- ым керек еді, – деседі. Ал сауабы көп мүмин болса: – Шіркін, қазіргі дәрежеме одан да артық дәреже қосатын көбірек намаз оқып, ораза ұстап, одан да көбірек сауап іс жасағанымда ғой, – деп ол да тамсана- ды екен. Аллаһ тағала осы мысалдан бәрімізге сабақ алу- ды нәсіп етсін! Қызыр екеніңді айта салам.. Рамазан айы. Жұма күні. Мешіт маңына бірді-екілі жұрт аяңдап жинала бастады. Имам күрсіде уағызын оқымақ болып тамағын кенеді. Осы жолы мешітке жас жігіт бейнесінде Қызыр (а.с.) да келген еді. Мешіт іші лық тола бастады. Бір жерге қонжиып отыра кеткен Қызырдың (а.с.) қасына қырық жас шамасындағы бір кісі келіп қатарласа отырды. Әлден уақытта жаңағы кісі отырған күйінде әрі-бері теңселіңкіреп қалғи ба- стады. Ұйықтап кетер ме екен деп алаңдаған Қызыр (а.с.) оны бүйірінен түртіп: – Ұйықтап кетесің ғой, – деді. Ана кісі: – Ұйықтамаймын, менің мазамды алма, – деді. Қызыр алайһи-с-сәлам үндеместен отыра берді. Алайда сәлден кейін азан оқылды. Әлгі кісі ұйықтап 132

Сахабалар сабағы кетердей тағы да қалғи бастады. Қызыр алайһи-с-сәлам тағы да шыдамай кетіп оны жеңінен тартты: – Әй, айттым ғой ұйықтап кетесің деп, – деді. Ана кісі де бұның қылығына шамданып қалды. Бірден қарсы дау айтып: – Мен саған ұйықтамаймын деп айттым ғой, – деді әр сөзін нығарлай сөйлеп, – мені мазалай бер- ме. Егер мені мазалай берсең Қызыр екеніңді мына отырған дүйім жұртқа айта салам. Ал содан кейін мына мешіттен оңайлықпен шығып көр. Иін тірескен мына халық сенің бір тал сақалыңды да қоймай тәбарак қып тартқылап әкетер, – деді. Қызыр (а.с.) тілін тістеп ләм-мим демеген күйі шарасыз қалған адамша Аллаһқа қол жайды: – Уа, Раббым! Мына таң-тамаша істі қалай түсінуге болады?! Мына құлың менің кім екенімді жазбай танып отыр. Алайда менің таңғалғаным – қалайша мендегі тізімде бұл кісінің аты жоқ? – деп сұрап үлгіргенше жауап та естілді: – Сендегі тізім – Мені жақсы көретін пенделерімнің тізімі, ал ол болса керісінше Менің жақсы көретін құлдарымның қатарында... Иә, Аллаһ бізді өзі жақсы көретін құлдарының қатарына жазсын! Аллаһтың жақсы көретін құлы болу қандай бақыт десеңші?! Тіл мен жүрек Лұқпан хакім Аллаһтың әулие құлдарының бірі болумен қатар әдеппен сөйлейтін, парасат-пайымы жоғары кісі болған. Тіпті Құранда да оның мадақталған тұсы кездеседі. Дәуіт пайғамбардың тұсында өмір сүрген ол қара нәсілді құл болған екен. Алайда әдемі 133

Тағылым тамшылары сөздерімен, ерекше білімдарлығымен басқалардан оқ бойы озық тұрған. Осыны аңғарған біреу оған бір жолы: – Мал баққан қойшы болсаң да, ел осы неліктен сенің сөзіңе құмар? – деп сұрағанда, ол: – Өйткені мен көзімді харамға жұмдым, тым еркіне жібермей тілімді тістедім, аз тамақтандым, уәдемде тұрдым, маған қатысы жоқ нәрселерге көңіл аударма- дым, – деп жауап берген екен. Лұқпанның қожайыны бір қой сойып, соның ең жақсы жерінен кесіп әкелуін тапсырғанда, ол ойла- нып жатпастан сойған қойының тілі мен жүрегін кесіп әкелген екен. Қожайыны оған артынша тағы бір қой сойып, бұл жолы ең жаман екі жерін кесіп алып таста дегенде, ол тағы да ойланып жатпастан қойдың тілі мен жүрегін кесіп алып тастаған екен. Бұған таңғалғанқожайыныоныңмәнісінсұрағанда, ол: – Таза болса, тіл мен жүректен асқан жақсы нәрсе жоқ, ал арам болса, тағы да тіл мен жүректен асқан жа- ман нәрсе болмайды, – деп түсіндірген екен. Одан бір күні: – Адамдардың қайсысы білімдірек? – деп сұрағанда, ол: – Басқалардың білімінен көбірек пайдалана оты- рып, өз білімін арттыра түскендер, – деп жауап бер- ген. Мына даналық сөздерді де сол айтқан: – Төрт жерде: төрт нәрсені сақтау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені керісінше тез ұмыту керек. Сақталатын нәрселер: намазда ой, халық арасында тіл, 134

Сахабалар сабағы ас келгенде өңеш, қонақта отырғанда көзді сақтау керек. Ұмытпайтын нәрселер: Аллаһтың ұлылығы мен өлім. Тез ұмыту керек нәрсе – біреуге жасаған жақсылығың мен саған жасаған басқаның жамандығы. Лұқпан хакім бір күні Дәуіт пайғамбармен (а.с.) кездескенде, оның темірден бір нәрсе тоқып жатқанын көреді. Бұның не нәрсе екеніне таңырқаса да үндемегенді жөн көріп сабыр сақтайды. Біраздан кейін Дәуіт (а.с.) темір сауытын үстіне кигенде барып істің мән-жайын түсінеді. Дәуіт (а.с.) оған қарап: – Бұл киім соғыста адам денесін жарақаттан сақтайды, – деген кезде өз ісіне іштей масаттанған Лұқпан: – Сабыр сақтаған қандай жақсы, артынша-ақ жаның жадырап сала береді, – деген еді27. «Сабыр түбі – сары алтын» деген нақыл сөз осын- дай мінездіге айтылса керек. Нағыз қамқоршы Қорасан билеушісі Абдуллаһ ибн Таһир өте әділ кісі болыпты. Бір күні қызметшілері бірнеше ұрыны ұстап әкеліпті. Әкелген ұрылардың біреуі әкеле сала, ебін тауып қашып кетсе керек. Сол тұста бір темір ұстасы Нишапурға келген еді. Әлгі темірден түйін түйген зергер кешкісін үйіне аяңдап келе жатқанда ұрыны іздеп жүрген әкімнің адамдары оны дереу байлап-матап, әкімнің алдына 27 Әл-Бидая уә Нихая, 2/513-520; Манастырлы Исмайыл Ха - кы: Рисале-и Хамидия Зәйли (Ист. 1973), С.528; Месневи- Шериф/Амил Челебиоғлу (Ист. 2000-М.Е.В.), 3/353-55. 135

Тағылым тамшылары әкеледі. Әкім олардың барлығын да бірден абақтыға жабуды бұйырады. Ешқандай кінәсі жоқ зергер абақтыда дәрет алып намаз оқыды. Артынша қолын кең жайып: «Уа, жалғыз ием Жаппар Хақ! Менің ешқандай кінәмның жоқ екені өзіңе ғана аян. Мені мына тар қапастан құтқара гөр!» деп дұғасын оқыды. Әкім болса ұйықтап жатып түс көрді. Түсінде күші мығым төрт адам келіп, өзін тағымен қосып төңкеріп тастамақ болып жатқанда оянып кетті. Бірден дәрет алып, намаз оқыды. Сәлден соң қайта жатты. Алайда түсінде әлгі төрт кісі келіп бұны тағы да отырған ор- нында төңкеріп тастамақ болып біраз әуреледі. Ол тағы да оянып кетті. Ояна сала біреуді жазықсыз қаматып отырғандығын іші сезді. Дереу өзіне абақтының бас- шысын шақыртты да: – Абақтыда кінәсіз отырған ешкім жоқ па осы, байқашы? – деді. Басшы: – Ол жағын анық біле алмадым, алайда іштеріндегі біреуі намазға жығылып, егіле тілек-дұға оқып отыр, – деп жауап берді. Бірден әлгі кісіні әкімге алдыртты. Әкім істің мән- жайына қаныққан соң: – Мені кешір, бір қателік бізден кеткен екен. Мына мың күмісті менен сый ретінде қабыл ал. Алда-жалда ісің түссе келерсің, – деді. Темір ұстасы: – Мен сізді кешірдім. Берген сыйыңызды да қабыл алдым. Бірақ ісім түскендей болса сізге келе алмай- мын, – деді. Әкім таңғала: 136

Сахабалар сабағы – Келе алмағаның қалай? – деп сұрады. Темір ұстасы: – Өйткені мен секілді бір пақыр құл үшін барлық тілегін қабыл алатын, тіпті сіз секілді бір патшаның да тағын төңкеріп тастайтындай Жаппар Иесін тастап, басына түскен істі басқаға айтып жалыну жараспас болар, – деп сөзін жалғапты, – ол менің намаздардан кейінгі оқыған бүкіл дұғаларымды қабыл алып, мені қаншама қиындықтардан құтқарды. Мені қаншама арман-тілегіме жеткізді. Енді мен қалай басқаны па- налайын? Менің нағыз қамқоршым сол. Раббымның, шексіз сүйіспен-шілік қазынасы мен рақымдылық дастарқаны қашанда жаюлы тұрғанда, менің басқаға бұрылып кеткенім жарамас. Кім де болса қол жайып қыжалатын сұрай келгенде оның татырмай қойған кезі болды ма? Тек қана сұрауын келістіріп, Оның алдын- да әдеппен бас ие білсең болды, саған бермейтіні жоқ! Міне, сол үшін! – деп жауап берген екен... «Құдай деген құстай ұшар, адам деген мұрттай ұшар» деген нақылдың мәні зор-ау. Харижилардың тәубаға келуі Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) күнәсін бетке басу арқылы игі мұсылман баласынан ешкімді де кәпірге баламайтын. Алайда ол ғұмыр кешкен кезеңде ел ішінен шыққан харижилар тобы бүйректен сирақ шығарып, пендешілікпен үлкен күнәға бой алдырып қойған пенделерді бірден кәпірге теліп шыға келетін. Әбу Ханифаны жақсы танитын олар оның үнін өшіру мақсатында жетпістей кісімен жиналып келіп, қылыштарын жалаңдата былай деді: 137

Тағылым тамшылары – Ей, Әбу Ханифа! Ей, бұл үмбеттің дұшпаны мен шайтаны! Сені өлтіру біз үшін жетпіс жыл жиһад жасағаннан да артығырақ болып тұр. Әбу Ханифа оларға: – Қылыштарыңды жалаңдатып жүректі ұшыра бермей қындарыңа салып қойыңдар, – деді. Харижилер: – Осы қылышпен сенің қаныңды судай шашқымыз келіп тұр! – десті. Барған сайын өршелене екіленіп бара жатқан оларға Әбу Ханифа: – Кіжіне бермей сұрақтарың болса қойыңдар,- деп мәселенің тігісін басқаша жатқызбақ болды. Олар да бұл ұсынысқа келіскендіктерін білдіріп көкейлерінде жүрген даулы сұрақтарын қоя бастады: – Мешіттің алдында екі жаназа. Біреуі араққа сылқия тойып, сол араққа тұншығып өлген ер адам, екіншісі ойнас жасап, аяғы ауырлағанын сезген кезде өз-өзіне қол жұмсаған әйел. Бұларға қандай үкім берер едің?- деп сұрайды. Имам ағзам: – Олар қай діннің өкілдері: христиан, еврей әлде мәжуси (отқа табынушы) ма? – деп сұрайды. Харижилар: – Олар «Аллаһ бір, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі» деп сенген мұсылмандар, – деп жауап қатты. Бұны естігенде Имам ағзам олардан: – Кәлима-и-шәхадат иманның қанша бөлігін құрайды деп ойлайсыңдар? – деп өздеріне қайтара сұрақ қойды. Олар бірауыздан: 138

Сахабалар сабағы – Иман біртұтас дүние болғандықтан оны бөле - жаруға келмейді, – деп жауап берді. Имам ағзам оларға: – Ендеше, бұлардың мұсылман екендіктерін өздерің де мойындап тұрған жоқсыңдар ма, – деген- нен кейін Хари-жилардың «Бұлар жұмақтық па, әлде тозақтық па?» деген сұрағына: – Ол турасында мен сіздерге хазірет Исаның одан да зор күнә істеген кейбіреулерге айтқан мына бір сөзін айтайын: «(Раббым!) егер оларды азаптар болсаң күмәнсіз олар сенің өз құлдарың емес пе?! Ал оларға кешіріммен қарасаң, онда әрине, сен өте Жомарт әрі хикмет Иесісің» (Мәида сүресі, 118). Имам Әбу Ханифаның бұл жауабы Харижиларға ой салып қана қоймай, олардың тәубаға келуіне жол ашты. Өздеріндегі сенімнің қате тұстарын аңғарған олар ендігі жерде түзу жолдан таймауға іштей уәде берісті...28 Маскүнем көрші Имам ағзамға бір жас жігіт көрші болып тұратын. Жас жігіт күн сайын үйіне арақ ішіп келетіндіктен бейбастық дауыстардан имамның мазасы қашатын. Алайда имам қанша мазасызданса да шыдамдылық жа- сап, ешкімге шағымданып көрмеген-ді. Бір күні басқа біреулер шағымданса керек, әлгі жігіт абақтыға түсіп қалады. Ертесі күні жас жігіттің күнделікті даусы естілмегенге имам Әбу Ханифа таңғалып: 28 Юсуф Явуз «Самарқанд» журналынан алынған 139

Тағылым тамшылары – Көрші жақтан дауыстар естілмей қалды ғой. Жайшылық па? – деп сұрағанда: – Ой, ол маскүнемді әкім абақтыға жапқызыпты, – деген жайсыз жауапты естиді. Сол сәтте-ақ имам бірден әкімнің сарайына тарт- ты. Имамның шәкірттері ұстазымыз маскүнем көршісін абақтыға жауып құлаққа тыныштық бергені үшін сірә әкімге рақмет айтар деп күткен еді. Елге қадірлі үлкен имамның өзін іздеп келгенін көргенде әкім де жік-жапар болып ізет көрсетіп: – Иә, қандай бұйымтаймен келдіңіз? – деп сұрады. Имам абақтыға қаматып тастаған маскүнем көршісін дереу босатуын өтінеді. Әкім: – Ойбай-ау, соған бола өзіңіз келмей-ақ, хабар айтсаңыз да бірден орындар едік қой, несіне сонша әуре болдыңыз? – деді. Сөйтті де қызметкерлеріне айтып абақтыда жатқан жігітті дереу босаттырды. Жігіт имаммен кездескенде ұяттан қызарып кетті. Өйткені үйіне талай рет түн ортасында келіп оның ты- нышын алып, мазалаған кездері көп еді. Әбу Ханифа болса: - Көрдің бе, біз сені ұмытпаймыз,- деп үлкен ілтипат көрсетті. Жігіт көп уақыт өтпей-ақ тәубаға келіп, имамның шәкірттерінің қатарына қосылды... Иә, олар кінәсіне бола ешкімді де өзегіне теуіп, ешкімді де шеттетпейтін. Тек жамандыққа салынғандықтары үшін ғана оларға жанашырлықпен қарап, қолдан келгенше қол ұшын беруге тырысатын. 140

ІІІ БӨЛІМ ӘУЛИЕ–АБЫЗДАР Әулие болу оңай ма? Ағалы-інілі екі кісі болыпты. Екеуінің де бойын- да тақуалығы мен қоса әулиелігі де бар екен. Олардың біреуі мына заманда қалада тұрып, көп күнәға батқанша ешкім жоқ далада жүріп күнә атаулыдан алыстау бо- лайын деп тауды мекендеп, мал бағып тіршілігін жалғастырады. Көңілді кірлетіп, жүректі қарайтар ха- рам жоқ жерде намазын да қаза қылмай, құлшылығын да уақтымен жасапты. Екіншісі қаланың қақ ортасынан етік жамайтын дүңгіршек ашып, етікшілікпен айналыса бастапты. Бір күні таудағы інісі ағасының хал-жағдайын біліп қайтпақ болып қалаға бет алады. Ағасына қойдың сүтінен дорбаға құйып ала келуді де ұмытпапты. Сұрай-сұрай қаладағы ағасының жұмыс орнын да тауыпты. Дорбадағы сүтін (әулие емес пе) қабырғаға іле салып, екеуара әңгімеге кірісіпті. Дәл сол мезет бір әйел келіп етігін жөндетпек болса керек. Әйел етігін шешкенде, ашық балтыры көрініп қалады. Ағасы ештеңеге де мән берместен аяқкиімнің жөндеуге келетінін айтып, іске кірісіп кетіпті. Әйел аяқкиімін шешкен күйі біраз отырып, жұмысы біткен соң өз жөнімен кете барыпты. 141

Тағылым тамшылары Тауда жүргенде өңі түгіл түсіне де кірмейтін бұндай нәрсені көргенде қонақ болып келген інісінің ойы бұзыла бастаса керек. Дәл сол мезет оның әкелген дорбадағы сүті де тамшылап қоя беріпті. Бұның бәрін сезіп-біліп отырған ағасы сонда інісіне сынай қараған күйі сөз бастапты: – Елден қашып, тау басында әулиелік қуу – әрине, оңай іс. Алайда қайнаған халықтың тап ортасында отырып өзіңді күнә атаулыдан қорғай білу – ол үлкен сын. Міне, гәптің бәрі осында. Екеуінің айырмашылығын енді ұққан боларсың? Бірақ інісі бұған илана қоймастан, өзіне қарсы дау айтыпты:- Бәлкім, сен күнәларды сезінуден қалған шығарсың? – Егер мен күнәны сезінуден қалып, бұзылған бол- сам, онда бері қара, – депті де, ағасы орнынан тұрып әлі тамшылап тұрған дорбадағы сүттің тесігін саусағымен сәл ғана сипағанда, сүт тамшылауын сап тыйыпты. Сонда ғана ағасының айтқанын сөзсіз мойындаған інісі: – Айтқаныңыздың бәрі рас, – депті, – нағыз әулиелік – тауға қашып өзіңді харам мен күнәлардан қорғау емес, нағыз әулиелік – өзіңіз айтқандай қайнаған халықтың арасында жүріп діндарлықты ұстана білуде екен... Жалаңаяқ әулие Бишри Хафи – ірі әулиелердің бірі. Жас кезі еді. Күнәдан бас алмайтын. Күн сай- ын небір жиіркенішті қылықтардың бірінен соң бірі қайталанатын. 142

Әулие-абыздар Бір күні тағы да арақ ішіп ұйықтап қалған жерінен әрең дегенде тұрып, кешкісін тәлтіректей басып үйіне бет алды. Басы әңкі-тәңкі. Бір уақытта жол шетіндегі шалшықта ағараңдап жатқан бір нәрсеге көзі түсті. Анықтап тұрып ұзақ қарады. Қағаз секілді. Барып алды. Шалшықта жатып кірлеген қағазда «Бисмиллаһ» деген жазу бар екен. Бірден есін жиып ала қойды. Бұндай қасиетті жазудың аяқасты болып шалшық суда жатқаны несі деп ойлады. «Аллаһ тағаланың атын аяқпен басып кеткендер оңбас» деді өз-өзіне. Сөйтті де қағазды сүртіп, тазалап, сүйіп-сүйіп алды. Тіпті қағазға жақсы әтір сеуіп, үйіне апарып ең бір көрнекті жерге іліп қойды. Сол түні маңайдағы әулие кісілердің біреуі таңғажайып түс көрді. Түсінде: «Бар да, Бишрге айт, менің атымды балшықтан қалай тазаласа, мен де оны дәл солай бар күнәсынан тазаладым. Менің атымды қалай жоғары қойса, мен де оны жоғарылаттым. Аты- ма қалай әтір сеуіп хош иіс берсе, мен де оның көңлін хош қылдым. Абыройыммен ант етейін, Бишрдің атын екі дүниеде де таза әрі ардақты етемін!» деген дауыс естіледі. Бұл түс қатарынан үш рет қайталанды. Түс көрген кісі таң атысымен Бишри Хафиді іздеп жүріп сыраханалардың бірінен тапты. Маңызды бір хабары бар екендігін айтып сыртқа шақырды. Бишр шыққан бойда: – Жаңалығың кім жайында? – деп сұрады. Әлгі кісі: – Саған Аллаһ тағаладан жаңалығым бар, – деді. Бұны естігенде Бишр жылай бастады, сөйтті де: – Маған ашуланып жатыр ма екен, қатты азаптаймын дей ме? – деп сұрады мұңайып. 143

Тағылым тамшылары Түсті соңына дейін тыңдап болған соң жолдаста- рына қарап: – Ей, достарым! Мені енді бұл жерден көре алмайсыңдар! – деді. Келген әулие кісінің қасында тұрып тәубаға келді. Дәл сол мезет жалаң аяқ тұрғандықтан, бұдан былайғы уақытта аяғына аяқкиім ілмеді. Себебін сұрағандарға: – Тәубама келіп, өз-өзіме уәде берген кезімде жалаңаяқ болатынмын, сол тәубамды еске салып тұрсын деп аяққиім кимедім, – деп жауап беретін. Аяқкиімсіз жүретіндіктен жұрт оны «Хафи» /яғни жалаңаяқ/ деп атап кеткен еді. Иә, «Немен қарайсаң сонымен ағар» деп халқымыз тегін айтпаған. Сынған құмыра Үлкен әулие кісілердің бірі Ибраһим Хаққы бала кезінен бастап көп жыл бойы Исмайыл Фақыруллаһтың шәкірті болған. Фақыруллаһтың жақсы тәрбиесін көрген Ибраһим бір күні қолына құмыра алып бастауға барды. Құмырасын суға толтырып жатқанда қасына жақындаған бір атты: - Әй, бала, тұр былай жолдан! – деп, сонадай жер- ден әкіреңдеп, атымен баса-көктей бастауға беттеді. Ибраһим құмырасын алып, шетке шықпақ болып еді, атты кісі бұны қорқытып зәресін ұшырайын деген ни- етпен атымен басып кетердей ентелей берді. Ибраһим құмырасын жерге қоя салып аттың аяғына түсіп кет- пей, өз басын аман алып қалмақ болып шегіншектеді. Атты кісі әп-сәтте-ақ құмыраны аттың табанына са- 144

Әулие-абыздар лып үгітті де жіберді. Ибраһим болса жылаған күйі ұстазына келді: – Бастаудан енді су ала бергенімде қасыма кел- ген атты кісі омыраулата мені таптап кете жаздады, құмырамды да сындырып тастады, – дейді өксігін бас алмаған күйі. Ұстазы: – Құмыраңды сындырған аттыға сен бірдеңе дедің бе?- деп сұрайды. – Жоқ, ләм-мим деп тіл қатпадым, – дейді шәкірті. – Онда тез бар да сен де бір-екі ауыз түйрейтіндей қатты сөз айт, – дейді ұстазы. Ибраһим Хаққы бастау басына барғанмен, атын байламақ болып жатқан әлгі кісіге тәрбиесіз адамша бір-екі ауыз былапыт сөз айтуға ішкі ар-ұяты жібермей, ештеңе деместен қайта келеді. Қайтып келген Ибраһимнен ұстазы: – Иә, оған бірдеңе дей алдың ба? – деп сұрайды. Ол жүрегі дауалап ештеңе айта алмағандығын, тілін тістеген күйі үн-түнсіз қайтқандығын жасырмайды. Алайда ұстазы бұған қатты ашуланады. – Саған мен не айттым?! Бар да сен де оған қарсы бірдеме айт, әйтпесе арты жамандыққа ұласады, – дейді ұрсып. Ибраһим Хаққы бұл жолы іштей тас-түйін бекінген қалпы бастауға келді. Алайда, бір таңғаларлығы, құмыраны сындырған аттының ат-матымен қоса омақаса құлап, өліп жатқанын көреді. Есі шыққан Ибраһим дереу ұстазына жүгіріп келіп көрген-білгенін 145

Тағылым тамшылары ентіге жеткізеді. Ұстазы бұған қатты қапаланады. Сөйтеді де санын соққан күйі: – Қап, әттеген-ай! Бір құмыраға бола бір адам- нан айрылып қалғанымызды қарашы, тым өкінішті, – дейді тұнжырап. Маңайындағылар одан ештеңе түсінбегендіктерін айтқанда, ол: – Әлгі атты кісі Ибраһимге тізесін батырды. Бұл дегеніңіз ап-ашық зұлымдық еді. Ал Ибраһим оған қарсы өздігінен ештеңе демеді, тек әлгіні Аллаһқа тап- сырды да қойды. Аллаһ соның арасынша залымға жа- засын беріп те үлгерді. Ал егер Ибраһим де бірдеме ай- тып өздігімен екеуара керілдескенде екі жақ та теңдесер еді. Алайда бұл жерде Ибраһим бір жақты жәбір көруші болып шығып отыр. Ал мен болсам өздері-ақ екеуара ымыраға келгенін қалап едім, әттең оны істете алма- дым, – деп мәселенің мән-жайын ұғындырған екен. Шайтан мен мақтан Қызметші болып көрінген шайтан жиырма жылдай діндар әулие Жүнәйді Бағдадидың қасында жүріпті. Алайда қанша тырысқанымен, Құдайдан қатты қорыққан тақуа әрі әулие құлдың құлағына сыбырлап арам ойын іске асыра алмаса керек. Дымы құрып шара- сыз кейіпке түскен ол бір күні: – Әй, ұстаз! Жоқ, әлде, сіз менің кім екенімді білесіз бе? – деп ашық сұрапты. Жүнәйді: – Сен – лағынет атқыр Ібіліссің. Мен сені алғашқы күні-ақ танығанмын, – деп жауап беріпті. Шайтан: 146

Әулие-абыздар – Уа, ақиқат сұлтаны! Дәл сіздей ұлы, биік дәрежеге қол жеткізген ешкімді көрген емеспін. Жиырма жыл көз алдыңызда жүріп сізге ешбір қалауымды істеткізе алмадым, – депті. Ашуға мінген рухани алып сонда: – Жоғал, кәне, көзіме көрінбей! – деп айғайға ба- сыпты, – Ендігі ойың – қолтығыма су бүркіп көтере мақтау арқылы мені құртпақсың ғой! Жиырма жыл істей алмағаныңды жиырма секундта істеймін деп ой- лап па ең?! Кет! Қараңды батыр! Адамның ең бір осал тұсы да осы – мақтан. Көкке көтере өтіріктен мақтағаннан небір надан- дар өздерін ғалым сезініп, көпірген құрғақ сөздің жетегімен тура жолдан тайып, көрсоқырлыққа салынған. «Мақтан-мақтамен бауыздағанмен тең» деген сөзді де ұмытпаған жөн. Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз Рухани алып Хасан Басри бір күні жолдастары- мен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ қызметшілерімен сырнайлатып- кернейлетіп кетіп бара жатса керек. Хасан Басри жол ортасында тұрып аз-кем жөн сұрасқаннан кейін балаға қарап: – Ей, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі. Мұндайға менен басқа ешкімнің жүрегі дауалай қоймас. Саған бір-екі ауыз сөз сатайын, соған келісесің бе? – депті. 147

Тағылым тамшылары Төре баласы: – Мейлі, алайын, қаншаға сат- пақсыз? – депті. Хасан Басри екі сөзін екі күміске бағалайтындығын айтыпты да: – Өзіңнің жеке басыңда үйің бар ма?- деп сұрапты. Бала: – Иә, бар, – деп жауап беріпті. Хасан Басри: – Мирас қалып па еді, әлде, өзің салғыздың ба? – деп қайта сұрапты. Бала: – Өзім салғыздым, – деп жауап беріпті. Хасан Басри: – Қанша уақытта салғыздың? – деп сұрапты. Бала: – Оған уақыт көп кетті, – депті. Хасан Басри: – Күш-қуатың бола тұра неге тезірек салғызбадың? – деп сұрапты. Бала: – Үйдің ғимаратының ауыр ағаштары мен тастарын тасыған малдарға жаным ашыды. Сондықтан оларға аз-аздап тасытып, көп жүк артқызбадым, – деп жау- ап беріпті. Хасан Басри бұл жолы: – Ей, елге сыйлы басшының ұлы! Малдарыңа жаның ашығанда неге өз- өзіңе жаның ашымайды? Оларға қиналмасын деп ауыр жүк артпадың, ал өзің неге мұншама ауыр күнә арқалап жүрсің? Одан да өзіңе жаның ашыса шы?! – депті. Аталы сөз балаға қатты әсер еткен еді. Жалма-жан атынан түсіп Хасан Басридың қолын алыпты. Сөйтіпті де сабырсыздана: – Уа, ақсақал! Екі күмісіңізді қолма- қол берейін, екінші сөзіңізді де айтыңыз, – депті жа- лынып. Хасан Басри екінші сөзін айтпақ болып: – Қайда бара жатыр едің? – деп сұрапты. Бала: – Мемлекет басшысына барып жауапты қызмет алмақ едім, – деп жауап беріпті. Хасан Басри: – Қарашы, мемлекет бас- шысына бара жатырмын деп барынша әдемі киініп, үстіңе хош иістер сеуіпсің. Неліктен? Өйткені мемле- кет басшысы мен соның қарамағындағылардың қасына 148

Әулие-абыздар барғанда ұялып жерге қарамас үшін. Алайда олар да жұмыр басты пенде. Сені мен менен артықшылығы жоқ. Ал енді сенен сұрайын, о дүниеге барғаныңда осыншама күнәла-рыңмен, осыншама кінәларыңмен пайғамбарлар мен небір әулиелердің жанында Аллаһ тағаланың алдына шығып есеп беруге ұялмайсың ба?.. Әулиенің сөзі сүйегінен өткен төре баласы ат тізгінін бірден қызметшісіне ұстатып өзі бұдан былайғы өмірін бұ дүниелік өткінші ләззаттарға ал- данбай, әулиенің етегінен ұстап, тақуалық жолмен өткізуге табан астында уәде берген екен. Ұлы Жаратушы бәрімізді де айтылған ақиқатқа мойынсұнатын жақсылық сүйгіш иманды құлдарынан қылғай! Әумин! Әулиенің кішіпейілділігі Үлкен әулиелердің бірі Ибраһим Әдхам әңгімелеуде: Әкем Хорасан Бәлх басшыларының бірі еді. Бір күні атқа мініп аң аулауға шықтым. Алдымнан шыққан түлкі ме, қоян ба, әйтеуір, бір аңды қуып бара жатқанмын. Бір уақытта ту сыртымнан: «Әй, Ибраһим! Саған әмір етілген іс бұл емес. Сен мұндай тірлік үшін жаратылған жоқсың!» деген дауыс естілді. Жан- жағыма қанша қарағаныммен ешкімді көре алмадым. Кейіннен дәл осы дауысты алыстан және жақыннан екі рет тағы естідім. Сол сәт ойландым да, іштей былай деп түйдім: «Бұл маған білдірген аян болар, мүмкін Аллаһ тағаланың ескертпесі шығар. Не дегенмен бұдан былай бұл теріс жүрісті қойып, Аллаһтың айтқанымен ғана жүрейін». 149

Тағылым тамшылары Атыма мініп әкемнің малшыларының біреуіне келдім. Өзім сол малшының киімін киіп, малшыға өзімнің бағалы киімдерімді кигіздім. Күн-түн демей жүріп, тау-тасты басып өтіп, Иракқа келдім. Иракта бірталай күн қара табан жұмысшы болдым. Алайда астың адалын ғана ойлағандықтан ол жерде де әбден мазам кетті. Кейбір есті кісілер табысты адалымен ғана табам десең Шам мен Тарсус қалалары жаққа бар деген ақыл айтты. Мен сол жаққа тарттым. Тарсуста көп күн бойы біреудің бақшасын күзеттім. Бір күні бақша қожайынының достары келді. Қожайын маған: – Ей, бақша күзетшісі! Бар да, анардың ең жақсысынан біраз алып келші? – деді. Мен барып біраз анар әкелдім. Әлгі кісі анардың дәмін көргенде қышқыл екенін байқады. Сөйтті де маған қарап ожырайған күйі: – Сен осынша уақыт бақшаға қарауыл болып жүрсің. Бақшадағы жеміс-жидектерден, анар- лардан жейсің. Сонда осылардың қайсысының тәтті, қайсысының қышқыл екендігін әлі күнге ажырата алмағаның ба? – деді. Мен оған: – Аллаһ атымен ант етейін! Мен жемістеріңізден бір түйір де жеген емеспін. Тәттісі мен қышқылын да бір-бірінен ажырата алмай- мын, – дедім. Ол маған таңғалған күйі: – Ой, тамаша! Бұндай да болады екен-ау? Сен Ибраһим Әдхам болсаң да бұдан артық бола алмассың, – деген еді. Бұл оқиға ертесі күні-ақ халық арасына тарап кетті. Таңғалған кісілер топ-тобымен бақшаға ағыла бастады. Келген жұрттың көптігін көріп, мен бір жер- ге барып тығылып қалдым. Бәрі бақшаны аралап мені 150


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook